text
stringlengths 3
252k
|
---|
Сабытай батыр (туған-өлген жылы белгісіз) – батыр. Кіші жүз Адай руынан шыққан. Кіші жүз қазақтарының “Сауран айналған” оқиғасы тұсында Ер Жәнібектің жоңғарларға қарсы қимылын белсене қолдады. Бұдан кейінгі кезеңде Бұланты-Білеуті, Сарысу, Шорға, Қандысу, Аңырақай, Шар, Баянауыл, т.б. соғыстарға қатысып, Әбілқайыр ханның сыртқы саясатын қолдады. Бірақ, 1740–1750 жылдары Кіші жүз хандығының іргесіне Орынбор бекінісі салына бастағанда оған алаңдаушылықпен қарады. Қазақ жерлерінің тұтастығы жолында түрікмен жасақтарымен болған бірнеше шайқастарда қазақ қолына басшылық жасаған.
## Сілтемелер
* Ер Жәнібек
* Сауран айналған
* Кіші жүз
## Дереккөздер |
Серік Достанұлы Пірімбетов (17 қыркүйек 1948, Қазақ КСР, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Аққұм ауылы ) — қазақ мемлекет қайраткері және дипломат. |
Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин (31 қазан 1971 жыл, Ақтөбе) - қазақстандық мемлекеттік қайраткер, Ақмола облысының бұрынғы әкімі (2017-2019), Грузиядағы елші (2022 жылдан бастап).
## Дереккөздер |
Умиджан Астанов (түрікм. Umidjan Astanow; 11 тамыз 1990 жыл, Мары, Түрікмен КСР) — түрікменстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2010 жылы Азия ойындарына қатысты.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* Түрікменстан суперкубогы: 2015
* Түрікменстан чемпионы: 2015
### Халықаралық
* АФК кубогының финалисі: 2018
## Сілтемелер
* Спортбокс.ру
* Гуанчжоу 2010 |
Ибрахим Байеш (1 мамыр 2000, Бағдат, Ирак) — ирактық футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы Азия кубогына, 2024 жылы Жазғы Олимпиадаға қатысты.
## Жетістіктері
Әл-Зааура
* Ирак чемпионы: 2017–18
* Ирак суперкубогы: 2017
Әл-Кува
* Ирак чемпионы: 2020–21
* Ирак кубогы: 2020–21, 2022–23
* АФК кубогы: 2018
## Сілтемелер
* https://www.espn.com/soccer/player/_/id/266496 |
Қапан Оржанов (1898 Мақат ауданы Гурьев облысы – 1985 Атырау) — мұнай бұрғылау қызметкері.
## Өмірбаян
Қапан Оржанов 1898 жылы желтоқсанда Мақат маңындағы Ракушиде Атырау облысында дүниеге келген. Руы Шеркеш, Қойыс, Кіші жүз.
1929-1931 жылдары Доссордан мұнай кендерінен мұнайды арбамен, түйемен Каспий жағасындағы Ракуша портына тасымалдау жөніндегі тасымалдаушы.
1931-1939 жылдары ФЗО-ны (кейін ГПТУ) бітіріп "Ембімұнай" трестінің геологиялық барлау кеңсесінде бұрғылаушының көмекшісі, сосын бұрғылаушы. Бұрғышылар бригадасында істеп, геологтар мен барлаушылармен бірге «Байшонас» (1931), «Мұнайлы», «Қожағали» кенорнын мұнай қазуға қатысқан.
Бұдан кейін, «Ескене» (1934), «Қосшағыл» (1935), «Алтынкөл» (1936), «Шұбарқұдық» (1937), «Құлсары» (1939), «Төлестен» мұнай кенінде бұрғышы болды. Бұрғылап, мұнай өндіруге дайындады.
1939-1946 жылдары "Ембімұнай" тресінің "Доссор" НПУ бұрғылау бөлімінің бұрғылаушы жұмысшысы, крелиус барлау бұрғылаушысы. «Нармонданақ» (1942) мұнай ұңғысын бұрғылауға қатысты. «Қожағали», «Жолдыбай», «Жұмабай» мұнай кәсіпшілігінде бұрғышылыкты атқарды.
1946-1949 жылдары "Қошқар" НПУ бұрғылау цехының бұрғылаушысының көмекшісі.
1949-1956 жылдары "Қаратон" НПУ бұрғылау цехының бұрғылаушысының көмекшісі.
## Отбасы
Әкесі Оржан, анасы Айкүміс. 1935 жылы әкесі Оржан қайтыс болған.
Жубайы Зияда. Отбасында төрт баласы: Әбуғали - геолог барлаушы, Жамал, Табын - мұнайшы, Сәлімгерей - байланысшы.
## Марапаттары
Адал және жанқиярлық еңбегі үшін мұнайшы алдымен бірнеше медальдармен, содан кейін Еңбек Қызыл Ту орденімен, ал зейнеткерлікке шыққанға дейін Ленин орденімен марапатталды.
## Жарияланымдар
Гүлсім Оразалықызы, Қазақ Мұнайының Ардақтылары, Оржановтар Әулеті, Алматы 2009, «Мұнайшы» қоғамдық қоры. ISBN 9965-816-28-Х
## Дереккөздер |
Роман Юрьевич Василенко (14 тамыз 1972, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО ) — қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019, 2022 жылдан бастап), Словакиядағы елші (2019-2022). І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.
## Дереккөз |
Николай Евгеньевич Сигневич (белар. Мікалай Яўгенавіч Сігневіч; 20 ақпан 1992) — беларустік футолшы, шабуылшы.
## Жетістіктері
### Командалық
БАТЭ
* Белаурсь чемпионы (5): 2014, 2015, 2016, 2017, 2018
* Беларусь кубогы (2): 2015, 2021
* Беларусь суперкубогы (1): 2014
«Ференцварош»
* Мажарстан чемпионы (2): 2018/19, 2019/20
## Дереккөздер |
Әділхан Ерланұлы Таңжарықов (25 қараша 1996, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы.
## Жетістіктері
«Жетісу»
* 1 лига жеңімпазы: 2017
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2022
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2023
* 1 лига жеңімпазы: 2020
* Қазақстан кубогы: 2024 |
Әділхан Ерланұлы Таңжарықов (25 қараша 1996, Ақтөбе) — қазақстандық футболшы, "Ақтөбе" клубының жартылай қорғаушысы.
## Жетістіктері
«Жетісу»
* 1 лига жеңімпазы: 2017
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2022
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2023
* 1 лига жеңімпазы: 2020
* Қазақстан кубогы: 2024 |
Наурызбек Жагоров (1 наурыз 1998, Атырау) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы. Қазақстанның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған.
## Жетістіктері
* 1 лига жеңімпазы: 2018
* 1 лига қола жүлдегері: 2019
* Қазақстан кубогының финалисі: 2024
## Сілтемелер
* https://www.footballdatabase.eu/en/player/details/293077 |
Әділбек Қалабайұлы Жұмаханов (27 ақпан 2002, Атырау, Қазақстан) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
* 1 лига жеңімпазы: 2020
* Қазақстан кубогының финалисі: 2024
## Дереккөздер
## Сілтемелер |
Аслан Әділ (13 қаңтар 1999 жыл, Ұйғыр ауданы, Алматы облысы) — қазақстандық футболшы, "Атырау" клубының шабуылшысы. Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
* 1 лига жеңімпазы: 2017
## Дереккөздер |
Сослан Русланович Такулов (28 сәуір 1995 жыл, Владикавказ, Ресей) — реселік футболшы, қорғаушы.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогының финалисі: 2024 |
Жайро Эстефано Жан (фр. Jairo Hestefano Jean; род. 22 маусым 1998, Порт-о-Пренс) — гаитилің футболшы, жартылай қорғаушы. 2023 жылы КОНКАКАФ Алтын Кубогына қатысты.
## Жетістіктері
* Қазақстан кубогы: 2024 |
Табын Қапанұлы Оржанов (15 қараша 1929 Доссор ауылы Мақат ауданы Гурьев облысы – 6 сәуір 2024 Атырау) — мұнай қызметкері.
## Өмірбаян
Оржанов Табын Қапанұлы 1929 жылы 15 қарашада Қазақ КСР Гурьев облысы Доссор ауылында дүниеге келген. Руы Шеркеш, Қойыс, Кіші жүз.
1952 жылы Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын үздік бітірген, мұнай және газ кен орындарын игеру бойынша тау-кен инженері мамандығын алды.
1952 жылы Табын еңбек жолын «Қаратон» мұнай кәсіпшілігінен, оператор болудан бастады. Қаратон Мұнай кәсіпшілігі басқармасы учаскесі бастығының орынбасары, "Казахстаннефть" бірлестігінің Байшонас Мұнай кәсіпшілігі басқармасының өндірістік бөлімінің бастығы.
1958 ж. - "Казахстаннефть" бірлестігінің "Доссор" ірілендірілген Мұнай кәсіпшілігінің бас инженері, бастығы. «Ембімұнай» бірлестігінің бұйрығымен 1958 жылдың апрелінде «Доссор» (НПУ) ұлгайтылған мұнай кәсіпшілігіне Бас инженер болып барды.
1962 ж. - "Ембімұнай" бірлестігінің "Қаратон" НПУ бас инженері.
1964 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ техникалық бөлімінің бастығы.
1969 ж. - "Ембімұнай" ӨБ бас инженер.
1972 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ бас инженері.
1982 ж. – "Маңғышлақмұнай" ӨБ "Жетібайнефть" МГӨБ бастығы.
1984 ж. - "Маңғышлақмұнай" ӨБ мұнай және газ өндіру бөлімі бастығының орынбасары, бастығы.
1992 ж. – коммерция бөлімінің бастығы, "Теңізмұнайгаз" ӨБ ЦИТС бастығы.
1994-1995 «Теңізмұнайгаз» инженерлік техникалық қызмет көрсету орталығында.
1995-2002 жылдары «Оңтүстікмұнайкұбыр» тасмалдау бөлімінің инженері, сосын «Казтрансойлда» еңбек етті.
2002 жылдан зейнеткер.
## Қоғамдық қызметі
1977 -1983 жылдың аралығында Маңғыстау облыстық Кеңеске депутат болып сайланды.
## Отбасы
Әкесі Қапан мен анасы Зияда. Жұбайы Жұбанышева Оңай Бисенқызы - зейнеткер, мұнай енеркәсібі саласында бухгалтер.
Отбасында төрт баласы: Есенжан, Гүлайша, Гүлжан, Сабыржан.
## Марапаттары
Көпжылдық адал еңбегі мемлекеттік наградалармен марапатталды:
2022 жылы ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен .
2009 жылы "Құрмет" орденімен.
Медальдармен: "КСРО Мұнай өнеркәсібі министрлігінің үздігі" (1967 ж.), "В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына орай Ерен еңбегі үшін" (1970 ж.), "1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс 60 жыл" (2005 ж.), "Мұнайгаз саласының еңбек сіңірген қызметі" (2014ж. Мұнай және газ Министрі), Еңбек ардагері.
Грамоталармен: Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталармен (1961, 1962 ж.) және Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1971 ж.). Орындарды игеру мен пайдаланудағы еңбектегі жетістіктері үшін Гурьев облыстық совхозының Құрмет грамотасымен, Өзен (1965 ж.).
Төсбелгілермен: Қазақстан мұнайына 100 жыл (2001 ж.), Доссор мұнайына кен орнына 100 жыл, Прорва - 50 жыл, Мақат-90 жыл, Қосшағыл-70 жыл, Өзен-40 жыл, Қазақстанның құбырына 70 жыл, Маңғыстау мұнайына 50 жыл, Маңғыстау облысына 35 жыл, 40 жыл еңбек майданының қатысушысы.
## Жарияланымдар
Гүлсім Оразалықызы, Қазақ Мұнайының Ардақтылары, Оржановтар Әулеті, Алматы 2009, «Мұнайшы» қоғамдық қоры. ISBN 9965-816-28-Х
## Дереккөздер |
«МК Оран» (араб.: نادي مولودية وهران, фр. Mouloudia Club d'Oran) — Алжирдің Оран қаласындағы футбол клубы. 1946 жылы құрылған.
## Жетістіктері
### Ұлттық
* Алжир чемпионаты (4)Жеңімпаз: (1971, 1988, 1992, 1993)
* Жеңімпаз: (1971, 1988, 1992, 1993)
* Алжир кубогы (4)Жеңімпаз: (1975, 1984, 1985, 1996)
* Жеңімпаз: (1975, 1984, 1985, 1996)
* Лига кубогы (1)Жеңімпаз: (1996)
* Жеңімпаз: (1996)
### Халықаралық
* Чемпиондар кубогыВице Чампион: 1989
* Вице Чампион: 1989
## Атақты ойыншылары
* Лахдар Беллуми
## Атақты жаттықтырушылары
* Борис Подкорытов
## Сілтемелер
Ресми сайты |
Әл-Карама (араб.: نادي الكرامة الرياضي) — Сирияның Хомс қаласындағы футбол клубы. 1928 жылы құрылған.
## Жетістіктері
### Сирия чемпионаты
* 1-орын (8) — 1974-75, 1982-83, 1983-84, 1995-96, 2005-06, 2006-07, 2007-08, 2008-09
* 2-орын (12) — 1977, 1985, 1987, 1990, 1993, 1998, 1999, 2001, 2004, 2005, 2010, 2011
### Сирия кубогы
* Жеңімпаз (8) — 1982-83, 1986-87, 1994-95, 1995-96, 2006-07, 2007-08, 2008-09, 2009-10
* Финалист (2) — 1990, 1998
* Сирия суперкубогы (2) — 1985, 2008
### Чемпиондар лигасы
* Финалист 2006
## Сілтемелер
* sda al-karameh
* al-karameh online
* al-karameh NEWS |
Нұрлан Жанайдарұлы Кәрбенов (24 мамыр 1972, Рудный, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық әскери ұшқыш, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары (2022 жылдан бастап), авиация генерал-лейтенанты (06.05.2022).
## Өмірбаяны
1972 жылы 24 мамырда Қостанай облысы, Рудный қаласында дүниеге келген.
1989 жылы Екатеринбургтегі Суворов әскери училищесін бітірген.
1994 жылы Қашы жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірген.
2001 жылы Ю.А.Гагарин атындағы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери-әуе күштері академиясын бітірген.
2001 жылдың шілдесінде академияны бітірген соң авиабазаның авиациялық эскадрильясының командирі болып тағайындалды, содан соң штаб басшысы — авиабаза командирінің орынбасары, кейін авиабаза командирі қызметтерін атқарды.
2011 жылы РФ Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
2011 жылдың желтоқсанында Әскери-әуе күштері қолбасшысының бірінші орынбасары — ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштері штабының басшысы болып тағайындалды.
2013 жылдың қараша айынан бастап Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) — ҚР Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшы басқармасының жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
2016 жылдың қаңтарында ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас штабының басшысы — бас қолбасшының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары қызметін атқарады.
2017 жылдың 2 қазанынан 2020 жылдың 16 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.
2022 жылдың ақпанында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) — Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны. Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды. QS World University Rankings Results 2023 жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
2012 жылғы әлемдік үздік 390-шы университет. Сонымен қатар, 72 ірі компания жетекшілері мен кадр бөлімі мамандары арасында жүргізген сауалнама негізінде жасалған «Рейтинг.kz» зерттеу орталығы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 41,7 пайыз жинап, 5-орында тұр .
2022 жылы QS World University Rankings Results бойынша 150-ші орын алды.
2023 жылы 80 орынға құлдырап 230-шы орынға жайғасты.
## Тарихы
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көркі, университеттік дәстүрлердің, кәсіби білікті ғылыми және педагогикалық мектептердің бастау – көзі болды..
1937 жылы қыркүйекте төрт жылдық оқу жүйесіне негізделген тұңғыш гуманитарлық шет тілдері факультеті ашылды. Бір жылдан кейін 120 студенті және құрамында орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және француз тілі тәрізді үш кафедра бар филология факультеті (оқу мерзімі 5 жылдық) ашылды. Кейіннен шет тілдері факультеті де осы құрылымға қосылды. Университетте соғыс қарсаңы және соғыстан соңғы жылдары 23 кафедрасы бар үш жаратылыстану (биология, физика-математика, химия) және екі гуманитарлық (филология мен журналистика факультеті) факультет жұмыс істеді. Университет 1942 жылы 257 физик, химик, математик, биолог, журналист, филолог, сондай-ақ Батыс Еуропа тілдерінің мамандарын даярлап шығарды.
1954 – 1955 оқу жылы университетте 3778 студент оқыды, 386 оқытушы – профессор еңбек етті. 1970 жылы университет құрамында 16 мамандық бойынша жас кадрлар дайындайтын 10 факультет, 65 кафедра болды. 1980 жылы 89 кафедрада 869 оқытушы, оның ішінде 79 профессор мен 540 доцент, ғылым кандидаттары қызмет атқарды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға КСРО-ның Еуропалық бөлігінен: Мәскеу, Ленинград, Киев, Минск және т.б. ғылыми орталықтардан ірі ғылыми ұжымдар мен лабораториялар көшірілді. Бұл жылдары университетте КСРО Ғылым Академиясы (КСРО ҒА) академиктері И.Мещанинов, Н.Акулов, кореспондент–мүшелер В.Догель, А.Думанский, профессорлар А.Михлин, М.Розенберг, Н.Пакуль сияқты көптеген ғалымдар еңбек ете бастады.
1930-1940 жылдары университеттің қалыптасуы кезінде М.О.Әуезов, Т.Т.Тәжібаев, М. Т. Козловский, К.П.Парсы, Б.А.Домбровский, Е.Б.Бекмаханов, С.Я.Болатов, С.А.Нейстат, Е.Ысмайылов сияқты сол кездегі маңызды ғалымдардың педагогикалық қызметі ҚазМУ-мен байланысты болды. С. Хусаинова және басқа да танымал ғалымдар мен қоғам қайраткерлері осы оқу орнында студенттерге сабақ берді.
1941 жылы Қазақ коммунистік журналистика институтының базасында филология факультетінің журналистика бөлімі құрылды. Соғыстың қиын жылдарынан кейін жаңа факультеттер ашыла бастады. 1948 жылы тарихи, геологиялық-географиялық, содан кейін экономикалық факультеттер ашылды. 1955 жылы заң институтының базасында заң факультеті ашылды, ал физика-математика факультетінен 2 Факультет-физика және математика құрылды.
1963 жылы ҚазМУ экономика факультетінің базасында "Нархоз" университеті деп аталатын "Алматы халық шаруашылығы институты"(АИНХ) құрылды.
1968 жылы университетте журналистика және философиялық-экономикалық факультеттер ұйымдастырылды.
1971 жылы университет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1991 жылы жоғары оқу орнына Әл-Фараби есімі берілді. 1993 жылғы 9 қаңтарда ЖОО-ға мемлекеттік ұлттық жоғары оқу орны мәртебесі берілді. 1999 жылдан бастап университет "ҚАЗҰУ хабаршысы" атты журнал шығарады.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті "Таймс" университеттерінің беделді рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының тізіміне енді. Қатысушылардың жалпы санынан 600 үздік жоғары оқу орындарының тізіміне кірді, олардың 16000-нан. Университетте рейтингке енген кезде жақын және алыс шет елдерден 20 мыңнан астам студент оқыды.
2014 жылы "Эксперт РА" агенттігі ЖОО-ға түлектерді даярлаудың "жоғары деңгейі" дегенді білдіретін "С" рейтингтік сыныбын берді.
КазҰУ-дың қабырғасында Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Ермұхан Бекмаханұлы, Әлкей Марғұлан, Д. Сокольский тәрізді аса көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері дәріс оқыды.
### 30-жылдар
1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік университетін құру жөнінде арнайы қаулы қабылдады. 1934 жылдың 15 қаңтарында университеттің ресми ашылу салтанаты өтіп, 19 қаңтарда бұрынғы Верней гимназиясының ғимаратында биология және физика-математика факультетінде 54 студент оқытыла бастады.
Оқудан бос уақытта студенттер қала тұрғындары арасында саяси және мәдени жұмыстар жүргізді. 1935 жылы университет студенттерді егістік жинауға қатыстыру туралы «Қазақстан» колхозымен келісімге отырды. Олар колхозда ағарту жұмыстарын жүзеге асырды: сауатсыздықты жою мақсатында газет пен әдебиеттерді бұқара арасында дауыстап оқып, қабырға газеттерін шығарды. Кейіннен студенттер колхоз жұмысына жыл сайын қатысып отыратын болды.Университет жастары қоғамдық жұмыстарға белсенді түрде қатысып отырды.
Соның ішінде студенттердің Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің сайлау кампаниясына белсенділік танытып, қатысқандарын ерекше атап өтуге болады. Үгіт жұмыстарын жүргізген ұжымның құрамына 139 студент қатысты. Олар 4 аумақта қызмет етті. Көркемөнерпаздар үйірмесінің қатысушылары тұрғындарға арнап концерттік бағдарлама ұйымдастырды.1937 жылы халықтық Бүкілодақтық санағын жүргізу үшін арнайы дайындалған 130 студент бөлінді.
Кезекті санақта университет 3 аумақта қызмет етті. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары арасында сауатсыздықты жою жұмыстарын кеңінен насихаттады.1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ғылым академиясының Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары мен мектептеріне жіберілді.Осылайша, ҚазМУ құрылғаннан кейін көп ұзамай қазақ жастарының арасында үздік дәстүрлер қалыптаса бастады.
### Бүгінгі жағдайы
Қазіргі кезде университет 37 мамандық бойынша кадрлар даярлайтын жоғары оқу орны және ғылыми-зерттеу орталығына айналды. Университетте екі мыңнан астам жоғары білікті оқытушы жұмыс істейді, соның ішінде 1000-нан астам ғылым докторы мен кандидаты, 100 академик пен елу философия докторы бар.
Университетте білім беру ісі Болон реформасына сәйкес жүргізіледі, оқытудың кредиттік жүйесі толық күшіне енген, оқу үдерісінің жапсырмасыз ашықтығы, білім алушылардың академиялық ілкімділігі, «бакалавр – магистр – PhD» түрінде үш сатылы мамандар дайындау қамтамасыз етілген. Университеттің жаңа даму кезеңінде әл–Фараби атындағы ҚазҰУ–дың жаңа Академиялық саясаты іске асырылды, білім тексерудің қуатты корпоративтік Интранет жүйесі жолға қойылды.
## Халықаралық қызмет
Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті шетелдік ғылым және білім беру мекемелерінде тілдік тағылымдамадан, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам оқытушылары мен әкімшілік қызметкерлері үшін халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ұйымдардың ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс елдеріне шақырулары бойынша кездесулер ұйымдастырады.
ҚазҰУ Қазақстанның шетелдегі оң имиджін арттыруға белсенді ықпал етеді. Орталықтар, кафедралар университеттің белсенді қолдауымен шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында құрылады. Сондай-ақ, қазақ тілі курстары ұйымдастырылды, онда студенттер қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, өнерімен, өмірімен танысады, олардың арасында Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университеті (Ресей) мен Адам Мицкевич университеті (Польша) бар.
ҚазҰУ. Әл-Фараби халықаралық серіктестермен бірлесе отырып, диалог алаңы бар "Ұрпақтар арқылы өтетін Жасыл көпір" сияқты бірқатар ірі халықаралық ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады. "Ұрпақтар арқылы жасыл көпір" платформасы Қазақстан Президентінің "ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергетикалық экологиялық стратегиясы" және "Жасыл" идеяларын іске асыру үшін құрылған көпір". ҚазҰУ Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында бірінші болып RIO + 20 конференциясында платформа ұсынды: БҰҰ-ның RIO-20 орнықты даму жөніндегі декларациясына қосылды, RIO + 20 конференциясының секциясын басқарды.
2014 жылғы қаңтарда ҚазҰУ. Әл-Фарабиге БҰҰ-ның Тұрақты даму саласындағы жаһандық Академиялық ықпал ету орталығын (БҰҰ-ның Академиялық ықпалы) басқару тапсырылды. ЮНЕСКО-ның Орнықты даму жөніндегі Орталық Азия өңірлік орталығы ЮНЕСКО ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ базасында құрылды.
"Еуразиялық әртүрлілік және университеттердің орнықты дамудағы рөлі" III Азия университеттерінің форумы ҚазҰУ-дың 80 жылдығына арналған іс-шаралар шеңберінде, сондай-ақ 2014 жылы Астана мен Алматыда өткен VII Астана экономикалық форумы аясында университеттің орнықты даму жөніндегі іс-шараларын ілгерілету шеңберінде өтті. ҚазҰУ "Тұрақты адам дамуының жаңа парадигмасы" тақырыбында халықаралық конференция өткізу үшін негізгі ұйым ретінде таңдалды. G — Global-дүниежүзілік өнер және ғылым академиясымен (WAAS) және Дүниежүзілік университеттер консорциумымен (WUC) бірлесіп, жетекші халықаралық ұйымдар өкілдерінің, әлемге әйгілі ғалымдардың, көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен" Жаһандық диалог форматы".
## Ғылым және инновация
ҚазҰУ құрамында университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылатын ҚазҰУ ғылым және инновациялық қызмет департаменті ашылды. Ғылым және инновациялық қызмет департаменті университетте жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ), сондай-ақ жоғары білікті кадрларды даярлауды жүзеге асырады және үйлестіреді. Департамент факультеттерді, ғылыми-зерттеу институттарын (ҒЗИ), ғылыми орталықтарды (ҒО), технопаркті және т.б. қоса алғанда, университеттің барлық ғылыми-зерттеу бөлімшелерін біріктіретін бірыңғай ғылыми құрылым болып табылады. Департамент ғылыми және инновациялық қызметті Университеттің даму стратегиясы, ҚазҰУ Ғылыми кеңесінің шешімдері негізінде айқындайды. әл - Фараби және ғылыми-техникалық кеңес. Департамент қызметінің мақсаты ҚазҰУ-дың ғылыми және зияткерлік әлеуетін барынша толық пайдалануға жәрдемдесу болып табылады. әл-Фараби, ҒЗТКЖ нәтижелерінің тиімділігін және оқыту сапасын арттыру, инновациялық қызметті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларын іске асыру және ғалымдар мен мамандардың халықаралық ынтымақтастығын нығайту үшін ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік қызметті кешенді дамыту.
## Университетте жұмыс істейді
* Болон процесі бойынша студенттер бюросы
* "Сұңқар" студенттік кәсіподағы / "Сұңқар"
* Ғылыми кітапхана
* ҚазҰУ жанындағы бейіндік мектеп. әл-Фараби
* ҚазҰУ колледжі. әл-Фараби
* ҚазҰУ тарих мұражайы. әл-Фараби
* ҚазҰУ мұрағаты. әл-Фараби
* Биология мұражайы
* Археология және этнология мұражайы
* Палеолит мұражайы
* "ҚазГУ Град" КВН командасы
* "Бақыт" би ансамблі
* ҚазҰУ студенттік драма театры. әл-Фараби"БІЗ"
* ҚазҰУ Хабаршысы
* "Қазақ университеті" газеті, халықаралық бюллетень (екі тілде)
* ҚазҰУ Студенттер сенаты
* "Парасат" қызметкерлер кәсіподағы
* Түлектер қауымдастығы
* Әскери кафедра
* Біліктілікті арттыру институты
* Жұмыс берушілер Кеңесі
* Қалалық деңгейде тіркелген "Эйдос" театр клубы
* "Қазақ университеті"баспасы
* ҚазҰУ пікірсайыс клубы
* ҚазҰУ зияткерлік клубы
* "Саясаттанушы" студенттік пікірталас клубы
* Халықаралық қатынастар факультеті жанындағы "Талейран" дипломатиялық клубы
* Кіші әл-Фараби Академиясы
* Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы жанындағы әлеуметтік зерттеулер және инжиниринг орталығы
* Саясаттану кітапханасы. Т.Т.Мұстафин саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында
## Институттары
* Мемлекет және құқық институты
* Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ)
* Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты (ҒҒТМ ҒЗИ)
* Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығы (ЦФХМА)
* Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты (ПББ ҒЗИ)
* Біліктілікті арттыру институты (БАИ)
* Конфуций Институты
* Ғылыми-технологиялық парк (Технопарк)
* Ашық типтегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана (NNLOT)
## Университет қалашығы
90 га университет кешені шығысында Есентай (Весновка) өзені, батысында Ботаникалық бақ, солтүстігінде Тимирязев көшесінен оңтүстігінде Әл-Фараби даңғылына дейін орналасқан. Кешеннің құрылысы 1971 жылы басталды. Жобаны "Гипровуз" жоғары оқу орындарын жобалау институтының авторлық ұжымы әзірледі (сәулетшілер В.П.Бондаренко-жетекші, В.М.Егоров, Ю.С.Зимин, инженер Л.П.Самарцев).
Бастапқыда 2 кезектегі құрылысты жүзеге асыру жоспарланған болатын: бірінші кезек (1986 жылға дейін) гуманитарлық және жаратылыстану факультеттерінің оқу корпустарын, ректорат және ғылыми-зерттеу ғимараттарын, акт залын, жатақханаларды, спорт кешенін, емхананы, шаруашылық құрылыстарды салуды көздеді; екінші кезек (1995 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланған) нақты ғылымдардың оқу корпустары, ғылыми-зерттеу институттарының, зертханалар мен кітапханалардың 2,5 млн томдық корпустары, жатақханалар және т.б.
Университет кешенінің жоспарында 4 функционалды аймақ бөлінеді — оқу-өндірістік, спорттық, тұрғын үй және шаруашылық. Бұл аймақтарды байланыстыратын негізгі өзек-эспланад. Ректораттың биік ғимараты (биіктігі 75 м) басым позицияны алады, бұл бүкіл кешеннің архитектуралық және композициялық маңыздылығын көрсетеді.
2004 жылғы жағдай бойынша университеттің Студенттер қалашығында 10 оқу ғимараты, 17 жатақхана, студенттер сарайы болды. У.Жолдасбекова, спорт кешені, "Қазақ университеті" баспасы, газет, "Сана" телерадиостудиясы.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мақұлдаған университеттің даму жоспарына сәйкес ғылыми кітапхана ғимаратынан университет кешені құрылысының екінші кезеңі басталды.
## Университет құрылымы
Қазақ ұлттық университетінің 17 факультеті бар:
## Университет басшылары
* 1934—1940 — Олихов Фёдор Трофимұлы
* 1940—1947 — Лукьянец Иван Куприянұлы
* 1948—1953 — Төлеген Тәжібайұлы Тәжібаев
* 1953—1955 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1955—1961 — Темірбай Байбосынұлы Дарқанбаев
* 1961—1970 — Асқар Закарұлы Закарин
* 1970—1986 — Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков
* 1986—1988 — Еділ Ерғожаұлы Ерғожин
* 1988—1991 — Мейірхан Мүбәрәкұлы Әбділдин
* 1991—2001 — Көпжасар Нәрібайұлы Нәрібаев
* 2001—2008 — Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов
* 2008—2010 — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* 2010 – 2021 — Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов
* 2021 – жылдан бастап Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
## Атақты түлектер
* Зейнолла Қабдолов
* Әбіш Кекілбаев
* Мұхтар Мағауин
* Дулат Исабеков
* Қадыр Мырза Әлі
* Тұманбай Молдағалиев
* Тұрсын Жұртбай
* Жүрсін Ерман
* Нұрлан Оразалин
* Олжас Сүлейменов
* Әзілхан Нұршайықов
* Рахман Алшанов
* Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова
* Өмірзақ Айтбайұлы Айтбаев
* Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов
* Мырзатай Жолдасбеков
* Игорь Иванович Рогов
* Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Қайрат Мәми
* Тауман Төреханов
## Серіктес университеттер
* Hankuk University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Pusan University of Foreign Studies, Корея Республикасы
* Soongsil University, Корея Республикасы
* Ching Yun University, Тайвань
## Тағы қараңыз
* әл-Фараби
* QS Әлем Университеттері Ранкингі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* mkm.kz Мұрағатталған 20 ақпанның 2013 жылы.
* ҚазҰУ электронды кітапханасы Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы.
* ҚазҰУ-дың ресми сайты Мұрағатталған 16 маусымның 2011 жылы. |
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ, БАҚ және мерекелік іс-шараларда «Бірінші медициналық» (орыс. Первый медицинский) ) — 1930 жылы негізі қаланған Қазақстандағы тұңғыш және жетекші медициналық жоғары оқу орындарының бірі. ЮНЕСКО-ның Университеттердің Халықаралық анықтама кітабына (ағылш. International Handbook of Universities (IHU)) енгізілген жоғары оқу орындарының бірі.
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Қазақстанның атақты ғалым-оқытушылары, ҚР Ұлттық ғылым академиясының, Ресей медицина ғылымдарының академиясы, Халықаралық академиялардың академиктері жұмыс істейді. Университеттің академиялық штатында 1712 мамандандырылған оқытушы, оның ішінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының 6 академигі, 3 мүше-корреспонденті, 2 Ресей Ғылым академиясының академигі, 167 медицина ғылымдарының докторы, 454 ғылым кандидаты және доцент, 7 «ҚР Үздік оқытушысы» бар.
## ҚазҰМУ миссиясы
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетелдік және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса әрдайым ғылыми әлеуетін арттыра отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша Орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет
## Университет құндылықтары
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың барлық деңгейдегі білім алушыларының, қызметкерлерінің және оқытушыларының мінез-құлқын анықтайтын жеті негізгі құндылықтары (2014 жылы 28 қаңтарда ҚазҰМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген):
* Елге қызмет (лат. Servire)
* Кәсіпке адалдық (лат. Officium)
* Шаңырақ мәртебесі (лат. Honor)
* Ұстаздарға ізет (лат. Veneratio)
* Шәкіртке ілтипат (лат. Respectus)
* Ұрпаққа ұлағат (лат. Successio)
* Болашаққа ұмтылыс (лат. Objectare)
## Тарихы
Алматыда медицина институтын ашу жайлы шешім РКФСР ХКК 1930 жылы 10 маусым күнгі «РКФСР қарамағындағы жоғары оқу орындарына 1930-1931 оқу жылына арналған қабылдау желісі, құрылымы мен контингенті» атты Қаулысымен қабылданды. Бұл қаулының қосымшасында «...Алматы. Медицина институты. Емдеу ісі. Қабылдау: 1930/1931 қыс – 100 адам» деген аса маңызды жазу жолдары болды. Бұл қаулы Қазақстанда медициналық институт ашу туралы алғашқы құжат болды. Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды.
1931 жылы институт штаты 5 профессор, 4 доцент, 13 ассистент және 2 оқытушыдан құралды. Профессорлар: С. Ж. Асфендияров (қоғамдық ғылымдар кафедрасының меңгерушісі), В. В. Авербург (гистология кафедрасының меңгерушісі), В. А. Захваткин (биология кафедрасының меңгерушісі), П. О. Исаев (морфология, кейіннен қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі), Н. Н. Литвинова (химия кафедрасының меңгерушісі). 1936 жылы институтты 66 түлек бітіріп шықты..
Балалар дәрігерінің жетіспеушілігі 1938 жылы педиатрия факультетінің ашылуына себепші болды. Факультеттің алғашқы деканы және ұйымдастырушысы Саратов университетінің медицина факультетінің түлегі А. И. Малинин болды.
### Соғыс жылдары
Соғыс жылдары институтты 2000 дәрігер аяқтады, солардың ішінде 75% (84 оқытушы және 262 студент) фронтқа аттандырылды. Қаһарман қазақ қызы Кеңес Одағының Батыры – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова және артиллерия полкының командирі Владимир Семёнович Иванилов (қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген) осы институттың түлектері. Университет оқытушыларының арасында 4 «Жауынгерлік Қызыл ту» орденінің, 59 «Қызыл жұлдыз» орденінің, 1 «III дәрежелі Даңқ» орденінің (Елжан Құсайынұлы Мұхамеджанов) иегерлері бар.
Соғыс жылдары эпидемиялық қауіптің артуына байланысты 1943 жылы институттың үшінші факультеті – санитарлық-гигиеналық факультеті ашылды.
### XX ғасыр
Кейін студенттер саны артып, сәйкесінше факультеттер саны да арта бастады, мәселен 1951 жылы фармация факультеті, ал 1959 жылы стоматология факультеті ашылды. 1981 жылы мамандарды дайындау ісіндегі және ғылымға қосқан үлестері үшін медициналық институт Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 11 қаңтар 1989 жылғы №17 Қаулысымен институтқа С. Ж. Асфендияров есімі берілді.
XXI ғасыр
ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің 5 шілде 2001 жылғы № 648 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Жарлығымен институт Қазақ ұлттық медицина университеті статусына ие болды.
2011 жылы С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес, ректордың бұйрығымен 10 мамыр 2011 жылғы №291 бұйрығы негізінде, бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Симуляция орталығы» ТМД-да теңдесі жоқ «Тәжірибелік дағдылар орталығы» болып қайта құрылды. 2011 жылдың 16 қыркүйегінде салтанатты түрде ашылып, орталыққа атақты балалар хирургі, профессор, АМК академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚазҰМУ түлегі — Қасен Қожақанұлы Қожақанов есімі берілді.
Тәжірибелік дағдылар орталығының құрылымына төмендегі бөлімшелер қарайды.
* Медициналық симуляция орталығы
* Коммуникативті дағдылар орталығы
* Фармацевтикалық дағдылар орталығы
* Тіс емдеу дағдылар орталығы
* Білімдер мен дағдыларды тәуелсіз бағалау орталығы.
* Апат медицинасы орталығы.
* Компьютерлік сынып
## Халықаралық ынтымақтастығы
ҚазҰМУ таяу және қиыр шетелдермен әріптестік келісім шарт орнатқан, солардың ішінде: Нагасаки Университеті (Нагасаки, Жапония), Азия-Тынық мұхиты университеті (Жапония), Parkway College (Сингапур), Перуджи Университеті (Перуджа, Италия), Оңтүстік Дунай Университеті (Кремс, Аустрия); Қырғыз Мемлекеттік медицина Академиясы (Бішкек, Қырғыз Республикасы), А. Богомольц атындағы Ұлттық медицина университеті (Киев, Украина), Ұлттық фармация университеті (Харьков, Украина), И. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясы (Мәскеу, Ресей) және т.б. Жалпы алғанда университеті 27 мемлекеттің 102 жоғары оқу орындарымен және Жапония, Германия, Ресей Федерациясы және АҚШ сияқты мемлекеттердің ғылыми және медициналық орталықтарымен байланыс орнатқан. Халықаралық университеттер бірлестігі (ағылш. International Association of Universities, IAU), Университеттердің Еуропалық Ассоциациясы (ағылш. European University Association (EUA)) сияқты 9 халықаралық бірлестіктердің мүшесі. 2013-2014 оқу жылы бойынша әлемнің 14 мемлекетінен университетте 88 визитинг-профессор өз дәрісін берді. Университетте әлемнің 15 мемлекетінен студенттер білім алуда:
## ҚазҰМУ символдары
### Логотипі
Логотиптің ортасында «Ұ» әрібі (университеттің ұлттық мәртебесін айқындап, оның терең тарихын шертеді) орналасқан. Әріптің аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы бейнеленген, бұл университеттің ҚР мемлекеттік рәміздеріне деген құрметін білдіреді. Әріптің төменгі жағында «1930» саны, яғни ең алғашқы университеттің құрылған жылы бейнеленген. Осының бұл композицияны даңқтың, гүлденудің және мәңгіліктің белігісі ретінде лавр ағашының бұтақтары көмкеріп тұр.
«Ұ» әрібін орала көмкеріп тұрған жылан мен әріптің жазылуынан пайда болатын крест – медицинаның дәстүрлі символы.
### Туы
Ақ матаның үстінде университет логотипі бейнеленген. Ақ түс – тазалықтың, үміттің символы, сондай-ақ медицинаның кәсіби түсі – ақ халат.
### Гимн
Гимнің авторы – стомотология факультетінің 1966 жылғы түлегі – Төрехан Әбіш. Гимнің толық нұсқасын университеттің ресми сайтынан көруге болады.
### Университет атауы
Осы кезге дейін университеттің ресми атауы 4 мәрте өзгертілді:
* 1930 – 1963 жылдары — Қазақ мемлекеттік медицина институты
* 1963 – 1995 жылдары — Алматы мемлекеттік медицина институты
* 1996 – 2001 жылдары — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті
* 2001 жылдан бастап — С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті
## Факультеттер мен кафедралар
Университетте 8 факультет, 106 кафедра мен модуль бар, солардың ішінде 62 клиникалық кафедра.
* Жалпы медицина мектебі 1
* Жалпы медицина мектебі 2
* Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі
* Фармация мектебі
* Стоматология мектебі
* Педиатрия мектебі
* Халықаралық факультет
* Дипломнан кейінгі білім беру факультеті (Резидентура)
Университетте білім беру қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде келесі мамандықтар бойынша өтеді:
### Жалпы медицина факультеті
Университет 2007 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Жалпы медицина» мамандығы бойынша мамандарды дайындауда. Жалпы медицина факультетінде 2015-2016 оқу жылы бойынша 7107 студент оқиды, соның ішінде 948 шетел азаматтары. Факультетте 13 мемлекеттен 26 ұлт өкілдері оқуда, олардың басым бөлігі, шамамен 67 % Үндістан азаматтары. «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқу құрылымы келесідей.
## Инфрақұрылым
Университеттің жалпы ауданы - 47 068 м². Инфрақұрылымы: 7 оқу корпусы, 1604 орынды 7 жатақхана, 6 институт, 3 клиника және 3 клиникалық база, 11 орталық, 3 мектеп, Халық денсаулығына қауіп-қатерді бағалау зертханасы, Ұжымдық пайдаланудағы Геномдық зертхана, Республикалық ғылыми-медициналық кітапханасы, Республикалық медицина тарихы мұражайы, «Concordia» театры, 102 орынды тест орталығы, спорт залы және спорт алаңы бар.
### Институттар
* Б.А. Атшабаров атындағы іргелі және қолданбалы медицина ғылыми-зерттеу институты (ІжҚМҒЗИ)
* Стомотология институты Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты Мұрағатталған 21 маусымның 2016 жылы.
* Мейірбике ісі институты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2016 жылы.
* Клиникалық фармакология институты Мұрағатталған 26 сәуірдің 2016 жылы.
### Клиникалар
Қазіргі таңда ҚазҰМУ құрамында заманауи құралдармен жабдықталған, көптеген ауруларға кешенді диагностика мен амбулаториялық емдеу жүргізуге мүмкіндік беретін 3 университеттік клиника жұмыс істейді.
* Клиникалық-білім беру орталығы (профессорлық клиника) Мұрағатталған 10 маусымның 2016 жылы.
* ҚазҰМУ ішкі ағзалар аурулары клиникасы Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
* Тіс емдеу клиникасы Мұрағатталған 10 тамыздың 2016 жылы.
## Ректорлары мен директорлары
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Денсаулық сақтау халық коммисариатының 30 қараша 1930 жылғы № 260 Бұйрығымен медициналық институттың директоры болып 1912 жылы Петербургтегі Әскери-медициналық академиясын бітіріп келген Санжар Жапарұлы Аспандияров тағайындалды. ҚазҰМУ ректорының қызметінде осы университеттің 4 түлегі — Самарин Р. И. (1960–1963) Мәскеев Қ. М. (1975 – 1986), Момынов Т. Ә. (1995 – 2008), Ақанов А. А. (2008 жылдан бастап) болған.
## Әйгілі түлектері және қызметкерлері
Уиверситетте 44 Қазақ КСР Еңбек сіңірген дәрігерлері (Қарынбаев С.Р., Зюзин В.И. және т.б.), 16 Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаттары (Алдашев А.А., Әлиев М.Ә., Ормантаев К.С. және т.б.) жұмыс істеген. Сибуғатулла Қарынбаев, Александр Сызғанов және тағыда 13 университет оқытушылары КСРО жоғары наградасы – «Ленин» орденінің иегері.Қазіргі таңда университеттің түлектері Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және басқа да әлем елдерінде, сондай-ақ университеттің өзінде де жұмыс істеуде:
* Қасен Қожақанұлы Қожақанов — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1994), профессор (1994).
* Александра Александровна Буванова — Социалистік еңбек ері, Шымкент қаласындағы № 1 перзентханадағы дәрігер-акушер.
* Ысқақ Әлібекұлы Әлібеков — Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Дарья Владимировна Клебанова — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2009). Республикасының Парламентінің мәжіліс депутаты.
* Раиса Степановна Боронина — Социалистік еңбек ері. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
* Бахия Атшабарұлы Атшабаров — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961).
* Төрегелді Шарманұлы Шарманов' — Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медицина ғылымдары академиясының және Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Л.Бернард атындағы сыйлығының (2005) иегері.
* Камал Сәруарұлы Ормантаев — дәрігер-педиатр, Қазақстандағы балалар хирургиясының, педиатриясының, травматологиясының және анестезиологиясының негізін салушы. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1994 жылдан бастап).
* Қуаныш Мүбәракұлы Мәскеев — фтизиатр, медицина ғылымдарының докторы (1972), профессор (1974), ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер (1981), академик (1995). 1955 жылғы ҚазҰМУ түлегі. 1975 жылы университет ректоры қызметіне тағайындалды, осы қызметті 1987 жылдың сәуір айына дейін атқарды.
* Мұхтар Әлиұлы Әлиев — хирург, медицина ғылымдарының докторы (1974), профессор (1976) Қазақстан Республикасының ғылым академиясының академигі (1989), Қазақстан Республикасының медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (1995), Халық қаһарманы (1995), Халықаралық медицина ғылымдары академиясының президенті және негізін салушы (Брюссель, Бельгия)
* Кеңесбай Үшбайұлы Үшбаев — ғылым қайраткері, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, әлемдегі алғашқы қазақ фармацевтика ғылымдарының докторы.
* Алшынбай Рақышұлы Рақышев — Нейроморфолог, медицина ғылымдарының докторы (1968), профессор (1969), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).
## Дереккөздер |
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) — Қазақстан Республикасының ең алғашқы Жоғарғы оқу орны.
## Тарихы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) – 1928 жылы 1 қыркүйекте қазақ мемлекеттік университеті атты бірінші қазақ жоғары оқу орны ашылады..
Онда бір ғана педагогика факультеті болады, ол үш бөлімнен тұрды: физика-математика; жаратылыстану; лингвистика-педагогика. Үш факультетті жаңадан қалыптастыру жоспарланды: педагогика, ауыл шаруашылығы, медицина. Олар өз қызметін 1932-33 оқу жылында бастауға міндетті еді. Халыққа білім беруді қарқынды дамыту үшін қайта ашылған ЖОО жеке педагогикалық институт ретінде жетілдіру қажет болды.
Сондықтан 1930 жылы университет қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып аталды, ал 1935 жылы оған ұлы Абайдың есімі берілді. ҚазПИ бұрынғы Верный әйелдер гимназиясының бір қабатты ғимаратында орналасқан. Оқуға түсушілерге арнайы 5 айлық курстар жұмыс істей бастады, сонымен қатар педагогика техникум, педогогикалық училище және жұмысшыларға арналған факультет ашылды.
Жоғарыда көрсетілген оқу орындарына көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері, жалшылардың және орта шаруалар мен қызметкерлердің балаларының шектеулі саны қабылданатын болған. Республиканың халық ағарту ісінің оқу орындарын аймақтық бөлу 1928 жылы өтті. Институтқа қабылдау екі бөліктен тұрды: қыркүйек және қазан айларында. Нәтижесінде 124 адам қабылданды, оның 28-і әйел адам. Студенттер құрамы көпұлтты болды. Олардың ішінде қазақтар саны 76, орыстар саны 42, басқа ұлттар өкілдерінің саны 6 болды. 75%-ға жуық студенттер шәкіртақымен қамтамасыз етілді.
Мұқтаж болғандарға жатақханадан орын берілді. Студенттердің төмен деңгейдегі дайындығына байланысты оларға жалпы ғылыми пәндер бойынша атап айтатын болсақ, орыс тілі, қазақ тілі, математика, физикадан косымша сабақтар өткізілетін болған. 1 курста 9 оқытушы сабақ берген, оның үшеуі профессор, бесеуі доцент, біреуі ассистент. Институт халық арасында ғылыми-ағарту жұмыстарын жүргізген. ҚазПИ жанында 190 тындаушысы бар жексенбілік институт қалыптасқан. Оқытушылар еңбекшілерге дәрістер оқып, ғылыми баяндамалар жасады, институттың жанында сауатсыздықты жою мақсатымен мектеп ашылды. Қала тұрғындары арасында тақырыптық кештер, пікірталастар, конференциялар және басқа да мәдени-ағарту іс-шаралары жиі өткізілетін болған.
Кәсіби мамандандырылған ғылыми-педагогикалық кадрларды жинақтау ҚазПИ-дің сол уақыттағы маңызды мәселесінің бірі болды. Бұл мәселе екі жолмен шешілді: мамандардың жартысы орталық ЖОО шақырылды, ал қалғандары жергілікті кадрлардан дайындалды. Институттың қалыптасуы мен дамуына туыс республикалардың көптеген оқу орындары, атап айтсақ, Мәскеу мен Ленинградтың ЖОО үлкен үлесін қосты. Олар өз кітапханалары және кабинеттерге арналған құралдарымен бөлісті. Сол жылдары ҚазПИ-ге жұмыс істеуге атақты ғалымдар, мысалы: әдебиеттанушы Н.Фатов, математик Б.Кругляк, физик В. Литвинов, биолог С.Логинов, эмбриолог А.Захваткин және т.б. келген. Институтта қазақ халқының көрнекті өкілдері Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин, Баймен Алманов, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмүхамедов, Ілияс Қабылов, Темірбек Жүргенов және т.б. жұмыс істеді.
Соғыс жылдарына дейінгі уақыт ЖОО үшін қызметтің қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең болды. Институт қабырғасында дайындалған мұғалімдер санынын өсуі байқалды, қадрларды дайындау сапасы жақсартылды, студент жастарды тәрбиелеу мен оқыту дэстүрі қалыптастырылды. Институт ғылыми ой орталығының бірі болып табылды. Бұл жерде қазақстан тарихының дамуы мен қазақ тілі және әдебиетінің мәселелері қарастырылды, жаратылыстану ғылымдары саласында алғашқы зерттеу жұмыстары басталды.
Институт үшін Ұлы Отан соғысы жылдары қиын жылдар болды. Соғыс жылдарының қиындығына қарамастан студенттер қайсарлықпен білім алды. Көптеген оқу пәндері бойынша ғылыми және әдістемелік оқытудың деңгейі көтерілді, оған себеп соғысқа байланысты Алматыға көшірілген КСРО-ның әртүрлі қалаларынан шақыртылған ғалымдар еді. Олардың кұрамында ақадемиктер И.Мещанинов, В.Чернышев, В.Фесенко, профессорлар А.Глаголов, М.Рубинштейн, И.Палунск, Р.Фридман және т.б. болды. Соғыс жылдары енбектегі ерліктері үшін институттын онға жуық оқытушылары, қызметкерлері, студенттері Отанның жоғары жүлдесі Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды: Мәлік Ғабдуллин, Лесбек Жолдасов, Қанаш Камзин, Рахымжан Тоқтаев, Ахмедияр Хұсайнов, Саду Шакирим.
Соғыс жылдарынан кейін Абай атындағы ҚазПИ-дің қызметінің барлық салалары сапалы өзгерістерге ұшырады, ол Қазақстанның экономика және мәдениетінің дамуы жаңа кезенінің белгілі мақсаттарына байланысты. Осыған сәйкес оқу-тәрбие қызметінің әдістері мен тұлғалары, ғылыми мәселелер және институттың құрылымы белгіленді. Профессор-оқытушылар құрамының мақсаты, тандаған мамандықтары бойынша терең ғылыми білімді меңгеру, кәсіби қасиетті және мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Мектептегі кәсіби мұғалімдерге сұраныстың өсуіне байланысты институтқа студенттерді қабылдау кеңейтілді. Егер соғыстан кейінгі 1946 жылы 1 курстың күндізгі бөліміне 362 студент қабылданса, ал 1956 жылы оның саны 567-ге өсті. Мәселені шешу үшін университет мамандарды дайындауды халықаралық стандарттарға сәйкестендірді.
Жоғары оқу орны 1993/94 оқу жылынан бастап кадрларды дайындау үшін көп деңгейлі жүйеге, сондай-ак, екі кезеңдік білім берудің "4+2" моделі бойынша өтеді. 1 кезең бакалаврлық атаққа иелік ету үшін 4 жыл дайындық, 2 кезең болашақта аспирантураға түсу мақсатымен магистр атағына ие болу 2 жыл дайындықты қажет етеді. Сонымен қатар мамандарды дайындау құрылымы қайта қаралады. Соңғы жылдары "Банк ісі", "Салық салу", "Маркетинг және сауда", "Шығыстану", "Араб тілі", "Мүсін", "Информатика және ағылшын тілі", "Биология психология", "Халықаралық туризм", "Халықаралық кұқық", "Психология" сияқты жаңа мамандықтар ашылды. Факультеттер мен кафедралар да құрылымдық өзгерістерге ұшырады.
Екі факультет құрылды: халықаралық қатынастар және қаржы-экономика. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жаңа мамандықтар бойынша қажетті кафедралар құрылды. Университет дамуының қысқаша тарихы: 1928 жылы 1 қыркүйек Алматы қаласында қазақ мемлекеттік университеті жұмыс істей бастады. 1930 жылы қазақ мемлекеттік университеті қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (ҚазПИ) болып өзгертілді.
1935 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына ұлы қазақ ағартушысы Абайдың есімі берілді. 1990 жылы Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық институты Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті болып өзгертілді.1992 жылы 24 қарашасында ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысымен Абай атындағы ҚазМПУ Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті болып өзгертілді. 1993 жылы екі кезеңдік білім беру "4+2" моделі бойынша кадрларды дайындау үшін университет көп денгейлі жүйеге өтті.1996 жылы "ТАСИС" бағыты бойынша оқу және ғылым қызметінің халықаралық аудитін Қазақстанда сәтті жүзеге асырғандардың бірі Абай атындағы АлМУ. 1998 жылы орнатылған кесте бойынша Абай атындағы АлМУ қызметі мемлекеттік аттестациялаудан сәтті өтті.
2000 жылы тамыз айында КР Үкіметінің Қаулысымен Абай атындағы АлМУ "Абай атындағы Алматы университеті" ЖАҚ болып өзгертілді. 2001 жылы мемлекеттік аккредитациядан, 2003 жылы мемлекеттік аттестациядан сәтті өтті. 2003 жылы желтоқсан айында ҚР Үкіметінің Қаулысымен ЖАҚ "Абай атындағы Алматы университеті" Білім және ғылым министірлігінің шаруашылықты жүргізу құқығы бойынша "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті" Республикадағы мемлекеттік кәсіпорны болып өзгертілді.
2005 жылы МС ИСО 9001:2000 сапа саласындағы халықаралық стандарттарға университеттің сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін (СМЖ) сыртқы сертификациялық аудит анықтайды, оған IQNet халықаралық Сертификат және "Русский Регистр" Сертификаты (тіркеу номірі RU05.334.026) 2005 жылы 10 қарашада дәлел болады. 2006 жылы ҚР БҒМ өткізген оқытудың несие жүйесі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ эксперимент базасы болып табылады. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) Қазақстандағы ең ірі жоғары оқу орындарының бірі. Жоғары оқу орнында үздік білім беру жүйесі қалыптасты және жүзеге асты.
## Ректорлар тізімі
Университет ашылғалы бірнеше ректор болды, олар:
* Санжар Жапарұлы Аспандияров (медицина)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1928-1931 жж.
* Алманов Баймен Алманович
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1931 - 1934 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Сакаев Ш
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1934 - 1935 жж.(қуғын-сүргін құрбаны)
* Бекжанов Шаихислам
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры1935 - 1937 жж.
* Толыбеков Серғали Еспембетұлы
(экономика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1937 -1941 жж.1946 - 1950 жж.1963 - 1974 жж.
* Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1941 - 1942 жж.
* Ахмеди Ысқақұлы Ысқақов
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1942 - 1946 жж.
* Закарин Асқар
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1950 - 1953 жж.
* Мәлік Ғабдуллин
(қазақ филологиясы)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1953 - 1963 жж
* Жүнісбек Жұмабеков
(тарих)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1974 - 1980 жж.
* Қасымов Құлжабай Әбдіхалықұлы
(математика)Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1980 - 1987 жж.
* Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықов (тарих)
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры 1987 - 2008 жж.
## Проректорлар
* Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы
* Oқу ісі жөніндегі проректоры Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы
* Ғылыми ісі жөніндегі проректоры Косов Владимир Николаевич
* Халықаралық байланыс ісі жөніндегі проректоры Медеуова Дана Темиртайқызы
* Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ішпекбаев Жанатбек Ешенқожаұлы
* Экономика және өндіріс мәселелері бойынша проректоры Кулжабаев Бауржан Джамалбекович
* Аппарат жетекшісі Сманов Бақтияр Өрісбайұлы
## Факультеттері
Қазіргі таңда университет құрамындағы 8 факультет, 1 институт және әскери кафедра бойынша білім беріледі:
* Математика, физика және информатика факультеті
* Педагогика және психология факультеті
* Филология факультеті
* Жаратылыстану және география факультеті
* Өнер факультеті
* Тарих және құқық факультеті
* Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті
* Foundation факультеті
* Сорбонна-Қазақстан институты
* Әскери кафедра
## Университет кафедралары
* Мемлекеттік тіл кафедрасы
* Философия және ғылымдар әдіснамасы кафедрасы
* Педагогика кафедрасы
* Ұлттық тәрбие кафедрасы
* Академик С.Т. Садыков атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы
* Шет тілдер кафедрасы
* Әскери кафедрасы
Мамандарды дайындау 60 кафедрада 54 мамандық бойынша жүргізіледі.
Университетте күндізгі, кешкі, сырттай және қашықтан оқыту формалары бойынша 25 мыннан астам студенттер білім алуда. Сонымен қатар жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті бар (1,5 мың тындаушы). ҚазҰПУ Ұлы Еуропалық университеттер одағына косылды (Magna Charta Universitatum). Magna Charta косылу Келісімшарттың қатысушысы ғылым және білім беру саласындағы халықаралық стандарттарға жауап беретін унивеситеттердің және әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру және ғылыми орталықтарының қатарына кіретіндігін білдіреді.
## Кітапхана
Университеттің ғылыми кітапханасы 1928 жылы ашылады. Кітапхана құрылған кезде оның қорында 40 000-ға жуық кітап болады. Оның негізін Верный гимназияның кітапханасы мен жеке коллекциядағы кітаптардан құралған. Алғаш рет кітапханада 1-ақ кітапханашы қызмет істейді. Кітапхана қазіргі таңда Республика бойынша жоғары оқу орындарының ірі ғылыми кітапханаларының біріне айналды. Дәл қазіргі таңда кітапхана - 1-категорияға ие. Кітапхана қорында 2 520 722 дана кітап бар, ал оған тағы басқа басылымдарды қоссақ, әлдеқалай арта түседі. Кітап қоры - әр түрлі ғылым салаларының әдебиеттеріне бай. Кітапхана қорында ХYIII –XX ғасырларда түрлі білім саласы бойынша жарық көрген сирек кітаптар да кездеседі. Алматы және Алматы облысының жоғарғы және орта оқу орындарының кітапханалары үшін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасы 1997 жылғы 31 қантардың ҚР білім және ғылым Министрінің №33 бұйрығы бойынша оқу-әдістемелік орталығы болып саналады. Кітапхана - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының Ассоциация мүшесі болып саналады.
Материалдық-техникалық база. Кітапханада 56 компьютер бар. Оның барлығы қазіргі заманға сай лиценцияланған Windows XP операциялық жүйемен, офистік және вирусқа қарсы бағдарламамен қамтамасыз етілген. Офистік техникасының жалпы саны: 9 принтер, 4 сканер, 2 ксерокс. 56 компьютердің – 45-і студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне арналған. Қосымша электрондық ресурс залы бар. Барлық компьютерлер Интернет жүйесіне қосылған және қосымша 2 локалдық жүйесі бар. Бірінші жүйесі - кітапхана бөлімдерінің автоматтандырылған жұмыс орындарын біріктіреді, ал екіншісі - электронды ресурс залы үшін қосылған. Қазіргі таңда кітапхана автоматтандырылған «РАБИС-АБАЙ» бағдарламасы бойынша жұмыс істелінеді. Оқырмандарға қызмет көрсету тиімділігін арттыру мақсатында жаңа «ИРБИС» жобасы пайдаланады.
Күнделікті қызмет. Кітапханада оқырмандарға қызмет көрсету үшін үш абонемент, 12 оқу залы ашылған. Кітапхана бөлімшесінің оқу залында диссертация және авторефераттар қоры бар. Олармен университеттің аспиранттары, бітіруші студенттері, ізденушілері пайдаланылады. Электрондық зал ашылғанына байланысты оқырмандар электрондық баспаларды осы залда пайдаланады және де басқа оқулықтар мен оқу құралдарын осы залдан табуға болады. Кітапханада «Юрист» электрондық-құқық жүйесі бар, онда зандар, қаулылар, министрдің бұйрықтары, ережелері және тағы басқа да заңдар бар. Бұл залда оқырмандарға ерекше жағдай жасалынған. Жаңа «ИРБИС» бағдарламасы бойынша оқырманға қызмет көрсету бөлімі «кітап беру» модулімен жүзеге асырады. Кітапхана университет кафедраларымен тығыз байланыста бола отырып, тапсырыс алып, үнемі ізденісте жүреді. Әсіресе, анықтамалық-библиографиялық бөлімнің еңбектері көрініп-ақ тұрады. Олар оқу залына түскен жаңа әдебиеттерге көрме ұйымдастырады, оқырмандарға жолдама береді, әдебиеттер тізімін жаңартып отырады. Тіпті, студенттерге анықтама-библиографиялық сабақ өткізеді, және де дипломдық жұмыстың орындалуына анықтама-библиографиялық және ақпараттық басшылық жасайды. Кітапхана қызметкерлері университеттің оқу және ғылыми процесін қамтамасыз етуге қатысып қана қоймай, студенттер арасында мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, конференциялар ұйымдастырады, факультеттермен біріге отырып ақын-жазушылар мен кездесулер ұйымдастырып, көрмелер қояды.
Бөлімшелердің құрылысы Кітапханада 7 бөлім бар:
* 1.Қызмет көрсету бөлімі
* Барлық факультеттерге арналған жалпы абонемент
* 1-ші курс студенттеріне арналған абонемент
* 1) физика-математика факультетінің оқу залы
* 2) география-экология факультетінің оқу залы
* 3) заң факультетінің оқу залы
* 4) тарих факультетінің оқу залы
* 5) психология-педагогика және филология факультеттерінің оқу залдары
* 6) көркем-сурет факультетінің оқу залы
* 7) қаржы-экономика факультетінің оқу залы
* 8) халықаралық қатынас факультетінің оқу залы
* 9) қазақ филология факультетінің оқу залы
* 10)электрондық ресурс залы
* 11) жатақханада 2 оқу залы
2)Әдебиеттерді жинақтау бөлімі 3) Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогизациялау бөлімі 4) Кітап қорын сақтау бөлімі 5) Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық бөлімі 6) Кітапхана процесінің автоматтандыру және компьютерлендіру бөлімі 7) Жаратылыстану-география факультетіндегі филиал
Электрондық каталог Кітапханада электронды каталогта 15 мың жазбалар құрайды –кітапхана бөлімінің www.Kaznpu.kz сайте орналасқан. 1997 жылдан бастап әдебиеттер ұсынылған
## Сыртқы сілтеме
http://www.kaznpu.kz/kz/?lnk=jhj
## Дереккөздер |