text
stringlengths 3
252k
|
---|
Анна Румане-Кенине (латышша Anna Rūmane-Ķeniņa; 1877 жыл 13 қараша, Елгава — 1950 жыл 9 қараша, Рига) — латыш жазушысы, педагог, дипломат және қоғам қайраткері. Латвия Орталық Кеңесінің 1944 жылғы 17 наурыздағы Меморандумына қол қоюшылардың бірі. Латвия Халық Кеңесінің мүшесі.
## Өмірбаяны
1877 жылы 13 қарашада Елгава қаласында теміржолшының отбасында дүниеге келген. 1896 жылы Елгава әйелдер гимназиясын (Hohere Tochterschule) бітірген.
1905 жылы болашақ күйеуі — Атис Кенинь Тербатас 15/17 мекенжайындағы ғимараттың құрылысын аяқтады. 1905 жылы 1 қыркүйекте Анна Кенине ғимаратта әйелдер гимназиясын ашты. Ғимарат көп ұзамай білім, әдебиет және өнер орталығына айналды. Кейіннен ғимарат архитектуралық құндылық мәртебесін алып, «Кенине мектебі» деген атпен танымал болды.
1911 жылы Сорбонда, 1913 жылдан Женева университетінде оқыды. 1916 жылы Женевадағы Жан-Жак Руссо атындағы педагогикалық институтты бітірді. 1917 – 1919 жж. Франция Сыртқы істер министрлігінің баспасөз бөлімінде Балтық елдері бойынша көмекші болып жұмыс істеді. 1918 жылы ол «Revue Baltique» журналын құруға қатысты.
1919 жылы Латвияға оралды. Латвия әйелдеріне көмек көрсету корпусының редакциялық комитетіне қатысады. Сол жылы Парижге кетіп, Латвия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз бюросының менеджері болып жұмыс істеді. 1921 жылы Латвияда Француз альянсын құрды. Сол жылы ол Францияның 1-дәрежелі «Palmes Academiques» орденімен марапатталды. 1923 жылы ол мұғалім және дипломат Атис Кениньмен отбасын құрды. 1925 жылы және 1928 – 1929 жж. АҚШ-та журналистика және жазу бойынша оқытушы болды. 1926 жылы 4-дәрежелі «Үш жұлдыз» орденімен марапатталды.
1944 жылы Германияға қоныс аударды. Соғыстан кейін ол қатты науқастанып, Латвияға оралды.
Оның еңбектері баспасөзде Айна Расмере лақап атымен жарияланды. Анна Кенине педагогика, саясат және әйелдер құқығы тақырыптарында жазды. «Dzīvot gribas» алғашқы басылымы «Pēterburgas Avīzes» газетінде жарық көрді. 1908 жылы «Melnais ērglis» (Қара қыран) драмасы жарық көрді. 1950 жылы 9 қарашада қайтыс болды және Үлкен зиратқа жерленді.
### Отбасы:
* Күйеуі – Атис Кенинь — ақын, мұғалім және дипломат.
* Ұлы – Таливалдис Кениньш — композитор.
* Немересі – Юрис Кениньш — композитор.
## Библиография
* Dzīvot gribas: tēlojums 20.02.1902;
* Өмірбаян «Mātes bēdas» (1912);
* «Melnais ērglis» драмасы (1908).
## Дереккөздер
## Әдебиет
* Ikstena, Nora, Pārnākšana : grāmata par Annu Rūmani-Ķeniņu. [Rīga, Garā Pupa, 1993]
* Anna Rūmane-Ķeniņa // Ķelpe J. Sieviete latvju rakstniecibā. Jelgava, 1936
* Ikstena N. Pārnākšana. R., 1993
|
1923 жылы Қазақ АКСР халық әртісі атағы енгізілді. Қазақ КСР халық әртісі атағы 1940 жылы 2 маусымда бекітілді. Төменде Қазақ КСР халық әртістерінің атақ берілген жылдары бойынша тізімі берілген.
## 1920-жылдары
### 1923
* Александр Викторович Затаевич (1869—1936), музыкант-этнограф, сазгер
### 1924
* Нина Павловна Анненкова-Бернар (1864—1933), театр актрисасы
## 1930-жылдары
### 1931
* Елубай Өмірзақов (1899—1974), театр мен кино актеры, режиссер
* Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892—1938), театр режиссеры, драматург
### 1936
* Қанабек Байсейітов (1905—1979), театр мен кино актеры, режиссер
* Илья Григорьевич Боров (1899—1961), театральный режиссер
* Евгений Григорьевич Брусиловский (1905—1981), сазгер
* Құрманбек Жандарбеков (1905—1973), опера әншісі (баритон), режиссер, театр мен кино актеры
* Серәлі Қожамқұлов (1896—1979), театр мен кино актеры
* Қалыбек Қуанышбаев (1893—1968), театр мен кино актеры (содан соң КСРО халық әртісі — 1959)
### 1938
* Манарбек Ержанов (1901—1966), опера әншісі (тенор), театр актеры, сазгер
* Шара Баймолдақызы Жиенқұлова (1912—1991), балет әртісі, балетмейстер
* Евгений Васильевич Иванов (1901—1982), опера әншісі (бас)
* Анатолий Иванович Овчинников (1899—1970), опера әншісі (тенор)
* Александр Васильевич Преображенский (1890—1963), дирижер, опера әншісі (тенор)
### 1939
* Үрия Әлтікқызы Тұрдықұлова (1911—1991), әнші
## 1940-жылдары
### 1940
* Зинаида Игнатьевна Морская (1885—1966), театр мен кино актеры
### 1942
* Қапан Оралұлы Бадыров (1904—2000), театр актеры
* Жүсіпбек Елебеков (1904—1977), опера әншісі (тенор)
### 1943
* Моисей Исаакович Гольдблат (1896—1974), театр режиссеры, актер
* Юрий Александрович Завадский (1894—1977), театр режиссеры, актер (содан соң КСРО халық әртісі — 1948)
* Елизавета Болеславовна Кручинина-Рутковская (1895—1961), театр актеры
* Юрий Митрофанович Мизецкий (1900—?), театр режиссеры, актер
* Жамал Омарова (1912—1976), әнші (контральто)
* Владимир Иосифович Пирадов (1892—1954), дирижер
* Александр Иванович Соломарский, (1897—1980), театр режиссеры, актер
* Галина Сергеевна Уланова (1910—1998), балет әртісі (содан соң КСРО халық әртісі — 1951)
### 1944
* Анна Александровна Демидова (1884—1946), театр актрисасы
* Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906—1968), сазгер, дирижер
* Кузьмин-Караваев В. В.
* Соломон Исаакович Колтон (1908—1979), опера әншісі (баритон)
* Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861—1955), сазгер, домбырашы
* Борис Александрович Орлов (1905—1960), әнші, хормейстер
### 1945
* Қали Байжанов (1877—1966), әнші (бас)
* Зәбира Қыдырәліқызы Жұбатова (1914—1999), әнші
### 1947
* Мүсілім Мүкімұлы Абдуллин (1916—1996), опера әншісі (лирикалық тенор)
* Ришат Мүкімұлы Абдуллин (1916—1988), опера әншісі (баритон) (содан соң КСРО халық әртісі — 1967)
* Шәкен Кенжетайұлы Айманов (1914—1970), театр мен кино актеры, режиссер (содан соң КСРО халық әртісі — 1959)
* Рахия Рысбайқызы Қойшыбаева (1916—1963), театр мен кино актеры
* Нина Константиновна Куклина-Врана (1915—2000), опера әншісі (лирикалы-колоратуралық сопрано)
* Надежда Николаевна Самышина (1903—1994), опера әншісі (лирикалы-колоратуралық сопрано)
* Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев (1914—1973), опера әншісі (драматикалық тенор)
## 1950-жылдары
### 1951
* Валентина Борисовна Харламова (1911—1999), театр мен кино актрисасы (содан соң КСРО халық әртісі — 1959)
### 1954
* Серғали Әбжанов (1912—1976), опера әншісі (баритон)
* Байғали Досымжанұлы (1920—1998), опера әншісі (лирикалық тенор)
* Қали Жантілеуов (1902—1993), әнші, домбырашы
* Александр Пахомович Казакевич (1889—1959), опера әншісі (бас)
* Антонина Исидоровна Круглихина (1912—1984), опера әншісі (сопрано)
* Ғарифолла Құрманғалиев (1909—1993), опера әншісі (тенор), сазгер, киноактер
* Сіләмбек Қыдыралин (1908—1983), театр актеры
* Лұқпан Мұхамеджанұлы Мұхитов (1894—1957), домбырашы
* Мариям Тохтаханқызы Семятова (1916—1967), театр актрисасы
### 1955
* Серафим Павлович Ассуиров (1906—1964), театр актеры
* Роза Тәжібайқызы Бағланова (1922—2011), опера және эстрада әншісі (сопрано) (содан соң КСРО халық әртісі — 1967)
* Павел Осипович Кайров (1904—1962), театр актеры
* Любовь Яковлевна Майзель (1908—1978), театр актрисасы
* Александр Владимирович Селезнев (1906—1961), балет әртісі
* Мүлік Сүртібаев (1917—1997), театр мен кино актеры
### 1956
* Николай Константинович Ангаров (1914—1990), театр актеры
### 1957
* Хадиша Бөкейқызы (1917—2011), театр мен кино актрисасы (содан соң КСРО халық әртісі — 1964)
* Ғазиз Ниязұлы Доғашев (1917—2008), дирижер
* Камал Қармысұлы (1912—1991), театр мен кино актеры
* Яков Яковлевич Муратов (1890—1979), театр мен кино актеры, режиссер
* Павел Петрович Рогальский (1904—1987), театр актеры
* Лидия Демьяновна Чернышева (1912—1975), балет әртісі, балетмейстер (содан соң КСРО халық әртісі — 1967)
### 1958
* Айша Төкебайқызы Абдуллина (1916—2019), театр актрисасы
* Нуритдин Мұхамбетқалиұлы Атаханов (1905—1974), театр актеры
* Евгений Яковлевич Диордиев (1912—1985), театр мен кино актеры, режиссер (содан соң КСРО халық әртісі — 1970)
* Күләш Сырымбетқызы Сәкиева (1920—2019), театр актрисасы, әнші
* Сәлима Ескендірқызы Саттарова (1920—1985), театр актрисасы
* Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев (1926—2013), камералық және опера әншісі (баритон), киноактер (содан соң КСРО халық әртісі — 1959)
* Сейфолла Пірімұлы Телғараев (1910—1975), театр мен кино актеры
* Ғанижамал Хаирқызы Хайруллина (1914—1967), театр режиссеры, актриса
### 1959
* Гүлнәфис Баязитова (1917—1987), қобызшы
* Шабал Бейсекова (1919—1997), опера әншісі (сопрано)
* Шолпан Исабекқызы Жандарбекова (1922—2005), театр мен кино актрисасы (содан соң КСРО халық әртісі — 1982)
* Ростислав Владимирович Захаров (1907—1984), балет әртісі, балетмейстер, опера режиссеры (содан соң КСРО халық әртісі — 1969)
* Кәукен Кенжетайұлы (1916—2008), театр мен кино актеры, опера әншісі (баритон), режиссер
* Сәбира Майқанова (1914—1994), театр мен кино актрисасы (содан соң КСРО халық әртісі — 1970)
* Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (1929 туғ.), опера әншісі (лирикалы-колоратуралық сопрано), киноактриса (содан соң КСРО халық әртісі — 1967)
## 1960-жылдары
### 1961
* Айсұлу Байқадамова (1927—1992), опера әншісі (сопрано)
* Борис Васильевич Лебедев (1910—1977), дирижер
* Юрий Борисович Померанцев (1923—2022), театр мен кино актеры
### 1962
* Ким Дин (1902—1966), театр актеры
* Ли Хам Дек (1914—2001), театр актрисасы
* Жәмила Нұрмағамбетқызы Шашкина (1914—2009), театр актрисасы
### 1963
* Зарипа Ізтілеуқызы Сүлейменова (1920—1994), театр актрисасы, әнші (сопрано)
* Қуат Төлеков (1914—1998), театр актеры
### 1964
* Гүлсім Әбдірахманова (1917—1970), театр актрисасы
* Иустина Ивановна Загвоздкина (1908—1985), театр актрисасы
* Евгений Ефимович Орел (1904—1983), театр актеры
### 1965
* Ксения Александровна Струнина (1915—1980), театр актрисасы
* Әмина Ерғожақызы Өмірзақова (1919—2006), театр мен кино актрисасы
### 1966
* Ораз Әбішев (1916—2013), кинорежиссер
* Эра Ивановна Епонешникова (1927—1977), опера әншісі
* Нұрмұхан Сейітахметұлы Жантөрин (1928—1990), театр мен кино актеры
* Раушангүл Сәйітқызы Илахунова (1922—2000), театр актрисасы, әнші
* Сара Ыдырысқызы Көшербаева (1933—1999), балет әртісі
* Людмила Петровна Кюн (1915—1982), театр актрисасы
* Шахан Әлімханұлы Мусин (1913—1999), театр мен кино актеры
* Ыдырыс Ноғайбайұлы (1931—1989), театр мен кино актеры (содан соң КСРО халық әртісі — 1982)
* Ольга Алексеевна Решетниченко (1914—2003), театр актрисасы
* Бикен Ырымқызы Римова (1923—2000), театр мен кино актрисасы
* Шәріпбай Қашқынбайұлы Сәкиев (1913—1989), театр актеры
* Латиф Абдулхайұлы Хамиди (1906—1983), сазгер
* Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова (1931—2018), театр мен кино актрисасы
### 1967
* Рәбиға Есімжанова (1914—1986), опера әншісі (меццо-сопрано)
* Шамғон Сағаддинұлы Қажығалиев (1927—2015), дирижер, домбырашы (содан соң КСРО халық әртісі — 1985)
* Симха Бенционович Коган (1918—1979), пианист, концертмейстер
* Фуат Шәкірұлы Мансұров (1928—2010), дирижер
* Сыдық Мұхамеджанов (1924—1991), сазгер (содан соң КСРО халық әртісі — 1990)
* Рүстембек Бейсенұлы Омаров (1910—1988), домбырашы
### 1968
* Нұғыман Әбішев (1906—1988), опера әншісі (тенор)
* Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева (1917—1982), театр актрисасы
### 1969
* Бәйділда Қалтаев (1911—1979), театр актеры
## 1970-жылдары
### 1970
* Әбілқасым Жаңбырбаев (1927—2012), театр мен кино актеры
* Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов (1932—2009), театр режиссеры (содан соң КСРО халық әртісі — 1976)
* Анатолий Васильевич Молодов (1929—2017), дирижер (содан соң КСРО халық әртісі — 1988)
* Ахмет Шәмиев (1908—1983), театр мен кино актеры, әнші
### 1971
* Мақпир Құрбанұлы Бақиев (1915—1986), театр актеры
* Әтейбек Жолымбетов (1912—1994), театр мен кино актеры
* Николай Петрович Ли (1915—1977), театр актеры, әнші (тенор)
### 1972
* Кененбай Молданұлы Қожабеков (1928—1988), театр мен кино актеры
### 1973
* Болат Ғазизұлы Аюханов (1938—2022), балет әртісі, балетмейстер
* Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаев (1923—1989), теледидар дикторы
* Ғазиза Ахметқызы Жұбанова (1927—1993), сазгер (содан соң КСРО халық әртісі — 1981)
* Бақыт Тоқсанбайқызы Қарабалина (1939—1990), домбырашы
* Құддыс Қожамиярұлы Қожамияров (1918—1994), сазгер (содан соң КСРО халық әртісі — 1987)
* Мар Владимирович Сулимов (1913—1994), театр режиссеры, актер
### 1974
* Шолпан Бәкірова (1924—2002), театр актрисасы
* Жұмабике Серікбаева (1917—1996), театр актрисасы
* Асқар Тоқпанов (1915—1994), театр режиссеры
### 1975
* Алма Ахметова (1920 туғ.), театр актрисасы
* Тамара Ивановна Кучина (1919—2005), театр актрисасы
* Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев (1932—2013), сазгер (содан соң КСРО халық әртісі — 1981)
* Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев (1925—1998), сазгер, дирижер, домбырашы (содан соң КСРО халық әртісі — 1984)
### 1976
* Асанәлі Әшімұлы (1937 туғ.), театр мен кино актеры, режиссер (содан соң КСРО халық әртісі — 1980)
* Рамазан Салықұлы Бапов (1947—2014), балет әртісі (содан соң КСРО халық әртісі — 1979)
* Нариман Нұрмұхамедұлы Қаражігітов (1934—2021), опера әншісі (лирикалы-драмалық тенор)
* Әнуар Абыханұлы Молдабеков (1938—1985), театр мен кино актеры
* Сәбит Қоңырбайұлы Оразбаев (1936 туғ.), театр актеры
* Алтын Ибрагимқызы Ружева (1928—1990), театр актрисасы
* Фарида Шәріпова (1936—2010), театр мен кино актрисасы (содан соң КСРО халық әртісі — 1980)
* Василий Никифорович Яковенко (1930—2010), опера әншісі (лирикалы-драмалық тенор)
### 1977
* Бекен Бәкенұлы Жылысбаев (1923—2015), опера әншісі (тенор)
### 1978
* Иван Петрович Арчибасов (1936—2001), театр актеры
* Раушан Хатиятқызы Байсейітова (1947 туғ.), балет әртісі
* Мұрат Хасенұлы Мұсабаев (1937—1993), опера әншісі (баритон)
* Тұрғыт Сәдуақасұлы Османов (1927—1982), дирижер
### 1979
* Әлібек Мұсаұлы Дінішев (1951 туғ.), опера әншісі (тенор) (содан соң КСРО халық әртісі — 1986)
* Василий Федорович Корниенко (1925—1994), театр актеры
* Сара Өрдембайқызы Тыныштығұлова (1942 туғ.), эстрада әншісі (контральто)
* Мағауия Хамзин (1927—2000), домбырашы, сазгер
## 1980-жылдары
### 1980
* Жібек Есекеқызы Бағысова (1940 туғ.), театр актрисасы
* Жұпар Манапова (1925 туғ.), театр актрисасы
### 1981
* Суат Әуезбекұлы Әбусейітов (1929—1992), әнші (тенор)
* Фатима Жұмағұлқызы Балғаева (1926—2005), қобызшы
* Нина Ивановна Войнаровская (1925—2013), оперетта әртісі (сопрано)
* Бекен Имаханов (1936—2023), театр актеры
* Зарема Ахметқызы Қастеева (1947 туғ.), балет әртісі
* Гүлвира Тұрсынқызы Рузиева (1936 туғ.), эстрада әншісі (сопрано)
* Гүлжан Ізімқызы Талпақова (1948 туғ.), биші
### 1982
* Рахима Төлегенқызы Жұбатырова (1943 туғ.), опера әншісі (лирикалы-драмалық сопрано)
* Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова (1945 туғ.), опера әншісі (лирикалы-колоратуралық сопрано)
* Зәуірбек Молдағалиұлы Райбаев (1932—2011), балет әртісі, балетмейстер
* Қарғамбай Рахымжанұлы Сатаев (1938—2013), театр мен кино актеры
### 1983
* Владимир Егорович Ким (1936—1997), театр режиссеры, актер
* Вячеслав Борисович Колпаков (1937—2018), театр актеры
### 1984
* Дәурен Тастанбайұлы Әбіров (1923—2001), балет әртісі, балетмейстер
* Бақыт Әшімова (1937—2012), опера әншісі (меццо-сопрано)
* Евгений Иванович Исаков (1937—2021), опера әншісі (бас)
* Юрий Степанович Клушкин (1937 туғ.), кернейші
* Кенжебек Күмісбеков (1927—1997), сазгер
* Нұрбибі Дәулетқызы Мәметова (1936 туғ.), театр актрисасы, әнші
* Инесса Ивановна Манская (1928—2017), балет әртісі
* Алдаберген Қайырбекұлы Мырзабеков (1930—2018), дирижер
* Лия Владимировна Нэльская (1932—2013), театр актрисасы
* Леонтий Александрович Полохов (1920—1993), театр мен кино актеры
* Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев (1941—2007), опера әншісі (бас)
* Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев (1940—2021), сазгер, әнші (лирикалық баритон)
### 1985
* Ольга Давыдовна Андреева (1915—2007), опера әншісі (сопрано)
* Екатерина Семеновна Володарская (1918—2003), театр актрисасы
* Әйкен Мұсабекова (1912—1992), кино мен театр актрисасы, әнші (колоратуралық сопрано)
### 1986
* Анатолий Владимирович Бычков (1929—1997), сазгер
* Сара Окапқызы Қабиғожина (1944—2019), сиқыршы
* Айман Қожабекқызы Мұсақожаева (1958 туғ.), скрипкашы
* Дәнеш Рақышев (1926—1992), әнші, сазгер
* Роза Қуанышқызы Рымбаева (1957 туғ.), эстрада әншісі (лирикалық сопрано)
* Сұлтанғали Шүкіров (1946—2012), сиқыршы
### 1987
* Құрбан Әбдірасілов (1932 туғ.), театр актеры
* Гавриил Моисеевич Бойченко (1927—2013), театр актеры
* Ғафиз Қыдырұлы Есімов (1947 туғ.), опера әншісі (лирикалық баритон)
* Мәдениет Сейітжанұлы Ешекеев (1936—1997), әнші
* Бәйтен Уәлиханұлы Омаров (1927—2008), театр режиссеры, киноактер
* Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметов (1938—2007), театр мен кино актеры
* Лев Александрович Темкин (1940—1993), театр режиссеры, актер
* Геннадий Михайлович Шарнин (1927—1998), театр актеры
### 1988
* Есмұхан Несіпбайұлы Обаев (1941 туғ.), театр режиссеры
### 1989
* Виктор Кириллович Борисов (1931—1997), театр актеры
* Тұраш Ыбыраев (1929—1991), кинорежиссер
* Лаки Константинович Кесоглу (1939 туғ.), эстрада әншісі (баритон)
* Зейнеп Төлембеққызы Қойшыбаева (1937—2002), әнші
* Рәшид Хасенұлы Мұсабаев (1933—2008), эстрада әншісі (тенор)
## 1990-жылдары
### 1990
* Әсия Абылаева (1938 туғ.), театр актрисасы
* Қайрат Әукенұлы Байбосынов (1950 туғ.), әнші
* Бәкір Яхиянұлы Баяхунов (1933 туғ.), сазгер
* Әзидолла Есқалиев (1934—2017), сазгер, домбырашы
* Базарғали Әжиұлы Жаманбаев (1942 туғ.), дирижер
* Нұржұман Байжұманұлы Ықтымбаев (1941 туғ.), киноактер
* Сайрагүл Ербосынқызы Нұрсұлтанова (1952 туғ.), балет әртісі
* Мансұр Сағатов (1939—2002), сазгер
* Серік Бәріұлы Шотиков (1937—2012), актёр театра
### 1991
* Жания Жақияқызы Әубәкірова (1957 туғ.), пианиношы
* Қаршыға Ахмедьяров (1946—2010), дирижер, сазгер, домбырашы
* Роза Әшірбекова (1938—2022), театр актрисасы
* Мұхтар Бақтыгереев (1933—1999), театр мен кино актеры
* Тұратай Иісова (1931—1994), театр актрисасы
* Гүлжәмилә Ихсанқызы Қадырбекова (1949 туғ.), пианиношы
* Нүкетай Мышбаева (1936 туғ.), театр актрисасы
* Мұрат Бекмұхамедұлы Серкебаев (1940 туғ.), скрипашы, дирижер, сазгер
* Торғын Жылқышықызы Тасыбекова (1938 туғ.), театр актрисасы
## Тағы қараңыз
* Қазақстан халық әртісі
## Дереккөздер
|
Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары:
* Қазақстан Парламенті Сенатының 1-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 2-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 3-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 4-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 5-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 6-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 7-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Сенатының 8-сайланым депутаттары
|
Семей футзал клубы - Семей қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
### Штаб
Персонал
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Ақтөбе футзал клубы - Ақтөбе қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Семей футзал клубы - Атырау қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
«Баян Сұлу» (1993 жылдың аяғына дейін — «Қостанай кондитер фабрикасы») — Қазақстанның Қостанай қаласында кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорын. 1974 жылы желтоқсанда Қостанай кондитер фабрикасы болып ашылып, 1993 жылы қыркүйекте «Баян Сұлу» АҚ болып қайта құрылды.
Қостанай қаласы, Бородин көшесі, 198 мекенжайында орналасқан.
## Тарихы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен Қостанай кондитер фабрикасы құрылды. 1974 жылдың желтоқсанында жобалық қуаттылығы жылына 24560 тонна кондитерлік өнім шығаратын фабрика пайдалануға берілді, содан кейін I және II механикаландырылған ағынды желілерден тұратын әрқайсысының қуаттылығы жылына 2260 тонна карамель өндіретін цехы іске қосылды.
1975 жылдың наурыз айында печенье цехы іске қосылды. СЛ-1П желісі – қуаттылығы жылына 6000 тонна қант печеньесін өндіруге арналған. А2-СЗЛ № 2 желісі – қуаттылығы жылына 2700 тонна печеньенің ұзақ сақталатын сорттарын өндіру үшін. 1975 жылдың шілдесінде какао өнімдерін өңдейтін құрал-жабдықтар іске қосылып, жылтыратылған және глазурьсіз кәмпиттер, шоколад және ассорти шоколадтар шығаратын кәмпит және шоколад цехы жұмыс істей бастады. 1975-1980 жылдары зауытта карамель, мармелад, вафли, драже және иристің жоғары сұрыптарын өндіру қуаттылығы игерілді. 1981 жылы кондитер фабрикасы үш ауысымда жылына 30 мың тонна өнім шығарды.
КСРО ыдырағанға дейін фабрика Қазақ КСР Азық-түлік өнеркәсібі министрлігінің «Кондитерпром» бірлестігінің құрамында болды. 1993 жылы «Кондитерпром» және Қазақ КСР Азық-түлік өнеркәсібі министрлігі таратылып, «Қазпищепром» мемлекеттік кооперативтік бірлестігіне өтті. 1995 жылы жекешелендіру нәтижесінде мемлекеттен жеке меншікке өтіп, «Баян сұлу» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
Фабрика кондитерлік өнімдердің 300-ден астам түрін шығарады және сатады: кәмпиттер, шоколад, зефир, печенье, карамель, вафли, мармелад, драже, ирис, шоколад жинақтары. Зауыттың қуаттылығы жылына 65 мың тонна өнімді құрайды, өндірілген өнімнің үштен бір бөлігі Ресейге, Германияға, Украинаға, Қытайға, Өзбекстанға, Әзірбайжанға, Қырғызстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Ауғанстанға экспортталады.
## Акционерлері
Негізгі акционерлер (2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша):
## Дереккөздер
|
Ордабасы футзал клубы - Шымкент қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Бәйтерек футзал клубы - Орал қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Астана футзал клубы - Астана қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Футболисты
Бұл мәліметтер алынған дереккөз: kazfutsal.kz.
## Дереккөздер
|
Рахмет футзал клубы - Ақтөбе қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Жетісу футзал клубы - Талдықорған қаласында орналасқан қазақстандық футзал клубы.
## Тарихы
## Жетістіктері
### Футзалдан УЕФА Чемпиондар Лигасы
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
Қазақстан кубогы
## Маусым
### 2023 - 2024
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер
|
Дуглас Дин Ошеров (ағылш. Douglas Dean Osheroff; 1 тамыз 1945 жыл, Абердин, Вашингтон, АҚШ) — американдық физик, 1996 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Дэвид Ли және Роберт Ричардсонмен бөлісті) («гелий-3 асқын сұйықтығын ашқаны үшін». 1971 жылы, Ошеров Корнелл университетінің аспиранты болған кезде ашты.
Әкесі Ресейден келген еврей иммигранттарының отбасынан шыққан; Анасының ата-анасы Словакиядан келген. Ошеров 1967 жылы Калтехтен бакалавр дәрежесін алды. Ол 1973 жылы Корнелл университетінде докторлық дәрежесін алды.
1972—1987 жж — Bell Laboratories (1981 жылдан —қатты дене және төмен температуралық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі). 1972—1974 жж Д. Ли және Р. Ричардсонмен бірге гелий-3 изотопының асқын сұйықтығы құбылысын ашып, зерттеді. Қатты гелий-3 құрамындағы магниттік ауысулар бойынша жұмыс. Аморфты денелердің төмен температуралық қасиеттері бойынша жұмыс жасайды.
1987 жылдан бастап Стэнфорд университетінің профессоры. 2006 жылдан бастап университетте физика және қолданбалы физика кафедраларында сабақ берді, оны 1991 жылдан 1996 жылға дейін басқарды.
Ошеров Колумбия ғарыш кемесі апатын тергейтін комиссияға қатысып, Челленджер апатын тергейтін комиссиядағы Ричард Фейнман сияқты функцияларды орындады.
Ол сондай-ақ құмар фотограф және Стэнфорд студенттеріне «Фотосуреттің техникалық аспектілері» деп аталатын жаңа келгендерді семинарда орта форматты кинофотографиямен таныстырады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Д.Д.Ошеров. «3-Хедегі асқын сұйықтық: ашу және түсіну». Нобель дәрісі Архивная копия // Физика ғылымдарының жетістіктері, 167 том, 12 шығарылым, 1997 ж.
* Нобель комитетінің веб-сайтындағы ақпарат Архивировано 22 2012 жылдың маусымы жылдың. (ағыл.)
* Стэнфорд физика бөлімі - Osher Мұрағатталған 4 ақпанның 2012 жылы. Архивная копия (ағыл.)
* Ошеров Нобель сыйлығының иегері болғанын Мұрағатталған 10 ақпанның 2009 жылы. Архивная копия (ағыл.) - Ошеров бұл жазбаны автожауап беру аппаратынан жариялады, бұл оның таңғы сағат 2:30-дағы қоңырауға қаншалықты ашуланғанын көрсетеді.
* Vega Scientific Trust компаниясының Ошеровпен тегін бейне сұхбаты Архивная копия (ағыл.)
* Гелий-3 асқын сұйықтығының ашылуы (ағыл.)
* Өмірбаян жүйесінде Архивная копия (ағыл.)
|
Рукин экспедициясы (1870) — Адай көтерілісінің басталуына себеп болған алғашқы қақтығыс. Рукин Адайлардан 1869 жылдың түтін салығын дереу төлеуді талап еткен. Негізгі ереже бойынша генерал-майор Веревкин түтін салығын 1870 жылдан бастап жинауды сұраған еді. Рукин жасағы қаза тапқаннан кейін Адайлар шабыттанып, үлкен көтеріліс бастайды.
## Себебі
1869 жылдың аяғында Орал әскери губернаторы генерал Веревкин Маңғышлақ приставтығына подполковник Рукинді тағайындады. Ол келу бойына Адайлардан 1869 жылдың түтін салығын 3 рубль 50 тиын көлемінде дереу төлеуді талап еткен. Соның алдында ғана генерал-майор Веревкин Адайдың екі дистанциясының бастығын Оралға шақырып алып, жаңа ережені түсіндіріп, 3 рубль 50 тиын көлеміндегі түтін салығын 1870 жылдан бастап жинауды сұраған еді. Солай бола тұра, Рукин өз қызметіне жүрер алдында оған 1869 жылдың салығында осы көлемде жинау тапсырылды. Мұндай екіжақты әңгіме дистанция бастықтары тарапынан да, қазақтардың өздеріне күдік әкелмей қоймады. Рукин өзіне бөлімшелерді басқаратын барлық Адай сардарын шақыртып алдырып, әрқайсысысынан қолхат алғанымен, ел ішінің тыныштығы бұзылған еді. Күн өткен сайын толқу бой ала бастады.
## Экспедиция
Қазақтарды басқару ісінде ешқандай тәжірибесі болмағанына қарамастан, Адайлармен таныспастан, қазақтардың түтін санын қалай алудың жайын білместен Рукин Александр бекінісіне келген соң көп кешікпей-ақ, жаңа ережені енгізуге далаға шығуды ұйғарады. Қазақтарды өз дегенінен шықпайды деп есептеп, Рукин 1870 жылдың наурыз айының басында қасына бір офицер, екі урядник, 40 атты казакты ілестіріп, ай жарымға жететін азық-түлік алып, далаға беттеді. Отряд құрамында сонымен қатар даланы жақсы білетін, әрі халыққа беделді би Баймәмбет Маяұлы болды. Адайлар отрядтың қашан қаладан шығатынын аңдып отырды. Қаладан далалыққа шығатын жол тау арасымен өтеді. Жасақ бекініс қақпасынан шыққан бойда Адайлар өздерінің хабаршыларын қандастарына жөнелтті. Бекіністен 60 шақырымдай жол жүріп, тегістікке шыққаннан кейін, отряд өздеріне жан-жақтан әртүрлі топтың жақындай бастағанын аңғарды. Жүрісті тоқтатпастан Рукин екі қазақты алға жіберіп, бұл неғылған тобыр екенін біліп келуге жұмсады. Адайлар Рукинді далаға бұдан әрі қарай жібермейтіндігін ашық айтқан. Бұл ескертуге құлақ аспастан Рукин отряды тағы да бірнеше шақырымға алға жылжып, бір құдықтың басында түнеп шығуға аялады. Келесі күні қарасы он мыңдай адам отрядты қоршап алып, Рукиннің фортқа қайтуын талап етті. Бұған жауап ретінде орыс винтовкасынан оқ атылды. Адайлар сескене қойған жоқ, есесіне қарсы оқ атты. Атыс басталып кетті, абырой болғанда бұл жолы екі жақ та дін аман, адам өлімі болған жоқ. Отряд келесі күніде осы құдықтың басында болды. Жағдайдың ушығып бара жатқаның көріп, Рукин фортқа Зеленинге хат жазып, бір қазақты жұмсады, көмекке қол сұрады, дәрі-дәрмектерімен фельдшердің келуін талап етті, казак-орыстар үшін үш шелек арақ және әр адамға 40 патроннан қосымша оқ сұратты. Хатты форттағылар 24 наурыз күні кешкі 5-те алды, сол заматта жаңа отряд жасақталып, жолға жиналды. Бұл жерде айта кететін нәрсе, форттағы гарнизонда небары 200 казак бар болатын, оның бірқатары Рукинмен бірге кетті. Ал бекіністе 150 казак қалды, олардың өздері де түгел жаяу еді. Қазыналық аттың саны 24 еді, оның алтауымен гарнизонға су тасылады, қалған алтауы қандайма болсын шаруа шыға қалса деп қосалқы ұсталады. Сонда бос аттың саны тек 12. Отрядты жасақтандыру үшін фортта сауда жасайтын армяндардан ат сұрауға тура келді. Сағат 10-ға жақын 20 казак-орыстан құралған отряд дайын болды: 1 урядник, 1 офицер, 1 фельдшер, 2 ат зеңбірек сүйреуге, тағы екі ат арбаға жегіліп, керек-жарақтар мен 1600 патрон тиелді. Казак-орыстар түнімен жүріп отырды. Таңертен Рукин қосына 10 шақырымдай қалған кезде кездескен қазақтардың бірінен жаманат хабар естіді: Рукиннің өзі өлген, отряды тұтқынға алынған. Осы қақтығыста өлген Баймәмбет Маяұлының сүйегін әкеле жатқандар да қарсы жолықты. Отряд кері оралуды жөн деп тапты. Рукин фортқа хат жолдаған түні, яғни наурыздың 24-нен 25-іне қараған түн тыныш өтті. Қазақтар таңертен оның қонысынан шеттеп, тау жаққа ыдырап кеткен. Адайлардың өздеріне шабуыл жасау райынан қайтқанын көріп, Рукин жедел жиналып, фортқа қарай жылжыды. Алайда, ол өз лагерінен екі шақырымдай жүрген соң отрядты қазақтар қоршап алады. Тағы да атыс басталады. Жағдай тіпті қиындап кетті. Көмектің келетіндігіне еш үміт жоқ, фортқа дейін әлі 120 шақырым (нақты емес) жол бар. Қас-қағым ғана уақыт өтті, қазақтар "Алла" деп айқайлап, казак-орыстарға бас салды. Логиновтың мойнына арқан салып, түйеге байлап тастады. Рукинге бірнешеуі ұмтылды. Ол револьверін қазақтардың біріне қарай кезеніп еді, қаруы от алмады. Сосын көп ойланып жатпай-ақ, қаруды аузына апарып, шүріппесін басып қалды. Өлі дене жерге сылқ ете қалды. Орыс-казактар жеңіліс тапты, 17 адам сол жерде өледі, қалғандарын тұтқындап әкеткен. Адайлардың адам саны шығыны белгісіз.
## Дереккөздер
|
Арман Төлешұлы Қожахметов (9 қазан 1967, Сәтбаев, Қарағанды облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бұрынғы депутаты (2012–2016, 2016–2023).
## Өмірбаяны
Арман Төлешұлы 1967 жылы Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген.
Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы қарамағындағы Нарық институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі қарамағындағы Халық шаруашылығы академиясының Жоғары бизнес мектебін бітірген.
Университетті бітіргеннен кейін «Жезқазғантүсмет» АҚ заңгер, заң бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
1999-2001 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясы «Шығысқазмыс» филиалы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.
2001-2007 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясының Заң қызметі департаменті директорының орынбасары болды.
2007-2012 жылдары — «Қазақмыс» корпорациясының заң қызметтері департаментінің директоры болды.
2012 жылдың 18 қаңтарынан 2016 жылдың 20 қаңтарына дейін — «Нұр Отан» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бесінші сайланым депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
2016 жылдың 24 наурызынан бастап — «Нұр Отан» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 6-сайланым депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
## Марапаттары
* «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі (1988)
* «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалі (1988)
* «Кеңес әскерлерінің АДР шығарылғанына 15 жыл» медалі (2004)
* «Кеңес әскерлерінің АДР шығарылғанына 20 жыл» медалі (2009)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)
* «Ерен еңбегі үшін» медалі (13 желтоқсан 2012 жыл)
* «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалі (2015)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі (2016)
* «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (ТМД ПАА 13 желтоқсан 2016 жыл)
* Медаль «ТМД ПАА. 25 жыл» (27 наурыз 2017 жыл, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы) – парламентаризмді дамыту мен нығайтуға сіңірген еңбегі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қызметінің құқықтық негізін дамытуға және жетілдіруге, халықаралық байланыстарды және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін.
## Дереккөздер
|
Сәрсенбай Нұрғалиұлы Қожахметов (10 ақпан 1959, Құлсары, Жылыой ауданы, Гурьев облысы, Қазақ КСР — 1 қазан 2017) — қазақстандық мемлекет, қоғам және саяси қайраткері. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2007-2016).
## Өмірбаяны
1975 жылы Таушық ауылындағы №82 ауылдық кәсіптік-техникалық училищесін сілесір мамандығы бойынша жалпы біліктілігі бар «тракторист-машинист» мамандығын, ал 2002 жылы Орта Азия университетін бітірген.
1975-1985 жылдары — Жетібай тс. «Маңғыстаумұнай» ӨБ жүргізуші болды.
1985-1986 жылдары — Шевченко қ. «Маңғыстаумұнай» ӨБ комсомол комитетінің 2-хатшысы болды.
1986-1989 жылдары — Шевченко қалалық ЛКЖО комитеті хатшылығының бөлім меңгерушісі, Ералиев аудандық ЛКЖО комитетінің 2-хатшысы, Шевченко қ. Қазақстан Коммунистік партиясы Маңғыстау облыстық комитетінің жауапты хатшысы болды.
1990-1994 жылдары — Алматы қаласындағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі аппаратының, комитетінің кеңес берушісі болды.
1994-1996 жылдары — Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік қадағалаушысы - меңгерушісі болды.
1996-1999 жылдары — Ақтау қаласындағы «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директорының орынбасары болды.
1999-2001 жылдары — Маңғыстау облысының шағын кәсіпкерлікті қолдау басқармасының жетекшісі болды.
2001-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің директоры болды.
2004-2007 жылдары — Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы болды.
2006-2007 жылдары — «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы болды.
2007-2016 жылдары — Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4,5 сайланым депутаты болды.
2013 жылғы 6 қарашада Мәжіліс депутаты Ерген Дошаевтың күтпеген жерден «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясы басшысының бірінші орынбасары қызметінен кетуіне байланысты депутат Сәрсенбай Қожахметов «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының бірінші орынбасары болып сайланды.
2015 жылдың 15 қыркүйегінде Дариға Назарбаева вице-премьер қызметіне ауысқан соң, депутат Сәрсенбай Нұрғалиұлы «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының жетекшісі болып сайланды.
2015 жылдың 15 қыркүйегінен 2016 жылдың 20 қаңтарына дейін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі болды.
2016 жылдың 24 наурызынан 2017 жылға дейін — Астана қаласы 6-сайланым Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппараты басшысының орынбасары болды.
2017 жылдың қаңтарынан 2017 жылдың шілдесіне дейін — Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ төрағасының кеңесшісі болды.
## Сайланған лауазымдары, депутаттығы
2007-2011 жылдары — «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV сайланым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2011-2016 жылдары — «Нұр Отан» ХДП партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V сайланым депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
«Нұр Отан» фракциясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттық топтың мүшесі
## Дереккөздер
* Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 4-сайланым депутаттары
* Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 5-сайланым депутаттары
|
Рахима Төлегенқызы Жұбатырова (15 наурыз 1943, Әндіжан, Өзбек КСР) – әнші. Қазақстанның халық әртісі. (1982; 1978 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі), профессор (2001). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1970). 1975 жылдан Қазақ опера және балет театрының әншісі, 1995 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында дәріс береді. Жұбатырова Қазақ опера және балет театрының сахнасында Сара (М.Төлебаевтың “Біржан – Сарасында”), Дана (Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Гүлбаршын, Қамар (Е.Рахмадиевтің “Алпамысы” мен “Қамар сұлуында”), Ана (Ғ.Жұбанованың “Жиырма сегізінде”) Татьяна, Иоланта (П.И. Чайковскийдің “Евгений Онегині” мен “Иолантасында”), Марфа (Н.А. Римский-Корсаковтың “Патшаның қалыңдығында”), Аида, Амелия (Дж. Вердидің “Аидасы” мен “Балмаскарадында”), Мария Стюарт (С.Слонимскийдің осы аттас операсында), Маргарита (Ш.Гуноның “Фаустында”), Тоска, Чио-Чио-Сан (Дж.Пуччинидің осы аттас операларында), т.б. партияларды шебер орындап, қазақ опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосты. “Астана” медалімен марапатталған (1998).
## Сілтеме
|
Ардаби Мәулетұлы (1 маусым ҚХР Шыңжаң өлкесі, Іле Қазақ автономиялық облысы Қорғас ауданы, Мұқыр ауылы 1984) – күйші, өнертанушы, өнертану PhD докторы, музыка, фольклор және этнография зерттеушісі.
«Ақмола облысының материалдық емес мәдени мұрасы: кешенді экспедициялық зерттеулер. І том.» атты ғылыми еңбегі Ақмола облысының 12 ауданы көлемін толық қамтыған далалық көлемді зерттеу саналады (2022 ж). Бұл еңбек үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жарық көрді.
«Солтүстік Қазақстан облысының материалдық емес мәдени мұрасы: экспедициялық зерттеулер. І том» атты еңбегі Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданы бойынша рухани мұраларға (фольклор) далалық зерттеу еңбегі саналады (2022). Бұл еңбек екі тілде (қазақ, орыс) жарық көрді. Бұл зерттеулер мемлекеттік тапсырыспен жарық көрді.
## Өмірбаяны
Ардаби Мәулетұлы (Маулет) 1984-жылы маусымның 1-күні ҚХР Шыңжаң өлкесі, Іле қазақ автономиялы облысы Қорғас ауданы Мұқыр ауылында дүниеге келген. Ардабидің атасы Жақып Әбдіраманұлы халық арасында бүркіт, қаршыға қайырған құсбегі, қақпаншы болумен қатар, ел аузында аты аталған халық күйшісі болған. Әкесі Мәулет те құс салып, қақпан құрып, гармон, домбыра тартады. Арғы аталарынан дарыған күйшілік Ардабиге дарыса, құсбегілік пен қақпаншылық өнері ағасы Бұғыбек Мәулетұлына дарыған. Ардабидің балалық шағы, қазақтың байырғы көшпенді мәдениетінің қаймағы бұзылмай сақталған ортасында өткендіктен ұлттық өнер мен этнографиялық құндылықтарға бала жасынан сусындап өседі.
Ардаби орта мектепті оқып жүргенде, Шыңжаң қазақтарына танымал өнер зерттеушісі, композитор Мәлік Шипанұлының баласы, күйші-домбырашы Асқар Мәлікұлынан домбырадан алғашқы сауатын ашады. Орта мектепті тамамдаған соң, Шыңжаң жеріне танымал күйшілер Ұран Ақатайұлы мен абыз күйші Камал Мақайұлынан дәріс алып, сол өңірдегі халық күйлерімен қоса халық композиторларының шығармаларын ден қоса үйренген.
Ардаби Мәулетұлы (Маулет) - Байжігіт (XVIII ғасыр), Бейсенбі (XIX ғасыр), Қожеке (XIX ғасыр), Қайрақбай (XIX ғасыр), Әшім Дүңшіұлы (XIX-XX ғасыр), Камал Мақайұлы, Таласбек Әсемқұлов, Жанғали Жүзбаев сияқты күйшілердің жолын қуған шертпе күй мектебінің өкілі.
Қазақстанның ауылдық елді-мекендерінде және шетелдерде өмір сүріп жатқан қандастарымызбен түрік халықтарының материалдық емес мәдени мұрасы (рухани мұра) туралы іргелі жинау, сақтау жұмыстарымен жүйелі айналысып, осы уақытқа дейін Қазақстанның Өнертану ғылымына енбеген 1000-нан астам аса құнды рухани мұра элементтерін (елді-мекендерде қатары күн санап сиреп бара жатқан үлкен кісілердің жадында сақталған ән, күй, жыр-терме, толғау, дастан, қисса, жарапазан, жоқтау, сыңсу, ел мен жерге қатысты аңыз-әнгімелер т.б.) және оларды сақтаушы көзі тірі мұрагерлерді жазып сақтады.
Еліміздің рухани тарихында аса маңызға ие «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын құрастырушы жұмыс тобының мүшесі болып, Шығыс Қазақстан өңірінің күйшілік өнеріне тән стильдегі бұрын-соңды жарық көрмеген, 100 домбыра және сыбызғы күйлерін аталмыш антологияға енгізді. Сондай-ақ антологияда бұған дейін еш жерде жарық көрмеген ел арасынан табылған 10 ға тарта көне күйлерді тарихымен орындап енгізді. 30 дан астам ғылыми мақалалары отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарық көрген. 5 авторлық және ұжымдық монография мен ғылыми зерттеулердің авторы.
«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясына енген құндылықтарды қайталамайтын, «Қазақ күйлерінің антологиясы 500 күйі» (2020 ж) атты антологияға да, Ардаби Маулет жеке қорынан бұдан бұрын еш жерде жарық көрмеген ел арасынан жинаған, Шығыс Қазақстан өңірінің халық және халық композиторларынан 100 домбыра және сыбызғы күйлерін (үнтаспасы және аңызымен) енгізді. Ардабидің орындаушылығының арқасында бертінге дейін музыкатану ғылымына белгісіз болып келген Абай Құнанбайұлының «Ақтолқын», Бейсенбі Дөненбайұлының «Кеңес», Әшім, Тергеусіз Бәлекейұлының «Теріс қақпай» қатарлы көптеген күйлері мәлім болды.
Ардаби Мәулетұлы шертпе күй шеберлерінің күйлерін орындаумен қатар өз жанынан да бірнеше күйлер шығарған. Өз жанынан шығарған 5 авторлық күйі бар, олар: «Ардабидің шертпесі», «Ер аға», «Таласбекке арнау», «Несіпбек», [«Ана»].
## Білімі
* 2005-2009 жж. П.И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі. Халық аспаптары мамандығы бойынша оркестр, ансамбль әртісі (Алматы қ).
* 2009-2013 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті. Дәстүрлі музыкалық өнер бакалавры академиялық дәрежесі (Астана қ);
* 2013-2015 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті. Музыкатану мамандығы бойынша магистр дәрежесі (Астана қ);
* 2015-2018 жж. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. Өнертану мамандығы бойынша Философия PhD докторы дәрежесі (Алматы қ);
* 2022-2024 жж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Постдокторант (Астана қ).
## Қызметі
* 2010-2015 жж. Қазақ ұлттық өнер университеті, Қорқыт атындағы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері (Астана қ);
* 2010-2013 жж. Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония қазақ халық аспаптары оркестрінің әртісі (Астана қ);
* 2013-2015 жж. Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі (Астана қ);
* 01.02-01.05.2016 жж. Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптары музейі ғылым бөлімінің меңгерушісі (Алматы қ);
* 01.11.2016 ж. бастап ҚР Ұлттық музейі Мәдени мұраны ғылыми-зерттеу институты Қазақатың дәстүрлі мәдениеті бөлімінің жетекшісі (Астана қ);
* 2022 ж. бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті постдокторанты, оқытушы (Астана қ).
## Шығармашылығы
Ардаби Мәулетұлы орындаған күйлерге арқау болған бейнебаяндар
* Таласбек Әсемқұлов «Кемеңгер» күйі сарынымен.
* Таласбек Әсемқұлов «Кемеңгер» күйі сарынымен ІІ бейне.
Ардаби Мәулетұлының домбыра үйрену бейне сабақтары
## Ғылыми жарияланымдар
Докторлық диссертация
«Шыңжаңдағы қазақ домбыра күйлерінің көркем-шығармашылық тәжірибесі - ұлттық бірегейлікті сақтау факторы ретінде»
Ұжымдық монография
Авторлық монография
Ғылыми және ғылыми көпшілік мақалалар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен арнайы басылымдарының Скопустың (Scopus) деректер базасына кіретін Халықаралық ғылыми журналда:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрлігі Ғылыми комитетінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми журналдарында:
Ғылыми жобалар мен далалық зерттеулері
* «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» антологиясын құрастыру жобасы. Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы. Жобада жұмыс тобының мүшесі (2009 ж).
* ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Түрік халықтарының музыкалық мұрасын жинау, зерттеу» тақырыбындағы жобасы. Жобада орындаушы және экспедиция жетекшісі (2011- 2013 жж).
* ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің BR05236868 «Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және дәріптеу» тақырыбы бойынша ПЦФ жобасы. Орындаушы, экспедиция жетекшісі (2018-2020 жж).
* Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Сарыарқаның тарихи-мәдени мұрасы: ежелгі және ортағасырлық мәдениеттердің сабақтастығы» тақырыбындағы жобасы. Жобада орындаушы және экспедиция жетекшісі (2021 ж).
* Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ақмола облысының аумағында сақталған қазақ халқының музыкалық-фольклорлық мұрасын ғылыми-зерттеу» тақырыбындағы жобасы. Жоба және экспедиция жетекшісі (2022 ж).
* «Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі» КМҚК «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында сақтаулы қазақ халқының материалдық емес мәдени мұрасын жинау, сақтау, насихаттау» тақырыбындағы жобасы. Жоба және экспедиция жетекшісі (2022 ж).
* «Отандастар қоры» КЕАҚ мемлекеттік тапсырысы аясында, Кәсіби тарихшылар және қоғамтанушылар лигасының «Қазақстанмен шекаралас мемлекеттердің аумағын мекендеген қазақтардың тарихын зерттеу» тақырыбындағы жобасы. Жобада орындаушы және экспедиция жетекшісі (2022 ж).
* «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның «Өзбекстандағы қазақтардың рухани мәдени мұрасын жинау, сақтау, зерттеу» тақырыбындағы жобасы. Жобада орындаушы және экспедиция жетекшісі (2023).
* ҚР ҒжЖБМ Ғылым комитетінің AP14972919 «Ұлттық бірегейлік аспектісінде, шетелден оралған қазақтардың музыкалық мәдениетінің аймақтық-орындаушылық стилін тарихи-мәдени тұрғыдан зерделеу» тақырыбындағы «Жас ғалым» тақырыбындағы жобасы. Жоба және экспедиция жетекшісі (2022-2024 жж).
## Ардаби Мәулетұлы туралы
• Данияр Әбілқасымұлы. «Ардаби» (Ардаби Мәулетұлына арнаған сыбызғы күйі).
Ардабитану
* Несіпбек Айтұлы. (Ардаби Мәулетұлының «Ардабидің шертпесі», «Ер аға» атты күйлерінің тууына орай)
* Мырзатай Жолдасбеков. (Ардаби Мәулетұлының күйшілігі мен ғылымдағы еңбегіне қатысты)
* Мырзатай Жолдасбеков. (Ардаби Мәудлетұлының Таласбек Әсемқұлов туралы жазған мақаласы туралы естелік)
* Жүсіп Мамайұлы. (Манас жырын толық жаттаған, заңғар манасшы Ардаби Мәулетұлына берген батасы)
* Камал Мақайұлы. (Ардаби Мәулетұлының күйшілігі туралы пікірі)
* Таласбек Әсемқұлов. (Ардаби Мәулетұлының күйшілігі туралы)
* Дүкен Мәсімханұлы. (Ардаби Мәулетұлының күйшілігі мен ғылымдағы жетістіктері туралы)
|
Қарағанды Конфеттері – кондитер өнімдерін шығаратын кәсіпорын. 1996 жылы ағылшын фирмасы сатып алған "Жанар" ААҚ-ның негізінде жеке меншік нысандағы АҚ ретінде құрылған.
## Тарихы
Фабриканың негізі 1956 жылдың қараша айында құрылған. КСРО-ның ыдырауымен, Ресеймен және тағы басқа елдермен экономикалық байланыстардың үзілу себебінен оның жұмысы нашарлай бастаған. Мемлекеттен фабриканың 85% акциясын сатып алған ағылшын компаниясы «Ю-Ай-Джи» 1996 жылдары фабриканы қайта жаңғыртты. Жаңа цехтер салынып, өнімдер жаңа технология бойынша өндіріле бастаған. Қазіргі кезде «Қарағанды Конфеттері» АҚ Қазақстандағы тағам өндірісіндегі алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Фабрика кондитерлік өнімдердің 247 түрін шығарып, бір жылда – 12 000 тонна көлемінде өнім өндіреді.
## Өнімдері
2001 жылы фабриканың 45 жылдық мерейтойына байланысты пралине сияқты конфет шығаратын жаңа жүйесі іске қосылған. Бәріне танымал болған конфеттерден басқа, көптеген жаңа өнімдер шығарылуда. Сонымен қатар фабрика вафли, торттар, шығыс дәмдерін, шербет, чипсы шығарумен де айналысады. 2003 жылдан бастап шоколадтар өндiретiн көлемді жүйе жұмысы басталған. Фабриканың технологтарымен «Сердечко (Жүрек)», «Бутылочка (Бөтелке)» және «Курочка Ряба» конфеттерiнiң құрамы өңделген.
«Пикник» үлпiлдек тәттiлерiн және «Хруст» чипсын үлкен ассортиментте шығаратын экструдер цехы ашылған. Қазiргi кезде цехта ертеңгiлiк құрғақ ас шығаратын қондырғылар iске қосылған, ол әр түрлi пiшiндегi дәмдi және хош иiспен ерекшеленген дақыл өнiмдерiнiң түрлерін кеңейтуге жол береді. Фабрика Қазақстан бойынша бiр ғана көп қатпарлы батон шығаратын цех болып табылады. Негізі нуга мен жұмсақ карамельден жасалған қатпарлы батонның алты түрі бар. Соңғы шығарған өнімдері «Триумф» және «Экстра» шоколадтары, құрамындағы какао өнімдері 81 және 95 пайызды құрайды. Мармеладты-шоколадты және бисквиттi-шоколадты цехтарын кеңейту жоспарлануда. Мармеладты-шоколадты цехтың өндiрiс көлемiн екi есеге ұлғайтуға мүмкiндiк беретiн глазурьлi және помадты конфеттер өндiру бойынша жаңа жүйе ашылған. Зефир, шоколадты зефир дайындау бойынша жүйенi iске қосатын жаңа иристi-шоколадты цех жұмысын бастайды.
## Жетістіктері
«Қарағанды Конфеттері» АҚ – түрлі халықаралық көрмелердің тұрақты қатысушысы. 2003 жылдың тамыз айында Мәскеу қаласында «Қазақстанның Ресейдегi күндерi» бағдарламасының шеңберiндегi көрмеге кондитерлiк фабрика қатысқан. 2004 жылдың сәуiр айында Германияда өткен «Hannover-Messe 2004» халықаралық көрмеде Қазақстанның үздiк кәсiпорындарының құрамында болған. Фабриканың өзінің аккредитті сынақ орталығы бар, ол өздеріне сертификаты сынақтан кондитер өнімдері мен шикізаттарды сертификациялық сынақтан өткізулеріне мүмкіндік береді. «Қарағанды Конфеттері» АҚ өзінің өнімдерін Қазақстанның барлық жерлерінде, өзінің дербес өкілдері, дүкендері, 12 қалалардағы қоймалары арқылы, сонымен бірге Ресей мен Германияда таратады.
## Дереккөздер
|
Абзал Бауыржанұлы Рақымғалиев (25 мамыр 1992, Алматы) – мәнерлеп сырғанаушы. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатыспақ. Ең жоғарғы жетістігі – ересектер арасындағы әлем біріншілігінде – 24-орын (сәуір, 2009 ж), 13-орын «Төрт құрлық біріншілігі» (ақпан 2009 жыл), жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде 7-орын иегері (қыркүйек, 2008 ж). Биылғы маусымда екі рет жасөспірімдер арасындағы «Гран При» кезеңінде бақ сынап, 15-ші және 14-ші орындарды місе тұтты. Әлемдік рейтингте 58-орында. Ең жоғарғы ұпай көрсеткіші –156,91 («Төрт құрлық біріншілігі», қаңтар, 2010 ж.).
## Дереккөздер
|
София Иманғалиқызы Тасмағамбетова (2 ақпан 1983, Алматы) — қоюшы-суретші, сценограф, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2019).
## Өмірбаяны
1999-2000 жылдары Челси өнер және дизайн колледжінде оқыды.
2004 жылы Мидлсекс университетін «Интерьер әрленімі» мамандығы бойынша бітірді.
2007 жылы Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясын театр суретшісі Павел Драгуновтың шеберханасында бейнелеу өнері мамандығы бойынша бітірді.
## Мансабы
2011 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Шығыс ертегісі» мюзиклінің қоюшы-суретшісі қызметін атқарды. (Алматы).
2012 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында театр жобаларының қоюшы-суретшісі болып істейді.
### Қоюшы-суретші, костюмдер бойынша суретші жұмыстары
Қоюшы-суретші және костюмші ретінде Ресей, Қазақстан және Еуропа театрларында бірнеше қойылым қойды.
## Отбасы
* Әкесі — Иманғали Тасмағамбетов (1956 туғ.) — Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, саяси ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
* Анасы — Клара Дауымқызы Бекқұлова (1957 туғ.) — мұғалім.
## Марапаттары мен атақтары
* 2019 — Қазақстан Президентінің 2019 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен оған қоюшы-суретшінің үздік жұмысы үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
## Дереккөздер
|
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты — Ұлттық конькимен сырғанау федерациясы ұйымдастыратын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар арасындағы жыл сайынғы жарыс. Спортшылар ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей конькимен сырғанау, жұптық коньки тебу және спорттық мұзда би билеуден жарысады. Елімізде спортшылар саны аз болғандықтан және олар басқа елдерде (Ресей мен АҚШ) жиі жаттығатындықтан, чемпионат барлық жылдары өткізіле бермейді.
## Чемпионат жүлдегерлері
### Ерлер
### Әйелдер
### Жұптар
### Билер
## Дереккөздер
|
Ұлт-құру (ағылш. nation-building, кейде: Ұлт құру) — мемлекет күшін пайдалана отырып, ұлттық идентитиді құру, немесе құрылымдау. Ұлт-құру ұзақ мерзімді перспективадағы саяси тұрақтылық және өміршеңдік үшін мемлекет халқын мемлекет ішінде біріктіруді көздейді. Харрис Майлонастың пікірінше, "Қазіргі ұлттық мемлекеттердегі заңды авторитет халықтық билікке, көпшілікке байланысты. Ұлт-құру - осы көпшіліктің құрылу процесі"
Ұлт-құру ұлттық идентити қалыптастыру болып, бұл идентити мемлекетпен бәсекелесе алатын және мемлекеттің кең ауқымда ішкі-сыртқы істе сәйкесуіне кедергі болатын жергілікті идентитилерге (өзімшілдік, жершілдік, рушылдық, тб.) әсіресе адалдықтан асып түсуді көзедейді.
Nation-building involves the creation of a national identity that supersedes local identities and loyalties that might compete with and preclude broader identification with the state.
Ұлт-құрушы субъекті дегеніміз әскерге шақыру, ұлттық жалпыға бірдей оқыту секілді мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұлттық қауымдастықты дамыту бастамасын көтеретін мемлекет мүшелері, немесе ұйымдары. Ұлт-құру мемлекет үгіт-насихат құралдарын пайдаланып, базалық инфрақұрылымдарды дамытып, ынталандыру саясатын пайдаланып қоғамдық келісім мен экономикалық өсімді қамтамасыздандырады. Колумбия университетінің әлеуметтанушысы Андреас Уиммердің пікірінше, ұзақ мерзімдегі ұлт-құрудың табыстылығын үш фактор белгілейді: "азаматтық қоғам ұйымдарының ертерек дамуы, қоғамдық игіліктерді тұтас мемлекеттік аумақта біркелкі қамтамасыз етуге қабілетті мемлекеттің өркендеуі, және үшіншісі ортақ коммуникация дәнекерінің пайда болуы».
## Шолу
Осызаман әлемінде ұлт-құру деп жаңадан тәуелсіздік алған ұлттар өз ұлттық үкіметінің сенімді институттарын құруын айтамыз: оқыту, әскери қорғаныс, сайлау, жер кадастры, импорттық кеден, сыртқы сауда, сыртқы дипломатия, банк жүйесі, қаржы, салық, компанияны тіркеу, полиция, заң, сот, денсаулық сақтау, азаматтық, азаматтық құқықтар мен бостандықтар, неке тіркеуі, тууды тіркеу, иммиграция, көлік инфрақұрылымы және/немесе қала басқару жарғылары, тб. Ұлт-құру сондай-ақ Африка, немесе Балқан түбегіндегідей отаршыл державалар, немесе империялар құрған этникалық, діни немесе басқа шекараларға қарамастан, халықтар мен олардың территорияларын қайта анықтауды да қамтуы мүмкін. Бұл реформаланған мемлекеттер содан былайғы уақытта өміршең дамуға және үйлесімді ұлттық идентитиге ие болады.
Ұлт-құру сондай-ақ мемлекеттік ту, елтаңба, әнұран, ұлттық мереке, ұлттық стадион, ұлттық авиакомпания, ұлттық тіл және ұлттық мифтер сияқты ұлттық нышандар (national paraphernalia) қалыптастыруды да қамтиды. Тереңірек қарағанда, ұлттық идентити әртүрлі этникалық топтарды азаматтық ұлтқа айналдыру арқылы мақсатты түрде жасалуы мүмкін, әсіресе көптеген жаңадан құрылған мемлекеттерде отаршылдардың бөлшектеп басқару саясаты этникалық жағынан әртекті (heterogeneous) тұрғындарды қалыптастырды.
## Дереккөздер
|
Жәмила Науханнұрқызы Бақбергенова (6 қаңтар 1996 немесе 1 маусым 1996, Алматы облысы, Қазақстан) — қазақстандық еркін күрес балуан-қыз. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Азия чемпионатының чемпионы және жүлдегері, 2021 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері.
## Өмірбаяны
2018 жылы жастар (23 жасқа дейін) арасында әлем чемпионы атанды.
2019 жылы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. 2020 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен күрестен Азия чемпионатында 72 келі салмақта алтын медаль жеңіп алды.
2021 жылғы әлем чемпионатында жапондық Масако Фуруичиден жеңіліп, екінші болды. Токио Олимпиадасының іріктеу турнирлеріне екі рет қатысты, бірақ лицензия ала алмады.
2022 жылы Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өткен күрестен Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақта 2 дүркін Азия чемпионы атанды.
2022 жылы әлем чемпионатында америкалық Амит Элордан жеңіліп, екінші орынды иеленді.
2023 жылы Астана қаласында өткен Азия чемпионатында 3 рет жеңімпаз атанды.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы үздік спортшысы.
Ішкі жарыстарда Астана қаласының намысын қорғайды.
## Сілтеме
* Жәмила Бақбергенова
* Жәмила Бақбергенова
|
Иса Тіленбайұлы (1829, Маңғыстау түбегі – 1909, сонда) – халық батыры, ақын. Маңғыстау көтерілісі басшыларының бірі. Адай руынан шыққан.
Иса Тіленбайұлы Ресей үкіметінің 1868 жылғы «Уақытша ережесін» әділетсіздік деп санап, халықты көтеріліске шығуға үндеді. Ол Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмамбет, Тілеуберген Орақ, Шүрен Иман, Дихан Өтеп, Сүгір Шабай, т.б. бірге халық көтерілісін басқарды. Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы бастаған 400 сарбаз 1870 жылы 22 наурызда Үшауыз деген жерде Маңғыстау приставы подполковник Николай Рукиннің жазалаушы жасағына ойсырата соққы беріп, 43 солдатын қырып жіберді. 1870 жылы сәуірде көтерілісшілер Александровск бекінісін қоршап алып, ондағы армян базарын талқандады. Саудагерлер мен өндіріс иелерін тұтқындап, Николаевск станицасын өртеді, армян слободкасы мен Қарағантүптегі шамшырақты қиратты. Кавказдан жіберілген жазалаушы жасақпен Иса сарбаздары кескілескен шайқас жүргізе отырып, Хиуа хандығына өтіп кетті. 1872 – 1873 жылы туған бастаған көтерілісшілер Хиуа жағында, Хиуа мен Арал теңізі аралығында болды. Көптеген ауылдар да Хиуа, Үстірт бетіне үдере көшті. Патша әкімдері 1873 жылы Хиуа хандығын басып алғаннан кейін халық көтерілісін болдырмау үшін көтеріліс басшыларына кешірім жасады. Иса Тіленбайұлы 1874 жылы елге оралып, отыз жылдан аса уақыт болыс болды. Иса Тіленбайұлы құсбегі, мерген, саятшы да болған. Көтеріліс кезінде және өзге уақыттарда шығарған «Күйкеннен аттанарда», «Хиуаға кетерде», «Оязға барарда», «Сексен жас», «Болыс болып жүргенде», «Күн қайда», «Ояз алдында», «Досанды жоқтау», «Қара өлең», т.б. өлеңдері бар. Исаның ерлігін Ақтан, Бала Ораз, Қашаған, Сәттіғұл деген ақындар жырлаған. Өлеңдері мерзімді баспасөз беттерінде және «Жырдария» жинағында (Ақтау, 1995) жарық көрді.
## Дереккөздер
|
Айза Евфратқызы Имамбек немесе Мамбекова (25 ақпан 1999, Алматы) — жекелей сырғанаудан бақ сынаған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионы, Азия ойындарының (2017), Олимпиада ойындарының (2018) және төрт құрлық чемпионатының (2018, 2020) қатысушысы.
## Мансабы
1999 жылы туған. Әкесі Евфрат Бағдатұлы Мамбеков – Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Анасы Юлия Анатольевна Шибанова Санкт-Петербургте тұрып, шығармашылықпен айналысқан.
Ол мәнерлеп сырғанауды төрт жасында, әкесі оны Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына әкелген кезде бастады. Мәнерлеп сырғанаушының алғашқы жаттықтырушысы Айгүл Қуанышева болды. Айса өзінің халықаралық аренадағы дебютін 2012 жылдың тамыз айында Тайбэйдегі Asian Figure Skating Trophy сайысында жасады.
2014/2015 маусымында оны Галина Маслюк жаттықтырды. Оның жастар кезеңіндегі Гран-при алғашқы өнері 2014 жылдың қыркүйегінде Чехияда өтті. Оның ересектер деңгейдегі халықаралық дебюті желтоқсанда Tallinn Trophy турнирінде өтті.
2015/2016 маусымында Құралай Узурованың жетекшілігімен Астанада және Ақбұлақта жаттықты.
### 2015/2016 маусымы
Айза ақпан айында Алматыда өткен 2017 жылғы Қысқы Универсиадада еркін бағдарламаға жолдама алды. Ол қысқа бағдарламада он алтыншы, еркін бағдарламада оныншы және жалпы есепте он үшінші орын алды. Сол айдың соңында 2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында өткен қысқы Азия ойындарында сегізінші орынға ие болды.
Наурызда ол Тайбэйде өткен 2017 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатында қысқа бағдарламада отыз бірінші орынды иеленді. Айза мен Элизабет Тұрсынбаеваның 2017 жылғы әлем чемпионатындағы нәтижелерінің арқасында Қазақстан әйелдер арасындағы жеке сырғанаудан екі жолдаманы жеңіп алды. Маусым барысында Халықаралық коньки тебу одағының минималды техникалық көрсеткішіне жетті, бұл оған орындардың біріне жол ашты.
### 2017/2018 маусымы
Айза Құралаймен Алматыда, ал Алексей Мишинмен Санкт-Петербургте жаттығуды шешті. Ол аяғын сындырып алуына байланысты маусымның бірінші бөлігін жіберіп алды. 2017 жылдың желтоқсан айында Олимпиадада Қазақстан атынан қатысу құқығын алды.
Қаңтар айында Абу-Дабидегі FBMA Trophy турнирінде қола медаль жеңіп алып, Тайбэйде өткен төрт құрлық чемпионатында жиырмасыншы орын алды. Ақпан айында Пхенчхандағы 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысып, қысқа бағдарламада соңғы орынды (30-шы) иеленді.
### 2018/2019 маусымы
Қараша айының соңында «Tallinn Trophy» сайысында жиырмасыншы орын алды. Бір аптадан кейін Челленджер — Загреб Алтын Жылқысы сериясы жарысында, жиырма төртінші болды. Исландияда өткен «Reykjavik International Games» жарысына қатысты. Айса күміс жүлдеге ие болды.
Наурызда Красноярскіде екінші қысқы Универсиадада өнер көрсетіп, соңғы он жетінші орынды иеленді. Айсаның әріптесі Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль алды.
2020 жылы өзінің бәсекелестік мансабын аяқтады. Сол жылы Қазақ спорт және туризм академиясын бітірді. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Жылдық кезеңде 6-8 жас аралығындағы мәнерлеп сырғанаушыларды дайындау». Содан кейін «Димаш» мұз айдынында бір топ балаларды жаттықтырып, бапкерлік мансабын бастады.
Айса мәнерлеп сырғанаушылардың жалпы ортасынан өзінің ерекше таңдаулы музыкалық сүйемелдеуімен ерекшеленді. Әр маусымда қазақ күйшілері — Құрманғазы, Дәулеткерей, Нұрғиса Тілендиевтердің шығармаларына бір бағдарлама қойылатын.
## Бағдарламалары
## Нәтижелері
## Дереккөздер
|
Үлгі:Db-redirtypo
* АЙДАУ Бажаур қобди
|
Ирена Изидоровна Вейсайте (лит. Irena Veisaitė; 9 қаңтар 1928(19280109), Каунас — 11 желтоқсан 2020, Вильнюс) — кеңестік және Литвалық әдебиеттанушы, театртанушы және театр сыншысы, қоғам қайраткері; Батыс Еуропа әдебиеті мен театр тарихына арналған еңбектердің авторы.
## Өмірбаяны
Ирена Каунаста еврей отбасында дүниеге келген. 1934–1941 жылдары Шолом Алейхем атындағы Каунас гимназиясында идиш тілінде оқыды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Каунас геттосында ата-анасынан айырылды. Анасы оны Қызыл Армия басып кіргенше паналаған литвалық отбасына тапсырып үлгерді.
1947 жылы Вильнюстағы Саломея Нерис атындағы орта мектебін бітірді. 1953 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін неміс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқып бітірді. 1963 жылы Ленинград мемлекеттік университетінде филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады («Поздняя лирика Гейне: Романсеро»).
1953–1997 жылдары Вильнюс педагогикалық институтында (1992 жылдан бастап Вильнюс педагогикалық университеті) Батыс Еуропа әдебиеті, неміс әдебиеті және 20 ғасыр театр тарихы курстарынан сабақ берді. 1965 жылы доцент; 1999 жылы Вильнюс педагогикалық университетінің құрметті профессоры атағы берілді.
1963–1964 жылдары театр сыншысы ретінде танылды.
Ол 2020 жылы 11 желтоқсанда Вильнюсте 93 жасында коронавирустық инфекцияның салдарынан қайтыс болды.
## Ғылыми қызмет
Ирена Вейсайте Литва және басқа елдердің баспасөзінде 200-ден астам мақалалар жариялады. Бірнеше кітаптың құрастырушысы және мектеп оқулықтарының бірлескен авторы.
## Әлеуметтік белсенділік
* 1990 жылы — профессор Чесловас Кудабомен бірге «Ашық Литва» қорын (Atviros Lietuvos Fondas) құрды;
* 1993 жылға дейін — «Ашық Литва» қорының басқарма төрағасының орынбасары;
* 1993 – 2000 жж. басқарма төрағасы болды;
* Ашық қоғам институтының (Будапешт) және басқа да халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың басқарма мүшесі;
* Нида қаласындағы Томас Манн мәдени орталығының кураторийінің мүшесі;
* ЮНЕСКО істері жөніндегі Литва Ұлттық комитетінің мүшесі;
* Литва мәдениет министрлігі Көркемдік кеңесінің мүшесі.
## Марапаттары мен атақтары
* 1995 ж. – Литва Ұлы Герцог Гедиминас орденінің офицері.
* 2006 ж. – Мәдениет және білім саласындағы қызметі үшін Барбара Радзивилл медалі.
* 2008 – Литва ғылым және білім министрлігінің құрмет белгісі.
* 2012 ж. – Литва-неміс мәдени алмасудағы қызметі және азаматтық ерлігі үшін Гете медалі.
* 2015 – Литва Үкіметінің мәдениет және өнер саласындағы сыйлығы.
* 2018 – Литваға сіңірген еңбегі үшін орденінің бас офицері.
* 2020 жылы – Германия Федеративтік Республикасының Құрмет грамотасының қолбасшысы.
## Кітаптар
* Ауримас Шведас, Ирена Вейсайте. Жизнь должна быть чистой. Перевод с литовского Анны Геросимовой. М.: Пробел-2000, 2019.
## Сілтемелер
* Гедиминас Земликас. «Mokslas be sąžinės - pragaištingas»
* Irenai Veisaitei – Barboros Radvilaites medalis už nuopelnus kultūrai ir švietimui
* Витаутас Толейкис «Иренос құбылыстары»
* Фотокроника
* Ирена Вейсайте «Холокауста мано гивениме»
## Дереккөздер
|
Уаргла – Алжирдің орталық бөлігіндегі қала.
Халық саны 140 000 адам (2005 жылғы халық санағы бойынша). Қаланың негізін 10 ғасырда мұсылман-ибадиттер қалаған болатын. 1012 жылы қаланы сунниттер басып алған соң, жергілікті тұрғындардың көпшілігі Мзабқа қашуға мәжбүр болды. Қалада берберлер мен Африкадан шыққандар қоныстанған. 16 ғасырда Осман империясының құрамында болып, 1872-1962 жылдар аралығында Францияның отары болды. Француздар қаланы Бужи деп атаған. Себебі орта ғасырларда Францияға балауызды Алжирден әкелетін. Сонымен қатар Фибоначчи атты Беджаяның жергілікті саудагері араб цифрларын меңгеріп, бүкіл Еуропаға таратты.
## Дереккөздер
|
Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 165 қаулысымен бекітілген. 2023 жылы 10 қазанда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің № 242 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізілген.
## Орал қаласы
## Ақжайық ауданы
## Бәйтерек ауданы
## Бөкей ордасы ауданы
## Бөрлі ауданы
## Жаңақала ауданы
## Жәнібек ауданы
## Казталов ауданы
## Қаратөбе ауданы
## Сырым ауданы
## Тасқала ауданы
## Теректі ауданы
## Шыңғырлау ауданы
## Дереккөздер
|
«Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі..
## Тарихы
1942 жылы Алматы зауыты және Мәскеу кондитерлік фабрикаларының атындағы " Бабаева" және "Рот Фронт" цехтары негізінде құрылды. Шоколад бұйымдар, карамель, печенье, вафли, шығыс тәттілері, зефир, мармелад және басқа да өнімдер шығарады. 1965 жылы фабрикада қайта жаңарту және кеңейту жұмыстары басталды. 1967 жылы бисквит цехы пайдалануға берілді, ал 1980 жылы — какао өндеу және шоколад бұйымдары (жобалық қуаты 12,7 мың тонна). 1982 жылы еңбекті механикаландыру деңгейі төмендеп, 64,8 % - ға, оның ішінде цехтарда негізгі өндірістің 71,5 % - ға, ал учаскелерінде қосалқы қызмет 47,9 % төмендеді.
КСРО ыдырағанға дейін фабрика "Кондитерпром Министрлігінің" Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі бірлестігіне кірген. 1992-ші жылы жекешелендірілді және акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта фабриканың 250-ден астам ассортимент атаулары әртүрлі кондитерлік өнімдерге жататын 10 түрлі топтары бар. Өнім "Рахат" кондитерлік фабрикасынан Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспортталады. 2013 жылдың қаңтар айында оңтүстік корея тобы АҚ "Рахат" бойынша акцияларды сатып алу келіссөзін жүргізді. Сол мезгілде Рахат акциялары өсе бастады: алдымен 2,5 мың теңге, содан кейін 6,5 мың теңгеге дейін көтерілді.
22 қыркүйек 2013 жылы үш тоқсанның акциялар пакетін фабриканың 10 % алатын қазақстандық нарық $156,6 млн, немесе $43,5 акцияға байланысты сыйлығымен нарығы 30 % - ға бағаланды.
29 шілде 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы қазақстандық өндірушінің шамамен 76 % айналыстағы акцияларын сатып алу туралы шарт жасасты. Мәміле нәтижесінде акцияларды сату бойынша ірі акционерлер құрамынан британдық BD Associates Limited (29 %), Анатолий Попелюшко (25,79 %), Наталья Хильчук (11,54 %) шықты.
10 желтоқсан 2013 жылы LOTTE Confectionery тағы 23,75 % акцияларын 30 күн ішінде сатып алатындығын жариялады .
«Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
Өндірістің жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы.
«Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.
Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында «Рахат» АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.
Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.
## Компания жайлы
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.
1978-1979 жылдары цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүрді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, «Рахат» сауда белгісі болып тіркелді. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастады. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысты.
«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.
## Басшылығы
Директорлар Кеңесінің мүшелері:
* Даулетова Шолпан Алтыбаевна ─ Директорлар Кеңесінің төрайымы
* Попелюшко Анатолий Висханович ─ Директорлар Кеңесінің мүшесі
* Мейрамбаев Жексембай Аргынгазинович ─ Тәуелсіз директор
Басқарма мүшелері:
* Попелюшко Анатолий Висханович
* Зенков Александр Сергеевич
* Хильчук Наталья Мироновна
* Рустемова Римма Асхатовна
* Гордиенко Ольга Ильинична
* Кристаль Лариса Герасимовна
## Өнімдері
### Карамельдер
Жеміс салмасы бар карамель
«Вишня» (өлшенбелі)
Піскен шиенің дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 91,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 353 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, қышқылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330, табиғи ұқсас шие хош иістендіргіші; бояғыш: Е122.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай
«Слива» (өлшенбелі)Піскен алхорының дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 90,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 348 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330; хош иістендіргіш ─ табиғиға ұқсас алхоры.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Мұздақ карамель
«Дюшес» (өлшенбелі)
Алмұрттың айрықша иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 96,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 373 ккал
Құрамы: қант, сірне, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330; табиғиға ұқсас алмұрт және ваниль хош иістендіргіштері. 8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 12 ай.
«Престиж» (өлшенбелі)
Баяу пісірілген сүттің нәзік дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,7 грамм
Май 1,0 грамм
Көмірсу 95,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 378 ккал
Құрамы: сірне, қант, қоюландырылған сүт, ас тұзы, хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас май, қоюландырылған сүт, баяу пісірілген сүт.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 12 ай.
Бұлғанған салмалары бар карамель
«Гауһар» (өлшенбелі)
Ванильдің нәзік иісі мен қоюландырылған сүттің дәмі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,4 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 92,5
Энергетикалық құндылығы 357 ккал
Құрамы: қант, сірне, жележасағыш ─ желатин, табиғиға ұқсас ─ қоюландырылған сүт, ванильді хош иістендіргіштері;8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Сүт салмасы бар карамель
«Дубок» (өлшенбелі)
Какао ұнтағы қосылған карамель массасы. Өзегі қаймағы алынбаған қоюландырылған ст пен жағымды ромның хош иісі бар какао ұнтағы, ұсақталған жаңғақ және коньяк қосылған жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған, шоколад-жаңғақ салмалы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,0 грамм
Май 2,1 грамм
Көмірсу 90,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 339 ккал
Құрамы: қант, сірне, қоюландырылған сүт, ұнтақталған жержаңғақ, какао ұнтағы, кондитерлік май; Этил спирті.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Помада салмасы бар карамель
«Сказка» (өлшенбелі)Өзегі қаймағы алынбаған, қоюландырылған сүт пен қуырылған жаңғақ дәмі бар какао ұнтағы қосылған жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған, сүт салмалы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,8 грамм
Май 2,0 грамм
Көмірсу 91,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 372 ккал
Құрамы: қант, сірне, қоюландырылған сүт, какао ұнтағы, кондитерлік май, ас тұзы, табиғиға ұқсас жержаңғақ хош иістендіргіші.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Ликер салмасы бар карамель
«Клубничный ликер» (өлшенбелі)
Жидек тұнбасы қосылған салма.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,1 грамм
Май 0,2 грамм
Көмірсу 92,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 357 ккал
Құрамы: қант, сірне, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330, этил спирті, спирттегі жеміс тұнбасы, табиғиға құлпынай, ванильді хош иістендіргіштері.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Шоколад-жаңғақ салмасы бар карамель
«Тайна» (өлшенбелі)
Ванильдің иісі бар ұнтақталған какао қосылған салмадан жасалған карамель.
100 грамм өнімдегі энергетикалық құндылық 390 ккал.
Қабатталған май ─ қант салмасы бар карамель
«Снежинка» (өлшенбелі)
Өзегі табиғи кокос майынан жасалған, лимонның иісі бар, салма.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 11,5 грамм
Көмірсу 86,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 434 ккал
Құрамы: қант, сірне, кокос майы, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330; табиғи лимон хош иістендіргіш.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
Қабатталған жаңғақ салмасы бар карамель
«Кузнечик» (өлшенбелі)
Өзегі жержаңғақ, табиғи кокос майы және жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған, кілегей дәмі бар, борпылдақ сүт-жаңғақ салмалы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,1 грамм
Май 13,0 грамм
Көмірсу 75,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 435 ккал
Құрамы: қант, сірне, ұнтақталған жержаңғақ, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, кондитерлік май, кокос майы, табиғиға ұқсас май-кілегей хош иістендіргіш, эмульгатор-лецитин Е332.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Қабатталған шоколад-жаңғақ салмасы бар карамель
«Рачки» (өлшенбелі)
Өзегі ұнтақталған какао қосылған қуырылған кешью жаңғағы, жержаңғақ пен жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған, борпылдақ пралине салмалы, ванильдің иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,9 грамм
Май 10,3 грамм
Көмірсу 82,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 423 ккал
Құрамы: қант, сірне, ұнтақталған кешью жаңғағы, ұнтақталған жержаңғақ, ұнтақталған какао, кондитерлік май, табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш; эмульгатор-лецитин Е332.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Глазурленген карамель
«Рекорд» (өлшенбелі)
Созылмалы карамельдегі экзотикалық жемістердің қайталанбас дәмі бар пектиннен жасалған желе салма.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,2 грамм
Май 1,2 грамм
Көмірсу 83,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 388 ккал
Құрамы: қант, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, жеміс езбесі, қышқылдылықты реттегіш ─ лимон қышқылы Е330, хош иістендіргіштер: табиғи экзотик, табиғиға ұқсас ваниль.8-ден 24ºС-қа дейінгі температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 9 ай.
### Кәмпиттер
Глазурленбеген желелі кәмпиттер
«Сказка» (flow pack, өлшенбелі)
Дәмі мен түр-түсі әр алуан желатиннен және агардан жасалған желелі кәмпиттер.
100 грамм өнімде:
Белок 3,3 грамм
Май 0,2 грамм
Көмірсу 73,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 316 ккал
Құрамы: сірне, қант, ылғал ұстағыш - сорбитол Е420 агенті, жележасағыштар: желатин, агар Е406; қышқылдылықты реттегіш - лимон қышқылы Е330; жылтыратқыш «Капол», табиғиға ұқсас құлпынай-банан, қаймақ-карамель, жемісті коктейль, банан, ванильді, алхоры хош иістендіргіштер; бояғыштар: Е122, Е171, Е102, Е133. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Глазурленбеген пралине кәмпиттері
Арахисовые (өлшенбелі)
Өзегі ұсатылған жержаңғақ, какао ұнтағы мен сүт қосылған жержаңғақ пен жоғары сапалы өсімдік майы негізіндегі пралинеден жасалған "батончик".100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,1 грамм
Май 29,9 грамм
Көмірсу 59,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 523 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, бидай ұны, ұнтақталған жержаңғақ, ұақталған жержаңғақ, құрғақ сүт сарысуы, какао ұнтағы, құрғақ сүт, эмульгатор: лецитин Е 322; жұмыртқа ұнтағы, крахмал, табиғиға ұқсас ванильді, жержаңғақ хош иістендіргіштері.(18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Молочно-вафельные (өлшенбелі)
Өзегі вафлидің қытырлақ үгіндісі қосылған жоғары сапалы өсімдік майы мен сүттен жасалған сүт "батончик".
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,5 грамм
Май 25,4 грамм
Көмірсу 62,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 494 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, бидай ұны, какао ұнтағы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, ұнтақталған какао, эмульгатор: лецитин Е 322; крахмал, жұмыртқа ұнтағы, ас тұзы, қопсытқыштар: Е500, Е503; табиғиға ұқсас баяу пісірілген сүт, сары май, какао, ванильді хош иістендіргіштері.(18±3)°Cтемпературада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Колосок (өлшенбелі)
Өзегі жоғары сапалы өсімдік майы мен сүттен жасалған цитрустың иісі бар "батончик".
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,7 грамм
Май 25,9 грамм
Көмірсу 65,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 504 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, бидай ұны, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, крахмал, эмульгатор: лецитин Е 322; жұмыртқа ұнтағы; хош иістендіргіш: табиғи апельсин; ас тұзы, қопсытқыштар: Е500, Е503. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Шоколадно-вафельные (өлшенбелі)
Өзегі ұнтақталған какао, какао ұнтағы мен вафлидің қытырлақ үгіндісі қосылған жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған сүт-шоколад "батончик".
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,5 грамм
Май 25,4 грамм
Көмірсу 62,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 494 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, бидай ұны, какао ұнтағы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, ұнтақталған какао, эмульгатор: лецитин Е 322; крахмал, жұмыртқа ұнтағы, ас тұзы, қопсытқыштар: Е500, Е503; табиғиға ұқсас баяу пісірілген сүт, сары май, какао, ванильді хош иістендіргіштері.(18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Негізі ─ Помада
Айгерим (өлшенбелі)
Өзегінің қабығы какао ұнтағы мен спирт қосылған карамель-ванильдің иісі бар сүт помадасынан жасалған. Салмасы коньяк қосылған сүт помадасынан жасалған.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,6 грамм
Май 9,6 грамм
Көмірсу 77,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 389 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, кондитерлік май, какао ұнтағы, этил спирті, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, инвертаза Е1103, табиғиға ұқсас крем-карамель, жұмыртқа ликері, ванильді хош иістендіргіштер; коньяк, ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Балапан (өлшенбелі)
Өзегінің қабығы бананның иісі бар қант помадасынан жасалған. Салмасы көк алманың нәзік иісі бар мөлдір желеден жасалған.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,0 грамм
Май 6,9 грамм
Көмірсу 80,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 371 ккал
Құрамы: қант, сірне, ұнтақталған какао, жеміс езбесі, какао майы, ылғал ұстағыш - сорбитол E420 агенті; кондитерлік май, этил спирті, какао ұнтағы, жележасағыш - агар Е406 агенті; құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, қышқылдылықты реттегіш - лимон қышқылы Е330, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильдi, банан, жасыл алма хош иістендіргіштер; ас тұзы, инвертаза Е1103, бояғыштар: Е102, Е102/133; ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш.
Бэлис (өлшенбелі)
Какао ұнтағы және алкоголь қосылған құрамында табиғи құрамы сақталып қоюландырылған сүттің, табиғи сары майдың мөлшері көп, қымбат ликердің таңдаулы иісі бар сүт помадалы крем-брюле.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,9 грамм
Май 11,1 грамм
Көмірсу 75,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 401 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, этил спирті, сиыр майы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, табиғиға ұқсас бэлис, жұмыртқа ликері, ванильді хош иістендіргіштер. Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Вечер (өлшенбелі)
Спирт және жидек тұнбасы қосылған, құрамында қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт пен табиғи сары майдың мөлшері көп сары май помадалы крем-брюле.
100 грамм өнімде
Ақуыз 3,1 грамм
Май 3,4 грамм
Көмірсу 72,9 грамм
Энергетикалық құндылығы 411 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, сиыр майы, кондитерлік май, какао ұнтағы, этил спирті, жидек тұндырмасы, коньяк, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас кілегей-май, ванильді хош иістендіргіштер; ас тұзы, инвертаза Е1103.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Ласточка (өлшенбелі)
Табиғи сары май, какао ұнтағы және жеміс қайнатпасы қосылған құрамында қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт көп, цитрустың иісі бар сүт-жеміс помадасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,1 грамм
Май 10,3 грамм
Көмірсу 76,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 397 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, жеміс қайнатпасы, какао ұнтағы, кондитерлік май, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғи апельсин және табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер, сиыр майы, инвертаза Е1103.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Махаббат (өлшенбелі)
Баяу пісірілген сүттің дәмі бар, сары май және какао ұнтағы қосылған, қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт негізіндегі крем-брюле помадасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,6 грамм
Май 14,7 грамм
Көмірсу 70,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 417 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, құрғақ сүт, этил спирті, құрғақ сүт сарысуы, сиыр майы, ас тұзы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас май, пісірілген сүт, ванильді хош иістендіргіштер; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш. Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Этюд (өлшенбелі)
Қара қарақаттың табиғи шырыны қосылған жемісті помада.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,2 грамм
Май 6,8 грамм
Көмірсу бар 82,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 383 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, кондитерлік май, какао ұнтағы, этил спирті, қара қарақаттың табиғи шырыны, қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330, табиғиға ұқсас қара қарақат, ванильді хош иістендіргіштер; эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, инвертаза Е1103. Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Ромашка (өлшенбелі)
Какао және коньяк қосылған, құрамында қаймағы алынбағанқоюландырылған сүт пен табиғи сары майдың мөлшері көп, ромның иісі бар, сары май помадалы крем-брюле.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,1 грамм
Май 13,7 грамм
Көмірсу 72,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 415 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, кондитерлік май, какао майы, какао ұнтағы, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476 сиыр майы, коньяк, табиғиға ұқсас ванильді, ром, коньяк хош иістендіргіштері.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Цитрон (өлшенбелі)
Жеміс қайнатпасы мен цитрустық жемістердің дәмі қанық лимон қышқылы қосылған қант помадасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,2 грамм
Май 6,8 грамм
Көмірсу 82,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 383 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, кондитерлік май, какао ұнтағы, қышқылдылықты реттегіш - лимон қышқылы Е330; ас тұзы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғи лимон және табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер; инвертаза Е1103, бояғыш Е102.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Ода (өлшенбелі)
Шоколад глазурімен глазурленген, күмбез тәрізді, помадалы, құрамдастырылған кәмпит. Өзегінің сырты тирамисудың дәмі бар қоюландырылған сүт және какао ұнтағы қосылған сүт помадасынан жасалған. Сүттің дәмі бар трюфель салмаcы.
100 грам өнімде:
Ақуыз 3,1 грамм
Май 16,5 грамм
Көмірсу 69,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 420 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, кондитерлік май, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, какао ұнтағы, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, табиғиға ұқсас дольче де личе, тирамису, ванильді хош иістендіргіштер; инвертаза Е1103, коньяк, ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Айтыс (өлшенбелі)
Шоколад глазурімен глазурленген, құрамдастырылған, күмбез тәрізді помадалы кәмпит. Өзегінің сырты ванилдің дәмі бар какао ұнтағы қосылған сүт помадасынан жасалған. Салмасы табиғи фундук пастасы негізінде.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,8 грамм
Май 10,91 грамм
Көмірсу 76,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 396 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, фундук пастасы, кондитерлік май, какао ұнтағы, этил спирті, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, инвертаза Е1103, табиғиға ұқсас ванильді, фундук хош иістендіргіштер; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Василек (өлшенбелі)
Ұнтақталған кешью жаңғағы және коньяк қосылған, құрамында қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт пен табиғи сары майдың мөлшері көп, сары май помадалы крем-брюле.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,7 грамм
Май 13,6 грамм
Көмірсу 73,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 416 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, какао майы, кондитерлік май, ұнтақталған кешью жаңғағы, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; сиыр майы, табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш; коньяк.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Прелесть (өлшенбелі)
Шоколад глазурімен глазурленген, құрамдастырылған, күмбез тәрізді помадалы кәмпит. Өзегінің қабығы спирт қосылған ваниль дәмі бар сүт помадасынан жасалған. Ванильдің дәмі бар, сары май мен қоюландырылған сүт қосылған сүт салмасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,8 грамм
Май 11,3 грамм
Көмірсу 74,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 391 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, ұнтақталған какао, кондитерлік май, какао майы, этил спирті, какао ұнтағы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ылғал ұстағыш – сорбитол Е420 агенті, ас тұзы, жележасағыш - агар Е406 агенті, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, инвертаза Е1103, табиғиға ұқсас дольче де личе, ванильді хош иістендіргіштер; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Сафари (өлшенбелі)
Йогурт пен апельсиннің дәмі бар сары май және какао ұнтағы қосылған қоюландырылған сүт негізіндегі крем-брюле сүт помадасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,6 грамм
Май 14,7 грамм
Көмірсу бар 70,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 417 ккал
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, құрғақ сүт, этил спирті, құрғақ сүт сарысуы, сиыр майы, ас тұзы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476;табиғиға ұқсас йогурт, ванильді және табиғи апельсин хош иістендіргіштер; ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Каприз (өлшенбелі)
Шоколад глазурі, табиғи сары май, жеміс қайнатпасы және алкоголь қосылған, айрықша дәмі мен хош иісі бар қант помадасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,4 грамм
Май 8,5 грамм
Көмірсу бар 81,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 392 ккал
Құрамы: қант, сірне, кондитерлік май, жеміс езбесі, какао ұнтағы, этил спирті, ұнтақталған какао, какао майы, сиыр майы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, инвертаза Е1103, табиғиға ұқсас май, тирамису, ванильді хош иістендіргіштер.Ауаның (18±3)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Глазурленген желелі кәмпиттер
Лето (өлшенбелі)
Тропикалық жемістердің иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,2 грамм
Май 6,9 грамм
Көмірсу 72,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 351 ккал
Құрамы: қант, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420, желелегіш агент-пектин Е440, қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330, тұрақтандырғыш Е331, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас жеміс коктейлі, шие, ванильді хош иістендіргіштері; бояғыштар Е 102/133.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Серенада – Вишня с фруктовым соком (өлшенбелі)
Жеміс шырыны қосылған желелі кәмпит. Жұқа ақ глазурдегі шиенің дәмі мен хош иісі бар нәзік желе.
100 грамм өнімде :
Ақуыз 0,9 грамм
Май 8,2 грамм
Көмірсу 72,4 грамм.
Энергетикалық құндылығы 360 ккал
Құрамы:қант, сірне, кондитерлік май, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, ылғал ұстағыш агент-сорбитол Е420, жележасағыш агент- пектин Е440, қышқылдылықты реттегіш-лимон қышқылы Е330, табиғи жеміс шырыны, тұрақтандырғыш Е331, табиғиға ұқсас шие хош иістендіргіші, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, иіс пен дәмді күшейткіш: ванилин; бояғыш Е122. (18±3) °С, температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Серенада – Апельсин с фруктовым соком (өлшенбелі)
Жеміс шырыны қосылған желе кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,9 грамм
Май 8,2 грамм
Көмірсу 72,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 360 ккал
Құрамы:қант, сірне, кондитерлік май, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, ылғал ұстағыш агент-сорбитол Е420, жележасағыш агент- пектин Е440, қышқылдылықты реттегіш-лимон қышқылы Е330, табиғи жеміс шырыны, тұрақтандырғыш Е331, табиғи апельсин жидек хош иістендіргіші, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, иіс пен дәмді күшейткіш: ванилин; бояғыштар Е102. (18±3) °С, температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Южная ночь (өлшенбелі)
Айрықша жеміс иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,2 грамм
Май 6,9 грамм
Көмірсу 72,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 351 ккал
Құрамы: қант, сірне, кондитерлік май, какао ұнтағы, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420, желелегіш агент-сорбитол Е440, қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330, тұрақтандырғыш Е331, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас табиғи лимон, шие, ванильді хош иістендіргіштері; бояғыш Е 122.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Негізі ─ Пралине
Ажар (өлшенбелі)
Өзегі какао ұнтағы, қытырлақ вафли үгіндісі қосылған жержаңғақтан жасалған, цитрустың жеңіл иісі бар, нәзік сүт пралине.
1100 грамм өнімде:
Ақуыз7,0 грамм
Май 31,4 грамм
Көмірсу 55,9 грамм
Энергетикалық құндылығы 528 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, қуырылған жержаңғақ, ұнтақталған какао, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, бидай ұны, какао майы, какао ұнтағы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильді, табиғи апельсин хош иістендіргіштері; жұмыртқа ұнтағы, крахмал, ас тұзы, қопсытқыш Е500.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Блюз (өлшенбелі)
Өзегі ұнтақталған какао, какао ұнтағы, ұсатылған жержаңғақ қосылған жержаңғақтан жасалған қуырылған орман жаңғағының иісі бар, нәзік сүт пралине.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,2 грамм
Май 31,5 грамм
Көмірсу 55,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 527 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, ұнтақталған какао, ұнтақталған жержаңғақ, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, ұсақталған жержаңғақ, какао ұнтағы, какао майы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас фундук, ванильді хош иістендіргіштері.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Красный мак (өлшенбелі)
Өзегі ұнтақталған какао және карамель үгінділері қосылған, какао майы мен кешью жаңғағынан жасалған нәзік пралине.
1100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,2 грамм
Май 31,8 грамм
Көмірсу 55,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 531 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, ұнтақталған кешью жаңғағы, бидай ұны, ұнтақталған какао, какао ұнтағы, какао майы, сірне, жұмыртқа ұнтағы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; крахмал, ас тұзы,табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Танго (өлшенбелі)
Шоколад глазурі және қытырлақ вафли үгіндісі қосылған нәзік сүт пралине бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,9 грамм
Май 28,1 грамм
Көмірсу 61,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 513 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, бидай ұны, ұнтақталған какао, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, какао майы, маргарин, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; крахмал, жұмыртқа ұнтағы, ас тұзы, қопсытқыштар: Е500, Е503; табиғиға ұқсас крем-карамель, қоюландырылған сүт, ванильді хош иістендіргіштері.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Белочка (өлшенбелі)
Өзегі ұсатылған жаңғақ қосылған кешью жаңғағы, какао майы мен ұсақталған какаодан жасалған, ванильдің иісі бар шоколад пралине.100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,6 грамм
Май 33,6 грамм
Көмірсу 54,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 543 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған кешью жаңғағы, ұнтақталған какао, какао майы, кондитерлік май, ұсақталған бадам жаңғағы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Кара – Кум (өлшенбелі)
Өзегі сары май, қытырлақ вафли үгіндісі қосылған бадам жаңғағы, какао майы мен ұсақталған какаодан жасалған, ванильдің иісі бар, шоколад пралине.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,8 грамм
Май 29,9 грамм
Көмірсулар 60,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 523 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, ұнтақталған кешью жаңғағы, ұнтақталған какао, бидай ұны, какао ұнтағы, какао майы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; сиыр майы, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, ас тұзы, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Маска (өлшенбелі)
Өзегі какао ұнтағы қосылған кешью жаңғағынан жасалған ванильдің иісі бар, нәзік сүт пралине.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6.7 грамм белок
Май 31,9 грамм
Көмірсу 55,9 грамм
Энергетикалық құндылығы 532 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, ұнтақталған кешью жаңғағы, ұнтақталған какао, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, какао майы, какао ұнтағы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш.18±3°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Негізі ─ Грильяж
Грильяж в шоколаде (өлшенбелі)
Шоколад глазурімен глазурленген жержаңғақтан жасалған грильяж массасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 8,7 грамм
Май 21,0 грамм
Көмірсу 66,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 475 ккал
Құрамы: қант, ұсақталған жержаңғақ, ұнтақталған какао, какао майы, кондитерлік май, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш. (18±3)°C температурда, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Грильяж фруктовый в шоколаде (өлшенбелі)
Шоколад глазурімен глазурленген жеміс-грильяж массасынан жасалған кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,1 грамм
Май 19,4 грамм
Көмірсу 66,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 455 ккал
Кұрамы: жеміс езбесі, қант, ұсақталған жержаңғақ, ұнтақталған какао, какао майы, кондитерлік май, сірне, қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330; эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476, Е471; табиғиға ұқсас өрік, ванильді хош иістендіргіштері, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Шоколадқа малынған жемістер, жидектер, цукаттар
Абрикос в шоколаде (өлшенбелі)
Калифорния бадамының бүтін дәні бар, шоколад глазурімен глазурленген өрік.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,6 грамм
Май 17,9 грамм
Көмірсу 55,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 397 ккал.
Құрамы: өрік, қант, ұнтақталған какао, какао майы, бадам жаңғағының өзегі, сірне, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас өрік, ванильді хош иістендіргіштері. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Чернослив в шоколаде (өлшенбелі)
Калифорния бадамының бүтін дәні бар, шоколад глазурімен глазурленген алхоры.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,4 грамм
Май 18,0 грамм
Көмірсу 57,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 402 ккал
Құрамы: қара өрік, қант, ұнтақталған какао, какао майы, бадам жаңғағының өзегі, сірне, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 6 ай.
Қораптағы кәмпиттер
Amore (көркем қорап, 100 грамм)
Ромео Қанттағы бадам жаңғағы үгінділері қосылған, ерекше май салмасы бар шоколад кәмпит Джульетта Шампанның жағымды хош иісі бар, ақ глазурдегі нәзік, трюфель салма.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,0 грамм
Майлар 40,0 грамм
Көмірсу 54,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 537 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт, ұсақталған бадам жаңғағы, құрғақ сүт сарысуы, коньяк, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, сірне, табиғиға ұқсас ванильді, крем-карамель, жұмыртқа ликері, шампан хош иістендіргіштері; иіс пен дәмді күшейткіш - ванилин, какао ұнтағы, тұрақтандырғыш - инвертаза Е1103.(18±3)℃ температурада, ауаның салыстырмалы 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі : 8 ай.
Romance (көркем қорап, 100 грамм)
Passion Ақ глазурдегі май-трюфельді салма.
Бриз Таңдаулы ваниль-ромның хош иісі бар ерекше трюфель салмалы шоколад кәмпит. Круиз Ваниль иісі бар, ақ глазурдегі трюфель-кремді, нәзік салма. Стиль Криспи-карамель қосылған, ақ және қоңыр шоколад негізінде салмасы бар шоколад кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,5 грамм
Майлар 41,4 грамм
Көмірсу 53,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 540 ккал
Құрамы : қант, кондитерлік май, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт, сиыр майы, құрғақ сүт сарысуы, кокос майы,коньяк, крем-карамель криспиі, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; этил спирті, ас тұзы, табиғиға ұқсас ванильді, ромды, дольче де личе, май хош иістендіргіштері; иіс пен дәмді күшейткіш - ванилин, тұрақтандырғыш--инвертаза Е1103. (18±3)℃ температурада, ауаның салыстырмалы 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі : 8 ай.
Magic (көркем қорап, 100 грамм)
Магия Кілегей-ванильдің жұмсақ дәміне ие, нәзік сүт - бұлғама салмасы бар шоколад кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,5 грамм
Май 26,0 грамм
Көмірсу 56,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 467 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, сірне, кондитерлік май, қоюландырылған сүт, ылғал ұстағыш агент - сорбитол Е420, жұмыртқа белогы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; желе жасағыш - агар Е406,хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас ваниль, май, баяу пісірілген сүт; ас тұзы, тұрақтандырғыш - инвертаза Е1103, иіс пен дәм күшейткіш - ванилин. (18±3)℃ температурада, ауаның 75%-дан аспайтын ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Symphony (көркем қорап, 100 грамм)
Муза Йогурт пен қара жидектің дәмі бар, бұлғанған, нәзік кілегей массасынан жасалған, ақ глазурдегі салма. Глория Ұнтақталған фундуктан жасалған, ақ глазурдегі жаңғақ салмасы. Магия Кілегей-ванильдің жеңіл дәмі, нәзік сүт-бұлғама салмасы бар шоколад кәмпит. Нур Қаймағы алынбаған қоюландырылған сүт және табиғи сары май негізіндегі бұқтырылған, нәзік крем-брюле салмасы бар, коньяк пен спирт қосылған шоколад кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,0 грамм
Май 35,8 грамм
Көмірсу 55,5 грамм
Энергетикалық құндылығы 505 ккал
Құрамы: қант, кондитерлік май, қоюландырылған сүт, ұнтақталған какао, какао май, фундук пастасы, сірне, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, ылғал ұстағыш агент-сорбитол Е420, эмульгаторлар: лецитин Е320, Е476; жұмыртқа белогы, коньяк, сиыр майы, этил спирт, желелегіш агент - агар Е406, ас тұзы, қышқылдылықты реттегіш - лимон қышқылы Е330, хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас баяу пісірілген сүт, май, қара жидек, йогурт, ваниль; иіс пен дәмді күшейткіш – ванилин; тұрақтандырғыш - инвертаза Е1103. (18±3)℃ температурада, ауаның 75%-дан аспайтын ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Достық (көркем қорап, 270 грамм)
Шоколад кәмпиттері салмасы крем–брюле.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,2 грамм
Май 23,7 грамм
Көмірсу 59,6 грамм
Энергетикалық құндылығы 458 ккал.
Құрамы: қант, қоюландырылған сүт, ұнтақталған какао, какао майы, сірне, сиыр майы, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; коньяк; табиғиға ұқсас баяу пісірілген сүт хош иістендіргіші; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.(18±3)°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Гармония (көркем қорап, 270 грамм)
Шоколад кәмпиттері негізі пралине.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,8 грамм
Май 35,2 грамм
Көмірсу 56,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 551 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, ұнтақталған кешью жаңғағы, какао майы, кондитерлік май, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы; табиғиға ұқсас фундук, ванильді хош иістендіргіштері; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.(18±3)°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Рахат (көркем қорап, 265 грамм)
Крем-брюле помада салмасы бар шоколад кәмпитi.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,7 грамм
Май 20,8 грамм
Көмірсу 64,0 грамм
Энергетикалық құндылығы 453 ккал.
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, қоюландырылған сүт, сірне, сиыр майы, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, коньяк, инвертаза Е1103; табиғиға ұқсас кілегей – май, ванильді хош иістендіргіштері; ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш.(18±3)°С температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 8 ай.
Снежинка (көркем қорап, 200 грамм)
Ақ глазурьмен глазурьленген, кокос үгіндісімен безендірілген, вафли қос қабатының арасында нәзік кремнен жасалған өзегі бар кәмпит.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 4,7 грамм
Май45,1 грамм
Көмірсу 46,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 605 ккал
Құрамы: қант, кокос ұнтағы, кондитерлік май, құрғақ сүт, құрғақ сүт сарысуы, бидай ұны, этил спирті, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; жұмыртқа ұнтағы, ас тұзы, крахмал, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас кокос – кілегей хош иістендіргіші, ванилин иіс пен дәмді күшейткіш.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
### Шоколад
Сүт шоколады
«Казахстанский» (пластик сауыт, 168 грамм)
Ванильдің иісі бар, құрамында ұнтақталған какао мөлшері көп, табиғи сүт шоколады (тақта 6 г). (құрамындағы какао өнімдері 45% кем емес)
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,3 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 52,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 532 ккал.
құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322; Е476; иіс пен дәмді күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 12 ай.
«Казахстанский» (көркем қорап трансформер, 210 грамм)
Құрамында ұнтақталған какао өнімі көп, ваниль дәмі бар, сүтті шоколад (тақта 6г) (құрамындағы какао өнімдері 45% кем емес)
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,3 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 52,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 532 ккал.
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322; Е476; иіс пен дәмді күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 12 ай.
«Казахстанский» (тақта, 20 грамм)
Ванильдің иісі бар, құрамында ұнтақталған какао мөлшері көп, табиғи сүт шоколады.(құрамындағы какао өнімдері 45% кем емес)
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,3 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 52,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 532 ккал.
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322; Е476; иіс пен дәмді күшейткіш - табиғи ваниль сығындысы.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 12 ай.
«Тысяча и одна ночь» (тақта, 20 грамм)
Ванильдің жағымды иісі бар табиғи сүт шоколады.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,8 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 53,9 грамм
Энергетикалық құндылығы 534 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғи ваниль сығындысы – иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 12 ай.
Сказки Пушкина (тақта, 20 грамм)
Ванильдің иісі бар, ұнтақталған кешью жаңғағы қосылған табиғи сүт шоколады. (құрамындағы какао өнімдері 40%-дан кем емес)
Ақуыз 6,4 грамм
Май 34,3 грамм
Көмірсу 52,8 грамм
Энергетикалық құқндылығы 540 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, ұнтақталған кешью жаңғағы, фруктоза, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; иіс пен дәмді күшейткіш – табиғи ваниль сығындысы.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 12 ай.
Қара қоңыр шоколады
«Rakhаt 65% cocoa» (пластик шелек, 200 грамм)
Құрамында какао өнімдер көп ащы шоколад, 65% жоғары (тақта 6 г).
100 грамм өнімде
Ақуыз 8,3 грамм
Май 37,7 грамм
Көмірсу 44 грамм
Энергетикалық құндылығы, 545 ккал
Құрамы: ұнтақталған какао, қант, какао майы, какао ұнтағы, эмульгатор-лецитин Е322, ас тұзы, табиғи ваниль сығындысы – иіс пен дәмді күшейткіш.Какао өнімдерінің мөлшері 65 % кем емес.
Ауаның (8-23)°Стемпературасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 18 ай.
«Rakhаt 70% cocoa» (тақта, 100 грамм)
Құрамында какао өнімдер көп ащи шоколад, 80% жоғары.
100 грамм өнімде
Ақуыз 10,1 грамм
Май 46,7 грамм
Көмірсу 31,3 грамм
Энергетикалық құндылығы, 586 ккал
Құрамы: ұнтақталған какао, қант, какао майы, какао ұнтағы, эмульгатор-лецитин Е322, ас тұзы, табиғи ваниль сығындысы – иіс пен дәмді күшейткіш.Какао өнімдерінің мөлшері 80 % кем емес. Ауаның (8-23)°С температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 18 ай.
«Астана» (пластик қаптама, 168 грамм)
Қоспасыз, құрамында какао өнімдері көп (75% жоғары) ащы шоколад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 9,4 грамм
Май 45,0 грамм
Көмірсу бар 34,4 грамм
энергетикалық құндылығы 579 ккал
Құрамы: ұнтақталған какао, қант, какао майы, какао ұнтағы, эмульгатор-лецитин Е322, ас тұзы, иіс пен дәмді күшейткіш – табиғи ваниль сығындысы.Какао өнімдері 75% құрайды.
Ауаның (8-23)°С температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 18 ай.
«Малыш» (тақта, 20 грамм)
Ванильдің жеңіл иісі бар, қоспасыз, табиғи классикалық шоколад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,9 грамм
Май 33,3 грамм
Көмірсу 60,0 грамм
Энергетикалық құндылығы , 541 ккал
Құрамы: қант, ұнтақталған какао, какао майы, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; табиғи ваниль сығындысы - иіс пен дәмді күшейткіш.Ауаның (8-23)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 18 ай.
Кеуекті шоколады
«Almaty» ерекше шоколады (тақта, 90 грамм)
Құрамында сүт өнімдерінің мөлшері көп кеуекті сүт шоколады.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,4 грамм
Май 33,4 грамм
Көмірсу 54,9 грамм
Энергетикалық құндылығы 538 ккал
Құрамы: қант, какао май, ұнтақталған какао, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, фруктоза, эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476; ас тұзы, табиғи ваниль сығындысы- иіс пен дәмді күшейткіш. Какао өнімдерінің мөлшері 37% кем емес (8-23)℃ температурада, ауаның 75% -дан аспайтын ылғалдылығында сақтау қажет.
Сақтау мерзімі: 18 ай.
«Almaty» қара қоңыр шоколады (тақта, 90 грамм)
Массасыз құрамында какао өнімдері көп (62% жоғары) кеуекті, ащы шоколад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,9 грамм
Май 36,6 грамм
Көмірсу 45,8 грамм
Энергетикалық құндылығы 539 ккал
Құрамы: ұнтақталған какао, қант, какао майы, какао ұнтағы, эмульгатор: лецитин Е322; ас тұзы, табиғи ваниль сығындысы - иіс пен дәмді күшейткіш. Какао өнімдерінің мөлшері 62% кем емес. (8-23)℃ температурада, ауаның 75% -дан аспайтын ылғалдылығында сақтау қажет.
Шоколад-Жаңғақ кремі
Шоколад-жаңғақты «Рахат» кремі (пластик стақандар 500 грамм)Ваниль қосылған какао-ұнтағы мен ұнтақталған жержаңғақ негізіндегі шоколад өнім.
100 грамм өнімдегі энергетикалық құндылық 542 ккал.
### Ирис
«Забава» (өлшенбелі)
Өзегі құрамында сары май және табиғи какао ұнтағының мөлшері көп, қаймағы алынбаған, қоюландырылған сүттен жасалған.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 3,3 грамм
Май 12,3 грамм
Көмірсу 76,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 417 ккал
Құрамы: қоюландырылған сүт, сірне, қант, кондитерлік май, какао ұнтағы, ас тұзы, сиыр майы, табиғиға ұқсас кілегей- май, қоюландырылған сүт, май, какао, ванильді хош иістендіргіштері. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
«Золотой ключик» (өлшенбелі)
Өзегі сары май қосылған, қаймағы алынбаған, қоюландырылған сүттен жасалған, ванильдің нәзік иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 2,4 грамм
Май 7,6 грамм
Көмірсу 82,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 396 ккал
Құрамы: сірне, қант, қоюландырылған сүт, кондитерлік май, ас тұзы, сиыр майы, табиғиға ұқсас кілегей- май, қоюландырылған сүт, май, ванильді хош иістендіргіштері. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
«Петушок» (өлшенбелі)
Какао ұнтағы мен жеміс-жидек қайнатпасы қосылған, жеміс-жидектің жағымды иісі бар.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,8 грамм
Май 6,7 грамм
Көмірсу 85,4 грамм
Энергетикалық құндылығы 393 ккал
Құрамы: сірне, қант, кондитерлік май, жеміс – жидек қайнатпасы, какао ұнтағы, ас тұзы, табиғиға ұқсас май, баяу пісірілген сүт, какао, ванильді хош иістендіргіштері. (18±3)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
### Мармелад
Агар мармелады
«Любимый» (полипропиленді қаптама, 250 грамм)
Жүрекше пішінді, алуан түрлі түсі мен дәмі бар мармелад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 76,2 грамм
Энергетикалық құндылығы 306 ккал
Құрамы: сірне, қант, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420; жележасағыш – агар Е406; қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330; «Капол» жылтыратқышы; хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас кілегей-карамель, құлпынай; бояғыштар: Е122, Е171.(8-24)ºС температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 7 ай.
«Ягодная поляна» (полипропиленді қаптама, 250 грамм)
Жеміс-жидек пішінді және алуан түрлі жидек дәмі бар мармелад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,0 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 76,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 306 ккал
Құрамы: сірне, қант, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420; жележасағыш – агар Е406; қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330; «Капол» жылтыратқышы; хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас өрік, құлпынай, алма, қара қарақат; бояғыштар: Е122, Е102/133, Е133, Е102.(8-24)ºС температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 7 ай.
Желатиннен жасалған мармелад
«Веселый зоопарк» (полипропиленді пакет, 125 грамм)
Түсі мен дәмі алуан түрлі жануарлар пішінді мармелад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,6 грамм
Май 0,2 грам
Көмірсу 68,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 323 ккал.
Құрамы: сірне, қант, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420, желе жасағыш – желатин, қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330, «Капол» жылтыратқышы, хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас банан, шие, қара қарақат, алма; бояғыштар: Е122, Е102/133, Е133, Е102.(8-24)ºС температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
Текше пішінді, түсі мен дәмі алуан түрлі мармелад.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 6,6 грамм
Май 0,2 грамм
Көмірсу 68,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 323 ккал
Құрамы: сірне, қант, ылғал ұстағыш агент – сорбитол Е420; жележасағыш – желатин; қышқылдылықты реттегіш – лимон қышқылы Е330; «Капол» жылтыратқышы; хош иістендіргіштер: табиғиға ұқсас кілегей-карамель, тутти-фрутти, қара өрік, табиғи жалбыз, лимон; бояғыштар: Е171, Е133, Е122, Е102, Е102/133.(8-24)ºС температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 6 ай.
### Агар зефирі
«Зефир глазированный» (өлшеніп салынған 460 грамм)
Жеміс езбесін қосып, жұмыртқа белогы мен агар сиропына бұлғанған масса. Жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған глазурмен глазурленген жартылай домалақ өнім, зефир.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,9 грамм
Май 10,2 грамм
Көмірсу 72,4 грамм
Энергетикалық құндылығы , 380 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, кондитерлік май, какао ұнтағы, жұмыртқаның ақуызы, жележасағыш - агар Е406 агенті; қышқылдылықты реттегіш - сүт қышқылы Е270; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер; эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476.Ауаның (8-24)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 3 ай.
«Зефир бело-розовый» (өлшенбелі)
Жеміс езбесін қосып, жұмыртқа белогы мен агар сиропына бұлғанған масса. Зефирдің екі бөлігі жабыстырылған: құлпынай иісі бар қызғылт және ваниль иісі бар ақ бөліктерден тұратын домалақ өнім.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 0,1 грамм
Май 0,1 грамм
Көмірсу 81,3 грамм
Энергетикалық құндылығы 315 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, жұмыртқа ақуызы, желелеуші агент – агар Е406, қышқылдылықты реттегіш- сүт қышқылы Е270; табиғиға ұқсас құлпынай, ванильді хош иістендіргіштері, бояғыш: Е122.(8- 24)°C температурада, ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 2 ай.
«Зефир глазированный» (өлшенбелі)
Жеміс езбесін қосып, жұмыртқа белогы мен агар сиропына бұлғанған масса. Жоғары сапалы өсімдік майынан жасалған глазурмен глазурленген жартылай домалақ өнім, зефир.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,9 грамм
Май 10,2 грамм
Көмірсу 72,4 грамм
Энергетикалық құндылығы , 380 ккал
Құрамы: қант, сірне, жеміс езбесі, кондитерлік май, какао ұнтағы, жұмыртқаның ақуызы, жележасағыш - агар Е406 агенті; қышқылдылықты реттегіш - сүт қышқылы Е270; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіштер; эмульгаторлар: лецитин Е322, Е476.Ауаның (8-24)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Сақтау мерзімі: 2,5 ай.
### Печеньелер
Созылмалы печеньесі
«Детское» (өлшенбелі)
Сонылы қант- май құрамды печенье.
Энергетикалық құндылығы 405 ккал
100 грамм өнімде:
Ақуыз 8,0 грамм
Май 9,6 грамм
Көмірсу 71,1 грамм
Құрамы: бидай ұны, қант, маргарин, крахмал, жұмыртқа ұнтағы, қопсытқыштар: Е500, Е503; ас тұзы, эмульгатор-лецитин Е322, ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш, қышқылдандырмауыш Е223.
«Крокет» (өлшенбелі)
Сонылы қант- май құрамды печенье.
Энергетикалық құндылығы 403 ккал
100 грамм өнімде:
Ақуыз 7,8 грамм
Май 9,3 грамм
Көмірсу 71,6 грамм
Құрамы: бидай ұны, қант, маргарин, крахмал, қопсытқыштар: Е500, Е503; ас тұзы, эмульгатор-лецитин Е322, ванилин - иіс пен дәмді күшейткіш; қышқылдандырмауыш Е223.
«Веселый зоопарк» (полипропиленді пакет, 350 грамм)
Сонылы қант- май құрамды печенье.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 8,0 грамм
Май 12,1 грамм
Көмірсу 69,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 422 ккал
Құрамы: бидай ұны, қант, маргарин, крахмал, қопсытқыштар: Е500, Е503; жұмыртқа ұнтағы, ас тұзы, эмульгатор-лецитин Е322, ванилин – иіс пен дәмді күшейткіш, қышқылдандырмауыш Е223.
Ауаның (8-24)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында.
Сақтау мерзімі:6 ай.
### Вафли
«Каприз» (өлшенбелі, термопленка)
Карамель-ванильдің хош иісі бар, арасына нәзік сүт салмасы салынған үш қабат вафли тілімі.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,8 грамм
Май 26,9 грамм
Көмірсу 60,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 510 ккал
Құрамы: қант, бидай ұны, кондитерлік май, құрғақ сүт сарысуы, құрғақ сүт, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, эмульгаторлар: лецитин Е322, ас тұзы, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас крем-карамель, баяу пісірілген сүт, ванильді хош иістендіргіштері.
(8-24)°C температурасында ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 5 ай.
«Орешек» (өлшенбелі, термопленка)
Какао ұнтағы және фундук пастасы қосылған, арасына пралине салмасы салынған үш қабат вафли тілімі.
100 граммөнімде:
Ақуыз 5,3 грамм
Май 26,5 грамм
Көмірсу 63,1 грамм
Энергетикалық құндылығы 509 ккал
Құрамы: қант, бидай ұны, кондитерлік май, какао ұнтағы, құрғақ сүт сарысуы, жұмыртқа ұнтағы,фундук пастасы, крахмал, эмульгаторлар: лецитин Е322, ас тұзы, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас фундук, ванильді хош иістендіргіштері.
(8-24)°C температурасында ауаның 75%-дан аспайтын салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі: 5 ай.
«Әсем» (өлшенбелі, термопленка)
Ванильдің жеңіл дәмі бар, үш қабат вафли тілімі арасына какао ұнтағы бар сүт салмасы салынған.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 5,2 грамм
Май 27,5 грамм
Көмірсу 62,6 грамм
Энергетикалық құндылығы , 518 ккал
Құрамы: қант, бидай ұны, кондитерлік май, какао ұнтағы, құрғақ сүт, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, эмульгатор-лецитин Е322; ас тұзы, қопсытқыш Е500; табиғиға ұқсас ванильді хош иістендіргіш.
Ауаның (8-24)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.
«Арахисовые» (полипропилен пәшкесі, 110 грамм)
Үш қабат вафли тiлiмi және сүт өнiмдерi мен ұнтақталған жержаңғақ қосылған екi қабат пралине салмасы.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 11,7 грамм
Май 30,6 грамм
Көмірсу 51,4 грамм
Энергетикалық құндылығы , 523 ккал
Құрамы: бидай ұны, қант, ұнтақталған жержаңғақ, кондитерлік май, құрғақ сүт, жұмыртқа ұнтағы, крахмал, эмульгатор-лецитин Е322, ас тұзы, қопсытқыш Е500, табиғиға ұқсас ванильді және жержаңғақ хош иістендіргіштер.
Ауаның (8-24)°C температурасында, 75%-дан аспаған салыстырмалы ылғалдылығында сақтау керек.Сонымен бiрге өлшенбелі.
### Какао ұнтағы
«Рахат» (көркем қораптарға, 100 грамм)Какао майлылығы 10% жұқа шашыраған жоғары сапалы какао бұршағының ұнтағы.100 грамм өнімдегі энергетикалық құндылық 364 ккал.
* Бұрмақтар
Жеміс-жидекті драже
«Морские камешки» (өлшенбелі)
Түрлі-түсті қантты қабықтағы әр түрлі жемістердің дәмі бар мейіз.
100 грамм өнімде:
Ақуыз 1,0 грамм
Май 0,2 грамм
Көмірсу 87,7 грамм
Энергетикалық құндылығы 340 ккал.
Құрамы: қант, жүзім, сірне, какао ұнтағы, қышқылдылықты реттегіш - лимон қышқылы Е330, жылтыратқыштар: Е901, Е905, Е553; өсімдік майы; табиғиға ұқсас қара өрік – арония, ананас, дюшес, қара қарақат, өрік хош иістендіргіштері, бояғыштар: Е102, Е133, Е122, Е102/133.
Жарамдылық мерзімі: 4-6 ай
## Марапаттар
2001 жылы
«Рахат» ААҚ «Жылдың үздік салық төлеушісі» құрметті атағын және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс Министірлігінің марапаттау Белгісіне, «Жыл таңдауы» республикалық байқауы барысында «Казахстанский» шоколады «Жылдың № 1 шококлады» Құрметті атағына ие болады.
2002 жылы
Компания өнімі «Қазақстан мақтанышы» Құрметті атағын және «Тәттілер ─ 2002» көрмесінің марапаттау белгісін алады. Компания өнімі «Қырғыстан ─ 2002» Халықаралық көрме-жәрмеңкесінде алтын медаль жеңіп алады.
2003 жылы
«Қазақстанның іскер адамы - 2003» Үкіметтік байқау барысында тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары арасындағы жоғары сапалы өнімі үшін жүлде беріледі.
2004 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2004» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен дипломға ие болады.
2005 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2005» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленеді.
2006 жылы
«Алтын сапа» республикалық байқауында компания екінші орынға ие болады.
2007 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2007» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алады.
2008 жылы
Компания өнімі «Тәттілер - 2008» көрмесінде «Тұтынушылар қалауының жүлдесі» атауы бойынша кубок пен диплом иеленіп, «Мінсіз» сапалық халық белгісін алды.
2010 жылы
Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.Компания «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясында бірінші орынға ие болады.Мәскеу қаласында өткен «Продэкспо 2010» көрмесіндегі «Үздік өнім-2010» конкурсында компания өнімдері диплом мен алтын медаль алады.
2011 жылы
Компания өнімдері «Мінсіз» сапа куәлігі мен халық белгісін алды.Алматы қаласындағы «Тәттілер-2011» ХIII Қазақстан Халықаралық көрмесі.«Халық таңдауы» тұтынушылар дәм сараптамасы бойынша бас жүлде.Диплом - «Халық таңдауы» Тұтынушылар дәм сараптамасына қатысушыға.
## Экспортталуы
Фабрика өнімдерi отандық нарықтағыдай жақын және алыс шет елдер нарығында да белгілі. «Рахат» АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат» АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады.
Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Әр түрлі гастрономиялық дәстүрлері бар елдердің халқы «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдерінің тұтыну сипаттамасының тартымдылығын мойындауда. Бүгінгі күні Акционерлік Қоғам өзінің өнімдерін ТМД елдеріне, жақын және алыс шетелдерге экспортқа шығарады.
## Дереккөздер
|
Alatau — 1994 жылдан бастап жұмыс істейтін қазақстандық телеарна. Бүгінде республика өңірлеріне «OTAU TV» жерсеріктік телерадио хабарларын тарату желісінен өзге еліміздің 9 ірі қалаларына (Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Павлодар, Түркістан, Ақтау) «Қазтелерадио» АҚ тарату желісі арқылы өнімдерін таратуда.
Телеарна ақпараттық, жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкімет тапсырмаларын орындау және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігінің мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысын іске асырып, белсенді қолдау көрсетіп келеді. 2023 жылдың сәуір айынан бастап "СТВ" телеарнасы "Alatau" деген жаңа атаумен эфирге шықты.
## Бағдарламалары
* «Жұлдыз FM»-мен «Таңғы шоу»
* «АЛАТАУ АҚПАРАТЫ»
* «АРНАЙЫ РЕПОРТАЖ»
* «Неизведанный Казахстан»
* «Ән шашу»
* «АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ»
* «МАХАББАТПЕН СЫРЛАСУ»
## Дереккөздер
|
Тайбұға жұрты (Сібір жұрты, Тайбұға елі) – Алтын Орданың, кейінірек Сібір хандығының әкімшілік бірлігі, 13 ғасырдың басында Батыс Сібірде құрылған Алтын Орданың ішкі ұлысы, астаналары Шыңғы-Тұрада, кейініректе Қашлық. 1420 жылдан бастап Сібір хандығының ұлысына айналды, Ермак жорығынан кейін жұрттың бір бөлігі Ноғай Ордасына көшті.
Жұрт оның негізін қалаушы Тайбұганың есімімен аталды .
## Жұрт туралы алғашқы деректер
* Ертіс және Есіл алабында орналасқан Тайбұғы жұрты туралы Өтеміш қажының 1558 жылға дейін жазған « Шыңғыс-наме » еңбегінде айтылады.
* Ноғай Тайбұғасы Ормаметтің 1586 жылы Мәскеуге жазған хатында «Тайбұға елі» деген тіркес бар.
* Ұлыстардан құралған Тайбұға жұрты туралы 1597 жылы Мәскеуден Көшім ханға жолданған хатында айтылады.
## Тайбұға Мырзалары
Зерттеуші Дамир Исхаков Тайбұға (Сібір) княздарының атағын Ұлыс билеушісі Алтын Орданың Беклярбектің институтымен сәйкестендіреді.
* Тайбұға - Сібірдегі алғашқы Тайбұға ұлысының Мырзасы (1220-1290)
* Мар (Омар, Омар) - Ибак ханның (1468-1480) қарындасының күйеуі
* Қожа (Кебек Қожа Бұркүт)
* Адер (Одер, Обдер) - Мардың ұлы, хан Ибақтың ықтимал жиені
* Абалақ (Ябалак, Ебалақ) – Мардың баласы, Ыбақ ханның жиені болуы мүмкін
* Ғази би (маңғыт)- Сібір Тайбұға Мырзасы (? -1428)
* Мұса би (маңғыт) – Сібір Тайбұға Мырзасы (1460-1495)
* Мұхаммед - Сібірдегі Тайбұға Мырзасы (1495-1502)
* Аңыш (Ағыш) – Абалақтың баласы, Мұхаммед Тайбұғаның немере ағасы
* Есенбақты – (1502) Мұхаммед Тайбұғаның ұлы
* Қасым – Сібірдегі Тайбұға Мырзасы, Мұхаммед Тайбұғаның ұлы (1502-1530)
* Бек-Булат - Сібір Тайбұға Мырзасы (1555-1558)
* Едігер - Сібір Тайбұға Мырзасы (1530-1563)
* Сейд Ахмед (1583-1588)
## Ескертпелер
## да қараңыз
* Тайбугиндер
* Сібір хандығы
## Әдебиет
* Бустанов А. К. Западная Сибирь под властью ордынских правителей (династический аспект). archeologia.narod.ru. Тексерілді, 21 қаңтар 2011.
* Исхаков Д. М. Институт сибирских князей: генезис, клановые основы и место в социально-политической структуре Сибирского юрта // Гасырлар авазы – Эхо веков : журнал. — Казань: Главное архивное управление при Кабинете Министров РТ, 2008. — № 2. — ISSN 2073-7483. Архивировано 22 марта 2016 года.
*
* Мұрағат көшірмесі 27 қаңтардың 2012 Wayback Machine мұрағатында
* Тычинских З. А. К вопросу об административно-политическом и территориальном устройстве Сибирских татар в XVI-XVIII веках // Средневековые тюрко-татарские государства : Сборник статей. — Казань: Институт истории им. Ш. Марджани АН РТ, 2009. — Вып. 1. — С. 172-182. — ISBN 978-5-98245-048-7.
*
* Шашков А. Т. Начало присоединения Сибири // Проблемы истории России. — Екатеринбург: Волот, 2001. — Вып. 4: Евразийское пограничье. — С. 8-51.
|
Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан (29 шілде 1982, Амангелді ауылы, Амангелді ауданы, Қостанай облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық қоғам қайраткер, паралимпиадалық спортшы, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты (2023 жылдан бастап).
## Өмірбаяны
Отбасындағы 20 баланың кенжесі. 6 жасында аттан құлап, көру қабілетіне әсер ететін жарақат алған. Дәрігерлер үш рет ота жасады, одан да көмектеспеді – Кенжеғұлдың бір көзі алты пайыз ғана көре алады.
1991-2003 жылдары Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернатында оқыды. 2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Тарих. Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, 2015 жылы Білім (көшбасшылық және менеджмент) мамандығы бойынша Реадинг университетінде магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2007 жылы Алматы қаласы Медеу ауданындағы №7 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастады. 2017-2022 жылдар аралығында «Мейірім» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығында әлеуметтік бағдарламалар менеджері қызметін атқарды. 2017-2022 жылдар аралығында қонақ үй бизнесінде директор болып жұмыс істеді.
Студенттік жылдары паралимпиадалық спорт түрлерімен айналыса бастады. 2016 және 2019 жылдары Францияда өткен паралимпиадалық өрмелеуден әлем чемпионатына қатысып, екеуінде де жетінші орын алды. 2017 және 2019 жылдары голболдан Қазақстан чемпионы атанды, сонымен қатар 2020, 2021, 2022 жылдары голбол кубогын жеңіп алды. 2021 (Петропавл), 2022 (Ақтау), 2022 (Бурабай) паравелоспорт бойынша Қазақстан чемпионаттарының жеңімпазы атанды. 2022 жылғы паравелоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдегері (Душанбе, Тәжікстан). Голболдан спорт шеберлігіне үміткер. Паравелоспорттан Қазақстан Республикасының спорт шебері.
2016-2022 жылдар аралығында Қазақстан Голбол федерациясының бас хатшысы қызметін атқарған. 2019-2021 жылдары — Қазақстан паравелоспорт федерациясының вице-президенті болды. 2022 жылдан бастап Astana Goalball федерациясының президенті болып келеді. 2021-2023 жылдары — Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті болды.
2023 жылдың 29 наурызынан бастап — Қазақстан халық партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII сайланым депутаты болып келеді.
2023 жылдың қазан айында Ханчжоудағы 2022 жылғы Азия Пара ойындарына қатысып, Антон Лаврентьевпен тандемде велоспорттан екі қола медаль жеңіп алды.
2024 жылы 2 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кенжеғұл Сейтжанды Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл етіп тағайындады.
## Дереккөздер
|
Мұхаммед Тайбұға, кейде Махмет (туған жылы белгісіз - 1502) - Сібірдің тайбұғалық мырзасы, Ескер (Сібір) жұртының 1495 - 1502 жылдардағы билеушісі. Едігер мен Бек-Болаттың атасы.
## Басқаруы
Ол Сібір ұлысбектерінің Ибаққа қарсы көтерілісін басқарып, өзін билеуші деп жариялады.
1495 жылы Тайбұғалық Мұхаммед Тайбұға (Махмет) Түмен хандығын талқандап, Шибанид ханы Ибақты өлтірді. Осыдан кейін астана Қашлыққа көшіріліп, хандық Сібір деп атала бастады. Оның билеушілері тайбұғалардың княздік әулеті болды.
## Өмірбаяны
## Отбасы
Ұлдары: Есенбақты, Қасым
## Әдебиет
* Маслюженко Д.Н. Сибирская княжеская династия Тайбугидов: истоки формирования и мифологизация генеалогии // Средневековые тюркотатарские государства. Сборник статей. / Б.Р. Рахимзянов [отв. ред.]. Вып.2. – Казань: Изд-во «Ихлас», 2010. – С.9–21.
* Карсакова Г.Б. Западная Сибирь после монгольского завоевания и образование Сибирскогоханства//Проблемы востоковедения. 1 (51). — 2011. — С. 39—42
* ПСРЛ. Том 36. Сибирские летописи. Часть 1. Группа Есиповской летописи. Есиповская летопись. — М. : Наука, 1987. — 387 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
## Тағы қараңыз
* Сібір хандығы
* Тайбұғалықтар
|
Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы берген құрметті атақ – мемлекет пен қоғамның еңбегі сіңген азаматтардың еңбегін мойындау нысандарының бірі. 1931 жылы 10 тамызда құрылған. Театрдың, музыканың, киноның, цирктің дамуында ерекше көзге түскен көрнекті әртістерге, режиссерлерге, сазгерлерге, дирижерлерге, концертмейстерлерге, музыкалық, хор, би және басқа да ұжымдардың көркемдік жетекшілеріне, басқа да шығармашылық қызметкерлерге, орындаушы музыканттарға жоғары шеберлігі мен өнердің дамуына жәрдемдескені үшін біртуар өнер қайраткерлеріне берілді. Келесі дәрежесі «Қазақ КСР халық әртісі», содан соң «КСРО халық әртісі» атағын беру болды.
1919 жылдан 1931 жылға дейін «Республиканың еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді. Оны республикалардың Халық ағарту комиссариатының алқалары, Халық ағарту комиссарларының, облыстық және өлкелік кеңестер атқару комитеттерінің бұйрықтарымен тағайындалды.
Алғаш рет 1934 жылы опера әншісі — Күләш Байсейітова ие болды. Бұл құрметті атаққа соңғы рет 1985 жылы эстрада әншісі — Нағима Есқалиева ие болды.
Қазақстанда Кеңес Одағының ыдырауымен мемлекеттік марапаттарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтарының сіңірген еңбегі ескеріліп, «Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі» атағы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағымен ауыстырылып, бұрынғы КСР Одағы мен Қазақ КСР-інің марапаттар туралы бұрынғы КСР Одағы мен Қазақ КСР заңнамасында көзделген құқықтары мен міндеттерін сақтап қалды.
## Тағы қараңыз
* Қазақ КСР еңбек сіңірген әртістерінің тізімі
* Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері
* Қазақ КСР халық әртісі
|
Дегерес — Іле алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағымен ағады.
## Сипаттамасы
Жетіжол жотасының солтүстігінде бірнеше жылғалар қосылған жерден басталып, солтүстікке қарай ағады. Дегерес аулының жанында бөгет орналасқан.
Жазыққа шыққан соң Тарғап өзені бөлініп шығады.
Алматы-Тараз тас жолына жақын жерде тағы бір бөгет орналасқан. Суы көбіне осы бөгеттен артылмайды да, ары қарай ақпайды.
## Дереккөздер
|
«Анора» (ағылш. Anora) — режиссер Шон Бейкердың 2024 жылғы америкалық комедиялық драма. Премьерасы 2024 жылы 21 мамырда Канн кинофестивалінде өтті, онда фильм «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды.
## Сюжеті
Анора — өзін Эни деп атайтын Нью-Йорк қаласындағы орыс тілді анклав Брайтон-Бичтен шыққан өзбек текті 25 жастағы стриптизшінің толық аты. Ол орыс тілінде біршама таныс болғандықтан, бастығы оны орыс тілді клиенттермен байланыстырады. Жұмыс істейтін клубта ол 21 жастағы ресейлік олигархтың ұлы Ванямен танысады. Ваня қызды сәнді үйге әкеліп, кенеттен Эниге Лас-Вегасқа ұшып, үйленуге шақырады. Бұл ниетін төрт каратты гауһар тасты сақина түріндегі сыйлықпен нығайтады. Ваняның мәскеулік ата-анасы бұған қарсы. Ер адамның ата-анасы оны некенің күшін жоюға мәжбүрлеу үшін Нью-Йоркке барғанда, олардың ертегілік некелеріне қауіп төнеді.
## Рөлдерде
## Шығару және қабылдау
Түсірілім 2023 жылы Нью-Йоркте (Бруклин) және Лас-Вегаста өтті.
Фильмнің премьерасы 2024 жылы 21 мамырда Канн кинофестивалінде негізгі бағдарлама аясында өтті. Сыншылар алдын ала «Анораны» жылдың басты фестиваль премьераларының бірі деп санаған. Көрермендер фильм аяқталғаннан кейін 9 минут бойы фильмді жасаушыларға қол шапалақтады. Нәтижесінде фильм 2024 жылдың 25 мамырында «Алтын пальма бұтағын» жеңді.
Rotten Tomatoes шолу агрегаторының веб-сайтында 41 сыншы пікірлердің 98% оң, орташа рейтингі 8,7/10. Орташа өлшенген мәнді қолданатын Metacritic фильмге 21 шолудың негізінде 100-ден 89 ұпай берді.
2023 жылдың қарашасында Neon компаниясы фильмді Солтүстік Америкада тарату құқығын сатып алды және оны 2024 жылдың 18 қазанында прокатқа шығаруды жоспарлап отыр.
## Марапаттар мен номинациялар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Анора (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
* Анора (ағыл.) Rotten Tomatoes сайтында
|
Тимур Русланұлы Турлов (1987 жылы 13 қарашада туған, Мәскеу) — қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding компаниясының негізін қалаушы және иесі.
## Өмірбаяны
Тимур Турлов 1987 жылы 13 қарашада Мәскеуде дүниеге келген.
### Білімі
Мектепті 2003 жылы бітірді.
2009 жылы Циолковский атындағы Ресей мемлекеттік технологиялық университетінің (МАТИ) экономика және менеджмент факультетінде экономист-менеджер мамандығы бойынша жоғары білім алды.
Федералдық қаржы нарығы қызметінің біліктілік сертификаты бар.
### Мансаптың басы
Турлов алғаш рет мектепте оқығанда қор нарығындағы инвестицияларға қызығушылық танытты.
2003 жылы мектепті бітірген соң, бірден ол World Capital Investments (WCI) американдық инвестициялық компаниясының мәскеулік филиалында жұмыс істей бастады. Ол трейдер болып жұмыс істеді.
2005 жылы Турлов американдық қор нарығында жұмыс істеу үшін «Юниаструм Банктің» еншілес құрылымы (Мәскеу) «Ютрейд.ру» компаниясына жалданды. Ол жетістікке жетіп, бөлімшенің американдық биржаларға қолжетімділігін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрды. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде «Юниаструм Банкін» Bank of Cyprus-ты сатты, ал Турлов жұмыс істейтін сауда-саттық бөлімшесі жабылып қалды. Тимур мен әріптестері білімдері мен тәжірибелерін өз компанияларын басқару үшін пайдалануға шешім қабылдады.
### Freedom Holding Corporation
2008 жылы Тимур Турлов американдық қор нарығына және брокерлік қызметтерге рұқсат беретін Freedom Finance компаниясының негізін қалады.
Турлов американдық бағалы қағаздарды белсенді сату арқылы бөлшек инвесторларды тарту есебінен бизнесті дамытқан.
2011 жылы Турлов отбасымен Қазақстанға көшіп келіп, екі жылдан кейін «Фридом Финанс» АҚ компаниясын ашты. 2024 жылғы жағдай бойынша бұл компания Қазақстан қор биржасындағы ең белсенді сауда-саттық қатысушысы болды.
2015 жылы Турлов Freedom Holding Corp-тың негізгі акционері болды. Осы брендпен ол Freedom Finance Investment Company, Freedom Finance JSC, Freedom24 және Freedom Finance Bank компанияларын біріктірді.
2015-2018 жылдары Freedom Holding еншілес компаниялары Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Германия және Кипрде ашылды. 2019 жылы Тимур Турлов акцияларды америкалық Nasdaq технологиялық биржасына орналастыру арқылы холдингті жария етті. Осылайша, Freedom Holding Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Nasdaq қор нарығында листинг алған алғашқы қаржы ұйымы болды.
2022 жылы Турлов Reuters агенттігіне берген сұхбатында Freedom Holding Corp. Ресей нарығынан кететінін мәлімдеді. Компания сол жылдың қазан айында Ресейден кетті.Сол жылы Турлов Қазақстанда өзінің Freedom экожүйесін іске қосатынын жариялады. Оған қаржы секторының компаниялары (брокерлер мен банк), сондай-ақ сақтандыру және тұтыну сегменттерінің өкілдері кірді.
Турлов Холдингі сондай-ақ Еуроодақ елдерінде және АҚШ-та брокерлік бизнесті белсенді дамытуда. 2024 жылғы жағдай бойынша Freedom Holding Corp. еншілес компаниялары әлемнің жиырма елінде бар.
### Жағдайы
2024 жылы Турлов Forbes Global 2000 тізімінде 972-ші орында тұр. Оның жағдайы $3,4 млрд. жетті. Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең бай адамдарының тізімінде 5-орынды иеленеді.
### Басқалары
Турлов Forbes журналының американдық нұсқасының шолушысы болып табылады.
Турлов 2023 жылдың қаңтарынан бері Қазақстан шахмат федерациясын басқарады.
2023 жылдың желтоқсанында Туризм және спорт министрлігі Тимур Турловты «Аккредиттелген спорт федерациясының үздік президенті» деп атап, оны мүсінмен марапаттады.
2024 жылғы мамырда Турлов су, экология, аштық және кедейшілік, инфрақұрылым, энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты трансшекаралық мәселелерді тиімді шешу үшін құрылған БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Жаһандық шартының Кеңес беру комитетінің төрағасы қызметіне кірісті.
### Жеке өмірі
Үйленген. Алты баланың әкесі.
2010 жылдары ол отбасымен Қазақстанға көшіп келді және қазір Алматыда тұрады. 2022 жылы Ресей мен Кариб теңізіндегі Сент-Китс және Невис төлқұжатынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алды.
## Дереккөздер
|
Ахмет немесе Ахмат, Еуропада Ahmed bin Küchük атымен белгілі (Urdu;Persian;Араб тілі: احمد خان بن کوچک) (туған жылы белгісіз — 6.1.1481) — Ұлы Орда ханы (1459 — 1481). Кіші Мұхаммед ханның ұлы.
Ахмет — Бату хан құрған ұлы мемл-тің тұтастығын сақтап, оның ыдырауына жол бермеуге, орыс кінәздіктерін бағынышта ұстауға көп күш салған. 1460 жылы Алтын Ордаға тәуелділіктен құтылуға ұмтылып, салық төлеуден бас тартқан Мәскеу кінәздігіне жорық жасады. Дешті Қыпшақтағы “көшпелі өзбектер” мемл-нің соңғы ханы Шейх Хайдарды Ноғай мырзалары мен Сібір хандығының көмегіне сүйене отырып талқандады. 1471 жылы Литва кінәздігінің Керей есімді елшісін қабылдап, Иван ІІІ-ке қарсы одақ құрады. 1472 жылы Ахмет ханның әскері Мәскеудің Алексин қақпасына жетіп, қаланы өртеді. 1477 жылы Мәскеумен одақтасқан Қырым хандығын жеңіп, оның тағына Жәнібек ханды отырғызды. 1480 жылы қазан айында Ахмет ханның әскері Ока өзенінің сағасы Уграға келіп тоқтады. А. хан алғашында өзеннің қатқан кезінде мұздан өтіп, шабуыл жасауға әзірленгенімен, қараша айының ортасында әскерін кері қайтарады. Осы оқиғадан кейін Мәскеу Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындамады. Ахмет хан Сібір ханы Ибақпен соғыста ұрыс даласында қаза тапты. Оның ұлдары хан тағына отырғанымен, Алтын Орданың құлдырауын тоқтата алмады.
## Дереккөздер
|
Елшат Жүнісұлы Расулов (өзб. Rasulov Elshod Yunusovich; 7 наурыз 1986, Қоқан, Ферғана облысы, Өзбек КСР) — Өзбек боксшысы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Орта салмақта өнер көрсетеді. Ол жаттықтырушы Нәби Байматовтың жетекшілігімен жаттығады.
2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында Өзбекстан құрамасының ту ұстаушысы болып сайланды.
## Жетістіктері
* 2004 жылы — жастар арасындағы әлем чемпионы.
* 2006 жылы — әскери қызметкерлер арасындағы чемпион.
* 2007 жылғы әлем чемпионатында Нунеске нокаутпен ұтылып, жүлдеге қол жеткізе алмады.
* Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің екі дүркін чемпионы.
* 2009 жылы Миланда (Италия) өткен бокстан әлем чемпионаты – күміс медаль. Финалда ресейлік Артур Бетербиевке есе жіберіп алды.
* 2011 жылы Бакуде (Әзербайжан) өткен бокстан әлем чемпионаты – қола медаль. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтен жеңіліп қалды.
## Марапаттары
* Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы (2007)
* «Мехнат Шухрати» ордені (2009)
* Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2021).
## Дереккөздер
|
Барақ Шүрекұлы, Көкжал Барақ (т.-ө.ж.б.) – батыр. Аңырақай, Бұланты, Шыңғыстау, Шаған, Шорға, Сібе шайқастарына қатысқан. Қабанбай қолының бір қанатын басқарған. Аягөз жазығы, Алакөл жағалауы, Шыңғыстау, Тарбағатай баурайында жоңғарларға қарсы ұрыстарда ерлігімен көзге түскен.
## Дереккөздер
|
Дайыр(т.ж.б. – 1786) – Орта жүз сұлтаны, Барақ ханның үшінші ұлы. 18 ғ-дың 70-жылдарының ортасында Орта жүздегі найманның төртуыл, арғынның қаракерей, қоңыраттың кейбір руларының старшындары Д-ды хан етіп сайлаған.
|
Мұртаза хан (туған және қайтыс болған жылдары белгісіз) – Шибан әулетінен шыққан сұлтан. Сібір ханы Көшімнің әкесі. Атасы Ибақ хан Әбілхайыр әулетімен жауласып, Сібірге кеткен. М. баласы – Көшім 1563 ж. Едігер Тайбұғыны өлтіріп, Сібірде билікке келді.
## Әдебиет
* Парунин А.В. Политическая история Тюменского ханства в 1430-1508 гг.: монография / А. В. Парунин. - Челябинск : Фонд содействия сохранению культурного наследия «Общественный фонд "Южный Урал"», 2023. - 247 с.
* Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.
|
Мәмбетқазиев Айдар Ережепұлы (орыс. Мамбеткази́ев, Айда́р Ереже́пович; 1965 жылы 7 қаңтарда Қазақ КСР Алматы қаласында туған) — Қазақстан-Американдық еркін университетінің – Халықаралық әріптестік университетінің ректоры. Білім және ғылымды ұйымдастырушы. PhD докторы.
|
Абылай Уәлибақыулы , қанішер Абылай (т. - ө.ж.б.) - 17 ғасырдыңдың басында Сауран мен Түркістанды билеген қазақ сұлтаны, батыр. Үргеніш өңірінде туған. Абылай (Әбілмансұр) ханның туған атасы, Жәдік әулетінен. «Батырлығымен, батылдығымен аты шығып, сол үшін де қанішер деген қаһарлы да құрметті атаққа ие болған кісі» (Ш.Уәлиханов). Абылай Уәлибақыұлы кейбір деректерге қарағанда, Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ руларының бір бөлігіне билік жүргізген. Ресей империясы қазақ хандығындағы саяси жағдайға барлау жасау мақсатымен және экономикалық байланыстар орнатуды көздеп, 1616 ж. Тобылдың дуан басы И.С.Куракинге Абылай Уәлибақыұлымен келіссөз жүргізуді тапсырды. Абылай Уәлибақыұлыға Сібірдегі орыс қамалдарына шабуыл жасаған қалмақтарға қарсы соғыс одағын кұру, оның есесіне қазақтарға Сібір қалаларындағы сауда-саттыққа емін-еркін қатысуға рұқсат берілетіндігі ұсынылады. Бірақ Ресей екінші жағынан қалмақтармен де астыртын келіссөздер жүргізіп, қазақтар жөнінде арандатушылық саясат ұстанды. Осы себепті және Бұхар ханы Имамкулидің 1612 ж. Түркістанга жасаған тонаушылық жорығы нәтижесінде Абылай Уәлибақыұлы мен орыстар арасындаты бұл кездегі қарым- қатынас нәтижелі болмаған. Абылай Уәлибақыұлы әкесі Уәлибақы, атасы Жәңгір хан, баласы Көркем Уәли сияқты қан майданда қаза тапты.
## Дереккөздер
|
Мадиярлар — Орта жүздің арғын, қыпшақ тайпасының құрамындағы ру. Тоқал арғын жауғашты ұрпағынан — алдияр, мадияр, құдияр тарайды. Мадиярлар
* ақбар
* айтқұл
* боз
* абыз
* шеру
* қаламбет деген 6 атаға бөлінеді.
1843 ж. Орынбор ведомоствосының дерегі бойынша құрамында 375 шаңырақ бар арғын-мадиярлар Торғай өзен бойын мекендеген. Ы.Алтынсариннің дерегі бойынша Сарықопа болысында 1869 ж. 277 мадияр отбасы болған. Ал қыпшақ-мадиярлар Ақмола округінде (55 отбасы) тұрғандығы архив деректерінде сақталған. Қыпшақ-Мадиярлар:
* сүлімалып
* көбікқалық (ақ көбік),
* мүйізді сарыабыз
* құлан қыпшақ
* бұлтың
* орыс
* төбет болып таралады.
Мадиярлардың дені Торғай өңірін, Ертіс бойын (Омбы, Кереку) және Ақмола аймағын мекендеген.
## Дереккөздер
* Қазақ энциклопедиясы
* Аристов Н.А., Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведение об их численностей, СПб., 1897;
* Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В., Қазақ шежіресі хақында, А., 2000.
|
Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясы (ҰТРК) — Қырғыз Республикасындағы телерадио хабарларын тарататын ең ірі корпорация. Ұйым «Улуттук биринчи канал», «УТРК Музыка», «Баластан», «УТРК Маданият», «УТРК Спорт», «Ала-Тоо 24» телеарналары, «Биринчи Радио», «Кыргыз Радиосу», «Миң Кыял FM» радиостанцияларын және 7 облыстық телерадиокомпанияны біріктіреді. Сонымен бірге корпорация құрамына Республикалық телерадиоорталық пен «Қырғызтелефильм» студиясы кіреді.
## Тарихы
Корпорация тарихы 1931 жылдан басталады. Сол жылы 20 қаңтарда Қырғыз радиосы ресми түрде ашылды. 1933 жылы Қырғыз АКСР Халық комиссарлар кеңесінің жанынан Радиофикация және радио хабарларын тарату жөніндегі комитет құрылды.
1957 жылы Қырғыз КСР Министрлер Кеңесі жанынан Теледидар және радио хабарларын тарату жөніндегі комитет құрылып, 1958 жылы Фрунзе телестудиясы жұмысын бастады.
1991 жылы комитет орнына Қырғыз Республикасының Мемлекеттік телерадиокомпаниясы құрылды. 1993 жылы ол Мемлекеттік ұлттық телерадио хабарларын тарату компаниясына, 1998 жылы Мемлекеттік телерадиокорпорацияға айналды.
Кейін 2003 жылы Ұлттық телерадиокорпорация, 2006 жылы Мемлекеттік телерадиокомпания, 2007 жылы қайтадан Ұлттық телерадиокорпорация болып өзгерді.
2010 жылы Сәуір революциясынан кейін Қырғыз Республикасының Қоғамдық телерадио хабарларын тарату корпорациясы болып өзгертілді.
2022 жылы Президент жарлығымен қайтадан Ұлттық телерадио хабарларын тарату корпорациясына айналды.
## Дереккөздер
|
Қаңлы — Ұлы жүз құрамына кіретін ежелгі түріктің руы (тайпасы) болып есептеледі.
Бұл рудың (тайпаның) этногенезі мен тарихы туралы жазба деректер аз емес. Олардың ішінде аумақты тұтас зерттеу орыс шығыстанушысы Н. Аристовтың еңбегі болып табылады. Онда аталмыш автор былай деп жазады: «Қаңлылар дулаттар тәрізді ежелгі түрік руы. Бәлкім, Авеста пен Махабхаратада Қаңқа деп еске алынатындар солар шығар.
Қытайлар біздің жыл санауымызға дейінгі бір жарым ғасыр бұрын Сырдариядағы, Зеравшан мен Әмударияның төменгі ағысындағы ұсақ отырықшы аймақтар бағынатын Кангюйдың ұлан-байтақ иелігіне кез болады. Кіші хандар дәуірінде (25-221 ж.ж.) Кангюй мен Қаңлылар Арал мен Каспий теңіздерінің аралығындағы аландарды биледі. 568 жылы Византия елшісі Земарх Дзивул түрік ханына келіп, бұл кезде Холиат аталатын түрік қаңлыларының жерін басып өтеді. XI ғасырда Мауараннахр мен Батыс Азияны жаулап алған селжұқтардың өздері қаңлы болмаса да, Рашид ад-Дин атап көрсеткендей, олардың әскерінің негізгі сүйегі қаңлылардан тұрды. Баласағұндағы соңғы қарлұқ билеушісі XII ғасырдың екінші ширегінде өзін қаңлы шабуылынан қорғау үшін Қарақиданның Гурханын шақырды.
Сұлтан Мұхаммед Хорезмшахтың қосынында Таластан келіп он мыңдаған Қаңлы қызмет етті. 1200 жылы Гинь елшісі Буксин Шыңғысханға келе жатқан жолында Мауараннахрда кездескен Қаңлы руының санын айтады. Плано Карпини құмандардан (қыпшақтардан) кейін Қаңлы елімен жүріп өтті. Рубрук та 1258 жылы бұл көшпелілердің (саngle) ата-жұртын басып, сапар шекті. Ақсақ Темірдің кезінде қаңлылар Сырдың оң жағасын жайлады, бірақ саны көп емес еді. Ғасырлар бойы ортасынан оңтүстік пен батысқа басым көпшілікті аттандырып отырды, өйткені Европаға құйындай тиген ғұндар мен қыпшақтардың жауынгерлері өздерімен бірге қаңлыларды ілестіре кетіп, барған сайын олар азайып, өз ата-жұрттарында билігі әлсіреп, шығыстан дулаттар мен солтүстіктен қыпшақтар қыспағына ұшырап, Сырдарияның орта ағысындағы жағалауларға ығысты. Қазақ-қырғыз одағына қаңлылар аз ру болып қосылады, себебі олардың көпшілігі Шайбани әулетімен Мауаранахрға кетіп қалған еді. Қырғыз-қайсақ хандары мен сұлтандарына жеке, сарай күзетшілері мен қосындардың басты құрамын (төлеңгіттерді) бере отырып, қаңлылар бүкіл қазақ даласына таран кетіп, қазіргі кезде жекелеген рулық топ ретінде тек Ташкент уезінде ғана кездеседі. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында, Н. Аристов көрсеткендей, қаңлылардың рулық тобы Ташкент төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Жетісу уәлаятының Қапал мен Верный уездерінде де қоныстанды.
Қаңлы руының тегі туралы орыс этнографы А. Харузин өз еңбегінде ғажайып аңыз мәлімет береді. «Қаңлы тайпасы...» бір кездерде Жалайырлар сияқты жеке ру болып өмір сүрді. Қаңлы атын, Рашид әд-Диннің айтуынша, Оғыз ханның (түріктердің атасы) өз туыстарымен күресінде оның жағына шыққан түрік рулары алды: олар «малды жегіп, өз қал-қадірінше арба жасады және түріктер арбаны қаңлы дейді» деп жазды ол. Қаңлылардың шығу тегі туралы Әбілғазы төмендегідей аңызды келтіреді: «Оғыз хан барып, татарларға тиді. Татар ханы сан мың әскерімен оған қарсы шықты; олар шайқасып, Оғыз хан кенет шабуыл жасап, оның (татар ханының) қолын быт-шыт қылды. Оғыз ханның қолына көп олжа түсті, оларды тиеп алып кетуге лау жетпейді. Олардың қасында қолы епсекті бір шебер кісі болып, ол ойланып-толғанып арба жасады. Оған қарап, бәрі де арба құрастырып, оған олжаны тиеп, бәрі үйіне қайтып келді. Арбаны «қаңлы» деп атады. Бұған дейін оның (арба) аты да, заты да болған емес, ол қозғалғанда қаңқ деп дыбыс шығаратын себепті оны «қаңқ» атады. Оны жасаған адамды «қаңқылы» деді. Бүкіл Қаңлы елі сол адамның үрім-бұтағы». Академик В. В. Бартольд те қаңлылар туралы құнды мағлұмат беріп кетеді: «Құмандар мен қыпшақтардың түйісуі, соңғылардың қаңлылармен жақын туыстығы күмән туғызбайды. XII ғасыр мен XIII ғасырдағы мұсылман жылнамашылары қаңлы мен қыпшақ сөздерін синоним ретінде қолданады. Егер кангюй мен қаңлы атауларын өзара жақындастыру мүмкіндігі болса, онда бір кезде түрік халқының ең батысын жайлаған ежелгі тайпа қаңлылар болып табылады».
Одан әрі оқымысты: «Бәлкім, қаңлылардың өнері шығар, қара қырғыздардың сөз саптауы қырғыз-қайсақтарға Енесай түріктерінің тіліне қарағанда әлдеқайда жақын тұрады». Қара қырғыз халқының құрамына енген қаңлы мен қыпшақтар туралы Аристов жазды, одан басқа Қаңлы жұртының мекені бір кезде қиыр шығысқа қарай созылып жатқаны жайында бірқатар тарихи деректер келтіруге болады. XII ғасыр басында қаңлылар қарлұқтармен бірге Баласағұнға қатер төндірді (Джувейни); XIII ғасырдағы Алмалықта құрылған түрік иелігін қаңлылар құруы да ғажап емес, ең ақырында Рашид ад-Дин қаңлылар Наймандар жерінде, Ертістің жоғары жағында тұрды деп көрсетеді. Қалай болғанда да, деп жазады С. Аманжолов, М. Қашқари (XI ғасыр) өзінің әйгілі еңбегінде қаңлыларды ру ретінде еске алмайды. Ол: «Қаңлы қыпшақтардың ұлы адамдарының бірі» деп жазады. Бұл тұжырым қыпшақтар мен қаңлылардың бірлігі туралы академик Бартольдтің ойына жан бітіреді, сондықтан қаңлылар хақында арнайы айтылмайтын шығар. Алайда, бұндай бірлік уақытша да болуы кәдік. XI ғасырдан кейін қыпшақтар мен қаңлылардың жеке өмір сүруі көп жайды аңғартады. Басқа қырынан қарағанда, М. Қашқари дәуірінде қаңлылардың көбісі Кіші Азияда болғаны себеп шығар дейтін ой келеді. Соңғы ұйғарым академик Гордлевскийдің зерттеулерімен пысықтала түседі, ол «оғыздан көп бұрын, елді түріктендіру жүрді. Қалаш, Қарлұқ, Қаңлы, Қыпшақтар көптен бері елдің түз тұрғындарын бағындырып жатты» деп жазады. Қаңлылардың мүлде жоғалып кетуі туралы әңгіме туыидамайтыны айқын. Махмұд Қашқари XI ғасырда ғұмыр кешкен қаңлылардан басқа, Қазақстанмен қоса, Орта Азияда өмір сүрген көптеген руларды суреттеп, қамти алған жоң. Дегенмен, басқа деректер бойынша қаңлылардың дені Қазақстан мен Орта Азияны өте ертеден мекендеп келеді. Бұл, біріншіден, Монғол шапқыншылары (XIII ғасырдың басы) Самарқанға тигенде бұл шаћарда 40 000 қаңлы мен парсы сарбаздары бар еді. Одан әрі Темір жорықтарында айтылғандай, олар Жошы Ұлысында Сырдария мен Талас арасында (Әбілғазы Баћадүр хан) ұшырасады. Қазақтардан басқа түркі халықтарының арасында қаңлылардың бар екенімен есептеспеуге болмайды. Мәселен, Алтай мен Енесай түріктерінің ішіндегі, сонымен қатар сақалар арасындағы кангаластарды өз қандастарынан өте ертеде бөлініп кеткен ежелгі қаңлылар деп қабылдамай отыра алмаймыз. М. Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихына қосымшалар» деген құнды, шағын еңбегінде қысқаша, бірақ толық қисынымен Қаңлы тарихын зерттейді.
Ол «Қаңлы қытайларға кангюй атымен б. д. дейінгі II ғасырда мәлім болды» деп жазды. Дау жоқ, Қаңлы Сырдария өзенін мекендеген түрік руы. Самарқан, Бұхара мен Хорезм өңірі де қаңлыларға бағынып отырды. Б. д. алғашқы жылдарында қаңлылар ғұндармен бірігіп, үйсіндер және қытайларға қарсы шайқасты. VI ғасырда қаңлыларда төрт дөңғалақты арба болды. X ғасырда қаңлылар арасынан Селжұқ әулетінің негізін салған Селжұқ деген әлдекім қара үзіп шығып, XII ғасырдың екінші жартысы мен XIII ғасырдың бірінші жартысына дейін Сырдарияның жоғары жағы мен Кіші Азияда билік құрды. XI ғасырдың басында бұл рудың халарлы атты бір бөлшегі Арменияға қоныс аударды, соның негізінде XIII ғасырда болашаң Осман империясының ұйытқысы құрылды. XII ғасырда қаңлылар Шу өзенінің бойында ұшырасады. X ғасырда Мауараннахрды баса-көктеген түріктердің ең көбі қаңлылар еді. Содан бастап, Мауараннахр Түркістан деп аталады. Хорезмшах (Мұхаммед Хорезмшах) дәуірлеп тұрғанда, Түркістанда қаңлылардың дегені жүріп тұрды; Хорезмшахтың анасы Түркен-қатын қаңлыдан шыққан болатын. Отырар қамалының әміршісі Қайыр хан оның жиені. Хорезмшахтың Шыңғыс-ханға қарсы қойған басты күші қаңлылар болыпты. XIII ғасырда Плано Карпини мен Рубрук қаңлылар жерімен өтіп, олардың ңонысын Сырдарияның төменгі ағысы мен Қарақұмда кездестірсе, Темір жорықтарынан біз олардың XIV ғасырдың аяғында Жошы ұлысының бір бөлігін құрап, Сырдария мен Талас арасында көшіп жүргенін түсінеміз. XVII ғасырдың басында Ташкент уезінде тұратын қаңлылар мен қатағандарды Тұрсын хан жеке билеп-төстеді. 1629 жылы «Еңсегей Бойлы Ер Есім» оңтүстік өңірдегі қазақтарды тонағаны үшін Тұрсын ханды өлтіріп, қаңлы мен қатағандарды қуғындады. Олардың бір бөлігі Сырдың арғы бетіне бас сауғ алап, қалғандары «Шанышқылы» атымен қаңлыларға қосылды. В. Востров өз еңбегінде қаңлылардың ежелгі тайпа және олардың түркі тілдес екенін үзілді-кесілді мойындап, көрсетілген деректер негізінде рудың қысқаша тарихын шолып, ол не себептен екені белгісіз, Қаңлы руының аталық құрамы жөнінде ешқандай мәлімет бермейтіндігі рас.
Қаңлы руының этногенезі мен этникалық тарихы, тайпалық құрылымы мен ерекшеліктері туралы академик Әбдуәли Туғанбайұлы Қайдаровтың Қазақ энциклопедиясында мақаласы жарияланған. Бұл мақаланы жазу үстінде ол жоғарыда көрсетілген және көрсетілмеген лингвистикалық деректерді мұқият зерттеген. Ә.Қайдаров Н.Аристов және басқалардың ізін алып, басқа мағлұматтарда кездеспейтін Қаңлы руының тайпалық құрылымын беріп, қысқаша тарихына тоқталып, олардың ежелгі түркі тілдес екенін салмақты дәлелдейді. Ә. Қайдаровтың тектану кестесінде қаңлылардың атасы Майқы би болып саналады. Қаңлы руы Сары-қаңлы мен Қара қаңлы болып екіге бөлінеді, оның үстіне Сырдария мен Жетісу қаңлылары да осылай жіктеледі. Ұлы жүз Төбейден таратсақ, одан Байтерек, одан Қаңлы, одан Қанқөжек, Келдібек. Келдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен Қара қаңлы ұрпақтары өрбиді. Сырдария қаңлылары Сары қаңлы (олар бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям) мен Қара қаңлы (олар 6 ата: Тоғызбай, Оңбай, Тоғанай, Бақа, Батырақ, Қара). Жетісу қаңлылары да Сары-қаңлы (бес ата: Әлсейіт, Түрке, Шоқпар, Құйысқансыз және Шанышқылы) мен Қара қңаңлы (6 ата: Ерезен, Қаспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа) болып тарайды. Бұл ата-текті салыстырып, Ә. Қайдаров Жетісу қаңлыларының атасы Сырдария қаңлылары болып табылады деген дұрыс қорытындыға келеді. Біздің зерттеулеріміз де соған сәйкес. Жетісуда қоныстанған қаңлының кейбір рулық тобы «Ақ қаңлы» және «Қызыл қаңлы» деп те бөлінеді, соңғылары Сары қаңлының бір тармағы Телқожа атасының ұрпақтары болып есептеледі. Сонымен қатар Ә. Қайдаровтың «Сары-қаңлы», «Қара-қаңлы», «Аққаңлы», «Қызыл-қаңлы» этнонимдерінің бірігу салдары туралы пікірі де орынды. Ол әлгілер ата-бабаларының өз есімдері түр-түсі мен киіміне байланысты емес деп санайды. Бәрінен бұрын бұл қырғыздағыдай кейбір рулардың «сол қанат» пен «оң қанат» аталатын бір-бірімен қатысты географиялың орнын анықтайды. Жоғарыдағы деректерге сүйеніп, Қаңлы руының этногенезі мәселелерін қозғап, оларды ежелгі кангюй-түріктердің тікелей тұқымы деп санаймыз.
Қаңлы руының шығу тегі туралы әлгі авторлар пікіріне қарама-қарсы тұжырым да айтылып қалады. Мәселен, белгілі этнограф, Т. А. Жданко біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдағы кангюларды XIXII ғасырдан кейін пайда бөлған қаңлылармен түйістіру дұрыс емес деп есептейді. Одан әрі ол кангюлер «тек қана қаңлылар ғана емес, ертедегі этникалық қабат» деп түсіндіреді. Қаңлылардың тілдік тәуелділігіне тоқтап, «Арал маңындағы тұрғындар қыпшақтар этногенезінің негізіне жатады «оларды түркілендіру тек біздің дәуіріміздің IV-VIII ғасырында жүрді, сондыңтан ежелгі кантюлерді түркі деп атауға негіз жоқ» деп түйеді. Бұл автордың көзқарасын толық сыйлай отырып, деп жазады В. Востров, ежелгі кангюлер мен қаңлылардың этникалық астасуын көрмеу дұрыс емес деп есептейміз. Ондай ұласулар сөз жоқ болды. Шьш мәнінде біз қаңлылардың Орта Азия мен Қазақстанның қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының саяси және этникалық тағдырында маңызы ерекше екенін білеміз. Т. А. Жданко пікірінше, XI-XII ғасырдан бұрын пайда болған аздаған қаңлы ру-тайпалың бірлестігінің қолынан ондай әлеуетті тіршілік келер ме екен? Оның үстіне Әбілғазы көрсеткендей, бұл қаңлылардың басым көпшілігін Шу мен Талас өңірінде монгол басқыншылары талқандап жіберген болатын. Бұл жерде біз кейінгі уақыттағы қаңлылардың этникалық негізін құрайтын ежелгі әрі саны көп (20 мың шаңырақ) кангюй халқымен тоқайласып отырмыз. Біз В. Востровтың ежелгі кангюйлер мен қаз іргіқаңлылардың терең жалғастығы бар деген толық дәлелі бар дәйектемесін құптаймыз. Әдеби деректерден тыс Қаңлы руының ата-тегінің кестесін жасауға өзіміздің зерттеуіміз көмектесті. Қаңлылардың шығу тегі туралы бізге мәлімет берушілеріміз де құнды мағлұматтар берді, олар: Талдықорған облысы, Қоғалы ауылының тұрғыны, 1906 жылы туған (Жалайыр) Әбілқасым Жантайлақов; Алматы облысы, Шелек ауданы Қызылжиде кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Қаңлы) Нұрыш Нүсіпов; сол кеңшардың тұрғыны 1938 жылы туған (Қаңлы) Стан Мұқашев; Алматы облысы, Шелек ауданы Ащысай кеңшарының тұрғыны 1924 жылы туған (Найман) Файзолла Балмағанбетов; Алматы облысы, Шелек ауданы, Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты), Қожахмет Кәрібаев аз көмектескен жоқ.
Бұлардың ішінде қолында жазба шежіресі бар білгірлер, әрине, болған жоқ, соған қарамастаи олардың әрқайсысы есте қалғандарымен Қаңлы туралы едәуір мәліметтер берді. Әйтсе де, көптеген рулар, аталар мен топтар туралы толық тектану кестесін бере алған жоқпыз (№ 11 ңосымшаны қараңыз). Ұлы жүздің Төбей деп басталатын шежіресінде, қайталап айтамыз, Төбейден Бәйтерек, одан Қаңлы, одан Қанкөжек, одан екі әйел алған Келдібек аталады. Бірінші қосағы Сары бәйбішеден Сары қаңлы ұрпақтары, ал екінші әйелінен (әлде бір хан қызынан) Қара қаңлы аталары өніп-өсті. Бұл әрбір төп тіршілік ету аясына байланысты екіге бөлінеді. Мәселен, Сары қаңлылар да, Қара қаңлылар да Сырдария және Жетісуда екі атадан тұрады. Сырдарияның Сары қаңлылары бес ата: Ақбота, Ақынқожа, Телқожа, Омыртқа, Миям; Жетісудың Сары қаңлылары 6 ата: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Сырдарияыың Қара қаңлысы 6 ата: Тоғызбай, Онбай, Тоған бай, Бақа, Бадырақ, Қара; Жетісудағылар да 6 ата: Ерезен, Қоспан, Еңке, Танта, Оразымбет, Бақа. Бұл тізімнен Қызыл қаңлы мен Қаңлы рулық құрылымын қоспағанда, жоғарыда көрсетілген төрт топтан 23 ата тарайтынының өзі бұл тайпалардың бұрын көптігін көрсетеді. Ә. Қайдаров та алғашқы бірінші буындағы аталар 22-ге жетеді. Ә. Қайдаров деректері мен біздің зерттеуіміздің айырмашылығы тек Жетісу Сары қаңлыларының этникалық жағдайына саяды. Оның Жетісу Сары қаңлылары бес атадан: Әлсейіт, Шоңпар, Түрке, Құйысқансыз, Шанышқылыдан тұрса, біздіңше олар 6 атадан құралыпты: Әлсейіт, Ақбарақ, Құйысқансыз, Бозым, Ешкілі, Шанышқылы. Біздің дерегіміз бойынша, Ақбарақтан Шоқпар, одан Түрке, демек, бұнда айрықша қайшылық жоқ. Қаңлының бұл 23 атасы туралы түтел ата-тегінің кестесін жасадық. Кестеден көрінгендей, біз онда Шанышқылы, Онбай, Ерезен, Қоспан аталары, әсіресе, бүгінге дейінгі Жетісу Сары қаңлыларына кіретін Ақбарақ руының таралу тегін мәлімет беруші 1938 жылы туған Стан Мұқашевтан жазып алып, толық келтіріп отырмыз. Оның айтуынша, оны түпкі атасынан 12 ұрпақ бөліп тұр.
Біздің басқа бір мәлімет берушіміз 1905 жылы туған Нұрыш Нүсіпов өз атасы Ерезеннен бастап, тікелей тұқым қуалап, өз баласына дейін жеті ата өтті деп есептейді, біздіңше, бұл жеткіліксіз болып көрінеді, өйткені Ерезен Ақбарақпен бірдей бірінші ата, одан бері 12 ұрпақ ауысқан. Сонымен, біздің Қаңлы руының тегі туралы жасаған кестеміз мүлде толық болмаса да, ол айқын суретті көз алдыңа келтіреді. Көне түріктен бір кездегі қуатты Қаңлы руы ғасырлар бойында көптеген тарихи оқиғаларды бастан кешіріп, бізге дейін бірсыпыра түрік халықтары: қазақ, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, башқұрт және басқалардың құрамында жеке этникалық топ болып жетіп отыр. Қаңлылардың жауынгерлік ұраны «Бәйтерек», «Айрылмас» (Аристов, Аманжолов, Тынышбаев, Қайдаров бойынша), ал рулық таңбасы жоғарғы деректерде I (көсеу таңба). XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қаңлы руының аталары Жетісу уәлаяты Қапал мен Верный уездерінде, Сырдария уәлаяты Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде қоныстанып жүрді. XIX ғасырдың аяғында Н. Аристов Қаңлының шағын тобы Верный уезінде (300 үй) кездесетінін хабарлайды (Қайдаров). Әулиеатада 350 үй (Мұқашев), Шымкентте 478 үй (Гродеков), Ташкент уездерінде 1650 үй (Мұқашев) мекендеді. Ол тағы бір тұста қаңлылар мен шанышқылардың жалпы саны 10 000 үй болды деп көрсетеді. Ә. Қайдаров Қазақ энциклопедиясында 1885 жылы Ташкент уезінде құрамалардың 24 400 түтіні болып, олардың ішінде қаңлылар мен шанышқылылар 14 мың түтін екенін айтады. М. Тынышбаев өз еңбегінде қаңлылар мен шанышқылардың 1917 жылғы жалпы санын уездер бойынша береді. Мәселен, Ташкент уезінде 160 мың жан, Әулиеатада 20 мың жан, Верный уезінде 10 мың жан өмір сүрген. Жоғарыдағы үш уезде барлығы 190 мың жан тұрып жатты.
Жетісу уәлаятындағы каңлылар Қапал мен Верный уездерінде қоныстанды. Сойтіп, Қаңлы руының үш атасы Қапал уезінің жерінде Алтынемел тауларын қыстады. Қызыл қаңлы руының қауымы Арқарлы, Қоғалы, Байжанбастау, Мамырханбастау мен Дөненбайбастау шатқалдарында қоныс тепті. Қапсан қаңлы руы Қарабастау, Қасқажол, Құмалақты мен Майбұлақ қойнауларын жерсінді. Бадырақ қаңлы Құрөзек, Пішен сай, Шөладыр, Қоянкөз, Ұзынбұлақ, Майтөбе мен Манас маңайын жайлады. Бұл аталардың көктеуі мен күзеулері өздері жеке пайдаланатын жердің төңірегінде жатты. Ол мекенге жаңын тұста Шетенсай, Үшбұлақ, Қарағайлыбасы мен Доланалы шатқалдарында жайлауы орналасты. Жетісудың өзге қаңлылары Верный уезінің шығыс жағындағы Албан руы Сегізсарылармен, батыста Іле өзенінің сол жағасындағы Шапырашты руының Шыбыл аталарымен қоян-қолтық тұрып жатты. Сырдария қаңлыларының аздаған тобы Әулиеата уезінің Талас өзенінің алқабында, Шымкент уезінің Арыс және Келес өзенінің құйылыстарында қоныстанды. Бұл өлке қаңлыларының көпшілігі Сырдың орта ағысындағы Ташкент уезінде орналасты. Сырдария қаңлыларының негізгі шаруашылығы суармалы егіншілік болды, ал жетісулықтар егін салса да төрт түлік өсірумен шұғылданды.
## Тұлғалар
|
Сұлтанхан Аққұлұлы Жүсіп (1 тамыз 1962, Түркістан) — әлихантанушы-ғалым, халықаралық журналист, филология ғылымдарының кандидаты, "Алаш" ғылыми-зерттеу институтының директоры.
## Қызметі
1990 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университернінің филология факультетін бітірген.
Ауғанстанда әскери борышын өтеген.
Алматыда өрт сөндіру қызметінде, Политехникалық институттың зертханасында, Ақтауда кәсіптік-техникалық училищеде жұмыс істеген.
1990-1995 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер.
1995-1996 жылдары Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында кафедра меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер.
1995 жылдан бастап Прагадағы "Азаттық" радиосының тілшісі.
1997-2000 жылдары "Азаттық" радиосының Астанадағы бюро директоры.
2000-2001 жылдары Астана қаласы әкімінің пресс-хатшысы.
2001-2002 жылдары "Қазақстан-Заман" газетінің Астанадағы корреспонденті.
2002 жылдан бастап Прагадағы "Азаттық" радиосының тілшісі.
1991- 1994 жылдары Сұлтанхан Ресей мұрағаттарынан Ә.Бөкейханға қатысты мол мұра тапты. Осыдан әлихантанудың жаңа беті басталып, зерттеулер жаңа дем алады. Кейіннен Сұлтанхан Аққұлұлының бастамасымен Әлихан Бөкейханның 15 томдық жинағы жарық көрді.
1995 жылы қазақтың көсемі - Әлихан Бөкейханның шығармашылығы мен қайраткерлік еңбегі бойынша кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жұмысының толық мәтіні «Жұлдыз» журналында 1996 жылы жарияланды.
## Дереккөздер
|
Қаракөз Ақжігітқызы Ақдәулетова (3.3. 1956, Сырдария ауданы Иіркөл а. - 03 шілде 2020) – әнші, ұстаз. Қазақстанның еңбек сіңірген артисті (1996).
## Өмірбаяны
* Қызылорда педагогикалық институтын (1977) бітірген.
* Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор Б.Төлегенованың класы бойынша) бітірген (1985).
* 1985 жылдан Қызылорда музыка училищесінде «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі.
## Шәкірттері
Ақәулетова тәжірибелі ұстаз. Ол басқаратын балалар студиясының шәкірттері дүниежүзінің Эстония (1996), Түркия (1997), Франция (1998), Армения (2000), Болгария (2000, 2005), Қырғызстан (2001), Ресей (2001), Америка (2003), т.б. елдерінде еткен өнер сайыстарында жүлделі орындарға ие болды.
* «Super Star KZ» мегапроектісінің алғашқы жеңімпазы А. Кішкенбаев та Ақәулетованың шәкірті.
## Марапаттары
* Білім және ғылым министірлігінің Құрмет грамотасы (1997)
* Президенттің алғысхаты (2001).
## Дереккөздер
|
Серік Оспанов:
* Серік Кәрібайұлы Оспанов (1957 жылы туған) — ҚР еңбек сіңірген әртісі;
* Серік Жәмекұлы Оспанов (1964 жылы туған) — инженер-механик, Ақтау қаласының əкімі;
* Серік Рәпілбекұлы Оспанов (1949 жылы туған) — ғалым, ауыл шаруашылығы ғылым докторы;
* Серік Сәрсенғалиұлы Оспанов (1939 жылы туған) — физика-математикалық ғылым докторы (1997), профессор (1998).
|
Асу Абайұлы Алмабаев (25 қаңтар 1994, Жаңаталап ауылы, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан) — қазақ аралас жекпе-жек жауынгері UFC демеушілігімен аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. М-1 аса жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы. Сондай-ақ Absolute Championship Akhmat, AMC Fight Nights Global, BRAVE Combat Federation, M-1 Global және т.б. жауынгерлік ұйымдардың турнирлеріне қатысуымен танымал.
## Өмірбаяны
Асу Алмабаев 1994 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ұлы жүздің Ысты руынан шыққан.
Жастайынан ұлттық күрес — қазақ күресімен айналыса бастады. Асу бесінші сыныпта оқып жүргенде, оның отбасы Алматы қаласына көшіп, сол жерде Асу басқа спорт түрлерімен — бокс, каратэ, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсумен айналыса бастады. Көптеген жаттығулардың арқасында ол өзінің қолынан ережесіз ұрыс (ММА) жақсы келетінін түсінді.
Он жасар Асу Алматыға көшіп келгеннен бері ата-анасының шағын сауда нүктесі болған «Алтын Орда» базарында жұмыс істеді. Асу 23 жасына дейін базарда жұмыс істеп, кейін спортты таңдап, кәсіби түрде өнер көрсете бастады.
### Лақап аты
Өзінің мансабының басында Асудың досы әзілдеп ойлап тапқан «Братан» деген лақап аты болды. Алмабаевты «Торнадо» деп те атаған. Кейінірек Асу кітап оқып, оған Мұхаммед пайғамбардың қылышы — Зұлпықар (семсер) туралы әңгімесі ұнап, жауынгер осыны алуды шешіп, тек осы лақап атпен өнер көрсетуді жалғастырады.
### Кәсіби мансабының басы
22 жасында Асу жеңіл салмақта (61 келі) «Alash Pride Selection» халықаралық бас жүлдесінің жеңімпазы атанды. 2013 жылдың 1 маусымында Алмабаев Мәскеуде кәсіпқой аралас жекпе-жектен Rod Fighting – Shield and Sword 4: Russia vs. Kazakhstan турнирінде дебют жасады. Ресейлік Вадим Бусеевпен жекпе-жек қазақстандық үшін оңай болған жоқ, бірақ төрешілердің бірауыздан дауыс беруімен жеңіске жетті.
2016 жылы қазақстандық Краснодарда өткен «Оңтүстік майдан-3» турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 57 келіге дейінгі салмақта Асу Олег Эрикпен кездесті. Жекпе-жек бірінші раундта аяқталды.
Бір айдан кейін тағы бір қызықты жекпе-жек болды. Енді бұл кәсіпқой мансабындағы дебюттік кездесуі болған Ғаламырза Айвазов Үфіде қазақстандыққа қарсы шықты. Ол қарсыласының шабуылын сабырмен қарсы алып, жауап беруді ұмытпады. Бірінші раундтың аяқталуына бір минуттан астам уақыт қалғанда Айвазов қарсыласының аяғын бас салып, оны жерге жатқызып үлгерді. Алайда ресейлік өзіне ең тиімді жағдайды орнатуға тырысып жатқанда, Алмабаев оны ауырту тәсілінде ұстап алып, бірінші раундтың шамамен 3 минут 41 секундында жекпе-жекті лезде аяқтады.
Осы жекпе-жектердің арқасында Асу Алмабаев болашағынан үміт күттіретін жауынгерге айтылды. Көп ұзамай ресейлік Fight Nights ұйымы спортшыға әріптестікті ұсынды. Бұл қазақстандық үшін аралас жекпе-жек әлемінде жаңа мүмкіндіктерді ашты.
2017 жылы күрескер ақыры базардағы жұмысын тастап, тек жаттығуға көңіл бөлді. 2018 жылдың желтоқсанында Асу М-1 лигасында өнер көрсете бастап, Шавкат Рахмонов пен Хадис Ибраһимовпен бір картада жекпе-жек өткізді.
2019 жылы M-1 Challenge 105 турнирінде Асу канадалық Крис Келадесті жеңіп, аса жеңіл салмақта уақытша чемпион атанды.
2020 жылы Алматыда өткен Naiza Fighter Championship 27 турнирінде Асу Абайұлы қазақстандық Дархан Сқақовқа қарсы ұрыста NFC аса жеңіл салмақтағы белбеуін жеңіп алды. Ол тұншықтырғыш тәсілімен жеңді.
### Brave CF мансабы
2021 жылы Алмабаев Таяу Шығыстағы ең ірі MMA промоушені BRAVE Combat Federation келісімшартқа отырды. 15 айда Асу Brave CF турнирінде төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, ең жақсы нәтиже көрсетті. 2022 жылы қазақстандық Brave CF турнирінде жыл күрескері болып танылды. Көп ұзамай спортшыға титулдық жекпе-жек пен жаңа келісім-шарт ұсынылды, бірақ Асу келіспеді, өйткені алда одан да қызықты келешек — UFC-ге қатысу күтіп тұрды.
### UFC мансабы
2023 жылдың сәуір айында Асу Алмабаев ресми түрде UFC-мен келісімшартқа отырды. Қазақстандықтың әлемдегі ең үздік промоушендегі алғашқы қарсыласы ямайкалық Оди Осборн болды. Қарсыластар 2023 жылдың 5 тамызында UFC on ESPN 50 турнирінде жекпе-жек өткізді. Бұл жекпе-жек Нашвиллдегі жекпе-жек кешінің кардын ашты. Раундтың бірінші минутында қазақстандық тамаша оң жақ оверхенд (бокс) көрсетті, кейіннен сәтті тейкдаун жасап, гардта белсенді жұмыс істей бастады. Бес минуттық кезеңнің соңында «Зұлпықар» тұншықтыру әдісін жасады, бірақ гонг Алмабаевқа ісін аяқтауға мүмкіндік бермеді.
Асу екінші раундты дәл тиген оң жақ хай-киктен бастап, тұрыстан қарсыласынан басым түсті. Қазақстандықтың қысымы өз жемісін беріп, қарсыласын қайтадан төсенішке жатқызып, ямайкалықтың арқасын ұстап, тұншықтыру әдісін жасады. Үшінші минуттың соңында Осборн Алмабаевтың қысымынан берілуге мәжбүр болды.
Турнир соңында бес жауынгер кештің ең жақсы өнер көрсеткен үшін $50 000 бонус алды. Олардың қатарында Асу Абайұлы та болды.
## Титулдары мен жетістіктері
Джиу-джитсу
*
Джиу-джитсудан әлем чемпионы
*
Combat Jiu-Jitsu Азия чемпионатының алтын жүлдегері
*
Combat Jiu-Jitsu Қазақстан чемпионыAlash Pride Selection
* Жеңіл салмақтағы халықаралық Бас жүлде жеңімпазы (2017 жылы)
M-1 Global
* Аса жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы (2019 жылы)
Naiza Fighter Championship (NFC)
* NFC аса жеңіл салмақтағы чемпионы (2020 жылы)
BRAVE Combat Federation
* Жылдың үздік сабмишены (2021 жылы)
* Жылдың үздік күрескері (2022 жылы)
Ultimate Fighting Championship
* ESPN 50-де UFC-де Оди Осборнға қарсы (2023) ұрыста «Кештің ең жақсы нәтижесі үшін» бонус
## Кәсіби ММА бойынша статистикасы
## Дереккөздер
|
Марат Даңғылұлы Ильясов ("1959 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ ауылында туған") – Композитор-Әнші, Професор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Кавалер ордена «ҚҰРМЕТ» РК, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық Республикалық композиторлар конкурстарының лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамы басқармасының мүшесі.
## Өмірбаяны
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
* Өнер институты (Композитор-Әнші) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы.
* «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша. Біліктілігі: мемлекеттік қызмет менеджері.
* Еңбек жолын Қазақ теледидарында редактор болудан бастаған.
* Қазақ радиостудиясының директоры ретінде жалғастырды.
## Шығармашылығы
М.Ильясов ең алғашқы әнін Мұзафар Әлімбаевтың «Айнұр құсты аяйды» деген өлеңіне 11 жасында шығарды. Мұнан кейін балалық шақтың әсерінен туындаған:
* «Кең мекенім»
* «Құстар келді»
* «Егеменді елім-ай»
* «Ана тіл - Дана тіл»
* «Шілде»
* «Кел көктемім» атты әндерін дүниеге келтірді.
Лирикалық сазды әуендер санатына жататын:
* «Мен саған өкпелемеймін»
* «Құштарым сен»
* «Сүйіктім»
* «Арманға бірге барайық»
* «Аққуымды аяла»
* «Сені ойладым»
* «Мерекем сен»
* «Бір өкініш, бір үміт»
* «Қимас қалқам»
* «Ақ ботам»
* «Алтынай»
* «Сұлуым»
* «Сезім»
* «Казақы дастарқаным»
* «Мен - қазақпын»
* «Анама»
* «Әкеме» сияқты әндері М.Ильясовті кең танымал композитор санатына жеткізді.
* «Ерлікке ескерткіш»
* «Балуан Шолақ туралы терме - толғауы» сазгердің философиялық, азаматтық үлгіге кеңінен құлаш сермегендігін көрсетеді.
## Кітаптары мен әндер жинағы
* 1988 ж. «Мерекем сен» деген атпен әндер жинағы мен жеке күйтабағы шыкты.
* 1990 ж. «Өнер» баспасынан «Аққуыңды аяла» атты әндер жинағы жарық көрді.
* 1994 ж. «Марат Ильясовтын әндері».
* 1996 ж. «Марат Ильясовтын әндері».
* 2000 ж. «Сұлуым» әндер жинағы.
* 2002 ж. «Алтынай» әндер жинағы.
* 2011 ж. «Достарым» әндер жинағы.
## Дереккөздер
|
Айвалық мармелады — айва жемістерінің целлюлозасынан жасалған тәтті, өте қою масса. Португал тілінде оны жай ғана «marmelada» («marmelo» — «айва») деп атайды. Дәл осы өнім орыс тіліндегі барлық басқа мармеладтарға атау берді.
## Тарихы
Рецепт ежелгі шыққан болуы мүмкін; көзқарасы бар, оған сәйкес ол бұрыннан римдіктерге белгілі болды және римдік Сирия провинциясында өндірілді. Рим империясы құлағаннан кейін Пиреней түбегі – Испания мен Португалия айва мармеладын өндіру мен тұтыну орталығына айналды. Англиямен ұзақ және тығыз байланыста болған Португалиядан «мармелад» сөзі осы елге келді, онда ол цитрустық джемнің ерекше түрін білдіреді (және әлі де білдіреді). Орыс тілінде «мармелад» сөзі басқа тілдерге қатысы жоқ бірнеше өнім түрлеріне тарады.
Испания мен Португалиядан айвалық мармелады отарланған Латын Америкасына келді, онда ол Аргентина мен Уругвай сияқты елдерде кеңінен танымал болды. Климаты айва өсіруге аз қолайлы елдерде испандар мен португалдар гуава жемістерінен сүйікті айвалық мармеладының аналогын жасады — гоябада.
## Дайындық
Айвалық мармелады айва жемістерінен жасалады. Жемістер қабығынан тазартылып, өзегі аршылады, айва целлюлозасының килограммына 500-1000 г қант мөлшерінде аз мөлшерде су мен қант қосып қайнатады. Бүгінгі күні бұл үшін үйде қысымды пеш жиі қолданылады. Қысымды пеште мармелад ашық кірпіш түсіне ие болады, ал кәдімгі кастрюльде ұзақ пісіргеннен кейін ол қара кірпішке айналады. Осыдан кейін мармелад бірнеше күн бойы сақталады, содан кейін ол өзінің пішінін ұстап тұру үшін салыстырмалы түрде қатты және тығыз болады. Мармеладтың дәмі тәтті, бірақ аздап тұтқыр.
Айвалық мармелады көбінесе төртбұрышты блоктарда сатылады, содан кейін олар жұқа тілімдерге кесіліп, тосттар немесе бутербродтардың үстіне қойылады. Айва мармеладын таңғы асқа нанмен, сондай-ақ түскі ас кезінде, жеңіл тамақ немесе десерт ретінде әр аймаққа тән ірімшіктің белгілі бір түрлерімен (мысалы, тетиля ірімшігі және Бургос ірімшігімен ) бірге жеу танымал. Айвалық мармелады әртүрлі пісірілген тағамдарға толтыру ретінде де жиі қолданылады. Осылайша, пасафрола, Аргентина, Уругвай және Парагвайда кең таралған тәтті бәліш, кростатаға ұқсас, әдетте айвалық мармеладымен толтырылады.
## Аймақтық варианттар
Айвалық мармелады испан және португал тілдерінде сөйлейтін елдерде ең маңызды болғанымен, ол ең танымал тағамдардың бірі болып табылады, ол олардың шекарасынан тыс жерлерде кеңінен таралған.
Осылайша, Провансте айвалық мармелады (pâte de coing) Рождествода дәстүрлі түрде ұсынылатын 13 десерттің бірі болып табылады.
Сербияда, әсіресе Воеводинада, сонымен қатар континенттік Хорватияда, яғни Славонияда айвалық мармелады да кеңінен танымал. Мұнда ол «kitn(i)kes» — немісше «Quittenkäse» деп аталады. Воеводинада айвалық мармелады кейде ұсақ үгітілген грек жаңғағы, фундук немесе асқабақ тұқымын қосып дайындалады. Кейде бұл жерде қант бірдей мөлшерде линден балымен ауыстырылады.
Мажарстанда айва мармелады «биршалмашайт» (сөзбе-сөз «айвалық ірімшігі») деп аталады және аз мөлшерде лимон қабығынан, даршыннан немесе қалампырдан дайындалады және оған жаңғақ жиі қосылады. Венгр ботанигі Питер Мелиус Юхаш 1578 жылы айва ірімшігін (мармелад) емдік қасиеті бар жеміс-жидек препараты ретінде атаған.
Молдова мен Румынияда айвалық мармелады китоноагэ деп аталады.
Айвалық мармелады Италияда («cotognata» деген атпен) бар, бірақ Испаниядағыдай маңызды емес.
Айвалық ірімшігі, 18 ғасырдағы Жаңа Англияның ерекшелігі, француз котиньякуна ұқсас қатайтылған күйге жету үшін күні бойы қайнатуды қажет етті.
Айвалық мармеладының ең жақын ресейлік аналогы — пластикалық алмалық мармелады. Балтық елдерінде алмалық ірімшігі деп аталатын ірімшік кең таралған: қатты дерлік алма мармелады, көбінесе грек жаңғағы қосылған, Венгрия мен Воеводина айвалық мармеладына өте ұқсас.
Айвалық мармелады еуропалық асханадағы ең көне тағамдардың бірі, бәлкім, Закавказьеде, Пәкістанда және Таяу Шығыста кең таралған айвалық джемінен шыққан болуы мүмкін. Рим делдалдығы арқылы ол Жерорта теңізіне тарады.
Айвалық мармелады еуропалық аспаздық дәстүрлер мен тілдерге айтарлықтай әсер етті. Алайда, ол бірте-бірте Пиреней түбегінен тыс көптеген еуропалық елдердің асханасында өз орнын жоғалтып, испан және португал тіліндегі мәдениеттің белгісіне айналды.
## Әдебиеттер
* Inés Butrón Parra, (2009), Ruta gastronómica por Andalucía, primera edición, Ed. Сальса.
* Росс, Марджори (2001). Entre el comal y la olla: гастрономияның негізгі тағамдары. Сан-Хосе, Коста-Рика: UNED. бет. 46, 55, 88, 91 ж 105. ISBN 9789968311281.
## Тағы қараңыз
* Айвалық наны
|
Ақсай (2024 жылға дейін — Междуреченское) — Алматы облысы Іле ауданындағы ауыл, Ақсай ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Аудан орталығы — Өтеген батыр ауылынан батысқа қарай 25 км-дей жерде.
## Халқы
## Тарихы
1954 — 97 жылдары Қаскелең (қазіргі Қарасай ауданы) ауданындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1996 — 97 жылдары Междуреченскоеде және округке қарасты Екпінді, Жауғашты ауылдарында “Тауарлы сүт фермасы”, Қаскелең Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі, “Бекон” серіктестігі және 38 шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер
|
Қайрақтар – 19 ғасырдың аяғында Жетісу мен Шығыс Түркістанда табылған эпиграфиялық ескерткіштер. Ерте 20-ші ғасыр мұнда несториандық, исламдық және буддалық жазулар мен символизмі бар құлпытастар бар. Қайрақтар тау өзені ағып жатқан тастардан жасалған, оларға таңбалар мен эпитафиялар қашалған.
Кейбір зерттеушілер қайрақтарды тек несториандық крест және түркі-сирия жазулары бар құлпытас деп атайды.
Олар осы бөліктерде христиан дінінің пайда болуынан 14 ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдегі Орталық Азия христиан түріктерінің көрнекті діни өнері мен діни символика туындыларына жатады.
## Дереккөздер
|
Қалмаққырылған, Белеуітті, Білеу – Шалқартеңіз алабындағы өзен.
## Географиялық орны
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 325 км, су жиналатын алабы 10,1 мың км².
## Бастауы
Ұлытау тауының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Қарамола тауының оңтүстігінен басталып, Ботамола бейітінің оңтүстік-шығысында 5,2 км жерде, Нарөлген ауылынан 5 км, Шұбартеңіз сайы (бұрынғы көлге) 28 км жетпей тартылып қалады.
## Гидрологиясы
Жылдық орташа су ағымы 1,05 м³/с. Аңғары кең (0,5 – 4 км), бүйірлік жырауылысайлармен тілімденген, жоғарғы ағысында жағалау беткейлері тік, биіктігі 10 – 40 м. Төменгі ағысының жағалауы жайпақ. Жер асты және жауын-шашын суларымен толығады. Су ағыны көктемде болып, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Қалмаққырылғанға ұзындығы 10-нан 48 км-ге жететін көптеген салалар құяды. Оң салалары: Шауыпкелсай, Алшынбайсай, Керегетассай, Күнтоғай, Сарыбұлақ, Аманжолсай, Дүйсембай, Шолақсай, Жиде, Бозінген; сол салалары: Қарсақпай, Талсай, Қаратөбесай, Ащылысай, Ақкиіксай, Тұрған, т.б. Алабы – мал жайылымы, жайылмасы шабындық ретінде пайдаланылады. 1723 жылы осы өзеннің бойында қазақ сарбаздары қалмақтарды ойсырата жеңгеннен кейін бұрынғы Белеуітті өзен сол жеңістің құрметіне Қалмаққырылған болып аталған.
## Дереккөздер
|
Qazaqstan дауысы — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасында шығатын әлемнің 180 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Түпнұсқасы 2010 жылы голландиялық RTL4 телеарнасында The Voice of Holland атауымен жарық көрген.
## Ережелер
Қатысушылар тек дауысқа ғана сүйеніп бақ сынасады. Жүзден аса қатысушылардың ішінен 4 тәлімгер өз командасын жинайтын болады. Тыңдау сынағы кезінде жұлдызды әділ қазылар алқасының мүшелері қатысушылырдың өздерін көрмей-ақ оларға баға береді. Қорытындысында төрт топ алға суырылып шығатын болады. Ал финалға солардың ішінен тек төртеуі ғана өтеді. Жобаның жеңімпазы халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталады.
Үміткерлер "көрмей таңдау", "жекпе-жек", "жарға жығу" кезеңі бойынша сайысқа түседі.
## Тәлімгерлер
## Маусымдар
## Сыртқы сілтемелер
* Жобаның сайты
|
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 21-бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №90 қаулысымен бекітілген. 2020 жылы 1 шілде айында Жамбыл облысы әкімдігінің №148 қаулысымен тізімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
## Байзақ ауданы
## Жамбыл ауданы
## Жуалы ауданы
## Қордай ауданы
## Меркі ауданы
## Мойынқұм ауданы
## Тұрар Рысқұлов ауданы
## Сарысу ауданы
## Талас ауданы
## Шу ауданы
## Тараз қаласы
## Дереккөздер
|
Қазақстан Республикасының ордендері, құрмет атақтары мен медальдар жүйесі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 заңынан бастау алады. Марапаттар уақыт өте келе өзгертіліп, толықтырылды.
## Медальдар
## Мерекелік медальдар
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі
|
Тәттібибі Тұрсынбаева (қыр. Таттыбүбү Турсунбаева) — КСРО кино және театр актрисасы, Қырғыз КСР-ның еңбек сіңірген актрисасы және КСРО кинематографистер одағының мүшесі.
## Өмірбаяны
1944 жылы Тянь-Шань (Қазіргі Жұмағұл ауданы) ауданында дүниеге келген. 1966 жылы Ташкенттегі театр институтын тәмамдады. Сол жылы Қырғыз мемлекеттік драма театрына жұмысқа орналасты. Жұмыс істей жүріп бірнеше рет кино саласында да жұмыс жасады.
"Қырғызфильм" киностудисында бірнеше киноға түсті. Алғаш сомдаған рөлі — 1960 жылы түсірілген "Сәлиманың әні" фильміндегі оқушы қыз.
1981 жылы 21 желтоқсан күні туберкулезден қайтыс болды.
## Фильмографиясы
* 1960 — «Сәлиманың әні», реж. Б. Новиков — Салима
* 1965 — «Тіл алғыш қыз», реж. Л. Гуревич и Б. Абдылдаев — Айзада
* 1967 — «Саманшының жолы» реж. Г. Базаров — Толгонай
* 1969 — «Ак Мёёр» реж. М. Убукеев — Ак Мёёр
* 1971 — «Отқа табын» реж. Т. Океев — Уркуя Салиева
* «Аққулар қонған айдын көл» реж. Ю. Борецкий
* 1972 — «Солдат» реж. Э. Уразбаев
* 1974 — «Махаббат жаңғырығы» реж. Б. Шамшиев — Асия Бежанова
* 1975 — «Қызыл алма» реж. Т. Океев — Бейтаныс қыз
* «Арман» реж. Д. Садырбаев
* 1977 — «Күн астында» — эпизод
* 1978 — «Шілдедегі үш тәулік» реж. К. Акматалиев
* 1979 — «Процесс» реж. Дж. Соданбек — Зулайка
* 1980 — «ХХ ғасыр пираттары» — эпизод
## Әдебиет
* Жусупова Ракыя. ТАТТЫБҮБҮ: Макалалар, маектер, эскерүүлөр. - Б.: "Турар", 2015
* Чынар Калыбекова. ТАГДЫР романы. (Соң- Көл чүрөгү баяны), - Б.: Кыргызпатент, 2015, - 246 б.
## Сілтемелер
* Қырғыз жерінің қыздары
|
Парвин Баби, толық аты-жөні — Парвин Вали Мохаммад Хан Баби (ағылш. Parveen Wali Mohammad Khan Babi; 4 сәуір, 1954 — 20 қаңтар, 2005) — үнді актрисасы және фотомодель. Өзінің мансабында ол 60-қа жуық көркем фильмге түсті. Time журналының мұқабасына шыққан алғашқы үнді актрисасы. Ол 1984 жылы шизофренияның дамуына байланысты актерлік өнерін тоқтатты.
## Өмірбаяны
Парвин Гуджарат штатының Джунагадх қаласында мұсылман отбасында дүниеге келген. Ол ата-анасы Вали Мохаммад Баби (1959 ж.) мен Джамала Бахте Бабидің (2001 ж.) жалғыз баласы болды. Әкесі Джуганадханың әкімшісі және кінезі болды және сүйікті қызын тәрбиелеу үшін күш пен ресурстарды аямады. Парвин Ахмедабадта мектепте оқыды, ал мектептен кейін ол сол жердегі Әулие Ксаверий колледжіне оқуға түсті.
## Мансап
Барби қуыршағының көзі бар Парвин Баби режиссерлерді бір көргеннен-ақ таң қалдырды. Оның мансабы 1972 жылы модель ретінде басталды. 1973 жылы ол «Чаритра» фильмінде өзінің дебютін жасады, содан кейін он үш жыл бойы Парвин күміс экранда жарқырады. Ол Амитабх Баччан, Шаши Капур, Дхармендра және Джитендра сияқты танымал актерлермен бірге ойнады. Өзінің мансабында Парвин Болливудтың ең керемет дивасы және өз дәуірінің стилі мен сұлулығының белгішесі болып саналды. Болливуд аспанында ол Зинат Аманмен бір орынды иеленді — екеуі де фильмдердегі үнді кейіпкерлерінің бейнесін өзгертуге тырысты. Парвин барлық дерлік сән журналдарының мұқабасында болды және TIME журналының мұқабасына шыққан алғашқы Болливуд актрисасы болды (1976 шілдесі).
1983 жылы Парвин «Сұлтанның қызы» қымбат тарихи қойылымында Хема Малинимен бірге лесбияндық көріністердегі қоғамды қатты таң қалдырды. Ол әлі де суда, бірақ оны жиі истерикада түсіруден алып тастайды. Парвин Мина Кумари сияқты көп іше бастайды. 1983 жылы 30 шілдеде өзінің мансабының шыңында Парвин Баби Үндістан мен киноиндустрияны тастап кетті.
## Ауру
1979 жылдың қыркүйегінде Парвин паранойяның алғашқы белгілерін көрсете бастады. 1984 жылы ол Лондонға ұшады, онда ол шизофрениядан емделеді. 1984 жылы 7 сәуірде Парвин Нью-Йоркке Джон Кеннеди халықаралық әуежайында ұшты. Құжаттарды көрсетуді сұрағанда, актриса жүйке ауруымен әрекет етеді: сөмкелер жан-жақта ұшады, турникеттер бұзылады, әуе компаниясы қызметкерлерінің басына таңдауды қиянат жасайды. Төрт полиция қызметкері бұрап, қолына кісен салған Болливуд супержұлдызын психиатриялық клиникаға апарады.
1998 жылы Парвин Баби Үндістанға қайтып оралды, бірақ бір кездері сүйкімді актриса «Lady Hairpin» «Lady Plump» болды. Болливудтың «Барбиі» адам танымастай салмақ қосып алды. Парвин өзінің шизофрениямен ауыратынын жоққа шығарды және бұл киноиндустрия мен БАҚ олардың қылмыстарын жасыру үшін оның беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған қастандық деп санады.
Ол көптеген шетелдік қонақтарды және үнді киносының әртістерін оны өлтірмекші болды деп айыптады (бұл тізімге Амитабх Баччан, Билл Клинтон, Роберт Редфорд, ханзада Чарльз, Аль Гор, ЦРУ, КГБ, Моссад кіреді). 2002 жылы ол Санджай Даттты 1993 жылы 12 наурызда Бомбейде жасалған терактілерге қатысы бар деп айыптап, сотқа берді.
## Өлім
Парвин Баби 2005 жылы 20 қаңтарда Мумбаидағы жеке пәтерінде жалғыз қайтыс болды. Оның мәйіті сауыншы екі күн бойы пәтерінен сүт немесе газет жинамағаны туралы полицияға арызданғаннан кейін табылған. Өлімнің себебі қант диабетінің ауыр түрі, одан оң аяғының табанының гангренасы дамыған. Соңғы күндері актриса жүре алмай, мүгедектер арбасын пайдаланып пәтерді аралап жүрді. Сараптама нәтижесінде Парвин Бабидің аштықтан өлгені анықталды.
Парвин Баби 2005 жылы 23 қаңтарда анасының қасына жерленді. Оның жерлеуіне оны шынайы өмірде жақсы көретін екі адам қатысты: Кабир Беди және Махеш Бхатт.
## Фильмография
* 1974 — Мәжбүрлі жағдайлар — Нилу
* 1974 — Ұятсыз
* 1975 — Қабырға — Анита
* 1976 — Мектеп махаббаты — Рупа
* 1976 — Оқ — Сапна
* 1977 — Амар, Акбар, Энтони — Дженни
* 1978 — Күйеуі, әйелі және — Нита
* 1978 — Ерекше ұсыныс — Рекха
* 1979 — Қара тас — Анита
* 1979 — Ұры және солдат — Бхарти Хан
* 1979 — Отбасы бақыты — Ану
* 1980 — Екі есе екі — бес — Анжу Шарма
* 1980 — Жанып тұрған пойыз — Миссис Шантал Винод Варма
* 1980 — Абдулла
* 1981 — Жылы жүрек — Сурели
* 1981 — Жаза — Рита
* 1981 — Бірте-бірте
* 1981 — Даусымды тыңда — Рита
* 1981 — Калия — Шалина
* 1981 — Қорғау — Чандра
* 1982 — Патриот — Прити
* 1982 — Мазасыздық — Санти
* 1982 — Адал қызметші — Ниша
* 1982 — Үш ағайынды — Мари
* 1983 — Терең жара — Рену
* 1983 — Барлығы махаббат үшін — Сона
* 1983 — Қоздырушы — Нирмала Шарма
* 1985 — Ситамгар — Шейла
* 1986 — Жеңілмейтін — Ниша
өзі ойнайды:
* 1981 — Ladies Tailor
* 1985 — Karmyudh
## Тағы қараңыз
* Зинат Аман
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Үнді фильмдерінің әлемі Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
* Форум Үндістан теледидары үнді киносының аңыздары
* YouTube тақырыбы – Парвин Баби
|
Текей Райымбердіұлы (шамамен 1680 – 1700 жылдар аралығында туған, өлген жылдары белгісіз) — Байұлы тайпасы Адай руының Бәйімбет бөлімінен шыққан қазақ бай. Текей туыстарымен қатар қоян-қолтық жауға аттанып ерлік істерімен тұлға болғандығын шежірелер айқындай түседі. Үлкендерден жеткен әңгімелерде, Текей барға қанағат ететін, сабырлы, сол пейіліне өзіндік дөңгеленген шаруасы бар болған адам сыңайлы.
2021 жылы 2–3 қазан аралығында Текейдің бес баласының ұрпақтары жиналып Қарағашты қорымында үлкен ұлы ас берілді.
## Шежіресі
Адай Батыр — Келімберді — Мұңал Батыр — Бәйімбет — Алдаберді — Райымберді — Текей.
Текейден 5 бала, олар: Әтембек Би, Байшағыр, Мамыртай, Жақау Батыр, Әнет Би.
Текейдің екі әйелінен туған Әтембек, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Әнеттер ұрпақ дүретіп, соңғылығында «Бес Текей» деген атқа ие болады.
Әтембектен: Қаратоқа, Қалқаман, Шомақ, Қапан, Қазыбай, Абыз би, Абыл, Қабыл, Шалта.
Байшағырдан: Мырзатай, Бөрітай, Итемген, Бәйтерек.
Мамыртайдан: Қарамолда, Қарағасқа, Құлшық, Бақтыгелді, Барақ, Маймақ, Төретай, Айнажан.
Жақаудан: Әжібай, Арал, Алтай, Шомақ, Қарабұлақ, Түнғатар батыр.
Әнеттен: Бабақұл батыр, Мая би, Қыдырша, Қырымқұл би, Төлеп батыр, Қоштан батыр.
## Аңыз
Текей қыс көзі, ақ шұнақ алай-дүлей күннің бірінде көшіп келе жатып бәйбішесіне: «Жақын маңда, анау қырдың астында қара жұрт бар еді. Мен барып, көңді жарып үй тігетін орын дайындай тұрайын. Сендер менің ізіммен келерсіздер», – деп көштен озып кетеді. Осы сәтте қасында 13–14 жасар қыз бала еріткен ақсақалды қария тап болып, аман-саулықтан кейін бәйбішеге: «Мына қызды Текейге тапсыр», – деп өзі кетуге ыңғай білдіріпті. Бәйбіше қонағын құр жібере алмай, көшке бос еріп келе жатқан ақ тайлақ атанып кеткен өзінің сүйікті ақ інгенін қарияға мінгізіп жібереді. Сонымен Текейдің бәйбішесінен Әтембек пен Байшағыр туады да, жаңағы қыдыр сыйлаған екінші әйелден Мамыртай, Жақау, Әнет атты үш бала туады. Соңғы үшеуінің ақтайлақ кемпірдің ұрпағы, нағашымыз “Қыдыр” дейтіні осы аңызға сүйеніп айтылған әңгіме.
## Жыры
Сүгір Бегендікұлының Қосниязға арнауы:
1927 жылдың «жұт қояны», осыған жалғаса белең алып, қасірет-қайғыны үсті-үстіне ала келген «зобалаң-аласапыран» жылдар Маңғыстау елінің берекесін кетіргені мәлім. «Балапан — басына, тұрымтай — тұсына» кеткен нәубет болды ғой. Дос достан, ағайын туыстан айырылды. Жан-жаққа тарыдай шашылып кетті. Жыр сүлейі Сүкең де сол кездерде Хиуа жаққа бас сауғалағаны белгілі. Тағдырдың тәлкегімен бала кезден бір ауылда туып-өсіп, бірін-бірі қимай өскен замандасы қарт Қоснияз Қауиұлымен кездесу сәті 1968 жылдың жаз айында түсті. Қоснияз қарт Красноводск (қазіргі Түрікменстан) қаласы төңірегіндегі Қошоба селосында тұратынды. «Жырау Сүгір Қошобаға келетін болды», – деген хабарды естіген бұрынғы замандастары, жырын естіген, атағына сырттай таныстар асыға күтті. «Елу жылда ел жаңа» дегендей, Қоснияз қарт ел-жұртты тегіс хабарлап, замандас, ағасына сағынышты қонағасын берді. Қарт жырау сағыныш сезімін жырмен білдірді. Қарт жырау Қосниязға арнаған жырынан үзінді:
Келімберді, Мұңалдан,
Талабың оңға оралған.
Одан бері сөйлесем,
Бәйімбет деген ауылсың,
Үстінде халық құралған.
Райымберді Текейсің,
Сасқандар ақыл сұраған.
Талайды тордан шығарған,
Әруақты атаң Текейді,
Ешкім орта демейді.
Бес Текейдің баласы,
Әтембек пен Байшағыр,
Мамыртай, Жақау, Ер Әнет,
Толтырар айтсам көмейді.
Халық аузына ілінген,
Атағы көпке білінген,
Жақсылар өтті ішіңнен,
Сабырлық еткен шүкірмен.
Қасиетті пір де өтті,
Тасбих айтып, зікірмен.
Әруақты ер де өтті,
Суырып қылыш береннен,
Таймаған өңі береннен.
Дұшпанын алған жеделмен,
Ұстасқан жауын шегерген.
Би де шықты ішіңнен,
Кеңес тапқан тереңнен,
Сөйлескен дұшпан бөгелген.
Байлар да өтті ішіңнен,
Ұстаған дәулет кемелмен,
Ортаймаған кемерден,
Тарқатып қайыр шуленнен.
Шеберлер болды ішіңнен.
Айтқыштар да көп өтті,
Үлгі берген өнермен.
Сөз лазымын кезенген,
Алқалаған шаршыда,
Қызыл тілін безенген.
Алдын тосқан кезеңнен,
Атқыш мерген көп өтті,
Киік пенен құланның,
Алын тосқан кезеңнен,
Не жақсылар өткен жоқ,
Астана халық, көп елден!
## Дереккөздер
|
Карл Уиман (ағылш. Carl Wieman; 26 наурыз 1951, Корваллис, Орегон, АҚШ) — американдық физик, 2001 жылғы «Босе — Эйнштейн конденсация процестерін және сирек газдардағы газдарды зерттеудегі жетістіктері үшін конденсат сипаттамаларының бастапқы іргелі зерттеулері» үшін физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Эрик Корнелл және Вольфганг Кеттерлемен бірлесіп). Теолог Генри Нельсон Уиманның немересі.
## Өмірбаяны
Карл Уиман Н. Орра Уиман мен Элисон Уиманның бес баланың төртіншісі. Балалық шағы АҚШ-тың Орегон қаласында өтті. Уиман жетінші сыныпқа барар алдында, отбасы балаларға жақсырақ мектептерге баруға мүмкіндік беру үшін Корваллиске көшті. Корваллистің небәрі 25 мың тұрғыны болғанына қарамастан, онда Орегон мемлекеттік университеті орналасқан.
Орта мектептен кейін ол Массачусетс технологиялық институтының студенті атанады. Дәрістердің жалпы курсын аяқтағаннан кейін ол Стэнфорд университетінің Теодор Хенш кафедрасына ауысып, онда 1977 жылы диссертация қорғады. Осыдан кейін ол Анн Арбордағы Мичиган университетінде жұмыс істеді және 1979 жылы сол жерде ассистент профессор болды. Мұнда ол студент кезінде бірге жұмыс істеген Сара Гилбертпен танысады. 1984 жылы Боулдердегі Колорадо университетіне көшіп, сол кезде диссертациясын қорғаған Сара Гилбертке үйленді. 1987 жылдан бастап Колорадо Боулдер университетінің физика профессоры.
## Жетістіктер
Хенш тобында Уиман сутегінің спектрлік сызықтарының толқын ұзындығын дәл өлшеумен жұмыс істеді. Оның диссертациясының тақырыбы поляризациялық спектроскопияның көмегімен 1s деңгейіндегі лэмбтік ығысуын және 1s-2s ауысуының изотоптық ығысуын өлшеу болды. Дәлдік спектроскопиядағы тәжірибесіне сүйене отырып, ол Мичиган университетінде, электроәлсіз әрекеттесу теориясымен болжанған атомдардағы жұптылықтың бұзылуын өлшеумен жұмыс істегісі келді. Ол бұл мақсаттарға сутегіден гөрі цезийдің қолайлы екенін тез түсінді. 1985 жылы сәтті өлшеулер оны ғылыми қоғамдастықтан тануға әкелді.
Осы дәл эксперименттерге байланысты 1984 жылы Уиман лазерлік салқындату және лазерлік тұзақтармен жұмыс істеді. Алғашында оны тек өлшеу әдісін жетілдірумен байланысты ғана қызықтырды. Алайда ол көп ұзамай осылайша өте төмен температурада атомдардың әрекетін зерттеуге және Бозе-Эйнштейн конденсатын шығаруға болатынын түсінді. 1995 жылы Эрик Корнеллмен бірге ол жетістікке жетті. Осы жетістігі үшін оған 2001 жылы физика бойынша Нобель сыйлығы берілді (Эрик Корнелл және Вольфганг Кеттерле бөлісті).
## Марапаттар мен құрметтер
* 1990 — Гуггенхайм стипендиясы
* 1993 — Физика бойынша Эрнест Лоуренс сыйлығы
* 1994 — Американдық физикалық қоғамының Дэвиссон-Гермер сыйлығы
* 1995 — АҚШ Ұлттық ғылым академиясына сайланды
* 1995 — Оптикалық және кванттық электроника қоғамының лазерлік ғылым үшін Эйнштейн медалі
* 1996 — Американдық физика мұғалімдері қауымдастығының Рихтмайер мемориалдық сыйлығы
* 1996 — Халықаралық таза және қолданбалы физика одағының төмен температуралық физика бойынша Фриц Лондон сыйлығы
* 1996 — Америкалық ғылымды дамыту қауымдастығының Ньюкомб Кливленд сыйлығы
* 1997 — Король Фейсал халықаралық сыйлығы
* 1997 — Бонфилс-Стэнтон қорының ғылыми сыйлығы
* 1998 — Америка өнер және ғылым академиясына сайланды
* 1998 — Голландияның Корольдік өнер және ғылым академиясының Лоренц медалі
* 1999 — Оптикалық қоғамының Вуд сыйлығы
* 1999 — Американдық физика қоғамының лазерлік ғылым бойынша Шоулоу сыйлығы
* 2000 — Франклин институтының физикадан Бенджамин Франклин медалі
* 2001 — Физика бойынша Нобель сыйлығы
* 2004 — Карнеги қорының білім беруді дамыту және қолдау жөніндегі кеңесімен жыл ұлттық профессоры
* 2007 — Эрстед медалі
* 2009 — Ховард Воллум сыйлығы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Е. А.Корнелл, К.Е. Уиман. «Сиректелген газдағы Бозе-Эйнштейн конденсациясы. Алғашқы 70 жыл және соңғы бірнеше тәжірибе». Нобель дәрісі // Физика ғылымдарының жетістіктері, 173 том, 12 шығарылым, желтоқсан 2003
* Нобель комитетінің сайтынан алынған ақпарат (ағыл.)
* Карл Уиманның ScientificBlogging.com сайтындағы блогы (ағыл.)
* Уиманның Колорадо университетіндегі басты беті (ағыл.)
|
Шолаққарғалы — Күрті алабындағы өзен. Алматы облысы, Жамбыл ауданы жерімен ағады.
## Сипаттамасы
Қарғалы ауылы жанында Ұзынқарғалы өзенінен бөлініп шығып, солтүстік шығысқа қарай ағады. Алматы-Бішкек жолына жақын жерде тоған орналасқан. Балғабек Қыдырбекұлы ауылы жанындағы Қарасу өзенінің бойына орналасқан Таран су қоймасына құяды. Осы жерден ары қарай Ақсеңгір аталады.
Ірілі-ұсақты бірнеше саласы бар.
Өзен суы ауылшаруашылығын суландыруға пайдаланады.
Жағалауында Шолаққарғалы, Үмбетәлі Кәрібаев ауылдары бар.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Тарихи шолу. Шолаққарғалы ауылының тарихы
|
Нұрбанк — қазақстандық бөлшек банкі.
2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 аймақтық филиалы және 89 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы бар.
## Меншік иелері және басшылық
2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 84,4% қатысу үлесі бар ірі акционер «JP Finance Group» ЖШС болды. Соңғы акционері Эльдар Сәрсенов.
Директорлар кеңесінің төрайымы — Раушан Зейноллақызы Ержанова. Басқарма төрайымы — Гүлнара Абайқызы Мұсатаева.
## Тарихы
1992 жылы 3 тамызда Нұрбанк Атырауда қаржылық қызметін бастады және сол қалада 2003 жылға дейін қызмет етті. 11 жылдан кейін бас филиал Алматыға көшті.
2007 жылы 4 қыркүйекте басқарманың жаңа төрағасы болып Нұрмұхамед Бектемісов сайланды.
2007 жылдың 22 қаңтарында басқарманың жаңа төрайымы болып Гүлмира Джумадиллаева сайланды.
2007 жылдың қаңтар айының соңында Нұрбанк топ-менеджерлері Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасенов жоғалып кетті. Нұрбанк ірі акционері Рахат Әлиев мүлікті бопсалау мақсатында ұрлау ісі бойынша күдікке ілінді. 2007 жылы 9 қарашада сот басталды, нәтижесінде Рахат Әлиев сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірнеше жылдан кейін Тимралиев пен Хасеновтің мәйіттері табылды.
2009 жылдың 2 наурызында басқарманың жаңа төрағасы болып Марат Заиров сайланды.
2012 жылдың 13 ақпанында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Мұхтар Ыдырысов сайланды.
2013 жылдың 20 наурызында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Қаңтар Бекаралұлы Орынбаев сайланды.
2015 жылғы 4 тамызда банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Ахметовке жүктелді.
2015 жылдың 30 қарашасында Эльдар Сәрсенов Нұрбанк басқарма төрағасы болып сайланды.
2021 жылдың соңында банкті Гүлнар Мұсатаева басқарды. Ол банктің ірі акционері мәртебесін алуына байланысты қызметінен кеткен Эльдар Сәрсеновті ауыстырды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* nurbank.kz Нұрбанк — ресми сайты
* Нұрбанк Қазақстан қор биржасында
|
«Еңбек Даңқы» ордені — еңбек жетістіктері үшін берілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты.
## Тарихы
2014 жылғы сәуірде Мәжілісте «Ақ жол» фракциясының депутаттары экономика және әлеуметтік салада мемлекеттік, жеке немесе қоғам секторларында 40 және одан да көп жыл еңбек еткен азаматтарға «Еңбек ардагері» атағын, тиісті төсбелгіні – медалді табыстаумен қайта жаңғыртуды ұсынды. 2014 жылдың мамырында Үкіметтен «Еңбек» ордені мен «Еңбек ардагері» медалін тағайындау жоспарланып отырғаны туралы жауап алынды.
«Еңбек ардагері» құрметті атағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 855 қаулысымен тиісті медаль табыс етілді.
Үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін белгілеу идеясын 2014 жылғы желтоқсанда «Қазақстанның жаңа индустрияландыруы: 2014 жылдың қорытындылары және бірінші бесжылдық» жалпыұлттық телекөпірінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын.
Мемлекет басшысы 2015 жылғы 17 наурызда жаңа мемлекеттік марапат – «Еңбек Даңқы» орденін тағайындағаны үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Мемлекет басшысы 2020 жылғы 9 қарашада «Еңбек Даңқы» орденмен марапатталған тұлғалардың тізімін кеңейтетін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергетика, көлік және мемлекеттік марапаттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
## Ережесі
«Еңбек даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмысшылары мен қызметкерлері кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жемісті ұзақ жұмыс істегені үшін, сондай-ақ өндірістегі жоғары көрсеткіштері, еңбек өнімділігінің өсуіне және өнім сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал еткені үшін марапатталады.
Үш дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған тұлғаларға тең.
## Дәрежелері
«Еңбек даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады:
* I дәрежелі «Еңбек даңқы»;
* II дәрежелі «Еңбек даңқы»;
* III дәрежелі «Еңбек даңқы»;
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау III дәреже, II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі.
## Сипаттамасы
### I дәрежелі
1-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің төс белгісі кәдімгі бесбұрышты стильдендірілген жұлдыздан тұрады. Жұлдыз сәулелерінің жиегі фигуралы шығыңқы жиекпен безендірілген. Жұлдыздың сәулелерінің орталықтары мөлдір лағыл эмальмен жабылған, оның астында ромб тәрізді кедір-бұдырлы өрнек көрінеді. Жұлдыз сәулелерінің арасында ұлттық ою-өрнегі бар жатаған беде пішінді жапырақшалар орналасқан.
Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түріндегі бастырма бар. Қалқанның ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында — «Еңбек Даңқы» деген жазу жазылған. Қалқанның асты көк эмальмен қапталған таспамен және гералдикалық қалқанмен жабылған. Гералдикалық қалқанда мөлдір лағыл эмалдің аясында тәртіп дәрежесін білдіретін — рим цифры «I» орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, алтын жалатылған күмістен жасалған.
Орденнің белгісі құлақша мен екі шынжыр арқылы тікбұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның биіктігі — 22 мм, белгіні бекітуге арналған екі сақинасын қосқанда ені — 37 мм. Тағанның өрісі екі қызыл диагоналды жолағы бар көк эмальмен толтырылған.
Тағанның артқы жағында бұйым киімге бекітілетін қалқалы бекітпесі бар түйреуіш орналасқан.
Бұйымдағы барлық кескіндер мен жазулар шығыңқы әрі жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмірі ойып жазылады.
### II дәрежелі
2-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің төс белгісі кәдімгі бесбұрышты стильдендірілген жұлдыздан тұрады. Жұлдыз сәулелерінің арасында ұлттық ою-өрнегі бар алтын түсті жатаған беде пішінді жапырақшалар орналасқан. Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түріндегі алтын түсті бастырма бар. Қалқанның ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында — «Еңбек Даңқы» деген жазу жазылған. Қалқанның асты көк эмальмен қапталған таспамен және гералдикалық қалқанмен жабылған. Гералдикалық қалқанда мөлдір лағыл эмалдің аясында тәртіп дәрежесін білдіретін — рим цифры «II» орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, жартылай алтын жалатылған күмістен жасалған.
Орденнің белгісі құлақша мен екі шынжыр арқылы тікбұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның биіктігі — 22 мм, белгіні бекітуге арналған екі сақинасын қосқанда ені — 37 мм. Тағанның өрісі төрт қызыл диагоналды жолағы бар көк эмальмен толтырылған.
Тағанның артқы жағында бұйым киімге бекітілетін қалқалы бекітпесі бар түйреуіш орналасқан.
Бұйымдағы барлық кескіндер мен жазулар шығыңқы әрі жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмірі ойып жазылады.
### III дәрежелі
3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің төс белгісі кәдімгі бесбұрышты стильдендірілген жұлдыздан тұрады. Бесбұрышты жұлдыздың ортасында диаметрі 14 мм дөңгелек қалқан түріндегі бастырма бар. Қалқанның ортасында мөлдір лағыл эмаль аясында — «Еңбек Даңқы» деген жазу жазылған. Қалқанның асты көк эмальмен қапталған таспамен және гералдикалық қалқанмен жабылған. Гералдикалық қалқанда мөлдір лағыл эмалдің аясында тәртіп дәрежесін білдіретін — рим цифры «III» орналасқан.
Орден белгісінің диаметрі 45 мм, күмістен жасалған.
Орденнің белгісі құлақша мен екі шынжыр арқылы тікбұрышты тағанға бекітіледі. Тағанның биіктігі — 22 мм, белгіні бекітуге арналған екі сақинасын қосқанда ені — 37 мм. Тағанның өрісі алты қызыл диагоналды жолағы бар көк эмальмен толтырылған.
Тағанның артқы жағында бұйым киімге бекітілетін қалқалы бекітпесі бар түйреуіш орналасқан.
Бұйымдағы барлық кескіндер мен жазулар шығыңқы әрі жылтыр.
Жұлдыздың артқы жағында реттік нөмірі ойып жазылады.
## Дереккөздер
|
Бақыт Шүкіроллаұлы Кенжеев (2 тамыз 1950, Шымкент, Қазақ КСР — 26 маусым 2024, Нью-Йорк, АҚШ) — орыс тілінде шығармалар жазатын қазақ ақыны. 1982 жылы Канада мемлекетіне көшіп, 2006 жылдан бастап Нью-Йорк қаласында тұрды.
## Өмірбаяны
1950 жылы 2 тамызда Шымкентте дүниеге келді. 3 жасынан бастап Мәскеу қаласында тұрған (кей деректерде – Мәскеу қаласында туылды деп жазылған). Қазақ. Әкесі ағылшын тілінің мұғалімі, ал анасы кітапханашы болған. Мәскеу мемлекеттік университетінің химиялық факультетін бітірген. 1977 жылы «Ленинские горы: Стихи поэтов МГУ» атты кітап ұжымында алғашқы рет ақын болып атанған. Оның бірінші өлеңдер жинағы 1984 жылы Америкада басылған болсада жастық шағында мерзімдік баспасөзде жарияланған («Комсомольская правда», «Юность», «Московский комсомолец», «Простор»). Жетпісінші жылдардың басында Кенжеев (Алексей Цветковпен, Александр Сопровскиймен, Сергей Гандилевскимен бірге) «Мәскеу уақыты» поэтикалық тобының негізін қалаушылардың бірі болып саналған. 1982 жылы ақын Канадаға көшіп, 2008 жылы Америкадағы Нью-Йорк қаласына көшіп кеткен. ПЕН-клубының мүшесі. 2000 жылы «Дебют» премиясының Қазылар алқасының бірі болып саналған. Одан басқа, ол «Ак торна» (2011), «русская премия» премиясының, «Кубок мира», «волошинский конкурс» түрік поэзиясының аудармасының, халықаралық байқауының қазылар алқасының бір мүшесі болған. Қазақ, ағылшын, француз, неміс, испан, голландиялық, итальян, украин, қытай және швед тілінде аудармалары жарияланған.
## Шығармашылығы
### Өлеңдер жинағы
* Избранная лирика 1970—1981. — Ann Arbor, 1984.
* Осень в Америке. — Тенафлай, 1988.
* Стихотворения последних лет. — М., 1992.
* Из книги AMO ERGO SUM. — М., 1993.
* Стихотворения. — М.: PAN, 1995.
* Возвращение. — Алматы: Жибек жолы, 1996.
* Сочинитель звезд: Книга новых стихотворений. — СПб.: Пушкинский фонд, 1997. ISBN 5-85767-091-8
* Снящаяся под утро: Книга стихотворений. — М.: Клуб «Проект ОГИ», 2000. ISBN 5-900241-09-2
* Из семи книг: Стихотворения. — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-027-9
* Невидимые: Стихи. — М.: ОГИ, 2004. ISBN 5-94282-229-8
* Названия нет: книга стихотворений. — Алматы: «Искандер», 2005.
* Вдали мерцает город Галич: Стихи мальчика Теодора. — М.: АРГО-РИСК; Тверь: Колонна, 2006. ISBN 5-94128-126-9
* Крепостной остывающих мест. Владивосток: Рубеж, 2008 (переиздание: М.: Время, 2011).
* Послания. — М.: Время, 2011. ISBN 978-5-9691-0514-0
* Сообщение. — М.: Эксмо, 2012.
* Странствия и 87 стихотворений. К.: Laurus, 2013.
* Ремонт Приборов. Гражданская лирика и другие сочинения. 1969—2013. — М.: ОГИ, 2014. ISBN 978-5-94282-735-9
* Довоенное: Стихи 2010—2013 годов. — М.: ОГИ, 2014. — 144 с. ISBN 978-5-94282-745-8
### Романдары
* Плато (1992).
* Иван Безуглов. Мещанский роман (1993).
* Золото гоблинов: Романы («Младший брат», «Золото гоблинов»). — М.: Независимая газета, 2000. ISBN 5-86712-101-1
* Обрезание пасынков. М.: Астрель. 2009.
## Марапаттары мен сыйақылары
* «Октябрь» журналының Премиясы (1992)
* Қазақстан Жастар Одағы сыйлығы (1996)
* «Снящаяся под утро» өлеңдер жинағына «Антибукер» Премиясы (2000)
* «Москва-транзит» (Үлкен премия), (2003)
* «Крепостной остывающих мест» өлеңдер жинағына «Русская премия» (2008)
* «Новый мир» журналының Премиясы
* «Антология» Премиясы (2006)
* «Киевские лавры» атты фестивалінің Лауреаты (2006)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
|
Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылатынын шешетін референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді деп жоспарланған.
Референдумде ұсынылған ойды дауыс берушілердің көпшілігі қолдап дауыс беріп жатса, елдегі тұңғыш атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен ауылында салынатын болады. Тоқаев елде тұрақты электр қуатын орнату үшін қажетті шара ретінде сипаттаған бұл идеяны жергілікті экологтар қауіпті бола алатын бастама ретінде көреді де, оған қарсы жергілікті тұрғындардың бір бөлігі наразылық білдіреді. Экологтардың ұсынысқа деген күмәні Балқаштағы онсыз да төмен су деңгейіне байланысты.
## Алғышарттары
Референдум өткізуді тұңғыш рет Тоқаевтың өзі 2019 жылы ұсынған еді. Бұл бастама қазбалы отын қолданысы мен Көшетхана эффектісінің салдарын азайту және мемлекеттегі тоқ өшіп қалу мәселесін шешу үшін электр қуатының бір жаңа көзін табу мақсатынан шыққан еді. Бұл идея Семей полигонында кеңестік ядролық қаруды сынаудан шыққан экологиялық және денсаулық сақтау мәселелерінен және станция құрылысына Ресейдің әлеуетті қатысуына қарсылықтан байланысты туындаған қоғамдық наразылық жағдайында пайда болды.
2023 жылғы қыркүйекте елде стансаның салыну-салынбауы жайлы референдумның шынында да өтетіні шешілді, Тоқаев осыны Қазақстанның уран қорын қолдануының керектігі жайлы сөйлеп жатқанында айтты.
2024 жылғы 27 маусымда болған наградтау рәсімі кезінде сөйлеген сөзінде Тоқаев референдумның сол жылғы күзде өтетінін жариялады. Сенат кулуарында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов референдумда сұралатын сұрақтар жайлы айтып берді. Оның сөзінше, халық тек бір сұраққа, АЭС салынуының қолдайтын, не қолдамайтыны жайлы ғана жауап беріп жатады. Алайда ол бұл ақпараттың «өз ойы» екенін және егжей-тегжейді үкімет кейін өзі жариялап жататынын айтты.
АЭС салынуына кімнің көмек көрсететіні әлі анықталмаған. Алайда ресейлік (Росатом), оңтүстік кореялық, қытайлық, не франциялық компаниялардың кандидатуралары жайлы белгілі.
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Халыққа жолдауы кезінде Тоқаев референдумның 6 қазанда өтетінін жариялады. Келесі күні ол сәйкесінше болған жарлыққа қой қойды. Жарлықта, оған қоса, референдумда болатын басты сұрақ та жазылған:
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер
|
Жетісу облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімі Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 498 қаулысымен бекітілген
## Ақсу ауданы
## Алакөл ауданы
## Ескелді ауданы
## Кербұлақ ауданы
## Көксу ауданы
## Қаратал ауданы
## Панфилов ауданы
## Сарқан ауданы
## Талдықорған қаласы
## Текелі қаласы
## Дереккөздер
|
«Бәйтерек» — 2013 жылы ұлттық даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару және ұлттық экономиканы дамыту жүйесін оңтайландыру үшін құрылған холдинг.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
2021 жылдың наурызында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ «Бәйтерек» холдингімен біріктірілді. Сондай-ақ «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ негізінде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы (қазіргі «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ) құрылды.
## Еншілес ұйымдары
«Бәйтерек» холдингі құрамына 9 еншілес компания кіреді:
## Үкімет бағдарламаларындағы рөлі
«Бәйтерек» холдингі келесі мемлекеттік және Үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы негізгі оператор болып табылады:
* Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам»
* Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
* "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
* Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы
* Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
* Қарапайым заттар экономикасы
* «Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасы
* Тұрғын үй-коммуналдық дамудың «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы
## Стратегиялық бағыттары
* Кәсіпкерлікті қолдау
* Үлестік қаржыландырудың экожүйесін дамыту
* Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету
## Директорлар кеңесінің құрамы
* Олжас Абайұлы Бектенов — Қазақстан Премьер-министрі, директорлар кеңесінің төрағасы
* Роман Васильевич Скляр — Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары
* Нұрлан Серікұлы Байбазаров — Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі
* Мәди Төкешұлы Такиев — Қазақстан Қаржы министрі
* Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев — Қазақстан Өнеркәсіп және құрылыс министрі
* Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев — Қазақстан Президентінің кеңесшісі
* Рустам Тимурұлы Қарағойшин — холдингтің басқарма төрағасы
* Мари-Элен Берар — тәуелсіз директор
* Дэниел Алан Витт — тәуелсіз директор
* Норберт Манфред Грундке — тәуелсіз директор
## Басқарма төрағалары
* Қуандық Бишімбаев (05.2013 — 05.2016)
* Ерболат Досаев (05.2016 — 08.2017)
* Айдар Әріпханов (12.2017 — 02.2022)
* Қанат Шарлапаев (02.2022 — 09.2023)
* Нұрлан Байбазаров (10.2023 — 02.2024)
* Рустам Қарағойшин (02.2024 жылдан бастап)
## Жалғыз акционері
2014 жылғы 27 қарашада Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне берілді.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 806 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі таратылған министрліктің құқықтық мирасқоры болып табылатын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 175 қаулысымен Холдинг акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне берілді.
## Даму тарихы
2013 жыл
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығымен құрылды.
Холдингтің негізгі міндеті – ұлттық даму институттарының, ұлттық компаниялардың және басқа да заңды тұлғалардың өзіне меншік құқығымен тиесілі және сенімгерлік басқаруға берілген акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) басқару.
Холдинг құрамына бұрын мемлекеттік органдардың және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқаруында болған 10 даму институты кірді.
2014 жыл
Холдинг 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасының операторы болды. Холдинг құрамында 2013 және 2014 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген 20 млрд теңге капиталдандырумен Kazakhstan Infrastructure Fund инфрақұрылымдық қоры құрылды.
Елдің инфрақұрылымдық дамуына жәрдемдесу үшін Холдинг пен «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ бірлесіп «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС құрды.
Холдингтің құрылымында экономиканың басым секторларына инвестиция салу үшін Baiterek Venture Fund венчурлік қоры құрылды.
2015 жыл
«Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» 62-ші қадам аясында Еуразиялық экономикалық одақта бәсекеге қабілетті көшбасшы бола алатын қатысушы компаниялардың серпінді өсуіне жәрдемдесу мақсатында «Бәсекеге қабілеттілік көшбасшылары – ұлттық чемпиондар» бағдарламасы қолға алынды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй құрылысын іске асыру бөлігінде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленді.
2016 жыл
Холдинг «Нұрлы жол», 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы – 2020», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы секілді мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруды жалғастырды.
Ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры «ТҚКҚ» АҚ болып қайта құрылды.
2016 жылдың қыркүйегінде «МЖӘ жобаларын сүйемелдеу орталығы» ЖШС мандатын кеңейтіп, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС индустриялық және инфрақұрылымдық жобалардың жобалық құжаттамасын қаржыландыру және әзірлеу жөніндегі қоры деп атау туралы шешім қабылданды.
2017 жыл
1 қаңтардан бастап «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды, оның аясында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның тұрғын үй блогы оны іске асырудың бірыңғай операторы болып белгіленді.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның 2014-2023 жылдарға арналған Даму стратегиясы өзектендірілді. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілді.
Басқарма «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ 2018-2023 жылдарға цифрландыру стратегиясын бекітті. Бизнесті кешенді және клиентке бағытталған етіп қолдауды қамтамасыз ететін «Digital Baiterek кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай порталы» ақпараттық жүйесі тұрақты (өнеркәсіптік) пайдалануға енгізілді.
Холдингтің еншілес ұйымдары, «ҚДБ» АҚ және «ҚКМ» АҚ-мен «ҚДБ» АҚ жобаларын капиталдандыру мақсатында 100 млн АҚШ доллары көлемінде DBK EquityFund тікелей инвестициялар қоры құрылды.
Холдингпен құрылымды оңтайландыру бойынша процедуралар жүргізілді, атап айтқанда, «ҚИҚ» АҚ бойынша жалпы сомасы 337 млн теңгеге 4 жоба бойынша қатысу үлесін жүзеге асырды. «ТДҰА» АҚ бойынша «Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Технопаркі» ЖШС-не қатысу үлесі іске асырылды.
2018 жыл
Директорлар Кеңесі елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін экономиканың жеке секторының жобаларына шоғырланатын Холдингтің инвестициялық саясатын жаңа редакцияда бекітті.
2018 жылғы желтоқсанда «Қазақстан қор биржасы» АҚ-да 15 жыл айналым мерзімімен 77,7 млрд теңге сомасына теңгелік облигациялардың дебютті шығарылымы жарияланды.
2019 жыл
«KazakhExport» ЭСК» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға 34 млрд теңге бөлінді.
«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ қызметін трансформациялау және оны «QazTech Ventures» АҚ деп қайта атау аяқталды, оның қызметі венчурлік нарықты, бизнес-инкубациялауды және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға шоғырландырылатын болады.
Холдинг «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ға 10 жылдық айналым мерзімімен: 40 млрд теңге сомасына және жылдық 9,5% мөлшерлемесімен; және жылдық 9,75% мөлшерлемесімен 25 млрд теңге сомасына теңгелік облигациялардың екі шығарылымын жариялады.
2020 жыл
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Тұрғын үй блогын оңтайландыру жүргізілді, нәтижесінде «ҚИК» ИҰ» АҚ-ға «Бәйтерек девелопмент» АҚ (2020 жылғы қазан) және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ (2020 жылғы қараша) қосылды. Сонымен қатар, «ҚИК» ИҰ »АҚ« Даму Қоры »АҚ арқылы ұсынылатын әзірлеушілерді субсидиялау құралына көшіріледі. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атауы «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (қысқаша «Отбасы банк» АҚ) болып өзгертілді.
2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан қор биржасында айналыс мерзімі 10 жыл, жылдық 11,3 % мөлшерлеме бойынша 50 млрд теңге сомаға теңгелік облигациялар орналастырылды; 2020 жылғы 9 желтоқсанда – айналым мерзімі тиісінше 7 және 10 жыл, жылдық 11,3 % мөлшерлеме бойынша жалпы сомасы 100 млрд теңгеге теңгелік облигациялардың екі шығарылымы болды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Нұрлы жер» және 2020–2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымы «Қазақстандық тұрақтылық қоры» АҚ-нан жалпы көлемі 970 млрд теңге облигациялық қарыздар тартылды.
2020 жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ 29 млрд теңге сомасына капиталдандыруды жүзеге асырды.
2021 жыл
2021 жылғы 26 қаңтарда «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ болып атауын өзгертті.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан Республикасына жолдау шеңберінде берген тапсырмасына сәйкес «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қосу жұмысы аяқталды.
2021 жылдың наурыз айында Қазақстан қор биржасында 10 жылдық айналым мерзімімен 50млрд теңге сомаға теңгелік облигациялар шығарылымы орналастырылды.
2021 жылдың мамыр айында «QazTech Ventures» АҚ мен «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС еншілес ұйымдарының функционалы мен активтерін жеке қор ретінде «Қазына Капи[1]тал Менеджмент» АҚ басқаруына табыстау шаралары аяқталды.
2021–2025 жылдарға Кешенді жекешелендіру жоспарын орындау үшін 2021 жылдың тамыз айында «Қазақстан Инвестиция қоры» АҚ акциялары 100 % өткізілді.
2021 жылдың тамыз айында Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алдындағы бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жанында Қоғамдық кеңес құрылды.
2021 жылдың қараша айында 2014–2023 жылдарға арналған «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ дамыту жоспары өзекті сипатқа ие болды.
2021 жылдың желтоқсан айында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ-на қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстан қор биржасында 10 жылдық айналым мерзімімен 55 млрд теңге сомаға теңгелік облигациялар шығарылымы орналастырылды.
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Нұрлы жер» бағдарламасы мен 2020–2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымы – «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ жалпы көлемі 220млрд теңгені құрайтын облигациялық қарыздары тартылды.
2021 жылы «KazakhExport» ЭСК» АҚ 5 млрд теңгені құрайтын сомаға капиталдандыруды жүзеге асырды.
2022 жыл
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Холдинг «ҚазАгроқаржы» АҚ («ҚАҚ» АҚ) акцияларының 100%-ын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на берді. «ҚАҚ» АҚ ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын лизингке беру бойынша негізгі қызметін жалғастырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын орындау мақсатында 2022 жылғы 1 қыркүйекте Холдинг «Сбербанк России» ЖАҚ-дан «Сбербанк» АҚ еншілес банкіндегі 99,99% қатысу үлесін сатып алды. Сатып алғаннан кейін «Сбербанк» АҚ ЕБ қайта тіркеліп, «Береке банк» АҚ болып қайта аталды. 2022 жылдың қараша айында Холдинг өз талабын орындап, «Береке Банк» АҚ миноритарлық акционерлерінен оларға тиесілі 248 дауыс беретін акциясын сатып алды.
## Дереккөздер
|
Азаматхан Сайлауұлы Әміртай 1978 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы – қазақстандық саяси қайраткер, «Байтақ» партиясы төрағасы.
## Өмірбаяны
1978 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында туған.
2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын үздік аяқтаған, 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін ұздік аяқтаған, Executive MBA, «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі
Мамандығы: компьютерлік телекоммуникация инженері, жергілікті мемлекеттік басқару
1995-2000 ж. – жеке компьютерлер мен техника сату саласында жеке кәсіпкерлік қызмет;
1999-2000 ж. — «Пейджинг компаниясының» Алматыдағы филиалы, директор;
2001-2005 ж. — «Kaznewtech Ltd» и «Kaz Com Net» ЖШС, директор;
2005-2006 ж. — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша бірінші вице-президенттің кеңесшісі;
2007-2008 ж. -«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша президенттің кеңесшісі;
2005-2008 ж. — софтверлік компаниялар бірлестігі, вице-президент;
2008-2014 ж. – «Қазақстандық софтверлік компания ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, президент;
2014- 2016 ж. — «Инвесторлер альянсы» жергілікті қоғамдық бірлестік, президент;
2016 – әлі күнге дейін — «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, президент;
2017 – –Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар кеңесінде төраға кеңесшісі.
2022 – «Байтақ болашақ» партиясы төрағасы.
Отбасылық жағдайы: отбасы құрған, төрт баласы бар
Екі рет Меккеге қажылық өтеді
Марапаттары: «Жыл меценаты» номинациясында «Халық сүйіктісі-2014» ұлттық премиясы
Хобби: шахмат, велоспорт, жүзу.
## Дереккөз
|
Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай (19.10.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.
## Өмірбаяны
Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай 1951 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Көкдөнен ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін әр жылдары республикалық қоғамдық-саяси «Халық кеңесі» газетінде жауапты хатшы орынбасары, жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1996 жылы «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналына ауысып бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Сонымен қатар балаларға арналған «Алақай-Балақай» журналының және «Бас қатырғыш» газетінің бас редакторы болды.
## Дереккөз
|
Гүлнұр Шәкенқызы Өмірбаева - 1975 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында туған. ҚР Мәдениет қайраткері, педагог-ғалым, педагогика ғылымдарының кандидаты, әнші, композитор.
## Өмірбаяны
Гүлнұр Шәкенқызы 1992 жылы орта мектепті бітірген соң, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының Музыка педагогика факультетін тәмәмдаған. 1997 жылы осы институттың Музыкалық оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының ізденуші–стажеры болып қабылданды. 1998 жылы өндірістен қол үзіп, аспирантураға қабылданды. 2002 жылдан бастап еңбек жолын вокал және хор дирижерлау кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады. 2008 жылы Мәдени бұқаралық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі кафедрасының доцент міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылды. 2009 жылы осы кафедраның уақытша кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 2009 жылдан бастап Музыкалық білім және мәдениет факультетінің деканы қызметін атқарып келеді. 2010 жылы ғылыми диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.
### Ғылыми еңбектері
* «Ән салу өнері» оқу құралы (2007 ж.);
* «Мектеп оқушыларының сыныптан тыс жұмыс барысында қазақ әндері арқылы патриоттық құндылықтарын қалыптастыру» оқу құралы (2010 ж.); -
* «Патриоттық әндер» хрестоматия (2013 ж.).
### Жетістігі, марапаты
* 2000 жылы Республикалық «Жаңа ғасырға – жаңа ән» әндер байқауының лауреаты;
* 2002 жылы халықаралық «Азия даусы» фестивалі аясында өткен Қазақстан әндері байқауында Елбасы тағайындаған «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері;
* 2007 жылы «Арман» продюсерлік орталығынан «Ән еркесі» және «Қыздар, қыздар...» атты әндер жинағы жарыққа шықты;
* 2009 жылы «ҚР Мәдениет қайраткері» атағы;
* 2010 жылы Республикалық «Елім менің!» патриоттық әндер байқауының лауреаты;
* 2014 жылы ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі.
## Дереккөз
|
Жаңбыршы Үсейінов - 1947 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Көкдөнен ауылында туған. Өнер қайраткері, композитор.
## Өмірбаян
Жаңбыршы (Жаңбырбай) Үсейінұлы 1947 жылы 9 мамырда Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 20 жылға жуық өзі білім алған Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларына бастапқыда математикадан, кейіннен ән-күй пәнінен сабақ берді. Көз жанары нашарлап, І топтағы мүгедектігі бойынша зейнетке шығып, 25 жыл үйде отырды.
Жаңбыршы Үсейінов алғашқы «Жігіт сыры» әнін 17 жасында жазды. Бірқатар әндерінің сөзі – автордікі. Патриоттық әндер – Байзақ Датқа Мәмбетұлына арнаған «Батыр бабам», «Әбілқайыр», «Соғыстан қайтқан әкелер», «Боксшы», «Сені іздеймін», «Жан сәулем», «Жігіт сыры», «Қайдасың, Қарлығашым» әндерінің сөзі – ақын Кәріпжан Нүсіптікі. «Немерем – балам» әнінің сөзін ақын Бердіш Шахаров жазған. «Қайдасың, армандастарым», «Құдаша», «Сағыныш» (өлеңі Жаңбыршы Үсейіновтікі) және басқа лирикалық әндерін әнсүйер қауым жылы қабылдады. 40-қа жуық әндердің авторы."Соғыстан қайтқан әкелер" әні Қазақ радосында беріліп тұрады. Радионың Алтын қорына енген. "Сағыныш" атты ән жинағы жарық көрген.
## Дереккөз
|
Хуанбай Әскерхан (Әскерхан Ақтай) (1974 жылы 22 қарашада Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы Қызылқайың өлкесінде туған) — ақын, драматург, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, мәдениет саласының үздігі, Қызылқайың өлкесінің құрметті азаматы.
## Өмірбаяны
1983-1993 жылдары М. Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебін бітірген. Қазақстан және Моңғолияның жоғарғы оқу орындарында білім алған. Орта мектепте оқып жүргенде әдебиетке құштар болды. Оның туындылары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Айтұмар», «Ақжүніс», «Дарабоз», «Иман», «Отыкен» журналдарында жарияланған. Сонымен қатар республикалық «БАҚ кз», «Абай кз», «Ұлт порталы», «Қамшы», «Күлтөбе» және басқада сайттарда жарық көріп, оқырмандардан лайықты бағасын алды.
## Шығармалары
* «Зүбаржаттың жарқылы» (2016),
* «Сүмбіле» (2017),
* «Жүрегіңді аяла» (2023);
* «Отың өшпейді», «Әке», «Жылқышы бидің аманаты», «Жатбауыр», «Көшім хан-Сүзге сұлу» т.б. драмалардың авторы:
## Марапаттары
* 2012 жылы «Ер жеңісі — Ел жеңісі» республикалық жыр сайысының бас жүлдегері;
* 2013 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына арналған жыр сайысының жеңімпазы;
* 2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешіті өткізген республикалық «Дінім-діңгегім» жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;
* 2015 жылы Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына арналған халықаралық «Ел қорғаны — Ер Жәнібек» жыр бәйгесінің үшінші жүлде жеңімпазы;
* 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қамшы» қоры ұйымдастырған республикалық шығармашылық бәйгесінің «Үздік поэзия» номинациясының 2-орын иегері;
* 2015 жылы «Дарабоз» байқауының арнайы сыйлығынның иегері;
* 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлытау ұлағаты — ұлт мұраты» бас жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;
* 2015 жылы Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы;
* 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медальмен марапатталған;
* 2016 жылы Зуқа батырдың туғанына 150 жылдығына арналған республикалық мүшәйра жүлдесіннің иегері;
* 2016 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өкілдігі жариялаған «Бағытым — Ислам, Бақытым — Тәуелсіздік» жыр бәйгесінің бас жүлдесін жеңіп алған;
* 2021 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
* 2021 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
|
Сайранбай Әліқұлұлы Дөненбаев (3.3.1965 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жарлысу ауылында туған, Қазақстанның Еңбек Ері.
## Өмірбаяны
Сайранбай Әліқұлұлы – 1965 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Білімі жоғары, зоотехник, экономист-менеджер. Еңбек жолын 1987 жылдан бастап «Алғабас» қой савхозында шопан, ферма және бөлімше меңгерушісінен бастаған. 1996 жылы Жарлысу ауылында «Шәушен» шаруа қожалығын құрады. Сайранбай Дөненбаев осы мерзімге дейін шаруа қожалықтың төрағасы. Республикаға белгілі «Шәушен» шаруа қожалығы 3000 бас қой, 500 бас жылқы және 200 бас мүйізді ірі қара малын бордақылау кешенін іске қосып, бұл табысты саланы дамытуда өзгелерге үлгі-өнеге көрсетіп отыр. Қожалық асыл тұқымды «Еділбай» қойын өсірумен, текті тұяқты тұлпарлар өсірумен және элита тұқымды егін шаруашылығымен тұрақты түрде айналысып келеді. Егіншілікті ғылыми негізде жүргізе білген қожалық өрендері жыл өткен сайын табысқа кенелуде. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылыққа мемлекет тарапынан да үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. Шаруа қожалықтың техникалық паркі де жыл сайын кеңейіп, жаңа техникалармен толығып келеді.Бүгінгі таңда шаруа қожалығының иелігінде сүт бағытындағы 200-ге таяу, ет бағытындағы «Алатау» тұқымды 500-дей ірі қара, 857 бас жылқы және «Еділбай» тұқымды 15 мыңға жуық қой бар.Сонымен бірге, 4000 гектар жерге дәнді-дақылдар өсіруде.Қожалық бүгінгі таңда 110 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Олардың орташа жалақысы 45 000 теңгені құрайды. «Шәушен» шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев ауылын дамытып, көркейтуді де назарынан тыс қалдырған емес. Жарлысу ауылы осыдан он жыл бұрыңғы ауылмен салыстыруға келмейді. Алыстан көз тартатын еңселі де әсем мешіт, жұмыртқадай тізілген екі пәтерлік жаңа үлгідегі он тұрғын үй, 40 орындық интернат үйі және осы интернат алдында ҰОС-ның ардагерлері және Ашаршылық құрбандарына арналып соғылған саябақ, 100 балалық балабақша. Осы көз тартар ғимараттар ауыл көркін ерекше ажарландыра түсуде. Сайранбай Дөненбаев Жарлысу ауылының тауынан қымызбен емдейтін шипажай орнын ашты. Осының барлығы да шаруа қожалықтың жеке қаражатына салынып, ел игілігіне берілген бүгінгі күннің зәулім ғимараттары. Кәсіпкер Сайранбай Әліқұлұлы Дөненбаевтің еселі еңбегі елеусіз емес. Ол «Құрмет» орденімен, Елордамыз – Астана қаласында өткен «Алтын сапа» республикалық конкурсында ІІ орынды жеңіп алып, күміс медальмен марапатталды. «Жыл патриоты» атағы, «Тәуелсіздікке 10 жыл» медалі, «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалі, «Еңбек даңқы 2012» медалі», «Парыз 2012» медалі берілді. «Жомарт жүрек» сыйлығының лаураты «Жыл тұлғасы» аталымының иегері атынды. Тәуелсіздіктің 27 жылдығы қарсаңында Қазақстанның Еңбек Ері атағын иеленді.
## Дереккөз
|
Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай (19.10.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, ҚР Мәдениет қайраткері.
## Өмірбаяны
Қыдырәлі Исалыұлы Қойтай 1951 жылы 19 қазанда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой ауданы) Көкдөнен ауылында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған.Еңбек жолын аудандық газеттен бастап, кейін әр жылдары республикалық қоғамдық-саяси «Халық кеңесі» газетінде жауапты хатшы орынбасары, жауапты хатшы болып қызмет істеді. 1996 жылы «Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналына ауысып бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды. Сонымен қатар балаларға арналған «Алақай-Балақай» журналының және «Бас қатырғыш» газетінің бас редакторы болды.
## Дереккөз
|
Азаматхан Сайлауұлы Әміртай 1978 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы – қазақстандық саяси қайраткер, «Байтақ» партиясы төрағасы.
## Өмірбаяны
1978 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында туған.
2000 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын үздік аяқтаған, 2005 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін ұздік аяқтаған, Executive MBA, «СКОЛКОВО» Мәскеу басқару мектебі
Мамандығы: компьютерлік телекоммуникация инженері, жергілікті мемлекеттік басқару
1995-2000 ж. – жеке компьютерлер мен техника сату саласында жеке кәсіпкерлік қызмет;
1999-2000 ж. — «Пейджинг компаниясының» Алматыдағы филиалы, директор;
2001-2005 ж. — «Kaznewtech Ltd» и «Kaz Com Net» ЖШС, директор;
2005-2006 ж. — «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша бірінші вице-президенттің кеңесшісі;
2007-2008 ж. -«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, ақпараттандыру бойынша президенттің кеңесшісі;
2005-2008 ж. — софтверлік компаниялар бірлестігі, вице-президент;
2008-2014 ж. – «Қазақстандық софтверлік компания ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі, президент;
2014- 2016 ж. — «Инвесторлер альянсы» жергілікті қоғамдық бірлестік, президент;
2016 – әлі күнге дейін — «Байтақ болашақ» экологиялық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, президент;
2017 – –Алматы энергетика және байланыс университетінің директорлар кеңесінде төраға кеңесшісі.
2022 – «Байтақ болашақ» партиясы төрағасы.
Отбасылық жағдайы: отбасы құрған, төрт баласы бар
Екі рет Меккеге қажылық өтеді
Марапаттары: «Жыл меценаты» номинациясында «Халық сүйіктісі-2014» ұлттық премиясы
Хобби: шахмат, велоспорт, жүзу.
## Дереккөз
|
Дүйсеналы Дыбысалыұлы - 1957 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Қорағаты ауылында туған. Мәдениет және өнер қайраткері, композитор.
## Өмірбаян
Дүйсеналы Дыбысалыұлы 1983 жылы Жамбыл мәдени-ағарту училищесінің ұлт-аспаптар бөлімін, 1987 жылы С.М.Киров атындағы Мемлекеттік Қазақ университетінің тарих және қоғамтану факультетін бітірген. 1976-1983 жылдары Луговой аудандық мәдениет бөлімінің киномеханигі, автоклуб меңгерушісі, 1983-1986 жылдар аралығында Жамбыл облыстық атқару комитетінің Меркі және Луговой ауданаралық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының жауапты хатшысы, 1986-1987 жылдары аудандық мәдениет үйінің директоры, 1987-1996 жылдары Меркі, Луговой ауданддарының мәдениет бөлімдерінің бастығы, 1996-2000 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, 2000 жылы Т.Рысқұлов аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2012 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, 2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары, 2014-2020 жж. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқарманың басшысы қызметін атқарды.
Дүйсеналы Дыбысалыұлы басқармаға бағынысты мәдениет және архив мекемелерінің заманауи талаптарына сәйкес қызмет көрсетуіне ерекше назар аударады. Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарында мәдениет бөлімдерін басқарған кезінде қалыптасқан оң тәжірибелерді облыс көлемінде кең түрде жүргізді. Ең алдымен, мәдениет және архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, кадрлардың біліктілігі мен жауапкершілігін көтеруге бағытталған жұмысты ұтымды жүргізуде. Соның нәтижесінде облыс кітапханаларының барлығына дерлігі интернетке қосылды. «Электронды Үкімет» желісін тиімді пайдалану арқылы барлық мәдениет мекемелерінде бұл жұмыс үйлесім тапты. Мұрағаттарда тарихи құжаттарды электронды-сандық түрге көшіру жұмысы жанданды. Ең бастысы – соңғы жылдары тарихымыздың темірқазығы Тараз және оның айналасындағы ортағасырлық қалаларда қазба жұмыстарын жүргізу арқылы тарихымыз бен мәдениетімізді әлемге таныту бағыты үрдіс алды. Жаңа археологиялық қазба жұмыстарын жүргізе отырып, ашық аспан астында музей жасақтау бағытында жұмыс жанданды. Кітапхан алар мен клубтардың көпшілікке қызмет көрсетуін жаңа сатыға көтерді. Дүйсеналы Дыбысалыұлының бастамасымен ғалымдармен, жоғары оқу орындарымен мәдениет және архив мекемелерінің байланысы нығайды. Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уалиханов атындағы ғылыми-зерттеу әдебиет институтымен және Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен өзара ынтымақтастықты дамыту бағытында меморандумға қол қоюы осыған дәлел.
Д.Д.Бықыбаевтың бастамасымен жергілікті сазгерлердің, суырып-салма және жас ақындардың шығармашылығын арттыру, оларды ынталандыру жұмысы қолға алынды. Сазгерлердің әндері жазылған үнтаспалар шығарылып, жас ақындар арасында айтыс, мүшайра ұйымдастыру дәстүрі қалыптасты. Ол жас дарын иелерінің өнер өлкесіне есік ашып, өнерлерін дамытуға ықпал жасауда да талант иелерінің алғысына бөленіп жүр. Ол тәрбиелеген, баулыған, қазір өнерлерімен бүкіл елімізге танылған таланттар – Досымжан Таңатаров, Тахмина Әшімбекова, Оңал Азаматова, Жалғас Толғанбай тағы да басқа таланттар халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары.
Халық шығармашылығын көтеру бағытында аудандарда көркем өнерпаздардың ансамбльдерін ұйымдастыру, халық театрлары мен үздік мәдениет ошақтарының жұмыстарын жандандыру бағытында жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде. Кәсіби және көркемөнерпаздар ұжымдары арасында байқаулардың, конкурстардың, өнер фестивальдарының мазмұны артып, мәні көтерілді. Қазір Жамбыл жерінде өтетін халықаралық ән конкурстарына, байқауларына, фестивальдарына танымал өнер шеберлері қуана қатысады. Ол таланттардың танылуына бағытталған жұмысты да үйлесімді жүргізуде. Кезінде халықтың сүйіспеншілігіне бөленген сазгер Мэлс Өзбековтың кең танылуына бағытталған бір ғана жұмыс осыған дәлел. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында мәдениет саласында болған қиыншылықтарды қызметкерлердің жеңе білуіне, мәдени-әлеуметтік ғимараттарды сақтап қалуына күш-жігерін жұмсай білуі бүгінгі күні оны мәдениет қызметкерлерінің құрметіне бөледі.
Д.Д.Бықыбаев іскер басшы болуымен бірге елге танылған өнер иесі. 2002 жылы Қазақ радиосының ұйымдастыруымен өткен «Жаңа ән тыңдайық» бағдарламасында «Біз екеуміз» әні үздік деп танылып, «жыл әні» атанды. Сондай-ақ Ш.Әбішевтің сөзіне жазылған «Анашым», «Жазығым не?», Ш.Мамасерікованың «Әже әлдиі», «Сағыныш», М.Ысқақтың сөзіне жазылған «Нәзігім», «Гүл көктем», Ғани Әлімбековтың сөзіне жазылған «Тағы да келді бір көктем», «Жеттің бе көктемім», «Келерсің сен», Жаңыл Асылбекованың сөзіне жазылған «Тұманда», Арғынбай Бекбосынның сөзіне жазылған «Мэлстің соңғы әні», С.Қожекенің сөзіне жазылған «Киелі менің Құланым», «Ақкөл» осылар сияқты 50-ден астам әндері көптеген тыңдарманның жүрегіне жол тапты. «Шал тауында ауылым» атты ән жинағы шықты.
Дүйсеналы Дыбысалыұлы халық рухын көтеруде, ұлттық құндылықтардың салтанат құруына бағытталған жұмыстарды жүргізуде өзінің ұлтжанды азамат екенін көпшілік жақсы біледі. 1991 жылы халық батыры Сыпатай Әлібекұлының кесенесін салудағы және 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығының Таразда тойлану кезінде ұйымдастырушылық және үйлестірушілік қабілеті ерекше жарқырап көрінді. Ұлық той қарсаңында оның ұйымдастырған «Қазақ хандығы ту тіккен өлке» атты тарихи-мәдени экспедиция облыс халқының рухын көтеруге ерекше ықпал жасады. Облыстың зиялы топ өкілдерінен, тарихшылардан, өлкетанушылардан және мәдениет қызметкерлерінен, ақын-жыршылардан құрылған экспедиция халқымыздың тарихы мен мәдениеті, өнері туралы әңгімелері баршаның көңіліне нұр құйды, осы игі істің басы-қасында Д.Д.Бықыбаев жүрді.
Ұзақ жылдардағы еселі еңбегі ескеріліп, аудандық мәдениет бөлімдерінің дамуына айрықша қосқан үлесі үшін 2001 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталып, 2005 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік ауылдық клуб, Мәдениет үйі», «Үздік ауылдық кітапхана» республикалық байқауына белсене қатысып, ауыл мәдениетінің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс жарияланған. 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі, 2015 жылы «Қазақстан Халықтары Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медалімен, халықаралық мұражайлар кеңесінің комитеті заңды тұлғалар бірлестігі ИКОМ «Музей саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.Облыс мәдениеті мен өнерін дамытуға қосқан ерен еңбегі облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясы, министрлік пен аудан әкімдіктерінің тарапынан жоғары бағаланып, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталды. 2016 жылы Елбасы Жарлығымен «Құрмет» орденімен наградталды.Ұл-қыз тәрбиелеп, немере сүйген ата.
## Дереккөз
|
Гүлмира Ақүрпекова - 1965 жылы 20 қаңтарда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Әбжаппар ауылында туған. ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі.
|
Айдос Жандосұлы Садықов (9 желтоқсан 1968 жыл, Әйтеке би ауданы, Ақтөбе облысы – 2 шілде 2024 жыл, Киев) — қазақстандық журналист, оппозицияшы саясаткер, «БӘСЕ» онлайн ақпарат көзінің авторы.
Садықов өзінің бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевқа мен ресейшіл ұстанымы бар деген қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа оппозициялығы үшін белгілі болатын.
## Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасы Төртқара руынан шыққан. Айдос Садықов 1968 жылғы 9 желтоқсанда Ақтөбе облысындағы Қарабұтақ ауылында дүниеге келген. Орыстілді мектепте оқыса да, үйінде қазақша сөйлейтін. Ақтөбе педагогикалық институтының тарихтану факультетін бітіргеннен кейін ол бизнес, сауда мен мұнай салаларында жұмыс істейтін болды.
Қазақстанда Садықов белгілі оппозиционер болған. Ол президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы болып, Азат социал-демократиялық партиясының өңірлік филиалына төрағалық етті. «Гастат» азаматтық қозғалысы негізін қалаушыларының бірі болған ол тағы CNPC-Ақтөбемұнайгаз мұнай компаниясында тәуелсіз кәсіподақтар құрды. Кейін ол, оған қоса, «Жусан» социал-либералдық партиясы көшбасшыларының бірі еді.
2005 жылы Садықов Мәжілісте мандат жеңіп алуды көздеп жүрген оппозициялық Нағыз Ақ Жол партиясының Ақтөбе өңірлік филиалын басқарып кеткенде өз саяси мансабын бастаған еді. 2010 жылы ол партия құрамынан шығып кетті; көшбасшылары оның ұстанымын тым радикалды көрді. Сол жылы ол Назарбаевтың отставкасын, саяси тұтқындардың азаттығын, жер сатылуының тоқтауын талап еткен наразылық шараларына қатысты. Садықовқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде жалған ақша жасады, шабуыл жасады және полицияға қарсылық көрсетті деген айыптар тағылды. Ол бір ай мәжбүрлі психиатриялық тексеруден өтті. 2010 жылы ол бұзақылық жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды да, бұл кезде Қазақстанның арнайы қызметі оны өз қатарына алуға тырысты, бірақ Садықов бас тартты.
2014 жылдың басына қарай Қазақстан билігі Садықовтың журналист әйеліне қарсы іс қозғады. 2014 жылғы сәуірде ол отбасымен бірге Қазақстаннан Украинаға көшіп, Киевке қоныстанды, екеуі сол жерде оппозициялық қызметін жалғастырды. Сол жылы Садықов Украина Қарулы Күштері құрамында халықаралық батальон құрылғанын жариялады. 7 мамырда олар БӘСЕ YouTube арнасын құрды.
2020 жылғы 14 қазанда Киевтің Шевченковский аудандық соты «АБС-Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Айдос пен Наталья Садықоваға қатысты компанияның беделін қорғау және жалған ақпаратты жоққа шығару туралы талап-арызына қатысты іс қозғады.
2022 жылғы қаңтарда Садықов елде болған ірі наразылық шараларын қолдады. 2022 жылғы 24 ақпаннан бері БӘСЕ арнасы Ресейдің Украинаға басып кіруіне ашық түрде қарсылығын білдіріп келеді. Арна Украина Қарулы Күштеріндегі Орталық Азия мен Кавказдан сарбаз алатын «Тұран» батальонының құрылуын жария еткен бірінші ақпарат көздерінің бірі болды.
2023 жылғы күзде Айдос пен Наталья Садықоваға Қазақстанда «араздықты қоздырды» деген айыппен іздеу жарияланған болатын.
## Өлімі
2024 жылғы 18 маусымда Киевтің Віктор Ярмола көшесінде болған Садықовтардың үйлері маңында Айдос Садықовқа қарсы қастандық жасалды. Қылмыскер Садықов пен әйелі отырған көлікке жақындап, Садықовқа атып жіберді. Жағдайы ауыр болған Садықов бірден аурухананың жансақтау бөліміне жатты.
Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары «шындықты анықтау» әрекетін тексеруге дайын екенін мәлімдеді. Садықовтың әйелі Наталья Тоқаевты күйеуіне жасалған қастандықтың «негізгі бенефициары» деп атады. Садықов терең комаға түсіп, 2 шілдеде, сағат таңғы 3-те қайтыс болды.
3 шілдеде Айдос Садықовтың Киевте жерленетіні белгілі болды.
### Тергеу барысы
21 маусымда Украина полициясы қастандықты 2 маусымда Польшадан Киевке келген екі қазақстандықтың жасағанын анықтады. Алтай Мамашұлы Жақанбаев (1988 жылғы 9 ақпанда туған) мен Қостанай облысы полиция басқармасының қызметкері Мейрам Мұратұлы Қаратаевқа (1991 жылғы 9 мамырда туған) сырттай айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланды. Екеуі де шабуыл жасалған күні Украинадан Молдоваға кеткен.
Алтай Жақанбаев Қазақстан билігіне тапсырылды, ол жерде ұсталып, тергелді. 27 маусымда Қазақстан күдіктілерді Украинаға экстрадициялаудан бас тартқанын мәлімдеді.
## Отбасы
Айдос Садықов Наталья Садықоваға үйленген еді, олардың үш баласы бар.
## Дереккөздер
|
Тахмина Талғатқызы Әшімбекова - 1979 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында туған. ҚР Мәдениет қайраткері, эстрада әншісі, халықаралық ән байқаулары лауреаты.
|
Қайрат Әшірәліұлы Бисембаев (22.04.1965 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Бірлес ауылында (қазіргі Сәлімбай Пірманов ауылы) туған. Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, композитор.
## Өмірбаяны
Қайрат Әшірәліұлы 1965 жылы 22 сәуірде ұстаздар отбасында дүниеге келді. 1972 жылы Бірлес орта мектебіне барып, 1982 жылы Алғабас орта мектебін «Алтын медальмен» бітірген. Сол жылы Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтына түсіп, 1987 жылы құрылыс инженері маманыдығы бойынша бітірген. 2003 жылы «Тұран» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша, 2004 жылы «Құрылыс және бағалау» академиясын «Бағалаушы" мамандығы бойынша оқып, бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Торғай қаласында «Тургай-селхозводопровод» АҚБ-де шебер, аға инженер болып бастаған. 1988-1993 жылдар аралығында Өрнек ауылдық кулубының меңгерушісі, Алғабас совхозының комсомол ұйымының жетекшісі болған. 1993-1997 жылдары Өрнек ауылдық Кеңес төрағасы және әкім болды. 1997-1999 жылдары комбикорм зауыт директоры, «Подгорный» агрокорпорациясы президентінің көмекшісі болды. 1999 - 2000 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінде бас маман, 2000-2005 РГП «Мемлекеттік құрылыс лицензия» мемлекеттік мекеменің Алматы облысы филиалының директоры болды.
2005 - 2009 жылдары Алматы облысының Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, 2009 - 2015 жылдары ҚР Құрылыс агенттігінің Мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау басқармасының басшысы, Астана қаласы мемлекеттік сәулет - құрылыс бақылау департаментінің басшысы болып еңбек етті.2015-2018 жылдары Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі,Алматы облысы жер басқармасының басшысы, «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары болды.Қазірде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысы.
### Кітаптары
* «Әкені аңсау» ән жинағы;
* «Берекелі бірлес» кітабы.
### Отбасы
Екі қыз, екі ұлдың әкесі.
### Марапаты
* «Құрмет» ордені;
* ҚР Құрметті құрылысшысы;
* ҚР Архитекторлар одағының, қала құрылысшылары одағының мүшесі;
* Қаратал ауданының құрметті азаматы,
* Мәскеуде өткен «Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің ХІІ-фестивалінің диплом анты;
* Ауған соғысының ардагерлерінің республикалық штабының «Сауап» және ҚР Контитутциясына, Тәуелсіздігіне байланысты бірнеше юбилейлік медальдар иегері;
* Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасының Алғыс хатымен жәнем 5 - рет Алматы облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен" марапатталған.
## Дереккөз
|
Нұрлан Мұханұлы Темірбеков (20.08.1960 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой стансасында туған. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
## Өмірбаяны
Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы 1960 жылы 20 тамызда Жамбыл облысының Луговой стансасында теміржолшылар отбасында дүниеге келді.
Ол бай дәстүрі бар мейірімді үлкен отбасында өсті. Әжесі, әкесі мен анасы қарапайым, еңбекқор адамдар болды. Олар еңбекке, туыстарына деген адалдығымен, балаларының болашақ дүниетанымының негізін қалады.
Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы 1977 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, сол жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ механика және қолданбалы математика факультетіне оқуға түсті. Жақсы және үздік оқып, белсенді болды, университеттің жастар (комсомол) ұйымының жұмысына қатысты. 1982 жылдан 1986 жылға дейін "материалдар мен механика кедергісі", "жоғары математика" кафедраларының ассистенті болып жұмыс істеді. Оқытушылық қызметінің алғашқы күнінен бастап математика және механика саласындағы өзінің тамаша білімін көрсетті, сондықтан 1984 жылдың желтоқсанында Алматы қ. С.М. Киров атындағы ҚазҰУ зерттеуші-стажер болып ауыстырылды. 1986 жылы осы университеттің күндізгі аспирантурасына түсті. Қолданбалы талдау кафедрасында белгілі қазақстандық математиктер Ш. Смағұловтың және Н.Т. Данаевтың жетекшілігімен есептеуіш математика және есептеуіш аэрогидродинамика саласында ғылыми зерттеулер жүргізді. Навье-Стокс теңдеулерін табиғи айнымалылар және еркін қисық сызықты координаттарда жуықтап шешу бойынша жаңа ғылыми нәтижелер алынды. Сызықтық емес Навье-Стокс теңеулері үшін сызықтық емес мүшелердің айырымдық аналогының қасиеттері туралы лемма және айырымдық схемалардың тұрақтылығы мен жинақтылығы туралы теоремалар дәлелденген. 1990 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2001 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша екі монография және 100-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.
Н.М. Темірбековтың ғылыми қызметінің негізгі саласы – Навье-Стокс теңеулерін сандық шешу мәселелері болып табылады. Күрделі салалардағы гидродинамика
есептерін компьютерлік модельдеудің тиімді алгоритмдері ұсынылды. Өнеркәсіптік қаланың атмосфералық ауасының сапасына ластанудың антропогендік көздерінің әсерін бағалау үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құрылды. ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесін ұйымдастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің авторы.
1986 жылдан 2002 жылға дейін күндізгі аспирантура мен докторантурада оқыды, ассистент, аға оқытушы, доцент, әл-Фараби атындағы қазҰУ механика-математика
факультеті деканының орынбасары болып жұмыс істеді. Оқу сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізді, дипломдық жұмыстар мен аспирант диссертацияларына жетекшілік жасады. Н.М. Темірбековтың жетекшілігімен 10 кандидаттық және PhD диссертация қорғалды.
2002 жылдың қаңтар айынан 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, ғылыми жұмыс және жаңа
технологиялар жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. Сол уақыт аралығында жаңа оқу-ғылыми-зерттеу зертханалары құрылды, «математика» және «есептеу техникасын қолдану, математикалық модельдеу және ғылыми зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану» мамандықтары бойынша магистратура мен аспирантура ашылды.
2004-2005 ж.ж. республикалық конкурстың нәтижесі бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға ҚР БҒМ Мемлекеттік
ғылыми стипендиясы берілді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін ШҚМТУ Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.
«Іргетас» инженерлік бейіндегі зертханасын құруға, Со РАН «Есептеу технологиялары» институтының ғалымдарымен бірге «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша Қазақстанда алғашқы диссертациялық кеңестің ашылуына белсене қатысты.
2008 жылы Алматы қаласына көшіп, 2010 жылға дейін әл-Фараби атындағы қазҰУ механика-математика факультетінің деканы, ғылыми жұмыс жөніндегі
проректоры болып жұмыс істеді. Механика-математика факультеті мен университеттің ғылыми-зерттеу институттарының дамуына елеулі үлес қосты. Алматы қаласында Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының III Конгресін ұйымдастырды.
2010 жылдың қараша айынан 2015 жылға дейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры болып жұмыс істеді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры лауазымында оқу үрдісінің, ғылыми-зерттеу қызметінің, тәрбие жұмысының және университеттегі халықаралық
ынтымақтастықтың сапасын арттыруға ықпал етті. Университетте студенттерді көптілді оқытуды, студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығын белсенді дамытып отырды. Соңғы жылдары Н.М. Темірбековтың басшылығымен магистратура мен PhD докторантураның жаңа мамандықтары ашылды, 2011 жылы басталған «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту» бағдарламалары табысты іске асырылды. Осы бағдарлама аясында университетке әлемнің 12 елінен 197 профессор келді.
2014 жылы ЖОО аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (АРТА) институционалдық аккредиттеуден өтті. 13 білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия)
халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2014 ж. ШҚМТУ ұлттық рейтингтер қорытындысы бойынша жетекші орынға ие болып, Қазақстанның үздік 30 ЖОО-ға кірді. 2014 жылдың ортасынан бастап ЖОО ГПИИР-2 үшін мамандар даярлау аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бірыңғай қайта құру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жобаға қатысушы болды. ШҚМТУ осы жобасы аясында металлургия, тау-кен ісі, машина жасау білім беру бағдарламалары бойынша даярланды.
Н.М. Темірбеков ректор қызметін атқарған жылдары ғылыми гранттардың саны, базалық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың ғылыми зерттеулерінің
көлемі айтарлықтай артты. 2009-2013 жылдардағы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ WEB of Science жарияланымдар саны бойынша Қазақстанның 32 жетекші ЖОО-ның (13.05.2014 ж. 52 мақала) ішінен 12 орынды иеленді. Университет халықаралық ғылыми-білім беру бағдарламаларына, жобалар мен гранттарға белсене қатысты. ШҚМТУ Н.М. Темірбеков басшылық жасаған кезеңдерде бес еуропалық ТЕМПУС және бір Еразмус Мундус жобасы бойынша консорциумдардың мүшесі болды.
Н.М. Темірбеков студент жастардың барлық бастамаларын жан-жақты қолдады. ШҚМТУ студенттік командасы алғаш рет Enactus Kazakhstan конкурсының
қатысушылары арасында республикалық чемпионатты жеңіп алып, Мексиканың Канкун қаласында республика намысын қорғады. . Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері Семей қаласында облыс ЖОО арасында "Студенттік көктемде" 1 орынға ие болды, көптеген жылдар бойы олар жазғы және қысқы универсиадаларда жүлделі орындарды иемденді. Соңғы жылдары университеттегі материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды. 2014 жылы «Іргетас» инженерлік бейіндегі зертханасында сәулеленумен материалдарды модификациялаудың автоматтандырылған технологиясына ықпал еткен жоғары дәлдікті позициялы "Kawasaki" фирмасының өнеркәсіптік роботы орнатылды. 2015 жылдың қаңтар айында минералды және техногендік шикізатты реагентсіз қайта өңдеу бойынша жылжымалы мобильді кешен орнатылды.
Бекітілген кестеге сәйкес университет ректор Н.М. Темірбековтың басшылығымен Өскемен қаласындағы студенттік қалашық маңында студенттер, магистранттар
және PhD докторанттарға арналған 500 орындық жатақхана құрылысын аяқтады.
Университет тәжірибесіне ғылыми кеңес, қамқоршылық кеңес, ректорат және т.б. алқалық органдардың жұмыс істеуі арқылы университетте корпоративтік басқару
принципін енгізді. Осылайша, университетті корпоративті басқару жетілдіріліп, оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық инфрақұрылым жақсарды.
2014 жылдың шілде айында Н.М. Темірбеков Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде, жоғары білім берудегі көшбасшылық Қорының
(Ұлыбритания) және Калифорния университетінің Берклеев жоғары білім беру институтында жоғары оқу орындары басшыларының (топ-менеджерлерінің) біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Білім мен ғылымды дамытуға қосқан көпжылдық үлесі, жемісті қоғамдық-саяси жұмысы үшін ҚР БҒМ марапаттары мен Құрмет грамоталарымен және ШҚО әкімінің
«студенттік жастардың барлық бастамаларын қолдайтын үздік ректор – басшы» дипломымен марапатталды.
Нұрлан Мұханұлы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ЖҒТК (жоғары ғылыми-техникалық комиссия) жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы
«Қазғарыш» Ұлттық ғарыш агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болды.
Үлкен қоғамдық-саяси жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасының Шығыс өңірі ректорлары кеңесінің төрағасы, «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» Акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі, «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, түркі тілдес елдердің дүниежүзілік математикалық қоғамының басқарма мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты және облыстық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды., "Нұр Отан" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі болды.
2011 жылы Н.М. Темірбеков Өскемен қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясы штабы төрағасының орынбасары ретінде Президенттік сайлауға қатысты, 2015 жылы
«Нұр Отан» партиясы облыстық штабы төрағасының орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Президентін таңдау бойынша сайлау алдындағы компанияда белсенді жұмыс жүргізді.
2016 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры болып жұмыс істеді. 2016 жылы
университет ректордың басшылығымен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Университет тәжірибесіне ғылыми кеңес, бақылау кеңесі, ректорат және т. б. алқалық органдардың жұмыс істеуі арқылы университетте корпоративтік басқару принципін енгізді. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі аясында 2018 жылы ҚазИТУ студенттері үшін Алматы қаласында 200 орындық жатақхана салынды.
2018 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті болып жұмыс істейді. Темірбеков Н.М. қызмет етіп келе
жатқан жылдар бойы өзін креативті ойлы басшы ретінде көрсетті. Ол академияның басты мақсаты саналатын ғылым мен тәжірибе арасындағы «көпір» болу, өндіріске ғылыми жетістіктерді әзірлеу мен енгізуге жүйелі түрде жәрдемдесу, елдің ғылыми-технологиялық саясатын қалыптастыру мен іске асыруға тікелей қатысу үшін үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр.
|
Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 қарашадағы № 73/01 қаулысымен бекітілген.
## Абай ауданы
## Ақтоғай ауданы
## Бұқар жырау ауданы
## Қарқаралы ауданы
## Нұра ауданы
## Осакаров ауданы
## Шет ауданы
## Балқаш қаласы
## Қарағанды қаласы
## Саран қаласы
## Теміртау қаласы
## Шахтинск қаласы
## Дереккөздер
|
Бақаты — Қазақстандағы өзен. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы аумағымен ағады. Теріс өзенінің сол жақ саласы.
## Сипаттамасы
Қаратаудың батысындағы Қоңыртөбе жоталарынан бастау алып, Теріс-Ащыбұлақ су қоймасына құяды.
Шымкент - Тараз тас жолына дейін Үлкен Бақаты және Кіші Бақаты боп екі бөлініп ағып келеді. Арнасы үнемі толып аға бермейді, құрғақшылық жылдары суы мүлде азайып кетеді.
Қар және жаңбыр суларымен, жер астынан шыққан қайнарлармен толығады. Жағасында бірнеше мал жайылымы аумақтары бар.
Өзен суы мал және егін шаруашылығына пайдаланылады. Өзен бойында бөгеттер орналасқан.
## Дереккөздер
|
Арбат — Қазақстанның Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілер аймағы. Абылай хан және Назарбаев даңғылдарының аралығында Жібек жолы көшесінің бойында орналасқан. Бұл аймақта ЦУМ сауда орталығы мен дүңгіршектер сияқты көптеген дүкендер бар.
## Тарихы
1980 жылдардың аяғында құрылған Арбат Алматыда жаяу жүргіншілер аймағына айналған алғашқы көше болды. Бұл атау Мәскеудегі Арбат көшесінен алынған. Аймақ 2017 жылы қайта құрылды, қазір субұрқақтар бар және Панфилов көшесімен қиылысады. Жаяу жүргіншілер аймағын Сейфуллин даңғылына дейін кеңейту жоспарда бар.
## Дереккөздер
|
Астана алаңы — Алматы қаласында Алмалы ауданы Төле би көшесінде орналасқан. Қазақстандағы Республика алаңынан кейінгі екінші үлкен алаң. Онда көптеген қоғамдық іс-шаралар, концерттер мен салтанатты шаралар өтеді. Алаң Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткішінің алдында және Панфилов көшесінің сол жағында орналасқан. Алаң бұрын Владимир Лениннің есімімен аталған. Оның мүсіні алаңның ортасында 1991 жылға дейін тұрды.
## Тарихы
1921 жылы бұл аймақ Қызыл алаң деп аталды. Кеңес үкіметі империялық дәуірдегі ғимараттарды бұзудан кейін алаңда жаңа үкіметтік ғимараттар бой көтерді. 1937 жылы алаңға алғаш рет тас төселді. 1955 жылы Панфилов көшесінің қиылысында Қазтұтынуодағының әкімшілік ғимараты салынды. 1957 жылы 7 қарашада Қазан төңкерісі күні Кеңес мемлекет қайраткері Владимир Ленинге ескерткіш орнатылды. Сол жылы Қазақ КСР үкіметінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталды, ол қазіргі ҚБТУ ғимараты болып табылады. Сонымен қатар, алаң Ленин алаңы болып өзгертілді.
1980 жылы қалада Брежнев алаңы ашылғаннан кейін бұл аумақ «ескі алаң» деп аталды. 1987 жылы Қазан төңкерісінің 70 жылдығына орай алаңда «Бюсттер аллеясы» мемориалдық кешені құрылды. Ленин ескерткіші 1991 жылы басқа жерге көшірілді. 1997 жылы алаң Қазақстанның жаңадан құрылған астанасы Астананың құрметіне қайта аталды. 2017 жылдың қыркүйегінде алаңды қайта құру жұмыстары аяқталды, соның нәтижесінде жолақтар қысқартылды және велосипед жолдары жасалды.
Алаңды қалпына келтіру жұмыстары 2017 жылдың қыркүйегінде аяқталды. Жолдың жүру бөлігінің жолақтары қысқартылды, көлік ағындары бар жаяу жүргіншілер бағандармен бөлінген. Босатылған аумақта велосипед жолдары мен гранит брусчаткалар төселді, шым және лаванда төсеніштерімен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Баспалдақ эспланадасы жаңартылды, онда ашық амфитеатр жабдықталған, оның алдында түнде жарықтандырылған екі құрғақ субұрқақтар бар.
## Дереккөздер
|
Нұрлан Мұханұлы Темірбеков (20.08.1960 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой стансасында туған. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі. ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі.
## Өмірбаяны
Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы 1960 жылы 20 тамызда Жамбыл облысының Луговой стансасында теміржолшылар отбасында дүниеге келді.
Ол бай дәстүрі бар мейірімді үлкен отбасында өсті. Әжесі, әкесі мен анасы қарапайым, еңбекқор адамдар болды. Олар еңбекке, туыстарына деген адалдығымен, балаларының болашақ дүниетанымының негізін қалады.
Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы 1977 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін бітіріп, сол жылы С.М. Киров атындағы ҚазҰУ механика және қолданбалы математика факультетіне оқуға түсті. Жақсы және үздік оқып, белсенді болды, университеттің жастар (комсомол) ұйымының жұмысына қатысты. 1982 жылдан 1986 жылға дейін "материалдар мен механика кедергісі", "жоғары математика" кафедраларының ассистенті болып жұмыс істеді. Оқытушылық қызметінің алғашқы күнінен бастап математика және механика саласындағы өзінің тамаша білімін көрсетті, сондықтан 1984 жылдың желтоқсанында Алматы қ. С.М. Киров атындағы ҚазҰУ зерттеуші-стажер болып ауыстырылды. 1986 жылы осы университеттің күндізгі аспирантурасына түсті. Қолданбалы талдау кафедрасында белгілі қазақстандық математиктер Ш. Смағұловтың және Н.Т. Данаевтың жетекшілігімен есептеуіш математика және есептеуіш аэрогидродинамика саласында ғылыми зерттеулер жүргізді. Навье-Стокс теңдеулерін табиғи айнымалылар және еркін қисық сызықты координаттарда жуықтап шешу бойынша жаңа ғылыми нәтижелер алынды. Сызықтық емес Навье-Стокс теңеулері үшін сызықтық емес мүшелердің айырымдық аналогының қасиеттері туралы лемма және айырымдық схемалардың тұрақтылығы мен жинақтылығы туралы теоремалар дәлелденген. 1990 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2001 жылы докторлық диссертациясын қорғаған.
Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша екі монография және 100-ден астам ғылыми мақалалар жарияланды.
Н.М. Темірбековтың ғылыми қызметінің негізгі саласы – Навье-Стокс теңеулерін сандық шешу мәселелері болып табылады. Күрделі салалардағы гидродинамика
есептерін компьютерлік модельдеудің тиімді алгоритмдері ұсынылды. Өнеркәсіптік қаланың атмосфералық ауасының сапасына ластанудың антропогендік көздерінің әсерін бағалау үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) құрылды. ЖОО-да кредиттік оқыту жүйесін ұйымдастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің авторы.
1986 жылдан 2002 жылға дейін күндізгі аспирантура мен докторантурада оқыды, ассистент, аға оқытушы, доцент, әл-Фараби атындағы қазҰУ механика-математика
факультеті деканының орынбасары болып жұмыс істеді. Оқу сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізді, дипломдық жұмыстар мен аспирант диссертацияларына жетекшілік жасады. Н.М. Темірбековтың жетекшілігімен 10 кандидаттық және PhD диссертация қорғалды.
2002 жылдың қаңтар айынан 2006 жылға дейін С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, ғылыми жұмыс және жаңа
технологиялар жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді. Сол уақыт аралығында жаңа оқу-ғылыми-зерттеу зертханалары құрылды, «математика» және «есептеу техникасын қолдану, математикалық модельдеу және ғылыми зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану» мамандықтары бойынша магистратура мен аспирантура ашылды.
2004-2005 ж.ж. республикалық конкурстың нәтижесі бойынша ғылым мен техниканың дамуына зор үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға ҚР БҒМ Мемлекеттік
ғылыми стипендиясы берілді.
2006 жылдан 2008 жылға дейін ШҚМТУ Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып жұмыс істеді.
«Іргетас» инженерлік бейіндегі зертханасын құруға, Со РАН «Есептеу технологиялары» институтының ғалымдарымен бірге «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
бойынша кандидаттық диссертацияларды қорғау бойынша Қазақстанда алғашқы диссертациялық кеңестің ашылуына белсене қатысты.
2008 жылы Алматы қаласына көшіп, 2010 жылға дейін әл-Фараби атындағы қазҰУ механика-математика факультетінің деканы, ғылыми жұмыс жөніндегі
проректоры болып жұмыс істеді. Механика-математика факультеті мен университеттің ғылыми-зерттеу институттарының дамуына елеулі үлес қосты. Алматы қаласында Түркі тілдес елдердің Бүкіләлемдік математикалық қоғамының III Конгресін ұйымдастырды.
2010 жылдың қараша айынан 2015 жылға дейін Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры болып жұмыс істеді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры лауазымында оқу үрдісінің, ғылыми-зерттеу қызметінің, тәрбие жұмысының және университеттегі халықаралық
ынтымақтастықтың сапасын арттыруға ықпал етті. Университетте студенттерді көптілді оқытуды, студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығын белсенді дамытып отырды. Соңғы жылдары Н.М. Темірбековтың басшылығымен магистратура мен PhD докторантураның жаңа мамандықтары ашылды, 2011 жылы басталған «Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту» бағдарламалары табысты іске асырылды. Осы бағдарлама аясында университетке әлемнің 12 елінен 197 профессор келді.
2014 жылы ЖОО аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінде (АРТА) институционалдық аккредиттеуден өтті. 13 білім беру бағдарламасы ASIIN (Германия)
халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті. 2014 ж. ШҚМТУ ұлттық рейтингтер қорытындысы бойынша жетекші орынға ие болып, Қазақстанның үздік 30 ЖОО-ға кірді. 2014 жылдың ортасынан бастап ЖОО ГПИИР-2 үшін мамандар даярлау аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде бірыңғай қайта құру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру бойынша жобаға қатысушы болды. ШҚМТУ осы жобасы аясында металлургия, тау-кен ісі, машина жасау білім беру бағдарламалары бойынша даярланды.
Н.М. Темірбеков ректор қызметін атқарған жылдары ғылыми гранттардың саны, базалық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландырудың ғылыми зерттеулерінің
көлемі айтарлықтай артты. 2009-2013 жылдардағы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ WEB of Science жарияланымдар саны бойынша Қазақстанның 32 жетекші ЖОО-ның (13.05.2014 ж. 52 мақала) ішінен 12 орынды иеленді. Университет халықаралық ғылыми-білім беру бағдарламаларына, жобалар мен гранттарға белсене қатысты. ШҚМТУ Н.М. Темірбеков басшылық жасаған кезеңдерде бес еуропалық ТЕМПУС және бір Еразмус Мундус жобасы бойынша консорциумдардың мүшесі болды.
Н.М. Темірбеков студент жастардың барлық бастамаларын жан-жақты қолдады. ШҚМТУ студенттік командасы алғаш рет Enactus Kazakhstan конкурсының
қатысушылары арасында республикалық чемпионатты жеңіп алып, Мексиканың Канкун қаласында республика намысын қорғады. . Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттері Семей қаласында облыс ЖОО арасында "Студенттік көктемде" 1 орынға ие болды, көптеген жылдар бойы олар жазғы және қысқы универсиадаларда жүлделі орындарды иемденді. Соңғы жылдары университеттегі материалдық-техникалық база айтарлықтай жақсарды. 2014 жылы «Іргетас» инженерлік бейіндегі зертханасында сәулеленумен материалдарды модификациялаудың автоматтандырылған технологиясына ықпал еткен жоғары дәлдікті позициялы "Kawasaki" фирмасының өнеркәсіптік роботы орнатылды. 2015 жылдың қаңтар айында минералды және техногендік шикізатты реагентсіз қайта өңдеу бойынша жылжымалы мобильді кешен орнатылды.
Бекітілген кестеге сәйкес университет ректор Н.М. Темірбековтың басшылығымен Өскемен қаласындағы студенттік қалашық маңында студенттер, магистранттар
және PhD докторанттарға арналған 500 орындық жатақхана құрылысын аяқтады.
Университет тәжірибесіне ғылыми кеңес, қамқоршылық кеңес, ректорат және т.б. алқалық органдардың жұмыс істеуі арқылы университетте корпоративтік басқару
принципін енгізді. Осылайша, университетті корпоративті басқару жетілдіріліп, оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық инфрақұрылым жақсарды.
2014 жылдың шілде айында Н.М. Темірбеков Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде, жоғары білім берудегі көшбасшылық Қорының
(Ұлыбритания) және Калифорния университетінің Берклеев жоғары білім беру институтында жоғары оқу орындары басшыларының (топ-менеджерлерінің) біліктілігін арттыру курсынан өтті.
Білім мен ғылымды дамытуға қосқан көпжылдық үлесі, жемісті қоғамдық-саяси жұмысы үшін ҚР БҒМ марапаттары мен Құрмет грамоталарымен және ШҚО әкімінің
«студенттік жастардың барлық бастамаларын қолдайтын үздік ректор – басшы» дипломымен марапатталды.
Нұрлан Мұханұлы Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ЖҒТК (жоғары ғылыми-техникалық комиссия) жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы
«Қазғарыш» Ұлттық ғарыш агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі болды.
Үлкен қоғамдық-саяси жұмыстар атқарды. Қазақстан Республикасының Шығыс өңірі ректорлары кеңесінің төрағасы, «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» Акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі, «Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық Компаниясы Акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, түркі тілдес елдердің дүниежүзілік математикалық қоғамының басқарма мүшесі, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты және облыстық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды., "Нұр Отан" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі болды.
2011 жылы Н.М. Темірбеков Өскемен қаласы бойынша «Нұр Отан» партиясы штабы төрағасының орынбасары ретінде Президенттік сайлауға қатысты, 2015 жылы
«Нұр Отан» партиясы облыстық штабы төрағасының орынбасары ретінде Қазақстан Республикасы Президентін таңдау бойынша сайлау алдындағы компанияда белсенді жұмыс жүргізді.
2016 жылдың ақпан айынан бастап 2018 жылдың қазан айына дейін Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры болып жұмыс істеді. 2016 жылы
университет ректордың басшылығымен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Университет тәжірибесіне ғылыми кеңес, бақылау кеңесі, ректорат және т. б. алқалық органдардың жұмыс істеуі арқылы университетте корпоративтік басқару принципін енгізді. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуі аясында 2018 жылы ҚазИТУ студенттері үшін Алматы қаласында 200 орындық жатақхана салынды.
2018 жылдың желтоқсанынан қазіргі уақытқа дейін Ұлттық Инженерлік академиясының вице-президенті болып жұмыс істейді. Темірбеков Н.М. қызмет етіп келе
жатқан жылдар бойы өзін креативті ойлы басшы ретінде көрсетті. Ол академияның басты мақсаты саналатын ғылым мен тәжірибе арасындағы «көпір» болу, өндіріске ғылыми жетістіктерді әзірлеу мен енгізуге жүйелі түрде жәрдемдесу, елдің ғылыми-технологиялық саясатын қалыптастыру мен іске асыруға тікелей қатысу үшін үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр.
|
ЦУМ (Орталық әмбебап дүкен) — Алматы қаласының орталығындағы сауда орталығы, Абылай хан даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында орналасқан, мекенжайы Абылай хан, 62 үй. 1961 жылы орталық әмбебап дүкен ретінде ашылған. Кейін “Заңғар” сауда орталығы болып қайта құрылды. 1994 жылдан “Заңғар” акционерлік қоғамы болып аталады. Сауда алаңы 10128 м², көмекші бөлмелерінің аум. 5830 м². 3 қабатта орналасқан 5 тұтыну кешені бар. Дүкен сатып алушыларға қосымша қызмет түрлерін көрсетеді, тігулі бұйымдарды шақтайды, несиеге берілетін тауарларды ресімдейді. Сатып алу сұранымын зерттеу үшін киім, аяқ киім, бас киім үлгілерінің сату көрмелері өткізіледі. Дүкен осы заманғы технология жабдықтармен жарақтандырылған.
## Дереккөздер
|
Сейсен (Сейсенбай) Шәмінұлы Қожеке (28.12.1951 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылында туған. Журналист, жазушы, аудармашы, ақын. ҚазМУ-дің журналистика факультетін 1978 жылы бітірген. «Құлан тарихы», «Қожай қызыр, береке», «Темірқұл. Теміржол. Темірқанат», «Аты аңызға айналған», «Екі майданның жауынгері» атты әр жылдарда жарық көрген тарихи-шежіре кітаптардың, повесть, әңгімелердің және «Айкөл» өлең жинағының авторы.
43 жыл бойы аудандық, облыстық газеттерде қызмет істеп, облыстық «Ақ жол» газетінде жүріп зейнетке шықты. Қарымды журналистің қаламынан туған очерктер мен публицистикалық мақалалар, әңгімелер мен фельетондар республикалық, облыстық баспасөзде жиі жарияланады.
|
Басқарбек Әлтайұлы Битанов (01.01.1959 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, жазушы, сатирик.
Басқарбек (Басқар) Әлтайұлы Битанов 1959 жылы 1 қаңтарда Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында туған.Мектепті бітірген соң ауылдық клуб меңгерушісі, ауыл көркемөнерпаздары жетекшісі болып жұмыс істеді.
1977 жылы ҚАЗҰУ-дің журналистика факультетіне оқуға түсті.Алматы облыстық «Жетісу» газетінде еңбек жолын бастаған.1986 жылы «Құнсыз адам» атты сатиралық романы Баубек Бұлқышев атындағы сыйлыққа ие болды.
1986 жылы қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне ауысып, аға тілші болып еңбек етті. Газетте «Мүйіз тұмсық» сатиралық мүйісін жүргізді.
1990 жылы «Халық газетінде» жауапты хатшы қызметін атқарды. «Қандауыр» сатиралық бетін ұйымдастырып, шығарып отырған.
«Ауыл» газеті редакторының орынбасары, «Тамаша» ойын-сауық отауының жетекші маманы, сценаристі болды.
1994 жылы 1 қаңтарда дүниеден озды.
2015 жылдан бері Тұрар Рысқұлов ауданы орталығы Құлан ауылындағы Мэлс Өзбеков мәдениет үйі жанынан ашылған Басқар Битанов театры жұмыс істейді.
## Дереккөз
|
Биғайша Медеуова (1952 жылы 14 желтоқсанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек ауданы), Қаратоған ауылында дүниеге келген) — ақын, айтыс ақыны, ұстаз. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
1976 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетін тамамдаған.
Еңбек жолын Қаратоған ауылында тарих, музыка пәнінің оқытушылығынан бастаған. Нарынқол, Талғар, Іле аудандарындағы мектептерде оқутәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары болып қызмет істеді.
Педагогика саласында "Мәтінді алгоритммен мазмұндау, жұптық баяндау арқылы ҰБТ-ға дайындау", "ҰБТ-ға дайындаудың он амалы" көмекші құралы, "Қазақ этногенезі" плакаттар сериясының, электронды оқулықтың авторы.
## Шығармашылық
Биғайша Медеуова еліміздің мəдениет саласының, оның ішінде əдебиеттің дамуына айрықша үлес қосып, соңғы 50 жыл көлемінде еңбек етіп келеді. Жазба поэзия мен айтыс жанрларында өзіндік орны қалыптасты:
Республикалық деңгейдегі айтыстарға қатысқан. 1987 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Жанымның жапырақтары» атты ұжымдық жинаққа өлеңдері енген. 2003 жылы «Үш қиян» баспасынан «Ұларсарын» жыр жинағы жарық көрген
1970-2000 ж.ж аралығында облыстық жəне республикалық 30-дан астам айтысқа қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Атап айтсақ, ақиық ақын М.Мақатаевтың 50, 60, 70, 80 жылдық мерейтойына, Қ. Жұбановтың 90 жылдығына, Ж.Жабаевтың 150 жылдығына, С. Аронұлының мерейтойына т.б арналған республикалық айтыстардың жүлдегері атанған;
«Жанымның жапырақтары», «Ұларсарын», “Ақ боз атты арулар”, “Күнге қолын созған қалалар”, “Тұрпанға шапқан ту ұстап” жыр кітаптарының авторы. Өлеңдері “Алматы антологиясына” жəне “Қазақ поэзиясының антологиясына” енген. Соңғы жылдары “Аламан қыздардың ақырғы шайқасы", "Тіршіліктің майданы" кітаптарын жазды.
Соңғы елу жыл аралығында өлең топтамалары “Жалын”. “Қазақ əдебиеті”, “Жұлдыз”, “Ана тілі”. “Таңшолпан” т.б республикалық мерзімді баспасөзде, газет-журналдарда тұрақты жарияланып келеді.
2012 жылы Қазақстан Жазушылар Одағында 60 жылдық мерейтойына орай ауқымды түрде əдеби шығармашылық кеші өтті.
Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Республикалық мүшəйрада II орын иеленген.
## Марапаттары
* 1976 жылы Қазақстан ЛКСМ Орталық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
* 2000 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған
* 2008 жылы жас ұрпақты оқыту жəне тəрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Ы. Алтынсарин белгісімен марапатталған
* 2011 жылы Райымбек ауданының қоғамдық-мəдени өмірін дамытуға қосқан ұзақжылдық үлесі үшін “Райымбек ауданының құрметті азаматы” атанған.
* 2021 жылы Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты (Күнге қолын созған қалалар кітабы үшін)
* 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік медалімен наградталды.
## Дереккөздер
|
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы ALT Университеті — Қазақстандағы жекеменшік жоғарғы оқу орны. ALT Университеті қазіргі таңда көлік, коммуникация және экономика саласында бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. ALT Университетінде оқу мен ғылым үрдісін 65%-тан астамы ғылым докторлары мен кандидаттары дәрежелі жоғары білікті профессорлар, доценттер мен оқытушылар іске асырады.Академияның Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында орналасқан колледждері бар.
## Тарихы
Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады.
1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу-консультациялық пункт болып өзгертілді.
Жоғарыда көрсетілген оқу-консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды.
1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал – Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ).
1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында – Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ).
1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).
2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері – Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.
2021 жылдан бастап Логистика және көлік академиясының жаңа дәуірі басталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
|
Ұзыншор — Түрікменстанның Дашоғыз уәлаятындағы, Қарақұм шөлінде орналасқан көл.
Көл XXI ғасырдың басында Әмудария суымен толтырылған Ілиялы айналма арнасының салынуы нәтижесінде қалыптасты.
Бұрын көл орнында Ұзыншор шатқалы — сусызданған сортаң болған.
Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде судың көршілес сортаңды ойпатқа ағып кетуіне жол бермеу үшін бөгет салынды.
Батысқа қарай бірнеше шақырым жерде Каспий теңізіне қарай апаратын құрғақ Өзбой өзенінің арнасы басталады. Ұзыншор ағынды суға толып кеткенде оңтүстік жақтан ағын су ағып, Өзбойға жетеді. Одан әрі Өзбойды бойлай су жаңадан пайда болған Тұзшор көліне құяды. Одан әрі оңтүстік-батысқа қарай ағып жатқан су Өзбойдағы бөгеттен пайда болған жасанды суқоймасына түседі. Түрікмен үкіметі алдағы уақытта арнаны Қарашор сортаңының ойпатына дейін созып, Алтын Асыр көлін толтыруды жоспарлап отыр.
## Дереккөздер
|
Ақсақатасай (өзб. Oqsoqotasoy, Оқсоқотасой) — Ташкент облысындағы тау өзені (сай), Шыршық өзенінің ең үлкен сол жақ саласы.
## Атауы
Сайдың аты Ақсақата туралы аңыздарға барып тіреледі. Жергілікті құрметті әулие осы атпен белгілі, оның арқасында өзен пайда болған іспетті.
## Гидрологиялық сипаттамалары
Ақсақатасайдың ұзындығы 48 км, Өзбекстан ұлттық энциклопедиясының мәліметі бойынша, су алабының ауданы 453 км², В.Е.Чубтың еңбегінде сағасындағы Қарамазар ауылынан жоғарыда су алабы 456 км² деп көрсетілген. Қарамазар ауылынан су жинағыштығының орташа биіктігі 1840 м. Өзен негізінен қар мен жаңбырдан қоректенеді, сол себепті су деңгейі күрт маусымдық ауытқуға тән. Өзеннің суы сәуірден маусымға дейін (әсіресе мамырда) мол болып келеді, су шығыны 72,1 м³/с жетеді, ал шілдеден қазанға дейін суы аз болып, 1,1 м³/с дейін төмендейді. Қарамазар ауылының маңында өлшенген орташа жылдық су шығыны 6,14 м³/с, жылдық ағын көлемі 193 млн м³, орташа ағын модулі — 13,6 л/с км², ағын қабаты — 427 мм/жыл, 18 жылдық бақылау (1941–1987 жылдары) деректеріне сәйкес, ағынның өзгергіштік коэффициенті 0,380 құрайды. Сол жағындағы Ақсақатасай мен оң жағындағы Өгем – Шыршықтың екі ірі саласы және жыл бойы кеуіп кетпейтін бірден-бір саласы болып келеді.
## Өзен ағысы
Ақсақатасай Текташ тауының маңындағы Шатқал жотасының оңтүстік-батыс бөлігінде бастау су ағындарының қосылуынан басталады. Ақсақата бастауы мен Реваште өзенін дала өсімдіктері бар адырлы үстірт – Ақтақта шатқалы айырады. Бастауында жіңішке әрі терең жартасты аңғардан өтетін бұлақ болып келеді. Әуелі ағын батыс бағытта, содан соң Шарықтау тауынан асып, бірте-бірте солтүстік-батысқа бұрылады. Сағасында, Шыршыққа құяр алдында жартасты-қиыршық тасты кең алқапты құрайды.
Ғазалкент қаласы ауданында Паркент бас арнасымен қиылысады. Ғазалкент су торабының төменгі бьефінде Шыршыққа құяды (Шыршықтың оң жағалауында Барраж теміржол станциясы орналасқан). Ақсақатасайдың ысырынды конусында инертті (кенсіз) материалдарды игеру және алу жұмыстары жүргізілуде.
Өзеннің жағасында Тутамғалы, Қоңыртек, Шуылдақ, Алшалы, Үшбау, Қыржал, Чехчим, Қарамазар елді мекендері орналасқан. Ғалуасай мен Ақсақатасай өзендерінің аралығындағы тау беткейіндегі жазықта Ғазалкент қаласы салынған.
## Жайластырушылық
2010 жылы сел және жойқын су тасқынына қарсы күрес аясында бетон және тастарды пайдалана отырып, Ақсақатасай жағалауын нығайту жұмыстары жүргізілді. Өзен арқылы өтетін көпірлер де жөнделді.
## Археологиялық ескерткіштер
Орта ғасырларда Ақсақатасайдың сағасында, қазіргі Ғазалкенттің орнында цитаделі, шаһристаны (орталық бекініс бөлігі) және рабадты (қала маңы) бар үлкен қала болған. X ғасырдағы тарихи деректерде Ғазақ немесе Ғазал деген атпен аталады.
## Палеонтологиялық олжа
2013 жылы Ақсақатасайдың оң жағалауының неогендік шөгінділерінен акула тістері табылды (неоген кезеңінде бұл аумақты теңіз суы басқан). Табынданы Өзбекстан Ұлттық университетінің геология факультетінің студенттері тапты.
## Ақсақатасай тармақтары
Ақсақатасайдың кейбір салалары (құю ретімен берілген): Қараүңгір (оң), Текелі (оң), Арпатақты (оң), Қашқасу (сол), Қоспа (сол), Қызылбастау (сол), Нұрекатасай (оң), Арқыт, (сол), Қазақсай (оң), Белдерсай (оң), Опашақсай (оң), Шымсасай (оң), Сымшасай (оң), Пошталысай (сол). Ең ірі салалары — Белдерсай және Нұреката (Нұрекатасай) болып келеді.
## Дереккөздер
|
Райымбек батыр кесенесі — қазақтардың бостандығы үшін жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры Райымбектің кесенесі, ол Алматыда аттас Райымбек даңғылының бойында орналасқан.
## Құрылыс тарихы
1918–1922 жылдардағы азаматтық соғыс кезінде Райымбектің қабірі қирады.
1981 жылы батыр жерленген жерге гранит стела орнатылды.
1992 жылы сәулетшілер Б. Ыбыраев, Ш. Өтепбаев және С. Ағытаевтың жобасы бойынша қабірге кесене тұрғызылды.
1994 жылы «Райымбек» тарихи-этнографиялық бірлестігінің бастамасымен әйгілі батырдың басына үлкен мазар тұрғызылды. Кесене республикалық маңызы бар тарихи, архитектуралық және монументалдық өнер ескерткішіне жатады.
Ескерткіш шыңына жаңа туған ай орнатылған үшкір шатырға ұқсас. Бұл шатырдың ішінде батыр сүйегі салынған саркофаг бар.
2005 жылы кесене жанында қара мәрмәрдан соғылған Құран кітабы орнатылды.
2017 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен Райымбек кесенесі Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданды. Кесене «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Қазақстанның киелі географиясы объектілерінің тізіміне кіреді.
## Кесене туралы аңыздар
### Түйе
Биік кесененің алдында киелі түйенің шөгіп жатқан мүсіні бар. Райымбек батыр қайтыс болар алдында жолдастары мен жақындарын жинап: «Сүйегімді ақ киізге орап, түйеге артып қоя беріңдер. Қайда шөксе, сол жерге жерлеңдер» деп, аманат етіпті. Түйе бірнеше күн жүріп келіп, осы жерге шөккен екен.
### Бейіт
Райымбек батырдың денесі жатқан жерде жаңа құрылыс салу жұмыстары қызып жатады. Дәл осы күмбездің орнын да қырып, ғимарат салу жоспарда болған екен. Әйтсе де, көзкөргендер мен қарттар Райымбек батырдың сүйегі жатқанын ескертіп, бұл бейітті бұзуға қарсылықтарын білідіреді. Жұмысшылар үлкен кісілердің өтінішін басшылыққа жеткізгенімен, олар құлақ аспаған. Амалсыздан жұмысшылар жерді тегістеуге кіріседі. Бейітті қыруға келген техника Райымбек басына таяғанда өшіп қала беріпті. Райымбек батыр бейітінен кейін шегінсе, оталып кетеді екен. Қанша бұзуға ұмтылыс жасалғанымен, еш нәтиже бермейді. Осылайша, бұл жер халық арасында киелі болып саналады.
## Дереккөздер
|
Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2024-2025 — қазақстандық кәсіби футзал клубтары арасындағы ең жоғарғы лига. Чемпионат 2024 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2025 жылдың 25 наурыз аралығында өтеді. Чемпионатқа Қазақстанның 11 қаласынан 12 команда қатысты. Осы маусымнан бастап чемпионатқа өарағандылық Тұлпар футзал клубы қосылды.
## Клубтар
2024-25 жылғы маусымда ақтөбелік клуб Рахмет Жоғарғы лигадағы ойындарын жалғастыра алмайтындығы белгілі болды. Рахмет орнынан жаңа маусымда қарағандылық Биосфера клубы қатысады деп күтілді.
Сонымен бірге 2023-24 жылғы маусыда Бірінші лиганың жеңімпазы қарағандылық Тұлпар клубы Жоғарғы лиганың жаңа мүшесі ретінде жарысқа қатысады. Егер Қарағанды облысынан екі команда қатысатын болса футзалға жұмсалатын бюджет екіге бқлінуі ықтимал.
## Трансферлер
### Қайрат
Келді
* Алишер Сарсебаевтың «Кайрат» командасының ойыншысы болғаны туралы хабарлады. Сарсенбаев - Ақтөбенің футзал мектебінің түлегі. «Ақтөбе», «Рахмет» және соңғы маусымды «Байтеректе» өткізді. Соңғы екі маусымда 83 матчта 43 гол соққан.
* Альберт Ақбалықовтың «Газпром-Югра» командасында арендасы аяқталып "Қайратқа" қайта оралды. ол «Газпром-Югра» сапында Ресей чемпионы атанды.
* Ерасыл Шарапиденов «Атыраудан» АФК «Кайратқа» ауысты. Келісімшарт 2+1 форматында жасалды.
Кетті
* :Дуглас Жуниор Сауд Арабиясының "Аль-Ула" клубына ауысты.
* Рикардинью испандық Эль-Посо клубына ауысты. «Кайрат» сапында Рикардиньо 22 матч өткізіп, 15 гол соқты.
* 24 жастағы семейлік Мадияр Тұрлыбеков пен 20 жастағы «Қайрат» түлегі Данияр Тынысбеков келісімшарттары аяқталды.
* Игита Семей клубына ауысты.
* Арнольд Кнауб келісімшартың аяқталуына байланысты клубтан кетті.
* Команданың қақпашылар бапкері Луизиньо Крус клубтағы мансабын аяқтады.
### Семей
* Бауыржан Өмірбаев рсейелік "Ухта" клубына ауысты. Семейге әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы Феррао Барселонадан ауысты. Феррао Семейде айына 30 мың АҚШ долллары көлменіде айлық алатын болады.Данияр Тынысбеков, Мадияр Турлубеков келісімшарты аяқталды. Батырхан Кенжеғали клубтағы арендалық мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды.Игита Семей клубына ауысты. Жаңа клубта қақпашы 22 номермен ойнайтын болды.Жомарт Тоқаев та маусым соңында Семей клубымен қоштасты.
Бауыржан Өмірбаев рсейелік "Ухта" клубына ауысты. Семейге әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы Феррао Барселонадан ауысты. Феррао Семейде айына 30 мың АҚШ долллары көлменіде айлық алатын болады.Данияр Тынысбеков, Мадияр Турлубеков келісімшарты аяқталды. Батырхан Кенжеғали клубтағы арендалық мерзімі аяқталуына байланысты шығарылды.Игита Семей клубына ауысты. Жаңа клубта қақпашы 22 номермен ойнайтын болды.Жомарт Тоқаев та маусым соңында Семей клубымен қоштасты.
* Белорус Руслан Лазюк және бразиялық Гильерма Тейшейра, ресейлік Ришат Котляров келісімшарты аяқталды.
Белорус Руслан Лазюк және бразиялық Гильерма Тейшейра, ресейлік Ришат Котляров келісімшарты аяқталды.
### Ақтөбе
* «Ақтөбе» шабуылшысы Владимир Жигалконы шығарып салды. Ол соңғы екі маусым бойы «қызыл-ақтардың» намысын қорғап, осы маусымда команданың екінші үздік бомбардирі болып, 22 гол соқты.
* 19 жастағы Батырхан Кенжеғали бір жылдық арендадан кейін «Ақтөбе» командасына оралды.
### Астана
* Ровшан Гусейли «Астана» ойыншысы болды. Гусейнли 2022/23 маусымынан бастап «Атырау» командасының қақпасын қорғап, осы жылдың наурыз айында команданы тастап кеткен.
* Олжас Тайбасаров, Тимур Балтабаев және голкипер Андрей Голубничий командадан шыққандарын мәлімдеді.
### Аят
* Қақпашы Лео Сильва «Аят» командасын тастап кеткенін хабарлады, оның Рудный клубының жейдесінде 89 матчы бар.
* 21 жастағы «Аят» түлегі Қанат Әуезов еркін агент атанды. Маусымның бірінші бөлігін «Ордабасыда», кейін «Астанада» өткізді.
### Каспи
* Каспий футзал командасының бас бапкері болып Бразилия құрамында футзалдан әлем чеспионы болған Сержиу Бенатти тағайындалды.
### Жетісу
Әзірбайжандық клуб "Араз-Нахчыван" жетісулық ойыншы Кайке Аледес Де Оливера қосылды.
## УЕФА Чемпиондар лигасы
Футзалдан 2025 жылғы УЕФА Чепмиондар лигасына барлығы 56 команда қатысады. 2023 жылдың сәуіріндегі рейтиг бойынша Еуропадағы ең үздік 4 ұлттық ассоциация екі команда қатыстыра алады (Қазақстан, Португалия, Испания және Хорватия). Өткен маусымның жеңімпазы мен аталған елдің 8 командасы негізгі раундқа қатысатын 24 команданың тізіміне бірден кіреді. Қалған 32 команда бірігші раундтан бастайды.
Қазақстан атынан алматылық Қайрат пен семейлік Семей футзал клубтары қатысады. Қазақстан командалары бірден негізгі раундтан бастайды.
Іріктеу себеті
Себет 10: алаң иелері
* "Пальма" (ESP, чемпион, 1)
* "Спортинг-Андерлехт" (BEL, 2)
* "Кайрат" (KAZ, 2)
* "Приштина" (KOS, 4)
Корзина 11: позиция посева 4
* "Рекорд" (POL)
* "Семей" (KAZ)
* "Юнайтед Галац" (ROU)
Корзина 12: позиция посева 3
* "Халадаш" (HUN)
* "Пльзень" (CZE)
* "Хит" (UKR)
* "Динамо" Загреб (CRO)
Корзина 13: позиция посева 2
* "Олмиссум" (CRO)
* "Добовец" (SVN)
Корзина 14: позиция посева 1
* "Спортинг" (POR)
* "Картахена" (ESP)
* "Брага" (POR)
Группа 4: "Спортинг" (POR), "Кайрат" (KAZ, үй иелері), "Халадаш" (HUN), "Семей" (KAZ). Төрт топтың 3 үздік командасы элиталық раундқа жолдама алады.
### Турнир кестесі
* Бірінші және негізгі раунд жеребесі: 4 шілде
* Бірінші раунд: 20-25 тамыз
* Негізгі раунд: 22-27 қазан
* Элиталық раунд жеребесі: 31 қазан
* Элиталық раунд: 26 қараша - 1 желтоқсан
* Финал жеребесі: анықталады
* Финал: 2025 жылғы мамыр
* Футзалдан УЕФА ТОП-10 клубтары:
* Футзалдан УЕФА ТОП-10 клубтары:
* 1. "Спортинг" (Португалия) - 68 168 балл;
* 2. "Пальма" (Испания) - 64 500;
* 3. "Картахена" (Испания) - 34 500;
* 4. "Андерлехт" (Бельгия) - 24 000;
* 5. "Кайрат" (Қазақстан) - 20 333;
* 6. "Олмиссум" (Хорватия) - 15 500;
* 7. "Добовец" (Словения) - 14 000;
* 8. "Халадаш" (Венгрия) - 13 000;
* 9. "Пльзень" (Чехия) - 11 000;
* 10. "Хит" (Укрина") - 11 000;
* ...17. "Семей" (Казақстан) - 8 000.
## Тағы қарағыз
## Дереккөздер
|
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.