text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қорсанау комплексі (ағылш. inferiority complex, "өздік қорсанау" деп те аталады) — жиі кездесетін психологиялық комплекстердің бірі болып, адамда шынайы немесе қияли түрдегі жетіспеушілік, не кемшілік сезімі. Бұл сезімдер физикалық кемістіктен туындайды, немесе біз өзімізді өзгелерге қарағанда ақылсызырақ, әлсізірек, қабілетсізірек ... сезінген жағдайларда пайда болады. Басқа жағдайда өзін қорсанау сезімі таза ойдан шығарылған кемшіліктерден туындауы мүмкін.
Психологияда қорсанау комплексі – бұл дәйекті жеткіліксіздік сезімі болып, көбінесе біреу қандай да бір жағынан басқалардан кем, немесе төмен деген сезімге күпті болады.
Альфред Адлер өзінің "Өмірдің сен үшін мәні" (What Life Should Mean to You) атты еңбегінде, қорсанау сезімі бала кезіндегі тәрбиеден (мысалы, аға-інімен, қарындас, әпке-сіңлісімен үнемі жағымсыз салыстыру жасаудан), физикалық және психикалық мәселелерден, немесе төмен әлеуметтік жағдайдағы тұрмыс тәжірибесінен (мысалы, баланың құрбыластары жағынан жағымсыз мәмлеге ұшырауы) арқылы туындауы мүмкін.
Қорсанау комплексі бар адам өзінен жоғары дегендермен басартық, тіпті шектен шыққан бәсекелесуі мүмкін, мінездік тұрақсыздық айқын болады, жағымпаздану мен өшігу эмоциясы негізсіз және жүйесіз болады. Мысалы, қазіргі орташа бой биіктігіне жетпей өзін қор көретін адам ("Наполеон комплексі" деп те аталады) өзінің басқаларға қалай көрінетініне тым алаңдауы, артық бас қатыруы мүмкін. Өздерін ұзын етіп көрсету үшін арнайы аяқ киім киюі мүмкін, немесе өздерінен де қысқа адамдармен бірге жүруді ұнатуы мүмкін. Егер бұл қорсанау сезімі шектен шығып кетсе, ол неврозға айналады.
Бұл комплекс сондай-ақ адамның нақты, немесе ойдан шығарылған кемшіліктерінің орнын толтыру үшін назар аудартуға тырысып, шамадан тыс бәсекеге түсуі, тіпті агрессияға дейінгі қылықтар (behavior) көрсетуі, басқалардың алдындағы өзінің көрінісіне тым мән беруін туғызуы мүмкін.
## Дереккөздер
|
* Болат Құрманбекұлы Жандарбеков — режиссер, жазушы, сценарийші, драматург
* Құрманбек Жандарбеков — әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақстанның халық әртісі (1936)
|
Жабай би Қараұлы (XVIII ғасыр) — Тоқсан бидің әкесі. Керей руынан шыққан. Омбы өңірінен шыққан аузы дуалы би. Баласы Тоқсан бидің тұлға ретінде танылуына атасы Қара би көп ықпал етті.
## Жабай би туралы әңгіме
Қара қылды қақ жарған, Қара бидің баласы Жабай шешен билік айтып жүрген шағында, ауылында 55 жасқа келген Бірән дегеннің қатыны өледі де, үш баласы жетім қалады. Кедейге бұдан ауыр қайғы жоқ, Жабай шешен Бірәнге көңіл айтып біраз отырған соң: "Қайғырма, бір айдан кейін қатын аласың" - деп айтқан екен:
Көшкен елге қошқар кездесер,
Қатыны өлгенге қалың сор кездесер.
Бай болатын жігітке,
Жақсы қатын, жүйрік ат кездесер.
Кедей болатын жігітке,
Жалқау қатын, ажалды мал кездесер.
Басы өспейтін жігітке,
Бедеу қатын кездесер.
Биік дөннің үстіне шықпа,
Қайғы кіріп, ісің кетер.
Өгізді өрге салма, күші кетер.
Биік таудың басына шықпа,
Үйің қасына келер.
Қайғы елу би, болыс пен,
Хан, төренің де басына келер.
Бірән қатын алған соң, Жабай биге тағы барыпты. "Қайырлы ұзағынан болсын" - деп, Жабай былай айтыпты:
Бала – үйдің базары,
Қыз – үйдің жасауы.
Жаңа түскен келіншек,
Жақсы болса мереке,
Жаман болса келеке,
Атты айында мақта,
Қатынды жылында мақта,
Ол – үйретпеген бір үйдің асауы.
## Дереккөздер
|
Дәулет Герей (қырымтат. Devlet Geray; 13 қараша 1631 қай.) — Қырым хандығының нұреддині (1608-1610) және қалғайы (1610-1623, 1628-1631), Шақай Мүбарак Герей нұреддиннің ұлы, Қырым ханы I Дәулет Герейдің немересі, Қырым ханы Жәнібек Герейдің інісі.
## Өмірбаяны
1584-1588 жылдары нұреддин болған ханзада Шақай Мүбарак Герей (Дәулеттің әкесі) 1588 жылы Қырымнан кетуге мәжбүр болып, Шеркесстанда тұрып, 1593 жылы қайтыс болды. Дәулет Герейдің анасы Бесленей руынан шыққан шеркес мырзаның қызы Дүрбике еді.
1608 жылы Османлы сұлтаны I Ахмет жаңа Қырым ханы етіп I Дәулет Герейдің кенже ұлы І Селәмет Герейді (1608–1610) тағайындады. І Селәмет Герей ағайынды Мехмет Герей мен Шаһин Герейді қалғай және нұреддин етіп тағайындады. Жәнібек Герей мен Дәулет Герей ханзадалар шешелерімен бірге Шеркесстаннан Қырымға оралды. Селәмет Дүрбикке үйленіп, оның екі ұлын асырап алды.
1608 жылы ағайынды Мехмет пен Шаһин Герей I Селәмет Герей ханға қарсы қастандық ұйымдастырып, осы қастандықтың бетін ашты. Мехмет пен Шаһин Герейлер өздерінің лауазымдарынан айырылып, Қырымнан Кавказға қашады. І Селәмет Герей жаңа қалғай етіп Жәнібек Герейді, ал інісі Дәулет Герейді нұреддин етіп тағайындайды.
1610 жылы І Селәмет Герей қайтыс болғаннан кейін Жәнібек Герей мен Мехмет Герей бос қалған Қырым тағына үміткер болды. Алдымен Мехмет Герей Бақшасарайды басып алып, өзін жаңа хан деп жариялады. Жәнібек пен Дәулет Герей түрік пашасының қорғауымен астанадан Кефеге қашады. Қарсыластар Жәнібек Герей мен Мехмет Герей Ыстанбұлдағы сұлтан сарайына елшілік жіберіп, олардың хан тағына бекітуін сұрады. I Ахмет сұлтан Жәнібек Герейді жаңа Қырым ханы етіп тағайындап, оған көмектесу үшін Кефеге түрік әскерін жіберді. Сол 1610 жылы түрік әскерінің қолдауымен Жәнібек қарсыласы Мехмет Герейді жеңіп, Бақшасарайды басып алып, хан тағына көтерілді. Жәнібек Герей қалғай қызметін інісі Дәулет Герейге берді.
1617 жылы тамызда Османлы үкіметінің өтінішімен Жәнібек Герей хан бауыры Дәулет Герейді Қырымда қалдырып, 10 мыңдық қырым татар әскерімен Синопқа жетіп, иран-түрік соғысына қатысады. 1617 жылы қыркүйекте қалғай-сұлтан Дәулет Герей сұлтанның бұйрығымен оңтүстік поляк иеліктеріне жойқын жорық жасады. Қырымдықтар Канев пен Ақ Шіркеу төңірегін қиратып, ноғайлар Львов маңына жорыққа шықты.
1618 жылдың жазында Дәулет Герей оңтүстік поляк иеліктеріне қарсы жаңа Қырым жорығын басқарды. Қырым татарларының әскері Каменец маңындағы поляк тұрағына шабуыл жасады, бірақ тойтарыс алды. Есесіне татарлар мен ноғайлардың жекелеген жасақтары Винница, Бар, Тарнополь, Синявец, Дубно және Львов төңірегін ойсыратты.
1620 жылы Жәнібек Герей хан Поляк-Литва мемлекетіне қарсы жаңа жорыққа Дәулет Герей мен Қантемір мырза бастаған әскерді аттандырды. Қырымдықтар мен ноғайлар Подолия мен Брацлавщинаны ойрандады. Бұл жорық Молдовадағы Цецора түбіндегі шайқаста ұлы тәжді гетман Станислав Жолкевскийдің қолбасшылығымен поляк әскерінің жеңілуімен аяқталды. Қырым татарлары бай олжа мен асыл тұтқындарды алып кетті, кейін олар үлкен төлемге босатылды.
Келесі 1621 жылы қалғай Дәулет Герей Жәнібек Герейдің оңтүстік поляк иеліктеріне жасаған ұлы жорығына қатысты. Қырым әскері түрік әскерімен бірігіп, Хотын түбіндегі поляк-казак әскерімен шайқасқа қатысты. Хотын шайқасы қаза тапқандар және жараланғандармен ауыр шығынға ұшыраған түрік-қырым әскерінің жеңілуімен аяқталды.
1623 жылдың көктемінде жаңа түрік сұлтаны I Мұстафа (1622-1623) Жәнібек Герейді биліктен шеттетіп, жаңа Қырым ханы етіп III Мехмет Герейді тағайындады. Бұрынғы хан Жәнібек Герей қалғай Дәулет Гереймен бірге түрік иелігіне кетті.
1624 жылдың көктемінде Османлы сұлтаны IV Мұрат (1623-1640) хан III Мехмет Герейдің биліктен айырылғандығын және хан тағының Жәнібек Герейге қайтарылғанын хабарлады. Жәнібек пен оның інісі Дәулет Герей түрік әскерлерімен бірге Кефеге жетті. Алайда III Мехмет Герей мен қалғай Шаһин Герей қырым татар күшін жинап, сұлтанның бұйрығын орындаудан бас тартты. Қарасубазар түбіндегі шайқаста қырымдықтар түрік әскерін талқандап, Кефе бекінісін басып алды. Жәнібек пен Дәулет Герейлер түрік әскерлерінің қалғандарымен бірге кемемен Варнаға қашты.
1628 жылы маусымда түрік үкіметі Жәнібек Герейді екінші рет Қырымның жаңа ханы деп жариялады. 21 маусымда Жәнібек Герей және бұрынғы қалғай Дәулет Герей қалың түрік әскерімен Кефеге жетті, оны III Мехмет Герей хан мен қалғай Шаһин Герей қоршады. Қырым татарларының мырзалары өз әскерлерімен III Мехметке опасыздық жасап, Жәнібектің жағына өтті. Түрік-татар әскерін бастаған Жәнібек Герей Кефеден аттанып, Бақшасарайды басып алып, хан тағына екінші рет отырды. Дәулет Герей екінші рет қалғай болып тағайындалды. Қырым ақсүйектерінің қолдауынан айырылған Мехмет пен Шаһин Герей Запорожьеге қашады. Запорожье казактары Қырым хандығындағы билікті қайтару жолындағы күресте оларға әскери көмек көрсетуге уәде берді. Қалғай Дәулет Герей 1628 жылдың күзі мен 1629 жылдың көктемінде Запорожье казактары мен ноғайларды бастап келген Мехмет пен Шаһин Герейлердің Қырым хандығына қарсы екі әскери жорығына тойтарыс беруге қатысты.
1629 жылдың күзінде қалғай Дәулет Герей Польша-Литва мемлекетінің оңтүстік иеліктеріне үлкен шабуыл жасады. Қантемір мырза қолбасшылығындағы Бұжақ ордасымен біріккен Дәулет Герей алдымен Молдавияға беттеп, ол жерден кенеттен Подолия мен Галисияға басып кіреді. Қырымдықтар мен ноғайлар жақын маңдағы қалалар мен ауылдарды ойрандап, жергілікті халықты қырып, тұтқындай бастады. Ұлы тәж сақшысы Стефан Хмелецкий поляк хоругтар және реестрлі гетман Григорий Чорный казак полктерімен тонау және тұтқындарды ұстау үшін шашырап кеткен жекелеген қырымдық және ноғай жасақтарын жойды. Бурштин түбіндегі шайқаста поляктар мен украин казактары Қантемір ұлының жетекшілігіндегі негізгі жеті мың адамдық қырым татарларының «тобын» толығымен талқандады. Жеңімпаздар қырымдықтардың көпшілігін өлтіріп, он мың тұтқынды босатты. Бұл сәтсіз жорықта қырым татарлары мен ноғайлары қаза тауып, тұтқынға алынған он бес мыңға дейін адамынан айырылды. Қаза болғандардың арасында Қантемірдің ұлы болды, ал ханзада Ислам Герей тұтқынға түсті. 1630 жылы қаңтарда Қырым татарлары өздерімен бірге бір тұтқынды да әкелмей, Қырымға оралды.
1631 жылы қарашада қалғай Дәулет Герей ұрпақ қалдырмай қайтыс болды. Жаңа қалғай болып Қырым ханы І Селәмет Герейдің (1608-1610) ұлы бұрынғы нұреддин Азамат Герей (1631-1632) тағайындалды.
## Әдебиет
* Новосельский А. А. Борьба Московского государства с татарами в 17 веке. — М.—Л.: Издательство Академии наук СССР, 1948.
* Гайворонский Олекса. Повелители двух материков. — Т. 2. — Киев—Бахчисарай, 2009. — ISBN 9789662260038
|
Сарайшық ауданы — Астана қаласындағы әкімшілік бірлік. 2024 жылы құрылған. Жер аумағы – 6 953 га.
## Тарихы
Жаңа аудан 2024 жылғы 23 мамырдағы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы мен мәслихатының шешімімен құрылды. 19 маусымда аудан атауы Сарайшық болып бекітілді.
## Шекарасы
Есіл өзенінен Арқар көпірі бойымен Сарайшық көшесімен Р. Қошқарбаев даңғылы бағытында жұп сандар жағымен магистральдық теміржолға дейін, магистральдық темір жол бойымен шығыс бағытта қала шекарасына дейін, қаланың шығыс шекарасымен оңтүстік бағытта Есіл өзеніне дейін, Есіл өзенімен Сарайшық көшесінің бойымен батыс бағытта Арқар көпіріне дейін.
## Әкімдері
## Дереккөздер
|
Киікбай би Айтуғанұлы — XVIII ғасырдың 2-жартысы мен XIX ғасырдың 1-жартысында қазіргі Батыс Қазақстан аумағында билік құрған атақты би, шешен.
## Киікбайдың Тоқсан биге айтқаны
"Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Бұл бір кезім тоқталған.
Қара арғымақ қажып тұр,
Саз кешкендей қапталдан.
Жақсыларым келіпсің,
Салмағы ауыр батпаннан.
Үй жағалап жау келді,
Сұр жебесін оқтанған.
Қара өзек шақтың көжесі,
Қарында емес қуықта,
Бір биенің торсығы ілулі әне – уықта.
Келер – қонақ шығар жан,
Алыста емес жуықта", ‐ дегенде:
Сөзін аяқтатпай Тоқсан: О, Киеке, неге қысыла сөйледіңіз, біз сырғалаң боз емес, сырлас дос едік қой - десе керек. Киікбай:
"Таудан үлкен талабым бар,
Талғап ішер шалабым бар,
Қолымнан асырап өсірген,
Тары – деген тамағым бар".
## Киікбайдың Тоқсанға берген батасы
Кедейлік пен кәрілік,
Адамның жөнін басқалар.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Бұл бір күнім тоқталған.
Үй артына жау келді,
Сұр жебесін оқталған,
Жалғыз жігіт би болмас,
Жалғаз ағаш үй болмас.
Шын жүйрікте күй болмас,
Қас жақсының белгісі,
Жауға түссе күйзелмес.
Ардақты атаң қара би,
Үш жүзге мәлім дара би.
Жабай әкең тағы би,
Күміс көрмей, жез таңдай,
Қаусырап жүрген жағы би.
Сабырында үш жүздің,
Аруағы қонып атаңнын,
Сен болғайсың сана би, - деп толғапты да, сәл бөгеліп барып:
Жолбарысша шабынба,
Бұрқылдама бураша,
Айғырша арқырама,
Текеше бақылдама.
Айтқан сөзің құрғандай қақпан болсын,
Суықтығың оқпандай болсын.
Қанды ауызға түскеннің қанын шығар,
Әділетсіздің жанын шығар.
Күле сөйлеп күңіренбе,
Сөзің заяға кетер.
Зейінділікпен айтқан сөзің,
Зерделінің санасына жетер.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Осыны бір есіңе ал.
Үш жүздің дауы бар,
Саған деген жауы бар.
Уа, Тоқсанжан, Тоқсанжан,
Мынау тұрған біздің үй.
Айтамын саған жай мен күй,
Өзім кәрі, бала жас,
Дәулет біткен болар мас.
Қайтарыңда келе кет,
Атаңа сауға бере кет, - деп батасын беріпті.
## Дереккөздер
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті — еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы.
## Міндеттері
* өз құзыреті шегінде еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
* Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту саласындағы заңнамасының сақталуына өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру.
## Аумақтық бөлімшелері
* Комитеттің Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен облыстар бойынша департаменттері
## Дереккөздер
|
Балуанияз (1818, Маңғыстау түбегі — 1856, сонда) — Адай руынан шыққан батыр.
1856 жылы жазда Хиуа әскерлерінің бірнеше адамы қаза табады. Балуанияз батыр серіктерімен бірге қанды шайқас өткен Қараған Босаға деген жерде жерленген. Балуанияздың ерлігі, оның сенімді серігі — Құла аты жөнінде Қалнияз ақын “Балуанияз батыр” дастанында жырлаған.
1992 жылы батырдың бейітіне ескерткіш күмбез орнатылды (авторы К. Демесінұлы) шапқыншылығына Балуанияз қазақтың шағын жасағын (60 шақты адамы бар) бастап қарсы шығады. Осы соғыста Балуанияз, інісі Балтеке бар.
## Дереккөздер
|
Қажымұқан ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Қажымұқан ауылы.
## Тарихы
2024 жылы Талапкер ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты.
## Дереккөздер
|
Зехра Сайерс (25 қыркүйек 1953 жылы туған) — түрік–британдық құрылымдық биолог. 2018 жылдың ақпан-қараша айлары Сабанжы университетінің уақытша президенті қызметін атқарған және Таяу Шығыстағы эксперименттік ғылым мен қолданбаларға арналған синхротрон-жарық (SESAME) ғылыми-консультативтік комитетінің тең төрағасы болған. Сайерс 2019 жылы Ғылым дипломатиясы үшін AAAS сыйлығын алған бес ғалым тобының мүшесі болды. Зехраның Түркия мен Ұлыбритания азаматтығы бар.
## Ерте өмірі және білімі
Сайерс 1953 жылы Түркияда дүниеге келген. Ыстанбұлдағы Богазичи университетінде физиканы оқыды. Аспирантурада оқу үшін Сайерс Ұлыбританияға көшті. 1978 жылы ол Лондондағы King's College GKT медициналық білім мектебінде жүргізген зерттеулері үшін Лондон университетінен докторлық дәрежесін алды. Сайерс Уппсала ашық университетінде және Уолленберг зертханасында постдокторлық зерттеуші болып жұмыс істеді. 1986 жылы ол еуропалық молекулалық биология зертханасының Гамбург бөлімшесіне тағайындалған бірінші әйел қызметкер ғалым болды, онда ол жасуша қаңқасындағы ақуыздар мен хроматинді зерттеу үшін синхротрондық сәулеленуді пайдаланды. Германияда жұмыс істей жүріп, 1996 жылы Гамбург университетінде диссертация қорғады.
## Зерттеулері және мансабы
1998 жылы Сайерс Түркияға оралып, Сабанжы университетінің негізін қалаушы факультетіне Ахмет Эвиннің серіктесі ретінде қосылды. Түрік өнеркәсіптік және қаржылық конгломерат Hacı Ömer Sabancı Holding A.Ş–пен құрылған Сабанжы университеті Сайерс оқытушы ретінде қызмет еткен алғашқы және жалғыз университет болды: ол 2010 жылы Қорды дамыту бағдарламасының директоры және 2018 жылдың ақпанынан қарашасына дейін уақытша президент болды. Оның зерттеулері рекомбинантты ақуыз өндірісін қарастырды және хроматин талшықтары мен жіп тәрізді ақуыздардың құрылымын қарастырды. Ол макромолекулалардағы құрылым мен функция арасындағы байланысты анықтауға тырысады. Сабанжы университетінде Сайерс бакалавриат бойынша оқытумен айналысты, пәнаралық, гуманитарлық ғылымдар, жаратылыстану пәндерін оқытуға арналған оқу бағдарламасын әзірледі. Зехра Сайерс 2022 жылы құрметті профессор атанды.
Сайерс 2000 жылдан бастап Таяу Шығыстағы эксперименттік ғылым мен қолданбаларға арналған синхротрон-жарық (SESAME) жобасына қатысты. Жарық көзін 2017 жылы иорданиялық Абдулла II ашты. Оның пайымдауынша, синхротрондық жарық көздері әртүрлі ғылымдар мен ұлттардың ғалымдарын біріктірудің тиімді әдісі болып табылады. Ғылыми-консультативтік комитеттің тең төрағасы қызметін атқарған уақытында 100-ден астам жас ғалымдар синхротрондық сәулеленуді қолдануды үйренді. Зехра Сайерс 2002–2018 жылдар аралығында SESAME ғылыми-консультативтік комитетінің тең төрағасы қызметін атқарды. Сайерс түрік мемлекеті қолдаған Түрік жеделдету орталығы жобасының кеңесшісі болып жұмыс істеді. Элиезер Рабиновичимен бірге ол 2013 жылы TED x CERN -де SESAME бөлігі болып табылатын халықаралық ынтымақтастық туралы айтты.
## Таңдаулы басылымдары
* Өзтүрік Левент; Язджи Мұстафа Атилла; Юджель Джемал; Торун Айфер; Чекич Джемал; Багджи Ахмед; Озкан Хакан; Браун Ханс-Йоахим; Сайерс Зехра; Чакмак Исмаил (2006). «Тұқымның дамуы мен бидайдың өнуі кезінде мырыштың концентрациясы және локализациясы». Physiologia Plantarum.
* Сайерс Зехра; Кох Мишель Х. Дж.; Уитберн Сюзан Б.; Мик Кит М.; Эллиотт Джеральд Ф.; Хармсен Арнольд (1982). «Синхротронды рентгендік дифракция әдісімен қасаң қабықтың стромасын зерттеу». Journal of Molecular Biology.
* Мик Кит М.; Эллиотт, Джеральд Ф.; Сейерс Зехра; Уитберн Сюзан Б.; Кох Мишель Х. Дж. (1981). «Қасаң қабық стромасындағы коллаген фибриллаларының рентгендік дифракциясының меридиандық көрінісін түсіндіру». Молекулалық биология журналы.
## Марапат пен құрмет
* 2017 жылы SESAME ғылыми бағдарламасын құруға қосқан үлесін үшін EuroScience Rammal Award сыйлығымен марапатталды;
* 2019 жылы Сайерс SESAME-ге қосқан үлестері үшін марапатты алған бес ғалымнан тұратын топтың құрамында Ғылым дипломатиясы үшін AAAS сыйлығын жеңіп алған бірлескен түрік және британ азаматтығының алғашқы адамы болды;
* 2019 жылы BBC 100 әйелдің бірі ретінде аталды.
## Дереккөздер
|
Талапкер ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Талапкер ауылы.
## Тарихы
2000 жылы бұрынғы Көктал ауылдық округінің Астана қаласына қосылмаған ауылдарынан құрылды. 2001 жылы Талапкер ауылдық округіне таратылған Шұбар ауылдық округі қосылды. 2007 жылы Қоянды ауылдық округі бөлініп шықты. 2019 жылы округтің Қызылсуат ауылы жаңадан құрылған Қызылсуат ауылдық округіне берілді. 2024 жылы Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин ауылдары дербес әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шығып, Талапкер ауылдық округі ауылдық әкімдік болып қайта құрылды.
## Дереккөздер
|
Қаражар ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Қаражар ауылы.
## Тарихы
2024 жылы Қараөткел ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты.
## Дереккөздер
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті — халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ведомствосы.
## Тарихы
2007 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрамында Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті болып құрылды. 2014 жылы Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Көші-қон комитеті бірігіп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып өзгертіліп, 2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді. 2022 жылы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті, 2024 жылы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті болып өзгертілді.
## Міндеттері
* Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі, арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру
* Еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және міндетті әлеуметтік сақтандыру, ақталған азаматтарды, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау саласындағы өз құзыреті шегіндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асыру
## Құрылымы
Комитеттің 6 басқармаcы бар (2023 жылға):
* Персоналды басқару қызметі
* Медициналық әлеуметтік сараптама басқармасы
* Әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша басқармасы
* Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы
* Еңбек жағдайларын бақылау және еңбекті қорғау басқармасы
* Еңбек заңнамасын бақылау басқармасы
## Қарамағындағы мекемелер
* Облыстар және Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттер
## Дереккөздер
|
Ыбырай Алтынсарин ауылдық әкімдігі – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы әкімшілік бірлік.
## Әкімшілік құрамы
Құрамындағы жалғыз елді мекен әрі әкімшілік орталығы — Ыбырай Алтынсарин ауылы.
## Тарихы
2024 жылы Талапкер ауылдық округінен жеке әкімшілік бірлік ретінде бөлініп шықты.
## Дереккөздер
|
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қарашадағы № 257 қаулысымен бекітілген.
## Алтай ауданы
## Глубокое ауданы
## Зайсан ауданы
## Катонқарағай ауданы
## Күршім ауданы
## Марқакөл ауданы
## Самар ауданы
## Тарбағатай ауданы
## Ұлан ауданы
## Үлкен Нарын ауданы
## Шемонаиха ауданы
## Өскемен қаласы
## Риддер қаласы
## Дереккөздер
|
Есек Есенқұлұлы (Есекей-Есек мерген) (туған-өлген жылы белгісіз) – Кіші жүз батыры. Руы – Адай.
18-ғасырда Адай, Байұлы руларын бастап, Сауран маңынан Арал теңізінің солтүстік батысына қоныс аударады.
Ембі, Темір, Ойыл өзендерінің бойын жайлаған қалмақтарға қарсы халық күресін басқарушылардың бірі болды. Есекей халық күресін басқарған шақ Жоңғар шапқыншылығынан туған 18 ғасырдың 1-жартысындағы «Ақтабан шұбырындының...» кезі еді. Қалмақтардың қысымынан қазақтар Орта Азия хандықтарын айналып Ембі, Елек бойына бет түзеген болатын. Есекей бастаған рулар Жем өзені бойына қоныстанды. Ел қамын ойлаған батырдың ісі кейінгі ұрпаққа аңызға айналған.
Солтүстік Үстіртте Есекей атында топонимдер мен гидронимдер («Есек жал – биік», «Есет құдығы», «Жемнің құяр саласындағы арал», т.б.) көп сақталған.
## Дереккөздер
|
Дәуімшар Құттықадамұлы (1770–1810) - Ресей отаршылдығына қарсы күресте қазақ жерінің тұтастығын сақтауда көрсеткен ерлігімен, табандылығымен танылған батыр. Кіші жүз, Адай руынан шыққан.
Әкесі Құттықадам Тікенекұлы (1705–1798) қалмақтармен шайқасқа қатысқан. Орталық Үстіртте, Білеулі керуен сарайынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде жерленген.
Дәуімшар батыр жөнінде нақты деректер аз. Х.Досмұхамедов өз еңбегінде оны Атағозы, Сүйінқара, Өтен, Нарынбай, Қүлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, т.б. атақты батырлармен тең қояды. Халық арасында Дәуімшар батыр туралы Жемнің сол жақ жағалауында зерттеу жұмыстарын жүргізген экспедициялық отрядпен (кейбір мәліметтерде орыстар, енді бірінде ағылшындар) болған ұрыста қаза тапты деген аңыз бар. Шайқаста қаза тапқандардың барлығы, соның ішінде қарсыластарының басым күшінен сескеніп, шайқасқа қатысудан бас тартқаны үшін Дәуімшардың өз қолынан қаза тапқан. Құдабай батыр да сол жерге жерленіп, ол жер Дәуімшар қорымы аталып кеткен. Батырдың бейітіне қару мен ат бейнеленген құлпытас орнатылған.
## Дереккөздер
|
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 319 қаулысымен бекітілген. Тізімге Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 1486 қаулысымен өзгерістер енгізілген.
## Дереккөздер
|
Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысымен бекітілген. Тізім Астана қаласы әкімдігінің 27.12.2022 № 508-3859 қаулысымен қолданыста.
## Дереккөздер
|
Кобби Боатенг Мейну (ағылш. Kobbie Boateng Mainoo; 19 сәуір 2005, Стокпорт, Манчестер) — англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Манчестер Юнайтед" клубының қорғаушысы. 2024 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері.
## Жетістіктері
### Командалық
«Манчестер Юнайтед»
* Англия кубогы: 2023/24
* Жастар арасындағы Аеглия кубогы: 2021/22
Англия
* Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2024
### Жеке
* Англия чемпионатында үздік жас ойыншы: 2022/23
* Англия чемпионатының үздік голы: ақпан 2024
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Қазақстан Республикасының Президенттік Резиденциясы — Алматы қаласында орналасқан мемлекет басшысының резиденциясы. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері қатарынан алынып тасталды.
## Тарихы
1979 жылы Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахмедұлы Қонаевтың бұйрығымен В.И.Ленин атындағы мұражайдың филиалы салу туралы шешім қабылданды. Құрылыс жобасын Қонаевтың өзі бекітті.
Құрылыс 1983 жылы басталды.
1986 жылы желтоқсанда Қонаев бірінші хатшы қызметінен алынып тасталды. Сонда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының ұсынысымен мұражай құрылысы тоқтатылды. Ол кезде нысан 90%-ға құрылып болған еді.1993 жылы құрылыс қайта басталды, бірақ ғимараттың мақсаты өзгерді: ол Қазақстан Президентінің резиденциясы ретінде аяқталды. Құрылыс 1995 жылы аяқталды.
1997 жылы Қазақстан астанасы Ақмолаға (қазіргі Астана) көшірілгеннен кейін ғимарат президенттік резиденция мәртебесін сақтап қалды.
### Өрттелуі мен салдары
2022 жылдың 5 қаңтарында үкіметке қарсы наразылық кезінде нарызы халық Резиденция ғимаратын басып алды. Олар ғимараттың бірінші қабатына көлікті кіргізіп, оны өртеп жіберді. Өрт пен жарылыс ғимаратты түбегейлі қиратып, екінші қабаттың тірек құрылымын зақымдады.
Ғимаратқа келтірілген зақымдарды зерттеумен Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының мамандары айналысты. Олардың пікірінше, ғимаратты қалпына келтіруге болатын еді. 2022 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы резиденция толық қалпына келтірілетінін жариялады.
Алайда, 2 наурыз күні Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденцияны бұзу және осы жерде саябақ салу туралы шешімі туралы хабарлады.
## Сәулет өнері
Бас сәулетші Қ.Монтақаев; сәулетшілер: С.Баймағамбетов, Қ.Нұрмамбетов, О.Цой. Жобалаушы Т.Ш.Алпысбаев.
Ғимарат монументалды құрылым ретінде жобаланған. Резиденцияның мұндай құрылымдық-кеңістіктік шешімі қасбеттің архитектурасымен жұмыс істеу еркіндігін және ішкі көп деңгейлі жоспарлау құрылымының икемділігін қамтамасыз етті. Ғимараттың архитектуралық семантикасында басты рөл ақ Каррара мәрмәрінің үлкен қара көк витраждармен үйлесіміне арналды, бұл резиденцияға салтанатты және ресми көрініс берді. Ғимараттың ішкі беті қазақ ою-өрнектерімен безендірілген. Қабылдау залының дөңгелек күмбезі Қарғалы диадемасына негізделе отырып бедерлі суреттермен көмкерілген. Резиденцияның батыс бөлігінде заманауи өнер туындыларымен безендірілген саябақ салынды .
## Ескерткіш мәртебесі
2000 жылғы 16 қазанда Резиденцияның сәулет кешені Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді.
2022 жылғы қаңтарда Алматыда болған наразылықтар кезінде келтірілген залалдан кейін резиденция Қазақстан Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2022 жылғы 27 сәуірдегі бұйрығымен Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізімінен алынып тасталды. Жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң бұйрық қолданысқа енгізілді.
## Тағы қараңыз
* Ақорда
## Дереккөздер
|
Әлихан Әсетұлы Әсетов (26 қыркүйек 1996, Өскемен) —— қазақстандық хоккейші, шеткі шабуылдаушы. Қазіргі уақытта Астананың «Барыс» ҚХЛ клубының ойыншысы.
## Өмірбаяны
Әлихан хоккейді туған жері Өскеменде, жергілікті «Торпедо» мектебінде бастады. 2012/2013 жылғы маусымда ол жасөспірімдер құрамасы сапында Ресей чемпионаты деңгейінде, Сібір-Қиыр Шығыс аймағында дебют жасады, сондай-ақ «Қазмырыш-Торпедо-2» ересектер командасында Қазақстан чемпионаты деңгейінде бір матч өткізіп, осылайша кәсіби деңгейде дебют жасайды.
2013 жылдан бастап Әлихан астаналық «Барыс» жүйесінде өнер көрсетіп келеді. Алғашында ЖХЛ чемпионаты деңгейінде «Қар барыстары» командасында тұрақты ойнады, кейін Қазақстан чемпионаты деңгейінде өнер көрсететін «Номад» командасына және 2015 жылдың 10 қазанында «Барыстың» өз алаңында жаңасібірдің «Сібір» командасына қарсы ойынына қатысып, ҚХЛ-да дебют жасады. 2016/2017 маусымында Номад құрамында Әсетов Қазақстан чемпионы атанды. 2018 жылдан бастап Әлихан Әсетов «Барыстың» негізгі ойыншысы атанды, тек мезгіл-мезгіл фарм-клубына күшейту үшін шақырылады.
23/24 маусымының басынан бері ол ҚХЛ титулдық серіктесі Фонбеттің Қазақстандағы амбассадоры болды.
## Құрамада
Әлихан кіші жастан бастап, Қазақстанның негізгі құрамасына қосылғанға дейін дамудың барлық таптарынан өтті.
2017 жылы Алматыда өткен өз алаңындағы Универсиадада ұлттық құрамамен бірге жарыста күміс жүлдегер атанды.
2021 жылы алғаш рет 2021 жылдың 21 мамыры мен 6 маусымы аралығында Латвияда өткен әлем чемпионатына қатысып, осы турнирде Қазақстан құрамасының капитаны болды.
2023 жылы әлем чемпионатының ашылу матчында оның оң қолы сынып, жарыстағы өнерін мерзімінен бұрын аяқтады.
## Жетістіктері
* 2013 жылғы U-18 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы)
* 2014 жылғы U-18 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы)
* 2015 жылғы U-20 әлем чемпионы (1 дивизион В тобы)
* 2016 жылғы U-20 әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы)
* 2017 жылғы Қазақстан чемпионы
* 2017 жылғы Универсиаданың күміс жүлдегері
* 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері (1 дивизион А тобы)
* 2019 жылғы әлем чемпионы (1 дивизион А тобы)
## Дереккөздер
|
Сырдария ауданы — 1928-1997 жылдары болған Қызылорда округі, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы — Тасбөгет кенті.
## Тарихы
Аудан 1928 жылы Қазақ АКСР Қызылорда округінің құрамында Қызылорда ауданы деген атпен құрылды. Орталығы Қызылорда қаласы болды. 1930 жылы аудан Қазақ АКСР-нің тікелей қарамағына өтті. 1932 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, 1938 жылы Қызылорда облысының құрамына енді. Кейін Қызылорда ауданының атауы Сырдария ауданы болып өзгертілді.
1958 жылы 28 қаңтарда Сырдария ауданының орталығы Қызылорда қаласынан Тасбөгет кентіне көшірілді.
1963 жылы 2 қаңтарда Тереңөзек ауданы таратылып, аумағының бір бөлігі Сырдария ауданына қосылды. Аудан орталығы Тасбөгеттен Тереңөзек кентіне көшірілді.
1966 жылы Тереңөзек ауданы Сырдария ауданынан бөлініп, аудан орталығы қайта Тасбөгет кентіне көшірілді.
1986 жылы ауданда Тасбөгет кенті мен 11 ауылдық кеңес болған: Айдарлы, Ақжарма, Жамбыл, Жетікөл, Интернационал, Киров, Қызылжарма, Ленин, Октябрь, Первомай және Тартоғай.
1997 жылы 17 маусымда Сырдария ауданы таратылды. Таратылған ауданның Айдарлы, Бесарық, Қоғалыкөл ауылдық округтерінің және Ленин ауылдық округі Амангелдi ауылының аумағы Тереңөзек ауданына, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтерінің аумағы Шиелі ауданына қосылды. Қалған аумақ Қызылорда қаласының қарамағына өтті. Сол жылы 10 қыркүйекте Тереңөзек ауданы Сырдария ауданы болып қайта аталды.
## Халқы
## Дереккөздер
|
Макс Мата (ағылш. Max Andrew Mata; 10 шілде 2002 жыл, Окленд) — жаңа зеландиялық футболшы, шабуылшы.
## Жетістіктері
### Командалық
Жаңа Зеландия
* ОФК Ұлттар кубогы жеңімпазы: 2024
## Дереккөздер
## Cілтемелер
* Профилі
|
Футболдан Қазақстан Кубогы 2024 — турнирдің 32-ші маусымы. 32 команда қатысады.
## Топтық турнир
### A тобы
### B тобы
### C тобы
### D тобы
### Е тобы
### F тобы
### Плей-офф
## 1/8 финал
## 1/4 финал
## 1/2 финал
## Финал
|
Қазақстан лига кубогы (бейрасми атауы 1XBet League Cup) — 2024 жылдан бастап Қазақстанда ұйымдастырыла бастаған футбол турнирі.
## Тарихы
Алғашқы турнир 2024 жылы өтті.
## Сипаттамасы
Турнирге негізінен премьер лигада ойнайтын клубтар қатысады және төменгі лигада ойнайтын кей клубтарға да рұқсат етіледі.
Турнир топтық кезеңнен бастау алады.
## Жүлдегерлер
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://qfl.kz/league/league-cup/
|
Қазақстан лига кубогы 2024 — турнирдің бірінші маусымы. 16 команда қатысты.
## Топтық турнир
### А тобы
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### В тобы
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### С тобы
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
### Д тобы
О — ойындар, Ж — жеңістер, Т — тең түскен ойындар, Ұ — ұтылыстар, Голдар — соғылған және жіберілген голдар, ± — голдардың айырмашылығы, Ұ — ұпайлар
## Жартылай финал
## Финал
|
Футболдан Қазақстан Кубогының финалы 2024 — турнирдің 32-ші маусымының финалдық ойыны. "Ақтөбе" мен "Атырау" клубтары өзара кездесті.
## Матч
### Детальдар
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Шолу
|
Бәймембет Маяұлы (туған жылы белгісіз – 1870) – би, ел басшысы. Әкесі Маяның жолын ұстанып жастайынан билікке араласқан. 1844 жылы енгізілген қыр қазақтарын басқарудың жаңа ережесі бойынша Адай елінің Жоғарғы дистансасының басшысы (1867).
Патша үкіметі берген атағы зауряд хорунжий. Маяұлының қолдауымен Сарытасқа орыс балықшылары келіп орнығып батаға салып, оның жұмысына қазақ кедейлері жалданды. Айырбас саудасы өрістеді. Сөйтіп, далаға біртіндеп өркениет келе бастады. Маяұлы орыс патшалығының күшін, оған Хиуа хандығының қарсы тұра алмайтынын, сол себепті ханның қазаққа қамқор болып жарытпайтынын жақсы білді. Ресей патшалығының отаршылдық саясатына қарсы тұрудың қазақ халқы үшін “пайдасыздығын” уағыздаған. Хиуа хандығына тәуелді болғаннан гөрі орыс елінің қол астына кірген тиімді деп есептеген. Орысқа қарсыласпау, бейбіт қарым-қатынаста болу саясатын ұстанды. Осы көзқарасы үшін Ғафур Қалбыұлының бастауымен езгіге қарсы көтерілген жерлестерімен араздасқан. 1870 жылы 15 наурызда көтерілісті басу үшін аттанған Маңғыстау приставы подполковник Рукиннің әскери жасағына Бәймембет жолбасшы болады. 25 наурызда Үшаұыз деген жерде көтерілісшілермен болған ұрыста Бәймембет қазаға ұшырайды.
Елді Хиуа ханының үгітіне еріп орысқа қарсы шықпауға үндеді. 1870 жылы ояз бастығы Рукин жасағының құрамынан табылғанда оның мақсаты үкімет пен көтерілісшілерді бейбітшілікпен келісімге келтіру еді. Бірақ ол мақсатына жете алмады. Қарбалас қақтығыста қаза болды. Бәймембет есімін Қалнияз Шопықұлы (1816–1902), Қашаған Күржұманұлы (1841–1929), Өмір Қараұлы (1859–1922), т.б. ақындар жырға қосты.
Мая ауылы Бәймембет би Маяұлының рухына арнап 1871 жылы Каспий жағасында Сартас жерінде ас берген.
## Дереккөздер
|
2024 жылғы Демократиялық партия ұлттық съезі — америкалық Демократиялық партия делегаттарының сол жылы сайлануға баратын үміткерлерін және бағдарламасын таңдау рәсімі. Съез барысында Камала Харристің президенттікке және Тим Уолзтың вице-президенттікке үміткерліктері ресмиленді. Съез 19–22 тамыз күндері Иллинойс штатының Чикаго қаласында өтті. Делегаттар 1–5 тамыз аралығында жалғасқан онлайн және телефон арқылы дауыс беру арқылы Харристі президенттікке ұсынды. Харрис АҚШ-тағы ірі саяси партияның президенттігіне кандидаты болған алғашқы қара нәсілді әйел және Оңтүстік Азиядан шыққан алғашқы адам және Батыс Америка Құрама Штаттарынан шыққан Демократиялық партияның президенттікке тұңғыш кандидаты болып шықты.
Бұған дейін, 12 наурызда, қазіргі президент Джо Байден праймериз кезінде дауыстың көпшілігін алып, болжамды үміткер болды. Дауыс беру күндеріндегі қайшылықтар нәтижесінде Демократиялық Ұлттық комитет 20 маусымда онлайн түрде мерзімінен бұрын дауыс беруге мәжбүр болды. 27 маусымдағы пікірсайыстағы сәтсіз нәтижесінен және 21 шілдедегі кандидатурасынан бас тартуы туралы шешімінен кейін Байден Харристі қолдады. Басқа да партияластардан қолдау көрген Харрис келесі күні жаңа болжамды кандидат болу үшін жеткілікті партия делегаттарының қолдауына ие болды. Әдеттен тыс болған бұл Байден–Харрис ауысуын The New York Times «қазіргі заманда» болған сайлауалды науқандардың барлығынан ерекше деді.
## Алғышарттары
Съез өтетін жер таңдау барысында 2024 жылғы 11 сәуірде Демократиялық Ұлттық комитет Атланта, Чикаго мен Нью-Йорк арасынан Чикаго қаласын таңдағанын жариялады. Республикашылар басқаратын Джорджия штатының ұсынылған жерде Республикалық партияның тікелей сөзі бар екендігінен және мэрдің әлі де салыстырмалы түрде тәжірибесіз екендігінен көпшілік Атлантаға қарсы болды. Чикагоның пайдасына тиген себептердің бірі Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Прицкердің шараны қайырымдылық және, қажет болған жағдайда, өз қаражаты арқылы қаржыландыруға уәде бергені болды. Чикагоны 1931 жылдан бері демократтар басқарып жүр және көк штаттар бекінісі саналатын оның Иллинойс штаты 2020 жылғы президенттік сайлау кезінде Мичиган, Миннесота және Висконсиннің Орта Батыс штаттарына да әсер етті. Чикаго АҚШ тарихында осындай іс-шараларды ең көп өткізген қалалардың бірі болды, қала ішінде екі ірі партияның 26 түрлі ұлттық съездің орын алғаны белгілі. Бәсекелес 2024 жылғы Республикалық Ұлттық съез шамамен бір ай бұрын Висконсин ауытқымалы штатындағы Милуокиде өтті.
2024 жылғы 27 маусымда CNN Атланта, Джорджия қаласында президент Джо Байден мен Дональд Трамп арасындағы 2024 жылғы президенттік сайлау науқанының бірінші телепікірталасын өткізді. 2022 жылғы аралық сайлаудан бері сауалнамаларда өзін нашар көрсетіп жүрген және сол теледебатта сәтсіз болған Байденге президенттігіне кандидатурасын тоқтатсын деген қысым күшейді. Науқан донорлары қаржы бөлуден бас тартты, Конгресстің отыздан астам демократ мүшелері Байденнен бас тартты да, аса ықпалды Нэнси Пелоси «сахна артында» шешімнің жылдам қабылдануына өз септігін тигізді. Жексенбіде, 2024 жылғы 21 шілдеде Байден Делавэрдегі үйінен әлеуметтік желіде қайта сайлануға бармайтынын және сайлауалды науқанын тоқтатқанын хабарлады. Байден сондай-ақ өзінің вице-президенті Камала Харристің Демократиялық партия атынан президенттікке баруын қолдады.
2024 жылғы 1 тамызда басталған партия съезі делегаттарының виртуалды ерте дауыс беру нәтижесінде Харрис пен Тим Уолз 2024 жылғы 2 тамызда өздерінің кандидатуралары үшін қажетті көпшілік дауысқа ие болған еді. Сол кезде делегаттардың 99 пайызы Харристің президенттікке кандидаттығына дауыс беретінін жариялаған еді. 2024 жылғы 6 тамызда партия төрағасы Джейми Харрисон мен Демократиялық Ұлттық Конгресс комитетінің төрағасы Миньон Мур партия съезі 4,567 делегаттың (99%) Харриске дауыс бергенін және Харристің осылайша Демократиялық партияның президенттігіне ресми кандидаты болғанын жариялады.
## Наразылық және қауіпсіздік шаралары
2024 жылы болғалы съез бен 1968 жылы өткен Демократиялық ұлттық съез арасында болмақ болған ұқсастықтар көп еді. Осы себептен наразылық шығады дегенді күткен ұйымдастырушылар Чикагода күшейтілген қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру талқылады. 1968 жылы Линдон Б. Джонсон Джо Байдендей қайта сайланудан бас тартты және кандидат ретінде праймеризге қатыспаған Камала Харристей Хуберт Хамфри таңдалмақ болған еді. Сол кезде халық, әсіресе жастар, Вьетнам соғысына қарсы наразылық көрсетсе, 2024 жылы бұл наразылықтар Газа секторындағы соғысқа қарсы болған. Оған қоса екі жылы да «саяси зорлық-зомбылық» орын алды; 1968 жылы партия съезі алдында Мартин Лютер Кинг пен Роберт Кеннедиге қарсы қастандық жасалса, 2024 жылы Дональд Трампқа қастандық жасалды. Басқа пікірлер Чикаго полиция департаментінің демонстранттармен әрекет ету тактикасының түбегейлі өзгергенін және жалпы Газа соғысының Вьетнам соғысы сияқты халықты, демократтарды бір-бірінен аса бөлмейтінін айтты.
Партия съезі барысында Палестина құқықтары мен Газадағы соғыс сияқты түрлі мәселелер бойынша бірнеше шерулер тіркелді. Алғашқы наразылық шаралары жексенбі күні ашылу алдында орын алды және оларға бірнеше мың адам қатысқан. Наразылық шаралары, оған қоса, заңды түрде аборт жасай алу құқығын және ЛГБТ құқықтарын кеңейтуге шақырды. March on DNC 24 атты жоспарланған наразылық шаралары дүйсенбі күні түске жақын Union Park-та басталып, Юнайтед-сентр айналасындағы кептеліске әкелді. Кептеліс ұзаққа созылмай, төрт-алты демонстрант қамауға алынды. Наразылық шеру, ең алдымен, Палестина құқықтары үшін, сонымен қатар Black Lives Matter сияқты себептерден басталған көрінеді.
## Жоспары
Өткізілетін орын ретінде 1996 жылы Демократиялық партияның ұлттық съезі өткен Чикагодағы Юнайтед-сентр таңдалды. Сонымен қатар, съездің Демократиялық Ұлттық комитеттің штаб-пәтері болған МакКормик Плейс конгресс орталығында да өтетіні белгілі. Оқиға барлық негізгі теледидар желілерінде, кабельдік жаңалықтар бағдарламаларында, өзге қызметтерде және DNC 2024 уэб-сайтында көрсетілді.
Бұл жолы Демократиялық партияның съезіне қатысуға барлығы 4,521 делегат шақырылды. Ұсыну үшін кандидатқа кемінде 1,886 дауыс қажет (сайлауда белгілі бір президенттік кандидатты сайлауға міндеттелген делегаттардың ішінен). Камала Харрис тамыз айының басында виртуалды дауыс беруде 4567 делегат дауысын немесе 99 пайыз дауыс жинаған болатын.
Жеке күндер тақырыптарға сәйкес жоспарланды. Іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес бұл тақырыптар:
* Дүйсенбі, 19 тамыз: Халық үшін (For the People). Ашылу күні Чикаго мэрі Брэндон Джонсон қатысушыларды қарсы алды. Сөз сөйлеушілер арасында Хиллари Клинтон, Джилл Байден мен прайм-таймда алауды Харриске беруі тиіс президент Джо Байден болды.
* Сейсенбі, 20 тамыз: Америка болашағына батыл қарау (A Bold Vision for America's Future). Иллинойс штатының губернаторы Джей Би Прицкердің құттықтауы екінші күнге жоспарланған болатын. Харристің күйеуі Даг Эмхофф, сонымен қатар Мишель мен Барак Обама сөз сөйледі.
* Сәрсенбі, 21 тамыз: Бостандықтарымыз үшін шайқас (A Fight for Our Freedoms). Билл Клинтон, Нэнси Пелоси мен Пит Буттиджич сөз сөйледі де, вице-президенттікке кандидат Тим Уолз өз кандидатурасын ресми түрде қабылдады.
* Бейсенбі, 22 тамыз: Болашағымыз үшін (For Our Future). Камала Харрис соңғы күні президенттікке кандидатурасын қабылдады.
## Партия бағдарламасы
Партиялық съезге әзірленген тоқсан екі беттік партия бағдарламасы Джо Байден қайта сайланудан бас тартқанына дейін құрастырылған еді. Ол ең алдымен экономиканы өсіру, әлеуметтік әділет пен отбасын жоспарлау құқығын қорғау сияқты ішкі саясат мақсаттарына назар аударды. Жобада Байденнің экономикалық және саяси жетістіктері атап өтілді. Израильге қарсы қару эмбаргосы және Газа соғысында атысты тоқтату туралы үндеу назардан тыс қалды. Израиль саясаты демократтардың партияішілік келіспеушіліктің негізгі себептерінің бірі болды.
## Ескертпелер
## Дереккөздер
|
Мая би Әнетұлы (шамамен 1750 жылы туған – өлген жылы белгісіз) — Адай еліне әйгілі би болған, баласы Бәймембетпен екеуі де тарихта аттары қалған адамдар. Жас кезінде Әнет әкесі сынап би боларын болжағандай, Мая би атанып, елді басқарған адам. Оның ғұмырнамасы айқын емес, дей тұрғанмен аты тарихқа белгілі адам. Оны сол кездегі Хиуа билеушілері де, орыс чиновниктері де танып мойындаған.
Ол ел билеуге араласқан, патша үкіметінің чиновниктерімен де, Хиуа ханымен де үнемі байланыста болған адам. Өз туысы Қырымқұлдың Қалбысымен қатар ел билеген, Қалбы сынды өз баласы Бәймембетті де билікке, ел басқаруға ерте баулыған адам ретінде көрінеді. Мүрдесі Кетік пен Таушық арасындағы ұлы жол бойында, өз атымен аталатын қауымда.
## Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әнет – Мая
## Оқиға
1834 жылы Қызылтаста 500 адам әскер ұстайтындай Ново-Александровск қамалы салынып бітті. Хиуа хандығы іргесіне тықыр таянғандығын бірден сезді. Ол жаңа қамалдан онша қашық емес «Ешкіқырған» құдығының басында отырған Мая Әнетұлы биді шақырып алып, орыстардың қамал салып жатқанын неге хабарламадың, 300 адамдық отрядты неге қырып жібермедің деп айыптап, 11 күн бойы сыртқа шығармай қояды. Карелин артынан армян саудагері Турпаев пен Бәймембет би Маяұлыны хабар біліп келуге жібереді. Хиуалықтар ол екеуін де ұстап алып, ханға апарады. Аллақұл хан Баймәмбетті аманатқа алып, Маяны 900 діллә айып төлеуге еліне жібереді. Қазақтар хан қаһарынан 60 түйе, 1000 сом, 1000 жылқы, 180 өре киіз айып төлеп әзер құтылады...
Мая ауылы Бәймембет би Маяұлының рухына арнап 1871 жылы Каспий жағасында Сартас жерінде ас берген.
## Дереккөздер
|
Шотан Назарұлы (1705–1786) — қазақ батыры. Тегі — Кіші жүз Адай руынан шыққан. Шотанның анасы Мақпалжан - Қаратоқай Беріш руынан, атақты Есболай бидің қарындасы. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Түркістан қаласының маңында болған ұрыстарда ерекше көзге түсті. 1739–1742 жылдар аралығы Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Хангелді, Өтеген батырлармен бірге Ұлы жүз жерін Серен Дондук пен Септеннің 35 мыңдық жасағының шабуылынан қорғау ұрыстарына қатысып, қазақ қолының бір бөлігіне басшылық етті. 1739–1740 жылы қыста жоңғарлардың қазақтарды Бетпақтың суығына ұстап қырмақ болған әрекетін іске асыртпай, табандылықпен шайқасты. Шотанның есімі 1750 жылдан кейінгі деректерде аталмайды, соған қарағанда кіші қалмақ ордасымен болған шайқастардың бірінде қаза тапқан болуы керек. Шотан батыр есімі түрікмендермен болған шайқастарда да көп кездеседі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші. Халық өзінің ерен тұлғаларын қаншама тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ. Жұртымыз талай рет небір басқыншылықты басынан өткізіп, шаңырағы ортасына түсіп, құрып кетуге айналды. Сол бір кездерде: «Жаным – арымның садағасы, арым – халқымның садағасы» деп елін сүйген, жанын шүберекке түйген, небір жүрек жұтқан батырлар, қазақ елінің қай жерлерінде де атқа қонып ерлік істері мен даңқын паш етті. Біздің бүгінгі әңгімеміздің арқауы – жоңғарлармен жан алып, жан беріскен сұрапыл жылдарда жасақтың бас сардары болған Шотан Назарұлы. Шотан 1705 жылы Әзіреттің Алатауының Қазығұртқа қараған беткейін жайлаған Адай ауылының белгілі биі және батыры Назардың шаңырағында дүниеге келген. Шотанның әкесі Назар – 1684 жылдардың шамасында туған, әрі би, әрі батыр, халқының алдында үлкен беделге ие болған тұлға. Адай тайпасында Қыдыр көрген үш Назар бар деп атайды. Олардың бірі – осы Жары Назар, Ескелді Саназар, Жаңай Қожаназар делінеді. Жары Назар Әйтеке бидің жиені және айырылмас досы болған. 1722 жылдың көктемінде Әбілқайырдың өткізген жиынында туған жерді уақытша жауға қалдырып, елді аман алып қалуды, ол үшін қыс түсіп, мұз қатқасын Сырдан өтіп, малды түгелдей өткізіп, жаз шыға қозғалу мәселесін бірінші Назар ұсыныпты. Әскер ісімен айналысуға табын Бөкенбай мен Көкінің Есеті бөлінген. Әбілқайыр өзінің сөзінде белді бекем буатын мезгілдің келгенін, сондықтан да Еділ мен Жайықтың арасына сұғынып торғауыт пен башқұртты ығыстыруды нысана етпесе болмайтынын айтып, шешім қабылдайды. Мінеки, Әбілқайыр осылай өзіне қарасты халықты жұрт аударуға тас-түйін даяр етіп қояды. Айтқандайын 1723 жылдың ерте көктемінде Сыбан-Раптан жүз мыңның үстінде мұздай қаруланған әскерін қазақ еліне төгіп жібереді. Әбілқайыр қалмақ қолымен Қаратаудың Сұғындық асуында кездеседі. Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді. Сол соғыста Бөкенбайдың ту сыртынан есік пен төрдей жерден келіп найза ұрғалы жатқан еңгезердей қалмақты байқап қалған Шотан шалт қимылмен қолындағы найзаны одан бұрын сілтеп, найза кеңірдектен шаншылып, өкіріп арт жағындағы құлап бара жатқан қалмақты енді аңғарған Бөкенбай найзасын суырып алып жатқан Шотанды көргенде өзін ажалдан арашалаған жасқа риза болады. Сол жерде шатқалға қамап, он мыңдай қалмақты біреуін қалдырмай қырған Әбілқайыр қолының ішінде асқан ерлік көрсеткен Шотанды табын Бөкенбайдың ұсынысымен он екі ата Байұлының «Бас сардары» етіп бекітіпті. Сол жерде Әбілқайыр Шотанға «Жұлдызың жарқырай берсін, Шотаным», – деп батасын беріпті. Он екі ата Байұлының Шотан басқарған қолы Жем бойын жағалай қоныстанып отырған Лекбай тайшының әскерін талқандап, бес жүз үймен отырған ауылын шауып, үлкен олжа түсіреді. «Қалмақ қырған» деген атау бұл жерде қалған. Сонымен қатар Шотан Ақтабан шұбырынды кезінде башқұрттар иеленіп алған Ырғыз, Елек, Ор, Қарғалы, Қарабұтақ жерлерін дұшпанның қарсылықтарына қарамастан қайтарып алды. Әбілқайыр бастаған қалың қол 1728 жылдың көктемінде Сарысудың оңтүстік батысындағы Бұланты өзенінің жазығында қалмақтың үлкен қолымен кездеседі. Сол кезде қалмақ жағынан шыққан батыр: «Осында Саңырық бар ма, батыр болса менімен жекпе-жекке шықсын, егер қорықса ең мықтысын жіберсін», – деп айқайды салып ортаға шыға келіпті. Атын атап шақырғасын жекпе-жекке шықпай қалуға болмайтынын білетін Ұлы жүздің бас сардары Саңырық атынан түсіп, айылын қайта тартып жатқанда Әбілқайыр келіп: «Саңырық атыңды атай берсін, ол жоңғар қолының бас сардары емес қой, сіздің орныңыз басқа ғой, басқа жас нояндардың бірі шығар», – деп еді, Саңырық: «Көптен бері жекпе-жекке шықпап едім, Құдай бергенін қайтып алмаса желкесін үзіп келейін», – деп атына міне бергені сол еді, қалың қол шу ете түсті. Әбілқайыр да, Саңырық та жекпе-жекке шақырған қалмаққа қарай оқша ұшып бара жатқан адам ба, үлкен шұбар жолбарыс па айырып жатуға болмайтын біреудің жылдамдықпен барып өте шыққанда қалмақтың атынан қалай құлағаны байқалмай қалыпты. Қайта оралған бетінде жығылған қалмақтың басын Саңырықтың алдына әкеліп тастап, өзі ортаға кіріп, көрінбей кетіпті. Жаңағы адамның кім екенін Әбілқайыр ғана танып қалыпты. Ол дулығасының астынан ақ жібек орамалмен бетін тұмшалап алған Шотан еді. Таңғалып тұрған Саңырыққа қарап Әбілқайыр: «Сәке, кешірім өтінемін, сіздің сыбағаңызды рұқсатсыз пайдаланып кеткен біздің бір жас сарбазымыз», – дегенде, Саңырық: «Ойпырмай, өзі адам ба, мен көмекке келген пірлердің бірі шығар деп едім», – деп күледі.Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты. 1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады. 1754 жылдың басында Абылай үш жүздің біріккен құрылтайын шақырады. Абылай сөзінде жоңғар үшін, қала берді, қазақ үшін ең қауіпті жау өзін жарым дүниенің әміршісі деп есептейтін Қытай мемлекеті екенін ашық айтады. Сол кезде қазақ елінің кейбір жерлерін жоңғарлар иемденіп отырған болатын. Кеңестің белгілеуі бойынша қазақ қолы мамыр айының ортасында Аягөз өзеніне – Ақшәуліге жиналуға сөз байласады. Бұл соғыста бес мың қолды бастап Ералы сұлтан мен Шотан келеді. Абылай әскербасыларымен жиын өткізіп, жауға үш бағытта аттанатын болады. Хан жасағын қосып Абылайдың өзі жүреді. Соғыс басталғанда Абылай мен Ералы сұлтан азғантай нөкерлерімен биіктеу жерге шығып, соғыстың барысын бақылай бастайды. Шотан бастаған топтың жоңғарды қынаша жайпауы назарды бірден аударды. Абылай Шотанға садақтан атылып жатқан жебелер мен мылтық оқтарының біреуі дарымай, сілтеніп жатқан шоқпар мен айбалтаның біреуі тимей жатқанына таңғалғаны сондай: «Мына Шотан батыр құдіреттің өзі екен ғой, тусаң ту», – депті. Шотанның оққағарының бар екендігіне, қасиетті батыр екендігіне Абылайдың көзі жетіпті.Шотанның қолы қалмақтарды тұтастай қоршауға алғанда қалмақтар ақ жалау көтеріп, бас сауғасын сұрапты. Шотан Абылайға қараған екен, Абылай: «Жауды жеңген сіз, билік жеңген адамдікі, сондықтан шешімді өздеріңіз алыңыздар», – дейді. «Егер олай десеңіздер, қалмақтардан бұдан былай қазаққа қол көтермейміз деген антын алып, қару-жарақтарын алып, өздеріне екі адамға бір ат-көліктен беріп, елдеріне қайтарамыз және елін көшіріп, жоңғар қақпасынан әрі кететін болады» депті. Шотанның керемет ерлігіне және оның қанқұмар еместігіне, үлкен ақылдылығына Абылай іштей разы болады. Адайлардың негізгі тайпалары 1740–1741 жылдардың шамасында Доңызтау, Желтау, Қарақұм, Аспантай-Матай, Сам құмдарын қыстап Маңғыстауға қарай бағыт алған. Өткен тарихи деректерді азды-көпті айтып кеткен ақындар Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Мұрат, Аралбай, Сәттіғұл, Сүгірлерден, Айтқұл, Шамығұлдардан қалған әңгімелер бар. Кәрі Маңғыстау – талай аузы дуалы билерінің кесімді адал биліктеріне, түмен-түмен қол ертіп, терлігін терге шірітіп, елін қорғаған ерлердің ерліктеріне, малының көптігінен көшкенде жұртына желідегі елу құлынды бие, қырық боталы түйені ұмытып тастап кетіп жүрген байлардың байлықтарына, таңды-таңға ұластырып жырлаған жыршыларға, олардың әр қилы тағдырларына куә болған өлке. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр. Осы елдің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау» атты дастанында былай деп жырлапты:
Маңғыстау – үш қиянның өткен жері,
.:Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Елеспен есі кеткен иесіз жерді,Халқымыз Адай мекен еткен жері.Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.Бөлініп босқан елден қоныс қарап,Ел болып ірге қоныс тепкен жері.Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,Аға деп Әжібайға бата айтқызып,Той жасап Адай туын тіккен жері…Немесе кейбір жазбаларда:Жолдасы Есболай мен Есек мерген,Өңшең батыр қайыспас көпті көрген.Еліне қоныс іздеп шыққаннан соң,Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті.
Мұрат Мөңкеұлының, Қалнияз Шопықұлының кейбір айтқандарына қарағанда да елді бастап келіп, қондырған батырлардың алдында Шотан айтылады. Немесе жергілікті азаматтардан жасақ құрып, Сағызда отырған қалмақтармен, түрікмендермен, Хиуаның сарттарымен соғысып, жерді иеленген Шотан деп әңгімеленеді. Ең бірінші Маңғыстаудың ойына жер қарап келген Шотан екендігін Мұрат Мөңкеұлының мына бір жыр шумақтарынан тағы да көруге болады:
Есболай, Кете, Әжібай қарай келген,Қасына батыр жары Шотан ерген.Әжібай Арқа жағын қыстап қалып,Керелді Есболай бай иеленген.
Осындай тарихи жазбаларға сүйенсек, Адай тайпасын Маңғыстауға бастап келген Шотан, Есболай, Есек мерген, Атағозы, Өмір, Лабақ, Ақпан батырлар екеніне күмән тумайды.Сөйтіп, Керелге Есболай бірінші болып орналасса керек. Көшке жол бастап Өрмелі арқылы құлатқан Қосай Есенқұлұлы Есек батыр делінеді.Өңшең алып тұлғалы, арыстан жүректі батырларын, олардың ішіндегі жолбарыс тұқымдас шұбар мінген, екі көзінен от шашып тұрған, ұзын бойлы, екі иығына екі кісі ер салып мінгендей, бесқаруы бойында, ешқандай жаудан сескенбейтін, жүрек жұтқан Шотанды түрікменнің әйгілі батыры, алдын болжап отыратын қасиет иесі Ерсары анадай жерден көрісімен-ақ өзінің отбасын алып, желкенді қайықпен Әзірбайжанға көшіп кетіпті деген аңыздың артында шындық жатқан сияқты. Маңғыстауға Адай тайпасының алдыңғы легі күзге салым уақытта келсе керек. Оған Түмен Балтабасұлының мына бір жыр шумағы дәлел болатын сияқты: Келгенде алпыс үйден аз келіпті, Ішінде Ақпан деген таз келіпті. Есболай бірге келген екі үй екен, Қалғаны қыс өткен соң жаз келіпті. Алғашқы кездерде қазақтардың келіп қоныстануын жақтырмаған түрікмен ағайындардың ішіндегі пейілі тарлары Хиуа хандығына қазақ босқындары келіп рұқсатсыз жер-суымызды басып алып, иеленіп жатыр деп хабар жеткізіпті. Осыған байланысты Хиуа ханы келіп, қоныстанып жатқан ауылдарды шұғыл көшіруге, егерде қарсылық жасаса түгелдей қырып тастауға тапсырма беріп, Бектұрлы деген батырын бес жүз адамдық жасақпен жібереді. Азғантай жасағымен жауды күтіп алған Шотан жекпе-жекте Бектұрлы батырын өлтіріп, қалғандары жеңіліп, еліне қашыпты. Одан кейін Маңғыстауды жайлап отырған түрікмен Аннасейіттің ауылын Еділ-Жайық арасындағы торғауыттар тұтқиылдан келіп шабуыл жасап, көптеген адамдарын тұтқын етіп, дүние-мүлік малдарын олжалап кеткен жерінен Шотан жасағын шұғыл ұйымдастырып, жауды талқандап, тұтқын болып бара жатқан түрікмен ағайындарын, мал-мүліктерді және қалмақтардың көптеген малдарын олжалаған. Одан кейін де Хиуа ханы Нәдіршахтың салған салығын төлеуден бас тартып, сол үшін Хиуа ханына қарайтын түрікмендердің басшылары Оғылша, Сейітқұтылықтармен соғысып, оларды жекпе-жекте өлтіріп, жасақтарына тимей Нәдіршахқа салық төлеудің қажеті жоқ екенін түсіндіріп, таратып жіберген. Міне, осы кезден бастап біршама уақытқа дейінгі Маңғыстаудағы түрікмендер мен қазақтар арасында тыныштық орнаған. Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қалмақтармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хошауыттар оң жағада жатқан. Бүкіл қалмақ жұрты түп көтеріле көшетін 1771 жылдың бесінші қаңтарында қатты аяз болып, Еділдің мұзы жарылады, мұз үстіне қызыл су жүреді, сөйтіп, сол жақ қабақтағы 11 198 шаңырақ Еділден өте алмай, салқар көштен бөлініп, біржола Ресей шегінде қалады. Еділ дариядан өтіп үлгерген, үйімен, үйелменімен, мыңғырған малымен жоңғарға бет қойған қалың елдің нақты саны 30 999 шаңырақ екен. Шамамен 170–180 мың адам. Қарулы әскер де аз емес – 40 мың қол. Бір ғана кілтипан – қалмақ көші қазақ қоныстары арқылы өтуге тиіс еді». Осындай үлкен қозғалыс қазақтың көптеген ауылдарын тапап өтеді. Нұралы хан бастап, шұғыл түрде үлкен жасақ ұйымдастырып, бас сардар Шотанның бастауымен алғашқы ұрыс Жем бойында болыпты. Нұралы хан қалмақтардан кейін қайтуды талап еткен. Қалмақтардың басшысы Үбашы бітім сұрап, зиян тигізбей өтіп кетулеріне рұқсат сұраған, бірақ қазақтар жағы келіспеген. Ол кезде кешегі Ақтабан шұбырынды уақытындағы қалмақтардың тарапынан аяусыз қырғынды көрген адамдардың көбінің көзі тірі болатын. Олар қалмақ көрсе қандары қарайып тұратын. Міне, осындай бұрыннан өшіккен қазақ қолы алға басқан сайын қалмақтарға ауыр соққыны үсті-үстіне берумен болды. Өкшелей тықсырып, кейде қос қанаттан кезек соғып, жауды үлкен қырғынға ұшыратады. Осылай күнде қасқыр тиген қой отары сияқтанумен маусым айының аяқ шенінде Балқашқа жақындап, Мойынты өзеніне келгенде Абылай хан бастаған әскер жетіп, қалмақтың қалың көші қоршауға түседі. Сол соғыста қалмақтар тұтасқа жуық қырылады. Жоңғарға 15–20 мың адам ғана қансырап зорға жетеді. Олар да алдарынан жарылқайтын жағдай таба алмады. Қытай басшылары оларды да бөлшектеп құл етіп жойып жіберді. Шотан жүрек жұтқан батырлығымен қатар, елге ақыл айтып, жөн сілтейтін ел ағасы болды десек те қателеспейміз. Ол барлық соғыста да қолына түскен тұтқындарды өлтірмеген, соғыспалық, дос-жаран, туыс болалық деп елдеріне қайтарып отырған. Ағайындар арасында туындайтын түсінісбестіктер мен даулы жағдайлардың талайын әділетті түрде билік айтып, татуластырып жіберген. 1750 жылдардың орта шенінде Маңғыстауда тұтастай қуаңшылық болып, ел жаппай қоныс іздеп, көшуге ыстық түсіп кетіп және жөнді қоныс болмай өте қатты қиналып қалыпты. Мал апарайын десе, су жоқ. Сол кезде Шотан қасына ерткен азғантай нөкерімен далаға түнеп, таңертең ерте бір жолдасын атына мінгізіп, сол қонған жерін шаптырып, өзі құлағын жерге төсеп, тың тыңдап, әлденеше жерге келіп, осы жағдайды қайталапты. Содан кейін тап осы жерден құдық қазылады деп бір жерді белгілепті. Өзі отауын көшіріп алып келіп, құдықты қазуға кірісіп кетеді. Шотан құдықтан қазған топырағын он метр тереңдікке барғанша сыртқа өзі лақтырып тұрыпты. Он метрден әрі қарай Шотанның қазып шығарған топырағын он жігіт шығыр салып, зорға үлгеріп төгіп тұрыпты деген әңгіме ел аузында күні бүгінге дейін сақталған. Сөйтіп, құдықшылар бір жылда қазатын тереңдігі 75 метр құдықты бір айда қазып бітіріп, сол маңдағы елдің малы су ішіп, қонысы бар жерге жайылып, күзге жетіпті. Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар. Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен көп қашық емес жердегі Бақашы деп аталатын қорымда жерленген. Шотан 1786 жылдың қыркүйек айында орталық Үстіртте жасы жетіп, өз ажалынан қайтыс болған. Сисем ата қорымда жерленген. Шотан батыр туралы жазылған «Бас сардар» атты еңбек баспаға берілгеннен кейін, Маңғыстау облысынан әдейі делегацияны бастап Бекбол Қартбаев Балқаштың айналасындағы жоңғармен соғыс болған белгілі жерлерді аралады. Карағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы Шотанның атымен аталған елді мекенге, Шотанның атымен аталған көлге барып ондағы жасы үлкен қарт адамдармен әңгімелесіп, Шотанның Абылай ханның қарауында қол басқарған батыр екендігін анықтаған. Сол жердің ең жасы үлкені, 90 жастағы Әукен деген қария 1940 жылдардың екінші жартысына дейін тау сілемдерінде қырылған адамдардың қу сүйектері топырақтың астынан шығып, шашылып жатқанын және сол жердің «Шотан қырған» деп аталатындығын әңгімелеп берген. «Шотанның шайқасқан жерлерін бұрын дүниеден өткен ақсақалдардан естіген едім», – деп өзі бастап жүріп көрсетіпті. Бекбол Қартбаев бастаған бір топ маңғыстаулықтар Шотанның шайқасқан жерлері мен күні бүгінге дейін оның атымен аталып отырған елді мекенді, көлді суретке түсіріп әкелді. Бұл материалдар «Жұлдыз» журналының 2006 жылғы № 1 санында жарияланды. Тұлғаларды еске алып, оларға көше атақтарын бергізуде үлкен еңбек еткен ауыл әкімі Аманқос Қодаров пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Жұмақалиевқа көптің айтар алғысы зор.
Дайындаған Искендер Карбаев - Шогы ұрпағы
## Дереккөздер
|
Тәнеке батыр мазары – Жетісу облысындағы қала құрылысы және сәулет түріне жататын жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
## Географиялық орны
Жетісу облысы, Ақсу ауданы жерінде, Арасан-Қапал жолы бойында орналасқан.
## Тарихи деректер
Ескерткіш - елде әулие саналатын, қазақ халықының аты шыққан ұлы - Тәнеке батырдың мазары. Тәнеке батыр Жетісудағы ұлт-азаттық қозғалыстың қаһарманы ретінде танымал. Батырдың мазары туралы алғашқы жазулар 1898-1899 жылдардағы Н.Н. Пантусовтың есебінде кездеседі. Аман қалған ескі фотосуреттерде Тәнеке батырды жерлеген жердің үстінде қабір төбешігі бар екендігі көрінеді. Қорымның жоғарғы алдыңғы бет жағы бесікке ұқсас затпен жабылған, ал артқы үстіңгі жағында жаңа айдың белгісі орнатылған. Қазір ескі мазардың құйылған кірпіштен қаланған бір ғана қабырғасы қалған. 1992 жылы Тәнеке батырдың ұрпақтары қара мәрмәрден жасалған қабірүсті тақтайша орнатты.Мазарға жақын жерде мұздай таза су бұлағы бар, оны "Тәнеке бұлағы" деп атайды.
## Дереккөздер
|
Қазақстан лига кубогының финалы 2024 — турнирдің бірінші маусымының финалдық ойыны.
## Матч
### Детальдар
## Дереккөздер
## Сілтемелер
|
Амангелді Иманов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш.
## Орналасқан жері
Алматы қаласы, М. Мәметова және М. Мақатаев көшелерінің қиылысындағы саябақ.
## Орнатылған кезеңі және авторы
Ескерткіш 1947 жылы орнатылған. Сәулетші – Т.Қ. Бәсенов, мүсінші – Х.Н. Асқар-Сарыджа.
## Тарихи дерек және ескерткіш сипаты
Ескерткіш Алматыдағы ең алғашқы монументалды ескерткіштердің бірі болды. 1916 жылы Ортаазиялық ұлт-азаттық қозғалыстың батыры Амангелді Иманов салт атта отырған кейпінде бейнеленген. Ескерткіште мүсінші Х.Н. Асқар-Сарыджа жобасының негізінде ХVII-XVIII ғғ. батыс европалық және орыс бейнелеу дәстүріне тән "винт тәріздес құрылым" принципі қолданылған. Бұл нысандағы маңыздысы – А. Имановтың бет-әлпеті оның суреттердегі түріне айнымай ұқсауында.Бучарда техникасы мен оюлы безендіру қолданылған сұр граниттен жасалған тұғыр үстінде алып қола мүсін орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 6,3 м. Жалпы композицияны төрт құмырадағы кішігірім гүлбақтар аяқтап тұрады.
## Дереккөздер
|
Нұрлан Қаршығаұлы Жақыпов (31 наурыз 1978, Қазақ КСР, КСРО) — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы.
## Білімі
2001 жылы РФ Сыртқы істер министрлігі Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика бакалавры, экономика магистрі.
Ғылыми дәрежесі: экономика ғылымдарының кандидаты.
## Еңбек жолы
* Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциацияның (ENRC) қаржы сарапшысы (2001-2003);
* Chambishi Metals PLC бизнес менеджері (Замбия, Китве қ.) (2003-2004);
* Research, Investment and Development Ltd жобалық менеджері (2004-2007);
* Credit Suisse биржада сатылымдағы компания акцияларының құны жөніндегі сарапшысы (2007-2009);
* «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен Компаниясы» АҚ Басқарма мүшесі, басқарушы директор (2009-2011);
* «RBS (Kazakhstan)» Еншілес банкі» АҚ Астанадағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің директоры (2011-2012);
* UBS AG Almaty Representative Office Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы, инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры (2012-2016);
* «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ» Басқарма мүшесі - Даму және инвестициялар бойынша басқарушы директоры (2016-2017);
* «Астана» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы (2017-2019);
* Rothschild & Co Қазақстандағы өкілі (2019-2020);
* «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Ltd. Басқарма төрағасы (2020-04.2023);
* «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы (04.2023 бастап)
## Марапаттары
* «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі (01.11.2023);
* «Теңгеге 30 жыл» медалі (02.11.2023)
## Дереккөздер
|
Junior Eurovision ән байқауы 2024 (ағылш. Junior Eurovision Song Contest 2024, ис. Festival de la Canción de Eurovisión Junior 2024) — жыл сайын өткізілетін Junior Eurovision ән байқауының өткізілуі жоспарланған 22-шығарылымы. Junior Eurovision ән байқауының 2024 жылғы шығарылымын ұйымдастырушы Еуропалық хабар тарату одағы (ЕХТО) және Radiotelevisión Española (RTVE) телекомпаниясы болады. Байқау 2024 жылғы 16 қарашада Испанияның Мадрид қаласында орналасқан «Caja Mágica» стадионында өтеді. Бұл Junior Eurovision ән байқауының Испанияда алғаш рет өткізілгені және «Eurovision 1969» ән байқауынан кейінгі Испанияда жалпы Eurovision іс-шарасының алғаш рет өткізілгені болады.
## Қатысушы елдер
Телерадио хабарын таратушы өз елінің өкілі болып, Junior Eurovision ән байқауына қатысуға үміткер болуға жарамды болуы үшін ол Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болуы керек.
2024 жылғы 3 қыркүйек күні ЕХТО 2024 жылғы байқауға 17 ел қатысатынын жариялады. Кипр алты жыл үзілістен кейін жарысқа қайта оралады, ал Сан-Марино бастапқыда қатыспайтынын растағанына қарамастан, сегіз жылдан кейін оралады. Сонымен қатар, Ұлыбритания өткен жылғы байқауға қатысқанымен, 2024 жылғы байқауға қатыспауға шешім қабылдады.
### Қатыспайтынын растаған елдер
### ЕХТО мүшелері
Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) белсенді мүшесі болып табылатын Андорра, Аустрия, Әзербайжан, Бельгия, Грекия, Дания, Исландия, Израиль, Латвия, Литва, Люксембург, Норвегия, Румыния, Сербия, Словакия, Словения, Уэльс, Ұлыбритания, Финляндия, Хорватия, Шотландия, Швеция, Швейцария байқауға қатыспайтынын растады.
### ЕХТО мүшелері емес
Еуропалық хабар тарату одағының (ЕХТО) ассоциаланған мүшелері Аустралия мен Қазақстан байқауға қатыспайтынын растады.
## Тағы қараңыз
* Eurovision ән байқауы 2024
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* junioreurovision.tv Junior Eurovision ән байқауы 2024 — ресми сайты
|
2024/205 жылғы еурокубоктарға Қазақстаннан төрт команда қатысты. Ел чемпионы атанған "Ордабасы" Чемпиондар лигасына қатысса, кубок иегері "Тобыл" Еуропа лигасында бақ сынады. Ал екінші-үшінші орын алған "Ақтөбе" мен "Астана" Конференция лигасында ойнады.
## Чемпиондар лигасы
### 1 раунд
## Еуропа лигасы
### 1 раунд
## Конференция лигасы
### 1 раунд
### 2 раунд
### 3 раунд
### Плей-офф
### Жалпы топтық турнир
|
Дінмұхамед Қонаев бюсті – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі.
## Орналасқан жері
Алматы қаласы, Бөгенбай батыр және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы.
## Авторлары
Мүсіншілер – Т.С. Досмағанбетов, А.Б. Татаринов, сәулетшілер – А.Қ. Қапанов, Ш.Е. Уәлиханов, И.Я. Токарь, Б.В. Дмитриевский.
## Тарихи дерек
Елеулі мемлекет және саясат қайраткері, Қазақ КСР КП ОК-ның бірінші хатшысы, үш мәрте Кеңестік Еңбек ері (1972, 1976, 1982 жж.) Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың құрметіне 1978 жылы қойылған бюст ескерткіш. Ол кездегі Кеңестік Еңбек Ері атағын екі мәрте беру туралы заңға сәйкес, ескетркіш Д.А. Қонаев тірі кезінде орнатылған.Д.А. Қонаевтың өзі тұратын жерінен алыс емес жерде биік гранит стилобаттың ортасында төртбұрыш тұғырға қола бюсті қойылған. Костюмінің қайырмасына КСРО-дағы ең мәртебелі екі медаль қадалған.Ескерткіш айналасындағы мәрмәр және гранит тақталар, маңғаз жасыл шыршалар, әдемі субұрқақтар мен гүл шоғырларының көптігі бұл жерді Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін керемет серуен орнына айналдырды.
## Дереккөздер
|
Қырымқұл би Әнетұлы (шамамен 1750/52 жылдар арасында туған – өлген жылы белгісіз) — Байұлы тайпасы Адай руының Бәйімбет бөлімінен шыққан би, шешен. Қырымқұл би Әнетұлы бірнеше жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, халыққа имандылық дәнін сепкен. Өзі 1798 жылы қажылық парызын өтеуге Меккеге барған сапарынан оралмаған. Оған топырақ Медина қаласындағы пайғамбар мешітінің күн шығыс жағындағы үлкен қорымнан бұйырыпты.
## Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Бәйімбет – Алдаберді – Райымберді – Текей – Әнет – Қырымқұл
## Өмірбаяны
Әнеттің үлкен ұлы Қырымқұл жас кезінен өте алғыр, пысық және зерек болып өсіпті. Әкесі Әнет оның істеген ісі, айтқан әңгімесіне көңілі толып, шүкіршілік етеді екен. 5–6 жасқа келгенде "тілі сынсын" деп Қырымқұлды ауыл молдасына оқуға беріпті. Табиғатынан зерек Қырымқұл өзімен қатар балалар әлі әліпбиден шыға алмай отырғанда Әптиек, Құранды тәмамдапты. 7–8 жасқа келгенде араб, түркі, парсыша жазылған кітаптарды оқып тауысқан көрінеді. Сонда молда Әнетке: "Енді менің балаңды оқытуға шамам келмейді. Оны Бұқара, Мекке сынды шәһарлардағы жоғары медреселерге оқуға жіберу керек. Бірақ оқу өтіп кетіп кеселге шалдығуы да мүмкін" деп ескертіпті дейді. Қырымқұлдың одан кейін қайда барып оқығаны туралы дерек жоқ, бірақ түйіні қыйын мәселелерді шешерде Құраннан, Пайғамбардың хадистерінен дәлелдер келтіре отырып ақиқатын айтатын шешен де би болған делінеді. Қырымқұл (1798) 1850–1919 жылдары аралығында Адай руынан Мекке-Мадинаға хажылық парызын өтегендер тізімінде бар, Меккеде қалған дейді.
## Дереккөздер
|
Арал ФК (өзб. Aral (futbol klubi, Nukus)) — Қарақалпақстанның Нөкіс қаласындағы футбол клубы. 2021 жылы құрылған.
1976-2022 жылдары тағы бір "Арал" деген клуб болды, бірақ ол басқа команда.
Қазір Өзбекстан бірінші лигасында өнер көрсетеді.
## Сілтемелер
* https://www.transfermarkt.com/aral-nukus/startseite/verein/76379
* https://pfl.uz/uzb/clubs/701 Мұрағатталған 22 сәуірдің 2024 жылы.
|
Қызырық футбол клубы (өзб. Qiziriq (futbol klubi)) — Өзбекстандағы футбол клубы. 2023 жылы құрылған. Базасы Сурхандария облысы, Қызырық ауданында.
## Тарихы
2024 жылы Өзбекстан кубогына қатысып, 1/8 финалға дейін жетті.
2024 жылы Өзбекстан бірінші лигасына қатысты.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* https://www.transfermarkt.world/qiziriq/startseite/verein/118766
|
Айдар Шайхысламұлы (1848–1922) — ишан, ұста.
## Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Жаулы – Жары – Назар – Тастемір – Ақәділ – Баймұханбет – Шайхыслам (Шайхыислам) – Айдар
## Өмірбаяны
Жасынан діни жолды ұстанған адам. Бұхара қаласындағы медреседе оқып, діни жоғары білім алған.
Тұщықұдық жерінде мешіт салып, шәкірттер оқытқан,
Қарақалпақстанда Мәткәрімді пір тұтқан, соған қол берген, діни жоғары білімді деп танылып шатырхат (диплом) алған. Маңғыстау өңірінде Айдар ишан атағымен танылып, құрметке бөленді. Елге имандылық қасиеттерін таратып, балаларға діни білім берумен қатар көрік ұстаған ұста да болған.
## Естелік
Қазіргі уақытта жеті серке терісінен жасалған көрігі, ұсталық құрал-саймандары ишан ұрпақтарында сақтаулы. Айдар ишан салдырған мешіттің орны «Тұщықұдық» кеңшарының орталығында сақталған.
## Дереккөздер
|
Данел Синани (люксемб. -{Danel Sinani}-; 5 шілде 1997, Белград) — люксембургтік футболшы, жартылай қорғаушы.
## Жетістіктері
«Ф91 Дюделанж»
* Люксембург чемпионы (2): 2017/18, 2018/19
* Люксембург кубогы: 2018/19
### Жеке
* Люксембург жыл футболшысы: 2019
## Дереккөздер
|
Эмин Джабраил оглы Махмудов (әз. Emin Cəbrayıl oğlu Mahmudov; 27 сәуір 1992; Красносельское, Саатлин ауданы, Әзербайжан) — әзербайжандық және ресейлік футболшы, Әзербайжан Ұлттық футбол құрамасы мен "Нефтчи (Баку)" клубының жартылай қорғаушысы.
Ресейдің бірнеше жастағы жастар құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### «Крылья Советов»
* Ресей бірінші лигасының жеңімпазы: 2014/2015
### «Спартак»
* Ресей чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/12
### Ресей-21
* Достастық кубогы: 2012, 2013
### «Нефтчи» (Баку)
* Әзербайжан чемпионы: 2020/21
## Дереккөздер
|
## Дереккөздер
|
Тайыр Жарықұлы (26 қыркүйек 1908 жыл, Хан Ордасы ауылы, Астрахан губерниясы (қазіргі Батыс Қазақстан облысы) – 11 наурыз 1965 жыл, Алматы) — қазақ ақыны.
## Өмірбаяны
Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан.
* 1923 — 1927 жылы Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында
* 1928 — 1932 жылы ҚазПИ-де
* 1934 — 1935 жылы Ленинград тарих философия және әдебиет институтының аспирантурасында оқыған.
* 1932 — 1933 жылы жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетітінің хатшысы
* 1933 — 1934 жылы Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы
* 1936 — 1938 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті редакторының орынбасары
* 1938 — 1942 жылы Жамбыл Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарды.
* Ұлы Отан соғысына қатысқан.
* 1946 — 1965 жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі “Жазушы” баспасы) жауапты қызметтер атқарды.
## Ақынның шығармашылығы
Ақынның алғашқы өлеңдері
* “Аэроплан”
* “Күлімдейді күміс күн де” 1927 — 1928 жылы жарияланды.
Бірінші өлеңдер жинағы 1932 жылы
* “Жұлдыз жарығы” деген атпен басылып шықты.
Әр жылдарда
* “Нефстан”
* “Мотор жыры”
* “Күн тіл қатты” (1934)
* “Мұз тұтқыны” (1935)
* “Тасқын” (1937, 1949)
* “Нарын” (1935)
* “Тастағы жазу” (1940)
* ”Бақыт жырлары”
* “Жапанды орман жаңғыртты” (1949)
* “Қырда туған құрыш” (1954, 1955, 1956)
* “Жыр қанаты” (1956)
* “Құмдағы дауыл” (1958)
* “Тау жырлайды” (1962)
* “Теңіз баласы” (1963)
* “Тасқынға тосқын” (1965), т.б. кітаптары жарық көрді.
* Ақынның таңдамалы шығармаларының 1958 — 1959 жылы екі томдығы
* 1972 — 1975 жылы төрт томдығы
* 1951 — 1978 жылы бір томдығы басылды.
## Тақырыптары
Жароков, әсіресе, саяси-әлеуметтік лириканың шебері. Ақын поэзиясына өмір жаңалықтарын дер кезінде көре біліп, оны публицистикалық леппен, романтикалық сезіммен шабыттана жырлау тән. “Күн тіл қатты” поэмасында кеңес ұшқыштарының 1934 жылы 22 км биіктікке көтеріліп, дүниежүзілік рекорд жасаған ерлігін романтикалық қуатпен шаттана жырлады. “Тасқын” поэмасында 1921 жылы Алматыда болған су тасқынын суреттей отырып, «Қайсар мен Жамал» секілді қарапайым жастардың бейнесін типтік дәрежеде жасай білді. Ақын бұл тақырыпқа кейін қайта оралып, “Тасқынға тосқын” (1965) поэмасын жазды. Бұл шығармалар тек Жароков шығармашылығының ғана емес, қазақ поэзиясының елеулі табысы ретінде бағаланды. 1940 жылы жазылған “Нарын” поэмасында ақын тарихи өлкенің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып жыр төгеді. “Қырда туған құрыш” поэмасы Қазақстан магниткасы — Теміртауға арналған. Ақын қазақ өлеңі өрнегіне өзіндік өзгерістер әкеліп, жаңашыл ақын атанады.
## Аудармалары
Жароков аудармашылық өнермен де айналысты. Ол А.С. Пушкиннің “Цыгандар”, “Кавказ тұтқыны”, “Коломнадағы кішкене үй”, “Ағайынды қарақшылар”, “Граф Нулин”, “Қысқы кеш”, “Қысқы ертеңгілік”, М.Ю. Лермонтовтың “Черкестер”, “Қылмыскер”, сондай-ақ, Ш.Руставелидің, Т.Шевченконың, Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, М. Алигеридің, А.Сурковтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
## Марапаттары
* Екі мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен
* “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.
## Дереккөздер
|
2024 жылғы Республикалық партия ұлттық съезі — америкалық Республикалық партия делегаттарының сол жылы сайлануға баратын үміткерлерін және бағдарламасын таңдау рәсімі. 15–18 шілдеде, Милуоки, Висконсинде өткен бұл съез 19–22 тамызда, Чикаго, Иллинойста өткен сол жылғы Демократиялық партия съезінен бұрын өтті.
Съезд партияның болжамды кандидаты Дональд Трампқа Пенсильвания штатының Батлер маңындағы сайлауалды митингісінде жасалған қастандықтан екі күн өткен соң орын алды. Трамп 18 шілдеде өз партиясының кандидатурасын қабылдап, партия тарихындағы президенттікке үш рет ұсынылған екінші республикашыл болды — 1960, 1968 және 1972 жылдары Ричард Никсоннан кейін — және қатарынан үш рет президенттікке кандидатураларды алған алғашқы республикашыл. Огайо штатынан АҚШ сенаторы Джей Ди Вэнс партияның вице-президенттікке кандидатурасын қабылдады.
## Өтетін орынның таңдалуы
2022 жылғы 7 қаңтарда Республикалық Ұлттық комитеттің өкілі 2024 жылғы съез үшін төрт әлеуетті қабылдаушы қала таңдалғанын хабарлады: Милуоки, Нэшвилл, Питтсбург және Солт-Лейк-Сити.
Бір кездері хостингке қызығушылық танытқан, бірақ сайып келгенде қолданылмаған басқа жерлер арасында Колумбус, Лас-Вегас, Сан-Антонио және Джорджия штаты болды. Канзас-Сити, Миссури ресми өтініш берді, бірақ оны 2021 жылғы желтоқсанның соңында қайтарып алды.
2022 жылғы 4 ақпанда Питтсбургтің тендерлік комиссиясы олардың өтініші қосымша қараусыз қабылданбағанын хабарлады.
2022 жылғы наурыздың басында Республикалық Ұлттық комитет Солт-Лейк-Ситиді үміткер ретінде қалдырды.
Нашвилл қалалық кеңесі мен Дэвидсон округі бәсекелестік туралы келісімнің жобасына қарсы дауыс берді, бұл қаланы қатысудан тиімді түрде айырды. 2022 жылғы 15 шілдеде съез өткізу жөніндегі комитет бірауыздан Нашвиллдің орнына Милуокиді конгресс өткізу орны ретінде ұсынуға дауыс берді. Республикалық Ұлттық комитет 2022 жылғы тамыздың басында Чикагода өткен жиналыста Милуокиді партияның 2024 жылғы съезінің сайты ету үшін дауыс берді.
## Үміткерлері
Төменде үміткерлердің праймеризде жинаған дауыстары бойынша нәтижелері көрсетілген:
Дональд Трамп Республикалық партияның ресми кандидаты болды, бұл съездің бірінші күнінде ресмиленді.
## Барысы
### Бірінші күні
Бірінші күн «Американы қайта бай ет!» (ағылш. «Make America Rich Again!») ұранымен өтті.
15 шілдеде съездің бірінші күні делегаттар президенттікке кандидатқа дауыс берді. Жеңіске АҚШ 45-президенті Дональд Трамп ие болды деп күтілді. Сол күні Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде өзінің вице-президенттікке кандидатының Огайо штатынан сенатор Джей Ди Вэнс екенін жариялады.
Дональд Трамп Республикалық партияның ұлттық съезіне келіп, халық алдында қастандық әрекетінен бергі алғаш рет көрінді. Ол «Күрес! Күрес! Күрес!» деп ұрандатқан, құлағы Трамптай байланған жақтастарының алдына шығып, вице-президенттікке кандидаты Джей Ди Вэнс, Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон мен өз отбасы маңындағы мінберден орын алды.
Съездің бірінші күнінде Трамп партия даусының көпшілігіне ие болды да, президенттікке ресми үміткері болды.
### Екінші күні
Съездің екінші күні «Американы қайта қауіпсіз ет!» (ағылш. «Make America Safe Again!») ұранымен өтті.
Осы күні сөз сөйлегендер арасында Трамптың праймериздегі қарсыластары Вивек Рамасвами, Никки Хейли мен Рон Десантис да сөз айтты.
Оған қоса съезде халық алдында Батыс Вирджиния губернаторы Джим Джастис пен иті Babydog сөз сөйледі.
### Үшінші күні
Съездің үшінші күні «Американы қайта мықты ет!» (ағылш. «Make America Strong Again!») ұранымен өтті.
Бұл күні сөз сөйлегендер арасында партияның вице-президенттікке кандидаты Джей Ди Вэнс сөз айтты.
### Төртінші күні
Съездің төртінші күні «Американы қайта ұлы ет!» (ағылш. «Make America Great Again!») ұранымен өтті.
Съездің соңғы күні Дональд Трамп үміткерлігін қабылдады да, ол, Такер Карлсон мен Халк Хоган сөз сөйледі.
## Тағы қараңыз
* Демократиялық партияның ұлттық съезі (2024)
## Дереккөздер
|
Аюб Эль-Кааби (араб.: أيوب الكعبي; фр. Ayoub El Kaabi; родился 26 маусым 1993, Касабланка, Марокко) — марокколық футболщы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен «Олимпиакос» клубының қорғаушысы. 2018 жылы әлем чемпионатына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
«Олимпиакос»
* Конференция лигасы: 2023/24
Марокко
* Африка Ұлттары чемпионаты: 2018
### Жеке
* Африка ұлттары чемпионатының үздік мергені: 2018 (9 гол)
* Конференция лигасының мергені: 2023/24 (11 гол)
## Дереккөздер
|
Шәңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков (15 маусым 1924 – 12 тамыз 2024) — кеңестік қоғам және мемлекет қайраткері, КСРО халық депутаты.
|
Турал Байрамов (әзерб. Toral Bayramov; 23 ақпан 2001, Ленкорань, Әзірбайжан) — әзірбайжандық футболшы, "Қарабақ" клубының шабуылшысы.
2021 жылдан бері ұлттық құрамада ойнайды.
## Жетістіктері
* Әзірбайжан чемпионы (3):: 2019-20, 2021-22, 2022-23
* Әзербайжан кубогы: 2021-22
## Сілтемелер
* Турал Байрамов www.uefa.com сайтында
* Турал Байрамов
|
Даңқ мемориалы – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші.
## Орналасқан жері
Алматы қаласы, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында орналасқан және сәулет өнері мен мүсіндеудің үйлескені кешені балып табылады.
## Орнатылған кезеңі, авторлары
Монумент 1975 жылы орнатылған. Сәулетшілері – Т.Қ. Бәсенов, Р.А. Сейдалин, мүсіншілері – А.В. Артемович, В.В. Андрюшенко.
## Тарихи дерек және сипаты
Даңқ мемориалының салтанатты ашылуы 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30-жылдық мерейтойына орай өткен. Саябақтың шығыс жағында ескерткіштің төрт бөлігіне арнайы орын бөлінген. Ескерткіштің төрт бөлігі: "Серт", "Даңқты таратушылар", "Ерлік" және "Мәңгілік алау", әрқайсысы өзіндік мағынаға ие, ал бірге олар Қазақстанның ХХ ғасырдағы тас пен қоладан жасалған ерлік жылнамасы секілді. Бірінші бөлік – "Серт" Қазақстандағы Кеңестік билікті орнатқан күрескерлердің ерлігі мен батырлығы туралы әңгімелейді.Бұл бөлімді келесі бөлім де – "Даңқты таратушылар" қолдап тұрады. Ол батыр кернейші майдандас серіктеріне қарай эмоциялық көтеріліс пен күшті оптимистік көңіл-күй сыйласа, көрерменге де сондай көңіл-күй сыйлатындай. "Ерлік" – композицияның мағыналық ортасы болып табылады және 1941 жылы Қазақстанда құрылған панфиловшылар дивизиясының Мәскеуді қорғау кезіндегі бір сәтін көрсетеді."Мәңгілік алау" – барлық кешеннің жүрегі, ол 1975 жылы жағылып, сол кезден бері қала тұрғындары мен қонақтарының батырлар есімін еске алып, қастерлеуге келетін орны болып табылады.Мәңгілік алаудың айналасында қара лабрадорит тастан жасалған 13 тіреу орнатылған, олардың әрқайсысында Ұлы Отан соғысының батыр-қалаларынан алып келінген топырақ бар.
## Дереккөздер
|
Абдулла (Әбілда) Жұмағұлұлы Ақаев (7 мамыр 1901, Махамбетов ауылы, Қызылорда облысы - 1959, Қызылорда) – әскери қайраткер. Қазақтан шыққан алғаш полковник шеніндегі әскери қайраткерлердің бірі.
## Өмірбаяны
Абдулла 1901 жылы Қызылорда қаласының маңындағы Сырдария ауданына қарасты №4 ауылда (қазіргі Ж.Махамбетов ауылы) дүниеге келген. Туған ауылы Сырдария бойында орналасқан соң, әкесі Жұмағұл қайықшы болып халықты өзеннің басқа бетіне өткізетін.
11 жасында ата-анасынан айырылып, ағасының қолына Қоқан қаласына көшеді. Қоқандағы екі жылдық жоғары бастауыш училищесін бітірді.
Аттың үстінде мықты шабатын Абдулла 1918 жылы өз еркімен қызыл әскер қатарына жазылады. Басмашыларға қарсы шайқастарға қатысып, әскер таратылады. Бір жарым жылдан соң, 1920 жылы жұмысшы-шаруа қызыл әскер қатарына қайта қосылады. Атты әскер құрамында азамат соғысына қатысады.
1924 жылы Самара қаласындағы үшінші кавалерия мектебін бітіреді. Сол жылдан бастап Орынбордағы ҚазОАК атындағы біріккен әскери мектепте қазақ ротасында курсанттар взводының командирі болып оқыды.
1925 жылы Бүкілодақтық большевиктер коммунистік партиясының қатарына кірді.
1928 жылдан бастап Қазақ ұлттық кавалерия дивизионының қылышты эскадрон командирі болып әскери қызмет атқарған.
1928 жылы Қазақ АКСР ХКК мен ОАК төралқаларының шешімімен арнайы сыйлы қаруымен (револьвер) марапатталды.
1938 жылдың 30 сәуірінде Қазақ АКСР Ішкі Істер Халық Комиссариатының Мемлекеттік Қауіпсіздік Басқармасы (Қазақ АКСР ІІХК МҚБ) Жұмағұлұлы Абдулланы қамауға алады. Бір жылдан астам уақыт бойы қамауда болып, 1939 жылдың 29 шілде күні ақталып шығады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатыса бастайды. Соғыс кезінде шені полковникке дейін көтеріліп, Ленин, Қызыл Ту, Ұлы отан соғысы ордендерімен, "Германияны жеңгені үшін" медалімен және тағы басқа марапаттармен наградталды.
Абдулла Ақаев Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған алғаш қазақ еді.
Соғыс аяқталғаннан кейін, Алматыда әскери комиссар (военком) болып қызмет етіп, туған жері Қызылордаға көшеді. Мұнда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімін басқарады.
1959 жылы қайтыс болды.
Қызылорда қаласында Абдулла Ақаев көшесі бар.
## Дереккөздер
|
Дәулеталы батыр Жарыұлы (1640–1730) — Өз заманында жоңғар қалмақтарымен болған талай шайқастарда көзге түскен айтулы батырлардың бірі болған. Дәулеталы ұрпақтары арасынан ата даңқына сай ел қорғаған талай батырлар шыққан. Аш-арығын қамдап қамқорлаған талай сақи-байлар, алқалы жыйындарда ар жібермеген сұңғыла шешен-билер шыққан белгілі орынға айналған.
## Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Мұңал Батыр – Жаулы – Жары – Дәулеталы
## Өмірбаяны
Дәулеталы тұлабойына сауыт киініп, қолына қоңыраулы найза ұстаған, бес қарумен мұздай құрсанып жүретін жауынгер адам. Дәулеталы Салқам-Жәңгір мен Әз-Тәуке хандардың тұсында өмір сүріп, жоңғарлармен талай соғыстарға қатынасқан батыр. 1707–1709 жылдары башқұрт халқының ұлт-азаттық көтерілісіне Әбілхайыр 3 000 сарбазбен барып көмек көрсеткен. Ал, осы үш мың жігіт Арал мен Каспий ортасындағы елден яғни Батыс Қазақстан жерінен жиналған жігіттер еді.
Дәулеталы жасы ортадан ауып елудің өріне шыққанша бала сүймепті. Күндердің күнінде "Сірә, менің баласыз болуым осының кесірінен болар" деп бес қаруында, сауытын да "талақ" деп шешкен екен. Атармандықты да, шабармандықты да қойып кетеді. Сөйтіп, бұрынғы жүрістерінен айнып, күнделікті тірлік қамымен айналыса бастайды. Енді Алладан бала тілейді. Тілегін Құдай қабыл етіп, бір балалы болады. "Тіленіп жүргенде көргенімғой" деп ұлының есімін "Тілеміс" қояды. Кейінірек екінші балалы болып, "Құдай тілегімді шын берді" деп соңғы ұлының есімін "Тілеуберді" қояды.
2022 жылы Дәулеталы бабадан тараған ұрпақтары ата кесенесін жаңғыртып, баба рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.
## Дереккөздер
|
Бопай ханым (шамамен 1690 – 31 мамыр 1780, Батыс Қазақстан облысы Елек өзені бойы) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан асқан сұлу, өте ақылды, ержүрек қайраткер, аузы сөзі дуалы мәмілегер.
## Өмірбаяны
Бопай Адай руынан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай Кенесары көтерілісіне катысуды халық арасында жалықпай - талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлыменбірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек анамыз (апамыз) Бопай. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді.
Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін терең ұғынған Бопай батыл әрі ойлап-пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана, Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А.И. Тевкелев пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт-Петербургке аттанады. Нұралыны “қырғыз-қайсақ ханы” етіп бекіту туралы Елизавета Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.П. Бестужев-Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға “аттандатпай”, Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ-жоңғар қатынастарына тигізген әсері, Қайып хан мен Нұралы ханды бітістіруге бағытталған әрекеттері Бопайдың ел бірлігін қамтамасыз етуге тырысқан мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс-қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің, Әбілқайыр ордасында болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.И. Левшин 19 ғасырдың 30-жылдарында:
деп жазды. Б. Елекке құятын Жосалы өз-нің жоғарғы жағындағы қорымда жерленген.
## Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
|
Эль-Билаль Туре (фр. El Bilal Touré; 3 қазан 2001 жыл, Аджаме, Абиджан, Кот-д’Ивуар) — малилік футболшы, Мали Ұлттық футбол құрамасы мен «Аталанта» клубының шабуылшысы. 2021 жылы Африка Ұлттары кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Аталанта»
* УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24
### Халықаралық
Мали-20
* Африка чемпионы: 2019
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (Eurosport.com) (ағыл.)
|
Исак Малькольм Кваку Хин (швед. Isak Malcolm Kwaku Hien; 13 қаңтар 1999, Стокгольм) — швециялық футболшы, Швеция Ұлттық футбол құрамасы мен "Аталанта" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Командалық
Аталанта
* УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі (швед.)
|
Андре Филипе да Луш Орта (порт. André Filipe da Luz Horta; 7 қараша 1996, Алмада, Португалия) — португалиялық футболшы, "Брага" клубының жартылай қорғаушысы. Португалияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған.
## Жетістіктері
### Командалық
«Бенфика»
* Португалия чемпионы: 2016/17
* Португалия кубогы: 2016/17
* Португалия суперкубогы: 2016
«Лос-Анжелес»
* МЛС чемпионы: 2019
«Брага»
* Португалия кубогы: 2020/21
* Лига кубогы: 2019/20
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профиль
* Профиль
|
Тоқтамыс би Жанұзақұлы (XIX ғасыр) — Атығай руынан шыққан би. Тоқтамыс бидің Атығай-Қарауыл, Керей-Уақ, Бағаналы, тағыда басқа болыстарға ықпалы бар, патша әкімшілігі алдында да беделді төбе би болған. 1820 жылы оған Коллежский Ассесор атағы берілген. Полковник шеніне ұсынылғаны туралы дерек бар. Атығай Ажар ақын Тоқтамыс би туралы былай деп жырлаған:
Туған жоқ асып қазақ Тоқтамыстан,
Хан болып Орта жүзге атағы ұшқан.
Олжабай Нұралыұлы Саққұлақ бидің немересі:
Қазақта жан туған жоқ Тоқтамыстай,
Тоқтамыстың баласы – Маңдай, Жандай.
Патшамен грамота хат алысқан,
Жандайды қандай адам осал дейді-ай?
Ер Жандайдың баласы Кәкен еді,
Құнанбай тобықтыны қарына ілді,
- деп жырлаған тұқым.
Ақ Патшаға 1855 жылы барғандар туралы:
Бәрінің болып көсемі,
Тоқтамыс тілге шешені,
Жақсылық іске бас болған,
Жамандарға қас болған,
Жаяуларға ат болып,
Тарыққанға ас болған,
- деп Тоқтамыс бидің де барғанын айтады. Тоқтамыс би – Маңдай – Ғафар ата-балалы-немере аға сұлтандықта болған атақты әулет. Оларға «Дворян әулеті» атағы берілген.
## Дереккөздер
|
Естелік алтын шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған шақа шығарылған 2000 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 999 сынама алтын пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасымен соғылады.
Шақалар «Жануарлар», «Әлемнің әйгілі мешіттері», «Шығыс күнтізбесі», «Банкноттағы кейіптер» жергілікті бағдарламалары, сондай-ақ «Әлемнің ең кішкентай шақалары» халықаралық шақа бағдарламасы аясында шығарылған. Кейбір естелік шақалар кез келген топтамадан тыс шығарылды.
Кейбір шақалар — «Жануарлар» топтамасы және «2010 Олимпиада ойындары. Биатлон» шақасы диаметрі 1 мм-ге дейінгі гауһар тастармен көмкерілген.
Алтын шақалар 50, 100, 500, 1000, 50 000 және 100 000 теңге белгіленген бағада шығарылады және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды.
## Статистикасы
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 54 естелік алтын шақа шығарылды.
## «Әлемнің ең кішкентай шақалары» топтамасы
Топтамадағы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды.
## «Жануарлар» топтамасы
Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г, диаметрі 25 мм шақалар 2005-2012 жылдары шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, мемлекеттің атауы ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: жануардың бейнесі және оның латын немесе ағылшын тіліндегі аты. Жануар көзінің орнына диаметрі 1 мм-ге дейін жететін гауһар тастар салынған.
Қыры бұжыр.
## «Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы
Топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 3,11 г, диаметрі 16 мм шақалар 2006-2013 жылдары шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік 4 күміс шақа шығарылды.
Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің ағылш. NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN (2006 жылғы шақаларда) немесе қаз. ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ (қалғандары) және оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металлдың сынамасы.
Арт жағы: мешіттің көрінісі, қасиетті орын мен орналасқан қаланың атауы («Заһир мешіті» және «Байтұррахман Рая мешіті» шақаларынан басқа), ағылшын тілінде.
Қыры бұжыр.
## «Шығыс күнтізбесі» топтамасы
2011 жылдан бастап топтамада белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 7,78 г және сырттай сызылған диаметрі 21,78 мм, 12 қырлы пішінді шақалар шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар шығарылды.
Бет жағы: жұлдыздардың аясындағы зодиак белгілерінің таңбалары, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және ағылш. REPUBLIС OF KAZAKHSTAN атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, Күннің стильдендірілген бейнесі.
Арт жағы: жануардың ірі бейнесі — ағымдағы жылдың таңбасы, басқа жануарлардың суреттерімен қоршалған, орыс тіліндегі Шығыс күнтізбесі, қаз. ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ, ағылш. ORIENTAL CALENDAR және орыс. ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ жазбалары, шақаның шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі.
Қыры бұжыр.
## «Банкноттағы кейіптер» топтамасы
2011 жылдан бастап топтамада салмағы 7,78 г, диаметрі 21,78 мм, белгіленген бағасы 500 теңге шақалар шығарылады. Осы әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік күміс шақалар мен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады.
Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, ұлттық ою-өрнек, ҚРҰБ логотипі, мемлекеттің қаз. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ және орыс. РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН атауы.
Арт жағы: қайраткердің кейіпі бар 1993 жылғы банкноттың үзіндісі, есімі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
## Басқа алтын шақалар
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның естелік шақалары
* Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның биметалдық естелік шақалары
* Қазақстанның күмістен жасалған естелік шақалары
## Дереккөздер
|
Уәли би Итенұлы (1798–1881) — би. 83 жасында өмірден өтіп сүйегі Қорқыт ата қорымына қойылған. Оның бейітінің бір бөлігі 1950 жылға дейін сақталған, бірақ одан кейінгі кезде дария шайып Сырдарияға құлап кетеді.Орыс патшаларының қазақ жерінің отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдары Жайық өзенінің бойына, арқаға ауып келе бастайды. Сол кезде Итен де Құлты, Уәли деген балаларымен бірге кәзіргі Ақтөбе облысына көшіп келеді.Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәли би өзіне қарасты ағайындарын Сыр бойына көшіруді ойластырады. Сөйтіп Алтын руы Сыр бойындағы ағайындармен араласып, қыз алысып, құдандалы болып кетеді.Уәли би осы өңірде е сыйлы адам болып, өз елінің ішінде билік құрады. Алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірге ағайынның білігін, татулығын сақтауға белсенді қызмет атқарады.Уәли би Кеңесары хан басқарған халық көтерілісін де қызу қолдаған. Осындай көзқарасы үшін ол басқа билермен бірге Орынбор қаласына шақырылып, губенатордан қатты ескеру алған.Уәли би баласының бірі Байзақ әке жолын қуып билік айтқан. Сыр бойындағы «Байзақ тоғайы» деп аталатын жер осы кісінің атымен аталған.
## Шежіре
Байұлы – Алтын – Көзала – Ораз – Айдар – Тілеуке – Дербісәлі – Итен. Итеннен: Құлты, Уәли, Жақсылық және Тәспенбет туады.
## Дереккөздер
|
Ханс Хатебур (нидер. Hans Hateboer; 9 қаңтар 1994, Гронинген) — нидерландтық футболшы, Нидерланд Ұлттық футбол құрамасы мен "Ренн" клубының қорғаушысы.
## Жетістіктері
### Клубтық
Гронинген
* Нидерланд кубогы: 2014/15
Аталанта
* УЕФА Еуропа лигасы: 2023/24
### Халықаралық
Нидерланд
УЕФА Ұлттар лигасының финалисі: 2019
## Дереккөздер
|
Шаншар абыз Бұлбұлұлы (16–17 ғасыр) — қоғам қайраткері. Өз заманында қазақ хандығының нығаюына, ұлттың бірлігіне өлшеусіз қызмет еткен тұлға «Шаншар абыз» атанған.
Шаншар — қазақ тарихында жарқын із қалдырған тұлғалар — Келдібек, Бертіс, Қаз дауысты Қазыбек, Бекболат, Алшынбай, Еспенбет тәрізді билер мен бектердін, Тәттімбет, Мәди, Айтбай, Балта, Ғаббас тәрізді өнерпаздардың түп атасы. Бұл жайлы Ш. Уәлихановтың, А. Құнанбаевтың, Ш. Құдайбердиевтің, Ә. Бөкейхановтың, Ахмет Байтұрсынұлының, М.Әуезовтің, С. Мұқановтың тағыда басқа шығармаларында жазылған.
Есім және Жәңгір хандар билік құрған 17 ғасырдың алғашқы жартысында Орта жүздің төбе биі болған Шаншар қазақ хандығының бір орталыққа бағынған біртұтас мемлекетке айналдыру жолында күресті. Сөйтіп, қазіргі Оңтүстік Қазақстан, Ташкент облыстарының жері Есім хан дәуірінде Қазақ ордасының құрамына енгізілуіне септігін тигізді. Есім хан Әлібек (Ұлы жүз), Шаншар (Орта жүз) және Жидебай (Кіші жүз) билердің қатысуымен заңдар жинағын шығарды. «Есім салған ескі жол» атанған оған қазақтың тұрмыс дәстүрі мен салт-санасын реттейтін талап және тәртіп баптары енді.
Қазақ хандығыньң ішкі және сыртқы жауларына қарсы күрестегі өлшеусіз еңбегі мен жеке басының ерлігі, шешендік-билік қасиетіне кермет белгісі ретінде Есім хан оған биліктен тайған Тұрсын ханның үш қызын — Айбике, Нұрбике, Қызданбикені берген. Кеңес дәуіріне дейін олардың әрқайсысы бір-бір болыс ел болып отырса, ұрпақтары әлі де Айбике — Шаншар, Нұрбике — Шаншар, Қызданбике — Шаншар тұқымымыз дейді. Шаншар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне жерленген.
## Шежіре
Ол Арғын тайпасының «Бес Мейрам» тобына жататын Қаракесек руынан тарайды. Шежіресі: Қаракесек – Ақша – Бошан – Таз – Бұлбұл – Шаншар.
## Дереккөздер
|
Бертіс Шаншарұлы (Бердібек) (1633–1707) — би. Орта жүз Арғын тайпасының Қаракесек (Болатқожа) руынан шыққан.
Әкесі Шаншар Бұлбұлұлы Есім хан мен Тұрсын ханның қақтығысы тұсында Есім жағында болып, айрықша көзге түскен. Шаншарұлы Бертіс 17 ғасырда жоңғар-қазақ соғысының майдандарында ерлік пен тапқырлық көрсеткен. Ташкентті, Балқаш өңірі мен Қарқаралыны жоңғар басқышыларынан азат ету шайқасында қатысқан. Жәңгір хан мен Тәуке ханның кеңесшісі болған. Ескіден жеткен аңыз әңгімелерде Шаншарұлы Бертіс биліктен тайған ханның орнына әмір болып, Ташкент өңірін басқарғандықтан "Қарқаралы хан Бертіс" аталыпты дейді. Шаншарұлы Бертіс сонымен қатар майталман шешен, дарынды ақын, өнерлі күйші болған. Еспенбет, Бектемір, Мөшеке, Қазанғап, Қантай, Тонтай тәрізді би-шешендердің, атақты күйші Тәттімбет пен Абайдын анасы Ұлжанның үлкен атасы. Балқаш қаласы жағасында шығанақ, т.ж. солтүстікте бұлақ Шаншарұлы Бертістің есімімен аталады. Ұрпағы Тәттімбет "Бертіс" атты күй шығарған. Шаншарұлы Бертіс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген.
## Дереккөздер
|
Юссеф Әл-Араби (фр. Youssef El-Arabi; 3 ақпан 1987 жыл, Кан, Франция) — марокколық футболшы, Марокко Ұлттық футбол құрамасы мен «Олимпиакос» клубының шабуылшысы. 2012, 2013, 2017 жылдары Африка Ұлттары Кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қатар чемпионы (2): 2016/17, 2017/18
* Грекия чемпионы (3): 2019/20, 2020/21, 2021/22
* Грекия кубогы: 2019/20
* УЕФА Конференция лигасы: 2023/24
### Жеке
* Катар чемпионатының үздік мергені (2): 2016/17, 2017/18
* Грекия чемпионатының үздік мергені (2): 2019/20, 2020/21
## Дереккөздер
|
Макс Грокомбе (ағылш. Max Crocombe; 12 тамыз 1993, Окленд) — жаңа зеландиялық футболшы, қақпашы. 2024 жылғы Океания чемпионы.
## Дереккөздер
|
Джон Алик (ағылш. John Alick; 25 сәуір 1991, Вануату) — вануатулық футболшы, жартылай қорғаушы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының финалисі.
## Дереккөздер
|
Кенси Тангис (ағылш. Kensi Tangis; 20 қаңтар 1990, Вануату) — вануатулық футболшы, шабуылшы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының финалисі. 2014 жылғы ОФК Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері.
## Дереккөздер
|
Клод Ару (ағылш. Claude Aru; 25 сәуір 1997(19970425), Вануату) — вануатулық футболшы, шабуылшы. 2024 жылғы ОФК ұлттары кубогының күміс жүлдегері.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Claude Aru
|
Элия Юст (ағылш. Elijah Just; 1 мамыр 2000) — жаңа зеландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 2024 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы.
## Жетістіктері
### Халықаралық
* ОФК Ұлттары кубогы: 2024
## Дереккөздер
|
Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі.
## Орналасқан жері
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының басты кіреберісіне қарама-қарсы алаңда орналасқан.
## Орнатылған кезеңі, авторлары
Ескерткіш 1969 жылы орнатылған. Мүсінші X.Е. Наурызбаев, сәулетші Ш.Ы. Уәлиханов.
## Тарихи дерек және сипаты
Шоқан Уәлихановтың ескерткіші Алматыдағы ең есте қалатын монументтердің бірі. Ол мағыналық және композициялық жағынан қазақстандық ғылым ордасының – ғылым академиясының, бірнеше ғылыми-зерттеу институттарының, саябақтардың, субұрқақ пен алаңның архитектуралық ансамблін толықтырып және біріктіріп тұрады.Бұл рухы мен сұлулығы жағынан таңқаларлық ескерткіштің авторы – атақты мүсінші және қазақстандық пластикалық өнер мектебінің хас шебері X. Наурызбаев.Созылыңқы төртбұрышты қара мәрмәрмен қапталған тұғырда Ш. Уәлихановтың қола мүсіні тұрғызылған. Жап-жас Шоқан бейнесі терең ойға шомған күйде бейнеленген. Сымбатты, офицерлік тұрысы бар, даланың текті ақсүйектен шыққан тұлға айналадағының барлығын өзгертетін уақыт ағысына бағыныссыз, оны байқамай тұрғандай. X. Наурызбаев Ш. Уәлихановты әрдайым елден ерекше етіп тұратын ой ұшқырлығын, ниеттерінің тектілігі мен жоғарылығын аңғарып, дұрыс жеткізе білді. Бұл туындысы үшін X. Наурызбаев 1970 жылы ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.Ш. Уәлихановқа арналған көптеген ескерткіштердің арасында бұл ескерткіштің орны ерекше.
## Дереккөздер
|
Шоқан Уәлиханов ескерткіші – Ақмола облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіштердің бірі.
## Орнатылған кезеңі, авторлары
1971 жылдың 20 тамызында Көкшетау қаласында ашылды. Мүсіншісі – Т.С. Досмағамбетов, сәулетшісі – К.А. Әбдіков.
## Сипаты
Шоқан Уәлиханов ескерткіші қоладан құйылған, биіктігі 5 м, тұғырының биіктігі 4,6 м. Ескерткіште Кадет корпусының әскери киімімен, қолына қолжазба ұстап тұрған сәті бейнеленген. Ескерткіш тұғырының жоғары белдеуінде "Ш.Уәлиханов" деген жазу бар.Биіктігі 4,6 метр бетон тұғырдың беті қара гранит тақтайшалармен жабылған. Екі шеткі беттері тік оюланған сызықтармен әшекеленген. Атақты қазақстандық мүсіншінің шығармашылық карьерасы осы ескерткіштен басталған.2017 жылы ескерткіш аймағы қайта жөндеуден өтті.
## Дереккөздер
|
Мұхтар Әуезов ескерткіші – Алматы қаласындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қатарындағы монументтік өнер құрылысы түріне жататын ескерткіш.
## Орналасқан жері
Алматы қаласы, Абай даңғылы.
## Орнатылған кезеңі, авторлары
М.О. Әуезовтың ескерткіші 1982 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры алдындағы алаңда орнатылған. Мүсінші Е.А. Сергебаев, сәулетшілер О.Ж. Баймырзаев, А.С. Қайнарбаев.
## Тарихи дерек, сипаты
Қола ескерткіш атақты қазақ жазушысын оң қолында кітап ұстап отырған күйінде бейнелейді. Ескерткіш лабрадориттен жасалған биік тұғырда орнатылған. Театр алдындағы ашық алаң айналадағы ландшафтпен үйлесім тапқан мүсінді жан-жағынан жақсылап көруге мүмкіндік береді. Театр сырт-келбетінің ұстамдылығы мүсін композициясының стилистикалық шешімімен өте үйлесімді көрінеді.Ұлттық кәсіби театр өнерінің қалыптасуы мен дамуы Мұхтар Әуезовтың атымен тікелей байланысты. Ең танымал қазақ қойылымдарының керемет сюжеттері дәл осы тұлғаның қылқаламынан туған. "Еңлік-Кебек" пьесасы, "Қарагөз" драмасы және тағы басқа көптеген қойылымдар қазіргі кезде еліміздегі қазақстандық театрлар репертуарының негізін құрайды.
## Дереккөздер
|
Қарасақал қорымы – Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші, зиярат орны.
## Орналасқан жері
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 60 км жерде.
## Кезеңі
XVII ғасрдың соңы, XX ғасырдың басы.
## Тарихи деректер, аңыздар
Қарасақал діни-жерлеу кешені – әр түрлі уақытқа жататын 1000-нан астам мазарлар мен кіші сәулет нысандары бар Кіші жүз қазақтарының рулық жерлеу орны (ауданы 15 га-дан астам). Оның қасиетті орталығы мен ең ежелгі бөлігі әулие Қарасақалдың қабірі болып табылады, кешен соның айналасында қалыптаса бастаған. Бұл жер қазір де биік ағаш қадамен белгіленіп, көптеген зиярат етушілер үшін бағыт көрсетіп түрады.Қарасақал қорымындағы ең маңызды нысандардың бірі – Ендібай мазары. Аймақтың спассикалық және өз заманына сай архитектуралық талаптары бойынша әктастан салынған бұл ғимарат – айваны бар дулыға тәріздес күмбезді төртбұрышты ғимарат.Пішіні мен безендірулері бойынша әртүрлі жерлеу орындары (құлпытас, қойтас, сандықтас), кішігірім мазарлар (сағанатам) және тас дуалдар осы аймақтың өзіндік діни сәулет өнерінің эволюциясының суретін құрайды. Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда, елдің батысындағы діни-салттық құрылыстар тастағы ою өнері мен безендірудің түрлері бойынша ерекше шеберлігімен ерекшеленеді. Өлкенің ең айқын ерекшеліктерінің бірі - молалардың ішкі жағын түрлі түсті оюлармен безендіру. Ою-өрнектер айтарлықтай алуандығы мен мағыналығы жағынан басқа аймақтардан ерекшеленеді.
## Дереккөздер
|
«Биримдик» — қырғызстандық футбол клубы, Сокулук қаласынан.
## Атаулары
* 1990—1991 — «Достук».
* 1992—1995 — СКА-«Достук».
* 1997—1998 — «Динамо».
* 2003, 2005 — «Орто-Нур».
* 2004 — СКХ «Рассвет».
* 2008—2009 — «Достук».
* 2009 — «Эрпан».
* 2010—2011 — «Сай».
* 2016 — «Биримдик».
## Дереккөздер
|
Алеш Руфер (ағылш. Alex Rufer; 12 маусым 1996, Женева, Швейцария) — жаңа зеландиялық футболшы, жартылай қорғаушы, 2024 жылғы ОФК Ұлттары кубогының жеңімпазы.
2017 жылы Конфедерациялар кубогына қатысты.
## Жетістіктері
### Халықаралық
* ОФК Ұлттары кубогы: 2024
## Дереккөздер
|
## Дереккөздер
|
Қақпатас өзені — Жамбыл облысы, Қордай ауданы жерімен ағады. Шу алабындағы өзен. Қордай асуынан басталып, Шу өзеніне құяды.
## Сипаттамасы
Шу-Іле тауларына қарасты Қордай асуында бірінші Қақпатас, екінші Қақпатас, үшінші Қақпатас болып үшке бөлініп ағып келеді де, бір арнаға тоғысқан жерден Қақпатас аталады. Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Сарыбұлақ аулы тұсында Шуға құяды. Жағасында Қордай ауылы бар.
Қар-жаңбыр суларымен толығады.
Өзен бойына 1988 жылы үлкен бөгет салынды. Бөгеттен бастап өзен арнасын бойлай егінді суландыру үшін канал қазылған. Жаз айларында суы азайып, бөгеттен артылмайды.
Ең ірі салаларының бірі Соғанды өзені. Шу-Іле тауларындағы Нарқызыл шатқалының жоғары жағынан бастау алады, Оңтүстік-батысқа қарай ағып, Үшінші Қақпатасқа құяды. Жағасында Соғанды аулы бар.
## Тағы қараңыз
* Қақпатас бөгені
* Қақпатас ауылы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Топогрфиялық карта — K-43-018
|
Павел Викторович Бугало (өзб. Pavel Viktorovich Bugalo; 21 тамыз 1974, Шыршық, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан кубогы: 2002 («Жеңіс»)
* Өзбекстан чемпионы: 1992, 1998, 2008
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегені: 1993, 2007
* Өзбекстан кубогы: 1993, 1997, 2008
* Өзбекстан кубогының финалисі: 1996, 2007
### Жеке
* Өзбекстанның үздік футболшысы: 1996, 1997
## Сілтемелер
* Статистикасы Мұрағатталған 3 шілденің 2022 жылы. // rsssf.com
|
Февзи Ризаевич Давлетов (өзб. Fevzi Davletov; 20 қыркүйек 1972 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық құрамасы сапында ойнаған.
## Жетістіктері
### Халыаралық
* Азия ойындарының жеңімпазы: 1994
### Клубтық
* Өзбекстан чемпионы (3): 1997, 1999, 2000
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 1993, 1996
* Өзбекстан кубогы (2): 1992, 1999/2000
* Қазақстан чемпионы (2): 2002, 2003
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы
|
Павел Викторович Бугало (өзб. Pavel Viktorovich Bugalo; 21 тамыз 1974, Шыршық, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қақпашы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Командалық
* Қазақстан кубогы: 2002 («Жеңіс»)
* Өзбекстан чемпионы: 1992, 1998, 2008
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегені: 1993, 2007
* Өзбекстан кубогы: 1993, 1997, 2008
* Өзбекстан кубогының финалисі: 1996, 2007
### Жеке
* Өзбекстанның үздік футболшысы: 1996, 1997
## Сілтемелер
* Статистикасы Мұрағатталған 3 шілденің 2022 жылы. // rsssf.com
|
Таджиев Зайниддин Фахритдинович; 21 маусым 1977 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Клубтық
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2006
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2008, 2009, 2010
* Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2006, 2009
* АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: (2): 2003, 2004
### Жеке
* Өзбекстан бірінші лигасының үздік мергені: 2011 (30 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Таджиев Зайниддин Фахритдинович; 21 маусым 1977 жыл, Ташкент, Өзбек КСР) — өзбекстандық футболшы, шабуылшы. Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Жетістіктері
### Клубтық
Пахтакор
* Өзбекстан чемпионы (4): 2002, 2003, 2004, 2006
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері (3): 2008, 2009, 2010
* Өзбекстан кубогы (4): 2002, 2003, 2004, 2006, 2009
* АФК чемпиондар лигасының жартылай финалисі: (2): 2003, 2004
### Жеке
* Өзбекстан бірінші лигасының үздік мергені: 2011 (30 гол)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Февзи Ризаевич Давлетов (өзб. Fevzi Davletov; 20 қыркүйек 1972 жыл, Ташкент, Өзбек КСР, КСРО) — өзбекстандық футболшы, қорғаушы. Өзбекстан Ұлттық құрамасы сапында ойнаған.
## Жетістіктері
### Халыаралық
* Азия ойындарының жеңімпазы: 1994
### Клубтық
* Өзбекстан чемпионы (3): 1997, 1999, 2000
* Өзбекстан чемпионатының күміс жүлдегері: 1995
* Өзбекстан чемпионатының қола жүлдегері (2): 1993, 1996
* Өзбекстан кубогы (2): 1992, 1999/2000
* Қазақстан чемпионы (2): 2002, 2003
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Статистикасы
|
Сүгір Бегендікұлы (1894, Өгіз-Өреуіл, Маңғыстау - 1974, Қызылсай, Маңғыстау облысы, Қазақ КСР) (күйші Сүгірмен шатыстырмаңыз) - қазақтың белгілі ақын-жырауы.
## Өмірбаяны
Сүгір Жырау 1894 жылы Маңғыстауда Өгіз-Өреуіл деген жерде дүниеге келген. Сүгір Адайдың Мұңалы, оның ішінде Жаулыдан таралатын Ескелді ауылының перзенті. Әкесі Бегендік ескіше оқыған сауатты, діндар адам болған. Сүгірдің өз айтуы бойынша, әкесі екі рет Меккеге барып “Қажы” атанған кісі. Бейіті Шопан ата зиратына қойылған.
Сүгірдің ауылдары қыста Аққуыс-Шөшік, Ақпан, Ажырықтыой, Қызылсу, Сенек-Сұмсасы, Аққұдық өңірлерін қыстап, жазда Үстіртте Ұзын, Уәлі, Дүңгірлек, Дауысты, Жүзадын шыңыраулары маңын, Жем бойын жайлаған. Сүгір жасында Саздыдағы Бәли Нұрнияз ақынның мектебінде білім алған. Жас кезінен-ақ өнерге жаны құмар болып өскен ол домбыра тартып, жыр үйреніп айтып, жиын-тойларда жиі-жиі көрініп, елге танымалы бола бастаған. 16 жасынан бастап халық ауызына ілініп, өнері бағалана бастаған Сүгірді, үлкен-үлкен жиын-мерекелерге шақырып ән салдырып, жыр айтыратын болған. Ол “Қарасай Қарлы”,”Едіге”,тағы басқа жыр-дастандарды жырлап айтуға машықтанады, өзі де өлең шығарумен айналасады.
Сүгірдің бүкіл елге әйгіленген жиын 1921 жылы өткізілген Әли Тауанның асы екен, кейіннен Қырымқұл Ұзақбай Жырау Сүгірге арнаған арнауында:
Әлі Тауының асында,Сен жиырма жеті жасында,Бегендікұлы сен бе депБір көруге мұң болып.Екі мың атты астыңдыСұлулар талай бүгілген...
деп жыр арнапты. Сол жиында жас Сүгір үздік өнер көрсетіп, халықтың жоғарғы бағасына ие болған. Оған сый-сияпат көрсетіліп, атағы жоғарғы, төменгі Адай еліне кеңінен таралған. Осыдан кейін-ақ Сүгір өзінің келешек ғұмырын өнер жолына біржола бағыштаған. “Сүгірдің термесі” ,”Сүгірдің әні”, ”Сүгірдің жыр-сазы” тәрізді әуендері ел арасына жайылады. Сүгір бір шығарманың өзін, өзі шығарған бірнеше әуенмен құбылта орындап, тыңдаушыны баурап алатын қасиетке ие болған, жыршылық, ақындығымен қоса композиторлық дәрежеге көтерілген дарынды өнер иесі.
Маңғыстау өңірінің халқына тұрмыс ауыртпалық тауқымет түскен отызыншы жылдардағы елдің етегі сөгіліп, ”Балапан басына, тұрымтай тұсына” кеткен заманда Сүгір ауылдары күнелтіс қамы үшін Бесқала бетіне ауыл көшіп кетеді. Сүгірдің үйі Қоңырат, Хожелі, Нөкіс, Көне, Шаржау, Ташауыз, Байрамалы, Тәжен, Ашқабад, Шағадам қалаларында болып, көбірек мезгілін Қоңырат өңірінде өткізген. Сүгір кейіннен яғни 1967 жылы ата қонысы Маңғыстауға бағыт алып, Ақжігіт кентіне үйімен көшіп келіп, сонда 3-4 жыл қоныстанып отырады да, 1971 жылы Өзендегі Қызылсайға көшіп келіп тұрақтайды. Сол жерде 1974 жылы сексен жасында көз жұмады, оны Шопан-ата қауымына жерлейді.
## Шығармашылығы
Сүгір Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл жыраулармен тұз-дәмдес болған, олардың үлгі-кеңестерін алған. Өзінен бұрын өткен ақын-жыраулардың шығармаларымен бірге өзі шығарған терме, толғауларын да халық арасына тынбай насихаттап өткен. Сүгір жырау Абылдың, Ақтанның, Нұрым мен Қашағанның, Әбубәкір мен Сәттіғұлдың, тағы да басқа ақын-жыраулардың шығармаларын елге таныстырумен қатар, оларды өз шығармаларында мадақтап жырға қосқан. Хорезм жағында жүріп “Арман”, “Елді сағыну”, ”Қоштасу”, ”Терме” атты толғау жырларын шығарған. ”Октябрь”, “Беташар”, ”Тойбастар”, “Сәттіғұл ақынға”, тағы басқа да өлеңдері жергілікті газеттерге басылып жарияланған. Ұлы Отан соғысы кезінде "Аттандыру”, ”Аманат”, ”Жоқтау” тәрізді патриоттық рухтағы жырларын шығарады.
Сүгір жырау тек қана өз елінде емес, Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстанның батыс облыстарын аралап, халық арасында өнер көрсетуге жарты ғасырлық ғұмырын арнаған. Қырықмылтық Бүркітбай, қазіргі белгілі Жыршы Жақсылық Елеусіновке батасын беріп, оларға ұстаз болған. Сүгірдің ұрпақтары туралы сөз етсек, тұла бойы тұңғышы Есқуат Ұлы Отан соғысы кезінде Сталинград түбінде шайқаста қаза болған, екінші ұлы Өтелген қазір зейнеткер. Өзенде тұрады, балалы-шағалы.
Сүгір Бегендікұлының ғұмырының көп бөлігі Бесқала жағында өткендіктен Маңғыстау өңірінде оның төл туындылары естілгені болмаса, баспа беттерінде жарық көрген жоқ. Тек соңғы 2-3 жылдан бері жыршылардың орындауындағы шығармалары жазылып алынып газет беттерінде жарияланып жүр. Сүгірдің өлеңдері мен арнау-толғаулары, жырлары жүйеленіп жарияланбай, оқырмандар қолына жетпей келеді. Алдағы уақыттарда Сүгірдің саздарын нотаға түсіріп композиторлық, сөздерін жүйелетіп, жинақтап, ақындық мұраларын ұрпақтар игілігіне жарату міндеттері тұр, бұл өнерді қадірлей білетін баршаға ортақ парыз.
## Дереккөздер
|
Ақдәулет Қонысбекұлы Жұмаханов (1 маусым 1971, Шардара — 20 мамыр 2008) — қазастандық футболшы, жартылай қорғаушы.
## Карьерасы
Бүкіл карьерасында шымкенттік клубтарда ойнады, тек 1995 жылы ғана "Жігерден" "Ақсукент" клубына жалға берілді.
1995 жылы карьерасын аяқтады. Бірақ 1999 жылы жаңадан құрылған "Кеден" клубынан шақырту алды да, қайта жалғастырды. Бірақ "Кеден" клубы ұзамай жабылып қалды да, футболды қайта доғарды. Карьерасындағы ең соңғы ойынды 1999 жылы 28 қазанда "Динамоға" қарсы өткізді.
Кейін тұрлі клубтарда қызметте істеді.
2008 жылы 20 мамырда қайтыс болды.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Орталық мәдениет және демалыс саябағы — Алматы қаласындағы басты саябақтардың бірі. 1935 жылы құрылды.
Мұнда әртүрлі ойын-сауық алаңдары, қоғамдық тамақтану орындары, балалар темір жолы, аквапарк бар. Шағын тоғанда қайықтармен немесе катамаранмен жүзуге болады.
Сондай-ақ волейбол, баскетбол алаңдары, веложолақтар мен әртүрлі тренажерлар спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.
Аттракциондар арасында «Шолу дөңгелегі», «Динопарк», «Қорқыныш бөлмесі», «Билейтін тостағандар» әсіресе тартымды болып келеді.
Саябақтың шығыс жағында Алматы хайуанаттар бағы орналасқан. Онда бес мыңға жуық жануар бар.
## Галерея
*
*
*
*
|
Кәшке Дәулетұлы (18 ғасыр) — қазақ батыры. Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасының Есқожа руынан шыққан. Қарасай батырдың ұрпағы. Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақастек ауылында туып-өскен. Кәшке батырдың Ақымбек, Ыстамбек есімді екі баласы болған. Ақымбектен Сұраншы батыр, Ыстамбектен Саурық батыр туған. Кәшке – Жетісу өңірін жоңғар шапқыншылары мен Қоқан хандығы басқыншыларынан азат ету үшін болған шайқаста ерлігімен көзге түскен батыр. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы халық арасында Кәшке батырдың ерлігі, тапқырлығы туралы аңыз-әңгімелер сақталған. Кәшкенің батырлығы, әділдігі жайында Жамбыл Жабаев жырларында да кездеседі.
## Дереккөздер
|
Оразалы Қожамжарұлы батыр (1826, Іле бойындағы Жайпақ деген жер – 1913, Шу өңірі) – Қоқан хандығына қарсы күресте қол бастаған батыр.
## Өмірбаяны
Ұлы жүздің дулат тайпасының Ботбай руынан. Жас кезінде ел-жұртымен бірге Шу бойындағы Қарақыршын деген жерге қоныс тепкен. Ер жеткен кезінде Сыпатай батырмен бірге тізе қосып, қоқандықтарға қарсы күресте оның сенімді серігі болды. Өзінің ел-жұртын Шу өзенінің бас жағындағы Ақсу маңайына қоныстандырады. 1863 жылы орыс әскерінің полковнигі Черняев Қордайдың күнбатыс жағындағы Құрғақсаз деген жерде жергілікті халықтың беделді адамдарымен жиын өткізгенде бұл жиынға қазақтардан Сыпатаймен бірге Оразалы, қырғыздардан манап Шабдан Жантаев, Бәйтік Қанаев қатысады. Осы жиында Қоқан бекіністеріне шабуыл жасаудың жай-жапсары, жергілікті халықтардан жасақ шығару, олардың жүзбасы, мыңбасыларын тағайындаудың мәселелері қарастырылып, Оразалы бес жүз сарбаздың сардары болып бекітіледі. Орыс әскерлері Меркіні алғаннан кейін Оразалы мыңбасы болып тағайындалады.
## Жетістіктері
Оразалы батырға Қоқан бекіністерін алуда сіңірген еңбегі үшін 1864 жылы «Ынталылығы үшін» деген күміс медаль берілді. Қазір Шу ауданындағы бір ауылға Оразалы батыр есімі берілген.
## Сілтемелер
* Батырлар
* Қоқан
* Ұлы жүз
## Дереккөздер
|
Бәйбөріұлы Олжашы батыр (16 ғасырдың аяғы — 17 ғасырдың басы)
Олжашы Орта жүз Арғын тайпасының ішінде Қаракесек руынан шыққан азамат еді. Қаракесектің Ақша деген баласы болған. Оның баласы Бошан. Оның баласы Бәйбөрі. Бәйбөрінің екінші баласы Олжашы батыр еді.
Есім ханның тұсында 1627 жылы: «Хан Тұрсынды ант ұрсын», деп Қатаған Тұрсын ханға қарсы жорыққа баруға қол жиналған. Соңда қолбасшылардың бірі Арғын Олжашы еді. Тұрсын ханның әскері Сайрамның атырабында жеңілді.
Өзінің ордасы Ташкент қаласы еді. Тұрсын хан Аштарханид әмірлерімен одақ құрып, Есім ханмен бәсекелескен. Ташкентті алғаннан кейін Тұрсын хан қаза табады.
Артынан бірнеше қыз қалады. Айбике, Нұрбике мен Қызданбике деген ғажайып періштедей сұлу қыздарын Шаншар деген қолбасшы олжа ретінде алады. Қоңырбике деген қызды ұлы Абайдың түп бабасы Әли алады. Кенжесі Оразбике сұлуды Олжашы батыр алады. Олжашының Жүгіней деген ағасы болған. Оразбикені батыр осы ағасына берген. Одан Қойке, Есбалақ, Баян, Хангелді, Кенжек деген балалар туған. Тағы бір әйелінен Қыдырәлі, Кедей деген балалар туған. (Жұрт арасында «Қыдырәлі, Кедейсің, Қойке келсе не дейсің» деген мәтел қалды.) Ал Олжашының өзінің Асан, Үсен деген балалар туған. Ақтабан шұбырынды кезінде Асанның ұрпақтары Сырдың ар жағына кеткен. Үсендер және Жүгінейдің ұрпақтары Арқада қалып, өсіп-өнген.
Қазақ КСР Ішкі Істер министрі Шырақбек Қабылбаев Олжашы батырдың ұрпағы.
## Дереккөздер
|
Мұрат Шойбеков (1970(1970), Қазақстан) — қазақстандық футболшы, қорғаушы.
"Восток", "Көкше", "Намыс" клубтарында доп тепті.
1994 жылы "Восток" сапында Қазақстан кубогы иегері атанды.
## Сілтемелер
* https://footballfacts.ru/person/123749-shoybekovmurat
|
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) — даңқты батыр, шешен, Абақ Керей руына ұран болған, қолбасшы Керей тайпасы Жәнтекей руынан шыққан. Ол Жоңғар басқыншылығына қарсы шайқаста аты шыққан, Абылай хан мен Қаракерей Қабанбай батыр бастаған сияқты қазақ қолының алғы шебінде жүрген айбынды батырлардың бірі. Соған орай, халық оны сол заманның аты шыққан әйгілі батыры Шақшақ Жәнібекпен шатастырмас үшін «Керей Жәнібек» деп атап кеткен.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 жылы Жәнібек Абақ Керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі бір асуынан жол салып асып барып, өр Алтайды шолып қайтады. Бұл асу кейін “Жәнібек асуы” деп аталып кеткен. 1760 жылы Жәнібек батыр Абақ Керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады. Сөз бастаған шешендігімен, ел бастаған көсемдігімен, жауға шапқан батырлығымен бүкіл абақ керейдің ұранына айналған "Ер Жәнібек" сексеннің үстіне шығып қайтыс болады. Жәнібектің әкесі Бердәулет ерте қайтыс болып кеткендіктен, нағашысы қазақтың атақты үш биінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тәрбиесінде болды. «Кісі болар жігітті кісесінен, кісі болмас жігітті мүшесінен таниды» дегендей, Қазыбек би жиенінің көзінде оты, көкірегінде сәулесі барын көріп, оны кішкентай күнінен бастап ел басқару жұмысына тәрбиелейді. Он сегізге жасы жетіп, күш-қайраты толған кезінде Жәнібек жауға аттанып бара жатқан жасанды қолды көріп, Қазыбектен жорыққа аттануға бата сұрайды. Қазыбек: «Қарағым, өзгеге берген батамды өзіңнен неге аяйын. Ер азамат қылып өсіріп, ел-жұртыңа қосайын деп едім. Жасыңа жетпей, жау тілеме» дейді. Бұған риза болмаған Жәнібек: «Он сегізге келгенше , жігіт болып жетіле алмады дегеніңіз бе? Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалдырғанда, от басын айналдырған көбелектей көргеніңіз бе?» деп наразылық білдіреді. Сонда Қазыбек: «қой, рұқсат бермесем, құса болып өліп кетер, не қолға рұқсатсыз еріп кетер» деп ойлап, «Қол басқарсаң, жолың киелі болсын! Ел басқарсаң, сөзің жүйелі болсын!» деп батасын береді. Ұлы атасының ықыласымен берген батасы қабыл болып, Жәнібек жолы киелі қолбасшы, сөзі жүйелі ел басшысы атанады. Жәнібек батырдың өмір жолын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: Оның бірі – батырдың жоңғар басқыншыларына қарсы күресіп, сан шайқасты бастан кешірген батырлық, қолбасылық өмірі. Екіншісі – жаудан азат етілген жерге елін бастап барып, орналастыруы, ел бірлігінің бұзылмауы жолында тер төккен басшылық өмірі. Ол халықтың жадында қол бастаған аруақты батыр, ел басқаруда әділ басшы болып қалды. Өзі иелік еткен Абақ Керей елі оның атын ұранға айналдырды.
## Мұрасы
Батырдың Шіңгіл ауданда тұратын он бірінші ұрпағы Зардықанның үйінде сақталған қасиетті туын 1940 жылы Оспан батыр Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі кезінде көтеріп шығады. Ер Жәнібек туралы қытайдың Алтай аймағының қазақтары «Жәнібек батыр» деген тарихи жанрдағы екі сериалды фильм шығарған. Қазір Алматы қаласының Алатау ауданында Ер Жәнібек атындағы қысқа көше бар. Батырдың зираты Қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ деген жерде. Зиратының басына ескерткіш орнатылған.
## Дереккөздер
М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғарұлы, А. Сейдімбек. Ел тұтқа. - Астана: KUL TEGIN. - 2009. – 66 б.http://ardaktylar.kz/ Мұрағатталған 29 наурыздың 2014 жылы.
## Тағы қараңыз
* Ер Жәнібек (жыр)
|
Олжас Мұқанбекұлы Бөрібаев (23 ақпан 1970(19700223), Талғар) — қазақстандық футболшы, қорғаушы.
## Карьерасы
«Болат», «Восток», «Еңбек» клубтарында доп тепті. 1992 жылы 20 қазанда "Ақтаудың" қақпасына карьерасындағы бірінші голды соқты. Екінші голды 1993 жылы «Восток» сапында жүріп «Спартак» (Семей) қақпасына енгізді.
1994 жылы "Восток" сапында Қазақстан кубогы иегері атанды.
1995 жылдан кейінгі тағдыры белгісіз.
## Сілтемелер
* Статистикасы
|
Көбек батыр (шамамен 1735–1740 жылдары туған – шамамен 1831 жылы қайтыс болған) — Қазақ хандығының Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі тұсында ел мен жерді қорғауда елеулі ерлігімен танылған ұлт батыры. Көбек батыр Арғын тайпасының Тоқа руынан шыққан. Батырдың әкесі Майлы батыр.
## Ерліктері
Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Көбек батыр алғашында орта жүз ханы Әбілмәмбет ханның қосынында, кейін Әбілмәмбет хан қайтыс болған соң Абылай хан қосынында мыңбасы болған екен. Батыр алып денелі адам болған деседі. Батыр өз заманында басқыншы қалмақтарды қазақ жерінен қууда талай ерліктер жасапты. 1771 жылы қырғыз манаптары Жетісуды қазақтан тартып алмақшы болып, Шу өзені бойында Найман елінің 2000 қолын жеңіп, атақты Көкжарлы көкжал Барақ батырды, Шынқожа батырды өлтіріп, сарбаздарын қанға бояған. Осы сұмдықтан соң Абылай хан Көбек батыр бастаған қолды жинап, Қырғыз Алатауына аттанады. Сол шешуші шайқас тарихта "Жайыл қырғыны" деген атпен белгілі. Шайқас алдында екі жақтың әскер саны бірдей болған. Соғыс екі жақтың батырлары манап Нәдір мен Көбек батырдың жекпе-жекінен басталған. Көбек батыр жауын жеңіп, Қазақ қолының жеңісіне жол ашып берген. Бұл жеңістен кейін қырғыз манаптары толық талқандалып, Ташкентке жол ашылады. Ташкентке барар жолда өзбек-тәжік қосындары да тізе бүгіп, Ташкент құсбегі Абылай ханға соғыссыз қала кілтін береді. Көбек батырдың осы соғыстағы ғажайып ерлігі ел есінде жыр болып қалды.
ХVIII ғасырда Кіші жүз қазақтары орыс казактары мен башқұрттардың үздіксіз шабуылына ұшырайды. Басқыншыларды талқандау үшін кіші жүз ханы Орта жүз руларынан көмек сұрайды. Орта жүздің кіші жүзге көмекке жіберген қосынын Көбек батар бастап барады. Көбек батыр Башқұрттарды талқандап, жеңіспен оралады.
Абылай хан Көбек батыр мен Ұзын Қыпшақ батыры Ниязға Есіл өзеніндегі Қараөткелді қорғау міндетін тапсырған екен. Батыр өмірінің соңына дейін Қазақ хандығы үшін талай ерліктер жасайды.
Көбек батыр 96 жасында дүние салыпты. Марқұмның Қараөткел маңындағы Қозыкөш деген жерде жерлеген екен.
## Тарихи бағасын алуы
Қазақ хандығын және оның ұланғайыр территориясын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған батыр бабаның ерлікке толы ғажайып өмірі ұзақ заман ел есінде сақталса, ал еліміз тәуелсіздік алған соң, тыңнан зерттеліп, есімі Қазақ елі тарихынан өз орнын ала бастады. Батырдың өмірі мен ерліктерінен сыр шертетін түрлі жәдігерліктері де табылып жатыр.
Көбек батырдың сүйегі жатқан жерде ертеректе қойылған ескі тастың тұсына ұрпақтары батырға ас беріп, 2012 жылы және 2016 жылы ескерткіш тас қойған болатын.
Көбек батырдың 7-ұрпағы, 1973 жылы туған Рахимбеков Тілек Құлашұлы 2016 жылы халықтан жиналған қаражатпен ескі зиратты қоршап, Көбек батырдың басына ескерткіш тас қойды. Бұл бастама аудан тарихындағы есте қалар маңызды оқиғалардың бірі болды.
Тілек Құлашұлының қолында батыр бабамыз туралы талай деректер сақтаулы жатыр. Оларды терең зерделеп, Көбек батырдың Қазақ хандығының іргесін бекемдеу жолындағы ерліктерін және ел мен жерді қорғау жолындағы өнегелі іс-іздертерін танып, ұрпақ санасына жеткізу ісі өз жалғасын табатыны сөзсіз.
## Дереккөздер
|
Иманғали Қабайұлы Бастар (24 қаңтар 2003(20030124), Атамекен ауылы, Мақтаарал ауданы) — қазақстандық футболшы, "Жетісай" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
"Ордабасы" клубының түлегі. 2021 жылы "Ордабасы-21" клубында карьерасын бастады. Қазақстанның бірінші лигасында 6 ойында алаңға шықты.
2022 жылы "Мақтарал" клубынның жастар құрамында өнер көрсетті.
2023 жылы жаңадан құрылған, екінші лигада сынға түсетін "Жетісай" клубына ауысты. Тұңғыш ойынын 19 наурызда "Хан-Тәңірі" клубына қарсы өткізді. Бұл Қазақстан кубогы ойыны болатын. Сол жылы 18 шілдеде "Жетісай" сапындағы тұңғыш голын "Атырау-21" қақпасына енгізді, Бұл ойында "Жетісай" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Клуб 2024 жылы бірінші лигада ойнай бастады.
## Фактілер
* Есімі қазақстандық танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың құрметіне қойылған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 – өлген жылы белгісіз) — қазақ батыры. Ұлы жүз, Ошақты руының Тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың “Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, Саңырақ 18 ғасырда болған негізгі қазақ-жоңғар соғыстарының барлығына қатысқан. Ол Бұланты, Қарасиыр шайқастарында қазақ қолының алғашқы жеңістеріне үлес қосты. Аңырақай шайқасында садақшыларға жетекшілік еткен. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарында тұрады.
## Дереккөздер
|
Естелік күміс шақаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толуына орай 5 шақа топтамасы шығарылған 1995 жылдан бастап шығара бастады. Шақаларды жасау үшін 925 сынамды күміс пайдаланылады, олардың барлығы Қазақстан теңге сарайында proof сапасында соғылған.
«Абай Құнанбайұлының 150 жылдығы», «Көрнекті оқиғалар мен адамдар», «Қазақстан петроглифтері», «Қолданбалы өнер», «Сәулет және тарих ескерткіштері», «Қазақстанның Қызыл кітабы», «Ертеде соғылған шақалар», Қазақстан «суретшілері» (графика)», «Ғарыш», «Спорт», «Қазақстанның өсімдік әлемі», «Қазақстанның фаунасы мен флорасы», «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері», «Әлемге әйгілі мешіттер», «Көшпенділер алтыны», «Ұлы қолбасшылар», «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары», «Қазақстан халқы ертегілері», «Республика игілігі», «Банкноттағы кейіптер», «Жүректен жүрекке», «Дала қазынасы», «Теңге – сыйлық», «Сиқырлы нышандар», «Қазақстанның бейнелеу өнері», «Діни жануарлар – көшпенділердің тотемдері», «Шығыс күнтізбесі» және «Зодиак белгілері» сияқты шақа топтамалары шығарылды.
Кейбір естелік шақалар көрсетілген топтамадан тыс шығарылады.
Кейбір күміс шақалар алтын жалатумен, эмальмен, голографиямен және төсеніш баспамен безендірілген.
Барлық күміс шақалардың белгіленген бағасы 100, 500, 1000 немесе 5000 теңге және Қазақстанда заңды төлем құралы болып табылады, алайда олардың нарықтық құны әлдеқайда жоғары болғандықтан, олар төлем құралы ретінде пайдаланылмайды.
## Статистикасы
2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 233 естелік күміс шақа шығарылды.
## Топтамалы шақалар
### «Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 24 г және диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 1995 жылы Аустрия ақша сарайында соғылған және Қазақстанның алғашқы күміс шақасы әрі proof сапасында шығарылған алғашқы шақалар болды.
Бет жағы: Абайдың өмірі мен шығармашылығынан сюжеттік композиция, мемлекет атауы, ұлттық ою-өрнек, белгіленген бағасы мен шығарылған жылы, нүктелердің жиегі.
Арт жағы: Абайдың бейіні, қаз. АБАЙ • ИБРАҺИМ • ҚҰНАНБАЙҰЛЫ толық аты-жөні және өмір сүрген жылдары (1845 1904), шығармалары бойынша композиция, нүктелердің жиегі.
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 6000 дана.
### «Қазақстан петроглифтері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2000-2007 жылдары шығарылды.
Бет жағы: ұлттық ою-өрнектің аясындағы белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, шығарылған жылы; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2003 жылдан басталған шақаларда). 2005-2007 жылғы шақалардың бет жағында эмитент-банк атауының орнына — мемлекеттің атауы жазылған.
Арт жағы: петроглифтің бейнесі, оның атауы мен орналасқан жері қазақ және ағылшын тілдерінде; теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы (2000-2002 жылғы шақаларда).
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
### «Қазақстанның Қызыл кітабы» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңгелік шақалар 2001 жылдан бастап шығарылады. Нейзильберден жасалған белгіленген бағасы 50 теңгелік естелік шақалар бірдей немесе ұқсас әрленіммен шығарылады.
2001–2009 жылдары шақалар келесі сипаттамалармен шығарылды:
Бет жағы: белгіленген бағасы, эмитент-банкінің атауы, шиыршық, теңге сарайының белгісі, ұлттық ою-өрнек, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: жануардың бейнесі және оның атауы қазақ және латын немесе ағылшын тілдерінде.
Қыры тегіс. Салмағы: 24 г. Диаметрі: 37 мм. Жуандығы: 2,7 мм. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
2010 жылдан бастап топтаманың шақаларындағы бет жағы жеке әрленімімен және өзгерген сипаттамаларымен шығарылды:
Қыры бұжыр. Салмағы: 31,1 г. Диаметрі: 38,61 мм.
### «Қолданбалы өнер» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2001-2005 жылдары шығарылды.
Бет жағы: музыкалық аспапта ойнайтын ұлттық киім киген адам, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (тек «Адырна» шақасында ғана).
Арт жағы: музыкалық аспап және оның қазақ және ағылшын тілдеріндегі атауы, ноталы орнақтың үзіндісі, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі («Адырна» шақасында оның орнына — ҚРҰБ логотипі бейнеленген).
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
### «Сәулет және тарих ескерткіштері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 24 г, диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2002-2005 жылдары шығарылды.
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 3000 дана.
### «Ертеде соғылған шақалар» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2004-2009 жылдары шығарылды. «Алматы монетасы» шақасының жиегі алтынмен қапталған.
Бет жағы: көне шақаның бет жағы, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, шығарылған жылы.
Арт жағы: көне шақаның арт жағы, оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы және соғылған уақыты, ҚРҰБ логотипі, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек.
Қыры тегіс («Деңга» және «Драхма» шақалары) немесе бұжыр (басқа шақаларда).
### «Көшпенділер алтыны» топтамасы
12 қырлы салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм пішіндегі белгіленген бағасы 500 теңге топтамадағы шақалар 2004-2013 жылдары шығарылды.
Топтамадағы барлық шақалардың бет жағы бірдей: төрт салт аттының стильдендірілген бейнесі, мемлекеттің атауы, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: Қазақстандағы археологиялық қазбалар кезінде табылған көшпенділердің алтын бұйымдарының бірінің алтын жалатылған бейнесі; табылған заттың қазақ және ағылшын тіліндегі атауы, шиыршық, топтаманың қаз. КӨШПЕНДІЛЕР АЛТЫНЫ және ағылш. THE GOLD OF NOMADS атауы, шақаның шығарылған жылы. «Диадема бөлігі» және «Сатир» шақаларының арт жағындағы безендірілуінде қосымша түсті эмаль қолданылған.
Қыры тегіс. Әр шақаның таралымы — 5000 дана.
### «Спорт» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңгелік шақалар 2004 жылдан бастап шығарылады.
### «Қазақстанның салт-дәстүрлері, ұлттық ойындары» топтамасы
2006-2015 жылдары белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар шығарылды, 2016 жылдан бастап топтама шақалары салмағы 24 г және диаметрі 37 мм болып шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалары шығарылады.
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстанның елтаңбасы мен белгіленген бағасы, мемлекет атауы. 2010 жылғы шақада, сонымен қоса, ЕурАзЭҚ танымбелгісі де бар.
Арт жағы: салт немесе ойынның көрінісі, оның қазақ тіліндегі атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015-2016 жылғы шақаларда оның орнына ҚРҰБ логотипі қолданылды) және шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
### «Қазақстанның өсімдік әлемі» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды.
Бет жағы: жапырақтардың құрамы, эмитент-банкінің атауы және оның логотипі, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы.
Арт жағы: өсімдік және оның қазақ пен латын немесе ағылшын тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, теңге сарайының белгісі; өсімдік бөліктерінің бірі голограмма түрінде жасалған.
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
### «Қазақстан суретшілері (графика)» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2008 жылдары шығарылды.
Бет жағы: кескіндеме бейнесінде белгіленген бағасы және шығарылған жылы, мемлекеттің атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Арт жағы: суретшінің жұмысы және оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі суретшінің қолтаңбасы мен аты-жөні, ҚРҰБ логотипі.
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 4000 дана.
### «Қазақстанның мешіттері мен шіркеулері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2006-2010 жылдары шығарылды.
Бет жағы: елтаңба және мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы.
Арт жағы: ғибадатхананың суреті, оның қазақ және орыс тілдеріндегі атауы, шақаның шығарылған жылы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі.
Қыры бұжыр.
### «Әлемге әйгілі мешіттер» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008 жылы шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар шығарылды.
Бет жағы: мешіттегі кіреберісті білдіретін дарбаза мен бұралымның стильдендірілген бейнесі, эмитент-банктің атауы мен оның логотипі, теңге сарайының белгісі, белгіленген бағасы, шығарылған жылы, металл сынамасы.
Арт жағы: мешіт көрінісі; ғибадатхананың және орналасқан қаланың атауы (тек «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» және «Фейсал мешіті» шақаларында ғана ағылшын тілінде).
Қыры бұжыр. Әр шақаның таралымы — 6000 дана.
### «Қазақстанның фаунасы мен флорасы» топтамасы
Топтамадағы шақалар — сопақ пішінді, белгіленген бағасы 100 және 500 теңге; шақа өлшемдері: 38,61 × 28,81 мм, 2008 жылдан бастап шығарылады.
Қыры бұжыр.
### «Ұлы қолбасшылар» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2008-2015 жылдары шығарылды.
Бет жағы: Қазақстанның елтаңбасы, салт атты, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, теңге сарайының белгісі (Әмір Темір шақасынан басқаларында), шығарылған жылы.
Арт жағы: қолбасшының суреті, оның ағылшын тіліндегі аты-жөні және өмір сүрген уақыты, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі («Әмір Темір» шақасынан басқаларында).
Қыры бұжыр.
### «Шығыс күнтізбесі» топтамасы
2011 жылдан бастап 12 қырлы салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм, белгіленген бағасы 500 теңге топтамалы шақалар шығарылды. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар шығарылды.
Бет жағы: жұлдыздардың аясындағы зодиак белгілерінің таңбалары, мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, Күннің стильдендірілген бейнесі.
Арт жағы: басқа жануарлардың суреттерімен қоршалған жануардың үлкен бейнесі - ағымдағы жылдың таңбасы, қаз. ШЫҒЫС КҮНТІЗБЕСІ, ағылш. ORIENTAL CALENDAR және орыс. ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ жазулар, шақаның шығарылған жылы мен теңге сарайының белгісі.
Қыры тегіс.
### «Республика игілігі» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңгелік шақалар әртүрлі сипаттамаларға ие. Осы топтама аясында «Байқоңыр» ғарыш айлағына арналған белгіленген бағасы 500 теңгелік биметалдық шақа да шығарылды.
### «Қазақстан халқының ертегілері» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2011 жылдан бастап шығарылса, салмағы 24 г және диаметрі 37 мм топтамалы шақалар 2016 жылдан бастап шығарылды. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылды.
Бет жағы: ұлттық ою-өрнек аясында Қазақстан елтаңбасы және белгіленген бағасы, мемлекет атауы. 2011 жылғы шақада ЕурАзЭҚ танымбелгісі де бар.
Арт жағы: ертегі көрінісі және оның атауы, металдың салмағы мен сынамасы, теңге сарайының белгісі (2015 жылғы шақаларда оның орнына ҚРҰБ логотипі бар) және шығарылған жылы.
Қыры тегіс.
### «Теңге — сыйлық» топтамасы
Белгіленген бағасы 100 теңге, салмағы 31,1 г және өлшемі 45х30 мм топтамалы шақалар 2015 жылдан бастап шығарылады.
Бет жағы: сүргіш баспамен көмкеріліп стильдендірілген гүлдің аясында Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы, белгіленген бағасы, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы, 2016 жылғы шақада — сондай-ақ ҚРҰБ логотипі бар.
Қыры тегіс.
### «Банкноттағы кейіптер» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 38,61 мм топтамалы шақалар 2014 жылдан бастап шығарылады. Ұқсас әрленіммен белгіленген бағасы 500 теңгелік алтын шақалар және белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады.
Бет жағы: елтаңба мен мемлекеттің атауы, белгіленген бағасы, ұлттық ою-өрнегі, ҚРҰБ логотипі.
Арт жағы: 1993 жылғы банкноттың үзіндісінен қайраткердің кейіпі, аты-жөні, ұлттық ою-өрнегі, металдың салмағы мен сынамасы, шақаның шығарылған жылы.
Қыры бұжыр.
### «Дала қазынасы» топтамасы
Белгіленген бағасы 500 теңге, салмағы 31,1 г және диаметрі 43 мм топтамалы шақалар 2015 жылдан бастап шығарылады. Дәл осындай әрленіммен белгіленген бағасы 50 теңгелік мыс-никель шақалар шығарылады.
Бет жағы: Қазақстан елтаңбасы, эмитент-банктің атауы және логотипі, белгіленген бағасы, теңге сарайының белгісі, металдың салмағы мен сынамасы, ұлттық ою-өрнек.
Арт жағы: ұлттық ою-өрнектің аясындағы табыс, оның қазақ пен ағылшын тілдеріндегі атауы және қаз. ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ пен ағылш. TREASURES OF THE STEPPE топтама атауы. «Алқа» шақасындағы бейненің бір бөлігі алтынмен қапталған.
Қыры тегіс.
### «Жүректен жүрекке» топтамасы
### «Сиқырлы нышандар» топтамасы
## Топтамадан тыс шақалар
### 1999—2004 жылғы шақалар
### 2008—2009 жылғы шақалар
### 2010—2012 жылғы шақалар
### 2013—2015 жылғы шақалар
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның естелік шақалары
* Қазақстанның биметалдық естелік шақалары
* Қазақстанның алтыннан жасалған естелік шақалары
* Қазақстанның бағалы емес металдардан жасалған естелік шақалары
## Дереккөздер
|
Вадим Борец (рум. Vadim Boreț; 5 қыркүйек 1976, Кишинёв) — молдовалық футболшы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Жетістіктері
### Ойыншы
* Молдова чемпионы: 1994, 1995, 1996, 1998, 1999, 2000, 2001, 2002, 2003
* Молдова кубогы: 1997, 1998, 2002
* Молдова суперкубогы: 2003
* Достастық кубогы: 2003, 2006
* Әзербайжан чемпионы: 2009
* Әзербайжан суперкубогы: 2010, 2012
### Бапкер
* Армения чемпионатының күміс жүлдегері: 2019/20
* Армения кубогы: 2019/20
## Дереккөздер
|
Иманғали Қабайұлы Бастар (24 қаңтар 2003(20030124), Атамекен ауылы, Мақтаарал ауданы) — қазақстандық футболшы, "Жетісай" клубының жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
"Ордабасы" клубының түлегі. 2021 жылы "Ордабасы-21" клубында карьерасын бастады. Қазақстанның бірінші лигасында 6 ойында алаңға шықты.
2022 жылы "Мақтарал" клубынның жастар құрамында өнер көрсетті.
2023 жылы жаңадан құрылған, екінші лигада сынға түсетін "Жетісай" клубына ауысты. Тұңғыш ойынын 19 наурызда "Хан-Тәңірі" клубына қарсы өткізді. Бұл Қазақстан кубогы ойыны болатын. Сол жылы 18 шілдеде "Жетісай" сапындағы тұңғыш голын "Атырау-21" қақпасына енгізді, Бұл ойында "Жетісай" 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Клуб 2024 жылы бірінші лигада ойнай бастады.
## Фактілер
* Есімі қазақстандық танымал саясаткер Иманғали Тасмағамбетовтың құрметіне қойылған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі
|
Қызыл таң маталар үйі – Алматы қаласының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген қала құрылысы және сәулет түріне жататын тарихи нысан.
## Құрылыс кезеңі, сәулетшісі
Нысан 1912 жылы салынған, авторы – атақты верныйлық сәулетші және инженер А.П. Зенков.
## Тарихи дерек, сипаты
Ертеректе саудагер И. Ғабдуалиевтер отбасының сауда үйі ретінде танымал, қазіргі "Қызыл таң" маталар үйі ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы сәулет өнерінің қызықты ескерткіштерінің бірі.1896 жылы қаладағы ең бай саудагерлер Ғабдуалиевтер отбасының тапсырысы бойынша бұл үйдің жоспарын қала құрылысы саласындағы маман – П. Гурдэ бастаған болатын. Бірақ бірнеше себептермен құрылыс жұмыстары кейінге қалдырылып, соңынан мүлдем тоқтатылған. 1912 жылы А. П. Зенков қайта жоспарлауды жүргізіп, ғимаратты қайта салды.Ғимарат созылған Г әрпі пішіндес, орталық қасбеті бар бір қабатты құрылыс болып келеді. Ғимараттың жалпы ауданы 1450 шаршы метр. Бас кіреберістің үстінде қабыршақты жабыны мен кішігірім сүмбісі бар көлемді төртжақты күмбез орнатылған. Құрылыстың орталығындағы және жандарындағы қасбеттері үйлесімді жапсырмамен, ағаштан ойып жасалған терезе жақтаулары мен шіжерлі жиектермен көркемделген. 1931 жылы ғимарат мемлекет қарамағына беріліп, ол жерде "Торгсин" дүкені ашылған болатын.Өткен ғасырдың 80-жылдары бұл тарихи ғимарат толықтай жөндеуден өтіп, бұл жерде қала мен аймақтағы ең үлкен маталар дүкені ашылды. Оның жаңа "Қызыл таң" деген атауы өзіндік брендке айналды. 2009 жылы кең жайылған өрт салдарынан шатыр мен қойма бөлмелері бар қосымша құрылыс толық дерлік жанып кетті. Келесі жылдары ғимарат мен дүкен толығымен қалпына келтірілді.Қазір ол бұрынғыдай өте танымал маталар үйі.
## Дереккөздер
|
Subsets and Splits
No community queries yet
The top public SQL queries from the community will appear here once available.