text
stringlengths 3
252k
|
---|
Абай сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
* Абай Құнанбайұлы — қазақтың ақыны.
## Елді мекендер
### Ақмола облысы
* Абай — Егіндікөл ауданындағы ауыл.
* Абай — Қорғалжын ауданындағы ауыл.
### Ақтөбе облысы
* Абай — Хромтау ауданындағы ауыл.
### Алматы облысы
* Абай — Қарасай ауданындағы ауыл.
### Батыс Қазақстан облысы
* Абай — Бәйтерек ауданындағы таратылған ауыл.
* Абай — Теректі ауданындағы ауыл.
### Жамбыл облысы
* Абай — Байзақ ауданындағы ауыл.
* Абай — Шу ауданындағы ауыл.
### Жетісу облысы
* Абай — Ескелді ауданындағы ауыл.
* Абай — Сарқан ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Абай — Абай ауданындағы қала.
* Абай — Ақтоғай ауданындағы ауыл.
### Қостанай облысы
* Абай — Қостанай ауданындағы ауыл.
* Абай — Ұзынкөл ауданындағы ауыл.
### Қызылорда облысы
* Абай — Арал ауданындағы ауыл.
* Абай — Қазалы ауданындағы ауыл.
* Абай — Қызылорда қалалық әкімдігіне қарасты аумақтағы ауыл.
### Павлодар облысы
* Абай — Железин ауданындағы ауыл.
* Абай — Май ауданындағы ауыл.
### Түркістан облысы
* Абай — Жетісай ауданындағы ауыл.
* Абай — Келес ауданындағы ауыл.
* Абай — Мақтаарал ауданындағы ауыл.
* Абай — Сауран ауданындағы ауыл.
* Абай — Созақ ауданындағы ауыл.
* Абай — Төле би ауданындағы ауыл.
## Жер атаулары
* Абай асуы — Іле Алатауындағы Кіші Алматы сілемінің Азутас жалынан өтетін асу.
* Абай шыңы — Іле Алатауының Кіші Алматы сілемінде орналасқан шың.
* Абай даласы — Теректі мен Қоржынтау жоталары арасында орналасқан Орталық Алтайдағы тау аралық даласы.
* Абай өзені — Көксу өзенінің саласы.
## Басқа мағыналар
* Абай даңғылы — Алматыдағы даңғыл |
Бұқар жырау Қалқаман батыр ұлы (1668—1781) — Қазақ хандығының ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.
Шыққан тегі Арғын арысының Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бухарадағы, Қарнақтағы медреселерде оқыған.
## Өмірбаяны
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:
“Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:“Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің… Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың”…
Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
## Толғаулары
Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
“Күнбатыстан бір дұшпан, Ақырында шығар сол тұстан. Өзі сары, көзі көк, Діндарының аты боп, Күншығысқа қарайды. Шашын алмай, тарайды, Құдайды білмес, діні жоқ, Жамандықта міні жоқ, Затсыз, тексіз бір кәпір, Аузы-басы жүн кәпір, Жемқорларға жем беріп,Азды көпке теңгеріп, Ел қамын айтқан жақсыны, Сөйлетпей ұрар ұртына. Бауыздамай ішер қаныңды, Өлтірмей алар жаныңды, Қағазға жазар малыңды. Есен алар пұлыңмен, Солдат алар ұлыңнан,Күндердің күні, Абылай, Жаяулап келер жұртыңа, Жағалы шекпен кигізіп, Балды май жағар мұртыңа, Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: “Өзің қонған Көкшетау, Кәпір қала салды, ойла! Жарқайың деген жерлерге, Шашылып шеті барды, ойла! Атбасар мен Қалқұтан,Балығы тәтті су еді. Өзен бойын шаңдып ап, Сүзекісін салды, ойла! Нұрада бар Ақмола, Есілде бар Қараөткел, Екі өткелдің аузынан, Қараөткелді салды, ойла! Баянауыл, Қызылтау, Оны да кәпір алды, ойла! ….Кетпейін десе жері тар, Кетейін десе алды-артын, Қарқаралы деген тауларға,Қарқарасын шанышты, ойла! Ұлытау, шеті Созақтан, Берекелі жерлерден, Көкорай шалғын көре алмай, Шұбырып қазақ кетті, ойла! Қоршап алған кәпір бар. Ұйлыққан қойдай қамалып, Бүйірден шаншу, қадалып, Сорлы қазақ қалды, ойла!”.
Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:
“Әлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, — Қызыққа тоймас адамзат!”
Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді:
“Айналасын жер тұтқан, Айды батпас демеңіз. Айнала ішсе таусылмас, Көл суалмас демеңіз”.
Я болмаса:
“Құландар ойнар қу тақыр, Қурай бітпес демеңіз. Қурай бітпес құба жон, Құлан жортпас демеңіз”.
Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,
Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.
### Мирас толғаулар
* «Бірінші толғау»
* «Күллі әлемді жаратқан»
* «Құбылып тұрған бәйшешек»
* «Он сегіз мың ғаламды жаратқан»
* «Керей, қайда барасың»
* «Әлемді түгел көрсе де»
* «Ай, заман-ай, заман-ай»
* «Абылай ханның қасында»
* «Айналасын жер тұтқан»
* «Ай не болар күннен соң»
## Дереккөздер |
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов(11 қараша 1948, Қостанай - 15 қазан 2013, Астана) — мемлекет және қоғам қайраткері.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1971 жылы - Новосібірдегі кооперативтік сауда институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген, саясаттанушы.
* 13-і шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты.
* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау және кадр саясаты басқармасының Мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.
* Төрағалыққа сайлау алдынан Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары болып тағайындалған.
* 2008 жылы қазанның 13 Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі төрағасы болып қайта сайланды.
## Марапаттары
«Құрмет» орденімен, және төрт медалмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774 - 1860) — Алшын тайпасынан шыққан батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
## Хиуа және Қоқан хандықтарымен күрес
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық–зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді. Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды.
Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; Ырғызды қыстаған. Қоқан хандығының Созақ бекінісіне орналасқан әкімдерінің жергілікті халыққа салынатын алым-салықтан тыс көрсеткен зорлықтары қазақтардың бас біріктіріп, бұл қамалға шабуыл жасауына себепкер болды. И. В. Аничковтың мәліметі бойынша, Қоқан әкімі Дәурен Созақ қаласының бектері Отыншы, Cушымен бірігіп Сарман биді өлтіреді. Созақта тұратын Құрман би араша түсуді өтініп, Жанқожаға арнайы хабар жібереді. Жанқожа елден қол жинап, Созаққа жорыққа аттанып, жолда Жаңақорған, Желек бекіністеріндегі қоқандықтарды қуады.
1830 жылдың күзінде Созақ бекінісін қоршауға алып, көмекке келген қоқандық Таған палуанды жекпе-жекте қолға түсіреді. Одан соң Жанқожа жасақтарымен бекіністің дарбазасын бұзып кіріп, Созақты басып алды. Қоқан бектері Отыншы мен Сушыны қолға түсіріп, баласын өлтіргені үшін Құрман биге тапсырады. Кейбір деректерге қарағанда, Жанқожа Қоқан хандығының Шымқорған, Қосқорған, Күмісқорған тәрізді бекіністерін де талқандайды. Хиуа хандығы Аллақұл ханның тұсында 1835 жылы Қуандарияның батысындағы Құртөбе деген жерге бекініс салып, онда 200 әскер ұстайды. Жанқожаға арқа сүйеп, алым-салық төлеуден бас тартып, Хиуа бегі Бабажанның озбырлығына көнбей жүрген сырдың төменгі сағасындағы қазақтарды тәртіпке келтіру үшін түрікмен Аймұхамед палуанды жасақтарымен жіберді. 1836 жылы Ақирек деген жерде елге тізесі батқан осы Аймұхамед палуанды Жанқожа жекпе-жекте өлтіреді. Басшысы мерт болған палуанның жасақтары бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Жанқожа бұдан кейін де Сыр бойындағы қазақтарды хиуалықтардың езгісінен құтқару үшін, олардың бекіністеріне жиі-жиі шабуыл жасап отырды. Оның бұл жорықтары нәтижелі болып, Хиуа бекіністері көп шығынға ұшырады.
Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.
1845 жылды көктемінде Хиуа хандығы Сыр бойындағы қираған бекіністерін қалпына келтіру үшін 200 жасақ аттандырады. Жанқожаның жігіттері олармен ұрыс салып, кері қайтарады. 1847 жылы көктемде Хиуа бегі Уайыс-Нияздың әскері Атанбас, Ақирек, Қамыстыбасты жайлап отырған қазақтарға шабуыл жасап, 1400 үйді ойрандап, тонап кетеді.
Осы жылдың тамыз айында Хиуа бегі Қожанияз бастап, қазақ сұлтандары Жанғазы Шерғазиев пен Елікей (Ермұхамед) Қасымов қоштаған шапқыншылар қазақ ауылдарын тағы да тонауға ұшыратады. Хиуалықтардың мұндай шапқыншылығы бір жылда бірнеше рет қайталанады. Тонауға ұшыраған елін қорғауға Жанқожа 700 сарбазымен қарсы шығады. Құрамында екі мың әскері бар хиуалықтар Жаңақала бекінісінің төңірегіне шоғырланады.
Хиуа хандарының шапқыншылық езгісінен әбден қалжыраған Сыр қазақтары амалсыздан патша үкіметін іс жүзінде танып, хиуалық бектерге қарсы күресте олардан жәрдем күтті. Жанқожа батыр орыс әскерлерінің келуін алғашында үлкен үміт, достық сезіммен қарсы алды. 1847 жылы Райымға келіп, бекініс сала бастаған Ресей әскерлеріне Жанқожа қарсылық көрсетпеді. Сол кездегі Орынбор генерал-губернаторы В. Обручевпен жолығып сөйлескен Жанқожа онымен орыс әскері жергілікті халықтың тыныштығын бұзбайтындығына және хиуалықтардың шапқыншылығынан қорғайтындығына келіседі. Жанқожаға Ресейдің Райым бекінісінің бастығы Ерофив бастаған отряд көмекке келіп хиуалықтарды бірге талқандайды. 1847 жылдың тамыз айында біріккен орыс-қазақ жасақтары Сырдың сол жағасында салынған Хиуа қамалы Жанақаланы қиратады. Осы соғыста жауды өкшелей қуып, ерлік көрсеткен Жанқожа сарбаздары жалпы саны 3 мың түйе, 500 жылқы, 2 мың ірі қара, 50 мың қойды қайтарып, тұтқындарды босатады. Бұл соғыста қазақтар мен орыс әскерлерінің арасында «достықтың» алғашқы көрінісі байқалғандай болды. Сондықтан да қазақтар Сыр бойына келген орыс әскерлері мен қоныс аударушыларды шын достық пейілмен қарсы алды. Бірақ та бұл «достық пейіл» ұзаққа созылмады.
### Патша өкіметіне қарсы көтеріліс
Патша өкіметі Сыр өңірінде реакциялық ішкі саясат жүргізіп, отарлық езгіні күшейте түсті. Қазақтардың саяси тәуелсіздігін жоюмен бір уақытта жақсы құнарлы жерлерін тартып алып, оған Орынбор әскерінің казактарын орналастыру жоспарлы әрі тиянақты түрде жүргізілді. Оның үстіне 1837 жылы Ресей өкіметі тарапынан бағынышты ел ретінде қазақтардан әр шаңырақтан 1 сом 50 тиындық жаңа салық енгізілді. Алайда кейініректе салық мөлшері екі есе көбейтілді. Бұл салық тарихта «түтін салығы», «шаңырақ салығы» деген атаулармен белгілі. Салық тең дәрежеде, халықтың әлеуметтік жағдайына қарамастан, яғни қатардағы жеркепе, лашық иелерінен де және ауқатты отбасыларынан да бірдей көлемде жылына бір рет жиналды. Салыққа ақша бере алмағандардың малы тартып алынды. Сонымен қатар Сырдария шекаралық өкімет ұйымдары қазақтарды Райымның және №1 форттың (Қазалы) әскери бекіністерін салуға мәжбүрлеу тәртібімен жұмылдырды. Бұл форпостарды салу үшін мыңдаған кедейлер айдап әкелінді. Мәжбүрлеу жұмыстарының салдарынан малшылар, егіншілер, балықшылар өздерінің жеке шаруашылықтарымен айналыса алмады. Суландыру жүйелері дер кезінде тазартылмады, сөйтіп егіншілер су тапшылығына ұшырады, адам қолы жетіспегендіктен аз егіннің өзін уақытылы жинай алмады. Ал 1849 жылы Райым бекінісіне Орынбор казак – орыстарының алғашқы жиырма алты отбасы қоныстандырылды. Олар бірте – бірте қазақтарды отырған жерлерінен ығыстырып шығарып, Сырдария жағасындағы шұрайлы және жақсы суландырылатын жерлерге орналастырылды. Соның салдарынан Сырдарияның егінші қазақтары пайдаланылмай жатқан құнарсыз жерлерді игеруге мәжбүр болды, ал кейбіреулеріне қоныс аударушылар мен шенеуніктердің қожалықтарында жалданып жұмыс істеуге тура келді.
Патша шенеуіктері мен әскерлері ауық-ауық елдің тыныштығын бұзып, бұл кезде егде тартып отырған Жанқожаға да маза бермейді. Орынбор шекаралық комиссиясының Сырдария жүйесі бойынша өкілі И. Осмаловскийдің көмекшісі болып есептелінетін тілмаш Мұхамедхасан Ахмеров пара жинауға шабармандарын Жанқожа ауылына жұмсайды. Жанқожа оларды «орыс заңында мұндай салық мүлде жоқ» деп қуып жібереді. Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін пайдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын. Мұндай келеңсіз құбылыстарға ашуланған Жанқожа көтеріліске шығуға мәжбүр болады.
1856 жылы желтоқсанда Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шот, сойыл, садақ, найзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады.
1856 жылғы желтоқсан айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Қаратөбе манындағы Л.Булатовтың отрядына бірнеше рет шабуыл жасады. Көтерілістің бас кезінде Жанқожаның 1500-ден аса сарбазы болса, 1857 жылы қаңтарда олардың саны 5000-ға жетті. Жағдай Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовскийді қатты алаңдатты. Ол генерал-майор Фитингофт бастаған 300 атты казак, 320 жаяу әскер, 1 зеңбірек, 250 гусарь әскерімен қоса сұлтан Елікей Қасымов бастаған бірнеше жүз казак жасағы бар жазалау отрядын аттандырады. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтті. Шайқас кезінде ақ туды Жанқожа батырдың өзі көтеріп тұрды. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Жазалаушы отряд көтерілісшілерді ығыстырып, жолда кездескен қазақ ауылдарын шауып, тонаушылыққа ұшыратты. Фитингофт бастаған жазалаушы отряд ақпан-наурыз айларында көтерілісші халыққа қарсы тағы бірнеше рет жорыққа шығып, қазақ ауылдарына адам айтқысыз жауыздықтар жасады. 1856-1857 жылы қазақтардан тартып алынып есептелмей, талан-таражға түскенді қоспағанда, 79567 сомның малы сатылды. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара мен Хиуа асуға мәжбүр болды. Жанқожамен бірге 20 шақты қазақ ауылдары көшіп кетті. Жанқожа мұнда Хиуа, Бұқара немесе Қоқан хандары тарапынан өзіне одақтастар табуға әрекеттенді. Бірақ бұл саясатынан ештеме шықпады. Қазақтардың Жанқожа Нұрмұхамедұлы қолбасшылық еткен көтерілісі осылай аяқталды.
Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін Елікей Қасымов бастаған арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті».
## Тағы қараңыз
* Жанқожа батыр жыры
* Жанқожа батыр ауылы
## Сыртқы сілтемелер
* Malimetter.kz Жанқожа батыр реферат (қазақша)
## Дереккөздер |
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған.
## Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар.Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық.
Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
### Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері
Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді.Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:
Дау айтып күні бұрын көрсетпелік,
Майданда озса жүйрікке есептелік.
Орта жүз түгел білген Ырысжанмын
Үш кессе қауқарым бар кесірткелік, –
деп, Әсетті ықтыра сөз тастайды, ал Әсет оған:
Айыр көмей, жез таңдай, қаусырма жақ,
Алты арысқа білінген екен менмін, –
деп, асқақ жауап қатады.
Ақындардың бірден асқақ кетуі тек бірін-бірі ығыстырып үркіту, тұқырту ниетін көздемейді, олар сонымен қатар бір-бірінің аяқ алысына, сөз саптасына, өнерлілігіне барлау да жасау мақсатын көздеген. Сөз майданында тосын кездескен, бір-біріне танымал емес ақындардың мұндай барлау жасауы табиғи да.
Ақындар айтысының тағы бір ерекшелігі "ойында өрелік жоқ" дегендей, айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. Тек талант-дарыны болса, бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Майталман ақынның жарыста таныла бастаған балаң ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз, келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.
Сонымен қатар айтысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де айтыстың негізгі шартының бірі болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз айту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай, құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп танымайды. Мұндай қылықты қазақ айтысқыштық, ұтымшылық деп санамайды. Оны қазақ "сиыршылау" деп атайды. Шынайы ақын өзінің ұтылғанын білсе, бірден жеңілгенін мойындап, әрі қарай сөз таластырмайды.
Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған.
Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі – онда "Халық театрының анық, дәл ұрығы бар" (М.Әуезов), айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды.
Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде тәрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.
### Айтыстың көркемдік ерекшелігі
Өлшеусіз талант әрі әнші екі саңлақтың шешен сөздері – өзінің көркемдік жағынан күні бүгінге дейін үлгі. Бұл айтыстың сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан болсын, көркемдік, сұлулық жағынан болсын қазақ поэзиясының төрінен орын алады.Үздік теңеу, эпитет, жалпы троп пен фигураның бұл айтыстан небір шұрайлылары табылады.
Ақиық, мұзбалақпын жерге түспес,Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес, –
деген жолдардағы эпитеттік метафоралар, "қырандай желді күнгі аспандаймын" деген жолдағы теңеу үздік образдар екені сөзсіз.Біржан өзін де, біреуді де дәріптегенде, өте шебер және көбірек қолданатын әдісі – метафора, әсіресе оның ұлғайған түрі.Сол көркем сөз айшықтарын екі ақын да өз арман-мұраттарын, мұң-шерін айтып беру үшін шебер пайдалана білген. Біржан сөздеріндегі алуан түрлі эпитет, метафоралар, Сара сөзіндегі үздік теңеулер соны да көркем.Біржан мен Сара айтыстарында ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.
Көрінсін Біржан салға ай секілді,Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,Біржанға баламаймын тай секілді...
Мұнда сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау болса да, ішкі мазмұнында Жиенқұлдың шын суреті мен шын қасиеті бұл мақтауды жоққа шығарады да, оны иронияға (әжуаға) айналдырады. Мұнда сырт жағынан болса да мақтау бар. Ал екінші үзіндіде Сара Жиенқұлды ашық шенейді:
Қонжиып мінер Құла жорға барса,Келе алмас ол шірігің қорғаласа,Ол бізді шын масқара қылар сонда,Қорс етіп бармаймын деп үйде қалса.
Алдыңғы үзіндіде ішкі мазмұнына сыртқы құрылысы керісінше келсе, соңғы үзіндіде өзінің барлық күйін ашық, улы сарказммен айтып, Жиенқұлды өлтіре сынайды. Сол арқылы өз басын малға сатып, сүймеген адамына бергелі отырған айналасына да наразылығын білдіреді.Сөйтіп, "Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Өткен ғасырда екі саңлақтың үн қосып, әйелдің бас бостандығын жырға арқау етуі, ескі феодалдық салтқа қарсы шығуы өз дәуірі үшін прогресшіл идея еді.Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.
## Айтыс — Дәстүр
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға ұласуына қолайлы жағдай жасады.
## Айтыс ақындары
Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне-көп айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса, дастан секілді желілі шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған. Кемпірбай, Базар, Бұдабай, Бақтыбай, Сүйінбай, Жамбыл тәрізді ақындар өлеңнің “киесі бар, иесі бар” деп білген. Мысалы, Бұдабай, Бақтыбай, Жанақ ақындар түсінде бір ақсақалды әулиенің “өлең аласың ба, көген аласың ба?” деген таңдатуынан соң, өздерінің өлеңді қалағандарын айтады. Бұл табиғатынан осы өнер түріне бейім жаратылған ақындардың ой-қиялының жемісі болуы да ғажап емес.
## Өнер жарысы
Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.
## Жанры
Айтыстың алғашқы бұлақ көзі тұрмыс-салт жырларындағы “Жар-жар” мен “Бәдік” жырларынан басталған. Кейін қыз бен жігіт айтысына да (қайым өлең) ұласқан. Келелі ақындар айтысы — екі дай жұрттың ортасында бетпе-бет отырып, қолма-қол шығарылып айтылады. Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан түре айтыс, сүре айтыс болып екіге бөлінеді. Алғашқысына бір-бір ауыз өлеңмен қайырылатын айтыстар жатса (“Жар-жар”, “Бәдік”), кейінгісіне келелі, кесек ақындар айтысы енеді (“Ақсұлу мен Кеншімбай”, “Әсет пен Ырысжан”, “Сүйінбай мен Қатаған”, “Жамбыл мен Құлмамбет”, “Молда Мұса мен Манат қыз”, “Кемпірбай мен Шөже”, “Орынбай мен Тоғжан”, “Біржан мен Сара” тағы басқа). Айтыс мазмұндық сипатына қарай, әдет-ғұрып айтысы және ақындар айтысына жүйеленеді. Соңғысы тақырып аясына қарай жұмбақ айтыс, мадақ айтыс, тағы басқа болып жіктеледі.
## Маңызы
Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе-бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған.
## Көне деректер
Айтыс түркі елдерінде көне дәуірден белгілі. Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің “Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын аңғартады.
## Әуезовтың зерттеу еңбегі
«Қазақ әдебиетінің тарихына» енген (1-том, 2-кітап, 1960, 671-714-беттер). Ал Әуезовтің 1948 жылы жазған «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде ол «Совет ақындарының айтысы» деген атпен берілген. Еңбекте автор қазақ халқының ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Егер өткен дәуірлердегі айтыстарда ақынның негізгі арқа сүйері ру, ата-баба сияқты ескі әдет-салттар болса, кейінгі ақындар өздерінің елі, ұжымшар, аудан, қала, облыс жайын тілге тиек етеді. Сол арқылы сын мен өзара сынды өткірлеп, өрістете түседі. 1922 жылы Семейдің екі ақыны (Иса мен Нүрлыбек) бірі қала, екіншісі ауыл атынан айтысқанын, «Шашубайдың қасқырмен айтысын»(1932) мысалға келтіріп, айтыс өнерінің жаңаша мазмұн, түр сипатқа ие бола бастағанын сөз етеді.Осы сияқты «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Қарагер ат пен директордың айтысы», «Бай мен кедей айтысы» туралы, 1939 жылы Алматыда өткен Нартай мен Нүрлыбектің айтысына және 1943 жылы республикалық көлемде өткен үлкен айтыстың кейбіріне қысқаша тоқталады. Жазушы кеңес кезеңіндегі айтыстарда қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық мәселелері мейлінше кең, терең толғаныспен сөз болатынын атап көрсетеді.
## Әуезовтың айтыс туралы ой-пікірлері
Әуезовтің айтыс жанры туралы сүбелі еңбегінің бірі - 1946 жылы Жамбылдың 100 жылдық мерейтойында жасаған «Жамбылдың айтыстағы өнері» дейтін баяндамасы («ҚазКСР ғылым академиясының хабарлары. Әдебиет сериясы», 1948, N2 55). Бұл еңбегінде автор ақындар айтысының үш халықта - қазақ, қырғыз, қарақалпақтарда бар екенін айтады. Ақындар айтысына ұқсас жанрдың көшпелі араб тайпаларында бар екеніне (мұғалақат) тоқталып, қазір ірі жанр ретінде жоқ болғанмен, ертерек уақыттарда Еуропа халықтарында да айтысқа ұқсас жанрлар болғанын атап көрсетеді. Айтыскер ақынға тән қасиеттер ретінде алғыр импровизаторлық қасиет, дүниетанымның кеңдігі, тапқырлық, батылдық тағы басқа қасиеттерді санамалап айтқан. Жамбыл айтыскерлігін мысалға ала отырып, айтыстағы демократиялық үрдістің дамуын және жыршылық дәстүрдің айтыс ішіне кіру ерекшеліктерін талдаған. Айтыс жанры - 19 ғасырда Ш. Уәлиханов, В. Радловтардан басталған үлкен ғылыми-зерттеу тарихы бар жанр. Әуезовтің әсіресе 50-жылдардағы зерттеулері бұл саланы жаңа сапалық биікке көтерді. Қазақ КСР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының 1960, 1964 жылдары шығарған «Қазақ әдебиеті тарихында» (1-том, 1,2-кітаптар) дәстүрлі айтысқа және кеңес дәуіріндегі айтыстарға арналған тарауларында айтыс жанрының зерттелуі туралы салиқалы ойлар келтірілген. Ондағы «Айтыс» тарауын, 60-жылдарда шыққан 3 томдық «Айтыс» жинағының алғы сөздерін Әуезов жазып, айтыс поэтикасы туралы озық ойлар, тартымды тұжырымдар айтқан. Айтыстың жиналуына, зерттелуіне қал-қадерінше еңбек сіңірген алғашқы ғалымдар Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Ә. Диваевтардың еңбектеріне тоқталған. Әуезовтің«Ақындар айтысы - көпшілік алдында, тындаушы, сыншы журттың көз алдында туып, орындалады. Әнмен не әр ақынның арнаулы сарынымен: қобыз-ға, домбыраға, гармонға қосылып айтылады.Ақындардың бірі жеңіп, бірінің жеңілгеніне төрелік айтушы да сол жиынның өзі болады» деген пікірлерін айтыс поэтикасының негізі, әліппесі деу керек. Тыңдаушы орта жайындағы пікірлері де әлі күнге дейін өте маңызды. «Оның үстіне, көбінесе, тыңдаушы жұрт екі жақ болып, екі ақынның туысы, тілеулесі, жақын ортасы болады. Сондықтан тартыс, талас тек екі ақын арасында ғана емес, бәсеке тілеулестік екі жарылған жиында да болады» деген қағидалар усынады. «Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы, ақындар айтысын, тыңдаушы көпшілік үшін әр кезде театрлық, драмалық аса қызу әсері бар, өнер түріне айналдырады» деп, айтыста драматизм элементтері, театрлық белгілер бар екеніне ден қояды. Әуезов ақындар айтысы салт айтысының дамуы негізінде шыққанын, 16-18 ғасырлардағы ақындар айтысының бізге жетпегенін айтады. Арабтардағы «мұғаллақат», Үндістан, Иран елдерінде «мұшайра» жанрлары талданған Еуропа халықтарындағы импровизация белгілері бар әдеби фактілер келтірілген. Ақындар айтысы (қазіргідей, бірден жазып алынбаған)дәл айтылған қалпында сақталмайды, айтушылар ақынның өзі, одан ұғып алған басқа ақындар,шәкірттері негізін сақтай отыра жырлайды, бірақ бәрібір өзгеріске үшырап, редакцияланады. Жеңу мен жеңілу мәселесіне талдау жасалып, құр шешендіктен, төкпеліктен гөрі логикалық қарым негізгі себеп екенін дәлелдеген. Айтыстың тақырыбы мен идеясына келгенде, таптың, халықтың мәселелерін қарап, ақынның идеялық көзқарастарынан барып туындайтын айтыскерлік бітім, шығармашылық ерекшеліктері талданады. Әуезов айтысты негізінде - әдет-салт айтысы және ақындар айтысы - деп екі түрге жіктеген. Ақындар айтысын -түре айтыс және сүре айтысқа бөлді. Ғалымның айтыс түрлеріне берген анықтамалары әлі күнге айтыс түрлерін ажыратудағы негізгі пікір болыпмкеледі. Түре айтыстың бір шумақ өлеңін екі түрге ажыратқан. Бірі - қайым өлең, екіншісі - қара өлең. Әдет-салт айтыстары «аса ескісі, жекелеген айтыс емес, топ-топ болып айтысқан, салттан туған, ескілікті наным әдеттерден туған айтыс» деп, бұл айтыстарды діни салт айтыстарына (бәдік), үйлену салт айтыстарына (жар-жар) жіктеген. «... әдет-салт айтыстарында «жеңу», «жеңілу» сияқты қорытындылар болмайды» дейді. Ақындар айтысына тусуші ақындардың өзіндік стилі, ерекшеліктері болғанымен, көп ақындарға тән тақырыптар, мотивтер болатынын айта келіп, ең алдымен көп жағдайда ақындар алдымен өздерін мадақтайтынын,белгілі бір ру, тайпаның мүддесін көздейтіндігін,белгілі бір әлеуметтік топтың жоқшысы болатындығын айтады. Бір топ ақындар ауқатты үстем тап өкілдерінің мүддесін көздесе, екінші бір топ ақындардың жалпы халық мүддесіне жақын тұратынын мысалдармен дәлелдеген. Бұл еңбекте Жамбыл, Құлмамбет, Майкөт, Сүйінбай, Біржан-Сара айтыстарына баға беріліп талданған. Тараудың соңында діни айтыстардың табиғатына тоқталады.«Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томының 2-кітабындағы «Айтыс» тарауында кеңес дәуіріндегі айтыстар қаралады. Бул дәуірдегі айтыстың дәстүрлі айтыспен қарым-қатынасы, ұқсайтын, ұқсамайтын жақтары қарастырылып, осы ерекшеліктерді тудыратын себептер айтылған. Қоғамдағы ірі өзгерістерге, белгілі оқиғаларға байланысты жаңа тақырыптардың тууы, ақындардың өзіне баға берудегі өзгешеліктер, жаңа жағдай туғызған ақындық этика нормалары, шаруашылық мәселелерін тақырып ету, белгілі оқиға, тақырыпқа бейімдеп айтысу, жазып айтысу тағы басқа айтыс проблемаларын Әуезовтің зерттеулерінен көреміз. Кеңес өкіметі кезіндегі ақындар айтысы туралы ойларын сол кездегі идеологиялық талаптарға сәйкес талдаған жерлері де бар. Иса Байзақов, Шашубай Қошқарбаев, Нұрлыбек Баймуратов, Көшен Елеуов, Нартай Бекежанов тағы басқа ақындардың айтыскерлік ерекшеліктеріне жан-жақты баға берілген. Әуезов 1943 жылы Алматыда өткен 1-республикалық ақындар айтысына ғылыми қорытынды жасап, баға берді. 1961 жылы өткен халық ақындарының республикалық мәслихатын да басқарады. Осы күнге дейін Әуезовтің айтыс жанры туралы, әсіресе айтыс поэтикасы туралы зерттеулері қазақ әдебиеттану ғылымындағы ең озық еңбектер болып саналады.
## "Айтыс аяқталды, жұмыс жалғасуда" мақала
«Литературная газетада» 1959 жылы 24 ақпанда жарияланған. Мәскеудегі Орталық әдебиетшілер үйінде өзбек әдебиетін талқылау туралы жиында Әуезов бұл туысынан әдебиеттің сол кездегі жағдайы мен дамуы жөнінде келелі пікір қозғап, салиқалы ойлар айтқан. Орыс әдебиет сыншысы А. Караваева сынаған П. Қадыровтың «Үш тамыр» романына өзінің жылы пікірін білдірген. Сондай-ақ Әуезов бүкіл өзбек әдебиетініңжай-күйіне де әділ баға беріп, оның алдағы уақытта даму процесі туралы нақты ұсыныстарын ортаға салған. КСРО кезінде ұлттық әдебиеттің одақтас республикалар әдебиеті мен өнерінің он күндігін өткізіп туру дәстүрі ұлттық әдебиетті дамытуға игі ықпалын тигізген еді. Ол ұлттық әдебиеттің жетістік-кемшіліктерін кеңінен талдауға мүмкіндік берді. Сөйтіп жазушы немесе ақын өз шығармасына назар аударылғанын бірден сезінді. Сондықтан Әуезовтің бұл мақаласы бауырлас өзбек қаламгерлеріне шабыт беріп, жаңа шығармаларын терең құлшыныспен жазуға жетелегені анық.
## Айтыс өлеңдері
«Айтыс өлеңдері», жазушының зерттеу еңбегі. 1948 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» (1-том, 237-267-беттер) арнап жазған. Кейін Әуезовтің«Әр жылдар ойлары» атты (1959, 318-359-беттер), 12 томдық (11-том, 1969, 421-471-беттер), 20 томдық (17-том, 1985, 279-336-беттер) шығармаларжинағына енген. Ал 1960 жылы шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына (1-том, 1-кітап, 671-714-беттер) енген нұсқасында айтыс өлендерінің жиналып, зерттелуі жайлы және басқа аздаған толықтырулар қосылған. 1948 жылы нұсқадағы «Совет ақындарының айтысы» атты тарауы «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1-том, 2-кітабына (1964, 194-240-беттер) «Айтыс» деген атаумен еніп, оны О. Нұрмағамбетова жалғастырып, толықтырған. Айтыс өлеңдері туралы Әуезов алғаш рет 1927 жылы шыққан «Әдебиет тарихы» кітабында және 1939-1940 жылдары Л. Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» («Эпос и фольклор казахского народа») атты еңбегінде қысқаша тоқталған. Әуезов кейінгі зерттеуінде айтыс өлеңдерінің жиналып, зерттелу тарихына және басқа халықтардың ауыз әдебиетінде кездесетін кейбір ұқсас жанрларына қысқаша шолу жасап, қазақ айтыс өлеңдерінің өзіндік әр алуан ерекшелік, өзгешеліктерін ашып айқындайды.Айтыс өлеңдері ауыз әдебиетінің сонау ескі замандардан келе жатқан ең көне әрі кең тараған мол түрі болумен қатар, онда халық театр өнерінің де «анық, дәл үрығы бар деуге болады» деген пікір айтады. Айтыс өлендерін автор әдет-салт айтысы және ақындар айтысы деп, үлкен екі түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, талдаулар жасайды. Әдет-салт айтысын өте ескіден келе жатқан түрлі наным, салттан туған, топ-топ болып айтысатын «бәдік айтыс» және «жар-жар» деп екі түрге бөліп қарастырады. Ақындар айтысын сыртқы көлеміне, түр ерекшелігіне қарай «түре айтыс» және «сүре айтыс» деп екі топқа бөліп, түре айтыстың өзін «қайым өлең», «қара өлең» деп екі үлгіге жіктейді. Мұнда жазушы айтыс өнерінің жүйрігі ретінде аты шыққан Біржан, Сара, Майкөт, Сүйінбай, Құлмамбет, Шөже, Жамбыл, Әсет, Ырысжан,Кемпірбай, Шәдітәре, Манат қыз, Түбек тағы басқа ақындар айтысының кейбір үлгілеріне тоқталған.
## Дереккөздер |
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне "Шевченко" аталған болатын.
## Географиясы
Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаның шекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасын Мұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.
## Әкімшілік құрылымы
Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар.Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
## Экономикасы
Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
Қалада теміржол вокзалы жоқ. Пойыздар Маңғыстау станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №105 автобусы мен таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 80 теңге, таксилердің бағасы шамамен 300теңге ара қашықтығы – 20 км.
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.
## Тарихы
Ақтау - Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.
Кешендегі кәсіпорындар желісі химиялық реагент өндіріп (азот-тук және күкірт қышқылы зауыты), жылу және электр энергиясымен, сумен (ТЭЦ, БН-350) қамтамасыз етті. Су тапшы жағдайда тіршілік етуге қажетті инфрақұрылым пайда болып, адамдардың қалада өмір сүруге жағдай жасалды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Ақтау XX ғасырда ашылған және жаңадан барланған Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас, Атамбай-Сарытөбе, Оймаша, Комсомол, Солтүстік Бозашы, Қарақұдық, Толқын, Арман және Дұңған сияқты мұнай-газ кен орындарының өңдейтін орталыққа айналды.
Қаланың бас жоспары 1968 жылы бекітілді. Жобалау және құрылыс істерінің архитекторы А.В. Коротковтың басшылығымен жүргізілді. Теңіз жағасы халықтың демалуына және су портын дамытуға қолайлы Ақтау қаласының архитектуралық ансамбілін жасаушы сәулетшілер конструкторлар мен құрылысшылар тобына Лениндік (1966) КСРО Мемлекеттік (1977) сыйлықтары, қатал табиғат жағдайында адамдар тұрағын әсем көгалдандырғаны үшін сумен қамтамасыз еткені үшін халықаралық архитекторлар одағының алтын медалі мен Патрик Акберкомби атындағы сыйлық (1975) берілді.
## Мәдениеті
Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.б.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне мысалыға "Ақтау", "Ардагер", "Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді келтіруге болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: "Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.
## Табиғаты
Климаты – шұғыл континенттік, жазы ыстық, шөлді, орташа температурасы: қаңтарда −4 °C (минус 15 градус температура мен күшті жел кезінде мектептегі сабақтар тоқтатылатын), шілдеде +30 °C. Жазда ауа температурасы +45 °C (түнде плюс 38) дейін жетеді. Жердің беті күн түскен кезде +70° дейін қызады. Қала Каспий теңізінің жағасында орналасқан. Сумен қамтамасыз ету үшін МАЭК су тұщыландыратын станция жұмыс істейді. Онда теңіз суының өндірістік дистилляты мен «Құйлыс» көзінен келетін қатты минералданған жерасты суы дайындалып, араластырылады. Қала маңында табиғи ауыз су көзі жоқ.
## Халқы
Қазақтардан басқа көптеген этнос өкілдері де тұрады. Ұлттық құрамы — қазақтар, орыстар, украиндар.
## Бауырлас қалалары
* Горган, Иран
* Қарамай, Қытай Халық Республикасы
* Сумгаит, Әзірбайжан
* Чханвон, Корея Республикасы
* Самсун, Түркия
* Махачкала, Ресей
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Тоныкөк (Тонйұқық) (646- 741ж.ж.) - Екінші Шығыс Түркі Қағандығының негізін қалаушылардың бірі, оғыз тайпасынан шыққан ұлы дана, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер.
Көшпелілер тарихында артында өшпес атақ даңқын қалдырып; ақыл парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып; ел жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа жыр ғып қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөктей тұлға болған емес.
Сол тас жазуда: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Бұдан Тоныкөктің түркі тайпасы көсемдерінің бірінің баласы екені анық аңғарылады. Өйткені ол кезде көшпелілердің тек ел басыларының қытайға аманатқа берген балалары ғана император сарайында оқып, тәрбиелене алған.
Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық-зорлығының бәрін көріп, біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығады. Көтерілісшілер жеңіске жетіп,көп ұзамай әйгілі Екінші Шығыс Түркі қағанатының шаңырағын көтереді. Құтылықты «Ел төресі» деген атпен қаған етіп сайлайды.
Жаңа шаңырақ көтерген елдің іргесін бекітуге мүмкіндік бермей құртып жіберуді көздеген табғаш билеушісі «жабайыны жабайының қолымен құрту» саясатымен түркілерге көрші тоғыз оғыз халқын айдап салды. Бірақ табғаш елінде болып, олардың қарсыластарын құрту үшін қандай әрекеттер жасайтынын жақсы білетін Тоныкөк асқан көрегендікпен бұл апаттың алдын алып, Тоғыла жазығында тоғыз оғыздардың әскерін тас талқан етеді. Қолға түскен тұтқындарды Тоныкөк Құтылық қағанға айтып, түгел босатып, еліне қайтарады. Оларға: «Түбіміз бір туыспыз. Өзара қырқысқаннан өзгеге жем болғаннан басқа пайда жоқ. Табғаш елі ортақ жауымыз. Сондықтан соған қарсы күш біріктірейік. Бір бірімізді өгейсітіп, көзге түрткеннен тапқан олжамыз кәні? Бірігіп ел болайық, осыны айта барыңдар. Кім де кім бірлік байрағын көтеремін, ата жауға қарсы бірлесіп күресемін десе, Отыкенге келсін. Біз сонда бірер күн еру боламыз» дейді. Тоныкөктің осынау сөзі қандастарының жүрегін жібітіп, оғыздар түгелдей түркі туының астына жиналады. Кейін бұл жөнінде Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Осыдан кейін оғыздар өз аяғымен көтеріле келді. Келтіргендей-ақ келтірдім-ау» деп ризалық сезіммен сол кезді еске алады.
Құтылық қаған өлгеннен кейін, орнына інісі Қапаған отырады. Тоныкөк оған да сенімді серік, білікті ақылшы болып, адал қызмет етеді. Бұл ретте Тоныкөктің өзі тас жазуда: «Ел төресі (Құтылық) қаған, Білге Тоныкөк қам жеп, иелік қылғаны үшін Қапаған қаған бар болып отыр» дейді. Онысы рас та секілді. Қытай жылнамасы Қапағанды қарамағындағыларға аяусыз қатыгездікпен қарады, қартайған сайын қызғаншақ, ақылсыз бола бастады деп суреттейді. Тоныкөк осы кезде қағанына өкпелеп, қытайға өтіп кетуге жырыла көшкен ру тайпа көсемдерін тоқтатып, ел бүтіндігін сақтау үшін күндіз отырмай, түнде ұйықтамай, ат үстінде жүреді. Бірақ Тоныкөктің халық алдындағы беделінің тым жоғарлығын қызғанған Қапаған оны ел билігінен оқшаулай бастайды. Қағанат құлауға айналады. Ақырында Қапаған қаған ойда жоқта өз қандастарының қолынан қаза табады.
Билікке таласып, ел бірлігіне зиян келтіреді деген қауіппен Қапаған қағанның бүкіл ұрпағын қырып тастаған Күлтегін батыр ағасы- Могиләнді (Білге қаған) қаған тағына отырғызды.
«Білге қаған» деген атпен таққа отырған Могилəн өз тайпасының ортасына кеткен Тоныкөктің көрегендік ақылымен тұс-тұстан анталаған жауының бәрін жеңіп, құлауға айналған қағанатты қалпына келтіреді. Тас жазуда Тоныкөк: «Түркі Білге қаған түркі- сыр, оғыз халқын асырап, мерейін үстем қылып отырар» деп, оған үлкен сенім артады.
Түркі жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербестік ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті.
«Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт.
Тоныкөктің қай жылы өлгені белгісіз. Қытай тарихында білге қаған оны ордаға 716 жылы қайта шақырып алдырғанда Тоныкөктің жасының 70-те екені анық көрсетілген. Содан кейін ол Білге қағанның қасында болып, Түркі қағанатын төніп келген апаттан құтқаруға көмектесіп, оған пайдалы ақыл кеңесін береді. 734 жылы Білге қаған уланып өледі. Бұдан кейін Тоныкөкке қатысты дерек еш жерде кездеспейді. Білге қаған өлгеннен кейін оның орнына таққа балалары бірінен кейін бірі отырғаны және бар биліктің сол балалардың анасы, Білге қағанның әйелі, Тоныкөктің қызы Бопының (Пофудың) қолында болғаны белгілі. Осының бәрі Тоныкөкті бұл жылдарда да қаған ордасында болды деуге мүмкіндік береді. Тарихшылар оны әбден қартайып барып өлді дегенді айтады. Соған қарағанда ол 741 жылдың шамасында 95 жасқа жетіп қайтыс болған тәрізді.
## Дереккөздер |
Қара тораңғы (лат. Populus euphratica) – талдар тұқымдасының теректер (Populus) туысына жататын ағаш.
## Ботаникалық сипаттамасы
Дiңi түзу, жуандығы кейде 1 м-ге жетедi, қабығы сарғылт-сұр, таспа тәрiздi сыпырылады. өркендерi бастапқыда нәзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сәуiрде гүлдейдi, мамырда жемiс бередi.
Тораңғы топтанған тоғай (тораңғыл деп аталады) түрiнде де, жеке дарақ ретiнде де шөлдi-шөлейт аймақтарда, құмды қолат баурайларда, тұзды-сортаң тақырларда, өзен аңғарлары мен жағаларында өседi.
Сырт келбет-пiшiнi мен жапырақтары көгiлдiр терек е ұқсастау келедi. Тораңғы сол саялы ағаштың жабайы түрi iспеттес. Тораңғы отын орнына пайдаланылып құрып бара жатқандықтан, соңғы кезде Қазақстанның Қызыл кiтабына енгiзiлген.
Тораңғы — тұзды және құмды сусыз шөлдерде табиғи жағдайда өсе беруге қабiлеттi бiрден-бiр биiк дiңгектi, жапырағы мол ағаш. Ол ауаның жылылығына, желдiң күшi мен дымқылдың тапшылығына қарамайды.
Қоршаған ортасына тап осылай бейiмделiп үлгерген бұл ағаш шөлдi аймақтың күрт өзгерiстi континенттiк қатал жағдайына жақсы шыдайды. Ағаш жапырақтарының суды аз буландыруы, тамыр жүйесiнiң жақсы дамуы мен оның 10 метрден әрмен тереңдiктегi жер асты су көздерiнен нәр ала беретiнi оны осындай дәрежеге жеткiзген.
Тораңғы тамыр жүйесi жер бетiне жақындаған тұсында жан-жағына қарай жайыла тарап, аумағы 30 метрге дейiн барады. Бұл өскiн сегiзаяқтың өндiр өркенi сияқты сол шандыр тамырларынан тараған шыбықтары арқылы айналаға ұрпақ шашып, қанатын кең жаяды.
Сол сияқты мамыр айында гүлдейтiн жапырақтарынан ақ үпелек түрiнде ауаға ұшатын ұрықтарынан шамалы да болса майда өскiндер өсiп шығады. Бiрақ бұл жалпы мөлшердiң болмашы көлемiн ғана қамтиды. Ал, тек тамыр мен бұтақ қаламшалары арқылы бұл ағашты әсте көбейтуге болмайды.
Тораңғы жапырақтары ылғалды өте жақсы өткiзедi.
Мамандар тораңғы тамырында судың көп болатынын айтады. Шөл далада өсiп тұрған iрi ағаштардың түбiнде судың жиналып қалатыны жиi байқалады. Ол сулар ұдайы төмен қарай ағып, маңайына шыбын-шiркей жинайды. Мұндағы су мөлшерi 25 литрге дейiн барады екен.
Су ауаға шыққаннан кейiн қышқылданып, қан iспеттес қоңыр-қызыл түске боянады. Осылай ерекше үн шығаратын немесе қанға ұқсас су жинайтын қасиеттерiне орай жұрт тораңғыды ерекше киелi ағаш санайды. Қасиетi бар болса, бар шығар, тораңғыдың гүл шашып жатқан кезiнде оның көлеңкесiне жатып, ұйықтап қалуға болмайды деседi.
Қолайлы жағдай болса, тораңғы ағашының өте биiк те iрi болып өсе алады. Мысалы, Б.К.Скупченко 1952 жылы Балқаштың маңайынан биiктiгi 30 метрге жететiн, жуандығы 1,5 метр болатын тораңғыды көрiп, суретке түсiрiп алған.
Оның қандай көлемдiсi болмасын, құмды және тұзды топырақтарда орман алқаптарын көбейтумен қатар, сол табандар көшкiнiн тоқтатуға үлкен септiгiн тигiзетiнiмен бағаланады. Ғалымдардың мәлiмдеуiнше, әр тораңғы орта есеппен жыл сайын 1 тоннадан аса шаңды ұстап қалып, 1,5 мың литр оттегiнi айналасына бөлетiн көрiнедi.
Тораңғы — елдi мекендердi көгалдандыру мәселесiнде де таптырмайтын аса құнды ағаш. Ол бүгiндерi Қызылорда қаласындағы Оқушылар паркi мен барлық аудандар орталықтарының бiрқатар көшелерi бойларында көптен берi өсiп тұр.
Ел аузында «шөл даланың падишасы» атанған бұл өскiндi бүгiнде қазақ жерiнiң бiраз пұшпағы өзiнiң өрелi саясы санайды. Қазiр тораңғы (тораңғы деп те айтылады) тұқымдас ағаштың алуан түрi Қазақстанда Арал өңiрi мен Қызылорда облысынан басқа Балқаш пен Алакөл аумақтарында, Бетпақдала атырабында, Зайсан маңайында, Мойынқұм сауырында кездеседi.
Борис Кузьмич Скупченко бiраз жылдар бойы Қазақстан Ғылым академиясында қызмет iстеп, тораңғы ағашының өсiп-өнуiн түбегейлi зерттеген. Осы бағыттағы iзденiсiнiң қорытындысы ретiнде ол 1952 жылы «Тораңғы теректерiнiң тұқым арқылы көбеюi» деген тақырыптағы кандидаттық диссертациясын қорғаған.
Жапырағының пішіні таспадай жіңішке немесе бүйректей домалақ болады. Қабығы сұрғылт түсті. Гүлшоғыры-сырға, жемісі- қорапша пішіндес. Тораңғы суды тамыры мен сабағына сақтайды. Сондықтан шөлге төзімді. Оны жиһаз бұйымдарын жасауға, құрылысқа пайдаланады. Егістікті қорғайтын орман өсіруде де маңызы зор. Тораңғы өз тіршілігін жойған кезде кесек- кесек болып қурап түседі.Тораңғы еліміздің шөлді өңірінде ерте замандардан өсіп келе жатқан қасиетті де, киелі ағаштың бірі саналады. Ол көбіне құрғақ далалы аймақтардың тақырлы, тұзды, борпылдақ сортаңды, құмдауытты, шөлейтті, шөлді алқаптарындағы өзен аңғарларында, бұйратты құм жоталарының арасындағы ойпаңдау жерлерде өсетін бірден-бір биік діңгекті ағаш.
Қазақ халқы тораңғы ағашын ежелден-ақ «шөл даланың падишасы» деп ерекше қастерлеп, оны отын ретінде отқа жағуға рұқсат етпейді, тіпті оны кесуге де болмайды деп есептейді. Өйткені тораңғы ағашының сұр-қоңырқай қабығына пышақ тисе, сыртына қызғылт түсті сөл бөлінеді. Сондықтан да тораңғының қанға ұқсас сөлін оның қанды көз жасы деп, оны кескен адамды тораңғының киесі ұрады деген сөздермен тыйым жасап, шөл даланың көркі болып саналатын тораңғыны көзінің қарашығындай қорғауды үнемі ұрпақтарына өсиет етіп қалдыруының танымдық та, тәрбиелік мәні зор.
Тораңғы ағашының қасиетін қолөнер шеберлері жақсы біледі. Тораңғының тек қурап қалған ағашынан қолөнер шеберлері әр түрлі бұйымдар жасайды. Мысалы, түркістандық шебер Гауһарбек Күнқожаев «Қасиетті көк түйе» атты композициялық керемет домбыра жасаған туындысының қондырғысын Сыр бойында өсетін қасиетті тораңғы ағашынан жасауында да үлкен мән бар. Кей жерлерде жеке-дара тораңғы ағашы өсетін алқаптар «әулиелі жерлер» деп аталады. Мысалы, «Бес тораңғыл әулие», «Үштораңғы», «Желтораңғы» және т.б. жер атаулары соның айғағы деп айтуға болады.
Халқымызда тораңғы ағашына қатысты көптеген сөз тіркестері кездеседі. Мысалы, «бүрі төгілген тораңғыдай», «тораңғыдай толықсып», «шөлге біткен қу тораңғыдай», «кәрі тораңғыдай» және т.б. Сонымен қатар көрнекті халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Бір түп тораңғы» атты повесіндегі басты кейіпкерді тораңғы ағашына теңеуінде де үлкен мән бар. Халқымыз тораңғы ағашының көлеңкесінде ұйықтап демалуға болмайды деп есептейді.
Өлкемізде өсетін тораңғы ағаштары бұдан 2 миллион жылдан бері өсіп келе жатқан тарихи әрі табиғи ескерткіш деп атауға да болады. Оның тамыры тарамданып әрі торланып өсетіндіктен «тораңғы» деп аталған деген де пікірлер бар. Жетісу өңіріндегі «Ақтау» деп аталатын алқапта да тораңғы өсетіні баспа беттерінде жазылды.Қазақ халқы тораңғы ағашы топтанып өсетін алқапты «Тораңғыл» деп атайды. Тораңғы ағашы туралы халық арасында аңыз-әңгімелер көптеп айтылады. Сондай аңыздың бірі тораңғы тоғайының түн қараңғысында сиқырлы ән салып тұруы періште қыздарының тораңғы тоғайының ішінде болады дегенді білдіреді.
Маман ғалымдардың пікірі бойынша, тораңғы (Майсупова, 2011) ағашы Тораңғы діңі жуан, жапырақ желектері мол жайқалып өсетін сәнді ағаш.
Қара тораңғы өлкемізде біршама кеңінен таралған. Ол Арал маңындағы шөлейтті, шөлді өңірлерден бастап, ендік бойынша Балқаш, Алакөл ойпаттарындағы ескі өзен аңғарлары мен жағалауларында, құмды төбелердің аралықтарындағы сортаңды, тақырлы жерлерде өседі. Қара тораңғының биіктігі –15-20 метр, діңінің диаметрі –1-1,5 метрге жетеді. Бұдан 61 жыл бұрын (1952 ж.) белгілі ботаник ғалым Б.К.Скупченко Балқаш көлі маңынан биіктігі – 30 метр, діңінің жуандығы – 1,5 метр тораңғы ағашын суретке түсіріп алған. Оның діңінің қабығы сарғыш сұр түсті болып келеді және оның қабықтары таспа тәрізді болып оңай сыдырылады. Жас бұтақтары мен өркендерінде орналасқан жапырақтарының пішіні әр түрлі болып келетіндіктен, қара тораңғыны кейде «түрлі жапырақты тораңғы» деп те атайды.
## Сыртқы сілтемелер
* Тораңғы Мұрағатталған 4 ақпанның 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
## Өмірбаяны
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.
Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
Әлия есімімен көшелер, ондаған мектептер (Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі), Әскери-теңіз флотының кемелері, Каспий жүк таситын теплоходы аталған. Ақтөбе, Астана, Алматы, Мәскеу, Санкт-Петербург , Новосокольники қалаларында ескерткіштер орнатылған. Ақтөбеде облыстық мемориалды музей жұмыс жасайды.
## Әлия атындағы ескерткіштер
* Новосокольники қаласы (авторы М.Әйнеков)
* Ақтөбе (Л.Рапутов, Е.Штамм)
* Ақтөбедегі Мемориалды кешен (авторы Б.Әбішев)
* Әліпбайсай ауылы (Б.Әбішев)
* Алматыдағы “Шығыстың қос жұлдызы” атанған Әлия мен Мәншүкке арналған мемориалдық кешен
* Мәскеуде ескерткіш (Б.Әбішев)
* Мемориалдық музейдегі бюсті (О.Шанов).
## Ә.Молдағұлова атындағы көшелер
Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз, Астана қалаларында
## Суреттері
“Әлия” (С.Әлімбетов), “Мәңгілікке сапар” (А.Ануфриев), “Ауыл Бұлақ” (А.Корват), “Мерген Әлия Молдағұлова” (А.Сапугов), “Мерген Әлия”/күріштен жасалған/ (Ф.Терещенко), “Әлия” (О.Нұржұмаев), “Бұлақтағы Әлияның үйі” (Н.Өтегенов), “Соңғы көктем” (Т.Телеушев).
## Гобелендер
“Әлия” (М.Нартов, Н.Рахманқұлов), триптих “Әлия” (Б.Атыраубаев).
## Әлияға арналған мұражайлар
Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы.
## Әлия туралы шығармалар
“Әлия-Мәншүк” жинағы, “Песнь Праматери Хобды” (А.Утегенов), “Гүл-ғұмыр” поэмасы, ән “Он тоғыз жас” (Е. Ашықбаев), ”Қызғалдақ-ғұмыр Әлия” мен “Сағыныш”әні (Г.Аймаханова), “Әлия” әні (Б.Тәжібаев пен С.Байтереков), “Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз” әні (композитор Қ. Қожанбаев), “Әлия”әні (Ә.Садуакасова), “Әлия”деректі повесі (Ә.Оралбай), “Әлия-Мәншүк” поэмасы (Т.Молдағалиев), “Әлияның жүрегі” (Я.Хелемский), “Әлия Молдағұлқызы” повесі (Ж.Жұмақанов), “Әлия” дастаны (С.Жиенбаев), “Шығыс шынары” повесі (Ә.Нұрмаханова), “Әлия” поэмалары (К.Деркаченко, Р.Трофимов), балет “Әлия” (М.Сағатов), “Әлия” атты деректі фильм (режиссер Ю.Пискунов) және «Снайперлер» фильмі (реж. Б. Шәмшиев), “Әлия” спектаклі (Ә.Тарази), “Жарық жұлдыздар” поэмасы (С.Жиенбаев).
Сейдолла Бәйтерековтің “Әлия” әнін орындаған әнші Роза Рымбаева дүниежүзілік байқауда лауреат атанды.
## Дереккөздер |
Парасат – Қазақстан Республикасының ордені. Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен 1993 жылы белгіленді. “Парасат” орденімен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ республиканың рухани және интелектуалдық әлуетін дамыту мен молайтуға зор үлес қосқан немесе адам құқықтарын және оның әлеуметтік мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі үшін азаматтарды марапаттайды.
## Сипаттамасы
Орденнің ортасында шеңберлі көмкерменің ішінде “Парасат” деген жазу бар, шеңбердің сырты кристалл тектес сегіз үшкіл шашыраңқы өрнекпен көмкерілген. Шеңбердің ортасында тазалыққа меңзейтін қар кристалына ұқсас бедер жасалған .
«Парасат» ордені 1993 жылы белгілейді. «Парасат» орденімен Республиканың рухани және зияткерлік әлеуетін дамыту мен молайтуға жеке үлкен үлес қосқан, сонымен қатар адам құқығы мен оның әлеуметтік мүдделерді қорғау жөніндегі белсенді қызмет еткен ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер қайраткерлері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, басқа да азаматтар марапатталады .
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
* Қазақстан Республикасы
* Президент
* Жарлық
## Cыртқы сілтеме
* Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 2676 Заңы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 143-құжа
## Дереккөздер |
Петропавл (орыс. Петропавловск, қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысындағы қала, облыс орталығы (1936 жылдан бері). Қаланың негізі Есіл өзенінің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.
Петропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзенінің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 219 011 адам (2019 ж.) .
## Тарихы
Қаланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатында әскери бекініс ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір мен Түркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері мен Орта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.
Егер 19 ғасырда қала сауда және әкімшілік пункт ретінде дамыса, 20 ғасырдың басында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптің басты орталықтарының бірі болды. Осы жылдары Ресейден жер аударылған шаруалар келіп қоныстана бастады. Олардың басым бөлігі қалаға көшіп келіп, жұмыс күшін көбейтті. Қалада қолөнер мен майда кәсіпкерлік дамыды. Қаланың экономикасына 1-дүниежүзілік соғыс пен Азамат соғысы кері әсер етті. Қала 1932 — 1936 жылдары Қарағанды қаласының құрылысын басқаратын және ірі темір жол торабын салудағы негізгі орталыққа айналды. 1932 жылы «Казстройматериал» кірпіш зауыты іске қосылды. Мех. зауыт қайта жөндеуден өтті. Нәтижесінде қала кәсіпорындарының қатары өсіп, жұмысшылар саны 13 есеге ұлғайды. 2-дүниежүзілік соғыс алдында Петропавлда коммуналдық және электр көлігі шаруашылықтары қалыптасты. 2- дүниежүзілік соғыс жылдары КСРО-ның батыс аудандарынан көшірілген 20-ға жуық зауыт, фабрикалар қала экономикасын біршама көтерді. Соғыстан кейін қала жедел дами бастады. Әсіресе тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде көптеген кәсіпорындар салынып, қаланың әлеуметтік-экономикалық, білім беру және мәдени-ағарту саласы қарқынды дамыды.
90-жылдары нарықтық экономикаға өтуге байланысты Петропавл қаласындағы ірі өнеркәсіп орындары өз жұмыстарын біршама баяулатты. Шаруашылық байланыстар үзіліп, кәсіпорындардың жұмысы тоқтай бастады. Тек 90-жылдардың соңынан бастап ел экономикасымен бірге Петропавл қаласының да экономикасы біршама жақсарды.
## Географиясы
### Климаты
## Бүгінгі қала
Қазіргі кезде Петропавл Қазақстандағы ірі өнеркәсіп орталықтарының біріне айналды. Қалада 174 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның ішінде ірі кәсіпорындарға «Еуразия», «Вита», «Молочный союз» АІ-тары, нан комбинаты, ликер-арақ зауыты, «Сұлтан», «Тонус» т.б. жатады. Қала бюджеті қаржысының 10%-н шағын бизнес береді. Саудада еңбекпен қамтылғандардың үлесі 47,8%, өндірістік салада 17,4%, оның ішінде құрылыста 6,6% болды, 35 кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейді. Қалада 110 шағын құрылыс кәсіпорны, 49 көлік және байланыс кәсіпорындары жұмыс істейді. Жалпы білім беретін 49 мектеп, 2 музыкалық, 5 спорт мектебі, 3 кәсіптік-техникалық мектеп, 5 арнайы оқу орны мен колледждер, одан басқа 2 мемлекеттік (Солтүстік Қазақстан университеті мен ҚР Ішкі істер министрлігінің әскери мектебі) жоғарғы оқу орны тіркелген. 12 аурухана, 10 емхана, 199 дәріхана халыққа қызмет көрсетеді. Петропавлда 3 театр, филармония, 3 мұражай, 3 кинотеатр, 4 мемлекеттік кітапхана, 5 мәдениет сарайы, т.б. жұмыс істейді. Қалада 4 стадион, 34 әр түрлі спорт ғимараттары бар. Облыстық және қалалық газеттер, жарнамалық басылымдар шығып тұрады. Сонымен бірге 3 телерадиокомпания жұмыс істейді.
## Экономикасы
Солтүстiк Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласы 1752 жылы құрылды. Облыс орталығындағы халық саны 2010 жылғы 1 қаңтарға 195,2 мың адам болып, барлық облыс халқының 30,3%-ын құрады.
Қалада жалпы бiлiм беретiн 47 күндiзгi мектеп жұмыс iстейдi, оларда 22,3 мың оқушы бiлiм алуда, сонымен қатар 10 колледж (13,0 мың оқушы), жоғарғы бiлiм беретiн 3 оқу орыны (11,0 мың студент) бар.
Облыс орталығында 3 театр, 1 филармония, 3 мұражай, 8 кiтапхана, 3 клубтық мекеме бар.
2010 жылғы 1 қаңтарға 4 995 заңды тұлға тiркелген, оның iшiнде 94,8%-ы шағын (қамтылғандар саны 50 адамнан кем), 4,3 - орта (51-ден 250 адамға дейiн), 0,9%-ы - iрi (250 адамнан артық) кәсiпорындар. Кәсiпорындардың басым бөлiгi (88,8%) жеке меншiк нысанының кәсiпорындары.
Кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiгiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың бастапқы құны 2009 жылғы 1 қаңтарға (жер құнын есепке алмай) 160,3 млрд теңге құрады, тозу дәрежесi 40,0% болып, 2008 жылдың соңына баланстық құны 96,3 млрд теңге болды.
Қала өнеркәсiбiнде (қаржылық емес сектор) 2009 жылы 46 835,1 млн теңгенiң өнiмi өндiрiлiп, 2008 жылғы деңгейден 4,0%-ға жоғары болды. Электр қуатын өндiру 2 371,1 млн квт.сағ, жылу қуаты - 2 123,9 мың Гкал, сүт өнiмдерi 27,4 мың тонна, ұн - 100,9 мың тонна, нан - 12,7 мың тонна, макарон - 26,2 мың тонна, алкогольдi iшiмдiктерi 2 114,7 мың литр құрады.
Құрылыс ұйымдарының өз күшiмен 8 530,1 млн теңге сомасында мердiгерлiк жұмыстар орындалды. Өткен жылы облыс орталығында жалпы аумағы 27 223 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берiлдi.
2009 жылы бөлшек саудада сауда кәсiпорындары және жеке кәсiпкерлермен 39 800,0 млн теңгенiң тауары сатылды. Орташа бiр адамға шаққанда бөлшек сауда 203,9 мың теңге құрады.
## Мәдениеті
### Театрлар
* С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстың қазақ сазды-драма театры
* Солтүстік Қазақстан облыстың қуыршақ театры
* Солтүстік Қазақстан облыстық Н. Погодин атындағы орыс драма театры
### Мұражайлар
* Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
* Облыстық бейнелеу өнері мұражайы
* «Абылай ханның резиденциясы» мұражай кешені
* Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ тарихы мұражайы
### Кітапханалар
* С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы
* Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасы
* И. Шухов атындағы қалалық кітапхана
## Бауырлас қалалары
* Омбы, Ресей
* Челябі, Ресей
* Новосібір, Ресей
* Екатеринбург, Ресей
* Ганновер, Германия
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Петропавл қаласы әкімдігінің ресми сайты (қаз.) (орыс.)
* Бейресми сайт |
Қарағанды — Орталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы. Қазақстан қалаларының халық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе шаһарларынан кейін 5-ші орында орналасқан. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2019 жылғы 1 қазан 496 701 адамды құрады. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.
## Этимологиясы
Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.
## Тарихы
1833 жылы көмірді тауып алған бақташы бала Аппақ Байжанов туралы аңыз ел аузында сақталған. XIX ғасырдың аяғында геологиялық зерттеулер жүргізіліп, XX ғасырдың басында көмір өндіру орыс көпестерімен басталса, соңында француз, ағылшын кәсіпкерлерімен жалғасты.
Алғашқы орыс қоныс аударушылары 1906 жылы Столыпин аграрлық реформасы бойынша келіп, Михайловка (Қазыбек би ауданы) ауылын құрды, содан кейін “Тихоновка”, “Зеленая балка” және “Новоузенка” құрылған болатын. Революциядан кейін ағылшындықтардың кетуіне байланысты көмір өндірісі уақытша тоқтатылды. Аумақтық құрылым жағынан, Ақмола облысы Ақмола уезінің Спасск болысының құрамына кірді.
1930 жылы көмір өндірісі белсенді түрде қайта басталып, жер аударған(тәркіленген) КСРО азаматтары мен олардың отбасыларына саз-балшықтан жартылай жер үй сияқты уақытша тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Жаңадан келген жұмысшылар мен мамандардың басым көпшілігі жаңа салынған Майқұдық, “Жаңа Тихоновка”, “Пришахтинский” ауылдарында қоныстанды. Бұрынғы ауылдарда да халық саны айтарлықтай өсті.
1931 жылдың 20 наурызында ҚазОАК (КазЦИК) бұйрығымен өз бюджеті бар Қарағанды жұмыс кеңесі құрылады, ол тікелей комитетке бағынатын болады. Орталығы кейін қала құрамына кірген “Большая Михайловка” ауылында болды. 1931 жылы шахталық Қарағанды кенті жұмыс ауылына айналады. 1930 бен 1931 жылы кеңес ауылының, кейін 1931-1932 жылы қала кеңесінің тұңғыш басқарушысы болып Қарағанды облысының Шет ауданының тумасы Кәрібоз Шектібаев (1897-1938) тағайындалады.
1934 жылдың 10 ақпанының БРОАК (ВЦИК) Президиумының қаулысы: 1. Қазақ АССР-нің төменде келтірілген елді мекендерді қалаға айналдыру: б) Қарағанды тас көмір бассейнін пайдалану жөніндегі мемлекеттік трест құрылысы аумағында пайда болған Қарағанды облысының Тельман ауданындағы елді мекен қалаға айналып, Қарағанды атауы берілсін.
Ұлы Отан соғысы басталысымен мыңдаған қарағандылық майданға атсалысты.
1950 жылдары қалада екі апат орын алды - Ил-12 ұшақ күйреуі және 4-Д зауытындағы жарылыс.
1974 жылы 66 кәсіпорын мен ұйымдар, оның ішінде 3 разрез бен 26 шахта “Қарағандыкөмір” өндіріс бірлестігіне қосылды.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы қазақстандық шахтер астанасына қатты әсер етті - революциялық 1920-шы және әскери 1940-шы жылдардан кейінгі 1990-шы жылдар Қарағанды үшін XX ғасырда ең қиын уақытқа айналды. Еліміздің үшінші от жағушысы деп аталатын Қарағанды XXI ғасырдың басында КСРО кезінде өндірілген көмірдің аз ғана бөлігін өндіреді.
## Географиясы
### Климаты
## Ұлттық құрамы
Есептілік деректер бойынша 2020 жылдың басына қалада тұратын халық санының 45,78 %-ы қазақтар, 39,89 %-ы орыстар, 2,91 %-ы украиндар, 2,62 %-ы татарлар, 2,49 %-ы немістер, 1,48 %-ы кәрістер, 4,84 %-ы басқа ұлт өкілдері.
## Демография
2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер:туылу – 16,85өлім – 13,89табиғи өсім – 2,96
Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер.
* 2007 жылғы 1 қаңтарда 453.4 мың адам
* 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы (Қарағанды).
Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.
* 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 470 900
Қарағанды қаласы халқының саны
## Өнеркәсіп
Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары:«Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС.Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі;сыра;конфеттер.
## Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; шошқа – 2,4 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде – 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды.Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге.2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн теңгені құрады.2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн теңге.
* Бірінші ұлттық ауылшаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша
## Қарағанды қаласының ескерткіштері
Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.
Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781).
Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы.
Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904).
Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.
2011 жылы 28 мамырда ескерткіш ашылды атақты фраза «Қайда-қайда? Қарағандыда!".
2022 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы Қарағанды этносаябағында «Ашаршылық құрбандарына» монументі ашылды. Ол аштықты бейнелейтін жабық қазанның, сонымен қатар ер мен әйелдің бейнесінде жасалған.
## Білім және ғылым
Мемлекеттік ЖОО-ларҚарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.
Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді.Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді.
Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.
Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.
Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды. Қарағандыда әр түрлі білім орындары бар. Олар ҚарМУ ҚарМТУ ҚММУ ҚЭУ ҚУ Болашақ ҚЗИ және әр түрлі білімді мектептер қалыптасқан,олар НЗМ, сшод "Мурагер","Дарын", Ктл және тағы да басқа білімді мекемелер қалыптасқан. Қарағанды облысының білімі мен ғылым жоғары деңгейде .
## Мәдениетте
Қарағанды қаласына Дәулет Ырысбайұлы Сәтибековтың "Қарағанды вальсі" деген әні арналған.
## Дереккөздер |
Мағауия Хамзин (29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979).
Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды. Арғын тайпасы Тобықты руының дадан бөлімінен шыққан. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.
## Өмірбаяны
* 1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.
* 1944 жылы Қарағанды филармониясына қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.
* 1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде қызмет етті.
* 1952 - 1957 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытының көркемөнерпаздар ұжымын басқарды.
* 1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.
## Репертуары
Хамзиннің репертуарында Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Әбді, Аққыз, т.б. халық композиторларының күйлері бар. М.Хамзин бірнеше тамаша күйлердің авторы.
Ол қазіргі заман тақырыбына арнап:
* "Қосбасар" (2 нұсқасы)
* "Шахтер күйі"
* "Космонавтар"
* "Алтын астық"
* "Жайлау"
* "Жарыс"
* "Амангелді туралы күй"
* "Шопан күйі"
* "Белгісіз солдат"
* "Тоқырауын толғауы"
* "Жас қазақ", т.б. күйлерін шығарды.
Мағауия 10 жасынан-ақ күйшіліктің жолына түседі. Жылдар өте ол орындаушылықтың өзіндік үлгісін танытады күйшілікті әбден меңгеріп домбыраның құлағында ойнау дәрежесіне жетеді. Ә.Хасенов пен Т.Момбековтерге қарағанда оның домбырашылығы басты негізгі кәсібі болды.
## Марапаттары
* 1979 жылы майталман күйшіге Қазақ КСР-інің халық әртісі құрметті атағы берілді.
* 1998 жылы Құрманғазының туғанына 175 жылдық торқалы тойына арналған «Құрманғазы және Ұлы Дала сазы» атты түркі халықтарының дәстүрлі сазына арналған Халықаралық фестивалінде М.Хамзин әйгілі домбырашы төкпе күйші Рысбай Ғабдиев екеуі «Дәстүрлі музыка өнеріне сіңірген аса зор үздік еңбегі үшін» атты жүлдеге ие болды.
## Дереккөздер |
Аман Ғұмырұлы Төлеев (орыс. Аман Гумирович Тулеев, тат. Әман Гомәр улы Түлиев, туған аты-жөні Аманкелді Молдағазыұлы Төлеев; 13 мамыр 1944 жыл Красноводск, Түрікмен КСР – 20 қараша 2023 жыл, Кемерово, Кемерово облысы) — ресейлік саяси қайраткер, Біртұтас Ресей саяси партиясы Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Кузбасс облыстық кәсіптік білім беруді дамыту институтының ректоры, технология ғылымының докторы (2000).
Байұлы тайпасының Адай руынан шыққан.
## Өмірбаяны
Жаңасібір темір жол инженерлері институтын (1973), Қоғамдық ғылымдар академиясын (1989) бітірген. Еңбек жолын 1964 жылы Кемерово облысында темір жолшы болып бастады. 1967 – 73 жылдары Новокузнецкідегі Мундыбаш станциясында кезекші, бастықтың көмекшісі, станция бастығы, 1973 – 1985 жылдары Междуреченск темір жол станциясының бастығы, Кемерово темір жолының Новокузнецк бөлімшесі бастығының орынбасары, бөлімше бастығы, 1985 – 1988 жылдары Кемерово облыстық партия комитетінде көлік және байланыс бөлімінің меңгерушісі, 1988 – 1990 жылдары Кемерово темір жолының бастығы болды. 1990 – 1993 жылдары РКФСР (кейінгі РФ) Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Кемерово облыстық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, 1994 – 1996 жылдары Кемерово облыстық заң шығарушы жиналыстың төрағасы, 1996 – 1997 жылдары РФ-ның ТМД елдерімен қарым-қатынас министрі қызметтерін атқарды. 1997 жылдан Кемерово облысының губернаторы. 3 рет (1991, 1996, 2000) РФ Президенттігіне кандидат болып тіркелді.
Төлеев “Долгое эхо путча” (1992), “Власть в руках человека и ... человек в руках власти” (1993), “На изломах жизни...” (1993), “Цена иллюзий” (1995), “Отечество – боль моя” (1995), “Судите сами” (1996) атты кітаптарын жазған. Ресейдің, Украинаның, Қазақстанның, Беларусьтің, Моңғолияның көптеген ордендерімен марапатталған. Саяси тұлға ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтқан.
## Дереккөздер |
Татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темужін болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есугей батыр отбасында туған.
Темужін ер жете келе қол астына моңғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. көктемде Онан өзені жағасында Темужінді жақтаушы моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен моңғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар моңғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжіңді) бағындырды.
Қытайда моңғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.
Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.
Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. моңғолдар Отырарға таяп келгенде моңғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, моңғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде моңғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргеніш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.
моңғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.
Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «моңғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді.Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашқар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.
Үшінші баласы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.
Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Моңғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері моңғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.
## Шыңғыстан соң
1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін моңғол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.
1239 ж. басында моңғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. моңғолдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді моңғол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.
Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Моңғолия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді. Дешті-Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші — қыпшақтар.
Алтын Орда өзін билеген хандары:
* Бату хан 1241—1256;
* Берке − 1257—1266;
* Мөңке-Темір — 1266—1280;
* Төде-Мөңке — 1280—1287;
* Төле-Бұқа − 1287—1291 жж,
* Тоқа хан — 1291—1312 жж;
* Өзбек хан — 1312—1342;
* Жәнібек хан — 1343—1357 жж. күшейе түсті.
Егер Жошы мен Бату хан Моңғолиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада — оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.
Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың моңғол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. моңғолдар көтерілісті басып тастады. 1240—1241 жж, 1270 ж. Кама булғарлары көтерілді. Бұл Алтын Орданы әлсіретті. 1250 ж. Ұлы Новгородта, 1262 ж. Ростовта, Суздальда]], Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды.
1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.
1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.
Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары моңғолдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.
моңғол шапқыншылығы кезінде моңғолдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін моңғолдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. моңғолдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. моңғол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы «алтын ру» (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.
Қазақстан жеріне моңғолдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Ұлы жасақ» енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.
## Дереккөздер |
Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев (10 маусым, 1975, Алматы) — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, «Қазақтелеком» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы (2010-2024). Математика ғылымдарының кандидаты.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.
* «Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.
* 2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.
* 2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
* 2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.
* 2010 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы.
* 2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
## Отбасы
Анасы - Есекеева Мінаура Жумағалиқызы, ҚазМБА-да математика пәнінің оқытушысы.
## Дереккөздер |
Дерновой, Анатолий Григорьевич — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
## Қысқаша өмірбаяны
1951 ж. тамыздың 21-інде Қарағанды қаласында туған.
1974 ж. Қарағанды медицина институтын бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Талдықорған облысы Киров ауданының санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бөлім меңгерушісі болып бастады, кейін осы ауданның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері болып жұмыс істеді.
1991—1994 жж. — Алматы облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1994—1996 жж. — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары — бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.
1996 ж. — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының бастығы.
2006 ж. қыркүйектің 20-ыдан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi.
## Марапаттары
* «Ерекше еңбегі үшін» медалімен 1987 жылы,
* «Астана» медалімен 2000 жылы,
* «Қазақстан Республикасына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен 2001 жылы,
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтолық медалімен 2005 жылы марапатталды,
* ҚР Ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың 2005 жылғы лауреаты. |
KazSat-1 — Жер айналымында тұрақты жайғасымында (103° E) орнатылған Қазақстанның алғашқы ғарыш жабдығы. 2008 жылы желтоқсанның 2 «Қазсат-1» жер серігі жұмысын толығымен тоқтатқаны туралы Парламент Мәжілісінде Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді. Борттағы басқару жүйесінің белгісіз себептермен жиі істен шығуы мен құрылғының сапасыздығы мүшкіл жағдайға әкеп соқты, деді агенттік төрағасы. Ал 2011 жылы қыркүйекте Қазақ Ұллтық ғарыш агенттігі төрағасы «Kazsat-1» ғарыш серігі 65 млн. долларға сақтандырылған. «Сондықтан «Kazsat-1» ғарыш серігіне жұмсалған қаржы толығымен қайтарылды деп жариалады.
2004 ж. қаңтарда Қазақстан Үкіметі және Хруничев атындағы Ресей Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығымен (МҒҒӨО) KazSat-1 жасалуы мен ұшырылуына арасындағы келісім-шарт қол қойылды. Келісім-шарттта сонымен қатар ұшуда ғарыштық аппаратты басқару және бақылау, сондай-ақ ұлттық кадрларды оқыту және даярлау үшін жер инфрақұрылымы көзделген.
KazSat ғарыштық жабдығы 2006 ж. маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды.
KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады.
KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.
Жер серігінің аппаратурасы кіші диаметрдегі антендік жүйелерге дабылдың жақсы қабылдауын қамтамасыз етеді.
KazSat телерадиохабарларын тарату арналары, телефондық байланыс, деректерді беру, Интернет желісіне кеңжолақты қол жеткізу, VSAT-желілерді құру және дамыту, ведомстволық және корпоративтік байланыс желілерін құру, мультимедиялық қызметтер пакетін көрсету үшін арналған.
## Тағы қараңыз
ҚазСат-2
## Сыртқы сілтемелер
* KazSat-1 Жер серігі
* Космический аппарат спутниковой связи и вещания «Казсат» Мұрағатталған 16 ақпанның 2007 жылы. |
Сұлтан - ер-азаматтарға арналған қазақ тіліндегі алғашқы және көркем иллюстрациялы журнал.
Журналдың Бас редакторы Әсия Нұрали.
Меншік иесі - “Қызылжар қызы” жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
2006 жылдан бастап шығады. |
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
## Қысқаша шолу
Абай Құнанбайұлы Орта жүздің Тобықты руынан шыққан. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Абайдың анасы Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының қызы, Абай бала кезден Өскенбайдың әулетінің Үлкен әжесі атанып кеткен Зере әжесінің қолында өсті, Өскенбайдың бәйбішесі Тоқбала анамыз (Зере) Найманның Матай болысының байы Бектемірдің қызы, Зере әжеміз Ибраһимді "Абай" деп еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
Осындай текті ортадан шыққан Құнанбай мен Ұлжаннан туған төрт ұлдың бірі Абай жастайынан-ақ ерекше қабілетімен, ақылдылығымен көзге түседі. Балаға сыншы әкесі осы баласынан қатты үміт етеді. Әкесі оның зеректілігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Медреседе төрт жыл оқығаннан кейін, оқудан шығарып алып, қасында ұстап, ел басқару ісіне баули бастайды. Әкесінің төңірегінде ел жақсыларымен араласып, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жете танысады. Өзі билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Ұтымды сөзімен, әділ билігімен елге танылып, аты шығады. Көп ұзамай, жетпісінші жылдардың бас кезінде Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болады. Билікке араласып, біраз тәжірибе жинақтағаннан кейін, ол халық тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсіруге күш салып бағады. Бірақ онысынан пәлендей көңіл тоятындай нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп тапқан істерін көркем сөзбен, әсіресе, өлеңмен насихаттамақ болады. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми тағы басқаларды оқыса, екінші жағынан Александр Пушкин, Александр Герцен, Михаил Салтыков-Щедрин, Николай Некрасов, Михаил Лермонтов, Лев Толстой, Иван Крылов, Фёдор Достоевский, Иван Тургенев, Николай Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гёте, Джордж Байрон сияқты ақындарды оқып, Дрепер, Спиноза, Спенсер, Льюис, Дарвин сынды ғалымдардың еңбектерін зерттейді.
## Өмірбаяны
### Отбасы
Абай Құнанбайұлы 1845 жылғы 23 тамызда қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында, Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйелі Ұлжаннан туған.
Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты, Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай, деген 4 ұл туады.Бұлардың әкесі момын, шаруа адамы, ал шешесі өткір тілді, өр мінезді әйел болған. Сол Айпара балаларына:
Шынжыр балақ, шұбар төс Ырғызбайым,
Тоқпақ жалды торайғыр Көтібағым,
Әрі де кетпес, бері де кетпес Топайым,
Сірә да оңбас торғайым...
Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел осыдан қалған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.
Құнанбай — 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдың “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңға шебер, жөн-жобаға жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза мешіт-медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкірт атанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Физули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.
Абайдың басқа балалардан алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілдік-билік жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп 13 жастағы Абай ел ісіне араласады. Абай әке қасында болған жылдарда атқамінер би-болыстардың қулық-сұмдықтарын, қазақ даласына ыдырай бастаған феодрулық қатынастардың кереғар қайшылықтары, кіріптар еткен әлеуметтік теңсіздіктің зардаптарын, аштық пен жалаңаштықты, патриапхалдық, кертартпа салт-сана, әдет-ғұрып зандарының залалдарынын айқын түсінді.
Патша үкіметінің отаршылық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің жергілікті би-болыстардың арамза әрекеттерін айнытпай танып, көкірегінде жиркеніш сезімі оянып, соларға қарсы күресуге бел буды, “ елге пайдалы, адамгершілігі бар, әділ басшы болсам ғана жақсы адам боламын” деген тұжырымға бекіді. Осы мақсатпен болыс сайлауына түсіп, жеңіп шығады да, 1876–1978 жылы Қоңыр-Көкше еліне болыс болады. Бұл жылдары Абай өз қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразасын тең ұстауға күш салды. Әлсізге зорлық көрсеткендерді, ұрлық жасағандарды қатты жазаға тартып, халық қамқорына айналды. Оның ел басқарудағы бұл бағыты халықты қалауынша езіп-жаншып жүрген шонжарлар тарапынан қатты қарсылыққа ұшырады, үстінен оязға жалған арыз айтушылар көбейді. Соның бірі Үзікбай Бөрібаевтың «Таймақкөл деген жерімді тартып алды» деген жалған арызы бойынша көтерілген іс 10 жыл сүргінге созылып, ақыры Евгений Михаэлистің көмегімен аяқсыз қалды. П. В. Маковецкий бұл істі 1884 жылғы 27 тамызда жалған жала деп тауып, қысқартып тастады. Ақын үстінен жазылған «Абай барымта алды, ауыл шайып әйел қорлады» деген бір топ шонжар дұшпандарының арызы да нәтижесіз қалды.
Ақын саяси қызметі үшін 1870 жылдары Санкт-Петербургтен Семейге айдалып келген Михаэлиспен, 80-ші жылдарда орыс демократтары Н. И. Долгополов, А. А.Леонтьевпен танысады. Бұл озық ойлы азаматтардың Абайдың саяси-әлеуметтік көзқарасына игі ықпалы тигізгені сөзсіз. Бірақ Абай Құнанбаев орыс мәдениетімен, әдебиетіменен, демократтық көзқарастарымен осы кісілер арқылы деу ағат айтқандық болар еді. Бұл тұста Мұхтар Әузовтың «Ал, кейін орыс тілін біліп, орыстың ұлы мадениетін мол, терең тани бастаған Абай өзгін ойды бұлардан үйренбейді. Пушкиннің өзінен, Белинский, Герцен, Чернышевский, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың өз мұраларын оқып, кең, терең тарбие алды. Абайдың классик ақын болған маңызын, әлеуметтік көзқарасын тек Михаэлис әсерінен деп қойсақ, әрі Абайға, әрі орыс халқының ұлы мұрасына жане ұлы даналарына қиянат сөз айтқан болар едік» деген тұжырымын келтірсек те жеткілікті. Абай осылайша, Европаның Гете, Джордж Байрон сияқты ақындарын, Спенсер, Бенедикт Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сынды ғұламаларының туындыларын оқыды. Сөйтіп Әуезовтың сөзімен айтқанда «1884 жылдары, жасы қырыққа таман ілінгенде, ол дүниеден көп мағлұматы бар кісі болды.» Абай осы тұста, 1886 жылы досы Михаэлистің ұсынысымен, Семей облысы Статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды.
1875 жылы Қоңыркөкше елінде өткен сайлауда жеңіп шығып, 1878 жылға дейін болыс болады. Қазақ халқының дәстүрлі ел билеу жосындарын, әдет-ғұрып заңдарын жетік білетін Абай ел ішіндегі әр алуан әкімшілік-құқықтық реформаларға белсене араласады. Егде тартқан шағында әкімқара биліктен, атқамінерліктен іргесін аулақ салып, шығармашылықпен ғана шұғылданады. Абайдың көптеген шығармаларында Адам, Болмыс және Ралам тақырыбы, сондай-ақ, абсолюттік ақиқат сыры тұрақты орын алады.
1885 жылы мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Қарамола деген жерде Семейдің ген.-губернаторы Цеклинцкийдің басқаруымен Семей губернасиясына қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға “Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережесін” әзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93 баптан тұратын ережені 3 күн, 3 түнде әзір етті. Бұл қазақ қауымында ежелден қалыптасқан кертартпа әдет-ғұрып заңдарына да, патша өкіметінің халықты қанаушылыққа ,зорлық-зомбылыққа негізделген заңына да ұқсамайтын, өзгеше құжат еді. Оның әсіресе ұрлық, қылмыс пен әйел мәселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Бірақ Абайдың атақ-даңқын осынша көкке көтерген Қарамола съезінен кейін оның дұшпандары тіпті еліріп кетті. 1890 жылы Байғұлақ, Кұнту деген жуандардан бастаған 16 атқамінер Жиренше қыстауының шетіндегі Ши деген жерде Абайға қарсы дұшпандық әрекетке сөз байласады.
1891 жылдан бастап Абай басына ауыртпалық түсіп, бір-біріне ұласқан қайғы бұлты ашылмай қояды. Осы жылы ақынның сүйікті інісі Оспан жарық дүниеден өтеді. Одан кейін орысша әскери білімі бар, үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманнан айырылады. Бұлардың қазасының ақын жанына қандай батқаны оның осы тақырыпқа арнаған топтама өлеңдерінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жүргенде соңғы тіренішіндей болған дарынды ақын баласы Мағауия да қайтыс болды. Осындай қабаттасқан қайғы қасіреттен күрт сынған Абай Мағауияның қазасынан кейін қырық күннен соң, өзі де дүние салады. Ақынның сүйегі Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның жанына жерленеді. Бұл күнде ол арада қазақтың ұлы екі перзенті — Абай мен Шәкәрімге деген ұрпақтың өшпес махаббатының, ізгі құрметінің белгісіндей болып, сәулет өнерінің соңғы үлгісімен салынған қос мұнаралы кешенді алып мазар тұр.
1891 жылы Оразбай бастаған дау 1897 жылға дейін созылады. Бұл шиеленістің аяғы 1898 жылғы Мұқыр сайлауындагы жанжалға, Абай өміріне қастандыққа әкеп соқтырады. Ақын бұл жанжалдың барша жиренішті сырын, өзінің-ақ екендігін Сенатқа хатында барынша айғақты деректермен дәлелдеп береді. Абай өлең жазуды 10 жасында (“Кім екен деп келіп ем түйе қуған…”) бастаса, өз өлеңдеріне шығаруды шамамен 1880-1997 жылы аралығында көбірек қолға алған. Өлеңдерін әркімдердің атымен таратып, Көкбай атынан бастырған ақын жазған өлеңдерін “жинауды ” шәкірттеріне 1896 жылы ескерткен. Ал қара сөзбен жазылған ғақлия-өсиеттерін 1890–1898 жылдар аралығында қолға алған. Абай 3 әйел алған. Байбішесі Ділдадан: Ақылбай, Әбдірахман, Кұлбадан, Әкімбай, Мағаұия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен Тұрағұл, Мекайыл, Ізкаіл, Кенже деген 7 ұл, 3 қыз сүйген. Келіндей алған әйелі Еркежаннан ұрпақ көрген жоқ.
## Шығармалары
Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси, Сәйхали». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой бұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытында даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қисынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.
## Қара сөздері
Абай Құнанбайұлының көркемдік, әлеуметтік, гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі — қара сөздері. Абай Құнанбайұлының қара сөздері (Ғақлия) — ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абай Құнанбайұлының қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай Құнанбайұлының өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абай Құнанбайұлының кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.
### Қара сөзде айтылған ой
Абайдың жетінші қара сөзінде ұшырасатын «жанның тамағы» деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай Құнанбайлы біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай Құнанбайұлы:
... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,
— деп қайыра түсінік беріп отыр... [бай Құнанбайұлындай ұстаз ақынның бұл «Жетінші сөзде» көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абай Құнанбайұлы ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр.
Абай Құнанбайұлы бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,
Бес нәрсеге асық бол,
- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абай Құнанбайұлының пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абай Құнанбайұлының «Он тоғызыншы сөзінде» де қайталанады. Абай Құнанбайұлының дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай Құнанбайұлы Он тоғызыншы сөзінде:
Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,
— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
## Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда қолданылады. Ал, өмірге келген жаңа атауларды жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде, ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек, сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік, дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады. Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық, кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар сөздердің көнеру дәрежесі қазіргі көздегіден әлдеқайда солғындау болғаны байқалады. Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс семантикалы алаш, әскери мағынасындағы қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді. Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе, оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады, яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады, бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі, енді бір алуанының қолданылу жиілігі артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі көзге түседі.
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының келесі қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады. Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге, әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты, Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды (ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял, қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы. Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде, онда да барлығында емес, тақырыбына қарай белгілі біреулерінде ғана шоғырланған. Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына... мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай, сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай лирикасының келесі қабаты - орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен, қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба тілінің демократтық сипатта дамуы еді. Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды. Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік, заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат, ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия, сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан, расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер, сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке, барабан, зауыт, машине.
Абайда өзіне дейінгі және өз тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра, фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий, уголовный, самородный (сары алтын), виноват деген сын есімдер және гуляйттау, пошел, занимайся деген етістіктер.
## Абай және Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім-көрінгенді аудармаған, ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармаған одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып, аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойған ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.
## Музыкалық мұра
Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіндігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.
## Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ халық поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп, баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды.
## Абай Құнанбайұлының дінге көзқарасы
Абайдың дінге көзқарасын бағалап, тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай «ислам дінінің қазақ ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға тағылған жала болса, соңғысы - ақынның дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп, бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті тіршілікте бақсылық түйсіктер мен түсініктер басым болды. Қос дінділік қазақ халқының сол кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан айқын байқалады. Бақсылықтағы негізгі санат — «Тәңірі», исламдағы — «Аллаһ» қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті өмірінде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі - жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде - өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар болды. Абай «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды.
Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан мен тәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізінші сөздерінде арнайы талдап, гректің ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.
## Ақынның балалық шағы
Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, содан кейін Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол жас кезінен кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып тұрады.Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол қазақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.
## Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы
Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Евгений Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.
Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.
## Абай — ұлы ақын әрі ойшыл
Абай өзінің өлеңдерін бала кезінен жаза бастады. Бірақ ол ақын ретінде алғаш рет XIX ғасырдың 80-жылдарының орта кезінен бастап таныла бастады. Бұл кезде Абай өз атынан «Жаз» («Жаздыкүн шілде болғанда...») деген өлеңін жариялаған болатын. Абай — «Ескендір», «Масғүд», «Әзім әңгімесі» поэмалары мен этикалық-философиялық еңбегі «Қара сөздерді» жазды. Ақынның 1890-1898 жылдар аралығында жазылған «Қара сөздерінде» XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының болмысы зерделенді.
Ақынды қатты алаңдатқан жағдайлар қазақтардың жаппай кедейленіп, қайыршылық халге түсе бастауы, патша үкіметі шенеуніктерінің шектен шыққан озбырлығы, жергілікті болыстардың парақорлығы мен қанағатсыз пайдакүнемдігі болды. Ол өзінің өлеңдерінде жақын туыстарына көмек қолын созбайтын сараң байларды өлтіре сынады.
Абай қазақ қоғамын ерінбей еңбек етуге шақырды. Өзінің кейбір замандастарының бойындағы жаманшылық мінездерді — жалқаулықты, еңбексіздікті, көрсеқызарлықты, алтыбақан алауыздықты, надандықты жеріне жеткізе әшкереледі. Кедейшіліктен құтылудың бір тәсілі егіншілікпен айналысу, қолөнер кәсібін және сауда-саттық жасауды үйрену екенін айтты. Ол былай деп жазды:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйреніп, ойлап, мал ізде
Оның басқаша ойлауы мүмкін де емес еді. Қазақ даласында жиі болып тұратын жұт қарапайым халықты ауыр қайғы-қасіретке душар ететін. Ондай кезде жылдар бойы жинаған малдан бір-ақ күнде айырылып, жұтап қалуға болатын еді. Абай 1880 жылғы алапат ауыр жұтты өз көзімен көрді. Сол жылы оның сан мыңдаған жерлестері қайыршылық халге душар болған еді. Семей облысында кедей жатақтардың саны бұрын-соңды болып көрмеген жоғары көрсеткішке жетті. Олар казак станицалары мен орыс шаруаларының деревняларына жаппай ағылып, болар-болмас тиын-тебенге жалданды, үй қызметшілері, қолбала, бақташылар болды. Қайыр сұрап, ел кезіп кеткендер де көп еді.
Абай қазақтарды мал өсірумен қоса сауда жасауды, белгілі бір кәсіп түрімен шұғылдануды үйрену қажеттігіне баса назар аударды. Орта Азия тұрғындарының кәсіп түрлеріне үлкен ілтипатпен қызыға қарады. Ол былай деп жазды: «Енді қарап тұрсам, сарттың екпеген егіні жоқ, саудагердің жүрмеген жері жоқ, қылмаган шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен бірі ешбір шаһари (яғни қала адамдары болып. — авт.) жауласпайды. Орысқа қарамай тұрганда қазақтың өлісінің ахыреттігін (кебінін. авт.), тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды».
Абай халыққа жаны ашымайтындарды жек көрді, байлардың қарапайым халыққа менсінбей қарауы оның ашу-ызасын келтірді. Қоғамды прогресшіл түрде дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Абай ел басқаруға халық үшін қызмет ететін, адал адамдар сайлануы тиіс деп есептеді. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды.
## Абай және халық ағарту ісі
Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге...
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көнсеңіз..., -
деп жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады. Атап айтқанда, ол былай деп айтты: «Балаларды ата-аналарынан алып, мектепке беру керек, олардың біразын мамандықтың бір түрін, біразын басқа мамандықтарды игеруге бағыттау керек. Мектептерді көбейту қажет, оларда тіпті қыздар да оқитын болсын».
Ұлы ақын өз шығармаларында халықты ғылыммен белсене айналысуға үндеді. Әркімді өзінің өткен әр күніне міндетті түрде есеп беріп отыруға, келер ұрпақты парасаттылыққа шақырды.
Абайдың пікірінше, адам болу үшін оның бойынан үш түрлі фактор табылуы тиіс. Біріншіден, баланың шыққан тегі жаксы болуы керек, екіншіден, оның әлеуметтік жағдайы немесе қоршаған ортасы жағымды болуы шарт, үшіншіден, балаға адамгершілік тұрғысында тәрбие берілуі қажет.Абай парақор билеушілерді, ашкөз судьяларды, надан молдаларды әшкерелеп отырды. Халықтың игілігіне жету жолындағы бұл қырсықты ғылым мен білім аркылы ғана жоюға болады деп есептеді. Ол жастарға үздіксіз еңбек етіп, білім алуды міндет етіп қойды. Білім алуға жұмылған еңбек әрқашанда жемісті және ізгілікті болатынын қадап айтты. Қараңғылықтан шығар, елді өркениетке жеткізер жалғыз жол — оқу-білім екенін көзі қарақты жастарға түсіндірді.
## Аудармашылық қызметі
Абай орыс тілін тамаша меңгерді. Мұның өзі оның орыс ақыны Михаил Лермонтов бірқатар өлеңін қазақ тіліне аударуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, Абай М.Ю. Лермонтовтың «Шайтан» («Демон»), «Дұға» («Молитва»), «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Жалау» («Жалғыз жалау жалтылдап»), «Теректің сыйы» («Асау Терек долданып, буырқанып») сияқты өлеңдерін аударды. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений Онегин» дастанының үзінділерін қазақы ұғымда жатық етіп еркін аударды. Абайдың Татьяна хатының сөзіне шығарған «Татьянаның қырдағы әні» қалың елдің сүйікті әніне айналды.
Абай И.А. Крыловтың мысалдарын қазақ тіліне аударумен де айналысты. Қазақтар ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті жетекшісі Ә. Бөкейханов өзінің қырғыз даласындағы әртүрлі уездерде болған кезінде ондағы ақындардың Пушкин мен Лермонтовтың Абай аударған өлеңдерін жақсы білетініне, оларды домбырада әнге қосып айтатынына көз жеткізіп қайтқанын жазады.Орыс тілінен Абай аударған шығармалар қазақ әдебиетін байыта түсті. Абай орыстың ұлы ақындарының 50-ден астам өлеңін қазақ тіліне аударды.
## Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны
Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.
Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктемде оның тағы бір ұлы Мағауия дүниеден өтті. Бұл қайғылы оқиғалар Абайға аса ауыр тиді. Мағауияның өлімінен кейін 40 күн өткенде Абайдың өзі де қайтыс болды.
Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды.
Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағұл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдың арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның редакциясымен басылып шықты.
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүниежүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гётелермен қатар тұрады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы 1995 жылы дүниежүзілік ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
## Түрікмен оқырмандары
Ақынның қайтыс болғанына 50 жыл толуына орай түрікмен ақындары оның өлеңдерін аударды, ал ғалымдар мен сыншылар Абайдың шығармашылық жолы мен поэзиясының түр ерекшеліктері жөнінде зерттеу мақалалар жазды. Абайдың өлеңдерін ақындар М. Сеидов, К. Эзизов, С. Ураев, А. Баймурадов, А. Ораз тағанов түрікмен тіліне аударды. Ұлы ақынның туғанына 125 жыл толу тойы қарсаңында Б. Кербабаев, Б. Сейтақов, А. Алымкулов, Н. Гуллаев, А. Белмурадов, Н. Эсенмурадов тағы басқа Абай өлеңдеріне жан-жақты талдау жасайтын мақалалар жазды. Жиырмасыншы ғасырдың басында түрікмен поэзиясында шарлар алға шықты. Шахир да суырып салма ақын, олар өлеңді алдын-ала дайындықсыз-ақ құрай алады. Ондай шахарлар қатарына ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырған Кер-молла, Байрам-шахир, Молла-мұрт, Дурды-Клыч, Ата Салих жатады. Абай поэзиясына тән суырып салмалық ерекшелік осы түрікмен ақыңдарының поэзиясында кездеседі. Бұл жөнінде түрікменнің әдебиетшісі А. Баймурадов өзінің «Поэзиямыздағы Абай дәстүрінің жалғасуы» («Әдебиет ве сунгат», 1974 жыл) атты мақаласында кең көлемде сөз еткен. Абайдың өлеңдерімен қатар ғақлиялары, «Ескендір», «Масғұт», «Әзімнің әңгімесі» атты дастандары түрікмен оқырмандарына жақсы белгілі.
## Абай туралы
Абай туралы (кітаптар, мақалалар, фильмдер т.б.):
* Абайдың өмірбаянына қосымша материалдар — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Абай Құнанбайұлының шығармаларының» 1940 жылы шыққан 2 томдық жинағының 2 томында жарық көрді.
* Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап) — («Жизнь и творчество Абая (Ибрагима) Кунанбаева»), Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Абай Құнанбаевтың «Лирикалары мен поэмалары» атты 1940 ж. «Художественная литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрген жинағына жазған алғы сөзі. Кітап Л. Соболевтің редакторлығымен шыққан.
* Абай — қазақтың ұлы ақыны (кітап) — Мұхтар Әуезовтің туындысы (Б. Кенжөбаевпен бірге). Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 ж. жарық көрген.
* Абай аулында — Мұхтар Әуезовтің балалық шағына арналған көркем туынды. Авторы Т. Жұртбаев. 1987 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрген.
* Абай ақындығының айналасы — Мұхтар Әуезотің мақаласы. «Әдебиет майданы» журналының 1934 ж. 11-12-санында, сол жылы «Социалды Қазақстан» газетінің 30 желтоқсандағы нөмірінде жарияланды.
* Абай елі — альбом-шежіре. Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай 1994 жылы «Өнер» баспасынан шыққан.
* Абай елінде өткізілген мереке — Мұхтар Әуезовтың очеркі. Ұлы Абайдың 100 жылдық мерейтойында көрген-сезген жайлардан туған ойларын жазған. Очерк «Қазақ елі» журналынын 1945 жылғы 3-4-санында, кейін Мұхтар Әуезовтың 20 томдық шығармалар жинағында (18-кітап, 1985) жарияланды.
* Абай еңбектерінің биік нысанасы — Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Абайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты жазылып, алғаш рет «Социалист Қазақстан» (18. VIII. 1945), «Ленин туы» (23. VIII. 1945), «Алтай большевигі» (26. VIII. 1945) газеттерінде жарияланды.
* Абай жайын зерттеушілерге — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Семей облыстық «Екпінді» газетінің 1940 жылғы 17 шілде күнгі санында жарияланған.
* Абай жолы — («Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың шағын мақаласы. «Литературная газетада» 1954 жылғы 13 қарашада шыққан.
* «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 жылы орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
* «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері — монография. Авторы Ләйлә Әуезова. 1969 жылы орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.
* Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.
* Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.
* Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтің ғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.
* Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар — Мұхтар Әуезовтың 1940 жылы жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен бірге).
* Абай (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 жылы Алматы киностудиясы шығарған.
* Абай (диафильм) — диафильм. 1956 жылы Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.
* Абай (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.
* Абай (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.
* Абай (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.
* Абай (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.
* Абай (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.
* «Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтың мақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.
* Абайды білмек керек ойлы жасқа — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 жылы «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.
* Аймақтану, білім арттыру — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтың мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Абай Құнанбаев, өлеңдері, поэмалары, аудармалары
* Әлемге танылған - АБАЙ Мұрағатталған 25 тамыздың 2009 жылы.
* Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы. Мұрағатталған 26 ақпанның 2011 жылы.
* Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы
* Дархан Қыдырәлі. Түркістанның ең ұлы ақыны
* Абай ақпараттық порталы |
Қадырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Бұл — қазақ тілінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. "Жинақтың" тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп, көрнекті ғалым Р.Сыздықова арнайы кітап жазған ("Язык", "Жамиат-тауарих", "Жалаири", Алматы, 1989 жыл). Қадыр Әлі деректеріне Шоқан Уәлихановтан бермен қарай талай тарихшылар, зерттеушілер сүйеніп келеді.
Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.
## Өмірбаяны
Қадырғали Қосымұлы Жалайыри қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым".
ХVI-ХVII-ғасырларда жалайырлардың бір бөлігі Ұлытау, Көкшетау аймағында көшіп жүрген. Қазіргі географиялық картада, Арқа жақта Жалайыр, Керей көлі, Найман деген ұзыннан ұзақ бел-белестер бар. ХVIII-ғасырдағы Жоңғар қалмақтары жасаған жойқын шабуылда ("Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама" заманында) Жалайырлар әуелі Бетбақдалаға ығысып, кейін құба қалмақтар жеңіліп, қазақтың кең даласы жаудан тазара бастаған соң, жылжи-жылжи Шу, Іле, Қаратал өзендерінің жағалауына келіп орналаса бастайды.
Қазақ хандарының қыстық қонысы Түркістанда болған да, жазда Арқа жаққа, Көкшетауға көшіп барады екен. Хан-сұлтандар ол кезде аң аулауға жеке дара шықпайды, көп нөкер, саятшы ерткен. Бұл кезде бір орталыққа бағынып,жаңа күшейіп келе жатқан орыс патшалары оңтүстік-шығыстағы көршісі қазақ хандығымен қарым-қатынасын кеңейтуге мүдделі-түғын. Шығысында пайда болған үлкен мемлекет Жоңғар хандығы, оңтүстік батысында өзбек әмірлері, Жайықжақтан башқұр мырзалары тыныштық бермей отырған қазақ хандары да орыстармен сыпайы сауда-саттық қатынас жүргізіп жатқан. Оқта-текте Мәскеуге елшілері де барып қайтатын. Бірақ өздерін ішке кіргізбейтін. Сол кездердің өзінде-ақ қазақ хандығы әлсірей қалса, ұлан байтақдаланы иемдену сияқты түпкі арам ойы бар орыс патшалары сол елдің ішкі-сыртқы жағдайын, тарихын, салт-санасын, әскери күшін, қорғану қабілетін жете білуге тырысуы заңды еді. Осы мақсатпен олар ханның айналасындағы адамдардан түтқын алуды бұрыннан ойлап жүрген. Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали Жалайри бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді.
Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Жалайри Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали Жалайри бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді.
Қадырғали Жалайридің бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Байұзақ Албани: "Тарихнамада оның есімі Әбілғазы, Бабыр, Бенаи сияқты ғүлама тарихшылармен қатар аталады. Орыс ғалымдары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин, В.В.Вельяминов-Зернов оның еңбегін жоғары бағалады", — дейді "Тарихи таным" атты кітабында. (195-бет). Оразмұхаммед пен Қадыр Әлі бастаған қазақтардың Ресейде болу оқиғасын көрнекті жазушы, көне тарихымыздың білгірі Мүхтар Мағауин "Аласапыран" атты романында кең және көркем баяндаған. Бұл романы үшін оған Мемлекеттік сыйлық берілгені белгілі. Соңғы кездері Қадыр Әлінің еңбегін әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің профессоры М. Қойгелдиев арнайы зерттеп жүр.
Байұзақ Албани былай дейді: "Ол жырақта жүрсе де, қазақ хандарының саяси-өлеуметтік жағдайлары, Қазақстанда рулық-патриархалдық қатынастардың қалыптасуы, хан төңірегіндегі сұлтандар мен қаршылар, бектер мен хафиздер т.б. жайында деректі мәліметтер жазып қалдырды. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керейіт, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама берді. Ол Рашид ад-Диннің парсы тіліндегі "Жамиат-тауарих" шежіре кітабына сүйене отырып, Шыңғысхан әулеті және оның өзі жайында аса мол деректер келтіреді, қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақжерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
## Қадырғали сол Қараша мырза ма?
Тарихшылар Қадырғали Жалайыридың "Жамиғ-ат-Тауарихын" ғана төңіректеп жүр. Ал, орыс жылнамаларында Қараша мырза деп берілген ғалымның ханның ымыраға келгеніне қарамастан Ресей шеңгеліне түскен түркілерді үлкен көтеріліске бастағаны, Ермактың 5 қолбасшысының үшеуін өлтіргені әлі аз зерттелген, өзімізде аз насихатталған. Осыдан жеңілгеннен кейін Қазақ даласына қайта қашып, кейін Оразмұхамедке ілесіп аманатқа барған...
"Түрлі дерт пен аштық әскерінің біразын жусатып салған Жармақ аңғалдық пен жеңілтектігінің де зардабын шекті. Мырза әлде кінәз Қараша өз Патшасына ескертпестен Тар Ұлыста, Искерде көп тыңшы ұстады, айналадағы барлық Жұртта оның тілекшісі, жақтасы, достары көп болды; өзін отанды құтқарушы көрсеткісі келді, уақытын күтті, сөйте жүріп түрлі сый-сыяпат, Ноғайлардан қорғау туралы өтініш айтып Ресейліктерді алдаумен болды, Жармаққа да адал дос болуға сөз берді. Содан Жармақ оған Иван Кольцо бастаған қырық сарбазын қонаққа жіберді. Осы бір топ адам отқаруды екі-үш мәрте гүрс еткізіп мыңдаған жабайыны тым-тырақай ете алар еді, тек тағдыры ажалға айдаған Козактар жалған достарына сеніп барып, қынадай қырылды, Жармақтың маңдайалды баһадүрлері, айқаста арыстанша алысқан ерлері Тар Ұлыста құрбандық қойдай қанға бөкті!.. Осыдан кейін бізге олжа салушы Татар, Сібір Естектері Ресейліктерге қарсы шығып, разьезде Атаман Яков Михайловты өлтірді, майдан алаңында Қарашаға қосылып Искер маңын түндей тұтты, Жармақ тар қоршауда қалғанын көрді."(Н.М. Карамзин)
## Жылнамалар жинағы
"Жылнамалар жинағының" жалғыз көшірме данасын Қазан Университеті кітапханасына татар галымы И.Халфин тапсырған екен. Сол көшірмені шығыс қолжазбалар жинағына бастырғанда профессор И.Н.Березин былай деп алғы сөз жазыпты: "Біз шығармаға қандай ат берілгенін білмейміз, бірақ кітаптың негізгі бөлігі Рашид ад-Диннің әйгілі туындысының қысқаша аудармасынан тұрғандықтан, біз оның атын да қолжазбамызға бере аламыз". Сөйтіп, ол Қадыр Әлі еңбегін оның нағыз аты анықталатын көшірмесі табылғанша "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" деп атауды ұсынған.М.Қойгелдиев былай дейді: "Өкінішке орай, қолжазбаның кейінірек Петербургтен табылган екінші көшірмесінде де еңбектің автор берген аты жоқ болып шықты да, ол сол "Джами ат-Таварих" — "Жылнамалар жинағы" атанған күйінде қала берді. Бұл жағдай тарихшы ғалымдар арасында Қадыр Әлі би еңбегінің дербес деректік мәнін тура бағалауға едәуір кедергі жасады, басқаша айтқанда, оны Рашид ад-Дин жұмысының түрікше нұсқасы ретінде ғана қарауға негіз болды". ("Қазақ тарихы" журналы, 4-нөмір, 1994 жыл.)
Кейін «Жылнамалар жинағы» деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» дейді ол өзі жайында. «Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген. Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1. Борис Годунов билігін бейнелеу. 2. Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы.
## Күміс сандық құпиясы
Қадыр Әліге аса жоғары баға берген үлы ғалымдарымыздың бірі — академик Әлкей Марғұлан, 1981 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің 1-нөмірінде жарияланған "Күміс сандық қүпиясы" атты көлемді мақаласында былай дейді:
"Оразмұхаммедтің кітапханасында сақталған кітаптардың ең бағалысының бірі — өзіне дос болған серігі, әрі атақты биі, көркем тілде қазақша жазатын жазушы Қадырғали Жалайыридің шығармасы. Оның кітабы 1598 жылы жазылып біткен, әуелдегі аты қандай екені белгісіз. Жазудың бас-аяғы жоғалып кеткен... Шоқан оған зор ғылыми мән беріп, бүл қазақ тілінің жақсы бір мұрасы деп білген. Оның түсіндіруінше: "В отношении сведений о киргизах самое первое место занимает "Сборник летописей" издания Березина, замечательный тем более, что представляет единственные памятники прошедшей жизни казахов. Он написан в конце царствования Бориса Годунова... В нем степных уподоблений, поговорок бездна"... Оған бірінші көңіл қойған жазушы —Абылғазы. Бүл кісі Қадырғалидың кітабын Есім ханның үйінде қонақ болып, Түркістанда жатқанда оқыған болу керек. Есім — Тәуекелдің інісі, Оразмұхаммедтің ағасы. Москвадан қазақ елшілері алып келген Қадырғалидың кітабы Тәуекелде, Есімде болуы айдан анық. Сондықтан бұл кітапты Абылғазы бір ғана Түркістан қаласында оқиды. Орта Азияда өзге қалаларда бүл кітап болмаған. Ресейде бүл кітапты жақсы білген П.И.Рычков, Н.М.Карамзин оның керек жерін пайдаланып отырған. Абылғазы оқып шыққан бүл кітаптың бір көшірмесін Ибрагим Халифиннің Френге жазуынша, 1918 жылы Қазан Университетінің кітапханасы сатып алады...
## Жалайыр тайпасынан шыққан
Қадырғали араб, парсы, түркі, орыс тілдерін бірдей жақсы білген... Қадырғали—Жалайыр тайпасынан шыққан қазақтың ойшыл ғалымы, жазушысы, өрнек қалдырған мәдениет мұрагері. Өзінің жазуында да жалайыр тайпасын жоғары көтеріп ардақтаған: "Алаш мыңы арасында үлығы тарақ тамғалы Жалайыр болған. Оның жазғандарын қазақ жазу мәдениетінің бірінші үлгісі деп тану керек".
Соңғы жылдары қазақ ғалымдарының күш салуы арқасында Қадыр Әлі еңбегі өз халқымыздың алтын қазынасына айналғанын айта кеткен жөн.
Еңбек үш бөлімнен тұрады: 1.Борис Годунов билігін бейнелеу. 2.Рашид ад-Диннің "Джами ат-Таварих" атты еңбегінің қысқаша аудармасы. 3. Орыс ханның Оразмұхаммед сұлтанға дейінгі қысқаша аудармасы. Бұларға қосымша алтынордалық ірі қайраткер Едіге батыр жайында дастаны берілген.Қадыр Әлінің бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты — өз әміршісі Шыңғыс хан ұрпағы Ондан сүлтанның баласы Оразмұхаммедтің хан тағына лайық екенін дәлелдеу. Екінші бір мақсат: "... патша Борис Федоровичтің мәңгі әділдігін, ақтығын айту және тағы жоғары мәртебелі Оразмұхаммед ханды жоғары мәртебелі патшаның қүрметпен хандыққа отырғызғанын көрсету үшін жазылды". (И.Н.Березин. "Библиотека восточных источников". I том, Казань, 1854.)
Одан әрі Қадыр Әлі былай дейді: "... бүкіл орыс патшасы Борис Федоровичтің үкім жарлығымен оңды-солды қаршыларды, қүрметті бектерді отырғызып, көше-көше, орам-орам мылтық андаздармен маңғазданып және саясатпен қол қусырып, бас иіп, игі жақсылар түрды. Осындай салтанатпен Оразмұхаммед Ондан Сұлтанұлын аса құрметтеп, көрініске алып, бұл жерде патша хазіреті таққа отырғызды" (Қасымов қаласында). (Қасым хандығы Мәскеуден 250 шақырым Оңтүстік шығыста, Ока өзенінің сол жағалауына орналасқан.)
Орыс хан туралы былай деген: "Оны барлыгы аға тұтып, патшалыққа отырғызды. Одан соң Орыс хан Алатау төңірегіне қоныс тепті. Ол жер өте үлкен және биік тау еді. Онда жақсы жайылымдар, сулар мен бұлақтар да көп болған... Отырар, Сайрам шаһарлары... Шу, Талас, Ыстықкөл, Теклік әуләяттары болған. Халқы өте көп, іргелі, мықты, даңқты және батыр болған".
Қадыр Әлі бұдан кейін Құйыршық хан, Барақ сұлтан, Кіші Жәнібек, Қасым хан жайында баяндайды. "Оразмұхаммед Орыс ханнан Жәнібек ханға дейін төртінші буын еді", — дейді. "Шығай хан батырлығымен мәлім болды. Оның ұлы Ондан сұлтан ержүрек, батыр, садақ атудың керемет мергені еді. Әрқашан сыртқы жауларға қарсы күресте көп ерлік көрсетті... Ақырында қалмақтармен шайқаста отыз жасқа келген жігіт шағында шаһит болды. Оның қабірі Қожа Ахмет Яссауи (қасында) жерленді".
Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қай сұлтанның, қай ханның, қай жерде шаһит болғанын, жерленгенін көрсетуімен де қүнды. Тәуекел ханды "Ислам мемлекетінің басшысы" деп атаған. Онда сұлтан шаһит болғанда Оразмұхаммедтің он үш жаста жетім қалғанын айтады. "Он алты жасында жалпы христиан басшысы Борис Федоровичке қызмет істеуге дайын болды" дейді (Оразмұхаммед 1610 жылы Лжедмитрий мен Василий Шуйский арасындағы қантөгісте ерлікпен көз жүмған.).
## Қадырғали Жалайри еңбегінің маңызы
"Қадырғали Жалайри еңбегінің қазақ халқының, қазақ хандығының қалыптасу процесін зерттеп білуде алатын орны ерекше, бұл мәселелерді анықтау барысында тарихшылар оған әлі талай рет оралатын болады, — дейді одан өрі М.Қойгелдиев. — Мәселен, Қадырғали бидің сол түстағы қазақ елін "Алаш мыңы" атау себебі ғылыми әдебиетте әлі күнге дейін жан-жақты баяндалған емес... Аса маңызды тарауларының бірі — "Орыс хан дастаны". Бұл дастаннан біз басқа еңбектерде кездесе бермейтін мынадай фактілерді байқаймыз: біріншіден, Жәнібек ұлысының, яғни қүдіретті Алтын Орданың ыдырау барысы, оған Фетка Науакрат бастаған әскердің "қосқан" үлесі, Фетка Науакрат деген кім, қайдан келген — бұл әлі анықталмаған мәселе. Екіншіден, осы Фетка Науакрат салған алаңнан кейін Орыс ханның Алатау жаққа кетіп, сонда орын тебуі. Ал бұл Орыс хан қазақ хандары династиясының негізін қалаушы болғандығы мәлім. Үшіншіден, Қадырғали би бұл дастанында Жетісудың сол тұстағы (ХIV-ғасыр) қалаларын атап, әскерін сипаттап, елінің ірі, ержүрек келетіні туралы да айтқан" (38-бет)."Қазақ тарихы" журналының сол нөмірінде Қадыр Әлі еңбегінің "Орыс хан және оның ұрпақтары" деген тарауы берілген. Жалпы, Қадыр Әлі еңбегі қолдан қолға көшірілгенде көп қателер кеткені анық, сонда да оған әлі талай тарихшы айналып соғары сөзсіз.
Шығыс жылнамашыларының, әсіресе, Рашид әд-Диннің, Әбілғазының, Хайдар Дулатидің, Қадырғали Жалайырдің тағы басқа ғалымдардың жазбаша еңбектерін оқып отырғанда ағайын-туғандар бақ-дәулет, атақ-даңқ үшін қаншама ғасырлар бойы өзара қырғын соғыстар ашқанына көз жеткізу қиын емес. Бірақ, бүл — тарих. Ал тарихтан келер үрпақсабақалып, өсіп-өркендеуге тиіс. Ол үшін өткен тарихқа жиі-жиі көз жіберіп отыруымыз керек. Қадыр Әлі бидің еңбегі — бұл салада айрықша көзге түсетін інжу-маржан.
## Қосымша
Қадырғали Қосымұлы (1530-1605 ж.ж.) қазақтың орта ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалымы әрі атақты биі. Қадырғали бидің түп тегі ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Сондықтан да ол көбінесе "Қадырғали Жалайри" аталып кеткен. Ата-бабалары ертеде Сырдария бойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Ескелді, Балпық билер, Орақ сияқты батырлардың басшылығымен Жалайыр әулеті осы күнгі Талдықорған облысына келіп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-бабалары Қарахан дәуірінен бері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі Қосым да беделді би.
Оның әкесі Темшік, баһадур Анжы баһадур Адымшейх мырза ағасы Қараш бек Құбай Қамбар мырза Айтаулы бек Шейх Софы бек Тебребек Саба баһадур Сартақ ноян бәрі-бәрі батыр, бек, би болыпты.
Ата, әке жанында жүріп, олардан тәрбие алған Қадырғали жас кезіненақ хан ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы, кейіннен ханның ордасындағы жас бекзадалардың ақылшысы. Кейіннен ханның кеңесші биі болады. Жалайыр елін қалмақтар шауып, берекесін алған жылдары оның аталары Көшім ханның қол астына барып қосылады. Онда барған соң да ол ханға ақылгөй би боп тұрады. Қадырғали би өзінің "Жами ат-тауарих" ("Жылнамалар жинағында") кітабында: "Менің аталарым Ораз Мұхамед сұлтанның аталарына қызмет етті. Әзім Ораз Мұхамедтің қасында болдым" деп жазады. Осыдан-ақ оның атақты Ораз Мұхамедпен қызметтес болып, орыс княздігімен қарым-қатынаста жүргені аян. Сібір сұлтаны Сейдектің де кеңесші биі болып тұрған. 1588-1598 жыл аралығынды Қадырғали Ораз Мұхамедпен бірге Мәскеуде патша сарайында қызметте болады. Орыс патшалығы мен шведтер және Қырым хандығы арасындағы соғысқа қатысады. Сол соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз Мұхамед Сұлтанға Ока өзені жағалауынан жер бөліп беріп, өз алдына хандық құруға рұқсат берген. Ол хандықтың орталығы Қасым қал асы болған. Қадырғали сол Ораз Мұхамед басқарған хандықта уәзір, би болып қызмет атқарады. Қадырғали би сол жылдардан бастап ғылыммен айналыса бастайды. 1600-1602 жылдары Қасым қаласында ол өзінің "Жами ат-тауарих" атты кітабын жазып бітіреді. Енді оның атақ-даңқы осы тарихи шежіре кітабы арқылы бүкіл дүние жүзіне мөшһүр бола бастайды. Түрік тілінде жазылған, бұл еңбегінде қазақ сахарасында өмір сүріп, тіршілік еткен Үйсін, Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Сіргелі, Қоңырат, Керей, Найман, Алшын т.б. түрік тектес ру-тайпалардың түп ата-тегін таратып ғылыми талдау жүргізеді. Оғыздар мен Қарахан дәуіріне сипаттама береді. Ертедегі және одан бергі хандар дәуірін әсіресе Шыңғыс хан және оның өулеті мен қазақ ұлыстарынан шыққан хандар, сұлтандар, бектер және олар билеген қазақ халықтарының ішкі-сыртқы шапқыншы жаулармен күресі т.б. саяси-әлеуметтік жайлары баян етілген. Қадырғали бидің бұл еңбегін кезінде Шоқан Уәлихановтан бастап көптеген халықтардың белгілі зерттеуші ғалымдары жоғары бағалған. Енді осы "Жылнамалар жинағынан" бірер үзінді келтірейік:
"...Тоқтамыс хан Еділ бойында өтті: Тайқожа ұланның ұлы еді. Құтлу Қия ұлы Едіге Күчүк оның кеңесшісі, серігі еді.
...Тоқтамыс ханның мәлім, белгілі ұлдары мыналар: Аттарын таратып айтсақ Жалаладдин сұлтан, екіншісі Күшік сұлтан, үшіншісі Жафарберді сұлтан, төртіншісі Қалымберді сұлтан, бесіншісі Қадырберді хан, қызы Жанике атты еді. Оны Едіге би алды. Едіге Күчүк Жаникені алганда Қадырберді хан үш жасар еді.
...Темір-Қүтлу Едіге бекпен бірі хан, бірі бек еді. Заманында көбейіп; ұрпақ өсіріп өмір кешті. Темір-Құтлу ханның ұлы Темір хан. Оның ұлы Болат хан. Оның ұлы Кичик Мұхамед хан. Оның ұлы Ахмед хан. Сол Ахмед ханның үш әйелінен тоғыз ұлы болды.
...Қажы Керей ханның атасы Жанкерей Сұлтанды Қоңырат бектері өлтірген соң өлі жас Қажы Керей сұлтан қашып Чақырған байта жалданып жүргенде бектер өз араларында бірімен-бірі жараса алмай Қажы Керей Сұлтанды іздеп тауып хандыққа қойды... "Шежіреде Едіге бидің әуел бабасы АбуБакир (Мухаммед пайғамбардың ең 1-төрт Халифасының бірі) одан бірнеше ата-бабалардан соң Керемет-Әзіз, Жалаладдин келеді. Оның Адһам, Баба Тұқлас (Бабай Түкті Шашты Әзіз) деген екі ұлы болады. Баба ТҮклас Қатбада патша болады. Оның Терме деген ұлы Еділ Жайықта тұрып ңайтыс болды. Терменің ұлы Карачиде, Карачидің ұлы Ислам Қияда, оның ұлы Қадір Қияда Еділ-Жайықта тұрып қайтты. Қадір Қияның ұлы Қүтлу Қия Құмкентте қайтыс болды. Оның ұлы Едіге би, Алла оган рахымын жаудырсын... Баба Түкластың төрт ұлы бар еді. Бірі Қагбада, бірі Қагбаның жанында, бірі Үргеніште, бірі Қырымда жатыр. Енді бір деректе Баба Тұқластың (Абас, Ғабұл Рахманқожа, Терме деген) үш баласы болған дейді. Едіге би Тоқтамыс ханның ұлысын биледі. Едіге 63 жасында барып сарайдың қастандыгынан өлді. Едігенің Нұраддин мырза, Қасым мырза, Сейдутали мырза және жастай екеуі қайтыс болған. Осы бес ұл Қожаханың Бақтыла деген қызынан ту ған..."
Қадырғали би бұл кітабының соңғы жагында өзінің жан досы әрі ұстзы Ораз Мұхамед туралы былай деп жазады:"Оның әкесі Ондан Сұлтан, оның әкесі Шығай хан, оның әкесі Иадік хан, оның әкесі Жәнібек хан, оның әкесі Барақ хан, оның әкесі Құйыршық хан, оның әкесі Орыс хан...
Олардың әрбірі бірнеше ата болып өз уәлаяттарында патшалық қылып, атақты болып өтті. Олардың арасында аса белгілі болған Қасым хан еді. Ол Жаған бикемнен туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты...
Ораз Мұхамед хан сегіз жасында өзара қақтығыста қаза болған ұлы бабасы Шығай ханнан айрылды. Он үш жасында әкесі Ондан Сұлтан шаһит болып одан айрылды. Бірақ уақыт тарлықта Сейдақ бидің алдында кіріптарлық шекті. Одан он алты жасында барлық христиан падишасы Борис Федоровичтың құлдығына әзір болды. Сол күннен қазірге дейін Борис патшаның қызметінде. Ұлы мәртебелі патша құлын жарылқады.
...Жиырма жасында ұлы мәртебелі Ораз Мұхамед хандыққа отырды. Алла дәрежесін ғұмылық етсін..."
Соңғы кезде Қадырғали Жалайри би жөнінде жаңа деректер табылып жатыр. Соның бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Жанғара Дөдебаевтың Қадырғали би туралы "Алматы ақшамы" газетінде (30 шілде 1997) жарияланған мақаласы.
Автор осы зерттеуінде (ол кезде өзінің арғы бабасы Қараш бек есімімен аталып жүрген Қадырғали бектің Сібірдегі атаман Ермак бастаған басқыншылығына қарсы қалай соғысқанын жан-жақты жазыпты. Осы зерттеу мақаласының соңын автор былайша тұжырымдайды:
...Сөйтіп, атаман Ермак бастаған шабуыл жеңіліс табады. Ермак опат болады.
...Атаманның сауыты Қайдауыл мырзаға, қафтаны Сейдекке сыйға тартылады, қылышы мен белдігі Қарашаға беріледі . Бұған Караганда, Ермак қолын жою жолындағы соғыста осы аталған үш адамның атқарған қызметі аса зор болғанға ұксайды. Ермак өлгеннен кейін бұлар Сібір хандыгындағы ең беделді, ықпалды кісілердін қатарында қалған.
Сібір жылнамалары мен байырғы зерттеу еңбектерде атаман Ермак бас таған қарақшылардың жаулаушылық жорығына қарсы тұрып, оның бар ауыртпалығын тікелей көтерген бірден-бір ірі тұлға Қараша:
* Ермактың шапқыншылығына, тонауына алғаш ұшыраған соның ұлысы;
* Сібірге үлкен күшпен келген Сейдекті қарсы алып, соның тобына қосылатын осы азамат;
* Атаман Ермакқа жансыз жіберіп, оның күшін екіге бөлетін, сөйтіп өз аулына атаман Иван Кольцо бастап келген қырық қарақшыны түгелдей қырып салатын тағы да сол;
* Ермак бастаған қарақшылар қолында қалган Сібір астанасын қоршауға алып, бүкіл Сібір қарулы күшін жаулаушыларға қарсы Отан азаттығы үшін соғысқа көтеретін де осы жан;
* Ермак бұзақыларынан Сібір астанасын азат ету жолындағы ұрыста жасақтары үлкен шығынға үшырап, екі батыр ұлы ерлікпен қаза табатын бек те осы;
* ақырында, Ермактың белдігі мен қылышын беліне тагынатын қаһарман да сол;
* Ораз Мұхамед ханзадамен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың тұтқынына түсіп, Мөскеуге жеткізілетін де осы Қараша еді.
Сібірдің азаттығы үшін осынша қан мен тер төккен батыр қолбасы, мемлекет қайраткері Қадырғали бек екені туралы қазақ ғалымдары осы күнге дейін екі ұшты пікірде. Біздіңше, татар ғалымы М. А. Усмановтың: "Сібірлік Қараша мен Қадырғали бек бір адам" , - деп тұжырымдауы дәлелді, дәйекті әрі онда үлкен шындық бар.
Сібір тарихы туралы алғашқы дерек көздері мен зерттеулерде Ораз Мұхамедпен, Сейдекпен бірге Данила Чулқовтың түтқынына түсетін Қараша "Көшім ханның ақылғөй қарашасы" ("Царя Кучумова думной қарача") деп үзілді-кесілді, анық көрсетіледі ".
## Сілтемелер
* «Жами ат-тауарих»
* Жылнамалар жинағы
* Қазақ хандығы
## Сыртқы сілтемелер
Жалайыри
## Дереккөздер |
Берік Мәжитұлы Имашев (7 маусым, 1960, Алматы) — Қазақстан Республикасы Әділет министрі.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1982 ж. Михайло Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
* Университетті тәмамдағаннан кейін аудандық прокуроратураның тергеушісі
* Қазақ КСР Прокуроры жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші
* аудан прокуроры
* Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының басқарма бастығы
* Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
* 1994—1997 жж. «Казкоммерцбанк» акционерлік банкінің басқарма төрағасының орынбасары
* Мемлекеттік мүлік басқармасы жөніндегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары
* салық полициясы басқармасының бастығы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитеті төрағасының орынбасары.
* 1997 ж. мамыр — 1998 ж. сәуір аралығында жеке заң фирмасының басшысы.
* 1998—1999 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
* Қазақстан Республикасының Шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы.
* 1999—2000 жж. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.
* 2001—2003 жж. «Нефтеконсалтинг» ЖАҚ президенті.
* 2003—2005 жж. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары.
* 2005 ж. мамыр — қазан айлары аралығында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқармасы төрағасының қызметін атқарды.
* 2005 ж. қазан айынан 2007 ж. қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.
* 12 қаңтар 2007 жылы - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы.
* 2008 жылдың ақпанынан тамызына дейін - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі-Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы
* 20 наурыз 2012 жылдан - Қазақстан Республикасы Әділет министрі.
## Әскери атағы
Әскери атағы - полковник.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Адайбекова Ләйлә Мұханбетқызы.
* Қыздары - Аида (1984 жылы туған), Әдия (1999 жылы туған);
* ұлы - Әлжан (1987 жылы туған).
## Марапаттары
* «Құрмет» ордені (2005)
* Ю. Семенов атындағы Халықаралық қордың «Детектив және саясат» сыйлығы (1990 ж.)
* екі медальмен марапатталған.
## Дереккөздер |
Шәкәрім Құдайбердіұлы (11 шілде (23 шілде) 1858 — 2 қазан 1931) — ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын көре білуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күңке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.
Жеті жасында әкесінен жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының тәрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның талантты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазды: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм Алланың берген ақылы да бүл қазақтан бөлек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарын оқып, насихатын тыңдап, азғана ғылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, өз бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімді адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзетүге болады деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болған.
## Өмірбаяны
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданындағы, Шыңғыстау бөктерінде 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Шәкәрім Құдайбердіұлы жеті жаста еді. Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол тұста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. Бірақ казақта екі ауыз өлеңді кім шығармайды? Жас баланың жаңағы талабы өмір күйбеңінің күлді-көмешіне алданып қалып қояр ма еді, қайтер еді, егер Шәкәрім Құнанбайдағы ерке тотай қалпынан тез ауысып, Абай тәрбиесіне көшпесе.
«Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады. Әйтеуір, төрт-бес жыл көлемінде қара танып шықса керек. Бұдан кейін еш мектеп оқуынан өтпесе де, былайғы өмірі де өнер-білім қуған жастың өсу жолын аңғартады. Домбыра тарту, гармоньда ойнау, қаршыға, бүркіт баулып, саятшылық, жасау, сурет салу, өлең жазу, ғылымға құмарлану, қалтасындағы сағатының механизміне дейін ақтарып-төңкеріп отырып, тоқтап қалса, өзі жүргізіп алатын мініскерлікке төселу, киімді өзінше тігіп киінуі — міне, бұның, бәрі сегіз қырлы, бір сырлы адамның қолынан ғана келетін іс. Бір сайлау мерзімі болыс та болып көреді. Артынша ол «еріксіз жемтік шоқыдым», «ар кетіп, айла жамылдым» деп опынады, ұлық болуды дәреже көріп, лоқығанына өкінеді, сусаған ғылымнан жырақтағанына налиды.
Бірақ Шәкәрім өзін мінегенде кейінгі жасқа сабақ болсын дейді. Мұны ұмытпауымыз керек. Әйтпесе ел жұмысына араласу оған өз тұсындағы коғамның тамырын басып, сырқатын анықтап алуына көмектесті. Творчествосынан да мүлде қол үзіп кетпеген. Ұстазы Абайдың тапсырмасы бойынша, шежіремен айналысады, жиырма бесінде «Қазақтың түп атасы» деген еңбек туғызады, өлеңін де жаза береді, «ғылымнан едім жалаңаш» десе де, қырық жасқа дейін ол орыс, түрік, араб, парсы тілін үйреніп, «философ-ойшыл жазғанын сынауға» бет бұрады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы — өз бетімен білім алып өскен адам. Әрине, жетекшісі Абай болған. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасқан. Абайдың ақыңдыққа мүлде ден қойған шағы 1886-89 жылдар шамасы екені мәлім. Бұл кезде ұлы ақын қырықтың үстіне шықса, шәкірті Шәкәрім де оған серік боларлық жасқа келді. Жиырманы орталап тастады. Сондықтан Шәкәрім өткен Абай мектеп-университетінің программасында қандай «пәндер» оқылғанын алдымен оның мұғалімі ұстанған әдебиеттен білеміз. Мұхтар Әуезов зерттеуі бойынша, Абай «Орыстың белгілі жазушыларынан: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Некрасов: сыншыл-ойшыл демократтардан: Белинский, Герцен, Байрон, философ білгіштерден: Спенсер, Спиноза, Льюис, Дарвин, Дрепер сияқты талайларды оқыған». (Шығармалар, 12 томдық. — 286-бет).
Енді Шәкәрім Құдайбердіұлы өз тарапынан ізденіп оқыған ғылыми қайнарларға келсек, бұл туралы 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі кітабында ол былай деп жазады: «Окыған кітаптарымның мұсылманшасы: тәбри — тарихи ғұмуми, тарихи ғұсмани, тарих антшар аласлам, Нәжип Ғасымбектің түрік тарихы, Әбу Алғазы Баһадур ханның жазған шәжіре түрік және һәр түрлі кітаптардан алынған сөздер; Орысша кітаптардан окығаным: Радловтың ұйғыр туралы, Аристовтың түркі нәсілі туралы, дүниедегі һәр түрлі жұрттың шежірелерінен орысшаға көшірілген сөздері. Оның ішіндегі түріктің ең ескі заманындағы шежіре кітаптары Құтадқу білік, Қошу чидам деген кітаптардың сөзі. Және араб-парсы-рум-еуропа жазушыларының сөзі» (2-бет).
Шәкәрім Құдайбердіұлы кітаптарды оқығанда адам және әлем сырын білмек үшін оқиды. Жан не? Дін не? Барша ғалам қалай жаралған? Міне, осы сұрақтарға жауап іздейді. Және соның бәрін ол «ноқтасыз оймен тексердім» дейді. Осы оймен Меккеге барғанын да айтады. Стамбұл кітапханасында он үш күн отырады. Бұл — 1905-1906 жылдар шамасы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы дінмен жұлдызы жараса бермегенін дәл осы арада айтуымыз керек. Рас, құдайға сенген. Бірак «талай дінді тексердім, ешбірі миға сыйған жоқ» дейтін де Шәкәрім. Тегінде, ол дүниеге көзқарасы жағынан деизмге ойысатындай. Өйткені «әлемде жоғалған ешбір зат жоқ, түрленеді ойла, шырақ» деп ешбір косу, алусыз материалистік ой қозғайтын да Шәкәрім Құдайбердіұлы ғой.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өз халқы алдындағы үлкен еңбегінің бірі — ұлы орыс халқымен туыстасу, достасу, оның ұлы мәдениетін игеру жолындағы Абай дәстүріне әрқашан берік болғандығы. «Орыс қой енді атамыз, жаксылық сонан татамыз» деген иікірден ол айнымаған. Орыс мәдениетін сөзбен ғана емес, ісімен де насихаттаған ол 1908 жылы А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» шығармаларын өлең түрінде аударады. Прозалық шығарманың поэтикалық шығармаға айналуы дүние жүзі әдебиетінде сирек ұшырасатын құбылыс екенін де айта кетуіміз керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл арада халқының басым бөлігінің хат танымайтындығын ескеріп, жаттауға қолайлы өлең формасына әдейі жүгінген. Әсіресе, Лев Толстой уағыздаған әділет, ар жолы қазақ ақынының көкейіне қона кетеді. Ол ұлы жазушының шығармаларын аударады, оған хат жазып, ақыл-кеңес сұрайды.
Осы Толстой ілімінің әсері ме, әлде не, 1908 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлы сахарада сирек кездесетін мінез көрсетіп, елсізге шығады, өзі «саят қора» деп атаған үйде жападан-жалғыз, семьясыз тұрады. Сонда да ол халқынан рухани бөлектенген жоқ, қажыдан қайтқандағы атасы Құнанбай құсап шымылдық құрып, жарық дүниені төрк етпейді, өлеңін жазып, әлем оқиғаларына үн қосып отырады.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1917 жылғы революция таңын жарқын үмітпен қуана қарсы алды. Оған куә — «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» деген революцияға арнаған жырлары. Кейде адасып, дос қайсы, дұшпан қайсы екенін айыра алмай қалған кездері де болады. 1918 жылдың басында ол алашордашылардың шақыруымен Семейге келеді. Жолшыбай «Семейді қызыл алғанын» естіп барады. Бұл 1918 жылдың ақпаны. Алашордашылар Шәкәрімді сыртынан сот етіп сайлаған екен, ойында еш нәрсе жоқ ақын көне салады. Бірақ көп ұзамай, сол 1918 жылғы маусымда, Семейді ақтар кайта басып алады. «Оған тағы құл болдык, сатылған малмен пұл болдық» деп, ақтардан көңілі қалған акын еліне оралады. Сол жылғы күзде ол тағы да Семейдің құм көшесін таптайды. Осында Орынбордан қашқан Алашорда «үкіметі» көшіп келіп, өз беделін өсірудің бір амалы есебінде акынды калаға шақыртқан екен. Бұл жолы Шәкәрімнің «Алашорда бір бөлек, қауымның ойы өзгерек екеніне әбден көзі жетеді де, ескілікті қайта жаңғыртқысы келгендерге наразылық білдіріп, еліне тартып отырады. Ол ауылда жүріп те ақтардың салған ойранының куәсі болады. «Қалаға қызыл орнығып, әділет атты жол шығып, айтылған боран өтті тез» деп қуана қорытады.
Кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы осы бір аласапыран кезінде аз уақыт болса да адасуы оның былайғы тағдырына ауыр тиді. Ол революционер бола алған жоқ. Ағартушы, демократ өресінде қалып қойды. Сөйтсе де қарт ақын революцияны жарқын жырымен қарсы алды. Алашордадан тез қол үзді. Совет өкіметінің орнауын әділет жолының жеңісі деп білді. Осының бәрі объективті, әділ бағасын алуы тиіс еді. Бірақ оны жеке адамға табынушылықтың қырсығы істетпеді.
Шәкәрім Құдайбердіұлы тағы да өзінің «саят кора» аталатын жырақтағы мекеніне кетсе де, дұшпандары оған тыныштық бермеді. Молдалар Шәкәрімді «дін бұзар» деп айыптады. Бай-жуандар «алжыды» деп лақап таратты. Ауылдың белсеңдісі ескішіл деп өсектеді.
1931 жыл. Күздің сұрғылт күні. Осының алдында ғана бандымен байланысы бар деген кінәмен ұсталған жерінен босанып, ақталып шыққан, бұл кезде жетпістің үшеуіне келген Шәкәрім Кұдайбердиев аудан орталығына бет алады. Сол кезде мылтық даусы гүрс ете түседі. Қаперінде ештеңе жоқ қарт иығынан оқ тиіп, аттан құлайды. Бір замат көзін ашса, ОГПУ қызметкері Қарасартов жанына ерткен Халитов деген милиционері бар, қасында тұр екен. Шәкәрім Құдайбердіұлы олардан аудан орталығындағы ауруханаға жеткізуді өтінеді. Жауап орнына мылтық тағы да шаңқ ете қалады. Мылтық түтіні тарқағанда, Шәкәрім Құдайбердіұлы бұл дүниеде жоқ еді.
## Ресми ақталуы
1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді.
Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде.
Семей педагогика институтындағы Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығында қазірде Шәкәрімнің тұлғалық экциклопедиясы дайындалуда. Мұның сыртында аталмыш орталықта Шәкәрім мұрасы туралы бүгінгі күнге дейін бес томдық еңбек дайын тұр.
## Шығармашылығы
«Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидакалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Ғашықтық сезім таза, пәк жүректен маздайтынын айта келіп («Анық асық әулие», «Шын сырым»), адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»), 1905 жылы Шәкәрім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911). Бұл тұста ақынның діншілдігі танылады. Ол дін бұзушыларды қатты сынға алады. Шәкәрім өз шығармасында Аллаһ Тағаланың кітабы Құран сөздерін және Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерін адал сөзіне қатысты қолданысқа мол алған:
Сонымен қатар, Шәкәрім шығармасында әділ, адал адам бейнесіне ерекше орын берілген:
Адал адамның адалдығының басы адал еңбек деу Шәкәрім шығармаларындағы адал іс-хәрекет, таза еңбек адамы мағынасындағы қолданыстары:
Шәкәрім адал, халал мағынасында сөздерді тура және ауыспалы мағынада да қолданады:
Ол орыс, Батыс әдебиетінің тамаша үлгілерін қазақ оқырмандарына таныстырды. Лев Толстойдың шығармаларын аса жоғары бағалап, өз халқын дүние жүзілік озат мәдениетін игеруге тақырлы. Өзін ғұмыр бойы Толстойдың шәкіртімін деп санады. Онымен хат жазысып тұрды. Американ жазушысы Гарриет Бичер-Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын, Толстойдың «Үш сауал», т.б. әңгімелерін, А.С. Пушкиннің «Боран», «Дубровский» повестерін қазақ тіліне аударды. Физулидің «Ләйлі - Мәжнүн» дастанын назира үлгісімен жырлады. Шәкәрім үнемі демократтық, халықтық, гуманистік-ағартушылық бағытта болды. Бұл орайла ол XX ғасыр басындағы озат ойлы қазақ зиялыларымен үндес болды. Ақын кеңестік тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
Көтеріліске шыққан халық пен жергілікті билік өкілдерін татуластыруға, қантөгісті болдырмауға тырысқан ол жазалаушылар атқан оққа ұшып, денесі айдаладағы құдыққа тасталды. «Халық жауы» ретінде айыпталып, шығармаларын оқуға тиым салды. 1988 жылы ақын есімі толық ақталды.
### Шығармалары
Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Еңлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді.
### Әндері
Шәкәрімнің әндерін алғаш рет нотаға түсірген голландық Альвин Эрнестович Бимбоэс. Ол 1919 - 1922 жылдар аралығында Ақмола саяси бөлімінде нұсқаушылық қызмет атқарып жүріп, қазақ әндерін нотаға түсірумен шұғылданады. Соның нәтижесінде 1926 жылы Н.Ф. Финдейзеннің редакциялауымен шыққан «Музыкалық этнография» жинағында Бимбоэстің қазақ музыкасы туралы жазған көлемді мақаласына қоса қазақтың жиырма бес әнінің нотасы басылады. Осы аталған жинақтың ішінде «№ 1 Шакарим», «№ 2 Шакарим» деген атпен Шәкәрімнің екі әні жарық көреді. Бірақ, екі әннің де өлеңі нота астына жазылмаған, тек орыс тілінде мазмұны берілген. А.Э. Бимбоэс нотаға түсірген «№1 Шакарим» әнінің екінші түрі А.В.Затаевичтің 1925 жылы шыққан «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына «Тілек - бата» деген атпен енген. Ал Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әні А.В. Затаевичтің 1931 жылы жарық көрген «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинағында «Шәкәрім Құдайбердин әні» деген атпен жарияланған. Осы жинақтың № 156 анықтамасында А.В.Затаевич: «Шәкәрім Құдайбербин - Семей уезінің қарт ақыны, қазір тірі, жасы жетпістер шамасында. Жинақта келтірілген әнін орыс әндерінің үлгісіне еліктеп шығарса керек, - деп жазған.
Шәкәрім әндері қазақ композиторларының шығармаларына да арқау болды. Ахмет Жұбановтың «Абай» сюитасының бірінші бөліміне, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсындағы Айдардың ариозосына, Айдар мен Ажардың дуэтіне сазгердің шығармалары пайдаланылды. Ал ақын поэмаларының сюжеті еліміздің ақын-жазушыларының, композиторларының шығармашылығынан кең орын алғанын айтсақ артық болмас. Мысалы, «Қалқаман - Мамыр» балетіне, «Еңлік - Кебек» пьесасына, «Еңлік - Кебек» операсына Шәкәрім туындылары арқау болғаны барша жұртқа аян.
Орындаушылар
Шәкәрім әндерін өз бабында, иін қандырып айтатындар Әбдіғали Алдажаров, Зікағил Абайұлы, Рақымжан Мамырқазов, Есбай Бекхожин, Зұлғарыш Әзімбаев, Жебрайыл Тұрағұлов, Әлмағамбет деген өнерпаз адамдар болды.
Шәкәрімнің әндерін өзінен үйренгендердің ішінен басқалардан шоқтығы биік, көпке танымал болған әнші Қабыш Керімқұлов болса керек. Ол ақынның оншақты әнін музыкатанушы Асқан Серікбаеваға айтып береді. Ал ол өз тарапынан осы әндерді қағазға түсіреді. Шәкәрімнің «Жиырма үш жасымда», «Жылым - қой, жұлдызым - шілде», «Қорқыттың сарыны», «Қорқыт, Хожа Хафиз түсіме енді де», «Анадан алғаш туғанда», «Сұраған жанға сәлем айт», «Ойладым бір сөз жазайын да», «Мұтылғанның өмірі», «Сен ғылымға болсаң ынтық», «Көңіл», «Байғазы» сынды әндері ұзақ жылдар Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның фольклорлық зертханасының қорында сақталып келген бұл әндер сол Қабыш айтқан, Асқан нотаға түсірген дүниелер екенінде дау жоқ. Ал қазір Шәкәрім әндерінің бірден-бір насихатшысы, жанашыр іздеушісі әрі орындаушысы әнші Келденбай Ұлмесеков. Ол ел ішінде ұмыт болып бара жатқан ақынның біраз әндерін жинастырып, жарыққа шығарды, қазақ радиосының Алтын қорына жазғызды.
## Шәкәрім және Абай
Құдайбердіұлы өмір сүріп, еңбек еткен тарихи кезеңде қазақ әдебиетінде Абай іргетасын қалаған реалистік дәстүр қалыптасып кележатқанды. Шәкәрім осынау өнегелі үрдісті алғашқы жалғастырушылардың бірі болды. Абай мен Шәкәрім арасында тамырластық аса терең. Өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғауда екі ақын да ерекше қуат танытқан. Абай тәрізді Шәкәрімнің де ақын ретінде ұсақ-түйек міндерді сынаудан бастап, өз кeзінің күрделі әлеуметтік мәселелерін көтеруге дейінгі аралықтағы терең ойлары, парасатты тұжырымдары сайрап жатыр. Шәкәрім айналасындағы құбылыстарды сырттай ғана жырлаушы болған жоқ, ол бар нәрсенің қай-қайсысына да мән бере қарады, жақсылығына қуанды, кемшілігіне күйзелді. Ақындық болмысын да осы ыңғайда қалыптастырды. Ақынның азаматтық үні осы тараптан естіледі. Оның Абай үлгісіндегі реализмі алдымен азаматтық лирикасынан көрінді. Өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу азаматы ретінде ол халқының басындағы нақты жағдайды көре білді. Осы бағыттағы барлық ой пайымдарын лирикасына нәр қылып құйды. Ақын лирикасының басты объектісі - адам. «Ескіден қалған сөз теріп», «Сәнқойлар», «Қалжыңшыл қылжақпас», «Еріншек», «Құмарлық», «Бір салмойын сал келер» сияқты өлеңдерінде ақын замандастарының бойындағы ірілі-уақты кемшіліктер сыналады. Шәкәрім надандықтың негізін осылардан көреді. Бұл өлендерінің қай-қайсысында да оның реализміне тән шыншылдық пен сыншылдық бар. Қандай кемшілікті болсын, ақын типтендіре суреттеуге күш салады. Сол себепті оның кейбір өлеңдерінде сыналатын кейіпкерлер өзімізбен бүгін де қатар жүрген жандар секілдіқабылданады. Өз халқының мүддесін көздеген ақын оның бойындағы жағымсыз қасиеттерді жұртқа жария етуші ғана емес, солардың үкімін айтушы да бола білді. Әшкерелей отырып, өз үкімін айтады, айналасына ой тастай сөйлейді. «Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақ пен сөз сөйлемек», «Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу мен күндеу» сияқты бірқа- тар өлеңдерінде Шәкәрім айналасына сын көзбен қарай отырып, заманының шынайы суретінжасайды. Халық тағдыры - Құдайбердіұлы жырындағы арналы тақырып. Бұл тұста да ол Абаймен сабақтас, үндес. Абай тәрізді Шәкәрім де өзінің насихат өлеңдері мен жеке өнегесі арқылы жұртшылық санасындағы кейбір кері қасиеттердің тамырын шірітіп, халықтық ар-намысты оятуға күш салады
## Ақын және халық
Ақын әрдайым халықтан қол үзбейді. Оның әшкерелейтіні де халық басындағы кемшілік, мақтан тұтары да халықтың қазынасы. Әр кезеңде жазылған «Бай мен қонақ», «Партия адамы», «Ей, көп халық, көп халық», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Тағы сорлы қазақ», «Қош!», «Қош, жұртым» тәрізді өлеңдерінде ұлтының басындағы халді шыншылдықпен бейнелеп береді. Ақыл мысалдары нанымды. Оларда сол көзеңнің тарихи дамуына тән ерекшеліктер белгі береді. «Қош, жұртым» атты өлеңінде кәрілік кезеңіне аяқ басқан лирикалық кейіпкер - ақынның өзі халқының өткен өміріне көз жібереді, бүгініне үңіледі. Бүгінде патша тақтан құлаған, қазақ даласына айрықша бір сәуленің нүры шашыла бастағандай. Асарын асап, жасарын жасаған ақын қуана тұрып өзіне «ендігі мақсатың не?» деген сауал қояды да, соған жауап іздейді. Өлеңде оптимизм бар. Ақын мұнда жақсылықты көп көргенін, патшаның тақтан құлағанын айтады. Халқының болашақта тәуелсіз өмір сүретініне үміттенеді. Алайда ақында алаңдаушылық та бар. Ендігі жерде халқының бойындағы күндестік, мақтаншақтық сияқты қасиеттердің жойылуы қажет екенін алғатартады. Әкінішке орай, бұл қасиеттер әлі де болса аяққа тұсау болып отырғанына күйзеледі. Қандай әлеуметтік кеселді болсын ол уақыт ағымынан туған, міндетті түрде түзетуге болатын кемшілік деп біледі. Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол көзеңдегі қоғамдық психологияны дәлме-дәл бере біледі. Халық ойына қозғау салу бағытындағы ақынның арқалайтын жүгін де салмақтай отырады. Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік ең алдымен ақынның жанарына шалынса керек. «Бай мен қонақ» өлеңінде қазақ тұрмысынан алынған шағын сюжет баяндалады. Бай үйіне келген қонақ пен үй иесі арасындағы диалог сол дәуірдегі қазақ аулының психологиясын, этикасы мен эстетикасын, тұрмыстық ерекшеліктерін, рухани түсінігінің деңгейін сипаттап береді. Мұнда да Абай жырлаған тоғышар кейіпкерлер бар. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық» адам баласын қалай аздыратынын ұлы Абай қандай шебер айтып кеткен болса, Шәкәрімнің мұндағы кейіпкерлері де алдында асы бар, істер ісі жоқ, тойғанына мәз, бірін-бірі кемсітуге құмар мүгедек жандар. Шәкәрім айналасында болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға әрдайым сергек қарады. Ақынның азаматтық сергек үні әсіресе 1917 жылғы төңкeрістер көзінде айқын естілді. Патша тақтан құлатылған сәтте «Бостандық таңы атты», «Бостандық туы жарқырап» деп қуана өлең жазды. Бір қарағанда ұран іспетті көрінетін бұл өлеңдерде жалаң қуаныш, лепірген сезім ғана емес, ақынның лирикасына тән терең философиялық ой бар. Ә дегеннен-ақ, ақын мына болып отырған жаңалықтан өзінше ой түйеді. Қуана тұрып, ол халқының бұдан былайғы өміріне ой жібереді. Ендігі заман еңбек адамынікі болу керектігін айтады.
## Ағартушылық лирикасы
Құдайбердіұлы реализмінің айқын керінген ендігі бір тұсы - оның ағартушылық тақырыптағы лирикасы.Ақынның бұл бағыттағы еңбегі 1879 ж. жазылған «Жастарға» атты өлеңінен басталған. Ағартушылық идея Шәкәрім лирикасының алтын діңгегі болып табылады. Оның Абаймен үндестігін танытатын бір сала да осы. Өзінің «Насихат», «Сынатар сың өзінді», «Үш-ақ түрлі өмір бар», «Сен ғылымға...», «Ғылымсыз адам айуан», «Жасымнан жетік білдім түрік ілін» сияқты көптеген өлеңдерінде Құдайбердіұлы Абайдың ағартушылық идеяларын одан әрі жалғастырады. Бұқараны оятуға ұмтылады, ғылымға жетелейді. Еңбек етуге, мәдениетті елдерден үлгі алуға шақырады. Құдайбердіұлы үшін байлықтың ең үлкені - ғылым. Өзінің «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі. Шәкәрімнің айтуынша, міне, осы жылдары уақытыңды босқа еткізбей, ғылымға үңілсең, одан өзіңе керек қазынаны тауыпала білсең- өмірлік мұратыңа жеткенің. Бас-аяғы үш шумақтан тұратын өлеңнің идеясы - адам баласын, Абай айтқандай, «ержеткен соң тұспеді уысыма» деп өткініште қалдырмау.
## Шәкәрім және әлем әдебиеті
Абайдың әдеби мектебінентәлім алған Құдайбердіұлы ұстазының қазақ халқын әлемдік мәдениет үлгілерімен таныстыру бағытындағы қызметін жемісті жалғастырды. Шәкәрімнің осы тұрғыдағы еңбегін үш салаға беліп қарауға болады. Оның :бірі ақынның әлем әдебиетінің озық ойлы өкілдерін өз өлеңдерінде насихаттап отыруы десек, :екіншісі оның Н. Толстой сияқты заңғар қаламгермен тікелей хат алысып, шығармашылық байланыста жүруі. Ал :үшінші сала - Шәкәрімнің өзге елдер әдебиетінің үлгілі шығармаларын қазақшаға аударуы. Шәкәрім Шығыстың Қожа Хафиз, Физули, Науаи секілді жарық жұлдыздарын, А. С. Пушкин мен Л. Н. Толстойды қастерледі. Әйгілі «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының Физули жырлаған нұсқасын қазақша жырлап берді. Хафиздің бірқатар өлеңдерін, А.С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын, Л. Н. Толстойдың алты әңгімесін, американ жазушысы Гарриэт Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» атты романын аударды.
## Лирикасы
Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.
## Поэмалары
Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeленетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен даланың күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген.
## Прозалық шығармалары
Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді.
## Өлеңдері
* Жастық туралы
* Адам немене?
* Адамшылық
* Ажалсыз әскер
* Арман
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Шәкәрімнің идеал қоғам арманы А. Мәсәлім(қолжетпейтін сілтеме)
* Шәкәрім поэзиясы – өлең сөздің өрнегі
* Шәкәрім Құдайберді - шығармалар жинағы
* Шәкәрім Құдайберді - Туындылар тізімі(қолжетпейтін сілтеме) |
Айрылысар көже (салт). Көрші қонғанда «ерулік» беріп, қыстай немесе жаздай бірге отырған, сйласқан отбасылар қоныс аударып бөлінген жағдайда олар енді «айрылысар көжеге» шақырады. «Көже» деп сыпайылап атағаны болмаса сыйлы, сыбағалы табақ тартылады. Олар бір-біріне ризашылығын білдіріп, «ұрыспай айрылған ұялмай қосылар» деп тағы да аман-сау қосылуға тілек білдіреді. Бұдан олардың бірін-бірі сыйлау, қимастық көңілдері көрінеді. «Айрылысар көже» - адалдық әрі әдемі дәстүр. |
Шығыс Қазақстан облысы — Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылғы 23 мамырдағы № 3528 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен облыс құрамына таратылған. Семей облысының территориясы қосылып, 2022 жылы 8 маусымда Абай облысы болып қайта бөлінді.
## Географиясы
* Облыс орталығы - Өскемен (1720 жылы негізі қаланған)
* Жер аумағы - 283 300 км2
* Халқының саны (2024) - 726 300 адам;
* Өскемен - Астана - 1084 шақырым
* Өскемен - Алматы - 1100 шақырым
### Әкімшілік-аумақтық құрылысы
* Ауылдық аудан - 9
* Қала - 6Аудандық маңыздылығы бар қала - 4Облыстық маңыздылығы бар қала - 2
* Аудандық маңыздылығы бар қала - 4
* Облыстық маңыздылығы бар қала - 2
* Кент - 24
* Ауыл - 826
## Әкімшілік бөлінісі
Облыс құрамында – 11 аудан, 2 қалалық әкімдік:
## Тарихы
Шығыс Қазақстан облысының аумағы ежелгі заманнан қонысталынған. Оның куәгері есебінде Алтайда, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай мен Сауыр жоталарында ежелгі кеніштердің, суландыру жүйелерінің, бекіністер мен қоныстардың іздері сақталған. 15 ғасырдың бас кезінде Ертіс өзені алабының жоғарғы бөлігін ойраттар басып алғаннан кейін бұл жер Жоңғар хандығының құрамында болды. 1758 ж. Қытай әскерлері Жоңғар хандығын жойып жібергеннен кейін, қалмақтар Еділ өзенінің арғы бетіне кетті. Ал қалмақтардан ығысып, негізінде Сарыарқаны мекендеген қазақ рулары өздерінің ежелгі қоныстарына қайтып оралды. 18 ғасырдың бас кезінде патшалық Ресей қазақ жерін тереңдей отарлау мақсатымен қазақтарды ата қонысынан тықсыра отырып, қазіргі облыс аумағында Ертіс бекіністер желісін салды. Осы желінің бойымен біртіндеп бекіністер мен форпосттар жүйесі, ал одан кейініректе казак-орыс станицалары құрылды (1718 ж. Семей, 1720 ж. Өскемен, 1763 ж. Бұқтырма бекіністері) салынды. Казак-орыстардың мекендері Ертістің оң жағалауы мен оның салаларының бойында пайда болды. Ертіс өзенінің екі бірдей жағынан он шақырымдық шұрайлы жерлер (“Иртышская десятиверстная полоса”) қазақтардан тартып алынып, казак-орыстардың пайдалануына берілді. Яғни, қазақтарға Ертіс өзеніне 10 км-ден жақын жерде қоныстануға тыйым салынды. Қазақтар ең шұрайлы жерлерінен айрылып, ата қоныстарының атауларын жоғалтты, олардың орнына карта беттерінде сақталған орысша атаулар пайда болды. Бүкіл Ертіс өзеніне құятын салалары мен жыра-сайлар, жылғалар орысша аталып кетті. Станицалар біртіндеп оңтүстікке және оңтүстік-батысқа қарай жылжи берді. 1826 ж. Қалба жотасының етегінде Көкпекті бекінісі, 1831 ж. Аягөз өзенінің оң жағасына таяу қазіргі Аягөз қаласына жақын жерде Сергиополь бекінісі, Шәуешек жолының бойында станицалар пайда болды.
Казак-орыс отарлауымен бірге Алтайдың тау аңғарларының шалғайдағы жетуі қиын тайгалық түпкірінде патша өкіметінен тығылып, қашып жүрген орыстар келе бастады. Олар кержактар (ескі ғұрыпты адамдар) мен Оралдың және Алтайдың зауыттары мен кеніштерінен қашқан жұмысшылар мен қолөнершілер еді. Бұлар Бұқтырманың жоғарғы ағысы мен оның салаларының және Нарын мен Қалжыр өзендері бойларында қоныстанды. Осы кезде Қатонқарағай, Белая, Черновая, т.б. ауылдар пайда болды. 18 ғасырдың 60-жылдарында Алтайдың солтүстік-батыс жағында Оба мен Үлбі өзенінің аңғарларында Ресейдің ішкі губернияларынан “поляктар” деп аталған шаруалар келіп қоныстанды. 18 ғасырдың соңында Кенді Алтайдың шегінде кен өнеркәсібі пайда болды. Мұнда бірінен кейін бірі Риддер (1784), Зырянов (1794), Белоусов (1797), Сокольный (1822), т.б. түсті металл кеніштері іске қосылды. 1844 жылдан Зырянов кеніші Алтай кен зауыттарының шикізат базасына айналды. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуы салдарынан арзан жұмыс күшінен айрылған және тех. қайта құруды керек еткен Алтайдың кен өнеркәсібі күрт құлдырай бастады. Оны осы кезде Алтайдың кен өнеркәсібінің негізгі өнімі болып саналатын – күміс бағасының арзандауы ушықтырып жіберді. Алтай зауыттарының түгелдей дерлік жабылуымен бірге Алтайдың басыбайлылық кен өнеркәсібі ауданы, кейбір полиметалл кеніштері австралиялық, ағылшындық, франциялық, т.б. шетелдік капиталға концессияға берді.
19 ғасырдың соңынан бастап Семей қаласында өңдеу өнеркәсібі біршама дами бастады. Оның негізгі салалары: ұн тарту мен жүн жуу болды. Жиналған астық пен бидай ұны Ертіс арқылы кемемен 600 км-дей жердегі Сібір темір жолына жеткізіліп тұрды. Ал Қазақстанның бүкіл шығыс бөлігінен және ішінара Шыңжаң аймағынан (Қытайдан) жиналып әкелініп Семейде жуылған жүн алғашқы өңдеуден өткеннен соң, еуропалық Ресейдің шұға фабрикаларына жеткізілді. Өнеркәсіптің бұл екі саласынан басқа облыс жерінің әр тұсында орналасқан ірі елді мекендерде арақ-шарап пен сыра қайнату, сондай-ақ тері илеу, тон тігу, май және сабын қайнату өндірістері де болды. Зайсан, Марқакөл, Алакөл көлдері мен Ертіс өзенінің салаларында балық аулау кәсібі, Риддер мен Алтай ағаш және темір ұсталық кәсіптер орын алды. 19 ғасырдың екінші жартысында Ертіс өзенінде пайда болған кеме жол қатынасының маңызы күшейді. Кемелер Семейден Омбыға дейін, Зайсан көлі мен Қара Ертіс бойымен жоғары көтерілді.
Шығыс Қазақстан облысы Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында елеулі дами қойған жоқ. Тек 20 ғасырдың 30-жылдары ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және елді индустрияландыру науқанын жүзеге асыруға байланысты Кенді Алтай Қазақстандағы түсті металлургия мен кен өнеркәсібінің ең ірі орталығына айналды. Алтайдың қазақтар тұратын бөліктерінде сан алуан елді мекендер пайда болды. Облыс экономикасының әрі қарай дамуына Түркістан – Сібір темір жолы мен Локоть – Риддер және Өскемен – Зырянов темір жолын салу, Ертіс өзенінің көліктік маңызын көтеру, Түрксіб темір жолы Жаңғызтөбе стансасынан басталатын “Шығыс айналма жолы” деп аталған жақсартылған қара жол салу едәуір әсер етті.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды. Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі электр стасасылары салынды. Кенді Алтай бойында түсті металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдейтін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қуаты артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды. Республикалық маңызы бар Алматы – Семей және облыс ішінде өнеркәсіп орындарын темір жолы стансасыларымен және ауылдық елді мекендерді ірі қалалармен, аудан орталықтарымен байланыстыратын облыстық маңызы бар көптеген автомобильдік жолдары салынды.
## Табиғаты
### Жердің рельефі
Шығыс Қазақстан облысының жер бедерінің құрылысы өте күрделі. Таулары мен жоталары
* Ертіс өзенінен шығысында: Кенді Алтай, Тікирек, Черный, Оба, Становой, Көксу, Иванов, Қоржын, Үлбі, Қызылқарағай, Нарын, Сарымсақты, Тарбағатай, Оңтүстік Алтай, Күршім және Азутау жоталары мен олардың сілемдері
* Ертіс өзенінен батыста:Қалба жотасы, Семей, Арқалық, Мыржық, Қараадыр таулары, Ханшыңғыс, Шыңғыстау, Ақшатау жоталары
* Зайсан көлінің оңтүстігінен: Тарбағатай, Сауыр және Маңырақ жоталары.
* Ертіс өзенінің екі жағындағы жоталар аралықтарында оқшаулана орналасқан таулар мен шоқылар: Майлықара, Белтерек, Айыртау, Арқат, Сандықтас, Жағалбайлы, Көктас, Атбас, Арасантау, т.б.
* Облыстың оңтүстік мен оңтүстік-шығысына Зайсан көлінің қазаншұңқыры орналасқан.
* Облыстың қиыр солтүстік-батыс бөлігін Бесқарағай ауданының бүкіл аумағын қамтитын Балапан жоны алып жатыр.
### Пайдалы қазбалар
Шығыс Қазақстан облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын, кадмий, сүрме, күшәла, темір, күкірт, висмут, индий, галий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, ниобий, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір, жанғыш тақтатас, сондай-ақ әр түрлі химиялық шикізаттар мен құрылыс материалдарының кен орындары бар.
### Климат
Облыстың климаты тым континенттік.
* Температурасы:Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасыжазық өңірінде –17°Сбиік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барадыШілдеде 19 – 23°С.
* Қаңтардың жылдық орташа ауа температурасыжазық өңірінде –17°Сбиік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады
* жазық өңірінде –17°С
* биік тауаралық тұйық қазаншұңқырларында –26°С-қа дейін барады
* Шілдеде 19 – 23°С.
* Жауын-шашын:солтүстік-шығысында 350 – 380 ммоңтүстік-шығысында 250 – 300 ммбатысында 200 – 250 мм аралығындаКенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм
* солтүстік-шығысында 350 – 380 мм
* оңтүстік-шығысында 250 – 300 мм
* батысында 200 – 250 мм аралығында
* Кенді Алтайдың батыс бөлігінде 1000 – 1500 мм
Облыс бойынша вегетациялық кезең 175 – 200 тәулікті құрайды.
### Су ресурстары
Облыстың, әсіресе Кенді Алтай өңірі жер беті суларына бай. Олар Ертіс өзені мен Балқаш – Алакөл алаптарына жатады және негізінен өзендерден тұрады.
* ӨзендерЕртіс (республикадағы ең үлкен өзені):Ол облыс аймағын Қытай шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.
* Ертіс (республикадағы ең үлкен өзені):Ол облыс аймағын Қытай шекарасынан бастап солтүстік-батыс бағытта қиып өтеді. Зайсан көліне дейінгі бөлігін Қара Ертіс деп атайды. Ертіс өзенінің ең ірі салалары: Қытай, Қалжыр, Қалғұтты, Күршім, Нарын, Қайыңды, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, Шүлбі, Жарма, Құсты, Еспе, Шорға, Боғас, Жүзағаш, Бөкен, Манат, Тайынты, Абылайкит, Ұлан, Дресвянка, Жартас, Құрық, Қызылсу, Шар, Шаған.
* Балқаш – Алакөл көлдерінің алабындағы ең үлкен өзендері (Еміл, Қатынсу, Үржар, Үлкен Текебұлақ, Қарақол, Ай, Аягөз, Бақанас) бастауын Тарбағатай, Ақшатау, Шыңғыстау, Ханшыңғыс жоталары мен Көкшетаудан алады.
* КөлдерОблыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
* Облыс көлдерге онша бай болмаса да, мұнда Қазақстандағы ірі көлдер – Зайсан мен Марқакөл, оңтүстік-шығысында Алакөл мен Сасықкөл орналасқан. Басқа көлдері ұсақ және олар облыстың оңтүстік-батыс жағында, көбінесе Шар мен Шаған өзендерінің және Аягөз бен Ай өзендерінің ұсақ шоқылы, жазықтау келген суайрықтарында орналасқан.
Облыста Ертіс өзені мен оның салалары суының өнеркәсіп пен халықты сумен қамтамасыз етуде үлкен маңызы бар. Сондықтан оларда ірі Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендері мен СЭС-тер салынған. Бұларға қоса Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба және Шүлбі өзендері ағаш ағызуға кеңінен пайдаланылады. Өзендер мен көлдердің (Зайсан, Алакөл, Марқакөл, т.б.) балық аулауда да едәуір маңызы бар. Облыстың Алтай аймағында минералды шипалық көлдер көп.Шығыс Қазақстан облысы жер асты суына да бай. Ол халықтың тұрмыстық қажетін өтеу және мал суаруға ғана емес, онымен бірге сан-алуан кеніштер мен кәсіпорындарды да сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады.
### Топырақтары
Облыстың топырағы мен өсімдік жамылғысы жазық бөлігінде ендік белдем бойынша, ал таулы аудандарда биіктік белдем бойынша тараған. Бірақ бірқатар жерлерде бұл белдемдер жер бедерінің, жергілікті климаттың ерекшеліктеріне, өзендер мен көлдердің жақын болуларына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшыраған. Облыстың батыс жағында, ұсақ шоқылар тараған аудандарда солтүстіктен оңтүстікке қарай топырақ жамылғысы оңтүстіктің қара топырағынан шөлді-далалық топырақтарға ауысады. Ертістің оң жағалауындағы құмдақ топырақта таспалы қарағай орманы, ал оңтүстік қара топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктер тараған. Қызғылт қоңыр топырақ Шыңғыстау жотасының етегінде бозғылт қоңыр топыраққа ауысады. Бұл топырақта бетегелі-селеулі өсімдіктермен аралас жусан да көп өседі. Қалба мен Шыңғыстау жоталарының гранитті қыраттарында кішігірім қарағайлы және қайыңды-теректі ормандар кездеседі. Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында шөлдің сұр, сұрғылт және далалық топырағы (сұр топырақ) тараған. Зайсан қазаншұңқырында бұл топырақ арасында аздап сор және сортаң топырақ кездеседі. Ал Алакөл қазаншұңқырында олар әдетте сортаңданған. Зайсан қазаншұңқырында бозғылт қоңыр топырақ пен құмды алқаптар (Бозайғыр және Ақжан) тараған. Қазаншұңқырлардағы өзен жайылмаларында шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Зайсан қазаншұңқырында өсімдіктерден шашақты селеу, жусан, ал шағын өзен аңғарларында далалық шалғындар, Зайсан көлі мен Ертіс өзенінің жағаларында қамыс-құрақ көптеп кездеседі. Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарының топырақ және өсімдік жамылғыларында биіктік белдемдер айқын байқалады. Кенді Алтайдың төменгі биіктіктеріндегі далаларда ауыр саздақ және саздақ қара топырақ тараған. Олардан жоғары сұр топырақ пен күлгінденген қара топырақ, ал одан биікте таулық сұр күлгін топырақ тараған. Келесі белдеуде таулық шалғынды топыраққа, одан кейін таулық тундраға ауысады. Оңтүстік Алтай мен Сауыр таулары жоталарының төменгі бөліктерінде (тиісінше 600 – 800 м-ге және 1200 – 1300 м-ге дейін) түпкі жыныстардың және саздақ шөгінділердің үстінде таулық күрең топырақ тараған. Олардан жоғары қаратопырақ белдеуі, тау беткейінде таулық қарашіріндісі аз және шымтезекті топырақ, тауаралық қазаншұңқырларда таулық қошқыл қаратопырақ қалыптасқан. Ең биік жерлерде таулық тундра топырағы орын алған. Тарбағатайда қызғылт қоңыр және қаратопырақпен бірге шөптесін өсімдікті таулық шалғынды және орманды телімдерде орманның сұр топырағы тараған.
### Өсімдіктер
Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.
### Жануарлар
Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.
## Халқы
Шығыс Қазақстан облысы халқының саны
Облыста Қазақстан халқының 9,4%-ы шоғырланған.
* 59,4%-ы қалалық жерлерде
* 40,6%-ы ауылдық жерлерде
* Адамдардың саныӨскемен - 340,0 мыңСемей - 322,0 мыңРиддер - 52,0 мыңЗырянов - 40,1 мыңАягөз - 36,6 мыңЗайсан -15,2 мыңШемонаиха -16,1 мыңШар - 7,5 мыңКурчатов - 10,1 мыңСеребрянск - 0,3 мыңГлубокое, Үлбі, Шүлбі, Жезкент, Белоусовка, Жаңа Бұқтырма, т.б. кенттерде, өнеркәсіптік маңызына қарай тұрғындар саны 0,3 мыңнан 10,0 мыңға дейін жетеді.
* Өскемен - 340,0 мың
* Семей - 322,0 мың
* Риддер - 52,0 мың
* Зырянов - 40,1 мың
* Аягөз - 36,6 мың
* Зайсан -15,2 мың
* Шемонаиха -16,1 мың
* Шар - 7,5 мың
* Курчатов - 10,1 мың
* Серебрянск - 0,3 мың
* Глубокое, Үлбі, Шүлбі, Жезкент, Белоусовка, Жаңа Бұқтырма, т.б. кенттерде, өнеркәсіптік маңызына қарай тұрғындар саны 0,3 мыңнан 10,0 мыңға дейін жетеді.
### Тығыздығы
Облыс халқының орташа тығыздығы әр 1 км2-ге шаққанда 5,1 адам. Халықтың ең жиі қоныстанған жерлері – Ертістің оң жағалауы, әсіресе Кенді Алтайдың тауаралық жазықтары. Глубоков, Бородулиха және Шемонаиха ауданында бұл көрсеткіш 9-дан 12,7 адамға, ал Өскемен қаласының төңірегінде 186 адамға, Семей қаласының төңірегінде 133,5 адамға дейін барады. Ауылдық жердің қоныстануы да әркелкі.
### Ұлттық құрамы
* қазақтар - 61% астам
* орыстар - 35% астам
* басқа ұлттар - шамамен 4%
## Экономика
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның ең ірі индустриялды-аграрлық аймағы саналады. Шаруашылығының басты саласы – өнеркәсіп. Оның құрамында кен өндіру, түсті металлургия, энергетика, машина жасау, құрылыс материалдар өнеркәсібі, ағаш өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері дамыған. 2006 ж. облыс өнеркәсібінің барлық салалары 399,1 млрд теңге көлемінде өнім өндірді, бұл бүкіл ел өнеркәсібі өндірісінің 6,2%-на тең.
### Кен өндіру өнеркәсібі
Облыс өнеркәсібінің негізін кен өндіру өнеркәсібі құрайды. Бұл салада 197 нысан жұмыс істейді (2006). Негізгі өндірілетін өнімдері – түсті металл (мыс, мырыш, күміс), алтын, титан, көмір. 2005 ж. облыс бойынша 10,8 млн т түсті металл кентасы өндірілді. Кентасты негізінен Риддер және Зырянов полиметалл кен аудандарындағы “Қазақмырыш” АҚ-на қарасты кеніштер, Ертіс маңы полиметалл кенді ауданындағы “Қазақмыс корпорациясына” қарасты кәсіпорындар өндіреді. Асыл металл өндіру саласы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 27 кәсіпорын бар. Оларда 3,5 мыңнан астам адам жұмыс істейді, 17,3 т алтын өндіріледі. Негізгі алтын өндірушілерге “Бақыршық” кен кәсіпорны, “ФИК”, “Алел”, “Алтынтөбе” АҚ-ның, “Андас Алтын”, “Даңқ”, “Жерек”, “Іnter Gold Capital” ЖШС-терінің кеніштері жатады. 2006 ж. Өскеменнің титан-магний комбинатын жергілікті шикізатпен қамтамасыз ететін (Көкпекті ауданында) Сәтбаев атындағы ильменит құмының кен орны іске қосылды. Ол жылына 15,0 мың т ильменит концентратын береді. Облыстағы көмір өндіру 6 нысан бойынша жүзеге асырылады. Ол негізінен “Қаражыра ЛТД” ЖШС-не қарасты Қаражыра, Кендірлік және Алакөл кен орындары.
Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы“Қазмырыш”, “Өскемен титан-магний комбинаты”, "Үлбі металлургиялық зауыты" АҚ-дары, "Қазақмыс корпорациясы” АҚ-ның “Шығыс Қазмыс” бөлімшесін, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК “Қазақстан монета сарайы”, “Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты”, “Ертіс сирек элементті компаниясы”, “Қазмырыштех” ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі.
### Электр энергетикалық кешені
Облыстың электр энергетикалық кешенінің құрамында Ертіс өзеніндегі Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі СЭС-тері, Үлбі мен Громотуха өзендері бойындағы Риддер СЭС каскадтары, Өскемен, Риддер, Семей ЖЭС-тері, т.б. кәсіпорындар бар.
### Машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп
Облыстың машина жасау және металл өңдеу өнеркәсіп кешені 18 ірі және қуаты орташа кәсіпорындарын біріктіреді де, мұнай кәсіпшілік және металлургия өнеркәсібі жабдықтарын, тұрмыстық электр қозғалтқыш пен сорғыларды, конденсаторлар, техникалық және кабельдік өнімдер, металл бұйымдарын пісіретін электродтар, т.б. көптеген өнімдер жасап шығарады.
* 2006 ж. бұл саланың кәсіпорындары 26,8 млрд теңге өнеркәсіп өнімдерін өндірді. Кейінгі жылдары облыстың машина жасау өнеркәсібі жаңа кәсіпорындармен толықты.
* 2003 ж. Өскемен “Бипэк-Авто” компаниясы АвтоВАЗ компаниясымен бірлесіп жеңіл автомобиль зауытын іске қосты.
* 2005 – 2006 ж. осында “Шкода” жеңіл автомобильдерін құрастыру жөніндегі линиялар, “Семей машина зауыты” АҚ-ның негізінде автомобиль агрегаттары мен түйіндерін шығаратын желі іске қосылды.
* Болашақта Өскемен, Семей қалаларында, т.б. жаңа машина жасау кәсіпорындарын орналастыру көзделген.
### Ағаш өңдеу өнеркәсібі
Шығыс Қазақстан облысының ағаш өңдеу өнеркәсібі негізінен “Ертістрансойл”, “Жаңасемейшпалзауыты”, “Өскемен Иннотекс”, "Өскемен жиһаз комбинаты" сияқты құрамында бірнеше нысандары бар 4 ірі және орташа қуатты кәсіпорындарды қамтитын ЖШС-терден тұрады. Олар кесілген ағаш материалдарын, дайындамалар, үй салуға қажет бөренелер, терезе мен есік жақтауларын жасауға маманданған. Жиїаз жасау өнеркәсібінің құрамында 119 кәсіпорын бар, олардың алтауы ірі және орта қуатты. Жылына 30 мың м3 фанера, жиһаздық тақта, ДСП шығаратын өндіріс Бородулиха ауданында іске қосылды.
### Жеңіл өнеркәсібі
Облыстың жеңіл өнеркәсібі тігін және тоқыма бұйымдарын, мата-жүн, аяқ киім, құрылыс киізін, тон және былғары бұйымдарын өндіретін “Рауан” АҚ-н, “Семмамжабдық фирмасын”, “Ника”, “Семей байпақ-шұлық фабрикасы”, “НИМЭКС-Текстиль” ЖШС-терін, “Қазруно” СФ АҚ-ын, “Роза”, “Тыныс-V” және “Семей былғары-аң терісі комбинаты” ЖШС-ын қамтиды. Бұлардың құрамында 133 кәсіпорын бар, олардың 118 тоқыма және тігін саласына, 15 былғары, былғары аяқ киім және бұйымдар шығаратын салаға жатады. Бұл өнімдердің біраз бөлігін зағиптар мен кереңдер қоғамдарының оқу-өндірістік кәсіпорындары жасайды.
### Тамақ өнеркәсібі
Шығыс Қазақстан облысыда тамақ өнеркәсібі саласы да жақсы дамыған. Оның құрамында "Семей ет комбинаты" АҚ, “Шемазат” ЖШС (Риддер ет комб.), “Эмиль” ЖШС, “Шығыс-сүт” корпорациясы жұмыс істейді. 2005 ж. бұл сала (толықты):
* Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылындағы балық өңдейтін “Балық Продукт Восток”
* Глубоков ауданындағы “Аргонавт ШҚ”
* Зырянов ауданындағы картоп өңдейтін “Плюс”
* Вафли өндіретін “Смик” ЖШС-і
* Шұжық бұйымдарын өндіретін “Хорс”
* Аягөз қаласында салынған мал соятын және ет өңдейтін “Рауан”
* Қатонқарағай ауданындағы “Заготпромторг” ЖШС.
### Құрылыс материалдары өнеркәсібі
Құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрамында “Силикат”, “Өскемен арматура зауыты”, “Семейцемент зауыты” АҚ-тары, т.б. ірі және орташа қуатты кәсіпорындар жұмыс істейді. Ең ірі кәсіпорындарда құрылыс материалдарын өндірудің жаңа технологиялары енгізілуде.
### Ауыл шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысында 1997 жылға дейін ауыл шаруашылығымен әр түрлі саладағы -
* 55 ұжымшар
* 199 кеңшар
* 57 мемлекеттік
ауыл шаруашылық кәсіпорындар айналысты. Таратылған ұжымшарлар мен кеңшарлар негізінде облыста жаңадан әр нысандағы шаруашылықтар құрылып, олардың саны 15,5 мыңға жетті. Оның ішінде 15,1 мыңы – шаруа қожалықтары. Облыс бойынша 10,48 млн га ауыл шаруашылық жер бар:
* 1419,6 мың га егістік
* 736,1 мың га шабындық
* 8247,9 мың га жайылым
2005 ж. облыста егіс аумағы 1018,5 мың га-ға жетті, оның 65,4%-ы Бородулиха, Үржар, Шемонаиха, Глубокое және Көкпекті аудандарында орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының өсімдік шаруашылық дәнді-бұршақ дақылдарын, картоп, көкөніс, күнбағыс, мал азықтық дақылдар өсіруге маманданған.2005 ж. шаруашылықтың барлық санаты бойынша (жетті):
* дәнді бұршақ дақылдар егісі 586,4 мың га-ға
* картоп 25,7 мың га-ға
* көкөніс 9,7 мың га-ға
* малазықтық дақылдар 128,3 мың га-ға
* күнбағыс егісі 264,6 мың га-ға - бұл бүкіл Қазақстандағы күнбағыс егісінің 58,2%-на тең.
Мал шаруашылығы ірі қара, жылқы, қой мен ешкі, шошқа, құс және ара өсіруге маманданған. 2005 ж. облыста (жетті)
* ірі қара мал саны 734,8 мың (оның 312,1 мыңы сиыр)
* жылқы 149,6 мың
* қой мен ешкі 1762,7 мың
* шошқа 104,3 мың
* құс саны 2877,6 мың
Соның негізінде облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттары бойынша
* 91,3 мың ет
* 634,6 мың сүт
* 3,5 мың т жүн
* 280,9 млн дана жұмыртқа
өндірілді.
### Транспорт
Шығыс Қазақстан облысында темір, автомобиль, су және әуе жолы қатынастары дамыған. 2005 ж. облыс бойынша:
* автомобиль жолының ұзындығы 11830 км
* темір жолдың ұзындығы 1203 км
* су жолының ұзындығы1084 км болды.
Автомобиль және су жолының ұзындығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы республикада 1-орынды алады. Темір жол көлігі облыс орталығы Өскемен қаласын Семей, Аягөз, Шемонаиха, Риддер және Алтай қалаларымен байланыстырады. Облысты шетке шығаратын темір жолы тармақтары:
* Семей – Алматы
* Семей – Локоть
* “Защита” – Локоть
2005 ж. Курчатов – Шар темір жолы салынды, ал оның жалғасы (ұзындығы 150 км) 2007 ж. облыс орталығы Өскемен қаласына дейін жететін болды. Сөйтіп облыста Түркістан – Сібір темір жолымен қиылысатын екінші темір жолы – Курчатов – Шар – Өскемен темір жолы іске қосылатын болады. Автомобиль көлігі автожолдар мен темір жолдар қиылысатын ірі қалалар мен аудан орталықтарында үлкен жол тораптарын жасай отырып, жолаушылар мен жүк тасу жұмыстарын іске асыруда үлкен рөл атқарады.
* Бұл көліктің жұмысы республикалық маңызы бар:Алматы – СемейСемей – ПавлодарСемей – КурчатовЖаңғызтөбе – ӨскеменГеоргиевка – Көкпекті – ЗайсанАягөз – Үржар – Бақты;
* Алматы – Семей
* Семей – Павлодар
* Семей – Курчатов
* Жаңғызтөбе – Өскемен
* Георгиевка – Көкпекті – Зайсан
* Аягөз – Үржар – Бақты;
* облыстық маңызы барАягөз – Баршатас – ҚайнарСемей – Қарауыл – ҚайнарКөкпекті – Самара – ӨскеменҮлкен Нарын – Қатонқарағай – БергіелӨскемен – ШемонаихаӨскемен – РиддерӨскемен – АлтайКүршім – ҚалжырСемей – Қайнар
* Аягөз – Баршатас – Қайнар
* Семей – Қарауыл – Қайнар
* Көкпекті – Самара – Өскемен
* Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Бергіел
* Өскемен – Шемонаиха
* Өскемен – Риддер
* Өскемен – Алтай
* Күршім – Қалжыр
* Семей – Қайнар
Автомобильді жолының жиілігі бойынша (әр 1000 км2-ге шаққанда 38,9 км). Шығыс Қазақстан облысы республикада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарынан кейін 5-орынды алады. Су жолы қатынасы түгелдей Ертіс өзені арқылы іске асырылады. Ертіске автомобиль жолдары келіп түйісетін тұстардағы 15-ке жуық елді мекенде өзен айлақтары жұмыс істейді. Өзен жолы арқылы Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен, одан әрі Ресейдің Омбы облысымен қатынасады. Әуе жолы облыс орталығы мен Семей қаласын Астана, Алматы қалаларымен және республиканың басқа облыс орталықтарымен жалғастырады. Шығыс Қазақстан облысы көліктің барлық түрімен жүк тасымалдаудың көлемі бойынша республикада 1-орында, жолаушылар тасымалдаудың көлемі бойынша Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін 3-орында келеді. 2005 ж. олардың жалпы көлемі тиісінше 257,1 млн т-ға және 969,7 млн адамға жетті. Жүк және жолаушылар айналымы бойынша да облыс республикада елеулі орындарға ие. 2005 ж. көліктің барлық түрі бойынша жүк айналымы 4904,1 млн тонна-километр, жолаушылар айналымы 7959 млн жолаушы-километр болды.
## Білім алу
2005 ж. Шығыс Қазақстан облысында мектепке дейінгі балалар мекемесі 80-ге, ал ондағы балалар саны 11952-ге жетті; 2005 – 06 оқу жылында оқытудың барлық санаттары бойынша оқушылардың саны 331,5 мың болды.
* 230,3 мыңы жалпы білім беретін мектептерде
* 13,0 мыңы кәсіптік-техникалық мектептер мен лицейлерде
* 35,4 мыңы колледждерде
* 52,8 мыңы жоғары оқу орындарында оқыды.
Білім беретін мекемелер
* 834 мектептер
* 39 кәсіптік-техникалық мектептер
* 43 колледждер
* 10 жоғары оқу орны
* 678 орта білім беру мектептер
## Медицина
Шығыс Қазақстан облысында халықты емдеумен 1600 дәрігер, 11560 орта білімді медициналық қызметкерлер айналысады. Әр 10 мың адамға шаққанда тиісінше 38,8 дәрігер және 80,8 медициналық қызметкерден келеді, бұл орта республикалық көрсеткіштен біршама жоғары. Медициналық мекемелері:
* 106 аурухана
* 414 амбулатория мен емханалар
Бұл мекемелерде 113 әйелдер консультациялары, 4 ана босанатын үйлер, 36 медициналық жедел жәрдем стансасылары, 60 дербес стоматологиялық емханалар бар. Қазіргі кезде облыстың ауруханаларында 11347 төсек бар, бұл 10000 адамға шаққанда 79,3 төсектен келеді, ал ауру балаларға 1747 төсек, жүкті және босанатын аналарға 788 төсек жабдықталған.
## Мәдениет
* Драма театрлары:Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры (Өскемен)Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры
* Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры (Өскемен)
* Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры
* 276,7 мыңға жуық экспонаты бар 11 мұражайлар:Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейіОблыстық этнографиялық музейСемей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің облыстық музейіОблыстық тарихи өлкетану-музейіШығыс Қазақстан көркемөнер музейі.
* Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың музейі
* Облыстық этнографиялық музей
* Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнерінің облыстық музейі
* Облыстық тарихи өлкетану-музейі
* Шығыс Қазақстан көркемөнер музейі.
## Архитектура
* Тарихи және мәдениет ескерткіштерінен Ұлан ауданындағы “Абылайкит” ғибадатханасының ескі қонысы
* 16 нысаннан тұратын Семей қаласындағы тарихи-архитектуралық ескерткіштер
* 844,8 мың дана кітап қоры бар 267 кітапхана
* 183 клубтық мекемелер
* 7 киноқондырғы
* 34 туристік мекеме
* 55 қонақ үйлер
## Туризм
Шығыс Қазақстан облысының мәдени-танымдық туризмді дамыту үшін үлкен әлеуеттік мүмкіндіктері бар. ШҚО-ның тек қазақстандық қана емес, сонымен қатар әлемдік туристік нарықта әлеуетті бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын айырықша табиғи-географиялық, климаттық, бальнеологиялық, мәдени-тарихи ресурстары бар.
ШҚО туристік саласының дамуына байланысты Алматы мен Астана қалаларынан кейін 3-орынды иеленеді. 2020 жылдарға дейінгі Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту Тұжырымында «Шығыс Қазақстан кластері «Табиғат таңғажайыптары әлемі» және экологиялық туризмді дамыту орталығы ретінде» белгіленетіні жайлы айтылған.
Шығыс Қазақстан кластеріне ШҚО-ның солтүстік және шығыс бөліктері енеді. Кластердің орталығы кластердің орталығы болады, оған туристік қызығушылық тудыратын 8 басты жер енгізіледі:
1) «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының нысандары;
2) Бұқтырма су қоймасы;
3) Ертіс өзені мен Жайсан көлі;
4) Катон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;
5) Қалжыр өткелі;
6) Риддер-Анатау және Иванов таулары;
7) Алакөл көлі;
8) Семей қаласы.
Қазақстанның халықаралық туризмге енуінің өзіндік болашағы бары белгілі. Біздің әлеуетті нарықтарымыз - Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс. Тек Ресей мен Қытаййдың өзі ғана 150 миллионнан астам туристермен қамтамасыз етеді. Бүгінде Қазақстан 52 елмен визасыз режимге көшу жөнінде келісімдер жасалған. Одан басқа «ЭКСПО-2017»-ні өткізуге айындық барысында басқа да көптеген елдермен виза реимін қарапайымдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Солай бола тұра Қазақстан туризмінің бүгінгі даму қарқыны бар әлеуетті толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Әлемде біз жайлы туристік мақсатпен баруға тұратын ел ретінде әлі өте аз біледі. Бірнеше халықаралық жәрмеңкелерге қатысу күтетін әсерге қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр. Туристік саланың дамуының төмен деңгейі елдің туристер үшін жағымды имиджін қалыптастыру мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулердің жоқтығымен де тікелей байланысты. Қазақстанда туризм саласында белсенді PR-кампаниялар, имидждік жобалар жасау мәселесі бойынша кешенді және жүйелі талдаулар жүргізетін ғылыми-зерттеу құрылымы жоқ. Елімізде қалалар мен аймақтардың туристік имиджін көтерумен шұғылданатын мықты мемлекеттік-жекеменшік ұйымдар да жоқ. Аналитиктердің айтуынша, «туркомпаниялардың 80 пайызынан астамы қазақстандықтардың шет елдерде демалуын ұйымдастырумен шұғылданады, демек, олар шетелдік турөнімдерді сату-сатып алумен айналысады».
Осыдан келіп, республиканың қазіргі туристік нарығындағы жағдай маркетингті қолдануды, жаңа тұтынушының басты ерекшеліктерін зерттеуді, туристік қызметтерді
олданушының уәждемесі мен мінез-құлық ерекшеліктерін айқындауды талап етеді. Сол себепті туристерге арналған экспресс-жолсілтеуші ақпараттық өнімдерді дайындаудың маңыздылығы өз-өзінен айқындалады.
## Тағы қараңыз
* Аустрия жолы
## Сілтемелер
* "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
* [Электронды ресурс]: http://www.kit.gov.kz/html/koncepcia.html(қолжетпейтін сілтеме)
* Депутат Д.Назарбаева: Формирование имиджа Казахстана за рубежом должно вестись системно // [Электронды ресурс]: http://www.zakon.kz/4593836-deputat-d.nazarbaeva-formirovanie.html
* Дуйсенгалиев Т. Мировой опыт развития туристической индустрии в применении к нашей стране // [Электронды ресурс]: http://www.zakon.kz/217500-mirovojj-opyt-razvitija-turisticheskojj.html Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2014 жылы.
## Сыртқы сілтемелер
* Шығыс Қазақстан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы.
* Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң ресми сайты айдарларының тiзбесi
* Шығыс Қазақстан облысының жаңалықтары Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2013 жылы.
## Дереккөздер |
Күлтегін, 𐰚𐰇𐰠𐱅𐰃𐰏𐰤 (көне түркі тілі), كۇلتەگىن (төте), (685-731жж) — Шығыс Түрік Қағанатының мемлекеттік қайраткері, Білге қағанның кеңесшісі, саяси және әскери қолбасшысы, Білге-қағанның тең билеушісі, Құтлұғ-Елтеріш-қағанның ұлы.
## Өмірбаяны
Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Білге қағанның (Могилян) туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Ашина тектi.
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 жж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 жж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады.
Екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семсері» атанған атақты батыры. Әкесінен жастай жетім қалып, ағасы Қапаған қағанның тәрбиесінде өскен Күлтегін тым ерте есейіп, қабырғасы қатып, бұғанасы бекімей жатып, жау жарағын асынып, түрік еліне тұс тұстан төнген басқыншы жауға қарсы үлкендер қатарында тұрып, ерлікпен күреседі. Бұл ретте түріктің атақты Білге қағаны Күлтегін батырдың басына қойылған ескерткіші тасқа ойып жаздырған ғұмырнамасында: «әкем қаған өлгенде інім Күлтегін жеті жаста қалды. Он жаста Ұмай текті шешемнің бағына інім Күлтегін ер атанды» деп жазды. Тарихи деректерді салыстыра зерделесек, бұдан Күлтегіннің он жасында ер атанып, алғаш көзге түскен соғысының табғаш елінің әйел патшасы У хыудың Қапағанның басына ақша тігіп, кімде кім оны өлтірсе, соған «Жан чо» («Чоны өлтіруші», яғни Мочо Қапағанды өлтіруші) деген атпен бірінші дәрежелі кінәз атағын беремін деген уәдесін арнайы жарлықпен бекітіп, түрік еліне жазалау жорыққа қалың қол аттандырғаннан кейінгі, 694 жылғы Жау жыу және Дин жыу аймақтарында болған соғыс екені анық көрінеді. Қапаған осы соғыста 90 мың тұтқынды қолға түсірген. Міне, осыдан былай Күлтегіннің ерлік жолы басталады. Тарихи деректер сол кездегі ел тәуелсіздігін сақтап қалу жолында болған қырғын соғыстардың бірде біреуінің Күлтегінсіз өтпегенін, дулығасы жарқырап, жауын жапырып қан майданның ортасында жүргенін тамсана баяндайды. Бұл арада сол деректерді тізіп жатпай ақ, батырдың өзіне арнап орнатылған ескерткіштегі мына жазулардан да біраз жайды аңғаруға болады. Тас жазудың авторы Йолығ тегін Күлтегін ерлігін былайша тізбелейді:
Он алты жасына келгенде.... алты чуб, соғдыларға қарсы аттандық. Күлтегін жауға жалғыз ұмтылды. Ол тұтықты қарулы басшылармен қолға түсірді. Ол әскерді сонда талқандады. Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық. Күлтегін әуелі Тадықан шораның Боз атын мініп шапты. Ол ат сонда өлді. Екіншісінде Ышбыр Жамтардың боз атын мініп шапты. Ол ат та сонда өлді. (Күлтегіннің) сауытына, қалқанына жүздеген оқ тиді, бірақ бірі де денесіне дарыған жоқ. Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде қырғыздарға қарсы аттандық. Күлтегін Байырқының Ақбоз айғырына мініп, шабуылға ұмтылды. Бір батырын оққа ұшырды, екі батырын найзамен түйреп түсірді. Ақбоз айғырдың белі үзілді. Қырғыз қағанын өлтіріп, елін алдық... Тоғу қаласында шайқастық. Күлтегін Азбан ағын мініп ұмтылды. Алты батырын шаншып түсіріп, жетіншісін қылышпен шапты. Тоғыз батырын қуып жетіп, тақымға басты.... Оғыздармен соғыстық Күлтегін Жетімек (Өгсіз) атқа мініп шауып, тоғыз ерін шанышты... Түргеш халқы жау болды. Күлтегінді шағын қолмен жібердік. Жойқын соғыс жасапты. Қара түргеш халқы сол жерде өлім тауыпты...
Осылай жалғаса береді. Қарап отырсаңыз, Күлтегін батыр 47 жасқа жетіп, қаза тапқанша соғыссыз өткен жылы болмапты. Соның бәрінде ол жау қолына жасындай тиіп, түрік қолын жеңіске жеткізіп отырыпты.
Әкесі Құтылығ (Елтеріс) қаған Екінші Шығыс Түрік қағанатының іргесін қалап, шаңырағын көтерсе, артында қалған екі баласы: үлкені Білге қағаны ел бастап, кішісі Күлтегіні қол бастап, сол қағанаттың айбынын асырып, мерейін тасытыпты. Ағайынды екі ұлан ақыл қосып бірге қимылдап, елінің бірі алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал алтын тұтқасына, бірі айбарлы асыл тірегіне айналыпты. Ажал жетіп, сол асыл тірек құлағанда Ұлы Дала күңіреніп, төрткүл дүниеден түгел елшілер келіп, Күлтегін рухына тағзым етіпті. Басына ел тарихын жазып, алып ескерткіш орнатыпты. Сол ескерткіштің ғылыми көшірмесі бұл күнде тәуелсіз еліміздің астанасында, Еуразия ұлттық университеті бас ғимаратының төрінде тұр. Батыр бабаның бақытты ұрпағы күн сайын ескерткіш қасына келіп, ұлы Ерлікке тағзым етеді, ата рухына адалдықтарын білдіреді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Күл-тегін ескерткіш кешені мен бітіктасы туралы толық мәлімет
* Күл-тегін бітіктасының мәтіні |
Геннадий Васильевич Колбин (7 мамыр 1927, Свердлов облысы – 19 қаңтар 1998, Мәскеу) – саяси қайраткер. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы (1986 – 1989).
## Өмірбаяны
Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген.
* 1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор-технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары,
* 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды.
* 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшы, қалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы,
* 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
* 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
* 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
* 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп,
* 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі ушығуынан қауіптенген КОКП ОК К-ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды.
## Марапаттары
* Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Колбин Геннадий Васильевич
* Колбин Геннадий Васильевич
* Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы. |
Ысқақов Ахмеди Ысқақұлы (1910—1996) — тілтанушы, филология ғылымдарының докторы (1965), профессор (1968), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының мүше-корреспонденті (1972), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
## Өмірбаяны
Алматы педагогикалық институтын бітірген (1940).
КСРО ғылым академиясының КСРО халықтарының тілі мен жазуы институтының аспиранты (1940—1941), ҚазПИ (1941-1942), содан кейін Педагогикалық және оқытушылық институты директорының орынбасары және оқутышысы (1942-1947), Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында кафедра меңгерушісі (1947-1951), ҚазССР ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры (1951-1953), ҚазМҚПИ кафедра меңгерушісі (1953-1955), ҚазССР ағарту министрлігі Педагогикалық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры (1955-1961), 1961 ж. бастап ҚазССР ғылым академиясының Тілтану институтында бөлім меңгерушісі.
## Ғылыми қызметі
Зерттеу бағыттары: қазақ тілтануының тарихы мен қазіргі жағдайы, грамматика (морфология), сөз таптарының теориясы және сұрыпталуы, лексика және лексикография, оқыту методикасы. Бұл кісінің бастауымен он томдық «Қазақ тілінің сөздігі» мен «Абай шығармаларының сөздігі» құрастырылған. Ысқақовтың жалпы редакциясын басқаруымен «Абай тілі сөздігі»( 1968) жарық көрді. Оның «Абай және қазақ әдеби тілі» деген мақаласында («Абай тағылымы».-А., 1986) ақынның қазақ әдеби тілін дамыту тарихында алатын орнына, әдеби тілді бірыңғай ізге түсіріп қалыптастырудағы айрықша еңбегіне, ақын тілінің мәдениеті, сөз қолдану шеберлігіне жан-жақты талдау жасалған.
Монографиялар, оқулықтар, жинақ ішіндегі бөлімдер; қазақ тілтануы, педагогика, халық білімі тарихының сауалдарына қатысты мақала топтамалары сияқты 200-ден астам ғылыми еңбектің ауторы.
Орден, медалдермен марапатталған.
## Еңбектері
Негізгі ғылыми еңбектері:
* сөздің морфологиялық құрамы мен қазіргі қазақ тіліндегі атаушы есімдер. Алматы, 1964Морфологическая структура слова и именные части речи в современном казахском языке. Алма-Ата, 1964.
* Морфологическая структура слова и именные части речи в современном казахском языке. Алма-Ата, 1964.
* Қазақ тілінің грамматикасы: (Морфология). Алматы, 1967. 1 том, (авторлас)Грамматика казахского языка: (Морфология). Алма-Ата, 1967. Т. 1 (соавтор).
* Грамматика казахского языка: (Морфология). Алма-Ата, 1967. Т. 1 (соавтор).
* Қазіргі қазақ тілі: (Морфология). Алматы, 1964, 1974.
## Дерккөздер |
«Айбын» ордені — 1995 ж. белгіленді.
Орденмен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының әскери қызметшілері, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қayincіздік, ішкі істер органдарының және басқаларының қызметкерлері жауынгерлік даярлықта, әскерлердің жоғары жауынгерлік дайындық деңгейін ұстауда, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; әскери және қызмет бабындағы парызын өтеудегі көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғауда жасаған ерлігі үшін марапатталады.
*
*
*
«Айбын» орденінің үш: I, II және III дәрежелері болады.
І және II дәрежелі «Айбын» ордендерімен кіші және аға офицерлік құрамдағы адамдар марапатталады.
III дәрежелі «Айбын» орденімен солдаттар, матростар, сержанттар, старшиналар, прапорщиктер мен мичмандар марапатталады.
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары |
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды. Облыс орталығының ауданы 633 шаршы км құрайды, 01.05.2023 ж. халық саны 367,7 мың адам. Қала аумағының құрамына Кенжекөл ауылдық округі, Атамекен кенті, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдары кіреді.
Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станицаға айналды, ал, 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады.
Қала республиканың негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады.
## Жергілікті билік органдары
* Жергілікті атқарушы орган – әкім басқаратын Павлодар қаласының әкімдігі, оны қызметке жергілікті өкілді орган – Павлодар қалалық мәслихатының келісімімен облыс әкімі тағайындайды.
Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl?lang=kk
Павлодар қалалық мәслихатының ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl?lang=kk
## Ресми символы
Павлодар қаласының ресми символы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы «Павлодар қаласы елтаңбасының эскизін бекіту туралы» шешімімен бекітілген мемлекеттік рәміздердің түс гаммасында орындалған дөңгелек пішінді болып табылады. Ортасында Ертіс өзенінің символдық толқындарымен жуылатын «Павлодар» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы жағында «Шаңырақ» орналасқан, киіз үйдің негізгі элементтерінің бірі, одан индустриялық қаланың сұлбасына энергия мен дамуды бейнелейтін күн сәулесі әртүрлі жаққа тарайды. Елтаңбаның негізіне қаланың өнеркәсібін бейнелейтін тегершік элементі қолданылады. Елтаңба жиектерінде сабақтастықты, дәстүр мен мәдениетті бейнелейтін ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген.
## Тарих
* Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станцияға айналды, ал 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады.
Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді.
Қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті.
## Халқы
Павлодар қаласы халқының саны
Тұрғындар саны — 333 479 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 360 502 адам (1 қаңтар 2020 жылғы санақ бойынша).
Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2020 ж. бойынша):
* Қазақтар — 172 010 адам. (47,71 %)
* Орыстар — 148 207 адам. (41,11 %)
* Украиндықтар — 13 695 адам. (3,8 %)
* Немістер — 7 762 адам. (2,15 %)
* Татарлар — 7 111 адам. (2,04 %)
* Басқалары — 11 717 адам. (1,65 %)
* Барлығы — 360 502 адам. (100,00 %)
## Экономика
Павлодарда 8 жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істейді: «Қазақстаналюминий» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ (химия зауыты), «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Кастинг» ЖШС ПФ. Сондай-ақ, экспортқа бағдарланған болат және жіксіз құбырлар шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, мұнай өңдеу, кокс шығару, электр, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді.
Қаланың солтүстік бөлігінде инвестициялық жобаларды дамыту үшін «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының толық кешені бар қазіргі заманғы инвестициялық алаң құрылды.
## Өнеркәсібі
Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл өңдеу саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу зауыттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий зауытынан, мұнай өңдеу өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комбинаттарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром зауытынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді.
## Мәдениет және спорт
Павлодар қаласының барлық тұрғындары үшін ерекше мақтаныш және сүйікті демалыс орны Ертіс өзенінің жағалауы болып табылады, ол жағалау бойы 6 километрге созылды. Павлодар жағалауы табиғи рельефті ескере отырып, террассалық принцип бойынша салынған, соның арқасында барлық жерлерден өзен мен Ертіс өзенінің жайылмаға көркем көрінісі ашылады.
Қаланың қазіргі келбетіне дәстүрлі сәулет стилінің элементтері енеді. Мәшһүр Жүсіп мешіті пен Благовещенский кафедралды соборы, ал Бас Поштадағы мұнаралы сағат осы күнге дейін қаланың визит карточкасы болып саналады.
Павлодар қаласының мәдени өмірі де бай және сан түрлі. Қалада 7 мәдениет сарайы мен үйлері, 2 драма театры (А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры, Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры), 13 кітапхана, 9 мұражай бар, олардың ішінде Павлодар Ертіс өңірінің тарихи маржаны — Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Бұқар жырау атындағы әдебиет мұражайы, Н. Шафердің жеке коллекциясы негізінде құрылған Қазақстандағы жалғыз мұражай-үйі, онда 25 мың музыкалық пластиналар жинақталған. 2019 жылы Павлодарда елімізде теңдесі жоқ «Ertis» жаратылыстану ғылымдарының мультимедиялық мұражайы ашылды.
Сондай-ақ, қалада И. Байзақов атындағы облыстағы жалғыз филармония орналасқан, оған Р. Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, джаз оркестрі, камералық хор, халық аспаптар ансамблі және т. б. кіреді.
Апта сайын жазғы кезеңде қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған open air «Ertis promenade» фестивалі өтуде. Бұл үшін Орталық жағалаудағы төменгі қабатта әр түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін сахна орнатылған, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Павлодар мен спорттық өмірімен де белгілі. Қалада 4 стадион, 12 бассейн, олардың ішінде облыстағы жалғыз 50 метрлік «Ertis Olympic» олимпиадалық бассейні, 142 спорт залы, 3 шаңғы базасы бар. Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде «Sport city» спорт қалашығының құрылысы басталды, 2019 жылы толық өлшемді жабық футбол манежі пайдалануға берілді, Мұз аренасының құрылысы аяқталуда. Павлодарлықтар өз жерлестерінің жетістіктерін мақтан тұтады, олар қала атынан түрлі жарыстарда, республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, чемпион және жүлдегер атануда. Павлодар қаласының спорттық мақтанышы – «Ертіс» футбол командасы Қазақстан чемпионатының бес дүркін иегері.
* Қала аумағындағы Ертістің жарлы келген оң жағалауында Еуразиядағы “Қаздар қонысы” (“Гусиный перелет”) деп аталатын гиппарион фаунасының орны сақталған. Бұл жерден палеонтологтар гиппарионның, мүйізтұмсықтың, еліктің, керіктің, cемсер тісті жолбарыстың, т.б. аңдардың сүйектерін тапқан.
## Оқу орындары
Мұнда мемлекеттік 3 жоғарғы оқу орны бар:
* С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
* Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
* Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университет
* Қала мен облыс экономикасының көпшілік салаларына орта білікті кәсіптік мамандар даярлау жұмыстарымен 17 кәсіптік-техника мектеп пен 10 колледж айналысады.
* Жалпы білім беретін 43 мектеп бар.
* 6 лицей.
* Мектепке дейінгі бірнеше балалар бақшасы бар.
## Туризм
Қаланың туристік әлеуеті 1913 жылы ашылған Мойылды шипажайымен ерекшеленеді. Шипажай Мойылды көлінің жанында орналасқан, ол жергілікті тұрғындар мен жақын өңірлердің арасында танымал.
Сондай-ақ, 1928 жылы ашылған неогенды жануарлардың ең ірі жерлеу орны болып табылатын «Қаз қонақ» табиғаттың бірегей палеонтологиялық ескерткіші болып табылады. 2019 жылы белгілі ескерткіш орналасқан жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылды, миллиондаған жыл бұрын мекендеген жануарлардың көлемді мүсіндері орнатылды.Қаланың тарихи бөлігі де назар аудартады, онда XIX-XX ғасырдың ғимараттары сақталған, бүгінде жергілікті маңызы бар сәулет және тарих ескерткіштері болып табылады. Олардың ішінде 1899 жылы салынған Г. Потанин атындағы Тарихи-өлкетану музейі, 1897 жылы салынған Бұқар Жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі, 1905 жылы салынған «Ақ-мешіт» мешіттін ғимараты т.б.
## Денсаулық сақтау мекемелері
Денсаулық сақтау мекемелерінен:
* 13 аурухана мен диспансер;
* 4 емхана;
* 3 фельдш.-акушерлік амбулатория бар;
* 9 фельдшерлық пункт;
* 23 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар.
## Бауырлас қалалары
* Қайсері, Түркия
* Быгдощ, Польша
* Омбы, Ресей
* Новосібір, Ресей
* Бургас, Болгария
## Ономастика сұрақтары
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік жариялағаннан кейін елімізде даңқты тарихи тұлғалардың, қазақ мемлекетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінің есімдерін халық жадында жаңғыртуға, сондай-ақ әртүрлі этностар өкілдеріне қазақ халқының тарихи қайраткерлерін жақынырақ тануға және қазақстандық қоғамда өзара келісімді нығайтуға бағытталған идеологиялық ескірген атауларды қайта атау бойынша жұмыстар дәйекті түрде жүргізілді.
Павлодар қаласының атын өзгерту мәселесі жиі талқыланады. Бірқатар қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар қаланы Кереку, Кимак, Сарыарқа және т. б. деп қайта атау туралы әртүрлі пікір білдірді. 2020 жылы Павлодар қаласын Ертіс қаласы деп қайта атау туралы мәселені қарастыру туралы ұсыныс түсті. Соңғы талқыланған нұсқалардың қатарында Ертіс-Баян және Ертісті.
Қазіргі уақытта атауды өзгерту мәселесі ресми түрде қаралмайды.
Айта кету керек, 1962 жылы Павлодар билігі Павлодар қаласының атауын Хрющевоград деп өзгертуге бастамашы болды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың араласуынан кейінгі бастама сәтсіз болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде "Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек" - деп айтты.
## Павлодар қаласының суреттері
*
*
*
*
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Павлодар картасы(қолжетпейтін сілтеме)
* Павлодар облысы
* Павлодар ауданы
## Дереккөздер |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, Қазақстан Республикасының бірінші президенті (1991–2019) және Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының соңғы басшысы (1989–1991).
2010 жылдан бері 2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті — Елбасы ресми мәртебесіне ие болды.
Бұрын Назарбаев Қазақстан Конституциялық Кеңесінің мүшесі (2019–2023), Нұр Отан ХДП төрағасы (2007–2022), Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы (1995–2021), Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (1991–2022) лауазымдарының иесі болған. Қазақстан тәуелсіздігіне және өзінің президенттігіне дейін Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы (1984–1989), КОКП ОК мүшесі (1986–1991), КОКП ОК Саяси бюро мүшесі (1990–1991), Қазақстан КП ОК хатшысы (1974–1984), Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы (1989–1991), КСРО Жоғарғы Кеңесінің 10–11-шақырылымының Солтүстік Қазақстан облысынан депутаты (1979–1989), КСРО халық депутаты (1989–1991), Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990), Қазақ КСР президенті (1990–1991).
Назарбаевтың президенттігін саясаттанушылар және бақылаушылар жеке басына табынуы бар, авторитарлық, непотистік диктатура етіп сипаттайды.
## Өмірбаяны
### Еңбек жолының бастауы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Әбіш (1903–1971) пен Әлжанның (1910–1977) отбасында дүниеге келді. 1957 жылы Қаскелең қаласында Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірді.
Теміртаудағы металлургиялық комбинат құрылысына бүкіл одақтан комсомолдарды жинап жатқанын естіп, Нұрсұлтан Назарбаев металлург болуға бел буды. 1958 жылдың алғашқы екі айында Қарағанды облысында Теміртау қаласынан 15 км жердегі Токаревка ауылында жатақханада тұрды. Украинаның Днепроджерсинск қаласындағы Днепр металлургиялық зауытындағы №22 Кәсіптік-техникалық училищеде оқып, 1960 жылы тәмамдады. 1960 жылы Теміртау қаласында «Казметаллургстрой» трестінің құрылыс басқармасына жұмысшы болып орналасты. 1960 жылы 3 шілдеде Қазақстан және Орталық Азиядағы алғашқы домна пеші іске қосылды, Назарбаев алғашқы қазақстандық шойын қайнатуға қатысты. Содан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында құю машинасының шойыншысы, домна пештің горновойы, домна цехтың диспетчері, газшысы, аға газшысы болып істеді. 1967 жылы Қарағанды металлургиялық комбинатындағы Жоғарғы техникалық оқу орнын бітірді.
1969 және 1973 жылдары Теміртау қаласында партиялық комсомолдық қызмет атқарды. 1973–1978 жылдары Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы болды. Турасын айтқанда Назарбаев кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлға еді. Бұл жерде 30 мың адам жұмыс істейтін. Назарбаев естеліктерінде менмен амбициясының болмағанын, басқарушы лауазымдарға құмар болмағанын айтады, бірақ жас күнінен әрқашан да бірінші болу керек деген дағды қалыптасқан. Осы кезеңде ол басшы ретінде цех басшылары мен министрлерге дейін қарым-қатынас жасау тәжірибесін жинақтады.
1978–1979 жылдары партияның Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, екінші хатшысы болды. 1979 жылы Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің хатшысы болып тағайындалды.
1984–1989 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, ал 44 жасында одақ республикалары арасындағы ең жас басшы атанды.
1986 жылғы желтоқсанда республика астанасы Алматы қаласында ереуіл басталды. Оған Қазақстан компартиясы ОК бірінші хатшысының қызметіне Дінмұхамед Қонаевтың орнына бұрын-соңды Қазақстанда тұрмаған Геннадий Колбин сайланғаны түрткі болды. Жастар ереуілі аяусыз жаншылды, оқиға қатысушылары қудаланды, тек 1989–1991 жылдары ғана қайта қаралды.
1989–1991 жылдары Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы. 1989–1992 жылдары КСРО халықтық депутаты. Сол уақытта 1990 жылғы ақпан-сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы. 1990 жылғы 14 шілде мен 1991 жылғы 23 тамыз аралығында КОКП ОК Саясибюро мүшесі. КОКП Орталық ревизиялық комиссиясының мүшесі (1981–1986). КОКП ОК мүшесі (1986–1991).
### Президент сайлануы, 1990 жылдар
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ КСР президенті лауазымы құрылып, оған Нұрсұлтан Назарбаев лайық деп табылды.
1991 жылғы жазда Михаил Горбачёв пен Борис Ельцин жаңа одақтық келісімшартқа қол қою барысында Назарбаев Тәуелсіз Мемлекеттер одағы үкіметінің төрағасы лауазымын иеленетін болды, алайда ТЖМК Тамыз бүлігі бұған кедергі келтірді.
Назарбаев КСРО-ны конфедерацияға айналдыруды қолдады.
28 тамызда Қазақстан КП ОК пленумында президент Назарбаев КОКП-дан шығатыны туралы мәлімдеді. 1991 жылғы 1 желтоқсанда бір ғана үміткердің қатысуымен Қазақ КСР-інің тұңғыш бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Нәтижесінде Назарбаев сайлаушылардың 98,7%-ын дауысын иеленді.
10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылдады, ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болды. 5 күн өткен соң осы статусымен КСРО-ның тарағанын растайтын ТМД мақсаттары мен принциптерінің Алма-Ата декларациясына қол қойылды.
1995 жылғы 29 сәуірде өткен референдум нәтижесінде Назарбаевтың президенттік өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылғы 10 қаңтарда Назарбаев 79,78% дауыспен президент болып сайланды.
### 2000–2010 жылдар
2005 жылғы 4 желтоқсанда өткен сайлауда Назарбаев Қазақстан президенті болып қайта сайланды, сайлауда 91,15% дауыс жинады.
2010 жылғы 15 маусымда Елбасы – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті мәртебесі ресми бекітілді.
2010 жылғы 23 желтоқсанда Өскеменде өткен форумда ел президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылды, ол үшін жалпыреспубликалық референдум өткізу керек еді. Ұсыныс білдірушілердің бірі – Олжас Сүлейменов болатын. Көп ұзамай 2011 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика парламентінің Қазақстан Республикасы Конституциясына қазіргі президенті өкілеттігін 2020 жылғы жалпыхалықтық сайлауға дейін ұзарту бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдумға салу туралы ұсынысынан бас тартты. Бірақ қол жинау тоқтаған жоқ, сөйтіп 2011 жылғы 13 қаңтарда осы бастаманы қолдап 5 миллион 16 мың қол жиналды. 2011 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Парламенті Конституцияға түзету енгізуді бірауыздан қабылдады. 31 қаңтарда Қазақстан Конституциялық кеңесі сайлауды референдумға ауыстыру туралы заңды конституцияға сай емес деп тапты.
Сол күні халыққа жолдауында президент Конституциялық кеңестің шешімін қолдап, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынды. 3 сәуірде мерзімінен бұрын өткен сайлауда 2016 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. Орталық сайлау комиссиясының соңғы есебі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 95,5% дауыс жинады. Конституция бойынша бір тұлға екі реттен артық қатарынан сайлауға қатыса алмайды, бірақ бұл шектеудің Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне қатысы жоқ.
2015 жылғы наурызда Назарбаев 2015 жылғы 26 сәуірде өтетін Қазақстан Республикасының мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауына қатысуға үміткер ретінде тіркелді. Сайлауда 97,75% дауыс жинады.
### Қызметін доғаруы
2019 жылғы 19 наурызда 2019 жылғы 20 наурыздан бастап президенттік өкілеттігін өз қалауымен өткізетін қаулы қабылдады. Халыққа үндеуінде Назарбаев:
– деп жариялады.
Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша президент өкілеттігі Парламент сенаты төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа беріледі, ол 20 наурызда Қазақстан парламенті қос палатасының біріккен отырысында ант берді. Бұдан кейін Назарбаев елдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі және «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазамын сақтап қалды.
Сонымен қатар Тұңғыш президент қоры аясында қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастырды. 2019 жылы қор «Ел үміті» және «Қамқорлық» жастарды қолдау жобаларын жүзеге асыра бастады. Біріншісі – өзгерістерді басқару бойынша жас менеджерлерді дайындауға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар әлемнің озық университеттері мен компанияларында білім алуға мүмкіндік алды, сондай-ақ олардың тәлімгері ретінде әрекет ететін үкімет, отандық және халықаралық сарапшылармен тікелей байланыс орната алады. «Қамқорлық» бағдарламасы бойынша ауруханаларда оңалту орталықтары, мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, жылына 5 мыңға жуық балаға тегін кешендік оңалту жүргізеді.
2020 жылғы маусым-шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев коронавируспен ауырды. Коронавирус пандемиясы тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың «Біз біргеміз!» ұлттық акциясы бастама алды, оның аясында 2,3 миллион азаматқа көмек көрсетілді: мұқтаж отбасыларға азық-түлік, медицина қызметкерлеріне еріктілер көмегі беріліп, тұрмысы төмен отбасылардың балаларына қашықтан оқытуға компьютер алынды.
2021 жылғы 28 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы өкілеттегін өткізді. Оны Н.Назарбаев 1995 жылдан басқарған еді, жалпықазақстандық социумға барлық этноәлеуметтік топтарды біріктіруді жалғастыру қажеттігін алға тартты. Назарбаевқа «Ассамблеяның құрметті төрағасы» атағы берілді.
2021 жылғы сәуірде Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» ауқымды қайырымдылық акциясы басталды. Акция барысында Нұрсұлтан Назарбаев және «Дегдар» қайырымдылық қоры тұрмысы нашар, көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған, Ұлы Отоан соғысының ардагері бар отбасыларға көмек көрсетеді. 681 мұқтаж отбасының әрқайсысына салмағы 132 кг тауар берілді.
### Елбасы лауазымы және басқа да мәртебелерінен айырылуы
2023 жылғы қаңтарда Назарбаев отставкасынан бері иелеген «құрметті сенатор» лауазымынан айырылған. Келесі күні Парламенттің екі палатасының шешімі бойынша «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» өз күшін мүлдем жоғалтты. Нәтижесінде экс-президент пен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылуды тоқтатты, пәтер мен мемлекеттік саяжай жеке меншікке берілмей, қажетті қызмет көрсетумен, жеке күзетпен, жүргізушілері бар жеке автокөлікпен, ел бойынша тегін жол жүрумен, медициналық қызмет көрсетумен және санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етілуі тоқтатылды.
Парламент төрағасы Мәулен Әшімбаев осы өзгерістердің себебін «2022 жылғы конституциялық референдумның нәтижесі, «халықтың шешімі» деп айтып кеткен. Алайда басқа дереккөздер оның себебін 2022 жылғы «Қаңтар оқиғасын» атаған.
Назарбаевтың бірнеше мәртебесінен айырылуына қарамастан оның бірнеше артықшылықтары да қалған еді, мысалы ол президент кезіндегі істері үшін жауап бермейді, оған мемлекет есебінен қызмет көрсету және күзет беру қарастырылған, және т.б.. 2023 жылғы 1 маусымнан бері Назарбаевты қорғайтын мемлекеттік күзет өз қызметін тоқтатты.
## Отбасылық жағдайы
Нұрсұлтан Назарбаевтың бірінші әйелі Сара Қонақай (1941 жылы туған) — инженер-экономист. Халықаралық Бөбек қорының негізін қалаушы және президенті, SOS Қазақстанның балалар ауылдары қорының президенті, тұңғыш бірінші ханым.
Нұрсұлтан мен Сара Назарбаевтардың некесінен үш қыз туған.
* Үлкен қызы Дариға Назарбаева (1963 жылы туған) — Мәжілістің III (2004–2007), V (2012–2015), VII (2021–2022) және Сенаттың VI сайланым депутаты, Парламенттің төрағасы (2019–2020), Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының директоры (2007 жылдан бастап), Асар партиясының төрайымы (2003–2006), «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ және Астана Опера кеңесінің төрайымы. Бірінші күйеуі (некеде 1983–2007, ажырасқан) Рахат Әлиев (1962–2015) — Аустриядағы (2002–2005, 9 ақпан 2007–26 мамыр 2007), Македониядағы, Хорватиядағы, Сербиядағы, Черногориядағы және Словениядағы елші (2002–2005), Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. Екінші күйеуі (2013 жылдан бастап) Қайрат Қаматайұлы Шәріпбаев (1963 жылы туған) — «ҚазТрансГаз» (2014–2015, 2020–2022), «QazaqGaz» (2020–2022), Қазақстан темір жолы (2005–2006) бас директоры.Үлкен ұлы Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1985 жылы туған) — «Еуропа плюс Казахстан» (2007 жылдан бастап), «Транстелеком» (2023 жылдан бастап) және «Нұрбанк» АҚ (қараша–желтоқсан 2008) Директорлар кеңесінің төрағасы, альпинизм федерациясының (2017 жылдан бастап), «Hit TV» арнасының (2006–2007) және «Қант орталығының» (2004–2006) президенті. Байлығы 220 000 000$ бағаланған. Әйелі (2003 жылдан бастап) Аида Берікқызы Әлиева (Берік Имашевтың қызы) (1984) — Arte Di Casa жиһаз компаниясына иелік етеді және бірнеше адамдармен бірге «Janum» қоғамдық бірлестігін құрды. Балалары: Лаура (2003), Алаң (2005), Амира және Әнуар.Ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаев (1990–2020) — Рахат (2006), Қайрат (2007), Астана (2011), Сұңқар футбол клубтарында (2012) ойнаған. Әйелі (2013–2020, ажырасқан) Әлима Қайратқызы Боранбаева (Қайрат Боранбаевтың қызы) (1993 жылы туған) — Лондондағы Courtauld Institute of Art өнер институтының түлегі. Балалары Сұлтан (2010) мен Амели (2016).Қызы Венера Рахатқызы Әлиева (2000 жылы туған) — SCI CDG Garden House компаниясының 99,99% иелік етеді. 11 жасында қазақ-орыс-неміс «Байқоңыр» фильмінде шопанның қызы ретінде эпизодтық рөлді сомдаған. Күйеуі (2018 жылдан бастап) Дален Шайжүнісов (1995) (Жақия Шайжүнісовтің немересі).
* Үлкен ұлы Нұрәлі Рахатұлы Әлиев (1985 жылы туған) — «Еуропа плюс Казахстан» (2007 жылдан бастап), «Транстелеком» (2023 жылдан бастап) және «Нұрбанк» АҚ (қараша–желтоқсан 2008) Директорлар кеңесінің төрағасы, альпинизм федерациясының (2017 жылдан бастап), «Hit TV» арнасының (2006–2007) және «Қант орталығының» (2004–2006) президенті. Байлығы 220 000 000$ бағаланған. Әйелі (2003 жылдан бастап) Аида Берікқызы Әлиева (Берік Имашевтың қызы) (1984) — Arte Di Casa жиһаз компаниясына иелік етеді және бірнеше адамдармен бірге «Janum» қоғамдық бірлестігін құрды. Балалары: Лаура (2003), Алаң (2005), Амира және Әнуар.
* Ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаев (1990–2020) — Рахат (2006), Қайрат (2007), Астана (2011), Сұңқар футбол клубтарында (2012) ойнаған. Әйелі (2013–2020, ажырасқан) Әлима Қайратқызы Боранбаева (Қайрат Боранбаевтың қызы) (1993 жылы туған) — Лондондағы Courtauld Institute of Art өнер институтының түлегі. Балалары Сұлтан (2010) мен Амели (2016).
* Қызы Венера Рахатқызы Әлиева (2000 жылы туған) — SCI CDG Garden House компаниясының 99,99% иелік етеді. 11 жасында қазақ-орыс-неміс «Байқоңыр» фильмінде шопанның қызы ретінде эпизодтық рөлді сомдаған. Күйеуі (2018 жылдан бастап) Дален Шайжүнісов (1995) (Жақия Шайжүнісовтің немересі).
* Ортаншы қызы Динара Құлыбаева (1967 жылы туған) — Нұрсұлтан Назарбаев білім қорының (қазіргі NNEF) директоры, Қазақстан-Британ техникалық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы. Күйеуі (1990 жылдан бастап) Тимур Құлыбаев (1966 жылы туған) — Қазақстан темір жолы, «Самұрық-Энерго» (2009–2011), Қазатомөнеркәсіп (2008–2012), ҚазМұнайГаз (2006–2007, 2009–2012), KEGOC (2006–2007, 2008–2011) Директорлар кеңесінің төрағасы. Екеуінің байлығы жеке-жеке 5 000 000 000$ бағаланып, Құлыбаевтардың байлығы 10 000 000 000$ бағаланды.Балалары — Алтай Асқар (1990), Дениза Асқар (2004), Нәби Назарбаев (2008), Алишия Асқар (2010).
* Балалары — Алтай Асқар (1990), Дениза Асқар (2004), Нәби Назарбаев (2008), Алишия Асқар (2010).
* Кіші қызы Әлия Назарбаева (1980 жылы туған) — «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары кеңесінің төрағасы (2021 жылдан бастап), Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары қауымдастығы президиумының төрағасы (2017–2022). Бірінші күйеуі (некеде 1998–2001) Айдар Асқарұлы Ақаев (1976–2020) Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың баласы. Екінші күйеуі (2002–?) Данияр Пернебекұлы Хасенов (1979 жылы туған) — Қазақстан темір жолы Басқарма мүшесі. «LOKOMOTIV» Астана футбол клубында ойнаған. Үшінші күйеуі (некеде 2015–2023) Димаш Ғабитұлы Досанов (Сәбит Досановтың жиені) (1981 жылы туған) — «Қазақстан-Қытай құбыры» (2014-2016), ҚазТрансОйл (2016–2022) бас директоры.Балалары — Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018).
* Балалары — Тиара Назарбаева (2007), Алсара Хасенова (2011), Алдияр (2016) және Айлана (2018).
Азаттық радиосы сияқты оппозициялық дереккөздердің болжауынша Назарбаевтың бейресми әйелі (1996–?) Гүлнар Оразқызы Рақышева (1970 жылы туған) — «ФИРМА ШАРМ», «Sergio group», «Мой сервис» компанияларының иесі. Болжау бойынша бұл некеден екі қыз туылған (туылған жылдары 2000-жылдардың басы), бірақ Гүлнар Оразқызы 2004 жылы Испанияға көшкеннен кейін қыздарының аты-жөнін өзгертіп тастаған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Тілектесқызы (Құрманбаева) Исабаева (29 қазан 1980) — Мисс Қазақстан 1999, «Астана Балет» театрының және «Қазақ ұлттық хореография академиясының» Арт-директоры. «Астана Балет» пен «Almaty Theatre» театрларының құрылтайшысы.2-некеден:
* Үлкен ұлы Тауман Нұрсұлтанұлы (2005).
* Кіші ұлы Байкен Нұрсұлтанұлы Нұрсұлтан (2008).
Ресми мәлімет бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жастайынан он екі атасына дейінгі шежірені жатқа білетін: Әбіш, Назарбай, Еділ, Кембаба, Мырзатай, Айдар, Көшек, Қарасай, Алтынай, Есқожа, Малды-Ыстық, Шапырашты, Жалманбет, Бәйдібек. Нұрсұлтанның сегізінші атасы Қарасай батыр болған, 1640–1680 жылдары жоңғарлармен шайқаста көптеген ерлік көрсеткен. Нұрсұлтанның атасы Назарбай би болған, Қазақстанның Орталық мұрағатындағы құжат бойынша 1880 жылдары дәулетті адам. Сонымен қатар Назарбаев бала күнінен анасының да жеті атасын жақсы білген: Әлжан (1910–1977), Бұхарбай (Бұқа), Жатқанбай, Кенебай, Олжабай, Ізбасар, Жолай, Тығыр, Жалмамбет, Жаныс, Дулат.
1991 жылы жарық көрген «Без правых и левых» еңбегінде Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жазады:
Ауыл шаруашылығымен айналысатын Әбіш пен Әлжанның отбасында дүниеге келді. Ұлы жүздің Шапырашты руынан шыққан. Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі Әбіш 1903 жылы Алатау баурайында Назарбайдың отбасында туылған. Әбіш Назарбаев 1971 жылы көз жұмды. Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық аулында молданың отбасында дүниеге келген, ол да 1977 жылы дүниеден озды. Анасы Дулат руының ішінде Жаныс елінен, одан Бесқалмақтан тарайды.
* Бауыры — Сатыбалды Назарбаев (1947–1981).
* Бауыры — Болат Назарбаев (1953–2023)
* Қарындасы — Әнипа Назарбаева (1950).
## Саяси көзқарасы
### Сыртқы саясат
Назарбаевтың президент ретінде қабылдаған бастамаларының бірі – Семей ядролық полигонын жауып, ізінше әлемде 4-орын алатын ядролық қару арсеналынан бас тартты. Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісімшарттар мен институттардың белсенді қатысушысына айналды.
1990 жылдары президент Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлы қырын жариялады, яғни халықаралық істерде маңызды роль атқаратын кез келген мемлекетпен достық қарым-қатынасты дамыту. Президенттік жылдарында Қазақстан 130 елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Аймақтық интеграция аясында Назарбаев бұрынғы КСРО мемлекеттерінің экономикалық-сауда қарым-қатынасын жандандыруға күш салды, Еуразия экономикалық одағының экономикалық маңызын алға тартты.
Қазақстан халықаралық ұйымдардың қызметіне белсене араласты. 2010 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының жұмысына бірінші күннен-ақ белсене кірісті, ал 2010–2011 жылдары оған төрағалық етті. 2016 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017–2018 жылдарға тұрақты емес мүшесі боп тағайындалды.
2015 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қоры Astana Club халықаралық пікірталас алаңын ұйымдастырды, мұнда жыл сайын әлемдік және еуразиялық аймаққа ықпал ететін жаһандық тенденциялар мен түйткілдердің шешімін талдау мақсатында саяси қайраткерлер, дипломаттар және АҚШ, Ресей, Қытай, Еуропа, Таяу Шығыс және Азия елдерінің аналитикалық орталықтарының сарапшылары жиналады..
1987 жылы Назарбаев Қарабақ қақтығысы, 2014 жылғы Украина дағдарысы, Сирия бойынша Астана процесі және басқа да халықаралық қақтығыстар тұсында бейбіт бітімші ретінде әрекет етті..
2011 жылы Назарбаев жаңа G-Global коммуникациялық алаңын құруды ұсынды, себебі оның ойынша G-20 және G-8 форматы әлемдік антикризистік жоспарды шешпеді. G-Global идеясы мынада, әлемдік мәселелердің тағдырын мейлінше көп ел мен планета азаматтарының қатысуымен демократиялық принциптер негізінде өткізген абзал. Осы мақсатта мемлекет көшбасшылары мен сарапшылар және олардың жауаптарын қамтитын мәселелерді талқылау үшін интернетте халықаралық ақпараттық-коммуникациялық платформа құрылды.
2017 жылы Астанада 112 мемлекеттің қатысуымен баламал энергетика тақырыбына арналған Бүкіләлемдік ЭКСПО-2017 көрмесі өтті. Көрме аяқталған соң оның орнына «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылды.
### Әлеуметтік-экономикалық даму
КСРО құлаған соң 4 жылдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік өндірісі екі есе қысқарды, ауылшаруашылығы 30 пайызға қысқарды, көптеген ірі кәсіпорындар жабылды. Қазақстанды басқарған жылдары ел экономикасының көлемі (ЖІӨ) 15 есе өсті, халықтың табысы доллармен есептегенде 9 есеге артты, кедейлік 10 есеге яғни 90 пайызға азайды. 2018 жылы жалпы өнеркәсіптік көлемде өңдеу секторы 40 пайыздан асты. Қазақстанда баспанамен қамту көлемі жылына 10 миллион квадрат метрден асып түсті, бір адамды баспанамен қамту 21,8 м квадратқа өсті.
1997 жылы президент «Қазақстан-2030» даму стратегиясын жасақтады. Оның басты мақсаттарының бірі – шетелдік инвестиция мен ішкі қордың үлесі жоғары болатын ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсім. Президенттің басшылығымен Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды. 1993–2006 жылдары Қазақстан 51,2 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты (Орталық Азиядағы инвестицяның 80%-дан астамы).
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамту мақсатында елдің мұнайдан түскен табысының жартысын жинау есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры құрылды.
Назарбаев астананы Алма-ата қаласынан Астанаға көшіруді қолдады. 1995 жылғы 15 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» қаулы қабылдады, оған сәйкес жоғарғы және орталық билік органдарын Ақмола қаласына көшіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстан астанасы болып бекітілді, ал 1998 жылғы 6 мамырда қаланың атауы Астана деп өзгертілді, 2019 жылы Нұр-Сұлтан деп аталды.
Түлектер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таза сөйлеуі үшін білім саласында үш тұғырлы тіл қағидасы жарияланды. 1993 жылы президент «Болашақ» білім беру бағдарламасын ашты, оның аясында мектеп түлектері конкурс бойынша мемлекеттік стипендиямен шетелге оқуға жіберілді. Бағдарлама бойынша 15 мың маман дайындалды. 2010 жылы президенттің бастамасымен Назарбаев университеті және Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.
Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне біртіндеп өту жүзеге асырылды. Бұл халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ынтымақтас жауапкершілігіне негізделді.
2010 жылы президенттің қаулысымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустиралды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Экономиканың шикізат секторын дамыту арқылы экономиканың бәсекеге қабілеттілігін әртараптандыру және арттыру, табысты арттыру арқылы халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында құрылды.
2012 жылғы желтоқсанда дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы жасақталды.
2008 жылы басталған жаһандық экономикалық дағдарысқа қарсы Назарбаев «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын ұсынды. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шаралары 5 негізгі бағытқа шоғырланды: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік нарығындағы түйткілдерді шешу; шағын және орта бизнеске қолдау көрсету; агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру; индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – халықты әлеуметтік қорғау, атап айтқанда инфляцияны ырықтандыру және негізгі азық-түлік бағасын ұстап тұру, бюджеттік қызметкерлердің еңбек ақысын көтеру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобы: зейнеткерлер, мүгедектер, жетімдерге жас бойынша зейнетақыны, мүгедектік бойынша жәрдемақыны, асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақыны көтеру арқылы әлеуметтік қамқорлықты жақсарту.
### Партиясы
КСРО күйрегенге дейін КОКП мүшесі болды. 1999 жылғы президенттік сайлауға дайындық тұсында Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткерлігін қолдайтын қоғамдық штаб құрылды. 1999 жылғы 19 қаңтарда президент инаугурациясы кезінде штаб отырысында соның базасында саяси партия құру туралы шешім қабылданды, 12 ақпанда «Нұр Отан» республикалық саяси партиясы тіркелді. 1-съезде партияға Қазақстан халықтар бірлігі партиясы, Қазақстан демократиялық партиясы, Қазақстан либералды қозғалысы және «Қазақстан-2030» қозғалысы қосылды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге байланысты Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының төрағасы лауазымына ресми бекітілді.
## Атақ-даңқы және наградалары
Қазақстанның мемлекеттік наградалары:
* Халық қаһарманы, айрықша ерекшелігі белгісі «Алтын жұлдыз» ордені және «Отан» ордені (2019 жыл 20 наурыз) – Тәуелсіз Қазақстанды орнатудағы тарихи үлесі, экономикалық және әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы, қазақстандық қоғамды топтастырудағы аса үздік еңбегі үшін.
* Қазақстан Еңбек ері «Алтын жұлдыз» орденімен (2019 жыл 20 наурыз)
КСРО мемлекеттік наградалары:
* Октябрь революциясы ордені
* Тыңайған жерлерді игергені үшін» медалі
* «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл» мерейтойлық медалі
* «Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл» медалі (1970)
* Еңбек Қызыл ту ордені (1972)
* «Құрмет белгісі» ордені (1972)
2010 жылғы 12 мамырда Қазақстан парламентінің төменгі палатасы – Мәжіліс депутаттары Назарбаевқа Елбасы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті статусын беретін заң жобасына түзетулерді қарауға бірауыздан қабылдады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті өз статусы бойынша Халық қаһарманы атағының иегері деген норма қабылданды.
2019 жылғы 30 мамырда «Құрметті сенатор» төсбелгісі берілді. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан Республикасының демократиялық зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде конституциялық-құқықтық негізде қалыптастыруға, сондай-ақ отандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына қосқан айрықша үлесі үшін» берілді.
2021 жылы 28 сәуірде Қазақстан халқы ассамблеясының құрметті төрағасы статусы берілді.
## Мәдениет
Нұрсұлтан Назарбаеатың өмір жолы «Елбасы жолы» киноэпопеясында баяндалды. Киноэпопеяның алғашқы төрт фильмі – «Балалық шағымның аспаны» (2011), «Отты өзен» (2013), «Темір тау» (2013), «Тығырықтан жол тапқан» (2014) болашақ президенттің балалық шағы, жасөспірім және жастық шағын баяндайды. Қазақстандық режиссер Рүстем Әбдірәшов түсірді. Назарбаевтың бала күнгі ролін жас актер Елжас Әлпиев сомдады, жастық шағын Нұрлан Әлімжанов сомдады. Әжесінің ролін Бибігүл Төлегенова, анасын Наталья Орынбасарова, әкесін Нұржұман Ықтымбаев ойнады. Қазақстан тарихы мен тұтас посткеңестік кеңістіктегі бетбұрысты кезең тура келген 90 жылдарды қамтитын эпопеяның қорытынды фильмі «Жұлдыздар тоғысқанда» деп аталды. Оның түсіріліміне ресейлік режиссер Сергей Снежкин шақыртылды. Аталған режиссердің күрделі тарихи сериалдарды қою тәжірибесі мол. «Жұлдыздар тоғысқанда» картинасындағы басты ролді Берік Айтжанов сомдады.
2011 жылы қыркүйекте НТВ телеарнасында режиссер Александр Моховтың «Ельцин. Тамыздың үш күні» фильмі жарыққа шықты. 2011 жылы қарашада Астанадағы Бейбітшілік сарайында Еркін Жуасбектің Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай президенттің Қазақстан тәуелсіздігін алу мен бекіту кезеңіндегі ролі туралы «Терең тамырлар» драмасының тұсауы кесілді.
2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаның мақсаты – Қазақстандағы тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру.
Орталық Азиядағы ең ірі екі театр «Астана опера» және «Астана балеттен» басқа Қазақстан астанасында Назарбаевтың бастамасымен Қазақ ұлттық хореография академиясы ашылды.
2017 жылы президент рухани құндылықтарды сақтап қалу мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізін қалады. Қазақ тілін әлемдік кеңістікке интеграциялау үшін біртіндеп латын әліпбиіне ауысу жоспарланды. «Қазақстанның киелі географиясы» жобасының нысандары елдегі туризмді дамыту орталықтарына айналды. Тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология бойынша 100 заманауи оқулық қазақ тіліне аударылды.
2018 жылы Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді, содан кейін қаланы жаңарту мен дамыту жұмыстары басталып кетті. Түркістан – қазақ хандығының көне астанасы және «түркі әлемінің рухани астанасы» ретінде белгілі. Түркістан облысын құру туралы қаулысына қол қоятын күні Назарбаев жиналыста ұлттық компаниялар мен ірі бизнес өкілдерін қала құрылысына белсене қатысуға шақырды. 2021 жылы Назарбаев Түркістанда жаңа салынған нысандар – әуежай, керуен-сарай және басқа да нысандарды аралап көрді. Түркістан жылдар бойы мұндай қайта жаңғыруды бастан өткермегенін айтты.
2020 жылы Назарбаевтың бастамасымен Нұр-Сұлтанда аумағы 22 мың метр квадрат болатын Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры құрылды. Журналистермен сұхбатында ол астананы көшіргелі бері қалада жаңадан үлкен қазақ драмтеатрын тұрғызуды армандағанын жеткізді.
2020–2021 жылдары эксклюзив сұхбаттар негізінде көпсериялы деректі фильм «Штрихи к портрету» циклі жарық көрді. Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қайраткерлігіне арналған.
2021 жылы Назарбаевтың өмірі туралы «Қазақ: алтын адамның тарихы» деректі фильмі жарыққа шықты. Режиссері Оливер Стоун және Игорь Лопатёнок.
## Негізгі жұмыстары
* «Қазақстан жолы»
* «Қазақстанның болат профилі»
* «Оң және солсыз»
* «Ресурстарды үнемдеу стратегиясы және нарыққа көшу»
* «Кремлёвский тупик»
* «Қазақстанды егемен мемлекет ретінде қалыптастыру және дамыту стратегиясы»
* «Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму»
* «XXI ғасыр қарсаңында»
* «Н. Назарбаев. Еуразиялық одақ: идеялар, тәжірибе, перспективалар. 1994-1997»
* «Тарих толқынында»
* «Әлемнің эпицентрі»
* «Еуразия жүрегінде»
* «Тәуелсіздік дәуірі» (2017)
* «Менің өмірім: Бодандықтан - бостандыққа»
### Мақалалар
* «Шебер сақтық»
* «Қазақстан экономикасы: шындық және жаңару перспективалары»
* «Еңбек бөлімін бөлу мәселелері»
* «Кәсіподақтардың әсері: тәжірибесі мен мәселелері»
* «Жағдай жаңа, ал» тежегіштер «ескі»
* «Арал теңізінің мәселелері және оларды шешу жолдары»
* «Terra Incognita кейінгі тоталитарлық демократия»
* «Императорлық одақтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына»
* «Экономикалық интеграция - ақылға қонымды балама жоқ»
* «Ұлтаралық бірлік және экономикалық эгемендік - бұл біздің жетістігіміздің басты және сенімді қолдаушысы»
* «Біздің нұсқауларымыз - бұл біріктіру, әлеуметтік прогресс, әлеуметтік әріптестік»
* «Қиын онжылдық»
* «Нарықтық реформаларды жеделдету және экономикалық дағдарысты еңсеру шаралары туралы»
* «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует және оны жүзеге асыру» және т.б.
## Сыни пікірлер
* Нұрсұлтан Назарбаевқа бірнеше құқық қорғаушы ұйымдар адам құқығының бұзылуы бойынша айып таққан, The Guardian-ның пікірінше басқаша ойлайтындарды тұншықтырды және авторитарлы режимді басқарды. Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін өткізілген Назарбаев кезіндегі сайлауларды Батыс еркін және әділетті сайлау деп есептемеді.
* Бұрынғы Кеңес Одағы елдері арасында биліктегі мерзімі бойынша ұзақ отырудан рекорд орнатты. 1989 жылдан 2019 жылға дейін Республиканың бірінші тұлғасы ретінде болды.
* Өз мемлекетінде шексіз билігі бар 1,1 млрд $ байлығымен планетаның ең бақуатты және шексіз билік рейтингінде 10-орын алды. Бұл тізімді Handelsblatt басылымы құрастырған болатын.
* Президенттің отбасында екі миллиардер бар (екінші қызы Кулибаева Динараның байлығы — 3,1 млрд доллар және екінші күйеу баласы Кулибаев Тимур — 3,1 млрд $ 2017 жылғы қарашадағы жағдай бойынша) және бірнеше миллионерлер (бірінші қызы Дариға Назарбаева — 593 млн $ , немересі Нурали Алиевта — 200 млн $ ), бұрынғы күйеу баласы Рахат Алиев, інісі Болат Назарбаев. Назарбаевтар кланының жағдайы $7 млрд-қа бағаланады.
## Қосымша ақпарат
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
* Қазақстан Республикасы Президентінің ресми торабы Мұрағатталған 18 сәуірдің 2007 жылы.
* «Менің Президентім» атты жастар жобасы Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2019 жылы. |
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
## Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
## Еңбек жолдары
* 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
* 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
* 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
* 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
* 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
* 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
* 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
* 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
## Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
## Марапаттары
* Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
* 8 Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Медальдар
## Мақалалары мен кітаптары
* 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (Алматыда және Мәскеуде басылды)
* 1992 жылы – «О моём времени», "Дәуір" баспасы
* 1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва», Санат баспасы
* 1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды», Санат баспасы
## Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілген жерлер
* Қонаев қаласы
* Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
* Астана және Алматы қалаларында – көшелер.
* Үлкен Алматы каналы.
* Орал қаласында – шағын аудан.
* Тараз қаласында – орталық көше және бюст.
* Талдықорғанда – көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
* Алматы қаласында – жекеменшік университет.
* Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында – орталық көше.
* 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
* 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
* Шымкент қаласында – орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
## Галерея
*
## Қызықты ақпараттар
* Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
* Отбасында 11 баланың 4-шісі.
* Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
* Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
* Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
* Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
* Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.
* Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Герои страны |
Ауыз тию (дәстүр, ырым). «-Қымыз әкел, ас ауыз тигіз мыналарға!» (М.Әуезов). Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «Қара шаңырақтың киесі қолдасын» деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстіне келген адам дәмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді» деп әзіл айтады. «Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа» деген мәтел бар.Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. Халықта «үйге кірген жыланға да ақ құйып шығарады» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа да, асқа да ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.
## Дереккөздер |
Геннадий Васильевич Колбин (7 мамыр 1927, Свердлов облысы – 19 қаңтар 1998, Мәскеу) – саяси қайраткер. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы (1986 – 1989).
## Өмірбаяны
Нижний Тагил Тау металлургия техникумын (1947), Урал политехникалық институтын (1955) бітірген.
* 1947 – 54 ж. және 1957 – 58 ж. Нижний Тагилдегі қорғаныс кәсіпорнында конструктор-технолог, технология бюроның бастығы, бас инженердің орынбасары,
* 1956 – 57 ж. Урал политехникалық институтында аспирант болды.
* 1959 – 70 ж. Нижний Тагилдегі Ленин ауданында екінші, бірінші хатшы, қалалық партия ұйымының екінші, бірінші хатшысы, 1970 – 75 ж. Свердловск облысы партия комитетінің үшінші, екінші хатшысы,
* 1975 – 83 ж. Грузия Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
* 1983 – 86 ж. Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді.
* 1986 – 89 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы,
* 1989 – 90 ж. КСРО Халықтық Бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Колбин Қазақстанда Д.А. Қонаевтың орнына келді. Оның билігі кезіндегі қысымда қазақтардың ұлттық санасы көтеріліп,
* 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі мен 1989 ж. Жаңаөзен оқиғасы белең алды. Қазақтар республикадағы жетекші ұлтқа айнала бастады. Колбин жергілікті халықтың саяси белсенділігін төмендету үшін жазалау шараларын күшейтті (Қылмыстық жауапкершілікке тарту, жұмыстан, оқудан шығару, тағы басқалар). Бірақ бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қазақстандағы саяси жағдайдың одан әрі ушығуынан қауіптенген КОКП ОК К-ді Мәскеуге алдыртып, орнына Н.Назарбаевты қоюға мәжбүр болды.
## Марапаттары
* Екі рет Ленин, Октябрь революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Колбин Геннадий Васильевич
* Колбин Геннадий Васильевич
* Мұрағатталған 26 шілденің 2011 жылы. |
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев (8 қаңтар 1969 жыл, Алматы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2024 жылғы 31 наурыздан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі (2021–2022), Президенттің көмекшісі (2019–2021), Энергетика министрі (2016–2019), Павлодар облысы (2013–2016) мен Жамбыл облысының әкімі (2009–2013) қызметтерін атқарған.
2022 жылы сол кездегі Алматы облысының әкімі болған Бозымбаев қоғам және БАҚ назарына Талдықорған халқы алдында байқаусыздан азаматқа айтқан боғауыз сөзінен кейін түсті.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1969 жылғы 8 қаңтарда Алматы қаласында туған.
* Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 жылы бітірген экономист. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының еңбек сіңірген энергетигі.
* 1993 жыл — жекеменшік компанияның экономисі.
* 1994 жыл — Алматы әкімінің көмекшісі.
* 1997 жыл — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.
* 1998 жылғы тамыздан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы.
* 2000 жылғы наурыздан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
* 2001 жылғы қаңтардан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті.
* 2001 жылғы мамырдан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
* 2003 жылғы наурыздан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы.
* 2007 жылғы тамыздан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы.
* 2009 жылғы 30 қарашадан — Жамбыл облысының әкімі.
* 2013 жылғы желтоқсаннан — Павлодар облысының әкімі.
* 2016–2021 жылдары — Қазақстан энергетика министрі.
* 2021 жылғы қарашадан 2022 жылғы маусымға дейін — Алматы облысының әкімі.
* 2024 жылғы 31 наурыздан — Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Қылқобыз — екі ішекті, ыспaлы музыкалық аспап. Қылқoбыз – қазақ халқының ұлттық аспаптарының ішіндегі ең көне аспап. 9-10 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Жалпы, ұлттық аспaптардың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қaтaр, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қoбыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Сeбебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді, ысқышы да. Оның қылқoбыз аталуы да сондықтан. Қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Қылқобызды хaлқымыз киелі аспап ретінде қастерлейді. Қазақ қобыздың үні шыққан жерге жын - шайтан жоламайды деп ырымдайды. (үнтаспа «Қылқобыз сарыны») Қазақ халқы қыл қобыздарға өте бай болып келеді.Солардың бірі осы қылқобыз болып табылады. Қазақ халқы үшін ұлттық аспаптардың маңызы өте зор болып табылады.Қазақ халқы күй атасы-Құрманғазы десе,қобыз атасы-Қорқыт деп санаған
## Дереккөздер
* Қазақ халқының аспабтары туралы жинақ.
## Тағы қараңыз
* Нарқобыз
* Жез қобыз |
Астрахан облысы (орыс. Астраха́нская о́бласть) — Ресей Федерациясының оңтүстік-батысында, Каспий маңы ойпатында орналасқан әкімшілік субъект. Оңтүстік федералды округіне жатады.
## Географиясы
Батысы Қалмақстан (Хальмг-Тангч) Республикасымен, солтүстік-батысы және солтүстігі Волгоград облысымен, шығысы Қазақстан Республикасының Атырау және Батыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Жерінің аумағы 44,1 мың км², тұрғыны 1006,6 мың адам (1991).
## Әкімшілік-аумақтық бөлінуі
Астрахань облысында 141 муниципалды құрылым бар, оның ішінде 2 қалалық округ (оның бірі Знаменск Астрахан облысының жабық әкімшілік аумақтық бірлігі), 11 муниципалды аудан, 11 қалалық кент, 117 ауылдық елді мекен.
### Қалалық округтер
### Муниципалды аудандар
Аудандық маңызы бар қалалар
5 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендер
## Табиғаты
Облыстың жер бедері тегіс және көп бөлігі теңіз деңгейінен төмен (2,7 м-ден — 27,5 м-ге дейін) жатыр. Жер бедеріне Каспий маңы ойпатының тұзды күмбездер көтерілімі тән. Астрахан облысының ең биік жері Боғда тауы (150 м). Климаты катаң континенттік, құрғақ болып келеді. Орташа температура қаңтарда — 9,70-6,9°С, шілдеде 25°С шамасында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 200 мм. Аумағынан ағатын ең ірі өзен — Еділ. Өзен төменгі ағысында тармақталып кетеді. Тармақтарының ең ірілері: Ахтуба (Ақтөбе), Бақтемір, Бола, Бозан. Облыс аумағында тұзды көлдер көп. Ең ірілері: Баскүнжақ, Бас, Искрянин т.б. Тұщы көлдер (илмендер) Еділдің жайылмасы мен атырауында кездеседі. Астрахан облысын шөлейт белдем алып жатыр. Топырағы ашық қызыл қоңыр және сортаңды топырақтан шөл даланың сұр топырағына дейін дейін өзгереді. Өзен жайылмаларында аллювийлі топырақ басым. Онда шалғындық шөптесін өсімдіктер, өзен аңғарларында тоғайлар мен бұталар, қамыс, құрақ өседі. Өзендегі 50-дей балық түрінің 30-ының кәсіптік маңызы бар.
## Шаруашылығы
Балық өңдеу және консервілеу, ас тұзын өндіру, машина жасау, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібі дамыған. Сонымен қатар овощ пен бақша дақылдарын егу, мал шаруашылығы дамыған облыстардың бірі. Балық өңдеу және консервілеу кәсіпорындары Астрахан қаласында және теңіз жағалауы поселкелерінде орналасқан. Тұз өндіру және тазалау өнеркәсібінің орталықтары Төм.Басқұншақ поселкасы мен Ахтуба қаласында. Егіншілікте овощ, бау-бақша дақылдары үлкен орын алады. Егістік негізінен Еділ-Ахтуба (Ақтөбе) атырабында.
## Халқы
Тұрғындарының негізін орыстар құрайды (77%). Астрахан облысында қазақтар да жиі қоныстанған. Олар облыс тұрғындарының 10%-дан астамын құрайды. Тығызд. 1 км²-ге 23 адамнан келеді. Қалаларда тұрғындардың 70%-ға жуығы тұрады. Ірі қалалары: Астрахан, Ахтуба (Ақтөбе), Харабали. Астрахан облысында тамақ жасау (балық, ет, тұздықтар), машина жасау (кеме), химия, газ өндіру және өңдеу, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсіптері, сондай-ақ астық, көкөніс, етті-жүнді қой ш. мен етті-сүтті ірі қара мал шаруашылықтары дамыған. Басқұншақ кенінен ас тұзын өндіреді.
### Ұлттық құрамы
Облыстың ең көп халқы – орыстар, олар ондағы халықтың абсолютті көпшілігін құрайды (2002 жылғы мәліметтер бойынша – 69,9%, 2010 жылғы мәліметтер бойынша – 67,6%). Халық саны бойынша екінші орында қазақтар (2010 жылғы мәліметтер бойынша – 16,3%), бұл Ресейдегі ең ірі қазақ қауымы. Астрахан облысы татарлардың (оның ішінде астрахандық және жұрт татарлары, сондай-ақ ноғайлар, негізінен басқа диалекттерде сөйлейтін қарағаштар (8,5%), бірақ санақтарда татарлар деп есептеледі); қалмақтар мен Астрахан түрікмендерінің де тарихи тұрғылықты жері болып табылады.
Бүкілресейлік және бүкілодақтық санақ мәліметтері бойынша облыс халқының ұлттық құрамындағы өзгерістер (1926-2010):
Қазақтар
Қазақтар халықтың 16,3%-дан астамын құрайды және Астрахан облысының барлық дерлік аудандары мен қалаларында тұрады, бұл жалпы Ресейдегі ең үлкен көрсеткіш. Ресейдің қазақтар тұратын басқа аймақтарындағы сияқты қазақ мәдени орталығы жұмыс істейді, ал қазақтар тығыз орналасқан аймақтарда орта мектептерде қазақ тілі оқытылады. Астрахань облысында қазақтың ірі мәдени орталығы – «Жолдастық». Астрахан (АМТУ) жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқытылады. 2016-19 жылдары жер шарының ең қарт тұрғындарының бірі Астрахан облысы Красноярск ауданы Исламғазы ауылының тұрғыны Астрахандық қазақ Тәнзиля Бисембеева болды. 2016 жылдың наурыз айында 120 жасқа толды.
## Облыстық билік органдары
### Заң шығарушы орган
Астрахан облысының өкілді билігінің органы 1994-2001 жылдар аралығында Астрахан облыстық өкілді жиналысы деп аталатын Астрахан облысының Думасы болып табылады.
Астрахан облысының Думасының құрылымы келесідей:
* Астрахан облысы Думасының төрағасы;
* Астрахан облысы Дума төрағасының бірінші орынбасары;
* Астрахан облысы Дума төрағасының орынбасары;
* Астрахан облысы Думасының аппараты;
* Комитеттер мен саяси фракциялар.
2006 жылдан бастап аймақтық заң шығарушы органның төрағасы «Единая Россия» партиясының облыстық филиалының басшысы Александр Борисович Клыканов болды, оның кандидатурасы 2009 жылы облыс губернаторы лауазымына қаралды. 2016 жылы Игорь Александрович Мартынов Астрахан облысы Думасының алтыншы шақырылым төрағасы болып сайланды.
2006 жылға дейін облыстық заң шығарушы орган мажоритарлық сайлау жүйесі арқылы құрылды. 2006 жылы сайлау заңнамасының өзгеруіне байланысты сайлау аралас сайлау жүйесі бойынша өткізілді.
### Атқарушы билік
Губернатор — Астрахан облысының атқарушы билігін басқаратын ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады.
Астрахань облысының губернаторлары:
* Гужвин Анатолий Петрович — 1991-2004 жылдары облыс губернаторы болды.
* Жилкин Александр Александрович — 2004-2018 жылдары облыс губернаторы болды.
* Морозов Сергей Петрович — 2018 жылдың 26 қыркүйегінен 2019 жылдың 5 маусымына дейін губернатор м. а. болды.
* Бабушкин Игорь Юрьевич — 2019 жылғы 17 қыркүйектен бастап облыс губернаторы, 2019 жылдың 5 маусымы мен 17 қыркүйегі аралығында облыс губернаторы м. а. болды.
1996 және 2000 жылдардағы сайлауда жеңіске жеткен Анатолий Петрович Гужвин 1991 жылдан бастап 2004 жылға дейін облыс губернаторы болды. 2004 жылы тамызда Гужвин қайтыс болғаннан кейін 2004 жылдың 5 желтоқсанында өткен Астрахан облысы басшысының кезектен тыс сайлауында аймақ басшысының міндетін атқарушы Александр Александрович Жилкин жеңіске жетті. Жеңімпаз «Единая Россияның» қолдауына ие болды. Губернатор облыстық атқарушы билік пен Астрахан облысы Үкіметінің жұмысына басшылық жасайды. 2004 жылдан бастап 2017 жылға дейін Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Маркелов Константин Алексеевич болды. 2017 жылдан бастап Астрахан облысы Үкіметінің төрағасы Сұлтанов Расул Жәнібекұлы болып табылады.
## Экономикасы
## Дереккөздер |
Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулат. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты.
## Өмірбаяны
Мұхаммед Хайдардың ата – бабалары кезінде Моғолстан мемлекетінің құрамына енген қазіргі Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан және Шығыс Түркістан жерлерінде ұлысбегі, тархан қызметтерін атқарған, өздерінің мұрагерлік иеліктері – Маңлай-Сүбені дербес басқарған. Өз әкесі Мұхаммед Хұсайын Моғолстанның Жүніс ханының күйеу баласы, Ташкентті билеген. Оны кейін Әмір Темірдің немересі Мұхаммед Шайбани хан өлтірген. Анасы Хуб-Нигар ханым – Жүніс ханның қызы. Бұл ретте Мұхаммед Хайдар Моғолстанның Сұлтан Саид ханмен және Үндістандағы баласы Ұлы Моғолдар әулетінің негізін қалаушы Захираддин Мұхаммед Бабырмен бөле. Әкесі өлгеннен кейін Мұхаммед Хайдар біраз уақыт осы Бабырдың қолында тұрады. Содан кейін Бабырдың рұқсатымен Сұлтан Саид ханға келіп, оның Қашқардағы сарайында тұрып, сарай қызметін басқарады. Саид ханның Әбубәкірге қарсы соғыстарына қатысады. Жан-жақты білімді, сарай қызметін жетік білетін адам ретінде ханның мұрагер баласы Әбу ар-Рашид сұлтанның тәрбиешісі болады.
Сұлтан Саид өлгеннен кейін таққа отырған Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қуғындай бастайды. Мұхаммед Хайдардың немере ағасы – Саид Мұхаммедті өлтіреді. Осыдан кейін өз басына қауіп бұлты үйіріліп келе жатқанын сезген Мұхаммед Хайдар Үндістанға қашады. Ол мұнда ұлы Моғолдар сарайында әскербасы болып, Кашмирді жаулап алу соғысына қатысады. Жаулап алғаннан кейін Ұлы Моғолдар атынан біраз уақыт Кашмирді билеп тұрады. Ол осында өзінің атақты еңбегі «Тарихи Рашидиді» жазуға кіріседі.
## Тарихи Рашиди
"Тарихи Рашиди" атты еңбекте қазақ хандығының қалыптасуы туралы, мұнан кейінгі Жетісу мен Шығыс Дешті-Қыпшақта болған оқиғалар, Моғолстанның құлауы, феодалдық соғыстар, қазақтар, қырғыздар және өзбектердің сыртқы жауға қарсы күресте өзара одақтасуы туралы көптеген мәліметтер бар. Сонымен бірге бұл еңбекте ХV-ХVI ғасырлардағы Оңтүстік жөне Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, орта ғасырлық Қазақстандағы Жетісудың тарихи жағрапиясы, қалалық және егіншілік мәдениеті туралы құнды мәліметтер бар. 1533 жылы хандық таққа қайта отырған Абу-ар-Рашид, өз тайпаларынан қауіп тоне ме деген оймен, оларды қуғындай бастады. Мұхаммед Хайдар Дулаттың немере ағасы Сайд Мүхаммед мырза Дулатты өлтірді. Мүхаммед Хайдар Дулат Үндістанға қашып кетті. Онда ол Ұлы Моғолдар сарайында әскерлерді басқарды.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстанмемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым қатынасы жайында кеңінен сөз болады.
Мұхаммед Хайдар Дулат құрметіне аты Тараз мемлекеттік университетіне берілген.
## Мұхаммед Хайдар Дулати Фильм
2007 — «Мұхаммед Хайдар Дулати» режиссері: Қалила Омаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Сілтемелер
* Ұлы Моғолдар
* Тарих-и Рашиди
* Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
## Дереккөздер |
Қалақай (лат. Urtica) — қалақайлар тұқымдасынан бір туысы.
Бір жылдық не көп жылдық, қос үйлі және сирек те болса бір үйлі шөптесін өсімдік. Сабағы мен жапырағы түкті. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Ұсақ гүлдері масақ тәрізді гүл шоғын құрайды.
Қоныржай және тропик аймақта 40-тан астам, Қазақстанда 3 түрі бар. Көлеңкелі, ылғалды жерлерде, орманда, бақта, жол бойында өседі. Қазақстандың барлық түрінің құрамында ақуыз көп болады. Жемшөптік маңызды түрі — қосүйлі қалақай (Urtica dioica) сондай-ақ Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.Биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, жапырақтары өркенге қарамауылықарсы орналасады. Өсімдікті түгелдей күйдіргіш безді түктер жапқан. Безді түктер денеге тисе түктің ұшы морт сынып, түбіндегі (ішіндегі) сұйықтық дереу денеге жайылып күйдіреді. Халық аузындағы «қалақай шақты» деген осы. Бұл туысқа жататын өсімдіктер бір үйлі, кейде екі үйлі болады. Гүлшоғырлары сырғагүл, жай және күрделі масақ тәрізді, жартылай шатыр болып жапырақ қолтығынан немесе сабақтың ұшынан дамиды. Аталық гүлінде біркелкі 4 тостағанша жапырақша, 4 аталық (жай гүлсерікті) бар. Аналық гүлінде 4 тостағанша жапырақшаның екеуі сыртқы, екеуі ішкі шеңберде орналасқан. Көктемнің аяғынан бастап, жаз бойы гүлдейді. Жемісі – бір-бірімен біріккен қос жаңғақша. Қос үйлі қалақай – құнарлы мал азығы. Малға туралған және булаған түрінде беріледі. Тұқымын жылқы мен құс сүйсініп жейді. Қалақайдың барлық түрінің құрамында ақуыз, сондай-ақ К, С, В витаминдері, илік заттар және минералды тұздар, әр түрлі органикалық қышқылдар болғандықтан, ол тағам ретінде және медицинада пайдаланылады. Қалақай препаратын диабетпен ауырғанда, кептірілген жапырағынан жасалған қайнатындыны қақырық түсіру және асқазанды тазарту үшін ішеді. Жаңа жұлып алған жас жапырағын сүйелге жапсырады.
## Сілтемелер
* Дәрілік өсімдіктер
## Дереккөздер |
Абысын асы - салт.
«Абысын тату болса ас көп» (мақал). Бұрын бір ауылдың әйелдері яғни абысындар күнделікті өмір күйбеңімен ертелі-кеш үй шаруасында жүреді. Олар ата-ене, күйеуінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайды. Кейде ауыл адамдары айтқа, тойға, қазаға үлкен-кішісі аттанып кетеді де ауылда тағы да сол әйелдер қалады. Абысындардың еркіндеп қалатын кезі міне осы сәт. Олар мұндайда өздері бір үйге бас қосып жылы-жұмсағын қазанға салып, шәй қойып өздері бір кеш сауық жасайды, өлең айтады, бой көтереді, сырласады. Дастарханды кең жайып дәм татады. Міне, осы бас қосу, осындағы дәм «абысын асы» деп аталады. Бұл да қазақ әйелдерінің ырысты ынтымағының көрінісі болатын.
## Дереккөздер |
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Тағы бір нұсқасы:
## Баланы бесікке салуда орындалатын салт-дәстүрлер
### Бесіктің жабдықтарын орын-орындарына қою
Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші-қолаң әйелдері шашуларын ала келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік жабдықтарын орын-орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап шығады.
### Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу
Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын-шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып түтетіп, баланы бесікке бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына қыздырылған темір тигізіп те ырымдайды.
### "Тыштыма" ырымын жасау
Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштыма ырымы жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті дәмдер жапа тармағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел "тышты ма" деп сұрағанда, қасындағы әйелдер іле-шала "тышты-тышты" деп шу ете түседі. Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі "балаға бесік құт дарытсын" деген ниетпен туған рәсім.
### Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабу
Ең бірінші бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек, тон, жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу ержеткенде халықшыл болуына, жүген, тез өсіп ат үстіне ойнақ салсын, кебенек пен қамшы - ел қорғайтын ер болсын деген тілек.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Бесік той (Бесікке салу)(қолжетпейтін сілтеме) |
Солтүстік Қазақстан облысы — Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі облысы.
Облыс 1936 жылдың 29 шілдесінде құрылды, бүгінгі шекарасы 1999 жылдың 8 сәуірінде бекітілді. Облыстың ауданы 97, 99 мың шаршы км. тең және республика аумағының 3, 6% құрайды.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік орталығы – Петропавл қаласы, 1752 жылы негізі қаланды.
Облыста 13 әкімшілік аудан бар; 5 қала – Петропавл, Булаев, Мамлют, Тайынша, Сергеев; 4 қала типтес кенттер – Смирново, Талшық, Еңбек, Кішкенекөл.
Облыс аумағы Қазақстанның Қостанай және Ақмола облыстарымен және Ресей Федерациясының Қорған, Түмен, Омбы облыстарымен шекараласады.
## Әкімшілік бөлінісі
* Айыртау ауданы
* Ақжар ауданы
* Аққайың ауданы
* Мағжан Жұмабаев ауданы
* Есiл ауданы
* Жамбыл ауданы
* Қызылжар ауданы
* Мамлют ауданы
* Ғабит Мүсірепов ауданы
* Тайынша ауданы
* Тимирязев ауданы
* Уәлиханов ауданы
* Шал ақын ауданы
* Петропавл қ.
## Халқы
Солтүстік Қазақстан облысы халқының саны
## Географиясы
Солтүстік Қазақстан облысы (СҚО) Қазақстанның солтүстігінде орналасқан, ал физика-географиялық қатынаста – Батыс-Сібір жазығының оңтүстік шетін және қазақ кең даласының бір бөлігін алады. Жер бедерінде көп көл төмендеулерi, сахаралық ойықтар, аласалау жалдар және жал шұңқырларымен алмасушы бөктерлер бар. Солтүстік-шығыста биіктік 115-120 м, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 200 м.Облыс Ресейдің Калуга, Тула, Томск облыстары орналасқан кеңістікте жайғасады. Бірақ, көлдер мен өзендердің жоқ болуына байланысты ауа райының кенет құрылықтығымен сипатталып, табиғат жағдайы жағынан олардан әлдеқайда ерекшеленеді. Оның ортақ жазықтығы және шектi аумағы еркiн меридиан мен ендiк ауамен алмасуға мүмкiндiк туғызады.Ауа-райы кенет құрылықты. Қысы аязды және созылмалы (5 айдан көп), аз қарлы, кеуіп қалатын ауа – райының басымдылығынан жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы −18,5 °C, −19,5 °C, шілденің +18,8 °C , +19,5 °C. Аязсыз кезеңнің созылуы 109-129 тәулік. Тұңбаның орташа шамамен түсуі 300-340 мм, соның ішінде 4-тен 3-і жылдың жылу уақытында.Өзендері Обы хауызына жатады. Солтүстік Қазақстан облысының маңында Есіл өзенінің (400 км) орта ағысы Иман –Бұрлық және Ақан-Бұрлық қиылысы бар. Солтүстік-Қазақстан облысында 1000-нан аса көлдер бар, ең бастысы солтүстік-батыста орналасқан. Олардың көбісі мезгілді кеуіп қалады. Тұщы су көлдері басым болады. Аса ірілері: Шағалалытеңіз, Солтүстік және Оңтүстік Қақ, Таранкөл, Меңкесер. Облыстың аумағын Есіл өзенінің орталық бөлігі, Ащықарасу, Ащысу өзендері, сондай-ақ Сілеті өзенінің төменгі ағысы басып өтеді. Шаруашылық үшін Есілдің маңызы ерекше. Солтүстік Қазақстан облысы - көлдерге өте бай облыстардың бірі. Ең ірі көлдері: Толыбай, Үлкен Қарақамыс, Тоқты, Ақсуат, Үлыкөл, Тораңғыл, Үлкен Қоскөл, Саумалкөл, Теке, Көксеңгірсор, Сілетітеңіз, т.б. Аудан аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік, Қазақстан ұсақ шоқысының солтүстік бөлігі кіреді. Аудан аумағына әктас, шыны құмы, отқа төзімді саз, т.б құрылыс материалдары кездеседі.
## Табиғаты
Ішкі құрылықтың ішкі облыс табиғаты мен экономикасының ерекшеліктерін айқындайды. Бұған климаттың шапшаң континентігі, ылғалдық жетіспеуі және шектес жатқан аумақтың жалпы жазықтығы ауаның меридиан және ендік бағыттарымен еркін алмауына жағдай жасайды. Сонымен жазық аумақты тұтастай дерлік игеруге мүмкіндік берді.Облыс- орманды-далалық табиғи аймақта және далалы табиғи аймақта орналасқан, бұл оның ландшафын, табиғи ортаның сапасын , негізгі табиға ресурстарын айқындайды. Ол егін шаруашылығы үшін қауіпті аймаққа жатады. Облыс аймағын географиялық та, тарихи да аймақ ретінде көбінесе Петропавлдық Есіл бойы деп атайды.
## Жер бедері
Облыс аумағы Батыс-Сібір жазығының оңтүстік қиырында және жарым-жартылай Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталатын Сарыарқа аясында орналасқан.Батыс Сібір жазығының Солтүстік Қазақстан бөлігі (Солтүстік Қазақ жазығы) ылдиды жазықтың ішкі белдеміне ұштасқан. Оның жер бедеріне , толқынды бетінің солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай жалпы еңкіштелген жазық тән. Облыстың жазық бөлігі геоморфологиялық аудандалуы жағынан Тобыл мен Ертіс өзендері аңғарлары арасындағы үлкен кеңістікті алып жатқан Батыс Сібірдің көне көлдік неогенді үстіртіне жатады. Бұл аумақтағы өзендер аралығының беткі жақтары неогендік жастағы тығыз балшықты жыныстардан және көлдік генезистен түзілген. Өзен аралықтарындағы төртінші тік кезеңнің жамылғысы мардымсыз. Облыстың жазық келген жер беті теңіз деңгейінен 125-200 м биіктікте. Ең аз шамадағы белгілер облыстың оңтүстік-шығыс жағындағы ірі тұзды көлдердің: Қалыбек , Үлкен Қараой, Теке, Сілетітеңіз шұңқырларына ұштасқан. Көлдердің өзі таяз болғанымен, қазақшұңқырлардың тереңдігі 40-60 м. Теке көлінің қазаншұңқырында облыстың беткі жер қабатының ең төменгі жері теңіз деңгейінен 29 м төменде жатыр, ең биік шыңы- Жақсы Жалғызтау (731 м.).Облыстың оңтүстік-батыс бөлігі Сарыарқаның көтеріңкі тұсында Көкшетау қыраты аумағындағы, - толқынды-жонды келген денудацияланған еңкіш тұғырлы жазықпен үйлескен. Батыс-Сібір жазығының шекаралық оңтүстік шетіндегі жартасты жыныстар тым тереңде жатпайтын, көбіне бірден топырақ қабатының астында болатын көне абразиялы және абразиялы-шоғырлы толқынды-жонды жазық болып табылады. Бірқалыпты үстіртті жазық бетінде жеке төбелер немесе аласа (20-дан 30 м-ге дейін) шоқылар көтеріледі. Одан да биік шоқылар сирек кездеседі, олардың арасында- Сырымбет (Жаманшоқы), Бүркітті таулары- облыс жер бедерінің төменгі қатпарындағы солтүстік аралдық таулар. Теңіз деңгейінен 372 м биіктікте. Жергілікті халық оны "Жаманшоқы" деп атайды. Жер бедерінің теріс формаларының арасында уақытша су жүретін саяз аңғарлар, көлдік қазаншұңқырлар кездеседі. Жер бедерінің ортаңғы қатпары облыстық биіктіктен 230-300 м-де орналасқан сатыланып келген Көкшетау қыраты жатады. Сатыланған оңтүстік жағынан кемерленіп, өте айқын көрінетін Көкшетау тауы орналасқан. Облыс жер бедерінің үшінші қатпары -Көкшетау үстіртінің беті. Онда аралдық аласа таулы сілемдерде 360-400 м биіктіктердегі тегістелген үстірт басым, олардың кейбіреулерінің тік жартасты шыңдары 600-700 м биік. Мұнда облыстың ең көтеріңкі нүктесі- Жақсы Жалғызтау тұр. Ол 370 м биік тік жарқабақтанып, құрайды да өзі аттас көл жағалауына тіреледі. Имантау гранитоидті сілемдер морфологиясы да осы тәрізді. Көкшетау үстіртінің аралдық таулары мен аласа белестері кайназойда едәуір жылжыған кесек тектоникаға орай пайда болды. Денудациямен және жерге мүжіліп бет жағы ашылып қалған Көкшетаудың аласа тауларын түзетін гранитті құрам жыныстары көптеген таң қаларлықтай мүсіндерді кескіндейді. Құлаған қалдықтар мұнара тәрізді бөлек-бөлек қатпарлы жер бедерін түзеді. Көкшетау үстіртіне кейде палеоген бен көлдік аллювиалді түзілімдерге толған, тым тереңдеген, неогеннің көлдік-аллювиалді қалың қабаты бар, жарым-жартылай қазіргі заманғы гидрожүйемен игерілген эрозиялық-тектоникалық және эрозиялық аңғарлар жүйесі тән.Облыс аумағы меридионалді бағытта Есіл өзенінің терең және жақсы дамыған аңғарымен қиылысқан. Ол өзендер аралығындағы жазықтарға 30-50 м сұғына енген. Облыстың Есіл-Тобыл өзендері аралығының бөлігі болып табылатын жағалау бойы ескі ордың жыра-жылғаларымен күрделенген, бірақ шын мәнінде көмілген және Суери, Кизак,Емца өзендерінің аңғарлары байқалады. Сол жағалауға қазаншұңқырлы -жон - бұйратты жер бедері, көл шұңқырлары мен ойпаңдардың молдығы тән. Облыстың оң жағалауының жартысында Есіл-Ертіс өзендері аралығында бірқалыпты жазық бар, ол шығыс-солтүстік-шығыс бағытында жайпақ, кең ойпат- Қамыстысай (Камышлов) басып өтеді. Қамыстысай-19 ғасырдың ортасында, жуырда құрып кеткен Қамыста зені аңғары. Сілеті және Шағалалы (Чаглинка) өзендері аңғары жер бедерінде нашар білінеді. Оң жағалаудың тұйықталған қазаншұңқырлары жайпақ-түпті, жер бедерінде анық білінбейді, ойпаңдар сияқты. Суер (Пресновская) ескі аңғаоры орта және төменгі жақтарында анық бейнеленген, яғни Преснов аңғарының солтүстігі ірі көлдер: Семилов, Филатов, Қолтық, Суер және т.б. жапсарлана орналасқан. Суер көлінен төменде қазіргі Суер өзенінің жоғары сағасы- Тобылдың оң тармағы ағып жатыр. Ескі Қазақ аңғарының жоғарғы жағы, бұрынғылау мәліметтер бойынша, Новорыбин аңғары ауданынан белгіленіп, ал көне Емца -Мәңгісор (Менгисер) көленен басталады. Емца аңғарының құрыған учаскелері облыстан тысқары, сайма-сай үйлеспейтін ірі көлдер : Медвежье, Горькое, Кабанье, Ақкөо т.б. тізбегімен айқын білінеді. 20-30 м қалыңдыққа жететін , аллювийлі және көлдік-аллювийлі түзілімге толған, аталған көне аңғарлар жер асты суларын , сонымен қатар тұщы сулардың қорларын сақтайды. Көміліп қалған басқа аңғарларға қарағанда, Қамыстысай жақсы білінеді. Ол Басқарасу өзеншесі жылжып ағатын Үлкен Тораңғыл көліне құятын және Көкшетау үстіртінен ағатын Қамысақты бұлағынан басталады. Қамыстысай сайының түбінен төменде Балықты, Жыланды, Бозарал көлдері және т.б. Ертіске дейін 500 км-ге жуық созыла, толассыз тұнып тұр. Қазіріг сай көне палеоген-неоген палеоқамысты аңғарына жапсарлас. Сайдың ені бірнеше километрге жетеді, тереңдігі-10-20 м. Түбіндегі аллювиалді түзілімдердің қалыңдығы-20-25 м.
## Жалды жер бедері
Есілдің сол жағасын алып жатқан облыстың солтүстік ендігінде (Сергеев қаласы) жалды келген жер бедері дамыған. Облыс аумағында оның жалпы ұзындығы 15 км-ге жетеді. Жалпы биіктігі -3-4 м-ден 15-18 м-ге, ал ені 500-1500 м-ге жетеді. Жалдардың өзіндік ерекшеліктеріне біркелкі келген жер бедері тән. Олардың остері батыс, оңтүстік-батыстан шығыс, солтүстік-шығыс бағытта бойлоай жатыр. Қырқалардың төбесі әдетте ұзына бойы доғалдана созылған, кейде бойлық бағытта ассиметриялы келген. Жалдар көбіне көл қазаншұңқырларымен ұштасқан. Көлдердің шығыс беткейлерінен басталғандай болып және аша болып айырыла келген жалпақ ұштарымен қазаншұңқырларды қамтыған. Ұзындығы 4 км, ені 800 м -ден асатын, биіктігі 10 м болатын ірі қырқалар Петропавлдық Есіл бойындағы 600 қырқаның 32 %-ін құрайды. Ұзындығы 40 м-ден 2 км-ге дейін, биіктігі 10-5 м, ені 800-600 м орташа қырқалар 53 %-ті, ал одан да ұсақ қырқалар 15 %-ті құорайды. Баяндап отырған кешенді жер бедері пішіндерін қамтитын көлдер мен қазаншұңқырларынан басқа оған әдетте көл қазаншұңқырларының шығыс бөлігінің оорақ тәрізді жартылай шеңбер жасап жатқан көл маңындағы төбешіктер де кіреді. Қырқалар мен төбелер механикалық жағынан да жасы жағынан да әр түрлі материалдардан құралған. Көптеген қырқалар төрттік кезеңнің толығымен дерлік сарғыш-сұр құмдағымен, сазды-құмдақты карбонатты топырақтарымен жабылған. Кейбір жағдайларда тығыздалған саздың түпқабаттары , кейде төрттік кезеңнің жалды шөгінділері астында жер бедерінің жалға дейінгі беткі қабаты кездеседі.
## Жерасты сулары
Облыс аумағындағы жер бетіндегі ғана емес, жер асты суларының да шектеулі қоры бар. Бекітілген қорлар тәулігіне 150 мың m³-ге жуық су бере алады. Облыс аумағында Сарыарқаның солтүстік бөлігі мен Батыс Сібір артезиан алабының оңтүстік бөлігі шекарасында орналасуы , аймақтың гидрологиялық жағдайларының күрделі жатысы, циркуляция сипаты, минералдану жағдайлары мен сулы дыныстардың суының молдығы жер асты суларының әрқилылығына себепкер болды. Облыс аумағында әр жастағы және әр құрамдағы жыныстарға қатысты бірнеше сулы кешендер бар. Бұлар: палеозойға дейінгі және палеозойдағы жарықшақ тау жыныстарының сулы кешендері облыстың оңтүстігінде дамыған, 1 г/л-ге дейінгі минералданған тұщы су кешендері жас жыныстарымен жабылған учаскелерде , 3 г/л -ге дейінгі және одан да көп минералданған тұзды су кездеседі, борлы түзілімдердің сулы кешендері облыстың солтүстік бөлігінде кең дамыған. Олар жер астындағы сапалы сулардың көп мөлшерде қалыптасуына қолайсыз табиғи-геологиялық жағдай кедергі етеді. Эоцендік түзілімдердің сулы кешендері кеңінен таралған, құмдауыт түзілімдер сулы болып саналады, минералдығы 0,8-1,1-ден 4,6 г/л-ге дейін өзгереді, олигоценді және олигоценді-миоценді түзілімнің сулы қабаты кеңінен таралған, судың минералдығы 1,0-ден 3,0 г/л-ге дейін өзгереді, суының молдығы әр түрлі, төрттік аллювийлі түзілімдердің сулы қабаты өзен аңғарларына жанасқан; сайлардың тұщы көлдері химиялық құрамы жөнінен әрқилы келген. Соңғы жылдары тұщы суды шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерге пайдалану жан басына шаққанда 2 есеге қысқарды және бұл республика бойынша ең төмен көрсеткіш болып табылады. Кестеде 1995-2002 ж. облыстағы табиғи көздерден су алу динамикасы көрсетілген. Бұдан көрсетілген уақытта су алудың жалпы көлемі үш есеге жуық азайды және 2001 ж. бір адамға 72 m³-ді (немесе тәулігіне 197 л) құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, планетаның әрбір адамына шаққанда жалпы су алу орташа есеппен 7 000 m³, яғни жүз есе көп. Ауыл шаруашылық қажеттілігіне су пайдалану үш есеге қысқарды. Шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне әрбір солтүстік-қазақстандық орташа алғанда жылына 22 m³, немесе тәулігіне 60 л-ді пайдаланады.Аймақты сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу үшін (Ауыз су! бағдарламасы жүзеге асуда, жарым-жартылай қайта құру мен су құбыры жүйесін сегменттеу, соның есебімен жер асты суларын қанықтыру, елді мекендерді ауыз судың басқа көздеріне көшіру қарастырылуда.Су объектілерінің ластану көздері : өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық және тұрмыстық ақаба сулар, көктемде жайылатын сулар, т.б. Ластайтын заттардың біразы Есіл өзені су алабының жоғары жағынан -Ақмола облысынан келеді.
## Табиғи ресурстары
Облыста алуан түрлі дәрежедегі пайдалы қазбалар шығарылған және зерттелген. 286 шыққан жері барланған. Олардың ішінде 34-металлды, 2-металлды емес, 217-құрылыс және технологиялық шикізат пен 33- жер асты сулары, оның 6-уы минералды.Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайы бойынша -65%, цирконийға -36,6%, уранға -19%, титанға -5%, вольфрамға -1,1%. Минералды - шикізат базасының кең өсуі, әсіресе, оңтүстік-батыс облысында қаралған. Бұнда маңызды алтынның шыққан жері мен пайда болуы, күмістің, техникалық және зергерлік алмаздардың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек металлдардың, бұрғыланған көмірлердің тізімі бар.Иеленуге дайын болып Грачевское, Косачинское, Семизбайское уранының шыққан жері саналады. Кеспелтек - титан - цирконий кендерi, Сырымбет - қалайы, алтынның шыққан жерi - Солтүстiк Батыстысы және Домбыралы – 2 шыққан жеріне өндірістік өңдеу жүргізіліп жатыр.Пайдалануда тек кейбір құрылыс тастары мен құмдарының шыққан жерлері бар. Теке өзені мен Жақсытұз көлінің шыққан жерінде қайнатылған тұзға зерттеу жүргізіліп, қазба шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұздың қорлары мемлекеттiк балансқа алынған.Есіл және Айыртау аудандарында алтын мен күмістің шыққан жеріне өндірістік баға беру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
## Сілтеме
* СҚО ресми сайты Мұрағатталған 25 сәуірдің 2013 жылы.
## Дереккөздер |
Әбу Насыр Әл-Фараби (араб.: أبو نصر محمد الفارابي ; Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки; 870 – 950 ж. ш.) — әлемге әйгілі ойшыл, пәлсапашы, әлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған.
## Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
## Шығармашылық жолы
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Насыр Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Насыр Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Насыр Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті.
Әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салады.
Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі:
* тіл білімі және оның тараулары;
* логика және оның тараулары;
* математика және оның тараулары;
* физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары;
* азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы.
Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады.
Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды.
“Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птолемейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.).
“Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады.
Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің философия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады.
Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын.
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
* Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
* Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
* Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды.
## Әмбебап-музыкант
Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б.
## Әл-Фараби мен Абай
Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «... философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс болуымен бірге осы ғақпиялар кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық музейі. Инв. №172, 17-6.), - деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» - деп ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір сабақтастығын, ақын шығармашылығы нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін танымақтық» жөніндегі көзқарасына айрықша назар аудару қажет.
Адамзат тарихында ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың» немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі ілімнің алғашқы қадамы көне дүние философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық» жайлы күрделі ой сарасына қазақ топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы іспеттес философиялық сарындағы ойларын таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға уақыт сиғызбайды» - деп, айрықша ескертуінің өзіндік себептері бар. Бұл тұжырымынан ақынның «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе алмаған өкініші де сезіледі. Жан қуаты жөнінде Фараби қолданған филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен Жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздерінде сол түпнұсқадағы қапыға немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек...», «Көзінен басқа ойы жоқ...», «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа...», «Алла деген сөз жеңіл...», «Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі асыл тас...» өлеңдерінде арнайы сөз болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек жайлы филос. мағынадағы ойларының бастау алар көзі Фараби еңбектерінде жатыр.
Фараби «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын «өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты жөніндегі танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), - деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі ұлы ойшылдың да жүрек жөніндегі танымдарының негізі бір екені, тек баяндау түрі басқаша берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль философиясы да осы танымға негізделген. Абай туындыларының өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы ой толғаныстарының желісі де осы таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар Фарабидің жоғарыда аталған еңбегіндегі адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы арналы танымының негізіне саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың «толық адам» жөніндегі ой-пікірінен айқын сезіледі. Абайда жиі сөз болатын «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім мүшелері - хауаси хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла деген сез жеңіл» өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның «Жансыз жаратқандарынан пайда алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің тәңірі әуелі жансыз дүниені, өсімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалдыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы - көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «... өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», - деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «... Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін - үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.
Фараби заманында мұсылман қауымының ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік негізде түсіндіретін жаңа бағыт қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы түбірлі қателігін аяусыз сынаған Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм идеясы қанат жайған тұста одан әрі дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп терістеуінде терең таным сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «... дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар...», - деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«... адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі...» - деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.
## Ғалым мұралары жету кезеңдері
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады:
* Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.);
* Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.);
* 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.);
* Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.).
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.
## Әбу-Насыр әл-Фарабидің шәкірттері
Фараби өз тұсында да, өзінен кейінде халық арасында кеңінен белгілі болған. Фарабиді Шығыс пен Батыстың көп ғалымдары өздеріне ұстаз тұтып, оның еңбектерінен үлкен өнеге, ғибрат, тәлім-тәрбие алған.
* Әбу Әли Құсайын Ибн-Абдолла ибн-Сина (Авиценна) — медицина ғылымының атасы, Орта Азия атырабынан шыққан, ғылым мен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен ірі тұлға.
* Омар Ибн-Ибрагим Әл-Хайям (1048-1130) — Фараби мен ибн-Синаның мұраларын игеріп ілгері дамытушы. Ойшыл ақын, терең философ, асқан математик.
* Ұлықбек Ибн Шахрух (1394-1447) — аса ірі мемлекет қайраткері, астроном, математик, ертедегі грек ғалымдары мен Орта Азияның көрнекті оқымыстыларының негізгі еңбектерін жетік білуші ғалым.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* А.Касымжанов. Абу-Наср аль-Фараби кітабы
* Р.С.Каренов. Əбу Насыр əл-Фараби: өмірі, шығармалары, жаһандық ғылым мен мəдениетке қосқан үлесі
* Шығармалары Adebiportal.kz сайтында |
Атырау:
* Атырау — өзеннің теңізге құяр тұсында тармақ-тармақ болып бөлініп кететін салалары
* Атырау қаласы — Қазақстанның батысында орналасқан қала. Облыс орталығы.
* Атырау — Атырау қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
* Атырау — Атырау қаласы атынан өнер көрсететін футбол клубы.
* Атырау — Атырау қаласындағы әуежай.
* Атырау — Атырау облысы көлемінде шығатын газет.
## Тағы қараңыз
* Атырау облысы
* Атырау ауылдық округі |
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
* 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
* 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
* 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
* 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
* 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
* 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
* 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
* 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
* 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
* 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
* 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
* 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
* 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
* 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
* 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
## Ғарышқа ұшуы
* 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
* 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
* 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
## Әскери атағы
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
## Хоббиі
Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.
## Марапаттары
Қазақстан Республикасы:
* «Халық қаһарманы» атағы (1995)
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)
* «Отан» ордені (1998)
* «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені
* «Астана» медалі (1999)
Ресей Федерациясы:
* «Дружба народов» ордені (1991)
* «Герой Российской Федерации» атағы (1994)
* «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
* «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)
* «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені
Аустрия Республикасы:
* Аустрия Республикасының ордені
Америка Құрама Штаттары:
* «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)
## Жанұя жағдайы
* Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері.
* Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері.
* Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 5 ақпанның 2007 жылы. (орысша) Мұсабаев ресми торабы
* Космонавтика күні Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Талғат Мұсабаев жаңа комитеттің төрағасы болып тағайындалды(қолжетпейтін сілтеме) |
«Даңқ» ордені — 1993 жылы құрылған Қазақстан Республикасының ордені.
«Даңқ» орденімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жоғарғы офицер құрамының тұлғалары, сондай-ақ прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының басшы қызметкерлері және басқалары:
* әскерлерді басқару және бақылаудағы табысы, әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігі мен елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін;
* әскери, шекаралық және ішкі қызметтерді мінсіз ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңдылықты нығайту және қоғамдық тәртіпті қорғағаны үшін марапатталады.
## Тарихы
«Даңқ» ордені «Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы» 1993 жылғы 1 сәуірдегі № 2069-ХІІ заңымен бір дәрежеде белгіленген. Бұл ретте «Даңқ» ордені тек құқық қорғау органдарының өкілдеріне арналған болатын. 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен ол екі дәрежеге бөлініп, жаңаша кейіпке енді. Осы реформадан кейін орден Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аға басқарушы құрама мен генералитетке, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне арнала бастады.
## Дәрежелері
«Даңқ» орденінде екі дәреже бар:
* 1-дәрежелі «Даңқ» ордені – жұлдыз бен иық таспасындағы орден белгісінен тұрады.
* 2-дәрежелі «Даңқ» ордені – кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: II дәрежелі және I дәрежелі.
## Сипаттамасы
### 1-үлгісі (1993—1999)
Орденнің белгісі – екі қырлы сәулелерден жасалған күміс бес бұрышты жұлдыз, оның үстіне алтындатылған үш найза (біреуі тігінен, екеуі қиғаш крестте) және екі айқастырылған алтын жалатылған қылыш, оның үстіне дөңгелек алтын қалқан қойылған. Қалқанға ақ және көк шеңберлер сызылған. Көк дөңгелектің төменгі жағында «ДАҢҚ» деген жазуы бар қызыл таспа орналасқан, оның шеңбері бойымен алтын лавр бұтақтары тарайды. Ақ шеңберде үш жебе салынған алтын садақ бейнеленген.
### 2-үлгісі (1999 бастап)
Бірінші дәрежелі орденнің белгісі – күміс түсті сегіз бұрышты көп сәулелі кедір-бұдырлы жұлдыз, оның үстіне өлшемі кішірек, бірақ қырлы сәулелері бар дәл сондай жұлдыз салынған. Жұлдыздың үстіне айқасқан екі қылыш пен найзадан бөлек дөңгелек алтын қалқан қойылған. Қалқанға ақ және көк шеңберлер сызылған. Көк дөңгелектің төменгі жағында «ДАҢҚ» деген жазуы бар қызыл лента орналасқан, оның шеңбері бойымен алтын лавр бұтақтары тарайды. Ақ шеңберде үш жебе салынған алтын садақ бейнеленген.
Бірінші дәрежелі орденнің жұлдызы – сегіз бұрышты күміс, ұштарында лағыл бар. Жұлдызда көк эмальдан жасалған кішірек жұлдызша суреттелген, оған орденнің айырым белгілерінің орталық медальоны орналастырылған.
Орден белгісі ені 100 мм иық белдігінде тағылады.
Екінші дәрежелі орден бірінші дәреженің белгісін қайталайды, бірақ өлшемі кішірек келеді. Сәндік сақинаның көмегімен, орден таспасымен қапталып, металдық қалыпқа ілулі тұрады.
Орден таспасының түсі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына сәйкес, сондай-ақ оң жақ шетінде жалпақ қызыл жолағы бар.
## Ордендік шақа
2008 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мыс-никель қорытпасынан жасалған, Даңқ орденінің жұлдызы бейнесі бар белгіленген бағасы 50 теңгелік ескерткіш шақаны айналымға шығарды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның ордендері
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
«Менің Қазақстаным» — 1956 ж. жазылған отаншыл ән.Қазақстан Республикасының Әнұранының негізіне алынған.
* Әні: Шәмші Қалдаяқов;
* Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов;
## Түсініктемелер
## Тыңдаңыз
## Тағы қараңыз
* Менің Қазақстаным (әнұран) |
* Руслан Шохметұлы Әубәкіров - Қоғам қайраткері
* Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - Ұшқыш-ғарышкер |
Бармағын жалау (ғұрып). «Ықыласыңызға қарай келдік, бармағыңызды жалай келдік». (Мірдің оғы). Құрметті адамды біреу қонаққа шақырғанда оның жанына 1-2 жігіт шақырылмаса да ере барып, үй иесіне «Біз пәленшекеңнің бармағын жалауға келдік» - дейді. Мұның қазақ ғұрпында еш ерсілігі жоқ, керісінше шақырылған қонақтың құрметін көтере түсу болады. Мұндайда келген жігіттерге үй иесі де риза болып қалады. Кейде үй иесі өзінен кіші адамдарға «біздің үйге пәленше келеді, сендер соның бармағын жалаңдар» деп айтады. Бұл арнаулы шақыру болса да өзінен кішілермен сыйласудың, құрметтеудің белгісі. Ұлт дәстүрінде адаммен сыйласудың, қатынастың мұндай жолдары көп.Сыйлы кісілер қонаққа шақырылса, олармен шақырылмаса да кіші адамдар ере барады. Мұны ел іші: «Үлкен кісінің барамғын жалауға келді», —дейді. Бұл дәстүрдің ешқандай ерсілігі жоқ, керісінше, үй иесі жастарға риза болып қарсы алады.
## Дереккөздер |
Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (12 қаңтар 1912 жыл, Верный – 22 тамыз 1993 жыл, Алматы) — кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы (1960–1962 және 1964–1986) және КОКП ОК саяси бюросының мүшесі (1971–1987) лауазымдарының иегері.
## Өмірбаяны
1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. Ысты тайпасының Ойық руынан шыққан.
Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы 1886 жылы туған. Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы, Зәуре Баирқызы (1888 жылы Шелек (бұрынғы атауы Чилик) Чилик ауданында (қазіргі Алматы облысы) туған) үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан.
1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітіргеннен кейін, 1931-1936 жылдары – Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
## Еңбек жолдары
* 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Д. Қонаев 1937-1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогінің машинисі, цех бастығы, рудниктің бас инженері және оның директоры болды.
* 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
* 1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды.
* 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды.
* 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды.
* 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
* 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды.
* 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.
## Игі істері мен жетістіктері
Бірнеше мәрте КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның XIX-съезінен бастап, кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент және партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты.
1956 жылдан бастап СОКП-ның Орталық Комитетінің мүшесі. Партияның XXIII-съезінде ол КОКП-ның Орталық Комитетінің Саяси Бюросының мүшелігіне кандидат, ал XXIV-съезде мүше болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткерібола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді.
Дінмұхамед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кентімен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқалық қалалары салынды.
Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Мал саны көбейіп, ауыл шаруашылығының өнімдері жыл сайын артып отырды.
Дінмұхамед Ахметұлы арқасында Қазақстанның өнеркәсіп, оның ішінде түрлі-түсті металлургия саласы жоғары деңгейде дамыды. Бүкілодақтық көлем бойынша мыстың үштен бір бөлігі, қорғасынның70%-ынан астамы, мырыштың 40%-ынан астамы қазақ жерінде өндірілді. Өскемен қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары, Соколов-Сарыбай мен Лисаков кен-байыту комбинаттары, Жезқазған мен Балқаш таукен-металлургия комбинаттары, Ермаков пен Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары іске қосылып, Ақтөбе қаласындағы шығарылған хром кенінің көлемі артты.
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Тараз және Шымкент қалаларында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектермен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалаған Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына ықпал етті. Өнер ордалары салынып, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мектеп пен бала-бақша ғимараттарының құрылысы басталып, Оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, «Медеу» спорт кешені, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандары бой көтерді. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін ашты.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партия ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық ішінде өзінің үлкен мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсетті. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 1993 жылғы тамыздың 22-сінде, 82-жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.
## Марапаттары
* Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982)
* 8 Ленин ордені
* Еңбек Қызыл Ту ордені
* Медальдар
## Мақалалары мен кітаптары
* 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» (Алматыда және Мәскеуде басылды)
* 1992 жылы – «О моём времени», "Дәуір" баспасы
* 1994 жылы – «От Сталина до Горбачёва», Санат баспасы
* 1994 жылы – «Ақиқаттан аттауға болмайды», Санат баспасы
## Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев есімі берілген жерлер
* Қонаев қаласы
* Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
* Астана және Алматы қалаларында – көшелер.
* Үлкен Алматы каналы.
* Орал қаласында – шағын аудан.
* Тараз қаласында – орталық көше және бюст.
* Талдықорғанда – көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны.
* Алматы қаласында – жекеменшік университет.
* Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында – орталық көше.
* 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды.
* 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды.
* Шымкент қаласында – орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
## Галерея
*
## Қызықты ақпараттар
* Дінмұхамед Қонаев – КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
* Отбасында 11 баланың 4-шісі.
* Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
* Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
* Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
* Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
* Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 шаршы метр.
* Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: "Бар дүниең осы ма?"– деп таңданады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Герои страны |
Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев (9 сәуір 1953, Талап, Жаңақорған ауданы — 10 маусым 2023, Көкшетау) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2020–2022 жылдары Жамбыл облысының әкімі, 2019–2020 жылдары Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
## Өмірбаяны
Әкесі - Нәлібаев Мәшбек Сапарбайұлы, бригадир. Анасы - Нәлібаева Бибіш. Қоңырат тайпасы Жаманбай руы Қараша бұтағынан шыққан. Алматы халық шаруашылығы институтының жоспарлау экономикалық факультетін бітірген (1977), экономист. Экономика ғылымдарының докторы (1999). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Өндірістік-шаруашылық жүйедегі инвестициялық үдерістерді басқару».
ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (1996). «Аймақтың өтпелі кезеңдегі экономикасы» (1995), «Арнаулы экономикалық аймақтар. Құру тәжірибесі» (1996), «ҚР Кеден кодексі» (2003) кітаптарының, ҚР Кеден кодексінетүсініктеменің (2005) авторы.
* 1969 жылдың тамыз айынан - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарынының №3 бөлімшесінде жұмысшы, әрқилы қарапайым жұмыстарды атқарушы.
* 1971 жылдың мамырынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1977 жылдың тамыз-қыркүйек айларында - Мемеңбек жинақ кассасының Қазақ республикалық басқармасында тексеруші.
* 1977 жылдың қазан айынан - ҚазКСР Қаржы министрлігінің Мәдениетті және денсаулық сақтауды қаржыландыру басқармасында экономист, 1978 жылдың қазан айынан - аға экономист,
* 1983 жылдың мамыр айынан -жетекші экономист,
* 1985 жылдың шілде айынан - бас экономист,
* 1986 жылдың наурыз айынан - бөлім бастығының орынбасары.
* 1988 жылдан - ҚазКСР Халыққа білім беру министрлігі жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы.
* 1990 жылдан - ҚР Білім министрінің орынбасары.
* 1994 жылдан - ҚР Президенті және ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Бесарык Министрлер кабинетінің Істер басқармасы қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі.
* 1995 жылдың наурыз айынан - ҚР Министрлер кабинеті Аппаратының жетекшісі.
* 1995 жылдың қыркүйек айынан - Қызылорда облысының әкімі.
* 1999 жылдан - Түркістан облысының әкімі.
* 2002 жылдан - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы.
* 2004 жылдан - қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
* 2006 жылдан - ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі.
* 2007 жылдан - ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
* 2009 жылдан 2014 жыл қарашасына дейін - Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
* 2011 жылдан - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары.
* 2015 жылдың 11 қыркүйегінен - Ақтөбе облысының әкімі.
* 2019 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды.
* 2019 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
* Ол 2023 жылы 10 маусымда таңертең 70 жасында қайтыс болды.
* Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және еліміздің басқа да көрнекті қайраткерлері көңіл айтты.
* Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткерімен қоштасу Алматыда 11 маусым күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді.
## Марапаттары
* «Құрмет» (1999) ордені
* «Парасат» (2007) ордені
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Сапарбаева Қалдығайша Зейноллақызы (1955 ж.т.). Қызы - Сапарбаева Ақбота Бердібекқызы (1978 ж.т.); ұлдары - Сапарбаев БауыржанБердібекұлы (1983-2002), Сапарбаев Жансұлтан Бердібекұлы (1991 ж.т.).
## Дереккөздер
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті |
Адырна -
* қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. Адырнаның Д. Шоқпарұлы, А. Құмаровтар жасаған бірнеше нұсқасы Ықылас атындағы қазақ саз аспаптары мұражайында сақтаулы. “Адырна” аталатын көне аспаптар ансамблі бар.
* Жақтың (садақтың) негізгі бөлігінің атауы. Ағаштан, сүйектен, мүйізден иіп құрастырады. Адырнаға қайыстан, тарамыстан немесе жібектен керме жіп-кіріс байлайды. Адырна ның иіні, екі басы, белі әртүрлі ағаштан жасалып, иіні серпінді болу үшін мүйіз, белі берік болу үшін сүйек қабаттастырылып, өнбойы тарамыспен шандып байланады, сырты қайыңның тозымен қапталады. Адырна кері иіліп жасалады да, кіріс тағылғанда оған қарсы бағытта иіліп тұрады. Қатты серпінді адырналардан оқ атқанда шектей тартылған кірістің дірілінен гуілдеп дыбыс шығатындықтан, тілімізде “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен” деген сөз тіркесі қалыптасқан.
* Пішіні садақ адырнаға ұқсатылып жасалған, бірнеше шекті көне музыкалық аспап.
## Дереккөздер |
Адай — ''Алшын'' тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қазіргі Адайлар Қазақстанның көбінесе Маңғыстау облысында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Алматы және еліміздің басқа облыстарында мекендейді. Түрікменстанның Балқан және Дайоғыз велаяттарында, Қарақалпақстанда, Иранның солтүстігінде және Ресейдің Астархан облысында үлкен диаспоралар бар.
## Репрессияға ұшырауы
Патша үкіметіне кірген үш жүзде, жалғыз адайлардың орыс үкіметін мойындамауы: адайларды мыңдаған орыс-казак әскерлерімен соғысуға алып келді. Тарихта: адайлар орыс үкіметінің қазақ жерлерін тартып алу, қазаққа өз жерін билетпей, жұмыс орындарын бермеу, егістік орындарынан ығыстрыру, қазақты, қазақ жерін отарлауға бағынбады. Алайда оның салдарынан көптеген адайлар репрессия, қуғынға ұшырап, жесірлер жетімдерімен Иран асып кетуге мәжбүр болған.
## Таралуы
Адай елі: ежелден Каспий теңізінің шығысынан, Арал теңізінің батыс, оңтүстігіне дейін, Мұғалжар тауынан (Ақтөбе облысы), солтүстік Балқанға (Түркменстан) дейін, Ойыл өзені мен Мойнақ шөлі (Қарақалпақстанның батысы: Кұнғрад, Мойнақ) жерлерінде өмір сүрген халық. Сондықтан Адай елі өздерінің қазіргі: Жылыой, Қызылқоға, Балықшы, Мақат, Ойыл, Темір, Байғанин аудандарының түпкілікті тұрғыны болып өмір сүріп келеді. Қазақстан шекарасын айқындалып, құжатқа түсер кезеңдер де қазақтың оңтүстің аймақтары Өзбекстанның, батысы (Маңғыстаудың шығысы) Қарақалпақстан иелігінде қалып қойды. Қазіргі таңда да сол Адай жерлерінде яғни Мойнақ, Кұнғрад аудандарын да Адайлар тұрып жатыр. Сол сияқты Ресей Федерациясында Ноғай-Адай жерлері: "Астархан (Астрахань), Самар (Самарская), Сармат (Саратов), Еділді (Волгоградская), Таңбалы (Тамбов)" облысытары қалып қойған болатын. Адайдың Тәзіке атты немересінен тарайтын ұрпақ қазіргі Атырау облысында кеңінен тараған, олар ерте заманда қалмақтармен болған соғыстарға қатысып, Жем, Нарын бойларында қалған Адай руының ұрпақтары. Ақтөбе, Орал облыстарында Адайлар бар. Оңтүстік Қазақстан облыстарында Адайлардың саны аздау, дегенмен де Оңтүстік Қазақстанның Адайлары сол жердің байырғы тұрғындары болып саналады.
## Шежіресі
Адай өмірде болған адам, шамамен 15 ғасырда өмір сүрген. Адайдан екі бала бар: Құдайке мен Келімберді. Құдайкеден 2 бала Тәзіке және Қосай ал Келімбердіден 6 бала: Құнанорыс (Ырысқұл), Ақпан, Балықшы (Шыбынтай), Әлнияз (Бұзау), Тобыш, Мұңал. Тәзіке ол Сегіз Арыстың біріншісі болып табылады одан кейін Қосай ата батыр болғандықтан, Ер Қосай атанып кеткен ол. Ер Қосай Батыр 1507–1594 жылдары өмір сүрген. Одан кейін Келімбердіден тараған 6 баланың біріншісі: Құнанорыс (Ырысқұл). Құнанорыстан 2 бала Жанбай мен Жантұған. Одан кейінгі Ақпан одан кейін Балықшы, негізі Балықшының шын есімі Шыбынтай сол Балықшыдан 3 бала: Жүйрік, Қостай, Есберді одан кейінгі Бұзау. Негізі Бұзаудың шын есімі Әлнияз. Сол Бұзаудан 2 бала Жеменей және Айтұмыс одан кейін Мұңал. Мұңалдан 5 бала: Алақұнан, Әли, Бәйімбет, Жаулы, Шоғы Батыр (Қырықмылтық). Шоғы Батыр лақап аты Қырықмылтық. Шоғы батыр болған ол 1667–1726 жылдары өмір сүрген ол қазіргі Түркістан да Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген. Одан кейінгі сегіз арыстың ең кішісі Тобыш одан 2 ұрпақ қалған Ораз және Бегей. Адай атаның өмір сүруі шамамен 14–15 ғасыр. Қазіргі кезде Адай руының кең жайылған жері Маңғыстау облысы болып есептеледі.
## Тарихы
Кіші жүздегі көп тараған рулардың бірі — Адай руы. Маңғыстау адайларының шыққан тегі туралы нақты деректер аз. Тек С.А.Аманжолов қана адайлар, оның өзі жазғандай, Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, б.з.б. ІІ ғасырдың өзінде-ақ, Каспий теңізінің жағалауында мекендеген ежелгі дайлардың ұрпақтары болуы мүмкін деген жорамал пікір айтқан. Сол арада ол адайлар оғыздардың «ада» (арал) «адайлар» (аралдықтар) деген сөзінен шыққан деген нұсқасын да келтіреді. Бізге дайлар (дахтар) адай руының алыстағы бабалары деген нұсқа әбден ықтимал болып көрінеді. Осы пікірді дамыта отырып, рудың шыққан тегі көрінісін мүмкін болғанынша жаңғыртуға тырысайық.
Дайлар (дахтар) туралы алғашқы мәліметтерді буз І Дарийдің Накширустемдік жазбаларынан табамыз, онда б.з.б. VI-IV ғасырларда Яксарттың (Сырдария) сағасы жағында тарадарайя немесе парадарая сақтары тұрған, дахтар солардың одағына кірген делінеді.
Геродот пен Страбонның мәліметтеріне қарағанда, біз б.з.б. V біздің заманымыздағы І ғасырда-ақ Сырдарияның төменгі ағысында емес, Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағында, яғни қазіргі Иран мен Түркменстан шекарасындағы аймақта мекендегенін көреміз.
В.М.Массой да «Ксеркстің мерзімі б.з.б. 486-480 жылдар деп белгіленетін белгілі антидевовтық жазбаларында Ахеменидтік Персияға бағынған халықтар мен елдер арасында даха атауы келтірілген, зерттеушілердің көпшілігі оны Страбонның дайларымен салғастырады» деп көрсетеді.
Бұл да дайлар туралы бірден-бір мағлұмат емес, С.П.Толстов «хорезмиліктердің оңтүстік-батыс және солтүстік-шығысындағы көршілері дах тайпалары болып табылады» дейді. Бұл мәліметтер де б.з.б. ІІІ ғасырларға қатысты. С.П.Толстовтың айтуынан дахтар Сырдарияның төменгі ағысында және ішінара Теджен өзені аңғарындағы өңірде, яғни оларды (Геродот пен Страбон бойынша) б.з.б. V ғ. Біздің заманымыздағы І ғасырда мекендеген жерінде орналасқаны көрінеді.
Б.з.б. VI-IV ғасырларда Сырдарияның төменгі ағысында мекендеген дахтар ІІІ ғасырдың өзінде-ақ, Геродот пен Страбонның деректеріндегідей, ішінара Теджен өзені аңғарына қоныс аударып, қалғандары бұрынғы жерінде тұра беруі ықтимал. Дайлардың (дахтардың) Сырдарияның төменгі ағысынан оңтүстікке қоныс аударғанын Страбон да көрсетеді. Ол Аршакидтік патшалыққа орын тепкен (парнадайлар Меотидояның арғы жағында", яғни Арал теңізінің арғы жағында «мекендейтін дайлар аймағынан шыққандар» дейді.
Арал өңірі дайларының Теджен өзені бойына қоныс аударғанын С.П.Толстов та айтады. Дайлардың бұдан кейінгі тарихы бізге былайша сияқты. Кангюй (қаңлы) тайпалық одағының мейлінше гүлденген кезеңінде ол өзінің ықпалын Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына таратқан. Осы кезеңде дайлар кангюйлердің билігіне ұшырауы ықтимал. Кангюй тайпалық одағының орнына жаңа тайпалық бірлестік Батыс Түрік қағанаты келіп, оның құрамында өз тұтастығын сақтап қалған дайлардың күшті де саны көп тобы болған.
Сонан соң (ІХ ғ.) дайлар тобы оғыз тайпалары одағына кірген. Тегінде, дайлардың (дахтардың) Маңғыстауға орын тебуі сол кезеңде (ІХХ ғғ.) болуы мүмкін. Бұл жағынан әл-Истахридің Гуздер елі туралы «Китаб Месаликал Меналик» деген кітабында келтірілген мәліметтер назар аударарлық. Атап айтқанда, онда былай делінген: «…Онда (Сиякух Маңғыстау В.В.) қоныс және жайылым еткен». Сиякух бұл арада арал деп көрсетілген. Гуздерден бөлініп кеткен «түріктер тайпасы» дайлар (дахтар) болуы, гуздер осы «арал» халқын адайлар деп атауы да мүмкін, өйткені гуздер (оғыздар) тілінде арал — ада.
Шыңғысханның тегі Адай тайпасы, Мұңал руынан, тарихшының бәрі Мұңал атамыздың атын Мунгал, монгол, могол деп тарихта болмаған, түбі негізсіз атауларды он үшінші ғасырдан бері санаға тықпалап келеді. Мұңалдан – Келімбердінің кенже баласы, одан төрт бала, кейбіреулер бес бала дейді: Жаулы,Шоғы ( ол Қырықмылтық деп те аталады),Әли,Бәйімбет,Алаоғылан ( алақұнан ); одан мен білетін ешкім жоқ.Жаулы екі әйел алыпты, кішісі өзбек қызы дейді. Одан Қосқұлақ, Ескелді туады. Бәйбішесі баланы кештеу көріпті, Жаулы жауға аттанып бара жатқанда бәйбішесі былай депті. « Құрсағымда бір зат бар, кетпе, бір балаға зар болып өтеміз бе », - депті. Сонда Жаулы оған былай депті – міс: « Мен уәде бердім ( жауым – қалмақ ), олар бітімге шақырыпты, бітсе – біткенін, бітпесе – жаулығын көріп қайтам. Қазақтың қырық батырына берген уәдем бар. Ұл тусаң, атын қоярсың » - деп кете беріпті. Сол кеткеннен Жаулы қайта оралмайды. Бәйбіше ұл бала туып, атын Жары қояды. Екінші әйелі дегенде түсінік әртүрлі. Әйел үстіне алғанды тоқал деп, қосы ауып, алған әйелді екінші әйел десе, қандай артық-кімі болар еді?!Ескелдіден: Жақсылық пен Игілік туады.Игіліктен үш бала: Доғал, Құдайназар, Құдайсүгір.
Адайдан кең тараған рулардың бірі- мұңал. Қазіргі мұңал руынан әли атты ру тараған. Олардың көпшілігі Маңғыстауда және Атырауда. Ал Ақтөбедегі Байғанин және Орал қаласының өзінде адайдан тараған әлилер баршылық. Әлиден 3 ру Меңке, Әлишер, Тоқалы тарап, ұрпақтары әлі күнге дейін өмір сүруде.
## Сегіз арыс Адай
1. Қосай арысынан: Есембет, Есек, Еміл, Өрезек, Айдаралы, Айтқұл, Бәйнеке, Киікбай, Бердіс, Сердалы, Қатен, Шалбар, Қадір, Әйтей, Бегей, Тіней, Бәли, Сүйіндік (Жаманадай).
2. Тәзіке арысынан: Қабақтай, Өтей, Сәрке.
3. Құнанорыс арысынан: Құнанорыс.
4. Ақпан арысынан: Ақпан.
5. Шыбынтай (Балықшы) арысынан: Балықшы.
6. Әлнияз (Жеменей) арысынан: Шолақ, Солтаналы, Бегімбет, Қалша, Мырзагелді, Қожантай, Қожағұл, Қожамсүгір, Алдасай, Кедей, Бәйбіше, Қаратоқа, Ақбота, Көшке, Олжашы, Мамыр, Бөкен, Есен, Кенже.
7. Тобыш арысынан: Табынай, Бәубек, Шоңай, Қамысбай, Күмісбай, Қаржау, Дорал, Жаңай, Тоқабай, Өтеғұл, Құл-Зорбай, Қожа, Шегем, Жайылған, Шағыр, Бабық, Бегей, Қараш.
8. Мұңал арысынан: Алақұлан, Әли, Жанақ, Боқсары, Әтембек-Абыз, Байшағыр, Мамыртай, Жақау, Қырымқұл, Қыдырша, Бабақұл, Мая, Қоштан, Төлеп, Медет, Күшік, Қосбармақ, Байпақ, Байбоз, Өтеулі, Матай, Айым, Шақа, Жаманғара, Көрпе, Сүгірәлі, Сарғасқа, Жәдігер, Ескелді, Қосқұлақ, Мете, Дәулеталы, Кеще, Жетімек, Тоқтамыс, Бектеміс, Базар, Шотан, Майлан, Құдайберген, Тастемір, Қырықмылтық.
## Тұлғалар
* Ер Қосай Құдайкеұлы
* Атағозы батыр Айтқұлұлы Қосай-Айтқұл
* Есек батыр Есенқұлұлы Қосай
* Қашаған Күржіманұлы Қосай
* Сарымерген би Қосжанұлы Қосай-Сүйіндік (Жаманадай)
* Майфок Хамитов Қосай
* Нұрлыбек Майфокұлы Хамитов Қосай
* Жамбыл Төлекеұлы Құдайбергенов Қосай
* Оспан Көбейұлы Қосай-Мәмбетқұл (Шалбар)
* Қойшы Қонысбайұлы Қосай-Бәли
* Ақпан батыр Келімбердіұлы
* Мұңал батыр Келімбердіұлы
* Ақтан Керейұлы Жеменей
* Бүркіт би Жеменей
* Ләззат Кетебайұлы Қиынов Жеменей
* Ермембет би Тұрұлы Айтумыс-Есен
* Қабақ би Ермембетұлы Айтумыс-Кенже
* Тобанияз Әлниязұлы Айтумыс-Кенже
* Еділ Терекбайұлы Жаңбыршин Айтумыс-Бөкен
* Қалнияз Шопықұлы
* Аралбай Оңғарбекұлы
* Бопай Бәтима
* Бәйімбет Телеуұлы
* Мырзағали Тынымбаев
* Азамат Тахирұлы Мұсағалиев
* Қайыржан Ізтелеуұлы Әлиев
* Бекет Мырзағұлұлы Қосқұлақ
* Әнес Төлендіұлы Сарай
* Әбіш Кекілбайұлы Жаңай
* Асан Әбдірұлы Жаңай
* Құлыш би Түменбайұлы Шоңай
* Алшын Меңдалыұлы Шоңай
* Ерғали Төлесінұлы Шоңай
* Тілеген Қалмағанбетов Шоңай
* Фариза Оңғарсынова Тәзіке
* Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
* Ерлан Тынымбайұлы Қарин
* Самат Базарбайұлы Мұсабаев Тобыш
* Қабиболла Сыдиықұлы Ақбота
* Боқай Қожыров Ақбота
* Әбдіхамит Сәркенұлы Есболов Ақбота
* Сембіғали Төрешұлы Зәкенов Ақбота
* Сұлушаш Молдажанова Ақбота
* Ләззат Құлжанқызы Нұршаханова Ақбота
* Шабай батыр Қонысұлы Құнанорыс
* Жалау Мыңбаев Құнанорыс
* Дәуіт Қошанұлы Нүкенов Құнанорыс
* Таңғали Смитұлы Хамиев Құнанорыс
* Қожық Сармағанбетұлы Құнанорыс
* Сембай Байнекеев Құнанорыс
* Мұрат Құрбанбаев Құнанорыс
* Амандық Оразов Құнанорыс
* Сембай Бердімұратов Құнанорыс
* Асқар Бердімұратов Құнанорыс
* Тұржан Сариев Құнанорыс
* Сабыр Шеркешбайұлы Адай Құнанорыс
* Базарбай Сабыров Құнанорыс
* Тұрар Таласбайұлы Қондыбаев Құнанорыс
* Дәуімшар батыр Қуатұлы Қырықмылтық
* Құлшар Бақтыбайұлы Қырықмылтық
* Тұрмамбет батыр Төлеғожаұлы Жаулы-Ескелді
* Бердалы батыр Отарұлы Жаулы-Ескелді
* Дауыл батыр Бабаұлы Жаулы-Ескелді
* Сүгір жырау Бегендікұлы Жаулы-Ескелді
* Қылышбек Есқожаұлы Жаулы-Ескелді
* Балуанияз батыр Мүсірепұлы Балықшы
* Аман Ғұмырұлы Төлеев Балықшы
* Шотан батыр Назарұлы Жары
* Абыл Тілеуұлы Жары-Тоқтамыс
* Құрамыс Ермеков Жары-Тоқтамыс
* Қатимолла Ризуанов Жары-Тоқтамыс
* Сүйінғара батыр Үргенішбайұлы Жары-Жетімек
* Досан батыр Тәжіұлы Жары-Дәулеталы
* Боқымаш Шоланұлы Жары-Майлан
* Айдар ишан Шайхыисламұлы Жары-Тастемір
* Жетібай Жылқышыұлы Жары-Тастемір
* Түменбай Қалжанұлы Жары-Базар
* Мұқан Бесжанұлы Жары-Бектеміс
* Нығмет Қалдәулетұлы Жары-Бектеміс
* Ержан Төлегенұлы Жары-Бектеміс
* Мәди Қайпыұлы Бегенов Әли
* Сабытай батыр Бәйімбетұлы Бәйімбет
* Ырсай батыр Бәйімбетұлы Бәйімбет
* Текей Райымбердіұлы Бәйімбет
* Абыз би Әтембекұлы Бәйімбет
* Қырымқұл би Әнетұлы Бәйімбет
* Мая би Әнетұлы Бәйімбет
* Төлеп батыр Әнетұлы Бәйімбет
* Иса би Тіленбайұлы Бәйімбет-Жаманқара
* Баймәмбет би Маяұлы Бәйімбет-Мая
* Ағыс Жайылғанұлы Бәйімбет-Қыдырша
* Ғафур би Қалбыұлы Бәйімбет-Қырымқұл
* Қожа Ғафурұлы Бәйімбет-Қырымқұл
* Мәмбетнияз би Төлепұлы Бәйімбет-Төлеп
* Құлсары би Тінекейұлы Бәйімбет-Күшік
* Тілеген би Мәмбетұлы Бәйімбет-Медет
* Намаз Ізімбергенұлы Бәйімбет-Әтембек
* Әлқуат Дауылбаұлы Бәйімбет-Өтеулі
## Дереккөздер |
Қасым Қайсенов (23 сәуір 1918, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Асубұлақ ауылы — 30 желтоқсан 2006, Алматы) — Қазақстанның Халық қаһарманы (1995), Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті.
## Өмірбаяны
Найман тайпасының Қаракерей руының Құйымшақ бөлімінің Малай бұтағынан шыққан.
* 1934 жылы мектеп бітіргеннен кейін Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына түсіп, 1938 жылы оны бітірген.
* Павлодар облыстық оқу бөлімінің саяси-ағарту жөніндегі нұсқаушысы болып қызмет атқарып жүргенде әскер қатарына шақырылып, әскери-барлау мектебіне жіберіледі.
* 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіліп, сол жерден арнайы тапсырма алып, Украинаның басқыншылар қолында қалған жерінде партизан отрядын құру үшін жау тылына түсіріледі. Ол жерде Қайсенов Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейінгі кездерде, 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады.
* Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткереді. Соғыс аяқталған соң Отаны Қазақстанға оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте болады.
* Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады.
* 1951-1954 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті жанындағы екі жылдық партия мектебінің аудармашылар бөлімінде оқиды.
* 1953-1972 жылдар аралығында «Жазушы» баспасы директорының орынбасары, Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, «Қайнар» баспасы директорының орынбасары болып қызмет істейді.
## Шығармашылығы
Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ерлігін шынайы суреттеген, оқушы жұртшылыққа кеңінен мәлім көптеген шығармалардың авторы.
* 1954 жылы орыс тілінде «Жас партизандар» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Одан кейінгі кездерде
* «Илько Витряк»
* «Переяслав партизандары»
* «Ажал аузынан»
* «Жау тылындағы бала»
* «Днепрде»
* «Жау тылында»
* «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді.
Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері
* «Елімнің ертеңіне сенемін»
* «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді.
## Марапаттары
* «Богдан Хмельницкий»
* «Отан соғысы»
* «Чехословакия партизаны»
* Украинаның «За заслуга» ордендерімен
* Кеңестер Одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған.
* Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты.
* Қазақстанның халық қаһарманы.
## Дереккөздер |
Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биікте орналасқан.
## Тарихы
Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу спорт кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С.Қайнарбаевқа инженер С.Б.Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі – хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, қонақүй, асхана, кинозал, кітапхана және баспасөз орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материал қабатты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған.
Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электрон таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3-4 см, қыста 10-15 см-ге дейін жетеді. Медеу спорт кешені құрамына Медеу қонақүйі кіреді. Медеу қонақүйінің бір, екі орындық және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамды қабылдай алады.
Сенбі, жексенбі күндері Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конькишіні қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әртүрлі халықар. жарыс өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу спорт кешені – тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.
Медеу – Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сыйғызады.
## Рекордтар
Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.
## Фильмография
* 1982 жылы Қазақстан-Чехословакия киностудиялары бірігіп "Көріскенше қош бол, Медеу!" атты көркем комедиялы фильм түсірді.
## Дереккөздер |
Тоқтарбайұлы Қобыланды (XV ғ.) – аты аңызға айналған халық батыры. Шыққан тегі – Қыпшақ, оның ішінде Қара Қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде, халық шежірелерінде оны көбіне «Қара Қыпшақ Қобыланды» деп атайды.
Шежіре деректеріне қарағанда, Қара Қыпшақ Қобыланды Жошы ханның Шайбан деген баласының тұқымы Әбілхайыр ханның тұсында (XV ғасыр) өмір сүрген, ханның белгілі қолбасшыларының бірі болған адам. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған деседі. Бұл жөнінде Шәкәрім шежіресінде: «Біздің осындағы арғындардың атасы Дайырқожа Әбілхайыр ханның сүйікті қазысы екен. Билікті әділ айтқандықтан Ақжол би атаныпты. Және Қара Қыпшақ Қобыланды да ханның сүйікті адамы екен. Екеуі іштей жауласып жүргенде, бір күні Қобыланды Дайырқожаны далада өлтіріп кетіпті. Мұны әз-Жәнібек хан біліп, Қобыландыны шариғат бойынша қысас қылып өлтіруге сұрапты. Әбілхайыр берейін десе, көп қыпшақ бұзылатын болған соң, бере алмай, үш кісінің құнын ал деген соң, бұған Жәнібек өкпелеп, бөлініп кетеді» деген дерек беріледі. Бұл оқиғаның тарихи шындық екенін Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың өлген баласының денесін айналып, қайғырып, қан жұтып жүріп айтқан:
"Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным?Сексен асып таянғанда тоқсанға,Тұра алмастай үзілді ме, жұлыным, —”
деп басталатын толғауы да дәлелдей түседі.Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі — қазақ халқының қаһармандық жырларының бірі — "Қобыланды батыр" жыры. Бұл мазмұны жағынан да, басқа батырлық жырларға қарағанда шоқтығы биік тұрған халықтық шығарма, ерлік эпопеясы. Бұл жырдың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің сол кездегі сыртқы жауы — қызылбастар (парсылар) мен олардың шапқыншылық жасаған ханы Қазанға қарсы күресінен басталады. Оның бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы — Қазақ хандығының өзара іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Мұның бәрі Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген хас батырларының бірі болғанын дәлелдейді. Және де қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.
## Дереккөздер
* http://referatikz.ru/load/aza_sha_referattar/aza_debieti/to_tarbaj_ly_obylandy/10-1-0-1915 |
Алтынбаев сөзі тегі бойынша мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев- генерал-майор. |
Бие қысырамас (ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кейін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліп алып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, бісмілла» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр. |
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
## Биографиясы
Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының Таз-Бұлбұл бөлімінен шыққан.
* Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).
* 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).
* 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.
* 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
* 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
* 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
* 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
* 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
* 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
* 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
* 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
* 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
* 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
* 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
## Ғарышқа ұшуы
* 1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
* 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
* 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, Аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
## Марапаттары
Қазақстанның:
* «Халық қаһарманы» атағы
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
* «Отан» ордені (1995)
* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
Кеңес Одағының:
* Құрмет Белгісі ордені (1987)
* Кеңес одағының батыры атағы (1988),
* Алтын Жұлдыз медалі (1988)
* «Ленин» ордені (1988),
* КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)
* КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)
* Қазан төңкерісі ордені (1991)
Австрия Республикасының:
* «Алтын Крест» ордені 1988)
* «Алтын Крест» ордені (1993)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тоқтар Әубәкір: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»
* Т. Әубәкіровтың сұхбаты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2013 жылы.
* Өнегелі өмір иелері Мұрағатталған 27 наурыздың 2012 жылы.
* Аубакиров Токтар Онгарбаевич(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Шылаулар - сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер немесе тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ барды, ертегіні термек үшін; Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр; Абай қажымай, жалықпай, ылғи ғана ынтығып тыңдайтын; Бұл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра байланыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр.Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.
Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы :
1) Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
2) Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
3) Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.Толық мағыналы сөздің жетегінде келіп, оған қосымша мән үстейді.
4) Шылаулар түрленбейді (жалғаулар жалғанбайды)
Шылау сөздер дегендеріміз - ішкі мазмұндары жағынан да, сыртқы формалары жағынан да, сондай-ақ, қызметтері жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп, әрі осы аталған негізгі үш белгі жөнінен де дербестіктерінен айырылып, өз алдына категория болып қалыптасқан және жалпы көмекші сөздер тобына негізгі ұйытқы есебінде қызмет ететін сөздер.
Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер
## Жалғаулықтар
Сөз бен сөзді , сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулықтар өз ара тең бірыңғай сөздерінің, біріңғай сөз тіркестерінің және біріңғай сөйлемдердің араларындағы әр қилы қатынастарды білдіреді. Жалғаулықтар ең кемі өз ара тең екі сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты болады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен ( бен, пен ), да ( де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті,т.б. Мысалы: Қыс пенен жаз, күн менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пен жамандық - болды сегіз (Абай Құнанбаев) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де бірдей қатысты болып, оларды бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады.Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, бенен, пенен), да (де, та, те)және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, т.б.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.
Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, жалғаулықтар:
* салаластырғыш жалғаулықтар және
* сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді.
## Септеуліктер
Септеуліктер деп объекті мен объектінің не предикаттың арасындағы түрлі грамматикалық қатынастарды білдіру үшін қолданылып, белгілі бір септік жалғауын меңгеріп тұратын көмекші сөздерді айтамыз.
Септеуліктер өздері тіркесетін есімдерге, субстантивтенген өзге де атаушы сөздерге себептік, бағыттық, мақсаттық, көмектік, мезгілдік, қайталау, талғау, үдету, ұқсату сияқты әр қилы грамматикалық мағыналарды жамап тыңғылықтандырып отырады.
Мысалы: Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жүрген кім? (Ә. Әбішев); Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен (Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин) деген сөйлемдердегі дейін, қарай септеуліктерін алып тастап, Алматыға, үйіне деп қана айтатын болсақ, ол сөйлемдердегі ой едәуір өзгеріп кеткен болар еді.
### Атау септікті меңгеретін септеуліктер
* Үшін
* Сайын
* Сияқты
* Туралы
* Арқылы
* Бойы, бойымен
* Шамалы, шақты, қаралы
* Ғұрлы (ғұрлым)
### Барыс септікті меңгеретін септеуліктер
* Шейін (дейін)
* Қарай, таман
* Салым, тарта, жуық, таяу
### Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер
* Гөрі
* Бері
* Кейін
* Соң
* Бұрын
* Бетер
### Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер
* қатар, бірге, қоса
## Демеуліктер
Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге әр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айтамыз.
Лексика-грамматикалық мағыналары жағынан демеулік шылаулар
* сұраулық
* шектік
* нақтылық
* күшейткіш
* болжалдық
* болымсыздық
* қомсыну
демеуліктері болып бөлінеді. |
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960, Шәуешек, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) – Қазақстанның мемлекет және саяси қайраткері, Сенаттың экс-депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі.
## Өмірбаяны
* Қытайдың Шәуешек қаласында туған.
* 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға, Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралды (қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). Қожа руынан шыққан.
* 1982 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.
* 1983-1992 жылдары – Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы қ.).
* 1992-1999 жылдары – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы қ.).
* 1994-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік
* университетінде қосымша жұмыс істеді (аға оқытушы, доцент, профессор м. а.) (Алматы қ.).
* 1995 жылы «Қазақстанның XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси тарихының проблемалары» тақырыбында тарихтан кандидаттық диссертация қорғады (революцияға дейінгі орыс энциклопедияларының материалдары бойынша).
* 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғады.
* 1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы.
* 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
* 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.
* 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі.
* 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы.
* 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі.
* Қосымша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.
* 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
* 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.
* 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
* 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.
* 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі.
* 2016-2018 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
* 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
* 2019 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды.
## Ғылыми жұмыстары
* «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994),.
* «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)».
* Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған.
* 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы.
* «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемалары» (1994).
* «Жақып Ақбаев: саясаткер, патриот, құқықтанушы» (1995),
* «Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» (1996),
* «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998),
* «Алашорда көсемдерінің мемлекеттік-құқықтық идеяларының қалыптасуы және дамуы» (1999),
* «Қазақстандағы отаршылдық режим (1868—1917 жж.)» (2000),
* «Заң шығарушылық: проблемалар және ізденістер» (2000),
* «Алаш» бағдарламасы: бұрмалану және шындық» (2000) және т.б.
200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымның авторы.
## Марапаттары
* дәрежелі «Барыс» ордені (2020),
* ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016),
* Парасат ордені (2010),
* «Құрмет» ордені (2004),
* «Астанаға 10 жыл» медалі (2008),
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996),
* «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018),
* Астана қаласының құрметті азаматы,
* Абай ауданының құрметті азаматы,
* Аягөз ауданының құрметті азаматы,
* Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары.
## Дереккөздер |
Павлодар облысы (орыс. Павлодарская область) — Қазақстанның солтүстігіндегі облысы. Облыс орталығы — Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Жаңасібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Абай және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
## Физико-географиялық мінездеме
Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыс Сібір жазығы-ның оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың шаршы шақырым аймақты алып отыр.
### Климаты
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.
### Жер бедері және гидрологиясы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120–150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100–110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Ақбет тауы (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан.
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс-Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). Баянаул тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан.Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км²). Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік бөлігінде тараған. Одан оңтүстікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8,0 г/дм3.3
* Павлодар облысының өзендері
* Павлодар облысының көлдері
* Павлодар облысының жерасты сулары
### Пайдалы кендер
Облысымыз Қазақстан Республикасының минералдық шикізат кешенінде жетекші рөл атқарады.Ертістің Павлодар өңірінің қатты пайдалы қазбаларының баланстық қорының жалпы құны 460 миллиард долларға бағаланады. Бұл – алтынды, құрылыс материалдары мен өзгелерін қоса алғанда, көмір мен әр түрлі металдар. Кен орындарының бір бөлігі ертеден және табысты өндірілуде, қалғандарында қосымша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде, пайдалы қазбалардың нақты көлемдері, өндіру жағдайлары анықталуда.
Павлодар облысында Қазақстанның барлық көмір қорының үштен бір бөлігінен астамы шоғырланған. Ең ірі кен орындары – Екібастұз және Майкөбен, оларда сәйкесінше 10,5 миллиард және 2,2 миллиард тонна энергетикалық шикізат сақталған. Жалпы көмір қоры үш миллиард тоннадай болатын басқа да тоғыз кен орнын болашақта өндіруге болады.
Барлық кен орындарының ерекшелігі көмірдің тереңде жатпағандығы, ал кей жерлерде тікелей жер бетіне шығып жатқандығы болып табылады. Сондықтан ол ашық үнемді әдіспен өндіріледі. Екібастұз бассейнінің көмірін өндірудің бірінші жарты ғасырында 2 миллиард тонна көмір өндірілді. Барлау жүргізілген қалған көлемдері бірнеше жүзжылдыққа жетеді.
“Бозшакөл” мыс-порфироидтық ірі кен орны өндіруге дайын. Мұнда руда жер бетіне жақын орналасқан және өндірістік шоғырлануында тек қана мыс емес, молибден, күміс, басқа да құнды металдар бар. Барлық кен орындарындағы мыстың жалпы қоры үш жарым миллион тоннаны құрайды.
Алтын кен орнының болжалды қоры шамамен 150 тоннаға бағалануда, онда осы бағалы металдан басқа күміс, мыс, мырыш, барит бар.Кобальт кен орындары 14 мың тоннаға, никельдікі – 251 мың тоннаға, марганецтікі – 70 мың тоннаға бағаланады. Аймақтық рудалық қорлардың маңызды ерекшелігі – олардың құрамының көп құрамдас болуы: негізгі аталған металдардан басқа онда молибден, бериллий, индий, таллий, галлий, кадмий, германий, селен, теллур және тағы басқалары бар.
Облыста малахит пен ферузаның кен орындары табылды. Кейбір мамандар техникалық және зергерлік алмаздарды табу үшін нақты алғышарттар бар деп есептейді.
Ертістің Павлодар өңірінде әзірше мұнай мен газдың ашылған кен орындары жоқ. Бұл болашақтың еншісінде. Облыстың жарты аумағын Ертіс өңірі ойпаты алып жатыр, геологтар көмірсутегі шикізатының мол қоры жағынан оның болашағы зор деп есептейді. Мұнайдың болжалды ресурстары - 315 миллион тоннаға, ал газдікі – 148 миллиард текше метрге бағаланады.
Облыста кең тараған пайдалы қазбалардың 89 кен орны бар деп есептеледі: бұл – әр түрлі құрылыс материалдарын өндіруге, өнеркәсіп мұқтаждықтарына және басқа да мақсаттарға арналған шикізат. Мысалы, қорама құмының Қарасор кен орны – ТМД-дағы ең ірісі. каолин (ақ күйдірілген) отқа төзімді саздың Суханов кен орнында шамамен 700 миллион тонна құнды шикізат сақталған.
### Флора және жануарлар дүниесі
Павлодар облысының жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт және саздақ топырақтан, ал сол жағалық аңғары плейстоцен кезеңінің сортаңданған бозғылт топырағы мен ауыр саздақ топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаң, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тән селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солтүстігін қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңтүстікке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңтүстік-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өзенінің жайылмасында шалғындар мен тоғайлар тараған.
Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан тышқаны, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянауыл қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар тараған. Оңтүстік-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста ақ және сары шымшық, бозторғай, жыртқыш құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өзенінде ақбалық, бекіре, нәлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі.
### Экология
Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.
### Павлодар облысының табиғат және табиғи ресурстары
## Халқы
Павлодар облысы халқының әр жылдардағы саны
## Әкімшілік бөлінісі, халқының саны
Облыс құрылымы 10 аудан мен 3 облыстық бағыныстағы қаладан тұрады:
### Демография
Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км² аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында 0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді.
### Этникалық құрам
Облыстың этникалық құрамы халықтың келесі этникалық топтарымен айқындалады - қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, белорустар, молдовандар, азербайжандар, шешендер, ингуштар, башқұрттар, корейлер, поляктар, болгарлар, чуваштар, мордвалар, удмурттар және басқалары. 2012 жылдың басында барлық этникалық топтардың ішінде халықтың жалпы санының көп бөлігін қазақтар — 48,8% және орыстар— 37,9% құрады. Өзге этностар мен этникалық топтардың үлесі облыс халқының 13,3% болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарда қазақтардың саны 364,9 мың, орыстардың саны — 283,4 мың, украиндердің саны — 37,9 мың, немістердің саны — 21,1 мың, татарлардың саны — 14,2 мың, белорустердің саны — 5,1 мың, өзге ұлттардың саны — 19,3 мың адамды құрады.
### Дін
Павлодар облысы халқының ішінде әр түрлі діни сенімдер, соның ішінде ислам, православиелік және католиктік христиан, протестантизм, иудаизм және өзге де аз санды діндерді ұстанатындар байқалады. 2011 ж. 1 қаңтарында облыста 172 діни бірлестіктер мен топтар тіркелген, оның ішінде мұсылмандық — 94 (54,7 %), православиелік — 17 (10 %), католиктік — 8 (4,7 %), иудейлік — 1(0,6 %), протестанттық пен өзгесі — 52 (30 %). Облыста 126 діни ғимараттар бар.
## Тарихы
### Этимология
Облыс атауы облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын Павлодар қаласы атауымен аталады. Негізі 1720 жылы орыстың Ертіс бойындағы әскери бекіністерінің алдағы шебі ретінде қаланған; шебтің атауы одан 20 км жерде орналасқан Коряковка тұзды көлінен алынған. 1838 ж. шеп Коряковская станицасы болып өзгертіледі.1860 ж. аяғында жергілікті көпестер станицаны Александр II-нің жаңа дүниеге келген Павл ұлының құрметіне Павлодар қаласы деп өзгертуге өтініш білдіреді. Бұл өтініш іске асырылы, 1861 жылы Павлодар қаласы пайда болды.
### Облыстың таңбасы
2011 жылдың 3 қазанының сессияда - облыстың маслихат депутаттары облыстың тарихында бірінші логотипты бекітті. Сол конкурстың қорытындысының аймақтың мәдениетінің басқармасымен жарияланды. Ең сәтті үлгімен комиссия Қасымханның Жапанованың жұмысын мойындады.
Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал таңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес.
### Ең ескі тарих
Павлодар облысының ескі тарихы
Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.
Павлодар Ертіс өңірінің жартастағы жазулары
Қазіргі заманғы Ертістің Павлодар өңірі аумағына жасалған бірінші экспедициялар Сібірде мемлекеттік биліктің нығайтылуынан және Тобол губерниясын белгілегеннен кейін басталды.Коряков пошталық форпост Ертістің жағасында 1720 жылы пайда болды. 1838 жылы форпост аттас станица болып өзгерді, ал 1861 жылы - Павлодар қаласы деп аталды. Сол жылдары 19-шы ғасырдың басында ауыл шаруашылығының өсуі, ауылшаруашылық шикізатты қайта өңдеу салаларының, тау-кен ісінің дамуы көзделіп еді. 19-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап Екібастұзда көмір өндіруді әзірлеу жұмысы, Коряков және Үлкен Қалқаман көлдерінде тұз өндірісі жүргізілді.
XIX - XX ғ. басындағы Павлодар Ертіс өңірі.
### Кеңестік кезең
20-шы ғасырдың бірінші жартысында Құлынды-Павлодар (1923) темір жолының құрылысымен және Ертісте кеме қатынасының дамуымен шаруашылық тез қарқынмен дамыды. 1938 жылы облыс орталығы болған Павлодар кеме қатынасы бар Ертіс өзені мен темір жолдың қиылысында қалып, Екібастұз, Орал, Сібірмен тұрақты байланыс орнатты. Бұл қала мен облыс экономикасының одан әрі дамуына негіз болды. Шағын шеберханалардың орнында ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді.
Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңірі
1956 жылдан бастап Павлодар тың және тыңайған жерлерді игеру орталықтарының бірі болды. Тыңды көтеру нәтижесінде облыстың егістік аумақтары он есе көбейді. Көмірді өндіру және тың игеру Павлодар облысындағы өндірістік күштерінің дамуына мықты серпін берді.
Тың игеру (Павлодар облысы).
Қолайлы экономикалық-географиялық орналасуы, бай ресурстары, көлік жолдары мен Ертіс-Қарағанды арнасының бар болуы 1957 жылы құрамына Павлодар, Екібастұз, Ақсу (Ермак) қалалары енген Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешеннің құрылуына әсер етті.Арзан Екібастұз көмірі негізінде энергетикалық база құрылған және өнеркәсіптің жаңа салалары: қара және түрлі түсті металлургия, машинажасау, алюминий, мұнай өндіру және химия салалары дамыды.
### Тәуелсіздік кезеңі
* 1991, 30 желтоқсан — Павлодарда Кутузов к-сі бойымен Ломов к-сі қиылысына дейін өтетін трамвай желісі іске қосылды.
* 1993 — 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Ленин кентін қоса есептегенде Павлодарда 367,4 мың адам тұрды.
* 1993, 4 мамыр — Ермак қаласы Ақсу қаласына өзгертілді, Краснокутск ауданы Ақтоғай ауданы болып өзгертілді.
* 1993, 7 қазан —Краснокутск ауылы Ақтоғай ауылы болып өзгертілді.
* 1993, желтоқсан —Екібастұздық ГРЭС-2-нің екінші энергоблогы іске қосылды.
* 1994, маусым — Индустриалды және педагогикалық институттар Павлодар мемлекеттік университеті болып біріктірілді.
* 1996 —тұрғын-коммуналды шаруашылық монополиясыздандырылды, КСК-лар құрылды.
* 1997, 9 мамыр — Павлодардың Орталық алаңында алғашқы рет әуесқой автожарыстар өтті, ол жарыс 1997 ж.-дан 2008 ж.-ға дейін қаланың бас алаңында өтетін мерекелік шаралардың ажырамас бөлігі болып келді.
* 1997, қазан — Павлодарда халықаралық «Айналайын Ертіс — 97» фестивалі өтті.
* 1998, 17 мамыр — Ақсу-Конечная теміржол желісінің құрылысы басталды.
* 1999, 23 қазан — Павлодар қ. Игілік кафедралды соборының салтанытты ашылуы болды және Павлодардың бас мешітінің алғашқы тасы қаланды.
* 2000, 23 қыркүйек — қала күні мерекесіне байланысты Павлодарда Жаңа жағалаудың сәулет ансамблі ашылып, алғашқы рет қалалық ипподромда жылқы-спорттық сайыстар өтті.
* 2000, 25 қазан — Павлодар қ. облыстық көркемөнер мұражайының ғимараты жанында ақын, философ Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған ескерткіш ашылды.
* 2000, желтоқсан — Аксу-Конечная теміржолын төсеп жатқан екі бригада Май ауданының Көктөбе ауылында түйісті. 2001 ж. ортасында құрылыс аяқталғаннан кейін Аксу-Конечная теміржолы тәуелсіз Қазақстанда салынған ең алғашқы темір жол болды.
* 2010, 12 сәуір — Павлодар қ. әкімшілігінің жанында Қаныш Имантайұлы Сәтбевқа арналған ескерткіштің ашылуы болды.
* 2011, 24 қаңтар — VII Қысқы Азия ойындары алауының эстафетасы өтті.
Бүгінгі күні Павлодар облысы барлық облыстардың арасында жоғары өнеркәсіптік әлеуетімен ерекшеленеді, көп салалы ауыл шаруашылығы бар, ауылшаруашылық өнімдерімен өзін толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұнда су көлігінен басқа көліктің және өндірістік емес саланың барлық түрлері дамыған.
### Павлодардың облысының бастықтары
Облыс әкімі:
* Арын, Ерлан Мұхтарұлы,
* Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев,
* Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов,
* Даниал Кенжетайұлы Ахметов,
* Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов,
* Даниал Кенжетайұлы Ахметов.
Облыс әкімі аппаратының басшысы:
* Даниал Кенжетайұлы Ахметов,
* Асығат Асиұлы Жабағин.
Облысты халық депутаттары атқару комитетінің төрағасы:
* Жақсылық Ғабдуллинұлы Исқақов,
* Рысбек Мырзашев
* Махмет Кайрбайұлы Қайрбаев,
* Темеш Садуақасов,
* Жақыпбек Жанғозин.
Коммунистік партияның облыстың комитетінің бірінші хатшысы:
* Борис Васильевич Исаев,
* Юрий Алексеевич Мещеряков,
* Петр Иванович Ерпилов,
* Борис Васильевич Исаев,
* Иван Михайлович Буров,
* Иван Гаврилович Слажнев,
* Василий Кузьмич Шишонков.
## Экономика
Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады.
Павлодар облысының аумағында көпсалалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машина жасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті.
Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.
* Павлодар облысының экономикасы
## Әлеуметтік аясы
### Білім және ғылым
Облыстың білім беру жүйесі білім алушыларға оқу орны, білім алу деңгейі сияқты әр түрлі оқу түрін таңдауға шынайы мүмкіншіліктерді ұсынады. Облыста инновациялық оқу орындары қызмет етеді: жалпы білім беру лицейлері мен гимназиялар, дарынды балаларға арналған мектептер. Білім берудің мектептен тыс жүйесі қалыптасқан, бұл - облыстық оқушылар Сарайы мен аудандардағы мен қалалардағы балалар шығармашылығы үйлері, жас натуралистер, техниктер станциялары, қалалар шағын аудандарының жасөспірім клубтары. Облыста мектептерді, бастауыш және орта кәсіби білім беру мекемелерін компьютерлендіру толығымен аяқталған. Internet желісіне барлық мектептер қосылған, облыста білім беру ұйымдарын мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті тақталарамен және проекорлармен, лингафондармен жабдықтау жүргізілуде, компьютерлік техника жаңартылуда. Білім беру жүйесінің дамуына қаржыландыру көлемінің артуы көп септігін тигізуде. 1998 жылдан 2010 жылға дейін білім беру шығындары 6 есеге артқан (4,2 млрд-тан 25,5 млрд теңгеге дейін).
* Мектепалды білім беру
Мектепалды білім беру жүйесі облыста тұрғындардың сұранысына бағытталған және бала дамуының жас және жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленген білім берудің әр түрлі қызметтерін ұсынатын мектепалды білім берудің негізгі жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын көпқызметті жалпы беру мекемелерінің желісімен байқалады. 2010 жылы 0 мен 7 жас аралығында балалар саны артты және 2010 жылдың 1 қазанында 71451 адамды (2009 жылы — 71250, 2008 жылы — 70866) құрады. Облыстың 2008-2010 жылдарға арналған білім берудің мектепалды ұйымдарын қалпына келтіру мен салу бойынша білім беруді дамыту Бағдарламасының шаралары орындалды. Бір жылда 14 қалпына келтірілді, 1 салынды, қызмет етуші 5 балабақша ауданы 2270 орынға ұлғайтылды. Павлодар облысында 144 мектепалды ұйымдары бар: Павлодар қ.— 66; Екібастұз қ. — 23; Ақсу қ. — 10; Ақоғай ауданында — 2; Баянауыл ауданында— 5; Железинка ауданында — 3; Ертіс ауданында — 4; Тереңкөл ауданында — 3; Аққулы ауданында— 7; Май ауданында— 7; Павлодар ауданында — 7; Успен ауданында— 3; Шарбақты ауданында — 4.
* Орта білім
Павлодар облысының орта білім беру жүйесі 416 мектеп және мектеп-интернатты қамтиды: Павлодар қ.— 45; Екібастұз қ. — 49; Ақсу қ, — 34; Ақтоғай ауданы — 30; Баянауыл ауданы — 33; Железинка ауданы — 36; Ертіс ауданы — 31; Тереңкөл ауданы — 31; Аққулы ауданы — 23; Май ауданы — 14; Павлодар ауданы — 28; Успен ауданы — 20; Шарбақты ауданы — 28; Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер — 14.[27]Облыста 2 гимназия мен 2 лицей, 12 мамандандырылған мектеп бар. Оның құрамына дарынды балаларға арналған 3 гимназия, дарынды балаларға арналған 5 мектеп лицей, дарынды балаларға арналған мамандандырылған кадеттік мектеп-интернат, дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық мектеп-интернат, «Жас дарын» (Павлодар қ.) және «Зерде» (Екібастұқ қ.) мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған 2 мектеп. 2010 жылы мамандандырылған мектептер қатарына Ақсу қаласының мемлекеттік тілде оқытатын гимназиясы қосылды.128 мектеп (30,1 %) жаңа 12-жылдық орта білім беру моделінің құрылымы мен мазмұнын апробациялау, ағылшын тілін 2 сыныптан бастап, үштілді және бейінді оқыту эксперименті аясында британдық «Макмиллан» баспасының ОӘК-нін апробациялау, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды апробациялау бойынша республикалық және облыстық тәжірибелік алаң болып табылады.Облыста 25 кәсіптік мектеп пен лицей бар: Павлодар қ. — 12, Екібастұз және Ақсу қалаларында — 2 мектептен, Қашыр, Железинка, Ертіс, Шарбақты, Успен, Ақтоғай, Баянауыл, Лебяжі және Май аудандарында — 1 мектептен.Облыста 29 колледж жұмыс істейді, олардың 22-сі Павлодар қаласында орналасқан, Екібастұз қ. — 5, Ақсу қаласы мен Красноярка ауылында — 1 колледжден.
* Жоғары білім
Облыс аумағында төрт жоғары оқу орны жұмысын атқарады, олардың үшеуі Павлодар қаласында, біреуі Екібастұз қаласында орналасқан:
* С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті
* Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты
* Инновациялық Еуразия Университеті
* Академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз Инженерлік-Техникалық Институты[29]
Сонымен қатар, Павлодар облысында Мемлекеттік Медициналық Университет (Семей қ.), Алматы Экономика және Статистика Академиясы (Алматы қ.) сияқты басқа да жоғары оқу орындарының филиалдары орналасқан.Павлодар облысының білім беру басқармасының бастығы Бексейітова Бақыт Мақанқызы болып табылады.[30]
### Денсаулық сақтау
Павлодар облысы денсаулық сақтауының тарихы 1905 жылы облыстағы бірінші медициналық мекеме Павлодар ауруханасынан басталады. 1907 жылы земство қаражатына Песчаное, 1912 жылы Ертіс ауылдарында он орындық емханалар ашылды. Бұл уақытқа қарай сегіз болыста фельдшерлік пункттер жұмыс атқарып жатты. 1920 жылдың қаңтарында Павлодар уездік атқару комитеті жанынан денсаулық сақтау бөлімі ашылды. 1926 жылы Павлодар уезінде 391 орындық 10 аурухана, 6 дәрігер мен 51 дәрігер көмекшісі, 1939 жылы 871 орындық 34 аурухана (10 қалалық және 24 ауылдық), 40 амбулаториялық-емханалық ұйым, 53 фельдшерлік-акушерлік пункт, маляриямен күрес бойынша 2 тірек пункт және 1 автокөлігі бар жедел жәрдем станциясы жұмыс атқарды. Екі ауруханада рентген кабинеттері мен клиникалық-диагностикалық лабораториялар болды. Дәрігерлер саны 30 адамға дейін өсті, ауылдық жерлерде олардың саны 10 адамға жетті.
Бүгінгі күні облыста 403 медициналық объект жұмыс атқарады, олардың ішінде 65 заңды тұлға: 34 ауруханалық ұйым, 7 диспансер, 12 амбулаториялық-емханалық ұйым және басқа 12 медициналық ұйым. Одан басқа, ОАА мен емханалар құрамына 3 ауылдық учаскелік аурухана, 76 дәрігерлік амбулатоия, 22 фельдшерлік-акушерлік пункт пен 237 медициналық пункт кіреді. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда 2467 дәрігер мен 6072 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Дәрігерлермен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 33,0 құраса, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыздандыру 10 мың адамға 81,3 құрайды. Мемлекеттік медициналық ұйымдардан басқа облыста 120 жекеменшік ұйымдар жұмысын атқарады. Олардың ішіндегі 95 заңды тұлға, ал 22 жеке кәсіпкер болып табылады. Бұл ұйымдарда 506 дәрігер мен 898 орта буын медицина қызметкері жұмысын істейді.
* Павлодар теміржол ауруханасы
* Областық диагностикалық орталық
* Жедел медициналық жәрдем ауруханасы және т.б.
### Спорт
Павлодар облысында жыл сайын дене тәрбиесі мен спорт дамуының көрсеткіші өсуде. 1991 жылы спортпен шұғылданатындар саны 97136 болса, 2001 жылы 102032 адам (+ 4896 адам), ал 2010 жылы бұл сан 162545 дейін өскен (1991 жылмен салыстырғанда + 65409 адам).
Дәстүрлі ат жарыстары, қазақша күрес пен тоғызқұмалақтан басқа аударыспақ, теңге алу, қыз қуу және кұсбегілік сияқты ұлттық спорт түрлерінің спортшылары тұрақты түрде республикалық жарыстарға қатысады. Бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерімен шамамен 9000 адам айналысады.
Спортшылардың денсаулығын тексеру, бақылау және қалыптандыру мақсатында 2004 жылы дәрігерлік-физкультуралық диспансер жаңа ғимаратта өз жұмысын жалғастырды. Жыл сайын диспансер 6000 жуық спортшымен жұмыс жасайды. 2006 жылы 50 адамдық Олимпиадалық резерв дайындау орталығы құрылды.Спорттық мектептерде 19248 оқушы білім алады (2001 жылмен салыстырғанда +6205).
Павлодарда 20 спорттық мекеме жұмыс істейді, оларға «Астана» мұз айдыны мен мамандандырылған бокс орталығы да кіреді. Екібастұз қаласында 5 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектеп жұмыс істесе, Ақсу мен аудан орталықтарында бұндай спорттық мектептер – біреуден.
* Футбол:
Павлодар облысының футбол клубтары:
* «Ертіс» ФК
* «Екибастузец» ФК
* «Батыр» ФК
* Бокс:
2011 жылдың 17 мен 21 мамыр аралығында Павлодарда КСРО-ның спорт шебері,екі мәрте Еуропаны чемпионы, Павлодар тумасы Серік Конақбаевқа арналған бокстан халықаралық турнир өтті. Бұл шарада 12 мемлекеттен барлығы 190 боксшы қатысты. Сонымен қатар, 2011 жылдың 12-інші мен 16-шы желтоқсанда Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген бапкері, ПМУ профессоры – Рафаэль Вахитовқа арналған IV ашық турнирі өтіп, онда 12 мемлекеттен 135 боксшы қатысы. 2011 жылдың 13 желтоқсанында Павлодар Мұнайхимия зауыты демеушілік еткен бокстың Мамандандырылған орталығы ашылды.
## Мәдениет және өнер
Павлодар өңірі құнды мәдени әлеуетке ие, жүздеген кітапханалары, екі кәсіпқой театры, түрлі бағыттағы ондаған мұражайлары, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
### Әдебиет
Павлодардың Ертіс өңірінің – талантты, сирек кездесетін дипломаттары, ақындары, жазушылары және әншілері қоғам қайраткерлері мен өнер адамдары өте көп, рухани да табиғи байлығы мол өлке. Мәселен, XVIII ғасырдың қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі - Бұқар жырау Қалқаманұлы халық басына түскен ауыртпашылық жылдары хандар мен батырлар төңірегіне бірігу идеясын ұсынды. Бұхар жырау өзінің толғаулары мен өлеңдерінде өз заманының зәру мәселелерін арқау етіп, оларға жауап беруге тырысты. XVIII ғасырдың екінші жартысында жырау шығармашылығымен қатар, ақындар қызметі айтарлықтай таныла бастады. Олар өз шығармаларында негізінен философиялық проблемеларды көтеріп, батырлардың ерлігін жырлады, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға, олардың сезіну әлеміне үңіліп, мінез-қаракеттерін ашуға көңіл бөлді.
Ақындар адамдар өміріндегі проблемаларының аздығы мен көптігіне қарамастан оған көңіл бөлуді өздерінің парыздары санаған. Бұл ретте Көтеш, Қобылан, Сақау және басқа ақындардың поэзиялары көрнекті болды.
XX ғасырдың әдебиетіне қазан төңкерісінің оқиғалары ықпал жасады, әбеби шығармалар ағартушылық ойдың мәні сипатында өрбіді. Ж.Аймауытовтың, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, Қ.Кемеңгеровтің және басқаларының шығармалары жеке кітап болып шықты. XX ғасырдың 30-жылдарындағы қазақ поэзиясында біздің жерлес ақындарымыз – Қ.Бекқожин, Д.Әбілев, И.Байзақов көрнекті орын алды. Қазақ поэзиясында И.Байзақовтың «Алтайда» (1934), «Ұлы құрылыс» (1934), Д.Әбіловтің «Шалқыма» (1936) поэзиялары елеулі құбылыс болды. Соғыстан кейін А.Шамкенов (кейін Д.Неру атындағы халықаралық сыйлықтың иегері), Н.Шакенов, Қ.Ыдырысов, М.Әлімбаев (қазір Қазақстанның Халық жазушысы) - ақындардың; Қ.Исабаев, З.Ақышев, Вс.Иванов, З.Шашкин және басқа жазушылар құнды шығармаларымен елге танылды. А.Жақсыбаев, С.Шевченко сияқты жазушылар өндіріс тақырыбында елеулі еңбек етті. Елімізде болып жатқан оқиғалар Р.Тоқтаровтың (кейін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері) орын алды. Ондай-ақ, М.Жаманбалинов, Е.Ерботин - балалар ақындарының, Н.Черновой, Д.Примак, А.Қаниев, Қ.Смағұлов, Ж.Қоғабаев - ақындардың, М.Асылғазин, Ғ.Жұматов – жазушылардың есімдері елге белгілі. Қазір облыста 1955 жылы ашылған И.Байзақов атындағы (бірінші жеткешісі Ә.Нұршайықов, қазіргі жетекшісі Ғ.Жұматов) және П.Васильев атындағы (жетекшісі ақын С.Музалевский) әдеби бірлестіктер жұмыс істейді.
### Кітапханалар
Павлодардың ірі кітапханалары: С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін арналған облыстық арнайы кітапханасы, П.Васильев атындағы орталық кітапхана, А.Гайдар атындағы балаларға арналған орталық кітапхана, Павлодар қаоласының орталық кітапханалар желісі, Ұлттық кітап кітапханасы, Қазақ әдебиеті кітапханасы және т.б. Облыс бойынша 12 ірі кі тапхана бар, олардың арасында Ақсу қаласының орталық кітапханасы,Қазалжар ауылының модельдік кітапханасы /Ақсу қ. АОК/, Береговая ауылының модельдік кітапханасы /Қашырлық АОК/, Ақтоғай ауданының орталық кітапханасы, Мұткенов ауылының модельдік кітапханасы /Ақтоғай АОК/, Шарбақты ауданының орталық кітапханасы, Орлов ауылының модельдік кітапханасы /Шарбақты АОК/, Успен ауданының орталық кітапханасы, Галиц ауылының модельдік кітапханасы /Успен АОК/, Железинка ауданының орталық кітапханасы
Облысымыздың бас кітапханасы болып табылатын С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы ерекше орын алуда. Павлодар облыстық ғылыми әмбебап кітапхана ұзақ даму жолдарын бастан кешірген. Қазіргі таңда, С.Торайғыров атындағы кітапхана еліміздің үздік кітапханаларының бірі саналады. Оның қорында Павлодар облысының ірі білім, ғылыми, көркемөнер және өлкетану әдебиеттері бар. Жыл бойы кітапханада 32 мың адам болып, оларға 900 мың журнал мен кітап даналары беріледі. Бүгінгі күні, кітапхана құрылымы бойынша ақпараттық-кітапнамалық, кітапханалық қызмет көрсету және мәдени-ағартушылық бағыттар бойынша жұмыс істейтін 14 бөлімнен тұрады. 1985 жылдан бері М. А. Жиенбаева кітапхана басшысы болып табылады.
### Мұражайлар
* Г. Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану кітапханасы
Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зерттеу қоғамы» бөлімі аясында құрылған болатын. 1959 жылы оған Павлодар облысының тумасы, саяхаттаушы, Орталық Азия зерттеушісі – Г.Н.Потанин есімі берілді. Мұражайдың негізін өлкетанушы, фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев қалаған. Мұражай экспозициясы өлкеміздің тарихы мен мәдениетін ашатын 8 залдан тұрады. Мұражай жинағының негізін төмендегідей коллекциялар құрайды: археологиялық, палеонтологиялық, этнографиялық, нумизматика, фотобейне коллекциясы, деректі, жаратылыстану-ғылыми, өндірістік, қару – оқ және суық қару. Дәріс және экскурсиялық жұмыстармен қатар, мұражай республикалық музейлер қорларынан, өз қорынан көрмелер презентацияларын ұйымдастырады. Мастер-кластар, өлкетанулық сабақтар, дәріс-концерттер, шығармашылық кештер өткізеді. Тарихи-өлкетану мұражайы жанынан Павлодар өңірін зерттеу мақсатында археологиялық және этнографиялық экспедициялар жүргізіледі.
* Д. П. Багаев атындағы үй мұражайы
Д.Багаевтың мемориалды үй мұражайы 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиалы болып табылады. Бұл үйде өлкетанушы, Павлодар өңірінің жылнамашысы, Облыстық өлкетану мұражайының негізін қалаушы және бірінші директоры, Қазақстан ғана емес, шетелде де әйгілі фотограф Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүрген және жұмысын атқарған. Бұл Павлодар қаласындағы жалғыз мемориалды мұражай және Қазақстандағы жалғыз фотограф мұражайы. Мұражай төмендегідей кешеннен тұрады: үш бөлмелі үй, ерекше фотопавильон, қорықша. Мұражай экспозициясында жиырмасыншы ғасыр басындағы шебердің заттары, өткен жылдардағы фотожабдықтау, және, ең маңыздысы, өлкенің тарихын бейнелейтін фотосуреттер. Бұл фотосуреттер тақырыбы өзгертіліп, үнемі көрмеде тұрады. Музей сонымен қатар басқа фотографтардың жұмыстары көрмеге қойылады: Германия, Аргентина, Ресей (Екатеринбург, Новосибирск, Мәскеу) және Қазақстан қалалары — Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен.
* М. Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы Үйі
Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы үйі мұражайы Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетанулық мұражайының филиаы болып табылады. Мұражай 201 жылы 30 қаңтарда ашылды. Мұражай 2 залдан тұрады. Бірінші экспозициялық зал келушілерді өткен ғасырдың 20-жылдарының танымал әншісі мен сазгері Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың өмірі мен шығармашылығымен таныстырады. Бұл залдың экспозициясы әншінің өмірлік және шығармашылық жолын сипаттайтын құжаттар мен фотосуреттерден тұрады. Мұражайға келушілерді Майраның жеке заттары ерекше қызықтырады: үлкен пиала, қызыл жібек шапаны. Осы залда Майраның жолын қуған Қазына Сүбекованың 1916 жылғы гармоны да көрмеге қойылған. Осы залда сонымен бірге келушілердің назарын тағы бір ерекше экспонат аудартады. Бұл халықта «контрамарка» деген атқа ие болған үлкен пеш.
* Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы
Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы 1964 жылы ашылды. Бұл Қазақстанда құрылған екінші көркемөнер мұражайы. Бұған дейін осындай мұражай тек астанада, Алматы қаласында, Г.Т.Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемөнер галереясы жұмыс істеген. 1965 жылы 18 желтоқсанда мұражай келушілерге ашылды. Сол кезде қорларда 369 экспонат болатын. 1979 жылы мұражай жаңа ғимаратқа көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан. Павлодар облыстық көркемөнер мұражайы көркем сурет, графика, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ерекше қорын жинаған. Мұражай қорларында 5500 астам экспонаттар бар. Жыл сайын мұражай 15 астам экспозициялар ұсынады. Оған мұражай қорының дәстүрлі тақырыптық жинақтары, павлодарлық суретшілердің есептік және жеке көрмелері, фотокөрмелер, «М*АРТ» жастар жобасының көрмелері, балалар суретінің көрмелері, алдыңғы қатарлы мұражайлардың жинақтарынан құралған жылжымалы көрмелер жатады. Мұражай өткізетін суретшілермен кездесу, мастер-кластар, экскурсиялар, әдеби-көркемөнер және музыкалық кештер, презентациялар, көркем сурет тарихына шолу жасайтын видеофильмдер қойылымдары аса назарға ие. Мұражай консультациялық-сараптамалық қызмет көрсетеді, қала мен облыс білім беру мекемелеріндегі білім беру бағдарламаларына белсене қатысады. Серіктестер арасында тек Қазақстандық мұражайлық қоғам ғана емес, сонымен бірге Омбы, Новосібір мұражайлары, Британ Кеңесі, Гете Институты, Алматы заманауи шығармашылық орталығы, «Открытый музей» Халықаралық Ассоциациясы, Ресей мұражайларының Ассоциациясы да бар.
* Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы
Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер мұражайы 1992 жылы ашылды. Мұражай экспозициясы 8 залда орналасқан.
* Ақын Павел Васильевтің үй-мұражайы
Үй-мұражайдың салтанатты ашылуы 1994 жылы 23 желтоқсанда, П.Васильевтің туған күніне орай өткізілді. Жаңа мұражай экспонаттарының көп бөлігі Е.А.Вялова, ақынның қызы Н.П.Фурман және ағасы В.Н.Васильев атынан тапсырылды. Келесі жылдары Үй-мұражай қоры тек П.Васильев қана емес, оның замандастарының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер беретін құжаттар мен материалдарға тола бастады. Бұл ақпарат ақының өмірі мен шығармашылығын терең түсінуге ықпалын тигізді. Павлодарлықтар Үй-мұражайды «васильевтік қорық» деп атайды, сонымен бірге, мұражайда поэзия сүйетіндерге арнап әдеби-музыкалық кештер, танымал әдебиетшілермен кездсулер, П.Васильев атындағы Әдеби қоғам отырыстары өтеді. Үй-мұражайда АҚШ, Франция, Польша, Белоруссия, Ресей және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қонақтар болды. П.Васильев туындылары көптеген әлем тілдеріне аударылды.
* Г. Н. Шафер Үйі
«Шафер Үйі» - Қазақстандағы жалғыз грампластинкалар мұражайы. Ол 2001 жылы 21 ақпанда Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры, музыкатанушы, И.О.Дунаевский шығармашылығын зерттеуші, сазгер Наум Григорьевич Шафердің бірегей коллекциясы негізінде ашылды. Коллекцияда 25000 грампластинка, 1500 магнитофон жазбасының бобинасы, 1500 аудиокассета бар. Картотекада (сазгерлер мен орындаушылар бойынша жүйеленген) 500 мыңнан астам карточка саналады. Жұма күндері (әр апта сайын) павлодарлық жазушылар, музыканттар, әртістер қатысуымен «Шафер Үйінің» концерттік залында дыбыс жазу кештері мен әдеби-музыкалық кештер өтеді.
Сонымен бірге облыста төмендегідей мұражайлар орналасқан:
* Тарихи-өлкетанулық мұражай, Екібастұз қ.
* Тарихи-өлкетанулық мұражай, Ақсу қ.
* Қ.Сәтбаев атындағы мемориалды мұражай. Баянауыл а.
* Ақын С.Торайғыров атындағы мұражай, Торайғыр а.
* Шарбақты аудандық тарихи-өлкетанулық мұражай, Шарбақты а.
* Успен тарихи-өлкетанулық мұражай. Константиновка а.
### Театрлар
* А. П. Чехов атындағы драма театры
А. П. Чехов атындағы драма театры — Павлодардың ең ірі театры. Театр қойылымдарының арасында У.Шекспирдің «Он екінші түні», А. П. Чеховтың «Чайкасы», Дж.Патриктің «Оғаш мінезді миссис Сэвиджі», Н.Коляданың «Ақымақтар кемесі» және тағы басқалары. Театрдың директоры-шығармашылық жетекшісі Қазақстан Республикасы еңбегі сіңген қайраткері, Қазақстан Республикасының театр қайраткерлері Одағының басқарма мүшесі, педагогикалық ғылымдар кандидаты Виктор Аввакумов болып табылады.
* Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры
1990 жылы 1 сәуірде ашылды. Директоры, шығармашылық жетекшісі – ҚазССР еңбегі сіңген әртісі, М.С.Щелкин атындағы Мәскеу театр училищесін бітірген Манап Мұхтархан Сәдуақасұлы. Театрдың ағымдағы репертуары 78 спектакльден тұрады, 2007-2011 жылдар арасында 35 жаңа қойылым жүзеге асты. Театр жылына 7 премьера қояды.
* «Промень» Жастар театры
«Промень» театрының тарихы Павлодар қаласының Католик шіркеуінде 2000 жылдан бастап монахинялар, 2003 жылдан бастап Деркульская Ольга мен Аверьянов Денис жетекшілігіндегі театр үйірмесінен басталады. 2009 жылдың 5 қаңтарында «Промень» Жастар Қоғамдық Бірлестігі Мәдени-Бос уақыт Студиясы Естай атындағы Қалалық Мәдениет Сарайының ғимаратына көшіп, бүгінгі күнге дейін сонда орналасқан.
### Бос уақыт орталықтар және концерттік қонақ бөлмелер
* «Астана» мұз сарайы
«Астана» мұз сарайы – 1800 шаршы метр жерді алып жатқан бірегей ғимарат.Басты орынды жасанды мұздан жасалған 250 конькишіге арналған мұз айдыны иеленеді. Оның ерекшелігі сонда – жасанды мұз бетін ерекше полимер партофлормен жапса, мұз айдыны баскетболдан, волейболдан және т.б. жарыс өткізетін спорт залына айналады.Залдың сыйымдылығы 2800 адам, бірақ оны 3000 адам сыятындай етіп кеңейтуге болады. Тоңазытқыш қондырғылар тәулік бойы жұмыс істейді, олар ғимарат ауасына ерекше тазалық беріп тұрады.Мұзды тазалау және түзетуге арналған арнайы машина бар.Сонымен қатар, жаңа заманғы жаттықтырғыштар және душ кабиналарымен жабдықталған ерлер және әйелдер жаттығу залдары бар. Онда тәжірибелі жаттықтырушы мамандардан кеңес алуға болады. Әйелдер фитнес клубы, бассейні бар сауна, 6 теннис үстелі, буфет, спорт киімі дүкені бар. Ұтымды бағамен спортпен және дене шынықтырумен айналысуға және белсенді мәдени демалуға барлық мүмкіндік жасалған /сағатына 200 теңге/.Үлкен холлда боулинг-клубын ашу көзделеді.Қазіргі кезде хоккей және конькимен мәнерлеп тебу секциялары жұмыс істейді. Қазақстан және Ресейдің хоккей клубтары арасында кездесу жарыстары өткізіледі.
* «Достық Үйі» мәдени-бос уақыт орталығы
2008 жылдың күзінде Павлодар қаласында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық этномәдени құрамалары аңсаған Достық үйі ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Бұл орталықта қала мен облыстың барлық этномәдени бірлестіктерінің ошақтары орналасқан.
* «Шаңырақ» мәдени-бос уақыт орталығы
Павлодар облысының мәдениет департаментіне қарасты халық шығармашылығының облыстық орталығы.
* Астай атындағы Қалалық Мәдениет Сарайы
* «Достық» концерттік залы
* «Колос» балалар мәдени-бос уақыт орталығы
### Кинотеатрлар
* «Шакен Айманов атындағы 3D» кинотеатры
Strong (АҚШ) проекциялық жүйемен және DOLBY DIGITAL дыбыс жүйесімен жабдықталған үш залды кинотеатр. Фильмдерді 3D форматында көрсету.
* «Ertis-Cinema 3D» кинотеатры
Әлемдік премьералар мен ең кассалық фильмдер. Зал – 346 орын, ыңғайлы орындықтар мен үлкен экран (16м/6м). Кинотеатр ойын автоматтарымен (би алаңы, ату, жарыстар, балықтар, үлкен және кішкентай аэрохоккей) жабдықталған.
* «Cinema Star» кинотеатры
Dolby Digital Surround форматының сандық сапасы фильмнің әр алуан дыбысталуымен тамсануға мүмкіндік береді. 90 орындық зал мен 20 орындық VIP-алаң.
* «Қазақстан» кинотеары, Екібастұз қ.
Фиьмдерді дыбыстық сүйемелдеу Mono/Dolby-A/Dolby-SR/Dolby-Digital/Surround EX форматтарында жүзеге асырылады. Көпканалды көлемді дыбыс пен жоғары сапалы бейне экрандағы әрекетке қосылу сезімін тудырады. 2004 жылғы қыркүйекте болған қалпына келтіруден кейін 344 орындық кинозал, сонымен бірге 14 орындық VIP-алаңы бар.
## Көрікті орындар
Павлодар облысы назар аударарлық орындарға толы. Павлодарлықтар өз халқының тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерін ерекше құрметтейді. Олардың көбі Қазақстандағы ең ірі өзен Ертіс жағалауындағы облыс орталығы Павлодар қаласында орналасқан. Қаланың кең көшелері, көлеңкелі саябақтары мен аллеялары, гүлбақшалары мен фонтандары көз тартарлық әдемі. Қала өз тазалығымен, жайлылығымен ерекшеленеді. Аумақтың назар аударарлық орындарына табиғи, тарихи, архитектуралық және діни құрылыстарды атқызуға болады. Павлодар өңірі археологиялық ескерткіштерге де (өңірде көптеген тұрақтар, қорымдар, обалар, қоныстар бар), мәдени демалыс орындарына да бай. Бұл бөлімдеаумақтың негізгі назар аударарлық орындары, ғимараттар мен құрылыстар, ескерткіштер, мемориалдар, мүсін объектілері мен діни құрылыстар туралы ақпарат беріледі.
### Табиғи ескерткіштер
* Баянауыл Ұлттық табиғи саябағы
Баянауыл – қырдың ортасындағы табиғаттың көрікті аймағы. Тау қыраттары мен далалы аймақтарөсімдік түрлерінің сан алуандығымен көзге түседі. Баянауыл тауларында бір болған адам табиғаттың көріктігі мен денсаулыққа жағымдығы орынды үйлесетін табиғи баққа үнемі қайта орылғысы келеді. Туристік жолдар, өңірдің халқы – барлығы сізді Қазақстанның айрықша сұлу табиғи бағымен жақынырақ таныстырады. Баянауыл өңірінің атауын қазақтың сұлу қызы, танымал лирикалық поэмаға негіз болған қазақ Джульеттасының есімімен байланыстырады. 21 мың шаршы километр жер бойжеткеннің атымен аталады. Алайда, Баянауыл жерінің аталуы туралы бақа да пікірлер бар. Шоқан Уәлихановтың айтуынша, Баянауыл (Баян-Ола) сөзі баянды өлке, бақыт пен сәттілікті білдіреді. Баянауыл микроклиматы ең қаһарлы қыс кезінде де малдың қыстаудан аман-есен шығуына мүмкіндік береді.
* Павлодар облысының геологиялық объектілері
Облыс территориясында мемлекеттік табиғи-қорықтық қорға кіретін, республикалық және халқаралық маңызы бар геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылыққа ие және ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қатарына енгізіген. Республикалық маңызы бар объектілерге Драверта, Кувшин, Әулие және Қоңырәулие үңгірлері, Әулиебұлақ және Телеубұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Рахай және Үшсала шатқалдары жатады.
* Мемлекеттік қаумал — Қызылтау
Мемлекеттік қаумал — Қызылтау — Баянауыл ауданының оңтүстік-батысында, Сарыарқаның солтүстік-шығысында орналасқан. Жалпы аумағы 60 000 га. Сирек кездесетін жануарлар ме олардың мекенін қорғау мен жануарлардың түрлерін шығару мақсатында ұйымдастырылған. Табиғи аумақ жүйесіндегі орны – бірқалыпты белдеудің далалық ландшафттық аймағы, бетегелі даланың оңтүстік аумақшасы, Қазақ платосы және ұсақ шоқылар жері, Баянауыл-Қарқаралы округы, Баянауыл ауданы.
* Зоологиялық қаумал — Ертіс жағалауы
«Ертіс жағалауы» мемлекеттік зоологиялық қаумалы сол жақ жағалаудың 1-ден 10-12 км-ге дейінгі жерін, ал оң жақ жағалаудың 4-тен 6 км-ге дейінгі жерін алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымынан №877 «Мемлекеттік қорықшалар мен республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері туралы» қаулысымен «Ертіс жағалауы» қаумалы (кешенді) бекітілді. Ертіс жағалауы Павлодар облысының территориясында, Батыс-Сібір ойпатының оңтүстігінде орналасқан. Жазықты оң жақ жағалаудағы Объ-Ертіс өзенаралығы (Құлынды) мен сол жақ жағалаудағы Ертіс маңындағы далаларға бөледі. «Ертіс жағалауы» қаумалының аумағы 377133 га. жер болса, қорғалған аумағы жоқ.Өзен жағалауы Батыс Сібірдің орманды аумағының оңтүстігін және далалық жерін толықтай қамтиды. Бұл 3 мың км жерге дейін жетеді. Ертістің қазіргі жағалауы биіктігі 7-8 метрге жететін алқапты құрайды, Павлодар облысының батыс шекарасына қарай 87 метрге жетеді, шығыс шекара аумағында – 112 м. Рельефтің дамуы бойынша Ертіс жағалауы көптеген протоколдарға, ескі арналарға, құмды аумақтарға толы.
* Шарбақты ауданындағы Маралды көлінің жерасты байлықтары
Павлодар облысы халықаралық курорт дәрежесіне сай келе алатын аймақтардың көптігімен ерекшеленеді. Тұзды Маралды көлінің сазы мен шипалы суы көптеген ауруларды емдей алады. Ертеректе Павлода облысының территориясында көптеген санаторийлер мен профилакторийлер болған. Павлодар облысының кейбір көлдері тек жергілікті халықтың ғана емес, шет жерлердегі қонақтардың да әулие орындарына айналған. Ең көп назарға Ямышевское, Маралды және Мойылды көлдері ие. Маралды көлінің жерасты сазының қасиеттері әлі де соңына дейін зерттелмеген. Оларың әсер ету спектрі өте кең. Маралды көлінің шипалы сазы жыл сайын көптеген бас июшілерін табады. Көлдің түбіндегі температура су бетіндегі температурадан 10-15 градусқа жоғары. Маралды көлінің сазы рвматизм мен буын ауруларын емдей алады, және, болжамдарға сәйкес, шипалы саз қоры 100 мың метр кубке жетеді. Одан басқа, көл түбінде көгілдір косметикалық саздың бар екендігі анықталған.
* Шалдай орманы
Шалдай орманы – Павлодар өңірінің басты назар аударарлық орындарының бірі. Бұл табиғи ескерткіштің масштабы тек Павлодар өңірімен шектелмейді, оның масштабы планеталық деуге де болады – ғарыштан жасалған фотосуреттерде орманның созылыңқы таспасы (жүздеген километр) Объ пен Ертіс өзенаралығында өте әсерлі көрінеді. Осындай орман таспалары бесеу, бірақ олардың арасында тек екеуі ғана ресей-қазақстандың шекараны кесіп өтіп, Ертіске қарай созылады: біреуі кішірігім ғана, Семей қаласының маңында, екіншісі – Павлодар облысында. Кейбір пікірлер бойынша, таспалы ормандар көне мұздық солтүстік-шығысқа қарай қозғалып, ормансыз далаға ағаштардың тұқымын әкелген. Шалдай таспалы орманында жергілікті тиіндердің түрі – телеутка – тиінімен танымал. Бұл тиін түрі өте кең таралған, кішкене көгілдірленген терісін кеңестік кезде Италияға дейін жіберген.
* «Қаздар қонысы» табиғи ескерткіші
Ескерткіш Павлодар облысында, Ертіс өзенінің оң жақ жағалауында, Павлодар қаласының солтүстігінде, темір жол көпірінен 500 м оңтүстікке қарай орналасқан. Ескерткіш 1928 жылы мәскеулік палеонтолог Ю.А. Орловпен ашылғаннан кейін, бұл жерде 1929-1930 жылдары палеонтологиялық қазбалар жүргізілген. Қазба нәтижесінде бірнеше мың сүйек қалдықтары табылған, бұл сүйектер плиоцен-миоцен кезеңіндегі жануарларға (қазіргі африкалық фаунаның ата тегі) тән болатын. Палеонтологиялық институт шағын ғана жерге қазба жүргізген кезде бұғының 20 түрі, керіктің 40 түрі, мүйізтұмсықтың 130 түрі, гиппариондардың 200 түрі және т.б. тапқан. Палеонтологиялық жаңалық «Қаз қайтуы» ескерткішіне палеозоолог мамандардың үлкен назарын аудартты. Өкінішке орай, табылған барлық палеоматериал ғалымдармен бірге олардың зерттеу институттарына кетіп қалды, себебі, біріншіден, Павлодарда ол кзедері өлкетанулық мұражай болмады, ал екіншіден, палеонтологиялық қалдықтарды сақтауды қамтамасыз ететін ғылыми ұйым болмады. Орловтың бастамасын 1960 жылы ҚазССР ҒА Зоология институтының палеобиология бөлімінің экспелициясы жалғастырды. Електен ортаңғы және төменг қабаттарды жуып-шаю кезінде омыртқалылардың үлкен коллекциясы табылды. Олардың арасында қояндар, шақылдақтар, қосаяқтаржәне кішкентай құстар болды. Ескерткіш қала аумағында болғандықтан, «Қаз қайтуы» ескерткішіне павлодарлықтардың да, қала қонақтарының да тарапынан келушілер саны өте көп. «Қаз қайтуы» неоген дәуірі жануарларының ең танымал және эталонды жерлену орны болып саналады. «Қаз қайтуы» бойынша әлемдегі барлық осы дәуір жерленулері салыстырылады. Қазіргі күні қазба жұмыстары жерінде ашық аспан астындағы мұражай кейпіндегі саябақ кешені жоспарануда, кез келген адам қазба жұмыстарының өту үрдісін бақылай алатын болады.
### Ғимараттар
Павлодар қаласы:
* Ұлы Отан Соғысында қаза болған жауынгерлерге Ескерткіш
Қалалық мәдениет және демалыс бағынан кең аллеяда болаттан жасалған 16-метрлік ескерткіш көрінеді. Бұл ескерткіш ҰОС қайтпаған жауынгерлерге Жеңістің 25 жылдығына орай ұрпақтардан ағыс ретінде 1970 жылы 8 мамырда ашылды. Монумент көптеген күміс жіптерден құралған стела кейпінде бейнеленген. Оның алдыңғы жағында – алқагүл мен алғыс жазуы бар тақта бекітілген.
* Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіш.
2000 жылы ақын С.Торайғыровқа ескеткіш Павлодар қаласының көркемөнер мұражайының алдында орнатылып, алдыңғы жағымен Торайғыров көшесіне қаратылған еді. 2009 жылы ескерткіш Ак.Сәтбаев көшесі бойына, фонтандарға қарай 150 м жерге орнын ауыстырды. Мүсінші – Е.Сергебаев.
* Тұғырдағы Т-34 танкі.
Павлодарлықтардың 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен әскери және еңбек ерліктеріне мемориал
* Ішкі әскер жауынгерлеріне даңқ ескерткіші
* В. И. Ленинге Павлодар облысындағы бірінші ескерткіш 1928 жылы Павлодар қаласында орнатылған (Ленпарк).
* Даңқ мемориалы Павлодар қаласында 1975 жылы орнатылған (1 Мамыр саябағы).
* Кеңес Одағының батыры К.Камзинге ескерткіш 1979 жылы Павлодар қаласында, Камзин – Толстой көшелерінің қиылысында орнатылды.
* Павел Васильевке ескерткіш
Танымал еуразиялық ақын Павел Васильев (1910-1937) ескерткіші мен оның атындағы саябақ Павлодарда 2011 жылдың 23 қыркүйегінде ашылды. Павел Васильев мүсіні П.Васильев үй мұражайының ауласында орналасқан. Мүсінші Е.Мергенов, сәулетші К.Монтахаев.
* Қ. И. Сәтбаевқа ескерткіш
2012 жылдың 12 сәуірінде академик, Қазақстан Ғылым академиясының президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа ескерткіш Павлодар қаласының орталығында, қала әкімдігінің жанынан орнатылды. Мүсін мен тұғырнаманың ортақ биіктігі – 8,5 метр. Ескерткіш авторы – мүсінші, ТМД және Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік сыйлық лауреаты, Қазақстан Республикасы көркемөнер академиясының академигі Ольга Прокопьева. Тұғырнама авторы – еліміздің еңбегі сіңген сәулетшісі Кацев.
* Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер аллеясы
Павлодарда 2011 жылдың қарашасында Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған этномәдени бірлестіктер аллеясы ашылды. Орталық Кутузов көшесінде оналасқан аллея бойында ұлттардың таныма символдары орналасқан. Олар Павлодар облысындағы басқа этностардың рухани мәдениетін сипаттайды. Барлығы аллеяда он сегіз кішігірім мүсін орналасқан.
* Аштық құрбандарына ескерткіш
Өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық құрбандарына ескерткіш Павлодар қаласында 2012 жылдың 31 мамырында ашылды. Ескерткіш қала кіреберісінде, аштық кезінде қаза болғандарды жаппай жерлеу өткен ескі мұсылман зиратының жанынан көтерген.
* Ағартушылар мен академиктардың мүсін аллеясы
* Орталық почтамт ғимаратының сағат мұнарасы.
Сағат мұнара Павлодар қаласының символы болып саналады. Осы сағатпен барлық павлодарлықтар сағатын салыстырады. Сағат «Қазпошта» АҚ Павлодар филиалының ғимаратында 1983 жылы орнатылды.
* Павлодар қаласының орталық жағалауы
Павлодарлықтар мен қала қонақтарының сүйікті дмалыс орны болып Ертіс өзенінің жағалауы саналады. Жағалау рельефке сәйкес террасалық қағидаға сәйкес оратылған. Жоғарғы терраса – саябақ, негізгі терраса – барлық аллеяларды біріктіретін орталық аллея. Төменгі терраса – жағажай.
* «Ескі қала»
Ленин атындағы көшені «ескі қала» деп атайды, себебі бұл жерде ескі ғимараттар сақталған. Көпес Сорокин Үйі; Халықтық Үй; Майра атындағы ән шығармашылығы үй мұражайы; Владимирлік училище; Педтехникум; Көпес А.Деровтың сауда үйі; Ленин көшесіндегі сауда қатарлары; А.П.Чехов атындағы орыс драма театрының ғимараты; Көпес Охапкин үйі; Д.П.Багаев мемориалды үй мұражайы. [41]
* «Астана» мұз сарайы
«Астана» мұз сарайын салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Презиенті Нұрсұлтан Назарбаев 2003 жылдың 16 қазанында ашты. «Астана» МС басты назар аударары – мұз айдыны, оның жалпы ауданы 1830 шаршы км. Бұл айдында шайбалы хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан сайыстар, мұз шоуларын жоғары деңгейде өткізу мүмкіндігін береді. Трибуналар 3 мыңға дейін көрөрменге арналған.[42]
* Достық үйі.
2008 жылдың күзінде Павлодар облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық этномәдени қауымдары аңсаған Достық үйі ашылды.
* Қазақстан Республикасының туы бар колоннада
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тойлау қарсаңында 40 метр биіктіктегі тутұғыры бар колоннада жоспарланды. Мерейтойлық объект Қазақстан Республикасы Конституация күнін тойлау кезінде салтанатты түрде ашылып, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Павлодар облысының геоақпараттық жүйесі.Аудандар мен облыс қалалары:
* С. Мүткенова (1913—1944 жж.) мүсіні — Кеңес Одағының батыры С.Мүткенов мүсіні 1965 жылы Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында орнатылған.
* Ж. Тіленшин мүсіні — ағартушы Ж.Тіленшин мүсіні 1967 жылы Ақтоғай ауданының Қожамжар ауылында орнатылған.
* С. И. Царев (1882—1918) мүсіні — Екібастұз кмір кенінің комиссарының мүсіні 1974 жылы Ақсу қаласының саябағында орнатылды.
* К. Камзин, Кеңес Одағының батыры (1913—1944) мүсіні 1966 жылы Ақсу ауданының Жолқұдық ауылында орнатылған.
* И. В. Бабин, Кеңес Одағының батыры мүсіні 1965 жылы Железинка ауданының Железинка ауылында орнатылды.
* А. Н. Елгин, Кеңес Одағының батыры мүсіні 1964 жылы Қашыр аудынының Қашыр ауылында орнатылған.
* С. И. Царев, Екібастұз кмір кенінің комиссарының мүсіні 1974 жылы Екібастұз қаласында оның атымен аталған көшеде орнатылды.
* Бұхар жырау ескерткіші. 1993 жылы ақын, ойшыл және мемлекет қайраткерінің ескерткіші Баянауыл ауылының орталығында Бұхар жыраудың туғанына 325 жылдығына орай орнатылды.
* Иса Байзақов ескерткіші. 1979 жылы ақын, әнші, сазер әрі актер Иса Байзақов ескерткіші Ертіс ауылында, Мәдениет үйінің саябағында орнатылды. Мүсінші Е.Ершов, сәулетші Б.Мұстафин.
* Жаяу Мұса Байжанұлының ескерткіші. 2008 жылы ақын әрі сазгер Жаяу Мұсаға ескерткіш орнатылды. Жасыбай көлінің солтүстік жағалауында, Баянауыл ауылынан 12 км жерде орналасқан. Мүсінші М.Е.Сергебаев.
* Жаяу Мұса Байжанұлының мүсіні. 1972 жылы ақын әрі сазгер Жаяу Мұсаға Жаңатілек ауылының орталығында, саябақта мүсін орнатылды.
* Құдайберген Әлсейітұлының мүсіні. Железинка ауылында Мәдениет үйінің алдындағы алаңда аақын әрі сазгер Құдайберген Әлсейітұлына мүсін орнатылды. [40]
* Саяси репрессиялар құрбандарына ескерткіш Екібастұз қаласында орнатылды.
Биіктігі 5 метр композиция «Кебін» деп аталатын стильде орындалған. Бұл нақты келбеті мен дене пішіні көрінбейтін фигуралар, ал бес күлді жұлдыз фонында жақындарын жоқтаған әйел мен баланың фигуралары.
* Гиннестің рекордтар кітабына еген Екібастұздық ГРЭС-2
Станцияның биіктігі 420 метр айрықша тұрбасы Гиннестің рекордтар кітабына енген. ГРЭС-2 бірінші блогының жұмысы 1990 жылдың желтоқсанында, ал екінші энергоблок жұмысы 1993 жылдың 22 желтоқсанында басталды. ГРЭС-2 энергиясы Қазақстанның солтүстігін энергиямен қамтамасыз етуге бағытталған және республиканың энергия тұтынуның 15% қамтиды. Энергия тұтынушылары қатарына тек қазақстандық емес, соынмен бірге ресейлік компаниялар да кіреді. Олардың арасында «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Ертіс-Қарағанды каналы.
### Діни ғимараттар
* Павлодар қаласындағы басты мешіт
Павлодар қаласында 6 гектар жерді алып жатқан паркі, медресесі, Кутузов, Кривенко, Қайырбаев көшелерінен кіру есіктері бар 1500 орындық Бас Мешіт сәулет ансамблі салынды.
Бас мешіттің жобасын «Алматыгипрогор» АҚ жобалау институты әзірледі.
Мешіт құрылысының басты мердігері «Иртыштрансстрой» ассоциациясының «Путь» ЖШС болды, «Иртыштрансстрой» ассоциациясының басшы-төрағасы М. А. Зыков.
Мешіт ғимараты 48*48 метрлік сегізбұрышты жұлдыз түрінде салынған, диаметрі 30 метр 1200 орындық ерлер намаз оқитын зал, күмбездің биіктігі 33 метр. Мешіт ғимаратының көлемі 48*48 метр, мұнараларының биіктігі – 63 метр, аймен бірге күмбездің биіктігі – 54 метр, жалпы ауданы 7240 шаршы метр.
Бірінші қабатта медресенің оқу сыныптары, неке қию залы, 200 орындық асхана және оның қосалқы бөлмелері, 300 орындық әйелдер намаз оқитын зал, дәрет алу жайлары, холл орналасқан.
Неке қию залы және асхана екі көлемді бір үлкен залға айналдыру үшін жылжымалы қабырғамен бөлінген. Ғимаратқа кіру сатылармен екінші қабат деңгейіне көтереді, онда 1200 орындық балконы бар намаз оқу залы, ислам мәдениетінің мұражайы, кітапхана, бейнезал, қызметтік жайлар, холл орналасқан.
Негізгі ғимараттың екі қабаты және мұнаралары кірпіштен, күмбезі темір құрылымдардан жасалған.
* Благовещенск кафедралы соборы
1999 жылдың 23 қазаны Ертістің Павлодар өңірі үшін маңызды есте қаларлық күн болды. Бұл күні Павлодарда Благовещенски кафедралы соборы ашылды. Павлодарлық архитекторлар Ресейдің қалаларына барып, храмның әр түрлерін көріп, Мәскеудегі бір соборға тоқтады.
Бұл тек негіз ғана болды. Мәскеулік храм кішірек және қарапайымдау еді. Павлодарлықтар өз соборын жобалағанда қала тұрғындарын таң қалдырарлық жаңалықтар енгізді. Благовещенск соборының қоңыраулары Мәскеуден әкелінді. Олар паникадило АҚКЗ-да құйылған және шіркеулік бұйымдар Мәскеу жанындағы Софринодан жеткізілді, онда мәскеулік патриархияның зауыты бар. Православиенің заңдарына сәйкес онда тоғыз қоңырау қойылған. Ең үлкен қоңыраудың салмағы – 1024 кг, ең кішкентайының салмағы – 4 кг.
## Белгілі адамдар
Исиналиев, Михаил Иванович - қазақстандық мемлекеттік және партия қайраткері, дипломат. Қазақ ССР-дің сыртқы істер Министрі.
### Павлодарлықтар – Кеңес Одағының Батырлары
* Кривенко, Иван Илларионович - танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы
* Елгин, Андрей Николавеич - автоматшылар бөлімшесінің командирі, Азаматтық және Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945) қайтыс болғаннан кейін.
### Павлодарлықтар – Социалистік Еңбек Ерлері
### Павлодарлықтар – КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегерлері
### Ғалымдар
* Ақышев Кемел Ақышұлы – т.ғ.д. (1924-2003)
* Арғынбаев Халел Арғынбайұлы – т.ғ.д., профессор (1924-1998)
* Бейсембаев Серікбай Бейсембайұлы – тарих ғ.д., академик (1912-1990)
* Бекжанов Ғинаят Рахметоллаұлы – г-м.ғ.д., академик (1927)
* Ермұхан Бекмаханұлы – тарих ғ.д. профессор (1915-1966)
* Бектұров Әбікен Бектұрұлы – техн.ғ.д., академик (1901-1985)
* Ержанов Жақан Сүлейменұлы – техн.ғ.д., академик (1922-2003)
* Әбділдин Жабайхан Мүбәракұлы – филол.ғ.д., академик (1933)
* Әбділдин Мейірхан Мүбәракұлы – ф-м.ғ.д., профессор (1938)
* Жұматов Хамза Жұматұлы – мед.ғ.д., академик (1912-1972)
* Каюпов Арықтай Каюпұлы – г-м.ғ.д., академик (1914-1993)
* Қасымов Қамар – ҚазКСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1893-1966)
* Марғұлан Әлкей Хақанұлы – филол.ғ.д., академик (1904-1985)
* Онаев Ибрагим Әбілғазыұлы – техн.ғ.д., академик (1913-1994)
* Потанин Григорий — орыс географ, этнограф, көсемсөзші, фольклортануш, ботаник
* Сағынов Әбілқас Сағынұлы – техн.ғ.д., академик (1915)
* Сәтбаев Қаныш Имантайұлы – г-м.ғ.д., ҒА бірінші президенті (1899-1964)
* Цефт Адриан Лукоянович – техн.ғ.д., академик (1904-1971)
* Шөкин Шафық Шөкіұлы – техн.ғ.д., академик (1912-2003)
### Шығармашылық адамдар
* Абилев Дихан — қазақ советтік ақын
* Айманов Шәкен - актер, алғашқы қазақ кинорежиссер (1914-1970)
* Аймауытов Жүсіпбек – драматург, жазушы (1889-1931)
* Ақышев Зейтін – жазушы, драматург (1911-1991)
* Байжанов Жаяу Мұса – ақын, композитор (1835-1929)
* Байжанов Қали – ҚазКСР еңбек сіңірген әртісі (1877-1966)
* Байзақов Иса – ақын, әнші (1900-1946)
* Қайыржан Нұрғожаұлы Бекқожин - журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976]). КСРО журналистер Одағының мүшесі.
* Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин - ақын, драматург, аудармашы.
* Бұқар жырау — қазақ ақын, жырау.
* Әбілев Дихан – ақын, жазушы (1907)
* Әбілев Шахимардан - опералық әнші, педагог, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген әртісі (1994).
* Қуат Әшірбекұлы Әбусейітов - кинорежиссер, актер (1925)
* Әбусейітов Суат - әртіс (1929-1992)
* Әлімбаев Мұзафар - Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі.
* Естай Беркімбаев — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).
* Жаманбалинов Мүбәрак – ақын, жазушы (1924)
* Иманжүсіп Құтпанұлы – суырып салма ақын (1863-1929)
* Исабаев Қалмұқан – жазушы, өлкетанушы (1925)
* Қабдыл-Ғалым Насырұлы Қаржасов - сүретші, кескіндемеші
* Кемеңгеров Қошмұхамбет – драматург, әдебиеттанушы (1898-1937)
* Кенжетаев Кәукен – ҚазКСР халық әртісі (1916)
* Көпеев Мәшхүр-Жүсіп – ақын, фольклор жинаушы (1857-1931)
* Прокофьев, Владислав Юрьевич — атайы әнші, мәдениеттің қайраткері.
* Торайғыров Сұлтанмахмұт – ақын, демократ (1893-1920)
* Шамсутдинова Майра – әнші, композитор (1890-1927)
* Шанин Жұмат – режиссер, драматург (1892-1938)
* Шашкин Зейін – жазушы, драматург (1912-1966)
### Спортшылар
* Аширов Ахат Сенорович- дзюдодан халықаралық класстағы спорт шебері (1997)
* Жыланбаев Марат Төлегенұлы — Гиннесстің рекордының кітабының жеті рет рекордсмені. Марат Жыланбаев ғаламшардың ең ірі шөлдерді Азияның, Африканың, Австралияның және Американың жалғыз зу ету бірден-бір адамымен болып табылатын. Марафоншы, халықаралық сыныптың спортының шебері. Қазақстанның мәртебелі азаматы.
* Қонақбаев Серік Керімбекұлы — Күміс жүлдегер ХХII 1980 граммның жаздғы олимпиадалық ойындарының, Европаның (1979, 1981 жж.) чемпионы, әлем(1982 г) чемпионатының күміс жүлдегері, әлемнің (1979, 1981 жж.) кубогының жеңімпазы, КСРО 3-еселік чемпионы, КСРО спортының еңбек сіңірген шебері.
* Прокашева, Людмила — спортсмен - конькимен жүгіру. Әлемнің чемпионатының күміс жүлдегері 1995 жылдың классикалық көпсайыста, қысқы азиялық ойынның екі рет чемпионы 1996 жылдың.
## Cуреттер жинағы
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Павлодар облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. в Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
* торабы(қолжетпейтін сілтеме)
* Павлодар облысының әкімшілігі
* Павлодар кала бетше босағасы
* Павлодар облысының статистика департаменті Мұрағатталған 2 мамырдың 2012 жылы.
* Павлодар облысының экономика департаменті Мұрағатталған 23 ақпанның 2007 жылы.
* Павлодардың мұражайы Мұрағатталған 7 шілденің 2010 жылы. pavlodar.kz торабынды
* Павлодар Картасы Мұрағатталған 27 желтоқсанның 2012 жылы.
* Павлодардағы күрес туралы спорт торабы Мұрағатталған 2 наурыздың 2021 жылы. |
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан (?—960) — Орта Азияда Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі — мұсылман түркі әулетінен.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағандығының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен чігілдер (шикілдер) мен яғмалардан құралғанға ұқсайды. Қарахан осы яғма тайпасынан шыққан.
Қарлұқ қағандығының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.
942 ж. ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды.
Қарахан 960 ж. қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр. |
Атырау Футбол Клубы (Атырау ФК) — Қазақстан Премьер Лигасында өнер көрсететін Атырау қаласының кәсіби футбол клубы. Формасының түсі - ақшыл жасыл. Атырау қаласының "Мұнайшы" стадионы клубтың базасы боп саналады.
2009 жылғы Қазақстан Кубогының иегері. Қазақстан чемпионатында екі рет күміс жүлдегер атанды: 2001, 2003. Осы титулдары УЕФА Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік берді, алайда, үш рет қатысып, үшеуінде де алғашқы ойындардан өте алмады.
## Клуб тарихы
### Ең үлкен жеңістері
* 2001 — 6:1 Елімай (Семей)
* 2001 — 5:0 Тараз (Тараз)
* 2009 — 9:2 Оқжетпес (Көкшетау)
Ең үлкен жеңілістері
* 2008 — 1:7 Астана (Астана)
## Атау тарихы
* 1980 — «Прикаспиец» командасының құрылуы
* 2000 — «Атырау ФК» атымен қайта құрылуы
## Еврокубоктерде
## Әкімшілік және жаттықтырушылар штабы
* Асылбек Сәуірбайұлы Жүнтербаев (09.11.1968) — директор
* Владимир Андреевич Никитенко (08.01.1957) — бас бапкер
* Юрий Владимирович Коньков (06.07.1958) — бас бапкер көмекшісі
* Сергей Викторович Чекмезов (13.09.1959) — қақпашылар бапкері
* Қуаныш Кенжәліұлы Қабдулов (09.07.1987) — физдайындық жөніндегі бапкер
* Владимир Алексеевич Демченко (10.05.1959) — жаттықтырушы
* Петр Петрович Пустовар (27.06.1973) — дәрігер
* Сергей Владимирович Бибиков (17.06.1972) — массажист
* Қайрат Қанашұлы Сламбеков (26.06.1966) — спорт директор
* Айвар Макизұлы Оңғарсынов (25.02.1966) — команда бастығы
* Аман Қалабаев (07.04.1981) — бас заңгер-консультант
* Нұркен Бисенқұлұлы Мырзағалиев (30.03.1989) — медиа-офицер
* Жаңабаев Болатбек Төлегенұлы (27.05.1984) — бейнеоператор
## Ойыншылар
### Қазіргі құрам
2019/2020
## Жетістіктері
* Қазақстанның күміс жүлдегері (2): 2001, 2002
* Қазақстан кубогының иегері (1): 2009
## Сілтемелер
* Ресми сайты Мұрағатталған 20 сәуірдің 2009 жылы. |
Бiлге қаған (көнетүркіше -{Arslan Bilge qaγan}-; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны.
Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.
Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.
Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.
Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.
17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған.Білге қаған (шамамен 685-734) - Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған ушықтырған тайпа ішілік соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы Тоңыкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал, Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.). Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп жітіп, жаяу жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қаратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қатаң, татабы халықтарына қарсы, бергері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).
Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Тар түмен қарлықтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.
Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өз-өзіне келуі үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр» деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. Қытайларды талқандады.
Л.Н.Гумилев: «Жеңіске тек сыртқы ғана емес, ішкі жауларын жеңумен де келді. Елде тыныштық орнады. 716 ж. Жеңіскер түркілердің жағдайлары соншалықты мәз болмады. Білге қаған: «Мен бай халыққа хан болып отырмадым. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып отырдым», - дей келе, халықпен қатынасу әдісін өзгерткендігін айтады. «Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтылдым. Адал халқы мен адал қоғамы бар жерде мен жақсылық жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақырдым, жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды»... Оның еңбегі құрудың аз-ақ алдында қалған халқын тірілтті, киіндірді, ештеңесі жоқ халықты байытты, аз халықты көбейтті деп бағаланады, - деп жазған. – Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Оны Қытайлықтар қаншалықты құптамаса да, мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге қаған халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясатшың арқасында орнықты.
722 ж. Кездесуде Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығтегін отырды.
## Сыртқы сілтемелер
* Білге қаған ескерткіш кешені, бітіктасы, мәтіні, транскрипциясы, қазақша сөзбе-сөз салыстырмасы, суреттері, сызбалары
Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Түркіні бұзар - тәтті сөз.Асыл сөз туралы
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.Мінез-құлық туралы
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.Мінез-құлық туралы
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.Мінез-құлық туралы
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.Отан, туған жер туралы
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тастағы жазудан тағлым алғайсың.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.Батырлық, ерлік туралы
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
«Барыс» ордені — Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 462-1 Заңымен белгіленген ордені.
Бұл орден ерекше еңбегі үшін:
* Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтқаны;
* бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз еткені;
* мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметте;
* халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға;
* ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен өзара байытуға;
* мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды дамытқаны үшін беріледі.
## Дәрежелері
«Барыс» орденінде үш дәреже бар:
* 1-дәрежелі «Барыс» ордені жұлдыз бен иық таспасындағы белгіден тұрады.
* 2-дәрежелі «Барыс» ордені кеуде қалыбындағы белгіден тұрады.
* 3-дәрежелі «Барыс» ордені мойын таспасындағы белгіден тұрады.
Орденнің ең жоғары дәрежесі — I дәреже. Марапаттау ретпен жүргізіледі: III дәрежелі, II дәрежелі және I дәрежелі. Ерекше жағдайларда көзге түсер айырмашылығы үшін мемлекет басшысының шешімі бойынша кезектілік ескерілмей марапаттар тағайындалуы мүмкін.
## Сипаттамасы
Орден таспасы қою көк түсті, ортасында үш сары жолағы бар.
* 1-дәрежеліде — иықтық — ені 100 мм
* 2-дәрежеліде — қалыптыға — ені 32 мм
* 3-дәрежеліде — мойынға — ені 20 мм
## Галерея
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.
## Қосымшалар
Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:
Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.
## Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі
Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.
Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.
Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:
## Әдебиет
* А. Ысқақов, Қазіргі қазақ тілі, 1974 ж |
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (9 желтоқсан 1956, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2022 жылдан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы. Иманғали Тасмағамбетов 2002–2003 жылдары Қазақстан премьер-министрі, 2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласының әкімі, 2014–2016 жылдары Қазақстан Қорғаныс министрі болып, ал 2017–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болған.
## Өмірбаяны
1956 жылы 9 желтоқсан күні Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Кіші жүздің Жаппас руынан шыққан.
1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.
1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды.
1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП мүшесі, 1990—1991 жылдары Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII-шақырылымының депутаты болып сайланды.
Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.
1993 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.
2004—2008 жылдары 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.
2008 жылы сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.
Тасмағамбетов Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.
Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.
## Марапаттары
* «Парасат» ордені (1998)
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004)
* Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» ордені
* Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған.
## Отбасы
Әкесінің есімі — Тасмағамбетов Нұрғали (1926—1997). Анасы — Қоқанова Ділдә Матайқызы (1930 ж.т.)
Үйленген, жұбайы — Бекқұллова Клара Дауымқызы (1957 ж.т.), мұғалім. Қыздары — Әсел (1979 ж.т.), заңгер, София (1983 ж.т.). Баласы — Нұрғали Нұрсұлтан (1994 ж.т.).
Немерелері — Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұреддин (2005 ж.т.).
## Шығармашылығы
И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Саяси қайраткер мұраты — Мұстафа Шоқай, Франсуа Миттеран.
* Ат жалындағы өркениет
* Құлыптас
## Дереккөздер |
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (17 мамыр 1953 жыл, Алматы) — кеңестік және қазақстандық саясаткер, дипломат, Қазақстанның екінші Президенті (2019–).
Тоқаев, оған қоса, — Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы (2022 жылдан бастап) және 2021 жылғы сәуірден бері Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Аманат партиясының көшбасшысы (2022), екі мерзім Сенат төрағасы (2013–2019, 2007–2011), БҰҰ Бас хатшысының орынбасары (2011–2013), екі мәрте Қазақстан Сыртқы істер министрі (2002–2007, 1994–1999) және бір кезде Қазақстан премьер-министрі (1999–2002) қызметін атқарды.
Елде тұрақтылық сақталды да, саяси өзгеріс орын алды және жаңа реформалар жүрді, алайда оған қарамастан Тоқаевтың басшылығы шетелдік және жергілікті ақпарат көздерінен кейде адам құқықтарын бұзған және авторитарлық болып келеді деген сыни пікір көреді. 2022 жылғы Credit Suisse құпия деректерінің жариялғаны Тоқаевтар отбасының кем дегенде 1998 жылдан бері оффшорлық активтерінің күрделі желісін басқарып жатқанын белгілі қылды.
## Отбасы
Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылғы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Әкесі Кемел Тоқайұлы Тоқаев (1923–1986) — Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақ жазушысы. 20 жасында Киевті босату кезінде бір рота автоматшылар командирі болатын. Соғыстан кейін тұңғыш қазақстандық детектив жанрындағы жазушы ретінде қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Жаршысы" журналында редактор болды. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931–2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында жұмыс істеген. Отбасында бір ұл және екі қыз Қарлыға (1956) және Қарлығаш (1960).
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атын ата-анасы Қасым Болтаев (Тоқаев) есімді ағасының құрметіне қойған. Қасым Қызыл әскер құрамында соғысқа аттанып, Ржев шайқасында қаза болды. Соғыстан кейін Кемел Тоқаевқа Тың игеру бағдарламасына қосқан үлесі үшін медаль берілді.
Балалық шағының бір бөлігін Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі Жетісу облысының Қаратал ауданындағы Кәлпе ауылында өткізеді. 1970 жылы Алматы қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы №25 мектепті аяқтайды. Мектеп француз тілін тереңдетіп оқытады.
1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша аяқтады. Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өтеді, кейін Кеңес Одағының Сингапур Республикасындағы елшілігіне жұмысқа жолданады. 1979 жылы КСРО Сыртқы істер министрлігінің аппаратына оралды.
1983–1984 жылдар аралығында Бейжің тілтану институтында тағылымдамадан өтті. 1984–1985 жылдар аралығында КСРО Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарып, кейіннен Кеңес Одағының Қытай Халық Республикасындағы елшілігіне жіберілді. Онда 1991 жылға дейін екінші хатшы, бірінші хатшы және кеңесші лауазымдарында қызмет атқарды. 1989 жылы КСРО Бас хатшысы Михаил Горбачев Қытайға жасаған сапары кезінде Дэн Сяопинмен болған келессөздерде аудармашы болды.
1992 жылы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.
1998 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ретінде "Қазақстанның сыртқы саясатындағы Азия-Тынық мұхит елдірі" тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ал 2001 жылы саяси ғылымдар докторы ретінде "Жаңа жаһандық тәртіп заманында Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты" тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
## Саяси қызметі
### Сыртқы істер министрінің орынбасары (1992–1994)
1992 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1993 жылы ол Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары ретінде қызмет атқарды.
### Сыртқы істер министрі (1994–1999)
1994 жылғы 13 қазанда Тоқаев Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.
1999 жылы наурыз-қазан аралығында Нұрлан Балғымбаев басқарған Үкіметте премьер-министрдің орынбасары.
### Қазақстан премьер-министрі (1999–2002)
1999 жылғы наурызда Тоқаев Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1999 жылғы қазанда ол, Парламенттің қолдауымен және Президент жарлығымен Қазақстан премьер-министрі болып сайланды. Премьерлігі тұсында елдің ЖІӨ өсімі 2001 жылы 13.5% өссе, инфляция 11.2% азайды.
2001 жылғы 20 қарашада Хабар тікелей эфирінде, Тоқаев президент Нұрсұлтан Назарбаевты егер өзі «интригант» деп атаған бірнеше мемлекеттік шенеунікті жұмыстан босатпаса, премьер-министр қызметінен кетемін деп мәлімдеме жасады. Аталған «кәсіби емес» шенеуніктер қатарында премьер орынбасары Ораз Жандосов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Әлихан Бәйменов, Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов және Қорғаныс министрінің орынбасары Жаннат Ертілесова болды. Оларды Тоқаев атқарушы билікті орталықсыздандырғысы келеді және демократизацияға кедергі жасап жатыр деген айыптар тақты. Тоқаевтың сөзінен кейін Назарбаев үкіметтің 6 мүшесін, соның ішінде Жандосов, Жақиянов және Ертілесованы қызметтерінен босатты.
### Мемлекеттік хатшы (2002–2007)
Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев жаһандық ядролық қару-жарақты таратпау үдерісіне белсенді атсалысты. 1995 және 2005 жылдары ол Нью-Йорктағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа шолу конференцияларына қатысты. 1996 жылы ол Нью-Йоркта Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартқа және 2005 жылы Семейде Орталық Азия ядросыз аймағы шартына қол қойды.
Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Кеңесінің төрағасы болып сайланған және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 10 сессиясына қатысқан.
### Сенат төрағасы (2007–2011)
2007 жылғы қаңтарда Тоқаев Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы болып сайланды.
2008 жылы Сенат төрағасы ретінде, ол ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының вице-президенті болып сайланды. Ол бұл қызметте 15 сәуір 2011 жылға дейін болды.
### БҰҰ Бас хатшысының орынбасары
2011 жылғы наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, сондай-ақ Қарусыздану жөніндегі конференцияда БҰҰ Бас хатшысының жеке өкілі болып тағайындалды. Сонымен қатар ол Қарусыздану жөніндегі конференцияның Бас хатшысы лауазымын атқарды.
Тоқаевтың саясаттану ғылымдарының докторантурасы бар. Ол — тоғыз кітаптың және халықаралық қатынастар туралы біршама мақаланың авторы. Ресейлік биографиялық институт оған «2018 жылғы Жыл адамы» атағын берді.
### Сенат төрағасы (2013–2019)
2013 жылғы 16 қазанда ол Қазақстан Сенатының төрағасы болып қайта сайланды, Тоқаевтың кандидатурасына сенаторлар бір ауыздан дауыс берді.
2016 жылғы жер мәселесі жайлы наразылық шаралары кезінде Тоқаев елдегі жер мәселесін шешу сын көзімен қарау керек деді.
## Президенттігі (2019–)
2019 жылғы 19 наурызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін өз еркімен тоқтататынын мәлімдеді. Конституция бойынша бұл жағдайда Президент міндетін Сенат төрағасы атқарады. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті міндетін атқарушысы ретінде ант қабылдады. Инаугурациясының аяқталғаннан кейін Астана қаласының атауын Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан болып өзгертуді ұсынды. Парламент сол күні қаланың жаңа атауын бекітті. 23 сәуір күні Нұр Отан партиясы Қ.Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Президент сайлауы сол жылғы 9 маусымда өтті. Президент сайлауында жалпы дауыстың 70,96% жинады. 12 маусымда жаңа сайланған Президент ретінде ант беріп, ресми түрде қызметке кіріседі. Иннаугурация Нұр-Сұлтанның Тәуелсіздік сарайында өтті.
2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, ал 2022 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болды. Осы уақытта Нұр Отан партиясының төрағасы ретінде сайланып, сәуір айында партиядан шығатынын мәлімдеді. Алғашқы кезеңде бірнеше әлеуметтік-экономикалық реформалар жасалды, соның қатарында мұғалімдердің еңбекақысын көтеру, әлеуметтік жағынан осал отбасылырының несиелерін кешіру, өлім жазасына тиым салу, жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту, саяси партиялар мен сайлау туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.
2022 жылғы қаңтарда Қазақстанда жаппай қарсылық митингтері өтті. Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жергілікті халық газдың екі есе өсуіне наразылық білдірді. Кейін минингті қолдау Қазақстанның басқа қалаларында да басталды. Асқар Мамин басқарған үкімет оставкаға жіберілді. Жаңа үкіметтің премьер-министрі ретінде Әлихан Смайылов тағайындалды.
Қаңтар оқиғасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа өзгерістер және трансформация туралы хабарлады. Наурыз айында Қазақстан халқына жасаған жолдауында елдің саяси жүйесін модернизациялау мен демократизациялау мақсатында Конституцияға өзгерістер енгізуді ұсынды. Сәуір айында Конституцияға өзгерістер енгізу туралы жалпыхалықтық Референдум өткізуді ұсынды. Референдумға қатысқан азаматтардың 77,18% өзгерістерді қолдады. 8 маусым күніаталған өзгерістер өз күшіне енді. Бұл өзгерістер супер президенттік басқару жүйесін мықты парламенті бар президенттік жүйеге өзгеруге ықпал етуі тиіс.
2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында алғашқы 5 жылдық президенттік мерзімінің 2024 жылы аяқталатынына қарамастан кезектен тыс президент сайлауын өткізу ұсынды. Сонымен қатар сайлаудан кейін президент өкілеттілік меозімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту туралы және бір ғана мерзімге сайлану туралы ұсыныс енгізетінін хабарлады. 2 қыркүйек күні "Жаңа Қазақстан" деп аталатын депутаттық топ Конституцияда президент өкілеттігін сайлауға дейін өзгертіп, бір ғана мерзіммен шектеу туралы ұсыныс жасады. 13 қыркүйек күні Конституциялық кеңес ұсынылған өзгерістерді бекітті. 16 қыркүйек күні Қазақстан Парламенті Конституцияға өзгерістерді енгізу туралы заң қабылдады.
2022 жылғы 21 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын 2022 жылғы 22 қараша күніөткізу туралы жарлыққа қол қойды.
6 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев халықтық коалиция (құрамында Аманат, Ақ жол және Қазақстан халық партиясы кіретін) атынан президенттік сайлауға үміткер ретінде ұсынылды.
20 қарашада өткен президент сайлауында 81,31% дауыс жинады. 26 қараша күні жаңа сайланған президент ретінде қызметке кірісті.
### 2019
2019 жылғы маусымда болған, Арыс трагедиясы деп аталып кеткен Арыс қаласындағы жарылыс сериясынан кейін Тоқаев қылмыстық іс қозғап, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктеріне ықтимал жарылыстардың алдын алуын тапсырды да, кінәлілер жауапқа тартылады деп уәде берді. 25 маусымда ол қаланың эвакуациялық пунктіне барып, жергілікті халықпен кездесті.
Тоқаев өзінің президент ретіндегі халыққа арналған тұңғыш жолдауын 2019 жылғы 2 қыркүйекте берген. Жолдауында ол қоғамның және қауіпсіздіктің дамуына, жергілікті бизнестерді қолдауға және елдегі экономикалық дамудың орнауына біраз назар аударды.
2019 жылғы қазанда Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрлерін қоспағанда, министрлікке әлеуетті үміткерлердің барлығы тағайындалмас бұрын Назарбаевтың мақұлдауын алуы қажет екені белгілі болды.
Сол жылғы Bek Air ұшақ апатынан кейін Тоқаев 2019 жылғы 28 желтоқсанды Ұлттық аза тұту күні қылып жариялап, кінәлілердің барлығы заң бойынша жазаланады деп уәде берді.
### 2020
2020 жылғы ақпанда орын алған Масанчи ауылындағы ұлтаралық қақтығыстан кейін Тоқаев Қордай ауданы әкімін, Жамбыл облысы әкімінің орынбасарын және облыс пен аудан полиция басшыларын қызметінен босатты. Қазақтар мен дүнгендер арасында болған ұлтаралық қақтығысты ол "екі қылмыстық топ" арасында болған қақтығыс әкеп соқты деді.
Informburo агенттігіне берген сұхбатында Тоқаев Мұхтар Жәкішевтің жағдайы жайлы сөйледі: "Бұл мәселе тек соттың құзыретіне жатады. Мен, әрине, Жәкішевтің денсаулығына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірнеше рет өтініш жасағанын білемін. Сот отырысы 3 наурызда өтеді. Оның шешімін күтейік, оның әділ жасалатынына күмәнім жоқ". 2020 жылғы 3 наурызда Семей қалалық соты Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті қанағаттандырды. Ол 2009 жылдан бері 14 жыл түрмеде отырған еді.
2020 жылғы 2 мамырда Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Тоқаев жарлығымен Сенаттан және Сенат төрағасы лауазымынан босатылған еді. Осы шешімнің себебі жайлы біраз теория пайда болған; біреулер оны Тоқаев саяси ықпалының көбеюімен байланыстырса, басқалар ол биліктегі элита арасындағы қақтығыстан шыққан дейді.
1 қыркүйекте берген Халыққа жолдауында Тоқаев жоспарланған жеті реформа жайлы сөйледі. Оған қоса ол Қазақстанның әлеуметтік жүйесін оңтайландыру, өнімділікті арттыру және жасыл экономиканы құру, бизнес жағдайын теңестіру, білімге көбірек инвестиция салу және басқаруды қадағалау туралы айтты.
### 2021
2020 жылғы күзде Тоқаев 2021 жылғы парламент сайлауы өтетін күнді бекітті. Президент сөзінше, «Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады». Сайлау күні Тоқаев үкіметтің заңға сәйкес қызметінен босатылатынын және премьер-министр мен кабинет мүшелерін тағайындау мәселесінде жаңадан сайланған депутаттармен және партия жетекшілерімен кеңесетінін айтты. Сайлау нәтижесінде биліктегі Нұр Отан партиясы қайта көпшілік партиясы болды да, Асқар Мамин премьер-министр болып қайта сайланды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) сарапшылары «сайлау еш бәсекесіз өтті» және «саяси партияның барлығы да биліктегі партияның жобаларын қолдай береді, сайлаушылардың таңдайтын еш саяси альтернативасы жоқ» деген.
2021 жылғы 28 сәуірде Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясының (ҚХА) төрағасы қызметінен кетті. Оның ізбасары президент Тоқаев болды, оның төрағалыққа үміткерлігін ҚХА мүшелерінің көпшілігі қолдады. Тоқаев Назарбаевты «тарихи еңбегі» үшін Ассамблеяның Құрметті Төрағасы қылды.
2021 жылғы 23 қарашада Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Назарбаевтың Нұр Отан жетекшісі лауазымының Тоқаевқа беретінін жариялады.
### 2022
2022 жылғы қаңтарда орын алған ірі наразылық шараларынан кейін Тоқаев Асқар Мамин мен оның үкіметін қызметінен босатты. Бастапқыда наразылық акцияларының жұртшылықты тыныштандыруға тырысып, Тоқаев жаңа реформаларын жариялауды жоспарлаған және сұйытылған табиғи газ, дизель отыны және бензин, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өзге де тауарлар бағаларын бақылауды енгізген еді, алайда наразылық шараларының жалғаса бергенінен Тоқаев армияға наразылық білдірушілерге қарсы күш қолдануды және «ескертусіз оқ атуды» бұйырды. 11 қаңтарда Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қылып тағайындады.
2022 жылғы 16 наурызда Тоқаев конституциялық реформалардың бекітілуін және президент өкілеттіктерінің азаюын ұсынды. Оның сөзінше, елдің «суперпрезиденттік республика» жүйесінен «күші бар парламентті президенттік республикаға» көшкені жөн. 26 сәуірде ол Аманат партиясынан шықты. 5 маусымда өткен референдум нәтижесінде президентке президенттігі кезінде партия құрамында болуына тыйым салынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 20 қарашада өткен кезектен тыс президент сайлауында жалпы дауыстың 81,31% жинап, жеңіске жетті. 2022 жылғы 26 қарашада оның екінші ұлықтау рәсімі өтті.
### 2023
Тоқаев қызметке кіріскеннен кейін 2023 жылғы қаңтарда Сенат сайлауының өтетінін жариялап, бұл сайлауды «саяси жаңғыру үдерісін жоспарлы түрде жалғастырудың» бір бөлігі ретінде көретінін атап өтті де, сайлау қорытындысы бойынша «сенаттың депутаттық корпусының бір бөлігі бәсекелестік және ашықтық қағидаттары негізінде жаңарады» деді. Сайлау кезінде өз үміткерлігін жариялаған 130 кандидат арасынан жергілікті мәслихаттар 20-ын сенатор қылып сайлады (Конституция бойынша сенатқа әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала мен астанадан екі депутаттан сайланады). Қалған 10 кандидатты президент ұсынады, олардың жартысы халық ассамблеясының ұсынысы бойынша.
2023 жылғы 19 қаңтарда Тоқаев 7-шақырылған Мәжілісті ресми түрде тарату және кезектен тыс парламент сайлауын 2023 жылғы 19 наурызда өткізу туралы президент жарлығына қол қойды. Бұл күн әдейі Наурыз мейрамы мен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев отставкасының төрт жылдығына орай таңдалды деп есептеледі. Жарлыққа қол қойған кезінде Тоқаев Мәжіліс депутаттардың жұмыстарына жоғары баға беріп, олар «жоғары кәсібиліктің, азаматтардың алдындағы жауапкершіліктің және шынайы патриотизмнің» үлгісін көрсеткенін айтты. Ол сондай-ақ кезектен тыс сайлау «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен сәйкес келетін «мемлекеттік билік институттарын жаңғыртудың» соңғы кезеңі болатынын айтты. 27 наурызда сайлау нәтижесі ресми түрде жарияланды да, ең көп мандатқа ие болған партияның Аманат болғаны белгілі болды. Сайлаудан кейін көп ұзамай Екінші Әлихан Смайылов үкіметі де өз қызметін бастады.
15 ақпанда Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың көптеген артықшылықтарын, соның ішінде мемлекеттен өмір бойы қаржылай қолдау көру, халыққа үндеу жасау және шенеуніктерге кеңес беру құқықтарын жою туралы заңға қол қойды және оның жақын туыстарын заңды иммунитеттен айырды. Көп ұзамай Назарбаев заң бойынша Елбасы құрметті атағынан да айырылды.
Тоқаев 9 мамырда Мәскеуде өткен Жеңіс күніне орай өткен парадқа қатысты. Бұл Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бергі екінші Жеңіс шеруі болды, бірақ 2022 жылғы парадтан айырмашылығы, бұл жолы Мәскеудегі парадқа бірнеше шетелдік көшбасшылар, соның ішінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
2023 жылғы маусымда Абай облысында найзағай нәтижесінде ірі өрт басталды. 11 маусымда Тоқаев облысқа ұшып келді де, сол күні елде жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады. Сол күні кешке ол өрт сөндіру кезінде қаза тапқандардың барлығын "Құрмет" орденімен марапаттады. Ауқымды өрт 13 шілде күні 13:00 де толығымен сөндірілді.
2023 жылғы 3 қарашада Астанада Тоқаев төрағалық еткен Түркі Мемлекеттері Ұйымының 2023 жылғы саммиті өтті.
### 2024
2024 жылғы наурызда, Атырауда айтқан Ұлттық Құрылтай алдындағы сөзінде Тоқаев Қазақстан елтаңбасы дизайнының өзгеретінін және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатынын айтты. Елтаңбаның дизайны оның «Кеңес заманындағы елтаңбаға ұқсата» бергеннен және тым «эклектрикалық», «күрделі» болғанынан өзгертілетіні де айтылды. Тоқаев оған қоса діни киімді сынады да, оны «дәстүрлі құндылыққа жасалған ашық шабуыл» деді.
2024 жылғы маусымда Тоқаев сол жылғы күзде елдегі атом электр станциясының құрылысы жайлы референдум өтетінін жариялады. Референдумның өтетін нақты күнін үкіметтің өзі жариялайтын болады.
### Саяси реформалары
2022 жылғы мамырда Тоқаев "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы", "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы", "«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" және "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы" заңдарына қол қойды. Ол өзінің халыққа Жолдауында «заманауи мемлекет құру үшін Қазақстан көппартиялы жүйе құруы керек» деп, биліктегі Нұр Отан партиясы басқа партиялармен көбірек ынтымақтасуы керектігін айтты.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясы
Тоқаев мемлекеттік саясатының маңызды элементтерінің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» идеясын (кейде Естуші мемлекет, не Тыңдаушы мемлекет) ұсыну болды, онда мемлекеттік басқару «мемлекет үшін азамат емес, азамат үшін мемлекет» деген қағиданы ұстанатын болады. Тоқаев азаматтық қоғамды тыңдайтын мемлекет концепциясын ілгерілететін саяси реформалар жүргізуді жақтады. Сондай-ақ Тоқаев 2021 жылы ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерін тікелей сайлауды өткізуді ұсынды және ол жайлы заң жобасына 2020 жылы қол қойды.
2021 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде тіркелген 5 партияның үшеуі ғана Мәжілістегі мандатқа қол жеткізді. 7-Парламенттің ашылу рәсімінде Тоқаев пайыздық тосқауылдың 7% 5% түсірілгенін және "Бәріне қарсымын" таңдауының бюллетеньге қайта қойылғанын ұсынды. Парламент Тоқаев ұсынған бұл конституциялық реформаларды қабылдады да, ол 2021 жылғы 25 мамырда күшке енді.
Ұлттық Құрылтайдың құрылуы
2022 жылғы 14 маусымда Тоқаев Ұлттық Құрылтайды құру туралы заңға қолын қойды. Бұл орган Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ізбасары болды.
Өлім жазасы
2019 жылғы желтоқсанда Тоқаев Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қол қоятынын айтты. Оның бұл сөзі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің адам құқығы туралы талқысынан кейін айтылған еді. Осы жерден Тоқаев Сыртқы істер министрлігіне елдегі өлім жазасын жою шараларын белгілейтін Екінші факультативтік хаттамаға қосылу процесін бастау міндетін қойды.
қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Қайрат Омаров хаттамаға қол қойды. 2021 жылғы 2 қаңтарда Тоқаев өлім жазасын жойған заңнамаға қолын қойды.
### Экономикалық реформалары
Тоқаев президент болған алғашқы айларда халықтың әлеуметтік осал топтарына түсетін жүктемені азайту мақсатында банктерге үкіметтік көмек көрсетуді тоқтатты және несиелерді кешіру жүйесін енгізді. 2020 жылы мұғалім, дәрігер мен әлеуметтік қызметкерлердің жалақылары өсті.
COVID-19 пандемиясының себебінен шыққан жаһандық рецессия барысында Тоқаев үкіметке «барлық әлеуметтік міндеттемелерді» орындайтын дағдарысқа қарсы жоспар құруды тапсырды. Жауап ретінде арзан несие, салықтық жеңілдіктер, аудитті қысқарту және жұмыспен қамтуды ынталандыру арқылы жеке сектордың ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталған бірқатар пакеттер ашылды. Пандемия өршіген сайын тауарларға инфляция өсе бастады, бұл әсіресе Қазақстанның батысында әлеуметтік және еңбек наразылығының артуына әкелді. Тоқаев бұған жауап ретінде үкімет пен орталық банкті тым «дәрменсіз» деп айыптап, оларды инфляция деңгейін төмендетуге шақырып, мемлекеттік бюджеттегі ақша массасының артық мөлшерін атап өтті.
2021 жылғы қыркүйекте елдегі ең төмен жалақы 2018 жылдан бері тұңғыш рет өсірілді.
COVID-19 пандемиясы
2020 жылғы наурызда Қазақстанда COVID-19 індетінің таралуына байланысты Тоқаев 15 наурызда елде төтенше жағдай енгізді.
Тоқаев ұлттық телеарна арқылы сөйлеген сөзінде «Мемлекет жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» арнайы жарлыққа қол қойғанын атап өтіп, құжаттар мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға, билік вертикалын нығайтуға және барлық қажетті шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Вирустың таралуын тежеу үшін Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларды да, Жеңіс күніне арналған әскери парадты да тоқтатуға бұйрық берді.
COVID-19 вакцинациясының жақтаушысы ретінде Тоқаев Денсаулық сақтау министрлігі мен бүкіл үкіметтің вакцинаны енгізудің алғашқы айларындағы баяу қарқыны үшін сынға алды. Вакцинаға деген қоғамның сенімін арттыру мақсатында Тоқаев 2021 жылғы сәуірде Қазақстанда шығарылған Спутник V COVID-19 вакцинасының дозасын алды, баспасөз хатшысының айтуынша, Тоқаев нәтижеде ешқандай жанама әсер сезінбеген.
Білім беру
2019 жылғы сәуірде өткен мұғалімдер конференциясында Тоқаев төрт жыл ішінде Қазақстандағы мектеп мұғалімдерінің орташа жалақысы екі есеге өсетінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Білім және ғылым министрлігіне аз қамтылған отбасылардағы және әлеуметтік жағдайы төмен аудандардағы мектептердегі балалардың академиялық алшақтығын жою үшін арнайы бағдарламалар әзірлеп, іске қосуды тапсырды да, әсіресе ауыл мен қала арасындағы білім берудегі теңсіздікті еңсеру қажеттігін атап өтті.
Энергетика
Тоқаев 2019 жылғы сәуірде атом электр стансасының Қазақстанда орнатылу қажеттігін білдіріп, ел 2030 жылға қарай электр энергиясының тапшылығына тап болады деп мәлімдеді.
2021 жылғы мамырда Тоқаев Төмен көміртекті даму тұжырымдамасын жариялады, бұл — 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансын дамыту арқылы Қазақстанның көмірге тәуелділігін азайтуды көздейтін жоба.
Экология
2019 жылғы 17 маусымда Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін құрды да, тұңғыш министрі қылып Мағзұм Мырзағалиевты тағайындады. Министрлікке қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, минералдық-шикізат базасын геология мен молықтыру, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды, су және сарқынды суларды тазарту, орман шаруашылығын қадағалау өкілеттігі берілді. 2023 жылғы 4 қаңтарда министрлік ыдыратылды, орнына Индустрия және инфрақұрылымдық даму мен Экология және табиғи ресурстар министрліктеріне бөлінді.
Тоқаев Алматының ластанған ауасы жайлы алаңдайтынын айтқан. Ол 2021 жылы үкіметке, қалалық әкімдікке және «Самұрық-Энерго» компаниясына стансадан шығатын зиянды шығарындыларды шектеу үшін «Алматы-2» ЖЭО-ны табиғи газға көшіру туралы түпкілікті шешімді орындауды тапсырды. Алайда 2022 жылғы сараптар Алматы ауасының тазалығы жақсармай жатқанын дәлелдеді.
Денсаулық сақтау
2020 жылғы 7 шілдеде Тоқаев «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа кодекске және «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, ол медицина қызметкерлерінің заңи қорғауын күшейтті, азаматтың вакцинацияға қатысты құқықтарын қайта анықтады. Сондай-ақ, кодекс электронды темекіні тұтынуға шектеу қойып, снюс пен басқа да шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелуге, өндіруге және таратуға тыйым салды, сондай-ақ темекі өнімдерін 21 жасқа толмаған тұлғаларға өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізді.
### Сыртқы саясаты
Тоқаев өзінен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сыртқы саясатты жалғастыратынына уәде берді. Бұл саясат шетел инвестицияларын тарту, көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу және аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қамтиды. Биліктегі алғашқы айда ол 4 мемлекет басшысымен кездесті, оның екеуін ол шетелде көрсе, қалған екеуін Нұр-Сұлтанда қарсы алды.
Ресей
Тағы қараңыз: Қазақстан-Ресей қатынастары
Саясаттанушы Рико Айзекстің пікірінше, Тоқаевтың Назарбаев орнын алу шешімі елдегі демократиялануға жол бермеу үшін жасалған. Айзекс ойынша елдің демократиялануы Назарбаевтың мұрасы мен елдің Ресеймен қарым-қатынасына нұқсан келтіретін еді. Тоқаев қызметіне кіріскеніне кейін екі апта өткен соң, 2019 жылғы 4 сәуірде Мәскеуге өзінің алғашқы шетелдік сапарымен барып, Владимир Путинмен кездесті. Сапар барысында Путин Тоқаевқа елде ұсынылып отырған атом электр станциясының құрылысына ресейлік көмек көрсетуді ұсынды. 2019 жылғы маусымда Тоқаев АЭС салу туралы шешімнің жергілікті халық қалауымен, «тіпті, қажет болса референдум арқылы» да, қабылданатынын мәлімдеді.
2020 жылдың соңына қарай ресейлік депутаттар Вячеслав Никонов пен Евгений Фёдоров бүкіл Қазақстан жерін Кеңес Одағының сыйлығы деді де, Ресей бұл жерді жалға берген деген тұжырым жасады. Бұл тұжырымдар Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі тарапынан реакция тудырды, министрлік «арандатушылық» тудыратын бұл шабуылдар салдарынан екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзыла алатынын айтты. Тоқаев Егемен Қазақстанға берген сұхбатында "бірнеше шетел азаматының" екі ел арасындағы қатынастарды "нашарлағысы" келетінін айтқан және "Қазақстанға осы ірі жерді ешкім сыйлап бермеген" деген.
Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Тоқаев Ресейдің Донецк және Луганск Халық Республикалары атты қуыршақ мемлекеттерін мойындамайтынын айтқан. Оның сөзінше "біз Тайваньды да, Косовоны да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Бұл принципті Луганск пен Донецктің квазимемлеттік құрылымына да қолданамыз".
Тоқаев сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қарсы салынған Батыс елдер санкцияларын орындайтынын және бұл елдің «Ресей мен Беларуське қойылған шектеулерді сақтайтынын» атап өтті.
2023 жылғы 9 мамырда ол Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған парадқа қатысып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Қытай
Тағы қараңыз: Қазақстан-Қытай қатынастары
Тоқаев 2019 жылғы қыркүйекте Қытайға екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Онда ол Бейжіңде Төраға Си Цзиньпинмен кездесті, кездесу барысында екі көшбасшы да тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестік құруға келісті. Бейжің университетіне сапары барысында ол өзінің бұрынғы тіл оқытушысы Лю Шициньмен, сондай-ақ бірнеше қазақстандық студентпен кездесті. Шицинь Тоқаевты қытай тілін жетік меңгерген «көпшіл, белсенді, жылдам» және «ең жақсы студенттерінің бірі» деп сипаттады.
Посткеңестік кеңістік және Орталық Азия
Тағы қараңыз: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Армения-Қазақстан қатынастары, Әзербайжан-Қазақстан қатынастары, Қазақстан-Қырғызстан қатынастары және Қазақстан-Өзбекстан қатынастары
2019 жылғы 14 сәуірде Тоқаев көршілес Өзбекстанға жол алып, президент Шавкат Мирзиёевпен келіссөздер жүргізді. Бұл «екінші президенттердің» тұңғыш кездесуі еді. 16–17 мамыр күндері Тоқаев 12-Астаналық экономикалық форумға бірнеше мемлекет басшыларын, соның ішінде Армен Саркисян мен Мамука Бахтадзені шақырған. Саммиттің бастауында Нұрсұлтан Назарбаев болған. Ол сондай-ақ 29 мамырда Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения және Молдова өңірлік басшыларын қабылдады.
2019 жылдың аяғында Қырғызстанға сапары кезінде ол Бішкектегі қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйінде болып, марқұм жазушының жұбайымен кездесіп, 1989 жылы Бейжіңде Айтматовпен алғашқы кездесуін еске алды.
Екінші Таулы Қарабақ соғысы орын алғанда Тоқаев Арменияның өз әскерилерін даулы аймақтан шығарғанын талап етті.
Еуропа
Тағы қараңыз: Қазақстан-Еуропа Одағы қатынастары
Сыртқы істер министрі ретінде Тоқаев 2006 жылғы 3–4 қазанда Берлин, Германияға сапар жасап, Еуропалық парламент Сыртқы істер комитетінің алдында сөз сөйледі. Сөйлеген сөзінде Тоқаев 2009 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымын (ЕҚЫҰ) жетектеуге Қазақстанның үміткерлігін ұсынды. Ол өз сөзінде Еуропа Одағы, Қытай және Үндістан арасындағы энергия көздерін қамтамасыз ету жолындағы бәсекені талқылап, Қазақстан «мұнай өндіруді ұлғайтуға қабілетті өте аз елдердің бірі және осылайша Қазақстан жаһандық және еуропалық нарықтар үшін маңызды баламалы энергия жеткізушісі бола алады» деді. Ол, оған қоса Әзербайжан арқылы өтетін Транскапсийлік газ құбырының құрылуына қарсы шықты; бұл жобаның орындалуын Каспий теңізімен шектесетін басқа елдердің қарсылығының ықтималдығына байланысты ЕО шенеуніктері қалаған еді. Германиялық Сыртқы істер кеңсесінің өкілі Гернот Эрлер Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ президенті болғанын қолдаса, португалиялық социалистік депутат Ана Гомес Тоқаевқа "Министр, сіз ЕҚЫҰ төрағалығына үміткерсіз. Дегенмен, ЕҚЫҰ сіздің өткен сайлауларыңыз шынайы сайлаудың халықаралық стандарттарына сай келмейтінін айтты. Біз еліңіздегі саяси оппозицияның жаншылып жатқанын естіп жатырмыз, тіпті діни топтардың жаншылып жатқанын да естиміз" деді. Тоқаев Қазақстандағы саяси оппозициялық күштер өздерінің әлсіз тұстарына байланысты «үкіметке қарсы тұра алмайтынын» айтқан да, қазақстандықтар демократия туралы «білім алуы» қажет, [олар үшін] бұл концепция шетелдік келеді. Тоқаев сөзінше үкімет діни толеранттықты приоритет қылып көреді. Ол ЕҚЫҰ жасаған сайлау туралы есепті «техникалық қиыншылықтары болған» деген және «әділ жасалмағаны» үшін сынаған да, бәрін «өзара түсіністікке» шақырды. Ол одан әрі оның үкіметі «Орталық Азияда орналасқан ел ретінде өкіл ретінде үлкен үлес қоса алады» деп сенетінін айтты.
2019 жылғы 4 желтоқсанда Германияға жасайын деген мемлекеттік сапарының алдында Тоқаев Неміс толқынына сұхбат берген еді. Ол жерде ол Германияны "Қазақстанның аса маңызды Еуропалық әріптесі" деп атады. Сол сұхбатында ол Ресей Федерациясының Қырымды аннексиялауын басып алу деп есептемейтінін айтып, сонымен бірге «Ресей басшылығының даналығына сенетінін» айтты, осы үшін сынға алынды да, Украина Сыртқы істер министрлігі осы сөзі үшін Қазақстанға қарсы демарш жариялаған еді.
АҚШ
Тағы қараңыз: АҚШ-Қазақстан қатынастары
Тоқаев 2006 жылғы 25 қыркүйекте Уолдорф-Астория қонақүйінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен және АҚШ Мемлекеттік хатшысының адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Барри Лоуэнкронмен кездесті. Associated Press агенттігінің журналисі Энн Гиранның айтуынша, кейбір сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы саяси жағдайдың нашарлауына қарамастан, АҚШ Қазақстанмен қарым-қатынасын жақсартқысы келеді. Қазақстандық мұнай өндірісі айтарлықтай өседі деген болжамдар болған және Қазақстанды басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда «тым авторитарлық, тым тұрақсыз, тым кедей емес» деп сипаттаған. Тоқаевпен кездесудің алдында Райс келіссөз барысында адам құқығы, не энергетиканың «қайсы бірінші орынға келеді» деген сұраққа ол жауап беруден бас тартты.
Президент болғанынан кейін Тоқаев Қазақстанның стратегиялық одақтастарымен, соның ішінде Америка Құрама Штаттарымен, бар дипломатиялық қатынастарды жалғастыра берді. 2020 жылғы 2 ақпанда ол Нұр-Сұлтанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен кездесті, келіссөздер барысында екі ел арасындағы қатынастарды жақсартудың және сауда, инвестиция, IT-технология, демократиялық құндылықтарды күшейтудің және терроризмге қарсы күрестің маңызы айтылды. Кейбір аналитиктердің ойынша, Помпеоның Қазақстанға сапары Қытайдың елдегі ықпалына қарсы жасалған еді, өйткені Помпео бұдан бұрын Шыңжаңдағы лагерьлердің құрбаны болған этникалық қазақ отбасыларымен кездесіп, Тоқаевты этникалық ұйғырлар мен қазақтарды қудалауы үшін Қытайға қысым көрсетуге шақырды.
## Саяси көзқарасы
Тоқаевты жергілікті және халықаралық биліктегі тәжірибесі бар «ұстамды консерватор» деп сипаттайды. Сонда да The Wall Street Journalға берген сұхбатында Тоқаев өзін «реформашы» қылып сипаттады да, саяси реформасыз экономикалық реформалар болмайды деген.
The Diplomat басылымының жазуынша, Тоқаевтың саяси капиталы Назарбаевтың қолдауынан асып түспеді, бұл оған бизнес-элитадан, мемлекеттік қызметшілерден және саяси институттардан қолдау мен сенім алуға мүмкіндік берді. Осы себепті Тоқаев «Назарбаевтың саяси тумасы» деп сипатталды және оның қарсыластары мен сыншылары оны «жиһаз» (орыс. мебель) деп атады, бұл келемеждік терминді алғаш рет 2019 жылы қуғындағы қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Әблязов ойлап тапқан еді.
### Сыбайлас жемқорлық
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қатысты өзінің көзқарасын сипаттап, оны «ұлттық қауіпсіздікке тікелей залал» деп атады да, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі әкімдердің ірі жауапкершілігін айтып кетті. 2019 жылғы 28 қарашада мекемедегі жоғары лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп танылса, мүше болған министр мен әкімдерді отставкаға кетуге міндеттейтін заң жобасы бекітілді.
### Орыс тілі
Президент ретінде Тоқаев қазақстандық жұртшылықты қазақ тілін үйренуге шақырып, оны «әрбір қазақстандықтың міндеті» деп атады. Сонымен қатар, ол қазақ тілінің рөлін күшейту орыс тіліне нұқсан келтірмеу керек деп есептей отырып, бұл мәселені дұрыс қарастырмаған жағдайда «түзетілмейтін зардаптар» бола алатынын айтты да, Украинадағы ұлтаралық қақтығыстарды атап кетті. 2023 жылғы 13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы қатынаста орыс тілінің "ерекше рөлі" туралы айтқан.
Ресей президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше Тоқаев «орыс тілін дамыту үшін халықаралық ұйым құрылуын ұсынды». Қазақстан президентінің ресми сайты бұл жайлы хабарлаған жоқ. 2023 жылғы 18 қазанда Тоқаев бұл халықаралық ұйым жобасын мақұлдады да, бұл шешімді «тарихи шешім» деді.
## Өз өмірі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұбайы (некеде 1980–2020,[дереккөзі?] ажырасқан) Надежда Давыдовна Тоқаева (27 қыркүйек 1957 жылы туған) болған. Ол — Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңсесі Әйелдер Гильдиясының бұрынғы құрметті президенті (2011–2012), Қазақстанның бірінші ханымы (2018–2020). Мәскеу тарих және мұрағат институтының түлегі, Ресей азаматы.
Тоқаевтардың ұлы Тимур Кемел (1984 жылы туған) — БЭСК Холдинг компаниясының, Қараоба-2005 және Kazakhstan Tungsten & Molybdenum Company ЖШС құрылтайшыларының бірі, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады. Леман колледжінің (Женева, Швейцария), Вебстер университетінің (Беллевю, Швейцария) және Ресей Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясының түлегі. Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2009 жылдан бастап). Әйелі — Елдана Сейітқәліқызы Шалабаева (Бәтима Зәуірбекова мен Сейітқәлі Шалабаевтың қызы).
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Кемелқызы Ізбастина (Тоқаева; 19 қыркүйек 1956 жылы туған) — Аби Петролеум Кэпитал ЖШС директоры. Күйеуі Теміртай Ізбастин (10 қыркүйек 1957 жылы туған) — Қазақстанның Болгариядағы елшісі (2019–2022) және Дипломатиялық миссиясының басшысы (2009-2019).
* Қызы Дана Теміртайқызы Медеуова (1978 жылы туған) Болгариядағы Dami Investment, Dami International, SD Property Investments компанияларына иелік етеді.
* Үлкен ұлы (1981 жылы туған) Қаныш Теміртайұлы Ізбастин — БРК-Лизинг (2008–2012), KazExportGarant экспорттық несиені сақтандыру корпорациясының (мамыр–қараша 2012), ҚазАгроҚаржы (2015–2021) төрағасы. Әйелі Ботагөз Қозыкөрпешқызы Қарбузова (1982 жылы туған; Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Қарбузовтың қызы) — КЕҢСЕ 99 ЖШС директоры. Балалары: Сара Айлэн (2009), София (2011), Салма (2013).
* Ортаншы ұлы Мұхамед Теміртайұлы Ізбастин (1983 жылы туған) — TSM Group құрылтайшысы, Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын еншілес басқарады. Қазақстандық Forbes журналы бойынша 2022 жылғы ең ықпалды 50 кәсіпкердің қатарына кіреді.
* Кіші ұлы Бекет Теміртайұлы Ізбастин (1984 жылы туған) - PSA бас директоры.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың басқа қарындасы Қарлығаш Кемелқызы Тоқаева (1960 жылы туған) — саясаттану ғылымдарының кандидаты. Екеуінің тағы екі ағайындысы бар; Қанат пен Бақыт.
Тоқаев — полиглот, қазақша, орысша, ағылшынша, қытайша және французша сөйлейді және Қазақстанның үстел теннисі федерациясының 13 жыл бойғы президенті болған.
Тоқаев өз туған күнін тойламайтынын айтқан. Бұл президент отбасында туған күн тойлау дәстүрінің болмауына байланысты қалыптасқан.
Швейцариялық Public Eye ұйымының мәліметі бойынша, 2010 жылдары Тоқаевтың ұлы Тимур мұнай және металл өндіру саласында бизнеске ие болған. 2021 жылғы желтоқсанда Алексей Навальныйдың командасы Ресейдің жылжымайтын мүлік тізіліміне зерттеу жүргізгенде Тоқаев туыстарының ресейлік мүлкі туралы деректердің Росреестрден жойылғанын анықтады.
## Кітаптары
* «Организация Объединенных Наций: полвека служения миру» (1995),
* «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» (2000),
* «Дипломатия Республики Казахстан» (2001)
* «Слово об отце» (2005),
* «Свет и тень» (2007),
* «Он делает историю» (2010).
## Марапаттары
## Құрметті атақтары
* Дүниежүзілік гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының «Даналар кеңесінің» мүшесі
* Шэньчжэнь университетінің құрметті профессоры (Қытай)
* Ресей СІМ Дипломатиялық академиясының құрметті профессоры және құрметті докторы, сенімді кеңесінің мүшесі
* Қазақстан Халықаралық қатынастар кеңесінің құрметті президенті
* Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің құрметті деканы
* Женева университеті «Академикус» грамотасының иегері
* С.Н. Рерих атындағы естелік медалінің иегері.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасының Үкіметі;
* Қазақстанның мемлекеттік құрылымы;
* Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметі — 1999–2002 жылдары қызметте болған, Тоқаев басқарған Министрлер Кабинеті.
## Дереккөздер |
Сарайшық — орта ғасырлық қала, Жошы Ұлысының ірі сауда және экономикалық орталығы. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 45 км жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында, Махамбет ауданы Сарайшық ауылы маңында орналасқан.
## Тарихы
Сарайшық (Сарай-Жүк) қаласы дереккөздерге сәйкес 13 ғ. Бату ханның кезінде салынған. Қала үстімен Еуропа елдері мен Алтын Орда астанасынан Хорезм қалаларына, сондай-ақ Үндістан, Ирак және Қытайға басты құрлықтық керуен жолдары өткен. Бірқатар қолайлы жағдайлар салдарынан Сарайшық, көптеген талантты шеберлердің қолдарымен салынған салтанатты сарайлар, ақша сарайы, керуен-сарай, моншалар, мешіттер, медреселер мен басқа да әсем құрылыстарымен, тез арада Жошы Ұлысы империясының басты саяси, сауда-экономикалық және мәдени орталықтарының біріне айналған. Керуен саудасынан келетін түсім, әскери олжа, жергілікті халық төлейтін салық және аса мол арзан еңбек күшінің есебінен Сарайшық қаласы тез өсті. Сарайшық туралы алғашқы естеліктерді, Ұлысу (Жайық) өзеніндегі көпір туралы араб саудагер-саяхатшысы Ибн Батута қалдырды. Ол бұл аймаққа 1333 (1334) жылы Өзбек ханның (1312-1342 ж.ж.) билігі тұсында келген. Сарайшықтың қарқынды дамуына Берке ханның (1257-1266 ж.ж.) жаңа дін – исламды қабылдауы да септігін тигізді. Кейіннен Өзбек ханның тұсында ислам - Алтын Орданың мемлекеттік дініне айналды, едәуір уақыт алшақтығына қарамастан, бұл екі тарихи оқиға да Сарайшық қаласында орын алған. Бұл Сарайшықтың ерекше маңызын, бүкіл Алтын Орданың рухани-идеялогиялық орталығы болғандығын көрсетеді. Сарайшықта Алтын Орданың бірнеше хандары мен тарихи тұлғалары жерленген, оның ішінде Меңгі-Темір (1266-1281 ж.ж.), Тоқты (1280-1312 ж.ж.), Жәнібек (1342-1357 ж.ж.), Бердібек (1357-1359 ж.ж.), Тоқтамыс ханның басы (1380-1406 ж.ж.) және қазақ ханы Қасым (1511-1524 ж.ж.) бар.
Алтын Орданың ыдырауынан кейін Сарайшық XVI ғасырдың 40-жылдарына қарай біртұтас Ноғай Ордасы мемлекеті боп қалыптасқан Маңғыт жұртының астанасы болды. Атақты Қасым хан да (1511-1524 ж.ж.) Сарайшықты Қазақ мемлекетінің астанасы етеді. Қасым ханның кезінде Қазақ хандығының аумағы қазіргі Қазақстанның көлемінде кеңейеді, ал тұрғындар саны миллионнан асады. Бірақ, Қазақ хандығы тарихындағы шиеленісті жағдайлар нәтижесінде, Қасым хан мұрагерлері тұсындағы аумақ тұтастығын және ел тәуелсіздігін қорғауға байланысты, сансыз қақтығыстардың кесірінен Сарайшықтан уақытша айырылуға мәжбүр болды. Ақыры 1568 жылы Хақназар хан (1538-1580 ж.ж.) Қазақ хандығы құрамына Сарайшықты қайтарып алды.
Сарайшық қаласы 1580 жылы казактардың қарақшылық шабуылы нәтижесінде түпкілікті құлайды.
Қала құландысына 1937 жылы кәсіби археолог Н.Арзютов ғылыми зерттеу мақсатында археологиялық қазба жұмысын жүргізді. 1950 жылы академик Ә.Х.Марғұлан да Сарайшыққа қазба салады. 1996-2008 ж.ж. Сарайшық қаласы орнына археолог З.Самашевтың жетекшілігімен кең көлемді археологиялық қазба жұмыстары жүрді. 2019 жылдан бастап "Сарайшық" музей-қорығының археологтары қала орнында тұрақты зерттеу жүргізуде. Сарайшық қаласы құландысындағы зерттеулер нәтижесінде, Алтын Орда кезеңіндегі қала мәдениетінен, ортағасырлық Батыс пен Шығыс өркениеті орталықтарымен мәдени байланыстар және сауда-экономикалық дамудың серпіні жөнінде бай материалдар жинақталды. Қала орнында ондаған көп функционалды бөлмелерден тұратын тұрғын үй-шаруашылық кешені қазылды, жергілікті немесе шеттен келген сырлы және сырланбаған қыш бұйымдардың көптеген үлгілері алынды. Оның ішінде алтынмен әшекейленген, зооморфты немесе өсімдік тәріздес оюларымен ерекшеленетін түрлері де кездеседі. Сырлы қыш бұйымдардың сынықтарында діни немесе басқа тақырыптағы жазулар бар. Бұл қыш материалдардан басқа, түрлі тұрмыстық-шаруашылық маңызы бар заттар, қару-жарақ бұйымдары және сансыз көп тиындар табылды. Сарайшық пен оның төңірегінің қалалық мәдениеті Төменгі Поволжьенің, Хорезмнің және Орта Азияның үйлесімді мәдениетімен салыстырғанда, өзіндік ерекшелікке ие, бұл оның терең далалық тамырын соншалықты дәрежеде қамтуында, Дешті-Қыпшақ пен Ұлы Даланың басқа да шеткі аймақтарымен тығыз байланысында көрінеді. Қаланың өте тамаша жобаланып салынған түзу де кең көшелері мен алаңдары болған. Қаланың келбетінен шығыстың әсері айрықша байқалады.
## Жазба деректер
Сарайшық туралы алғашқы жазба дерек қалдырған арабтың белгілі географ-ғалымы, саяхатшысы - Ибн-Батута. Ол өзінің саяхаттарының бірінде 1334 ж. «Үлкен Сарай» қаласынан шығып (Сарай-Берке — Алтын Орданың бас қаласы), Азияға жасаған сапарында Сарайшық қаласында болған. Бұл жөнінде ол,
Біз Сарай қаласынан ат жеккен арбамен он күн жол жүріп, Сарай-жук қаласына жеттік. Бұл «Ұлысу» деп аталған үлкен, терең, ағысы қатты өзеннің жағасындағы гүлденген әсем қала екен және дүние жүзіндегі Бағдаттан кейін екінші жүзбелі көпір осында екен.
Бұдан кейін Сарайшық жөнінде жазба дерек қалдырған орыс патшасы Иван Грозныймен дос болған ағылшын көпесі - Антоний Дженкинсон. Ол 1558—59 жж. Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауына саяхат жасауы кезінде Сарайшық қаласына соғып былай жазған:
Теңізден бір күндік сапарда үлкен өзен жағасындағы гүленге Сарайшық деген қалаға келдік. Бұл қала орыс патшасымен көңілдес Измаил деген татар князінің қол астында екен. Шығыс пен батысты байланыстыратын керуен жолының үстінде болғандықтан қолөнері мен саудасы дамыған қала екен.
## Зерттеулер
Қазақ археологиясының атасы Әлкей Марғұлан өзінің 1950 ж. жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде «қала 12 ғ. салынған» деп айтады. Әлкей Марғұланның айтуына қарағанда кезінде қалада үлкен қыш күйдіру, темір қорыту цехтары мен ұстахана, ақша жасау шеберханалары болған.
1909 жылы жергілікті балықшылардың ауына керамикалық ірі құмыра ілініп шыққан. Бұл құмыраның иіні мен бүйірінде жазулар жазылған. Құмыра сол кездегі губерния орталығы Орал қаласындағы музейге тапсырылады. Құмырадағы жазуды ғалымдарға оқытқанда Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанындағы жазбамен мәндес:
Адам көркі – жүз,бұл жүз көркі – көз,Ауыз көркі – тіл,бұл тіл көркі – сөз.Тағы көрік кісіге –білім мен өнер,Жанын құрбан етер білім үшін ер, - деген шумақ шыққан. Ал бүйіріндегі “Бұл күбіге көз жасын құяр болар” деп жазылған. |
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр Қазы хан, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка-хан, Тевкихан, Девак хан, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы, Есім ханның немересі. Анасы Бану ханым ойраттың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.
## Өмірбаяны
### Ішкі саясаты
Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жас сұлтан Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті әскери қимылдар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
1672 жылы қазақ ханына жоңғарлардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.
### Сыртқы саясаты
Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681–1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).
1687 жылдың көктемінде Қалдан әскері қазақ хандары мен сұлтандарының қол астындағы Түркістан, Сайрам, Манкент, Қарасман, Шымкент, Текек, Жанқорған, Қарамұрт, Отырар, Ташкент, Чиназ қалаларын жаулап алып, қиратқан. 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне бірнеше соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Бұхар жылнамашысы Мұхаммед-Әминнің мәліметіне сәйкес қазақ билеушісі Ташкентте сол жылдың қысында Субханқұл ханның елшісі Күшік-би аталықты қабылдаған. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер) тараған. Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687–1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобольск қаласына бес арнайы елшілік аттанған. 1687 жылғы елшілікті Тасым батыр, ал 1689 жылғы елшілікті Түменші батыр басқарған. Сары және Келде мырзалар 1691 жылдың көктем-жаз айларында Ямышев көліне қарай бет алып, тобыл татарлары Азбакей Кулмаметов және Акметей Кучугаевке қазақ билеушісінің хатын жеткізген. Тәуке хан қазақ-жоңғар соғысының барысында тоқтаған сібір көпестері мен қазақтардың арасындағы сауда қатынастарын қалпына келтіруді ұсынды. Сол жылдың күзінде тобыл стольнигі Павел Шарыгин Сары және Келде мырзаларды Ямышев көлінің бойында тұтқынға алған. Қазақ жасақтарының Батыс Сібірдегі қоныстарға шабуылдарын тоқтатуды талап ету үшін сібір губернаторы С.И. Салтыков Тәуке ханға 1692 жылы Андрей Неприпасовты жіберген. Ресей үкіметінің Келдені босатпауы, оған қоса шекаралық қақтығыстарды тоқтатудан бас тартуына байланысты Тәуке Неприпасов елшілігін тұтқындады. Келде мырзаны тұтқыннан босату үшін 1692 жылдың күзінде Тобольск қаласына Қабай аталық және Түменші батыр бастаған жаңа елшілік аттандырған. Оларға қоса елшіліктің құрамында Абылай ханның, Қайып және Абылай сұлтандардың елшілері Қожағұл, Оразымбет және Айжашы болды. Келіссөздердің бұл кезеңі еш нәтиже бермеді. Батыс Сібірдегі қазақтармен шекаралас аудандардағы қақтығыстарды тоқтату мақсатымен тобыл воеводасы А.Ф. Нарышкин Түркістанға Федор Скибин және Матвей Трошинді жіберген. Олар 1694 жылдың 22 маусымында Түркістанға жетіп, қазақ билеушісіне Келде мырзаны қайтарған.
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698–1703, 1708, 1709–1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Елшілік құжаттарға сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған. Жазба деректерде Тәуке ханның 3 ұлы белгілі: Орта жүздің хандары Болат (1712-1723) пен Сәмеке (1723-1738). 1692 жылы Түркістанға келген А. Неприпасов елшілігінің құрамында болған Теуіш мергеннің ақпаратына сәйкес оларды Тәуке ханның ұлдары Болат және Тұрсын сұлтандар қарсы алған.
### Жеті жарғы
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен біріге отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғы» мынадай негізгі бөлімдерді қамтыған:
* жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;
* неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
* әскери борышты, бөлімшелерді құруды және қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
* соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
* кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, олардың алдындағы туыстарының, қауымның міндеттерін реттейтін заң.
## Естелік
* Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларындағы Тәуке хан көшесі.
## Әдебиет
* Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVII вв. Алма-Ата, 1971.
* Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985.
* Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. Ч.2. СПб., 1864.
* Витсен Н. Северная и Восточная Тартария, включающая области, расположенные в северных и восточных частях Европы и Азии. В трех томах / Пер. с голландского языка В.Г.Трисман. Т1. Амстердам, 2010.
* Добромыслов А.И. Тургайская область. Т.1. Вып. 1. Оренбург, 1900.
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
* Кудайбердыулы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий / Пер. Б. Каирбекова. Алма-Ата, 1990.
* Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.
* Рабнабхадра. Лунный свет. История рабджам Зая-пандиты / Пер.с ойратского Г.Н. Румянцева и А.Г. Сазыкина. Транслитерация текста, предисловие, комментарий, указатели и примечания А.Г. Сазыкина. СПб., 1999.
* Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы, 2001.
* Тынышбаев М История казахского народа / Сост. : авторы предисловия А.С. Такенов и Б.Байгалиев. Алма-Ата, 1993.
## Тағы қараңыз
* Тәуке хан заңдары |
Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев (1962 жылы 19 қараша күні Талдықорған облысы, Панфилов ауданы Үшарал ауылы) — Қазақстанның саяси мемлекет қайраткері. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы (03.07.2013 жылдан бастап).
## Өмірбаян
* М.Ю.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін экономист-кибернетик мамандығы бойынша бітірген.
* 1988 жылы экономика ғылымының кандидаты болды. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Прогнозирование воспроизводства основных фондов».
### Қызмет жолы
* Алматы халық шаруашылық иниститутының оқытушысы, доцент қызметін атқарушы, (01.1989-11.1990);
* Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қорының ғылыми-кеңестік орталықтың диреторы (11.1990-01.1991);
* «Казахстан» Республикалық құрылыс биржасы" АҚ Директоры (01.1991-07.1992);
* «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары (07.1992-01.1995);
* Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары (01.1995-11.1995);
* Қазынашылық комитеті басшысы - Қазақстан Республикасы қаржы министрінің орынбасары (11.1995-01.1997);
* Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары (01.1997-03.1997);
* Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі (18.03.1997-02.1998);
* Қазақстан Республикасы Қаржы министрі орынбасары (02.1998-01.1999);
* Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (01.1999-07.1999);
* Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министрі (07.1999-05.2001);
* «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ Президенті (05.2001-05.2002);
* «Каспий өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС Бас директоры (06.2002-13.06.2003);
* Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары (13.06.2003-01.2006);
* Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Индустрия және сауда министрі(14.12.2004-01.2006);
* Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Басқарма төрағасы (01.2006-27.08.2007);
* Қазақстан Республикасы энергетика және минералды ресурстар министрі (27.08.2007-12.03.2010);
* Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрі (12.03.2010-03.07.2013)
* 3.07.2013 — "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы.
## Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Қалиева Жанар Салауатқызы, экономист. Қызы - Жансұлу; ұлы - Дамир.
## Дереккөздер |
Домбыра (ноғ. Домбра) — қазақтар, ноғайлар және қалмақтар мәдениетінде бар екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.
## Тарихы
XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды.
Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз.
Өзбектердің домбыраға өте ұқсас екі ішекті дутары алғаш рет Әл-Хусейнидің «Музыкалық канон» деген трактатында ауызға алынды. Қазақтың халық аспабы домбыра XIV ғасыр жазбаларында кездеседі. Оның бастағы түрі мен құрылысы қазақтың домбырасынан аумайды, осындай аспап аттарының ұқсастығы да олардың түпкі шығу тегі бір екекін көрсетсе керек.
Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері-тін. Солардың арқасында домбырада тартылатын күйлердің музыкалық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. Домбыраның техникалық мүмкіндіктері артқан сайын домбыра тарту өнері де едәуір өрге басып, байи түсті.
Қазақстанның батыс аудандарында домбыра тартудың өзгелерге ұқсамайтын бөлек дәстүрі қалыптасқанын айту керек. Батыс аудандардағы домбыраның негізгі өзгешелігі, көлемі үлкен болып келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай домбыраны тартқанда қолданылатын техникалық, тәсілдерді шанағы жалпақ домбыраға қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз.
Шанағы жалпақ домбыраның бірнеше нұсқасы кең тараған. Егер батыс аудандардағы домбыраларға 12—14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 7—8 ғана перне байланған. Перне санын арттыру процесі өте баяу жүрді және оның өзі орындалатын репертуарға тікелей байланысты еді. Әдетте, жаңа перне онымен алғаш орындалатын күйдің атымен аталынды. Пернелердің бірі домбырада «Түрікпен күйін» орындағанда байланды да, «Түрікпен пернесі» деп аталды. Бейтарап терция интервалын беретін басқа бір перне Қазақстанның батыс аудандарында «Сарыарқа пернесі» деп аталады.
Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл сайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.
## Түрлері
Қазақ даласының әр өңірінде кездесетін домбыралар жергілікті жер жағдайына, тұрмыс-салты мен дәстүріне, ән, жыр, күй мектебі мен әр өнерпаздың орындаушылық мәнеріне, аспапшы шеберлердің ісмерлігіне байланысты әртүрлі пішімде дамытылып, өзгеріп отырған.
Ән, жыр айтуға арналған домбыраның пернелері 8 – 9, әрі кеткенде 14 – 15-ке жетсе, күй домбырасына 20-дан астам перне тағылады. Олардың құлақ бұрауы да қажетіне қарай (кварта, квинта) өзгертіледі. Домбыра, негізінен, екі ішекті және кейде үш ішекті болып келеді. Домбыра тартуда қағыстардың түрлері өте көп. Мысалы, «сермеп ойнау», «іліп қағу», «шертіп ойнау», т.б.
Қазіргі кезде домбыраның 20-дан астам түрлері бар. Олардың ішінде
* ән мен күй домбырасы
* торсық
* тұмар
* кең шанақты (екі нұсқасы)
* балдырған
* балашық
* шіңкілдек
* аша
* үш ішекті
* қуыс мойын
* шертер
* оркестр домбыралары:қоңыр дауысты (альт)жіңішке дауысты (прима)ащы дауысты (секунда)бас домбыралар (екі нұсқасы)
* қоңыр дауысты (альт)
* жіңішке дауысты (прима)
* ащы дауысты (секунда)
* бас домбыралар (екі нұсқасы)
## Сипаттамасы
Домбыра құрылысы бірнеше бөліктен тұрады: басы, құлақтары, пернелер, мойын, шанақ, бетқақпақ, ілгек және ішектер. Сондай-ақ, оның көптеген қосымша бөлшектері бар (тиек, кемер ағаш, тұжым ағаш, бастырма, ойық, қалқа, түйме, өрнек, желкелік). Домбыра тиегі үш түрлі болады (шайтан тиек, негізгі тиек, табалдырық тиек).
Домбыра дыбыс өткізгіштігі жоғары қарағай, дыбыс жаңғырту қасиеті бар тұт, қатты жынысты үйеңкі, емен секілді киелі ағаштардан, негізінен, екі түрлі әдіспен – құралып немесе ойылып (шауып) жасалады. Құрама домбыралардың шанағы жұқа тілшелерден құралып жасалса, бітеу домбыра тұтас ағаштан ойылады.
Домбыра аспабы халықтық кәсіби өнердің туып-қалыптасуына, өркендеуіне негіз болған. Байжігіт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, т.б. даңқты күйшілердің төкпе, шертпе күй дәстүрлерінің тууы, дамуы осы Домбыра аспабымен тікелей байланысты. Олардың дәстүрін, мұрасын бүгінгі күнге жеткізген Дина Нұрпейісова, Әбікен Хасенов, Науша Қашағанов, Махамбет Бөкейханов, Төлеген Момбеков, Мағауия Хамзин, Қали Жантілеуов, Сәдуақас Балмағамбетов, Лұқпан Мұхитов, т.б. сияқты домбырашылар болса, қазіргі майталман орындаушылар – Қаршыға Ахмедияров, У. Бекенов, Р. Ғабдиев, С. Шәкіратов, Б. Ысқақов, Бекболат Тілеуханов, Айгүл Үлкенбаева, А. Райымбергенов, т.б.
Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Ғ.Құрманғалиев, Қ.Байбосынов т.б. белгілі әншілер домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
## Құрылысы
* Бас. Бөлшектері: бас, құлақ, шайтантиек (бас тиек).
* Мойын. Бөлшектері: мойын, мойынғақ, перне, сағақ.
* Шанақ. Бөлшектері: ернеулік (сулық, көмкерме), қақпақ, қауышақ (тілше, шанақша), серіппе (кергіш, белағаш), тиек, тұғыл (өкшелік), тұғыр (желкелік), түйме (түйір), түйметиек (өкшетиек, кіші тиек).
* Ішек . Бөлшектері: астыңғы ішек, үстіңгі ішек.
## Дамуы
Домбыра аспабының дәстүрлі үлгілерін, халықтық дәстүрдегі перне байлау, домбыра баптау, күй ойнау, домбыра жасау жөнінде зерттеулерді Б. Сарыбаев, Б. Орымбеков, Т. Әсемқұлов, А. Сейдімбек, Д. Шоқпарұлы, т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Домбыра құрылымдық, сапалық дәрежесінің кемел деңгейге жетуі барысында бүгінге дейін бірнеше сатыдан өтті:
* 1932 – 1934 жылдары домбыра аспабын жетілдіру бағытында белгілі аспапшы шеберлер Қ.Қасымов, А.Ермеков, ағайынды И. және Б.Романенколар, Қ.Оңалбаев, т.б. еңбек етсе,
* оны 1960 – 1970 жылдары Ә.Аухадиев, О.Бейсенбекұлы жалғастырды.
* 1934 жылы Халық аспаптар оркестрінің (Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрі) құрылуымен байланысты домбыраның прима, альт, тенор, бас, контрабас сияқты түрлері дүниеге келді.
* 1990 – 2000 жылдары аспап жасаушы-қолөнерші шеберлердің республикалық «Үкілі домбыра» сайыстары өткізіліп, соның ықпалымен домбыра аспабы жаңаша зерттеу, даму, жетілу бағытына бет түзеді.
Шоқпарұлы, С.Ділманов, Ж.Тұрдығұлов, С.Кенжеғараев, т.б. домбыра жасаушы шеберлер шоғыры пайда болды. Олар дамытып, жетілдіріп жасаған домбыралар сырт нұсқаларына, бөлшектері мен ішек сандарына, дыбыс ерекшеліктеріне, дыбыс ауқымына және басқа да қосымша ерекшеліктеріне қарай «үш ішекті», «кең шанақты», «қуыс мойын», «бүктемелі», «желбезекті», «тұмар», «қос шанақты» немесе «қос мойын», «үшем», т.б. деп аталып, халықтық-аспаптық музыка дәстүрін байыта түсуде. Домбыра тектес аспаптар Орта Азиядағы түркі халықтарының барлығында дерлік бар. Мысалы, башқұртта «думбыра», қырғыздарда «қол қомуз», түріктерде «саз», «уд».
## Көп ішекті домбыралар
Қазақтың музыка мәдениетін зерттеушілер күні кешеге дейін өткен ғасырдағы этнографтардың көп ішекті домбыралар жайында жазып қалдырған еңбектеріне жөнді мән бермей келген еді. Ал Семей облысынан үш ішекті аспаптар мен үш дауысты бірегей күйлер кездескеннен кейін ғалымдар бұл мәселедегі көзқарастарын өзгерте бастады. Қазақтарда бұрын өзінің қүрылысы жағынан үш ішекті көне шертерге ұқсас көп ішекті домбыра болғаны жайында бұл күнде қосымша деректер табылып отыр.
Бұрынғы кезде көп ішекті домбыралар Қазақстанның түрлі облыстарында болыпты. Мұны А. Алекторовтың, Д. Исаевтың, П. Юдиннің және басқа этнографтардық мәліметтерінен көреміз. Осындай мақалалардың бірінен мынадай жолдарды кездестірдік.
Үш ішекті, кейде шанағының ішінде тартылған қосымша ішектері тағы бар, өте көне домбыралар Семей облысының Абай, Шұбартау және Жақа Семей аудандарында жиі кездесетін.
Семей облысында үш ішекті домбыра тартудың тамаша шеберлері көп болған. Солардың бірі Тілеулі Мамырбековтің репертуарында ондаған күйлер болыпты. Ол кісі, мысалы, «Боз айғыр», «Қара жорға», «Қара атты», «Көк атты», «Боз жігіт», «Асан Қайғы», «Қорқыт» сияқты күйлерді нәшіне келтіре орындаған. Ұлы Абайдың баласы Ақылбай мен немересі Исраил үш ішекті домбыраны шебер тартқан екен. Исраилдің өзі де бірнеше күй шығарған, бірақ өкініштісі, ол күйлер бізге жетпеді. Қазір Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық Абай музейінде үш ішекті домбыра сақтаулы:
* Олардың бірі Исраилдің домбырасы. Ол тұтас ағашты ойып жасалған. Бет қақпағы ағаш шегелермен бекітілген, оған тарамыс перне байланған.
* Екінші домбыраның шанағы бөлек-бөлек тақтайдан құрастырылған. Жоғарғы және төменгі қақпақтары фанерден жасалған. Он екі пернесі бар.
* Үшінші домбыраны ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев пен оның досы Н. Долгополов Семей өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырыпты. Ол да тұтас ағаштан ойып жасалған. Ағаш шегелермен бекітілген бет қақпақта үш шағын ойық бар. Жоғарғы тиек жоқ. Мойынға бес перне байланған.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға ғылыми қызметкері А. Серікбаева басқарған фольклорлық экспедиция 1965 жылы жазда Семей облысы Абай ауданындағы М. Әуезов атындағы совхозда болды. Экспедиция мүшелері үш ішекті домбырада М. Әзімханов орындаған жеті бірегей күйді жазып алған. Олардың ішінде: «Қалмақтың би күйі», «Панкратов», «Қазақтың би күйі», «Сары өзен», Ағашаяқтың екі күйі және «Сылқылдақ» бар.
Кейін консерваторияның фольклор кабинетіне осы ауданнан үш ішекті домбыра келіп түсті. Бұл домбыраның шанағының ішіне даусын күшейту үшін квартаға келтіріліп екі металл қосымша ішек тартылған. Аспап тұтас ағашты ойып жасалынған. Ағаш пернелері қозғалмайды. Тиектің ішек үшін жасалған үш кертігі бар. Бұл оны сақтау үшін істелген. Аспап квинта мен квартаға келтіріліп бұралады.
Көп ішекті және екі ішекті домбыралардың құрылысында ұқсастық көп. Көп ішекті домбыралардың мойны қысқа, пернелері жылжымалы болған. Шығыс облыстарда кездесетін екі ішекті домбыралардың да мойны нақ осындай. Екі қосалқы ішегі бар екі ішекті домбыралар да кездеседі. Кейбір домбыраға сым ішек тағыла бастайды. Кейін жылжымалы пернелер тұрақты мыс пернелермен алмастырылды. Қосақталған екі сым ішекті және пернелері тұрақты бірегей домбыра 1967 жылы Талдықорған облысының Панфилов ауданынан табылды. Ол бұл күнде автордың музыкалық коллекциясында сақтаулы.
Екі ішегі аспаптың шанағының және мойнының ішінен өтетін домбыралар да бар. Оларда төрт немесе екі құлақ болады. Құлақ екеу болғанда ішектер мынадай ретпен тағылады: екі ішектің ұштары мойынға шалынады да мойынның ішіне жіберіледі, одан әрі шанақтың төменгі бөлігіндегі ролик арқылы сыртқа шығарылады, одан соң сырттан керіліп екі құлаққа бекітіледі. Міне, осы себепті құлақты бұрағанда ішкі және сыртқы ішектер бір мезгілде күйге келтіріледі. Дина Нүрпейісова атындағы халық аспаптары оркестріне қатысушы Қапар Темірәлиев 1960 жылы жасаған домбырада төрт ішек бар. Олардың екеуі шанақ пен мойынының ішінен өтеді. Төрт құлақ болуы арқасында әр ішек жеке күйге келтіріледі. Ішкі ішектер сыртқылармен унисон түрінде күйге келтіріледі де, аспаптың даусын күшейте түседі. Мойынның сағасының бір бөлігі ашық қалдырылады, ол ішек үзілген кезде жаңасымен ауыстыру ыңғайлы болуы үшін қажет.
Домбыраға қосалқы ішек тағылуы және ішекті қос-қостан тағу ол кездегі музыкант орындаушылардың аспаптың үнін жетілдіруді мақсат етіп, үнемі ізденіс үстінде болғанын көрсетеді. Қостанай облысының Боровское ауданында шанағының ішіне қоңыраушалар ілінгек домбыралар да кездесті. Мұндай домбыра жасаушы шебердің бірі — Саубай Ахметов екен. Таулы Алтай автономиялы облысының Қосағаш ауданында бұрын халық композиторы Бейсен деген кісі тұрған екен, ол үш дауысты күй шығарыпты.
Үш дауысты күйлерді алғаш зерттеп көргеннің өзінде-ақ олардың өзгеше әуезділігі байқалады. Музыка зерттеушісі Л. Тарасова үш дауысты «Сылқылдақ» күйікің ладо-тональдық, метрикалық, құрылымдық және басқа сипаттарын талдай келіп: «бұл күй бізге бұған дейін: белгілі күйлердің бәрінен мүлде өзгеше екен. Бүған «кінәлі» оның үш дауыстылығы, осы үш дауыстың нәтижесінде өте бір ерекше комплекстер, қазақ музыкасы үшін мүлде өзгеше әрі жаңа әуендер өмірге келген».
Көп ішекті домбыраларды тарту мәнері Қазақстанның, шығыс облыстарындағы домбырашылардың тартысына ұқсайды. Яғни күйлер ішектерді жеке-жеке шертіп ойнау тәсілімен орындалады. мұндай тәсіл республикамыздың бұл аймақтарында үш ішекті домбыраның сақталуына себепші болған. Үш ішекті домбырада орындалатын күйлер өзгеше естіледі және олардың орындалу тәсілі де басқаша.
Екі ішекті және үш ішекті домбыралардың көп ішекті жетігенмен және үш ішекті шертермен үқсастығы да жоқ емес. Үш ішекті домбыра тартудың қалыптасқан дәстүрін қазақтың аспаптық творчествосы дамуының неғүрлым ертеректегі кезеңіне жатқызуға болады. Домбыраның жетілдірілуі аспаптық музыканың дамуымен тығыз байланыста жүріп отырған. Бірі-біріне ұқсамайтын орындаушылық екі дәстүрдің орын алуын құрылысы және сыртқы түрі жағынан басқа-басқа екі түрлі домбыра жасалуына себепші болды. Осының бәрі қазақ халқының музыка мүрасын байыта түсті. Қазақстанның орталық, оңтүстік және шығыс облыстарының орындаушылық дәстүрі әлі күнге дейін жете зерттелінбей отырғанын айта кету керек.
Советтік заманда Қазақстанның аспаптық музыкасы дамытылуына байланысты екі ішекті домбыра жетілдіріліп қайта жасалды да оны тарту шеберлігі биік сатыға көтерілді. 1943 жылы Құрманғазы атындағы Қазақтың халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылған шақта домбыраның бірнеше түрі бірден жасалынған-ды. Оркестрге әр жылдары жетекшілік еткен А. Жұбанов, Л. Хамиди, Л. Шаргородский, Ш. Қажығалиев, сондай-ақ музыка аспаптарын жасаушы шеберлер И. Романенко мен Қ. Қасымов домбыраны жетілдіру және домбыраның мүлде жаңа үлгілерін жасау жолында қажымай-талмай көп еңбек сіңірді. Домбыра мен қобыз Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында және Алматыдағы мебель фирмасының музыкалық аспаптар цехында жасалынуда. Ал оларда жасалынып шығып жатқан аспаптардын, саны да, сапасы да аспапқа қойылатын талаптан көп төмен. Аспаптарды көптен шығару ісінің жолға қойылмай отырғаны, яғни сапалы аспаптың тапшылығы көркемөнерпаздар үйірмесінің кең қанат жайып дамуына, жас музыканттарды тәрбиелеп баулуға кедергі болып отыр.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесі музыкалық аспаптарды шығару және сапаларын жақсарту жөнінде 1968 жылы 27 ақпанда қаулы қабылдаған болатын. Осы қаулыға сәйкес аспаптардың қолданылып жүрген түрлерін қайта жасауды және көне аспаптарды қалпына келтіруді қолға алған эксперименттік лабораториялар жұмыс істей бастады. бұл кезеңде ағаштың физикалық-механикалық және акустикалық қасиетін зерттеп анықтау барысында біраз жұмыстар атқарылды. Аспаптарды жобалау қазақ аспаптарының көне үлгілерін, сондай-ақ халық шеберлерінің тәжірибелері мен дәстүрлерін, этнографиялық материалды зерттеп-игеру негізінде жүргізілді.
## Домбыраны зерттеу нәтижелері
Әр түрлі үлгідегі домбыралардың қақпақтары зерттелінді. Қақпақтың жеке бөлшектерін құрастырып жинағаннан кейінгі серпінін белгілеу үшін кергіш орнатылады. Қақпақты шанаққа отырғызғаннан кейін топты жаңғырық пайда болады. Бұл шанақ пен қақпақтың арасындағы бір тұтас жаңғырық болып саналады. Қақпақты өңмеу жұмыстары оның тербеліс жиілігіне өзгеріс енгізеді, сондықтан қақпақ шанаққа бекітіліп, біржола өңделгеннен кейін тербеліс жиілігі қандай болатынын күні бұрын білуге болады. Оның үстіне ағаштық физикалық ерекшелігіне байланысты көлемі бірдей қақпақтардың өзіндік үн шығару қасиеті де әр түрлі. Солай бола тұрса да қақпақты қажетті интервал шамасында дыбыстайтын етіп күйге келтіруге болады. Тақтайшаларды іріктеу, қақпақтың қалыңдығын анықтау және серпінді орнату әрбір қақпақтың ерекшелігіне байланысты, бұл іске аса мұқият болған жөн. Қалаған үнді келтіру үшін қақпақтың бөліктерін дұрыс іріктеудің де маңызы бар. Қақпақ құрастырылғаннан кейін тақгайшалардың санынақарай реттей отырып қажетті үнді алуға болады.
Зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде анықталғандай, егер қақпақтың көлемі неғұрлым кішірек болса, ағаштың тербеліс қасиеті де соғұрлым жиілей түседі. Қақпақты құрастырған және күйге келтірген шақта, сондай-ақ онын, параметрлерін белгілегенде осы жайларды ескерудің маңызы өте зор. Ағаштың тербеліс жиілігі оның физикалық қасиетіне де байланысты. Көлемі бірдей екі тақтайдың физикалық қасиеттері әр түрлі болса, оларданалынатын дыбыстың айырмашылығы да үш жарым тонға дейін алшақтайды. Жас ағашқа қарағанда кептірілген ағашты күйге келтіру оңай.
Қақпақ бірнеше шағын тақтайды желіммен біріктіру арқылы жасалынады. Қақпақты құрайтын тақтайлардық физикалық қасиеттері мен түсі бірдей болуы шарт. Тақтайша ағаштың табиғи жолақтары бойынша бір бағытта жымдастырылып біріктіріледі. Ені —250 мм, ұзындығы — 400 мм және қалыңдығы —2,5 мм етіп құрастырылған қақпақтың тербеліс жиілігі ағаштың физикалық қасиетіне қарай 207,64—233,08 гц шамасында болады. Егер қақпақтың қалыңдығы 3 мм болса, онда тербеліс жиілігі 233>08—277,12 гц шамасында болмақ.
Қақпақты күйге келтіру кезінде ескерілетін ендігі бір қажетті іс кергіш орнату. Қақпақтың жалпақ бөлігіне орнатылған кергіш қақпақтың тербеліс жиілігіне нұқсан келтірмейтін болуы шарт. Мысалы, егер кергіштін, ені—5 мм, ал биіктігі—6 мм болса, онда қақпақтың үні бір тон шамасында жоғарылайды. Тәжірибе көрсеткеніндей, қақпақтың алғашқы кездегі тербеліс жиілігін сақтау үшін серіппені бірте-бірте аласарта беру керек. Сынақ жүргізілгенде байқалғандай, қақпақтың тербеліс жиілігіне әсер ететін негізгі факторлар мыналар:
* ағаштың физикалық қасиеті,
* қақпақтың қалыңдығы мен жұқалығы және жанама түрде әсер ететін факторлар:
* қақпақтың сәл ұзартылуы мен қысқартылуы,
* өрнектеу.
Қақпақ үнінің тазалығы оның жақсылап жымдастырылуына, құрастырылуына және қалыңдығына байланысты.
Әр түрлі аспаптардың үнін келтіру әдісінде ортақ жайлар көп болғанымен әрбір қақпақты жекеше алып қарау керек. Домбыра қақпағын күйге келтіру де, осы аспаптың құлақ күйіне тәуелді. Домбыра-тенордың қақпағы тербеліс жиілігі —233, 08—261,6 гц шамасында дыбыс алуға қолайлы келеді, өйткені мұндай жиілік домбыраның мензурасына, оның құлақ күйіне және дыбыстау сипатна сәйкес келеді. Аспапта жұмсақ тембр, майда қоңыр дауыс пайда болады. Егер қақпақты құрастырғанда оның күйге келтірілуі ескерілмесе, онда, практикада бақыланғанындай, қақпақтың тербеліс жиілігі көбінесе 293,6—349,2 гц шамасында болады. мұндай жағдайда аспаптың даусы нашар шығады, тембрі қүлаққа жағымсыз келеді.
Қазір домбыраның қақпағы 2—5 бөлек тақтайдан құрастырылып жүр. Тақтай бөлшектерінің санына қарай қақпақты құрастырудың және күйге келтірудің жолдары өзгеріп отыруға тиісті. Егер қақпақ екі бөлшектен ғана құралса, онда оларды бір тонға келтіру қажет, ал егер үш бөлшектен құралатын болса ортадағы тақтай күйге келтіріледі. Төрт бөлшектен құрастырылса ортадағы екі тақтайдың күйге келтірілетін болуы маңызды, өйткені негізгі тонды беретін солар.
Сөйтіп, қақпақ жасаудың бүкіл процесін оны күйге келтірумен бір мезгілде жүргізу қажет, яғни:
* қақпақтан өзіміз қажет еткен үнді оны әзірлеудің бастапқы сатысында-ақ алу керек;
* егер қақпақтың үні құрастыру ісі басталған кездің өзінде-ақ, тым жоғары болса, келесі тәжірибе үстінде де қажетті үнді ала алмайсыз, сондықтан оны күйге келтіріп және аспаптың шанағына орнатып текке әлектенбеу керек;
* аспаптың даусы жақсы болуы үшін қақпақтың үнін си-ге немесе си-бемольға жеткізу қажет;
* егер бөлек тақтайшалардың арасы дұрыс желімделмесе қақпақ біртектес ағаштан құрастырылмаса, талшықтардың бағытталуы қисық болса, жарықшақ сызат
түссе, домбыраны күйге келтіру қиындайды.
Тәжірибе көрсеткеніндей домбыра-тенордын, қақпағының үніне қарап аспаптың тембрлік даусын күні бұрын білуге болады. Ал мұның, өзі аспаптарды көбінесе сапалы етіп жасауға мүмкіндік береді. Қақпақтың үні жақсы болса — тембрі жүмсақ, ал үні жоғары болса — тембрі ащы болады.
1970 жылы Осакаровка музыкалық аспаптар фабрикасында жасалған бес домбыраға лабораторияда талдау жасап көрген кезде, зерттеу мынаны көрсетті. Қалыңдығы 3,1 мм-ден - 4,1 мм-ге дейінгі қақпақтарды ашып қарадық. Артқы пружинаның биіктігі 5,2—5,6 мм шамасында екен. мұндай көлем тербелістің қасиетті жиілігін және дұрыс күйге келтіру үшін керек болатын шарттылыққа сай емес. Қақпақтың қалыңдығын бір мм-ге жұқартқан соң және пружинаның биіктігін тағы бір мм-ге кеміткен соң тербеліс жиілігі азайды. Қақпақтың үні жарты тоннан астам төмендеді. Егер бұрын тербеліс жиілігі 138,56 гц болған болса, енді ол 128,8 гц кеміді.
Мұнан қорытарымыз, көптеп шығарылатын домбыралардың дауыс шығару мүмкіндігін жақсарту үшін тэжірибе жүргізудің нәтижесінде алынған параметрлерді сақтау қажет екендігіне көз жеткізу қиын емес. Халық шеберлері аспаптың үнін жақсарту жолында үнемі ойластырып, көп ізденіп келген. Сондықтан да олар домбыраның формасы мен құрылысына ерекше назар аударған.
Қолға алып зерттеген бірнеше домбырамыз тұтас ағаштан ойып жасалған. Сырт қарағанда бұл домбыралар жалпақ сияқты, алайда, шанақтың қуысы тостағанша дөңгеленіп ойылған, ал мұның өзі аспаптың даусы жақсы шығуына мүмкіндік береді. Қақпаққа серіппе орнатылмаған, бұл жағдай шанақтағы қақпақтың үні бір қалыптан өзгермеуіне көмектеседі екен.
Белгілі шебер И. Романенко және басқа да шеберлердің қолымен жасалынған бірнеше домбыраға көрнекті музыканттар талдау жасады. Мысалы, атақты орындаушы Дина Нүрпейісова тартқан Домбыра-альттің қақпағын ашып көрдік. Дина Нүрпейісова аспапқа мейлінше сын көзімен қарап ең сапалысын ғана таңдап алған болуы керек. Оның осы домбырасын 1939 жылы шебер Ермек Арыстанов жасапты.
Талдау мынаны көрсетті: шанақтағы қақпақтың тербеліс жиілігі 281,5 гц-ге тең. Домбыра-альт қақпағының көлеміне қарағанда (ені —195 мм, ұзындығы —344 мм) мұндай тербеліс ең жақсы болып саналады. Қақпақтық тербеліс жиілігі оны бөліп алғанда да сол күйінде қалдық Қақпақтың қалыңдығы 2,3—2,5 мм шамасында, артқы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, онық ені —6,4 мм, алдыңғы серіппенің биіктігі —2,2—2,7 мм, оның ені — 4 мм.
Шанақтың тербеліс жиілігі 320,12 гц. Шанақтың көлемі: оны құрайтын бөлшектердің қалыңдығы 2,0—2,3 мм, шанаққа қондырылатын контробичайканың қалыңдығы 2.0—1,7 мм шамасында, контробичайкалардық ені — 1,2 мм, бөліктер мен контробичайкалардың жалпы қалыңдығы 4,0 мм. Аспаптың шанағы жаңғақ ағашынан, мойны — қайыңнан, қақпағы — шыршадан жасалған. Сөйтіп, нақ осы тектес домбыра үшін ең қолайлы қақпақ қандай болуы керек екені белгілі болып отыр. Қақпақтың тиісті дірілі шыршаны кептіру арқасында алынды. Серіппелердің көлемдері қақпақтың үніне нұқсан келтірмейтіндей етіп жасалған. Шанақтың, бөліктері мен контробичайкалары да тиісті көлемде, сондықтан шанаққа бекіткеннен кейін де қақпақ өз құлақ күйін сол бұрынғы қалпында сақтап қалды.
Құрылысы мен даусының түпкі ерекшеліктері сақталып қайта жасалған домбыра оркестрдің құрамында домбыра-тенор қызметін атқара бастады. Нақ осы домбыраның, арқасында дәстүрлі аспаптық музыка — күйлерді орындағанда оркестр даусы ұлттық өзгеше рең танытады. Домбыраның репертуары орыс классикасы шығармаларымен және қазіргі заманғы музыкалық шығармаларымен де байып отыр.
## Домбырада шетелдік шығармаларды орындау
Домбыра сияқты екі ішекті музыкалық аспаптың мүмкіндігі зор. Солардың бірі домбырада шетелдік шығармаларды орындау болып табылады. Паганинидің төрт ішекті скрипкасында үлкен қиындықпен немесе басқа да әйгілі шетел композиторларының шығармалары, қазақтың киелі домбырасында оңай және әсем ойналады. Бұл қасиет әрбір музыкалық аспаптың үніне салына алмайды. Мысалы: Моцарттың “Түрік маршы” өте күрделі әрі жоғары темппен орындалатын шығармалардың бірі. Оның барлық вариациясын күй-сандықпен ойнап шығу тек қана нағыз шебер адамдардың қолынан келеді. Алайда, қазақтың домбырасында осы іспеттес вариациялар аса қиындық туғызбайды. Осыдан, қазақ ұлтының қос ішекті домбырасында дәстүрлі қазақ композиторларының шығармаларымен қоса, шетелдік шығармаларды асқан шеберлікпен әсем орындауға болады. Бұның өзі домбыраның ерекшелігінің бір дәлелі.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ұлтымыздың ұлы аспабы – домбыра! YouTube сайтында
* Домбыра қалай жасалады YouTube сайтында
* Нүрбек Бекбау. Домбыраға қанша жыл?
* Мұрат Әбуғазы. Домбыра аспабының шығу тегі жайында Мұрағатталған 4 наурыздың 2021 жылы.
* Домбыраны қалай жасайды YouTube сайтында |
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын алқалы орган, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
Үкіметті Республика Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы бойынша реттеледі.
## Тарихы
1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орнына Қазақ КСР Министрлер Кабинетi пайда болып, Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымының орнына Премьер-министр лауазымы енгізілді.
1991 жылы 16 қазанда Ұзақбай Қараманов отставкаға кетіп, Сергей Терещенко Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
1994 жылы 11 қазанда Сергей Терещенконың Министрлер Кабинетi отставкаға кетіп, 12 қазанда Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
Конституциялық Соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысына байланысты 11 наурызда Министрлер Кабинетi Жоғарғы Кеңеспен қатар отставкаға кетті. Кейін Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Министрлер кабинеті ресми түрде Үкімет деп атала бастады.
1997 жылы 10 қазанда Әкежан Қажыгелдин отставкаға кетіп, Нұрлан Балғымбаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
1999 жылы 1 қазанда Нұрлан Балғымбаев отставкаға кетті. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2002 жылы 28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кетіп, Иманғали Тасмағамбетов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2003 жылы 11 маусымда Иманғали Тасмағамбетов отставкаға кетті. 13 маусымда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2005 жылы желтоқсанда өткізілген кезектен тыс Президент сайлауынан кейін 2006 жылы 18 қаңтарда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды.
2007 жылы 8 қаңтарда Даниал Ахметов отставкаға кетті. 10 қаңтарда Кәрім Мәсімов Премьер-министр болып тағайындалды.
2011 жылы 8 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов премьер-министр болып қайта тағайындалды.
2012 жылы 24 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, Серік Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2014 жылы 2 сәуірде Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кетіп, Кәрім Мәсімов екінші мәрте премьер-министр болып тағайындалды.
2014 жылы 6 тамызда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, Қазақстан тарихындағы ең ықшам Үкімет құрылды. Отырыс барысында 17 министрлік, 9 агенттік орнына 12 министрліктен тұратын жаңа Үкіметтің құрылымы туралы шешім қабылданды. Үкімет құрамында болған барлық агенттіктер министрліктердің құрамына комитет ретінде кірді. Премьер-министрдің 2 орынбасары ғана қалды.
2015 жылы 29 сәуірде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды.
2016 жылы 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетті. 9 қыркүйекте Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың 21 ақпанында Сағынтаев бастаған Үкімет отставкаға кетті. Оның орнына 25 ақпанда Үкімет басшысы ретінде Асқар Мамин тағайындалды.
2021 жылы 15 қаңтарда парламент сайлауынан кейін Асқар Мамин қайта премьер-министр болып тағайындалды.
2022 жылы 5 қаңтарда елдегі қиын ахуалға байланысты Үкімет отставкаға кетті. Маминнің орнына Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды.
2023 жылы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті. 30 наурызда Әлихан Смайылов қайта Премьер-Министр болып тағайындалды.
2024 жылы 5 ақпанда Мемлекет басшысы Әлихан Смайылов бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Үкімет құрамы жасақталғанша Премьер-министр міндетін атқару Роман Склярға жүктелді. 6 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министр ретінде Олжас Бектеновті тағайындады.
## Жалпы ережелер
### Үкіметті құру
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер құрайды.
Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және Президентіне ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
### Үкіметтің орнынан түсуі
Республика Үкіметі Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкіметтің өкілеттікті доғаруы оның мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Үкімет өз міндетін атқара береді.
Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет және оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Республика Президенті орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға хақылы.
### Үкімет құрамында болуға байланысты шектеулер
Республика Үкіметі мүшелерінің:
* өкілді органның депутаттары болуға;
* оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға;
* кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
* Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.
## Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
* ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
* мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
* әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
* Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
* ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
* мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
* құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
* баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
* мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
* мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
* еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
* мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
* аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
* ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
* табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
* құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
* азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
* келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
* ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
* сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
* сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
* халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
* Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
## Құрылымы
Үкiмет құрылымын министрлiктер құрайды. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
Министрлік Республика Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша, Үкімет әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына сүйеніп, тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне ведомстволар (комитеттер), департаменттер және басқармалар жатады. Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде "қызметтер" құра алады.
### Министрліктер
Үкіметтің құрамында 21 министрлік бар:
* ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (1992-)
* ҚР Әділет министрлігі (1991-)
* ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (1999 қаңтар-қазан, 2022-)
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (1991-1997, 2001-2014, 2017-)
* ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1997-2014, 2017-)
* ҚР Көлік министрлігі (1991-1994, 2023-)
* ҚР Қаржы министрлігі (1991-)
* ҚР Қорғаныс министрлігі (1992-)
* ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (2006-2010, 2012-2014, 2023-)
* ҚР Оқу-ағарту министрлігі (2022-)
* ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (2023-)
* ҚР Сауда және интеграция министрлігі (2019-)
* ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі (2023-)
* ҚР Сыртқы істер министрлігі (1991-)
* ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (2004-2014, 2020-)
* ҚР Туризм және спорт министрлігі (2006-2012, 2023-)
* ҚР Ұлттық экономика министрлігі (2014-)
* ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019-)
* ҚР Ішкі істер министрлігі (1991-)
* ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (1997-1999, 2023-)
* ҚР Энергетика министрлігі (2014-)
Бұрынғы министрліктер
* Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2019-2023)
* Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (2018-2023)
* Мәдениет және спорт министрлігі (2014-2023)
* Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (2019-2023)
* Білім және ғылым министрлігі (1999-2022)
* Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016-2019)
* Қоғамдық даму министрлігі (2018-2019)
* Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2016-2019)
* Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019 ақпан-маусым)
* Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (2016-2018)
* Инвестициялар және даму министрлігі (2014-2018)
* Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (2014-2017)
* Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (2015-2016)
* Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (2010-2014)
* Көлік және коммуникациялар министрлігі (1994-1999 қаңтар, 1999 қазан-2014)
* Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (2013-2014)
* Мәдениет министрлігі (1992-1997, 2003-2004, 2010-2012, 2014 наурыз-тамыз)
* Мұнай және газ министрлігі (2010-2014)
* Өңірлік даму министрлігі (2013-2014)
* Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002-2010, 2013-2014)
* Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002-2013)
* Экономикалық даму және сауда министрлігі (2010-2013)
* Байланыс және ақпарат министрлігі (2010-2012)
* Индустрия және сауда министрлігі (2002-2010)
* Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000-2010)
* Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004-2006)
* Ақпарат министрлігі (2003-2004)
* Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (1999-2003)
* Мемлекеттік кiрiс министрлiгi (1998-2002)
* Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (1999-2002)
* Экономика және сауда министрлiгi (1997 наурыз-қазан, 2000-2002)
* Экономика министрлігі (1993-1997, 1999-2000)
* Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (1997-2000)
* Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі (1997-1999)
* Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (1997-1999)
* Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (1996-1999)
* Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi (1999 қаңтар-қазан)
* Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі (1999 қаңтар-қазан)
* Білім министрлігі (1993-1997)
* Бiлiм және мәдениет министрлiгі (1997 наурыз-қазан)
* Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (1992-1997)
* Еңбек министрлігі (1991-1997)
* Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi (1993-1997)
* Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (1993-1997)
* Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997)
* Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (1994-1997)
* Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1992-1997)
* Экология және биоресурстар министрлiгi (1992-1997)
* Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi (1997 наурыз-қазан)
* Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997)
* Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (1992-1996)
* Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi (1991-1995)
* Байланыс министрлігі (1991-1994)
* Өнеркәсіп министрлігі (1991-1994)
* Сауда министрлігі (1991-1994)
* Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi (1991-1994)
* Энергетика және отын ресурстары министрлiгi (1992-1994)
* Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі (1991-1993)
* Халыққа бiлiм беру министрлiгi (1991-1993)
* Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi (1991-1992)
* Әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi (1991-1992)
* Орман шаруашылығы министрлігі (1991-1992)
* Энергетика және электрлендіру министрлiгi (1991-1992)
### Комитеттері
## Қазіргі құрамы
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты
* Қазақстан премьер-министрі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты Мұрағатталған 12 мамырдың 2016 жылы.
* Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі |
Қазақстан теңгесі — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді.
## Тарихы
Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
* 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
* 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
* 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа:
* 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
* 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
* 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
* 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
* 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
* 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
* 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);
* 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);
* Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
* 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
2002 жылы:
* 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар;
* 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
2003 жылы:
* 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар.
2006 жылы:
* 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар (мүлде жаңа дизайн).
## Жалпы мәліметтер
1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты.1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада сағат 8.00-де басталып, 20 қарашада сағат 20.00-де аяқталды. Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961— 1991 жылдары шығарған рублдегі банкноталары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресейдің рублін сатып алып отырғанымызда жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның кұрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнота шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.
1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы валюталарымыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы банкноталар түрінде төрт ғасырлық тәжірибесі бар ағылшынның пошта маркілері мен банкнота жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.
1992 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің төл валютасын енгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді үсынған.
Соған қоса, олардың мынадай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небары 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын-валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рублін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынды.
Сол уақкыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның рубльдері ғана айналыста қалды және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.
Міне осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстаннын, төл валютасын шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылдың 12 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15—18 қарашада КСРО-ның 1961 — 1991 жылдарда шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.
Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің эмиссиялық қызметі оның, құрылымдық бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.
Банкноттар мен монеталарды шығару, олардың айналысын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен күрес бірте-бірте ғаламдық проблемалар болып отыр. Бірқатар мемлекеттер банкноталар мен монеталарды алдыңғы қатарлы технологиялары бар компанияларға ішінара және толық бере отырып, өздері оларды жасаудан бас тартады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы қорғалған баспа үшін қазіргі заманғы баспа жабдықтарымен жарактала отырып, тек ұлттық валюта банкноталарын ғана шығарып кана қоймай, мемлекеттік және коммерциялык тапсырыстар бойынша қорғалған полиграфиялық өнімді де шығарады.
Қазақстан теңге сарайы Берлинде (Германия) беделді Монеталар сарайы көрмесінде жоғары бағаланатын монеталарды шығарады және оған деген мамандар мен коллекционерлер арасындағы қызығушылық күннен-күнге өсіп отыр.
Қазақстан теңге сарайы IS0-9001:2000 халықаралық стандарт бойынша сапа менеджменті жүйесін ендірді және монета өнімдері мен мемлекеттік наградаларды шығаруға сертификаттар алды. Кәсіпорындар үшін шығарылған наградалар ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін зергерлік өнердің тамаша үлгілері болып табылады. Басқа орталық банктерден монеталар дайындауға алынған тапсырыстан басқа, ҚТС бірнеше халықаралық монеталар бағдарламасына, оның ішінде Олимпиада ойындары мен футбол бойынша әлем чемпионатына арналған бағдарламаға катысуға шақыру алды. Соңғы жетістіктер ретінде биколорлы монеталарды, эмалі бар proof сапасындағы күміс монетаны, ұлттық валютаны енгізуге 15 жылдыққа арналған салмағы 1 кг номиналы 50 000 теңге күміс және алтын бірегей монеталар шығаруды меңгеруді атап етуге болады.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттіктілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Теменгі бөлігінде монетаныңноминалын білдіретін «50000 ТЕҢГЕ»деген жазу орналасқан.
Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек және шығыңқы жиек жүргізілген. Алтыннан жасалған монетада номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін «1 kg.» деген жазу, оң жағында монета дайындалған металды және оның сынамын білдіретін «Аи 999» деген жазу орналастырылған.
Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық белігінде ұлттық валюта нышандары суретінін аясында үш монетадан — «Шабандоз», «Регель қызғалдағы» және «Ғарыш» монеталарынан коллаж бейнеленген. Коллаждың сол жағында құны 10000 теңгелік купюраның суреті орналастырылған. Монетаның жоғарғы бөлігінде ұлттық валюта — теңге нышанының графикалық бейнесі орналастырылған. Айналдыра мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 15 ЖЫЛ» деген жазу, соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан және шығыңқы жиек орналастырылған.
Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы суреттер мен жазулар бедерлі. Қыры (гурты) бедерленген.
Ескерткіш монеталар 999/1000 сынамды алтыннан жасалған, массасы — 1000 грамм, диаметрі — 100 mm., «proof» сапасымен жасалған.
## Ұлттық Банктің мұражайы
Ұлттық Банктің мұражайы туралы. Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап калу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды.
Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған. Бұл жерде XII — XIV ғасырлардағы, қола және күміс монеталар, революцияға дейінгі Ресейдің, уақытша үкіметтің, РКФСР және КСРО-ның ақша белгілері, сондай-ақТМД елдерінің ақша белгілері сакталған. Мұражай корында күны 5 және 10 рубль 1898-1899 жылдары шығарылған Николай II патшаның бейнесі бар орыс алтын монеталары, Ұлы Петр, Екатерина II, Николай II бейнесі бар күміс монеталар бар. Сондай-ақ неміс рейхсмаркалары, орысполяк монеталары және Қытай, Мексика, Польша, Австро-Венгрия монеталары да бар.
Жәдігерлер арасында ерекше, мысалы «жібек ақшалар», «опиумдық ақшалар»дегендер де аз емес. Құны 5000 теңге салмағы 1 кг 925 сынамды күмістен жасалған Қазақстан тәуелсіздігінін, 10 жылдығына арналған күміс монета мұражайға келушілерді өзінің өлшемімен және дизайнымен таңғалдырады.
*
*
*
*
*
*
*
*
Бұл жерде Түркістанның 1500 жылдығына, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған алтын монеталар, ұлттық валютаның 10 жылдығына арнап шығарылған бірінші түрлі-түсті күміс монеталар, «Қазақстан Петроглифтері», «Қазақстанның кызыл кітабы», «Қазақстанның қолөнері», «Сәулет және тарихи ескерткіштер», «Көшпенділер алтыны», «Ертеде соғылған монеталар» сериясындағы монеталар сақгалған. Мұражайға келушілер арасында Қазақстандық теңге сарайы шығарған — «Қызыл бөрі», «Регель қызғалдағы», «Шабандоз» алтын және күміс монеталар үлкен қызығушылық тудырады.
Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді. 1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноталар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді.
ҚҰБ кейінірек айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:
* 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылғы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
* 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
* 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге, ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
* 1997 жылғы монеталар, номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңге;
* 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
* 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);
* 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 теңге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);
* номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
* мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдықтәуелсіздігіне байланысты;
* 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
* 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
* номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
* 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.
Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайнды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгеден 10000 теңгеге дейін.
Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік металл монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған монеталар, алғашқыда көлемі 64x100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналдарда металл тиындар шығарылды.
Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста жүрмейді, олардың орнында металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноталардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарылауымен байланысты.
2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноталардың келбетіне өзгерістер енгізіп шығарды. Мұндағы шаралар банкнотадағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.
Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңінде занды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлықтүрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлык түрлері бойынша занды төлем құралы болуын токтатады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы занды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген онжылдық мерзімін үзартуға құқылы.
Бүгінгі күні ұлттық валютамыз Орта Азиядағы тұрақты валюталардың біріне айналуда. Айналымға енгізген бастапқы кездері ұлттық валютаға деген сенімділіктің төмендігі және елдегі экономикалық дағдарыстардың болуы, оның құндылығына теріс әсер етті. Соның салдарынан теңгеміз АҚШ долларына қатысты құлдырады десе болады. Айталық, теңге енгізілгенде 1 АҚШ долларының бағасы 4,75 тиынға тең болса, 2000 жылы ол 155 теңгеге дейін құнсызданды. Бір жағынан мұндай құбылыс объективті, себебі, кез келген жаңа валютаның тарихы тереңде жатқан немесе экономикасы дамыған мемлекеттің ақша бірлігімен бәсекеге түсе алмасы анық. Екінші жағынан, ол кезендер ұлттық экономикамыздың жаңадан қалыптасу кезендерін сипаттайды. 2001 жылдан бастап осы күнге дейін теңгеміз АҚШ долларына қатысты тұрақтанып, 2001 жылы оның АҚШ долларына қатысты бағамы 155,6 теңгеден 2005—2006 жылдардың ортасына дейін 117,4 теңгеге дейін төмендесе, 2009 жылдың сәуірде ұлттық валютаның девальвацияланып, 150,8 теңгеге дейін қайта көтерілді.
Теңгенің АҚШ долларына қатысты құнсыздануын біріншіден айналыстағы ақша массасының өсуімен, екіншіден мұнай өнімдеріне деген бағаның өсуінің нәтижесінде пайда болған инфляция дейгейінің 8,5 пайызға жоғарылауымен байланыстыруға болады. Мұндағы ақша массасы екі жолмен өсіп отыр, біріншісі, мұнай өнімдерін сыртқа сатудан түскен валюталық түсімдердің өсуінен, ал екіншісі, отандық банктеріміздің соңғы жылдары шетелдік қаржы нарықтарынан арзан займдар тарту көлемінің артуынан болып отыр.
## Банкноттар
## Шақалар
### Бірінші топтама шақалары
### Екінші топтама шақалары (1997 — 26 сәуір 2019)
### Үшінші топтама шақалары (2019 бастап)
Шақалардың дизайны алдыңғы топтамамен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ, дегенмен, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне байланысты олардағы барлық жазулар латын жазу таңбаларымен жасалған.
## Естелік шақалар
Айналымға шығарылатын шақалармен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады.
## Теңге - ұлттық валюта
Қазақстанның ұлттық валютасы 1993 жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді. Ақша белгілері - теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірледі.Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаcырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп, тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертеңгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күн Ұлттық валютаның туған күні болып саналады.
## Қызықты деректер
2007 жылғы таңдалынған теңге нышаны, осыдан 120 жыл бойы Жапон пошта фирмасы қолданып келе жатқан белгісінің айнымасы болып шықты.
* Жапон поштасы сайты
* Қазақстан теңгесі алғаш айналымға енгізілген Тараз қаласында оған ескерткіш орнатылды.
## Ескерткіш банкноттары
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан ұлттық валютасы
* Теңгенің жаңа дизайны Мұрағатталған 6 қаңтардың 2014 жылы.
* Қазақстан банкноттары Мұрағатталған 12 мамырдың 2019 жылы.
* Монеты стран СНГ и Балтии
* "Көркемсуретті Қазақстан тарихы" төртінші том, Қазақ энциклопедиясы, Алматы, 2007 |
Әуесхан Мақатайұлы Қырбасов (28 мамыр, 1937, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылы – 3 сәуір, 2014, Алматы) - тәуелсіз Қазақстанның алғашқы елшілерінің бірі. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі деген дипломатиялық дәрежесі бар. Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті, «Қазақстан дипломаттар қауымдастығы» Кеңесінің Төрағасы. Инженер-механик, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының мүше-корреспонденті.
Бельгия және Нидерланд Корольдіктерінде, сондай-ақ Люксембург Ұлы Герцогтігінде Төтенше және Өкілетті елші ретінде республикамызды танытқан, Еуропа Одағы және Солтүстік Атлантика Шартты ұйымы (НАТО) жанындағы ҚР Өкілдігінің Басшысы болған.
## Өмірбаяны
* Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылында дүниеге келіп, осы жерде өсіп-жетілген.
* Инженер-механик – сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру мамандығын алып, институтты бітірген.
* 1959-1972 жылдары Алматы ауыр машина жасау зауытында инженер-конструктор, содан кейін жетекші конструктор болып еңбек етті. Осы кәсіпорында жұмыс істеген жылдары оның тікелей қатысуымен түрлі түсті металдан өндірілген құбырларды өңдеу үшін стандардың жаңа құрылымдары жасалды, оларды ойлап тапқаны үшін 7 авторлық куәлікке ие болды. Бұл әзірлеменің практикадағы құндылығын – бұрынғы КСРО түсті металлургияның барлық зауыттарында алюминий және мыс құбырларын өндіру көрсетілген стандардың негізінде ұйымдастырылған деген фактісі айғақтап отыр. Бұл жабдық үлкен сұранысқа ие болып, Германия, Венгрия, Румыния және т.б. елдерді табысты пайдаланылды.
*
*
*
*
Өндірістегі қызметінің нәтижесінде Ә.М.Қырбасов ғылым мен техника бойынша Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ өнертапқыштықты дамыту ісіне қосқан орасан зор үлесі үшін «Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген өнертапқышы» Құрметті атағына ие болды.
## Мемлекеттік аппараттағы қызметі
* 1972-1983 жылдарда Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі аппаратында және Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде жауапты қызметте болып, сонда Республиканың машина жасау саласының жұмысына жетекшілік жүргізді. Мұнда жүргенде ол маман ретінде кәсіпорындарды дамытуға айтарлықтай үлес қосты, әсіресе, Республиканың ауыл шаруашылық машиналарын шығару мәселесімен барынша ден қоя айналысты. Дәл осы кезеңде Павлодар трактор зауыты, АЗТМ, «Поршень» зауытының, «Қазақсельмаш», «Целиноградсельмаш» бірлестіктерінің және т.б. құрылысы және оларды қайта құру жүзеге асырылды.
* 1983 жылдан бастап, 10 жыл бойы Ә.М.Қырбасов Қазақстанның Сауда-өнеркәсіп палатасын басқарады, сол кезде ол Республикада сыртқы экономикалық байланыстармен айналысатын жалғыз ғана мекеме еді. Министр дәрежесіндегі осы жауапты қызметті атқарып жүріп, өнеркәсіптік кәсіпорындарға шетелдік фирмалармен сыртқы экономикалық байланыстар орнату, олардың өнертабыстарын патенттеу арқылы қорғау, тауар өндірушілердің шетелде өтетін халықаралық көрмелерге және жәрмеңкелерге қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ Республикада шетел көрмелерін, өзге ел фирмаларының ғылыми-техникалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру арқылы қазақстандық өнімдерді жарнамалау сияқты көмектер көрсетеді. Осы жылдары Алматы қ. алғашқы «Цветмет-83», «Цветмет-86», «Инхлебмаш-84» халықаралық салалық көрмелер өткізілді, сондай-ақ медициналық жабдық, телекоммуникация құралдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері таныстырыла көрсетілді, бұған жүздеген шетелдік фирмалар мен әлемнің көптеген елдерінің компаниялары қатысты. Осы көрмелерден түрлі түсті және қара металлургия зауыттарына, жеңіл және тағамдық өнеркәсіп кәсіпорындарына, денсаулық сақтау мекемелері және басқа да салаларға су жаңа машина және жабдық үлгілері сатып алынды.
Сонымен қатар осы кезеңде Қазақстан кәсіпорындарының шетелдегі халықаралық көрмелерге және жәрмеңкелерге белсенді түрде қатысқаны байқалады. Сонымен Қазақстан Сауда-өнеркәсіптік палатасының қолдауымен Франция, Үндістан, Канада, Чехословакия, Югославия, Ирак және басқа да елдерде өтетін жәрмеңкелерді еліміздің түрлі түсті металлургия зауыттарының, Республиканың Ғылым академиясы және Білім министрлігі институттарының экспонаттары көрсетілді.
## Шетелдегі дипломатиялық қызмет
* Қазақстан егемендігін алғаннан кейін Қырбасов Республиканың дипломатиялық қызметіне ауыстырылады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы қомақты жұмыс тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 30 шілдедегі Жарлығымен ол Бельгия Корольдігінде Төтенше және Өкілетті Елші болып тағайындалады, оның астанасында Еуропа Одағы, НАТО және басқа да көптеген әлемдік институттар сияқты халықаралық экономикалық және әскери-саяси ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан.
*
*
*
*
* 1994 жылдан бастап ҚР Еуропалық Одақтың жанындағы Өкілдіктің Басшысы, Нидерланд Корольдігінде және Люксембург Ұлы Герцогтігінде Төтенше және Өкілетті Елші, сондай-ақ ҚР Солтүстік Атлантика Шартты Ұйымының (НАТО) жанындағы Өкілдіктің Басшысы болып тағайындалады. Сонымен, Ә.М.Қырбасов Қазақстан Республикасының аталмыш Еуропа елдеріндегі және халықаралық ұйымдардағы ең алғашқы Елші болып, осы дипломатиялық міндетін 1998 жылға дейін орындап келді. Осы кезеңде Брюссельдегі дипломатиялық міндеттерді ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуропа Одағы және НАТО-ның штаб-пәтерлеріне келуімен қамтамасыз етілді, аталмыш халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен барлық негізгі келісімдерге қол қойылған. Қазақстан үшін ең маңыздысы – 1995 жылы қаңтарда жасалған ЕО ынтымақтастық және серіктестік туралы Шартта, сондай-ақ 1994 жылы мамырда қол қойылған «Әлем үшін серіктестік» НАТО бағдарламасына енгізілген Республиканы енгізу туралы келісім және жас мемлекеттің еуропа елдерімен ынтымақтастық жасауына арналған басқа да көптеген маңызды құжаттарға қол қойылды. Сондай-ақ 1996 жылы 31 шілдеде Әуесхан Мақатайұлы қызметте жүрген кезде «Қазақстан Республикасы және Солтүстік Атлантика Шартты Ұйымы арасындағы қауіпсіздік туралы келісімге» қол қойылды.
## Қазақстандағы жұмысы
* 1999 жылы Қазақстанға оралғаннан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды, ал 2001 жылы қыркүйектен бастап Ерекше тапсырмалары жөніндегі Елші болды.
* Осымен қатар, 2004 жылы шілдеде Ә.М.Қырбасов өзінің бастамасымен қайта құрылған «Қазақстан дипломаттарының қауымдастығы» Кеңесінің төрағасы болып сайланады.
Ә.М.Қырбасовтың дипломатиялық қызметте істеген жұмыстары да мемлекет тарапынан өте жоғары бағаланады. Оған Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 қазандағы Жарлығымен ең жоғарғы дипломатиялық дәреже – «Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі» дәрежесі берілді, «Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер» және «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қайраткері» атақтарына ие болады.
## Марапаттары
* Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің грамотасы
* Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген өнертапқышы
* Қазақ КСР-інің ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
* Нәзір Төреқұлов атын. "Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін" медалі
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
* Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметтің еңбек сіңірген қызметкері
* Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі
## Дереккөздер |
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер «қазақ» терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казакия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касакия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касакия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазақия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касак, касакия, касак, казак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казакия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс.
## Қазақ этнонимын шығу тегі
Қазақ этнонимының туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Түсіндіретін түпкілікті пікір алайда қалыптасқан жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездеседі.
Қазақ деген термин ертедегі екі тайпалық (каза және саха) одақтардың атынан шыққан. Олар сонау ықылым заманда алып одақ құрып сонау Мысырға дейін жаулап алған. Сонда Каза-саха деген қала салынған.
### Кавказ болжамы
Кейбір ғалымдар (Н. М. Карамзин, А. Вамбери т.б.) Шығыс Ромей империясының императоры Константин «Қызылтуған» (10 ғ. орта шені) берген мәліметтер бойынша Казахия елін Кавказдың солтүстік-батысында орналастырады (Қырым хандығы мезгілінде Қарачу немесе Қарачай деп белгілі аймақ). В. Минорский Константин хабарында Казахия деп касогтар айтылатынын дәлелдейді. Араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масуди «Өсиет және қайта қарау кітабі» шығармасында Құбан өзенінің төңірегіндегі тайпалар арасында әл-касакия тайпасын көрсетеді. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауын береді деді. Парсы тілді «Худуд әл-алам» жоғрапия туралы кітапта Қара теңіз жағалауында Касаг қаласының орналасуын деректейді. Көне Русьтегі жазылған «Повѣсти временныхъ лѣтъ» жылнамасында Святослав (965) пен Мстислав (1022) князьдері касогтармен соғыс жасайды. Ал касог терминін, алғаш рет 8 ғ. аяғы — 9 ғ. басында монах Епифаний келтірілген. жоғарыдағы мәліметтерге қарағанда касах, казахия, касак, кашак, касог алдыңғы орта ғасырларда Кавказдағы шағын тайпа, немесе тайпалар бірлестігін білдіретін алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің жоғарыда көрсеткен касог, т.б. атауларымен барлық жағынынан байланысы әлі де зерттеу борышы боп тұр.
### Моңғол болжамы
Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада» (13 ғ.) моңғ. хасаг-терген арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Ал Қазақстанды қоныстаған түркі тайпалар осы қоссөзді пайдаланғанына ешбір тарихи мағлұмат табылмаған.
### Енесай болжамы
Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастығына сүйеніп, В. П. Юдин ғ дыбысы соңыра түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.
### Қарлық болжамы
И. Маркварт шығыс мәтіндерден үш қарлық тайпасын хасактар (хаски) деп оқыған. Бірақ, В. Минорский басқа мұсылман деректерімен салыстырып, қарлықтардың тайпалық атауының мәтін аралық оқылуына елеулі түзету жасады. Бұл ретте, хасактардың орнына баскил деген конъюнктура енгізілді. Араб саяхатшы Әбу Дулаф «Рисалас» («Жазба») шығармасындағы харлұқ сөзін хазлақ деп оқып Н. Н. Пантусов та қателікке ұшырады.
### Парсы болжамы
Парсы-тәжік әйгілі Фирдоусидің Шахнама дастанында қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылған екен. Кейбір ғалымдар, А. Левшиннен бастап, нағыз қазақ халқының құрылуын 10 ғ. жатқызады. Дастанда қазақ терминіне қатысты ешқандай маңызды ақпар жоқ екендігін көптеген шығыстанушылар (С. Г. Кляшторный, Т. И. Сұлтанов т.б.) атап көрсетті.
### Түрікмен болжамы
### Қыпшақ әлеуметтік болжамы
Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты дейді. «Қазақ» термині 1245 жылы Мамлүк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери жорықтарға қатысуын санаған.
### Басқа мәліметтер
“Қасиетті жылнамада” (13 ғ.) айтылған бұл қоссөзді ұғым арбаны білдіреді. Кезінде А.А. Семенов қолдаған бұл көзқарастың еш дәлелі жоқ. Себебі, синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да, “хасаг-терген” термині Қазақстанда мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған 8 ғ-дағы ертедегі түркі ескерткішінен В.В. Радлов “қазғақым оғлым” (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған. Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар “қазғақ” және “қазақ” терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин “қазғақым” ұғымындағы “ғ” дыбысының 7 – 8 ғ-ларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалуы ықтимал деген пайымдау айтты. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонет. заңдылықтарымен үйлеспейтіндіктен, мамандар тарапынан қолдау таппады. Маркварт шығыс деректерінен үш қарлұқ тайпасын “хасактар” (хаски) деп оқыған болатын. Бірақ, Минорский мұсылман деректемелерін байыппен қарап шығып, текстол. және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, “хасактардың” орнына “баскиль” деген негізделген коньюнктура енгізілді. Араб саяхатшысы Әбу Дулафтың “Рисаласындағы” (“Жазба”) “харлұқ” сөзін “хазлақ” деп дұрыс оқымаған Н.Н. Пантусов та қателіктерге ұрынды. Фирдоусидің (935 – 1020) “Шахнамасында” Қазақ халқы және Қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар Қазақ халқының құрылуын 10 ғ-ға жатқызады. Дастанда “қазақ” терминіне қатысты ақпарат жоқ екендігін кейін көптеген шығыстану- шылар (С.Г. Кляшторный, Т.И. Сұлтанов, т.б.) баса көрсетті. Негізінен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты – тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этн. құбылыстардың өзі – этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді (мыс., қырғыз этнонимі мен қырғыз халқын, түрікмен этнонимі мен түрікмен халқын, русьтер мен орыстарды. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы мәселелерін талдап шешу қажеттігін түсіну барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал, белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. “Қазақ” сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіз бар. Бірқатар түркітанушылардың пікірінше, ол бастапқыда Шығ. Дешті Қыпшақта таралған. А.Н. Самойлович уақыты жағынан оны 11 ғ-ға жатқызады. 1245 ж. мамлюктер билеген Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде “қазақ” сөзіне “еркін, кезбе” деген мән беріледі. Бұл семантика “қазақ” терминіне әлеум. мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшаландыру ин-тымен байланыстырылды. “Қазақ” ұғымының пайда болу уақыты 13 ғ-дан ертерек кезге жатады, бұл жөнінде жанама мәліметтер болғанымен, алайда жазбаша ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Қ-қа айналу ин-т ретінде ауқымды, сатылы сипатта болды. Ол түркі тайпалары арасында да, араб шығысының (су’лұқ), Еуропаның (норвег викингілері), Русь (бродник) және т.б. қоғамдарында да орын алды. Әрбір жағдайда осы әлеум. құбылыстың мәні бірдей болғанымен, терминол. өзіндік ерекшелігі байқалып отырды. Қ-қа айналу ин-тының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақыты Әбу Бәкр Ахмед әл-Хамадани деген араб географының “Китаб ахбар әл-Бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) шығармасында оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынандай әңгімесі келтіріледі: “Менің аталарымның бірі, патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген”. Қ-қа айналудың осы классик. суреттеуінде автор “қазақ” терминінің синонимі ретінде арабтың “су’лұқ” сөзін алса керек. “Салақа” деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдер айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы Қ-қа айналу ин-тының мазмұны жағынан сәйкес келуі аңғарылады. Бірақ, автор арабтың “су’лық” терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақтар ортасы қабылдап алған “қазақ” термині болуы мүмкін. 13 ғ-да хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында “қазақ” термині ұшырасады. “Данишкеде-и Маққул у Манқул” кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп жазылған: “Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, Хижраның 660 жылы” (1262). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, этн. тегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластыра ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеум. сипаты болмай, қайта этн. сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. З.У. Тоғанның пікірінше, мұнда хорасан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ Қ-тарының өкілі айтылып отыр. Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын “Вақфнаме” деген жазбаша құжатында сөзсіз этн. сипаты бар “қазахлу”, “қазахлар” атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта Қ-тар айтарлықтай топ болған. Баяндалған материалдар 9 – 10 ғ-ларда Шығ. Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында “қазақ” атауымен әлеум., ал 11 – 12 ғ-ларда этн.-әлеум. топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда, бұдан моңғол шапқыншылығынан бұрынғы уақытта Қ. этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы жөнінде тұжырым жасауға болмайды. 11 – 12 ғ-ларда Қыпшақ хандығында этн. процестердің даму барысында Қазақхалқының этн. ұйытқысы қалыптасады. Моңғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтарын Дешті Қыпшақ шегіне бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы Қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. “Қазақ” сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылады. Қазақ сөзі – ерікті, кезбе, дала рыцары (Ш.Уәлиханов, М.Қозыбаев, т.б.) секілді мән-мағынаға ие. Мұсылман деректемелерінде түркі халықтарында Қазақа айналу – қазақылық ин-тының кең таралғаны атап өтілген. 14 ғ-дың басында байырғы дәстүрлер жаңғыру барысында қыпшақ тайпасы ұйытқы болған жергілікті этн. негізде алғашқы ірі мемлекет Ақ Орда құрылды. Оның құрамы жағынан негізінен Қазақ халқы болса да, атау ретінде деректемелерде кейінірек жазылып, анықталды. 15 ғ-дың екінші жартысында Қазақ халқы құрылған соң, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын “қазақ” атауы этн. маңызға ие болды. Керей хан мен Жәнібек хан 1457 – 69 ж. аралығында өздеріне қарасты тайпалармен Әбілхайыр хандығынан бөлініп, Шу өңіріне көшіп барып, жеке Қазақ хандығын құрды. Мұндағы түркі тілдес тайпалар тарихи деректерде алғашқыда “өзбек-қазақ”, кейінірек “қазақ” атауымен түпкілікті атала бастады. Қазақстан жергілікті қазақ халқына, орыс империясында казактар аталатын әскери әлеум. топ қалыптасуына байланысты, 17 ғ-дан 20 ғ-дың 30-жылдарына дейін орыс әдебиеттерінде қайсақ, қырғыз, қырғыз-қайсақ, қазақ-қырғыз, киргиз-қазақ деп қасақана бұрмаланып қолданылып, халықтың тарихи атауы аталмай келді. Бұрмалау 1925 ж. Қазақстан Кеңестерінің 5-съезінде түзетілді. 1936 ж. Қазақстанның әкімш.-шаруашылық өзгерістеріне байланысты Қазақ сөзі ресми түрде белгіленді.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы неміс әдебиеті — жалпы неміс әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады.
Қазақстандағы немiс ақын-жазушылары да елеулi еңбек еттi. «Фройндшафт» (1966 ж) газетiнiң шығуы, «Қазақстан» баспасында (Алматы) немiс әдебиетi редакциясының құрылуы (1967 ж), Алматыдан немiс тiлiнде радио хабар таратылуы (1958 ж.), сондай-ақ, Қарағандыда немiс тiлiнде телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Темiртау қаласында немiс театрының ашылуы (1980) — осылардың бәрi Қазақстандағы немiс ұлты өкiлдерiне жасалған қамқорлық болды.
50 — 60 жылдары Қазақстандағы немiс жазушыларының шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендедi. Р.Жакмьеннiң, К.Вельцтiң, И.Варкентиннiң, Н.Ваккердiң, Г.Генкенiң, Д.Левеннiң, Р.Франктiң, Э.Ульмердiң, Р.Лейстiң, Н.Ваккердiң, О.Пладерстiң, т.б. жыр жинақтары, А.Реймгеннiң, В.Клейннiң, Д.Гольманның, А.Дебольскийдiң, Г.Бельгердiң, К.Эрлихтiң, Г.Гольманның прозалық кiтаптары жарық көрдi. |
Қазтуған Сүйінішұлы (XVII ғасыр) — ноғайлық мырза, батыр, халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен айтулы жорық жырауы.
Қазтуған жырау ноғайдың Едисан ордасының билеушісі Сүйініш мырзаның ұлы. Сүйініш мырзаның Қазтуғаннан басқа Азамат және Әдіжі атты тағы екі ұлы болған. Оның арғы ата-бабалары Ноғай Ордасының билеушілері еді. Әкесі Сүйініш Абдоллаұлы Еділ бойында өмір сүрген, кейін Қобан жаққа өтіп кеткен. XVII ғасырдың екінші жартысында жазылған орыс деректерінде Сүйініш мырзаның аты жиі айтылады. Ресей мемлекеттік архивінің көне актілер жөніндегі бөлімінің «Ноғай істері» қорында Сүйініш мырзаның және ноғай ұлысының 1660 жылдарға дейінгі деректері сақталған. Қазтуғанның шежіресі былайша таратылады: Едіге би – Нұраддин – Уаққас – Мұса – Ысмайыл би – Дінбай би – Тінікей – Абдолла – Сүйініш – Қазтуған. Қазтуғанның есімі алғаш рет тарих беттерінде 1673 жылы аталады. Орыс деректерінде оның есімі Тоған деп көрсетілген. Осы жылы қалмақ билеушісі Аюке хан өзінің бірнеше тайшысымен бірге Астрахан басшыларының алдына барып, орыс-қалмақ келісіміне қол қойып, аманат сарайындағы ноғайдың жас мырзасын босатуды сұраған. Қалмақ тайшылары мұндай қадамға едисан ноғайларының мырзасы Сүйініштің сұрауы бойынша барған болатын. Олар Сүйініштің патша алдындағы абыройлы істерін еске салды. Алайда, бұл сұрақтың жауабын Астрахан билігі емес, Мәскеудегі патшаның өзі беру керек еді. Осы кезде іске қабардин кінәзі Касбулат Черкасский араласып, соңғы шешімді ұлық патшаның өзі хабарлайтынын айтып, қалмақ делегациясын жылы шыраймен шығарып салады.Қазтуған 1696 жылы ұзақ жылдар бойы Қалмақ хандығына тәуелді болған Едисан ұлысын бастап, Еділ бойынан Қырым хандығына тиесілі Қобанға көшіп кетеді. Қазтуғанның есімі соңғы рет 1698 жылғы деректе аталады. Онда Едисан ордасының мырзалары Тоған мен Гидемирдің Қобанның сол жағалауында орын алған жұтқа байланысты Мәскеуге Бейшім аға бастаған елшілікті жібергені жазылған.
Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына әскери рухты, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі көшпенділердің поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды.
Қазтуған жыраудың "Мадақ жыры", "Туған жермен қоштасу" сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің "Түрік хрестоматиясында" (1862), Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан "Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары" жинағында, М.Мағауиннің "Алдаспан" кітабында (1970) жарияланды.
Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Ол туралы талай аңыздар айтылған. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақтың батыры. Жырау қайғы айтып еш түңілмейді. Батырлар дәстүрін қолдап, асқақ жыр шертеді, ескі елдік бөлінбес бірлік қайтпас ерлік дәстүрін уағыздайды. Ойын-тойы көп жастық шақты еске алып, оптимистик пікірлер ұсынады. Нарындай құнарлы, жайлы кең қоныстың қасиеттерін асыра ардақтайды.
Көрінген мынау көк Нарын
Ойран салып өткен жер.
Маңдайы күнге күймеген,
Жорғадан басқа мінбеген,
Сұлудан басқа сүймеген,
Қамқадан басқа кимеген...
Жырау өзі жасап отырған тұрмыс-тіршілігіне дән риза. Көк майсаға қонған бай ауылдың бейқам өмірі, әдемі пейзаждық сурет елес береді. Туған жерін шын сүйген жас батыр бейнесін сомдайды.
Жауды көрсең жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса
Жайыққа түсіп жоғалған...
Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай айтылуы заңды. Дауысты «А» дыбысын қатар қолданып, аңырата сөз тастау тыңдаушыға әсерлі, құлаққа жұғымды.
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар
Арқамнан қосым қалар деп,
Ақ дария толқын күшейтер.
Құйрығын күн шалмаған балығым,
Ортамнан ойран салар деп
Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы образды сөздер. Бұрын соңды қолданылмаған тек Қазтуғанға тән тіркес « Құйрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп дім» - қандай әдемі сөз! Осы өлеңнің шумағы 3 жолдан тұрады. Ақын 5 жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Әрбір сөз әрбір жол өз орынында. Қазтуған өзіне тән теңеу, метафоралар қолданады. Қатарынан «Ж» әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер- қоныс құнарлығын өте айқын танытқандай:
Жабағалы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер.
Жарлысы мен байы тең,
Жабысы мен тайы тең,
Жары менен сайы тең.
## Дереккөздер |
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (10 желтоқсан, 1945, Қарағанды) — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, армия генералы.
## Қысқаша өмірбаяны
* 1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.
* 1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.
* 1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.
* Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.
* 1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.
* 1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.
* 1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
* 1972—1975 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.
* 1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.
* 1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.
* 1985—1988 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.
* 1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды.
* Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады.
* 1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.
* 1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.
* 1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.
* 1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.
* 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.
* 2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.
* 2007 ж. қаңтар-2010 ж. 11 наурыз аралығында — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.
* 2010 ж. 8 сәуірден - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
## Марапаттары
* Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.
* Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.
* АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16 жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.
* Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді.
## Әскери атағы
* Әскери атағы - армия генералы. Әскери ұшқыш-мерген.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы — Алтынбаева Гүлбану Рахымбайқызы.
* Ұлы — Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев, әскери қызметші.
## Дереккөздер |
Айша бибі (ХІ - ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек , әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.
## Аңыздар
### 1
Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді. Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін, жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Бабаджа-Хатунды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді. Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем ала тұрмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: « Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде.
### 2
Айша бибі — шамамен 11-12 ғасырларда өмір сүрген ару қыз. Әкесінің есімі — Айғожа. Айша бибі еліне сапарлап келген Қараханмен жүздесіп, бір-бірін ұнатады. Алайда тұтқиылдан елін жау шапқанын естіген Қарахан дереу еліне аттанады. Уәделі кезде хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып, бір хабарын білейін, аман болса алдыңызға келіп ақ батаңызды алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін бермейді. Үш рет өтініп, меселі қайтқан Айша бибі 40 қыз жолдас ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Ел шетіне таяғанда демалмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде сәукеленің ішінде жасырынып қалған улы жылан Айшаны басынан шағып алады. Қыздардың хабарын естіп Қарахан да жетеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса о дүниеде қосылайық деп Қарахан осы жерде Айшамен некесін қидырады. Келін болып босаға аттамаса да, уәдеге берік Айшаның соңғы демі өз қолында шыққанына әрі риза, әрі құса болған Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғыздырады. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев “Айша бибі” деген пьесасын жазды.
### 3
Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ. Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін», – деп теріс батасын береді. Айша Бибі қара судың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Шот-Аман (Шота) Ыдырысұлы Уәлихан (26 сәуір 1932 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Сырымбет ауылы – 31 наурыз 2021 жыл) — сәулетші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), профессор, Шығыс елдері Халықаралық сәулетші академиясының академигі (2001).
## Қысқаша өмірбаяны
1932 жылы 26 сәуір күні Көкшетау облысының (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған.
Шот-Аман Уәлихан — төре руының өкілі, әйгілі қазақ пен ресей ғалымы Шоқан Уәлихановтың бауырының ұрпағы. Қазақ ақыны Бақытжан Қанапияновтың немере ағасы.
Мәскеу сәулетшілік институтын бітірді.
«Қазақстан қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері, Алматы қаласының бас сәулетшісінің орынбасары,
Қазақстан сәулетшілер одағы басқармасының төрағасы болды.
Республикалық тарихи және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының төрағасы.
## Жетістіктері
Шот-Аман Уәлиханов бірнеше ірі ғимараттардың, 20 монумент пен ескерткіштің (басқалармен бірге) авторы. Солардың қатарында: Алматы қаласындағы «Динамо» стадионы (1958), «Универсам» дүкені (1979), «Казгипрозем» үйінің (1983 жыл) ғимараттары; Уәлиханов ескерткіші (1969 жылы; Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1970 жыл), Әліби Тоқжанұлы Жангелдин, Тоқаш Бокин (екеуі де 1975 жылы), Ғани Мұратбаев (1984 жыл), Шығыс Қазақстан облысы, Қарауыл ауылындағы Абай (1970), Көкшетау қаласындағы Талғат Бигелдинов (1998), Қостанай қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы (1999), Астана қаласындағы Кенесары Қасымұлы (2001), т.б. ескерткіштері; Дінмұхамед Қонаев бюсті (1985 жылы), Тәуелсіздік монументі (1996 жылы, жоба авторы әрі жетекшісі), т.б. Уәлиханов 1996 жылы Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік елтаңбасы бойынша өткен байқауында ҚР сәулетшілер одағының алтын медалі мен дипломын алды, елтаңба авторы. Сондай-ақ ол Қазақстан сәулет және бейнелеу өнерінің көкейтесті мәселелерін көтерген көптеген ғылыми мақалалар; сонымен қатар бірқатар драмалық шығармалардың да (“Шоқан”, алғаш рет 1962 жыл қойылған; “Ағнұр”, 1982; “Тағдыр”, 1984; “Террор”, 2000) авторы; бірқатар пьесалары республикалық (Алматы) және облыстық (Көкшетау, Қарағанды, Шымкент) театрлары сахнасында қойылды. Халықаралық сәулетшілер одағының дүниежүзілік 12–13, 20-конгрестеріне (Мадрид, 1975 жыл; Мехико, 1978 жыл; Бейжің, 1999 жыл) қатысты.
### Негізгі шығармашылық жұмыстары
* Алматыдағы Шоқан Уәлиханов (1969);
* Әліби Жанкелдин (1975);
* Тоқаш Бокин (1975) ескерткіштері;
* «Динамо» стадионы құрлысының (шығармашылық топ құрамында) жобалары;
* Алматы Тәуелсіздік монументі авторлар тобының жетекшісі (1998);
* Қазақстан елтаңбасы.
## Марапаттары
### Атақтары
* Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
### Премиялары
* Қазақ КСР Мемлекеттік премиясы
* Қазақстан Республикасы Мемлекеттік премиясы (1990)
### Марапаттары
* Парасат ордені
* Құрмет ордені
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі
* Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалі
* Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі
## Дереккөздер |
Қазақ транслитерациясы —
## Транслитерация Жүйесі
### Кирилл <−> латын
ҚазАқпарат Латыны
2004 ж. бері "ҚазАқпарат" мемлекеттік ақпарат агенттігі"[1] шет елдегі қандастарымыздың жаңалықтардан хабардар болуы үшін транслитерация жүйесін енгізген болатын. Ол жүйеде қазақтың кирил әріптері CP1254 (ISO 8859-9) кодтамасындағы түрік әріптерімен алмастырылатын.
Бұл жүйе Қазнеттің стандартына айналды-мыс. Шетелге бағытталған ресурстар веб беттер мен электронды поштада осы жүйені қолданады.
ҚР ҒА Тілдер Институты осы жүйені қазақ жазуының латын алфавитіндегі жаңа стандарты болады деген сенімде. Қосымша Транслитерация жүйелерінің салсытырмалы кестесін қараңыз.
Латиница ГОСТ
Түпнұсқа мәтіні ISO 9:1995 болып табылатын Қазақстанда қолданылып жүрген мемлекетаралық стандарт ГОСТ 7.79-2000, әріп ауыстыруды А (диакритика) и Б (қосарлы әріптер) жүйелері бойынша көздейді.
ГОСТ 7.79-2000-де делінген:
Бірақ та Қазақстанда қазақ-кирил мәтіннің қосарлы әріптер негізінде (жүйе Б) латынға әрпін ауыстырудың ережелері тиісті ұлттық стандарт ретінде күні бүгінге дейін (2006 жылдың орта кезі) қабылданбай келеді.
Жүйе А
‘Жүйе А' — қатал транслитерацияда (әріп ауыстыруда) кеңейтілген кириллицаның әрбір әрпіне кеңейтілген латиницаның жеке бір белгісі немесе арнайы символы cәйкес келеді. Басқаша ғылыми транслитерация аталады.
Жүйе Б
‘Жүйе Б' — жеңілдетілген транслитерацияда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін.
Жүйе Б қарапайым
‘Жүйе Б қарапайым' — жеңілдетілген транслитерацияның түрі. Мұнда кеңейтілген кириллицаның әріптері ағылшын әліпбиінің жеке әріптеріне немесе қосарлы әріптеріне, сондай-ақ арнайы символдарына ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мәтін бірегей танылған жағдайда, «гравис» арнайы символын жазбауға немесе оны H латын әрпіне ауыстыруға жол қойылады. Біржолғы кириллицадан латынға транслитерацияда қолданылады: SMS хабарларда, интернет-домен атауларында (мұнда арнайы символдар мүлдем қолданылмайды) т.б.
Қарапайым пиньинь
Қытайдағы қазақтар арабша мәтінді латыншаға ауыстырған кезде пиньинь негізінде жасалған ерекше транслитерация қолданылады. Кестеде мейілінше толық көрсетіледі (іс жүзінде гравистер жазылмауы мүмкін).Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырмалы кестесі
### Кирилл <−> кирилл
Казновица
Казановица немесе казновица (казахская новая кириллица)[2] — қосарлы әріптер немесе (диграфтар) пайдалану негізінде қазақ әліпбиінің әріптерін орыс әліпбиінің әрпітеріне ауыстыру яғни транслитерация болып табылады. «Казновица» авторы (Андрей Владимирович Сергеев) идеясының негізінде — алмандықтардың жаңа орфографиясында қолданылатын ( умлауттары: Ä, Ö, Ü және лигатуралары ß бар әріптерді: АЕ, OE, UE и SS сияқты қосарлы әріптерге ауыстыру тәжірибесі жатыр). Казновица қаңидаттары солтүстік-қауқаз түріктерінің, дәлірек айтқанда (қарашай–балқар, құмық немесе ноғай) жазуларындағы принциптерге ұқсас келеді.
«Казновицада» орыс алфавитіне кіретін және латынның «i» әрпінен табиғаты мүлдем бөлек «і» қазақ әрпі ғана қолданылады. Қазақ тілінің ерекше әріптері дыбысталуы жағынан жақын келетін твердый және мягкий белгісі диакритика ретінде қойылып жазылатын орыс әліпбиіндегі қосарлы әріптермен беріледі. Қараңыз. Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесіАвтордың айтуынша, UTF-8 стандартын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда, «казновица» кәдеге жаратылады.
### Транслитерация жүйелерін салыстыру
Транслитерация жүйелерінің салыстырма кестесі
### Мысал
Транслитерация мысалы. Мәтін — Қазақстан әнұранынан алынған үзінді:
## Түсініктемелер
## Тағы қараңыз
* Транслитерация
* Қазақ әліпбиі
* Әліпби
* Қазақ тілі
## Сыртқы сілтемелер
* Славян емес жазуын транслитерациясы: ҚазақPDF (ағылш.)
* ALA-LC транслитерация кестелері. Славян емес жазулар (кирил) — ҚазақшаPDF (ағылш.)
* ҚазАқпарат жаңалықтары (латынмен) Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2008 жылы.
* kz.kub.kz Казахский язык в Интернете. Казновица Мұрағатталған 11 қазанның 2015 жылы. (орысша)
* Transliterate kazakh text (ағылш.) |
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ, ағылш. Kazakhstan Football Federation) — Қазақстанда футбол додалары мен біріншіліктерін ұйымдастыратын мемлекеттік ұйым. Ол Қазақстан Премьер Лигасы және Қазақстан Кубогы сияқты додалар мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы ойындарын ұйымдастырады.
## Бұрынғы атаулары
* Қазақстан Республикасы футбол қауымдастығы (1992–2000)
* Қазақстан футбол одағы (2000–2007)
* Қазақстан футбол федерациясы (2007–қазіргі уақытқа дейін)
## Тарихы
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) 1992 жылы Қазақ КСР футбол қауымдастығының қайта құрылуымен (1989 жылы құрылған) құрылды. Сол жылы (1992), ҚФФ ФИФА мен Азия футбол конфедерациясының (АФК) қауымдастырылған мүшесі болды (немесе 1993 жылы). Оның құрылуы қазақ футболын халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырудың бастамасы болды. ҚФФ еліміздің ең ірі спорт федерациясына айналды, Қазақстандағы футбол «спорт патшасы» ретінде бағаланып, спорт сүйер қауымның таңдауы бойынша бірінші орынды иеленді.
1992 жылы федерация футболдан ұлттық лига чемпионаты мен Қазақстан кубогы сияқты кәсіби деңгейдегі түрлі жарыстарды өткізді. Қауымдастырылған мүше бола тұра, ҚФФ ұлттық құрамалар үшін ресми халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат етілмеді, сондықтан 1992 жылдың ортасы мен аяғында және 1994 жылдың сәуірінде ортаазиялық Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерімен бірге өңірлік жарыстарға қатысты. 1994 жылы ҚФФ ақыры ФИФА мен АФК-ның толыққанды мүшесі ретінде қабылданды. АФК-ға кіру туралы шешім дауыс беруден кейін қабылданды. Ұлттық құраманың Орталық Азиядан тыс құрамамен алғашқы ойыны 1995 жылы желтоқсанда өтті. Сол жылы Қазақстанның атынан шыққан Олег Литвиненко қазан айындағы Азияның үздік ойыншысы болып танылды.
2000 жылы ҚФФ УЕФА-ның кандидаты болды және 2002 жылы 25 сәуірде Швецияның Стокгольм қаласында өткен УЕФА конгресінде оның толық мүшелігіне ие болды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстандағы футбол
* Қазақстан футзал ассоциациясы
## Дереккөздер |
Мұхтар Ақатұлы Аюбаев (22 тамыз, 1959, Түрген ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы, Қазақ КСР) — Қазақстан Президенті Сақтандыру Қызметінің бастығы., 2013 жылдың наурыз айнда Қазақстан Республикасының Президенті жарлығымен Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды, генерал-лейтенант.
## Қысқаша Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
* 1959 жылы 22 тамызда Алматы облысы Шелек ауданының Түрген ауылында туған.
* Әкесі - Аюбаев Ақат Рәшұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, Алматы облысы Кербұлақ ауданында кеңшар директоры болып жұмыс істеген. Анасы - Аюбаева Гания Бекқұтымқызы (1939 жылы туған), зейнеткер.
* Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының инженерлік-механикалық факультетін (1981) «Жеңіл өнеркәсіп машиналары және аппараттары» мамандығы бойынша;
* КСРО МҚК жоғары курстарын (Минск қаласы, 1985);
* Қазақ гуманитарлық-заң университетінің заң факультетін (2005) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
* 1975 жылдан - ұжымшар жұмысшысы.
* 1981 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.
* 1983 жылдан - Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы.
* 1984 жылдан - КСРО МҚК жоғары курстарының курсанты.
* 1985 жылдан - «Жетісу» Алматы өндірістік аяқ-киім бірлестігінің слесарь-жөндеушісі;
* Пақтаарал АБ жедел өкілі, Сайрам АБ жедел өкілі, Шымкент облыстық ҰҚКБ жедел өкілі.
* 1991 жылдан - Талдықорған облыстық ҰҚКБ жедел өкілі, аға жедел өкілі, хатшылық-басқармасының бастығы.
* 1995 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президентінің жеке күзеті келулерді қамтамасыз ету бөлімінің бөлімше бастығы, жеке күзет бөлімі бастығының орынбасары, ҚР Президентінің Күзет қызметі бірінші департаменті бастығының орынбасары.
* 2002 жылдан - ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президенті Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
* 2004 жылдың ҚР Республикалық гвардиясы қолбасшысының бірінші орынбасары.
* 2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары - ҚР Президентінің Қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің бастығы.
* 2006 жылдың наурыз айынан бері - ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы.
* 2013 жылдың 6-наурыз күні Мұхтар Аюбаев Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының қолбасшысы қызметіне тағайындалды.
## Марапаттары
* II дәрежелі «Айбын» орденімен (2004);
* 8 медальмен.
* ҚР ПКҚ «Қазақстан Елбасы қорғаны» (2002)
* «Кеңес Әскерінің үздігі»
* «Милиция озаты» белгілерімен марапатталған
* түрлі ведомстволық сыйлықтармен көтермеленген.
* ҚР Президенті Күзет қызметінің Құрметті қызметкері.
* Алматы облысы Құрметті азаматы.
* «Шебер» біліктілік санатына ие (1-ші санаттағы маман тәлімгер).
* Еркін күрестен спорт шебері.
## Үй жағдайы
* Үйленген. Жұбайы - Аюбаева Жамал Әкімқызы (1960 жылы)
* Ұлдары - Алмас (1984 жылы туған), Айбол (1987 жылы туған);
* қызы Әлипа (1993 жылы туған).
## Дереккөздер |
«Отан» ордені — Қазақстан Республикасының марапаты. 1993 ж. белгіленді.
## Толығырақ
1993 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен белгіленді. Бұл орденмен азаматтардың экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы; мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік прогресті дамытудағы ерекше еңбегі марапатталады. Дөңгелек пішінді орденнің ортасына Елтаңба бедерленіп, оның астында күннің шапақты сәулесіне ұқсас нақыш және айналдыра көмкерген бидай масағын меңзейтін айшықпен көмкерілген. Елтаңба бейнесінің астында “Отан” деген жазуы бар.
Бұл орденмен азаматтар:
* мемлекеттік және коғамдық қызметтегі;
* экономиканы, әлеуметтік саланы, ғылым мен мәдениетті дамытудағы;
* мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметтегі, демократия мен әлеуметтік үдерісті дамытудағы ерекше еңбегі марапатталады.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Қазақстанның мемлекеттік марапаттары
## Дереккөздер |
Түркістан облысы (1932-1962, 1992-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы және 1962–1992 жылдары Шымкент облысы) — Қазақстанның оңтүстігіндегі облысы. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 2018 әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды; Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды.
Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,000,000 адам (2018). Орталығы – Түркістан қаласы. Солтүстігінде Ұлытау, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 14 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.
## Табиғаты
Түркістан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
## Геологиясы мен кен байлықтары
Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран[ плитасының құрамына кіреді. Геологиялық құрылымы негізінен кембрийлік, девондық, тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төменгі палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат, жоталар аралығындағы ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған) түзілген. Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит, вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, әктас, гранит, мәрмәр, кварц, т.б. кен байлықтары барланған. Қаратауда Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20 ғасырдың 40- 40-жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады.
## Климаты
Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.
## Гидрографиясы
Өзендері облыс аумағында біркелкі таралмаған. Түркістан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс (378 км), Келес (241 км), Құркелес (98 км) өзендері құяды. Халқы тығыз орналасқан оңтүстік-шығысында Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы, Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Шу өз-нің төм. ағысында суы аз, тек көктемде қар еріген кезде ғана суы молайып, Созақ ауданының шаруашылықтарын суландырады. Шардара (ауданы 400 км², су көлемі 5200 млн м³), Бөген (су көлемі 377 млн м³), Бадам (су көлемі 61,5 млн м³), т.б. бөгендер салынған. Арыс өзенінен Арыс – Түркістан, Өзбекстан жеріндегі Сырдариядан Достық (бұрынғы Киров атындағы), Шардара ауданында Қызылқұм магистралды каналдары тартылған. Облыс көлдері негізінен таяз және тұзды, көктемде суға толып, жазда құрғап, сорға айналады. Ірі көлдері: Ақжайқын (48,2 км²), Қызылкөл (17,5 км²), одан басқа Қалдыкөл, Шүйнеккөл, Тұздықдүме, т.б. ұсақ көлдер бар. Жер асты суының қоры мол.
## Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
## Халқы
Түркістан облысында республика халқының 15%-ы тұрады (2011). Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км²-ге 18,6 адамнан келеді. Республика бойынша бала туу жөніндегі ең жоғарғы көрсеткішке (1000 адамға 22,6 сәбиден келеді) және халық санының табиғи өсуінің ең жоғары шамасына (32,5 мың адамнан астам) жетті. Облыс халқының басым бөлігін қазақтар (70,24%) құрайды, одан басқа өзбек (17,1%), орыс (7,2%), татар (1,2%), Әзірбайжан, тәжік, түрік, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Мақтаарал, Шардара, Сайрам, Сарыағаш ауданында тұрғындар жиі қоныстанған. Облыс тұрғындарының 47%-ы қалада, 53%-ы ауылда тұрады.
Түркістан облысы халқының саны
## Әкімшілік бөлінісі
Әкімшілік-аумақтық бөлінісінде 14 аудан және 3 қала бар.
## Шаруашылығы
Түркістан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық салалары дамыған, еңбек ресурстары жеткілікті аймақ. Облыс кәсіпорындары Қазақстандағы барлық өнеркәсіп өнімдерінің 5,9%-ын өндіреді. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6%-ы, фармацевтикалық препараттардың 70,1%-ы, минералды және газды сулардың 51,5%-ы, мотор майының, бензиннің 38,9%-ы, рафинатты қорғасынның 23,6%-ы, сыраның 23,6%-ы, цементтің 19,7%-ы, экскаватор, мақта талшығы, мақта майының барлығы дерлік Түркістан облысында өндіріледі. Облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады.
## Өнеркәсібі
Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші және металлургия кәсіпорындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентaу қалаларында жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: “ПетроКазахстанОйл Продактс” ААҚ (мұнай өңдеу) және “ИнтеркомШина” ААҚ (шина шығару). Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын “Южполиметалл” ЖАҚ (қорғасын, мырыш, т.б. өнімдер); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: “Карданвал” ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктерін шығаратын), “Южмаш-К” ЖАҚ (ұстаханалық-престеу машиналары мен қосалқы бөлшектерін шығару), “Экскаватор” ААҚ, “Кентау трансформатор зауыты” ААҚ, “Түркістан-насос” ААҚ; құрылыс өнеркәсібінен “Шымкентцемент” ААҚ; химия өнеркәсібінен – “Химфарм” ААҚ (дәрі-дәрмек өнімдерін шығару); жеңіл өнеркәсіптен “Восход” ААҚ, “Эластик” ААҚ, “Адал” ЖШС, т.б. жұмыс істеуде. Тамақ өнеркәсібі саласындағы жетекші кәсіпорындарды “Шымкент-май”, “Қайнар”, “Шымкент сыра”, “Бахус-Деронсек” АҚ-дары, “Арай”, “Амангелді” ЖШС-тері, т.б. құрайды. Сарыағаштың минералды суын шығарумен “Әсем-ай”, “Алекс” ЖШС-тері айналысады. Темекі өнімдерін JTL “Central Asіa” ЖАҚ-ы шығарады.
## Ауыл шаруашылығы
Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай – 400 мың т, күріш – 10 мың т, шитті мақта – 360 мың т, көкөніс – 400 мың т, бақша өнімдері – 291 мың т, картоп – 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара – 603 мың, қой-ешкі – 3 млн., жылқы – 119 мың, түйе – 14 мың, құс – 1,8 млн., шошқа – 22 мың басқа жетті.
## Көлігі
Облыс экономикасының тұрақты дамуында темір жол тасымалының үлесі басым. Маңызды темір жол тармақтары: Орынбор – Ташкент, Түркістан – Сібір темір жол Темір жолдың жалпы ұзындығы 443 км-ден асады, қызмет ету шектері Шеңгелді – Арыс және Түркістан – Арыс – Түлкібас станцияларының аралықтары. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5200 км, оның 800 км-ден астамы республикалық, 4470 км жергілікті маңызы бар жолдар. Облыс жеріндегі ірі автомагистралдар: Алматы – Ташкент, Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Жуантөбе. Әуе көлігі жүйесінде “Шымкент әуежайы” ААҚ халықаралық тікелей және транзиттік авиарейстерді жүзеге асыруға қолайлы. Облыс жерінен Бұхара – Шымкент – Алматы газ құбыры, Омбы – Павлодар – Шымкент мұнай құбыры өтеді.
## Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениеті және мәдени мұралары
Облыста жалпы білім беретін 1007 мектеп, 22 кәсіптік-техникалық мектеп, 36 колледж, 115 мектепке дейінгі мекеме бар (2004). М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы, М.Сапарбаев атынд. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты, Қожа Ахмет Иасауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетті және бірнеше мемлекеттік емес жоғарұы оқу орындары студенттерге білім беруде. Облыста 931 мемлекеттік медицина ұйым, оның ішінде 542 фельдштік-акушерлік пункт, 131 отбасылық дәрігерлік амбулатория, 60 ауылдық телімдік аурухана, 12 орталық аудандық және 5 аудандық аурухана, санспединстанция-эпидемиологиялық станция жұмыс істейді. Қарт адамдарға арнап “Ардагерлер үйі”, балаларға “Тау самалы” оқыту-сауықтыру орталық ашылған. Облыс аумағында елімізге белгілі Сарыағаш минералды суына негізделіп ашылған “Сарыағаш” шипажайы, “Арман” санаторийі, “Манкент” санаторий-профилакторийі, т.б. “Шымған”, “Денсаулық”, “Мейірім” сауықтыру орталықтары бар. 365 кітапхана, 9 музей, 6 кинотеатр, 6 театр (3 драма, 2 сазды, 1 қуыршақ), хайуанаттар саябағы, 366 мәдени-демалыс, 2865 спорт-сауықтыру мекемесі жұмыс істейді. Облыстық “Оңтүстік Қазақстан”, “Южный Казахстан”, “Жанубий Қозоғистон” газеттері қазақ, орыс, өзбек тілдерінде шығады. Облыс аумағында Ұлы Жібек жолы өткен көне қалалар (Исфиджаб, Иасы, Сауран, Отырар, т.б.) мен қорғандар болған. 802 тарихи және мәдени ескерткіш, оның ішінде 582 археологиялық, 42 тарихи, 11 монументтік өнер ескерткіштері; дүние жүзіне белгілі қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан. Бәйдібек ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі, Қарабатыр кесенесі (Бәйдібек ауданы), Арыстан баб кесенесі (Отырар ауданы), Баб ата күмбезі, Қарабура әулие кесенесі (Созақ ауданы), Қарашаш ана күмбезі, Ибраһим ата күмбезі, Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесі мен мұражайы (Ордабасы ауданы) бар.
## Түркістан облысының экономикасы
Облыс экономикасын дамытуға 293,9 млрд теңге инвестиция тартылып, алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 6,2 пайызға артты. Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 144,4 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен 23,4 пайызға артты.
### Еңбек ресурстары
Түркістан облысының өндірістік-экономикалық мүмкіндіктері мол. Олардың негізін орасан зор табиғи қорлар мен жеткілікті еңбек ресурстары құрайды. Уран қоры жөнінен облыс Қазақстанда бірінші, фосфориттер мен темір рудасы бойынша – үшінші орынды иеленеді.
### Қазбалардың баланстық қоры
Жалпы, қатты пайдалы қазбалардың баланстық қоры мен болжам ресурстары бойынша облыстағы жер қойнауының байлығы 240 млрд АҚШ долларына тең бағаланады. Оның ішінде:− бокситтер,− темір рудасы,− уран,− қорғасын мен мырыш,− көмір маңызды орында.
### Кен орындары
Барланған кен орындары мен геологиялық барлау нысандарын игеруге қажетті ресурстарды өнеркәсіптік дәрежеге ауыстыруға, оларды игеру жұмыстарына 2,0 млрлд АҚШ доллары шамасында қаражат қажет.Алғашқы кезекте мынадай кен орындары игерілуі тиіс:- Шу-Сарысу және Сырдария ойпаттарындағы уран кен орындары (Жалпақ және Мыңқұдық);- Күмісті кенді ауданындағы алтын кен орны;- Жабағылыдағы Ванадий кен орны;- Өгем жотасындағы қорғасын, мырыш, вольфрам кен орны;- Придорожный мен орталықтағы көмірсутектер кен орны.
### Ірі кәсіпорындар
Мақта, тері шикізаттарын, өсімдік майын, жеміс-жидек, көкөніс, жүзім, бау-бақша, макарон, темекі, сыра және басқа да алкогольсіз сусын өнімдерін өндіріп, тапсыруды қамтамасыз ететін ең ірі кәсіпорындар осы облыста.Сонымен бірге, облыста қорғасын, цемент, мұнай өнімдері, күкірт қышқылы, шифер, автотрактор шиналары, экскаватор, трансформаторлар, майлы ажыратқыштар, шұлық-ұйық, тігін бұйымдары, жиһаз түрлері шығарылады.
### Автокөлік саласы
Облыста екі бағыт бойынша жалпы ұзындығы 445 километр темір жолдар, ұзындығы 5,3 мың километр автокөлік жолдары, оның ішінде қатты жабындылы 5,1 мың километр жол бар. Азаматтық авация ұзындығы 27000 ауа белдеулерінде жұмыс істейді. Облыс орталығы халықаралық Орынбор-Ташкент және Түсркістан-Сібір теміржол тораптарының тоғысында орналасқан. Сонымен қатар, облыс аумағы арқылы Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автокөлік күре жолдары өтіп жатыр.
## Түркістан облысының кәсіпкерлік саласы
“Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы” 33825 кәсіпкерге көмек көрсетті,10147 кәсіпкерді бейімдеу курстарынан өткізді, 2359 рұқсат құжаттарын “1 терезе” арқылы рәсімдеді, 2178 жобаның қаржыландыруына септігін тигізді.
### Жетістіктері
Ағымдағы жылдың 1-шілдесінде белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 114,7 мыңға жетті. Сонымен бірге, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Шымкент қаласында “кәсіпкерлер мектебі” ашылды. Ағымдағы жылы типтік жоба бойынша барлық аудан, қалаларда кәсіпкерлік мектептерінің құрылыс басталды.
### Жаңа жобалар
Жыл басынан “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасы аясында 50,7 млрд теңгеге 93 жоба мақұлданды (2013жылы - 82 жоба, 24,2 млрд тг)(5 жылда 2009-2010 жж – 4095 жоба, 6737 жұмыс орны ашылды). Оның ішінде :- несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін құны 21,7 млрд теңгені құрайтын 57 жоба;- несиелерді ішінара кепілдендіру арқылы жалпы құны 293,7 млн теңгені құрайтын 7 жоба;- қажиетті инфрақұрылмен қамтамасыз ету бойынша құны 28,7 млрд тг құрайтын 21 жоба;- “гранттық қаржыландыру” бойынша 35,9 млн тг грант 8 жобаға бөлінді. “Максисум” АИО тарпынан есепті кезеңде 2,4 млрд теңгеге 776 жоба қаржыландырылып, 578 тұрақты жұмыс орны ашылды. Жобаның 90 пайыздан астамы ауылдық жерлерде (5 жылда 2009-2013 жылдары – 8673 жобы, 27915 жұмыс орны ашылды).
### Шетел технологияларын трансферттеу
Шетел технологияларын трансферттеуге және инвестиция тарту мақсатында құрылған “Шымкент инновация” ЖШС-інің жұмыс ауқымы артуда.
Азия (Малайзия, Индонезия және Оңтүстік Корея) және Түркия елдеріне іскрелік қарым-қатынас орнату нәтижесінде машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, тамақ өндірісі, құрылыс, индустрия және туризм салаларында 19 жоғары технологиялық жобаларды өңірде жүзеге асыру жөнінде алдын ала келісімшарт түзілді. Осы жобалар есебінен облысқа 400млн АҚШ доллардан астам инвестиция тарту күтілуде. Өңірге 10-нан астам дипломатиялық миссиялар және шетелдік компаниялардың өкілдері қабылданды (Малайзия, АҚШ, Италия, Болгария, Түркия, Оңтүстік Корея, Индонезия, Ресей, Австрия және т.б.).
2014 жылдың қаңтар-мамырында сыртқы сауда айналымының көлемі 1,5 млрд АҚШ доллар, оның ішінде: экспорт – 869,9 млн АҚШ доллар, импорт – 638,0 млн АҚШ доллар құрады.
## Түркістан облысының жылыжай шаруашылығы
Жылыжай көлемі 5 жылда 126 гектардан 900 гектарға жетті (7 есе). Республикадағы үлесі – 87%.
### Ерекшелігі
Түркістан облысы – елдегі жылыжай шаруашылығын дамытуда сөзсіз көшбасшылық орынды иеленді. ОҚО ауылшаруашылық басқармасының деректері бойынша, ҚР-дағы жыл бойы көкөніс өндіруге бөлінген аудандардың 85 пайызы ОҚО-на тиесілі екен.
### Тамшылатып суғару әдісі
Тамшылатып суғару әдісі 5 жылда 2,1 мың гектардан 33 мың гектарға жетті (16 есе). Республикадағы үлесі – 83%.Республика халқын жеміс-жидек өнімімен және жүзіммен толық қамтамасыз ету үшін облыста озық технологияларды енгізу, соның ішінде бақ егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағытта облыста “Бақ өсіру және жүзім шаруашылығын қарқынды дамыту шараларының 2014-2016 жылдарғы арналған кешенді жоспары” бекітілді.
### Жылыжайда ағаш өсіру
Шымкент қаласының жасыл белдеуі 1564 га жерге 1 млн түп ағаш көшеттері егілген. 8 су ұңғымасы іске қосылған, оған қоса тағы 2 су ұңғымасының құрылысы қолға алынған. Бүгінгі таңда мұнда қарағаш, үйеңкі, шаған, бадам, өрік, алма сынды ағаш көшеттері бой алып, халқы күн санап артып келе жатқан қаланың экологиялық ахуалын жақсартып келеді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* Түркістан облысы Мұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. в Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP) |
Исатай Тайманұлы (1791–1838) – 1836–1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.
## Өмірбаяны
Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И.Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі - Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И.Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г.С.Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.
## Қызметі
Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.
Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4-5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.
Хан Бөкей Исатайдың басқаруына Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы Қарақамыс, Күйгін, Көлденең, Байсары, Кемелі аралдарын береді . Осылайша жасынан алымды, сөзге шешен, бірбеткей, өжет, қара қылды қақ жаратын, әділ Исатай 21 жасында Беріш руының старшинасы болып ел басқарады, Ордадағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан тапсырмасымен ол Петербургке бара жатқан Бұхар елшісін Сарайшықта қарсы алып, Астраханға дейін қасына ереді. Орынбор шекаралық комиссиясының бастығы генерал Генстің Ішкі Ордаға келген сапарында оның қасында болады.
Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейе түседі. Солардың жапқан жаласынан И.Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады.
Ішкі Ордада патша үкіметінің отарлық мүддесін іске асырушы хан Жәңгірдің халыққа жасаған озбырлығына И.Тайманұлы әу бастан қарсы болады. Ханнан, оның қайын атасы Қарауылқожадан, сұлтандар мен билерден зәбір көрген қарапайым халық бірте-бірте Исатайдың айналасына жинала бастайды. Оның қоластындағыларға ханның әмірі жүрмейді, ал Исатай батырға Жәңгірдің әлі келмейді. Ханның төңірегінде негізінен төрелер, билер, қожалар, молдалар және соларға ерген аз ғана халық қалады.
## Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі
Исатайдың Жәңгір ханмен келіспеушілігі 19-ғасырдың 30-жылдарының орта кезінде одан әрі шиеленісе түседі. Оған себеп болған жағдай - 1833 жылы маусым айында Жәңгір ханның осыған дейін И.Тайманұлы басқарып келген Каспий теңізінің солтүстік жағалауындағы шөбі шүйгін, суы мол 5 аралды қайынатасы Қарауылқожа Бабажановтың билігіне беріп, Исатайды қарауындағы елімен шаруашылыққа қолайсыз, суы да, шөбі де аз, құм басқан Мыңтөбеге аударуы еді. Жәңгір ханның және басқа да феодалдардың халыққа жасап отырған қысымшылығы туралы И.Тайманұлы бастаған бір топ старшиналар Орынбордағы Шекара комиссиясына, тіпті губернатордың өзіне талай рет арыздар да жазады. Бірақ, одан ешқандай да қорытынды шықпайды.
## 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы халық-азаттық көтеріліс
Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл - 1836-1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді. Көтерілістің қозғаушы күші, негізінен, қазақ шаруалары болды. Оның мақсаты - Жәңгір ханның халыққа жасап отырған озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, Қарауылқожаны, Балқы Құдайбергеновті биліктен тайдыру, жер мәселесінде белгілі бір келісімге келу болатын. Исатай Тайманұлы - осы көтерілістің сардары, көсемі, ал "Махамбет - ел-жұртты дабылдатып, көтеріліс рухын көтерген батыр-жырау, көтеріліс жыршысы" (М. Қозыбаев) болды. Жалпы, 1836-1838 жылдардағы халық-азаттық көтерілістің бүкіл барысында Махамбеттің трибун, жыршы-ақын ретінде Исатай батырдың оң қолы болғандығы тарихтан да белгілі.
## Көтерілістің басы
Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И.Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.
1836 жылғы маусымның соңы мен шілде айының басында И. Тайманұлы бастаған шағын топ ханға халық талабын жеткізу үшін Тасобадан Жасқұсқа аттанады. Исатайлардың келе жатқан хабарын естіген Жәңгір хан Астрахань әскери губернаторынан Орданы қорғау үшін әскер жіберуді сұрайды, сонымен бірге уақыт ұту мақсатында Исатайлардың талаптарын білу үшін оларға өзінің сенімді адамын жібереді. Исатайлар оған Қ.Бабажановты, Б.Құдайбергеновты қызмет орындарынан босату туралы және Исатайдың үлкен ұлы Жақияның қолымен жазылған басқа да талаптарды тапсырып, кейін қайтады.
1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И.Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделген азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М.Шөкиннің ханға "Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика",-деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.
1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М.Шөкиннің ауылдарын шауып, хан ордасы - Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И.Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі - Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы - Санкт-Петербургке де жетеді. Император И.Тайманұлы бастаған "бүлікшілерді" қатаң жазалауды талап етеді.
Махамбет, Үбі, Сегізсері және басқа да батырлардың "хан ордасын шабайық" деген ұсынысын байсалды, сақ, ұстамды Исатай қабылдамайды. Себебі, орданы шапқан күннің өзінде де патша өкіметі оларды тыныштықпен жүргізбейтіндігін, өйткені, Жәңгір ханның артында патша өкіметі мен оның жазалаушы әскерлері тұрғандығын және сол әскерлерге қарсы тұрарлықтай өзінде күштің жоқтығын ескерген Исатай батыр халық талабын ханнан бір жағынан айбармен, екінші жағынан келіссөз арқылы орындатуға күш салады. Егер 18-ғасырдың 80-90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек.
Көтерілісшілер хан ордасын қоршаған кезде патша үкіметінің әскер жіберіп, Жәңгірді құтқаруға ұмтылуының өзі - Исатай батырдың шешімінің дұрыстығын байқатады. Ал, Исатайдың подполковник Гекемен келіссөз жүргізу себебі - күші басым Ресей әскерімен соғыспай, уақыт өткізіп, қыс түсе Жайық өзенінің шығыс бетіне, Кіші жүзге өтіп кетуді ойлағаны болу керек.
## Шешуші ұрыс
Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға "Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді",-деп жазған.
Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. "Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі",- деп жарияланады. Егер С.Разин, Е.Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы "жолдастары" патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады.
Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И.Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне - Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады.
Өкінішке қарай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері - Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі.
Кіші жүзге өткен И.Тайманұлы бастаған шағын топ осы жерде патша өкіметінің отарлық саясаты мен сұлтан Баймағанбет Айшуақұлы бастаған жергілікті феодалдардың қарапайым халықты езіп-жаншуына қарсы азаттық күресті ұйымдастыруға кіріседі.
Исатай батыр мен ақын Махамбет бүкіл Кіші жүзді аралап, патша өкіметінің отарлық саясатын және солардың қолшоқпары хандар мен сұлтандардың халыққа жасап отырған озбырлығын шаруаларға түсіндіріп, оларды қолдарына қару алып, өздерінің азаттығы үшін күреске шығуға шақырды. Сол мақсатпен Исатай Махамбетпен бірге Маңғыстауға барып, оның билеушісі Қ.Есімовпен күш біріктіруге уағдаласады Сонымен бірге Хиуа ханы Қайыпқали Есімовке патша әскерлерін тойтару үшін 20 мың әскер беруге уәде етеді.
Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз. Мысалы, көтерілістің негізгі ошағы болған әлімдер мен Маңғыстау адайлары арасында көптен келе жатқан кикілжің болған. Көтеріліске қатысушы адайлық сарбаздардың Әлім жеріне келетін болуына байланысты Исатай Әлімдер мен Адайларды өзара келістіріп, татуластырады. Маңғыстау адайлары мен түрікмендердің арасында да көптен бері келіспеушілік болады. Ресейдің отарлық саясатына қарсы азаттық көтеріліске аттанған адайлардың тылын қауіпсіздендіру мақсатында Исатай түрікмендермен келіссөз жүргізіп, адайлар мен түрікмендерді де мәмілеге келтіріп, келістіреді.
И.Тайманұлы бастаған көтерілісшілерге батыр Жоламан Тіленшиев би Жүсіп Құланов бастаған сарбаздар қосылады. Адай, Шеркеш, Таз, Шөмекей, Табын, Кете руларынан Исатай мен Қ.Есімовтың қоластына 3000-дай адам жиналады.
Патша өкіметі И.Тайманұлының басқаруымен Кіші жүздің батыс бөлігінде болып жатқан халық наразылығының одан әрі өршуінен қауіптеніп, оны басудың қамына кіріседі. Өйтпеген жағдайда бұл көтеріліс Кіші жүзге қарай жақындап келе жатқан Кенесары Қасымов басқарған ұлт-азаттық көтеріліске ұласып, патша өкіметінің отаршылдық езгісіне қарсы халық-азаттық соғысқа айналуы әбден мүмкін еді. Егер оқиға дәл осылай өрбісе, онда Ресей империясының 19-ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанды отарлауды аяқтауының өзі неғайбыл жағдайға айналған болар еді. Осыны ескерген Орынбор генерал -губернаторы 1838 жылғы шілде айының басында подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлерді Исатайларға қарсы аттандырады. Сонымен бір мезгілде Горск қамалынан бір топ әскерді бастап Баймағанбет Айшуақов та шығады. Жазалаушылардың екі тобы 10 шілдеде Үлкен Қобда өзеніне жақын жерде кездеседі.
## Исатайдың қаза табуы
Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б.Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді. Алайда, мұнда да Тастөбедегі сияқты ұрыс тағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбірек оғы түскен жерлерден атты сарбаздар бытырай қашады. Исатайдың атына да оқ тиіп, ол казактармен жаяу шайқасады. Махамбет пен Үбі Исатайға өз аттарын тосса да, "ат артына мінгесіп, елге күлкі болғанымнан өлгенім артық, одан да балаларымды сақтаңдар, өздерің қашып құтылыңдар", - деп оларды ілгері жібереді. Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді. Исатай абайсызда қанжарын түсіріп алады. Орыс-казак әскер басы сол қанжармен Исатайдың басын шауып өлтіреді. Оны қанағат етпей оған екі оқ атады.
Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ.Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады.
## Көтеріліс жеңіліске ұшырады
Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Ол заманда басқаша болуы мүмкін де емес еді. Көтерілісшілерге хан өкіметі мен сұлтандар, патша үкіметінің жақсы қаруланған, арнайы дайындықтан өткен әскерлері қарсы тұрды. Көтерілісшілер Қазақстанның басқа аймағындағы, соның ішінде К.Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыспен байланыс жасап үлгермеді. Көтерілісшілердің қарау-жарағы да мейлінше нашар болды. Нақты бағдарламаның болжамауы ұйымшылдықтың жетіспеуі де жеңіліс себептерінің бірі болды.
И.Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.
## Исатай туралы
Көтеріліс басшысы Исатай Тайманұлы басынан өткен көптеген ауыр әрі қауіпті оқиғаларға мойымай асқан қайсарлық көрсетіп, өз жауларымен өмірінің ақырына дейін алысып өтті. Тек Исатай ғана "өлгенінше көпті соңына ерте алды" (Х.Досмұхамедов). "Тып-тыныш әлемде,-деп жазды орыс журналисі Н.Савичев, -қап-қара тұнық аспанда кейде жарқырап, зулап, жан-жағына отын шашып, жұртты таңқалдырып келе жатқан метеорды көресің. Тап осы метеор сияқты жарқын бейнелі, абзал, терең ақыл-ойдың иесі, халық қамын ойлаған қажырлы батыр -Исатай".Қазақ кедейлерінінң көсемі И.Тайманұлының есімі - мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Исатай ауданындағы теміржол станциясына, Атырау қаласындағы және Жұмыскер селосындағы орта мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі "Тайман жалы" деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И.Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И.Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы "Қазақфильм" киностудиясы "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай" атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И.Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу - қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде.
## Дереккөздер |
Алжир (араб.: الجزائر әл-Джазаир), толық атауы Алжир Халық Демократиялық Республикасы (араб.: الجمهورية الجزائرية الديمقراطية الشعبية әл-Джумхурия әл-Джазаирия ад-Димукратия аш-Шаабия) — Жерорта теңізінің батыс жағалауында орналасқан Солтүстік Африка мемлекеті. Жер көлемі жағынан Африкадағы ең ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. Батысында Мароккомен, Батыс Сахарамен, оңтүстігінде Нигериямен, шығысында Ливия және Тунис мемлекеттерімен шектеседі. Жер көлемі - 2 381 740 км² (континентте көлемі жөнінен 2-ші орында). Халқының саны 34 млн. адам (2018). Халқының басым бөлігі алжирліктер — 14,8 млн адам (тұтас халықтың 98,4%-і). Халықтың 99%-ін суннит мұсылмандар құрайды. Мемлекеттік тілі — араб тілі. Ірі қалалары мен порттары: Алжир, Оран, Константина, Аннаба, Беджана. Астанасы — Алжир қаласы 15 әкімшілік уәлаятқа бөлінеді.
## Табиғаты
Алжирдің солтүстік жағалауын Жерорта теңізі, ал орталық бөлігін Алжир Сахарасы, оңтүстігін Тамезруфт шөлі алып жатыр. Жер бедеріне қарай Жағалаулық Атлас (2310 м), Сахара Атласы (2330 м) тау жоталары, оңтүстік шығысында Ахаггар таулы қыраты болып бөлінеді. Кен байлықтарынан мұнай, табиғи газ, темір, қорғасын, мырыш, фосфорит, сынап өндіріледі. Басты өзені: Шелиф (700 км). Тұзды көлдер көптеп кездеседі (Шотт-аш-Шерги, Шотт-әл-Ходна т.б.) Жерорта теңізінің тау беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, ал атырабының қалған бөлігінде шөл, шөлейт өсімдіктері өседі.
## Климаты
Теңіз жағалауында субтропиктік климат қалыптасқан. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-120С, шілдеде — 250С, орталығы мен оңтүстігінің шөлді өңірінде 350С-қа жетеді. Жауын-шашын мөлшері оңтүстігінде 100-200 мм, солтүстігінде 500-1200 мм-ден аспайды.
## Тарихы
Алжир аймағында алғашқы адамдар бұдан 400-500 мың жыл бұрын өмір сүрген. Б.з.б. 12 ғасырда Алжир жерінде тұңғыш финикиялық қоныстар пайда болып, сауда, қала өмірі қалыптасқан. Олардың ең белгілі мемлекеті Карфаген б.з.б. 3 ғасырда Жерорта теңіз аймағында үстемдік орнату мақсатымен Риммен көп жылдарға созылған соғыстарда жеңіліске ұшырады. Сол кездерде Алжир жерінде тайпалық одақтар қалыптасқан (массилдер, мазазилдер т.б.). Олардың негізінде б.з.б. 3 ғасырдың ақырында Нумидия мемлекеті құрылды. Б.з.б. 46 жылы Нумидия Римге бағынышты болды. Б.з. 5 ғасырда Алжирді вандалдар басып алды. 6 ғасырда Византия үстемдігі орнады. 7 ғасырда бұл аймақ арабтардың қолына өтті. 14 ғасырдың ортасында Алжир Осман сұлтандарының қолына өтті. 1711 жылы жергілікті әскери-феодалдық топтар ел билігін өз қолдарына алу үшін күрес жүргізді. 18 ғасырда Алжир бірнеше иеліктерге ыдырап кетті. Соны пайдаланған Франция 1830 жылы Алжирді басып алды. Әмір Абду-л-Қадыр бастаған Алжир халқының отаршылдарға қарсы күресі 1881 жылға дейін созылды. 1-дүние жүзілік соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалысы қайтадан өріс алды. Елде кәсіптік, саяси ұйымдар құрылды.
2-дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдары да елдің тәуелсіздігі үшін күрес тоқтамады. 1954 жылы наурызда Алжирде “Революциялық бірлік пен қимыл комитеті” құрылды. Ол сол жылдың ақырында “Алжир ұлт-азаттық майданы” (ҰАМ) болып жарияланып, 1 қарашада қарулы көтеріліс ұйымдастырды. ҰАМ-ды негізгі саяси, қоғамдық топтар, бұқара халық қолдады. Көтерілісті басу үшін Францияның 1 млн-ға жуық әскерлері елді мекендерді бақылауға алды.
8 жылға созылған соғыста 1,5 млн. адам қаза тапты, 2 млн. адам абақтыға қамалып, босқындар көбейді. Голль үкіметі 1959 жылы Алжирдің тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болғанымен 1962 жылдың көктеміне дейін соғысты жалғастырып келді. Ақырында 1962 жылы 18 наурызда соғысты тоқтату жөніндегі келісімге қол қойып, референдум арқылы Алжирдің өзін-өзі билеу мәселесін шешу, екі ел арасындағы экономика, мәдени байланыстарын дамыту туралы уағдаласты. Сол жылғы шілденің басында өткен референдум нәтижесінде ҰАМ саяси бюросын бастаған Бен Белла көпшілік дауысқа ие болды. 1962 жылы 5 шілдеде Алжир — Халықтық демократиялық республика болып жарияланды. Тәуелсіз Алжирде табиғи ресурстар өнеркәсіп, көлік және банктер национализацияланып, қысқа мерзімнің ішінде қазіргі заманғы индустрия негізі қаланды. 1965 ж. 19 маусымдағы әскери төңкеріс нәтижесінде өкімет Қорғаныс министрі Х. Бумедьен басқарған революция кеңес қолына өтті.
Әлеуметтік қиыншылықтармен бірге саяси жүйедегі бір партиялық тәртіп (ҰАМ-ның үстемдік етуі) қоғам өмірінде наразылық туғызды. 1989 жылы Жаңа конституция қабылданып, саяси ассоциациялар мен саяси партиялар қызметіне жол ашу туралы заң жарияланды. Тез арада көптеген партиялар өмірге келіп, олардың саны 60-тан асып кетті. 1992 жылдың басында президент Ш.Бенджедид отставкаға кетті де, билік Жоғары мемлекеттік кеңеске өтті. 1994 жылы қаңтарда Кеңес Лавинь Зервальді ел президенті етіп тағайындады. Ол 1995 жылы 16 қарашада өткен президенттік сайлауда жеңіп шықты. Өкімет басшысы болып Ахмед Уяхья тағайындалды (1996, қаңтар). Алжирдің жаңа басшылығы күрделі ішкі саяси ахуал жағдайында елде тұрақты мемлекеттік институттарды қалыптастыруға бағытталған шаралар жүргізуде. 1989 жылы қабылданған конституцияда (1976 жылы Негізгі заңмен салыстырғанда) елде социализм орнату, партияның жетекші рөлі, мемлекеттік меншіктің басым дамуы жөніндегі баптар алынып тасталды. 1992 жылы Ислам құтқару партиясының жұмысына тиым салынып, террорлық әрекеттерге қарсы батыл шаралар іске асырылуда.
## Экономикасы
Шаруашылығының дамуы жағынан Алжир Африка құрлығында 2-орын алатын аграрлы ел болып саналады. Астық, жүзім шаруашылығымен қатар теңіз жағалауында цитрус жемістері мен көкөніс өнімдерін егу кең өріс алған. Елдің таулы және шөлейт аудандарында мал шаруашылығы өркендеген. Қалаларда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу (шарап жасау, консерві, темекі, ұн тарту) дамыған. Ел экономикасында өнеркәсіптің үлесі артып келеді. Оның жетекші саласы — мұнай (1995 жылы — 35 млн. т) және табиғи газ (163 млрд. м3) өндіру. Металлургия комбинаты, трактор және дизель моторларын жасау зауыты бар. Алжир территориясында дүние жүзінде маңызы бар мұнай және табиғи газ қорлары зерттелген. Алжирдің Африка құрлығы бойынша сауда құрылымындағы қазіргі үлесі 9% шамасында болса, дүние жүзіндегі ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,46% (1995). Экспорты — 10240 млн. доллар, импорты — 10250 млн. доллар құрайды. 80-жылдардың аяқ кезінен Алжир басшылығы шаруашылықты нарықтық экономика арнасына көшіруге бағытталған реформалар жүргізе бастады.
### Көрсеткіштер
2015 жылғы бағалау бойынша ЖІӨ өсімі құрады 3 % (2014 — 3,8 %, 2013 — 2,8 %). Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ 2015 жылы — $14,4 мың, 2003-2015 жылдары жұмыссыздық деңгейі 24% - дан 11% - ға дейін төмендеді. Инфляция 2015 жылы - 5,1%. 2015 жылы экспорт көлемі — $36,3 млрд, импорт — $53,65 млрд, 2015 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 11,2% - ын құрады.
### Халықаралық экономикалық ұйымдарға мүшелік
Алжир ОПЕК, ДСҰ(бақылаушы), Африка одағының мүшесі болып табылады. Қыркүйек айында 2005 Еуропалық Одақтың қауымдастырылған мүшесі мәртебесін алды.
### Мұнай және газ салалары
2010 жылдардың басында Алжир табиғи газ қоры бойынша әлемде бесінші орын алды және Ресейге бірінші орын бере отырып, шикізаттың осы түрінің екінші әлемдік экспорттаушысы болды. Бұл нарықтағы негізгі ойыншы-Sonatrach мемлекеттік мұнай-газ компаниясы, ол елдің ЖҰӨ-нің 30% - ын береді.
Алжирде 1964 жылы Shell технологиясы бойынша алғашқы сұйылту және газ экспорты зауыты салынды. Содан кейін 1970 жылдан 1980 жылға дейін тағы екі зауыт іске қосылды. Олардың барлығы Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан және олардың қуаты 20,6 миллион тонна сұйытылған табиғи газды (СТГ) құрайды. Негізгі тұтынушылар-ЕО елдері, ең үлкені — Италия (2022 жылдың сәуіріне жылына 21 млрд м3 газ), Сондай — ақ 2010 жылы 6,27 млрд текше метр СТГ жеткізілген Франция.
Бүгінгі таңда Алжир Африкадағы ең ірі СТГ өндірушісі болып табылады және оның әлемдік СТГ нарығындағы үлесі 8 %
Мұнай қоры бойынша Алжир әлемде 16-шы орында.
### Энергетика
UNSD (The United Nations Statistics Division) - UNdata және EES EAEC мәліметтеріне сәйкес 2019 жылдың соңында Алжир энергетикасы келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталады. Органикалық отын өндірісі-257869 мың. Жалпы жеткізу - 139949 мың. Электр станциялары мен жылыту қондырғыларын өзгертуге 23561 мың теңге немесе жалпы жеткізілімнің 16,8% жұмсалды. Белгіленген қуаты – электр станцияларының нетто-21653 МВт, оның ішінде: органикалық отын жағатын жылу электр станциялары (ЖЭС) - 96,8%, жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) - 3,2 %. Электр энергиясын өндіру-брутто - 81533 млн .кВт∙сағ , оның ішінде: ЖЭС - 99,0 % , ЖЭК-1,0%. Электр энергиясын түпкілікті тұтыну - 62184 млн.кВт * сағ, оның ішінде: өнеркәсіп - 35,3 %, көлік - 2,0 %, тұрмыстық тұтынушылар - 42,7 %, ауыл, орман шаруашылығы және балық аулау - 2,1 %, басқа тұтынушылар-18,0%. Энергия тиімділігі көрсеткіштері: 2019 жылы душ қабылдау.
### Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің шамамен 8% құрайды. Бидай, сұлы, сондай-ақ жемістер, атап айтқанда цитрус жемістері мен көкөністерді өсіру дамыған. Елдің агроөнеркәсіптік кешені өз сұранысын қанағаттандыра алмайды, соның салдарынан Алжир азық-түлік импорттауға мәжбүр.
### Теңіз балық аулау
Жылына 20 мың тоннадан астам балық және теңіз өнімдерін аулау. Алжир суларында сардиндер, скумбриялар және тіпті спраттар ұсталады. Жаңа піскен балық Францияға, кептірілген және консервіленген - Испанияға, Италияға және басқа да еуропа елдеріне экспортталады.
## Қарулы Күштер
2004 жылғы тамыздағы басты оқиға Алжир Ұлттық Халық армиясы Бас штабының бастығы, корпус генералы Мұхаммед Ламаридің отставкаға кетуі болды. Президент, Жоғарғы Бас қолбасшы және қорғаныс министрі Абделазиз Бутефлика бұл лауазымға бұрын Алжир Құрлық әскерлерінің қолбасшысы болған генерал-майор Салах Ахмед Гаидті тағайындады.
Генерал-майор Ахсен Тафер Құрлық әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Генерал-майор Ахмед Сенхаджи Алжир Қорғаныс министрлігінің Бас хатшысы болды.
4-ші әскери округтің (Уаргла, оңтүстік-батыс) қолбасшысы генерал-майор Сахеб Маджид, 6-шы әскери округтің (Таманрассет, төтенше Оңтүстік) қолбасшысы генерал-майор Бен Али Бенали, әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Мұхаммед Бенслимани, Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы генерал-майор Мохаммед Тахар Яла, жандармерия қолбасшысы өз лауазымдарын сақтап қалды генерал Ахмед Бустейла, Республикалық ұланның қолбасшысы генерал Али Джамай, барлау және қауіпсіздік қызметінің директоры генерал-майор Мохаммед Медиен (Тауфик), қарсы барлау қызметінің басшысы генерал-майор Смаин Ламари, Шершеллидегі әскери академияның директоры генерал Мохаммед Шибани.
### Қарулы Күштер құрамы
Құрлық әскерлері - Ресей 185 Т-90С танкін, үш с-300пму-2 зениттік зымыран жүйесін және "Карапас-С1"ЗРПК жеткізді. 2011-2012 жылдары Алжир Германияға жүгініп, жоспарланған 1200 БТР-дан 54 бірлік көлемінде tpz 1 Fuchs бронетранспортерлерінің бірінші партиясына тапсырыс берді.
Әскери-теңіз күштері - Ресей 636 жобасының екі дизельді сүңгуір қайығын жеткізді. Қытайда үш F-22A фрегатына тапсырыс берілді. 2011-2012 жылдары Алжир Германияға MEKO-A200 типті екі фрегатқа тапсырыс берді.
Әскери-әуе күштері - Ресей Алжирге 44 көп мақсатты су-30мка жойғышын жеткізді.
## Әдебиеті мен өнері
Алжир халқының әдебиеті араб, кабиль, француз тілдерінде дамыған. Отаршылық қамытынан құтылуға ұмтылған халықтың өр рухына оның биік азаматтық пафосы сәйкес келеді. Халық ақындары (маддахтар) азаттық үшін қарулы күреске үндеді (Абду-л-Қадыр, Саид Абдолла, Мұхаммед Белкаир т.б.). 20 ғасырдың басында араб мәдениетін жаңарту жолындағы қозғалыс басталды. Патриоттық лирика өрістеді. (Мұхаммед әл-Ид, Мұхаммед әл-Лакхани). Алжир халқының 50-60 жылдары поэзиясындағы жетекші тақырыбы ұлт-азаттық күресі (Әбу-ль-Касым Саадалла Муфди Закария). Прозада бұл әсіресе ат-Пахир Ваттар, Фадил Масуди әңгімелерінде айқын көрінді. Араб тілді Алжир әдебиетінде әңгіме жанрының негізін салған Ахмед Рида-Хуху араб тіліндегі алғашқы отандық романның да авторы болды (“Меккеден келген қыз”, 1947).
40 — 50 жылдары француз тілді Алжир әдебиеті дами бастады. Жан Амруш, Аит Жафер, Мұстафа Лашраф сияқты ақын, жазушылар өз шығармаларында ұлттық сананың оянуын бейнеледі. Мұхаммед Дибтің (“Алжир” трилогиясы), Мулуд Фераунның (“Кедей баласы” романы), Мулуд Маммеридің (“Әділет ұйықтап жатқанда”), т.б. жазушылардың реалистік шығармалары жарық көрді. Әсия Жебар, ]]Маргерит Гаос]] әйелдердің рухани жетілуін, сезім тәрбиесі мәселесін көтерді. Аңыз бен тарих, миф пен шындық Ясин Кәтеб туындыларында өзгеше үйлесім, өрнек тапты (“Жазалау шеңбері” драмалық тетралогиясы, “Неджма” романы). 60 — 90 жылдар әдебиетінде Мулуд Ашур, Жамал Амрани, Мұстафа Туми, Набил Фарес, Айша Лемсин, Мұстаф Хашан, Диб, Хажы Әли, Тидафи т.б. шығармалары көрнекті орын алады.
Алжир архитектуралық ескерткіштерге бай. 10-13 ғасырда Алжир, Тлемсен, кейінірек Константина қалаларында айтарлықтай архитектуралық құрылыстар (Тлемсеннің үлкен мешіті, 12 ғасыр, Сиди мешіт-медресесі, Мұстафа паша сарайы, Бордо вилласы т.б.) салынды. 1830 жылы елді басып алған француздар Алжирдің жаңа құрылысына Парижбен ұқсастық беруге тырысты. Ұлттық би ансамблі, музыка мен мәнерлеп оқу консерваториясы, Ұлттық музыка институты бар.
## Дереккөздер |
Беріш — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды.
## Тарихы
Кіші жүздің Байұлының ішіндегі адам саны ең көп ру - Беріш. Б.Кеппенің (1851 жыл) мәліметі бойынша Бөкей Ордасының өзінде ғана Беріш руы 3 600 отбасын құраған. (Әр отбасы шамамен 5 адамнан) Орташа есеппен сонда адам саны 18 000-ға жеткен. Бұл ру жөнінде ең алғашқы 1748 жылғы Тевкелев құрған Кіші жүз қазақтарының ру-тайпалық құрамы деген еңбектерінде айтылады. Сол сияқты Беріш руы 1829 жылы шенеулік Ларионовтың берген рапортында, Левшиннің жазған руларының тізімінде де берілген. Беріш руы 9 жікке бөлінеді: Жайық, Есенқұл, Қаратоқай, Күлкеш, Бегіс, Есен, Жаңбыршы, Себек, Бесқасқа.
Шежіре бойынша, Кіші жүздегі Байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен, Құлкеш аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі.
* Беріш этнонимі 10 ғасырда парсы тілінде жазылған авторы белгісіз “Худуд әл-Әлем” деген жағырапиялық еңбекте де кездеседі. Онда “Мерке — елді мекен, онда қарлықтар тұрады, оған саудагерлер де қатынайды. Бұл екі елді мекеннің аралығын үш қарлық тайпасы қоныстанған, олардың есімі бистан, хайм, бириш” деп жазылған.
* Академик Ә. Марғұлан “Қазақтың жыр-аңыздары” атты кітабында 10 ғасырда Хазар хандығы негізінен екі тайпадан құрылған: бірі — Хазароғлы, екіншісі — Берішоғлы деп көрсетеді.
* Ал 11–12 ғасырлардағы орыс жылнамаларында половецтердің (қыпшақтардың) қатарында Буршевич ұрпақтары болғаны туралы айтылады.
* Араб, парсы саяхатшылары оларды Буржоғлы деп көрсеткен.
Оңтүстік орыс даласында Бурчевичер ең ұлы ордалардың бірі болып, Русь-Қыпшақ даласы арасындағы барлық саяси оқиғаларға белсене араласқан. Бұл кездегі Беріштердің ханы атақты қолбасшы Боняк болған. Орданың орналасқан мекені Днепр өзенінің сол жақ сағасы. Деректерде 10–11 ғасырлар аралығында Беріштердің Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепрге жеткені аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245–1300 жылдар аралығында Алтын Орданың әскербасы Ноғайдың қарамағында болды. 1300 жылы Ноғай өлгеннен кейін Алтын Ордадан шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді. Ноғайлы ұлысының құрамында Беріштер де болды. Ноғайлы ыдыраған соң, 16–18 ғасырлар арасында Беріштер Кіші жүз қауымымен аралас-құралас түстікте Бұхардан бастап терістікте Мұғалжар тауына дейінгі жерлерді жайлаған. 17 ғасырдың 30-жылдарында олар Еділ-Жайыққа ентелеген торғауыт қалмақтарына қарсы күрес жүргізген. Мұғалжардан қалмақты Есет батыр өткізбеген. Беріш қауымынан Есетке ілесе ел қорғаған батырлары Ағатай, одан кейінгі дәуірлерде Жаубасар, Есболай, Итемген, Қара, Саржала батыр, Құлбарақ, Исатай мен Махамбет, сондай-ақ, Есет Қараұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақын-жыраулар шықты. Беріш тайпасының ұраны — Ағатай, таңбасы — жебе (<).
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Шығай хан — қазақ хандығының 9-шы ханы (1580—1582 жж.) билік құрған.
Хақназар хан қаза болған соң оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан болды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. Ол Шайбани мұрагерлерінің арасындағы қақтығыстарды қазақ мемлекетін нығайту мақсатында ұтымды пайдаланды.
1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Баба сұлтан жеңіліп, Дешті-Қыпшақ даласына қашады, өзбек, қазақ әскерлері Баба сұлтанды Сарысуға, Ұлытауға дейін қуады. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. Түркістанға қайтып келе жатқан Баба сұлтанды Тәуекел сұлтан өлтіріп, басын Абдоллаға әкеледі. Қас жауын жойғанға риза болған Абдолла хан Тәуекелге Самарқан өлкесіндегі Африкент уәлаятын тарту етеді.
1582 жылы Шығай хан қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел (1582-1598 жж.) отырады.
## Отбасы
### Әйелдері
* Байым-бегім Ханым
* Дадым Ханым
* Яхшым-бегім Ханым
### Балалары
Ұлдары
* Сейітқұл сұлтан; анасы — Байым — бегім Ханым)
* Ондан сұлтан (1555-1585; анасы — Байым-бегім Ханым)
* Тәуекел хан (1562-1598; анасы — Яхшым-бегім Ханым)
* Есім хан (1565-1628; анасы — Яхшым-бегім Ханым)
* Шах-Мұхаммед сұлтан(1569-???; анасы — Дадым Ханым)
* Али хан (???-1600; анасы — Дадым Ханым)
* Сулум сұлтан; анасы — Дадым Ханым)
* Иброһим сұлтан; анасы — Дадым Ханым)
Қыздары
* Сүзге Ханым (??? — 1598; анасы — Байым-бегім Ханым)
* Алтын Ханым; анасы — Байым-бегім Ханым)
* Сабырбике Ханым; анасы — Яхшым-бегім Ханым)
Ең ықпалды және сүйіктісі Шығай ханның екінші әйелі Яхшым-бегім Ханым болды. Болашақта хандар Тәуекел мен Есімді және Ғараб Батырдың әйелі Сабырбике Ханымды дүниеге алып келді.
## Дереккөздер |
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (7 қаңтар 1951 жыл, Жамбыл ауданы, Алматы облысы) — кеңестік және қазақстандық ғарышкер, саяси қайраткер, Халық қаһарманы, Ресей Федерациясының Батыры, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007), Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасы.
## Қысқаша өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
* 1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған.
* 1974 ж. — Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.
* 1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.
* 1975—84 жж. — әуе кәсіпорындарында саяси-тәрбие қызметінде.
* 1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.
* 1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.
* 1987—1990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі қызметтерін атқарған.
* 1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.
* 2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.
* 2001—05 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.
* 2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры.
* 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.
* 2007 ж. сәуірдің 11-інен — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.
* 2014 ж. тамыздың 13-інен Үкімет басшысының азаматтық авация және ғарыш қызметі мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі.
* 2014 ж. тамыздың 21-інен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
## Ғарышқа ұшуы
* 1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.
* 1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітабында бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.
* 2001 ж. ғарышқа 3-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-32) 8 күн ғарышта өткізген.
## Әскери атағы
Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).
## Хоббиі
Хоббиі - фортепианода, гитарада ойнау, ән айту.
## Марапаттары
Қазақстан Республикасы:
* «Халық қаһарманы» атағы (1995)
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы (1995)
* «Отан» ордені (1998)
* «Барыс» 1-ші дәрежелі ордені
* «Астана» медалі (1999)
Ресей Федерациясы:
* «Дружба народов» ордені (1991)
* «Герой Российской Федерации» атағы (1994)
* «Лётчик-Космонавт РФ» (1994)
* «За заслуги перед Отечеством» 3-ші дәрежелі ордені (1998)
* «За заслуги перед Отечеством» 2-ші дәрежелі ордені
Аустрия Республикасы:
* Аустрия Республикасының ордені
Америка Құрама Штаттары:
* «Ғарышқа ұшқан үшін» NASA медалі (1998)
## Жанұя жағдайы
* Зайыбы — Мұсабаева (Лацис) Виктория Вольдемаровна, 1952 ж. туған, стоматология дәрігері.
* Баласы — Мұсабаев Данияр Талғатұлы, 1975 ж. туған, Қазақстанның ІІМ әскери қызметкері.
* Қызы — Мұсабаева Кәмилә Талғатқызы, 1981 ж. туған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 5 ақпанның 2007 жылы. (орысша) Мұсабаев ресми торабы
* Космонавтика күні Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Талғат Мұсабаев жаңа комитеттің төрағасы болып тағайындалды(қолжетпейтін сілтеме) |
Ахметжан Смағұлұлы Есімов (15 желтоқсан 1950 жыл Қаскелең ауданы, Алматы облысы) — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы, экономика ғылымдарының докторы.
## Өмірбаяны
Шапырашты руынан шыққан.
«Ауыл шаруашылығы өндірісінің процесстер механизациясы» мамандығы бойынша 1974 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтының механикалық факультетін бітірген.
«Әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша 1991 жылы Ресей қоғамдық ғылымдар академиясының әлеуметтік-саяси факультетін бітірген.
1968 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Достық» кеңшарының спорт жөніндегі әдіскері.
1969 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының студенті.
1974 жылдың қыркүйегінен - Алматы облысы Қаскелең ауданының «Ленин» кеңшарының инженер-механигі.
1977 жылдың желтоқсанынан - Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жұмысшылар комитетінің төрағасы (Алматы облысы Қаскелең ауданының «1 май» ауылы).
1979 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
1979 жылдың тамызынан - «Ленин» кеңшарының партком хатшысы.
1982 жылдың наурызынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы.
1983 жылдың мамырынан - «Ленин» кеңшарының директоры.
1985 жылдың тамызынан Алматы облысы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы.
1986 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1988 жылдың қаңтарынан - Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары-облыстық агроөнеркәсіп комитетінің төрағасы.
1988 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы.
1990 жылдан - ҚазКСР Мемагроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары.
1992 жылдан - Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы.
1994 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
1996 жылдан - ҚР мемлекеттік хатшысы.
1996 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Мемлекеттік қаржы салымдар комитетінің төрағасы.
1998 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігінің жетекшісі. 1998 жылдан - ҚР Бенилюкс мемлекеттеріндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2001 жылдан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
2002 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі.
2004 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
2006 жылдың қаңтар айынан - ҚР ауыл шаруашылығы министрі.
2008 жылдан бері - Алматы қаласының әкімі.
2015 жылдың 9 тамызынан "Астана ЭКСПО-2017" ҰК басқармасының төрағасы.
2017 жылғы 23 желтоқсанда "Самұрық-Қазына " АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2021 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының көмекшісі болып тағайындалды.
## Ауылшаруашылық министрі лауазымындағы қызметі
А. Есімовтің ауылшаруашылық министрі қызметі барысында Қазақстан ұнның экспорты бойынша әлемде бірінші орынға шықты.
## Алматы әкімі мәртебесіндегі қызметі
А. Есімов әкім ретіндегі қызметін алданған құрылыс үлескерлерінің түйткілін шешуден бастады. Сол кезде қалада құрылысы тоқтатылған 125 тұрғын үй кешені болатын.
2011 жылы Алматыда 7 Қысқы Азия ойындары табысты өтіп, оны өткізу үшін қалада спорт инфрақұрылымы құрылды. Дәл сол жылы алматылық метрополитен ашылды. Сонымен қатар, 5 жылға жетпейтін уақыт аралығында қалада энергетика мәселесін шешуге септігін тигізген 20 қосалқы станция салынған.
2011 жылы муниципалды қоғамдық көліктің құрылуына бастамашылық етіп, нарықтан жеке тасымалдаушыларды біртіндеп ығыстырды.
Экономиканың келешегі зор бағыты болып саналатын Алматы өңіріндегі тау-шаңғы туризмін дамыту бойынша идеологтарының бірі. 2008 жылы қалаға қосылған проблемалық ауылдардың орнында Алатау ауданы құрылды.
Қаладағы өмір деңгейінің жоғарылығын желеу етіп Үкімет алдында алматылық дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын бөлек көбейту мәселесін бірнеше рет көтерген.
2013 жылдың 6 қазанында Ахметжан Есімов және Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың бастамасымен Алматы әкімдігі Қазақстан тарихында алғаш рет UCI аясында 1,2 санатты «Алматы туры» кәсіби велошеруін ұйымдастырылып, сәтті өткізілген болатын. Велошеру трансляциясы Eurosport телеарнасынан өткізілген.
2014 жылы Есімовтың жетекшілігімен Алматының өңірлік жалпы өнімнің көлемі тарихта алғаш рет 8 трлн теңгеден асты.
Сол жылы қаланың мыңдаған жасампаз және дарынды ұстазы 300 000 теңге көлеміндегі бірреттік ақшалай сыйақыға ие болды.
Алматы қ. Мәслихатының XXIX кезектен тыс сессиясында сегізінші Наурызбай ауданы пайда болып,қала ауданы ұлғайған. 2014 жылдың соңында Наурызбай ауданындағы халықтың саны 180 мың адамнан асты.
## Ахметжан Есімовтың «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы лауазымындағы қызметі
2015 жылғы 9-тамызда Мемлекет басшысының жарлығымен Ахметжан Есімов «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Дәл осы күні ҚР Президентінің Қаулысы бойынша А.С.Есімов Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды (ол бұл қызметте 2008 жылдан бері істеп келген). Ахметжан Есімовке дейін, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО - 2017» Ұлттық Компаниясы» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болған. Ә.Жақсыбеков бұл қызметке Талған Ермегияев тұтқынға алынған соң, Елбасының бұйрығымен 2015 жылғы 11 маусымда тағайындалған болатын. Ахметжан Есімовтың Басқарма Төрағасы болып тағайындалған соң, бірден EXPO-қалашығының құрылысына жоспарланған шығын көлемін 78 миллиард теңгеге қысқартты. Сондай-ақ, компанияның топ-менеджментін екі есе қысқартты. Кейін Ахметжан Есімов отандық мердігерлерді тарту мақсатында өңірлерді аралап, жергілікті бизнес өкілдерімен кездесулер өткізген. Нәтижесінде ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі нысандарының құрылысына атсалысқан қазақстандық компаниялардың үлесі 90% құрды.
Көрме нысандары құрылысының құны бюджет есебінен 302 млрд теңгеге азайды.2017 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрменің дайындық деңгейіне баға берді. «Көрменің лайықты деңгейде ұйымдастырылуы әлемдік қауымдастыққа тәуелсіз Қазақстанның тағы бір жетістігін көрсетеді», - деп атап өтті Н.Назарбаев.2017 жылғы 23-ақпанда Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес «Астана ЭКСПО-2017» көрмесінің нысандарын тексеріп шыққанан кейін «ЭКСПО-2017 соңғы 25 жыл ішіндегі ең үздік көрме болады», - деп мәлімдеді.
Үш ай ішінде, яғни 10-маусым мен 9-қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне 4 000 000 жуық адам келген.ЭКСПО-2017 кезінде 28 мемлекет басшысы, 13 парламент спикері мен Бас хатшы, 10 премьер-министр, 26 премьер-министрдің орынбасары, 70 министр мен 48 министр орынбасарларының қатысуымен 220 ресми іс-шара ұйымдастырылды. Энергетика, құрылыс, инвестиция салаларында Қазақстанның іскер және ғылыми-білім беру саласының өкілдері мен қатысушы елдер арасында 39 келісім жасалған. ЭКСПО-2017 көрмесінде 193 «жасыл» технология таныстырылып, оның дені Қазақстанда сәтті енгізіліп жатыр.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ бюджетін оңтайландыру арқасында 364 миллиард теңге үнемделді, бұл көрсеткіш жобаның бастапқы құнынан 44,6% аз. Көрме Қазақстанның экономикасына едәуір мультипликативтік әсерін тигізді. 1400 астам шағын және орта бизнес кәсіпорны жалпы сомасы 640 миллиард теңге көлемінде тауар мен қызметке тапсырыс алған. 50 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс екі есеге артты. Астанадағы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10% көбейді. Елорданың бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық көлемі 1,2 есеге өсті. EXPO 2017 жабылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның астанасы жаһандық назарға ілігіп, бүкіл әлемнің көңілін өзіне аударды. National Geographic журналының шешімімен, Астана «Болашақ қаласы» аталымын жеңіп алды. Сонымен қатар New York Times газетінің мәліметінше, Қазақстан саяхаттап баруға лайықты елдер тізіміне енген. Жалпы EXPO аясында 6000 астам алуан түрлі шаралар өткізілді. Біздің еліміз еуразиялық өңірдің қарқынды дамып отырған мемлекеті ретінде өз имиджін нығайта түсті. EXPO феномені ғылым, бизнес және қоғамның нәтижелі және өнімді өзара әрекеттесуге септігін тигізді», - деп мәлімдеді. ЭКСПО-2017 шетелдік меймандар тарапынан жоғары бағаға ие болды. EXPO-2017 мұрасының нысандары туристік орын ретінде қызмет етуді жалғастырып келеді.
## Ахметжан Есімовтің «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы лауазымындағы қызметі
23 желтоқсан 2017 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.2018 жылдың 11 қаңтарында Қор Басқармасының шешімімен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жаңа құралымы бекітілді. Жаңа құрылымға сәйкес басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқарып, басқарма төрағасының орынбасарының бір қызметі енгізілді.2018 жылдың 19 сәуірінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Басқосу барысында «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының жаңарған даму стратегиясы мен Қорды трансформациялау бағдарламасын қабылдау мәселелері талқыланды. Жиын соңында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев «Самұрық-Қазына» АҚ –ның 2018-2028 жылдарға арналған жаңарған даму статегиясын жіне Қорды трнасформациялау бағдарламасын мақұлдады.2018 жылдың сәуірінде Ахметжан Есімов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жаңа кадрлық саясатын таныстырды. А.Есімов басқарушы лауазымына тағайындаудың сабақтастық қағидаттары қабылданатынын айтты. Нәтижесінде, компания қызметкерлері арасынан білікті кадрлық резерві қалыптасады. Басқарма Төрағасы шетелдік мамандарды жұмылдыру мәселесіне де тоқталды. «Самұрық-Қазына» шетелден келген азаматтардың қызметінен толықтай бас тартпайды, дегенмен олардың орнын басатын мамандарды дайындау - басты назарда: басымдылық жергілікті азаматтарға беріледі.Ахметжан Есімовтің тапсырмасы бойынша 2018 жылдың ақпанында Қор бәсекелестік ортаны кеңейту, тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, шығындарды азайту мақсатында сатып алу тетіктеріне бірқатар өзгерістер енгізді. Сатып алу холдингішілік кооперация арқылы жүзеге асырыл,ан тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің тізімі 4500-ден 424-ке дейін қысқарды.А.Есімовтің кезінде Қор елдегі бірінші нөмірлі салық төлеушіге айналды. Осы жылдың 9 айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ »АҚ компаниялары тобының салық төлемдері 813 млрд теңгені құрады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102 млрд теңгеге артық.А.Есімовтің басшылығымен «Сарыарқа» газ құбыры мерзімінде аяқталды (газ құбырына сілтеме). Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бес әлеуметтік бастамасы аясында салынған газ құбыры Орталық Қазақстан мен мемлекетіміздің астанасын елдің бірыңғай газ тасымалдау желісімен байланыстырды.А.Есімовтің басқаруымен «Қазатомөнеркәсіп» АҚ өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы ұлттық компания болды. Ұлттық компания 451 миллион доллар тұратын 15% акциясын Лондон қор биржасында сәтті орналастырды. Сұраныс ұсыныстан 1,7 есе асып түсті.2019 жылдың 1 мамырында Қазақстандағы алғашқы лоукостер Fly Arystan авиакомпаниясы іске қосылды.2019 жылда Арыс қаласында Арыс қаласында қор қалпына келтіретін 68 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 63 нысаны пайдалануға берілді. Қайта қалпына келтірілген қалған 5 нысан қыркүйек және қазан айларында тапсырылады. Олардың қатарында жедел медициналық көмек және стоматология бөлімшелері, вокзал, балалар жасөспірімдер спорт мектебі мен балабақша бар. Қор 16 мектеп, 36 балабақша, 8 Денсаулық сақтау нысаны, 4 спорт нысанасын, колледж, Теміржол вокзалы, Даңқ аллеясы және орталық алаңды қираған әлеуметтік нысандарды жөндеуден өткізді.2020 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тұрақты даму саласындағы бастамаларды іске асыруға арналған БҰҰ бойынша үздік 30 қордың қатарына енді.
## Марапаттары
* «Құрмет белгісі» (1982)
* «Парасат» (2002)
* «Отан» (2007) ордендерімен марапатталған.
* «Қазақстанның Еңбек Ері» (2017)
## Қосымша мәліметтер
* Әскери атағы - полковник.
* Хоббиі - спорт, әдебиет, шетел тілдері, музыка.
* Сүйіп оқитын әдебиеті - шығыс философиялық әдебиеті, классика.
* Үйленген. 2 қызы бар.
* Экономика ғылымдарының докторы (1999).
* «Жаңа жағдайлардағы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені» (1991), «Республикалық АӨК даму келешегі және оның болжануы» (1991) кітаптарының авторы.
* Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі — Қазақстан үкімет басшысы. Премьер-министр өкілеттіктерінің қатарына атқарушы органдардың жүйесін басқару және олардың қызметіне басшылық жасау кіреді. Премьер-министр өзінің бүкіл қызметінде президенттің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламенттің алдында жауапты.
## Тарихы
Премьер-министр лауазымы 1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Министрлер Кеңесі Төрағасы лауазымының орнына енгізілді.
Қазақ КСР-нің премьер-министрі қызметін алғаш Ұзақбай Қараманов атқарған болса, Қазақ КСР-нің соңғы премьер-министрі және тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко болды.
## Өкілеттіктері
Премьер-Министр үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді, үкімет қаулыларына қол қояды, үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде және оның аса маңызды барлық шешімдері жөнінде президентке баяндап отырады және үкімет қызметін ұйымдастыруға және басшылық жасауға байланысты басқа да қызметтерді атқарады.
Үкімет мүшелері өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербестікке ие, әрі өздеріне бағынысты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін Қазақстан премьер-министрінің алдында жеке-дара жауап береді. Премьер-министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығара алады.
Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.
Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген жағдайда Үкімет орнынан түсетіні туралы Республика Президентіне мәлімдейді.
Орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені Республиканың Президенті он күн мерзімде қарайды.
Республиканың Президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы. Премьер-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.
## Қазақстан үкімет басшыларының тізімі
Төменде Қазақстанның 1917 жылдан бергі үкімет басшыларының тізімі берілген.
### Алаш автономиясы (1917–1920)
### Кеңестік Қазақстан (1919–1991)
### Қазақстан Республикасы (1991–)
Премьер-министрлер
Премьер-министр міндетін атқарушы
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасының Үкіметі
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Республикалық Ұланының Президенттік оркестрі - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздегі Протоколдық, дипломатиялық, Мемлекеттік және басқа да салтанатты іс-шаралардың музыкалық бөлігін қамтамасыз ету мақсатында (заң күші бар: «Республикалық гвардия туралы» 1992 ж.) құрылды. Өзінің шығармашылық жолын Республикалық гвардияның үрмелі аспаптар оркестрі ретінде бастады, қазіргі уақытта Президенттік оркестр әлемдік музыкалық мәдениеттің барлық жанрларын, оның ішінде классикалық, академиялық және осы заманғы композиторлардың музыкалық еңбектерін қамтыған қарымды шығармашылық ұжым болып табылады.
Оркестрдегі Халық ансамблінің құрамына көптеген конкурстардың бас жүлдесін иеленген, М.Нүкеев, А. Ахмадиев, М. Малдыбаев сияқты дарынды домбырашылар енген.
Сонымен бірге талантты өнерпаз А. Ефременко баян аспабы арқылы барлық жанрда өнер көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленіп келеді.
Би ансамблі өз репертуарына көптеген дүниежүзі халықтарының түрлі ұлттық билерін енгізген.
Сонымен қатар оркестрдегі жекелеген әншілер көпұлтты Қазақстанның бай мәдениетін жұртшылыққа кеңінен паш етуде. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері– М. Чалабаев, Ж. Бақтаева, бұған қоса елімізге есімдері кең танылған жастар "Саз отау" дуэтінің өнерпаздары мен А. Балажанова, Д. Таңатаров сияқты әншілер оркестрдің беделін биіктетуде.
2003 жылдан бастап Президент оркестрі көпшілікке өзінің шығармашылық кештерін ұйымдастырып келеді.
Ірі өнер ұжымы республикамыз бен жаңа елорда өміріндегі айтулы мәдени іс-шараларға белсене атсалысып келеді.
Президент оркестріне бірегей күйші, музыка саласының білгірі Рүстем Бейсенұлы Күлшебаев басшылық жасайды. |
II Абдуллах ибн әл-Хусейн әл-Хашими (араб.: عبد الله الثاني بن الحسين) — Иордания патшасы.
1962 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген.
Абдалла Екінші король тағына Иорданияны 47 жыл басқарған әкесі Король Хусейн қайтыс болғаннан кейін, 1999 жылы ақпан айында отырды.
Бастауыш білімді Аммандағы Ислам колледжінде алғаннан соң Англиядағы Әулие Эдмунд мектебінде оқыған Абдалла 1980 жылы Сандхэрстегі (Ұлыбритания) Корольдік әскери академияға түседі.
Ал 1981 жылы лейтенант әскери шенін алады. Осы кезден бастап оның әскери мансабы басталады. Англияда, АҚШ-та білім алған ол Иордания Қарулы Күштерінде жоғары әскери қызметтер атқарған. Абдалла Екінші 1999 жылы 24 қаңтарда Король жарлығымен Тақ мұрагері ретінде жарияланды.
Үйленген, екі ұлы, екі қызы бар.
Абдалла Екінші Қазақстанға екі рет сапармен келді.
## Сыртқы сілтемелер
* Сәті түскен сұхбат |
Қарабура әулие жөнінде жазба деректерден гөрі біздің заманымызға ауызша аңыздардың жеткені басым.
Аңыздардың дені әулиенің көзі тірісінде емес, бақилық болғаннан кейінгі бірнеше ғасырдан соң орын алған кереметтері жайында өрбиді. Бәлкім бұл ширек ғасырға жуық уақытта атеизммен сусындағанның әсері болар, бәлкім бергі замандардағы аңыздарының арғы кездерге қарағанда маңыздылығының жоғары болғандығы шығар. Әулие бабаның кереметтері XX ғасырға қатысты айтылады. Әулие бабаға қатысты бұлжымас ақиқат оның нақтылы тарихи тұлға екендігі. Яғни, шамалап болса да өмір сүрген ортасы мен уақыты белгілі. Көпшілік зерттеушілердің пікірінше, Қарабура әулие – Қожа Ахмет Ясауидің замандасы.
Зерттеуші С.Тәбірізұлы өзінің «Қарабура әулие» атты еңбегінде Әулие бабаға қатысты көптеген аңыздық және тарихнамалық деректер ұсынады. Оларды қорытындылай келгенде мынадай тұжырым шығады:
* «Қарабура әулие – Арыстанбаб пен Қожа Ахмет Ясауидің замандасы; яғни ХІ ғастырдың соңы мен ХІІ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген» тарихи тұлға.
* Қарабура әулие – Қараханилық билеуші Хасан (Харун) Боғра хан болуы мүмкін.
* Қарабура әулие – қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет қайраткері (Әмір Темір) сияқты болған деген қорытынды жасауға болады;
* Қарабура есімін ұранға айналдырған тама тайпасының атауы Қарахандар мемлекетіндегі «яғма» тайпасы атауының өзгеріске ұшыраған түрі;
Әулие бабамыз жөнінде ізденіс жасаған Жарылқасын Боранбай өзінің «Қарабура» атты кітапшасында төмендегідей тұжырымдар мен болжамдар жасайды:
* Қарабура әулие – Батыс Қарахан мемлекетінің билеушілерінің бірі – Ибрагим ибн Насырдың ұрпағы екендігі;
* Қарабура әулие – Қожа Ахметтің замандасы, ол Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғанда денесін жуған, кебіндеген, жерлеу рәсімін толық қолынан өткізген адам;
* «Қарабура» сөзі – «Қара Боғра» сөзінен туындайд, ал бұл ұғым Қарахан мемлекетінің билеушілернің ұрпағы;
* Қарабура әулиенің аты –Ақтан софы;
Белгілі жазушы Әбіш Кекілбаевта бұл мәселеге қатысты өз ойларын айтқан. Ол «Елдік пен ерлік киесі» атты мақаласында мәселені жан-жақты қарастыра келе төмендегідей қорытындылар жасайды:
* «Қарабура – тамаларға мұсылман дініне кіріп, Қарахан мемлекетінің құрамында болған кезден қалған ұран»;
* Қарабура Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген;
Қарабура әулие Ясауидің замандасы деген дерекке – «Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиді жерлеуі туралы» аңыз-әңгімелер жатады. Деректі XX ғасырдың 80-ші жылдары ел аузынан Р.М.Мұстафина жазып алып, өзінің монографиясында жариялайды. Онда былай делінген: «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар. Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. Ол Қарахандар әулетінің негізін қалап, бірінші болып ислам дінін қабылдаған және Әулие-Ата (Жамбыл) қаласында жерленген атақты Қараханның серігі болады. Төре-хан – Ақтан сопының ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында жатыр... Бура-ханның көпке танымал болуына оның Қожа Ахмет Ясауиды жерлеуі туралы аңыздың таралуы жатады. Аңыз бойынша, Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болар алдында өзін бір қара түйе мінген адамның келіп жерлейтінін ескертеді. Ол адамнан басқа ешкімнің әулие денесіне қол тигізуге құқы болмаған. Дәл әулие айтқандай болады. Көп ұзамай Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін, үстіне ақ жамылғысы бар, ноқтасыз түйеге мінген және қапталында құмыра ілініп, онда денені жуатын суы бар адам келеді. Ол жаназа шығарып, басқа да ырымдарды орындайды. Бәрін орындап болғаннан кейін жаңағы адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алады. Осы уақыт ішінде ол ештеңе ішпейді де, жемейді де. Бір ауылға келіп ол шайынады және сол жерде қайтыс болады. Бура-хан қайтыс болған жерінде жерленеді және оның басына күмбез орнатылады. Жаңағы адамның кім екенін білмеген адамдар оны «Қарабура» деп атап кетеді. Бейтаныс адамның астына мінгені қара бура екен. Осы сөздерден әулиенің аты пайда болады».
Р.М. Мұстафинаның жазып алған екінші дерегі бойынша, «Қарабура әулие қазақ руы – тамадан шығады. Ол Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауиге түйеге артып сексеуіл әкеледі екен. Оның әкелген сексеуілі он түйе көтере алатындай болған екен. Соған байланысты оны Қарабура әулие деп атап кетеді».
Қарабура әулие мен Қожа Ахмет Ясауидың жақындығын, достығын көрсететін келесі бір дерекке мынадай аңыз-әңгіме жатады. «Алланың әмірімен жұма намазын Меккеде оқу үшін Ахметке ақ бура сыйланады. Мұны көрген жұрт оны бұрынғыдан да артық құрметтей түседі. Осы құрметтерге сенімсіздік білдірген бір кісі Ахметке келіп: «Сен жұртты алдап жүрсің», - дейді. Ахмет бұған ешқандай реніш білдірмей: «Қажет десең жұма намазға Меккеге бірге барайық»,-дейді. Қожа Ахмет ол адамды мінгестіріп жаты: «Көзіңді жұм да, төменге қараушы болма», - деп ескертеді. Бірақ, ол шыдамсыздық танытып көзін ашқан кезде түйеден аунап түсіп, төменге қарай құлайды. Осы кезде қара бураға мінген адам оны іліп алып жерге аман жеткізеді. Бұл әр жұмада Меккеге намазға Қожа Ахметпен бірге барып келетін, оның пікірлес сыйласы Қарабура әулие еді», - дейді.
Тарихи аңыз-әңгімелер Қарабура әулие бабамыздың екі қызы болғанын айтады. Қарахан мемлекетінің негізін түркі тілдес яғма және шығыл тайпалары құрағандығы белгілі. Тайпалардың тотемдерін хандар өздері иемденген. Шығылдардың тотемі – арыстан болып, орта азиялық әдебиеттерда арслан деп жазылған. Яғма тайпасының тотемі – бура, ол әдебиеттерде «боғра» түрінде кездеседі. Осы екі атауды: «Арслан хан» және «Боғра хан» атауларын Қарахан мемлекетіндегі билеушілер өз есімдерінің жанына қосып айтқан. Бұл жерде «Арслан хан» - Ұлы хан деген, «Боғра хан» - кіші хан деген мағынаны берген.
«Тамғаш хан», «табғаш хан» - Қарахан мемлекетіндегі билеушілердің мәртебелі, лауазымы хандардың ханы. Бұл лауазыммен Қарахан әулетінің Самарханды билеген соңғы ханы Ибрагим теңге соқтырған»,-деп жазады энциклопедияда. Бұл жерде біздің қосарымыз «табғаш» сөзі «яғмадан» туындамайды, ол өзі жеке, дербес сөз және дербес мәнге ие. Екінші қосатынымыз – «Боғра хан», «Тамғаш хан» деген титулдар тек қана тақты иеленген Қарахан әулетінің өкілдеріне берілгендіктен, біз сөз етіп отырған Қарабура әулиенің есімін «Боғра хан» деген титулмен байланыстыру, осы сөзден іздестіру қисынсыз деп есептейміз және Батыс Қарахандар мемлекетіндегі әулет тізімінде Ибрагим ханнан кейін «Боғра хан» титулы ешкімнің лауазымы ретінде қолданылмайды.
ХІ-ХІІ ғасырлардағы Орта Азияның саяси тарихына үңілер болсаң, Қожа Ахмет Ясауи, Қарабура әулие бабаларымыздың өмір сүрген заманының аумалы-төкпелі, дүрбелеңді жылдар болғанына көз жеткіземіз. ХІІ ғасырдың бірінші жартысы мен орта тұсы – Ясауи мен Қарабура әулиенің саналы ғұмыры десек, осы жылдары төмендегідей ірі саяси оқиғалар болып өтеді:
* 1130-40 жылдар басы – Қарахан әулетінен Мауераннахрды қарақытайлардың тартып алуы және Қарахан әулетінің қарақытай гурхандарына саяси тәуелді болуы;
* 1141 жылғы Катуан шайқасы – Мауераннахрға саяси үстемдік құрып тұрған Селжұқ мемлекетінің әлсірей бастауы;
* 1150-ші жылдар – Хорезмнің күшейе бастауы және оның дербестік жолындағы Селжұқ мемлекетімен соғыстары;
* 1160-шы жылдар – Хорезмнің Мауереннахр ісіне араласуы;
* ХІІ ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы жекелеген ұрыстар мен шайқастар;
Енді бабамыздың туған жылы туралы сөз етсек. Ж.Мұратбаевтың жинастырған материалдарында Қарабура әулиенің Қожа Ахмет Ясауиден 10 жас кіші екендігі айтылады. Осы бір ел аузынан алынған деректен басқа ешбір деректе бабамыздың дүниеге қай жылы келгендігі туралы мәлімет жоқ. Сол себепті де біз, Қарабура әулиенің туған жылын анықтауда осы деректі негізге аламыз. Қазіргі күндегі зерттеушілердің көпшілігі Қожа Ахмет Ясауидің туған жылы деп 1094 жылды көрсетіп жүр. Біз де осыны мақұлдап, Қарабура әулие бабамыздың дүниеге келген жылы -1104 жыл деп есептейміз.
Қарабура әулиенің діни көзқарасының қалыптасуы және рухани бағыттары туралы айтқанда жекелеген, бірлі-жарым деректердің оның шығу тегін бүгінгі Өзбекстан жеріндегі киелі мекен Нұр-атамен немесе Нұратаумен байланыстыратыны еріксіз назар аудартады. Нұр атаға байланысты зерттеулер жүргізіп, өзіндік, дербес көзқарас білдірген «Арғықазақ мифологиясы» деген атпен көлемді-көлемді 4 томдық еңбек жазған зерттеуші маңғыстаулық Қондыбай Серікбол бауырымыз былай деп жазған еді:
«Нұратау» – бүгінгі өзбекстанның Самарқан, Сырдария облыстарының аумағындағы, бүгінгі Науаи қаласына жақын (70-80км) жердегі Нұратау жотасы мен оның төңірегі. Аталған тау жотасы ежелгі Соғды мен Бұқар жазирасының (Зарафшанның) территориясын Қызылқұмның аптапты құмдарынан бөліп жатса, таудан солтүстікке және солтүстік-шығысқа, Сырдарияның ойпатына шейін Қызылқұмның даласы мен құмлары созылып жатыр. Осы таудың аумағында аттас қалашық бар, бүгінгі Нұр (Нұр-ата) – Бұқар облысының қиыр терістігінде орналасқан қала.
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетінде Қарабура әулиенің әкесі діндар адам болып, Нұрата мешітінде оқып білім алғандығы, кейіннен мешіт ашып өзі жас балаларды оқытқандығы, сөйтіп сол өңірде ислам дінін насихаттаушылардың бірі болғандығы туралы айтылады.
Аңыз материалдардағы Қарабура әулиенің әкесі Әбді тама – діни сауатты болып, мешіт ұстаған адам деген дерек біздің осы ойларымызды дәлелдей түседі. Тамалардың Нұрата маңына Х ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басында келген деп есептесек, Қарабура әулие дүниеге келген 1104 жылға дейін 3-4 немесе 4-5 ата ауысады. Бұхара, Самарқанд секілді ірі діни орталықтармен іргелес болуы, мемлекет басшыларының ислам дінінің таралуына ықпал жасауы Нұрата өңіріндегі түркі тілдес тайпалардың тез арада исламды қабылдауына әкеліп соқтырады. Бұдан шығатын қорытынды мынау: Қарабура әулие дүниеге келгенге дейін, ислам діні олардың рухани өмірінің өзегіне, негізіне айналған. Қарабура әулие осы дәстүрді, жолды одан әрі жалғастыруша болып саналады.
Екіншіден, Нұрата өңірінің киелі жер болып саналуы мен ол өңірде әулиелі молалардың көп болуы, зиярат етушілердің үзілмеуі – Қарабура әулиенің жас кезінен-ақ ислам дініне жақын болуына әсер етсе керек. Осындай аңыз мәліметтерінің тарихи шындыққа жақын болуы, бізді сол деректерге ерекше көңіл қоюымызға итермелеп отыр.Қарабура әулиенің жастық шағының дәл қалай өткенін нақты айтуға мүмкіндік болмаса да, әкесі Әбді таманың мешітінде оқып-білім алған деп айтуға негіз бар. Одан кейін әулиенің білімі Бұхарада жалғасуы әбден заңды.
1159 жылы Қожа Ахмет Ясауи Ясы қаласына келген соң, өзінің бағытын осы аймақта одан әрі жалғастырады. Оның мектебіне көшпелі қыпшақ тайпаларының өкілдері келіп, мүрид атанып, сопылық жолға түсе бастайды. Ал оның серіктері мен ізбасарлары, шәкірттері Оңтүстік Қазақстандағы Сырдың төменгі ағысы бойындағы қалалар мен оған іргелес елді-мекендерде исламды уағыздау үшін жіберіледі. Қарабура әулие Оңтүстік Қазақстанның ең солтүстігіндегі ортағасырлық қала – Созаққа келеді. Созақ бұл кезде кең мағынадағы қыпшақтардың иелігіндегі қала болатын. Тама тайпаларының ірі бөлігі осы өңірде мекендегендіктен Қарабура әулиенің арқасында ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа өтеді. Мүмкін, Созақ пен оның өңірінде мекендеген тама тайпаларының көсемдері Қарабура әулиені өздері арнайы шақырған да шығар. Ол жағы бізге толық анық емес. Дегенмен де, Қарабура әулиенің өмірінің соңғы жылдары Созақ өңірінде өтеді. Өңірдегі тайпалардың рухани өміріне үлкен өзгеріс енгізіп, исламға көздерін аштырған Қарабура әулие жергілікті тайпалар үшін өте сыйлы, дуалы, көріпкелдігі және бар, тұлғаға айналады.
Қазіргі күнде бүкіл қазақ рулары ішінде тек қана тама тайпасының Қарабура әулиені өздерінің ұранына айналдыруына қарағанда сол, ХІІ ғасырдың соңында Созақ өңірінде тама тайпалары мекендеген сияқты. Тірі кезінде-ақ өзінің әділдігімен, көріпкелдігімен болжағыштығымен, ғажайып іс-әрекеттерімен қалың елді таң қалдырған, ұйыта білген Қарабура бабамызды халық әулие деп атап кетеді. Бабамыздың рухының күштілігі сондай, ол кісінің дүниеден өткеніне 1000 жылдай уақыт өтсе де, жергілікті Созақ өңірінің тұрғындары оны кеше ғана көрген әулиесі секілді тағзым етеді.
Бабамыздың нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Аңыз-әңгімелер бойынша оның Қожа Ахмет Ясауидың жаназасын өзі шығарғанына қарағанда, бабамыз 1166 жылдан кейін қайтыс болған. 70-80 жыл жасаған деп есептесек, бабамыз шамамен 1174-1184 жылдары аралығында о дүниеге сапар шеккен деуге болады.
Қарабура қайтыс болғаннан кейін жергілікті халық оны аса жоғары құрметтеп, арулап Созақ қаласында жерлеген. Әулиенің жатқан жері жергілікті тұрғындар үшін тағзым етер жердің біріне айналып, әртүрлі ауруға, жан-дүниесі қиналысқа түскен адамдардың түнделетіп қонатын жеріне айналды.
Қарабураның отбасына келетін болсақ. Оның әкесі — Ибраһим Әбді Тама. Ибраһим Қарахан елінің бас Мүфтиі болған. Ал Қарабураның атасы — Кәуіс, Батыс Қарахан хандығының уәзірінің бірі. Ал оның баласы — Төрехан әулие. Қарабура Ибраһим ибн Насырдың ұрпағы. Қарабураның ұрпақтары "Қырымның қырық батырлары" айтылынады. Бек — Моңғол империясында Беклербек болды. Қарадөң батыр — Қалмақ ханын жеңген батыр. Қазан хандығының жерінде хан (әмірші) болды. Оның ұлы — Жұбаныш, Жұбаныш қалмақ ханын жеңді. Оның ұлы Сүйініш батыр — Ер Бегіс — Ер Көгіс — Тама батыр — Тана батыр — Нәрік мырза — Ер Шора батыр — Бурахан.
## Суреттер галереясы
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қазақтар — Орталық Еуразияны мекендейтін түркітілдес этнос және ұлт. Дешті-Қыпшақ даласын мекендеген көптеген этностар мен этно бірлестіктердің өзара араласуының нәтижесінде қалыптасты. Қазақтар ретінде Қазақ хандығының құрылуымен белгілі бола бастады. Тілдік құрылымы жағынан Түркі тілдес халықтардың солтүстік-батыс қыпшақ тобына жатады. Қазақ тілінде сөйлейдi.
Қазақтар Қазақстанмен көршілес Моңғолия (Баян-Өлгей аймағы), Қытай (Іле Қазақ аутономиялық облысы), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан елдерінің жерін бірыңғай қоныстаған. 2023-ші жылдың басында елдегі қазақтар саны — 13,9 млн. адам болды.
## Автоэтнонимі
"Қазақ" этнонимі осы көшпелі халыққа қатысты XV ғасырда, Жәнібек пен Керей сұлтандары бастаған тайпалар XV ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Сырдария жағалауларынан Батыс Жетісуға (Жетісу), Шу өзенінің бассейніне қоныс аударған кезде орнықты. Олар өздерін "Қазақ"(қазақ), орыс тілінде" қазақ "деп атай бастады. «Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы әртүрлі нұсқалар бар: «Қазақ» сөзі көне түркі тілінен аударғанда «еркін», «ерікті», «бөлінген халық», «ержүрек, бостандық сүйгіш халық», «ержүрек жауынгерлер» деп аударылады.
## Этнонимі
Ғалымдардың пайымдауынша, «сақ», «қас-пи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қа-сақ» секілді рулардың атаулары – «қазақ» этнонимінің туынды түбірлері. Академик Н. Марра және чех ғалымы Б.Грозный көрсеткендей, «қазақ» атауы «қасақ» жән «кесек» сөздерінен шыққан. Академик Ә.Марғұлан, тарихшы М.Ахинжанов, жазушы С.Мұқанов, орыс ғалымдары осы пікірді қолдайды. Ә.Марғұлан өз еңбектерінде Кіші жүздегі «қазар-уг» тайпаларының бар болуына сілтеме жасап отырады. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, екі қорытынды жасауға болады:
* «қазақ» сөзі «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан;
* «қазақ» сөзі «ерікті адам» деген мағынаны білдіреді.
## Этногенезі
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезеңі сонау арийлер мен турлар заманынан бастау алады. Келесі кезеңді Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты. Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті.
Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймақта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы, тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті. Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.
## Эндоэтнонимдері
Орыс тілінде – «Казахи»; қырғыз тілінде – «Қазақтар»; өзбек тілінде – «Qozoqlar»; түрікмен тілінде – «Gazaklar»; татар тілінде – «Казакълар»; якут тілінде – «Казахтар»; ұйғыр тілінде - «قازاق مىللىتى»; қарақалпақ тілінде – «Qazaqlar»; Қырым татар тілінде – «Qazahlar»; Қарашай-Балқарда тілінде – «Къазахлыла»; әзірбайжан тілінде - «Qazaxlar»; қалмақ тілінде – «Хасгүд»; бурят тілінде – «Хасагууд»; моңғол тілінде – «Казах»; қытай тілінде - “哈薩克族”; ағылшын тілінде – «Kazakhs»; тәжік тілінде – «Қазоқ».
## Қазақтың арғы атасы
Сақтар, ғұндар мен түркілер – қазақ халқының ертедегі ата-бабалары. Олар әр алуан кезеңдерде өзара орын алмастыра отырып бір аумақта өмір сүрген.Біздің бабаларымыз ат құлағында ойнаған шабандоз әрі сайыпқыран сарбаздар болған. Түркі-қазақтардың көшпелілерге ұласатын тарихы мен мәдениеті 4000-6000 жылды құрайды. Этнограф Ж.Бабалақовтың деректері бойынша 1986 ж. Алматы облысының Қарақастек ауылының маңайынан тасқа қашалған, қолында домбырасы бар адамның және оның артында тұрған бір топ кісінің суреті табылған. Тастағы суретті (петроглиф) Еуропа, Ресей ғалымдары зерттеп, оның бұдан 6000 жыл бұрын қашалып салынғанын дәлелдеп отыр, яғни қазақ домбырасы бұдан 6 мың жыл бұрын пайда болған.Екінші дерек, қазіргі Пекиннің (Қытай, ертедегі түркілердің Бешбалық, кейінгі Шыңғыс империясының Ханбалық қаласы) түбіндегі солтүстік Ғұндардың «Көк қоты» деп аталған астанасының қалдығы бар. Оны Қытай ғалымдары жан-жақты зерттеп, бұл қаланың бұдан 2500 жыл бұрын салынғанын дәлелдеп, ғұндар түркілердің тікелей арғы бабасы дейді.Ал Оңтүстік ғұндар сол заманғы Жетісуды мекен еткен, олардан қазіргі қазақ құрамындағы Үйсіндер тарайтыны мәлім.
## Қазақ халқының ру-тайпалық құрылымы
Қазақ халқы іргелі үш жүз құрамынан тұрады. Әбілхайырдан бастап қазақтар үш жүзге тарайды. Олар :
* Ұлы жүз – Ақарыс
* Орта жүз – Жанарыс
* Кіші жүз – Бекарыс
Рудың өзінің көшіп-қонатын аумағы, рулық таңбасы, ортақ ұраны болған. Қазақ жүздерін, үлкен тайпалар мен руларды басқаруда билер кеңесі үлкен рөл атқарды. Жергілікті жердегі билікті билер, ру ақсақалдары жүргізді.
Мемлекеттік істерді бүкіл үш жүздің билік өкілдері жиналған құрылтайда, халық жиналыстарында шешті. Ел ішіндегі істерді — ру, тайпа, жүздер арасындағы жер дауын, жесір дауын, үлкен барымталар дауын үш жүздің басы қосылған үлкен астарда да шешіп отырды. Қазақтың әр жүзінің өзі үлкен тайпалардан тұрады (рудан үлкен, бірнеше рудың бірлестігі болып табылатын этностық құрылымды тайпа деп атап жүрміз). Қазақ қоғамындағы көпшілік тайпалардың атауы өте әріден белгілі. Мысалы, үйсіндер мен қаңлылар тарихи деректерде бұдан 2300 жыл бұрын аталса, найман, керей, жалайыр, қыпшақ, т.б. тайпалар тарих бетіне кейіннен, бұдан 1200 жыл бұрын шыққандығы белгілі. Аталған қазақ тайпаларының біразы басқа туыстас халықтардың да құрамында кездеседі. Мысалы, қыпшақтар, қоңыраттар, наймандар, қаңлылар туысқан өзбек, башқұрт, ноғай, татар, мажар (венгр), т.б. халықтардың құрамында бар. Шын қандас туыстық жүйе көбінесе 7 атадан басталып, 15—20 атаға дейін барады. Әдетте, мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар деп 7 атаға дейінгілер есептеледі.
## Нәсілі
Европеоид нәсілі мен моңғолоидтық нәсіл арасында өтпелі орынды алатын (монголоидтық белгілер басым), тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілге жатады. Сонымен қатар, қырғыздар мен өзбектерге қарағанда, қазақ халқының сыртқы келбетінің бірыңғай стандарты жоқ. Мұнда европеоидтық халықтар тұрпатыда бар, толығымен моңғолдық тұрпаттылар да бар.
## Тарихы
### Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (XV–XVI ғасырлар)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде ХIV–XV ғасырлар аралығында болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілқайыр хандығымен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеyi XV ғасырдың 2-жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілқайыр (1428–1468) Жошы-Шайбан Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілқайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30-шы жылдары ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын (Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілқайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 жылы Өз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілқайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек сұлтан пен Керей сұлтан басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, XV ғасырда 50–70 жылдарда, яғни 1459 жылы Әбілқайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталығына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моғолстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465–1466 жылдары) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458–1473 жылдары). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473–1480 жылдары). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілқайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинаған және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 жылы Әбілқайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілқайырдың мұрагерлері, оның ұлы Шайх-хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбан мен Махмұд Сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70 жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде XV ғасырда 70 жылдарда қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік Қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480–1511 жылдар) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілқайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
Хақназар ханның тұсында Қазақ хандығы
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд-Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Тәуекел ханның тұсында Қазақ хандығы
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Есім ханның тұсында Қазақ хандығы
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! деп атады.
Қазақтардың өзара саяси қарым-қатынасы
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталығы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.
* Қазақ хандығының мәдениеті:
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
18 ғасырда қазақтар үш жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
* Қазақ халқының ойраттарға қарсы күресі:
16 ғасырдың соңында ойраттар (қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, Қалдан) Оңтүстік Қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
* Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі:
1718 жылы Тәуке дүние салғанда, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
* Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама:
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан мен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Ххиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
Халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы қайтыс болып, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары,Желкілдек, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.
Ресей империясы құрамында
Саяси және экономикалық қиын жағдайда Қазақстанның Ресейге қосылу мәселесi алға тартылды. Қ-дың сыртқы саяси жағдайының күрделiлiгi Әбiлқайыр ханды Кiшi жүзде Ресей протекторатын қабылдауға мәжбүр еттi. 1734 ж. Орта жүздiң бiр бөлiгi Ресейге қосылды. 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей үкiметiнiң жоспарлы түрде жүргiзген әскери-саяси шаралары нәтижесiнде, Қазақстанды империя құрамына қосу толық аяқталды.
Қазақтар арасында кейiнгi орта ғасырларда меншiктiң бiрнеше түрi айқындалды: 1) мал мен мал шаруашылығы өнiмдерiне деген меншiктiң жеке дербес отбасылық түрiндегi меншiгi; 2) жерге немесе жайылымдарға қауымдық меншiк; 3) су көздерiне меншiк; 4) қауымдар ассоциациясының қарамағындағы малшылар тобы көшiп-қонатын аймаққа қатысты экономикадан тыс меншiк, Қазақтардың әлеуметтік ұйымдасуы адамдар арасындағы бiр-бiрiмен байланысты әр алуан қарым-қатынас түрлерiне (қандас туыстық-отбасылық, шаруашылықтық, әскери, мәдени, этн., т.б.) негiзделдi.
1824, 1867 — 68 жылдардағы әкiмшілік-саяси реформалары арқылы Ресей үкiметi қазақтарды басқарудың дәстүрлi жүйесiн жойды. Қазақстанның Ресейге қосылуы арқылы халықтар арасында шаруашылық айырбас пен басқа да қарым-қатынастар үшiн қолайлы жағдай туды, капиталистiк өндiрiс қатынастары кеңiстiгiне негiз қаланды.
Ресейдiң отаршыл саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерiлiстерi болып өттi. Оларды Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмұхамедұлы, т.б. басқарды. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстандағы егiншiлiкпен айналысатын халықтар арасындағы қазақтардың үлес салмағы 55,4%-ға жеттi. Өнеркәсiп дамуы, темір жолдар салынуы, су жолдарының кеңiнен пайдалануы қазақ жұмысшыларының қалыптасуының экономикалық негiздерiн қалады.
Кеңестік дәуір
1917 ж. Қазан төңкерiсiне дейiн қазақтардың негiзгi кәсiбi көшпелi немесе жартылай көшпелi жағдайда мал өсiру, суармалы егiншiлiк болса, аңшылық пен балық аулау және қолөнерi де халық тұрмысында берiк орын алды. Қоғам өмiрiнде рулық-патриархалдық қатынастар үстем болып келдi.
Кеңестiк үкiмет өткiзген кәмпескелеу, ұжымдастыру шаралары қазақтарды 1931 — 33 ж. ашаршылыққа ұшыратты. 1929 — 31 ж. Қазақстанда кеңес өкiметi саясатының асыра сiлтеулерiне қарсы 372 көтерiлiс болды. Көтерiлiстiң күшпен басылуына орай қазақтар басқыншылыққа ұшырады. 1930 жылдың басынан 1931 жылдың ортасына дейiн Қазақстан аумағынан 281230 шаруа қожалығы сыртқа көшкен. Олардың едәуiр бөлiгi Қытайға, Иранға, Ауғанстанға өтiп кеттi. Қазақ этносы осы жылдары аса көп шығынға ұшырады. Ашаршылық және онымен байланысты туған iндеттер салдарынан 2 млн. 200 мыңнан астам адам қырылды. Бұл барлық қазақтардың 48%-ын құрады.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында мерт болған шамамен 410 мыңдай қазақстандықтардың басым бөлiгi қазақтар едi.
Тәуелсіздік
1991 ж. 16 желтоқсанда мемлекет тәуелсiздiк жарияланған соң, қазақ ұлты өзiнiң ортақ мүддесi жолындағы бiрлiгiн нығайтты. Қазақ тiлi мемлекеттік тiл болды. Қазақ халқының таңдаулы өкiлдерiнiң кеңестiк дәуiрде тыйым салынған есiмдерi ұлтымыздың мақтанышына айнала бастады, тарихи топонимика қалпына келтiрiлiп, ұлттық мәдениеттiң гүлденуiне жағдай жасалды. Шет елде жүрген отандастардың елге оралуына мүмкiндiк туды.
## Тілі
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Ұқсастығы жөнінен қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.Қазақ тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақтар өзінің халық, ұлт болып қалыптасу жолын көне түркілер заманынан бастаса, оның жазу мәдениетінің тарихы да сол дәуірден бастау алады.Ол кездегі түріктердің тілін қолданылу барысына қарай, әдетте, тіл мамандары үш кезеңге бөліп қарастырады:
* а) тукю тілі қолданылған дәуір (V-VIII);
* ә) көне ұйғыр тілі қолданылған дәуір (VIII-IX);
* б) көне қырғыз тілі қолданылған дәуір (X-XI).
Осы кезеңдер ішінде Орхон-Енисей жазу ескерткіштері жазылған, ежелгі ұйғыр жазуының үлгілері пайда болып, оғыздар мен қыпшақтардың аралас әдеби тілі жасала бастаған.
## Жазуы
X-XI ғасырлардан бастап қолданыла бастаған араб жазуы түркі халықтары тілдерінің ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданылса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де қолданылды. Бірақ соған қарамастан ол оншақты ғасыр бойы түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет еттіп келді. Қазақ грамматикасының дамуы, оның бірнеше рет өзгеріске түсуі ХХ ғасырдың бас кезінен басталады. Бұл өзгерістерді мынадай үш кезеңге бөлуге болады:
* Араб графикасын түркі халықтары тілдіренің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі;
* Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі;
* Латыннан кирилл жазуына көшу.
1929 жылы қазақ жазуы араб әліпбиінен латын графикасына түпкілікті көшті, алайда латын әліпбиінің тағдыры ұзаққа бара қоймады. Ол 1929 жылдан 1940 жылға дейін пайдаланылды. 1940 жылы кириллицаға көшкеннен кейін русификацияға, яғни орыстандыру саясатына қатты ұшырап, Қазақстанда кириллица біржола тұрақтап қалды.
Кириллица графикасы негізіндегі қазіргі заманғы жазу (Қазақстанда ресми):Aa Әә Бб Вв Гг Ғғ Дд Ее Ёё Жж Зз Ии Йй Кк Ққ Лл Мм Нн Ңң Оо Өө Пп Рр Сс Тт Уу Ұұ Үү Фф Хх Һh Цц Чч Шш Щщ ъ Ыы Іі ь Ээ Юю Яя
Араб жазуына негізделген қазіргі жазу (Қытай Халық Республикасы қазақтарында кең тараған):ء ءى ى ي ۋ ۆ ءۇ ۇ ءو و ہ ھ ن ما ل ڭ گ ك ق ف ع ش س ز ر د ح چ ج ت پ ب ٵ ا
## Діні
Қазақтар ислам дiнiнiң суннизм бағытын қабылдаған.Қазақ даласына ислам діні келместен бұрын біршама тайпалық, ұлттық діндер болған, шаманизм, зороастризм және бір тәңірлік діндердің болғаны белгілі.
Қазіргі уақыттағы Қазақ даласына исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Сол уақыттағы Қарахан мемлекетінің басқару жүйесі, заңдылықтарының барлығы Исламға негізделген.
Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы себепті қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды. Билер қазақтардың қоғамдық маңызы зор мәселелерінің көпшілігін ежелден келе жатқан бұрынғы ата-бабалары әдет-ғұрып заңдары бойынша талқылап шешті. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін лақтырып тастамай, санасуына тура келді. Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.Әйтсе де, ұзақ дәуірлер бойы ислам діні қазақтардың ежелгі әдет-ғұрыптарын ығыстыра алмады.
## Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылық түрлері
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтардың негізгі дәстүрлі шаруашылығы мал және егіншілік қазақтың күнкөрісінің көзі болды. Шаруашылықтың қосымша қосалқы түрі аңшылық пен балықшылық болды. Балықшылық пен аңшылықты негізінен кедейлер кәсіп етті. Аңшылықпен бай адамдар да айналысқан, бірақ олар үшін бұл кәсіп емес , саят құрудың көңіл көтерудің түрі болған. Сыр, Ертіс, Еділ, Жайық сияқты үлкен өзендердің, Каспий, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан сияқты көлдердің маңайында тіршілік еткен қазақтар ертеден –ақ балықшылықты кәсіп еткен.
Мал шаруашылығы — көшпенді қазақ халқының негізгі кәсібі саналды. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қазақ халқының үш мың жыл ішіндегі табиғатты пайдалану мен шаруашылық әрекеті көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Көшпелі мал шаруашылығы қазақ халқының басым көпшілігінің материалдық тіршілік көзі болып есептелді. Тарихшылар дерегінде кездесетін Ресей империясының 1897 жылы жүргізген жалпыға бірдей санақ материалдарына қарағанда қазақтардың 80%-ға жуығы негізгі азық-түліктерін мал шаруашылығының өнімдерінен алып отырса, 18%-ы мал шаруашылығына қоса егіншілікпен де шұғылданған.
Орта есеппен алғанда көшпенділердің бір жылдағы көш жолы елу-жүз шақырымды құрады, алайда, кейбір ру-тайпалар мың-екі мың бес жүз шақырымға дейін ұзап шыққан екен. Олардың ішінде Кіші жүздің адай, шекті, табын, тағы да өзге рулары аталған. Әр ру-тайпаның өзіне ғана тиесілі көш жолдары болып, осы мақсатта су көздері бар арнайы қыстаулар мен жайлаулары белгіленді.
Тарихи дерек көздеріне сүйенсек, ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында Қазақстанның солтүстік өңірі – Омбы, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Қостанай уездерінде жылқы шаруашылығы өркендеді. Бұл өңірлердің әрқайсысында мал басына шаққандағы жылқының үлесі 25-тен 35%-ға дейін жеткен. Ал Қазақстанның оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлері – Маңғышлақ, Жайсаң (Зайсан), Жаркент, Верный, Қапал және Гурьев уездерінде қой шаруашылығы дамып, бұлардағы қой саны 70%-дан асқан. Қазақстанның оңтүстік-батысындағы «құрғақ», қуаң далалы жерлерде – Қазалы, Гурьев, Ырғыз бен Перовск уездерінде түйе өсірілді. Нақтырақ айтқанда әрқайсысына жалпы түйенің 9%-дан астамы келді. Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Орал мен Павлодар сияқты солтүстік уездерде сиыр малы көбірек өсіріліп, 25%-ды құрады.
Егін шаруашылығы — қазақ тұрмыс-тіршілігінде мал шаруашылығынан кейін тұрғанына қарамастан, Қазақстандағы егіншіліктің дамуының өзіндік дәстүрлі жолы болды, әрі ол көбіне-көп табиғи географиялық жағдайларға байланысты өрбіді. Әлі күнге дейін тау беткейлеріндегі бұлақтар мен далалық өзен-көлдер жағалауларында кездесетін көне суару жүйесінің іздері қазақ халқы суармалы егіншілікпен ертеден бері шұғылданып келе жатқанын көрсетеді.
Егіншілікпен, әсіресе, суармалы егіншілікпен шұғылданатын егіншілердің ең басты құралы кетпен болды, оған қоса күрек, соқа пайдаланылды. Орыс егіншілері жақын орналасқан өңірлерде қос дөңгелекті темір соқалар мен ағаш тырмалар пайдаланылды. Егіншілер жерді жерағаш деп аталатын соқамен жыртты. Маңғыстау өңірінде оны шоқайағаш, Орталық Қазақстанда имекағаш, Жетісуда тісағаш, Шығыс Қазақстанда қолтіс, Шымкент уезінде омаш деп атады.
Қазақстанның ауыспалы егіс жүйесінде егістікті тыңайтып пайдалану тәсілі жиі пайдаланылды, яғни бір жерге бірнеше жыл қатарынан тары егілсе, жер құнары азая бастаған шақта бірнеше жыл бос қалдырып, жерді тыңайтып алды.
Қазақстан аумағында егіншілік мәдениеті аса көп тарала қойған жоқ. Оның дамуы қазақтар тіршілік ететін қоршаған ортаның табиғи қорларына тікелей байланысты болды (топырақтың құнарсыздығы мен судың жетіспеушілігі, жауын-шашынның аздығы мен құрғақшылық), сондықтан егіншілік қазақ шаруашылығында қай уақытта да қосымша күнкөріс көзі ретінде қаралып келді.
Балықшылық — қазақтар арасында белгілі бір деңгейде балықшылық кәсібі де дамыды. Алғашында онымен тек кедей-кепшіктер ғана шұғылданды, өйткені, қазақтар балықты тағам қатарына қоса қоймаған еді. Қазақстанда орыс халқы санының өсуі мен Ресеймен сауда-экономикалық байланыстардың кеңейе түсуі балық пен балық өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХX ғасырдың бас кезінде Жайық өзені мен Каспий теңізі жағалауында, Шалқар, Көкшетау уезіне қарасты Шортанды, Иманы Тау көлдерінде балықшылық кәсібі өркендеді. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан өңірі қазақтарының тұрмыс-тіршілігінде де елеулі рөл атқара бастады. Балқаш көлі мен Іле өзенінен сазан, табан балық, жайын ауланып, балық өндірісінің дамуына ықпал етті.
Қазақтардың балық аулауда дәстүрлі құрал-саймандар ретінде қармақ, ортаңғысынан екі жағындағы тістері ұзынырақ келетін үш тісті шанышқы, сондай-ақ сүзгі, кейде қыс уақытында қайқы түйреуіш бекітілген ілме пайдаланды. Мұның ішінде көбірек таралған ау-құралдардың бірі – сүзгі. Оны жылқының қыл құйрығынан жасады.
ХІХ ғасырдың соңында Сырдария өзенінің төменгі тұсы мен Арал теңізі алабында балық өнеркәсібі кең тарады. Орынбор-Ташкент темір жолының салынуы бұл өңірлерде балықшылық кәсіптің одан әрі өрістеуіне жол ашты.
Аңшылық — Қазақ жерінде аңшылық өнер ежелден келе жатқан кәсіптердің бірі. Археологиялық және палеозоологиялық зерттеулер аңшылық кәсіптің алғашқы дәуірден бастап қола дәуірге дейінгі аралықта жергілікті халықтың шаруашылық өмірінде жетекші орынға ие болғанын көрсетеді.
Алғашқы кезеңде аң аулау үшін аушы құстар мен тазы иттер пайдаланылса, кейіннен мылтық түрлері пайдаланылды. Аңшылықтың неғұрлым кең таралған танымал түрі – құс салу. Орта Азия мен Қазақстанда бүркіт пен қаршыға, сұңқарлардың ондаған түрімен аң аулады, әсіресе ұябасар қаршыға, лашын, тұрымтай көп пайдаланылды.
Тазымен аң аулау аңшылықтың ең әдемі түрлерінен саналады. Алғыр тазымен аңға шығып, түлкі аулау өткен ғасырдағы ең тиімді әрі пайдалы кәсіптердің бірі болды.
Қарумен аң аулау – қақпан құру, тұзақ салу, тор құру секілді аңшылық түрлеріндей кең тарай қойған жоқ.
Қарапайым халық үшін аңшылық ежелден-ақ күнкөріс көздерінің бірі болды. Жабайы жануарлар мен құстарды аулау қазақтардың тұрғын үйі мен тамағы, киім-кешегі мен жалпы тұрмыс-тіршілігіне қажетті кәсіптердің бірінен саналды. Киік, қарақұйрық, елік, арқар, қоян, қырғауыл, құр тәрізді жабайы аң-құстардың етін жеп, терісі мен жүнін пайдаланды.
## Қазақ халқының тұрмысы
Қазақтар бүкіл өмірін қозғалыста өткізіп, жаңа мезгілімен үнемі санасып отыруына тура келді. Негізгі баспанасы қыстау басында орналасты. Олар бұл жерден бүкіл үй-ішімен, руымен, тайпасымен орналасып, содан соң жайлауға көшті. Жылдың жылы мезгілін жайлауда өткізіп, күн суыта қыстауға оралды оралды. Жыл бойы осылайша көшіп-қонып жүру үшін оларға тігуі, жинап алуы жеңіл, қолайлы баспана қажет болды. Осындай баспана - киіз үй болды. Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді қазақ халықы қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды.
Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар күнделікті тұрмысқа қажетті құралдар: жылқы ұстау үшін құрық, арқан, мал суаруға қауга, науа пайдаланды. Жылқы тұсау үшін шідер, ал құлындарын байлау үшін жуан арқандар мен ноқталар дайындады. Бұлардың барлығын малшылар өз қолымен мал терісінен жасады.Қазақстанның егіншілікпен айналысатын аумағында егіншілікке қажетті құралдар дайындалды. Олар: тіс ағаш, мала, егін оратын орақ, ағаш аша, тырма, атпа шығыр, кетпендер мен күректер, т.б. Оларды жергілікті ұсталар жасады.
Қазақ халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі халық болғандықтан, былғары өңдеумен шұғылданды. Былғары – терінің өңделген түрі. Малдың тұқымы мен күтіміне байланысты терінің сапасы да әр түрлі болды.
Қазақтардың кәсібінде қолөнері маңызды роль атқарды. Қазақтар өмірі мен тұрмысына қажетті үй-жай, киім-кишек, ішетін асын, құрал-жабдықтар мен саймандардың барлығын өз қолдарымен жасаған. Қолөнердің алуан түрлері: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз өңдеу дамыды. Әйелдер тоқымашылықпен, киіз басумен айналысқан. Кілем, алаша, шекпен, киіз үйге керекті басқұр, бау-шулар, сырмақ және басқаларды дайындаған. Мүйізден қасық, түйме, сүйектен төсек аяқ жасаған, тарамысты ширатып етік тікті, түрлі саймандарды оюлап безендірген. Аса шебер зергерлер алтын, күміспен, түрлі асыл тастармен безендіріп ер жүген, үзеңгі, таралға, белбеу, ер-тұрман саймандарын, сақина, білезік, сырға, алқа, шолпы, түйреуіш, сәнді сәукеле сияқты бұйымдар жасаған.
### Мекен жәйлары, тұрағы
Көшпелі ғұмыр кешкен қазақ халқының ежелгі мекені – ауыл болған. Яғни, ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ ауылы жарты шеңбер, немесе жарты ай пішінінде орналасады.
Қазақ даласындағы ауылдарды алсақ әрбір дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған ру мүшелерінен тұрды. Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Тек көрші ауылдармен яғни басқа ру өкілдерімен некелік қарым-қатынас құруға рұқсат болған. Осындай некелік қарым-қатынас ауылдарды жақындастырып, туыс еткізді.
Ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді адамдары — ақсақалдар мен билер реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылдарында 10 — 20-ға дейін үйлер болған. Әрбір ауыл көшпелі мектеп, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған.
Қазақтардың дәстүрлі үйі – киіз үй. Қазір де бұл баспана түрі ескірген емес, оны мал шаруашылығымен айналысатын көптеген фермерлер пайдаланады. Киіз үй - қазақ халқының бір шегесіз жиналып, бір шегесіз құрылатын, қыста жылы, жазда салқын, көшіп-қонуға ыңғайлы тұрмыстық үй. Киіз үй кҿшіп қонуға ыңғайлы етіп 4, 5, 6, 7, 8, 10 қанатты жҽне сән-салтанат құру мақсатында 12, 14, 16 қанатты етіп жабдықталады. Киiз үй иелерiнiң рулық, тайпалық түсiнiктегi мансабына қарай: Үлкен үй, Кiшкене үй, Отау, Кiшi отау деп аталған.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысындағы отырықшылдыққа байланысты Ертіс алабында тұратын қазақтар үйлерін қолда бар жергілікті материалдан: талдан, қамыстан, шымнан, шикі кірпіш пен саманнан, сондай-ақ тастан салған. Таулы және орманды аудандарда орыс үлгісіндегі ағаш шеген құрылыстар, сондай-ақ үш-екі бөлмелі «қоржын үйлер» болған. Кедейлердің үйлері шағын, бір бөлмелі, ішкі жиһаздары қарапайым келетін. Дәулетті және бай қазақтардың үйлері үш (және одан да көп) бөлмелі болып, екі, кейде тіпті үш пешпен жылытылатын.
Осылайша, ХХ ғасыр басына қарай қазақтар отырықшылдық, немесе жартылай отырықшылдық тұрмыс жағдайына көшіп, олардың дәулетіне сай бір немесе бірнеше бөлмелерден тұратын үйлері мен тұрақты қыстаулары болған.
### Дәстүрлі киімдері
Қазақ халқының ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың кейбірі бұрынғы заманнан сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Қазақ киімдері ең алдымен мақта, жүн және киіз материалдарынан тігілген. Олардың көшпелі өмір салтына сәйкес көптеген киімдер терілерден, былғары секілді материалдардан тігіліп, оларды даладағы өмірдің қатал жағдайынан сақтауға лайықты берік киіммен қамтамасыз еткен.
Ерлердің киімі көйлек немесе жейдеден және шалбардан тұрған. Көйлектің сыртынан жүн, сондай–ақ барқыт, қамқа, ши барқыт, жібек жеңсіз камзол мен бешпенттер киетін болған. Сыртқы киімдері кең шапан, ал қыста жеңіл күпі болған. Өңделген қой немесе қасқыр мен түлкі терісінен, кейде бағалы аң терілерінен (кәмшаттың, бұлғынның) әр түрлі тондар киген.Қазақ әйелдерінің киімі, негізінен, көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, желек, тақия, қамзол, кәзекей, кебіс-мәсі, көкірекшеден тұрады.Ұлттық әйелдер киіміне қамзол немесе үстінен шапан киген ұзын көйлек кірді. Суық мезгілде әйелдер түлкінің жүнін немесе қойдың терісін киетін.Бойжеткендер белі қымталған, етек-жеңіне желбезек салынған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (кейбір жерде нәзік белдік) буынған.
Жазда бастарына тақия немесе киіз қалпақ, қыста – тері мен елтіріден жасалған әр түрі бас киімдер (бөрік, тымақ, малақай, телпек) киген. Тұрмыстағы әйелдер кимешек киген – ол бетке арналған қимасы бар, басты, кеуде мен арқаны жауып тұратын ақ матадан тігілген жаулық. Кимешектің сыртынан әйелдер (әсіресе егде жастағы) орамалдың бір түрі – жаулық байлайтын болған.Қыздардың бөріктері алқалармен және төбесіне үкінің, көк құтанның немесе тотының үлпек қауырсындары тағылып сәндендіріледі.
Аяқ киімдері былғары етік (етік, мәсі), былғары аяқ киім (шарық, қалыш, кебіс). Қыста киіз байпақ және сыртынан биік саптама етік киетін болған.Кебіс — мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ киім. Бұрын кебісті галош орнына киген. Оның басын жұмсақ қара былғарыдан, табанын қатты ұлтаннан биік өкше етіп тіккен. Оны оюлармен, тұмсығын сызықтап күміс, зер жіптермен әшекейлеген.
### Дәстүрлі тағамдары
Қазақтың ұлттық тағамдарының кейбіреуі арнайы уақыттарда тартылады, арнайы қонаққа арналғандары да бар. Осыған байланысты қазақтың әрбір ас ішуі үлкен тәрбиеге, сыйластыққа негізделген.
Қазақ халқының қалыптасуында ет тағамы үлкен маңызға ие. Көшпенді мал шаруашылығына байланысты қазақтың ас мәзірінің 80 пайызы еттен тұрса, оңтүстік өңірлерде жақсы дамыған егін шарушылығына байланысты қалған бөлігі дәнді дақылдардан тұрды. Қазақтар қой еті мен жылқы етінен тағамдар жасаған, сиыр еті сирек қолданылған, себебі, сиыр көшпенді дәстүрге онша бейімделмеген жануар. Құс еті де өте сирек қолданылған. Негізгі тағам - жылқы еті. Ең сыйлы қонақтың алдына, көбінесе асқа бата беретін көпті көрген ақсақалдар мен қадірлі қарияларға, қазақ қойдың басын тартады. Бас тартылған адам әуелі бастың оң жақ езуіндегі жұмсақ еттен өзі дәм татып, қалғанын белгілі бір реттілікті сақтай отырып, жиылған қонақтарға бөліп береді. Мұндай реттілік қонақтарға ас беру кезінде де қатаң сақталады.Сонымен бірге ең танымал астың бірі – қуырдақ, жаңа сойылған малдың етінен, ұсақтап туралып жасалады. Мойын және төстік етпен бірге оған өкпе-бауыр, жүрек, құйрық май қосылады.
Қазақтың ұннан әзірленетін тағам түрлері өте көп, таба нан - бидай ұнынан дайындалған нан, бауырсақ - ұннан жасалынып, майға қуырылатын нан түрі, шелпек, құймақ, қазанжаппай - табаға, қазанға жауып пісірілетін нан және тағы басқалары.
Сүттен қазақтар әртүрлі тағамдар дайындаған. Сиыр сүтінен айран, түйе сүтінен шұбат, бие сүтінен қымыз, құрт, ірімшік, ақлақ, қатық, сүзбе, май, қаймақ әзірленген. Құрт - малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Ірімшік - сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Сары май - сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен алынады. Айран - ұйытылған сүт. Оны қаймағы алынған сүттен де, қаймағы алынбаған сүттен де ұйытуға болады.
## Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Қазақтың қазір ұлттық мінезге айналған басты дәстүрлерінің бірі – қонақжайлылық. Қонақжайлылық, қазақ қоғамында басты міндет – қонақты ашық, құшақ жая қарсы алу. Қонақ – үйдегі ең маңызды және ең қалаулы адам.
Қазақ халқының салт – дәстүрлері бала дүниеге келген сәттен бастап, ер жетуі, тәрбиесі, келін түсіріп, қыз ұзатуы, өлім – жітімге дейінгі аралықты сонымен қатар қауымдық – әлеуметтік мәселелерді де қамтиды. Ешбір заңда, кодексте жазылмаса да халық дәстүрді бұлжытпай орындап отырған.Қазақ халқының салт-дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт- дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш үлкен топқа бөлінеді. Соның ішінде бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келгеннен бастап жүргізілетін шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесуден бастап қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы – жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған жөн-жоралғылар кіреді.Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді. Сондай-ақ әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлерге: ауыл адамдарының туыстық қарым-қатынастары, ұлттық музыка аспаптары, қонақ күту, тағы басқа рәсімдері жатады.
Қазақта ең жақсы сақталып қанға сіңді қасиетке айналған дәстүрдің бірі – жеті атаны білу. Оның ішінде, жеті атаға жетпей қыз алыспау. Қазақ «жеті атасын білмеген жетесіз» деп бұл дәстүрдің маңыздылығын айшықтап берген. Жеті атаға толмай қыз алыспау ертеден келе жатқан құқықтық ереже. Бұл дәстүр – ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы жолы.
Қазақ халқының ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері:
* Сыйлықтарды ұсынумен байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Сүйінші, Ат мінгізіп, шапан жабу, Бес жақсы, Байғазы.
* Өзара көмекке байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Асар, Жылу жинау, Бел көтерер.
* Қонақ күтуге байланысты дәстүрлер — Қонақасы, Қонақкәде, Ерулік.
* Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер — Шілдехана, Бесікке салу, Ат қою, Қырқынан шығару, Тұсаукесер, Сүндеттеу.
* Неке құруға байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар — Құдалық, Құйрық бауыр асату, Қыз ұзату, Келін түсіру, Беташар.
* Қазақ халқыныі ежелгі әдет-ғұрыптары — Туған жерге аунату, Аузына түкірту, Ашамайға мінгізу, Бастаңғы.
## Мәдениеті
Ежелгі суперэтникалық тайпалар мен қазақтардың мәдени-тарихи сабақтастығын толық қанды объективті зерттелуіне, кеңестік идеология кедергі болды. Археология, этнография, антропология мәселелеріне ресейлік, европалық ғалымдар ғана арнайы тапсырмалармен зерттеулер жүргізді. Бұл тақырып қазақ ғалымдарына «жабық» тақырып болды.
Көшпеліліктегі маңызды мәселенің бірі — ондағы әлеуметтік құрылым, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктері, қауымдық тұтастықтың болуы. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арқаның теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Кеңістікпен үйлесімді дамыған мәдениет адам мен табиғаттың арасында нәзік үндестікті білдіретін дәнекер кызметін атқарды. Көшпелі коғамның тіршілік етуінің көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы болуы олардың дүниетанымына шешуші әсер етті. Көшпелілер мәдениетінің ажырамас бөлігі — «әлем» және «адам» түсініктеріне негізделіп дамыған дүниетаным жүйесі болды.
### Қазақ фольклоры
Қазақ халқы ертеден қалыптасқан бай фольклорға ие. Ұлттық фольклордың алуан жанрларының ішіндегі ең көрнекті саласы – эпостық туындылар, оның ішінде батырлық жырларының өзі төрт жүзден астам.Эпостар, тек болған оқиғаларға: кейіпкер, қаһармандардың елін сүю, сыртқы жаудан отбасын, әулетін, ел-жұртын, ауыл-аймағын қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясына құрылған. Ішкі-сыртқы жаулардың жасаған үлкенді-кішілі шабуылдары, оларға қарсы шайқаста ерекше көзге түскен, ел-жұртын дұшпанның қорлық-зорлығынан қорғаған батырлардың ерлік істерін халық ұзақ уақыт ұмытпай, аңыз-әңгіме, жырына қосып арқау еткен.
Мифтер — қазақ фольклорында мифтер таза күйінде емес, басқа жанрлардың құрамында, кейде жеке әңгіме түрінде кездеседі. Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – жер бетіндегі тау-тастың, көлдің пайда болу тарихын баяндайтын, сондай-ақ аспан әлемінің құрылысын түсіндіретін және әртүрлі жануар мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін әңгімелейтін шығармалар. Ертедегі адамдар табиғаттың құбылыстарын, аспан әлеміндегі шырақтарды түсіну үшін олар туралы неше түрлі миф шығарып, өз тұрмысын соларға көшірген, көп нәрсені күнделікті шаруа мен тұрмыс, адамдық қасиеттер мен қатынас тұрғысынан түсіндірген. Мифтердің басты кейіпкерлері – ілкі ата, жасампаз қаһарман, тотем-баба мен шаман. Бұлармен бірге ежелгі рух-иелер: желаяқ, көлтауысар, саққұлақ, таусоғар жүреді.
Ертегілер — Ертегілер көне мифтермен, хикаялармен, наным-сенімдермен тығыз байланысты, ежелгі мифологияны жетілдіре пайдаланып, қиялды араластырып, ғажайыптық сипатқа ие болған. Соның нәтижесінде осы жанрдың өзіне тән поэтика мен эстетикасы қалыптасқан, болмысты солардың тезінен өткізіп бейнелеген. Қазаққа жеткен ертегілер бірнеше жанрдан тұрады: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық (новеллалық) ертегілер, сатиралық ертегілер. Бұлардың бәріне ортақ белгілері және әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар
Аңыздар мен шешендік сөздер — көркемдік сипаты мен шындыққа қатысы жағынан алғанда аңыздар екі түрге бөлінеді. Бірі – тарихи аңыздар (Шыңғыс хан мен Жошы, Ақсақ Темір мен Едіге, т.б), екіншісі мекендік (топонимикалық) аңыздар.Тарихи аңыз тобына шешендік сөздер де енеді. Олар мазмұнына және қаһармандарына қарай, негізінен, Қазақ хандығы тұсында және одан кейін де өмір сүрген билердің төрелік жүргізген даулы оқиғалары туралы әңгімелейтін тарихи аңыз болып табылады.
Батырлар жыры — қазақ фольклорында бұл жанрдың алатын орны ерекше. Өйткені, біріншіден, халықтың рухани өмірінде, әсіресе, сөз өнерінде эпос басты роль аткарды; екіншіден, эпоста фольклорға тән ерекшеліктер толығырақ және айқынырақ көрінеді. Дәл осы жанрда қазақ жүртының эстетикалық та, этикалық та түсінік-пайымы, дүниетанымы да, арман-аңсары да мол табылады.Ол өзінің әрі қарай дамуында сюжеттік әрі ғұмырнамалық тұтастану процесінен өткен (“Алпамыс батыр”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар батыр” жырлары). Алтын Орда мен Ноғайлы дәуірінден пайда болған эпос тарихи және шежірелік тұтастануға түскен (“Қырымның қырық батыры”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Ер Тарғын”, “Едіге” жырлары).
Дастандар — қазақтың төл дастандары бар: әлеуметтік-сүйіспеншілік дастандар және ертегі дастандар. Әрбір ішкі жанр бүкіл дастанға ортақ қасиеттермен қатар, тек өзіне ғана тән ерекшеліктерімен дараланады. Бұл, әсіресе, бас қаһарманға, оның іс-әрекеттеріне, сондай-ақ дастанның айтылу мақсаты мен мәнеріне байланысты болады.
Айтыс — қазақтың ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан жанр. Ақындар айтысында, олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.
Терме — көбінесе нақылдық болып келеді. Мұндай термелердің басты мақсаты – ғибрат беру, сол себепті олардың мазмұны өмірдегі жағдайға, көбінесе адамның мінез-құлқына, әсіресе, отбасының жағдайына байланысты мәселелер болып келеді. Бұл шығармаларда тіршіліктің әр түрлі аспектілері теріліп алынады да, олар кейде салыстырыла, бірде қарсы қойыла, иә болмаса қатарластыра баяндалады, соның негізінде нақыл айтылады, адамға ой салынады.
Өлеңдер — Қазақ қауымының өмірінде өлеңнің орны ерекше, сол себепті оның түрлері де көп: лирикалық өлең, тарихи өлең, қара өлең, нақыл өлең, өтірік өлең, т.б. Олар орындалу мәнері, шындыққа қатынасы, мазмұны мен түрі жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.
Мақал-мәтелдер — қазақ өмірінің барлық саласына қатысты айтылады. Әсіресе, бұрынғы қазақ қауымы үшін олар белгілі дәрежеде заң ролінде болған. Билер ел арасындағы дау-дамайды шешкенде мақал мен мәтелді жиі пайдаланып, соған сүйенген. Сондай-ақ мақал-мәтел өмір тәжірибесіне негізделгендіктен тәлімдік те мақсатта қолданылған, сондықтан да онда дидактикалық, үлгілік, ақыл-кеңес берерлік қасиет басым. Тіршіліктегі әр қилы жағдайға, қиындыққа, сауалға дайын жауап болып көрінеді.
### Қазақ музыкасы
Қазақ ұлт болып құрылғаннан бастап төл музыкасы бірге дамыды. Ән-күй арқылы әдет-ғұрып, дәстүрлі салт-сана ұрпақтан -ұрпаққа жетіп, көшпелі халқымыздың рухани мәдениетіне айналды. Бесік жыры, қыз ұзату, келін түсіру, сүндет той, т.б ойын-сауық, ән-күймен әсерленіп отырды. Әсіресе, лирикалық-әлеуметтік тақырыпқа арналған оқиғалы желіде туған, формасы күрделі музыкалар орындаушылығы жағынан мықты шеберлікті қажет етті. Қазақ халқының ақын, жырау, жыршы, әнші, өлеңші, күйшілері музыкалық мәдениеттің негізін қалады.
Жас балалар саз балшықтан жасалған үрмелі аспаптармен ойнап, үйренген. Олар анасының бесік жырымен, үлкендердің өсиет- өлеңдерін тыңдап, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, үлкен өмірге аяқ басқан. Содан соң жастар әнге деген білімдері мен шеберліктері әртүрлі отырыстарда қайым-айтыс, тартыс, қара өлең айту арқылы шыңдалып отырған. Есейе келе ән қорына махаббат әуендері, тойларда айтылатын жар-жар, қалыңдықтың қоштасу әні және де аңшылардың аңға шығарда, сарбаз әскерлердің жорыққа аттанарда қолданған -дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптардың үндері мен толықтырылып отырған. Ал, үлкендер өз ән-күйлерінде елдің бірлігі, халықтың мұң-мұқтажы, салт-дәстүрі мен айтыстарды өз руларының жеңіс, жетістіктерін жырға қосып жырлаған.
Домбыра мен сыбызғы саздарының ежелгі үлгілері ретінде жеткен күй дастандары өте көп. Мысалы, «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ құлан», «Ақсақ қыз», «Жорға аю», және қайғы-мұңға толы «Зарлау», «Жетім қыз». Бұл күйлерде ежелгі көшпенділердің діні, салт-дәстүрі, қуаныш-қайғысы мыңдаған ғасырлар бойы сақталып, бізге жеткен.Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев аттары тек қазақтың емес, әлем музыка мәдениетінде орын алған.
### Қазақтардың музыкалық аспаптары
Ертеден қазақ халқы тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-кұй аспаптарын жасай алды.
Алғашқыда ел арасындағы әнші күйшілер өздері қажетті аспаптарын жасап алып ойнап елге өнерлерін көрсетіп жүре берді. Келе келе қазақ даласының географиялық ерекшеліктеріне орай саз аспаптары үндік ерекшелігіне және формасына қарай сан алуан түрге ене бастады. Халқымыздың жыр аңыздарынан, дастандарынан және өткен ғасырлардағы саяхатшылардың, ғалымдардың еңбектерінен көне аспаптардың сипаттамаларын, суреттерін кездестіреміз. Ертеде музыка аспаптарын жұртқа хабар бергенде, аңшылар құсты, аңды үркіткенде, бақсылар сарын айтқанда, әскери жорықтарда ұран салғанда пайдаланған. Бүгінде сол көне замандағы саз аспаптарымыз үнін сақтап қалғанымен қызметтік функциясын өзгерткен. Ертедегі тұрмысқа қажет болса бүгінде ұлттық фальклорлы ансамбль, оркестрлерден орын тапқан. Қызметіне және ойналу ерекшелігіне қарай саз аспаптары мынадай бес топтарға топтастырылды:
* үрмелі аспаптар - дыбысын үру арқылы шығарылатын аспаптар сазсырнай, қос сырнай, қамыс сырнай, мүйіз сырнай, сыбызғы, ұран, керней;
* ішекті аспаптар - дыбысы ішек арқылы шығарылатындарға жататындар: жетіген, шертер, екі және үш шекті домбыралар, қылқобыз;
* жіңішке сым арқылы дыбысы шығарылатын аспап - шаңқобыз;
* ұрмалы аспаптар - аспапқа тартылған көн арқылы дыбыс шығарылатындарға жататындар - даңғыра, дауылпаз, шыңдауыл, дабыл, кепшік, шың;
* шулы аспаптар аспаптың басына тағылған шынжырлар, қоныраулар арқылы дыбыс шығарылатын тобы — асатаяқтың бірнеше түрлері.
## Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың ұлттық ойындары – ежелгі заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауық түрлері. Бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. 1-мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тараған.
Ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады. Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.
* Аңға байланысты ойындар: ақсерек пен көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қосқұлақ, ордағы қасқыр.
* Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура қотан, көксиыр, соқыртеке, түйе мен бота.
* Түрлі заттармен ойналатын ойындар: таяқ жүгірту, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқты, белбеу тартыс, дауыста, атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шүлдік
* Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам тап!, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқа тартыс, бұрыш, біз де..., жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, кімді қалайсың?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи, ұшты-ұшты, үйімнің үстіндегі кім?, шымбике.
* Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады.
## Тағы қараңыз
* Қазақ (этноним)
* Қазақ тілі
* Қазақтар (шетжұрты)
* Қазақтар тізімі
* Қазақ салт-дәстүрлері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Kazakh Language Courseware from University of Arizona Critical Languages Series Мұрағатталған 10 сәуірдің 2008 жылы.
* Қазақстанның этногарфиялық картасы
* Kazakhs in France - AKFT Мұрағатталған 16 наурыздың 2010 жылы.
* Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы.
* http://sana.gov.kz/showarticle.php?lang=eng&id=342 Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2007 жылы.
* Massagan.com (The largest web site in kazakh language)
* Suhbat (Atameken Toby)
* Secrets of the Dead: Amazon Warrior Women (PBS)
* Turk monument of Uyuk-Turan mentioning the word "qazğaq" Мұрағатталған 5 ақпанның 2006 жылы.
* Қазақ халқы Мұрағатталған 8 наурыздың 2022 жылы.
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі Мұрағатталған 29 қыркүйектің 2011 жылы.
* Қоғам Мұрағатталған 7 наурыздың 2017 жылы. — Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)
* Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2006 жылы.
* Facebook әлеуметтік желісіндегі Қазақтар қауымдастығы |
Бақыт Сағындықұлы Оспанов (1 қыркүйек, 1947, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы) — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, экономика ғылымдарының докторы (2003).
## Өмірбаяны
* Орта мектептен кейін «Қарғалы» кентіндегі фабрикада жұмыс істеген (1965 ж.).
* Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген (1971 ж.).
* Алматы жоғары партия мектебін (1989) бітірген.
* 1971-1984 жылдары:Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының Қаскелең тәжірибе шаруашылығында бригадир көмекшісі, аға агрономы, кәсіподақ төрағасы.Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты партия комитетінің хатшысы.Первомайский тәжірибе шаруашылығының директоры.«Жетісу» кеңшары далалық тәжірибе шаруашылығының директоры.
* Топырақтану ғылыми-зерттеу институтының Қаскелең тәжірибе шаруашылығында бригадир көмекшісі, аға агрономы, кәсіподақ төрағасы.
* Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты партия комитетінің хатшысы.
* Первомайский тәжірибе шаруашылығының директоры.
* «Жетісу» кеңшары далалық тәжірибе шаруашылығының директоры.
* Алматы облысы Талғар аудандық халық депутаттары кеңесінің атқару комитетінің төрағасы (1984–1986)
* Нарынқол ауданы (қазіргі Райымбек) пария комитетінің бірінші хатшысы және аудандық атқару комитетінің төрағасы (1986–1990)
* Алматы облыстық партия комитетінің хатшысы (1990–1991)
* Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары (06.1993-03.1997);
* Қазақстан Республикасы Жер қатынастарыы және жерге орналастыру мемлекеттік комитетінің төрағасы (03.1993–10.1997) болды.
* Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің төрағасы (10.1999-11.2007).
* Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (29.05.2008-07.2009).
* Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы (02.2010-08.2011)
## Басқа лауазымдары
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесі (1993-1997).
* Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекетаралық кеңес төрағасының орынбасары (1995-2011).
* ТМД қатысушы-мемлекеттердің жердің геодезиясы, картографиясы, кадастры және қашықтықтан зондттау жөніндегі халықаралық кеңесінің төарағасы (2004).
## Сайланбалы лауазымдар
* Алматы облыстық, аудандық халық депутаттары кеңесінің депутаты (1972, 1976)
* Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 12-шақырылымының депутаты (1990).
## Марапаттары
* "Құрмет" ордені (2001)
* Моңғол халық Хуралының жауынгерлік ынтаамақтастығы үшін "Еңбектегі белсенділік" медалі
* "Мемлекеттік шекараны қорғағаны үшін" медалі
* «Қазақстан конституциясына 10 жыл» медалі
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі
* Құрметті жерге орналастырушы
* Талғар ауданының құрметті азаматы.
* Қарасай ауданының құрметті азаматы
## Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдар
Барлығы 105 еңбек еңбегі бар, оның негізгісі:
* Оспанов Б.С., Гендельман М.О. и др. Землеустроительное проектирование. Астана, 1999-10,0 п.л.,3,9 авторских.
* Оспанов Б.С., Дюсембеков З.Д. Земельные ресурсы и земельная реформа в Республике Казахстан - Астана, 2001.-16,0 п.л., 7,5 авторских.
* Оспанов Б.С., Дюсембеков З.Д. Стратегия земельных преобразований на рубеже XXI века - Астана. 2001.-9,4 п.л.,5,2п.л. - авторских. Оспанов Б.С. Земельная реформа Республики Казахстан (теория, методы, практика).-М.: «Агропрогресс», 2001.-11,1 п.л.
* Оспанов Б.С. Платное землепользование и рынок земли в Казахстане - Астана; «Бастау», 2002.-5,2 ил.
* Оспанов Б.С., Дюсембеков З.Д. Система мониторинга земель в Республике Казахстан состояние и перспективы развития - Астана, 2001.-104с.
* Оспанов Б.С. Земельная реформа в Республике Казахстан. Международный сельскохозяйственный журнал.-1999.-5,2.-0,6 п.л.
* Оспанов К.С. Особенности преобразований земельных отношений и проведения земельной реформы в Республике Казахстан на рубеже 21 века. Сборник Стратегия земельных преобразований на рубеже 21 века. - Астана, Агентство Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами. 2001,-стр..5-13.
## Әскери қызмет, әскери және арнайы атақтар, сыныптық шендер
Запастағы полковник.
## Дереккөздер |
Есет:
Тұлға:
* Есет Көкіұлы, Тама Есет — қазақ халқының әйгілі батыры
* Есет Көтібарұлы — батыр, Ресейге қарсы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы
* Есет Қараұлы — Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің қатысушысы, батыр
Елді мекен:
* Есет — Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы елді мекен. |