text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асыратын алқалы орган, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.
Үкіметті Республика Президенті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы бойынша реттеледі.
## Тарихы
1990 жылы 20 қарашада қабылданған Заңға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің орнына Қазақ КСР Министрлер Кабинетi пайда болып, Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымының орнына Премьер-министр лауазымы енгізілді.
1991 жылы 16 қазанда Ұзақбай Қараманов отставкаға кетіп, Сергей Терещенко Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
1994 жылы 11 қазанда Сергей Терещенконың Министрлер Кабинетi отставкаға кетіп, 12 қазанда Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
Конституциялық Соттың 1995 жылғы 6 наурыздағы қаулысына байланысты 11 наурызда Министрлер Кабинетi Жоғарғы Кеңеспен қатар отставкаға кетті. Кейін Әкежан Қажыгелдин Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Министрлер кабинеті ресми түрде Үкімет деп атала бастады.
1997 жылы 10 қазанда Әкежан Қажыгелдин отставкаға кетіп, Нұрлан Балғымбаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
1999 жылы 1 қазанда Нұрлан Балғымбаев отставкаға кетті. 12 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2002 жылы 28 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев отставкаға кетіп, Иманғали Тасмағамбетов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2003 жылы 11 маусымда Иманғали Тасмағамбетов отставкаға кетті. 13 маусымда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2005 жылы желтоқсанда өткізілген кезектен тыс Президент сайлауынан кейін 2006 жылы 18 қаңтарда Даниал Ахметов Премьер-министр лауазымына қайта тағайындалды.
2007 жылы 8 қаңтарда Даниал Ахметов отставкаға кетті. 10 қаңтарда Кәрім Мәсімов Премьер-министр болып тағайындалды.
2011 жылы 8 сәуірде кезектен тыс Президент сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов премьер-министр болып қайта тағайындалды.
2012 жылы 24 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетіп, Серік Ахметов Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2014 жылы 2 сәуірде Премьер-министр Серік Ахметов отставкаға кетіп, Кәрім Мәсімов екінші мәрте премьер-министр болып тағайындалды.
2014 жылы 6 тамызда Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп, Қазақстан тарихындағы ең ықшам Үкімет құрылды. Отырыс барысында 17 министрлік, 9 агенттік орнына 12 министрліктен тұратын жаңа Үкіметтің құрылымы туралы шешім қабылданды. Үкімет құрамында болған барлық агенттіктер министрліктердің құрамына комитет ретінде кірді. Премьер-министрдің 2 орынбасары ғана қалды.
2015 жылы 29 сәуірде Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен соң, Кәрім Мәсімов қайтадан премьер-министр болып тағайындалды.
2016 жылы 8 қыркүйекте Кәрім Мәсімов отставкаға кетті. 9 қыркүйекте Бақытжан Сағынтаев Премьер-министр лауазымына тағайындалды.
2019 жылдың 21 ақпанында Сағынтаев бастаған Үкімет отставкаға кетті. Оның орнына 25 ақпанда Үкімет басшысы ретінде Асқар Мамин тағайындалды.
2021 жылы 15 қаңтарда парламент сайлауынан кейін Асқар Мамин қайта премьер-министр болып тағайындалды.
2022 жылы 5 қаңтарда елдегі қиын ахуалға байланысты Үкімет отставкаға кетті. Маминнің орнына Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды. 11 қаңтарда Президент Жарлығымен Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайылов тағайындалды.
2023 жылы 29 наурызда VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті. 30 наурызда Әлихан Смайылов қайта Премьер-Министр болып тағайындалды.
2024 жылы 5 ақпанда Мемлекет басшысы Әлихан Смайылов бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Үкімет құрамы жасақталғанша Премьер-министр міндетін атқару Роман Склярға жүктелді. 6 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-Министр ретінде Олжас Бектеновті тағайындады.
## Жалпы ережелер
### Үкіметті құру
Үкіметті Республика Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер құрайды.
Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және Президентіне ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді.
### Үкіметтің орнынан түсуі
Республика Үкіметі Парламент Мәжілісінің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкіметтің өкілеттікті доғаруы оның мүшелерінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Үкімет өз міндетін атқара береді.
Егер өздеріне жүктелген функцияларды одан әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп санайтын болса, Үкімет және оның кез келген мүшесі Республика Президентіне өзінің орнынан түсуі туралы мәлімдеуге хақылы. Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған Үкімет мүшелері де орнынан түседі. Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіретін болса, Үкімет өзінің орнынан түсуі туралы Республика Президентіне мәлімдейді. Республика Президенті орнынан түсуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені он күн мерзімде қарайды. Орнынан түсуді қабылдау Үкіметтің немесе оның тиісті мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-Министрдің орнынан түсуін қабылдау бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Республика Президенті өз бастамасымен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметінен босатуға хақылы.
### Үкімет құрамында болуға байланысты шектеулер
Республика Үкіметі мүшелерінің:
* өкілді органның депутаттары болуға;
* оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетін қызметтер атқаруға;
* кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
* Үкімет шешімдерімен белгіленген жағдайларда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге хақы жоқ.
## Өкiлеттiктері
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:
* ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау;
* мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу;
* әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру;
* Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету;
* ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру;
* мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау;
* құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
* баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру;
* мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу;
* мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету;
* еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау;
* мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру;
* аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
* ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру;
* табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
* құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
* азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру;
* келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау;
* ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету;
* сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу;
* сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану;
* халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
* Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.
Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.
Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.
ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс.
## Құрылымы
Үкiмет құрылымын министрлiктер құрайды. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
Министрлік Республика Президенті айқындаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша, Үкімет әзірлеген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарына сүйеніп, тиісті салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастырады.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне ведомстволар (комитеттер), департаменттер және басқармалар жатады. Үкімет құрамына кіретін құқық қорғау органдары мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде "қызметтер" құра алады.
### Министрліктер
Үкіметтің құрамында 21 министрлік бар:
* ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (1992-)
* ҚР Әділет министрлігі (1991-)
* ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (1999 қаңтар-қазан, 2022-)
* ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (1991-1997, 2001-2014, 2017-)
* ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1997-2014, 2017-)
* ҚР Көлік министрлігі (1991-1994, 2023-)
* ҚР Қаржы министрлігі (1991-)
* ҚР Қорғаныс министрлігі (1992-)
* ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (2006-2010, 2012-2014, 2023-)
* ҚР Оқу-ағарту министрлігі (2022-)
* ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі (2023-)
* ҚР Сауда және интеграция министрлігі (2019-)
* ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі (2023-)
* ҚР Сыртқы істер министрлігі (1991-)
* ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі (2004-2014, 2020-)
* ҚР Туризм және спорт министрлігі (2006-2012, 2023-)
* ҚР Ұлттық экономика министрлігі (2014-)
* ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019-)
* ҚР Ішкі істер министрлігі (1991-)
* ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (1997-1999, 2023-)
* ҚР Энергетика министрлігі (2014-)
Бұрынғы министрліктер
* Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (2019-2023)
* Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (2018-2023)
* Мәдениет және спорт министрлігі (2014-2023)
* Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (2019-2023)
* Білім және ғылым министрлігі (1999-2022)
* Ақпарат және коммуникациялар министрлігі (2016-2019)
* Қоғамдық даму министрлігі (2018-2019)
* Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2016-2019)
* Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2019 ақпан-маусым)
* Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (2016-2018)
* Инвестициялар және даму министрлігі (2014-2018)
* Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (2014-2017)
* Мемлекеттік қызмет істері министрлігі (2015-2016)
* Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (2010-2014)
* Көлік және коммуникациялар министрлігі (1994-1999 қаңтар, 1999 қазан-2014)
* Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі (2013-2014)
* Мәдениет министрлігі (1992-1997, 2003-2004, 2010-2012, 2014 наурыз-тамыз)
* Мұнай және газ министрлігі (2010-2014)
* Өңірлік даму министрлігі (2013-2014)
* Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (2002-2010, 2013-2014)
* Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (2002-2013)
* Экономикалық даму және сауда министрлігі (2010-2013)
* Байланыс және ақпарат министрлігі (2010-2012)
* Индустрия және сауда министрлігі (2002-2010)
* Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (2000-2010)
* Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі (2004-2006)
* Ақпарат министрлігі (2003-2004)
* Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі (1999-2003)
* Мемлекеттік кiрiс министрлiгi (1998-2002)
* Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі (1999-2002)
* Экономика және сауда министрлiгi (1997 наурыз-қазан, 2000-2002)
* Экономика министрлігі (1993-1997, 1999-2000)
* Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (1997-2000)
* Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгі (1997-1999)
* Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi (1997-1999)
* Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы (1996-1999)
* Денсаулық сақтау, бiлiм және спорт министрлiгi (1999 қаңтар-қазан)
* Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігі (1999 қаңтар-қазан)
* Білім министрлігі (1993-1997)
* Бiлiм және мәдениет министрлiгі (1997 наурыз-қазан)
* Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi (1992-1997)
* Еңбек министрлігі (1991-1997)
* Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi (1993-1997)
* Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (1993-1997)
* Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997)
* Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (1994-1997)
* Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (1992-1997)
* Экология және биоресурстар министрлiгi (1992-1997)
* Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi (1997 наурыз-қазан)
* Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi (1994-1997)
* Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi (1992-1996)
* Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi (1991-1995)
* Байланыс министрлігі (1991-1994)
* Өнеркәсіп министрлігі (1991-1994)
* Сауда министрлігі (1991-1994)
* Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi (1991-1994)
* Энергетика және отын ресурстары министрлiгi (1992-1994)
* Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлігі (1991-1993)
* Халыққа бiлiм беру министрлiгi (1991-1993)
* Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi (1991-1992)
* Әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi (1991-1992)
* Орман шаруашылығы министрлігі (1991-1992)
* Энергетика және электрлендіру министрлiгi (1991-1992)
### Комитеттері
## Қазіргі құрамы
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты
* Қазақстан премьер-министрі
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасының Үкіметінің ресми сайты Мұрағатталған 12 мамырдың 2016 жылы.
* Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі |
Ұлы Жүз — қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі.
## Хандары
### Тәуелсіздік алғанға дейін Ұлы жүз билеушілері
* Жанәли хан (1588-1600)
* Тыным хан (1600-1603)
* Келді Мұхаммед хан (1603-1607)
* Шах Сәид хан (1607-1612)
* Ескендір хан (1612-1613)
* Тұрсын Мұхаммед хан (1613-1627)
* Абылай хан І (1627-1628)
* Имақұли (1628-1642)
* Рүстем хан (1642-1698)
* Ісфендияр (1698-1712)
* Тұрсын хан ІІ (1712-1717)
* Қарт-Әбілқайыр хан (1717-1718)
### Ұлы жүз билеушілері
* Қарт-Әбілқайыр хан (1718-1730)
* Жолбарыс хан (1730-1740)
* Әбілфайыз хан (1740-1750)
* Төле би (1750-1756)
* Абылай хан (1756-1771)
* Әбілпейіз хан (1771-1774)
* Әділ хан (1774-1781)
* Қасым хан ІІ (1806-1809)
* Тоқай хан (1809-1826)
## Қазақ хандығының құрамында
### Жанәли хан
1570 жылдары Хақназар ханның тұсында оңтүстікте және шығыста орналасқан рулар өзара бірігіп Ұлы жүзді құрайды. Ал сол жерлерде Ташкент хандығы деген мемлекет болған. Ұлы жүздегі рулар Ташкент хандығынын жойуға іс әрекеттер бастаған. Хақназар хан билігінің соңына дейін Ұлы жүз құралғанын білмеген. Шығай хан Ұлы жүз, мемлекеттің ішінде құралғанын білсе де бұған көңіл аудармаған, Шығай хан Баба сұлтанмен шайқасуға назар аударды. Ташкент ханы Тәуекелге Ұлы жүзді жойуға ұсынады. Бірақ 1588 жылы Шайбани әулетіндегі Өзбек сұлтан көтеріліс бастап, Ташкент хандығын тәуелсіз қылады. Әли сұлтан Түркістан қаласында өзін Ұлы жүздің ханын жариялап, Ұлы жүзде 30 мың әскер жинап алады. Әли сұлтанға Хақназардың ұлдары Дінмұхаммед пен Мұңғатай көметеседі. Өзбек өзінің туысы Абдолла ІІ көмек сұрау үшін елші жібереді. Ал Әли Ташкент қаласындағы қамалды 1 айға қоршауға алады. Абдолланың әскері келеді, бірақ Әли қамалды басып алып, Өзбекті өлтіреді. Осы оқиғадан кейін халық Әли ханды Жанәли, ал Дінмұхаммед сұлтанды Тыным деп атап кетеді. Тәуекел Жанәлиді мойындайды, және Ташкентты Ұлы жүздің астанасы деп бекітеді. 1598 жылы күзде Қарақалпақ бегі Абдуғаффар 《Ташкент билеуші》деген дәрежені алғысы келеді. Бірақ Есім хан бас тартады. Нәтижесінде Абдуғаффар Қарақалпақ көтерілісін бастайды. 1600 жылы Жанәли Абдуғаффармен шайқасып қаза табады.
### Тыным хан
Дінмұхаммед 1588 жылы Жанәли ханға көтеріліс бастауға көмектеседі. Жанәли Өзбекті өлтіреді де, Ұлы жүздің ханы болады. 1600 жылы Абдуғаффар Жанәлиді өлтірген соң, Дінмұхаммед Ұлы жүзде билік құрды. Халық Дінмұхаммедті Тыным деп атап кетеді. 1601 жылы Абдуғаффар Тынымға жорық жүргізіп жеңеді. Тыным Абдуғаффарға бағынып, тұтқынға түседі. 1602 жылы Есім хан Абдуғаффарға жорық ұйымдастырып, жеңеді. Тыным 5 мың қол жинап Абдуғаффармен шайқасады. Нәтижесінде Абдуғаффар Тынымды өлтіреді.
### Келді Мұхаммед хан
Келді Мұхаммед Шайбани әулетіндегі сұлтан. Келді Мұхаммед 1598 жылы ІІ Пірмұхаммед ханның бұйрығымен Сырдария уәлаятының әміршісі болады. 1599 жылы Бұхара хандығының орнына Аштархан әулеті билікке келді. Аштархан әулетіндегі Бақи Мұхаммед таққа отырады. Бақи Мұхаммед Шайбани әулетіндегі Келді Мұхаммедті биліктен алыстатпақшы болды, бірақта Келді Мұхаммед қарсы шығып, соғыс жүргізеді. Бақи бір жағынан қазақ ханы Есіммен соғысып жүрді. 1602 жылы Келді Мұхаммед өзіне одақтас табу үшін, Есім ханның еліне кіруге шарт қояды. 1603 жылы Келді Мұхаммед Қазақ хандығының құрамын кіреді де, Ұлы жүздің ханы болады. 1604 жылы Бақи Келді Мұхаммедке жорықтар жасауды тоқтатып, Есім ханға соғыстар жүргізеді. 1607 жылы Келді Мұхаммед қайтыс болады.
### Шах Сәид хан
## Жері жапсарлас әдет-ғұрпы
Тірлігі ұқсас әрі туыстас Жетісу, Сыр бойы тайпалары кіретін Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мәдениет орт. болатын. 15 ғ-дың 2-жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлы Жүз бірлестігінің қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы тарихи кезеңдерден өткен
* жалайыр
* қаңлы
* албан
* суан
* дулат
* шапырашты
* сіргелі
* шанышқылы
* ысты
* ошақты
* сарыүйсін
* қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалар б.з.б. ІІ ғ-да Сырдария бойы, Шыршық оазисі, Жетісу, Шығыс Түркістан аймағында құрылған қаңлы және үйсін мемлекетінің құрамында ерте темір дәуірінде тіршілік еткен болатын.Қаңлы мемлекеті б.з.б ІІ ғасыр мен б.з. ІV ғасыр аралығында Шыршық,Сырдария,Талас өзендері аралығында өмір сүрген. Ғалымдардың болжамы бойынша Қаңылар ежелгі Сақ-Тиграхауда тайпаларының тікелей ұрпақтары болып келеді. Үйсін мемлекетінде үйсіндермен туыстас (юечжи, т.б.) бірқатар тайпалар тіршілік етті. Н.Я. Бичурин, Г.Е.Грумм-Гржимайло сынды ғалымдардың еңбектерінде үйсіндер құрамында дулұ тайпасы өмір кешкені айтылады. Бұл мемлекет Қытаймен тығыз дипломат. қатынастар орнатып, алыс-жақын елдерге кеңінен танылды. Белгілі зерттеуші Н.Мыңжанұлы “б.з.б. 3-ғасырдан заманымыздың 10-ғасырына дейінгі 1200 жылдық Үйсін тарихында, Үйсін күнбилері әулетінің тек он ұрпағы жөнінде ғана нақты дерек сақталғанын” айтады. Халқымыздың автохтондық концепциясын қолдайтын ғалымдар көне үйсіндердің қазақ этносында маңызды рөл атқарғандығын жазады. Мұны Қытай ғалымдарының басым бөлігі мақұлдайды.
Түркітанушы-археолог А.Досымбаеваның мәліметтеріне қарағанда, Жетісу жеріндегі үйсін және түркі дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер кешені өзара тығыз байланыста дамыған. Оны жазба дерек көздері де растайды. “Таң патшалығының көне тарихы. Түрік шежіресі” атты тарихи дерек көзінде “Теле … қатарлы елдер бағынғаннан кейін, олардың халқы дулат, нүшбе, қарлық, шиуо, шымыр, обырларға араласып, сіңісіп кетті” деген жолдар бар. Бұл өз кезегінде Түрік қағандығының құрыла бастаған кезіндегі саяси жағдаймен этн. қатынастарды айғақтайды.
Сондай-ақ Батыс Түрік қағандығының құрамында да Ұлы Жүзге кірген бірқатар тайпалар болды. Бұл мемлекеттің негізгі өзегін “он оқ бодон“ (он оқ халқы) деген он ірі тайпа құрады. Олар өз кезегінде бес тайпалы дулат (дұғлу) пен бес тайпалы нүшбелер (нушубилер) одағынан тұрды. Екі иеліктің шекарасы Шу өз. болды. Қытай деректемелері бойынша дулаттардың бес тайпасы — түргеш (мамандардың есептеуінше сарыүйсіндердің ата-бабалары), қойлау, чимойын(шимугін), ысты, жаныс, ал нүшбелер одағы азғыр (әскіл), қасо, барысқан (барсаған) сынды ұлыстардан немесе тайпалардан тұрған. Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттерде Ұ. ж. құрамына енген көптеген ру-тайпалар болғандығы белгілі. Мыс., жоғарыда аталған тайпалар арасынан түргештер күшейіп, кейіннен Түргеш қа-ғандығын құрады. Кейіннен бұл мемлекетті қарлұқтар бағындырады. Қарахан мемлекеті тұсындағы жазба деректемелерде де кейіннен Ұ. ж. құрамына енген ру-тайпалардың атаулары кездеседі. Жетісуда қарақытайлар (қидандар) үстемдік құрған кезде мұндағы бірқатар ру-тайпалар солардың билігін мойындады. Кейіннен қидандардың өздері түркі халықтарына сіңісіп кетті. 13 ғ-дың бас кезінде Шыңғыс хан бастаған түркі-моңғол тайпаларының шапқыншылығы кезінде Ұ. ж. тайпаларының құрамы жалайырлар есебінен толықты. Шыңғыс ханның басты әскери күштерін бірі болған жалайырлар осында ілкі замандардан бері мекендеп келе жатқан ру-тайпалармен біте қайнасып, араласып кетті. Жергілікті билеушілердің (Күшлік ханның) діни озбырлығына наразы болған ру-тайпалардың біразы Шыңғыс хан әскерлерін азат етуші ретінде қарсы алды. Біраз бөлігі оның әскеріне қосылып, Хорезмді жаулап алу соғыстарына қатысты.
Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы (1219 — 1221) және ол жерлерді ұлыстарға бөлуі нәтижесінде Ұлы Жүзді құраған ру-тайпалардың этн. аумақтары ішінара Жошы мен Шағатайға берілді. Ұ. ж-ге кірген тайпалардың басым бөлігі Шағатай ұлысының аумағында тіршілік етті. Ол ыдырағаннан кейін Моғолстан мемлекетінің құрамында өмір сүрді. Бұл мемлекетте дулат тайпасының әмірлері ұлысбегі лауазымын иемденіп, әскери және әкімш. билікті өз қолдарында ұстады. Ұлысбегілер өздері қалаған адамды хан сайлап, ұнамағандарын тақтан түсіріп отырды. Моғолстан мемлекетінде Ұлы Жүздің шоғырлану үрдісі зор қарқынмен жүріп, ортақ тіл, мәдени дәстүр қалыптасты. 15 — 16 ғ-ларда қазақ жүздері, негізінен үш мемлекет аумағында Ноғай Ордасынан бөлінген тайпалардан Кіші жүз, Әбілхайыр хандығынан бөлінген тайпалардан Орта жүз, ал Моғолстанда Ұлы Жүз қалыптаса бастады. Бірақ бұл процесс Қазақ хандығы құ-рылғаннан кейін 17 ғ-дың 2-жартысында ғана толық аяқталып, қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп, ұзақ жылдарға созылған кірігу нәтижесінде қазақ халқының этн. аумағы қазіргі Қазақстан Республикасының аумағын толық қамтыды. Қазақ халқын құраған негізгі үш бірлестіктің бірі болған Ұлы Жүз қазақтары егін ш-мен және мал өсірумен айналысты, көрші елдермен сауда қатынасын орнатты. 1643 ж. Жоңғар қонтайшысы Батыр Ұ. ж-дің шығыс аймағының біраз жерін өзіне қаратты. 1681 — 88 ж. Жоңғар билеушілері Ұ. ж-дің Оңтүстік Қазақстандағы жерлеріне бірнеше рет шабуыл жасады. 18 ғ-дың 1-жартысында Үш жүз бірлестігінің арасында саяси және экон. байланыс нашарлап кетті. Қазақ шонжарларының әр түрлі топтары арасындағы өзара бәсекелестікті шебер пайдаланған Жоңғар билеушілері қазақ жеріне, әсіресе, Ұ. ж. тайпалары мекен еткен Іле, Сыр, Талас, Шу бойына шапқыншылығын күшейте түсті. Ақыры 1723 ж. жоңғарлар жойқын жорыққа аттанып, Ұлы Жүзді басып алды (қ. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама). Ұлы Жүз қазақтары зор шығынға ұшырап, ұлыс билеушісі Жолбарыс хан өзі билеген қазақ қауымдары мен Ташкент тұрғындарының атынан Жоңғар хандығына тәуелділігін мойындады. 1733 ж. Ұлы Жүз елшілері Аралбай мен Оразгелді Ресейге барып, сыртқы жауға қарсы күресте орыс патшасынан көмек алуға тырысты. 1734 ж. 20 сәуірде Ресей патшайымы Анна Ивановна Жолбарыстың атына арнайы грамота жолдады, бірақ Ұлы Жүз бен Ресей арасы шалғай болғандықтан саяси байланыстар тоқтап қалды. 19 ғ-дың 1-жартысында Ұлы Жүзге қараған оңт. аудандарды Қоқан хандығы басып алды. Әулие-Ата (Тараз), Сайрам, Шымкент, Түркістанды мекендеген Ұлы Жүз рулары 1821 ж. қоқан үстемдігіне қарсы бас көтерді. Олар Шымкент пен Сайрамды бағындырғанымен күші басым қоқан әскерлеріне төтеп бере алмады. Қоқан хандығынан қысым көрген Ұлы Жүз қазақтары біртіндеп Ресейдің қол астына өте бастады. 1837 — 47 ж. Ұлы Жүз қазақтарының бір бөлігі Кенесеры Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісті қолдаса, келесі тобы оның жасақтарының озбырлығына қарсы шығып, қырғыздармен болған шайқастан кетіп қалды. Осыдан кейін-ақ патшалық Ресей Ұлы Жүз қазақтары аумағындағы экспанциясын күшейтті. 1849 ж. Іле мен Қаратал аралығын, Балқаш к-нің жағалауын қоныстанған 59 мың Ұлы Жүз қазақтары Ресейдің қол астына өтті. 19 ғ-дың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталды. 1848 ж. 10 қаңтарда патша үкіметі Ұлы Жүз қазақтарын басқару үшін және Жетісу өлкесін бақылау үшін Үлкен Орданың приставы деген қызмет орнын белгіледі. Пристав Батыс Сібір генерал-губернаторлығына бағынды. Ұ. ж. қазақтары Ресейге толық қарағаннан кейін Түркістан генерал-губернаторлығына бағынды да, Сырдария облысы мен Жетісу облысын мекендеді. Бұл облыстардың шекарасы Құрағаты, Шу өзендерінің бойымен өтті. Ұ. ж-дің Жетісу облысы 1882 ж. Ақмола, Семей облыстарымен бірге жаңадан ұйымдасқан Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірді. 1897 ж. қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығына енді. Ұ. ж. тайпалары туралы деректер Қазан төңкерісіне дейінгі ресейлік П.И. Рычков, А.Левшин, Н.А.Аристов, В.В. Бартольд сынды зерттеушілердің шығармаларында кездеседі. Сондай-ақ М.Тынышбаев, т.б. қазақ ғалымдарының еңбектерінде Ұлы Жүз ру-тайпаларының саны, т.с.с. мәселелері көтеріледі. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында Ұлы Жүз қазақтары, негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерімен Сырдария облысының Әулие-Ата, Шымкент және Ташкент уездерін мекендеді. 20 ғ-дың 1-жартысында болған ұлт-азаттық көтерілістерге, Азамат соғысына, ашаршылық жылдарындағы жағдайларға тап болған Ұлы Жүз қазақтары едәуір шығынға ұшырап, біраз бөлігі көршілес елдерге көшуге мәжбүр болды. Қазіргі таңда Ұлы Жүз ру-тайпаларының өкілдері қазақ халқы ретінде танымал.
## Ұлы жүз рулары
## Тағы қараңыз
* Қазақ жүздері
## Ciлтемелер :
* "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
* Бүкіл қазақ шежіресі
* https://www.elim.kz/article/192/ Мұрағатталған 25 қарашаның 2020 жылы. |
Қызыл қайың немесе қырғыз қайыңы (лат. Betula kirghisorum) – қайыңдар тұқымдасына жататын ағаш. Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол — Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл өзендерi аңғарында ғана тараған.
Бүгiнде қайыңның бұл түрi Қызыл кiтапқа енгiзiлген. Алайда, бұған қарамастан, жыл сайын ағаш ареалы тарылу үстiнде. Қызыл қайыңның тағдыры бүгiнде қыл үстiнде десек те болады. Өйткенi ол — Нарынқол ауылы тұрғындарының негiзгi отын көзiне айналған.Биіктігі 2 — 4 м, жалпақ жапырағының ұзындығы 3 — 4 (5) см, ені 1,5 — 3 см, қабығы ақшыл-қызғылт түсті. Аналық сырғасы сопақша (ұзындығы 1,8 см-дей, ені 0,7 см). Мамыр айында гүлдейді. Жемісі — қанатты жаңғақ. Әсемдік үшін де өсіріледі. Тау беткейлеріне топырақ эрозиясына қарсы егіледі. Ал Наурызым және Аманқарағай орманында өсетін өте сирек кездесетін Қызыл қайың қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Ресми дерек көздерiне сүйенсек, соңғы он бес жыл көлемiнде қызыл қайыңның өсу аймағы 15-20 пайызға қысқарған. Айталық, 1990 жылы қайың ареалы 225 гектарды құраса, бүгiнде 180 гектарға әзер жетедi.
Қызыл қайың— Алматы облысы Алакөл ауданындағы ауыл, Көлбай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы — Үшарал қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Лепсі өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 1,3 мың адам (2003). Ауыл 1992 жылға дейін “Саратовка” деп аталып келген. 1997 жылға дейін Үйгентас ауданына қарады. 1963 — 97 ж. “Саратов” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қаазақстанда ЖШС және бірнеше шаруа қожалығы құрылды.
## Дереккөздер |
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) — ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832-1913) «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. В. Радлов (1837-1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары «Құтты біліктің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
## Құтты білік дастаны
«Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ. Каримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде «Құтты білік» дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – «Айнак ул-мамлакат» («Мемлекет тәртібі»), екіншісінде – «Панунаман мулук» («Әкімдерге насихат»), үшіншісінде – «Адаб ул-мулук» («Әкімдердің әдептілігі») деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – «Құтты білік» дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар — мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет — от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, «Құтты біліктің» төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік — білік, оның іс жүзіндегі көрінісі — укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы «өзіңді сақтау», «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті — адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.
«Құтты білік» дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы — тіл әдептілігі деген түйін жасайды. «Құтты білік» дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
«Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов «Благодатное знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
«Құтты білік» поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры — исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: «Жүсіп Баласағұнның „Құтты білік“ поэмасы — ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», — деп баға береді.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген
## Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік».
## Дереккөздер |
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді.
## Ғалымдар зерттеуі
Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеумен Ш.Уәлиханов, Г.П.Потанин, М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов, тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды. Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов).
## Өмір сүрген кезеңі
Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады.Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды."Әз Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете ойламайсың деп сөгеді".
Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауып бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.
Ханымды үйіне шақырса, қарашаның үйіне кіріп шығуға намыс қылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:
Шақырса келмес ханымды,Бура қуып келтірді.Қалжы-бұлжы дегізбей,Тура қуып келтірді.Бастай көр қатын құртыңды,Сала көр қатын майыңды, -
- депті.Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!
- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-қайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, — деп Асан жырлап кетті:- Ай, Жәнібек хан!Айтпасам білмейсің.Жайылып жатқан халқың бар,Аймағын көздеп көрмейсің.Қымыз ішіп қызарып,Мастанып қызып терлейсің.Өзіңнен басқа хан жоқтай,Өзеуреп неге сөйлейсің?Қорған салдың бейнет қып,Қызметшің жатыр ішіп-жеп.Он сан ноғай бүлінді,Мұны неге білмейсің?Қатын алдың қарадан,Айрылдың хандық жорадан.Ел ұстайтын ұл таппас,Айрылар ата мұрадан.Мұны неге білмейсің?Құладың құстың құлы еді,Тышқан жеп жүні түледі.Аққу құстың төресі,Ен жайлап көлде жүр еді.Аңдысып жүрген көп дұшпан,Еліңе жау боп келеді.Құлың кеп сені өлтірер,Осыны Асан біледі.Мұны неге білмейсің?Осыны көрдім түсімде,Біл десе де білмейсің.Ей, Жәнібек, ойласаң...Қилы-қилы заман болмай ма,Суда жүрген ақ шортан,Қарағай басын шалмай ма?Мұны неге білмейсің?Айтқан тілді алмасаң,Енді мені көрмейсің!
Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты.Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өркендетпек болады.
Бұл кезде Сарайшықта отырған Жәнібек хан Еділ, Жайықты, Жем, Ойылды тастап Түркістанға қарай үдере көшіп, қоныс аударады. Сонда Жәнібектін бұл әрекетін Асан би жақтырмай, оған былай деп сын айтады:
Қырында киік жайлаған,Суында балық ойнаған,Оймауыттай тоғай елінің,Ойына келген асын жейтұғын,Жемнен де елді көшірдің,Ойыл деген ойыңды,Отын тапсаң тойынды,Ойыл көздің жасы еді,Ойылда кеңес қылмадың.Ойылдан елді көшірдің,Елбең-елбең жүгірген,Ебелек отқа семірген,Екі семіз қолға алып,Ерлер жортып күн көрген.Еділ деген қиянға,Еңкейіп келдің тар жерге.Мұнда кеңес қылмасаң,Кеңестің түбі нараду...Ақылды белден алдырдың,Көңілді жаман қалдырың...Нәлет біздің жүріске!Еділ менен Жайықтың,Бірін жазға жайласаң,Бірін қысқа қыстасаң,Ал, қолыңды маларсың,Алтын менен күміске!
Жәнібек ханға тілін алдыра алмаған Асан би Түркістанға қарай қаптап келе жатқан көш алдынан шығып, ондағы игі жақсы жасы үлкен қарияларға, би, байларға бұрылып тағы мынадай ақыл-нақыл айтыпты:
Еділ бол да, Жайық бол,Ешкімменен ұрыспа.Жолдасыңа жау тисе,Жаныңды аяп тұрыспа.Ердің құны болса да,Алдыңа келіп қалған соң,Қол қусырып барған соң,Аса кеш те қоя бер,Бұрынғыны қуыспа.Ақың болса біреуде,Айыбын тап та ала бер.Ерегісіп ұрыспа!Сенікі жөн болса да,Алтын шықпас дұрысқа.Өзіңе біреу тимесе,Кейін қарай жылыста.Мінезі жаман адамға,Енді қайтып жуыспа,Тәуір көрген кісіңмен,Жалған айтып суыспа.Өлетұған тай үшін,Көшетұғын сай үшін,Желке терің құрысып,Әркімменен ұрыспа.Жөнге баспай тырысып,Орынсыз жерде жем болма.Ашу-дұшпан, артынан,Түсіп кетсең қайтесің,Түбі терең қуысқа!
Асан ата мұндай ақыл-нақыл, толғауды Әбілқайыр ханға да талай рет айтыпты. Бір жолы Әбілқайыр хан ұзақ сапар шегіп, жер шолып қайткан Асан абыздан:
- Асан ата, Көкше жағы қандай екен, ордамды сол жаққа көшірсем қалай болады? - деп сұрапты. Сонда Асан би:- Қайда көшем десе ханның ықтияры ғой, бірақ мен көрген Көкше:Төс табаны төрт елі,Атан жүрер жер екен.Төсегінен түңілген,Адам сүрер жер екен...
- депті.Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға басқартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:
Таза мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен дейді ел.Осы ас өтерден бірер жыл бұрын Асанқайғы жырау халқынын болашақ қамы үшін қазақтың кең дала, қаласын шарлап, "Жерұйықты" іздеп оралған екен. Оны көптен бері көрмей, аталық ақыл, өсиетін тыңдай алмай, сағынып аңсап жүрген ел-жүрты сөз иіні келген кезде өздерінің сұрақ, өтініштерін тұс-тұсынан жаудырыпты. Біреулер: "Қалай еткенде елге әділдік орнайды?" дегенде ол:
Әділдіктің белгісі,Біле тұра бұрмаса.Ақылдының белгісі,Өткен істі қумаса.Жамандардың белгісі,Жауға қарсы тұрмаса;Залымдардың белгісі,Бейбіттің малын ұрласа.Надандардың белгісі,Білгеннің тілін алмаса.Шамаңша шалқып көре бер,Қабірге әзір қоймаса.Артыңда қалар атақ жоқ,Тіріде данқың болмаса,-
деп термелепті. Енді бірі "Не жетіспейді, не ғаріп?" деп сұрапты. Сонда қарт абыз:
Бұ заманда не ғаріп?Ақ қал алы боз ғаріп.Жақсыларға айтпаған,Асыл шырын сөз ғаріп.Замандасы болмаса,Қария болар шын ғаріп.Қадірін жеңге білмесе,Бойға жеткен қыз ғаріп.Ел жағалай қонбаса;Бетегелі бел ғаріп.Қаз, үйрегі болмаса,Айдын шалқар көл ғаріп.Мүритін тауып алмаса,Азғын болса пір ғаріп.Ата жұрты бұқараӨз қолында болмаса,Қанша жақсы болса да,Қайратты туған ер ғаріп.Ғалымды хатим еткендер,Мақсатына жеткендер,Жас кәрілер отырып,Алдынан сабақ алмаса,Қарамаса жүзіне,Ғалым да болса ол ғаріп, -
деп толғаныпты. Асанқайғы жырау осы ойын тағы да әрмен жалғастыра түсіп, айнала тәңіректеп отырған бай, би, төрелерге қарата мына сөзді айтыпты:
Ердің құны сөз емес,Есебін тапқан сабазға.Төрден орын тимейді,Патша болсын малы азға.Мойнын бұрып сөз айтпас,Көңілі қалған аразға.Атадан жауып айтпаңыз.Алғаным асыл ару деп,Күн шығарып жатпаңыз.Атамның малы көп-ті деп,Атты басқа тартпаңыз.Есенінде, тірідеБір болыңыз бәріңіз.Ақыретке барғанда,Хақ қасында тұрғанда,Қыдырдың өзі болғай жарыңыз.
Асан абыз кідіріп, сөл тыныстай бергенде, Әбілкайыр хан сөз бастап кетеді. Ол өзімен тұстас кейбір хандарды, бектерді, би-батырларды мінеп, өзін олардан зор санағандай сынай танытады. Өз қол астындағы бірқатар бай, шонжарларга, ауыл ақсақалдарына риза еместігін білдіреді. Өзіне де, өз қолы жеткен табыстарында місе тұтпағандай пиғыл танытады. Ханның осындай көзқарас, пікір, ойларын манадан бері көзін жұмып, міз бақпай тыңдап отырған Асан ата, енді басын көтеріп, ханға тіке қарайды да былай деп толғай жөнеледі:
Есті көрсең кем деме,Бәрі тұйғын табылмас.Қарындасың жамандап,Өзіңе туған табылмас.Адам әзіз айтар деп,Көңілінді салмағын.Нәпсі алдаушы дұшпаның,Насихатын алмағын.Бақыты оянған ерлердің,Әрбір ісі оң болар.Дәулеті күнге артылып,Не қылса да мол болар.Тазылары түлкі алып.Қаршығасы қаз іліп.Сөз сөйлесе жөн болар.Не десе де жарасар."Бай", "байсың" деп ат қойып,Ел аузына қарасар.Арғымаққа міндім деп,Артқы топтан адаспа!Күнінде өзім болдым деп,Кең пейілге таласпа!Артык үшін айтысып,Достарыңмен санаспа!Ғылымым жұрттан асты деп,Кеңессіз сөз бастама!Жеңемін деп біреуді,Өтірік сөзбен костама!Сара жолдан жаңылған.Ханға зират қазылмас,Сөгілгелі тұр қабырғаң,Кеселің бар жазылмас,Тарқат ханым шеріңді,Намазыңа асыкпа.Құрыштан берік елімді,Алауыздыкпен жасытпа!Біреу өсірген қауынды,Тұрсың босқа жарғалы.Досыңнан іздеп жауыңды,Тұрсың жалғыз қалғалы.Үмыттың қазақ даласын,Ұлғайттың жанды жарасын,Бір атаның баласын,Екіге бөліп барасын,Жолын ханым талпасаң,Бүлінеді барлық жұрт.Таң боп қайта атпасаң,Басқалы тұр қара бұлт...
Бұл сөз Асанқайғы бидің көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді.Осы бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:
Көлде жүрген қоңыр қаз,Қыр қадірін не білсің?Қырда жүрген дуадақ,Су қадірін не білсін?Көшіп-қонып жүрмеген,Жер қадірін не білсін?Көшсе кона білмеген,Қонса көше білмеген,Ақылына көнбеген,Жұрт қадірін не білсін?
"...Халқының болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйық". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады".Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті.Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен", - депті.Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті.Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен", - депті.Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті.Ащы бойына келгенде, артына қарап: "А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен", - депті.Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті.Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май", - деп жүре беріпті.Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің", - депті.Есіл өзенін көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен", - депті.Торғай өзенің көргенде: "Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен", - депті.Терісаққан өзенін көргенде: "Сарыарқаның тұздығы екен", - депті.Сулы Келес, Құрлы Келес өзендерін көргенде: "Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін кара! Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен".
Екі Келес, бір Талас,Бал татыған жерін-ай,Ағайының аралас,Тату екен елің-ай.Желмаяға өңгертіп,Алып кетер едім-ай,Сыймаған соң алдыма,Әттең, дүние, дедім-ай! -
депті.Асанқайғы Жиделібайсын жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.
- Ерейментауына қарап тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды тау екен" дейді.- Қарақойын - Қашырлы деген жерге келгенде "Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен" деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ - құян болса керек".- Батыста Асанқайғы Маңғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: "Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?" - деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: "Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас" - деген екен.- Шыңғырлауды көргенде: "Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің" - деп үш айналып, Шыңғырлаудың суына қолын малып отырып: "Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік", - депті.- Жуалының қара топырақты, қыртысы құнарлы жерін көргенде: "жерің семіз, қарың мол, қадіріңді егін салған ел білер" дейді.
Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті.Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті.Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол" - деп ескертіпті.Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде "Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер" деп жүріп кетіпті.Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: "Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола қоймас" - деген екен.Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан әулие айтыпты:
- Екі бассаң - бір базарСаудасы кызған жер екен.Екі бассаң - бір мазарМолдасы азған ел екен -
депті.Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді.
## Толғаулары
Жыраудың бір алуан толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өле-тұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.
## Философия дүниетанымы
Асан Қайғы Қаласының философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:
* этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.
* Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.
* Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған.
* Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында.
## Дереккөздер |
Храпунов, Виктор Вячеславович —
## Қысқаша өмірбаяны
1948 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданының Предгорное ауылында туған.
1970 ж. — Өскемен индустриалды техникумын (техник — жылу-технигі).
1977 ж. — Алматы энергетика институтын (инженер-электрик).
Алматы Жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Экономика ғылымдарының докторы. Еңбек жолын Алматы жылу электр орталығының кезекші слесарь, жөндеу жөніндегі слесарі, шебер болудан бастаған.
Алматы жылу электр орталығы өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженер-технологы, жабдықтарды жөндеу жөніндегі қазандық цехы бастығының орынбасары, құбырлар цехының бастығы, ҚР Энергетика және көмір өнеркәсібі министрі, ҚР Энергетика және табиғи ресурстар министрі қызметтерін атқарған.
1997 ж. 2004 ж. желтоқсанына дейін Алматы қаласының әкімі қызметін атқарды.
2004 ж. желтоқсанынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі.
2007 ж. қаңтар айынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі.
2007 ж. қарашаның 1 Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың жер ұйымдастыруда өткізілген кемшіліктерге байланысты ұсынысымен мемлекет басшысы жарлығымен Виктор Вячеславович Храпунов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметінен босатылды.
## Дереккөздер |
Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев (1.01.1938 жыл, Гурьев облысы) - дирижер. Қазақ.
Әкесі - Қожанбаев Үсенғали, ҰОС-да хабарсыз кеткен. Анасы - Қожанбаева Оңайтуған, марқұм, сатушы болып жұмыс істеген.
Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін бітірген (1964), оркөстрдің солисі, халық аспаптар оркестрінің дирижері.«Дүние» университетінің профессоры (1998). Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры (2005).70-тен астам әннің және домбыра мен халық аспаптар оркестріне арналған 10 күйдің авторы.
КОКП мүшесі (1972-1991).
* 1955-1957 жылдары - Гурьев облысы Есбол аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі.
* 1964 жылдан - Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің оқытушысы.
* 1971 жылдан - Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе музыкалық училищесінің негізін қалаушы және директоры.
* 1990 жылдан - Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті музыка кафедрасының меңгерушісі.
* 1998 жылдан - «Дүние» университеті музыка кафедрасының меңгерушісі (Ақтөбе қ.).
* 2003 жылдан бері - Ақтөбе облыстық Ғ. Жұбанова атындағы филармониясының «Арайлы Ақтөбе» Халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері.
* «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (1969).
* ҚазКСР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1988).
* Үйленген. Жұбайы - Қожанбаева Галина Қуанышқызы, зейнеткер.
* Қыздары - Қожанбаева Бибінұр Қайырғалиқызы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының педагогы және концертмейстері;
* Дүйсіпова Бибігүл Қайырғалиқызы, жеке кәсіпкер.
## Дереккөздер |
Тәуке хан, кейде Әз-Тәуке (толық есімі Тәуекел-Мұхаммед Баһадүр Қазы хан, жазба деректерде Тевеккуль-Магаметь-Багатур хан, Баатыр Теука-хан, Тевкей, Тявка-хан, Тевкихан, Девак хан, 1635 жылға дейін - 1715 жылдың жазы/күзі) – 1652 жылдан бастап Кіші жүздің ханы, ал, шамамен, 1672 жылдан кейін Қазақ Ордасының билеушісі. Салқам Жәңгір ханның ортаншы ұлы, Есім ханның немересі. Анасы Бану ханым ойраттың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Аппақ сұлтанның інісі, Уәли (Уәлибек) сұлтанның ағасы.
## Өмірбаяны
### Ішкі саясаты
Болашақ ханның саясатқа араласуы 1650 немесе 1651 жылға сәйкес келеді. Жас сұлтан Жәңгір ханның Қашғар билеушісі Абдаллах ханға жіберілген елшіліктің құрамында болған. Әкесінің өлімінен кейін Кіші жүз рубасыларының басым бөлігінің қолдауына ие болды. Хан тағына отырған соң Қазақ Ордасының ішкі және сыртқы саяси жағдайын күшейтуге көңіл бөлді. Ішкі саясаттағы реформаларының бір көрінісі - сан жағынан кішігірім жеті руды біріктіріп, жаңа жетіру рулық одағын және Орта жүздің құрамындағы уақтар мен керейлерден біріккен уақ-керей тайпасын құруы. Сонымен қатар қазақ халқы арасында бұрыннан қолданылып келген ру-тайпалардың ұрандары мен таңбаларын қайта анықтап белгілеген.
Ұйымдастырушылық қабілетке ие болған Тәуке хан XVII ғасырдың 70-ші жылдарына қарай қазақ даласындағы алауыздықтар пен тартыстарды тоқтатып, көршілес жоңғар тайпаларына қарсы сәтті әскери қимылдар жүргізген. Сыртқы жауымен болған ұрыстарда жеңіске жеткен Тәукенің айналасында көптеген қазақ рубасылары топтаса бастайды. Шамамен, 1672 жылға дейін қазақ даласындағы ең беделді хандардың, сұлтандардың, рубасыларының шешімімен хан тағына отырды. Ханның мөріне сәйкес ол қол астындағы көшпенді халықтан «баһадүр» және «қазы» титулдарына ие болған. Кейбір жазба деректер бойынша XVII ғасырдың 50-ші немесе 60-шы жылдары шайқас кезінде екі аяғы ауыр жараланып, мүгедек болып қалған. Сондықтан қала ішінде не ат үстінде, не арнайы жылжымалы төсеніш көмегімен қозғалып отырды.
1672 жылы қазақ ханына жоңғарлардың жаңа билеушісі Қалдан-Бошоқты ханның қудалауынан қашуға мәжбүр болған дербет тайшысы Даян-Омбоның ұлы Малай мен хошоуыт тайшысы Абылайдың ұлы Цаган пана іздеуге келген. Цаган тайшы 1673 жылы қазақ жерінде қайтыс болып, оның қол астындағы адамдары Тәуке ханға қызмет ете бастады.
### Сыртқы саясаты
Тибеттік буддизмнің Орталық Азияға таралуын көздеген жоңғар билеушісі Қалдан Бошоқты хан 1681–1685 жылдары қазақтарға, қырғыздарға және Әндіжан, Сайрам қалаларының отырықшы халықтарына қарсы жеті жорық ұйымдастырған. 1683 жылы орын алған шайқас кезінде Тәукенің бір ұлы тұтқынға түсіп, жоңғар билеушісінің шешімімен «буддисттік Ватиканның» астанасына жіберілді (туған жеріне 14 жылдан кейін қайта оралды).
1687 жылдың көктемінде Қалдан әскері қазақ хандары мен сұлтандарының қол астындағы Түркістан, Сайрам, Манкент, Қарасман, Шымкент, Текек, Жанқорған, Қарамұрт, Отырар, Ташкент, Чиназ қалаларын жаулап алып, қиратқан. 1687 жылдың ортасына қарай адам және материалдық шығындардан ес жиған қазақтар өз күшін қайта жұмылдырып, 1688 жылы Қалдан әскеріне бірнеше соққы берді. Жеңістің нәтижесі бойынша, алдымен, Ташкент қайтарылды. Бұхар жылнамашысы Мұхаммед-Әминнің мәліметіне сәйкес қазақ билеушісі Ташкентте сол жылдың қысында Субханқұл ханның елшісі Күшік-би аталықты қабылдаған. Ферғананың саяси орталығынан кейін Тәуке ханның қол астына қырғыздар мен Түркістанның солтүстігінде мекендеген қарақалпақтар өтті.
XVII ғасырдың ортасына қарай Тәуке ханның саяси ықпалы Қазақ Ордасымен көршілес Сырдарияның орта және төменгі ағыстарында орналасқан сауда және қолөнер дамыған қалаларына да (32 қала мен айналасындағы ауылшаруашылық кенттер) тараған. Ташкент, Сығанақ, Сайрам, Түркістан, Созақ, Аққорған, Қарнақ, Сауран және т.б. қалалардың тұрғындары қазақ билеушілеріне жыл сайын тауармен және ақшалай салық, ал ауылдық аймақтарда тұратын отырықшы халық жиналған егіннің 1/5 немесе 1/10 бөлігін төлейтін.
Ішкі саясаттағы белсендігімен қатар Тәуке хан 1687–1697 жылдары солтүстік көршілерімен орын алған қақтығыстар мен қарама-қайшылықтарды реттеуге, сауда-саттықты дамытуға, керуен жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге күш салды. 1687-1693 жылдары Тобольск қаласына бес арнайы елшілік аттанған. 1687 жылғы елшілікті Тасым батыр, ал 1689 жылғы елшілікті Түменші батыр басқарған. Сары және Келде мырзалар 1691 жылдың көктем-жаз айларында Ямышев көліне қарай бет алып, тобыл татарлары Азбакей Кулмаметов және Акметей Кучугаевке қазақ билеушісінің хатын жеткізген. Тәуке хан қазақ-жоңғар соғысының барысында тоқтаған сібір көпестері мен қазақтардың арасындағы сауда қатынастарын қалпына келтіруді ұсынды. Сол жылдың күзінде тобыл стольнигі Павел Шарыгин Сары және Келде мырзаларды Ямышев көлінің бойында тұтқынға алған. Қазақ жасақтарының Батыс Сібірдегі қоныстарға шабуылдарын тоқтатуды талап ету үшін сібір губернаторы С.И. Салтыков Тәуке ханға 1692 жылы Андрей Неприпасовты жіберген. Ресей үкіметінің Келдені босатпауы, оған қоса шекаралық қақтығыстарды тоқтатудан бас тартуына байланысты Тәуке Неприпасов елшілігін тұтқындады. Келде мырзаны тұтқыннан босату үшін 1692 жылдың күзінде Тобольск қаласына Қабай аталық және Түменші батыр бастаған жаңа елшілік аттандырған. Оларға қоса елшіліктің құрамында Абылай ханның, Қайып және Абылай сұлтандардың елшілері Қожағұл, Оразымбет және Айжашы болды. Келіссөздердің бұл кезеңі еш нәтиже бермеді. Батыс Сібірдегі қазақтармен шекаралас аудандардағы қақтығыстарды тоқтату мақсатымен тобыл воеводасы А.Ф. Нарышкин Түркістанға Федор Скибин және Матвей Трошинді жіберген. Олар 1694 жылдың 22 маусымында Түркістанға жетіп, қазақ билеушісіне Келде мырзаны қайтарған.
1698 жылы қазақтардың оңтүстік жайылымдары жоңғарлардың жаңа билеушісі Цеван-Рабданның шабуылына ұшырады. Бұл екі халықтың арасындағы ұзаққа созылған соғыстың жаңа кезеңіне алып келді. Тәуке ханның билік басындағы соңғы 17 жылында бірнеше қазақ-жоңғар соғысы (1698–1703, 1708, 1709–1710, 1712 және т.б.) орын алды. Жасына байланысты 1710 жылдан бастап ойраттарға қарсы ұйымдастырылған жорықтарға қатысқан жоқ. Елшілік құжаттарға сәйкес 1715 жылдың бірінші жартысында Түркістан қаласында қайтыс болған. Жазба деректерде Тәуке ханның 3 ұлы белгілі: Орта жүздің хандары Болат (1712-1723) пен Сәмеке (1723-1738). 1692 жылы Түркістанға келген А. Неприпасов елшілігінің құрамында болған Теуіш мергеннің ақпаратына сәйкес оларды Тәуке ханның ұлдары Болат және Тұрсын сұлтандар қарсы алған.
### Жеті жарғы
Тәуке ханның аты тарихта «Жеті жарғы» заңдарымен де тығыз байланысты. Тарихшылар «Жеті жарғыны» ойраттардың «Их цааз» заңдар жинағына жауабы ретінде қарастырады. Тәуке хан қазақтың және көршілес халықтардың (қарақалпақ және қырғыз) атақты билерімен біріге отырып, әдет-ғұрып заңдарын, билер сотының тәжірибелерін жинақтап, заман талабына сай өзгертіп, толықтырған. «Жеті жарғы» орыс деректерінде «Тәуке хан заңдары» деген атпен белгілі. «Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген. «Жеті жарғы» - жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. «Жеті жарғы» мынадай негізгі бөлімдерді қамтыған:
* жайылымдар мен суаттарға қатысты туындайтын дауларды реттейтін заң;
* неке қию және ажырасуды, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтарын реттейтін заң;
* әскери борышты, бөлімшелерді құруды және қолбасшыларды сайлауды реттейтін заң;
* соттық істерді қарау тәртібін реттейтін заң;
* кісі өлтіруден басқа қылмыс түрлеріне қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* өлімге немесе ауыр жарақаттарға алып келген қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаларды реттейтін заң;
* жесірлер мен жетімдердің мүліктік және жеке құқықтарын, олардың алдындағы туыстарының, қауымның міндеттерін реттейтін заң.
## Естелік
* Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларындағы Тәуке хан көшесі.
## Әдебиет
* Басин В.Я. Россия и казахские ханства в XVI-XVII вв. Алма-Ата, 1971.
* Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985.
* Вельяминов-Зернов В.В. Исследования о касимовских царях и царевичах. Ч.2. СПб., 1864.
* Витсен Н. Северная и Восточная Тартария, включающая области, расположенные в северных и восточных частях Европы и Азии. В трех томах / Пер. с голландского языка В.Г.Трисман. Т1. Амстердам, 2010.
* Добромыслов А.И. Тургайская область. Т.1. Вып. 1. Оренбург, 1900.
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0.
* Кудайбердыулы Ш. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий / Пер. Б. Каирбекова. Алма-Ата, 1990.
* Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких орд и степей. Изд. 3-е / Сост. И.В. Ерофеева. Алматы, 2009.
* Рабнабхадра. Лунный свет. История рабджам Зая-пандиты / Пер.с ойратского Г.Н. Румянцева и А.Г. Сазыкина. Транслитерация текста, предисловие, комментарий, указатели и примечания А.Г. Сазыкина. СПб., 1999.
* Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы, 2001.
* Тынышбаев М История казахского народа / Сост. : авторы предисловия А.С. Такенов и Б.Байгалиев. Алма-Ата, 1993.
## Тағы қараңыз
* Тәуке хан заңдары |
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан Қытайға, Орталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасының жалпы саны 5,4 миллион деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасының, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан Ресейге, Қытайға, Өзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 миллион-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 миллион адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этникалық қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этникалық азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.
## Қазақ диаспорасының қалыптасып, дамуына қатысты саяси себептер
### Негізгі себептері
* XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ соғыстары
* Қазақтардың Ресей үстемдігіне қарсы XVIII – XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық көтерілістері мен соғыстары
* Патшалық билік барысында Қазақстанда Столыпиннің аграрлық саясаты
* Орталық Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы
* Елде кеңес өкіметінің орнауы және азамат соғысы
* Ұжымдастыру кезеңінде қазақтарға қатысты жүргізілген геноцидтік саясаты Шығыс Түркістандағы (Шыңжаңдағы) қазақтардың Қытай өкімет орындарына қарсы ұлт-азаттық күресі
* II-дүниежүзілік соғыс
* Экономикалық себеп:Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоныКеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық
* Ресейге қосылғаннан кейін және кеңестік ұжымдастыру кезеңінде Қазақстанда шаруашылық жүргізудің дәстүрлі көшпелі жүйесінің күйреуі
* 1960 – 1990 ж. Батыс Еуропа мен Америка елдеріне еңбек көші-қоны
* Кеңестік жүйе күйрегеннен кейін нарықтық қатынастарға көшу жағдайындағы өтпелі кезеңде Қазақстан экономикасында орын алған уақытша тұрақсыздық
* Діни себептер:Патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеге діндарлардың қажылық сапармен баруының қиындауыКеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуыДін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
* Патшалық және кеңестік билік кезеңдерінде мұсылмандардың тауап ететін қасиетті жерлері болып саналатын Мекке мен Мединеге діндарлардың қажылық сапармен баруының қиындауы
* Кеңестік дәуірдің алғашқы кезеңдерінде дін басыларының: имам, қожа, молда, ишандардың, тақуа діндарлардың қуғынға ұшыратылуы
* Дін жолын ұстаушылардың, тіпті дінге сенушілердің қыспаққа алынуы.
### Көші-қон салдары
Қазақ диаспорасының ата жұрттан ығысып сыртқа ауа бастаған тарихи ұзақ ағыны “Ақтабан шұбырынды“ кезіндегі жаугершілік-шапқыншылықтан басталды.
1723 ж. солтүстік шығыстан баса-көктеп кірген жоңғар шапқыншылығынан шегінген бейбіт көшпенді шұбырындылар оңтүстік батысқа қарай ауып, қазіргі Орта Азия жеріне тереңдей енуге мәжбүр болды. Шапқыншылықтан қатты күйзелген қазақтың шашырап және өзара араласып кеткен ру-тайпалары Ташкент маңында жасанды құрамалар түрінде қайта құрылып, сол аймақтарда қалып қойған. Бүгінде құрамалар қазақ-өзбек арасында қалған ирредент-маргиналдар болып саналады. Олардың өмір тіршілігі аз зерттелген. Тамды аймағында, Мырзашөлде, Шыршық бойында қазақтар ежелден-ақ тұрып келген. Қазақтардың әрі қарай кең жайылуына отаршылдық тікелей әсер етті. Алдымен, Еділ мен Жайықтың жағасынан, кейін Есіл мен Тобылдың бойынан және Ертіс өңірінен зорлықпен қуылып, сарытабан сүргін болған көшпенді қазақ тайпалары солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жөңкіле көшкен. Отаршылдық тудырған үркіншілік кезеңі шамамен 1650 жылдан 1916 жылға дейін жалғасып келді. Қытай мен Моңғолияға қарай қазақ жұртының үркіншілігі, әсіресе, азамат соғысы жылдары кең өріс алды. Саясаттан бейтарап момын халық шетке қарай ақ гвардия шылар келгенде бір ығысса, қызыл әскерлер келгенде тағы жөңкілді.
1916 – 1921 жырдары алты жылға созылған ұлт-азаттық көтерілісі мен азамат соғысы жылдарында ата мекенінен 200 мың адам көшіп кеткен. Ал кеңестік дәуірдегі әміршілдіктен туған асыра сілтеу жылдары (1930 – 1934) 1,9 миллион. қазақ шет жұртқа үдере көшті. Ирандағы қазақтар қазіргі Маңғыстаудан ауып келсе, Моңғолиядағы қазақтардың соңғы көші Сібірге барып паналағандар. Қазақстанның солтүстігінде қызылтабан болған қазақ жұрты екінші рет бас сауғалап Қытайға бет алған. Қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың ұрпақтары сондай-ақ Қарақалпақстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Иран мен Ауғанстанға ауып барған.
Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі болып отырған қазіргі жағдайда Қазақ диаспорасының, Қазақстанмен біздің отандастарымыз мекендейтін елдердің өзара қатынастары мен байланыс мәселелері мемлекетаралық деңгейде өткір қойылып отыр. Қазақ диаспорасы біздің мемлекетіміздің қазақтар тұратын елдермен сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Қазақстанда “Халықтың көші-қоны туралы заң” (1999) қабылданып, шет аймақтардағы қандастарымыздың ата жұртына – тарихи Отанына көшіп келу үрдісін реттеу ісі қолға алынды.
## Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
Жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады.
Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударып келген шаруалар арқылы отарлау жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.
Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан кейін қазақтар басқа мемлекеттердің аумағына көшіп кетуге мәжбүр болды. Мәселен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен соң 300 мыңға тарта қазақ Қазақстан аумағын тастап Қытайға көшіп кетті.
### Ресей
Болжам мәліметтер бойынша қазіргі уақытта Ресей Федерациясында 1 310 000 этникалық қазақ тұрады, олардың 70%-дайы ауылды жерде тұрады. Біздің отандастарымыздың көпшілігі Ресей Федерациясының Қазақстанмен шекаралас 12 субъектілерінде жинақы тұрып жатыр. Бұл - Алтай өлкесі, Астархан, Орынбор, Самар, Қорған, Шелебі, Омбы, Сарытау, Волгоград, Новосібір және Түмен облыстары. Қазақтардың белгілі бір саны Мәскеуде, Сант-Петерборда, Татарстанда, Қалмақияда, сондай-ақ Ресейдің басқа да облыстарында өмір сүруде. 1999 жылдың басында Ресей Федерациясының өңірлерінде тұрып жатқан қазақтар туралы мынандай мәліметтер болды:
Алтай Республикасы
1989 жылғы мәліметтер бойынша Таулы Алтай автономиялық облысының Көшағаш ауданында халықтың 39,6% – төлеңгіттер мен алтайлықтар, 54,4 % (9 000 адамдай) – қазақтар. 1989 жылы ауданда 8 200 қазақ және 7 013 төлеңгіттер (алтайлықтар) болған;
1993 жылы – тиісінше 6 377 және 7 264 адам. Соңғы жылдары көшіп келу азайды, кері процесс байқалды.
1995 жылы аудан халқы 15 748 адам болса, соның 7 999 қазақ, 7 555 төлеңгіт (алтайлық). Дамудың қазіргі кезеңінде қазақ диаспорасына жалпы екі процесс тән: этникалық сәйкестілікті сақтау және Қазақстанға оралу.
Этникалық өзін-өзі тану деңгейінің көрсеткіші ретінде қазақтардың басым бөлігінің өздерінің шыққан тектерін, немесе рулық топтарын білуін, өзінің тарихи салт-дәстүрлерін білуін бөліп қарауға болады. Мысалға, Көшағаш ауданының қазақтары бұл мәселеге хабардар екендігін атап өтеді, қазақ этностарының жүзге бөлінетінін жадында сақтаған. Көшағаш ауданындағы қазақтардың негізгі бөлігі өздерін орта жүзге жатқызады – 48%, ал 2% - ұлы жүзге және 1% - кіші жүзге жатады, қалғандары өздерінің рулары туралы жауап беруге қиналады. Алтай қазақтары өз салт-дәстүрлерін тұрмыстық, материалдық мәдениет деңгейінде сақтайды. Көшағаш ауданының қазіргі тұрмысы салт-дәстүр ерекшеліктерінің жақсы сақталуымен ерекшеленеді. Ұлттық аспаптар көбінесе отбасылық тұрмыста қолданылады – қазақтардың 70%-дан астамы ұлттық аспаптарды пайдаланатынын айтады, шамамен сонша адам ұлттық кием киеді. Сол сияқты ұлттық тұрғын үй нысаны - киіз үйлер де кең тараған. Алтайдағы қазақ халқының арасында нуклеарлық отбасылар басым. Туыстардың екі ұрпағы бірге өмір сүретін отбасылардың саны Көшағаш ауданындағы алтайлықтарда да, қазақтар да бірдей. Үш ұрпақтан тұратын отбасылардың түрлері қазақ этносының арасында анағұрлым сирек кездеседі. Төртұрпақты отбасылар да кездеседі, алайда қазақ халқында олардың саны шамалы ғана – бар-жоғы бір пайыз. Отбасылық рөлді ұстау бұрынығыдан қатаңдау бола бастады. Отбасындағы адамдардың мінез-құлқы туралы дәстүрлі түсінік жаңа нормалар мен құндылықтар жағына қарай ауыса бастады. Әдетте қазіргі отбасыларда «ерлердің» және «әйелдердің» ісі деп нақты бөліп қарау аңғарылмайды. Бірақ Көшағаш ауданындағы қазақ отбасыларының өмірінде дәстүрлік сипаттар бар, мысалға отбасындағы ерлердің бас болуы туралы ұғымның сақталуы. Этникалық сәйкестілікті сақталуына халықтың метистену деңгейінің төмендігі де жағдай жасауды. Алтай қазақтарының арасында этникааралық некелер тарамаған. Некелердің көбі бір ұлт адамдары ішінде жасалады. Этникалық біртекті некеде 76% қазақтар тұрады. Халқының 9% қазақтар құрайтын Усть-Канск ауданында ұлтаралық некелер санының арту үрдісі басым: қазақтардың 40% өзге ұлт өкілдерімен некеде тұрады (23% - орыстармен және 17 % - алтайлықтармен). Алтай қазақтарының тағы бір ерекшелігі – діни фактор. Алтайлықтар «лауазымды» этнос мәртебесін алған, ал әлеуметтік инфрақұрылымда көшбасында тұрған қазақтар этникалық азшылық рөліне түсіп қалған қазіргі жағдайда өзін-өзі анықтау нысанына айналған діни фактор ерекше маңызға ие боп отыр. Ислам әлемімен (Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия мұсылмандарымен) байланыс орнауына орай соңғы жылдардағы ауданның қарқынды «исламдануы» тек діни ғана емес, этникалық сананы да өзекті етіп отыр және Алтай Республикасы қазақтарының бірігуіне жағдай жасайды. Көшағаш ауданының этно-локалды топтары бабаларының діни ұғымдарын көзінің қарашығындай сақтауды. Аудан халқының басым бөлігі өздерін дінге сенетіндер деп санайды. Алтай мемлекеттілігінің шеңберінде Алтай Республикасының басқа халықтары сияқты қазақтар да мәдени және тілдік егемендігін алды. Республиканың заңнамалық актілері алтай және орыс тілдерін мемлекеттік тіл деп жариялады және қазақ тілін қазақтардың жинақы тұратын жерлерінде ресми деңгейде пайдалануға болады деп көрсетті. Қазақтардың 90%-дан астамы өз тілін ана тілі санайды және отбасында қазақ тілінде сөйлесіп, оны жақсы білетіндігін көрсетеді. Басқа этникалық топтармен өзара әрекеттестік жағдайында алтай қазақтары орыс тілін ғана емес, алтай тілін де меңгеріп, ол тілде көп жағдайда еркін сөйлейді. Көшағаш ауданындағы нақты полилингвизм әкімшілік-саяси факторлармен және күнделікті өмір қажеттіліктерімен, білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен негізделген. Алтайда көптеген онжылдықтар бойы білім беру тілі орыс тілі болып келді. Ұлттық білім беруді дамыту жөніндегі эксперименттің басталуымен ауданның көптеген мектептерінде (олардың арасында үш бастауыш, он орта, бір орталау мектеп бар) 1-4 сыныптарда ана тілінде (кенттің этникалық көпшілігінің тілінде) оқыту, 5-11 сыныптарда – ана тілі курсын сақтай отырып орыс тілінде оқыту енгізілген. Аудан әкімшілігі ұлттық мәдениеттерді сақтау мен дамытуға жағдай жасауда. Оның жәрдемімен Көшағашта Қазақ мәдениетінің орталығы құрылды. Алтай қазақтарының өзіндік ерекшеліктерін сақтаудың басқа да шаралары жасалып жатыр. 2001 жылы Көшағаш ауданының Жаңаауыл кентінде Ресей қазақтарының құрылтайы өтті. Құрылтайға Қазақстан Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путин өз үндеулерін жолдады. Құрылтайда басқа мәселелермен бірге қазақ тіліндегі жергілікті телевидение, баспасөз және радионы дамыту жоспарлары талқыланды. Іс жүзінде барлық қазақотбасыларының (95%) өз үй шаруашылығы бар, олар ет мен сүт өндірісінде жетекгі рөл атқарады.
### Өзбекстан
Өзбекстан Республикасы Статистика орталығының ресми мәліметтері қазақтардың санын өте төмендетіп, 1 миллион.-ға дейін жеткізіп отыр. Алайда қазақтардың саны 1 миллион. 660 мың адам деп сеніммен айтуға болады, бұл шетелдегі қазақ диаспораларының үштен бірін құрайды. Олардың Өзбекстандағы жинақы тұратын жерлері Қарақалпақстан, Ташкент қаласы, Ташкент, Навои, Жызақ, Сырдария және Бухара облыстары. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзбек тарапына азаматтық алудың оңайлатылған тәртібі туралы келісім жасауды ұсынған болатын. Алайда Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі қолданылып жүрген ішкі заңдарына сілтеме жасай отырып оны кейінге қалдыруды ұсынып, оны қараудан бас тартты. «ҚР Азаматтығы туралы» Заңға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін бұл мәселе шешілді. Мамандардың болжамы бойынша Отанына оралғысы келетін обасылар саны таяу жылдарда күрт өсіп, көшіп шығу жаппай бұқаралық сипат алуы мүмкінМектептерде қазақ тіліндегі оқу құралдарының жетіспеуіне байланысты 2002 жылы Елшілік ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе ӨР Халыққа білім беру министрлігіне 5 миллион теңгенің оқулықтарын берді. 2005 жылы алыс және жақын шетелдегі, соның ішінде Өзбікстан, қазақ диаспорасының балалры үшін 5 сынып үшін 18 699 дана, 9-сынып үшін 19 300 дана оқулық пен оқу-әдістемелік кекшн жіберілді. Өзбекстанның білім беру министрлігі қазақ мектептеріне арналған оқулықтар шығаруды ұйымдастырды, алайда оқулықтардың жетіспеуінен және өзбек мектептерінің латын әліпбиіне көшуінен қазақ мектептері қысқарып жатыр.
Көрші Өзбекстанда тұратын қазақтардың проблемалары аз емес, бұл ана тілінде білім алумен байланысты проблемалар, ана тіліндегі мерзімді баспасөздерге жазылуға шектеу қою, мәдениет, әдебиет, өнер саласындағы проблемалар, әдеуметтік-экономикалық проблемалар. Өзбекстанның аудандары мен қалаларында Қазақстан телевидениесінің хабарлары біртіндеп экраннан түсіп қалуда. Білім беру жүйесінде де өз қиындықтары бар, қазақ тіліндегі оқулықтар жетіспейді, қазақ тілінде оқытатын мектептер саны жыл өткен сайын қысқарып келеді, Өзбекстанның жалпы білім беретін мекемелері латын графикасына көшуі білім алуға қосымша қиындықтар туғызады. Диаспораның 60%-дайы ауыл тұрғындары. Олар мақта мен күріш егеді, мал шаруашылығымен, соның ішінде қаракөл қойын өсірумен айналысады. Қалалықтар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету және басқа да материалдық емес салаларда жұмыс істейді. Этникалық қазақтардың мемлекеттік билік органдарындағы өкілділігі лауазымды ұлтпен салыстырғанда өте төмен. Республиканың қазақтар тығыз орналасқан өңірлері – Қарақалпақстанда, Ташкент, Навои облыстарында диаспора өкілі басшылардың саны соңғы жылдары елеулі қысқарды. Оларды басшы орындардан, жалақысы жоғары немесе беделді лауазымдардан босатып жатыр. Қазақ диаспорасы бұларды өздерінің әлеуметтік, саяси құқықтарының бұрмалануы деп қабылдайды, сондай-ақ биліктегілердің мұндай әрекеттері республикадағы, әсіресе қазақтар жинақы тұратын жерлердегі әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін. Тұрмыстық деңгейдегі этникааралық жанжалдар санының артуы осының жанама дәлелі бола алады. Диаспораның әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оның материалдық жағдайының нашарлауы, тіршілік етудің көптеген салаларындағы кепілді құқықтардың жоқтығы – ауыр тиетін процесс, алайда оны республикадағы қазақ халқын ғана шеттету деп қарамау керек. Бұл объективті процесс, өтпелі кезеңмен байланысты және ұлтына қарамастан елдің барша халқын қамтиды. Әлеуметтік мәртебесінің төмендегеніне қарамастан қазақ этносының жоғары бейімделу мүмкіндіктері оған жаңа жағдайда да қоғамдағы өзінің орнын табуға көмектеседі.
### Кырғызстан
Соңғы халық санағына (1999 жылғы сәуір) сәйкес мұндағы этникалық қазақтардың саны 42 657 адам. 2004 жылдың басында қазақ халқының саны 65 мың шамасында. Анағұрлым жинақы орналасқан жерлері Шу облысы (17 510 адам), Бішкек қаласы (12 064 адам), Ыстықкөл (6979 адам), Талас (3604 адам), Жалал-Абад (1 130 адам), Ош (1200 адам), Нарын (394 адам) және Баткент (376 адам) облыстары. Білім деңгейі: жоғары білімі барлар – 4 234 адам, аяқталмаған жоғары - 678, орта-арнаулы – 4 346, орта – 13 366, қалғандарында – бастауыш білім. Қазақтардың ішінде 47 ғылым кандидаты, 8 ғылым докторы бар. Жалпы алғанда Қырғызстандағы біздің отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мақтанарлықтай емес. Қазақтардың бір бөлігі аралас некеден туған, ассимилияция қаупін туғызады. 1999 жылғы ұлттық халық санағы мәліметтеріне сәйкес 42 657 қазақтың 7546-сы ана тілін қырғыз тілі деп, 2449 – орыс тілі, 95 - өзбек тілі деп көрсеткен. Мұның себептерінің бірі қазақ диаспорасы жинақы тұратын аудандарда қазақ орта мектептері мен балалар мекемелері жоқ деуге болады, ана тілінде теле- және радио бағдарламар таратылмайды.
### Түрікменстан
1995 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша Түркменстанда 86 987 қазақ тұрады (елдегі халықтың жалпы санының 4%). Олар Дашогуз (33 000 адам), Балкан (22 000 адам), сондай-ақ Марый және Лебап уәлайяттарында (облыстарында) жинақы қоныстанған және негізінен мал шаруашылығымен айналысады, тамақ және мұнайөңдеу салалары мен әлеуметтік салада жұмыс істейді. Біздің елшілігіміздің мәліметтері бойынша 2003 жылы мұнда 110 000 қазақ тұрған. ҚР Елшілігі Түркменстандағы қазақ мектептерінің директорларына 16 000 оқулықтар мен оқу құралдарын тапсырды. Соңғы уақыттарда көшіп келген қазақтардың азаматтығын ауыстыру мәселесі ерекше өткір болғандықтан, сондай-ақ бұл процедураның ұзақтығы мен қымбаттығына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түркмен тарапына Азаматтықты оңайалатып алу мен тоқтату туралы Келісімнің жобасын жіберді. Алайда Түркменстанның Орталық Азия елдерінен бөлектенуіне және біздердің елдеріміздің арасындағы визалық режим енуіне байлйанысты бұл проблема әлі күнге өзінің оң шешімін таппай отыр. Осы үшін біздің отандастарымызға залал көруде, олардың Қазақстанмен гуманитарлық байланыстары шектеулі.
### Моңғолия
Моңғолияның Ұлттық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша этникалық қазақтардың жалпы саны 102 983 адам, яғни моңғолдардан кейінгі екінші орынды иеленеді. Олардың ішінде Баян-Өлгей аймағында 83 776 адам, Хобда аймағында — 12 215, Ұланбатыр мен оның төңірегінде – 7 504, ал Эрдэнэт, Дархан, Бэрх және Шарыгол өнеркәсіптік аудандарында – 4 245 адам тұрады. Қазақстан Республикасы Елшілігінің нақтыланған мәліметтері бойынша Моңғолияда 126 000-нан астам қазақтар тұрады. М.Тәтімовтың мәліметі бойынша Моңғолияда 157 000 қазақ тұрады, Қазақстардың Дүниежүзілік қауымдастығының көрсеткіші едәуір төмен – 90 000 адам. Мәліметтердің алшақтығы бұл мәселені арнайы зерделеуді талап етеді. Қазақтардың 90%-нан астамы Моңғолияның батыс бөлігінде, Баян-Өлгей аймағында тұрады, ол астанадан 1600 км қашықтықта орналасқан. Баян-Өлгейдегі мал шаруашылығының салыстырмалы қарқынды дамуы мен шекара маңындағы қарқынды сауда (РФ Алтай республикасы мен ҚХР ШҰАА) отандастарымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайының Моңғолияның басқа аудандарымен салыстырғандағы жақсы болуына жағдай туғызды. Республикаға қазақтардың қоныс аударуы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Селісімге сәйкес 1991 жылдың қыркүйегінен басталды. Барлығы 83 000 адам көшіп келді. Кейіннен 12 000-нан астам қазақ Моңғолияға кері оралды. 70 278 адам Қазақстанда өзінің жаңа отанын тапты.
### Қытай
Қазіргі кезде әртүрлі мәліметтер бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 200 000-нан 2 000 000 адамға дейін. Қытайда тұратын қазақтардың саны туралы әртүрлі мәлімет көздері бір-біріне сәйкес келмейді. Отбасында үш баладан бес балаға дейін болатын қазіргі Қытай аумағында тұратын қазақтардың санын дәл анықтауға кедергі жасайтын факторлардың бірі – отбасылардағы балалар санын шектейтін Қытай үкіметінің жүргізіп отырған демографиялық саясаты. Осыған байланысты халықтың көп бөлігі тіркелмеген. Сол сияқты Қытайда тұратын халықтың жалпы саны туралы дәл статистикалық мәліметтің жоқтығы да қиындық туғызады. Қытайда қазақ ирредентасы, яғни өзінің тарихи аумағында қоныстанған этникалық қазақтар тұрады. Қытай мәліметтері бойынша Қытайдағы қазақ диаспорасы саны 1 миллион адамнан асатын он ірі этностардың құрамына кіреді. Қытайда барлығы 56 ұлт өмір сүреді. Қазақ диаспорасы біздің шетелдегі отандастарымыздың ең көбі болып табылады. Қытайдағы қазақтардың санының өсу қарқыны айтарлықтай жоғары: 1949 ж. - 493 000-нан көп1979 ж. - 898 000 шамасында1982 ж. - 927 0001985 ж. - 994 0001990 ж. - 1 500 000 2005 ж. - 1 миллион. 596 мыңнан 2 миллион. 500 мыңға дейін
Қытай Халық Республикасының жүргізген ұлттық аумақтық автономия саясатының нәтижесінде 1954 жылы Іле Қазақ автономиялы облысы құрылды. Қазақтар негізінен Алтай, Іле, Тарбағатай аймқтары кіретін автономиялық облыста, сондай-ақ ҚХР ШҰАР Мори-Қазақ, Баркөл-Қазақ аудандарында, Ганьсу өлкесінің Ақсай-Қазақ автономиялық ауданында және аз мөлшерде Бейжіңде (Пекинде) тұрады. ҚХР құрылған кезде оның аумағында 420 000 қазақ өмір сүрген, оның 418 000 – Шыңжанда тұрған, бұл 9% құрайды; үш мыңнан астам қазақ онымен шекаралас Ганьсу және Цинхай провинцияларының аудандарында тұрған. Шыңжанда қазақтар негізінен Алтай (орталығы Алтай қаласы), Іле (орталығы Құлжа қаласы,қытайша Иниң) және Тарбағатай (орталығы Шәушек (орысша Чугучак, үйғырша Чочек, қытайша Тачың) қаласы) аймақтарының (округтерінің) аудандарында көшіп жүрді, бұл барша қазақ көштерінің 3/5 бөлігін құрайтын. Шағындау топтар қазіргі Мурэ-Қазақ автономиялық ауданы мен Цинхай уезін (Санджи-Хуэй автономиялық облысы) және Баркөл-Қазақ автономиялық ауданының (Хамий округі) аумағында көшіп жүрген. Әдетте көш рулық негізде құрылатын болған. ШҰАР аумағында қазақтар саны жағынан ханьдар мен ұйғырлардан кейінгі үшінші орынды иеленіп, жалпы халықтың 7,4% құрайды. ҚХР жарияланғаннан бергі 54 жылда Аспан асты еліндегі қазақтардың саны үш еседен артық өсті. Қазақтар лауазымды этнос болып табылатын ІҚАО басқа да автономиялық құрылымдар бар: Санчжи-Дунган облысындағы Мурэ-Қазақ автономиялық уезі, Хамий округіндегі Баркөл-Қазақ автономиялық ауданы және Ганьсу өлкесіндегі Ақсай-Қазақ автономиялы ауданы. Цинхай өлкесінде Хайси-Тибет-Моңғол-Қазақ автономиялы облысы бар, оны көбінесе жай ғана Хайси-Моңғол-Тибет деп атайды. Сондай-ақ оншақты автономиялы қазақ болыстары бар. Үрімшінің арғы жағындағы Ганьсу мен Цинхай аумақтарына қазақтар 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін көшкен. ІҚАО қазақтары автохтонды халық болып табылады. Бұл аумақты қазақтар жоңғарлармен екі ғасырға созылған күресте қорғап қалды. Басқа елде өмір сүре отырып, қазақтар бұл жерде басқа тарихи шеңберде, басқа әлеуметтік-экономикалық және саяи жағдайда дамыды, қытайдың мәдени ықпалында өмір сүрді. Қазақстандық зерттеушілер мәліметтері бойынша Қытайдағы қазіргі қазақ диаспорасының бірқатар ерекшеліктері бар. Біріншіден, ҚХР аумағында тұратын қазақтардың 80% ҚХР құрылғаннан кейін туылғандар, оның 70% – 1962 жылдан кейін және 50% – «мәдени революциядан» кейін туылғандар. Бұл, бір жағынан, «тууды реттеу» саясатын жүзеге асыруда хань емес халықтарға жасалған белгілі бір «жұмсақтық» туралы қорытындыны білдірсе, екінші жағынан – қазақ халқының басым бөлігі ҚХР өз отаны деп қарайтынының көрсеткіші. Қазақ диаспорасы өкілдерінің көпшілігі үшін «мәдени революция» кезеңінің эксперименттері өз тәжірибелерінен таныс және оларда жалпы «мәдени революция буындарына» тән психологиялық ерекшеліктердің бәрі бар. Екіншіден, ҚХР-дағы қазақ этникалық тобының мәдени және жалпы білім беру деңгейін көтеру ісіндегі қол жеткізген елеулі прогреске қарамастан ол төмен күйінде қалуда. 1982 жылғы халық санағы мәліметтері бойынша алты жастан жоғары қазақ ұлты (725 130 адам) арасында әртүрлі жоғары оқу орандарының түлектері тек – 2 547 адам; студенттер – 1 483; екінші сатыдағы орта мектеп түлектері – 41 599; бірінші сатыдағы орта мектеп – 124 781; бастауыш мектеп – 351 272; сауатсыздар мен шала сауаттылар – 203 448 адам немесе автономиялық райондағы қазақтардың жалпы санының 28,66%, оның ішінде алты жастан он бір жасқа дейінгілердің арасында – 81 325 адам. Қазақ ұлтының 50%-нан астамын құрайтын әйелдер арасында сауатсыздық деңгейі ерлерге қарағанда 1,5 есе артық. Бұл жағдайдың ҚХР-дағы қазақ халқының тиісті жұмыспен қамтылуы саласына әсері ететіні сөзсіз. Елдің халық шаруашылығында жұмыс істейтін 294 923 қазақтың 243 557-сі немесе экономикалық белсенді қазақ халқының 82,58% – жер өңдеуде, мал, балық және орман шаруашылықтарында шоғырланған; кеніштерде, ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында – 3659; зауыттар мен фабрикаларда – 3781; құрылыста – 2016; көлік және байланыста – 2224; сауда мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында – 9152; денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыруда – 16045; мемлекеттік және партиялық органдарда – 9460 қазақ жұмыс істейді [3]. 80 жылдардың басындағы ҚХР қазақтары кәсібі жағынан былай бөлінген: әртүрлі кәсіпорындардың техникалық персоналы – 32 889, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, партиялық және қоғамдық ұйымдардың жауапты қызметкерлері – 5 821, іс қағаздарын жүргізушілер мен осы санаттағы қызметкерлер – 5 809, сауда қызметкерлері – 3 816, қызмет көрсету саласы қызметкерлері – 4 812, жер өңдеушілер, мал өсірушілер, орманшылар – 219 752, өндіріс жұмысшылары, көлік жұмысшылары және осыған сәйкес санаттағы жұмысшылар – 21 295 немесе ҚХР халық шаруашылығындағы жұмыс істейтін қазақтардың 7,43% ]. 1982 жылдың ортасында ҚХР аумағында тұратын қазақтардың құрылымы және олардың ҚХР-ның 56 ұлты құрылымындағы жағдайы осындай болатын. Өткен реформалар жылында бұл құрылым айтарлықтай өзгеріске ұшырай қойған жоқ; сөз жоқ, ҚХР қазақ халқының мәдени және білім деңгейінің көтерілуі аясындағы әлеуметтік прогресс байқалады. Техника саласындағы ұлттық кадрларды дайындау, ана тіліндегі мектеп білімін одан әрі дамыту және т.б. бұған куә. ҚХР-дағы қазақтардың мәдени және жалпы білім деңгейі өсіп келеді. ІҚАО тұрғындарының көпшілігі Бейжің(Пекин), Шанхай және Қытайдың басқа да ірі қалаларындағы, шетелдерде, соның ішінде Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқып жатқандары да бар. Осыған қарамастан, қазақтардың әлеуметтік те, кәсіби де, саяси да құрылымдары ҚХР қазақ қауымдастығының даму үрдісі туралы куәландыратын және оның келешегін анықтайтын елеулі сапалы өзгерістерге ие болмай отыр. Соңғы уақытта Қазақстан тарапынан қазақтардың бұрынғы өткені туралы мәліметтер бар. Қытайдағы тарихи ескерткіштерге деген қызығушылық артып келеді. Осыған байланысты Қытайдағы қазақтардың мұрасын зерделеу жұмыстары басталып кетті. Мүдде ортақ, өйткені Қытайда ғалым, артист, суретші, музыкант қазақтар тұрады, олар кейбір жобалардың бастамашысы болды және оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуде. Олардың қатуымен қазіргі кезде кітап басып шығару, тарихи материалдарды жинау және т.б. жұмыстар ұйымдастырылды. Бұл бағытта Қазақтардың Дүниежүзілік қауымдастығы белсенді жұмыс жүргізуде. Мысал ретінде «Шыңжандағы қазақ сазгерлері» кітабының әзірленуін келтіруге болады, оның авторы өнертанушы Құлжада Мұхамед, Майра Мұхамедқызының әкесі. Мұнымен қатар белгілі күйшілерге, суырып салма ақындарға арналған шығармашылық кештер өткізіледі, компакт-дискілер шығарылады. Мысалға, Қытайда тұрған күй шебері Бейсенбінің туған күнінің құрметіне арнайы компакт-диск шығарылды. Суырып салма ақын Т.Жолдыұлының 100 жылдығына жас орындаушылардың орындауындағы оның әндері жазылған магнитті таспа әзірленді. Қытайда би өнері өте дамыған. Осыған байланысты Қытайда тұрған атақты Тайыр күйшінің қызы белгілі балетмейстер Нағима Тайырқызының есімін атай кеткен жөн. Ол көптеген талантты бишілерді тәрбиеледі. Н.Тайырқызы Алматы қаласына келіп тұрады, онда облыстық филармонияда сабақ береді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың және СІМ белсенді сыртқы саяси курсы нәтижесінде Қытай тарапының позициясында Қазақстанның саясатына деген белгілі түсіністік байқалады. Елшілік отандастарға Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірі туралы объективті ақпарат береді, оларды қызықтыратын көші-қон, демографиялық процестерді реттейтін нормативтік актілерді түсіндіреді. Соңғы жылдары Қытайда жергілікті билік органдарында қазақ тілінің қолданылу аясы тарылып келеді, ұлттық мектептер жабылуда. Біздің отандастарымызды Пекиннің бала тууын шектеу саясаты да алаңдатуда, ол қазақ халқының өспей қалуына әкеп соғады.
Іле-Қазақ автономиялық облысы
Қазақстан-Қытай шекарасының бойында өзінің үкіметі, жергілікті басқару органдары, қазақ мектептері мен қазақ тіліндегі газеттері, радио және телевидениесі бар Іле-Қазақ автономиялық облысы (ІҚАО) Қазақстанмен тұтастай шектесіп жатыр. ҚХР конституциясы бойынша автономиялардағы бірінші әкімшілік лауазымдарды лауазымды этностың өкілдері иеленуі тиіс, ІҚАО бұл қазақтар (аудандықтан бастап қалалық буынға дейінгі парткомның бірінші хатшысы лауазымына бұл қағида жүрмейді). Қазақтардың басым үлес салмағы білім беру, мәдениет, өнер, қаржы, сақтандыру, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету саласында, сондай-ақ партиялық-мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдарында байқалады. Аз кездесетіні – ғылымға негізделген салалар мен өнеркәсіптік, әсіресе ірі кәсіпорандарда. ІҚАО астанасы - Құлжа (қытай транскрипциясында - Инин) бірмезгілде Іле аймағының да орталығы болып табылады, мұнымен қатар облысқа тағы екі аймақ кіреді: орталығы Чугучак қаласындағы Тарбағатай және орталығы Алтай қаласындағы Алтай аймақтары. Әрбір аймақ ауылдық аудандарға бөлінген және мәртебесі бойынша бұрынғы одақтас республика облысының мәртебесіндей. Іле аймағында 9 аудан, Тарбағатай аймағында 6 аудан, Алтай аймағында 8 аудан бар. Шен туралы әкімшілік-аумақтық табельде ІҚАО Шыңжан аймақтарына қарағанда жоғары сатыда: оның аймағы мәртебесі жағынан округке тең. Сондықтан облыстық өкімет қосымша қондырғы сияқты және жергілікті билікке мәселені тікелей Үрімжіде шешкен оңай. Үрімшіде бұған кедергі жасамайды, әсіресе 1982 жылы ІҚАО Пекинге ҚХР үкіметіне тікелей бағынуды сұрап, ШҰАР юрисдикциясынан шықпақ болған шешімінен кейін. ІҚАО басында облыс үкіметінің төрағасы тұрады, оны қазақша «үкімет төрағасы» емес, «облыс бастығы» немесе «облыс үкіметі бастығы» деп атайды, өйткені төраға Қытайда біреу – ол ҚХР Төрағасы. Аймақты (округті) үәли (губернатор) басқарады, оны мұнда «әкім» емес, «уәли» деп атайды, ал қала мэрлерін «қала бастығы» деп атайды, есесіне аудан әкімдерін көбінесе «аудан әкімі» деп атайды. 1990 жылға дейін «аудан бастығы» термині қолданылатын. Болыс әкімін көбінесе жайғана «ауылбас» деп атайды. Қытайдағы қазақ автономиясының сақталу перспективалары бүгінде бірыңғай емес. Хань халқының тарапынан аз ұлт өкілдері пайдаланатын жеңілдіктерді сақтап қалудың құқық тарапынан дұрыстығы туралы мәселе жиі қойылып жүр. Қытай үкіметі мен ҚКП қазақ диаспорасы мен ирредентасына қатысты ұлттық саясаты қаншалықты бірмәндес болатындығы белгісіз. Қазақтар лауазымды этнос болатын және басшылық басында ресми тұрған, қазақтардың әлемдегі екінші әкімшілік-аумақтық құрылымы болып табылатын Іле-Қазақ автономиялық облысының Қазақстан үшін маңызы орасан.
### Түркия
Түркиядағы қазақ диаспорасы негізінен өткен ғасырдың 50-ші жылдары Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының Алтай округінен («алтай қазақтары») көшіп барған, сондай-ақ XX ғасырдың 80-ші жылдары Ауғанстан мен Ираннан босқын ретінде қоныс аударған қазақтардан тұрады. Стамбул консулдық округінде алтай (3450 отбасы) және ауған (740 отбасы) қазақтары тұрады. Түркияда тұратын қазақтар жинақы орналасқан. 1972 жылы олар түрік үкіметіне өтініш жасады, сол жылы оларға Стамбулдан сатып алу және құрылыс салу үшін жер берілді. Біздің отандастарымыз бұл ауданды «Қазақкент» деп атады, қазір ол «Гюнешли» аталады, түрік тілінен аударғанда «Күн сәулелі». Стамбулда қазақтар басқа аудандарда да тұрады (мысалға, Зейтинбурну, Кучук Чекмеджи, Сафра-кой, Орнектепе), бірақ олар бірге болуға тырысады. Түркияда тұратын қазақтардың саны туралы мәліметтер де әралуан, сан айырмашылығы өте үлкен. 19 000-нан 25 000-ға дейінгі сандар аталады. Мысалға, Сайлау Батыршаұлының мәліметі бойынша Түрік Республикасындағы диаспора өкілдерінің саны 2003 жылы 19 мың адам болған. 2005 жылғы мәліметтер бойынша 25 000 адам деп көрсетілген. Қазақтардың негізгі бөлігі (2750 отбасы) Мәрмәр теңізінің жағасында, Стамбулдың “Зейтинбурну” ауданында шоғырланған, 120 отбасы – Эгей теңізінің жағасында (Измир провинциясы), 80 отбасы шамасында - Нигде провинциясында, 60 отбасы – Анкарада және басқа провинцияларда тұрады. Г.Меңдіқұлованың пікірі бойынша, көп жағдайда Түркиядағы қазақ қауымдастығы қазақ диаспорасы өкілдері үшін үлгі болды, бұл қазақтардың күш-жігерімен ғана емес, түрік үкіметінің түсіністікпен жауап қату әрекетімен де мүмкін болды, соның арқасында Шыңжаннан босқан қазақтар бұл жерден екінші Отанын тапты. 1990 жылдардағы Түркиядағы қазақ қауымдастығын зерделей отырып, 1970 жылдары қазақтардың аға буыны қалап кеткен, қазіргі кезде жемісін көріп отырған этникалық сәйкестілікті сақтау процесіндегі мынандай сәттерді атап өтуге болады. 1960 жылдары қазақтар қаланың әүрлі аудандарына қоныстанды, олардың балалары түрік мектептеріне бара бастады, бұл қазақ сәйкестілігін сақтау процесіне жәрдемдескен жоқ, керісінше қазақ жастарының бір бөлігі «түріктену» процесіне ұшырады, бұған қазақ ақсақалдары қарсы шықты. Қазақтардың «түріктену» процесін қалай да бір тоқтату үшін аға буында кейіннен қазақ бастауыш және орта мектебін ашуға болатындай бірге, бір ауданға қоныстану идеясы туды. Стамбулдың Гюнешли ауданында «Қазақкент» осылай пайда болды, оның ресми ашылуы 1973 жылғы 15 тамызда өтті. Алғашқы үйлер Отаны туралы естелік немесе ескерту ретінде «Алтай» көшесінде салынды. Түркияда 1986 жылы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларының толқыны ретінде түрік қазақтарының «Вакиф» мәдени-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғамның құрылтайшылары 10 адам болды және алғашқы төрағасы болып Токтоубай Топлу сайланды. 1988 жылғы наурыздан бастап «Вакиф» түрік қазақтары қоғамының бюллетені» шыға бастады. «Бюллетеннің» екі нөмірі ғана жарыққа шықты. Бұл «Бюллетеньдерде» этнография мен қазақ халқының тарихы бойынша материалдар, Түркия мен Батыс Еуропадағы қазақ қауымдастықтарының өмірі туралы материалдар орын алды, қазақ диаспорасынан шыққан танымал қайраткерлермен және кәсіпкерлермен сұхбаттар жарияланды. Диаспораға әлеуметтік және экономикалық көмек көрсету мәселелерімен «Түркия қазақтарының қоғамы» айналысады, оның мәртебесі ұлттық-мәдени орталыққа тең. Түркияда басқа да қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді: «Түрік қазақтарының әлеуметтік және мәдени дамуын қолдау қоры», «Қорқыт Ата қоры», «Шығыс Түркістан қоғамы» және «Ахмет Иассауи» қоры. 1991 жылдан бастап түрік қазақтары мен Қазақстан Республикасы арасында тығыз жан-жақты байланыстар дамып келеді. Түркияда тұратын қазақтар үшін соңғы кездегі маңызды оқиғалардың бірі 1997 жылғы 28-29 нурызында өткен Кіші Құрылтай болды. Сонымен қатар, Түркияның қазақ қауымдастығында сепаратизм жоқ, елдегі халықпен, үкіметпен және жергілікті әкімшілікпен қарым-қатынасы жақсы. Түркияда жоғары білім алу қымбат, сондықтан оған көптеген қазақ жастарының қолы жете бермейді. Жоғары оқу орнына түсетін қазақ жастарының өкілдері негізінен ең озат студенттердің бірі болады. Кейбір қазақтардың екі жоғары білімі бар. Қазіргі кезде 200-дей қазақтың қыздары мен ұлдары Түркиядағы жоғары оқу орындарында экономика, құрылыс, журналистика, медицина және заңгерлік мамандықтары бойынша білім алып жатыр. Алайда Түркиядағы қазақ жастарының көпшілігі өздерінің этникалық: тері өнімдерін өңдеу, тігу және сату бизнесімен шұғылданады. Түркиядағы қазақ отбасыларының көбі күрделі (бөлінбеген) және моноэтникалық болып келеді, әйтсе де басқа түркі халықтары өкілдерімен: қырым татарларымен, қырғыздармен, ұйғырлармен некелесу де онша аз емес. Қазақтың жігіттері үшін некеге тұру жасының шектелуі жоғары. Қазақтар көбінесе 30-ға толғанда, отбасын құруға және толық жауап беруге материалдық негіз қаланған кезде үйленеді. Дәстүр бойынша Түркияда отбасы үшін бар жауапкершілік ерлерге жүктелген. Жоғары білім алмаған қыздар көп жағдайда кәмелетке тола салысымен күйеуге шығып, күйеулеріне отбасылық өндірісте көмектеседі. Қазақ жастарының өкілдері Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдерінен жұмыс пен жақсы өмір іздеп өз үйлерін жиі тастап кетіп жүр және соңғы алты жылдың ішінде Қазақстанға көшіп келуге әрекет ете бастады. Түрік қазақтары тұрған елінің жағдайына көбірек бейімделген диаспора болып табылады. Түркия мәдени, діни, тілдік жағдайы анағұрлым жақын ел. Еуропада тұратын қазақ диаспорасының Түркиямен байланысты әлі күнге күшті. Шын мәнісінде еуропалық диаспора – бұл Түркия аумағынан көшіп келгендер. Бұл тұрмыста, тұлғааралық қарым-қатынастарда көрініп тұрады, қазақ диаспорасының өкілдері өз балаларына негізінен түрік есімдерін береді, салт-дәстүрлер мен мерекелер түріктердің әдет-ғұрпы бойынша өтеді. Бұл заңды да, өйткені түркі халықтарының жақындығы ежелден тығыз болды және Түркияда ұзақ өмір сүру, сөзсіз қазақтардың мәдениетіне ықпал етті. Еропалық қазақтардың Қазақстанға қарағанда Түркиямен туыстық байланысы күштірек. Олардың туыстарының көпшілігі Түркияда, Қытайда, Алтайда тұрады. Қазіргі уақытта Стамбулда Түрік қазақтарының қоры белсенді жұмыс істеуде, Стамбул қаласының муниципалитеті Қорға арнап үй-жай бөлген. Қор басшылары қазақ тілін оқып-үйренуге жағдай жасауға, Стамбул қазақтарының Қазақстан мәдениеті, өнері өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыруға тырысады, Қорда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары болып қайтты. Қордың кабинеттерінде қазақтың ұлттық тұрғын-үйі – киіз үй қойылған, қазақ тұрмысының заттары, Қазақстан туралы әдебиеттер жинақталған, олар әртүрлі мерекелерде, кездесулерде, концерттерде көрсетіледі. Қордың жанында балалар би ансамблі ұйымдастырылған, ол әртүрлі концерттерге, тұсау кесер рәсімдеріне қатысады. Қордың күшімен «Арман» журналы шығып тұрады. Материал таңдауда қиындықтар бар, елдегі өмірді толық қамтып жазатын авторлар жоқ. Түрік қазақтары қазақ тіліндегі ақпараттар алуда қиындықтарға тап болуда. Қазақ диаспорасының аудан мен қала муниципалетитімен қарым-қатынасы жақсы. Қордың басшысы жергілікті өкіметтің қазақтарды ерекшелендіріп тұратын заңға мойынсұнушылықты, үлкендерді силауды, еңбекқорлықты бағалайтынын атап өтеді. Қазақтардың өз ортасында билер институтын (кішкене өзгерген түрінде) жүргізеді. Жергілікті биліктегілер басқарудың бұл жүйесін аудандық деңгейге еңгізу туралы ұсыныс жасаған. Қазақтардың арасында полицияға ұсталған, қылмыс жасалған, бұзақылық және т.б. оқиғалары жоқ. Қазақтардың экономикалық жағдайы тұрақты, жұмыс істей алады және кәсіптері бар. Жастар түрік тілінде сөйлейді, оқу орындарында түрік тілінде білім алады. Қазақ тілін үйретуді Қор өз күшімен ұйымдастырған. 2005 жылы Стамбул университетіне қазақ тілінің оқытушысы келіп, студент жастар арсында тілді оқытуды ұйымдастырды. Оқу-әдістемелік әдебиет тапшы. Әліпбилер графикасының әртүрлі болуына байланысты қиындықтар бар. Қазақстаннан келетін оқулықтар кириллицада жазылған. Тілді үйрету үшін осы графиканы білетін мамандар жоқ. Бұл жағдай Қазақстаннан келетін киррилицада жазылған оқулықтардың мәнін жоқ етуде. Қазақ диаспорасы Стамбулдағы қазақстандық елшілікпен өте тығыз байланыста. Олардың қолдауымен Наурыз мерекесі, Қазақстанның өнер шеберлерінің концерттері ұйымдастырылған. Түркияда қазақтар негізінен тері ісімен айналысады, дербес бизнестерін дамытуда. Жұмыс, салық, бәсекелестік жағдайларында қиындық көрмейді. Олардың айтуынша қазақтарды адамгершілігі мен жауапкершілігі үшін жақсы клиент және серіктес ретінде силайды. Қазақстан нарығына жұмыс істейтін кәсіпорандар бар, Алматыда 13, Шымкентте 30–ға жуық дүкендері ашылған. Алайда олар аз, сондықтан санын көбейту қажет. Түркияда тұратын қазақтар қазақ тілінің жоғалуына, Қазақстаннан келетін ақпараттардың тапшылығына, Қазақстанға көшіп барудың қиын жағдайларына алаңдаулы. Эфирде қазақ тіліндегі хабарлардың жоқтығынан қанағаттанбаушылық сезімде. Қазақ тілін білуді қолдайтын және дамытатын ақпараттық орта жоқ. Аға буын балалары мен немерелерінің болашағына қатты алаңдайды. Түркия қазақтары Отанына оралу шарттарының күрделілігіне қатты абыржулы: тіркелу (прописка), ТИБ-нан анықтама сияқты оралмандарда болмайтын құжаттарды жинуадың машақаты. Түркияда тұратын қазақтардың пікірінше, шетелдегі қазақ диаспорасы Қазақстанның халықаралық қатынастардағы позициясын күшейте алар еді, елдің оң имиджін қалыптастырудың, экономикалық байланыстарды нығайтудың көзі болалар еді. Маңызды шарттардың бірі мәдени орталық құру, оған мемлекеттің көмегі қажет.
### Еуропа елдері
АҚШ пен Батыс Еуропа (негізінен ГФР, Франция, Скандинавия) елдеріндегі қазақ диаспорасы оқуға бару нәтижесінде және «еңбек» көші-қоны толқынында қалыптасқан. Қолайлы әлеуметтік-экономикалық өмір жағдайы мен сіңісті ділі оларды Еуропада ұстап тұр. Басқа елдерде қазақ ұлтының өкілдері саны аздығынан жергілікті халыққа сіңіп кеткен. Тұманды Альбион жағалауындағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны аз болуы 1960-1990 жылдардағы британ көші-қон саясатының құқықтық шараларының салдары болды. Ұлыбританияда қазақтар негізінен Лондон мен Редингте тұрады, бұл олардың кәсіби бағдарымен қызмет аясына байланысты. Ұлыбританиядағы қазақ диаспорасының өкілдері моноұлтты некені қалайды және оларға тұрып жатқан еліне өз отбасын көшіріп алып келу тән. Сондықтан, оларға этникалық түптамырын жоғалтпау және балаларын қазақ тілі мен қазақ халқының мәдениетіне жақындастыру маңызды. Ол үшін 1992 жылы Ұлыбританиядағы қазақтар қоғам құруға шешім қабылдады, өйткені 1985 жылы бұл елге Түркия мен ҚХР қазақтары оқу және жұмыс істеу үшін көшіп келе бастады. Бұл қоғамның мақсаты Ұлыбританияда тұратын қазақтардың арасында бір-бірімен байланыс орнату, сондай-ақ этникалық Отаны – Қазақстанмен жан-жақты байланысты нығайту болды. Мұндай қадамдардың бірі 1995 жылғы маусымда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ұлыбританияға ресми сапары кезінде жасалды, қазақ диаспорасының өкілдерін Президент қабылдап, олармен әңгіме барысында олар өз проблемаларын талқылады. Өкінішке орай, Ұлыбританиядағы қазақ қауымдастығын ерекшелендіріп тұрған нәрсе олардың бастарының бірікпеуі, қазірге дейін ҚХР-да, Түркияда және Қазақстанда тұратын қазақтармен тығыз байланыс орнатылмаған. Қазақ қоғамы берген мәлімет бойынша Лондонда Түркиядан шыққан қазақ диаспорасының 65 өкілі тұрады. Бұған ҚХР, Қазақстаннан және басқа елдерден келген қазақтар кірмеген, олар қазақ диаспорасының санын 100-120 отбасына көбейтеді. ГФР-ға қазақтар түрік еңбек көші-қонының құрамдас бөлігі ретінде 1960-жылдардың ортасында көшіп келе бастады. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғыс уақытынан бастап Алманияда екі қазақ – түрік азаматтығы бар бұрынғы легионерлер тұрады. ГФР-да қазақтар Рура мен Рейн өнкрекәсіптік аймағындағы жұмыстан басқа қоғамдық-саяси қызметпен айналысты, соның ішінде Мюнхеньде «Азаттық» радиостанциясының қазақ редакциясында жұмыс істеді. ГФР-дағы қазақтар мына жерлерде тұрады: Мюнхеньде - 60 отбасы немесе 300 адам, Кельнде - 90 немесе 450, Гамбургте - 4 немесе 20, Батыс Берлинде - 20 немесе 100, Хайдельбергте - 1 немесе 5, Майнцте - 2 немесе 10, Майндегі Франкфуртте - 1 немесе 5. Барлығы: 178 отбасы немесе 890 қазақ. ГФР-да өскелең қазақ жастарының арасында мәдени-білім беру шараларын өткізу үшін Мюнхень мен Кельнде екі қазақ қоғамы ұйымдастырылған. ГФР-дағы бұл қоғамдардың қызметінің жанданбай тұрғанын іс жүргізу мен үйлесімді әрекет ету тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. ГФР-дағы қазақ диаспорасы үшін өткір мәселелердің бірі тілдік проблема болып табылады. Негізінен, қазақтар отбасында түрікше, балалары немісше сөйлеседі. Қазақстаннан қазақ тіліндегі кітаптар, газеттер мен журналдар жіберу осы проблеманы шешуде күшті қолдау болар еді. 1993 жылы Мюнхеньде «Еуропалық қазақ түріктерінің бюддетені» шыға бастады. Бірінші нөмірі түрік тілінде, ал екіншісі қазақ тілінде шықты. Бюллетеньде Түркиядағы, Германиядағы, Франциядағы, Швециядағы, Австриядағы, Ұлыбританиядағы, Швейцариядағы және Даниядағы қазақ қауымдастықтарындағы болып жатқан оқиғалар туралы ақпараттар басылды, Қазақстандағы жетістіктер туралы хабарламалар жарияланды. Екі жылда (1993-1994) екі нөмірі ғана жарық көрді. ГФР-да тұратын қазақтарды олардың жоғары білім деңгейі мен әлеуметтік мәртебесі ерекшелендіреді, өйткені көшіп келген қазақтардың алғашқы буындары өз балаларына жақсы білім бере алды, қазір олар заңгер, стоматолог, инженер болып жұмыс істеуде. ГФР қазақтарының отбасылық қарым-қатынасында, мысалға, Франциядағы қазақтарға қарағанда консерватизм басым. Қалыңдықтарын Түркияда тұратын қазақ отбасыларынан әкелуге тырысады. Түрік қыздарымен жиі некелеседі және түркі емес халықтармен некеге тұрмайды. Ақпарат беруші қазақтардың мәліметтеріне сәйкес қазіргі кезде Швецияда 30-дай қазақ отбасы тұрады, негізінен Түркиядан барғандар. Олар Стокгольмде, Евелде, Вастераста, Гетеборгте тұрады. Соңғы уақыттары олардың саны осы елдің азаматтарымен некеге тұрған Қазақстаннан келген қазақтармен толығуда.
### Америка Құрама Штаттары
АҚШ-қа қазақтар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көшіп бара бастады. Негізінен, АҚШ-тың қазақ халқын бірнеше топқа бөлуге болады: 1) бұрынғы КСРО азаматтары, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Алмания аумағындағы концентрациялық лагерьлерде ұсталған, одақтастар әскерлері азат еткеннен кейін және тексеруден өткен соң өздерінің өтініштері бойынша Түркияға тұруға жіберілген, сосын Түркиядан Штаттарға көшіп барған, онда қазір олардың екінші және үшінші ұрпақтары тұрып жатыр; 2) Түркиядан келген қазақтар, түрік еңбек көші-қонының құрамында келіп жұмыс тапқан, бес жыл тұрақты (ешқайда шықпай) тұрғаннан кейін АҚШ азаматы мәртебесін алған; 3) ҚХР-нан келген қазақтар, АҚШ-қа Жапония, Тайвань арқылы Тынық мұхитты кесіп өтіп, Тынық мұхит жағалауында оқуға немесе жұмыс істеуге қалып қойған, сосын елде тіршілік ету мүмкіндігіне ие болған; 4) Қазақстан Республикасынан келген қазақтар, оқуға немесе жұмыс істеуге келген; 5) АҚШ азаматтарымен этникааралық некеге тұрып, азаматтық алғандар. АҚШ мультимәдени және полиэтникалық ел ретінде көшіп-қонған қазақтарды 1960 жылдардың ортасынан бастап, 1965 жылғы көші-қон заңын ырықтандырғаннан кейін тарта бастады. «Америка этникалық топтарының Гарвард Энциклопедиясына» сәйкес 1960-жылдары АҚШ-та 20 шақты қазақ отбасы болған. Бұл 20 отбасының 13-і осы елге 1960-жылдардың ортасында көшіп келіп, Нью-Йорк, Вашингтон (Колумбия округі) метрополиінде және Калифорния штатында қоныстанған бұрынғы вермахт тұтқындарының отбасы. Бұл облыстарға қоныстануды мына көрсеткіштер бойынша таңдаған: 1) жұмыс табу мүмкіндігі; 2) онда тұрып жатқан өз этникалық топтарының өкілдерінің болуы; 3) бұрынғы тұрған жеріне шамалы болса ұқсас климат жағдайы; 4) жоғары оқу орындарының болуы. АҚШ қазақтарында моноэтникалық және этникааралық некелер байқалады. Этникааралық некелер аға буынға тән. Керісінше, диаспораның екінші, үшінші буын жастары өмірлік серіктерін қазақ ортасынан табуға тырысады, бұдан этникалық сәйкестілікті сақтауға арналған стратегия айқындалады. Басқа диаспораларға қарағанда АҚШ-тағы қазақтардың саны аздығынан және америкалық қоғам тіршілігінің барлық саласына ықпал ету мүмкіндігі болмағандығынан маңызды проблемаларын бірлесе шешуге болатын өз қоғамы да жоқ. Британиядағы сияқты америкалық қазақтарға да басы бірікпеушілік тән. 1996 жылы Индиана университетінің (Блумингтон) жанынан Қазақ студенттік ассоциациясы құрылды, ол жыл сайын Наурызды тойлайды, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен таныстырады, тақырыптық конференциялар өткізеді. АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Қазақстан Республикасы қазақтарының АҚШ азаматтарымен жасалған этникааралық некелерінің, сондай-ақ америкалық өкіметтің Қазақстанның көрнекті ғалымдары мен мамандарына осы елде тұрып, қызмет ету мүмкіндігін беруі арқасында өз қатарларын толықтырып отырады.
### Иран
Қазіргі уақытта қазақ диаспорасы әртүрлі мәліметтер бойынша Гор-ган, Бендер-Туркмен және Гүлістан провинциясының Гомбад қалаларында тұратын 10-нан 15 мыңға дейінгі адамды құрайды. Ирандағы диаспора негізінен өткен ғасырдың 20-30-жылдары, КСРО-да ұжымдастыру, мал мен астық қорын тәркілеу процесі басталған кезде қалыптасқан. Олардың көпшілігі – Маңғыстау облысы аумағынан келгендер. Ирандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің жәрдемімен 59 отбасы арнайы авиарейспен тарихи отандарына көшіп келді.
### Пәкістан мен Ауғанстан
Пәкістан Ислам Республикасындағы қазақ диаспорасы Сайлау Батыршаұлының мәліметтері бойынша 1600 адамды құрайды. М.Тәтімов олардың саны 3 000 адам деп есептейді, Г.Меңдіқұлованың мәліметтері бойынша олардың саны 5 000 адам. Пәкістандағы қазақ ұлты негізінен басқыншы Кеңес армиясынан қашқан ауғандық қазақтардан тұрады. Пәкістаннан келген репатрианттар өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандықтан Елшілік олардың тіршілік етуіне көмектесудің барлық мүмкіндіктерін жасады. 1998 жылы Қазақстанға Ауғанстаннан келген босқындардың көп бөлігі (230 адам) жіберілді. 1999-2000 жылдары тағы 573 қазақ оралды. Ауғанстанда 21 000 қазақ бар. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық миссиясының ақпаратына сәйкес 374 адам тарихи отанына оралуға тілек білдірген. Ауған қазақтарының көбі сауатсыз, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ.Ауғаныстан қазақтарының тарихы, этнографиясы, тілі мен діні, жалпы тыныс-тіршілігі жүйелі түрде зерттелмей келеді.
## Әлем елдеріндегі қазақтардың саны
* АҚШ - 1 000
* Аргентина - 500
* Аустралия - 900
* Ауғанстан - 200
* Аустрия - 700
* Беларусь - 1 068
* Бельгия - 500
* Германия - 2 000
* Израиль - 100
* Иордания - 200
* Иран - 5 000
* Канада - 7 000
* Моңғолия - 83 000
* Пакистан - 5 000
* Сауд Арабиясы - 1 000
* Сирия - 100
* Ұлыбритания - 300
* Франция - 2 000
* Швеция - 200
## Терминдер сөздігі
Босқындар – сөздің бастапқыдағы мағынасы: өз елін, жұртын қандай да бір келеңсіз жағдайға байланысты қалдырған адамдар, мысалы, соғыс, ашаршылық, жұт, стихиялық бәле және т.б.
Диаспора –грек сөзінен шыққан,белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым. («шашыраңқы» немесе «елінен, жерінен ажыраған»).
Кордон- шекара күзеті болатын жер.
Конвенция – халықаралық келісім, қандай да бір арнайы мәселемен мәмілеге келу.
Миграция – халықтың қоныс аударуы, қозғалысы; халықтың ел ішіндегі ішкі көші-қоны; халықтың бір елден екінші елге қозғалысы, сыртқы көші-қоны.
Отан- туған ел, атамекен. Адамның туған жері: сол халықтың тарихи аумағындағы оған жағатын табиғат, халқы, тарихи даму ерекшеліктері, тілі, мәдениеті, тұрмысы және өнегелігі.
Оралмандар – Қазақстан Егемендігін алмай тұрғанда өзге мемлекеттің территорясында тұрған қазақ ұлтының азаматтығы жоқ шетелдектер, енді Қазақстан жеріне тұрғылықты тұру мақсатымен келгендер.
Репатриация- әскери тұтқындарды, босқындарды, эмигранттарды туған еліне қайтару.
## Түсініктемелер
## Тағы қараңыз
* Қазақтар
* Қазақстан
* Ата жолы картасы |
Есенбаев, Мәжіт Төлеубекұлы (1949) — ҚР Бәсекелестікті дамыту жөніндегі агенттігінің төрағасы.
## Өмірбаяны
* Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған, экономика ғылымдарының кандидаты.
* Мамандығы бойынша республика Мемжоспары жанындағы Экономика институтында жұмыс істеген, институтта дәріс берген.
* Қарағанды облысының мемлекеттік органдарындағы басшы қызметтерге тағайындалған,
* республика Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының бастығы — Министрдің бірінші орынбасары,
* Мемлекеттік салық комитетінің төрағасы,
* Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы,
* Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған.
* 1999—2002 жж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі.
* 2002 ж. қаңтарда Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрі болып тағайындалған.
* 2002 ж. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.
* 2003 ж. маусымынан Мемлекет Басшысының көмекшісі қызметінде болды.
* 2004 ж. наурызынан Ақмола облысының әкімі.
* 2008 ж. қаңтарынан ҚР Бәсекелестікті дамыту жөніндегі агенттігінің төрағасы.
## Дереккөздер |
Бiлге қаған (көнетүркіше -{Arslan Bilge qaγan}-; қыт. 毗伽可汗 — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717—734 жж. билік құрған қағаны.
Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.
Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.
Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.
Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.
17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған.Білге қаған (шамамен 685-734) - Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған ушықтырған тайпа ішілік соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы Тоңыкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал, Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.). Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп жітіп, жаяу жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қаратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қатаң, татабы халықтарына қарсы, бергері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).
Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Тар түмен қарлықтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.
Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өз-өзіне келуі үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр» деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. Қытайларды талқандады.
Л.Н.Гумилев: «Жеңіске тек сыртқы ғана емес, ішкі жауларын жеңумен де келді. Елде тыныштық орнады. 716 ж. Жеңіскер түркілердің жағдайлары соншалықты мәз болмады. Білге қаған: «Мен бай халыққа хан болып отырмадым. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып отырдым», - дей келе, халықпен қатынасу әдісін өзгерткендігін айтады. «Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтылдым. Адал халқы мен адал қоғамы бар жерде мен жақсылық жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақырдым, жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды»... Оның еңбегі құрудың аз-ақ алдында қалған халқын тірілтті, киіндірді, ештеңесі жоқ халықты байытты, аз халықты көбейтті деп бағаланады, - деп жазған. – Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Оны Қытайлықтар қаншалықты құптамаса да, мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге қаған халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясатшың арқасында орнықты.
722 ж. Кездесуде Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығтегін отырды.
## Сыртқы сілтемелер
* Білге қаған ескерткіш кешені, бітіктасы, мәтіні, транскрипциясы, қазақша сөзбе-сөз салыстырмасы, суреттері, сызбалары
Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.
Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы
Түркіні бұзар - тәтті сөз.Асыл сөз туралы
Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды.Мінез-құлық туралы
Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады.Мінез-құлық туралы
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады.Мінез-құлық туралы
Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы.Отан, туған жер туралы
Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Тастағы жазудан тағлым алғайсың.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар.Батырлық, ерлік туралы
Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап.Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз |
Мөде қаған (Маодунь) (ж.ж.с.д. 228-174) — ғұн (қытайша хунну) империясының негізін қалаушы.
## Басқаруы
Қытай жазбаларында оның есімін «Маудун», ал билік лауазымын «шаньюй» деп атайды. Чәниүй атауының жеке сөз ретінде не мағына беретіні әлі күнге белгісіз, ал лауазым ретіндегі мағынасы ғұндар үшін ортағасырлық түркілердің «Қаған» дегенімен мәндес. Қазіргі тарихшылардың шаньюйді «тәңірқұты» деп аударады.
Мөде шамамен 18-19 жасында, ж.ж.с.д. 209 жылы, әкесі Тумәнді өлтіріп, ғұн хандығының тағына отырып, өзін ғұн елінің дара билеушісімін деп жариялайды. Содан көп ұзамай шығыста дунху, батыста жыужы (юечжи), терістігінде хуниүй, чуйшы, динлиң, гыгун және шыңли, оңтүстігінде лыуфаң, бай — иән секілді елдерді жаулап алып, шағын ғұн хандығын Шығыста теңдесі жоқ далалық ұлы империяға айналдырады. Осыдан кейін елі оны «ақылы асқан дана» деп мойындап, оған «Чиңтижы» деген ат береді. Бұл қазіргі түсінікте «Тәңірінің күші», яғни «Құдайдың қаһары» деген мағынаны білдіреді.
Ел билігінің басына көсемдік дарыны аса жоғары, қолбасшылық қабілеті тым ерен, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын жігерлі жас Мөденің келуі тек ғұн халқының ғана емес, бүкіл Шығыс халықтарының тағдырына үлкен өзгеріс әкеледі. Бұрын жеке-жеке хандықтарға бөлініп, өзара қырқысып жатқан түркі халықтарының басы бірігіп, бәрі тарихқа танылған үлкен бір далалық империяның құрамына енеді. Елді басқарудың жаңа жүйесі қалыптасады. Бұл жүйе елді үш әкімшілік аумақтық құрылымға бөліп басқару арқылы жүзеге асырылып, бар билік бір адамның чәниүйдің қолына көшеді.
Мөде қаған тұсында мемлекетті басқару жүйесінің шен дәрежесі де белгіленеді. Мемлекеттің шығыс бөлігін Сол тужи уаң, батыс бөлігін Оң тужи уаң басқарды. Қытайша аталған бұл лауазымдардың билік пәрмені кейінгі түркілердің «кіші хан» деген ұғымына келеді. Бұдан кейінгі лауазым иелерін Сол лули уаң, Оң лули уаң деп атайды. Бұлар кіші хандарға бағынышты азық-түлікке жауап беретін уәзірлер. Кезінде осы төрт лауазым иелерін топтастырып ортақ бір ақ атаумен чәниүйдің «төрт мүйізі» деп атаған. Мұның сыртында «түмен басы» деп аталатын 24 әкімшілік басшылары болған. Тәрізі қазақтың қария сөзінде жиі айтылатын «24 баулы ел» деген тіркес сол бір шалғай кез кезеңнен келе жатқан үрдіс болуы әбден мүмкін.
Мөденің реформасынан кейін мемлекетте әскери шен жүйесі де (бас қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы) бір қалыпқа түседі. ғұн империясы азаматтарының бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін әскери жаттығулардың жүйелі жүргізіліп тұруы ғұндардың тұрақты армиясы болғанын дәлелдейді. Оның саны бір деректе «300 000, екіншісінде 400 000 еді» деп көрсетіледі.
Ғұндардың ата-баба дәстүріне негізделген азаматтық, қылмыстық заң жүйесінің өмірге келуі де осы Мөде қағаннан басталады. Бірақ бұл заңдардан қытайдың байырғы жазбалары арқылы бізге жеткені 4-5 бап қана. Олар:
* Адамға пышақ, не қанжар салып, өлімші еткендер өлім жазасына кесіледі;
* Ұрлық жасаушының мал мүлкі түгел тәркіленеді;
* Жеңіл қылмыс жасағандардың беті тілінеді; (Қазақтың «бетің тіліңгір» деген қарғысы осы Мөде қаған заманынан бүгінге жеткен бір белгі болса керек)
* Ауыр қылмыс жасағандар өлім жазасына бұйырылады;
* Қылмыстыларды қамауға алып, жазасын беру он күннен әріге созылмайды. (Бірақ мемлекетте мұндай қамауға алынатын қылмыстылар онша көп болмаған)
Ғұндарға шын ниетімен беріліп, өлгенше чәниүй ордасында тұрып, адал қызмет атқарған қытай оқымыстысы Жүншин Иөннің айтуына қарағанда: «олардың заңдары орындауға жеңіл» көрінеді. Бұл, әрине, оның ғұн мемлекетінің заңын Хән патшалығының заңдарымен салыстырудан шығарған қорытындысы еді.
Ғұн империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған Мөде қаған ж.ж.с.д. 174 жылы қайтыс болғаннан кейін де, кезегімен билік басына келген оның ұрпақтары ол орнатқан ел басқару тәртібі мен заңдылықтарды қатаң сақтап, жарты әлемді жалпағынан басқан алып мемлекеттің үш ғасыр бойы өмір сүруін қамтамасыз ете алады.
Модэ(Мөде), Модэ тәңірқұт, Оғыз қаған (т.ж.б. – б.з.б. 174) – ғұндардың билеушісі. Б.з.б. 201 ж. Модэ Алтай өңірін түгелдей бағындырды. Б.з.б. 177 ж. Модэ юечжилерді, Шығыс Түркістанды, үйсіндерді өзінің қол астына қаратты.
## Тағы қараңыз
* Оғыз қаған
* Алтай
* Шығыс Түркістан
## Дереккөздер |
Әнуар Ғалимоллаұлы Сәйденов (19 қыркүйек 1960, Мәскеу) — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.
## Өмірбаяны
* Білімі — жоғары, экономика ғылымдарының кандидаты. Ағылшын тілін еркін меңгерген.
* 1982 ж. М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетін бітірген, «экономист, саяси экономия оқытушысы» мамандығын алған,
* 1987 ж. — М. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасының күндізгі бөлімін,
* 1994 ж. — Лондон Университетін бітірген, экономика, қаржы жөніндегі магистр дәрежесі берілген.
* М. Ломоносов атындағы ММУ-ды бітіргеннен кейін оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен шұғылданды.
* 1993 ж. қыркүйек — 1996 ж. тамыз аралығында Лондон қаласында (Ұлыбритания) Еуропалық Қайта құру және Даму Банкінде тағылымдамадан өтіп, консультант және арнайы қызметкер болып жұмыс істеді.
* 1996 ж. тамыз — 1998 ж. сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
* 1998 ж. сәуір — 2000 ж. тамыз аралығында: Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің атқарушы директоры, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің орынбасары болып жұмыс істеді.
* 2000 ж. тамызда «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Басқармасы Төрағасының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.
* 2000 ж. қазан — 2002 ж. қаңтар аралығында — «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ Басқармасының Төрағасы.
* 2002 ж. қаңтар — маусым аралығында «Қазақстан Халықтық Банкі» ААҚ-ның Директорлар кеңесінің Төрағасы.
* 2001 ж. маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Оның ҚРҰБ-дегі қызметінің негізгі саласы қаржылық қадағалау болды. Ә.Ғ. Сәйденов банктік және сақтандыруды қадағалау, бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелеріне жетекшілік етті.
* 2004 ж. қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы қызметін атқарады.
* 11 наурыз 2009 — БТА банк басқармасының төрағасы.
* 15 тамыз 2011 — БТА банк директорлар кеңесінің төрағасы.
## Марапаттары
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2006)
* «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалі (2008).
## Жеке мәліметтер
* Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.
## Жанұясы
* Әкесі - Ғалимолла Батырханұлы Сәйденов (1934-1998), техника ғылымдарының кандидаты, Жамбыл педагогикалық институтының ректоры болып қызмет атқарған.
* Анасы - Сәйденова Фируза Абдоллақызы (1938 ж. т.), зейнеткер.
* Жұбайы - Қалдыбаева Сәуле Оразбекқызы, экономист.
* Ұлы - Байтас (2005 ж. т.).
## Дереккөздер |
Мусин сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Аслан Есболайұлы Мусин – Қазақстан Республикасының мемлекеттік және саяси қайраткері.
* Әлихан Шөжебайұлы Мусин – кенші ғалым, техникалық ғылымдар докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері.
* Бағрам Мұсаұлы Мусин – ғалым-зоотехник. Ғылым кандидаты, Қаз КСР-інің еңбек сіңірген зоотехнигі.
* Баймолда Садыханұлы Мусин — журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген мөдениет қызметкері.
* Балдырған Серғазыұлы Мусин - Теміртау қаласы әкімі.
* Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин - қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
* Жағыпар Мұсаұлы Мусин - тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты.
* Жанайдар Баймырзаұлы Мусин – жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
* Қапан Әубәкірұлы Мусин – композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
* Қобланды Нұрғалиұлы Мусин - География ғылымдарының кандидаты.
* Қорған Нұрханұлы Мусин Қазақ КСР селолық құрылыс министрі, 8-9-10 сайл. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесідепутаты.
* Құламерген Сыздықұлы Мусин – педагогика ғылымдарының докторы.
* Меңғали Шаймарданұлы Мусин - журналист, жазушы-өлкетанушы.
* Нұрхан Мусин – кеңес әскери қайраткері, азамат соғысына қатысушы.
* Олег Владимирович Мусин — қазақстандық және ресейлік футболшы, қорғаушы.
* Ринат Ильтайұлы Мусин - Мемлекеттік классикалық би ансамблінің балет әртісі.
* Чапай Ғабдығалиұлы Мусин – тарих ғылымдарының докторы, профессор.
* Шайхыслям Серікжанұлы Мусин – ауыл шаруашылығы жұмысын ұйымдастырушы, Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның еңбек сіңірген зоотехнигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері.
* Шахан Әлімханұлы Мусин – актер, Қазақстанның халық артисі. |
Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қаланың негізі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған.
Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4 мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқы - 333 112 адам (2019ж.). Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 %-ын құрайды), оның 2476 –сы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Өскемен қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
## Қысқаша сипаттама
Өскемен Қазақстанның шығыс бөлігінде Ертіс пен Үлбі өзендерінің сағасында орналасқан, көлемі 54,4мың га жерді алып жатыр. Табиғаты континенталды. Қала халқын 320,2 мың адам құрайды. Қазіргі күні Өскеменде 76,8 мың зейнеткер (жалпы санының 23,9 % құрайды), оның 2476 –ы Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар.
Қазіргі Өскемен Қазақстандағы түсті металдар орталығының бірінен саналады. Аймақтың жетекші салалары – түсті металдар өндіру, машина жасау. Өскемен қаласы бойынша 6072 шаруашылық субьектісі, 143 акционерлік қоғам, 2335 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 48 шаруа қожалығы, 1333 сауда кәсіпорны тіркелген. Өскемен қаласының ірі және орта кәсіпорындары мен ұйымдарына 78,7 мың адам еңбекке тартылған, оның ішінде 31,4 мың адам өндіріс сферасында, 5,8 мың адам - құрлыста, 16,1 мың. адам – білім мен денсаулық сақтау саласында, 9,7 мың. адам саудада, 10,3 мың адам – көлік пен байланыс саласында т.б. еңбек етеді.
17,7 мың. адам шағын және орта бизнеске қамтылған.Шығыс Қазақстан облысындағы байланыс автомобиль, теміржол, өзен және әуе жолдары арқылы жүзеге асырылады.Көлік желісі автомобиль жолдарына негізделген.Қала аумағында 631 орындық 10 қонақжай, 63 мектеп (52- мемлекеттік түрдегі және 11- жеке), олар 47,1 мың оқушыны қамтиды, 14 жоғары оқу орны (17,1 мың студент), 11 орта оқу орындары (6,3 мың оқушы), 7 кәсіби-техникалық мектеп (3,4 мың оқушы), 26 мектепке дейінгі балалар мекемелері және 29 мәдениет мекемелері бар.
Өскемен қаласы – егемендік алған Қазақстанның көрікті қалаларының бірі. Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 25 депутат бар. Сот билігін Өскемен қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
## Қаланың құрылу тарихы
XVII ғасырда орыс үкіметі Ертіс өзенінің бойымен жоғары өрлеу үшін бірнеше қадамдар жасады. Бұл ұмтылыстың бірнеше себептері бар:
* а) Ресейдің шығыс шекараларын қамтамасыз ету;
* б) шығыс елдерімен сауда байланысын кеңейту;
* в) Алтайдың байлығына ие болу.
Бекіністі Үлбінің Ертіс өзеніне құяр жерінен салу жоспарланды. Отрядтың командирі гвардия майоры Иван Михайлович Лихарев император Петр I «рапорт» жазды. 1720 жылғы 12-17 тамыз күндері қамалдың құрылысы басталды. И.М. Лихарев подполковник Ступиннің басқаруымен 363 адамнан тұратын гарнизон қалдырды. Құрылысқа инженер Летранже жетекшілік етті.
Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болып, одан станица атанды. Станица 1804 жылдан қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. Қалада сауда, ауылшаруашылығы өнімдерін өңдейтін өндіріс орындары дами бастады, айлақ (пристань) құрылысы басталды. Кейіннен жеңіл өнеркәсіп, теміржол құрылысы салына бастады. Ұлы Отан соғысы жылдары ауыр өнеркәсіп дамыды.
### Оқиғалар жылнамасы
Өскемен бекінісінің салынуы жөніндегі жазбаша мәліметтерді боярин Федор Байков қалдырған еді.
1714 ж.- І Петрге сібір губернаторы М.Гагарин Иркеть өзенінің жағасында “алтын құмдар” бар екендігін айтады.
1715 ж. Шілде – Тобылдан шыққан И.Бухгольц отряды Ертісті бойлай жүзеді. Жуық арада Ямышев бекінісі салынады.
1719 жылы І Петр Яркенд алтынын іздеуге және сібір губернаторы Матвей Гагариннің озбырлық қылықтарын әшкерелеу үшін жаңа отряд жібереді.
1720 жылдың мамыр айында И.М. Лихаревтің экспедициясы Ертіс бойымен Зайсан көліне қарай бойлай жүзеді. Үлбінің Ертіске құяр сағасынан жаңа - Өскемен бекінісінің негізі қаланады. Ресей империясының картасынан Өскемен қамалы орын алады.
1882-1885 ж.ж. – Покров шіркеуі салынды.
1902 ж. Мариин әйелдер училищесі тұрғызылды. Педагогикалық курс тыңдуашылары Халыққа білім беру қоғамының қаржысына оқыды.
1912 ж. “Эхо” синематографы ашылды, ол кейіннен “Октябрь” кинотеатры аталды.
1917 жылдың қазан-қараша айларында Өскеменде большевиктік ұйымдар құрылды. Большевиктер өз совдептерін құрды. Оған жиырма төрт жастағы майдангер Яков Васильевич Ушанов жетекшілік жасады.
1918 жылдың 14 наурызы күні билік большевиктік совдеп қолына көшті.
1918 ж.- “ Усть-Каменогорская жизнь” газеті шықты.
1919 жылдыңжазында Өскемен абақтысында колчактардың қамауындағы қызылдардың көтерілісі болды.Н.Тимофеев пен С.Гончаренко ғана тірі қалды.
1919 жылдың күз айында жергілікті партизан отрядтары бірікті. Бірінші Алтай Қызыл қырандарының полкы құрылды. Полк командирі болып коммунист Никита Иванович Тимофеев тағайындалды.
1920 жылдың бас кезеңінде Кенді Алтайда Кеңес үкіметі орнады.
1920 жылдың 4 сәуір күні Халық Үйінде Өскемен қаласының жастары жиналды. Бұл Өскемендік комсомолдардың бірінші жиыны еді.
1924 ж.- Бірінші телефон желісі Қалалық комиссариат пен қалалық Кеңес арасына тартылды.
1925 ж.- Б-4 типті бірінші радиоқабылдағыш құрылды.
1930 ж., қазан – Семей қаласынан әкелінген құрал-жабдықтар негізінде Қалалық телефон станциясы ұйымдастырылды. Бұл құрал-жабдықтар нөмір қоятын құралдан және 20 телефон аппаратынан тұрды.
1931 жылы Рубцовка-Риддер темір-жолының құрылысы басталды. 1938 жылы бұл жол Кенді Алтайды Транссібір және Орта Азия магистралдарымен байланыстырды.
1934 ж. – астық жинау науқанына орай республикамызға Сергей Киров келді. Ол үш күн Шығыс Қазақстанда болды. Осыған орай Большая көшесіне Киров есімі берілді. 1934 жылы Киров сөз сөйлеген көне ғимарат (бұрынғы облыстық Атқару комитеті) қазір тарихи ескерткіш болып саналады.
1935 ж.- облысты аудандармен байланыстрып тұрған әуе жолы ашылды.
1936 ж.- Атеистік саяси көзқарастың әсерімен Покров храмы құлатылды.
Пожарный деп аталатын қалтарма көшеге Максим Горький есімі берілді.
1939 ж.- Өскемен қаласы Шығыс Қазақстан облысының орталығы болды.
Өскемен су-электр станциясының құрылысы басталды.
1941 жылдың 8 мамыры күні жол құрлысының екінші кезеңі басталды. Жол құрлысына соғыстың кедергісі көп болды, бірақ, құрлыс жалғаса берді және соғыстың бірінші жылы аяқталды.
1942 ж.- Мыс өндіретін электролит зауытының құрылысы басталды.
1947 ж., қыркүйек – Мыс зауыты алғашқы металл өнімін берді.
1949 ж.- Қазан айында Үлбі металлургия зауыты өз өнімдерін шығара бастады.
1950 ж.- Металл кадмииін өндіру игерілді.
1950 жыл – түсті металдар ғылыми- зерттеу институтының Алтай филиалы құрылды - “Гинцветмет”- “ Алтайцветмет”. 1955 жылы Түсті металдардың Бүкілодақтық тау-кен институты деп қайта өзгертілді.( ВНИИцветмет)
1951 жыл- Өскемен қалалық пионерлер үйі облыстық деп өзгертілді.
1951 ж. Өскемен мыс зауыты қорғасын-мырыш зауыты деп қайта аталды.
1952 ж, маусым- Қорғасын зауыты алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарынан орын алды.
1952 ж. 20 желтоқсан – ГЭС тұңғыш өндірістік ток қуатын берді.
1953 ж. 3 маусым- Өскемен су-электр станциясының тұңғыш шлюзы пайдалануға берілді.
Маусым айында конденсатор зауытының құрлысы басталды.
1954 ж. қаңтар айында Защита-Зырян темір жолы пайдалануға ұсынылды.
1955 ж. маусым. Жаңа мыс зауыты іске қосылды. Өндіріске бүкіләлемдік стандартқа сәйкес метал өндіруге лайықты жаңа технология енгізілді.
1956 ж., 19 маусым - Өскемен жиһаз фабрикасы бірінші өнімін берді.
1957 ж, 30 сәуір - Өскеменде Металлургтердің мәдениет сарайы ашылды.
1958 ж., 15 наурыз - Өскемен телеорталығы тұңғыш теле хабар ұйымдастырды, осыдан кейін телехабарлар үздіксіз жалғасын тапты.
1958 ж., қазан- Өскемен құрлыс- жол институты ашылды.
1958 ж. 6 қараша - алаңда В.И.Ленинге ескерткіш тұрғызылды.
1958 жылы Шығыс машина жасау зауытында болат қорытылды.
1959 ж., сәуір - Өскемен конденсатор зауыты алғашқы өнімін берді. ( 62 конденсатор шығарылды.)
1959 жылдың аяғында өскемендік құрылысшылар қала халқына Байланыс Үйін сыйға тартты.
1961 ж., 16 қазан Өскемен аспаптар зауыты тұңғыш өнімін шығарды.
1962 ж., 11 тамыз - Өскемен Орталық мәдениет Үйі ашылды.
1962 ж., 10 қазан- Өскемен титан-магний комбинаты тұңғыш өнімін берді.
1963 ж., 3 наурыз - Өскемен титан-магний комбинатының тәжірибе цехы титан губкасын өндірді.
1965 ж., 27 наурыз - Өскемен титан –магний комбинаты толық пайдалануға ұсынылды.
1965 ж., 12 қазан - Өскемен аэропортына Өскемен-Алматы авиарейсін орындаған АН-24 лайнері қондырылды.
1965 ж., 6 қараша – “Юбилейный” кинотеатры ашылды.
1968 ж., қаңтар. - Өскемен қаласында керамзит зауытының құрлысы басталды.
1969 ж., 22 наурыз- Өскеменде Спорт сарайы ашылды. (5100 орын)
1970 ж., қаңтар – Шығысқазақстандықтардың Мәскеу, Алматы телехабарларын көруіне арналған магистралдық байланыс желісі пайдалануға берілді.
1970 ж., 9 тамыз - Өскеменде Ертіс арқылы өтетін көпір пайдалануға берілді.
1970., қазан - “Өскемен” қонақүйі пайдалануға берілді.
1970., шілде - Өскемен жібек-маталар фабрикасының негізі қаланды.
1973., сәуір - Өскеменде екі аудан құрылды: Үлбі және Октябрь аудандары.
1974 ж., қараша – Жаңа Согра поселкесінде бақша өнімдерін өндіретін арнаулы КОКП ХХІІІ сьезі атындағы совхоз құрылды.
1975., 7 мамыр - Өскемен қаласының Ертіс жағалауында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға ескерткіш қойылды.
1975., қыркүйек - Өскемен мәдени-ағарту училищесі ашылды.
1979ж., желтоқсан – Жібек –маталар комбинатының 500 тігін станогынан тұратын құрылысының үшінші кезеңі басталды.
1980 ж., мамыр – Шығыс Қазақстан аумағында қорықтар туралы шешім қабылданды: оған Күршім, Тарбағатай, Марқакөл, “ Рахман көлі” қорықтары енді.
1981., қараша – О.Бөкеевтің “ Ән салады шағылдар” кітабы жарыққа шықты.
1982 ж., тамыз - Өскемен қаласында Қазақстан композиторларының әндеріне арналған фестиваль өтті.
1986 ж., -Малеев кені пайдалануға берілді.
1987 ж., желтоқсан – қатты аязда Үлбі көпірі істен шықты.
1989 ж., облыстық типография құрылысы аяқталды.
1990 ж., 14 маусым.- Зайсан ауданында 9 баллдық күшті жер сілкінісі болды.
1990ж., 12 қыркүйек- Үлбі металлургия зауытының бериллий өндірісінде жарылыс болды.
1992.ү қаңтар - Қалпына келтірілген Троицк Храмына “Христос Вседержитель” иконы қайтарылды.
1994 ж.,- қаңтар - Өскемен қаласындағы тұңғыш жекешелендірілген жоғары оқу орны Шығыс Гуманитарлық институтының негізі қаланды.
1996 ж., қаңтар – 70 жылдан кейін Троицк Храмы қызметін бастады.
1997., мамыр – Шығыс Қазақстан және Семей облыстары біріктірілді. Қыркүйек айында Краснооктябрьск көшесіне жазушы Мұхтар Әуезовтың есімі берілді. Қазір М.Әуезов даңғылы деп аталады.
1998 ж., 25 қазан – Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпір пайдалануға берілді.
1999 ж., Қазақстан хоккей құрамасы қысқы Азия ойындарының чемпионы болды.
## Халық саны
Өскемен қаласы халқының саны
## Өскеменнің рәміздері
### Өскемен қаласының туы:
Ту Өскемен қаласының елтаңбасы бейнеленген ортасынан шетіне қарай ығысқан ағаштан тұратын тіктөртбұрышты, ақ түсті мата болып табылады.Ағаштың ұлттық оюмен өрнектелген жолағы бар. Матаның қарама-қарсы жақтарында тілше жасайтын екі диагональді жолақтар бірігеді, бұл Үлбі және Ертіс өзендерінің қосылуын көрсетеді.Мемлекеттік ту көгілдір түсті, ою және диагоналды жолақтар қаланың өлкелік тиістілігін бейнелейді.Түстердің (ақ, көгілдір, елтаңбаның көптүрлігі) тіркесімі тазалықты, байлықты, өркендеуді білдіреді. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы 1:2
### Өскемен қаласының елтаңбасы:
Елтаңбаның негізінде – араларында су кеңістіктері бар тау шыңдары бейнеленген классикалық түрдегі қалқан. Ол жасыл жағалаулармен жиектелген Үлбі және Ертіс өзендерін бейнелейді.
Елтаңбаның жоғарғы бөлігінде – қаланың аталуы, төменгі бөлігінде қамалдың орналақан жылы жазылған лентамен оралған күзеттік мұнара. Елтаңбаның түсі: сары – байлық пен күшті, көк – сұлулық пен ұлылықты,жасыл – табиғи байлықты білдіреді. Елтаңбаның ені мен ұзындығының қатынасы 4:3
### Гимні
Жаса, Өскемен!
Сөзін жазғандар: В. Юркина, С. Апасова Әнін жазған: С. Апасова
1. В самом сердце Рудного Алтая
Над рекой, у каменных высот
Ты стоишь как крепость вековая
Мира и спокойствия оплот.
Подружились Левый с Правым
Две судьбы в одну объединив,
Всем народом трудовым и славным
Крепость в город-сказку превратив!
ПРИПЕВ: Славься, Усть-Каменогорск!
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
2. Твой металл известен всей планете???
В Атомпроме нет тебя сильней,
Здесь в хоккей играют наши дети,
В Высшей Лиге знают твой хоккей!
Жасай бер қиындық көрместен,
Әр күнi дәулетiң өрлеткен.
Жасай бер жылдармен жасарып,
Ұл-қызың бесiктей тербет сен.
ПРИПЕВ: Жаса, Өскемен, Жаса!
Әсем әнмен, әсем жырмен өрiлiп.
Мақтанамыз өзiңмен
Сүйемiз сенi
Оттай ыстық сезiмменен.
Славься, Усть-Каменогорск
Встанем рядом и споем друг-другу:
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
"Мы тобой гордимся, Усть-Каменогорск,
Город казахстанских металлургов!"
Город казахстанских металлург
## Экология
Бүгінгі күні экология мәселесі Өскемен қаласы үшін ең өзектілердің бірі болып табылады, өйткені Өскемен қаласы бірегей урбанизацияланған жүйені көрсететін Қазақстанның өте ірі өнеркәсіптік орталықтарының бірі болып табылады.
Қалада қалыптасқан экологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы билікпен экология мәселелеріне және қоршаған табиғат ортасын жақсарту мен тұрақтандыруға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуына көп көңіл бөлінеді, олар облыстық және жергілікті бюджет есебі қаражатындағыдай, табиғат пайдаланушы кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен де жоспарлануда және жүзеге асырылуда.
«2008-2010 жылдарға арналған ШҚО қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасының аясында Өскемен қаласына шарт бойынша жос-парға сәйкес 2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан 54,6 млн теңге бөлінді, олар жыл қорытындысы бойынша 100 % мөлшерінде игерілді.
2010 жылға арналған шарт бойынша нақтыланған жоспарға сәйкес Өскемен қаласын көріктендіру бойынша табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12,1 млн теңге бөлінді, олар 100 % мөлшерінде игерілді.
Өскемен қаласының табиғатты пайдаланушы – ірі кәсіпорындарымен («Қазмырыш» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ, «ТМК» АҚ, «Өскемен ЖЭО» және «Согралық ЖЭО» ЖШС) 2010 жылы жоспарланған табиғатты қорғау іс-шаралары жыл қорытындысы бойынша жоспарланғанның 108 % игерілді.
Өскемен қаласы әкімінің төрағалығымен экология мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылды, оның құрамына облыс жұртшылығы Кеңесінің сараптамалық комиссия өкілдері кіреді. 2010 жылы жұмыс тобының 12 отырысы өткізіліп, оның жұмыс барысында қала үшін бірінші кезектегі келесі экологиялық мәселелер зерделеніп, қарастырылды:
1. 2005-2009 жылдар аралығындағы қала атмосферасының ластануына талдау жүргізілді;
2. Қаланың орталық бөлігінде көлік құралдарын доғаруды шектеу арқылы қаланың орталық көшелері босатылды және светофорлар жұмысының мерзімділігі реттелді;
3. Қаланың жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындарының жылжы-малы құрамы шығындылар нормасына сәйкес тексерілді;
4. Су деңгейінің төмендегені үшін Ертіс алабын егжей-тегжейлі зерделеу бойынша жұмыс жүргізілді, оның қорытындысында Ертіс алабы су деңгейінің төмендеуі табиғатты-климаттық өзгерістерге байланысты болатындығы анықталды;
5. Атмосфера ауасының ахуалын мониторингтеу, зиянды заттарды бейтараптау және су ағысын тазалау бойынша басқа елдердің тәжірибесі зерделенді және оларды Өскемен қаласына енгізу мүмкіндіктері қарастырылды.
Климаты шұғыл континенталдық. Қаңтардағы орташа температура -17 тен -26 градусқа, шілде айында +19,6 тен +23 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райының абсалюттік көрсеткіші қыста -55, жазда +41 градус. Жауын шашынның түсу мөлшері әркелкі, негізінен жылына 1000мм.2004 жылдың 1-қазанына дейінгі мәлмет бойынша қала халқының саны 302,9 мың адам, соның ішінде 292,2 мыңы қала, 10,7 мыңы ауыл тұрғындары. Қала территориясына Меновной ауылдық округына кіретін Ахмер, Жаңа Ахмер, Ново-Явленка, Самсоновка, Меновной, Ново-Троицк, Прудхоз ауылдары қосылған.Жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттік және атқару органдары арқылы жүргізіледі. Атқару билігін қала әкімі жүзеге асырады. Жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылай негізін қалалық коммуналдық меншік құзырындағы жергілікті бюджет пен мүлік құрайды. Экономикалық құрылымда өнеркәсіп 57%, сауда 29%, құрлыс 10%, көлік және байланыс 2%, ауыл шаруашылығы 1% алады.
Өскемен қаласының облыстық жалпы ішкі өнімдегі үлесі өнеркәсіпте 49,7%, негізгі капиталға инвестиция салуда 46,2%, жолаушыларды тасымалдауда 50,4%, сыртқы сауда айналымында 72,1%, саудада 51,7% ауыл шаруашылығында 1,2% құрайды.
## Өскемен қаласының құрметті азаматтары
Славский Ефим Павлович, 1898ж.т., Бірінші атты әскер армиясының комиссары болған. Мәскеу түсті металдар институтын бітіргеннен кейін Орджоникидзе қаласында “ Электроцинк” зауытының директоры қызметін атқарған. Славский Е.Ф. машинажасау министрі кезінде Өскемен қаласын дамытуға еңбек сіңірді..
Протозанов Александр Константинович, 1915 ж.т. 1969-1984 жылдар аралығында Шығыс –Қазақстан обкомының бірінші хатшысы болған. Осы жылдары Жаңа Сограда теплица, сол сияқты, құс фабрикасы, кинотетрлар, мәдениет үйлері тұрғызылды..
Чистяков Михаил Иванович (1917-2006) — майдангер, ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі.
Күленов Ахат Сәлемхатұлы (1932-2007) — УК СЦК” АҚ бұрынғы президенті. Оның бастамасымен комбинатта алтын және күміс өндірілді. Ахат Сәлемхатович Ертістің сол жағалауына тұрғын –үй коттедждері құрылысын ұйымдастырды, халықтың айтуынша Куленов немесе Металлургтер поселкасы деп аталады.
Иванов Анатолий Степанович, 1928., жазушы, “Повитель”, “Тени исчезают в полдень”, “ Вечный зов” романдарының авторы.
Баталов Юрий Васильевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс –Қазақстан техникалық университетінің ректоры. Ю. В.Баталовтың тұсында Өскемен құрлыс-жол институты Қазақстанның ең ірі оқу орнының біріне айналды.
Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы, (1937 ж.т.), С. Аманжолов атындағы Қазақстан университетінің ректоры. Ережеп Әлхайырұлының ұйымдастыруымен бұл оқу орны Қазақстанда бірінші болып классикалық университет статусын алды.
Шаяхметов Бағдат Мұхаметұлы (1946-2013) — қарапайым жұмысшыдан Өскемен титан-магний комбинатының директорлығына дейінгі жолдан өтті. Комбинатты 90-жылдардағы экономикалық қысымнан шығарды.
Плахута Алексей Егорович, 1936 ж.т., Ертіс құрлыс басқармасын басқарған. Оның басшылығымен Өскеменде Спорт сарайы, Орталық Мәдениет үйі, Ертіс жағалауы мен Қызыл қырандар жағалауы, алты мектеп, балалар бақшасы, училищелер, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш тұрғызылды.
Коротина Мария Ивановна, 1927ж.т., бас хирург, жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары . Мария Ивановна өз өмірін денсаулық сақтау ісіне арнаған жан.
## Өнеркәсіп
Қаланың экономикалық ахуалы соғы жылдары тұрақты даму үстінде. Оған жылдан-жылға өсіп келе жатқан өнеркәсіп көрсеткіштері ықпал етіп отыр (2000ж – 12,2%, 2001ж - 116,3%, 2002ж - 102,3%, 2003ж - 105,8%, 2004ж – 105,9%). Экономиканың басты тұтқасы түсті металургия. Бұл сала обылыс, сол секілді қала экономиасының барометрі болып табылады. Қала өнеркәсібі жалпы республика шеңберінде танымал кәсіпорындармен атақты, олар "Үлбі металургиялық зауыты" АҚ, "Қазмырыш" ҰҚ, "Өскемен титан-магний зауыты" АҚ және т.б.
Машина жасау кешенінде «Шығысмашзауыт» АҚ, «Азия Авто» АҚ, "Өскемен арматура заводы" АҚ, "Өскемен конденсатор заводы" АҚ басқа да кәсіпорындаржұмыс істеп, негізінен тау кен және өңдеу жабдықтарын, мұнай-газ құбыры арматурасы, автомобиль, конденсатор жасаумен айналысады.Қалада ірі тамақ өнеркәсіптері де орналасқан, атап айтсақ: "Май" ААҚ, "Эмиль" ЖШС, "Үлбі-Комплекс" ЖШС, "Әділ" ААҚ. Өндіріс орындары ет және сүт өңдеу, өсімдік және сары май, кондитер, ликер өнімдерін және т.б. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге бағытталған.
## Мәдениет
### Музей
* Облыстық жергілікті тарих мұражайы
* Шығыс – Қазақстан Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорығы
* Шығыс Қазақстан өнер мұражайы
### Кітапханалар
* А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана
* Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»
* Шығыс Қазақстан Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
* Шығыс Қазақстандағы республикалық ғылыми-техникалық кітапхана филиалы
* Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы (ШҚО-да жалғыз)
## Театрлар мен залдар
* Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстандық драма театры
* Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы
* Облыстық халықтар достығы үйі
* Металлургтер мәдениет сарайы
* Борис Александров атындағы спорт сарайы
### Кинотеатрлар
* Юбилейный — 6 кинозал
* Hollywood — 2 кинозал
* ЭХО — 3 кинозал
* 5D кинотеатры
## Діни ғимараттар
## Өскеменнің діні
2017 жылға қалада 28 діни бірлестік жұмыс істейді. Оның ішінде: бес мешіт; Православие приходтары – 7; Протестанттық бірлестіктер – 13; Рим-католик шіркеуі «Қасиетті Розаридің Әулие Мария Мәриям»; Өскемендегі Кришна санасы қоғамы; ШҚО еврей қауымы.
Жоғарыда аталған діни бірлестіктерде 25 ғибадат орны бар.
## Бұқаралық ақпарат құралдары
### Телеарналар
* «Алтай» телеарнасы
* «Атамекен» телеарнасы
### Радиостанция
* «Радио NS» — 107.0 МГц
* «Русское радио» — 100.5 МГц
* «Еуропа Плюс Қазақстан» — 101.8 МГц
* «TENGRI FM» — 103.5 МГц
* «Radio MIX» — 107.9 МГц
* «Авторадио Қазақстан» — 104.7 МГц
* «Gakku FM» — 106.0 МГц
* «Радио Дача» — 102.3 МГц
* «Қазақ радиосы» — 104.0 МГц
* «Шалқар радиосы» — 105.6 МГц
### Газеттер
* «Устинка плюс» апталық ақпараттық газеті
* «Менің қалам» апталық газеті
* «Рудный Алтай» әлеуметтік-саяси апталығы
* «Дидар» саяси апталығы
* «7 күн» облыстық газеті
* «Заң» заң туралы газет
* «Өскемен жылжымайтын мүлік» газеті
* «Flash» газеті
* «Стимул» газеті
* «Моя усадьба» газеті
* «Регион-Press» газеті
* «Вестник компании» газеті
* «Из рук в руки» жеке хабарландырулар газеті
* «1000 объявлений» жеке хабарландырулар газеті
* «Всё для вас» жеке хабарландырулар газеті
* «Авто Инфо» жарнамалық және ақпараттық газеті
* «Реклам» газеті
## Білім мен ғылым
2017 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша қалада 44 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және 48 мектеп жұмыс істеді (оның ішінде 2 жеке).
### Орта кәсіптік білім беру
* С. Аманжолов ат. ШҚУ Жоғарғы колледжі
* Д. Серікбаев ат. ШҚТУ Жоғарғы техникалық колледжі
* Шығыс Қазақстан менеджмент пен технология колледжі
* Өскемен медициналық колледжі
* Техника-экономикалық колледжі
* Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжі
* Шығыс Қазақстан заң колледжі
* Шығыс Қазақстан техника-экономикалық колледжі
* Шығыс техникалық гуманитарлық колледжі (ШТГК)
* Өскемен құрылыс колледжі
* Өскемен техникалық колледжі
* Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі
* Қазақстан-Корей «Квансон» колледжі
* Көлік және өмір қауіпсіздігі колледжі
* Кәсіптік оқыту және сервис колледжі
* Стоматологиялық колледж
* Бизнес пен құқық колледжі
* Абдуллин бауырларының атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі
* ҚАЕУ колледжі
* Өскемен политехникaлық колледжі
### Жоғарғы оқу орындары
* Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті
* Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті
* Қазақстан-Американдық еркін университеті (ҚАЕУ)
* Шығыс Қазақстан аймақтық университеті (ШҚАУ)
* Алматы Экономика және Статистика Академиясы (АЭСА)
* филиалдар:Өскемендегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті филиалыӨскемен филиалы «Ақпараттық технологиялар» жеке мекемесі
* Өскемендегі Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті филиалы
* Өскемен филиалы «Ақпараттық технологиялар» жеке мекемесі
Қалада КСРО министірлігінің Кеңесімен шешімімен Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және тау-кен металлургия институты ретінде құрылған 1950 жылдан бастап Шығыс ғылыми-зерттеу тау-кен-металлургия түсті металдар институты жұмыс істейді.
## Өскемен мәдениетте
Қала Николай Ановтың «Пропавший брат» және «Огни на Иртыше» кітаптарында, Николай Чекменёвтың «Семиречье» романында, «Охотники за бриллиантами» телесериалда, «Экипаж» и «Тағдыр тәлкегі» фильмінде айтылады. Павел Васильевтің «Серафим Дагеев қаласы» және Михаил Чистяковтың «Усть-Камень» өлеңдері Өскеменге арналған. Виктор Дьяковтың «Дорога в никуда» романында, «Путешествие на Бухтарму» әңгімеде кездеседі.
## Қала басшылары
### Әкімдер
* Николай Тимофеевич Носиков (1992 — 1995)
* Юрий Анатольевич Кудинов (1995 — 1997)
* Александр Александрович Лукин (саясаткер) (16 мамыр 1997 — 1999)
* Вера Николаевна Сухорукова (қыркүйек 1999 — қаңтар 2003)
* Александр Васильевич Гречухин (қаңтар 2003 — қаңтар 2004)
* Амангелді Қажібайұлы Қажібаев (15 қаңтар 2004 — қаңтар 2005)
* Мағзам Тоғжанұлы Баяндаров (қаңтар 2005 — 30 мамыр 2005)
* Александр Михайлович Быстров (30.05.2005 — 2006)
* Манарбек Қадылғұмарұлы Сапарғалиев (14.09.2006 — 2007)
* Шәкәрім Сабырұлы Бұқтығұтов (наурыз 2007 — тамыз 2008)
* Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов (тамыз 2008 — 2009)
* Ислам Әлмаханұлы Әбішев (наурыз 2009 — ақпан 2012)
* Серік Шәуенұлы Тәукебаев (3 ақпан 2012 — 25 мамыр 2013)
* Темірбек Жұмақұлұлы Қасымжанов (25 мамыр 2013 — 20 сәуір 2016)
* Ерлан Қапарұлы Аймұқашев (20 сәуір 2016 — 3 мамыр 2017)
* Қуат Мұхитұлы Тұмабаев (30 мамыр 2017 — 16 тамыз 2018)
* Жақсылық Мұқашұлы Омар (20 тамыз 2018 — бүгінгі күндері)
## Туыстас қалалар
* Каннын, Оңтүстік Корея — 2011 жылдан бастап.
* Бурса, Түркия — 2011 жылдан бастап.
* Бобруйск, Беларусь.
* Йокнеам-Илит, Израиль — 2012 жылдан бастап.
* Барнауыл, Ресей — 2012 жылдан бастап.
* Өлке, Моңғолия — 2018 жыл 1 ақпаннан бастап.
## Суреттер
## Дереккөздер |
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Шаншар бөлімінен шыққан.
Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-губернаторы генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек келтіреді: "Тәттімбет — ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды.
Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған » (ООМА, 3-қор, 3-тізім, 3902 -іс). Тәттімбет Ресей патшасы II Александр-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошқары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған.
Оның өнеріне Біржан сал:
«Тәттімбет — ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», — деп сүйсінеді.
Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар.
Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.
1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальді Егіндібұлақ ауданы “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған.
Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. Мансұр Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды.
Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қаласындағы музыкалық училище Тәттімбеттің есімімен, ал Ақтоғай ауданындағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, археолог А.П. Малков) қойылды. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Тәттімбет күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді.
## Шығармашылығы
Тәттімбеттің кең таралған күйлерінің кейбіреулері:
### Сары жайлау
Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.
### Былқылдақ
Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр.
### Көкей кесті
Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі.
### Сылқылдақ
Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Тәттімбет лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады.
### Қосбасар
Тәттімбеттің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Тәттімбет “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді.
### Бес төре
Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Тәттімбет қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығармалық туындысы арқылы әлеуметтік бағытын аңғартады.
Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар.
## Дереккөздер |
Әбдірәхім Шаңбаев (ٵبدﯨﺮاﺣﯩﻢ شاﯕﺒﺎﻳﻪﯙ) — көрнекті ақын, журналист (1930-1985).
## Өмірбаяны
1930 ж. Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданындағы Абдыра деген жерде малшы отбасында дүниеге келген.
1937 ж. әкесі оны жаңаша бастауыш мектепке беріп, 1946 ж. дейін орталық мектепте оқыды.
1948 ж. бастап қоғамдық қызметтерге араласады.
1953 ж. Қытай коммунистік партиясына мүше болады.
Қоғам табалдырығын аттағаннан кейін Әбең оқу-ағарту шебінде және басқа да қоғамдық қызметтерде болады.
1955 ж. «Шинжяң газетіне» орналасады.
Онан кейін соң «Іле газеті» қазақ редакциясында тілші, редактор, редакция бөлімінің орынбасар бастығы болып өмірінің соңына дейін қызмет істеп келді.
1979 ж. Қытай жазушылар одағы Шинжяң бөлімшесінің мүшелігіне қабылданды.
Соңғы тыныша дейін ақпарат саласы мен әдебиет бау-бақшасына адал терін аямай төккен ақын ұзақ аурудан айыға алмай
1985 ж. 23 мамыр күні Құлжа қаласында қайтыс болды.
## Шығармалары |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.
Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылғы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
## Мәтін
Қазақстанның бейресми әнұраны атанған Шәмші Қалдаяқовтың "Менің Қазақстаным" әнінің мәтіні аз кем өзгертілді. Мәтін авторы ретінде Н.Назарбаев өз ұсыныстарын енгізді. Ол алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімі кезінде орындалды.
## Тарихы
### Қазақ КСР әнұраны
1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді..
### 1992-2006 жылдардағы Қазақстан Республикасының әнұраны
Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтардың бірнеше ұрпақтарының көпғасырлық арманы - азаттық пен зайырлылықты бейнелейтін жаңа әнұранын әзірлеу қажеттігі туындады.
Соған байланысты 1992 жылы республика әнұранының мәтіні мен әніне конкурс жарияланды. Комиссия іріктеуіне барлығы 750 жоба келіп түсті. Конкурста төрт ақынның: Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза Әлі, Тұманбай Молдағалиев және ақын Жадыра Дәрібаеваның бірлесіп жазған мәтіні жеңіске жетті. Әнұран әні сол күйінде қалдырылды, алғашқы авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди еді.
2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан елтаңбасы
* Қазақстан туы
## Дереккөздер |
Даниал Кенжетайұлы Ахметов (15 маусым 1954 жыл, Павлодар) — қазақстандық саясаткер, Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ұзақ қызмет еткен әкім (2014–2023), экономика ғылымдарының докторы (2003).
Бұрын Ахметов Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы (1992–1993), Павлодар облысының әкімі (1993–1997), Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (1997–1999), премьер-министр орынбасары (1999–2001), Павлодар облысының әкімі (2001–2003), елдің премьер-министрі (2003–2007) және Қорғаныс министрі (2007–2009) болған.
Ахметов әкімдігі кезіндегі непотизм және нашар қызметі үшін Қазақстан саясатында даулы тұлғаға айналды.
## Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қанжығалы руынан шыққан. 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
Экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының академигі. «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған.
* 1954 жылы 15 маусымда Павлодарда дүниеге келген.
* 1976 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
* 1976–1981 ж. — «Павлодар тұрғын үй құрылыс» тресінде мастер, аға прораб.
* 1981–1983 ж. — Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы.
* 1983–1987 ж. — «Екібастұз шахта құрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы.
* 1987–1991 ж. — Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
* 1992 ж. бастап — Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
* 1993–1997 ж. — Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.
* 1997–99 жж. аралығында — Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.
* 1999 ж. қазанынан бастап — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
* 2001 ж. қарашасынан бастап — Павлодар облысының әкімі болды.
* 2003 жылдың маусымынан бастап — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.
* 2003 ж. Мәскеуде «Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.
* Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұз шахта құрылыс» тресінің жетекшісі, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұз энерго тұрғын үй өндіріс құрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.
* 2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.
* 2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.
* 2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО облысының әкімі қызметіне тағайындалды.
* 2019 жылғы 17 маусымда — Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып қайта тағайындалды.
* 2022 жылдың 3 наурызы — облыс әкімдерінің рейтингінде бірінші орынды иеленді. Даниал Ахметовтің көрсеткіші 86% құрады.
* 2022 жылғы 11 маусымда — ҚР Президенті Даниал Ахметовтің Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымындағы өкілеттігін ұзартты.
* 2022 жылғы 7 желтоқсанда — ҚР Президентінің Жарлығымен Даниал Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды, қайта тағайындауды барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының көпшілігі қолдады.
* 2023 жылғы 16 маусым — Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылды.
## Марапаттары
* 1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже
* 2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже
* «Құрмет белгісі»
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» (2012) ордендері
* «Астанаға 10 жыл» атты мерейтойлық медалі (01.07.2008)
## Отбасылық жағдайы
Үйленген. Ұлы мен қызын тәрбиелеуде.
## Дереккөздер |
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771 – 1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
## Шыққан тегі мен жас кезі
1711 жылы Көркем Уәлидің отбасында Түркістан қаласында дүниеге келген. Азан шақырған есімі – Әбілмансұр. Әбілмансұр Жошы ханның ұрпағы, төре тұқымынан тарайды. Оның шежіресі келесідей: Шыңғыс хан — Жошы хан — Ұрыс хан — Барақ хан — Әз-Жәнібек хан — Жәдік сұлтан — Шығай хан — Есім хан — Салқам Жәңгір хан — Уәли (Уәлибақы) сұлтан — Қанішер Абылай — Көркем Уәли сұлтан — Әбілмансұр.
### Сабалақ
12 жасында әкесі Көркем Уәли жоңғар қонтайшысы Цэван-Рабдан шабуылынан қаза табады. Әбілмансұрдың шыққан тегін жақсы білген Төле би оған өз түйесін баққызып, оны аман сақтап қалу үшін "Сабалақ" деп атап кетеді. Кей деректе Сабалақ туысы Әбілмәмбет сұлтанның жылқысын да баққан дейді. Төле би Әбілмансұрға салихалы тәрбие беріп, оның тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.
15 жасынан бастап жоңғарларға қарсы күреске қатыса бастайды. Сұлтанның бойы орталау, күші ерекше мықты болған. Замандастары жас сұлтанның батыл, ержүрек және епті болғанын атап өтеді.
### Абылай атануы
Әбілмансұрдың атасы Абылай Уәлибақыұлы жекпе-жекке шыққанда ешқашан жеңілмейтін, жауының оған шамасы келмейтін. Сондықтан ел арасына оны Қанішер Абылай деп атап кеткен.
Қанішер Абылайдың немересі Әбілмансұр 20 жасында ел ішінде кеңінен таныла бастады. Ер жеткен Сабалақ Әбілмәмбет ханның жасағына қатысып жүрген екен. 1733 жылы жоңғардың көрнекті қолбасшысы Шырыш батырмен (жоңғар қонтайшысы Қалдан Сереннің ұлы) жекпе-жекке шыққанда рухты бабасының атын "Абылай! Абылай!" деп ұрандатып, қарсыласын жеңіп шығады. Жекпе-жекте жеңіске жеткен жас сарбазды халық ұран еткен Абылай есімімен атай бастайды. Бұл ерлігі үшін халық Абылайды өте құрметтейді екен. Сөйтіп Абылайға Арғынның Атығай руын басқаруға сайлапты. 1749 жылға таман Абылайға тек Атығай ғана емес, Арғынның бүкіл жеті руы, оған қоса Керейлер, Уақтар және Қыпшақтардың бір бөлігі бағына бастайды.
## Жоңғарларға қарсы күресі
1734 жылы Орта жүзді басқарып келген Сәмеке хан дүниеден өтіп, оның орнына хан болып Әбілмәмбет сайланды, ал Әбілмәмбеттің қолбасшысы болып Абылай бекітілді.
1739 жылы жоңғарлар Цинь империясымен бітім туралы келісімге келіп, бүкіл күшін батыста тұрған қазақтарға жұмсай бастайды. Осыдан қауіптенген Абылай 1740 жылы Әбілмәмбет хан екеуі бастаған 120 сұлтанмен бірге Орынборға келіп, Ресей боданын қабылдайды. Жоңғарларға қарсы соғыста Ресейден көмек болар деген Абылайдың үміті ақталмады. 1741 жылы жоңғарлар қазақтарға жаңа жорық бастап кірді де, Абылайды тұтқындады.
Абылайдың тұтқынға түскенін білген қазақ оны тұтқыннан босатудың амалын ойластыра бастады. 1742 жылы Төле би бастаған қазақтың 90 беделді азаматы мен майор Миллер елшілігі келіссөз жүргізіп, ақырында 1743 жылы бітімге келеді. Осы істе майор Миллер жоңғарларды үркітумен ғана шектеліп, нақты әрекетті қолға алмады. 1743 жылғы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады.
Қалдан Серен қайтыс болғаннан соң, жоңғарлар арасында билік үшін талас басталады. Абылай бастаған қазақ сұлтандары бұл таласты тиімді пайдаланып, жоңғарларды әлсірету арқылы қазақтың оңтүстік және шығыс жерлерінен азат етіп алған.
## Хан тұсындағы сыртқы саясат
Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылғы тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті. 1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 жылғы тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: «бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан қалған. Бірақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр»,- деп көрсетті.
Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді. 1757ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы – жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.
Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 1967 жылдары Абылай хан қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті. Ташкент алым төлеп тұратын болды. Екі жүз жылға созылған қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасында «Шаңды жорық» деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы Еділ қалмақтарының (170 — 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай хан бастаған қазақтың қалың қолы қалмақтарды қоршауға алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып–жоюдың қажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады. Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым құрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы қарым-қатынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел билігін ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады.Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған және көбіне үстем шығып отырған. Абылай қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.
1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.
Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен «Қасірет белдеуі» бойындағы орыс бекіністерін шапты.
Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол «Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржынқақпай», «Майда жел», «Сары бура», «Шаңды жорық» т.б. күйлердің авторы.
Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.
## Абылай ханның қазақ халқына сіңірген еңбегі
Абылай дарынды хан, аса ірі қайраткер, қолбасшы болды. Әбілмәмбет ханның тірі кезінде қазақ халқы оны өзінің қорғаушысы, көсемі санады. Ол патша өкіметінің губернаторларының ыңғайына жүрмеді. Елінің еркіндігін, бостандығын қорғай білді.
Ресеймен одақтасудан кейін көп кешікпей Абылай елдің ішкі сыртқы жұмысынан екі жылдай қол үзді. Ол туралы Мәскеу мұрағатынан табылған (қор 122, тізім 1, іс 2) хатқа жүгінейік.
Бұл хатта Абылай сұлтанның Қалдан Сереннің тұтқынында екені жазылыпты. Бірақ қалай қолға түскені жазылмаған. Халықтың айтуы бойынша, жоңғарлардың қолына түсу себебін екі түрлі түсіндіреді. Біріншісі, Қалдан Серен тұтқиылдан Абылайдың ауылына шабуыл жасап, батырларымен қапылыста қолға түсірді десе, екіншісінде, Абылай сұлтан нөкерлерімен аң аулап жүргенде тұтқындалды дейді.
Ал оның тұтқыннан шығуы туралы да екі түрлі жорамал айтады. Біріншісі, Ресейдің елшісі майор Мюллердің Қалдан Серенге апарып берген генерал-губернатор Неплюевтің хатынан кейін босатты десе, екіншілері қазақтың би-батырлары талап етіп босатып алды дейді.
Мен танысқан хаттарға сүйеніп, Абылай ханның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды деймін. Ең бастысы, Абылайдың өзінің ақылдылығы, тапқырлығы, дипломаттығы. Оны халқының сыйлайтындығы Қалдан Серенді ойландырды. Екінші себеп - шын мәнінде оған арашашы болған беделді би-старшындар. Үшіншісі, Мюллердің де әкелген хаты әсер етті.
1742 жылы 18 мамырдағы Гладышевтің хабарында былай делініпті:
«Қырғыз-қайсақтар әңгімелерінде Ақшораның жоңғарларға келгенін айтып отырды. Қырғыз-қайсақтың иесі Абылай сұлтанды жоңғарлардың қожасы Қалдан Серен тұтқында ұстап, оның аяқ-қолына кісен салыпты. Ақшора келген соң кісендерді алып, Ақшораның адамдарын кісендепті. Ақшора кеткеннен кейін Абылайдың аяқ қолындағы кісендерді алып тастап, Абылайдың інісін қырғыз-қайсақ еліне қайтарды. Ақшораны қалмақтың үш адамымен жіберді. Егер де 10 отбасын және Қарасақалды әкеліп берсе, сонда ғана жоңғарлықтар тұтқындарды қайтарамыз» дейді. Ақшора және үш қалмақ қырғыз-қайсақтардан әлі қайтып келмеді».
1744 жылғы 23 қаңтардағы Кирилловтың хатында:
«...Абылай сұлтан Қалдан Серенде екі жылдай тұтқында болды. Онымен бірге Жолбарыс сұлтан отырды. Ол Қалдан Серенмен тіл табысты. Осы жылғы күзде оларды (30 қыркүйекте) өз елдеріне жіберді. Тұтқында 35 адам болды. Барлығы да қайтарылды. Өз ұлыстарына аман-есен жетті. Олар тұтқында болған кезде сол жазда қоңтайшыларда көп адамдар шешек ауруымен ауырып, қайтыс болды. Қалдан Серен қайсақтармен бейбітшілікте».
Жоңғарлардың тұтқынынан келгеннен соң Абылайдың абыройы тіпті жоғары дәрежеге көтерілді. Енді үш орданың хандары, билері де онымен санасты. Ол Ресейден қол үзген жоқ. Бірақ губернаторларға бас иген емес. Оларды өзінен ара қашықтықта ұстады.
Абылай хан Орынборға 1740 жылы барғаннан кейін губернаторлардың оған өздеріне келіп кетуін сұраған бірнеше шақыруларын қабылдамады. Кейбір тарихшылар Абылайдың тұтқыннан келуі оны Ресейге байлады, оған міндетті болды дегендей ой білдіреді. Жоқ. Олай емес. Ресейге тәуелді болған жоқ.
Міне, осындай хаттың бірін 1745 жылы 16 сәуірде Орынбордан губернатор, құпия кеңесші Иван Неплюев Абылай сұлтанға жіберіпті:
«...Біз сізден көптен хабар ала алған жоқпыз, көп уақыт өткендігі себепті сізден өткен кездер туралы хабарларды естігеніміз дұрыс болар еді. Сіздің және қол астыңыздағылардың бір белгісі болсын. Егер мүмкіндігіңіз болса, уақыт тауып, сіз маған келсеңіз, маған ұнаған болар еді. Мен осы алдағы күзге дейін басқа жаққа баруыма байланысты орнымда болмауым мүмкін. Екеуміз кездесіп, бетпе-бет әңгімелесіп көп жағдайларға кеңескеніміз дұрыс болар еді.
...Сіздің қойған талабыңызға байланысты Сібір жағында ұсталған адамдарыңыз бен малдарыңыздың біразы қайтарылды. Басқасына ол генерал күш салып көмектесемін деп сенім білдірді», депті.
1745 жылы 7 мамырда жүзбасы Яков Ерофеев арқылы полковник Павлуцкийге Абылай хан мынадай хат жіберіпті:
«Сіздің маған жіберген хатыңыздан естіп отырмын: «Бізге денсаушылық тілей отырып, біздің қол астымызда жаулап алды деген жылқылар және тұтқындар бар депсіз». Ондай жағдай болған жоқ. Тұтқында ешкім жоқ. Егер ондай болса, онда қандай одақтастық болады. Өткен жылы сіздің адамдар 42 адамды тұтқынға алды. 24 адам, 1300 жылқыны, 13 байдың үй-мүліктерінен 382 жылқыны бізге қайтарды. Енді 918-і сіздерде қалды».
Бұл хаттағы: «Онда қандай одақтастық болады», деген сөзге көңіл бөлу керек. Ол - Абылай Ресейге берген сертін одақтастық деп түсінетіні.
1760 жылы 16 сәуірде Орынбор губерниясының кеңсесінен құпия экспедиция арқылы Орынбор гарнизонының жаяу әскер полкының поручигі, князь Иван Ораков, тілмаш Яков Гуляев Абылайды іздеп, бес күн жүріп старшын Байжігіттің ауылына келеді. Абылай осы жерден 3-4 шақырым жерде қоныстанған екен. Көкшетауға, Әулие Петр қамалына жазда бармақшы.
Ораков пен Гуляев әдептілік, сыпайылық көрсетіп, Абылай сұлтанды тағы да Орынборға, тіпті болмаса Троицкіге келуді қиылып сұрайды. Оған Абылай: «Қашқария қырғыздары Айходжа және Күнходжа Жаркент қалаларына шабуыл дайындап жатыр. Бұл жердегі халықтар Ташкент, Түркістан, Бұқараға көпестер және таможнялықтармен еріп көшіп жатыр. Ол жерге көмек көрсетуіміз қажет. Сол себепті Орынборға баруға уақытым жоқ», деп жауап беріпті.
Абылай осылайша үш (Ресей, Жоңғар, Қытай) алып мемлекеттердің ортасында дипломатиялық шеберлікпен Қазақ елінің бостандығын сақтай білді.
Қазақ халқының аса көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:
«Алыстан орыс, қытай - ауыр салмақ.
Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ.
Артында ор, алдында көр, жан-жағы жау
Сол кезде елге қорған болған Абылай,
Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап».
1759 жылы (қор 122, «Қырғыз-қайсақ ісі», тізім 1, іс 3) Орынбордың губернаторы, құпия кеңесші Давыдовқа және генерал-майор Тевкелевке, Сібір губернаторындағы әскери қолбасшы Брегадир Фрауендорфқа император ханымның канцлері граф Воронцовтың жолдаған хатында Абылай ханның өміріндегі тағы бір қырлар ашып беріліпті.
Онда Абылай ханның Ресейдің губернаторларына, тіпті ханымға, канцлерге де бас имейтіні хабарланған. Бірнеше рет өздеріне келіп жолығуын 1743 жылдан бері сұраса да бармағанын, оның үстіне олардың алдына өзінің талаптарын табанды түрде қойып, оның орындалуын міндеттегеніне көз жеткіземіз.
Хаттың 74-бетінде былай депті:
«...Сіз биылғы жылғы 15 наурыздағы хабарламаңызда тағы да ұсыныс жазыпсыз. Онда Абылай сұлтанды жақсырақ өзімізге тарту мақсатымен еркелетуді және Орынборда көбірек марапаттауды талап етіпсіз. Мұндай жалақы үшін ол одан әрі беріліп қызмет етуге міндетті. Оны жоғалтпас үшін, біздің жағымызды қолдауы үшін, тіпті болмаса ашық қарсы шықпаса да бүгінгі қытайлықтардың тырысып отырғанына беріліп кетпей, өз жағымызға шығару керек. Біздің жақтан да оны еркелетуіміз қажет. Онымен жеке хат жазысып тұрыңыздар. Ол өте пайдалы. Абылай сұлтанға император - ақ патша ханымның атынан биылғы 1759 жылдың басынан бастап жалақы төлеуі дұрыс. Орынбордың шет ел шығыны есебінен қырғыз-қайсақтардың Кіші Ордасының Нұралы ханының жалақысын азайтып, әрқайсысына 600 рубльден жалақы берілсін. Оларда реніш болмау үшін жылына 300 рубльден тағайындау керек. Оның үстіне 100 рубль басқа қырғыздарға берілмей, Абылай сұлтанның өзінің пайдалануына беріледі. Өйткені, бізге белгілі, ол өзінің 200 рублімен қырғыз-қайсақтың салты бойынша жергілікті старшындарымен бөліседі. Екінші, Абылай сұлтанның басқа ұсыныстарын алсақ, ол Ресейдің шекаралық командирлеріне өкпелі, сондай-ақ башқұрттарға және белгілі Ноян Шерендеге. Ол қырғыз-қайсақтардың жауы көп, жылқыларын алып кеткен. Сондай-ақ қасиетті шоқынуға барғандар туралы айтыпты, олардың басым көпшілігі өз еріктерімен шоқынуға барған жоқ.
...Абылай сұлтан қойған мәселелерді шешу және Ноян Шереннің ұстап отырған адамдарын, жылқыларын да қайтарып беру мүмкіндігіне сенемін. Абылай жанжал шығарады. Оның арызы бойынша Сібір командирлерін тыныштандыру керек.
Үшінші, Абылай сұлтан қойған мәселелерін шешу үшін қабылданған жарлықты нақты орындайық. Абылай сұлтан кейбір жағдайға сенбеуі мүмкін. Оның талаптары толығымен орындалған жоқ».
Міне, көріп отырсыздар Санкт-Петербургтен канцлер Воронцов Абылайдың талаптарын орындау қажеттігіне қатты көңіл бөлген. Бұл Абылай сұлтанның беделі жоғары екенін, өзін Ресейге бағыныштымын деп мойындамайтынын дәлелдейді.
Осы хаттың жалғасында және былай депті:
«...Абылай бүкіл Орта Ордада ең басты қожасы болып есептеледі, оның үстіне ол басқалардан гөрі әлдеқайда зерек (түсінгіш), әрі икемді (епті), оны нағыз хан жасау керек. Жергілікті халық Орта Орданың Әбілмәмбет ханның мысалындай жарлықсыз хан сайламасын. Оған қарсы тұру өте қиын. Өйткені, ісіне қарап әр жерде бүгінде Абылайды хан деп атайды».
Өздеріңіз байқап отырғандай, Абылайды халық әдейілеп сайламаса да оны «хан» деп есептейтіні құзыреттілерге де жеткен.
Абылай ханның ғажап дипломат екендігі қалмақтың ханы Қалдан Серен өлгеннен кейін ерекше белгілі болды.
Жоңғарлардың ханы Қалдан Серен өлген соң оның балалары таққа таласып, бірін-бірі өлтірді. Ең соңында күңнен туған ұлы Лама Дорчжи қулық-сұмдық жолмен тақты басып алды. Оның Даваци, Амурсана атты інілері Абылай ханның ордасына қашып келді. Осы кезде Әбілмәмбет хан, атақты Малайсары билер Абылайға қысым жасап, ол екеуі Лама Дорчжиге қайтарып беруді талап етті. Бұл Абылай ханның ел басқарып жүргендегі өте ауыр кезеңі еді.
Ауыр сыннан шығу кезіндегі Абылайдың табандылығын, тапқырлығын, жігерлілігін көрсететін деректерді Санкт-Петербургтің орталық кітапханасынан алған В.В.Вельяминов-Зерновтың: «Тарихи хабарлама. Қырғыз-қайсақтар туралы және Әбілқайыр хан өлгеннен кейінгі Ресейдің Орта Азиямен қарым-қатынасы» атты кітабында жақсы көрсетілген. Онда былай деген: «Лама Дорчжи 1750 жылы мамыр айында өкіметті өз қолына басып алды. Бір інісін соқыр қылып, жер аударды. Бадемирдің бес ұлын тұншықтырып, өлтірді. Одан басқа да көптеген туыстарын сол әдіспен құртты.
Ұрыс-керіс және келіспеушіліктер тез арада оның сөзсіз құритындығының белгісі еді. Мемлекет үшке бөлінді. Бір бөлігі Лама Дорчжиге қалды. Екіншісі Қытайға көшті, үшіншісі Сібірге, Ертіс өзеніне қарай ығысты. Енді елдің иесі жауыздықтың жаңа түрін қолдануға көшті. Даваци ең жақын таққа таласатын ізбасар болғандықтан, оны бақталас деп есептеп тұншықтырып өлтірмекші болды. Оған мазасызданған Даваци өзінің жиендерімен, Амурсана мен Сібір шекарасына кетуді ойлады да Орта Орданың қырғыздарына қашып барды. Даваци екі адамын Абылай сұлтанға жіберді. Одан рұқсат талап етті. Осы жерде қалайын ба, жоқ басқа жаққа барайын ба?» - деді.Осы екі арада айлакер Абылай сақтық шарасын қолданып үлгерген болатын». Міне, Абылай осылай болмаса, Абылай бола ма?
1757 жылы Абылай 10 мың сарбазбен Қашқария жерінде (1,0 млн.қалмақтарды қытайлықтар қырғаннан кейін) қалған торғауыттарды қырды (басқарған батырлар: Арғын - Атығай - Күлеке батыр - 2000 сарбазбен; Керей Мерген батыр - 2000 сарбазбен, Көкжал Барақ батыр (Найман) - 2000 сарбазбен; Абылай сұлтан - 2000 сарбазбен; Қаракерей Қабанбай|Қаракерей Қабанбай батыр - 2000 сарбазбен), қалған қалмақтардың бірде-бірін қалдырмай тұтқындап, қазақ жеріне құлдыққа таратты. 1760-1764 жылдар аралығында Қабанбай батырды Абылай сұлтан Зенгор жеріне бас қолбасшы етіп тағайындады. Қабанбай батыр Қаракерей наймандарды, Төлеңгіт Райымбек батыр (Албан Райымбекпен шатастырмайық) Уақ, Керейлерді Зенгор жеріне көшірді. Бұл тек қана Абылай сұлтанның талабымен іске асты (қор 1, тізбе 1, іс 88, 1760 жыл, Омбы мұрағаты).
1760 жылы 20 мамырда князь поручик Иван Ораков генерал-майор және Сібірдің шекаралық әскери бас командирі Иван Иовемарнға жазған хатында былай депті:
«19 ақпан күні Абылай сұлтанның төлеңгіт қырғызы Райымбек былай деді: «Өткен күзде Абылай сұлтан өз атынан мені Орданың Қаракерей Найман руына жіберді. Олар Звенигорск қамалының жанында Қарата атты жайлаудағы көштермен бірге жүр». Кейін қайтар кезде сол рудың бас старшыны Қабанбай Абылай сұлтанның атынан Райымбекке бұйрық береді. Ол Райымбекке өзінің ұлыстарын түгелімен алдағы жазда Зенгор хандығының жеріне көшуін, ондағы Зенгор ханы Қалдан Серен Урғаның тұрған жеріне барып тұруын бұйырды».
Абылай ханның батыл әрі ғажап қимылынан кейін Орск бағытының қолбасшысы, полковник Родестен генерал-майор Фонвейнмарнға 1760 жылы 22 қыркүйекте (№315) мынадай баянат келіпті:
«...20 шілдедегі хатты Абылайға оқып берген. Онда Зенгордан Тарбағатайға дейінгі жерлер Барабы татарларының жері, Уранхаевтардың қонысы деген. Абылай: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі», - деп жауап береді. Жер дауын шешу үшін Абылай өзі шілдеде барып қайтамын, содан кейін жауабын генерал-майорға жазамын дейді.
Поручик Гуляев Абылаймен кездескені туралы жоғарыдағы хатын былай жалғапты:
... «Абылай мені 22-сі күні жібермекші болды. Мен жердің алыстығына байланысты өтірік ауырған болып, бармай қалдым. Қытайдың елшісі келе жатқанын да естідім. Абылай: «Олармен таяу арада кездесе алмаймын. Уақытым жоқ», - депті. Аз уақыт өткен соң, 23-і күні Қытай елшісі Абылайдың ордасына 30 адаммен келді. Олар Абылайға кісі жіберіп, бүгін кездесуді талап етеді. Абылайдан сескеніп, басқа қырғыздар да (қазақ - Б.Н.) кездескілері келмепті. Қытайлықтар қырғыздардың аудармашысына риза болмай, хатты бермей, тек ауызша ғана өз талабын айтады. Абылай мен Жолбарыс сұлтан парсы тілі араласқан қалмақ тілінде жазылған хатты түсінбейді. «Қырғыздар уранхай және торғауыттардың жерлерін басып алған. Олардың тұтқындағы адамдары мен малдарын қайтарып беруге уәде беріңдер», - депті қытайлықтар хатында. Егер қайтармасаңдар, әскер жіберемін деп қорқытыпты. Олар Абылайды сыйлағандықтан ғана жіберген жоқпыз деді.
Міне, осындай жүздеген хаттар мұрағаттарда жатыр. Бұл сол заманның дипломатиясы. 1738-1781 жылдар арасында Қызылжар, Көкшетау, Кереку, Зайсан, Семей, Өскемен, тағы басқа да солтүстік, шығыс шекараларын қорғап, еліміздің бүгінгі күнге жетуін қамтамасыз етіп, оңтүстікте Төле би, Шапырашты Наурызбайдың сарбаздарымен қарым-қатынаста болып, оларға да қорған бола білгендігін дәлелдейтін хаттар бар.
Абылай бастап барған жорықтар туралы да құжаттар жеткілікті. Әбілқайыр тірі тұрған кезінде Абылаймен қарым-қатынас жасаған. Әбілқайырды өлтіргенде оның балаларын аман алып қалған Абылай сұлтан. Ол туралы Әбілқайырдың зайыбы Бопай ханымның канцлерге, генерал-губернаторға жазған хаттарында: «Абылай сұлтанға көп рахмет. Балаларымды ажалдан құтқарды», депті.
Абылай хан айтқандарына көнбеген соң Сібірдің губернаторы Саймоновтың Сыртқы істер мемлекеттік коллегиясына 1763 жылы 5 ақпанда, сондай-ақ 1764 жылы генерал-майор Фонфрауендорфтың жазған хаттарында Абылай сұлтанның абыройын төгіп, жамандап канцлерге жазыпты. Онда: «Абылай сұлтан бірде-бір руды басқармаған, халықтың арасында абыройы жоқ», деп, екіншісі «қытайларға жалтақтық жасады» депті. Осы хаттарды оқыған бірен-саран «тарихшы-жазушыларымыз» Абылай хан туралы алыпқашпа әңгіме айтып жүр...
Абылай ханның Ресейге тәуелді болмай, олармен тең дәрежедегі одақтас мемлекеттің ханымын дегенін дәлелдейтін тағы да генерал-поручик Иван Деколонгке, одан кейін генерал-поручик және губернатор Иван Реннедорфке жазған (1772 жылы 19 қыркүйекте) хатын мысалға келтірейік:
«...Генерал мырза, сізге айтарым, біздің Орда сіздің Ресейдей емес, өте шашыраңқы жатыр. Ұрыларды, бұзықтарды табу, ұстау тез арада қолдан келмейді. Жеріміз өте үлкен. Сол себепті кімнің қайда көшіп жүргенін білу мүмкін емес.
Қытайдың Богдо ханына мен өз талабымды айтып былай дедім: «Қандай күші бар мемлекет болса да егер бізге қарсы шықса немесе дөрекілік білдірсе, онда біз оларға қарсы тұра аламыз». Егер де Қытайдан көмек сұрай қалсақ, ол ешуақытта көмек беруге дайын еместігін білдірді.
Осыған байланысты, егер де бізге біреулер көз алартып, соғыс ашу қаупі бола қалса, онда сіз бізге әскери көмек беруге дайынсыз ба? Осы туралы императорға жеткізіп, маған жауабын хабарласаңыз.
Генерал мырза, сізден маған 1000 немесе 500, болмаса 300 әскери адамдарды уақытша беруіңізді сұраймын. Ол біздің ішіміздегі ұрыларды ауыздықтап, тыю үшін керек.
Ұрыларды ұстап, жазаласақ, онда олар сіздерге де, біздерге де жаманшылық жасай алмауы тиіс. Екі генералитет келісімге келуіміз керек.
Мен сіздің әскерді алысқа апармаймын. Бес күн ұрылармен бірге болады. Ол жерге мен өзім барамын немесе балаларымның біреуін жіберемін. Содан кейін оларды қару-жарақтарымен, киімдерімен өз елдеріне апарып саламыз. Бұл мәселені императорға жеткізбей-ақ өзіміз шеше аламыз ғой. Әскер берсеңіздер де, бермесеңіздер де маған хабар беріңіздер. Соңында сізге көп жыл денсаушылық тілеуші - Абылай хан. Сенімді болу үшін өз мөріммен растаймын».
## Отбасы
Абылай көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты нығайту үшін ел билеушілерінің, ауқатты кісілердің қызын алған. Одан былай, қазақ сұлтандарымен, қожаларымен, рубасыларымен қыз алысып отырған.
Ұрпағы Шоқан Уәлиханов дерегі бойынша, Абылай ханның 12 әйелі, 40 қызы мен 30 ұлы болған.
* Бәйбішесі Қарашаш ханым – Әбілқайыр ханның қызы. Одан екі қыз туады. Біреуі Орта жүзді билеген Дайыр ханға, екіншісі Құдайменде сұлтанға (Қоңырқұлжа Құдаймендиннің әкесі) тұрмысқа тиген.
* Екінші әйелі Сайман ханым – қарақалпақ бегі Сағындық-Шұбақбайдың қызы. Одан Уәли хан туады.
* Үшінші әйелі Бабақ ханым – Қашқар бегі Сарт Кенженің қызы.
* Төртінші әйелі – қожадан шыққан, қырғыз әулиесі Сарғалдақтың әпкесі.
* Бесінші әйелі Тобышай немесе Түбіш – қалмақ кінәзі Хошу мергеннің (Қалдан Сереннің туысы) қызы.
* Алтыншы әйелі Тоқта ханым – қалмақ ноянының қызы.
* Жетінші әйелі Татыш ханым – қырғыздарға шыққан жорығынан әкелген олжасы еді. Одан 2 қыз туады. Біреуі Тәуке ханның ұлы Тұрсынға ұзатылған.
* Сегізінші әйелі Өрес ханым – қалмақтан әкелген Абылайдың олжасы. Жұрт оны Сұлу деп атап кеткен.
* Тоғызыншы әйелі – Тұлақ ханым.
* Оныншы әйелі – Сайын-Көбен.
* Он бірінші әйелі – Шаған ханым.
* Он екінші әйелі – Мұңтұм.
Соңғы төрт әйелі қалмақ қыздары, олардан ұрпақ болмаған. Тоғызыншы әйелі Сайман ханымның көмекшісі, ал оныншы әйелі Қарашаш ханымның әйелі еді.
## Тарихи жыр
Абылай хан - тарихи жыр. Жыр Қытайдың Шыңжаң аймағында тұратын қазақтардың арасында кең таралған. Авторы белгісіз. Жыр Абылайдың балалык шағынан басталып, ер жету, қол бастау, ел билеу жолын коркем баяндап, соңын Абылайдың өлімімен аяқтайды. Жырда сөз болатын оқиғалар мен адамдар нактылы өмірде болған. Жыр Шыңжаң тұрғыны Шерияздан Сүлтанбайұлынан жазып алынып, тұңғыш рет Қытайдын "Ұлттар" баспасынан жарық көрген 4 томында (1985), одан кейін "Абылай хан" атты кітапта (А., 1993), "Казак халык әдебиеті" көптомдығының 1- ші томында (1995) жарияланды.
## Сыртқы сілтемелер
* Абылай хан: «Ешқандай Барабы татарларын естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!»
* Абылай хан Мұрағатталған 17 тамыздың 2011 жылы.
* Абылай ханның резиденциясы” мұражай кешені, Петропавл қ.
* Абылай ханның 300 жылдығы
## Дереккөздер |
Әкім — Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.
Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.
Қазақстанда әкім лауазымы 1992 жылы 1 ақпаннан бастап жергілікті халық депутаттары Кеңесіне бағынатын ұжымдық орган — атқарушы комитеттің орнына енгізілген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция қолданысқа енгізілгенге дейін әкім лауазымы орыс тілінде әкімшілік басшысы (орыс. Глава администрации) деп аталды. Қазір бұл лауазым Ресей Федерациясына жалға берілген Байқоңыр қаласында сақталған.
Қазақстаннан бөлек әкім деп аталатын жергілікті билік басшысы Қырғызстанда (аким), Өзбекстанда (hokim) және Түрікменстанда (häkim) кездеседі.
## Қазақстан Республикасындағы әртүрлі деңгейдегі әкімдер
* Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі — басқа елдерде көбінесе губернатор, префект деп аталады. Оны облыстық мәслихаттың келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
* Қала әкімі — басқа елдерде көбінесе мэр, бургомистр деп аталады. Облыстық маңызы бар қала әкімін халық сайлайды немесе қалалық мәслихат келісімімен облыс әкімі тағайындайды.
* Аудан әкімі — басқа елдерде көбінесе супрефект деп аталады. Аудан әкімін халық сайлайды немесе аудандық мәслихат келісімімен облыс әкімі тағайындайды.
* Қаладағы аудан әкімі — қалалық мәслихат келісімімен қала әкімі тағайындайды.
* Ауыл (аудандық маңызы бар қала) әкімі — халық сайлайды.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан ірі қалалары әкімдерінің тізімі
* Қазақстан облыстары әкімдерінің тізімі
* Қазақстанның әкімдік басқармалары
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Бес жылға сайланатын Мәжілістің 98 депутаты бар, олардың барлығы да тікелей сайланады.
## Тарихы
1994 жылғы күзде журналист және Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына бұрынғы үміткер Татьяна Квятовская 1994 жылғы парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығаруды талап етіп сотқа шағым түсірді. 1995 жылы наурызда ұзаққа созылған сот процестерінен кейін Қазақстанның сол кездегі Конституциялық соты Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес төрағасы Әбіш Кекілбайұлының қарсылықтарына қарамастан, 1995 жылғы 6 наурызда Квятковскаяның талаптарын негізді деп таныды. Сот ұйғарымының нәтижесінде Назарбаев 11 наурызда Жоғарғы Кеңесті тарату туралы жарлық шығарды, Кеңесте қабылданған барлық заң жобалары «жарамсыз» деп танылды. Сол себептен Қазақстанда заң шығарушы билік болмады, оның орнына барлық заңдар Президент Жарлықтары негізінде қабылданды.
1995 жылғы 30 тамызда өткізілген бүкіл халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деп атап көрсетті.
Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті.
2021 және 2022 жылдардағы конституциялық өзгерістер мен сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер Қазақстан халқы ассамблеясына бөлінген тоғыз орынды алып тастады, пропорционалды мандаттардың сайлау шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін қысқартты, бір мандатты сайлау округтері қайта енгізілді.
### Бірінші сайланым (1996–1999)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.
Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған.Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды.
* Мәжіліс Төрағасы — Марат Тұрдыбекұлы Оспанов.
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Василий Иванович Осипов.
### Екінші сайланым (1999–2004)
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді.Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды.Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды.
Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б болды.
* Мәжіліс Төрағасы — Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай.
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко.
### Үшінші сайланым (2004–2007)
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.
Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы болды. Парламентарийлер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16. Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. болды. 37 парламентарий екі жоғары оқу орнын бітірген.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.
* Мәжіліс Төрағасы — Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады.
### Төртінші сайланым (2007–2011)
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 пайыздық барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан – 39 депутат, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді.Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктілігі бар инженерлер – 42, заңгерлер – 34, бір бөлігі басқа бейін бойынша екінші жоғары білім алған педагогтар басым – 23 депутат. 21 депутаттың – экономикалық білімі, 9-ның ауыл шаруашылық білімі болды. Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет пен өнер және басқа да мамандықтар қызметкерлері болды. Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты жұмыс істеді, 35 парламентарийдің екі жоғары білімі болды. Палатада әр түрлі ұлттардың өкілдігі кеңейді. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балқар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді. Әйелдердің саны екі еседен астам артты – 17 депутат.
Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.
* Мәжіліс Төрағасы — Аслан Есболайұлы Мусин
* Мәжіліс Төрағасы — Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Владимир Яковлевич Бобров
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.
### Бесінші сайланым (2012–2016)
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды.
Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7%-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19%).
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 43 депутат өтті. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктіліктегі инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депутаттың ауыл шаруашылығы білімі бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 60 парламентарийдің екі жоғары білімі бар. Палатада түрлі ұлт өкілдерінің құрамы кеңейді. Депутаттық корпус құрамында 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, корей, өзбек және ұйғыр бар. Депутат әйелдердің саны – 26.
Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 56 жасты құрайды, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады 47 депутат, 60 жастан асқандар 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер 4 депутат.
### Алтыншы сайланым (2016–2021)
* Мәжіліс Төрағасы — Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин
* Мәжіліс Төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
* Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
### Жетінші сайланым (2021–2023)
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін хабарлады.
2023 жылғы 19 қаңтар күні Президент Қ.Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Президенттің Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесінде 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындағанын хабарлады , .
Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95 %) және Қазақстан Халық партиясы (9,10 %). «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінде 76, «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
### Сегізінші сайланым (2023–)
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтті.
Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ Жасылдар партиясы ғана беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды.
## Басшылығы
### Төраға
Мәжілістің спикері оның төрағасы деп аталады. Төраға Мәжіліс сессияларын ашады, палатаның кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, оның кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді. Бұл лауазымның қазіргі иегері — Ерлан Жақанұлы Қошанов.
### Төраға орынбасарлары
Төрағаның екі орынбасары бар, олардың кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады және Мәжілісмендер сайлайды. Орынбасарлар Төраға қоятын міндеттерді орындайды.
## Сайланымдар тізімі
## Тұрақты комитеттері
* Аграрлық мәселелер комитеті
* Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті
* Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
* Әлеуметтік-мәдени даму комитеті
* Қаржы және бюджет комитеті
* Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті
* Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті
## Сыртқы сілтемелер
* Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің ресми сайты
* Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің ресми сайты Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2012 жылы.
## Дереккөздер |
Әйтей БатырӘйтей Құлманбетұлы 1712 жылы қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу өзенінің бойында жылқышының үйінде дүниеге келген. Шапырашты руының Асылынан тараған Орынбет ұрпағы, Құлманбеттің үш ұлының ең үлкені. Жастайынан жылқы бағып, тай мініп, асау үйреткен бала, ержете аттың құлағында ойнайтын шабандоз, бапкер, жылқыны өте жақсы танитын сыншы (сейістік) және ат бәйгесі мен көкпар, жеке сайыстарға көп қатысып, шынығып өседі.
Ол бала жігіт кезінен-ақ XVІІІ ғасырда қазақ жеріне, әсіресе, Жетісу өлкесіне тұтқиылдан шабуыл жасаған құба қалмақтың басқыншылық соғысына қарсы күрес жүргізген айтулы қазақ батырларының бірі. Елінің бас бостандығы мен тәуелсіздігі үшін, атамекен жерді жаудан қорғап қалу үшін арпалыс жолында жан аямай жасақ жинап, күш біріктірген қолбасшы.
Тарихи деректер мен ел аузындағы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бізге жеткен шежіре мен аңыз әңгімелерге қарағанда, албан руынан шыққан беделді, ел билеген батыры Хангелдінің басшылығымен Әйтей қалмаққа қарсы көптеген ұрысқа қатысып, әбден шыңдалды.
* 1729 жылдың көктемінде қазақ, қалмақ жасақтары екі төбенің басына жиналып, қан төгіспек үшін бірін-бірі жекпе-жекке шақырады. Қалмақ жағынан дене бітімі ерекше ірі жасақ Жамқайын атын ойнатып, екі төбенің ортасындағы жазыққа шықты да, найзасының ұшын қазақ жасақтарына қаратты. Ол жекпе-жекке шақырудың белгісі еді. Жамқайынның зор тұлғасын көрген қазақ қолы абыржып тұрып қалады. Дәті шыдап, жекпе-жекке ешкімнің шыға қоймайтын сыңайынан байқаған Хангелді қаны қашып, сұрланып, жан-жағына қарап, сарбаздарын өткір көздерімен шолып өтеді. Осы кезде ортаға атан төсті құлагерін ойнатып, Хангелдінің алдына Әйтей жетіп келеді де:
- Ата, батаңызды беріңіз! Жекпе-жекке мен шығамын! - депті. Сонда Хангелді оның түрін көріп: - Балам, жастау екенсің, жасың нешеде, қайратың қандай еді? - деп сұрайды.Әйтей: - Ата, жасым он жетіде, бір топ тал шыбықты бұрағанда суын шығарушы едім, - дейді. Хангелді: - Олай болса, балам, Алла жар болсын, Бәйдібек бабаңның әруағы қолдасын, әу¬мин! - деп қысқа қайырып, батасын береді.
Ауыздықпен алысқан құлагерін ортекедей орғытып Әйтей де жазыққа шықты. Екі сарбаз бір-біріне құйындата қарсы шаба жөнелді. Басын жіберген құлагердің құйрығы ұшқан құстың қанатындай түп-түзу болып көрінді. Екі ат бір-біріне жақындасқанда, батырлар ұстаған найзалардың қалқанға тиген ащы дауыстары шаңқ-шаңқ етіп, бар назарын осы екі сарбазға аударып тұрған жасақтарға естіліп тұрды.
Екеуі бірін-бірі көпке дейін ала алмайды. Қалмақтың қара күші басым болғанымен, амал-тәсілі шамалы, қимылы борпылдақ екен. Әйтейдің шапшаңдығына төтеп бере алмаған қалмақ әбден қансорпа болып терлеп, берекесі кете бастады.
Екеуінің ұрысы қанша уақытқа созылғанын кім білсін, бір кезде көз ілеспес жылдамдықпен қимылдаған Әйтей найзаның ұшымен қалмақтың кіндігінің тұсынан шаншып, бұрап-бұрап жіберіп, тартып қалғанда, оның ішек-қарны ақтарылып, өзімен бірге жерге түседі. Жерге екі бүктеліп топ ете түскен жауының басын Әйтей қылышымен шауып алады.
Мұны көрген қазақ жасақтары қуанғанынан «Бақтиярлап, Қарасайлап!» төңіректі күңірентіп жіберді. Қалмақтар жағы алдыңғы сенімінен айырылып, қатты абыржиды. Олардың жан-жаққа бытырап қаша бастағанын байқаған қазақтар лап қойып, жауды жеңеді. Осы ұрыстан кейін сол жердің аты «Ойрантөбе» болып, күні бүгінге дейін ел аузында айтылып келеді.
Ата-бабаның әруағы қолдап, алғашқы рет қалмақтың Жамқайын батырымен жекпе-жек ұрыста жеңіске жеткен бала жігіт Әйтейдің атағы тез арада Жетісу аймағына тарайды. Әйтейдің жұрт көзіне түсіп, батыр деген атаққа ие болып, соғысқа нағыз араласқан кезі осыдан басталады. Хангелді Әйтей батырды сарбаздарының мыңбасы етіп сайлайды.
Жалындаған жас жолбарыс Әйтей батыр әскери қолбасшылыққа ие болғаннан соң дереу іске кіріседі. Алғашқыда әскери жоралғыны неден бастарын білмеген ол, ағайын-туғанның «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ұйымшылдық демеуі арқасында тізгін-шылбырды жетегіне алғаннан кейін, ар жағын тез-ақ меңгеріп кетеді.
Әйтей де басқа батырлардай елін, жерін қорғауда, азат етуде көптеген соғыстарға қатысып, жеңіске жетіп, қазақты ұятқа қалдырмайтындай, қалмақтарды қысқанда суын шығаратын батыр және ел қамқоршысы болды.
Басқа батырларға қарағанда Әйтейдің соғыс әдісі өзгеше болатын. Қарсы келген жаулары басы-көзін, қол-аяғын қорғаймын деп жүргенде, ол көбінесе кіндіктің тұсынан найзамен шаншып, болмаса қылышпен шауып, ішек-қарнын ақтарып, ердің басынан жерге шұбатып түсіреді екен.
Сондықтан, оның ұрысын естіген қалмақ маңайынан алыс болуға тырысатын. Онымен жекпе-жекке шығудан қашады екен.
Күз айы. Әйтей батырдың шатыры Қаскелеңнің терістік етегіндегі Қаратөбенің астындағы сайда, жау көре алмайтын Қарасу өзенінің бойында болатын. Осы қоныстың соғыста стратегиялық маңызы зор екенін батыр өте жақсы білген.
Қаратөбенің шоқысында тұрған күзетші-сақшы жан-жақты қырағылықпен көз жетер алыстағы аттыларды көріп, байқап хабарлап тұратын. Осындай жайбарақат күндердің бірінде аттан түспей әбден шаршаған жасақтардың көңілдері жай, тынығып жатқанда қалмақтар қоршап алып, естерін жиғызбай, соққыға жығады, біразы қашып құтылады.
Әйтей бастаған біраз тобы қалмаққа берілмей, қасық қаны қалғанша соғысып, олардың да сазайын береді. Қазақ сарбаздары қол жинап, соғысуға қайта келгенде, Әйтейді жеті жерінен найзамен түйреп, ат басы бойы жоғары көтеріп қойып, өздері қашып кетіпті. Бұл 1761 жылан жылы, батырдың қырық тоғызға келген мүшел жасы екен. Елімізде мүшел жасты адамның өз өміріне қауіпті жас деп айтады.
Әйтей қамығу, қорқу дегенді білмейтін көзсіз батыр еді. Сол кезде оған тең келерлік батыр сирек болатын. Батырлық қасиет оның жүрегінде де, білегінде де бар еді. Бірақ кейбір батырлардай Әйтейдің бағы жанбады. Фәни дүниеден ерте өтті, - деп, Шыбыл Жауғашар батырдың күрсініп, жүрегін елжірете айтқан әңгімелерін әкем Аманнан балалық шағымда көп естуші едім, - дейді, белгілі ақын, сазгер Жарылқасын Аманов.
Әйтейдің артында қалған балалары - Барлыбай, Естемес, Пұстынбай ұрпақтары кейін бабасының қаза болған жеріне қоныс теуіп, олардан тараған немере-шөберелері өсіп-өрбіп, өз алдына бір ауыл болады. Содан бері осы ауыл Әйтей батыр ауылы аталып келеді. Ал, Әйтей үлкен ұлы Мамырдың ұрпақтары әкесінің туып-өскен қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы жерлерін мекендеп қалады.
Кейін ұжымдастыру кезінде де колхоз Әйтей батыр болып аталды. Осы ауылда төрт бейіт бар. Қазіргі күмбез тұрғызылған бейіт -«Шошақ мола» деп аталады.
Жолдыбай, Маман, Арқанаты, Естемес ұрпақтарының бейіті қырда, қазіргі Тұрар ауылына төтесінен баратын жолдың бойында. Ал, Жиенбет, Боқаш ұрпақтарының бейіті - Қаратөбеде. Төртінші - ауылға кіреберіс жолдың екі жағындағы атаға бөлінбейтін бейіт. Ол жаппай ашаршылық кезінде пайда болған.
Ұлы Отан соғысы жылдары Әйтей батыр колхозын әйел адамдар басқарды. Әйтейдің бесінші буыны Есімнің қызы Мәстура - колхоз бастығы, Әйтейдің үшінші ұлы Барлыбайдан туған Маманның шөбересі Жазылбектің кіші ұлы Андайбектің әйелі Алуа - партия ұйымының хатшысы болды.Қазақтың дәстүрі бойынша ертеде әйелдер ата-бабасының есімін атамаған. Аудан көлеміндегі бір мәжілісте:
Сіздер қай колхоздансыз? - деген сұраққа Мәстура да, Алуа да ізеттілік, әдептілік сақтап, бабасының есімін айта алмай, күбірлеп жауап бермейді.
Содан бері аудан басшылары ауылдың атын өзгертіп «Интернационал» деп қойды.
* 1941-1945 жылдарда болған Ұлы Отан соғысына Әйтей батыр ауылынан жүз он сегіз адам қатысып, олардың жартысы еліне оралмай, майданда қаза болды.
* 1992 жылы ауыл тұрғындарының және батырдың ұрпақтарының сұрауы, талабы бойынша бұрынғы тарихи аты қайтадан «Әйтей батыр» ауылы болды.
Қазір осы ауыл екі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекен. Қаскелең ауданының құрылғанына жетпіс жыл толуына байланысты Қаскелең, 1999 жылы Қарасай батыр ауданы болып атанды.
## Дереккөздер |
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
## Атауы
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
## Географиясы
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды.
### Әкімшілік бөлінісі
## Халқы
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
## Тарихы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
### Хандық
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурыздың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 ж. мамырдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп көрсетіледі:
Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет , Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады.
### Уақытша Кеңес
Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді.
1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады.
1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады.
1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді.
## Саяси құрылысы
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы.
Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.
Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.
## Экономикасы
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе-зерттеу жұмыстары қолға алынады.
1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта-телеграф байланысы орнатылады.
## Мәдениет және қоғам
1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.
1841 ж. желтоқсанның 6 Нарын құмында Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.
1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды.
Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.
## Әлеуметтік саласы
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Бөкей губерниясы
## Сыртқы сілтемелер
* Билял Аспандияров. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация Мұрағатталған 26 қаңтардың 2005 жылы.
* Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. |
Сырым Датұлы, Сырым батыр (1753 жыл, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан — 1802 жыл, қазіргі Хорезм облысы, Өзбекстан) — Ресей империясы патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтарының 1783—1797 жылдарындағы көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. Алшын тайпасының Байбақты руының биі. Атақты Байбақты Шолан батырдың немересі.
Шыққан тегі — Кіші жүздің Алшын тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған. Сырым Датұлы өз халқының нағыз патриоты екенін таныта білген және отарлық бұғаудан елді босатуға зор үлес қосқан. Ол Ресейдің отарлау саясатын жүзеге асырған қазақтарға қарсы соғысты бастады. Сырым бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі себебі — патша саясаты мен Жайық казактарының жүгенсіздігі, олардың қазақ халқын қанауы болды. Халық көтерілісін Сырым батырмен бірге Барақ, Тіленші, Оразбай, Жантөре сұлтан сынды елдің беделді азаматтары басқарды. Кіші жүздің байбақты, табын, шекті, кете және шеркес рулары көтеріліске қатысты. Көтерілістің бас кезінде Сырым батырдың 2700 сарбазы, Барақ батырдың 2000 және Тіленші батырдың 1500 сарбазы болды.
## Нұралы ханмен қақтығыстары
1783 жылдың тамыз айында Жайық казактары Сырым мен Нұралы хан ауылдарын тонау жорықтарын бастады. Нұралы хан Сырымның ел арасында беделі жоғары екенін білгендіктен, оны орыстардың түрмесінен босатып алады. Сырым темір тордан шыққан соң халық көтерілісінің қарқыны үдей түсті. Бұл уақытта патшаға қарсы бас көтеруден қорыққан Нұралы Сырымға қарсы шығып, Ресейді көмек беруге шақырады. Осы кезден бастап Сырым батырға екі жаумен бірдей шайқасуға тура келеді. 1784 жылы Сырым Сағыз өзенінің бойында Нұралы ханға шабуыл жасағанда, ол орыс-казак бекіністеріне қашып құтылды.1785 жылы Сырымның үзеңгілестері орналасқан аудандарда — Орал бекінісінің төменгі жағында ірі шайқастар болды. 1783–1785 жылдары қазақтың байбақты, табын және тама руларының жайылымдықжерлерін казактар басып алған соң, қиян-кескі ұрыстар болып өтті.Бұл кезеңде Кіші жүздің батыс аудандарында стихиялы көтерілістер басталды, олар Жайық пен Ембі өзендері арасында көшіп-қонып жүрген руларды да қамтыды. Қалыптасқан жағдайды пайдалана отырып, патша өкіметі тікелей ру старшын дары мен келіссөздер жүргізе бастады. Бір жағынан, бұл саясат қазақ даласындағы хандықты жою мақсатында жүргізілді. 1786 жылы 13 шілдеде Екатерина II Нұралы ханды қызметінен босатты.
1792 жылы хандық билік қайта күшіне енген соң, Сырым Датұлы бастаған халықтық жаппай бас көтеру кезеңі басталды. Бұл кезеңде көтеріліске қатысқан көптеген сұлтандар мен билер күресті одан әрі жүргізуден бас тартқан соң, Сырым батыр партизандық соғысқа көшті. Сонымен бірге, ел ішінде орын алған келеңсіз жағдайлар да көтерілістің жалғаса беруіне себепкер болды. 1797 жылы Кіші жүз ханы Есім көтерілісшілер қолынан қаза тапты.1797 жылы 28 тамызда Сырым Датұлы көтерілісті тоқтату тұралы шешім қабылдады. Ол хандық кеңестің құрамына енген болатын, алайда оны сұлтандар қудалағандықтан, Хиуаға қашуға мөжбүр болды.
## Сырым Датұлы 1-ші көтерілісі
Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады. Ол өзінің Орынбордың генерал-губернаторы Игельстромға жазған бір хатында былай деп жазады:
Сіздердің түрлі әдістермен алдап, қолға түсірген ноғай, башқұрттар сияқты бізге де бұғалық салып, езбекші екендігіңіз белгілі.
Бұдан Сырым батырдың қолына қару алып, көтеріліске шығып, басын бәйгіге тігудегі мақсатының айқындығы, халқының мойнына түскелі тұрған сол бұғауды үзуге ұмтылғаны анық аңғарылады.
1783 жылы Сырым бейқам жатқан қазақ ауылдарын шауып, кезекті тонауға келген казак-орыс атаманы Чагановтың отрядымен шайқасып, оны ойсырата жеңеді. Атаманның өзін тұтқындап, Хиуаға құлдыққа сатып жібереді. Бұл патша әкімшілігіне үлкен соққы еді. Соған орай Орал қаласындағы патша әскері түгел аттанып, осы жылдың күзінде Сырымды қолға түсіреді. Бірақ оны Нұралы хан қыруар мал беріп, бірер айдан кейін босатып алады.
## Сырым Датұлы 2-ші көтерілісі
Түрмеден босағаннан кейін Сырым Табын руының старшыны Тіленші Бөкенбайұлының қолдауымен орал казак-орыс әскерімен күресін әрі жалғастырады. Бірақ Нұралы хан бұл жолы Сырымды қолдамайды, қайта оған қарсы шығып, шекаралық әкімшіліктен көтерілісшілерді басу үшін арнайы әскер жіберуін талап етеді. Сөйтіп ол былайғы жерде Сырымға қарсы күресте шекара әкімшілігімен бір болады.
Міне, осы кезден, яғни 1784 жылы бастап патшаның отарлау саясатына қарсы күресте ханының да, қарашасының да ортақ ниеттестігіне ие болып келген көтерілісшілер арасына жік түсіп, Сырым бастаған халық қозғалысының күресі енді Әбілқайыр әулетінен шыққан хан мен сұлтандарға қарсы бағытталады. Кіші жүздің көптеген рулары Нұралы ханға бағынбай көтерілісшілер жағына шығады.
1785 жылы күзінде болған старшындар жиналысы Нұралыны хан деп танудан бас тартады. Келесі жылдың көктемі қарсаңында көтерілісшілердің қысымына шыдамаған Нұралы шекаралық шептегі қамалға қашуға мәжбүр болады. Оның ақыры сол жылы Екатерина II-нің Нұралыны хандықтан түсіру жөніндегі жарлыққа қол қоюына әкеп соғады.
Хан тағына Нұралы кетіп, Ералы отырғанымен де жағдай түзелмейді. Халықтың наразылығы одан сайын күшейе түседі. Сырым бастаған көтерілісшілер енді ашық соғыс қимылдарына көшіп, патша қамалдарына шабуыл жасай бастайды. Бірақ олар пәлендей нәтижеге жете алмайды. Елек қамалына жасаған шабуылдың сәтсіздігінен кейін Сырым соғыс тәсілін өзгертіп, партизандық әрекеттер жасауға көшеді. Шекаралық бекіністерге, сұлтандар мен оларды қолдаушылардың ауылына тұтқиылдан шабуылдап, адамдарын тұтқынға алады.
1797 жылы көтерілісшілердің үлкен бір тобы Ералыдан кейін хан тағына отырған Есімнің ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, ханды өлтіреді. Есім ханның өлтірілуі Сырымға тілектес билер мен старшындардың одан ірге ашуына себепші болады.
## Хиуаға ығысу
Есімнің орнына Айшуақ хан сайлағаннан кейін, ол Есімнің кегін алмақ болып, арнайы әскер жасақтап, Сырымға қарсы аттанады. Соңынан індете қуып, маза бермеген патша экспедициясынан ығысып, Сырым Хиуа хандығының жеріне өтіп кетеді.
Ел арасына атағы кеңінен тараған батырдан қауіптенген Хиуа ханы оның көзін жоюдың амалын жасайды. Ақыры оның есебін тауып улап өлтіреді. Бұл жөнінде халық ауызында түрлі әңгімелер айтылады.
## Сілтемелер
* Сырым батырдың өлiмi екi ғасырдан берi ашылған жоқ Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Ысқақов, Нұрлан Әбділдаұлы — Қоршаған ортаны қорғау министрі.
## Қысқаша өмірбаяны
1963 ж. туған.
Қазақ политехникалық институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы.
Институтты бітіргеннен кейін ғылыми қызметпен айналысты, коммерциялық құрылымдарда басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Алматы қаласының Калинин ауданы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы бойынша Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы, Мемлекет Басшысы Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып тағайындалған.
Соңғы кезде — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі.
2006 ж. сәуір айынан бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі. |
Алтай Республикасы (алт. -Алтай Республика-) — Ресей Федерациясының құрамындағы субъектісі, республика. Әкімшілік орталығы – Таулы Алтай қаласы.
Алтай Республикасы Қазақстан, Қытай, Моңғолия жерімен, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тыва, Хакасия республикаларымен, Кемерово облысымен, Алтай өлкесімен шектеседі.
Жер аумағы 92,902 шаршы километр, халық саны 210,924 (2021) адамға тең. Батысынан шығысына дейін – 360 км, оңтүстігінен солтүстіке дейін – 480 км.[дереккөзі?]Ресми тілі – орыс, қазақ және алтай тілдері.
Жергілікті халқы — түркі алтайлықтар ұлты, халықтың 37% (2021) алып тұр.
## География
Алтай Республикасы қазақ даласына, Моңғолия шөлейті мен Сібір тайгасына ұласып жатқан Алтай тауларының солтүстік бөлігінде орналасқан. Ең биік шыңы – Мұзтау (4506 метр). Жер бедері әркелкі: биік тау жоталарының (Қатын, Солтүстік және Оңтүстік Шу) арасын “дала” деп аталатын жазықтық не ауқымды қазан шұңқырлар (Абай, Оймын, Шу) бөліп жатыр.
Климаты континенттік: қаңтар айының орташа температурасы – 12 – 31,80С, шілдеде 9 – 180С. Жылдық жауын - шашын мөлшері тауаралық қазан шұңқырларда – 100 мм-ге, солтүстік – батыс бөлігінде 1000 мм-ге жетеді. Ең ірі көлі – Алтынкөл, оның көлемі – 230,8 км, тереңдігі – 325 м. Өзендері энергия қорына өте бай. Республиканың солтүстік – батыс жағындағы беткейлер мен аңғарлар – қара топырақты, қалған жерлері таулық күлгін топырақты келеді.
Жерінің 25%-ын орман (балқарағай, самырсын, шырша, қайың) алып жатыр. Өсімдіктердің 212 түрі кездеседі. Дала мен шөлейттің аң – құстары: зерен елік, қарсақ, суыр, манул мысығы, зорман, қосаяқ, бозторғай, құзғын мен бүркіт; биік таулы аудандарға тән жануарлар: арғалы (тау қойы), бун (тауешкі), барс (ірбіс) пен бүркіт мекендейді. Қазба байлықтары: темір, алтын, вольфрам, қалайы, жез, т.б. Талдыдүрген кен орнынан қоңыр көмірдің (шамамен 68 миллион тонна) қоры табылған. Алтай жері әсіресе асыл тастарға бай. Құрылыс материалдары мәрмәрдің, саздың, құмның, әктастың, кесек тастың қоры мол.
## Тарихы
Алтай жерін адамдар ерте замандарда – төменгі және жоғарғы палеолит дәуірінен қоныстанған. Б.з.б. III ғасырдың соңы мен II ғасырдың басында Алтай тауларын түркі тайпаларының арғы атасы – ғұндар жайлап, жергілікті ұлыстардың көбісін өзіне бағындырды. Б.з. IV – VI ғасырларында қазіргі алтайлықтар мен басқа да түркі халықтарының арғы тегі – көк түркілер осы аймақта тұрды, 552 жылы Алтай түркілері өз мемлекетін құрып, астанасын Орхон өзеніне көшірді. Үлкен Хинганнан Кавказға дейінгі аралықта үстемдік жүргізген түркілердің солтүстік шекарасы Байкалға дейін созылып, Енесай (Енисей) мен Таулы Алтайды қамтыды, оңтүстік шекарасы Ұлы Қытай қорғанына, Тибет жеріне тірелді. 581 жылы қағанат екіге: Шығыс және Батыс қағандықтарға бөлінді.
Қазіргі Алтай Республикасын қамтыған Шығыс Түрік қағандығы қытай шеріктерімен, араб сарбаздарымен, т.б. ұлыс - тайпалармен арадағы үздіксіз соғыстардың салдарынан VIII ғасырда күйреп тынды. Одан көптеген тарихи - мәдени ескерткіштер: балбалдар, жан-жануар кейпіндегі шекіме бұйымдар, әшекейлер, былғары киім жұрнақтары, алтын белдіктер, сондай - ақ түркі әліпбиімен ойылған жазба мұрағаттар сақталып жеткен. IX – XII ғасылар аралығында бұл өңірде Енесей қырғыздары, қидандар, моңғолдар, т.б. кезек - кезек билік құрды. 13 ғасырдан бастап алтайлықтар Шыңғыс хан негізін қалаған түркі - моңғол ұлыстарының құрамына кірді. XVII – XVIII ғасыларда олардың негізгі бөлігі жоңғар хандығына бағынды. XVIII ғасырдың басында кейбір тайпалар орыс бодандығын қабылдай бастады.
Бұл процесс 1755 – 57 жылы болған Қытай мен Жоңғарияның арасындағы жойқын соғыстан кейін күшейе түсті. Қырғыннан қашқан алтайлықтар Ресей өкіметіне бағынды. Бір бөлігі Қытайдың қол астында қалып қойды. Жалпы, алтайлық сөзі Таулы Алтайдағы және ішінара Кузнецк Алатауындағы түркі тайпаларының жиынтық атауы. Солтүстік алтайлықтарға (“қара татарларға”) Бия өзенінің солтүстік жағалауы мен Телес көлінің солтүстік - батыс жағалауын мекендеген тобалар (тубалар), челкандар, лебединдер (Лебедь өзенінің аңғары) және құмандындар (Бия өзенінің орта ағысы) жатады. “Ақ қалмақтар”, “алтайлықтар”, “таулық”, “биліктер”, т.б. аталатын оңтүстік алтайлықтарға алтай кижалар, төлеңгіттер (теленгит), телестер мен телеуіттер жатады. 19 ғасырда алтайлықтар Ресей империясының отарлық езгісінде болды.
Шұрайлы жерлер тартып алынып, Ішкі Ресейден келген орыс шаруалары қоныстандырылды. Жерінен айрылған, зорлап шоқындырудан қашқан жергілікті халық тауға қашты және тайганы паналады. 1918 – 22 жылдары аралығында Таулы Алтай жеріне Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 1 маусымда РКФСР құрамында Ойрат автономды облысы құрылды. Ол 1948 жылы 7 қаңтарда РКФСР-дың Алтай өлкесіндегі “Таулы Алтай автономиялық облысы” деп аталды.
Астанасы 1928 жылға дейін – Ұлала ауылы, кейін – Ойрат-Тура, 1948 жылдан бастап – Таулы Алтай қаласы болды. 1990 жылы 25 қазанда Таулы Алтай халық депутаттарының облысы кеңесі Таулы Алтай АКСР-інің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады және ол Алтай өлкесінің құрамынан бөлініп шықты. 1993 жылы қазанда елдің жоғары заң шығарушы органы – Эл Құрұлтай (мемлекеттік жиналыс) мемлекеттік рәміздеменің қажетті атрибуттарын – жалау мен елтаңбаны қабылдап, республиканың қазіргі ресми атауын заң жүзінде бекітті.
## Экономика
Алтай Республикасында мал шауашылығы экономиканың жетекші саласы саналып, ел аумағының шамамен 75%-ы жайылым болды. Бірақ 1991 – 95 жылдары аралығында республикада мал басы күрт кеміді. 1996 жылдан бастап мемлекеттік сектордағы мал шауашылығы базасының орнына жеке шаруа қожалықтары пайда бола бастады. Әсіресе, әлемдік пиасада жоғары сұранысқа ие тауар – марал мен теңбіл бұғы пантасын өндіруге сұраныс күшейді. Өнеркәсібі нашар дамыған, өндіріс ауқымы жөнінен ауыл шауашылығынан кейін қалып келеді. Өнеркәсіп салаларының арасында құрылыс индустриясы мен жергілікті шикізаттан экзотикалық дәрілік препараттар өндірісі ғана тиімді қызмет атқарып, пайда түсіруде.
Республика көлемінде жергілікті индустрияның шикізаттық сипатынан дайын өнім шығаруға көшіп, кен өндіруші саланы (алтын мен молибден, полиметалл, күміс) дамытуға басымдық беру, табиғи құрылыс материалдарын (ағаш, тас, мәрмәр, гранит) жете өңдеу, сондай-ақ елдің туристік желісін жетілдіру арқылы экономиканы өркендету шаралары белгіленген. Негізгі көлік магистралы – Таулы Алтай – Шуй автомобиль жолы (ұзындығы 621 км) Бийск мен Моңғолия шекарасын жалғап жатыр.
## Әкімшілік-аумақтық бөлініс
Алтай Республикасының Конституциясына сәйкес өңір елді мекендерден тұратын 1 қала (республикалық маңызы бар) және 10 ауданға (аймаққа) бөлінеді. «Алтай Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы» Алтай Республикасының Заңына сәйкес РФ субъектісіне келесі әкімшілік-аумақтық бірліктер кіреді: 1 қала, 10 аудан (аймақ) және олардың құрамына кіретін 91 ауылдық елді мекен.
Республиканың муниципалдық құрылымы шеңберінде Алтайдың әкімшілік-аумақтық бірлігі шекарасында 102 муниципалитет құрылды: 1 қалалық аудан және 10 ауылдық аудан, оған 91 ауылдық елді мекен кіреді.
Қала (қалалық аймақ) және аудандар (муниципалды аудандар):
## Мәдениет
Алтайлықтардың бай ауыз әдебиеті бар. Оны ертегішілер (кайчы) мен жыршылар (қожанчы) жаттап алып, ұрпақтан ұрпаққа таратып келді. Ауыз әдебиеті нұсқалары 19 ғасырдың 2-жартысынан қағаз бетіне түсіріле бастады. Эпос үлгілерінің 7 томы – “Алтай батырлары” жарық көрді. 20 ғасырдың бас кезінде М.В. Мундус – Эдоков “Келін” (1927 жылы), “Бұрын және қазір” (1928 жылы) аталатын алғашқы пьесалар жазды. Алтай тұрғындарының тағдыры, бастан өткерген тарихи кезеңдері П.А. Чагат - Строевтың “Дана батыр” (1926 жылы), “Қара Қорум” (1929 жылы) поэмаларында, П.В. Кучияковтың “Күрес” (1932 жылы) пъесасында, “Шайтан аңғары” (1945 жылы) повесінде, С.Сұразақовтың “Тау қожасы” (1962 жылы) жинағында, Л.Қоқышевтың “Арина” (1959 жылы) романында шынайы бейнеленген.
Алтайлықтар сан ғасырлар бойы киіз үйде тұрып келді. Дәстүрлі сән өнері – сырмақ басу, басқұр өру, алаша, кілем тоқу, тері илеп, зерлеу, кесте тігу кәсібі әлі ұмытылмаған. Алтайлықтар тілінде “Алтайдың чолмоны” (“Алтай жұлдызы”, 1922 жылдан) республикалық газет, т.б. басылымдар шығады.
## Халқы
### Ұлттық құрамы
2021 жылғы Бүкілресейлік санақ бойынша Алтай өлкесінің ұлттары:
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Алтай кімге қалады?
* Рудой А. Н., Кирьянова М. Р. Научное и рекреационное значение великих геологических памятников Алтая: к созданию Алтайского ледникового парка // Известия Русского географического общества, 2004. — Вып. 5. — С. 61-69. Мұрағатталған 22 мамырдың 2012 жылы. |
Қорықбаев Ілияс (1937, Батпақты ауылы, Ырғыз ауданы — 1994, Батпақты ауылы, Ырғыз ауданы) — жыршы.
## Өмірбаяны
* Ауылдық Кеңестің хатшысы
* почта байланысы бөлімінің бастығы
* кеңшар бухгалтері қызметтерін атқарған.
## Өнер жолы
Домбыра тартуды жездесі Зәкария жыраудан үйренген.
Құрманғазының «Ақсақ киік», «Адай», «Кісен ашқан», Тәттімбеттің «Саржайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», т.б. күйлерін домбырада тамаша орындаған.
Атақты Ақан сері Қорамсаұлының «Құлагер», «Маңмаңгер», «Балқадиша», «Жаяу Мұса», Байжанұлының «Ақ сиса», «Сұрша қыз», Біржан Қожағұлұлының «Айтбай», «Ғашығым» т.б. әндерін домбыраға қосылып шырқаған.
Ш. Қалдаяқовтың әндері мен Нұрхан Ахметбековтың «Есім Сері», «Жасауыл қырғыны», «Ұры қарға» поэмаларын және «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын»,"Қозы Көрпеш-Баян сұлу" эпостық жырларды жатқа айтқан.
## Дереккөздер |
Жәңгір хан есімі мынадай мағыналарды білдіруі мүмкін:
* Салқам Жәңгір хан — (1643—1652) — Қазақ хандығының ханы
* Жәңгір-Керей хан — (1801—1845) — Бөкей Ордасының соңғы ханы |
Жеті жарғы — Тәуке хан (1678–1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. XVII ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. (Мысалы, бұл қағидаларға Абай да үлкен мән бергені және кезінде өзі жасаған заң жобасында ескергені белгілі.) Жеті жарғы, қазақтың ұлттық шешендік өнеріне сай, негізінен, афоризмдермен, мақал-мәтелдерден, қанатты сөздерден құралған. Бұл жүйені мазмұндық-кезеңдік жағынан “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолына” негізделген және Тәуке ханның өз дәуіріне, саясатына сай енгізілген өзгерістер деп үшке бөлуге болады. Жеті жарғының толық нұсқасы сақталмаған. Кейбір үзінділері К. Шүкірәлиевтің (1804), Я. Гавердовскийдің (1806), А. Левшиннің (1832) жазбаларында кезігеді. Олардан басқа Н.Гродеков, Л.А. Словохотов, А.П. Чулошников тәрізді орыс ғалымдарының зерттеулері мен айтқан ой-пікірлері шежіреші Ә. Қайнарбайұлынан алынған нұсқаға жақын келеді. Аталған нұсқада Жеті жарғының аталуы Тәуке хан енгізген жеті өзгеріске байланысты деген тұжырым жасалынған. Бұл өзгерістерде төрелер мен қожаларға ерекше құқық беру арқылы билікті нығайту мақсаты көзделгені айқын байқалады.
Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қорлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан.«Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.
Бізге белгілі, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» және Тәуке ханның «жеті жарғысы» осы хан кеңесінің шешімі арқылы жарыққа шығып, елге таралған. Жәңгір ханның ұлы Тәуке «Қасым ханның қасқа жолын», «Есім ханның ескі жолын» өз дәуіріне сай етіп, сондағы ережелердің жеті түріне күрделі өзгеріс енгізгендіктен, ол өзгерістер «Тәуке ханның Жеті жарғысы» («Жеті жарлығы») аталып кеткен делінеді.
## Жеті жарғы
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын.(Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).
2-жарғы.Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың ортақ мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).
3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).
4-жарғы. Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).
5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттік соғыс күші ретінде бағаланады).
6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:а) біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса қыздың қалыңмалын береді.ә) төрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.
7-жарғы. Ұрланған жылқы, өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.
«Жеті жарғыны» қазақ халқы ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал кейбір заңдар Қазан төңкерісіне дейін қолданылды. Сонымен бірге «Жеті жарғының» өз кезінде қағазға түсірілмегені де белгілі. Кеңестер дәуірінде «Жеті жарғыға» «феодалдық қатынастардың сарқыншығы» деген сипат тағылып, мүлдем зерттелінбеді. Бізге «Жеті жарғы» орыс ғалымдарының жазбалары негізінде белгілі. Алғаш рет орыс ғалымы Г. Спасский жаппас руының старшыны Күбек Шүкіралиевтің мәліметтері негізінде «Жеті жарғының» 11 үзіндісін 1820 жылы «Сибирский вестник» баспасөзінің бетінде жариялады. «Жеті жарғының» екінші нұсқасы (34 үзінді) А. Левшиннің зерттеулерінде беріледі. Бұл нұсқалар «Жеті жарғы» дүниеге келгеннен кейін 100 жылдан соң халық ауыз әдебиеті негізінде жариялады. Сондықтан бұл заңдар жинағының толық нұсқасының бізге жетпегені белгілі.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы мемлекеттің ішкі жағдайын күшейтуге бағытталды. Осы заң негізінде қазақтың тайпа, ру басыларын жылына бір рет жиналуға міндеттеді. Бұл жиындарда мемлекеттің сыртқы және ішкі жағдайына байланысты мәселелер дауыс беру негізінде шешілді. Жиынға қару асынып келген азаматтардың ғана дауыс беру құқықтары болды. Сонымен бірге қару ұстап келген азамат жылына өз байлығының жиырмадан бір бөлігін салық ретінде мемлекетке беруге міндеттелді. Жиынға қатысушы әр рудың өз таңбасы болды. Бұл таңбалар құрылтайда мемлекеттік рәміз дәрежесінде бекітілді.
Қазақтың негізгі байлығы мал болғаны белгілі. Сондықтан «Жеті жарғы» заңдарына сай әр меншік иесі өз малдарына ен салуға міндеттелді. Сонымен қатар, әр рудың жайылым жер меншігі қатаң белгіленді.
«Жеті жарғыда» қылмыстық іс - құқық нормаларына үлкен орын бөлінген. Қылмыс ретіне: кісі өлтіру, мертіктіру, әйелді зорлау, соққыға жығу, қорлау, ұрлық істеу және тағы басқалары жатқан. Кінәлілер жасаған қылмыс деңгейіне сай әртүрлі жазаға кесілген. Бұл жинақта «қанға қан» заңы сақталды. Бірақ билер сотының екі жақ келісуі бойынша жазаны құн төлеумен алмастыруға мүмкіншілігі болған. Құн төлеу төрт жағдайда рәсімделген. Олар: егер әйелі күйеуін өлтірсе және күйеуінің туыстары оны кешірмеген жағдайда, егер әйел некесіз туған баласын өлтірген жағдайда, жұбайлар арасындағы «көзге шөп салушылық» дәлелденген жағдайда және «құдайға тіл тигізгені анықталған жағдайда». Өлім жазасының екі түрі болған: дарға асу және тас лақтыру әрекеттерін қолдану.
Жазалаудың ең көп таралған түрі – құн төлеу болған. Қылмыскердің және өлген адамның әлеуметтік жағдайына байланысты құн мөлшері өзгеріп отырған. Мысалы, өлген ер адамның құны 1000 қой болса, әйел адамның құны 500 қой болған. Ал өлген адамның әлеуметтік жағдайы ақсүйек болса құн мөлшері жеті есе өскен, яғни сұлтан немесе қожа тұқымынан өлтірілгендерге жеті адамның құнын төлеген. «Сұлтан» немесе «қожаға» тіл тигізгені үшін 9 мал, қол жұмсағаны үшін 27 мал төленетін болды. Құлдың құны бүркіттің немесе тазы иттің құнымен теңескен. Дене мүшелеріне зақым келтірген қылмыскер де белгілі мөлшерде құн төлеген. Атап айтқанда, бас бармақ – 100 қой, шынашақ 20 қой болған. Ұрлық жасалған кезде ұрланған заттың құны иесіне «үш тоғыз» етіп қайтарылған. Мысалы, ұрланған 100 түйе 300 жылқыға немесе 1000 қойға теңелген. Бұл баптардан біз «Жеті жарғыға» сай қылмыс істеген әр әлеуметтік таптың құқықтары заңдастырылғанын көреміз.
«Жеті жарғы» бойынша өлім жазасы мен құн төлеуден басқа жазалар да қолданылған. Мысалы, әкесіне қол жұмсаған ұл баланы қара сиырға теріс отырғызып масқаралаған. Ата-анасына дауысын көтерген қыз баланың жазасын шешесі шешкен. Күйеуін өлтірген екіқабат әйел елден қуылса, христиан дінін қабылдаған адамның мал-мүлкі тәркіленген. Құдайға тіл тигізгендігі жеті адамның куәлігі арқылы анықталған адам таспен атып өлтірілген.
## Дереккөздер |
Бесқонақ — байырғы қазақ күнтізбесінде қолданылып келген, жыл айларынан тыс алынатын бес күн. Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы бүтін күн санымен өрнектелмейді. Ол жуық түрде 365,24 тәулік (яғни 365 күн 6 сағат) деп есептеледі. Тәуліктің ширегін жыл сайын күнтізбеге енгізіп отыру қолайсыз. Сондықтан қазіргі қолданылып жүрген Григорий күнтізбесінде бұл ширектерден 4 жылда 1 күн құралатындығы ескеріліп, әрбір 4 жылдың алдыңғы үшеуі 365 күннен, төртіншісі 366 күн болып алынған. Ал әрқайсысы 30 күндік 12 айдан тұратын қазақ күнтізбесінде 360 күн болды. Жыл толық болу үшін оған 5 (кібісе жылдары 6) күн қосу керек. Аптаға толмайтын осы 5 күнді қазақ халқы «Бесқонақ» деп атаған. Айлардан тыс алынатын мұндай күндер басқа халықтарда да болған. Мысалы, б.з.д. 4-мыңжылдықта Мысырда 360 күннен кейін қосылатын 5 күнді құдайлар атымен (Осирис, Гор, Сет, Исида және Нефтида) атаған. Ежелгі парсы күнтізбесінде қосалқы 5 күн «фәнджи» немесе «андаргах» («ұрланып кіретін» не «кетікті толтыратын») деп аталған. Фәнджи парсылардың 8- және 9-айының аралығына қойылған. Ежелгі Соғдыда мен Хорезм күнтізбелерінде де қосалқы күндер болған. Байырғы қазақ күнтізбесінде «Бесқонақ» үнемі жыл аяғына қосылып отырған. Қазіргі күнтізбе бойынша «Бесқонақ» жыл сайын 17 наурыздан (кібісе жылдары 16 наурыздан) 21 наурызға дейінгі аралыққа келіп отырады.
## Тағы қараңыз
* Қазақ күнтізбесі
* Наурыз мейрамы
## Дереккөздер |
Қызылорда облысы — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облысы.
Облыс 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді (2018). Облыс орталығы — Қызылорда қаласы.
1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен қаланың орысша транскрипциясы Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал облыс аты Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысына өзгертілді.
Қызылорда облысы Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында және Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде – Ұлытау облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстанмен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 3-орында.
## Тарихы
### Ежелгі дәуір
Қызылорда облысының басым бөлігі кезінде сақ-массагет иелігінде болған, қалған бөлігін қаңлылар басқарған. Ғұн тайпаларының батысқа қоныс аударуы кезінде Сырдарияның төменгі ағыстарына жетті. Б.з. 93 жылы Арал маңын мекендеген ғұндар эфталиттер мемлекетінің негізін қалайды. 427 жылы эфталиттер Үндістанға жорықтары нәтижесінде Сотүстік-Батыс Үндістан, Орта Азия, Шығыс Иран және Ауғанстан территориялары кірген үлкен мемлекетті құрайды.
VIII ғасырда Орталық Азияны және Қазақстан оңтүстігін арабтар бағындырып Ислам дінін таратады. IX-X ғасырларда Сырдарияның төменгі және ортаңғы ағыстарында оқыз тайпаларының ерте феодалдық мемлекеті құралады. Ортағасырлық қалалардың Ұлы Жібек жолы бойында орналасуы оғыз тайпаларына пайда әкелді
ХІІІ ғасырларда моңғолдардың шапқыншылықтары нәтижесінже Жент, Сығанақ, Асанас, Өзкент, Баршынкент, Жанкент қалалары қиратылды.
Әбілқайыр ханның билігі кезінде көшпелі өзбектер хандығының орталығы Сығанақ қаласы болған. XV ғасырдың ортасында қала аймақтың әкімшілік орталығына айналды. XVI ғасырда Сырдарияның оң жағалауы Қазақ хандығының қарамағына енді.
Ресей империясы
Ақмешіт 1820 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.
1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастады; 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастайды.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады – 70-жылдардан бастап қалада мұсылман мешіттері пайда болды;
1868 жылы Перовскіде уездік пошта бөлімі ашылды; 1905 жылы «Оренбург-Ташкент» темір жолы қолдануға берілгеннен кейін үйлестіруші логистикалық құрылым (бекеттер, вокзал, депо, қоймалар) салынды;
Кеңес Өкіметі
1917 жылдың 30 қазанында Перовскіде Кеңес билігі орнады. 1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. Осы жылы бірінші ағаш өңдейтін ұстахана ашылды, кірпіш зауыты қалпына келтірілді;
1925 жылы 15 сәуірде қалада Қазақ Автономдық Республикасының Бүкілодақтық еңбекшілер съезді болды, сол жерде қаланы Қызыл-Орда («қызыл астана») деп атау және оған республика астанасы дәрежесін беру шешімі қабылданды. Сол уақыттағы қала халқының саны 22 мың 577 адам болатын. Осы жылдары бірінші рет электрэнергиясы қосылды, қаланың барлық жерлерінде құрылыс жүріп жатты, жаңа үлгідегі үйлер салынды, оқу орындары, халық ағарту институттары және т.б. тұрғызылды;
1929 жылы астана Алматы қаласына көшірілді, ал Қызыл-Орда округ орталығы болды;
1930–1940 жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белоруссия мен Батыс Украинадан депортирленген поляктардың, немістердің, кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ халықтарының Нацистік Германия жаулап алған аймақтардың эвакуанттарының есебінен едәуір артты;
1938 жылғы 15 қаңтарда Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді;
1960–1970 жылдары целлюлиттік-картонды, механикалық, күріш зауыттарымен және аяқ-киім фабрикасымен қатар Гагарин, Титов Қыстағы секілді тұрғын-үй кешендері құрылды. Осы жылдары «Главриссовхпзстрой» тресті ашылды.
Тәуелсіз Қазақстан
1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен қаланың Қызыл-Орда атауы Қызылорда, ал облыс атауы Қызыл-Орда атауынан Қызылордаға ауысты.
1992 жылғы қаңтарда Возрождение аралында сынақ полигоны жабылды, бұл оба, жамандат, лепра ауруларының таралуына тосқауыл болды. «Барсакелмес» қорығындағы өмір қайта басталды.
## Әкімшілік құрылымы
Солтүстігінде Қарағанды, солтүстік-батысында Ақтөбе облыстарымен, оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Өзбекстан мемлекетімен, шығысында Түркістан облысымен шектеседі.
Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан, 1 қала облыс орталығы — Қызылорда, 1 республикалық маңызы бар қала — Байқоңыр бар:
* Арал ауданы, орталығы — Арал
* Қазалы ауданы, орталығы — Әйтеке би кенті
* Қармақшы ауданы, орталығы — Жосалы
* Жалағаш ауданы, орталығы — Жалағаш кенті
* Сырдария ауданы, орталығы — Тереңөзек
* Шиелі ауданы, орталығы — Шиелі
* Жаңақорған ауданы, орталығы — Жаңақорған кенті
* Қызылорда қаласы
* Байқоңыр қаласы
### Табиғи ресурстары
Аймақтың кен байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркәсіптік маңызы зор. Құрылысқа қажетті ұсақ қиыршықтастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас), қоңыр көмір (Құланды) кен байлықтарының мол қоры бар.
Қызылорда облысы түсті метал кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады. Сонымен қатар ас тұзы 60%, мұнай мен газ конденсаты 21,4%, мырыш 15,1%, уран қоры 14%. Оңтүстік Торғай иінінің облысы бөлігінде 350 млн.т мұнай, 100 млрд.м³ газ қоры анықталды. Арал теңізі маңында 73 млн.т мұнай, 2 трлн.30 млрд.м³ газ қоры бар.
### Су қоры
Облыс жерімен Сырдария өзенінің 1 мың км-ге жуық төменгі ағысы өтеді. 1956 жылғы маусымда Сырдария өзенінде Қызылорда бөгеті іске қосылды. 1958 жылы Сырдарияның ескі арнасы Жаңадарияға өзен суы жіберілді. 1950–1960 жылдары Қызылорда су тораптарының сол жақ және оң жақ каналдары қазылды. 1969 жылы Қазалы су торабы егіс даласы мен жайылымдық жерлерді суғаруға берілді. Өзендер суының теңізге құю мөлшерінің кемуінен Арал теңізі Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып екі көлге бөлінді.
### Флора мен фауна
Облыстың едәуір бөлігін құм басып жатыр. Топырағы қоңыр, құмдақ сұр, сортаң болып келеді. Жусан, бетеге, сексеуіл, жыңғыл, тал, тораңғы, қамыс өседі. Ауыл шаруашылығына қолайлы жер аумағының 12%-ы Сырдария өзенінің жайылмасында, 23%-ы шөлейтте, 65%-ы шөл аймағында орналасқан.
Жануарлар дүниесінен ақ бөкен, құлан, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, шибөрі, қосаяқ, күзен, сарышұнақ тіршілік етеді. Құстардан бүркіт, қаршыға, қырғауыл, қаз, үйрек, көлдерде балықтың алабұға, сазан, жайын, бекіре түрлері кездеседі.
## Экономикасы
### Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешені
Егіс көлемі
2007 жылы облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр.
Тұқым шаруашылығы
Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру жүйесі қалыптасып келеді.Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді.Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді.
Минералдық тыңайтқыш
Облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2006 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді. Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.
Машина-трактор паркін жаңалау
2007 жылы облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан машина-трактор паркін жаңалауда бір шама жұмыстар жүргізілді, өткен үш жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 625 жаңа техника сатып алды. Ал, биылғы жылдың 9 айында, облыс бойынша 270 техника алынды. Оның 205 данасы лизингілік негізде болса, 65 данасы шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен алынды.
ЖЖМ
Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 32 мың тонна дизель отыны қажет болса, ол толығымен қамтамасыз етілді.Қолда бар күздік, жаздық бидай толығымен жиналып, барлығы 14,7 мың тонна астық алынды. Дән құрамында клейковинаның төмендігіне байланысты өндірілген билдай мал азығына пайдаланылады. Облыста жоңышқа, дәндік жүгері, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.Облыста картоп, көкөніс, бақша және басқа дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дәндік жүгері, күнбағыс, мақсары, мақта, сорго дақылдарының егіс көлемі толық жиналса, картоптың – 88,9 %, көкөністің - 95,0 %, бақшаның – 97,0 % жиналып, картоптың 1 гектарынан орташа 129,3 цн өнім жиналса, көкөністен -138,8 цн және бақшадан 151,3 цн. өнім жиналуда.Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 596,2 мың тн. шөп дайындалса, оның 89 мың тоннасы жоңышқа шөбі.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі – 3,6, жылқы – 5,0, түйе – 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр. Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.
## Демографиясы
Қызылорда облысы халқының саны
## Мәдениеті
### Қорқыт ата кесенесі
### Көне қалалары
Қызылорда облысы Ұлы Жібек жолының тарихи орталығы болады, оның дәлелі 500-ден астам қазақ халқының мәдени және тарихи ескерткіштердің мекенінің дамуында ерекше орынға ие. Бұл қазақ халқы өкілдерінің сәулет, археологиялық ескерткіштері және кесенелері.
Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлы, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ыбырай Жақаев – өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихына кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, Қарасопы, Оқшы Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт ата мемориалдық кешені Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.
Жетіасар
Жетіасар — қалалар тобы б.з.д. соңы I мыңжылдықтың аяғы — б.з. 8 ғасырда ежелгі Сырдарияның солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың негізгі бөлігі Қазақстанның Қызылорда облысының қазіргі Байқоңыр қаласы және Жусалы ауылынан оңтүстікте 45–90 км қашықтықта орналасқан. Жетіасар мәдениетінің барлық қалашықтары өзендер маңайында, қоғамдық үйлердің орнында қызмет ететен бірнеше бір-екі этажды қорғандардан тұрады. Тұрғындары балық, мал, жерді өңдеу шаруашылығымен айналысып, қалашық аудандары арқылы Тянь-Шаньнан Волгаға дейін маңызды караванды жол өтетін болған. Жетіасар мәдениеті археологтарды ежелгі тохарлар және эфталиттермен, басқа канғой тайпаларының мәдениетімен байланысты болады.
Алтынасар
Алтынасар, Құрайлыасар, Қараасар, Базарасар, Томпақасар, Жалпақасар қорғандары маңызды болып келеді. Қалашықтардың биіктігі қоршаған ортаның үстінен екіден он метрге дейін.
1946–1951 жылдары ескерткіштер С.П. Толстовтың жетекшілігімен КСРО Ғылым академиясы Хивин экспедициясымен алғашқы рет зерттелген болатын. 1973–1993 жылдары зерттеулер Л.М. Левиннің жетекшілігімен жалғасқан болатын. Алтынасар қаласының маңызды қазбалары және ескерткіштерге қосымша 1980 жылдың екінші ортасында 1990 жылы Ленинск (қазіргі Байқоңыр) қаласымен Қызылқұмда артезианның су көздері біріктіретін су құбырларын салуда сақтау жұмыстары ретінде орындалған еді.
Сығанақ
Сығанақ — қалашық, қазіргі Қызылорда облысының шығысында, Түмен-Арық теміржол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 18 км, Сырдария өзненінің солтүстігінде 20 км қашықтықта орналасқан. Қаланың көлемі 10 гектар шамасында 15 төбемен құрылған сақталған қабырғаларымен қапталған. Орынның жалпы көлемі 13 гектар шамасындай бекітілген. Мешіттер, кесенелер, ғимараттардың бөліктері сақталды. Сырдариядан Түмен-Арқадан, одан басқа таулы өзендер Қаратау баурайларынан 20 километрден тұратын каналы қалаға дейін созылған. Қала алғашқы рет X ғасырдағы араб георграфы Махсиди жазуларында айтылатын оғыздар қаласы, 11 ғасырдың ортасындағы Каспийдің солтүстік жағалауынан Тянь-Шань тауларынан Сырдариямен өтетін керуен жолдарының ірі кәсіпті және сауда орталығы, қыпшақтардың астанасы. 1219 жылы қала моңғолдармен жойылып, XIII ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың ақша орталықтарының бірі пайда болған еді. XIV ғасырдың ортасында — Ақ орданың астанасы, XIV ғасыр және XV ғасырдың бірінші жартысында Түркістан және Сауранмен тең, Қазақ хандығының орталығы болған.
1948 жылы алғашқы археологиялық қазбалар Мәскеу археологтарымен жүргізіліп, б.з. V ғасырдағы заттар табылған болатын. 2004 жылдан бастап қаланы зерттеу «Мәдени мұра» Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының аясында жүргізіліп, зерттелуде.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
* Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві
* Қызылорда облыстық филармониясы
* Н. Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық музыкалық драма театры |
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов (15 маусым 1965 жыл, Целиноград) — қазақстандық саясаткер, заңгер, экономист, қаржыгер, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 13-басшысы (2016—2022), үкімет басшысы (2014—2016), Премьер-министр (2007—2012). 2022 жылғы 6 қаңтарда "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қылмыс ісі қозғалып, тергеу изоляторына қамауға алынды.
## Өмірбаяны
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов - 15 маусым 1965 жылы Қазақстанның Целиноград қаласында дүниеге келген. Әкесі - Қажымқан Қасымұлы Мәсімов. Анасы - Элеонора (Ажибекова) Кәрімқызы Масімова.
### Білімі
* 1982 жылы Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебін үздік бітірді.
* 1985 жылы Мәскеу қаласындағы П.Лумумба атындағы Халықтар Достығы университетінде араб филологиясы бойынша білім алды.
* 1988 жылы Пекиндегі Тіл білімі институтында оқыған. 1991 жылы Қытайдағы Ухань заң университетін, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясын бітірген.
* 1999 жылы Колумбия университетінде (Нью-Йорк) топ-менеджерлер даярлау бағдарламасынан өткен.
* Орыс, қазақ, Ағылшын, қытай, араб тілдерін меңгерген.
### Қызмет жолы
* 1991 жылы — Қытай Халық Республикасындағы КСРО Сауда өкілдігінің құқықтық мәселелер бойынша кеңесші.
* 1991 жылы ҚР Еңбек министрлігінде сыртқы экономикалық байланыс бөлімінің бастығы, Бас экономист.
* 1992 жылы «Қазақпригранторг» фирмасының басшысы, Үрімші (Қытай) қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінде жетекші маман, директор орынбасары.
* 1993 жылы «Акцепт» ЖШС басшысының ішкі экономикалық мәселелер жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарады.
* 1994 жылы Гонконг қаласындағы Қазақ сауда үйінің басқарушы директоры.
* 1995 жылы «Алматы сауда-финанс банкі» ЖАҚ Басқармасының бастығы,
* 1996 жылдың қыркүйек айынан «Тұран Әлем Банк» Басқармасы бастығының міндетін орындаушы,
* 1997 жылдың тамыз айынан бастап «Қазақстан Халық жинақ банкі» ААҚ Басқармасы бастығының 1-орынбасары, қыркүйек айынан бастап бастығы,
* 2000 жылдың тамыз айынан ҚР Транспорт және коммуникация министрі,
* 2001 жылдың қарашасынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары,
* 2002 жылдың шілдесінен ҚР Президентінің көмекшісі,
* 2006–2007 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
* 2007 жылдың 10 қантарында Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады.
* 2011 жылдың 2 қарашасында Кәрім Мәсімов "Қазақша Уикипедиа" жобасын өз қамқорлығына алатынын хабарлады.
* 2012 жылдың 24 қыркүйек күні Кәрім Мәсімов Үкімет басшысы ретінде жұмыстан кететіндігі туралы арызын берді. Президент Н.Назарбаев өтінішті қабылдады . Сол күні М.Мәсімов Президент Әкімшілігінің Басшысы ретінде тағайындалды.
* 2014 жылдың 7 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті жарлығыменен Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалады. Бұл қызметте 2016 жылдың 9 қыркүйегіне дейін болды.
* 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 13-ші басшысы болып тағайындалды.
* 2022 жылдың 8 қаңтарында Кәрім Мәсімовтің ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
* 2023 жылдың 24 сәуір Сот Кәрім Мәсімовке үкім шығарды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы 18 жылға бас бостандығынан айырылды.
## Марапаттары
* 2010 жылы - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев орденімен
* 2004 жылы - «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
* 2011 жылы - Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі.
* 2015 жылы - Халықтар достығы ордені (Беларусь)
* 2016 жылы - 2-дәрежелі Барыс ордені (2016)
## Галерея
*
*
## Бағалануы
Оппозициялық саясаткер Болат Әбілов Мәсімов жайлы сөйлегенде соның «қолына ешнәрсе келмей жататынын», әр ірі лауазымдағы қызметінің сәтсіз болғанын және «керек сәтте, керек жерде» болып қалғанынан ғана шыңға жеткенін айтты да, оны «карикатуралық» тұлға деді. Ол кейін, оған қоса, оны «шынымен де ірі жемқор болған» деді.
## Отбасы
Жұбайы — Дилярам Азатқызы Мәсімова (туғанында Машұрова). Мәсімов — 3 баланың әкесі.
## Дереккөздер
14. https://kaz.orda.kz/kaerim-maesimov-18-zhylgha-sottaldy/
## Сыртқы сілтемелер
* Кәрім Мәсімовтың ресми сайты Мұрағатталған 21 қарашаның 2020 жылы. |
Ашина (көнетүркіше -{Ačïnu}-; басқа атаулары: ашина, асена, асен) — түріктердің көне атауы.
Бірінші Түрік Қағандығын билеген текті ру. Аңыз бойынша Ашина деген көсемді қасқыр асырап өсірілген, содан кейін бүкіл түркі ұлттарын бағындырған.
## Этимологиясы
Ежелгі моңғол тіліндегі “шоночино”, яғни қасқыр деген сөзге қытайша құрметтілік сипатын білдіретін “а” дыбысы қосылып жасалған термин делінеді. Демек, ашина сөзі "қасиетті бөрі" мәнін береді. Бұл олардың өз тектерін қасқыр қаншығы асыраған ханзада ұрпағына телитін аңызға байланыстыруға негіз болған.
## Тарихы
Қытай деректері бойынша, “бес жүз үйлі Ашина” тайпасы Солтүстік Қытайдағы Шэньси аймағының батыс бөлігін мекендеген. Бұл жерді 4 ғасырда ғұндар мен сәнбилер жаулап алды. Ашиналар сол кезде ғұн әмірі Муганьнің қол астында болған.
439 жылы тобастар ғұндарды жеңіп, олардың иелігін Вэй патшалығына қосқаннан кейін бес жүз үйлі Ашиналар жужандарға қашып барып, Алтай тауларының Оңтүстік бетін қоныстанған, сөйтіп жужандарға темір өндіре бастайды. Осы темір өндірісінің арқасында олар жауынгер қауымға айналып, “найзаның ұшы, қылыштың жүзімен” 552 жылы алғашқы Түрік қағандығын құрды. Бұл қағандықты Ашиналар мұрагерлік жолымен аймақ-аймаққа бөліп басқарды.
Ашина қағандарын қытайлықтар “ту-кю” деп атады. Бұл “түркіт”, яғни “т” көптік жалғауы жалғанған “түрік” деген сөз екені дәлелденген. Жалпы бұл кезеңдегі түркі жұртын қытай деректері ғұндардың ұрпағы деп көрсетеді. Олар біртұтас әскери қауым сипатында болды. Ашиналар басқарған Түрік қағандығы (түркіттер) бірте-бірте ұлы патшалыққа айналып, 658 жылға дейін, яғни жүз жылдан астам уақыт өмір сүрді. Түрік қағандығы кезіндегі батыс және шығыс бөліктегі түрік қауымына билік жүргізушілердің аты-жөні түгелдей Ашина аталады. Олардың арасында қытайдың Суй, Таң патшалықтарына барып бағынғандары ғана өздерінің аттарын өзгертуге мәжбүр болған.
Батыс Түрік қағандығы ыдырағаннан кейін Солтүстік Кавказдың шығыс бөлігінде және Еділ бойында билік құрған хазарлардың билеуші тобы да Ашина атауын пайдаланды.
## Байрағы
Түркілер байрағында бөрі бейнесі болды. “Бөрілі байрақ” түркі жұртында біздің уақытымызға дейін ата-баба рухы секілді желеп-жебеуші күш ретінде танылып, қасиеттеліп келді. Мұны Сүйінбайдың:
Көне түріктерді моңғол тектес этностар čïnuw-a > čïnu > čоn > чоно (бөрі, қасқыр) деп атаған. Ačï+de — оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы (бөрілер, қасқырлар деген мәнде). Қытайлықтардың моңғол тектестерден үйреніп атағаны осы — Ačïnu, Ačïde болса керек. Бұл атаулар түрік бітіктастар мен ескерткіштерінде және де ешбір көне түрік мәтіндерінде кездеспейді.
Ал мұны Ю.А.Зуев, Қ.Сартқожа және т.б. ғалымдар хотан-сақ тілінде аssejna- «көк», ашидэ — орта парсы тілінде azdahak-"айдаһар" деген мағына білдіреді, сол сөздерден туындаған деп зороастризмге теліп қарастырады.
Н.Я. Бичурин шығармасында былай делінеді:
дом Тугю по монгольски называется как ниже увидим дулга …принял слово шлем — на монгольском …тукю
Бұл көне моңғол тіліндегі türüg/türük атауының қытайша дулга/дулуга күйінде оқылғаны болса керек.
## Әдебиет
* Ю.А.Зуев Ранние тюрки: очерки истории и идеологии, Алматы, 2002, 25, 86-87 бетте.;
* С.Каржаубай Обьединенный каганат тюрков (по материалам рунических надписей) Астана, 2002, С.97-99, 178 . (ашина (дневное небо, кек тюрк) каганский, ашитак / кит. Ашидэ; др. тюрк. аждаха- дракон /катунский линии «iki jyltyz»).
## Тағы қараңыз
* Асен әулеті
## Дереккөздер |
Қалбанов Қасым Қабылхақұлы (Hasimu Hapahake, Hasem Habelhah) — Айова қаласының, Америка Құрама Штаттарындағы Медициналық зерттеу орталығының ассистент-профессоры, пәлсапа докторы.
## Қысқаша өмірбаяны
1983—1990 — Бейжін университеті, бакалаур және магистер деңгейі.
1994—1998 — Хоккайдо университетінің Медицина мектебі, пәлсапа докторы.
1998—1999 — Хоккайдо университетінің Медицина мектебі, докторлықтан соң тәлімдену.
1999—2002 — Синай тауы Медицина мектебі, докторлықтан соң тәлімдену.
## Сыртқы сілтемелер
* Медицина зерттеулері Мұрағатталған 3 қыркүйектің 2006 жылы. |
Әлиев Рахат Мұхтарұлы (10 желтоқсан, 1962 жыл, Алматы – 24 ақпан 2015 жыл, Вена) — қазақстандық іскер және саясаткер.
## Қысқаша өмірбаяны
1962 жылы туған. Орта жүздің қоңырат тайпасының Жаманбай руының Киікші бөлімінен.
Алматы мемлекеттік медицина институтын, «Әділет» жоғары заң мектебін бітірген. Медицина және экономика ғылымдарының докторы. Ағылшын тілін меңгерген. Төтенше және Өкілетті І сыныпты Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.
1986–1993 жылдары ғылыми жұмыспен айналысты.
1993–1996 жылдары кәсіпкерлік қызметте.
1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы Бас басқармасы бастығының бірінші орынбасары.
1997–1998 жылдары Алматы қаласы Салық полициясы департаментінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық полициясы департаментінің директоры.
1998–1999 жылдары Бірінші вице-министр — Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы комитетінің төрағасы.
1999–2000 жылдары ол — Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы.
2000–2001 жылдары — ҰҚК Төрағасының Бірінші орынбасары.
2001–2002 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары.
2000 жылдан бастап Қазақстан футбол одағының қоғамдық негіздегі президенті.
2002–2005 жылдары — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Словения, Хорватия, Македония, Сербия және Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі.
2005–2007 жылдары ол — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің Бірінші орынбасары.
2005 жылғы тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі.
2007 жылғы ақпаннан — Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2007 жылғы 26 мамырдан — Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 26-бабы 4-ші тармағын басшылыққа ала отырып, Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-ның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ҚР-ның арнаулы өкілі Рахат Әлиевті қызметтерінен босату туралы ҚР Бас прокурорымен келісілген ұсыныс түсірді. Онда Р.Әлиевтің ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлімінің 125-бабында көзделген — «өзінің жеке мүддесі үшін ұйымдасқан топтың әрекетімен адамдарды ұрлау, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін екі және одан да көп адамдарға бірнеше мәрте қару қолдану және зорлық-зомбылық көрсету» бойынша айыпталып отырғаны айтылған.
Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылғы 26 мамырдағы №333 Жарлығымен Рахат Әлиев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілі қызметінен босатылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Рахат Әлиев Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйыммен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының арнаулы өкілі қызметінен босатылды.
2007 жылғы 28 мамырда Рахат Әлиевке халықаралық іздеу жарияланды. Бас прокуратураның санкциясымен оны тұтқындауға ұйғарылды.
2015 жылғы 24 ақпанда Рахат Әлиев түрмеде қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне-өзі қол жұмсаған.
## Марапаттары
II дәрежелі «Данқ» ордені мен «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» юбилейлік медалінің иегері. 2008 жылдың 20 cәуіріндегі ҚР Президентінің нұсқауымен барлық марапаттаудан, "қаржы полициясының генерал-майоры" арнайы атағынан, "генерал-майор" әскери атағынан және елшілік дәрежелерінен айырылды.
## Отбасы жағдайы
Бұрынғы зайыбы Дариға Назарбаевамен (Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы) үш бала: Нұрәлі Рахатұлы 1985 жылғы, Айсұлтан Рахатұлы 1990-2020, Венера Рахатқызы, 2000 жылғы.
## Дереккөздер |
Семей — 2022 жылдың 8 маусым айынан бастап ресми түрде Абай облысының әкімшілік орталығы. Ол Ертіс өзенінің екі жағасына орналасқан. Аумағы – селолық округтерді қосқанда 27,5 мың шаршы километр. 1782 жылдан бастап 1997 жылға дейін Семей (Семипалатинск) облысының орталығы болған.
Гринвичтен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында Семей қаласынан батысқа қарай 40 км. Дегелең тауында Евразия супер-құрлығының Географиялық орталығы анықталған.
Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар болып табылады. Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие.
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан.
Аумақ арктикалық бассейнге ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -45 – қа, жазда +45 –қа дейін жетеді.
Қала халқы 323 721 адам (2019ж.). Ертістің екі жағасында орналасқан Семей еліміздің ірі де әсем қалаларының бірі болып табылады, жергілікті тұрғындар ғана емес, Қазақстанның «рухани астанасының» қонақтары да осындай пікірде.
## Тарихы
Семейдің негізі 1718 жылы қаланды, І Петр шығыс жеріне және Ертіс өңіріндегі бекіністеріне қорған салу туралы жарлық шығарды, құрылыс 1714 жылдан 1720 жылға дейін созылды. 1718 жылдың кезінде Семипалат бекінісі подполковник П.Ступиннің бақылауымен «толық қарулану жүргізіліп, бекітілді». «Семей» сөзі – көне түркілерге жататын сары ұйғырлар тайпасының тілінде «киелі мекен» деген мағынаны білдірсе, «Алаш» сөзі – түркі тілінде бауырлас, қандас, туыс деген мағынаны береді. Яғни, Семей, Алаш атауы – тұтас түркі дәуірінде қалыптасқан ең ежелгі атаулардың бірі.Семипалат бекінісі Ресей мен Қазақстан арасындағы негізгі сауда орталықтарының дамуы арасында ерекше роль атқарды. Семейдің алғашқы құрылғанынан бастап, мұнда сауда жасау үшін жоңғар қалмақтары, бұхаралықтар, ташкенттіктер, қоқандықтар келе бастады. Азиялық күпестер сауда операцияларын бақылау мақсатында 1728 жылдан кеден мекемесі құрылды. Алғашқы жылдары Семей кедені Москвадағы Мемлекеттік Комерц-Коллегия бас басқармасында орналасқан Сібір жарлығына бағынды. 1776 жылы Батыс-Сібір генерал-губернаторы бекіністің жаңа жобасын жасау үшін капитан И.Г.Андреевті жіберді. Дарынды инженер, бекіністерді қайта салып, жолдар, көпірлер салды, жолдар мен қоршаулардың, бекіністердің жоспары мен картасын түсірді. Жаңа бекініске ескі бекініс тұрғындары, казактар, әскери қызметкерлер, сол сияќты саудагер адамдардың бөлігі көшіп келе бастады. 1854 жылдың 1 қазанында Семей облысының салтанатты ашылуы болды. Шағын ғана Семей қаласы бірден облыстыққа айналды. Қайта құрылған облыс Ресей империясы құрамындағы ең көлемдісі болды. Қалалық дума мен Қалалық сот бекітіледі.1858 жылы 1854 жылы құрылған көлемді Семей облысында – 261487 адам болды. 1873 жылдан Семейеде телеграф, ал 1910 жылдан телефон және Қазақстандағы тұңғыш су өткізу болды. 1906 жылы жоғарғы Ертісте су арқылы қатынастың ресми ашылуы болды.ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырда Семей облысында өнімді алғаш өңдеу өнеркәсібі құрылды. XX ғасырдың басында Ресейдің ірі фирмалары мен шұѓа фабрикаларында жөн, тері дайындалды.1863 жылы қалада 2 оқу орны жұмыс істеді. Оның ішінде бір уездік училище, 2 шіркеулік-приход училищесі, 14 қазақтардың және 9 жеке татар мектептері болды. 1864 жылы әйелдер мектебі 2-ші разрядты училище болып қайта құрылды. ХІХ ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қалада ерлер мен әйелдер классикалық гимназиялары, мұғалімдер семинариясы жұмыс істеді. Әлімхан Ермеков Семей ерлер гимназиясын алтын медальға бітіріп, содан соң Томскінің технологиялық институтын бітірді. Мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтпаев оқыды. Семейде 5 жылдан артық (1854-1859) орыстың ұлы жазушысы Федор Михайлович Достоевский тұрып, өзінің мәңгілік шығармаларын осында жазды: «Записки из мертвого дома», «Дядюшкин сон», «Село Степанчиково и его обитатели». Осында Ф.М.Достоевский П.П. Семенов Тянь-Шанский мен Шоқан Уәлиханов, Г.Потаниндермен кездесті.Семейге Петербург университетінің студенті Е.П.Михаэлис саяси жер аударылып келді, Н.Долгополов, С.Гросс, П.Лобановский, А.Леонтьев, Н.Коншин және басқалары. Олар Семейде үлкен ғылыми және мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізді.Е.П.Михаэлис, Н.Долгополов жєне С.Гросс сияќты азаматтар қазақтың ұлы ағартушысы Абай (Ибраћим) Құнанбаевпен достық қарым-қатынаста болды. Олардың көмегімен Абай классикалық әдебиет пен қоғамның саяси өмірімен танысты. Өз кезегінде Абай достарына қазақ халқының тарихын, мәдениеті мен тұрмысын оқып үйренуге көмектесті. Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын өте жетік біліп, қазақтың салт-дәстүрлері, көне заңдары, генеалогиясы, аңыздары және этнографиялық терминологиясы жөнінде үлкен жалпыхалықтық беделге ие болды.1878 жылы Семей қаласында Облыстық статистикалық комитет құрылды. Семей статистикалық комитетінің бірінші хатшысы саяси жер аударылып келген Е.П.Михаэлис. Ол сондай-ақ Семейде 1883 жылы қоғамдық кітапхана мен өлкетану музейін қорушылардың бірі болды. Семей География қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесі Орыс География қоғамының филиалы болып құрылған, бірақ жұмысты өз бетімен дербес атқарды. Семей бөлімшесінің белсенді қайраткерлері ағайынды В.Н.Белослюдов және А.Н.Белослюдовтар болды. Алғашқысы суретші-этнограф болып көптеген суреттер салды. Олар қазір Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы кітапханасының қорында қолжазба төрінде сақталған. Ал екіншісі қазақ фольклорының шығармаларын жинады. А.Н.Белослюдовтың жинаған қазақ ертегілері басқа фольклорлық деректер сияқты бөлімшенің «Жазбахатында» жарияланды. Г.Д.Гребеншиковтың еңбек жолы мен әдеби қызметі Семейде басталды. Семейде Г.Н.Потанин жєне В.А.Обручевтар, басқа да көрнекті ғалымдар жұмыс істеді. 1917 жылдың маусым айынан бастап Семей қаласында «Айқап» журналының бағытына жақын апта сайын шығатын «Сары-арқа» үнқағазы шыға бастады. «Сары-арқа» үнқағазының редакторлары Р.Марсеков пен К.Ғаббасовтар болды. Оның беттерінде Ә.Бөкейхановтың, М.Дулатовтың, А.Ермековтың, М.Молдыбаевтың, Ж.Ақпаевтың мақалалары және басқа да Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің мақалалары жарияланды. 1903 жылдың 23 қыркүйекінде Семей мұғалімдер семинариясының ашылуы болды. 1928 жылға дейін Семей губерниялық қала, одан кейін округтік болды; 1932 жылы республика облыстарға бөлінді, алғашқыда Семей Шығыс Қазақстан облысының орталығы болып, 1939 жылдан Семей облысының орталығы болды. Соғыс алдындағы жылдары қалада ірі өндіріс орындары салынды. Солтүстік бөлігі Семей қаласынан басталатын Түрксиб темір жолы еліміздің маңызды құрылысының бірі болды. Семейде бірінші 5 жылдықтың ірі құрылысы ет консерві комбинаты болды, ол еліміздегі тамақ өнеркәсібі жөніндегі қуатты өнеркісіптердің бірі болды. Қала мол өнімдік базасы бар ірі мал шаруашылық аймағының орталығы болды. Ет комбинатымен бір мезгілде ірі ұн комбинаты, жаңа техникамен жаңа тері зауыты салынып, ал 1938 жылы арнайы зертханасымен қой терісі зауытының құрылысы басталды. Сол кездегі ең жаңа техникамен жабдықталған судорем зауытының құрылысы да дами бастады. 1920 жылдың қазан айында қалада құрамында 15 адамы бар «Ес-Аймақ» театрлық труппа құрылды. Олардың арасында қазақ сахнасының көрнекті қайраткерлері – Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жұмат Шанин, Жүсіпбек Елебековтер болды. 1934 жылы Семейде қазақ сазды-драмалық театр ұйымдастырылды. Театр 1934 жылдың 6 шілдесінде І.Жансүгіровтың «Кек» спектаклімен ашылды. Семей – тек Шығыс Қазақстандағы емес республикадағы мәдени, тарихи орталық болып саналады. Мұнда Абай және Ф.М.Достоевский мұражайлары, Қазақстан мен Батыс-Сібір өлкетану музейі, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы, кітапханалары бар. Қазақтың Абай атындағы сазды-драмалық және Ф.М.Достоевский атындағы орыс драмалық театрлары бар.
### Семей Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы облыс аумағында 238 және 8 атқыштар дивизиясы құрылды. Ерлік істері үшін 238-ші атқыштар дивизиясы 1942 жылдың 3 мамырында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы Жарлығымен Жауынгерлік Қызыл ту орденімен марапатталды, ал 24 мамырда Халық Қомиссарының бұйрығымен 30-шы гвардиялық болып жасақталды. 1944 жылдың 3 қарашасында 30-шы гвардиялық дивизия «Рижск» құрметті атағы берілді. 1946 жылдың 6 мамырында дивизия таратылды. Өкіметтік марапаттарға дивизияның 13 мыңнан астам жауынгерлері ерліктері үшін ие болды.Дивизия командирлері: полковник Коротков Геннадий Петрович (14 наурыз 1941 ж. – 10 мамыр 1942 ж.); полковник (27 қазан 1942ж. генерал-майор) Кулешов Андрей Данилович (16 мамыр 1942 ж. – 17 қаңтар 1944ж.); полковник (3 маусым 1944 ж. – генерал-майор) Исаев Михаил Александрович (18 қаңтар – 5 қараша 1944ж., 17 ақпан– 9 мамыр 1945ж.); полковник Фадейкин Иван Анисимович (6 қараша 1944ж. – 16 ақпан 1945жж.).
8-ші атқыштар дивизиясының жолы да даңқты болды. 1941 жылдың желтоқсанынан 1942 жылдың наурызына дейін Семей және Аягөз қалаларында жасақталды. Воронеж түбінен басталған жауынгерлік жол Курскі шайқасына ұласты. 1944 жылдың 5 наурызында дивизияға «Ямпольск» құрметті атағы берілді.Дивизия командирлері: полковник Зверев Григорий Александрович (25 желтоқсан 1941ж. – 1 ақпан 1942 ж); подполковник (1 қазан 1942 ж. генерал-майор) Иванов Иван Иванович (2 ақпан 1942 ж. – 2 маусым 1943ж); подполковник Гудзь Порфирий Мартынович (15 маусым – 26 қазан1943ж); генерал-майор Иванов Николай Иванович (27 қазан – 12 желтоқсан 1943ж); генерал – майор Смирнов Андрей Семенович (13 желтоқсан 1943ж. – 26 қыркүйек 1944ж); полковник Угрюмов Николай Степанович (27 қыркүйек 1944 ж. – 9 мамыр 1945ж).
56 семейліктерге Кеңес Одағының Батыры жоғарғы атақтар берілді (М.Әбеулов, В.В.Буторин, З.Белібаев, В.А.Засядко, М.К.Меркулов, Н.Н.Силин т.б.). 13 адам 3-ші дєрежелі Даңқ орденінің иегерлері болды (Ф.Әділбаев, М.Әубєкіров, П.П. Борков, М.Ф.Кружелев, Ф.Е. Маслин, В.Н.Кондратьев, В.А.Осипов, С.Рубаев, Б.Хайдаров т.б.)
## Географиясы
### Климаты
## Халық саны
Семей қаласы халқының саны
## Мәдени өмір
Семей шаһары Қазақстанның "мәдени астаны" ретінде әйгілі. Қалада Абайдың Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы, Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Ф. Достоевский атындағы Семей мемлекеттік орыс драма театры сынды мәдениет орталықтары бар.
## Қаланың көрікті жерлері
* Бір мұнаралы мешіт - Шебер Ғабулла Эфенди, XIX ғ. 2-ші жарт. – қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Қос мұналары мешіт - сәулетші Болбатов, инженер поручик Манашев, 1856 - 1862 жж. - құрылысы және сәулет ескерткіші. ХІХ ғ. мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Тыныбай мешіті - Тыныбай Кәукенов, XIX ғасырдың 30-40 жж. - қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Мешіт жұмыс істеп тұр.
* Ямыш қақпасы - Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы 1773ж. қақпа және оның қабырғалары инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен салынды. Ямыш қақпасы - XVIII ғ. (1776 ж.). Қала құрылысы және сәулет ескерткіші.
* Невзоровтар отбасы атындағы мұражай - Қала құрылыс және сәулет ескерткіші (көпес Степановтың бұрынғы үйі), 1827 жыл. Революциядан кейін ғимаратқа жеке мемлекеттік мекемелер орналасқан.
* Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты (бұрынғы губернатор үйі) - 1856 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.
* Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты (бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жж. жазушы Ф.М. Достоевский тұрған) 1838 ж. қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Мещан үлгісінде салынған. Көне Семейге тән үйлердің бірі. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғ. тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа- 2,45 м. бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.
* Абай тұрған Анияр Молдабаевтің үйі (Алаш арыстары). ХІХ ғасырдың соңы. Қала құрылысы және сәулет ескерткіші. Төртбұрышты, ағаштан салынған. Төменгі қабат жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған. үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде 2 мемориалдыќ тақта ілінген: «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған».
* «Өлімнен де күшті» мемориалы - 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 ж. 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы Шота Уәлиханов.
* Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 ж. 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания LTD компаниясы және ШҚО Әкім аппараты.
* Республикалық әдеби-мемориальдық Абай мұражайының ғимараты – 1860 жыл. Мемлекттік әдеби-мемориальдық Абай мұражайы Семей қаласында 1940 ж. Абайдың туғанына 95 жылдығына салынды.
* Жеңіс мемориалы - Фашистік Германияны кеңес халқы жеңгеніне 40 жыл толуына орай 1985ж 9 мамырында қаламыздағы Орталық саябақта Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан семейліктерге арнап ескерткіш монумент тұрғызылды. Монументальдық ескерткіш авторлары: Клюшкин О.С., Семченко А.В., Тихомолов В.Ф.
## Белгілі тұлғалары
* Дулат Бабатайұлы – көрнекті ақын, жырау, сатирик, қоғам қайраткері, тарихшы, Абайдың ұстазы.
* Абай Құнанбаев – ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ.
* Әміре Қашаубаев – атақты әнші, актер әрі музыкант.
* Шәкәрім Құдайбердіұлы – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор, Абаймен замандас әрі інісі
* Әріп Тәңірбергенов – ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер.
* Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)
* Көкбай Жанатайұлы – ақын, ағартушы, Абайдың әрі шәкірті, досы, әрі туысқан інісі.
* Бибігүл Төлегенова – қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).
* Роза Рымбаева – кеңестік және қазақ эстрада әншісі (сопрано), профессор, актриса. Қазақстанның халық әртісі (1986), халықаралық конкурстардың лауреаты. Құрмет және Парасат ордендері мен марапаттың иегері. Қырғызстанның (2000) және Өзбекстанның (1984) еңбек сіңірген әртісі.
* Сейіт Асқарұлы Қасқабасов – әдебиеттану, фольклоршы ғалым. Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
* Таупық Рымжанов – жазушы
* Амантай Исин – Тарихшы-ғалым (1988). Бірнеше монография және жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы.
* Қайым Мұқамедханов – Ғалым, абайтанушы, 1940 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог. Семей қаласындағы Абай мұражайының негізін қалаушы (1940). Қазақ КСР-і Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы.
* Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
## Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп. 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында қаланың өндірістік кәсіпорындарымен 49,3 млрд. теңге сомасына тауар өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 15,3% артық.
Аграрлы секторда жалпы өнім көлемі 4 499,1 млн. теңгені немесе 2010 жылдың деңгейіне 101,7% құрады.
Ет өндірісі - 6,9%, сүт өндірісі - 2,0% артты.
Бөлшек тауарайналым көлемі 39,8 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,3% артады, физикалық көлем индексі - 107%.
Шағын бизнестің белсенді кэсіпорындар саны 969 кәсіпорынға дейін немесе 2010 жылдың осындай кезеңіне 10,8% артты.
Негізгі капиталға инвестиция 11 316 млн.теңге сомасында немесе 2010 жылдың деңгейіне 116,1% игерілді.
16 мың ш.м. жеке тұрғын үй енгізілді, бұл 2010 жылдың деңгейінен 182% артық.
Жеке табыс көздері бойынша қала бюджеті 4 466,7 млн. теңге жоспар кезінде 4 518 млн. теңгеге немесе 101,1% орындалды.
Қосымша қорды қарастыру мақсатында, әкімдік пен қала бойынша салық басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспар-кестесі бекітілді, оның нәтижесінде 378,5 млн. теңге анықталды, бюджетке нақты 338,7 млн. теңге түсті.
Бюджеттің шығыс бөлігі 10 458,3 млн. теңге жоспар кезінде 10 265 млн. теңге сомасында немесе 98,2% игерілді.
Еңбек нарығындағы жағдай. Халықты жұмыспен қамтуды арттыру үшін 2011 жылы Семей қаласының 2012-2015 жылдарға даму бағдарламасы, Жұмыспен қамту 2020 және Жол картасы бағдарламалары бойынша іс-шаралар қарастырылған.
Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінгендер қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 72,4% кұрады, бұл 2010 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8,8 пайыздық пунктке арттық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыссыздардың тіркелген саны 1518 адамға есептеліп, өткен жылдың деңгейінде қалды.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аз қамтылған азаматтар саны 8,4% азайып, 4 581 адамды құрайды.
Ірі және орта кәсіпорындарда жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орта айлық номиналды еңбек ақы төлемі 2011 жылдың қаңтар-маусым айларында 59 153 теңгені құрап 2010 жылдың осындай кезеңіне 13,5% артты.
## Бауырлас қалалары
* Ипр, Бельгия
## Дереккөздер |
Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (28 қараша, 1935 жыл, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Қошалақ - 22 қараша, 1983 жыл, Алматы) — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.
## Өмірбаяны
* Жұмекен атасы Нәжімеден Стамғазиевтің бауырында өсіп, тәрбие алған. Сөз бен тарих және туған халқының дәстүрлеріне деген ыстық сүйіспеншілік сезімді бала бойында қалыптастырған сол кісі. Немересіне өзінің атақты бабалары Қартпанбет жырау (алтыншы ата) мен оның әпкесі Қосуан (Махамбет Өтемісұлының туған шешесі) туралы сыр шертетін. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.
* 1956-59 жылдары Қазақтың мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетінде оқыған.
* 1959-74 ж.«Жазушы» баспасының редакторы
* «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгеруші
* Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші
* 1974-78 ж, Қаз.КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеттің редакторы
* 1978-83 ж. «Мектеп» баспасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарған.
## Шығармашылығы
Жұмекен Нәжімеденовтің алғашқы «Егіс» лирикалық жинағы 1961 жылы жарық көрді. Төрт жылдан кейін «Жоқ, ұмытуға болмайды» атты поэмалар жинағы шықты. Ж.Нәжімеденовтің тірі кезінде барлығы он өлеңдер жинағы мен «Ақ шағылдар» (1973ж), «Кішкентай» (1975 ж), «Атақ пен дақпырт» (1978ж) атты үш романы басылды.
Ақын өлімінен кейін жарық көрген он жинағына тірі кезінде жарияланбаған өлеңдері, поэмалары, повестері мен романдары, мақалалары мен аудармалары және тоғыз күй енді. Оның шығармалары көптеген тілдерге аударылып, басылды. Ақын А.Вознесенскийдің, Е.Евтушенконың, Н.Хикмет пен Ә.Файзи шығармаларын аударған.
Ақынның Ақынның орыс тіліне аударылған «Весенние ветры» (1969), «Мое рождение» (1982), «Тебе говорю, потомок» (1986), «Солнцеворог» (1994) атты өлеңдер жинақтары басылды. 2003 жылы Санкт - Петербург қаласында орыс тіліне аударылған таңдамалы өлеңдері топтастырылған «Я есть» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрді.
## Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Жұмекен Нәжімеденов Қазақстанның қазіргі әнұран мәтінінің авторы. «Менің Қазақстаным» әні оның шығармашылық жолының басында, ақынның 21 жасында жазылған. Ол кісінің жұбайы Нәсіп апайдың айтуынша Жұмекен әнді осыдан 50 жыл бұрын, 1956 жылы Алматыда, белгілі шаңқобызшы Гүлсара Піржанованың үйінде жазған. Бұл өлең бір қарағанда Қазақстан миллиард пұт астық жинағанына арналып жазылған сияқты болып көрінгенімен , негізінен «ел, жер менікі» деген отаршыларға қарсылықтан туған. Оны сезіп қалған коммунистер әнді мүлдем шығармай тастауға айналғанда Жамал Омарова ара түсіп, эфирден шырқауға мүмкіндік алған. Сөйтіп халыққа жетпей жатып қудалана бастаған ән бағы жанып, бейресмиден тәуелсіздіктің арқасында ресми әнұранға айналды.
2006 жылдың 11 қаңтарында «Менің Қазақстаным» әні елдің мемлекеттік әнұраны сипатында алғаш рет астаналық «Ақорда» резиденциясының шаңырағы астында, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті лауазымына салтанатты түрде кірісу сәтінде орындалды.
## Шығармалары
Елуінші жылдардың екінші жартысында, алпысыншы жылдардың басында Жұмекеннің өлеңдері республикалық баспасөзде жиі жарияланып жүрді.Алпысыншы жылдардан бастап өлеңдері мен шығармалары, үш романы, аударма кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан жарық көрді:
* "Балауса" (1961)
* "Сыбызғы сыры" (1962)
* "Өз көзіммен" (1964)
* "Жоқ, ұмытуға болмайды" (1965)
* "Жарық пен жылу" (1966)
* "Күй кітабы" (1967)
* "Мен туған күн" (1972)
* "Мезгіл әуендері" (1968)
* "Ұлым, саған айтам" (1970)
* "Қызғалдақ жайлы баллада" (1971)
* "Ақ шағыл" (1973)
* "Кішкентай" (1975)
* "Даңқ пен дақпырт" (1977)
* "Жеті бояу" (1977)
* "Шуақ" (1980)
* "Темірқазық" (1981)
* "Ашық аспан" (1981)
* "Менің топырағым" (1985)
* "Ұрпағым, саған айтам" (1988) кітаптары
* үш томдық шығармалар жинағы (1996-1997)
* "Мен — тамырмын" дастандар (2001)
* "Қасірет пен қайсарлық" (2001)
* "Жұмекен" (2002)
* "Жаңғырық" (2003).
* "Аспан шақырады" (2005)
* "Домбыраның қоңыр үні: Көне замандардан бізге жеткен домбыраның бүгінгі акустикасы қандай?" (2007)
Ақын жырлары бірнеше шет тілдеріне аударылған.
* 1967 жылы "Жоқ, ұмытуға болмайды!" атты поэмасы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанды.
## Дереккөздер |
Керей (карайлар) — қазақ құрамындағы көне тайпалардың бірі – Керей елінің де тарих көшінде белгілі бола бастаған кездеріндегі ғұмыр кешкен ата жұрты – сонау замандарда бірсыпыра түрік халықтарының қасиетті қонысы атанып, ғажайып ата жазу мұрағаттарымыз мәңгілікке қашалып, жазылып қалған, қазіргі моңғол даласы және оған іргелес жатқан аймақты қамтитын құтты мекендерінің бір тұсы – Орхон, Оңғын, Керулен, Селеңге, Арғұн өзендерінің құйқалы алқабы еді.
Керей атауының шығуы туралы әртүрлі пікірлер бар. Бірақ солардың арасында Орхон-енесай жазуларының білгір зерттеушісі, жазушы Қаржаубай Сартқожаұлының апталығымызға ұсынған қолжазбасындағы Керлін (Керулен) өзені және ол өз басын алатын Кентау тауына қатысты пікір көңілге қонымды көрінеді. Онда қазақ ғалымы көне түрік жазуларында (Мойыншор ескерткіші, VIII ғ) бұл қоныс жер аты «Кейре» түрінде көрініс бергендігін айтады. Ал Керлін алқабы ежелден керейлердің түп-тегі Тоғыз байырқулар қоныстанып келе жатқан төл мекен. Олар бірде «тоғыз байырқу», бірде «тоғыз оғұз», бірде «тоғыз керейлік» деп атала жүріп, ғасырлар өте келе «керейлер» боп өзгерген секілді. Бұл бағамдау Керей шежіресінде бұрыннан айтылып жүретін өзен атына қатысты әңгіме сарынын да пысықтағандай болады. Қытайда тұратын қазақ оқымыстыларының кейінгі кездерде бірсыпыра көне қытай жазбаларын қазақша сөйлете бастауы халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды деректерге жолықтырғанын бұрын да айтқан едік. Сол жазбаларда керей атауына да қатысты сәттер кездеседі. Мәселен, «Сүй патшалығының тарихында» Шеп тайпасының көсемі Керін Еркіннің Шығыс Түрік қағандығының үстемдігіне қарсы шыққаны туралы дерек бар. «Таң патшалығының көне тарихы» жазбасында сол Керіннің баласы Хылейдің де қаған болғандығы айтылады. Яғни осылардағы Керін мен Хылей «Керей» деген атау болуы да мүмкін деген топшылау ортаға тартылады. Аудармашылар бұл жазбалардан Шеп тайпасымен бірге Сеп, Байлау, Қойлау секілді тайпалар атауының да ізін бағамдағандай болды. Бір қызығы, Алтай аймағыгда ХІХ ғасырда ғұмыр кешкен керей Мәмидің шежіресінде де осыған үндесетін тұстар бар. Ол шежіреде Керей ұлысының арғы тегі Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады делінеді. Бұлардың Шеп, Септен басқасының бәрі қазір Керей-Уақ шежіресінде кездесетін ата-тектер... Академик Ә.Марғұлан керейлер мен үңгіттердің (уақтардың, онгуд) моңғол дәуіріне дейін мәдениеті жоғары болғаны, көне түрк жазуларын пайдаланғандығы жөнінде өзінің «Таңбалы тас жазуы» еңбегінде былай дейді: «Алтай, Жоңғар даласында, Енесайда орхон жазуы бар құлпытастар жиі кездеседі. Олардың көбін жазған керей мен үңгіттер. Моңғол дәуіріне дейін бұлар және наймандар тегіс несториан дінін қабыл еткен елдер. Бұл әсіресе олардың крест таңбасынан ашық көрінеді... бұл таңба қазақ керейлерінде осы күнге дейін сақталған. Мұндай крест таңбасы бар құлпытастар (орхон жазулы) Енесай даласында көп...» Шыңғыс хан заманы туралы теңдесі жоқ жылнама түзіп кеткен Рәшид-әд-Дин еңбегінен сол кезеңдерде Керей мемлекетінің құрамында Керейт, Қырқын, Қоңқайт (Тоңқат), Сақайт, Тобаут, Албат, Қарақин секілді тайпалар болғанын білеміз.
Бұлардағы сөз соңындағы «т» әрпі әдетте көптік жалғауды білдіреді. М.Тынышбайұлы осындағы Сақайттан бүгінгі сақаларды (якуттарды), тубауттардан туба жұрттарының атауын көріп, оларды бір кездегі ірі Керей мемлекетінен бөлшектенген елдер болуы кәміл деген болжамды ортаға тартады. Бұл пікірді профессор С.Аманжоловтың «Тоңқатты» тубалардың құрамындағы «Тоңқат», Орхон-Енесай жазбаларында «Құрыққан» түрінде кездесетін «Қарақинді» якуттың қазіргі «Құрыққан» тайпасымен байланыстыруы одан әрі дамытады. Ал Керей мемлекетінің кезінде ірі де айбынды ел болғанына тарихта дәлел жеткілікті. Кей мемлекеттер бойынша Х ғасырда керейлер 200 мыңға жуық болған.
Моңғол билігіне дейін Керейді Марғұзған, Құршақұз, Бұйрық, Гөрхан, Уаң хан сияқты хандар билеген. Уаңның өз аты Торы (Тұғырыл). Ол өз кезінде Қытайдың Алтан ұлысына татар тайпаларын жеңуге көмектескені үшін қытай әміршісінен Уаң хан (бір елдің ханы) лауазымын алған. Уаң ханның (Он ханның) осы есімі кезінде керейлердің несториан дінін ұстағанына қатысты Еуропаға «керейлердің королі Иоан поп» деген атаумен де жеткен екен. Шыңғыс хан моңғол жұрттарының басын құрап, жас мемлекетінің шаңырағын алғаш көтерген кезде, ол өз әкесінің анда-досы Уаң ханның көмегіне арқа сүйеді. Онымен бірге наймандарға қарсы соғысқа қатысты. Алайда кейіннен екеуінің арасында алауыздық туып, оның ақыры Шыңғыс ханның Керей мемлекетін жойып жіберуіне әкеліп соқты. Осы аласапыраннан кейін керейлердің бір бөлігі қонсылас наймандарға ығысып, Батыс Алтай мен Зайсан, Ертіс алқабына ауды. Ал атажұртта қалған бөлігі Шыңғыс хан қарауына өтіп, кейін жаулап алынған найман, меркіттермен бірге оның жорығына қатысып, Шыңғыс ханның жер қайысқан қолының басты күштерінің біріне айналды. Тарихшылар бүгінде Қазақстанның теріскейін жайлаған керейлер сол Керей мемлекеті күйрегеннен кейін Ертісті бойлап солтүстікке қарай ығысқан бөліктен тараған ұрпақтар екенін айтады.
М.Тынышбайұлы керейлердің Шыңғыс ханға мойынсұнбаған бір бөлігі меркіттермен бірге Торғай даласына дейін ығысқан еді, бүгіндері Кіші жүздің Жетіруы құрамында Керейт тайпасы сол босқындардың ұрпағы болуы кәміл дегенді айтады. Ақсақ Темір жорықтары туралы жазбалардан сол кезде Керейлердің Қара Ертістен Алакөлге дейінгі аймақты мекендегенін де көреміз. Тарихтан жоңғарлардың XV ғасырдың басынан қуатты күшке айнала бастағаны белгілі. Осы шамада олар Балқаш, Алакөл аймағындағы керейлерді қатты бір соққыға душар етіп, жан-жаққа тағы ыдыратып жібергенге ұқсайды. Керейлердің бір тобы XV ғасырдың аяғы мен 16-ғасырдың басында Жошы тұқымы – Мауереннахр мен Хорасанда билік жүргізген Мұхаммед Шайбани ханның жорықтарына да қатысқан. Өз тарихында қилы-қилы дәуірлер мен аласапыран замандарды бастан өткерген көне Керей елі кейіннен қазақ халқын құрауға атсалысқан белді тайпалардың біріне айналды. Керейлер сондай-ақ өзбек халқының құрамында да бар. Кенегес тайпасының екі рулы Абақлы мен Ашамайлы деп аталады. Ол Қарақалпақтың Қоңырат деген үлкен арысына енетін рулардың да бірінің аты. Керей рулары тубалардың, Қырым татарларының, башқұрттардың да құрамында кездеседі. Дені қазақ ішінде қалған Керей елі қария сөздер бойынша Абақ және Ашамайлы болып екіге бөлінеді. Қазақ шежіресіндегі бұл ру аттарының шығу тегін тергеген тұстарына үңілсек, Абақты Керейдің Ақылбай атты ұрпағының бәйбішесінің аты еді деген түсіндірмеге жолығамыз. Оның есімі әуелі Аппақ екен, келе-келе Абаққа айналған. Қазір «12 ата Абақ» деп жүрген бірлестік әу баста сол Абақ бәйбішенің өзі тәрбиелеген он екі немересінен өрбіген делінеді. Ал Ашамайлының әуелгі аты Ғали екен (енді бір шежіреде Ақберді), әкесі ашамайға мінгізіп барып келіншек алып бергендіктен Ашамайлы атаныпты делінеді. Шежіреде Абақты Ашаммайлыдан әкеліп тарқататын нұсқалар да бар. Зерттеушілер бұл ру аттарын олардың таңбаларына қатысты өрбіген атау болуы керек деген пікірге ден қояды. Ашамай – қазақ тілінің түсіндірме сөздігі бойынша «балаға арналып, екі қасының жоғарғы ұшы айқастырылып жасалған ер». Ру таңбасындағы «Х» әрпіне ұқсас белгі соны көрсетеді. Ал «абақ» - қасқыр, түлкі секілді аңдарды ұстауға арналған көне құралдың аты. Ол аң сиятындай екі бөліктен тұрады. Аң ішкі бөлікте жатқан етке ұмтылып кірген кезде, жоғары қарай көтеріліп тұрған сырғыма есік сарт етіп төмен түсіп жабылып қалады (Қ.Салғарұлы). осы «абақ» сөзінен түрме мағынасын білдіретін «абақты» сөзі шыққан. Сондай-ақ ғалымдар арасында «ашамай» таңбаны керейлердің баяғыдан несториан дінін ұстанған кезінен қалған бір белгі деп – «крест» таңбасынан, ал «абақ» сөзін түрк-моңғол тілдеріндегі «қандас туыстар одағы» деген мағынаны білдіретін – «обақ», «обох» сөздерінен тарқататын топшылаулар да бар. Керей еліне қатысты ата-тек мәліметтерінің бірсыпырасы Сегіз сері Баһрамұлының шежіресінде жинақталған. Бүгіндері Қазақстан Республикасы ғылым академиясының қолжазба қорында сақталған бұл шежірені әу баста XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында ғұмыр кешкен көшебе Дәулен батыр Таузарұлы жинастырған екен. Одан кейін оны баласы Толыбай, немере туысы Шәукер мырза, ұрпақтары Шақшақ би сияқты біраз сауатты кісілер толықтырған. Олардан Сегіз сері жазып алып, кейінгі ізбасарларының дамытуымен бізге жеткен Абақ керейдің қоныстанған мекен тұрағы Алтай айналасы, Моңғолияда Қобда өлкесі, Баян-Өлке аймағы, Қытайда Қаба өзені, Қара Ертістің басы, Сауыр тауының күңгейі, Үліңгір көлі маңайы. Олардың қалың ұйысқан жерлері шетте болғандықтан, біз Абақ керей туралы толық шежірелік мәліметтерде ілкіде мұқтаждық көріп отырған едік. Алайда Моңғолияда тұратын авторымыз Қ.Сартқожаұлы Баян-Өлкеде 1991 жылы басылып шыққан Абақ керей шежіресін ала келіп, біраз жыртығымызды жамап кетті.
Бүгінгі тізбе-кесте де Р.Шынай деген азамат құрастырған осы жинақтағы және бұрыннан да қолда бар моңғолиялық қазақ ғалымы И.Қабышұлының «Керейлер керуені» атты кітабындағы мәліметтер негізінде жасалды. Абақ шежіресін кестеге түсіру үстінде біз Шәкерім қажаның он екі ата Абақты – Жәнтекей, Жәдік, Жастабан, Шұбарайғыр, Шеруші, Ителі, Итемген, Молқы, Меркіт, Сарбас, Қарақас, Көнсадақ деп бөлгені дұрыс болуы керек деген ойға келдік. Біраз мәліметтерде он екі атаның бірі – Шимойын руы деп аталып жатады. Алайда тізбелеу үстінде біз Шимойын Абақтан емес, Ашамайлының Сибанынан тарайтын деп айтуының да бекер еместігіне ден қойған едік. Сегіз сеті шежіресі оны Балғанның Сибаына жатқызады. Осы соңғы шежіреде 19-ғасырдың басында Керей, Уақтың басым көпшілігі орыстан үркіп Алтай, Шәуешекке көшкенде, Шимойын керейлердің едәуір бөлігі солармен бірге өткені айтылады. Демек, Шимойынның Абаққа, Ашамайлыға да қатысы бар болуының бір төркіні осында. Қалың Абақтың арасында тұрғаннан кейін ол бірте-бірте сол қауымдастықтың бір баласы секілді болып кеткен. Алайда ата-текті тарқатқан шежіре желісіне сыналап кіре алмаған.
Абақ керейдің қрамындағы Меркіт руы – ілгерідегі көне Меркіт тайпасынан жеткен бір сынық. Меркіт елі туралы алғашқы мәліметтер Қытайды билеген Лияу әулетінің жазба жылнамаларында бар. Рәшид-әд-Дин жылнамасынан оның ұдайы моңғол жұртымен, әсіресе Шыңғыс ханмен көп жауласқан тайпа болғанын көреміз. Олар бірде жас Темүжинді тұтқынға алса, енді бірде бәйбішесі Бөртені тартып алып кетеді. Темүжин араға керейдің Уаң ханын салып жүріп, бәйбішесін әзер қайтарып алады. Сол жолы Бөрте үйіне қайтып келе жатқанда, жолшыбай тұңғышы Жошыны босанады. Ол кезе меркіттердің көсемі Тоқтабек деген адам екен. Оның алты ұлы болыпты. Жылнамада сол алтауының тұңғышы Тоғыздың керейлермен соғыс кезінде, қалғандарының Шыңғыс ханмен өткен әлденеше шайқастарда көз жұмғаны айтылады. Жауынгер, бүлікшіл меркіт жұрты Шыңғыс ханға әлденеше рет қарсы көтерілген алайда бұның түбі олардың түгел дерлік қрып кетуіне де әкеп соққан еді. Шыңғыс хан меркіттердің «арба дөңгелегінен бойы асқандарының бәрін қыруға» жарлық берген екен деген деректер де бар. Меркіттердің аман қалған аз тобы керейлерге қосылып, кейін олардың бір атасы ретінде сіңісіп кетті.
## Керей мемлекеті
Керей билеушілері
* Маргуз (Марк) I (1007 жылға жақын)
* Уба (Увар)
* Маргуз II (1092 жылдан кейін)
* Маргуз (III) Буюрук-хан (жуық шамамен 1125—1150)
* Хурджакус (Кириакос немесе Григорий) Бұйрық-хан (1150 жылдардың басы 1171)
* Уаң-хан (Тұғырыл хан) (1171—1196, 1198—1203)
* (Ерке-Қара (1196—1198)
## Рулары
## Тұлғалар
* Дәстем Қарабасұлы
* Тұрсынбай, Балта Керей
* Тоқсан би
* Ер Жәнібек Төлекұлы
* Толыбай Дәуленұы
* Жәнібек Бердәулетұлы (батыр)
* Жобалай би Бәйсейітұлы Шақантай
* Жәке би Қойтанұлы Абақ-Меркіт
* Бақсары батыр Райжанұлы Ашамайлы
* Бөгенбай батыр Маянбайұлы Ашамайлы
* Бүркітбай Тұяқбайұлы Қарақас
## Дереккөздер |
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов (9 желтоқсан 1956, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылы) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, 2022 жылдан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы. Иманғали Тасмағамбетов 2002–2003 жылдары Қазақстан премьер-министрі, 2008 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласының әкімі, 2014–2016 жылдары Қазақстан Қорғаныс министрі болып, ал 2017–2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі болған.
## Өмірбаяны
1956 жылы 9 желтоқсан күні Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген. Кіші жүздің Жаппас руынан шыққан.
1979 жылы Орал қаласының А. С. Пушкин атындағы педагогикалық институтының география мен биология пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломын алды.
1990 жылы «Дүниетану аспектілерінің экологиялык проблемасы» тақырыбы бойынша диссертациясын қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағына ие болды. 7 жылдан кейін ол «Транзиттік саяси жүйелеріндегі әлеуметтік саясат» ғылыми зерттеу жұмысын таңдап, саясаттану ғылымдарының докторы болып атанды.
1981 жылдан 1991 жылға дейін КОКП мүшесі, 1990—1991 жылдары Қазақстан компартиясының ОК Политбюро мүшесі болды. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің XII-шақырылымының депутаты болып сайланды.
Еңбегі мен саяси өмірбаяны сол кездегі жалғыз жастар саяси ұйымы — Қазақстанның ЛКЖО-да басшылық қызметімен байланысты. 1979 жылдан Махамбет ауданындағы ЛКЖО ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Гурьев ЛКЖО қалалық комитетінің және облыстық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1989 жылы ЛКЖО ОК, 1991 жылы Қазақстан Республикасының жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетін басқарды.
1993 жылы Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
1995 жылдан бастап ел басқарушы қызметінде жоғарғы орындарды атқарып, Қазақстанның вице-премьері, білім және мәдениет вице-премьер-министрі, Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің жетекшісінің орынбасары, Қазақстан Президентінің бірінші көмекшісі, Атырау облысының әкімі, Қазақстан премьер-министрі, Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Президенті әкімшілігінің жетекшісі болады.
2004—2008 жылдары 1,5 млн тұрғыны бар Қазақстанның ең ірі қаласы Алматының әкімі қызметін атқарып келді.
2008 жылы сәуірдің 4 Қазақстанның елордасы Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.
ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі, «Мәдени мұра» атты Мемлекеттік бағдарламаның қоғамдық кеңесінің төрағасы, ЮНЕСКО ісі жөніндегі ҚР Ұлттық комиссясының төрағасы, Қазақстан Республикасының оқпен ату Федерациясының құрметті президенті, академик А.Х. Марғұлан атындағы Халықаралық қор басқармасының төрағасы.
Тасмағамбетов Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресей Федерациясының Астрахан облысына (Каспий: мұнай және мәдениет) және т.б. жерлерге Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған. Соның нәтижесінде 2000 жылы Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күл-тегін тас хатының көшірмесі орнатылды. Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге тағы басқа көп жұмыс атқарған қайраткер.
Оншақты кітаптардың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Мәдениеттану, мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық өркендеу проблемалары және саясаттануға байланысты мақалалардың авторы.
## Марапаттары
* «Парасат» ордені (1998)
* «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2004)
* Орыс Православиелік Шіркеуінің «Мәскеулік Даниил қасиетті патшасы» ордені
* Ресей Федерациясының «Дружба народов» орденімен және көптеген алқалармен марапатталған.
## Отбасы
Әкесінің есімі — Тасмағамбетов Нұрғали (1926—1997). Анасы — Қоқанова Ділдә Матайқызы (1930 ж.т.)
Үйленген, жұбайы — Бекқұллова Клара Дауымқызы (1957 ж.т.), мұғалім. Қыздары — Әсел (1979 ж.т.), заңгер, София (1983 ж.т.). Баласы — Нұрғали Нұрсұлтан (1994 ж.т.).
Немерелері — Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұреддин (2005 ж.т.).
## Шығармашылығы
И. Тасмағамбетов өзі айтқандай: «Мен ырымшыл емеспін, бірақ атеист те емеспін». Қазақстан тарихы, этнографиясы, археология мәселелеріне терең көңіл бөліп, Орталық Азия халықтарының қолтаңба өнерінің заттарын жинаумен айналысады. Саяси қайраткер мұраты — Мұстафа Шоқай, Франсуа Миттеран.
* Ат жалындағы өркениет
* Құлыптас
## Дереккөздер |
Әбілқайыр хан (толық есімі Әбілқайыр-Мұхаммед Баһадүр Қазы хан, жазба деректерде Абалгаир, Абдулхаир, Абуэр-хайли, Балгаир, Оболгаир, Abul-Geir, Abulkair, 1680 жылға дейін — 1748 жылдың 15 тамызы) — Кіші жүздің сұлтаны, 1710 жылдан бастап Кіші жүздің, ал 1719 жылдан кейін қазақтың бас ханы (үлкен хан). XVII ғасырдың аяғында Сауран қаласын билеген Қажы сұлтанның ортаншы ұлы, Өсек сұлтан әулетінің өкілі.
## Өмірбаяны
### Жастық шағы
Ел аузында сақталған аңыздарға қарағанда, ата-анасы мен үлкен ағасынан ерте айырылып, жас кезінде мұқтаждық көрген. Еділ қалмақтарымен орын алған қақтығыс кезінде тұтқынға түсіп, XVII ғасырдың 90-шы жылдары мен XVIII ғасырдың бас кезінде қалмақ ханы Аюкеге қызмет еткен. XVIII ғасырдың алғашқы онжылдығында өзін батыл жауынгер әрі талантты қолбасшы ретінде танытты. 1707 жылдың желтоқсанында тархан Алдар Исекеев бастаған башқұрт көтерілісшілермен бірге ресей әскеріне қарсы соғысқан. Юрактау тауының мағындағы 10 күнге созылған шайқас көтерілісшілердің жеңісімен аяқталды. 1709 жылы Алдар Исекеевтің шақыруымен Шығыс Башқұртстанға қайта оралып, башқұрт ханы атанды. Жоңғар әскерінің Сырдың бойына басып кіруіне байланысты қазақ даласына оралуға мәжбүр болды. Башқұрт тағын иеленуі, ойрат тайпаларына қарсы жүргізген сәтті әскери қимылдары Әбілқайырдың Орта және Кіші жүздердегі беделін арттырды.
### Кіші жүздің ханы
1702-1723 жылдары аралығында қол астындағы қазақтардың еділ қалмақтарының қоныстарына, жайық казактарының станицаларына шабуылдарын басқарған. 1715 жылы казак станицасы Новошешминскті өрттеп жіберді. 1717, 1719, 1720, 1720 жылдары қалмақтарға және Қазан уезіндегі елді-мекендерге жаңа шабуылдар ұйымастырған. 1718, 1719, 1720 жылдары Әбілқайыр ханның батырлары Жайық казак қалашығын үш рет қоршауға алған. XVIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазан және Сібір губернияларындағы жергілікті билеуші топтармен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1718 жылдың аяғына дейін Қайып ханның саяси одақтасы болған. Қайыптың өлімінен кейін үлкен хан лауазымына ие болып, 1719-1724 жылдары ордасын Түркістан қаласында орналастырды. Оған қоса 1721 жылы Ташкент қаласын билеген. 1721 жылы казактар мен қалмақтардың атаман Балмашнов басқарған тобы Ойыл өзеніне дейін шабуыл жасап, көп тұтқындармен мал айдап кеткен. 1722 жылы қаңтар айында 300 қол қазақ сарбаздары қарымта қайтару үшін казак-орыстардың Шаған жанындағы қысқы станицасына шабуыл жасап, 70 қазақ орысты айдап әкетеді. Ақпан айында қазақ-орыстардың Жайық қалашығы жанындағы жылқы табынын айдап кетіп, оларды түгелдей жаяу қалдырады.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзін білікті басшы ретінді көрсете білген. Соның арқасында халық арасында зор беделге ие болған. 1729/30 жылы ұлы хан Болат хан қайтыс болғаннан кейін Тәуке ханның ұлы, жоңғарларға қарсы күресте танылған Сәмеке ханмен және Болат ханның ұлы Әбілмәмбет ханмен қатар таққа басты үміткерлердің бірі болған. Алайда, Әбілқайыр ханның беделінен сескенген билер, Болат ханның жігерсіз ұлы Әбілмәмбетке қолдау көрсетеді. Үш жүздің батырлары Әбілқайырды ұлы хан етіп сайлағанымен, билерден қолдау таппағандықтан ол бұл атақтан бас тартқан.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес) тағайындалды.
18 ғасыр қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды. 1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Бірақ осы шайқаста Әбілхайыр мен Қайыптың алауыздығы кесірінен қазақ қолы жеңіліске ұшырайды.
Ол 1723 жылға дейін Түркістан қаласында тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққан соң, Бұқар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын тайпалардың арасына кетеді.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір қолбасшы болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады.
Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды. 1728 жылы қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді.
Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады. 1730 жылы көктемде Балқаштың оңтүстік шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды.
Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Тәуке ханның кезінде билікке ие болған билер таққа лайықты Әбілқайыр хан мен Сәмеке хандардың біреуін сайласа биліктен айырылып қаламыз деп сескеніп, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет ханды сайлайды. Болат хан өлгеннен кейін «қазақтың бас ханы болу жолы менікі» деп сеніммен жүрген қазақ әскерлерінің басты тіректері Әбілқайыр хан мен Сәмеке хан әскерлерін ертіп, өз ордаларына кетіп қалады. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады да, Жоңғар әскерінің 1 бөлігі аман қалады. Жоңғарлардың әлі де болса қауіп төндіріп тұрғанына көзі жеткен Әбілқайыр хан өзіне одақтас іздей бастайды. Сөйтіп, ол Ресей империясына елші жіберіп, одақтас болуды ұсынады. Оның көздегені орыстардың қолдауымен қазақ жүздерінін басын қосып, сыртқы жаулары Еділ қалмақтары, башқұрттар және жоңғарларға қарсы тұру болды. Бірақ, Ресей оның бұл ұсынысын қабылдамай, тек протектораттыққа келісетінін жеткізеді. Әбілқайыр хан бұған келімін беруге мәжбүр болады. 1731 жылы күзде Тевкелев бастаған орыс елшілері Әбілқайыр және Кіші жүз бен Орта жүздің бір бөлігінің старшындарынан ант қабылдайды. Ресейдің құйтырқы саясатын кеш сезген Әбілқайыр оларға қарсы бірнеше рет қарсы шығады. Бірақ, бұл әрекеттері нәтиже бермегендіктен қайтара бодандық антын береді(1738, 1742, 1748).
Қазақтарды әлсіретіп, бүкіл Орта Азияға жол ашар қақпаның кілтін тезірек қолға түсіру жөнінде патшасынан нұсқау алған орыстың далалық әкімдері бұл оқшалануды өз мүдделеріне пайдаланып қалуға жанталаса кіріседі. Бұл ретте отарлаудың ежелден сыналған тәсілі – «жабайыны жабайының қолымен құртуды» іске қосады. Сөйтіп олар өздерінің бодандары Еділ қалмақтарын да, башқұрттарды да, сондай-ақ Жайық казактарын да айдап салып, Кіші жүз қазақтарының тынышын кетіре бастайды. Соның аяғы Әбілқайырдың 1730 жылы өзін Ресей империясының қол астына алуына сұрап, Петербургке елшісін жіберуіне әкеп соғады. Онда ол өзінің Ресей империясына башқұрттар секілді қызмет етіп, солар сияқты алым төлейтінін айта келіп, өздеріне Ресейдің өзге бодандары тарапынан ешқандай қиянат және шабуыл болмауын талап етеді, патша тарапынан тыйым салынбаса, башқұрттардың өздігінен шабуыл жасауды тоқтатпайтынын айтады. Сондай-ақ Ресей бодандары қолдарындағы қазақ тұтқындарын қайтарса, қазақтар да өз тарапынан олардың тұтқындарын кері қайтаратынын білдіреді. Бірақ бұл бодандық Әбілқайыр ойлағандай нәтиже бермейді. Содан кейін ол Жоңғар хандығының қоңтайшысы Қалдан Серенге адам салады. Іздегенге сұраған ол да мұны құп алады. Ол жоңғар тұтқынынан босатылған Абылай арқылы жіберген жарлығында Әбілқайырдың тілегін орындағанын толық көрсетеді. Арадағы достық қатынастар сенімді болу үшін Әбілқайырдың өз баласына мың қазақты ертіп, Жоңғарияға жіберуін, осыған жауап ретінде өз баласын мың ойратпен қазақтарға жіберетінін айтады. Дегенмен, Әбілқайырдың Қалдан Серенмен құда болып, оған арқа сүйеп, ойдағымды жүзеге асырам ба деген үміті де ақталмай қалады. 1745 жылдың қыркүйегінде Қалдан Серен қайтыс болады.
### Өлімі
1748 жылы Орынбордан шағын жасағымен қайтып келе жатқан жолда қарсыластарының бірі Барақ сұлтанның құрған қақпанына ұрынып қалады. Барақ сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезінде зор беделге ие болған тұлға. Әбілқайырдың Ресейдің қолдауы арқылы күшейіп кетуінен сескеніп, оған қарсы шыққан. Әбілқайырдың 50 шақты адамымен келе жатқанын естіген ол, мүмкіндікті пайдаланып қалуды ойлап, тұзақ құрады. Осы шайқаста қарсыластарының күші басым екенін көріп тұрған ханның күзетшілері оған қашуды ұсынады. Бірақ, Әбілқайыр хан бұдан бас тартып, осы шайқаста қаза табады.
Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.
### Ұрпақтары
## Әдебиет
* Ерофеева И.В. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты 1675-1821 гг. Сборник исторических документов в 2-х томах/Автор проекта, введения, биографий ханов, научных комментариев; составитель и ответственный редактор И.В.Ерофеева. Алматы: АО «АБДИ Компани», 2014. - 696 с. + вкл. 44 с. — ISBN 978-9965-832-26-0. |
Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қаласында А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде 15 респ., 38 облысы, 271 ауданы, 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы респ. газеттер: «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистiк Қазақстан», 1919 жылдан), «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншiл жас», 1921 жылдан), «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена», 1922 жылдан), «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi», 1930 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Қазақ әдебиетi» (1934 жылдан), «Қазақстан мұғалiмi», «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан), ұйғыр тiлiнде «Коммунизм туғи» (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын «Йени һаят» («Жаңа өмiр», 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауданы газет; корей тiлiнде «Ленин кичи» («Ленин туы», 1938 жылдан); немiс тiлiнде «Фройндшафт» («Достық», 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауданы газет шығады. Респ. журналдар: «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисi», 1921 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1923 жылдан), «Қазақстан әйелдерi» (1925 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство», 1928 жылдан), «Мысль» (бұрынғы «Партийная жизнь Казахстана», 1930 жылдан), «Простор» (1932 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан), «Ара», «Шмель» (1956 жылдан), «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Балдырған», «Автомобильный транспорт Казахстана», «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан), «Зерде» (бұрынғы «Бiлiм және еңбек», 1960 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), т.б.
1921 жылдан Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) жұмыс iстейдi. Респ. радио хабары 1931 ж. берiле бастады. 1974 ж. радио хабарларының орта тәулiктiк көлемi 5 респ., 19 облысы бағдарлама бойынша 70 сағ болып, 200 ауданы және 8 қалалық радио редакция жұмыс iстеген болса, қазiр 60-тан астам қоғамдық-танымдық бағдарлама, 20-ға жуық муз. ойын-сауық бағдарламасы бар (2003) (қ. Қазақ радиосы). 1958 ж. тұңғыш телехабар берiлсе, 1972 ж. 15 телевизия студиясы және 40-тан астам ретранслятор жұмыс iстедi (қ. Қазақстан телеарнасы). Респ. радио мен телевизия қазақ, орыс, корей, ұйғыр, немiс, Әзірбайжан, түрiк, татар тiлдерiнде хабар бередi.
Баспа iсi. Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде түркi тiлдес халықтардың iшiнде татар тiлiндегi кiтаптардан кейiн қазақ тiлiндегi кiтаптар саны мен көлемi жағынан екiншi орын алған. Бұл кiтаптар, негiзiнен, Қазан, Ташкент, Петербург, Уфа, Троицк, Астрахан баспаханаларынан шыққан. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы басылым 1831 ж. «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан ун-тi баспаханасынан жарық көрген. 1861 ж. Н.И. Ильминскийдiң құрастыруымен орыс-қазақ дала мектептерiне арналған «Қырғыздар үшiн өздiгiнен орысша сауат ашу» оқулығы шықты. 1862 ж. «Ер Тарғын» эпосы жұртшылықтың қолына тидi. Ол төрт рет қайта басылып, таралымы 33 800 данаға жеттi. 1908 жылға дейiн Едiл мен Жайық бойында 2 млн. 201 мың 105 дана 509 басылым (оның 461-i кiтап) жарияланған. Фольклорлық сипаттағы 25 басылым жарық көрген. Олардың iшiнде «Қыз Жiбек», «Айман — Шолпан», «Сал-сал», «Алпамыс», «Шах-Мұрат», «Қасым Жомарт», «Шәкiр-Шәкiрат» қиссалары мен «Құла мерген», «Сәтбек батыр», «Мәлiк Ажда», «Наурыз» жырлары бар. Суырып салма ақындық өнер iшiнде Бiржан мен Сараның айтысы халыққа кең тараған. Ол тоғыз рет қайта басылып, таралымы 57800 данаға жеткен. Қазақ ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi де жеке кiтап болып шыққан. «Қазақ мақалдары», «Жұмбақтар мен мақалдар» (құраст. Г.Жәнiбеков), «Жұмбақ», «Шопан ата» (құраст. З.Әбдiқадыров), «Тоғыз құмалақ», т.б. Сонымен бiрге араб, парсы, Әзірбайжан, өзбек фольклорларының шығармалары қазақ тiлiне аударылған: «Ғашықтар кiтабы» (ауданы А.Сабасов), «Дарбұға туралы аңыз», «Өлеңмен жазылған махаббат хаты», түрiк тiлiнен «Қаһарман», «Зұлқарнай», «Сейфiлмәлiк», «Бахдам» аударылған. Орыс әдебиетiнен А.С. Пушкиннiң «Алтын балық туралы аңызы» (ауданы А.Сабасов), «Капитан қызы» (ауданы Молданияз Бекiмов), И.А. Крыловтың «Мысалдары» (ауданы Спандияр Көбеев) шықты. Елуге жуық қаламгердiң жаңа шығармалары жарық көрдi. Бұлардың iшiнде М.Сералин, С.Дөнентаев, Қ.Шопанов, Б.Өтемiсов, М.Қалтаев, М.Қашымов бар. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелiк», С.Көбеевтiң «Қалың мал» романдарын, Қ.Түгiсовтiң «Надандық құрбаны» атты драмасын атауға болады. Жалпы 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 1000-нан аса кiтап жарық көрдi. 1920 ж. қарашада Мемл. кiтап баспасы құрылды. Егер 1920 ж. республикада жалпы таралымы 13 мың дана небары 6-ақ кiтап шығарылған болса, 1930 ж. 2 млн. 671 мың дана 420 кiтап, 1940 ж. 5 млн. 775 мың дана 762 кiтап, 1971 ж. таралымы 25 млн. данадан асатын 2096 кiтап пен кiтапша жарық көрдi. 1940 ж. Қазақстанда небары төрт баспа: Қазақ баспасы (1964 жылдан — «Қазақстан» баспасы), Қазақ партия баспасы (Қазпартиздат), Көркем әдебиет баспасы және жастар баспасы болды. 1963 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесi жанынан Баспа iстерi жөнiндегi мемл. к-т құрылды. Ол 1978 ж. Қазақ КСР Мемл. баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемл. к-т болып қайта құрылды. 1989 ж. бұл к-т ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин. деп аталды. 1995 ж. оның негiзiнде ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi ұлттық агенттiк құрылды. Ол 1997 ж. таратылып, оның орнына ҚР Ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. өмiрге келдi. Бұл мин. ҚР Президентiнiң 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. болып өзгердi. 2003 ж. 13 қыркүйекте ҚР-ның Ақпарат мин. болып қайта құрылды. Қазiр мемл. тапсырыспен жұмыс iстейтiн 38 баспа бар (2003).
1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған.
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар. |
Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан 1890(18901225), Әулие-Тараңғыл, Түркістан генерал-губернаторлығы, Ресей империясы — 27 желтоқсан 1941, Берлин, Германия) — қазақ мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, тәуелсіз және біртұтас Түркістанның идеологы. Түркістан автономиясының екінші министр-төрағасы (1917—1918), Алашорда үкіметі халық кеңесінің мүшесі (1917—1920). 1921 жылдан бастап Парижде қуғында өмір сүрген.
## Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасы Торы руы Бошай тармағынан шыққан.
Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан, халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дүйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.
1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты баспасөз бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкіметінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.
### Балалық шағы
Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады.1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.
### Мемлекеттік Думада жұмыс істеуі
Ақпан төңкерісіне дейін Алаш көшбасшысы Ә.Бөкейханмен бірге Ресей Мемлекеттік Думасының мұсылман фракциясында хатшы қызметін атқарады. 1916 жылғы дүрбелең кезінде Түркістан және жалпы қазақ жеріндегі бассыздықтарды әшкерелеп, Мемлекеттік Думаға арнайы құжатты мәліметтер ұсынады. Сөйтіп, осыған байланысты комиссия құруға себепші болады. 1917 жылы төңкерістер тұсында мықты Түркістан мемлекетін құру идеясын ұстанады.Ташкентте «Бірлік туы» газетін ашады. Орынбордағы Алаш қайраткерлерімен тығыз байланыс ұстайды. Алаш партиясы құрылатын бірінші жалпықазақ сиезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын екінші жалпықазақ сиезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. Алғашқы сиезде «Шора-и-ислам» жұмысына қатысатын 8 қазақ өкілінің бірі болып сайланады. Екінші сиезде Алашорда үкіметі - Ұлт кеңесіне Сырдария атынан кіреді. 1917 жылы Жаңа Марғұланда өткен өлкелік мұсылмандар кеңесінде қайраткер Бүкілтүркістандық мұсылмандардың құрылтайын Қоқан қаласына шақыру туралы бастама көтереді. Қарашада Қоқанда Түркістан автономиясын жариялау шарасына бастан-аяқ қатысады.
## Мұсылмандарының IV төтенше құрылтайына қатысуы
Түркістан аймағы үшін осы ерекше жиын - 1917 жылы 26 қараша күні Қоқанға шақырылған өлке мұсылмандарының IV төтенше құрылтайы еді. Аталған құрылтай 26-27 қараша аралығында өтті (жаңаша ресейлік жыл санау бойынша 9-10 желтоқсан). Бұған Сырдария, Закаспий, Самарқан, Ферғана, Жетісу облыстарынан 200-ден аса делегат қатысты. Олардың ұлттық құрамы да айрықша: қазақ, өзбек, түркімен, қырғыз, әзірбайжан, тәжік, орыс, украин, поляк, еврей т.б. Бұл оның халық деген ұғымды Түркістанның тарихи тағдырымен байланыста қарағанын көрсетеді.Осы жиын делегаттары 27 қараша күні «Түркістан территориялық автономиясын» жақтап, дауыс берді. Өз атымен айтсақ - Түркістан мұхтарияты. Аталған IV құрылтай Түркістан автономиясының немесе Түркістан мұхтариятының «Халық кеңесін» (мұны бүгінгі парламентпен салыстыруға болады) сайлады. Оған 36 түркістандық (Түркістанның жергілікті халқынан шыққандар) және 18 өзге ұлт өкілдері енді. Халық кеңесінің төрағалығына - Серәлі Лапин, кеңес басшылығы құрамына - Мұстафа Шоқай, Убайдулла Хожаев, Махмұтқожа Бехбуди сайланады.
## Түркістан үкіметінің мүшелері
Түркістан автономиясының Халық кеңесі үкімет жасақтауды қолға алды. Мұны олар «уақытша үкімет» деп белгіледі. Сонымен Түркістан үкіметінің мүшелері мына тұлғалар: Мұхаметжан Тынышбайұлы - Үкімет төрағасы және ішкі істер министрі; Мұстафа Шоқай - Ұлттық кеңес төрағасы және сыртқы істер министрі; Шахислам Шахиахметов Үкімет төрағасының орынбасары және қаржы министрі; Әбдірахман Оразайұлы - кейінгі ішкі істер министрі; Үбайдулла Хожаев - әскери істер министрі; Насырхан төре - халық ағарту министрі; Мірәділ Мырзахметов - әлеуметтік істер министрі; Хидаятбек Юрғули Ағаев - ауылшаруашылығы министрі; Әбитжан Махмұт - азық-түлік министрі; Саломон Гердфельд - азшылық ұлт өкілдерінің министрі.Осы кезде М.Шоқай бастаған зиялылар азшылық ұлт өкілдері көшбасшыларына ғасырлар бойы азаптанған Түркістан тағдырына және шөре-шөре болып қалған өз тағдырына ақыл көзімен қарауды сұрады. Осыған байланысты кейін бір еңбегінде Мұстафа 1917 жылы Петерборда болған бір пікірталасты есіне алыпты. Мәселе мынада екен, Уақытша үкімет Түркістанға жұмыс күшін апару жайын қарайды. Сонда түркістандықтар жағдайды ушықтырмау үшін алдағы 25 жылда өлкеге жұмысшыларды әкелуді сұраған. М.Шоқай ондай күш қажет болса, «орыстардың орнына татар мен башқұртты жіберу» мәселесін күн тәртібіне қояды...Ал енді М.Шоқай түркістандықтардан тек жақсылық көрді деу де ақылға сыйымсыз. «Бірлік туы» газетіне 1918 жылы 18 наурызда жарияланған «тау арасынан» жасырын жолданған әйгілі хатында оны Гаухана, Маймүбәрак, Құмбаста сарттары қалай өлтіре жаздағаны жазылған. Түркістан автономиясын қырған большевиктік қара күш пен жергілікті бағдарсыз оспадар күштің айырмасы шамалы еді.
## Түркістан автономиясының үкімет басшысына сайлануы
1918 жылы қаңтарда Түркістан автономиясының алғашқы үкімет басшысы М.Тынышбаев өз еркімен жұмыстан босағанда, М.Шоқай осы қызметке сайланады. Большевиктер бұл автономияны ақпанда қанды қырғынмен таратты. 1918 жылы қыркүйекте қайраткер Самарада бас қосқан Ресейдің азаттық жолындағы күрескерлерінің Құрушы мәжілісіне (Комуч) қатысады. 1919 жылы ақпанда Түркістан мемлекеті бағдарын одан әрі қозғау үшін Бұхар әмірлігі мен Закаспийдегі ағылшын корпусы басшылығымен келіссөзге Ашхабатқа келеді. Сол жылы Баку мен Тифлисте сәл аялдап, (гүржі жерінде «Яни дүния», «Шафак» атты газеттер шығарысып, «Вольный горец» басылымына атсалысады) Ыстамбұлга аттанады.
## Ел тәуелсіздігі жолындағы күрескен алаш азаматы - М.Шоқай
Әлемге аты мәлім қоғам қайраткері, саясаткер, ақиқат жолына бас тіккен, азаттық үшін тағдырдың азабы мен мазағын қатыспай көтерген, әділеттен басқа досы жоқ, адалдықтан басқа жолы жоқ Мұстафа Шоқайдың біртұтас Түркістан мемлекетін құрудағы қызметі, қайғысы, қасіреті, мақсат – мүддесі кешегі кеңес үкіметі кезінде құлып астындағы құпия болды. Күллі түрік миллетінің туыстық бірлігін сақтап, Түркістан автономиясын құру тұрғысындағы М.Шоқайдың жанкешті қызметін кеңес идеологтары жаулық әрекет сипатында көрсетті. Мұстафаның інісі Нұртаза мен туысы Мырзеке Қалымбетұлы «халық жауымен» хандық қатысы болғаны үшін атылды. Қалғандары қуғын-сүргінге түсті. Ал мемлекеттік тапсырыс бойынша отставкаға ҰҚК қызметкері Ж.Шәкібаев «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітап жазып, М.Шоқайдың қоғам алдындағы жұмысын жоққа шығаруға тырысты. Ал Мұстафаның кінәсы - өз ұлтына деген шексіз сүйіспеншілігі еді. Айыбы – атамекенге, ана сүтіне адалдығы. М.Шоқай өле-өлгенше осы бағытынан айныған жоқ. Уақыттан асқан кемеңгер бар ма, қазақ зиялылары жан алып, жан беріскен ел егемендігі тарихи мерзімі жеткен күні өз аяғымен келді. М. Шоқайдың бүкіл өмірінің мәні мен мағынасы, арманы осы егемендік, өлмес рух елімен қайта табысты. Заман озады, өмірден тозбайтын ештене жоқ. Зат та, жер мен көк те, адамның аты да ескіреді. Бірақ, қараңғылық қойнауында жанған шамшырақтай Мұстафа есімі жыл өткен сайын жарқырай түсуде.
Мұстафаның 1886 жылы 7 қаңтарда Сыр бойында Сұлутөбе секілді ауылда, кірпіштен салған қазақы үйде дүниеге келіп, саясаттың биік тұғырына көтерілуі көбіміз үшін таңғаларлық жағдай. Бала күнінен киіз қазақтың тәрбиесін алады. Осылайша он төртке толар-толмас жасөспірім бейшараның көзіндегі жасты сүртіп, әділеттің ауылын нұсқауға жарап қалады. Ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздіктерді танып біле бастайды. Түркістан халқының қамында бір қасиет пен кесапатты өмірге тоқиды. Өмірден осы кезде алған екінші сабағы – орыс өктемдігі.
Ташкенттегі орыс ұлты мен жергілікті халық арасындағы әлеуметтік теңсіздікті, келіспеушілікті көзімен көрді. Ұлтжандылық сезімін оянуына алдымен орыс шовинизмі ықпал етті. Алғашында орыс алпауыттары мен патшаның Ресейдің отаршылық саясатына саналы түрде қарсы шыққан, интеллект түрінде қорғанды. Ауыл қазағының арыз-шағымын жазып, дауына араласу гимназиядағы сабағына көп кедергісін келтірді. Ауыл баласы әлеуметтік мәселемен генерал Самсонов алдына бірнеше мәрте барды. Ол барған сайын орыс озбырлығын Самсоновтың көзіне шығып көрсеткісі келеді. Алайда Самсоновтың жан дүниесі адалдық ауылынан алыс жатыр еді.
Ғалым Ә.Тәкенов пен М.Қойгелдиев жазғандай «Генерал іске тыңғылықты, орысша сауатты қазақ жігітін өз кеңесіне тілмаш етіп алмақшы болады». Бұл мәселенің бір қыры. Екіншісі – тіпті тереңде. Орыс өкілдері отарлау мен саясат ісінде өте тәжірибелі, жергілікті халық өкілдерінен шыққан талантты ноқталаудың сырт көз аңдамайтын нәзік жолдарын біледі. Тілмаштық Мұстафаға қимастық берген қызмет емес, дарынды жастың келешегін кесу еді. Себебі, ел арасындағы тілмаштар қоғамдық теңсіздікке араша түспей, ақша-пара жолымен азғындап, адамдық қасиеттерінен айырылып жатқанын сол кезде өмірдің өзі көрсетті. Сондықтан, Самсонов бұрқылдып шыққан қайнардың көзін көміп тастағысы келді. Өзара қырқысып жатқан орыс чиновниктері осы мәселеде бірауызды болатын. Генерал Самсонов сезімтал кісі екен, ол Мұстафаның келешегінен орыс отаршылдарына келер бір залалды сезді. Мұстафа Шоқайұлы Петербургке барып, оқуын жалғастырғысы келетінін айтып, - Заң факультетін қалаймын, - дегенде ішін тартып қалды. Петербургтегі заң университеті қазақтың баласы түгілі, орыстың қолына түспейтін оқу. Орыс отаршылары сауатысыз халыққа әділетті көрінуге ынталы, саналы, талантты қазақтың адамына аша таяқ қояды. «Тілмаш боласың ба?» - деп қамқорсыған Самсонов ақыры айтқаны болмағасын М.Шоқайға гимназиядан тиесілі алтын медалды, Зопрометов есімді орыс балаға бергізіп, бұған күміс медаль бермекші болады. Әділет жеңеді, адал азаматтар қолдауымен алтын медальін алған М.Шоқай орыс генералы қойған тосқауылмен өзі бетпе-бет кездеседі. Демек, Ташкенттің тұтқасын ұстап отырған генерал Самсоновтың Түркістан халықтарына деген пиғылы таза емес. Ал генерал орыс патшалығының өкілі. Бұдан Түркістанға Ресей жүргізіп отырған саясаттың күнгейі мен көлеңкесін бірдей аңғаруға болатын еді.
М.Шоқайдың Петербург университетінің заң факультетіне түсуі сол кез үшін үлкен дәреже. Бұған Орынбор генералы – губернаторы Перовскийдің ұсыныс хаты көмек болады. Бәрі бір реакцияшыл көзқарастағы губернатор ішікі саясаттағы ерекшеліктерді есепке алды. Әділет үшін айту керек орыс мемлекетінің билеуші топтары Түркістан тұрғысындағы отарлық саясат жүргізсе де, Петербургтың ғылым төңірегіндегі зиялы қауымы таланттарды бағалай білді.
М.Шоқай университетті 1917 жылы ақпан төңкерісіне бұрын бітірді. Зеректілігі арқылы универсиет қабырғасынан 7 тілді меңгеріп шықты. Оның ішінде қазақ, орыс, түрік, ағылшын, француз, неміс және поляк тілдері бар еді. Мұндай жетістік М.Шоқайдың мәдени көкжиегін кеңейте түскені мәлім. Ал, өмір тәжірибесінен, ұлтаралық саясаттың аса салмағын 1914 жылы думада Мұсылман фракциясына хатшы бола жүріп үйренді. Фракция Дума депутаты Әлихан Бөкейханның ұсынысымен келіп, Ахмет Байтұрсынұлы, Ш.Кәрі секілді қазақ зиялыларымен жақын танысады. Мұндағы қызметі де өз жерлестерін отаршылардың зорлық-зомбылығынан қорғау болады. Жазықсызды жаладан сақтау, әлсізді қорғау Мұстафаның мақсатына айналады.
Ресей патшалығының көзге көрініп тұрған бір зорлығы – қоныс аударған орыстарға көшпелі қазақтың жайылымы мен қыстауларын күшпен тартып алып бергені. Мұстафа мәселені сенатқа дейін апаратын. «Бастықтың пиғылы түзу болмаса, заңнан қайран жоқ» деп Бисмарк айтқандай, орыс мемлекетінің отарлау саясатына қарсы тұратын күш жоқ еді. Халық орыс патшасынан осы кезде күдер үзеді. кейін Марияға жазған хатында бала кезін еске алып: «Теміржол біздің ауылдан біраз қашық болатын. Жол басы телеграф бағаналары менжарысатынбыз. Үлкендер бізге осы сымдар арқылы орыс патшасы Николай тұратын қаламен сөйлесуге болатынын әңгіме қылып айтатын. Бар қолымыздан келетіні – бағаналарды қамшыларымызбен осып-осып жіберіп, патшаны сөгу ғана еді», - деп бала кездегі түйсігінің кейіннен расқа шыққанына таңданады. 1917 жылы университет бітіріп, кейбір тарихшылар «Ақпан төңкерісін қуаттап, ол еліне бостандық алып келеді деп түсінді. Эсерлер партиясына мүше болды» - деп жазғандай, Мұстафа Шоқай ұлттық саяси өмірдің тоқсан тарау айрығында тұр еді. Эсерлер партиясына мүше болғаны, болмағаны мұрағаттық деректер арқылы әлі ашылады. Бірақ патшалық Ресейдің аз санды ұлттарға қатысты саясатына М.Шоқай үзілді кесілді қарсы болды.
Тарихшы-ғалымдар М. Қойгелдиев пен А. Нүсіпханның «М.Шоқай және Түркістан» мақаласында: «1916 жылы Түркістандағы ұлт азаттық қозғалысты аяусыз басып жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппозиция құрып талқылады. Осы мәселе бойынша ресми баяндама дайындау үшін Түркістанға арнайы сапармен келген депутат эсер А.Ф. Керенский және фракция жетекшісі К.М. Тевкеловпен бірге мұсылман фракциясының хатшысы М.Шоқай да болады» - деп жазады.
Бұл М.Шоқайдың өз ұлтына араша түсудің бірден-бір жолы – түрлі партия, уақытша үкімет және эсер жұмысшы солдат кеңесімен түсінісу керек болады.Осының бәрі Орта Азияда өз тағдырын өзі шешетін Түркістан автономиясын құру мақсатында жасалған еді.
Құрылтайшылары Түркістан автономиясы деп, оған Сырдария, Ферғана, Самарқан уәлияты толығымен қатысса да, орыс большевиктер кемсітіп, «Қоқан автономиясы» деп атаған аз күндік жаңа құрылым Мұстафа Шоқай идеясының түпкі мақсаты болатын.
Мұстафа Шоқай Түркістан жамиғатының келешек өз тағдырын өзі анықтайтын жеке мемлекет болуын мақсат етіп қойды. Осы мақсатта ептеп уақытша үкіметтің аз айлық билігін пайдаланып қалғысы келді. Бірақ «ұлттың өзін-өзі билеу мүмкіндігін береміз» деген бірде бір орыс демократтарына сенген жоқ. «Олар үкімет басына келген соң сөзсіз айнып» кетеді деген пікірін сөз арасында түсіндірумен болды. Сондықтан Ресейден енші алуды қызбалыққа, үстірттікке, асығыстыққа ұрынбай жан жақты ойластырылған саясат жүргізу керек еді. Ресейдің «демократ» билеушілері іш тартып алмас үшін М. Шоқай «ұлттардың өз өзін билеуін», Ресеймен шекаралық, қаржылық және сыртқы саясатта бірлігін жоққа шығармайтынын дәлелдеп береді.
«Қоқан автономиясының» келешегіне М.Шоқай күмәнсіз сенді ме, күмәні болды ма, бірақ ол адам қолынан жасау мүмкін емес тарихи төтенше оқиғалардан үміттенеді. Адамды үміт жетелейді, үміт апатқа да соқтырады. Соның бәріне Мұстафа бастаған ұлтжанды азаматар басы қиып еді.
М.Шоқай Түркістан халқы арасындағы қоғамдық белсенділіктің, сауатың, ұйымшылдықтың, рулық жіктелетін қандай деңгейде екенін жақсы білді. Жаңа автономияда сот жүйесін қазылар алқасы, немесе шариғат жолымен жүзеге асыруды ұсынған кезде «руластық тамыр белен алып кетеді» деп бірден қарсы болған.
Мұстафа түркі тектес халықтың психологиялық дәстүрлі ерекшелігін жақсы білетін. Сондықтан жалпы мемлекеттік сот құруын ұсынды.
Қоқан автономиясының 1918 жылдың қаңтарында құлауына себеп көп. Жергілікті халықтан кең көлемде қолдау таппады. Уақытша үкіметпен сенімді байланыс жоқ. Ел ішінен іріткі салатын алуан түрлі қоғамдық қозғалыс өріс алды. Ең бастысы Петербургтен бастау алып, Ташкенде өрістеген жұмысшы-солдат депутаттарының үкіметі, Қоқан автономиясын Түркістан өңірінде қауіпті аймақтың бірі деп санап, көзін жаймаққа жанталаса кірісті. Ақыры, Қоқан автономиясы қанды қырғынға ұшырады. Соның салдарынан елде басшылық қозғалыс өріс алды. М. Шоқай сол күндер жайлы тарығып жазған бір мақаласында: «...Қоқан ұлттық үкіметінің большевиктерге қарсы күресі кезінде, яғни 1918 жылғы ақпанда, осыдан бір жыл бұрын Ақмешітте 1917 жылдағы мамыр айында орыс жұмысшы солдаттары қолына өліп кетсемші деп өкінгенім бар» деп жазады.
Мақала көлеміне М. Шоқайдың тарих бетіне таңбалы із болып қалған барлық қызметін түгелдеп беру мүмкін емес.1918 жылы Грузияда одан Түркияда кейін Париж бен Берлинге ұласқан қоғам қайраткерінің өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнегелі жол.
М. Шоқайға комунистік қоғам идеологтарының күллі Түркістанға жасап отырған зорлық-зомбылығы, қарапайым алаңда берген ақыреті оның өмірінің қайғысы, мұңы болды. Орыс демократтарына үміт артуы да үзілді кесілді тоқтады. Тіпті, сенімді деген Сұлтанбек Қожановтан «Қоқан автономиясының» мүшелеріне Кеңес үкіметі кешірім береді деген хабар тигенде де компартия басшыларына екіжүзділік саясатын күні ілгері біліп, елге оралмады. Грузияда «Вольный Горец», «Борьба», «На рубеже», Стамбулда «Жаңа Түркістан» кейіннен «Жас Түркістан»газет-журналдары арқылы күллі өмірін азаттық үшін күреске жұмсады. Ал, 1920 жылы Варшавада Сталиндік режимге қарсы Кеңес одағының қудалауына түскен ұлт зиялылары «Прометей» ұйымын құрған болатын. Ал, Варшавадағы шығыстану институты 1929 жылы «Кеңес одағының ішкі және сыртқы саясаты туралы» ғылыми теориялық конференция ұйымдастырды. «Сталин социализмі – тонаушылықты қамтамасыз ететін саяси жүйе» деген 1937 жылы жазған мақаласында Кеңес үкіметінің өз халқына жасаған тонаушылық саясатына экономикалық тұрғыдан талдау жасайды. Осылайша М.Шоқай Кеңес үкіметінің шетелдегі басты дұшпанына айналады. Білімі – терең, ақылы асқан қазақ перзенті түрік жамиғатының бірлігі мен коммунистік қоғамның халыққа тигізер ықпалы жөнінде ондаған мақала жазды. Мақала дерегі талдау мен таразылаудан тұрды. 1936 жылы КСРО конституциясындағы логикалық қайшылықтарды дәлме-дәл түсіндірді. Белсенді, саналы, ынталы азаматары ғана коммунистік ұйымдарға біріге алады» деген конституция бабын сөзбе-сөз жүйелей келе, «Компартияға кірмеген адамдар белсенді, ынталы және саналы болып саналмайды деген сөз. Ал КСРО-да коммунист емес адамдар халықтың 98 %» деп жазады. Сондай-ақ жеке адамның тарихтағы рөлін жоққа шығаратын марксизм идеяларын, Сталиннің жеке басқа табынушылығын атап көрсетіп береді.
М.Шоқайдың өмір жолы өнегеге толы болды. Бүкіл түркі әлемінің тарихи тұлғасына айналған М.Шоқай 20 ғасыр кезеңінде адамзат баласының айтулы перзенті болды. Оның бойында біз біліп үлгірмеген, тарихымен таныспаған талай рухани қазыналар жатыр. Ол Түркістан халқын орыс диктатурасынан қорғауға күш салды, бірақ озық және адал ойлы славян халқының өкілдері Я.Газовский, И.Пильсудский, В.Чайкин, В.Наливкинге деген құрметі ерекше еді. Өмірлік досы Мария Яковқызы да орыс ұлтынан болатын.
М.Шоқай осынау таза табиғи қалпымен, көптің көзі жетпейтін шың басындағы шынар секілді еді. Тамырын тасқа жайған шынар жалғыз өседі, жүзін күн сүйіп, жапырағын жел тарайды. Діні қатты болады. Шыңдағы шынар секілді М.Шоқай да жиырмасыншы ғасырдан өтіп, асыл ой, азаматтық қалпымен жиырма бірінші ғасырға келді.
## Эмиграциядағы өмірі
Түркия арқылы алғаш Германияға, сонан соң Францияға барып орнығады. Эмиграцияда «Жаңа Түркістан», «Жас Түркістан» журналдарын шығарып, кеңестің озбыр саясаты туралы зерттеулер жазады.
Эмиграциядағы көп уақытын Франция астанасы Париждің маңындағы Ножан-Сюр-Марн қаласында өткізген. 2001 жылы сол кезде ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен Мұстафа Шоқай тұрған Ножан-Сюр-Марн қаласындағы Square de la Fontaine көшесі 7 үй мекенжайында қайраткерге арнап бюст қойылған. Мұстафа Шоқайдың Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған мекенжайлары:
1) 1923–1930 жылдары: Rue Bauyn de Perreuseі16 үй;
2) 1930-1933 жылдары: Парментьер көшеі 48 үй (48 Rue Parmentier)
3) 1933 - 1941 жылдары: Square de la Fontaine көшесі 7 үйдің 4-қабатта орналасқан 42-пәтері. Осы үйде Мұстафа Шоқайдың әйелі Мария Шоқай 1969 жылға дейін қайтыс болғанша тұрған.
## Жеке өмірі
Мұстафа Шоқай жарының есімі Мария Горина. Ол 1969 жылы қайтыс болып, Шель қаласындағы зиратқа жерленген. Құлыптасына "Marie Gorina-Tchokaiff 22-2-1888 – 1969" деп жазылған (координаты: 48.8827708, 2.6023871).
## Шоқай мен Үшінші рейх
Кеңестікке қарсы көзқарасы бар еуропалық саяси ортада осындай танымал адам шығыста үлкен жоспарлары бар фашистердің назарын аударады. Билікке келген Адольф Гитлер Кеңес Одағының аумағы есебінен «неміс өмір сүру кеңістігін» едәуір кеңейтуді жоспарлады және антисоветтік ұлттық кадрлардың маңыздылығын түсінді. Сонау 1933 жылы Шоқай Берлинге шақырылды, кейіннен басып алынған шығыс аумақтарының империялық министрлігінің саяси бөлімінің меңгерушісі, доктор Георг Лейббрандтпен кездесті. Кейіннен, Шоқай «Reichsleiter департаментімен тығыз байланыста жүргізу пайдасына сөз сөйледі Альфред Розенберг».
Соғыстың алдында да Орта Азия эмиграциясының барлық өкілдері Шоқайға оң көзқараспен қараған жоқ. Осылайша, Николай Хан Ёмудский ( Түркістан легионын құруға қатысушы ) Шоқайды „Түркістанның жалғыз өкілі“ ретінде көрсетіп, «Германияның жауы» деп атады.
1939 жылға қарай фашистер миллиондаған болашақ кеңестік әскери тұтқындарды ұстау үшін бірнеше концлагерь дайындады.
Шабуыл күні 22 маусымда 1941, жылы Фашистер Парижде көптеген көрнекті орыс эмигранттар тұтқындалып оларды түрмеге Компьен. Шоқай да сол жерде болды. Үш аптадан кейін оны Берлинге апарып, бір жарым ай өңдеп, Түркістан легионын басқаруды ұсынды, ол концлагерьлерде отырған тұтқындалған кеңес түріктерінен алынуы жоспарланған болатын. Немістер Шоқайдың билігіне сенді. Легион Кеңес әскерлеріне қарсы Шығыс майдандағы шайқастарда неміс бөлімшелерін ішінара алмастыруы керек еді. Шоқай оны осы лагерьлердегі отандастарының ұстау жағдайымен таныстыруды талап етті және тікенек сымның артындағы азиялықтардың адамгершілікке жатпайтын жағдайына таң қалды. 1941 жылдың күзінде Сувалки, Вустрау және Честочованың концлагерьлеріне барғаннан кейін Мұстафа: «Сталин мен Гитлер - зұлым адамдар» деп жазды. Жерлестерінің тағдырын қалай да жеңілдету және олардың өмірін құтқару үшін Шоқай неміс билігіне ымыраға келуді ұсынды.Ол өз шарттарын қойды:
* Германияның оқу орындарында болашақ Түркістан мемлекетіне кадрлар дайындау;
* Тұтқындағы отандастарының арасынан әскери құрылымдар құру, олар Түркістан шекарасына жақындағанда ғана қолданылуы тиіс.
Осылайша ол нацизммен ықтимал ынтымақтастықтан Түркістанға аз да болса пайда алуға тырысты, бірақ бас тартты, өйткені Гитлер Түркістан легионына тек «зеңбірек жемі» ретінде қызығушылық танытты. Содан кейін ол Үшінші Рейх Сыртқы істер министрлігіне хат жазды Группенфюрер С.С. Йоахим фон Риббентроп, бұл жолдар қайда:
«... Гете, Фейербах, Бах, Бетховен, Шопенгауэр сияқты данышпандарды тәрбиелеген ұлт өкілдерінің әскери тұтқындарға қалай қарайтынын көріп ... Түркістан легионын басқарып, одан әрі бас тарту туралы ұсынысты қабылдай алмаймын. ынтымақтастық. Мен шешімімнің барлық салдары туралы білемін.»
Салдары тез келді. Шокайды қолдануға болмайтынын түсінген неміс басшылығы оны алып тастауды шешеді. 1941 жылы 22 желтоқсанда Гитлер Түркістан мен басқа ұлттық легиондарды құру туралы декретке қол қойды. Сондықтан Шоқайдың оларды жасауға еш қатысы жоқ. Ол сол кезде Берлиннің «Виктория» ауруханасында болған. 1941 жылы 27 желтоқсанда ол жоқ болды. Ресми есепте оның «іш сүзегінің дамуынан қан уланудан қайтыс болғаны» айтылады, ол концлагерьлерге барғанда жұқтыруы мүмкін еді. Бірақ улану кезінде де дәл осындай белгілер болуы мүмкін. Бұған қоса, Мария Горина-Шокай өз естеліктерінде Мұстафаның Түркістанда сүзекпен ауырғанын айтқан .және оның иммунитеті болуы керек еді. Шоқай 1942 жылы наурызда құрылған Түркістан легионын басқарған және Горинаның айтуы бойынша сәнді өмір салтын ұстанған өз серігі өзбек Вели Каюмды уландырды деп күдіктенді .
Мұстафа Шоқай Берлиндегі түрік мұсылман (Осман) зиратында жерленген. М.Шоқайдың әйелі Мария Яковлевнаның өсиетімен қайтыс болған күннің астындағы құлпытаста үш латын әрпі мен төрт сан бар: JOH.15.13. Олар Джон Инжилінің он бесінші тарауының он үшінші тармағын көрсетеді, онда:
«Достар үшін жанын берген адамнан артық махаббат жоқ.»
## Афоризмдері
* Ұлтқа пайдалы адам келсе, бәрiнен бұрын орыс өкiметiнiң атамекенiмiздегi жер саясатын мұқият зерттеп үйренуге тырысыңыз. Сiзге не iстеу керектiгiн осы саясаттың өзi-ақ көрсетiп бередi.
* Бiз, әрине, өзiмiздiң атамекенiмiз Түркiстанды кеңестiк Ресейден де, басқа Ресейден де бiржола бөлiп алуды мақсат етемiз. Бұл – бiздiң ұлттық мұратымыз, ұлттық арман-мүддемiз. Бiз тек осы идея үшiн қызмет етемiз. Атамекенiмiздiң iшiндегi және сыртындағы барлық ұлттық күштерiмiздi осы идея төңiрегiнде топтастыруға барынша тырысамыз.
* Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсiздiгi болуы мүмкiн бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, бiлмейдi де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесi. Ал ұлттық рухтың өзi ұлт азаттығы мен тәуелсiздiгi аясында өсiп-дамиды, жемiс бередi.
* Ұлттық рухтың негiзi – ұлттық тiл.
* Бiз құл болып тұра алмаймыз. Бiз ұлт азаттығымызды аламыз.
* Әрбiр өсетiн адам басынан өткенiн балалық шағын еске алса да, сол балалыққа қайтқысы келмейдi.
* Бәрiнен бұрын өз қатарымызды, түркiстандық бiрлiгiмiздi күшейтейiк. Түркiстанның жұдырықтай жұмылған ұлттық бiрлiгiн Ресейден айрылу үшiн күресiп жатқан басқа халықтардың ұлттық майдандармен тығыз үйлестiре отырып, орыс империализмiне қарсы қуатты күш ұйымдастырып, бiрге қимылдайық. Орыс империализмiне қарсы күрес майдандағылардың ұлтын, дiнiн, нәсiлiн, партиясын тергеп-тектемейiк, алаламайық. Тек осындай жол ғана бiздi ұлттық азаттыққа жеткiзе алады… Бұдан басқа жолдардың барлығы алдамшы, тұйық… Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады. Және оны қорғап қала алады.
* Ағалар, қыпшақ деген ұлт болмайды, қазақ деген ұлт бар. Егер әрқайсымыз бөлiнiп, қыпшақтың көсемi, арғынның көсемi, үйсiннiң көсемi болып жатсақ, бiздiң халық азады.
* Төлқұжат деген нәрсе «ұлт» бермейдi, оның «ұлтын» өзгерте алмайды. Төлқұжат деген нәрсе сол төлқұжат иесiнiң оны берушi үкiметке тәуелдi екенiн ғана куәландырады.
* Ылғи да Отаныма қайту ойында жүремiн және соған жету үшiн тырысамын. Демек, атамекенiмдi құтқару үшiн күресемiн.
* Кеңестiк ұлт саясаты бiздi «балғасымен» жаншып, «орағымен» орып тастады.
* Сiздер, немiстер өздерiңiздi «Еуропадағы ең мәдениеттi халықпыз» деп санайсыздар. Егер сiздердiң мәдениеттерiңiз менiң көрiп жүргендерiм болса, онда мен сiздерге тұтқындардың шеккен азабын көрулерiңiздi тiлеймiн. Сiздер XX ғасырда өмiр сүре отырып, ХIII ғасырда Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асып түстiңiздер. Мәдениеттi халық екендiктерiңiздi айтуға хақыларыңыз жоқ. Егер, сiздер, осыған байланысты маған «ату» не «асу» жазасын берсеңiздер, қарсылығым жоқ. Мұндай мәдени қоғамда өмiр сүргеннен гөрi өлгенiм артық.
* Бiз, Түркiстан тәуелсiздiгiн жақтаушылар, елiмiздiң еркi үшiн және жұртымыз Түркiстанның бодандықтан құтылуы үшiн күресемiз. Түркiстандықтарда бұдан басқа жол болмаған. Қазiр де жоқ және бұдан соң да болмайды… Бiздiң мұратымыз Түркiстанда түрi жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық болатын мемлекеттiк құрылымға қол жеткiзу болмақ. Сонда ғана халқымыз өз жерiнiң нағыз қожасы бола алады.
* Қазақпын деп мақтануды ар көретiн, қазақтың тiлiнде сөйлеудi масқаралық көретiн салт қайдан шығып отыр? Балалардың көбi не қазақ, не орыс болып тәрбиеленбей, шөре-шөре бiрдеме болып өсiп жатқанын неге көрмейсiңдер?
* Өзiнiң iшкi бiрлiгiн нығайта алған халықтар ғана тәуелсiздiгiне қол жеткiзе алады және оны қорғап қала алады.
* … ұлттық еркiндiк пен азаттыққа талпыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрiздi нәрсе.
* Бiз жеке тұлғалардан жоғары тұрған ұлттық мұраттарға сүйенемiз.
* Жалпы адамгершiлiк және философиялық тұрғыдан алғанда жақсы халық, жаман халық деген ұғым жоқ, болмайды да.
* Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.
* Атамекендi сүю – оның тұтас мүддесiне қызмет ету, осы жолда әрқашан қызмет етуге, керек болса жанпида қылуға дайын тұру болып табылады.
* …ұлттық мүдде жеке топтар мүддесiнiң жиынтығынан тұрмайды.
* Бiздiң шын жүректен және асыға күтерiмiз бiр ғана нәрсе, ол атамекенiмiздiң орыс пролетариаты диктатурасынан құтылуы. Бiз барлық жерлестерiмiздi осы ұлттық мұратымыз жолында бiр жан, бiр тән болып жұмылуға шақырамыз.
* Тәуелдiлiгiн жалпы ұлт мүддесi тұрғысына сәйкес, ұлттың жалпы жағдайына үйлесетiн түзiм жолында құрбан ете бiлген адамдар ғана нағыз ұлттық патриот және ұлтқа пайдалы қызметшi бола алады.
* Мақтаға қарсы күресте бидаймен қаруланыңыз. Шет ел үстемдiгiнен құтылудың алғашқы қадамы шет елге астық тәуелдiлiгiнен құтылу болмақ.
* Атамекенiмiздiң ұлттық құқығы жолында жүргiзiп жатқан күресiмiз, тiптi, кейде «демократияның шекарасын» аттап кеткен күннiң өзiнде ешкiм бiздi шовинизммен айыптауға қақысы жоқ Д
## Сілтемелер
* Әбдіуақап Қара. Мұстафа Шоқайды қаралаушыларға жауап (жалғасы)
* Әбдіуақап Қара. Мұстафа Шоқайды қаралаушыларға жауап (басы)
## Дереккөздер |
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
## Ассамблеяның қызметі
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық.15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды.Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие.
Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде.Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр.
Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті.
Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді.
## Ассамблея туралы Заң
2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды.
Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме.
Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.
### Ассамблеяның негізгі міндеттері
* этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
* халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
* қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
* азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
* Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
* Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
## Ассамблея құрылымы
Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі.
Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды.Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді.Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар.Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады.Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда.Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді.Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді.
Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі.
Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді.
Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
## Ассамблеяның парламенттік өкілдігі
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Ассамблея ресми сайты Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.
Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi.
## Қазақ әдебиетінің жіктелуі
Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:
* Көшпелі тайпалық әдебиет
* Ежелгі дәуір әдебиеті
* XV—XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті
* XIX ғасыр — XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет
* Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті
* Тәуелсіз қазақ әдебиеті
Ал жанрлық жағынан бөлсек:
* ауыз әдебиеті
* жазба әдебиеті
## Қазақ әдебиетінің арғы тарихы
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Жүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т.б. толық дәлел бола алады.
## Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі
Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.
Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi.
Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.
## Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті
Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия.
18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты.
## Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті
19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары—Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай — Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр»). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары.
### Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы
Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.
=
## Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті
Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.
Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.
20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның ақырғы күндерi» тарихи драмалары ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң егемендiгiн сақтап қалудағы қиын күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше түрi iспеттi болады.
Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi.
## Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері
### Қытай қазақтарының әдебиеті
Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз.Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.
- Шәміс аға, сіз қытай қазақ әдебиетіне елеулі еңбек сіңірген жазушының бірісіз, әрі осы салада көп жылдан бері басшылық міндетін арқалап келесіз. Сол қытай қазақ әдебиетінің жалпы жайы, бұрынғысы мен бүгінгісі және болашағы туралы не айтасыз?- Қытай қазақтарының жазба әдебиетінің тарихы тым ұзақ емес. Қытай топырағында туған жазушылардан тұңғыш шығармасы басылым көрген Ақыт Үлімжіұлы екен. Біз әйгілі ақын Ақыт Ұлімжіұлының 1891 жылы қазан баспасынан жеке кітап болып шыққан тұңғыш кітабы “Жыйһаншаны” Қытайдағы қазақ қаламгерлерінің тұңғыш кітабы деп есептесек, жазба әдебиетіміздің тарихы әрең 115 жыл болады. Қытай зерттеуші мамандар қытай әдебиетін төмендегідей бірнеше дәуірге бөледі. 1840 жылдан 1919 жылға дейінгі әдебиетті қазіргі заман әдебиеті 1949 жылдан кейінгі әдебиетті осы заман әдебиеті деп айырады.Осы тұрғыдан алғанда Ақыт Ұлімжіұлы ғана қытай жақынғы заман қазақ адебиетінің уәкілі болады. өйткені оның “Жиыһаншадан” басқа трөіт кітабы түгел 1919 жылдан бұрын қазан баспасынан шыққан. Сол арқылы Ақыт бүкіл қоғамға өте кең танылған.Сонау ХІХ ғасырда, оқу-ағартуы төтенше мешеу, баспа сөз орны мұлде жоқ, қараңғы өңірде қолына қалам алып шетел баспаларынан кітап шығару оңай жұмыс емс. Қатынасы қолайсыз өте шеткері Өралтай өңірі жөнінен алғанда тіпті де қиын еді. Ақыт Ұлімжіұлының халықты оқу - ағартуға, ғылым, білім үйренуге үндеген шығармалары өте көп. Әсіресе ахылақ мұралға, адалдыққа үндеген өлеңлдері сонау 30-40 ж.ж. халықты оятып, мәдениетке жетелеу де орасан қызмет атқарған.Ал, Таңжарық Жолдыұлы, Асқар Татанайұлы, Дубек Шалғынбаев, Нығымет Мыңжанұлы қатарлы қаламгерлердің алды 1930 жылдардан бастап шығармалар жариялап, қоғамға ақын - жазушы ретінде танылған. Құрманалы Оспанұлы, Қаусылқан Қозыбайұлы, Рахметолла Әпшеұлы, Мағаз Разданұлы қатарлы ақын жазушылардың алғашқы шығармаларының жарық көруі 1949 жылдан бұрын болғанмен саны шағын, дені 1949 жылдың қарсаңында жарияланған екен. Сондықтан бұл жазушыларды да қытай қазіргі заман әдебиетіне өкілдік ететін, қытай қазақ әдебиетінің уакілдері деуімізге болады. Бұл жерде соны анық айтуымызға болады. Соңғы аталған ақын - жазушылардың кесек еңбектері мәдениет зор төңкерісінен кейін жарық көрді. Бұл оларлдың сонау 1949 жылдардағы алғаш әдебиетке атсалысқан дәуірінен айрықша екені анық. Мен олардың алғаш танылған дәуірін негіз еттім. 1949 жылдан 1966 жылға дейін Совет қазақ әдебиеті мен Қытай жаңа дәуір әдебиетінің ықпалында бір буын ақын - жазушылар қосыны қалыптасты. Бұлардың негізгі өкілдері ретінде: Омарғазы Айтанұлы, Күнгей Мұқажанұлы, Мақатан Шәріпқанұлы, Ғани Саржанұлы, Құлмұқамет Ахметұлы, Тәліпбай Қабаев, Шәкен Оңалбаев , Задақан Мыңбаев, Мәди Әбдірахманов, Жақып Мырзақанов, Бердібек Құржықаев, Жұмәділ Маман, Батырхан Құсбегин, Шәйсолтан Қызырұлы, Тұрсынәлі Рысқалиев, Жұмабай Біләлұлы, Ғалым Қанапияұлы, Әуелхан Қалиұлы, Райхан Ібінқызы, Ұлықан Солтанқызы қатарлы елуден артық қаламгерді атауға болады. Бұл дәуірде ақын - жазушылар қонысы молайып, бір бөлім көркем туындылар барлыққа келгенімен жәнеде советтер одағынан келген әсіре солшылдық идеялардың шырмауынан аулақ бола алмады. Бұл дәуірдегі шығармалардан таптық күресті жырлаған солшыл, ұраншылдық бастан-аяқ қамтылып отырды.Шындап айтқанда қытай қазақ әдебиеті, қытай әдебиеті мен ұқсас, «мәдениет зор төңкерісі» делінетін әсіре солшыл он жылдық ойран аяқталып, Қытайда реформа жүргізу, есікті ашу саясаты жолға қойылғаннан кейін ғана өзіндік даму жолына түсті. Ақын жазушыларымыз шығармашылықпен алаңсыз шұғылданды. Соның нәтижесінде 1978 жылдан 2000 жылға де йінгі қысқа ғана 22 жыл ішінде жүзге тарта роман, неше жүздеген әңгіме, повестер жинағы, дастан, өлеңдер жинағы жарық көрді. Соны ашық айтуға болады. Қытай қазақ әдебиеті тарихындағы едәуір үздік шығармалар сол дәуірде туды. Бұрынғы қарт қаламгерлердің де белді шығармалары осы дәуірде жарыққа шықты. Тарихта өткен Ақыт, Таңжарық ағаларымыздың да томдары осы дәуірде баспадан шықты. Меніңше 80-90 ж.ж. Қытай қазақ әдебиетінің бір шама гүлденген, өлмес шығармалар туған тамаша дәуірі болды.Қытай қазақ әдебиетінің болашағы туралы кесіп бір нәрсе айта алмаймын. Солайда Қытай қазақ әдебиетінің бүгінгі даму ауқымына шама мөлшер жасауға болады. XXI- ғасыр басталғаннан бері қарай яғни 1999 жылдан кейінгі әдеби шығармалардың жалпы даму деңгейіне көз салғанда, яғни жас қаламгердің тебініне қарағанда, қытай қазақ әдебиетінің болашағы нұрлы деп қараймын. Болашақта халқымызға мақтан боларлық яғни қазақ халқының абыройын асыратын әйгілі шығармалар туылуына тамаша негіз бар.- Қытай осы заман қазақ әдебиетінде бүгінгі өмірді тақырып еткен қандай кесек шығармалар бар? Сіз оларға қандай баға бересіз?- Жоғарыда қытай қазақ әдебиетінің жалпы жағдайы туралы тоқталып, осы заман әдебиетіндегі кесек шығармалар мене халық жүрегін ұялаған әйгілі шығармалардың барлығы 1978 жылдан кейін ғана дүниеге келгендігін айттым. Бүгінгі өмірді жазған кесек шығармалар негізгі жақтан осы қарсаңда дүниеге келді. Ал, мәдениет төңкерісінің соңғы дәуірінен бері қарайғы өмірді жазған шығармаларды қосқанда саны біразға барады. Бұларға Күнгей Мұқажанұлының “Тайталас” поуэсті, Жұмабай Біләлдің “Жондағы жорықтар” романы, Омарғазы Айтанұлының “Таразы” романы менің “Көз жасы сарқылмайды” романым мен “Жусанды дала” “Тірлік тынысы” қатарлы поэсдтерім, “Ертіс кілкіп ағады” романым, Қайса Түсіпұлының: “Үзілген үміт”, “Тағдыр таразы” романдары, Оразхан Ахметтің: “Көкбелес романы “80-аулада”, “Алыстағы оттар” поэсдтері, Шәйсолтан Қызырұлының “Алтын тау азматтары” романы, және “Шаңырақ” повесті, Жұмәділ Маманның: “Көпірдегі көк жалдар” поэсді, Жеңіс Ырсқанұлының “Тортөбелдің толық емес тарихы”, “Томпақтың қоныс аударуы”, “Бір реткі қонағасы” қатарлы повестері, Қырбақ Нұрғалиұлының “Үкі күлкісі”, “Сорға біткен дос”, “Сынық қанат көгершін” қатарлы поэсттері, Серік Қауымбайұлының “Құйынды қабір” повесті, бұдан басқада повестер бар. әңгімелерде аз емес. Романдардың ішінде Омарғазы Айтанның “Таразы” романы Менің “Қөз жасы сарқылмайды” романым оқырмандардың жақсы аңысын қозғағаны көпшілікке белгілі, менің “Ертіс кілкіп ағады” романым 2006 жылы Қытай тіліне аударылып баспадан шықты. Сыншылыр тисті бағаларын жазды. Повестерден:”Жусанды дала”, “Тор төбелдің толық емес тарихы”, “Үкі күлкісі”, “Құйынды қабір” қатарлы повестер реформа дәуірін бір шама жанды бейнелеген шығармалар деуге болады. Әр жазушы өмірдің әр қырынан, әр түрлі жазу тәсілімен жазып келеді. Әр кімнің шығармашылық іздену жолы әр бөлек. Сондықтан шығарма атаулыны бір өлшемге салып баға беруге келмейді. Қайсы үлгіде, өмірдің қай қырынан жазылған шығарма болсада оның өзіндік артықшылығы әрі кемшілігі болады. Бірінің кемін бірі толықтайды. Сондықтан жазу шеберлігі жетпеген яғни көркемдігі төмен шығарманың да жалпы әдебиетімізге аз болсада қосқан үлесі бар деп қараған дұрыс.Оқырмандардың көңілінен жол тапқан, халықтың аңысын қатты қозғаған әйгілі шығармаларды мен ашалап отырмасамда жұрттың көңілінде сайрап тұрғаны анық, соны анық айтуға болады. Әйгілі шығарма дүниеге келген соң ғана сол шығарманың авторы әйгілі жазушыға айналады.Қытайда 45 тен төменгі қаламгердің бәрін жастар қатарына жатқызады. Осы тұрғыдан алғанда біздің жас ақын - жазушыларымыздың саны аз емес. Әсіресе ұлтымыз жөнінен алғанда, қоғамға шығармашылықпен танылған жас қаламгерлердің саны расында едәуір көп. Мұның бәрін бірден атап отырсақ үлкен бір тізімдік болады. Жалпы сапасы жағынан алғанда, әрине бір келкі емес екені анық, бір келкі деу шындыққа да жанаспайды. Десе де осы жас қаламгерлеріміз ішінде көркемдік деңгейі едәуір биік үздік шығармалармен көзге түсіп жүрген жастарымызды мақтана ауызға алсақ артық болмайды деп ойлаймын. Жақынғы жылдардан бері Тәпей Қайысқанұлы, Қидаш Жұбанышұлы, Білісбек Әбдіразақұлы, Қырбақ Нұрғалиұлы, Балапан Рабатов, Жеңіс Ырысқанұлы, Еркеш Құрманбекқызы, Мағаз Мәлікұлы, Алмагүл Жұмажанқызы, Тұрсынбек Байжұмаұлы, Қасен Әубәкірұлы, Мәдениет Мұқатайұлы, Ерлен Нұрдықанұлы, Серік Сейтқазыұлы қатарлы жас қаламгерлер бұрынғы көне сүрндекті бұзып , өздерінгше ізденіп, өз алдарына жол тауып, шығармашылықта өз даралықтарымен жұрт көңілінен орын алды. Жазушының жазу стилі деген сөз жазушының қалам даралығы ғой, мұны түсінікті тілмен айтсақ, жазушының шығармада пікір көтеру яғни идея табу тәсілі болады. Біз ауызға алып отырған осы бір топ жас ақын-жазушылар өздеріне тән идеч табу тәсілдері бар қаламгерлер десек артық болмайды.Адам баласы көңілге, рухқа сүйеніп жасайды. Бір ұлттың әдебиеті сол ұлттың асқақ рухы. Сондықтан жер бетінде бір ғана адам қалған күнде де сол бір адамның көңіл - күйіне қажет рухани әлем болуы керек. Менің қарауымша жер бетінде адам баласы болады екен, сөзсіз әдебиет те болады. Айтуларға қарағанда адамдардағы ауырудың жүзде тоқсаны адам көңіл - күйінің қалыпсыздығы себебінен болады екен. Бұл адамдардың көңілге сүйеніп жасайтындығының дәлелі. Әдебиеттің өзі адамдардың көңіл - күйінің дәрісі. Егер бір адам өмірде тығырыққа тіреліп, өліп алуды ғана ойлап отырғанда, қолына бір жазушының шығармасы түсіп, осы шығарманы оқығаннан кейін ол, мыныдай блғанда мен ұлмеуім керек дейтін ойға келсе, ал, бір адам біреуге өлердей өшігіп өлтірмей қоймаймын деп жүргенде бір кітап қолына түсіп оқыған соң райынан қайтса бұл шығарма нақты адам көңіл - күйінің баға жетпес емі деуге болады. әдебиетте болашақ жоқ дейтін аңыс, біріншіден, ұлыт мүддесін емес, ақшаны ғана қуған бір бөлім адамдармен, жазудан белгілі өзіндік жол таба алмаған адамдардың қоғамға көтеріп шыққан идеясы болуы мүмкін. өз басым, қоғам дамыған сайын әдебиетте дамиды деп қараймын. Әдебиетте адамның жан дүниесін жазу деген сөз ертеден айтылып келеді. Бұл сайып келгенде жәнеде адамдардың көңіл-күйін жазу деген сөз.
Қазірде Қытайдың Шыңжаң автономиялы ауданына қарасты Шәуешек қаласында тұратын жазушы, ақын, драматург Қажығұмар Шабданұлы 1925 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Таңсық елді мекенінде дүниеге келген. 1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған.
Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылдың желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімжі қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Монголия қазақтарының әдебиеті
Атамекендегі қазақ әдебиетін алып бәйтерекке теңесек, моңғолиядағы қазақ әдебиеті соның бір мәуелі бұтағы болып табылады. Бұл өлкедегі қазақтар арасынан жиналған фольклорлық мұра 5 том кітап боп жарыққа шықты.
Ақыт Үлімжіұлы (1867-1940)
Ақыт Қажы Үлімжіұлы - атақты қазақ ақыны, діни қайраткері, халық ағартушысы. Шығыс Түркістандағы Алтай аймағының Көктоғай ауданында кедей отбасында дүниеге келді. Бала кезінен бастап ауыл молдасынан, одан кейін Бұқар медресесінде дәріс алып араб, парсы тілдер, сондай-ақ шариғат пен тәжуитті үйренген. 1908 жылы Алтай, Қобда аймақтары қажылар тобының аудармашы ретінде Меккеге қажыға сапар шегіп барады. 1910 ж. елге қайтып келген соң, Сарытоғай ауылында мектеп ашып мұғалім болады. 1939 жылы Шэнь Шицайдің үкіметіне наразы шыққан халық көтерілісіне белсене қатысқаны үшін ұсталып қамалды да, 1940 жылы абақтыда қаза болды.
Ақыт Қажы атамыздың “Жиһанша”, “Ахиретбаян”, “Сәйпілмүлік - Жамал” дастандары Қазан баспасында бірнеше рет жарық көрді. Оның “Абақ керей шежіресі”, “Ер Жәнібек”, “Алтай” сияқты толғау өлеңдері қолжазба түрінде кең тараған.Ақын Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақовтан бастап 30-дан астам халық ақындарының шығармалары жинастырылып, зерттеліп, ел игілігіне айналды. Тауданбек Қабанұлы(1830-1908), Төлебай Бөжекұлы(1858-1924), Мешел Қожекеұлы(1858-1928), Отарбай ақын(1882-1953), Нәжікеш Таңқайұлы(1885-1953), Оңашыбай Ірбітұлы (1892-1953), Бұрқасын Тауданбекқызы (1905-1968) т.с.с. халық ақындарының шығармашылығы арнайы зерттеліп, оқырман қауымға жол тартты.МХР тәуелсіздігінің нығая түсуіне байланысты 1940 жылы Баян- Өлгий қазақ ұлттық аймағы боп жеке құрылды. Бұл оқиға мұндағы қазақтың әлеуметтік-саяси өміріне бетбұрыс әкеп, ұлттық мәдениеттің гүлденуіне негіз болды. 1942 жылы 3-қыркүйекте “Қазақ аумағында жаңа әліпбиді қолдану туралы” қаулы қабылданып, латын әрпі орнына Қазақстанда қолданылып отырған қазақ (кириллица) әліпбиін пайдалану ісі жүзеге асып, ана тілінде алғаш рет “Өркендеу” газеті (қазіргі “Жаңа өмір”) жарыққа шығып, қаламгерлер осы газет төңірегінде топтаса бастады. Тұңғыш мәдени ошақ Ұлттық клуб құрылды.
1955 жылы қазақ қаламгерлері үйірмесі орнап, 1957 жылы жылына 4 мезгіл жарық көретін “Жаңа талап” альманағы (қазіргі “Шұғыла”) шыға бастады. 1948 жылы өткен Моңғолия Жазушылар Одағының съезіне ақын Ақтан Бабиұлы, жазушы Құрманхан Мұқамадиұлы бастаған қаламгерлер қатысты. 1968 жылы 28 желтоқсанда МХРП ОК-нің саяси бюросы арнайы қаулы қабылдап, МХР Жазушылар Одағының қазақ бөлімшесін ресми құрды. Мұның бәрі ұлттық мәдениеттің түлеп жаңғыруына, әсіресе жаңа жазба әдебиеттің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Соның нәтижесінде бүгінге дейін әдебиет саласында 400-дей қаламгер еңбек етіп, олардың қатарынан 20-дан астамы МХР Жазушылар Одағының мүшесі шығып, 70-тей талант иелері аймақтың жазушылар бөлімшесіне мүше болып, 1957-жылдан кейінгі кезеңде ақын-жазушы, драматургтер алды 10, арты бір кітаптан шығарма жазып, барлығы 300-ге тарта әдеби шығарма, зерттеу, 40-тан астам біріккен жинақ, моңғол тілінде 30 жинақты жарыққа шығарды. Әдебиеттің жаңа мазмұны мен түрі пайда боп әңгіме, повесть, роман, драма, кинодрама, поэма, сатира, фантастика секілді барлық жанрды қаламгер қауым игеруге атсалысты.
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің даму кезеңін екіге бөліп қарастыруға болады. І кезең: 1940-1970 жылдар. Бұл жаңа әдебиеттің пайда болып қалыптасу кезеңі. ІІ кезең: 1970 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жазба әдебиетінің толысу дәуірі.
Ақтан Бабиұлы (1897-1973)
Моңғолиядағы жазба әдебиеттің негізін салушы – Ақтан Бабиұлы (1897-1973). Ол МХР мәдениеті мен өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, ақын әрі драматург, сонымен бірге ауыз әдебиетінің белді өкілі. Жас кезінде айтыскер ақын ретінде елге танылған ол 1919 жылдан бастап “Кедей күні”, “Сары Мешелге”, “Қарау байға”, “Жөргем салға”, “Халел мен Мәлік молдаға” секілді өлеңдерімен сол кездегі мешеулікті сын тезіне салып, тілі уытты сыншыл да шыншыл ақын ретінде халыққа танылады. Оның Ұмсындық, Ғазиза, Ақбалалар мен айтысы сол кездегі қазақ өмірінің айнасы деуге болады.
А.Бабиұлы 1940 жылдан бастап “Өркендеу” газетіне өршіл үнін қосып, жаңа заманның жаршысы болумен бірге мәдениет пен өнерге қарымды үлесін қосқан сергек саналы қайраткер болды. Оның оннан астам жинақтары жарық көріп, драмалық туындылары театр репертуарының мәйегіне айналды.
Ақынның 1940-1960 жылдарда жазған өлеңдері үгіт-насихат сипатында болып, халықты жаңа қоғам құруға уағыздады, ескі мешеулікті қатты сынауға бағытталды. Ол достық тақырыбында “Орыс даласы”, “Москвам”, “Қанды соғыс”, “Отан жыры” секілді туындылар, “Қыс”, “Жазғы мысал”, “Қобда өзені”, “Бесбоғданың қойыны”, “Бөкентау” секілді табиғат лирикаларын жазды. Ақынның “Бүркіт” (1959), “Досымбек-Балқия” (1964), “Өмір жолы” (1970) секілді поэмалары оның қаламгерлік қарымын жалпақ елге танытқан шоқтығы биік туындылар болумен бірге поэма жанрының қалыптасуына негіз болды.
Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964)
Құрманхан Мұқамадиұлы – (1923-1964) әдеби қызметін өлең жазумен бастады. Оның “Құттықтау”, “Қыс”, “Октябрь тойына”, “Қазақстандық достарға” “Тау қойнында жеке дара” секілді өлеңдері бар.Әйткенмен ол қаламгерлік қабілетін драма саласында көрсете білді.
Арғынбай Жұмажанұлы
Арғынбай Жұмажанұлы 1954 жылы Алматыда Абай атындағы қазақ педагогика институтының филология факультетін бітірген соң туған жеріне қайтып оралып, Баян-Өлгей аймағындағы мәдени-ағартушылық істердің тізгінін қолға алып, ел-жұрттың рухани толысуына тегеуірінді ықпал еткен адам.
Арғынбай Жұмажанұлы 1929 жылы Моңғолиядағы қазақ аймағының Тұлбакөл деген жерінде туып, 1994 жылы Қазақстанда, Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүние салды. Марқұмның құлпытасына өзінің "Қоштасу" деген өлеңінен мынадай бір шумақ қашалған:
Ұрпақ бердің ұлтыма айтып барам,
Өнер бердің, жыр төгіп шалқып барам.
Кешір мені туған жер — Моңгол елім,
Пендемін ғой, қаныма тартып барам!
Ол орта мектепте мұғалім, директор, аймақтық оқу бөлімінің меңгерушісі, аймақтық партия комитетінің хатшысы, "Жаңа Өмір" газетінің редакторы, қатарлы қызметтерді абыроймен атқарып, құрметті демалысқа шыққан.Монғол Халық Республикасы халық ағарту ісінің үздігі, 1950 жылдан Монголия Жазушылар одағының, 1971 жылдан Моңғолия Журналистер одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, көрнекті жазушы драматург, Моңғолия Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты. Өлең, дастан, драмалық шығармаларының он шақты жинағы қазақ тілінде, төрт кітабы моңғол тілінде басылған. Шығармалары орыс, украйн, болғар, тува, алтай тілдеріне аударылып жарық көрген. "Талаптылар мен табынушылар", "Ертіс әуендері", "Бірлестікшілер", "Сандуғаш" пьесалары театр сахнасында қойылып, "Шайқас алдында", "Домбыра әуендері" атты көркем және деректі фильм сценарилері кино болып шыққан.Моңғолия Үкіметі Арғынбай Жұмажанұлының ұстаздық және жазушы-журналистік еңбегін жоғары бағалап, "Еңбек қызыл ту", "Алтын жұлдыз" ордендерімен және мерекелік медалдармен марапаттаған.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының алғашқы жинағы “Тақпақтар” деген атпен 1949 жылы Ұланбатырда жарық көрді. Содан кейін “Ертіс жырлары” (1960), “Біздің өлкеде” (1972), “Меңдікөл” (1979) жинақтары оқырманға жетті.
Ақын Даниял Дікейұлының “Жетілген жетім”, “Таң алдында”, “Солдат сөзі”, “Алтай аясында” секілді поэмалары, Имашхан Байбатырұлының “Телқоңыр” (1967), “Аққу әні” (1970) секілді жинақтары, Шабдарбай Қатшанұлының “Көрімдік”, “Шығыстағы алау”, “Майлы жер” поэмалары, Дайын Қалаубайұлының “Жас дәурен”, “Гүлсім” сияқты жинақтары поэзияның аяқ алысын байқатқан айтулы туындылар.Аға буын қаламгерлер Ж.Байыт, И.Жәбенұлы, Қ.Кәп, М.Егеухан, А.Қауия, І.Яки, орта буын өкілдері Ж.Кәкей, Ш.Зуқай, Р.Шынай, І.Кеңес, Қ.Тойлыбай, Қ.Бодаухан, О.Солдатхан, Ж.Қуанған, М.Зүлкафил, Б.Мұрат, Ә.Дәулетхан, Р.Зұрғанбайұлы секілді ақындардың туындылары өлең өнерінің биік үлгіде дамуына баспалдақ жасады.
Проза саласына келсек, бұл кенже қалған жанр 1955 жылдан кейін дами бастады. Дәлірек айтқанда, Қ.Мұқамадиұлының бірнеше көркем әңгімелерінен бастау алып, керуен тартты. Қ.Мұқамадиұлының “Алғашқы қадам” (1955) “Жұрт ала ма, жұт ала ма?” көркем эссесі прозаның сәтті жазылған алғашқы үлгілері болды. “Алғашқы қадам” әңгімесінде аймақ өмірінде болған тұңғыш рет адамға хирургиялық операция жасаған тарихи оқиға суреттеледі. Көркем проза Махфуз Құлыбекұлының “Мұралық”, “Көк лақтың құпиясы” әңгімелері, “Қызыл қайың хикаясы” повесі арқылы жалғасын тапты. Жазушы Шерияздан Нығышұлының “Күдірлі керуен” повесі қазақ және моңғол тілінде жарық көрді. Ақын Алақанұлының “Менің анам”, “Егіншінің баласы”, “Ананың ақ тілегі” секілді прозалық шығармалары әдебиетке елеулі жаңалық әкелді.
1970-1985 жылдары Моңғолиядағы қазақ қаламгерлерінің оншақты роман, көптеген повесть, әңгімелері жарық көрді. Алғашқы роман – жазушы Елеусіз Мұқамадиұлының “Қобда қойнауында” шығармасы еді. Одан кейін Шабдарбай Қатшанұлы “Жырақта қалған жылдар”, Мағауия Сұлтанияұлы “Ұрпақ тағдыры”, Ісләм Қабышұлы “Ұрпағың үзілмесін”, Жамлиқа Шалұлы “Үлкен үй”, Қауия Арысбайұлы “Жиекте”, Сейітхан Әбілқасымұлы “Қара боран”, Сұлтан Тәуекейұлы “Мұнар таулар” романдарын жазды. Бұл әдебиеттің жаңа белеске көтерілгенінің дәлелі болды.
1940 жылы аймақтық Ұлттық клубтың шымылдығы Ақтан Бабиұлының “Ермалай” пьесасымен ашылып, бұл туынды драма жанрының алғашқы қарлығашы болды. Оның“Жамал” (1941), “Еріншек пен екпінді әйел” (1942), “Қалқаман-Мамыр”, “Ақайша” секілді драмалық туындылары өлкедегі театр өнерінің қалыптасып дамуына септігін тигізді.
Жазушы, драматург Құрманхан Мұқамадиұлы буыны енді беки бастаған драма өнерін зор белеске көтерді. Мәскеуден білім алып,л әлем классиктерінің шығармаларымен терең сусындаған ол осы салаға тың серпін берді.Оның “Кезең үстінде” (1955), “Қарға қарғаның көзін шоқымайды” (1957), “Жасыл дөң” (1959), “Тұлбакөл шайқасы” (1962) секілді драмалық шығармалары күрмеуі мол күрделі жанрды игеруге соны соқпақ болды.
Ақын, драматург Арғынбай Жұмажанұлының “Талаптылар мен табынушылар” пьесасы 1956 сахнаға жол тартты. Оның “Ертіс шындығы”, “Сандуғаш” секілді пьесалары бар. “Моңғолкино” студия түсірген “Шайқас алдында”, “Домбыра әуені” фильмдерінің сценарииін жазды. Жазушы Ж.Баят, ақын Қ.Шабдарбайлар да осы жанрға үлесін қосып, ақын И.Байбатырұлы “Керім-Торым” либреттосын жазды.
Көркем аударма саласы да қарқынды дамып, Қазақстанның көрнекті ақын-жазушыларының туындылары түгелдей дерлік моңғол тіліне аударылды. Атап айтар болсақ, А.Құнанбайұлы, Ж.Жабаев, М.Әуезов М.Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, І.Есенберлин, Ж.Молдағалиев, Ә.Әлімжанов, М.Мағауин т.с.с. көптеген қаламгерлердің белгілі туындылары моңғол тіліне тәржімаланды. Бұл іске аударма шеберлері Ж.Шалұлы, О.Қаһар, И.Қабышұлы, Т.Сұлтан, Ж.Қамайұлы өз үлесін қосты.
Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты.
Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті — жалпы ұйғыр әдебиеті мен Қазақстан әдебиеті бөлшектері боп табылады.
Қазақстанда ұйғыр тiлiнде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И.Саттировтың, И.Искандеровтың поэзиясы ерекше көзге түстi, драматургтер Ж.Асимов пен А.Садировтың, К.Хасановтың пьесалары қойылды.
Проза жанры жетекшi орын алды. X.Абдуллиннiң З.Сәмәдидiң, Ж.Босақовтың, Т.Тоқтамовтың, М.Зұлпықаровтың, А.Ашировтың, Н.Баратовтың, П.Сәбитованың) повестер жинақтары жарық көрдi. И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың, Р.Кадыридiң, А.Ғаниевтiң, М.Абдурахмановтың өлең-поэмалары жарық көрдi.
А.Құнанбаевтың «Өлеңдерi» (1987), С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» (1987, ауд. Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсiреповтiң «Кездеспей кеткен бiр бейне» (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары ұйғыр тiлiнде жарияланды.
20 ғ-дың басынан ұйғыр халқының тарихи отаны Шығыс Түркістаннан (қазіргі Шыңжаң ұйғыр автоном.ауданы, Қытай) сырт өлкелерде идеялық-тематик. бағдары, көркемдік-эстетик. ерекшеліктері жағынан жаңа әдебиет дами бастады. Бұл әдебиеттің дүниеге келуі, қалыптасу және есу процестері негізінен Қазақстан өмірінде жүзеге асырылған саяси, ағарту, мәдени шаралармен тығыз байланыста өтті. Сондықтан да ұйғыр әдебиетінің басқа халықтар ішінен қазақ әдебиетімен байланысы ерекше орын алады. Көптеген қазақ ақын-жазушыларының шығармалары жас ұйғыр әдебиетшілері үшін шын мәнінде әдеби мектеп болды. Осы тұрғыдан ұйғыр ақындары ең алдымен кемеңгер Абай Құнанбаевтың мұраларынан сусындағаны табиғи құбылыс. Қазақ ақындарын 30-жылдардың өзінде-ақ көп аударған И. Саттаров ұйғыр поэзиясына ұлы Абайдың «Бойы бұлғаң...» өлеңінің түрін кіргізген. Ақын Илья Бахтия шығармашылығында Абай өлеңі түрлерінен оңды пайдаланған жайттар көп бой көрсетеді. «Осылай жазсам деп армандаған ақын- ұстаздар менде де бар. Ол шығыс классиктерінің бірі, қазақ халқының ұлы ақыны Абай! Мен оны жаттап естім», - деп жазды ол кейін. Абай өлеңдері 30-шы жылдардан ұйғыр тіліне аударылып келеді. Қазақ жазба әдебиеті классигінің кейбір өлеңдерін И. Саттаров, Қ. Хасановтар аударып, баспасыз беттерінде ұйғыр оқырмандарымен алғаш таныстырған болатын. Абайдың өлеңдері ұйғыр мектептері үшін шығарылған оқулық кітаптарда тұрақты орын алып келеді. 1972 жылы Абайдың шығармаларының таңдамалы лары Д. Ясеновтың аудармасында, «Көзімнің қарасы» деген атпен жарық керді. 1987 ж. Абайдың өлеңдері мен поэмаларының келемді бір томдығы ұйғыр тілінде басылды. Бұл кітаптарға енген Абай өлеңдерін тәржімалауға көрнекті ұйғыр ақындарынан Һ. Бахниязов, М. Абдрахманов, И. Жалилов, А. Дөләтов, И. Ушуров, Д. Ясеновтар қатысқан.
## Дереккөздер |
Басекеев Әділбек Әлімжанұлы — Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы Өкілі.
1966 жылы Қызылорда облысында туған.
Мәскеу байланыс және информатика техникалық университетін, Мәскеу бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген.
Еңбек жолын 1984 жылы Ленинск қаласындағы телеорталықтың электромеханигі қызметінен бастаған.
1993-1995 жылдар аралығында Ленинск қалалық әкімшілігі басшысының көмекшісі, Ленинск қалалық жастар ісі, туризм және спорт істері жөніндегі басқармасының бастығы.
1995-1999 жылдары — Ленинск қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы.
1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік дамыту және кадр жөніндегі бөлімінің бас инспекторы,
2002 жылдан — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастырушылық-аумақтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2004 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы арнаулы Өкілі болып тағайындалды. |
«Алпамыс мектепке барады» — 1977 жылы Ригада өткен Бүкілодақтық кинофестивальде «Бала психологиясын жақсы ашқаны үшін» атты ең таңдаулы балалар фильміне берілетін бас жүлдені жеңіп алады.
## Фильмнің шығуы
Фильм студияға 1975 жылы Роза Хұснутдинованың сценарийі бойынша «Алпамыс идёт в школу» деген атпен келеді.
Бүгінде белгілі режиссер Серік Жармұхамедовтің Мәскеудегі Жоғары курстың екінші курсын тәмамдап, «Қазақфильмге» тәжірибеден өтуге келген шағы. Фильмнің режиссері Абдолла Қарсақбаев студияның ұзын дәлізінен Серік-студентті көре қалып, қолға алып жатқан фильмі бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қолқа салады. Мұнда түсіру жұмысының бастапқы кезеңіндегі актер іздеу, киносынақ жасау, киім дайындау секілді әзірлік шаруалары қызу жүріп жатады.
## Алпамыс
Алпамыстың рөлін ойнаған Ермек Төлепбаев ол кезде алтыға толмаған еді. Ермек сәл бұрынырақ Тұраш Ыбыраевтың «Белый автомобиль» деген қысқа метражды фильміне түскен екен.
Бұдан кейін де Ермек В. Пұсырмановтың «Серебряный рог Алатау», С.Райбаевтың «Әнші аралдың құпиясы», С.Жармұхамедовтың «Өтелмеген парыз» А.Григорьевтің «Время жить» сияқты фильмдерге түсті.
## Қалихан
Қалиханның рөлі Алпамысқа кереғар мінезді болуы тиіс. Алпамыс арманшыл болса, Қалихан іс-әрекетке бейім. Ол бір жағы сотқар, бір жағы алғыр. Жай жүрмей, жүрген жерін өртеп жүретін, бірақ қанша бұзық болса да, сол сотқарлығынан ар жағында ертеңгі күні «адам» болып кететіні көрініп тұратын бала қажет еді.
Қалиханның рөлін Ұлан Сарбасов ойнады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «АЛТЫ ЖАСАР АЛПАМЫСТЫҢ» КЕЙІПКЕРЛЕРІ |
Қазақ киносы - Қазан төңкерісінен кейін пайда болды.
## Бірінші кезең (1940 жылға дейін)
Алғашқы киношежіре 1925 жылы түсірілді. 1928 жылы РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі жанынан акционерлік "Востокфильм" кино қоғамы құрылды. 1929 жылы Алматыда оның өндірістік бөлімі ашылды да, ол Қазақстанның өмір-тұрмысы туралы "Соңғы хабар" атты киножурнал шығарып тұрды. Реж. В.А. Турин ел өміріндегі тарихи оқиғалардың бірі болып саналатын Түркістан - Сібір темір жолы магистралінің құрылысы жайлы "Түрксіб" атты деректі фильмін қойды. 1934 ж. Алматыда "Кеңестік Қазақстан" киножурналын үзбей шығарып тұратын Респ. киношежіре студиясы құрылды. Осыдан кейін қазақ киносы жаңа өркендеу жолына түсті. "Ленфильм" студиясының ұжымы қазақтың алғашқы кино қайраткерлерінің қатысуымен "Амангелді (фильм)" (1938, реж. М.З. Ленин) көркем фильмін жасады. Қазақ көркем фильмдерінің тарихы осы туындыдан басталады.
## Екінші кезең (1941-1945)
ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында "Мосфильм" мен "Ленфильм" киностудияларының бөлімшелері Алматыға көшірілді. Бұл студиялар Алматыда өзара бірлесіп, ЦОКС (Біріккен орталық киностудия) деген атпен өзінің қызметін бастады. Мұнда "Антенна Рыбкин" (реж. К.К. Юдин), "Жауынгер ұлы" (режисері В.П. Строева), "Біздің қаланың жігіті" (режисері А.Б. Столпер), "Ауком секретары" (режисері А.М. Файнциммер), "Отан үшін" (режисері Пудовкин), "Иван Грозный" (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), т.б. кеңестік фильмдер түсірілді. 1941 ж. Алматыда көркем фильмдер шығаратын киностудия ұйымдасып, 1944 жылы ол Алматының көркем және деректі-шежірелік фильмдер студиясы (1960 жылдан "Қазақфильм") деп аталды. Қазақ киностудиясы алғашқы ұйымдасқан кезінен бастап 100-ден астам көркем фильм және 500-дей деректі фильм шығарды.
## Үшінші кезең (1946-1960)
2-дүниежүзілік соғысынан кейінгі жылдарда халық батырлығы туралы, заманауи тақырыпқа арналған картиналар шықты (мыс., "Абай әндері" (1946), "Махаббат туралы аңыз" (1954), "Оның уақыты келеді" (1957), "Қыз Жібек" (1972), "Ботакөзде" (1957), "Атаманның ақыры" (1971), "Орман балладасы" (1972), "Біздің сүйікті дәрігер" (1957), "Менің атым Қожа" (1963), т.б.). Қазақ киносын дамытуға режисері Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов; актерлер Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова; операторлар М.Аранышев, Ф.Әбсәлемов, М.Беркович, т.б. мол үлес қосты.
## Төртінші кезең (1961-1979 жылдары)
## Бесінші кезең (1980-1990 жылдары)
1980 жылдары республиканың деректі киносына И.Вовнянко, С.Әзімов, О.Рымжанов, В.Рерих, С.Махмұтов, В.Тюлькин, т.б. қосылды.
"Құмшағыл оқиғасы" (1987), "Аралды жоқтау" (1988), "Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі" (1989 - 1990), "Полигон" (1990) фильмдері арқылы экранға қоршаған ортаның шынайы әлеуметтік қарама-қайшылықтары шығарылды. Кеңестік қоғамдағы демократиялық жаңартулар Қазақстанның көркем фильмдерінің эстетикасына да әсерін тигізіп, қазақ "жаңа толқын" өкілдерінің шығуына жол ашты. Осы кезде Қ.Салықовтың "Балкон" (1988), Р.Нұғмановтың "Ине"(1988), С.Апрымовтың "Қиян" (1989), Т.Теменовтың "Адамдар арасындағы бөлтірік" (1988), А.Әмірқұловтың "Отырардың күйреуі" (1991), Ә.Қарақұловтың "Әзәзіл қыз" (1991), Е.Шынарбаевтың "Сұр ұшбұрыштағы орын" (1993), С.Нарымбетовтың "Көзімнің қарасы" (1994) фильмдері түсіріліп, ұлттық кино шетелдерге таныла бастады. Халықаралық қинофестивальдарда жүлделі орындарға ілікті. Бұл кезеңдегі Қазақ киносында бірнеше көркемдік-стильдік бағыттар айқындалды: әлеуметтік авторлық фильмдер - С.Апрымов, Д.Өмірбаев; бейнеклиптік эстетика, көпшілік қауымға бет бұру - Р.Нұғманов, А.Қарпықов; ретро фильмдер - С.Нарымбетов; "халықтық кино" - Б.Шәріп, А.Әмірқұлов, Т.Теменов, Д.Манабай. Жалпы алғанда 1990 жылдардағы фильмдер кеңестік идеологияны жоққа шығаруға бағытталды.
## Алтыншы кезең (1991-қазіргі уақытқа дейін)
## Сыртқы сілтемелер
* ҚАЗАҚ КИНОСЫ ТУРАЛЫ ОЙЛАР МЕН ТОЛҒАНЫСТАР Мұрағатталған 17 қыркүйектің 2011 жылы.
* Қазақстандык кинолар Мұрағатталған 5 тамыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
Ерлан Сапарұлы Байжанов (8 қазан, 1962, Алматы) — Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты.
## Қысқаша өмірбаяны
* М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (1985 ж.) бітірген.
* М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1988 ж.) бітірген.
* 1989-1990 жж. — С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.
* 1990-1991 жж. — «Советы Казахстана» газеті редакциясының парламенттік шолушысы, бөлім меңгерушісі.
* 1991-1996 жж. — кәсіпкерлік саласында жұмыс істеді.
* 1996 жылдың сәуірінен — СІМ баспасөз қызметінің бірінші хатшысы, СІМ ақпарат және баспасөз бөлімінің меңгерушісі.
* 1997 жылдың қаңтарынан — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары.
* 2004 жылдың наурызынан — Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-уәкіл, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымында өкілетті өкіл.
* 2005 жылдың тамызынан — ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі.
* 2006 жылдың ақпанынан — ҚР Президентінің Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.
* 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
## Марапаттары
* «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
## Отбасы жағдайы
* Үйленген, үш ұлы бар.
## Дереккөздер |
Қазақстан энергетикасы — электр энергиясы мен қуатын өндiру және электрмен жабдықтау жүйесi; ұлттық экономиканың өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрi өнеркәсiптiң басқа салаларын дамытудың басты базасы.
## Алғашқы электр станциялары
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр станциялардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндiрiлген.
Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр станциялары болған.
Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 — 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген.
Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр темір жолы бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзенінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станцияларының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғ. Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауыты iске қосылды.
1925 — 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетика қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты.
## Қазақстан электр энергетикасының дамуының негiзгi кезеңдері
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады:
* Бiрiншi кезең 1918 — 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
* Екiншi кезеңде (1946 — 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды.
* Үшiншi кезеңде (1959 — 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты.
Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзенінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.
1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВт/сағатты құрады, оның 87,4 кВт/сағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi.
1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды.
1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергет. көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды.
1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымдылығы 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп.
Қазақстан электр энергетикасы 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды.
2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңтүстік және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.
ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр ст-лары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания («КЕGOC» ААҚ), 110 — 35, 6 — 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акционерлік компаниялары (АЭК АҚ) құрылды.
## Қазақстан энергетикасын дамытудың 1997—2000 жылдарға арналған бағдарламасы
Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 — 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi:
* ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке;
* бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы;
* электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру;
* рынок субъектiлерiнiң аймақаралық («КЕGOC» ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу.
Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды.
Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады.
Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 — 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қаласының маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады.
2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.
Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия «КЕGOC» ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.
Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.
## Меншік иелері
ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi:
* iрi электр станциялары шет елдiк компанияларға тиесiлi,
* кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания — KEGOC-қа жүктелдi;
* кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында;
* электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.
## Шикiзат көзi
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 2/3-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн станциялар дамытылған. Шығыс және оңтүстік аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетика көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядролық отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады.
Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы республикалық және солтүстік, батыс аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңтүстік аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.
## Электр энергиясын тұтыну
Соңғы 2 — 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады.
2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген.
Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi — Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солтүстік Қазақстанның ОЭС-ы, 220 — 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солтүстік бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орта Азияның энергетика жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұзындығы тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ — 42000 км, 35 кВ — 61500 км, 6 — 10 кВ — 199400 км және 0,4 кВ — 115500 км.
Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технология мен шаралар ескерiлдi.
Қазақстан өзендерiнiң су энергетика әлеуетi 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 — 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды.
Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 — 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 — 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң техникалық әлеуетi 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 — 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат — 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 — 2,3 млрд. кВт/сағ. |
Шалдай орманы — «Ертіс орманы» Мемлекеттік табиғи резерватындағы (Шалдай кенті төңрегі, Павлодар облысы) орналасқан сирек кездесетін қылқан жапырақты орман алқабы.
«Шалдайдың қарағайлары тек Австралия ормандарында ғана өседі» деген де ғалымдардың пікірі бар.
## Шалдай орманын қорғау
Қазіргі кезде бұл алқап өрт және заңсыз кесу салдарынан жойылып барады. Бүгінгі таңда Шалдайдағы өртенген алқаптардың көлемі 60 мың гектарды құрайды. Ал өртеніп кеткен Шалдайдағы алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін 30 жылдай уақыт қажет.
Шалдай орманын қорғау үшін «Халықаралық қайта құру және даму банкінен» қарыз алуды қолға алуда (2007 жыл). Ормандарды сақтау жобасының құны 63,5 млн доллар. Бұл соманың 30 млн доллары аталмыш банктен алашақ ретінде алынбақ. 5 млн долларын Ғаламдық экологиялық қор бермек. Тек 28 млн доллары ғана республикалық бюджеттен қарастырылып отыр.
ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Елемесовтің сөзіне қарағанда, жоғарыда аталған жоба алты жылға ғана лайықталған. Сол секілді жан-жақтан құйылатын қомақты қаражат тек қана 2000 гектар орман алқабын қайта қалпына келтіруге жетеді екен.
Қазіргі күні ағаш өсіретін питомниктер де жұмыс атқаруда. |
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада туған) – кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның Еңбек Ері (2017).Қатал соғыс жылдары өткен балалық шағы туралы осылай дейді:- Алғашқы қар жауғанша жалаң аяқ жүрдім. Бір күні сабақ кезінде қалың қар жауған еді. Барлық сыныптастарымды ата-аналары үйлеріне алып кетті. Ал мен суық саз мектепте жалғыз қалдым. Ол кезде тоғыз жаста едім. Түні бойы қатты қорыққаным соншалық, таңертең мектептен он жасқа есейіп шыққандай болдым.
## Толығырақ
* Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылмада дүниеге келген. Байұлы тайпасының Шеркеш руынан шыққан.
* 1956 - 1961 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітірген.
* 1961 жылдан Қазақфильм киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.
* 1964 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
## Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Абайында» Керім, «Еңлік-Кебегінде» Кебек, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Айшуақ, «Таңғы жаңғырығында» Жарасбай, Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматовтың «Көктөбедегі кездесуінде» Иосиф Татаевич, Шекспирдің «Юлий Цезарінде» Юлий Цезарь, М. Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен терінде» Еламан, И. Вовнянконың «Апатында» бас кейіпкер, тағы да басқа көптеген қойылымда көрнекті актердің айшықты өнегесі мен өрнекті ізі жатыр. Ал, А. Әшімовтің қара шаңырақ сахнасындағы соңғы күрделі жұмысы Г. Гауптманның «Ымырттағы махаббат» драмасындағы доктор Клаузен. және т.б көптеген бейнелерді сомдады.
## Кино
Әшімов — қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Трансібір экспресі)”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.
## Кітаптары
* «Майраның әні»
* «Жан бөлек»
* «Алаштың Асанәлісі»
* «Менің жанрым – күнделік»
* «Ғұмыр-дария»
## Ол туралы
* Туған ауылында атасы (әкесінің әкесі) Ысқақ пәрідар атымен мешіт салды.
* Жыл сайын әкесі Әшім Ысқақұлы атындағы шахматтан облыстық турнир ұйымдастырады.
* Кенже баласына өз есімін беріп, оны да Асанәлі атаған.
## Мемлекеттік марапаттары
* Қазақстанның Еңбек Ері алтын жұлдызды құрметті атағы 2017 жылдың 18 мамырндағы ҚР президенті - елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен Қазақ кино өнеріне сіңірген айрықша зор еңбектері үшін өзі марапаттады. (Астана, Ақорда).
Қазақстан Республикасының марапаттары
* 2000 жылы "Платинды Тарлан" тәуелсіз сыйлығының лауреаты
* 2001 жылы еліміздің ең жоғарғы мемлекеттік марапаты Отан ордені мен марапатталды.
* 2003 жылы Ең алғашқы "Шәкен жұлдыздары" фистивальінің лауреаты
* 2007 жылы Парасат ордені
* 2007 жылы Құрмет ордені (70 жас мерей тойы қарсаңында)
* 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
* 2012 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің "Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі" төсбелгісі;
* 2014 жылы Қазақ театры мен кино өнеріндегі ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарығы мемлекеттік марапаты І дәрежедегі Достық орденімен елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады (Астана, Ақорда);
* 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі
* Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі
* ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
* ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері;
КСРО марапаттары
* Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі
* 1973 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйллығының иегері
* 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері
* 1976 жылы Қазақ КСР халық артисі.
* 1980 жылы КСРО халық артисі
* КСРОның "Еңбек ардагері" медалі
* КСРОның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері
Халықаралық марапаттары
* 2007 жылы Ресейдің Ломоносов атындағы алтын Орденімен марапатталған.
* 2011 жылы ТМДның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» Ордені;
* 2013 жылы «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты;
* 2007 жылы Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» Орденімен марапатталды.
* Алматыда жеке жұлдызды аллеясы ашылған.
Құрметті атақтары
* Қазақстанның бірнеше аудандарымен ауылдарының құрметті азаматы
* 2002 жылы Жамбыл облысының құрметті азаматы
* 2015 жылы Алматы қаласының құрметті азаматы
* 2017 жылы Түркістан облысының құрметті азаматы
* Сарысу ауданының құрметті азаматы
* Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры
* Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызыметкері
* 2015 жылы Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын медалі;
* Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығының «Қазақ театрының дамуына орасан зор үлесін қосқаны үшін» арнайы аталымы бойынша марапатталды. (Астана 27 наурыз 2017 жыл)
## Дереккөздер |
Әлиев, Жұматай Әлиұлы — Қазақстан халықы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі. 1952 жылдың 20 маусымында Жамбыл облысында дүниеге келген.
Ленинград мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, философ, экономист. Философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы ӘҒА академигі, ХАА академигі.
Университетті бітіргеннен кейін Алматы мемлекеттік медицина институтында мұғалім болып еңбек еткен.
1977-1982 жылдары ҚЛКЖО Алматы қалалық комитетінің нұсқаушысы, ҚЛКЖО Фрунзе аудандық комитетінің екінші хатшысы, ҚКП Алатау аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған.
1982-1983 жж. – Алматы қалалық сүт зауытында аға технолог- инженер, бас инженердің орынбасары.
1983-1997 жж – Алматы сәулет және құрылыс институтында аға оқытушы, Алматы мал дәрігерлік институтының әлеуметтік-экономика пәндері кафедрасының меңгерушісі, ҚазМАУ гуманитарлық даярлау орталығының басшысы.
1997-2001 жж. – Орталық Азия университетінің президенті, ректоры.
2001-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халықтары Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.
2008-2012 жж. – Орталық Азия университетінің қамқоршы кеңесiнің төрағасы, профессор, «Тұрақты Қазақстан» қоғамдық қорының басшысы.
2012 жылдың қаңтарынан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.
III, II дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталған.
Неміс, ағылшын, орыс, қазақ тілдерін біледі.
Үйленген, балалары және немерелері бар.
## Сілтемелер
Мәжілістің құрамы мен құрылымы, АЛИЕВ Жұматай |
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан. Республиканың жерінің ауданы — 2 727 300 км². Жер шарының халық мекендеген кұрлық бөлігінің 2%-ы және Еуразия ауданының 5%-ы елдің үлесіне тиеді. Аумағының өлшемі жөнінен ол әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді және ішкі құрлықтық мемлекеттердің ең ірісі болып саналады. Жерінің көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-шы орын алады. Жалпы аумағы бүкіл жер шары көлемінің 2%-ын, Азияның 6,1 %-ын құрайды. Еуразия құрлығында Ресей, Үндістан, Қытайдан кейін төртінші орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.
## Жалпы шолу
Қазақстанның аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар. Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде каспий теңізі,Арал теңізі және Балқаш,Зайсан Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа,көбі (94пайыз) көлемі бір шаршы киллометрден кем шығын көлдер. Көлдердің барлығыдерлік тұйық көлдер. Олардың деңгейі ауық-ауық өзгеріп отырады.Көбінің суы тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар.Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60 пайызын алып жатыр.
Қазақстанның батысында Еділдің төменгі ағысы, Каспий маңы мен Тұран ойпаты, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Батыс Сібір жазығы, ал оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесі орналасқан. Батысынан шығысына дейін - 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке дейін - 1600 км.
Республиканың халқы 17,4 млн. адамнан асады. Қала халқының үлесі 56%-ды құрайды. Қазақстан халқының орналасу тығыздығы 1 шаршы километр жерге 6,6 адамнан келеді. Республика жерінің шеткі нүктелері 55°26'- 40°56' с. е. және 45°27'-87°18' ш. б. аралығында орналасқан.
## Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайы
Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхит пен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхиты мен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында – Еділдің төменгі ағысынан, шығысында – Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі – Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1600 км-ге созылып жатыр.
Республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоңыржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан шұғыл континенттік климатымен көзге түседі. Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен.
Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде алма мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық, қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырық Орта Азия тоғысып жатады. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиканың батыс шеті (45°27' ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87°18' ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Ендік бойымен батыстан шығысқа қарай, материк ішіне тереңдеген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулы өңірлерінде ландшафттардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналары байқалады. Қазақстанның географиялық орнына байланысты барлық өңірлерінде жылдың төрт мезгілінің ауысуы айқын байқалады.
Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Жердің көп бөлігі жазық, үстіртті болып келеді. Ол алуан түрлі шаруашылық жұмыстарын дамытуға мүмкіндік береді.
### Шекарасы
Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиканың Алтайдан Тянь-Шаньға (Хантәңірі массивіне) дейінгі 1782 км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараға сай келеді. Ал оңтүстігінде тәуелсіз мемлекеттер: Түрікменстанмен - 426 км, Өзбекстанмен - 2354 км және Қырғызстанмен - 1241 км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында - Каспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік-шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр, Тарбағатай жоталарының, Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.
## Климаты
Қазақстан климатының шұғыл континенттілігі мен құрғақшылығы географиялық орыны мен мұхиттан алыс жатуына байланысты. Солтүстігінде қоңыржай суық, жазы қоңыржай жылы, оңтүстігінің қысы жылы, жазы ыстық және құрғақ.
Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.
Қазақстан климатының қалыптасуына арктикалық, қоңыржай теңіздік және тропиктік ауа массалары әсер етеді. Қазақстандағы ең суық ай - қаңтар. Қаңтардың орташа температурасы солтүстікте -19°С (Петропавл), оңтүстікте -2°С (Дарбаза), кей күндері солтүстік-шығыста -54°С-ге дейін барады.
Қазақстанның ең жылы айы - шілде. Шілденің орташа температурасы - солтүстікте +19°С, оңтүстікте +28 °С +30 °С, ең жоғарғы температура солтүстікте +41 °С, оңтүстікте +47 °С болып келеді.
Жиынтық радиация мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-5500 МДж/м² тең. Қыста - ауаның қысымы жоғары. Жазда - ауа қысымы төмен. Қоңыржай, тропиктік, арктикалық ауа массаларды жыл бойы республика аумағында өтеді.
Қазақстанда кездесетін желдер: Сайқан, Ебі, Шілік, Арыстанды-Қарабас, Қордай, Мұғалжар желдері. Жоңғар қақпасында үнемі жел соғып тұрады.
## Географиялық зерттелу тарихы
### Антикалық кезеңдегі (ерте кездегі) зерттеулер
* Геродот (б.з.б. V ғ.) Каспий теңізінің тұйық алап екені, шығысында шексіз жазық өңірі жатқаны туралы баяндаған. Еңбектерінде Жайық, Жем, Еділ өзендері туралы мәліметтер келтірген.
* К. Птолемей (б.з.б. 90-160 ж, ІІ ғ). Сырдария, Әмудария Каспийге құяды деген. Арал теңізін (Оксиан) картаға түсірген.
* Страбон (б.з.б. 63-24 ж) Каспий теңізін тұйық алап емес, Солтүстік мұхиттың шығанағы деп, ал Арал теңізін Каспийдің шығанағы деп есептеген. Сырдария мен Әмудария туралы дұрыс мәлімет қалдырған.
### Ұлы Жібек жолы
Қытай жазба деректерінде б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытайдың батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Ирак, Иран, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб (Сайрам) қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен. Сауда қалалары Оңтүстік Қазақстанда - Суяб, Құлан, Тараз, Отырар, Баласағұн, Сайрам, Сауран.
### Ежелгі заманнан XVIII ғ. 30-шы жылдарға дейінгі аралық
Бұл дәуірде саудагерлер мен елшілердің кездейсоқ саяхаттарының нәтижесінде қазақ жерінің сыртқы көрінісі туралы үздік те қарапайым деректер жинақталған.
Әбу Насыр Әл-Фараби қазақ жеріндегі қазіргі географиялық атаулардың қалыптасуына үлес қосты, астрономиялық зерттеулері (күн сағат, т.б.) қазақ жері туралы мағлұматтарды толықтыра түсті.
Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген еңбегінің географиялық маңызы зор болды. Ғалымның қолжазба күйінде сақталған дүние жүзінің «дөңгелек картасына» қазақ жеріндегі көптеген нысандарды түсірді. Сонымен қатар ол Қазақстандағы географиялық атауларды табиғат жағдайларымен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Қазақстан мен Орта Азия аумағында болған кейбір тарихи оқиғалар жайында (мәселен, Ескендір Зұлқарнайын жорығы туралы) құнды мәліметтер келтіріледі.
Елюй Чу - Цай (1219) мен Чань Чунь (1221) Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.
### Орыс саяхатшыларының Қазақстанда жүргізген зерттеулері
Қадырғали Жалайыр «Жылнамалар жинағы» атты географиялық мазмұндағы кітап жазған. Қадырғали Жалайыри «Жылнамада» Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, түркі тайпаларына анықтама береді. Қазақ хандарының өмірбаяндарына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары туралы аса құнды тарихи деректер қалдырды.
XVII ғасырда Қазақстан аумағы С. Ремезов жасаған «Сібірдің сызба кітабы» атты картаға кірді. XIX ғасырдың II жартысында Қазақстан табиғатына ғылыми-географиялық тұрғысынан сипаттама берілді.
Семенов-Тян-Шаньский (1827-1914) Еуропалық ғалымдардың ішінде Тянь-Шаньды зерттегендердің алғашқысы, 1856-1857 жылдары Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға Хан-Тәңірі массивіне дейін барды.
1851 жылы Семенов-Тян-Шанский Тянь-Шань саяхатына шыққан кезінде Омбыда Шоқан Уәлихановпен танысып, оның болашақ ғылыми жұмыстарына бағыт сілтеді. Семенов-Тян-Шанскийдің кеңесімен Шоқан әйгілі Қашғар саяхатын жүзеге асырды. Аса бай коллекциялар жинап, өсімдіктер мен жануарлардың бұрын белгісіз жүздеген түрлерін ашты. Оның басшылығымен Ш. Уәлихановтың, Н.М. Пржевальскийдің, Г.И. Потаниннің, И.Д. Черскийдің, В.А. Обручевтің т.б. экспедициялары ұйымдастырылды.
Н.А. Северцов (1827-1885) 1857-1867 жылдары Арал теңізін, Сырдарияның төменгі ағысын және Қаратау жоталарын зерттеді. Н.А. Северцовтің Қазақстанды зерттеу жұмыстары П.П. Семеновтың Тянь-Шаньды зерттеуімен тұстас келді. Ол әуелде Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі сағасына сапар шекті. Одан соң Тянь-Шаньда, Жетісу, Қызылқұм, Қаратау өңірлерінде зерттеу-бақылау жұмыстарын жүргізді, Үстірт пен Мұғалжарды зерттеді. Осы зерттеулер нәтижесінде Н.А. Северцов Қазақстан жерінде жануарлардың таралуы жайында ғылыми ой-пікірлерді кеңейтті.
И.В. Мушкетов (1850-1902) Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауының кұрылысын зерттеген.Әулиеата (қазіргі Тараз) қаласының маңын, Ыстықкөлді зерттеді. Сонымен қатар Ілені, Күнгей және Теріскей Алатауды бірнеше жерден басып өткен. И.В. Мушкетов Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» (1886-1906) еңбегін жазды. Мушкетовтың Түркістан монографиясының негізгі бөлігі Тянь-Шань тауларының жүйесін, оның мұз басуын, сондай-ақ тау етектеріндегі жазық жерлер мен жота аралық аңғарлар мен ойыстарда сары (лесс) топырақты және саздақ балшықты жерлердің пайда болуындағы метеорологиялық жағдайын зерттеді. Ол шекараларды анықтап, алғашқы геологиялық қартасын (1881) жасады. 1887 жылы Верныйда (Алматы) болған жер сілкінудің себептері мен шөлді аудандардағы жел әрекеті туралы құнды деректер жинақтады.
Л.С.Берг (1876-1950) Солтүстік Қазақстандағы тұзды көлдерді, Арал теңізін зерттеген. Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді. Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық «КСРО және көрші елдер тұщы су балықтары» (1948–49) деген кітабына енді.
Ш. Уәлиханов (1835-1865) Жоңғар Алатауы мен Іле өңірін зерттеген. Балқаш пен Алакөлдің ұқсастықтарын дәлелдеген. Орталық Азия мен Шығыс Түркістанның карталарын жасаған. Оның редакциясымен «Балқаш көлі мен Алатау жотасы аралығының картасы», «Құлжа қаласының жобасы», «Ыстықкөл экспедициясының қорытындысына қосымша карта» т.б. дайындалған.
### Қазақстан аумағының жаңа дәуірде зерттелуі
Қ.И.Сәтбаев (1899-1963) Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы аса бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндігін берді. Минералды шикізатқа бай, Сарыарқа, Кенді Алтай сияқты аймақтарға ерекше назар аударды. Жер бедері мен климаты зерттеліп, климаттың аудандастырылуы жасалды. 640-тан аса ғылыми еңбектері бар.
* 1920 жылы Қазақстанда зерттеу қоғамы құрылды.
* 1939 жылы арнайы География секторы құрылып, оны ғалым Н.Н. Баранский басқарды. Ол Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді.
* 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылды.
* 1950 жылы «Қазақстан» атты монография шығарылды.
## Қазақстан аумағының геологиялық құрылысы
Қазақстан жерін палеозойға дейін тұтастай теңіз суы басып жатқан қозғалмалы аймақ болған. Қазақстанның батыс аймағында ғана жер қыртысының тұрақтанған бөлігі Шығыс Еуропа платформасының шағын аймағы қалыптасқан.
Палеозойдың алғашқы жартысында болған каледондық тау түзілісі кезінде жер қыртысындағы қозғалыстар әсерінен Қазақстан жеріндегі Тянь-Шань тауларының солтүстігі мен Сарыарқа тауларының солтүстік батысы көтерілді. Палеозойда пайда болған таулар үгіліп, шайылып, тау жыныстары басқа жаққа тасымалданып, ойыстарды толтырып жазыққа айналған.
* Палеозойға дейінгі жыныстар: Солтүстік, Тянь-Шань жоталары, Мұғалжар, Сарыарқаның солтүстігі мен батысында.
* Палеозой жыныстары: Мұғалжар, Сарыарқа, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауында таралған.
* Мезозой жыныстары: Маңғыстауда, Іле, Торғай ойыстарында ғана кездеседі.
* Кайнозой жыныстарыПалеогендік шөгінділер: Шу, Іле, Зайсан өңірлерінде кездеседі.Неогендік шөгінділер: биік тау бөктерінде кездеседіАнтропогендік шөгінділер: Каспий маңы ойпаты, Қарақұм, Торғай үстіртінде кездеседі.
* Палеогендік шөгінділер: Шу, Іле, Зайсан өңірлерінде кездеседі.
* Неогендік шөгінділер: биік тау бөктерінде кездеседі
* Антропогендік шөгінділер: Каспий маңы ойпаты, Қарақұм, Торғай үстіртінде кездеседі.
### Қазақстан аумағындағы жер бедерінің дамуы мен қалыптасуы
Қазақстанның қазіргі жер бедері палеогеографиялық дамудың талай ұзақ кезеңдерінен кейін, теңіздік және континенттік жағдайлардың алмасып отыруынан, климаттың үнемі өзгеріске ұшырауынан және тектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде қалыптасқан. Республиканың орталық бөлігінде болған варийлік (герциндік) тау жүйелері палеозойдан бастап қарқынды континенттік мүжілуге ұшырау салдарынан, қалдық қырқалы денудациялық жазықтар мен аласа тауларға айналды. Төрттік кезеңде ғана Маңғыстау түбегі мен оған жапсарлас аудандар климаты қуаң жазық құрлыққа айналды. Қазақстанның оңтүстік-шығысында неоген-төрттік кезеңде түзілген биік таулы аймақтың қалыптасу процесі бүгінге дейін созылуда. Оған жер қыртысының осы аймақтағы қозғалыстары мен сілкінулері дәлел. Таулы өңірді табиғат тарихында 3 рет мұз басқан, соның салдарынан мұнда қар, мұздықтық, аңғарлар, мореналық материалдар ұшырайды.
## Жер бедерінің негізгі сипаты
### Жазықтар
Қазақстан жерінің 1/3-ін Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі (Солтүстік Қазақ Жазығы), Тұран ойпаты, Каспий маңы ойпаты алып жатыр.
Оңтүстігінде Сарыарқа мен Алтай таулары мен шектеседі, батысында Орал тауымен, шығысында Орта Сібір қыратына дейін созылып жатыр. Батыс Сібір жазығы Ертіс маңы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді. Жазықтың жер бедері бірыңғай тегіс, абсолюттік биіктігі 50-200 м-ге дейін.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Еуропаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континенттілігін, желдің, температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін, жер бедерінің эолдық пішіндерін, құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тән түрлерін таралуын анықтайды.
Сырдария өзені Тұран ойпатын солтүстікке және оңтүстікке бөледі, оңтүстігінде - Қызылқұм, солтүстігінде - Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр.
Солтүстігінде Жалпы Сырт қыраты, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Маңғыстау тауларымен, батысында Ергене қыратымен шектеседі.
Ұзындығы - батыстан-шығысқа қарай 1000 км. Ені - 500 км. Ауданы - 200 мың км². Каспий маңы ойпаты - еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ойпаттың ерекше кұрылымы - тұз күмбездері. Оңтүстік бөлігінде 10-15 м-лік бэр төбешіктері кеңінен тарлаған. Ағын су тапшы.
### Үстірттер мен қыраттар
Қазақстан жер бедерінің биіктеу әрі үлкен бөлігін қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт (Маңғыстау), Торғай, Орал алды үстірті, Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі, Бетпақдала үстірті, Балқаш маңындағы жазықтар.
Үстірт (Маңғыстау) - Арал теңізі мен Каспий маңы ойысы (Маңғыстау түбегі) тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалыңдағы бірнеше ондаған метрге жететін қалың әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады. Абсолюттік биіктігі 22 метрден (солтүстік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады, жондардың аралығындағы ойыстардың табанының абсолюттік биіктігі 63 метрден (Барсакелмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықта ауытқиды.
Торғай Үстірті негізінен Қостанай облысының аумағында, аздаған бөлігі Ақмола және Қарағанды облыстары жеріне кіреді. Шығысында Сарыарқа, батысында Мұғалжар және оңтүстік Оралдың аралығында жатыр. Торғай Үстірті мен Сарыарқаның аралығындағы ойысты «Торғай қақпасы» деп атайды. Тұран плитасының солтүстігінде орналасқан. Орташа биіктігі 200-300 м.
Орал алды үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауларының аралығын қамтиды. Оның солтүстік-шығыс бөлігі 400-450 м-ге дейін көтерілген. Жем, Қайнар, Сағыз, Ойыл, Елек, Ор, Сарықобда, Үлкенқобда, Бұлдырты, Өлеңті өзендері басын осы жерден алады. Үстірт оңтүстік-батысқа қарай аласарады. Орташа биіктігі 100-300 м.
Жалпы Сырт - Орал тауы мен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат. Қыраттың оңтүстік-шығыс бөлігі, ҚР-ның солтүстік-батысында орналасқан. Еділ мен Жайық аралығындағы су айрығы. Орташа биіктігі 259 м (Ешкітау).
Бетпақдала үстірті – Ұлытау ауданының оңтүстік бөлігін алып жатыр, ол Шу мен Сарысу өзендері аралығында орналасқан. Шығысында Балқаш көлімен, батысында Сарысу өзенінің төменгі ағысымен, оңтүстігінде Шу өзені аңғарымен, солтүстігінде Сарыарқамен шектеседі. Тұзды көлдер, сор, тақыр, ағынсыз тұйық ойыстар кездеседі. Орташа биіктігі 300-350 м. Ең биік жері - Желтау жотасы 974 м.
Балқаш маңы жазығы оңтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстік-шығысында Жоңғар Алатауы, оңтүстігінде - Іле Алатауы, батысында Шу-Іле тауларымен шектеседі. Орташа биіктігі 350-700 м.
### Таулы өлкелер
Аласа таулы өлкелер
Аласа таулы өлкелерге Қазақстанның аласа таулы аймақтарындағы жеке дара тау массивтері мен Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тау жүйелерінің 1900-2100 м-ге дейінгі бөктерлері енетін аймақ бедері кіреді.
Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы
Сарыарқаның батыс және солтүстік-батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан. Батысында - Торғай үстірті, шығысында - Сауыр-Тарбағатай, оңтүстігінде - Балқаш көлі, Бетпақдала, солтүстігінде - Солтүстік Қазақ жазығы. Ең биік жері - Ақсораң (1565 м) және Қарқаралы (1403 м). Шыңғыстау (1305 м), Ұлытау (1133 м), Баянауыл (950 м) таулары.
Мұғалжар
Орал тауының оңтүстік жалғасы болады. Орташа ұзындығы - солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 км. Орташа биіктігі - 657 м. Ең биік жері - Үлкен Боқтыбай. Тау жыныстары: магмалық, шөгінді жыныстар.
Маңғыстау таулары
Каспий теңізінің Маңғыстау түбегі Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ кұрылысы мен жер бедерінің сипаттамасы ұқсас. Су ресурстарының тапшылығы Маңғыстау түбегінің табиғи ресурстарын игеруге кедергі болуда. Ең биік жері Қаратау (Бесшоқы 556 м), ең төменгі жері Қарақия (-132м) ойысы.
Биік таулы өлкелер
Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығысындағы Алтай, Сауыр-Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйелері жатады.
Алтай
Тау мен өңірдің бөлігі Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.
Үш ауданға бөлінген: Оңтүстік, Батыс немесе Кенді Алтай және Қалба жоталары.
* Оңтүстік Алтай: Солтүстігінде Бұқтырма мен оңтүстігінде Қара Ертіс өзені аралығында жатыр.
* Батыс немесе Кенді Алтай: Қазақстан жеріне батыс жағымен кіретін Қызылқарағай, Холзун, Қатын жотасы (Мұзтау 4506 м). Кенді Алтайда аса ірі полиметалл кендері (мыс, мырыш, қалайы, қорғасын, вольфрам, күміс, алтын) шоғырланған.
* Қалба тау жотасы: Алтай тауларының Ертіс өзенінен батысқа қарай созылған жалғасы болып есептеледі. Ең биік жері - Сарышоқы (1606м), Сауыр, Тарбағатайдың солтүстігінде Зайсан, ал оңтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры.
Тарбағатай (Барқытбел)
Қазақстан жеріне оның солтүстік бөлігі ғана кіреді, солтүстігінде мұздықтар бар. Биік нүктесі - Тастау шыңы (2992 м).
Сауыр
Сарыарқаның шығысындағы жалғасы, ең биік жері - Мұзтау шыңы (3816 м)
Жоңғар таулы өлкесі
Шығыстан батысқа қарай, шамамен 400 км созылып жатқан, ені 50-ден 190 км дейін жететін таулар. Олардың жер бедеріне құламалы тектоникалық кертпештермен бөлінген тау жоталары мен тауаралық ойпат шұңқырлардың алмасуы тән.
Жетісу Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан-шығысқа созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөл қазаншұңқырын қосып жатқан тауаралық өткелі «Жетісу қақпасы». Ең биік жері Бесбақан - 4622 м. Жетісу Алатауы (5000 м): Солтүстік жотасы, Оңтүстік жотасы болып бөлінеді.
Тянь-Шань таулы өлкесі
Қазақстан жерінің оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құралады. Биік шыңдары – Жеңіс (7439 м) және Хантәңірі (6995 м). Қазақстанға Қаратау, Қырғыз Алатауы, Шу-Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара) жоталары қарайды.
Кетпен жотасы
Кетпен жотасы, Ұзынқара – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік доғасына кіретін жота. Тянь-Шаньнан басталып, Кетпен тау аралық ойысымен бөлінеді. Батысы Қазақстанда, шығысы Қытайда жатыр. Ұзындығы - 300 км, ені - 40-50 км. Ең биік жері - Небесная шыңы (3652 м).
Күнгей Алатау
Күнгей Алатау - ұзындығы 275 шақырымға созылатын тау жотасы. Іле Алатауымен қосылып Солтүстік Тянь-Шаньды құрайды. Қазақстан аумағында шығыс бөлігінің солтүстік беткейі жатады. Ең биік жотасы Иманбұлақ шыңы, 4647 м.
Іле Алатауы
Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы. Ұзындығы - 350 км. Ең биік нүктесі - Талғар шыңы (4973 м).
Қырғыз Алатауы
Күнгей және Іле Алатауының батысында орналасқан. Батыс бөлігінің солтүстік беткейі Қазақстан жерінде (Жамбыл облысы). Жалпы ұзындығы 375 км.
Батыс Тянь-Шань
Талас Алатауынан басталып, оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Ірі таулары - Өгем, Піскем, Қаратау (2176 м). Тянь-Шаньның қатты өзгеріске ұшыраған ең шеткі солтүстік-батыс жотасы - Қаратау.
Қазақстанның биік тау шыңдары
* Хантәңірі (Сарыжаз жотасы) - 6995 м,
* Бүкіл одақтың география қоғамына 100 жыл шыңы (меридиандық жота) - 6276 м,
* Талғар шыңы (Іле Алатауы) - 4973 м,
* Шоқтал тауы (Күнгей Алатау) - 4770 м,
* Бесбақан тауы (Жоңғар Алатауы) - 4622 м,
* Металлургтер тауы (Іле Алатауы) - 4600 м,
* Мұзтау шыңы (Алтай тауы, Қатын жотасы) - 4506 м,
* Манас шыңы (Талас Алатауы) - 4482 м,
* Ашутор тауы (Теріскей Алатауы) 4427 м,
* Мұзтау тауы (Жонғар Алатауы) - 4370 м,
* Комсомол шыңы (Іле Алатауы) - 4330 м.
## Пайдалы қазбалары
Мұнай, газ — Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20-25 млрд. т., 200-дей мұнай және газ кен орындары барланған. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд т, газ - 2,5 трлн/м³ құрап отыр. 200-ге жуық көмір кен орындары шоғырланған. Геологиялық қоры - 164,4 млрд т. Оның ішінде: тас көмір 17,6 млрд. т; қоңыр көмір 92,8 млрд. т.
### Кенді пайдалы қазбалар
Темір — геологиялық қоры 17 млрд. т. Оның 93% мөлшерін ірі кен орындары алады. Хромит — хромит қоры бойынша Қазақстан әлемде 2-ші орында. Қорлары - 230 млн. т. Ірі кен орыны шоғырланған аймақ – Мұғалжар тауы. Марганец — баланстық қоры 400 млн. т. Болжамдық қорлары 850-900 млн. т. Мыс — ірі кен орындары Жезқазған, Жамантай мыс кенінің қоры 10 млн. т. асады. Қорғасын-мырыш —100-ден аса кен орындары бар. Алюминий — шикізат ретінде ең көп тараған боксит болып табылады. 200 кен орны бар. Алтын —196 алтын кен орны бар. Қазақстан алтын қоры бойынша әлем елдерінің бірін ондығына, өндірісі бойынша - үшінші орынға ие.
### Сирек кездесетін металдар
Молибден — Қазақстан молибден қоры жөнінен әлемде төртінші, Азия елдері арасынан бірінші орында. 84 кен орны бар. Вольфрам — қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%- ы 16 ірі кен орнында шоғырланған. Уран — 100-ден астам кен орны Қазақстанда шоғырланған. Солтүстік Қазақстанда 50 кен орны бар.
## Ішкі сулары
Қазақстанда 85 022 өзен бар, соның ішінде 84 694 шағын (ұзындығы 100 км-ге дейін), 305 орташа (500 км-ге дейін) және 23 ірі (500-1000 км-ден астам өзендер) қатарына жатады.
Суға толы өзендер Алтай, оңтүстік-шығыста Жетісу, Іле-Алатауында (өзен торының жиілігі 0,4-1,8 км), Арал және Каспий маңы шөлді өңірлерде өзен торының жиілігі 0,03 км-ге дейін барады. Ұзындығы 1000 км. асатын өзендер: Сырдария, Шу, Іле, Ертіс, Жайық, Есіл, Тобыл.
### Өзендер
Каспий теңізі алабы — Батыс Қазақстан өзендерін қамтиды. Оларға: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен Өзен, Кіші Өзен жатады.
Арал теңізі алабына — Оңтүстік және Орталық Қазақстан бөлігінің өзендері жатады. Олар: Сырдария, Арыс саласы, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, Талас.
Балқаш-Алакөл алабы — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы өзендерді қамтиды. Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
### Көлдер
Қазақстанда ауданына қарай жалпы 48 262 көл бар. Көл айдынының 45248 шағын көлдер (ауданы 1 км² дейінгілер) қатарына жатады. Ауданы 10 км²-тан астам ірі көлдер - 296, ал 100 км²-тан астам аса ірі көлдер - 21. Аса ірі көлдер: Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз (Нұра).
### Мұздықтар
* Алтай жоталарында 328 мұздық,
* Сауыр жотасында 18 мұздық,
* Жетісу Алатауында 1369 мұздық,
* Тянь-Шань 1009 мұздық бар.
Қазақстандағы ең ірі мұздық — Іле Алатауындағы Корженевский мұздығы. Оның ұзындығы - 12 км, қалыңдығы 210-300 м, 3560 м биіктікте орналасқан, ауданы - 38,0 км², жалпы көлемі - 6,32 км³.
## Топырақ жамылғысы
Қазақстан территориясы үлкен болғандықтан, оның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады.
Қазақстан аумағы үш топырақ белдемдеріне бөлінген:
* Қара топырақ 9,5%. (52° с.е солтүстігінде)
* Қара қоңыр топырақ 34%. (52°-48° с.е аралығында)
* Қоңыр, сұр қоңыр топырақ 44%. (48° с.е. оңтүстікке қарай)
Әрбір табиғат белдемдері топырағымен ерекшеленіп, солтүстіктен-оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл белдемдері болып ауысып отырады. Сонымен бірге табиғат белдемдерінде топырақ жамылғылары да, батыстан шығысқа қарай өзгереді.
## Қазақстанның табиғат зоналары, өсімдіктері және жануарлары
Қазақстанның жазықтық бөліктерінің табиғи зоналарына қысқаша сипаттама
## Қазақстан халқының орналасу географиясы
Республиканың халқы – 18,6 миллионнан астам адам (2020 ж). ТМД-да Ресей, Украина, Өзбекстаннан кейінгі 4-ші орында, ал дүние жүзінде 63-ші орында. 1 шаршы шақырымға - 5,5 адамнан келеді. Қазақстан халқының тығыздығы ТМД елдеріндегі орташа тығыздықтан (12,8) 2,5 есе, ал әлемдік тығыздықтан (40 адам) 6,6 есе кем.
Халықтың ең тығыз орналасқан жері - Оңтүстік Қазақстан. Онда 1 шаршы шақырымға 17 адамнан келеді. 4 млн. астам қазақ республикадан тысқары жерлерде, әлемнің 54 мемлекетінде тұрады. Халықтың ең сирек орналасқан жері Маңғыстау, Атырау облыстары. Онда 1 шаршы шақырымға 2 адамнан келеді.
Қазақстанның қала тұрғындары 57%-ды құраса, ауыл тұрғындары 43%-дан астам.
Қазақстанда 130 ұлт тұрады: оның 68,51% - қазақтар, 18,85% - орыстар, 3,25% - өзбектер, 1,47 % -ұйғырлар, 1,42% -украиндар , 1,08% - татарлар
Қазақстан халқының еңбекке жарамды бөлігі
* Ерлер - 16-63 жасқа дейін.
* Әйелдер - 16-58 жасқа дейін.
Ең белсенді жас 27-49 жас арасы еңбекке қабілетті
* Республикада ерлер жалпы халық санының 48,2% құраса, әйелдер 51,8% .
Қазақстанда адамдардың орта жасы төмендегідей:
* ерлердің орта жасы - 58,5;
* әйелдердің орта жасы - 72;
* Бүкіл әлемдегі қазақтар саны 14 миллионнан астам.
* Қытай -1 462 588 адам
* Өзбекстан - 800 000 адам
* Ресей -647 732 адам
* Моңғолия - 101 526 адам
* Түрікменстан - 87 000 адам
* Қырғызстан - 32 981 адам
* Түркия - 30 000 адам
* Канада - 7 000 адам
* Иран - 4 000 адам
* Украина 5 526 адам
* АҚШ 3 000 адам
* Беларусь - 1 355 адам
* Германия - 1 000-ға жуық
* Ұлыбритания - 1 000-ға жуық
## Халық шаруашылығы салаларының географиясы
### Жеңіл өнеркәсіп
Жеңіл өнеркәсіп саласында шамамен 40,5% пайызы – мата, киім тігуге 22,5 миллиард теңге немесе жалпы көлемнің 50% тиесілі. Қазақстандық өндірістің шамамен 10 пайызы – тері өнемдеріне тиесілі.
### Тамақ өнеркәсібі
Қазақстанның тамақ өнеркәсібі экономикамыздың ең маңызды саласы болып табылады. Ауылшаруашылық шикізаты өңделіп, азық-түлік саласын құрайды. Оның құрамына 20 саладан аса үлкен топ біріктірілген. Олардың ең негізгілері: ет, сүт, наубайхана, балық, консерв және кондитер өнімдері.
Бүгінде Қазақстан өнеркәсіп өнімінің көлемі жөнінен Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Табиғи байлықтарды игерудегі басты қиыншылық - су мен қазіргі заманға сай жаңа технологияның болмауы.
### Қазақстанның отын-энергетикалық кешені
Аталған кешен құрамына қазіргі заманғы шаруашылықтың негізін құрайтын отын (мұнай, табиғи газ, көмір және т.б.) мен электр энергиясын өндіру, оларды тасымалдау енеді. Өндірістің дамуы отын мен энергия түрлерін игерумен тығыз байланыста жүреді. Адамзат қоғамы дамудың неғұрлым жоғары сатысына көтерілген сайын өндірістің отын мен энергияға сұранысы арта түсті.
Қазақстан көмір, газ, электр энергиясын өндіруден ТМД-да 3 орын, мұнай өндіруден 2-орын алады. Қазақстан аумағында әлемдік көмір қорының 3,3%-ы шоғырланған. Көмір өндіруден дүние жүзінде 8-ші, ал таяу шетелдер бойынша Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Негізгі отын түрі деп есептеледі. Қазақстанда 10 алап, 400-ден астам көмір кеніштері бар. Жалпы қоры - 176,6 млрд. т. Өндіру мүмкіндігі - 21,5 млрд. т. Маңызы жөнінен бірінші Қарағанды көмір бассейнінің қоры - 51 млрд. т. Қазіргі кезде көмір өндіру көлемі 2 есе азайып, жылына 80 млн. т көмір өндіріледі. Көмір кабатының қалыңдығы 1,5-15 м. Екібастұз - 12 млрд. т. Жер бетіне жақын орналасқан, ашық әдіспен өндірілетін Екібастұз көмірінің өзіндік құны төмен. Дүниежүзіндегі ең ірі «Богатырь» кесіндісі орналасқын көмір алабы. Бүкіл Қазақстанда 14 мұнай-газ бассейні бар. Олар Атырау-Ембі, Маңғыстау аймақтарында. Негізгі мұнай өңдеу зауыттары: Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан. ТМД-да көмірсутектік шикізаттардың жалпы қоры жөнінен Қазақстан Ресейден кейінгі 2-ші орында.
Газ өндірісіне газ тасымалдау жүйесі: республика аумағы арқылы өтетін Бұхара-Орал-Орта Азия-Мәскеу, Бұхара-Шымкент-Тараз-Бішкек-Алматы магистральді кұбырлары.
Газдың жалпы қоры 6 трлн м³, бұл қоры жөнінен әлемде 12-орында. Газ өндіру мөлшері 7 млрд. м³ элемде 25-орында. Республика көлемін газбен қамтамасыз ету үшін Түрікменстаннан 6,8 млрд м³, Өзбекстаннан 7,2 млрд м³, Ресейден 2 млрд м³ газ алынады.
Атырау облысында «Теңіз» мұнайы - әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Мұнайдың геологиялық қоры 3 млрд 133 млн. т. шамасында.Магистральдық және тарату газ құбырларының тарихи қалыптасқан жүйесіне сәйкес табиғи газ еліміздің 14 облысының 9-на жеткізіледі.
### Электр энергетикасы
Қазақстанның электр энергетикасының көздері: жылу электр стансасы, су электр стансасы, атом электр стансасы.
Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне қарай Қазақстан электр энергетикасының дамуын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең 1918-45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды.
Екiншi кезеңде (1946-58 ж.) алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959-90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн, әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi.
Республикада ЖЭС-тар беретін электроэнергия 80-90%-ды құрайды.
* АЭС (атом электр стансасы) - Ақтау қаласында орналасқан
* Ірі СЭС (су электр стансалары):
Ертіс өзенінде: Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі; Сырдарияда Шардара;Іле: Қапшағай.
* Қазақстанның су электр стансалары жылына 163 млрд кВт/сағ электр энергетикасын өндіре алады.
* Шығыс Қазақстан облысы су электр стансалары энергия өндірудің ең жоғарғы үлесін береді.
* Республикасының 1 тұрғынына шамамен 3700 кВт/сағ электр энергиясы келеді.
Қазақстанның электр энергиясы арзан отын мен су энергетикасы байлықтары пайдаланатын аудандық ірі электр станцияларын салу бағытында дамып келеді. Шығыс және Оңтүстік Қазақстан су энергиясы жеткілікті аудан. Қазір республиканың жылу электр станциялары кең таралған. Олар негізінен Қарағанды және Екібастұз көмірімен жұмыс істейді, әрі бүкіл элекгр энергиясының 90%-дан астамын береді. Әрбір облыстық қала мен көптеген өнеркәсіптік орталықтарында қуатты жылу электр орталықтары салынған. Олардың ең ірілері Екібастұзда, Ақсуда, Таразда, Қарағандыда, Алматыда орналасқан.
### Қазақстан металлургиясы
Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсібінің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат және ферроқорытпа өндіріледі.
Қарағанды, Теміртау металлургия комбинаты шойын, болат, прокат өнімін шығарады. Қостанай қайта қорыту комбинаты: шойын, болат, құбыр, рельс, жұқа табақ темір. Атасу, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Қашар-Аят кен байыту комбинаты - темір кенін өндіретін негізгі кен орны. Ақтөбе, Ақсу: ферроқорытпа, хром өндіру. Торғай алыбының темір рудасын игеру мақсатында Қостанай-Тобыл-Лисаковск жолы салынды.
Қазіргі кезде мыс негізінен Жезқазған мен Балқаштың кен-металлургиялық комбинаттарында (КМК) өндіріледі. Қорғасын және мырыш өнеркәсібінің ортақ шикізат базасы - полиметалл кендері бар. Ұзақ уақыт бойы олардың қоры жөнінен Шығыс пен Оңтүстік алда болды. Полиметалл өндірісінің басты ауданы - Кенді Алтай. Мұнда 3 ірі орталық бар - Зырян, Риддер және Өскемен.
### Машина жасау өндірісі
Машина жасау ҚР машина жасау құрылымы: тасымалдау құрамы, автокөлік құрастыруды қоса алғанда барлық өнімнің 37% құрайды. Қазақстанның индустриаландыру картасы бойынша машина жасау саласында 9 жаңа ірі жобалар жүзеге асырылуда. Олар:
* Транспорттық машина жасауда: «Азия Авто» АҚ, жүк және қоғамдық транспорт; «ЗИКСТО» АҚ, вагон жасау; «Байтерек А» АҚ, электровоздар; «Камкор Менеджмент» ЖШС, жүк вагондары.
* Мұнайгаз машина жасауда: «Батыс-Қазақстан Машина жасау комбинаты» АҚ, газ қотарушы агрегат және газтурбиналы электр станцияларын әзiрлеу және жасау.
* Тау-металлургиялық машина жасауда: «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, жүк темiр жол вагондары үшiн iрi құю өндiрiсі.
* Ауыл шаруашылық техника өндiрiсiнде: «Агромаш Холдинг» АҚ, комбайндардың өндiрiсi.
### Химия өндірісі
Химия өнеркәсібінің кәсіпорындары Қазақстанның біршама аймақтарында орналасқан. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларының, ауыл шаруашылығының, халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін бұл өндірістің шығаратын өнімдерінің түрі де, көлемі де аумақты.
* Фосфор тыңайтқышы Қаратау химия өндірісі (фосфор ұны), фосфор тұздары (Шымкент, Тараз), суперфосфат (Тараз, Ақтөбе, Алға)
* Азот тыңайтқышы Теміртауда
* Өскемендегі титан-магний комбинаты жанынан қосымша өнім калий тыңайтқыштары
* Ақтөбе - хром қосындылары, Ақтау – пластмасса, тұтыну заттары, тіс пастасы, Атырау — полиэтилен, су сабын, кір сабын, Шымкент -шина, фармацевтік препараттар
* Өскемен, Риддер, Балқаш, Жезқазған - күкірт қышқылы
* Теміртау - азот, синтетикалық каучук
* Қостанай - жасанды талшық
* Тараз - минералды тыңайтқыштар шығаратын ірі химия комбинаты орналасқан.
### Ауыл-шаруашылық өнеркәсіп салалары
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келеді.
* Ең ірі ет комбинаттары: Алматы, Петропавл, Семей, Қызылорда, Орал, Тараз қалаларында
* Ірі сүт, май өнеркәсібі Алматы, Қарағанды, Астана, Орал, Өскемен. Қостанай, Семей, Петропавл, Павлодар, Шымкент, Көкшетау қалаларында
* Қант өнеркәсібі: Тараз, Шу, Боралдай, Қарабұлақ, Киров, Меркеде
* Балық өнеркәсібі: Атырау, Балқаш, Зайсанда
* Ұн жарма өнеркәсібі: Солтүстік Қазақстан, Астана, Тараз, Қапшағай, Қостанайда
* Макарон өнімдері: Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семейде
* Мақта майын шығару өнеркәсібі: Шымкентте
* Ірі ас тұзының қоры: Павлодар, Қызылордада
* Жүн жуу кәсіпорындары: Семей, Тараз, Ақтөбе қалаларында
* Жүннен бұйым жасау: Семей, Қостанай, Алматы қалаларында
* Киіз басу: Орал, Петропавл қалаларында
* Киім тігу: Алматы, Тараз, Семей, Павлодар, Талдықорған, Қостанай, Қызылорда
* Тері илеу: Алматы, Семей, Орал, Тараз, Қостанай, Қызылорда қалаларында
* Шұлық фабрикасы: Семей, Қарағанды, Шымкентте
* Жүн иіретін комбинат: Астанада, Өскеменде жібек мата шығарады,
* Фарфор-фаянс: Астана мен Қапшағайда
* Трикотаж фабрикасы: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Жезқазғанда
* Мақта тазалау зауыты: Түркістан, Мақтааралда.
### Қазақстанның көлік кешені
Қазақстанда көліктің барлық түрі дамыған. Жүк айналымында темір жол - 57,5%, өзен көлігі - 0,02%, автомобиль - 15,5%, әуе – 2,9%, кұбыр көлігі -27%.
Темір жол
Қазақстанда темір жолдың ұзындығы 15000 км. Атырау-Астрахан темір жол торабы Солтүстік Кавказ елдері мен Батыс Қазақстанды байланыстырады. Ендік бағыттағы 3 транзиттік ірі теміржол магистралдары:
* ТрансСібір
* Оңтүстік Сібір (Магнитогорск-Қарталы-Астана-Павлодар-Барнаул).
* Орта Сібір
Республикалық маңызы бар бойлық бағыттағы 3 магистралді атауға болады:
* Орынбор-Ташкент (Батыс арқылы өтеді). Ескі теміржол
* Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс (Құлан-Семей арасындағы бөлігін Түркістан-Сібір (Түрксіб) деп атайды)
* Петропавл-Ақмола-Қарағанды-Мойынты-Шу (ТрансҚазақстан деп аталады).
Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігін қалалар мен ауылдар және басқада жерлерге жол жүретін жолаушылардың тең жарымы тиеді.
Су көлігі
Су көлігі негізінен: Жайық, Ертіс, Сырдария, Есіл, Іле, Қаратал өзендері мен Балқаш көлі, Каспий теңізі алаптарында қызмет көрсетеді. Су жолының ұзындығы 6 мың км, соның 4 мың км өзен, көлге келеді. Ірі порттар: Атырау, Орал, Өскемен, Павлодар, Ақтау.
Автомибиль жолдары
Автомобиль жолдардың жалпы ұзындығы 94000 км. Басты ірі магистральдары:
* Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент;
* Алматы-Семей-Өскемен-Жаркент-Талдықорған-Текелі;
* Алматы-Шелек-Нарынқол;
* Қарағанды–Қарқаралы;
* Орал-Атырау;
* Қостанай-Арқалық;
* Қарағанды-Жезқазған.
Әуе жолы
Әуе жолының жалпы ұзындығы - 100 мың км. Әуе көлігімен шамамен 21,4 млн. т. жүк, 7 млн. жолаушы тасымалданады. Қазақстанның әуе кеңістігінде 72 халықаралық әуе жолы түйіседі. Еліміздегі 51 әуежолдың 13-і халықаралық ұшақтарға қызмет атқарады, ал 21-і республикалық маңызға ие.
Құбыр жолы
Мұнайдың 60%-ы құбырмен тасымалданады. Ең алғаш салынған мұнай құбырының ұзындығы 60 км-лік Доссор-Ракуша. Келешекте Республика аумағы арқылы Батыс Қазақстаннан 5 бағытта мұнай құбырын тарту жоспарлануда.
* Теңіз кен орнынан - Ресейдің Қара теңіз жағалауына, ұзындығы 1500км.
* Теңіз - Баку - Супса (Грузияның Қара теңіз жағалау) - Джейхан(Түркия Жерорта теңізі жағалауы).
* Ирак мемлекеті арқылы Парсы шығанағы жағалауында Теңіз-Харг, ұзындығы 2505 км.
* Батыс Қазақстан - Қытай - Тынық мұхиты жағалауы. Атасу (Қарағанды облысы)-Алашонькоу (Қытай).
* Батыс Қазақстан - Құмкөл мұнай құбыры.
## Қазақстан Республикасы экономикалық аудандарының географиясы
Қазақстан аумағының үлкендігі, табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігі географиялық еңбек бөлінісінің (ГЕБ) негізі болып табылады. Қазақстан аумағында 14 облыс бар, олар 5 экономикалық ауданға топтастырылған.
* Орталық Қазақстан: Қарағанды облысы;
* Батыс Қазақстан: Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Маңғыстау облысы;
* Оңтүстік Қазақстан: Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы;
* Солтүстік Қазақстан: Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысы, Ақмола облысы;
* Шығыс Қазақстан: Шығыс Қазақстан облысы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Атырау облысы — Қазақстанның батысында орналасқан облысы, аграрлы-өнеркәсіптік инвестициялық аумақ, 1938 жылы Гурьев облысы деген атаумен құрылған. 1992 жылы қазіргі атауына ие болды. Орталығы — Атырау қаласы.
## Географиясы
Солтүстігінде Батыс Қазақстан облысымен, шығысында Ақтөбе облысымен, оңтүстік-шығысында Маңғыстау облысымен және батысында Ресейдің Астрахан облысымен шектеседі. Сондай-ақ оңтүстік шекарасы Каспий теңізіне келіп тіреледі.
### Жер бедері
Облыс аймағы Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығыс бөлігін, Жем қыраты мен Үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері солтүстігінен оңтүстікке қарай аласара түсетін Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімденген.
Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілімдері Доңызтау (214 м), оның бөліктері Желтау (221м), Тамды (175) жоталары алып жатыр. Қайнар мен Жем өзендері араларында Иманғара (199 м) Қойқара қыраттары, Қарамұрат жоны, Алабие, Аққұдық, Қабылан жоталары орналасқан. Олар ақшыл ізбес тастан тұрады. Жайық өзенінің сол жақ жағалауында Индер орналасқан. Таудың биіктігі 52 метр, ұзындығы 25–30 километр, ені 10 километрге жуық.
Каспий маңы ойпатының оңтүстік және оңтүстік батыс бөліктерінде құмды шағылдар көп тараған. Еділ өзенінің сол жағалауы мен Каспий теңізінің жағалықтарын Нарын құмы мен Мыңтөбе, Қосдәулет, Ботай құмдары, Ойыл мен Сағыз аралығын Тайсойған, Бүйрек құмдары, облыстың шығысын Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр. Бұл құмдардың ең үлкені — Нарын құмы.
Атырау аумағында кең тараған жер бедерінің бір түрі — сорлар. Олардың тереңдіктері 5–10 метрге жетеді.
Ресей шекарасының батыс бөлігінен Еділ өзені ағып өтеді. Каспий теңізіне құятын Еділ жəне Жайық өзендерінің аралығының барлық дерлік бөлігін Атырау облысы алып жатыр. Географиялық тұрғыдан облыстың солтүстік-батыс жағы Еуропада, ал бүкіл шығыс жағы Азияда, негізінен шөлейттік аймақта жатыр.
Сонымен қатар Атырау аумағында тақырлар кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады. Ол облыстың солтүстік- шығысында орналасқан.
### Геологиялық құрылымы
Геологиялық тұрғыдан алғанда Атырау облысы көне Шығыс Еуропа платформасына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.
Атырау облысының шегінде ендік бағыты бойынша 500 километрге созылған, ені 90–140 км Солтүстік Каспий — Биікжал аймағы бар.
Оңтүстік жағында Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндагы іргетастың беті 12–13 километр тереңдікте жатыр.
Іргетастың үстінде шөгінді қорабы бар, ол тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендеріне бөлінеді, палеозой және мезокайнозой кезеңдерінде қалыптасқан, жыныстарының жалпы тереңдігі 12–14 километрден асады.
Қаратон — Теңіз аймағында бірыңғай карбонатты кешен қалыптасқан. Геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша оның жалпы калыңдығы облыстың Солтүстік Каспий аймағында 1,5–3 километрге дейін, Каспий маңындағы ойпат ернеуінің оңтүстік-шығысында 8–10 километрге дейін өзгеріп отырады.
Тұз асты кешенінің күмбезі оңтүстігінде Оңтүстік Жем инверсиялык биігінен солтүстіктегі ойпаттың орталығына қарай моноклиналды түрде енеді. Тұз асты кешенінің моноклиналды енуінің аясында 3,5–3,8 километрден 6,0–6,4 километрге дейінгі тереңдіктен көптеген жергілікті қатпарлар, көлемі мен аумағы жөнінен әр түрлі, көтерілетін жерлердің жолағын кұрайтын белгілер ерекшеленеді.
Ерекшеленген төбешіктердің ұзындығы 6–20 километрге дейін, ені 100–300 метрден 2–13 километрге дейін кұбылып отырады.
Юралық-бор шөгінділер жағалаулық-теңіздік және теңіздік-терригенді, терригенді-карбонатты шөгінділер түрінде кездеседі. Бұл шөгінділердің қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде 0,3–0,5 метрден Прорва аймағында 3 километрге дейін өзгеріп отырады.
Тұтастай алғанда облыстың тектоникалық дамуында жауын суының жиналу жағдайындағы сияқты сабақтастық байқалады. Сабақтастық мезгілі жөнінен геологиялық кезендерге сәйкес келеді. Аймақтың жоғарғы пермьдік-триастық, юра-палеогендік, неоген-төрттік даму кезендері айқын көрінеді.
### Пайдалы қазбалары
Облыстың жер қойнауында қалың шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазбаларға мол. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады.
Мұнай-газдан басқа пайдалы қазындылар ішінен облыс экономикасы үшін маңыздылары ретінде борат және борат тұзды кендерді, ас тұзын, калийлі, магнийлі жыныстарды атауға болады. Құрылыс индустриясы шикізаттарынан бор, бор-мергельді жыныстар, гипс, ангидрит, сазды, кұмды әктастар, сондай-ак битуминозды жыныстар (кирлер) мен тұщы және минералды су көздері бар.
Борат кені дүние жүзінің бір-ақ жерінен, тек Атырау облысының қойнауынан ғана табылып отыр. Сондай-ақ күкірт, құм-қиыршық тас қосындылары, отқа төзімді керамзит және кірпіштік саздар, ұлутас, шипалы балшық, қоңыр көмір мен минералды бояулар жасауға жарамды саз шөгінділері бар.
### Топырағы
Жалпы Каспий маңы ойпатының, сондай-ақ Атырау облысының топырақ жамылғысының құрылымы өзінін түзілу факторлары мен құрамының сан алуандығына байланысты өте күрделі болып келеді.
Негізінен мұнда топырақ таралуының ендік белдеулілігі басым қалыптасқан, яғни топырақтың бір түрінің қабаты ендік бағытқа қарай созыла шашыла түзіледі де, теңізге жақындаған сайын келесі түрмен жиі және әлденеше рет ауысып отырады.
Шалғынды аллювийлі қуаң топырақ (Жайықтың екі жағындағы кең жайылмаларында ғана тараған, құнарлы қабаты 70 сантиметрге дейін, негізі — аллювий шөгінділері).
Бозғылт — құмды топырақ (Нарын, Тайсойған және Ментеке өңірлері). Батпақты-тұзды саз топырақ (ойпаттың теңіз жағалауына ұласатын бөлігі, гумус қатапшы, шикі шымтезек аралас келеді, аса кепкен жерлерінде бэр төбешіктері қалыптасқан).
Автоморфты қоңыр не сұр қоңыр топырақ (Жайықтың екі жағында да, әсіресе сол жағында Тайсойғанға дейінгі өңірді, Ойылдың сағалық бөлігін қамтиды, біршама құнарлы келеді, гипс пен тұз кабаттарының үстінде түзілген, облыс жерінің 20%-ынан астамын алады)
Тақыр және батпақты Теңіз жағалауының топырақ құрамының ішінде 2 млн. гектар жері ащы-ашқылтым топырақтар. Бұл аймақ бұйырғынды, күзгі-қысқы жайылымға пайдаланады. Тиісті ылғалдылық жетпеуінен олар қатқылдыққа айналып, өсімдіктердің еркін өсуіне мүмкіндік бермейді.
Сортаң топырақ облыс аумағында өте көп тараған. Топырақтың беткі қабатына тұзы шығып жатады. Мұнда тұздың мөлшері 8–10 % -ке дейін жатады.
### Өсімдіктер дүниесі
Облыстың барлық аудандарында дерлік жусан, қияқ, бұйырғын, ебелек, мортық, қоңырбас, көкпек басым өседі, бұларға қосымша көктемде ойпатттарда селеу, изен, сарсазан, ажырық т.б.араласа шығады.
Теңіз жағасындағы батпақтарда қамыс, құрақ жиі кездеседі. Шығыс жағында ебелек, мортық, шытыр, қаңбақ, ақселеу, жыңғыл, жүзгін өседі.
Сонымен қатар облыс аумағында дәрілік, техникалық өсімдіктер де кездеседі. Олардың жалпы саны 50 ден асады. Дәрілік шөптерден облыс аумағында кездесетіндері: адыраспан, ешкі тал, қырықбуын, құмаршық т.б. Жалпы Атырау облысында өсімдіктердің 945 түрі бар. Бұлардан басқа жантақ, көкпек, ошаған, сүттіген, шырмауық т.б. табиғи өсімдіктер бар. Улы шөптерден, есекмия, меңдуана кездеседі.
Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген, яғни жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерінен ақтұңғиық, берік сүттіген, бор рияны, бор сиякөгі, бор сылдыршөбі, бүршікті альдрованда, бүршікті феллориния, кестелі шампиньон, комаров жоңышқасы, күманды долана, қатпар гладолиус, мейер шытырмағы, су шылымы, тегеурінгүл, т.б. кездеседі.
### Жануарлар дүниесі
Атырау облысында 500 ге тарта омыртқалы жануарлар түрі және мыңдаған омыртқасыз жануарлар түрлері кездеседі. Облыс аумағында құстар алуан түрлі және кең таралған. Олардың ең басты тіршілік орындарының бірі –су және оның жағалауы. Жалпы құстардың 280-дей түрлері бар. Оның ішінде бірқазан, дегелек, қаз, үйрек, шағала, тырна, дуадақ, көгершін, торғай тәрізділер көп тараған.
Облыстың өзен-көлдерінде балықтардың көптеген түрлері бар. Кәсіптік маңызы бар балық түрлерінен бекіре, қорытпа, шоқыр т.б. балықтар кездеседі. Облыс суларында шортан, сазан, жайын, майшабақ, қаракөз т.б. кең тараған. Жалпы Каспий теңізінің Атыраулық аймағында бағалы балықтардың 122-ден астам түрлері кездеседі.
Қосмекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың 50 ге жуық түрлері тараған, кемірушілердің 27 түрі бар. Атырау облысында аңдардың 55 түрі, оның ішінде жыртқыш аңдардың 12 түрлері бар. Олардың кең таралғандары: қасқыр, түлкі, қарсақ, жанат тәрізділер, қабан, киік.
Облыстың пайдалы қазындылары, әсіресе мұнай-газ кендерін қарқынды игерудің нәтижесінде хайуанаттар дүниесінің таралу кеңістігі жылдан-жылға тарылуда, түр саны азаюда, тіршілік аумағы күннен-күнге кемуде.
## Климаты
Атырау облысында континенттігі тым басым климат қалыптасқан. Облыс табиғи ылғалдылығы жеткіліксіз, аңызақ желді, шаңды дауылды, жазы ыстық, қуаң, қысы қарсыз (не жұқа қарлы) болып келеді.
Ең ыстық айы — шілде, ауасының орташа температурасы 24–25°С, жалпы ыстық 35–40°С, кейде одан да астам болады.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220–230 мм, қуаңшылық жылдары жауын-шашын мөлшері 80 мм-ден аспайды, ал ылғалдың жер, су бетінен ауаға булану мөлшері 1000 мм, кейде одан да астам болады. Облыстың солтүстігінде жыл бойына оңтүстік бағыттағы желдер басым болады. Оңтүстік аудандарда құрғақ шөлді жерлерде қыста шығыс бағыттағы желдер жиі соғады (қарқындылығы 6–7 м/сек), ең күшті желдің қарқындылығы 15 м/сек. жетеді де жыл ішінде 50 күндей соғады. Жел жаз айларында түрлі бағыттардан өзгеріп соғып отырады. Көбіне солтүстік-батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстіктен соғатын желдер басымырақ келеді. Оңтүстік желдер аңызақтығымен, құрғақ әрі ыссылығымен ерекшеленеді.
Қыс маусымы ауасының қаңтардағы орташа температурасы -8°С, -12°С, қиыр оңтүстігінде -5°С, -6°С. Қыста жел негізінен шығыс (оңтүстік-шығыс және солтүстік-шығыс) бағытында соғады, қарқындылығы 6–7 метр/секунд Жылдык жауын-шашын мөлшерінің жартысынан астамы қыста түседі.
## Гидрологиясы
Атырау облысының жер беті сулары Еділ өзенінің сол жақ тармақтарынан, Жайық, Ойыл, Жем, Сағыз өзендерінің төменгі ағыстарынан және үлкенді-кішілі көлдерден тұрады. Негізгі өзені Жайық өзені.
### Өзендері
Өзендердің жинайтын суларының тек 10–20% ғана өз облыс аумағынан, ал қалған суын басқа аймақтан әкеледі. Жайық өзені кеме арқылы әр түрлі жүк және жолаушы тасымалдауға пайдаланылады, балық ауланады. Ал қалған өзендері егістікке, шабындықты суландыруға және мал суару үшін ғана пайдаланылады. Ірі өзендері Жайық, Жем, Ойыл, Қайнар.
Сол сияқты Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлысай, Ақсай өзендерінің жергілікті маңызы бар.
Облыс аумағында Еділ өзеніндегі салалардың тармақтары: Ахтуба, Бозан, Қиғаш т.б. өзендер бар.
### Көлдері
Облыста екі мыңнан астам көлдер бар. Олардың жалпы көлемі 800 шаршы шақырым шамасында. Облыс көлдері тұйық, ағынсыз болып келеді.
Облыста дүние жүзіндегі ірі көл — Каспий теңізі бар. Республика аумағындағы жағалау сызығының ұзындығы 2340 ш. Оның жартысына жуығы Атырау облысына тиеді. Индер көлінен құрамында бром калийі бар жоғары сапалы тұз өндіріледі. Жалтыр көліне Бағырлысай, Бүгілөзек секілді шағын өзендер құяды.
Бұдан басқа екі мыңнан астам шағын көлдер бар. Олар: Қамыскөл, Мешер, Дәулет, Толай-сор. Олардың 65-70%-і жаз кезінде құрғап қалатын уақытша көлдер.
Облыс аумағында жер асты су қорларының алты су кен орны ашылған. Оның төртеуінің суы пайдаланылуда. Олардың ең үлкені және қоры молы Тайсойған, Бүйрек және Қоянды құмдарында орналасқан. Қабатының тереңдігі 50–120 метр, қалыңдығы 30–70 метр.
## Әкімшілік бөлінісі
Облыста 2 қала (облыстық маңызы бар – Атырау, аудандық маңызы бар – Құлсары), 4 кент (Индербор, Мақат, Доссор, Жаңа Қаратон), 63 ауылдық округ, 149 ауыл орналасқан. Облыс құрамына 7 аудан кіреді.
### Қалалары
* Атырау
* Құлсары
## Халқы
Облыстың халқы қалада, өндіріс орталықтарында және Жайық өзенінің екі жағалауында тығыз орналасқан.
2014 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындарының саны 276,8 мың (48,7%) адам, ауылдықтар 291,1 мың (51,3%) адам болды.
Халықтың орташа орналасу тығыздығы облыс бойынша (1 шаршы км аумаққа) 4,8 адам құрайды.
2020 жылғы 1 мамырда облыс халқының саны 649 225 адам болды.
Атырау облысы халқының саны
Облыс халқының өсуі соңғы жиырма жылда байқалады. 2009 жылы алдыңғы 1999 жылға қарағанда 66 мың адам қосылып 509 мыңға жетсе, 2019 жылы 10 жылда 137 мың адам қосылып 646 мыңға жетті.
Қазір облыста 50 ұлттың өкілдері тұрады. Облыстың негізгі халқы қазақтар (92,5%). Содан кейін көп тараған орыстар (5,2%), корейлер (0,5%), татарлар (0,3%), өзбектер (0,2%), украиндар (0,1%), немістер (0,07%) т.б..
Ұлттардың облыс аумағында таралуы бір келкі емес. Олардың басым көпшілігі қалаларда, ірі жұмысшы кенттерінде, аудан орталықтарында, Жайық өзені бойындағы елді мекендерде тұрады.
Ал аудандарда негізінен байырғы халықтар қазақтар тұрады. Қызылқоға ауданында 99,8%, Исатай ауданында 99,7%, Жылой ауданында 98,3%, Құрманғазы ауданында 97,8%, Мақат ауданында 97,6%, Махамбет ауданында 97,2 %, Индер ауданында 96,4%.
## Тарихы
Археологиялық деректер бойынша Атырау қаласына жақын жатқан ең ежелгі ескерткіш Жайық өзенінің сол жағасындағы Кандаур ауылының қарсы беткейі неолит (жаңа тас ғасыры) мекені.
Өзен аумағындағы халықтың сол кезден күні бүгінге дейінгі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болған. Сол кездегі малшылардың көне тұрақтары Құрманғазы ауданы на жақын орналасқан Қоңыр құдық, Көк Мұрын, Қадырғали құмына және жаңа Үштағанға жақын Сазды қыстағынан табылды. Тұрақтардың аумағына қарағанда бұрынғы малшылар шағын жерасты үйшіктерде өмір сүрген.
1999 жылы Атырау облысы, Жылыой ауданы, Аралтөбе қорғанына Ә.Марғұлан атындағы археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жасап, Алтын киімді адам табылды.
Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл алтын киімді адамның өмір сүру кезеңі осыдан 2 мың жыл бұрынғы сарматтар дәуіріне жатады.
Қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі — Сарайшық қаласы. Ол — Атырау облысындағы Махамбет ауданының аумағында орналасқан ортағасырлық қала. Орда дәуірінде Сарайшық Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды.
ХV ғасырдан бастап Атырау өңірі Кіші жүздің тарихи орны болып қалыптасты. Қазақ халқы XVIII ғасырдың басында Алтайдан Жайыққа дейінгі ұшан теңіз даланы қамтыған бір тұтас іргелі ел болды.
Бөкей хан 1801 жылы Еділ мен Жайық арасындағы отыз жыл бойы иесіз қалған ен даланы мекендеуге патшадан рұқсат алып, оған мыңдаған елді көшіріп әкеліп қондырды. Сөйтіп, бұл өңір «Бөкей ордасы» деп аталды. Бөкей ордасында феодалдық қанау мен Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы Исатай мен Махамбет бастаған ұлт - азаттық көтеріліс 1836-1838 жылдарды қамтыды.
1916 жылғы жарлыққа байланысты, ұлттық езгіге, феодалдық қанауға шыдамаған қазақ халқы қолдарына қару алып И.Таймановтың немересі Өтепқали Исатаев бастаған көтеріліс белең алды. Кейін бұл көтеріліс 1917 жылғы революцияға ұласты.
Ақ гвардияшылардың көтерілісінен кейін Атырау өлкесінде мұнай байлығы және балық шаруашылығы игеріле бастады. Ұлы Отан соғысына дейін және Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мұнай мен газды игеру мақсатында көптеген ірі кәсіпорындардың құрылысы басталды.
Егемендік алғаннан кейін облыстың экономикасы мен мәдениеті қарқынды дами бастады. Атырау өлкесі – Қазақстанның ірі индустриалдық орталығына айналды.
## Экономикасы
Аймақ экономикасының негізін мұнай өндіру құрайды.Атырау облысының ірі кәсіпорындары:
* «АМӨЗ» ЖШС;
* «Ембімұнайгаз» АҚ;
* «Теңізшевройл» ЖШС;
* Солтүстік Каспий операциялық компаниясы (NCOC)
Атырау облысы Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірі және әлемнің 50-ден аса елдерімен тығыз ынтымақтастықта.
Бұнда 1000–нан аса біріккен және шетел кәсіпорындары құрылып, сәтті жұмыс жасауда. Олардың қатарында мұнай-газ саласындағы ірі кәсіпорындар бар: «Tengizchevroil» ЖШС, «North Caspian Operating Company» ЖШС, «Fluor Kazakhstan Inc.» ЖШС және басқалар.
Атырау облысының экономикалық дамуының негізгі бағыттары: мұнай-химия, мұнай-газ машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіптік кешен және балық аулау.Облыс әр түрлі табиғи ресурстардың қорларына бай. Соның ішінде: бораттар, бор, тұз рудалары, ас тұзы, калий тұздары, құрылыс материалдары.Өңірге тікелей шетел инвестицияны тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Екіжақты халықаралық қатынастарды дамыту мақсатында, инвестициялық әлеуеті зор аймаққа жыл сайын алыс және жақын шетелдерден делегациялар келіп кетеді.Атырау облысында жыл сайын «Global Oil&Gas Atyrau» мұнай-газ көрмесі өткізіліп, көрмеге әлемнің 150-ден астам елі қатысады.
Аймақтағы отандық және шетелдік инвесторларға сапалы және жедел көмек, ақпараттық-аналитикалық және сервистік қолдау көрсету мақсатында «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және «Atyrau Innovations» ЖШС секілді мекемелері тиісті қызмет атқарады.Сонымен қатар, бүгінде облыста бірқатар шетелдік визалық орталықтар жұмыс істейді.
## Ауыл шаруашылығы
Атырау облысының агроөнеркәсіптік кешені өңірдегі экономиканың маңызды секторларының бірі болып есептеледі, ауылдық жерлерде облыс халқының жалпы санының 42,7% өмір сүреді.
Облыстың ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі 9,8 миллион гектарды құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы мал өсіруге, әсіресе қой және ірі қара, жылқы, түйе өсіруге маманданған.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаға сәйкес ауыл шаруашылығында түбегейлі экономикалық реформа жүзеге асырылды.
Климат жағдайы мен топырағының құнарсыздығына байланысты облыста егін шаруашылығы өркендемеген. Жайық өзенінің төменгі ағысымен Еділдің тарамдарында Махамбет, Құрманғазы, Индер ауданының шаруашылықтары картоп, көкөніс және бау-бақша өсірумен айналысады.
Облыс ауыл шаруашылығында негізгі сала мал шаруашылығы болып есептеледі. Мал шаруашылығымен облыста Исатай, Құрманғазы, Индер және Қызылқоға аудандары айналысады.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 19528,1 млн теңгені, нақты көлем индексін 99,7% құрады.
Ет өндіру 47,0 мың тоннаны немесе 102,1%, сүт өндіру 54,2 мың тоннаны (100,5%), жұмыртқа өндіру 1,84 млн дананы (100,2%) құрады.
2010 жылғы қаңтар–желтоқсанда ірі қара мал 182,3 мың басты немесе 102,8%, қой және ешкі 619 мың басты (103,1%), түйе 31,7 мың басты (102,5%), жылқы 46 мың басты (103,9%) құрады.
2011 жылғы 1 қаңтарда ауыл шаруашылық құрылымдарының жалпы саны 2008 бірлік құрады, соның ішінде 79 өндірістік кооператив, 1929 шаруа қожалығы болды.
## Көлік және байланыс
Атырау облысының көлік жүйесінің дамуына оның Орал және Еділ бойы экономикалық аудандармен көрші жатуы және Орта Азия республикалаларымен транзиттік-экономикалық қатынастарының жолындағы қолайлы географиялық орны үлкен әсерін тигізді. Қазіргі таңда Атырау облысында көліктің барлық түрлері де дамыған. Оның құрамында: темір жол, автомобиль, су жолы, әуе жолы және құбыр желісі кіреді.
### Темір жол көлігі
Атырау облысында алғашкы тар табанды ұзындығы 92 шақырым темір жол 1925–1926 жылдары Гурьев-Доссор аралығында салынды.
Ұзындығы 517 шақырым Қандыағаш–Гурьев темір жолы 1938 жылы басталып, Ұлы Отан соғысы кезінде іске қосылды.
1966 жылы ұзындыгы 700 шақырым Мақат–Маңғыстау темір жолы желісі пайдалануға берілді.
1970 жылы ұзындығы 333 шақырым Атырау–Астрахан темір жолы, 1989 жылы Мақат–Индер темір жолы іске қосылды.
### Әуе көлігі
Атырау облысының әуе жолы өз дамуын 1931 жылы ашылған Баку–Астрахан–Гурьев–Ембі маршрутынан бастайды. 1935 жылы Ақтөбе–Гурьев, Орал–Гурьев рейстері ашылды.
1940 жылғы ақпанда Гурьевте қазақ баскармасыныц 244-авиаотряды құрылды. Машиналар паркінде негізінде ПО-2 моделдері болды.
Бүгінде ескірген әуе көліктерінің орнына осы заманғы жаңа лайнерлер келді.Әуежай жаңа техникамен жабдықталып, жаңадан ұшу- қону алаңдары үлкейтіліп, аэровокзал кешені салынды.
### Автомобиль көлігі
Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының ұзындығы 2 752 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалык жолдар 900 шақырым, жалпы қолданатын жергілікті жолдар 1 762 шакырым.
Атырау–Ақтау автожолының облыс аумағындағы ұзындығы 270 шакырымды құрайды. Ұзындығы 488 шақырым Атырау-Орал автомобиль жолы бар.
Атырау–Астрахань автожолдарын қайта жаңарту басталды.
### Су жолы көлігі
Жайық өзенінде кеме шаруашылығы 1925 жылы ұйымдастырылған болатын. 1927 жылдан бастап Жайық өзені арқылы Атырау-Орал аралығында жүк тасымалы жүргізілді.
1964 жылы Гурьев өзен порты құрылып, оны жабдықтау жүк көтеретін техникадан басталып, флот теплоходтармен, буксирлермен толықтырылды.
1982 жылы өзен порты қайта жаңартылып, механикаландырылды. Мұнда үш көтергіш краны кондырылып, темір жол тартылды.
1999 жылдан бастап Жайық–Каспий теңізі каналы арнасын тазарту, қазу жұмыстары басталды.
### Құбыр көлігі
1934 жылы ұзындығы 830 шақырым Каспий–Орск мұнай құбыры салынды.
Атырау облысының территориясымен мемлекет аралык маңызы бар транзитті мұнай және газ құбырлары өтеді. Олар: Орталық Азия–Орталық газ құбыры, ұзындығы 1 500 шақырым 1968–1970 жылдары салынған Өзен–Атырау–Самара мұнай құбыры, 1989 жылы салынған ұзындығы 678 шақырым Теңіз–Атырау–Грозный мұнай құбыры.
Қазақстан мұнайын дүниежүзілік рынокқа шығару үшін 2001 жылы ұзындығы 1 580 шақырым жылына 67 миллион тонна мұнай өткізу қабілеті бар Теңіз–Новороссийск мұнай құбыры іске қосылды.
Облыстың басты газ құбырының ұзындығы 3 058 шақырым, жылына өткізу қабілеті 40,8 млрд. текше метр.
Облыстың басты су құбыры Астрахан–Маңғыстау тұрба құбыры.
### Байланыс кәсіпорындары
* Облыстық телекоммуникация дирекциясы
* Облыстық радиотеледидар арқылы тарату орталығы
* "Қазпошта" АҚ Атырау филиалы
* Altel ұялы телефон байланысы
* Kcell ұялы телефон байланысы
* Beeline ұялы телефон байланысы
* Tele2 ұялы телефон байланысы
## Туризм
Аймақ экономикасының басым және аса мән беріліп жатырған бағыттарының бірі туризм саласын дамыту. Әлемнің 50-ден астам елінен 1 000 астам шетелдік және бірлескен компаниялары қызмет етуі Іскерлік туризмнің қарқынды дамуына ықпал етуде. Атырау облысында туризмді дамытудың орны ерекше. Каспий маңында орын тепкен Атырауда туризм саласын дамыту үшін қолайлы аудан ретінде толық қарастыруға мүмкіндік бар. Болашақта емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, спорттық, экологияық, экстрималдық түрлерін дамытуға мүмкіндіктер бар. Спорттық туризмді дамытуда балық аулаудың өзіндік үлгісін ұсына аламыз.
Атырау облысы бойынша да жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітіліп, оған 313 ескерткіш (525 нысан) кірген.
* Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері. Бұл нысанға Атырау облысы бойынша Иманқара кешені кіреді. Иманқара кешені — Иманқара тауының батыс сілемдерінің етегінде орналасқан ерте темір дәуірлік үңгір.
* Археологиялық ескерткіштер және орта ғасырлық қалалық орталықтар. Бұл топқа Атырау облысы бойынша Аралтөбе кешені мен Сарайшық қалашығы кірген. Аралтөбе қорғандар тобы. Бұл жерден Алтын киімді адам табылған. Сарайшық қалашығы қазақ даласындағы ең көне тарихи орындардың бірі
* Діни және ғибадат орындары болып табылатын орындар. Бұл нысанға Ұшқан ата, Ақмешіт қорымдары, Құлшан ата жерасты мешіті кіреді.
* Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар. Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы кесенелері кіреді.
Осы шаралар арқылы туризмді дамытуға жағдай жасай отырып, өлкемізді шетелдік қонақтарға таныстыруға мүмкіндіктер бар.
## Халық ағарту ісі
Қазан революциясына дейін облыс орталығында 1-гимназия, екі сыныптық орысша-қазақша учелище, 2 приход және 2 дін мектебі жұмыс істеген. Уездік халық ағарту бөлімі жанынан сауатсыздықты жою жөніндегі комиссия құрылып 24 мектеп ашылып, 600 адамды қамтыған.
1924–1925 жылдар аралығында бірінші басқышты 40 мектеп, оның төртеуі интернат болып ашылған. 1938 жылғы 12 ақпанда облыстық атқару комитеті, сонымен бірге облыстық халық атқару бөлімі құрылды. Бақсай, Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Теңіз, Индер, Маңғыстау аудандары Гурьев облысына қарады. Облыстағы білім беру жүйесі, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік-техникалық білім беру, орта арнаулы білім беру, жоғары білім беру, жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау салалары қалыптасып дамыды.
Тәуелсіздік жылдарында Атырау облысы білім беру саласы қарыштап дамыды. 1991 жылы 17 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы жұмыс жасаса, 2000 жылдан бастап 8 оқу орны ашылып, бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беруді 25 колледж жүзеге асырады. Тәуелсіздік алғаннан бері дарынды балаларды қолдау және оларға жағдай жасау мақсатында аймақта жаңа типтік үлгідегі білім беру ұйымдары: 7 мамандандырылған интернаттық мекемесі бар облыстық мектеп, 11 мектеп-гимназия, 3 мектеп-лицей, 1 лицей ашылды.
2020 жылғы 10 қаңтардағы мәлімет бойынша Облыстың білім беру саласында 201 балабақша, 129 мектепке дейінгі шағын орталық, 196 орта мектеп, 5 жекеменшік мектеп, 25 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (оның ішінде 8 — мемлекеттік емес), 3 арнайы түзету білім беру ұйымы, 45 қосымша білім беру ұйымы, 1 отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 1 балалар денсаулығын оңалту орталығы, 1 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 7 түзету кабинеті, 1 аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығы, 1 облыстық әдістемелік орталығы жұмыс жасайды.
## Денсаулық сақтау ісі
Атырау облысының тұрғындарына дәрігерлік жәрдем көрсету туралы алғашқы деректер 1927 жылға саяды. Сол кезеңде тұңғыш фельдшерлік орын ашылған. 1928 ж. Атырау облысының аудандары мен ауылдарына арнап медицина кадрларын даярлау ісі колға алынды. 1936 ж. облыс халқына 36 дәрігер мен 279 орташа дәрежедегі медицина маманы кызмет көрсетті, жер-жерде 2074 орындык 6 амбулатория мен аурухана жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында Атырау қаласына 2 госпиталь орналастырылды.
Соғыстан кейінгі жылдары медицина мекемелерінің жүйесі жедел қарқынмен кеңи түсті. 1967 жыл мен 1987 жыл аралығында облыстық аурухананың, облыстық балалар ауруханасының, облыстық перзентхананың, облыстық онкологиялық және туберкулезді емдеу диспансерінің жаңа үйлері іске қосылды, ал 1975 жылдан бастап Қазақ туберкулез және онкология ғылыми-зерттеу институттарының бөлімшелері ашылды.
1998 жыдғы қазанда облыстық аурухана жанынан күрделі инженерлік-техникалық аппараттармен жабдықталған жаңа клиника ашылды. Үш қабатты, ауданы 4500 м2 жаңа ғимаратта орналасқан бұл аурухана өзінін оташылык-реанимациялық, күйік емдеу бөлімшелерімен дүниежүзілік деңгейде жұмыс істейтін емдеу орнына айналды.
Қазіргі кезде облыс бойынша 136 денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек көрсетеді, оның ішінде 21 ауруханалық, 115 амбулаториялық-емханалық (8 емхана, 7 орталық аудандық ауруханалар, 55 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт, 23 медициналық пункт, басқа да 10 медициналық ұйым).2018 жылғы 29 шілдеде Оңтүстік Кореяның Бундан Чанг клиникасымен меморандум жасалып, Мемарандум шеңберінде Келісім бойынша Оңтүстік Кореяға білімін жетілдіруге жолдама арқылы 7 маман оқып келді.
## Әдебиеті мен өнері
1957 жылы республика өмірінде тұңғыш рет облыс театрларының байқауы өткізілді. Байқау қорытындысында Гурьев театры бірінші жүлделі орынға ие болды.
Дина Нұрпейісова атындағы халық ұлт-аспаптар оркестрі 1958 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі онкүндігіне жолдама алып, одақтар үйінің колонна залында өнер көрсетті.
Қазіргі Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония 1966 жылы ұйымдастырылды. Филармонияның құрамында 3 эстрадалық ансамбль, 2 қуыршақ театры істеді. Олардың қатарынан «Атырау-Жайық» эстрада ансамблін ерекше атауға болады. 1980 жылы «Нарын» ансамблі құрылды. 1992 жылы «Нарын» ансамблі Монғолияға барып қайтты.
Қазақстан Республикасының халық артистері, киноактер Нұрмұхан Жантөрин, биші Гүлжан Талпақова, күйшілер Бақыт Қарабалина, Қаршыға Ахмедияров, Әзидолла Есқалиев, Айгүл Үлкенбаева, әнші Ғафиз Есімов Атырау топырағынан шыққан таланттар.
Басты мәдени кешендерден Махамбет Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрын, Атырау облыстық өлкетану мұражайын және Атырау облыстық өнер мұражайын айтуға болады.
## Баспасөзі
* «Атырау» газеті
* Прикаспийская коммуна
* Апталық «Ар-Честь» газеті
* Апталық «Ақ Жайық» газеті
* Апталық «Мегаполис Атырау» газеті
* Апталық «Тұран» газеті
* «Кең Жылыой» (Жылыой ауданы)
* «Мақат тынысы» (Мақат ауданы)
* «Серпер» (Құрманғазы ауданы)
* «Жайық шұғыласы» (Махамбет ауданы)
* «Дендер» (Индер ауданы)
* «Нарын таңы» (Исатай ауданы)
* "Қызылқоға" (Қызылқоға ауданы)
## Спорт
Атырау топырағынан алғашқылардың бірі болып халықаралық деңгейге көтерілген жеңіл атлетші Әмин Тұяқов болды. 1963-1967 жылдар аралығында 200 метрге жүгіруден тең келер ешкім болмады. Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4, 200х4 эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды.
Ел біріншілігінде Атырау балуандары да ойдағыдай нәтижелерге жетті. Еркін күрес бойынша Қазақстанның тұңғыш Атыраулық чемпионы Ж.Ысқақов ұзақ жылдар бойы дене шынықтыру мен спорт жүйесінде табысты еңбек етті.
Атырау ескекшілері Д.Савин, А.Сафарян, С.Сергеев Қазақстанның бірнеше дүркін чемпиондары.
Арман Шілманов 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері.
Атырау аруы Сәния Махамбетова самбо және дэюдо күрестері бойынша халықаралық және республикалық сайыстарда бірнеше рет жеңістерге жетті.
Облыста спорттың бокс, қайық есу , футбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, шахмат, волейбол сияқты түрлері кең тараған.
Атырау облысы бойынша футбол, волейбол, хоккей, баскетболдан еліміздің біріншілігінде Атырау спорт командалары жақсы нәтижелер көрсетіп келеді.
«Атырау» футбол командасы республика чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері (2001 және 2002 жылдар), 2009 жылы Қазақстан кубогының иегері. Қазақстан кубогының иегері.
«Бейбарыс» хоккей клубы дүркін Қазақстан чемпионы (2010/2011, 2011/2012, 2015/2016 және 2018/2019).
«Атырау» волейбол командасы 2003 және 2006 жылғы еліміздің чемпионы, 4 рет Қазақстан кубогының иегері: 2000, 2009, 2010, 2015
«Атырау Барыстары» баскетбол командасы Қазақстан біріншілігінің 2-рет алтын (2010/2011, 2015-2016), 7-дүркін күміс жүлдегері (011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017, 2017/2018, 2018/2019, 2019/2020).
Спорт нысандарынан Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионын атауға болады. Қасында спорт комплексі және жүзу бассейні бар. Денешынықтыру және сауықтыру орталығында (ФОК) әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды.
Атырау мұз айдынында коньки теуіп, дем алуға мүмкіндіктер қарастырылған, хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаң бар. Мамандардың айтуынша, теннис корты халықаралық үлгідегі құрылыс талаптарына сай келеді.
## Танымал тұлғалары
* Аркадий Юрьевич Волож — Яндекс компаниясының бас директоры.
* Әбу Сәрсенбаев — қазақ ақыны, жазушысы.
* Болат Өтемұратов — қазақстандық кәсіпкер, миллиардер, саясаткер.
* Ғабдол Сланов — қазақ жазушысы.
* Ғани Қасымов — Қазақстан патриоттары партиясының төрағасы.
* Жұмекен Нәжімеденов — Қазақстан әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын.
* Зейнолла Қабдолов — Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
* Иманғали Тасмағамбетов — қазақстандық саясаткер.
* Темір Бекмамбетoв — кинорежиссер, клипмейкер, продюсер.
* Фариза Оңғарсынова — қазақ ақыны, жазушысы, журналист, Мәжілістің бұрынғы депутаты.
* Хамит Ерғалиев — қазақ ақыны.
* Хиуаз Доспанова — Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Атырау облысы әкімдігінің ресми сайты
* Атырау облысы Бриф зерттеу тобындаМұрағатталған 17 маусымның 2007 жылы. (орысша)
* Атырау облысының физикалық картасыМұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы. (орысша) (Рубрикон)
* Атырау облысыМұрағатталған 9 наурыздың 2017 жылы. (Ашық Тізімдеме Жобасы (ODP)) |
Ермек Төлепбаев (1970 жылы туған) — «Алты жасар Алпамыс» көркем фильмінде Алпамыстың рөлін ойнаған.
## Өмірбаяны
* Алпамыстың рөлін ойнаған Ермек Төлепбаев ол кезде алтыға толмаған еді.
* Ермек сәл бұрынырақ Тұраш Ыбыраевтың «Белый автомобиль» деген қысқа метражды фильміне түскен екен.
* Халық шаруашылығы институтын, кейін Қазақ Мемлекеттік заң академиясын бітірген.
* Бірталай жыл Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтта оқытушы.
* Экономика академиясында оқытушы болып жұмыс істеген.
* Ккейін бизнеске ауысқан.
## Түскен кинолары
* «Алпамыс мектепке барады» ("Алты жасар Алпамыс")
* «Серебряный рог Алатау» (В.Пұсырманов)
* «Әнші аралдың құпиясы» (С.Райбаев)
* «Өтелмеген парыз» (С.Жармұхамедов)
* «Время жить» (А.Григорьев)
## Дереккөздер |
Кластер (эко
номика) — бір үлгідегі нысандардың шоғырлануы, бәсеке қабілетін арттыру мақсатында кәсіпорындардың өз еріктерімен бірігуін білдіреді, олар ғылыми мекемелермен, қаржы орталықтарымен, және жергілікті басқару органдарымен бірлесе жұмыс істеген топ.
Аумақтық дәрежедегі еңбектің бөлінісі — аумақты басқарудың объективті негізі ретінде ондағы шаруашылықтардың мамандануы мен маманданушы аумақтар арасында экономикалық байланыстардың даму дәрежесін білдіреді, яғни бұл үрдіс белгілі бір салаға маманданған ауданды қалыптастырудың басты элементі.
Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар. |
Телеу — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді.
## Шығу тегі
Телеу атауын ғалымдар Алтайдағы телес тайпасынан шығарады. |
Жергілікті билікті ұйымдастыру — теориялық негізін Алексис де Токвил, Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады.
А.Токвил «ұлттың қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда еркіндіктің шынайы рухы болмайды» деп атап көрсетсе, француз политилогі Ги Сорман «орталықтансыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту — ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше әлсіз» болады деген ой айтады.
Осындай идеялар жергілікті басқару туралы ұсыныстардың қалыптасуына арқау болғаны рас. Уақыт өте келе қауым еркіндігінің идеясы жергілікті басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына айнала бастады және бұл теорияның негізгі белгілері төмендегідей болды (оның негізін салушы ресейлік ғалымдар Н.М.Коркунов, П.П.Гронский, Н.И.Лазаревский, М.Д.Загряцков және т.б):
* жергілікті басқару органдарының іс-әрекеттері мемлекеттік емес және олардың шаруашылық сипаты басым;
* жүргізілетін мәселелердің нақты тізімінің жоқтығы;
* қоғамдық мүдденің мемлекеттікпен сәйкес келмеуі және т.б.
Бірақ бұл аталған негізгі белгілердің сипаты қазіргі кезде толықтай өзгерген.
19 ғ. ортасында-ақ, мемлекетке орталық пен жергілікті билік арасында заңды түрде қарым-қатынас орнап, жергілікті билік заң шеңберінде дербес белгілі бір аумақта өмір сүріп жатқан халықтың мәселелерін шешуде белсенділік таныта бастады.
Одан кейін жергілікті биліктің қайта қалыптасуы Кеңес дәуірінің соңғы жылдары біліне бастады. 1990-1991 жж. «Кеңестік социалистік республикалар одағы жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы басталуы туралы» Заңы елімізде жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз болды деп айтуға болады.
Ал, 1991 жылдың ақпанында «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақстан Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы» Заңы қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс істеді. Іс жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі бағытқа негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық негізін кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашылық байланыстар мен қоғамдық сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл субъектілердің рөлдері әртүрлі.
Кәсіпорындар өз пайдасын немесе тауарын я қызметін қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағыттаса, кейбіреулері нормативті (заңды негізде) және қоғамдық (өз еріктерімен) негізде халықтың мүддесін қорғауға қатысады, ал, жергілікті басқару органдарының міндеті аталған екеуінің іс-әрекетін халық мүддесі үшін реттеу болып табылады. Осындай жіктеудің құндылығы сол — жергілікті мәселелердің шешімін табуында субъектілердің рөлі мен орнын анықтау, жергілікті шаруашылықты басқару үрдісінде оның атқаратын іс-әрекеттерінің мақсаттарын белгілеу, ерекшеліктерін есепке алу болып табылады.
Жергілікті шаруашылықты басқаруда теорияда кеңінен белгілі, маңыздылығы өте зор үлгілер мынадай болып келеді:
* коммуналды
* коммуналды — рентті
* муниципалды — рентті. |
Мәслихат — тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.
Мәслихаттар институты 1993 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңының негізінде қаланды. Осыған орай 1994 жылдың наурызынан бастап оған дейін жергілікті мәслихат қызметін атқарып келген жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің уәкілеттігі өкілді орган – мәслихаттарға берілді.
## Сайлау
* Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзiмге сайлайды.
* Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Ол бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
* Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу үшін тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде белгiлейдi: облыстық мәслихатта, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарында - 50-ге дейiн; қалалық мәслихатта - 30-ға дейiн; аудандық мәслихатта - 25-ке дейiн.
## Функциялары
Мәслихатты сайлау және оның пайда болуы халықаралық стандарт талаптарына жауап береді. 2001 жылдың 23 қаңтарында қабылданған «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес мәслихат өкілетті орган ретінде төмендегі функцияларды орындайды:
* аумақтың жоспарын, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, жергілікті бюджетті, оның атқарылуы туралы есепті бекіту;
* қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаларды бекіту;
* әкім ұсынған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын бекіту;
* әкімнің ұсынысы бойынша әкімдіктің жеке құрамын мәслихат сессиясының шешімімен келісу;
* атқарушы органдар жетекшілерінің есептерін қарау, мәслихат шешімін орындамаған ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тарту бойынша тиісті органдарға ұсыныс беру;
* ҚР заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету өкілеттіктерін іске асыру;
* ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес тәртіпті бекіту;
* жергілікті бюджеттің, жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларының орындалуына бақылау;
* мәслихаттың тұрақты комиссиясын және басқа да органдарын құру, олардың қызметтерінің есептерін тыңдау;
* халықты еңбекпен қамту және кедейшілікпен күресу бағдарламасын бекіту;
* ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанынан консультативтік кеңестің жеке құрамын әкімнің ұсынысымен бекіту;
* ҚР Жер заңдары бойынша жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
* ҚР Конституциялық нормаларын, заңдарын, Президенттің актілерін, ҚР Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін орындауға қатысу.
## Мәслихат сессиясы
Мәслихат өзінің өкілетін сессияда (сессия жылына 4 реттен сиретпей өткізіледі) өзінің тұрақты комиссиясы, мәслихат депутаттары, мәслихат төрағасы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат мәслихаттың төрағасын сайлайды, олардың есептерін тыңдайды, тұрақты комиссияны қалыптастырады, мәслихаттың шығындарын анықтайды, мәслихат аппаратының құрылымын бекітеді.
Мәслихат сессиясы ашық түрде жүреді. Мәслихат төрағасы жергілікті атқарушы органдардың жетекшілерін шақыруға құқылы. Мәслихат өзінің мерзімінде тұрақты комиссияны құрады, онда жеті депутаттан артық болмайды. Тұрақты комиссия жылына бір рет есеп беріп тұрады.
Мәслихат немесе оның төрағасы мәслихат сессиясында қарауға мәселелерді енгізу жөнінде уақытша комиссия құруға құқығы бар. Уақытша комиссияның құрамын, міндетін, өкілетін, құқығын мәслихат анықтайды. Уақытша комиссия жұмысына қатынасқаны үшін еңбек ақы төленбейді.
## Мәслихат төрағасы
Мәслихат төрағасы (2023 жылға дейін Мәслихат хатшысы деп аталды) — тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихат төрағасы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады және тұрақты комиссия құрамында болуға құқығы жоқ. Қызметтері:
* мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртiбiн қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етедi, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды
* мәслихат сессиясын шақыру туралы шешiм қабылдайды
* мәслихат сессиясының отырысын жүргiзедi, мәслихат регламентiнiң сақталуын қамтамасыз етедi
* мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды: оның қызметшiлерiн қызметке тағайындап, қызметтен босатады
* мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады
* мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi
## Мәслихат аппараты
Мәслихат аппараты ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және басқа да мәслихаттың органдарын қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асырады.
Мәслихат аппараты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
## Дереккөздер |
Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық.
Қазақ халқындағы “Ауыл түбі — бірлік, қауым түбі — тірлік” деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Мен даланы қоныс еткен көшпелілер үшін табиғатпен үйлесімді тіршілік ету жеткіліксіз еді.
Олардың әлеуметтік ортасы да адамға қолайлы болуы қажет. Бұл қажеттілік жеті аталық үрдіс деп аталатын қоғамдық құрылымды тудырды. Дәстүрлі қазақ ауылы бір атадан тараған (аздаған кірме, қоңсыларды қоспағанда) ру мүшелерінен тұрды.
Ауыл ішінде негізінен некелік қатынастарға тыйым салынған. Жеті аталық үрдіс дегеніміз экзогамиялық некенің ең қатты сақталатын түріне жатады. Фольклордағы ғашықтар Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр осы дәстүрді бұзғаны үшін өлім жазасына кесілген.
Мұны басқа мәдениеттер тұрғысынан қатыгездік деп те бағалауға болады. Алайда, рулық экзогамияның жағымды жақтары да айқын. Осындай некелік қатынастар аралары жүздеген-мыңдаған шақырым ауылдарды бір-біріне жақындатты, туысқан етті. “Құда — мың жылдық” деген ұғым осыдан пайда болған. Қазақ тілінде диалектілердің жоқтығы да осыдан. Ауылдар арасындағы ынтымақтастықтың артуы этностық тұтастықты нығайтып, бүкіл ұлт адамдарын бір әулет сияқты туыстастырды (“Қарға тамырлы қазақ”). Ауылдың әлеуметтік құрылымына келсек, онда батыстық тұрғыдан қаралып жүрген тап, тап күресі, феодал, шаруа, қанау тәрізді ұғымдардың мәнсіздігін аңғарамыз.
Біріншіден, рулық-ауылдық қоғамда отырықшы мәдениеттердегідей жерге деген жеке меншік дамымаған. Ол рудың меншігі болып есептелген. Бай ауылдастардың малы да бүкіл ауыл мүшелерінің игілігі ретінде табыс көзіне айналған. Тіпті, басқа ауылдан түскен қалыңдық та бүкіл ауылдың келіні болып есептелген. Әмеңгерлік, жесір дауы сияқты әлеуметтік құбылыстардың да тамыры осында.
Екіншіден, ауылдар арасындағы әр түрлі қайшылықтар мен күрделі мәселелерді ауылдың беделді адамдары — ақсақалдар мен билер реттеп отырған. Әдетте, қазақ ауылына 5 — 6 түтіннен 10 — 15-ке дейін шаңырақ құрған. Бұл ортақ шаруашылық жүргізу мүддесіне байланысты пайда болған. Көп малды бір жерде шоғырландырып ұстау шаруашылық үшін тиімсіз. Қазақ ауылын үлкен отбасылық патриархалдық қоғам деген пікір шындықпен сыйыспайды.
Себебі, мүмкіндігі бар адамдар ер жеткен балаларына енші беріп жеке шығарған ауылдан ауыл бөлініп, көрші орналасқан. Кенже ұл әкесінің, “қара шаңырақтың” мұрагері болып есептелген.Әрбір ауыл көшпелі мектеп, жалдамалы молда (кейінірек мұғалім) ұстаған, кілем, алаша, басқұр, шекпен т.б. тоқитын, үйшілік, зергерлік, ұсталық ететін қолөнершілер болған. Ауыл ән мен күйдің, өлең мен жырдың, ақындар айтысы мен шешендер сайысының орталығы болып, ұлттық дәстүрдің тоғысқан жері, халық өнерінің нағыз бастауы болды.
Қазақ ауылнда үйлер алқа-қотан тігіледі, мал қоралау, өргізу үшін, ауылдың бір жақ шеті ашық қалдырылады. Ауыл көрінісіне тән нәрсе: шұрқыраған жылқы, маңыраған қой, боздаған бота, желіде тізілген құлын, көгенделген қозы-лақ, асыр салған құлын-тай болып келеді. Ауыл маңында міндетті түрде бұлақ жемесе құдық, оның басында қауға, үлкен ағаш науа болады. Ауылдың көшіп-қонудағы басты мақсаты — мал тойындыру.
Қоныс неғұрлым жиі ауыстырылып, өріс жаңғырып отырса, мал соғұрлым күйлі, семіз, сүтті болады.
Қазақ жылдың төрт маусымын өрісінің сонылығына, судың молдығына қарай: өре жимас, майқұйрық, ақ бастау, егінді бұлақ, қопалы, миялы т.б. жіктеген. Табиғи апаттар (қуаңшылық, жұт, індеттер), әлеум. және саяси аласапыран оқиғалар (сыртқы жаугершілік, ру-тайпа аралық тартыс, елдік бірліктің әлсіреуі т.т.) адамдық топтасудың бұл түрін күрт өзгерген ортада дәрменсіз етті. 19 ғасырдан бастап қалыптасқан жаңа жағдай қазақтың ауылдық типін күйзеліске ұшыратқаны белгілі. Ол батыстық (ресейлік) қысымға шыдай алмады.
Осының нәтижесінде тозу, қақтығыс, мәдени дағдарыс көріністері ауылдық-тектік қоғамды жайлай бастады. 1856 — 68 жылдары жүргізілген әкімшілік реформаның нәтижесінде қазақ жеріндегі ауылдық басқару болыстық жүйемен алмастырылды.
Бұл ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамның өзіндік реттеу тетіктерін жойып, сырттан таңылған жүйеге көшуіне әкеп соқты. Қазақ ауылы отарлық типінің мал өнімдерін өндіретін шикізаттық ұжымдарына айналды. Қазан төңкерісіне (1917) дейін қазақ жеріндегі көшпелі ел мен отырықшы халық мекендерінің типінде үлкен айырмашылық болатын. Кеңес өкіметінің кезінде көшпелі ауылдарды жаппай отырықшылыққа бейімдеп колхоз, совхоздарға біріктірді. Бұл қазақ ҚР ауылдарын зор, қасіретке ұшыратты. Ауылдың қоныс жүйесі ретінде қаладан айырмашылығы — тұрғындарының орналасу тығыздығы төмен және саны аз. Еңбек және демалыс түрлері өзгеріске аз ұшырайды. Мұндағы еңбек табиғат ырқына, яғни жыл мезгілдерінің ауысып отыруына негізделген. Қаламен салыстырғанда ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу дәрежесі төмен, бірақ кәсіп пен тұрмыстың мазмұндық бірлігі жоғары; еңбек ету жағдайлары ауыр, инфрақұрылымы нашар дамыған. Ауылдағы жанұялар әлеуметтік және ұлттық жағынан біртекті болып келеді.
Әлеуметтік бақылау дәрежесі қаламен салыстырғанда жоғары, себебі адамдардың өзара қарым-қатынастары әдет-ғұрыптарға, салт-дәстүрлерге қатаң негізделген.Отырықшылану кезінде тарихи қалыптасқан көшпелі ауылдар жүйесі біржола бұзылып, оның отырықшы жаңа елді мекендер бойынша топтаса қоныстануы пайда болды.
Осы шағын елді мекендер (олардың ішінде ауыл шаруашылығымен айналыспайтындары да) ауыл атала бастады. Социалдық жоспарлы экономиканың күйреуі, оның орнына жаңа нарықтық экономиканың ірге тебуіне байланысты тұрғын жұрттың қалаға көші-қонының күшеюі салдарынан ауылдар саны азаюда. Қазақстанда 1997 жылы ауылдардың жалпы саны 8172, оның ішінде 1 мыңнан астам адам қоныстанған ауылдар 1624 болды.
## Даму жағдайына сәйкес топтастыру
Ауылдар даму жағдайына сәйкес төрт топқа топтастырылған.
* Бірінші топтағы даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны – 1062 (барлық ауылдық елді мекендердің 14%-ы), ондағы халықтың саны 1 566 869 (республика халқының 10,4%-ы). Бұл топтағы ауылдық елді мекендерге әлеуметтік – экономикалық қуатын одан әрі жетілдіру, табиғи мүмкіндіктерін пайдалануға көмек беру жолдары, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғын үй құрылысын жүргізуге несие бөлу тетіктері қолға алынуда.
* Екінші топтағы даму әлеуеті орташа ауылдық елді мекендер саны – 5664 (барлық ауылдық елді мекендердің 73,9%-ы), мұндағы халықтың саны 5329147 (республика халқының 35,6%-ы) адам. Бұларға өңдеу орындарын ашу, ортаның өз ерекшеліктеріне байланысты қосымша табыс көздерінің инфрақұрылымдарын қалыптастыру шаралары қолданылуда.
* Қалған үшінші және төртінші топтағы (олар шамамен 788) елді мекендерге қаржы қарастырылмайды.
## Қазақстанда
Республика бойынша 7660 елді мекендердің 190-ы (2004 жылдың 1-ші қаңтарына), яғни 2,4%-ы Атырау облысының үлесіне тиеді. Бұл елді мекендердегі ауыл халқының саны 262270 мың адам, облыс халқының 58%-ын құрайды.
Еліміздегі барлық ауылдық елді мекендердің (қоңыстардың) 780-дейі, яғни 10 пайыздан астамы әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан өте төмен деңгейде.
Қазақстандағы есепке алынған 7262 елді мекендерді әлемдік қаржы институттарының тәжірибесі мен қалыптасқан халықаралық нормаларға сүйене отырып, 130 көрсеткіш (ауылдың рынокқа жақын-алыстығы, топырағының құнарлылығы, шағын кәсіпкерліктің өріс алуы, инженерлік инфрақұрылымдардың болуы, әлеуметтік даму деңгейі, ауыз суының сапасы, ауаның радиациялық жағдайы және т.б. көрсеткіштер) бойынша талдау жұмысы еліміздегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылу үстінде.
2004-2010 жылдарда Қазақстан Республикасы ауылдық аумақтарын дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші сатысында (2004-2006 жылдар) жоғарыда көрсетілген салалар қаржыландырылады. Ауылдардың, таза ауыз суымен, газбен қамтамасыз етілуі өз кезегінде жергілікті шаруашылықтардың дамуына әсер етеді. Мысалы, Атырау облысының жергілікті бюджетінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бөлінетін қаржының 2004 жылы 72,5%-ы білім беруге, 27,5%-ы денсаулық сақтауға жұмсалды.
## Қосымша
Ауыл — Қазақстандағы, Орта Азия мен Солтүстік Кавказ мемлекеттеріндегі халық мекендейтін қора-қопсылы тұрақты және уақытша үй-жайлардан, мәдени ағарту, денсаулық сақтау мекемелері мен кейбір кәсіпорын ғимараттарынан тұратын, географиялық атауы бар мекен.
## Ауыл халқы
Елдің, облыстың, ауданның бүкіл ауылдық елді мекендерінде тұратын халқы; ауылдық жердің тұрғылықты халқы; халық санағы кезінде, ағымдағы есепке алу кезінде қала халқымен коса арнайы бөлінетін халық санаты.
## Дереккөздер |
Жетіру — қазақ халқын құраған тайпалар бірлестігінің бірі. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамына енеді. 7 рудан тұрады:
* Жағалбайлы
* Кердері
* Керейіт
* Табын
* Тама
* Телеу
* Рамадан
Тарихшылар Жетірудың арғы тегін ежелгі түркі тайпалары (телеу, рамадан, тама, табын, кердері, керейт, жағалбайлы) бірлестігімен байланыстырады. Қазақ руларының тарихына қатысты зерттеулерде Жетіру Тәуке хан кезінде осы атпен топтасқан қауымдастық деп түсіндіріледі. Сондай-ақ Қартқазақ деген атпен де белгілі болған.
Тарихи дәйектерге зейін жіберер болсақ, Жетіру бірлестігіне енетін тайпалардың түп-тегі көне замандарға кететінін байқар едік. Халық аңыздарында Жетірудың үлкені боп есептелетін телеу атауына ұқсас бірлестік атын Алтай тарихынан кездестіреміз. Көне қытай жазбаларында, 5 ғасырдан бастап қазіргі моңғол жерін мекендеген түркі тілдес көшпелі жұрттар Төле (Төлес) елі деп аталатыны айтылады. “Таң әулеті мәліметтерінің жинағы” атты қытай дерекнамасының дәйегінше, осы бірлестік құрамындағы сяңто, қиби, хуйхэ, дубо, гулигән, доләңгә, пугу, байегу, тунло, хуңбу, сыңзие, хуса, си, адие, байси секілді жұрттардың бәрі телелерге бағынған. С.Кляшторныйдың жазуынша, теле тайпасының біраз бөлігі 6 ғасырға дейін-ақ Қара теңіз бен Кавказдың теріскейіне қоныс аударған. Осы деректер теле (телеу) бағзы замандардан жеткен атаулар сілемі емес пе екен деген топшылауға мүмкіндік береді. Теленің бір сілемі қырғыздарға да сіңген. Оларда шеклік бірлестігінің бір тармағы төлес деп аталады. Тыва халқының құрамынан да теле руын кездестіреміз. Сондай-ақ, Жетіру құрамындағы кердерінің әуелгі тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғасырда ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи тайпасынан таратуға пейіл танытады. Көне қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Ереңқабырға төңірегін қоныс еткен юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншілікпен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер, ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әмудария жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері атауы туындаған.
Ғылыми деректер 10 ғасырда Арал теңізінің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады. Ал керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғасырдан белгілі. Олар Онан, Керуен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керей хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рәшид әд-Дин де, Қыдырғали Жалайыри де, Әбілғазы хан да ол елді керейт деп атағанын көреміз. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейіннен Орта жүз құрамына енген керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына сіңген керейттер, Кіші жүздегі өз руластары секілді бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда, Кіші жүз құрамындағы керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орталық Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған керейттердің ұрпағы болса керек. Кейіннен олардың бір бөлігі өзбектің, екіншілері қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына сіңді. Жетіру құрамындағы тамаға ұқсас атауды Рәшид әд-Дин жылнамасынан кездестіреміз. Атақты шежіреші қырғыздармен қоңсылас жайлаған жауынгер тұма халқы туралы айтады. Бұл жұрт Шыңғыс ханға бірнеше рет қарсы көтерілген. Сол үшін оларды аяусыз жазалаған. Тамалар башқұрттардың, ноғайлардың, қырғыздардың құрамында жеке ру түрінде кездеседі. Ал табын тайпасы атауының да әуелгі іздерін Алтай айналасынан ұшырастырғандай болар едік. Сол маңайда Табын тауы Чумыма — Табун өзені секілді атаулар бар. Сондай-ақ, табынның башқұрт халқы құрамындағы ірі рулардың бірі екендігі де назар аударарлық жәйт.
Зерттеушілер табын тайпасы Батыс Қазақстан өңірін Бату жорығына дейін де жайлаған сыңайлы дегенді айтады. Олардың біраз бөлігі әлдебір жағдайларға байланысты башқұрттарға барып қосылған. Ғалым С.Руденконың зерттеуінше, Бату жорығы басталмай тұрып-ақ башқұрттар он екі арыс елге бөлінген, оның бірі табын болған. Табын таңбасы бойынша, негізінен, шөмішті, тарақты, көсеулі болып жіктеледі. Бұл жерде мәселе тарақ таңбасына қатысты. Ұлы жүздің жалайыр тайпасы, Орта жүздің тарақтысы да тарақ таңбалы. Таңбалардың бұлай ұқсас шығуы бекер емес. Ол осы үш рудың бір тұстан қабысып жатқан туыстығына, әр жүздегі жолына, ретіне қарай туындауы да мүмкін. Осы реттен алғанда, жалайырдың Ұлы жүзге (кей шежірелерде арғынға) “ноқта ағасы” боп танылуында да өзіндік сыр бар сияқты. Қазақ шежірелері Кіші жүздің “ноқта ағасы” деп бір таңбасы тарақ боп келетін таманы айтады. Ал тарақ таңбалы жеке руы бар табын сол таманың інісі ретінде сипатталады. Зерттеушілер арасында табын құрамында өлы жүзден қосылған аталар болуы мүмкін деген пікір де бар (М.Мұқанов, В.Востров). Ол осы ру құрамындағы бозым тармағы. Оның да, албан құрамындағы бозымның да шөміш таңбалы болуы бір кездерде осы атаның Ұлы жүз тарапынан келіп қосылғанын меңзегендей болады дейді ғалымдар. Осындай пікір рамадан руына да қатысты айтылады. Рамаданның шөміш таңбасы дулат руларына өте ұқсас. Бір замандарда дулаттың бір аталары әлдеқандай жағдайлармен Кіші жүз құрамына енуі ғажап емес және бұған рамаданның ұраны — “Дулат” екенін де қосыңыз.
Жетіру құрамындағы жағалбайлы тайпасы атауының түп-төркінінде шежірешілеріміз айтатындай Жағал және Байлы деген екі батыр болған екен дегеннен гөрі, “жағал”, “төбел”, “ала” (ат) мағынасына саятын топшылау иланымдылау көрінеді. Мұның бір жағы ғылыми айналыста бар “хэла” (ала ат) елінің атауына да үндесер еді. Қытайдың 6–7 ғасырларды сипаттайтын жазбаларында “Хэла мемлекеті... Солтүстік теңізге (Байкал көліне) жақын тұратын ел, жылқыларының бәрі ала, елдің аты содан шыққан, жылқыны қымызы үшін ұстайды, мал тұяғымен еріп көшіп жүреді...” делінген. Зерттеушілердің байыптауынша, хэла (ала аттылар) елі кейін қыпшақтардың ұлы көшіне ілескен теле жұртымен бірге батысқа қарай ауысқан.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 |
Қызылқұрт (қызыл + парсы: گرگ гұрг — қасқыр) — Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді.
## Шығу тегі
Біз бұл руды Кіші жүз құрамында алғаш рет А. Левшиннен кездестіреміз.М.Тынышбаев келтірген шежіре бойынша, біз қызылқұрт руында емірей, олжашы, ерші деген үш тармақ болғанын көреміз. Бламбергтің материалдары мен ел арасынан біз жинаған мәліметтерге қарағанда, онда үшеу емес, қайта төрт тармақ кездеседі. Жоғарыда аталғандарынан басқа тағы да төртінші тармақ сүбе (саба) бар, мұны біз ең дұрысы деп санаймыз. Қызылқұрт руының таңба белгісі (Мейер бойынша), (Тынышбаев және архив материалдары бойынша), ұраны «Жиенбай». Таңбалардың әр түрлі болуы бұл рудың шыққан тегінің аралас екенін дәлелдейді. Ал оған қандай компоненттер кірген? Бұл жөнінде ең алдымен тым болмағанда қызылқұрттың тармақ ретінде Кіші жүздің тама руында бар екені және дәл сондай тармақтың ысты тайпасының (Ұлы жүз) ойық руында бар екені бойынша пікір айтуға болады. Бұл ретте олардың соңғылармен тіпті таңбасы да ұқсас (көсеу).
Бұл екі жайт Қызылқұрт руы ысты тайпасынан шыққан және оның бір кезде бөлініп кеткен бөлігі Тама руына тармақ ретінде қосылған деп кейбір анықтық үлесімен жорамалдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл ру қалыптасуының басқа нұсқалары да болуы мүмкін, өйткені оның шыққан тегі туралы біздің қолымызда анық мәліметтер жоқ, бірақ қандай жағдайда да Қызылқұрт, Тама және Ысты арасында туыстық барын теріске шығаруға болмайды. Қырғыздардың саруу тайпасында, жетіру бөлімшесінде қызылқұрт руы ұшырасады. Этнонимдердің сәйкес келуі кездейсоқтық па, әлде олардың туыстығын дәлелдей ме қазір мұны айту қиын. Бұл болашақтағы зерттеулердің мәселесі. Қызылқұрт руының басқа таңбалары ең алдымен басқа рулардан, атап айтқанда, таңбасы болып табылатын байбақты руынан, таңбасы болып табылатын масқар руынан және т. б. шыққандар да бар.
## Тұлғалар
## Дереккөздер
Қазақстан энциклопедиясы |
Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Алшын тайпасынан тарайтын ру.
## Шығу тегі
Алтай кижи ұлты арасында теркеш (бұрынғы түркеш) деген тайпа атауымен байланысы.
Шежіреге сәйкес, Шеркеш руы Алшын тайпасының Байұлы рулық бірлестігінен тарайды және Алтын Орда әмірі Алау батырдың ұрпағы болып табылады. Шеркештен құлақасқа, қойыс, шумақ, жауқашты, қылыш-кестен, қосым тарайды. Бұлардың ішіндегі Қосымы Шеркештің асырап алған киімді баласы болса керек. Алайда, Шеркештің ықыласы ауып, еншілес еткендіктен исі шеркештер Қосым ұрпағын аға тұтып, төрге отырғызады. Ел аузында "Қосым шеркеш емес, кәтеней қосым емес" деп айтылатын. Қазақ шежірелерінде Шеркешпен Алшынның Есентемір, Ысық тайпалары еншілес деп есептелінеді. Соған қарағанда, бұл ру бірлестіктерінің туыстығы ежелден сақталып келе жатыр. Яғни, аталмыш рулардың бәрі Алтын Орда әмірі Алаудан тарап, Алшын тайпасын құрайды. Таңбасына (бақанға ұқсас) қарап кейбір ғалымдар (Востров) бұлардың түп-төркіні найман болуы мүмкін деген мардымсыз болжам айтқан. Басқа бір зерттеушілер ысықтар Ыстықкөл маңайын мекендеген, атауын сол көлден, сонымен қатар “абыз“ сөзінен алады дейді. Қалай болғанда да, бұл бірлестіктер Түрік қағандығы, кейіннен Қыпшақ хандығы сынды мемлекеттер құрамына енген. Бірқатар ғалымдар Шеркешті черкестермен де байланыстырады. Олар бір-бірінен оғыз-қыпшақ заманында бөлініп кетуі де мүмкін. Серкеш (Шеркеш) руы өзбек-лоқайлар арасында кездеседі. Шеркештер туралы алғашқы мәліметтер А.Тевкелев, Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде, кейінгі зерттеулерде ұшырасады. Оңтүстіктегі Шеркештер қоңырат, Ұлы жүздің бірқатар руларымен көршілес тұрған. Шеркештің басым бөлігі Жайық пен Еділ аралығын, Мыңтеке, Нарын құмдарын мекендеген. Атақты Шеркештер: Шағырай батыр Жәдікұлы, Байбақты батыр, Қалиев Алдияр, Асанәлі Әшімұлы, Салық Зиманов, Қуаныш Алдиев, Аман Сарбалин, Сенебаев Аманбек, Пернебай Дүйсенбин.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Таз — Алшын тайпасынан тарайтын қазақ руы.
Шежіре деректері бойынша Таздың - Абдал, Жастабан және Шарға сынды ұлдары болған; келесі бір шежіреде Таздан - Ес, Естен - Абай, Қабай тараған; одан әрі өз реттерімен Абайдан - Жастабан мен Шарға, Қабайдан - Абдал, Жастабаннан - Байсары, Сүйірбас және Тілес, Шарғадан - Ақсерке, Жақсыбай, Жолым, Асан, Сырлыбай, Күнбас, Жиен және Жантай, Абдалдан - Шоқтығұл мен Құлай, олардан - Өтес, Жапақ, Мәмбетқұл, Көшей, Келдібай және Кішкене (Тұрымбет) ұрпақтары өрбіген. Жазба деректерде Таз алғаш рет М.Тевкелев еңбектерінде тілеумен бірге айтылады. Бұл рулар башқұрт халқының құрамында да болған. А.Ю. Якубовский зерттеуінде абдал тайпа ретінде 4 – 5 ғасырлардан белгілі екені және ол тайпа-рулары түрікменге де, қазаққа да қосылған деген тұжырым жасайды. Түрікмен абдалдары 18 – 19 ғасырларда Маңғыстауды мекендеген. Таздарға сол кездерде де араласуы мүмкін. Абдал өзбектің лоқайында, қырғыздың сарыбағыш тайпаларының құрамында да кездеседі. Таздың Ұлы жүзде жалайыр тайпасының сырманақ руында, ысты тайпасының ойық руында, албан тайпасының бозым тармағында, Орта жүз ашамайлы керей руында ата есімі ретінде кездеседі. Таздың жауынгерлік ұраны – бақай, таңбасы - қамшы.
## Шығу тегі
Моңғолдың құпия шежіресі бойынша Енисей өзенінің бір саласының атауы Таз, осы өңірдегі орман халқының бір атасы - Тас, Таз. Гоби шөлін мекендеген моңғол руларының бірі - Таз. Бүгінде Кіші Жүз мекені өңірлеріне түгел тараған. Бүкіл қазаққа танымал Төремұрат, Өтен, Нарынбай батырлар, Дәден би, Қашқынбай мен Бала Ораз ақындар осы Таздың қасиетті ұрпақтары. Ұлы Жүздің Албан және Ысты тайпаларының құрамында да Таз рулары бар.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Жаппас — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды.
## Шығу тегі
Жаппас руы Кіші жүздегі ірі рудың бірі болып табылады. Өкінішке қарай, тарихи деректемелерде бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқ. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руы туралы алғашқы рет айтқан да сол А. Тевкелев. Орынбор шекара комиссиясының шенеунігі Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында және А. Левшинде бұл ру туралы айтып өтеді.
Ең кейінгі жазбаша деректерде Кіші жүз бен Бөкей ордасының құрамдас бөлігі ретінде бұл ру Небольсинде, Ханыковта, Бламбергте, Кеппенде және басқаларында үнемі кездесіп отырады. Ол туралы архив материалдарында да мағлұматтар бар. XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы деректемелерге қарағанда, рудың құрамына тоғыз бөлімше кірген, олар: шалтақ, сумұрын, бесбалуан, баймұрат, өңкіт,қаракөз, қарақия, өтеп. Кеппен жеті, ал Небольсин алты бөлімшені ғана келтіреді.
«Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдар...» мен біздің ел арасынан жинаған мәліметтерімізде ру бөлімшелерінің түрлі саны келтіріледі. Бұл арада мәселе мынада: Жаппас руы, дұрысырақ айтқанда, оның бөлімшелері орасан зор аумаққа бытырап кеткен. Бұдан әрі көретініміздей, олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді.В. В. Радлов та Жетісудағы Жаппас руы туралы Үлкен орданың батыс қанатына енді-міс деп хабарлайды. Бұл жағдайда В. В. Радлов Қапал уезі жалайырларының арасында мекендейтін, бірақ, әрине, Ұлы жүз құрамына ешбір кірмеген осы ру шаруашылықтарының саны болмашы екенін айтып отыр. Сондықтан зерттеушілер мен саяхатшылардың белгілі бір жерді мекендеген ру бөлімшелерін көрсеткені түсінікті, ал ру құрамының толық көрінісін осы материалдардың бәрін салыстыра отырып қана жаңғыртуға болады.
Біздің 1960 жылы ел арасынан жинаған мәліметтеріміз рудың мейлінше дәл құрамын береді, айта кетелік, оны М. Тынышбаевтың деректерімен бірдей деуге болады. Алшақтық мынада ғана: бізде тағы да күшік (қошық) бөлімшесі бар да, ол М. Тынышбаевта жоқ. Жаппас руының таңба белгісі: ұрандары «Баймұрат» және «Бақтыбай» (Бламберг).
## Тұлғалар
* И.Н. Тасмағамбетов — Астана қаласының әкімі.
* Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов
* Жарасбаевтар
* Көтібар Итаяқов
* Аббас Жарасбайұлы
* Өткелбай Исаұлы?
* Байсақал би
* Асанғали Сапаров
* Сәбира Майқанова
* Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов
* Шалдыбаев Лайық Тоқайұлы (1939-2019) — ғалым-агроном, ақын, тілші, айтыскер
* Өтетілеу би |
Шалдай орманы — «Ертіс орманы» Мемлекеттік табиғи резерватындағы (Шалдай кенті төңрегі, Павлодар облысы) орналасқан сирек кездесетін қылқан жапырақты орман алқабы.
«Шалдайдың қарағайлары тек Австралия ормандарында ғана өседі» деген де ғалымдардың пікірі бар.
## Шалдай орманын қорғау
Қазіргі кезде бұл алқап өрт және заңсыз кесу салдарынан жойылып барады. Бүгінгі таңда Шалдайдағы өртенген алқаптардың көлемі 60 мың гектарды құрайды. Ал өртеніп кеткен Шалдайдағы алқаптарды қайта қалпына келтіру үшін 30 жылдай уақыт қажет.
Шалдай орманын қорғау үшін «Халықаралық қайта құру және даму банкінен» қарыз алуды қолға алуда (2007 жыл). Ормандарды сақтау жобасының құны 63,5 млн доллар. Бұл соманың 30 млн доллары аталмыш банктен алашақ ретінде алынбақ. 5 млн долларын Ғаламдық экологиялық қор бермек. Тек 28 млн доллары ғана республикалық бюджеттен қарастырылып отыр.
ҚР АШМ орман және аңшылық шаруашылығы комитеті орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Елемесовтің сөзіне қарағанда, жоғарыда аталған жоба алты жылға ғана лайықталған. Сол секілді жан-жақтан құйылатын қомақты қаражат тек қана 2000 гектар орман алқабын қайта қалпына келтіруге жетеді екен.
Қазіргі күні ағаш өсіретін питомниктер де жұмыс атқаруда. |
Андеграунд (ағылш. undeground — астыртын, жасырын) — 20 ғ. екiншi бөлiгiнде ресми өнерге қарсы оппозициялық қозғалыс.
Андеграунд ресми мәдениеттiң құндылықтapы мен догмаларын қабылдмайтын, авангардтық өнердiң, рок-мәдениеттiң, қарсы мәдениеттiң, жастар қозғалысының кейбiр принциптерiн бойына сiңiрген өнердің дәстүрлi емес бiтiмдерiнен құралады.
Андеграунд мәдени өмiрдің кейбiр жергiлiктi көpiнicтepiмeн де («самиздат», бейресми көрмелер, жасырын концерттер, дискотекалар, салондық мәдениеттiң кейбiр түрлерi, т.б.) байланыстырады.
Тоталитарлық қоғамда андеграунд өнері саяси-идеологиялық өктемдiкпен өнер еркiндiгiн тұншықтырyға бағытталған мемлекеттік-әкiмшiлiк жүйемен және бipден-бiр өнер жүйесi болып танылған социалистік реализммен келiспеушiлiктен туындаған. Осы қоғамда жасырын айтылатын анекдоттар андеграунд өнеріне жақын. Андеграунд өнерінің кейбiр түрлерiне қарадүрсiндiк пен руханисыздық тән. |
* Жағалбайлы – Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы көл.
* Жағалбайлы – Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіретін ру.
* Жағалбайлы – Тарбағатай жотасының солтүстігіндегі тау. |
Кердері – қазақ халқының құрамындағы ру.
Кердері руының бастапқы тарихын ғалымдар б.з.б. 2 ғасырда ғұндардың жойқын шабуылына ұшыраған юечжи елінен тарқатады. Көне Қытай жазбалары бойынша, бұрын шығыс Еренқабырға төңірегін қоныстанған юечжилердің (оны Қытайда тұратын қазақ оқымыстылары “иүзлер” деп аударады) көп бөлігі сол үркіншіліктен Әмудария алқабына дейін ауады. Олар Қытай дерекнамасында ұлы (юечжилер) иүзлер (қ. Ақ ғұндар), ал көшіп кете алмай ата қонысында қалғандар кіші юечжилер (иүзлер) деп аталған. Әму жаққа жеткен юечжилерді Еуропа тарихшылары кидарит-ғұндар деген атпен таныды. Сол кидариттерден кердері руының атауы туындаған. Ғылыми деректер 10 ғасырда Арал теңізінің Кердері теңізі аталғанын, Әмударияның екі бетінде сол аттас бір-екі қала болғанын да алға тартады. Кердерінің бір бөлігі қарақалпақтардың мүйтек тайпасы құрамына, екінші бөлігі Кіші жүздегі жетіру тайпасының құрамына енген. “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” кезінде кердерілер Аралдан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағына, Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. Кердеріден: Көтермен, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас, Шағыр, т.б. аталар тарайды. Ұраны – Қожахмет, таңбасы – (Q) тостаған.
Кердері – кіші жүздің Жетіру тайпасына құрамына кіретін ру. Кердерінің шығу тегі тарихи әдебиетте Хорезмнің солтүстігінде Кердері деген өз мемлекеті болған ғұн-кидариттардың тағдырымен байланысты қаралады. Кердері мемлекет кезінде күшті болған. Соның атымен 10-ғасырда Арал теңізі Кердері теңізі деп те аталған. Осы мемлекеттерің ескерткіштерінің бірі- Жанкент қаласы. Оның қалдықтары қазіргі Қазалы стансасының төңірегінде. Қазақтар мен қарақалпақтардың халық болып құрылу барысында Кердерілердің бір бөлігі қарақалпақтардың Мүйтен тайпасының құрамына, ал екінші бөлігі Кіші жүз қазақтарының құрамына енген. «Ақтабан шұбырынды - алқакөл сұлама» кезінде Кердерілер Арал бойынан Қобданың жоғарғы жағына, Електің сол жағы мен Орал қаласы маңына үдере көшуге мәжбүр болған. КЕРДЕРІ: Көтермен, Құлтай, Жабағы, Смайыл, Бердімбет, Жанбас т.б. аталарға бөлінеді. Кердерінің ұраны-Қожақмет.
## Танымал тұлғалары
* Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев
* Әбубәкір Боранқұлұлы
* Абд әл-Ғафур әл-Кердери
* Құмар Әбуғалиев
* Әбдірахман Әйтиев
## Дереккөздер |
Есентемір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Байұлы ру бірлестігінен таратылады.
Есентемір руының шығу тегі туралы әр түрлі аңыз әңгімелер айтылады. Үлеңмен жазылған көне шежіренің бірінде Алшынның немерелері Әлімқожа мен Қыдырқожа Сыр бойынан көшкенде Байқожа көшпей қалып қойған. Кейін Байқожаның ауылын қалмақтар шауып, өзі және баласы Ата әйелімен қалмақтың қолынан қаза табады. Кешікпей Атаның екі інісі Қалпақ пен Естай да өледі. Атадан Темір деген бала қалады. Елтай немере інісі Темірді, Қалпақтың әйелі Күмісті, Естайдың әйелі Күймежанды ертіп Сыр бойына қарай жол тартады. Бірақ аяғы ауыр жеңгелері және кішкене інісі жол жүруге жарамаған соң оларды қайтып келіп алып кетем деп уәде беріп, Елтай әрі қарай жалғыз аттанады. Кейін үшеуін де Сыр бойына өзінің қасына алады. Сыр бойында Қаратаудың тасына шамамен бұдан 271 жыл бұрын қашалып жазылған мына өлең ескі кездегі әңгімені растай түседі:
“Есентемір деген ел едік,Есебі жоқ көп едік.Есебін тауып жегендеТаусылмайтын көп едік...”.
Тағы бір көне аңызда Темірді Кіші жүзге өлы жүзден немесе Орта жүзден әкеледі. Ол жаугершілік заманында Қыдырқожаның қолына түседі де, Бай еті тірі, ержүрек жігітке көп жылқысын бақтырып қояды. Он екі атаның бабасы Қыдырқожа асқан бай, дәулетті болғандықтан, одан тараған әулет Байұлы атанып кеткен. Бір жылы үлкен жұт болып, қаhарлы қыста Темір байдың көп жылқысымен бірге ығып, ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Боран ашылған соң Бай жан-жаққа сұрау салып, іздеткенімен, жылқышыдан да, жылқыдан да хабар-ошар болмайды. Бай әбден күдерін үзгенде алыстан мұнартқан шаң көрінеді. Қара көбейіп, ауылға жақындағанда жылқының алдында құрығын сүйретіп ат үстінде келе жатқан еңсегей бойлы ірі жігітті алыстан таныған Қыдырқожа Темірім есен екен ғой деп дауыстап жіберген екен дейді. Содан Темір Есентемір аталып кеткен деседі. Есентемір руы Көн, Тағашы болып екі атаға бөлінеді. Бөкен би, Көктаубай батыр, Мыңбай батыр, Есбай күйші, Досжан ақын сынды белгілі тұлғалар шыққан. Ұраны Алдоңғар, таңбасы — адалбақан.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
«Хазар сөздігі: сөздік романы» — серб жазушы, көркемөнерші, пәлсапа докторы Милорад Павич (серб. Milorad Pavić) жазған тұңғыш романы. Басылымға 1984 ж. шықты.
Бұл кітап 8 ғ. аяғында, 9 ғ. басында болған тарихи оқиғалар негізінде жазылған: Хазар қағандығындағы дүниедегі үш түрлі діннің (яһудилік, мәсіхшілік, ислам) өкілдері бетпе-бет айтысын бейнелейді. Сол кезде қазар ақсүйектері мен баршаның көбі яхудилікке айналған.
Аңыздық айтылымда болған әйгілі хазар таласы негізінде хатқа қалдыру арқылы жазылған деп саналады.
Аңыздық айтылымда ол кітап екі түрлі, алтын жане күміс басылымда, кімде-кім ол кітапты ашса қарғысқа қалады делінген. Осылайша дүниедегі үш түрлі дін, дүниеде қазірге дейін жұмбақ болып келе жатқан талай сырлы құбылыстар жайлы сыр шертетін осы кітаптар жүз жылға дейін адам баласы оқуға болмайды деп шектеліп тасталған. Қазір дүниеде шын-өтірігі аралас бірнеше парағы ғана сақтаулы.
Енді осы кейінгі «Қазар сөздігіне» оралсақ, бұл кітапты Милорад Павич сол көне кітаптың жүлгесіне негізделіп жазған. Бұл кітап әлем әдебиетінде сөздік роман жазудың алғашқы үлгісін жаратты, онымен қоймай кітап Қара теңіз бен Арал теңізі аралығында жасаған сырлы ұлыс қазарлар жайлы сыр шертеды. Тұтас кітап өз алдына бір енциклопедия дерліктей.
## Қызық деректер
Романның екі нұсқасы бар: ерлердің және әйелдердің, айырмашылығы тек бір сөйлемде.
## Сыртқы сілтемелер
* Хазарский словарь (орысша) |
Үлгі:Infobox Military ConflictКаталаун шайқасы — Каталаун даласында (лат. Campi Catalaunici; фр. Châlons-en-Champagne — Шалон-ан-Шампан) 451 ж. маусымның 20-на таман ғұндардың Еділ қағаны өткізген ірі ұрыс. Каталаун даласындағы ұрыс Ганнибалдың тұсындағы (216 бзб ж.) Канн, Наполеонның тұсындағы Ватерлоомен (1815 ж.) қатар тұра алатын Еуропа және әлемдiк тарихтағы атақты шайқастардың қатарына жатады.
451 ж. басында Еділ жорығын бастады. Ғұндармен бiрге кейбiр бағынышты герман тайпалары да болды. Рейннен өткен әскер Трирге бағыт алып, екi топпен Галлияның солтүстiк-шығысына бет бұрды.
Шешушi шайқас алаңы қазіргі Шампандағы (Франция) Каталаун даласы болды. Вестгот королi Теодорих сол қанатты, Аэций оң қанатты басқарып, ортадан одақтастар орын алды. Қарама-қарсы тұстағы әскердiң негiзiн құраған орталық позицияны ғұндар мен Еділ иелендi, ол вассалдарын сатың екі қанатына орналастырды.
Иордан жазып кеткендей, «ешкiм мұндай керемет оқиғаларды басынан өткермеген, бұл оқиғаларды жан-жақты жеткiзу үшiн кереметтiң тiкелей куәгерi болу қажет».
Вестготтардың патшасы Теодорих атпа найза тигеннен кейiн құлап, оның денесi тау болып жатқан өлiктердiң арасында жоғалып, тек келесi күнi ғана табылды. Ұрыс түнге дейiн созылды. Қараңғылық түсiсiмен рим-вестгот әскерлерi Еділ қағанның лагерiн атқылаудан ғұн садағының оғынан қорқып, тұрақтарына қайтып келдi.
Сол уақыттың жылнамашыларының көрсеткенiндей ғұндар ерекше жауынгер болды, алыстан найза лақтырып соғысса, жекпе-жекте өздерiн қанжардың жүзiнен қорғай отырып, жауларын арқаннан жасалған тұзаққа түсiретiн. Әскерде садақшыларға ерекше орын берiлдi, садақты пайдалануда ғұндар жоғарғы жетiстiкке жеттi. Ерекше ассиметриялық түрдегi садақ, майысқақ ағаштан жасалып, мүйiз пластинкалары, сiңiр, сүйек жапсырылып қуатына жететiн де, алыстан жауын жайрататын.
Вестготтар өз патшасының өлiмi үшiн кек қайтарғылары келдi. Дегенмен Теодорихтiң баласы Торисмунд «ғұндар қайтар жолында оның корольдiгiн iздейдi-ау» деген үреймен қайтуды шештi. Ал Еділ готтардың кеткенiн байқап, мұны жау тарапынан жасалып отырған қулыққа балап, лагерьде бiршама ұзақ болды.
Дегенмен, бiрiккен Еуропа әскерiмен соғыста ол маневр, яғни айла жасауды жөн көрдi. Тюрингия арқылы Еділ әскерiмен Паннонияға қайтып келдi. Проспер Тиро жазғандай, Каталаун даласындағы шайқаста «бiрде-бiр жақ жеңiске жеткен жоқ. Өлiм саны шексiз болды».
Галлиядағы жағдайды Еділ жорығының ерекше кең аумағымен түсiндiруге болады және шексiз үлкен территориядағы тайпалар мен бiрлестiктердi бiр жерден басқару аса күрделi болды. Шындығында 451 жылғы «халықтар шайқасынан» кейiн ғұндардың күшi әлi де қуатты едi. Әрине, бұл Еділ қағанға тән жеңiс болмаса да, бiрақ жеңiлiске де мүлдем жатпайды. |
«Атырау» — Атырау облысының қоғамдық-саяси газеті.
## Тарихы
Алғашқы саны «Ерік» деген атаумен 1923 ж. сәуірдің 1-ші күні шықты. 1924 ж. тамыздың 23 — «Жұмыскер тілі», 1930 ж. қыркүйегінен «Жем жұмысшылары», 1932 ж. сәуірдің 16 — «Ленин жолы», 1933 ж. қыркүйектің 16 — «Социалистік құрылысқа», 1933 ж. қарашаның 5 — «Социалды құрылыс», 1963 ж. мамырынан — «Коммунистік еңбек» деген атаумен, ал 1990 ж. маусымның 30 бері «Атырау» деген ағымдағы атаумен шығып келеді.
Ұзақ жылдар аптасына 5 рет шыққан газет соңғы жылдар бері аптасына үш рет шығады. Ол 1923—30 жж. — уездік, 1930—33 жж. — аудандық, 1933—38 жж. — округтік (аймақтық), 1938 ж. бері — облыстық газет.
«Атырау» газеті Қазақстанның батыс өлкесіндегі алғашқы ұлттық басылымдардың бірі. Оның негізін қалап, материалдық базасын жасақтап, алғашқы нөмірлерін шығарған 1923 ж. Гурьев уездік партия комитетінің бірінші хатшысы болған Төлепкерей Өтеулиев. «Еріктің» № 1 санының бас мақаласын жазған да сол. «Тірлік осымен табылады» деп аталған осы бас мақалада негізгі ой «Халықтың оқу-білімінің маңызы, ерікті ел болудың басты шарты-оның сауаттылығында» дегенге саяды. Облыстық газет өзінің бүкіл тарихында осы ойды, жан-жақты насихаттаумен келеді.
## Редакция
1980 жж. редакцияда 7 бөлім, 56 адам жұмыс істеді. Ал 1995 ж. бері редакцияда бөлім жойылды. Бұл Қазақстан редакцияларындағы жаңалық болды. Журналистер жеке проблемалар бойынша бас редактор мен оның екі орынбасарының тікелей басшылығымен жұмыс істейді.
1997 ж. қарашасынан «Атырау» газетінің өзі компьютермен шығарыла бастады. Гәзет 2006 ж.аптасына 66 мың данамен тарауда. Бұл бұдан 5 жыл бұрынғыдан 2,5 еседей көп таралым.
2000 жж. басында гәзет таралымы 10 мың болса, бүгінде таралым 26 мыңнан асты. Бүгінде гәзетте 30-дан астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың жартысы шығармашылық жартысы техникалық топтан тұрады.
## Әйгілі тұлғалар
Газет тарихы бай. Оған кезінде Әбу Сәрсенбаев, Асқар Тоқмағамбетов, Сәбит Мұқанов, Ғабдол Сланов, Хамит Ерғалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Берқайыр Аманшин мақала-өлеңдері мен әңгімелерін жолдап тұрған. Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев өмір бойы біздің газетпен тығыз байланыста келеді.
Газетте Тауман Амандосов, Меңдекеш Сатыбалдиев, Фариза Оңғарсынова, Марат Ысқақов, Берік Қорқытов, Аманқос Ершуов сынды белгілі әдебиетші-жазушылар жұмыс істеп, қанаттанды. Нүреден Мұфтахов, Тілек Дәулетов, Ізімберген Ісхожин сынды республикаға танымал журналистер, әлем классиктерін қазақ, қарақалпақ тілдеріне алғашқы аударған Жүсіп Жантөрин, Қыдырғали Сасықов сынды ертеде елге танылған аудармашылар жұмыс істеді.
## Марапаттары
Гәзет 1973 ж. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды, 1990 ж. М.И. Ульянова атындағы Бүкілодақтық сыйлыққа ие болды.
## Бас редакторлары
* Төлепкерей Өтеулиев
* Сейітмұхамед Мәмбетов
* Серікқали Жақыпов
* Ғатау Махамбетов
* Кәрім Жаншорин
* Зайтүн Сыздықов
* Шияп Қожақметов
* Сағат Төлебаев
* Сүлеймен Сауырғалиев
* Мәди Байтұрсынов
* Абдолла Құрманбаев
* Боранбай Омаров
* Хабир Нұрмұхамедов
* Түсіп Бисекенов
* Құмар Кенжеғалиев
* Теңдік Жауырұлы
* Қилыбай Қуанышбайұлы
* Нұрлан Қабылов
* Исатай Балмағамбетов (2010-2020)
* Назарбек Қосшиев (2020-осы күн)
## Сыртқы сілтемелер
* «Атырау» гәзетінің ресми торабы |
Ақсу (1993 дейін – Ермак) — Қазақстан Республикасы Павлодар облысындағы қала.
## Географиялық орналасуы
Облыс орталығы Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 км-дей жерде, Ертістің сол жағалауында орналасқан. Қала мен оның ауыл өңірінің аумағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Аққулы, Баянауыл және Май аудандарымен, шығысында – Павлодар ауданымен, батысында – Екібастұз қалалық әкімдігімен шектеседі.
## Халқы
Қала халқының ұлттық құрамы(2019 жылдың басына):
* қазақтар — 38 902 адам (55,48 %)
* орыстар — 23 080 адам (32,91 %)
* украиндар — 2 585 адам (3,69 %)
* немістер — 1 750 адам (2,50 %)
* татарлар — 1 247 адам (1,78 %)
* белорустар — 450 адам (0,64 %)
* молдавандар — 310 адам (0,44 %)
* әзірбайжандар — 273 адам (0,39 %)
* шешендер — 286 адам (0,41 %)
* басқа — 1 241 адам (1,77 %)
* Жалпы — 70 124 адам (100,00 %)
## Тарихы
Ақсудың тарихы Екібастұз ауданының тас көмірі кені ашылуымен тығыз байланысты. 1897 жылы Екібастұздан 109 шақырымдық темір жолының құрылысы басталды. Воскресенск темір жолы болашақ қаланың аумағынан өтті. Жолдың Ертіспен қиылысатын жерінде кемежай пайда болды, екі кент: әкімшілік және жұмысшы дами бастады. Көшіп келіп жатқан жұмысшылар жергілікті материалдардан: саз балшықтан, қамыстан және сабаннан өздеріне тұрғын үй сала бастады. Жаңа жүзжылдық басында № 5 қазақ ауылымен қатар Қызыл-Шырпы шатқалында Глинка деп аталатын саз балшықтан соғылған үйлерден кішкентай қоныс пайда болды.
Глинканың халқы біртіндеп, әсіресе қырғыз және сібір даласына келімсектер саулаған 1906 жылғы революциялық көтерілістерден кейін қарқынды ұлғая түсті.
1911 жылы жұмысшылр кентінің халқы 1000 адамға дейін өсті. 1913 жылы Глинка кентіне дала өлкесі губернаторының жарлығы бойынша Ермак аты берілді. Осылай Воскресенск кемежайы Глинка кентімен Ермак кенті болып ата бастады.
1917 жыл Ермакқа жаңа тәртіптер әкелді. Ермактағы жағысжай жанындағы алаңда айуандықпен өлтірілген Екібастұз Халық шаруашылығы кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович бандылардың құрбаны болды.
Ермакта Кеңес өкіметі Павлодар халық комиссарлары кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін 1919 жылдың қарашасында орнады. 1922 жылға дейін Павлодар уезінің болыс орталығы болды, санаққа сәйкес кентте 1289 адам тұрды, 1938 жылы Ермак ауылы орталығы бола отырып, Каганович ауданы құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазандағы Жарлығымен Ермак кентіне қала мәртебесі берілді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН № 2189-ХІІ Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы болып қайта аталды.
## Өнеркәсібі
Бүгінгі Ақсу — бұл Павлодар облысындағы өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықты қала. Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты мен ЕЭК ААҚ электр станциясы құрайды. 1960 жылдан бастап электр станциясының құрылысы басталды, оның бірінші директоры Новик Владимир Михайлович болды. 1968 жылғы 17 желтоқсанда ГРЭСте қуаттылығы 300 мегаватт алғашқы энергоблогы пайдалануға берілді және бірінші өнеркәсіптік ток берілді.
1996 жылғы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамына қайта құрылды.
Қала энергетиктерімен 2001 жылдың басынан бастап 5.580.7 миллион киловатт сағат электр энергиясы және 612.0 гекокалория жылу энергиясы өндірілді.
1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерінің құрылысы басталды. 1968 жылы қаңтарда зауытта ферроқорытпалардың бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылы шілдеде 8 қорыту пеші бар № 2 цехты іске қосу аяқталды. Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры болыпТопильский Петр Васильевич тағайындалды. 1995 жылы кәсіпорын Қазхром Трансұлттық корпорациясының құрамына кірді. Осы кәсіпорындармен келесі әлеуметтік объектілер: дене шынықтыру-сауықтыру кешені, профилактория, жүзу һәуізі, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру орталығы сақталып қалды, содан басқа Баянауылда демалыс үйлері: Факел және Жасыбай сатып алынды.Қаланың ірі кәсіпорындары:
* Қалалық су арнасы ААҚ,
* Теловик ААҚ,
* Ақсу электр желілері ААҚ,
* Тұрмыс ЖАҚ коммуналдық шаруашылығы,
* Ақсу ЖАКК ААҚ,
* Ақсу нан зауыты ААҚ, Қалааралық және қала маңындағы тасымалдаулар ЖАҚ,
* Парус фирмасы ЖШС.
Қалада 900-ден астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Олардың ішінде неғұрлым ірілері:
* Қалқаман элеваторы АҚ,
* Павлодар құс фабрикасы ЖШС,
* Выбор ЖШС және т.б.
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 500 млн. теңгеден жоғары сомаға тауарлар мен қызмет көрсетулер жүргізетін 3835 адам еңбек етуде. Біздің қаламыздың маңызды стратегиялық объектісі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды арнасы болып табылады. Ертіс-Қарағанды арнасы — Қазақстанның орталық және солтүстік бөліктеріне ауыз суды негізгі жеткізуші.
## Мәдениеті
Қала үшін біздің қаланы ҚР солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратынАқсу-Дегелең темір жол желісі ашылуына арналған салтанатты митингке ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуы тарихи оқиға болып қалды. Ал ТЖ жағысжайының қалпына келтірілген ғимараты — біздің қаламыздың ең жарқын көрікті жерлерінің бірі.
## Діни және білім берушілік өмірі
Қалада 6 діни бірлестігі, соның ішінде мешіт, православ шіркеуі, христиан-адвентистер жетінші күнінің шіркеуі, евангель христиан-баптистерінің қауымы жұмыс істейді.
Ақсу қаласының білім беру саласында 50 мекеме: 27 мектеп (3 орталау), № 3 кәсіптік лицей, № 19 кәсіптік-техникалық лицей, қазақ гимназиясы, мектеп-лицей, 11 бастауыш шағын комплектілі мектеп; 3 мектептен тыс мекеме: Балалар шығармашылық үйі, өнер мектебі, жас натуралистер станциясы; 6 мектепке дейінгі мекеме; құқықтық, өндірістік және мәдени қызмет салаларында мамандарды дайындау бойынша күндізгі және сырттай оқытатын Жаяу Мұса колледжі; Павлодар мемлекеттік емес университетінің филиалы жұмыс істейді.
Қала тұрғындарының демалатын орны мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет үйі, ауылдық елді мекендердегі мәдени-бос уақыт орталықтары болып табылады.
Қала тұрғындарының қызметіне қалада 78 мың данадан астам кітап қоры бар, селолық округ кітапханаларымен модемдік байланыс жасайтын орталықтандырылған кітапхана жұмыс істейді. 2000 жылы біздің кітапханаға облыста алғашқылардың бірі болып электр поштасы арқылы халыққа қызмет көрсету бойынша электронды жүйе енгізілді.
## Денсаулық және спорт
Қаланың денсаулық сақтау құрылымына Ақсу орталық ауруханасы, Қалқаман ауылындағы ауылдық аурухана, туберкулезге қарсы диспансер, жедел жәрдем станциясы, 11 ауылдық отбасылық дәрігерлік амбулатория кіреді, соның ішінде біреу жекеше.
Ақсу — спортшылар қаласы. Қалада дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін барлық жағдайлар жасалған. Қала тұрғындарының қызметіне жүзу һәуізі, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 5000 орынға арналған стадион, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, қаланың шағын аудандарында және ауыл өңірінде спорт алаңдары бар.
## Әйгілі тумалары
Иван Илларионович Кривенко - танкист, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (1945), Павлодар қаласының құрметті азаматы.
## Қызықты деректер
2016 жылғы зерттеу мәліметі бойынша Ақсу қаласы Қазақстандағы ауасы ең таза қала болып шықты.
## Дереккөздер |
Тама — Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Негізгі жері Ақтөбе, Орал облыстары, Ресей Федерациясының Орынбор облысы. Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында және Жамбыл облысының Сарысу ауданында, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанның Созақ ауданында тамалар шоғырлана орналасқан.Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі.
Бұл рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, біздің ойымызша, Рашид ад-диннің моңғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі қырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғаны туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума - тама руының ата-бабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоқ, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыққан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін.
Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, біз онда әліп және жөгі деген екі тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген.
XIV-XVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы Дешті-Қыпшақта, Қазан хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың Дешті-Қышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура».
## Тарихы
Тама руының шықңан тегі тарихи әдебиетте ешқандай корініс таппаған. Орыс деректемелерінде тама руы туралы алғаш рет 1748 және 1762 жылдарда айтылады. Ол жөнінде А. И. Тевкелевтің тізімінде және П. И. Рычковта, сонымен қатар Ларионовтың рапортында да кездеседі.
Рудың неғұрлым ертеректегі тарихын анықтау үшін, Рашид-адиннің моңғол тайпаларының ішінде баргубурут бөлімдерінің бірі Енисейдегі қырғыздар арасында мекендеген тума (тумэте) болғамы туралы мағлұматы қызықтырарлық болып табылады. Жорамал ретінде бұл тума тама руының ата-бабалары болып табылады деп санауға толық мүмкіндік береді. Және де бұл арада мәселе үндестікте болып отырған жоқ, қайта туманың қазіргі қырғыздарда да, наймандар арасында да кездесетіндігінде болып отыр. Қырғыздың сару тайпасы арасында ахынай (ақынай) руы бар, оның тегі қазақтардан шыққан делінеді. Шынына келгенде, қазақтың тама руында да ахынай бөлімшесі бар. Тумалардың әлдебір бөлігінің дербес ру ретінде алшындар құрамына енуі әбден мүмкін.
Тама руының шежіресін қарастыра келгенде, онда есенгелді, жабал және жөгі деген үш тармақ бар екенін көреміз. Рудың таңба белгісі: қос әліп (архив деректері, Гродеков, Мейер және басқа деректемелер бойынша). Тамалар таңбасы қазақтың қыпшақ тайпасының таңбасынан еш айырмасы жоқ екенін атап өту керек. Оның үстіне Тама руы ертедегі қыпшақтардың ежелгі жерінде, яғни Оңтүстік Оралда, Жайық және Тобыл өзендерінің жоғарғы ағысында үнемі мекендеп келген.
XIV-XVI ғасырларда батыр Шора бастаған тама тайпасы Дешті Қыпшақта, Қазақ хандығының, Ноғай ордасының саяси өмірінде зор рол атқарды. Осының бәрі тамалардың Дешті Қышпақпен тығыз байланысын, олардың қыпшақтармен этникалық жағынан туыс екенін көрсетеді. Тама руының ұраны «Қарабура».
Рашид-ад-диннің екі томдық «Жылнамалар тарихы» кітабында Алтай-Саян тауларын мекендеген көне түркі тайпаларының бірі «Тумат» тайпасын, біздің замандағы зерттеушілер Тама тайпасының бастауы деп қарайды. Оның сол жерден бастау алып, кейінгі Қара теңізге дейінгі өңірді жайлаған Тама тайпасының дәл өзі деп қазір ғалымдар мығым сөйлей алады. Ал, башқұрттың белгілі зерттеушісі Р. Г. Кузеев Тамьян-Тума-Тумат руы Алтай-Саяннан жылжи-жылжи VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария, Амудария аңғарларына және Арал бойына қоныстанғанын нақты айтады. Содан кейін барып VІІІ-ІХ ғасырларда Еділ-Жайық бойына келгенін дәлелдеген. Тіпті, ол өзінің салыстыру әдістемесін жасап, ол арқылы моңғолда – Тума, алтайлықтарда – Қаратума, Тумат, тувалықтарда – Тумат, өзбектерде – Тама, Қаратума, қарақалпақта – Тама, қазақта – Тама, қырғыздарда – Қаратума, Ақтума руларының, башқұртта Тамьян, Тама руларының кездесетінін түсіндірген.
Әбіш Кекілбаевтың зерттеуінше шығыстан келіп, Жетісуға қоныстанған Тама мен Табын Үйсіндердің құрамына еніп, Қарахан хандығын құруға атсалысқан. Башқұрттағы Қара Табындар өзінің шежіресін: «Майқы биден Елек би туған. Елек биден Бура /Боғра/ би туды, одан Қара хан туды» дейтінін алға тартып, Тама мен Табынның тарихын осы тұстан іздегенді жөнге балайды. Башқұрттар «Бұрын Жетісуда тұрғанбыз, Тамьян үйсінбіз» деп есептейтіні қоса айтылады. VІ-VІІ ғасырларда Тама мен Қаңлы тайпаларының қатар отырып, шаруашылығы, қарым-қатынасы бір болғандығын екеуінің де «көсеу» таңбалы болғандығымен дәлелдеген ғалымдар да баршылық. Тіпті, олардың бірге Шу өзені бойынан Сыр бойына көшіп, одан әрі башқұрт ұлтын құраған рулардың қатарынан табылғандығымен дәлелдейді. Ал, ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт Қашқари: «Таман – Қашқарды ортасынан ағып жатқан дарияның аты» деп, Тама тайпасы осы тұстан өрбіп шыққан жоқ па екен деген сауалға шоқ тастайтыны бар.
## Тұлғалар
## Дереккөздер |
Керейіт — (моңғ. кэраид — христиандар) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді.
Керейт – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Кіші жүз құрамындағы жетіру бірлестігіне кіреді. Керейттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды. Керейт тайпасының тарихы көне жазба ескерткіштерде 7 ғ-дан белгілі. Онон, Керулен, Арғұн өзендерінің аумағын жайлаған қабырғалы Керейт хандығымен сабақтастырыла қаралады. Бұл ретте сол заман оқиғаларын қағазға түсірген Рашид әд-Диннің, Қыдырғали бектің, Әбілғазы ханның еңбектерінде хандық аты да, оны құраған тайпа атауы да Керейт деп аталады. Шыңғыс ханнан ығыса отырып, Ертіс, Обь бойын теріскейге қарай жайлаған, кейін Орта жүз құрамына енген Керейттер уақыт өте келе, байырғы атау соңындағы “т” қосымшасын айтпайтын болды. Ал өзбектердің, қырғыздардың құрамына кірген Керейттер, Кіші жүздегі өз руластары сияқты бастапқы көне атауларын сақтап қалды. Соған қарағанда Кіші жүз құрамындағы Керейттер Шыңғыс хан жорығымен бірге Орта Азияға жетіп, сол елдерді Шыңғыс хан империясының құрамына қаратуға ат салыса жүріп, осы аймаққа тұрақтап қалған. Кейін олардың бір бөлігі өзбектің, екінші бөлігі қырғыздың, үшінші бір тобы Кіші жүздің құрамына енді. Ұраны – Ақсақал, таңбасы: й, // – шылбыр.
## Шығу тегі
Орта жүздегі керейлерден тараған. Тарихи атажұрты Батыс Моңғолияда. 4—13 ғғ. — христиандық дінінде болған.
Керейіттер туралы алғашқы деректер XII ғасырдың басына жатады. Онон, Керулен өзендерінің бойында және Бұйырнұр көлінің жағалауында, яғни Моңғолия аумағында, деп жазады Рашид ад-Дин, керейіт тайпасы мекендеді. Алайда, бұл тайпа аталған уақыттан едәуір ертеректе өмір сүрген деп санау керек, өйткені XII ғасырға қарай ол Шыңғысханға қарсы тұрған аса қуатты күш болған. XIII ғасырдағы керейіттер туралы мәліметтерді біз Г. Рубруктің, Плано Карпинидің, одан соң Марко Полоның жазбаларынан табамыз. Бұл арада осы тайпаның саяси тарихын қарастырып жатудың қажеті жоқ, бұл біздің міндетімізге кірмейді. XIII ғасырдың басында керейіттердің Ванханы Тоғырыл қаза тапқаннан кейін керейіттердің Шыңғысхан билігіне көшіп, оның империясы құрамына кіргенін ғана айтып өтпекпіз. Керейіттердің қазіргі Қазақстан аумағына келуі туралы мәселенің айқын еместігі сияқты, бұл тайпаның содан кейінгі тарихы да айқын емес. Біздіңше, керейіттерді Шыңғысхан талқандап, оларды монгол мемлекетінің құрамына енгізгеннен кейін олар монғолдардың батысқа жасаған жаулап алушылық жорықтарына қатысқан да, сонда мекендеп қалған тәрізді. Мұхаммед Хайдардың деректеріне қарағанда, XIV ғасырдан бастап, керейіттердің қайсыбір бөлігі Моғолстан моголдарының құрамына кірген. XV ғасырда керейіттер өзбек тайпалар одағының құрамына, ал кейініректе қазақ халқының құрамына енген.Ш. Уәлихановтың мағлұматтарына қарағанда, қазақ халқы құрылғаннан кейін керейіттер Ұлы жүздің құрамына кірген, ал көп үзамай олардың негізгі бұқарасы одаи бөлініп шығып, өзбек туыстарыиа кеткен. Керейіттердің қазақтарда қалған шағын бөлігі жетіру ұрпақтарына қосылған.Керейіттер туралы енді Кіші жүзге кіретін ру ретіндегі келесі мағлұматты XVIII ғасырдың орта шеніндегі А. Тевкелевтен, ал содан соң А. Левшиннен табамыз. Бұл ру неғұрлым кейінгі зерттеулердің еңбектерінде де үнемі кездесіп отырады.
Керейіттердің этникалық тегі туралы мәселе өте маңызды. Бұл жөнінде зерттеушілерде бір пікір жоқ. Рашид адДин өз шығармасында XIII ғасырда керейіттер түркі тілдес емес, қайта монгол тілдес болған деп көрсетеді. Нақ осы автор басқа бір жерде керейіттердің шыққан тегі туралы мәселеде оншама үзілдікесілді айтпайды. Ол «ертеректе монғол атын алмаған» халықтар арасында керейіттер де болды деп жазады. Ал бұдан әріректе «керейіттер өздеріп мақтапу үшін монғолдар деп атай бастады», ал ерте кезде «бұл атауды мойындамайтын» деп көрсетеді.Бұл пікірді былай деп түсіну керек: монғолдар үстемдік еткен кезеңде олардың бодандары, соның ішінде керейіттер де өздері монғолдар болмағанымен, жаулап алушылардың этникалық атауын қабылдаған. Ш. Ш. Уәлиханов, В. В. Бартольд керейіттерді әбден айқын монголдарға жатқызған. ГруммГржимайло да керейіттердің түріктерден шықңанына күмән келтіреді. Г. Н. Потанин, Н. А. Аристов, X. Ховорс және басқалар мүлде қарамаңарсы көзқарас ұстанды. Мысалы, Г. Н. Потанин олардытүріктер, Шыңғысхан кезінде ғана «өздерінің атақ алуы үшін» монғолдар деп атай бастаған деп санайды. Бірбірімен байланысы болмаса да, X. Ховорс иен А. А. Аристов бір мезгілде керейіттердің түріктерден шыққаны туралы пікірге келген. X. Ховорс өз пайымдауын керейіт хандарының түрік есімдері мен атақтарын көрсетуге негіздеген.Керейіттердің шығу тегі туралы С. Аманжолов та соншалықты айқын көзқарас ұстанды, ол «керейлер (керейіттер В. В.) ешқашанда монғолдар болған жоқ және монғолдар деп аталған емес» деп жазды. Ал одан әрі: «Монғолдар шапқыншылығы кезінде батысқа қоныс аударуға мәжбүр болған бөлігі (керейлердің В. В.) керейіттер деп аталды, ал бұрынғы жерінде қалғандарының бәрі өз атауларына «іт» жалғауын қабылдамады».Бізге бұл мәселені інешуді екі тұрғыдан қарастыру қажет тәрізді. Біріншіден, керейіттер мен керейлерді бір тайпа деп санау дұрыс па: өйткені бір зерттеушілер оларды бір тайпа деп санауға бейім, ал басқалары олай емес. Екіншіден, керейіттердің монғолдарға немесе түріктерге жататындығы туралы мәселе біріншісімен тығыз байланысты және белгілі бір дәрежеде соған тәуелді.
Шығыстанушы Н. А. Аристов, В. В. Бартсльд, М. Тынышбаев пен С. А. Аманжолов осы екеуін бір тайпа деп білді. Н. А. Аристов бұлайша балауға түсіндірме бермейді, жай ғана керейлер мен керейіттер жөнінде бір тайпа ретінде айтады. В. В. Бартольд та нақ сөлай істейді. М. Тынышбаев болса, неғұрлым сақ, өйткені керейіттер керейлердің Шыңғысханнан қашу кезінде бөлініп шығып, батысқа кеткен бөлігі болуы мүмкін деп жазады. М. Тынышбаев сияқты С. А. Аманжолов та жоғарыда өзіміз көргендей, керейіттерді керейлердің бір бөлігі деп есептейді.
Керейіттер туралы айта келіп, X. Ховорс оларды керейлермен ешбір байланыстырмайды. ГруммГржимайло керейлер цюйлинь, ал керейіттер кэле (хэре) деп аталатын «ЦзиньЛяо Юань саньшиюйцзе» («Цзииь, Ляо және Юань әулеттерінің тарихтарында кездесетін байырғы халық атауларын түзетулер сөздігі») сияқты деректемеге сілтеме жасай отырьш, оларды әр түфлі тайпалар деп санайды.М. Тынышбаев пен С. А. Аманжоловтың батысқа кеткен керейлер керейіттер деп атала бастаған деген пікірін, біздің пікірімізше, онша дәл емес дегеннен бастайық. Біз деректемелерден шығыста, атап айтқанда, Монғолияда да керейіттер мекендегенін білеміз. Біздің бұрын көрсеткепіміздей, бұл жөнінде Рашид адДин, Рубрук, Марко Поло және П. Карпини айтады. «Қасиетті аңызда» (§ 96, 104, 105, 126 және басқа) керейіттер (кэлеити) туралы айтылады. Басқа да бірқатар деректер мұны айқын дәлелдейді. Мәселен, «Юаньшиде» Онханның серігі Хасан кэлеи (керейіт) тайпасынан шыққан делінген. Керейіттер кэлеи туралы «Синь Юаньшиде» де айтылады. Демек, керейіттердің ІНыңғысхан талқандан, батысқа кеткен керейлерден шыққандар болуы мүмкін емес, өйткені олар Моиғолияда сонау XII ғасырда, мүмкін, одан да бұрын болар, мекендеген.
Керейіттердің болғаны және олар мекендеген жер жөнінде Н. Д. Мартин хабарлайды, ол керейіттер Толе, Орхон, Онгон өзендері бойынша көшіп жүрген және шығысында наймандармен шектесіп жатқан деп жазады. Біз Н. Д. Мартиннің керейіттер мекендейтін жер деп Рашид адДин айтқан жерлерді атайтынын көреміз. Бұл пікірді «Юаньши» де растайды, онда «Ванхан алқашқыда (бір кезде) осы жерлерде тұрды» делінген. Бұл арада Енисейдің оңтүстікбатысында, қырғыздардың оңтүстікшығысында, ТаннуОланың солтүстігінде жатқан Цзяньчжоу Кемчжаут аймағы айтылып отыр.
Сонымен, бізге белгілі деректемелердің бәрінде керейлер емес, керейіттер туралы айтылады. Бұдан шығатыны: көптеген зерттеушілердің айтып жүргеніндей, керейлер мен керейіттерді бір деп санауға, керейіттер керейлердің «батысқа кеткен» бөлігінен шыққап деп есептеуге болмайды.
Біз XXIII ғасырларда керейлер болған жоқ, керейіттер болған, олар өздерін Шыңғысхан талқандағанға дейін ертедегі феодалдық күшті мемлекет еді, ал «олардың көсемдері құдіретті патшалар болған» деп сапаймыз. Керейіттерді Шыңғысхан талқандағаннан кейін олардық бір бөлігі Ертістің томенгі ағысын бойлай қашын, оның мүмкін болған жерінде орын тепкен. Керейіттердің бір болігі Ертістің батыс жағына, содан соң одан да әрі қарай бет алған. Олардың көбісі өздерімен көршілес Алтай халықтарының құрамыиа кірді. Бірқатары тіпті басқа халықтардың құрамыида да өздерінің бастанқы этиикалық атауын сақтап қалғаи. Керейіттердің Ертіс бойымен, содан соң Сөлтүстік Қазақстан даласына кеткен болігі өз атауындағы «іт» жалғауын жоғалтып, «керей» деп атала бастаған да, содан соң дербес керей тайнасы ретінде қазақ халқының құрамына кірген.
Керейіттерді біз доолос тайпасы қырғыздарының арасынан да көреміз. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында Кіші жүзге кірген керейіт руының шыққан тегі туралы мәселе бізге қысқаша алғанда осылай сияқты.
## Тұлғалар
* Нысанбай Жаманқұлұлы ашамайлы
* Мүсірәлі Жәдікұлы
* Алдаберген Бисенов
* Төлеген Дәуітбаев
* Зейнолла Жарқынбаев
* Мәтен Өтешұлы Бижанов
* Сәмит Далдабаев
* Шахизат Хамитұлы Төребаев
* Ахун Азаматұлы Мырзабай
* Әбу-Жәлел пір |
Болат Жамитұлы Өтемұратов (13 қараша 1957, Атырау) — қазақстандық кәсіпкер, миллиардер. Қазақстан Теннис федерациясының президенті, Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті және Директорлар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері. Forbes журналы байлығын $ 2.7 млрд бағалады (әлем бойынша № 1274, қазақстан бойынша № 6).
## Өмірбаяны
1957 жылы 13 қарашада Қазақ КСР Гурьев қаласында (қазіргі — Атырау) дүниеге келді. Руы - қожа.
Қызылорда қаласындағы К.Е. Ворошилов атындағы № 3 мектепте білім алып, 1975 жылы 10-сыныпты бітірді.
1981 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын тәмамдап, экономист мамандығын алды. Институтты бітіргеннен кейін, сол жерде оқытушы болып, кейіннен 1986 жылға дейін Алматы сауда басқармасы жүйесінде жұмыс істеді. 1986-1990 жылдары Кеңестік аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.
1990-1992 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі мемлекеттік комитеті – кейіннен Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі министрлігінде бөлім бастығы, басқарма бастығы болып жұмыс істеді. 1992 жылы Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры болып тағайындалды. 1993 жылы Қазақстанға оралып, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары (1993-94 жж.), ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары (1994-1995 жж.) ретінде қызмет атқарды.
1996-1999 жылдары – Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың тұрақты өкілі.
ҚР Президентінің Әкімшілігінде әр түрлі лауазымдарды иеленді: 1999 жылғы ақпаннан 2003 жылғы маусымға дейін — ҚР Президентінің Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, 2003 жылғы маусымнан 2006 жылғы наурызға дейін — ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Демократия және азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы (2004 ж. қараша – 2006 ж. наурыз). 2006 жылғы наурыздан 2008 жылғы желтоқсанға дейін – ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2007 жылы Қазақстан теннис федерациясының президенті болып сайланды. 2007 жылғы шілдеден 2022 ж. қантар айына дейін - «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының Саяси кеңесінің мүшесі. 2022 жылдың қаңтарында «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізіліп, партияның жоғары өкілді органы 55%-ға жаңарған кезде, Өтемұратов кейбір кәсіпкерлер сияқты партияның саяси кеңесінен шығып қалды.
2008 жылғы желтоқсаннан 2013 жылғы наурызға дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылғы мамырдан 2013 жылғы наурызға дейін - Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі ҚР Президентінің Арнайы өкілі болды.
2019 жылғы 1 қазаннан бастап Халықаралық теннис федерациясының вице-президенті болып сайланды.
## Коммерциялық қызметі
Болат Өтемұратов – Қазақстанның ірі кәсіпкерлерінің бірі. Оның алғашқы ірі жобасы — «АТФ Банкінің» дамуы және оның UniCredit италиялық тобына сәтті сатылуы (1995 – 2007 жж. қараша). Осы кезеңде банк шағын қаржы мекемесінен 160 бөлімшесі және 8 миллиардтық теңгерімі бар ірі мультиөңірлік және мультиөнімдік қаржы тобына дейін өсті. 2009 жылғы дағдарыстан кейін мына банктерді құрды: Kassa Nova –Қазақстандағы алғашқы микрокредиттік банк және ForteBank — бизнеске арналған банк. 2014 жылдың мамыр айында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бизнесмен Болат Өтемұратовқа Темірбанктегі өз үлесін және Альянс банктегі өз акцияларының бір бөлігін сату бойынша мәмілені аяқтады. Қор «Темірбанк» АҚ-ның 79,88% қарапайым акциясын 35,7 млрд. теңгеге, сондай-ақ «Альянс Банк» АҚ-ның 16% қарапайым және артықшылықты акциясын 1,5 млрд теңгеге сатты. «Темірбанк» АҚ қосымша 2010-2012 жылдары бөлінбеген пайда есебінен, «Самұрық-Қазына» АҚ-ға 9,1 млрд теңге көлемінде үлеспайда төледі. Мәміле нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ 51% қарапайым және артықшылықты акциялармен «Альянс Банк» АҚ акцияларының бақылау пакетін сақтап қалды, ал Болат Өтемұратов «Темірбанк» АҚ-дағы бақылаушы акционерге айналды. Осы мәмілеге қатысты Өтемұратов келесідей пікір білдірді: «Темірбанк» акцияларының бақылау пакетін және «Альянс Банк» акцияларының миноритарлық пакетін сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталуы осы банктерді қалпына келтіру үдерісіндегі негізгі қадам болып табылады. «Альянс Банкіне» қатысты «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, банк капиталын берік қалпына келтіру мақсатында оның сыртқы міндеттемелерін қайта құрылымдау бойынша банк кредиторларының өкілдерімен мұқият және жан-жақты келіссөздер жүргізілуде. Өз тарапымнан, мен «Темірбанктің» капиталын құю және оларды болашақта біріктіру арқылы «Альянс банкті» қалпына келтіруге қатысуға дайынмын». Сонымен қатар, Өтемұратов мырза «Верный Капитал» инвестициялық тобының негізгі акционері болып табылады, Veon-мен бірлесіп, Beeline маркасымен жұмыс істеуші екі телекоммуникациялық операторға – Қазақстандағы «КарТел» және Қырғызстандағы «Sky Mobile» операторларына ие.
## Дәулеті
Forbes мәліметтері бойынша, Өтемұратовтың дәулеті 2023 жылғы мамырдағы мәліметтер бойынша 2,7 млрд АҚШ долларын құрады.
## Қоғамдық және қайырымдылық қызметі
2007 жылғы тамызда Болат Өтемұратов ҚР Теннис федерациясының президенті болып сайланды. Федерацияда «Мектептегі теннис бастамасы» енгізілуде, «Он жасқа дейінгілерге арналған теннис» бағдарламасы дамытылуда. Team Kazakhstan теннис академиясы құрылды, бұл - теннистен ұлттық құраманың болашақ мүшелері дайындықтан өтетін интернат түріндегі оқу орны. Теннистен ерлер құрамасы үш рет Дэвис Кубогының ширек финалына шықты (2011, 2013, 2014 жж.), әйелдер құрамасы Федерация Кубогының әлемдік тобында өнер көрсетеді. Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылы 10 қазақстандық теннисші әлемдегі топ 100-дің қатарына кірді.
2015 жылдан бері Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Директорлар кеңесінің және Дэвис Кубогы комитетінің құрамына кіреді, сондай-ақ әлемдік теннисті дамытуға белсенді қатысады. Қазақстанда теннисті дамытудағы зор жетістіктері үшін Халықаралық теннис федерациясының және Азия теннис федерациясының сыйлықтарымен марапатталды.2019 жылғы қазан айында Қазақстан теннис федерациясы Астана қаласында Новак Джокович пен Рафаель Надальдің қайырымдылық матчын ұйымдастырды.
2023 жылы Болат Өтемұратов Халықаралық теннис федерациясының (ITF) Директорлар кеңесінің мүшелігіне қайта сайланды, сондай-ақ ұйымның вице-президенті лауазымына тағайындалды.
2014 жылы Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры құрылды. Қор қызметінің салалары мына бағыттарды қамтиды:
* «Аутизм. Әлем баршаға ортақ» бағдарламасы – Қазақстанның 11 қаласында – Астана, Алматы, Өскемен, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Петропавл, Тараз және Қарағанды қалаларында аутистік спектрі бұзылған балаларға арналған «Асыл Мирас» аутизм-орталықтары табысты жұмыс істейді. Жыл сайын «Аутизм. Мүмкіндіктер әлемі» халықаралық конференциясы өткізіледі.
* Қызыл Жарты Ай қоғамымен әріптестікте Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетеді;
* БЦС ауыратын балалар ата-аналарының Арди қауымдастығының жобаларына қолдау көрсетеді;
* Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы жөніндегі «Баламекен» жобасы – «Баламекен» жобасы аясында Болат Өтемұратов қоры Қызылордада 100 аз қамтылған көп балалы отбасыға арнап тұрғын үйлер салды. Бұл жобаны жүзеге асыру құны 450 миллион теңгені құрады. Арыс қаласында 2019 жылы маусымда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс кезінде тұрғын үйінен айырылған жергілікті тұрғындарға 50 жаңа үйдің кілттері тапсырылды. Баспаналар 100 отбасыға есептелген. Қор осы мақсатқа 850 миллион теңге бөлді. 2020 жылғы мамырда Болат Өтемұратов Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына арнап 150 жаңа үйдің құрылысына 6 млн АҚШ долларын бөлді; 2021 жылы Арал қаласында 40 отбасы "Баламекен" жоба шеңберінде жаңа баспанаға ие болды. Жаңа пәтерлерді иеленген отбасылардың қатарына көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер мен апатты жағдайдағы үйде тұрып келген отбасылар кірді.
* Алматы Ботаникалық бағын қайта құру. 2020 жылдың мамыр айында, Алматыға жұмыс сапары аясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ботаникалық баққа барып, құны 15 миллион АҚШ долларын құраған бақты қайта құру жобасына жоғары баға берді;
* Батырхан Шүкенов атындағы қорға қолдау көрсету.
2023 жылы Қор Түркияның Төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) арқылы жер сілкінісінен зардап шеккен түрік азаматтарына көмек көрсету үшін 5 миллион АҚШ долларын бөлді.
10 жыл ішінде Қор білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, табиғи апаттар мен техногендік апаттардан зардап шеккендерді қолдау, мұқтаждарға арналған тұрғын үйлер салу саласындағы қайырымдылық жобаларды іске асыруға 150 млн доллар жұмсады.
## Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілігі
Бизнесменге тиесілі компания БАҚ арқылы өзінің экологиялық жауаптылығын көрсетеді, 2019 жылғы 12 наурызда ауаның ластануы және экология мәселесі бойынша талқылау кездеуін ұйымдастырды. Оның қайырымдылық қоры Алматы қаласындағы Ботаникалық бақты қайта құру жобасын жүргізуде. Қайта жаңартудан кейін Ботаникалық бақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көрсетілді. Қайта құруға 15 млн АҚШ доллары мөлшерінде қаражат жұмсалды.
2019 жылы Қазақстан теннис федерациясына қалалық әкімдік «Қарағанды орталық саябағынан» теннис орталығын салуға жер бөлді. Осы себепті жұртшылық, тұрғындар және экологиялық белсенділер наразылық толқынын көтерді және бұған жауап ретінде Теннис федерациясы құрылыс орнын ауыстыруға дайындығы туралы мәлімдеме жасады. Нәтижесінде, қала тұрғындары мемлекетке тиесілі саябақ аумағын және ондағы жас ағаштарды сақтап қалды. Теннис орталығы үшін ҚТФ басқа орын табуға бел буды. Инвестициялар көлемі 2,2 млрд теңгені құрайды .
2019 жылы Павлодар қалалық әкімдігі өткізген тендер шеңберінде, «ForteBank» АҚ филиал ғимаратының құрылысы үшін Павлодар қаласындағы «Денсаулық» саябағының жер тілімін уақытша пайдалану (жалдау) құқығын алды. Бұған наразы болған тұрғындар мен экологтар саябақтың жойылуына және құрылыстың салынуына үзілді-кесілді қарсы шықты. Форте Банк заңнама талабымен 1:15 есебінен өтем ретінде жаңа ағаштар отырғызды. Заң талабы бойынша саябақтағы құрылыс мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілген жоқ, тек жұртшылық наразылығынан кейін ғана тыңдауды 16 мамырда өткізу туралы шешім қабылданды. Саябақтың аумағы қоғамдық тыңдаулар өткізілмей қоршалып, 9 сәуірде ағаштарды заңсыз кесу басталды.
2021 жылдың қараша айында Болат Өтемұратов қорының қаражаты есебінен Қызылорда әуежайында жаңа терминалдың құрылысы жарияланды, ол 2024 жылы ашылады, деп кутілүде . 2023 жылғы қыркүйегінде Қосшы қаласында Болат Өтемұратов Қорының есебінен салынған жаңа 1500 орындық мектеп-гимназия есігін ашты. 2025 жылдың наурыз айында Қосшы қаласында тұрғындар спорт секцияларына, музыка сабақтарына және мәдени шараларға қатыса алатын жаңа қоғамдық орталықты пайдалануға беру жоспарлануда. Алматы облысындағы Есек пен Шелекте тағы екі мектеп салынады.
2022-2023 жылдары қор Алматы және Астана қалаларында 36 мектепте «Жасыл мектеп» жобасын іске қосты, онда көкөністер мен шөптерді өсіруге арналған жыл бойына заманауи жылыжайлар орнатылды. Сондай-ақ «Жас лидер академиясы» жобасы Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында н және Шымкент қалаласында іске қосылды, онда 24 мыңнан астам оқушысы көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау және топта жұмыс істеу дағдыларына үйретіледі.
## Марапаттары
* «Құрмет» ордені (2002)
* Тұңғыш Президент Ордені(2007)
* 2-дәрежелі Достық ордені (2014)
* Қызылорда облысының Құрметті азаматы
* Қазақстанда теннисті дамытудағы зор жетістіктері үшін Халықаралық теннис федерациясының және Азия теннис федерациясының мапараттары (2017) [41]
* «Алтын Жүрек» сыйлығының Жылдың қайырымды адамы(2018)
## Отбасы
Әкесі - Жәмит Өтемұратов, Гурьев облыс прокуратурасының жауапты қызметкері.
Жұбайы – Өтемұратова (Байшуақова) Ажар Әбжәмиқызы.Балалары: ұлдары – Әлидар Өтемұратов (1979 жылы туған) және Әнуар Өтемұратов (1983 жылы туған), қызы – Динара (2003 жылы туған).
## Дереккөздер |
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж. 26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж. 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.
## Мемлекеттік құрылысы
Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалистік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалистік республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж. 26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
### Ел басшылары
Коммунистік партияның қырғыз өлкелік комитетінің хатшылары:
## Халқы
Қазақ КСР-ның жергілікті халқы — қазақтар (1970 жылғы санақ бойынша, 4234 мың) болған. Республикада басқа халықтар да тұрған: орыстар (5522 мың), украиндар (933 мың, олар негізінен солтүстік облыстардағы игерілген тың және тыңайған жерлерде, сондай-ақ қалаларда тұрған), татарлар (288 мың), өзбектер (216 мың), белорустар (198 мың), ұйғырлар (121 мың, Іле өзені жоғарғы ағысының бойын мекендеген), корейлер (82 мың, көбінесе Алматы облысы және Қызылорда облыстарында), дүнгендер (17 мың) т. б. халықтар. 1913 жылғымен салыстырғанда, Қазақ КСР халқы 1974 жылға дейін 2,5 есе өскен.
Республика халқы табиғи өсім және өнеркәсіптің қызу қарқынмен өркендеуіне, сондай-ақ тың және тыңайған жерлердің игерілуіне байланысты басқа республикалардан көшіп келген халық есебінен өскен. Халқының табиғи өсімі жағынан (1972 жыл әр мың адамға шаққанда 17,2 адамға өсті) Қазақ КСР басқа одақтас республикалардың көбінің алдында келді (КСРО-да орта есеппен 9,6 адам).
Республика бойынша халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 5,1 адамнан келген. Алайда халықтың орналасуы бірқалыпты емес болған. Қазақ КСР-ның оңтүстігіндегі тау бөктерлерінде, суармалы егіншілік дамыған шұраттардағы кей жерде халықтың тығыздығы 1 км-ге 100 адамнан асқан; сондай-ақ солтүстігінде де біршама жоғары деуге болған: қара топырақты орманды дала және дала өңірінде 1 км²-те 20 адамнан келген. Өнеркәсіп күшті дамыған қалалар мен аудандарда да халық едәуір тығыз орналасқан болатын. Ал Қазақ КСР-ның батыс, орталық; оңтүстік бөліктеріндегі орасан зор көлемді шөл және шөлейт жерлерде, бұған керісінше, халық сирек қоныстанған; бұл өңірлерде халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 1,4-1,8 адамнан аспаған.
1972 ж. республиканың тұрғындарында 4971 мың адам (1940 жылдан 5,4 есе көп), оның ішінде өнеркәсіпте 1095 мың, құрылыста 568 мың, ауыл шаруашылығында 1002 мың, транспорт пен байланыста 588 мың адам жұмыс істеді. Шаруашылықтың барлық саласындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің 48%-і әйелдер болды. Кеңес өкіметі тұсында, социал қоғам құрылысының барысында, қала мен ауыл халқының ара қатынасы өзгерді. Қазақ КСР -да жаңадан 200-ден астам қала және қ. т. поселке пайда болды. Қазан революциясына дейін 50 мыңнан артық халқы бар бірде-бір қала болмаған еді, 1974 ж. мұндай қалалардың саны 27-ге жетті, 100 мыңнан артық халқы бар 16 қала болды, оның ішінде 2 қаланың халқы 500 мыңнан асты (Алматы 813 мың. Қарағанды 559 мың). Орталық Қазақ КСР -да Қарағанды, Теміртау (192 мың), Балқаш (80 мың), Жезқазған (74 мың), Маңғыстауда — Шевненко (89 мың), Солтүстік Қазақ КСР-да —Рудный (105 мың), Ермак, Арқалық, Екібастұз, Оңтүстік Қазақ КСР-да — Қаратау, Кентау, Текелі секілді ірі индустрия орталықтары құрылды. Ескі қалалардың халқы да өсті: Алматыда 1926 ж. 45,4 мың халық тұрса, 1974 ж, 813 мың болған, Шымкентте 284 мың, Семейде 265 мың, Өскеменде 252 мың, Павлодарда 228 мың, Таразда 228 мың, Ақтөбеде 170 мың.
## Қазақ ССР-інің экономикалық жүйесі
Қазақ ССР-інің экономикалық системасының негізін өндіріс құрал-жабдықтарына мемлекеттік және колхоздық-кооперативтік меншік формасындағы социалистік меншік құраған. Сондай-ақ кәсіподақ және өзге қоғамдық ұйымдарының уставтық міндеттерін жүзеге асыруға қажетті мүлік де социалистік меншік болып табылған. Қазақ ССР азаматтарының өзіндік меншігінің негізін еңбекпен тапқан табыстары құраған. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болуын мемлекет қорған отырған.
Колхоздардың және басқа кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің уставтық міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті өндіріс құрал-жабдықтары, өзге де мүлкі сол ұйымның меншігі болып табылған. Колхоздардың алып отырған жері олардың тегін және мерзімсіз пайдалануына бектіліп берілген. |
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.
* Ұлттық мерекелер — Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
* Мемлекеттiк мерекелер — қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
* Кәсiби және өзге де мерекелер — ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.
Ұлттық және мемлекеттік мерекелiк даталар тiзбесiн «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заң, кәсіби мерекелік даталарды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы белгiлейдi.
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
## Түсініктемелер |
Ақалтеке жылқысы(түрікм: Ahal-teke aty) — түрікмен халқының арғымақ түрі.
Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.
Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары [дереккөзі?]. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.
Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Түркістан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент).
## Тарихы
Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220—40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында — теке, жәуміт руында — жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты.
Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған.
Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен.
Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады.
## Түрікмен жүйрік аттарының күні
Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашқабатта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары мен емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған.
## Өрбітуі
КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т.б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады.
Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған.
## Қызық деректер
Табиғи сұлу қалпымен қатар, ақалтеке жылқысы барынша төзімді де болып келеді. 1935 жылы түрікменнің 30 жігіті оның төзімділігіне, ерекше қасиетіне әлем назарын аудару үшін Ашғабттан Мәскеуге атпен сапар шеккен. Бұл сол кездегі КСРО деңгейінде тараған ерекше шаралардың бірі болыпты. Жорыққа қатысқан жігіттердің бәріне орден беріліп, бір-бір құсмылтық сыйға тартылған екен.
## Сыртқы сілтемелер
* Федерация конного спорта Казахстана: конный спорт в Казахстане(қолжетпейтін сілтеме) — ахалтекинская порода (орысша)
* Қазақстандағы ақалтеке өсіретін шаруашылықтар(қолжетпейтін сілтеме) (орысша)
* Akhal Teke Horses Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2008 жылы. — тарихы (ағылш.)
## Дереккөздер |
Ақалтеке жылқысы(түрікм: Ahal-teke aty) — түрікмен халқының арғымақ түрі.
Оны түркімендер орынды мақтаныш етеді. Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын сыйда арғымақтар паңдықтың, тектіліктің нышанындай.
Шыққан жері — Түрікменстанның Ахал шұраты және Өзбекстанның Ферғана аңғары [дереккөзі?]. Ақалтеке сымбатты, жүйрік (ұшқырлығы 1000 метрге І мин 06 сек., 2000 метрге 2 мин.22 сек), ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайды. Шоқтығына дейінгі биікт. 154 — 157 см, тұрқы 154 — 158 см, кеуде орамы 167 — 173 см, жіліншігінің орамы 18-19 см.
Аяғы ұзын әрі жіңішке, сіңірлі, терісі жұқа, түсі жылтыр, басы жеңіл, мойыны ұзын, аяқ алысы әсем келеді. Кейде теке танаулысы да ұшырасады. Еуропаның көптеген елдерінде Ақалтеке жылқылары жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді. Ақалтеке тұқымынан араб, таза қанды ағылшын, қарабақ т.б. жылқы тұқымдары алынған. Қазақстанда Жамбыл облысының “Луговой”, Алматы облысының “Дегерес”, Түркістан облысының “Ақтас” жылқы совхоздарында өсіріледі (қ. Абсент).
## Тарихы
Бұл тұқымды қазіргі кезде өте ертеде шыққан деп дәлелдеушілер көп. Бірақ, кеңес заманындағы ғалымдар оның 1220—40 жж. Каспий жағасында көшіп-қонып жүрген түркімен тайпаларында түзіліп шыққанын дәлелдеген. Соның ішінде теке руында — теке, жәуміт руында — жәуміт тұқымы түзілген. Сөйтіп, арғымақтардың жалпы атауы алдымен «теке-жәуміт» атаныпты.
Кейін түркімендер Ақал оазисіне келіп қоныстанған. Осы сәттен асыл тұқымды жылқылар «ақалтеке» атаныпты. Ағылшынның таза қанды мініскер жылқысы осы тұқымнан алынған.
Өз билігі өзінде болмай, бөтен елдің боданы болып отырған 19 ғ. ғасырдың аяғында жаппай тасып әкетудің салдарынан ақалтеке тұқымы саны мен сапасын жоғалта бастайды. Сонда басқа жылқылармен қаны араласпаған айғырлар ұстап қалған дана ақсақалдар ауыл-ауылды өздері аралап жүріп, ақалтекенің тұқымын таратқан екен.
Олардың Бойноу, Мелекуш, Бекназар-қара, Бекназар-ала атты айғырларының есімдері де қазіргі ақалтекенің тарихында ерекше құрметпен аталады.
## Түрікмен жүйрік аттарының күні
Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашқабатта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары мен емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған.
## Өрбітуі
КСРО аумағында өмірге келген Дон жылқысы, Қарабайыр, Қарабақ, Орлов желгіштері, т.б. арғы бастауын осы ақалтекеден алады. Бүкіл еуропалықтар өз жылқысын асылдандыру үшін осы түрікмен жылқысын пайдаланады.
Қазір ақалтекені сыртқа сатпайды. Жылқы зауыттарында оның санын барынша көбейту жұмыстары қолға алынған. Түркімендердің оны қатты құрметтейтіні соншалық, тіпті мемлекеттік елтаңбасына да Янардак деген бірінің суретін салып қойған.
## Қызық деректер
Табиғи сұлу қалпымен қатар, ақалтеке жылқысы барынша төзімді де болып келеді. 1935 жылы түрікменнің 30 жігіті оның төзімділігіне, ерекше қасиетіне әлем назарын аудару үшін Ашғабттан Мәскеуге атпен сапар шеккен. Бұл сол кездегі КСРО деңгейінде тараған ерекше шаралардың бірі болыпты. Жорыққа қатысқан жігіттердің бәріне орден беріліп, бір-бір құсмылтық сыйға тартылған екен.
## Сыртқы сілтемелер
* Федерация конного спорта Казахстана: конный спорт в Казахстане(қолжетпейтін сілтеме) — ахалтекинская порода (орысша)
* Қазақстандағы ақалтеке өсіретін шаруашылықтар(қолжетпейтін сілтеме) (орысша)
* Akhal Teke Horses Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2008 жылы. — тарихы (ағылш.)
## Дереккөздер |
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
## Міндеттері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша:Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша:Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
### Бейбiт кезеңде
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
* әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
* әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
* маңызды әскери нысандарды күзету;
* елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
* халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
## Әскери доктринасы
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
* 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
* Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
## Өңірлік қолбасшылықтар
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
### «Астана» өңірлік қолбасшылығы
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Астана» ӨҚ кіреді:
* 7-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 31775 ә/б) — Қарағанды
* арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас е.м.
* 401-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (401-ші забр немесе 06708 ә/б) — Приозёрск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды)
* 402-ші ракетивті артиллериялық бригада (402-ші реабр) — Приозёрск
* 403-ші танк бұзар артиллериялық бригада (403-ші тбабр немесе 70417 ә/б) — Приозёрск
* Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск
* Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозёрск
### «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» ӨҚ кіреді:
* 3-жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (3-жгмехбр немесе 40398 ә/б) — Үшарал;
* 4-механикаландырылған бригадасы (4-жмехбр немесе 27943 ә/б) — Өскемен;
* 8-жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей;
* 11-танк бригадасы (11-тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз;
* 34-артиллерия бригадасы (34-абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал;
* 101-ракеталық бригада (101-рбр немесе 36803 ә/б) — Семей;
* 102-ракетивті артиллериялық бригада (402-реабр немесе 16752 ә/б) — Семей;
* 103-зеңбіректі артиллериялық бригада (103-забр немесе 28738 ә/б) — Семей;
* жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей;
* жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей.
### «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді:
* 100-ші артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе;
* жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе;
* 390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды);
* жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау;
* жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.
### «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» ӨҚ кіреді:
* 5-ші тау атқыштар бригадасы (5-ші табр немесе 85395 ә/б) — Тараз;жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а.жеке танк батальоны — Луговой а.жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а.жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а.
* жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а.
* жеке танк батальоны — Луговой а.
* жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а.
* жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а.
* 6-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент;
* жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы а.
* 40-шы әскери базасы Гвардейский кенті;12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б)
* 12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)
* 54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)
* 23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)
* Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б)
* 221-ші жеке байланыс бригадасы (221-ші жббр немесе 28903 ә/б) — Тараз;
* 232-ші инженерлік-саперлік бригада (232-ші исбр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай.
## Ағымдық қару-жарағы
### Құрлық күштері
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:
* Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар
* КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары
* Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б
## Артиллерия
Сүйретілетін артилерия
*
*
Жылжымалы зеңбіректер
*
*
Дүркін артиллерия
Тактикалық зымыран кешендері
### Әуе қорғанысы күштері
Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.
Мақсаттары:
* Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету
* Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету
## Басшылық
* Әлібек Хамитұлы Қасымов (1992 — 1995) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Николай Дмитриевич Толмачев (1995 — 1996) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (1996 — 1997) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Бақытжан Ертайұлы Ертаев (1997 — 2000) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (2001 — 2003) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Болат Керімжанұлы Дарбеков (2003 — 2007) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
* Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (2007 — 2010) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
* Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (2010 — 2016) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, 2013 жылдан бастап — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мұрат Жәлелұлы Майкеев (2016 — 2019) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (2019 — 2021) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Марат Рахымұлы Құсайынов (2021 — 2024) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (2024 жылдан бастап) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қарулы Күштер Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы.
* Photogallery of kazakhi army
* Kazakh armored forces parade (video) Мұрағатталған 11 тамыздың 2023 жылы.
* Military drill in Kazakhstan (video)
* Biz Türküz (Turkish union)
* Kazakhstan army (video)
* Kazakh - Turkish Brothers Storm
* Kazakh army (!NO PASARAN!)
* Kazakhstan Special Forces & Republic Guard (video)
* Kazakhstan Special Forces (video) Мұрағатталған 3 маусымның 2010 жылы.
* Kazakh army, navy & air forces (video) Мұрағатталған 1 маусымның 2010 жылы.
* Kazakh Airborne (video) |
Тәуелсіздік маршы (түр. İstiklâl Marşı) — Түрік Республикасының және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұлттық әнұраны.
1923 ж. қазанның 29 Түрік Республикасының жариялану алдынан екі жыл бұрын 1921 ж. наурыздың 12 қабылданған.
Сөзі: Ахмет Акиф Ерсой (Mehmet Akif Ersoy, 1922),Әні: Осман Зеки Үнгөр (Osman Zeki Üngör, 1924).
## Қазақша аудармасы
## Тыңдаңыз
## Сыртқы сілтемелер
* Notes: for guitar: [1]; original in PDF format: [2]
* Vocal of "İstiklâl Marşı" in Ogg Vorbis Мұрағатталған 23 шілденің 2011 жылы.
* History of Turkish national anthem Мұрағатталған 26 наурыздың 2005 жылы. |
Тәуелсіздік маршы (түр. İstiklâl Marşı) — Түрік Республикасының және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының ұлттық әнұраны.
1923 ж. қазанның 29 Түрік Республикасының жариялану алдынан екі жыл бұрын 1921 ж. наурыздың 12 қабылданған.
Сөзі: Ахмет Акиф Ерсой (Mehmet Akif Ersoy, 1922),Әні: Осман Зеки Үнгөр (Osman Zeki Üngör, 1924).
## Қазақша аудармасы
## Тыңдаңыз
## Сыртқы сілтемелер
* Notes: for guitar: [1]; original in PDF format: [2]
* Vocal of "İstiklâl Marşı" in Ogg Vorbis Мұрағатталған 23 шілденің 2011 жылы.
* History of Turkish national anthem Мұрағатталған 26 наурыздың 2005 жылы. |
Махамбет — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, аудан және Махамбет ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Атырау қаласынан солтүстікке қарай 68 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан. .
## Тарихы
Негізі 1928 жылы қаланған. 1963 жылға дейін “Жаманқала (Яманка)" деп аталып, Бақсай ауданының орталығы болып келді. 1963 жылы Бақсай мен Есбол аудандары біріктірілгеннен кейін, Махамбет ауданының орталығы болды. Қазіргі атауы Махамбет Өтемісұлы құрметіне берілген. Ауылда 3 орта мектеп, арнайы мектеп-интернат, 5 балабақша бар.
## Халқы
1989 жылы елді мекенде 7123 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 6685 адам (3191 ер адам және 3494 әйел адам) болса, 2009 жылы 8012 адамды (3854 ер адам және 4158 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10685 адамды (5260 ер адам және 5425 әйел адам) құрады.
## Мәдени-әлеуметтік мекемелері
### Мектептер
* Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі – Жаманқала орта мектебі болып 1938 жылы құрылды. 1985 жылы жаңа мектеп үйіне көшірілді. 1999-2000 оқу жылынан бастап білім ордасына мектеп түлегі, профессор Есенбай Ағелеуов есімі берілді.
* Дүйсенғали Төленов атындағы орта мектеп — 1938-1940 жылдары салынған. 1940-1949 жылдары Жаманқала балалар үйі, 1950-1960 жылдары пансионат болып, 1960-1961 оқу жылынан бастап Махамбет мектеп-интернаты болып құрылған. 1990-1992 жылдары мектеп-интернат жабылып, сол кездегі аудан әкімі Қ.Сирановтың шешімімен мектеп болып ашылған. 1993 жылы мектеп-гимназия статусын алып, 2000 жылдың 29 қаңтарында аталмыш оқу орнына бірнеше жыл директор болған Дүйсенғали Төленов есімі берілген. 2023 жылы 1 қыркүйекте мектептің 600 орындық жаңа оқу корпусы 300 орындық интернатымен бірге пайдалануға берілді.
* Оңай Шонаев атындағы орта мектеп — 1972 жылы 350 орынға арнап сегізжылдық мектеп ретінде салынып, батыр Оңай Шонаевтың есімі берілген. 1982 жылдан бері жалпы орта мектеп.
* Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты – 1974 ж. мектеп-интернат іргетасы салынды. Сол жылы Новобогат ауданы Сағыз станциясынан облыстық ақыл-есінде ауытқушылығы бар балалар мектебі Махамбет ауданына көшіп, орналасты.
* З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі – өз жұмысын 1973 жылы бастаған.
### Мектепке дейінгі білім
* "Алтын балық" бөбекжай-бақшасы — № 1 балабақша болып 1954 жылдан бастап жұмыс жасаған. 1980 жылы № 1 балабақша жаңа типтік жобамен салынған 140 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Балабақшаға "Алтын балық" атауы осы жылдан бастап берілген.
* "Жауқазын" бөбекжай-бақшасы – 1969 жылы 14 тамызда құрылған. 2000 жылы мектеп ғимараты бейімделіп, балабақша орнына берілген. Сыйымдылығы - 140 орын.
* "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы
* "Шолпан" бөбекжай-бақшасы – балабақша ғимаратының негізі 1973 жылы қаланған. 2014 жылғы қараша айында балабақша күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді.
* "Алтын-Ай" бөбекжай-бақшасы – 2014 жылы 9 қазан күні салынып берілген. Бөбекжай 280 орындық типтік жобамен салынған.
* "Нұршуақ" бөбекжай-бақшасы – 2016 жылы маусымнан бері жұмыс жасайды. Сыйымдылығы - 280 орын.
### Мәдени және спорт мекемелері
* Махамбет тарихи-өлкетану мұражайы — 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Орталық алаңда ашылған.
* Өнерпаз аудандық мәдениет үйі
* Махамбет аудандық орталық кітапханасы
* Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — алғаш 1969 жылы 12 тамызда ашылған. 2003 жылы жаңа ғимараты пайдалануға берілді.
* Спорт кешені — 2022 жылы мамырда ашылды. Сыйымдылығы 160 орындық.
### Денсаулық сақтау
* Махамбет аудандық орталық ауруханасы – 2001 жылы жаңа екіқабатты ғимараты пайдалануға берілген.
* Аудандық емхана – 2010 жылы желтоқсан айында ашылған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген үш қабатты емхана күніне 250 адамға қызмет көрсете алады.
## Инфрақұрылымы
Сүт зауыты, Төменгі Жайық суландыру жүйесінің басқармасы, Нарын көгалдандыру-мелиорациялық стансасы, "Агротехника" өндірістік кооперативі бар. Махамбет ауылы арқылы Атырау - Орал электр желісі мен Атырау - Индербор - Самара мұнай құбыры өтеді. 2018 жылы жаңа көпір ашылды.
## Діни ұйымдар қызметі
* «Исатай-Махамбет» мешіті — 2003 жылы ашылған. Ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, жалпы көлемі 80 шаршы метр. Биіктігі 22 метрлік бір мұнаралы, биіктігі 4 метрлік бір күмбезді. Ғимаратқа 150 шырағы бар аспалы шам ілінген. Мұнда бір мезгілде 130 ер және 30 әйел намаз оқи алады.
## Ауыл суреттері
## Дереккөздер |
Иса (ивр. ישוע; Құранда — Иса Мәриямұлы Мәсіх (араб.: المسيح عيسى ابن مريم); Библияда – Иисус Христос (гр. Iησοũς Χριστός)) — христиан діні бойынша, құдай-адам, қасиетті үштіктегі құдайдың ұлы, ал ислам діні бойынша, Мұхаммедтің алдында Израиль ұрпақтарына жіберілген Құдайдың елшісі, пайғамбар. Оның пайғамбарлық дәрежесі христиандықта, исламда, баһаиде және бабиде мойындалады.
Иса — Құранда аты аталған 25 пайғамбардың бірі. Оның есімі Құранда 25 рет аталады. Иса пайғамбардың жарық дүниеге келуінің өзі керемет болған, яғни Алла Тағала оны керемет ретінде әкесіз, яғни ер адамның қатысынсыз әйел затынан ғана жаратты.
## Тууы
### Исламда
Анасы – хазіреті Мәриям. Ол күллі жаһанды билеген, аң-құстардың тілін білген патша-пайғамбар хазіреті Сүлейменнің тікелей ұрпағы. Ол сондай пәк, таза әрі өте тақуа жан еді. Анасы Мәриямды дүниеге әкелмей тұрып-ақ: «Уа, Раббым! Шынын-да мен құрсағымдағы баламды дүниелік істерден толық босатып, басыбайлы етіп бір Өзіңнің жолыңа атадым. (Осы нәзірімді) менен қабыл еткейсің! Расында Сен бәрін естуші, шексіз ілім Иесісің», – деп нәзір етіп, Алланың жолына атаған болатын. Сөйтіп хазреті Мәриям бала күнінен қасиетті ғибадатханада қызмет етіп, онда Зәкәрия пайғамбардан жақсы тағылым, өнегелі тәлім-тәрбие алып, иләһи ілімнің қайнарынан сусындап өсті. Бой жеткен шағында ел-жұрттан оқшауланып ғибадатхананың бір бұрышында күні-түні Раббысына құлшылық етуді әдетке айналдырды. Күндердің күнінде Алла Тағала оған Жәбірейіл періштені өте келісті де, нұрлы адам бейнесінде: «Ұл табасың», – деген сүйінші хабармен жіберді. Сөйтіп хазіреті Мәриям Алланың қалауымен және құдіретімен Иса пайғамбарға жүкті болды.
Міне, осынау ғибратты оқиға қасиетті Құранның Мәриям сүресінде былай баяндалады:
### Христиандықта
Сондай-ақ Болмыс кітабында. 3:15 жыланды жеңетін әйелдің ұрпағы туралы айтылады; бұл пәк туылу арқылы туылатын Мәсіхтің келуі туралы айтатын бірінші орын деп саналады.
Иса Мәсіхтің туылуы туралы егжей-тегжейлі мәліметті евангелист Матай (Матай 1:18-25) мен Лұқа ғана береді:
Императордың жарлығы бойынша, санақ жүргізуді жеңілдету үшін империяның әрбір тұрғыны өз руының шежіресі бойынша «өз қаласына» келуі керек еді. Жүсіп Дәуіттің ұрпағы болғандықтан және Мәриям Жүсіпке құда болғандықтан, олар Бетлехемге бет алды.
Иса туылғаннан кейін, оған ғибадат етуге келгендердің ішінде бірінші болып бақташылар періштенің пайда болуы арқылы бұл оқиға туралы хабардар болды.
Евангелист Матайдың айтуынша, аспанда ғажайып жұлдыз пайда болды, ол Магилерді нәресте Исаға алып келді. Олар сыйлықтар ұсынды - алтын, ладан және мирра; сәби ретінде емес, Патша ретінде (Матай 2:1-3). Осы уақытқа дейін Қасиетті отбасы «үйде» баспана тапты (екі жыл өткеннен кейін олар Назаретке қайтып оралған болуы мүмкін) және «бала» сөзі грек тілінде Исаға қатысты қолданылған. нәресте (Матай 2: 1-11).
Мәсіхтің дүниеге келгенін магиялардан біліп, оны құртқысы келген Яһудея патшасы Ирод екі жасқа дейінгі барлық нәрестелерді өлтіруді бұйырды. Алайда Мәсіх керемет түрде өлімнен құтқарылды, өйткені періште Жүсіпке отбасымен бірге Мысырға қашуды бұйырды, олар Ирод қайтыс болғанға дейін сонда тұрды (Матай 2:16).
Шамасы, алдымен Иса туылғаннан кейін 8-ші күні сүндеттелді (Лұқа 2:21), ал 40-шы күні Иерусалимдегі ғибадатханада құрбандық шалды (Лұқа 2:22-38), содан кейін ғана шамамен екі жылдан кейін магилерге табыну, содан кейін Мысырға ұшу, нәрестелерді қыру.
## Пайғамбарлық келуі
Алла Тағала Мәриямұлы Исаға отыз жасында киелі төрт кітаптың бірі Інжілді түсіріп, оны Израиль ұрпақтарына ақырғы пайғамбар етіп жіберді. Исаның пайғамбар ретінде бір Аллаға сенуге шақырғаны Құранның Мәида сүресінде айтылады:
Бір деректе хазіреті Исаға бар-жоғы он екі-ақ адамның ергені айтылады. Құранда олар «хауарилер» деп аталған. Хауари сөзі «ақ», «ізгі» және «адал дос» деген мағыналарға саяды. Иса пайғамбардың хауарилері оған шын берілген аса сенімді әрі иманы берік жандар еді. Хақ пайғамбар оларды жан-жаққа жіберіп халықты хақ дінге шақырып отырған. Иса мен оның хауарилері арасында бір әңгіме Құранның Мәида сүресінде баяндалды:
Бір деректе дастарқанның түскен күні жексенбі күні еді делінген. Кейіннен христиандар осы күнді мереке күні етіп жариялайды. Иса пайғамбардан кейін оның дінін әу баста осы хауарилер уағыздады. Алайда уақыт өте келе бұл діннің негізгі қағидалары кейінгі ұрпақтың қолымен барынша бұрмаланып, қатты өзгеріске ұшырады.
## Мінез-құлқы
Мәриямұлы Исаның түр-тұлғасы жайлы Құранда еш нәрсе айтылмаған. Оның түр-тұлғасы әрі мінез-құлқы жайлы мәліметтер бізге Мұхаммед пайғамбардың хадистері арқылы жеткен. Онда Иса пайғамбар Мұхаммед пайғамбар секілді толық та емес, тым арық та емес, қысқа да емес, тым ұзын да емес орта бойлы, кең иықты, мығым денелі болғандығы айтылған. Сондай-ақ, оның көз-қарасы өткір болған. Шашы да Мұхаммедтің шашына ұқсаған тым қысқа да, өте бұйра да емес, тым ұзын да, өте жұмсақ та емес, сәл ғана бұйрасы бар, ұзындығы құлағының сырғалығын жауып тұратындай өте келісті болған. Саусақтары салалы еді. Өңі қызыл шырайлы аққұба, сондай келісті жан еді делінген. Ал оның басқа да қасиеттеріне келсек, Құранның Әли Имран сүресінде былай делінеді:
## Кереметтері
Ал кереметтері жайлы айтатын болсақ, негізі Мәриямұлы Исаның өмірге келуі де, көкке көтерілуі де керемет. Ол өзінің хақ пайғамбар екенін дәлелдеу үшін қауымына көптеген кереметтер көрсетті. Құранның Бақара сүресінде бұл жайлы былай айтылады:
Мысалы, ол балшықтан құс жасап, сосын оған Алланың рұқсатымен дем үрлеп жан бітіретін. Сондай-ақ, оның заманы медицинаның өте күшті дамыған шағы еді. Ол өз заманындағы дамыған медицинаның шамасы келмеген дерттерге шалдыққан жандарды дертінен құлан таза айықтыра білді. Атап айтқанда, тумысынан зағип жандардың көзін ашатын. Алапестерді бір сипағаннан-ақ емдеп жазатын. Тіпті, Алланың қалауымен өлген адамның өзін қайта тірілтетін. Сондай-ақ, ол адамдарға ғайыптан хабар беретін. Адамдардың үйлерінде не ішіп, не жеп жүргендерін және жиған-терген мал-дүниелерін өз көзімен көргендей дөп басып айтып беретін болған.
## Көкке көтерілуі
Мәриямұлы Иса Исрайыл ұрпақтарын үш жыл қатарынан ақиқатқа шақырып, хақ дінге үндегенде, оған бар болғаны ат төбеліндей бір топ адам ғана иман келтірді. Сондықтан да Исрайыл ұрпақтарының ішінде оның досынан дұшпаны әлдеқайда көп болды. Ақиқатқа жаны қас арам пиғылды дұшпандары оған үнемі қастандық жасаудың айла-амалын іздеді. Олар өздерінің арам пиғылдарын жүзеге асыру үшін Иса Мәсіхтің басына дүние тігіп, тұс-тұстан іздеу салғанда, хауарилердің бірі екіжүзділік танытып оны сатып кетті. Ол: «Ұстап бергенім үшін мұншама мал-пұл бересіңдер»,– деп, ақшасын алған соң, оларды пайғамбар отырған үйге бастап келеді. Есікті ашып: «Іздеген Исаларың осында»,– деп, босағадан бірінші болып аттап ішке кіреді. Иса олардың келетінін Хақ Тағаланың өзіне берген аяны арқылы алдын-ала білген-ді. Сол себепті ол дұға оқып Раббысына жалбарынып отырды. Раббысы оның дұғасын қабыл етіп: «Уа, Иса! Шүбәсіз сені бақиға аттандыратын олар емес, мына Менмін. Сені (жан-тәніңмен) Өз құзырыма көтеріп әкетемін және сені күпірлік қылғандардан құтқарып, пәк екеніңді айқындаймын. Сондай-ақ, қиямет-қайымға дейін соңыңнан ергендерді күпірлік қылғандардан үстем етемін. Содан кейін барлығың Маған қайтасыңдар. Сол кезде пәниде бір-біріңмен таласып-тартысқан мәселелеріңе қатысты араларыңда билік айтып, үкім шығарамын»,– дейді.
Әлгі екіжүзді ішке кіргенде, Жәбірейіл періште пайғамбарды өзімен бірге көкке көтеріп әкетеді де, әлгі сатқын Алла Тағаланың құдіретімен Иса пайғамбардың бейнесіне еніп, одан аумай қалады. Сөйтіп қандықол жауыздар үйге кіріп Исаның өзін емес, әлгі екіжүзді сатқынды бас салып ұстап әкетеді. Сонда ол жан дауысы шыға: «Мен Иса емеспін, мен сіздерді бастап келген адаммын ғой!»,– деп қанша жерден ақталса да, оның сөзіне ешкім құлақ аспайды. Осылайша олардың айқышқа керіп, әбден азаптап өлтірдік дегендері анығында Иса пайғамбар емес, оның бейнесіне енген екіжүзді сатқын еді.
Кейбір деректерде бұл екіжүздінің аты Яһуда, ал басқа деректерде Тайтанос еді. Олар Тайтаносты айқыш ағашқа керіп байлап өлтіргелі жатқанда, ол соңғы сөзін айтып: «Маған сенбесеңдер, қалтамды қараңдар. Берген ақшаларыңды көресіңдер»,– деп жалынады. Қандары қарайған топ оның сөзін елемейді де. Алайда, әбден қинап өлтіргеннен кейін, қалтасын қарағанда, расында да, өздерінің ұстатқан ақшаларын көріп қатты таңғалады. Сол кезде ғана істің мән-жайы-ның басқаша болғанын аңғарады. Дереу Тайтаносты іздей бастайды. «Ең алдымен үйге сол бастап кірді. Біз үйді тінтіп шыққанда, Исадан өзге ешкімді көрмедік. Егер ол анық Иса болғанда, бізге оны ұстап берген Тайтанос қайда кетті? Ал бұл Тайтанос болса, онда Иса қайда кетті? Ақша дар ағашына шегелеп өлтірген адамның қалтасынан шыққанына қа-рағанда ол Иса болмағаны ма? Сонда ол көкке ұшып кетті ме?», – деп, бастары қатады.
Құранның Ниса сүресінде бұл оқиға былай баяндалады:
Иса пайғамбардың дүниеге әкесіз келуі қандай таңғажайып болса, оның жан-тәнімен көкке көтерілуі де дәл сондай керемет. Мұсылмандардың сенімі бойынша көкке көтерілген пайғамбар күндердің күнінде Хақ тағаланың қалауымен жерге түсіп, жер-жаһанда бұрын-соңды болмаған лаң салып, бүлік шығарған бұзғыншы Дәжжәлге қарсы тұрып, тойтарыс береді. Бұған қоса бұзылған христиандарды тура жолға салады. Шоқынған айқыштарын сындырып, доңыз етін жеуге тыйым салып, оларды иманға, хақ дінге келтіреді. Бұл жайлы біраз сахих хадистер бар.
## Інжіл
Алла Тағала Исрайыл ұрпақтарына жіберген соңғы елшісі Мәриямұлы Исаға Інжілді түсірді. Інжіл де әу баста ақиқатты жар салып, Исрайыл ұрпақтарын тура жолға үндеген иләһи кітап болатын. Алайда ол да Тәурат сияқты уақыт өте келе адам баласының қолымен бұрмаланып, көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұған дәлел бүгінгі таңдағы христиандардың қолындағы Інжілдің алуан түрлі болып, бір-біріне ұқсамайтындығы.
Құранда сол әуелгі саф Інжілдің мынадай бес түрлі ерекшелігі баяндалған:
* Ол тура жолдың қайнар көзі болған. Інжіл түскен шақта Исрайыл ұрпақтарының арасында ақида-сенім мәселесінде адасушылықтар, ауытқушылықтар көп кездесетін. Сондықтан да қасиетті Інжіл нағыз хақ сенімнің негізгі қағидаларын қамтыды;
* Інжіл тұнып тұрған нұр еді. Өйткені ол адамдарды қараңғы зұлматтардан жарыққа шығарып, жүректерді иман нұрымен нұрландыратын;
* Інжіл өзіне дейінгі иләһи кітаптарды, соның ішінде Тәуратты растады;
* Інжіл күллі адамзатқа жіберілетін Алланың ақырғы елшісі хазіреті Мұхаммедтің келетінін сүйіншіледі;
* Сондай-ақ, Інжіл тақуа жандарға насихатшы болды, онда адамдар үшін көптеген насихаттар мен өнегелер бар еді.
## Дәрежесі
Құранның Ниса сүресінде Исаның дәрежесі жайлы былай айтылады:
## Дереккөздер |
1986 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 1986 жылы, II мыңжылдықтың 986-жылы, XX ғасырдың 86-жылы, 20 ғасырдың 9-онжылдығының 6-жылы, 1980 жылдардың 7-жылы болып табылады.
## Оқиғалар
### Қаңтар
* 13-24 қаңтар - Оңтүстік Йемендегі төңкеріс әрекеті .
### Ақпан
* 3 ақпан - Джон Лассетер Стив Джобспен бірге Pixar құрды.
* 19 ақпан - Кеңес Одағы "Мир" ғарыш станциясын ұшырды.
* АҚШ Сенаты геноцидке тыйым салатын келісімді мақұлдады.
* 27 ақпан - АҚШ Сенаты өзінің пікірталастарын теледидардан эксперименталды түрде таратуға мүмкіндік берді.
* 28 ақпан - Швеция премьер-министрі Олоф Пальме Швецияның Стокгольм қаласындағы кинотеатрдан үйге бара жатқанда атып өлтірілді .
### Наурыз
* 14 наурыз - Microsoft корпорациясы алғашқы орналастыруды жүзеге асырады.
* 26 наурыз - The New York Times газетіндегі мақала БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы және Аустрия Президенттігінің кандидаты Курт Вальдхаймды екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің әскери қылмыстарына қатысы бар деп айыптады.
### Сәуір
* 1 сәуір - Непал Коммунистік партиясының мүшелері Катмандудағы бірқатар полиция бөлімшелеріне шабуыл жасап , халықтық көтеріліс тудыруға тырысты.
* 16 сәуір - Ұлыбритания мен Нидерланды Корольдігі адамзат тарихындағы ең ұзақ соғыстардың бірі - үш жүз отыз бес жылдық соғысты аяқтап, бейбітшілік келісіміне қол қойды.
* 26 сәуір - Чернобыль апаты болды.
### Мамыр
* 2 мамыр - Expo 86, 1986 жылғы дүниежүзілік көлік және байланыс көрмесі, Ванкуверде, Британдық Колумбияда, Канадада ашылды.
* 25 мамыр - Аштық пен баспанасыздықпен күресіп ақша жинау үшін Нью-Йорктен Лонг-Бичке (Калифорния) дейін кем дегенде 5 000 000 адам тірі тізбекті құрады.
### Маусым
* 8 маусым - БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Курт Вальдхайм Аустрия президенті болып сайланды.
* 23 маусым - Эрик Томас электрондық пошта тізімдерін басқаруға арналған алғашқы бағдарламалық жасақтама LISTSERV әзірледі.
### Шілде
* 4 шілде - Бостандық мүсіні өзінің жүз жылдық мерейтойы мен ауқымды қайта құрудан кейін жұртшылық үшін қайта ашылды.
### Тамыз
* 21 тамыз - Камерунда 2000-ға жуық адамның өмірін қиған лимникалық атқылау Ньос көлінде апат болды.
### Қыркүйек
* 6 қыркүйек - Big Mac индексі The Economist газетінде сатып алу қабілетінің паритетінің жартылай әзіл-қалжың халықаралық көрсеткіші ретінде ұсынылды .
### Қазан
* 11-12 қазан - Рональд Рейган мен Кеңес басшысы Михаил Горбачев Исландияның Рейкьявик қаласында кездесіп , Еуропадағы сәтсіздікпен аяқталатын аралық зымыран арсеналдарын қысқарту туралы пікірталастарды жалғастырды.
### Қараша
* 6 қараша - Алекс Фергюсон Манчестер Юнайтедтің жаңа жаттықтырушысы болып тағайындалды .
### Желтоқсан
* 17-18 желтоқсан - Үкіметке қарсы жаппай наразылықтар бүкіл Қазақ КСР-по өршіп, нәтижесінде 165-тен астам наразылық білдіруші қаза тапты.
* 31 желтоқсан - Пуэрто-Рикодағы Сан-Хуан қаласындағы қонақүйдегі өрт 97 адамның өмірін қиып, 140 адамды жарақаттады.
## Туғандар
Тағы қараңыз: Санат:1986 жылы туғандар
## Қайтыс болғандар
Тағы қараңыз: Санат:1986 жылы қайтыс болғандар
## Тағы қараңыз
## Түсініктемелер |
## Онжылдықтар және жылдар
## Онжылдықтар және жылдар |
* Тайыр Аймұхамедұлы Мансұров
* Фуат Шәкірұлы Мансұров |
1916 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның алтыншы күні, яғни сенбіде басталады. Кібісе жыл.
Бұл біздің заманымыздың 1916 жылы, II мыңжылдықтың 916-жылы, XX ғасырдың 16-жылы, 20 ғасырдың 2-онжылдығының 6-жылы, 1910 жылдардың 7-жылы болып табылады.
## Оқиғалар
* 1916 ж. Эйнштейн кеңістіктің, уақыттың және тартылыс күштерінің физикалық теориясы – жалпы салыстырмалық теорияны тұжырымдады. Бұл теория тартылыс теориясының жаңа кезеңінің басталуы болды.
## Туғандар
Тағы қара: Санат:1916 жылы туғандар
## Қайтыс болғандар
Тағы қара: Санат:1916 жылы қайтыс болғандар
## Тағы қараңыз
1916 жыл (поэмасы)
## Түсініктемелер |
Ху Цзиньтао, Hu Jіntao (21.12.1942 ж. т., Аньхуэй провинциясы, Чжиши қ.) — саяси қайраткер, 2003 - 2013 жылдар арасында Қытай Халық Республикасының төрағасы. Пекиндегі Цинхуа университетін бітірген (1964). 1964 — 68 ж. осы университетте ғылыми жұмыспен айналысты. 1968 — 82 ж. Су шығару және электр энергетика министірлігінде, Ганьсу провинциясындағы құрылыс комитетінде жауапты жұмыстарда болды. 1982 — 88 ж. Қытай Коммунистік жастар одағы ОК-нің хатшысы, 1-хатшысы, Бүкіл мемлекеттік жастар бірлестігінің төрағасы, Гуйчжоу провинциясы партия комитетінің хатшысы, 1988 — 92 ж. Тибет автономисы аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. ҚКП ОК Саяси бюросының тұрақты омитетінің мүшесі, орталық хатшылық басқармасының хатшысы (1992 — 2002), Орталық партия мектебінің ректоры (1993 — 2002), ҚХР төрағасының орынбасары (1998 — 2002), ҚХР және ҚКП ОК Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары (1999 — 2002) болды. Ху Цзиньтао 2002 жылдан ҚКП ОК-нің Бас хатшысы, 2003 жылдан ҚХР төрағасы, 2004 жылдан ҚКП ОК Орталық әскери кеңесінің төрағасы, 2005 жылдан ҚХР Орталық әскери кеңесінің төрағасынің төрағасы. Ол өзіне дейінгі басшылардың саяси бағдарын дамыту негізінде Қытайда жарасымды қоғам құру саясатын жүргізуде. Мемлекет басшысы ретінде бірнеше рет Қазақстанда ресми сапармен болып қайтты. 2022 жылдың 22 қазанында Коммунистік партияның кезектен тыс жиналысында себепсіз залдан күштеп шығарылған, артынша барлық деректер ҚХР интернет желісінен жойылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Hu Jintao Мұрағатталған 22 тамыздың 2006 жылы. (ChinaVitae.com)
* Hu Jintao calls for upholding Marxism Мұрағатталған 7 маусымның 2004 жылы. (Xinhua)
* China's leader shows his stripes — Қаңтар 2005 BBC article arguing that Hu is more hardline than he initially appeared
* Requiem for Reform? Мұрағатталған 11 қазанның 2008 жылы. Zhao Ziyang's vision of political change in China dims as Hu Jintao hardens the Party line (Time Asia)
* China's Hu: well liked, little known, from the Christian Science Monitor, by Robert Marquand, 19 сәуір, 2006
* Hu Jintao's political philosophies and policies Мұрағатталған 25 наурыздың 2009 жылы. by Dr. Robert Lawrence Kuhn |
Салқам Жәңгір хан (1610—1652) — 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы. Ол хан тағына Есім хан өмірден өткен соң отырды. Жәңгір хан бойы аласа, бірақ толық денелі кісі болған. Сондықтан да халық оны «Салқам Жәңгір» атап кеткен. Оның тұсында Батыр қонтайшы басқарып тұрған жоңғар-ойраттардың күшеюі байқалды. Олар Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрды.
## Өмірбаяны
Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғар феодалдарының қазақ жерін жаулап алуға жасаған үздіксіз жорықтар кезеңіне сай келеді. Кейбір мәліметтерге сәйкес Жәңгір ханның ордасы Түркістанға таяу маңда орналасыпты. Жәңгір хан Бұхара хандығымен одақтастық келісімге келіп, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. Сонымен бірге, ол қырғыздармен де осындай қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Мұның бәрі жоңғар шабуылынан қорғану мақсатынан туып еді. Дәл осы кезеңде Қазақ хандығы мен ойрат жоңғарлары арасындағы қарулы қақтығыстар жиілей түсті. Екі жақтың басшылары көшіп-қонуға жайлы жерлер және Сырдария өзені бойындағы сауда орталықтары үшін күрес жүргізді. Сол кезеңдегі тарихи мәліметтер бойынша, Жәңгір хан тұсында қазақтар мен ойрат жоңғарлары арасында үш ірі шайқас болған:
* Бірінші шайқас — 1635 жылы
* Екінші шайқас — 1643–1644 жылдары
* Үшінші шайқас — 1652 жылы
1635 жылғы шайқаста қазақ әскерлеріне Батыр қонтайшы бастаған жер қайысқан қалың қол қарсы тұрды. Бұл ұрыстың нақты нәтижелері жөнінде мәліметтер жоқ, бірақ шайқас кезінде Жәңгір ханның тұтқынға түсіп, біраз уақыттан соң қашып құтылғаны туралы деректер кездеседі. Сол кезден бастап Жәңгір хан жоңғарларға үнемі шабуыл жасап тұрады.
Екінші ірі шайқас 1643-ші жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, он мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр қолының көмегі арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады. Сақталып қалған тарихи мәліметтер бойынша, бұл шайқаста Жәңгір хан зор қолбасшылық дарын мен әскери шеберлік таныта білген.
Жәңгір хан жоңғарларға қарсы күресте моғолдар жағынан көмек алу үшін біраз әрекет етті. Олармен тату көршілік қарым-қатынас орнату үшін екі рет елші жіберді. Бұл дипломатиялық тапсырма Жәңгір ханның ұлдары Тәуке мен Апақ сұлтандарға жүктелді.
1643–1644 жылдардағы шайқаста толық жеңілмеген жоңғарлар болашақта болатын соғысқа мұқият дайындала бастады. Жоңғар қонтайшысы 1643–1644 жылдардағы жеңілістен кейін бытыраған иеліктерін біріктіріп, Сібірдегі орыс қалаларынан қару-жарақтар және оқ-дәрілер сатып алады.
1652 жылы қазақтар мен жоңғарлар арасындағы үшінші ірі шайқаста қазақ әскерлері жеңіліске ұшырап, Жәңгір хан Очирицу Цецену ханның ұлы Галдаман Нойонның қолынан қаза табады.
## Дереккөздер |
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) — ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» — Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908-955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» — «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, «Құтты білік» дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832-1913) «Құтты біліктің» бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В. В. Радлов (1837-1918) жиырма жыл бойы (1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары «Құтты біліктің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. «Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. «Құтты білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.
## Құтты білік дастаны
«Құтты білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ. Каримов өзбек тіліне (1971), Н. Гребнев (1971) пен С. Иванов орыс тіліне (1983), А. Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде «Құтты білік» дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – «Айнак ул-мамлакат» («Мемлекет тәртібі»), екіншісінде – «Панунаман мулук» («Әкімдерге насихат»), үшіншісінде – «Адаб ул-мулук» («Әкімдердің әдептілігі») деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – «Құтты білік» дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның «Құтты білігінде» өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар — мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет — от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, «Құтты біліктің» төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік — білік, оның іс жүзіндегі көрінісі — укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. «Құтты біліктің» негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы «өзіңді сақтау», «өзіңді ұмытпау» қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті — адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.
«Құтты білік» дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы — тіл әдептілігі деген түйін жасайды. «Құтты білік» дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
«Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов «Благодатное знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
«Құтты білік» поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры — исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: «Жүсіп Баласағұнның „Құтты білік“ поэмасы — ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма», — деп баға береді.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген
## Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: «Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік».
## Дереккөздер |
Серік Сұлтанғазыұлы Біләлов (5 сәуір, 1958, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сарытомар ауылы) — қазақстан саясаткері, 2007–2013 жылдары Солтүстік Қазақстан әкімі және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (15 наурыз 2013 жыл).
## Өмірбаяны
* Целиноград ауыл шаруашылық институтын (1983 ж.) бітірген.
* Алматы экономика және статистика институтын тәмамдады (1998 ж.), зооинженер, экономист.
* Еңбек қызметін 1974 ж. Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенка ауданының «Молодогвардейцев» атындағы совхоздың мал санитары болып бастаған.
* Бескөл ауданы «Андреевский» кеңшары бөлімшесінің зоотехнигі болып жұмыс істеді.
* Солтүстік Қазақстан облысының кеңшарларында бас зоотехник
* Совет ауданы «Аралағаш» кеңшарының директоры болып істеді.
* 1992 ж. «Бескөл құс фабрикасы» АБАҚ бас зоотехнигі, одан кейін президенті болып істеді.
* 1999 ж. бастап Солтүстік Қазақстан облысы Булаев (қазіргі Мағжан Жұмабаев) ауданының әкімі.
* Есіл ауданының әкімі
* Қызылжар ауданының әкімі.
* 2007 ж. сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының әкімі
* 2007 ж. сәуір айынан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.
* 2007 ж. 9 қазан—2013 жылғы 22 қаңтар аралығында - Солтүстік Қазақстан облысы әкімі.
* 2013 жылғы 15 наурыз күні - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
## Дереккөздер |
Бөкей губерниясы (1917–1925) — Ресей Республикасында бұрынғы Бөкей Ордасы орнына 1917 ж. 1 шілдеде құрылған әкімшілік-аумақтық құрылым.
Орталығы — Орда қаласы.
1925 ж. Бөкей губерниясы таратылып, Қазақ АКСР Орал губерниясының құрамына енгізілді.
1917 жылғы губернияның құрамындағы болған аумақтар қазіргі
* Батыс Қазақстан облысыныңЖәнібек,Казталовка,Жаңақала,Бөкей ордасы аудандары,
* Жәнібек,
* Казталовка,
* Жаңақала,
* Бөкей ордасы аудандары,
* Атырау облысыныңМахамбет,Құрманғазы аудандары,
* Махамбет,
* Құрманғазы аудандары,
көршілес Ресейдің
* Волгоград облысыПалласовка ауданының,
* Палласовка ауданының,
* Астрахан облысыҚұмөзек,Володар,Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген.
* Құмөзек,
* Володар,
* Қарабайлы аудандарының бір бөлігі енген.
## Тарихы
Қазақстандағы ең тұңғыш Қазан төңкерісі орнаған жер — Орда болатын.
1918 жылы Ордада Қазақтың I үлгілі атты әскер полкі жасақталады.
1918 жылы тұңғыш комсомол ұясы құрылады.
## Мәдениеті
1918 жылы тұңғыш кеңестік баспахана ашылып, онда «Дұрыстық жолы», «Киргизская правда», т.б. газет — журналдар басылып шығады.
Осы кезеңдерде мәдени өмірге де көп көңіл бөлінеді. «Жігер» жастар ұйымы құрылып, орыс, татар, қазақ труппалары, белгілі күйші М. Бөкейхановтың ұйымдастыруымен ұлт аспаптар оркестрі жасақталады. Белгілі драматург И. Меңдіхановтың пьесалары көрермен назарына ұсынылады.
## Қызық деректер
1983 ж. көктемінде Гурьев, Волгоград, Астархан облыстарында дайындық кезеңі болды. Саяси бюро жобасы бойынша қазақтар тұратын аудандар (бұрынғы Бөкей Ордасының/Бөкей губерниясының жерлері) Ресейден Қазақстанға беріліп қайтадан облыс құру. Келешек облыс атауы шешімі екі-талай болды: не Бөкей облысы, не Құрманғазы облысы. Орталығы — Ганюшкино селосы (қала деңгейіне көтеріп).
Ресейдің бірқатар жергілікті басшылары қатаң қарсылықтарын айтқасын, жоба енгізілмей қалыпты.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Бөкей Ордасы
* Орда ауданы |
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
## Атауы
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
## Географиясы
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды.
### Әкімшілік бөлінісі
## Халқы
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
## Тарихы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
### Хандық
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурыздың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 ж. мамырдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп көрсетіледі:
Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет , Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады.
### Уақытша Кеңес
Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді.
1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады.
1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады.
1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді.
## Саяси құрылысы
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы.
Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.
Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.
## Экономикасы
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе-зерттеу жұмыстары қолға алынады.
1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта-телеграф байланысы орнатылады.
## Мәдениет және қоғам
1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.
1841 ж. желтоқсанның 6 Нарын құмында Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.
1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды.
Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.
## Әлеуметтік саласы
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Бөкей губерниясы
## Сыртқы сілтемелер
* Билял Аспандияров. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация Мұрағатталған 26 қаңтардың 2005 жылы.
* Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. |
1992 жылғы маусым айының 4-ші жұлдызы Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Қазақстан байрағыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Туды сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатынасы — 1:2.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен оның бейнесі, көлемдеріне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы эталонының түрлі-түсті және сызба бейнелеріне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс.
Қазақстан елтаңбасыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы көшірме бейнесі, көлеміне қарамастан Қазақстан президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталонының түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне дәлме-дәл сәйкес келуге тиіс. |
Ішкі Қазақ Ордасы немесе Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.
## Атауы
Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.
## Географиясы
Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астрахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144,5 km2 19 ғ. аяғында Астрахан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2.
Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда шабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Қамыс-Самар, Қалмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық (Triticum cristatum) өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелері көріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар,әдетте біреуі ірілеу болады. Ең ірілерінің шеңбер диаметрі 30 м шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зер тасты кірпіш қалауы бар.
Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік—зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам Ресей және шетел зерттеушілері болған.
1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын жасайды.
### Әкімшілік бөлінісі
## Халқы
Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
## Тарихы
Кіші жүз - үш жүздің ішіндегі жерді ең көп иеленген өлке. Ол Жайық пен Тобылдаң бастап Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі алқапты қамтып (850 000 шақырым) жатыр. Оңтүстігінде Хиуа, Қоқан хандықтарымен, Түрікмен, Қарақалпақ иеліктерімен, солтүстігінде Ресейдің Астрахан, Саратов және Орынбор губернияларымен, шығысыңда Ұлы және Орта жүз жерімен шектеседі. ХІХ ғасыр басында Кіші жүздің бірқатар ауылдары Ресей империясының құрамындағы Жайық пен Еділ өзендерінің төменгі ағысын қамтыды. Олар кейін Бөкей ордасы немесе Ішкі орданы (географиялык орналасуы бойьнша) құрады. 1801 жылғы 11 наурызда император I Павелдің Жарлығымен Кіші жүз қазақтарының осы жерде көшіп-қонуы заңдастырылды. 1803 жылғы есепке қарағанда олардың мал саны едәуір болған (70 мың түйе, 30 мың жылқы, 250 мың ірі қара мал, 1 миллионнан астам қой).Патша үкіметі Кіші жүз руларына Жайық пен Еділ арасында еркін қоныстануға қайта мүмкіндік беру арқылы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдетіп, оны өзінің отарлау саясатындағы басты бағыт деп қарастырды.Бөкей Нұралыұлы (1804 - 1845 жж) - Кіші жүздің белді сұлтандарының бірі. Саяси күреске ХVIII ғасырдың соңынан араласа бастаған. Өзінің туған ағасы Қаратаймен алакөз болып, кейіннен Айшуақ ханмен де жағаласты. ХIX ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, алайда тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді, орыс өкіметіне жағымды болды.Жәңгір жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Астрахань губернаторының үйінде тәрбиеленді. Парсы, орыс, араб тілдерін білді. Сауда-саттыққа қамқорлық жасады. Ресей елінде белгілі қайраткер ретінде бедел мен билікке ие болды.
### Хандық
1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына бос жатқан Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурыздың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
1806 ж. мамырдың 19 Патшалық Үкіметтің арнайы жарлығымен хандықтың территориялық көлемі 6500 мың десятина болып бөлінеді. Жарлықта былай деп көрсетіледі:
Бөкей сұлтанның қол астындағы қазақтарға Үлкен және Кіші өзендерінен Боғда тауларына дейін, одан Шапшашы арқылы Дудацкий немесе Телепнёв батағаларына және теңізге дейін көшуге рұқсат беріледі.
1808 жылы шілденің 17 Бөкей хандығы Астрахан әскери губернаторының және Орынбор шекара комиссиясының құзырына бағынышты болып бекітіледі.
1812 жылы Александр I патшаның арнайы жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі Қазақ ордасының ханы болып тағайындалады. Бөкейді ақ киізге көтеріп хан сайлау Орал қаласының маңындағы тоғайда өтеді, кейін ол жер «Хан тоғайы» деп аталады.
1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.
1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады.
Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды. Жәңгір ең алдымен қазақтарға ыңғайлы әрі тиімді тұрмыстың үлгісі етіп, 1827 ж. Нарын құмының Жасқұс деген жеріне Хан сарайын салдырады. Жәңгірден үлгі алған би-сұлтандар, кейін қарапайым халық үй тұрғызып, Хан ставкасы саяси-экономикалық маңызға ие орталыққа айналады.
Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
1845 жылы тамыздың 11 Бөкей ордасының саяси, мәдени, экономикалық жағынан дамуына жол бастап, бұл өлкенің басқару ісіне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, қазақ даласының ұлы жаңартушысы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
Хан Жәңгір дүние салғаннан кейін хан тағы Паждар корпусында оқыған Жәңгірдің баласына Сайып-Керейге көшті. Хан дәрежесі берілгенде басқа Жәңгір Бөкейұлының балаларына сияқты тегі Шыңғысхан деп өзгертілді.
1847 ж. Сайып-Керей хан қайтыс болады, Бөкей ордасындағы хандық басқару құрылымы жойылып, жаңа әкімшілік — Уақытша Кеңес құрылады. Сол кездегі болған ірі Исатай-Махамбет , Кенесары көтерілістерінен шошыған Ресей империясы Бөкей Ордасын аннексияландырады.
### Уақытша Кеңес
Уақытша Кеңес 1847—1917 жж. аралығында билік жүргізеді, орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, Орда қазынасы пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды.
1860 ж. Бөкей ордасы 7 әкімшілік бөлікке бөлінеді. Олар: Тарғын, Қалмақ, Нарын, Қамыс-Самар, Талов қисымдары және I, II Теңіз жағалауы округтері. Әрбір әкімшілік бөлікті әкім-правительдер басқарады.
1862 ж. Хан Ставкасында кітапхана ашылады. Кітапхана қорында О. Бальзактың, У. Шекспирдің, В-М. Гюгоның, Т. Шевченконың кітаптары, сондай-ақ Ресейдің басылымдары болған.
Хан жәрмеңкесіндегі сауда саласының дамуына байланысты, ақша капиталын реттейтін әрі сақтайтын орын «Казначейство» мекемесі 1867 ж. ашылып, банк қызметін атқарады.
1869 ж. 5 адамнан тұратын өрт сөндірушілер командасы және жылжымалы обоз жасақталады.
1870 ж. Ресейден ауа райын бақылайтын аспаптар әкелініп, метеорологиялық станция жұмыс жасайды.
1832 ж. Жәңгірдің бастауымен отырғызылған Орда орманын мемлекет тарапынан қорғау 1890 ж. бастап қолға алынады. 1908 ж. Орда орман шаруашылығы мекемесі жанынан питомниктер жасақталып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Соның нәтижесінде — Нарын қарағайы дүниеге келеді.
1908 ж. қазақ даласындағы ең тұңғыш Оба індетіне қарсы күрес станциясы кұрылады. Бүл станцияда Халықтық денсаулық сақтау комиссарының орынбасары М. Шомбалов, оба індетін емдеуге маманданған дәрігерлер И.А. Деминский, А. Михайлов, кейін медицина ғылымының докторы Н. Доброхотова жұмыс жасады.
1911 ж. қазақ баспасының қарлығаштарының бірі — «Қазақстан» газеті белгілі ақын Г. Қараштың ұйымдастыруымен Ордада басылып шығады.
1917 ж. Бөкей Ордасы жерлері жаңадан құрылған Бөкей губерниясына енді.
## Саяси құрылысы
Елді хан басқарды. Жәңгір-Керей хан кезінде хан билігі абсолютистікке жақын болды. Дегенмен, 1828 ж. сәуірдің 1 хан жанында 12 би кеңесі ұйымдастырылды. Бірінші шақырысындағы болған билер (депутаттар): шеркештен — Мүпәт Айдаболұлы, ноғай-қазақтан — Шомбал Ниязұлы, байбақтыдан — Қонаш Сопақұлы, масқардан — Шора Кедейұлы, беріштен — Бәтке Құдайбергенұлы, алашадан — Алтай Досмұхамедұлы, жаппастан — Көшетұр Мапақұлы, ысықтан — Жантөре Абдалұлы, адайдан — Байту Төменбайұлы, қызылқұрттан — Дуантай Айтуғанұлы, есентемірден — Татан Сәкенбайұлы, таздан — Құдайшүкір Базайұлы, жетірудан (табын, тама, кердері рулаларынан) — Кендірбай Ырысбайұлы және кетеден — Бос Боздайұлы.
Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосып есептегенде 45 жылға созылды.
Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Ресей империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды.
## Экономикасы
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Хан Жәңгір Бөкей ордасындағы мал басының санын көбейтіп қана қоймай, оның тұқымын асылдандыруға, әсіресе, жылқы малына үлкен мән береді. Хан ставкасында, Ресейдің Орск, Элиста қалаларында ат көрмелері өткізіліп, ат жарыстары ұйымдастырылып тұрады.
1840 ж. Жәңгірдің шақыртуымен Ордаға ветеринар К.П. Ольдекоп келеді. Осында қазақ жеріндегі түңғыш ветеринарлық бөлім ашылып, алғаш мал ауруларына қарсы екпе, тәжірибе-зерттеу жұмыстары қолға алынады.
1841 ж. Хан ставкасы мен Черный Яр қаласының аралығына пошта-телеграф байланысы орнатылады.
## Мәдениет және қоғам
1828 жылы Жәңгір өз үйінің бір бөлмесіне әулеттік-династиялық құнды заттарды, ат әбзелдерін, жауынгер қару-жарағын жинастырып, қару-жарақ палатасын ұйымдастырады. Бұл - қазақ жерінде ашылған тұңғыш музей болатын.
1841 ж. желтоқсанның 6 Нарын құмында Қазақстан тарихында ең түңғыш қазақша-орысша білім беретін мектеп ашылды. Бұл мектептен есімі елге танылған талай тұлғалар білім алды. Солардың бірі - қазақтан шыққан ғалым-этнограф Мұхамедсалық Бабажанов. Оның қазақтар жөніндегі зерттеулері, тарихи мұралары туралы басылымдары жоғары бағаланып, 1862 жылы Орыс жағрапиялық қоғамының күміс медалімен марапатталады. Жәңгір мектебінен білім бастауын алған жүзден астам ғалым-зерттеушілер, Асан Тайманов сынды жиырмадан астам академиктер шықты.
1844 ж. Қазақ жастарының Ресейдің жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана және емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды.
Бөкей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.
## Әлеуметтік саласы
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің - Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.
Жәңгір бөкейлік қазақтардың өз дінін жоғалтпай, сақтап қалуы үшін 1835 ж. өз үйінің ауласына ерекше архитектуралық үлгімен мешіт салдырады. Ел ішінде оны «Хан мешіті» деп атаған.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Бөкей губерниясы
## Сыртқы сілтемелер
* Билял Аспандияров. Образование Букеевской Орды и ее ликвидация Мұрағатталған 26 қаңтардың 2005 жылы.
* Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство Мұрағатталған 22 шілденің 2011 жылы. |