text
stringlengths 3
252k
|
---|
22 желтоқсан — Григориан күнтізбесінде жылдың 356-шы күні (кібісе жылдарда 357-ші). Жылдың аяғына 9 күн қалады.
## Мерекелер
Тағы қараңыз: Санат:22 желтоқсан мерекелері
* Дүниежүзі қыс күндерінің тоқырау мейрамы
* Қазақстан, Aрхивші күні
* — Энергетиктер күні.
* — Дипломатиялық қызмет жұмысшыларының күні.
* — Бірігу күні.
* — Ана күні.
* — Ұлттық қорғаныс күні
* — Ұлттық математика күні
* — Дунчжи фестивалі
## Оқиғалар
1992 — «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Заң қабылданды.
1999 — Алматыда белгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов өмір сүрген үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
2000 — «Айгөлек» балалар журналының алғашқы саны жарық көрді.
2004 — Өзбекстанда Брайл әрпімен терілген Құран басып шығарылды.
2005 — «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Прогресс» ғарыш аппаратымен «Союз» зымырантасымалдағышы ұшырылды.
2005 — Новосібірде қазақ қарпімен басылған «Ұлы Абайға адалдық» кітабының ілкі данасы Семейге жеткізілді.
2007 — Петропавлда Қазақстанның және Якутияның көрнекті мемлекет қайраткері Максим Аммосовқа ескерткіш тақта орнатылды.
2008 — Қызылордада ТМД елдерінде баламасы жоқ күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды.
2008 Оралдағы Д.Қонаев атындағы ықшамауданда Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловқа ескерткіш тақта орнатылды.
2009 — Алматы қаласында физика-математика пәндері тереңдетіп оқытылатын «Абылай - Т» гимназиясы салтанатты түрде ашылды.
## Туғандар
### XIX ғасыр
* 1803 — Бейсенбі Дөненбайұлы (1872 жылы қайтыс болған), — қазақ халқының күйшісі.
* 1819 — Франц Абт (1885 жылы қайтыс болған), — немеіс композиторы.
* 1823 — Жан Анри Фабр (1915 жылы қайтыс болған), француз энтомологы, жазушы.
* 1858 — Джакомо Пуччини (1924 жылы қайтыс болған), итальяндық композитор.
* 1859 — Бақтыкерей Құлманов (1919 жылы қайтыс болған), Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері
* 1887 — Сриниваса Рамануджан (1920 жылы қайтыс болған), үнді математигі.
* 1898 — Владимир Александрович Фок (1974 жылы қайтыс болған), квантты механика саласының физик-теоретигі, КСРА ҒА академигі.
* 1899 — Николай Васильевич Горбань (1973 жылы қайтыс болған), тарихшы, жазушы.
### XX ғасыр
* 1905 — Стасис Англицкис (1999 жылы қайтыс болған), литвалық ақын.
* 1905 — Иннокентий Петрович Герасимов (1985 жылы қайтыс болған), кеңес географы, геоморфологы.
* 1908 — Мәсімхан Бейсебаев, (1987 жылы қайтыс болған), кеңес мемлекет қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері.
* 1915 — Уақит Шәріпұлы Шәріпов, (1970 жылы қайтыс болған), кеңес кен ісі саласындағы ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор.
* 1915 — Виталий Гаврилович Ли, (1999 жылы қайтыс болған), қазақстандық геолог-ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор.
* 1936 - Гектор Элизондо, американдық актер.
* 1937 — Эдуард Николаевич Успенский, жазушы, танымал кеңестік «Гена қолтырауын және оның достары» (1966), «Чебурашка және оның достары» (1970), «Федор ағай, ит және мысық» (1974) ертегілерінің авторы.
* 1939 — Лео Антонович Бокерия орыс кардиохирургі, ғалым және медицина ғылымдарын ұйымдастырушы.
* 1943 — Пол Вулфовиц, американдық саясаткер, тегі еврей, Дүниежүзілік банк президенті (2005—2007).
* 1946 — Владимир Георгиевич Богин, кеңестік және ресейлік театр және кино актеры, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресей халық әртісі.
* 1947 — Дэйв Кинг, хоккейден Канада ұлттық құрамасының бапкері.
* 1948 — Николае Тимофти, молдовалық саяси қайраткер, Молдавия Президенті (2012 жылдан бастап).
* 1949 — Робин Хью Гибб, (британдық «Bee Gees» тобының екінші басты-вокалисті) және Морис Гибб (Bee Gees тобының пернешісі және гитаристі ). Робин мен Морис — егіздер.
* 1953 — Серікжан Зиадаұлы Қанаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі.
* 1954 — Омархан Нұртайұлы Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
* 1954 — Алла Федоровна Сейітова, ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының директоры.
* 1962 — Рэйф Файнс, британдық актер («Шиндлер тізімі», «Ағылшын пациенті», «Гарри Поттер»).
* 1964 — Марат Мұратұлы Ахметжанов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті басшысы.
* 1972 — Ванесса Паради, француз актрисасы, әнші, модель.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Желтоқсанның 31 — Григориан күнтізбесінде жылдың 365-ші күні (кібісе жылдарда 366-ші). Жылдың аяғына 0 күн қалады.
Бұл — жылдың соңғы күні. Ендігі күн — келесі жылдың қаңтардың 1.
## Мерекелер
Тағы қараңыз: Санат:Желтоқсанның 31 күніндегі мерекелер
### Ұлттық
* Әзербайжан, Әлемдегі барлық әзірбайжандықтардың бірлік күні.
* Жаңа жыл.
Діни Католицизм — Сильвестр І еске алу күні. — Екатерина Лабурені еске алу күні. Православие — азапкер Әуле Себастьянды еске алу күні. — азапкер Викторды еске алу күні (1936); — әулие-азапкер Фддейді еске алу күні (1937); — әулие-азапкер Николайды еске алу күні (1937); — әулие-азапкер Сергейді және азапкер-әйел Вераны еске алу күні (1942); — азапкер Еввиотты еске алу күні;— азапкер Ермилді еске алу күні;— Ермогенді еске алу күні;— азапкер Мартинді еске алу күні;— Мокияны еске алу күні;— киелі Софронияны еске алу күні;— киелі Феодорды еске алу күні;— азапкер Фокиді еске алу күні;— Елисаветті еске алу күні;— Софияны Чудотворицы.
## Оқиғалар
## Қайтыс болғандар
* Ғабит Мүсірепов
* Бекзат Саттарханов
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры - саяси және мәдени орталығы Астана қаласын әрі қарай өркендету мақсатымен 2000 ж. қаңтарында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ықыласымен «Ақ Орда» опера және балет театры атымен құрылды.
2000 ж. шілде айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымөн 2000 ж. Мәдениетті қолдау Жылы деп жариялануына орай, сонымен қатар Астана қаласының опера және балет театрына қазақтың әйгілі әншісінің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Күләш Байсейітованың есімі және Ұлттық мәртебе берілді. Бүгінгі күні, К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры — еліміздегі қазақтың және әлемдік музыка мәдениеті дәстүрлерін арқалаған, жаңарып келе жатқан Қазақстан жұртшылығының рухани талаптарын жүзеге асырушы — ең жас музыкалық театр.
Ұлттық театрдың ең алғашқы қадамынан бастап алған репертуарлық бетке ұстар бағыты, отандық және әлемдік музыкалық театрдың маңдайалды туындыларымен айқындалды, сонымен қатар Қазақстандағы опера — балет жанрын дамытуға ықпал жасайтын жаңа шығармаларды жарыққа шығару болды. Алғашқы әртістік құрам Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, сонымен қатар келешегі айқын талантты әртістерден және тәжірибелі сахна шеберлерінен құралды.
Театрдың бірінші маусымы 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлөбаевтың «Біржан — Сара» операсымен ашылды. КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Халық қахарманы Ә. Мәмбетовтың қоюшы — рөжиссер, Қазақстанның енер қайраткері В. Семизоровтың қоюшы — суретші және А. Мұхитдиновтың қоюшы — дирижер ретінде керемет еңбектерінің арқасында, сонымен қатар театрдың бүкіл шығармашылық ұжымының жанқиярлық жұмыстарының арқасында қазақ опера өнерінің әйгілі шығармасы дүниеге келді.
Театрдың ұлттық репертуары кейінгі маусымдарда басқа да отандық музыкалық театр классикасының аса көрнекті туындыларымен толыға түсті. Астананың мәдени өміріндегі аса маңызды уақиға — ол қазақ операсының інжу — маржаны болған Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы — режиссер — Ә. Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» спектакльдерінің қойылымдары болды. «Қамар сұлу» қойылымына қоюшы — режиссер Е. Обаев ерекше бір жаңа леп еңгізді және операны ұғынуға деген жаңа көзқарас туындатты.
Ұлттық жанрларды дамытуға бейім бағыт алғандықтан болар, Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» атты поэмасы бойынша қойылған эксперименталдық қойылым Астананың мәдени өмірін дүр сілкінтіп тастады. Композитор Франсуа Жанно мөн Бекболат Тілеуханның музыкалық — поэтикалық көзқарастары, еуропа мен ұлт өнерінен өзгеше бір үйлесімін тауып, жаңа ізденіс түрлерін табуға, жанрларды дамытуға жаңа қадам болды. Театрдың келешектегі игі жоспары — қазақтың опера өнерінің алтын қазынасындағы барлық опералық спектакльдерді қою. |
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры — Қазақстанда тұңғыш ашылған кәсіби музыкалық театр. Қазіргі таңда негізгі бағыты - опера және балет өнерiнде Қазақстанның мәдени саясатын іске асыратын және халықтың мәдени деңгейiн көтеретін көркем шығармалар қойылымдарын ұйымдастыру және қою; ұлттық және халықаралық мәдени мұраны насихаттау; мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес жастарды опера және балет классикасының майталмандарымен таныстыру. Театрдың шығармашылық ұжымының құрамында атақты сахна шеберлері және есімдері бүкіл әлемге танымал түрлі халықаралық байқаулардың жас дарынды лауреаттары еңбек етеді. Сахна шеберлері Франция, Германия, Италия, Жапония, Түркия, Қытай, АҚШ сияқты басқа да көптеген елдерде қошеметтелді.
## Тарихы
* 1933 жылы - бір топ өнер жанашырлары болашақ опера және балет театрының негізі - музыка студиясын ашты;
* 1934 жылы музыка студиясы Қазақ мемлекеттік музыка театры болып жасақталды, сол жылы 13 қаңтарда М. Әуезовтың либреттосына жазылған «Айман-Шолпан» (режиссер Ж. Шанин мен Қ. Жандарбеков, музыкасы И.В. Коцык) пьесасының желісімен алғашқы спектакль қойылды. Қойылым барысында Иван Коцыктың өңдеуімен жазылған қазақ халқының халық әндері мен күйлері орындалды. Спектаклдің қол жеткен табысы орасан болды, барлық ел жаңа театрдың ашылғанынан хабардар болды.
* 1936 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігінде Үлкен театр сахнасында Е.Г.Брусиловскийдің халық музыкасының негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы "Қыз Жібек" операсы қойылды.
* 1937 жылы театрдың атауы Қазақ мемлекеттік опера және балет театры болып өзгерді.
* 1938 жылы М. Әуезовтың "Қалқаман-Мамыр" либреттосы бойынша алғашқы қазақ балеті қойылды.
* 1941 жылы Н. Круглов, Н. Простаков және Т. Басенов бастаған архитекторлардың жобасы бойынша театрдың ғимараты салынды.
* 1943 жылы театрда Г. Уланова мен В. Пирадов "Жизель" балетін қойды.
* 1944 жылы "Абай" операсының премьерасы болды (либреттосын жазған М. Әуезов, музыкасы - А. Жұбанов, Л. Хамиди).
* 1945 жылы ұлы ағартушы Абай Құнанбаевтың 100 жылдығына орай театрға оның есімі берілді.
* 1958 жылы театрдың Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен өнерінің екінші онкүндігінде Үлкен театрда "Біржан-Сара" операсы қойылды.
* 1950-1990 - жылдары - репертуардың кеңеюі. Әлемдік классиканы қарқынды игеру. КСРО театрларымен әріптестік байланыс. Труппаның шетелге гастрольдік сапарға шығуы.
* 2000 жылы театрда күрделі жөндеу жұмысы аяқталды.
* 2000-2015 жылдары - репертуардың жаңаруы және баюы. Қойылымдарды қоюға әлемдік деңгейде танымал тұлғалардың шақырылуы. Өзіндік бірегей қойылымдардың қойылуы. Әріптестік және мәдени кеңістіктікті байыту аясында халықаралық жобаларға қатысу.
* 2014 жылы - "Абай" операсының жаңа қойылымы (музыкасы - А. Жұбанов, Л. Хамиди, либреттосы - М. Әуезов). Опера Париж теартында қойылды.
* 2015 жылы - Ж. Бизенің "Кармен" операсының жаңа қойылымы. Бұл калссикалық операны "Модерн" стилінде қойған алғашқы қойылым және заманауи режиссурадағы жаңа бағыт ретіндегі өзгеше бір шешім болды. Осы жылы "Ұла дала аңыздары" балетінің премьерасы болды. Музыкасын Қазақстанның композиторлар мектебінің бір топ үздік өкілдері бірігіп жазды.
## Театр негізін қалаушылар және әншілер
Композиторлар Е.Г. Брусиловский, А. Жұбанов, М. Төлебаев, Л. Хамиди, режиссер Ж. Шанин, әншілер Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, К. Байсейітова, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Ү. Тұрдықұлова, биші Ш. Жиенқұлова, т.б. ұлттық опералық музыканың негізін қалады. Кейінірек В.Ю. Жданов, Ю.Л. Рутковский режиссерлік етті, көркемдеуші суретшісі А.И.Ненашев, дирижері Ф.А. Кузьмич, хормейстері А.В. Преображенский болды. 1940 жылдары театр труппасына Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, С. Әбжанов, Ә. Үмбетбаев, Ш. Бейсекова, Б. Досымжанов, Р. Мұсабекова, Ә. Мұсабеков, т.б. әнші-артистер қосылды. Театрда А.В. Селезнев, Ю.П. Ковалев, Д.Т. Әбіров сияқты балетмейстерлер, И.И. Зак, Ғ.Н. Доғашев сынды дирижерлер жемісті еңбек етті.
Сахна төрінде М. Ержанов, Ж. Елебеков, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова, т.б. өнер көрсетті. Қазіргі уақытта театр артистері Н. Үсенбаева, С. Байсұлтанов, Ж. Баспақова, М. Мұхамедқызы секілді белгілі әншілер, С. Ищанова, Ұ. Кенжебеков, Д. Дүтмағамбетова тәрізді әр түрлі халықаралық байқаулардың лауреаттары қазақ операсының табыстарын көптеген елдер театрларының сахнасында паш етуде. Кейінгі жылдары театр режиссерлары Ғ. Есімов, Л. Иманғазина, Ф. Сапаров отандық және шет ел композиторларының классикалық шығармаларын жаңғыртып, сахналап жүр.
## Ғимарат сипаты
Ғимарат құрылысының композициялык орталығы – 1170 орынды көрермендер залы. Сахна жақсы көрінеді, дыбыс естілуі анық. 2-қабатта ғимарат интерьерін көріктендіре түсетін кең фойесі бар. Капительді бағаналар, қабырға өрнектері оюлы басқыш қоршаулары, жалпы ғимараттың ішкі еңсесін сәулеттеуде негізгі рөл атқарған қазақтың дәстүрлі ою-өрнек үлгілері (қошқармүйіз, ырғақ, жапырақ гүл, сыңар мүйіз, т.б.) ғимарат архитектурасында кеңінен қолданылған. Оның екі қапталы мен алдыңғы жағындағы бақ, хауыздар ғимарат әсемдігін әрлендіре түскен. Театрдың екі қапталындағы бақтарға М.О. Әуезов (1967, мүсіншісі Т.С. Досмағамбетов) пен Ж. Жабаевтың (1971, мүсіншісі Х.Е. Наурызбаев, екеуінің де архитекторы М. Меңдіқұлов) ескерткіштері қойылған. Қазақ опера және балет театры Ленин орденімен марапатталған (1959).
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – Қазақстандағы жастар мен балаларға арналған театр ұжымы. Театрдың құрушысы да, алғашқы басшысы да Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Наталия Ильинична Сац болды. Театр алғашқы кезде екі труппадан – қазақ және орыс труппасынан тұрды.
## Тарихы
Театр шымылдығын 1945 жылдың 7 қарашасында орыс труппасы Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен ашты. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1946 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың «Алтын кілт» спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды.Театрдың өсіп-өркендеуі мен кәсіптік деңгейінің көтерілуіне Н.И.Сацтан бастап, режиссерлер: С.Шәріпов, Т.Сидоров, Мен Дон Ук, С.Естемесова, Г.Хайруллина, В.Пұсырманов, Е.Обаев, М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Р.Сейтметов, Н.Жақыпбай, Ж.Хаджиев мол үлес қосты. Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады.
Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Фридрих Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат», Н.Хикметтің «Әпенді», Мольердің «Скапеннің айласы», Б.Брехттың «Әйдік апай және оның балалары», У. Шекспирдің «Вероналық екі бозбала», «Дуалы түнгі думан», «Гамлет», «Ромео мен Джулетта» («Махабат айдыны»), А.Чеховтың «Шағала» спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады.Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты.
1992 жылы Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға Ұлы жазушының есімі берілді. 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған «Академиялық» деген статус берілді.
## Театр жетістіктері
* 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкіл-одақтық жастар театрларының фестивалінде "Ыбырай Алтынсарин" (авт. М. Ақынжанов ) спектаклі екінші дәрежелі дипломды иеленді. Бұл спектакльдегі үздік өнерлері үшін артистер Б. Қалтаев, С. Саттарова, Ә. Өмірзақова, қоюшы-режиссер А. Тоқпанов фестиваль лауреаттары атанды.
* 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш. Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді.
* 1983 жылы М. Әуезовтің “Алуа” пьесасын сахналаған режиссер Р. Сейтметов пен спектакльде ойнаған артистер – Г. Қазақбаева, М. Құланбаев, М. Бақтыгереев Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
* 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқауда “Жау тылындағы бала” (авт. Қ. Қайсенов, инсц. О. Бөкей, реж. Н. Жақыпбай ) спектаклі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
* 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген Республикалық театр фестиваліне қатысқан “Желсіз түнде жарық ай” (авт. М. Әуезов, инсц. Ш. Айманов ) спектаклі бірінші орынды жеңіп алды және қойылым режиссері Н. Жақыпбай “Ең үздік режиссерлік шешімі үшін” жүлдесімен марапатталды.
* 1994 жылы режиссер Есмұхан Обаев қойған Әкім Таразидың "Індет" трагикомедиясы 1997 жылы өткен республикалық театр фестивалінде бас жүлдені иеленді.
* 1998 жылы Каир қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде “Жан азабы” (авт. Ш. Айтматов, реж. Н. Жақыпбай ) қойылымы ең үздік спектакльдер қатарынан көрінді. Осы жылы өткен түркі халықтарының театр фестивалінде театр ұжымы арнайы дипломмен марапатталды.
* 2002 жылы Иран Ғайыптың "Қорқыттың Көрі" спектаклі Қазан қаласында өткен "Түркі халықтарының театр фестиваліне" қатысып, Қорқыт рөлін сомдаған Балтабай Сейітмамытұлы лауреат атанды.
* 2003 жылы республикалық театрлар фестивалінде Жанат Хаджиев қойған Ілияс Жансүгіровтің "Исатай-Махамбет" тарихи драмасы бас жүлдені қанжығасына байлады.
* 2004 жылы республикалық байқауға қатысқан Сәкен Жүнісовтің "Тұрымтайдай ұл еді…" спектаклі бас жүлдені иеленді.
* 2006 жылы Астана қаласында өткен республикалық фестивальде Талғат Теменовтің "Алма бағы" драмасы "Замандас тақырыбы" номинациясын жеңіп алды. Осы жылы Уфа қаласында өткен ІV түркі тілдес елдер театрларының халықаралық "Туғанлык" фестиваліне қатысқан "Алма бағы" спектаклінде шал бейнесін сомдаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Тұрсын Құралиев "Аталар дәстүріне құрмет" арнайы сыйлығын иеленді.
* 2007 жылдың 27-30 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысқан Софы Сматаев, Талғат Теменовтің "Көгілдір такси" мелодрамасында Мариям рөлін сомдаған актриса Күләш Шаяхметова "Ең үздік әйел бейнесі" үшін лауреат атанды.
* 2008 жылдың 2-7 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы ІІ халықаралық Орта Азия мемлекеттерінің театр фестивалінде өнер ордасының "Жұмақтағы жасын" спектаклі "Ең үздік шетел классикасын сахналаған қойылым" жүлдесін жеңіп алды.
* 2009 жылдың 17-27 қараша аралығында Сеул қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" театр фестиваліне "Мулен Ружға шақыру" спектаклімен қатысты.
* 2010 жылдың 22-24 сәуірі аралығында театр Мәскеу қаласына гастрольдік сапармен барып, көрермен қауымды қойылымдарымен қуантты. Осы жылдың 27-30 мамыры аралығында Алматы қаласында өткен ІІІ халықаралық Орта Азия халықтарының театр фестиваліне қатысқан Шыңғыс Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" лирикалық драмасында Әсел рөлін сомдаған Аида Жантілеуова "Ең үздік әйел бейнесі үшін" лауреат атанды.
* 2011 жылдың 25-30 наурызы аралығында "Қызыл орамалды шынарым" драмасымен Түркияның Адана қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" атты Түркітілдес елдердің халықаралық театрлар фестиваліне қатысып қайтты.
* 2012 жылдың 15-19 сәуірінде Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысты.
* 2013 жылдың 15-16 қараша күндері Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай Бішкек қаласында өткен "Арт-Ордо" халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің "Ай-Қарагөз…" трагедиясымен қатысты.
* 2014 жылдың 10-19 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысып, "Естайдың Қорланы" туындысын көрсетті.
* 2015 жылы театр әлемнің 83 мемлекеті қатысатын "АССИТЕЖ" дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлары ассоциациясының қатарына қосылды. Аталған ұйымға қабылданған қазақстандық өнер ордаларының ішінде 84-ші болып бекітілді.
* 2016 жылдың 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен "Мың тыныс — бір дауыс" атты халықаралық театр фестиваліне "Қара шекпен" қойылымымен қатысты. Осы жылдың мамыр айында "Дидар" ІІ халықаралық театр өнерінің эксперименттік фестиваль-лабораториясында Ермек Аманшаевтың "Ол" моноспектаклі "Ең үздік қойылым" номинациясына ие болды.
* 2017 жыл - сәуір айында Ақтөбе қаласында өткен ІІ республикалық "Балауса" экспериментальдық спектакльдер фестиваліне "Ол" атты психологиялық драмамен барды. Аталған туындыдағы актер Данияр Базарқұлов "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясына ие болды; 22-24 мамырында ақын-драматург Иран Ғайыптың 70 жылдығына орай өткізілген "Мәңгілік елдің Алтын адамы" атты республикалық театр фестивалінде "Естайдың Қорланы" спектаклінде Қорлан бейнесін сомдаған актриса Жібек Лебаева "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясын иеленді; 9-13 қыркүйегінде танымал театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына орай өткізілген ХХV республикалық драма театрлары фестиваліне қатысқан "Шыңырау" драмасы "Режиссерлік дебют" номинациясын жеңіп алды; 8-12 желтоқсаны аралығында Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының 45 жылдығы аясында, белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиевтің рухына арнап өткізілген І аймақтық театр фестивалінде "Ант" драмалық дастаны "Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығымен" марапатталды.
* 2018 жыл - сәуір айында Ақтөбе қаласында өткен Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған ІІІ республикалық "Балауса" экспериментальды спектакльдер фестивалінде "Шыңырау" драмасы "Үздік спектакль" номинациясын жеңіп алды; маусым айында, ІІ дүниежүзілік "Астана" театр фестивалінде "Қара шекпен" әфсанасын қалың көрермен назарына ұсынды; қыркүйек айында Ақтау қаласында өткен Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІI халықаралық театр фестиваліне "Шыңырау" спектаклімен қатысып, сыншылардың жоғары бағасына ие болды.
## Театр актерлері мен актрисалары
Роза Әшірбекова, Күләш Қажығалиева, Жақсыбек Құрманбеков, Гүлжамал Қазақбаева, Хазима Нұғманова, Лидия Кәден, Кәдірбек Демесін, Жібек Лебаева, Сағат Жылгелдиев, Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Сәкен Рақышев, Сүндет Бектау, Күлжәмилә Белжанова, Қадырғазы Қуандықов, Еркін Әбдірешов, Жібек Бектемірова, Шолпан Сіргебаева, Райхан Қалиолдина, Жомарт Зейнәбіл, Лиза Серікова, Раушан Байзақова, Рахман Омаров, Айгүл Иманбаева, Сафуан Шаймерденов, Сәуле Тұрдахунова, Руслан Ахметов, Еділ Рамазанов, Әсет Иманғалиев, Данияр Базарқұлов, Ақмарал Дайрабаева, Динара Әбікеева, Ерлан Кәрiбаев, Қуаныш Тұрдалин, Сәния Ерзат, Нұргүл Мыңғатова, Бақыт Тушаев, Әсем Қашағанова, Ақбота Қаймақбаева, Жанар Мақашева, Есжан Хмидуллин, Бейбіт Камаранов, Мерей Әжібеков, Гауһар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Анар Әділова, Гүлбаһрам Байбосынова, Елдар Отарбаев, Дархан Сүлейменов, Мақсат Сәбитов және т.б..
Театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның 60-тан астамы артистер. Қалғаны әкімдік, шығармашылық құрамның жетекші қызметкерлері мен техникалық құрам жұмыскерлері. Театрда 7 цех және 6 бөлім бар. Спектакльдердің қойылу уақыты: 10.00 және 19.00Мекен жайы: Абылай хан даңғылы, 38 ғимарат.
Театр директоры болып келген Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрына басшылық қызметке ауысып, орнын актер Азамат Сатыбалды алмастырды.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры |
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры — Алматыдағы ірі қазақ театрларының бірі. Абай даңғылында орналасқан.
## Театр тарихы
* Қызылорда қаласында 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», пьесасымен және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен алғаш рет театр шымылдығы ашылды.
* 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды.
* 1930 жылдардың 1-жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К.Байсейітова, Қ.Байсейітов, Қ.Бейісов, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ш.Жиенқұлова, К.Қармысов, Қ.Әділшінов, Ш.Айманов, С.Майқанова, З.Құрманбаева, С.Телғараев, А.Абдуллина, О.Жұмағұлов, Ж.Өгізбаев, Р.Қойшыбаева, Г.Сыздықова, т.б. сахна шеберлерінің келуі театрдың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай-ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, .А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің “Еңлік – Кебек” трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма театрынан музыка театр (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры), т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М.Әуезовтің, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шетел классикасынан қойылған спектакльдер театр ұжымының шығармашылық бағыт-бағдары мен ізденіс-табыстарын айқындады. 1941–1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан көп орын алды. Театр труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
## Театрдың қойылымдары
* Театр сахнасында ерлікке толы ұлы өмірлер, патриоттық — отаншылдық сезімдер, жанқиярлық ерен еңбектер жан-жақты жырланатын қойылымдармен қатар, халқымыздың рухани асыл армандары мен мұң-мұқтаж, талап-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыптағы шығармаларға да көп ден қойылды. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» спектакльдері шығармашылық үлкен жеңіс болды.
* Театр ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классик. туындыларынан Н.В.Гогольдің, М.Горькийдің, А.П. Чеховтың, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К.Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да театр репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А.Сүлейменовтің “Төрт тақта жайнамаз” (1989, реж. Ә.Рахимов), Ж.Аймауытовтың “Ақбілек” (1990, реж. А.Әшімов), Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” (1990, реж. Ә.Мәмбетов), т.б. туындылары театр сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде театр репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У.Шекспирдің “Кориалан” (1991), “Асауға тұсау” (1994), С.Жүнісовтің “Кемеңгерлер мен көлеңкелер” (1994), Сүлейменовтың “Жетінші палата” (1993, барлығын сахналаған реж. Ә.Мәмбетов), Иран-Ғайыптың “Шыңғысхан” (1994, реж. Б.Атабаев), К.Гоццидің “Турандот ханшайым” (1994, реж. Әл-Тарази), М.Байсеркеновтың “Абылай ханның ақырғы күндері” (1996, реж. М.Байсеркенов), Р.Мұқанованың “Мәңгілік бала бейне” (1996, реж. Атабаев), М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсі” (1997, реж. Қ.Сүгірбеков), Әуезовтің “Қилы заман” (1997, реж. Рахимов), “Қарагөз” (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның “Томирис” (2000, реж. Әл-Тарази), Ш.Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г.Гаутман “Ымырттағы махаббат” (2002, реж. Р.Андриасян), т.б.
* Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс-салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат-мұратын, ізгі арман-тілегін бейнелейтін Ә.Әбішевтің “Достық пен махаббат” (1947, реж. Айманов), “Күншілдік” (1955, реж. М.И. Гольдблат), “Мансап пен ұждан” (1974, реж. Ә.Мәмбетов) және “Кәусар” (1985, реж. С.Асылхан), Ғ.Мұстафиннің “Миллионер” (1950, реж. А.Тоқпанов), т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің “Абай” (1952, реж. Айманов, суретші В.В.Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ.Бадыров, Бөкеева, С.Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә.Нүрпейісовтің “Қан мен тер” (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С.Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А.Әшімов, Ф.Шәріпова, Ы.Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйл., ал Ш.Айтматовтың “Ана – Жер-Ана” (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И.Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің “Ленин 1918 жылы” (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар М.Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйл. берілді. Театр ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, “Еңлік – Кебек”; С.Мұқанов, “Шоқан Уәлиханов”; Мүсірепов, “Ақын трагедиясы”; Тәжібаев, “Жалғыз ағаш орман емес” және У.Шекспир, “Асауға тұсау”) ұсынды.
## Гастрольдік сапарлар
* Театр ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды.
* Соңғы жылдары театр Қазақстан және таяу шетелдерге жиі гастрольдік сапармен барып тұрады. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Омбы қаласы (Ресей Федерациясы), Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, Астана, Павлодар, Семей, Қарағанды, Өскемен қалаларына қойылымдарымен барып қайтты.
* 2006 жылы театр 80 жасқа толды. Мерейтойының қарсаңында Ә. Әмзеұлының «Қара кемпір», Қ. Ысқақтың «Қазақтар» атты жаңа қойылымдарын дайындады.
## Театрдың марапаттары
* 1937 жылы 27 ақпанда академиялық театр атағын алды.
* 1946 жылы Еңбек Қызыл ту ордені мен марапатталды.
* 1976 жылы Халықтар достығы орденімен марапатталды.
* 1961 жылы Театрға халық жазушысы, Социолситік Еңбек Ері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың есімі берілді.
## Театрдың алғашқы құрамы
* Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері: И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров және де Қ. Мұңайтпасов, З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, Ж. Шанина ойнады.
## Тетрдың қазіргі актерлік құрамы
* КСРО халық артисі: Асанәлі Әшімұлы Әшімов Қазақстанның халық артистері: Есмұхан Обаев, Сәбит Оразбаев, Тұңғышбай Жаманқұлов, Құман Тастанбеков, Зәмзәгүл Шәріпова, Нүкетай Мышбаева, Торғын Тасыбекова, Шайза Ахметова, Гүлнәр ЖақыповаҚазақстанның еңбек сіңірген артистері: Баян Имашева, Салиха Қожақова, Рахилям Машурова, Төлеубек Аралбай, Бақыт Жанғалиева, Айдос Бектеміров, Ғазиза Әбдінәбиева, Меруерт Өтекешова, Шәмшігүл Меңдиярова, Рашида Хаджиева Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Оразхан Кенебаев, Ғайникамал Байқошқарова, Бақтияр Қожа, Омар Қиқымов, Болат Әбділманов, Шынар Асқарова, Дәрия Жүсіп, Дулыға Ақмолда, Азат Сейтметов және т.б. Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегерлері: Азамат Сатыбалды, Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров және т.б
## Театр құрлымы
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 23 қыркүйектің 2020 жылы. |
М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры — классикалық драматургия қоюға негізделген театр.
## Тарихы
* 1933 жылы қазан айында Семей қаласында К.А.Треневтің «Любовь Яровая» пьесасымен ашылды.
* 1934 жылдың қаңтарында жас театр Алматыға көшіп келіп, А. Афиногеновтың «Страх» атты спектакілін көрермендерге көрсетіп, екінші рет ашылды. Сол жылы театр «Алматы қалалық кеңесінің орыс драма театры» деп аталды.
* 1938 жылдан бастап Қазақстанның мемлекеттік орыс драма театрына айналды.
* 1941 жылы театр ұжымы қазақ драма театрымен бірлесіп жұмыс істеді. Сол жылдың аяғында Шымкент қаласына уақытша көшіп, 1943 жылы Алматыға қайта оралды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары кеңес адамдарының қаҺармандық іс-әрекетін бейнелейтін А.Е.Корнейчуктың «Майдан», К.М.Симоновтың «Орыс адамдары» мен «Біздің қаланың жігіті», Л.М.Леоновтың «Шапқыншылық» пъесалары қойылып, ол спектакльдерге соғыс жылдары эвакуациямен келген Киевтің Леся Украинка атындағы театры актерлері Д.М.Голубинский, П.И.Киянский, О.В.Смирнова т.б. қатысты. Театр труппасы екінші дүниежүзілік соғыс жылдары әскери бөлімшелер мен госпитальдарда, шекара бекеттерінде болып, бірнеше концерттер қойды. 1945 жылы театр жанынан актерлер дайындайтын студия ашылды.
* 1964 жылы Михаил Юрьевич Лермонтовтың 150 жылдығына орай театрге ақынның есімі берілді.
* 1969 жылы театр ғимараты салынды (846 орындықты - бас сахнада 598 орын, кіші сахнада 120 орын). Сәулетшілері Г. Горлышков, В. Давыденко, М. Былинкин, В. Руденко, инженер М. Глебова. 1979 жылдан сәулет ескерткіші.
* 1969 жылдан бастап 1974 жылға дейін театрды Қазақ КСР Халық әртісі Мар Сулимов басқарды. Оның басқарумен көптеген қойылымдар өмірге келді. Ф. Абрамовтың "Две зимы и три лета" қойылымында режиссер және қоюшы-суреткер болды. 1973 жылы Е.Черняктің пьесасы «Василиса Прекрасная» көрермендерге жол тартты. ҚР Халық әртісі Л. Нэльская Ханум бейнесін сомдаған А. Цагарелидің "Тифлисская свадьба" комедиясы халықтың қошеметіне ең көп бөленген қойылым.
* 1974 жылы Мәскеудегі сәтті сапардан кейін театрге академиялық атақ берілді.
* 1983 жылдан бастап театрдың басшысы - ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Платинді Тарлан» тәуелсіз сыйлықтың иегері, профессор Рубен Суренович Андриасян. Бас суретші Владимир Иванович Кужель - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
## Алғашқы әртістер
* Театрдың алғашқы көркемдік жетекшісі: Юрий Людвигович Рутковский;
* Алғашқы суретшісі: И.Бальхозин;
* Театрдың алғашқы әртістері: К.Юрасова, П.Каранов, Е.Кручинина, З.Морская, С.Ассуиров, М.Бранд;
* Режиссерлер: Л.Варпаховский, М.Гольдблат, Г.Товстогонов, Б.В. Бибиков, О.Пыжова, А.Ридаль, Я.Штейн, А.Соломарский, М.В. Сулимов, С.Казимирский, А.Мадиевский.
## Әр жылдардағы репертуарлары
Орыс классикалық шығармаларын қоюға негізделген театр, оларды сахнаға шығаруда үлкен жетістіктерге жетті; А.Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендер» (1933), Ф.Шиллердің «Қарақшылар» (1935), М.Горькийдің «Соңғылар» (1938), «Егор Булычев және басқалар» (1951), Н.В.Гогольдың «Ревизор», А.Н.Островскийдің «Жасаусыз қалыңдық», «Түсім орны», «Василиса Мелентьева», М.Г.Горькийдің «Дұшпандар», Ф.М.Достоевскийдің «Қорланғандар мен қор болғандар» жэне «Степанчиково селосы мен оның тұрғындары», У.Шекспирдің «Король Лир» т.б. пьесалары.
Өткен ғасырдың 60-80 жылдары театрдың көрнекті қойылымдары бүкіл республикаға танымал болды, ол Ф. Абрамовтың «Две зимы и три лета», А. Вампиловтың «Свиданье в предместье», «Прошлым летом в Чулымске», «Утиная охота», Д. Вассерманның «Человек из Ламанчи», В. Розовтың «Гнездо глухаря», «Кабанчик», А. Галинның «Ретро», П. Шеффердің «Амадей», Н. Лесковтың «Расточитель», Ю. Домбровскийдің «Факультет ненужных вещей» атты спектакльдері.
Театр репертуарынан қазақ халқының өткен өмір жолын, салт-дәстүрлері мен тұрмыс-салтын көрсететін жэне орыс халқымен достық қарым-қатынасын сөз ететін М. Әуезовтің «Махаббат пен намыс», «Қара қыпшақ Қобыланды», «Абай», З.Шашкиннің «Дала таңы», Н.И.Анов пен Я.С.Штейннің «Жүректің әмірімен», Д.Исабековтің «Тор» атты пъесалары, Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» классикалық шығармалары сахналанды. Театр ұжымы 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ эдебиеті мен өнерінің онкүндігіне катысып, Н.И.Ановтың «Мүрагерлерін», Г. В.Николаеваның романы бойынша «Жолдағы шайқасын», О.Окулевичтің «Джордано Бруно» жэне А.П.Чеховтың «Платоновын» көрсетті. Сол жылдыры орыс актерлермен бірге қазақ артистері де ойнаған қойылымдар жарық көрді. КСРО-ның халық артисі Х. Бөкеева «Иван Грозный» спектаклінде Мария Тюмрюковнаны, ал Ә. Жолымбетов — Ханзаданы, КСРО-ның халық артисі Ш. Айманов «Голубые корни» қойылымында Бреттің, ал Қазақ ССР-інің халық артисі Н. Жантөрин «Порт-Артурда» Звонаревтің бейнесін сомдады.
## Театрдың жетекші әртістері
* Қазақстан Республикасының халық әртістері – Г. М. Бойченко, Л. В. Нэльская, Ю. Б. Померанцев (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының иегері). Л.Темкин;
* ҚР еңбегі сіңген әртістер – Г.Н. Балаев, Т.П. Банченко, В.А. Гришко, Н.В. Долматова, Н.Л. Жмеренецкая, А.А. Зубов, Ю. Н. Капустин (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), М.М. Токарев, В.А. Толоконников (РФ Мемлекеттік сыйлығының иегері);
* Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткерлер – М.Ю. Ганцева («Дарын» жастар сыйлығының иегері), А.Н. Креженчуков, И.М. Лебсак (ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері), И.В. Личадеев, В.Д. Зинченко.
## Марапаттары мен жетістіктері
* 1983 жылы театр «Халық достастығы» орденімен марапатталды.
* 1974 жылы театр Мәскеу қаласына гастрольдік сапарға барғаннан кейін оған «академиялық» деген атақ беріледі.
* 2000 жылдың наурыз айында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев ел мәдениетіне үлкен үлесін қосқан театр жұмысын жоғары бағалап театр ұжымын ерен еңбегі үшін Мәдениет Комитетінің Құрмет грамотасымен марапаттады.
* «Эзоп» спектакліне ҚР Мемлекеттік сыйлығы берілген.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Шілденің 1 — Григориан күнтізбесінде жылдың 182-ші күні (кібісе жылдарда 183-ші). Жылдың аяғына 183 күн қалады.
## Мейрамдар
* Армения, Прокуратураның қызметкерлерiнiң күнi
* Бурунди, Тәуелсiздiк күнi.
* Гана, Республика күні
* Канада, Канада күні
* Қырғызстан, Салық қызметкерiнiң күнi
* Лесото, Отбасы күні
* Молдова, Салық қызмет күні
* Руанда, Тәуелсiздiк күнi.
* Суринам, Бостандық күні
* Түркия, Әскери теңіз күштер күні
* Украина, Архитектура күнi
## Оқиғалар
* 1661 — Ресеймен және Швецияның аралығында бейбiт келiсiмшарт жасалды, орыс-швед соғысынның аяқталуы
* 1823 — Орталық Американың бiрлескен провинциялары федерация жасалған. Гватемала, Гондурас, Сальвадор, Коста-Рика, Никарагуа
* 1867 — Канада, Ұлыбритания құрамындағы өзін-өзі басқару доминионына айналды
* 1875 — Бүкiләлемдiк пошталық одақ қызмет атқаруды бастады
* 1877 — Бірінші Уимбилдон теннис жарысының басталуы
* 1890 — Англия мен Германия Африкадағы ықпал жасайтын аймақтарды бөлдi
* 1921 — Шанхайда 13 делегаттар Қытайдың коммунисттік партиясын құрды.
* 1946 — Атом бомбасының соғыстан кейiнгі бiрiншi сынағы
* 1960 — Сомали тәуелсiздiк күнi.
* 1962 —Руанда тәуелсiздiк күнi.
* 1962 —Бурунди тәуелсiздiк күнi.
* 1999 — Шотландияда 300 жылда тұңғыш рет Парламент мәжiлiсi ашылды
## Дүниеге келгендер
* 1646 — Готфрид Вильгельм Лейбниц (1716), немiс философ-идеалист, математик, физик және ойлап тапқыш, заңгер, тарихшы, тiл маманы
* 1788 — Жан-Виктор Понселе (1867), француз математигі, инженер, жобалық геометрияның негiздеушiсi
* 1842 — Юлиус Фалькенштейн (1917), Африка бойынша немiс саяхатшысы
* 1844 — Верни Камерон (1894), ағылшын зерттеушiсi, Африка Экваторын бiрiншi кесiп өткен адам
* 1909 — Хуан Карлос Онетти (1994), уругвайдың жазушысы
* 1919 — Михаил Михайлович Шульц (ум. 2006), Орыс физигі, химигі
* 1926 — Роберт Фогель, америкалық экономист, 1993 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
* 1941 — Майрон С. Скоулз, америкалық экономист, 1997 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты
## Сыртқы сілтемелер |
Мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театры – Алматы қаласында орналасқан әлемдегі жалғыз кәсіби ұйғыр театры.
## Тарихы
Театр тарихы 1934 жылдан бастау алады. Сол жылы 24 қыркүйекте Д. Асимов пен А. Садыровтың «Анархан» атты музыкалы драмасымен тұңғыш рет шымылдығын ашты. Ең алғаш "Ұйғыр облыстық музыкалық драма театры" аталған бұл өнер ордасы 1941–1961 жылдар аралығында Алматы облысының Шелек кентіне ауысқанымен, 1961 жылы қайтадан Алматы қаласына оралды.
## Шығармашылығы
Театр сол кездері ұлттық драмалармен қатар өзге де классикалық шығармаларды (У.А. Гаджибеков, Л.А. Юхвид пен А.Б. Александров, Ж.Б. Мольер т.б.) сахнаға шығарып, өнер өресін кеңейтті. Актерлер М. Бақиев, М. Семятова, Ғ. Жәлелов, С. Саттарова, Г. Саитова, А. Шәмиев, А. Ақбаров, З. Ақбарова, М. Ахмадиев, Қ. Әбдірәсілов, режиссерлер А. Ибрагимов, А. Марджанов, Д. Садырова, театр суретшілері К. Пак, П. Ибрагимов, әншілер Р. Илахунова, Г. Разиева, Н. Мәметова, композиторлар Қ. Қожамияров, Ғ. Зайнаутдинов, В. Поливанов, И. Масимов, И. Исаев, т.б. театрдың нығайып, қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1964 жылы республикалық ұйғыр музыкалық драма театрына айналса, араға үш жыл салып, ұйғыр музыкалық комедия театры деген жаңа мәртебеге ие болды. Театрға 2005 жылы Қазақстанның музыка өнеріне елеулі үлес қосқан музыка зерттеушісі, профессор, КСРО халық әртісі Қ. Қожамияровтың есімі берілді.
Ұйғыр театрының 1997 жылы Каирдегі «Египет» тәжірибелік қойылымдар халықаралық фестивалінде қатысуы – театр шекарасының кеңейгенінің, оның халықаралық аренаға шығуының жарқын көрінісі болды. Әр жылдары театр репертуарынан орыс, өзбек, қырғыз, башқұрт, әзербайжан, грузин және қазақ жазушыларының М. Әуезовтің («Айман – Шолпан»), Ғ. Мүсіреповтің («Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек»), С. Мұқановтың («Қашғар қызы»), Ш. Хұсайыновтың («Шолпан» мен «Қайран Гәкку»), Қ. Мұхамеджановтың («Бөлтірік бөрік астында»), Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың («Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ой»), С. Шәймерденовтің («Дөкей келе жатыр»), шетел драматургиясының (У. Шекспир, Лопе де Вега, А.В. Вальехо) туындылары да орын алды. Театрдың жанында «Яшлық», «Нава» және «Сада» ансамбльдері жұмыс істеді. Театр ұжымы 1984 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 2002 жылы күрделі театр жөндеуден өтті.
Театр репертуарына 50-ші жылдары енген Ж. Асимов пен А. Садыротың «Анарханы», В. Дъяков пен И. Саттаровтың «Герип-Санамы» осы күнге дейін көрермендердің көңілінен шығатын классикалық қойылымдарына айналды. Сонымен бірге театр әлем классикалық шығармалардын да жетік меңгеріп келеді, солардың ішінде В. Шекспирдің «Отелло», «Король Лир», Ж. Б. Мольердің «Мещанин во дворянстве», К. Гольдонидің «Хозяйка гостиницы», Н. Гоголдің «Женитьба», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз-Жібек» атты туындылары бар. Спектакльдерді қойып, театрдың көркемдік деңгейін көтерген режиссерлерді айтатын болсақ, олар өнердің еңбек сіңірген қайраткері С. Башоян, Қазақстанның халық артистері Б. Омаров пен Қ. Жетпісбаев, режиссер Я. Шамиев, т.б..
## Жетістіктері
* 1984 жылы "Құрмет белгісі" орденімен марапатталды.
* 1997 жылы Каирдегі экспериментальды қойылымдар фестиваліне қатысты.
* 2003 жылы Мажарстанда өткен визуалды өнер фестивалінің шеңберінде қойылымдарын көрермен назарына ұсынды.
* 2007 жылы Германияның Мюльхайм қаласында өткен фестивальге қатысты.
## Актерлері
Театрды ұзақ жыл басқарған Мұрат Ахмадиевтен кейін бұл қызметке "Дервиши" тобының әншісі Әділ Жамбақиев тағайындалды. Бүгінгі таңда театр директоры – Руслан Токтахунов, ал көркемдік жетекшісі – ҚР халық әртісі Мұрат Ахмадиев. Театрда "Нава", "Рухсара", "Яшлық" және "Сада" сынды ансамбльдер өнер көрсетеді. Басты рөлдерді сомдайтын актерлер - Ризат Мамутов, Ялкунжан Ярмухамедов және т.б..
## Галерея
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Қыркүйектің 1 — Григориан күнтізбесінде жылдың 244-ші күні (кібісе жылдарда 245-ші). Жылдың аяғына 121 күн қалады.
## Мейрамдар
* Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Түрікменстан, Украина — Білім күні.
* Словакия, Конституция күні
* Өзбекстан, Тәуелсіздік күні
## Оқиғалар
* 1897 — Бостон қаласында метро ашылды.
* 1920 — Франция Ливан мемлекетінің құрылуы туралы жариялады
* 1939 — Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
* 1969 — Ливиядағы әскери төңкерістен кейін Муаммар Каддафи үкімет басына келді .
* 1971 — Катар өз тәуелсіздігін жариялады.
## Дүниеге келгендер
* 1848 — Огюст Анри Форель (1931), швейцариялық невропатолог, психиатр, энтомолог және қоғам қайраткері
* 1875 — Эдгар Берроуз (1950), америкалық жазушы
* 1877 — Френсис Астон (1945), ағылшын физигі, химигі, химиядан 1922 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
* 1887 — Блез Сандрар (шын аты Фредерик-Луи Созе) (1961), француз жазушысы.
* 1906 — Хоакин Балагер (2002), ақын, тарихшы, Доминикан Республикасының президенті
## Қайтыс болғандар
* 1729 — Ричард Стил, ағылшын жазушысы.
* 1836 — Соломон Иванович Додашвили (1805), грузиндік ағартушы, жазушы және қоғам қайраткері
* 1885 — Эмиль Эггер (en:Émile Egger) (1813), француз филологы және тарихшы.
* 1970 — Франсуа Мориак (1885), француз ақыны және жазушы, 1952 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
* 1982 — Хаскелл Карри (1900), америкалық математик
## Сыртқы сілтемелер
* BBC: On This Day
* New York Times On this day
* On This Day in Canada Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2012 жылы. |
Тамыздың 1 — Григориан күнтізбесінде жылдың 213-ші күні (кібісе жылдарда 214-ші). Жылдың аяғына 152 күн қалады.
## Мейрамдар
* Ангола, Қарулы күштер күні
* Бенин, Тәуелсіздік күні
* Ливия, Қарулы күштер күні
### Оқиғалар
* 527 — I Юстиниан Византия императоры болды
* 1619 — Алғашқы африкалық құлдар Вирджиния штатына(АҚШ) жеткізілді.
* 1780 — Швеция өзінің тұрақты бейтараптылығы туралы жариялады
* 1914 — Германия Ресейге соғыс жариялайды.
* 1936 — Берлин қаласында олимпиялық ойындарының ашылуы
* 1943 — Жапония Бирмаға тәуелсiздiк бердi
* 1976 — Тринидад және Тобаго өз тәуелсіздігі туралы жариялады
Дүниеге келгендер
* 1744 — Жан Батист Пьер Антуан де Моне Ламарк (1829), француз биологi
* 1885 — Дьёрдь де Хевеши (ум. 1966), Венгрия химигі, 1943 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1924 — Жорж Шарпак, Украина физигі, 1992 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1945 — Дуглас Ошеров, физик, 1996 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
Қайтыс болғандар
* 1911 — Конрад Дуден, неміс филологі, неміс тілінің сөздігінің құрастырушысы
* 1926 — Ян Каспрович, поляк ақыны, драматург, аудармашы
* 1996 — Тадеуш Рейхштейн (1897), Швейцария химигі. Физиология және медицинадан 1950 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1998 — Владимир Прелог (Vladimir Prelog) (1906), Швейцария химигі. 1975 жылдың Нобель сыйлығының лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
ҚазАқпарат (ағылш. Kazinform) — қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстандағы ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Негізінен ұлттық және еуразиялық жаңалықтарға назар аударады.
## Тарихы
* 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.
* 1925 жылы — ҚазРОСТА деп қайта аталды.
* 1937 жылы — Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) деген атаумен Қазақ КСР-нің Халық комиссарлар Кеңесіне берілді.
* 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігі Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) болып өзгертілді.
* 1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ таратылып, орнына "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны құрылды.
* 2002 жылы – ҚазААГ базасында "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы ұйымдастырылды.
* 2008 жылы – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді.
* 2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ таратылып, холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.
* 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді.
* 2013 жылы – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді.
* 2014 жылы 6 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС өз қызметін бастады.
* 2016 жылы – "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
* 2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
* 2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына енді. Ал агенттікпен аттас компания «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
* 2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды.
## Басшылары
Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар:
ҚазТАГ
* Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді)
* Константин Нефёдов (1939-1940)
* Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958)
* Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960)
* Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1961-1974)
* Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982)
* Жұмағали Исмағұлов (1982-1987)
* Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997)
КИА/ҚазААГ
* Мұрат Майханұлы Аренов (1997-2002)
Казинформ/ҚазАқпарат
* Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004)
* Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006)
* Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016)
* Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017)
* Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021)
* Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022)
«ҚР Президенті Телерадиокешені» КеАҚ
* Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2022 жылдың 1 сәуірінен)
«ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК
* Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2023 жылдың 1 қыркүйегінен)
## Халықаралық ынтымақтастық
ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.
ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.
## ҚазАқпараттың латын әліпбиі
2025 жылға дейін кириллицадан латын әліпбиіне көшу қарсаңында қазақ тілін түрік латын графикасына негізделген романизация жүйесі болды, оны 2025 жылға дейін аяқтау көзделген. Алайда оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан қарастырған жоқ. Президент жаңа әліпбиде «еш ілгек те, артық нүкте де болмауы керек» деп түсіндірді. Назарбаев бекіткен жаңа латын әліпбиі кирилл әліпбиіне сәйкес келетін апострофтардан тұрады, жұртшылық пен тіл мамандары тарапынан түрлі пікірлер айтылды.
2019 жылға қарай ақпарат агенттігінің сайты латынша қазақ тіліндегі нұсқасында 2018 жылғы қайта қаралған романизация жүйесін қолдана бастап, нәтижесінде түрік латын негізіндегі жүйеден бас тартты; дегенмен, Қазақша Уикипедия мен Google Translate әлі күнге дейін агенттіктің латын графикасын пайдаланады. Google Translate оны романизация үшін пайдаланады.
Әлеуметтік желідегі қазақ тілі әуесқойларының «Kazak Grammar» тобы 2018 жылғы ресми жүйенің ерекшеліктерін ҚазАқпарат жүйесімен біріктіретін, әсіресе түрік тіліндегі дауысты дыбыстардың диакритикамен сақталуын біріктіретін балама романизация жүйесін ұсынды. Бірақ 2020 жылдың басында топ бағытындағы күтпеген өзгеріс болып, топ әліпбидің 2019-2020 жылдарға арналған қайта қарауын көрсететін жаңа романизация келісімдерімен бірге «Noqat» ретінде қайта құрылды.
## Дереккөздер |
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамы — көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильмдер шығаратын Қазақстанның ең ірі киностудиясы.
## Тарихы
* 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды.
* 1944 жылы 25 қаңтар – Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды
* 1960 жылы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.
* 1963 жылы 8-9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезі өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.
* 1963 жылы 28 мамырда Қазақ КСР-нің Мемкино — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды (1963-1988).
* 1967 жыл – Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. Бірінші қазақ мультфильмі Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі болды.
* 1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).
* 1993 жылы 3 қыркүйекте Президент жарлығымен Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концернi мемлекеттiк басқару органы мәртебесi бар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы «Қазақкино» мемлекеттiк кинокомпаниясы болып қайта құрылды. Кинокомпания 1996 жылы таратылып, барлық мүлкі Мәдениет министрлігіне берілді.
* 1996 жыл – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiгi Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасына және Ұлттық продюсерлiк орталыққа бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
* 2000 жыл 28 мамыр – Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, «Қазкинопрокат» республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi және ҚР Мемлекеттiк кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры) бірігу жолымен «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылды;
* 2005 жылы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
* 2024 жылы Үкімет қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамына ұлттық киностудия мәртебесі берілді.
Киностудия 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде құрылды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер шықты. 1941 жылы 15 қарашада Алма-Ата киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен біріктірілді Орталық біріккен киностудия - ЦОКС, олар 1944 жылға дейін Алматыда жұмыс істеді және бүкіл отандық көркем фильмдердің 80% өндірді. соғыс. 1960 жылы 9 қаңтарда көркем фильмдер мен кинохроникалардың Алма-Ата киностудиясынан «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді.
“Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтанахмет Қожықов,Ораз Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. “Махаббат туралы дастан” (реж. Айманов, К.Гаккель), “Жамбыл” (реж. Е.Дзиган), “Ел басына күн туса” (реж. М.Бегалин), т.б. фильмдер қойылды. “Қазақфильмде” ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары “Атамекен”, “Біздің сүйікті дәрігер”, “Алдар көсе”, “Атаманның ақыры”, “Мәншүк туралы ән”, “Қыз-Жібек”, т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғыл.-көпшілік фильмдермен қатар анимац. фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Әмен Қайдаров “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмін түсірді (1967). “Қазақфильмде” 100-ден астам осындай фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет ел және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап “Қазақфильм” киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай “Нәзік жүрек”, “Ақсуат”, “Фара”, т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. “Қазақфильм” павильондарында “Тоғысқан тағдырлар”, “Саранча” (“Шегіртке”) секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы “Қазақфильм” киностудиясында “Көшпенділер” (сценарийдің авторы Р.Ибрагимов, режиссерілері И.Пассер, Талғат Теменов), “Сардар” (сценарийдің авторы О.Агишев, режисер Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов), “Ащы көлдің жағасында” (сценарийдің авторы И.Вовненко, режиссер Асанәлі Әшімұлы), “Аңшының отбасы” (сценарийдің авторы және реж. Серік Апырымов), т.б. фильмдері түсіріле бастады. “Қазақфильм” аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік-тех. құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік-лабораториялық құрылыстар орналасқан.
Тәуелсіздік алғаннан бері (1991-ші жылдан бастап) «Қазақфильм» киностудиясы шамамен 136 толықметражды көркем фильм түсірген (оның алтауы телевизиялық көркем фильмдер); 73 қысқаметражды фильм; 258 деректі фильм (оның сегізі деректі сериалдар); 67 анимациялық фильм (оның ішінде 1 анимациялық сериал, 1 толықметражды анимациялық фильм).
2008 жылдан бастап осы күнге дейін «Қазақфильм» киностудиясының 200 астам картиналары әлемдегі 60 елдегі 220-дан астам халықаралық байқаулар мен көрсетілімдерге қатысты.
## Басшылары
* 1953—1970 жж. — Шәкен Айманов, «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі.
* 1978 жылдан бастап — Әзірбайжан Мәмбетов, «Қазақфильм» киностудиясының директоры.
* 1992-2002 жж. — Ардақ Әмірқұлов, «Қазақфильм» киностудиясының директоры.
* 2002-2006 жж. — Сергей Әзімов, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК бас директоры.
«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенттері
* 2006-2007 жж. — Сергей Әзімов
* 2007-2008 жж. — Анар Қашағанова
* 2008-2014 жж. — Ермек Аманшаев
* 2015-2019 жж. — Бақыт Қайырбеков
* 2019-2020 жж. — Арман Асенов
* 2020-2022 жж. — Ақан Сатаев
* 2023-2024 жж. — Азамат Сатыбалды
## Студия фильмдері
## Дереккөздер |
«Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» акционерлік қоғамы — көркем фильм, деректі фильм, мультипликациялық фильмдер шығаратын Қазақстанның ең ірі киностудиясы.
## Тарихы
* 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды.
* 1944 жылы 25 қаңтар – Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды
* 1960 жылы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.
* 1963 жылы 8-9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезі өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды.
* 1963 жылы 28 мамырда Қазақ КСР-нің Мемкино — Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды (1963-1988).
* 1967 жыл – Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. Бірінші қазақ мультфильмі Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмі болды.
* 1984 жыл – «Қазақфильм» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы).
* 1993 жылы 3 қыркүйекте Президент жарлығымен Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концернi мемлекеттiк басқару органы мәртебесi бар Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы «Қазақкино» мемлекеттiк кинокомпаниясы болып қайта құрылды. Кинокомпания 1996 жылы таратылып, барлық мүлкі Мәдениет министрлігіне берілді.
* 1996 жыл – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» республикалық шығармашылық-өндiрiстiк бiрлестiгi Ш.Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасына және Ұлттық продюсерлiк орталыққа бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.
* 2000 жыл 28 мамыр – Ш. Айманов атындағы Қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, «Қазкинопрокат» республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi және ҚР Мемлекеттiк кинофильмдер қоры (Мемфильмқоры) бірігу жолымен «Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып құрылды;
* 2005 жылы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
* 2024 жылы Үкімет қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамына ұлттық киностудия мәртебесі берілді.
Киностудия 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде құрылды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер шықты. 1941 жылы 15 қарашада Алма-Ата киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен біріктірілді Орталық біріккен киностудия - ЦОКС, олар 1944 жылға дейін Алматыда жұмыс істеді және бүкіл отандық көркем фильмдердің 80% өндірді. соғыс. 1960 жылы 9 қаңтарда көркем фильмдер мен кинохроникалардың Алма-Ата киностудиясынан «Қазақфильм» киностудиясы болып өзгертілді. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілді.
“Қазақфильмнің” қалыптасып, өркен жайып өсуіне Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұлтанахмет Қожықов,Ораз Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. “Махаббат туралы дастан” (реж. Айманов, К.Гаккель), “Жамбыл” (реж. Е.Дзиган), “Ел басына күн туса” (реж. М.Бегалин), т.б. фильмдер қойылды. “Қазақфильмде” ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары “Атамекен”, “Біздің сүйікті дәрігер”, “Алдар көсе”, “Атаманның ақыры”, “Мәншүк туралы ән”, “Қыз-Жібек”, т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғыл.-көпшілік фильмдермен қатар анимац. фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Әмен Қайдаров “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмін түсірді (1967). “Қазақфильмде” 100-ден астам осындай фильм түсіріліп, 1000-нан астам шет ел және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап “Қазақфильм” киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай “Нәзік жүрек”, “Ақсуат”, “Фара”, т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. “Қазақфильм” павильондарында “Тоғысқан тағдырлар”, “Саранча” (“Шегіртке”) секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы “Қазақфильм” киностудиясында “Көшпенділер” (сценарийдің авторы Р.Ибрагимов, режиссерілері И.Пассер, Талғат Теменов), “Сардар” (сценарийдің авторы О.Агишев, режисер Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов), “Ащы көлдің жағасында” (сценарийдің авторы И.Вовненко, режиссер Асанәлі Әшімұлы), “Аңшының отбасы” (сценарийдің авторы және реж. Серік Апырымов), т.б. фильмдері түсіріле бастады. “Қазақфильм” аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік-тех. құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік-лабораториялық құрылыстар орналасқан.
Тәуелсіздік алғаннан бері (1991-ші жылдан бастап) «Қазақфильм» киностудиясы шамамен 136 толықметражды көркем фильм түсірген (оның алтауы телевизиялық көркем фильмдер); 73 қысқаметражды фильм; 258 деректі фильм (оның сегізі деректі сериалдар); 67 анимациялық фильм (оның ішінде 1 анимациялық сериал, 1 толықметражды анимациялық фильм).
2008 жылдан бастап осы күнге дейін «Қазақфильм» киностудиясының 200 астам картиналары әлемдегі 60 елдегі 220-дан астам халықаралық байқаулар мен көрсетілімдерге қатысты.
## Басшылары
* 1953—1970 жж. — Шәкен Айманов, «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік жетекшісі.
* 1978 жылдан бастап — Әзірбайжан Мәмбетов, «Қазақфильм» киностудиясының директоры.
* 1992-2002 жж. — Ардақ Әмірқұлов, «Қазақфильм» киностудиясының директоры.
* 2002-2006 жж. — Сергей Әзімов, «Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы» РМҚК бас директоры.
«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенттері
* 2006-2007 жж. — Сергей Әзімов
* 2007-2008 жж. — Анар Қашағанова
* 2008-2014 жж. — Ермек Аманшаев
* 2015-2019 жж. — Бақыт Қайырбеков
* 2019-2020 жж. — Арман Асенов
* 2020-2022 жж. — Ақан Сатаев
* 2023-2024 жж. — Азамат Сатыбалды
## Студия фильмдері
## Дереккөздер |
Қаңтардың 2 — Григориан күнтізбесінде жылдың 2-ші күні. Жылдың аяғына 363 (кібісе жылдарда 364) күн қалады.
## Мерекелер
* Гаити - Ата-баба күні
* Швейцария және Лихтенштейн - Берхтольд күні
* Сент-Китс және Невис - Карнавал күні
## Оқиғалар
1968 жылы Оңтүстік Африкада Кристиан Барнард алғашқы рет адамнан адамға жүрек ауыстырды
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Республикалық академиялық неміс драма театры — 1975 жылдың 6 ақпан күні ресми ашылған алғашқы неміс театры.
## Тарихы
1974 жылдың 2 шілдесінде Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы орталық комитетінің «КСРО халқы арасында неміс ұлтының жұмысын жақсарту туралы» шешімі қабылданды. 1975 жылдың 6 ақпанында Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен қазақ жеріндегі алғашқы неміс театрының іргесі қаланды. Бес жылдан кейін Мәскеу қаласындағы Кіші театрдың М. Щепкин атындағы мектеп-студиясының 29 жас түлегі Теміртау қаласына келіп, шығармашылық тобын құрады. Театр 1980 жылдың 26 желтоқсанында неміс жазушысы Александр Райменгтің "Алғашқылар" ("Первые") пьесасымен ашылды. Пьесада неміс ұлтының қазақ жеріне көшіп келгендегі алғашқы күндері, қазақ халқымен қарым-қатынасы көрсетілді. Театр репертуарынан орыс, неміс классиктерінің шығармалары орын алды. Сол кездегі неміс, орыс ақын-жазушылары мен драматургтары театрдың көркеюіне сүбелі үлес қосты. 1987 жылы бас режиссер болып қызметке келген Болат Атабаев Германия Федеративтік Республикасына байланыс орнатып, театр труппасының кадр мәселесін шешті. Осыдан кейін ансамбль біліктілік деңгейін көтеру үшін Ульм және Мюнхен қалаларына шақырту алды.
## Қойылымдар
Алғашқыда театрдың репертуарына неміс авторлардың пьесалары енді — А. Закстың «Свой очаг», П. Варкентиннің «Народные гулянья», И. Лангеманның «Как часто в кругу друзей», К. Шиффнердің «Баллада о матери», К. Эрлихтің «Отзвуки тех лет», В. Гейнцтің «На волнах столетий», «Люди и судьбы», «Годы надежд», «Мы — не пыль на ветру» қойылымдары. Қоюшы-режиссерлері Б. Атабаев, А. Гаан, Д. Вардетский, Э. Шмидт, А. Осипенко, О. Белов, Г. Клейманн, В. Михаэлис болды. Актерлік құрамында П. Варкентин, В. Больц, Д. Шварцкопф, Э. Шварцкопф, В. Брестель, П. Цахариас, Л. Иммель, Л. Гензе, еңбек сіңірген артистері К. Шмеер М. Альберт жұмыс істеді.
Неміс драма театры (DTA) кеңінен танылып, гастрольдік сапарларға шыға бастады. Уақыт өткен сайын, театр труппасының құрамы толығып, Теміртаудағы шағын ғимарат оларға тарлық етті. 1989 жылы театр Алматы қаласына көшірілді. Осы кезде республикадағы неміс халқының тарихи Отанына көшу науқаны жүріп жатты. 1993 жылы Германияға театрдың соңғы әртісі көшіп кетіп, театрда Лидия Ганн ғана қалды. Театрдың актерлер тобын толықтыру мақсатында Т. Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының құрамында Неміс театр өнерінің академиясы ашылды, театр труппасы өзге ұлт өкілдерінің азаматтарымен толыға бастады. Бұл театр бағыты мен болмысына үлкен өзгерістер енгізді. Неміс драма театры (DTA) тәжірибелер пен пікірталастар орнына айналды.
Өзге мемлекеттерден режиссерлер шақырылып, олар өз кезегінде театрдың дамуына ат салысты. Театр репертуарынан жаңа шығармалар орын алды:атап айтқанда, Джеффри Черч (Англия) «Макбет», Фредерике Фельбек (Герма-ния) «Немецкий как иностранный» (Арна Арлейдің (Литва) пье-сасы), Кристоф Фетрие (Франция) «Миры в переходах» (Джеймс Джойстың «Уилисс» романы), Катарина Шмеер (Германия) «Дай жару», Х. Ганым (Германия) «Войцек» (Г. Бюхнер пьесасы), Ирина Симонова (Қазақстан) «Девушка и Смерть» (М.Горький шығармасының желісімен жазылған А.Курелланың ересектерге арналған ертегісі) қойылымдары көрермендердің назарына ұсынылды.
Театр репертуарында «Оскар и Розовая Дама» (авт. Э. Э. Шмитт, реж. Игорь Гонопольский), «Дон Жуан приходит с войны» (авт. Э. фон Хорват, реж. Борис Преображенский), «Счастливый Ганс» (авт. М. Бартенев, реж. Дмитрий Скирта), «По одежке протянешь ножки» (авт. Х. Бергер, реж. Андрей Во-ронин), «Свобода» (авт. С. Мрожек, реж. Ирины Симонова) т.с.с. отандық және шетелдік режиссерлердің қойылымдары бар. Қазіргі таңда республикалық неміс драма театры түрлі тәжірибелердің арқасында неміс халқының мәдени мұрасын сақтауды көздейді. Жыл сайын театр репертуары жаңартылып, оған өзге елдердің сазгерлері мен режиссерлері тартылады. Театр қойылымдары орыс және неміс тілдерінде жүргізіледі. Неміс тілін меңгермеген көрермендерге неміс тілінен орыс тіліне тікелей синхронды аударма ұсынылады.
2000 жылы театр гастрльдік сапарымен Германия мен Швейцарияға барып В. Сорокинның «Очередь атты» қойылымын көрсетті.
Неміс театрының сахнасында тәуелсіз жобалардың бірнешеуі жарық көрді — Дарио Фоның «Женщина одного дома» атты моноспектакль актриса Ирка Абдульманованың ойнаумен 2000 жылы қойылды, режиссер Петер Тодоровтың (Польша) «Снег» атты спектакілінде Наталья Дубс қатысты. Ағылшын режиссері Джеффри Черч У.Шекспирдің «Макбетін» қойды. Соңғы спектакльдің стилін европалық және қазақ театрына лайықты тәсілдері шеберлікпен құрастырылған.
2004 жылы режиссер Болат Атабаев «Алматыдағы леди Мильфорд» қойылымда Германияға көшкен оралмандардың қиын тағдыры суреттеледі.
Аталған қойылымдардан тыс 2006 жылы театр М. Горькийдің «Девушка и смерть», Г. Бюхнердің «Войцек», А. Володинның «Деректив каменного века», Р. Шиммельпфеннингтің «Рыба за рыбу» атты қойылымдарды көрермендерге тарту етті.
2006 жылы Неміс драма театры Мюльхем қаласында (Германия) «Жібек жолы» атты халықаралық фестивальге барып қайтты.
## Жетістіктері
* 2008 жылы өнер ордасы Челябі қаласында өткен "Камерата-08" фестиваліне қатысып, Болат Атабаевтың "Алматыдан келген леди Мильфорд" қойылымын сахналап "Әлеуметтік маңызы зор тақырыпты тереңінен игергені үшін" арнайы сыйлығын жеңіп алды.
* 2009 жылы "Германиядағы Қазақстан жылдары" аясында қалаларды гастрольдік сапармен аралады. Сондай-ақ, "Қыз бен өлім" қойылымы сыншылар тарапынан оң бағаға ие болды.
* 2010 жылы Таразда өткен ХVIII республикалық театр фестивалінде "Қалдырма мені" атты спектакльді сахналады. Ұлы Отан соғысының 65 жылдығы мен Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған шарада "Ең үздік актерлік ансамбль" дипломымен марапатталды.
* 2011 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық ұлттық театрлар фестивалінде "Бостандық" спектаклін сахналап "Үздік режиссерлік шешім" дипломымен марапатталды.
## Актерлері
Бүгінгі таңда театрдың директоры әрі бас режиссері – Наталья Дубс. Бас әртістер – "Сахнагер" ұлттық театр жүлдесінің лауреаты Ирка Абдулманова, актриса Светлана Скобина, Юлия Тейфель, Оксана Тяменко, Александр Дар, Тимур Бонданк және т.б.
## Галерея
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
ҚазАқпарат (ағылш. Kazinform) — қазақстандық халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстандағы ең ірі бұқаралық ақпарат құралдарының бірі. Бас кеңсесі Астанада орналасқан. Негізінен ұлттық және еуразиялық жаңалықтарға назар аударады.
## Тарихы
* 1920 жылы 13 тамызда РОСТА-ның (Ресей телеграф агенттігі) Орынбор - Торғай бөлімшесі деп аталатын қазақ жаңалықтарының алғашқы агенттігі құрылды.
* 1925 жылы — ҚазРОСТА деп қайта аталды.
* 1937 жылы — Қазақ телеграф агенттігі (ҚазТАГ) деген атаумен Қазақ КСР-нің Халық комиссарлар Кеңесіне берілді.
* 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Ақпарат агенттігі Қазақ мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) болып өзгертілді.
* 1997 жылы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің № 3629 Жарлығымен ҚазТАГ таратылып, орнына "Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)" республикалық қазыналық кәсiпорны құрылды.
* 2002 жылы – ҚазААГ базасында "Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)" Ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы ұйымдастырылды.
* 2008 жылы – «Қазақ ақпараттық агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысына сәйкес «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамына енді.
* 2010 жылы – ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 378 қаулысымен «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ таратылып, холдингке кіретін компаниялар, оның ішінде «ҚазАқпарат» ҚР Байланыс және ақпарат министрлігіне берілді.
* 2011 жылы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 қаулысына сәйкес «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы таратылып, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамына біріктірілді.
* 2013 жылы – «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамы Басқармасының шешімі негізінде 16 қазанда «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркелді.
* 2014 жылы 6 қаңтарда «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС өз қызметін бастады.
* 2016 жылы – "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" ЖШС "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясының құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.
* 2019 жылы – «Мемлекеттік мүліктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 631 қаулысымен «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі» ЖШС құрамына «Қазконтент» АҚ қосылып, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
* 2022 жылы – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрамына енді. Ал агенттікпен аттас компания «Qazcontent» акционерлік қоғамы болып өзгертілді.
* 2023 жылы – «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (КеАҚ) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (ШЖҚ РМК) болып қайта құрылды.
## Басшылары
Агенттікті әр жылдарда басқарған басшылар:
ҚазТАГ
* Аркадий Иванович Вятич-Кириллов (1937-1938, репрессияға ұшырап, 1938 жылы ату жазасына кесілді)
* Константин Нефёдов (1939-1940)
* Жүсіп Алтайбайұлы Алтайбаев (1953-1958)
* Кеңесбай Үсебайұлы Үсебаев (1959-1960)
* Қасым Шәріпұлы Шәріпов (1961-1974)
* Кәкімжан Қазыбайұлы Қазыбаев (1977-1982)
* Жұмағали Исмағұлов (1982-1987)
* Амангелді Ахметалимұлы Ахметалимов (1987-1997)
КИА/ҚазААГ
* Мұрат Майханұлы Аренов (1997-2002)
Казинформ/ҚазАқпарат
* Ғаділбек Минажұлы Шалахметов (2003-2004)
* Жанай Сейтжанұлы Омаров (2004-2006)
* Дәурен Кеңесұлы Дияров (2007-2016)
* Әсел Дулатқызы Төлегенова (2016-2017)
* Асқар Қуанышұлы Омаров (2017-2021)
* Елдос Бигелдіұлы Нашірәлі (2021-2022)
«ҚР Президенті Телерадиокешені» КеАҚ
* Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2022 жылдың 1 сәуірінен)
«ҚР Президенті Телерадиокешені» ШЖҚ РМК
* Бас директоры Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы (2023 жылдың 1 қыркүйегінен)
## Халықаралық ынтымақтастық
ҚазАқпарат- АТААҰ ақпарат агенттіктері халықаралық қауымдастығының мүшесі (Азия мен Тынық мұхит елдерінің Ақпараттық Ұйымдары); Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушылары — Мемлекеттердің ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының мүшесі (МҰАҚ), түркі тілдес елдердің ақпарат агенттіктері ұйымының (ТААҰ), ТҮРКСОЙ мәдениет және өнерді бірлесіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі.
ҚазАқпарат — ИТАР-ТАСС, РИА-Новости, КАБАР, БелТА, УкрИнформ және т.б ірі ақпарат агенттіктерінің серіктесі.
## ҚазАқпараттың латын әліпбиі
2025 жылға дейін кириллицадан латын әліпбиіне көшу қарсаңында қазақ тілін түрік латын графикасына негізделген романизация жүйесі болды, оны 2025 жылға дейін аяқтау көзделген. Алайда оны Президент Нұрсұлтан Назарбаев ешқашан қарастырған жоқ. Президент жаңа әліпбиде «еш ілгек те, артық нүкте де болмауы керек» деп түсіндірді. Назарбаев бекіткен жаңа латын әліпбиі кирилл әліпбиіне сәйкес келетін апострофтардан тұрады, жұртшылық пен тіл мамандары тарапынан түрлі пікірлер айтылды.
2019 жылға қарай ақпарат агенттігінің сайты латынша қазақ тіліндегі нұсқасында 2018 жылғы қайта қаралған романизация жүйесін қолдана бастап, нәтижесінде түрік латын негізіндегі жүйеден бас тартты; дегенмен, Қазақша Уикипедия мен Google Translate әлі күнге дейін агенттіктің латын графикасын пайдаланады. Google Translate оны романизация үшін пайдаланады.
Әлеуметтік желідегі қазақ тілі әуесқойларының «Kazak Grammar» тобы 2018 жылғы ресми жүйенің ерекшеліктерін ҚазАқпарат жүйесімен біріктіретін, әсіресе түрік тіліндегі дауысты дыбыстардың диакритикамен сақталуын біріктіретін балама романизация жүйесін ұсынды. Бірақ 2020 жылдың басында топ бағытындағы күтпеген өзгеріс болып, топ әліпбидің 2019-2020 жылдарға арналған қайта қарауын көрсететін жаңа романизация келісімдерімен бірге «Noqat» ретінде қайта құрылды.
## Дереккөздер |
Қаңтардың 3 — Григориан күнтізбесінде жылдың 3-ші күні. Жылдың аяғына 362 (кібісе жылдарда 363) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
630 жылы Меккенің жаулап алынуы
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 5 — Григориан күнтізбесінде жылдың 5-ші күні. Жылдың аяғына 360 (кібісе жылдарда 361) күн қалады.
## Оқиғалар
* 551 — Түрік қағанаты құрылды. Оған Қазақстан аймағының көп бөлігі енді.
* 1935 — «Литературный Казахстан» газетінің алғашқы саны жарық көрді.
* 1956 — Антарктида жағалауларына кеңестік Антарктикалық экспедиция жеткізілді.
* 1973 — АҚШ-та жолаушыларды ұшаққа отырғызар кезде электронды темір іздегішпен тексеру басталды.
## Туғандар
* 1838 — Мари Энмон Камиль Жордан, француз математигі (1922).
* 1921 — Фридрих Дюрренматт, Швейцария жазушысы (1990).
* 1932 — Умберто Эко, итальяндық жазушы, философ.
* 1938 — Хуан Карлос I, Испания королі.
## Қайтыс болғандар
* 1845 — Луи-Леопольд Бойлли (en:Louis-Léopold Boilly) (1761), француз суретшісі.
* 1910 — Леон Вальрас, француз экономисты (1834)
* 1930 — Людвиг Клайзен (Кляйзен), неміс химигі (1851).
* 1981 — Гарольд Клейтон Юри (1893), америкалық физик және химик, 1934 жылғы Нобель сыйлығының иегері.
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 1 — Григориан күнтізбесінде жылдың 60-шы күні (кібісе жылдарда 61-ші). Жылдың аяғына 305 күн қалады.
## Мерекелер
* БҰҰ — Халықаралық нашақорлық пен наркобизнеспен күрес күні
* Дүниежүзілік азаматтық қорғану күні
* Болгария — Мартеница
* Босния және Герцеговина — Тәуелсіздік күні.
* Исландия — Сыра күні.
* Ресей — Эксперт-криминалист күні.
* Ресей — Мысықтар күні
* Румыния Мальдив Республикасы, — Мэрцишор
* Маршалл аралдары — Естелік күні.
* Панама — Конституция күні.
* Парагвай — Қаһармандар күні.
* Польша — Қарғыс атқан сарбаздар күні ұлттық мейрамы.
* АҚШ — Түрлі-түсті әйелдер ұлттық күні.
* Эсватини — Нёвшатель, Республика күні.
* Корея Республикасы — Тәуелсіздік үшін қозғалыс күні.
* Уэльс — әулие Дәуіт күні.
* Жапония — Ұлттық бейпітшілік үшін күрес күні, Бикини күні.
* Қазақстан — Алғыс айту күні
## Оқиғалар
* 1555 жыл— Нострадамус өзінің болашақ болжамдар кітабын шығарды.
* 1780 жыл— Пенсильвания құлшылыққа жол бермеген алғашқы штат атанды.
* 1803 жыл— Огайо 17-ші АҚШ штаты атанды.
* 1867 жыл— Небраска 37-ші АҚШ штаты атанды.
* 1869 жыл— Дмитрий Менделеев элементтер жүйесінің кестесін олардың атомтық салмағы мен химиялық ұқсастығына қарай құрды.
* 1872 жыл— АҚШ Конгресі шешімімен Йеллоустоунда әлемдегі алғашқы ұлттық парк ашылды.
* 1928 жыл — АҚШ докторы Герберт Эванс алтыншы дәруменді ашқан, ол сәйкесінше F деп аталып кетті.
* 1953 жылы 1 наурыз – «Азаттық» радиосы хабар тарата бастады.
* 1995 —Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған.
## Туғандар
* 1876 —Анри де Байе-Латур (6 қаңтар 1942) — бельгиялық аристократ, граф; Халықаралық олимпиада комитетінің 3-ші президенті (1925—1942).
* 1892— Елдес Омаров, Қазақстан қоғам қайраткері ( 2 желтоқсан 1937)
* 1931 жылы 1 наурыз – қазақтың көрнекті ғалымы, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков дүниеге келді. Жазық рычагты механизмдер кинематикасы мен кинетостатикасын, серпімді буынды механизмдердің динамикасын зерттеуге арналған еңбектері шет елдерде де кеңінен танымал. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін университет ректоры ретінде қудалауға түскен жылдардағы сынақтан да сағын сындырмай өте білді.
* 1937 жыл — Равиль Исламович Вагапов техника ғылымдарының докторы
* 1954 жыл—Арслан Каджар, түрік кино және телехикая актері, режиссер, жазушы, сценарийші
* 1987 жыл — Кеша атымен танымал америка әншісі
* 1994 жыл—Джастин Бибер, Канадалық поп R&B-әнші және әртіс, сазгер
## Қайтыс болғандар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 4 — Григориан күнтізбесінде жылдың 4-ші күні. Жылдың аяғына 361 (кібісе жылдарда 362) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1936 — Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы мұражай ашылды.
* 1954 — "Сан рекордс" студиясына өз орындауында екі ән жаздыруға бір жігіт келді. Ол Элвис Пресли еді.
* 1999 — 11 еуропалық мемлекет ортақ еуро ақшасын енгізді.
## Туғандар
* 1643 — Исаак Ньютон, ағылшын физигі, математигі, астрономы, философы, теологы (1727).
* 1859 — Карел Вацлав Райс, чех жазушысы, реализм өкілі, балалар мен ересектерге арналған кітаптар мен поэмалардың авторы.
## Қайтыс болғандар
* 1882 — Джон Драпер (en:John William Draper), Айдың алғащқы фотосуретін жасаған америкалық химик (1811).
* 1928 — Хендрик Антон Лоренц, атақты голланд физигі
* 1941 — Анри Бергсон, француз философы, әдебиеттен 1927 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1859).
* 1960 — Альбер Камю, француз жазушысы, әдебиеттен 1957 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1913).
* 1961 — Эрвин Шрёдингер, Австрия физигі, физикадан 1933 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты (1887).
* 1965 — Томас Стернз Элиот (1888), ағылшын-америкалық ақын, 1948 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 1 — Григориан күнтізбесінде жылдың 121-ші күні (кібісе жылдарда 122-ші). Жылдың аяғына 244 күн қалады.
## Мерекелер
* Қазақстан — Халқының бірлігі күні.
* Ресей — Көктем және еңбек мерекесі
## Оқиғалар
* Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары Жердің қамқоршысы әйел-құдай – Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептелді.
* 1890 жылы Парижде өткен ІІ интернационал конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 Мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
* Алғаш айтулы мейрамды 1890 жылы Аустро-Мажарстан, Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, АҚШ, Норвегия, Франция, Швеция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері аумалы-төкпелі заман өтіп, саяси жүйелер жаңғырса да, қазіргі таңда 1Мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды. Еуроодақ пен НАТО-ға]қосылған кешегі социалистік елдер үшін 1 Мамырдың маңызы шамалы. Украинада 1 Мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуәп дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туындыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады. Сицилияда жергілікті халықтың сенімі бойынша, бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс.
* Испанияда бұл күн гүлдер мерекесі болып саналады.
* Берлин полицейлері үшін бұл күн ауыр да мазасыз күн, себебі елдегі партиялар мен қозғалыстардың шеруінің соңы бей-берекет тәртіпсіздіктерге ұласып жатады. Ал америкалықтар болса, мейрам екен демейді, жұмыс істейді.
* Британияда 1 Мамыр – демалыс күні.
* 1977 жылы лейбористер билік басында болғанда, бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтетін. Еуропаның көпшілік елдері бұл күнді атап өтуге соншалық ықыласты емес. Аустрия, Болгария, Бразилия, КХДР-да еңбек мейрамы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтеді.
* Ресей империясында 1890 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл мейрамды тойлаудың арты саяси сипат алып, бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан бастап 1 Мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр мейрамы КСРО құрсағындағы қырық құрау ұлыстарды бірыңғай кеңес халқына айналуына үлес қосқан-ды. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай, 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік! Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО-ның орнын басқан Ресейде 1 Мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап Көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан бес күн демалады. Ал Әзірбайжан, Грузия, Түрікменстан және Өзбекстанда 1 мамыр – жұмыс күні. Бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.
## Туғандар
* 1929 — Майя Рысқұлова, медицина ардагері.
* 1938 — Әбдірахман Асылбек, ақын.
* 1956 — Майра Ілиясова, әнші, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері.
## Қайтыс болғандар
* 1978 — Арам Хачатурян, сазгер
## Дереккөздер |
Қаңтардың 7 — Григориан күнтізбесінде жылдың 7-ші күні. Жылдың аяғына 358 (кібісе жылдарда 359) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1887 жылы — тарихта алғаш рет Томас Стивенс велосипедпен жер шарын айналып шықты.
* 1914 жылы — алғашқы пароход Панама арнасын кесіп өтті.
* 1610 жылы — Галилео Галилей алғашқы Юпитердің үш серігін Ио, Еуропа, Ганимедті ашты.
* 1925 жылы — Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын ұжымдастыру юағыты қабылданды.
* 1785 жылы — тарихта алғаш рет француз Жан Пьер Бланшар Ла-Манштың үстімен алғаш рет ұшып өтті.
## Туғандар
* 1886 жылы — бұрынғы Ақмешіт (бүгінгі Қызылорда) үйезінде белгілі саяси және Түркістанның қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай дүниеге келді
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 6 — Григориан күнтізбесінде жылдың 6-шы күні. Жылдың аяғына 359 (кібісе жылдарда 360) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1898 — алғаш рет жағалау мен кеме арасын жалғайтын телефон байланысы құрылды.
* 1937 — КСРО-да халық санағы жүргізілді. Санақ жобасын кәсіби статистиктер жасағанмен, Сталин тарапынан ол қысқарып, өзгертілді. Санақ нәтижесінде сталиндік саясаттың сұмдығы анық көрінді.
* 1939 — Берлинде Отто Ган мен Фриц Штрасман атты ғалымдар нейтрондар арқылы ураннан ядроны бөлуге болатынын ашты. Олар, сондай-ақ ядролық энергияны пайдалануға алғашқы қадам жасағандар. Өкінішке орай тәжірибе жүзінде атом бомбасы болып шықты.
* 2006 — әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов (Нұрсұлтан Назарбаев аздаған өзгеріс енгізгеннен кейін Менің Қазақстаным әні Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны болып бекітілді.
* Ежелгі шығыс халықтарының рождество мейрамын тойлайтын күні
## Туғандар
* 1412 — Жанна Д' Арк, аты аңызға айналған Францияның халық батыры
* 1766 — Хосе Гаспар Родригес де Франсия (1840), тәуелсiз Парагвайдың алғашқы жетекшiлердiң бiрi.
* 1928 — Гюнтер Гёрлих, неміс (шығыс германдық) жазушысы.
* 1943 — Розалин Майлз, ағылшын жазушысы, әйелдерге арналған көптеген романдардың авторы.
## Қайтыс болғандар
* 1918 — Георг Кантор, неміс математигі.
* 1919 — Теодор Рузвельт, америкалық саясаткер, АҚШ-тың 25-ші Президенті.
* 1944 — Всеволод Фредерикс, әйгілі орыс физигі.
* 1990 — Павел Алексеевич Черенков, орыс физигі, физикадан Нобель сыйлығының иегері.
## Сыртқы сілтемелер |
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
## Міндеттері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша:Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша:Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
### Бейбiт кезеңде
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
* әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
* әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
* маңызды әскери нысандарды күзету;
* елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
* халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
## Әскери доктринасы
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
* 2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
* Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
## Өңірлік қолбасшылықтар
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
### «Астана» өңірлік қолбасшылығы
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Астана» ӨҚ кіреді:
* 7-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 31775 ә/б) — Қарағанды
* арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас е.м.
* 401-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (401-ші забр немесе 06708 ә/б) — Приозёрск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды)
* 402-ші ракетивті артиллериялық бригада (402-ші реабр) — Приозёрск
* 403-ші танк бұзар артиллериялық бригада (403-ші тбабр немесе 70417 ә/б) — Приозёрск
* Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск
* Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозёрск
### «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» ӨҚ кіреді:
* 3-жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (3-жгмехбр немесе 40398 ә/б) — Үшарал;
* 4-механикаландырылған бригадасы (4-жмехбр немесе 27943 ә/б) — Өскемен;
* 8-жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей;
* 11-танк бригадасы (11-тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз;
* 34-артиллерия бригадасы (34-абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал;
* 101-ракеталық бригада (101-рбр немесе 36803 ә/б) — Семей;
* 102-ракетивті артиллериялық бригада (402-реабр немесе 16752 ә/б) — Семей;
* 103-зеңбіректі артиллериялық бригада (103-забр немесе 28738 ә/б) — Семей;
* жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей;
* жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей.
### «Батыс» өңірлік қолбасшылығы
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді:
* 100-ші артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе;
* жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе;
* 390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды);
* жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау;
* жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.
### «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» ӨҚ кіреді:
* 5-ші тау атқыштар бригадасы (5-ші табр немесе 85395 ә/б) — Тараз;жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а.жеке танк батальоны — Луговой а.жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а.жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а.
* жеке мотоатқыш батальоны (42062 ә/б) — Луговой а.
* жеке танк батальоны — Луговой а.
* жеке барлау батальоны (03811 ә/б) — Луговой а.
* жеке мотоатқыш батальоны (11971 ә/б) — Меркі а.
* 6-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент;
* жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы а.
* 40-шы әскери базасы Гвардейский кенті;12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б)
* 12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)
* 54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)
* 23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)
* Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б)
* 221-ші жеке байланыс бригадасы (221-ші жббр немесе 28903 ә/б) — Тараз;
* 232-ші инженерлік-саперлік бригада (232-ші исбр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай.
## Ағымдық қару-жарағы
### Құрлық күштері
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:
* Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар
* КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары
* Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б
## Артиллерия
Сүйретілетін артилерия
*
*
Жылжымалы зеңбіректер
*
*
Дүркін артиллерия
Тактикалық зымыран кешендері
### Әуе қорғанысы күштері
Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.
Мақсаттары:
* Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету
* Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау
* Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету
## Басшылық
* Әлібек Хамитұлы Қасымов (1992 — 1995) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Николай Дмитриевич Толмачев (1995 — 1996) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Әлихан Бірімжанұлы Жарболов (1996 — 1997) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Бақытжан Ертайұлы Ертаев (1997 — 2000) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мәлік Мұхамеджанұлы Сапаров (2001 — 2003) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Болат Керімжанұлы Дарбеков (2003 — 2007) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
* Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев (2007 — 2010) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы;
* Сәкен Әділханұлы Жасұзақов (2010 — 2016) — Қорғаныс министрлігі Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, 2013 жылдан бастап — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мұрат Жәлелұлы Майкеев (2016 — 2019) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Мұрат Кәрібайұлы Бектанов (2019 — 2021) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Марат Рахымұлы Құсайынов (2021 — 2024) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы;
* Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов (2024 жылдан бастап) — Қарулы күштер Бас штабының бастығы.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери атақтар
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қарулы Күштер Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы.
* Photogallery of kazakhi army
* Kazakh armored forces parade (video) Мұрағатталған 11 тамыздың 2023 жылы.
* Military drill in Kazakhstan (video)
* Biz Türküz (Turkish union)
* Kazakhstan army (video)
* Kazakh - Turkish Brothers Storm
* Kazakh army (!NO PASARAN!)
* Kazakhstan Special Forces & Republic Guard (video)
* Kazakhstan Special Forces (video) Мұрағатталған 3 маусымның 2010 жылы.
* Kazakh army, navy & air forces (video) Мұрағатталған 1 маусымның 2010 жылы.
* Kazakh Airborne (video) |
Қаңтардың 9 — Григориан күнтізбесінде жылдың 9-шы күні. Жылдың аяғына 356 (кібісе жылдарда 357) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1793 — француз Жан Пьер Бланшар әуе шарымен Американың үстімен алғаш рет ұшып өтті.
* 1799 — Англияда алғаш рет табыс салығы енгізілді.
* 1905 — орыс тарихында өте қайғылы оқиға орын алды: императордың бұйрығымен өз жанұяларымен Қысқы сарайға бет алған жұмысшылар атылды. Олар бейбіт ойда болатын, әйелдері мен балаларын ертіп ханға барып, өз қайғыларын ортаға салғысы келген еді.
* 1951 — БҰҰ-ның Нью-Йорктегі ғимараты ресми түрде ашылды.
## Туғандар
* 1590 — Симон Вуэ, француз суретшісі (1649).
* 1890 — Карел Чапек, Чехия жазушысы (1938).
* 1904 — Әбілхан Қастеев қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі.
* 1913 — Ричард Никсон, АҚШ-тың 37-ші президенті (1969—1974;).
## Қайтыс болғандар
* 1799 — Мария Гаэтана Аньези (1718), итальяндық математик.
* 1944 — Антанас Сметона, Литва президенті (1919—1920 және 1926—1940 жж.) (1874).
* 1981 — Арчибальд Кронин (1896), ағылшын жазушысы.
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 11 — Григориан күнтізбесінде жылдың 11-ші күні. Жылдың аяғына 354 (кібісе жылдарда 355) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
1929 жылы КСРО-да жұмыс уақыты 7 сағатқа түсірілді.
## Туғандар
* 1545 — Гуидобальдо Марчезе дель Монте, итальяндық физик және математик (1607),
* 1757 — Александр Гамильтон, АҚШ-тың бірінші қаржы министрі, АҚШ-тың Ұлттық банкінің негізін салушысы.
* 1906 — Альберт Хофманн, Швейцария химигі.
* 1943 — Эдуардо Мендоза, танымал испан жазушысы.
## Қайтыс болғандар
* 1928 — Томас Харди (1840), ағылшын жазушысы.
* 1980 — Барбара Пим (en:Barbara Mary Crampton Pym) (1913), ағылшын жазушысы.
* 1988 — Исидор Раби (1898), америкалық физик, 1944 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1991 — Карл Дэвид Андерсон (1905), 1932 жылы позитронды ашқан швед текті америкалық физик, 1936 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 10 — Григориан күнтізбесінде жылдың 10-шы күні. Жылдың аяғына 355 (кібісе жылдарда 356) күн қалады.
## Мерекелер
* Қазақстан: Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күні
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1797 — Аннетте Дросте-Хюльсхофф, неміс ақыны
* 1913 — Густав Гусак, Чехословакия саяси қайраткері және президенті (1975—1989) ( 1991).
* 1915 — Ілияс Есенберлин, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман (17) жазған жазушы.
* 1934 — Леонид Кравчук, Украина президенті 1991—1994 жж.
* 1936 — Роберт Вильсон, америкалық астроном, физикадан 1978 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
## Қайтыс болғандар
* 1833 — Адриен Мари Лежандр, француз математигі.
* 1879 — Анте Кузманич, хорват жазушысы, дәрігер, қоғам қайраткері (1807).
* 1891 — Лаза Лазаревич (1851), серб жазушысы.
* 1951 — Синклер Льюис, американ жазушысы.
* 1970 — Павел Иванович Беляев, орыс ғарышкері (1925).
## Сыртқы сілтемелер |
13 қаңтар — Григориан күнтізбесінде жылдың 13-ші күні. Жылдың аяғына 352 (кібісе жылдарда 353) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1906 — радиода жарнама жасаудың туған күні.
* 1941 жылы Германия әскері КСРО батыс шекарасына ене бастады.
* 1993 — Парижде химиялық қаруды қолдануға, жасауға, өндіруге, тыйым салу туралы Конвенция қабылданды. Қазақстан оған 1999 жылы қол қойды.
## Туғандар
* 1807 — Алексей Дмитриевич Галахов, орыс әдебиетінің тарихшысы (1892).
* 1864 — Вильгельм Вин, неміс физигі, 1911 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1924 — Пауль Фейерабенд, америкалық философ.
* 1927 — Ги Мумину, француз суретшісі және жазушысы.
* 1960 — Сэнди Крисп, америкалық әртіс, актриса және модель.
## Қайтыс болғандар
* 1923 — Теодюль Рибо, көрнекті академик, психолог және ұстаз.
* 1941 — Джеймс Джойс, ирланд жазушысы (1882).
* 1978 — Морис Карем, бельгиялық ақын.
* 1988 — Цзян Цзинго, Тайвань қоғам қайраткері (1910).
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 12-күні. Жылдың аяғына 353 (кібісе жылдарда 354) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1580 — Ян Баптиста ван Гельмонт, бельгиялық химик, физиолог, дәрігер
* 1800 — Эжен Луи Лами, француз суретшісі.
* 1863 — Вивекананда, үнді философы және қоғам қайраткері (1902).
* 1876 — Джек Лондон, американ жазушысы
* 1912 — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері
## Қайтыс болғандар
* 1909 — Герман Минковский, неміс математигі.
* 1976 — Агата Кристи (1890), әйгілі ағылшын жаузышсы.
* 1986 — Марсель Арлан (en:Marcel Arland), француз жазушысы.
* 1997 — Чарльз Хаггинс (1901), американ хирургі, онкологы, 1966 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 16 — Григориан күнтізбесінде жылдың 16-шы күні. Жылдың аяғына 349 (кібісе жылдарда 350) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
1979 жылы Иранда көтеріліс, Хумәйнидің келуі және Шахтың қашуы
## Туғандар
* 1728 — Никколо Пиччини, итальяндық композитор (1800).
* 1749 — Витторио Альфьери, итальяндық ақын (1803).
* 1931 — Йоханнес Рау, неміс мемлекеттік қайраткері (2006).
* 1958 — Букреев Анатолий Николаевич, альпинист, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
## Қайтыс болғандар
* 1794 — Эдуард Гиббон, ағылшын тарихшысы (1737).
* 1901 — Арнольд Беклин (1827), Швейцария суретшісі.
* 1962 — Иван Мештрович (1883), хорват мүсіншісі.
* 1984 — Ян Новак (en:Jan Novak), чех композиторы (1921).
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 18 — Григориан күнтізбесінде жылдың 18-ші күні. Жылдың аяғына 347 (кібісе жылдарда 348) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1778 — ағылшын теңізшісі Джеймс Кук Гавай аралдарын ашып оны Сандвич аралдары деп атады.
* 1919 жыл - Париж бітім конференциясы басталды
* 1871 — Версаль сарайында Франк-пруссиялық соғыс нәтижесі бойынша француздар жеңіліп Герман империясы жарияланды.
* 1886 — алғашқы автомобиль шықты.
## Туғандар
* 1689 жыл — Шарль Луи Монтескье (10 ақпан 1755 жылы қ.б.) француз ағартушысы , философ , әлеуметтанушы.
* 1955 жыл — Кевин Костнер, танымал америкалық киноактер.
## Қайтыс болғандар
* 1936 — Редьярд Киплинг, ағылшын жазушысы, ақын және 1907 жылғы Нобель сыйлығы лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
17 қаңтар — Григориан күнтізбесінде жылдың 17-күні. Жылдың аяғына 348 (кібісе жылдарда 349) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1945 жылы Қызыл әскер Польшаның астанасы Варшаваны герман әскерлерінен азат етті.
* 1995 жылы Жапонияның Осака Коба жерінде жер сілкініп, үш мың адам мерт болады.
## Туғандар
* 1706 — Бенджамин Франклин, американ ғалымы, журналист, саяси қайраткер (1790).
* 1835 — Антанас Баранаускас, литов ақыны (1902).
* 1847 — Николай Егорович Жуковский, орыс ғалымы, аэродинамиканы негіздеуші (1921).
* 1849 — Каррьер, Эжен — француз суретшісі.
* 1860 — Антон Павлович Чехов, орыс драматургі (1904).
* 1942 — Мохаммед Али (Кассиус Клей), кәсіпқой бокстан әлем чемпионы
## Қайтыс болғандар
* 1860 — Жан Офюст Доминик Энгр (1780), француз суретшісі.
* 1964 — Теренс Уайт (1906), ағылшын жазушысы.
* 1969 — Гражина Бацевич (1913), поляк композиторы.
* 2002 — Камило Хосе Села (1916), испан жазушысы, 1989 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 21-ші күні. Жылдың аяғына 344 (кібісе жылдарда 345) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1976 — Дауыс жылдамдығынан тез British Airways компаниясының «Конкорд» жолаушылар әуекемесі алғашқы коммерциялық рейсін Лондон — Бахрейн бағыты бойынша жасады. Сол күні «Конкордпен» жаңа Париж — Дакар бағытын да [[]] компаниясы ашады.
## Туғандар
* 1953 жыл — Пол Аллен, америкалық кәсіпкер, Майкрософт Корпорациясының қалаушыларының бірі.
## Қайтыс болғандар
* 1775 жыл — Емельян Пугачёв (1742 жылы 21 қаңтарда т.), дон казагы, Шаруалар көтерілісінің басшысы
* 1892 жыл — Джон Адамс, Нептунтың бар екендігін және орналасқан орнын есептен шығарған британ математигі (1819 жылы т.).
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 20 — Григориан күнтізбесінде жылдың 20-шы күні. Жылдың аяғына 345 (кібісе жылдарда 346) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1793 — Франция патшасы 16-Лоуиз өлім жазасына тартылды.
* 1961 — Джон Фицджеральд Кеннеди, АҚШ-тың 35-шы президенті болып сайланды.
* 2021 — Джо Байден АҚШ-тың 46-шы президенті болып сайланды.
## Туғандар
* 1586 — Иоганн Герман Шейн, неміс композиторы.
* 1775 — Андре Мари Ампер, француз физигі, математигі.
* 1855 — Эрнест Шоссон (en:Ernest Chausson), француз композиторы.
* 1902 — Назым Хикмет, түрік жазушысы және ақын.
* 1907 — Манфред фон Арденне, неміс физигі.
* 1926 — Цой Гук Ин (ҚХДР, Хамбрук провинциясы, Лидэ стансасы), кинорежиссер.
## Қайтыс болғандар
* 1813 — Христоф Мартин Виланд (1733), неміс жазушысы.
* 1875 — Жан Милле (1814), француз суретшісі.
* 1984 — Джонни Вайсмюллер (1904), американ жүзушісі, Олимпиялық ойындардың 5 дүркін чемпионы.
* 1985 — Ғабиден Мұстафин, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.
* 1994 — Мэтт Басби (1909), әйгілі ағылшын футбол бапкері.
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 23 — Григориан күнтізбесінде жылдың 23-ші күні. Жылдың аяғына 342 (кібісе жылдарда 343) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1556 — Шэньси жерсілкінісінде шамамен 830 мың адам мерт болды. Бұл адамзат тарихындағы ең жантүршігерлік жерсілкініс болып табылады.
* 1895 — норвегиялық экспедиция мүшелері Антарктида жағасына түскен алағашқы адамдар болды.
* 1950 — Иерусалим Израиль астанасы болып жарияланды.
* 1960 — Жак Пикар мен Дон Уолш Триест батискафымен Мариана шұңғымасына рекордтық 10916 м тереңдікке түседі.
### Туғандар
* 1832 — Эдуар Мане (1883), француз суретшісі, импрессионизмнің негіздеушісінің бірі.
* 1862 — Давид Гильберт (1943), неміс математигі.
* 1897 — Маргарете Шютте-Лихотски (2000), Австрия архитекторы
* 1907 — Хидеки Юкава (1981), физикадан 1949 жылы Нобель сыйлығын алған бірінші жапондық.
* 1919 — Боб Пэйсли (1996), ағылшын футболшысы және Ливерпуль футбол клубының әйгілі бапкері.
Қайтыс болғандар
* 1837 — Джон Филд (1782), Ирландия композиторы.
* 1944 — Эдвард Мунк, Норвегия суретшісі (1863).
* 1957 — Рэй Каммингс (1887), американ жазушысы.
* 2002 — Пьер Бурдье, француз әлеуметтанушысы және философы.
* 2014 - Фариза Оңғарсынова, қазақ ақыны
## Сыртқы сілтемелер |
Қаңтардың 31 — Григориан күнтізбесінде жылдың 31-ші күні. Жылдың аяғына 334 (кібісе жылдарда 335) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1958 жылы Мысыр мен Сирия қосылды
## Туғандар
* 1948 жылы 31 қаңтар – қазақтың белгілі жазушысы Баққожа Мұқай дүниеге келді. Қаламгердің «Өмірзая» романы 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
## Қайтыс болғандар
* 1955 жыл – қазақтың ғажайып күйшісі Дина Нұрпейісова (1861 ж. туған) қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 2 — Григориан күнтізбесінде жылдың 33-ші күні. Жылдың аяғына 332 (кібісе жылдарда 333) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1703 жылы Жапонияда жер сілкініп, 200 мың адам қаза тапты.
* 1913 жылы 2 ақпан – «Қазақ» газетінің тұңғыш нөмірі жарық көрді. 1918 жылғы 16 қыркүйекке дейін шығып тұрды.
* 1993 жылы Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
* 2008 жылы Прагада әйгілі қазақ жазушысы және әдебиеттанушы Мұхтар Мағауиннің «Жармақ» романы жарық көрді
* 2015 жылы Алматыда Сұңқар халықаралық шаңғы трамплиндерінің аумағындағы шаңғы трассасы әлемдік рейтингте үздік үштікке кірді
* 2018 жылы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC), Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA), Халықаралық бокс федерациясының (IBF) және Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «Бокс аңыздары» сыйлығының «Жыл боксшысы» аталымында жеңімпаз болды
## Туғандар
* 1940 жылы қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі Мұхтар Мұқанұлы Мағауин дүниеге келді. ХV-XVIII ғасырлардағы ақын – жыраулар шығармашылығы жайындағы «Қобыз сарыны» монографиясы жарыққа шыққаннан кейін қазақтың төл әдебиеті тарихының бастауы үш ғасырға әрі шегерілді. Қаламгердің «Аласапыран» дилогиясы тарихи роман деңгейін жаңа биікке көтерді. «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты.
* 1933 жылы әйгілі қазақ хирургі, медицина ғылымдарының докторы, академик Мұхтар Әлиұлы Әлиев дүниеге келген
* 1934 жылы экономика ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі Қаратай Тұрысов дүниеге келген.
* 1938 жылы жазушы, қоғам қайраткері Марал Ысқақбай дүниеге келді. Жамбыл облысының Қордай ауданында туған.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 3 — Григориан күнтізбесінде жылдың 34-ші күні. Жылдың аяғына 331 (кібісе жылдарда 332) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1925 жылы «Жас қайрат» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді
* 1990 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті құрылды және оны 1992 жылы наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті мойындады.
## Туғандар
* 1928 жылы – қазақтың актері Кененбай Қожабеков дүниеге келді. Шығармашылығы нағыз кемеліне келген шағында бұзақының қастандығы салдарынан сал болып қалған актер кейін де көптеген жарқын бейнелер жасаған. Соның бірі – «Қыз Жібек» Сырлыбай.
* 1986 жылы – қазақтың азаматы Олжас Пазылдаев дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 9 — Григориан күнтізбесінде жылдың 40-шы күні. Жылдың аяғына 325 (кібісе жылдарда 326) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1925 жыл – Қазақстан астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.
## Туғандар
* 1441 жыл – Әлішер Науаи, Түркі халықтарына ортақ ұлы ақын, ойшыл, мемлекеттік қайраткер.
* 1931 жыл – Мұқағали Мақатаев, даңқты қазақ ақыны.
* 1932 жыл – Болат Жандарбеков, режиссер, жазушы, сценарийші, драматург.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 10 — Григориан күнтізбесінде жылдың 41-ші күні. Жылдың аяғына 324 (кібісе жылдарда 325) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 2000 жылы 10 ақпан – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді.
## Туғандар
* 1938 жылы 10 ақпан – қазақтың тамаша әдебиет сыншысы Зейнолла Серікқалиев дүниеге келді. «Дүниетану даналығы» кітабы ұлттық эстетикалық ойға қосылған қомақты үлес.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 13 — Григориан күнтізбесінде жылдың 44-ші күні. Жылдың аяғына 321 (кібісе жылдарда 322) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1915 жылы 13 ақпан – Семей қаласында қазақ топырағында еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахнаға қоятын пьеса болмағандықтан спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған – Жүсіпбек Аймауытов.
* 1960 жыл — Франция БҰҰ мен АҚШ қарсылықтарына қарамай Үлкен шөлде атом бомбасын жарды
## Туғандар
* 1769 жыл — Иван Андреевич Крылов (1844 ж.қ.б.), орыс жазушысы, драматург, мысалшы ақын.
* 1910 жыл — Уильям Брэдфорд Шокли (1989 ж.қ.б.), америкалық физик, транзисторды ойлап табушылардың бірі, Нобель сыйлығы иегері (1956).
## Қайтыс болғандар
* 1883 жыл — Рихард Вагнер(1813 ж.т.), неміс сазгері, дирижері, музыка теорияшысы және жазушысы.
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 5 — Григориан күнтізбесінде жылдың 36-шы күні. Жылдың аяғына 329 (кібісе жылдарда 330) күн қалады.
## Мерекелер
* Мексиканың мемлекеттік мерекесі: Конституция күні.
## Оқиғалар
* 1945 жыл — Алматыда алғашқы қазақ консерваториясы ашылды.
* 1996 жыл — Қазақстан телекоммуникациялар консорциумы (КАТЕЛКО) құрылды.
* 2001 жыл — Алматыда «Сөзтаным» журналы жарық көрді.
* 2002 жыл — Pepsi компаниясы Бритни Спирстың қатысуымен құны 9 миллион долларлық әлемдегі ең қымбат жарнама ролигін түсірді.
* 2006 жыл — Ұлыбританияның Мюррейфилд регби клубы стадионында өткен Шотландия мен Франция арасындағы Регби бойынша алты ұлт кубогы ойынында 13525 көрермен Шотландияның ұлттық туын жасады. Аталмыш көріністен қуат алған шотландтықтар француздарды 20:16 есебімен ұтып кетті.
* 2008 жыл — «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған қоғамдық кеңес құрды.
* 2008 жыл — Әділет министрлігі заң жобаларының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында әдістемелік ұсынымдар әзірледі.
* 2009 жыл — Қарағандыда малдәрігерлік зертхана ашылды. Ол толығымен халықаралық стандарттарға сай келеді. Заманауи жабдықтарымен жарақтанған жаңа зертхана аса қауіпті мал ауруларын қысқа мерзімде сынамадан өткізуге мүмкіндік береді. Мұнда сондай-ақ азық-түлік өнімдері де тексеріледі. Бұл қазақстандағы осындай алтыншы зертхана.
* 2010 жыл — Қазақстан мен Норвегия сыртқы істер министрліктері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжатқа қол қою рәсімі Қазақстан Республикасының Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Норвегия Корольдігінің Мұрагер ханзадасы Хокон Магнуспен кездесуі барысында өтті.
* 2010 жыл — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының иммунитетін және оның меншігін шет ел мемлекеттер соттарының құзыретінен қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттің және оның меншігінің иммунитеті, аралық соттар және халықаралық коммерциялық төрелік қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
* 2010 жыл — Норвегия Корольдігінің тақ мұрагері, ханзада Хокон Магнус елордадағы БҰҰ Даму бағдарламасы мен норвегиялық SYSLAB жобасының қолдауымен ашылған Инновацияларды дамыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу орталығын ашты. SYSLAB жобасы 1992 жылы Норвегияның «Хиб-Сислаб» кәсіпорынында кіші және орта бизнестің мақсаттарын біріктіру үшін құрылған. Жобаның авторы және негізін қалаушы — Берген қаласының Жоғары технологиялар орталығының директоры Ян Йохонссен. Елімізде аталған жобаның Алматы, Астана және Шымкент қалаларында орталықтары бар. Жобаның негізгі мақсаты — ұзақ уақыт бойы жұмыссыз жүрген жоғары білімді маманның жұмысқа орналасуына қол ұшын беру.
## Туғандар
* 1840 жылы үрмелі шинаны ойлап тапқан ағылшын өнертапқышы, «Данлоп» компаниясының негізін қалаушы Данлоп Джон Бойд дүниеге келді.
* 1840 жылы тегі американдық ағылшын өнертапқышы, «Максим» пулемётін жасаушы Хайрем Максим дүниеге келді.
* 1878 жылы француз өнеркәсіпшісі, «Ситроен» концернінің негізін қалаушы Андре-Гюстав Ситроен дүниеге келді.
* 1930 жылы қазақ экономисі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі Елбосынов Сүният Құсайынұлы дүниеге келді.
* 1932 жылы филология ғылымының докторы (1977), профессор (1979) Мархабат Томанов дүниеге келді.
* 1936 жылы домбырашы, дирижёр, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Ғабдиев Рысбай Қисметоллаұлы дүниеге келді.
* 1940 жылы жазушы Бақтығұл Ойшыбаев дүниеге келді.
* 1945 жылы биология ғылым докторы (1995), профессор (1987). ҚР Инженер академиясының корреспондент мүшесі (2003) Ермек Жұмабеков дүниеге келді.
* 1949 жылы «Алматыкітап» акционерлік қоғамының президенті Элеонора Нығметқызы Баталова дүниеге келді.
* 1954 жылы әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмидинова дүниеге келді.
* 1961 жылы Мұхтар Әуезов атындағы әдеби-мемориалды үй-мұражайының директоры, филология ғылымының кандидаты Диар Асқарұлы Қонаев дүниеге келді.
* 1969 жылы жазушы, мәдениеттанушы және журналист, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК» бас редакторы Дидар Амантай дүниеге келді.
* 1985 жылы португал футболшысы, испандық «Реал Мадрид» клубы мен Португалия құрамасында өнер көрсетіп жүрген Криштиану Роналду дүниеге келді.
* 1986 жылы «Орда» тобының белді әншісі, биші, актёр Дастан Оразбеков дүниеге келді.
* 1995 жылы «Маңғыстау Бейнеу» өңірінің біртуар азаматы Хадис Ақылбек дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
* 1932 жылы фольклортанушы, этнограф Әубәкір Диваев Ташкентте қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 17 — Григориан күнтізбесінде жылдың 48-ші күні. Жылдың аяғына 317 (кібісе жылдарда 318) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1907 жылы 17 ақпан – Троицк қаласында «Қазақ» газеті шықты. Бірінші нөмірінен кейін-ақ жабылған.
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 20 — Григориан күнтізбесінде жылдың 51-ші күні. Жылдың аяғына 314 (кібісе жылдарда 315) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 16 — Григориан күнтізбесінде жылдың 47-ші күні. Жылдың аяғына 318 (кібісе жылдарда 319) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1993 жылы – Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдігі жұмыс істей бастады.
* 1959 жылы Фидель Кастро Куба президенті ретінде ант бердi.
## Туғандар
* 1933 жылы – қазақтың көрнекті философы, академик Жабайхан Мүбәрәкұлы Әбділдин дүниеге келді. Ғалымның негізгі еңбектері философия ғылымына қосылған үлес болып табылады. Төрт томдық «Диалектикалық логика» атты іргелі зерттеуге басшылық жасаған әрі негізгі авторларының бірі.
* 1941 жылы — КХДР президенті Ким Чен Ир дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 15 — Григориан күнтізбесінде жылдың 46-шы күні. Жылдың аяғына 319 (кібісе жылдарда 320) күн қалады.
## Мерекелер
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
## Оқиғалар
1989 жылы КСРО әскерін Ауғанстанда тоғыз жыл ұстағаннан кейін, керi қайтарып алды.
## Туғандар
* 1452 жыл — Леонардо да Винчи, италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам»
* 1564 жыл — Галилео Галилей, итальян философы, математик, физик, механик және астроном.
* 1835 жыл – Деметриус Викелас, грекиялық коммерсант, ақын, филолог, Халықаралық олимпиада комитетінің алғашқы президенті
* 1907 жыл – қазақтың көрнекті тілші – ғалымы Ісмет Кеңесбаев дүниеге келді. «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» - ғалымның ана тілімізге орнатып беріп кеткен ерен ескерткіші.
* 1914 жыл – қазақтың көрнекті актері, театр және кино режиссері Шәкен Кенжетайұлы Айманов дүниеге келді.
* 1915 жыл – қазақтың тамаша тарихшысы Ермұқан Бекмаханов дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
* 1405 жыл — Әмір Темір, Орталық Азия жаһангері.
* 1781 жыл — Готхольд Эфраим Лессинг, неміс жазушысы, пәлсапашысы, драматургі және өнертанушысы, Ағарту дәуірінің ең көрнекті өкілдерінің бірі.
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 18 — Григориан күнтізбесінде жылдың 49-шы күні. Жылдың аяғына 316 (кібісе жылдарда 317) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
1451 жыл — Ұлы Османлы Мемлекетінің 7-ші сұлтаны II Мехмет таққа отырды.
## Туғандар
* 1954 — Джон Траволта, американдық актер, биші және әнші, «Алтын глобус» және «Эмми» сыйлықтарының иегері.
* 1965 — Доктор Дре (шын аты Андре Ромелл Янг), американдық рэпер және продюсер, жеті «Грэмми» сыйлығының иегері
*
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 52-ші күні. Жылдың аяғына 313 (кібісе жылдарда 314) күн қалады.
## Мерекелер
* ЮНЕСКО, Халықаралық ана тіл күні.
## Оқиғалар
* 1958 жыл — Жамал Абдул Насыр БӘА президент болып сайланды
### Туғандар
* 1895 — Хенрик Дам, әйгілі дат биологы, физиология және медицинадан 1943 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. (1976).
* 1907 — Уистен Хью Оден, ағылшын ақыны (1973).
* 1924 — Роберт Мугабе, Зимбабве премьер-министрі және президенті.
* 1962 — Чак Паланик, американ жазушысы.
Қайтыс болғандар
* 1677 — Бенедикт Спиноза, Нидерланд философы (1632).
* 1926 — Хейке Камерлинг-Оннес (1853), голланд физигі, 1913 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1984 — Михаил Александрович Шолохов, орыс жазушысы, әдебиеттен 1965 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. (1905).
* 2004 — Сергей Сергеевич Аверинцев, әйгілі орыс филологы (1937).
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 23 — Григориан күнтізбесінде жылдың 54-ші күні. Жылдың аяғына 311 (кібісе жылдарда 312) күн қалады.
## Мерекелер
* Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Тәжікстан, Приднестровье — Отан қорғаушы күні.
* Бахрейн — Тәуелсіздік күні.
* Гайана — Республика күні (1970).
## Оқиғалар
* 632 жыл — Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қоштасу құтбасын оқуы.
* 1903 — Куба АҚШқа Гуантанамо базасын мәңгілік жалға береді.
* 1941 — алғашқы рет плутоний алынды.
* 1947 — Халықаралық стандартизация ұйымы (ISO) негізі қаланды.
## Туылғандар
* 1685 — Георг Фридрих Гендель, неміс сазгері (1759 қайтыс болған).
* 1744 — Майер Амшель Ротшильд, халықаралық саудагерлер әулетінің негізін салушы (қар. Ротшильдтер).
* 1952 — Брэд Уитфорд — америкалық музыкант, Aerosmith рок-тобының гитаристы .
* 1954 — Виктор Ющенко, Украина экс-президенті.
## Қайтыс болғандар
2010 жылы 23 ақпанда қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ұлы жазушы Сәбит Мұқанұлының жары Мәриям Мұқанкеліні қайтыс болды.
## Сыртқы сілтемелер |
Ақпанның 26 — Григориан күнтізбесінде жылдың 57-ші күні. Жылдың аяғына 308 (кібісе жылдарда 309) күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1967 - АҚШ 25000 әскермен Вьетнамға шабуыл жасады
## Туғандар
1932 жылы 26 ақпан – қазақтың белгілі сәулетшісі Шота (Шот - Аман) Уәлихан дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Қызылжар — Петропавл қаласының кең қолданылып жүрген қазақша атауы.
## Елді мекендер
### Ақмола облысы
* Қызылжар — Целиноград ауданындағы ауыл.
### Ақтөбе облысы
* Қызылжар — Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты болған ауыл, 2018 жылы таратылды.
* Қызылжар — Қобда ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Мәртөк ауданындағы ауыл.
### Алматы облысы
* Қызылжар — Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Кеген ауданындағы ауыл.
### Атырау облысы
* Қызылжар — Индер ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Махамбет ауданында болған ауыл. 2014 жылы таратылған.
### Батыс Қазақстан облысы
* Қызылжар — Ақжайық ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Теректі ауданындағы ауыл.
### Жамбыл облысы
* Қызылжар — Талас ауданындағы Көшек батыр ауылының 1999 жылға дейінгі атауы.
### Жетісу облысы
* Қызылжар — Ақсу ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Кербұлақ ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Қаратал ауданындағы ауыл.
### Қарағанды облысы
* Қызылжар — Бұқар жырау ауданындағы ауыл.
### Қостанай облысы
* Қызылжар — Бейімбет Майлин ауданындағы ауыл.
### Қызылорда облысы
* Қызылжар — Арал ауданындағы ауыл.
### Түркістан облысы
* Қызылжар — Бәйдібек ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Ордабасы ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылдық округіндегі ауыл.
* Қызылжар — Сайрам ауданы, Құтарал ауылдық округіндегі ауыл.
* Қызылжар — Сарыағаш ауданындағы ауыл.
### Павлодар облысы
* Қызылжар — Ертіс ауданындағы ауыл.
* Қызылжар — Ақсу қалалық әкімдігі құрамындағы ауыл.
### Ұлытау облысы
* Қызылжар — Жаңаарқа ауданындағы кент.
## Футбол клубы
* Қызылжар — Петропавл қаласының атынан ойнайтын Қазақстандағы футбол клубы. |
Наурыздың 2 — Григориан күнтізбесінде жылдың 61-ші күні (кібісе жылдарда 62-ші). Жылдың аяғына 304 күн қалады.
## Мерекелер
* Мьянма — Шаруалар күні.
* АҚШ, Техас — Тәуелсіздік күні.
* Эфиопия — Адуадағы шайқастағы Жеңіс күні .
## Оқиғалар
* 1972 жыл — Юпитер ғаламшарын зерттеуге АҚШ пилотсыз ғарыш аппараты Pioneer 10 ұшырылды
* 1992 жыл – Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.
## Туғандар
* 1988 — Владимир Седов, қазақ ауыр атлеті
* 1931 жыл — Том Вулф, АҚШ жазушысы, журналисті
* 1910 жыл — Вальтер Тиль, неміс инженер-зымыраншы
## Қайтыс болғандар
* 2007 жыл— Анри Труайя француз жазушысы
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 3 — Григориан күнтізбесінде жылдың 62-ші күні (кібісе жылдарда 63-ші). Жылдың аяғына 303 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 6 — Григориан күнтізбесінде жылдың 65-ші күні (кібісе жылдарда 66-ші). Жылдың аяғына 300 күн қалады.
## Мерекелер
* Аустралия, — еңбек күні.
* Гана, Тәуелсіздің күні, 1975 жылдан бері аталады.
* Литва, Қасиетті Казимир күні.
* Мексика, Аламо күні.
* АҚШ, Вермонт қалалық мәжіліс күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
1945 жылы 6 наурыз – қазақтың тамаша ақыны Темірхан Медетбек дүниеге келді. Ұлттық поэзияға XX ғасырдың соңғы ширегіндегі уақыт ырғағын, шамырқанған замана тынысын жеткізетін жырлардан сыбаға салған суреткер. 2000 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 5 — Григориан күнтізбесінде жылдың 64-ші күні (кібісе жылдарда 65-ші). Жылдың аяғына 301 күн қалады.
## Мерекелер
* Әзербайжан — Дене шынықтыру және спорт күні.
* Иран — Ағаш отырғызу күні.
* —Қырғызстан Сот жұмысындағы қызметкерлер күні.
* Ресей — Соғыстық хабарландыру органдарының құрылған күні (1918).
Дін мейрамдары Католицизм — әулие Киаранды еске алу күні; — Теофил, епископ Кесарии Палестинскийді еске алу күні. Православие — ерлік қылған әкелерді еске алу күні; — киелі , епископ Лев Катанский (шамамен. 780); — память Валаам 34 киеліазапкерлерін : Тит, Тихон, Геласий, Сергий, Варлаам, Савва, Конон, Сильвестор, Киприан, Пимен, Иоан, Самон, Иона, Давид, Корнилий, Нифонт, Афанасий, Серапион, Варлаам, Афанасий, Антоний, Лука, Леонтий, Фома, Дионисий, Филипп, Игнатий, Василий, Пахомий, Василий, Феофил, Иоан, Феодор, Иоан (1578);еске алу күні — әулие-азапкер Николайды еске алу; — әулие-азапкер Садок (Шах-Дуст), парсы епископын, және 128 азапкерлерін еске алу күні. (342—344); — киелі Агафон, Рим папасын еске алу күні(682); — Князь Ярослав Мудрыйды еске алу күні (1054); — киелі Агафон Печерскийді еске алу күні (XIII—XIV); — киелі-азапкер Корнилийді еске алу күні (1570); — азапкерАмфилді еске алу күні; — азапкер Евтропийді еске алу күні; — азапкер Аммийді еске алу күні; — киелі-азапкер Вассиан Муромецті еске алу күні; — азапкер Исидор Александрийскийді еске алу күні; — азапкер Плотинді еске алу күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1575 жыл — Уильям Отред, (1660 жылы қ.б.)ағылшын математигі
* 1866 жыл — Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1937 жылы атылған), Алашорда үкіметінің төрағасы, қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт көсемі.
* 1956 жыл — Шәміл Керімұлы Серіков, палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979).
* 1967 жыл — Медеу Уәлиханұлы Арынбаев, әнші.
## Қайтыс болғандар
* 1953 жыл — Иосиф Сталин (1878 жылы туған), КОКП ОК Хатшысы, КСРО МК төрағасы, КСРО Жоғарғы Қолбасшы, Кеңес одағы генералиссимусы.
* 2013 жыл — Уго Чавес (1954 жылы туған), Венесуэла президенті (1999-2013)
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Наурыздың 8 — Григориан күнтізбесінде жылдың 67-ші күні (кібісе жылдарда 68-ші). Жылдың аяғына 298 күн қалады.
## Мерекелер
* БҰҰ - Халықаралық әйелдер күні
## Оқиғалар
* 1958 – Қазақ телевизиясы алғаш рет хабар тарата бастады.
## Туғандар
* 1901 – қазақ әншісі Манарбек Ержанов дүниеге келді. 1966 жылы қайтыс болған.
* 1912 – қазақ әншісі Жамал Омарова дүниеге келді. Қазақтың халық әндерімен, патриоттық шығармалармен танымал.
* 1919 – қазақ киноактрисасы Әмина Ерғожақызы Өмірзақова дүниеге келді. «Ана туралы аңыз», «Тақиялы періште» фильмдеріндегі рөлдері кеңінен танымал.
* 1937 – қазақ ақыны Төлеген Айбергенов дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 10 — Григориан күнтізбесінде жылдың 69-шы күні (кібісе жылдарда 70-ші). Жылдың аяғына 296 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1923 – қазақтың көрнекті кинорежиссері Қожықов Сұлтанахмет Қоңырқожаұлы. Ең үздік туындысы – «Қыз Жібек» фильмі ұлттық өнердің алтын қазынасына қосылған.
* 1934 – қазақтың белгілі жазушысы Тілегенов Бекежан Исағалиұлы.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 11 — Григориан күнтізбесінде жылдың 70-ші күні (кібісе жылдарда 71-ші). Жылдың аяғына 295 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 2010 жыл — Қызылағаш оқиғасы
## Туғандар
* 1931 жыл — Руперт Мердок, АҚШ және Аустралия медиамагнаты, миллиардер
* 1979 жыл — Берік Айтжанов, Қазақстанның кино және театр актёры
## Қайтыс болғандар
* 1931 жыл — Фридрих Вильгельм Мурнау (28 желтоқсан 1889 жылы т.), неміс кинорежиссёрі.
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 14 — Григориан күнтізбесінде жылдың 73-ші күні (кібісе жылдарда 74-ші). Жылдың аяғына 292 күн қалады.
## Мерекелер
Қазақстан - Көрісу күні
## Оқиғалар
* 1921 жылы 14 наурыз – Верный қаласының аты Алматы болып өзгертілді.
* 1930 жылы 14 наурыз – «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бірінші саны жарыққа шықты.
## Туғандар
* 1879 жылы 14 наурыз – Альберт Эйнштейн, физик.
* 1916 жылы 14 наурыз – әйгілі әншілер – ағайынды Ришад пен Мүсілім Абдуллиндер дүниеге келді. Қазақ әндерінің қос дауыспен айтылуында алдына жан салмаған шеберлер. Ришад Абдуллиннің де, Мүсілім Абдуллиннің де қазақ опера өнерінің дамуына қосқан үлесі өлшеусіз.
* 1935 жылы 14 наурыз – қазақтың тамаша жазушысы Қалихан Ысқақов дүниеге келді. Қаламгер шығармалары татаусыз төгілген тіл кестесімен, сөз саздылығымен бөлектеніп тұрады. Драматург, киносценарист ретінде де танымал.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 7 — Григориан күнтізбесінде жылдың 66-ші күні (кібісе жылдарда 67-ші). Жылдың аяғына 299 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1964 жыл – М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында Шыңғыс Айтматовтың «Құс жолы» шығармасы бойынша қойылған «Ана – Жер – ана» спектаклі алғаш көрсетілді. Көрнекті режиссер Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетов қойған бұл спектакль – қазақ сахна өнері үшін белесті туынды.
## Туғандар
* 1946 жыл – қазақтың көрнекті кинорежиссері, жазушы Сатыбалды Нарымбетов дүниеге келді.
* 1948 жыл – қазақтың тамаша ақыны Жарасқан Әбдірашев дүниеге келді. Ғажайып эпиграммалардың авторы.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 9 — Григориан күнтізбесінде жылдың 68-ші күні (кібісе жылдарда 69-шы). Жылдың аяғына 297 күн қалады.
## Мерекелер
* ЮНЕСКО - Халықаралық диджей күні.
## Оқиғалар
* 1497 - Николай Коперник өзінің алғашқы астрономиялық бақылауын жүргізді.
* 1804 - Франция Луизиананы ресми түрде АҚШ-қа табыстады.
* 1959 - Нью-Йоркте ойыншықтар жәрмеңкесінде Барби атты жаңа қуыршақ таныстырылды.
* 1990 - Берлинде Германияның бірігуі жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады.
*
## Туғандар
* 1454 - Америго Веспуччи, флоренциялық теңізші. Оның құрметіне құрлықтың есімі берілген (Туған күні жуықтап алынған). (1512 ж. қ.б)
* 1814 - Тарас Григорьевич Шевченко, танымал украин ақыны әрі суретшісі. (1861 ж. қ.б)
* 1934 - Юрий Алексеевич Гагарин, Жер бетінен ғарышқа ұшқан алғашқы ғарышкер. (1968 ж. қ.б)
* 1943 - Роберт Фишер - америкалық шахматшы, 11-ші әлем чемпионы (1972-75). (2008 ж. қ. б.)
* 1947 - Смағұл Елубай, жазушы.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 71-ші күні (кібісе жылдарда 72-ші). Жылдың аяғына 294 күн қалады.
## Мерекелер
* Канада, Ынтымақтастық күні
* Маврикий, Тәуелсіздік күні
## Туғандар
* 1672 — Ричард Стил, ағылшын жазушысы (1729).
* 1824 — Густав Кирхгоф, цезий және рубидийді ашқан неміс физигі (1887).
* 1860 — Сальваторе Ди Джакомо, италияндық жазушы (1934).
* 1881 — (кейбір деректер бойынша) Мұстафа Кемал Ататүрік, Түркия Республикасының тұңғыш президенті, оның негізін қалаушысы, жалпыұлттық көсемі, саяси реформаторы
## Қайтыс болғандар
* 1871 — Генрих Манн, неміс жазушысы.
* 1898 — Захариас Топелиус, фин жазушысы.
* 1930 — Алоис Ирасек (1851), Чехия жазушысы.
* 1942 — Уильям Генри Брэгг (1862), ағылшын физигі, 1915 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1956 — Болеслав Берут (1892), поляк саяси және мемлекеттік қайраткері, Польша президенті.
* 2003 жыл — Андрей Михайлович Кивилев (1973 жыл), әйгілі қазақ велошабандозы
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 13 — Григориан күнтізбесінде жылдың 72-ші күні (кібісе жылдарда 73-ші). Жылдың аяғына 293 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 2008 — алтын бағасы тарихта алғаш рет унциясына $1,000- дан асты.
* 1783 жыл — Уильям Гершель Уран ғаламшарын телескоппенен тауып ашты.
## Туғандар
* 1835 жыл — Леон Кладель (20 шілде 1892 жыл) , француз романшысы.
* 1883 жыл — Котаро Такамура, (2 сәуір 1956 жылы Токиода қайтыс болған), жапон ақыны және мүсіншісі.
* 1913 жыл – қазақтың аса көрнекті композиторы Мұқан Төлебаев дүниеге келді. «Біржан – Сара» операсының авторы. 1960 жылы қайтыс болды.
* 1940 жыл – қазақтың танымал сәулетшісі Әбдісағит Тәтіғұлов дүниеге келді. Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйі ғимаратының архитектурасы үшін 1980 жылы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанған.
* 1991 жыл — Данияр Елеусінов,Қазақстандық әуесқой-боксшы, Азиада-2010 жеңімпазы, халықаралық спорт шебері.
## Қайтыс болғандар
* 1891 жыл — Теодор де Банвиль, (14 наурыз 1823 жыл), француз ақыны, драматург, сыншы, журналист және жазушы.
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 17 — Григориан күнтізбесінде жылдың 76-шы күні (кібісе жылдарда 77-ші). Жылдың аяғына 289 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 2000 жылы 17 наурыз – Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде Абылай ханның мәйітін қайта жерлеу рәсімі болып өтті.
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 15 — Григориан күнтізбесінде жылдың 74-ші күні (кібісе жылдарда 75-ші). Жылдың аяғына 291 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1905 жылы 15 наурыз – қазақтың көрнекті актері, режиссер Қанабек Байсейітов дүниеге келді. Қазақ музыкалық театрының негізін салушылардың, тұңғыш опера режиссерлерінің бірі. Көптеген фильмдерде толыққанды бейнелер сомдаған киноактер. Драматургиядағы еңбегі де жемісті – кезінде Қуандық Шаңғытпаевпен бірлесіп жазған «Беу, қыздар-ай», «Ой, жігіттер-ай» пьесаларын республикалық, облыстық театрлар түгелдей қойып шыққан. 1979 жылы қайтыс болған.
* 1958 жылы 15 наурыз – қазақтың талантты скрипкашы қызы Айман Қожабекқызы Мұсақожаева дүниеге келді. Паганини атындағы халықаралық конкурстың, Сибелиус атындағы халықаралық конкурстың лауреаты. ЮНЕСКО – ның «Артист – бейбітшілікке» белгісінің иегері.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815 жыл, қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туып, – 1862 жыл. қайтыс болған) — қазақ күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қаракесек руы Таз Шаншар бөлімінен шыққан.
Тәттімбет атқа ерте мініп, ел ісіне ерте араласқан адам. Батыс-Сібір генерал-губернаторы генерал-майор Фон Фридрихс Тәттімбет туралы арнайы жинаған мәліметінде мынандай дерек келтіреді: "Тәттімбет — ақ сүйектер әулетінен, бірақ көпестер гильдасына тіркелмеген. Қарқаралы округіндегі Нұрбике-Шаншар болысында 1842 жылдың 20 қаңтарынан 1845 жылдың 25 қаңтарына дейін болыс болды.
Бұл жұмыстан өз арызы бойынша 1854 жылдың 29 шілдесіндегі бұйрықтың негізінде босатылды, қылмыс жасамаған, тергеуде, сотта болмаған » (ООМА, 3-қор, 3-тізім, 3902 -іс). Тәттімбет Ресей патшасы II Александр-нің таққа отыру салтанатына қатысқан. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов, Григорий Николаевич Потанин, Адольф Янушкеевич сияқты оқымысты-ғалымдармен, Алшынбай, Құнанбай, Шорманның Мұсасы, Жайықбайдың Ыбырайы, Кішкентайдың Аққошқары, Сандыбайдың Ердені, Уәлиханның Шыңғысы сияқты дала шонжарларымен, Жанақ, Шөже, Кемпірбай, Біржан-сал, Жаяу Мұса, Орынбай сияқты әнші-ақындармен, Тоқа, Ықылас, Итаяк, Шашақ сияқты күйшілермен қадірлес-сыйлас болған. Бұл адамдар Тәттімбет көкірегінен күмбірлеп төгілген әсем күйлердің тұсауын кесіп, талғампаз сарапшысы болып отырған.
Оның өнеріне Біржан сал:
«Тәттімбет — ардагерім, Арғын асқан, Қырық түрлі күй айналған бармағына», — деп сүйсінеді.
Тәттімбет талай-талай додалы күй айтыстарына түсіп, қарсыласын тосылту үшін, домбырада қалыс, шалыс, теріс, қосақ бұрауларын көп қолданған. Бұл дәстүрдің орнығуына мұрындық болған. Абайдың анасы Ұлжанға апа болып келетін Малқара қыз, Шұбыртпалыдан шыққан Итаяқ, Найман ішіндегі Шашақ сияқты дәулескер домбырашылармен Тәттімбет күй айтысына түскенде домбыраны бірде башпайымен қағып, келесіде ұстарамен тартып, енді бірде пернелерін қиып тастап тартып өнер көрсеткені туралы қызықты әңгімелер ел ішінде күні бүгінге дейін айтылады.Домбырашылық өнер арғы ата-тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды әкесі Қазанғаптың інісі Әлиден үйреніп, анасы Ақбөпеден тәрбие алған. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйі бар.
Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, қиялшыл жанның сыры мен сезімін аңғартады. Ол негізінен лирикалық композитор. Шығармалары философиялық түйіндерімен астасып жатады, ал музыка тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріндегі лирикадық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді.
1855 жылы 24 наурызда Ресей патшасы Александр ҚҚ-нің таққа отыру тойына Тәттімбет өнерпаз ретінде Сарыарқа қазақтарының өкілдерімен бірге Санкт-Петербургға барған. Осы сапарында өзінің тамылжыта тартқан күйлері арқылы Ресей астанасының өнер сүйер қауымының назарын аударып, күміс медальға ие болды. Сол медальді Егіндібұлақ ауданы “Қаратау” кеңшарының тұрғыны Тәттімбеттің шөбересі Өзек Кәбішұлында сақтап қалған.
Тәттімбет күйлерін насихаттаған өз інісі Жақсымбет, балалары Мұсатай, Исатай, сондай-ақ домбырашылар Н.Шынтеміров, Ғ.Айтбаев, А.Әжібекұлы, С.Қарабаева, Т.Түсіпбеков, Ғ.Кәріпбеков, т.б. күйшінің өзіндік ерекшеліктерін сақтап, күй тарту мектебіне айналдырған. Кеңес дәуірінде Тәттімбет күйлерін Ә.Хасенов, М.Хамзин, У.Бекенов, сондай-ақ М.Тілеуханов, А.Байбосынов, Ж.Нұржауов, т.б. кәсіби күйшілер орындап, насихаттады. Қазақ композиторларының камералық-аспаптық, симфониялық және опералық туындыларында Тәттімбеттің көптеген күйлері пайдаланылды. Мысалы, Евгений Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсында “Былқылдақ”, “Қос басар”; “Жамбыл” фильмінде “Сары жайлау” күйлері орындалады. Мансұр Сағатов Тәттімбеттің “Сылқылдақ” күйін эстрада оркестрінің сүйемелімен трубаға арнап пьеса жазды.
Күйшінің туған жерінде Егіндібұлақ халық аспаптар оркестрі, Қарағанды қаласындағы музыкалық училище Тәттімбеттің есімімен, ал Ақтоғай ауданындағы халық ансамблі композитордың есімімен аталады. 1984 жылы Егіндібұлақ ауданында композиторға ескерткіш-белгі (мүсіншісі Ж.Молдабеков, археолог А.П. Малков) қойылды. Алматы мемлекеттік консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) 1971 жылдан шертпе күй класы жұмыс істейді. Ол Тәттімбет күйлерін негізге ала отырып, Қазақстанның басқа да өңірінің шертпе күй дәстүрлерін жинақтап үйретеді.
## Шығармашылығы
Тәттімбеттің кең таралған күйлерінің кейбіреулері:
### Сары жайлау
Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.
### Былқылдақ
Тәттімбет күйлерінде негізінен өмір тартысы, тағдыр тауқыметі, сұлулыққа құштарлық, алыс арман, сарғайған үміт, өкініш сарыны баяндалады. Ал “Былқылдақ” күйі жер атына байланысты (елінде Былқылдақ атты сазды жайлау болған) шыққан. Күйдегі романтика – мың бұралған өзен ағысы, бұлақтың қоңыраулы сыңғыры, тоғайдағы құстың әсем үні сұлу табиғат тынысымен ұласып жатыр.
### Көкей кесті
Тәттімбет шығармаларының ең биік шыңы – “Көкей кесті” күйі. Бұл күйді сазгер өмірінің соңғы жылдарында шығарған. Мұнда халық шежіресінің ұлылығы мен ұлағатты ақыл-ойдың парасаты толғанады. Домбыра орындаушылық шеберлігінде кездесе бермейтін екі қолға бірдей вибрациялық діріл толқынын түсіру арқылы және саусақтардың қарымен жоғары қарай орап қағу “Көкей кестінің” өте күрделі туынды екендігін көрсетеді. Күйдегі орындаушылықтың жаңа пошымы, яғни шерту тәсілдерінің сан қырлы өрнегі – Тәттімбеттің күйшілік мектебін даралай түседі.
### Сылқылдақ
Сөйтіп, ол домбыра үніне “жан бітіреді”, күйдің табиғатын, сырын ашады. Тәттімбет лирикасының тағы бір қырын ашатын “Сылқылдақ” күйі. Бүл күйді композитор өзімен күй сайысына түсіп, өнер көрсеткен домбырашы қызға арнап орындаған. “Сылқылдақ” күйінің музыка тіліндегі күміс қоңырау үні, әдемі әуені тыңдаушыға ерекше әсер қалдырады. Күй бойынан жастық жалын мен өмірге құштарлықтың лебі еседі. Күй сарыны Тәттімбетке тән композициялық ерекшелік қолтаңбасын даралап, оның шертпе күйдегі нақышын танытады.
### Қосбасар
Тәттімбеттің “Қосбасар” күйінің бірнеше түрі бар. Осы аттас күйлер Тоқа, Әбді, т.б. халық күйшілерінде де кең өріс алған. Әр “Қосбасардың” өз тарихы, айтары бар. Тәттімбет “Қосбасарлары” туған жер табиғатын, халық өмірін суреттейді.
### Бес төре
Тәттімбет тек күйші ғана емес, сөзге ұста, шешен, шыншыл, әділетті көксеген ақын жанды сері адам болған. Композитор “Бес төре” күйін халықты қыспаққа алып, жәбірлеген атқамінерлерге арнап шығарған. Бұл юморға толы туынды. Тәттімбет қоғамдық болмысқа сын көзімен қарап, өзінің шығармалық туындысы арқылы әлеуметтік бағытын аңғартады.
Тәттімбеттің жалпы бізге белгілі 40-тан астам күйі бар.
## Дереккөздер |
Наурыздың 16 — Григориан күнтізбесінде жылдың 75-ші күні (кібісе жылдарда 76-шы). Жылдың аяғына 290 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1751 жыл — Джеймс Мэдисон, АҚШ президенті (1809-1817)
* 1787 жыл — Георг Симон Ом (1854 ж. 7 шiлде, Мюнхен), немiс физигi
## Қайтыс болғандар
* 1993 жыл — Мұхаммед Хан Жүнежо, Пәкістанның саясатшысы, Пәкістанның он бірінші премьер-министрі
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 19 — Григориан күнтізбесінде жылдың 78-ші күні (кібісе жылдарда 79-шы). Жылдың аяғына 287 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 80-ші күні (кібісе жылдарда 81-ші). Жылдың аяғына 285 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1990 жылы – Намибия өз тәуелсіздігін (ОАР–дан) жариялады.
## Туғандар
* 1925 жылы – қазақтың ақыны Қуандық Шаңғытбаев дүниеге келді. Ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" романын, М.Ю.Лермонтов, Р.Бернс лирикаларын, Омар Хайямның рубаяттарын, М.Горькийдің "Қыз бен ажал" поэмасын т.б. қазақ тіліне аударды.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 18 — Григориан күнтізбесінде жылдың 77-ші күні (кібісе жылдарда 78-ші). Жылдың аяғына 288 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 20 — Григориан күнтізбесінде жылдың 79-шы күні (кібісе жылдарда 80-ші). Жылдың аяғына 286 күн қалады.
## Мерекелер
* Тунис — ұлт күні
## Оқиғалар
* 1961 жылы – Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді.
* 1973 жылы – Маңғыстау облысы құрылды.
## Туғандар
* 1914 жыл – қазақтың тамаша теноры Әнуарбек Бейсембайұлы Үмбетбаев дүниеге келді. Сахнада қырыққа жуық музыкалық образ жасап, ұлттық операның өркендеуіне үлкен үлес қосқан.
* 1935 жыл – қазақтың тамаша ақыны Тұманбай Молдағалиев дүниеге келді. Нәзік те сыршыл ақынның махаббат лирикасы ұлттық поэзияның асыл қазынасына айналған. Халыққа кеңінен танымал көптеген ән өлеңдерінің авторы.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
'Наурыздың 22 — Григориан күнтізбесінде жылдың 81-ші күні (кібісе жылдарда 82-ші). Жылдың аяғына 284 күн қалады.
## Мерекелер
* БҰҰ, Бүкіләлемдік су ресурстар күні
* Қазақстан, Наурыз мейрамы
## Оқиғалар
* 1921 – «Жас алаш» газетінің бірінші саны жарыққа шықты. Көптеген жылдар бойы «Лениншіл жас» аталып келген бұл басылымның қазақ жастарының болмыс – бітіміне әсер – ықпалы, ұлттық журналистиканың озық дәстүрлерін қалыптастырудағы орны ерекше. Ғасыр соңында газет заман талабына сай, тәуелсіз сана тұрғысынан жаңаша түледі.
* 1989 – талай жылдар бойы діни мереке деп саналып, тыйым салынып келген, соңғы рет 1926 жылы аталған Наурыз мейрамы Қазақстанда қайтадан ресми түрде атала бастады. Бұл іске көрнекті мемлекет қайраткері, этнограф – ғалым Өзбекәлі Жәнібеков көп еңбек сіңірді.
## Туғандар
* 1181 — Ибн әл-Фарид, Арабтың ірі мистик-ақыны
* 1394 — Ұлықбек, өзбек астрономы және математигі
* 1499 — Иоганн Карион (1537), неміс тарихшысы, математигі, астрономы.
* 1868 — Роберт Эндрюс Милликен (1953), американ физигі, 1923 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты.
* 1931 — Бертон Рихтер, американ физигі, 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
* 1902 – қазақтың классик жазушысы, аса көрнекті драматург Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов дүниеге келді. 1985 жылы қайтыс болған.
* 1948 – қазақтың жазушысы Марат Қабанбаев, Г.Х.Андерсен атындағы өте беделді халықаралық сыйлықтың иегері.
* 1949 – қазақтың дүлділ әншісі Жәнібек Кәрменов.
## Қайтыс болғандар
* 1832 — Йоганн Волфганг фон Гете (1749), неміс ғалымы және жазушысы.
* 1996 — Клод Мориак (1914), француз жазушысы және сценарист.
* 2005 — Кэндзо Тангэ (1913), жапон архитекторы.
* 2015 - Ли Куан Ю (1923), Сингапурдың тұңғыш премьер-министрі, экономикалық керемет авторы.
## Сыртқы сілтемелер |
'Наурыздың 23 — Григориан күнтізбесінде жылдың 82-ші күні (кібісе жылдарда 83-ші). Жылдың аяғына 283 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1927 жыл — Серік Смайылұлы Қирабаев, қазақтың көрнекті әдебиетші–ғалымы, академик, қазақ жастарының бірнеше буыны оқып шыққан әдебиет пәні оқулықтары авторларының бірі.
## Қайтыс болғандар
* 2013 жыл — Борис Абрамович Березовский (1946 жылы туған), ресейлік ғалым, кәсіпкер және саясаткер
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 4 — Григориан күнтізбесінде жылдың 63-ші күні (кібісе жылдарда 64-ші). Жылдың аяғына 302 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1678 – Антонио Лучо Вивальди итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші
* 1966 – Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 26 — Григориан күнтізбесінде жылдың 85-ші күні (кібісе жылдарда 86-шы). Жылдың аяғына 280 күн қалады.
## Мерекелер
* Тәуелсіздік күні - Бангладеш Халық Республикасының ұлттық мейрамы.
* Украинаның ІІМ ішкі әскерінің күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
1827 жылы Бетховен, Людвиг ван қайтыс болды
## Сыртқы сілтемелер |
'Наурыздың 25 — Григориан күнтізбесінде жылдың 84-ші күні (кібісе жылдарда 85-ші). Жылдың аяғына 281 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
'Наурыздың 24 — Григориан күнтізбесінде жылдың 83-ші күні (кібісе жылдарда 84-ші). Жылдың аяғына 282 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 29 — Григориан күнтізбесінде жылдың 88-ші күні (кібісе жылдарда 89-шы). Жылдың аяғына 277 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 28 — Григориан күнтізбесінде жылдың 87-ші күні (кібісе жылдарда 88-ші). Жылдың аяғына 278 күн қалады.
## Мейрамдар
* Сербия, Конституция күні.
* Чехия, Ұстаз күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1483 — Рафаэль (1520), итальяндық суретші және архитектор
* 1868 — Максим Горький, орыс жазушысы (1936).
* 1892 — Корней Хейманс (1968), бельгиялық физиолог, 1938 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
* 1930 — Джером Фридман, американ физигі, 1990 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
## Қайтыс болғандар
* 193 — Пертинакс (126), Рим императоры.
* 1687 — Константин Гюйгенс, Нидерланд ақыны, ғалымы, және композиторы (1596).
* 1794 — Мари Жан Антуан Никола Кондорсе (1743), француз математигі, әлеуметтанушысы, саяси қайраткер.
* 1982 — Уильям Джиок (1895), американ химигі, 1938 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 27 — Григориан күнтізбесінде жылдың 86-шы күні (кібісе жылдарда 87-ші). Жылдың аяғына 279 күн қалады.
## Мерекелер
* Әлемдік театр күні.
* Ангола, Жеңіс күні.
* Бельгия, Франктілді мәдени қоғамдастық мейрамы.
* Мьянма, Армия күні (Қарулы күштер күні).
* Ресей, — Ресей ІІМ ішкі әскерлер күні.
* Жапония, Сакура гүлдену күні.
## Оқиғалар
* 1930 жыл — Лепсі шаруаларының көтерілісі басталды
* 1958 жыл — Никита Сергеевич Хрущёв КСРО МК төрағасы лауазымына ие болды
## Туғандар
1893 жыл — Карл Маннгейм мажар әлеуметтанушысы1952 жыл - Әкежан Мағжанұлы Қажыгелдин - қазақ саясаткері.
## Қайтыс болғандар
1981 жыл — Мао Дунь, қытай жазушысы, әдеби сыншысы әрі редакторы.
## Сыртқы сілтемелер |
31 наурыз — Григориан күнтізбесінде жылдың 90-шы күні (кібісе жылдарда 91-ші). Жылдың аяғына 275 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1939 жыл — Молотов-Риббентроп пакты, Германия мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы арасында шабуыл жасаспау туралы келісімі
## Туғандар
* 1928 жыл — Горди Хоу, канадалық хоккейші, Стэнли Кубогының төрт дүркін иегері
## Қайтыс болғандар
* 1727 жыл — Исаак Ньютон, ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы
* 1855 жыл — Шарлотта Бронте, ІХ ғасырдағы ірі жазушылардың бірі, ағылшын әдебиетінің классигі
## Сыртқы сілтемелер |
Наурыздың 30 — Григориан күнтізбесінде жылдың 89-шы күні (кібісе жылдарда 90-шы). Жылдың аяғына 276 күн қалады.
## Мерекелер
* Палестина, Жерді қорғау күні
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1222 жыл — Дзэннити, жапон буддизм идеясын қолдаушы, Нитирэн мектебінің негізін қалаушы
* 1135 жыл — Маймонд Мұса, жебірей философы, құқықтанушы, дәрігер
* 1940 жыл — Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев, Қазақ гуманитарлық заң университетінің ректоры, Халықаралық жоғары мектеп академиясының академигі
* 1986 жыл — Серхио Рамос, испан футболшысы, Реал Мадрид футбол клубының және Испания ұлттық құрамасының ойыншысы
## Қайтыс болғандар
* 1910 жыл — Жан Мореас, грек тегінен шыққан француз ақыны
## Сыртқы сілтемелер |
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.
Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
## Географиясы
2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).
Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.
Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
## Тарихы
Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.
1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.
2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.
2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.
2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды.
## Басшылар
## Халқы
2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.
2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.
КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.
Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
### Демография динамикасы
Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.
### Агломерациясы
«Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.
2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).
Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.
## Табиғаты мен климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.
Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады. Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.
Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.
Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.
Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.
Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
## Экономикасы
Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.
Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары.Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.
АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.
2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
* Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
* Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
* Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
* Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
* 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кішігірім шағын кәсіпорындарды қоспағанда, Астана қаласында орташа айлық жалақы орташа есеппен 308 135 құрайды. 1 мың адамнан 688 адам. үйден Интернетке кіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың IV тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды. Экономиканың салалар бойынша өсу қарқыны (2020 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін): өнеркәсіп (100,4%). құрылыс (130,7), көлік (110,6), ауыл шаруашылығы (98,5), сауда (101,4), байланыс (115,8).
## Көлік
Астана қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала. Қалада «Қазақстан Темір жол» ұлттық темір жол компаниясының бас офисі орналасқан.
2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде мыңжылдық аллеясына жақын «Нұрлы Жол» атауына ие болған жаңа темір жол вокзалы салынды. Қаланың өнеркәсіптік бөлігінде ЖЭС-3 ауданында жүкті вагондар үшін терминал салынбақ.
Шоссе жолдарының ірі торабы: қала іші арқылы А-1 Астана — Петропавл және М-36 Челябинск — Алматы трассалары өтеді. 2019 жылдың соңында Астана қаласы айналасындағы айналма жолы толығымен ашылды.
Қалалық көлік автобустармен ұсынылған (92 бағыт, 871 бірлік), соның ішінде 15 электр автобустары (2020 жылдың соңына дейін 100 бірлік болуы тиіс). Қалалық маршруттар желісінің жалпы ұзындығы (2004 ж) — 1 720 км, жылдық жолаушылар ағыны — 115 млн. адам, жолакы құны 90 теңге (қолма қолсыз төлем немесе смс) немесе 180 теңге (қолма қол төлем).
Троллейбустық қозғалыс 1983 жылы ашылды (3 маршрут, бірақ 2006 жылдан бастап контакт желісі 51,7 км құрайтын бір маршрут қалдырылды). 2008 жылы жалғыз троллейбустық парк мемлекеттік комиссиясының шешімімен жабылды.
2014 жылдан бастап Астана қаласында «Astana Bike» қызмет етуде. 2017 жылы жүйе 40 станция және 1000 велосипедтен тұрды. Жүйеде бір сезонға тіркелу 5000 теңге тұрады + RFID картасы үшін кепіл. Велосипедті жалға алудың алғашқы жарты сағаты ақысыз, одан әрі қарай — 100 теңге. Велосипедті 3 сағатқа жалдағаннан кейін жүйе автоматты түрде велосипедті қайтару керек екендігін хабарлайды. 4-ші сағат және одан кейінгі жалға алу 1 000 теңге тұрады.
Қалада әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бар. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.
2017 жылы реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыға жетті. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шармы метр құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы әуежайының жүк терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 15 мың тонна.
Астана қаласынан 30-35 км қашықтықта орналасатын жаңа халықаралық әуежайды салу жоспары бар. Екі нұсқа қарастырылуда: Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталық пен Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдап жұмысын жалғастырады, ал жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайды деп ұсынылады.
2008 жылдан бастап қала шеңберінде Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. «Кеме өткізетін Есіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімділігімен арнайы мекеме «Есіл-Астана» құрылды. Бірінші кеме 2008 жылы өтті.
## Мәдениеті
Қалада Ақмола облыстық филармониясы, мұражайлар (ҚР Ұлттық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы), театрлар ( К. Бәйсеитова атындағы үлттық опера және балет театры, К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ұлттық ғарыш орталығы, болашақ энергия мұражайы «Нұр Әлем», кітапханалар.
Қаланың мәдени-ағарту мекемелеріне Конгресс Холл, Жастар сарайы және Президенттік мәдениет орталығын да жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.
* 2000 жылғы 6 шілдеде Азат Боярлиннің жобасы бойынша «Өмір діңгегі» бұрқағы жасалынды. Құрылыс тек символдық сипатқа ие, ол өмірдің мәңгілік циклын көрсетеді. Алаңның ашылуы Қазақстан тұңғыш президентінің 60-жылдығына арналды.
* 2006 жылдың 24-30 қазан аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының IV Дельфий ойындары өтті. Іс-шараны дайындауды және өткізуді Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен Халықаралық Дельфий комитеті бірлесіп жүзеге асырды.
* 2012 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының VII Дельфий ойындары өтті. Ойындарда 16 елден мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысты: Австрия, Әзербайжан, Армения, Афганистан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Румыния, Тажікстан, Түркия, Украина.
### Қаланың көрнекі орындары
* Бәйтерек — Астана қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.
* Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.
* Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.
* «Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
* Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар.
* Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
* «Қазақстан» — Орталық концерт залы.
* «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
* «Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
* «Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
* «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
* «Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
* Ұлттық ғарыш орталығы.
* «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.
### Театрлар, концерт залдары және мұражайлар
Астана қаласында 27 кітапхана, 68 514 экскурсия өткізілген 8 мемлекеттік мұражай бар (2011 жылы 415 500 адам кіріп шықты), 99 шара өткізілген 10 демалыс және көңіл көтеру паркілері (2011 жылы 1 492,2 мың адам қабылдады), 6 кинотеатр бар.
* «Қазақстан» орталық концерт залы — бұл әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды: әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, презентацияларды ұйымдастыруға арналған жас астананың ерекше кешені. Архитекторы Манфреди Николетти.
* Астаналық цирк — Астана қаласының ойын-сауық мекемесі. Қазақстандағы 3 басты цирктердің бірі; бұрыңғы КСРО территориясында ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақ» түріндегі екі ерекше ғимараттың бірі (біріншісі Казаньдағы цирк).
* К. Бәйсеитова атындағы ұлттық опера және балет театры — елдегі ең жас музыкалық театр, классикалық мұраны түсінетін және жаңарып жатқан қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктерін іске асыратын, сондай-ақ қазақ және әлемдік музыкалық дәстүрін жалғастырушысы.
* Астана Опера — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған театр. 2013 жылы құрылған театр ғимараты ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші ретінде танылды.
* К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры.
* Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.
* Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы — Орта Азияда ең үлкен мұражай. Мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.
* Заманауи өнер мұражайы.
* Президенттік мәдениет орталығы — Елбасы Н.Назарбаевтың бастасымен құрылды. Ғылыми-зерттеулік және мәдени-білім кешеннің ерекшелігі — оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді.
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
* АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — совет одағының ең үлкен әйелдер лагері, ГУЛаг архипелагы үш аралының бірі.
* Атамекен — Қазақстанның үлкейтілген картасындағы табиғат, архитектура және өмір сүру этно-мемориалды кешені.
### Ғимараттар
* ҚТЖ мұнарасы — Қазақстан Темір Жолы ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* Транспорт мұнарасы — Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* «Солтүстік Шұғыла» — үш биік ғимаратты тұрғын үй кешені.
* «Триумф Астаны» — биік тұрғын үй кешені.
* «Думан» ойын-сауық орталығы — аквариум, 5D кинотеатр, динозавр саябағы және басқалары бар.
* Керуен — сауда-ойын-сауық орталығы.
* МЕГА Silkway — сауда-ойын-сауық орталығы.
### Спорттық ғимараттар
* «Астана Арена» спорттық кешені — 30 мың отыру орны.
* Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион — 12 350 отыру орны.
* «Алау» мұз айдыны — 8 мың отыру орны.
* «Сарыарқа» (велотрек) — 8 мың отыру орны.
* «Қазақстан» спорт сарайы — 5 532 отыру орны, 1 мыңға жуық тұрған орындар.
* «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы — 12 мың отыру орны.
## Әкімшілік бөлінуі
Астана қаласы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандарына бөлінген.
## Су қоры
Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар:
* Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м)
* Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м)
* Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м)
Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.
## Бауырлас қалалары
Астананың 20 бауырлас қаласы бар.
## Астана туралы деректер
* Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
* Астана — Моңғолия елордасы Ұланбатырдан кейін ғаламшардағы екінші ең суық астана.
## Тағы қараңыз
* Астана велоклубы
* Астана көшелері тізімі
## Дереккөздер |
Мамырдың 4 — Григориан күнтізбесінде жылдың 124-ші күні (кібісе жылдарда 125-ші). Жылдың аяғына 241 күн қалады.
## Мерекелер
* Замбия - Еңбек күні
* Қытай - Жастар күні
## Оқиғалар
* 1807 - Персия мен Франция арасында Финкенштейн келісімі жасалды.
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 2 — Григориан күнтізбесінде жылдың 122-ші күні (кібісе жылдарда 123-ші). Жылдың аяғына 243 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1843 жыл — Алғашқы неміс иммигранттар Чилидің Пуэрто-Хумбра портына келді. Атап айтқанда, олар Лланкиху көлі айналасында қоныстанды.
* 1926 жыл — Алғашқы факс хабарлама Атлант мұхитының екі жағына жіберілді.
* 1945 жыл — Германия басқыншылық әскерлері Италия; Берлин -дегі Неміс күштері одақтас әскерлерге, Кеңес Маршалы Жуков әскерлеріне беріле бастады.
* 1998 жыл — Еуропалық Одақ Банкі Брюссельде Еуропалық Одақ ақша-несие саясатын басқару үшін құрылды.
* 2011 жыл — Америка Құрама Штаттары қарулы күштері Усама бен Ладенді Пәкістанның Абботабад аймағында атып өлтірді.
## Туғандар
* 1912 жыл — Күләш Жасынқызы Бәйсейітова (1957 жылы қ.б.), қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық артисі (1936). КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1948-1949)
## Қайтыс болғандар
* 1519 жыл — Леонардо да Винчи (1452 жылы т.),италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам»
* 1857 жыл — Альфред де Мюссе (1810 жылы т.), француз ақыны, драматург және прозашы, кейінгі романтизмнің өкілі
* 1997 жыл — Борис Гиршевич Ерзакович (1908 жылы т.), музыка зерттеушісі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1945), Қазақстан Ұлтыық Академиясының корреспонденция мүшесі (1967)
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 6 — Григориан күнтізбесінде жылдың 126-шы күні (кібісе жылдарда 127-ші). Жылдың аяғына 239 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 3 — Григориан күнтізбесінде жылдың 123-ші күні (кібісе жылдарда 124-ші). Жылдың аяғына 242 күн қалады.
## Мерекелер
Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1950 — Ғани Қасымов, саясатшы.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 5 — Григориан күнтізбесінде жылдың 125-ші күні (кібісе жылдарда 126-шы). Жылдың аяғына 240 күн қалады.
## Мерекелер
Халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 7 — Григориан күнтізбесінде жылдың 127-ші күні (кібісе жылдарда 128-ші). Жылдың аяғына 238 күн қалады.
## Мерекелер
* Қазақстан — Отан Қорғаушы күні
* Дания — Сыйыну күні
## Оқиғалар
1895 жылы орыс инженері Александр Степанович Попов Орыс физико-химиялық қоғамының жиналысында өзі құрастырған радиоқұрылғыны іс жүзінде көрсетті. Бұл күн радио дәуірінің алғашқы күні болып саналады.
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 8 — Григориан күнтізбесінде жылдың 128-ші күні (кібісе жылдарда 129-шы). Жылдың аяғына 237 күн қалады.
## Мерекелер
Дүниежүзілік әділ сауда күні
## Оқиғалар
Нацисттік Германияның Үшінші рейхінің сөзсіз капитуляциясы 1945 ж. 8 мамыр еуропалық уақытымен сағат 23:02 күшіне енді.
## Туғандар
* 1963 - Ғалымжан Баділжанұлы Жақиянов - қазақстан саясаткері.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 12 — Григориан күнтізбесінде жылдың 132-ші күні (кібісе жылдарда 133-ші). Жылдың аяғына 233 күн қалады.
## Мерекелер
• Бүкіләлемдік медбикелер күні.
* Сербия — Серб Республткасы Армия күні
## Оқиғалар
## Туғандар
• 1879 жылы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаев дүниеге келді.
• 105 жыл бұрын (1906-1972) драматург, киносценарийші Шаяхмет Хұсайынов дүниеге келді.
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 15 — Григориан күнтізбесінде жылдың 135-ші күні (кібісе жылдарда 136-шы). Жылдың аяғына 230 күн қалады.
## Мерекелер
* Ар тергеуінен әскери қызметтен бас тартушылардың халықаралық күні;
* Халықаралық климат күні;
* Халықаралық отбасы күні.
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 19 — Григориан күнтізбесінде жылдың 139-шы күні (кібісе жылдарда 140-шы). Жылдың аяғына 226 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
## Туғандар
* 1989 жыл — Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон олимпиядасының күміс жүлдегері
* 1925 жыл — Малькольм Икс, афроамерикандық мұсылмандардың көшбасшысы
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 16 — Григориан күнтізбесінде жылдың 136-шы күні (кібісе жылдарда 137-ші). Жылдың аяғына 229 күн қалады.
## Мерекелер
* Халықаралық отбасы күні
## Оқиғалар
* 922 жыл — Бұлғар хандығы ресми Ислам дінін қабылдаған
* 1901 жыл —Британия сырт алаңындағы ұлттық құрамалар арасындағы алғашқы матч Монтевидеода Аргентина Уругвайды 3:2 есебімен ұтады.
* 1919 жыл — Атлант мұхиты арқылы ұшуды алғашқы рет америкалық ұшқыш Альберт Рид бастайды.
* 1929 жыл — АҚШта алғашқы рет Оскар сыйлығын тапсыру рәсімі өтеді
## Туғандар
* 1950 жыл — Йоханнес Беднорц, неміс физигі, 1987 жылғы Нобель сыйлығы лауреат.
* 1963 - Мұхтар Қабылұлы Әблязов - қазақ сафясаткері.
## Қайтыс болғандар
* 1830 жыл — Жан Батист Жозеф Фурье, француз математигі әрі физигі.
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 20 — Григориан күнтізбесінде жылдың 140-шы күні (кібісе жылдарда 141-ші). Жылдың аяғына 225 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1481 жыл — II Баязит, Османлы мемлекеті сұлтанына айналды.
* 1498 жыл — алғашқы еуропалық — Васко да Гама Африканы айналып Үндістанға келеді
* 1873 жыл — Джинс шалбарының ресми туған күні, осы күні Лейб Страустың «Levi’s Straus and Company» фирмасы патент алады да, өзінің жапсырмасын шығарады.
* 1927 жыл — Ұлыбритания Сауд Арабиясы тәуелсіздігін мойындады
## Туғандар
* 1923 жыл — Сәруар Әлімжанұлы Әзімов (1994 жылы қ.б.), совет және өзбек жазушысы, мемлекет қайраткері және елші
* 1955 жыл — Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Қызылорда облысы әкімі, мемлкеттік қайраткер
## Қайтыс болғандар
* 1506 жыл — Христофор Колумб, әйгілі жиһанкез және саудагер
* 1622 жыл — II Осман, Османлы мемлекетінің 16-шы сұлтаны, Ислам халифатының 81-ші халифі, қолбасшы.
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 21 — Григориан күнтізбесінде жылдың 141-ші күні (кібісе жылдарда 142-ші). Жылдың аяғына 224 күн қалады.
## Мерекелер
* Қазақстан — Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
## Оқиғалар
## Туғандар
## Қайтыс болғандар
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 23 — Григориан күнтізбесінде жылдың 143-ші күні (кібісе жылдарда 144-ші). Жылдың аяғына 222 күн қалады.
## Мерекелер
## Оқиғалар
* 1878 жыл — Англия үкіметі Түркиямен жасырын келіссөз жүргізіп, егер Кипр аралын беруге келіссе, Азиядағы түрік иеліктерін қорғауға уәде берді
* 1985 жыл — АҚШ-та бала көтере алмай жүрген әйел емделіп жеті егіз тапты. Олардың үшеуі ғана тірі қалып нормадан ауытқулары болды. Бұл тарихтағы ең ірі «пробиркалық сәби» тәсілінің сәтсіздігі.
## Туғандар
* 1908 жыл — Джон Бардин (1991 жылы қ.б.), америкалық физик, транзисторды ойлап тапқан, Нобель сыйлығының 1956 және 1972 жылдардағы лауреаты, тарихтағы Нобель сыйлығын бір номинациядан екі рет иеленген жалғыз адам.
## Қайтыс болғандар
* 1124 жыл — Хасан әс-Саббах, ізбасарларымен «сәийдуна» («біздің Қожайын») деп аталған көрнекті исмаили қайраткер, хашшашин немесе ассасиндер атауымен белгілі низарилердің мемлекетін құрушы.
* 1937 жыл - Джон Дэвисон Рокфеллер (1839 ж.туған) — америкалық кәсіпкер, адамзат тарихындағы алғашқы «доллар» миллиардер.
* 1991 жыл — Вильгельм Кемпф, неміс пианисі және композиторы. 20 ғасырдың ең әйгілі пианистерінің бірі болып саналады.
* 2009 жыл — Но Му Хён, Оңтүстік Корея президенті.
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 14 — Григориан күнтізбесінде жылдың 134-ші күні (кібісе жылдарда 135-ші). Жылдың аяғына 231 күн қалады.
## Мерекелер
* Грузия, Тамароба — Тамара патшайым күні;
* Парагвай, Тәуелсіздік күні;
* Либерия, Интеграция күні;
* Малави, Камузу күні;
* Филиппин, Конституция күні.
## Оқиғалар
* 1811 жыл — Парагвай тәуелсіздігін жариялады
* 1869 жыл — Ақтөбе қаласының негізі қаланды
## Туғандар
* 1960 жыл — Дмитрий Огай, Қазақ футбол бапкері.
* 1952 жыл — Болат Манашұлы Атабаев, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері
* 1984 жыл — Марк Цукерберг, АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы, филантроп
## Қайтыс болғандар
* 1995 жыл — Кристиан Бемер Анфинсен, америкалық биохимик. Биологиялық эволюция процесінің жаңа көзқарасын ұсынған. Нобель сыйлығы лауреаты.
* 2003 жыл — Уэнди Хиллер, — ағылшын актрисасы, «Оскар» сыйлығы лауреаты(1958).
* 2006 жыл — Роберт Брюс Меррифилд (1921 жылы т.), америкалық биохимик, қатты матрицалардағы химиялық синтез методологиясын ұсынғаны үшін химиядан 1984 жылғы Нобель сыйлығы лауреаты.
## Сыртқы сілтемелер |
Мамырдың 22 — Григориан күнтізбесінде жылдың 142-ші күні (кібісе жылдарда 143-ші). Жылдың аяғына 223 күн қалады.
## Мерекелер
* Йемен — Ұлттық мейрамы, біріккен Йемен республикасының құрылуы
* Қырғызстан — Қарулы күштері күні
## Оқиғалар
* 853 жыл — Олаф Ақ, Норвегия королі ұлы, викингтерді және Ирландиядағы датчандарды қол астына қабылдап Дублин қаласын астанасы деп бекітті.
* 1972 жыл — Цейлон жаңа конституциясын қабылдап, Достастық құрамында Шри-Ланка тәуелсіз республикасын жариялады, президенті болып Уильям Гопаллава (William Gopallawa) сайланды.
* 1985 жыл — АҚШ-та киноэкранға голливудтық «Рэмбо: Алғашқы қан» шытырманоқиғалы фильм шықты.
## Туғандар
* 1813 жыл — Рихард Вагнер, неміс композиторы, дирижері, музыка теорияшысы және жазушысы (1883 жылы қ.б.)
* 1859 жыл — Артур Конан Дойль, шотланд және ағылшын жазушысы (1930 жылы қ.б.)
* 1927 жыл — Джордж Ола, америкалық химик, 1994 жылғы Нобель сыйлығы лауреаты.
* 1987 жыл — Новак Джокович, серб теннисшісі
## Қайтыс болғандар
* 1885 жыл — Виктор Гюго (1802 жылы қ.б.), француз жазушысы.
## Сыртқы сілтемелер |