text
stringlengths 3
252k
|
---|
Болат Бидахметұлы Жәмішев (28 маусым 1957 жыл Алтын Емел ауылы, Кербұлақ ауданы, Алматы облысы) — Қазақстан Республикасының қаржы министрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
## Қысқаша өмірбаяны
* Қазақ ауыл шаруашалық институтын бітіріп, экономист дипломын алып шыққан.
* 2006 ж. маусымынан бастап Еуразия даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған.
* 2004 ж. қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарған.
* 2006 ж. қаңтарында бұл лауазымға Арман Дунаев тағайындалған болатын.
* 2007 ж. қарашаның 13 — ҚР Қаржы министрі.
* 2013 ж. 6 қарашадан - Қазақстан өңірлерді дамыту министрі.
* 2014 ж. 6 тамыздан - Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы.
## Қосымша лауазымдар
* 2012 ж. 6 қыркүйектен - Қазақстан конкимен жүгірушілер ұлттық федерациясының құрметті президенті болып сайланды.
## Марапаттары
* «Парасат» ордені
Астанаға 10 жыл медалі.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Бәтила Жәкенқызы Жәмішева (1957 жылы туған), филология ғылымдарының кандидаты, оқытушы. Ұлдары - Дәулет (1985 жылы туған); Қуаныш (1989 жылы туған).
## Дереккөздер |
Владимир Карпович Божко (16 мамыр 1949 жыл, Алматы) — Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, Ұлттық қауіпсіздік офицері, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант.
## Биографиясы
### Білімі
* 1949 ж. Алматыда дүниеге келген.
* 1971 ж. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, заң ғылымының кандидаты, доцент.
### Қызмет жолы
* 2001 ж. желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген.
* 13 қараша 2007 ж. 6 тамыз 2014 ж. — ҚР Төтенше жағдайлар министрі.
* 2016 жылғы наурыздан - Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты.
## Марапаттары
* II дәрежелі «Айбын» (2003)
* «Барыс» (2010) ордендерімі"'
* 20 медальмен марапатталған.
* ҚР ҰҚК Құрметті қызметкері.
## Отбасы
* Үйленген. Жұбайы - Божко Татьяна Михайловна.
* Қызы - Елена (1978 жылы туған);
* ұлы - Максим (1981 жылы туған).
## Дереккөздер |
Көне келісім — Киелі кітаптың 1-ші бөлімі. Негізнде көне жебірей тілінде жазылған тарауларын айтады. Бірақ үш тарауы арамей тілінде жазылған. Католик шіркеуінде көне юнан тілінде жазылған деутерканоникалы жазбаларын қосады.
## Көне келісім жазбалары |
Олжабай Төлебайұлы (1709 – 1785 (кей деректерде 1783), Ақмола облысы Ерейментаудағы Сілеті өзен бойы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың атақты батырларының бірі. Қабанбай, Бөгенбай, Малайсары секілді батырлармен бірге тізе коса отырып, ата жауға қарсы талай жорыққа қатысқан.
## Шығу тегі
Орта жүздің арғын тайпасы сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Әкесі Толыбай Тәуке ханның билерінің бірі, шешесі Есенбике Төле бидің туысқаны Қаратайдың қызы.Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Осы Айдаболдың үш әйелінің бәйбішесінен — Жанқозы, Малқозы, Кенжеқозы, ортаншы әйелінен — Қарақозы, Бозқозы, Аққозы, тоқалынан — Қожагелді мен Тайкелді туады. Балаларының бәрі де әрі шешен, әрі батыр болып өседі. Жалғыз-ақ бәйбішесінің Кенжеқозысы қыршын жас кезінде өліп, айттырып қойған қызы оң жақта жесір қалады. Ол үйсін Қаратай батырдың қызы екен. Әкесі осы қызды тоқалдан туған Тайкелтірге алып берем дегенде, Жанқозы: "Кіндіктесімнің жесірін тоқалдың баласына алдырмаймын" — деп, зорлықпен қызды інісі Малқозының баласы Толыбайға алып береді. Осы Қаратай батырдың қызынан Олжабай туады.Әкесі Толыбай 1723 жылы "Ақтабан шұбырындыда" босқан елді жаудан қорғап жүргенде оққа ұшады. Осы кезде он үшке жаңа толған Олжабай нағашысы Қаратай батырдың қолында тәрбиеленеді.
## Жалпы деректер
Абылай жоңғарлардың қолына тұтқынға түскенде, оны құтқаруда елеулі еңбек етті. Абылай оны Ер Олжабай'', ''Қу жарғақ'' (атқан оқ Олжабайға тимегендіктен) деп атап, Әбілмәмбет хан оған алтын сапты қылыш сыйлаған. Олжабай Абылай ханның мемлекет билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттеріне елеулі үлес қосқан. Ол Түркістан медресесінде оқып, арабша, қалмақша жетік білген. Академик Ә.Марғұланның естеліктерінде Олжабайдың немере інісі Едіге бимен бірге 1762 жылы Екатерина ІІ-ге хат жазғаны атап көрсетілген. Хатта патшайымнан Ертістің шығыс жағындағы қалың орманнан жайылымдық жер сұрағаны айтылады. Олжабайдың өз қолымен жазып қалдырған қара кітабы болған. Онда соғыстар жайлы әңгімеленіп,Қазыбек би, Абылай, Бөгенбай есімдері жиі аталады. Батырдың туы 1937 жылға дейін сақталған. Әйгілі ғалымдар академик Ә.Марғұлан Олжабайдың шөпшегі болса, ақын О.Сүлейменов жетінші ұрпағы.
Олжабай Абылайдың ту ұстаушы батырларының бірі (“Ала ту” деген лақап атқа ие болған) ретінде 1735 жылы Түркістан мен Ташкентті жоңғарлардан азат ету жорығына, 1736 жылы Баянауылды Қалдан Сереннен босатқан шайқастарға, 1756 жылы қазақ жеріне басып кірген қытай әскерін талқандауға қатысқан. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері — Баянауыл баурайындағы қалмақтармен болған шайқасы. Осында Олжабай жиені Жасыбаймен бірге қалмақтардың жолын тосып жатады. Жасыбай жасағымен Шойынкөлге өтетін асудың аузында, Олжабай Торайғыр көліне өтетін асудың аузында жатып, жау қолын күтеді. Бұлардың жол тосып жатқанын қалмақтар да біліп, қапысын тауып, Жасыбай қолына тосыннан келіп тиіседі. Жасыбай осы шайқаста қаза табады.Жай келгенінен хабарланған Олжабай көмекке ұмтылады. Ол жауды қоршап алып, таудың бір қуысына тығып қойып, қойдай қырады. Сонда Олжабайдың сұсын көрген жолдасы Төртул Баймұрат батыр: "Енді сен дем ал, мұнда саған қарсы келер ешкім қалған жоқ. Қалған-қүтқаны болса, маған сауғаға бермейсің бе?" — деп, атының сулығынан үстағанда, Олжабай: ‘’"Жасыбайдың бір бармағының да қүны толған жоқ қой"’’ деген екен күрсініп. Кейін халық қапыда кеткен есіл ердің қүрметіне Жасыбайдың жау күткен асуын "Жасыбай асуы", Шойынкөлді "Жасыбай көлі" атап кетіпті. Ол жерлер бүгін де солай аталады.
Оның есімі он сан орта жүзге ұран болған. Халық жырларында "Олжабайлап" жауға шапқанның жеңбейтіні болмаған. Үрей туғызатын ұранды пайдаланып, өзгелердің де жауға "Олжабайлап" шабатын кездері болған көрінеді.
## Әдебиетте
Халықтың шежірелерінде, ауызша әңгімелерінде Олжабай тұралы өте көп айтылады, өлең-жыр, дастандар да баршылық. Онда Олжабайдың батырлығы, тапқырлығы, мергендігі ерен сүйіспеншілікпен сөз болады. Олжабайдың ерлігі жайлы қазақ аңыздары мен деректі әңгімелер орыс ғалымдары Ф.А. Шербиннің, Н.Я. Коншиннің, Н.С. Смирнова мен Д.Примактың еңбектерінде баяндалған. Аңыз бойынша ол ең алғаш рет Қаратай батырдың туын ұстап, ұрысқа кірген. Олжабай батыр атты халық жырында оны қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне белсене қатысушы, халық қамқоршысы ретінде бейнелейді.
## Ішкі сілтемелер
* Жоңғар шапқыншылығы
* Абылай хан
## Сыртқы сілтемелер
* Әлкей Марғұлан Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы.
## Дереккөздер |
Ерік Сәлімұлы Құрманғалиев (02.01.1959, Құлсары қаласы, Атырау облысы—13.11.2007, Мәскеу) — өте сирек кездесетін контратенор сарынды «қаздауысты» опера әншісі.
Әкесі Сәлім — хирург, анасы Меруерт — педиатр болған. Кіші жүздің Байұлы тайпасы Алаша руынан шыққан.
Бала шағында әкесінен айырылған Ерік орта мектеп оқуын Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында бітірген. Ән айтуды өте ерте бастаған радиодан есіткен Людмила Зыкина, Ольга Воронец дауыстарын өзінің балалық альт дауысымен бейнелеген.
Алматы консерваториясында дайындау бөлімінде оқып жүргенде, оны тастап, Мәскеуге барады. Гнесиндер атындағы Мәскеу саздық-педагогикалық институтына түсіп бітіреді.«Гнесинкада» оқып жүргенде концерттік әрекетін бастайды. 1980 жылы Д. Шостакович атындағы Ленинград филармониясы Үлкен залы сахнасында алғашында Антон Шароев оркестрімен бірге Перголезидің Stabat mater деген кантатасын орындайды. Соңыра мынадай асқан дирижерлер меңгеруіндегі әйгілі оркестрлерімен бірге бірталай рет сахнаға шыққан: Рождественский, Китаенко, Мансуров, Сондецкис, Башмет, Третьяков, Гринденко, Николаев.Гнесиндер институтын бітіріп Мәскеу консерваториясы аспирантурасында профессор Н. Дорлиактан біліктігін арттырады. Шеберлік жетілдіру сабақтарын И. Бьенер, А. Рейнолдс, Ф. Кертин, Р. Кэйселли дегендерден алады.
1987 ж. Хертогенбош (Нидерланд) қаласында өткен халықаралық жас әншілер конкурсында лауреат болады.
1988 ж. Бостон қаласында өткен кеңестік саз фестивалінде жергілікті басылымдар Ерік Құрманғалиевті ғаламат феномен деп аңызға айналған опера әнші Федора Барбиеримен салыстырады.
Опера әлемінде белгілі болса да, баршаға тек Роман Виктюк қойған «М. Баттерфляй» спектакліндегі ролінен кейін Ерік ардақты адам боп санала бастады. 1992 ж. американдық драматург Девид Г. Хуанг «М. Баттерфляй» пьесасында Сонг Лилинг ролін орындаған үшін осы жылдың актерлерінің жампозы аталды.
Альфред Шнитке шығармаларының тұңғыш орындаушы Құрманғалиев болды: 2-ші симфония, 4-ші симфония, «Доктор Иоһанн Фауст хикаясы» кантатасы. «Рихтердің желтоқсанда саз кештері» деген халықаралық фестивалінің тұрақты қатысушысы болды. Концерттік әрекетін опера және жеке бағдарламаларды басты сахналарда орындап кең мәртеде өткізді: Ресей, Украина, Латвия, Эстония, Литва, Қазақстан, Татарстан, Нидерланд, Бельгия, Мажарстан, Югославия, Франция, Грекия. Пьер Карден шақыруымен Париж сахналарына шықты.
2002 ж. қазанында Мәскеу консерваториясы Үлкен залында гала-концерт берген.
2005 ж. Рустам Хамдамов түсірген «Вокальные параллели» (Әнмен қатарласу) деген филмінде басты ролдерінің біреуін орындады.
Соңғы кезде Ерік сахнаға ата-анасы «Сәлім-Меруерт» атымен аталып шығып жүрді.
2007 ж. қазанның 16 бауыр ауруымен Мәскеу қаласында ауруханаға түсіп, қарашаның 13 дүние өтті.
2019 ж. 3 қазанында "Астана Опера" театрында Ерік Құрманғалиевті еске алуға арналған "Вокалды параллельдер" атты концерт өтті. Еске алу шараларын ұйымдастырушылардың бірі, контртенор және ҚазҰӨУның хор дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі Батыржан Смақовтың айтуынша, бүгінде контртенорлер өнері өте өзекті. Қазір қазақ және шетел композиторлар осы дауысына көптеген шығармаларды жазады.
## Дереккөздер |
Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.
## Балалық шағы
Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.
### Ел басқарушы би
Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.
Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.
Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.
### Кіші жүз биі
Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.
## Жеті жарғы
"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — "сүйек құны", "өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.
## Ұрпақтары
Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауларын мекендеген Алшын-Төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке би ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.
Әйтеке би Байбекұлы Навои облысы, Нұрата ауданында жерленген.
## Ел аузынан
Әйтеке би Байбекұлы - Алшыннан шыққан қазақтың атақты шешен биі. Шежіреде Алшын Алау әмірден Қыдуар/Құдияр тентек, одан Қадырқожа тарайды. Қадырқожаның Қайырбай атты баласы кедей болып, Қаракесек атанады. Қаракесектен Әлім тарайды. Әлімнен Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек пен Қарасақал рулары тарайды. Төртқараның бабасы Қарамашақтан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған кісі. Сол Ораздың бауыры Қараштан - Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.
Сейітқүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.
Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.
Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 24 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, 18 рулы Алшын (Әлімұлы және Байұлы) мен 7 рудан құралған - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді.
Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:
## Әйтеке би жайлы ел аңыздары
### Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)
Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:
- Ассалаумағалейкум, ақалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.- Жолаушының жасы үлкені:- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?- Сейітқұл ауылы.- Өзің кімнің баласысың?- Байбектің баласымын.- Есімің кім?- Есімім Айтық.- Қосуақ бидің үйі қайда?- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.
Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.Сонда әлген баланың әкесі:- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Ертеде ұлы жүздің бір жігітіне атастырып құда түсіп қоиған орта: бір қызы арғынның жігітімен қашып кетеді. Екі ел арасында басталады. Бірінің бірі жылқысын барымталап кетеді. Төбелес шығады. Екі жақтың кісілері Төле би мен Қазыбекке жүгініседі.
- Аға болып алдымен туасың,Барымталап жылқымды қуасыңАртымнан ерген еркемсің,Ағаңның көзі тірісіндеЖеңгеңді неге ертесің? - деп өкпе артады. Екеуі ұзақ-ұзақ сөз жарыстырады, бір мәммәл келе қоймайды. Сонда ортадан Әйтеке би тұрып:
- Сабыр етіңдер ағайын! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.- Ашу деген ағын су,Туысқан сон сөз қуыспау керек.Алдын ашсаң арқырар.Сөз қуған бөлеге жолымды,Ақыл деген дария,Жол қуған олжаға жолығады.Алдын тоссаң тоқырар.Төле сен, жылқысын қайыр!Кісі бірге туыспау керек,Қазыбек, сен жесірін қайыр! - десе, Төле би оған деп, екеуін келістіріп қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, екі жағы бітімге келіп, тиышталыпты.
### Қосымша ақпарат
Әйтеке ержете келе билікті мақал-нақылмен мәнерлеп, айтатын, дауды еділ шешіп кесе-кесе сөйлейтін өте әділетті, білгір шешен би болған. Сон-дыктан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі, "Жеті жарғы" заңын жасасқан азамат.
Халық жырауы Қазанғап Байболұлының Төле биге арнаған дастанында Төле биге, Қаз дауысты Қазыбекке мінездеме береді де, Әйтеке биге келгенде былай термелейді
Онан да өткен Әйтеке, Қудан үшқыр, құланнан. Мүндай шешен болмайды, Бір сөзін жүз мақалдап, Сипаттап қандай тіркейді. Түршіктіріп денеңді, Барған сайын өрлейді. Таудай сөзге тарыдай, Қию тауып сөйлейді. Ерегіссе біреумен Қара жерге жерлейді Қанша ділмәр дегендер, Ширегіне келмейді...
Әйтеке бидің шешендік сөздерін қастерлей жинап, ол жөнінде зерттеу мақала жазған білгір ғалым Балтабай Адамбаев былай жазады:
"Қазақ руларының басын біріктіріп бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, кырғыз халыктарын одақтастырып, жоңғар- қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі Әйтеке болған. Сайып келгенде, Әйтеке - шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құрысып, нығайтуға үлес қосқан қоғам қайраткері"
### Әйтеке би жайлы ел аңызы
Әйтеке бидің артында қалған қайсыбір шешендік мұраларды алып қарасақ, одан ел қамын, өзінің тузған халқының зар-мұңын жеп айтқан ой-пікірін аңғарамыз. Бұған оның Ормамбет биге айтыпты дейтін мына сөзі дәл ел:
- Бай болсаң, халқына пайдаң тисін;-Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.-Бай болып елге пайдаң тимесе,-Батыр болып жауға найзаң тимесе,--Елден бөтен үйің күйсін!
Әйтеке Байбекұлы бірде Қазыбек биге жолығысады. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайылып қалған Қаз дауысты Қазыбек би:
Атадан жақсы ұл туса,Елінің оңы болады. Атадан жаман ұл туса, Көшінің соңы болады,- деген, сен сол үлдың қайсысы боласың? - депті. Сонда Әйтеке би:
Ораздының көрісі, Қартайғанда қазына болады. Араздының көрісі, Қартайғанда қазымыр болады,- демекші, сіз өзіңіз соның қайсысы боласыз? - деп, қалжыңдап қарсы сұрақ қойыпты.
Қаз дауысты Қазыбек Әйтекенің батылдығына риза бопты:
- Е, е, бауырым, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - дейді. Әйтеке:- Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер, ұлы болармын, - депті оған.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Қазыбек би
## Дереккөздер |
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы – халықаралық қоғамдық ұйым. 1992 жылы қыркүйекте өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның 1-орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев. Қауымдастықтың негізгі мақсаты — республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы — Республикалық мәртебесі бар халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол 1992 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында тұңғыш рет өткен Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында құрылды. Құрылтайға әлемнің 33 елінен 800-ден астам делегат қатысты. Қауымдастық президиумының төрағасы — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, төрағаның бірінші орынбасары — жазушы Қалдарбек Найманбаев болып бекітілді. Әділет министрлігінің алғаш рет 1992 жылғы 2 қарашада, одан соң 1997 жылғы 16 сәуірде қайта тіркеуінен өткен.
Қауымдастықтың негізгі міндеті — шетелдерде тұратын қазақтармен мәдени-рухани, оқу-білім және іскерлік бизнес саласында байланыс жасау.
Қауымдастық дүниеге келген уақыттан бері өз Жарғысында белгіленіп бекітілген міндеттер аясында жұмыс істейді. Ешқандай саяси мақсат көздемейді. Өзге мемлекеттердің ішкі ісіне араласпайды. Күнделікті жұмысында Қазақстан Республикасының шетелдермен мәдени-рухани, оқу-білім және экономикалық салада жасалған келісімшарттарды, басқа да халықаралық құжаттар мен актілерді басшылыққа алады.
Сыртта жүрген қандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қатысты ірілі-ұсақты мәселелердің бәрімен тұрақты шұғылданып келеді. Қазақ диаспорасы шеңберінің ұлғаюы нәтижесінде алыс-жақын шетелдердегі ағайынмен сан-салалы байланыстарды жетілдіру жолдарын өз қызметінің негізгі өзегі деп біледі. Сондай-ақ республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу де Қауымдастық қызметінің бір саласы болып есептеледі. Тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді.
Қауымдастықтың Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда “Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы” қабылданды. Атқарылып жатқан шараларды негізінен мәдени-рухани және экономикалық салаларға топтастыруға болады. Ал оларды жүзеге асыру барысында қолданылатын жұмыс әдістері әр алуан, оған көкейтесті мәселелер бойынша ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, халықаралық симпозиумдар, «дөңгелек стол» мәжілістері тақырыптық кештер, әдеби кештер, соңғы жылдары дәстүрге енген шетелдерде жыл сайын өткізіліп келе жатқан кіші құрылтайлар, өнер, қолөнер, кітап көрмелері, мерейтойлық басқосулар, өнер және спорт фестивальдері сияқты сан-салалы шараларды жатқызуға болады.
Қауымдастық өз Жарғысы бойынша Қазақстан Республикасының және шетелдердің мемлекеттік мекемелерімен, қоғамдық ұйымдарымен, мәдени-ғылыми орталықтарымен байланыс жасауға құқылы.
Қауымдастық дүниеге келгеннен бері төрт құрылтай өткізді.
1992 жыл. 29 қыркүйекте Алматыдағы Абай атындағы академиялық опера және балет театрында Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайы жұмысын бастады. Құрылтайға Түркия, Германия, Франция, Швеция, Норвегия, Моңғолия, Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан (барлығы 33 елден), сондай-ақ Қазақстан облыстарынан 800-ден астам кісі қатысты. Құрылтайды ұйымдастырушылардың бірі Қ.Найманбаев болды.
Құрылтайдың басты мақсаты Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның басшы органдарын сайлау болатын. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының басшылығы мына құрамда: ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев – Төралқа төрағасы, Қ.Найманбаев – төрағаның бірінші орынбасары, Дәлелхан Жаналтай, Мырзатай Жолдасбеков,Алтынбек Сәрсенбаев – төралқа мүшелері болып сайланды.
Кешкілік Республика сарайында құрылтайдың салтанатты мәжілісі өтті. Мәжілісте Елбасы Н. Назарбаев халқымыздың тарихы мен тағдыры туралы тебірене толғанған баяндама жасады.
Құрылтай құрметіне Алматы облысының Дегерес жайлауында дүбірлі той өтті.
Құрылтай кезінде алыстан келген ағайындар Қазақстанды аралап, Жезқазған, Ұлытау және Түркістанды аралап, аруақтарға тағзым етілді.
2 қараша күні Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестік ретінде Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алды. Қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Қ. Найманбаевтың бұйрығымен С. Балғабаев Қауымдастық төрағасының орынбасары болып бекітілді.
2002 жыл. Қазан айының 23-де Түркістан қаласында Дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы ашылды.
Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев баяндама жасады.
Салтанатты жиында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасының төрағасы болып Н. Назарбаев бір ауыздан сайланды.
Қауымдастық Төралқасы төрағасының бірінші орынбасарлығына Қалдарбек Найманбаев (2004 ж. қайтыс болғанға дейін), төралқа мүшелері болып Бауыржан Мұхамеджанов, Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әбдірахман Шетин сайланды.
2004 жылғы қазанның 13-де Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың шешімімен Қауымдастық Төралқа төрағасының бірінші орынбасары міндеті Т.А.Мамашевқа жүктелді.
2005 жыл. 29 қыркүйекте Астанадағы Үкімет үйінің Мәжіліс залында Қазақтардың III дүниежүзілік құрылтайы салтанатты түрде ашылды.
Мәжілісті Құрылтайды дайындау және өткізу жөніндегі республикалық комиссияның төрағасы Ахметжан Есімов ашты. Құрылтай жұмысына Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
Шетелден келген қазақ диаспорасының жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері мінбеге көтеріліп, өз ойларын ортаға салды.
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н. Назарбаев бір ауыздан сайланды.
Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.
Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Әбдірахман Шетин, Сұлтан Жанболат, Мейірманқұл Бәкіров, Қабсатар Омарұлы сайланды.
2011 жыл. 25-27 мамырда Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Дүниежүзі қазақтарының IV Құрылтайы ашылды.
Құрылтайда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқасы төрағасы болып Н.Назарбаев бір ауыздан қайтадан сайланды.
Төралқа төрағасының бірінші орынбасарлығына Елбасының ұсынысымен Талғат Мамашев сайланды.
Төралқа мүшелері болып Сұлтанәлі Балғабаев (төрағаның орынбасары), Абдулқаюм Кесижи, Тоқтарбай Дүсенбаев сайланды.
## Мекен жайы
050002, Алматы қаласыШ.Уәлиханов көшесі, 43 АТел/факс: 8 (727) 2739997, 2733244
## Тағы қараңыз
* Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы
## Сыртқы сілтемелер
* Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Башпай — Қорқыт атаның авторлығында жеткен қобыз күйі.
## Күй аңызы
Аңыз бойынша, "Башпай" Қорқыттың өмірінің соңында шығарған ақырғы күйі екен. Қорқыт кілемін төсеп дарияның бетінде отырғанда қарындасы Ақтамақ ағасына тамақ әкеліп беріп тұрған екен. Күндіз-түні күй тартып, өліммен алысып әбден шаршаған күйші бірде қарындасының әкелген тамағын ішкеннен кейін маужырап,көзі ілініп кетеді. Тамақ салынған дорбамен қайрақ жылан болып ілесіп келген ажал қобыздың үні шықпай тұрған кезде күйшіні шағып алады. Жыланның уы бойына жайылып, әлсіреп бара жатқан Қорқыттан Әзірейіл:"Қандай тілегің бар?"-деп сұрайды Сонда Қорқыт:"Менің өмірде екі күнәм бар. Біріншісі-өлімнен қырық бір жыл бойы қашқаным. Кілем жайып Сырдың бетінде отырғанда бірде алай-түлей дауыл тұрған еді. Сол кезде қарындасыма башпайым тиіп кеткен болатын, екінші күнәм-сол. Сол себепті мені көмгенде осы екі башпайымды ашық қалдырыңдар"-деп қобызын қолына алып, ең соңғы Башпай күйін тартқан екен.
## Сілтемелер
* Қорқыттың «Башпай» күйінің шығу тарихы |
Халел Досмұхамедов (24 сәуір, 1883 – 19 тамыз, 1939) — Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз әрі ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
## Өмірбаяны
1883 жылы сәуірдің 24-і бұрынғы Орал облысы, Гурьев уезі, Тайсойған болысы, (қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы) Тайсойған құмында №4 ауылында дүниеге келген. Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-реалдық училищесінің даярлық класына қабылданып, оны үздік бітіреді де, тағы бір жыл қосымша класта оқуға қалдырылады.
Сосын Санкт-Петербург императорлық әскери-медицина академиясына латын тілінен қосымша емтихан тапсырып түскен.
Студенттік өмірі империяның саяси толқуларға толы кезеңімен тұстас келіп, оның саяси білімін жетілдіріп, қалыптасуына әсер етті. Ол осы жылдары ел ішінде үгіт-насихат жүргізіп, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттеріне мақалалар жазып, саяси толқулардың мән-жайын халыққа түсіндіріп отырды.
1905 жылы Орал қаласында бес облыстың делегаттары жиналған съезде кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі құрылған. Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының 9 адамнан тұратын Орталық комитетіне Бақытжан Қаратаев, М.Бақыткереевтермен бірге сайланды.
1909 жылы академияны үздік дәрежелі дәрігер атағымен, Алтын медальмен бітіріп, офицер ретінде кесімді мерзімдегі әскери міндетін өтеуге жіберілді. Алдымен Пермь губерниясында, кейін 2-Түркістан, 2-Орал қазақ-орыс атқыштар батальонында әскери кіші дәрігерлік қызмет атқарды.
1912, 1913 және 1915 жылдары оба індетіне қарсы күрес ісіне қатысты. Бұл еңбектері үшін Императорлық қола медальмен марапатталды.
1913-18 жылдары «Қазақ» газетінде «Тамыр дәрі хақында», «Сары кезік — сүзек», «Жұқпалы ауру хақында» сынды кәсіби, әлеуметтік-саяси тақырыптарда мақалалар жариялап, өзіндік ой-пікірін білдіріп тұрды. «Как бороться с чумой среди киргизского народа» (1916) деген кітабы өз кезеңінде оба індетіне қарсы күрестің әдіс-тәсілдерін түгел қамтыған еңбек болды.
Ресейдегі Ақпан төңкерісінен кейін қазақ даласында облыстық, жалпы қазақ съездерін ұйымдастырып, өткізуге атсалысты. Сәуір айында 800-ден аса делегаттың қатысуымен өткен Орал облыстық қазақ съезінде Ж.Досмұхамедовпен бірге «Орал облысының далалық бөлігін басқарудың уақытша ережелері» атты жергілікті және облыстық деңгейдегі басқару жүйесін толық қамтыған заң жобасын ұсынып, оған делегаттар бірауыздан дауыс берді.
Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне қатысып, І жалпықазақ съезінен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.
1917 жылы ІІ жалпықазақ съезінде жарияланған Алашорда үкіметі — Ұлт кеңесі құрамына сайланды. Алаш қайраткерлерімен бірге бірінші кезекте халықты бүліншіліктен қорғайтын ұлттық әскер — халық милициясын жасақтауға, Алаш қорын құруға, елден алым-салық қаражат жинау ісіне күш салды. Уақытша үкіметтен билікті күшпен тартып алған большевиктердің үстемдігі нығайған тұста, Кеңес үкіметінің басшысы В.И.Ленинмен, Ұлт істері жөніндегі халық комиссары И.В.Сталинмен бетпе-бет келіссөздер жүргізеді. Большевиктер Кеңес өкіметін толық мойындап, сөзсіз бағынуды талап етсе, олар Алашордаға ішінара билік беру (заң шығару, атқарушы билік, сот жүргізу, өз әскері болу), қазақтар шоғырланған жерлерді түгел қазақтарға қайтару, әр жерде кеңес органдары тұтқындаған алаш қайраткерлерін түрмеден босату, оларды қудалауды тоқтату, қаржылай көмек беру сияқты маңызды мәселелерді өткір қоя білді.
1918 жылы Жымпиты қаласында өткен Орал өңірі қазақтарының 4-съезінде Қазақстанның бүкіл батыс өңіріне ықпал етерлік ұлттық-территориялық құрылым — «Ойыл уәлаяты уақытша үкіметін» жариялауға қатысты. Сол жылы қыркүйек айының ортасында Кеңес өкіметіне қарсы күштердің Уфа директориясын жариялау мәжілісіне жиналған Алашорда қайраткерлері бұл құрылымды қолдап, оған «Алашорданың батыс бөлімшесі» деген ат берді. Осы кезеңде Халел Алашорданың атты әскерін ұйымдастырып, Самарадағы Комуч үкіметінен қару-жарақ алуға, Ұлттық банк ашуға, баспахана, «Еркін қазақ» газетін шығаруға көп еңбек сіңірді.
Алашорда таратылғаннан кейін басқа қазақ зиялылары секілді Халел де жаңа өкіметтің жұмысына тартылады.
1920 жылы 21 тамызда Түркістан республикасы халық ағарту комиссариаты жанынан Түркістан халықтарының оқу-ағарту, мәдени Һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы ұйымдастырылған Білім комиссиясының мүшелігіне, кейін төрағалығына сайланды. Ташкенттегі халық ағарту институтында оқытушысы болды.
Орта Азия (Түркістан) университеті медицина факультетінің хирургиялық емханасында ординатор, Түркістан денсаулық сақтау халық комиссариаты алқасының мүшесі және емдеу-санитарлық бөлімінің меңгерушісі болды.
Орта Азия мемлекеттік баспа коллегиясының, кейін Қазақ мемлекеттік баспасы Шығыс бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік баспа басқармасы меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқара жүріп, отандық ғылымның дамуына да мол үлес қосты. Халел Досмұхамедов бір өзі бірнеше қызметтер атқара жүріп, ұлттық мектептердің ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған жүйесін құруға, қазақ тіліндегі ғылыми терминология жасау ісіне ат салысады. Жер жерлерде қаулап ашыла бастаған ұлттық мектептерге ана тілінде оқулық жазу қажет болады. Осындай қажеттілік Халелді атқарып жүрген толып жатқан қоғамдық қызметерін ана тіліндегі оқулықтар жазумен және оны шығару жұмыстарымен ұштастыра жүргізуге мәжбүр етті.
Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
Ол қазақ халқының тілі мен әдебиетіне, тарихына қатысты материалдар жинақтап, тілдің дыбыс жүйесінің өзекті мәселесі — сингармонизм заңын зерттеді, «Қазақ-қырғыз тілдеріндегі сингармонизм заңы», «Шернияз шешен», «Алаш не сөз», «Бұқарадағы Көгілташ медресесін салу туралы әпсана», «Тіллә-Қары мен Ширдор медреселерін салғызған Жалаңтөс батыр шежіресі», «Диуани лұғат ат-түрк», «Кенесарының соңғы күндері», «Қазақ әдебиетінің тарихы» сияқты, т.б. ғылыми-теориялық еңбектер жазып қалдырды. «Мұрат ақын сөзі», «Исатай — Махамбет», «Аламан» жинақтарын шығарды.
Сондай ақ оның қаламы жүйрік журналист болғанын қазақ тілінде шығып тұрған «Шолпан», «Ақ жол», «Еңбекші қазақ», «Сәуле» сияқты газет журнал беттерінде жарияланған мақалаларынан айқын көруге болады. Ол сонымен бірге қазақ қырғыз білім комиссиясы жанынан «Сана» журналын шығарып, өзі соның редакторы болған.
1924 жылы Ресей ғылым академиясының Орталық өлкетану бюросының корреспондент-мүшесі болып сайланады, осы жылы Түркістан халық ағарту комиссариаты атынан Орынборда өткен қазақ білімпаздарының, Мәскеудегі Бүкілресейлік денсаулық сақтау қызметкерлерінің съездеріне қатысты.
Өзі проректор болып істейтін, халқымыздың алғашқы жоғары оқу орны Қазақ педагогика институтының негізінде Қазақ мемлекеттік университетін ұйымдастыру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның бірінші проректоры болып тағайындалады. Қазақ педагогика институтының доценті, Қазақ мемлекеттік университетінің әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы, осы оқу орнының профессоры болды.
Алайда, келесі жылы Кеңес үкіметі ұйымдастырған қуғын-сүргін саясаты кезінде тұтқындалып, ОГПУ үштігінің шешімімен Воронеж қаласына 5 жылға жер аударылды. Онда жүріп Денсаулық сақтау және гигиена институтында бөлім меңгерушісі, балаларды емдеу-сақтандыру амбулаториясы меңгерушісінің орынбасары секілді қызмет істеді. Соңғы бір жыл кесімді мерзімі бітсе де елге оралмады.
1938 жылы 26 шілдеде жалған саяси айыппен екінші рет тұтқынға алынып әуелі Мәскеу, кейін Алматы түрмесінде отырды. 1939 жылы 24 сәуірде әскери трибуналдың үкімімен ату жазасына кесілді, 1939 жылы 19 қыркүйекте түрме ауруханасында өкпе туберкулезінен қайтыс болды.
Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды
Қазір туған жері Атырау облысы Миялы кентінде оған ескерткіш қойылған. Атырау университетіне, Алматы және Атырау қалаларындағы бір-бір көшеге есімі берілген.
## Тағы қараныз
* Жанша Досмұхамедов
* Алаш Орда
## Сыртқы сілтемелер
http://www.kazinform.kz/kaz/article/1204917 Мұрағатталған 9 наурыздың 2016 жылы.
## Дереккөздер |
ҚОРҚЫТ АТА КІТАБЫ (“Китаб-и дәдем Коркут ғали лисан таифа оғузан”) – қаһармандық эпос үлгісі, оғыз-қыпшақ дәуірінің жазба мұрасы. ғылымда оның он екі нұсқасы мәлім: Дрезденде (12 нұсқа) және Ватиканда (6 нұсқа) сақталған. 19 ғ-да бұл жазба ескерткішті зерттеп, аудару ісімен акад. В.В. Бартольд айналысып, жеке тармақтарын жариялады. Кейін бұл аударма “Деде Горгуд” (Баку, 1950), “Книга моего деда Коркута” (М.–Л., 1962) деген атпен жарық көрді. Ә.Қоңыратбаевтың аударуымен қазақ тілінде 1986 ж. тұңғыш рет басылды. Әдеби әрі тарихи этник. мұра ретіндегі “Қорқыт Атаның кітабында” қазақ эпосына тән көркемдік кестелермен қатар қазақ тарихы мен мәдениетіне қосатын деректер де мол. Сондай-ақ жазбада оғыз тайпаларының этник. тегі, этнографиясысы, мекені, әлеуметтік жағдайы, т.б. мәліметтер көп сақталған. Осы деректерден оғыздардың бірде Сыр бойындағы қыпшақтармен, бірде Кавказ шегіндегі гәуірлермен жауласқаны көрінеді. Жырдағы ерлік сарындары аса елеулі. Қара Бодақ бірде қыпшақ ханына қан құстырған қара күш иесі (3-жыр), енді бірде Хамид, Мардин қамалдарын қиратқан батыр.
## Тарихы
Қорқыт ата кітабы тұңғыш зерттеушісі неміс ғалымы Н.Ф.Диц өзінің "Аталар сөзі" атты түркі мақалдардың жинағында Қорқыттың Оғыз ұрпағынан шыққан, көп халықтардың әулие тұтатынын ескертеді. Зерттеушілердің айтуынша Қорқыт ата кітабы бір жылда жасалған не бір ғана оқиғаға байланысты пайда бола қалған шығар емес,ол халықтардың ауыз әдебиетінде ғасырлар бойы айтылып келген аңыздар мен жырлар негізінде қалыптасқан,ұзақ жылдар қамтитын, тарихи ерлік кезеңдердің туындысы.Ол ертеде жыр, ертегі,әңгіме түрінде өмір сүріп келген, кейін біріктіріліп,үлкен бір эпосқа (жырға) айналған.Қорқыт ата кітабы 12 жырдың қосындысы десек,онда оң шақты ғасыр ішінде өмір сүрген, оң шақты ру, тайпа ұлытарының өткен дәуіріндегі оқиғалар суреттеледі. Жыр оқиғасының бірі Алтайда болса, енді бірі Орта Азия, Жетісу өңірінде немесе Сыр бойында, Сардала мен Кавказда өтіп жатады. Бұлай болуы оғыздардың бір кездерде сол өлкелерді жайлап өткендігіне байланысты еді. Сондықтан Қорқыт ата кітабына бір ел, не бір ғана халық ие боп меншіктей алмайды,онда бірнеше хаықтың үлесі.
## Кейіпкерлер
Қазан – оғыз елінің көсемі. Кітап кейіпкерлеріне Бәмсі-Бейрек, Қара Көне, Қара Бодақ, Қан Төрәлі, Қазан-Салор,Құлбаш, Оқшы, Ораз, сондай-ақ Аруз, Әмен, Әмран Бекіұлы, Бисат, Дүлек Боран, Дондаз,Қиян Селжүк, Қаңлы, Қанық хан, Рүстем|Рүстемдер жатады. “Қорқыт Атаның кітабында” оғыз тайпаларының қонысына қатысты Тана (Танаис – Сырдария), Бану Шешек (Баршын-салор-Гүлбаршын, Баршындария, Баршынкент), Камбура (Байбөрі) секілді атаулар да сақталған. Олар қазақ эпосынан да елеулі орын алған.
Жырдың бас кейіпкері – Қорқыт. Ол оғыз елінің ақылшысы, данасы, үлкен жырауы. Оның есімі көптеген түркі тайпаларына ортақ, тарихи-этник. атауы да айқын. Бір кездері Қорқыт жинақталған фольклорлық бейне деп ұғынылса, бертін келе оны тарихи тұлға ретінде тани бастады (қ. Қорқыт ата). “Қорқыт Атаның кітабында” Қазақстанда М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібаев, Х.Сүйіншәлиев, Н.Келімбетов, М.Жолдасбеков, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбай, т.б. еңбектерінде зерттелді. Кітаптың 1300 жылдығы 1999 ж. ЮНЕСКО тарапынан халықараралық деңгейде атап өтілді, “Қорқыт ата” энциклопедиялық жинағы жарыққа шықты (1999).
## Дереккөздер
(Т. Қоңыратбай)
Аблаев Бауыржан |
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Күлік бөлімінен шыққан.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ,“Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қазыбек би, Шақшақ Жәнібек батыр заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”
## Еңбектері
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлық болғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынан да, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.
1887 жылы 29 жасында Мәшһүр Жүсіп Бұхара, Ташкент, Түркістан, т.б. шаһарларға сапарға шығады. Ол заманда негізгі көлік қатынасы түйе мен ат болғанын ескерсек, бұл сапарының өзі 2-3 жыл уақытты қамтыса керек. Мәшһүр Жүсіп бір жыл Бұхарада тұрып оқып, білімін толықтырады. Араб, парсы, шағатай, түркі тілдерін үйренеді. Өзбек, тәжік, және т.б. тілдерді де біледі, әдет-ғұрпын түсінеді. Көптеген ғылыми кітаптарды оқып, танысады.
Келесі жылы Бұхарадан қайтып, Түркістандағы атақты Қожа Ахмет Йасауидің басындағы Әмір Темір салдырған көк күмбезін көреді. Онда да бірсыпыра уақыт болып, бірнеше ғалымдармен танысады. Одан әрі Сыр өңірін аралайды. Майлықожа Сұлтанқожаұлымен жолығады, жеті атасынан бері ақындық үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен танысады. Одан кейін Шу мен Сырдан өтіп, Ұлытау мен Кішітауды басып, Есіл мен Нұраны жайлап, мекен қылған жұртты аралайды. Осындай екінші сапарына Мәшһүр Жүсіп 37 жасында, яғни 1895 жылдар шамасында шықса, үшінші сапары 49 жасына (1907) сәйкес келеді.
Мәшһүр Жүсіптің үш кітабы: “Сарыарқаның кімдікі екендігі”, “Хал-ахуал”, “Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз” атты туындылары 1907 жылы Қазан қаласындағы Құсайыновтар баспаханасынан жарық көреді. Кейіннен ол баспаханадан шыққан 14 қалам иесінің шығармаларын цензура сотқа тартады. Ішінде Мәшһүр Жүсіптің жоғарыда аталған еңбектері де бар.
Мәшһүр Жүсіп жинаған фольклор үлгілерінің басым көпшілігі – аңыз бен әңгімелер. Мұндағы аңыздар: жер-су аттары.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының аңыз-әңгімелерді, тарихи әңгімелерді, шешендік сөздерді қағазға түсірумен ғана шектелмей, фольклордың басқа да жанрлық түрлерін, атап айтқанда, тұрмыс-салт жырларын, эпос, ертегі, мақал-мәтел, ақындар айтысын, т.б. жинағаны белгілі. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жинаған фольклорлық үлгілерге жанрлық жағынан келетін болсақ, ел аузынан тұрмыс-салт жырларының 30-40 шақтысы топталған.
Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Сайын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпостық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Бозторғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Тарғын” жырларын Мәшһүр Жүсіп 1866 жылы 8 жасында-ақ Қамар хазіреттің қолжазбасынан көшіріп алғанын білеміз. Ал “Алтынбас-Күмісаяқ” – 200 жолдан тұрады дей отырып, бұл жыр үлгілерін жинаған В.Радлов екендігін Мәшһүр Жүсіп көрсетіп кеткендігінің де куәсі болдық. Бұл үлгілерді Мәшһүр Жүсіп В.Радлов жинағынан ала отырып, олардың бәрін қолжазбаның әр жеріне шашыратпай, бір жеріне ғана топтастыра орналастырған. Сондай-ақ, қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар.
Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша туралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты”, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “7 жасар Желкілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.
Халық поэзиясы үлгілерін, оның ішінде мақал-мәтелдерді Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ерінбей ұзақ жинағаны мәлім. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, мақал-мәтелдерді жинаумен айналысу фольклорист-ғалымнан ұзақ уақыт пен қажымас ізденуді, еңбектенуді қажет ететіні белгілі. Себебі, мақал-мәтелдер дайын күйінде жеке-дара кездеспейді. Оларды айтушының не ауызекі сөзінен, не қолжазбалар ішінен, туындылар арасынан іздеп табу арқылы қағазға түсіру керектігі аян.
Мәшһүр Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, “Шоң, Торайғыр ақыны Орманшы Сақау ақыны мен Қаракесек қызы Тоғжан айтысы”, “Қалдыбай қожа мен Соқыр Шөже айтысы”, “Соқыр Шөже мен Қаракесек ақыны Балта айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман Сабырбай айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Найман-Түбек айтысы”, “Қаракесек Қамбар Жанақ пен Орманшы- Сақау ақын айтысы”, “Қуандық-Алтай бір ақыны мен Найман қызы Опан айтысы”, “Керей-Тұрлыбике ақыны Үрімбай ақыны мен Арыстанбай ақын айтысы”, “Айдабол-Күліктің Күлігінен шыққан Жамшыбай ақыны мен Найман-Түбек айтысы”, “Ақбала қыз бен Боздақ жігіт айтысы”, “ Қыз бен жігіт айтысы” тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген.
Сондай-ақ қолжазба ішінде ақын айтыстың: “Қыпшақ Өске Тәтті қыз”, “Қолға түскен Алтай жігіт – Найман Опан қыз” айтысы 46 жолдан, “Шортанбай қожа мен Арыстанбай ақын” айтысы 100 жолдан, “Шал мен қыз”, “Шөже мен Қалдыбай”, “Жанақ пен Түбек”, “Ұлбике мен Күдері” айтысы – 106 ауыз өлең, “Жанкел мен Ұлбике” айтысы – 100 ауыз өлең, “Заман қожа мен Осы қыз” айтысы – 50 ауыз өлең, “Тоғжан мен Сақау” айтысы – 78 ауыз өлең т.б. деген түрлерін қанша жолдан тұратынын дерегімен де бірге берген.
Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын-Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Найман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Балта, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.
Бұл жинаушылық барысында белгілі фольклорист-ғалымдар: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Г.Потанин, т.б. тәрізділер сияқты Мәшһүр Жүсіп те өзіндік жинау әдісіне сүйенгені белгілі. Олар: тілдік ерекшеліктерді сақтау, дәлділік, айтушы аузынан сол қалпынан көшіру, арнайы бір тақырыпқа материал жинау, т.б.
Сондай-ақ айтушы не айтты – бәрін түгел қалдырмай жазу шарты, еш сөзін қысқартуға, алып тастауға немесе өз жанынан басқа бір нәрсені қосуға мүлде болмайтындығы, диалектілік ерекшеліктер болса оны да тастамай көрсетіп отыру керектігі жөніндегі т.б. талаптар барлық фольклорист ғалымдар үшін ортақ. Сол тәрізді шығарманы кім, қашан, қайдан, кімнен естіп жаттап алды деген сауалдарға жауап жазу керектігі тәрізді талаптарды Мәшһүр Жүсіптің орындап отырғандығы бізге мәлім.
Мәшһүр Жүсіп жазбаларында фольклордың барлық жанрлары қамтылған. Егер жанр бойынша жіктеп жүйеге келтірсек, ертегілерден 15 шақты мәтін үлгі; батырлық жырлардан – 5-6; ғашықтық жырдан – 2-3; қисса-дастандардан – 11-12; тұрмыс-салт жырларынан – 30-40 шақтысы; аңыз-әңгімелердің – 200-300 үлгісі; жаңылтпаштың – 100-150 шақты көлемі; жұмбақтың қара сөз бен өлең түріндегісі – 50 шақтысы; мақал-мәтелдердің 2,5 мың жолдық мөлшері; ақындар айтысының 27 үлгісі; 30-40 шақты ақын-жыраулардың өлеңдері, дастандары т.б. орын алған. Сондай-ақ қолжазбалар ішінде шежірелер, діни өлеңдер мен нақылдар, әлі баспа бетін көрмеген күлдіргі сөздер топтамасы, т.б. нұсқалары бар. Мұндай үлгілерді жинағанда аражігін бөліп-жармай, жаңа-ескі деп қарамай, шамасы келгенше фольклордың әр жанрын қамтып, барлығын жан-жақты жинауға тырысу тек Мәшһүр Жүсіп ерекшелігі емес, сол тұстағы көптеген ғалым-фольклоршылардың шарты.
Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мәселен, “Ғылым білімі” кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал “Әмір” әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, “бет”, “парақ”, “газет” деген мағынаны береді.
Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: “Хазірет Юсуф пайғамбар”, “Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған”, “Сарыарқа тарихы”, “Шоң, Торайғыр билер”, “Абылай аспаған сары бел”, “Қоқан хандары тарихы”, “Кіші жүз ұрандары мен рулары”, “Шанышқылы Бердіқожа батыр тарихы”, “Едіге мен Төле би”, “Көлеби батыр”, “Олжабай батыр тарихы”, “Абылай хан”, “Махамбет деген батыр шығыпты деп барып тапқан 92 батыр” турасында, қазақ шежірелері (Орта жүз тарихы, Мейрам сопы тарихы, Қуандық, Қаракесек, Найман, Қыпшақ тарихтары), “Барпық әңгімелері”, күлдіргі сөздер, “Қаракесек пен төрелер ұраны” туралы, Мөңке би, Досбол би, Қожакент пен Өзкент, т.б. қалалары турасында, “Ошақты Қоңырбай қалпе” әңгімесі, “Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді”, діни нанымдар т.б., Сарман, Қиғара, Қосдәулет билер хақында, жыл басы туралы, Орманшы ақсары Шотана батыр жайындағы деректер орын алған.
Қолжазбадағы кейбір материалдардың жазылған жылдары да көрсетілген. Мәселен, “Төбет ішіндегі Жанкелді” деген әңгіме 1908 жылы жазылды десе, “Бір ханның жалғыз баласы өлгенде” деп басталатын шығарма 1921 жылы хатқа түсірілді деген белгілер бар.
Жалпы ауыз әдебиеті мен фольклорлық нұсқаларды жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі – экспедициялық әдіс екені белгілі. Бұл экспедиция сапарларында В.Радлов, Г.Потанин, Ә.Диваев т.б. сынды ғалымдар көптеген ауыз әдебиетін жинайтын тілшілер мен өз елінің мәдениеті мен фольклорына жанашыр көзқараспен қарайтын энтузиаст адамдардың да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист-ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фольклорлық үлгілердің жанр жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды.
Жинаушылықтың осы формасын “экспедициялық” әдісті Мәшһүр Жүсіп те көп қолданған. Бірақ жинаушылық барысында Мәшһүр Жүсіп жоғарыдағы фольклорист-ғалымдар тәрізді тілшілер, т.б. көмегіне сүйенбеген. Мәшһүр Жүсіптің қазақ тілін жете меңгергендігі, бір жағынан, оның жинаушылық қызметінің тілдік қиындықтарға ұрынбауын негіздесе, оның жинау жұмыстарының тез қарқынды жүруіне де, фольклорлық үлгілерінің мол болуына да ықпал етті.
В.Радлов, Г.Потанин тәрізді фольклорист-ғалымдар фольклорлық үлгіні жинағанда жанрдың көнелігіне баса назар аударып, көмекшілеріне көбінесе сол жағын көп тапсырғаны байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір халықтың тарихын, әдет-ғұрпын білгісі келсе, ең алдымен оның фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі – аңыздарына зейін салатыны мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың түсінігін, арман-ойын, салт-ғұрпын, мәдениетін, т.б. түсінеді. Мәшһүр Жүсіп болса, халыққа сол кезеңде “не керек” дегендерді аражігін ашпай жинай берген. Яғни, елінің тарихын, әдет-ғұрпын, халықтың мінез ерекшеліктері, тұрмыс-салты, т.б. жақтары – бәрі қажет боларын сезініп, неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жинаушылықтың негізгі мақсаты халыққа “не пайдалы” деген тұрғыдан жүргізілгендіктен де басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек. Сондай-ақ тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, әлде аты аңызға айналған Асан қайғы мен Жиренше шешен тәрізді бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлық қаншалық мән жатқандығы – бәрі Мәшһүр Жүсіпті қызықтырған. Осының бәрі Мәшһүр Жүсіп жинаушылығының негізін құрайды. Міне, бұдан біз Мәшһүр Жүсіптің фольклористік концепциясы оның демократиялық, ағартушылық көзқарасынан туындағанын көреміз.
Қазақ халық әдебиетінің жиналу тарихын сөз еткенде, өз әріптестеріне Ш.Уәлиханов, В.Радлов, Ә.Диваев, т.б. қарағанда, соларға үндес ететін ортақ сипаттарымен қатар Мәшһүр Жүсіптің өзіндік ерекшеліктері мол екеніне алдымен көңіл бөлу керектігін айтқымыз келеді. Шығыс, батыс мәдениетін, қазақ тілін жетік меңгерумен бірге араб, парсы, орыс, көне түркі тілін жете игеруі және ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласын көп аралауы нәтижесінде Мәшһүр Жүсіптің қазақ халық әдебиетін өз замандастарына қарағанда, анағұрлым мол жинап, ол туралы кеңірек зерттеу жүргізу мүмкіндігі болды. Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдарды шолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерін саралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтап айтуға болады.
* Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтып отырған.
* Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстық әуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылы шығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасап отыратынын бағамдасақ, бұлай жазу қазақ тіліндегі сөздер фонетикасы тарихын жасауда да елеулі рөл атқаратынын дәйектеуге болады.
* Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
* Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғы айтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазып алумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихи жағдай, ел ахуалымен салыстырып отырған зерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретінде қалыптасуының үш қайнар көзі бар.
* Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінен тұратын бай мұрасын қабылдауы;
* Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлық ғалымдар жетістіктерін игеруі;
* Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орыс зиялыларының әсері.
Ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинау барысында Мәшһүр Жүсіп белгілі бір жинау принциптеріне сүйенген. Ол ақынның ағартушы-демократиялық көзқарасынан туындаған. Ең алдымен айтатын нәрсе, Мәшһүр Жүсіп фольклорды өзгертуге, түзетуге жатпайтын асыл мұра деп білген, мәтінді сол қалпында хатқа түсіру шартын ұстанған. Сол себепті, Мәшһүр Жүсіп кімнен не алса да көрсетіп отырған.
Мәселен, “Әз Әйтеке би” әңгімесінде бірнеше мәтелдер шоғыры беріледі де, оның иесі, яғни жеткізушісі есебінде төрт Шөмекейге қараның ханы болғанын тілге тиек еткен.
Мұндай мысалдар ақын қолжазбасында көптеп кездеседі. Екіншіден, фольклорды тұрмыстың қажеті, елге білім, тәрбие беретін құрал деп білген. Сондықтан, әр мәтіннің шығу тарихын, айтылу жағдайын, қалай тарағанын анықтап отырған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп жинаған “Малшы Алтай” әңгімесі. Мұнда Қуандықтың баласы Алтай деген жігіттің Піспекбайдың жылқысын ерінбей, жалықпай тер төгіп, адал еңбегі арқасында жұттан шашау шығармай аман алып шығуы баяндалады. Жылқышының таза көңіліне, адалдығына т.б. қасиеттеріне тәнті болған бай оған өз қызы Байбикені қосады. Кейін Байбикеден туып, тараған ел “Жоғарғы Алтай” аталатындығы сөз болады.
Сондай-ақ, Байбике өлген соң, бай Алтайға екінші қызы Аққоянды да беріп, одан “Төменгі Алтай” деген ел тарайтындығы баяндалады. Міне, көріп отырғанымыздай, адал еңбегі арқасында малшының да мұратына жеткендігін баяндай отырып, Мәшһүр Жүсіп өз заманындағы жастарға-осы іс-әрекетті үлгі ретінде ұсынады.
Жоғарыдағы деректерге қарағанда, Мәшһүр Жүсіп фольклорлық үлгілерді тек үлгі-өнеге, т.б. үшін ғана жинамаған тәрізді. Автор сол нұсқалар арқылы өзіндік ой-топшылауларын да бірге беруге тырысқан. Яғни, фольклорды халықтың сана-сезімінің өзіндік көріну формасы деп бағалағандығын көруге болады. Ал, бұл Мәшһүр Жүсіптің жинаушылық пен зерттеушілігінің бір арнада тоғысқандығын дәлелдейді.Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіптің фольклорды ауызша тарих, тарихтың көзі деп тануы. Бұған, мысал ретінде Абылай ханға қатысты 16 әңгімелер циклін келтіруге болады. Мұнда ханның жас кезінен қайтыс болғанға дейінгі кезеңдері келтіріледі. Жалпы бұл әңгімелерде қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын қалмаққа қарсы елдің бостандыққа, тәуелсіздікке күрес жолы сипатталған. Яғни, қиын қыстау кезде ел басына хан боп көтеріліп, өзінің сенімді билері мен батырларына сүйенген хан Абылайдың жаужүректілігі, даналығы, ақылдылығы, тапқырлығы, ең бастысы, елдің бірауыздылығы, бірлігі, татулығы, ынтымақтығы, т.б. арқасында халықтың өз арманына, мұратына жеткендігі айтылады.
Жинаушылықтың төртінші ұстанымы – фольклорды Мәшһүр Жүсіптің филологиялық тұрғыдан қарастыруы, яғни сөз өнері деп білуі. Ол фольклордың ел арасында ерекше мәртебеге ие екенін, қазақтың сөз өнерін аса жоғары қастерлейтінін барынша айқын көрсетуге тырысқан. Мәшһүр Жүсіптің халық арасында ең алдымен ақын-жазушы ретінде танылғанын ескерсек, онда оның фольклорды өз шығармаларына да арқау етіп отырғаны, сонымен бірге оны тіл байлығының, сөз өнерінің, т.б. қайнар бұлағы есепті бағалағаны анық.
Мәселен, ел аузындағы “Жиренше шешен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төркінін білемін деп ізлегендіктен қалыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ханының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі боласың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгімесінің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фольклор үлгілерін көбінесе тарихи адамдар есімдерімен ұштастырған. Фольклор үлгілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, айнасы екендігіне көңіл бөлгені байқалады.
Жинаушылықтың бесінші ұстанымы – Мәшһүр Жүсіп фольклорды этнографиялық мәліметтердің көзі деп қарастыруын аламыз. Яғни, белгілі бір халықтардың шығу тегіне, рулық құрамына, қоныс аударуына, қалыптасуына, тіпті олардың тұрмыс-тіршілігіне, қоршаған табиғи ортасына, киетін киімдері мен кәсібіне, рухани мәдениетіне т.б. қатысты деректердің Мәшһүр жазбасында молынан ұшырасуы назар аудартады. Мәселен, “Бұл қазақ қай уақыттан үш жүз атанған” әңгімесі ішінде “Алаш” деген қай ел, не себепті олай айтылғандығы, “Жүз” деген атау қайдан шыққандығы төңірегіндегі аңызға ақын өз көзқарасын да бірге берген: “Бұрынғы заманда қазақтың Жүз деген де аталарының аты болса керек. “Жүз” деген атты ұруға, “Алаш” деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда “Алаш, алаш” деп шабыңдар, “Алаш, алаш” демегенді әкең де болса ұрып жық деп бата қылысыпты. Кеше “Алаш алаш болғанда, Алаша хан болғанда, үйіміз ағаш, ұранымыз Алаш болғанда үш жүздің баласы қазақ емес пе едік” деп айтылған сөз сонан қалды. Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, өз алдына отау тіккен емес, әр жұртқа бұратана қоңсы болып жүрген.
ИМАНИсламның бес парызы біреуі – иман, Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.Ықтият, шын ниетпен жұмыс қылып,Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.
"Ағаштың бойында гүрілдеп ағып жатқан өзен – адамның денесіндегі қан. Әй, жігіттер, естеріңде болсын, оны “шайтан” – дейді. Ол бір кесек нәрсе емес, денеңе арам қан боп кіріп, жүрегіңе барып, жүрегіңді толқытып, өзіңді бұзады. “Шайтан” деген өзіңнің ойың..."
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жайлы жаңа кітап жарыққа шықты Павлодарда Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің шығармашылығы мен өмірі жайлы жаңа кітап жарыққа шықты. Өз заманында озық туған көрнекті тұлға ақындығымен қатар тарих, әдебиеттану, өлкетану, шежіре жинақтау салалары бойынша мол мұра қалдырды. Бірақ қолжазбаларының көбі түрлі себептермен сақталмаған. Әсіресе, Кеңес заманында көптеген шығармалары қасақана құртылды. Мәшһүр Жүсіптің ел ішінде көріпкел- әулиелігімен танылғаны белгілі. Оған өзінің дүниеден қайтатын ай-күніне дейін дәл біліп, бір жыл бұрын асын бергізіп кетуі дәлел. Аңызға бергісіз мұндай деректер мен шығармалары қазір 20 том болып басылып жатыр. Ал,жарық көрген кітап тың деректермен толықтырылды. Ғалымдардың айтуынша, Мәшекеңнің зерттелмеген мұрасының өзі әлі талай ұрпаққа азық болмақ.
## Сілтемелер
* Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Шайтанның саудасы |
Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954, Мұсаходжалы ауылы, Кайсери қаласы, Түркия, – 15.3.1995, Алматы) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.
## Өмірбаяны
Найман тайпасының Байжігіт руынан.Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның Кельн, Мюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
* 1975—1980 жж. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық-журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайваньда алды.
* 1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады.
* 1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.
* Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.
* 1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.
* Мұстафа Өзтүрікке арнап Бесағаш ауылында ескерткіш бой көтерді. Оны жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков 2004 жылы өз қаражатына жасатқан.
## Балалық шағы
Мұстафаның әкесі Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жер иіскемеген атақты палуан болған. Сол кездері ел ішінде кәмпеске басталып кетеді де, бір әулет бір түннің ішінде тұтасымен таудан асып, Ұласты өзенін жағалай жүріп, Шың еліне өтіп кетеді. Алайда араға жиырма жыл салып, Қытай елінде де қызылдар қырғын салған сүрең басталып, 50- жылдары Түркияға барып тұрақтауды ойлайды. Анадолы еліне жетуде оңайға соқпайды. Адамзат аяғы тимеген атақты Такмала шөлін басып өтіп, Үндістан шекарасына да жетеді. Жол-жөнекей қырғын соғыстан көз ашпай Пәкістан арқылы әйтеуір Түркияға табан тірейді. Қалың топтан қалған жұрнақ міне, осылай Кайсери қаласынан пана табады. Жергілікті түріктер бірден жақсы қабылдайды. Қандастар деп құрметтейді. Соның арқасында бұл әулеттің жағдайлары да жақсара бастайды. Қабен аға осы жерде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер иіскемейтін шебер екеніне көз жеткізеді. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Міне, осылай отбасы мүшелері осы атауды өздеріне тек етіп алады.
Арада біраз уақыт өткенде, яғни 1954 жылы Қабен ақсақалдын үйінде қуанышты уақиға болады. Өмірге ұл келді. Есімін Мұстафа қояды, тегін Өзтүрік етіп жаздырады. Бала Мұстафа өте зерек, алғыр болып өседі. Бар болғаны 16 жасында Ыстанбұл қаласындағы мектепті аяқтап, арнайы жолдамамен Тайваньға оқуға аттанады. Бұл әлемнің түкпір-түкпірінен талантты балаларды жинап, оқытқалы жатқан эксперименталды оқу орны еді. Ешбір ақысыз, емтихансыз оқуға түскен Мұстафа бес жыл өткен соң журналистика факультетін бітіреді. Бұл оқу орнында оқып жүріп Мұстафа корей халқының жекпе-жек өнері − таэквандомен айналысады.
## Қазақстанға оралуы
## Қайтыс болуы
Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады. Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленеді. Анасы Рәзия БАҚ-қа берген сұқбатында: "Жұрттың біразы «Мұстафаның сүйегін Түркияда жерлеуге Халифа Алтай себепкер болды» деп жүрген көрінеді. Шындығында, олай емес. Керісінше, «осында қалдырайық» деп ақыл қосқан алғашқы адам еді. Бірақ, Мұстафаның қарындасы, менің қызым Ферухан қарсы болды. «Ағам әкемнің қасында жатсын. Жұма сайын барып, Құран оқып тұрамыз» деді ол. Ол кезде менің бәлен деп айтуға шамам жоқ еді" деген.
Мұстафа Өзтүріктің досы Мамет Дамир: «15 наурызда оның жағдайы қиындай берді. Кешкі бес жарымда ол көз жұмды. Оның жанында болған достары: «Оны біреулер улаған» деді». 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты» дейді.
Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды.
## Шәкірттері
Мұстафа Өзтүріктің шәкірттері:
* Бексейіт Әбдезұлы Түлкиев
* Қабибек Мұхитов
* Қайрат Қырғызбаев
* Сұлтанмахмұт Шоқпытов
1992 жылы Мұстафаның шәкірттері алғаш рет көк туымызды Түркияда өткен халықаралық турнирде желбіретті, олар жарыс чемпиондары Сұлтанмахмұт Шоқпытов және Қайрат Қырғызбаевтар.
1993 жылы қазақ елінің федерациясы Халықаралық таэквондо федерациясының мүшелігіне қабылданды.
1995 жылы әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік деңгейде екінші орыннан көрінді.
## Естеліктер
Досы — Несіп Жүнісбаев:
Мұстафа Өзтүрік! Бұл кісінің тағдыры өте қиын болған. 50-жылдар басында аталары, тағдырдың тәлкегіне шыдамай, бақыт іздеп Қытай, Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға келеді. Жолда ашаршылықты да, суықты да, кедейшілікті де көреді. Бәрі бірдей Түркияға жете алмады… Сол елде 1954 жылы Мұстафа дүниеге келеді. Әке-шешесі баланы мектептен кейін Тайвань Университетіне жібереді. Университет дипломымен бірге Мұстафа Өзтүрiк таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айланады. Жұмыс істеуге ол Германияға көшіп барып Мюнхен қаласында таэквондодан өз мектебі — Мұстафа мектебін ашады. Осындай мектеп Ыстанбұлда да әлі істеп тұр.Егемендік алған елімізге ұландарымыздың көпшілігі орала бастайды. 1991 жылы Мұстафа үшін де солай болады.
Ол осы спорт түрінен Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Сосын ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып сол жақтардан ірі жеңіспен оралады.
«Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім».
## Мұстафа Өзтүрiктің құрметіне
1991 жылы Қалила Омаров «Барып қайт, балам ауылға» фильм түсірді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* СПОРТ-ШЕЖІРЕ. Жүрегі қазақ деп соққан… Мұрағатталған 3 маусымның 2012 жылы.
* Мұстафа Өзтүрiк салған жолды абыроймен жалғастырамыз Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы.
* ТАЭКВОНДО ТАРЛАНЫ – МҰСТАФА(қолжетпейтін сілтеме) |
Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы — қазақ халқының XVII–XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек – есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп, Жоңғар шапқыншылығы үдей түскен кезеңге тап келді. Ел аузындағы аңыз-әңгімелерге қарағанда, ол Тәуке ханның белгілі би-батырлары бастаған елшілігіне ілесіп алғаш рет қалмақ қоңтайшысы Цэван Рабданға барғанында 14 жаста екен. Қылышынан қан тамған қаһарлы қалмақ ханының алдында қазақ билері жасқаншақтық танытып, күмілжіңкіреп қалған сәтте жасөспірім Қазыбек: “Дат, тақсыр!” деп жұлқынып алға шығады да:
“Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп найзасына жылқының қылын таққан елміз.Дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз.Бірақ асқақтаған хан болса – хан ордасын таптай білген елміз.Атадан ұл туса – құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса – күң боламын деп тумайды, ұл мен қызын жатқа құл мен күң етіп отыра алмайтын елміз.Сен темір болсаң, біз көмірміз – еріткелі келгенбіз, қазақ-қалмақ баласын теліткелі келгенбіз.Танымайтын жат елге — танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең – шабысқалы келгенбіз.Сен қабылан болсаң, мен арыстан – алысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенбіз.Бітім берсең – жөніңді айт, бермесең – тұрысатын жеріңді айт!” – депті.
Жас баланың бұл сөздерінен бас алыспақ батырлықты да, ынтымаққа шақырған ізгілікті де аңғарған қалмақ ханы әділдікке жығылып, өжеттігі мен шешендігіне риза болып: “Дауысың қаздың дауысындай екен, бұдан былай сенің есімің Қаз дауысты Қазыбек болсын”, – деген екен. Соның арқасында елшілік жау қолындағы 90 тұтқынды шабылған мал, тоналған мүлігімен шашау шығармай қайтарып алып, елге олжалы оралған екен. Қазыбек бұдан кейін де жоңғарларға екі рет елшілікке барып, ел намысына дақ түсірмей, көздеген мақсатын орындап қайтқан.
Тәуке хан үйсін Төле, алшын Әйтеке, арғын Қазыбек билерге жаңа заң жобасын – “Жеті жарғыны” жасатып, Күлтөбенің басында бүкіл халық алдында қабылдатты. Сөйтіп, ұлы үш бидің көмегімен ел ішіндегі әдет-ғұрып нормалары, жер-су, қоныс иеліктерінің мөлшері, жесір дауы, құн төлеу, кек алу, ұрлық-қарлыққа тыйым салу, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, ел бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс беру, ұрпақ тәрбиесі, т.б. мәселелердің шешілу жүйесі жаңаша белгіленді.
Ел “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” нәубетіне ұшырап, қатты күйзеліске түскен кезеңде Қазыбек би өзге де билермен бірге Сәмеке, Әбілмәмбет хандардың, Барақ, Батыр, Абылай сұлтандардың арасын жарастыруға күш салды, оларды өзара ынтымаққа шақырды. Орыс патшасымен достық қарым-қатынас орнатуды жақтады. Абылай сұлтан тұтқынға түсіп қалғанда Қазыбек би Абылайды құтқару үшін қолдан келген барлық дипломаттық айла-әрекеттерін жасаған. Би 1762 жылы Абылай сұлтанға Қытай боғдыханынан іргені аулақ салуға кеңес берген. Қазыбек мемлекет істерімен қатар руаралық, сұлтандар арасындағы кикілжің тартыстарға да әділ билігін айтып отырған. Орыс патшасының өктемдігіне қарсы 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын Қазыбек биге келіп паналағаны белгілі. Ал Барақ сұлтан қысастықпен 1748 жылы 24 тамызда Кіші жүз ханы Әбілқайырды өлтіргенде, мұны ел бірлігіне іріткі салатын қылмыс деп бағалаған.
Би 18-ғасырдың 40-жылдарының басында Сыр бойынан Арқаға қарай көшіп, Ұлытау, Қарқаралы өңірін қоныс қылып, Семізбұғы тауының беткейлерін жайлаған. Қазыбектен: Бекболат, Қазымбет, Базаргелді, Барқы, Сырымбет есімді бес ұл, Маңқан (Қамқа) деген бір қыз туған. Қазыбек ұрпақтары ата-баба жолын қуып, сөз ұстаған парасатты әділ қазылар атанған. Баласы Бекболат, одан кейінгі Тіленші, Алшынбайлар да дүйім жұртты аузына қаратқан әділ де тура билер болған. Белгілі әнші-композитор Мәди Бәпиұлы да Қазыбек бидің ұрпағы.
Қазыбек би 1764 жылы Семізбұғы тауының етегіндегі Теректі қыстағында 97 жасында дүниеден өткен. Денесін баласы Бекболат Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне апарып жерлеп, басына құлпытас орнатқан. Қазыбек бидің қайраткерлік қызметі мен шешендік өнері туралы Алексей Левшин, Шоқан Уәлиханов, Шаһабуддин Маржани, Балтабай Адамбаев, Нысанбек Төреқұлов, т.б. зерттеулері сақталған. Жазушы Софы Сматаевтың “Елім-ай” романында кемеңгер бидің келісімді тұлғасы жасалған. Қарағанды облысында бір ауданға, Алматы, Шымкент қалаларында көшелерге би есімі берілген, ел ордасы – Астанада ескерткіш орнатылған. Қазыбек бидің әдеби мұрасы әр жылдарда баспадан жарық көрген шешендік сөздер жинақтарына енгізілген.
## Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ, Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[7][өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгімелер[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріңдер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөп айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күмәніңіз бар ма? - деп сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде, айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөп шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі, - десіп, тарапты.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандық үстінде Ақбалық сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимәнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар, - депті. Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып, намыс қуған ағайын-жұртына: Байлық мұрат емес, Жоқтық ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен қоса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
- Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар. Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе тұтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас қосып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе, шайқасайық!" - дейді. Осыған халық бәтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынамақшы болып, оның үйіне келсе, Қазыбек үйде жоқ екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жоқ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаның жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек. - Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телқоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп, Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма, тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие құлындап, құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір қулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер, - дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектің тауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарамды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып, сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып тұр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сәлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарқ-қарқ күліп:
- Жарайды, балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді. Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді. Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбенің басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйлаңдар. Көп арасында мына Қазыбек сықылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрыңдар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Қол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды алмас қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтықпен дөпдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөпдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңдар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артық; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алғандай болады.
Сонымен Абылай қош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні аттарына қар тепкізеді, әлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдерден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас қосып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жоқ, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп далаға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келекеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жоқ" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сұңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты. Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп қолына таяғын алып, көпшілікке келіп әрқайсысымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жақта, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдың?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі қолы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап тұр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халықты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп тұр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ер жетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дәмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ә" дегеннен шарқылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдық, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған тәкаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептестірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, - дейді. Содан кейін Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй, өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датыңды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отырғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі әр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді. Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының әрқайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондықтан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңқылдап шығады екен, сондықтан сенің атың бұдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Тоқсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бұдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-қисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жең ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек тұр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, қолы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мә, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мә, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс хан да қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.[өңдеу] Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі: - Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, өлде үрлап алды ма, оны білмеймін, өйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім талтым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін: - Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда бал аға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп түр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мөселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып дал ада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, өлеумет, күс үшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді. Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да: - Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, да у төртеу болады" деп, үш ел өр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы үлға лайык! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болЫн шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
Қазыбек би жайлы әңгіме
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.[8]
Қазыбек би жайлы әңгіме
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай: Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????
Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе, бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
## Қосымша ақпараттар
Қазыбек Келдібекұлы (1667-1764) Сырдария жағалауындағы ауылда туып, жастық шағын Қаратау, Ұлытау атырабында өткізсе керек. Қазақ шежіре деректері бойынша, Қазыбек Арғынның Қаракесек (Болатқожа) руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұларда оқыған, тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би көп өткен.
Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп (оларды ел "төрт бегі" деп те атаған) тарайды. Келдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен, би бопты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алыпты. Оның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде - сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде танадай меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйлен - депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға кеш жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ боп жүргенде әке-шешесі:
- Балам-ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өзі түсі келмеген қыз екен, уәделескен құда, жегжаттарды қайтеміз? - дегенде, Келдібек:
Қаймағын піскен сүттің алдым қалқып, Аяғы ақсақ болғанмен, ақылы артық. Көзі қыли, сөзі мен ісі түзу. Сөйлескеннен өн бойым кетті балқып, -депті. Тағы бірде құрбы-құрдастары Келдібектің үйінде отырып, оны кекетіп, келемежге айналдыра беріпті. Сонда жаңа түскен жас келіншек әдеппен сыпайы ғана:
Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын. Келдікеңмен сондай тату жақсы-ақпын. Татулықтың белгісіндей тамаша, Төрт Бошанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер "бұл тегін адам емес екен, қалжыңды қояйық" десіпті. Айтқанындай-ақ Тоқмейіл анадан атақты Қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тоқмейілден Қазыбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген алты ұл туады. Бұларды ел "ақсақтың алтауы" деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы:
"Айналып-толғанып өсірсем,
Ақ сүтімді кешірсем,
Адалдан болар нәсібің.
Тіліңнен болар кәсібің", - депті. Сәдімбек туғанда айтыпты: "Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде, ашуланып тырналаушы еді" депті.
Асан туғанда "осы шіркін даңғой болады-ау" депті. Балапан туғанда, "осы шіркін шешен болар" депті. Үсенге "кербез боларсың" депті. Бөдене туғанда "батыр болар ма екенсің" депті. Бәрі сол дауагер анасының айтқанындай боп ержетіпті.
Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал-мәтел, нақылдарды өткендегі ақын» жыраулардың тақпақ, терме, толғауларын, шешен, билердің ұтымды сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол өсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.[1]
## Қазыбек би жайлы әңгімелер
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбектің шешен алғырлык, әділдік қасиеті жеті жасынан-ақ көзге көріне бастапты деседі бір аңызда. Ертеде ас беріліп, бәйге жарыс болып жатқанда бір құла қасқа жүздеген аттан озып келеді. Тойханада жүрген бір жігіт:
- Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бөсірем, - деп, оның шылауына орала кетеді. Бөйгеге қосып тұрған адам:
- Өзімнің құла биемнен туған атым, - деп оған жеңістік бермейді. Осы арада дау-жанжал туады.
Көпшілік ол екеуін:
- Келдібек биге жүріддер, - деп ертіп барады. Келдібек екі жағын сұрастыра келіп, не істерін білмей отырып қалады. Сонда әкесінің жанында отырған жеті жасар Қазыбек екі даугерге қарап:
- Қандай дәлелдерің бар, айтып көріңдерші? - дейді. Құла қасқаны бәйгеге қосқан кісі:
- Енесін бір көрсем, одан туған төлді дөл айта аламын.
"Тай күнінде жоғалтқан бөсірем" деген жігіт:
- Мал бағып өскен қазақпыз ғой. Енесін көріп төлін, төлін көріп енесін айнытпай табамын.
- Олай болса, - дейді Қазыбек бала, - анау көгендеулі тұрған қозы, лақтан, екеуің екі қозы ағытып әкеліңдер?! Екі жігіт жарайды деп, көгеннен екі қозы жетектеп келеді.
- Енді, - дейді Қазыбек, - екеуің өріске барып, осы екі қозының енесін танып әкеліңдер?
Екеуі өріске барып, екі саулықты әкеледі.
- Қозыны енесіне салыңдар, - дейді бала. Ат қосқан жігіт қозысын енесіне салса, әлгі әкелген саулығы алмайды, қозы да жеріп қашады. Ал, "тайында жоғалтқан бөсірем" деген жігіт қозысын саулыққа салса, иіскелеп, қозыны емізіп тұра қалады. Сонда Қазыбек атқа иелік етіп жүрген кісіге:
- Ал, ағайын, мына жігіттің мал тапқыштық қасиетіне күманыңыз бар ма? - деп, сұрайды. Ол төмен қарап үндемей қалады. Қазыбек көпшілікке қарап:
- Қане жұртшылық, бұған сіздер қалай қарайсыздар? - дегенде айнала төңіректеп тұрғандар:
- Бала дөл шешім айтты, атасына рахмет, бәйге құла тай күнінде жоғалтқан жігіттікі десіп, тарапты.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Ертеде бір байдың Ақбалық деген жалғыз қызы толықсып бой жеткен шағында, мырза-серілердің бірін де қаламай өз үйінің кедейліктен басқа міні жоқ қойшысы Қозыбаққа ғашық бопты. Қыздың әкесі момындау, бірақ ағалары "бесқасқа" атанған "сен тұр мен атайындар" екен. Ата-ана, жақын туыстары Ақбалықты жылатпай өзінің сүйгеніне қосыпты.
Ақбалық төркінінен түк жасау алмай, қотан шетіне отау тіктіріпті. Бұған намыстанған ру басшылары Қаз дауысты Қазыбекті шақыртады. Қазыбек қызды сынау үшін әдейі бір топ кісімен Ақбалықтікіне кеп түсе қалады.
Қозыбақ койын жусатып тастап, үйіне жаңа келген екен. Қазыбек би амандык үстінде Ақбалык сұлуды қағытып:
- Е, қарындас, мәнді сөзден мән шығады, бимөнді сөзден не шығады? Жапалақ аққуды іліпті, одан не мән шығады?! - дейді.
Ақбалық сұлу осы арада мүдірместен:
- Рас, мәнді сөзден мән шығады, мәнсіз сөзден не шығады? Жапалақтың аққуды ілгеніне таңырқайсыз, оның тағы да бір сарыала қаздан дәмесі бар,- депті.Қазыбек қыздың қойшыны шын ықыласымен сүйгеніне риза болып намыс қуған ағайын-жұртына:Байлық мұрат емес, Жоқтык ұят емес, Теңін тапқанды тегін бер, Қосағымен коса ағарсын, - деп, тоқтам салып кетіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбек, Жәнібек, Әлібек үшеуі ел аралап келе жатқанда жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Жәнібек мынадай сауал қояды:
- Уа, ақсақал, ауыл берекесі қайтсе кетеді? Ақсақал сәл ойланып, былай дейді:
- Ауыл ақсақалы шала болса, Жігіттері алты ауыз ала болса, Ә десе, мә дейтін. Жасы үлкеніне жасы кішісі сен десе. Сол ауылдың берекесі кетеді.
Қаз дауысты Қазыбек тұрып:
Келінің керіске сай болса,
Қызың сумақай болса,
Сол үйдің берекесі түгел кетеді,
— Әйелің жақсы болса,
Досың жаныңа жиналып, Рахаттанар қонағың.
Әйелің жаман болса.
Досың сенен безініп,
Үйіңнен кетер қонағың, -
- Уа, қария үй берекесі қайтсе кетеді? - дейді.
- Әйелің қабағын түйіп керілсе,
Шай құйып беруге ерінсе,
Ұлың ұрысқа сай болса, деген екен қария саспастан. Әлібек мынадай сұрақ қояды:
- Ия, ақсақал, не жақсы? Ақсақал мүдірмей жауап беріпті:
- Атың жақсы болса, Тіршілікте мінген пырағың. Балаң жақсы болса, Жанып тұрған шырағың.
- Ал, не жаман?
- Атың жаман болса, Тіршілікте көрген азабың, Балаң жаман болса, Ғұмырлық көрген азабың.
депті.
Аксақалдың мағыналы жауабына тапқырлығына риза болған билер ауылдарына ертіп барып, қонақ етіп, тон кигізіп, ат мінгізіп жіберіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты Қазыбек би келеді.
Төсекте жатқан Бұқар жырау:
- Бірден онға дейін санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады, Қазыбек, сен айтып берші? - деген. Сонда Қазыбектің берген жауабы:
- Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегеніңіз - егесіп өткен ер жаман.
Үш дегеніңіз - үш бунақты шідерден шошынар ат жаман.
Төрт дегеніңіз - білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман.
Алты дегеніңіз - аймағын билей ал маған кісі жаман.
Жеті дегеніңіз - жетем деген мақсатына жете алмаған жаман.
Сегіз дегеніңіз - серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегеніңіз - толғанғаныңыз.
Он дегеніңіз - өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қаз дауысты Қазыбек ел аралап жүріп бір үйге түсіпті. Ерінің үйде жоғына қарамастан, әйелі қонақтарды жақсы күтіпті. Сонда Қазыбек "Әйелі мұндай, мұның ері қандай екен?" - деп, отырғанда үйіне ері келеді. Қараса, ері ұя бөріктеу ғана адам екен, Қазыбек әзілдеп, жолдастарына қарап былай депті:
Жарандар, бұл сөзімнің мәнісі бар, Мөнсіздің мәндіменен не ісі бар? Құданың құдіретіне қарап тұрсам, Жапалақ үйрек алған бір ісі бар.Сонда әйел Қазыбектің сөзіне түсініп қалып:
- Биеке, ол сөзіңнің мәнісі бар, Мәнсіздің мәндіменен көп ісі бар. Жапалақ ілген құсын місе түтпай, Әлде де қоңыр қаздан дөмесі бар, - депті.
Сонда Қазыбек әйелге риза болып:
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Атың жаман болса,
Шыбын жанның азабы емес пе!
Қатын жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса, депті.
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Мінген атың жақсы болса,
Бұл дүниенің пырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - боп бас косып: "Қалмақта шынымен-ақ ұлымыз құл, қызымыз күң болып кеткені ме? Қол жинап, бір шайқассақ қайтеді?" - деп Абылайдың алдына келіпті. Сонда Абылай: "Біз өлі де тілі өткір елші жіберіп сынасқанымыз жоқ, іріктеп елші жіберейік, оған есе бермесе сонсын шайқасайық!" - дейді. Осыған халык бөтуа қылып, сөз байласады. Бұл жұмысты Қаракесек Келдібек биге жүктейді. Келдібек өзі бара алмай, өзіндей кісі таба алмай, ақыры Қазыбек деген баласын жіберіп сынам ақшы болып оның үйіне кел се, Қазыбек үйде жок екен, оны желі басынан табады. Балам жөн айтуға, жол айтуды біле ме екен деп сынайды.
- Балам, сен кімнің баласысың, жөніңді айтшы? - дейді.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, Шаншардың немересі боламын, - дейді баласы.
- Балам, сенің осылай асық ойнап, тай үйретіп жүргенің жақсы ма, жок, жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз танығаныц жақсы ма?
- Балалық дәуір де өтеді екен, оны да тастағым келмей түр, бірақ жақсылардың қасына еріп ел танып, жер танып, сөз таныған теріс болмас, - дейді Қазыбек.- Олай болса, балам, үйге қайтшы! - дейді әкесі.
...Қасына он кісі ертіп, астына "Телкоңыр" дейтін тайды ерттетіп беріп Келдібек баласын қалмақ ханына жібереді.
"Телқоңырды" мін деуінде де себеп бар екен. Бір күні Келдібек жылқысын қаптатып келе жатып, қара жал құла қулықтың іші жер сызып, жылқыға ере алмай, ептеп басып келе жатқанын байқайды: "Мынаның ішінде тас бар ма тұлпар бар ма? Бір құлынды мұнша неге ауырлайды жануар!" - дейді.
Күндердің күнінде бие кұлындап құлын биенің мойнына артылып ойнап жүреді. Келдібек:
- Бұған бір кулықтың сүті не болады дейсің, екі биенің сүтін емсін, қызыл тарлан бас мама сүтті бие еді, соның құлынын өздерің сойып же дағы, соған теліп жібер дейді жылқышыға. Құлын сол екі биенің сүтін емгендіктен "Телқоңыр" атаныпты. Келдібектіңтауға-тасқа салса қайтпайтын бір жарам- ды жігіті бар екен.
Ат-тонын сайлап, кісісін онға толтырып сол жігітті Қазыбекке қосып беріпті.
- Қанша айтқанмен мынау бала ғой, бақылап жүрерсің, - деп тапсырыпты жігітке баласын. Сөйтіп:
- Бар, Абылай ханға сәлем бер! - деп коя беріпті.
Абылай бастаған топ бір дөңнің басына шығып түр екен, самсап тұрған сары қолға атының маңдайын тура қойып, жетіп келіп, Қазыбек Абылайға сәлем беріпті. Абылай сөлемін алған соң:
- Сен кімнің баласысың? - деп сұрапты.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, - депті бала.
- Мен ауылда жүргенде балалардың басшысы едім, енді ағаларымның атшысы болайын деп келдім. Тай бәйгесі мен құнан бәйгесін көріп едім, енді ат бәйгесіне қосылайын деп келдім, - дейді бала. Сонда Абылай қарк- қарк күліп.
- Жарайды балам, жарайды, барсаң бар. Тайың да жақсы екен, сөзің де жақсы екен! - дейді.
Сонымен Абылай: "Жүріңдер, мен сендерді біраз жерге шығарып салып қайтайын", - дейді.
Қол дабылды қағып жіберіп жүріп кетеді. Ыңғай жаратып, таңдап мінген қаз мойын, қамыс құлақтар, еттері қызып, біреуі желіп, біреуі жорғалап келеді.Телқоңырдың еті қызған сайын аузынан көбік шашып, алды-артын орап, ортекедей ойнап отырады. Ауыздығымен алысып, баланың колын қиып жібере жаздап келе жатқанда, Абылайдың балаға тағы да назары ауады.
- Балам, сен бері келші? - деп Қазыбекті қасына шақырып алады. - Сен шыныңды айтшы, атшы болғың келе ме, басшы болғын келе ме? - дейді.Сонда бала:
- Тәуірі, мен жол көрген ағаларымның қасында басшы болып не қылайын, атшы болсам да жарар! - дейді.
Сонда Абылай бір төбеніц басына жұртты иіре тұра қалып:
- Ал, жігіттер, барыңдар! Жолдарың болсын, алдарың олжаға толсын, басшыларың Тайкелтір би болсын, хандарың Қарқаралы хан Бертіс болсын, батырларың Малайсары болсын, атшыларың мына Қазыбек бала болсын. Үлкендеріңді кішілерін сыйландар. Көп арасында мына Қазыбек сыкылды кішінің де сөзін тыңдаңдар. Жат елдің алдында жақсы елдің баласы құсап тұрындар. Калмақтың ханы Қоңтажы тасып жүрген хан еді! "Кол бастайтын батырмын, жол бастайтын көсеммін, сөз бастайтын батыр болу да қымбат, жол бастайтын көсем болу да қымбат. Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан. Елдесе алмай жауласа кетсек, сендердің шеберсіздіктеріңнен болады. Жауды ал мае қылышпен де көндіруге болады, өткір сөзбен де көндіруге болады; мылтыкпен дөлдеп атып жығуға да болады, сөзбен дөлдеп айтып жығуға да болады. Ауыздан шыққан сөз атылған оқпен бірдей, қайтып ала алмайсыңцар. Сөз сөйлегенде ойлап сөйлеу керек, - дейді. Сонда Бертіс тұрып:
- Хандық дәуірді басынан өткізген біз осы жолы сауын сүт қылып қайнатпасақ бізден қатын артык; қасықтай қанымызды, шыбындай жанымызды салып көрерміз, - деп міндетіне алған дай болады.
Сонымен Абылай кош айтысып қайтып кетіпті, елшілер ілгері жүріп кетіпті. Елшілер бірнеше қиыншылықты бастан өткізеді, аязды күні атта- рына қар тепкізеді, өлденеше қиын асу белдерден де асады, суы ащы көлдер- ден де асады. Сұрай-сұрай Тарбағатай тауының таң жағында, Алтай тауының оң жағында отырған хан ордасына барып жетеді. Кешке жақын Қазыбек жетіп барып: "Қазақ елінің елшісі келдік, қайда орналасамыз?" - деп ханға хабар айтады. Сонда хан ордада уәзірлерімен бас косып отыр екен.
- Сойыс қылып шығынданбай-ақ бөліп-бөліп қонақ қылыңдар, - деп оннан-бестен отырған уәзірлеріне хан табыс қылады. Сонда Қазыбек: "Менің жүз атым бар, жүз кісі атшым жок, атты тарата алмаймын, бір жерден орын берсін", - дейді. Басқасының албарына барлық ат сыймай, хан өз албарына байлатқан екен. Қазыбек аттарды оннан топтап байлатып, ат үстінде тұрып реттеткен екен. Сонда ханның әйелі: "Тайға мініп бала да келген бе?" - деп дал аға шығып назар салып, Қазыбекке қарап тұрыпты. Сол күні кешке хан ордасына уәзірлерін, билерін жиып, ханымын қасына алып кеңесіпті. Сөзді өзі бастап:
- Қазақ халқы бізді қамап келіп жатыр, тайға мінгізіп бір баланы да жіберіпті. Абылайдың бізді келеке қылғаны ғой! Менің ойым мынау: келе- кеге келген қылып, осылардың кісілерін қырып тастап, аттарын жылқыға қоса салсақ қайтеді? - депті. Барлық қалмақ "мақұл-мақұл" деп шу ете түсіпті. Сонда ханым тұрып:
- Хан, ол дұрыс болмас. Қазақ деген қабырғалы қалың ел ғой. "Елшіге өлім жок" деген. Жат елдің елшісі келгенде, хандық қасиетіңді сақтап, сөзін тыңдау керек. Сен жүз кісіні өлтіріп жайлана алмассың, жүз атты жылқыға қосып бай бола алмассың. Тай деген тұлпар болып жүрмесін, бала дегенің сүңқар болып жүрмесін, байқау керек, - деген екен. Сонда хан тұрып:
- Олай болса, елшілерді ертең ордаға жинаңдар, өзіме өзі, сөзіме сөзі сай келетін адамы болса оны көрейін, сай келмейтін болса жазасын сол арада берейін, - деп уәзірлерін таратыпты.Ертеңіне хан ерте тұрып, өзінің бір данышпан сыншы қариясы бар екен, сол сыншысын шақыртып алып:
- Мынау қазақ елшілері келіп жатыр, олардың сөзіне есе берсек, сүбемізді суырып кететіні бар ма екен, сен барып осыларды сынап келші, - дейді. Қария: "Жарайды", - деп колына таяғын алып, көпшілікке келіп өрқайсы- сымен екі-үш ауыз сөзге келіп, бұлардың ішінен ештеңе таба алмағандай болады. "Алыстан келген ел ғой, ат-тоны қандай, сайлы ма екен", - деп аттың ішін аралайды. Аттың ішіне барса, Қазыбек аттың ішінде шалқасынан түсіп үйықтап жатыр екен. Екі қолы екі жақта, екі аяғы екі жаісға, аузынан жалын атқылап жатыр. Қария баланы ары-бері айналып тұрып қалады. Осыны ханға айтып барады:
- Мен мынау көпшіліктің ішінен сен шошитындай адам таба алмадым, бірақ мен басқа бір нөрседен шошып келдім, - депті. Хан "неден шошыдын?" - дейді.
- Жылқының ішінде бір бала жатыр, екі аяғы екі жақта, екі колы екі жақта, құлаш ұрып жатыр екен. Аузынан жалыны атқылап түр екен. "Аузым жеткенше сөйлеймін, қолым жеткенше сермеймін, аяғым жеткенше жүремін, төңіректің төрт бұрышына болса да сөйлесуге жараймын, халыкты қара шыбындай аузыма үймелетемін", - деп түр екен, - дейді. Сонда хан тұрып:
- Сен де аузыңды басып, ақылыңнан шатасып жүр екенсін. Ол өзі бала болса, өзі аттың ішінде жатса, бұл жолы атына ие болып қайтар. Ол ержетіп сүбемізді суырғанша талай өмір өтер. Олай болса, бұларды қамамайық, - дейді хан.
Сонан соң олардың да ыңғайлы атқа мінгендей, ықшам киім кигендей жігіттері келіп: "Сөзге дөмелің қалмандар" деп шақырып келеді. Қазыбек те аттың ішінде қалмай, жігіттермен бірге хан ордасына кіріп келеді. Сонда хан тұрып ашулы жүзбен, түсін суытып, мұртын тікірейтіп:
- Ия, қазақтар, неменеге келдіңдер, айтатындарың болса, айтыңдар, - депті. Бұлардың басшысы асып айтпайтын бұқпа кісі екен, "ө" дегеннен шаркылдасып, шаңқылдасып қайтеміз деген кісіше:
Өлеңді өзгеге бердік, Өрлікті төменге бердік. Алдияр тақсыр, алдыңа келдік.
Берсең алдык, Бермесең қалдық, Сөзді өзіңе салдық! - деп, үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай берді. Сонда асып тұрған төқаппар Қоңтажы хан мерейі үстем болып:- Олай болса, кешке шейін бір жауап қайтарармын, жауап қайтпай қалатын күн болса, ат-тонның амандығында елді тапқан да теріс болмас, - депті. Сөйтіп, Тайкелтір үш-төрт ауыз тақпақпен сөзді тастай беріп еді, хан оны екі ауыз сөзбен үзіп тастады. Үзілген сөзді жалғап қазақ жағынан ешкім ештеңе дей алмады. Қазақ-қалмақ таразыға бір түскендей болды. Қазақ елшілері тығырыққа тығылғандай болып қалды. Сонда Қазыбек есік жақта отыр еді, айнала бір қарап, ешкім ештеңе демеген соң, орнынан атып тұрып:
- Ерден ердің несі артық, Ептесірген сөзі артық. Малдан малдың несі артық, Бір-ақ асым еті артық, Жерден жердің несі артық.
Бірақ уыс шөбі артық. Міндетіне алған сөзден, Шегінген жігіттен, Өлген аюдың өті артық, дейді. Содан кейін, Қоңтажыға жетіп келіп, қарысып тұрып:
- Ел ебелек емес, ер кебенек емес, дат! - дейді. Сонда хан:
- Өй өзің жөніңді айтшы, атың кім? - депті.
- Атым Қазыбек, әкем Келдібек, халқым қазақ, руым Қаракесек, - депті.
- Дауысың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, ал датықды айтшы! - депті хан. Сонда Қазыбек:
- Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соктықпай жай жатқан елміз. Елімізден күг-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, ешбір дүшпан басынбаған елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дөмі, тұзын ақтай білген елміз, асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, кун боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз.
Сен қалмақ та, біз қазақ,
Қарпысқалы келгенбіз,
Сен темір де біз көмір,
Еріткелі келгенбіз,
Екі еліктің лағын Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге
Танысқалы келгенбіз,
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз,
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз,
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз,
Тұтқыр сары желімбіз
Жабысқалы келгенбіз,
Берсең жөндеп бітімді айт,
Бермесең дірілдемей жөніңді айт,
Не тұрысатын жеріңді айт! -
депті. Сонда Қолғажы не дерін білмей сасып қалыпты.
- Өзің сөзге келетін бала болатын болсаң, отырған орның қандай төмен еді, былай жоғары шықшы, жоғары! - деп қолтығын аша беріпті. Сонда Қазыбек:
- Біздің қазақтың әдетінде жасына қарай отырып, жағына қарай сөз сөйлей береді, өзімнен үлкен ағаларым төрде отырса, маған төбеде отыр- ғанмен бірдей, - деп жалт бұрылып орнына қайта барып отырады. Сонда Қазыбектің сөзі ханның басынан асып, хан не дерін білмей қалады.
- Осылардың өздері келгелі өр үйде қонақтап жүр, алыстан келген елші ғой, ашулары бойында тұр екен, қонақ үйге алып барып, бір жерден күтімге алындар, - депті. Сонда хан нөкерлері:
- Ал, қазақтар, қонақ үйіне жүріңдер, бір жерден күтім көріңдер, - деп алып шығып кетіпті.
Қазақтар шығып кетеді, қалмақ бірыңғай қалып қояды. Барлық қалмақ жиылып, ханның қасына келіп:
- Бір жұдырықтай баладан қарасуға түсіп, осынша дірілдеп кеткеніңіз не? - деді. Сонда Қонтажы тұрып:
- Сендер білген жоқсындар. Сөзді өңменімнен сұғып айтқан кезде, екі иығымнан екі аю аузынан от шашып "тыпыр" етші, "көрейін" деп тұрды. Мінеки, мен содан қатты сескендім. Сендерге көрінбегенмен маған көрінді. Менің енді бұған қайтарып айтар сөзім жоқ, мал мен жанын есептеп алдына салып беріңдер, - деді.Мал, жанды есептеп, адамдарын қайтарған хан:
- Мен хан болғалы, басыма бақыт қонғалы ешбір адамға тізе бүгіп көрген жоқ едім, жығылғанымды білдіріп, сіздерге біраз сый қылайын, - деп бұлардың басшы адамының өр қайсысына бір тоғыздан сый беріпті. Қазыбекке қарап:
- Жаным, Қазыбек, сен жаңа үйреткен жас тұлпар екенсің, сенің айтқан сөзіңнен менің буыным шыдамай, сіресіп тұра алмадым. Сондыктан саған екі түрлі белгі беремін. Біреуі - сенің даусың қаздың даусындай қаңкылдап шығады екен, сондыктан сенің атың бүдан былай "Қаз дауысты Қазыбек" болсын: Екінші - Токсан жеті жүлдені саған арнап байладым, бүдан былай сен екі сыбағалы бол! - депті.
Сүйтіп есеп-кисап бітіп, қазақтар қайтпақшы болды. Мал мен жанды алдына өрістетіп салып, олармен хан қош айтыспақ болып еріп шықты. Содан қош айтысамыз деп бір төбенің басына иіріле тұра қалды. Сонда қазақтын бір жас жігіті ортаға шығып айқай салыпты.
- Уа, жиылған халайық, менің айтпағым мынау, - депті.
— Мен басында қазақтың жылқышысы едім. Жылқы бағып жүріп жылқыммен қалмақтын қолына түстім. Мұнда келгеннен кейін бір уәзір ұрып тонымды тартып алды, өз ықтиярыммен бермеп едім, сабап тісімді сындырды. Атымды алып жаяу қалдым, тісім сынып сөзім бұзылды, осыған жиылған көпшілік не дейді екен? - депті. Сонда Қоңтажы тұрып:
- Бұл немене, басында бір бітім болғаннан кейін аяғыңда еселеп даулай беру дұрыс бола ма? Тон дегенін бір тоқтышақтың терісі шығар, ат дегенің сырты түкті, іші боқты бір тай шығар; ал тіс сынса ауыз ішінде, қол сынса жен ішінде емес пе? - депті. Қазақ, қалмақ таразыға тағы түскендей болып қалады. Ешкім ештеңе дей қоймайды, сонда Қазыбек бала кейінірек түр екен, атты борбайға тартып жіберіп, Қоңтажы ханның қасына жетіп келіп:
- Тісі сынса - ауыз ішінде, колы сынса - жең ішінде жүре беру керек деген не сөз! Оның үстіндегі жалғыз тоны жанат емей немене? Аузындағы отыз тіс, болат емей немене? Астындағы жалғыз ат қанат емей немене? Ханның бізбен қарыспай бітіскендігі рас болатын болса, жанатынан айырмай, болатынан майырмай, қанатынан қайырмай алғанын қайыру керек, қазақ қалмақтың сатып алған құлы емес. Бұл да біреудің ардақтап асыраған ұлы. Ерікті ұл азат болып қайтуы керек, - депті. Сонда Қоңтажы Қазыбек сөйлесе, аруағы асып кетіп, аузына сөз түспейді екен:
- "Мә, жанатыңа жанатым", - деп жанат ішігін шешіп береді, "Мө, болатыңа болатым" деп болат семсерін береді: "Мө, қанатыңа қанатым" деп астындағы қарақасқа тұлпарын түсіп береді. Өзі ашынып тұрған жігіт осы жолы теңдікке колы тиетініне көзі жеткеннен кейін, жанат ішікті киіп, болат семсерді асынып, қара қасқа тұлпарға қарғып мініп алып:
- Ал, менің де дауым бітті, енді қош айтысуларыңа болады, - депті. Сонда, мал-жанын түп-түгел қайырып алып, Қазыбек бастаған қазақ елшілері көшкен елдей гулеп жүріп кеткен де, қасында бір топ кісісі бар Қоңтажы танқалғандай мең-зең болып бір дөңнің үстінде қала беріпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек би әйгілі боп тұрған шағында еліне жайлы қоныс іздеп Сарыарқаны шолып қайтуға кетеді. Соны сырттан есіткен қалмақ Қоңтажы дереу қалың қол аттандырып Қазыбекке қараған елді шаптырып алады. Ханның қолы малмен коса жүзге тарта ер балаларды да байлап әкетеді. Оның ішінде Қазыбектің өз баласы Қазымбет те кетеді. Өйткені Қазыбектің тұқымынан біреуді қайтсе де байлап әкелу жөнінде ханның тікелей тапсырмасы болған екен. Сарыарқаны қоныстыққа ұнатып елге қайтқан Қазыбек шабылған елін көрген соң, өзі басшы болып қалмаққа екінші рет жол тартыпты.
Он төрт жасар бала күннің өзінде-ақ нелер тапқыр сөздер айтып бетін қайтарып тастаған Қазыбектен жасқанып Қоңтажы хан бітім жасауға көнеді. Әр түрлі балалардың ішінен өзіне керегін алып кету мақсатымен әртүрлі қулыққа салады. Сонда ханның көздегені Қазымбетті қайтармау екен. "Тірі емес" деп балаға күн төлеу ниетін білдіреді. Сонда Қазыбек тұрып Қоңтажыға:
- Жүмыр басы, екі аяқты бозымның өзін қайыр. Төрт аякты малымның көзін қайыр. Ерім үшін күн алмай өлісемін, бозымның көзі жок болса, екі есе құн аламын. Бұл айтқаным болмаса, тал түсте талап аламын - дегенде, Қоңтажы:
- Қазыбек би, ерің үшін күн алмай өлісемін дегеніңді жөн дедік. Ал бозымның төлеуін екі есе кып аламын дегеніңе жол болсын! - депті. Сонда Қазыбек:
- Бозымның төлеуі екі есе болатын себебі: белеңнен шыға келген қалың топтың ішінде онын жарык еткен айбыны Қонтайжыдай жанды сескендіреді. Төлеуі толык болса, ендігәрі есте жүреді, - дейді. Сонымен Қазыбек бұл жолы да шапқыншылыққа түскен балалармен коса малдың көзі барының көзін, көзі жоғының толык төлеуін алып қайтады.
Үшінші билігі: осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп, бұл жерді ата мекендік коныс етеді. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін, сондай-ақ, Қазыбекке ниеттес кіші жүздің бір бөлегін Қоңтажы тағы шаптырын алады. Қазыбекке шабылған елден хабар- шы келеді. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтажының алдына серт қойып, мұндай шабыншылықты ендігөрі қайтала- майтындай етуге немесе бір жола бітіспекке беттеп аттанады. Қоңтажының ордасына таяп келгенде, өткелде тұрған бір жастау қыз Қазыбектің қайда бара жатқан жөнін сұрапты. Қазыбек қызға Қоңтажы ханға елшілікпен бара жатқанын айтыпты. Қыз оған:
- Елші болсаң қазақтың Қазыбегі боларсың, есебің бітсе мені де еске аларсың, - депті. Қазыбек Қоңтажының ордасына түсіп:
- О хан, сен ел шабуды коймадың, мен елшілікке келуден танбадым, — дейді. Қоңтажы бұған:
- Қазыбек би, дұрыс айтасың, сенің қаршадай 14 жасар күніңде айтқан сөздеріңді есітіп: "Шіркін-ай, мынадан бір тұқым алар ма еді", - деп ойла- дым. Содан барып Қазымбеттей ұлыңды алдырдым. Бірақ сен келіп "ерімнің өзі қайтпай тұрып бітім етпеймін" дедің. Не бізге тіліңді кесіп тастап кетпедің. Содан кейін менен іргенді аулақ салып әрі көштің. Сені қайта бір келтіру үшін мен артта қалған елінді шаптырып алдым. Ендігі сөздің турасы сенімен достасуға құмармын. "Даудың артын қыз бітейді, судың артын шым бітейді", - деуші еді. Сондыктан не қыз ал, не қыз бер депті. Қазыбек ханға:
- Саған беретін қызым жоқ, қыз берсең алайын, - дейді. Хан Қазыбектен "ұлың нешеу еді" деп сұрайды. Қазыбек:
- Бір жарым ұлым бар, - деп жауап береді. Хан бұған таңданып:
- Бір жарымы қалай? Сенде дырдай бес ұл бар деп еститін едім дейді.
Қазыбек оған:
- Менің елге ие болатын ұлым біреу-ақ, аты - Бекболат, соны бүтінге есептедім. Ал, қатынға ғана ие болатын үшеуін есепке алып жүргенім жоқ, - деп Қоңтажыға қарапты.
Қоңтажы өз қызын беріп, оны Бекболатқа қосуды өтініпті. Сонымен қазақ пен қалмақтың шабыншылығы тоқталған екен деседі. Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқанда жолыққан жас қызды ала келіп: "Осыны тәрбиеле", - деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қаз дауысты Қазыбектің баласы Бекболат он сегіз ағайынды екен. Соның кенже інісі жорықта жүргенде, Абылайдың бір үйір жылқысын абайсызда қолына түсіріп, алып кетіпті. Оны Абылай біліпті. "Мені басынғаны ғой", - деп намыстана аттанып, Бекболаттың ауылына келіп түсіпті.
Бекболат Абылайдың алдында жорғалап:
...Тоғыз айыппен жолыңызды алып, кешіңіз, байқаусызда балалықпен болған ғой, - дейді. Ханның қасындағы Бекболатпен бақ күндес кісілер:
- Бұл сізге кыр көрсеткені деп білідіз, мұны басуыңыз керек, - деп шағыстырып, өшіктіреді. Абылай:
- Мен малға уана алмаймын, тентек ініңді өлтірмей ашуды баса алмаймын, - дейді.
- Өз інімді өлтіруге мен де ұстап бере алмаймын, - дейді Бекболат.
Абылай үндемей кетіп қалады. Қайтадан үш жүз кісімен келіп Бекболаттың інісін ұстап алып, мойнына арқан салып ала жөнеледі. Сол күні түсте бір көгал сазға келіп қонған соң, Абылай:
- Соңымыздан ешкім келмес пе екен, қарап тұрыңдар, - дейді. Өлден уақытта: " - "Бір қарайған көрінеді", - деген соң Абылай:
- Ол Бекболат болар, келген соң түс деп атын ұстаңдар, - дейді. Айтқанындай Бекболат екен.
Ол түспей атының басын теріс қаратып тұрып:
- Ай, Абылай, мұнан бұрын жолдасқа мен қандай едім, қасыңдағылар қандай еді? - дейді.
- Сен бір төбе, бұлар бір төбе еді, - дейді Абылай.
Сонда Бекболат келген жағына шауып кетіп, өлден уақытта қайта шауып келіп, әлгіндей теріс қарап тұрып:
- Орал таудың ор түлкісі,
Ақиық келсе, тек кетпес,
Айнала қуса ит жетпес.
Сондадағы мерт етпес!
Орал таудың ақ иығы, - деп байлаулы тұрған інісін шешіп алып жөнеле беріпті, хан қарсылық жасатпапты. Бекболат кеткен соң, қасындағылардың түсіне алмай таңырқап отырғанын біліп, Абылай:
- Бекболат, бір төбе, басқалар бір төбе дегенге сендер намыстанғандай болдындар-ау, Бекболаттың келіп кетуінен не сезіп отырсыңдар? Жаңа ол не айтып кетті? - депті қасындағы билеріне.
- Сол арасын аңғара алмай отырмыз! - деген соң, Абылай:
- Білмесеңцер, енді онымен таласып өкпелемеңдер, - деп Бекболаттың сөзін былай түсіндіріпті. - "Орал таудың ор түлкісі" деп ол өзін айтты. "Айнала қуса ит жетпес" деп сендерді айтты. "Орал таудың ақ иығы" деп мені айтты". "Ак иык келсе, тек кетпес" - деп келіп қалған соң, ашумен інімді алған шығарсың" дегені. "Сондадағы мерт етпес" дегені ханнан халык күшті, халықтан биліксіз, хан да болсаң ақылыңа салып, інімді жібер, жөбірің болса, айып алып бітіресің дегені" депті.
Айтқанындай артынан Бекболат тоғыз айыбын жіберіпті. "Көп қорқытады, терең батырады" деген сол. Абылай сықылды азуы алты қарыс ханда қалың қазақтан қаямығып, райынан қайтыпты дейді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Жантай деген бай малшысымен төбелесіп, сол төбелесте байдың бір күрек тісі сынады. Жалшы "сенен шығамын" деп ақысын сұрайды. Бай "тісімді сындырдың, соның төлеуі үшін алдым" деп ақысын бермейді. Екеуі Қазыбекке келеді.
Жантай тұрып:
- Мынау менің жалшым еді, өзіммен төбелесіп, бір күрек тісімді сындырды. Бұның құнын сұрасам бермейді. Жалға жүрген ақымды бер деп жүр, - дейді. Сонда жалшы тұрып:
Мен жалға жүрдім Жантайға, Мен күшіме жарытпадым.
Бір тай алмақ болып алты айға. Содан барып төбелес туды,
Бір асына жарытпады, Жазым болып күрек тіс сынды.
- Байдың аты бай емес пе, ақымды бермейді, үйінен куады. Би ата, әділдігіңізге жүгінгелі келдім, - деп сөзін аяктапты. Бұл дауға Қазыбек мынадай билік айтыпты:
- Ас адамнық арқауы еді. Жантай асқа жарытпаған соң жалшыға күш қайдан дарысын. "Аш кісі ұрысқақ" деген төбелестің шығуына да өзің себепкер болғансың. Сондыктан мынаның ақысын бер, күрек тісің күнсыз. Еркектің қалған тісі аман болса, бір күрек тістен келер кемшілік жоқ, Ал әйелдің күрек тісі, әрі көркі, әрі жіп қиятын қаруы, - дейді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме (Тағы бір нұсқа)
Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде екі әйел бал ата дауласып, алдына келіп жүгінеді. Әйелдердің біреуі:- Мынау баламды есін білмейтін жас күнінде жоғалтым. Соны мына әйел тауып алды ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам "өз балам" деп бермейді.
Екінші әйел тұрып:
- Бала өзімдікі, өзім таптым, мынау босқа жармасып тұр. - Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады. Содан кейін:- Бірің балаңды жоғалтқаныңды, енді бірің тапқаныңды растап шығарлык мұнда басқа куә жок. Сондықтан мұнда мынадай билік еткім келеді, - дейді де, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып қойып, қара балтаны жоғары көтеріп: "екеуіңе қақ бөліп беремін, осыған ризасыңдар ма?" - дейді. Сонда балаға ие болып жүрген әйел:
- Біреуге тірі кеткенше, жартысы болса да өзімде қалсын, бөлсең бөл! - деп безеріп тұрып алады. Ал, баланы таныған әйел:
- Ойбай, биеке-ай! Қайда жүрсе де, тірі болсын, шаба көрмеңіз! - деп безек қағады. Содан барып Қазыбек:
- Бала мына жоғалтқан әйелдікі, өйткені ол баланың тірілігін тілеп тұр, баласын өзіне бер, - деп билік айтады.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қазыбек пен Әйтеке екеуі бас қосып ақылдысатын бір мәселе болып, бір орынды уағда қып, ел атасы деп, Төле бидің алдына бармаққа сөз байлапты. Аталған күнде Төле бидің аулына кеп түсіпті. Сәлемдесіп, амандасып далада отырғанда Төле сөз бастайды.
- Уа, әлеумет, құс ұшса қанаты талатын, жүрсе тұяғы күйетін ит арқасы қиян қашық жерден келіп отырсыңдар, осы аттың күші қай жерінде? - дейді.Сонда біреу "аттың күші алдында" дейді, біреу "аттың күші артында", енді біреу "аттың күші ортасында" дейді. Төле ортасында дегенге қадала бір қарады да:- Аттың күші алдында да болмай, артында да болмай, ортасында болатын себебі қалай? - дейді.
- Бас - басшы, арт қосшы, астында төрт тіреуі бар - ортасы арқалық емес пе? Күш ортасында болатын себебі сол, - дейді соңғы айтушы. Тағы да Төле:
- Бұрынғылар айтқан екен, "би екеу болса, дау төртеу болады" деп, үш ел әр жаққа тартып, дау бітімі бытырамасқа төбе би атап қойса қалай болар еді? - дейді. Оған қауым "дұрыс" дейді. Бірақ, төбе билікке талас туады. Ұлы жүз: "Біз боламыз, өйткені жасымыз үлкен ағамыз", Кіші жүз: "Біз боламыз, өйткені қара шаңырақтағы кенжелік жолымыз бар", - дейді. Сонда манаты аттың күші ортасында деген жігіт отырып:
- Аға төреші болмайды - алдында қаймығары жоқ, іні төреші болмайды - артында қайрылары жоқ. Айбар қылар алдында ағасы бар, қаймығарлық артында інісі бар, екі жағынан да сүйеуі бар, билікті айтатын тебе билік ортаншы ұлға лайық! - дейді. Төле қарт сонда жігіттерден жен сұрайды. "Аттың күші басында" деген ұлы жүз жігіті, "Аттың күші артында" деген Әйтеке, ал "аттың күші ортасында" деген жігіт Қазыбек болып шығады.
"Қой асығы демеңдер,
Қолыңа жақса сақа кой.
Жасы кіші демеңдер,
Акылы асса аға ғой", - деген бұрынғылардың айтуы бар еді, уа, жаным, Қазыбек, төбе билікті саған бердік, айтқан сөздеріңнің бөрі жоба болсын, - деп Төле оң жағына отырғызып, батасын береді.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Жоңғарлардың қолбасшысы Сары Манжы бастаған отыз мыңдай ойрат Сарыарқаны шарлап одан Қаратау атырабын Түркістан төңірегін түгелдей жаулап алған ғой. Сол шайқас кезінде Қалдан Cереннің батыр баласы Шарышпен Абылай батыр жекпе-жек айқасып, Шарышты мерт кылады. Қалың ойрат жабылып Абылай мен оның біраз жігіттерін қолға түсіріп әкетеді. Оларды арашалап қалуға қазақтардың шамасы келмей қалады. Сонымен бір жылдай уақыт өтеді. Абылай батыр аяқ-колы кісендеулі жата береді. Артынан іздеп барған қазақтың белді адамдарын жоңғар Қонтайшысы маңайлатпапты. Енді ел-жұрт боп ақылдасып "Көне, Абылайды кім құтқарып әкеледі?" дегенде, Халық бір ауыздан "Қазыбек би барсын, одан басқа адамның реті жоқ" десіпті. Осы көпшілік өтінішімен Қазыбек Жоңғарияға елшілікке аттаныпты.
Қазыбектің асқан алғырлық, батылдык, шешендік қабілетін бұрыннан білетін Қонтайшы бұл жолы онымен көп тіресе алмапты. Барынша күтіп сыйлапты да, мынадай шарткойыпты: Біріншіден, Әбілхайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан, Жәнібек батыр тағы сол сиякты он атақты кісілерің бір-бір жігіттен кепілдік берсін. Екіншіден, орыс патшалығынан қол үзесіңдер, Жоңғарияға қосыласыңдар сонда ғана Абылай батырларың қайтарылады. Оған коса Түркістан оныц төңірегіндегі отыз екі қала өздеріңе беріледі, - дейді.
Қаз дауысты Қазыбек қайтып келеді. Ел басшылармен ақылдасыпты. Бүткіл халық қамы үшін қорған болған Абылайдай батыр үшін Қонтайшы талабын жартылай орындауға бекінеді. Сөйтеді де Әбілмәмбет пен Барақ сұлтанға бір-бір жігіт аманатқа бергізеді. Ресей патшалығына да, Жоңғарияға да өзірше беріле қоймайтындығын білдіреді. Егер бұған көнбеген күнде орыстармен бірлесіп шабуылға шығатындығын ескертеді. Қазыбектін мұнысы айла-тәсіл, Қонтайшыны үрейлендіру еді. Қонтайшы Қазыбектің бұл шартын ары-бері ойластырады да, "қазақтар орыстармен бірігіп кетсе, халім мүшкілге айналар" деп қауіптенеді де, Қазыбекпен келісімге келеді.
Абылай батырды тұтқыннан босатады. Түркістанды және оның атырабындағы отыз екі шаһарды қайтып береді. Әбілмәмбет Түркістанға хан сайланады. Абылай батыр Арқа жағына сұлтан боп белгіленеді. Бұл кезде Қаз дауысты Қазыбек аулы Ұлытауды жайлапты. Мінеки, ақылгөй абыз, бітімгер Қазыбек баба Абылай ханды жоңғар тұтқынынан осылай құтқарған екен.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Қыпшақ пен Қаракесек елдері жайлауға таласыпты. Осы дауды шешуге ел-жұрт Қаз дауысты Қазыбекті алдырыпты. Аман-саулықтан кейін Қыпшақтың биі:
- Арғынның арык биі сөйле. - депті. Сонда Қазыбек:
- Арық емес қатумын,
Жетімдік көрсе қыз азады,
Бала кезден татумын.
Жаугершілік кезде ер азады,
Көшершілік кезде түйе азады,
Ермен бірге ел азады,
Көктемде бие азады,
Тағындағы хан азады, - депті де, ен жайлауды екі елге қақ бөліп беріп елдің бәрін риза етіпті.
### Қазыбек би жайлы әңгіме
Бағаналы Борбас дейтін байдың "Шаппай бер" атанған, талай сәйгүлікке дес бермеген қара қасқа жорғасы болған.
Бір ұлан-асыр тойда жорғаға көзі түсіп қызыққан Ахмет хай қара қасқаны қалап алуға көңілі кеткен. Қарамағындағы Өменке, Құлтас, Жйнтас дейтін билерге "жорғаны сұрап келсеңдерші" деген екен: "Тамырын басып көрейін", "Мә деп бере койса, сұрайын". "Баруын барайын, бірақ сараң бай ұстата коймайды ғой" деп салғыртсыпты. Олардың сыңайың сезген соң:
- Қауқары тышқан аулауға ғана келетін баршын тартқан бүркіттей көрі қулар не тындырар дейсің, - деп хан бала шағынан сөз сайысына түсіп, талай шешенді мүдірткен, жалынды жас - Шорман бала биді жұмсапты.
Балаби Борбастыкіне барса, жоғарыда аты аталған үш би бабдікіне конақ болып отыр екен. Он жеті жасар бала жігітті көрген бай:Көне, кекеткенді кой, Жөн сөзге көш! - Табындағы би азады. Сендей бейқам би, Арғынның түбін қазады!
- Қандай бүйымтайың бар еді, сөйлей отыр? - дегенде Шорман бала:
- Ханнан сәлем әкелдім,
Бағаналы Борбасым.
Қасым жомарт сиякғы,
Даңқың аян болғасын.
Қалауын айтты қармаулы,
Салмағы зіл-қорғасын.
Берсін деді ренжімей,
Қара қасқа жорғасын.
Хан да жомарт өзіңдей,
Жанар таудың көзіндей
Айтқаны ғибрат халыққа,
Осы үш бидің сөзіндей.
Жорғаңыз да дүлдүл ғой,
Көздің жауын арбайтын.
Жауға мініп барсаң да,
Ешқандай мін таңбайтын.
Шыныдай мүзға салсаң да,
Тас тұяғы таймайтын.
Құбылып басып ойнайтын,
Қылығына ????Тұғырдаяқан тұйғындай,
Көк аспанда ойнайтын.
Қапшын болсаң, құтылып,
Қусаң, жетпей қоймайтын,
Қарқынынан танбайтын,
Жыл мінсең арып-талмайтын.
Қара қасқа жорғаны.
Сыйладым деп ханыма,
Жөнің бар жанға байлайтын, - депті.
Айтпайын десе, елге сор, Отыз тістен шыққанды, Отыз рулы ел білер.
- Ауруын жасырған ажалсыз өледі, Зорлыктан қорыққан амалсыз көнеді. Айтайын десе, бұған сор,
Мына билерге рай бермей отыр едім, "Сұрауы келіссе бермейтін дүние болмайды" деген рас екен. Жарайды. Ханның қалауын алып қайт. "Береген қолым алаған" деген бар. Оның да бір қымбат-қимасы бар шығар... Үш биді куә қылғандай, "Ханым да жомарт" дедің ғой", - депті Борбас бай.
## Тағы қараңыз
* Төле би
* Әйтеке би
## Сыртқы сілтемелер
* Арық емес, қатумын
## Дереккөздер |
Төле Әлібекұлы (1663–1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15–20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.
## Өмірбаяны
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу өңірінде туған. Ұлы жүздегі дулат тайпасының жаныс руынан. Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
### Тауке ханның басқару кезінде
Төле би Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билермен бірге Тәукені хан етіп көтеруге, үш жүздің ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп, бірегей қазақ хандығын нығайтуға, жоңғар шапқыншылығына қарсы бауырлас қазақ, қарақалпақ және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларды жүзеге асыруға қатынасты. Тәуке хан Төле биді Ұлы жүздің бас биі еткен. Төле би Қазыбек бимен және Әйтеке бимен бірлесе отырып, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын Жеті жарғының қабылдануына атсалысты. Ордабасы жиыны кезінде Төле би басшылық жасап, жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруге ұйытқы болды. Шашырап кеткен қазақтардың басын қосып, Ресей мен Қытай секілді екі алпауыт мемлекет арасында оңтайлы саясатты жүргізген Абылай ханды өкіл бала етіп тәрбиелеп, азамат қатарына қосуда Төле бидің қызметі орасан.
### Абылай ханның басқару кезінде
1742 жылы Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына түсіп қалғанда, оны тұтқыннан босатуда Төле би белсенділік танытты. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Әбілқайыр хан мен Төле бидің Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатуға ықпал жасауын өтінгендігі айтылады. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастаған 90 адам елші боп барып, келіссөз жүргізіп, 1743 жылы 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Төле би ішкі және сыртқы саясатта сара бағыт ұстанды. Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салды. 1734 жылы Ресей патшасы Анна Ивановнаға және 1749 жылы Орынбор губернаторы И.Неплюевке хат жолдап, бодандықты қабылдауға ризашылық танытты. Бұл сол тарихи кезеңде шарасыздан жасалған қадам болатын. Ол жоңғар шапқыншылығынан титықтаған халықтың жағдайын жақсартуды бірінші кезекке қойды. 1748 жылы орыс сауда керуені тоналғанда, бұған кінәлі Қойгелді батырды билер алқасына шақыртып, оған бұл шығынды жұрт көзінше өтеттіреді. 1748 жылы Әбілқайыр хан қаза тапқанда, оның баласы Ералы сұлтан әкесінің құнын даулап Төле биге шағымданады. Төле би Әбілқайырдың өлімі үшін айыпкерлердің Жеті жарғы заңына сәйкес жеті құн төлеуі туралы шешім шығарады. Ералы айыпкерлерден екі құн алып, төрт құнды кешіреді де, әкесін өлтіруге қатысушылардың бірі Сырымбет батырды жетінші құн орнына өз қолымен өлтіреді. Әбілқайырдың балалары бұған да тоқтамай, Барақ сұлтанның жауапқа тартылуын Төле биден сұрайды. Бас сауғалап қашып жүрген Барақ сұлтан Төле биге өзі келіп, жасаған ісі үшін сотқа тартуды сұрайды. Төле би билер сотына қазақ билерінің ішінен Барақ сұлтанның ұсынуы бойынша төрт белгілі биді (Жалған би, Сырлыбай би, Даба би, Қабек мырза) қатыстырады, өз тарапынан бірнеше биді шақырады. Билер алқасында Төле би Барақ сұлтанды ақтап алады.Төле би Әбілқайыр ханның өлімі үшін жеті адамның құнын кескенде де, Барақ сұлтанды ақтап алғанда да, туысы Қойгелді батырға тоналған орыс сауда керуенінің өтеуіне екі мың жылқы төлеуге билік шығарғанда да елдің елдігін бұзбауды, әлі келгенше халықтың тыныш жағдайын, тұтастығын сақтауды көздеді. Төле бидің бұл секілді еларалық сипаттағы билігімен қатар ұлыс ішіндегі дауларды шешкен билігінен де оның мемлекеттік деңгейдегі парасаттылығы, ойының саралығы мен ниет-тілегінің тазалығы танылады. Төле би хан, сұлтандардың, бектер мен билердің өзара қырқысының ұлт тәуелсіздігі мен бостандығына ешнәрсе бермейтіндігін сезініп, татулықты жақтады. Оны елге танымал “Елге бай құт емес, би құт” дейтін қанатты сөзі айқын аңғартады. Бізге келіп жеткен аңыз-әңгімелерде Төле бидің ұлт бірлігін нығайтуды барынша жақтағандығы айтылады. Сондай аңыз-әңгімелердің бірінде Төле би өз көңілін сұрай келген Қазыбек, Көкі, Мәлік, Ержан билердің еліңізге қандай өсиет қалдырасыз деген сұрағына былай деп жауап берген екен: “Жүзге бөлінгендердің жүзі қара. Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. Атаға бөлінгендер адыра қалады. Көпті қорлаған көмусіз қалады. Хан азса, халқын сатады. Халық азса, хандыққа таласады”. Төле бидің артында кейінгі ұрпаққа жарық жұлдыздай жол көрсетіп, жөн-жоба сілтейтін көптеген өсиет сөздері қалған. Оның шешендік сөздері айтпақ ойының ұшқыр да тапқырлығымен, тап басатын көркем теңеулерінің дәлдігімен, тілінің өткір де айқындылығымен ерекшеленеді. Оның Данагүл есімді келінінің де есімі көпке танымал.
## Шешендігі
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
- Балам, мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.Сонда. Төле бала:- Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.
Елдің Қазығұрт тауының бөктеріне көшіп-қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіпті. Біреуі:- Қырдан қуып індеткен түлкіме мынау таласып бермейді. Екіншісі:- Сыртынан жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі де менікі.Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап болған соң, баласына сілтеп, мұның билігін Төле берсін дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып далада "айт, шулеп" ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң бала:- Түлкі арлан болса, сенікі, - дейді, "қырдан қуып келіп індеттім" деген жігітке.- Ұрғашы болса сенікі, - дейді "жер менікі" деген жігітке. Баланың бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне қайтып келеді.
- Балаңыздың сөзіне түсінбедік...- Тәлежан төресін дұрыс берген екен, - дейді Әлібек би. - Түлкінің ұланын тұз сақтайды, ұрғашысын ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан куып келіп індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашы болса, жер иесі саған тиеді.
Төленің жас кезі. Жотада мал бағып жүрсе, анадай жерде бес-алты аттылы кетіп бара жатады. Бала олардың алдынан шығып сәлем береді. Орталарындағы ақсақалды Қоңқа би деген жасы жетпістерге келген кісі екен.
- Балам, бұл қай ауылдың малы?- Әлібек бидің.- Анау үйездеп жатқан жылқылар кімдікі?- Ол Жыланкөз байдікі.- Е, е, іздеп келе жатқанымыз сол Жыланкөз бай еді.- Менің де сол ауылға барар шаруам бар еді, сіздерге ілесе барайын, - дейді Төле бала.Олар жүріп келе жатып сәске түс кезінде көп жылқыны көреді. Жылқының көптігі соншалық, кіші бесінге дейін шетіне шыға алмайды. Сонда жолсерік бала:- Ата, мынау жылқы қандай байдың жылқысы болды екен? Білесіз бе? - деп сұрайды. Оған Қоңқа би:- Қарағым, бұл нысапсыз деген байдың жылқысы, - дейді.- Нысапсыз деген қандай бай?- Балам, айтайын: нысапсыз деген, осы малды жия берген, жия берген. Бұл нашарға, кедейге қайырымы жоқ, ат майын бермейтін байдың малы.Олар одан әрі жүріп келе жатады. Кенет кең далада жайқалып өсіп тұрған қалың егіннің үстінен түседі.- Ойпырым-ой, ата, мынау қандай адамның егіні болды екен? Көз жауын алып, жайқала өсіп тұр ғой, - дейді бала.- Ә, шырағым, бұл егін қайырсыз деген байдың егіні.- Қайырсыз деген бай ма? Қай ел болады, ата?
- О, шырағым, айтайын. Бай бір өзі пәлен адам жалдап, осынша жерді айдатты. Арзанға жұмыс істетіп, еңбегін бір жеді. Енді егінді біреудің еңбегімен орғызып, қырманға салды. Бастыртып, қамбаға құйды. Мұның бәрін өзі істемеді, біреуге істетті. Сонан соң елде астық болмай калған жылы қымбатқа сатты. Өзі жан қинамай үйде май шайнап жатты. Келесі жылы тағы егін ектірді. Енді екі есе адам жалдады. Жылдан-жылға осылай кете берді. Одан жұртқа пайда жоқ. Ел ашыққанда, қымбатқа сатты. Мұның қайырсыз болатын себебі осы. Түсініп ал, балам.
- Түсіндім, ата.Екеуі келе жатса, бір жерде көп адам жиналып, көр қазып жатады.- О, балам, - дейді Қоңқа би, - анау жиналған топ адам кімдер? Көзің жетік қой, қарашы? - дейді.Бала қарайды:- Ата, өлген адамды қойғалы жер қазып жатқан көрінеді.
- Ендеше, сен барып біліп қайт. Көметіндері өлген адам ба, тірі адам ба екен? Соны сұрағын.
Бала шабады да кетеді. Барып көр қазып жатқандарға сәлем береді.- Сіздердің жерлейтіндеріңіз өлген адам ба, тірі адам ба?Жақыны өліп, жаны күйіп тұрғандардың біреуі:- Не деп былшылдайды мынау? - Екінші бірі келіп, баланы қамшымен басына салып жібереді.- Иттің баласы, не оттап тұрсың?Бозбалалардың екеу-үшеуі оған жабыла кетіп еді, араларындағы бір қария кісі:- Тоқтаңдар, - дейді айқайлап: - Әуелі жөн сұрайық. Қайдан келе жатқан бала екен, білелік. Кәне, балам, сен не дедің? - дейді.- Көміп жатқандарыңыз өлі адам ба, тірі адам ба? - дедім.- Қарағым, осы сөзді өзің айтып тұрсың ба, жоқ басқа біреу айтқызды ма саған?- Қасымда үлкен кісі бар еді. Сол кісінің атқосшысы едім. Ол кісі:- Аналардың жерлейін деп жатқаны өлген адам ба екен, тірі адам ба екен, барып біліп келші? - деп жұмсады.- Апырым-ай, мұны сұраған қария тегін адам емес екен-ау. Қой, баланы ұрмаңдар, жігіттер. Мұнда бір мән бар. Сол қарияны біреуің барып шақырып келіңдер.Екі жігіт қарияға барып сәлем береді.- Ақсақал, бір қадірлі адамымыз қайтыс болып, соны қойып жатыр едік, ілгерінің жолы, өлікке құран оқып аттаныңыз. Қоңқа би:- Ә, ондай болса жарайды, - деп атының басын бұрып, әлгілерге барады. Өлікті қойып болған соң көпшілік:- Ақсақал, алыстан келе жатыр екенсіз. Өзіңіз де бір қадірлі кісі көрінесіз. Бұл кісі де қадірлі адамымыздың бірі еді. Мына баланы бізге жіберген екенсіз. Бала шауып келді де бізден:- Қойып жатқан өліктеріңіз өлген адам ба, болмаса тірі адам ба? - деді. Соны көңілімізге ауыр алып, осында бозбалаларымыз қол көтерді. Баладан мұны қалай сұрадың, өзің бе, жоқ саған біреу үйретті ме? - деп едік, "ақсақалым бар еді, сол кісі осылай сұра деп жұмсады" - деп шынын айтты. Тағы бір қария былай деп сұрады.- Сізден сұрайтынымыз, мұны қалай айттыңыз? Бұл өлі адам ба, жоқ тірі адам ба дегеніңіздің мәнісі қалай, түсіндіріңіз?- Ә, оны дұрыс сұрайсыңдар. Тірі адам ба дегенім, артында өзіндей болатын бала-шағасы бар ма, ас-су беретін мал-жаны бар ма дегенім. Ал өлі адам ба дегенім, өзіндей болып өсетін артында бала-шағасы жоқ болса, ас-суын беретін мал-жаны жоқ болса, мұның аты шын өлік, шырақтарым. Осының қайсысы білгім келіп еді. Бұл өлік осының қайсысы?- Уа, ата, артында баласы бар, ас-суына жарайтын мал-жаны бар дәулетті кісі. Қоңқа ақсақал құран оқып, бата қылады. Көпшілік:- Ауылға жүріңіз, мейман болыңыздар, - деп өтінеді.- Шырақтарым, маған ауылға қонуға болмайды. Мен түздің адамымын, - деп Қоңқа би атының басын бұрып жүріп кетеді. Жолда келе жатып бала тағы да:- Ата, түздің адамымын? - дегеніңіз қалай? - деп сұрайды.- Қарағым, өзің аңғарымпаз бала екенсің. Сенің атың кім?- Атым - Төле.
- Төле қарағым, түздің адамымын дегенім - көпшіліктің халықтың адамымын дегенім...- Бата берейін, сені түзде кездестіріп, серік болдым. Мен секілді сенің де өмірің түзде өтсін, түздің адамы бол, балам, - деп бетін сипайды қарт. Төле би есейгенше сол жол үстінде жолыққан Қоңқа қартты үнемі құрметтеп еске алып, өзіне ұстаз тұтқан екен.
Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:- Ақты ақ деп бағалар!О, игі жақсы ағалар!Өзегі талса ел біткен,Өзен бойын жағалар, -
деп сөз бастай бергенде:- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:
- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды:- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз?Сонда әлгі би:- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:
- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:
- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.
Төле бала ауыл сыртында қозы бағып жүргенде, жанынан өтіп бара жатқан қос аттының бірі: "Әлібек қартайыпты, әділдігінен айныпты" деп ренжіп бара жатқанын естіп қалады. Төле олардың алдарынан шығып, сәлем беріп: - Оу, ағалар, әкем Әлібектің билігіне ризамысыздар жоқ, наразымысыздар? - дейді.
- Наразымыз, балам. Әкең әділ билік айтпады.- Ендеше қайтыңыздар.Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде бала Төле:- Ата, билікке екі жақ бірдей риза болу керек. Әйтпесе, ол әділ билікке жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, - дейді.- Олай болса, балам, осы даудың билігін өзің айтып берші?Төле әуелі таластың мәнін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт ботасында жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуен ішінен танығанын айтады.- Бұл өтірік айтып тұр, - дейді керуенбасы саудагер. -Ал, енді, жігітім, "тапқан қуанады, таныған алады"деген, сен таныдым дейсің, қалай таныдың?
- Менің танығаным, - дейді ол. - Түйем туар уақтысына жақындаған кезде бошалап кетті. Бір жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайында боздап, ары-бері кезіп жүр екен. Ботасын қасқыр жесе де, шала туса да кетпес еді. Сонысына қарап, ботасын біреу алып кеткенін түсіндім. Содан бері жүргінші көрінген түйеге көз салып жүруші ем, көрген бойда Таныдым. Төле ойланып отырып:- Сол танып тұрған аруананың енесі бар ма? - дейді.- Бар.Төле қарсы жаққа қарайды.- Иә, саудагерім, сөйле.- Бұл өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзіңізді айтыңыз. Іштегі ботаны танимын дегенге адам сене ме?- Енесі бар ма түйенің?- Туған енесі бар.- Онда екеуің де енелерін алып келіңдер? Дауласқан екеу бесті атандарының енесін алдырады.
Төле:
- Атанды тізгіндеңдер де тақымына қыл бұрауды салыңдар, - дейді. Жұрт айтқанын лезде орындайды. Бесті атанның тақымына қыл шылбырды салып, шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын жұла-мұла бақырып жатқан атанның үстіне түсе қалады. Ал саудагердің түйесі орнынан қозғалмай, жайымен күйсеп тұра береді.- Ау, халайық, көріп тұрсыздар. Мына жануар шын анасы екен, не дейсіздер?
- Рас, аруана ботасын танып тұр. Төлежанның бұл әділдігіне ризамыз, - деседі жұрт. Төле саудагерге қарап:
- Ә, саудагерім, мынау хайуан да болса әділетін халықтың алдында көрсетті. Атанның кімдікі екеніне халықтың көзі жетті. Сен енді құтыла алмайтын болдың. Күнәні мойынға алған жеңіл. Мына халықтың алдына шығып шындығыңды айт.
- Оу, халайық, осыдан бес жыл бұрын жайлаудан қалаға қайтып келе жатып, жапан түзде, бір төбенің баурайында боталаған түйенің үстінен түстім. Ботасы аяқтана алмай, жығылып, тұрып жатыр екен. Түйені алсам, сіңіре алмаймын. Жолда ел көріп. "Пәленше саудагер алып бара жатыр" дейді. Мына ботаны алып кетсем, ешкім білмейді. Алашаға ораймын да, қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан кейін түйе боп шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп сол ботаны алып кетіп ем. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, - деп мойындапты. Міне, Төле би дауды осылай шешіп, жұртты риза етіпті.
1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр:
- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:
Атадан ұл туса игі,Өзі біліп тұрса игі.Ата жолын қуса игі.Жаудан бұққан немені,Өзіне келер ұятын,Ортасынан қуса игі! -
деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:
Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар...Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға,Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп,Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар?- Құлдық ұрсаң дұшпанға
деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.
Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне - саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.
- Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? - дейді байға.
- Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, - депті амалы құрыған бай.
Іргелес отырған Жанту жөне Жантас аулының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кеңесіне мойынсұнбайды. Осыны естіген би араздасқан жігіттерді шақыртады. Төленің үйіне екі жақтан келген екі жігіт аттарын бір казыққа байлап үйге кіреді. Тізе бүгіп, биге қол беріседі: Би ләм-мим демей, екі жігітпен сыртқа шықса, екеуінің аттары бірін-бірі қасысып тұр дейді.
- Япырм-ай, мына екеуінің татуын қарашы? - дейді Төле қасынып тұрған аттарды көріп. - Кекілдері де келісті екен.
Бидің осы сөзінен екі жігіт қол алысып, татуласады.
- Жолдарың болсын! - дейді оларға Төле би.
Той-тамашада бір жас келіншек төңірегінен именіп, өлең айта алмай отырады. Еріне жаутаңдап қарай береді. Күйеуі жайсыз, оған өлең айтуға тыйым салып қойған екен.
- Қыз кезінде алдына жан салмайтын әнші еді, енді суға түскен тауықтай боп отырғаны, - дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап.
- Тұзаққа түскен бұлбұлдан, еркін жүрген торғай артық, - дейді би.
- Ол не дегеніңіз, Төке?
- Торға түскен бұлбұл қайдан сайрасын?
Мұны есіткен әлгі келіншектің күйеуі Төле бидің алдына келіп, кешірім сұрайды.
- Биеке, түсіндім сөзіңізге. Бұдан былай бұл мінезімді тастайын. Келініңіздің беті ашық!
Таздар мен Сүлгетай елінің арасында біраз жылдан бері бітімі созылып келе жатқан жесір дауын шешіп аулына қайтып келе жатқан Төлe би қасындағылармен Бөген өзенінен өте бергенде анадай жерде келе жатқан бір топ қыз, келіншектерді байқайды. Жақындай бергенде әлгі кыз, келіншектер аттарынан түсіп, олардың алдын кесіп өтпей ізет қылып тұрып қалады. Төле би оларға жақындап барады:
- Бәрекелді, өркендерің өссін, қай ауылдың балаларысыздар?
Қыздардың біреуі:
- Досай аулынанбыз,- деп жауап береді.
- Алдақашан өтіп кететін едіңдер, аттарыңнан түсіп бізді неге тостыңдар, бір шаруаларың бар ма еді?
- Шаруамыз жоқ, ата, - дейді әлгі қыз, - үлкен кісілер айтушы еді, кісінің алдын кесіп өтпе, оларға ізет қылып сәлем бер - деп, сіздердің жастарыңыз үлкен, араларыңызда касиетті қариялар бар шығар, жолын кеспейік, аттан түсіп сәлем берейік деп, сіздерді сыйлап тұрғанымыз ғой.
Қыз жауабына риза болған Төле би, енді қыздың аты-жөнін білгісі келеді.
- Рахмет, қызым, көп жаса, кімнің қызысың, атың кім?
- Алакөздің қызымын, атым - Данагүл.
- Бәрекелде, қызым, өркенің өссін! Атың даналы болса, ақылың саналы болар түбі, - дейді де, Төле би жүріп кетеді. Былай шыққан соң оған ой келеді, қасындағыларға:
- Аттың басын қыз аулына бұрыңдар. Алакөз кандай адам екен, білейік. Сөйтеді де, бәрі Төрткүлдің жазық даласымен жүріп отырып, бір ауылға жетеді. Шеткері бір үйден Алакөздің үйі қайсы деп сұрайды. Ақ қалпақты жас жігіт:
- Алакөз жәкемнің үйі анау түрған қараша үй, - деп сілтеп жібереді. Төле би бәрі сол үйге барып аттан түседі. Момақан ғана Алакөз байдың жылқышысы екен. Топ аттылыны көргенде сасқалақтап, қалбалақтап қалады. Көршісінен бір қой қарыз алып сояды, алдына барын жайып күтіп алады. Сол заматта "Алакөздің үйіне бір топ аттылы кеп түсті. ішінде атақты Төле би бар" деген сөзді естіп қара батырдың жылқылы байы Алакөздің үйіне барып, Тәкеңе сөлем береді.
- Ау, биеке, менің сегіз қанат ақ үйім тұрғанда жылкышымның қара лашығына түскеніңіз калай? Мен сіздерді шақырып келіп тұрмын. Тай соямын, қымыз сапырамын. Алакөздің үйінде жағдайларыңыз болмайды, көне жүріңіздер? - дейді. Сонда Төле би:
- Байеке, әуре болмаңыз. Сіздей байлардың үйіне түсіп жүрміз ғой. Бір жолы Алакөз сияқты кедейлердің де үйін көріп қойғанымыз теріс болмас, - деп оған көнбепті.
Ет пісіп, кісілердің алдына табақ тартылыпты. Төле бидің алдына бас қойылыпты. Би "биссимилла" деп бастың құйқасынан дәм ауыз тиіпті де:
- Алакөз інім, балаң бар ма?
- Балам жоқ, Данагүл деген қызым бар.
- Сол қызыңды бері шақыршы?Ошақ басында самаурын қайнатып, шешесіне қолқабыс тигізіп жүрген Данагүл үйге енеді. Төле би бастың құйқасын қасқалап кеседі де, бір кұлағын, тіліп, таңдайын алып қызға береді де, мынадай тілек айтады:
- Шырағым, құлақ бергенім - бас ием бол дегенім. Тіл мен таңдай бергенім - іштегі құпиямды айттырмай тауып, шешіп отыратын шешен бол дегенім, - депті.
Қыз:
- Рахмет, ата, тілегіңіз қабыл болсын, - деп, шығып кетеді. Бата беріледі, дастарқан жиылады. Енді Төле би Алакөзге қарап:
- Сенімен құда болғым келіп отыр, бұған қалай қарайсың? - дейді. Жаппарқұлда жан бар ма, бүкіл елді аузына каратып жүрген Төле бидей кісі солай деп қолқа салып отырған соң. Алакөз мақұлдап ризашылығын білдіреді. Көп үзамай-ақ екі жақ тойын жасап, Данагүл Төле биге келін боп түседі. "Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан" демекші, Данагүл өзінің ақылды, әдептілігімен бір ғана би атасына емес, бүкіл ауылға жағады. Атасы билікпен, ел қамымен жүргенде, Данагүл ауыл адамдарын, өзінің құрбы-құрдас, абысын-ажындарына ақылшы, бас-көз боп жүреді.
Данагүлдің ақылды, сезімталдығын, Төле би атасының ішкі ой-сезімін, емеурін-тұспалын айтқызбай түсінетінін ел былай аңыздайды:
Бір жолы Төле би Мойынқұм жайлауындағы елдің дау-дамайын шешіп жүріп, аулына қайтпақ болады. Қасындағы жігітіне:
- Қай жолмен жүрсек екен? Бір жол бар, ел жағалап жүретін. Онымен жүрсек ауылға он күнде жетеміз. Бір жол бар, шөл аралап жүретін. Ол жол төте ауылға бес-ақ күнде жетеміз.
Жігіт:
- Ел жағалап, қона жатып жүргенше, төтесінен күн-түн демей жүріп отырып, елге ертерек жеткен дұрыс-ау, биеке. Ауылда сізді күтіп түрған шаруа да аз емес шығар.
- Сенің айтқаның жөн екен, олай болса тарт сол төте жолмен, - дейді би. Сонымен екеуі бұйрат-бұйрат құмды кешіп жүріп кетеді. Үшінші күні кұдық басында отырған жалғыз үй түйешіге кездеседі. Одан сусындап, аттарының белін суытып, жемдеп алады да, тағы ілгері жүреді. Түнделетіп саймен келе жатқанда бір топ қарақшылардың қолына түседі. Жол торып жүрген қарақшылар екеуін аясын ба, аттарынан аударып, киімдерін тонап алады. Екеуін екі түп сексеуілге матап тастайды. Олар өздерінің кім екенін қарақшыларға айтпайды. Төле қарақшыларға былай дейді:
- Әй, жігіттер, сендерге біздің жанымыз керек пе, жоқ малымыз керек пе? Егер жан керек болса, көп азаптамай өлтіріңдер, ал мал керек болса, мәмлеге келейік, бізде сендерге жететін мал бар. Алдарыңа айдатып әкеп берейік, бізді босатыңдар.
- Әрине, бізге мал керек, - дейді қарақшылардың бастығы, - біз осы шөл далада мал табу үшін жүрмегенде, не үшін жүрміз. Бірақ сендер малды қайдан тауып бересіңдер? Бізді алдап кетіп жүрерсіңдер.
- Менің аулымда, - дейді Төле, - сендерге жететін мал табылады. Мен бай адаммын. Бірақ сендер енді ауылға жібермейсіңдер әрине, сенбейсіңдер. Олай болса былай етіңдер. Біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып берейін. Хатты былай жазамын: "Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 қүнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Және оң босағамда тығулы жатқан алтынымды, сол босағамда жатқан күмісімді де қоса беріп жіберіңдер".
Қарақшылар орталарынан екі жігітін шығарып, олардың киімін кигізіп, аттарына мінгізіп, қолдарына хатты беріп жібереді. Екеуі салып ұрып Төле бидің аулына жетеді. Хатты табыс етеді. Екі жігітгі "біз малымызды жинастырғанша, тыныға тұрыңдар" деп, бір оңаша үйге түсіреді. Ауыл адамдары хатты олай оқып, бұлай оқып ештеңе түсінбейді. Сенбейін десе, хатты өз қолымен жазыпты, киімін кигізіп, атын мінгізіп жіберіп отыр. Сенейін десе, "40 құнан атан, 20 бура, 8 ак бас атан, оң босағадағы алтын, сол босағадағы күміс" дегені несі? Деп бәрі дал болып отырғанда Данагүл келіп атасының хатын оқиды.
- Сіздер атамның бұл хатына түсінбей отырсыздар. Мен білсем, ол кісі 40 қарақшының қолына түсіп калған болу керек. "40 құнан атан" дегені - 40 мықты жігіт, "20 бура" дегені - 20 палуан, "8 ақ бас атан" дегені - 8 ақсақал кісіні балам менен келінім ертіп келсін дегені ғой."Алтын дегені" - баласы, "күміс дегені" - келіні мен шығармын. Қой, тезірек аттанып барып құтқарып алайық.
Данагүлдің тапқыр даналығына ауыл адамдары риза болып, оның айтқанын орындайды. Хатта көрсетілген малды екі қарақшыға айдатып, Төле бидің баласы мен келіні бірге жолға шығады. Олар ұзай берген соң артынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсакал, көрінбестен еріп отырады. Жақындай бергенде Данагүл екі карақшыға:
- Сіздер озып барып хабар беріңіздер, біз малды жая жүріп кешке қарай жетеміз, - дейді. Екі қарақшы шабуылдап барып. "Мал келе жатыр" дейді. Өзге қарақшылар "мол олжаға кенелетін болдық" деп аттарын коя беріп, жайбарақат жата береді. Ел жатып, олар ұйқыға кіріскенде, 40 жігіт 20 палуан бәрі сау етіп, қарақшыларды сойылдап, байлап бәрін қолға түсіріп алады. Сонда Төле би пенде болған қарақшыларға:
- "Келер кезек, өмір - біреу, кезек - екеу" деген осы, жігіттер! Кеше мені тұтқындап едіңдер, бүгін сендер қолға түстіңдер. Дүние кезек деген осы. Сендер шөліркеп жатқан жалғыз-жарымды тонайсыңдар. Елді зар жылатып малын талайсыңдар. Біреудің бермесін тартып аласыңдар. Адал еңбек етпейсіңдер. Шөл далада қаңғырып, қатын жоқ, бала жоқ, ит қорлықпен күн көресіңдер? Қанша жыл карақшылық қылсаңдар да құтаймайсыңдар. істегендерің ұрлық, ал ұрлық түбі - қорлық. Қойға шапқан касқырды ұрып ал ар болар. Сендер де бір - қасқыр да бір. Сендердей ұры-қары карақшыға не істесе де болар еді, өттең! Амал қанша, сендерге өлім сыйлағанша, өмір сыйлағым кеп тұр. Мен Төле деген билерің боламын. Тілімді алсаңдар, тәубаға келіңдер. Қарақшылықты қойыңдар! Адал еңбек етуді ойлаңдар. Бала-шағаға карап, ел қатарлы тірлік етіңдер, ұрпақ өсіріңдер! Үйлі-жайлы болып, мал жинап, егіс егіп күн көрейік десеңдер мен сендерге көмектесемін, камқор боламын, жер беремін, мал беремін. Егер менің айтқаныма көнбесеңдер, өз обалдарың өздеріңе! Кәне, не істейсіндер! Өлім керек пе, өмір керек пе!Төле би осылай дегенде, карақшылардың бастығы қара шойтпақ бұжыр бет нардай жігіт бидің алдына келіп басын иеді:
- Айналайын би-аға, сіздің бұл сөзіңізге түсіндік: біз көндік. Рас айтасыз, ұрлық қылғаннан тапқан пайдамыз жоқ. Тек қана елдің қарғысына калдық. Осы қырық жігіт туғаннан карақшы боп туған жоқпыз. Біріміз ойдан, біріміз қырдан, жоқшылық, зомбылықтың салдарынан жиналып ұры-қары боп кетіп едік. Сөйтіп елден, үйден безіп, аш бөрідей шөл даланы кезіп, ұрлық-зорлықпен күнімізді өткізіп жүрдік. Енді міне, сіздей қамқор, әділ кісіге кездесіп тұрмыз. Лайым айтқаныңыз келсін. Біз сіздің соңыңыздан ердік. Сіз не десеңіз, соған көндік. Керсен алдыңызда, кездік қолыңызда, бар шынымыз, сізден тілегіміз осы, би-аға! - Бастықтарының осы тілегін мақұлдап, өзге жігіттер шу етіп, биге тұс-тұсынан өтініш-алғыстарый жаудырады.Төле би сөйтіп өзін тұтқындаған қырық қарақшыны тәубаға келтіріп, еліне ертіп барады. Біріне қой баққызады біріне түйе баққызады. Бірі егіс егіп, диқаншылықпен айналысып кетеді. Ұстагершілік, етікшілік, зергерлік қолынан келетіндеріне дүкен тұрғызып, жағдай жасайды. Бәрі де адал еңбекпен шұғылданып, Төле бидің ел-жұрттары атанып кетеді.
Төле би мен Әйтеке би Ормамбет биге Қасқа көл дауы жайлы хат жазады. Ормамбет екеуіне хатпен жауап қайырады. Халық жиналып бір олай, бір былай сөйлесіп, ақырында үй тігіп сөйлесуге келіседі: Қасқа көл жағасында жиырма үй тігіледі. Ормамбет келіп Төле мен Әйтекеге сәлемдеседі. Сонда Төле:
- Ей, Ормамбет! Мен әлі тірімін, өлгем жоқ. Бұдан бұрын неше сәлем айтсам да келген жоксың, ер кетер, жер жетер. Ей, Ормамбет, сен бізден кіші боласың, сен ілгері барасың, біз кейін келеміз, сен жас едің, көңілдегіңді аларсың! - дейді.Әйтеке де Төленің сөзін қостап:
- Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, батыр болып найзаң тимесе, жұрттан ала бөтен үйің күйсін, - деген. Бізге кейінгілер осыны айта ма деп қорқамын, - дейді. Сонда Ормамбет:
- Екі би, айтқан сөзің жарасады, еншіге әркімдер-ақ таласады, бұл Қасқа көл орта жүздің көлі еді, айтқандарың қиянатқа жанасады. Қанағатсыз билерді қабан деген, қамшылатқан жүйрікті шабан деген, біреудің ақысына зорлық қылса, акыретте мұндай істер жаман деген, - дейді.
Төле би айтады:
- Ей, Ормамбет, сен бізге Қасқа көлді бер. Қасқа көл рас саған жақынырақ. Бардан пайда, жоқтан задал деген, не берсе қайырын тілеп көріңіз. Үш жүздің ортасында Қасқа көл бар, әр жерде су ішетін басқа көл бар, үш бөліп енші қылып алысайық, жер жетер, көңіліңді ұстама тар.Үшеуі олай сөйлесіп, былай сөйлесіп келісе алмайды. Ормамбет екі биге ырық бермеген соң, Төле қатты сөздер айтады. Дау бітпей, Ормамбет еліне қайтады. Үйіне келген соң даудың мән-жайын бастан-аяқ сөйлейді. Сонда Ормамбет бидің анасы:- Балам, карт билерді бекер ренжіткен екенсің, әліде болса, тілімді алсаң, Қасқа көлді бөліп бер, - дейді. Анасы айтып қоймаған соң Ормамбет көнеді. Үй тігіп, тоғыз бие сойып, Төле мен Әйтекені шақырады. Сонда Төле би:- Билер жақсы болса, білім иесі батыр даты, жаман болса сал бөкселі қатын даты. Әйел жақсы болса, елдің басшысы емес пе?! Бүрынғылар осылай демес пе? Қасқа көлді алам деп келіп едім, Ормамбет бермеген соң өліп едім. Жетпіс жасқа келгенде сөзім жерде калып, мәңгіде тірілмейтін өлік едім, жеңгей! Мені тірілттіңіз, енді балаңызға бата берейін, - дейді. Сөйтіп, билер Қасқа көлді ынтымақпен бөлісіп, ел ризаласып тарқапты.
Сыйқым елінде бір байдың үлкен баласы ұрдажық даңғазалау екен. Көрші ауылдың өзі сұлу, ақылды қызын алмақ болады. Тәрбиелі қыз оның ниетіне қарсылық жасап, өзін аулақ ұстап жүреді. Бір жолы оңашада қызды ұстап алып, мойнына қыл шылбырды салып буындырмақ болады. "Шылбырыңды тарт әрі, мойнымның кытығы бар" депті сонда қыз өжеттеніп.Осы оқиға ауылға тарап кетеді. Жігіт әкесі намысқа тырысып Төлеге келеді. Бай қызының қалай болған күнде де баласының тұзағына түсетінін айтады.- Қыз тілімен түйілген түйінді, балаң тісімен шеше алмайды, - депті сонда шешен.
Төле би заманы қиын кезеңде жаугершілікте өткен. "Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Тәуке ханнан кейін қазақ хандығының ыдырай бастауына байланысты Төле би ендігі жерде Ұлы жүзді билеп, жоңғар басқыншыларына тәуелді болды. Оларға алым-салық төлеп түрғанымен Төле би саяси билікті өзінше жүргізді. Қазақ қауымдарын біріктіріп, оларды жоңғар феодалдары езгісінен азат етудегі оның қызметі айтарлықтай. Кейбір деректерге қарағанда, Абылай сұлтанның көтерілуіне Төле би ықпал жасаған.
Төле бидің түйесін жайып жүрген Сабалақ атты баланың қалайша Абылай батыр (кейін хан) дәрежесіне жетуін ел әлі күнге дейін аңыздап келеді. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығын жеңуде Төле би шешуші рөл атқарғаньі тарихтан белгілі. Әсіресе қазақ халқының "Ақтабан шұбырынды" кезінде ол Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек тағы сондай атақты батырлармен бірлесе, ақылдаса отырып, қалайда жауды жеңіп шығудың жолдарын қарастырды, яғни сол бір азаттық майданды өзі тікелей басқарды. Сондықтан ол бүкіл қазақтың Төбе биі аталды. Өзге билер оны ата санап, сыйлап, сөзін тыңдап өткен....Төле би өз дәуірінде белгілі батырлар мен билердің, тіпті хандардың бір сыпырасына акылшы болған. Оның Абылай, Жолбарыс, Өтеген, Тәттібай, Құттыбай сияқты батырлар, Тайкелтір, Есей, Досай тағы сондай би, шешендерді жас кезінде баулып, сынап тәрбиелегені, олардың болашағын болжағаны туралы аңыз, өңгімелер аз емес.
Төле би бір жұма намазда өзінің би, болыс, жүз басы, мың басыларымен Түркістанға келіп, Қожа Ахмет Иассауи мешітіне кіреді, намазға тұрады. Намаз тамам болған соң, мешіт бөлмелерін аралап, құдайы садақасын беріп, көпшілікке қарап былай депті:- Біз бүткіл ұрпағымызбен Ақсақ Темірге алгыс айтуға тиіспіз. Және оның аруағы алдын да қарыздармыз. Ол біздің елге зор жаңалық әкелді. Қожа Ахмет Иассауи күмбезін тұрғызды. Мұндай ғажап күмбез бұрын-соңды жұртымызда бой көрсеткен емес. Бұған дейін даламыз өлі секілді еді. Ақсақ Темір сол әлі даламызды шырқ ұйқыдан оятып, екінші Мекке салдырды. Меккеде - Мұхаммед. Түркістанда - Қожа Ахмет. Бүл екеуінен құдіретті, киелі әулие жоқ. Осындай халқымызға жақсылық сыйлаған қолбасшының әруагына әр дайым дұға оқып, оны еске аламыз". - Мұндай ақылды нақыл сөз, өсиетнамаларды кезінде Төле би көп айткан.
Төле би мен Орта жүздің аға биі Қазыбек Келдібекүлы, Кіші жүздің аға биі Әйтеке Бөйбекүлы бәрі Әз-Тәуке ханның бас кеңесшісі, ақылшысы болды. Төле би "Төукенің Түркістан қаласын орталық етіп, үш жүз ұлыстарын бір орталыққа бағындыруға, сөйтіп бірегей қазақ хандығын нығайтуға жоңғар-ойрат шапқыншылықтарына қарсы бауырлас қазақ, карақалпақ, кырғыз және өзбек халықтарының жауынгерлік одағын құруға бағытталған шараларын жүзеге асыруға қатынасады. Ол Россиямен Ұлы жүз арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді"
Төле би қазақтың ежелгі құжаты "Жеті жарғы" әдет-ғұрып заңын жасауда жетекші рөл атқарған. "Жеті жаргыдағы" жер дауы, жесір дауы, күн дауы тағы осындай ел арасында бола беретін айтыс-тартыс, дау-дамайлардың көптеген тарам-тармақтары сол Төле би ұсынысымен қабылданғаны аян. Сол "Жеті жарғы" құжаты ел арасындағы әдет-ғұрып дәстүрлерін бұзушыларға тыйым салуда елеулі қызмет атқарады.
Жоңғар шапқыншылығынан жосыла көшкен қазақ елінің алды Жиделі байсынға, Хиуа, Бұқар, Ташкентке жетіп бекініс құрғаны тарихтан мәлім. Қалдан Церен жендеттері өкшелей қуып, қазақтарды ол жерден де тайдырмақ болады. Тағы да көш-қон, тағы да босу. Осы бір қиын-кыстау кезеңде ел басшысы Тәуке хан қайтыс боп, Төле би жалғызсырап калады. Ол ел-жұртқа: "Енді жаумен табан тіресе күресеміз, көшпейміз. Арық казындар, егіншілік кәсіпке көшіңдер!" деп ұран тастап, өзі бастап көшпей Ташкентте отырып алады. Елді отырықшылыққа, егін егіп, тірлік етуге үндеген Төле бидің сол бастамасы шежіреші акын Қазанғап Байболұлының "Төле бидін тарихы" аталған дастанында былай жырланған:
- Қоймайсың көш деп халқым-ау, Біреуің емес барлығын. Менде қасірет көбейді, Енді айтайын анығын. Әз Тәуке, Әзіз Төле би едім, жұбымнан мен айрылдым. Акылымнан егілдім Күтсем деймін моласын Көпшілік күйге саласың. Халайық, жолға кірсекші Жер емшегін емсекші. Орнықты болмай болмайды "Арпа-бидай - ас" деген, "Алтын-күміс - тас" деген. Қазыналы-гауһар зеріңнен Төрт түлік жиған малыңнан, Күндердің күні келгенде, Бір үзім артық наныңнан. Қалмасын деп ем бекерге Мынау жеті арығым,Аяқты малға сенбегін, Бір борандық деген сөз, Опасы аз жиған малыңның. Үш жүз боп енші бөлгенде, Бабама тиген жерағаш. Отырықшы ел болсаң, Тойынар еді қарны аш. Киінер еді жалаңаш, Тәңірі не дер бекерді. Еңбек етпей болмайды, Үлгілі сөз бұл рас. Болмайды бектік шын мирас, Осыны айтып болды да, Құшақтап Тәуке моласын, Төле би қатты жылады. Көшіп, қашып ілгері, Қазақ нені көрмеді? Қайда жүрсе Төле би, Отырықшыны ойлаған, Жобада сондай сөз еді.
Төле биді тек қана қазақ халқы емес, өзбек, кырғыз, қарақалпақ, тәжік елдері де дуалы ауызды әулие кісі, бас биіміз деп, оның есімін осы кезге дейін қастерлеп еске алады. Тағы бір мынадай аңыз бар:
Жоңғар басқыншылары өрттей қаптап, қазақ жерін таптап, келе жатады. Қамсыз малын бағып отырған ел тым-тырақай босып үдере көшеді. Сонда жалғыз-ақ бір үй түтінін түтетіп отыра береді. Жоңғар қоңтайшысы батырларын жұмсап:- Анау жалғыз үй неғып көшпей отыр, - барып біліп келіңдер! - дейді. Келсе, ол Төле бидің үйі екен. Жоңғар жігіттері өкіреңдеп:- Жұрттың бәрі көшіп кеткенде, сен кімсің, неғып отырсың?!Төле би олардың алдынан шығады:- Жігіттер, сабыр етіндер! Алдымен үлкен кісіге сәлем қайда? - Әдет- дәстүрден бір сүрінген олар сәлем беріседі.- Енді тыңдаңдар, - деп сөз бастайды Төле би - шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сарыауыз балапандарын қанаттандырып өргізіп кеткенше мен еш жаққа көшпеймін. Қарлығаш - қасиетті құс, адам баласының досы. Сендер білесіңдер ме.Ертеде дүние жүзін топан су қаптағанда Нұх пайғамбардын кемесін суға батудан аман алып қалған осы қарлығаш! Адам баласына қастандық жасамақ болған жыланнан да корғап қалған осы қарлығаш! Мен жау келді деп үйімді жығып, оның ұясын бұзып балапандарын шырылдатар жайым жоқ! Сендердің де бала-шағаларыңды улатып-шулатып қырып, қырғын-сүргін қылып жатса, жақсы көресіңдер ме! Бар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар!Жоңғар жігіттері барып Төле бидің осы сөзін айтса, Қоңтайшысы:- Ол әулие адам екен, оған тимеңдер, оның төңірегіндегі елін де қозғамаңдар! - депті. Содан былай қарай Төле би "Қарлығаш әулие" атанып кетіпті.Тәуке хан өлген соң орнына оның баласы Болат хан сайланады. Ол "билер кеңесінде" әкесіндей басшылық ете алмайды. Бүкіл халық болып "билер кеңесін" басқаруды, өзге хан, билерге жетекшілік етуді Төле биге жүктеді. Сөйтіп ол ақылшы аға, Төбе би болып белгіленеді. Жауды қалайда тезірек жеңу, сөйтіп қазақ даласына бостандық орнату жолында билігімен бірге әскери басшылықты да өз қолына алады. Қазыбек биді Арка жағына, Жүсіп, Әйтеке билерді алшын, қыпшақтар арасына, Сасбұқа биді қарақалпақ, Көкім биді қырғыз елдеріне жібереді. Өзі Саржан, Есей, Досай, тағы бірқатар билермен Қаратау, Алатау елдерінен қол жинап, мың-мыңдап жасақ құрады. Ол жасақ әскерлерге Абылай, Бөгенбай, Қабанбай, Барақ, Жолбарыс, Малайсары, Сәмен, Тәттібай, Қойкелді, Саңырақ, Тайшық, Құдайназар, Жарықбас сияқты ержүрек атақты батырлар басшылық етеді. Міне, осындай зор дайындық пен ұйымдастырудың нәтижесінде қазақ халқы Жоңғар-ойрат шапқыншылығының быт-шытын шығарып жеңіп шыққан.Бейбіт тыныш жатқан ауылға жоңғарлар шауып, мал-мүлкін тонап, ел- жұртын қиратып кетеді. Жау қорлығынан тоз-тоз болған ел-жұрт таулы жерге қашып, жан сауғалайды. Босқын халық арасында екі қабат жас келіншек бесікті арқалап бара жатады. Қара жолда Төле мен үзеңгі қағысып келе жатқан егде кісі:- Мына бишараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқанын-ай, - дейді.- Баланың бесігі - кең дүниенің есігі! - депті сонда ақылгөй Төле.
Жаугершілік ойраны тынышталған бір күндері ел-жұрт малын, бала-шағасын іздестіре бастайды. Жұртта қалып кеткен бір кемпір екі-үш айлық нәрестені тауып алып бауырына басып, көш ізімен жүре береді. Бәрі бір ауылға келіп жетеді. Жап-жалаңаш бөбекті ешқайсысына бермейді. Екеуін ертіп биге келеді.Төле кемпір құшағында шырқырап жылап жатқан баланы әуелі аққұбаша келіншекке береді. Ол нәрестенің бетінен сүйіп, арқасынан қағады. Бірақ бала жылағанын қоймайды. Енді би баланы қара торы келіншекке ұстататады. Бұл келіншек нәрестені бауырына басып, құйрығын шөпілдетіп сүйген кезде бала жылағанын бірден қояды.
- Бауырыңның жылуы кетпесін, - дейді би сонда қара торы келіншекке.
Жорықтан оралған жігіт Төле үйіне келіп, жол үстінде көрген-білгенін әңгімелеп отырады.- Ауыл іргесіне жақындай бергенде екі-үш жасар баласын мойнына мінгізіп, бір арқа шеңгелді арқалап келе жатқан әйелді кездестірдім. Тікенек үстінде отырған баланы ерге отырғызып, алдыма алайын десем, шешесінің мойнынан айрылмай қойды.Сонда Төле би:- Кірпікшешен баласын арқалап жүріп өсіреді емес пе?- Бұл не дегеніңіз, биеке?- Ананың тікенектей арқасы балаға мамықтай жұмсақ тиеді, - дейді Төле.
Жоңғарлармен ақтық айқасқа түскен кырық жігіт ауылға жеңіспен оралады. Екі-үш жыл қолында болған төрт түлік малды шұрқыратып айдап келеді. "Жаудан кайтқан мал олжа" деп халық малды бөлісіп алады. Ауылдың жалбыр шапаны, кен етікті, жалғыз есекті кедейі көп малдың ішінен өз түйесін тани кетеді. Бірақ түйені иемденген кісі оны кедейге бере қоймайды.Кедей Төле биге келіп, түйесінің белгілерін айтады. Оған байлардың жүгін артып, Самарқандқа екі-үш барып кайтқанын да тілге тиек етеді. "Әр сапарымда есекке мініп жетелеп жүрген түйем еді" деп те калады. Би түйені иемденіп жүрген адамға түйені жетектеп кел дейді. Ол түйені тайраңдатып қуып келеді. "Неге жетелеп келмедің" - деген сұрақ қойылған кезде түйенің жетекке жүрмейтінін айтады. Осы уәжден кейін би кедейге - түйені сен жетегіңе алып көрші, - дейді.Кедей есегіне мініп, түйе бұйдасын қолына алады. Сөйтіп ол жалғыз аяқ жолға түсісімен атан түйе артынан бүлкілдеп ере жөнеледі.- Түйе осы жігіттікі, - дейді Төле би калың жұртқа қарап.
Бір төре кедей адамға егін ектіріп, ақы төлемей, өзі пайдаланып жүреді. Кедейге бала-шағасын асырау қиын болыпты. Келесі күзде егін жақсы шығып, кедей егінді төреге айтпай жинап алыпты. Төре кедейді ұрып, басын жарыпты. Таяқ жеген кедей Төле биге арыздана барыпты. Төле кедейдің жағдайын естіген болса керек. Төрені шақыртып алып:
Таласқандарың кара жер, Қор болмасты ойласаң,Төрем, болдың босқа тер. Мүсәпірдің қақын бер, -Егіншіңмен айтысып,
деген соң әлгі төре ұялып, кедейдің ақысын беріп риза қылыпты.
Омаш ағашын өгізіне сүйретіп иен далаға шыкқан диқан Төлеге кездесе кетеді. Биден ол тары қандай жерге егілсе мол түсімді болатынын сұрайды. Ана жерге деп би алдындағы кұмдық жерді қамшы сабымен нұқып көрсетеді. Шаруа сол жерге тары тұқымын егеді. Орақ кезінде диқан мол түсімге қарық болып қалады. Қырманы тарыға үйдей боп үйіліп жатқан диқанға Төле келеді. - Құдайдың күні көп пе, әлде менің тарым көп пе? - дейді жалғыз өгізді шаруа дәулетіне мәз болып.- Әрине, сенің тарың көп, - депті сонда Төле.- Тарыны осы жерге егілгенде түсімді болатынын қайдан білдіңіз?- Тары өз жаулары: құрт-құмырысқасы, тышқаны, торғайы көп жерге жақсы шығады - депті Төле би.
Қазығүрт тауының баурайында өткен ас-тойдан Түркістанға қайтып келе жатқан Төле би, Есейхан би бастаған бір топ игі жақсылар жолда Қарабас өзенінің бойындағы сазда бие байлап отырған Досай би аулына ат басын бұрады. Аталас, ағайын би, болыстар бірер күн қона жатып, ел жағдайынан біраз әңгіменің басын қайырады. Ел арасындағы кикілжің жанжал, кейбір бозбалалардың жағымсыз мінездерін есіткенде Төле би былайша термелепті:
Арғымақ баптап не керек, Жабы қуып жеткен соң,Ағайын-туған не керек, Аңдысып күні өткен соң.Бес күн жалған өтеді, Ажал қуып жеткен соң.Бір төбенің басына тыға салып кеткен соң. "Сөйле, Төле" дейсіздер, Жастар бар ма тыңдайтын?Бұрынғыдай жұрт кайда, Айтатын оны біз қайда?..
Сол жолы Төле би өзінің Тұрсынбай, Құттыбай дейтін батыр жігіттеріне қарап былай депті дейді:
- Асып тусаң Керей бол, Үш қазакқа мерей бол.Уақ болсаң Шоға бол, Даулы істе жорға бол.Арғын-Қыпшақ болсаң Алтай бол.Найман-Қоңырат болсаң Матай бол Байұлы болсаң Адай бол,Үйсін болсаң Ботбай бол Бұл алтауы болмасаң,Қалай болсаң солай бол?
Ташкенттің Шыршық жағындағы қыстақта бір бай молда тұрады екен. Ол елге жағымсыз, тілемсек, өзі сараң және қарынды болыпты. Сол мінезі үшін ол бірер кездескеде Төле биден сөз естіп ықтап жүреді екен. Төле би түйесін бағып жүрген жігітін бір жақка жұмсап, түйесін өзі қайырып келе жатса, алдынан есек мінген баяғы сараң молда кездесе кетіпті. Ол Төле бидің түйеге мініп, түйесін өзі қайтарып жүргенін мазақ еткісі келеді:- Ау, биеке, түйені өзіңіз бағып жүргеніңіз қалай, түйешіңіз жоқ па еді?- Өз малый өзі баққан ар-намыс болып па!Төле бидің ел қамын ойлап, күн-түн ұйқыдан безіп, жүдеңкіреп жүрген кезі болса керек. Әлгі молда тағы да кекете сөйлепті:- Өзіңіз әбден арықтап, тұралап бітіпсіз ғой.Сонда Төле би оған:- Өлеңді жерде өгіз семіреді,Өлімді жерде молда семіреді, -деген, менің не үшін азып жүргенімді сендей ақымақ қайдан білсін, - деп жөніне жүре беріпті.
- Ел басшысы болу, елге жағу қиын, - депті бір әңгімесінде Төле би, - ілгеріде бір ханның дүйім жұртқа атағы шығыпты. Түс-түстан сәлем беріп келушілер жыл бойында таусылмайды екен. Сол хан бір күні той жасайды.- Жұрт не айтар екен? - деп ол жасырын адам қойыпты. Күнде екі-үш ауылдан келіп, той ұзаққа созылады.- Па, мынау байлығын бір көрсетті, күнде той. Тамағы май, жей алмадык, - деп жұрт жақтырмапты.- Не деді ел? - деп хан сұраса. — Хан байлығын көрсетті. Еті семіз, тамағы майлы болып, жей алмадық деді, - дейді тыңшысы.Хан келесі жылы сынамақ болып тағы той жасайды.- Майды азырақ салыңдар, сойыс мал семіз болмасын, - дейді. Ел тағы келеді.- Уай, бұл хан жас күнінде жетім боп өскен кедей еді. Бұл баяғы кембағалдығын танытты, - дейді халық берген етін арықсынып.- Бүл әркімге бірдей жаға алмайсың деген мысал сөз. Бірақ барлық елге бірдей бола алғанға не жетсін. Бар қажыр-қайратты, ақылды соған жұмсау керек, - деп доғарыпты Төле би.
Қарасай батыр Төленің әкесі Әлібекке келіп, конады. Екеуі әңгімелесіп отырғанда бес жастағы Төлені көріп, Қарасай маңдайынан сипап, "балам, сен үш жүзге билік айтарсың, мен өліп калармын. Кенже балам Көшекеге нақақтан бір күн дау жабысар, сонда сен арашалап аларсың" депті сәуегей баба.Төле би елу жасқа келіп Карасай айтқандай, елге тұтқа болған кезде Көшекенің ауылының сыртына кырғыздар бір жігітті өлтіріп тастап, күн даулап оны камалап жатыпты. Сонда "атамыз Қарасайдың сізге тапсырған аманаты бар еді" деп шадыраштылар Төле биге шауып барады. Төле би атқа қонып күн-түн демей Шымкенттен келіпті. Күн дауға шыққалы жаткан даугерлерге Көшеке "Құдай алдында мен ақпын" деп айтса сенбепті. Сонда Төле би даушыларға:- Егер Көшекенің осы антын аспаннан оның әкесі Қарасай қайталап айтса тарқайсыздар ма? - дейді. Даугерлер Аслан таудан "Көшеке ақ" деген үн шықса, күн дауды тастап кетеміз, - депті. Төле би:- Олай болса, ертең ертемен ауа тынық кезінде мынау іргелеріндегі тұрған Аспан тауға жиналыңдар. Көшеке де, мен де сонда барамыз, - дейді. Сөйтеді де өзінің қасына еріп жүрген батыр тұлғалы жігітін аруақтарша киіндіріп тау басындағыларға отырғызып қояды да, "Менің балам Көшеке ақ" деп ауық-ауық күңірентіп айқайлатып қояды.- Әне, Қарасай өулие айқайлап арашашы болып тұр, есіттіңдер ме? - десе, ауылдың аңқау шаруалары:- Есіттік, есіттік, ой аруағыңнан айналайын Қарасай баба! - деп дауласуды қойып еліне қайтыпты.
Өзі ақын жанды Төле би ақын, жыраулар мен әнші, күйшілерді жақтай да жанай жүрген.Қай елде талантты ақын, өнерпаз бар деп естісе, оған арнайы ат жіберіп алдырыпты. Бірнеше күн олардың жырын, ән- күйін жалықпай тыңдайды. Үстіне шапан жауып, ат мінгізіп, сыйлап аттандыратын болғаны. Ол әсіресе, оңтүстік өңіріне атағы жайылған Жанкел ақынды қасынан тастамайды екен. Жанкел асқан айтыскер, хиссапаз, жүйрік жырау болумен бірге, ас» тапқыр шешен кісі еді.Бір жылы Тале би ер жетіп, азамат болған баласына отау тігіп, үйлендірмек болады да, өзінің ойлас, пікірлес билерін шакырады. Арқадан Қаз дауысты Қазыбек, Атыраудан Әйтеке, Алатаудан Ескелді, Есей, Қаратаудан Досай, тағы сондай бірқатар билер келеді. Кімде кандай жақсы қыз бар деп ақылдасып отырғанда, Қазыбектің бір жақын ағайына өзінің қызын атап, құда болмақ ойын білдіреді. Сөйтсе, ол қыздың жайын Жанкел ақын сырттан біледі екен. Ол дереу, домбырасын шертіп-шертіп жіберіп, жырлай жөнепті:
Тобылғының түбінде торғай да бар, Бір жақсы мен бір жаман әрқайда бар.Екі жаман қосылса күнде керіс, Екі жақсы қосылар күн қайда бар?Мұңайтады жігітті малдың азы. Бейнет болар жігітке өмір - сауда,Көлдің сәйкес келмесе коңыр қазы әйел, еркек әр істі дана қылар.1с болар ма, жаманға шарақылар. Қандай еркек ақылды болғанменен бірақ әйел өмірін ада қылар...
Жанкелдің осы өлеңінен ол қыздың қандай екенін анғарған Төле би: - Маңдайы тайқыдан, көкірегі қайқыдан, ерні түріктен, аузы бүріктен, көзі көктен, сылтау көптен сақта Құдайым! - депті. Ол кыздың дәл Төле би айтқандай ұсқынсыз екенін көріп жүрген Қаз дауысты Қазыбек бір сөзге келместен Төле бидің көріпкел әулие екеніне тәнті болыпты да:- Сылтауыңыз сұңқардай, қаз бен үйрек дегдардай екен. Бұл сөз осымен бітті, - депті.
Төле бидің өзіне аумай тартқан бір ұлы 25 жасында кайтыс болады. Сонау Арқадан өзінің досы Қаз дауысты Қазыбек көңіл айтуға Түркістанға келе жатады. Қазыбектің келе жатқанын естіп, Төле би жылап жатқан ағайындарды тоқтатып таратыпты. Жақын жанкүйер мен қатын, бала, қыздарын да тоқтатып тастайды.- Көптен бері көрмеген жан жолдасым. Қаз дауысты Қазыбек келе жатыр дейді. Берік болындар, сыр алдырмаңдар, - деп Қазықұрттың жайлауында жатқан жылқыдан ту бие алдырады, Бөген-Шаянның сазына ақ үй тіктіріп, Қазыбектің алдынан екі жігітті тостырып, өзі алдынан шығып күтіп алады. Қазыбек жағы құшақтасып көрісіп, көңіл айтады. Төле би іштей қабылдаса да, сыр білдірмей, қайта көңілді сыңай білдіреді. Төле бидің бәйбішесі, өзге бала-шағасы, ағайын-жұрты да жылап-сықтамайды, бәрі жылы шыраймен Қазыбектерді сыйлап күте бастайды. Қазыбек жағы аң-таң, істің аяғын бағайық деген оймен отыра береді. Ал, Төле би болса, сән-салтанат құрғызып, ақын-жыршыға ән-жыр шерткізеді, өздерінің өткен-кеткен өмірлерін еткен билік, төрелігін айтып, екі күндей әңгіме-дүкен құрады. Екі күннен кейін аттанарда Төле би:- Ау, қадірлесім Қазыбек, бұйымтайың болса айт, - депті.Қазыбек:- Жүз көрген дидар ғанибет, ағаға сәлем бермек бізге міндет, - дей келдім, ешбір қалау жоқ, - депті.Төле би:
іздеп келер інің бар болса. Бақытың барын содан біл. Аңсап келер ағаң бар болса, Аруағың барын содан біл.Аларды біліп, бермегеннен без, Ел-жұрты қашып, ермегеннен без. Үйіне қонақ қонбағаннан без, Көптің айтқанына болмағаннан без,-
деп арғы атасы Жаныстан қалған наркескен қылышты Қазыбектің алдына қойып, бұлғын ішік жауыпты. Жолдастарына асыл шапандар кигізіпті.Сөйтіп, Қазыбектер енді жүрейін деп отырғанда, сырттан "Ой, бауырымдап" бір қауым ел ат қойып кеп қалады. Екі жақ азан-қазан кұшақтасып көрісіп көңіл айтысып жатады. Қазыбектер де олармен қайта көріседі. Енді кәдімгідей көңілдері босап, көздеріне жас алады. Қариялар тоқтам айтып, Құран оқиды. Қазыбек біраз сөйлеп болады да, сөзінің соңын:
- Ау, Төке, тұғырдан ұшқансұңқарыңа. Тұмұйық жұтқан тұлпарыңа. Түбін берсін Құдайым!Сіздей қазақ болар ма, Ойламайтын уайым. Қош аман бол, арысым, Тілектес боп тұрайын! -
деп түтіндеп аттаныпты, - деседі ел.
Атақты Қаз дауысты Қазыбектің Әлімжан деген баласы қайтыс болғанда Төле би бір топ адамдарымен барып көңіл айтады. Сонда:
-О, Қаз дауысты Қазыбагім!Қылыштың сабы кетіп, қабы қалды,Кім білген бұл ғұмырдың азы-көбін, Бедеудің жаны кетіп, жалы қалды. Батырдың ары кетіп, малы қалды. Өзі беріп ұлыңды өзі алды, Халықтың нәрі кетіп, сәні қалды. Бұл пенде бір Аллаға не Уа, Қазыбегім, нар көтермес қылады? -жұмыс болды...деп термелей сөйлеп, жұртты егілтіпті. Басын көтермей жатып қалған Қазыбек:- Е, е, қадірлі Теке, құдайға да, халқыма да ризамын. Әлімжаным туғанда Орта жүздің елі ғана құтты болсын айтып еді. Енді ол қайтыс болғанда үш жүздің баласы келіп қалып айтып жатыр. Бұған да шүкіршілік! - деп кеудесін көтеріпті.
Аққоян жылы кар калың түсіп, көктем созылыңқырап шығыпты. Алшын аулы қыстан жұтап, ашаршылыққа ұшырапты. Күйзелген ел тоқшылық жаққа ауа көшпек болғанда, Әйтеке би оларға токтам салыпты.- Қоныс аударып, бекерге боспаңдар, одандағы Төле би еліне оншақты кісіні астық әкелуге жіберейік, - деп, өзінің баласын бас етіп ауыл адамдарын аттандырыпты. Төле би бұл кезде Ташкентті билеп тұр екен. Келген ағайындарды қарсы алып, тойындырыпты. Көлігі көтергенше астық жинап, өзін сыйлас биіне селемдемеге алты кап бидай, бір жылқы сойыс беріпті. Төле би алшын жігіттеріне біраз әңгіме, аталы сөз айтыпты. "Ал, жолдарың болсын, елдеріңе, Әйтекеңе сәлем айтыңдар" десе, Әйтекенің баласы отырған орнынан қозғала қоймапты. Төле би:- Е, е, балам, жайша тоқталдың ба? - деп сұрапты.Сонда ол:- Әлгінде айтқан аталы өсиетіңіздің аяғын біліп кетсем деп, соған қарап отырмын, - депті.- Пәлі, балам, сөздің қадірін білетін есті бала екенсің, енді ол әңгіменің мәнісін таратып берейін. Жігіт адамға басты кесір - еріншектік, ортаншы кесір - ұйқышылдық, кенже кесір - кежірлік, тілазарлық. Осы үш кесір,әдет бір адамда болса, ол адам өмір бойы оңбайды, - депті.
Ошақты елінің бір батыры барымта кезінде Мамай Жәдігер аулының Құлназар деген жігітін өлтіріп, күн дауы басталады. Ақбура атасынан шыққан Бөрібай ақын сол оқиғаны былай жырлапты.Ошақты Құлназарға құн бермексің, Түлымды қыз бермексің,, айдарлы ұл бермексің,Алты атаң, алпыс жылқы пұл бермексің, Құлназар келіп елді ауылыңа ішім оттай күйеді баурыма.Алты атаң, алпыс жылқы пүл бермесең Егерде пүл бермесең, қүн бермесең,бермесең - Есекем таңба басар сауырыңа.Акынның Есекем деп отырғаны Есенбай, Есмамбет батырлар екен. Ошақты кісілері бұл сөзді құл атына қыстырмайды. Жыл артынан жыл жылжып өте беріпті. Сол құнды даулап 14 жасар Едіге атқа қоныпты. Оған жүз кісі еріпті. Олар Шу өзеніне жетіпті. Ошақты оларды қарсы алып, он кісіге бір үйден жүз кісіге он үй тігіпті. Ошақтылар Түркістаннан Төле би атасын алдыртыпты. Кіші жүз елінен басты-басты адамдарын ертіп Әйтеке би, Арқа жағынан атақты адамдарын ертіп Қаз дауысты Қазыбек би барыпты. Оларға да үй тігіліпті. Қымыз сапырылыпты, мал сойылыпты. Ас-судан кейін бәрі кешкі намазға тұрыпты. Қона жатыпты. Азанғы шай үстінде ауыл ағасы Төле би - Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаньщ елін жау араламайды дегендей, бұл ел тыныш еді. Әзір ешкімге тиісе қойған жоқ еді. Ал ағайын алыстан ат сабылтып, тұс-тұстан кеп қалған екенсіңдер, не сөздерің бар. Айта отырындар? - деп сөз бастапты. Мамайдың бір ақыны осыдан он жыл бұрын айтқан Бөрібай ақынның елге тарап кеткен әлгі аяғын айтып салады. Осы кезде Төле би сөздің аржағын айтқызбастан отырған көшпілікке былай депті:
- Бәрі түсінікті. Сөзді соза бермей, түйініне келейік. Алты атасын аркалап жүрген кім бар? Жеті атасын жетелеп жүрген кім бар? 'Алмасың болса мойным бар, асылың болса қойным бар. Бұл даудың кесімі осы болса қайтеді, ағайын!Аға бидің бұл шешімін бәрінен бұрын түсіне қойған Едіге бала:- О, қадірлі ата! Білек кімдікі болса, киіз сонікі ауыз кімдікі болса, сөз соныкі. Айтылған сөз - атылған ок, ол қайтып келмейді. Жарлық өзіңізден болды, енді жабық та өзіңізден болсын депті.Отырған игі жақсылар ата би мен бала бидің де, оған қосып аларымыз жоқ десіпті.
Ертеңіне ошақты елі алты атан бастатып, жасауымен Мамай Жәдігер ауылына бір қыз ұзатыпты. Сол қыз он жылдан бері ала көз боп жүрген екі ел арасына дәнекер болыпты, өзара достасып, қарым-қатынас жасап кетіпті
Әсте, "Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ" деген мақал Төле би сияқты ешкімге бұра тартпай, қара қылды қақ жара әділ сөйлейтін азаматтарға бағышталса керек. Өрбір дау-шар, екі ел арасындағы бітім- келісімді шешерде Төле би бір ауыл, бір ру емес, халықаралық, мемлекеттік мүдде қамын ойлай білген ірі түлға боп саналады. Бұған Төле бидің көптеген қызметі, кесімді әділ билігі дәлел. Бір мысал: 1743 жылы Төле би Түркістан өлкесінде бас би боп тұрғанда, оған Ресей патшалығының елшісі К. Миллер келіп жолығады. Миллер осыдан 4 жыл бүрын Әулиеата мен Түркістан шаһары арасында керуенін бастап келе жатқанда жолда Қойкелді батыр жасағы кездесіп, оларды тонап кеткенін баян етеді. Бір жағынан жоңғарлар, екінші жағынан қоқандар қазақ даласына көз тігіп, анталап тұрғанда, Ресей патшалығымен келісімге келіп, бірлесе күш косу қажеттігін сезінген Төле би ол дауды Ресей елшісі К. Миллердің пайдасына шешуді ойлайды. Сөйтеді де, өзінің туысы Қойкелді батырды шақыртып, билік мәжілісіне салады. Бұл мәжіліске К. Миллер, Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Түркістан шаһарын билеп тұрған Сейітхан, Ташкент бегі Қоқым би, Қарақалпақ биі Сасық би, Барақ Сұлтан т.б. беделді кісілер қатысады. Қандай дау болса да, айтыс тартыссыз шешілмейтіні белгілі. Бұл жолы да солай болады. Бір билер Қойкелді батырды жақтап сөйлейді. Енді бірі Миллердің талабын орынды деп табады. Сонда Төле би ортадан мынадай кесім шығарады.- Мен ел қамы үшін өз қолымды өзім кескелі отырмын. Қойкелді батыр бәріңнен маған жақын, жақын екен деп оны өзіме тартқам жоқ, Миллер мырза алыс, алыс екен деп көкірегінен итергем жок. Алдымен бір ауылдың емес, бүкіл халық қамын ойлайық. Жұртым-ау, мына жақтан жоңғарлар шабуылдап, мына жақтан Қоқандар қоқаңдап, ен даламызға көз тігіп отырғанда, бізге қол ұшын беретін дос керек емес пе? Осы мақсатпен біз орыс патшалығымен келісім-шарт жасастық қой. Сондықтан досыңа қимасыңды бер демекші, Миллер мырзаны ырза етейік. Қойкелді батыр екі мың жылқы төлеп орыс керуенініц шығынын төлесін. Тәйірі, мал деген қолдың кірі емес пе? Азар болса, қазақтың бір байының жылқысы кетердағы. Кейін ел болып оның орнын толтырармыз.Төле бидің осы билігіне бәрі тұрыпты. Қойкелді батыр да мойындапты.
Әбілқайыр ханның бірқатар жүргізген саясатын, әсіресе Ресей патшалығына бар ықыласымен беріліп, соларға кең жол ашқан әрекеттерін Төле би қаламай оған карсы болады. 1748 жылы Әбілқайыр хан Төле би жіберген Барақ сұлтанды қабылдамайды, содан екеуінің арасы шиеленісе түседі. Сол жылы Әбілқайыр хан қайтыс болады. Әбілқайырдың Ералы деген баласы әкесінің құнын даулап Төле биге барады. Төле би өздері құрастырған "Жеті жарғы" заңына сүйеніп, хан өліміне жеті құн төлеуді бұйырады. Билік орындалады. Әбілқайырдың кекшіл балалары оның үстіне әкесін өлтіруге қатысқан Сырымбет батырды қапысын тауып өлтіреді. Онымен тынбай Барақ сұлтанды жауапқа тартуды сұранып, Төле биге тағы да жүгінеді. Төле би бұл билікке қатысу үшін Әйтеке би, Есейхан би, Жалған би, Досай би, Қаба би, Қарабек би тағы бірқатар хан, бектерді шақырып, сот жүргізеді. Бұл тартыстары біразға созылады. Ақырында Төле бидің корытынды билігі бойынша Әбілқайыр балаларының шағымы негізсіз, ағайын арасындағы алауыздық, бас араздық деп тауып, Барақ сұлтанның басын даудан арашалап алады.Бір Барақ сұлтан емес, Төле би - ұлы жүздің бас биі боп тұрғанда талай батыр, би, сұлтандарға ара түсіп, оларға қамқор болған. Сөйтіп оларды ел қорғау жұмысына жұмылдырған, батырлыққа, әділдікке, ел бірлігін сақтауға тәрбиелеген. Балқаштан Сарысуға дейінгі аралық - Түркістан, Сайрам, Ташкент калалары жау қолында қалады. Жау жағадан, бері етектен алған осындай алмағайып қиын шақта Төле би қайткенде өз ұлысын аман сақтап калу жолын ойлайды. Қойкелді, Бөлек, Тайлақ, Саңырақ секілді өз маңындағы батырлардың басқыншыларға қарсы күрестерін бағыттап отырады. Жауға қарсы қол бастауға қабілеті бар батыр ұландарды бауырына тартады. Олардың қатарында күш асқаннан сасып, бас сауғалап келген хан тұқымдары да, ақылы мен батырлығы сай түсіп, қарадан қара үзіп шыққан ханға бергісіз ержүрек ел ұландары да болған. Әйгілі Абылай батырдың Төле бидің қолында бой тасалап, тәрбие алуында осындай мән бар еді.Жау соққысынан ие жия алмаған қазақтардың бір тобы Бұқара мен Самарқанға, бір тобы Шыршық өзеніне асты, бір тобы Сауран айналып, Хиуаға ауды. "Ақтабан пгұбырынды, Алқакөл сұлама", "Сауран айналған", "Қайың сауған" деген атаулар қазақ халқының тарихи тағдырындағы осындай ең бір ауыр, трагедиялы кезеңнің шындығынан туған.Босқан, болдырған халық Орта Азия хандықтары тарапынан да қысым көреді:
Бұлай барсаң Қоқан бар,Коқаңдаған әкең бар.Бұлай барсаң қалмақ бар,Күшіңді ептеп алмақ бар... -
деген өлең жолдары қазақтардың ауыр жағдайынан басар жер, барар тау таппай қиналған, ширыққан шағынан хабар береді. Тұйықтан шығар жол іздеген ел басындағы қолында билігі бар азаматтар орыс патшасынан қолдау күтеді.Осындай қиын шақта Төле би 1733 жылы орыс патшасына хат жазып, өз ұлысы ғана емес, тұтас ел болып оның қол астына енуге даярлығын білдіреді. Хатта Қодар би, Сатай батыр, Ханкелді батыр, Бөлек батырмен қатар Төле би Құлеке батырдың да атын атайды. Сонымен бірге Төле би Бөлек батырды жоңғар қоңтайшысына елшілікке жібергенін жасырады.Аталған құжат Төле бидің сыртқы да, ішікі де саясатқа батыл, белсенді араласа бастағанын көрсетеді. Осыдан бастап Төле би сыртқы саяси қызметін өле-өлгенше саябырсытқан емес. 1734 жылы Анна Ионановна Төле бидің хатына жауап қайтарып, онда Ұлы жүз қазақтарын қамқорлығына алғаны туралы жазады..."
Жасы тоқсан үшке келгенде Төле би баба төсек тартып жатып қалады. Өздерінің ақылгөй, батагөй қадірлі би атасын құрметтеп келіп оның көңілін сұрап қайтып жатады. Бір күні Шу, Жаңыл ақын барады.
Жан аға, сұрамаппын аманыңды-ай, Естіп тұра алмадым хабарыңды-ай.Жатырсың шөккен нардай енді көлбеп, Тоздырдың қарсы жауды табаныңда-ай.Төле би ер Қазыбек, тілді Әйтеке, Асқартау - Қазықұрттай биік еді.деп мұңайып көзіне жас алғанда, Төле би бір жамбасынан аунап жатып - Қарағым Жаңыл, жүрген жолың даңғыл, ақыретің адал болсын!- деп ризашылығын білдіріпті.Сол жолы Жаңыл ақын Төле би атасының қасында көңілін аулап өлең жыр айтады. Аулына қайтарында сұрақ қояды:
Көргелі келдік сізді біз.Жалпарынан дүниені,Әбден басып жүрдіңіз.Сізсіз шылбыр бермеді,Түгел қазақ еліңіз.
Жаңыл осылай дегенде, Төле би басын көтеріп:- Жаңыл қалқам, баласың-ау, армансыз адам болушы ма едің: арманы біреу, екеу болса, менің арманым екеу, төртеу, тайын; мен қазақ, қырғыздың бір туғандай кезінде туылып, бөліне бастаған тұсында дүниеден кетіп барамын. Осы менің алдағы күндері халқымның күні қандай болмақ деп армандап кеттім.
Төле бабамыз өзінен кейінгі би, шешендерге талай тәрбиелеген ара би ұстаз боп өткен. Ол талай жас билерге бата берер батагөй ел ағасы болған екен. Бұған Тайкелтір шешеннің тала баулығанын дәлел етсек те жеткілікті.Тайкелтір шешен жас кезінде жоғалған бір тайлағын іздеп кездейсоқ Төле бидің үйіне тап болады.- Ассалаумағалейкум!- Уағалейкумассалам! Сен кімнің баласысың?- Айдаболдың баласымын. - Балам, атың кім?- Тайкелтір,- Әкең саған болмас ат қойғаны қалай?- Тақсыр, әкем мен жақсы болсам, ата-бабаға атақ-абырой ат келтірсін, жаман болсам, тай келтірсін деп қойған болар.Төле би он екі жастағы баладан мұндай жауап күтпеген еді. Баланың тайсалмай жауап беріп тұрғанын ұнатып, қалың қабағын көтеріп тесіле қарапты.- Балам, жәй ел қыдырып шықтың ба? Бел сыдырып шықтың ба?- Бір тайлағым ауа жайылып желдеп кетіпті, соны іздеп Шу бойындағы қалың елді сүзіп келемін.- Балам, тайлағың табылар. Құдай айдап, ойда жоқ жерде біздің үйге кез болдың. Осында қонып, әкеңнің сыбағасын жеп кет. Әкең досым еді, ол Шудың аяғын, мен Шудың басын жайлап жатушы ек. Көптен қатыса алмай жүрміз. Әке, шешең аман ба?- Шүкір, ата, сіз үйғарсаңыз қонайын, - дейді бала.- Бәйбіше, Тайкелтірге қымыз құй, күн ыстық, шөлдеп келген шығар, - дейді Төле жанындағы жұбайына бұрылып.Бәйбішесі қымызын сапырып, алдын Төлеге ұсынып, екінші тостағанды балаға бергізеді, одан соң қымыз төрде жағалай отырған ақсақалдарға беріледі.Төле бидің сөзін ұйып тыңдап отырған шалдарға, оның осы бір балаға сонша ілтипат көрсеткені, адам тіл қата алмайтын Төлеге баланың тақылдап жауап беруі оларға шаншудай тиіпті. Бірақ Төледен батып ешкім ештеңе айта алмайды.Қымыз ішіліп, дастарқан жиналған соң қонақтарды күтіп жүрген орта бойлы дембелше жігіт бір сарбасты босағадан көлденеңдетіп "бата беріңіздер" дегенде, төрде күнімен қымыз алып отырған ақсақалдар ыңғайланып қолдарын көтере береді. Қонақ бала батаға кол көтермейді.- Балам, неге колыңды жаймайсың?- Мен бұл қойдың батасына қол көтермеймін, - дейді Тайкелтір байыппен. Шалдар "неге, неге" десіп қалады, Тайкелтір күле сөйлеп былай жауап береді.- Қой сіздерге арналса, баталарыңызды беріп сойғыза беріңіздер. Ал егер матан арнап әкелінген мал болса, батасын өзім беремін. Бірақ әлгінде Төле атамның "әкеңнің сыбағасын жеп кет" деген сөзі бар еді, мен бұл койдың кімнің сыбағасы екенін түсінбей отырмын.Төрде отырған қаба сақал қара шал не айтарын білмей сасқалақтап біресе Төлеге, біресе жанындағыларға жалтақтай карай береді.- Өзің бір тақылдаған пәле екенсің!- Ата, мен пәле емес, баламын.Бағанадан үндемей сөз сарынын байқап отырған Төле Тайкелтірдің мына сөзінен амалсыз тосылады.- Иә, Тайкелтір балам дұрыс айтады, әкесінің сыбағасын жеп кет дегенім рас. Айдаболдың осы дастарқаннан жылда жеп жүргені тоқты торым емес, қыстату бие, жазда - құлын, тай болатын. Бар! Қойды қоя бер де, жылқыдан бір құлын алып кел!..
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен:- Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті.Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би:
- Бір үйдің баласы болма, Көп үйдің санасы бол! Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп көлдың ағасы бол! Ақты ақ деп бағала, аумин, Қараны карала Өзегің талса өзен бойын жағала, Басыңа іс түссе көпшілікті шағала.Өзіңе-өзің кәміл бол. . - Халқыңа әділ бол,Жауыңа катал бол! Досыңа адал бол! –
аумин, деп бата беріпті.
Өзінің саналы өмірінде Төле би бабамыз шындық, әділдік жолында қыруар қызмет атқарады. Сөйтіп, ол халқының бірлігі, тірлігі, тұрмысы, салт-сана дәстүрі үшін бүкіл ғұмырын арнады. Сол үшін де туған елі оны төбесіне көтеріп, кұрметтейді, шешімі мүлтіксіз жүзеге асып жатты. "Төбе би", "Әулие ата", "Қарлығаш өулие" деп атап кетті."Шындық шыңыраудан да алып шығады" демекші, Төле бидің саладағы бір әділ билігі жөнінде өзінің бір ұрпағы зерттеуші М.Қалдыбаев "Алматы ақшамы" газетінде (16 қаңтар, 1991) былайша баяндайды:"...Төле бидің ұлдарының бірі Жолан кең даламен жатып, киімдері жыртық-жыртық мүсәпір қарт кісіге: сақалы ұйпа-тұйпа, жағы суалып, көздері қызарып кеткен:- Ассалаумағалайкүм, ата жол болсың!- Әлей болсын, шырағым. Мен де бір мүсәпір едім, сініп, бүгілген белін қолымен ұстап жерге отыра кетті.Жолына түсіп қасына келді.- Ата, күн ыстық, жүріңіз, анау жиденің түбіне бара ғынан демей берді.- Қарағым-ай, өзің қандай мейірбан бала едің, көп сол жиденің түбінен көрдім ғой.Карт егіле жылап, екі қолымен басын ұстап, отырып қалды.Жолан ер үстіндегі қоржынын алып, торсықтағы қымызын ішіп, шөлін басып, үһ деп демін алған қарт жиде саясына өткен жайды баяндады:- Қарағым, балам, "өлмегенге өлі балық жолығады" жолыққаның жақсы болды, не істерімді білмей, есім шығып отыр едім. Өзім тақыр кедеймін. Бала-шағам көп. Көрші ауылда ұзатылған қызым бар. Үйде азығымыз таусылып, сол қызыма барып едім.- Бала-шағам аш, ептеп-септеп азық бер, дедім. - Жарайды, - деп күйеу бала мен қызым аздаған азық-түлік, киім-кешек тауып берді. Жаяу барған едім, жаяу қайттым. Қоржынымды ана-мұныға толтырып, иығыма асып, осы жерге азар деп жеткен едім. Мына жалғыз түп жиденің түбінде құр кұдық бар екен. Осында қондым. Қайғырып жатып, қалғып кетіппін. Біреу бассалып, тұншықтырып, катты соққылай бастады. Есімді жисам, қоржын жоқ. Жылап-жылап: - Енді қайттім? Үйдегі аш, жалаңаш балаларыма қалай көрінем? Қызыма қайта барғаныммен, сыры мәлім, соңғы азығын аузынан жырып бергенін білем. Әбден масқара болдым-ау, айдалада ұйықтап нем бар еді? - деп қайғырып отырмын, балам.-Ата, саспаңыз, бекер босқа жасып, жыламаңыз. Жасыңызды тыйыңыз. Бүл төңіректе біздің ауылдан басқа ауыл жоқ. Екеуміз мына атқа мінгеселік.Ерге қартты отырғызып, өзі артына мінгесіп, ауылына келді. Ақ сақалы омырауын жапқан атжақты, қыр мұрынды, кең жауырынды, өткір жанарлы Төле би бар жайды ұйып тыңдап:- Жарайды, қариям, қазір жұртты тегіс жинап хабарлаймын, - дейді.Көп кешікпей ел жиналып, әділ бидің үкімін күтті.Төле би орнынан тұрып, халық алдына келіп:- Оу, жұртым, түгел жиналдыңдар ма? Бір кісі келмей қалмасын, - деді.- Бәрі жиналды, биеке, - деп жұрт шулады. "Не болып қалды екен? Би бізді неге шақырды?" - деп бәрі аң-таң.Төле би кедей, мүсәпір қартты алқақотан отырған жұрттың алдына шығарып:- Иә, мүсөпір, сенің нең жоғалды? - деді.Менің аш балаларыма әкеле жатқан азығымды, киім-кешегімді біреу құр құдықтың жанындағы жалғыз жиденің түбінде ұйықтап жатқан жерімнен ұрып-соғып, тартып ап кетті.Жұрт тым-тырыс. Бәрі мұңайып, төмен қарап, үнсіз отыр.- Уа, халқым, - деді Төле би. - Мына кедейді жылатпа. Сорлының киімі мен азығын бер. Бермесіңе шындық қоймайды. Біреуің ұсталасың. Ұсынған мойынды қылыш кеспейді деген, алғаным рас еді деп мойында.Ешкім үндемеді:- Жоқ табылғанша бір адамды босатпаймын. Бұл жерден бірде бірің кетпейсің.Жүрт іштен тынып отыр. Ешқайсысында үн жоқ. Күн батуға таяды.- Ойпырым-ай, иттің баласы-ай, қайсысы алды екен? Алған соң шынын айтпай ма? Жұртты босқа иіріп қойғаны несі? Малымыз, үй-жайымыз қараусыз қалды-ау, - деген секілді күңкіл шықты. Бірін-бірі түртіп, тілсіз ыммен сырласып жатқандар да баршылық."Мен алып едім" деген жауап болмаған соң, Төле би мүсәпір қартқа қарап:- Сізді алғаш құр құдықтағы жалғыз жиденің түбінде тонады ғой. Қазір сол құдыққа жаяу барыңыз. Кімнің алғанын сол кұдық пен жалғыз түп жиденің өзі айтады. Оларда тіл жоқ емес, бар, - деді. Мүсәпір қарт топтан бөлініп, жаяу ұзай берді.- Сіз барып келгеніңізше ешкімді үйіне қайтармаймын. Егер кететін адам табылса, жоғалған мүлкіңізді сол адамға төлетемін.Жұрт бір-біріне қарап:- Ол құдық пен жидеге қанша уақытта барып келе алады, ол қай жерде екен? Жаяу қашан келеді? Білетіндер бар ма? - десті күңкілдеп. Көп ішінде отырған мүсәпір қарттың киімі мен азығын ұрлап алған адам байқамастан:- Ой, ол жиде мен құдыққа барып келгенше таң атады. Ұзақ жер ғой, - деп қалды. Кімнің аузынан қандай сөз шығады деп аңдып отырған Төле бидің жігіттері шап беріп ұстап, әлгіге:- Тұр орныңнан! Мына жұртқа жауап бер! - деді. - Ұзақ жер ғой деп сен біліп айтып тұрсың. Оның мүлкін сенен басқа ешкім алған жоқ.Төле би халықты үйлеріне қайтарып, кос атты қуғыншы жұмсап, кедей қартты алдыртты. Ұрыға:- Бер мынаның мүлкін! - деді бұйырып.- Алғаным жоқ!- Қазір мынаны дарға асыңдар!Екі жігіт білегінен ұстап сүйрей жөнелгенде:- Ататай, алып едім, жанымды киыңыз, өлтіре көрмеңіз! – деп жалынды.- Алған заттарымның бәрін қайтарайын.- Ой, жазған, халықты кинамай-ақ бірден мойындамайсың ба?Шындық айтқызбай коя ма? - деді Төле би суық жымиып. – Саған берер жазам бар.- Ататай, өтінемін, жанымды киыңызшы?- Саған жазам, бұдан былай ұрлық істемеймін деген уәдеңді бер.-Мақұл ата.Енді ұрлық істесем дарға асылайын...”Міне, осылай Төле бидің алдынан ешбір айыпкер,күнәкар қашып құтылмаған.Қайсысы болса да оның алдында кінасын мойындаған.Сөйтіп тура ақ жолға түскен.Ел қатарына қосылып адал еңбек еткен.
Төле бидің даналығы, шешендік тапқыр сөздері, мақал-мәтел, нақылдары ел арасына мол таралған. Төле бидің өмірі, ел басқарудағы қызметі, ол айтып кеткен билік сөздер жөнінде кезінде Шоқан Уәлиханов, Россияның А. Левшин, Г. Потанин, А. Диваев және совет дәуірінде Б. Адамбаев, Ә. Мәметова, М. Қалдыбаев және осы еңбектің авторы, т.б. фольклоршы, тарихшылар да жинастырып, зерттеген. Қазақстанның мемлекеттік архиві мен Ғылым академиясындағы қолжазбалар қорында ел арасынан жинақталған мате- риалдар да баршылық. Халық аузында хатқа түспеген, жинала қоймаған Төле би мұралары әлі де аз емес. Оларды мұқият жинастырып, зерттеу, кітап етіп халықтың өзіне қайта ұсыну болашақ міндетіміз.
### Ескерткіштер
Төле би Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларында көпшілік пайдаланатын ғимараттар салу ісіне белсене араласқан. Төле би халық арасында “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деген атпен танымал. Оның бұлай аталуы жайлы да аңыз сақталған. Төле би Ташкенттегі Шайқантәуір зиратына жерленген. Қабірі Бабырдың нағашы атасы Жүніс хан мазарының қасында. Төле би қабіріне кесене салынған. Ғибратты ғұмыр кешкен бидің жарқын бейнесіне көптеген ақын мен жыраулар оралып, оның даналығын шығармаларына арқау етіп отырды. Өткен дәуірлерде А.Левшин, П.Маковецкий, Л.Баллюзек секілді, т.б. орыс зерттеушілері өз еңбектерінде Төле би есіміне ілтипат білдіріп, құрмет тұта атап өтті. Әр кезде Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Шәкерім Құдайбердіұлы, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, т.б.
Төле биге байланысты әр тараптағы зерттеулері мен ой-қорытындыларын жариялады. Жамбыл облысында Төле би есімімен аталатын елді мекен бар. Түркістан облысында бір ауданға Төле би есімі берілген. Жамбыл, Түркістан облысында және Астана қаласында Төле биге ескерткіш қойылған. Алматыда, Шымкентте және бірқатар елді мекендерде Төле би есімімен аталатын көшелер бар.
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазыбек би
* Әйтеке би |
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (19 желтоқсан 1899 жыл, Темір ауданы, Ақтөбе облысы – 25 ақпан 1938 жыл) – тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры (1932), түркітанушы, педагог .
## Өмірбаяны
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
Алғашқыда Оспан ишанның мешітінен дәріс алып, араб тілін үйренеді. 1918 жылы Електегі екі кластық орыс-қазақ училищесін бітірген. Темір-Орқаш болысының әуелі хатшысы, кейін төрағасы болады. 1920 жылы Орынбор қаласындағы Құсаиния медресесін бітіреді. Араб, парсы, орыс, латын, түрік, жапон, француз, ағылшын, неміс тілдерін меңгереді. 1920 жылы “Ай” атты журнал ұйымдастырып, оның бетінде М.Горькийдің “Сұңқар туралы жыр”, “Дауылпаз туралы жыр”, “Хан мен ұлы”, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударып жариялаған. Ақындық, жазушылық өнерімен де танылып, өлең, пьеса, т.б. жазған. Мысалы, “Мақпал – Сегіз” дастанының желісі бойынша Жұбанов Тілепбергеновпен бірігіп жазған пьесасы Ақтөбедегі кеңес-партия мектебінің, педагог техникум оқушыларының қатысуымен сахнаға шығарылып, қала жұртшылығына көрсетіледі. “Ай” деген өлеңі жоғарыда аталған журналдың беташары ретінде жарияланды. Көпшілік көкейіне тез қонатын сықақ, фельетондары сахнада, сауық кештерінде айтылып жүрсе, кейбіреулері “Еңбекші Қазақта” жарияланған. 1925 жылы Жұбановтың режиссерлігімен Ақтөбе қаласында М.Әуезовтің “Еңлік – Кебек” пьесасы қойылады.
1920–22 жылдары ауылда мұғалім болып істейді. 1922 – 24 жылдары Темір уездік оқу-ағарту бөлімінде басшы. 1924 – 29 жылдары Ақтөбе губерниясы оқу-ағарту бөлімінде басшы қызметтер атқарды, сонымен бір мезгілде Ақтөбе педагогикалық техникумында сабақ берді. Қызметтен қолы бос уақытта өз бетімен білімін толықтырған.
Түркі тілдес республикалардың жаңа әліпбиге көшуіне арналып, 1925 жылы Мәскеуде өткізілген кеңеске қатысып, онда сөз сөйледі. Жаңа әліпбиді енгізу мәселелерімен айналысқан Әзірбайжан ғалымы Ағамалы оғлымен жиі хат жазысып тұрды. 1927 жылдан бастап Жұбанов Санкт-Петербургтегі орыс ғалымдарымен байланыс жасады. Түркі тілдерін зерттеуші академик А.Н. Самойлович, шығыстанушы В.В. Бартольд, тілші ғалым А.В. Щерба, т.б. еңбектерін алдырып оқыды. 1928 жылы Санкт-Петербургтегі Шығыс тілдері институтының (Шығыстану институты) толық курсын бітірді. 1929 жылы осы институттың академигі Самойлович басқаратын “түркітану семинарийіне” оқуға түсті. 1930 жылы КСРО Ғылым Академиясының Тіл білімі институтының аспиранты болды. Н.Я. Марр, И.И. Мещанинов, А.В. Богородицкий, т.б. белгілі тілші ғалымдардан дәріс алды. 1932 – 37 жылдары ҚазПИ-де (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) профессор, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болды.
## Еңбектері
Қазақ тіл білімінің дүниеге келуі мен оның қалыптасуы туралы айтқанда, бар өмірін, күш-жігерін отандық ғылымға сарп еткен жандардың есімін зор ізет, құрметпен еске аламыз. Осындай есімдердің бірі – 20-30 жылдарда қазақ филологиясы саласында табысты еңбек еткен профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов болатын. Қазақ лингвистикасының негізін салған деп ауыз толтырып айтарлық ірі ғалымдарымыздың қатарындағы терең білімдарлық пен зор дарын иесі, ірі оқымысты әрі қоғам қайраткері осы бір жанды шын мәнінде елдің бәрі біле бермейді.
«Қазақ КСР тарихында» («Социализм дәуірі» деген кітапта) республикамыздағы 30-жылдардағы ғылым мен ағарту жұмыстарының жайы жөнінде кең мағлұмат берілген. Кітаптың осы бөлімінен мынандай бір жолдарды оқимыз:
Ол кезде мұсылман дінінің, оқуының қазақ арасындағы ықпалы зор болатын. Қ.Жұбанов мұны кейінірек былай деп түсіндірген:
Әкесі берген ақыл-кеңес, ол ашқан мектеп қана Құдайбергенге ықпал етті деуден аулақпыз. Себебі ол кезде халық ағарту ісін прогреске жетелейтін жол деп ұққан жастар қазақ арасында бір шоғыр болып көріне бастады. Құдайбергеннің жас күніндегі жақын досы Жиенғали Тілепбергенов тек қазақ зиялылары арасында осындай бағыт ұстанған болатын. Ж.Тілепбергенов Құдайбергеннен ересектеу еді, ол кезде ол Ғалия медресесінде оқитын. Ол жастарға жоғары білім берген жақсы бір оқу орны саналатын. Сол кездегі Ақтөбе атырабындағы мәдени қауымға Ғалия медресесі зор ықпал етті.
Ж.Тілепбергенов өзінің «Таңбалылар» дейтін повесінде төменгі қауым арасынан шыққан Қалман деген бас кейіпкері арқылы феодалдық дәуірдің тап арасына тигізетін қайшылықтарын сынап, кедей қауымды жақтаушы дара күрескердің бейнесін жасады. Бұдан кейінгі «Сүйіскендер» деп аталатын пьесасының бас кейіпкерінің прототипі етіп Құдайберген Жұбановты алған-ды.
Бұл – Қ.Жұбанов өмірінің жарқын бір бейнесі іспетті шығарма болатын. Мұнда Құдайбергеннің қызыл штабта жұмыс істеп, жас кеңес үкіметін нығайту жолында Темір-Орқаш болысында белсене іс атқарып жүрген кезі суреттеледі. Кейін Орқаш ауылдық кеңесі аталған бұл қоныстың Құдайбергеннің құрметіне Жұбанов ауылы болып қайта аталғаны мәлім. Ж. Тілепбергеновтің пьесасы жергілікті сауыққойлардың күшімен 20-жылдардың басында Темір қаласында сахнаға шығарылды. Осы Ж. Тілепбергеновтің прогрестік көзқарасының Құдайбергенге белгілі дәрежеде ықпал еткені сөзсіз. Қ. Жұбанов 1914 жылы Орынбордағы Хұсайния медресесіне оқуға барып түсуіне, бәлки, осы кісінің берген ақыл-кеңесі де себепші болған шығар. Осында жүріп ол жалпы білім беретін пәндерді тереңірек үйреніп, орыс тілін жетік меңгере бастады және Шамғали Харесұлы Сарыбаев, Н. Манаев, Е. Жәрменов сынды абзал жолдастар тапты. Шамғали Сарыбаев кейін қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық курсын жазған әдістеме ғалым атағына ие болды. Н. Манаев, Е. Жәрменов болса, халық ағарту саласында жемісті еңбек еткен белгілі қайраткерлер дәрежесіне көтерілді.
1917 жылы Жұрындағы екі класты орыс мектебін бітіргеннен кейін Құдайберген Орқаштағы бір кластық орыс мектебінің мұғалімі Құсайын Әшіғалиевтің кеңесімен Күйік Қалаға (қ. Илек) барып, ондағы екі кластық училищеге түсіп, білімін әрмен қарай жалғастырады. 1918 жылы Құдайберген осы училищенің 5-6 кластарын бір жыл ішінде үздік бітіріп шығады. Оспан ишанның мешітінен құран үйренуден бастап, Күйік қаладағы орыс училищесінен орта білім тәмамдаған Құдайбергеннің білім алу жолындағы қадамының алғашқы кезеңі осымен аяқталды десек те болады.
Қ. Жұбановтың осы бастапқы білімі оның кейін тіл маманы болуына, тамаша лингвист аталуына ықпал етті деуімізге негіз бар. Ол сол бір жылдарда түркі тілдерімен түбегейлі айналыса жүріп, сонымен қатар өзге араб, парсы, орыс тілдерін де кәдіксіз игерді. Бұл тілдерде еркін сөйлеп, еркін жаза алатын еді ол кісі. Бала жасында Құдайберген көркем әдебиетке қатты елікті. Жоғарыда айтқанымыздай әкесі Қуан ескіше де, орысша да сауатты адам болған. Ол кісі сол кездегі газет-журналдарды, қазақша, татарша шыққан кітаптардың бәрін дерлік алдырып отыратын. Құдайберген әдеби шығармаларды, кітаптарды көп оқитын. Мұсылманша оқып, шығыс тілдерін жақсы игеруі оның Фердоусидің «Шахнамасы», Сағдидің «Гүлстаны», Низамидің «Ләйлә-Мәжнүні» сияқты шығыстың классикалық шығармаларын түпнұсқасынан оқуына көмектесті. Әсіресе Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының профессоры болып істеген кезде, сондай-ақ шығыс халықтарының мәдениеті туралы өтіп жататын түрлі мәдени істерге белсене араласып, солардың басы-қасында жүруге тура келген кездерде араб, парсы тілдерін, сондай-ақ өзге де тілдерге жетіктігі ол кісіге мол көмек етті.
Өз қаламының құдіретін ерте байқатқан алғашқы өлеңдері мен фельетон, мақалалары Қазан төңкерісінен бұрынғы басылымдарда Құдайберген «шекті», «Қараша бала» деген лақап атпен жариялаған болатын. Сонымен қатар Қ. Жұбанов жас қазақ зиялылары машық еткен бірнеше қолжазба журналдың шығуына ұйытқы болған көрінеді. Мәселен, Күйік Қалада жүріп ол «Тез», ал Темірде «Ай» деген қолжазба журналдар шығарған. Бұл журналдарда ол орыс әдебиетінің өкілдері М. Горькийдің, В. Г. Короленконың шығармаларын да жариялаған. Төңкерістен бұрынғы үлгілі романтизм шығармаларын халыққа жеткізуде, оны түсіндіріп беруде Құдайберген мен редакция алқасының мүшелері көп жұмыс атқарған. «Ай» деген эпиграфтың өзінен-ақ журналдың ол кездегі ағартушылық-демократиялық идеямен астасып жатқаны, нені мақсат тұтқаны айқын аңғарылатын. Әсіресе Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары журнал идеясына дөп келетін.Қ. Жұбанов журналдың беташары етіп жазған шағын ғана «Ай» деген өлеңнен бұл журналдың көздегені – халықтың көзін ашып, көңілін ояту сияқты асыл іс екені елес береді. Толған айдай боп отанының бір түпкіріне өз жарығын түсіру – журналдың символикалық бейнесі есепті.
Оқумен қабат Қ. Жұбанов өз бетімен ғылыммен шұғылданады: жалпы тіл білімі, түркология салаларымен айналысады. Латын әліпбиіне көшу жөніндегі барлық жұмыстарға белсене араласады. 1929 жылы ғылыми емле мәселесіне арналған мәслихатта ұзақ сөз сөйлеп, қазақ емлесінің негізгі принциптері қандай болмақ деген жайдан әңгіме қозғайды.
Түсініксіз, қисынсыз ойлар туып кетпесі үшін осы жерде мына мәселенің басын аша кеткен жөн. Осы Қызылорда мәслихатына қатысқандар түркі тілдердің емле ережелері «морфологиялық» және «фонетикалық» принципке негізделу керек дегенді ұсынды. Бұл келісімдердің морфологиялық, фонетикалық деп атап отырғаны – бұл принциптер жөніндегі біздің қазіргі түсінігімізден мүлдем басқашалау еді. Морфологиялық принципті жақтаушылардың бірі Чобан-заде (Баку) бұл термин тек этимологиялық мән берді. Бірімен-бірі жарыса қолданылатын бір аффикстің әр түрлі фонетикалық нұсқаларының ішінен этимологиялық ең бастапқы нұсқа деген бір аффиксті ғана таңдап алып, соны ғана ережесімен заңдастырып, қалғандарын тек ауызша тілдің игілігі деп қана тану керек дегенді айтты.
Құдайберген Жұбанов бұл ұсынысқа қарсы шығып, өз жобасын ұсынды, өзі ұсынған принципті ол фонетикалық принцип деп атады. Бұл терминге Құдайберген жүктеген мағына біздің қазіргі емлеміздің принципімен, соның мазмұнымен толық сәйкес келеді десек болады.
Өз принципін фонетикалық деп атағанымен, бұл кісі ұстанған бағыт сөз ішіндегі дыбыстарды қалай естіп, қалай айтсақ, солай жазайық дегендік емес еді. Оның фонетикалық деп отырғаны сөзге жалғанатын қосымшалардың сингармонизм заңына бағынып құбылуын жазуда да сол күйінде сақтау болатын. Бұл жөніндегі пікірін ол кісі былай деп тұжырымдаған-ды: «Бір сөздің жазылу нұсқасында әрізділік болмасы үшін, морфологиялық принципке үнемі бас шұлғи берудің қажеті бола қоймас, сәл бір құбылуларын былай қойғанда, біздің тілімізде түбір аса үлкен құбылысқа түсе бермейді. Түбірден гөрі өзгеріске көбірек ұшырайтын қосымшалар. Сондықтан Чобан-заде айтқан сөздің түбірін сақтап жазу принципінен көз жазып қалмайық деген күдігінен келетін бәлендей қауіп жоқ. Өйткені түбір әлбетте этимологиялық дүниелік те, қосымша фонетикалық құбылмалы дүниелік».
1930 жылы Алматыда өткен Қазақстанның бірінші Өлкетану съезінде «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген тақырыпта баяндама жасады. Мұның өзі оның түркі текті тілдерді зерттеудегі ізденістерінің жан-жақты екенін аңғартқан еңбек болды. Мал шаруашылығына байланысты қолданылатын қазақ сөздерін өзге тілдердің дерегімен салыстыра отырып, бұл салада қолданылып жүрген сөздердің көпшілігінің құрамы күрделі екендігін, оларды құрайтын элементтердің әу баста дербес ұғымды білдірген сөздер болғандығын айқындап берді. Әсіресе автордың асыл тұқымды еркек малдың атын білдіретін сөздердің төркініне қатысты айтқан пікірлері аса көңіл аударарлық.
Мәселен, қошқар (М.Қашқариде ) және айғыр (Орхон азбасында, көнеұйғыр жазбасында, хакас тілінде adsьr//asqьr, кот тілінде asqar, сақа тілінде atь:r, шуваш тілінде айaр. Әуелде бұлар екі сөзден тұрған: қошқар қо+қар, айғыр ай+ғыр.
Мұндағы қош қой малына байланысты одағай сөз ретінде қазір де айтылады. Ол қошақан деген сөздің құрамында да бар. Қойдың қозысын білдіретін қозы дегендегі қоз да осы сөз. Бұл жердегі а редукцияға ұшырап ы дыбысына айналған да, қатаң ш ұяң з дауыссызымен алмасқан. Бұл ыңғайда қош, қозы дегендерді түрікпен тіліндегі қой мағынасындағы қош сөзімен салыстыруға болады – дейді Қ. Жұбанов.
Ал айғыр сөзінің бірінші бөлігі ай дегенге келетін болсақ, мұны Жұбанов ат сөзінің бір нұсқасы деп біледі. Қазақтағы ат қыпшақ фонетикасының заңымен жасалған сөз, өзге түркі тілдерде ай бұдан басқашарақ фонетикалық үлгіде орныққан. Мәселен, орхон, көне ұйғыр, тува тілінде оның ад, аз деген де нұсқалары бар, хақас тілінде ат және тағысын-тағыша.
Осы екі сөздің екеуінің соңғы бөлігіндегі қар (қошқар), ғыр (айғыр) дегендерді ғалым бір элементтің әр түрлі фонетикалық нұсқалары деп есептейді. Шуваш тілінде жуан айтылатын ар сөзі (еркек) – қазақ тіліндегі ер сөзімен бір сөз. Сонымен, – дейді зерттеуші, – қазақша қошқар деген мен айғыр дегендегі соңғы элементті малдың еркегін білдіретін сөз деп білсек, қошқарыңыз «еркек қой» болады да айғырыңыз «еркек жылқы (ат)» болады.
Әрмен қарай өк (сиыр малын айдағанда айтылатын сөз), моһ (жылқыны суарғанда, шақырғанда айтылатын сөз), көс-көс немесе кәуіс-кәуіс (түйені шақырғанда айтылады) секілді одағайларға этимологиялық талдау жасап, тарихи тұрғыдан алғанда мұндағы өк дегеннің өгіз-өкір дегендермен, маһ дегеннің екінші әуендегі қытай сөзі маа (жылқы) дегенмен, ал көс-көс дегеннің түрікпен тіліндегі көшек (бота, тайлақ) сөзімен өзектес сөздер екенін айтады. Сөйтіп, бұл сияқты одағайлардың әуелде сол малдың өзінің атын білдіретін зат есімдер болғанын айтады.
Бір әттеңі – бұл баяндама баспа жүзінде жария етілмеген күйінде қалды. Осы баяндамасының тағдыры жөнінде автор былай деп жазған еді: «Съездің қаулысы бойынша жариялауға тиісті болған бұл баяндама мен бастыруға берген жерде Қазақстанды зерттеу Қоғамының қағаздарының арасында жоғалып кетті. Бұл баяндаманы съездің алдында КСРО Ғылым академиясының Яфет институтында оқыған болатынмын. Н. Я. Маррдың оған жазбаша түрде берген пікірі менің Ғылым академиясының кадр комитетіндегі жеке ісімнің арасында тігулі тұр».
Тағы бір әттеңі: бұл мақала кезінде бір рет жоғалып кеткен соң, кейін қайта жазылыпты. Алайда заман ағымына орай қайтадан жоғалады да оны автор қайта жазып шығуға мәжбүр болады. Қ. Жұбановтың көзі тірі кезінде ғалымның әр дәуірде әр тақырыпқа жазған еңбектері «Қазақ тілі бойынша зерттеулер» деген атпен жеке серия болып жариялана бастаған болатын. Автордың ойы бойынша онда ол кісінің он еңбегі қамтылмақшы екен. Солардың ол кезде екеуі ғана жарыққа шығып үлгеріп, қалғандары жариялауға жетпей ізім-қайым жоқ болған. Республика баспа орындарының архивінен Қ. Жұбановтың осы еңбектерін із салып іздестіргенімізбен еш жерден таба алмадық. Сонымен, ғалымның құнды-құнды еңбектерінен қазір көз жазып қалып отырған жайымыз бар. Автордың өзі қайта жазып шыққан «Мал шаруашылығы одағайлары» дейтін баяндама да сол еңбектердің ішінде болатын.
Сондықтан қалған деректер мен автордың өзі келтірген дәлелдерге қарап отырып, ол кісінің лингвистикалық білімінің қаншалық терең болғанын, әр алған тақырыбын, жиған мәліметін ғылыми-теориялық тұрғыдан қалай қорытып, мазмұнын байытып, түйіндегенін көз алдыңызға айқын елестетесіз. Қ. Жұбановтың лингвистикалық мұраларын жиып, зерттеу жөніндегі Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл білімі институты жанынан құрған комиссияның қорында осы аталған еңбектерге сәйкес келетін біраз қолжазба материал бар көрінеді. Бұл жұмыстардың әлі жан-жақты талқылынбағандығына байланысты басын ашып анықтап айта қою әзір ертерек секілді.
Кейбір мағлұматтар бойынша жоғарыдағы сериядан тыс 1937 жылы Қ. Жұбановтың: «Ғылыми грамматика материалдары» (І том, Фонетика), «Тағы да де етістігі хақында» деген еңбектері жарық көруге тиіс еді. Әзір бұл еңбектердің қандай күйге душар болғаны анықтала қойған жоқ.
Қ. Жұбанов тек түрік және басқа тілдердің білгірі ғана емес, сонымен бірге ерекше публицист болатын. Оның «Күй» деген еңбегі мәселенің қойылысы тұрғысынан да, нақтылы деректерінің молдығы тұрғысынан да өте бір тың дүниелік болатын. Мұнда автор күй, домбыра, қобыз, жыр, толғау, бақсы, сыбызғы, ән, би тағы басқа музыкалық терминдерге тарихи-лингвистикалық талдау жасайды.
Татар жұрты үшін ән де күй, күй де күй, ал қазақтар болса, тек домбыра мен қобызда тартылатын аспаптық музыка жанрын ғана күй деп біледі. Бұл сөздің өзге түркі тілдердегі фонетикалық нұсқасы да түрлі-түрлі. Мысалы, шағатай , ұйғыр тілдерінде, сондай-ақ анадолы түріктерінде ол көк деген нұсқада қолданылады. Мұның дәлелі үшін автор М. Қашқари сөздігінен Ол көк ләнәр деген мысал келтіріп, оны қазақша «Ол ән салып тұр» деп аударады. Қазақ сөзі ән дегеннің түріктердегі көк сөзімен мәндес келуі, қазақ музыкасында күй мен әннің бір-бірінен жігінің бірі аспаптық, бірі вокалдық жанрды білдіретін болып жіктеліске түсуі – кейінгі бір дәуірлердің жемісі екенін аңғартады дейді зерттеуші. Күйдің дербес музыка жанры болып қалыптасуы жөніндегі алғашқы деректі автор XVI ғасырда жазылған еңбектерден алған. Иран музыкашысы Әбдул-Қадыр Мұрағидың «Зүбдатил Әдвәр» деген кітабында сол XVI ғасырдың өзінде түрік-моңғол мелодиясы үш салаға бөлінетіндігін айтқан көрінеді. Олар: аспаптық түр – көк һа және вокалдық түр – ыр және дола. Осыларды келтіре отырып, Қ. Жұбанов олардың қазақша баламаларын көрсетеді.
Көк һа – бұл күй сөзінің көпше тұлғадағы түрі, ыр қазақтағы жыр сөзімен сәйкес келеді (қырғыздар күні қазір де бұл сөзді ыр деп қолданады), дола – толғау (әндетіп айтатын өлең үлгісі). Қазақ тіліндегі жырламақ, толғамақ деген секілді жыр, толғау деген сөзден жасалған етістік тұлғасына кей түркі тілдерде, мәселен, түрік тілінде, даламақ етістігі тура келеді.
Қазақ сөзі әнге келетін болсақ – дейді автор – ол түркі түбірлі сөз емес, ол – кейініректе иран тілінен енген кірме сөз. Оның алғашқы нұсқасы оһәник. Біздегі ән сөзінің басындағы ә қазақ тілінде кейіннен араб-иран кірмелері арқылы пайда болған, бұл – араб-иран сөзінің ассимиляциялық құбылуға ұшыраған түрі. Халықтық музыка жанрындағы терминдерді жүйелеу, талдау арқылы түркі тілдердің тарихи-лингвистикалық даму заңдылықтарына сүйене отырып, сондай-ақ Әбдул-Қадыр Мұрағи, Рауар Екта, Әл-Фараби, Кизеветтер, Беляев, Успенский, профессор Фитрат, профессор Оганезашвили сынды музыка зерттеушілерінің еңбектерінен дәлелдер келтіре отырып, Қ. Жұбанов бұл ыңғайда тек қана фонологтарға қажетті нәрселердің сыр-сипатын түсіндіріп қоймай, бүкіл музыка зерттеушілерге, өнер зерттеушілерге қажетті жаңалықтардың бетін ашып берді.
Қазақ әдебиетінің классигі Абайдың қайтыс болғанына отыз жыл өтуіне байланысты ұлы ақынның тілі туралы жазған мақаласы танымдық жағынан маңызы аса зор тартымды да өзекті еңбек болды. Мұның өзі қазақтың әдебиеттану іліміне қосылған үлкен үлес-олжа болғаны кәміл. Мақала Абай өлеңдерінің өзгеден озық тұрған ерекшелігін тап баса көрсетіп берді. Абайдың халық тілін шеберлікпен пайдалана біліп, жаңалыққа оза шапқан оқшау тұрған даралығын ғалым айқын дәйектермен дәлелдеп шықты. Оқымысты мұнда Абай Құнанбаев қазақ мәдениеті тарихында алатын орнын дұрыс, дәл көрсете отырып, өзінің бүкіл әлем мәдениеті қазынасын, соның ішінде классикалық Шығысты керемет білетін білгір адам ретінде Абайдың өзгеден мойнының озықтығын көрсету мақсатында өткендегі мәдениет тарихына шолу жасағандай болады. Бұл жөнінде ол былай деп жазады: «Мұсылман күншығысының мәдени қалыбын бұзып, көнерген халық даналығының тар аумағынан шығып, әдебиет маңдайын жаңа арнаға қарай бұрған, жер жүзі әдебиетінің кеуде жеріне жетелеген ақын-жазушы ол кезде Орта Азия былай тұрсын, Ресей күншығысы ғана емес, мемлекетті ел – Түркияда да кем болатын... Абайды көрші елдердегі замандастары, бәсекелестерімен салыстырсақ, оған Мырза-Фаталиден басқа ешкім де шендесе алмайды. Ұлт тіліне, әдебиетіне сіңірген еңбегін бағамдасақ, ақындықтың шеңберінде толысқан сәтінде Абай бәрінен де озып шығады. Өйткені ол кезде таза халық тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған ол елдерде адам болған жоқ. Абайдың бірқатар сыншылар ескермей жүрген бір оқшаулығы – осы.
Абайды өзгеден бөліп тұратын оның тағы бір ерекшелігі бар: бұл – Тоқай мен Дәрдімәндей, Ғали Асқар Камал мен Фатих Әмірхандай, тіпті Маржани мен Насридай – кезінің қолайлы жағдайы жарыққа шығарған, өсіңкі тұрмыс тілегі тікелей тудырған адам емес. Ол – ояну дәуірінің толқынынан пайда болған неміс Лютері, француз Малербиі де емес. Сондықтан Ренессанстай ұлы нөсердің ірі жемістері: Леонардо да Винчи, Альбрехт Дюрер болуы да Абайға бұйырмаған» . Белгілі оқымысты қазақ лингвисінің бағалауындағы ұлы қазақ ақыны Абай осындай кісі болатын.
Қ.Жұбанов – шын мәніндегі ірі зерттемпаз түрколог. Петербордың Шығыс институтында, одан кейін Яфетидология институтында (қазіргі КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институты) оқып жүрген кезінде-ақ байқағыштығы нәзік, шығысты жақсы білетін қарымды зерттеуші лингвист ретінде танылған-ды. Осы бір қазақ ғалымының дарыны мен қабілеті әсіресе Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында бірнеше жыл қатарынан сабақ беріп, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып істеп жүрген тұста мейлінше айқын да жарқын көрінген болатын. Жалпы тіл білімі, қазіргі қазақ тілі және түркология саласынан ол оқыған лекциялар тек студенттер ғана емес, қазақ зиялыларының қалың қауымының назарын өзіне кеңінен аударған еді. Қ. Жұбанов өз пәнін жетік білетін. Лекцияны оқудың да асқан шебері еді. Лекциялары түркі тілдердің қазіргі жайы мен өткенін баян ететін деректерге аса бай келетін. Ежелгі түркі жазбаларының тілін де еркін білетін, құлпы тастардағы орхон-енисей жазуларының сырына да жетік болатын, оның лексикалық, грамматикалық, фонетикалық белгілерінің бәрін бүге-шегесіне дейін игерген адам еді. Өзінің ұстаздық мамандығын қазақ тілі мен түркі тілдердің қыруар құбылыстарын тынымсыз зерттеумен ұштастырудан қол үзген емес. Оның қаламынан туған ғылыми зерттеулер өзінің нәрі мен мәнін, зәрулігін әлі күнге жоғалтқан жоқ. Ол кісінің «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936), «Заметки о вспомогательных и сложных глаголах», «Күй» деп аталатын сериясы, түрлі мәслихаттар мен съездерде сөйлеген сөздері, «Буын жігін қалай табуға болады», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайында», шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер секілді қыруар зерттеулері арқылы мамандар арасында зор бедел, құрметке ие болғаны талассыз. Оның зерттеулеріне тән бір қасиет – салыстырмалы-тарихи деректердің мол болуы. Әрине, өз заманына тән Н. Я. Маррдың ілімінің жетегіне еріп кейде мүлт басқан жерлері де жоқ емес.
Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орналасу тәртібін зерттеуге арналған еңбегінде тіліміздің қазіргі синтаксистік құрылымындағы сөздердің орын тәртібін бар ынта-жігермен құлшына зерттеп, синтаксистің бұл саласының тарихи даму ерекшелігін, сөздердің орналасу тәртібінің қалыптасуы мен қазіргі жай-күйін бұлтартпас фактілермен талдап, түсіндіріп береді.
Сөйлем мүшелерінің барша түркі тілдерге ортақ бұлжымас заңдылығын былай көрсетуге болады – деп жазады Қ.Жұбанов, – анықтауыш анықтайтын сөздің алдында, толықтауыш толықталатын сөздің алдында, ол сөйлемнің барлық мүшелері баяндауыштың алдында тұрады .
Күн ұзаққа деген қазіргі сөйлеуімізде жиі қолданылатын екі сөздің тізбегін алатын болсақ, мұндағы сөздердің орналасу тәртібінің қазақ тіліне тән еместігін оңай байқаймыз, өйткені мұның анықтауыш сөзі анықталатын сөзден кейін тұр, егер қазақ синтаксисіндегі сөздердің тіркесу жөн-жосығына салсақ, мұндағы сөздер ұзақ күн болып орналасуы керек еді. Осы жерде автор жоғарыдағы күн ұзаққа деген тізбекпен синоним болып келетін ұзақты күн деген тіркеске де назар аударады. Бұл тіркесті күн ұзаққа деген тіркеспен синонимдес етіп тұрған -ты деген меншіктік аффикстің қызметі деп көрсетеді Қ. Жұбанов. Расында да, бұл жерде меншіктік аффиксті алып тастасақ, тіркесіміз ұзақ күн болып шығар еді. Бірақ ұзақты күн деген мен ұзақ күн дегендер – мағыналары басқа-басқа тіркестер. Кейінгі тіркес күннің ұзақтығын тек астрономиялық тұрғыда ғана білдіреді. Сөйтіп, автор күн ұзаққа деген тізбектің ұзақты күн деген сөз тізбегімен қатар өмір сүруіне назар аударта келіп: «Қазақ тілінде сөздердің орналасу тәртібі ертеректе қазіргіден басқашарақ болған, яғни анықтауыш сөз анықталатын сөздің алдында келмей, одан кейін тұрған. Ал мына күн ұзаққа деген тіркес болса, ол қазіргі тілімізде ескі тілдік заңдылықтың қалдығы ретінде сақталған».
Әрине, авторды мұндай қорытындыға жетелеп отырған осы бір ғана мысалдың жай-жапсары емес. Ол қазақ тілінің қазіргі заңдылығына керісінше үлгіде құрылған мұндай сөз тізбектерінің талайын талдап барып, жоғарыдағы қорытындыға келген. Автордың зерттеуіндегі осындай кері үлгіде құрылған тіркестің бірі – адам тағы. Бұл – фольклорда кездесетін кейіпкер. Мұнда да тағы деген анықтауыш анықталатын адам сөзінен кейін тұр.
Қазақтағы кісі аттарында жиі байқалатын, әсіресе әйел адамдардың аттарындағы Күн сұлу, Ай сұлу, Таң сұлу, сондай-ақ ер адамдардың есіміндегі Күн жарық, Ай жарық, Таң жарық дегендердегі күн, ай, таң сөздерінің сұлу, жарық деген сын есімдердің алдында келуін автор мысалға келтіреді. Бұл мысалдар да зерттеушінің болжамының дұрыстығын байқатып тұр. Ғалымның мысалдары көңілге қонымды, адамға ой салатын мысалдар екені сөзсіз. Ол өзінің қорытындысына тіліміздің қазіргі заңдылығынан ауытқи айтылатын фактілерді арқау еткен. Бірақ менің айтқаным ғана ақиқат, осыны ғана ұстанып, осыдан таймаңдар деген кеңес бермейді. Осы орайда ол былай деп жазады: «Сөздердің орналасуындағы көне тәртіптің мысалдары тілімізде, әрине некен саяқ қана. Олай болмаған жағдайда көне тәртіптің қазіргі тәртіпті ығыстырып шығаруы кәдік қой. Анықталатын сөздің анықтауыштан бұрын келуі біздің қазіргі грамматикалық түсінігіміз тұрғысынан алғанда оғаш көрінетіні рас. Сондықтан біздің анықталатын сөзді анықтауыш сөз деп қабылдай салуымызға таң қалуға да болмайды».
Историзм болмаған жерде, тіл құбылысына ғылыми талдау жасау мүмкін емес. Алайда сол кездегі елдің бәрі әуестенген яфетидологиялық ілімге еліктеу – Қ. Жұбанов еңбегінің құнын түсіре алмаса керек.
Бұл айтып отырған Қ. Жұбанов теориясының мәні жалғыз сөздердің орналасу тәртібін білу үшін ғана қажет болып қоймай, түркі тілдердің тарихын, этимологиялық сырын түсіндіруге қолғабыс етер теория екенін де атауымыз керек. Түркі тілдердің деректерін салыстырмалы-тарихи әдісті қолдана зерттеудің керектігі бұл жайлардан айқын аңғарылады.
Көмекші етістіктер мен етістіктің күрделі зерттеуге арналған еңбектерінен автордың ана тілінің лексикалық, грамматикалық заңдылықтарын егжей-тегжейлі білетіндігі айқын елес береді . Қазақ лингвистикасы топырағында бірінші болып отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктеріне ғылыми талдау жасаған адам – осы Қ. Жұбанов. Нақтылы да айқын деректерге сүйене отырып, аталған көмекші етістіктердің грамматикалық қызметін, олардың негізгі етістерге жапсарлас тәуелділігін ашып берген осы кісінің зерттеуі болатын. Жіктік жалғауы жалғанатын грамматикалық тұлға осы көмекші етістіктер болғандықтан лексикалық мағынаға ие негізгі етістіктердің өзі де бір жағынан оларға тәуелді сияқты боп көрінетіні бекер емес. Оның үстіне бұл көмекші етістіктердің сөйлемде дербес тұрып та предикаттық қызметте жұмсалатын кезі бар. Мысалы: отыр+мын, жүр+мін, тұр+мын, жатыр+сың т.б.
Орта мектептің 5-6 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын терген алғашқы авторлардың бірі осы кісі болғанын еске сала кетудің де орайы бар. Бұл кітабында автор қазақ тіліндегі сөздің құрылымын, фонетикалық құбылыстардың жай-жапсарын жүйелі түрде әңгіме етеді. Ғалымның бұл оқулығы қазақ тіліне арналған одан кейінгі оқулықтардың жасалуына игі ықпал етті.
Грамматиканың пәнін түсіндіре келіп, Қ.Жұбанов мұнда қазақ синтаксисі жөнінде оқушыларға түсінікті тілде мәлімет береді, қазақ лексикасының негізіне талдау жасайды.
Ең қажетті деген материалды оқушыларға қарапайым тілмен түсіндіріп береді. Осының арқасында кітап алғашқы еңбектердің ішіндегі маңыздысының бірі болды. Кітаптан республикадағы сол кездегі лингвистикалық білім берудің деңгейін, шама-шарқын аңғаруға болады.
Қазақ фонетикасының өзі зерттеген өзекті мәселелерін де автор кітабында қамтуға тырысқан. Мұны қазақ фонетикасы саласындағы бас-аяғы бар тәмамдалған еңбек десек болады. Кітаптан үндестік заңы, екпіннің сөз ішіндегі орны туралы қысқа да болса нұсқа түсінік алуға болады.
Қазақ тілінің дыбыстық құрылымын талдау барысында сөз дыбыстарының мағына ажыратуға қатысты жағын да назардан тыс қалдырмаған. Мағына жағынан сөздердің бір-бірінен дараланып тұруы үшін оның барлық дыбыстарының өзге сөзден түбегейлі өзгерісі болуы шарт емес, сөз құрамындағы бір ғана фонеманың өзге сөздікінен өзгеше болуы олардың семантикасын ажыратуымызға жетіп жатыр дейді Қ.Жұбанов.
Мәселенің ғылыми жағына еш нұқсан келтірместен, фонеманың осындай қасиетін оқулығында шәкірттерге ұғымды тілмен түсіндіріп береді. Сөйтіп, Қ. Жұбанов жалпы фонологияның өзекті бір түйіні – фонеманың жай-жапсары туралы байыпты қорытынды жасайды.
Ғалымның фонеманың сандық және сапалық құрамы жөнінде де айтқан сындарлы пікірлері бар. Қай тілді алсаңыз да сөз дыбысы атаулы сан жағынан толып жатыр, бірақ олардың бәрі бірдей фонемалық қасиетке ие емес. Сөздердің мағыналық тұрғыдан бір-бірінен ажырата көрсетуге қабілетті дыбыстар аса көп емес. Қ. Жұбановтың бұл тұжырымдары жалпы фонологияның принциптерімен сабақтасып жатыр.
Оқулықтың авторы қазақ тілі дыбыстарының құрамын дауысты, дауыссыз және үнді (сонор) дыбыстар деп аталатын үш топқа бөледі. Тілдің сөйлеген кезде жоғары көтерілу, төмен түсу ыңғайына қарай а/ә, о/ө, е дауыстыларын толық дауысты, ы/і, ұ/ү дауыстыларын келте дауысты деп атайды. Yнсіз дауыссыздарды екі жікке ажыратып, б, д, ж, з, ғ, г дауыссыздарын ұяңдар тобына, п, т, ж, с, қ, к дауыссыздарын қатаңдар тобына жатқызады. Жасалу жолына қарай п-б, т-д, қ-ғ, к-г дегендерді үздікті дауыссыз, с-з, ш-ж дегендерді үздіксіз дауыссыз деп бөлген.
Yнсіз дауыссыздарды жасалу орнына қарай көмей, тіс, ерін дауыссыздары деп аталатын үш топқа ажыратады. Оқушылардың түсінуіне жеңіл келу үшін дыбыстардың өзара жіктелісін әдейі қарапайым үлгіде жеткізуге тырысқандығы көрінеді.
Yнді дауыссыздарды Қ.Жұбанов алдымен тура жолды сонорлар, айналма жолды сонорлар деп екі топқа бөліп, оның алғашқысына ү, и, кейінгісіне р, л, м, н, ң дауыссыздарын жатқызады.
Соңғы топтағы сонорларды әрмен қарай ауыз жолды, мұрын жолды деп екіге айыра көрсетеді.
Ұзын сөздің қысқасы, Қ.Жұбанов дыбыстардың жасалу жолдарын жан-жақты қарастыра келе, олардың толық топтастыру жүйесін жасап берген.Лингвист ғалым өзінің бір тиянақталған еңбегін қазақ сөзінің буынын зерттеуге арнады. Буын жасауға қатысатын дыбыстарды санына қарай қазақ тіліндегі буынды төртке, ал дыбыстардың буын ішінде орналасу тәртібіне қарай үшке бөледі. Қазақ сөзіндегі буын санының сөз ішіндегі дауыстылардың санымен бірдей болатындығы жөнінде толық мағлұмат береді. Буынның түрлері оның құрамына енетін дыбыстардың бір-бірімен тіркесу ыңғайына тәуелді. Буындардың бірімен-бірінің бірігіп, жымдасып кететіні де, бірімен-бірінің орындарының ауысып қолданылатын кездері де бар. Қазақ тілі буын құрылысының бұл да бір ерекшелігі деуімізге болады.
Профессор Қ. Жұбанов бұл саладағы зерттеулерінде қазақ тіліндегі буындардың бірігуі немесе олардың орын алмастыруы, сондай-ақ екпін, әсіресе сингармонизм заңы секілді құбылыстардың һәммесі сөз элементтері арасында берік байланыстың болуы үшін қызмет ететін категориялар деген ғылыми қорытынды жасайды.Қ. Жұбанов қазақ фонетикасының пәнін анықтап, дыбыстардың жіктеліс жүйесін саралауда қисапсыз мол еңбек етті. Өзінің қазақ әліпбиі (алфавит), емлесі және өзге де қолданбалы салаларына арналған еңбектерінде сол кездегі фонологиялық ілімнің қағидаларына сүйенді.
Грамматика оқулығынан тыс Қ. Жұбанов 1936 жылы орта мектептің 5-7 кластарының қазақ тілі оқу бағдарламасын түзді. Бұл бағдарлама қазақ тілі пәнін ғылыми зерттеудің объектісіне айналдыруды көздеген алғаш жарық көрген құжаттардың бірі болды. Мұнда ғалымның құрмалас сөйлемнің синтаксисі жөніндегі көзқарасы мейлінше толық баяндалған болатын. Республикадағы ағарту ісі қайраткерлерінің аға өкілдерінің бірі А. Сытдықов бұл бағдарлама туралы былай деп жазған еді: «Жаңа бағдарлама қазақ тілінің өсу, кемелдену жайын ескеріп жасалған тың еңбек болды... Мұнда емлеміздің жаңа жазуымызға лайықталған нұсқасын жасау, қоғамдық-саяси терминдер мен жер-су аттарын жаңаша жазу мәселелері толық қамтылған».
Халық ағарту ісіне жан-тәнімен берілген тамаша педагог Қ. Жұбанов көптеген мектеп мұғалімдерімен толассыз хат жазысып, хат алысып тұратын. Хаттарында методикалық кеңестер беретін, ана тілін қалай оқытудың әдістерін түсіндіретін, грамматиканың, методиканың, терминологиялық сан қилы мәселелері туралы сөз қозғайтын. Осындай хаттарының бірінде қазақ тіліндегі көнеріп, ізі өшіп кеткен тұлғаларды балаларға үйретудің жолын былай нұсқаған-ды. «Кейде оқыту ісіндегі қиындықтың оқулықтың кінәсіне байланысты болмай, мұғалімнің өз басына байланысты болатын кездері бар. Сенің оқулыққа қойып отырған кінәратың, маған кінә сенің өзіңнен емес пе екен деген ой салды, өйткені бұл жайында маған сенен бөтен ешкім жаза қойған жоқ. Қандай қиындықтарға душар болсаң да маған хат арқылы жазып тұр. Егер менен кеткен кемшіліктер болса, дәлелде, мен де өз дегеніме бұрып, қарыса бермеспін». Педагогтік институттың құрметті профессоры бір ауыл мұғаліміне жазған хатында осылай деген еді.
Осындай бір үзік сырлар Қ.Жұбановтың қазақ мектептері тарихында алатын орнының ерекше екенін дәлелдесе керек.
Әрине, әрбір зерттенімпаз ғылым жолында жүрген адамның ісінде кейде селкеу шығып жататын жайлардың да болып қалуы ғажап емес қой. Бұл да бір әр пендеге тән, заңды құбылыс па деп ойлаймыз. Өзі қамшы салдырмай бұрқыратып жазып жүрген кездерінде, тым тәуір-ақ еңбектерін бірінің үстіне бірін беріп, қазақ тілі жөніндегі ғылымның көсегесін көгертіп жүрген кезінде бірер жерде аяғының кібіртіктеп кеткен ыңғайы да байқалған кездері бар. Мәселен, әбден ет-еке боп елдің құлағына сіңіп кеткен терминдерді құбылтып басқаша қолдануын жөн дей алмаймыз; жұрнақ дегенді үстеу деп, жалғаулықты – жалғауыш дегеннен ештеме ұтып тұрмағанымыз кәдіксіз.
Кезінде Қ.Жұбанов жазған оқулықтың мұғалімдер қауымынан жоғары баға алғаны белгілі. Бірақ кісінің жеке басына табыну етек алып тұрған кезде оның еңбектерінің орынсыз сынға ұшырағанын да білеміз. Қ. Жұбанов еңбектерінде ол ұсынған грамматикалық қағидаларда зиянкестік бар деп жазғандар да болды. Енді міне Қ. Жұбановтың құрметті есімі ақталып, аршылған тұста осы бір ғылым еңбекқорының еткен ісін елге таныту – біздердің борышымыз. Қ. Жұбановтың мақалалар сериясының енді бір тобының қазақ тілінің емле, терминология, методика сияқты практикалық мәселелеріне арналғаны мәлім. Ол кісі – республикадағы тілдік құрылысмәселесіне өте белсене араласқан адам. 30-жылдардағы қазақ емлесінің жайын әңгіме қылатын бір архив дерегінде былай делінген: Бөгде тілден енген сөздер мен терминологияның емлесінде күні қазірге дейін созылып келе жатқан ала-құлалықтар бұл мәселені мықтап қолға алу туралы Ағарту халық комиссариатына қозғау салғаны сөзсіз. Айталық, «коммунист немесе комиссарша» деген секілді сөздерді бес-алты үлгіде жазып келгеніміз белгілі. Мұны қалай да жөндеуіміз керек. Емле жобасын жасау, терминология ережелерін түзу жұмысы Қ. Жұбановқа тапсырылған болатын. Ол өз жобасын алдымен Өлкелік комитеттің үгіт-насихат бөлімінде талқылауға ұсынып, содан кейін оны Алматыдағы мәдениет қызметкерлерінің кең талқысына салды. Талқылау төрт күні ҚазПИ-де өтті. Талқылау өте қызу өтті, оған жергілікті халық өкілдері де, сондай-ақ студенттер де қатынасты.
Бұл құжатта әрмен қарай Қ.Жұбановтың еткен еңбегінің ғылыми дәлелді екені, оның қисынсыз еместігі, ғалымның бұрыннан белгілі ізбен кетпегені айтылады. Өзінің ғылыми тұжырымдарының бәрін автор мұнда қазақ тілінің табиғатынан шығарып барып, оның фонемалық құрамын ескере отырып айтқан. Жобаның авторы ретінде Қ.Жұбанов қазақ тіліне шет тілден енген мұндай сөздерді бағзы қалпынан өзгертпей жазуды ұсынды. Бірақ бұлай жазу ол кездегі қазақ қауымы үшін аса қиындық келтіретін болғандықтан жоба қабылданбай қалды. Өйткені ол жылдарда мұны түсінерліктей теориялық дайындығы бар мұғалімдер, сондай-ақ өзге кадрлар республикамызда тым аз еді. Сондықтан жобаны, шет сөздерді жазу туралы ондағы ұсынылған ережелерді уақытша тоқтата тұруға тура келді.
Қ. Жұбановтың бұл жобасын белгілі түрколог С.Е.Малов өте жоғары бағалады. Қазақстандағы мәдени құрылыс жұмысына арналған 1935 жылғы мәслихатта: «Профессор Қ. Жұбановтың жобасы әрі ғылыми, әрі ол принциптік жағынан маңызды» – деп атады.
Қ.Жұбанов ол жылдарда Республика үкіметі жанындағы терминология мен емлені үйлестіру орталығын ұйымдастырушылардың бірі болатын. Мәдени құрылыс жөніндегі съезд қарсаңында Қ. Жұбановтың басшылығымен Мемлекеттік терминкомның бюллетенінің төрт нөмірі басылып шықты. Бюллетень емле жобасы мен көп ғылым саласы бойынша қазақша терминдердің үлгісін жариялады. Қ.Жұбановтың өзі Бюллетень бетінде емле мен терминология мәселелерін сөз еткен бірнеше мақала жариялады. Олардың бәрінде терминдердің ерекшелігі, емле мәселелерін сөз етті. Бұл мақалалар мұғалімдер үшін әлі күнге маңызын жойған жоқ.
Қ.Жұбанов емле ережелерін жүйелеу жағына қатты көңіл аударды. Емлені мектеп оқушыларын сауатты жазуға баулу мен республикадағы ересектерге хат білдіріп, қара танытуға қажетті құрал деп есептеді.
Төңкеріске дейін берік дәстүрі болып көрмеген қазақ тілінің емлесі арқаны, негізінен фонетикалық принципке сүйеді. Ал морфологиялық принцип болса, ол да осы принципке қарайластырыла жүргізілді. Әрине, өзге белгілі ғалымдар сияқты Қ. Жұбанов та фонетикалық принциптің сөздің сыртқы пішініне сүйеніп жүргізілетін, ал морфологиялық принциптің түбір сөзді сақтауға байланысты болатынын жақсы түсінді. Өз зерттеулерінде осы екі принципті бір-біріне орайластыра, жабыстыра отырып пайдаланды.
1938 жылы қазақ емлесінің кей мәселелері ішінара жүйеге түсірілгені мәлім. Қазақ әліпбиінде бұрын жоқ ф, х дауыссыздарының да енгізілгені осы кез болатын. Бұл латынға негізделген жазу емлемізді орыс емлесіне қарай бейімдей түсуге көмектесті. Асылында, ф, х әріптерін ендіру жөніндегі идея да Қ. Жұбановтікі болатын, бірақ бір мәнәйі себептермен оны тоқтата тұруға тура келген-ді. Олай дейтініміз, Мемлекеттік терминология комиссиясының Ағарту халық комиссариаты жанындағы Бағдарлама-методика секторымен 1934 жылдың 27 қарашасында бірігіп өткізілген бір мәжілісінің бағдарламасында Қ. Жұбанов өзінің термин жасау мен оны бекітуге арнаған баяндамасында емле жобасын ұсынып, онда халықаралық терминдерді дұрыс жазу үшін қазақ әліпбиіне ф, х дыбыстарының таңбасын ендірудің қажет екендігін айтты деп көрсетілген. Бірақ мәжіліс: «Өкілетті орындармен келісіп алғанға шейін ф, х әріптерін қазақ жазуына ендіруді әзірге тоқтата тұру керек. Оған дейін бұл мәселе төңірегінде кең көлемді айтыс ұйымдастыру керек» – деп қаулы алып, ұсынысты қабылдамай қойды.
у, и дыбыстарының жазылуын оңайлату жөніндегі ұсыныс та Қ. Жұбановтікі еді. Бұлардың әрқайсысы қосар әріппен белгіленіп келген болатын. Бұл идеяның тек 1957 жылы ғана жүзеге асқанын бәріміз жақсы білеміз.
Тіл құбылыстарын зерттеуге жаңа тұрғыдан келуі жағынан болсын, филология саласындағы мамандарды әзірлеуге белсенді араласуы жағынан болсын Қ. Жұбановты қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі деп қарауға әбден болады.
Осы бір ғана мақалада Қ. Жұбановтың тіл білімі саласындағы ойға түйген нәрселерінің, идеяларының қаншалықты жүзеге асқанын анықтап шығу, әрине, мүмкін емес. Қ. Жұбановтың тіліміздің грамматикасы, фонологиясы, лексикологиясы және қолданбалы мәселелері хақындағы айтқандары, тұжырым-толғамдары, қағидалары біздің дәуіріміздің зерттеушілерінің еңбектерінде жүзеге асып жатыр, солардың ғылыми жұмыстарында әр түрлі дәрежеде көрініс тауып жатыр десек, артық айтқан болмаймыз. Қ.Жұбанов идеялары мен айтқандарының біздің қазіргі ғылымымызда қаншалықты жүзеге асқанын анықтау – арнаулы зерттеулердің тақырыбы болуға әбден лайық.
Біз Қ.Жұбановтың ғылымда кім екенін ел-жұртқа таныстырмақ болған ойымызға орай ол кісінің көзін көрген, қазақ тіл білімі саласында бірге қызмет істескен әріптесі ретінде Құдекеңнің жеке басына қатысты жайлардан оқушыларды хабардар ете кетсек пе деп отырмыз.
Ең алдымен бұл кісінің нағыз еңбеккер адам болғанын айтқым келеді. Әріптестері мен шәкірттері ол кісіні қатты сыйлап, зор ізет, құрмет тұтатын. Өзі қаншалық зор білімдар, асқан мағлұматты адам болғанымен, өзін әлбетте пәс ұстайтын, ғажайып сыпайы адам болатын, бір нәрсеге дауысын қаттырақ көтеріп, күйгелек мінез көрсеткенін өз басым байқаған емен. Бірақ өз пікірін дәлелдеуге келгенде зор айтыскер адам еді. 20-30 жылдардағы қазақ тіл білімінің проблемалары жөніндегі барлық істің басы-қасында жүретін. Қазақ тіл білімінің практикалық мәселелері болсын, теориялық мәселелері болсын бұлардың дамуына бұл кісінің игі ықпалы мейлінше зор болды. Тіл жөніндегі айтыс-тартыстардың бәрінде де, түптеп келгенде, осы кісінің пікірі өтетін. Ешкіммен қатты сөзге бармай-ақ білімінің арқасында үнемі жеңіп шығатын. Ауызша сөйлегенде де, жазып сөйлесе де ойларын қысқа тұжыратын. Ойының дәлелділігінен болуы керек бұл кісімен сөз жарыстырған қарсыластары тез келісетін. Осы секілді қасиеттері мен зор білімдарлығы ол кісіні қазақ зиялылары арасында зор ізет-ілтипатқа ие етті.
Қ.Жұбанов біреумен дүрдараздыққа еш уақыт барған адам емес. Кісіге еткен жақсылығын әсте міндет етіп көрген емес. Адамның білімге деген құштарлығы мен басына біткен қабілеті, дарыны – ол кісі нағыз қастер тұтатын нәрселер болатын. Бір жастың бойынан ғылымның, я өнердің бір саласына деген бейімділікті, талпынысты сезе қалса, соған көмектесуге, қалай да шылбыр ұшын беруге даяр тұратын. Ол үшін өзінің қолынан келгеннің бәрін істеп бағатын. Абай атындағы Қазақтың педагогтік институтында профессор болып істеп жүрген кезінде Ғ.Мұсабаев деген бір ізденгіш, тіл ғылымына бейімділігі бар студентті байқап қалып, ол баланың білім алуына, лингвистика саласына деген талабына қошеметті болып, көмектескенін әлі ұмытқан жоқпын. Ең соңғы курста оқып жүрген Мұсабаевты оқуын бітірмей жатып Ағарту халық комиссариатындағы бағдарлама-методика секторына нұсқаушы методист етіп жұмысқа алғызғаны бар. Бұл жөнінде кейін Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі болған профессор Ғ.Мұсабаев былай деп айтып отырады: «Студент боп оқып жүрген кезімде, лекциядан босаған сәттерде Ағарту комиссариатына баратынмын, маған жетекші Қ.Жұбанов әр барған сайын топ-топ ғылыми кітап дайындап қойып, оқып шық, таныс дейтін. Оларды белгілі бір уақыт ішінде оқып шығуға тиіс болатынмын. Солармен әбден танысып болғаннан кейін, әлгі кісі не біліп, не қойғанымды тексеріп, менен бейне бір емтихан алып отырған адамша сұрақтар қоятын, әрмен қарай өзі түсіндіріп, өзі айтып кететін. Соның арқасында мен Пешковскийдің, Обнорскийдің, Бодуэн де Куртэнэ, Радлов, Мелиоранский, Казамбек еңбектерімен сол кезде-ақ таныс болдым».
Қ. Жұбанов өзінің студенттерінің арасынан ең қабілетті дегендерін таңдап алып, осыдан бірдеме шығады-ау дегендерін ірі оқу орындарына орналастыруға көмектесетін. Осы кісінің көмегі арқасында республикамызға бұл күнде аты мәлім ғалымдар Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, профессор М. Балақаев, филология ғылымының докторы, профессор М. Қаратаев Петерборға аспирантураға жіберілген еді.
Жалғыз жастар ғана емес-ау, кім болса да, ғылымның қай саласымен айналысқысы келсе де Қ. Жұбанов үшін... бәрібір еді, ол елдің бәріне де көмектесуге әзір тұратын. Оның өнерге, техникаға ұмтылған адамдардың талайына ақыл-кеңес беріп, білімін әрмен қарай жалғастыруға септік еткен жайлары көп. Өзінің туған інісі Ахметтің музыкаға қабілетін ерте танып, өзімен бірге Петерборға ала кетіп, консерваторияға оқуға түсіреді. Ахмет Жұбанов қазақ халқы тарихында – музыкалық жоғары оқу орны – Санкт-Петербург консерваториясын бітірген тұңғыш қазақ болды. Өзіне жақындап кеткен бір ғана адам болса, Құдекең бәріне шарапатын тигізгенше асығатын. Оларды оқуға, білімге тартуды өзінің мойнына біреу міндеттеп қойғандай борыш санайтын. Кейіннен КСРО Архитектура академиясының мүшесі болған, ол кезде бала жігіт, белгілі қазақ архитекторы Төлеу Бәсеновтің Петербордағы инженерлік құрылыс институтына түсіп кетуіне тікелей көмек көрсеткен адам – осы Құдайберген болды. Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі Әубәкір Ысмайылов, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер Асқар Тоқпанов, тағы басқа да осындай көп кісілер Қ. Жұбановты өзінің «әкесі» деп есептейді. Қазақтың белгілі жазушысы Хамза Есенжанов Қ. Жұбановты «әти» деп кеткен. Бұл – ол кісіге ерекше ілтипат білдіре айтқан «әке» деген сөз.
Өзінің отбасы, ошақ қасына деген сүйіспеншілігі ғаламат болатын. Балаларына еміреніп тұратын. (Ол кісінің үш ұл, үш қызы бар). Балаларының бәрі де жоғары білім иелері. Олардың білім алып, ер жетуіне көп еңбек еткен адам – Құдайбергеннің зайыбы Раушан Жұбанова.
Профессор Қ. Жұбановты қазақ зиялылары, ағарту саласының қызметкерлері өте жақсы білетін. И. И. Мещанинов, А. Н. Самойлович, В. В. Бартольд, С. Е. Малов, К. К. Юдахин, А. К. Боровков сынды ірі орыс оқымыстылары Қ. Жұбановты білікті ғалым, лингвист ретінде ерте танып бағалады.
Жастарға деген аралас-құралас болған адамдарға деген шексіз бауырмал, жаны ашығыштығының үстіне Құдайберген Жұбанов оларға сын көзімен қарап, талап қоюды да есінен шығарған емес. Республиканың мәдени өмірінің бірде-бір саласы Қ. Жұбанов назарын өзіне аудармай кеткен емес. Ғылым адамдары, өнер адамдары, әдебиет саласының адамдары – бұлардың бәрі Қ. Жұбановтың білімдарлығын, адамгершілік іс-харакетін жақсы білетін, оны қадірлеп сыйлайтын. Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтының қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, беделді профессоры Қ. Жұбанов Қазақ КСР Ағарту халық комиссариаты оқу-методикалық кеңесінің жетекшісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы Лингвистика секторының меңгерушісі секілді аса абыройлы жұмыстарды қоса атқарғаны белгілі. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш монографиялық зерттеудің авторы, алғашқы мектеп оқулығы мен оқу бағдарламасының авторы ретінде қазақ тіл білімі тарихына аты алтын әріппен жазылатын есімдердің бірі – осы профессор Қ. Жұбанов. Қ. Жұбанов қазақ филологиясы кадрларын даярлап, түлетіп өсірудегі қызметі ұшан-теңіз. Республикамыздағы аты белгілі ірі-ірі ғалымдар өздерін Қ. Жұбановтың шәкіртімін дегенді мақтан тұтады.
Ғылыми-педагогикалық жұмысымен қатар Қ. Жұбанов – қоғамдық істерге де белсене араласқан адам. Өткен дәуірлердегі ірі тұлғалар Фирдоусиге, Абайға арналған ғылыми конференцияларды шақыруға мұрындық болып, осы жиындарда мазмұнды баяндама жасаған адам да осы кісі.
1935 жылы Қазақстан мәдени құрылысшылары съезінің ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып, осындай ірі форумды өткізуге тікелей араласқан да осы кісі. Осыған іле-шала Кеңестердің бүкілресейлік XVI съезіне делегат болып, онда Татарстан мәдениеті жайлы патриоттық сарында сөз сөйлеген де осы кісі. Қ. Жұбанов Қазақ КСР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Оның есімін біз қазақ лингвистикасының негізін салушылардың бірі ретінде бұл күнде ерекше құрметпен еске аламыз.
## Тіл біліміндегі еңбектері
Жұбанов тіл білімі мәселелерімен 1920 жылдан бастап шұғылдана бастады. Ол қазақ мектептері мен жоғары оқу орындары үшін қазақ тілін оқыту бағдарламаларын жасап, оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазды. Сондай-ақ, оның “Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары” (1-том), “Фонетика” (орыс тілінде), “Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе”, “Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар”, “Буын жігін қалай табуға болады”, “Қазақ тілінде біріккен сөздің жазылуы”, “Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі”, “Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан”, т.б. іргелі ғылыми жұмыстары қазақ тіл білімін қалыптастыруға қосылған елеулі үлес болды. 20 ғасырдың 20 – 30-жылдарында Жұбанов қазақ халқының рухани-мәдени өмірінде саяси-әлеуметтік, халықтық мәні зор проблемалардың бірі – жазу, емле, термин мәселелерімен де шұғылданды. 1929 жылы Қызылордада өткізілген тұңғыш ғылыми-терминологиялық конференцияда Жұбанов қазақ тілінің емлесі жөнінде ғылыми негізделген ұсыныстар жасады. 1935 жылы қазақ әліпбиі мен емлесін жақсартудың жобасын ұсынды. Онда халықаралық және орыс тілінен енген терминдерді орысша жазылуына жақындатып таңбалау, кейбір қосар дыбыстарды жалаң әріппен беру, біріккен сөзді қосып жазу туралы пікір айтты. Жұбанов 1933 жылдан саяси қуғын-сүргінге ұшырағанға дейін Қазақстанның Мемлекеттік терминологиялық комиссиясының төрағасы болды. Бұл салада ол термин жасау ісіне мамандарды жұмылдырып, олардың дайындаған материалдарын ғылыми тұрғыдан реттеп, жұртшылық талқысына салып, тәжірибеге енгізуді қадағалады. Жұбанов – 1935 жылы Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің съезіне Мемлекеттік терминкомның атынан ұсынылған жобаның негізгі авторы. Ол ұсынған принциптер қазақ терминологиясын жасаудың үлгісі ретінде әлі күнге дейін қолданылып келеді. 1936 жылы ғалымның “Қазақ сөйлем мүшелерінің орны тарихынан” деген кітабы баспадан шықты. Бұл кітабында ол қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерінің тарихын басқа түркі тілдерінен бөліп қарамай, өзі еркін игерген түркі халықтары тілдерін бір-бірімен байланыстыра зерттеп, тарихи салыстырмалы әдісті шебер қолданды. Бұл еңбегімен Жұбанов қазақстандық түркітану ғылымының қалыптасуына зор үлес қосты. “Ауыл мұғалімі” (қазіргі “Қазақстан мектебі”) журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы, кітапты қалай пайдалану, оқулықтағы материалдарды оқушыларға қалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда “Жаңа грамматиканың жақсылықтары”, “Шылаулар”, “Қос сөздер”, “Біріккен сөздер”, “Әдіс, бағдарлама мәселелері”, т.б. мақалаларын жариялады. Жұбанов қазақ әдеби тілі мен музыкалық өнері туралы да келелі пікірлер айтты. Ол өзінің “Абай – қазақ әдебиетінің классигі” (“Әдебиет майданы”, 1934, №11 – 12) атты аяқталмай қалған әдеби-публицистикалық еңбегінде Абайдың қазақ әдеби тілін дамытудағы, әлеуметтік ой-санадағы орнын, ақындық шеберлігін, композиторлығы мен өлең құрылысына енгізген жаңалығын тұңғыш көрсетіп, әділ бағалады. “Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен” (1936) деген зерттеуінде “ән”, “би”, “бақсы”, “жыр”, “домбыра”, “күй”, “қобыз”, “сыбызғы”, “толғау” сөздерінің этимологиясын ашу арқылы қазақ музыка мәдениетінің тарихы ертеден басталатынын көрсетті. Жұбанов тек ғылыммен ғана шұғылданып қоймай, Қазақстанның Оқу-ағарту халық комиссариаты жанындағы әдістеме, бағдарлама, оқулықтар секторының меңгерушісі міндетін атқара жүріп, бар ынта-жігерін аз уақыттың ішінде қазақ мектептерін ғылыми негізде жазылған оқулықтармен қамтамасыз етуге жұмсады. Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстарында, семинарларында дәріс оқып, ақыл-кеңес беріп отырды. Ол қазақ тіл білімі мамандарын баулып, тәрбиелеуде де мол еңбек сіңірді. Республикадағы көрнекті тіл мамандары М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, А.Ысқақов, Ә.Шәріпов, Т.Қордабаев, т.б. өздерін Жұбановтың шәкіртіміз деп санады. Жұбанов республикамыздың саяси-әлеуметтік өміріне де белсене қатысты. 1935 жылғы Қазақстанның мәдениет қызметкерлері съезін ұйымдастыру комитетінің төрағасы, 1935 жылдан Қазақстан КСР ОАК-нің мүшесі болды. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1957 жылы 3 қазанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери алқасының шешімімен ақталды. Ақтөбе мемлекеттік университетіне, осы қаладағы бір көшеге Жұбанов есімі берілген.
## Өмірі мен еңбектері туралы әдебиет
### 1937
* Орманов Ғ. Профессор // Социалистік Қазақстан, 21 наурыз.
* Балақаев М. Қазақ тілі грамматикасы туралы // Социалистік Қазақстан, 15 мамыр, № 109.
* Жолымбетов Ө. Жұбановтың кітабындағы кейбір кемшіліктер (пікір алысу ретінде) // Социалистік Қазақстан, 27 сәуір.
* Смайылов Е. Грамматикадағы анархия туралы // Социалистік Қазақстан, 30 қыркүйек.
### 1957
* Ауэзов М., Кенесбаев С. Основоположник казахской лингвистики // Учитель Казахстана, 5 желтоқсан, № 50.
* Әуезов М., Кеңесбаев І. Қазақ лингвистикасының негізін қалаушы // Қазақстан мұғалімі, 5 желтоқсан, № 50.
* Әуезов М., Кеңесбаев І. Ірі оқымысты // Қазақ әдебиеті, 5 желтоқсан, № 49.
* Жолаев Ж. Друг сельских учителей // Учитель Казахстана, 5 желтоқсан, № 50.
* Жолаев Ж. Ауыл мұғалімінің ақылшысы // Қазақстан мұғалімі, 5 желтоқсан, № 50.
* Жұбанов А. Өнегелі өмір // Қазақ әдебиеті, 5 желтоқсан.
* Мұсабаев Г. Скромный и требовательный // Учитель Казахстана, 5 желтоқсан, № 50.
* Мұсабаев Ғ. Қадірлі ұстаз // Қазақстан мұғалімі, 5 желтоқсан.
* Решетняк В. Народный интеллигент // Учитель Казахстана, 5 желтоқсан, № 50.
* Решетняк В. Ұмытылмас дос // Қазақстан мұғалімі, 5 желтоқсан.
* Ситдыков А. Ученый-педагог // Учитель Казахстана, 1957, 5 желтоқсан.
* Сытдықов Ә. Педагог ғалым // Қазақстан мұғалімі, 5 желтоқсан, № 50.
### 1958
* Кеңесбаев І. Профессор Құдайберген Жұбанов және оның ғылыми-педагогикалық мұралары // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2.
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Көрнекті ғалым // Жұлдыз, № 6.
### 1959
* Алпанов О. Құдайберген мұғалімдердің де қамқоршысы еді // Коммунизм жолы, 22 желтоқсан, № 122.
* Әбілкәрімов А. Қазақтың тұңғыш профессоры // Коммунизм жолы, 22 желтоқсан, № 122.
* Беркінов А. Зейінді шәкірт еді ол // Коммунизм жолы, 22 желтоқсан, № 122.
* Қожабаев Н. Естелік // Коммунизм жолы, 22 желтоқсан, № 122.
* Сабырқұлов Ә. Жұбанов Құдайбергеннің есімімен аталса екен // Коммунизм жолы, 22 желтоқсан, № 122.
### 1960
* Жанпейісов Е. Құдайберген Жұбанов // Білім және еңбек, № 11, 28-б.
### 1962
* Наурызғалиев С. Ғалым есімімен аталған мектеп // Коммунизм жолы, 21 ақпан, № 15.
### 1963
* История Казахской ССР (эпоха социализма). –Алма-Ата.
### 1964
* Есенов Қ. Тұңғыш филолог-профессор // Лениншіл жас, 24 желтоқсан.
* Сыздықова Р. Құдайберген Жұбанов – тіл білімінің классигі // Қазақ әдебиеті, 25 желтоқсан.
* Кенесбаев С. Видный казахский ученый-лингвист // Казахский университет, 23 желтоқсан, № 41-42.
* Сыздықова Р. Проф. Қ.Жұбановтың ғылыми-педагогикалық мұрасы // Қазақ университеті, 23 желтоқсан, № 41-42.
* Балақаев М. Ардагер ұстаз // Қазақ университеті, 23 желтоқсан, № 41-42.
* Мұсабаев Ғ. Қ.Жұбанов – полиглот // Қазақ университеті, 23 желтоқсан, № 41-42.
* Кенжебаев Б. Құдайберген жөніндегі есімдегілер // Қазақ университеті, 23 желтоқсан, № 41-42.
* Әлімжанов Д. Ірі методист ғалым // Қазақ университеті, 23 желтоқсан, № 41-42.
### 1965
* Бержанов К. Русско-казахское содружество в развитии просвещения (Историко-педагогическое исследование). –Алма-Ата.
* Ысқақов А. Жұбанов және қазақ тіл білімі // Қазақстан мектебі, № 3, –71-77-бб.
### 1966
* Кенесбаев С. Профессор Худайберген Куанович Жубанов // Жубанов Х. Исследования по казахскому языку. –Алма-Ата: Наука, 1966. – С.9-31.
* Сыздықова Р. Ғалым-азамат. –Алматы, 72 б.
* Есенов Қ. Қазақ тіл білімінің беташары // Жұлдыз, № 10, 137-141-бб.
* Мұсабаев Ғ. Үлкен ғалымның бағалы еңбегі // Социалистік Қазақстан, 9 шілде, № 156.
* Нұрқанов С. Профессор Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі жөніндегі зерттеулері // Қазақстан мектебі, № 9, 94-96-бб.
* Омарбеков С. Қазақ тіл білімінің бағалы қазынасы // Қазақстан коммунисі, № 12, 67-70-бб.
* Серғалиев М. Ғалым мұрасы // Қазақ әдебиеті, 12 қараша.
### 1967
* Әлсейітов Ж. Қос бұлан // Коммунизм жолы, 30 маусым.
### 1968
* Серғалиев М. Қ. Жұбановтың терминологиялық еңбектері // Қазақстан мектебі, № 6. –77-79-бб.
* Хайруллина Н. Профессор Қ. Жұбанов және алфавит мәселесі // Материалы Межвуз. науч.-теор. конференции. 16-19 қыркүйек 1967 ж. (Тезисы докладов). –Алма-Ата, 1968. –C. 75-76.
1969
* Байқадамова Д. Қыран мен ұлан // Лениншіл жас, 24 желтоқсан.
* Қ. Жұбановқа арналған ғылыми мәжіліс // Социалистік Қазақстан, 21 желтоқсан, № 296.
* Қ. Жұбанов // Қазақстан мектебі, № 11, 94-б.
* Есенжанов Х. Ғалымдар ағасы // Қазақ әдебиеті, 20 желтоқсан, № 51.
* Ермеков Ә. Абзал жанды аяулы аға // Оңтүстік Қазақстан, 10 желтоқсан.
1970
* Ақшолақов Т. Педагог-ғалым // Қазақстан мұғалімі, 8 қаңтар.
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Ұстаздардың ұстазы // Жұлдыз, № 1, 156-159-бб.
1974
* Жұбанов Құдайберген Қуанұлы // Қазақ Совет Энциклопедиясы, IV том (Док-Имантау). –Алматы, 492-493-бб.
1975
* Ибатов Ә. Құдайберген Жұбанов және қазақ тілі морфологиясының мәселелері // Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. Мақалалар жинағы. –Алматы, 81-86-бб.
* Ибатов Ә. Құдайберген Жұбанов және тарихи морфология мәселелері // Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. Мақалалар жинағы. –Алматы, 106-112-бб.
1979
* Балмағамбетова Ж. Білімімен үлгі // Коммунизм жолы, 20 желтоқсан, № 243.
* Бекниязов К. Мы помним его // Коммунист, 29 желтоқсан.
* Қазиев Р. Үлкен дарын иесі // Коммунизм жолы, 20 желтоқсан, № 243.
* Қалиев Ғ. Аса көрнекті ғалым педагог // Педагог, 13 желтоқсан.
* Қожанов М. Көрнекті ғалым // Коммунизм жолы, 20 желтоқсан, № 243.
* Оралбаева Н. Ғалымның мол мұрасы (Проф. Қ. Жұбановтың туғанына 80 жыл) // Қазақстан мұғалімі, 14 желтоқсан.
* Сегізбаев Ж. Асыл азамат еді // Коммунизм жолы, 20 желтоқсан, № 243.
* Тлегенов А. Незабываемая встреча // Коммунист, 29 желтоқсан.
* Үтбаева А. Қ. Жұбановты еске алу // Педагог, 13 желтоқсан.
1980
* Баймолдин С. Ел есіндегі есім // Коммунизм жолы, 12 қаңтар, № 9.
* Балақаев М. Көрнекті ғалым // Қазақ КСР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы, № 1, 35-37-бб. (Резюме орыс тілінде).
* Жубанов Худайберген Куанович // Развитие казахского советского языкознания. –Алма-Ата, –C.177-178.
* Казиев Р. Основоположник казахской лингвистики // Путь к коммунизму, 26 қаңтар.
* Оралбаева Н. Құнды мұра // Қазақстан мектебі, № 9.
1984
* Байқадамова Д. Сезімге адалдық // Қазақстан әйелдері, № 4, 16-17-бб.
* Ибатов Ә., Сарғожин Р. Ғалым мұрасы (Қ. Қ. Жұбановтың туғанына 85 жыл) // Қазақстан мектебі, № 12, 65-67-бб.
1985
* Әуезов М. Ірі оқымысты // М. Әуезов. Жиырма томдық шығармалар жинағы, 20-том. Алматы, 358-363-бб.
1986
* Ысқақов А., Ибатов Ә. Көш басы (Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасына» – 50 жыл) // Қазақстан мектебі, №12.
1987
* Айтбаев У., Жубанов Е. Проф. Х. Жубанов и некоторые вопросы теории перевода // Лексико-стилистические вопросы перевода. –Алматы: «Наука», –С. 67-77.
1988
* Әлсейітов Ж. Халық перзенті // Коммунизм жолы, 30 наурыз.
* Белботаев А. Ғалым-қайраткер // Қазақстан мұғалімі, 25 қараша, № 47.
1989
* Сыздықова Р. Профессор Құдайберген Жұбанов // Мәдениет және тұрмыс, № 1, 13-б.
* Сыздықова Р. Впереди своего времени // Путь к коммунизму, 17 мамыр, № 93.
* Сыздықова Р. Уақыт ақтаған азамат // Коммунизм жолы, 17 мамыр, № 93.
* Афанасьев В. Незавершенная статья // Путь к коммунизму, 17 мамыр, № 93.
* Меңдекеев Ә. Профессор Құдайберген Жұбанов // Қазақ әдебиеті, 10 ақпан.
* Мырзахметов М. Абайтанудың сын сағатында // Коммунизм жолы, 17 мамыр, № 93.
* Әлсейітов Ж. Ұмытылмас кездесулер // Коммунизм жолы, 17 мамыр, № 93.
* Пангереев А. Аяулы ағамен қауышу // Коммунизм жолы, 17 мамыр, № 93.
* Әнесов Ғ. Қаламгерлік пен қайраткерлік // Жалын, № 6, 77-78-бб.
1990
* Жұбанов Құдайберген. Шығармалар мен естеліктер. –Алматы «Өнер» баспасы, 12 б/т.
* Әуезов М. Ірі оқымысты, 76-81-бб.
* Жұбанов А. Өнегелі өмір, 81-86-бб.
* Қаратаев М. Патриот профессор, 87-96-бб.
* Есенжанов Х. Ғалымдар ағасы, 96-99-бб.
* Орманов Ғ. Профессор, 99-103-бб.
* Кеңесбаев І. Ұстаздардың ұстазы, 104-115-бб.
* Сыздықова Р. Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл біліміндегі аса зор тұлға, 115-124-бб.
* Дербісалин Ә. Ұстаз-ғалым, 124-132-бб.
* Решетняк В. Ұмытылмас дос, 132-135-бб.
* Меңдібаев Қ. Асыл азамат еді, 135-140-бб.
* Ермеков Ә. Абзал жанды аяулы аға, 140-147-бб.
* Жұбановр Ақырап және Есет. Әке шаңырағының шырағы, 148-162-бб.
* Жұбанова М. Менің әкем, 170-192-бб.
* Жұбанова Р. Екі дүниеде естен кетпес серігім, 192-205-бб.
## 90 жылдығына арналған ғылыми конференциялар
* А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында өткен ғылыми-теориялық конференция
* Қ. Жұбанов және қазақ совет тіл білімі. К. Жубанов и казахское советское языкознание. Ғылыми еңбектер жинағы. Сборник научных трудов. –Алматы: «Ғылым», 1990. –368 б.
* Қайдаров Ә. Профессор Құдайберген Жұбанов, 9-16-бб.
* Кайдаров А. Слово о профессоре Х.К.Жубанове, –С.16-20.
І бөлім. Ғұлама келбеті
* Ауэзов М., Кенесбаев С. Основоположник казахской лингвистики, –C.21-25.
* Жұбанов А. Өнегелі өмір, 26-29-бб.
* Сыздықова Р. Азамат-ғалым, 30-48-бб.
* Әлсейітов Ж. Халық перзенті, 48-54-бб.
ІІ бөлім. Қ.Жұбановтың ғылымдағы орны
* Дербісалин Ә. Ұстаз-ғалым, 55-61-бб.
* Оралбаева Н., Маралбаева С. Грамматика ілімінің бастау көздері, 61-69-бб.
* Есенов Қ. Профессор Қ.Жұбанов және қазақ тілінің синтаксисі, 69-79-бб.
* Серғалиев М. Синтаксистің кейбір мәселелері, 79-88-бб.
* Әбілқасымов Б. Әдеби тіл хақындағы ауқымды ойлар, 88-100-бб.
* Жанұзақов Т. Кісі аттарының байыпты зерттеушісі, 101-108-бб.
* Бектаев Қ., Белботаев А., Смайылов Т. Қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық статиканың алғашқы көріністері, 108-116-бб.
* Исаев С. Қазақ тілі тарихи морфологиясының проблемалары, 116-127-бб.
* Ибатов А. Сөздің тұлғалану процесін зерделеуші, 128-136-бб.
* Мырзахметов М. Абайтанудың сын сағатында, 136-144-бб.
* Айтбаев Ө. Термин және аужарма, 144-152-бб.
* Молдажаров Ж. Унификатор лингвистической терминологии, 152-158-бб.
* Есенғұлов А. Грамматикалық қатынастар мен ұғымдардың номинациясы, 158-169-бб.
* Урекенова Р. Первый председатель Гостерминкома республики, 169-174-бб.
* Әбдірахманов А. Қазақ терминологиясының түп қазығы, 174-180-бб.
* Омарбеков С. Диалектілік құбылыстар төркінін тереңнен барлаушы, 180-191-бб.
* Жүнісбеков Ә. Қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы, 191-196-бб.
* Шакиева А. О семантическом синтаксисе сложных глаголов, 196-201-бб.
* Уәлиев Н. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері хақында, 201-208-бб.
* Ақшолақов Т. Педагог-ғалым, 209-213-бб.
ІІІ бөлім. Есімі ел есінде
* Каратаев М. Испытание временем, –C. 214-218.
* Балақаев М. Ұстаздың жарқын бейнесі, 218-223-бб.
* Тәжібаев Ә. Аға туралы аз ғана сөз, 223-229-бб.
* Орманов Ғ. Профессор, 229-232-бб.
* Есенжанов Х. Ғалымдар ағасы, 233-235-бб.
* Жұбанова Р. Кебенек киіп кетіп еді, 235-249-бб.
* Ситдыков А. Ученый-педагог, –C.249-250.
* Решетняк В. Народный интеллигент, –C.251-253.
* Ермеков Ә. Абзал жанды аяулы аға, 253-259-бб.
* Баскаков Н. Один из первых советских тюркологов, –C.259-262.
* Карасаев Х. Кудайберген аганы эскерип (қырғыз тілінде), 263-267-бб.
* Ысқақов А. Ақылгөй аға, ұлағатты ұстаз, 267-277-бб.
* Кенжебаев Б. Құдайберген жөніндегі есімдегілер, 277-278-бб.
* Шәріпов Ә. Аяулы ұстаз еді ол, 279-290-бб.
* Әлімжанов Д. Ірі методист-ғалым, 290-291-бб.
* Қазиев Р. Үлкен дарын иесі, 291-293-бб.
* Маманов Ы. Қазақ тіл білімінің көш бастаушысы, 293-295-бб.
* Мұсабаев Ғ. Қ. Жұбанов – полиглот, 296-296-бб.
* Меңдібаев Х. Ағаны көріп іні өсер, 297-301-бб.
* Беркінов А. Зейінді шәкірт еді ол, 301-302-бб.
* Жолаева Ж. Ағалардың ақ жолынан айнымай, 302-311-бб.
* Алпанов О. Құдайберген мұғалімдердің де қамқоршысы еді, 312-313-бб.
* Балмағамбетова Ж. Білімімен үлгі, 313-314-бб.
* Ержанов К. Жарыққа жетелегендер, 317-318-бб.
* Бірманов Е. Асыл аға, 319-321-бб.
* Бекниязов К. Мы помним его, –C.321-321.
* Тлегенов А. Незабываемая встреча, –C.322-322.
* Брусиловский Е. Таинственная сила памяти, –C.323-323.
* Жулаев Ж. Друг сельских учителей, –C.324-324.
* Байқадамова Д. Жарқын жүзің жадымызда, жақсы аға, 325-333-бб.
* Хаймулдин О. Бәрі де бүгінгідей сезіледі, 333-337-бб.
* Дияров Н. Ғалымның туған жерінде, 337-340-бб.
* Жұбанов Е. Ғалым мүшеліне арналған ғылыми-практикалық конференциялар, 340-353-бб.
Қазақ КСР ҒА Халыққа білім беру министрлігі Абай атындағы Қазақ педагогика институтында өткен ғылыми конференция
* Профессор Құдайберген Жұбановтың 90 жылдығына арналған ғылыми конференция (19 желтоқсан, 1989) материалдары. –Алматы: Полиграф. предприятие «Кітап», 5,7 п.л.
* Шаяхметов Ш. Құрметті жолдастар, қадірлі ағайындар! (Кіріспе сөз). 3-5-бб.
* Қайдаров Ә. Ел мақтаны, 5-11-бб.
* Сыздықова Р. Құдайберген Жұбанов, 11-21-бб.
* Оралбаева Н. Қазақ совет тіл білімінің негізін қалаушы, 21-29-бб.
* Қалиев С. Оқу-ағарту ісінің ұйымдастырушысы, 29-32-бб.
* Есенов Қ. Ғалымның синтаксис жайындағы ілімі, 32-35-бб.
* Томанов М. Қазақ тілі тарихының кейбір мәселелері, 35-40-бб.
* Әбілқасымов Б. Әдеби тіл мәселелері, 40-46-бб.
* Исаев С. Қазақ тілінің тарихы мен тарихи грамматикасы мәселелері, 46-52-бб.
* Айтбаев Ө. Ғалымның терминология мен аударма ғылымын қалыптастырудағы орны, 52-61-бб.
* Мырзахметов М. Абай дүниетанымының бастамасында, 61-66-бб.
* Жүнісбеков Ә., Уәлиев Н. Қазақ тілі фонетикасының проблемалары мен емлесінің ғылыми негіздері, 66-69-бб.
* Ақшолақов Т. Ірі педагог, методист ғалым, 69-76-бб.
* Шәкиева А. Көмекші және күрделі етістіктер хақында, 76-83-бб.
* Жанұзақов Т. Атаулар жайлы сыр шерткен, 83-88-бб.
* Мәжітаева Ш. Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің бір типі жөнінде, 88-90-бб.
1993
* Терехова Ф. Х. Жубанов как лингвометодист. Записки группы «Структурно-семантический анализ языка», Вып. І, объем сб. – 111 м/п, –С.55-68. Актюбинский пед. институт им. Х.Жубанова, облысы типография.
* Жұбанов Е. Проф. Қ. Жұбанов тартқан тілтану желілері. «Ақтөбе» газеті, № 169, 171, қазан.
1994
* Оралбай Ә. Абай және Қ. Жұбанов. «Ақтөбе» газеті, 19 наурыз.
* Жұбанов Ақырап, Жұбанов Есет. Әке шаңырырағының шырашысы (деректі очерк). «Ақтөбе» газеті: № 43, 28 мамыр; № 44, 31 мамыр; № 45, 2 маусым; № 46, 6 маусым.
* Жұбанов Е, Әнесов Ғ. Ғұлама тағылымы. «Ақтөбе» газеті, № 102, 13 қазан.
* Тайжанов А. Қ. Жұбановтың қазақ халқының рухани мәдениетін дамытудағы орны. «Ақтөбе» газеті, 5 қараша.
* Тайжанов А. Қ. Жұбанов және рухани мәдениет. «Серпін», № 16, «Ақтөбе» газеті, 11 қараша.
* Асқаров И. «Сүйер ұлың болса, сен сүй...» (Абай) (Қ. Жұбанов күндері. Шолу). «Ақтөбе» газеті, № 117, 17 қараша.
* Ертай Ашықбаев. Тіл кеспек жоқ (Ақтөбеде өткен Қ. Жұбановты еске алу кешінде оқылған өлең), «Қазақ әдебиеті» газеті, № 48, 2 желтоқсан.
* Байқадамова (Қаралдина) Д. Аруағыңа бас иемін, жақсы аға ... (Қ.Жұбанов күндеріне орай). «Ақтөбе» газеті, 20 желтоқсан.
* Тектіғұлова Ж. Қ. Жұбанов және қазақ тілі тарихи грамматикасының проблемалары. –Алматы. Кандидаттық диссертацияның авторефераты, 22 бет.
* Тектұғұлова Ж. Кейбір тілдік элементтердің этимологиялық табиғаты (Проф. Қ. Жұбановтың лингвистикалық концепциялары тұрғысынан. Лекциялар желісі). *Ақтөбе облысы типографиясы. 40 бет.
1997
* Ильясова А. Разработка Х. Жубановым вопросов педагогической теории. –Алматы, 1997, Республиканский издательский кабинет по учебной и методической литературе Министерства Образования и культуры Республики Казахстан, 1,2 п/л.
* Бәкіров О. Дара тұлға (очерк). Жинақ: «Нәубет жылдары». –Алматы: Қазақ университеті, 16-25-бб.
1998
* Шәріпов Ә. Аяулы ұстаз еді // Көргенім, көңілге түйгенім. –Алматы, 1998. –23-32-бб.
## Профессор құдайберген жұбановтың 100 жылдығы қарсаңында
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінде өткен Республикалық Жұбанов оқулары
* Материалы республиканских Жубановских чтений, посвященных актуальным проблемам современных гуманитарных наук (1989, 1994, 1996 годов) на казахском и русском языках. 10,5 печ. листов (47-мақала). Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетінің редакциялық-баспа бөлімінде теріліп, басылды. – Ақтөбе, 1998.
* Кенжебаев К. Отыз жылдың олжасы, 3-6-бб.
* Қайдаров Ә., Әбдірахманов Ә. Тіл білімінің тарланы, 7-13-бб.
* Сыздықова Р. Қ. Жұбановтың лингвистикалық мұрасын танып-игеру проблемалары, 13-18-бб.
* Копыленко М. Проблемы общего языкознания в трудах Х.К. Жубанова, 18-24-бб.
* Серғалиев М. Профессор Қ. Жұбановтың синтаксистік зерттеулері, 24-29-бб.
* Әбілқасымов Б. Профессор Қ. Жұбановтың тіл тарихына қатысты пікірлері жайында, 29-32-бб.
* Есенов К. Профессор Қ. Жұбановтың синтаксис жайындағы ілімі, 32-34-бб.
* Жүнісбеков Ә. Профессор Қ. Жұбанов қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы, 34-38-бб.
* Уәлиев Н. Профессор Қ. Жұбанов қазақ орфографиясының негізгі принципі хақында, 38-43-бб.
* Әнесов Ғ. Қаламгерлік пен қайраткерлік, 43-47-бб.
* Негимов С. Қ. Жұбанов және қазақ фольклоры, 47-51-бб.
* Жұбанов А.Қ. Профессор Қ. Жұбанов және қазақ тілін зерттеудің кейбір қолданбалы тәсілдері, 51-56-бб.
* Омарбеков С. Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тілінің диалектілік белгілері жөніндегі көзқарастары, 56-60-бб.
* Оразов М. Көмекші етістіктер, 60-64-бб.
* Жұбанов Е. Профессор Қ. Жұбановтың кейбір басылым көрмеген еңбектері хақында, 64-71-бб.
* Берікұлы Н. Профессор Қ. Жұбанов және дидактика мәселелері, 71-76-бб.
* Султангалиева Г. Х. Жубанов – видный деятель народного образования, -С. 81-85.
* Манкеева Ж. Қ. Жұбанов және тарихи морфология мәселелері, 85-91-бб.
* Шакиева А. Вопросы словообразования в трудах профессора Х.К. Жубанова, 91-93-бб.
* Жубанова А. К проблеме фоновой и компонентной субституции в казахских фразеосочетаниях в аспекте жубановедения, 93-99-бб.
* Тайжанов А. Мұхтар Әуезов профессор Қ. Жұбановтың қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі туралы, 99-104-бб.
* Мурзалина Б. Проблемы интонации в работах Х. Жубанова и их современное состояние, 104-108-бб.
* Тектіғұлова Ж. Профессор Қ. Жұбанов предикаттық қатынастың қалыптасу тарихы хақында, 108-113-бб.
* Алдашева Н. Қ. Жұбанов және сөзжасам мәселесі, 113-117-бб.
* Садуақасов Н. Профессор Қ. Жұбанов – қазақ тілі фонетикасының негізін салушы, 117-122-бб.
* Қарағұлова Б. Профессор Қ. Жұбанов – қазақ терминологиясының негізін қалаушы, 122-127-бб.
* Байганина Н. Лингвистические исследования профессора Х. Жубанова в области казахской музыкальной терминологии (к проблеме «палеонтологии речи»), –С. 127-131.
* Мұхтаров С. Қ. Жұбанов және қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру принциптері, 131-134-бб.
* Жаманбаева К. Қ. Жұбанов және қазақ тілі пәнін оқыту мәселелері, 134-137-бб.
* Кенжеғұлова А. Қ. Жұбановтың «Буын жігін қалай табуға болады?» деген мақаласындағы методикалық көзқарастары, 137-143-бб.
* Бақытжанова А. Қ. Жұбанов және аударманың лексика-семантикалық проблемалары, 143-148-бб.
* Борашев Б. Қ. Жұбанов және Шығыс әдебиеті, 148-151-бб.
* Пангереев А. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі топономастикалық деректер, 151-156-бб.
* Ниязова Ғ. Қ. Жұбанов пен Ж. Тілепбергенов арасындағы рухани сабақтастық, 156-163-бб.
* Миров М. Қ. Жұбанов публицистикасындағы паремиялық қолданыстар, 163-167-бб.
* Есқалиева Ж. Профессор Қ. Жұбановтың сөз тұлғалары жайындағы танымдары, 167-170-бб.
* Тектіғұлова Ж. Қ. Жұбанов бір құрамды түбір негіздердің қазіргі тіліміздегі өлі түбірлерге қатысы жайында, 170-173-бб.
* Сүлейменова З. Относительно заметок о сложных и вспомогательных глаголах профессора Х. К. Жубанова, 173-176-бб.
* Байганина Н. Идеи профессора Х. Жубанова в области теории перевода и его роль в становлении казахской терминологии, 176-181-бб.
* Тайжанов А., Толыбаев М. Профессор Х. Жубанов и духовная культура казахского народа, 181-185-бб.
* Брязгалов Ю. К вопросу о формировании одаренности и таланта, 185-191-бб.
* Нурадинов А. О психологических аспектах лингвистического учения профессора Х. К. Жубанова, 191-195-бб.
* Жубанова А. Этнолингвистические воззрения профессора Х. К. Жубанова, 195-199-бб.
* Бокаева А. Об одной малоизвестной работе профессора Х. К. Жубанова, 199-202-бб.
* Сыздықова Р. Жеделхат. Құдайберген Жұбановтың туғанына 95 жыл толуына арналған ғылыми-теориялық конференцияға қатысушыларға, 202-203-бб.
* Әлсейітов Ж. Өмірде өшпес ізі бар, 203-206-бб.
* Сәдуақас Н. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі туралы (Қ. Жұбановтың туғанына 100 жыл). «Ақтөбе университеті» газеті, № 4, сәуір.
1999
* Жұбанов Қ. Қазақ тілінің жоғарғы курсы: Лекциялар желісі. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –112 бет.
## 100 жылдығына арналған ғылыми конференциялар
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен республикалық ғылыми-теориялық конференция
* Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімі: Ғылыми мақалалар жинағы. –Алматы, «Арыс» баспасы, 1999. –376 бет.
* Қошанов А. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы. Құттықтау сөз, 8-9-бб.
* Сыздық Р. Ғылым көгінің жарық жұлдызы, 10-17-бб.
* Әбілқасымов Б. Тіл тарихын зерттеудегі Қ. Жұбанов тағылымы, 18-22-бб.
* Оралбай Н. Қ. Жұбанов – қазақ тілін ғылыми тұрғыдан зертгеуші ғалым, 23-29-бб.
* Айтбайұлы Ө. Профессор Қ. Қ. Жұбанов және терминжасам принциптері, 30-41-бб.
* Хасанұлы Б. Қ. Жұбановтың әлеуметтік-лингвистикалық пайымдаулары, 41-57-бб.
* Хұсайын К. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі, 58-66-бб.
* Уәлиұлы Н. Профессор Қ. Жұбановтың буын туралы теориялық тұжырымдары, 66-72-бб.
* Жанұзақов Т. Қ. Жұбановтың еңбектеріндегі жалқы есімдердің зерттелуі, 72-80-бб.
* Жұбанов Е., Оралбай Ә. Профессор Қ. Жұбановтың қоғамдық, саяси және әлеуметтік ой-толғамдары, 80-86-бб.
* Айғабылұлы А. Қ. Жұбанов және морфонология мәселесі, 86-92-бб.
* Шалабай Б. Қ. Жұбанов – Абай поэзиясын лингвопоэтикалық тұрғыдан тұңғыш зерттеуші, 92-97-бб.
* Жұбанова А. А. Профессор Құдайберген Жұбановтың терминологиялық принциптері негізінде қазақ биология терминдерін жасау, 97-102-бб.
* Жұбанов А. Қ. Жұбанов және қазақ мәтін мазмұнын статистикалық тәсілмен анықтау, 102-108-бб.
* Манкеева Ж. Қ. Жұбанов зерттеулерінде тілдің тілдік философисы тұрғысынан қарастырылуы, 108-113-бб.
* Бүркіт О. Қ. Жұбановтың грамматикалық ілімін оқытудың ерекшеліктері, 113-118-бб.
* Оразалин С. Қ. Қ. Жұбановтың қазақ тіл білімі жайлы ойлары, 139-142-бб.
* Сәдуақас Н. Қ. Жұбановтың фонема заңдылықтары туралы көзқарастары, 143-152-бб.
* Қасым Б. Профессор Қ. Жұбанов және күрделі сөз мәселелері, 152-157-бб.
* Құрманова Н. Қ. Жұбанов грамматикалық құбылыстар туралы, 158-163-бб.
* Қобыланова А. Қ. Жұбановтың буын теориясы және оның оқу-әдістемелік маңызы, 163-165-бб.
* Карабалина А. Психологизмы, психологические понятия и слова-термины в наследии К. К. Жубанова, 165-172-бб. *Омарова А. Қ. Қ. Жұбановтың көмекші етістік туралы зерттеулері, 172-177-бб.
* Нұржанқызы Ж. Қ. Жұбановтың ғылыми мұрасын студенттерге оқытып, үйретудің жолдары, 177-182-бб.
* Ұлықпанова Ә. Қ. Жұбановтың абайтанымы, 182-190-бб.
* Миров М. Қ. Жұбанов лингвистикалық терминдер хақында, 190-198-бб.
* Макешева Ж. Профессор Қ. Жұбановтың терминологиялық принциптерінің қазақ іс жүргізу жүйесін қалыптастырудағы орны, 198-202-бб.
* Шәріпжанова F. Қ. Жұбанов пен Ы.Маманов еңбектеріндегі қалып етістіктерінің көрінісі, 202-209-бб.
1999Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде өткен ғылыми-теориялық конференция
* Қазіргі қазақ тілі және лингводидактика мәселелері (2-шығуы). (Қ. Қ. Жұбановтың 100 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары). –Алматы, 1999. –138 бет
* Оразбаева Ф. Құдайберген Жұбанов – қазіргі қазақ тілі кафедрасының негізін салушы, 3-5-бб.
* Шалабай Б., Мүрсәлімов Т. Қ. Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектері, 6-10-бб.
* Құрманова Н. Сөйлемнің ішкі құрылымы жасалуындағы синтагмалық мүшеленудің атқаратын қызметі және Қ. Қ. Жұбановтың сөздердің тіркесуі туралы пікірлеріндегі озық талдау үлгілері, 10-16-бб.
* Балтабаева Ж. Құдайберген Жұбановтың әдістемелік көзқарастары туралы, 17-20-бб.
* Тамаева Б. Профессор Қ. Жұбановтың этнолингвистика жөніндегі ой-пікірлері, 20-24-бб.
* Қасым Б. Қ. Жұбанов күрделі сөз мәселелері жайында, 24-28-бб.
* Ноғайбаева Ж. Қ. Жұбанов үндестік заңы жайында, 29-31-бб.
* Сәменова С.Н. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі заттануға қатысты пікірлер және заттанудың жасалау жолдары, 31-37-бб. *Арынова Р. Қ. Жұбанов сын есім жайында, 37-40-бб.
* Макешева Ж. Профессор Қ. Жұбановтың терминологиялық принциптерінің қазақ іс жүргізу жүйесін қалыптастырудағы орны, 40-44-бб. *Ибраимова И. Қ. Жұбановтың терминологияға қосқан үлесі, 44-47-бб.
* Бердалина Т. Теңдесі жоқ тұлға, 47-50-бб.
* Османова З.Ж. Құдайберген Жұбанов казақ поэзиясының көркемдігі туралы («Абай қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы бойынша), 51-53-бб. *Жетпісбаева О. Жұбанов еңбектеріндегі терминология және аударма мәселесі, 109-112-бб.
1999Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тілдерді дамыту департаментінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция
* Мемлекеттік тіл: терминология, іс қағаздары мен бұқаралық ақпарат құралдарының тілі (Қ.Жұбановтың 100 жылдығына арналған республикалық *ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары). –Астана, 1999. –464 бет.
* Сәрсенбаев А. – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. Кіріспе сөз, 5-7-бб.
* Кекілбаев Ә. – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. Ұлттық руханиятымыздың өзегі, 7-14-бб.
* Хұсайын К. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі, 30-34-бб.
* Сыздық Р. Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл білімінің теориялық негіздерін қалаушы, 43-50-бб.
* Айтбайұлы Ө. Профессор Қ. Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясының кейбір мәселелері, 60-69-бб.
* Жубанов Е.К. Профессор Х. К. Жубанов и проблемы казахской терминологии, –С.99-109.
* Негимов С. Құдайберген Жұбанов және ұлттық фольклор, 109-114-бб.
* Жарықова Д. Қ. Жұбанов және қазіргі медицина тілі, 240-249-бб.
* Жұбанов А. Проф. Құдайберген Жұбановтың буын теориясы және оның компьютерлік лингвистикадағы орны, 298-305-бб.
1999А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен ғылыми-теориялық семинар
* Қазақ тіл білімі: Ұрпақ жалғастығы мен дәстүр сабақтастығы: Ғылыми мақалалар жинағы (Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 100 жылдығына *арналған ғылыми-теориялық семинар материалдары). –Алматы: «Арыс» баспасы, 1999. –416 б.
* Сыздықова Р. 1999 жыл – қазақ тіл білімі үшін Құдайберген Жұбанов жылы (жас ғалымдарға арнау сөз), 8-13-бб.
* Айтбайұлы Ө. Профессор Қ. Қ. Жұбанов және терминжасам принциптері, 14-27-бб.
* Салқынбай А. Қ. Жұбанов және тарихи грамматика мәселелері, 27-30-бб.
* Жаманбаева Қ. Қ. Жұбанов – абайтанушы, 30-32-бб.
* Садуақас Н. Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тіліндегі буын туралы тұжырымдары, 32-39-бб.
* Мүрсәлімов Т. Қ. Жұбановтың сөздердің байланысу формаларын жіктеу принциптері, 43-49-бб.
* Мұхтаров С. Қ. Жұбанов қазақ тілі сөздерін таптастыру туралы, 49-55-бб.
* Балтымова М. Аударма теориясына байланысты профессор Қ. Қ. Жұбановтың ой-тағылымдары, 56-62-бб.
* Ержанова Ұ. Қ. Қ. Жұбановтың лингвистикалық терминологиясының ерекшеліктері, 62-65-бб.
* Жубанова А. Общелингвистические взгляды Х. К. Жубанова, –С. 65-71.
2000
* Хасанұлы Б. Қ. Жұбанов мұралары – отандық жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика бастаулары. Тіл саласындағы қуғын-сүргін. –Ақтөбе, 2000. –119 бет.
* Хасанулы Б. Жубановедение: в контексте формирования общего языкознания, социолингвистики и психолингвистики в Казахстане. Репрессии в сфере языка. –Актобе, 2000. –120 с.
2002Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен Республикалық ғылыми-теориялық конференция
* Жұбанов тағылымы-V. Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің *редакциялық-баспа бөлімі, 2002. –297 бет.
* Мырзахметов М. Қ. Жұбанов – қайраткер, ойшыл ғалым, 15-20-бб.
* Оразбаева Ф. Ұлылыққа тағзым, 20-23-бб.
* Хасанулы Б. Концепция Х. К. Жубанова в контексте гендерной лингвистики, –С.23-28.
* Сәдуақас Н. Қ. Жұбанов және қазақ тілі дыбыс жүйесі, 72-74-бб.
* Баяндина С. Қ. Қ. Жұбанов мұрасындағы тіл қызметінің көрінісі, 77-79-бб.
* Айтжанова С., Тоқтыманова F. Профессор Қ. Қ. Жұбанов еңбектері, 91-93-бб.
* Кенжеғұлова А. Қ. Жұбанов тағлымы авторлық оқулықтарда, 93-98-бб.
* Садирова К. Қ. Жұбанов лексика мен синтаксистің байланысы туралы, 98-101-бб.
* Ниязова F. Қ. Жұбанов халық ағарту майданында, 101-104-бб.
* Миров М. Қ. Жұбанов және ғылым тілі, 111-114-бб.
* Қаңтарбай С. Қ. Жұбановтың оқу әрекетіндегі біртұтастық ұстанымы, 119-123-бб.
* Оралбай Ә. Қ. Жұбановтың публицистік шеберлігі, 127-130-бб.
* Аитова Н. Қ. Жұбановтың когнитивтік пайымдаулары, 150-153-бб.
* Терекова Ф. Языковая личность профессора Х. К. Жубанова: аспекты к изучению вопроса, –С. 173-176.
* Дүзмағамбетов Е. Қ. Жұбанов мұраларындағы «одағай» категориясының танымы, 176-178-бб.
* Ұлықпанова Ә. Қ. Жұбанов Қожа Ахмет Яссауи толғауларының тарихи мәні жайында, 181-185-бб.
* Кенжан А. Ұлы Ұстаз Қ. Жұбанов тұжырымдамаларының – келешек ұстаздар үшін құндылығы, 185-186-бб.
* Балтымова М. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың лингвистикалық еңбектеріндегі шығыстану мәселелері, 193-196-бб.
* Сәтер А. Қ. Жұбанов және бүгінгі БАҚ: терминология мәселелері, 198-204-бб.
* Асылбаева Р. Құдайберген Жұбановтың күрделі сөздер туралы ойлары, 226-228-бб.
* Кенбай Ж. Тұғыры биік тұлғаның мүсіні қалай сомдалды, 237-240-бб.
2003
* Бүркіт О. Жұбановтану. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқытылатын арнаулы курстың бағдарламасы. –Алматы: «Арыс» баспасы, 2003. –48 бет
## 105 жылдығына арналған ғылыми конференциялар
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Республикалық ғылыми-теориялық конференция
* Жұбанов тағылымы: IV Республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, 2004. –316 бет.
* Кенжебаев К. Ұлы адамның мүшелтойы, 5-6-бб.
* Кенжебаев К., Хасанұлы Б.. Профессор Қ. Жұбанов және XXI ғасыр тіл білімі, 6-11-бб.
* Нұрпейісов Ә. Халқымыздың рухани қазынасын жасаушылар, 11-12-бб.
* Жұбанов Е. «Жұбанов тағылымдары» ғылым көгіне бастайды, 12-18-бб.
* Оралбаева Н. Неоценимое научное значение трудов профессора Х. К. Жубанова, –С.18-23.
* Құсайынов К. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі, 23-30-бб.
* Оралбаева Н. Ұлттық тіл біліміміздің теориялық негізін қалаушы, 30-37-бб.
* Қасқабасов С. Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі фольклор теориясының мәселелері, 37-42-бб.
* Хасанұлы Б. Қ. Жұбановтың әлеуметтік-лингвистикалық пайымдаулары, 42-55-бб.
* Серғалиев М. Қ. Жұбанов және стилистика мәселелері, 55-60-бб.
* Сайрамбаев Т. Қ. Жұбанов «тіркесімділік» мәселесі хақында, 60-65-бб.
* Оразбаева Ф. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі тілге көзқарас, 65-68-бб.
* Айталы А. Ұлттанушы ғұлама, 72-79-бб.
* Молдаханов Ә. Дәстүр мен жалғастық, 79-84-бб.
* Кенжебаев К., Сартабанов Ж. Қ. Жұбанов және математика терминологиясының қазақша қалыптасуы, 85-90-бб.
* Айғабылұлы А. Қ. Жұбанов және қазақ тіліндегі буын жүйесі, 90-94-бб.
* Шалабай Б. Қ. Жұбановтың синтаксиске қатысты еңбектері, 106-109-бб.
* Жубанова А. Принципы и основные направления общелингвистических исследований Х. К. Жубанова, –С.116-122.
* Ержанова Ұ. Қ. Жұбановтың лингвистикалық терминологиясының ерекшеліктері, 122-125-бб.
* Миров М. Қ. Жұбановтың полемикалық стилі жайында, 125-128-бб.
* Жубанова А. Топо-ономасиологические концепции М. О. Ауэзова как аспект жубановедения, –С.139-147.
* Біләл Ш. Құдайберген Жұбановтың атаутаным принциптері хақында, 154-158-бб.
* Қоянбекова С.Б. Көрнекті ғалым Қ. Жұбановтың сөйлем мүшелері жайындағы көзқарасы, 162-164-бб
* Шоқым Г. Қ. Жұбанов және лингвопоэтика мәселелері, 167-171-бб.
* Алдашев Н. Қ. Жұбановтың «қиюлы сөз» туралы ілімі, 171-176-бб.
* Мұхтаров С. Қ. Жұбанов сөз таптары туралы, 179-183-бб.
* Жазықова М. Қ. Жұбанов көркем аударманың лингвистикалық мәселелері туралы, 188-191-бб.
* Бақтарбаев Қ. Қ. Жұбанов танымдарына сәйкес «сөз» ұғымының табиғаты, 191-194-бб.
* Даулетова Б. Проф. Қ. Жұбанов сөз тіркесінің информативтік- коммуникативтік құрылымы туралы («О формах словосочетания слов в казахском языке» деген еңбегі бойынша), 194-200-бб.
* Садулова Ж. Қ. Жұбанов танымы және байланыс саласындағы қазақ терминологиясы, 200-203-бб.
* Шалабай Б. Қ. Жұбанов – Абай поэзиясын лингвопоэтикалық тұрғыдан тұңғыш зерттеуші, 206-210-бб.
* Бораш Б. Түркі классиктері мен абай сабақтастығы Қ. Жұбанов көзқарасымен, 210-214-бб.
* Пангереев А. Халықтық топономастиканың жалпы филологиялық аспектілері / Қ. Жұбанов ілімдері негізінде, 214-218-бб.
* Ниязова F. Темір-орқаштан шыққан қос ағартушы, 218-226-бб.
* Ұлықпанова Ә. Қ. Қ. Жұбановтың абайтанымы, 235-241-бб.
* Оралбай Ә. Құдайберген Жұбанов публицистикасының ерекшеліктері, 241-247-бб.
* Жаксыгарина М. К. Жубанов в экслибрисе художников мира, –С.247-253.
* Меңкешев М., Меңкешева Т. Қ. Жұбановтың «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы жайлы» зерттеуі, 253-258-бб.
* Бүркіт О. Қ. Жұбановтың грамматикалық ілімін оқытудың ерекшеліктері, 268-272-бб.
* Қаңтарбай С. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі оқу әрекеті мәселелері, 272-275-бб.
* Терекова Ф. Х. К. Жубанов как педагог-методист, –С.275-279.
* Калюжный А. К. Жубанов и профессиональная подготовка учителя, –С.279-282.
* Жубатканов К. Новая книга о нашем великом земляке, –С.282-287.
* Нұржанова Ж. Қ. Жұбановтың қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы пікірлері, 287-290-бб.
* Дауленова М. Роль принципов терминообразования К. Жубанова в формировании архивнои терминологии, –С.290-292.
* Джабасова А. Специфика выражений определительных отношений в работе Х. Жубанова, –С.292-295.
* Оралбай Ә. Ерекше есте қалған мерейтой, 304-311-бб.
2004Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
* Жұбановтану жылнамасынан. Био-библиографиялық дерек көздері. –Ақтөбе: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті редакциялық-баспа бөлімі. «Жұбановтану» зертханасының» еңбектері, 12-жарияланым, 2004. –186 бет (Профессор Құдайберген Жұбановтың туғанына 105 жыл толу мерейіне орай жинақталған дерек көздері).
* Кудайберген Жубанов. История. Годы. Судьбы. Каяться некому? (Публикация этих материалов – возвращение к трагической судьбе казахского лингвиста *Худайбергена Жубанова), –С.6-13.
* Орманов Ғ. Профессор, 15-18-бб.
* Әуезов М. Ірі оқымысты, 18-22-бб.
* Жұбанов А.Қ. Өмірі өнеге, еңбегі – үлгі, 22-25-бб.
* Кеңесбаев I. Профессор Құдайберген Жұбанов және оның ғылыми-педагогикалық мұрасы, 25-34-бб.
* Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Көрнекті ғалым (Профессор Құдайберген Жұбановтың өмірі мен мұралары туралы) , 34-42-бб.
* Қаратаев М. Профессор-патриот, 42-48-бб.
* Балақаев М. Ардақты ұстаздың жарқын жүзі есімде, 48-56-бб.
* Ысқақов А. Профессор Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі (шәкірт лебізі), 56-65-бб.
* Есенжанов X. Ғалымдар ағасы, 65-67-бб.
* Әлсейітов Ж. Қазірден бастап қолға алсақ, 67-69-бб.
* Байқадамқызы (Қаралдина) Д. Аруағыңа бас иемін, жақсы аға! 69-83-бб.
* Жұбанова М. Әкелер заманының күнгейі мен теріскейі (дерекнама), 83-86-бб.
* Жұбанова М. «Әке арманының шуағына жылынып...» (эссе), 86-95-бб. 86
* Варшавская Л. Кудайберген – богом данный (к 100-летию со дня рождения), –С.95-103.
* Жұбанов Е.Қ., Оралбай Ә. Профессор Құдайберген Жұбановтың саяси памфлеттері, 103-108-бб.
* Қайдари Ә. Т. Ел мақтаны, 109-114-бб.
* Сыздық Р. Ғылым көгінің жарық жұлдызы (Аса ірі филолог, лингвист Құдайберген Жұбановтың туғанына – 100 жыл), 114-120-бб.
* Оралбаева Н. Қ. Жұбановтың грамматика ілімі, 120-123-бб.
* Кажибеков Е. После юбилея, или думы в межъюбилейные будни, –С.127-128.
* Меңдекеев Ә. Сегіз қырлы, бір сырлы, 142-149-бб.
* Великая двадцатка столетия, –С.158.
## Ақтөбелік ақындар Қ. Жұбановты жыр етті
* Құрманалин М. Ағайынды Жұбановтан көшесі, 159-б.
* Жұбанова М. Ескерткіш болып келді әкем , 160-б.
* Ашықбаев Е. Тіл кеспек жоқ, 161-162-бб.
* Ашықбаев Е. Тіліммен сырласу (Құдайберген Жұбанов мүсіні түбінде), 163-б.
* Елеусізова Ж. Жұбановты іздеу, 164-б.
* Айжан Ж. Тіл туралы толғаныс, 166-б.
* Сарышева Ф. Ағамен сырласу, 167-б.
* Сатанов С. Құдайберген Жұбанов (толғау), 169-б.
* Нұрғалиев О. Замана жұлдызы (Құдайбереен Жұбановқа арналады), 173-б.
* Қауыс Ү. Есею, 175-б.
* Ағайынды Жұбановтар (Сөзі: Е.Ашықбаев, Әні: Н.Жүсіпов), 178-б.
* Әлімбаева Ш. Арнау, 179-б.
* Балмаханұлы Н. Жұбановтар сөйлейді, 180-б.
* Қалдина Г. Елім деп соққан жүрегі (Халқының біртуар ұлы Қ. Жұбановқа арнаймын), 181-б.
* Қалдина Г. Асыл аға (Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың 70 жылдығына арнаймын), 182-б.
* Жұбанова М. Әкені еске алу (поэмадан үзінді), 183-б.
2004Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде өткен Республикалық ғылыми-практикалық конференция
* Құдайберген Жұбанов тағылымы // Профессор Қ.Жұбановтың 105 жылдығына арналған Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарына арналған мақалалар жинағы. –Алматы, 2004. –150 бет.
* Сыздықова Р. Азамат – ғалым, 5-19-бб.
* Оразбаева Ф. Ұлылыққа тағзым, 19-24-бб.
* Базарбаева З. Кудайберген Жубанов – первый профессор в области казахской филологии, –С.24-31.
* Қасым Б. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі ғылыми бағыттар, 31-35-бб.
* Қобланова А. Ғалымның дара тұлғасы, 35-40-бб.
* Есенова Қ. Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі мәтіннің дискурс ретіндегі сипаты, 40-49-бб.
* Оразалиева Э. Қ. Жұбанов идеяларының паралингвистика мәселелерімен сабақтастығы, 43-49-бб.
* Оразалиева Э. Қ. Жұбанов және шығыс елдерінің танымдық пәлсапасы, 49-55-бб.
* Мұхамади Қ. Профессор Қ. Жұбанов және кейбір көмекші сөздер мәселесі 55
* Исабекова Ұ. Қ. Жұбановтың қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің зерттелуіне қосқан үлесі, 59-62-б.
* Қожабекова Ш. Араб теңеулерінің құрылымдық семантакалық типтері, 62-68-бб.
* Уразбаева А. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімі, 70-72-бб.
* Әлімбаев М. Профессор Қ. Жұбанов еңбектеріндегі дыбыстың физикалық сипаттамасы, 91-94-бб.
* Аймұрзаев Ф. Қ. Жұбанов және дыбыс физиологиясы, 94-97-бб.
* Тазабекова Д. Қ. Жұбанов және когнитивтік бағыт, 97-101-бб.
* Оразбаева Ф. Қ. Жұбановтың педагогикалық мұрасы: лингводидактика және әдістеме, 101-105-бб.
* Балтабаева Ж. Профессор Қ. Жұбанов септік жалғауларының бірде ашық, бірде жасырын келуі туралы, 105-108-бб.
* Абдразақова Ф. Қ. Жұбанов сауаттылық жайында, 108-111-бб.
* Рахметова Р. Құдайберген Жұбанов зерттеулеріндегі жаңа технологияның нышандары, 111-113-бб.
* Ермағамбетова Л. Қ. Жұбановтың қазақ тілі синтаксисіне қатысты ой-тұжырымдары, 113-116-бб.
* Байғонұсова Ф. Қ. Жұбанов және етістікті оқыту мәселесі, 139-144-бб.
2005Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында өткен Халықаралық ғылыми-теориялық конференция
* Жұбанов тағылымы: VI Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Ақтөбе, 2005. –530 б.
* Нұрышев Р. Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – ұстаз-ғалым, 3-4-бб.
* Ақтөбе облысының әкімі Е.Н.Сағындықов мырзаның құттықтау сөзі, 4-7-бб.
* Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж. Құлекеевтің «Жұбанов тағлымы» ғылыми-теориялық конференциясының кезекті VI мәжілісіне қатысушыларына құттықтау сөзі, 7-8-бб.
* Жұбанов Е. «Тағлымға» тағзым еткен жұрт. Шолу (Алғы сөз орнына), 8-12-бб.
* Жанұзақ Т. Дарынды ғалым – ұлағатты ұстаз, 12-15-бб.
* Хасанов Б. Қ. Жұбановтың гендерлік жіктелімдер жөніндегі пайымдаулары, 15-24-бб.
* Жұбанов А.Қ. Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл біліміндегі статистикалық әдістің жетістіктері, 24-29-бб.
* Оразбаева Ф. Қ. Жұбановтың педагогикалық мұрасы: лингводидактика және әдістеме, 29-32-бб.
* Султангалиева Г. К. Жубанов и Общество изучения Казахстана, –С.32-35.
* Бисенғали 3. Есет Жұбанов қазақ эпосы тілінің поэтикасы хақында, 35-39-бб.
* Юсупов Р., Абсалямова Ю. Межэтнические контакты башкир и казахов в Восточном Оренбуржье, –С. 39-43.
* Тектіғұл Ж. Профессор Қ. Жұбанов казақ тіліндегі қосымшалардың эволюциясы жайында, 43-48-бб.
* Жубанова А.Е. Наши комментарии к переводу на русский язык ответного выступления Х. К. Жубанова, –С. 48-54.
* Жанпеисова Н. Лингвистическое учение К. Жубанова в контексте антропоцентрического подхода к языку, –С. 54-58.
* Берікұлы Н. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың ұлттық дидактика мәселелерін
дамытудағы рөлі, 60-71-бб.
* Тайжанов А.Т. Құдайберген Жұбанов және мәдени мұра (Қ.Жұбановтың
Хожа Ахмет Яссауиді тануы), 71-83-бб.
* Оралбай Ә. Қ. Жұбановтың ғылыми-публицистикалық шығармашылығының кейбір кезеңдері, 83-87-бб.
* Манкеева Ж. Қ. Жұбановтың ғылыми мұраларының академиялық танымы хақында, 90-93-бб.
* Шоқым Г. А. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов шығармашылығындағы гендерлік тұжырымдамалар, 96-100-бб.
* Оразалиева Э. Қ. Жұбанов идеяларының паралингвистика мәселелерімен сабақтастығы, 121-125-бб.
* Жұмағалиева Н. Профессор Қ. Жұбанов қазақ тіл біліміндегі ерлер тілінің
көрінісі жөнінде, 131-133-бб.
* Дүзмағамбетов Е. Қ. Жұбанов ұстанымы және орман кодексіндегі ұғымдардың аударылу мәселесі, 133-136-бб.
* Кемерова Ж. Профессор Қ. Жұбановтың когнитивтік пайымдаулары, тілдік негіздері, 136-139-бб.
* Сұлтан Ж. Профессор Қ. Жұбанов өзіне дейінгі батыстық тілтанушылар туралы, 139-143-бб.
* Негимов С. Құдайберген Жұбанов және ұлттық фольклор, 154-157-бб.
* Жүнісбек Ә. Қ. Жұбанов және қазақ фонетикасы, 157-158-бб.
* Базарбаева З. Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, 158-162-бб.
* Жұбанов Е.Х. Межэтнические устно-поэтические связи тюрков как культурный наддиалект, –С.162-165.
* Салқынбай А. Қ. Жұбанов және тіл тарихы, 165-168-бб.
* Бейсенов Қ. Ағайынды Жұбановтар күй туралы, 168-172-бб.
* Момын Б. Құдайберген Жұбанов қазақ тілінің мәдениеті жайында, 172-175-бб.
* Ісімақова А. Құдайберген Жұбанов Абайдың мұрасын қалай жақтаған? 175-178-бб.
* Мұхтаров С. Қ. Жұбанов одағай сөздердің категориялық белгілері туралы, 181-183-бб.
* Баяндина С. Функции языковых единиц в творчестве К. К. Жубанова , –С.183-187.
* Жаңабекова А. Профессор Құдайберген Жұбанов және қазақ грамматикасының кейбір мәселелері, 187-190-бб.
* Сәдуақас Н. Қ. Жұбановтың қазақ жазуы мен әліпбиіне қатысты көзқарастары, 193-197-бб.
* Имаханбетова Р. Байтұрсынов пен Қ. Жұбанов арасындағы байланыс, 197-200.
* Нұрдаулетова Б. Қ. Жұбанов – «Диуани хикмет» тілін тұңғыш зерттеуші, 204-208-бб.
* Миров М. Профессор Құдайберген Жұбановтың тілтанымы, 208-212-бб.
* Мұратбек Б. Профессор Қ. Жұбанов стиль және тілмәдениеті жайында, 214-217-бб.
* Баймұханов Б. Қ. Жұбанов және артикуляциялық база проблемасы , 220-224-бб.
* Жексенеалиев Б. Қ. Жұбанов зерттеулері және қазіргі қазақ тілі фонетикасы терминологиясындағы жарыспалылық мәселесі, 224-226-бб.
* Қарағұлова Б. Қ. Жұбановтың тіл тарихы туралы танымдары, 226-228-бб.
* Алдашев Н. Қ. Жұбановтың «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан» атты еңбегіне қатысты кейбір ойлар, 233-235-бб.
* Исқарина Ж. Ағайынды Құдайберген мен Ахмет Жұбановтар еңбектерінің тіліндегі стильдік-эстетикалық өзектестіктер, 242-249-бб.
* Избагамбетова Г. Қ. Жұбановтың термин жасау принциптері және сауда саласындағы терминдердің қолданысы, 254-256-бб.
* Қалиев Е. Қ. Жұбановтың сөз тіркесі танымы, 258-261-бб.
* Меңкешев М., Меңкешева Т. Қ. Жұбанов – күйдің пайда болу тарихын зерттеу, 276-280-бб.
* Новые сведения к библиографии Х. К. Жубанова, –С.280-286.
* Қыдыршаев А. Ғалым шешен Құдайберген Жұбанов және шешендіктануды оқытудың ұстанымдарын таразылау мәселесі, 287-293-бб.
* Жұбанова М. Әкелер заманынан келіп жеткен достық нышандары (Ғалым Құдайберген мен ақын Ілияс шығармашылығын зерделеуге септігін тигізген), 293-296-бб.
* Бүркіт О. Профессор Қ. Жұбановтың ғылыми мұрасын оқытудың аспектілері, 296-299-бб.
* Мұхамбетова С., Қарабалина А. Қ. Қ. Жұбановтың психологиялық идеяларының әдіснамалық негізі, 299-303-бб.
* Өмірбаева К. Қ. Жұбанов және ұлттық дидактика мәселелері, 303-305-бб.
* Макешова Ж. Профессор Қ. Жұбановтың буын жігін оңай табуға арналған әдісінің буын жүйесін оқытудағы орны, 315-317-бб.
* Есқали Ж. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің Қ. Жұбанов ілімімен сабақтастығы, 317-320-бб.
* Алдашева Г. Профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі грамматикасы» атты еңбегіндегі дидактикалық көзқарастар, 344-345-бб.
* Жазықова М. Профессор Қ. Жұбановтың әдістемелік мұралары және қазіргі заманғы оқыту технологиялары, 349-353-бб.
* Абдоллаев Н. Қ. Жұбанов заманындағы мемлекеттік саясат ерекшелігі, 403-406-бб.
* Алимбаева Б. Кудайберген Куанулы Жубанов и медресе «Хусаиния», –С.411-413.
2006
* Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (Биобиблиографиялық көрсеткіш). –Ақтөбе, 2006. –68-б.
## 110 жылдығына арналған ғылыми конференциялар
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өткен халықаралық ғылыми-теориялық конференция
* Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері (Профессор Құдайберген Жұбановтың 110 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары) / Жауапты ред. С. Құлманов. –Алматы: «Кие» лингвоелтану инновациялық орталығы», 2009. –328 бет.
* Сыздық Р. Құдайберген Жұбанов есімі мен еңбектерін тағы бір еске алсақ, 3-6-бб.
* Оразбаева Ф. Өнегелі өмір, өрісті ғалым, 6-10-бб.
* Садыков Т. Профессор К. Жубанов илимий жанаморфофоностатистика жөнүндө (Қырғызстан), 10-13-бб.
* Жұбанова М. Құдайберген Жұбанов – қазақ тіл білімі тарихындағы ұлттық лингводидакт, 13-19-бб.
* Жанұзақов Т. Профессор Қ. Жұбановтың лексика бойынша зерттеулерінің ғылыми – теориялык негізі, 19-23-бб.
* Хасанов Б. Қ. Жұбановтың ділдік лингвистикалық ой-пікірлері, 23-24-бб.
* Шалабай Б. Қ. Жұбанов және қазіргі қазақ тіл білімінің даму бағыттары, 24-27-бб.
* Жұбанов А.Қ. Проф. Қ. Жұбанов және қолданбалы тіл білімінің жаңа бағыты, 27-32-бб.
* Манкеева Ж. Профессор Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі этнотаңбалық жүйе, 32-34-бб.
* Базарбаева З. Профессор Құдайберген Жұбановтың еңбектеріндегі тарихи фонетика мәселелері, 34-38-бб.
* Қосымова Г. Қ. Жұбановтың грамматикалық атаулар мен ереже-түсініктерді
берудегі дүниетанымы, 38-41-бб.
* Жүнісбек Ә. Проф. Қ. Жұбанов фонетикасы жайлы сілтемелер, 42-43-бб.
* Қаршығаева А. Проф. Қ. Жұбановтың дыбыс жіктелімінің артикуляциялық талданымы, 83-86-бб.
* Ерубаева Ш. Проф. Қ. Жұбанов сөздік екпін жайлы, 91-94-бб.
* Бәйімбетова Ә., Молдашева А. Проф.Қ. Жұбанов еңбектеріндегі дыбыстардың үндесім/үйлесім түрленімі жайлы, 94-95-бб.
* Сайрамбаев Т., Хамитова М. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың оқшау сөздер туралы зерттеуі, 109-113-бб.
* Садирова Қ. Профессор Қ. Жұбанов және қазіргі лингвистиканың кейбір мәселелері, 113-116-бб.
* Жұбаева О. Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі шақ категориясын танудағы ұстанымдары, 120-125-бб.
* Жаңабекова А. Қ. Жұбанов және функционалды бағыт (семантикалық шақ категориясы негізінде), 128-131-бб.
* Құлманов С. Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі функционалды грамматика мәселелерінің көріністері, 131-134-бб.
* Жубанова А. О некоторых мифопоэтических и культурологических сведениях в трудах Х. К. Жубанова по истории языка, 182-186-бб.
* Смағұлова Г. Қ. Жұбанов және тілдегі гендерлік оппозиция, 240-242-бб.
* Сұлтан Ж. Қ. Жұбанов және лингвистикалық прогностика мәселесі, 255-257-бб.
* Қалыбеков Б., Көшекеева Ж. Қ. Жұбанов және қолданбалы тіл білімі, 257-258-бб.
* Нұрлыбаев Н., Нурадинова Г. Қазақ лингвостатистика ғылымында Қ. Жұбанов пен А. Қ. Жұбановтар еңбектерінің маңызы, 258-260-бб.
* Көбденова Г. Профессор Қ. Жұбанов – қазақ тілі тарихын зерттеуші, 293-295-бб.
* Әміржанова Н. Профессор Қ. Жұбановтың күрделі сөздердің орфограммасына қатысты тұжырымдары, 309-312-бб.
2009Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен халықаралық ғылыми конференция материалдары
* «Жұбанов тағылымы – VII» халықаралық ғылыми конференция материалдары (Қазақ тілінің теориялық негізін қалаған лингвист, қоғам қайраткері, профессор Қ. Қ. Жұбановтың 110 жылдық және белгілі лингвист ғалым, профессор Е. Қ. Жұбановтың 80 жылдық мерейтойларына арналған). І-ІІ томдар. –Ақтөбе, Қ. Жұбанов атындағы АқМУ РББ, 2009. І том – 370 бет; ІІ том – 264 бет.
І том
* Кенжебаев К. Дәстүрлі «Жұбанов тағылымы» VII халықаралық ғылыми конференциясының ашылу салтанатында сөйлеген сөзі, 3-4-бб.
* Жұбанов А.Қ. Профессор Қ. Жұбанов зерттеулері – қолданбалы тіл білімі саласына бағыт-бағдар, 28-31-бб. *Шалабай Б. Қ. Жұбанов және қазақ тіл білімінің қазіргі кезеңі, 31-34-бб.
* Бисенғали 3-F. Құдайберген Жұбанов және Абайтану, 34-39-бб.
* Оразбаева Ф. Профессор Қ. Жұбановтың педагогикалық мұрасы, 39-42-бб.
* Молдаханов Ә. Құдайберген Жұбанов және Абайтану проблемалары, 47-53-бб.
* Осман А.Ә. Даналық дария иесі, аяулы аға! 57-59-бб.
* Балтымова М. Қ. Жұбанов және шығыс тілдері мәселесі, 81-85-бб.
* Қалиев Е. Қ. Жұбанов – когнитолог, 100-105-бб.
* Тектіғұл Ж. Қ. Жұбанов күрделі есімдер синтаксисінің танымдық сипаты жайында, 125-129-бб.
* Базарбаева З. Профессор Құдайберген Жұбановтың ғылыми мұрасындағы фонология және интонология проблемалары, 154-158-бб.
* Дұзмағамбетпов Е. Қ. Жұбановтың тіл даму заңдылықтарына қатысты ойлары, 162-164-бб.
* Есқұлова Қ. Қ. Жұбанов – қазақ фонетикасының ғылыми курсын жасаушы ғалым, 164-168-бб.
* Жұбанова Е.Б. Қ. Жұбанов және қазақ тіліндегі буын жігін табу теориясы, 168-172-бб.
* Жексенғалиев Б. Қ. Жұбановтың лингвистикалық терминологиясы, 182-187-бб.
* Мамаділ Қ. Профессор Қ. Қ. Жұбанов және қазақ диалектологиясы мәселелері, 191-193-бб.
* Мұхамбетов Ж. Лингвист-ғалым Құдайберген Жұбанов және қазақ тіл білімінің диалектілері туралы, 193-197-бб.
* Садирова Қ. Профессор Қ. Жұбановтың қазақ тілі синтаксисіне қатысты пайымдаулары, 204-207-бб.
* Сұлтан Ж. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі тіл синергетикасы, 218-221-бб.
* Тектіғұл Ж. Қ. Жұбанов және синкретизм құбылысының сөз табы категориясының пайда болуына қатысы, 225-228-бб.
* Абдуллина А. Жұбановтар еңбектеріндегі халықтың ежелгі наным сенімдеріне құрылған мифояогиялық әдебиет нұсқалары, 232-235-бб.
* Екибасова Б. Халық поэзиясы және Қ. Жұбанов шығармашылығы, 271-276-бб.
* Жонысова М. Профессор Қ. Жұбанов Қожа Ахмет Яссауидің тарихи тұлғасы хақында, 280-284-бб.
* Қожахметова А. «Диуани Хикмет» – ақын Есенбай Дүйсенбайұлының көркем аудармасы мен Қ. Жұбанов зерттеулері бойынша, 295-298-бб.
* Молдаханов Ә. Құдайберген Жұбанов және фольклор, 321-324-бб.
* Ниязова F. Жұртын сүйген Жұбанов, 324-328-бб.
* Ұлықпанова Ә. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі фольклордың бастау арналары туралы сөз, 351-356-бб.
* Ұлықпанова Ә. Фольклортанудағы тың бағыт, терең тұжырымдар үндестігі (Ресей фольклортанушылары мен Қ. Жұбанов зерттеулері бойынша), 356-360-бб.
ІІ том
* Амангазиева М. Профессор Е. Қ. Жұбановтың «тәңірі» семантикасын талдаудағы көзқарасы, 7-11-бб.
* Бораш Б. Құдайберген және Есет Жұбановтардың ғылымдағы өзіндік көзқарастары туралы бірер сөз, 13-15-бб.
* Ерназарова Г. «Қазақ» этнонимі және халық әдебиеті (Е. Жұбановтың «Қазақ» атауының халық поэзиясындағы көріністерін зерделеу» мақаласы бойынша), 15-17-бб.
* Жубанова А.Е. О роли межэтнических и внутренних общественных связей в развитии культурного наддиалекта, национального языка и диалектов в исследованиях Е. Х. Жубанова и Х. К. Жубанова, 17-23-бб.
* Жұмаеалиева Р. Е. Қ. Жұбанов зерттеулеріндегі эпостанудың кейбір мәселелері, 23-27-бб.
* Күшпаева М. Е. Қ. Жұбановтың көне жазу ескерткіштері тіліндегі фольклоризм көріністері туралы пікірлері , 27-29-бб.
* Мұратбек Б. Профессор Е. Қ. Жұбановтың лингвистикалық мұраларындағы баға, бағалау компоненттері, 41-45-бб.
* Оралбай Ә. Жұбановтанудың өзекті мәселелері және Есет Жұбанов тағылымы, 45-49-бб.
* Жазықова М. Қ. Жұбанов еңбектеріндегі қазақ тілінің синтаксисін оқыту мәселесі, 96-100-бб.
* Жазықова М. Қ. Жұбановтың әдістемелік еңбектеріндегі оқыту ұстанымдары және олардың қазіргі білім беру жүйесімен сабақтастығы, 100-103-бб.
* Жұбанова М. Қ. Жұбанов және ұлттық тәрбие тарихы, 103-113-бб.
* Карабалина А. Қ. Жұбановтың психологияның терминологиялық принциптерін құрастыру, 119-122-бб.
* Күштаева М. Қ. Жұбанов және қазақ тілін оқыту бағдарламасы мәселесі, 131-133-бб.
* Мұхамбетова С. Психологияны оқыту әдістемесі мен Қ. Жұбанов идеяларының үндестігі, 142-147-бб.
* Уәлиұлы Н., Қобланова А. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың буын теориясы және оның оқу-әдістемелік маңызы, 170-174-бб.
* Жұбанов Е.Қ., Алдашев Н. Профессор Қ. Жұбановтың ғылыми-педагогикалық қызметіне қатысты тың деректер, 201-206-бб.
* Құрманбеков Б. Құдайберген Жұбанов және Қазақстандағы 1916-жылғы ұлт-азаттық көтеріліс мәселелері, 229-231-бб.
* Сауытбаева С. Вклад личности К. Жубанова в культуру Казахстан, 253-256-бб.
2009Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция
* «Құдайберген Жұбанов тағылымы: ғылыми сабақтастық және жаңа бағыттар (Профессор Қ.Жұбановтың 110 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарына арналған мақалалар жинағы). –Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2009. –268 б.
* Оразбаева Ф. Профессор Қ. Жұбановтың педагогикалық мұрасы, 30-36-бб.
* Жұбанова М. Менің әкем, 36-46-бб
* Жұбанова Қ. Өшпес өмір жалғасы, 47-63-бб.
* Нысанбаев Ә., Тайжанов А. Құдайберген Жұбанов жапон иероглифін не үшін үйренген? 64-69-бб.
* Жұбанова А.Қ. Проф. Қ. Жұбанов және қолданбалы тіл біліміндегі формалды модельдер, 70-76-бб.
* Бекмағамбетов Ш. Қ. Жұбанов және тіл тарихының кейбір мәселелері, 77-84-бб.
* Балтабаева Ж. Қ. Жұбанов оқулығының әдістемелік ерекшеліктері, 85-88-бб.
* Рахметов Р. Құдайберген Жұбановтың қазақ тілі әдістемесіне қосқан үлесі, 89-92-бб.
* Абдризахова Ф. Құдайберген Жұбановтың емле жайлы ой-тұжырымдары, 93-96-бб.
* Қосылбаева А. Құдайберген Жұбанов еңбегіндегі қалып етістік мәселесі, 97-101-бб.
## Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановжайлы қорғалған диссертациялар
* Сәдуақас Н. Ә. Профессор Құдайберген Жұбанов еңбектеріндегі қазақ тілі дыбыстары жіктелімінің фонологиялық жіктелемі: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 1999. –28 бет.
* Омарова А. Қ. Профессор Қ. Қ. Жұбановтың етістіктер туралы ғылыми еңбегі, оның ғылымның кейінгі дамуына ықпалы: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 1999. –24 бет.
* Жубанова А. А. Общелингвистическая концепция Х. К. Жубанова: Афтореф.дисс... канд.филол.наук. 10.02.19 – общее языкознание, социолингвистика, психолингвистика. –Алматы, 2000. –28 с.
* Қарабалина А. Ә. Қ. Жұбановтың жалпылингвистикалық тұжырымдамаларындағы психологиялық ой-пікірлері: психология ғыл.канд. ... дисс. автореф. 19.00.01 –жалпы психология, жеке адам психологиясы, психология тарихы, этнопсихология. –Алматы, 2005. –24 бет.
* Сұлтан Ж. И. Тілтанымдағы антропологиялық парадигманың Қ.Жұбанов мұраларындағы көрінісі: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.02.02 – қазақ тілі. –Алматы, 2007. –26 бет.
* Оралбай Ә. Ә. Құдайберген Жұбановтың публицистикасы: филол.ғыл.канд. ... дисс. автореф. 10.01.10 –журналистика. –Алматы, 2007. –24 бет.
## Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбанов өмірінің негізгі кезеңдері
Ақтөбе губерниясы, Темір уезі (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-шы ауыл, Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген. Бастапқы білімін әкесі ашқан ауыл мектебінен алып, әрі қарай сол маңдағы Оспан ишанның мешітінде 3-4 жыл оқиды. Келесі бірнеше жыл жергілікті ауыл мектебінде өтеді. 1914-1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқуын жалғастырады, 1916-1917 жылдарда Жұрынның 2 кластық орыс мектебінің бірден 4-5 класына түсіп, оны үздік аяқтайды. Ал 1917-1918 жылдары Күйік қаладағы (Елек) екі кластық орыс училищесінің соңғы курсына қабылданып, орысша білімін жалғастырады.
1928 жылы Ленинградтың шығыс тілдері институтын (экстерн ретінде) бітіріп, жоғарғы білімге ие болады. 1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды: – 02.1929-09.1930 (1,5 жыл) шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша; – 10.1930-09.1932 (2 жыл) КСРО Ғылым Академиясында (жалпы тіл білімі бойынша). Анкетада өзінің көрсетуі бойынша мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.
## Қызметі жөнінде мәлімет
* Темір аудандық, Құлжа-Темір болыстығы – әуелі хатшысы, кейін – председателі – 10.1918-04.1920 жж.;
* Темір аудандық бақылау комитеті басқармасы – 1920-1922 жж.;
* Темір аудандық атқару комитеті (РИК – мүшесі) – 1922-1923 жж.;
* Темір уездік оқу бөлімінде – инспектор, 12.1925-09.1928 жж.;
* Ақтөбе губерниялық оқу бөлімі – нұсқаушы методист – 12.1923-09.1925 жж.;
* Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда осылай аталып, кейін ҚазПИ болған) – салыстырмалы түрік тілдері кафедрасында ғылыми қызметкер – 12.1928 ж.;
* Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ), Алматы – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі – 01.09.1932-19.11.1937 жж.;
* Ағарту Халық Коммисариаты – Коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, Мемлекеттік терминком бюллетенінің бас редакторы. 01.1933-19.11.1937 жж.;
* КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық филиалы – лингвистика секторының меңгерушісі, қазақ тілінің Академиялық сөздігінің бас редакторы, Қазақ филиалының Ғылыми советінің және Президиум мүшесі – 1936-19.11.1937 жж.;
* Қазақстандық ұлт мәдениетін ғылыми-зерттеу институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі – 1935-1936 жж.;
* Бүкіл Одақтық жаңа әліп Орталық комитетінің Қазақстандық мүшесі – 1935-1937 жж.;
Сайланған:
* Темір аудандық атқару комитетіне (РИК) – 1922-1923 жж.
* Қаз. ОАК мүшелігіне – 1935-1937 жж.
* XVI Бүкіл ресейлік Советтер Съезіне делегат – 1935 ж.
* «Қазақстанның 15 жылдығы» Құрмет белгісімен марапатталған (1935 ж.)
* Қ. Қ. Жұбанов туралы қосымша мәлімет:
* 1937 жылы қарашаның 19-күні «Халық жауы» деген жаламен ұсталып (қамауға алынды), 1938 жылы ақпанның 25-күні «тройканың» үкімімен атылып кетті.
* 1957 жылы қазан айының 3-күні азаматтық тұрғыдан ақталды. 1958 жылы ақпанның 22-күні партиялық қалпына келтірілді.
## Еңбектерінің хронологиялық көрсеткіштері
1915
* Өнегелі мұғалім (мақала) // Қазақ, 11 ақпан, № 103. (Ж. Тілепбергеновпен бірігіп жазған).
1917
* Наурыз құтты болсын (өлең) // Алаш, № 14.
* Аянышты хал (фельетон) // Алаш, № 20.
1924
* Әйел теңдігі туралы (мақала) // Еңбекші қазақ, № 232.
* Түс екен (оқшауша) // Еңбекші қазақ, 11 қыркүйек, № 243.
* Yлгі алыңдар (мақала) // Еңбекші қазақ, № 254.
1925
* . Темір уезінің оқушылар тобы (мақала) // Еңбекші қазақ, 14 қаңтар, № 276.
* Екі қой, бір тоқты киіт өтірік дейді (жауап сөз) // Кедей, 11 сәуір, № 41.
* Ойыл коммуна мектебі кімге тиіс // Кедей, 14 қазан, № 62.
* Сауатсыздықты жоятын нұсқаушы мектеп // Кедей, 14 қазан, № 62.
* Халық ағарту ағысында төңкеріс толқыны //Кедей, 2 қараша, № 65.
* Қазақ емлесі жөнінен // Тілші, 6 ақпан, № 156.
1926
* Коммуна мектептері жеті жылдық болсын //Еңбекші қазақ, № 10.
* Біз де ұлт театрына қарай маңайладық // Еңбекші қазақ, № 11.
* Аулақтан оқыту // Еңбекші қазақ, 19 қаңтар, № 14.
* Газет көпке ортақ // Еңбекші қазақ, № 74.
* Хат жолықпаған шығар (жауап) // Еңбекші қазақ, № 157.
* Малды қауіпсіздендіру шаруаның ырысы // Кедей, шілде, № 94.
* Мұғалімдер курстері тарады // Кедей, 31 тамыз, № 101.
1927
* Таңжарықтың қуанышы (әңгіме) // Кедей, 7 қараша, № 36.
1928
* Түпсіз астау, құдай және Ақтөбенің ілім-мәдениет орындары (фельтон) // Еңбекші қазақ, 21 тамыз, № 191.
* Жаңа әліппені алу мәселесі туралы (баяндама сөздер) // Еңбекші қазақ, № 291.
* Төрт қызық, мың бейнет, жарық өмір (әңгімесі) // Кедей, 4 қазан.
* Жаңа әліппені үйрен! Жаңа әліппе сабақтары: жаңа әліппенің әріптері, бірінші сабақ, екінші сабақ. Жаңа кітаптар: 1. Жаңа әліппе туралы, 2. Жаңа әліппе сабағы. Губерния ішінде. Округтың жаңа әліппе комитетінде. Қ. Ж. «Кедей» газеті, № 35, 36, 1928 жыл, қараша.
* Еңбек мектебінің он жылы // Кедей, 1928, 14 қазан, № 32.
1929
* Бас әріп керек пе? (жарыссөз) // Еңбекші қазақ, 2 желтоқсан, № 251.
* Емле жайындағы пікірлер // Еңбекші қазақ, № 69.
1930
* Қазақстан жаңа әліппешілерінің тұңғыш конференциясы / (1928ж., желтоқсан 9-12). Жұбан ұлының сөзі (Ақтөбеден), 27–29 және 56–57 беттерде. Қазақстан баспасы – 1930ж., Қызыл-Орда, (ВЦКНТА заказы бойынша).
* [Выступление на Научно-орфографической конференции] // Стенографический отчет Науч.-орфограф. конференции, созванной 2–4 шілде 1929 ж. науч.-метод. советом НКП и ЦК НКА. Кзыл-Орда, 1930, C. 51−58, 115.
1931
* [Выступление на IV пленуме ВЦКНА] // Стенографический отчет IV пленума Всесоюз. центр. комитета нового алфавита, проходившего в г.Алматы. (Л.,1931). C. 177, 201–204.
1933
* Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар. 1-кесек. Қазақ тілінің фонетикесі (Дыбыс жүйесі) // Политехникалық мектеп, № 7–8, 33−34-бб.
1934
* Буын жігін қалай табуға болады // Ауыл мұғалімі, № 2.
* Әдіс бірлестіктері мен әдіс үйірмелерінде оқу жылының екінші жартысында талқыланатын әдіс, программа мәселелері // Ауыл мұғалімі, № 3, 25−28-бб.
* Абай – қазақ әдебиетінің классигі // Әдебиет майданы, № 11–12, 29−44-бб.
* Абай // Социалды Қазақстан, 26 желтоқсан, № 297, 28 желтоқсан, № 299.
1935
* Қосар ма, дара ма? ("uv", "yu", "ьj", "ij"-лердің емлесі жөнінен) // Қазақстанның оқыту істерін басқаратын Халық комиссариатының жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының бюллетені. № 1, 5 мамыр, 26−28-бб.
* К пересмотру казахской орфографии // Бюллетень государственной терминологической комиссии при Каз. Наркомпрос. № 1, 5 мамыр, C. 21−24.
* Қазақ тілінің емлесі мен әліппесіне кіргізілетін өзгерістердің жобасы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мамыр, 29 б.
* Қазақ әдебиет тілінің терминдерді туралы // Мем. термин. ком. бюллетені, № 1, 5 мамыр, 1−2-бб.
* О терминологии казахской орфографии и алфавита казахского языка // Там же, № 2, 15 мамыр, C. 2−3.
* О специфике слов-терминов // Там же. C. 1–2.
* Термин-сөздердің спецификасы жөнінде //... Мем. термин. ком. бюллетені, № 3, 20 мамыр, 1−2-бб.
* Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы // Мем. термин. ком. бюллетені. № 4, 25 мамыр, 1−3-бб.
* Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Қазақ әдебиеті, 20 қараша.
* К постановке исследования истории фонетики казахского языка // Тр. Казахстанского НИИ национальной культуры. Алма-Ата; Москва, вып. І, C. 3−13.
* Примечание к статье С.Аманжолова «Элементы флективности в казахском языке» // Там же, С. 155−158.
* Примечание к статье Аманжолова «О языке перевода классиков марксизма-ленинизма» // Там же, С. 152−155.
* Он үш жас күш // Лениншіл жас, 14 қаңтар.
* Қазақ тілі туралы (баяндама) // Қазақ әдебиеті, 23−27 мамыр; Казахстанская правда, 21–30 мамыр.
* Первый серьезный успех казахского драматического театра // Казахстанская правда, 16 қаңтар, № 14.
1936
* Қазақ тілінің грамматикасы. I бөлім. Сөздің жалпы құрылысы (Жалпы морфология). Орта мектептің V класына арналған. Алматы, 74 бет.
* Қазақ тілінің програмы. Програмы. V-VII класқа арналған. Алматы, 29 бет.
* Из истории порядка слов в казахском предложении: (Исследования по казахскому языку. Вып. I). Алма-Ата, 57 стр.
* Заметки о вспомогательных и сложных глаголах: (Исследования по казахскому языку. Вып. II). Алма-Ата, 36 стр..
* Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері). Қызылорда, 26 бет.
* Қазақ әдебиет тілінің терминологиясы жөнінде. Мемлекеттік Термин комиссиясы қолданған (Мәдениет қызметкерлерінің съезі мақұлдаған) принциптер мыналар... // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап. Қызылорда.
* Принципы терминологии казахского литературного языка, применяемые Гос. термин. комиссией (одобрено съездом культурных работников) // Қазақ тілінің терминдері, 1-кітап Қызылорда.
* О Горьком: [Доклад] // Литературный Казахстан, № 3.
* Соңғы екі-үш жылда // Қазақ әдебиеті, 31 шілде, № 29.
1937
* Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан // Ауыл мұғалімі, № 1¬–2, 27−39-бб.
* Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер //Ауыл мұғалімі, № 3, 31−42-бб.
* Пушкин туралы (сөйлеген сөз) // Социалистік Қазақстан, 10–11 ақпан; Казахстанская правда, 10-11 ақпан; Қазақ әдебиеті, 10-16 ақпан.
1958
* Жанғазы! (хат) // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 2.
* О специфике слов-терминов // Учитель Казахстана, 10 сәуір.
* Термин сөздердің спецификасы жөнінде // Қазақстан мұғалімі, 1958, 10 сәуір.
* Буын жігін қалай табуға болады // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 8, 49−55-бб.
* Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері) // Жұлдыз, № 2.
1966
* Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы: «Ғылым», 1966. 362 б. Исследования по казахскому языку. Алма-Ата: «Наука», 362 с.
I. Қазақ тілі грамматикасының мәселелері
* Из истории порядка слов в казахском предложении. С. 32−75.
* Заметки о вспомогательных и сложных глаголах. C. 76−90.
* Образование сложных слов в казахском языке. C. 91−95.
* О формах сочетания слов в казахском языке. C. 96−101.
* О построении речи на казахском языке. C. 102−117.
* Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар. C. 118−134.
* Қазақ тілінің грамматикасы. 135-197 б.б.
* Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан. 198−228-бб.
* Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері. 229−237-бб.
ІІ. Алфавит, орфография, терминология мәселелері
* Проект казахского алфавита. C. 238−241.
* К проекту реформы казахского алфавита. C. 242−244.
* Қосар ма, дара ма? 245−253-бб.
* Выступление на научно-терминологической конференции в г. Кзыл-Орде 2–4 маусым 1929 ж. 254−259 бб.
* К пересмотру казахской орфографии. 260−269 бб.
* Проект изменений орфографии и алфавита казахского языка. C.270−272.
* О специфике слов-терминов. C. 273−277.
* О терминологии казахского литературного языка. C. 278−282.
* Принципы терминологии казахского литературного языка. C. 283−285.
III. Қазақ әдеби тілі мәселелері
* Абай – қазақ әдебиетінің классигі. 286−306-бб.
IV. Мәдениет пен өнер мәселелері
* Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жөнінен. 307−321-бб.
* Выступление на съезде учителей-ударников Казахстана. C. 322−326.
* Первый серъезный успех Казахского драматического театра. C. 327−329.
V. Программа мен методика мәселелері
* Буын жігін қалай табуға болады? 330−340-бб.
* Қазақ тілінің програмы. 341−360-бб.
1969
* Еленбеген ерекшелік («Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген мақаланың бірінші бөлімі) // Қазақ әдебиеті, 20 желтоқсан.
1971
* Абай және шағатай әдебиеті // Жұлдыз, № 6.
1986
* Абай – қазақ әдебиетінің классигі. «Абай тағлымы», (әдеби-сын, мақалалар, зерттеулер), «Жазушы» баспасы, Алматы. 14−33-бб., (24 б/т).
1987
* Этюды к переводу трех стилей (название условное) // В сб.: «Лексико-стилистические вопросы перевода». Алматы, «Наука», 152 стр. (8 п/л), стр. 77−82.
1989
* Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі // Жалын, № 6. 80−82-бб.
* Төрт қызық, мың бейнет жарық өмір (әңгіме) // Жалын, № 6, 82−84-бб.
1990
* «Құдайберген Жұбанов», шығармалар мен естеліктер. Алматы, 12 б/т.
* Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайлы. 8−28-бб.
* Абай – қазақ әдебиетінің классигі. 28−59-бб.
* Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі. 59−67-бб.
* Қазақ драма театрының алғашқы күрделі жеңісі. 67−70-бб.
* Он үш жас күш. 70−73-бб.
* Біз де ұлт театрына қарай маңдайладық. 73−74-бб.
1994
* Әліппеміз бұқарашыл болсын. Ақтөбе газеті, 13-қазан.
* Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы. Ақтөбе газеті, 3-қараша.
1997
* К постановке исследований истории фонетики казахского языка // Вестник КазГУ, серия филологическая, № 12, стр. 5–12, объем 13,6 п/л., 162 с. Алматы.
## Қ.Жұбановтың баспаға тапсырылған, бірақ жоғалған еңбектері
* Смысл бессмысленных слов [Доклад].
* Скотоводческие междометия казахов [Доклад].
* Ғылыми грамматиканың материалдары, 1 т. Фонетика. 30 п. л.
* Ғылыми грамматиканың материалдары, 2 т. Морфология.
* Қазақ тілінің грамматикасы. II бөлім, 6-классқа арналған, 140 б.
* О частях речи в казахском языке [Исследования по казахскому языку. Вып. 3].
* Двойные слова синонимического типа [Исследования по казахскому языку. Вып. 4].
* Возникновение фонематического различия глухих и звонких [Исследования по казахскому языку. Вып. 5].
* "Подражательные" слова как особые формы словообразования [Исследования по казахскому языку. вып. 6].
* Скотоводческие междометия казахов [Исследования по казахскому языку. Вып. 7].
* К природе и генезису залоговых форм в казахском языке [Исследования по казахскому языку. Вып. 8].
* Структура местоимений в казахском языке [Исследования по казахскому языку. Вып. 9].
* Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов [Исследования по казахскому языку. Вып. 10].
* Вопросы казахского языкознания. Сборник. Под ред. проф. Х.Жубанова. Книга 1 (3).
* Еще раз о глаголе "де" // Вопросы казахского языкознания. Сборник.
* Причины выпадения беглых гласных в казахском языке // Вопросы казахского языкознания: Сборник.
17. Қазақ тілінің академиялық сөздігі. 1-бөлім [А-Азу]. Академический словарь казахского языка. Вып. 1 / Под. ред. акад. А. Самойловича и проф. Х. Жубанова. Объяснения слов на каз. и рус. языках.
## Қ. Жұбановтың редакторлығымен басылған кітаптар
* Труды Казахстанского научно-исследовательского института национальной культуры. Вып. 1. Редакторы: Х.Жубанов – раздел лингвистики, С.Асфандияров – раздел историй, А.Алманов – раздел литературы и искусства. Алма-Ата–Москва, 1935. Вып. 1. 160 с.
* Бюллетень № 1, гос. термин. комиссии... / Отв. ред. Х. Жубанов, 1935, 5 мамыр, 31 c. (на каз. и рус. языках).
* Бюллетень № 2, гос. термин. комиссии... / Отв. ред. Х. Жубанов, 1935, 15 мамыр, 18 c. (на каз. и рус. языках).
* Бюллетень № 3, гос. термин. комиссии... / Отв. ред. Х. Жубанов, 1935, 20 мамыр. 22 c. (на каз. и рус. языках).
* Бюллетень № 4, гос. термин. комиссии... / Отв. ред. Х. Жубанов, 1935, 25 мамыр, 21 c. (на каз. и рус. языках).
* Ермеков А. Ұлы матиматика курсы. Қызылорда, 1935.
* Шонанов Т., Бегалиев Г., Жиенбаев С. Методика [преподавания] казахского языка в начальной школе. Кзыл-Орда, 1935. (на каз. и рус. языках).
## Дереккөздер |
Шертпе күй — аспаптық дәстүрі өте көне және Қазақстанның түгелдей дерлік аймағына кең тараған дәстүр (Қазақстанның батысын қоспағанда, онда төкпе күй сақталған).
Шертпе күй деп ел арасында домбыраға арналған күйлердің ертеден сақталған, бірақ өте жоғары дамыған өзіндік бір ерекше мақамы бар айырықша күйде орындалатын түрін айтады. Шертпе күйлер негізінен лирикалық сезімге бай, бұларда пәлсапашылдық — ойға шомып жан-дүниеге түрткі салатын сыршылдық басым. Ең көп тараған шертпе күйлер Арқаның күйлері (Сары Арқа, Орталық Қазақстан өңірі) оның бәйтерегі Тәттімбет (1815—1862). 20 ғ. Тәттімбеттің ізбасарлары Әбікен Хасенов пен Мағауия Хамзин.
Шертпе күйдің Қаратау өңірі (Қазақстанның оңтүстігі) аймағындағы дәстүрі кенжелеп кейін дамыды. Оған әрине қатарлас, көршілес жатқан Арқа дәстүрінің әсері тиді және басқада дәстүрлер қобыз күйінің, кей тұста домбыра тартудың өзгеше сипаты төкпе күйлік әсеріде сезіледі. Шертпе күйлердің қаратаулық дәстүрі аты аңызға айналған ұлы Сүгір Әліұлы (1882—1961 ж.) есімімен тығыз байланысты. Сүгірдің жолын қуған оның шығармаларының кең таралуына өз үлестерін қосқан тамаша музыкант күйші Төлеген Момбеков болды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Асыл мұра Мұрағатталған 22 қазанның 2007 жылы. |
"Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін тағайындалатын стипендия.
## Тарихы
1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. 1994 жылы бір топ қазақстандық студенттер тұңғыш рет шетелдік жоғары оқу орындарына жіберілді.
1994 жылдан бастап 2004 жыл ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында барлығы 785 студент әлемнің 13 елінде білім алды. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Мемлекет басшысының 2005 жылғы халыққа Жолдауында айтылған «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлерінің санын арттыру жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына конкурс өткізуді ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 301 қаулысымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы құрылды.
Сонымен қатар 2005 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды даярлау жыл сайын Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін Басым мамандықтар тізбесіне қатаң сәйкестікте жүргізіледі. 2005, 2006 және 2007 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесін әзірлеуде мемлекетті дамыту басымдықтары мен төмендегі стратегиялық құжаттарда көрсетілген экономиканың белгілі бір салаларында білікті мамандарға қажеттілігі ескерілді:
* Қазақстан Республикасын индустриалдық-инновациялық дамытудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы;
* Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау және дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
* Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы.
Сондай-ақ, 2005 жылы шетелде оқуға арналған елдер тізімі өсіп, үміткерлер АҚШ,Ұлыбритания, Германия, Ресей, Аустралия, Австрия, Венгрия, Дания,Жаңа Зеландия, Жапония, Израиль, Испания, Италия, Канада, Қытай, Малайзия, Нидерланд, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сингапур, Финляндия, Франция,Чехия, Швеция, Швейцарияға сияқты елдер арасынан өзіне ыңғайлысын таңдайтын болды.
2007 жылы елдер мен ЖОО-лар тізімі толықтырылды. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Үміткерлер санының өскеніне қарамастан, «Болашақ» бағдарламасының негізгі қағидаттары бастапқы қалпында қалып отыр. Олар:
* үміткерлерді дайындаудың жоғары деңгейі;
* елімізде және одан тыс жерлерде бағдарламаның оң бейнесін сақтап қалу;
* конкурстық іріктеуді ашықтық және әділдік қағидаттары бойынша өткізу;
* стипендия иегерлерін әлемнің үздік университеттеріне жіберу.
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 1 қаңтардың 2008 жылы.
* MIT-дағы "Болашақ" бағдарламасы Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы.
## Дереккөздер |
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз қазақ халқының ең көне аспаптарының бірі болып табылады.
## Сипаттамасы
Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап. Қылқобыз аталуы да осыдан болар. Қобыз үнінің төмендеп қайта жоғарылап дыбыс шығаруы — шектеріне саусақтың ұшын ғана тигізіп, сәл ғана басып шертіп, керілген қылды ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы ысқышты аспапқа «іліп қойғандай» етіп көлденең ұстап ысқылап сүйкеп-сүйкеп көсеп-көсеп жібергенде флажолетті обертонды қою-қошқыл сазды мұңлы болып шығады.
Біреулер оны құс даусына ұқсатады: « — Оның даусы аспаптың шегін аттың жалынан керілген қылдан тартылған еспе ысқышпен үйкелегенде аққудың үніне ұқсас дауыс шығады» — дейді (П. Паллас). Енді біреулер қобыз үнін адам даусына ұқсатады (Б. Сарыбаев) ащы, зарлы, өксікті үн шығарады деген де пікір айтады.Кобыздын 4000 жылдык тарихы бар.
## Қобызға деген көзқарас
Қобыздың саз аспабы ретінде тағдыры тайғақ, жолы тар, қиын-қыстау болды. Бұл аспап қазақ халқының тарихи-этникалық мәдениетінің көне көзі, рухани қазына мүлкі, эпостық және аспаптық музыкалық өнерін күні бүгінге дейін сақтап жеткізуші ұлттық мұра бола тұра, ол өзіне деген кертартпа ескілікті көзқарастан арылмай ақталмай-ақ қойды. Әу бастан-ақ қобыз бақсының, бақсылық жасаудың құралы деген пікір қалыптасқан болатын. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобыз жаңа заман көшіне ілесе алмай ескіліктің қалдығы саналып жоғалып, жойылып кетудің алдында қалды дейді А.Затаевич. Осының салдарынан 20 ғасыр басында қобыз аспабына арналып шығармалар жазылмай сиреп ұмытыла бастады. «Әкеден балаға мұра» болып келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт-санамыз, отбасылық қобызшылық дәстүріміз үзіліп қалды. Классикалық қобыз музыкасының аты аңызға айналған ең соңғы хас шебері 19 ғасыр ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы.
Дегенмен жоғалып жойылып құрып кетуге жақын қалған қобыз ойнау өнерін өмірге қайта оралтып «шаң басқан уақыт» пернесін ашуға жасалған шаралармен ізденістер, талпыныстар болмай қалмады. Осындай істің басында бірегей ірі қобызшылар зор тұлғалы музыканттары болып Жаппас Қаламбаевпен (1909—1970) Дәулет Мықтыбаев (1904—1976) тұрды. Шын мәнінде осы екеуінің арқасында музыкалық қобыз аспабының барлық құпиясымен қасиетінің қыры мен сыры сақталып өткеніміздің баға жетпес асыл мұрасын шашау шығармай жоғалтпай бізге жеткізіп жаздырып қалдырып кеткеніне шүкір дейміз.
Қобызда ойнап ең алғаш рет концерттік эстрадаға шыққан, 1968 жылы Алматы консерваториясында ашылған қылқобыз класына бірінші сабақ берген де осы екі тарлан.
## Сілтемелер
* Қазақтың жанын тербеген.... Қылқобыз
## Тағы қараңыз
* Қорқыт ата
## Дереккөздер |
Шар-айна (Парсы: چهاﺮآﻳنه ) - темiр айналардан жасалған шығыс сауыты
Шар-айнанын екi түрi бар:
* Қазақ, парсы, үндi және Орталық Азия шар-айналар үлкен төрт бұрышты айналардан кұрылады.
* Осман-түрік, араб және орыс шар-айналары екi үлкен домалақ айнадан және соны қоршайтын кiшкентай айналардан кұрылады.
## Сілтемелер
* Russian medieval arms and armor
* Armour and Warriors of the Silk Road
* Л.А. Бобров, Ю.С. Худяков «Защитное вооружение среднеазиатского воина эпохи позднего средневековья» Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы. |
Мау төрағаның сөздері (жеңіл. қыт.: 毛主席语录; пінин: Máo zhǔxí yǔlù), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мау Жедөңның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маоизм саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады.
Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 1966—1976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған.
## Алғысөзі
Мау төрағаның сөздері кітабын Үлкен секіріс науқанынан кейін қорғаныс министрі Лин Биао Халық-азаттық армиясының жауынгерлеріне саяси тәрбие беру құралы ретінде құрастырды.
Лин Биаоның екінші басылымға жазған алғысөзінен үзінді
Мау Жедөң жолдас — біздің заманымыздың ең көрнекті марксист-ленинисі. Мау Жедөң жолдас марксизм-ленинизмді кемеңгерлік, творчестволық және жан-жақты түрде мұра ретінде қабылдап алып, оны қорғап, одан әрі дамытты. Ол марксизм-ленинизмді жаңа сатыға көтерді.Мау Жедөң ілімі — империализм өзінің толық күйреуіне бет алып, социализм бүкілдүниежүзілік салтанат құрып жатқан заманның марксизм-ленинизмі. Мау Жедөң ілімі — империализмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару, әрі ол ревизионизм мен догматизге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару. Мау Жедөң ілімі — бүкіл партияның, бүкіл армияның, бүкіл елдің бірлесе еңбек етуіндегі басты қағида…
## Мазмұны
Бұл кітапша 33 бөлімге бөлінген, солардың әрқайсысында Мау Жедөңның шығармалары мен сөздерінен алынған 25 шақты үзінді топтастырылған.
Дәйексөздер 40 жыл аралығында айтылған сөздер мен жазылған шығармалардан алынған. Олардың басты тақырыптары — ҚКП, соғыс жүргізу өнері, революциялық тәрбие, тәртіп, өзін-өзі сынау, мәдениет және басқа да тақырыптар. Ол дәйексөздер бір ортақ тақырыппен біріктірілген және ешбір түсініктемелерсіз бір-біріне тізілген.
Кітапта келтірілген дйексіздердің ұзын саны 427, тақырып бойынша кітап 33 тарауға бөлінген .
## Әсері
Басылып шығарылған даналарының саны 900 миллионнан астам. Кітаптың мұншалықты кең тарауының себебі, Мау билігінің соңғы он жылында Қытайдың әрбір азаматы оны иемденіп, оқып, әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болатын. Коммунист партиясы күдікті деп санайтын адамдар сол кітапты қалтасынан алып көрсете алмаған кезде оларды қызыл сақшылар дәл сол жерде ұрып-соғып, тіпті бірнеше жылға дейін еңбекпен түзеуге жібере алатын.
Мәдени төңкеріс кезінде кітапты мектептерде ғана емес, жұмыс орнында да зерттеу міндетті болып саналған. Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, әкімшілік және әскери салаларда барлық қызметшілер жұмыс кезінде жиналып, осы кітапты оқып-зерттеуге уақыт бөлінетін. «Мау төрағаның сөздері» кітабынан алынған үзінділерді барлық шығармалар, тіпті ғылыми шығармалар да келтіруге тиіс болған.
1960-шы жылдары осы кітап бүкіл Қытай Халық Республикасы бойынша өте кең тараған болатын, тіпті Мау төрағаның бейнелерінен де көп тараған. Коммунистік партияның үгіт-насихат құралдарында бейнеленген барлық дерлік кейіпкерлер сол кітапты ұстап, жымиған немесе белді бекем буған күйде бейнеленетін.
1976 жылы мәдени төңкеріс біткен соң және 1978 жылы Дың Шәупін билік басына келген соң Мау төрағаның сөздері кітабының маңызы көп азайып, оны қолдану солшыл бұрмалаушылық және жеке басқа табыну деп қарастырыла бастады.
## Сыртқы сілтемелер
* “Hóng bǎo shū” «Máo zhǔxí yǔlù» chūbǎn shǐhuà “红宝书”《毛主席语录》出版史话 (Xinhua) |
Анзак қойнауы (түр. Anzak Koyu) — Түркиядағы Галлиполи түбегіндегі шағын қойнау.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1915 жылғы сәуірдің 25-нде АНЗАК әскери құрамасы (Аустралия мен Жаңа Зеландия армия корпусы) осы қойнауға теңізден басып енген. Қойнаудың ені 600 м, солтүстігінен Ари Бурну, оңтүстігінен Кіші Ари Бурну атты екі түбекпен шектелген. Сегіз айға созылған Галлиполи операциясының кезінде АНЗАК қойнауы аустралиялық және жаңа зеландиялық әскерлердің негізгі бекінісі болды.
Жау аума5ысына басып кірген әскерлердің басты мақсаты — кейін сонда көптеп әскер мен қару-жарақ әкеліп төгуге болатындай теңіз жағасында жаудың шабуылынан қорғалған бір алаңды (плацдармды) бөліп алу.
Соғыс шебі Анзак қойнауынан ешқашан бір шақырымнан астам қашықтыққа ұзаған емес. Ари Бурну жақта орналасқан тау қойнауды қорғап тұрған болса да, түрік артиллериясы Анзак әскерлеріне едәуір қауіп төндіріп тұрды. Анзактың қолбасшысы Уиллиам Бирдвуд өзінің штабын қойнаудан жоғарырақта орналасқан бір жырада орналастырды. Жаңа Зеландия және Аустралия дивизиясының және 1-ші аустралиялық дивизияның қолбасшылары да солай етті. Сәуірдің 29-ында генерал Бирдвуд екі түбектің арасында орналасқан жағалау «Анзак қойнауы» деп, ал бұған дейін ешбір атпен аталмай келген төңірек «АНЗАК» деп аталсын деп ұсынды.
Қойнаудың жағажайына орасан зор жабдықтау орталығы және соның екі шетінде екі әскери госпиталь орналастырылды. Әкелініп жатқан соғыс жабдығын түсіріп алу үшін төрт айлақ құрылды. Шілде айында олардың орнына тұрақты айлақ салынды. Келтіріліп жатқан жабдықтар көршілес жатқан жағажайларға жылдам әкетіліп отырды. Флотпен байланыс жасау үшін үш радиостанция салынды.
Қойнау түбектен, Чанак бекінісінен және «Тұрғыт Реис» және Дарданелл бұғазында зәкір тастап тұрған «Хайреддин Барбаросса» түрік әскери кемелерінен атқылаудан біршама қорғалған болса да, оның оңтүстіктегі Габа Тепеден және солтүстіктегі Нибрунесі нүктесінен емін-еркін атқылауға болатын. Нибрунесі нүктесін британия әскери кемелері атқылау астына алып отырды, тек Габа Тебедегі жақсы жасырылған түрік батареясы ғана қойнаудағы әскерлерге қауіп төндіріп тұрды.
Алайда үзбей зеңбірек атқылауының астында болса да, Анзак қойнауы жауынгерлер үшін сүйіп шомылатын жерге айналды. Ауыз судың өзі тапшы болып, жуынуға су мүлдем жоқ еді. Сондықтан әскерлер тек ең жойқын атқылаулардың кезінде ғана шомылуларын тоқтатуға мәжбүр болатын.
1985 жылы түрік үкіметі «Анзак қойнауы» атауын қойнауға ресми түрде берді. 2000 жылы «Анзак қойнауы» ескерткіші ашылды.
## Суреттер галереясы
*
*
## Дереккөздер |
Air Astana (заңды атауы «Эйр Астана» АҚ) — Қазақстанның Алматы қаласында орналасқан әуекомпания. Бұл Алматы халықаралық әуежайы мен Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 42 бағыт бойынша ішкі және халықаралық тұрақты рейстерді орындайтын Қазақстандағы ең ірі әуе компаниясы. Компания 2001 жылдың қазан айында құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (51%) мен британдық BAE Systems PLC (49%) компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылады. 2002 жылы 15 мамырда Алматы – Астана бағытында алғашқы рейсін орындады.
## Тарихы
2012 жылдың қаңтарында "Air Astana" Centre for Asia Pacific Aviation "басқа тасымалдаушылармен салыстырғанда бірінші онжылдықта үздік нәтижелерді көрсеткен" деп аталды (CAPA, Әуекомпанияларды талдау, 9 қаңтар 2012 жыл), дегенмен, оның пайда болуы соңғы кезде авиациялық саладағы ең қызықты оқиғалардың бірі болып табылады. Компания басында ішкі бағыттарға қызмет көрсететін тасымалдаушы болып құрылған. 2000 жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен BAE Systems ел өкіметімен әуе шабуылына қарсы қорғанысты жаңғырту бойынша келіссөзді жылжыту мақсатымен әуекомпанияны құруға келіскен. BAE Systems сол кездегі төрағасы сэр Ричард Эванс мәмледе негізгі рөл ойнаған. Дегенмен, ӘШҚҚ бойынша контракт жасалмаған, ал жоғары басшылықтағы кейінгі өзгерістер мен BAE Systems стратегиялық көзқарастары Қазақстандағы кеңселердің жабылуына әкеп соқты. Сондай-ақ, Назарбаевтың қолдауына қарамастан бастапқыда шетел заңды тұлға ретінде қарастырылған компания қазақстандық БАҚ және саясаткер жағынан қарсылыққа тап болды.
## 2002-2005
British Airways бұрынғы жетекшісі, бірінші президенті Лойд Пакстонның басшылығымен компания лизингке алғашқы 3 Boeing 737 International Lease Finance Corporation алды. Сосын Aircraft Finance Trading BV (AFT) 4 "Фоккер-50" және Pegasus Leasing Corp. 3 Boeing 757 лизингке алды. Жұмыстың бірінші толық жылынан кейін 2003 жылы компания таза пайда туралы жариялады. "Эйр Қазақстан" бұрынғы ұлттық тасымалдаушының 2004 жылдың ақпанында банкроттығынан кейін әуетасымалдаушы өз ұшу картасын басты халықаралық бағыттары бойынша кеңейте бастады: Дубай, Ыстамбұл, Мәскеу, Бейжің, кейін Франкфурт және Лондон.
## 2005-қазіргі уақыт
2005 жылдың 1 қазанынан Питер Фостер әуекомпания президенті болып тағайындалды. Бұрын Cathay Pacific Airways басшысы, Philippine Airlines компаниясының сауықтыру тобын басқарған, Royal Brunei Airlines бас директоры болған. Құрылған ұзақ мерзімді даму жоспарлары мен менеджмент құрылымы әлі күнге дейін өзгермес болып қалды. Құрылған сәттен бастап тасымалдаушы бұлжымас пайдалылықты көрсетті және 20 пайдалы (таза пайда) компаниялардың тізіміне 2010, 2011, 2012 жылдары Airline Business және Air Finance Journal нұсқасы бойынша енді және соңғысы оны 2015 жылғы әуекомпаниялардың қаржы жағдайы әлемдік рейтингісінде 20 орынға, BBB- рейтингісімен қойды.
BAE Systems 2013 жылғы жұмысының қорытындысын жасай отырып, Financial Times "қазақстандық Air Astana 49% BAE қатысу үлесімен компанияның мол табысты инвестициялардың бірі болды" деген.
2016 жылдың 8 желтоқсанына дейін «Эйр Астана» Еуропалық Одаққа ұшуға лицензиясы бар жалғыз қазақстандық әуе компания болды.
«Эйр Астана» 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен Қысқы Универсиаданың ресми тасымалдаушысы және бас серіктесі, сондай-ақ 2017 жылғы «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысы» болды.
«Эйр Астана» әуе паркі 29 ұшақтан тұрады. FlyArystan тәуелді компаниясының ұшақтарын қосқанда «Эйр Астана» компаниялар тобында 42 ұшақ жиналған (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша). 2022-2023 жж. әуе компания флоты көбінесе Airbus A320 жанұясына кіретін ұшақтардан тұрады. Сонымен қатар әуе компания паркінде үш Boeing 767 және бес Embraer 190 E2 ұшағы бар. 2025 жылдың ортасына таман әуе компания тобы бойынша ұшақ санын 59-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
2023 жылдың Қыркүйек айы бойынша, «Эйр Астана» әуе паркі 49 ұшақтан тұрады.
## Қызметі
### Ресейдегі қызметі
2002 жылдың қыркүйегінде әуекомпания Астана мен Мәскеу қалалары арасында аптасына 3 рет жиіліктегі рейстерді және Алматы мен Мәскеу қалалары арасында күнделікті рейстерді Boeing 737-700 ұшағымен ашты. 2014 жылы Астана - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны аптасына 9-ға дейін, ал Алматы - Мәскеу бағыты бойынша рейстер саны 14-ке дейін ұлғайтылды. Covid 19 пандемиясына дейін әуекомпания Ресейге 11 бағыт бойынша 54 апталық рейс орындады: Алматы - Мәскеу Airbus A321 және Boeing 767, Астана – Мәскеу, Алматы – Санкт-Петербург Airbus A320, Астана – Новосибирск, Астана – Екатеринбург, Астана – Омбы, Астана – Санкт-Петербург, Алматы-Қазан Embraer 190.
2020 жылғы наурыздан мамырға дейінгі пандемиядан туындаған үзілістен кейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Мәскеу қаласындағы Домодедово халықаралық әуежайына ұшуды, сондай-ақ Алматы-Санкт-Петербург бағыты бойынша рейстерді қалпына келтірді. Рейстер S7 Airlines әуекомпаниясымен код-шеринг келісімі бойынша орындалды. Сонымен қатар, FlyArystan Қарағанды халықаралық әуежайынан Домодедово халықаралық әуежайына, сондай-ақ Алматыдан Новосібірге рейстерді орындай бастады.
2022 жылғы 11 наурызда Эйр Астана Украинадағы соғыс нәтижесі салдарынан бірқатар маңызды іскер серіктестерге салынған ықпалшаралар мен шектеулерге байланысты Ресей аумағына/аумағынан/үстінен ұшатын барлық рейстерін тоқтатты.
### ТМД-да қызметі
Air Astana географиялық артықшылығын пайдалана отырып маршруттық желіні қысқа қашықтықтағы рейстермен аймақтағы барлық негізгі қалаларды қамту арқылы кеңейтті. Орталық Азия және Кавказда Air Astana Бішкек (Қырғызстан), Ташкент (Өзбекстан), Баку (Әзірбайжан), Тбилиси (Грузия), Киев (Украина) және Душанбеге (Тәжікстан) қалаларына Алматыдан және Астанадан қатынайды. Жаһандық пандемия кезеңіндегі үзілістен кейін 2020 жылдың наурызынан мамырына дейін аталған маршруттар қайта жанданды, сондай-ақ FlyArystan Кутаисиге (Грузия) рейстерді орындауды бастады.
### Қытай мен Кореядағы қызметі
Пандемияға дейін әуекомпания Алматы мен Астана қалаларынан Бейжің қаласына күнделікті рейстерді, сондай-ақ Қытайдың батысындағы Үрімші қаласына рейстерді орындады. 2020 жылдың шілдесінен бастап Чэнду халықаралық әуежайына жолаушылар чартерлік рейстері, сонымен қатар Қытайдың әртүрлі нүктелеріне чартерлік жүк рейстерін тасымалдауға жартылай ауыстырылған Boeing 767 әуекемесімен қайта жалғасты. Жолаушылар сұранысының өсуіне байланысты 2021 жылдың қыркүйегінде жолаушылар әуекемесіне қайта ауыстырылды.
Пандемиядан кейін Корея үкіметінің жол жүру шектеулеріне байланысты Кореяның Сеул қаласына Алматыдан күн сайын және Астанадан аптасына екі рет ұшатын рейстер Алматы мен Сеул қалалар арасында аптасына бір рейске дейін қысқартылды. Алматы мен Гонконг арасындағы әуерейстері белгісіз мерзімге тоқтатылды.
2023 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша Бейжің мен Сеулге баратын барлық рейстер пандемияға дейінгі ұшу жиіліктеріне қалпына келтірілді.
## FlyArystan
2018 жылдың қараша айында "Air Astana" FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясын ашу жоспарын жариялады. Жеке басқару құрамымен FlyArystan әуекомпаниясы өз қызметін 2019 жылдың 1 мамырында 180 орындық конфигурациясы бар бірнеше Airbus 320 әуекемесімен және "Air Astana" негізгі әуекомпанияның пайдаланушы сертификатын (AOC) қолдана отырып лоукосттың классикалық моделі бойынша жұмыс жасады, 2020 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша FlyArystan 10 A320 ұшағын пайдалануда, тағы 7 ұшақ 2023 жылға дейін тапсырыста тұр. FlyArystan жолаушылар ағымының жоғары өсуі (2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 553%) 2021 жылы Қазақстанның әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан отандық авиация нарығына айналуына ықпал етті.
## ИКАО және ЕО
Әуекомпания маршруттық желісінің дамуына реттеуші факторлар 2009 жылдан 2014 жылдың сәуіріне дейін елеулі ықпал жасады. 2009 жылдың сәуірінде Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті бақылау міндеттерінде сәйкессіздіктерді тапқан. Соб себеппен Еуропалық Әуе қауіпсіздігі комитеті барлық Қазақстанда тіркелген әуекомпанияларға Еуропа одағынан/одағына ұшуға тыйм салды. "Эйр Астана" жалғыз бұл қара тізімнен шығарылған.
ЕО-ға кіруге соңғы тыйым салынған Embraer ұшақтарына қойылған шектеулер 2015 жылдың желтоқсанында алынып тасталды.
Жаһандық пандемия кезінде әуекомпания Батыс Қазақстанға мұнай кен орындарының негізгі қызметкерлерін жеткізу үшін Атырау мен Амстердам арасында (сол кездегі жалғыз халықаралық бағыт болды) рейстерді орындады. 2020 жылдың шілде айынын бастап әуекомпания Еуропаға басқа бағыттарды қалпына келтірді, ал 2022 жылдың қаңтарына дейін әуекомпания Астанадан Франкфуртқа (Lufthansa German Airlines компаниясымен код-шер келісімімен) және Лондон Хитроу әуежайына, Амстердам мен Франкфуртқа Атырау мен Оралдан ұшатын рейстер орындады.
2023 жылдың мамырынан бастап Франкфурт пен Амстердамға барлық рейстер пандемияға дейінгі жиіліктерге қалпына келтірілді. 2023 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Алматыдан Лондонға және Ақтаудан Лондонға рейстер аптасына 5 рет, ал Алматыдан Ираклионға рейс аптасына 4 рет орындалады.
## Серіктестік
«Эйр Астананың» келесі компаниялармен кодшейр келісімі бар (2016 жыл ақпан айына сәйкес):
## Ұшақтар паркі
### Қазіргі ұшақтар паркі
Air Astana әуекомпаниясы келесі ұшақтардан тұрады (2022 жылғы желтоқсан айы бойынша):
### Флот тарихы
«Эйр Астана» ұшақтар флотының тарихы:
## Қызмет және брендинг
Әуекомпания көптеген жылдар бойы жолаушыларға жоғары сапалы қызмет көрсеткені үшін үлкен беделге ие болды, бұған Skytrax, Trip Advisor және APEX-тің көптеген марапаттары дәлел бола алады (төменге қараңыз).
Колумбия округінің Вашингтон қаласындағы 2015 жылдың 25 ақпанда өткен Әуе көлік саласының 41-ші Annual Airline Industry Achievement Awards марапаттау рәсімінде «Эйр Астана» компаниясы «Авиациялық нарығының көшбасшысы» атағына ие болды.[1] 2014 жылғы World Airline Awards нұсқасы бойынша «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы үздік әуе компания атағын үшінші жыл қатарынан иеленіп отыр. Осы салтанатта «Эйр Астана» компаниясы Орталық Азия мен Үндістандағы «Үздік қызмет көрсету» атағына екінші рет ие болды. Сондай-ақ, 2012 жылдың мамыр айындағы Skytrax компаниясы өткізіген аудиты бойынша әуекомпания Ресей/ТМД/Шығыс Еуропа елдерінің арасында Skytrax World Airline Awards 2012 нұсқасы бойынша беделді 4 жұлдызды рейтінгке ие болған бірінші тасымалдаушы болды және аумақта осы атаққа ие болған жалғыз әуе компания ретінде қалды.
### Класс түрлері
Air Astana барлық ұшақтарда бизнес және эконом класстарын, сондай-ақ Airbus 321neo Long Range бортында жатын орны бар эконом класс ұсынады. Embraer E2 ұшағын қоспағанда, барлық ұшақтар RAVE компаниясының жеке борттық ойын-сауық жүйесімен бизнес және эконом-класстары жабдықталған.
### Жаңа өнімдер
2015 жылдың ақпан айында «Эйр Астана» компаниясы Boeing 757 ұшағында жаңа класс түрін ұсына бастады: эконом-класындағы жатын орындар. Эконом кластағы жатын орындардың жолаушылары әуежайдағы әр түрлі артықшыларымен қоса (сондай-ақ, бизнес-класс залдарына кіру) бөлек жатын эконом салонында келесі қызметтерді пайдалана алады: төсек-орын жинағы, бизнес-класс жол жинақтары және KCTV жүйесі. Жаңа өнім қазіргі уақытта Астана - Лондон, Франкфурт, Париж және Алматы - Гонконг бағыттарындағы Boeing 757-200 ұшағында ғана бар.
### Nomad Club
Жиі ұшатын жолаушылардың «Nomad» клубы «Алтын», «Күміс» және «Стандартты» мүшелік деңгейлерден тұрады және Lufthansa компаниясының 「Miles & More」 бағдарламасымен өзара келісілген. Жергілікті қазақ дизайнерлері жасаған кабинадағы және жердегі қызметкерлердің жаңа киім үлгісі 2013 жылдың басында енгізілді.
### Бағыттар желісі
Эйр Астана әуе компаниясының 64 бағыты Қазақстанның көптеген ірі қалаларын және Орталық Азия мен Ресейдің көршілес қалаларын қамтиды. Бұл әуе компанияның беделін жақсарту үшін және дамып келе жатқан әуе нарығы бар аймақта қауіпсіздіктің жоғары стандарттарын сақтау үшін " кеңейтілген ішкі нарық стратегиясы " деп аталатын шешімнің нәтижесі болып табылады. 2009 жылдан бастап әуе компания Баку, Ташкент, Үрімші, Тбилиси, Душанбе, Бішкек, Новосибирск, Самара, Екатеринбург, Санкт-Петербург, ал 2012 жылдың ортасынан бастап Қазан мен Омбыға рейстерді іске қосты. 2012 жылдың 28 тамызнан бастап Эйр Астана Азияның оңтүстігі мен шығысына Делиге, Сеулге (Asiana Airlines компаниясымен код-шер келісімі бойынша жүзеге асырылатын), Пекинге, Бангкокқа, Куала-Лумпурға, Гонконгқа, және 2013 жылдың қаңтарынан бастап Хошиминге бағыттарын іске қосты. Сондай-ақ күн сайын Астанадан Франкфуртқа және Хитроуға аптасына төрт рет ұшу бағытын жүзеге асырады. Алматы мен Астанадан Киевке баратын бағытты 2013 жылдың көктемінде іске қосты. 2015 жылғы 29 наурыздан бастап Астана - Париж бағыты бойынша аптасына үш рет рейстерді іске қосты. 2015 жылдың 1 маусымынан бастап әуе компания Астана - Тбилиси бағыты бойынша маусымдық рейстерді ұсынады. 2016 жылдың 30 маусымынан бастап әуе компания Алматы-Тегеран бағыты бойынша рейсті іске қосты. 2017 жылдың маусым айында Тегеранға рейстер тоқтатылды. 2020 жылғы 5 желтоқсаннан бастап әуе компания аптасына екі рет ұшу жиілігімен Алматы-Мале бағыты бойынша Мальдив аралдарына рейстерді жүзеге асыра бастады. 2021 жылдың 6 ақпанында Эйр Астана әуе компаниясы Шри-Ланкаға тікелей рейс ашты. Алматыдан Маттал Раджапакс Хамбантот әуежайына Airbus A321Neo ұшағымен аптасына бір рет жүзеге асырылады. 2021 жылғы 31 қазанда Эйр Астана аптасына екі рет Пхукет аралына Airbus A321 NEO LR және Boeing 767-300ER ұшақтарында орындалатын тікелей рейсті ашты.
### Өмір салтының бағыттары
2020 жылдың наурыз айында Covid-19 пандемиясы салдарынан Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша сапарларға қатаң шектеулерге байланысты Air Astana Қазақстаннан Бангкок пен Куала-Лумпур қалаларына әуе қатынасын тоқтатуға мәжбүр болды. 2020 жылдың қазан айында кейбір курорттық бағыттар бойынша сапарларға қойылған шектеулерді ішінара алып тастағаннан кейін, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына сапар шегуіне шектеулерді алып тастағаннан кейін әуекомпания Анталия (Түркия) және Шарм-эль-Шейхке (Египет), сонымен қатар Мальдив аралдарына (Мале халықаралық әуежайы) және Коломбоға (Шри-Ланка) бағыттарын қалпына келтірді. Саяхатшылардың сапарының орташа ұзақтығының артуына байланысты әуекомпания басшылығы «өмір салты бағыттары» деп атаған бұл рейстер 2021 жылдың наурыз айында қосты. 2022 жылдың қаңтар айы бойынша Air Astana келесі бағыттарды орындайды:
Алматы - Мале (Мальдив аралдары)
Алматы — Коломбо (Шри-Ланка)
Алматы – Гоа (Үндістан)
Алматы – Пхукет (Тайланд)
Алматы – Анталия (Түркия)
Алматы — Бодрум (Түркия)
Алматы — Шарм-эль-Шейх (Египет)
Алматы – Хургада (Египет)
Алматы - Подгорица (Черногория)
Алматы — Батуми (Грузия)
Алматы, Астана — Дубай (БАӘ)
Ақтау, Шымкент - Дубай (оператор FlyArystan)
Ақтау, Астана - Кутаиси, Грузия (оператор FlyArstan)
Алматы, Астана - Ираклион, Грекия (оператор Air Astana)
## Қызметкерлер
Air Astana қызметкерлерінің саны 5 600 адамды құрады, бұл Қазақстан азаматтары, сондай-ақ шетелдік өкілдіктердегі жергілікті қызметкерлер. Әуекомпанияда 460 ұшқыш жұмыс істейді, оның 64-і шетелдіктер. Әуекомпанияның барлық ұшқыштарында еуропалық EASA лицензиялары бар. 2008 жылдан бастап әуекомпания Қазақстан азаматтары үшін АҚШ пен Еуропадағы ұшқыштар мектебінде ұшқышты бастапқы даярлау бағдарламасын жүзеге асыруда. 2022 жылдың қаңтар айы бойынша 320 ұшқыш осы бағдарламадан өтті. 2012 жылы әуекомпания Ұлыбританияның Крэнфилд университетінде менеджерлерге арналған жалпы оқу бағдарламасын енгізді, содан кейін ол Ұлыбританиядағы Henley бизнес мектебіне ауысты. Компанияда Қазақстан азаматтары болып табылатын 1100-ден астам бортсеріктер жұмыс істейді. Ұлттық әуетасымалдаушының басшылығы қазақстандық және шетелдік өкілдердің тұрады.
## Қызмет көрсеткіштері
2019 жылдан бастап Air Astana компаниясы жолаушыларды негізгі Air Astana брендімен және FlyArystan тәуелді компаниясымен тасымалдай бастады. Тасымалданған жолаушылар саны:
### Марапаттары
* Skytrax ұсынған 4 жұлдызды «Air Astana» әуе компаниясының қызмет көрсету сапасы үшін рейтингі;
* «Әлемнің әуе компаниялары» 2012, 2013, 2014, 2015, 2016, 2017, 2018, 2019 ж. «Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік әуе компания», 2021 жылы «Орталық Азиядағы ең үздік әуе компания» (Skytrax марапаттары 2020 жылы тоқтатылды) және 2022 жылы «Орталық Азия мен ТМД елдерінің ең үздік әуе компаниясы»;
* 2013, 2014, 2015 және 2016 жылдардағы «Әлемнің әуе компаниялары» сыйлығы «Орталық Азия мен Үндістандағы үздік қызметі» номинациясында;
* «Авиация нарығының көшбасшысы 2015 жыл» Air Transport World басылымына сәйкес;
* «Аймақтық Азия тасымалдаушысы», Travels' Choice Awards 2018;
* Американдық APEX қауымдастығы (Airline Passenger Experience Association) бойынша «Негізгі аймақтық әуе компаниялар» 5 жұлдызды номинациясы.
### «Шаңырақ» күту залы
«Эйр Астана» компаниясы жақында Астана қаласының халықаралық әуежайында бірінші болып эксклюзивті «Шаңырақ» күту залын ашты.
## Оқиғалар
2018 жылғы 11 қарашада Air Astana әуекомпаниясының 1388-ші рейсінің Embraer ERJ-190 ұшағы көкке көтерілгеннен кейін Португалиядағы үшінші тарап техникалық қызмет көрсету жеткізушісінің ірі техникалық тексеруінен кейін басқару тросы дұрыс орнатылмау салдарынан ұшақ күрделі мәселеге тап болды. 90 минуттан астам уақыт өткен соң борттағы 3 ұшқыш және 3 қызмет көрсететін қызметкері бар ұшақ Бежа әуе базасына қонды. Дегенмен, ұшақ көптеген құрылымдық ақауларға ұшырап және есептен шығарылды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы
* Талқылау форумы Мұрағатталған 18 қарашаның 2011 жылы. |
Міржақып Дулатұлы (25 қараша 1885 жыл, Торғай облысы , Ресей Империясы – 5 қазан 1935 жыл, Соловки лагері, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай облысының, Сарықопа өзенінің бірінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі ;— Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірi — ұстаз, бiрi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бастап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жарияланымдарының арқасында ол жандармериялық полицияның бақылауына және патша күзетінің назарына түседі. Қара тізімге енгеннен кейін ол қалада ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмайды. Ал 1911 жылы ол Семей қаласында "Жұмбақ" өлеңі үшін қамауға алынды. Осы шығармасында ол Николай II-ні Мемлекеттік думаны таратқаны үшін аллегориялық түрде мазақ етті деп екі жылға бас бостандығынан айырады, бірақ кейінірек жаза 2 мың рубль айыппұлмен ауыстырылады.
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipre "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
## Маусым жарлығына қатынасы
1916 жылы Дулатов Байтұрсынов пен Бөкейхановпен бірге қазақтарды тыл жұмыстарына шақыру туралы 25 маусымдағы патша жарлығына жайлы Қазақ газетінің 190 нөмірінің бірінші бетінде:
«...Жарлықты жұрт сөзсіз орындайтындығын һәм орындауға тиістігін бұрын да жазып едік. Әлі де айтатынымыз сол. Патшамызға шын көңілмен қызмет ету парыз екендігін жайландырып түсіндірсе бас тартушы болмайтындығына көзіміз жетеді... Ресейге бағынадан бері қазақ халқы патша жарлығына қарсылық қылып көргені жоқ. Мұнан кейін де қылмас».
-деп жазыпты.Ал Қазақ газетінің 192 нөмірінде:
«Біз естідік, мына қазақтан соғыс майданына жұмыскер алады деген хабар шыққаннан бері ел арасында кейбіреулер біздің атымызды сатып, Ахмет, Ғали хан, Міржақып хат жазыпты, солар соғысқа кісі берме депті деп, жұртқа сез таратып жүр дейді. Бұл бекер. Біз ешкімге ондай хат жазғанымыз жок..».
-деп жазады.
## Аманкелді Имановтың өлтіруі
Дулатовтың тергеу кезіндегі берген жауабында ол Амангелді Иманов пен Павел Таранды өлтіруге қатысқанын мойындаған.
"Имановтың, Таранның өлімі үшін моральдық жауапкершіліктен мен, әрине, кете алмаймын"
Бірде бізге Иманов бізді тұтқындағалы жатқаны жайлы, оның пәтерінде Қостанай жағынан қандай да бір отрядтың жанында барлаушы бар екендігі туралы ақпарат келді. Осы мәліметтерді алғаннан кейін, біз сол күні Иманов пен оның пәтерінде тұрған белгісіз адамды тұтқындадық, отрядтың бір бөлігімен бірге торғайға бара жатқан отрядқа жолға шықтық: қауесет шын екен, бұл Таранның тизан отряды болып шықты, ал Имановатың үйінде болған бейтаныс адам Таранның өзі болып шықты. Отрядпен біз Торғайдан 30 шақырым жерде ешқандай қақтығыссыз кездестік және оларды казак полкі қуып бара жатқанын білдік. Біз алашордалықтар бұл отрядпен не істеу керектігін талқыладық: егер оны торғайға жіберіп алсақ, Имановтан қорқатық, бұл отряд бізге емес, оған сенер, ал Иманов өз ойларын орындар, бұл бір нәрсе, ал екінші жағынан, егер біз оны Шалқарға қарай жарақатсыз және ұрыссыз өткізсек, онда оны қуған казак полкі жергілікті халықты құртып, бірінші кезекте бізден кек алады. Осының бәрін ескере отырып, біз отрядты қарусыздандыруға шешім қабылдадық және адамдарды бос жіберуге шешім қабылдадық. Бұл мәжбүрлі әрекетті сол кезде отрядқа да түсіндірдік. Басқа күні кешке Торғайға оралғанда, Торғайдағы отрядтың қалған бөлігі Иманов пен Таранды дүрбелеңмен кезінде өлтіргені белгілі болды.
Алайда Дулатовтың бұл сөзіне Асфендияров өзінің 1916 жыл жайлы жазған кітабында былай дейді:
“1919 жылдың жазында Торғай уездік әскери комиссары болған Амангелді алашордалықтармен (Дулатов, қ.Тоқтабаев) атылып өлтіріледі. Дулатов отряды кеңестердің жағына өтуге толық дайын деп алдап, Торғайға кіріп, онда контрреволюциялық төңкеріс жасап, Амангелді басып алады”
Айса Нурманов, Султан Ақтамақов, Оспан Қасенов, Зафир Садықов, Ахмет Омаров, Сейдахмет Байсейітов, Аманкелді Иманов отрядының және басқа да қызыл жауынгерлерінің естеліктері бойынша Дулатов Амангелді ату кезінде ешқайда кетпеген, одан әрі ол Таран отрядымен соғысып, Торғайға оралып үлгерді деп мәлімдейді.
Жауап алу кезінде Теміров-Қырғыз съезінің басқарушысы да, 1919 жылы Жангелдинге берген айғағында Дулатов Аманкелді атылуы кезінде қалада болғанын нұсқайды.
## Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы "Жазушы" баспасында шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары "Ғылым" баспасында екі томдық, 2002‐2004 жылдары "Мектеп" баспасында (2020 жылы сол баспада екінші жаңа басылыммен) 5 томдық жинақтары жарық көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
## Өлеңдері
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Оның үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету — әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi — "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", — деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты— халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақып қаламынан туған көркем де күрделі туынды — "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегі мен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады.
деп келе, ел ішінен халқының сөзін сөйлейтін шешендер мен елін, жерін қорғайтын ерлер, ақылдың кені іспетті дана қарияларын іздейді. Солар бар жерде елдің берекесі де артық болмақ.
Бірақ өмір Міржақып ойлағандай емес. Би — парашыл, қарттары — қарау. Бірлік жоқ, алауыздық үстем. Ақын осыған өкінеді.
— деп, туған халқын ойлануға шақырады. Қойды қасқырға бақтырғандай әділетсіз заманның жайын түсіндіреді. Ел басқарушы залымдарға сенбей, өз күшімен күн көру қажеттігін айтады.
Мiржақып ел ішіндегі кемшіліктерді әшкерелей отырып, халқына одан арылудың жолын көрсетеді. Өзінің "Шәкірт", “Насихат ғумумия" тәрізді бірқатар өлеңдерінде өнер мен білім жинаудың пайдасын бipiншi кезекке қояды. Tіпті адамгершіліктің өзі білімнен, оқудан басталады деген ой айтады.
## "Бақытсыз Жамал" романы
Халық тағдыры М. Дулатұлының прозалық шығармаларына да арқау болды. 1910 жылы оның «Бақытсыз Жамал» атты романы жарық көрді. Бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ірі табыс қана емес, бүкіл қазақ әдебиетіндегі елеулі көркем туынды болды. «Бақытсыз Жамал» қазақ әдебиетінде кейбір зерттеушілердің пайымдауынша көркем прозалық үлгіде жазылған тұңғыш роман еді. Міржақып осы шығармасы арқылы бұдан кейін жазылған Т. Жомартбаевтың «Қыз көрелік», С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», т.б. романдарына жол ашты. Бұлардың бәрі де сол кезектегі аса маңызды әлеуметтік мәселеге арналды. Қазақ ауылының тұрмысы жайында жазылды. Әйелдердің бас еркі, қоғамдағы жағдайы туралы баяндады.
«Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы.
## Абай шығармашылығын зерттеуі
Дулатұлының Абайға арналған алғашқы қысқа ғана мақаласы татардың «Уақыт» газетінде 1908 жылы жарияланған. Ақынның ой-өрісі, білім деңгейі, туған жері, шыққан ортасы айтылып, әдеби мұрасына жалпылама баға беріліп, оның орыс әдебиетімен, әсіресе Михаил Лермонтовпен үндестігі ескертілді. 1914 жылы «Қазақ» газетінде басылған «Абай» мақаласы ақынның опат болғанына он жыл толуына орай арналып жазылған. Мұнда әдебиеттің, оның көрнекті өкілдерінің халық тарихында алатын орны айрықша бағаланады. Абайдың қадірін білмеу, оны елеп ескермеу ұлттың үлкен кемшілігі ретінде аталады, әдебиет елдің жаны деп көрсетіледі. Абайдың ғұмыр жолын қысқаша баяндап, түңғыш кітабының шығу тарихы, оған Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және ақын балалары мен інілерінің қатысуы, Семейде Нәзипа Құлжанова өткізген әдеби кеш туралы сөз болады. Ең құнарлы ой:
деген салыстырма жасайды. Абай шығармаларын жариялау, насихаттау, оның есімін мәңгі есте қалдыру үшін мұражайлар салдыру керектігін толғана сөз етеді.
Абайдың қазақ халқы тарихындағы мәртебелі орнын басқа елдер әдебиетімен сабақтастықта алып қарап, дәл тауып, дұрыс бағалап берген Дулатұлының келешек заманда ұлы ақынның атақ-абыройы, мерей-даңқы өсіп, жаңа буынмен емірене табысатынын ерекше әулиелікпен көре білген. Дөрекі социологиялық, таптық, атеистік көзқарас, дүниетаным тұрғысына түскен кезде зерттеушілер абайтануда толып жатқан солақайлыққа, сан-алуан қателікке ұрынғаны белгілі. Ал Кәкітай Ысқақов, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы Абайдың шығармаларын тануда ұлттық, халықтық, эстетикалық таза талғаммен ешқашан мәнін жоймайтын бағалы байламдар жасай алды. Абай шығармаларындағы сарын-әуезді, ой-пікірді, идея-нысананы алаш азаматтары терең сезіп, тебірене насихаттай білген. Әдебиеттің барлық жанрында бірдей қалам тартқан қаламгер, қоғамдық-әлеуметтік іске жанын салып араласқан қайраткер Міржақып Дулатұлының өмірлік мақсатының биік нысанасы, тапжылмас темірқазығы — біркүндік даңқ, өтпелі дәулет, баянсыз шен емес, туған халқының бостандығы, өзін-өзі билеуі, отарлық езгіден құтылуы, ол қуғын-сүргін керіп, түрмелер азабын тартып жүрген азапты күндерінің өзінде де, ақтық демі біткенше бүл жолдан тайған жоқ. Қазақ жұртының бүгінгі, болашақ буындарына алаш деп ұран салып, келешек үшін арыстанша алысқан Міржақып Дулатұлымен бауырындай етіп табыстыратын, айналып келгенде, осы мәңгілік жасайтын асыл қасиеттер.
## Міржақып Дулатұлы туралы фильмдер
* 1993 — «Міржақыптың оралуы», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 1994 — «Алаш туралы сөз», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 2009 — «Алашорда», режиссері: Қ.Умаров
Жанры: деректі фильм. Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
* 2022 - «Міржақып. Оян, қазақ!» телехикаясы, режиссері: Жәрдем Дауылбаев, қоюшы-режиссер: Мұрат Есжан. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған. Телехикая 6 бөлімнен тұрады.
* 2023 - «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмі. Фильмде Алаш қайраткері өмірінің 1909-1935 жылдары қамтылған.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Міржақып Дулатұлы «Әдебиет порталы» сайтында
* Алашорда әскерінің ұраны: «Жасасын, Отанның адал ұлдары!»
* «Оян, қазақ» идеясы – қазақтың нағыз ұлттық идеясы!
* МӘҢГІЛІК – МІРЖАҚЫП!
* Гүлнәр Міржақыпқызы: «Дауыс салып, жылағанымды еміс-еміс білем»
* «Тегімді әрең сақтап қалдым»
* Міржақып маркасы |
Қаржы полициясы академиясы — Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгі (қаржы полициясы) мен кеден органдары үшін мамандар даярлайтын, осы органдар қызметкерлерінің алғашқы дайындық, қайта даярлау және біліктілігін арттырумен және экономикалық қылмысқа қарсы күрестің көкейкесті мәселелері бойынша ғылыми-жұмыстарын жүргізетін оқу орны.
Қазіргі таңда "Құқықтану" (Юрисприденция), "Құқыққорғау қызметі" (Правоохранительная деятельность) мамандықтары бойынша бакалавр, магистрант пен докторанттарды оқытады.
## Дереккөздер
* Қаржы полициясы академиясының ресми сайты Мұрағатталған 12 тамыздың 2015 жылы. |
Батыс өлкелер немесе Шиүй (қытайша: 西域; пінин: Xīyù; Wade-Giles: Hsiyü) дегеніміз — б.з.д. 3-ші ғасыр — 8-ші ғасыр аралығында қытай жылнамаларында Орталық Азияның Үймен гуаннан батыста жатқан бөлігіне қатысты қолданылған атауы.
Жібек жолының көп бөлігі Батыс өлкелер арқылы өткендіктен ол аймақ б.з.д. 3-ші ғасырдан бері зор стратегиялық маңызға ие болып келді. Хан әулеті мен сюңнулардың арасындағы текетірес 2-ші ғасырдың ортасына дейін сонда орын алып отырды.
Одан кейінгі ғасырларда ол аймақтың маңызы Шығыс Азия, Үндістан субконтиненті, Ислам әлемі және Батыс әлемінің арасындағы мәдени көпір ретінде арта түсті. Батыс өлкелерінің жетістіктерінің бірі — Будданың тәлімі сол аймақтан саудагерлер және тақуа-монахтар арқылы Қытайға жетті. Таң империясында өмір сүрген тақуа-монах Суанзаң Үндістанға оқу іздеуге бара жатып, Батыс өлкелер арқылы өткен болатын. Таң астанасы Чаңанға қайтып келген соң ол Батыс өлкелерінің ұлы Таң сипаттамалары деген атақты еңбегін жазды.
18-ші ғасырда Маншың империясы осы аймақтың бір бөлігін басып алып, онда әскери басқару жүйесін орнатты. 1884 жылы ол аймақ Шынжаң деген жаңа атқа ие болды.
## Дереккөздер |
«Алматы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы (АӨҚО АҚ) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған. Қоғам қызметі "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, қолдауға және инфрақұрылымына әкімшілік етуге бағытталған.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.
## Негізгі міндеттері
* Халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;
* Қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;
* Қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.
* Жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;
* Қағаздардың нарығын және қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру;
* Алматы қаласы инвестициялық тартымдылығын арттыру және шет елде Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық келбетін қалыптастыру;
* Қаржы орталығы қызметін ұйымдық -техникалық жағынан қамтамасыз ету;
* ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу.
Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО -Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы өңірлік қаржы орталығының ресми торабы Мұрағатталған 26 тамыздың 2021 жылы. |
«Жас Алаш» — жастарға арналған ең байырғы және беделді республикалық басылым. Алғашқы саны 1921 жылы 22 наурызда Ташкент қаласында жарық көрді. Ұйымдастырушысы әрі тұңғыш редакторы Ғ.Мұратбаев, жауапты хатшысы І.Жансүгіров болды. Сол кездегі қаржы тапшылығына, т.б. себептерге байланысты басылым “Жас қайрат” (1925), “Өртең”, “Жас қазақ” (1923) газеттері және осы аттас журнал түрінде шығып тұрды. Газеттің жабылып қалмауын ойлаған С.Сәдуақасов. А.Байтұрсынұлы, Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ж.Аймауытовтар "Еңбекші қазақтың" бір бетін “Лениншіл жас” деген атпен де шығарған. Газет 1927 жылы 22 қыркүйектен “Лениншіл жас” деген атпен шыға бастады. Бұл басылым қай кезде де қазақ жастарының азамат болып қалыптасуына үлкен еңбек сіңірді. Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін газетке “Жас алаш” атауы қайтарылды. 2000 жылы ұлттық баспасөз клубы, Қазақстан баспасөз клубы, “Алтын жұлдыз” орталығымен бірігіп өткізген дәстүрлі “Алтын жұлдыз” бәйгесінде “Жас Алаш” жылдың ең үздік газеті атанып, “Алтын жұлдыз” белгісімен, газеттің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрді дамытуға сіңірген еңбегі үшін жылдың таңдаулы “Алтын адам” сыйлығымен марапатталды. “Студент”, “Руханият”, “Алдаспан”, “Мыңнан бір мезет”, “Ақ отау”, т.б. қосымшалары бар. Жалпыұлттық қазақ басылымы. О баста негізінен жастарға бағдарланғанымен, «Жас Алаш» — үлкен-кіші үзбей оқитын дәстүрлі әрі жаңаша басылым. Сонымен бірге ол — Қазақстандағы белгілі де беделді журналистика кадрларын тәрбиелеп шығарған ұстахана іспетті. Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, журналистикасы мен публицистикасының небір майталмандары жұмыстарын алғаш рет осы қарашаңырақтан бастаған.
Бүгін де бұл басылымнан тұрмыс-тіршілігіміздің сан-саласын қамтыған өткір де өзекті дүниелерді оқуға болады. «Жас Алашта» күнделікті жаңалықтармен қатар, саясат пен экономика, әдебиет пен мәдениет, өндіріс пен экология, қылмыс және заң, қаржы және басқару жүйесі, маркетинг пен менеджмент, білім беру мен денсаулық сақтау, өнер мен өзге де тақырыптарды қамтыған мақалалар тұрақты жарияланады. «Студент», «Ырғақ», «Мыңнан бір мезет», «Отбасы» атты қосымшалары бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен келетін оқырман хаттары «Мақатаев-22» бетінде жарияланатын болса, әр саланың қайраткер тұлғалары мен сарапшы мамандардың сұхбаты «Ашық әңгіме», «Екеуара әңгіме» айдарларымен беріліп тұрды.
«Жас Алаштың» өзіне тән ең бірінші сипаты — оның өткірлігі мен турашылдығы, жаңашылдығы мен тапқырлығы. Ақпаратты мейлінше объективті беруі және мәселелерге жаңаша көзқараспен келіп, терең сараптауы «Жас Алашты» ақпараттық кеңістіктегі беделді басылымға айналдырып, кәсіби газет деңгейіне көтерді. «Әлеуметтік технологиялар орталығы» жүргізген маркетингтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек, «Жас Алаш» — 15 жастағы жасөспірімдерден бастап, алпыстан асқан ақсақалдарға дейінгі аралықтағылардың сұранысына ие, беделді әрі жаңашыл басылым. Басылымның негізгі оқырмандары — жоғары білімді азаматтар, жоғары оқу орындарының студенттері, әр деңгейдегі мемлекеттік басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен қарапайым ауыл тұрғындары.
## Марапаттары
«Жас Алаш» әртүрлі қоғамдық және халықаралық ұйымдар тарапынан берілетін сый-сияпат, мақтау-марапаттан да кенде емес. 2000 жылғы «Алтын жұлдыз» байқауында «Қазақстандағы ең үздік газет» атанды. 2004 жылы «Жыл таңдауын» жеңіп алды. Үш жыл қатарынан «Жас Алаштың» тілшілері «Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты» атанды. Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы журналистика және саяси публицистика саласы бойынша берілетін алғашқы сыйлық та «Жас Алашқа» бұйырды. Беделді рейтинг агенттіктері жүргізетін зерттеулер нәтижесінде «Жас Алаш» қазақ және орыс тілдеріндегі басылымдарды қоса есептегенде, объективті ақпарат тарататын беделді басылымдардың алғашқы үштігіне кірді.
Газеттің сайты — дербес интернет басылым. Басылым бетінде жарық көрген мақалалар интернетте де жарияланады. Сонымен қатар жедел жаңалықтар мен онлайн қызметі енгізілген. Қазіргі таңда газеттің интернет нұсқасында мақалалар толық жарияланбайды. Материалдардың рейтингін анықтауға да мүмкіндік туып отыр.
Ауылдық жерлер мен шағын қалаларда «Жас Алашты» қолдан-қолға алып оқу дағдыға айналған. Газеттің бір нөмірін кемінде 150 мың адам оқиды. Ал жарты жылдағы оқырман саны 8 миллионнан асты.
## Таратылуы
Жазылым бойынша — 87 %
Бөлшек саудада— 13 %
Ұжымдық жазылуда — 9 %
Жеке жазылуда — 78 %
VІP-таратылуы — 3,4 % (Президент әкімшілігі, Үкімет және Парламент, амақтардағы ірі өнеркәсіп орындары, отандық және шетелдік ірі компаниялар, елшіліктер, телерадио және баспа ұйымдары).
Газет жазылу және бөлшек сауда жолымен тарайды.
Газетті тарататындар:
«Қазпошта», «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Kazpress», «Жастар-2005», «Ернур-пресс», «Туран-пресс», «Төле би-пресс» және тағы басқалар.
«Жас Алашты» Қазақстандағы барлық газет-журнал дүңгіршектерінен сатып алуға болыды.
Басылымның құрылтайшысы — «Жас Алаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Есепке қойылғандығы жөніндегі куәлікті Қазақстанның ақпарат министрлігі берген, № 4361-г. 31.10.2003 жыл.
Газет Алматы қаласында басылады, республиканың түкпір-түкпіріне тарайды. Аптасына екі рет — сейсенбі және бейсенбі күндері шығады. Форматы — А2, көлемі — 6 бет. Апталық таралымы — 140 000.
«Жас Алаштың» күні бүгінге дейін 15 мыңнан астам нөмірі жарыққа шықты, яғни басылым осыншама рет оқырманымен жүздесті
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торабы Мұрағатталған 10 наурыздың 2008 жылы.
## Дереккөздер |
Қазақстандағы хоккей — 1950 жж. аяғында дами бастады.
1954 жылы Өскеменде, кейінірек Петропавлда, Алматыда, Қарағандыда хоккей командалары құрылады.
Қазақ КСР-дегі петропавлдық «Металлист» жеңіп шыққан алғашқы ел біріншілігі 1955-1956 жж өтеді. Келесі маусымнан бастап жарты ғасыр дерлік ел біріншілігінің жеңімпазы өскемендік команда болды. 60 жж ортасына қарай республиканың әр қаласынан (Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Алтай, Глубокое мен Первомай ауылдарында (ШҚО), Павлодар, Целиноград (қазіргі Астана), Ермак (Павлодар облысы), Лисаковск, Орал, Жезқазған т.б.) 20-дай команда болды.
Бүгінгі күнгі Қазақстан командалары: Ресей жоғарғы лигасында өнер көрсететін үш мықты — «Торпедо» (Өскемен), «Қазақмыс» (Сәтпаев), астаналық «Барыс», сонымен қатар Ресей бірінші лигасында ойнайтын қарағандылық «Сары-Арқа», «Горняк» (Рудный), павлодарлық «Ертіс», Қазақстан біріншілігінде алдыңғылармен бірге ойнайтын алматылық «Еңбек» клубы.
1992 жылдың көктемінде Қазақстан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (ағылшынша — IIHF) қабылданады
## Пошта маркаларында
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
## Сілтемелер
* Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы |
Көп дәнді өңдеуіш (ағылш. Multi-Core Processor) — жалғыз немесе бірнеше дай (die) деп аталатын біріктірілген нобайдың ішіне екі немесе бірнеше дәнді сыйғызатын құрылғы.
Атынан көрініп тұрғандай, қос дәнді өңдеуіш екі дән ұстаса, төрт дәнді өңдеуіш төрт дән ұстайды. Көп дәнді өңдеуіш талай өңделімдерді жалғыз физикалық пакет ішінде іске асырайды. Барлық дәндері жалғыз дайдың ішінде орналасқан өңдеуіш монолитті өңдеуіш деп аталады.
Көп дәнді құрылғының дәндері ең жоғары құрылғы үстіндегі кәш деңгейдегі бір-ақ когерентті кәш бөлісе алады (мысалы Intel Core 2-дегідей) немесе олардың екі бөлек кәші болады (мысалы, AMD-дің осы күнгі қос дәнді өңдеуіштері). Бұндай өңдеуіштер қалған жүйемен бір байланыстырғышты бөлісіп тұрады. Әр «дән» өз бетімен суперскалярлау, құбырлау және көптік жіптеу сияқты жетілдірулерді іске асырайды. Н-дәнді жүйенің дәндері Н немесе одан да көп жіппен бірге егізді түрде келген жағдайда ғана тиімді болады.
Коммерциялық жағынан ең мағыналы (немесе көзге көрінетін) көп дәнді өңдеуіштер компьютерлерде (көбінесе Intel мен AMD-дің өңдеуіштері) және ойын консөлдерінде (мысалы, PS3-тегі Cell өңдеуіші) пайдаланылады. Бұл мәнмәтінде «көп» деген сөз әдетте дәндердің аз ғана санын білдіреді. Алайда бұл текнологияны көптеген басқа текнологиялық өрістерде пайдалынады, әсіресе желілік өңдеуіш пен сандық сигнал өңдеуіш сияқты текнологияларда және GPU текнологиясында. |
Әбу-л-фатһ Мұхаммед, кейінгі ғасырларда Шайбани хан, Мұхаммед Шайбани хан (Өзбек: Muhammad Shayboniy) — (өмір сүрген жылдары – шамамен 1451 — 1510), өзбектердің ханы (1500-10 жылдары) және ұлы қазақ ханы Қасым ханның бөлесі. Ол түрлі өзбек тайпаларының басын біріктіріп, олардың Мәуереннаһрда үстемдікке қол жеткізулеріне себепші болды.
Ол Шыңғыс ханның немересі Шайбаннан өрбіген ұрпағы болатын, сондықтан ол Темір әулетін билікті заңсыз тартып алған әулет деп қарастырды. Мұхаммед Шейбани он жыл ішінде жаулап алу жорықтарын белсенді басқарды, Хорасан мен Сырдарияда шабуылдаушы қимылдар жасады.
## Басқаруы
1451 жылы дүниеге келген, Әбілқайыр-ханның немересі Шах-Будағ Сұлтанның ұлы, қазақ хандары мен сұлтандарымен отбасылық қатынаста болған, отбасының үлкен баласы. Шейбани-ханның әкесі Шах Будағ-хан білімді адам болған, оның бұйрығымен парсы шығармаларының түркі тіліне аудармалары жасалған.
Шайбани хан білімді адам болған, бала кезінен бастап әр түрлі ғылымдар мен өнерге қызығушылық танытқан, Бұхара медресесінде оқыған. Шайбани ханның танымал тәлімгерлері - Мұхаммед Хитайи, Ясавия тариқатының сопылық шейхтары Жамал әд-дін Азизон, шейх Худайдод Уәли және Мансұр.
Бірде Шайбани шейх Мансурға барғанда, ол оған: «Мен саған қарап тұрмын, өзбек, мен сенің егемен болғың келетінін көремін!» Содан кейін ол тамақ беруді бұйырды. Бәрін жеп, дастарқанды алып тастағанда, шейх Мансұр кездейсоқ ескерткендей: «Дастархан шетінен қалай жиналса, сен де мемлекеттің шетінен бастайсың». Шайбани өзінің жаңа тәлімгерінің бұл бір мағыналы кеңесін ескеріп, нәтижесінде Тимуридтер мемлекетін бағындырды
Сұлтанов Т.И., Шыңғысхан және Шыңғысидтер.М.: АСТ, 2006. С. 139
## Саяси қызметтің алғашқы жылдары
Әкесінің күтпеген ерте қайтыс болуынан кейін Мұхаммед пен оның ағасы Махмұт алдымен атасы Әбілқайыр ханның қолында болды, атасы қайтыс болғаннан кейін, содан кейін нағашысы Шайх-Хайдар жанында болды, содан кейін 1471 жылы қайтыс болғаннан кейін олар Қарашын Баһадур Кушидің қолына өтті. Шайбани ханға білім беру үшін Бай Шейх аталық болып тағайындалды. Мұхаммед Шайбани Мавераннахр Тимуридтерінің қолдауына сүйене отырып, Сырдария маңындағы қалаларға бақылауды қалпына келтіруге тырысты. 1470 жылдардың басында Тимуридтердің көмегімен Шайбани хан Сырдариядағы бірнеше бекіністерді бағындырды.
Өзінің атасы Әбілхайыр ханның саясатын жалғастыра отырып, 1500 жылы Темір әулетін биліктен тайдырып, өздерінің астанасы Самарқандан қуып шығып болған болатын. Ақсақ Темірдің ұрпағы, Моғол империясының негізін қалаушы Бабырға қарсы бірнеше рет жеңімпаз жорық ұйымдастырды. 1505 жылы ол Самарқанды қайта басып алып, 1507 жылы Темір әулетінің оңтүстік астанасы Гератты да қолға түсірді. Шайбани 1506 жылы Бұхарды да басып алып, Шайбани империясының негізін қалады. 1508-09 жылдары ол солтүстіктегі жерлерге көп рет басып кіріп, Қазақ хандығының жерлерін шапты.
Алайда ол 1510 жылы Қасым хан бастаған қазақтардың қалың қолынан ойсырай жеңілді.
Парсыстанның Сафауи әулетінен шыққан шахы І Ысмайыл Шайбанидің күшеюінен қауіптеніп, өзбектерге шабуыл жасады. 1510 жылғы Мары шайқасында Мұхаммед Шайбанидің әскері жеңіліп, оның өзі қашпақ болғанда қаза тапты. Ысмайыл Мұхаммедтің денесін бөлшектеп, түрлі жерлерге жөнелтіп жіберді де, оның бассүйегін алтынмен қаптатып, шарап ішетін ыдыс жасатып алды.
Шайбанидің қаза тапқан кезінде өзбектер бүкіл Мауараннахрды, яғни Әмудария мен Сырдария өзендерінің аралығын иемденіп отырған еді. Самарқандты Бабырдан тартып алғаннан кейін Шайбани Бабырдың қарындасы Ханзада Бегімге үйленді. Осы некеге келісім бергені үшін Бабурға Самарқандтан кетуге рұқсат берілді. Шайбанидің опат болғанынан кейін І-ші Ысмайыл Ханзада Бегімге және оның ұлына азаттық сыйлап, Бабурдың өтінішімен оларды оның қасына жіберді. Осы себеппен Шайбанидің тағын оның өз ұлы емес, аталас туыстары иемденді. Олардың ұрпақтары Бұқарды 1598 жылға дейін, ал Хорезмді (ол кейінірек Хиуа деп атала бастады) 1687 жылға дейін биледі.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» атты еңбегінде: «... Жошының Сибан, яки Шибан деген баласының тұқымынан бір белгілі Шайбақ деген хан шығып, Әмір Темір тұқымынан Һират, Бұхар, Самарқан шәһарларын тартып алып жүргенде,... біздің қазақ біз өзбек жұртымен аталас едік және де Шыңғыс хан тірі күнінде бізді Жошыға тапсырып еді, «сарт-садағам, өзбек-өз ағам»деп, Шайбаққа қарап кетіпті» деген дерек келтіреді.
## Далада билік үшін күрес
Шайбани Дешті-Қыпшақтағы бақылау мен ықпалға ие болу үшін баруды тоқтатпады.Шайбани отрядымен дұшпандарынан кек алғысы келіп, даланы кезіп кетті. Ол Едігер-ханның ұлы Бөрек-сұлтанға шабуыл жасап, оны жеңіп өлтіреді. Бүреке-Сұлтан ұлысының қалдықтары мәңгүрттерге қосылды.
Шамасы, Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін, шамамен 1473 жылы, оған шибанидтер мен маңғыттар арасында одақтастық құруды ұсынған Ноғай биі Мұсаның елшілері келді. Маңғыт билері Керей мен Жәнібек-ханның билігінен шығып, сұлтандарды өз еркіне бағынышты етіп хан етіп жариялауға тырысты. Мұса-би Мұхаммед Шайбанимен одақ құрды, оны бүкіл Дешті Қыпшақтың ханы етіп жариялаймын деп уәде берді. Мұхаммед Шайбани хан болады, ал Мұса бекларбек болады. Шейбани хан өзінің 300 адамнан тұратын шағын жасағымен қатысқан шайқаста Чипмунк Хан (1474/1480–1511) жеңіліске ұшырады. Алайда, бұл шайқаста Мұсаның інісі Хорезми қаза тапты. Мұсаның Мұхаммед Шайбаниді хан ретінде қабылдауға деген ниетіне маңғыт басшылары мен Ноғай Ордасын құрған одақтас тайпалар қарсы болды. Келіссөздер созылып, Чипмунк Хан сол кезде Мұхаммед Шайбанидің Сырдариядағы иеліктеріне шабуыл жасады.
Керейдің ұлы Бұрындық ханның Қаратау тауларындағы Сағұндық асуындағы, содан кейін Отырардағы, Түркістандағы, Арқұқтағы жеңісі Мұхаммед Шайбаниді Мұсаның штаб-пәтерінен кетуге мәжбүр етті, ал олардың келісімдері орындалмады. Мұхаммед Шайбани Бұрындық хан мен оның анасы Қасым ханнан Қара-Тау тауларында жеңіліп, содан кейін ол Маңғышлаққа жасырынған.
1488 жылы Шайбани хан Түркістанды басып алды, Түркістан оның Мәуераннахрға жасаған жорықтарында Шайбани ханның негізгі базасы болды. Алайда бірнеше жылдан кейін қала Шайбанидтер билігінен босатылды.Кейін Шайбани хан Хорезмге шабуылдап, онда Тирсакты басып алып, Үргенішті қоршауға алды. Хусейн Байқара оған қарсы Әбд әл-Халиктің басқаруымен жиырма мыңдық әскер жіберді. Шайбани Үргеніш қоршауын алып, Бүлдүмсаз бекінісіне шегінді. Бекіністі басқарған Әмір Халил Мұхаммед Шайбаниді хан және билеуші ретінде қарсы алды.
Сол жылы Шайбани ханның әскерлері Вазирия маңында Тимуридтерді жеңіп, қаланы басып алды. Содан кейін ол Адакты басып алып, сол жерден Астрабадқа шабуыл жасады. Шайбани Хусейн Байқараның оларды сол жерден қуып шығаруға тырысқанына қарамастан, 1490 жылдардың басына дейін Хорезмде болды. 1490 жылдардың басында Шайбани Ташкент билеушісі Сұлтан Махмұд ханның шақыруымен Отырарға кетті. Бірнеше шайқаста ол қазақ хандарын жеңді.
## Хорасан мен Мәуереннаһрды жаулап алу және аннексиялау
Мәуереннаһр мен Хорасандағы Тимурид мемлекеттеріндегі азаматтық қақтығыстар туралы біле отырып, Шайбани хан бұл күреске араласып, Түркістанда біртұтас орталықтандырылған мемлекет құруға тырысты. Өзіне адал болып қалған әскерді жинап, 1499 жылы ол оңтүстікке, Мәуераннахрға жорыққа аттанды және Темір қайтыс болғаннан кейін бөлшектеніп тұрған Тимуридтер мемлекетін басып ала бастады. 1501 жылы Шайбани хан ақыры Самарқандты иемденіп, оны өз мемлекетінің астанасы етті. Осы жылы ол күміс және мыс монеталарын шығарды.
1503 жылы Шайбани хан Түркістан қаласына шабуыл жасаған қазақ руларына қарсы қазақ даласында жорық жасады. 1505 жылы көптеген айлар қоршауынан кейін (1504 қараша - 1505 тамыз) Шайбани хан Үргенішті басып алды.1506 жылы Шайбани хан Балхты иемденді. Оның үстіне 1503 жылы ақын Әлишер Науаидың інісі Дарвиш Әли оған қосылып, Тимуридтер жерін жаулап алуда оны жан-жақты қолдады.
1507 жылы 27 мамырда Герат собор мешітінде Әбілқайыр хан мен «уақыт имамы және мейірімді губернатор» (имам-уз-заман уа халифат-ур Рахман), Шайбани-ханды еске алып, хутба жарияланып, Тимуридтер билігі құлатылды. Ол Мәуераннахрдың, Хорасанның көп бөлігін басып алып, біртұтас мемлекет құра білді.
1507-1509 жылдары Шайбани хан Хорасанның басқа қалаларын: Дамған, Астрабад,Мешхед және т.б.Сефевидтер шахы I Ысмайыл-мен (1501-1524) соғысқа дайындалып, Шайбани хан өзінің солтүстік-шығыс шекараларын қауіпсіздендіру туралы шешім қабылдады және 1510 жылдың қысында Бұрындық хан мен Қасым ханға қарсы төртінші жорық жасады. Бұл науқан сәтсіз аяқталды.
## Ақырет
1510 жылы Шайбани хан Гератта болды. Осы кездке I Ысмайыл Шайбани ханның хазарейлерге қарсы күрестегі сәтсіздіктері туралы біліп, Батыс Хорасанға басып кіріп, Гератқа қарай жедел ілгерілей бастады. Шайбани ханның қолында жеткілікті күшті әскер болған жоқ. Хазарейлерге қарсы әскери жорық кезінде ол өз әскерінің көптеген жылқыларынан айырылды.
Әскерлердің негізгі бөлігі Мәуераннахрда орналасты, сондықтан ол өз әмірлерімен кеңесіп, Мервтің қабырғаларының артына жасырынуға асығады. Сефевид әскерлері Астрабадты, Мешхедті, сондай-ақ Сарахтарды басып алды. Хорасандағы барлық өзбек әмірлері, соның ішінде Ян Вафа, Сефевидтер-Қызылбастардан қашып, Мервке келді. Шайбани хан Убайдулла хан мен Мұхаммед Темір сұлтанға көмек сұрап елші жіберді.
Осы уақытта Шах Ысмайыл Мервті қоршап алып, оны бір ай бойы қоршап алды, бірақ ол қаланы басып ала алмады, ханды қаладан шығарып салу үшін ол белгілі бір шегінуге жүгінді.
Деректерге сүйенсек, Мұхаммед Шайбани ханның әйелдерінің бірі Айша-Сұлтан ханым, Моғол ханым деген атпен танымал, өзбек қоғамында үлкен ықпалға ие болған. Дереккөздер кеңесте - хан жиналысында Мервтен Шах Ысмаилдың шегініп бара жатқан Қызылбаш әскерлерімен күресу үшін шығу-шықпау мәселесі талқыланған дейді. Өзбек әмірлері Мәуераннахрдан көмекші күштер келгенше екі-үш күн күтуді ұсынды.
Бірақ әскери кеңеске қатысқан Мұхаммед Шайбани-ханның сүйікті әйелі Моғол-ханым ханға:
«Ал сен, өзбек бола тұра, қызылбастан қорқасың! Егер сіз қорқатын болсаңыз, мен солдаттарды өзім алып, олардың соңынан еремін. Қазір дұрыс сәт, енді мұндай сәт болмайды».
Моғол-ханымның бұл сөздерінен кейін бәрі ұялған сияқты, өзбек әскерлері шайқасқа аттанды, ол Шайбани-ханның жеңілісі мен өлімімен аяқталды.
1510 жылы желтоқсанда Мұхаммед Шайбани хан өзіне келе жатқан 30 мыңыншы қосылысты күтпестен, шах Ысмайылдың арандатушылығына көніп, бес мыңыншы әскерімен қаладан кетіп, шахты қуып жетуге асықты және буктурмада болды.
Махмұдабад ауылы маңындағы шайқаста, 1510 жылы 2 желтоқсанда Мервте (басқа мәліметтер бойынша, 1510 жылы 30 қарашада) Шайбани ханның әскері Ысмайылдың 17000 адамдық әскерімен қоршалып, қатты қарсыласқаннан кейін жеңілді. Әскерлердің қалдықтары батпақты тұзды батпақтарда болды және жебелердің астында өлді. Тарихи зерттеулерге сәйкес, өзбек ақсүйектерінің көптеген өкілдері мен Шайбани ханның өзі шайқаста қаза тапты.
Иран шахы I Ысмайыл Шайбани ханның денесін аяусыз емдеді. Алтынмен орнатылған бас сүйекті бокалға айналдырды деген аңыз бар.
Шайбани ханның бассыз денесі өз мемлекетінің астанасы Самарқандта жерленген.
## Сыртқы сілтемелер
* Бабурдың қолға түсуі және оның Самарқандтан айырылуы (1501) Мұрағатталған 26 ақпанның 2006 жылы.
* Бабурдың Ханзада Бегіммен қайта табысуы Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2004 жылы.
## Дереккөздер |
«Табаған» кешені — тау шаңғылауына арналған Бесқайнар кентіне жақын (бұрынғы Горный Садовод) Шыбынсай (Іле Алатауы) шатқалында салынған курорт, спорт және ойын-сауық кешен.
## Атауы
Кешеннің атауы «Тобогган» (ағылш. Toboggan) сөзінен шыққан. Солтүстік Америка үндістері тайпаларының тілінде бұл сөз "ағаштан жасалған жалпақ қыстық шаңғы " дегенді білдіреді. Қазіргі ағылшын тілінде «түсу, таудан сырғанау» деген сөзді білдіреді. Сонымен қатар, «табаған» — адамдар төмен қарай арнайы шанамен сырғанайтын науа түріндегі ұзын иілген түсу жолын білдіретін батыстық аквапарктер мен қыстық парктердегі танымал аттракцион.
## Тарихы
Кешен 2005 ж. салынған. Осындай ірі көлемді жобаның іске асырылуы қазақстандық туризм нарығының, сондай-ақ қыстық спорт түрлерінің тарихында жаңа кезең болды.
«Табаған» кешені осындай дәрежелі тау шаңғыларына арналған курорттарға қойылатын қазіргі заманғы әлемдік стандарттарға сәйкес салынды. Кешен Австриядан, Голландиядан және Ресейден әкелінген техникамен жабдықталған. Аспалы жолды құрастыруды және карточкалық кіру жүйесін енгізуді ресей мамандары жүзеге асырды, қалған жұмыстарды жергілікті компаниялар жасады.
Кешеннің арқасында ауданның инфрақұрылымы мен экономикалық ахуалы елеулі жақсарып, отандық туризм индустриясын дамыту талаптарына да жауап берді. «Табағанда» жақын жатқан Бесқайнар поселкесінің жүздеген тұрғындары еңбек етуде. Оның ресми тұсаукесері 2006 жылғы қаңтардың аяғында болды. Екі күннен кейін осы жерде Алматы қаласының сноуборд пен экстремалды спорт түрлері Федерациясының (СЭСТФ) Кубогы алғаш рет ойнатылды. 2006 жылғы сәуір айында осы жерде ірі отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен, Дәриға Назарбаеваның басшылығымен Еуразиялық Медиа-форум өтті.
## Қосымша мәлімет
2011 жылғы Алматыды болатын Қысқы Азияданың екі ойын түрі — фристайл және сноуборд жарыстары осынды өткен.
## Ресми торбеті
Біздің Табаған |
Сарт — Орталық Азияның отырықшы халқының өзбек өкіліне қатысты қолданылған атау. Түрлі замандарда оның нақты мағынасы өзгеріп отырған. Көне замандарда «Ақ сарттар» деген атпен белгілі болған сарттар белгілі бір этникалық топқа жатпаған; көбінесе қала тұрғындары болған.
«Сарт» сөзі түркі тіліндегі «сары ит» деген сөз тіркесінен келіп шыққаны қәте, оны көшпенділер отырықшы қала тұрғындарын кемсітуге қолданған еді деген жорамал айтылған болатын. Сол себепті кеңес заманында «сарт» ұғымына тыйым да салынды. Бірақ Бартольдтың пікірінше «сарт» сөзі «сары ит» дегеннен шықпаған, оған меңзейтін әдеби немесе филологиялық айғақтар жоқ.
## Тарихы
### Шығу тегі
«Сарт» сөзі көшпенділердің отырықшыланған халықты және қала тұрғындарын сипаттау үшін пайдаланылатын сөзі ретінде пайда болған секілді. Ол сөздің төркіні — үнді тілдеріндегі сартхаваха, яғни саудагер немесе керуенбасы деген мағынадағы сөз (ол қазіргі һинди тіліндегі сетх деген сөзбен түбірлес). Ол сөз көне ұйғыр тіліне соғды тілінен шамамен 8-9-шы ғасырларда енген болса керек. Ол сөздің өзі де «соғды» сөзінің өзгертілген түрі болуы да әбден мүмкін.
Ең алғаш рет түркі тілінде бұл сөз 1070 жылы жазылған Құдатқұ білік («Құтты білім») деген кітапта кездеседі, онда ол Қашғарияның отырықшы тұрғындарын білдіреді. Ол сөз Орталық Азияның иран тілдес болсын, түркі тілдес болсын, барлық отырықшы мұсылмандарын да білдірген сияқты. Рашид ад-Дин Жами ат-тауарих деген еңбегінде Шыңғыс ханның мұсылман қарлұқтардың билеушісі Алп-Арсланнға «Сартақтай» деген атақ берілсін деп әмір еткені туралы жазады. Рашид ад-Диннің өзі бұл сөзді «тәжік» деген сөзбен мағыналас сөз деп түсінгені анық. Алайда Рашид ад-Динніңұлты парсы болғандықтан «Сартақтай» деген сөзді дұрыс түсінбей қалған болуы да ықтимал, себебі Шыңғыстың ұлдарының бірінің аты да Сартақтай болған.
### Басқа мүмкін мағыналары
Моңғол билігінен кейінгі заманда біз Әлішер Науаидың Иран елін «Сарт ұлысы» деп, «сарт тілі» деп парсы тілін атағанын білеміз. Сол сияқты Бабыр патша да Марғұланның халқын «сарт» деп, ал Әндіжанның халқын «түрік»деп атағаны белгілі. Яғни ол сарт деп парсы тілділерді атаған. Кабул уәлаятының қалалары мен ауылдарының тұрғындарын да ол «сарт» деп атаған.
Түркістанның шұратты аймақтарына Шайбани ханның жетелеуімен өзбектер келгенде жағдай одан әрі күрделілене түсті. Олардың сөйлеу тілі түркі-қыпшақ тілі, ал шұраттарда тұратын халықтың тілі түркі-қарлұқ тілі болды. Осы кезден бастп «сарт» деп тек қана парсы тілділер ғана емес, кейбір түркі тілділер де атала бастайды. Өзбектердің өздері отырықшыланғаннан кейін де өзбек руларына жатпайтын түркілерді «сарт» деп атауын жалғастыра берді.
### Қазіргі заманғы мағыналары
Бартольдтың дәлелдеуінше, 19-шы ғасырда «сарт» деп аталған ұлттар әбден түркіленуге ұшырады. 19-шы ғасырда Ресей әдебиетінде «сарт» деп кейде Ферғана, Ташкент, Шымкент және оңтүстік Сырдария губерниясының түркі тілді тұрғындары аталды. Олар аздап Бұқара мен Самарқандта да тұратын. Жалпы алғанда «сарт» деп Ресей үкіметі Түркістан аймағының отырықшы орыс емес тұрғындарын атайтын. Ол сөздің нақты мағынасы, оның шығу тегі туралы пікірталастар өте көп болды. Бартольд былай деп жазады: «Қазақтар «сарт» деп отырықшы өмір сүретіндердің түркі тілдес болсын, тәжікше сөйлесін, бәрін атаған». Н.П. Остроумов болса «сарт» дегеніміз бірұлттың емес, кәсіптің атауы деген пікірді алға тартады да, «Жаман қырғыз сарт болар, жаман сарт қырғыз болар» деген бір мақалды дәлел ретінде келтіреді. Бұл түсініспеушілік 1897 жылғы Ресей империясының санағы кезінде шиеленісе түседі: Ферғана губерниясында сарттардың саны өте көп болып шығады да, көршілес Самарқанд губерниясында сарттар өте аз, ал өзбектер өте көпболып шығады. Өзбек пен сарттың арасындағы айырмашылық мүлдем түсініксіз болып кетті. Тарихи жағынан өзбек дегеніміз 16-шы ғасырда Шайбани ханға еріп келгендер болады да, сарт дегеніміз олар келгенде Мауреннахрдың байырғы тұрғындары. Өзбектер қазақ тіліне жақын қыпшақ диалектінде, Хорезмде тұратын сарттар парсы тілінің қатты ықпалына ұшыраған оғұз диалектінде, ал Ферғанада тұратын сарттар ұйғыр тіліне өте жақын және қазіргі өзбек тілінің бастауына айналған қарлұқ диалектінде сөйлеген. 1924 жылы кеңес үкіметі Орталық Азиядағы отырықшы түркі тілдес жұрттың бәрі «өзбек» деп аталуға тиіс деп шешіп, «сарт» деген атауға патшалық отаршылдық заманның қорлайтын сөзі ретінде тыйым салынды. Бірақ жаңа Өзбек КСР-ының тілі ретінде өзбектердің тілі емес, сарттардың тілі таңдалды.
«Сарт» ұғымын нақты бір этникалық немесе тілдік топқа теліп айту қиын. Орталық Азияның түркі тілді және парсы тілді тұрғындарының арасындағы басты айырмашылық олардың ұлты немесе сөйлейтін тілі емес, олардың көшпенді не отырықшы болғаны еді. Қазақтар, қырғыздар және түрікмендер тиісінше дала, тау және шөлде өмір сүрген көшпенділер болды да, отырықшы түркілер мен тәжіктер Хиуа, Бұқара, Самарқанд сияқты үлкен қалаларда немесе қыстақтарда («қышлақтарда») өмір сүргендіктен сарттар деп аталды. Бірақ бәрінің де ортақ атауы — түркістандықтар, немесе мұсылмандар еді.
### Доңсян тұрғындары
Бір қызығы, солтүстік-батыс Қытайда тұратын моңғол тілді мұсылман доңсяндар өздерін сарта немесе санта деп атайды. Бұның Орталық Азиядағы сарт атауымен қандай байланысы бары белгісіз.
## Әдебиеттер
* Н.В. Остроумов. Значение Названия «Сарт» (Ташкент) 1884
* Н.В. Остроумов. Сарты – Этнографические Материалы (Ташкент) 1890 (стр. 7)
* В.В. Бартольд. “Sart” Ency. of Islam Vol. IV S-Z (Leiden & London) 1934 pp175-6
* W. Barthold & Maria Eva Subtelny "Sart" Ency. of Islam New Edition Vol. IX SAN-SZE (Leiden: Brill) 1997 pp66-8
* Yuri Bregel "The Sarts in the Khanate of Khiva" Journal of Asian History Vol.12 1978 pp121-151
* Maria Eva Subtelny "The Symbiosis of Turk and Tajik" in B.F. Manz (ed.) Central Asia in Historical Perspective (Boulder, Col. & Oxford) 1994
* Әлішер Науаи Мухакамат әл-лұғатайн
* Құдатқұ білік
* Бабурнама
* Рашидуддин Фазлулла Жәми ут-Тауарих. |
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Халық қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
## Биографиясы
Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руының Таз-Бұлбұл бөлімінен шыққан.
* Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), Авиация институтын бітірген (1979).
* 1962 – 1965 жылы Теміртау құйма-механика зауытында токарь болды, есімі облыстың Құрмет кітабына алтын әріппен жазылды (1964).
* 1969 – 1975 жылы Кеңес Одағы Әскери-әуе күштерінің Қиыр шығыс әскери округінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары.
* 1975 – 1976 жылы Мәскеу ұшқыштар-сынақшылар мектебін, Мәскеу авиация институтын бітірген (1979).
* 1976 – 1992 жылы Мәскеудегі А.Микоян атындағы Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды.
* 1988 жылы Кеңес одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құйдыру арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындады.
* 1989 жылы 1-болып, авиатасушы крейсердің алаңқайшасына «МиГ-29к» реактивті ұшағын үлкен шеберлікпен дәл қондырды. Сондай-ақ, ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізді.
* 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды.
* 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал туған аймағы бойынша ғылыми-зертуған жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Сондай-ақ, Қазақстан аумағындағы атмосфераны және жер бетін зерттеу, жұлдызды аспан астрофизика бақылау жұмыстары да ойдағыдай өтті. 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық даярлығын зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты.
* 1992 – 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары
* 1993 – 1994 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директоры – Ғылым және жаңа технология министрінің орынбасары
* 1994 – 95 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты – Қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
* 1996 жылдан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
* 2001 жылы №44 Қызылорда сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісіне депутат болып сайланды. Қызылорда қаласының құрметті азаматы.
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
## Ғарышқа ұшуы
* 1991 Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады, сынаушы ғарышкер-ұшқышы, сынаушы. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
* 1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді.
* 1991 жылы қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, Аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өткізген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут.
## Марапаттары
Қазақстанның:
* «Халық қаһарманы» атағы
* «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы
* «Отан» ордені (1995)
* Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Құрметті профессоры (3 мамыр 2022 жыл)
Кеңес Одағының:
* Құрмет Белгісі ордені (1987)
* Кеңес одағының батыры атағы (1988),
* Алтын Жұлдыз медалі (1988)
* «Ленин» ордені (1988),
* КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш (1990)
* КСРО ғарышкер-ұшқышы (1991)
* Қазан төңкерісі ордені (1991)
Австрия Республикасының:
* «Алтын Крест» ордені 1988)
* «Алтын Крест» ордені (1993)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Тоқтар Әубәкір: «Қазақ басын көтерсе, оны тоқтату қиын болады»
* Т. Әубәкіровтың сұхбаты Мұрағатталған 27 қыркүйектің 2007 жылы.
* ӘУБӘКІРОВ ТОҚТАР ОҢҒАРБАЙҰЛЫ Мұрағатталған 15 желтоқсанның 2013 жылы.
* Өнегелі өмір иелері Мұрағатталған 27 наурыздың 2012 жылы.
* Аубакиров Токтар Онгарбаевич(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Қазақстандағы хоккей — 1950 жж. аяғында дами бастады.
1954 жылы Өскеменде, кейінірек Петропавлда, Алматыда, Қарағандыда хоккей командалары құрылады.
Қазақ КСР-дегі петропавлдық «Металлист» жеңіп шыққан алғашқы ел біріншілігі 1955-1956 жж өтеді. Келесі маусымнан бастап жарты ғасыр дерлік ел біріншілігінің жеңімпазы өскемендік команда болды. 60 жж ортасына қарай республиканың әр қаласынан (Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Қостанай, Рудный, Алтай, Глубокое мен Первомай ауылдарында (ШҚО), Павлодар, Целиноград (қазіргі Астана), Ермак (Павлодар облысы), Лисаковск, Орал, Жезқазған т.б.) 20-дай команда болды.
Бүгінгі күнгі Қазақстан командалары: Ресей жоғарғы лигасында өнер көрсететін үш мықты — «Торпедо» (Өскемен), «Қазақмыс» (Сәтпаев), астаналық «Барыс», сонымен қатар Ресей бірінші лигасында ойнайтын қарағандылық «Сары-Арқа», «Горняк» (Рудный), павлодарлық «Ертіс», Қазақстан біріншілігінде алдыңғылармен бірге ойнайтын алматылық «Еңбек» клубы.
1992 жылдың көктемінде Қазақстан Халықаралық шайбалы хоккей федерациясына (ағылшынша — IIHF) қабылданады
## Пошта маркаларында
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
## Сілтемелер
* Қазақстан шайбалы хоккей федерациясы |
Тағы қараңыз: Қазақ жүздері
Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.
## Тарихы
Қазақ халқы қалыптасқаннан көп бұрын Батыс Қазақстан өңірінде маңғыт немесе ноғайлы тайпалар одағы өмір сүрген болатын. Ноғай Ордасынан бөлінген алшын одағының негізінде Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Соған байланысты олар ел арасында “Кіші жүз – алшын” деп атанған. Оның құрамына үш бірлестік кіреді:
* Байұлы (Адай, Алтын, Алаша, Байбақты, Беріш, Жаппас, Масқар, Таз, Тана, Есентемір, Ысық, Қызылқұрт, Шеркеш)
* Қаракесек (Байсары, Әлім, Шөмен)
* Жетіру (Табын, Тама, Кердері, Керейт, Жағалбайлы, Телеу, Рамадан) тайпалары енеді.
* 15–17 ғасырларда ру-тайпалық топтар Бұрындық, Қасым, Ақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың иеліктерінде болды. Тәуке хан тұсында Кіші жүзге Әбілқайыр хан сайланды (1710).
* 1723 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақ даласын үлкен апатқа ұшыратып, бұл кезең “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” аталды. Басқыншылардың шабуылына төтеп бере алмай Кіші жүздің бірқатар рулары Сауранды айналып өтіп, Хиуа мен Бұхарға беттеді. Бірақ мұнда да тұрақтай алмай, Жайыққа қарай ығысты. Ықпалды хан деп саналғанмен, Әбілқайырдың билігі Кіші жүзге түгелдей жүрмеді. Кейіннен Кіші жүзде Нұралы, Ерәлі, Есім, Айшуақ және Шерғазы хандар билік құрды. Қазақтардың Ресей қол астына алынғанына жарты ғасыр өткенде, империялық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалысы басталды. Оны Сырым Датұлы басқарды. Бұл күрес қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Кіші жүз қазақтарының бірсыпырасы Еділ мен Жайық аралығына көшіп, 1801 жылы Бөкей ордасын (Ішкі Бөкей ордасы) құрды.
Осы уақытта Бөкей ордасына Астрахан маңайын мекендеген ноғайлар Бөкей ханның қолдауымен көше бастайды. Әлі күнге дейін Кіші жүз қазақтарының арасында руға кірмейтін Ноғай-Қазақ руы бар.
* 1824 жылы патша өкіметі Кіші жүзде хандық басқаруды жойып, оның орнына жекелеген аймақтарды билейтін басқарушы сұлтандар тағайындауға кірісті.
* 1845 жылы Жәңгір хан өлген соң патша өкіметі Бөкей ордасындағы хан билігін де жойды.
Кіші жүз құрамына енген тайпалар мен рулар 15 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басында, негізінен, Қазақстанның батыс өңірін мекендеп, қазақ халқының этногенезіне ұйытқы болды. Әр кезеңдегі дүрбелеңді оқиғалар, қоғамдық сілкіністер (жаугершілік жорықтар, “Ақтабан шұбырынды”, Отан қорғау, ұлт-азаттық соғыстар, әсіресе, 20-шы ғасырдағы большевизм асыра сілтеулерінен туындаған қуғын-сүргін, ашаршылықтар мен толқулар, т.б.) салдарынан жекелеген рулар мен аталар Орта жүз бен Ұлы жүздің тарихи аймақтарына, яғни Қазақстанның түкпір-түкпіріне, сондай-ақ, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей және алыс шет елге (Иран, Ауғанстан, т.б.) көшіп барып қоныстанды. Осындай көші-қон, араласулар нәтижесінде тайпалық одақтардың алғашқы құрылған кездегі мәні жойылып, біртұтас қазақ халқының қалыптасуын объективті ақиқатқа айналдырды.
## Қоныстану аймағы
Сырдария аймағы , Арал теңізінің жағалауы, Каспий теңізі айналасы, қазіргі Батыс Қазақстан өңірі (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары) жерлерін мекендейді.
## Құрамы
Кіші жүздің рулық-тайпалық құрамы төмендегідей:
## Саны
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Кіші жүз қазақтарының саны шамамен 1 млн. 100 мың адамға жететін.Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкентте жарық көрген еңбегіне сәйкес алшындар қазақ халқының 2/5 бөлігін құрайтын.
* Әлімұлының саны Қазан төңкерісіне дейін 350-400 мың адамды құрайтын. Оның ішінде: шекті - 60-80 мың, шөмекей 150 мыңнан аса, төртқара - 50-60 мың, кете - 50-60 мың, қаракесек - 20-25 мың, қарасақал - 10-15 мың.
* Байұлы 500-550 мың, оның ішіндегі адай - 80-150 мың, байбақты - 40 мың, беріш - 45 мың, таз - 20 мың, шеркеш - 45 мың, масқар - 20 мың, тана - 25 мың, қызылқұрт - 40 мың, алтын - 70 мың, жаппас - 50 мың, ысық - 20 мың, есентемір - 20 мың, алаша - 45 мың.
* Жетіру 270-300 мың, оның ішіндегі табын - 80 мың, жағалбайлы - 70 мың, керейіт - 30 мыңға дейін, тама - 45 мыңға дейін, телеу - 20 мыңға дейін, кердері - 20 мыңға дейін, рамадан - 5 мыңға дейін.
## Хандары
### Тәуелсіздік алғанға дейінгі Кіші жүз билеушілері
* Тәуке хан (1652-1680)
* Әйтеке би (1684-1700)
* Қайып хан (1704-1710)
* Әбілқайыр хан (1710-1718)
### Кіші жүз билеушілері
* Әбілқайыр хан (1718-1731)
### Ресей патшалығы сайлаған Кіші жүз билеушілері
* Әбілқайыр хан (1731-1748)
* Нұралы хан (1748-1786)
* Жармұхамбед хан (1786-1791)
* Ералы хан (1791-1794)
* Есім хан III (1796-1797)
* Айшуақ хан (1797-1805)
* Жантөре хан (1805-1809)
* Хандық кеңес (1809-1812)
* Шерғазы хан (1812-1824)
### Кіші жүздің халық сайлаған билеушілері
* Әбілқайыр хан (1731-1748)
* Батыр хан II (1748-1771)
* Байрамұқ (1785-1790)
* Есім хан ІІ (1790-1791)
* Әбілғазы хан (1791-1806)
* Қаратай хан (1806-1816)
* Арынғазы хан (1816-1821)
### Кіші жүздің жеке сайланған билеушілері
* Барақ хан (1731-1747)
* Пиралы хан (1770-1805)
* Батырұлы Қайып хан (1786-1791)
* Бөлекей хан (1797-1806)
* Темір хан (1809-1824)
* Қасым хан ІІІ (1809-1824)
* Жаңғазы хан (1819-1823)
### Кіші жүз Бөкей Орданың билеушілері
* Бөкей хан І (1801-1815)
* Шығай хан ІІ (1815-1823)
* Жәңгір хан ІІ (1823-1845)
* Сахыб хан (1845-1847)
* Әділ хан (1847-1872)
## Тағы қараңыз
Әбілқайыр хан
## Дереккөздер |
Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны нәрестенің бәсіресі деп атау салты. Қазақ халқының ұғымы бойынша, дүниеге келген баланың болашағы өзіне атаған бәсіремен тығыз байланысты. Сондықтан оны мінбейді, сатпайды. Бәсіре мүмкіндігінше жүйрік, жорға әрі біреу болғаны дұрыс. Бәсірені баламен бірге қадағалайды, бұла қып өсіреді. Есейе келе бәсіресі бар баланың да малға деген ықыласы, пейілі түзу болады.
"Жастайынан бағып ем,Бәсіре ғып торы тайым" Х.Талғаров
## Дереккөздер |
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы — Бүкіл әлем бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы қазіргі кезде 13-ші орында тұр. Алғашқы қатысқан Қысқы Олимпиада Ойындарында (1998) Қазақстан бастапқы іріктеу ойындарынан өтіп, көпшілікті таңырқатып 8-ші орынға кеп тірелді. Қазақстандағы тіркелген хоккейшілер саны - 1,800 (елдің 0.01% құрайды). 2021 жылғы Латвияда әлем чемпионатында оңыншы орын алды.
## 2006 Олимпиада құрамасы
## 2006 Əлем чемпионаты құрамасы
## 2012 Әлем чемпионаты құрамасы
Қақпашылар: Виталий Еремеев (Барыс), Виталий Колесник (Салават Юлаев), Алексей Иванов (Астана)
Қорғаушылар: Виталий Новопашин (Барыс), Алексей Литвиненко (Барыс), Евгений Фадеев (Барыс), Роман Савченко (Барыс), Алексей Трощинский (Витязь), Денис Шемелин (Қазцинк-Торпедо), Андрей Корабейников (Қазцинк-Торпедо), Владислав Колесников (Қазцинк-Торпедо), Сергей Яковенко (Сарыарқа)
Шабуылшылар: Андрей Гаврилин (Барыс), Вадим Краснослободцев (Барыс), Талғат Жайлауов (Барыс), Константин Пушкарев (Барыс), Роман Старченко (Барыс), Федор Полищук (Барыс), Константин Романов (Барыс), Евгений Бумагин (Барыс), Дмитрий Уппер (Атлант), Максим Беляев (Югра), Дмитрий Дударев (Қазцинк-Торпедо), Константин Савенков (Қазцинк-Торпедо), Алексей Воронцов (Астана), Андрей Спиридонов (Астана), Евгений Рымарев (Барыс-2)
## 2013 Əлем чемпионаты құрамасы
## 2021 Əлем чемпионаты құрамасы
## 2023 Əлем чемпионаты құрамасы
## 2024 Əлем чемпионаты құрамасы
## Ұлттық құрама бапкерлері
* 1993-1994 Владимир Гольц
* 1994-1995 Владимир Копцов
* 1996-2002 Борис Александров
* 2003-2006 Николай Мышагин
* 2006-2007 Анатолий Картаев
* 2007-2009 Ерлан Сағымбаев
* 2009-2010, 2011-2012 - Андрей Шаянов
* 2010-2011 Андрей Хомутов
* 2012-2013 Владимир Крикунов
* 2013-2014 Ари Пекка Селин
* 2014-2016 Андрей Назаров
* 2016-2018 Эдуард Занковец
* 2018-2020 Андрей Скабелка
* 2020-2021 Юрий Михайлис
* 2021-2022 Андрей Скабелка
* 2022-2024 Ғалым Мәмбеталиев
* 2024- Олег Болякин
## Көрсеткіштер
### Олимпиада ойындары
* 1998 – 8-орын
* 2006 – 9-орын
### Әлем чемпионаты
* 1953-1991 – КСРО ішінде
* 1993 – 23-орын ("C тобында" – 3-орын)
* 1994 – 24-орын ("C тобында" – 4-орын)
* 1995 - 22-орын ("C тобында" – 2-орын)
* 1996 - 21-орын ("C тобының" – 1-орын)
* 1997 - 14-орын ("В тобында" – 2-орын)
* 1998 - 16-орын
* 1999 - 19-орын ("В тобында" – 3-орын)
* 2000 - 18-орын ("В тобында" – 2-орын)
* 2001 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын)
* 2002 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын)
* 2003 - 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2004 - 13-орын
* 2005 - 12-орын
* 2006 - 15-орын
* 2007 - 21-орын ("I Дивизион — 3-орын)
* 2008 - 20-орын ("I Дивизион — 2-орын)
* 2009 - 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2010 — 16-орын
* 2011 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2012 — 16-орын
* 2013 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2014 — 16-орын
* 2015 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2016 — 16-орын
* 2017 — 19-орын ("I Дивизион — 3-орын)
* 2018 — 19-орын ("I Дивизион — 3-орын)
* 2019 — 17-орын ("I Дивизион — 1-орын)
* 2021 — 10-орын
* 2022 — 13-орын
* 2023 — 11-орын
* 2024 — 12-орын
### Қысқы Азия ойындары
* 1996 — 1-орын
* 1999 — 1-орын
* 2003 — 2-орын
* 2007 — 2-орын
* 2011 — 1-орын
* 2017 — 1-орын
### Универсиада
* 1993 — 2-орын
* 1995 — 1-орын
* 2007 — 3-орын
* 2009 — 4-орын
* 2011 — 4-орын
* 2013 — 2-орын
* 2015 — 2-орын
* 2017 — 2-орын
* 2019 — 4-орын
* 2023 — 3-орын
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* IIHF profile |
«Алматы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы (АӨҚО АҚ) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған. Қоғам қызметі "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, қолдауға және инфрақұрылымына әкімшілік етуге бағытталған.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кірігуін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторларды ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.
## Негізгі міндеттері
* Халықаралық стандарттарға жауап беретін және шет елдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;
* Қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тарту;
* Қор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту.
* Жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;
* Қағаздардың нарығын және қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру;
* Алматы қаласы инвестициялық тартымдылығын арттыру және шет елде Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық келбетін қалыптастыру;
* Қаржы орталығы қызметін ұйымдық -техникалық жағынан қамтамасыз ету;
* ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу.
Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО -Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді.
## Сыртқы сілтемелер
* Алматы өңірлік қаржы орталығының ресми торабы Мұрағатталған 26 тамыздың 2021 жылы. |
Ұзақбай Сүлейменұлы Қарабалин (14 қазан, 1947 жыл, Атырау облысы Жылыой ауданы Қосшағыл кенті) — «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ экс-президенті, ғылым қайраткері. Техника ғылымдарының кандидаты (1985).
## Өмірбаяны
* 1970 ж. И.М. Губкин атындағы мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
* 1973 ж. — «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы (Атырау облысы)
* 1974 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі (Атырау облысы)
* 1981 ж. — Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (Атырау облысы)
* 1988 ж. — «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы (Орал қ.)
* 1990 ж. — В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі (Атырау қ.)
* 1991 ж. — ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті (Алматы қ.)
* 1992 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы
* 1994 ж. — ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары
* 1997 ж. — «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президент (Алматы қ.)
* 2000 ж. — «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті (Астана қ.)
* 2001 ж. — ҚР Энергетика және минаралды ресурстар вице-министрі (Алматы қ.)
* 2003 ж. - «„ҚазМұнайГаз“ Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (Алматы қ.)
* 2008 ж. - "Маңғыстау мұнайгаз" АҚ бас директоры.
* 2010 ж. - Қазақ мұнай және газ институтының президенті.
* 2013 ж. - 4.08.2014 ж. - Қазақстан Респуубликасы мұнай және газ министрі.
## Қосымша лауазымдар
* «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» кафедрасы бойынша академиялық профессор (Атырау мұнай және газ институты, 2001 ж.).
* ҚазҰТУ-дың құрметті профессоры (Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2004 ж.)
* «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлі академияның академигі (ҚР ҰИА, 2004 ж.)
* 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалық авторы.
## Марапаттары
* 3-ші дәрежелі «Барыс» ордені (2005 ж.)
* «Құрмет» ордені (2000 ж.)
* «Отличник разведки недр СССР» белгісі (1988 ж.)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005 ж.)
* «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006 ж.)
* «Лидер российской экономики» ордені (2005 ж.)
* «Қазақстан Республикасы құрметті жер қойнауын барлаушы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.
## Дереккөздер |
Қашаған — Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.
Соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81%), «ҚазМұнайГаз» (16,87%), TotalEnergies (16,81%), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX (7,56%) компаниялары кіреді.
Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.
## Географиясы және геологиясы
Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Каспий аймағы мұнай кен провинциясына жатады. Қашаған - Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс және Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры - 38 млрд баррель құрайды (6 млрд т).
Шығыс Қашағанның қоры 1,1 - 8 млрд тонна, Батыс - 2,5 млрд тоннаға дейін ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда - 150 млн тонна. Қашағанның геологиялық қоры қазақстандық мамандардың есебі бойынша шамамен 4,8 млрд тонна деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қашағанда табиғи газдың да ірі қоры бар - 1 трлн м³ асады.
Қашаған кен орнынан бөлек консорциум қосымша он бір блокті игеруде. Олар Ақтоты, Қайран және Қаламкас. Мұнайды өндіру жасанды аралдар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге төрт жасанды арал құрастырылып, шамамен 37 ұңғыма бұрғыланған.
Мұнай мен газды кешенді дайындау мақсатында Атырау қаласынан 32 шақырым қашықтықта «Болашак» станциясы тұрғызылды. Аталған станция тәулігіне 300 мың баррель мұнай дайындай алады және кейін оны 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға болады.
Өндірістік операцияларды қолдау мақсатында Маңғыстау облысында Баутино базасы арқылы асырылады. Сонымен қатар мұнда мұнай төгілуге қарсы күрес орталығы да қызмет етеді.
## Тарихы
Каспийдің солтүстігінде жатқан Қашаған кен орыны «Восток-1» ұңғысымен 2000 жылы ашылды.
Каспийдің солтүстік жобасы Agip КСО консорциумымен іске асырылып жатыр. Оның құрамына 18,52% үлесі бар Eni (жобаның ортақ операторы), TotalEnergies, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, 9,26% үлесіне ие ConocoPhillips, және 8,33% үлесі бар Inpex және «ҚазМұнайГаз» компаниялары кіреді.
Қазақстан үкіметі Қашаған жобасында операторлық қызметін атқарған итальяндық Eni компаниясының жұмысына қанағаттанбады. Бұған кен орнына қатысты жасалған жаңа сметалық құжат себеп болды. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, өнім өндіре бастау мерзімі 2008-2010 жылға ауыстырылды.
Кейін, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ведомствосы Қашаған кен орынын пайдалану рұқсатын тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, мұндай шешім Agip KCO консорциумының республикалық табиғатты қорғау заңдарын орындамағаны үшін қабылданған.
Үш айлық келіссөздердің нәтижесінде 2007 жылдың 3 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Қашаған консорциумымен өзара түсіністік жөнінде хаттамаға қол қойып, онда жобаны іске асыру уақыты және шығындар көлеміне қатысты мәселенің қайта қаралатыны көрсетілді.
Құжат бойынша 20 желтоқсанда барлық компаниялар, өздерінің үлесіндегі бір бөлікті «ҚазМұнайГаз»компаниясына тапсыру және оның операциялық қызметіндегі ролін көтеру жөнінде келіссөздерді аяқтауы тиіс болатын.
Сөйтiп, Қашағанға қатысушы компаниялар ENI, Total, Shell және ExxonMobil-дiң үлес салмағы — «ҚазМұнайГазбен» бiрдей 16,8%-ды [дереккөзі?] құрайды. Қазақстан компаниясы шетелдiк компаниялардан акцияны сатып алғаны үшiн 1,78 миллиард доллар төлейтiн болады.
## Тағы қараңыз
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Уран сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Уран (химиялық элемент) — атомдық нөмірі 92-химиялық элемент, U;
* Уран (ғаламшар) — Күн жүйесінің 7-ғаламшары;
* Уран (мифология) — көне юнан аспан құдайы (Тәңіріге тән), Гея (Ұмайға тән) жұбайы. |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ — әлемдегі ең ірі уран компаниясы, уранды және оның қосындыларын, сирек кездесетін металлдарды, атом электр стансалары үшін арналған ядролық отынды, арнайы жабдықтарды, екі рет қолданылуға арналған технологиялар мен материалдарды барлаумен, өндірумен, қайта өндірумен және экспорттаумен айналысатын Қазақстанның ұлттық операторы. Толық атауы — «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы.
Бүгін, ұлттық атом компаниясының активтеріне ақырғы өнімді шығару тізбегіндегі (геологиялық барлаудан, уранды өндіруден, ядролық отын циклы өнімдерін өндіруден бастап - ғылымға, әлеуметтік қамтуға және мамандар дайындауға дейін) іске қосылған кәсіпорындар кешені кіреді.
Қазатомөнеркәсіп — атом өнеркәсібінің әлемдік көшбасшысы және уран өндіру саласындағы әлемдегі жетекші өндіруші. Компанияның жалғыз акционері мемлекет атынан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры болып табылады. Штаб-пәтері Астана қаласында орналасқан.
## Тарихы
1997 жылдың 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті жарлығы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы құрылды. Холдинг құрамына «Волковгеология» геологиялық барлау компаниясы, үш кен басқармалары (Степное, Центральное, Шестое) және Үлбі металлургия зауыты кірді.
2003 жылы Қазақстан Үкіметі Қазатомөнеркәсіпке Маңғыстау облысындағы электр қуатын үнемдейтін жалғыз көзі болып табылатын ірі көп бейінді энергетикалық өнеркәсіпті — Маңғыстау атом энергетикалық комбинатын дағдарыстан шығаруға сенім білдірді.
2009 жылдан бастап Қазақстан ең ірі уран өндіретін мемлекет болып табылады, сонымен қатар табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы. Қазақстандық уран концентраты 40%-дан астам бейбіт атом энергетикасының қажеттілігін қамтамасыз етеді және әлемдегі АЭС-ы бар барлық мемлекеттерге жеткізіледі.
2015 жылы компанияда Трансформация бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның басты мақсаты — компания қызметінің тиімділігін 3 есе арттыру.
## «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өнімдері және қызметі
* геологиялық барлау
* табиғи уранды және U3O8 уранның тотық-шала тотығын өндіру
* уран гексафторидін (өндірістік қуаттарға қолжетімділік) конверсиялау және өндіру
* уран өнімдерін реконверсиялау
* БУӨ байыту және өндіру (ОЭХК-мен бірігіп)
* ядролық отынның компоненттерін фабрикациялау және өндіру
* сирек кездесетін және сирекжерлік металлдарды (Ta, Be, Nb) өндіру
## Өндіру
### Уран өндіру
Уранды өндіру және қайта өңдеу — компанияның негізгі қызмет бағыты болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындар тобының құрамына 22 әрекеттегі кеніштер кіреді. Табиғи уранның өндірісі экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жерасты ұңғымалы шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі.
Жерасты ұңғымалы шаймалау кенді жер бетіне шығармастан, табиғи уранды жер қойнауының өзінде өнімді қойыртпаққа айналдыру арқылы құмдақ типтес кен орындарын игеру әдісі болып саналады. ЖҰШ-ты өндірістің дәстүрлі әдістермен (шахталық және карьерлік) салыстырғанда, құрамында ураны бар жыныстар жер астында қалады.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) бұл технологияны кен орындарын игерудің экологиялық ең таза және ең қауіпсіз, сонымен қатар топырақ құнарлығын қалпына келтіруге елеулі қаржыны талап етпейтін әдіс ретінде мойындаған.
ЖҰШ кәсіпорындарында жалпы өзіндік құны уранды дәстүрлі таулы әдісімен (шахта және карьер) өндіретін кәсіпорындармен салыстырғанда 2-3 есе төмен.
### Табиғи уранды қайта өңдеу
Қазатомөнеркәсіпте қазақстандық кен орындарының уранды химиялық концентраттарды қайта өңдеудің заманауи әдісін жетілдіріп, оны қолданысқа енгізді.
Компания, уранның кәдуілгі техникалық тотығы-шала тотығын өндіруден кейін қайта өңдеу кезінде конверсиялық зауыттарда фторлау үшін арналған қосымша дайындықты талап ететін, сонымен қатар конвертерлік зауытта тікелей фторлауға жарамды уранның тотығы-шала тотығын шығарады.
## Еншілес және тәуелді компаниялар
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы 2024 жылғы қаңтар айындағы ақпарат бойынша төмендегі компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:
Ядролық-отын циклі және металлургия
## Басшылары
* 1996—1998 — Бағдат Шаяхметов
* 1998 — Қадыp Байкенов
* 1998—2001 — Мұхтар Жәкішев
* 2001—2002 — Асқар Қасабеков
* 2002—2009 — Мұхтар Жәкішев
* 2009—2014 — Владимир Школьник
* 2014—2015 — Нұрлан Қаппаров
* 2015—2017 — Асқар Жұмағалиев
* 2017 — 2021 — Ғалымжан Пірматов
* 2021 — 2022 — Мәжит Шәріпов
* 2022 — 2023 — Ержан Мұқанов
* 2023 жылдан бастап — Мейіржан Юсупов
## Тағы қараңыз
* Қазақстандағы атомдық өнеркәсіп
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Қазатомөнеркәсіп |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — Қазақстанның ұлттық мұнай компаниясы.
Толық атауы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.
## Тарихы
2002 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының мүддесін қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 67% акциясының иесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ және «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді.
### Басшылары
«Қазақойл» басшылары
* Нұрлан Балғымбаев 04.03.1997-10.1997
* Балтабек Қуандықов 10.1997-04.1998
* Нұрлан Қаппаров 04.1998-08.1999
* Ұзақбай Қарабалин 08.1999-10.1999
* Нұрлан Балғымбаев 10.1999-02.2002
«ҚазМұнайГаз» басшылары
* Ләззат Қиынов 20.02.2002-03.2003
* Ұзақбай Қарабалин 03.2003-29.05.2008
* Серік Бүркітбаев 29.05.2008-20.08.2008
* Қайыргелді Қабылдин 20.08.2008-2011
* Болат Ақшолақов 10.2011-12.2011
* Ләззат Қиынов 12.2011-3.07.2013
* Сауат Мыңбаев 3.07.2013-20.11.2018
* Алик Айдарбаев 20.11.2018-11.04.2022
* Мағзұм Мырзағалиев 14.04.2022-15.05.2024
* Асхат Хасенов 28.05.2024 бері
## Мұнай және газ өндіру көрсеткіштері
2000 жылы бұл компанияларда 5,8 млн. т мұнай өндірілді, оның 3,57 млн. тоннасы экспортқа шығарылды. 89 жаңа ұңғыма іске қосылды. Ұлттық компания “Атырау мұнай өңдеу зауытының” акциялар пакетінің 86%-ын иеленеді .
## Компанияның жобалары
## Еншілес компаниялар
«ҚазМұнайГаз» 2024 жылғы қыркүйек айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:
Мұнай-газ барлау және өндіру
* «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – 99,72%
* «Ембімұнайгаз» АҚ – 100%
* «Өзенмұнайгаз» АҚ – 100%
* «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) – 20%
* «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС – 100% (Қарашығанақ жобасындағы (KПO) үлесі – 10%)
* Dunga Operating GmbH – 100% (Доңға жобасындағы үлесі – 60%)
* «Қазақтүрікмұнай» ЖШС (КТМ) – 100%
* «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорыны» ЖШС (КГМ) – 50%
* «KMG Barlau» ЖШС – 100%
* «ҚМГ-Үстірт» ЖШС – 50%
* «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС – 99,81%
* «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (КОА) – 50%
* «Өріктау Оперейтинг» ЖШС – 100%
* «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС – 50%
* «Becturly Energy Operating» ЖШС – 50%
* «Құрманғазы Петролеум» ЖШС – 100%
* «Жамбыл Петролеум» ЖШС – 100%
* Karaton Operating Ltd – 50%
* «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС – 50%
* «Әл-Фараби Оперейтинг» ЖШС – 50%
* «Женис Оперейтинг» ЖШС – 50%
Мұнай-газ тасымалдау
* «ҚазТрансОйл» АҚ – 90%
* Каспий Құбыр Консорциумы (КТК) – 19%
* «Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС (Казмортрансфлот) – 100%
Мұнай-газ өңдеу және басқа сала
* «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%
* «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%
* «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС – 100%
* «ҚазРосГаз» ЖШС – 50%
* «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – 49,5%
* Coöperatieve KazMunaiGaz U.A. – 99,79%
* KMG International N.V. – 100%
* «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – 100%
* «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС – 100%
* «KMG Drilling&Services» ЖШС – 99,7%
* «KMG PetroChem» ЖШС – 100%
* «KMG-Security» ЖШС – 100%
* «KMG Green Energy» ЖШС – 100%
* «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%
* «KMG Automation» ЖШС – 49%
* «KMG EP-Catering» ЖШС – 100%
* «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – 100%
* «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС – 93,88%
* «Petrosun» ЖШС – 49%
* «Полимер Продакшн» ЖШС – 100%
* «ӨзенМұнайСервис» ЖШС – 100%
* «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%
* «ТеңізСервис» ЖШС – 49%
* «Су өндіру және тасымалдау Басқармасы» ЖШС – 100%
* «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС – 25%
* TH KazMunaiGaz B.V. – 100%
* Kazakhstan Pipeline Ventures LLP – 49,9% (Каспий құбыр консорциумның 1,75% акционері)
* «Каспийская Нефтегазовая Компания» ЖШҚ – 50%
* «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ – 50%
* «АқтауОйлМаш» ЖШС – 25%
* «Грейс Казахстан Каталистс» ЖШС – 12,5%
* «Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС – 50%
* «Oil Construction Company» ЖШС – 100%
* «Oil Services Company» ЖШС – 100%
* «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС – 100%
* «Мұнайтелеком» ЖШС – 100%
* «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС – 100%
* «Силлено» ЖШС – 29,9%
* «КС Energy Group» ЖШС – 49%
## Тағы қараңыз
* QazaqGaz
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұрағатталған 4 сәуірдің 2018 жылы. |
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ — геологиялық барлау мен өндіруден бастап түпкілікті өнімді өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша қызметті жүзеге асыратын тігінен интеграцияланған ұлттық газ компаниясы.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.
"QazaqGaz" ҰК" АҚ компаниялар тобы жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырларын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд м³ дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.
Қазіргі уақытта "QazaqGaz" компаниялар тобы Қазақстанның 11 облысында және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейді.
## Тарихы
"ҚазТрансГаз" ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 Қаулысымен Жарғылық қорына мемлекет 100% қатысатын жабық акционерлік қоғам ретінде құрылды.
2002 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазТрансГаз» «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ құрамына кірді.
2004 жылғы 9 маусымда "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес "ҚазТрансГаз" жабық акционерлік қоғамы "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамы болып қайта аталды.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысымен "ҚазТрансГаз" акционерлік қоғамына Ұлттық компания мәртебесі берілді.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №982 қаулысымен "ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының атауы "QazaqGaz" ұлттық компаниясы" АҚ болып өзгертілді.
## Компаниялар тобының құрамы
«QazaqGaz» 2024 жылғы ақпан айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:
Барлау және өндіру
* «QazaqGaz» барлау және өндіру» ЖШС (100%)
* «Otan Gas» ЖШС (50%)
* «Маңғышлақ Мұнай» ЖШС (100%)
* «Тегіс Мұнай» ЖШС (100%)
Магистральдық тасымалдау
* «Интергаз Орталық Азия» АҚ (100%)
* «Азиялық Газқұбыры» ЖШС (50%)
* «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС (50%)
Өңдеу және сату
* «QazaqGaz Aimaq» АҚ (100%)
* «QazaqGaz Onimderi» ЖШС (100%)
* «GPC Investment» ЖШС (100%)
Сервистік компаниялар
* «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ (100%)
* «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС (100%)
Шетелдегі компаниялар
* «ҚазТрансГаз Бішкек» ЖШҚ (100%)
* KTG Finance B.V. (100%)
## Басшылары
* Ұзақбай Қарабалин (2000—2001)
* Нұрғали Әшім (2001—2002)
* Абай Садықов (2002—2005)
* Серік Сұлтанғали (2005—2007)
* Есенәлі Үсенов (2007—2009)
* Серік Сұлтанғали (2009—2011)
* Данияр Берлібаев (2011)
* Нұрбол Сұлтан (2011—2012)
* Серік Сұлтанғали (2012—2014)
* Қайрат Шәріпбаев (2014—2015)
* Рустам Сүлейманов (2015—2020)
* Қайрат Шәріпбаев (2020—2022)
* Санжар Жаркешов (2022—)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* ҚазТрансГаз Мұрағатталған 11 қазанның 2007 жылы. |
Қазақстанның газ өнеркәсібінің дамуы жақында ғана, өткен ғасырдың 70-жылдары дами бастады десе болады. 1981 жылғы «Қазақ Совет энциклопедиясында» былай делінген:
табиғи газдың көптеген өнеркәсіптік қорының болуы, оны пайдаланудың жоғары тиімділігі мен салыстырма түрдегі төмен капитал сыйымдылығы қысқа мерзімде республиканың отындық баланс құрылымын газға қарай өзгертуге мүмкіндік туғызады. Қазақстанда газ өнеркәсібінің даму болашағы зор…
КСРО-да бірегей халық шаруашылығы кешенін құру Қазақстанның аумағында Бұхар-Орал, Орталық Азия-Орталық және Бухара-Ташкент-Фрунзе-Алматы ірі магистралдық газ құбырларын салуға себеп болды, олар бойынша осы уақытқа дейін тұтынушыларға көгілдір отын жеткізілуде.
Бірегей газ тасымалдау жүйесі орталықтан басқарылды, республикада негізгі басқаруды Қазбасгаз жүзеге асырды. Түрікмен мекн өзбек газын Қазақстан аумағы бойынша солтүстікке жеткізу керек болды. Магистралды газ құбырлары қазақстандық көмірсутегінің негізгі кен орындары орналасқан Қазақстанның батыс өңірлері бойынша жобаланып, өткізілгендігін атап өткен жөн.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге газ тасымалдау жүйесінің магистралдық жүйесін басқарумен «Қазақгаз» отандық мемлекеттік құрылымы айналысты . Алайда тиімді шаруашылық ету жедел жұмыс жасау және желілерді жарамды күйінде ұстау үшін ғана емес, оларды дамыту үшін де күрделі салымдарды талап етті. «Қазақгаз» қалыптасқан жағдайға байланысты осы проблемаларды шеше алмады да үкімет деңгейінде шетелдік инвесторларды тарту туралы шешім қабылданды.
1997 жылдың жазында бельгиялық «Трактебель С.А.» компаниясы мен Қазақстан Республикасы Ішкі және халықаралық газ тасымалдау жүйелері концессиясы шартын жасасты. Шартта бастапқы мерзім — барлық талаптар сақталған жағдайда ұзарту мүмкіндігімен 15 жыл көзделді. Жүйенің айтарлықтай бөлігі — 10 магистралдық газ құбыры, газ қотару қондырғыларымен 21 компрессорлық станциясы мен үш жер астындағы газ қоймасы концессияға түсті.
Әлеуетті инвестор әдейі шартқа арнап екі компания құрды — «Интергаз Орталық Азия» (газ құбырларының операторы) және монополист «Алматы Пауэр Консолидейтед».Сонымен бірге, концессионердің пайда болуымен елімізде газдың тұтынылуы күрт төмендеді, өйткені инвестор өздерінің ішкі резервтерінен газ жеткізілімімен емес, оны тасымалдаумен ғана айналысты. Тұтынушылар үшін бұл беріліп отырған газ бен электрэнергиясы бағасының көтерілуін білдірді. Әлеуметтік қорғауға үйренген тұтынушылар жалақысын уақтылы алмағанына байланысты ақы төлемегені үшін, сондай-ақ жеткізушілермен соттық дау-дамайлар үшін жылу және элетржабдықтауды өшіріп тастауға ұшырады. Үш жыл бойына оңтүстік қалалар газ бен жылудың жетіспеуінен айтарлықтай зардап шекті, осыған куә болғандардың айтуы бойынша, суықтан тоңған халық саябақтардағы ағаштарды шаба бастаған. Алматыда наразылық митингілері өтетін болды, әсіресе зейнеткерлердің «Ұрпақ» қозғалысы ерекше көзге түсті.
Жағдайының тұрақсыз екенін сезінген «Трактебель» компаниясы бұл салаға қаражат салуға ұмтылмады , 1999 жылы компания басшылығы Қазақстаннан кету туралы ойлана бастады. Газ тасымалдау жүйесін басқару проблемасын шұғыл тәртіпте шешу керек болды, оның үстіне өзбекстандық жеткізушілер жиі-жиі газдың бағасын көтеруге тырысты.
2000 жылдың ақпан айында «ҚазТрансОйл» ұлттық газ тасымалдау компаниясы «ҚазТрансГаз» еншілес құрылымын құрды , ол «Интергаз Орталық Азия» компаниясы акцияларының 100%-іне ие. «ҚазТрансГаз»-ға еліміз бен әлемде мемлекеттің газ рыногының мүдделерін білдіру міндеті артылған. Компания магистралды газ құбырлары бойынша табиғи газды тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газды сатумен айналысады, құбырлары мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады. Еліміздің газ нарығында болған үш жылдың ішінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
## Дереккөздер |
Лия Асылбекқызы Нұркина (28 қыркүйек, 1984 жыл, Атырау қаласы) - таэквондошы.
## Өмірбаяны
Бала күнінен доп тебуге әуес әкесі Асылбектің жетегіне еріп, спорттағы жеңіс пен жеңілістің не екенін ойына түйіп өскен Лия мектепте оқып жүргенде жеңіл атлетикамен шұғылданды. Кейіннен таэквондоға аңсары ауды. Көзі оттай жанып, алыса кетуге дайын тұрған Лияға бұл өнердің қыр-сырын С.Әділов үйретеді. Жаттықтырушысының сенімін анық сезінгендіктен болар, Нұркина бір жылдан соң облыс чемпионатында І-орынды қанжығасына байлады. Осылайша тасы өрге домалаған ару 2000 жылдары республикаға танымал жаттықтырушы Мүстахим Сәрсенұлы Кабдрашевтың назарына ілігеді. Дәл сол 2000 жылы Лия 59 келі салмақта Ирландияда өткен әлем чемпионатына қатысады. Өкінішке қарай, бұл қадамы сәтті болмады. 2001 жылы Азия біріншілігіне барып, онда да ұтылып қалады. Айтарлығы, осы сәтсіздіктердің барлығы кеудесінде намысы оттай лаулаған Лияның жігерін жаниды. Оның жеке бапкері Бауыржан Төребаев та шәкіртінің жеңісті күндерінің әлі алда екенін айқын сезінген еді.
* 2004 жылдан бері - №1 ОРМ БЖСМ нұсқаушы-спортшысы.
## Жетістіктері
* Таэквондодан ҚР 5 мәрте чемпионы (2000-2005);
* мектеп оқушылары спартакиадасының (Атырау, 2001) жеңімпазы
* Каспий маңы мемлекеттері спартакиадасының (Атырау, 2003) жеңімпазы
* Қазақстанның 1-ші универсиадасының (Атырау, 2004) жеңімпазы;
* Германиядағы Әлем чемпионатының (Гармиш-Партенкирхен, 2003) қола жүлдегері
* Франциядағы лицензияланған Олимпиадалық турнирдің (Париж, 2003) қола жүлдегері;
* Орталық Азия ойындарының күміс жүлдегері (Душанбе, 2003).
* Таэквондодан халықаралық санаттағы спорт шебері (2004).
* 2005 жыл — Голландияда өткен халықаралық турнирде — ІІІ-орынға
* 2007 жыл — Қазақстан спартакиадасында І-орын
* 2007 жыл — Кореяда өткен халықаралық турнирде — ІІ-орын
* 2007 жыл — Бангкоктағы Универсиада: қола медаль
* 2007 жыл — Вьетнамда өткен лицензиялық жарыстан Олимпиада жолдамасына иелік етті.
## Отбасы
* Әкесі - Нұркин Асылбек Ысмағұлұлы (1958 ж. т.), «Бейбарс» әуе компаниясында жұмыс істейді.
* Анасы - Нұркина Тамара Қабиденқызы (1960 ж. т.), үй шаруасымен айналысады.
* Тұрмыс құрмаған.
## Дереккөздер |
## Тарихы
Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.
Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.
Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
Уран өндіру
60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.
1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.
1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.
Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.
80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.
Дағдылы әдіспен өнім өндіру
Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.
Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.
Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.
Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті.
Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады:“СТЕПНОЕ”
Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион фунтқа U308 жетті.
«ЦЕНТРАЛЬНОЕ»
Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.
№6 КЕН БАСҚАРМАСЫ
Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті.
УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.
Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.
Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек” ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.
ТӘЖІРИБЕЛІК РЕАКТОРЛАР
Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.
Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан.
1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді.
## Саланың дағдарысы
1991 жылы, яғни еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағындағы атом өнеркәсібінің барлық кәсіпорындары республика Үкіметі құзырына өтті. Саланың дағдарысы 1998 жылға дейін жалғасты. Өнеркәсіптің құрылымын өзгерту нәтижесінде өнімділік 90-жылдардың басындағы 8,0 миллионнан 1997 жылы 2,0 миллион фунтқа U308 құлдырап кетті. Осы кезеңдегі атом саласының басты проблемалары мыналар еді:
- бұрын КСРО Орта машина жасау министрлігі құрамында болған кәсіпорындардың бытыраңқылығы;
- республикадан сыртқа шығарылатын ядролық материалдарды бақылайтын мемлекеттік органның болмауы экспорттық табыстан айырумен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан имиджына да көлеңке түсірді;
- Ресей рыногынан айырылу өнім өндіру көлемін төмендетуге әкеп соқтырды;
- бұрынғы КСРО мен жас тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД-ға бағытталған демпингке қарсы әрекет;
- уран бағасының арзандауы (1979 және 1986 жылдардағы АҚШ пен КСРО АЭС-ларында болған апаттар атом электр стансалары бойынша бағдарламаларды тоқтатуға себеп болса, қарусыздану саясаты нәтижесінде уранның артық өндірілетіні байқалды);
- уран өндірудің өзіндік құны рыноктық бағасынан асып кеткендіктен кеніштерді жабудың анық қаупі төнді;
- кәсіпорынның кадрлық әлеуетін сақтау.
1991 жылдың соңына таман бұрын КСРО-ның біртұтас ядролық-отын кешені құрамына кірген 8 кәсіпорын ғана жұмыс істеді: «Центральное», «Степное», №6 кен басқармалары, «Волковгеология», Целинный тау-кен-химия комбинаты, «Каскор», Үлбі тау-химия комбинаты, Маңғыстау атом комбинаты.
КСРО тұсындағы кооперациялық байланыстардың бұзылуына байланысты сол кездегі Қазақстан экономикасының ауыр халіне қарамастан, уран индустриясы дағдарысты жеңу үшін жеткілікті қорға ие еді. Табиғи уранның барланған арзан қорлары, ядролық-отындық циклдың кей кезеңдері бойынша айтарлықтай ғылыми-өндірістік әлеует, сирек металдар өндірісі бойынша бірегей қуаттардың сақталуы осындай мүмкіндіктер берді.
## Тәуелсіздік және жаңғыру жолымен
1992 жылдан бастап Ресей қазақ табиғи уранынан бас тартып, нәтижеде саланың тау-кен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары үшін қиын кезең туындады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына (КАТЭП) біріктіруге ұйғарды. Жаңа ұйымның алдына нақты міндеттер қойылды: бұрынғы орта машина жасау кәсіпорындарын біріктіру; саланы сақтап қалу және одан әрі жаңғырту стратегиясын жасап шығу; әлемдік уран рыногында егеменді елдің және оның кәсіпорындарының мүддесін қорғау; өндірістік және кадрлық әлеуетін ескере отырып кәсіпорындарды конверсиялау мен диверсификациялау жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу және бұрынғы Одақтас республикалардың барлығының басына түскен тығырықтан жол табу оңай соққан жоқ.
ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ АУЫРТПАЛЫҚТАР
90-жылдардың басында Кеңестер Одағы жаппай қаруланудың тоқтатылуына байланысты «Конкорд-Нуэкско» америкалық сауда фирмасының делдалдығымен АҚШ-қа табиғи уранды экспорттай бастады. Бұл уран бағасының бір фунты 8 долларға дейін төмендеп кетуіне және КСРО-ға бағытталған демпингке қарсы істің қозғалуына әкеп соқтырды. Аталмыш іс 1991 жылғы 29 қарашада басталып, 1992 жылғы 25 наурызда АҚШ-тың Сауда департаменті тергеу амалдарын ТМД-ның басқа да елдеріне қатысты жалғастыру керек деп шешті.
Сол тұста шешуші қадамдар жасау қажет болды. Республика Премьер-министрінің өкіміне сәйкес КАТЭП мамандарынан жұмыс тобы жасақталды. Корпорация “Шерман и Стерлинг” заң фирмасын жалға алды, сондай-ақ “Меркейтор” фирмасының мамандары жұмысқа тартылып, АҚШ рыногындағы Қазақстан мүддесін қорғау тұжырымдамасы дайындалды.
Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қазақстандық делегацияның тұжырымдамасы қабылданып, 1992 жылғы 16 қазанда “Қазақстан Республикасына қарсы антидемпингтік үдерісті тоқтату туралы Келісімге” қол қойылды. Келісімге қол жеткізілуі (американ рыногында уран саудалаудың квотасы алынды) — жас та тәуелсіз мемлекеттің үлкен жетістігі еді. Бұл Қазақстанға — ТМД елдері ішіндегі жалғыз мемлекетке 1993 жылы АҚШ рыногына 760 тонна тотықтырылған-шала тотықтырылған уран жеткізіп беруге мүмкіндік туғызды.
1993 жылғы 31 тамызда Республика Министрлер Кабинетінің қаулысымен аталмыш корпорация “КАТЭП” Ұлттық акционерлік компаниясы болып қайта құрылды. Бұл қадам кешікпей оң нәтижесін көрсетті – ел аумағынан ядролық материалдарды бақылаусыз экспорттау мүмкіндігін жоққа шығарды. Сол кезден бастап (Франция мен Германиядағыдай) елдің әлемдік уран рыногындағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстан уранды өндіру, тасымалдау және экспорттауды жүзеге асыратын біріккен бір заңды тұлғаны ұсынды.
Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық агенттік құрылып, Қазақстан Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікке мүше болды.
“КАТЭП”-тің бес жылдық жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, уран өндірісінің саласын стратегиялық және үйлестіруші жоспарлау, кәсіпорындардың өндірісті қызметін басқару, несие және инвестицияны, қаржы және әкімшілік бақылауды қызметін қамтамасыз ететін басқарудың қазіргі ұйымдық құрылымы тұсында тапсырма-міндеттерді жаһандандыру міндеті алда тұрды. Өндірістің спецификасы, уран минералды ресурстарының стратегиялық мән-маңызы, технологияның құпиялылығы, уран рыногының шектеулігі мен өзіне ғана тән ерекшеліктері уран өндірісіндегі монополияны сақтау қажеттігін аңғартты.
## Тағы қараңыз
* Қазатомөнеркәсіп
## Тарихы
Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.
Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.
Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек – “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.
Уран өндіру
60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.
1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.
1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.
Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.
80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.
Дағдылы әдіспен өнім өндіру
Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.
Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.
Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.
Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті.
Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады:“СТЕПНОЕ”
Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион фунтқа U308 жетті.
«ЦЕНТРАЛЬНОЕ»
Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.
№6 КЕН БАСҚАРМАСЫ
Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті.
УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ
Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.
Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.
Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек” ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.
ТӘЖІРИБЕЛІК РЕАКТОРЛАР
Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.
Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан.
1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді.
## Саланың дағдарысы
1991 жылы, яғни еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағындағы атом өнеркәсібінің барлық кәсіпорындары республика Үкіметі құзырына өтті. Саланың дағдарысы 1998 жылға дейін жалғасты. Өнеркәсіптің құрылымын өзгерту нәтижесінде өнімділік 90-жылдардың басындағы 8,0 миллионнан 1997 жылы 2,0 миллион фунтқа U308 құлдырап кетті. Осы кезеңдегі атом саласының басты проблемалары мыналар еді:
- бұрын КСРО Орта машина жасау министрлігі құрамында болған кәсіпорындардың бытыраңқылығы;
- республикадан сыртқа шығарылатын ядролық материалдарды бақылайтын мемлекеттік органның болмауы экспорттық табыстан айырумен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан имиджына да көлеңке түсірді;
- Ресей рыногынан айырылу өнім өндіру көлемін төмендетуге әкеп соқтырды;
- бұрынғы КСРО мен жас тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД-ға бағытталған демпингке қарсы әрекет;
- уран бағасының арзандауы (1979 және 1986 жылдардағы АҚШ пен КСРО АЭС-ларында болған апаттар атом электр стансалары бойынша бағдарламаларды тоқтатуға себеп болса, қарусыздану саясаты нәтижесінде уранның артық өндірілетіні байқалды);
- уран өндірудің өзіндік құны рыноктық бағасынан асып кеткендіктен кеніштерді жабудың анық қаупі төнді;
- кәсіпорынның кадрлық әлеуетін сақтау.
1991 жылдың соңына таман бұрын КСРО-ның біртұтас ядролық-отын кешені құрамына кірген 8 кәсіпорын ғана жұмыс істеді: «Центральное», «Степное», №6 кен басқармалары, «Волковгеология», Целинный тау-кен-химия комбинаты, «Каскор», Үлбі тау-химия комбинаты, Маңғыстау атом комбинаты.
КСРО тұсындағы кооперациялық байланыстардың бұзылуына байланысты сол кездегі Қазақстан экономикасының ауыр халіне қарамастан, уран индустриясы дағдарысты жеңу үшін жеткілікті қорға ие еді. Табиғи уранның барланған арзан қорлары, ядролық-отындық циклдың кей кезеңдері бойынша айтарлықтай ғылыми-өндірістік әлеует, сирек металдар өндірісі бойынша бірегей қуаттардың сақталуы осындай мүмкіндіктер берді.
## Тәуелсіздік және жаңғыру жолымен
1992 жылдан бастап Ресей қазақ табиғи уранынан бас тартып, нәтижеде саланың тау-кен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары үшін қиын кезең туындады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына (КАТЭП) біріктіруге ұйғарды. Жаңа ұйымның алдына нақты міндеттер қойылды: бұрынғы орта машина жасау кәсіпорындарын біріктіру; саланы сақтап қалу және одан әрі жаңғырту стратегиясын жасап шығу; әлемдік уран рыногында егеменді елдің және оның кәсіпорындарының мүддесін қорғау; өндірістік және кадрлық әлеуетін ескере отырып кәсіпорындарды конверсиялау мен диверсификациялау жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу және бұрынғы Одақтас республикалардың барлығының басына түскен тығырықтан жол табу оңай соққан жоқ.
ӘЛЕМДІК НАРЫҚТАҒЫ АУЫРТПАЛЫҚТАР
90-жылдардың басында Кеңестер Одағы жаппай қаруланудың тоқтатылуына байланысты «Конкорд-Нуэкско» америкалық сауда фирмасының делдалдығымен АҚШ-қа табиғи уранды экспорттай бастады. Бұл уран бағасының бір фунты 8 долларға дейін төмендеп кетуіне және КСРО-ға бағытталған демпингке қарсы істің қозғалуына әкеп соқтырды. Аталмыш іс 1991 жылғы 29 қарашада басталып, 1992 жылғы 25 наурызда АҚШ-тың Сауда департаменті тергеу амалдарын ТМД-ның басқа да елдеріне қатысты жалғастыру керек деп шешті.
Сол тұста шешуші қадамдар жасау қажет болды. Республика Премьер-министрінің өкіміне сәйкес КАТЭП мамандарынан жұмыс тобы жасақталды. Корпорация “Шерман и Стерлинг” заң фирмасын жалға алды, сондай-ақ “Меркейтор” фирмасының мамандары жұмысқа тартылып, АҚШ рыногындағы Қазақстан мүддесін қорғау тұжырымдамасы дайындалды.
Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қазақстандық делегацияның тұжырымдамасы қабылданып, 1992 жылғы 16 қазанда “Қазақстан Республикасына қарсы антидемпингтік үдерісті тоқтату туралы Келісімге” қол қойылды. Келісімге қол жеткізілуі (американ рыногында уран саудалаудың квотасы алынды) — жас та тәуелсіз мемлекеттің үлкен жетістігі еді. Бұл Қазақстанға — ТМД елдері ішіндегі жалғыз мемлекетке 1993 жылы АҚШ рыногына 760 тонна тотықтырылған-шала тотықтырылған уран жеткізіп беруге мүмкіндік туғызды.
1993 жылғы 31 тамызда Республика Министрлер Кабинетінің қаулысымен аталмыш корпорация “КАТЭП” Ұлттық акционерлік компаниясы болып қайта құрылды. Бұл қадам кешікпей оң нәтижесін көрсетті – ел аумағынан ядролық материалдарды бақылаусыз экспорттау мүмкіндігін жоққа шығарды. Сол кезден бастап (Франция мен Германиядағыдай) елдің әлемдік уран рыногындағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстан уранды өндіру, тасымалдау және экспорттауды жүзеге асыратын біріккен бір заңды тұлғаны ұсынды.
Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық агенттік құрылып, Қазақстан Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікке мүше болды.
“КАТЭП”-тің бес жылдық жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, уран өндірісінің саласын стратегиялық және үйлестіруші жоспарлау, кәсіпорындардың өндірісті қызметін басқару, несие және инвестицияны, қаржы және әкімшілік бақылауды қызметін қамтамасыз ететін басқарудың қазіргі ұйымдық құрылымы тұсында тапсырма-міндеттерді жаһандандыру міндеті алда тұрды. Өндірістің спецификасы, уран минералды ресурстарының стратегиялық мән-маңызы, технологияның құпиялылығы, уран рыногының шектеулігі мен өзіне ғана тән ерекшеліктері уран өндірісіндегі монополияны сақтау қажеттігін аңғартты.
## Тағы қараңыз
* Қазатомөнеркәсіп |
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
## Жалпы мәліметтер
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.
## Мұнайдың шығу тарихы
Ертеректе «тас майы» деп аталған мұнайдың болашағы зор екенін болжаған орыс ғалымы М.В. Ломоносов, Пенсильванияда ең алғаш рет мұнай ұңғымасы бұрғыланғанға дейін жүз жыл бұрын, мұнайдың шығуы жайлы өзінің бірегей теориясын ұсынған еді. «Жер қойнауында тереңнен орналасқан шымтезекті шөгінділерден жерасты ыстығымен қою, майлы материя шығарылып, саңылаулар арқылы ағады... Бұл дегеніміз – сирек, әртүрлі сұрыпты, жанатын және құрғақ, қатты материялардың пайда болуы, бұл тас майы – мұнайдың негізі...», – деп жазады 1763 жылы М.В. Ломоносов.
Мұнайды қыздыру кезінде мұнайға біраз ұқсайтын қарамайларды беретін көмір мен тақтатастардан шығу теориясы да орыс ғалымдары – академиктер Паллас пен Абихтікі болған еді. Алайда ол кезде олардың қорытындыларының мұнайды іздестіруде практикалық мағынасы аз еді.
Ең жемісті болғаны өткен ғасырдың соңында Д. И. Менделеев ұсынған мұнайдың бейорганикалық шығу теориясы еді. Ұлы орыс химигінің айтуы бойынша, жер шарының орталық ядросы темір және құрамдарында көміртегі бар басқа металдардың қоспаларынан құралады. Жер қыртысындағы жарықтардан өткен сулардың әсерінен бұл ядро жеңіл көмірсуларды – ацетилен, этилен және т.б. түзеді. Жер жарықтары арқылы жоғары жер қыртысының суық бөліктеріне көтеріле бере олар мұнайдың негізгі құраушы бөліктері болып табылатын ауыр көмірсулар қоспасына айналады.
Харичков және басқа да орыс ғалымдары мұндай әдіспен табиғи мұнайға ұқсас сұйық – жасанды мұнайды алды. Д.И. Менделеев теориясы бойынша мұнай қарқынды тау түзілу орындарында кездеседі. Мұны жиі бақылауға болады, сондықтан Д.И. Менделеев қорытындыларын барлаушылар мұнайды іздеуде көп уақыт қолданды. Мұнай өнеркәсібінің дамуы барысында, әдетте, мұнай кездесуі тау түзілу процестері қосымша фактор болып табылатын жағдайларда кездесетініне көз жетті.
Мұнай көбінесе теңіздің түбінде, соның ішінде жағажайлық шөгінділерде жиі табылады. Сірә, теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болар. Өйткені онда су ағысы болмайды, ол тыныштықта тұратындықтан, оған ауаның келуі қиындай түседі. Ауаның әсерінен бұл қалдықтар тотығар еді, ал ауа болмағандықтан, бактериялардың әсерінен бұл қалдықтар құрамы бойынша мұнайға ұқсас, бірақ оларда толығымен мұнайға айналмайтын процестер өтеді. Мұндағы түсініксіз жайт: осы қалдықтардан мұнай қалайша түзіледі? Әңгіме мынада: онда хлорофилдің, яғни өсімдіктердің жасыл түсі негізінің және басқа да екі жүз градустан жоғары температурада тұрақсыз болатын заттардың қалдықтары табылған. Ал барлық мұнайға жақын өнімдерді алатын белгілі химиялық реакциялар тек жоғары температураларда өтеді.
Ақыры 1930 жылы ірі кеңес ғалымы – академик Н.Д. Зелинский бұл жерде катализ, яғни өздері аз өзгеріске ұшырайтын заттардың әсерінен химиялық өзгерістерді тездететін құбылыс орын алатынын дәлелдеді. Катализаторлармен өсімдіктерге, бактериялық әсердің өнімдеріне жақын орналасқан заттарға әсер етіп, ол жасанды мұнайды екі жүз градустан төмен температурада алды. Осылайша сұрақтың жауабы шешілді, бірақ түпкілікті емес: ол тәжірибесінде қолданған катализаторлар табиғатта болуы мүмкін емес, олар өте тұрақсыз еді.
Табиғатта мұнай түзілуді іске асыратын заттарды ұзақ іздегеннен кейін химия ғылымдарының докторы, профессор Андрей Владимирович Фрост бұл, әдетте, мұнай қыртыстарын жауып тұратын кейбір сазбалшықтардың қатысымен болатынын анықтады. Өсімдіктер және жануарлар қалдықтарымен бірге тұнып, сазбалшықтар, жануарлар сүйектері мен микроағзалар кейін мұнай түзетін фактор болып табылатын материалдың негізін түзеді. Лай – бұл сазбалшық, өсімдік және басқа да қалдықтардың түр өзгерген қоспасы – бактериялардың әсерінен құмды және басқа да кеуекті тау жыныстарымен қапталады. Олар, өз кезегінде, мұнай мен су өтпейтін сазбалшық және басқа да тау жыныстарының қабаттарымен қапталып, температурасы шамамен жүз градустай қабаттарға дейін түседі. Мұнда мұнай түзілу процесі аяқталады; құрамында лай болатын мұнай біртіндеп қабаттасады да, біз мұнай кенорындарынан табатын кеуекті тау жынысына енеді.
Мұнайдың шығуының жаңа теориясының зор тәжірибелік маңызы бар. Ол мұнайшы-геологтарды мұнайдың түзілу жағдайларын анықтау әдісімен таныстырады. Мұнай қалай пайда болатынын білетін кен барлаушылары оны іздеу орындарын тез анықтайды.Геологиялық жағдайларға байланысты мұнайдың болатын жерлерін және оның мүмкін орын ауыстыру жолдарын анықтауға болады.
## Мұнайдың элементтік құрамы мен гетероатомдық компоненттері
Көмірсутектермен қатар мұнай құрамында тағы басқа заттар да бар. Мырышы бар - H2S, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер мен тиофандар полициклдіктермен бірге т.б. (70-90% қалдық өнімдерде шоғырланады); азотты заттар – негізінен пиридин, хинолин, индол, карбазол, пиррол және порфириндер (үлкен бөлігі ауыр фракциялар мен қалдықтарда шоғырланады) гомологтары; қышқылды заттар – нафтен қышқылы, фенолдар, смолалы-асфальтты т.б. заттар (әдетте жоғары қайнайтын фракциларында кездесетін). Элементтік құрамы (%): С – 82-87, Н – 11-14.5, S – 0.01-6 (сирек – 8-ге дейін), N - 0,001—1,8, O — 0,005—0,35 (сирек – 1.2-ге дейін) және т.б. Барлығы мұнай құрамында 50-ден аса элементтер табылған. Мысалы, жоғарыдағылармен қоса V(10-5 — 10-2%), Ni(10-4-10-3%), Cl (іздерінен бастап 2•10-2%-ға дейін) т.с.с. Әр зат әр кен орнында әр мөлшерде кездесетіндіктен орташа химиялық қасиетттер жайлы тек шартты түрде ған аайтуға болады.
## Пайдасы
Мұнай дүние жүзілік жанар-жағар май-энергетикалық балансында орасан зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48% алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен, және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.
Химия мен мұнай-химия өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына байланысты мұнайға деген сұраныс жанар-жағар майлар үшін ғана емес, синтетикалық каучук, синтетикалық талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын, пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%-нан астамы) өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер – метан, этан, пропан, бутан, пентан, гексан, және жоғарымолекулярлықтар (10-20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан; ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.
АҚШ Қуат Ақпарат басқармасының (EIA) есебі бойынша 2011 жылы әлем күн сайын 87.421 миллион баррель тұтынған.
## Мұнай өндіру
Мұнай өндіру саласында өнім ұғымы бөлініп алынған мұнай өнімдерін емес кен орнынан өндірілген шикі мұнай көлемін айтады.
Осы елде мұнай өндіру шыңын асып кеткен.Канада мұнай өндіру көлемі төмендегенімен оның жалпы мұнай өндіру көлемі құмды мұнай өндірудің есебінен өсуде. Егер құмды мұнайды өосөанда Канада Сауд Арабиясынан кейінгі мұнай қорынан екінші орын алар еді.Тринидат және Тобаго has the worlds third largest pitch lake situated La Brea south Trinidad.Ирак 1998 жылдан мүшелікте болғанымен оның мәліметтері әлі жоқ2013 жылы АҚШ орташа алғанда күніне 11.4 миллион баррель өндіріп гидрокарбон өндіруші әлемдегі екінші елге айналды, сонымен бірге 2020 жылға дейін Сауд Арабиясын басып озады деп күтілуде.
## Мұнай-газ кендері
Мұнай-газ кендері – бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай-газ кендері мұнай немесе газ түрінде және аралас мұнайлы-газды, газды-мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.
Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде жатады. Қазақстанның мұнай-газ кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы әр түрлі болатын үш мұнайлы-газды аймақта орналасқан. Ең көне мұнайлы-газды аймақтың кендері Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ жүздеген м-ден 5000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі шөгінділерде орналасқан.
Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы-газды облысының қабатты кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан. Үшінші мұнайлы-газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот-гелий газдарының қоры шағын кендері ашылған.
## Мұнай өнімдері
Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады.Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады.Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі.Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады.Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады.Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады. Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жекефракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сnкөмірсутектері бар және 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамындаС8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин,құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын және 180-300°С аралығындақайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері.Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матанытазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады.Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы.Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады.Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.
Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.
Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.
## Мұнай ұғымы
Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады.
## Дереккөздер |
«KEGOC» акционерлік қоғамы (ағылш. Kazakhstan Electricity Grid Operating Company — электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы) — Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы. Компанияның негізгі акционері — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры (85%).
«Қазақстан Республикасының электр жүйелерін басқаруды құрылымдық қайта құру жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 28 қыркүйектегі № 1188 қаулысына сәйкес құрылды. «KEGOC» АҚ-ның бастапқы мемлекеттік тіркелу күні — 11 шілде 1997 ж.
«KEGOC» АҚ-ның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 ақпандағы № 1117 қаулысына сәйкес «KEGOC» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті «Самұрық» Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» АҚ-ның акцияларын төлеуге тапсырылады.
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарықтық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.02.2004 ж. № 190 қаулысына, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 27.08.2004ж. № 198 бұйрығына сәйкес «KEGOC» АҚ Қазақстандағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің (Қазақстан БЭЖ) Жүйелік операторы болып бекітілді, негізгі міндеттері мемлекеттік саясат шеңберінде қазіргі техникалық, экономикалық, экологиялық талаптарға тиісті Қазақстан БЭЖ-нің бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Ұлттық электр торабын сенімді басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
## Атқаратын қызметі
Қоғам Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің Жүйелік операторы болып мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
* шартқа сәйкес электр энергиясын ұлттық электр торабы бойынша жеткізу жөніндегі электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету, оның техникалық қызметтелуін қамтамасыз ету және пайдаланымдық әзірлікке қолдау жасау;
* шартқа сәйкес Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмыс режимдеріне орталықтан оралымдық-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыра, нақты баланстардың жасалуы мен электр энергиясын өндіру-тұтынудың тәуліктік кестесін құруды қоса отырып, техникалық диспетчерлеу жөніндегі электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне қызмет көрсету;
* Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйенің жұмыс сенімділігін қамтамасыз ету;
* электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне электр энергиясын реттеу және резервілеу, электр энергиясының өндіру-тұтынуылуын теңгерімдеуді ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсету;
* электр энергиясының көтерме рынок субъектілеріне электр энергиясының теңгерімсіздіктерін табиғи реттеу жөніндегі қызметтер көрсету;
* электр энергиясының теңгерімсіздіктерін одан әрі қаржылай реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген ретпен жүзеге асыру;
* электр қуатының оралымды резервтерінің қажетті көлемдері мен құрылым әзірлігін қамтамасыз ету, активтік және реактивтік қуатты реттеу үшін, энергожүйесін қорексіз күйінен іске қосу бойынша электр энергиясының көтерме рынок субъектілерінен қосалқы қызметтерді сатып алу;
* электр энергиясының теңгермелі рыногының шынайы уақыт түзімінде атқарымдануын және жүйелік пен қосалқы ісметтер рыногын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
* қатарлас жұмыс түзімдерінің орнықтылығын басқару және қамтамасыз ету жөнінде шектес мемлекеттердің энергожүйелерімен өзара іс-қимыл жасау;
* біртұтас ақпараттық жүйені, электр энергиясының автоматттандырылған коммерциялық есеп жүйесін, электр энергиясының барлық көтерме рынок субъектілеріндегі реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматиканың түйіндес құрылғыларын құру жөнінде техникалық және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
* электр энергиясының көтерме рыногы субъектілерін ұлттық электр торабына шығу үшін теңдес шарттарды қамтамасыз ету;
* Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме рыногына қатысушыларды коммерциялық және өзгедей заңмен сақталатын құпияны құратын мәліметтерді қозғамайтын ақпаратпен қамтамасыз ету;
* электр станцияларындағы, қосалқы станциялардағы негізгі жабдықтардың, электр жеткізу желілерінің, реле қорғанышы мен апатқа қарсы автоматика құрылғыларының, технологиялық басқару жүйелерінің жөндеуге шығарылуын және олардың жұмысқа әзірлігін қамтамасыз етуді мақұлдастыру;
* гидроэлектр станцияларының жұмыс түзімдерін олардың су-шаруашылық теңгерімдері мен Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйе жұмысының түзімдерін ескере отырып жасақтауға қатысу;
* электр энергиясының теңгерімдерін ұзақ мерзімдік болжаудың жасақталуын жүзеге асыру;
* Қазақстан Республикасындағы біртұтас электр энергетикалық жүйесінде нормативтік электр тогы жиілігін ұстап тұру мақсатында электр энергиясының шектес мемлекеттер энергожүйелерімен ағындарының шарттасу шамаларын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ электр энергиясының көтерме рыногы жаба алмайтын теңгерімсіздік туындаған кезде технологиялық және өндірістік мұқтаждықтарға арналған электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыру;
* қосарлас (шунттаушы) электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жобалануы мен құрылысын мақұлдастыру.
## Электр желілері
2010. 01.01. күнгі жағдай бойынша «KEGOC» АҚ балансында 310 электр жеткізу желісі көрсетілген.
Тізбек бойынша ұзындығы 24501,90695 шақырымды құрайды, оның ішінде:
1150 кВ — 4 дана, ұзындығы 1421,225 км; 500 кВ — 42 дана, ұзындығы 6420,0855 км; 220 кВ -203 дана, ұзындығы 15966,57245 км; 110 кВ — 34 дана, ұзындығы 558,668 км; 35–0,4 кВ — 27 дана, ұзындығы 135,356 км.
## Жобалары
Осы уақытқа дейін «KEGOC» Акционерлік қоғамы стратегиялық маңызы бар бірнеше жоба ұйымдастырған. Ол жобалар қазіргі таңға дейін жалғасын тауып, басқа да жобалармен толықтырылып жатыр. Мысалы 2009 жылға дейін созылған «ҰЭТ-ны жаңғырту» жобасы; «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр жеткізу желісін салу» жобасы (2010 жылы аяқталды), күні бүгінге дейін «ҰЭТ-ны жаңғырту, II кезең»; «Мойнақ ГЭС қуатын беру»; «Кернеуі 500, 220 кВ желілерді Қазақстанның ҰЭТ-на қосумен 500 кВ Алма ҚС-ны салу»; "Балқаш АЭТ қуатын беру"; "220 кВ ОБТҚ-Осакаровка ӘЖ-ны қайта құру»; «Павлодар энергия торабының Қазақстанның БЭЖ-мен байланысын күшейту» атты жобалар іске асырылуда.
## KEGOC еншілес ұйымдары
* «Энергоинформ» АҚ (100%). Қызметі — KEGOC қызметін ақпараттық жағынан қамтамасыз ету
* «Батыс транзит» АҚ (20%)
Аумақтық бөлімшелер
* «Ақмола жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Астана қ.)
* «Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Ақтөбе қ.)
* «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Алматы қ.)
* «Шығыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Өскемен қ.)
* «Батыс жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Атырау қ.)
* «Сарыбай жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Рудный қ.)
* «Солтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Екібастұз қ.)
* «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Қарағанды қ.)
* «Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары» филиалы (Шымкент қ.)
## Басшылары
* Әсет Наурызбаев (1998—1999)
* Евгений Фельд (1999)
* Ораз Жандосов (1999—2000)
* Кенжемұрат Дүкенбаев (2000—2001)
* Қанат Бозымбаев (2001—2007)
* Алмасадам Сәтқалиев (2007—2008)
* Қанат Бозымбаев (2008—2009)
* Алмасадам Сәтқалиев (2009—2011)
* Бақытжан Қажиев (2011—2021)
* Қаныш Молдабаев (2021—2023)
* Нәби Айтжанов (2023—)
## Жаңалық
«Электр жүйелерін бақылайтын KEGOC Қазақстандық ұлттық компаниясы 2011-2012 жылдарға арналған күзгі-қысқы электр желілік жабдықтарды жөндеу жұмыстарын аяқтауда. 31 тамыз жағдайына қарағанда жөндеу жұмыстары 90 пайызға орындалған, электр тасымалдау желілеріне кедергі келтіретін жерлер түзетілген. Компания жөндеу жұмыстары барысында 884 объектіге 1 миллион қаржы көлемінде жұмсалатындығын мәлімдеген болатын. Оның ішінде 104 электр тасымалдаушы желілер, 191 подстанция жабдықтары т.б. Бұл жұмыстар еліміздің электр тоғын пайдалануда оң әсерін тигізеді.
## Мекенжайы
Еліміздің электр желілерін басқаруда елеулі еңбек сіңіріп отырған «KEGOC» компаниясының мегаполис Алматы және Астана қалаларында кеңселері орналасқан. Штаб-пәтер Астана қаласында.Қазақстан Республикасы, Z00T2D0, Астана қ., Алматы ауд., Тәуелсіздік даңғылы, 59.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* KEGOC Мұрағатталған 10 қарашаның 2011 жылы. |
Арман Ғалиасқарұлы Дунаев (7 қазан 1966 жыл Талдықорған облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы) — «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. Жоғары білімді, экономика ғылымдарының кандидаты.
## Өмірбаяны
* 1988 жылы саяси экономия мамандығы бойынша С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің философия-экономика факультетін үздік бітірді.
* Еңбек жолын 1988 жылы Жамбылдың гидромелиоративті-құрылыс институтының кафедрасында ғылыми қызметкер ретінде бастаған.
* 1988 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасының күндізгі бөліміне аспирант ретінде қабылданды. 1992 жылы кандидаттық диссертацияны қорғады.
* 1992 жылдың мамыр айынан 1993 жылдың қараша айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің сыртқы экономикалық байланыс аппаратының бас маманы, бөлім меңгерушісі.
* 1993 жылдың қараша айынан 1998 жылдың сәуір айына дейін экономиканың нақты секторы өнеркәсіптерінде басқарушы қызметтерін атқарады.
* 1998 жылдан 2000 жылдар аралығында екінші деңгейлі банкте инвестициялық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, халықаралық қаржы институттарымен жұмыс істеу басқармасының бастығы.
* 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің мемлекеттік борыштар Департаментінің Директоры.
* 2001 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қаржы вице-Министрі болып тағайындалады.
* 2002 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің вице-Министрі.
* 2003 жылдың шілде айынан 2004 жылдың наурыз айына дейін АҚ «Ұлттық инвестициялық қор» басқару кеңесінің Төрағасы.
* 2004 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы бірінші қаржы вице-Министрі, ал одан кейін Қаржы Министрі болып тағайындалды.
* 2006 жылдың қантар айында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрағасы.
* 2008 қаңтардың 23 «Қазына» орнықты даму қорының басқарма төрағасы.
* 2008 қазанның 17 «„Самұрық-Қазына“ ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары.
## Марапаттары
* Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2001)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
* «Құрмет» ордені (2005)
* «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
## Отбасы жағдайы
Үйленген, 2 баласы бар.
## Дереккөздер |
«Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» — 2006 жылдың жазында құрылған.
Қордың мақсаты — 2006 жылдың ақпан айында қастандықтан қаза болған қоғам және мемлекет қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының артына қалдырған интеллектуалдық, рухани мұрасын дамыту және жалғастыру.
Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры — коммерциялық емес, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге сай қызмет ететін тәуелсіз зерттеу ұйымы.
Қор Қазақстан қоғамында демократия мен бостандықтың, отаншылдық ойдың тереңдеп еркендеуіне ықпал етеді.
Қор Алтынбек Сәрсенбайұлының достары мен пікірлестерінің, шәкірттері мен туған-туыстарының бастамасы мен қаржылық қолдау көрсетуінің арқасында құрылды.
## Мақсаты мен міндеттері
* әлеуметтану (саясаттану мен мәдениеттануды қоса) және тарих салаларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу;
* ғылыми семинарлар, конференциялар, қазіргі Қазақстанның алдында тұрған өзекті мәселелер туралы «дөңгелек үстелдер» өткізу;
* халықаралық ғылыми әріптестіктің дамуына қолдау білдіру;
* ағартушылық, ақпараттық-сараптамалық және баспа қызметін жандандыру.
Қордың қамқорлық кеңесіне Мұрат Әуезов, Диар Қонаев, Ораз Жандосов, Сәкен Сейфуллин және де басқа Қазақстанның қайраткерлері кіреді.
Қордың жетекшісі — Берік Әбдіғали
Атқарушы директоры — Нұрлан Сәрсенбаев
## Сыртқы сілтемелер
* «Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры» Мұрағатталған 16 желтоқсанның 2014 жылы. |
Тимаршы (яғни тимар иесі; түрікше: timarlu) — Османлы сұлтанына қызмет еткен, сол қызметі үшін timar деп аталатын иелік (жер) алған тұрақты емес атты әскер түрі. Тимаршылар соғыс басталған кезде әскерге барып қосылып, бейбітшілік кезінде өздеріне берілген жерді бағып-күтуге міндетті болған. Соғыс кезінде тимаршы өзінің қару-жарағын және өзімен бірге бірнеше қарулы қызметшісін де ертіп келуге тиіс болған. Ол қарулы қызметшілер «жебелі» (cebelu) деп аталған. Жорық кезінде азық-түлікпен оларды әскер қамтамасыз етіп отырды.
Осы арқылы османлылар қысқа уақыттың ішінде үлкен әскер жинай алатын. Соғыс біткен соң жауынгерлер өз жерлеріне қайтып кететін, соның арқасында сұлтанның оларды бейбітшілік кезінде асырау қажеті болмайтын. Тимаршыға берілген жерде тұратын шаруалар оның басыбайлы қызметшілері болды. Тимаршы өз жерінде заңдылық пен тәртіптің сақталуын, салықтардың жиналуын қадағалап, қылмыскерлерді жазалап отыруға міндетті болған.
Тимарлар жүйесі І-ші Орханның заманында (1326-1359) енгізілген. Сұлтан өзінің сардарларына еуропалық феодалдық жүйеге ұқсас етіп жер беріп, сол жерде жасайтын шаруаларды оның билігіне бағындырды. Тимаршыларды ұстауға кететін қаржы шамалы болғандықтан, олар османлы әскерінің маңызды бөлігі болды, әрі 17-шы ғасырдың басына дейін өз маңыздарын сақтады. Тимаршылардың атақ-лауазымдары мен жерлері одан көп кейін уақыт бойы сақталды.
Жорық кезінде тимаршылар алай деп аталатын қосындарға ұйымдастырылатын. Алайды басқаратын сардар алай бек немесе алай бек деп аталды. Алайдан үлкенірек қосындар лива (жалау, байрақ, ту деген мағынада) деп аталды. Оны санжак бей басқарды. Ең жоғарыда уәлаят әкімдері болды, олар бейлербей деп аталды. 16-шы ғасырда бір уәлаят өзінің шамасына қарай 1000 тимаршы жібере алатын. 1525 жылы тимаршылардың жалпы саны 37818-ге жетті (салық төлейтін тимаршылардың саны бойынша). Олардың қарулы қызметшілерінің саны 50000 шамасында болатын. Бірақ бұл үлкен әскер бүкіл империя бойынша орналасып, барлығы жиналып бір жорыққа қатыса алмайтын.
## Тағы қараңыз
* Тимаршы сыпай |
Қайрат Нематұлы Келімбетов (28 қаңтар 1969 жыл Алматы қаласы ) — Қазақстан Республикасының мемлекет қайраткері, Ұлттық Банк төрағасы (10.2013).
## Биографиясы
Шанышқылы руынан шыққан.
### Білім алуы
* 1986 ж. Алматы қаласындағы республикалық физика-математика мектебін үздік белгімен бітірген.
* 1993 ж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеудің Мемлекеттік Университетінің қолданбалы математика және кибернетика факультетін бітірген, математик. Ағылшын, француз тілдерін меңгерген.
* 1993 ж. бастап әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аспиранты.
* 1994—96 жж. Қазақтың мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының қаржы және несие факультетінде оқыған.
* 1995—96 жж. — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебінің тыңдаушысы.
* 1999 ж. АҚШ-та Джорджтаун университетінде оқыған.
### Қызмет жолы
* 1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы.
* 1996—97 жж. — Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі.
* 1997—98 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары.
* 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы.
* 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.
* 2002 ж. тамыздан бастап — Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.
* 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.
* 2008 ж. қаңтардың 23 - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
* 2008 ж. қазанның 13 - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
* 2011-2012 жж. - Экономикалық даму және сауда министрі
* 2012 жылы - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
* 01.10.2013-02.11.2015 жылдары - Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы.
## Марапаттары
* «Парасат» ордені (2010)
* «Құрмет» ордені (2005)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» медалі (2001)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
* «Қазақстан Парламентiне 10 жыл» медалі (2006)
* «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» медалі (2011)
* 1 дәрежелі «Еуразия экономикалық одағын құруға сіңірген еңбегі үшін» медалі (13 мамыр 2015, Еуразия экономикалық одағының Жоғарғы кеңесі)
## Отбасы
Қайрат Келімбетов үйленген, жұбайы - Фатима Тоқмұхамедқызы Келімбетова. Отбасында үш бала тәрбиелеуде.
## Дереккөздер |
Алтынбек Сәрсенбайұлы (12 қыркүйек, 1962 жыл, Қайнар ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы — 11 ақпан 2006 жыл, Талғар ауданы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004),"Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.
## Өмірбаяны
Ұлы жүздің Албан руының Шоған абыз ұрпағы, Алжан тармағынан.
* 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысының Нарынқол ауданының Қайнар ауылында дүниеге келді.
* 1985 жылы журналистика мамандығы бойынша М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
* 1992 жылдан А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды.
* 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі,
* 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі.
* 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
### Саясат
2003 жылдан бастап А.Сәрсенбайұлы өз еркімен Президентке отставкаға шығуға арыз беріп, қоғамдық-саяси қызметпен айналысты. 2003 жылдың қараша айында «Ақ жол» Демократиялық партиясының ІІІ съезінде бірауыздан тең төраға етіп сайланды. 2005 жылдың сәуірінен «Нағыз Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясының тең төрағасы. Алтынбек Сәрсенбайұлы — бірнеше кітаптар мен монографиялар авторы, саяси ғылымдар докторы.
### Өлімі
2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.
2006 жылдың 13 ақпанында сағат 11-ден 40 минут уақытында Алматы облысы Талғар ауданындағы "Көктөбе" ауылы мен "12 бригада" ауылдарының арасындағы ауыл аралық жолдың шетінде оқ тиген жарасымен Алтынбек Сәрсенбайұлының, оның жүргізушісі (Василий Журавлёв) және күзетшісінің (Бауыржа́н Байбосы́н) мәйіті табылды.
Қызметтестері бұл өлімді саяси тұрғыдан өлтірілген өлім деп атады, және бұл өлімге жауапты жоғарғы билік деп айтты.
Осы жылы ақпанның 20-сында Қазақстанның Ұлтық Қауіпсіздік Комитетінің жетекшілері - Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев және оның екі орынбасары - Владимир Божко мен Қозы-Көрпеш Қарбусов, сондай-ақ "Арыстан" арнаулы жасағының командирі Сержан Қойбақов отставкаға өтініш берді.
Отставканың себебі, Қазақстанның ақпараттық агенттіктері Сәрсенбаевтың өліміне ҰҚК-нің сол кездегі қызметкерлері қатысқанын хабарлағаннан кейін туындаған айғай-шуға байланысты болды.
Қозы-Көрпеш Карбусов пен Владимир Божконың өтінішінен басқаларының отставкасы қабылданды. Владимир Божко ҰҚК-нің төрағасының міндетін атқарушы болған еді.
## Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры
Алтынбек Сәрсенбайұлының қазасынан кейін достары, шәкірттері Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қор құруды ұйғарады.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Әлиханға атылған оқ Алтынбекті де айналып өтпеді. Серік Жолдасбай(қолжетпейтін сілтеме)
* Өткендегi жағдайлар және басқалары туралы кейбiр ойлар Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы.
* Алаш барда – Алтынбек тiрi! Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы.
* Асқар биiк аласармайды Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы.
* Билiк пен террор немесе «белгiсiз бiреулер» туралы бiрер сөз Мұрағатталған 29 маусымның 2011 жылы.
* Voxpopuli: Алтынбек Сарсенбаев: политик вне времени Мұрағатталған 17 наурыздың 2013 жылы. |
* Ақмешіт – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл.
* Ақмешіт – Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл.
* Ақмешіт — Қырымда орналасқан қала (укр. Сімферополь; орыс. Симферополь).
* Ақмешіт — қазіргі Қызылорда қаласының бұрынға атауы.
* Ақмешітті басып алу — Ресей империясының Орта Азияны жаулап алу кезінде болған шайқас. |
Әлем Чемпионаттарына Қазақстан құрамасы 1995 жылдан бастап қатыса бастады. 21 рет Әлем Чемпионатында бақ сынап, алты рет (2003, 2005, 2012, 2013,2014 және 2015 жылдары) қола жүлдеге ие болды. Он үш рет төртінші орынды иемденіп (1995, 1997, 2001, 2004, 2006-2011, 2016, 2018, 2019), 1999 және 2017 жылы бесінші орынды қанағат тұтты.
## Қазақстандағы бендидің дамуы
Негізі, допты хоккей біздің елде қарқынды түрде дамымаған. Тек Оралда «Ақжайық» деген командамыз бар. Бұл команда Ресей чемпионатының бірінші лигасында спорттық шеберліктен шыңдап жүр. Ал бір қаланың клубымен жүлделі орындарға сына қағу әсте мүмкін емес. Бірақ бүгінде ҚР құрамасының тізгінін ұстаған азаматтар жүлделі орынға ие болу үшін Ресей ойыншыларына иек артып келеді. Бұл тұрғыда Александр Ионкин мен Александр Осокин Ресей құрамасының сапына ілікпей қалған тәжірибелі ойыншыларды Қазақстан құрамасының сапына тартуда. Сол ойыншылардың арасында әлем чемпионаты кезінде Қазақстан құрамасының жейдесін киіп, ел намысын қорғағандары болмаса, Қазақстанғa үш қайнаса да сорпасы қосылмайтындары жетерлік. Араларында қазақ топырағында тәрбиеленген ойыншылар да баршылық. Тек ондайлар көп емес. Мұның басты себебі - бендидің олимпиадалық ойындар бағдарламасына ене алмай отырғандығынан.
Кеңес Үкіметі тұсында Алматының «Динамосы» дүрілдеп тұрған кездің өзінде, осы тәжірибе қолданылған. Сол кездің өзінде әйгілі «Динамоның» сапында Ресейдегі Орал өңірі мен Еділ жағалауының түлектері көп болған. ҚР спортының тарихындағы даңқты бапкер, ұлағатты ұстаз Эдуард Айрихтің дәнін қазақ жеріне әкеп еккен спорты осылай дүрілдеген.
2006 жылғы әлем чемпионаты алдында Норвегия тарапы «Қазақстан қулыққа салып, Ресей ұлттық құрамасының сапына ілікпей қалған орыс хоккейшілерін жинап алып жүр. 1999 жылға дейін өз хоккейшілерімен ойнады да, одан бері құрама сапын Ресей жігіттерімен жасақтап келеді. Олармен кездескен сайын, ылғи 30-дың ішіндегі жаңа хоккейшілерді кездестіреміз», – деп реніш білдірген. Алайда Халықаралық допты хоккей қауымдастығы «Қазақстан жаңа ойыншыларының бәрін да заң жүзінде орайластырып, өз құрамдарына алуда. Осы тұрғыдағы талаптардың бәрін орындап отырғандықтан, ешқандай кінә таға алмаймыз» деген болатын. Осымен сөз біткен. Содан бері қола медаль норвег бендишілерінің түсіне ғана кіреді...
## Азия ойындары
2010 жылдан бері бенди Қазақстанда ауызға жиі алына бастады. Себебі 2011 жылғы Алматы мен Астанада VІІ қысқы Азия ойындары өтеді. Осыған орай, жоғарыда айтылған әйгілі «Динамо» командасының сұр мергені, гол соғудан КСРО рекордшысы Евгений Агуреев «өз жерімізде өтетін Ақ Азиаданың бағдарламасына дүбірлі дода қожайындары ретінде бендиді қосқанымыз дұрыс. Өйткені бұл спорттың түрінен Азияда бізге қайрат көрсете алатын ешкім жоқ. Яғни жалпыкомандалық есепте бір алтын қоржынымызға оңайшылықпен түседі» деп ұсыныс тастаған-ды. Орынды пікір әзірше қолдау тауып отырған сыңайлы. Содан бері бендиді аз да болса, ескере бастадық. Мәскеуде өтетін әлем чемпионатында Азиядан екі команда қатысады. Қазақстан құрамасы «А» тобында бақ сынаса, Моңғолия төменгі топта сынға түседі. Естуімізше, допты хоккейді 2011 жылғы Қысқы Азия ойындары бағдарламасына енгізсек, құрлықтың шығыс бөлігіндегі кейбір елдер бұл спортты дамытуды қолға алып, команда жасақтамақ.
## Әлем чемпионаты
## Бас бапкерлері
## Қазіргі құрам
Қазақстан ұлтық құрамасы 2019 Әлем Чемпионатында Ванерсборгта, Швеция.
## Сілтемелер |
Байбақты — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Байұлы рулар бірлестігіне кіреді. Қынық, Жауғашты, Күшпен, Бұғанай, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, Батақ аталарына бөлінеді. Батақтан: Сасай, Жанбақты, Құдайназар, Сүгір, Жауғашты, Дауымшар, Жаманке, Бұғанай, Шолпан, Тоқсаба, Қоянқашу, Құлшық, Олжаорыс, ал Қынықтан: Шекеу, Еділбай, Жайылған, Құлсүйіндік, Қырықтық, Шомаш, Бақан, Алыс, ал Жауғаштыдан: Қожакелді, Жүлке, Әліғұл, Жарлқас-Қарақұдас, Қожагелдіден, Әлғұлдан, Жүлкеден тараған ұрпақтар БҚО Жаңақалада тұрады. (Жүлкелер Дүйсековтер, Байғалиевтар, Байтұрғановтар, Бекболатовтар, Сисеновтар) Әлтекеден: Андас, Мамат, Жабағы, Назарымбет, Кеңшарбақ Боран, Сейдахмет, Қалматай аталары, 1801 жылы құрылған Бөкей Ордасына (барлығы 16 025 жан) көшіп келген. Ертеде Еділ мен Жайық өзендері аралығын қоныстанған. Сондай-ақ, Ресейдің кейбір облыстарында да ұшырасады. Байбақты руынан атақты Жауғашты, Күшпен, Дәуімшар, Жомарт, Шолан, Сырым, т.б. билер мен батырлар шыққан. Ұраны — Дәуқара, таңбасы — бақан, шалғы орақ, тағы екеуі бар.Біздің ойымызша, Байбақты руының тарихы өте қызықты. Айтар болсақ, Кіші жүз руларының көпшілігі сияқты, бұл рудың да шығу тарихы осы уақытқа дейін айқын болмай қалып өтыр. Байбақты руының шежіресін қарастыра келгенде, тоқсаба оның төртінші ұрпағы болып келетінін көреміз. Осыған байлаиысты XV ғасырдағы орыс деректемелерінде және Бейбарыс пен Ибн-Халдуңда бар ертедегі қыпшаңтардың тоқсаба руы туралы мағлұмат қызықты, онда тоқсаба руы бірініні болып көрсетіледі. Бұл жайт бізге бүкіл байбақты руы болмаса да, оның әлде бір бөлігі ертедегі қыпшақтардан шыққан деп жорамалдауға мүмкіндік береді, оның үстіне неғұрлым кейінгі кездегі қыпшақтарда тоқсаба руы жоқ. Басқа да көптеген қыпшақ тайпалары сияқты, тоқсабаның кейіннен Кіші жүз құрамына, ал бір бөлігі ішінде Қыпшақ руы бар қарақалпақ халқына енгені анық; соңғыларының ұраны Тоқсаба болып табылады.Ал рудың жаңа атауы (Байбақты) шынында да жиі жорамал болып келгеніндей, кейіннен пайда болуы мүмкін. Ертедегі деректемелерде Байбақты руы туралы айтылмауын, бәлкім, осымен түсіндіруге болар. Байбақты руының таңба белгілері: және (Тынышбаев бойынша). И. Мейер де бір ғана белгісін келтіреді. Таңбалардың осы әр алуан түрін мұқият қараған кезде олардың бәрі бірдей ұқсас екені және біреулерінде кішкене сызықшалардың негізгі сызыққа тік бүрышпен, ал басқаларында қиғашталып келуімен ғана ерекшелеттеді. Байбақты руының ұраны «Дәуқара», бізге Н.И. Гродеков пен М. Тынышбаевтың деректері бойынша ғана мәлім.
## ДНК-анализ
Ү гаплогруппасы C-М48
## Тұлғалар
## Дереккөздер
[[1]] |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.
## Тарихы
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекет. Ал “Тәуелсіздігімізді ең алғаш болып бауырлас Түркия мемлекеті мойындады” деген сөздің ақиқат еместігін білгеніміз жөн. Түркия алғаш болып Қазақстанда өз елшілін ашты, бірақ тәуелсіздігімізді мойындауда он жетінші болды. Бұл деректі еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған, елдің сыртқы саясат тұжырымдамасы авторларының бірі болған Вячеслав Ғиззатов келтірген.ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
## Сыртқы сілтемелер
## Дереккөздер |
Сауран – ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған. Түркістанның солтүстік-батыс жағындағы 30 шақырым жерде орналасқан орта ғасырдағы қалалардың бірі.
Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт-шығыстан оңт-батысқа қарай 800 м. солт.-батыстын оңт-шығысқа қарай 500 м мәдени қабатының биіктігі 2 м. Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Араб тарихшысы Мақдисидің шығармасында «Сауран жеті қабат дуалмен қоршалған үлкен қала, оның ішінде рабат, мешіт бар» деп жазған. Шыңғыс хан шапқыншылығына байланысты оқиғаларда Сауран туралы деректер кездеспейді. 13-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. 14-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің Қазақстанға тарауына ықпал еткен. 16-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран 17-ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында әлсіреп, 19-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың 7 – 18 ғасырларға жататынын дәлелдейді.
## Тарихы
Ортағасырлар кезінде Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.
Шыңғысханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген. Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде өзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған. Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Сол кездегі жаугершілік жағдайға лайықтап тұрғызылған қалың қорғаныс дуалдары осы күнге дейін жақсы сақталған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын-жазушы Уәсифи қызыға жазған. Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген. Уәсифидің айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6-7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.
Шамамен ХІV ғасырда салынған екінші Сауранның орны Түркістан қаласынан Қызылордаға қарай өтетін теміржолдың бойымен 45 шақырым жерде сақталған. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Дереккөздер |
Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында.
Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы. 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы, ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі.
## Тарихы
### Моңғол шапқыншылығына дейін
Қала туралы алғашқы дерек X ғасырдағы парсы шығармасы “Худуд әл-Әламда” кездеседі. Ертедегі Сығанақ қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Сығанаққа көшпелі елдер мал, ет, тері, жүн, т.б. әкеліп, өздеріне қажетті заттарын алған. Сол кездегі тарихшылар Сығанақты “Қыпшақ даласының гаваны” деп атаған. Шыңғыс хан шапқыншылығынан бұрын Сығанақ Хорезмшах Текештің қол астында болған.
### Моңғол шапқыншылығынан кейін
1219 жылы Сығанақты жетікүндік қоршаудан кейін Жошы әскері басып алып, қарсылық көрсеткендерді қырғынға ұшыратты. Осы кезден бастап қала Жошы ұлысының (Алтын Орда) құрамында болды.
XIII ғасырдың 2-ші жартысында қала қайта жандана бастады. Жошы ұрпақтары кезінде Сығанақ Ақ Орданың орталығы болып, онда теңге соғылған (1328 жылы теңге сарайы пайда болды).
Сығанақтың дамуына Алтын Орданың билеушісі Орыс (Ұрыс) хан үлкен үлес қосты. Оның тұсында қалада жаңа медреселер, мешіттер және т.б. қоғамдық ғимараттар салына бастады. XIV ғасырдың ортасынан бастап қала Ақ Орданың астанасына айналды.
1379 жылы қайта біріккен Алтын Орданың ханы Тоқтамыс Әмір Темірдің көмегімен Сығанақты басып алып, өз атынан теңге соқтыра бастады. 1383 жылы қаланың теңге сарайында Әмір Темір өз ақшасын шығарды. 1384-1395 жылдары Сығанақ алтынордалықтар мен Әмір Темірдің арасындағы тартыстың орталығына айналды. XV ғасырдың басында қаланы Әмір Темірдің немересі Ұлықбек бағындырды. Алайда 1423 жылы Барақ ханның әскері Сығанақты басып алып, Темір әулетінің өкілдерін қаладан қуып шығарды.
1446-1468 жылдары қала Әбілхайыр мемлекетінің құрамында болды. Рузбиханның пікірінше, Әбілхайыр хан Сығанақта жерленген. Бүгінгі күнге дейін сақталмаған Көк-Кесене ханның қабірі саналады.
### Қазақ хандығының астанасы ретінде
XV ғасырдың 80-жылдары қаланы қазақ ханы Бұрындық биледі, ал оның маңайы қазақ тайпаларының қысқы қоныстарына айналды. Осы кезден бастап Сығанақ пен оның төңірегі біржола Қазақ хандығына қарады және негізгі саяси, экономикалық орталықтардың бірі саналды. XV – XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болды.
1598 жылы қаланың төңірегінде мекендеген қарақалпақтар туралы алғашқы деректер кездеседі.
### Құлдырауы
Ұлы Жібек жолының дағдарысы мен көршілес өзбек, жоңғар билеушілерінің шабуылдары Сығанақтың өз маңыздылығын жоғалтуына алып келді. Қаланың орталық бөлігі XVII ғасырдан бастап зират ретінде қолданылған. XVII–XVIII ғасырларда бірнеше рет жоңғар шапқыншылығына ұшырады. Осы шапқыншылықтар және басқа да әртүрлі себептерден қала бірте-бірте өзінің өмір сүруін тоқтатты (XIX ғасырға қарай).
XIX ғасырдағы қоқандықтардың көне қаланың айналасындағы қаланған Сунақата бекінісі орыс-қоқан соғысы кезінде қиратылды.
## Архитектурасы
Қаланың қазіргі орны 10 га жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жан-жағында көптеген үйінділер, ертеде су жүргізілген құрылыс іздері сақталған. Шахристан аумағындағы 15 мұнарадан тұратын қабырғаның ауданы 10 га құрайды. Бесбұрышты шахристанның солтүстігіндегі ұзындығы 250 м, батысындағы - 360 м, оңтүстігіндегі - 250 м, оңтүстік-шығысындағы - 450 м, солтүстік-шығысындағы - 350 м. Оның оңтүстік-батысында ауданы 7,2 га құрайтын цитадель орналасқан. Шығыс қабырғаға қарай цитадельге қосымша кіре-беріс орны бар. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда Сығанақ VI – XVIII ғасырларда өмір сүрген.
## Зерттеу жұмыстары
1801 жылғы “Сібірдің сызба кітабында” да Қазақстанның Сырдария алабындағы қалалардың бірі деп көрсетілген.
Қаланы 1867 ж. П.И. Лерх, 1906 – 07 ж. И.А. Кастанье, 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекші А.Н. Бернштам) зерттеген.
2004 жылдан бастап "Мәдени мұра" атты мемлекеттік программаның аясында көне қаланы зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылға қарай XV-XVI ғасырдың қабаты ашылып, қызыл кірпіштен салынған төрткамералы кесене мен XIV-XV ғасыр мешітінің іргетасы табылды.
2009-2011 жылдары жүргізілген қазба жұмыстары кезінде қыш ыдыстардың 57 үлгісі табылды. Табылған үлгілер Қызылорда облысының тарих және өлкетану мұражайына табысталды. Қазба жұмыстарын жалғастыру мақсатымен қосымша 4 млн қаржы бөлінді.
## Дереккөздер |
Орынбор (1938 – 57 ж. Чкалов) (орыс. Оренбу́рг) – Ресей Федерациясындағы қала, облыс орталығы. 1735 ж. бекініс қамал ретінде қаланып, аты Ор өзеннің атына байланысты қойылған. Халқы 529,6 мың адам (1998).
Қалада машина жасау, химия, мұнай химиясы, тамақ жасау, т.б. өнеркәсіп түрлері жақсы дамыған. 4 жоғары оқу орны, өлкетану және бейнелеу өнері мұражайлары бар. Ол Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. Солтүстік-батыс бөлігі Сақмар және Жайық өзендерінің қосылған қиылысына дейін жетеді.
## Тарихы
1735 жылы 15 тамызда Иван Кириллов бастаған экспедициясы Жайықтың сол жақ жағалауына құяр сағасына қала (қазіргі Орск) сала бастады. 1740 жылы Василий Татищев сауда керуендері түнейтін, үлкен әскери күштер орналасуы керек деп жоспарланған қамал орнын қолайсыз деп тауып, “Орынборды” 200 шақырым Жайық ағысымен төменірек жерден салуға рұқсат сұрады. Сөйтіп, қазіргі Қызылту станциясының іргесі қаланды. 1742 жылы жаңадан тағайындалған губернатор И. И. Неплюевке бұл жер ұнамай, 1736 жылы Кириллов іргесін қалаған Берді бекінісі қала орны болуы керек деп Сенатқа ұсыныс жасайды. Сөйтіп, 1743 ж. Орынбор іргесі Берді қамалының орнына түпкілікті қаланады. Жаз айларында арадағы сауда қатынасы Жайық өзеннің сол жағалауында жүргізілді. Осы жерде ірі сауда алаңы ашылып, сауда сарайы салынды. Сауда алаңының Орынборға және қазақ даласына қараған екі үлкен қақпасы болды. Орынбор 1868 жылдан Ресейдің Қазақстан және Орталық Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1920 жылы 4 қазанда Орынборда Қазақ өлкесі Кеңестерінің құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-і құрылды. Орынбор 1920 – 1925 жылдары Қазақ АКСР-інің астанасы болды. Қазіргі уақытта Орынбор облысында 120 мыңдай қазақтар тұрады. Олар негізінен Домбар, Ясный және Адамов аудандарына шоғырланған. Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты облыс қазақтары “Достық”, “Үркер”, “Қазақ тілі” және тағы басқа мәдени орталықтарға бірігіп, өздерінің “Айқап” атты газетін шығарады.
### Губерния құрылуы
Орынбор генерал-губернаторлығы, Қазақстанның батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс иеліктерін отарлау мақсатында 1850 жылы құрылып, 1881 жылға дейін сақталды. 1868 жылы Орынбор генерал-губернаторлығы құрамында орталығы Орынбор қаласы болған Торғай облысы құрылды. 1876 – 81 жылдары Қазақстанның солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде Дала және Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрылуына байланысты Орынбор генерал-губернаторлығыны жойылып, Орынбор губерниясы қалпына келтірілді. Дегенмен Торғай облысы Орынбор губерниясы құрамында қалдырылды.
Орынбор губерниясы – әкімшілік аумақтық бөлік. 1744 ж. құрылған. Алғашқы генерал-губернаторы И. И. Неплюев болды. Бастапқыда губерниясы Кама өзеңі, Каспий теңізі, Батыс Сібір мен қазақ даласы арасындағы жерлерді қамтыды. Кейіннен жаңа губерниялар мен облыстардың құрылуына байланысты солтүстікте Пермь, батыста Уфа және Самара, оңтүстікте Орал және Торғай, шығыста Тобыл губернияларымен шектесті. 1897 жылы жер аумағы 15 млн. десятина, халқы 1 млн. 608 – 388 адам болды. Орынбор губерниясында алтын, мыс және темір рудасы, тұз, сланец, тас көмір өндірілді. 1894 ж. Орынбор губерниясында Белорецк, Тираянск, Кагин, Жоғарғы Авзяно-Петровский, Төменгі Авзяно-Петровский, Зигазин және Инзер з-ттары болды. Егіншілік пен сауда өрістеді. Губернияда 576 оқу орны болды. Орынбор г-на халқы негізінен қазақтардан тұратын Торғай облысы тікелей бағынды.
### Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарын басқару жөніндегі уақытша ереже
– 1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ қол қойған құжат. Осы құжат бойынша Орынбор және Бат.-Сібір ген.-губернаторлықтарында саяси-әкімш. реформа жүргізіліп, ген.-губернаторлықтар облыстарға, облыстар уездерге, уездер болыстықтарға, болыстықтар ауылдарға бөлінді.
* Орынбор генерал-губернаторлығына Орал және Торғай облыстары
Орал облысы – Орал, Гурьев, Калмыков, Желі; Торғай облысы – Елек, Николаевск, Ырғыз, Торғай;
* Бат. Сібір ген.-губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары кірді.
Ақмола облысы – Ақмола, Көкшетау, Омбы, Петропавл;
Семей облысы – Семей, Жаңасарысу, Баянауыл, Көкпекті, Зайсан, Баянауыл, Өскемен уездеріне бөлінді. Ген.-губернаторлықтардағы әкімш. және әскери билік ген.-губернатордың қолына шоғырландырылды. Облыс әкімш-н әскери және әкімш. билік берілген әскери губернатор басқарды. Ол облыс аумағында орналасқан казак әскерінің атаманы болып саналды. “Ережеде” далалық облыстардың әскери губернаторлары дивизия командиріне теңестіріледі деп көрсетілді. Уезд бастықтарын облыс әскери губернаторының ұсынуы бойынша ген.-губернатор тағайындады. Уезд бастықтарының қолына әкімш. және полицейлік билік шоғырландырылды. Орал облысының уезд бастықтарына, Семей облысы Көкпекті у-нің бастығына жергілікті әскери бөлімдер бағындырылды. Болыстықтар 1000 шаңырақтан 2000 шаңыраққа дейінгі бірнеше ауылды қамтыды. Әкімш. ауылдар 100 – 200 шаңырақтан құралды. Болыстық және ауыл әкімш-н құру тәртібі Қазақстан аймағын отарлау мақсатына қызмет етті. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындары әрбір үш жылда қайта сайланды. Сайлау кезінде рулық талас-тартыстар мен әртүрлі жолсыздықтарға орын берілді. Болыстық басқарушылар мен олардың кандидаттары облысы әскери губернатор бекіткеннен кейін ғана қызметке кірісті. Ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын уезд бастығы бекітті. Болыс басқарушысы өз болыстығындағы билігін жүзеге асыру барысында “тыныштық пен тәртіптің” сақталуын, алымдардың жиналуын, т.б. қадағалап отыруға міндетті болды. Болыс басқарушысына тәртіп бұзушыларды үш күн мерзімге қамауға алу және ақшалай айып төлету құқығы берілді. Өзінің әкімш. шегінде старшындардың да болыс басқарушыларындағыдай құқықтары болды. Жергілікті халық өкілдері болыстық және ауылдық деңгейдегі басқару орындарына ғана тартылды. Одан жоғары деңгейдегі басқару орындары отаршылдардың әскери адамдарынан құрылды. Ресей империясының қазақ даласына тұтастай саяси өктемдігін орнатуын 1891 жылы қабылданған “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” заңдастырды.
### Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже
– 1844 ж. 14 маусымда Ресей империясы қабылдаған заңдық құжат. 1824 жылғы жарғыға қарағанда бұл құжат патша өкіметінің қазақ даласындағы билігін күшейту жолдарын заңдастыра түсті. Ережеде жергілікті әкімшіліктердің өкілеттіктері шектеліп, қызметтері өлкелік өкімет тарапынан қатаң бақылауға алынды. Жарғыда қазақ арасындағы егіншілік, тұз өндіру өнеркәсібі және сауданы дамыту қажет деп көрсетілген болса, ереже тек қана мал шаруашылығы мен айналысуды мақұлдады. Бекітілген салық жүйесі бойынша әрбір түтінге 1 сом 50 тиын мөлшерінде салық белгіленді. Оған қоса линиялық казактарға жалданып жұмыс істеу үшін қазақтардың орыс әкімш-не билет бағасы ретінде күміс 15 тиын, билет алу мерзімін өткізіп алған жағдайда күміс 30 тиын төлейтін болды. Осындай қанаушы салық жүйесі арқылы Ресей империясы қазақ жерлерін күшпен тартып ала бастады. Кей мәліметтерге қарағанда, Ресей империясының қазынасына түтін басына белгіленген салықтан 4 млн-нан астам пайда түскен. О. қ. б. т. е. қазақ қоғамында қалыптасқан билер сотының құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударды. Патша өкіметі бұл ин-ттың құзыры мен қызметін барынша шектеуге тырысты. Бұдан былай билер соты 50 сом күміс ақша мөлшеріне дейінгі азаматтық істерді ғана қарайтын болды. Ал кісі өлтіру, тонау, барымта, Ресей өкіметіне күш көрсету, руластарын өкіметке қарсы үгіттеу сияқты қылмыстарды қарау жергілікті әскери соттардың құзырына берілді. Ереже қазақ қоғамын Ресей империясының басқару жүйесін енгізуге және “бөліп ал да билей бер” қағидасына сүйенген отарлық саясатты іс жүзіне асыруға құқықтық негіз болды.
### Орынбор қырғыздары туралы жарғы
– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қаласына шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
## Орынбор–Ташкент темір жолы
‘’Орынбор–Ташкент темір жолы’’, 1901 – 05 ж. салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Патша үкіметінің Орынбор - Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Орталық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімш. жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңт. бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолт. бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір у-нің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40 – 50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 ж. 1 қаңтарда бүкіл О. – Т. т. ж. бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солт. бөлігі толық аяқталып, 1905 ж. 25 шілдеде, оңт. бөлігі 1906 ж. 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 ж. 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының учаскесі, ал 1906 ж. 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент ст. О. – Т. т. ж-на қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса – Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Қызылорда, Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орт. Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. О. – Т. т. ж. – қазіргі кезде Қазақстанның оңт. және батыс аудандарын Орт. Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығ. Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі т. ж. желісі.
## Орынбор шебі
Орынбор шебі – 18 ғ-дың 30–40-жылдары Қазақстанның батыс бөлігінде Ресей империясы құрған инженерлік-құрылыс жүйесі. Төм. Жайық, Самара, Қызыл, т.б. бөліктерден құралды. Кейіннен Закамск шебімен алмастырылды. О. ш. Ресейге жаңадан қосылған, бірақ әлі де толық бағына қоймаған қазақтардың башқұрттармен бірігіп жергілікті патша әкімш. мекемелеріне күтпеген шабуыл жасауынан қорғану, әрі осы аймаққа орыс шаруаларын әкеліп орналастыру мақсатында құрылды. Көп кешікпей 18 ғ-дың 2-жартысында Кіші жүздегі жағдайдың шиеленісіп, О. ш-не қазақтардың шабуылының үдеуі Ресей әкімш-н қатты алаңдатты. 1784 ж. жаңа тағайындалған Орынбор ген.-губернаторы О.А. Игельстром О.ш-нде жағдай өте қауіпті деп санады. Ол хандық билікті жоюды мақсат етіп, қазақтардың ойын білу үшін рубасы, старшындармен жиналыс өткізді. 1785 ж. күзде өткен осы жиналыс Кіші жүзде хандық биліктің жойылуын қолдап шықты. Бірақ Франциядағы революцияның Ресейге тарау мүмкіндігінен қатты сескенген патша өкіметі көп ұзамай хандық жүйені қалпына келтірді.1798 ж. 10 сәуірде Орынбор ген.-губернаторына мынадай нақты тапсырма берілді:
* 1) О. ш-не жақын маңда тұратын 20 мен 50 жас аралығындағы казак, башқұрт, қалмақтарды кантондарға бөліп, олардың шепте әскери қызмет өтеуіне қатаң бақылау жасау;
* 2) О. ш-нің өзін әскери қызмет мақсатында 5 қашықтыққа бөлу.
Сол жылдың күзінде О. ш. 5 қашықтыққа бөлінді:
* 1) Усть-Уйск бекінісінен Верхнеуральскіге дейінгі бекіністер мен редуттар (Звериноголовск бекінісі мен Алабужск редутын қоса есептегенде);
* 2) Верхнеуральскіден Орск қалашығына дейін;
* 3) Орскіден Орынборға дейін;
* 4) Орынбордан Оралға дейін;
* 5) Оралдан Гурьев қалашығына дейін.
## Орынбор шекара комиссиясы
‘’Орынбор шекара комиссиясы’’ – үкіметтік мекеме. 1739 ж. 19 наурызда Орынбор шекаралық сотының орнына құрылды. О. ш. к. құрамында сот, азаматтық іс жүргізу және қаржы-есеп бөлімдері болды. Бұдан басқа Кіші жүз қазақтарын бақылаушы бөлім ашылды. Комиссияда негізінен қазақтар арасындағы барымта, жер дауы, орыс-казак бекіністері коменданттарының арыз-шағымы қаралды. Сонымен қатар комиссия қазақ жері арқылы өтетін сауда керуендерімен бірге Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтарына арнаулы барлаушылар мен тыңшылар жіберіп, Орт. Азияда болып жатқан жағдайлар туралы құпия мәліметтер алып отырды.
‘’’Орынбор шекара комиссиясы жанындағы қазақ мектебі – қазақ балаларына арналған Ресей оқу жүйесі негізіндегі тұңғыш мектеп-интернат (1850). Мұнда оқу мерзімі 7 жыл болды.
* Алғашқы жылы 20 шәкірт оқып, оларға 3 мұғалім сабақ берсе, 1859 ж. олар 40 оқушы, 9 мұғалімге жетті.
* 1869 ж. мектептің оқу мерзімі 6 жыл болып қысқартылды. Мектептің бас тәрбиешісі Салықжан Кукляшев атты татар жігіті, ал жатақхана тәрбиешілері унтер офицерлер болды.
* 1857 ж. мектептің тұңғыш түлектері білім куәлігін иеленді. Соның ішінде Ы. Алтынсарин де бар.
О. ш. к. ж. қ. м-нің білім дәрежесі орыстың приход және уездік уч-щелерімен теңдес болып, онда уездік уч-щелердің оқулықтары қолданылды. Мектепте орыс және қазақ тілдерін оқытатын мұғалімдерге осы екі тілді бірдей білу талабы қойылды. Мектептің оқу жоспарында орыс тілі, қазақ және татар тілі, арифметика, тарих, география, таза жазу және сызу, дене шынықтыру, орыс және қазақ тілдерінде іс жүргізу және тергеу, ислам діні пәндері қамтылды. Бұл оқу орны өмір сүрген 19 жыл ішінде 48 қазақ баласы білім алып шықты. Олардың біршамасы шекара комиссиясына жұмысқа қалдырылса, біразы өз елдерінде әкімш.-басқару жұмыстарына араласты, одан өзгелері қазақ ішіндегі орыс мектептерінде мұғалім болды. ‘’’1869 ж. мектеп жұмысы тоқтатылды.’’’
## Орынбор мүфтилігі
Орынбор мүфтилігі – Ресей империясындағы мұсылмандық діни басқарма.
* 1788 ж. 22 қыркүйекте Екатерина II-нің жарлығына сәйкес Уфа қаласында ашылды.
Патша өкіметінің мүфтилік құру арқылы империя мұсылмандарына көршілес Түркия, Иран, Ауғанстан сияқты елдер мен Орта Азия хандықтарының ықпал етуін тежеуді және олардың Ресей отаршылдық саясатына қарсылығын бәсеңдетуді мақсат етті. Басқарушы сенаттың ұйғарымымен О. м-нің бас мүфтилігіне қазандық татар Мұхамеджан Хұсайынов тағайындалды. Уфа қаласында құрылған діни басқарма 1797 жылдан О. м. деп аталды. Атының өзгеру себебі жаңадан ашылған губернияға байланысты еді. Бұл губернияның орт. Орынбор қ. болғандықтан, 1798 ж. діни басқарма кеңсесі де сонда көшіріліп, 1802 жылдың соңына дейін осында болды, кейін Уфа қаласына қайта ауыстырылды. Дегенмен 1918 жылға дейін оның О. м. деген аты сақталып қалды. Патша үкіметінің қазақтардың діни істерін О. м-не қарату шаралары 1789 ж. жүзеге асты. Сол жылы бас мүфти Хұсайынов Орал қаласына келіп, қазақ ақсүйектерімен келіссөздер жүргізіп, осы өңірдің діни істерін О. м-не қаратуға қол жеткізді. Бұл қазақтардың діни істерін О. м-не қаратудың алғашқы қадамы еді. Мұнан кейін Ресей өкіметінің үстемдігі орнаған қазақ даласының өзге де аймақтарына О. м-нің ықпалы біртіндеп тарай бастады. Жаңадан қосылған аймақтардағы қазылар мен молдаларды бекіту мүфтидің құзырында болды. Мәселен, 1797 ж. Орал өңіріндегі Кіші жүз қазақтарына қазы болып қазандық татар Мұхамеджан Қазиев, 1802 ж. Бөкей Ордасына Жүсіп Махмутов бекітілді. Патша үкіметінің билік органдарына бағынуды насихаттауда мүфти Хұсайынов ерекше белсенділік танытты. Ол 1797 ж. Айшуақ сұлтан басқарған хан кеңесінің құрамына енді. О. м. қазақ балаларын Уфада, Қазанда, Троицкіде, Орынборда және Омбыда ашылған медреселерге оқыту ісінде елеулі рөл атқарды. 19 ғ-дың 2-ширегінде мүфтиліктің араласуымен Ішкі Ордада медресе ашылды. О. м-нің қарамағында 18 ғ-дың соңына қарай 114 мешіт, медресе болды. Мұсылмандық әдебиеттерді шығару жөнінде билік орындарының рұқсатын ала отырып, 1797 ж. 3600 дана, 1806 ж. 1500 дана, 1853 ж. 82 мың дана Құран кітабын баспадан шығарды. 1807 ж. О. м. билік органдарының қатаң бақылауы мен қысымынан құтылу үшін өздерін губ. әкімш-ке тәуелді емес жеке құрылым етуді сұрап император Александр І-ге өтініш хат жолдады. Алайда өтініштері аяқсыз қалды, себебі патша үкіметі ендігі жерде мүфтиліктің ықпал ету ауқымын тарылта түсуге тырысты. ‘’’1867 – 68’’’ ж. өткен саяси әкімш. реформаларға сәйкес қазақтар мен Түркістан өлкесіндегі өзге де мұсылман халықтарының діни істері ешқандай діни басқарма қарамағына қаратылмай, жергілікті орт. билік органдарының қолына берілді. Осылайша қазақтардың діни істері О. м. құрамынан шығып қалды. О. м-нен өздерінің діни істерін шығарып тастауы өлкедегі дінбасыларды алаңдатып, олар қазақтарды О. м-не қайтадан қарату жөнінде үгіт-насихат жұмысын жүргізді. 1872 ж. Ішкі Ордада бұрын имамның көмекшісі қызметін атқарған Әбсаттар Жәбіров, 1903 ж. Қызылжарда молда Мұхамеджан Бекішевтің тарапынан осы мәселе көтерілді. Бекішев қазақтардың діни істерін жергілікті әкімш. қолынан алып, мұсылмандық діни басқармаға қарату керектігін айтып, С.Шормановқа, Абайға, Жәңгір Құдаймендинге және Ғабдулла Исабековке хаттар жолдады. 1905 ж. жолдаған Қарқаралы хұзырхатында қазақтардың діни істерін О. м-не қарату туралы талап қойылды. Қазақтардың діни істерін О. м-не қарату мәселесі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан саяси ахуал жағдайында да өз жалғасын тапты. 1917 ж. мамырда Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстары мен Ішкі Орда қазақтарының діни істері О. м-не қаратылсын деген шешім қабылданды. Мұндай шешім Екінші жалпықазақ съезінде құпталды. 1918 ж. өлкеде Кеңес үкіметінің орнауымен О. м-нің қызметі тоқтатылды. ‘’’Орынбор кадет корпусы’’’, қ. Неплюев әскери училищесі.
## Орынбор ғылыми архив комиссиясы
– ғылыми-құжаттық мекеме. 1887 ж. желтоқсан айында 25 адамнан тұратын О. ғ. а. к. құрылды. Комиссияның басты мақсаты – архив істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археол. және этногр. материалдар жинау болды. Алғашқы жылы қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар жинақталды. Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, Санкт-Петербург археология ин-тының директоры Н.В. Пок-ровский, акад. В.В. Радлов құрметті мүшелер ретінде қатысты. А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Ф.Кәрімов, М.З.Рамеев, М.Ф.Сүлейменов, т.б. қазақ, татар және башқұрт зиялылары комиссия жұмысына белсене араласты. О. ғ. а. к-нда 18 – 19 ғ-ларда Қазақстанды Ресейдің отарлау тарихы жөнінде көптеген деректер жиналды. И.А. Кастаньенің “Қазақ даласы мен Орынбор өлкесінің көне ескерткіштері” деген еңбегінде Қазақстан тарихы жөнінде алуан түрлі деректемелік материалға жүйеленген шолу берілді. Комиссияның “Труды” атты өз баспасөз органы қызмет істеді. 1894 – 1917 жылдарда бұл басылымның 34 саны жарық көрді. О. ғ. а. к. Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
## Дереккөздер |
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — Астанада орналасқан Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2023 жылғы Topuniversities рейтингі бойынша әлемнің үздік 277-университеті болып саналады.
## Университет туралы
Университет құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады.
Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар.
2011 жылдың шілдесінен бастап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі Ерлан Бәтташұлы Сыдықов.
## Тарихы
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университетке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
ЕҰУ құрамына Дипломатиялық академия және әр саладан білім берумен шұғылданатын 5 институт (жаратылыстану технология, гуманитарлық, құқық, экономика, білім беру), сондай-ақ «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-зертхана орталығы, Жоғары мектеп проблемаларының ғылыми-зертхана орталығы, Дүниежүзүлік экономика және конъюнктура ғылыми-зертхана институты, Геотехнологиялық ғылыми-зертхана институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика институтының бөлімшесі, Ақпараттық-есептеу орталығы, т.б. енеді. Ресей, Беларусь, Испания, Германия, т.б. елдер оқу орындары ғылыми орталықтарымен тығыз байланыс орнатылған. Күндізгі бөлімде 85 мамандық, ал сырттай бөлімде 25 мамандық бойынша студенттер білім алады (2001). Университетте 669 білікті маман дәріс береді. Оның ішінде 70 ғылыми доктор, професор, 214 ғылыми кандидат, доцент бар. Кандидат және докторлық диссертация қорғайтын 9 ғылыми кеңес және 20 мамандық бойынша аспирантура жұмыс істейді. Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1 250 000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орталықтары бар. ЕҰУ базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған.
### Даму хронологиясы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы бастамасымен екі ЖОО – Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық институтының бірігуінің негізінде құрылды.
2001 жылдың 5 шілдесіндегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2002 жылдың қазанында Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.).
2009 жылдың 10 наурызында ЕҰУ-де Университеттердің еуразиялық қауымдастығының XI съезі өтті.
2012 жылы Еуразия ұлттық университеті XX ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтарының тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойы бүкіләлемдік дәрежеде атап өтілді.
## Рейтингтер
* Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігі (БСҚТҚА) 2011-2012 жылдары Қазақстанның жоғары оқу орындарының қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Қазақстан ЖОО арасындағы басты рейтингі бойынша алғашқы орынға табан тіреген болатын.
* 2012 жылдың қорытындысына сәйкес, ЕҰУ QS World University Rankings рейтингісінде 369-шы орынды иеленіп, Қазақстанда алғашқы болып үздік 400 ЖОО тізіміне ілікті.
* Кибернетика лабораториясы (Cybermetics Lab) Испания Ұлттық Зерттеу кеңесiнiң ақпарат және құжаттама орталығының зерттеушi тобы жылына екі рет қаңтар және шілде айларында Webometrics университеттер сайтының рейтингісін жариялайды. Әлемнің 20 мыңнан астам ЖОО арасында өтетін рейтингте бұған дейін, дәлірек айтсақ, 2011 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша білім ордасының ресми сайты 4082-ші орынға ие болған еді. Жарты жыл өткеннен соң 4644-ші орынды иеленді. 2012 жылы Webometrics рейтингісінің нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың сайты Webometrics рейтингісі бойынша қазақстандық ЖОО арасында көш бастап, әлемдік ЖОО бойынша 2 318 оқу орны қатарынан көрінді.
## Факультеттер
* Жаратылыстану ғылымдары факультетіЭкономика факультетіФилология факультетіЗаң факультетіБілім жоғары мектебіМеханика-математика факультетіЖурналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетіКөлік-энергетика факультетіCәулет-құрылыс факультетіХалықаралық қатынастар факультетіФизика-техника ғылымдары институтыТарих факультетіӘскери кафедра
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Экономика факультеті
* Филология факультеті
* Заң факультеті
* Білім жоғары мектебі
* Механика-математика факультеті
* Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Көлік-энергетика факультеті
* Cәулет-құрылыс факультеті
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Физика-техника ғылымдары институты
* Тарих факультеті
* Әскери кафедра
## Ғылыми-зерттеу бөлімшелері
Инженерлік-техникалық
* Геотехникалық институт
* Сараптау ғылыми-зерттеу институты
* Құрылыс және көлік үрдістерінің технологиясы, механикаландыру және автоматтандыру институты
Жаратылыстану-техникалық
* Еуразиялық математика институты
* Теориялық математика және ғылыми есептеулер институты
* Іргелі зерттеулер институты
* Теориялық физиканың еуразиялық халықаралық орталығы
* Биоорганикалық химия ғылыми-зерттеу институты
* Клеткалық биология және биотехнология институты
* Қолданбалы химия институты
* Инженерлiк бағыттағы зертхана
* Ақпараттық қауіпсіздік және криптология институты
* Жасанды интеллект институты
Қоғамдық-гуманитарлық
1. «Евразия» гуманитарлық ғылыми зерттеулер орталығы2. «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы3. «Алаш» мәдениет және рухани даму институты4. К.А. Ақышев атындағы археология ғылыми-зерттеу институты5. Конфуция институты6. Түркітану және алтайтану ғылыми-зерттеу орталығы7. Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы ғылыми-зерттеу орталығы
Әлеуметтік-экономикалық
1. Мемлекеттік-құқықтық зерттеулер, заң жобаларын дайындау және сараптау институты2. Журналистика мәселелерін зерттеу институты4. Заманауи зерттеулер институты5. Әлеуметтiк және мәдени антропология институты 6. Этносаралық қатынастар және қазақстан халқы ассамблеясы толеранттылығы орталығы
## Күміс университет
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қоғамның дамуына үлес қосып, өзінің әлеуметтік бағыттағы үшінші миссиясын белсенді жүзеге асырып келеді. Life Long Learning аясында 55 жастан асқан қазақстандықтарға 35 курс тегін ұйымдастырылды. 2000-нан астам аға буын өкілі ЕҰУ Күміс университетінде білім алуға ниет білдірді, оның 300-ден астамы тиісті сертификаттарын қолға алды.
## Мұражайлар
### Жазу тарихы музейі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі Жазу тарихы мұражайы(қолжетпейтін сілтеме) ғылым, оқу ісіне жәрдем беретін және мәдени-ағартушылық бөлімше болып табылады. 2003 жылдың 18 қыркүйегінде аталған мұражай салтанатты түрде ашылды. Оған көптеген белгілі саясаткерлер, ғалымдар, оқытушылар қатысты. Олардың ішінде: Ө.Байгелди, Қ.Сұлтанов, М.Жолдасбеков, Ф.Оңғарсынова, И.Тасмағанбетов, З.Қадырова және тағы басқа қоғам және мемлекет қайраткерлері болды. Ұлттық университеттегі түркі жазуы тарихы мұражайының негізгі мақсаты - жазу тарихын зерделеу. Одан басқа мұражай оқу-әдістемелік бағытты да ұстанады. Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған жазу үлгілері - әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары. Адамзаттың даму тарихында көшпелілер өркениетін қалыптастырып, «Мәңгі ел» идеясын ұсынған, қазір өзара тамырлас 26 тілде сөйлейтін түбі бір түркі жұрты да өзінің әлімсақтан бергі тарихында 16 жазу үлгісін қолданды. Біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы V-IV ғасырда алғаш рет түркі сөзі әріппен жазылып, тілдік жүйеміздің негізін қалады. Мұражайдағы жәдігерлер жинақталып, сақталады және зерттеледі, сондай-ақ ғылыми, жалпы білім беру, тәрбие және насихаттау мақсаттарында пайдаланылады. Мұражай ЕҰУ оқытушылары мен студенттеріне осындағы жәдігерлерді оқу-әдістемелік ісінде пайдалануға жәрдемдеседі. Сонымен бірге студенттердің жорықтары мен экспедициясын ұйымдастыру, түрлі ұйымдармен хат жазысу және ЕҰУ институттары оқытушыларымен тікелей байланыс орнату шаралары арқылы мұражай қоры толықтырылып келеді. Басқа мұражайлармен (Президенттік мәдениет орталығы, С.Сейфуллин атындағы мұражай және т.б.) байланыс орнатылды. Моңғолиядан, Сианьнан, Алтай өлкелерінен де мұралар әкелініп, оған бөлек зал ашылды.
### Л.Н. Гумилевтің мұражай-кабинеті
Университетке атақты ойшыл, шынайы еуразияшыл және түрколог Лев Николаевич Гумилев есімі берілгені – зор мәртебе. Лев Николаевич Гумилевтің мұражай-кабинеті Мұрағатталған 31 наурыздың 2018 жылы. 2002 жылдың қазанында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ректор М.Ж. Жолдасбековтың бастамасымен ашылған (2000-2004 жж.). Мұражай-кабинеттің ашылуына зор көмегін тигізген және қолдау көрсеткен ұлы ғалымның асыл жары Наталья Викторовна Гумилева (Симановская). Мұражай экспозициясын құруға ғалым шығармашылығының зерттеушілері - Е. Ділмұхамедов, М. Новгородов, М. Козырев, В. Биличенко, Е. Масловтың сынды белді азаматтар атсалысты. Мұражай нақты, жазбаша, бейнелеу көздерін жинап, сақтап, көрмеге қояды, сондай-ақ, кино -, фото -, тарих және география ғылымдарының докторы, еуразия ғылыми бағытының атақты өкілі Лев Николаевич Гумилевтің өмірбаяны мен көрнекті тарихшы-этнологтың ғылыми қызметінен сыр шертетін Дереккөздерн. Мұражайдың негiзгі міндеті - Л.Н.Гумилевтiң өмірі мен қызметіне қатысты мұражай экспонаттарын зерттеуде (фотосурет, жеке заттары, құжаттар, хаттар) және мұражайдың ғылыми қорын құрастыруды негiзге ала отырып жинақтау, сақтау жұмыстарын жүргізу; мұражай қорларының алғашқы және екiншi есепке алу жүйесiн ретту; материалды жинақтау мен зерттеу негізінде экспозициялар және уақытша көрмелер құру; экскурсиялар, дәрiстер, семинарлар, мұражай сабақтары, ғылым және мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерi,түлектер кештерiн ұйымдастыру, университет қонақтарына таныстыру саяхатын өткізу, студенттермен,аспиранттармен, оқытушылармен, қызметкерлерiмен ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу және тағы басқа жиындарды өткізу.
## Халықаралық байланыс
Бүгінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің бастаушы білім беру қорларымен, ғылыми-зерттеулер, студенттермен, оқытушылармен алмасу саласында және академиялық байланысты дамыту бойынша шетел ЖОО-мен 120-ға жуық келісім-шарт жасасқан. Сондай-ақ, ЕҰУ халықаралық университеттер - ШЫҰ елдерінің университеттері, ТМД Желілік университеттерінің толық мүшесі болып табылады. 2005 жылы ЕҰУ университеттердің ұлы Хартиясына қол қойды.
## Ректорлар
Университет ректорлары болды: Целиноград инженерлік-құрылыс институты (ЦИҚИ) Т. Г. Духов (1964—1965) Х. А. Асанбеков (1965—1977) Х. К. Карешов (1977—1988) А. Г. Чекаев (1988—1996) Целинаград педагогикалық инстиуты К. Ж. Жаманбаев (1962—1974) Б. С. Сұңқарбеков (1974—1984) М. С. Беспаев (1984—1987) Н. В. Алексеенко (1987—1992) А. К. Құсаинов (1992—1996) Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті А. К. Құсаинов (1996—2000) М. Ж. Жолдасбеков (2000—2004) С. А. Әбдіманапов (2004—2008) Б. Ж. Әбдірайым (2008—2011) Е. Б. Сыдықов (2011 ж.)
## Атақты түлектер
Сембинов, Альмукан ОспановичАсқар Мамин Есен Жумагулов Манас Ешимбетов Жанар ДұғаловаМейрамбек Әбіләшімұлы БесбаевҚайрат НұртасАсхат Раздықұлы ОраловЗүлфия СүлейменоваАйдын Жұмаділұлы РақымбаевБақыт Ахметқызы СыздықоваЖеңіс Махмұдұлы ҚасымбекСапар Қайратұлы АхметовЕрмаганбет Кабдулович Булекпаев
## Университеттің атақты ғалымдары
* Айтмұхамед Ғалиұлы
* Мұхтарбай Өтелбаев(қолжетпейтін сілтеме)
* Уалбай Өмірбаев Мұрағатталған 2 қарашаның 2013 жылы.
* Намазалы Омашев(қолжетпейтін сілтеме)
* Ғәділбек Шалахметов(қолжетпейтін сілтеме)
* Жабайхан АбдильдинМұрағатталған 11 қазанның 2012 жылы.
* Рахметқажы Берсімбай Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2012 жылы.
* Сейіт Қасқабасов(қолжетпейтін сілтеме)
* Қаржаубай Сартқожаұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Мырзатай Серғалиев
* Нұрлан Темірғалиев(қолжетпейтін сілтеме)
* Салғараұлы Қойшығара(қолжетпейтін сілтеме)
* Дихан Қамзабекұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Сайлау Батырша-ұлы Мұрағатталған 13 сәуірдің 2018 жылы.
* Дүкен Мәсімханұлы(қолжетпейтін сілтеме)
* Серік Негимов
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми торбеті Мұрағатталған 7 сәуірдің 2013 жылы.
Факультеттер
* Журналистика және саясаттану факультеті Мұрағатталған 25 мамырдың 2019 жылы.
* Ақпараттық технологиялар факультеті Мұрағатталған 17 мамырдың 2013 жылы.
* Механика-математика факультеті Мұрағатталған 12 мамырдың 2012 жылы.
* Халықаралық қатынастар факультеті
* Cәулет-құрылыс факультеті
* Жаратылыстану ғылымдары факультеті
* Физика-техникалық факультеті
* Әлеуметтік ғылымдар факультеті
* Экономика факультеті
* Көлік-энергетика факультеті
* Филология факультеті
* Заң факультеті |
Қандас (репатриант) — жаппай саяси қуғын-сүргін актілері, заңсыз реквизициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат өзге де әрекеттер салдарынан тарихи отанынан тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айырылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары.
1997 жылдың 13 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” заңының 1-бабына сәйкес қандастар дегеніміз – Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар:
2006 жылдың 1 қазанында Шығыс Қазақстан облыс аумағында 4 191 қандастар отбасы (17 491 адам) тұрады, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығын алғандарының саны – 8 267 (47,8%).
1997 жылдын 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтын көші-қоны туралы” занының 29-4 бабына сәйкес көшіп келу квотасына енгізілген қандастарға бір жолғы жәрдемақылар, көлік шығындары және үй сатып алу үшін қаражат төленеді.
## Қандастар мәртебесі
1997 жылдың 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының “Халықтың көші-қоны туралы” Заңының 14 бабына сәйкес қандас мәртебесі басқа елдерден көшіп келушілерге беріледі.
Қандастар - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шетінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
Адамдардың қандастар деп тану туралы өтінішін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі тікелей өзі немесе уәкілетті өкілі арқылы Қазақстан Республикасының шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне, консулдық мекемелеріне немесе уәкілетті органға береді.
Қандас мәртебесін беру және отбасын қандастардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселелер бойынша шешімді ол тіркелген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органның аумақтық қызметтері қабылдайды.
Қандастар деп танылған адамдарға белгіленген үлгідегі куәлік беріледі. Қандастың куәлігі қатаң есепте болатын құжат болып табылады және осы Заңда көзделген жеңілдіктер мен өтінімдерді алу үшін негіз болады.
Қазіргі уақытта көші-қон процестерін басқару жөніндегі уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон Комитеті.
Уәкілетті органның аумақтық қызметтері - бұл облыстағы және Астана, Алматы қалаларындағы Көші-қон Комитетінің басқармалары.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Ауыт Мұқибек. «Егемен» елінен кешірім сұрасын! |
Қазақ кеңес энциклопедиясы (немесе Қазақ совет энциклопедиясы) — алғашқы әрі ең ірі қазақ тіліндегі әмбебап энциклопедия.
Қазақ КСР ғылым академиясы құрастырған энциклопедия 1972—1978 жылдары 12 томы басылып шығады. Анықтамалық томы да бар (қазақшасы – 1980, орысшасы – 1981). 1985 жылғы қысқа төрттомдық қазақ және орыс тілдеріндегі «Қазақ КСР» энциклопедиясына негіз болады (1989 жылға дейін шықты).
Бас редакторы — академик М.Қ. Қаратаев.
Қосымша 13-том әліпбилік пәндік-есім корсеткішіне арналған (1982). Тұңғыш әмбебап энциклопедияда қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи жолын, Қазақ КСР-ның құрылу және тарихи қалыптасу кезеңдерін, экономика, ғылым, мәдениет пен әдебиет саласындағы табыстарын, туыскан халықтардың, соц. елдердің достығы мен ынтымағын көрсететін материалдар мен құнды деректер жинақталған.
Қазақ жерінің жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі, табиғи байлықтары кең қамтылған. Республиканың өндіріс орындары, кеніштер, қалалар мен ауылдар, оқу ордалары мен мәдени мекемелер, ұжымдык, кеңестік шаруашылықтар тарихы мен соңғы жетістіктері туралы мол мағлұматтар бар. Халықтың ардақты ұлдары, батырлары мен ғалымдары, өнер қайраткерлері жайында өмірбаяндық деректер келтірілген. Бұл күрделі еңбекті әзірлеуге республика ғана емес, Мәскеу, Санкт-Петербург, Киев, одақтас республикалар ғалымдары мен зиялы қауымы, ғылым мен мәдениет орталықтары кеңінен тартылған.
Көрнекті ғылым қайраткерлері - академиктер: У.М. Ахмедсафин, О.А. Байқоңыров, С.Б. Бәйішев, Т.Б. Дарқанбаев, Ә.Х. Марғұлан, т.б. ғалымдар мақалалар жазған. Энциклопедияның 8 мың- нан астам авторының ішінде 313 ғылым докт., 4 мың ғылым канд. бар. Жалпы есептегенде "ҚСЭ-ның" 12 томына 48931 мақала енгізілген. Энциклопедия түрлі-түсті карталармен, диаграмма-кестелермен, сұлбалармен жабдықталып, портреттермен және фотосуреттермен көркемделген.Әрбір томдардың бет саны:
* Бірінші – 648.
* Екінші – 642.
* Үшінші – 624.
* Төртінші – 672.
* Бесінші – 656.
* Алтыншы – 640.
* Жетінші – 648.
* Сегізінші – 664.
* Тоғызыншы – 640.
* Оныншы – 648.
* Он бірінші – 632.
* Он екінші – 600.
* Он үшінші (қосымша) – 752.
## Дереккөздер |
Мәңгүрт (ағылш. Mankurt, түрікменше munqul — есінен айырылған, ақылсыз) түркі кезеңінде жуанжуандардың (қарақытайлардың) тұтқынға жасаған әрекетінен кейін пенденің өз есінен айырылғаннан кейінгі аты. Мәңгүрттер қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті болып келеді. Олар тіпті алыс пен жақынды ажырата алмайды.
## Мәңгүртизм
Мәңгүртизм, немесе Мәңгүрттік идеологиясы - өз ұлттық құндылықтары мен өз ана тілін өзі жоюды көздейтін, осыған дейін кімнің отары болса, соның тілінде сөйлеп, соның мүддесі үшін жанталасатын азғындардың сенім жүйесі.
Мәңгүрттік идеологиясы әлемдегі ірі отаршылдық саясаттарынан пайда болды. Отаршылдар өздері басып алған елдердің байлығын тонап, мәдениетін ойрандап қана қоймай, сол халықтың азаматтарына мәңгүрттік идеологиясын сіңіріп, оларды өздерінің рухани құлына айналдыруға тырысады. Тіпті кейін сол ел тәуелсіздік алса да, жаңағы мәңгүрттік идеологиясы жұққан кісілер өз ұлтының мүддесіне қарсы мәңгүрт ретінде әрекет жасап, ұлттық мемлекеттің дербес өмір сүруіне, өзін-өзі қалпына келтіруіне және өсіп-өркендеуіне кедергі келтіруімен болады.
Олар сыртқы жаулардан да қауіпті. Ал, егер олар сол елде билікке шықса, елдің өз ұлттық болмысын қалыптастыруына кететін уақыт ұзарады, жолы қиындайды.
## «Найман ана» аңызы
«Найман ана» әңгімесі Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» романынан үзінді болып табылады. Онда Тұтқынға түскен әрбір адамның шашын тықырлап алып،түйенің жүнінен кепеш атты бас киім кигізетін болған. Кепешті кигізгеннен кейін жуанжуандар тұтқынды 5 күн ассыз،сусыз шөлдалада қалдырған. Шаш 5 күнде 5 мм-ге өседі – бұл миды зақымдауға жеткілікті мөлшер. «Мәңгүрттену» кезеңі өткеннен кейін тірі қалған адам мәңгүртке айналатын болған. Мәңгүрт қожайыны не қаласа соны істейді, себебі мәңгүртте тек бір қорқыныш бар, ол – «кепешті шешсең өлесің» деген қожайындарының сөзі. Наймандар өздерінің жуанжуандарға тұтқын болып түскен туысқандары немесе достарын салық төлеу арқылы алмаған. Себебі олар мәңгүрттің ешқашан өзгермейтінін білген.
## Шыңғыс Айтматовтың сипаттамасындағы мәңгүрттер
Шыңғыс Айтматовтың айтуынша мәңгүрттер тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап бере алады. Оларға қожайынының сөзінен басқа сөз маңызды емес. Себебі мәңгүрттерге адамдардың дауысы мен шегірткенің дауысы бірдей. Олар тек өмір сүру жайлы ойлайды.«Найман ана» әңгімесінде Дөненбайдың ұлы Жоламан мәңгүртке айналады. Ал Найман ана өз ұлын тауып, өз үйіне қайтармақшы болады. Дегенмен Жоламан өз анасын танымағандықтан өз еліне бармай, өз қожайындарының «ол сенің басыңдағы кепешті шешуге келді» деген жалған ақпаратқа сеніп өз анасын өзі өлтіреді.
## «Мәңгүрт» фильмі
1990 жылы Кеңес одағы «Мәңгүрт» атты фильм шығарды. Фильм оқиғасын «Ғасырдан да ұзақ түн» романының ішіндегі бір баяндаушы оқиға бойынша Мария Юрматова жазды. Бұл Қожа Нарлиевтің режиссёр ретінде ұсынған ең соңғы фильмі. Фильмнің басты актёрлері Тарик Тарджан, Мая-Гозель Айдмедова, Йылмаз Дуру, Нарлиев Қожадүрді болды.
## Тағы қараңыз
* зомби
* гуль
## Ескертпелер |
Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
## Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
## Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен."Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.
## Дереккөздер |
Хожант (тәж. Хуҷанд, خجند) — Тәжікстанның ең көне қаларының бірі, көлемі жағынан екінші үлкен қала, шамамен 2500 жыл бұрын, Ескендір Зұлқарнайын заманында негізі қаланған.
## Қала тарихы
Худжанд, Ленинабад Грек тарихшыларына сүйенек, біздің дәуірімізге дейін 329 жылы, Ескендір Зұлқарнайын Сырдария өзенінің жағасында бекіністі қамал тұрғызып, оны өз атымен атаған. Кейін келе, өзінің тиімді географиялық және стратегиялық орналасуының арқасында, қамалға тұрғындар тола бастады және сол кездегі өлшем бойынша ірі қалаға айналды. Тарихта Шеткі Александрия (Эсхата) деген атпен танымал болды. Осы көне қаланың дәл орналасу орны, бірнеше жүз жылдар бойы, әртүрлі елдердің ғалымдарын толғандырып келді. Тек XX ғасырдың ортасында ғана Худжандтың б.д.д. IV ғ. және Шеткі Александрияның (Эсхатаның) б.д.д. 329 жылғы екендігі анықталды.
Худжанд, Ленинабад Ферғана алқабында географиялық тұрғыдан тиімді орналаса отырып, Худжанд көптеген жылдар бойы гүлденді, байыді, сарайлар, мешіттер, мызғымас қамалдар тұрғызды. XIII ғасырда Худжандты Шыңғыс хан әскері басып алып, күл-талқан етті. XIV ғасыр соңында — XV ғасыр басында Худжанд, өз облысымен бірге, Темір мемлекетінің құрамында болды. XVIII-XIX ғасырларда Худжанд өте қатты ұлғайып, Орта Азияның ірі қалаларының біріне айналып, территориясы жағынан Қоқан мен Бұхараға дес бермеді. XIX ғ. соңы — XX ғ. басындағы Худжанд кәдімгі ортаазиялық қала ретінде болды: қисық әрі тар көшелер, оларды бойлай, бір-біріне жанаса тұрғызылған бақсадан соғылған үйлер, шулы базарлар мен сан-мыңдаған шағын шеберханалар.
## Қазіргі Худжанд
Қазіргі таңда қала Тәжікстанның ірі индустриалды және мәдени орталығы болып табылады. Қазіргі Худжанд — жайлы әрі жасыл қала, саябақтары мен скверлері көп, тұрғындары қонақжайлы. Худжандтың қақ ортасынан өтетін Сырдария өзені және оның жайлы жағалаулары — демалыс және шомылу үшін керемет жер. Айтпақшы, Худжанд — ірі өзен бойында орналасқан Тәжікстандағы жалғыз қала.
Худжанд, Ленинабад Худжандтың негізгі көрнекті орындарының арасында — танымал Панчшанбе қалалық базары бар. Ол Орта Азиядағы ең ірі жабулы базарлардың бірі. Келушілерді өзінің сан құбылған реңктерімен, ерекше дыбыстар және иістерімен, жеміс-жидектердің сан-түрлігімен және көптігімен тартып тұрады. Панчшанбе тәжік тілінен аударғанда «бейсенбі» деген ұғым береді — баяғы заманда дәл осы күні үлкен сауда жасалатын болған.
Бүгінгі Худжанд — Солтүстік Тәжікстанның ең ірі индустриалды-өнеркәсіп орталығы және маңызы жағынан республикадағы екінші қала. Худжандтың географиялық орналасуы мен климаттық шарттары шынымен де берекелі. Сондықтанда, қала орналасқан Ферғана алқабы Орта Азияның інжу-маржаны деп аталады: таулы пейзаж, үнемі ағыс үстіндегі Сырдария сулары, таза ауа, жасыл желек, жүзімнің, жидектің және басқа да жемістің көптігі Худжандты мәңгі жас бақ-қала қылады.
Худжанд, Ленинабад Баяғы заманнан бері Худжанд Самарқан, Бұхара, Мерв, Балх және өзге қалалармен бірге, тәжік мәдениетінің қалыптасқан орны болған; ол Орта Азияның ірі экономикалық орталығының бірі болған. Біздің заманымызда да Худжанд өзінің даңқты дәстүрлерін жалғастыруда.Худжанд Интернетте
## Сілтемелер
* Худжанд Мұрағатталған 5 мамырдың 2008 жылы. |
Кондом, мүшеқап (фр. préservatif) — қалың каучук резеңкеден жасалады; презервативтердің көпшілігі арнайы маймен майланады. Қолданылуы: жыныстық қатынастың алдында қатайған аталық жыныс мүшесіне кигізіледі.
## Артықшылықтары
Көпшілік қолды; ілеспелі әсері жоқ, жыныстық қатынастан жұғатын соз ауруларынан, солардың арасында СПИД ауруы да бар, қорғай алады.
## Кемшіліктері
Контрацептив ретінде толығымен нәтижелі емес, жыныстық қатынасты, үзіп/бөліп жібереді. |
Сексеуiл —( лат. Haloxylon) діңі мен бұтақтары бұраң-бұраң боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт сынатын жапырақсыз қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк. Оның Орталық Азия мен Араб елдерiнде онға жуық түрi бар. Соның үшеуi Қазақстанда өседi: ақ сексеуiл, қара сексеуiл және Зайсан сексеуiлi. Жалпы бұлар Қазақстандағы орман қорының 48 пайызын алып жатыр.
## Ерекшеліктері
* Ақ сексеуiл – бойы 1,5-тен 2,5 метрге дейiн жететiн тал-шiлiк. Негiзiнен құмдауыт әрi сортаңдау жерлерде өседi. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Сирек те болса ара-арасында бұтақтарының биiктiгi 5 метрге дейiн өсетiндерi бар. Оның жас бұтақтарын түйелер құмарта жейдi. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бұл жануарлар сондай 3 метрлiк бұтақты жесе 12 кг. азықтық масса алады екен. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары болса керек.
* Қара сексеуiл аққа қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден де тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Өз ұрығы есебiнен табиғи түрде өсуге бейiм. Орта Азияның шөлдi, құмды, сортаң жерлерiнде көп кездеседi. Сондай-ақ, тақыр жерлерде де өсуге бейiм. Қара сексеуiлдiң де жас әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар сүйiсiнiп жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне пайдасын көп тигiзедi.
Ағаш бар жерде, өмiр бар. Адам тiршiлiгiне де қолайлы орта. Осы екеуiне тән ерекшелiктер Зайсан сексеуiлiнде де бар. Жалпы айтқанда үшеуi де тарғылданып, иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи әдебиет шығармаларынан жақсы бiлемiз.Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше роль атқарады. Дүлей соққан желден құм көштерiн тоқтатады. Сексеуiлдердi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе түз тағылары киiктерге сексеуiлдер арасы өсiп өнулерiне өте қолайлы.
## Қазақстанда қолданылуы мен жойылуы
Ана бiр жылдары жұрт сексеуiлдердi отқа тамызық ретiнде пайдаланатын. Нарықтық қатынастың алғашқы жылдары бұл жағдай күрт өзгердi. Көмiрдiң жетiспеушiлiгi мен қымбаттаушылығы елдi мекендерде тұратындарға ауыр тиiп, сексеуiлдi таза отын ретiнде қолдана бастады. Бұрын ауыл iргесiнде өсетiн сексеуiлдердi қазiр елу, алпыс шақырым қашықтықтардан ғана көре аласыз. Қалаларда кәуап (шашлык) орындары көптеп ашылып, сексеуiлге деген сұраныс барынша артқанда, жұрт пайдаға құныққаны соншалық оның дiңгек түбiне сым тростар байлап, тракторлармен түп тамырымен қоса жұлып алатынды шығарды. Соның салдарынан сексеуiл алқаптары бұрынғы көлемдерiнен мүлдем кiшiрейiп кеткен. Тiптен тұқымы құрып кету алдында тұр десек асылық айтқандық болмас. Бұл қоршаған ортаға үлкен зиянын тигiзуде. Жалаңаш қалған өлкелерден құмдар көшiп, аңдары басқа жаққа ауып жатыр. Арғы жылдарды былай қойып, 2007 жылды тiлге тиек етсек, тек Қызылорда облысында 450 заңсыз сексеуiл кесушiлер ұсталған. Мұның өзi табиғатты қорғаушылардың қолға түсiргендерi ғана. Ал тұзаққа түспей жүргендерi қаншама.Қосқұдық орман мекемесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда Жамбыл облысының Шу қаласына жақын орын тепкен Ақкөл елдi-мекенi арқылы күн сайын 90 жүк автокөлiктерi заңсыз қырқылған сексеуiлдердi алып өтедi екен. Сексеуiл тұқымын қорғап қалу мәселесiне байланысты Республика Үкiметiнiң 2002 жылғы "Қазақстан Республикасындағы алқаптарда сексеуiлдi қорғау шаралары туралы" қаулысы қабылданғанға дейiн сексеуiл кесудiң белгiлi бiр мөлшерде лимитi болған. Сол лимит бойынша сол жылға дейiн 1630 текше метр жердiң сексеуiлдерi кесiп алынды. Өкiнiштiсi сол кесуге тыйым салынған қаулыдан кейiн, сол жылдың өзiнде-ақ облыс көлемiнде сексеуiлдiң санитарлық кесу көлемi 8701 текше метрге өсiп кеттi. Негiзiнен санитарлық кесуге ауырған және отыз жылдан асып шiри бастағандары жатады. Соншалық көлемдегi сексеуiлдердiң ауырып, шiруi мүмкiн емес қой. Негiзiнен Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы тарапынан сарапшылар тобы құрылып, сексеуiлдi алқаптарды аралап, кесу лимитiн нақты анықтауы қажет едi. Олардың түрлi себептермен (көлiктердiң аздығы, жанар-жағар майдың жетiспеушiлiгi) алқаптарға жиi-жиi барып, қадағалап тұрмауынан осындай келеңсiздiктерге жол берiлген. Қоршаған ортаны қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң айтуына қарағанда, бүгiнде кейбiр алыс қашықтықтардағы елдi-мекендерде сексеуiл кесушiлердiң жасырын пункттерi бар көрiнедi. Олардың анықталғандарына салынған айыппұл заңсыз табыстарынан әлдеқайда төмен. Браконьерлiк iске дәндеп алғандар айыппұл төлегенмен көлденең табыстарынан тартынар түрлерi жоқ. Қайта үдете түскен тәрiздi.Сексеуiлдi заңсыз кесушiлерге неге жол берiлiп отыр? Өйткенi сексеуiлдер күнi бүгiнге дейiн "Қызыл кiтапқа" кiрмеген. Сондай-ақ, оларды дайындау лицензияланбаған әрi сертификацияланбаған. Мiне, осыдан барып оларды заңды, заңсыз кесу шамадан тыс көлемге артып отыр. Өткен жылы Республика Үкiметi 2002 жылғы қаулыдан кейiн сексеуiл қорғаушыларының iсiн қанағатсыз деп тауып, қылқанды ағаш түрлерiн он жылға дейiн кесуге тыйым салған болатын. Алайда сауда орындары маңындағы, базарлардағы шашлык сатушылардан сексеуiлдер үзiлер емес. Тiптен базарларға кiре берiс көшелерден белiнен буылған сексеуiлдердi көрiп қайран қаласың. Сонда бұлар қайдан келiп жатыр? Қытайдан емесi анық.Республикада 2005 жылға дейiн сексеуiл өсетiн алқаптардың статусы көтерiлмедi. Сол алқаптарды Үкiмет қорғауға алынған қорық не ұлттық парк деп жариялауына болар едi. Өкiнiшке орай қараусыз қалды. Әсiресе Балқаш көлi маңындағы 1,5 млн. гектар жердiң сексеуiлiн қорғауға алу жөнiнде қаншама ұсыныстар жасалынды. Үлкен қала Алматының iргесiнде болғандықтан да қорғаудың шараларын күшейту керек едi ғой. Ал Бақанас орман және аңдар әлемiн қорғау мекемесiнiң бұл ауқымды шараларды атқаруға шамасы жетпедi. Сол жылдары мұндай жағдай Оңтүстiк Қазақстан және Қызылорда облыстарында орын алды. Өткен жылдың қыркүйек айында Әлемдiк банктiң (Всемирный банк) "Қазақстан Республикасында орманды сақтау және орманды алқаптардың көлемiн ұлғайту" жөнiндегi бағдарламасының таныстыру рәсiмi болды. Бұл жобаның құны 63,8 миллион доллар. Алты жылға есептелiнген. Оның 28,8 миллионы бiздiң республика бюджетiнен алынады. Әлемдiк банктiң қосқан 30 миллион займы кейiн қосымша өсiмiмен қайтарылады. Ал 5 миллионы грант ретiнде қайтарымсыз қаржыландыруға жатқызылған. Бұл жоба үш жыл бойына қаралып, әбден пысықталып осылай тиянақталса керек. Дегенмен бiлiктi жандардың айтуына қарағанда, бұл iстiң әртүрлi салаларына отандық орман мамандары тартылса да, жобаның ең соңғы редакциясына олардың бiрқатар ұсыныс-пiкiрлерi кiрмей қалған. Бiраз тұстары түсiнiксiздiк туғызатын секiлдi.Сексеуiлдi алқап та орманға жатады. Алайда "Казлеспроект" кәсiпорнының директоры Алдаберген Кесiмбаевтың бағдарлама жөнiнде өзiндiк пiкiрi бар. Оны орынсыз деп айту қиын. Ол бағдарлама бойынша Арал теңiзiнiң тартылған табанына көшеттер отырғызуға жұмсалатын қаржының тиiмдiлiгiне күмән келтiредi. Өйткенi жергiлiктi мамандардың сексеуiл көшеттерiн отырғызудағы көпжылдық iс-тәжiрибесi бұл iстiң өте қымбатқа түсетiнiне кәмiл сендiрiп отыр. Олардың зерттеуiнше 1993 жылы 48 мың гектар теңiз табанына отырғызылған сексеуiл көшеттерiнiң 80 пайызы өспей қалған. Қалғандары да жоғалып кету алдында тұр. Ол қайта сол қаражатты қылқанды жапырақты орманды алқаптардың көлемiн ұлғайтуға жұмсауды ұсынады. Ал сексеуiлдi табиғи өсiмiмен көбейтуге болатынын алға тартады. Оған Қызылорда облысының Қазалы ауданынан дәлел келтiрген. Өткен он алты жыл iшiнде қолдан отырғызылған сексеуiлге қарағанда табиғи өскендерiнiң көлемi әлдеқайда ұлғаййыпты. Қолдан отырғызылған сексеуiл алқабы соның үш-ақ пайызын құрайды екен. Оны күтiмге алғанның өзiнде 72 пайыз көшет өспей қалған. Мұндай жағдай Алматы облысының Бақанас орман мекемесi iстерiнен де байқалады.Әлемдiк банк бағдарламасының қалай iске асатынын алдағы уақыт көрсете жатар. Мүмкiн олар шетелдiң бiлiктi мамандарын iске тартып, көшеттердi отырғызып, өсiрудiң тиiмдi тәсiлдерiн табар. Онда құба-құп. Әзiрге қолдағы барды бағалап, сексеуiл алқаптарын браконьерлерден қорғауды күшейтiп, табиғи өсiмiне жағдай жасау қажет-ақ секiлдi. Ең бастысы оны "Қызыл кiтапқа" кiргiзiп, заңды қатайтпай құмды өлкенiң ажары кiре қоймасы анық.
Сексеуіл орманы - Орта және Орталық Азияның Иран мен Ауғанстанның шөлдерінде кездесетін сексеуілдің аласа орманы.
Қазақстанда сексеуіл орманы 6,1 млн. га аудан жерді алып жатыр. Осы территорияның 70%-ға жуығын (4,4 млн. га) қара сексеуіл, 30%-ын (1,7 млн.га) ақ сексеуіл (Наloxylon persicum Bunge), ал зайсан сексеуілі (Наloxylon ammodendron. C.A. Mey) бірнеше мың ғана аумақты алып жатыр.
## Қара сексеуіл
Қара сексеуілдің көп бөлігі Алматы, Жамбыл облыстарында өседі.
Қара сексеуіл ылғалы жеткілікті ортада да, жер асты суы немесе одан да көп тереңдікте орналасса да өсе береді. Ол ақ сексеуілге қарағанда жуандау әрi iрi келедi. Оның өсу биiктiгi көбiне 7 метрге дейiн жетедi. Ал тамыры 11 метрден аса тереңдiкке кетедi. Бұлар шоғырланып өседi. Алыстан қарасаң қалың жынысты орман тәрiздi. Қара сексеуiлдiң жас, әрi жұмсақ бұтақтарын, жапырақтарын түйелер мен ұсақ малдар жейдi. Оның үстiне сексеуiлдi аймақтар мал жайылымына қажеттi шөптердiң өсуiне де пайдасын көп тигiзедi.
Сексеуілдің барлық түрі бір-бірінен өзінің белгісі бойынша ажыратылады. Атап айтса, қара сексеуілдің діңі қисық болып келеді, кейде айқын көрінген бірнеше діңі бар бұта пішіндес болады. Қабығы сұр түсті, жылтыр, бір жылдық өркендері сулы, қою-жасыл түсті, дәмі қышқыл-тұзды, күзде олар қызғылт-сұр түске енеді. Алыстан көз салғанда, сексеуіл қара-сұр түсті боп көрінеді, бұл түрдің қара сексеуіл атануы да сондықтан болар.
## Ақ сексеуіл
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында ақ сексеуіл тараған.
Ақ сексеуіл құрғақ борпылдақ немесе біршама тапталған құмды жерлерде өседі. Биіктігі 1,5-2,5 метрге дейiн жететiн өсімдік. Құрғақшылыққа бейiм. Оның тамыры 10-11 метр тереңдiкке дейiн кетедi. Оның жас бұтақтарын түйелер жейдi. Ал ұсақ малға оның жердегi жiңiшке сынық бұтақтары мен қураған жапырақтары тоя жеуiне жарап жатыр. Соған қарағанда бұл сексеуiлдiң азықтық жұғымдылығы жоғары.
Ақ сексеуіл, қара сексеуілге қарағанда бұта іспеттес, қалың болып өспейді. Қабықтары ашық, кейде тіпті ақсары түсті, желегі селдір, ашық-жасыл түсті, жіңішке, әрі сулы емес, есесіне қатты өркендері болады. Дәмі ащы-тұзды, күзде ақшыл-сұр, кейде тіпті сап-сары болады.Сексеуілдің бұл түрі тұзға аса төзімді емес, бірақ өте құрғақшылыққа, ыстыққа шыдамды. Тағы бір ерекшелігі, діңдері құмға көміліп қалса да, ештеме болмағандай сол жерден жанама тамыр түзеді. Бұл қасиет қара сексеуілде жоқ.
## Зайсан сексеуілі
Зайсан сексеуілі Қазақстанның шығысында – Зайсан көлі бойында және Жоңғар қақпасында кездеседі.
Зайсан сексеуілі шөлейттің қиыршық тасты топырағында өседі. Ол Қытай мен Моңғолияда да кездеседі.
Қазақстанда аз таралған Зайсан сексеуілі биіктігі 2,5 м-ден аспайтын бұта түрінде өседі. Бұтағының қабығы ашық-қоңыр, жас өркендерінікі – ашық-жасыл түсті. Жалпы биологиялық ерекшеліктері және анатомиялық құрылысы бойынша ол қара сексеуілге жақын, яғни аптап ыстыққа, аязға төзімді, оны тек тұқымының пішіні арқылы ғана оңай ажыратуға болады, яғни қара сексеуілдікі домалақ болса, Зайсан сексеуілінің қанатты тұқымының пішіні жүрек тәріздес болып келеді.
Жалпы жоғарыда аталған сексеуіл түрлері иiр-иiр болып өсетiн және өңдеп құрылыс материалдарын жасауға келмейтiн, тұрмыста тек отыннан басқа қажетке жарамайтын ағаш тұқымдастар. Олардың отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, кем емес. Сексеуiл қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше рөл атқарады. Қатты соққан дауылды желден құм көшкінiн тоқтатады. Сексеуiлдi қорғаныш ететiн жан-жануарлар мен жәндiктер қаншама. Әсiресе, түз тағысы киiкке сексеуiлдің арасы өсiп-өнулерiне өте қолайлы.
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi, әрі елтаңбасы.
1992 жылғы 4 маусымда қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 жылғы 24 қаңтар) белгiленген. 2024 жылғы наурызда президент Тоқаев елтаңба дизайнының жуырда өзгеретінін және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатынын айтты.
## Суреттемесі
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.
Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.
Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.
Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.
Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Техникалық шарттар" ҚР СТ 989-2014 стандартына енгізілетін №1 өзгерістерді мақұлдау туралы шешім қабылданды. Осыған сәйкес, ұлттық стандарттың бүкіл мәтінінде "Қазақстан" сөзін латын графикасымен "QAZAQSTAN" етіп өзгерту, ΔE түстер диапазонын қолдану туралы өзгерістер қабылданды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
## Тағы қараңыз
* ҚазКСР елтаңбасы
* Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
* Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы
* Мемлекеттік елтаңбалар тізімі |
Құлан (1992 жылға дейін — Луговое) — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының және Құлан ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы – Тараз қаласынан шығысқа қарай 120 км-дей жерде, Қырғыз Алатауының бойында орналасқан.
## Тарихы
Қаланы археологикалық тұрғыдан зерттеу ісі 19 ғасырдың соңында В.В. Бартольдтың жетекшілік етуімен басталды. Алғашқы археологикалық қазба жұмыстарын 1936 жылы КСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі мен Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде алғашқы отырықшы қоныстардың Луговой төңірегінде 1-ғасырларда пайда болғаны анықталды. 1963-65 жылдары Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) қаланың айналасындағы төбешікке қазба жұмыстарын жүргізді. 1987 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы тарихи және мәдени ескерткіштер жөніндегі археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Байпақов) Луговой “А”, “В”, “Г” қамалдарына қазба жұмыстарын жалғастырды. 7 ғасырдың 1-жартысына жататын жазба деректерде Құлан қаласы туралы айтылады. Қытайдың Сюан-Цзян жол бағдарламасында және Таң әулетінің тарихында қала Цзюи-Лан деп аталған. Ол туралы 8-10 ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалаларды сипаттаған араб авторлары да жазып кеткен. Араб географы әл-Мақдиси: “Құлан – бекініс қала, онда мешіт бар” деп жазған. Географиялық сөздіктің авторы Якут өзінің 13 ғасырдың 20-жылдарында құрастырған еңбегінде қаланың түрік елінің Мәуераннахр жанындағы шекарасында орналасқанын айтады. Құланда көптеген тарихи оқиғалар өтті. Мысалы, 740 жылы түргеш бегі Құрсұл Батыс-Түрік қағандығының ең соңғы басқағы Ашина Суйцзыды осы қалада өлтірген. 840 жылы араб әскерлері Құланға дейін жеткен. Тараздан және Меркіден Құланға дейінгі ара қашықтық көрсетілген жол бағдарламалары жазылған. Қаланың топографиясынан шахристан, ішкі қамал және шығыс жағынан бекініссіз рабат іздері байқалады. Ішкі қамал биіктігі 7 – 8 метрге жуық, төртбұрышты, 40х40 метр алаңы бар төбе. Шахристан төртбұрышты төбе пішіндес, ұзындығы 320 метр, биіктігі 4 – 5 метрге жуық қабырғамен, сыртынан тереңдігі 1 м, ені 15 метр ормен қоршалған. Археологиялық қазбалардың нәтижесінде орта ғасырлардың бас шеніндегі Орта Азия мен Қазақстандық сарайларға тән “айдарлы” жоспармен салынған ғимараттардан алынған ыдыстар – құман, қазан, құмыра, қақпақ, саптаяқ, шырағдан, т.б. табылды. Құлан орта ғасырларда Ұлы Жібек жолындағы ірі мәдени-сауда орталығы болған.
## Халқы
## Дереккөздер |
Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар. ХТҚО және КСРО Қызыл кітаптарына енгізілген.
## Дене бітімі
Дене тұрқы 210 – 240 см, шоқтығының биіктігі 112 – 126 см, салмағы 400 – 500 кг аралығында. Түсі сарғыштау, жотасында қара қошқыл жолағы болады, құйрығының ұшы қара, бауыры мен сирақтары ақшыл келеді. Жыныстық жағынан 2 – 3 жасында жетіледі. Маусым – шілде айларында күйлеп, 11,0 – 11,5 айдай буаз болып, мамыр – маусым айларында құлындайды.
## Құландар тұрғысы
20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін құлан Қазақстанның жазық даласында үйір-үйірімен топтанып жүрген. Қыс айларында Каспий теңізінен шығысқа Іле ойпатына дейін кең таралған. Жазда Қарағанды Ақтөбе, Қостанай облыстарының жерін жайлаған. Құланды есепсіз аулау – оның қазақ жерінде құрып кетуіне әкеліп соқты. Республикада Құланды жерсіндіру жұмысы 1953 жылы басталды. 1953 – 1964 жылы Арал теңізінің Барсакелмес қорығына Түрікменстаннан 19 құлан жерсіндірілді. 1982 жылдан бастап оны «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағына, Андысай қорықшасына және Маңғыстау облысы аумағына жерсіндіре бастады. Қазір Қазақстанда 2,0 мыңдай құлан бар (2004). құланның саны дүниежүзінде жылдан-жылға азаюына байланысты қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
## Дереккөздер |
Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.
Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.
## Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.
## Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен."Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.
## Дереккөздер |
Райымбек Түкеұлы (1705–1785) — қазақ батыры, дарынды қолбасшы. Алматы облысы Райымбек (Нарынқол) ауданы Ілебасы өңірі, Ұлы жүз Албан руының Шоған абыз ұрпағы Алжан (Мәмбет) елінің Сырымбет тармағынан.
Атасы Хангелді батыр 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 жылы Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоанновнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 жылы Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген. Жазушы Ж.Тұрлыбайұлы роман, ақын М.Мақатаев “Райымбек, Райымбек” атты поэма жазған. Алматы облысында Райымбек есімімен аталатын жер-су аттары көп кездеседі. Торайғыр тауындағы Айырлы асуының маңында “Райымбек бастауы” бар. Алматы облысының Нарынқол, Кеген аудандары бірігіп, қазірде Райымбек атымен аталады, онда батырға ескерткіш орнатылған. Батырдың бейіті Алматы қаласының ортасында оның есімімен аталатын үлкен даңғылдың бойында. Бейітінің басына кесене — күмбез тұрғызылған. 1990 жылы “Райымбек” тарихи-этногр. қоғамы құрылды.
## Жастық шағы
Жастайынан жауға тиіп, күркіреген үнімен дұшпанын күңіренткен Райымбек батыр 1705 жылы дүниеге келген."15 жастан асқанша, садақ тарту, қылыш шабу, күресу секілді сарбазға лайық даярлықтан өтіп біткен Райымбек жоңғарларға қарсы жорықтарға қатыса бастайды. Жолбарыс жүректі жас жігіттің тапқырлығын қаруластары бірден байқаған. Оның негізгі ұстанымы: аз шығынмен жеңіске жету екен. Бұл мақсаты алғаш Іле бойындағы шайқаста жүзеге асады. Қалмақ қолындағы тұтқындар босатылады. Керісінше, жаудың көп сарбазы тұтқынға түседі. Райымбек жоңғардан Сөгеті мен Ойрантөбені және Жалағашты босатады. Алды-артына қарамай қашқан қалмақтардың: Ойрантөбе ойылды, Секер, Барақ жойылды. Райымбек келді де, Алмадай үзді мойынды, - деп зарлайтыны, міне, осы тұс еді. Батырдың бұдан кейінгі жорығы Жіңішкені, Таушілікті, Қарабұлақты, үш Меркіні, Кеңсуді, Қарқараны азат етуге арналды.
## Орта жүзге көмегі
Райымбек батырдың тағы бір үлкен жорығы ретінде Орта жүз еліне көмекке баруын атаймыз. Қабанбай батырдан оралған шапқыншы Тарбағатай мен Шәуешек арасын жауып, жауды өзара қатынасуға мүмкіндік бермеу туралы ұсынысын әкелгеннен кейін Райымбек батыр бірден атқа мінеді. Сарытау, Үйгентасты азат етуге атсалысып, Ілені бойлаған күйі Қорғаспен бері қайтады. Дәл осы дерек Шыңжаңдағы Зейнолла Сәнік зерттеуінде де бар" дейді тарихшы Мәмбет Қойгелдиев.Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған Райымбектің жаужүректігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарынан бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған баланың бәйгіде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы өр рух кейіннен жоңғарға қарсы алдаспан боп сермелді. 17-інен Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған Райымбек Түкеұлы ерліктерінің арасында ерекше аталатыны қазірде Алматы-Нарынқол тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты кезек жекпе-жекке шақырып, бөрі тиген қойдай дүрліктіруі.
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланыстырылатынын көп адам біле бермейді. Кеген деген жер атауы да қалмақ тайшысы Гегенге телінеді. Бір деректер Геген діни лауазым дейді. Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін талқандаған. Ал, Итембес өзенінің бойында Шона Доба жасағы жер жастанды.
## Батыр туралы мәліметтер
Қара су қақ жарылып жол беретін хас батыр атанған Райымбек Түкеұлының есімі бертінге дейін кең паш етілмеді. Мұның себебі беймәлім. Тіпті, ақиық ақын Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың аяқталмай қалған “Райымбек, Райымбек” атты дастанын жариялағаны үшін “Лениншіл жас” газетінің жетекшісі Сейдахмет Бердіқұлов партиялық сөгіс алған. Алайда, қыран мінез ұлдарының есімін тұмарындай қастерлейтін халықтың Алматының ортасында жатқан әулие, батыр зиратына келіп сыйынуын тоқтату мүмкін емес еді. Еш саясат ер рухы мен ел рухының арасын алшақтата алмады. Қытай саясатының ықпалымен соғыс бастап, қырғызды, Шығыс Түркістандағы ұйғырды дем арада жаулап алған жоңғар мен қазақ ғасырға жуық арпалысты. Ұлтымыздың екі жасын екі жанарынан сорғалатып, алқасына сілемдей қатырған дұшпан швед офицері Густав Ренаттың көмегімен зеңбірек, тас ататын түрлі қарулар жасап, күйрете соққы беруді үдеткен. Жазушы Жолдасбай Тұрлыбайұлы бір мәліметінде Райымбек батыр ұсталарға сол зеңбіректің бір түрі "Қойшағырды жасатып, жау амалын өзіне қарсы қолданғанын" айтады. Батырдың 300 жылдығына орай ескерткіш қойылды. Бірқатар конференциялар өтті. Ең бастысы қазақ елдігін оятып, ертеңінторлаған қара бұлтты емен сапты найзасының ұшымен сейілткен ер есімі ел есінде қайта жаңғырды.
Қытай Халық Республикасы Іле Қазақ облысының орталығы – Құлжа қаласының көрнекті бір ғимаратының алдына қызыл гранит тастан қаланған биік тұғырға Райымбектің ат үстіндегі мүсіні орнатылыпты. Оны орнатуға мұрындық болған сол Қазақ автономиялы облысының әкімі Қызайжан есімді азамат екен.
## Райымбек батырдың аты қойылған жерлер
Райымбек батыр жайлы ел ішінде аңыз-әңгіме, жырлар өте көп. Торайғыр және Сөгеті жоталары аралығында Ойрантөбе жазығы бар. Мұнда қазақтар мен жөңғарлардың сұрапыл шайқасы болып өткен. Айырлы асуына таяу Торайғыр тауында Райымбек бастауы бар. Райымбекпен бірге жоңғарларға қарсы күрестің бел ортасында Сатай, Бөлек, Қойкелді, Қонақкелді, Қыстық, Малай, Байсейіт сынды батырлар жүрді.Райымбек батырдың мазары Алматы қаласында орналасқан және батыр атында қаланың ортасында үлкен даңғыл бар. Алматы облысының бір ауданы Райымбек есімінде және ауылға аты берілген.
## Дереккөздер |
Мойнақ — екі жерді қосатын, екі жағынан су шаятын жіңішке жер жолағы. Мойнақ екі ірі суқоймасын қосатын бұғазға қарама-қарсысы болып табылады.Мойнақтан жиі арна салатын қойлайлы орын болып табылады, себебі екі суқойма арасының ең жақын арақашықтығы болып табылады. Бұған танымал теңіз байланыстарын қасқартатын Суэц пен Панама арналары мысал бола алады.Бұрынғы уақытта мойнақтар кемелерді өткізетін өткел ретінде пайдаланылған.
## Үлгілер
* Карель мойнағы
* Перекоп мойнағы
* Панама мойнағы
## Дереккөздер |
Алтын қатынас (шамамен 1.6180339887)
«Алтын қима» — гармониялық бөлу, шеткі және орта қатынаста бөлу – берілген АВ кесіндісін оның үлкен бөлігі (АС) сол кесінді (АВ) мен оның кіші бөлігінің (СВ) пропорционал ортасы болатындай етіп екі бөлікке бөлу. Ал АВ =а кесіндісінің Алтын қимасын алгебралық жолмен табу a:x = x (a-x) теңдеуін (мұндағы х=АС) шешуге келіп тіреледі. Бұдан х=(√5-1)а/2≈0,62 а болады. х-тың а-ға қатынасын шамамен 2/3, 3/5,5/8, 8/13, 13/21,... т.б. бөлшектер арқылы өрнектеуге болады, мұндағы 2, 3, 5, 8, 13, 21,..., – Фибоначчи сандары. Алтын қима ертедегі грек ғалымдарына белгілі болған. Евклидтің «Негіздерінің» 2-кітабында алтын қиманы геометриялық салу жолы x(a+x) = a2 квадрат теңдеуін шешумен пара-пар екендігі көрсетілген. Евклидтен кейін алтын қиманы Гипсикл (біздің заманымыздан бұрынғы 2 ғасыр), Папп Александрийский (біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасыр), т.б. зерттеген. Алтын қима немесе оған жақын пропорционал қатынастар көптеген әлемдік өнер туындыларының композициялық құрылымына негіз болған. Сондықтан алтын қима 15 – 16 ғасырларда өнерде, әсіресе сәулет өнерінде, т.б. кеңінен қолданыла бастады. Алтын қима терминін 15 ғасырдың аяғында Леонардо да Винчи енгізген.Табиғатта жиі кездеседі. a және b екі саны (a+b)/a = a/b өрнегін қанағаттандырса, онда олар алтын қатынасты сақтайтын болады, бұл жағдайда a/b алтын қатынасына тең болады. Бұл шама тікелей Фибоначи сандарына байланысты. Бұл құрылымды Леонардо да Винчи өз өнерінде пайдаланған. Бұл құрылым табиғатта кеңінен кездеседі: гүлдер спиралынан адам денесінің симметриясына дейін.
Әдетте бұл пропорцияны юнанның φ (сонымен бірге {\displaystyle \tau } деп те) әрпімен белгіленіп мынаған тең болады:
{\displaystyle \varphi ={\frac {1+{\sqrt {5}}}{2}}\approx 1.61803398874989484\dots }
## Қосымша мәліметтер
* [1](қолжетпейтін сілтеме) — Алтын қима
Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда Грецияның Афины қаласында салынған Парфенон храмы туралы естімеген адам жоқ шығар, ол туралы: "Егер де сен Афиныда болмасаң, түйемен бір есепсің, ал онда бола тұрып таңданбасаң, барып тұрған есексің" (Балалар энциклопедиясы. 10-том, 372-бет) деп дәріптеген екен. Сол заманда осындай керемет сәулет ғимаратын алтын қатынас есебімен салу адамзат ойының есепке жүйріктігін көрсетсе керек. Біздің қазақ халқы да алтын қима есебін ежелден білген деуге болады. Оның мысалы, қазақтың қара домбырасы, ондағы әрбір бөліктер алтын қима қатынасына сай келеді. Күнделікті оқып жүрген кітаптар мен хат салатын конверт те алтын қима есебімен жасалғанына мән бермейміз. Осы қасиеттеріне қарай бұл қатынасты ертеде "тәңірлік пропорция" деп те атаған.
## Математикалық қасиеттері
{\displaystyle \varphi \;} — иррационал алгебралық сан, келесі теңдеулерінің кез келгенінің оң шешуі болсын
{\displaystyle \varphi ^{2}=\varphi +1,\ \varphi -1={\frac {1}{\varphi }},\ \varphi ^{3}={\frac {\varphi +1}{\varphi -1}}.}
{\displaystyle \varphi } дегенді шынжырлы жарнақпен көрсетеді
{\displaystyle \varphi =1+{\cfrac {1}{1+{\cfrac {1}{1+{\cfrac {1}{1+\,\cdots }}}}}},}
мұндағы сәйкес бөлшектер қатар келе жатқан Фибоначчи сандары қатынасы болып табылады {\displaystyle {\frac {F_{n+1}}{F_{n}}}}. Осылайша, {\displaystyle \varphi =\lim _{n\to \infty }{\frac {F_{n+1}}{F_{n}}}}.
Дұрыс бесжұлдызда әр сегмент оны қиятан басқа сегменттермен алтын қатынаста бөлінеді (яғни көк кесіндінің жасылға қатынасы, және қызылдың көкке, жасылдың күлгінге қатынасы {\displaystyle \varphi } тең).
Және бір өрнектелуі:
{\displaystyle \varphi ={\sqrt {1+{\sqrt {1+{\sqrt {1+{\sqrt {1+...}}}}}}}}.}
## Қызықты фактілер
* Қағбаның географиялық орналасуы алтын қатынасқа сәйкес келеді: оңтүстік полюстен Қағбаға дейінгі арақашықтық Қағбадан солтүстік полюске дейінгі арақашықтықа қатынасы 1.618 мәнін береді.
## Сілтемелер
* Г. Б. Аракелян. Математика и история золотого сечения. М.: Логос, 2014, 404 с. ISBN 978-5-98704-663-0
* А. Д. Бердукидзе, Золотое сечение Квант №8, 1973.
* В. Лаврус, Золотое сечение
* О.Н. Калюжный, О Золотой Пропорции и ее квадрате
* Золотое сечение, как корень квадратного уравнения Мұрағатталған 14 қазанның 2007 жылы.
* А.В.Радзюкевич Красивая сказка о золотом сечени
* А.В.Радзюкевич Знал ли Леонардо да Винчи "код да Винчи"? Мұрағатталған 16 ақпанның 2008 жылы.
* А.И. Щетников Золотое сечение в «древней» и в «новой» эстетике. Мұрағатталған 12 наурыздың 2008 жылы.
* Golden rectangle slideshare.net |
Наурыз мерекесі жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндет деп санайды. Тіпті білмейтін жас жеңгелеріміз үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады.
## Қазақ дәстүрі
Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.
## Наурыз көже жасау
Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз.Асыңыз дәмді болсын!
## Сілтемелер
* Бата
* Наурыз
* Қазақ хандығы
## Дереккөздер |
Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.
Ақбөкендердің табындары жүздеген, мыңдаған бастан тұрады. Әдетте табынды текелері емес, ұрғашы киік бастап жүреді. Текелері күйек науқаны біткеннен кейін табынға көп қосыла бермейді, әсіресе киіктер бұзаулайтын кезде олар жеке жиналып, бөлек табынмен жүреді. Ақбөкендер күйекке түсер алдында, қазан, қараша айларына қарай қоң жинап, жұмырланады. Бұл кезде текелердің кеңсірігі дөңестеніп, әукесі салбырап, сақалы төмен түседі. Ұрықтандыруға көп уақыт жұмсалмайды, әрбір теке бір-екі күннің ішінде 40-50 киікке дейін шабады. Соңғы кездерде ақбөкенді мүйізін алу үшін браконьерлер көп қырып жіберді де, текелердің саны күрт азайды. Ұрғашы киіктердің саны текелерден бірнеше есе басым болғандықтан, күйек кезінде кейбір шамасына қарамайтын, тәжірибесіз жас текелер әлсіреп, зорығып өледі немесе түлкі, қарсақ сияқты кішігірім жыртқыштарға жем болады. Күйек біткеннен кейін, ауа райы қатты суытып кетпей, жайылымға қолайлы болып тұрса, қаңтардың аяғы, ақпанның басына қарай қайта қоң жинап, әлденіп алады.
Ұрғашы киіктер текелерге қарағанда майды көп жинай алмайды. Күйек кезінде орташа ғана семіреді де, төлдер алдында 4,5 келідей іш май жинайды. Бірақ лақтарын емізген кезде тез арықтайды. Киіктер мамыр айының 10-15 аралығында жаппай төлдей бастайды, осы кезде ауа райы бұзылып, міндетті түрде жауын-шашын болады. Қазақтар оны «құралайдың суығы» деп атаған. Киік әдетте төлді егізден әкеледі. Алдын ала шыбын-шіркей болмайтын, үнемі жел есіп тұратын беткейді таңдап алып, лақтарын түрегеп тұрып туады. Құралайдың енесі басқа жануарлар сияқты лағының шаранасын жалап аршымайды, шарана жауынның суымен шайылып кетеді немесе жел қағып, кеуіп барып түседі. Жаңа туған лақтар жарты сағаттан кейін енесін еміп, екі-үш сағаттан соң аяқтанып кетеді, ал туғанына екі күн болған құралайды машинамен қуып жете алмайсыз.
Енесі алғашқы сағаттарда лақтарын емізген соң, біршама қашықтыққа ұзап, алыстан бақылап жүреді. Егер жыртқыштар пайда болып, қауіп төне қалса, лақтарының маңынан аулаққа қашып, ол жерден алып кетуге тырысады. Табиғаттың барлық заңдылықтарын іште жатып үйренген құралайлар енесі қасында жоқ кезде ешқандай тіршілік нышанын сездірмей, жыбырламай жатады. Лақтардың қоңыр бұйра терісі топырақтың түсімен бірдей болып көрінеді, екі-үш метр жерден қарасаңыз, жатқан бір төмпешіктер екен деп қаласыз. Мыңдаған жылдар бойы дала жыртқыштарынан, адамдардан қашып жүріп, жан сақтауға әбден бейімделген киіктердің тағы бір ерекшелігі – ешқашан жетім қалған лақтарын далаға тастамайды. Далада келе жатқан кез келген киік жолынан маңырап шыққан құралайды кездестіре қалса, жанына барып емізіп, өзімен ертіп кетеді. Киіктің лағы екі-үш күннің ішінде отығып кетеді. Алғашында ол көзіне түскен шөпті қармайды, бір аптадан соң ғана шөптің дәмін алып, таңдап жеуге көшеді. Жас туған киіктер лақтарын он-он бес күндей суат басына апармайды, оларды алысқа тастап, тек өздері ғана келеді. Бұл уақытта құралай тек енесінің сүтін ішеді, бір-бір жарым аптадан соң табынмен суатқа келіп, алғаш судың дәмін татады.
Көктем шыға, солтүстікке қарай жылжитын қалың табын жылдың бұл мезгілінде суаттарды көп іздей бермейді. Олар жаңа өнген шөптің нәрімен, таңғы түскен шықпен сусындайды. Жауынды күндері апталап су ішпей жүре береді. Киіктер Аралдың, Балқаштың тұзды суларын іше береді. Қыстың қарсыз күндері мұз жалап, шөлін қандырады. Әдетте табынды суат басына ұрғашы киік бастап келеді. Алдымен жан-жағына осқырана қарап, біраз уақыт айналаны бақылайды. Қалғандары «команда» болмай суға беттемейді, алдымен бастап келген киік су ішеді, содан кейін қалғандары азан-қазан маңырап келіп, суға бас қояды. Текелері суатқа ең соңынан келеді. Ақбөкен 1 минутта суды 12 рет жұтады екен және суды ұзақ сораптап ішпейді, 1,5-3 минуттың ішінде шөлін қандырады да, келген даласына қайта зымырайды.
Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Көктемгі айларда киіктер ақселеу мен құрақты қорек етеді. Жаз айларындағы аптаптарда жапырақты шөптер қурап кетеді де, жануарлар жусан, қырықбуын, шиді оттайды. Қыс кездерінде киіктер қарын жел үрлеп кеткен жоталардың жонынан азық тауып жейді. Ауыл маңайындағы маялап үйілген құрғақ шөпті олар жей алмайды, өйткені танаулары кедергі жасайды. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған, сондықтан елді мекендерге жақындап баратын болса, тек қар астындағы күздік бидайды тебіндеп азықтану үшін барады.
Зоолог мамандардың айтуынша, киіктердің басқа жануарларға ұқсамайтын тағы да бір ерекше қасиеті бар екен. Ұрғашы киіктер дүниеге әкелетін лақтарының еркек немесе ұрғашы болып тууын өздері реттейтін көрінеді. Егер араларында текелері азайып, ұрықтандырып үлгермей жатса, сол жылы табында кілең еркек лақтар қоздайды. Киіктер осылайша өз өсімін өздері бақылап отырады екен. Ақбөкендердің табыны жыл сайын лақтармен толықтырылып отырады. Осы кезде туған шібіштер (ұрғашы лақ) алты айдан кейін күйлеп, текеге шыға береді. Енді алты айдан кейін бұл шібіштер табынға қос-қостан лақ әкеледі. Ал еркек лақтардың жөні басқа, олар жетіліп, текелік жасау үшін 19 ай уақыт керек, өзімен бірге туған шібіштер бір рет лақтағаннан кейін, келесі жылдың күйегіне ғана араласады.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған ақбөкендердің қаңқаларына қарағанда, бұлар ертеректе Ұлыбритания аралынан бастап Аляскаға дейінгі кеңістікте өмір сүрген. Қазақстан аумағында Павлодар облысындағы Ямышево мен Подпуск ауылдарында, Семей қаласының түбінен, Нұра өзенінің бойынан, Жамбыл облысындағы Қараүңгір мен Үшбас үңгірлерінен ежелгі және орта антропогеннен қалған киіктердің сүйектері табылған. Тамғалы жартасындағы киіктің суреттері біздің эрамызға дейінгі VІІ-V ғасырларда қашалып салынған екен. ХІV-XVІ ғасырлардан бері ауыздан-ауызға тарап келе жатқан халық эпостарында қазақ жеріндегі сансыз көп ақбөкендер туралы айтылады. Көптеген елді мекендердің «Киік» деп аталуы да бекер болмаса керек. Осындай фактілерге сүйенсек, ертеректе Еуропа мен Азия құрлығын тұтастай мекендеген киіктер қазір тек қазақ даласында ғана қалыпты.
Қазіргі сақталған киіктердің үш тобы бар. Олардың ең ірісі және сан жағынан басымы – Бетпақдала-Арыс тобы. Бұл ақбөкендердің мекені – Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарының елсіз жазықтары. Киіктердің селдіреген табындарын қалмақ даласынан көруге болады. Жайылым жердің аздығынан олардың басы көбейе қойған жоқ. Аздаған ақбөкен моңғол жерін мекендейді. Қазір олардың тұқымы құрып бітті деуге болады. 1978 жылғы Соколовтың жазғандарына қарағанда, сол кезде Шаргиин-Гоби мен Хойсыл-Гоби шөлдерінде 300 ғана бас киік қалған екен. Қалмақтың да, моңғолдың да киіктері Бетпақдаланың ақбөкендерінен аласа, кішірек болып келеді және бұл топтар өзара араласқа түскен емес.
XІX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында Қырым, Таврия, Казказ өңіріндегі киіктердің өрісі тарылып, жойыла бастаған. «Қазақстанда 20-жылдардың басында ақбөкендердің саны күрт түсіп кетті. 1917-18-жылғы қыстың жұты түз тағысының жүздеген мың басын шығынға ұшыратты. Сол кездегі жергілікті үкіметтің шешімімен, 1919 жылдан бастап Сарыарқада киік аулауға қатаң тыйым салынды. Бірақ одан көп өзгеріс бола қоймады, 1927-28-жылы болған жұттан кейін ақбөкендерге жер бетінен мүлде жойылып кету қаупі төнді», – деп жазады 1955 жылы зоолог Слудский.
1930-32-жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру науқаны, даладағы киіктердің жауы ит-құс, шыбын-шіркей, соналардың азаюы ақбөкендердің өсуіне өте қолайлы жағдай туғызды. Далаларда жайылған халықтың малын ұжымдарға жинап, халық отырықшылық өмірге бейімделген тұста ақбөкендердің өрісі кеңіп, санын көбейтуге мүмкіндік алды. Сол жылдары ауа райы да жылынып, қысы жұмсақ болды. Табындары көбейген ақбөкендер 1941-45-жылғы Ұлы Отан соғысы кезінде еркін өмір сүрді. Бұл Қазақстандағы ақбөкендердің ең көбейген кезі болды. Содан бергі уақытта дала еркесі – ақбөкен адамдардың жауыздығынан бірнеше рет жаппай қырғынға ұшырады. Сарыарқада қазіргі жүрген ақбөкендер саны – 47-48 мың ғана. Ал осыдан жиырма жыл бұрын түзде жосыған киіктердің саны 1 миллион 400 мың болған екен.
Үкiмет ақбөкендердi 2006 жылы «Қызыл кiтапқа» ендiрдi. Және сол жылы жан-жануарларды қорғау мақсатында бюджеттен 200 миллион қаржы бөлдi. Ал үстiмiздегi жылы бұл қаржыны 270 миллионға жеткiзiп отыр. Әрине бұл игi шаралар қолға кеш алынып отыр. Дегенмен «Ештен кеш жақсы» деген емес пе? Өсiмтал жануар күтiмi көп, қорғауы жақсы болса, санаулы жылдардан соң саны қайта көбейiп, әлi-ақ даламыздың сәнiн келтiрер.
## Статистика
* 1960: 1300000 бас киік болды
* 1988: 500000 киік қырылды
* 2003: ҚР-да 23000 киік қалды
* 2010: БҚО-да 12000 бас киік жойылды
* 2011: 400 киік қырылды
* 2015: Бетпақдалада 150000 киік қырылды
* 2016: 108000 бас киік болды
* 2017: ақбөкен саны 153000 болды
## Дереккөздер |
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.
## Тарихы
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.
Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:
* Бірліктер-тастар(құмалақтар)
* Сан орны-отау
* Сан белгісі-отаудағы тастар саны
* Нөл-бос отау
* Бөлшектік белгі-тұздық
* Теңдік белгі-қазан
* Қосу белгісі-ойда
* Алу белгісі-ойда
* Көбейту белгісі-ойда
* Бөлу белгісі-ойда
Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:
Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы:Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы:Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы:Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.
Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.
Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:
* Ондық санау жүйесі: 9 тас
* Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас
* Сегіздік санау жүйесі: 7 тас
* Жетілік санау жүйесі: 6 тас
* Алтылық санау жүйесі: 5 тас
* Бестік санау жүйесі: 4 тас
* Төрттік санау жүйесі: 3 тас
* Үштік санау жүйесі: 2 тас
* Екілік санау жүйесі: 1 тас
Санау жүйесінің бағыты:Сағат тіліне қарсы бағытта
Санау жүйесінің ережесі:
Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.
## Әлемде
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
## Қазақстанда
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
## Тоғызқұмалақ ережесі
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
### Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
* 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
* 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
* 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
### Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
* 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
* 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
* 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
### “Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
* 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
* 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
* 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
## Тағы қараңыз
* Тоғызқұмалақтың ойын сандығы
## Сілтемелер
* Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының ресми сайты
## Дереккөздер |
Алтын Орда, немесе Ұлық Ұлыс, Жошы Ұлысы — Басында моңғол — кейінірек түркіленген — 1240 жылдары Русь князьдіктері жаулап алғаннан кейін Моңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; ол қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан. Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Оңтүстігінде Орданың жері Қара теңізбен, Кавказ тауларымен және моңғол Хулагу мемлекетінің қол астындағы Персиямен шектесіп жатты.
## Атауы
Моңғолия тарихыАлтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі — қара, шығыстың түсі — көк, оңтүстіктің түсі — қызыл, батыстың түсі — ақ, ал сары (немесе алтын) түс — орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі «Золотая Орда», яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін). Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталды.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
## Әуелгі тарихы
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орда-Еженнің еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Алтын Орданы, Орда-Ежен Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Руське басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату, Шайбан, Орда-Ежен, Байдар және Мөңке хан сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
## Алтын Орданың шарықтау дәуірі
### Ішкі құрылымы
### Одақтастары мен бағыныштылары
## Жошы Ұлысының (Алтын Орданың) хандары
* Жошы хан (1182—1227 ара.), Шыңғыс ханның баласы, Жошы Ұлысының ханы (1224—1227 ара.)
* Бату хан (1208—1255 ара.), Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1227—1255 ара.)
* Сартақ хан, Бату ханның баласы, Алтын Орда ханы (1255/1256)
* Ұлақшы хан, Сартақтың баласы, Алтын Орда ханы (1256—1257)
* Берке, Жошы ханның баласы, Алтын Орда ханы (1257—1266)
* Мөңгу-Темір хан, Тұғанның баласы, Алтын Орда ханы (1266—1282)
* Тұда Мөңгү хан, Алтын Орда ханы (1282—1287)
* Тұла Бұға хан, Алтын Орда ханы (1287—1291)
* Тоқта хан, Алтын Орда ханы (1291—1312)
* Өзбек хан, Алтын Орда ханы (1312—1342)
* Тыныбек хан, Алтын Орда ханы (1342)
* Жәнібек I хан, Алтын Орда ханы (1342—1357)
* Бердібек хан, Алтын Орда ханы (1357—1359)
* Кұлпа хан, Алтын Орда ханы (1359—1360)
* Наурызбек хан, Алтын Орда ханы (1360—1361)
* Қыдыр хан, Алтын Орда ханы (1361), (1360—1362)
* Темір Қожа хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Орда-Мәлік хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Бауыржан хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Келдібек хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Базаршы хан, Алтын Орда ханы (1361)
* Мұрад хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
* Қаир-Болат хан, Жошы Ұлысының ханы (1363)
* Абдуллаһ хан, Жошы Ұлысының ханы (1363—1364), (1367—1369)
* Болат I хан, Жошы Ұлысының ханы (1364—1365)
* Әзіз Шейх хан, Жошы Ұлысының ханы (1365—1367)
* Жанибек II, Жошы Ұлысының ханы (1367)
* Хасан хан, Жошы Ұлысының ханы (1369—1370)
* Бұлақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1370—1372)
* Орыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1372—1375)
* Шеркес хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
* Қағанбек хан, Жошы Ұлысының ханы (1375)
* Тоқтамыс хан, Жошы Ұлысының ханы (1375—1377), (1379—1395)
* Арабшах хан, Жошы Ұлысының ханы (1377—1379)
* Темір Құтлық хан, Жошы Ұлысының ханы (1395—1399)
* Шәдібек хан, Жошы Ұлысының ханы (1399—1407)
* Болат II хан, Жошы Ұлысының ханы (1409—1411)
* Темір хан, Жошы Ұлысының ханы (1411—1412)
* Жәлеләддин хан, Жошы Ұлысының ханы (1412—1413)
* Керімберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
* Кепек хан, Жошы Ұлысының ханы (1413)
* Шөкре хан, Жошы Ұлысының ханы (1413—1416)
* Жаппарберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1416)
* Дербес хан, Жошы Ұлысының ханы (1416—1419)
* Кадырберды хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
* Қажы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419)
* Ұлы Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1419—1421), (1424—1428), (1428—1432)
* Дәулетберді хан, Жошы Ұлысының ханы (1421—1422)
* Құдайдат хан, Жошы Ұлысының ханы (1422), (1423—1424)
* Барақ хан, Жошы Ұлысының ханы (1422—1423)
* Кіші Мұхаммед хан, Жошы Ұлысының ханы (1428), (1432—1459)
* Махмұд хан, Жошы Ұлысының ханы (1459—1465)
* Ахмат хан, Жошы Ұлысының ханы (1465—1481)
## Саяси дамуы
## Бөлшектенуі
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.
15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астрахан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу кінəздігімен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді.
Қырым хандығы 1475 жылы Осман империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басында Қырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығы жалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаны оны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді.
## Тағы қараңыз
* Оба індеті
* Орыс-казактар
* Құмандар
* Моңғол империясындағы күнделікті өмір
* Еуразиялықтар
* Еуропадағы Ислам
* Алтын Орданың хандарының тізімі
* Мұсылман дүниесіндегі соғыстардың тізімі
* Моңғолдардың Русь жорығы
* Көшпенділер
* Моңғол жорықтары
* Тоқтамыс пен Ақсақ Темірдің арасындағы соғыс
## Еренсілтемелер
* Алтын Ордада соғылған ақша Мұрағатталған 10 қаңтардың 2016 жылы.
## Дереккөздер
Үлгі:Mongol Empire |
Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Маралды атырабы, Шарбақты ауданы, Павлодар облысы – 26 қараша 2017 жыл, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017 жылы дүниеден озды.
Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан.
Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
## Жетімдік
Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туар-тумастан тоналған ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. 1932-33 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында халықтың зиялы ұл-қыздарын зорлық-зомбылықпен оққа байланғанын өз көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.
Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,Көре алмай қызығымды кеткеніңе.Өзгелер өз баласын еркелетсе,Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
## Сұрапыл соғыс
Соғыс басталғанда он сегізге толар-толмаста болған М. Әлімбаевтың педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук)Калинин майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті, 1943-тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады.Майданда туған көп ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944 жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы өлеңінде:
Баста алға батысқа,Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар «өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да көрсеткен.М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицер-танкист атанып, үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайтты.
Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі Рақымжан Қошқарбаевтың жан-дүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады.Мұзағаңның соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай - Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы табыстары болып саналады.
## Ақындық бақыты
Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.
М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ - олақ», «Шынықсаң - шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал - мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал - сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз - ортақ қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын - зерттеу саласында еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.
## Шығармалары
* Шығармалар жинағы: Екі томдық.
* Таңдамалы: Екі томдық.
* Таңдамалы өлеңдер поэмалар.
* Ақсерек те көксерек: Тақпақтар, дастандар, ән - өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
* Аспандағы әпке: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
* Аулақ бол жаман әдеттен: Балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған.
* Балдәурен, шіркін, балалық: Өлеңдер, әндер, ойындар, аңыздар, ертегілер, дастандар.
* Биікке, биікке: Балаларға арналған өлеңдер.
* Екі тақтай - бір көпір: Өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертектер.
* Ер айнасы - еңбегі: Еңбек туралы мақалалар мен нақылдар.
* Жауқазын: Дастандар мен өлеңдер.
* Жолдар - жырлар: Өлеңдер.
* Жүрек лүпілі: Өлеңдер мен поэма.
* Көзін көрдік жақсы менен жайсаңның: Естеліктер, эсселер.
* Көңіл күнделігінен: Эссе, зерттеулер.
* Көңіл күні: Таңдамалы.
* Көргендерім көңілде: Деректі эссе - очерктер.
* Қалам қайраты: Эсселер, сын мақалалар.
* Қоянның құлағы неге ұзын?: Балалар үшін өлеңдер, аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
* Құрбыма: Өлеңдер.
* Лирика.
* Менің Қазақстаным: Поэма.
* Менің ойыншығым.
* Отанның орны - жүректе: Туған Қазақстан туралы толғамды ойлар, эссе.
* Өмір. Өнер. Өнерпаз: Эссе, естеліктер, ой - толғамдар.
* Өрнекті сөз - ортақ қазына.
* Өскеніңді ел көрсін: Өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар.
* Өшпес от: Дастан мен өлеңдер.
* Сен дегенде: Өлеңдер, балладалар, мысалдар.
* Сүймеген жүрек семеді: Өлеңдер, балладалар, нақылдар.
* Тәрбие туралы әңгімелер.
* Толқыннан толқын туады: Зерттеулер, эссе, естеліктер.
* Ту тіккен: Поэма мен өлеңдер.
* Халық - ғажап тәлімгер: Қазақ халқының мақал - мәтелдері, қара өлеңдері.
* Хас батыр Қасым Қайсенов.
* Қарағанды жырлары. Өлеңдер. А.. 1953;
* Жұмбақтар. Өлеңдер. А., 1954;
## Қосымша деректер
* Әскери атағы - капитан.
* Хоббиі - сөзжұмбақ және сканворд құрау және шешу, әлем халықтарының мақал-мәтелдерін жинау және оларды қазақ тіліне аудару.
* Жұбайы - Сүлейменова Шапау, тарихшы, орта мектептің мұғалімі болған. Ұлдары - Арнұр, энергетик; Жаннұр, мүсінші; Баламер, сәулеткер. Немерелері - Ая, журналист; Әсел, дизайнер; Бахтияр, студент; Әсет, студент; Жәнібек, студент; Балнұр, оқушы.
## Фильмдер
* 1994 — «Алаш туралы сөз» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақтелефильм”
* 2009 — «Алашорда» режиссері: Қ.Умаров
Жанр: “Деректі фильм” Өндіріс: “Қазақфильм” Шәкен Айманов атындағы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Парасат патшасы
* Бала жанының бағбаны атанған Мұзафар Әлімбаев жайлы не білеміз |
Ғұсман Сыйттықұлы Қосанов(25 мамыр 1935, Изатулла ауылы, Белағаш ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ АКСР — 13 маусым 1990, Алматы) — жеңіл атлетикадан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1964). Арғын тайпасының Қаракесек руының Жалықбас бұтағынан шыққан.. Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан 17-Олимпиялық ойындардың күміс жүлдегері (Рим, 1960), КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966), КСРО — АҚШ матчының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан «Қосанов Мемориалы» атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Ғұсман Қосанов Лос Анжелес қаласында АҚШ пен КСРО арасында өткен «Гиганттар додасы» атты жарыста басынан кешкен бір өкінішін былай баяндайды. «...Аяқ тірейтін тіреуішімді қапелімде таба алмай қалдым. Бір жігіттің тіреуішін алуға тура келді. Апыл-ғұпыл асығыс қақтым да, жігіттердің қатарына бардым... Пистолеттің жағымсыз үні құлағымның түбінен шықты. Ілкі ілгері ұмтылдым. Сол кезде тіреуіш орнынан босап, кейін кетіп қалды да, жанымдағылардан 3–4 метр қалып қойдым. Соның өзінде жетуге тырыстым. Бірақ 100 метрлік қашықтықта екі-үш метріңіздің өзі жеткізбейтін дүние». Ғұсман марқұм өкінішін осылай жеткізеді...
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
Алданыш Рамазанқызы |
Бақыт Бешімбекұлы Ахметов (27 наурыз, 1979 жыл, Шымкент қаласында туған) - ауыр атлет.
## Өмірбаяны
* Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетін (2002) бітірген, заңгер;
* Шымкент дене тәрбиесі университетін (2008) бітірген, жаттықтырушы-мұғалім.
* 2008 жылдан бері - РМҚК «Олимпиадалық даярлау орталығында» ауыр атлетикадан аға жаттықтырушы (Апматы қ.).
## Жетістіктері
* Ауыр атлетикадан ҚР бірнеше мәрте чемпионы және рекордшы;
* ХІ Азия ойындарының чемпионы (Пусан қ., 2002);
* Азия чемпионы (Алматы, 2004);
* Бүкіләлемдік универсиада жеңімпазы (Италия, 2003);
* Мәскеу халықаралық турнирінің қола жүлдегері (Мәскеу қ., 2003).
* ҚР Чемпионатында 96 кг салмақта 193 кг-ды жұлқи көтеруден әлемдік рекордты жаңартты (Шымкент қ., 2003).
## Шендері
* Әскери атағы - капитан.
## Отбасы
* Әкесі - Ахметов Бешімбек Сейітбекұлы, Бішкек қаласы шампан-шарап комбинаты директорының орынбасары.
* Анасы - Ормотоева Айнагүл Құтыманқызы.
## Дереккөздер |
* Райымбек батыр
* Райымбек батыр (метро бекеті)
* Райымбек ауданы
* Райымбек ауылы
* Райымбек ауылдық округі
* Райымбек батыр даңғылы (Алматы)
* Райымбек Түкеұлы
* Райым бекінісі |
Иррационал́ сан — рационал емес нақты сан. Геометриялық тұрғыдан алса иррационал сан бірлік кесіндімен өлшемдес емес кесіндінің ұзындығын өрнектейді.
Бұндай өлшемдес емес кесінділердің барын көне математиктерге бұрыннан белгілі болған: мысалы, олар квадраттың қабырғасы мен диагоналдары өлшемдес емес екені мәлім болған, бұл {\displaystyle {\sqrt {2}}} санының иррационал дегенмен бірдей.
Иррационал сандар жиынын әдетте {\displaystyle \mathbb {I} } деп белгілейді. Осылайша
{\displaystyle \mathbb {I} =\mathbb {R} \backslash \mathbb {Q} }. |
1964 жылғы Токио қаласында өткен олимпиадаға Моңғол елінің атынан Алданыш Рамазанқызы деген олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы.
Алданыш Моңғолия спорт тарихына тұңғыш рет олимпиадаға қатысқан әйел ретінде аты алтын әріппен жазылған. Әрі Моңғолиялық қазақ диаспорасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Моңғол елінің рекордын бірнеше рет жаңартқан. Он екі дүркін чемпиондық тұғырға көтерілген, шашасына шаң жұқпаған желаяқ.
Ол Ұланбатыр қалалық №18 орта мектепте оқып жүргенде-ақ жүгірістен алдына жан салмапты. Мұны байқаған сол кездегі мемлекеттік спорт комитетінің жеңіл атлетика бөлімінің жаттықтырушы Ү.Найдан мен Кеңес елінен келген спорт маманы Иванов 5 сыныптың оқушысын жеңіл атлетика сексиясына қабылдаған. Кешікпей таланты қыз ұлттық құраманың сапынан бірақ шыққан. Осы 1961 жылдан бастап, 1969 жылға дейін ұлттық құрамада өнер көрсетті.
1962 жылы Моңғол елінің тарихында алғаш рет бүкілхалықтық спартакиада өткен еді. Осыған 16 жастағы Алданыш «Еңбек» спорт қоғамы атынан қатысып, 200 метр қашықтыққа 26,6 сек, 400 метрге 58,8сек, 800 метрге 2 мин 18,7 сек жүгіріп өтіп, ел рекордын жаңарты. Бұл бұрын соңды болмаған елеулі жетістік еді. Алданыш Рамазанқызының 200 метр қашықтыққа жасаған рекорды үш жылдан кейін жаңарды. Ал 400 және 800 метр қашықтықтағы рекордын 22 жыл бойы ешкім бұза алмады.
Бір қызығы осы Алданыштың 800 метр қашықтыққа тоқтатқан рекордын 1984 жылы тағы бір қазақ қызы Моңғолия Мемлекеттік универстеттің түлегі Күшай Құлыбекқызы жаңартты.
Желаяқ споршы 1961 жылы Мәскеуде өткен «Правда» газеті атындағы және ағайынды Знаменскийлер атындағы жарыстарға қатысып жүлделі орынға ие болды. 1966 жылы Таулы Алтай өлкесінде өткен Монгол – Кеңес елдерінің студент-жастар фестивалына қатысып, жүгірістен алтын медалға қолы жеткені бар. Республикалық құрамада жүрген жылдары Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен халықаралық турнирден әкелген күміс медалы, Моңғолияның жеңіл атлетика спортының тарихында халықаралық жарыстан әкелген тұңғыш медал ретінде спорт тарихына тіркеліпті.
Моңғолияда басқадай спорт түрлері, соның ішінде жеңіл атлетика дамып, кемелдене қоймаған 1964 жылы Жапонияның астанасы Токиодағы олимпиада да Алданыштың көрсеткен нәтижесі жаман емес еді.
Ол әйелдер арасындағы 400 метрлік қашықтыққа қатысқан 68 жүйріктен 20-шы, 800 метрлік қашықтыққа қатысқан 75 спортшыдан 22-ші орынға ие болыпты. Әлемнің 70-80 елінің таңдаулы жүйрік қыз-келіншектері қатысқан мұндай додада алғашқы жиырмалықтан көріну екінің бірінің қолынан келе қоймасы анық.
Қазақ тарихында жеңіл атлетикадан шыққан тұңғыш спорт шебері, Моңғолияның тұңғыш олимпиадашысы, ширек ғасырға жуық рекорды бұзылмаған спортшы, халықаралық жарыстан тұңғыш медаль әкелген жеңіл атлет, желаяқ жүйрік, озат бапкер-ұстаз Алданыш Рамазанқызы қазір Ұланбатыр қаласында өмір сүріп жатыр. Оның шәкірттерінен көптеген мықты спортшылар туып шығыпты. Төл шәкірті Мемлекеттік педагогикалық университеттің оқытушысы, спорт шебері Ұртнасын деген қыз Алданыштың өзі тоқтатқын 400 метр қашықтықтық рекордын бұзыпты.
Аға спортшы, кезінде Моңғолия жеңіл атлетикасының «ханшасы» атанған қазақтың қара көз қызы Алданыш 1965 жылы медицина техникумын, 1972 жылы Мемлекеттік физикультура спорт институтын бітірген 1972 жылдан күні бүгінге дейін Ұланбатыр қалалық №22 орта мектепте спорт мұғалімі қызметін атқарып келеді. Мемлекеттік жоғары награда «Алтын жұлдыз» орденінің иегері. «Халыққа білім беру ісінің озат қызметкері», «Моңғолия спортының үздігі» қатарлы атақтары бар. |
Ескендір Зұлқарнайын, немесе ІІІ Ұлы Александр (көне грекше: Ἀλέξανδρος Γ' ὁ Μέγας, лат. Alexander III Magnus, 20 шілде б. з. д. 356 ж. ш. — 10 маусым б. з. д. 323 ж. ш.) — Аргеадтар (Теменидтер) әулетінен шыққан б. з. д. 336 жылдан бастап Ежелгі Македонияның патшасы, әлемдік державаның басшысы, адамзат тарихының ең ұлы қолбасшыларының бірі.
Оның жорықтарының қазақ даласына байланысты тұстары жайында «Қазығұрт: аңыз бен ақиқат» атты кітапта жазылған.
Александр шын мәнінде Филипп патшаның ұлы, «Македониялық» деген қосымша есімі, ал Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
Осы Зұлқарнайын, яғни Македониялық патша да қазақ даласын жаулап алуды қалаған. Ол қол астындағы жауынгерлерге қарағанда әлденеше есе көп әскері бар Дарий патшаны күйрете жеңген соң өзі жаулап алған жерлердің көбінде қала тұрғызып, грек-эллин мәдениетін енгізе бастайды. Оның күл-талқан етіп жойып жіберген қаласының бірі Кир қаласы – Кирополис. Осы қаланың қай тұста екені, яғни нақтылы орны қайда екені ғалымдардың арасында әлі күнге дейін дау туғызып келеді. Дегенмен көпшілік ғалымдар оны қазіргі Қоқан қаласының маңында немесе Ходжент қаласының орнында болған деген тұжырымға тоқтайды. Қазіргі кезде анықтама деректерде осылай көрсетілген. Ескендір осы өзі жаулап алған Азия аймағында тез арада-ақ өз есімі берілген онға жуық қала тұрғызыпты. Соның бірі Александрополис немесе Александрия Эсхата (Шеткі Александрия). Ғалымдар осы қаланы да Ходжент қаласының маңынан немесе дәл орнынан іздейді. Археологтар қазба жұмысын жүргізіп көргенде жер қыртысынан Ескендір заманынан бұрынғы дәуір мәдениетінің де бұйымдары кездескен. Мүмкін ол бұрынғы Кирополистың қалдығы болар. Біздің осы бір Сырдария өзенінің бойына салынған Александр қаласының тарихын тәптіштеп жатқанымыздың да сыры бар. Өйткені, Ескендір жорығының қазақ даласына қарай жасаған бағыты осы маңнан онша қашыққа бармаған. Бұл ең шеткі қаласы еді. Ал басқалары Ариялық Александрия (Герат), Окс өзеніндегі Александрия (Термез немесе Куляб маңында), Маргиланиялық Александрия (қазіргі Байрам Али) Бақтра қаласының маңындағы Александрия, т.б.
Ескендірдің жорығына байланысты оның соңғы рет өтіп, тауы қайтқан соң шегінген өзені жөнінде тарихи жазбалар бар. Солардың үшеуінің авторлары Арриан (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген грек ғалымы), Аммиан Марцелин (330–400 жылдар шамасында өмір сүрген тарихшы) мен Квинт Курций (біздің дәуіріміздің бірінші ғасырында өмір сүрген Рим жазушысы). Ескендір жорығының бағытын күрт өзгертіп, Орталық Азиядан Кавказға қарай сүйреп жүрген осы Квинт Куций. Ол Ескендірдің өткен өзенін Танаис (Дон) деп жазады да Парапамизусты Кавказ деп көрсетіп, Каспийді Азов теңізімен шатастырады. Курцийдің осы қателігін (сол сияқты Македонский тарихшыларының да қателігін) кезінде Страбон дәл айтып берген болатын. Біріншіден, Квинт Курций еңбегі ақыл-уағыз айтуға бағышталған көркем шығарма. Ескендір жорығы мұнда мысал үшін келтіріліп отырады. Екіншіден, ол Ескендірдің бейнесін өз деңгейінен әлдеқайда жоғары көтеру үшін Донға апарып, Еуропаны да жаулап алып еді деген ұғым туғызғысы келеді. Оның үстіне Кавказды атап отырғаны баяғы ежелгі дүние тарихында от иесі Прометейдің сол заманда жердің шеті саналатын Кавказ тауында құрсауланып тасталғанын есте сақтау керек. Осылайша Ескендірдің абыройын артқыза түспек болған.
Дәл осындай қатені Ескендір тарихын жазған тарихшылардың ішінде Арриан да жіберген. Ол өз еңбегінде бұл өзеннің Дон емес екенін дәлелдей отырып, атын Танаис деп жазып, бастау алатын жерін Кавказ таулары деген. Ал кей жерлерінде өзеннің атын бірде Орксантес, бірде Оксиартес деп те атаған.
Страбон осы жазушының қасақана жасаған қателігін анық дәлелдеп берумен қатар Сырдария өзенін Яксарт деген атаумен атап, Үндістан жерінен бастау алып, соғдылықтар мен көшпелі скифтердің шекарасы болып ағып жатқанын, бұл өзен Персия елінің қиыр шеті екенін әрі Ескендір күйреткен Кирополис қ-ның осы өзеннің бойында болғанын айтқан. Страбон өз еңбегінде көшпенді скифтердің негізгі тайпалары ретінде сақтарды, дайларды, массагеттерді айтады. Ал Птолемей Сырдарияны Яксарт деп атап, ол үш иеліктің — сақтар, соғдылар және скифтер жерін суландырып жатқанын дәлелдеп, Сырдарияның солтүстік бетін жайлағандар саны көп халық яксарттар еді дейді.
Осы бір дауларды шешуге өз үлесін қосқан, қызғыштай қорғаған орыс ориенталисі, «қазақ тарихының Геродоты» аталып жүрген Алексей Ираклиевич Левшин осы жұмбақтарға мынадай үлес қосты.
* Бақтрия мен Соғдыны жаулап алған Ескендірдің қадамын енді Сырдарияның бойынан сонау Еуропада жатқан Донның жағасына алып бару ешбір ақылға сыймайды.
* Аррианның жазбалары бойынша жеңістен жеңіске жеткен Ескендір сол даңқтың буына мас болып, тек қана даңқ қосу үшін сақтарға жасаған жорығын Марақанда (Самарқан) қаласынан бастаған.
* Квинт Курций өз жазбаларында жарақат алған Ескендір өзен бойынан аттанып Самарқан қаласына төртінші күнде жеткенін айтады (осы қашықтық Сырдарияның Шыназ төңірегіндегі өткелінен Самарқанға дейінгі қашықтықты меңзеп тұр).
* Нақ осы Квинт Курцийдің тарихи поэмасындағы скиф елшілерінің (Левшин атауы) Ескендірге айтқан сөздерінен олардың елдерінің де, ордасының да қайда жатқанын анық меңзеуге болады.
Әрине, А. И. Левшин дәл осылай етіп, нақтылы тұжырым жасамаған. Ол өз еңбегінде («Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей». А., 1996) Сырдарияның тарихына шолу жасағанда ежелгі және көне дәуір тарихшыларының еңбектеріне талдау жасап, әркім әр жаққа жүгіртіп жүрген өзеннің Сырдария өзені екенін дәлелдеуді мақсат еткен. Ал сол жазбаларға тереңірек үңіліп, сол кісі атаған еңбектердің бірқатарына көз жүгіртіп өтсеңіз дәл осындай тұжырым жасауға болады. Енді осы мәселе Ескендірдің Сырдариядан өтіп соғыс салуы мен сақтар жеріне тұңғыш рет әрі соңғы рет аяқ басуы туралы. Ал осы соғыс қай жерде өтті?
Біз жоғарыда Арриан мен Квинт Курцийдің дәлелдерін келтірдік. Оның біріншісі Ескендірдің сақтар даласына Самарқаннан аттанып барып, Сырдан өткенін айтса, екіншісі шайқастан соң жараланған қолбасшының Самарқанға төртінші күн дегенде жеткенін айтады. Демек Сырдариядағы өткел Самарқаннан қашық емес. Кейбір авторлардың осы өткелді, тіптен Александрия қаласының өзін де Сырдарияның Арал теңізіне құяр сағасына апарып орналастыруын кезінде А.Левшин батыл сынап, Сырдариядан өту үшін бұлай қарай бағыт алған болса құм даламен жарты айлық немесе бір айлық жол екенін айтады. Ескендір, әрине, өз әскерін құмға айдамайды, керісінше елді мекені көп, сулы жермен жүруге тырысатыны белгілі. Сондықтан бұл қолбасшының да Сырдариядан өткен жері баяғы Кир патшаның өткен өткелі болса керек. Тек бұл жолы сақтар үш күндік жерге шегініп кеткен жоқ, жауына алғашқы соққыны тура өзеннің жағасында берді. Өзеннен өтіп жатқан македониялықтарға садақ оғын қардай боратты, сонан соң жер жағдайы өздеріне әбден танымал болғандықтан бірде шегініп, бірде ұмтылып, кейбір кезде бүйірінен тиісіп отырды. Дегенмен осы шайқас дәл өзеннің жағасынан әрі жылжымады деу әбестік болар еді. Өзеннен өткен македониялықтар ілгері ұмтылуға тырысатыны анық. Өйткені соңдарынан келе жатқан қосындары сол өзеннен жайбарақат өтуі керек. Артынып-тартынып келе жатқан қосымша лектің сақадай сай тұрған жауынгерлері қардай бораған жебенің астында өтуі мүмкін емес. Ал сақтар болса бұл шайқастың тек өзен жағасында ғана аяқтала қоймайтынын жақсы түсінеді. Олар үшін жер ыңғайына қарай шегіне соғысу тиімді. Оның үстіне осы жерде біз Т. Жұртбаевтың кітабында келтірілген дерекке сілтеме жасап көрейік. Автор өз кітабында Ескендір өзінің әскери Ордасын Ванкент қаласында орналастырды дейді де, оны қазіргі Ходжент қаласының маңынан іздеуді меңзейді. Біздіңше бұл дұрыс емес. Автордың Ванкент деп отырғаны Бенакент (кейбір деректерде Бинакент, Фенакент) қаласы болу керек. Бұл Сырдариядан өткеннен кейін әудем жерге орналасқан қазіргі Шыназ (Шахрухия) қаласы. Ескендір өзеннен өткеннен кейін қол астындағы қыруар әскерді басқару үшін әскери орда (штаб) құруы қажет қой. Оның үстіне македондықтар өзеннен бері өте салып, сол замат ары өтіп, кейін кетпеген.
Ескендір нақ осы шайқаста бірінші рет жарақаттанып, бірнеше күн шатырынан шықпай жатып алған. Ал бұл кезде сақтардың тек қана көшпенді өмір сүрмей отырықшылықпен айналысатын тобы болғанын жоғарыда Квинт Курций шығармасындағы мына бір жолдар айқындайды:
Демек, сақтар егіншілікпен айналысатын жер негізінен Қазақстаннның оңтүстігі, ал мына айтылып отырған оқиғаларға келетін болсақ және де Келес өңірі, Шыршық, Өгем, Бадам, Арыс өзендерінің аңғарлары. Отырықшылық болған соң қаланың да жұрнағы болуы әбден ықтимал. Ал осы Ескендір заманынан екі жүз жылдан кейін осы аймаққа келген қытай жиһанкездері мұнда егіншілігі де, көшпенділігі де, қалалары мен кенттері де бар, қол өнері де өркендеген Қангюй мемлекеті болғанын көздерімен көрген. Ескендірмен шайқасқан сақ көсемдері мен қолбасшыларының есімдерін біз Жұртбаев кітабынан келтірейік: Ұлы кеңестің биі Тамыр, қолбасшы Ботақан, Күдіре батыр, Садырақ батыр, жау тылында әрекет жасаған Сыпатай батыр (Спитамен). Сыпатай жөнінде бірер сөз В.Ян кітабы бойынша оның әкесі соғды, шешесі сақ қызы. Өмір талқысымен әкесін іздеп Афинаға да барған, Ескендір соғыс тактикасын да жақсы меңгерген. Соңынан елінің азаттығы үшін күрескен батыр Ескендір қолы Сырдариядан өтіп, сақтармен шайқасып жатқанда Сыпатай қол жинап, Самарқанға шабуыл жасайды. Осындағы македониялықтарды қаладан қуып шығып, өзендегі аралды паналауды мақсат етіп барған жерлерінде жойып жіберген (шамасы, Зеравшан өзенінде болса керек). Ол жауларымен үш жыл бойы шайқасқан. Шайқасқанда қазіргі тілмен айтқанда партизан соғысын ұйымдастырған. Солай бола тұрса да ол Ескендірдің ең таңдаулы әскербасы Фарнухтың жасағының күл-талқанын шығарған.
Осы бір елін қорғаған отаншыл жөніндегі деректерге жүгінетін болсақ академик В. Струбе «Кавказ бен Орта Азия жөніндегі дерекнамалар» деген кітабында былай деп жазған екен:
Міне, дүниені түгел билесем деген қолбасшының сақ жеріне келіп қайтуының сыры осылай. Ал сол шайқас қай тұста өтті деген сұраққа жоғарыда айтылған әңгімелердің бәрін жүйелеп көрген зерделі оқырманның өзі-ақ тұжырым жасауына болады. Бұл тұс және де Келес өңірі, қасиетті Қазығұрттың маңы, Қазығұртты айтқанда біз барлық оқиғаны сол бір таудың іргесіне апарып тіреп қоюдан аулақпыз – бүкіл Қазығұрт өңірін қоса айтып отырмыз. Осылайша қазақ даласының және бір жойқын апаттан аман қалғанына қасиетті Қазығұрт куә. Осы жерде және бір айта кететін нәрсе – Қазығұрт аймағындағы Ескендірдің атына байланысты айтылатын «Ескендір төбесі», «Ескендір көпірі» сияқты атаумен аталатын орындардың барлығы. Шымған тауының маңында Ескендір деп аталатын ауыл да бар. Белгілі қазақ мәдениеттанушысы, әдебиеттанушысы Мекемтас Мырзахметұлының еңбегінде келтірілген Оңтүстік Қазақстан аймағында қыздардың жігіттерді сынағанда айтатын «Ескендір тауға шықтың ба?» деп басталатын жыр үлгілерінің сақталғанын мысалға келтіреді. Бұл да тұжырымдардың бір нышаны.
Ал сол көне дәуірде сақтардың «Ұлы Ордасы» деп аталатын орны Қазығұрт төбесіндегі жазықта әлі күнге дейін «Орда қонған» деп аталатын орын болуы әбден мүмкін. Қамалға айналдырылған қорғаныс орындары — Өгем шатқалындағы ескі қаланың орны.
## Ескендір Зұлқарнайын жорықтары
* Б. з. д. 334 жыл Граник өзенінің жағасы Е. Зұлқарнайын парсылардың әскерін талқандады. Кіші Азияның ішкі бөліктеріне және Жерорта теңізі жағалауына оңтүстікке қарай жол ашылды. Финикия жеріндегі Тир, Библ, Сидон қалалары жаулап алынды. Б. з. д. 333 жыл Исса қаласының түбінде Македондықтар жау әскерін талқандап, парсы патшасы ІІІ Дарийдің отбасын да қолға түсірді.
* Б. з. д. 332 жыл Мысырға жорық Ескендір Мысырды соғыссыз бағындырды. Ніл өзенінің атырауында жаңа қала — Александрия қаласының негізін қалады.
* Б. з. д. 331 жыл Гавгамелы елді мекені түбінде Ежелгі дүниедегі ірі шайқас парсылар мен грек-македондық әскері арасында болды. Саны жағынан көп ІІІ Дарий әскері талқандалып, Ескендір бүкіл Парсы елін өзіне қаратты.
* Б. з. д. 330 — 328 жж. Орта Азия мен Қазақстан жеріне Бактрия мен Соғды елі уақытша бағындырылды. Сақтар жеріне ішкері ене алмады.
* Б. з. д. 328 жыл Үнді өзенінің жағалауы Үлкен қиындықпен Солтүстік Үндістан жаулап алынды. Е. Зұлқарнайын көптеген шығынға ұшырады.
* Б. з. д. 324 жыл Он жылдық жорық аяқталды. Ескендір әскерімен Вавилонға келді.
## Өлімі
Ескендір Зұлқарнайын біздің жыл санауымызға дейінгі 323 жылдың маусым айында 33 жасында қайтыс болды. Ғасырлар бойы оның сүзек немесе безгек ауруынан қайтты деген пікір қалыптасты. Дегенмен, ол уландырылған деген болжамдар болды, бірақ оның қалай, немен уланғаны туралы мәлімет болмады. Американдық зерттеушілердің пікірінше, қолбасшыны Стикс өзенінен алынған сумен улаған. Бұрындары Стикс өзені тамұқтан бастау алып отыр деген наным-сенім болған. Бұл өзен қазіргі күні де бар. Ол гректің Пелопоннес түбегінің тауларында ағып, Мавронери немесе «Қара су» деген атауға ие. Мамандар осы өзеннің суына зерттеу жүргізгенде, оны суының құрамында аса қауіпті улы бактерияның барлығын, ол бактерияның калихеамицин деп аталатын улы затты шығаратынын анықтады. Дегенмен, олардың Ескендір Зұлқарнайынның нақты осы өзен суымен уланғаны туралы болжамының неден шығып отырғаны хабарланбайды.
## Ескендір Зұлқарнайынның өнердегі бейнесі
* «Ескендір» поэмасы — Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатыны.
* Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропа Александр Макендонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған.
* Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты ақындары да жыр еткен.
* Шығыс халықтарының арасында осы қолбасшының қос мүйізі бар екен деген лақап тарап кеткен. Сондықтан ол Зу-ль-Карнейн («Қос мүйізді») аталыпты.
## Дереккөздер |
Торсық – Орталық Азиядағы түркі халықтарының қымыз, шұбат, іркіт құюға арналған ежелгі ыдысы. Әсіресе,
* қырғыз,
* қазақ,
* түрікмен,
* қарақалпақ халықтары пайдаланған.
## Жасылу барысы мен түрлері
Торсық түйенің, бұғының, өгіздің мойын терісінен жасалады. Жүні жидітілген теріні қалыпқа салып пішеді де таспамен тігеді. Торсықты саба сияқты қарағайдың бүрімен немесе арша, тобылғымен ыстайды. Торсықтың түрлері:
* шимайторсық,
* өркешторсық,
* жанторсық,
* мүйізторсық, және т.б.
Торсықтың бүйірі дөңгелек, мойны жіңішке әрі ұзын болып келеді. Аузына ағаштан тығын тығылады. Ол жоғалып қалмау үшін қайыстан бау өткізіп, бір ұшын торсықтың мойнына бекітіп қояды. Кейбір торсықтарға арнаулы мүйізшапқымен (ысқышпен) әр түрлі өрнек салынады.
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* Мұқанов С. Халық мұрасы (тарихи-этнографиялық шолу). Таңдамалы шығармалар. ХV том. Алматы: Жазушы, 1979;
* Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005; |
Шұбат - түйеден өндiрiлген бұл сусын қазақ аспаздығында кеңiнен қолданылады; түйенің сүтін ашыту арқылы дайындалынатын сусын.
Өзiнiң биологиялық құрамы бойынша тек қана нәрлi және дәмдi азық қана емес, сондай-ақ А, В1, В2, С витаминдерiнiң көзi. Мысалы, В1, В2 витаминдерi бойынша түйе сүтi сиыр сүтiнен асып түседi. Шұбаттың бiр литрi адам организмінің С витаминiне және рибофлавинiне тәулiктiк қажеттiлiгiн қанағаттандыра алады. Шұбат айранға қарағанда май, ақуыз, кейбiр минералды заттарға, витаминдерге өте бай.
## Әзiрлеу
Әзiрлеу технологиясы да қымызды әзiрлеу технологиясына ұқсас. Шұбаттың сапасы көбiнесе ұйытқыға байланысты. Шұбаттың ең жақсысы - күштiсi болып табылады. Шұбат та қымыз секiлдi әлсiз - тәулiк iшiнде - жетiле бастаған, орташа - екi тәулiктiк және - үш тәулiктiк болып бөлiнедi.
Шұбат дайындау үшін суытылған түйе сүтін сүзіп, 30—35°С-қа дейін салқындатып, емен кеспекке құйып өндірістік ашытқы салып піспекпен 20—30 мин араластырып, 3—4 сағат ашытады. Бұл кезде құрамындағы күрделі заттар жай заттарға айналып, қышқылдылығы көтеріліп, ішіндегі казеин іріп тұнбаға түседі. Тұнбадағы казеинді майдалау үшін шұбатты араластырып отырады. Әр сауыннан алынған сүтті шұбаты бар кеспекке құйып жақсылап пісіреді, ал ашыту процесі 20—25°С температурада 10—20 сағатқа созылады. Ашыған шұбатты ыдыстарға құйып, 10— 12 сағат бойы салқындатып сауда орындарына таратады. Бір тәулік бойы ашыған шұбат — әлсіз, екі тәулік ашыған шұбат — орташа, ал үш тәулік бойы ашыған шұбат — күшті деп аталады. Ашытқы әсерінен түйе сүтіндегі сүт қанты ыдырайды, сүт қышқылының, спирттің, көмір қышқылының жаңа қосылыстары түзіледі, витаминдердің мөлшері молаяды.
## Ерекшелігі
Қуаты мен дәрілік қасиеті қымыздан кем емес. Қымызда 499 – 528 ккал болса, Шұбатта 789 – 991 ккал болады. Шұбат құрамында май, әртүрлі витаминдер мен тұздар көп болады. Шұбатты Маңғыстау облысы Тұщыбек бұлағындағы емдеу орнында өкпе ауруларын емдеуге пайдаланған.Бұрын қазақтар қою түйе сүтiн шәйға қосып iшкен, оның үстiне түйе сүтiн олар сиыр сүтi ретiнде пайдаланды. Шұбаттан басқа, қазақтар түйе сүтiне басқа да жануарлардың сүтiн қоса отырып түрлi сүт тағамдарын өндiрiп шығарған. Мысалы: сүзбе (қатық), құрт.
## Дереккөздер |
Құрт сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Құрт (тағам)
* Құрт (жәндік)
* Құрт (вирус)
* Құртшөп |
Айран - пісірілген сиыр, қой, ешкі сүтінің жылы кезінде ашытқы (айран, қаймақ) қосып, ұйытып дайындайтын қышқыл дәмді ақ тағам түрі. Айран әрі сусын орнына да жүреді. Ыстықтау болса, сарысуланып іріп, тым салқын болса ұйымай қоятындықтан, қанжылым етіп алған соң мөлшері бір шелек (қазан) ыдыстағы сүтке шамамен оның оннан бір бөлігіндей ұйытқыны қосып, баяу араластырып, аузын мықтап жауып, суып қалмас үшін жылылап орап таң асырады. Оны ыдыстан қасықпен, ожаумен құйып алады. Әрі сусын, әрі тамақ болғандықтан жол жүргенде торсыққа құйып алып жүреді.
Айран - Қазақстанда, Орта Азияда, Қырымда, Кавказда кең тараған тағам түрі. Айранның ел ішінде қатық айран - қой-ешкінің қою айраны, кілегей айран - сиырдың сұйық айраны, қойыртпақ - сүтпен сұйылтқан айран, шалап - айранға су қосып дайындаған сусын сияқты түрлері қолданылады. Қоршаган орта, климат жағдайына қарай айранды дайындаудың тәсілдері әртүрлі: ыстық жерлерде айранды көбіне қойыртпақтап, қоймалжың етіп, шалаптап, піспе етіп ішеді. Піспе деп ашып кеткен айранды торсыққа құйып көп піскендіктен көпіршіп, іртігі тараған айранды айтады. Айранды да қыста қатырып сақтауға болады. Айранның сары суын кенепке сүзіп алып, тұздап, қатық жасап қарынға сақтайды.
Айранды көп етіп жинап, сабаға құйып, ашытады. Оны күбіге құйып, пісіп май шайқайды, яғни май алады. Майы алынған соң айран құнары аз, сұйық сусын іркітке айналады. Іркітті қайнатып құрт, жарма алады. Айранның ұйытқысы болмай қалса, ауылдастарынан, көршілерінен «ұйытқы» деп емес айран деп сұрап алатын ырым бар. Өйткені, ұйытқы әр үйдің құты, берекесі саналғандықтан, тікелей аталып берілмейді.
## Дереккөздер |
Уыз — бұл жаңа туған сиырдың 4-8 тәулiкке дейiнгi сүтi. Бұл сүтке қарағанда қою, сары түстi, қышқыл дәмдi. Нәрлiлiк қасиетi бойынша уыз сүттен асып түседi. Дайын уыз - тек балалардың дәмдi тағамы ғана емес, оны үлкендер де сүйсiне жейдi. Уызды пайдалану денсаулыққа өте пайдалы.
Жаңа төлдеген малдың төлі емгеннен кейінгі алғашқы сүтінен пісіріледі. Өте дәмді ақірімшік болады. Төл емгеннен кейінгі сары уыз бүйенге, ішекке кұйылып, етпен бірге пісіріледі. Бұл уыз қазақ халқының мал төлдейтін айлардағы ең бір сүйсініп жейтін тамағы.
## Тағы қараңыз
* Уызқағанақ |
Ақпарат көздеріне қарағанда жартығасырлық тарихы бар қазақ самбо мектебінің негізін қалаған Мәскеу мемлекеттік дене шынықтыру институтының түлегі Василий Иванұлы Воронкин болған.Ол 1953 жылы республикадағы алғашқы самбо секциясын ашады. Сол жылы Қазақстан біріншілігі де алғашқы рет өтеді. 1960 жылы күрестің бұл түрі Қазақстан X Спартакиадасы бағдарламасына енгізіледі. КСРО құрамына жолды алғашқы болып 1975 жылғы КСРО кубогінің қола жүлдегері жамбылдық Нұрбай Жармұхамедов ашады. Эстафетаны одан әрі қазақтардың алғашқылары болып әлем чемпионы және әлем кубоктораның иегерлері болған КСРО еңбек сіңірген бапкері - Марат Жахитовтың (Жамбыл) шәкірттері жалғастырады. Олар - Қанат Байшұлақов пен Талғат Байшұлақов, солармен қатар КСРО халықтары Спартакиадасының жеңіпазы - Сәлкен Жартыбаев. Жамбыл облысы, және жалпы Қазақстан самбо дамуына қомақты үлес қосқан энтузиастары, қажырлы еңбек еткен азаматтар - Марс Ұрқымбаев, Мақұлбек Байгелдиев және Алтынбек Оразбаев. Жеңіс дәйтүрін жалғастырушы қазақ самбошылары - Арман Ташметов, Бауыржан Садыханов, Асылбек Әлкей, Серік Оразханов, Медет Торғаев т.б. |
Жая — ұлттық тағам. Жылқының қалың сауыр еті. 10 см қалыңдықта сүйегінен ажыратылып, сылынып алынады. Жаяны тілімдегенде оның сыртқы майлы қыртысының барлық тілімдерге бірдей тегіс бөлінуі көзделеді. Содан соң Жаяның еті ұсақ тұзбен тұздалады да, шұңғыл ыдысқа салынып, үстіне ащы тұздық құйылады. 2 — 3 күннен соң ыдыстан алынып, тор немесе ши үстіне жайып кептіреді. 1 кг Жаяны тұздау үшін шамамен 25 г тұз керек. Жаяны сүрлеуге, қақтап кептіруге, ыстауға да болады. Оны пісіру үшін қазанға құйылған су қанжылым болғанда Жая салынып асылады. Піскен Жая қиялап туралады. Дастарқанға әкелерде бетіне ұсақтап туралған көк жуа себіледі немесе дөңгелектеп туралған пияз салынады. Жая дастарқанға ыстық күйінде де, салқын күйінде де қойылады. Мұндай тағамдардың құрамына көкөніс, т.б. дәмдеуіштер қосса, олар витаминдердің, минералды тұздардың бірден-бір көзі болып табылады. Соғым еті таусыла бастағанда қонақтарға Жаяны жамбас, қазы орнына береді. Егер табақ туралып келетін болса, төс ет пен Жаяның еті біркелкі жапырақталып табақтың бетіне қойылады.
## Жая
Сауырдың малы еті. Оны қасапшылар етті мүшелеген кезде санның сыртынан (жамбасқа да ет қалдыра отырып) салып алады. Семіз жылқыда жая бір май, бір ет болып тұрады. Оны жастай асуға да, кептіріп-сүрлеп алуға да, болады.
## Тағы қараңыз
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Қуырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
## Дереккөздер |
Құрт — сүт өнімдерінен дайындалатын тағам.
## Дайындау түрi
Құртты дайындаудың бiрнеше түрi бар.
* Әдетте сүзбенi кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi де, қысады. Онан соң оларды тақтаға жайып, кептiредi. Кептiру барысында бiрнеше рет аударады. Мұндай құрт сүзбе құрт деп аталады.
* Айранды бiрнеше күн бойы ағаш ыдысқа жинайды. Онан соң барлық айранды қазанға құяды да, қою масса пайда болғанға дейiн қайнатады. Массаны салқындатады, кiшiгiрiм бөлiктерге бөледi. Мұндай қайнатылған құртты жоғары пайдалы өнiм, оны ұзақ сақтауға болады.
Құрт. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әртүрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.
Құрттың әртүрлері болады.Олар:
Жас құрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
Көбік. Қайнап жатқан құрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның қайнатқан құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа құйып сүзіледі де тұздалып, әртүрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.
Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады.Езген құрт — ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
Ақ малта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.
Құрт- май. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да құрт-май деп аталады.
Құрт-көже. Сорпаға, көжеге құрт езіп ішу қазақ арсында көп тараған және ол кенеулі, күшті, қадірлі ас.
Ақ құрт. Іркітті қазанда қайнатып, суыған соң қапқа салып сорғытады. Қаптағы құрттың сары суы кетіп дегдіген соң қолменн бөлшектеп, түрлі формаға келтіріп өреге жаяды. Бұл құрттың ақ болатын себебі тұзын анағұрлым көбірек қосады.
Қара құрт. Ашуы жеткен іркітке аздап сары май қосып қайнатады. Тұзын аздап қана қосады. Түйе сүтінен жасалатын құрттың да қара болатынына куә болдық. Түйе сүтінен жасалатын құрттың да жасалу технологиясы сиыр сүтінен жасалатын құртпен бірдей. Айырмашылығы ненің сүтінен жасалатындығында.
Ежігей немесе ежегей құрт.Ежігей немесе ежегей құрт құрттардың ішіндегі ең бір ерекшесі, әрі дәмдісі. Ежегей құрт көлемі жағынан да кіші, бармақтай болып келеді. Кепкен кезде ежігей де құрттың жасалу жолымен әзірленеді. Бірақ ол өте ашымаған іркіттен жасалады. Әзірлеу кезінде бір шелек іркітке екі шелек қаймағы алынбаған сүт қосып қайнатылып дайындалады. Әбден қайнап суы сарқылып піскен ежегей суы сорғытылып сәл кебір тартқаннан кейін алақанға салып сығып өреге қатарлап жәйіп кептіріп алады. Ежігей кепкен кезде де ашы құрт сяқты тас болып қатып қалмайды, үгітіліп тұрады. Әбден кептірген ежегей жазда да, қыста да дәмді де, түсі де өзгермейді.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ғарыштағы қазақ құрты |
Арал теңізі (өзб. Orol dengizi; қарақ. Aral ten'izi) — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған, алайда 1960 жылдардан бастап теңіздің су деңгейі азайып келеді.
## Арал теңізінің тарихы
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік дәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.
Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді, деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.
Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады.
Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.
Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.
## Арал ойысы
Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың км2 шамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.
Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.
Арал ойысы табанының жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеоген жыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.
## Арал флотилиясы
19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери «Николай» шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы Райым бекінісіне жеткізілді. 1847 жылы 20 тамызда шхуна Хиуа бекінісі жаңа қаланы алу шайқасына қатысты. 1848 жылы Арал теңізін зерттеу лейтенант А.Бутаков пен прапорщик Поспеловке жүктелді. Олар сапарға «Николай» және «Константин» (1848) шхуналарымен шығып, Хиуа хандығына қарайтын Аралдың оңтүстік жағалауы мен Әмудария жағалауларын зерттеді. 1850 жылы Швейцарияда Маталь зауытында теңізде де, өзенде де жүзетін «Перовский» кемесі мен Обручев баркасы жасалды. 1852 жылы олар Сырдария жағалауына жеткізіліп, 1853 жылы ақпанда суға түсірілді. 1853 жылы 5 маусымда «Перовск» кемесі Ақмешітті алуға қатысты. 1856 жылы 5 маусымда Бутаков баржамен Әмудария арқылы Қоңыратқа жетті. 1873 жылы Хиуа жорығына 2 кеме, 3 баркас қатысты. Жалпы Арал флотилиясының құрамында 4 кеме («Самарқанд», «Арал», «Ташкент», «Сырдария»), 11 баркас, 10 баржа және бес сал болды. 1877 – 78 жылы кемелер 4 телім (Қазалы – Перовск, Перовск – Чинар, Қазалы – Қосарал және Қосарал – Николай аралы) аралығында адам, жүк тасымалдады. 1888 жылы «Самарқан» кемесі Перовск қаласы жанында суға батып кетті. 1882 жылы 26 қазанда генерал-адъютант Черняев Арал флотилиясын тарату туралы комиссия құрды. 1883 жылы 7 сәуірде комиссия флотилияны жойды. Арал флотилиясының орнына 1888 жылы Әмудария флотилиясын құрылды.
## Арал қазба фаунасы
Арал қазба фаунасы – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палеонтология институты және Қазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 1991 ж.) жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар (Paraceratherіum, Aceratherіum, Protaceratherіum, Aprotodon, Gіgantamynodon), бұғытәрізділер (Lophіomeryx, Mіomeryx, Prodrematherіum, Amphіtragulus), кемірушілер (Propaleocator, Aralomys, Argіromys, Agіspelagus, Protalactaga, Eumysodon), бауырымен жорғалаушылар (Chelonіa, Testudo), құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.
## Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
### Арал апатына себеп болған факторлар:
* жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
* ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
* суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
* жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
* табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.
Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.
Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.
Жалпы, адам үшін бірінші байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамында тыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.
## Арал экологиялық дағдарысы
Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.
Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.
1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.
## Теңізді құтқарудағы болжамдар
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Солтүстік Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Солтүстік Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:
* Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
* Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
* Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
* Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
* Жер асты суларын пайдалану.
* Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.
Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.
Қазіргі кезде аралды құтқаруда бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.
## Арал теңізін сақтау және қалпына келтіру шаралары
### Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім
Арал теңізі мәселелері жөніндегі келісім – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Орталық Азия елбасыларының 1993 жылдың қаңтарында Ташкент қаласында қабылдаған шешімі бойынша 1993 жылғы 26 наурызда Қызылорда қаласында өткен Арал теңізі мәселелері жөніндегі 1-конференцияда жасалған келісім. Ол «Арал теңізі және Арал аймағы мәселелерін, экологиялық сауықтыруды, аймақтың әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуді бірлесіп шешетін ортақ шаралар туралы Келісім» деп аталды. Келісімге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, Қырғыз Республикасының Президенті Ақаев, Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Э.Ш. Рахмонов, Өзбекстан Республикасының Президенті И.А. Каримов, Түрікменстан Президенті С.А. Ниязов қол қойды.
Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақтылы қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, тұрмыстық қажеттіктерді өтейтін істерге тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғашқы шарты есебінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді. БҰҰ-ның Бас хатшысына Орталық Азия елбасыларының атынан Үндеухат жолданды. Онда Аралды сақтап қалуға, Арал аймағының келелі мәселелерін шешуге арналған шараларға дүниежүзілік қауымдастықтың назары аударылды.
### Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес
Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес'– Арал мәселелерімен айналысатын Орталық Азия елдері (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан) Елбасылары кеңесінің атқарушы органы. 1993 ж. 26 наурызда Қызылорда қаласында құрылған. Кеңеске Орталық Азияның әр республикасы үкімет басшыларының орынбасарлары бастаған 5 адам және бақылаушы ретінде Ресей Федерациясының өкілдері енді. Мемлекетаралық кеңесті әр жылда Орталық Азия елдерінің біреуі алфавит тәртібі бойынша кезекпен басқаратын болып шешілді.
Алғашқы кезек Өзбекстан Республикасына берілді. Кеңес өзінің атқарушы комитетін, су мәселелері жөніндегі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және экологиялық даму жөніндегі комиссияларын бекітті. "Сырдария" және "Әмудария" алабының су шаруашылығы басқармаларын Кеңестің су моселелері жөніндегі комиссиясы басқаратын болды. Кеңес өз жұмысын "Халықаралық Арал қорымен" және Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып жүргізеді.
### Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар
Арал теңізін сақтау жөніндегі халықаралық шаралар, Арал апатынан зардап шеккен елдер басшыларының іс-қимылдарына көмектесуге бағытталған алғашқы халықаралық келісім 1990 жылдың 24–26 қаңтарында БҰҰ-ның қоршаған орта Бағдарламасының (ЮНЕП) ұсынысымен жасалды.
Бұл халықаралық құжат «Арал теңізін сақтауға арналған нақтылы іске дайындыққа қатысу» деп аталды. 1990 жылғы 11–12 қарашада Хаттамаға қол қойылып, келісім заңды түрде бекітілді. Келісім бойынша дүниежүзілік дәрежедегі оқымыстылар мен мамандардың қатысуымен «Диагностикалық құжат» жасалды. Бұл үлкен ғылыми-тәжірибелік зерттеу Арал апаты кеселінің бетін ашып берді, нақтылы іске бағдарлама жасауға себін тигізді. «Диагностикалық құжат» 1992 ж. 4 тамызда ЮНЕП-тің басқаруымен Женева қаласында бекітілді, оған Қазақстан Республикасы атынан Ұ.Қараманов, К.Салықов, Н.Мұқитанов қол қойды. Келесі сатыда Дүниежүзілік Банк пен ЮНЕП, ПРООН, ЮНЕСКО, т.б. мекемелер қосыла отырып, Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық кеңесінің және халықар. Арал қорының басшылығымен «Арал теңізі мәселелеріне нақтылы көмек бағдарламасын» іске қосты. Бұл тарапта 7 бағдарлама, 18 жоба жасалып, ауқымды жұмыс қолға алынды.
## Арал-Сырдария алабының су ресурстары
Арал-Сырдария алабының су ресурстары (Водные ресурсы Арал-Сырдарьинского бассейна) — Сырдария өзенінің алабы 39° 23'—46° солтүстік ендік пен 61°-78°—24° шығыс бойлық бойында орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 800 км-ге, Батыстан Шығысқа қарай 1600 км-ге созылып жатыр. Жалпы өзен жүйесінің ағысынан арнасы бойынша ең шеткі нүктесіне дейін — 3019 км. Өзен Орталық Азияның төрт мемлекетінің (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) аймағын басып өтеді. Оның алабында ұзындығы 10 км- ден асатын 497 тұрақты өзен бар. Бұлардың жиынтық ұзындығы — 14750 км. Өзеннің су жинау алабының ауданы — 462 мың кмSuperscript text2. Антропогендік факторлардың сипатын анықтайтын алабының негізгі ерекшелігі — оның аумағының қалыптасу зонасы ағынды пайдалану немесе "таралу" зонасына бөлінуі.
Алаптың жазықтық бөлігін алып жатқан каналдар желісінің көмегімен тауларда қалыптасқан ағын аумақ бойынша таралады, содан кейін барып транспирацияға және жер асты суларының қорын толықтыру үшін сейіледі. Сонымен бірге тарамданған кәріздеу және коллектрлеу желісінің құрылысы ағындыны табиғи гидрографиялық желіге жоне көптеген табиғи төмендеген жер бедеріне жинауға мүмкіндік тудырады. Осының нәтижесінде табиғи ыңғайлы жағдайда ағынның сейілу зонасы мелиорация құрылысының кейбір этаптарында оның қайтадан қалыптасу зонасы болуы мүмкін.
### Табиғат жағдайы
Табиғат жағдайының әр түрлілігі өзен алабын бірнеше бөліктерге бөлуде анықтаушы факторлар болып табылады. Сырдария өзені алабы жазық аумағының климаттық жағдайы жазда ауа температурасының жоғарылығымен, ұзақ жылы кезеңмен сипатталады. Негізінен қыс, коктем мезгілінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның аздаған ғана мөлшері қолдан суландыруды қажет етеді. Соңғы уақытқа дейін Арал теңізіне суы толық екі ірі өзен — Сырдария мен Әмудария өзенінің суын бұрып әкету, суармалау мен суландыруға пайдалану бұл өзендердің гидрологиялық режіміне әсер етіп қана қоймай, Арал теңізі алабының экологиялық жағдайын тудырды. Арал маңының барлық аумағында жауын-шашын жеткіліксіз.
Жазда мұнда бірнеше ай бойы жауын-шашын мүлде түспеуі мүмкін. Мұнда оңтүстікте жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері — 90 мм, ал солтүстікте — 125 мм. Қазақстан аумағынан шыққан кезде Сырдария өзеніне Келес, Арыс өзендерінің солтүстік жағасының салалары құяды. Оның барлық су жинау алабының ауданы — 462000 км2.
Шу, Сарысу, Талас және т.б. өзендердің бұрын Сырдария өзеніне кұйғаны анықталған. Ал казір олардың сулары оған жетпейді. Сырдария алабы ең негізгі артериясын Қазақстан шегінен алып жатқан Қарадария және Нарын өзендерінің қосылуынан алады. Олар Тянь-Шань тау жүйесінің қар мен мұздығынан мол қоректеніп ағады. Суы молы — Нарын, бұл өзенмен бірге Сырдария 2900 км ұзыңдықта, осы екі өзеннің суын қосып алған соң, Сырдария солтүстікте — Шатқал, оңтүстікте — Түркістан беткейінің аралығында кең жайылған Ферғана аңғарымен (300 км аса) ағады. Аңғардың оңтүстік шетінде Үлкен Ферғана, ал солтүстік шетінде Солтүстік Ферғана каналы тартылған. Өзен аңғардан шыққан кезде Моғалтау жотасының Ферхад аласа тау жотасы сілемін қиып өтеді. Осы жерде ол Ферхад ГЭС-ы салынған Бекабад шоңғалын қалыптастырады.
Ағыс бойынша жоғарыда бөгенмен бірге Қайраққүм ГЭС-ы орналасқан. Осы өзеннен Киров атындағы, Дальверзинский және Голодностепной бас каналдары тартылған. Соңғысы дала жазығымен 150 км қашықтыққа созыла келе, Қазақстан аумағына енеді. Бұдан кейін тағы да 1000 км-дей аға отырып, Арал теңізіне құяды. Сырдарияның төменгі ағысы Қазақстан аумағында Қызылорда облысымен 218,4 мың км² аудан түзеп құлай ағады. Сырдария өзен жүйесі Нарын, Қарадария, Келес және Арыс, сондай-ақ, солтүстік жағадағы шағын өзендерінің ағысын қосып алады.
## Бұрынғы порттары
* Арал (Қазақстан);
* Мойнақ (Өзбекстан);
* Қазақдария (Өзбекстан).
## Бұрынғы аралдары
* Возрождение аралы;
* Барсакелмес;
* Көкарал;
* Ақбасты;
* Жыңғылдыарал;
* Көзжетпес;
* Манас аралы;
* Қасқақұлан;
* Қосарал;
* Ұзынқайыр;
* Ұялы аралы.
* Константин аралы
## Қызықты айғақтар
* Аралабад кеңес курортты қаласы “Syberia” компьютерлік ойынында, атауына қарағанда Арал теңізінде орналасқан.
* Рашид Нығмановтың «Ине» ( Игла) киносында басты кейiпкерлер (Цой, Смирнова) Арал теңізіне барады.
* Арал теңiзiнiң таязданған түбiнде екi қоныс пен кесенелердiң қалдықтары табылған (солардың бірі Кердері кесенесі) .
* «Иттер» ( Псы) киносы (рөлдерде Андрей Краско, Юрий Кузнецов, Михаил Жигалов және б.) Арал теңізінің құрғау нәтижесінде туындаған адам мен табиғаттың арақатынастарының трагедиясын ашып көрсетеді. Бұл кинода экспедиция аңшыларының, кезінде толы өмір мен су, ал қазір Арал теңізінің жағасындағы тастанды қалаға қасқыр-жалмауыздарды ату үшін баруы туралы айтылады.
* «Call of Duty: Black Ops» компьютерлік ойынында басты кейіпкер белгілі бір тапсырманы орындау барысында Арал теңізінің аралдарының біріне түсіп қалады.
* «X-Men: First Class» киносында Арал теңізімен аттас кеменің атауы жайлы айтылады.
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Арал апаты
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Декларациялар Мұрағатталған 12 наурыздың 2016 жылы.
* АРАЛ ТЕҢІЗІ ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ(қолжетпейтін сілтеме)
* Арал теңізі және экологиясы
* Водное видение бассейна Аральского моря. Информация ЮНЕСКО
* Международный фонд спасения Арала
* Большие перспективы Приаралья
* Водные проблемы возникают из-за «несоответствия интересов верховий и низовий»
* Мониторинг падения уровня Аральского моря Мұрағатталған 31 қазанның 2014 жылы. |
Қазақтардың ет даярлаудағы ең әйгілі ұлттық ерекшелікке ие тәсілдерінің бірі — қазы аудару. Жылқының ішегін жуып-тазартып, оған бір-бірлеп тілінген, әрі тұздалып, бұрыш сияқты дәмдендіргіштер қосылған жылқы қабырғасын майымен тығып, содан соң ішектің екі ұшын мықтап байлап арысқа асып кептіреді. Шамамен бір айда қазы мейіздей болып кебеді. Басқа іріқараның етінен жасалғаны шұжық деп аталады.
Қазы майдың қалыңдығы 5 сантиметрге дейiн шөгiнделуi нәтижесiнде пайда болады. Бұл бөлiк пiсiрiлген түрiнде де, сүрленген түрiнде де өте құнды боп саналады. Қазыны әзiрлеу үшiн көкiрек қуысының әрбiр жартысынан (бұлшық еттерi бойынша) сүйектiң, қабырғаның тұтастығын бұзбай 6-дан бастап, 17-мен аяқтай отырып кеседi. Қабырғаны омыртқадан ажыратады, жұбымен: алтыншыны жетiншiмен, сегiзiншiнi тоғызыншымен және т.б. кеседi. Әрбiр жұптан iшкi жағынан шемiршектерiн алады, қабырғалар арасындағы талшықтарды қабырғалардың омыртқамен қосылған жерiнен бастап олардың шемiршекпен қосылған жерiне дейiн кеседi.
## Қазы
Екі жақтағы қабырғалар сүбессімен алынып, бір-бір қабырғадан қосып "шылбырлап" тілінеді. Жылқының семіздігі қазы майының қалыңдығымен өлшенеді.: Шынтақ, бір елі екі елі, ең семізі - табан, ішекке сыймағандықтан, тілген күйінде сақталатыны "дөңбес қазы" деп аталады. Қос қазы - қазының етек жағынанбастап, екі қабырғаны біріне-бірі түйістіре тығылған қазы. Көбіне қабырғаны сындырып тастап ішекке тығады. Тілімнің жуандығы малдың сеиміздігіне байланысты - қалыпты болса жалпақтау, қысқа болса жіңішкелеу ғып шылбырлай тіледі. Семіз жылқының ішегі өз қазысын аударуға жете бермейтіндіктен, сиырдың ішегін де пайдаланатындар бар.Қазыны ішекке аудармас бұрын, тұздап, усарымсағын ұнтақтап алаып, оған қара бұрышын қосып, қазыға араластырады. Ішекті е алдын ала тұз сіңіріп қояды. Аударған кезде ішекті тым тырсылдатпай, бос жасаса, ол піскенде ісініп , ішек жарылып кетуі мүмкін. Аударылып болған соң, ішектің екі ұшы түйіріледі. Қазыны асқан кезде ол жарылып кетпес үшін ішекті қазанға дәкемен орап асады.Қазы ең кәделі ас болғандықтан, ол - әр дастарқан, әр табақтың сәні. Сондықтан ол бір-екі білемнен табаққа қойылады. Е тураушы өткір пышақпен қиғаштай турап, айналасындағыларға бір-бір тіліп сыбаға үлестіріп, қалғанын туралып болған еттің үстіне турап тастайды. Еттің дәмін келтіріп, қосып жесін деген ниетпен.
Қазының әрбiр қабатына тұздау қоспасын не тұз себедi, 24 сағат сақтайды, тұзсу құяды және 2-3 тәулiк сақтайды. Одан соң қабырғаларды суық суға шылап қояды да, 1-2 сағат жылы сумен шаяды. дайын қабырғаларды жылқы не сиыр iшегiне салып, жiппен байлайды. Iшек қабатындағы қазыны 50-60 С-та қою түтiнге 12-18 қақтайды және 12 С-тық температурада 2-3 сағат салқындатады.
* Кере қазы, сере қазы — семіздің бармақ пен шынашақ арасына тең қазы.
* Табалдырық қазы — аса қалың, айналдыруға келмеген өте семіз қазы; кей жерлерде табан қазы деп атайды.
* Би қазы — бүйен ішекке тыққан, шұжық тәрізді жуан қазы.
* Дөңбек қазы (бұжбан қазы) — ішекке сыймағандықтан тілкем күйінде сақталған қазы.
Қазы малдың жасына қарай да жіктеледі. Сүт емген құлын-тайдың еті мен қазы-қартасы жылқы етінің дәмдісі. Ал құнажын, дөнежін, қүнан-дөнен, бес-алты жасар мал етінің дом татымы, хош иісі, нәрі, маңызы, құнары, кенеуі, күш-қуаты, жұғымы, жұмсақтығы, өң-түсі жағынан жылқы еті дейтін табиғи атына сай келеді. Жасы алты-жеті ден асқаннан кейінгі жылқы етінің де, қазысының да табиғи сапасы төмендей береді. Шау тартқан сайын еті қатайып, майы сарғайып, жылы-жұмсағының жылтырағы сорпа бетіне шыққыш болады.Қазы майсөк. Кеңдеу ыдысқа сөк салынып, үстіне пісіп жатқан қазының бетінен қалқып алынған майлы сорпа құйылады. Жақсылап араластырылады да, ыдыстың қақпағы 20—25 минуттай жабылып қойылады. Содан соң тостағанға немесе кесеге салынып, дастарқанға әкелінеді. 1 кесе сөкке 1 кесе майлы сорпа.
* Қазы жент. Сөкке жылқы қазысының ұсақтап туралған майы, қант және ірімшік ұнтағы қосылып араластырылады да, біраз жаншылады. 2—3 кесе сөкке — 1,5 кесе ірімшік ұнтағы, 2 кеседей ұсақтап туралған қазы майы.
## Тағы қараңыз
* Жылқы етi
* Қазы айналдыру
* Қазы-қарта, жал-жая
* Қазақтың дәстүрлі салқын тағамдары
* Жаужұмыр
* Жаубүйрек
* Бесбармақ
* Құырдақ
* Жент
## Дереккөздер
Сегізбайұлы КәдірбекС30 Қазақы дастарған – Алматы: ”Атамұра”, 2011. - 192.
## Дереккөздер |
Қымыз — биенің сүтінен дайындалатын денсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын.
Қымыз — түркі және моңғол көшпелі халықтарының бірнеше мыңжылдықтан бері пайдаланып келе жатқан сусыны.
Дәстүрлі қазақ қоғамында қымыз ұлттық қадірлі сусын ретінде бағаланды, сонымен қатар күнделікті тұрмыста сусын ретінде кеңінен пайдаланылады. Кей жағдайда ауыл үйдің әл-ауқаты желіге байланған бие саны мен шаңырақтағы саба арқылы өлшенді, яғни сусын мен азық рөлін бірдей атқаратын қымыздың, ағарғанның мол болуы молшылық пен тоқшылықтың белгісі саналды.
Қымыз ашыған күні қымыздың алды ауыл адамдарына беріледі. Жазғытұрымда бие байланған кезден бастап, қазан айының басына дейін (бие ағытылғанша) қымыз үзілмейді. Қымыздың жақсы болуы ыдысына, ашытылуына, ұсталу бабына байланысты болады. Қымыздың шипалық, емдік маңызы зор.
## Тарихы
Бие сүтінен даярланатын қымызды көптеген көшпелі халықтар — қазақтар, қырғыздар, башқұрттар баяғы заманнан білген. Оны даярлау әдістерін ежелгі скифтер де білген екен. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда грек тарихшысы Геродот, көшпелі скифтер бие сүтінен қымыз даярлаған, деп жазды. Олар бие сүтін ағаш күбіге құйып ашытқан. Сол Геродоттың айтуынша, көшпелілер сүтті ұзақ уақыт сақтау әдістерін құпия ұстаған.
Ежелгі көшпелі халықтарда қымыздың кеңінен таралу себебі, жылқы олардың тек көлігі ғана емес, негізгі қорегі де еді, жылқының еті мен сүтін асқа пайдаланды. Алайда бие сүтін сол күйінде пайдаланғанда ішке жақпайтын болғандықтан, көшпелілер оны сусын ретінде ашыту әдістерін үйренді, сонда ол тез сіңетін болды, дәмі де жақсара түсті, әрі сүтке қарағанда ұзақ сақтауға болды.
Қымызды даярлау, оның дәмі және адам ағзасына тигізетін әсері жөніндегі алғашқы жазба деректерді 1253 жылы татар жеріне саяхат жасаған Виллем Рубрук қалдырған. Ол өзінің естелігінде қымыздың адамның бойын қыздыратын және зәр айдайтын әсері бар екендігін атап көрсетті. Қымыз жөнінде Италия саяхатшысы Марко Полоның да естеліктері бар, ол қымызды татар халқының ең нәрлі сусыны деп атады және қымыздың дәмділік қасиетін атап көрсете отырып, оны «ақ шарапқа» теңеді.
Ортаазиялық ғалым, дәрігер Ибн Сина (Авиценна) өзінің «Дәрігерлік ғылымның ережесі» еңбегінде 1000 жыл бұрын зәр шығару түтігінің жарасына бие сүті ерекше көмектеседі деп атап көрсеткен, ал қымызбен ол несеп тас ауруына шалдыққан уәзірді емдеген.
Ипатьев шежіресінде князь Игорь Северский қыпшақтар қолында тұтқында болған кезінде (1182 ж.) оның күзетшісі қымыз ішіп, мас болып қатты ұйықтап қалғаны, осы сәтті пайдаланған князь қашып құтылғаны жайында жазылады. Басқа бір шежіреде, Тверь князі Михаил Алтын Ордада татарлардың берген қымызын ішпегені үшін өлім жазасына кесілгендігі айтылады. XIII—XIV ғасырларда татар хандарында болған орыс елшілері өздеріне дәстүрлі сый ретінде қымыз ұсынғандығын айтады. Орыстың барлық көне шежірелерінде қымызды «сүт шарабы» деп атайды.
Орыс патшасының сыртқы істер жөніндегі елшісі А.И. Лёвшин өзінің «Описание киргиз-кайсакских орд и степей» кітабында қымыздың басқа шипалы сусындарға қарағанда едәуір артықшылығы бар екендігін атап көрсетеді. Қазақтардың мәдениеті мен тұрмысын зерттей отырып, ол мынадай қорытындыға келді: олардың арасында кеуде, көкірек аурулары өте сирек кездеседі, бұл климаттың қолайлығынан және сусын ретінде қымызды пайдалануынан болса керек.
XVIII-XIX ғасыр аралығында көшпелілердің тұрмысын бақылаған С.Т. Аксаков қымыздың шипалық қасиеті жөнінде былай деп жазады:
«Көктемде жер беті көк майсаға оранып, хош иісті балауса шөптер құлпырып өсе бастағанда, қыстан арып шыққан жылқылар көкке аузы тиісімен қоң ала бастайды. Дәл осы кезде барлық үйде бие байланып, қымыз ашытылады. Қымызды еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін түгел ішеді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде-ақ қыстан жадап-жүдеп шыққан адамдар бойына қуат жинап, көңілі көтеріліп, өңіне рең кіреді».
Ағылшын тілді ортада қымыз жайлы алғаш мағлұматты Джон Грив есімді шотланд дәрігері таратқан. Ол 1784 жылы «Көшпенділердің қымыз деп аталатын шарапты дайындау тәсілдері және оны медицинада қолдану туралы есеп» деген шығарманы жариялайды.
1877 жылы АҚШ-та А. Майерс авторлығымен қымыз туралы ғылыми кітапша жарияланады.
XIX ғасырдың соңына қарай Ұлыбританияның Ресейдегі елшісі, медицина ғылымдарының докторы Каррик Джордж «Қымыз туралы және оның өкпе ауруы мен басқа да ауруларға қарсы қолданылуы» атты еңбегін жазады.
## Дайындалуы
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi ірімшіктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.
Ұйытқыны тiрiлту үшiн ұнтаққа буландырылған бие сүтiн 3-4 ас қасығына есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүркiн-дүркiн араластырып отыру арқылы жылы жерде бiр тәулiк сақтайды. Бiр тәулiктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн пайдаланады. Одан әрi қарай қымызды жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтiн есептей отырып пайдаланады. Қымызды әзiрлеу үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды да, түнге қалдырады. Келесi күнi әрбiр сауыннан аши бастаған сүтке бiрнеше жаңа бөлiктерiн қосады, жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. Дегенмен, мұндай әдiспен алынған қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою болады. Ары қарай тағы да мұқият араластырады да бiр күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды. Айта кету керек, сабадан барлығын емес, оның бөлiгiн (шамамен 1/5) қымызды ғана құйып алып, қалғанын ұйытқыға қалдырады.
10-15 күн өткеннен кейiн саба толығымен босатылады, қосымша сүрленедi және маймен сыланады. Сабаны қымыз дайындау үшiн бiр-ақ маусым пайдаланады. Сабада әзiрленген қымыз жоғары дәмдiк сапамен ерекшеленедi. Қазақтар қазымен үйлес майлы қымызды жақсы көредi.
## Құрамы
1 литр қымызда 20 г қоректік ақуыз бар, ол орташа қоңдылықтағы сиырдың 100 г етіне тең келеді. Ақуыз казеин, альбуминдер, глобулиндер сияқты негізгі үш түрге бөлінеді, олардың әрқайсысы одан әрі бірнеше фракцияларға тарамдалады. Бие сүтінде 40% ақуыз еритін болып келеді.
Бие сүтінде және қымызда адамның денсаулығына керекті барлық дәрумендер бар. Әсіресе ол A, C және D дәрумендеріне бай.
Бір литр қымыз құрамында 200-260 мг С дәрумені бар.
Сонымен қатар, B тобына жататын ең маңызды дәрумендер де бар:
Қымыздың құрамында мынадай минералдық заттар бар: кальций тотығы — 48%, магний тотығы — 3,4%, фосфордың бес тотығы — 21,3%, хлор — 7,5%..
Қымызды ашытқанда, бие сүтіндегі лактоза ұшпалы көмір қышқылына және спиртке айналады.
## Сауылатын биелердің бөлінуі
Қымыз қазақ халқының ұлтық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтінен ашытылады. Әдетте сауылатын биелер сақа бие, қулық бие, қысырақ бие деп үшке бөлінеді.
* Сақа бие — бірнеше кұлындаған, бұрыннан сауылып келген бие.
* Қулық — құнажын немесе дөнежін жасында алғаш құлындаған бие.
* Ал қысырақ бие деп, өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы (былтырғы құлыны) еміп жүрген биелерді айтады. Биыл құлындамағанмен тайы еміп жүргендіктен ондай биелер сауыла береді.
Жыл мезгілдеріне, шөп шығымына, малдың күйіне қарай сауылатын биелерді мал иесі мен жылқышы іріктеп алады. Онда биелердің ауру-сырқаудан амандығы, құлындардың ширақылығы есепке алынады. Жадау биелер немесе қарақұлақ болып марқаймаған кұлындар белгілі бір мерзімге дейін байланбайды.
Бие байлау деп енелері сауылатын құлындарды ноқталап, желіге байлап ұстауды айтады. Құлыны байланған биелер қашан құлыны ағытылғанға дейін ауыл маңына жайылады. Сондықтан тозған қоныс жиі-жиі ауыстырылып отырылады.
Жыл сайын алғаш бие байлаған күн «Бие байлар, желі майлар» деген дәстүрмен мереке сияқты өткізілген. Әдетте бұл күні сүр асып, мол табақ тартылады, желінің қазығына, айғырдың жалына май жағылады.
Бие байлау ел жазғы жайлауға шығып, шөптің нәрі толған кезде басталған. Дәлірек айтсақ бие байлау мерзімі — көкек (сәуір) айының аяғы мен мамырдың басы. Бұл кез кұлындар әбден марқайып жетіледі, 5—6 сағат байлауда ұсталады, сауым сайын емізіп, жетектеп жүріп сергітіледі. Көктемде және шілде айларында биелер жиі сауылады.
Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған бие шелекке сауады, әдетте бие саууға бұрыннан үйренген әйелдер ғана шығады.Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30—40 минут пісіп аузын байлап не тығындап ұстаған. Алғаш рет қымыз ашытарда бие сүті сабаға арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ болғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Сары қымыз дертке шипа, денеге күш. Қымыз ерекше дәмді, кұнарлы, жан сарайыңды ашып, адамның зауқын келтіретін хош иісті және өте сіңімді сусын. Оның бұлай болу себебі жылқы жануардың өзіне ғана тән асыл қасиетінен болса керек. Адымы кең, өрісі ұзақ сәйгүлік саңлақтар қазақ даласының кек байтақ жайлауын емін-еркіндеп, дәмдіден-дәмдіні, қоректі мен құнарлыны ғана тереді, өсімдіктің шұрайлысын ғана үзеді. Сөйтіп кең даланың сан алуан гүл-бәйшешектері мен мың түрлі дәрі-дәрмектік шөптерінен жылқы жарықтық адамға шипалы, жағымды тамақтық заттар әзірлейтін болса керек.
## Қымыздың түрлері
Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенің ашымаған сүтін саумал дейді. Оған арнайы ашытқы қосылып, екі-үш күннен кейін ашиды. Алғашқы қымызды үй иесі өзі ішпейді, дәстүр бойынша үлкендерін шақырып, ауыз тигізіп, батасын алады. Мұны қымызмұрындық дейді.
Қымыз дайындау шеберлігіне, сүттің тегіне, уақыт мезгіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Осыған орай оның аталуы да алуан түрлі:
* Уыз қымыз — биені алғаш байлағанда ашытылатын қымыз. Мұны бие бау деп те атайды.
* Бал қымыз — әбден пісілген және бойына жылқының не қойдың майы сіңген бапты жұмсақ қымыз. Мұндай қымыздың өңі әдеттегі қымыздан көрі сары әрі қою болады.
* Бесті қымыз — төрт түн асып, ашуы мейлінше жеткен қымыз.
* Дөнен қымыз — үш түнегеннен кейін қотарылатын, мейлінше ашуы жеткен қымыз.
* Жуас қымыз — үстіне саумал қосып жұмсартылған қымыз. Қымыз аса ашып кеткенше ішуге қолайлы болу үшін осылай істейді.
* Құнан қымыз — екі түнегеннен кейін ғана қотарылатын қымыз. Бұл түнеме қымызға қарағанда күшті болады.
* Қысырақ қымыз — бірінші рет құлындаған қулық биенің сүтінен ашытылатын қымыз. Қулық биенің сүті жылда сауылып жүрген сары қарын мама биелердің сүтіне қарағанда әлдеқайда қуатты болады. Бұны ту қымыз деп те атайды.
* Қысырдың қымызы — бие ағытылып кеткеннен кейін, жем, шөбі дайын адамдар қысыр биелерді іріктеп алып қалып, қыстай қолда ұстап сауады. Сондықтан оны қысырдың қымызы дейді.
* Сары қымыз — шөп пісіп, биенің сүті қойылған кезде ашылатын қымыз. Бұл жазды күнгі қымызға қарағанда қою әрі өңі сары болады.
* Сірге жияр қымыз — бие ағытылар кездегі ең соңғы қымыз. Бие алғаш байланып, уыз қымыз ішерде бір той болса, бие ағытылып, сірге жияр қымызды ішерде тағы бір той болады.
* Түнеме қымыз — ескі қымыздың үстіне саумал құйылып, келесі күні қотарылған қымыз.
Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен қымыздың дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды. Көбірек пісілсе тіпті күшті деген қымыздың өзі жұмсап, ішуге сүйкімді бола береді. Бал татыған барқыт қымыз осындай баппен дәмді.
## Қымыздың әлдендіретін қасиеті
Сиыр немесе бие сүтіне қарағанда қымыздың ас қорыту жолдарындағы бездердің шырын бөлуіне өте күшті әсер ететіндігі қазіргі кезде толық анықталып отыр. Қымыз қарынның шырын бөлуіне әсер етумен қатар, оның жиырылып-созылуына, яғни ондағы қорытылған астың дер кезінде ішекке түсуіне ықпал етеді.
Қымыздағы сүт қышқылдары тағам құрамына жататын ақуыздардың, майлардың, әртүрлі қанттардың жақсы сіңуіне әсер етеді. Ал ондағы көмір қышқылы мен алкогольдің аз мөлшерінің өзі ас қорыту бездеріне әсер етіп, қарын шырынының бөлінуін күшейтеді. Сол себепті қымыз ішкен адамның тәбеті ашылып, ішек-қарын жолдарының қызметі жақсара түседі.
Жалпы, қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді. Оның ас қорыту мүшелерінің қызметіне, жүрек-қантамырлары аппаратына, жүйке жүйесіне және басқа да дене мүшелеріне қолайлы әсері бар.
Адамның бұрын қандай індетке шалдыққанына, операция жасалғанына, қара жұмыстан не ой еңбегінен қалжырағанына қарамастан, қымызды күрт жүдеп арықтағандарға, қаны азайғандарға және әлсірегенде ағзаның жалпы күйін ескере отырып қолдану ұсынылады.
## Емдік қасиеттері
Қазақтың халық медицинасында қымыз ең көне шипалы тағамдардың бірі болып саналады. Оны өкпе ауруын (туберкулез), құрқұлақ (цинга), қаназдық, асқазан ауруларын емдеуге пайдаланған. Ұсақ туралған жабайы сарымсақты қосып, тырысқақ (холера) ауруына қарсы ем ретінде ішкен.
Халық емшілері қымызды адамның ішкі органдарын емдейтін айырықша дәрі деп санаған. Айталық, асқазан, тыныс жолдары, ішек ауруларының алдын алған екен. «Қымыз қырық ауруға ем» деген мақалдың шығуы да осыдан болар.
Қымыздың емдік қасиеті қазақтармен көршілес елдерде де белгілі болған. Мәселен, әйгілі жазушы Лев Толстой Самара даласында қымызбен емделгені жөнінде көп дерек сақталған. А.П. Чехов та сол граф Толстойдың кеңесімен қымызбен емдейтін санаторийге барғаны тағы бар.
## Қымызға арналған ыдыстар
Қымыздың атам заманнан бергі өзіне тән ыдысының бірі — қазақтың қара сабасы тек қана жылқы терісінен тігіледі. Бұл бұдан бірнеше ғасыр бұрын, көшпелі дәуірде игерілген ыдыс болса керек. Сабаға ашытқан қымыз бір жағынан сүйкімді, дәмді болса, екінші жағынан көші-қон жағдайында алып жүруге өте қолайлы.
Қымыз ыдыстарының енді бір негізгі түрі — күбі, ол отырықшылық жағдайға бейімделген. Күбі ауыз жағы тарлау, түп жағы кеңірек етіп еменнен жасалады. 60—70 және 100 литр кымыз сиғандай, әр түрлі мөлшерде болады. Оның іші де апта сайын жуып кептіріліп, сүр еттің майымен, қойдың құйрығымен майланып, тобылғы дүзгін, құлмұрын ағаштарының, қоғажай дейтін шөп түбінің түтінімен ысталып отырады. Күбіні баптай білген үйдің қымызы да дәмді болады. Қымыз еш уақытта темір ыдысқа құйылмайды.
Саба, күбі піспегінің басы аршаның қызылынан ойылып, саба да жақсы ағаштан жасалған және сүйек, күміспен өрнектелген. Піспек, бие сауатын шелек, қымыз тегене, шөміштер де жиі-жиі ысталып отырған.
Торсық — қымыз, шұбат, іркіт сияқты сүт тағамдарын құюға арналған, мал терісінен тігілетін ыдыс. Торсықтың түрлері көп: шимайторсық, өркешторсық, жанторсық, мүйізторсық, т.б.
Саба да, торсық та, көнек те көп мінілмеген, сөйтіп тер сіңбеген, ауру-сырқаудан аман, семіз жылқының терісінен жасалған.
## Әдебиетте және өнерде
Қымыздың халық өмірінде алатын ерекше орны жайында қазақ әдебиетінде сонау жыраулар заманынан бері айтылады.
Мысалы, Ақтамберді жыраудың келесі айтқаны бар:Арудан асқан жар бар ма,Жылқыдан асқан мал бар ма?!Биенің сүті сары бал,Қымыздан асқан дәм бар ма?!
Абайдың «Осы қымыз қазаққа», Мағжан Жұмабайдың «Ал ішіңдер, бұл — қымыз», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қымыз» деген өлеңдері осы қатардан табылады.
Жамбыл Жабайұлы да кезінде қымызға арнап ода шығарған:
Үйірілген қышқыл, тәтті сары қымыз,Ауруға — ем, сауға — қуат, дәрі қымыз,Ыстықта ұрттар сусын таппағанда,Ерте-кеш байлар ішкен кәрі қымыз.
Жүсіпбек Аймауытов өзінің «Ақбілек» романында сусынның сырбаз кейпін, сырлы дәмін әдемі суреттеп жеткізеді: «Тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды, қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі қымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны».
Қазақ даласында кескіндеме өнерінің дамуымен ұлттық дастарқан тақырыбы жаңа қырынан танылғандай болды. Бұл бағытта әсіресе Айша Ғалымбаева мол еңбек етті. Оның 1967 жылы жазылған «Бір кесе қымыз» суретінде тұрмыстық көрініс арқылы жанұялық жарасымдылық көрсетілен.
Ал Салихитдин Айтбаевтың «Қонақ келді» суретінде қымыз жеке архетип әрі қонақжайлылық нышаны ретінде бейнеленген.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қымыз — халық медицинасының атасы Мұрағатталған 10 қарашаның 2021 жылы.
* Қымыз — пайдалы дәрумендер жиынтығы |
Ислам Ілиясұлы Байрамуков (12 маусым 1971 жыл, Каменка ауылы, Жамбыл облысы, (қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданы) Қазақ КСР) — қазақстандық балуан, еркін күрес шебері. Ұлты қарашай.
## Өмірбаяны
Республикалық олимпиадалық резерв училищесін; Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын дене шынықтыру мен спорт оқытушысы мамандығы бойынша (1993) бітірген.
1993 жылдан - «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы.
2010 жылдан бері - ҚР Күрес федерациясы президентінің еркін күрес жөніндегі кеңесшісі.
## Жетістіктері
* Сиднейдегі Олимпиадалық ойындардың күміс жүлдегері (2000);
* XII Азия ойындарының қола жүлдегері (Хиросима);
* Азия чемпионы (Гьюлин, 2000);
* Орталық Азия ойындарының чемпионы (1995).
### Марапаттары
* Халықаралық кластағы спорт шебері (1999).
* Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2000).
* «Парасат» ордөнімен (2000) марапатталған.
## Дереккөздер |
Қырымлы әліппесі — 31 әріптен тұратын осы заманғы латын қарпіне негізделінген әліппе.
Бас және кіші әріптері:
## Тарихы
14 ғ. Қырымда қыпшақ тілінде (қазіргі қырымлы тілінің арғы тегі боп табылады) құрастырылған Codex Cumanicus латын әліппесі негізінде жазылған. Сонымен қатар грек жазуы, жебірей жазуы пайдаланылғаны аян.
1928 ж. дейін араб жазуына негізделінген әліппе пайдаланылды.
Кеңес Одағындағы латындандыру науқаны өткізілген кезінде 1928—1939 жж. Жәңаліптің жергілікті нұсқасы пайдаланылды.
1938 ж. бастап орыс әліппесі пайдаланылды.
1990 жж. бастап түрік әліппесіне негізделінген қазіргі латын әліппесі пайдаланылады. Бұл әліппе 1997 ж. Қырым Республикасының Жоғарғы Кеңесі үкімімен бекітілген. Интернетте тек латын әліппесі пайдаланылады, ал баспасөзде әлі де кирил әліппесі кездестіріледі.
## Әріп кестесі
Латын мен кирил әріптерімен жазу емлесінде бірі-біріне үйлесуі жоқ.
## â әрпі
Сирконфлекс қойылған <â> міндетті емес әріп, <a> әрпінің нұсқасы деп табылады. Cөздің нағыз басында кездеспейді. Бұлар алдыңғы дауыссыз дыбысты палатализциялануын (жұмсартуын) көрсету үшін пайдаланылады: lâ — ля, kâ — кя.
## W және X әрптері
W және X әрптері қырымлы әліппесінде пайдаланылмайды. |