text
stringlengths
3
252k
Атқосшы - дәулетті адамның жанына алған ат күтушісі, жәрдемшісі. Ол құрметті адам жолға шыққанда қасына еріп қызметінде болады. Аялдаған жерінде атты күтеді. Ерттеп даярлап тұрады, мәртебелі кісінің өзге де тапсырмаларын орындайды. ## Дереккөздер
Ат күші (а.к.) — қуаттың ескірген, жүйеден тыс өлшеу бірлігі. Келесі белгіленулері бар: ағылш. HP (hp), нем. PS, фр. CV, нидер. pk. Алғашқы рет бұл шаманы Джеймс Уатт өзінің бу қозғалтқышы қуатын өлшеуге пайдаланған. Адамдар арбаларды тарту үшін жылқыларды пайдаланғандықтан, бұл сол кезде көптеген адамдар түсінетін энергия мөлшері болды. Адам шамамен 0,1 ат Күшін (75 Вт) сақтай алады, бірақ қозғалтқыш әлдеқайда көп қуатты сақтай алады. Шағын қозғалтқыштар 10 ат Күшін (7,5 киловатт) шығара алады, ал реактивті қозғалтқыш 1000-нан астам ат Күшін (750 киловатт) шығара алады. Ғылымда өзінің нақты шама еместігінен көп қолданбайды, дегенмен аутоиндустриясында кеңінен пайдаланылады. ## Дереккөздер
Алаш (ежелгі түрік сөзі — бауырластар, қандастар, туыстар) — көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Орта ғасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Моңғол — татар — қазақ шежірелерінде Алаш (Алашы) хан туралы айтылады. Кеген тас жазуында (б.з.б. 4 ғ. шамасында) “Қаған алты бөріг алаш(а) ерті” деген жолдар, Алтай тауының Сібір жағында (Тува) Алаш атты өзен, Алаш атты тау сілемдері бар. Алаш атауы бүгінгі күнге дейін түрікмен, қырғыз, қазақ, ноғай т.б. халықтардың есінде сақталған. Кеген тас жазуында “алты бөріг” (“алты қасқыр”) деген сөздің “алты алаш” мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сяньби-ғұн тайпалары) ғыл. болжамдар бар. Алаш туралы аңыздарда мал-мүлікке жеке меншік болмаған кездегі қауым тұрмысының сілемі байқалады. “Алаш — алаш болғанда, Ала тай ат болғанда, Таңбасыз тай, енсіз қой болғанда” деп келетін сөздер осыған меңзейді. Қазақ халқының басын құрайтын ежелгі тайпалардың көпшілігі Оғыз қағанға бағынғанын ескерсек, “Алты Алаш” деген ұғымды оғыздың алты ұлына ерген ел деп те түсінуге болады. Бұл тұрғыдан алғанда Алаш деген ортақ түріктік атау Алтын Орда (Қыпшақ мемлекеті) ыдырағаннан кейінгі кезде қайтадан жаңғырған бауырлас түрік халықтарының басын біріктіру ұраны, ортақ атауы да болған сияқты. Ал, енді қара қазақ шақыратын “Алаш” ұраны “алаш — алаш болғанда, Алаша хан болғанда, бұл қалмаққа не қылмадық” деген сөздер кейінгі Алаша есімімен байланысты деу қисынға келеді. Бұл орайда Саққұлақ би шежіресін, Ә.Диваевтың, Г.Н. Потаниннің, Ш.Уәлихановтың, А.Янушкевичтің, Ш.Құдайбердіұлының, Мұхаметжан Тынышбаевтың ел арасынан жинаған аңыз-әңгімелерін, күнделік жазбалары мен ғыл. мақалаларын атаған жөн. Олардың бірінде —алапес болып туған бала, екіншісінде — алашаға отырғызып көтерген хан, үшіншісінде — Ұлытаудан асырып тастаған баланың әскербасы болғаны, төртіншісінде — қалмақты қорқыту үшін “Алаш” сөзін ұран еткені айтылады. Соның қай-қайсысы да Алаштың хан болғандығын, қара халықты соңынан ертіп, айбарының асқандығын дәріптейді. Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде келтіріледі. Мыс., Қадырғали Жалаири өз еңбегінде қазақтың орнына Алаш атауын қолданады. Шежірелердің бірінде Алашқа өзбек, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, қазақ, ноғайды жатқызады. “Қамбар батыр” жырында (“Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы”), Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқанында (“Он сан Алаш баласын, жұмсап бір тұрсың қолыңмен”), Махамбеттің (“Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма”) өлеңдерінде Алаш сөзі қазақ атауының баламасы ретінде берілген. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің ұраны етіп алды. Соның дәлелі ретінде “Алаш қозғалысы”, “Алашорда”, “Алаш” деген ұғымдарды атауға болады. “Алаш азаматы” деу қазақ халқының ауыз бірлігіне, елдің, жердің тұтастығына меңзейді. ## Алаш сөзімен байланысты * Алаш басылымы — демократиялық-ағартушылық бағыттағы алғашқы қазақ басылымдарының бірі. * Алаша — әртүрлі түске боялған мақта, жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш мүлік. * Алаш автономиясы * Алаш қозғалысы * Алаша (Алаш) хан — халық аңызы бойынша “Алты алашты” құраған тайпалардың түп атасы. * Алаша хан күмбезі * Алаш Баһадүр — Дешті Қыпшақтың атақты батырларының бірі, аймақ билеуші * Жас Алаш — үнжария. ## Дереккөздер
Ысмайыл Ғаспыралы (қырымтат. İsmail Gasprinskiy (Gaspıralı)) (1851 ж. наурыздың 21 — 1914 ж. қыркүйектің 24) — Қырымның зиялы азаматы, саясаткері, ағартушысы, қаламгер, газет редакторы, баспахананың құрушы мен бастығы. Ресейдің бүкіл мұсылмандарының және дүниежүзілік түркі тілдес халықтары арасында қадірменді адам ретінде тірі кезінде де еді, қайтыс болғаннан соң да түркі әлемінің ерекше азаматы ретінде тарихта қалды. Түркі тілдес халықтарының бірлігі және дамуы үшін, демократиялық өзгерістер үшін, халықтың сауатын ашылуы үшін шыққан, халықтың қамын ойлаған азамат, жәдитшілік қозғалысының қайраткері. ## Өмірбаяны Қазіргі Украинаның Қырым автономиялық облысының Бақшасарай ауданында Ауджикөй ауылында дүниеге келген. Әкесі бай емес, бірақ ақсүйектерден шыққан, Ресей әскері Мұстафа Ғаспыралы еді. Мұстафа Ғаспыралы Қара теңіздің жағасындағы Ғаспыра деген ауылында туған, соңдықтан өз тегін Гаспринский (گاسپرينسكى‎) деп жазып жүрді. Анасы — Фатима - Сұлтан-ханым еді. Бақшасарай медресесінде бастауыш білімін алды. 1861 жылы Ақмешіттің (орыс. Симферополь) орыс мектебіне түскен. Кейінгі үш жыл ішінде, 1867 жылына дейін Воронежтағы әскери училищесінде және Мәскеудегі 2-ші әскери гимназиясында. Гимназияда оқыған кезде Михаил Катковтың үйінде тұрған. 1868—1871 жылдарында Бақшасарайдағы Зінжірлі медресесінде және Ялтадағы Дерекөй медресесінде дәріс берген. Балаларды оқытқан кезде білім берудің жаңа тәсілін жетілдірді. Бұл оқиға жәдидизм қоғамдық-саяси қозғалысының бастауы еді. 1871—1873 жылдары Парижда тұрған, үнжария-журнал жарнама агенттігінде жұмыс істеген. Орыс жазушысы Иван Тургеневтың жеке хатшысы еді. Орыс газеттері үшін мақалаларын жазуды бастады. 1873—1875 жылдары Ыстамбұлда тұрған. 1878 жылы наурыз айында Бақшасарай қалалық думасының басшысы болып сайланады, ал қараша айында — қала әкімшілігінің басшысының орынбасары болып тағайындалады. 1879—1884 жылдарында Бақшасарай қаласының басшысы болып істейді. Қарапайым халық үшін ауруханасын ашқан, қалада көшедегі электр шамын орнатты. 1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының бірінші шақыруының депутаты болып сайланды, Думада мұсылмандардың "Иттифак-и-муслимин" деген депутат тобын ұйымдастырған. Армяндар менен әзірбайжандар арасында қақтығыстар басталғанда, екі жақты қанды ұрысты тоқтату үгітін жасаған. 1914 жылы Бақшасарайда қайтыс болған. ## Журналист және қоғам қайраткері 1883 жылынан бастап Бақшасарайда «Тәржіман» газетін шығарды. Бұл газет көптеген адамдарын санасын оятты, татар, қазақ, өзбек тағы басқа халықтарының зиялы қауымының ойларына әсер еткен еді. Қазақ ғұламасы, философ, ақын, тарихшы Шәкәрім де оны өзінің Абайдан кейін екінші ұстазы ретінде саналаған. «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» кітабында былай деп жазады: Онан (Абайдан) соңғы ұстазым «Тәржіман» газетінің иесі Ысмайыл Гаспринский десем, бек дұрыс, сол кісінің газетін оқып, бек көп айдаландым. Алла екі дүниеде мақсатыма жеткізсін, әмин. «Тәржіман» газеті арқылы Ысмайыл Ғаспыралы екі біріктірген идеяларын насихаттанды. Тарихшылар Ысмайыл Ғаспыралыны жәдитшілік және түркі тілдес халықтарының біріктіру идеяларының негізін қалаушыларының бірі деп санайды. Ысмайыл Ғаспыралы, біріншіден, мұсылман білім беру жүйесінің өзгерткісі келді. Кейін, тіпті мұсылман әлемінде кейбір өзгерістерін өткізіп, тұрмысын жаңа заманға сай келтіргісі еді. Екіншіден, бүкіл түркі тілдес халықтарын біріктіріп, түркі әлемі өркениетін дамытқысы келді. Ысмайыл Ғаспыралының: «Тілде, пікірде, істе бірлік» деген сөздері сол идеяларын қолдайтын қозғалысының ұраны болып қалды. Ғаспыралының идеяларының бір бөлігі — еркектер мен әйелдердің құқықтарының теңдігі үшін күрес еді. Соңдықтан, Ғаспыралы әйелдерге арналған «Алем-и нисван» («Әйелдер әлемі») журналын шығарды. Балаларға да арналған «Алем-и субьян» («Балалар әлемі») журналы шығарды. Бұл журналдың мақсаты — балаларды жаңа тәсілімен оқыту, олардың жастайынан санасын ашу, ұлтсүйер сезімдерін ояту еді. Арада, Ғаспыралы «Миллет» («Ұлт») әр апта сайын шығатын газетін, «Ха-Ха» сатирикалық журналын, діни күнтізбелерін шығарған. Өз кітаптарын да жеке баспаханада басып шығарған. ## Кітаптар * Русское мусульманство Симферополь (Aqmescit), 1881 * İsmail Gasprinskiy ile bağlı resimler bar.Salname-i Türki (Бақшасарай, 1882) * Mirat-ı Cedid (Бақшасарай, 1882) * Hoca-ı Subyan (Бақшасарай, 1884; 3.bas. 1892; 7. bas. 1898) * Avrоpa Medeniyetine Bir Nazar-ı Muvazene (Бақшасарай, 1885) * İslâmlara dair Nizamlar ve İmtiyazlar (Бақшасарай, 1885) * Rusiye Coğrafiyası (Бақшасарай, 1885) * Eki Bahadır (Бақшасарай, 1886) * Qıraat-ı Türki (Бақшасарай, 1886; 2. bas. 1894) * Maişet Muarebesi (Бақшасарай, 1886) * Kolera Vebası ve Onıñ Deva ve Darusı (Бақшасарай, 1887) * Bahtiyar Nazım (Бақшасарай, 1889) * Atlaslı Cianname (Бақшасарай, 1889) * Medeniyet-i İslâmiye (Бақшасарай, 1889) * Ğaraib-i Adat-ı Aqvam (Бақшасарай, 1890) * Arslan Qız (Бақшасарай, 1894) * Mektep ve Usul-ı Cedid Nedir? (Бақшасарай, 1894) * Risale-i Terkip (Бақшасарай, 1894) * Русско-восточное Соглашение (Бақшасарай, 1896) * Esap. Muhtasar İlm-i Esap ve Mesail-i Esabiye (Бақшасарай, 1897) * Er Kün Kerek Qanunlar (Бақшасарай, 1897) * Reber-i İslâmiye (Бақшасарай, 1898) * Şarait el-İslâm (Бақшасарай, 1897) * Reber-i Muallimin (Бақшасарай, 1898) * Türkistan Üleması (Бақшасарай, 1900) * Mevlüd-ı Cenab-ı Azret-i Ali (Бақшасарай, 1900) * Beden-i İnsan (Бақшасарай, 1901) * İran. Resimli Mecmua (Бақшасарай, 1901) * Mebadi-i Temeddün-i İslâmiyan-ı Rus * Meşur Paytahtlar (Бақшасарай, 1901) * Usul-ı Edep (Şarq ve Ğarb Qaideleri) (Бақшасарай, 1901) * Zoraki Tabip (Бақшасарай, 1901) * Malümat-ı Nafia (Бақшасарай, 1901) * Tashih-i Aqaidden (Бақшасарай, 1901) * Temsilât-ı Krılof (Бақшасарай, 1901) * Asiyada Qomşularımız (Бақшасарай, 1903) * Dar ür-Rahat Musulmanları (Бақшасарай, 1906) * Musulman Kongressi (Бақшасарай, 1909)
Жәдитшілік (араб.: جادىيدىيييا‎ — «жаңа») — 19 ғ. екінші бөлігінде пайда болған, 20 ғ. басында кең тараған қоғамдық-саяси және діни қозғалыс. Мұсылман әлемінде, әсіресе Ресей түркі тілдес мұсылман зиялы қауымының озық бөлігінің өкілдері арасында кең тараған. Ресей империясының түркі халықтарының ағарту үдерісіне және жалпы халықтарының дамуына үлкен тарихи рөлін ойнаған. Жәдиттердің халықты ағарту, өзгерістер мен дамыту үшін еңбек ету, демократиялық құқықтар үшін күрес, бір жағынан исламды сақтау, екінші жағынан Еуропаның жақсы жақтарын алу — түркі тілдес мұсылман халықтарының дамытуында үлкен үлес еді. Жәдиттердің еңбегі бекер емес еді. ## Атауы Жәдитшілікті қолдайтындарды «жәдиттер» деп атаған. Жәдиттер өздерін жиі «тараққипаруарлар», немесе «озатын өзгерістердің қамқорлары» немесе «жас», «жаңа»деп атаған еді. ## Халық ағарту Ысмайыл Ғаспыралының жаңа оқу тәсілінің насихаттандыру толқынында пайда болып, әр қарай дамып кеткен. Жәдиттердің негізгі ұстанымдарының бірі — мұсылман мектептерінде балаларды жаңа бағдарлама бойынша оқыту. Мысалы, араб әліпбиін үйреткенде, дыбыс тәсілімен (әр әріпті белгіленетін дыбысына сай) оқыту, бұрыңғыдай әріп құрастырушылық тәсілімен оқытпау. Жәдиттердің пікірі бойынша, жаңа тәсілін пайдаланып, әліпбиді үйрену жеңілірек, демек жұрттың көбірек адамы сауатты бола алады. Білім беру кейбір өзгерістерінің арасында мектептерде сәкі орындықтарын, тақталарын, карталарын пайдалану, кейін әл-Каһирада, Қазанда немесе Ыстамбұлда басып шығарылған жаңа оқулық кітаптарын пайдалану, балаларды сыныптарға бөлу, ал оқу уақытын сабақтарына бөлу еді. Оқу бағдарламасына кейбір зайырлы ғылымдары, мысалы, тарих, жағрапия енгізілген еді. Шынында да, бұрын тәсілі бойынша сауатын ашу үшін үш жыл керек болса, жаңа тәсілі бойынша соған бір жыл-ақ жеткен еді. Осындай оқу тәсілін «төте оқу» деп атаған еді. Жәдиттер мектеп жүйесін түбегейлі өзгерткісі келді, бірақ білім беру сипаты діни көзқарастарының негізінде қалдырғысы келді. Осылайша, жәдиттер дінді білім беруінен бөлмеген, бірақ білім беру саласында да, кейін басқа тұрмыс салаларында өзгерістер үшін болған. Бұл жәдиттердің көзқарастары керітартпа қағидаларымен қайшылықта еді. ## Саяси көзқарастары Жәдиттер ерлердің мен әйелдердің құқықтарын теңдігі үшін күрескен. Мұсылман қоғамында жеке адамның билігі емес, мәжілістің билігі жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер Ресейде парламентаризм үшін күресуге басталды, ақырында Ресей патшаның, Османлы империясының сұлтанының, Бұқар әміршісінің езгісіне қарсы болып кетті, тіпті монархияны жойып, республиканы орнатуы жөн деп ойлаған. Осылайша, жәдиттер қозғалысы саяси қозғалысына айналып кетті. Жәдиттердің пікірі бойынша феодалдық тұрмысын өзгеріп, ұлттық буржуазиясын қарқынды дамытуы басталады. Осылайша, большевиктермен көзқарасынан, жәдиттер — «буржуаздық-демократиялық ұлтшылдар» деп саналады. Шынында, жәдидтер ұлттық буржуазиясын қамын ойлаған, феодалдық тұрмысын жойып, буржуазия билеген Еуропадан түркі тілдес халықтары кем еместігін көрсеткісі келген. Шынында да, олар демократтар еді, өйткені, демократия өзгерістері дамыту үрдісіне үлес қосады деп ойлаған еді. Жұрттың қамын ойлады. Шынында да, өз ұлттың сүйіп, оны көтергісі келді. Исламнан да бет бұрмаған, исламды хақ діні ретінде ұстаған. Бірақ та Еуропадағы тұрмыстың жақсы жақтарын өз елінде енгізгісі келген еді. Жәдиттердің арқасында империяда «бұратана халықтар» есептелетін түркі тілдес халықтарының газеттері, журналдары пайда болған. Кітаптарды басып шығаруының мүмкіндігі туғызылған. Арабша оқуға үйрену жаңа тәсілінің арқасында көбірек адамдардың сауаты ашылды. Ұлттық рухы көтерілді. Кейін, жәдиттерсаясатқа үлкен үлес қосуын бастады. Мысалы, «Алаш Орданың» азаматтары, Қоқан автономиясында, Бұқар Халық Кеңес Республикасында, Хорезм Халық Кеңес Республикасында, Әзірбайжан Демократиялық Республикасында билігінде тұрған зиялылар не өздері жәдиттер еді, не жәдитшілік әсеріне түсіп, «төте оқудың» арқасында оқып шыққан, білімді адамдар болып кеткен. Жәдитшілік тұраншылық идеясының серігі болып кетті. Кейбір жәдиттер, мысалы, Айни, кейін большевик болып кеткен. Басқалары, керісінше, керітартпа мұсылмандармен қосылып — панисламист, діни экстремист, баспашы болып кетті. ## Қайраткерлері Жәдитшілік ең жарық тұлғасы Ысмайыл Ғаспыралы еді. Еділдегі татарлардың арасында жәдидизмні Мұса Бигиев, Әбдінәсір Құршауи таратты. Кейін, жәдитшілік идеялары қазақ даласына және Түркістанға, Орта Азияға келген. Мұстафа Оразай, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан, Халел Досмұхамедұлы, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатұлы жәдитшілік толқыны арқасында өз потенциалын көрсете алған. Өзбек халқы арасында М. Бехбуди, А. Авлони, И. Рахматуллаев, М. Расули, Комил Хорезми, Ы. Абиди, З. Фахриддин-заде деген жәдиттердің аттары қалған. М. Акмулла, М. Уметбаев, Р. Фахретдинов, З. Расулев та жәдитшілік «жарық жұлдыздары» болып саналанады. Жәдитшілік өзбек коммунисті Ходжаевқа да, Әзірбайжан Демократиялық республикасының мемлекеттік қайраткері Мамед Эмин Расул-задэге де әсер етті. Жәдитшілік «Алаш», «Мұсават» тағы басқа ұлттық партияларының идеологиясына әсер етті. Ал жәдидтердің өз партиясы да еді, бұл «Иттифок-и муслимин» еді. ## Бұқаралық ақпарат ақпарат құралдары Жәдиттер түрлі үнжарияларын шығарған. Жәдитшілік насихаттайтын үнжария «Тәржіман» санаса, «Дала уалаяты газеті», «Түркістан уалаяты», «Казан минбере», «Ўрта Осиенинг умр гузорлиги», «Хуршид», «Шухрат», «Азия», «Тиджар», «Турон», «Садои Туркистон», «Кояш», «Ульфат», «Серке», «Қазақ» тағы басқалар да жәдитдтердіңүнжариялары еді. Қырымда «Ха-Ха» сатирикалық журналы шықса, Әзірбайжанда «Молла Насреддин», Түркістанда «Ойна», «Ал-Ислох», қазақша «Айқап» журналдары шыққан еді. ## Дереккөздер
Отан қорғаушы күні — Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады. 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. ## Дереккөздер
Отан қорғаушы күні — Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Мемлекеттік демалыс күні болып аталады. 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. Дәл осы күні республика аумағындағы КСРО Қарулы Күштерінің құрамындағы мекемелер, бөлімдер, құрамалар Қазақстан Республикасының құзыретіне берілді. ## Дереккөздер
Шар — Қазақстандағы Абай облысы Жарма ауданындағы қала. Түрксіб темір жолының Семей - Аягөз теміржол торабының бойында орналасқан темір жол бекеті (станса), Шар қалалық әкімдігі орталығы. ## Географиялық орны Аудан орталығы - Қалбатаудың солтүстік-батысында 46 км-дей жерде, Ертіске құйылатын Шар өзенінің бойында орналасқан. ## Тарихы Түрксібтің құрылысы кезінде алдымен Шар темір жол бекеті (стансасы) пайда болған, кейін кішкентай қалаға айналды. 1963 жылы қала деңгейін алды. 1997 жылға дейін Семей облысы Шар ауданының орталығы болды. 1997 жылғы әкімшілік өзгерістерден кейін Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының құрамындағы қалаға айналды. ## Галерея * * ## Дереккөздер
Адыраспан (Harmal немесе Peganum harmala) — ақтікендер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер туысы, терең тамырлы өсімдік. Сабы мен гүлінде уы болады. Ерекше күшті сасық иісті, дәрілік өсімдік. Биіктігі 30-80 см аралығында, бірақ көбінде 30 см төңірегінде өседі. Тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда көктейді. Жаз-күз мезгілдерінде жемістейді. Қазақстанда оның үш түрі бар. Оңтүстік Еуропа, Батыс және Орталық Азия, Солтүстік Африка мен Мексикада 6 түрі кездеседі. Қазақстанның шөл-шөлейтті, сортаңды жерлерінде, әсіресе Шу, Іле, Сырдария, Сарысу өзендері бойындағы тақырланған жайылымдарда бір түрі – кәдімгі А. (P. harmala) өседі. Сабағы бұтақты, салалы тамыры 10 м тереңдікке дейін кетеді. Гүлі ақ, сары,бозғылт – сары түсті және ол 1 – 3-тен топталып сабақ басында орналасады. Мамыр – шілдеде гүлдейді. Жемісі – көп тұқымды қауашақ. Тұқымы ұсақ бозғылт не қара түсті болады.Жемісі – ішінде жуандығы 1 сантиметрдей ұрығы бар, қоңыр түсті, шар тәріздес қауашақ. ## Емдік қасиеті Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып, аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады. ## Химиялық құрамы. Адыраспан шөбінің құрамында гермин, гермамин, пеганин деген алколоидтар бар. Олардың мөлшері өсімдіктің ұрығында 4 пайызға дейін жетеді. ## Қолданылуы. Мал дәрігерлігі практикасында адыраспанның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері экземаларын емдейді. Тұнба 1:10 қатынаста жасалынады. 200 – 300 грамм ұнтақталған адыраспен шөбі қайнаған 2,5 - 3 литр жылы суға салынып, 1,5 – 2 сағат бойы тұндырырылады. Содан кейін оны бәсеңдеу отқа қойып, 2 – 3 минут қайнатып алады.Жылы тұнбаны малдың қышыма, қотырына жағып, сондай – ақ оны жуып емдейді.Әдетте адыраспанмен ірі қара, жылқы, ешкі қышымаларын , экземаларын. Қойдың қотырын емдеуге сирек қолданылады. Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, онымен малды емдеген кезде де сақ болған жөн. ### Адыраспан халық ұғымында... Адыраспан қазақ үшін қасиетті шөп болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге - кереге басына іліп қояды. Жаңа үйге кірерде босағаға жын-шайтан мүлдем жоламасын деп, адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, бұл өсімдікті иесіз үйді иесі жоқ кезде жайлап алған беймәлім жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, аластайтын болған. Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс. «Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады. Халық емшілері адыраспанды адамның радикулитін, сегізкөздің нерві ауруын емдеуге де жиі қолданған. Ол үшін ұнтақталған құрғақ адыраспан шөбінің 50 грамының шүберек дорбаға салып, сыртынан қайнап тұрған су құяды. Біраз уақыт өткен соң суды сығып, дорбаны белдін ауырған тұсына басады да, сыртын тері кесіндісімен жауып, жақсылап байлап қояды. Сөйтіп 30 – 40 минут ұсталады. Дорбадағы адыраспанда ыстық сумен жібітіп, күніне 4 рет пайдалануға болады. ## Дереккөздер Шәріпбаев Н. Малдың тері ауруларын емдеуне қолданылатын дәрілік өсімдіктер // адыраспан — «Қайнар», 1988. — Б. 186-188. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Нарын облысы — Қырғызстандағы облыс. Орталығы — Нарын қаласы. Шу, Ыстықкөл, Жалалабат, Ош облыстарымен және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданымен шектеседі.Көлемі бойынша бұл Қырғызстандағы ең үлкен облыс болып табылады. Облыстың жер көлемі — 45,2 миң км² Халық саны — 260,6 мың адам Облыста 1 қала, 2 елді мекен, 56 ауыл кеңесі, 132 ауыл бар. ## Сілтемелер * Нарын облысы туралы мәлімет Мұрағатталған 23 қаңтардың 2018 жылы. (орыс.) * *
Арқар (лат. Ovis ammon) – жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң; тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110-120 см, шоқтығының биіктігі 65-125 см. Аталықтарының мүйізі 67-190 см, түбірінің жуандығы 22-50 см салмағы 30 кг. Ұрғашыларының кейде қысқа мүйізі болады. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда. ТМД кеңістігінде арқардың 10-нан астам түршесі таралған. Олар бір-бірінен көлемі салмағы мүйізінің пішіні мен құрылысы т.б. ерекшеліктерімен ажыратылады. Кейде арқарды бірнеше түрге бөледі: Еуропалық муфлон(О. musimon) үстірт арқары (О. orientalis); Олардың хромосом құрамы әртүрлі (2n=54-56-58) бірақ олардың будандары тұқым береді. Кейде арқарға тек 2n=56 жатқызады. Саны азаюда. 7 түршесі ХТҚО -(1) және КСРО (7) Қызыл кітаптарына енгізілген. Арқар үй қойларымен будандастыруға пайдаланған. Соның нәтижесінде биязы жүнді тау мериносы мен арқармеринос қой тұқымдары шығарылған. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 6 түрі бар: * Алтай арқары, * Қызылқұм арқары, * Қазақстан арқары, * Тянь-Шань арқары, * Қаратау арқары, * Үстірт арқары - кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған. ## Дереккөздер
Тянь-Шань арқары (лат. Ovis ammon karelini) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты аң. Денесі ірі, құлжасының басы үлкен және орала біткен қошқар мүйіздері бар, саулықтарының денесі жинақы, мүйіздері жіңішке, қысқа, сәл артқа қарай иілген. Тянь-Шань, Шу-Іле, Жетісу (Жоңғар) Алатауында таралған. Таулы жерлерде теңіз деңгейінен 2000 – 4000 м биіктікте мекендейді. Көбіне жотаның ашық беткейлеріне жайылады, маусымдық қоныс аударады. Қыс айларында қары аз тау етегіне қарай жылжыса, жазда таудың биік жоталарына көтеріледі. Тянь-шань арқары 2,5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Қазан – қараша айларында күйекке түсіп, сәуір – мамырда жалқы (кейде егіз) қозы табады. Әр түрлі шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Қорегін іздеуге негізінен түнде, қыс айларында күндіз де де шығады. Арқарлардың негізгі жауы – қасқырлар. Кезінде өте көп ауланған, саны жылдан жылға азайып барады. 20 ғ-дың 70 – 90-жылдары 650, Шу-Іле Алатауында – 280, Жетісу (Жоңғар) Алатауында – 300-дей, Теріскей Алатауында – 300-дей, “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында – 100 шақты басы болған. Қазір бұлардың 1,6 – 1,8 мыңдайы ғана қалды. Ақсу-Жабағылы қорығында, “Алтынемел” ұлттық табиғи саябағында, Алматы, Аңдасай, Көксу және Тоқты қорықшаларында қорғалады. Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Күміс қырғауыл (Lophura nycthemera) — қырғауылдың бір түрі. Оңтүстік Қытайда, Солтүстік Вьетнамда кездеседі. Тау ормандарда, бұталы жыныстарда тұрады. Ұяда 8—12 жұмыртқа салады. Қорегі — дәндер, өсімдіктер, жәндіктер. ## Сыртқы сілтемелер
Іле сөзі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: * Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен. * Іле Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. * Іле Қазақ автономиялық облысы — Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданына кіретін Қытайдың автономия ішіндегі автономиялық әкімшілік-аумақтық бірлігі. * Іле ойысы — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тауаралық тектоникалық құрылым.
Қызғалдақ төңкерісі (қыр. Жоогазын революциясы), кейде Тұңғыш Қырғыз төңкерісі — Қырғызстанда 2005 жылы көктемде болған, Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың биліктен кетуіне әкелген саяси оқиға, революцияға айналған жаппай наразылықтар. Қызғалдақ төңкерісі басқа түс революциялары, Грузияда (Раушан революциясы, 2003) және Украинада (Қызғылт сары революция, 2004) болған төңкерістердің әсерінен және халықтың Ақаев билігімен қанағаттанбауымен байланысты басталған еді. Қызғалдақ төңкерісінің себептері қатарында халқы ахуалының нашарлауы, экономикалық және саяси тұрақсыздығы және 2005 жылғы сайлаудың нәтижесі болған. ## Этимологиясы Төңкерісті ұйымдастырған және оны қолдаған адамдар сары және қызғылт түсті жалаулары астында шыққаны үшін және оқиға көктемде болғаны үшін оны басқа бейбіт төңкерістер сияқты «қызғалдақ төңкерісі» деп атаған. ## Төңкеріс барысы Қызғалдақ төңкерісі Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін басталды. Халық өткен сайлаудың нәтижелеріне наразы болды, өйткені үкімет әкімшілік ресурсын қолданып, сайлаудың әділетсіз нәтижелерін жарияланып, парламентке үкіметке қарсы күштер өкілдерін жібермей, өз жақтаушыларын жіберді. Сөйтіп, сайлаушыларын алдады. Төңкеріс Қырғызстанның оңтүстігінде наурыз айында басталған. 19 наурыз күні төңкеріс Жалалабат облысында басталып, келесі күн Ошта жалғасты. Наурыз мейрамынан кейін, төңкерісшілер Ош пен Жалалабат облыстарында билігін өзіне қаратты. 24 наурыз күні төңкеріс Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында жалғасты. Нәтижесінде, наразы болған халық Ақ үйді басып алып, үкіметті құлатты. Ақаев мемлекеттен қашып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 24 наурыз күні кешкі уақыттан келесі күннің таңына дейін қалада тәртіпсіздік тоқтамады. Көптеген дүкендер, мейрамханалар өрттенді, қалада тонау басталды. Келесі күнде де тәртіпсіздік басылмады. Президенттің міндеттерін уақытша Исенбай Қадырбеков атқарды, үкімет басшысы Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев болып тағайындалды. Абақтыдан оппозицияның жетекшісі Феликс Кулов босатылып, қолына барлық қарулы күштерді, тәртіп орнату күштерін, милицияны және қауіпсіздік органдарын алды. Қалада тәртіпті орнатты. Бір күннен кейін, Қыдырбеков орнынан кетіп, мемлекеттің жоғарғы билігі Құрманбек Бәкиевтың қолына түсті. Кулов ішкі істер министрі болып тағайындалды. Жаңа министрлердің кабинеті үкіметін құрды. Сөйтіп, қызғалдақ төңкерісі аяқтады. Төңкерісті жетекшілері Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, Ар-Намыс партиясы, Атамекен партиясы, жастардың Кел-Кел қозғалысы еді. ## Суреттері * * * * ## Дереккөздер
Патша қырғауылы (Syrmaticus reevesi) — қырғауылдың бір түрі. Солтүстік және Орталық Қытайда кездеседі. Таулы ормандарда мен бұталы жыныстарда кездеседі. 7—15 жұмыртқа салады. Қорегі — жасыл өскендер, жәндіктер. ## Дереккөздер
Кербұғы немесе Теңбіл бұғы (лат. Dama dama) — бұғының Еуропада кездесетін бір түрі. Жапырақты және аралас ормандарда тұрады. Дене бітімі сымбатты, тұрқы - 150-180 см, шоқтығының биіктігі - 87-112 см, салмағы - 100-130 кг. Түсі қыста қоңыр-сұрғылт, жазда теңбілді жирен. Мүйізі - 65-70 см. Табиғи жағдайда табын-табын болып жүреді. Орманды жерді мекендейді. Жазда шөптесін өсімдіктерді, қыста ағаш-бұта жапырағы мен бұтағын жейді. Екі жасыңда жынысы жетіліп, қыркүйек-қараша айларында күйекке түсіп, 7,5 айдан кейін шілденің ортасына дейін жалқы бұзаулайды. Теңбіл бұғы табиғи жағдайда сирек кездеседі, аулауға тиым салынған. Мүйізін алу үшін қолда өсіріледі. Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданының марал шаруашылықтарында өсіріледі. Аналығы бір кезде 2 бұлан туады. Қорегі — бұталар, шөптер, дәндер, жемістер, саңырауқұлақтар. ## Дереккөздер
Алтын қырғауыл (Chrysolophus pictus) — қырғауылдың бір түрі. Орталық Қытайда кездеседі. Таулы ормандарда тұрады. Ұяда 12—16 жұмыртқа болады. Қорегі — дәндер, жасыл өскіндер. ## Сыртқы сілтемелер
Асен әулеті (болг. династията на Асеневци) - 1187 мен 1280 жылдары арасында Болгария тағын биледі (Екінші Бұлғар патшалығы). Көнетүркілер Ашина тайпасынан шыққан деген болжам бар. Румын (влах) нәсіліден шыққан деген болжам да бар. ## Асен әулетінің әміршілері Иван I Ашинаның лақап аты Білгін еді, бұл түрікше "білгір, білімді" мағынасын білдіреді. Бұлғарстанда да, Ресейде де қазір бұл әулеті "Асень", "Асеневци" деп атайды, ағылшын тілінде "Asen" деп атаса да, тегін Ashina тайпасқнан шыққан дейді да, кей кезде Ашина тайпасқн да Asen деп атайды. Шаһмұрат Қуанғанұлының мәліметтерінде Асеневци мен Ашина сөздерінің теңдігі көрсетеді.
Ғиссар қойы — қойдың бір тұқымы. Жүні — қара. Майлы — етті тұқымы құйрықты қойдың түрі. Салмағы 180 килограммға дейін жетеді. Гиссар қойы — жүні қылшық, еті майлы келетін құйрықты қойдың бір тұқымы. Еркек қойының тірілей салмағы— 130—140 кг, саулығынікі—80—100 кг. Сойғаннан соң 58—60 кг ет, ал бордақылаған еркек қойы 35—40 кг май береді. Гиссар қойы көбінесе Тәжікстанда, Өзбекстанда, аздап Қырғызстан мен Қазақстанның кейбір аудандарында өсіріледі. Тәжікстанда, Ғиссар деген жерінде шығарылған. ## Дереккөздер
Мұрат Бисембин (1973, Қызылорда) — Қазақстандық актер, тележүргізуші. ## Өмірбаяны * Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик. * 2000 жылдан Алматы қаласында тұрады. * 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік "Параграф 78" фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген "Рэкетир" фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады. * Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы "Хабар" арнасындағы "Арена" спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі. * Үйленген. 3 баласы бар.
Павлодар — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Павлодар қаласы Ертіс өзенінің жағасында орналасқан. Қаланың климаты орташа, күрт континенталды. Облыс орталығының ауданы 633 шаршы км құрайды, 01.05.2023 ж. халық саны 367,7 мың адам. Қала аумағының құрамына Кенжекөл ауылдық округі, Атамекен кенті, Павлодар, Мойылды, Жетекші ауылдары кіреді. Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станицаға айналды, ал, 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады. Қала республиканың негізгі өнеркәсіптік аймақтарының бірі. Үлкен табиғи-ресурстық қор, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует, дамыған банк саласы, шағын және орта бизнестің серпінді дамуы, жоғары дәрежелі мамандардың болуы, Орталық Азия мен Сібір арасындағы рөлді байланыстыратын қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық инфрақұрылым әр түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің назарын аударады. ## Жергілікті билік органдары * Жергілікті атқарушы орган – әкім басқаратын Павлодар қаласының әкімдігі, оны қызметке жергілікті өкілді орган – Павлодар қалалық мәслихатының келісімімен облыс әкімі тағайындайды. Павлодар қаласы әкімдігінің ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-pvl?lang=kk Павлодар қалалық мәслихатының ресми интернет ресурсы: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-pvl?lang=kk ## Ресми символы Павлодар қаласының ресми символы Павлодар қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 қазандағы «Павлодар қаласы елтаңбасының эскизін бекіту туралы» шешімімен бекітілген мемлекеттік рәміздердің түс гаммасында орындалған дөңгелек пішінді болып табылады. Ортасында Ертіс өзенінің символдық толқындарымен жуылатын «Павлодар» деген жазу орналасқан. Елтаңбаның жоғарғы жағында «Шаңырақ» орналасқан, киіз үйдің негізгі элементтерінің бірі, одан индустриялық қаланың сұлбасына энергия мен дамуды бейнелейтін күн сәулесі әртүрлі жаққа тарайды. Елтаңбаның негізіне қаланың өнеркәсібін бейнелейтін тегершік элементі қолданылады. Елтаңба жиектерінде сабақтастықты, дәстүр мен мәдениетті бейнелейтін ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген. ## Тарих * Павлодар-тарихи терең бай көп этностық қала. Қимақ қағанаты кезінде, қазіргі қала аумағында қағанат билеушісінің жазғы резиденциясы болған ортағасырлық Имакия қаласы орналасқан. 1720 қаланың орнында форпост пайда болды, 1838 жылы форпост станцияға айналды, ал 1861 жылы сәуірде Павлодар атаумен штаттан тыс қала мәртебесін алды. 1868 жылы қала уездік мәртебеге ие болды, 1938 жылы Павлодар облысының орталығына айналады. Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді. Қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті. ## Халқы Павлодар қаласы халқының саны Тұрғындар саны — 333 479 адам (1 қаңтар 2012 ж. бойынша), бірнеше ауылдық аймақтарындағы тұрғындарымен қоса 360 502 адам (1 қаңтар 2020 жылғы санақ бойынша). Ұлттық құрамы (1 қаңтар 2020 ж. бойынша): * Қазақтар — 172 010 адам. (47,71 %) * Орыстар — 148 207 адам. (41,11 %) * Украиндықтар — 13 695 адам. (3,8 %) * Немістер — 7 762 адам. (2,15 %) * Татарлар — 7 111 адам. (2,04 %) * Басқалары — 11 717 адам. (1,65 %) * Барлығы — 360 502 адам. (100,00 %) ## Экономика Павлодарда 8 жүйе құраушы кәсіпорын жұмыс істейді: «Қазақстаналюминий» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «ПавлодарЭнерго» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Каустик» АҚ (химия зауыты), «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Кастинг» ЖШС ПФ. Сондай-ақ, экспортқа бағдарланған болат және жіксіз құбырлар шығаратын металлургиялық кәсіпорындар, мұнай өңдеу, кокс шығару, электр, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру жөніндегі кәсіпорындар, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Қаланың солтүстік бөлігінде инвестициялық жобаларды дамыту үшін «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының толық кешені бар қазіргі заманғы инвестициялық алаң құрылды. ## Өнеркәсібі Павлодардың қазіргі өнеркәсібінің қалыптасуына шетелдік және республикалық маңызы бар машина жасау мен металл өңдеу, түсті металлургия, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібі, энергетика, құрылыс материалдары салалары күшті ықпал етуде. Өнеркәсіп кәсіпорындары тиісінше бірнеше акционерлік қоғамдар мен серіктестіктерге біріккен. Электр қуатын өндіру саласында құрамында Екібастұз көміріне негізделген қуатты 3 ЖЭС және ЖЭО жұмыс істейді. Машина жасау мен металл өңдеу саласы трактор, арнаулы құрал-саймандар, кеме және автомобиль жөндеу зауыттарынан, түсті металлургия Торғай бокситі негізінде жұмыс істейтін алюминий зауытынан, мұнай өңдеу өнеркәсібі Омбы қаласынан (Ресей) тартылған ұзындығы 400 км мұнай құбыры негізінде жұмыс істейтін мұнай-химия зауытынан, химия өнеркәсібі 1965 жылдан бастап тұз байланатын көлдер негізінде тыңайтқыштар шығаратын химия зауытынан, құрылыс материалдары өнеркәсібі бірнеше құрылыс басқармалары мен комбинаттарынан тұратын “Павлодаржилстрой” тресінен, кірпіш, асфальт-бетон шығаратын кәсіпорындарынан, тамақ өнеркәсібі ет, сүт, ұн-жарма, нан, арақ-шарап, сыра, сусындар және балық кәсіпорындарынан, жеңіл өнеркәсіп саласы екі тігін фабрикасынан және хром зауытынан тұрады. Сырттан әкелінетін шикізат негізінде жиһаз фабрикасы мен картон-рубероид зауыты жұмыс істейді. ## Мәдениет және спорт Павлодар қаласының барлық тұрғындары үшін ерекше мақтаныш және сүйікті демалыс орны Ертіс өзенінің жағалауы болып табылады, ол жағалау бойы 6 километрге созылды. Павлодар жағалауы табиғи рельефті ескере отырып, террассалық принцип бойынша салынған, соның арқасында барлық жерлерден өзен мен Ертіс өзенінің жайылмаға көркем көрінісі ашылады. Қаланың қазіргі келбетіне дәстүрлі сәулет стилінің элементтері енеді. Мәшһүр Жүсіп мешіті пен Благовещенский кафедралды соборы, ал Бас Поштадағы мұнаралы сағат осы күнге дейін қаланың визит карточкасы болып саналады. Павлодар қаласының мәдени өмірі де бай және сан түрлі. Қалада 7 мәдениет сарайы мен үйлері, 2 драма театры (А. П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры, Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры), 13 кітапхана, 9 мұражай бар, олардың ішінде Павлодар Ертіс өңірінің тарихи маржаны — Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, Бұқар жырау атындағы әдебиет мұражайы, Н. Шафердің жеке коллекциясы негізінде құрылған Қазақстандағы жалғыз мұражай-үйі, онда 25 мың музыкалық пластиналар жинақталған. 2019 жылы Павлодарда елімізде теңдесі жоқ «Ertis» жаратылыстану ғылымдарының мультимедиялық мұражайы ашылды. Сондай-ақ, қалада И. Байзақов атындағы облыстағы жалғыз филармония орналасқан, оған Р. Омаров атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, джаз оркестрі, камералық хор, халық аспаптар ансамблі және т. б. кіреді. Апта сайын жазғы кезеңде қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті орнына айналған  open air «Ertis promenade» фестивалі өтуде. Бұл үшін Орталық жағалаудағы төменгі қабатта әр түрлі мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін сахна орнатылған, қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Павлодар мен спорттық өмірімен де белгілі. Қалада 4 стадион, 12 бассейн, олардың ішінде облыстағы жалғыз 50 метрлік «Ertis Olympic» олимпиадалық бассейні, 142 спорт залы, 3 шаңғы базасы бар. Павлодар қаласының солтүстік бөлігінде «Sport city» спорт қалашығының құрылысы басталды, 2019 жылы толық өлшемді жабық футбол манежі пайдалануға берілді, Мұз аренасының құрылысы аяқталуда. Павлодарлықтар өз жерлестерінің жетістіктерін мақтан тұтады, олар қала атынан түрлі жарыстарда, республикалық және халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, чемпион және жүлдегер атануда. Павлодар қаласының спорттық мақтанышы – «Ертіс» футбол командасы Қазақстан чемпионатының бес дүркін иегері. * Қала аумағындағы Ертістің жарлы келген оң жағалауында Еуразиядағы “Қаздар қонысы” (“Гусиный перелет”) деп аталатын гиппарион фаунасының орны сақталған. Бұл жерден палеонтологтар гиппарионның, мүйізтұмсықтың, еліктің, керіктің, cемсер тісті жолбарыстың, т.б. аңдардың сүйектерін тапқан. ## Оқу орындары Мұнда мемлекеттік 3 жоғарғы оқу орны бар: * С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті * Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті * Павлодар Инновациялық Еуразиялық Университет * Қала мен облыс экономикасының көпшілік салаларына орта білікті кәсіптік мамандар даярлау жұмыстарымен 17 кәсіптік-техника мектеп пен 10 колледж айналысады. * Жалпы білім беретін 43 мектеп бар. * 6 лицей. * Мектепке дейінгі бірнеше балалар бақшасы бар. ## Туризм Қаланың туристік әлеуеті 1913 жылы ашылған Мойылды шипажайымен ерекшеленеді. Шипажай Мойылды көлінің жанында орналасқан, ол жергілікті тұрғындар мен жақын өңірлердің арасында танымал. Сондай-ақ, 1928 жылы ашылған неогенды жануарлардың ең ірі жерлеу орны болып табылатын «Қаз қонақ» табиғаттың бірегей палеонтологиялық ескерткіші болып табылады. 2019 жылы белгілі ескерткіш орналасқан жерде ашық аспан астындағы мұражай ашылды, миллиондаған жыл бұрын мекендеген жануарлардың көлемді мүсіндері орнатылды.Қаланың тарихи бөлігі де назар аудартады, онда XIX-XX ғасырдың ғимараттары сақталған, бүгінде жергілікті маңызы бар сәулет және тарих ескерткіштері болып табылады. Олардың ішінде 1899 жылы салынған Г. Потанин атындағы Тарихи-өлкетану музейі, 1897 жылы салынған Бұқар Жырау атындағы Әдебиет және өнер музейі, 1905 жылы салынған «Ақ-мешіт» мешіттін ғимараты т.б. ## Денсаулық сақтау мекемелері Денсаулық сақтау мекемелерінен: * 13 аурухана мен диспансер; * 4 емхана; * 3 фельдш.-акушерлік амбулатория бар; * 9 фельдшерлық пункт; * 23 отбасылық-дәрігерлік амбулатория бар. ## Бауырлас қалалары * Қайсері, Түркия * Быгдощ, Польша * Омбы, Ресей * Новосібір, Ресей * Бургас, Болгария ## Ономастика сұрақтары Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік жариялағаннан кейін елімізде даңқты тарихи тұлғалардың, қазақ мемлекетінің қалыптасуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткерлерінің есімдерін халық жадында жаңғыртуға, сондай-ақ әртүрлі этностар өкілдеріне қазақ халқының тарихи қайраткерлерін жақынырақ тануға және қазақстандық қоғамда өзара келісімді нығайтуға бағытталған идеологиялық ескірген атауларды қайта атау бойынша жұмыстар дәйекті түрде жүргізілді. Павлодар қаласының атын өзгерту мәселесі жиі талқыланады. Бірқатар қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар қаланы Кереку, Кимак, Сарыарқа және т. б. деп қайта атау туралы әртүрлі пікір білдірді. 2020 жылы Павлодар қаласын Ертіс қаласы деп қайта атау туралы мәселені қарастыру туралы ұсыныс түсті. Соңғы талқыланған нұсқалардың қатарында Ертіс-Баян және Ертісті. Қазіргі уақытта атауды өзгерту мәселесі ресми түрде қаралмайды. Айта кету керек, 1962 жылы Павлодар билігі Павлодар қаласының атауын Хрющевоград деп өзгертуге бастамашы болды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың араласуынан кейінгі бастама сәтсіз болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде "Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл –  ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек" - деп айтты. ## Павлодар қаласының суреттері * * * * * * * ## Сыртқы сілтемелер * Павлодар картасы(қолжетпейтін сілтеме) * Павлодар облысы * Павлодар ауданы ## Дереккөздер
Дала брамасы — тауықтың декоративті ет тұқымы. Германияда шығарылған. Жылына 110—120 жұмыртқа салады. ## Дереккөздер
Керік (лат. Giraffa camelopardalis) — ашатұяқтылар сүтқоректі. Кейде дала керігі деп аталады. Giraffidae — арабша — бәрінен биік. Керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды ,жазық далалы жерлерінде мекендейді. Жираф денесінің ұзындығы 2 м-ден асады,шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5-6 м-дей. Салмағы 500–1000 кг-дай. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ омыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, әрі сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзын әрі мықты, жақсы жүгіреді. Керіктің жүрегі сүтқоректілердің ішінде ең үлкен болып саналады. Ол минутына 60 л қанды өткізіп, 12 келі тартады. Керіктің жүрегінің қысымы адамдыкінен 3 есе жоғары, яғни, 120*3. Жалпы түсі ашық сары қара қошқыл дақтары болады. 10-12–ден топтанып, күндіз жайылады. Негізінен акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде–тамызда күйекке түседі. Буаздық мерзімі 14-15 ай. Жалқы төл туады. Керіктер тұрған позиясында төлдегендіктен бұзауы 2 метр биіктіктен құлап туады. Жаңа туған төлдің бойы 1,8 мерт, ал салмағы 50 кг болады. Оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланады. Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі. Денесі қысқа, мойны ұзын, (бірақ мойын омыртқасы басқа жануарлардай 7), биіктігі 5,5 м, салмағы 1000 кг. Қан қысымы басқа жануарлардан жоғары 220/160 мм с. б. Қан қысымының өзгерісін басынын жылдам қозғалысымен, үлкен мойын көк тамырының клапандары реттейді. Аяқтары ұзын, (алдыңғылары артқыларынан), мықты, (К. жылдам жүгіре алады), шоқтығы құйымшағынан биік. Еркектері мен ұрғашыларының түкті терімен қапталған 1 немесе 2 мүйзшелері бар. Түсі әртүрлі, жалпы ақ сары көріністе әртүрлі қара дактар орналасқан. Африканың далалық (саванналары) және орманды аймақтарында таралған. 10-12 бастан топ құрып тіршілік етеді. Ағаш жапырақтарымен қоректенеді. Ұрпағын 14-15,5 ай көтереді. Шілде мен тамызда ұйірге түсуі басталады. Жираф (Gіraffіdae), керік — жұп тұяқты күйіс қайтаратын жануардың бір тұқымдасы. Төменгі миоцен дәуірінен бері тіршілік етеді. Бұлар Орталық, Шығыс Африканың оңтүстік аймағындағы бұталы, сирек орманды, жазық далалы жерлерін мекендейді. Жирафтың 2 туысы (Жираф және окапи), ал олардың бір-бірден түрі бар: 1) кәдімгі Жираф (Gіraffa camelopardalіs) — денесінің ұзындығы 2 м-ден асады, шоқтығына дейінгі биіктігі 3 м-дей, жерден басының төбесіне дейін 5 — 6 м-дей. Салмағы 500 — 1000 кг-дай болады. Басы онша үлкен емес, мойны өте ұзын, бірақ мойын омыртқасының саны — жетеу. Бір не екі жұп түкті мүйіздері болады. Тұлғасы қысқа, әрі мығым, аяқтары сидам, алдыңғы аяқтары артқы аяғынан ұзын, әрі мықты, жақсы жүгіреді. Жалпы түсі ашық сары, қара қошқыл дақтары болады. 10 — 12-ден (кейде 50 — 60-тан) топтанып жүріп, күндіз жайылады. Негізінен, акацияның бұтақтарымен, жапырақтарымен қоректенеді. Шілде — тамызда күйекке түседі (буаздық мерзімі — 14 — 15 ай), жалқы төл туады, оны 6 айдай емізеді. Еті тағам, терісі түрлі бұйым жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде Жирафтар, негізінен, ұлттық саябақтарда кездеседі; қолда көбейе береді; 2) окапи (Okapіa johnstonі) — биіктігі 2 м-дей, Салмағы 250 кг-дай. Мойны онша ұзын емес, құлағы үлкен. Аталығының мүйізінің сыртқы терісі жыл сайын өзгеріп тұрады. Түрі біркелкі қызғылт қоңыр, тек аяқтарында көлденең сары түсті жолақтары болады. Негізінен, ылғалды тропиктік орманды жерлерді мекендейді. Жеке жүреді. Жирафтың жаулары жыртқыш аңдар, әсіресе, арыстан. Жирафтың қазба сүйектері Қазақстанда гиппарион фаунасы құрамынан табылған. ## Терісі Олардың түрлі түр тармақтарындағы тері өрнектері де әр түрлі болады. Кейбіреулерінде ұсақ дақтар болса, кейбіреулерінде орташа-үлкен дақтар болады. Олардың терілерінің өрнектері өмір бойы бірдей болып қала береді. Алайда олардың денсаулық жағдайларына байланысты терісінің түсі өзгеруі мүмкін. ## Төлі Ұрғашы керіктер 457 күнге созылатын буаздықтан кейін мамыр және тамыз айларының арасында бір ғана төл дүниеге әкеледі. Егіз болып туылу өте сирек кездесетін жағдай. Керік тұрған бойда туатын болғандықтан, оның туылған төлі 2 м биіктіктен түседі. Бірақ туылғаннан кейін 15 минут өткен соң аяғына тұрып кетеді. Әдетте ұрғашы керік баласын шабуыл-даушылардан қорғау үшін күндіз оны жасырып ұстайды. ## Түр тармағы Керіктердің тоғыз түр тармағы бар: торлы керік, анголалық керік, кордофан керігі, масайлық, угандалық, нубиялық, оңтүстікафрикалық керік, Торникрофт керігі және батысафрикалық керік. ## Керіктердің тілі Керіктің ұзын, мықты және тұтқыр тілдері болады, сол тілінің көмегімен жапырақтарды жей алады. Керік өзінің тілін 45 см-ге дейін соза алады. ## Керіктердің топтары Керіктер – топталып тіршілік ететін жануарлар. Олар 10-20 дара кіретін үлкен табындарда өмір сүреді. Кейбір табындардың құрамына 70 дараға дейін кіруі мүмкін. Ересек еркек керік топты басқарады. Әдетте табын үлкен алқапта жайылып, тіршілік етеді. ## Дереккөздер
Талас облысы (қыр. Талас облусу) — Қырғызстанның кішкентай облыстарының бірі, Қырғызстанның солтүстік — батыс бөлігінде орналасқан. Талас алқабында және Қырғыз Алатауының бөктерінде орын алады. Солтүстік және батыс жағынан Қазақстанның Жамбыл облысыменен, оңтүстікте Жалалабат облысымен, шығыста Шу облысымен шектеседі. Кеңес үкіметінің кезінде Талас облысы Шу облысының құрамына кірген. 1997 жылы облыс болып құрылды. Орталығы — Талас қаласы. Жер көлемі — 11,4 мың км². Халық саны — 208,5 мың адам Халық тығыздығы — 19 адам/км² Әкімшілік бөлінісі — 1 қала, 35 ауылдық округ, 91 ауыл. ## Әкімшілік бөлінісі Облыс 4 ауданға бөлінеді: * Айтматов ауданы — Қызыладыр ауылы * Бақайата ауданы — Бақайата ауылы * Манас ауданы — Покровка ауылы * Талас ауданы — Көкой ауылы ## Ұлт құрамы (1999 жыл) * Қырғыздар — 175 мың (88,4 %) * Орыстар — 8 мың (4,0 %) * Күрдтер — 5 мың (2,5 %) * Қазақтар — 3 мың (1,5 %) * Украиндар — 1 мың (0,5 %)
Ош облысы (қыр. Ош облусу) — Қырғызстанның облыстарының бірі. Жалалабат, Баткен, Нарын облыстарымен, Өзбекстанменен, Тәжікстанменен және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданымен шектеседі. Жұрттың негізі – қырғыздар менен өзбектер. Облыс 1939 жылы құрылды. Орталығы — Ош қаласы. Жер көлемі – 29,2 мың шаршы шақырым (км²). Әкімшілік бөлінісі – 3 қала, 2 қала сияқты елді мекен, 79 ауыл кеңесі, 467 ауыл. ## Халқы * Халық саны: 1 247,9 мың адам * Халық тығыздығы: 44.5/км² (адам/шаршы шақырымға) ### Ұлттық құрамы * Қырғыздар — 751 мың (63,8 %) (1999) * Өзбектер — 366 мың (31,1 %) * Орыстар —15 мың (1,3 %) * Түріктер — 11 мың (0,9 %) * Ұйғырлар — 10 мың (0,8 %) * Татарлар — 7 мың (0,6 %) * Тәжіктер — 6 мың (0,5 %) ## Сілтемелер * Ресми сайт Мұрағатталған 21 мамырдың 2008 жылы.
Қожақат— раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда барлық жерде кездеседі. Орманда, бұта арасында, өзен мен жылға жағасында, бау-бақшада өседі. Сабағы тік. Жапырағы үш салалы. Гүлі қос жынысты, ірі, ақ түсті, шашақты гүл шоғырына жиналған. Жемісі шырынды келеді, қара түсті, оның қабығы жұқа, тез сыдырылады, тосап, қою шырын және кисель т.б. күйінде пайдаланылады. Жидегінде 2,88—3,64% глюкоза, 3,12-3,24% фруктоза, 0,35-0,58% сахароза бар. Мата және жіп бояу үшін де қолданылады. Сондай-ақ шірнелі, витаминді өсімдік. ## Өсімдік туралы Қожақат – раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық бұталы өсімдік. Биіктігі – 1-3 метр. Сабақтары тікенекті. Жапырақтары сопақша, жиектері аратісті. Мамыр айларында гүлдейді. Гүлдері ақ және қызғылт түсті, сабағының басында шоғырланып орналасқан және өте көп жидекті болады. Біріккен дәндерден (сүйекшелерден) тұратын жидегі маусым, шілде айларында пісе бастайды. Оның түсі алдымен жасыл, кейін қызғылттау, содан кейін қызыл, ал піскенде қара болады. Пісіп болғанда, жидегі өздігінен жерге түсе бастайды. Дәмі қышқылтым тәтті. Қожақат дәні арқылы көбейеді. Сонымен қатар қалемшелеп те, түбін бөліп те оңай көбейтуге болады. Қожақат жақсы өнім беру үшін оның мұртшаларын кесіп, күтім жасау қажет.Табиғатта қожақат ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында, өзен аңғарларында, бұталардың арасында, шалғынды, ылғалы мол тоғанды жерлерде жақсы өседі. ## Қолданылуы Қожақат құрамында глюкоза, фруктоза, қант, аскорбин қышқылы, каротин, органикалық қышқылдар, илікті, пектинді заттар, С, Р, К, Е және В тобының дәрумендері, минералдық заттар, макро, микроэлементтер бар.Қожақаттан жасалған қайнатпаны несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, қан қысымын төмендетуге, іш тоқтатуға, қан аздықта, жүйке ауруларында, бронхитте, жөтелде де қолданады. Қожақат жемісін сол қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе, халық медицинасында жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып, шай орнына ішеді. Сонымен қатар қожақаттан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады. ## Қожақат туралы тақпақ Құрамында мыс та бар, Марганец, калий де. Қожақатты көп жесең, Ем болады, әрине. ## Тағы қараңыз * Құлпынай ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Іле — Балқаш көлі алабындағы өзен және Жетісудағы ең ірі өзен болып табылады. Жалпы ұзындығы 1439 км болатын өзен бастауын Қытайдан алады. ## Географиялық орны Қазақстанның Алматы облысында және Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы жерімен ағады. ## Бастауы Орталық Тянь-Шань (Тәңіртау) тауларынан бастау алатын Текес пен Күнес және Қас өзендерінің қосылуынан пайда болып, Балқаш көліне құяды. Іле – болжап болмайтын өзен, өйткені судағы қалқыма лайдың бөлшектері шөккен, кішігірім аралдары бар бірқатар тармақтар түзе отырып, үнемі арнасын өзгертеді. ## Гидрологиясы Ұзындығы 1001 км (Текес саласымен 1439 км), Қазақстан аумағында 815 км. Су жиналатын алабы 140000 км2, Қазақстан аумағында 77400 км2. Жоғарғы бөлігі таулық сипатта. Оң саласы Қас өзені құйғаннан кейін аңғары кеңейеді. Қапшағай қаласына дейін Іле жағасы аласа, кең аңғармен ағады, жайылмаларының кей жерлері батпақтанады. Қапшағай шатқалы тұсында өзен арнасы бөгеліп, Қапшағай бөгені салынған. Төменіректе Күрті өзені құйғаннан кейін аңғары едәуір кеңейіп, Сарыесікатырау және Тауқұм аралығымен ағады. Сағасынан 340 км жерде Іле салаланып, үлкен атырау құрайды. Оның ұзындығы 130 км, енді жері 100 км-ге дейін, ауданы 9000 км2. Іле өзені мұздық, жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Су ресурстарының шамамен 30%-ы Қазақстан, 70%-ы Қытай аумағында қалыптасады. Көп жылдық орташа ағымы Қайырған бекетінде (шекара тұсында) жылына 12,35 км3, Балқашқа құятыны 11,85 км3. Суының минералдығы 286 мг/л-ден 877 мг/л-ге дейін (шекара маңында) өзгереді, атырау басында (Үшжарма) – 320 – 345 мг/л. Өзенде балықшылардың балық аулаудағы ең танымал түрі - судағы ірі жыртқыш мысықтарды аулау, ұзындығы 5 метр және салмағы 300 келі. Іле өзенінде 50-100 кг-ға дейінгі кішігірім мысықбалықтар ұсталады. Жазда жауын-шашын мөлшері 150-250 текше метрге жетеді. Іле өзені Қазақстанда судың мөлшері бойынша Ертіс пен Жайық өзендерінен кейін үшінші орында. ## Шаруашылықтағы маңызы Іленің және оның салаларының суы негізінен суармалы егіншілікке (3,7 – 4,5 км3/жыл), өнеркәсіптік-коммуналдық қажеттіліктерге (200 – 500 млн. м3/жыл), гидроэнергетикаға пайдаланылады. Балыққа бай, атырауында ондатра ауланады. Құлжа қаласынан төмен (Қытайда) кеме жүзеді. Қазақстан аумағында Бақанас ауылына дейін тұрақты кеме қатынасы бар. Арнасы көп жерінде қамысты, тоғайлы. Жетісу өзендерінің бірі болып саналанады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасы орналасқан. ## Салалар Ірі салалары:Қас, Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шілік, Шарын, Үсек (Өсек), Қорғас. Балқаш ауданында өзеннен Шетбақанас, Ортабақанас, Нарынбақанас атты ежелгі құрғақ арналары тарамданады. ## Елді мекендер Өзен бойында Қапшағай, Бақанас, Құлжа, Бақбақты елді мекендері орналасқан ## Суреттері * * * * ## Дереккөздер
Адыр қазқанаты (лат. Pedicularis densiflora) – сұңғыла тұқымдасына жататын көп жылдық шөп тамырлы өсімдік. Құнарлы топырақ пен күн нұры жеткілікті болғанда ғана қаулап өседі. Сондықтан көбіндe күнгей беттерде болады, сабақ биіктігі 20—35 см, гүлі сабақтың екі жағына алмакезек орналасады да, тізіліп ұшқан қаздың қанатындай көрінеді. Бұл өсімдікті дүниежүзілік өсімдік деуге болады, негізінен адырлы жердің бәрінде болады. Мамыр, маусым айларында қызыл немесе қызыл күлгін реңді гүл ашады, шілде, тамыз айларында жемістенеді. ## Емдік ролы Cуықты айдайды, құрт өлтіреді. Ревматизімге, несеп жолына тас байлануға, несеп қысылғанға пайдалы. Шиқанға сырттай да істетіледі.
Болатбек Баянұлы Қуандықов (14 сәуір 1969, Қызылорда облысы Қармақшы ауданы «III Интернационал» ұжымшары) - Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы. Экономика ғылымдарының кандидаты (2004). ## Өмірбаяны * Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономикалық жоспарлау факультетін бітірген (1994), экономист. * 1986-1987 жылдары - ҚЖБ ағаш шебері. * 1992 жылдан «Адам-Ата» АҚ, «Лидер» кооперативтік бірлестігінде бухгалтер-ревизор. * 1993 жылдан - ҚР Ұлттық банкінің Қызылорда облыстық басқармасының экономисі, аға экономисі, бөлім бастығы, басқарма бастығы. * 1996 жылдан - ҚР Ұлттық банкі Қызылорда облыстық басқармасында бастық. * 1999 жылдан - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. * 2000 жылдан - бірінші орынбасары. * 2004 жылдың ақпан айынан - ҚР Бюджеттік жоспарлау және экономика департаментінің директоры. * 2004 жылдың қараша айынан - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрі. * 2008 жылдың наурыз айынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. * 2008 жылдың мамыр айынан бері - Қызылорда облысының әкімі. * 2013 жылдың 13 қарашасынан Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігінің басшысы. ## Ғылыми еңбектері * Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Аймақтық агроөнеркәсіп өндірісін дамытуды басқару». * «Агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуды басқару» монографиясының авторы. ## Марапаттары * Құрмет ордені * «Астанаға 10 жыл» медалі * «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011) ## Отбасы * Үйленген. Жұбайы - Қуандықова Анар (1971 ж.т.), «ИЦА» АҚ маманы. * Қыздары - Қуандықова Гүлсара (1992 ж.т.), Қуандықова Айсара (2001 ж.т.); * ұлы - Қуандықов Самат (1994 ж.т.), Қуандықов Нұрсат (2007 ж.т.). ## Дереккөздер
Аға Мұхаммед Яхья-хан(1917, қаңтардың 4-і – 1980, тамыздың 10-ы) - Пәкістанның үшінші президенті. Президент Аюб-ханнан кейін, 1969 мен 1971 жылдары арасында Пәкістанның президенті болып істеген. Әли Яхья деген бір ұлы және Ясмин Хан деген бір қызы бар. 1917 жылы Чакуа деген жерінде Шиға мұсылмандар отбасында дүниеге келген. Ұлты - қызылбаш, ата-бабалары Иранның Нәдір шаһ кезіндегі әскери басшылары еді, Нәдір шаһтың жақын туыстары еді. Нәдір шаһ өлтірілгеннен кейін, оның отбасы мүшелері әр тарапқа қашқан. Солардың арасында Яхья-ханның ата-бабалары да еді. Мүмкін, Яхья-хан Нәдір шаһтың тікелей ұрпағы деген болжам бар. Яхья-хан Пенджаб универститетін бітірген. Кейін, британ әскеріне аттанып, ң-ші дивизиясында Үндістанда, Ирақта, Италияда, Солтүстік Африкада қызмет етті. Әскер басшысы еді. 1951-52 жылдары Кашмирде қызмет етті. 1954-57 жылдарында Пәкістан әскерін жақсарту жұмысын жүргізеді. 1958 - 1962жылдары Әскердің Бас Штабының башысының қызметкері атқарды, 1962 - 1965 жылдары дивизияның басшысы еді. 1965 жылы үнді-пәкістан соғысына қолбасшы ретінде қатысқан. Әйгілі болып, әскердің де, жұрттың қолдауымен президент болып сайланды. 1969 жылының наурыз айның 26-сында, президент Аюб-хан кетіп, орнына Яхья-хан келді. Бірақ Шығыс Пәкістанның мәселесін шеше алмай, бенгалдар арасында Пәкістан үкіметіне наразыны туғызды. Нәтижесінде, 1971 жылы Үндістанмен соғысында жеңіліп, Пәкістан бенгалдармен де қақтығыстарда жеңілді. Шығыс Пәкістанда Бангладеш деген мемлекет пайда болды. Сол себептен Яхья-хан орнынан кетті. 1980 жылының тамыздың 10-ында шаһтың тұқымы Яхья-хан дүние салды.
Жүнежо, Мұхаммед Хан (урду/синдше:محمد خان جونیجو )( 18 тамыз, 1932, Синд провинциясы, Тарпаркар, Синдри - 16 наурыз, 1993, Исламабад) - Пәкістанның саясатшысы, Пәкістанның он бірінші премьер-министрі. ## Өмірбаяны * Карачидағы Saint Patrick's жоғарғы мектебін бітірген. * Ұлыбританияда Кембриджде ауыл шаруашылығы бойынша дипломын алды. * 1953 жылы жасы жиырма бірден бастап, саяси қайраткер болып істеген. * 1962 жылы Сандгхардың өкілі ретінде Батыс Пәкістан Провинциялар Ассамблеясының мүшесі болып сайланады. * 1963 жылының шілде айында Батыс Пәкістанның Денсаулық, Байланыс, Теміржол салаларының бақылаушы министрі ретінде тағайындалады. * 1985 жылында генерал Мұхаммед Зия-үл-Хақтың бұйрығымен премьер-министр болып тағайындалды. Премьер-министр ретінде, Жүнежо Ауғанстанның Кеңес оккупациясын бітістіру жөнінде Женева келісіміне қол қойған. Өзінің Судзуки мәшинесін өзі айдаған еді және өзі басқарған министрлерді шетелде өңдейтін Мерседестерден Пәкістанда жиналатын Судзукиларға отырғызды. * 1988 жылының сәуір айында Жүнежоның Зия-үл-Хақпен арасында қайшылықтар туылып, мамырдың 29-ында Жүнежо орнынан алынған. * 1990 жылы Жүнежо Ұлттық Ассамблеясының мүшесі болып тағайындалды. * Бірақ үш жылдан кейін қатты ауырып, қайтыс болды. 1993 жылында қайтыс болған Мұхаммед Хан Жүнежоны Хан Сахаб Дін Мұхаммад деген жерде жерленген, бұл Синдриге жақын жер. ## Дереккөздер
Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы (12 желтоқсан 1960, Шәуешек, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Қытай) – Қазақстанның  мемлекет және саяси қайраткері, Сенаттың экс-депутаты, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. ## Өмірбаяны * Қытайдың Шәуешек қаласында туған. * 1961 жылы Құл-Мұхаммед әулеті тарихи Отаны – Қазақстанға, Семей облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылына оралды (қазіргі Абай облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылы). Қожа руынан шыққан. * 1982 жылы  С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. * 1983-1992 жылдары – Қазақ Кеңес Энциклопедиясы Бас редакциясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы қ.). * 1992-1999 жылдары – «Атамұра» шағын кәсіпорнының директоры, «Атамұра» жабық үлгідегі акционерлік қоғамының төрағасы, «Атамұра» корпорациясының президенті (Алматы қ.). * 1994-1999 жылдары - Қазақ мемлекеттік * университетінде қосымша жұмыс істеді (аға оқытушы, доцент, профессор м. а.) (Алматы қ.). * 1995 жылы «Қазақстанның XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың басындағы әлеуметтік-саяси тарихының проблемалары» тақырыбында тарихтан кандидаттық диссертация қорғады (революцияға дейінгі орыс энциклопедияларының материалдары бойынша). * 1999 жылы «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы  (ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы)» тақырыбында заң ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғады. * 1999-2001 жылдары – ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы. * 2001 жылы Қазақстан Республикасы ЖАК Президиумының 2001 жылғы 31 мамырдағы шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. * 2001-2003 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі. * 2003-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, кеңесшісі. * 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы. * 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысының әкімі. * Қосымша 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды. * 2008-2010 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі. * 2010-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі. * 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. * 2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі. * 2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі. * 2016-2018 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары. * 2018 жылғы 1 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. * 2019 жылғы 28 наурыздан бастап - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып сайланды. ## Ғылыми жұмыстары * «Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежіресі» (1994),. * «Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы)». * Ғылыми-зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты – қазақ мемлекеті мен құқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелеріне арналған. * 200-ден астам Қазақстанның тарихы, құқық және мемлекеттің теориясы мен тарихы, әдебиеттану, мәдениеттану тақырыпты ғылыми жарияланымның авторы. * «Революцияға дейінгі орыс энциклопедияларындағы Қазақстан тарихы проблемалары» (1994). * «Жақып Ақбаев: саясаткер, патриот, құқықтанушы» (1995), * «Алаш ардагері. Ж.Ақбаевтың саяси-құқықтық көзқарастары» (1996), * «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» (1998), * «Алашорда көсемдерінің мемлекеттік-құқықтық идеяларының қалыптасуы және дамуы» (1999), * «Қазақстандағы отаршылдық режим (1868—1917 жж.)» (2000), * «Заң шығарушылық: проблемалар және ізденістер» (2000), * «Алаш» бағдарламасы: бұрмалану және шындық» (2000) және т.б. 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жарияланымның авторы. ## Марапаттары * дәрежелі «Барыс» ордені (2020), * ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені (2016), * Парасат ордені (2010), * «Құрмет» ордені (2004), * «Астанаға 10 жыл» медалі (2008), * Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996), * «Парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін» медалі (2018), * Астана қаласының құрметті азаматы, * Абай ауданының құрметті азаматы, * Аягөз ауданының құрметті азаматы, * Қазақстанның және шет мемлекеттердің басқа да марапаттары, құрмет атақтары. ## Дереккөздер
Әбу Садат Мұхаммед Сайем, - (1916 наурыздың 29-і – 1997 шілденің 8-і) - Баңладештің бірінші әділет министрі және бесінші президенті (1975 қарашаның 6-сы - 1977 сәуірдің 21-і) Әбу Садат Мұхаммед Сайем Рангпур деген жерінде туған. Рангпурдағы Зилла мектебінде, кейін Carmichaelin колледжінде оқыған. Калькуттаның Presidency колледжінде және заң университетінде оқыған. Калькуттада заңгер, кейін сотшы болып істеген. 1947 жылы Пәкістанның тәуелсіздігі жариялағаннан кейін, Даккаға кетті. Шығыс Пәкістанда Жоғарғы Сотында істеген. 1962 жылының шілде айының 3-інде жоғары соттың басшысы болып тпғайындалды. 1970 жылында сайлау комиссисында істеген. 1972 жылының желтоқсанның 12-сінде Баңладештің бірінші әділет министрі болып тағайындалды. 1975 жылының қараша айының 6-ншы жұлдызында болған әскери төңкерістен кейін президент болып кетті. 1977 жылы орнынан кетіп, билігін Зияур Рахманға берді. 1997 шілденің 8-інде Даккада қайтыс болған.
Отто Скорцени (Отто Шкорзень) (1908 жылғы маусымның 12-сі — 1975 жылғы шілденің 6-сы) — Екінші Дүниежүзілік соғыс кезеңінде Германияның Ваффен-СС-інде штандартенфюрер шенінде қызмет еткен әскери. Шығыс майданда әскери қызмет атқарған соң ол арнайы күштерде қызмет етті. Тұтқынға алынған италиялық диктатор Бенито Муссолиниді азат ету операциясын жүргізді. Ол Гриф операциясына да маңызды үлес қосты, сол операциясы үшін ол соғыстан кейін сотталды да. Бұл арнайы операцияда дұшпанды шатастыру үшін оның әскери киімін киіп, оның қатарына ену тактикасы қолданылды. Сонымен бірге ол Вервольф атты нацистік астыртын ұйым ұйымдастырып, соғыс біткеннен кейін де одақтастарға қарсы партизандық күресті жалғастыра бермек болды. Ол нацистік қылмыскерлерді Испанияға және басқа да елдерге (әсіресе Оңтүстік Америкаға) қашып барып бас сауғалауға көмектесетін ODESSA атты астыртын ұйым да құрды. 1970 жылы Паладин тобын құрды. Ол 1975 жылғы шілденің 6-сында испан диктаторы Франкодан бірнеше ай бұрын қайтыс болды. ## Соғыстан бұрынғы өмірі Отто Скорцени Венада көптеген өкілдері әскери қызмет атқарған аустриялық орта класс отбасында дүниеге келді. Неміс тілін ана тілі ретінде біліп, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Бірінші Дүнипежүзілік соғыстан кейінгі Аустрия зор экономикалық қиындықтарға ұшырап, Скорценидің отбасы да жоқшылықта өмір сүрді. Жасөспірім Скорцени бір күні әкесіне өзінің ешқашан нағыз сары май жемегенін айтып шағымданыпты. Сонда әкесі: «Бұдан сен ешқандай зиян шеккен жоқсың. Керісінше, үлде мен бүлдеге оранған өмірге жаман үйренбеу саған пайдалы болады» — деп жауап берді. Яғни оның балалық шағында көрген жоқтығы оны шыңдап, оның кейінгі өміріне қатты әсер етті деген сөз [1] Мұрағатталған 25 маусымның 2013 жылы.. Ол Венада 1920 жылдары студент болып жүрген кезінде сайысқа қатты әуестенген. Ол өзі 13 рет жекпе-жекке шыққан, соның 10-шысынан оның сол жақ бетінде терең тыртық қалған. 1931 жылы нацистік партияға мүше болып қабылданып, көп ұзамай нацистердің шабуыл отрядтарына қосылды. Адамдарды тез баурап алатын өте ықпалды тұлға болып, 1938 жылғы наурыздың 12-сіндегі Аустрияның Германияға қосылуын («Аншлүсс») жүзеге асыруға қатысты. Соның кезінде ол Аустрия президенті Микласты бұзақы нацистерден аман алып қалды. ## Шығыс майдан 1939 жылғы Польшаны жаулап алудан кейін сол кездері құрылысшы инженер болып істеп жүрген Скорцени өз еркімен Германияның Әскери Әуе күштеріне қызметке кіруге тілек білдірді, бірақ жасы 30-дан асып кеткендіктен қабылданбады. Содан соң ол «Ваффен-СС» құрамасына өтініш жасады. 1940 жылғы ақпанның 21-інде ол «Лейбштандарте СС Адолф Һитлер» танк құрамасына қабылданып, 1941-42 жылдары Шығыс майданда соғысып, көзге түсті. 1942 жылғы желтоқсанда жараланып, Германияға қайтып оралды. Атқылаудың астында көрсеткен ерлігі үшін Темір айқышпен марапатталды. ## Сыртқы сілтемелер * Үлгі:Альдебаран * Статья г-на Старостина «„Супердиверсант“ Отто Скорцени»
Гүләм Ысқақ Хан (урду: غلام اسحاق خان‎) (1915 қаңтардың 20-сы — 2006 қазанның 27-сі) — 1988 жылы тамыздың 17-інен бастап 1993 жылы шілденің 18-іне дейін Пәкістанның президенті болған. ## Өмірбаяны Гүләм Ысқақ Хан 1915 жылы қаңтардың 20-сы Ысмайыл Һел деген жерінде Банну ауданында Солтүстік-Батыс провинциясында туған. Ұлты — пұштун. Пәкістанның тәуелсіздігіне дейін суару жобаларында жұмыс істеген, кейін Батыс Пәкістанның қаржы министрлігінде жұмыс істеп, қаржы министрі болып кетті. 1985 жылында Пәкістанның Сенатының төрағасы болып тағайындалды. Мұхаммед Зия-үл-Хақтың өлімінен кейін президент болып кетті, ал 1988 жылының желтоқсан айында президент болып ресми сайланған. 1993 жылына дейін Пәкістанның мемлекет басшысы еді. Гүләм Ысқақ Хан президент болған кезінде, Пәкістанның үкіметін Бенәзир Бһутто және Наваз Шариф басқарған еді. Екеуінің де басқарған министрлер кабинеті Гүләм Ысқақ Ханмен тарқатып кетті. 1993 жылында президенттік сайлауында Фарух Легариге жеңілді. Демалысқа кеткеннен кейін, Гүләм Ысқақ Хан саясаттан бет бұрды және Гүләм Ысқақ Ханның БАҚ-пен қатынастары болмаған. 2006 қазанның 27-сінде өкпенің қабынуынан қайтыс болды. ## Дереккөздер
Аюб-хан, Мұхаммед (урду/пұшту:محمد ايوب خان)(1907 мамырдың 14-і — 1974 сәуірдің 19-ы) — фельдмаршал, Пәкістанның президенті. 1907 жылы Рианна ауылында Харипур аумағында үнді тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Мир Дад Ханның екінші әйелінен туған баласы еді. Әкесі Үндістандағы Патшаның атшы әскерінде майор еді. Ауылынан 4 миль қашықтығында орналасқан Сарай Салех мектебін бітірді, содаң кейін Харипур мектебінде оқыған. 1922 жылы Алигарх университетіне түсті, бірақ оны бітірмей-ақ Сандхурст Патшалық Әскери Академиясына түсті. Оны бітіріп британ офицері болып кетті. 14-ші Пенджаб полкының 1-ші батальонында қызмет етті. Екінші дүниежүзілік соғысында Бирма майданында қызмет етті. Кейін Пәкістанның тәуелсіздігі үшін соғысып, әскер басшысы болып кетті. 1951 жылынан бастап Пәкістанның бас әскербасшысы болып істейді. Кейін Қорғаныс министрі болып кетеді. 1958 — 1969 жылдарында Пәкістанның президенті болып істейді. 1965 жылында Үндістанмен Ташкент келісіміне қол қойған. Осы оқиғадан кейін Бһутто Аюб-ханға оппозициясына кетті. 1969 жылы орнынан кетеді, орнына Яхья-хан келеді. 1971 жылы соғыс бастағанда, Аюб-хан бұл оқиға жөнінде ешқандай пікірін білдірмеді. 1974 жылы қайтыс болған. Баласы — Гоһар Аюб-хан Наваз Шарифтың үкіметінде Сыртқы істер министрі болып жүрді, немересі — Омар Аюб-хан қазіргі қаржы министрі болып жүр.
Аюб-хан, Мұхаммед (урду/пұшту:محمد ايوب خان)(1907 мамырдың 14-і — 1974 сәуірдің 19-ы) — фельдмаршал, Пәкістанның президенті. 1907 жылы Рианна ауылында Харипур аумағында үнді тілінде сөйлейтін отбасында дүниеге келген. Мир Дад Ханның екінші әйелінен туған баласы еді. Әкесі Үндістандағы Патшаның атшы әскерінде майор еді. Ауылынан 4 миль қашықтығында орналасқан Сарай Салех мектебін бітірді, содаң кейін Харипур мектебінде оқыған. 1922 жылы Алигарх университетіне түсті, бірақ оны бітірмей-ақ Сандхурст Патшалық Әскери Академиясына түсті. Оны бітіріп британ офицері болып кетті. 14-ші Пенджаб полкының 1-ші батальонында қызмет етті. Екінші дүниежүзілік соғысында Бирма майданында қызмет етті. Кейін Пәкістанның тәуелсіздігі үшін соғысып, әскер басшысы болып кетті. 1951 жылынан бастап Пәкістанның бас әскербасшысы болып істейді. Кейін Қорғаныс министрі болып кетеді. 1958 — 1969 жылдарында Пәкістанның президенті болып істейді. 1965 жылында Үндістанмен Ташкент келісіміне қол қойған. Осы оқиғадан кейін Бһутто Аюб-ханға оппозициясына кетті. 1969 жылы орнынан кетеді, орнына Яхья-хан келеді. 1971 жылы соғыс бастағанда, Аюб-хан бұл оқиға жөнінде ешқандай пікірін білдірмеді. 1974 жылы қайтыс болған. Баласы — Гоһар Аюб-хан Наваз Шарифтың үкіметінде Сыртқы істер министрі болып жүрді, немересі — Омар Аюб-хан қазіргі қаржы министрі болып жүр.
Алакөз сүңгуір (лат. Aythya nyroca) — қазтәрізділер отрядының үйрек тұқымдасына жататын су құсы. Қазақстанда Сырдария, Шу, Іле, Торғай өзендерінің төменгі сағасын және Алакөл, Зайсан, Қорғалжын көлдерін мекендейді. Қанатының ұзындығы 17-19 см, салмағы 480-600 г келеді. Мекиені біркелкі қоңыр, ал қоразының басы, мойыны, кеудесі күрең қоңыр-сарғыш, бауыры ақ, арқасы қара қоңыр болады. Басқа сүңгуір құстардан ерекшелігі судан жеңіл көтеріліп, жылдам ұшады. Ұясын судың терең жерінде өскен қамыс пен құраққа салады. Мекиені 7-11 жұмыртқаны 25-28 күн басады. Шілдеде балапандары ұядан ұшады. Негізгі қорегі — су өсімдіктері мен су жәндіктері. Алакөз сүңгуір — жыл құсы. Қыркүйек — қазан айларында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Қара, Каспий теңіздерінің жағалауларында және Африканың солтүстік-шығысында, аз бөлігі Алматы қаласы маңындағы Сорбұлақ көлінде қыстайды. Наурыз — сәуірде жазғы мекендеріне қайта оралады. 1960 — 1980 жылдары Республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде саны көп болған. Санының күрт азайып кетуіне байланысты Алакөз сүңгуір қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген (1996). ## Статусы 3-ші санат. Саны күрт қысқарып келе жатқан сирек түр. ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Қазақстанда кездесетін туыстың төрт түрінің бірі. ## Таралуы Солтүстік Африка, Еуразия – Пиреней түбегінен Батыс Сібірге дейін және Хуанхэ өзенінің жоғарғы сағасы. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқырында, Алакөл көлдерінде, Іле, Шу, Сырдария өзендерінің аңғарларында, республикамыздың орталық және солтүстік аудандарында – Қорғалжында, Торғайдың төменгі сағасында, Сілеті өзенінің бастауында ұялайды [1,2]. Аздаған құстар Іле өзенінің су алаптарында, Алматы қаласының маңындағы Сорбұлақ көлінде және Каспий теңізінде қыстайды. ## Мекендейтін жерлері Қалың қамыс өскен және су өсімдіктеріне бай терең көлдер. ## Саны Соңғы онжылдықтарда жалпы саны 7-10 мың деп бағаланады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында суқоймаларында 60-шы жылдары бұл сүңгуір кәдімгідей-ақ болған, тіпті кей жерлерде көптеп кездескен. 80-ші жылдары Зайсан көлінде, Іле, Шу және Сырдария өзендерінің аңғарларында сирек кездескен, десе де миграция кезінде бұл жерлерде әлі де болса біршама көп кездестіруге болады. ## Негізгі әсер ететін факторлар Зерттелмеген. Олардың ең маңыздысы – көптеген суқоймаларында гидрологиялық режимнің өзгеруі, қорек қорының азаюы: қамыстарды жою және қарқынды шаруашылық жұмыстар, ұялары мен балапандарын өлім-жітімге ұшырататын жыртқыштардың – саз құладындары, қарғалардың – шектен тыс көбеюі. ## Биологиялық ерекшеліктері Жыл құсы. Көктемде наурыз-сәуірде ұшып келеді; ұялауға бір-бір жарым айдан соң кіріседі. Жеке жұп болып, сирек аздаған шоғыр құрып қопаларда және қамыс құламаларына, жиі қызылбас сүңгуірмен бірге, ұялайды. Ондатр үйшіктерінің ішінде ұялағаны да белгілі. Ұяда 7-11, сирек 12-15 жұмыртқа болады, оларды мекиені 25-28 күн шайқайды. Ұяда 7-9 балапан болады, әдетте 2-5-і тірі қалады. Ұясы сәуірдің аяғынан маусымның басына дейін кездеседі. Жастары тамыздың басында қанатына қонады. Күздік миграция – қыркүйек-қазанда болады. Негізгі қорегі – су өсімдіктерінің вегетативтік бөлімі және олардың тұқымдары, сирек – су омыртқасыздары. ## Қолда өсіру Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді. ## Қабылданған қорғау шаралары Қазақстанда ауланатын үйректер түрлерінің тізімінен шығарылған. Қорғалжын, Наурызым және Алакөл қорықтарында қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Қара Ертіс, Іле өзендерінің атыраптарында қорықтар құру және Торғай қорықшасын мемлекеттік қорыққа айналдыру.Зерттеу жөніндегі ұсыныстар. Қазақстан суқоймаларында түрдің қазіргі орналасуы мен санын зерттеу, шектеуші факторларды анықтау. ## Сипаты Алакөз сүңгуір – дене мөлшері өзен үйректің – шүрегейдіп мөлшерінен сәл үлкенрек (500-650 г) сүңгуір туысының кішкене өкілі. Жонының біркелкі қошқыл қызыл-қоңыр реңі, бауыры мен құйрық астының ақ түсі, қанатындағы түсті “көзтартар” бірден көзге түседі. Көздің нұрлы қабаты ақ немесе ашық сұр болғандықтын, бұл түр алакөз деп аталған. Аналығы осыған ұқсастау, бірақ бозғылт болып келеді. Жерорта теңізінен Тибетке, сондай-ақ Солтүстік Африкада таралған. Қазақстанда аумақтың оңтүстік жартысында және шығысында орналасқан. Су кеңістігі ашық қамысты терең көлді ұнатады. Жеке жұп немесе шағын топ түзіп, кейде қызылтұмсық сүңгуірлерімен бірге ұялайды. Салындыдағы 6-15 (көбінесе – 7-11) сарғыштау жасыл жұмырьқаларды аналығы 4 аптаға жуық уақыт басады. Дегенмен басқа көптеген үйректерден ерекше аталығы ұядан ұзап кетпей, балапандардың жұмыртқа жарып шығуына қатысып қамқорлық жасайды. Ұялау орындарында наурыз-сәуір айларында пайда болады, ал қыркүйек-қазанда ұшып кетеді. Бұдан 40 жыл бұрын бұл сүңгуір әдеттегідей, тіпті жер-жерлерде көп болады, алайда XX ғасырдың 80-жылдарынан бастап оның саны үздіксіз кеміп барады. Қаізір ол Қазақстанның Қызыл кітабына енді. ## Дереккөздер
Абдус Саттар (1906, Бирбхум аумағының Дарака ауылы — 5 қазан, 1985, Дакка) - Бангладештің заңгері және саясаткері, Зияур Рахманды өлтірілуінен кейін президент болып істеген. Зияурдың президент болған кезінде, Абдус Саттар вице-президент болып жүрген. Ұлтшылдардың партиясының ұйымдастырушыларының бірі еді. ## Өмірбаяны * 1906 жылы Бирбум аумағының Дарака ауылында туған (қазір бұл Үндістанға қарайтын жер). * Калькутта университетінде саяси ғылымдар және заң бойынша білім алған. * Фазлул Хұқ басқарған Krishak Praja Партиясының мүшесі. * 1941 жылында Калькуттаның сотында істеген. * Пәкістанның тәуелсіздігі үшін күресіп, Пәкістан Мұсылман Лигасына мүше болып кірді. * 1950 жылында Даккаға келіп, «Авами лиг» партиясына кірді. * 1970 жылында парламент сайлауы өтті. Зия-үл-Хақ, Пәкістан Халық Партиясы (жетекшісі — Бһутто) және «Авами лиг» арасында жанжал басталады. Соғыс ашылады. 1971 жылының мамыр айында, Абдус Саттар Исламабадқа шақырылып, үйінде тұтқынылады. * 1973 жылы Саттар Ауғанстан арқылы Бангладешке қашады. * Муджибур Рахман кезінде үкіметте жұмыс істейді * Сайем кезінде президенттің кеңесшісі * Зияур Рахман кезінде вице-президент болып істейді. * Зия Зияур Рахман қаза тапқаннан соң, Абдус Саттар ұлтшылдар партиясының жетекшісі және Бангладештің президенті болып істейді. * 1982 жылында оны Эршад құлатады. Абдус Саттар абақтыға түседі, бірақ бірнеше айынан кейін босатылады. Партияның жетекшісі — Зияур Рахманның әйелі, Халеда Зия Бегум болып кетеді, президент — Хуссейн Мұхаммед Эршад болып кетеді. * Саясатпен айналысуға тоқтаған Саттар 1985 жылының қазанның 5-інде Даккада қайтыс болады. ## Дереккөздер
* Қажымұқан – Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл. * Қажымұқан – Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы ауыл.
Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеді. ## Өмірі Тарихи деректерге сүйенсек ол 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Кейбір зерттеулерде, оның 1886 жылы туғандығы айтылады. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған. Қыпшақ тайпасы Ұзын ішіндегі Алтыбас руынан шыққан. Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді: Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербургдағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға. Талас аға жалғайды. Сонда ол орыстың көптеген палуандарымен танымсып, дос болады. Олардың ішінде Иван Поддубный, Иван Шемякин сияқты мықты мықты дүние жузіне белгілі жауырыны жерге тимеген, Иван Зайкин тәрізді балуандар бар, Шульц деген палуан осылармен тек қана күресіп қана қойған жоқ, рухани жағынан жақындасып, ұзақ жылдар дос болды. Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады. Бірақ орыс әкімшілігіне бұратана халықтың атын шығарған палуан онша ұнай қоймайды. Сол үшін де Қажымұқан орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Қажымұқанға неше түрлі лақап аттар беріледі. Сол кездегі саясат бойынша, бізде тек орыстар ғана емес, жапондықтар да күреседі деген жарнамалар жасалып, Қажымұқанды «Ямагата Мухунури» деген лақап атпен күрестіреді. Сонымен қатар, Мухан, «Иван Чёрный» сияқты лақап есімдері болған. * 1909 жылғы халықаралық палуандар жарысына ол «Қара Мұстафа» деген атпен шыққан. Сөйтіп бүкіл дүние жүзіне Мұқанның неше түрлі лақап аттары тарай бастайды. * 1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады. * 1911 жылы Мұқан Мұңайтпасов Ыстамбұлға барады. Сол кезеңде әлемде түрік палуандарынан мықты палуандар жоқ сияқты көрінетіндігі соншалық , ол жаққа орыс палуандары аяқ баспайтын-ды. Осы ретте намысқой Қажымұқан өзі түркі халқының өкілі ретінде Түркияға баруға бел буады. * Ол поляк қызымен отау құрған. Омбыда мешітке апарып, оған Бәтима деген ат беріп, мұсылман дініне кіргізген. Патша үкіметі құлаған соң, балуанның отбасы азамат соғысы мен аштықтың салдарынан біраз сергелдеңге тап болады. * 1937 жылы Қажымұқанның ізіне ІІХҚ қызметкерлері түсіп: «Бұл патшаның адамы, оның қолынан медаль алған, сыйлық алған сыбайласы» — деп қудалауға ұшыратады. Сол себепті Қажы Мұқан отбасын тастап, Түркістан мен Өзбекстанда бас сауғалайды. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өтеді. * Ұлы Отан соғысы басталған кезде Қажымұқан ҚКСР Жоғарғы кеңестің төрағасы Қазақбаевқа жолығып, оған «Ел аралап, цирк өнерін көрсетсем, сол арқылы ақша тауып, майданға көмектессем» — деген ұсыныс айтады. Бұл ұсынысты үкімет қолдап, екі жылға жуық жүріп цирк өнерін көрсетіп, 100 мың сомдай ақша табады. * Егер ол өз заманында тәуелсіз елдің азаматы болса, оның Мұқан Мұңайтпасұлы деген шын есімі әлемдік спорт тарихында алтын әріптермен жазылар еді. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнап, 50 шақты медальдің иесі болып, жеңіс тұғырынан түспеген дара тұлға — қазақтың нағыз хас батыры. * Ол 1948 жылы Түркістан облысы, Бөген ауданы, Ленин туы колхозында қайтыс болды. Темірлан деген ауылда, қабырының басына ескерткіш орнатылған. Оның төрт әйелінен тараған ұрпақ Түркістан мен Ақмола өңірінде өмір сүруде. * Ең алғашқы лақап аты "Муханура", Лебедев мырзада дәріс алып күрес өнерін дамытқан еркін күрестен әлемнің бірнеше дүркін жеңінпазы француз күресінен өзімен бірдей дәрежеде күресетіндер еркін күрестен бәрі бастарын идірген. ## Жетістіктері Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны. Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» — деп жазған. 1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген. Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты. Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чемпионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады. Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау. 1911 жылдың сәуірінде Петербургте күреске қатысады. Бұл жолы чемпионатқа қатысушылар арасында Рауль де Раун мен Георг Лурих та болады. Әділетсіздік бұл жолы да Қажекеңнің алдынан шығады. Чемпионаттың жарты жолында баяғы әуен қайталанып, «жарыс ережесін бұзды» деп тағы да жарыстан шығарып тастайды. Петербург чемпионаты аяқталар-аяқталмастан, оны Польшаның астанасы Варшавада өтуге тиісті Халықаралық жарысқа шақырады. Осы жарыс жайында Бәтима жеңгей былай деп еске алады: Бұл есте қаларлықтай аты шулы жарыс болды. Қажымұқан бұл жарыста Әлем чемпионы, атақты неміс балуаны Поль Абс, әлем және Ресей чемпионы Иван Яго, неміс балуаны Шульц сияқты шебер балуандармен белдесті. Алтын медальды бұл жолы ойламаған жерден неміс Шульц ұтып алды. Қажымұқан кеудесіне кіші алтын медальды тақты, күміс медальға Лубие ие болып, атақты Поль Абс қола медальды қанағат тұтты. Жарты жылдан соң Варшава біріншілігіне қатысу үшін біз Польша астанасына қайта оралдық. Сол кезде ұлымыз Халиолла кішкентай, жаңа ғана қаз-қаз басып жүрген кезі еді. Біз Халиоллаға бас-көз болсын деп, көршінің 16 жасар қызы — Жәмиланы ала келгенбіз. Қажымұқан бұл жолы да жүлделі орыннан көрінді. Одан жоғары орындарға чех Поспешил мен атақты Лурих ие болды. Осы жарысқа қатысқан Қытай алыбы Ли Хун Синг пен Лаубе Қажымұқаннан кейінгі орындарға ие болды. Чемпионат аяқталған соң, бәріміз ауылға, Омбыға оралдық. Ұмытпасам, осы жолы, не 1912 жылы, әйтеуір осы екі жылдың бірінде біз Қызылжар қаласына тоқтадық. Қазақ балуанының дәрежесі көтеріліп, Ресейдегі, шет елдердегі чемпионаттарда жақсы күрес көрсетіп жүргенін естіген қала тұрғындары, соның ішінде Қажымұқан жас кезінде жалшылықта болған көпес Григорий Масляков кісі жіберіп, үйіне шақырып, қонақ етті. Батыр балуанның болған жерлеріндегі күрес әңгімелерін қызыға тыңдап, көптеген сұрақтар қойды. Дастарханын жайып, сыйлы қонақтарын шақырып, Қажымұқанға, қасындағы біздерге үлкен сый-құрмет көрсетті. Мұның өзі байлығымен ғана масаттанып жүрген көпестен кедей шаруаның баласы, кешегі жалшысы, бойына біткен алып күшін, сарқылмас өнердің иесі, қазақ халқының мақтанышы Қажымұқанның Григорий Масляковтан биік тұрғанын халықтың алдында бір көрсетіп тастады. Қажымұқанның астына ат мінгізіп, маған 5 метр көк мақпал таза күмістен әшекейлеп жасаған редикюльді сыйға тартты. Біз қанша бас тартсақ та, көнбей қойды. «Бұл Қызылжарда болған кездеріңіздің естелігі болсын» деп бәйек болды. Біз Қызылжардан осылай аттандық.Сол жолы Қажымұқан үш айға жуық ел аралап, тойдумандарда болып, халқының арасында сайран салып жүрген. ## Ақын жазушылар Мұқан туралы Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес. Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақбергенов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбергенов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазушы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз. ## Қызықты мәліметтер * …1944 жылы осындай шоулармен жиналған 100 мың сомды — Қажымұқан осы қаржыға ұшақ сатып алып, оны Амангелді Иманов атымен атауды өтініп, Жеңіс қорына аударды. 29 қазанда мынадай жеделхат келді: «Оңтүстік Қазақстан облысы, Шәуілдір ауданы, Ақтөбе кол-зы, Мұңайтпасовқа. Қызыл Армияның Әскери күштеріне көрсеткен қамқорлығыңыз үшін менен сәлем және Қызыл Армиядан ризашылық қабылдаңыз, жолдас Қажымұқан. Сіздің тілегіңіз орындалады. Сталин». * Қажымұқан жерге жатқанда, оған денесінің үстіне тақтайлар орнатылып, сол тақтайлардың үстімен адамдар лық толтырылған жүк машинасы жүріп өтететін. Орнынын тұрған Қажымұқан ақсақал жүк машинасындағы адамдарды иығына отырғызып, жан-жағынан жармасып-жабысып мініп алған адамдармен оранып алған Алып құрметтеушліредің алдында әрлі-берлі жүретін ## Ескерткіштері 2001 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлының ескерткіші Шымкенттің орталық стадионы алдында қойылды. 2021 жылы палуанның 150-жылдығына орай 5,7-метрлік ескерткіш Астанада қойылды. ## Дереккөздер ## Сілтемелер * ҚАЖЫМҰҚАН МЕН ҚАЖЫТАЙ ҰШҚЫШ Мұрағатталған 19 мамырдың 2023 жылы. * Күш атасы — Қажымұқан
Алматы шиқылдағы (лат. Juno almaatensis) – құртқашаштар тұқымдасының шиқылдақ туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Iле Алатауының Ұзынағаш, Шамалған маңындағы тау етегінде өте сирек кездеседі. Биіктігі 10-15 см болады, жуашығы жұмыртқа тәрізді келеді. Қысқа сабағын 4-8 орақ сияқты қайырылып келген ұзын жапырақтары жауып тұрады. Сары жасыл түсті 1-3 гүлі бар. Наурыз-сәуір айларында гүлдейді, мамыр-маусымда жеміс береді. Тұқымынан, жуашықтарынан көбейеді. Алматы шиқылдағы-сәндік, әрі сирек кездесетін өсімдік. Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстан “Қызыл кітабына” енгізілген. ## Дереккөздер
Михаил Иванович Есеналиев (Есенов Хәким Тілекенұлы, 1928—1999) — Қазақстан дипломаты, саясаткері. Өкілетті және Төтенше Елші дәрежесі, пәлсапа ғылымдарының кандидаты. ## Өмірбаяны 1928 ж. қыркүйектің 15 Питерка ауылында (Сарытау облысы Питерка ауданы) жылқышы отбасында туған. Сарытау заңгерлік мектебінде сырттай оқып тәмәмданған. 26 жасына дейін Ресейде сот қызметкері болып, 1950 ж. комсомол жұмысына өткен. 1951 ж. Мәскеудегі Орталық комсомол мектебінде оқи бастайды. Бітіргеннен соң — Қазақстанда комсомол жұмысында. 1961—64 жж. — Қоғам ғылымдарының академиясы аспирантурасында оқыды. Пәлсападан кандидаттық диссертацияны қорғады. 1964—81 жж. — партиялық жұмыста. 1981 ж. шілдеден — КСР Сырқы істер министрі. 1989 ж. қызметінен зейнетке кетті. 1992 ж. Қазақстан Республикасы Сырқы істер министрлігіне шақырылып, арнаулы тапсырыстар жөніндегі елшісі. Бес мәрте ҚКСР Жоғарғы кеңесінің депутаты. ## Сыртқы сілтемелер * Михаил Иванұлы Исиналиев (орысша)
Махамбет — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, аудан және Махамбет ауылдық округі орталығы. ## Географиялық орны Атырау қаласынан солтүстікке қарай 68 км жерде, Жайық өзенінің оң жағасында орналасқан. . ## Тарихы Негізі 1928 жылы қаланған. 1963 жылға дейін “Жаманқала (Яманка)" деп аталып, Бақсай ауданының орталығы болып келді. 1963 жылы Бақсай мен Есбол аудандары біріктірілгеннен кейін, Махамбет ауданының орталығы болды. Қазіргі атауы Махамбет Өтемісұлы құрметіне берілген. Ауылда 3 орта мектеп, арнайы мектеп-интернат, 5 балабақша бар. ## Халқы 1989 жылы елді мекенде 7123 адам тұрған. 1999 жылы тұрғындар саны 6685 адам (3191 ер адам және 3494 әйел адам) болса, 2009 жылы 8012 адамды (3854 ер адам және 4158 әйел адам) құрады. 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 10685 адамды (5260 ер адам және 5425 әйел адам) құрады. ## Мәдени-әлеуметтік мекемелері ### Мектептер * Есенбай Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебі – Жаманқала орта мектебі болып 1938 жылы құрылды. 1985 жылы жаңа мектеп үйіне көшірілді. 1999-2000 оқу жылынан бастап білім ордасына мектеп түлегі, профессор Есенбай Ағелеуов есімі берілді. * Дүйсенғали Төленов атындағы орта мектеп — 1938-1940 жылдары салынған. 1940-1949 жылдары Жаманқала балалар үйі, 1950-1960 жылдары пансионат болып, 1960-1961 оқу жылынан бастап Махамбет мектеп-интернаты болып құрылған. 1990-1992 жылдары мектеп-интернат жабылып, сол кездегі аудан әкімі Қ.Сирановтың шешімімен мектеп болып ашылған. 1993 жылы мектеп-гимназия статусын алып, 2000 жылдың 29 қаңтарында аталмыш оқу орнына бірнеше жыл директор болған Дүйсенғали Төленов есімі берілген. 2023 жылы 1 қыркүйекте мектептің 600 орындық жаңа оқу корпусы 300 орындық интернатымен бірге пайдалануға берілді. * Оңай Шонаев атындағы орта мектеп — 1972 жылы 350 орынға арнап сегізжылдық мектеп ретінде салынып, батыр Оңай Шонаевтың есімі берілген. 1982 жылдан бері жалпы орта мектеп. * Атырау облыстық көмекші мектеп-интернаты – 1974 ж. мектеп-интернат іргетасы салынды. Сол жылы Новобогат ауданы Сағыз станциясынан облыстық ақыл-есінде ауытқушылығы бар балалар мектебі Махамбет ауданына көшіп, орналасты. * З.Ещанова атындағы балалар өнер мектебі – өз жұмысын 1973 жылы бастаған. ### Мектепке дейінгі білім * "Алтын балық" бөбекжай-бақшасы — № 1 балабақша болып 1954 жылдан бастап жұмыс жасаған. 1980 жылы № 1 балабақша жаңа типтік жобамен салынған 140 орындық жаңа ғимаратқа көшірілген. Балабақшаға "Алтын балық" атауы осы жылдан бастап берілген. * "Жауқазын" бөбекжай-бақшасы – 1969 жылы 14 тамызда құрылған. 2000 жылы мектеп ғимараты бейімделіп, балабақша орнына берілген. Сыйымдылығы - 140 орын. * "Қызғалдақ" бөбекжай-бақшасы * "Шолпан" бөбекжай-бақшасы – балабақша ғимаратының негізі 1973 жылы қаланған. 2014 жылғы қараша айында  балабақша күрделі жөндеуден өтіп, қолданысқа берілді. * "Алтын-Ай" бөбекжай-бақшасы – 2014 жылы 9 қазан күні салынып берілген. Бөбекжай 280 орындық типтік жобамен салынған. * "Нұршуақ" бөбекжай-бақшасы – 2016 жылы маусымнан бері жұмыс жасайды. Сыйымдылығы - 280 орын. ### Мәдени және спорт мекемелері * Махамбет тарихи-өлкетану мұражайы — 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай Орталық алаңда ашылған. * Өнерпаз аудандық мәдениет үйі * Махамбет аудандық орталық кітапханасы * Аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі — алғаш 1969 жылы 12 тамызда ашылған. 2003 жылы жаңа ғимараты пайдалануға берілді. * Спорт кешені — 2022 жылы мамырда ашылды. Сыйымдылығы 160 орындық. ### Денсаулық сақтау * Махамбет аудандық орталық ауруханасы – 2001 жылы жаңа екіқабатты ғимараты пайдалануға берілген. * Аудандық емхана – 2010 жылы желтоқсан айында ашылған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерген үш қабатты емхана күніне 250 адамға қызмет көрсете алады. ## Инфрақұрылымы Сүт зауыты, Төменгі Жайық суландыру жүйесінің басқармасы, Нарын көгалдандыру-мелиорациялық стансасы, "Агротехника" өндірістік кооперативі бар. Махамбет ауылы арқылы Атырау - Орал электр желісі мен Атырау - Индербор - Самара мұнай құбыры өтеді. 2018 жылы жаңа көпір ашылды. ## Діни ұйымдар қызметі * «Исатай-Махамбет» мешіті — 2003 жылы ашылған. Ұзындығы 25 метр, ені 15 метр, жалпы көлемі 80 шаршы метр. Биіктігі 22 метрлік бір мұнаралы, биіктігі 4 метрлік бір күмбезді. Ғимаратқа 150 шырағы бар аспалы шам ілінген. Мұнда бір мезгілде 130 ер және 30 әйел намаз оқи алады. ## Ауыл суреттері ## Дереккөздер
Зияур Рахман(баңлаша জিয়াউর রহমান ) (1931 қаңтардың 19-ы - 1981 мамырдың 30-ы) - Баңладеш президенті (1977 - 1981). * Генерал-майор. * 1931 жылы қаңтардың 19-ында Богра қаласында дүниеге келген. * 1953 - 1971 жылдарында Пәкістан әскерінде қызмет етті. * Тәуелсіздік үшін күресіне қатысқан. * 1977 жылының сәуірінде президент Сайемның кеткеннен кейін Зияур Рахман Бангладештің президенті болып кетті, біржолы Қарулы күштердің штабының бас басшысы, құрғақ әскерінің штабының басшысы және қаржы мен ішкі істер министрі болып кетті. * 1978 жылында президент болып сайланып, үкімет басшысы болып кетті. Генерал Мансұрды орнынан алып, төменірек орнына ауыстырды. * 1981 жылының мамырдың 29-ында Зияур Рахман Читтагонг қаласына барған еді. * Мамырдың 30-ына қарағанда, түнде Мансұр өзіне қарайтын күштерін көтеріп, президент қонған резиденциясына шабуыл жасап, Зияур Рахманды өлтірді. ## Дереккөздер
Халеда Зия Бегум(бенгалша খালেদা জিয়া; 1945 ж. тамыздың 15-інде), - Баңладеш премьер-министрі (1991 - 1996; 2001 - 2006 жж.), ұлтшылдар партиясының жетекшісі. Баңладештің солтүстік-батыс бөлігінде Динаджпур деген жерінде кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. 1960 жылы генерал Зияур Рахманға тұрмысқа шықты.Кейін Зияур Рахман Баңладештің президенті болып кетті және Баңладеш Ұлтшыл партиясын ұйымдастырды. Зияур Рахманды 1981 жылында өлтірді. 1983 жылы Халеда Зия Бегум күйеуі негізін қалаған партиясын жетекшісі болып кетті. "Авами лиг" партиясымен бірге, Хуссейн Мұхаммед Эршадқа қарсы күрескен. 1991 жылында сайлауында жеңіп, Баңладештің премьер-министрі болып кетті. Үндістанмен қарым-қатынастарын бұзып, Ганг суының бөліну мәселесін туғызды.Керісінше, Пәкістанмен қарым-қатынастарын жақсартты. Білім беру саласына көбірек қаржыны беріп, міндетті бастауыш білім алу туралы заң қабылданып, қыздарға арналған 10-сынып мектептерін ашылуына үлес қосты. Эршадтың диктатурасынан кейін демократиялық өзгерістерін өткізді. 1996 жылында "Авами лиг" партиясына жеңіліп, орнынан кетті. 1999 жылында "Авами лиг" құрастырған үкіметіне қарсы саяси ереуілін ұйымдастырды. 2001 жылы өткен сайлауында жеңіп, қайтадын премьер-министр болып кетті.
Абдур Рахман Бисуас (баңлаша আব্দুর রহমান বিশ্বাস, 1 қыркүйек, 1926, Барисал) — Бангладештің 13-ші президенті. ## Өмірбаяны * 1991 жылының қазанның 10-ында президент болып сайланды. Ұлтшылдар партиясының мүшесі. Сол кезде үкіметті Ұлтшылдар партиясы құрастырып, мемлекеттің премьер-министрі — партия жетекшісі Халеда Зия Бегум еді. * 1996 жылының сайлауында партия парламенттік сайлауында жеңіліп, билікке Авами лиг партиясы келді. 1996 жылының қазанның 9-ында орнынан кетті. ## Дереккөздер
Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітап” — халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41, бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады. ## Қазақстанның Қызыл кітабы Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердің 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды. Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды. Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады. Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінше бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады. ## Қызыл кітап беттері Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар. * Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғаламшарымызда теңіз сиыры жоқ. * Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз. * Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит. * Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан - анакондалар жатады. * Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз. ## Тағы қараңыз * Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер ## Дереккөздер
Сұңқылдақ аққу (лат. Cygnus cygnus) - Қазақстанда кең тараған болатын, қазір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Кіші аққудан ірірек келеді: ұзындығы 140-160 см, қанатжайымы - 205-235 см, ал салмағы 8-15 кг болады. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. Аққудың бұл түрін Линнеус (Linnaeus) 1758 жылы ашты. Саны кеміп бара жатқан түр. Адам қызметінің әсеріне шыдай алмайды. Қазақстанда кең тараған болатын, кәзір республиканың Солтүстік, Орталық және Оңтүстік-Шығыс аудандарының 5-6 жерінде көлемді ұяларын жасыруға болатын қалың қамыс - қоғалы ірі көлдерді мекендейді. Каспий маңында қыстауға қалған бұл аққудың ең көбі 1983 жылы 400 -дей болған, одан бері саны едәуір кеміді. Оның себебі: ұялауға қолайлы орынды жиі ауыстыруға мәжбүр болуы. * * * * * ## Дереккөздер
Берік Көпешов (30 қаңтар 1987 жыл Қызылорда) - Астана велоклубының шабандозы. ## Жетістіктері * 2005 жылы Қазақстан жасөспірімдер құрама­сы­ның мүшесі Берік Көпешов Сеулде көрігі қызған “Корея туры” атты көп күндік ала­манды жеңіп алып, артынша Азияның трек жарысында жеңімпаз атанды. ## Дереккөздер
Асан Төлегенұлы Базаев (22 ақпан, 1981 жыл) — қазақ велоспортшысы, «Астана» кәсіпқой клубының мүшесі. ## Нәтижелері * 2008 жылғы шосседегі топтық жарыста Қазақстан чемпионы * 2006 жылы «Алмания туры» көпкүндік бәйгесінің бірінші кезеңдік жарысында мәре сызығын бірінші болып қиып, жеңіске жетті; * 2004 - Азия уақыттық (time trial) біріншілігі; * 2004 - Хеллас туры; * 2003 - GP Tell, 1 кезең ## Дереккөздер
Үгедей (моңғ. Өгөөдэй, қыт. 窝阔台) (1186 қазан — 1241 желтоқсанның 11-і) — Шыңғыс ханның үшінші ұлы, Моңғол Ұлысының екінші ұлы ханы (1229—1241), әкесінің мұрагері. Шыңғыс ханның көршілес елдерін жаулап алу саясатын жалғастырған. Батыс Қытайға және Орталық Азия жорықтарына қатынасқан. Жас кезінен әкесінің жорықтарына қатынасты. 1211—15 жылы Солтүстік Қытайға (Цзань империясы), 1218—22 жылы Орта Азияға (Хорезм) жорық кезінде жеке жасақтың басшысы болды. Орта Азия қалаларын қоршауға алу кезінде Шыңғысханның үлкен 2 ұлы Жошы мен Шағатай арасында үнемі дау туа бергендіктен, әкелері Үгедейді бірінші орынға шығарып, 2-ағасын оған бағынуға міндеттеді. Екі ағасына карағанда мінезінің жұмсақтығымен әрі елмен тез тіл табыса алуымен ерекшеленді. Хорезм жорығы аяқталғаннан кейін көп ұзамай Шыңғыс хан Үгедейді өзінің заңды мұрагері етіп тағайындады. Таққа отырғаннан кейін ол әкесінің жорықтарын ары қарай жалғастырды. 1232—34 жылы Үгедей мен Төле басқарған әскерлер Цзань империясын толық талқандап, Солтүстік Қытайды бағындыруды аяқтады. Қытайлармен соғыс аяқталысымен-ақ Үгедей бағынбай кеткен Хорезмнің соңғы билеушісі Жалел әд-Дин сұлтанды жазалау үшін арнайы жасақ аттандырады. Жалел әд-Дин талқандалып, күрдтердің қолынан қазаға ұшырады. Бүл жорықтың нәтижесінде моңғолдар Күрдістан, Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігін жаулап алды. 1235 жылы өткен құрылтайда батысқа қарай жорық жасауға арнайы шешім қабылданып, әскердің қолбасшылығына Жошы ұлысының билеушісі Бату хан бекітілді. Нәтижесінде, 1236-41 жылы Шығыс Еуропа толығымен моңғол үстемдігін мойындады. Замандастарының айтуынша, Үгедей білімді әрі ақылды адам болған. Ол билік жүргізген кезеңде ел астанасы Қарақорым қаласын салу аяқталды, халық санағы жүргізілді, пошта қызметі ұйымдастырылды. ## Дереккөздер
Бөрте — (шамамен 1154 — 1230/31) — Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып, ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізеді. Тек ержеткеннен кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып қайтады. Бірақ осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер шабуыл жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің андасы Керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жажират руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелдерінен көптеген балалар тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған 4 ұлын: Жошыны (1182 — 1227), Шағатайды (1183 — 1242), Үгедейді (1185 — 1241), Төлені (1193 — 1256) өз мұрагерлері ретінде таныған. Бөртеден туған 4 ұл мен олардың ұрпақтары Шыңғыс ханның серіктері болып қана қоймай, ол бастаған істі әрі қарай жалғастырушылар ретінде түркі-моңғол халықтары тарихында үлкен із қалдырды. ## Дереккөздер
Кіші аққу (лат. Cygnus bewickii) - негізінен солтүстік жарты шарда (Үндістанды, Оңтүстік-шығыс Азияны алмағанда) мекендейтін кішкене аққу. Қазтәрізділерге жатады. Ұялайтын жерлері - тундра мен орманды тундрада саны бұрынғы қалпына келе бастаған түр. Қазақстанның батыс бөлігінен көктем мен күзде 1 мыңдайы ұшып өтеді. Бізде ұяламайды. Санының азаюының негізгі себебі - заңсыз аулау. 1830 жылы Жаррел (Jarrel) ашқан. ## Статусы 5-ші санат. Ұялайтын жерлерде саны қалпына келе жатқан түр. Ресейдің Қызыл кітабына енгізілген (5-ші санат). ## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы Палеарктика фаунасындағы туыстың төрт түрінің бірі. ## Таралуы Евразияның тундрасында ұялайды. Қазақстанда ұшып келу-кету кезінде кездеседі, оңтүстік облыстарда қыстауы мүмкін . Негізгі келу-кету жолы – Қостанай облысының шығыс және оңтүстік аудандарындағы Торғай ойысының суқоймалары . Есіл және Нұра су алаптарының көлдерінде сирек кездеседі . Жеке, ертеректе біршама қозғалыста болған, миграциялық жол Ертіс аңғарымен өтеді . Соңғы жылдары екі рет Алакөл көлдерінде , бір рет – 2007/2008 жылы қыстың басында Алматы маңындағы Сорбұлақ көлінен кездескен. ## Мекендейтін жерлері Солтүстік мұзды мұхиттың теңіздеріне құйылатын өзендерінің аңғарлары мен атыраптары, оларға жақын жатқан өзендері мен көлдері бар батпақты тундра. Миграция кезінде Қазақстан территориясында үлкен сәл тұздылау саяз сулы көлдерде тоқтайды, бірақ өтетін құстарды республиканың кез – келген жерінен, әсіресе сулы территориялардан, кездестіруге болады. ## Саны Сібірдің тундрасында барлығы 20 мыңнан аса кіші аққу мекендейді, олардың ішінде Қазақстан арқылы 1 мыңдай құс ұшып өтеді. 1986 ж. көктемде Торғай өзенінің төменгі сағасында 120, күзде 105 ересек және 77 жас аққулар есепке алынған. Қазірде бұл жерде ұшып келу-кетуде ондаған құстарды кездестіруге болады . ## Негізгі әсер ететін факторлар Тундраны шаруашылық мақсатта қарқынды игеру, ұялау кезінде мазалау, миграция кезінде және қыстайтын жерлерінде қаскерлік жолмен аулау. ## Биологиялық ерекшеліктері 2-4 жаста жұп құрайды, көбеюге 4-6 жылда кіріседі. 2-5 жұмыртқа болатын ұяны суқоймаларының жағалауларындағы биіктеу жерлері мен қопаларға салады; ұя салуға материал ретінде мүк, қоңырбастың және басқа өсімдіктердің құрғақ сабақтары. 29-30 күн шайқайды. Балапандарының орташа саны 2,1-3,6. Су және құрлық өсімдіктерімен қоректенеді. Қазақстанда жекеленген құстар мен аздаған топтары көктемде (сәуір) және күзде (қазан) сирек кездеседі. ## Қолда өсіру Хайуанаттар паркінде көбееді. ## Қабылданған қорғау шаралары Қазақстанда ұшып келу-кету кезінде Наурызым мен Қорғалжын қорықтарында, Сарықопа мен Торғай қорықшаларында қорғалады. ## Қажетті қорғау шаралары Торғай өзенінің төменгі сағасында қорық және Арал теңізінің шығыс жағалауы мен Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінде қорықшалар ашу. Аңшылар арасында аққуларды қорғау үшін су құстарын далалық жағдайда анықтауға болатын анықтауыштар тарату арқылы үгіт-насихат жүргізу. ## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар Қорғалатын аймақтарды білу үшін Қазақстанда миграция және қыстау кезеңінде шоғырланатын жерлері мен санын анықтау. ## Дереккөздер
Бөрте — (шамамен 1154 — 1230/31) — Шыңғыс ханның жұбайы. Қоңырат тайпасының көсемі Дай (Тай) мырзаның қызы. Қият ішіндегі боржіген (бөрітегін) руының батыры Есугей 9 жасар ұлы Теміршіні (болашақ Шыңғыс хан) қоңырат еліне ертіп барып, ежелгі түркілер дәстүрі бойынша Бөртеге құда түсіп қайтады. Көп ұзамай Есугей қайтыс болып, Темірші жетім қалып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізеді. Тек ержеткеннен кейін ғана, шамамен 1178 жылы Бөртені іздеп барып, алып қайтады. Бірақ осы кезде Теміршінің ауылына меркіттер шабуыл жасап, Бөртені тұтқын ретінде алып кетеді. Темірші әкесінің андасы Керей хандығының ханы Тұғырыл (Уән хан) мен жажират руының нояны, өз андасы Жамұқаның көмегімен Бөртені босатып алады. Шыңғыс ханның бірнеше әйелдерінен көптеген балалар тараған. Дегенмен Шыңғыс хан Бөртеден туған 4 ұлын: Жошыны (1182 — 1227), Шағатайды (1183 — 1242), Үгедейді (1185 — 1241), Төлені (1193 — 1256) өз мұрагерлері ретінде таныған. Бөртеден туған 4 ұл мен олардың ұрпақтары Шыңғыс ханның серіктері болып қана қоймай, ол бастаған істі әрі қарай жалғастырушылар ретінде түркі-моңғол халықтары тарихында үлкен із қалдырды. ## Дереккөздер
* Алтай (моңғ. Алт — алтын) — Оңтүстік Сібір мен Орталық Азиядағы географиялық аймақ. * Алтайлықтар — түркі халқы, негізінен Ресей Федерациясынның Алтай Республикасында тұрады. ## Топонимдер * Алтай таулары — Орталық Азиядағы тау жүйесі; * Моңғол Алтайы — Алтай тауларының оңтүстік-шығыс бөлігі, Моңғолия мен Қытай шекарасында орналасқан Моңғолия аумағындағы бөлігі; * Оңтүстік Алтай — жота, Қазақстан мен Ресей және Қытай бөлігі; * Алтай алды жазығы — Алтай тауларының солтүстік-батысындағы Алтай алды жазығы ### Қазақстан * Алтай — Шығыс Қазақстан облысындағы аудан (бұрынғы атауы — Зырян ауданы). * Алтай — Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы қала (бұрынғы атауы — Зырян қаласы). * Алтай — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауыл. * Алтай — Павлодар облысы Тереңкөл ауданындағы ауыл. * Алтай — Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы ауыл. * Алтай — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы таратылған ауыл. * Кенді Алтай — Тау-кен өндірісінде үлкен рөл ойнайтын Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай таулы округінің ресми емес атауы. ### Ресей * Алтай Республикасы — Ресей Федерациясының субъектісі, республика. * Алтай өлкесі — Ресей Федерациясындағы субъект, өлке. * Алтай ауданы — Алтай өлкесіндегі аудан. * Алтайское — ауыл, Алтай өлкесіндегі Алтай ауданының әкімшілік орталығы. * Алтай ауданы — Хакасия Республикасындағы аудан. * Алтай — Хакасия Республикасындағы Алтай ауданындағы ауыл. * Алтайское — Хакасия Республикасындағы Алтай ауданындағы көл * Алтай таулы округі — 1834–1896 жылдар аралығындағы оңтүстік-батыс Сібірдегі әкімшілік-аумақтық құрылым. * Алтай — Ханты-Мансий автономиялы округінің Кондин ауданында орналасқан ауыл. ### Қытай * Алтай аймағы — Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданының құрамындағы аймақтық бірлік. * Алтай қаласы — Алтай аймағындағы қалалық аудан, Алтай аймағының орталығы. ### Моңғолия * Говь-Алтай аймағы — Елдің оңтүстік батысындағы аймақ. * Алтай — қала, Говь-Алтай аймағының әкімшілік орталығы. * Алтай — Говь-Алтай аймағындағы сұмын (аудан). * Алтай — Баян-Өлгей аймағындағы сұмын (аудан). * Алтай — Баян-Өлгей аймағындағы Алтай сұмынының (аудан) орталығы, ауыл. ## Есімнама * Халифа Алтай (1931–2000) — қазақ жазушысы антрополог, түркітанушы, дінтанушы, жазушы және аудармашы. * Алтай Сәрсенұлы Аманжолов (1934–2012) — қазақстандық түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1976), профессор (1978). * Алтай Жүсіпұлы Мәмедов (1930–2003) — әзірбайжандық прозаик, публицист және драматург. * Алтай Сейдірұлы Көлгінов (1978 туған) — қазақстандық саясаткер, Астана әкімі (2019–2022) және Премьер-министр орынбасары (2022–2023). ## Кәсіпорын * «Алтай» Федеральдық ғылыми өндірістік орталығы — Алтай өлкесінің Бииск қаласында орналасқан мемлекеттік қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорыны. * «Алтай» — Бийскдегі автомобиль зауыты. * «Алтай» — Алтай өлкесіндегі телерадиокомпания. * «Алтай» — Алтай өлкесіндегі кондитер фабрикасы (Nestle корпорациясына тиесілі). ## Жобалар * «Алтай» — Батыс Сібір мен Қытайдағы газ құбыры жобасы. * «Алтай» — транспорт дәліз жобасы, Қытай мен Ресейдің батыс шекарасындағы «Алтай» газ құбыры жобасына еңгізілген. * MİTÜP Altay — Түркияның соғыс танкілерін өндіруші кәсіпорыны. ## Техника мен технология * МТ-ЛБВ-НС «Алтай» — көпмақсатты транспортер-күш көлік. * «Алтай-3310» — Бийскдегі "Алтай" зауыты шығаратын өзі аударатын машина. * «Алтай» — жылжымалы транкингтік радителефонды байланыс жүйесі. ## Спорт * «Алтай» — Барнауыл қаласындағы хоккей клубы, * «Алтай» — Түркияның Измир қаласындағы футбол клубы. * «Алтай» — Өскемен қаласындағы жастар хоккей клубы. * «Алтай-Торпедо» — Pro Hokei Ligasy лигасында өнер көрсететін Өскемен қаласы хоккей клубы. * «Алтай» — Өскемен қаласындағы әйелдер волейбол командасы. * «Алтай» — Өскемен қаласындағы ерлер волейбол командасы. * «Алтай» — Шығыс Қазақстан облысынан шыққан футбол клубы. ## Басқалар * «Алтай-Қарпық» — қазақ халқының құрамындағы рулар тобы. * «Алтай» (2232 Altai) — кішкентай планета, қара. астероидтар тізімі (2201—2300). * «Алтай» — «Барнаул-Мәскеу» фирмалық жолаушылар поезі. * «Алтай» — су маркасы. * «Алтай» — Михаила Евдокимованың жыры, 2001 жылы шыққан.
Қазтамақ тұқымдасы — қос жарнақты өсімдіктердің бір тұқымдасы. Көпшілігі көп жылдық шөптесін өсімдіктер, ішінара бұта немесе шала бұта түрінде де кездеседі, Қазтамақ тұқымдасының негізінде қоңыржай аймақта таралған 10 туысқа жататын 800-дей түрі белгілі, ал Қазақстанда қазтамақ, құтаншөп және биберштейния (қоқтын) туыстарына бірігетін 21 түрі бар. Қазтамақ тұқымдасының сабағы қалың түкті, жиегі тілімденген жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы орналасады. Гүлдері қос-жынысты көпшілігінде оларды қос қабатты гүлсерігі қоршап жатады. Тостағаншасы 4-5 түбі біріккен тостағанша жапырақшасынан тұрады. Күлтесі қызыл, көкшіл, күлгін түсті. Аталығы әдетте 10, кейде 5, аналығы біреу. Жемісі - бес тұқымды. Қазтамақ тұқымдасының кейбір түрі парфюмерияда және медицинада қолданылады, араларында арам шөп түрінде өсетіндері де кездеседі, әсемдік үшін де өсіріледі. ## Сыртқы сілтемелер * Stevens, P. F. (2001 onwards). Angiosperm Phylogeny Website. Version 7, мамыр 2006 [and more or less continuously updated since]. [1] * Үлгі:It Sandro Pignatti, Flora d'Italia, Edagricole, Bologna 1982. ISBN 88-506-2449-2
Қазтабан - раушангүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Бір-екі жылдығы өте сирек кездеседі. Қазақстанның биік таулы аймақтарында орман-тоғай шетінде, далалы жерлер мен шалғындықта, су жағасында өсетін (тек шөлді жерде өспейді) 48 түрі бар. Олардың биікт. 3-70 см. Тамыры жуан, тамырсабағы түйнек тәрізді болады. Сабақтары тік, кейбір түрлерінде төселмелі келеді. Жапырақтары үшқұлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді күрделі. Ақ, сары, қызыл гүлдері қалқанша - сыпыртқы гүлшоғырын құрайды, кей түрлерінде жеке орналасады. Гүліндегі тостағанша жапырақшалары 5 немесе 4-тен сыртқы және ішкі шеңбер құрып орналасады. Күлте жапырақшаларының саны 5, кейбір түрінде — 4. Аталық саны 10-нан 30-ға дейін, басым көпшілігінде 20. Аталық жіпшелері біз тәрізді жіңішке. Гул табаны дөңес, ойыс келеді. Көктемнен қоңыр күзге дейін гүлдейді. Жемісі - құрғақ келген, көп жаңғақша. Қның шөбінде, әсіресе түйнек тәрізді тамырсабағында илік заттар мол, балауыз, крахмал, қына қышқылы бар. Қ. — дәрілік өсімдік, оның суда дайындалған тұнбасын тырыспаға, ішек түйілгенде және асқазан ауруларына қарсы қолданады. Сондай-ақ, сіңір тартылғанда, тері ауруларына қарсы ванна немесе компресс жасауға болады. Жапырақтары мен жас өркендерін үй құстарына жем ретінде береді.
Қаңлы — Ресей федерациясының Ставрополь өлкесінде, Минераловод қалалық округтің орналасқан ауыл. Ауылда 3 500 адам шамасында тұрады, негізгі халық - ноғайлар мен орыстар. Ежелден бұрын ноғайлар тұратын елді мекен ретінде әйгілі. Бұрынғы атауы - "Қырық ауыл", мұның себебі бірнеше ұсақ ауылдардың бір ірі ауылына біріктіруі. Қазір бұл ұсақ ауылдар Қаңлы ауылының бөліктері ретінде сақтаған. Олар: * Каншау-авыл, * Крымгерей-авыл, * Кез-авыл, * Баьпий-авыл, * Янакпат, * Эски-авыл, * Шом-авыл, * Эрки-авыл, * Найман-авыл Қаңлы ауылы - Сұркөл өзені Құма өзеніне құйылатын жерінде, Қылыш (Кинжал) тауының аясында орналасқан.Ауылда орта тәлім мектеп([1]), жұма мешіт, ағайынды Шалтумаевтар салынған мешіт бар.Ноғай әншісі, сазгері Расул Сейітов Қаңлы ауылына бір әнді бағыштаған. ## Дереккөздер
Қазтамақ - қазтамақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шалғындық жерлерде өзен аңғарында, орманда, тау беткейлерінде өседі, 15 түрі бар. Биікт. 10-80 см. Сабағы тік, сыртын түк жапқан. Тілімденген жапырақтары қарама-қарсы не кезектесіп орналасады. Қызыл, көкшіл, күлгін, ақ түсті гүлдері, көбінесе шоқталып, кейде жеке дара шығады. Маусым-тамыз айлароында гүлдеп, шілде- қыркүйекте жемістенеді. Жемісі - дәнек. Қазтамақ илік заттарға бай, оның гүлдерінің құрамында, сабағында танин, бояғыш заттар, кальций мен каротин, С дәрумені мен геранин (эфир майы алынады) бар. Қазтамақтың кейбір түрлері: орман қазтамағы, шалған қазтамағы, Роберт қазтамағы және сібір қазтамағы - дәрілік өсімдіктер. Қазтамақтың тамырынан немесе кепкен шөбіненалынған тұнбаны бүйреккебайланған тасты ерітуге, ревматизм мен радикулитті емдеуге, сондай-ақ, баспамен ауырғанда тамақ шаюға, сүйек сынғанда ванна жасауға, түсе бастаса шашты жууға пайдаланады. Кейбір түрлері әсемдік үшін де өсіріледі. ҚАЗТАМАҚ (PELARGONIUM ПЕЛАРГОНИЯ (ГЕРАНЬ)) – герань тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізгі отаны – Оңтүстік Африка. 280-ге жуық түрі белгілі. Сәуірден қазан айына дейін үздіксіз гүлдейтіндіктен, қазтамақ көптеген гүлпаздардың сүйікті гүлі. Гүлпаздар қазтамақты әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті де өте жоғары. Ол ауадағы зиянды микробтарды, стафилакокк бактерияларын жоюға пәрмені бар өсімдік. Қазтамақ тез өсетін, аса құнарлы топырақты қажет етпейтін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда сабағын тамырдан жоғары 10-15см-дей биіктікте кесіп, жыл сайын өсімдікті жасартып, жаңартып отыру қажет. ## Жарығы: Жарық сүйгіш. Жаз айларында аулада күн астында өсіруге болады. ## Жылуы: Қыста 10ºС төмен болмағаны абзал. ## Суғарылуы: Топырағының беті құрғаңқырағанда суғарып тұру қажет. ## Ылғалдылығы: Ылғалдандыруды қажет етпейді. ## Қоректендірілуі: Көктемнен күзге дейін 10-15 күнде гүлдейтін гүлдерге арналған тыңайтқышпен қоректендіріп тұру қажет. ## Аурулары: Ауруға көп шалдыға бермейді, төзімді өсімдік. ## Көбейтілуі: Тұқымы, түбін бөлу және сабағын қалемшелеу арқылы көбейтіледі. ## Қызықты дерек Ең жағымды гүлдердің бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен. Сондықтан болар, бұл гүлді бұрындары әр үй өсірген. ## Сыртқы сілтемелер * ITIS Қазтамақ түрлерінің тізімдері Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2006 жылы. ## Сілтемелер * Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы. ## Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727
Алтай, Алтай тау жүйесі — Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. ## Географиялық орны Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы). ## Жер бедері Алтайдың өзіне тән географиялық ерекшеліктері бар. Оның жоталары мен қыраттарының биіктігі, сондай-ақ олардың бағыттары жер бедеріне ерекше сипат береді. Алтайдың ең биік және қатты тілімденген жоталары Қатын, Оңтүстік және Солтүстік Шуй, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Сайлүгім, Чихачев, т.б. Олардың орташа биіктігі 3000 м-ден асады. Мұнда альпі типтес жер бедері басым, Тау беткейлері өте тік, құзды, шыңды, шатқалды, жартасты келеді. Тау жүйесінің ең биік шыңы - Мұзтау (Ақсүмбі, Ақтайқы)(4506 м). Осы тұстан бастап таулар жан-жаққа қарай біртіндеп аласарады. Орташа биіктігі 1500-2000 м таулардың үсті жадағай, тегіс, тек кей жерлері ғана дөңес, ал беткейлері тік келеді (мыс., Шабанбай таулары, Қоржынтау (Холзун), Тегерек (Тигарец), Үлбі жотасы, Ануй жотасы, т.б.). Орталық және Оңтүстік Алтайдың басты жоталары мен тау тізбектері, негізінен, ендік бағытта, ал Батыс және Солтүстік тау жоталары оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, кейбірі бойлық бағытта созылған. Алтай тауларына ұзын, кейде кең дала деп аталатын тектоникалық тауаралық ойыстар (Шүй, Қурай, Ойман, Абай даласы, Нарын даласы) мен үстіртті жазықтар тән (Үкөк, Ұлаған, Чулышман, Жайдақ, т.б.). Олар ел қоныстанып, мал жаюға өте қолайлы. ## Геологиялық құрылысы мен кен байлықтары Алтай тауларының қазақстандық бөлігі геологиялық тұрғыдан 4 ауданға бөлінеді: Кенді Алтай, Таулы Алтай, Оңтүстік Алтай және Қалба жотасы. Олар Орал - Моңғол геосинклинальдық белдеміндегі қайта көтерілген тауларға жатады. Оның оңтүстік бөлігін Сібір платформасы құрайды. Таулы өлкенің іргетасы, негізінен, палеозой дәуірінде пайда болған терригенді, карбонатты және жанартаутекті метаморфтанған тау жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсында интрузивті жыныстар жер бетіне шығып жатыр. Алтайдан палеозой құрылымының іргетасы болып саналатын жоғарғы протерозойдың тақтатастары, кварциттері кейбір антиклинорийлер мен горсттер (Қатын, Теректі жоталары) кұрамынан табылды. Жоғарғы палеозой, юра, палеоген, неоген, антропоген кезеңдерінде пайда болған, құрамында қазба көмірі бар континенттік жыныстар бірен-саран тауаралық ойыстар мен грабендер де (Шыңғыстай, Голубовка ауылдары маңында, Құрай даласы, Көкпекті, Кіші Бөкен, Үлбі өзендерінің бойында) кездеседі. Ең көне, ерте каледондық құрылымдар Алтайдың шығысын алып жатыр. Бұл құрылымдық процесс орталық Алтайда ордовик пен силурде, ал оңтүстік-батыс Алтайда төменгі тас көмір кезеңінде аяқталды. Осы кезде (негізінен, блоктық өте қуатты тектоникалық козғалыстар нәтижесінде) интрузив жыныстары пайда болған. Онда қорғасын, мырыш, мыс, темір, алтын, күміс, вольфрам, молибден, қалайы, тантал, ниобий, сынап, т.б. металдык кентастар, тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатастар, асыл және әшекей тастар, құрылыс материалдары мол. Бұлардың ішінде аса маңыздысы Шығыс Қазақстанның түсті металлургия базасын құрайтын полиметалл кентастары. ## Климаты Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ. Қаңтар айының орташа температурасы тауаралык ойыстарда 27—30°С, тау етектері мен жазық жерлерінде - 13-16°С. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (-27,6°С). Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20°С, ал 1000-1500 м биіктікте ол 14—16°С-тан аспайды. Ең жоғары температура Зайсан қазаншұңқырында (40°С-қа дейін). Жер биіктігі артқан сайын, температура инверсиясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды, желге ашық жатқан Батыс және Солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200 мм-ге жетеді (кей жерлерде 2000 мм). Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300 мм (Шүй даласында 100 мм), ал Зайсан қазаншұңқырында 150 мм шамасында. Жауын-шашын, көбінесе, көктем мен күз айларында жауады. Өзен бойы мен тауаралық ойыстарды қуалай соғатын тұрақты жел жазда сирек байқалады. Қыста батыстан суық әрі қарлы-боранды "құбыла желі", оңтүстіктен жылы "Алтай желі" соғады. Ауа райы Алтайда "құбыла желінен" кейін ашық, аязды болып келсе, "Алтай желінен" кейін бұлтты әрі жылы болып, қар жауады. ## Өзен-көлдері мен мұздықтары Алтайда өзен де, көл де көп. Олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені - Ертіс. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т.б. өзендер кұяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр стансалары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға жәнe республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішіндеАқ Берел, Тұрғысын, Березовка, Көкпекті, Кіші Үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен, Бұлғын т.б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды. Алтай көлге де бай. Бұқтырма, Зайсан, Тұранғыкөл, Марқакөл, т.б. көлдердің ауданы 1 км2-ден асады. Көлдердің ең үлкені - Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. Қазақстандық Алтайдың тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м-ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сакталған. ## Мұзтау Мұзтау - Алтай тау жүйесінің Ресей және Қазақстан жеріндегі ең биік шыңы (4506м). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің (Ресей) әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берел, Меңсу, т.б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады. Мұзтауды қазақтар Ақсүмбі, Ақтайқы деп атаса алтайлықтар Үч сумер деп атайды. Алтайдың Мұзтаудан кейінгі екінші биік шыңы - Бесбоғда теңіз деңгейінен 4374 м биікте, Қытай мен Моңғолия шекарасында орналасқан. Үшінші биік шыңы теңіз деңгейінен 4362м биіктегі Мөнххайрхан тауы. ## Табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлар дүниесі Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік-батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік-батыстың биік белдеулері дала зонасынан (1600-1800 м) басталады да, оңтүстік-батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900-1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100-2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500-2600 м) жәнө биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м-ден жоғары) өтеді. Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар кұнарлы кара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері (боз, бетеге және т.б.), шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек, тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас, т.б. шөп тектес өсімдіктер шығады. Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы-марал өсіретін шаруашылықтары бар. Тағы аңдардан аю, жабайы шошқа, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан меңіреу құр, шіл, кекілік, тоқылдақ, ұларлар кездеседі. Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайлы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған. Рахман қайнары - шипалы жылы су көзi, Оңтүстік Алтайдың кішкене тектоникалык ойпатында Арасан курорты жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биікте орналасқан. Айналасын биік тау,орман қоршаған табиғаты өте көрікті жер. Шығыс Қазақстан - еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады. ## Дереккөздер ## Тағы қараңыз * Рудой А. Н. Обратная сторона Луны? "Климат, лёд, вода, ландшафты". Мұрағатталған 20 шілденің 2011 жылы. * Экспедиция Томского государственного университета в горы Алтая. 1996 ж., шілде. Актру и другое. Видеоклипы и статьи. - Климат, лёд, вода, ландшафты. Мұрағатталған 8 тамыздың 2011 жылы. * Рудой А. Н., Кирьянова М. Р. Научное и рекреационное значение великих геологических памятников Алтая: к созданию Алтайского ледникового парка // Известия Русского географического общества, 2004. — Вып. 5. — С. 61-69. Мұрағатталған 22 мамырдың 2012 жылы.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы — 20 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. ## Өмірбаяны Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi  Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы, Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды. Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: 1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, «Запастағы ұшқыш» куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша, арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда, ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша, ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын. Хиуаз Доспанова 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. ## Соғыс уақытында Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған жауынгер қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чечнева өзі Хиуаздың шеберлігі жайлы былай деп жазған еді: «Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын». Түнгі мыстан Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер «Түнгі мыстандар» деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алды. Тіпті Гитлердің өзі әрбір атып түсірілген әйел ұшқыштар экипажы үшін әрбір солдатына темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жіберуге уәде берген деген әңгімелер сол кезде желдей ескен еді. Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды. «Түнгі мыстандар» жау шебіне жақындаған кезде, ұшу биіктігін төмендетіп, жауды үстінен бомбалады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабуылдауға міндетті.«Біз түнде ұшатын болғандықтан, жау шебіне жақын орналасатынбыз. Біздің полктің өз қағидасы болды: ешқашан да әйел екеніңді ұмытпа, ұшағыңды күтіп қара дегендей. Кейде тапсырманы орындап жатқанда, бізге қарсы оқ атылатын. Сондай кездері қыз баламын ғой, фашистерге тұтқынға түскеннен гөрі, ұшақпен жерге құлап, өртенгенім дұрыс еді деген ойлар келетін», — деген еді сұқбаттарының бірінде Хиуаз Доспанова. Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәтте төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері есін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екенін сезініп, қуанған-ды. Соғысты ойласам, жаным түршігеді Қан майданда жаумен алысып, Отан үшін от кешкен қазақ талай мәрте өлім аузынан аман қалған. Бірде жау шебін талқандау үшін кезекті әскери тапсырманы орындау кезінде Хиуаз мінген ұшақ бір мая шөпке соғылады. Абырой болғанда, ұшақтағы бомба жарылмай қалады. Алайда қазақ қызының миы шайқалып, аяғы жараланып, бір ай госпитальда жатады. Емделіп шыққан соң, қызметіне қайта кіріседі. 1943 жылдың көктемінде Хиуаз Доспанова тағы да өліммен бетпе-бет келді. Ұшқыш қыздардың алдына Кубаньды жаудан азат ету міндеті қойылды. Хиуаз Доспанова мен Юлия Пашкова кезекті тапсырманы орындап, аэродромға қайтып келе жатқанда, Макогон мен Свистунова басқарған ұшақпен соқтығысып қалады. Үш қыз мерт болады, ал Хиуаз қауіпсіздік белдігін тақпағанының арқасында аман қалған. «Бізді қыздар тауып алды. Мен ұшақ кабинасынан сыртқа ұшып кетіппін», — деп еске алған еді Доспанова сол бір оқиғаны. Басында қаруластары Хиуазды да өліп қалған шығар деп ойлайды, бірақ кірпігі қимылдап жатқанын көріп, госпитальге апарып емдеген. Дәрігерлер Хиуаздың тұла бойын түгел гипстеп тастайды, аяқтарының сүйектерін сындырып, түзу біту үшін қайта салады. Жарты жыл госпитальда жатқан ол күздің аяғында полкке қайтып оралады. Осыдан кейін ұшқыш қызды майдандастары ұшаққа көтеріп әкеліп отырғызатын болған. Ұшаққа мініп-түсуі қиын болғандықтан, қыздарға салмақ салмау үшін талай мәрте кабинада түнеп те жүріпті. Алайда, кейін денсаулығына байланысты оған әуеге көтерілуге тыйым салынады. Осыдан кейін ол полк байланысының бастығы болады. Офицерлік шені өсіп, гвардия аға-лейтенанты атанды. Талдықорғанда Ауған соғысының ардагері жұрт алдында әскери сыйақысынан бас тартты. «Соғыстың қиындығын айтып тауысу мүмкін емес. Ойласам, түнімен кірпік ілмеймін, жаным түршігеді, ешкімге тілемеймін», — деген еді сұқбаттарының бірінде қазақтың ұшқышы. Қазақ қызы Кеңес Одағының батыры атанбай қалды. Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағын алуға лайық болғанымен, одақ бұл атақты қазақтың ұшқыш қызына қимады. Халық жазушысы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың Хиуаз туралы жазбасында «Ұлы Отан соғысында Талғат Бигелдинов жау тылына-305, Леонид Беда-211, Сергей Луганский 390 рет ұшып, жауынгерлік тапсырманы орындап, үшеуі де екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Олар қуаты күшті ұшақтарды басқарды. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағының жау ұшағымен шайқасар қуаты жоқ…» — деп жаза келе, Хиуаз Доспанова кішкене ғана фанера ұшақпен 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, жауға ойсырата соққы бергенін айтып, қанатты қыздың ерлігі соғыс жылдарында бағаланбаса да, бейбіт өмірде бағалануы тиіс деп өз ойын ашық жазған еді. Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен ұшқыш қызды халқы осы сәттен кек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. ## Қанатты қыз «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. ## Соғыстан кейінгі жылдар Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. ## Тағы қараңыз * Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдыны ## Дереккөздер
Тереклі Мектеп (ноғ. Терекли-Мектеб), - ауыл, Ресей Федерациясының Дағыстан республикасының Ноғай ауданының орталығы. Халық саны — 7,3 мың адам (2002 жыл), негізінде ноғайлар (қараноғайлар). Ауыл Дағыстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Ноғай даласының (ноғайша Ногай шоьли) ортасында орналасқан. Тереклі Мектеп пен Кизляр арасында аутомобил жол бар (Кизлярға дейін 75 шақырым). 1793 жылы Қараноғай приставствоның пайда болуымен, ауыл да құрылды. Бұл ауылдың 3 шақырым қашықтығында ескі ноғай Тереклі деген елді мекен орналасқан еді. Бұл жерде ағаштар (теректер) көп болғандықтан, жерін Тереклі деп атаған. Аңыз бойынша бір мұсылман ноғай ақсақал Меккеге кезекті қажылыққа баруының орнына, қаржысына мектеп ашқан еді. Тереклі Мектепте патша әкімшіліктің ресми өкілі - приставтың ордасы орналасқан еді. Пристав Ф.О. Капельгородский кезінде артезиан су құдығы қазылған еді, жеміс бағы отырғызған еді. Ел ішінде Тереклі Мектепті – Орыс Үйі (Орыс Уьий) деп атаған. Ауылда ноғайдың калемерден, шежеуіт, қыпшақ, шәужейлі, тоғыншы, найман, шүрші, ас, қостамғалы, мойнапа руларының өкілдері тұрады. ## Дереккөздер
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы — 20 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. ## Өмірбаяны Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi  Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен. Байұлы тайпасы, Масқар руынан шыққан.Хиуаздың балалық шағы нәубетті жылдармен тұспа-тұс келді. Ол Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебіне іліге алмай, №1 орыс мектебінде білім алады. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыды. Бұл жайлы ұшқыш апамыздың өзі көзі тірісінде былай деген еді: 1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, «Запастағы ұшқыш» куәлігін де қоса алып шығады. Осылайша, арман қуып, Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда, ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Осы кезде қазақтың қайсар қызы майданға медбике, тегі болмаса, санитар болып кетсем бе деп, талпынып жүрген. Сөйтіп жүргенде ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша, ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады. Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдесіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілген болатын. Хиуаз Доспанова 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. ## Соғыс уақытында Отан алдындағы борышын өтеуге бел буған жауынгер қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чечнева өзі Хиуаздың шеберлігі жайлы былай деп жазған еді: «Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да сондай дәлдікпен қайта оралатын». Түнгі мыстан Хиуаз бен оның ұшқыш құрбыларын немістер «Түнгі мыстандар» деп атап, олардың әуеден бағыттаған соққысын үрейлене күтіп, талай таңды көз шырымын алмастан қарсы алды. Тіпті Гитлердің өзі әрбір атып түсірілген әйел ұшқыштар экипажы үшін әрбір солдатына темір крест беріп, аз күнге үйіне демалысқа жіберуге уәде берген деген әңгімелер сол кезде желдей ескен еді. Сталиннен қаймықпаған қазақ қызы жайлы шындық ашылды. «Түнгі мыстандар» жау шебіне жақындаған кезде, ұшу биіктігін төмендетіп, жауды үстінен бомбалады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабуылдауға міндетті.«Біз түнде ұшатын болғандықтан, жау шебіне жақын орналасатынбыз. Біздің полктің өз қағидасы болды: ешқашан да әйел екеніңді ұмытпа, ұшағыңды күтіп қара дегендей. Кейде тапсырманы орындап жатқанда, бізге қарсы оқ атылатын. Сондай кездері қыз баламын ғой, фашистерге тұтқынға түскеннен гөрі, ұшақпен жерге құлап, өртенгенім дұрыс еді деген ойлар келетін», — деген еді сұқбаттарының бірінде Хиуаз Доспанова. Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәтте төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері есін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екенін сезініп, қуанған-ды. Соғысты ойласам, жаным түршігеді Қан майданда жаумен алысып, Отан үшін от кешкен қазақ талай мәрте өлім аузынан аман қалған. Бірде жау шебін талқандау үшін кезекті әскери тапсырманы орындау кезінде Хиуаз мінген ұшақ бір мая шөпке соғылады. Абырой болғанда, ұшақтағы бомба жарылмай қалады. Алайда қазақ қызының миы шайқалып, аяғы жараланып, бір ай госпитальда жатады. Емделіп шыққан соң, қызметіне қайта кіріседі. 1943 жылдың көктемінде Хиуаз Доспанова тағы да өліммен бетпе-бет келді. Ұшқыш қыздардың алдына Кубаньды жаудан азат ету міндеті қойылды. Хиуаз Доспанова мен Юлия Пашкова кезекті тапсырманы орындап, аэродромға қайтып келе жатқанда, Макогон мен Свистунова басқарған ұшақпен соқтығысып қалады. Үш қыз мерт болады, ал Хиуаз қауіпсіздік белдігін тақпағанының арқасында аман қалған. «Бізді қыздар тауып алды. Мен ұшақ кабинасынан сыртқа ұшып кетіппін», — деп еске алған еді Доспанова сол бір оқиғаны. Басында қаруластары Хиуазды да өліп қалған шығар деп ойлайды, бірақ кірпігі қимылдап жатқанын көріп, госпитальге апарып емдеген. Дәрігерлер Хиуаздың тұла бойын түгел гипстеп тастайды, аяқтарының сүйектерін сындырып, түзу біту үшін қайта салады. Жарты жыл госпитальда жатқан ол күздің аяғында полкке қайтып оралады. Осыдан кейін ұшқыш қызды майдандастары ұшаққа көтеріп әкеліп отырғызатын болған. Ұшаққа мініп-түсуі қиын болғандықтан, қыздарға салмақ салмау үшін талай мәрте кабинада түнеп те жүріпті. Алайда, кейін денсаулығына байланысты оған әуеге көтерілуге тыйым салынады. Осыдан кейін ол полк байланысының бастығы болады. Офицерлік шені өсіп, гвардия аға-лейтенанты атанды. Талдықорғанда Ауған соғысының ардагері жұрт алдында әскери сыйақысынан бас тартты. «Соғыстың қиындығын айтып тауысу мүмкін емес. Ойласам, түнімен кірпік ілмеймін, жаным түршігеді, ешкімге тілемеймін», — деген еді сұқбаттарының бірінде қазақтың ұшқышы. Қазақ қызы Кеңес Одағының батыры атанбай қалды. Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағын алуға лайық болғанымен, одақ бұл атақты қазақтың ұшқыш қызына қимады. Халық жазушысы, соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың Хиуаз туралы жазбасында «Ұлы Отан соғысында Талғат Бигелдинов жау тылына-305, Леонид Беда-211, Сергей Луганский 390 рет ұшып, жауынгерлік тапсырманы орындап, үшеуі де екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Олар қуаты күшті ұшақтарды басқарды. Жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағының жау ұшағымен шайқасар қуаты жоқ…» — деп жаза келе, Хиуаз Доспанова кішкене ғана фанера ұшақпен 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, жауға ойсырата соққы бергенін айтып, қанатты қыздың ерлігі соғыс жылдарында бағаланбаса да, бейбіт өмірде бағалануы тиіс деп өз ойын ашық жазған еді. Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен ұшқыш қызды халқы осы сәттен кек етіп, кейін ұшқыштар дайындайтын училищеге түседі. Өрімдей жас қыздың қайсарлығына тәнті болған атақты ұшқыш әйел Марина Раскова сол кезде-ақ оған зор үміт артқан екен. Есімдері кең тараған ұшқыш әйелдер Гризобудова, Осипенко, Расковаларға еліктеген Хиуаз Доспанова үмітті ақтайды. ## Қанатты қыз «Арада ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, алғашқы әскери операцияға барғаным көз алдымда кеше ғана болғандай сайрап тұр» дейді Хиуаз апай. ...Даланы түн қараңғылығы жайлаған кез. Алдымен жарық бергіш бомба тастапты. Себебі жау әскері мен техникасының қай жерде орналасқанын анықтап алу қажет болған. Сол сәт төңірек жап-жарық болып кетеді. Звено командирі Е. Пескова мен Х. Доспанова бұйрық түсісімен жаудың атыс ұясын бомбалай бастайды. Қашанда сақ отыратын жау әскері естерін жинап та үлгермепті. Неше мәрте бомбалап, даланың астаң-кестеңі шығып жатқанда ұшқыш қыздар аққан жұлдыздай көзден ғайып болады. Алғашқы әскери тапсырманы осылай сәтті орындаған қос қыз жан-жақтан қаумалап алған майдандастарының қошеметіне емес, өздерінің осындай маңызды іске дайын екендіктерін сезініп, қуанғанды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. ## Соғыстан кейінгі жылдар Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. ## Тағы қараңыз * Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдыны ## Дереккөздер
Мақаш әкім (нақты есімі – Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов; 1830 жыл, Құрманғазы ауданы, Бөкей ордасы – 1904 жыл, сонда) — қазақ қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. ## Өмірбаяны 12 ата Байұлының шеркеш руынан шыққан. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844—51 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын (зауряд-жүзбасы шені) алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссиясында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш. 1852—92 жж. Каспий жағалауы 1-ші және 2-ші аймақтарына әкімдікке тағайындалды. Осы қызметті ұзақ жыл атқарып, ел басқарған ол 1892—1875 жылы Меккеге қажылықа 25 қазақ барған. Олар ешбір төлқұжатсыз барған. Осыны Константинопольдегі патша елшісі Орынбор генерал-губернаторына хабарлайды: Одессадан шыққан орыс кемесімен Меккеге Құдайға құлшылық жасауға ешбір төлқұжатсыз 25 адам бара жатыр дейді. Көпшілік жағдайда бұл сапарда – тәжірибесі мол, терең діни білімді адамдар жол көрсетіп отырған. Осы 25 қазақты басқарып барған Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының Шеркеш руынан, оның ішінде Қойыс, одан Дербіс тармағынан болатын Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетов (1830-1904). Ол Атырау мен Ақ Жайықтың бойында ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында елу жылдай ел басқарған. Есаул шенінде зейнеткерлікке шыққан. Осы топта оған қоса Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының жаппас руынан Мырқы қажы (Мырқы қажы Жарасбаев), Мінайдар қажы Жарасбаев, Аппаз қажы Жарасбаев, Нұрпейіс хазірет Байғараұлы, Досжан Қашақұлы (1812.ж, 1896.ж) қажы, Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының Шеркеш руынан, оның ішінде Қойыс, одан Дербіс тармағынан болатын Нұрпейіс қажы Бисембайұлы, Дәрібай қажы, Әлиасқар қажы, Жабақай қажы, Орта жүздің тобықты руынан – Құнанбай қажы Өскенбаев, шаншар руынан – Жүсіпқожа, матай руынан – Саудабай, қаракесек – Есбалақ, Өндірбай қалпе, Атбасардан – Егізек Жылқайдар, Қоспадан – Шешек қажы, Есілден – құлан қыпшақ руынан – Шаптыбай қажы, Батырқожа молда балалары (1-2 адам), Қанатбай сопы, Ұлы жүзден – Қасымбек датқа және қырғыздан – Шәбден батыр және т. б. Осы 25 адам Меккеде қазақтың беделді-бай адамдарының қаражатымен салынған Тәкия жайді (қажылыққа барғандар түсетін арнаулы үй-жай) ашуға барған. Айшығы әсем ғажап Тәкия жайды ашуға Бағдат ханы сөз бергенде, барғандардың атынан Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетов сөйлейді және ол осы Тәкия жәйді діни ағартушы Досжан ишан Қашақұлы атымен атауды ұсынады. Арабша сауаты бар, ислам діні туралы терең білімді Досжан қажы осы тәкия тамға ие болып, күтуші болып қалды. Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетовке сөз бергенде оның шені (князь атағы және есаул шені болған) мен осы Тәкия жәйға қосқан қаражатының қомақтылығы, терең білімі ескерілген болуы керек.Айта кету керек қажылыққа екі Нұрпейіс атты адам барған. Оның бірі жоғарыда көрсетілген Нұрпейіс қажы Бисембайұлы (1849-1936). Ол өзінің бір рудан шыққан ағайыны Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетовке еріп барған. Одан басқа Нұрпейіс хазірет Байғараұлы – белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, діни сауаттылығымен қатар араб, парсы тілдерін меңгерген ғұлама, ғалым. Атақты ғұлама 1817-1880 жылдар аралығында өмір сүрген.Нұрпейіс қажы Байғараұлы Меккеге шамамен 1867-1868 ж.ж. барған болуы керек. Ол жеті жыл бойы қиыншылықпен Меккеде жүріп қырғыз бен қазақ халықтарын мұсылмандар тізіміне енгізеді. Мұхамед пайғамбар өсиеті арқасында оларға тиеслі жерді алады. Бағдат шәрісі кітапханасындағы құжаттар сақтайтын жерге «қазақ» деген халықты Құнанбай қажыдан бұрын мұсылмандар тізіміне кіргізген. 97 жж. Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне ауысады, есауыл шенімен зейнетке шығады. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда өкілдерімен барған 4 казақтың бірі болып, патшаға жолыққан. Кейін де бірнеше рет өкілдер арасында Петерборға барған. 1896 ж. ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязов екеуі патшаға алтыннан жасалған киіз үй пішімін сыйға тартып, Ресей өкімшілігінің қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру әрекетін тоқтатуды өтінеді. ## Қоғамдық қарекеті Мақаш әкім баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. Этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып, Астархан жағрапиялық қоғамына мүшелікке сайланады. 1810 жылы Астарханнан шыққан «Астархан гөбернесіндегі көшпелі қазақтар мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді. Ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақыш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап, әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазып, қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани әлемі бай халық екенін танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары Санкт-Петербургдағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану институтының профессор И.Н. Березин қорында сақтаулы тұр. Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды. Өзі басқарған аймақта халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына мектеп салдырып, бала оқытты. Мақаш әкімнен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды. ## Дереккөздер Мақаш әкім атындағы өндірістік кооператиыінің сайты makash.kz
Мақаш әкім (нақты есімі – Мұхамбетжан Шолтырұлы Бекмұхамбетов; 1830 жыл, Құрманғазы ауданы, Бөкей ордасы – 1904 жыл, сонда) — қазақ қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым. ## Өмірбаяны 12 ата Байұлының шеркеш руынан шыққан. Алғаш Жәңгір мектебінде сауат ашқан соң, 1844—51 ж. Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқып, кіші унтер-офицер атағын (зауряд-жүзбасы шені) алып шығады. 1852 жылдың басында 4 айдай шекара комиссиясында қызмет атқарады. Одан соң Бөкей ордасын басқаратын Уақытша кеңестің Нарын құмындағы ордасында тілмаш. 1852—92 жж. Каспий жағалауы 1-ші және 2-ші аймақтарына әкімдікке тағайындалды. Осы қызметті ұзақ жыл атқарып, ел басқарған ол 1892—1875 жылы Меккеге қажылықа 25 қазақ барған. Олар ешбір төлқұжатсыз барған. Осыны Константинопольдегі патша елшісі Орынбор генерал-губернаторына хабарлайды: Одессадан шыққан орыс кемесімен Меккеге Құдайға құлшылық жасауға ешбір төлқұжатсыз 25 адам бара жатыр дейді. Көпшілік жағдайда бұл сапарда – тәжірибесі мол, терең діни білімді адамдар жол көрсетіп отырған. Осы 25 қазақты басқарып барған Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының Шеркеш руынан, оның ішінде Қойыс, одан Дербіс тармағынан болатын Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетов (1830-1904). Ол Атырау мен Ақ Жайықтың бойында ХІХ ғасырдың екінші жартысында Бөкей ордасында елу жылдай ел басқарған. Есаул шенінде зейнеткерлікке шыққан. Осы топта оған қоса Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының жаппас руынан Мырқы қажы (Мырқы қажы Жарасбаев), Мінайдар қажы Жарасбаев, Аппаз қажы Жарасбаев, Нұрпейіс хазірет Байғараұлы, Досжан Қашақұлы (1812.ж, 1896.ж) қажы, Кіші жүздің 12 ата байұлы тайпасының Шеркеш руынан, оның ішінде Қойыс, одан Дербіс тармағынан болатын Нұрпейіс қажы Бисембайұлы, Дәрібай қажы, Әлиасқар қажы, Жабақай қажы, Орта жүздің тобықты руынан – Құнанбай қажы Өскенбаев, шаншар руынан – Жүсіпқожа, матай руынан – Саудабай, қаракесек – Есбалақ, Өндірбай қалпе, Атбасардан – Егізек Жылқайдар, Қоспадан – Шешек қажы, Есілден – құлан қыпшақ руынан – Шаптыбай қажы, Батырқожа молда балалары (1-2 адам), Қанатбай сопы, Ұлы жүзден – Қасымбек датқа және қырғыздан – Шәбден батыр және т. б. Осы 25 адам Меккеде қазақтың беделді-бай адамдарының қаражатымен салынған Тәкия жайді (қажылыққа барғандар түсетін арнаулы үй-жай) ашуға барған. Айшығы әсем ғажап Тәкия жайды ашуға Бағдат ханы сөз бергенде, барғандардың атынан Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетов сөйлейді және ол осы Тәкия жәйді діни ағартушы Досжан ишан Қашақұлы атымен атауды ұсынады. Арабша сауаты бар, ислам діні туралы терең білімді Досжан қажы осы тәкия тамға ие болып, күтуші болып қалды. Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетовке сөз бергенде оның шені (князь атағы және есаул шені болған) мен осы Тәкия жәйға қосқан қаражатының қомақтылығы, терең білімі ескерілген болуы керек.Айта кету керек қажылыққа екі Нұрпейіс атты адам барған. Оның бірі жоғарыда көрсетілген Нұрпейіс қажы Бисембайұлы (1849-1936). Ол өзінің бір рудан шыққан ағайыны Мақаш (Мұхамбетжан) Бекмұхамбетовке еріп барған. Одан басқа Нұрпейіс хазірет Байғараұлы – белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, діни сауаттылығымен қатар араб, парсы тілдерін меңгерген ғұлама, ғалым. Атақты ғұлама 1817-1880 жылдар аралығында өмір сүрген.Нұрпейіс қажы Байғараұлы Меккеге шамамен 1867-1868 ж.ж. барған болуы керек. Ол жеті жыл бойы қиыншылықпен Меккеде жүріп қырғыз бен қазақ халықтарын мұсылмандар тізіміне енгізеді. Мұхамед пайғамбар өсиеті арқасында оларға тиеслі жерді алады. Бағдат шәрісі кітапханасындағы құжаттар сақтайтын жерге «қазақ» деген халықты Құнанбай қажыдан бұрын мұсылмандар тізіміне кіргізген. 97 жж. Уақытша Кеңестің кеңесшілігіне ауысады, есауыл шенімен зейнетке шығады. 1881 ж. шілдеде Ішкі орда өкілдерімен барған 4 казақтың бірі болып, патшаға жолыққан. Кейін де бірнеше рет өкілдер арасында Петерборға барған. 1896 ж. ол жергілікті әкім Өтешқали Атаниязов екеуі патшаға алтыннан жасалған киіз үй пішімін сыйға тартып, Ресей өкімшілігінің қазақ халқын шоқындырып, орыстандыру әрекетін тоқтатуды өтінеді. ## Қоғамдық қарекеті Мақаш әкім баспасөзде түрлі тақырыпта мақалалар жариялап тұрды. Этнографиялық мақалалары орыс зиялылары тарапынан жоғары бағаланып, Астархан жағрапиялық қоғамына мүшелікке сайланады. 1810 жылы Астарханнан шыққан «Астархан гөбернесіндегі көшпелі қазақтар мен қалмақтар» атты кітапқа ел аузынан жинағын ауыз әдебиеті үлгілері енді. Ауыз әдебиетінің нұсқаларын — нақыш-ғақлиялар, мақал-мәтел, т.б. жинап, әдет-ғұрып, жол-жоралғыларына ғылыми-танымдық түсініктемелер жазып, қазақтардың өзіндік мәдени дәстүрі бар, рухани әлемі бай халық екенін танытуға үлкен үлес қосады. Бұндай қолжазба мұралары Санкт-Петербургдағы Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханада, Ресей ҒА Шығыстану институтының профессор И.Н. Березин қорында сақтаулы тұр. Доспамбет, Жиембет жыраудың, Есет бидің нақыл сөздерін ел аузынан жинақтап, 1908 ж. «Жақсы үгіт» деген кітап шығарды. Өзі басқарған аймақта халықты сауаттандыру мақсатымен жеке қаражатына мектеп салдырып, бала оқытты. Мақаш әкімнен «Мақаштың Байжұмасы», «Көк жорға», т.б. күйлер қалды. ## Дереккөздер Мақаш әкім атындағы өндірістік кооператиыінің сайты makash.kz
Жел электр станциясы (ЖЭС) немесе Жел паркі - жел ағынының басқарылмайтын кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдырады. ЖЭС екіге бөлінеді: тұрақты және айнымалы кернеу жел электр станциялары. Тұрақты кернеу жел электр станциясының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу жел электр станциясы деп аталады.ЖЭС-тің негізгі арналуы — ұлттық энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясы мен сумен жабдықтау. Басты артықшылығы — қоршаған ортаны ластамайды, қуат көзі (жел) ешқашан сарқылмайды. ## Тағы қараңыз * Жел энергетикасы қондырғысы
Еркін Шаһар(ноғ. Эркин-Шахар; қараш.-малқ. Эркин-Шахар; абаз. -{Эркин-ШахӀар}-; кабард.-шерк. Эркен-Шахер, Эркен-Щыхьэр, Эркен-Щэхьэр) — Қарашай-Шеркесиядағы кент (1992 жылға дейін қалалық типтегі елді мекен). Ноғай ауданы мен Еркін Шаһар ауылдық қонысының әкімшілік орталығы. ## Географиясы Ауыл Ноғай ауданының шығыс бөлігінде, Қобан өзенінің сол жағалауында, Кіші Жіліншік өзенінің оған құятын жерінің дәл үстінде орналасқан. Шеркес қаласынан солтүстік-батысқа қарай 18-20 км, Невинномысск қаласынан оңтүстікке қарай 31 км жерде (жол бойындағы қашықтық) орналасқан. Ауылда Невинномысская – Жөгетей тармағында орналасқан аттас теміржол станциясы бар. Еркін Шаһар ауылдық қоныстың аумағы оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында Адыге-Хабыл ауданының жерлерімен шектеседі: оңтүстігі мен оңтүстік-батысында Адыге-Хабыл ауылы, оңтүстік-шығысында Садовое ауылы орналасқан. Батыста Еркін Шаһар жақындастыра Еркін Халық ауылының жерлерімен жанасады. Ауыл солтүстігінде Еркен-Шаһар шын мәнінде бір елді мекенге біріктірілген Қобан Халық ауылымен шектеседі (елді мекендер арасындағы шекара темір жол және қозғалыс көп көше бойымен өтеді). Ауылдың солтүстігі мен солтүстік-батысында Қобан өзенінің қарама-қарсы жағалауында Ставропол өлкесінің Беломечетская ауылы орналасқан. Көптеген сайлармен көтерілген және ойылған Қобанның солтүстік жағалауына қарағанда, Еркін Шаһар ауылы Қобан өзені мен оның сол жақ саласы Кіші Жіліншік өзенінің сағасында солтүстік пен солтүстік-батысқа қарай біртіндеп азайып бара жатқан террассалы жазықта орналасқан. Жер бедері төбелі-толқынды, салыстырмалы биіктікте күрт ауытқуы жоқ. Ауылдың орташа биіктігі теңіз деңгейінен 430 метрді құрайды. Ауылдың климаты бірқалыпты жылы келеді. Ауаның жылдық орташа температурасы оң және +8°С шамасында болады. Шілденің орташа температурасы +21-22°С, қаңтардың орташа температурасы -4-5°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жылына 500-600 мм. Жауын-шашынның ең көп мөлшері көктем мен жазда түседі. ## Тарихы 1925 жылы Невинномысск станицасынан Баталпашинск станицасына дейінгі темір жол желісінің құрылысы басталды. 1928 жылы қазіргі елді мекеннің орнында Еркін Шаһар теміржол стансасын салынып, тұрғындары теміржол құрылысымен айналысқан уақытша жұмысшы ауылы пайда болды. 1929 жылы Еркін Шаһар темір жол бекетінің солтүстігінде Еркін Халық ауылының қоныстанушылары Қобан Халық деген жаңа елді мекеннің негізін қалады. 1932-1935 жылдары жұмысшылар ауылында диірмен, мал дәрігерлік техникум, коммунистік жастар мектебі салынды. 1939 жылы Еркін Шаһар бекетінде екіжиынтықты теміржол бастауыш мектебі ашылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ветеринарлық техникум Кіші Қарашай ауданы, Первомайское ауылына көшірілді. Бекет аумағында, техникум орнында 1941-1947 жылдар аралығында Керіш, Ленинград, Мәскеу және Сталинград майдангерлерінің жетім балалары тәрбиеленетін арнайы бөлім болды. 1947 жылы балалар үйі таратылғаннан кейін №14 ауылшаруашылық училищесі ашылды, 1957 жылдан бастап №40 кәсіптік-техникалық училище (кейіннен №1 кәсіптік лицей) болып аталды. 1959 жылы КСРО Министрлер Кеңесі Қарашай-Шеркес автономиялы облысы мен Ставрополь өлкесінің аумағында ірі қызылша және қант өндіру ауданын құру туралы шешім қабылдады. 1960 жылдардың басында теміржол бекетінің маңында Солтүстік Кавказдағы ең ірі қант зауытын салуға комсомол жолдамасымен елдің әр өңірінен жас мамандар отбасыларымен келе бастады. 1961 жылдың наурыз айында ауылдың құрылысы басталды. Бастапқыда 4 коттедж салынып, болашақ саябаққа ағаштар отырғызылды. 1962 жылы көппәтерлі үйлер мен негізгі инфрақұрылым нысандарының (балабақша, орта мектеп, т.б.) құрылысы басталды. 1964 жылы өз жұмысының басталуымен КСРО қант өнеркәсібіндегі ең қуатты 4 кәсіпорынның біріне айналған қант зауытының құрылысы аяқталды. Осы жыл ресми түрде ауылдың және қант зауытының іргетасы қаланған күн болып саналады. Жаңа елді мекен өз атауын Еркін Шаһар бекетінен алды. Ауылдық кеңес құрылып, оның құрамына Еркін Шаһар ауылынан басқа Қобан Халық ауылы да кірді. 1970 жылға қарай Еркін Шаһар қала үлгісіндегі елді мекен мәртебесіне ие болды. 1964 жылы ауылдың іргесінде бастапқыда 50 га аумақта жеміс-жидек тәлімбағы құрылды (1972 жылы оның ауданы 1 мың гектарға дейін жетті). 1966 жылы мектептің құрылысы аяқталды. 1967 жылы қант зауытында ашытқы цехы салынды, 1971 жылдан бастап толыққанды ашытқы зауытына айналды. 1974 жылы ауыл аумағында құрама жем зауыты салынды. 1989 жылғы санақ бойынша Қобан Халық ауылы сол кезде Еркін Шаһар (қүа шекарасында шағын аудан ретінде бұрынғы ауылдың аумағы бұрыннан болған 1980 жылдардың бірінші жартысында карталарда көрсетілген) құрамына кіретін жеке елді мекен мәртебесіне ие болмады. 1992 жылы қала үлгісіндегі Еркін Шаһар елді мекені ауылдық үлгідегі елді мекенге айналды. 2001 жылы Қобан Халық ауылы қайтадан дербес елді мекен ретінде бөлінді. 2007 жылы Еркін Шаһар ауылы іргесі қаланған сәттен бастап Еркін Шаһар орналасқан Адыге-Хабыл ауданынан бөлініп шыққан республиканың жаңадан құрылған Ноғай ауданының әкімшілік орталығы болды. ## Тұрғындары Ұлттық құрамы 2002 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: 2002 жылғы Бүкілресейлік халық санағы бойынша: ## Экономикасы ## Дереккөздер
Ысмайыл Әнуар пашa (23.11.1881, Стамбұл – 4.8.1922, қазіргі Тәжікстан) – Түркияның әскери және саяси қайраткері, түркішіл тұлға. 1903-ші жылы Стамбұлда Бас штабтың әскери академиясын капитан шенімен бітірген. 1903–1906-шы жылы Монастырдағы әскери бөлімде артиллериялық батареяны, кейінен батальонды басқарды. Сонда қызметте жүріп «Иттихад уә тәраққи» партиясының «Отан уә хүрриет» (“Отан және бостандық”) атты құпия ұйымы қызметіне белсене араласты. 1908-ші жылы 23-ші шілдеде Жас түріктер төңкерісіне басшылық етушілердің қатарында болды. 1909–1911-ші жылы Берлинде әскери атташе болып қызмет етті. 1911–1912-ші жылы италия-түрік, 1912–1913-ші жылы бірінші және екінші Балқан соғыстарына қатысты. Балқан соғысы кезінде Әнуар паша жауды кейін шегіндіріп, Эдирне (Адрианополь) қаласын алуда жігерлігімен, батылдығымен көзге түсті. 1914-ші жылы қаңтарда генерал шенін алып, соғыс министрі және Бас штаб бастығы болып тағайындалды. Осы қызметте жүріп, жас офицерлердің түрікшілдік бағыттағы «Тешкілеті Махсұс» («Ерекше ұйым») атты ұйымын құруға жетекшілік етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары түрік армиясында Бас қолбасшының орынбасары қызметін атқарды. 1918-ші жылы маусымда оның бұйрығымен түрік әскерлері Кавказға кіріп, Бакуді алды. Осы жылы 30-шя қазанда Мудрос портында Антанта мен Осман сұлтандығы арасында бейбіт келісімге қол қойылғаннан кейін отставкаға кетті. 1919-шы жылы мамырда Антанта әскерлері Стамбұлға кіргізілгенде бұрынғы үкімет басшылары Талғат паша және Жамал пашамен бірге Германияны паналады. Сонда жүріп Анадолыдағы Ататүрік бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қолдау көрсетуге күш салды. Осыған байланысты оны сұлтан өкіметі сырттай сотқа тартып, өлім жазасына кесті. 1920-шы жылы Әнуар паша өз әріптестерімен Мәскеуге келіп, Кеңес өкіметі басшылары Владимир Ленин, Лев Троцкий, Геннадий Зиновьев, т. б. қабылдауында болады. Осы жылы 1-ші қыркүйекте Баку қаласында өз жұмысын бастаған Шығыс халықтарының І конгресіне қатысты. Бұдан кейін Түркістан өлкесіндегі басмашылар қозғалысы жетекшілерімен байланыс орнатып, 1921-ші жылы 4-ші қазанда Бұхараға келді. Сол кезден бастап Душанбе маңындағы басмашылар қозғалысына жетекшілік етті. Әнуар пашаның қол астында 50 мыңға жуық адамнан тұратын қарулы жасақ болды. «Бұхар әмірінің орынбасары», «мұсылман әскерлерінің қолбасшысы» деген лауазымды иемденді. Кеңес өкіметінен Түркістанды тәуелсіз ел ретінде тануды талап етіп 1922-ші жылы мамырда Мәскеуге хат жолдады. Бірақ көп ұзамай кеңес әскерлерімен шайқас кезінде қазаға ұшырады. 1996-шы жылы Әнуар пашаның сүйегі Тәжікстаннан Түркияға апарылып, қайта жерленді. ## Дереккөздер
Аңызақ — ауа ылғалының тапшылығынан қалыптасатын ыстық (20 - 25С), әрі құрғақ жел. Жылдамдығы 5 м-ден 15 - 20 м/с-ке дейін өзгеріп отырады, ылғалдылығы 30%-тен төмен болады. ## Кездесетін аймақтары Аңызақ, көбінесе, Қазақстанның оңтүстік аудандарында, әсіресе, Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала, Каспий маңы ойпаты, Маңғыстау, Үстірт өңірлерінде жиі әрі ұзақ болып тұрады. ## Ұзақтығы Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 — 10 күн, шөлейт зонасында 40, Қызылқұмда 100 күн. Ал орташа есеппен алғанда, жылына ыстық желдің ұзақтығы 60 — 80 күнге дейін жетіп жатады. ## Салдары Аңызақ жел - ауыл шаруашылығына өте қолайсыз құбылыс. Оның әсерінен өсімдіктердің физиологиялық процестері (фотосинтез, көміртегі және ақуыз алмасу) бұзылады. Нәтижесінде өсімдіктердің өнімділігі төмендейді. ## Алдын-алу шаралары Аңызаққа қарсы күрес шараларының ең тиімділері — қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т.б. арнайы агротехникалық шаралар. ## Қызықты ақпарат Субтропиктік және тропиктік елдерде аңызақты самум, сирокко немесе хамзин деп атайды.
Ассамблея (фр. assemblée — жиналыс) сөйлемі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін: * Қазақстан халқы ассамблеясы; * Қандай да бір мемлекеттік немесе халықаралық ұйым органының аты (мыс., Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы); * Франция ұлттық ассамблеясы — Франция парламентының төменгі палатасы; * Петр I ассамблеясы — Петр I заманындағы үлкен сауық-сайран, бал. Ассамблея - * белгілі бір мәселелерді шешу немесе талқылау үшін біршама адамдардың жиналысы (халықтық және сословиелік, орталық және жергілікті); бірлестік; * халықаралық ұйымдардын бірқатар басқарушылық органдарының атауы; * кейбір елдерде - парламенттің немесе оның палаталарының бірінің атауынын құрамдас бөлігі. ## Дереккөздер
Жас тұлпар —1960 жылдары Мәскеуде оқып жүрген бірқатар қазақ студенттері тарапынан құрылған ұлтшыл-дәстүршіл бағыттағы сұхбат-талқылау клубы. ## Тарихы Бұл Ұлы істің Ұлы мемлекеттің астанасы Мəскеуде, онда оқып жүрген қазақ жастарының ұйымдастыруымен өмірге келуі заңды құбылыс деуге болады. Өйткені бұл қалада өмір сүретін адамдарға (соның ішінде студенттерге де) алыстағы, жақындағы тіршіліктің қарекеттері аңығырақ көрінетін сияқты. Біздерге – Қазақ жерінің əр түпкірінен келген жастарға КСРО-ның орталығынан туған елдің ішкі жағдайларын басқа елдермен салыстырудa ой өрісіміздің кеңеюіне мүмкіндік бергендей еді.Маған, студенттік өмірге ересек жаста (25 жас) келгендіктен болар Қазақ жастарының арасында өзіме тиісті рөлді атқаруға тура келді. Ойымды (ересектік жөнінде) аңығырақ түсірдірейін.Осы жасымның он жылдық мектепті бітіргеннен кейінгі 3 жылы Гурьевтің Мұнай техникумын бітіруге, 3 жылы Совет Армиясында қызмет етуге кеткен еді.Сонымен, 1963 жылдың Қазан айында Мəскеу энергетика институтының 2-курс студенті едім.Осы институтта оқитын Қазақстан жастарының көбі Алматы қаласынан келген қазақтар жəне олардың бірқатары өзінің ана тілін білмейтін еді. Мұндайды (қазақтардың қазақ тілін білмеуін) мен бұрын – соңды кездестірмеп едім.Осындай өзімнің ішкі өкінішті ойымды бірде (1963 жылдың Қазан айында) Алтайдың (Қадыржанов) бөлмесінде (энергетика институтының жатақханасында) кездескенде Мұратқа (Əуезов) қынжыла айттым. Мұрат бұл уақытта Мəскеу мемлекеттік университетінің 4-курс студенті екен, оның өзі де қазақ тілінде өте шорқақ сөйлейтін.Сол кездесуде мен бөлмеде отырғандарға (Мұрат, Алтай, Жеңіске) өзімнің Армияда бастан өткізген бір жағдайымды айтқанымда Мұраттың таңданысында шек болмағанды.Ол мынадай жағдай еді.1959 жылдың Қараша айында Армиядағы қызметтің бірінші жылында Барнаул қаласындағы авиацияның кіші техникалық мамандарын дайындайтын училищесін бітіргендердің алаңда өтетін салтанатты жиынында училище басшыларының алдынан əн айтып өтетін рəсімінде біздің ротаның (120 адам) солдаттары қазақтың “Бейбітшілік туы берік қолда” (əні Е.Брусиловскийдікі, өлеңі Н.Баймұхамедовдікі) əнін қазақ тілінде айтып өткенімізді, осындай өнеріміз үшін училище бастығы полковник Сергаев рота командиріне (майор Денисов), рота старшинасына (старшина Шадымов) осындай интернационалдық тəрбие жұмыстарын жоғары бағалап алғыс жариялағанын айтып бергенмін. Қазақстандық солдаттардың Алтай өлкесінің астанасының орталық алаңында қазақша əн шырқағанын естіп Мұрат Мұхтарұлы өте қатты тебіренгендей болды.Осы сəтте мен осы энергетика институтында қазақ тілін (ана тілін) білмейтін Қазақстандық студенттерге қазақ тілінен “тіл сындыру” курсын ұйымдастыру керектігін айттым.Əңгіме одан əрі Қазақстандық студенттердің оқуы, тұрмыстық жағдайлары жөнінде болды. Сонда біздің Энергетика институтының студенттері осы алдағы Октябрь революциясы мерекесінің қарсаңында (6 қарашада) өздерінің кешін ұйымдастырмақшы болып жатқандығы туралы айтылды жəне сол кеште Мəскеуде оқитын студенттердің бір ұйымын құру керектігін айтқан едік.Сол кешке Мұрат Мұхтарұлының келуін сұрадық. Ол келетін болды. Сонымен, 1963 жылдың 6 қарашасында Энергетика институтының қазақстандық студенттерінің кеші өтті. Онда көрші Байланыс институтының да студенттері болды.Сол кешке құрметті қонақтар ретінде Мəскеу университетінің студенттері Мұрат Əуезов, Қорлан Рахымбекова, Клара Ашықбаевалар қатысты.Осы кеште студенттердің “Жас тұлпар” атты ұйымы құрылды. Кейіннен ұйымдастыру жиналысында оның басшылығына Мұрат Мұхтарұлы Əуезов жəне бірнеше адамнан (9 əлде 11 адам) құрылған президиумы сайланды.Бұл ұйымның негізгі мақсаттары:- Мəскеуде (кейіннен басқа қалаларда) оқитын жастардың оқуына көмек көрсету;- Қазақстандағы қазақ тілінің тағдыры жəне оның рөлін көтеру;- Қазақстаннан тыс жердегі қазақтардың (КСРО территориясындағы) тұрмыс-тіршілігімен танысу, оларға Қазақстан туралы көбірек мəліметтер (мəдени, əдеби жəне экономика, саясат, тағы басқа мəселелер) жеткізу.“Жас тұлпардың” сол кездегі бітірген істері жөнінде Бұл ұйым алдымен студенттердің оқу, тұрмыстық жағдайларын жəрдемдесуді қолға алып еді, сол ретте ұйымның Мəскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде ай сайын шығатын “Жас тұлпар” атты қабырға газетінде үнемі осы қаладағы Қазақстандық студенттердің тіршілік жайы жарияланып тұрды. Мен өзім Мəскеудегі төрт институт студенттерінің оқу, тұрмыс жағдайлары жөнінде əр семестрде бір хабар беруші едім. Ол институттар:- Энергетика институты;- Инженерлік байланыс институты;- Инженерлік темір жол институты,- Губкин атындағы мұнай, газ институты.Осы ұйымның өтініші бойынша Қазақстан Үкіметі КСРО-ның оқу министрлігінен алдағы уақытта Қазақстан студенттерінің кезекті сессияларда бір немесе бірнеше пəннен тапсыра алмаған (мүмкіндік болмаған) жағдайда ол студенттің тағдырын Қазақстанның Мəскеудегі өкілеттігімен бірлесе отырып шешу керектігі жөнінде келіскендігі бірден-бір маңызды мəселе еді. Бұндай күрделі мəселенің оң шешімін табуға сол кезде Қазақстанның Мəскеудегі тұрақты өкілдігінде “Білім жəне мəдениет” бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған аяулы ағамыз Ғалым Сүлейменовтың атқараған ісін айрықша айту керек.Ғ.Сүлейменов өзі бір жаны да ішкі сезім дүниесі де “Қазақ” деп тұратын абзал азамат еді. Өзі орыс əйелді бола тұрып орыс тілін “без акцента” сөйлей алмаушы еді. Ол жағынан маған сүйкімді ағай еді. Олай дейтінім, кейіннен түрлі қызметтер атқарып жүрген кездерімде бір жиналыстарда менің орысша жасаған баяндамаларымнан кейін сол жиналыста сөз сөйлеген əріптестерім сөз арасында “Коммунист Таужанов əлге дейін орысша акцентпен сөйлейді” деп сынап өтетін. Абзал азамат – Сүлейменов айтушы еді: “Жолдастар, тым қатты кетпеңдер, жайлап жүрсеңдер (сөйлесеңдер) карманым да хорошо, желудогым да хорошо”. Бұл тек студенттердің сөздерінен кейінгі сөздер емес, бұл сол кездерде əртүрлі жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген аспиранттар мен докторанттардың “Жас тұлпардың” кезекті жиындарында сөйлеген сөздерінен кейін айтылған басқару орны өкілінің сөздері болатын.“Жас тұлпардың” жиындарында Мəскеулік студенттер мен бірге Ресейдің , басқа республикалардың жоғарғы оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, аспиранттар, докторанттар қатысып ой бөлісетінді. Олар тек күнделікті оқу, тұрмыс жайлы айтып қоймай, Қазақстан Республикасының ішіндегі қоғамдық, экономикалық, тіпті саяси жайларға да тоқталатынды. Сондай сөз сөйлеушілердің бірі, Ауыл шаруашылық академиясының аспиранты (өкінішке орай, атын ұмыттым): “Біздің республикамыздан жылма жыл миллиардтаған пұт астық өсіру (өндіру) талап етіледі де, оған сəйкес минералды тыңайтқыштар бөлінбейді”, ия “Біздің Республикамызда бір жазылмаған заңдылық бар, ол – бір мекемеде, егерде бірінші бастықтың ұлты қазақ болса, онда оның орынбасары орыс ұлтынан болуы керек, немесе керісінше болуы керек”, ия “Қазақ мектептерінің саны азайып барады”, ия “Қазақстанның Ресейдегі студенттеріне (соның ішінде ұлттық мектепті бітіргендерге) шетелдік студенттерге берілетін жеңілдік берілмейді, оларға сол Ресей студенттерімен бірдей талаптар қойылады, бұл дұрыс емес ”сияқты тағы басқа да еркін пікірдегі көзқарас-тарын айтатын еді. Тақ осындайда Ғалекең (Ғалым Сүлейменов) жоғарыда келтірілген атышулы сөздерін айтып қоятын... ### Белсенді мүшелері Болатхан Тайжан, Марат Сембин, Қайрат Қадыржанов, Ғаділбек Шалахметов ## Сыртқы сілтемелер * Жас тұлпардың белсенді мүшелерінің бірі Мұрат Әуезовтың сұхбаты Мұрағатталған 4 маусымның 2007 жылы. ## Тағы қараңыз * Тамыр клубы ## Сілтеме Қазақ энциклопедиясы
Алқа - бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алқаны жасөспірім және бойжеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Алғашында дөңгелек алқа - бірнеше бөлік асыл тастардан, түрлі-түсті шыны көздер орнатылған, бірнеше алақаннан тұратын, топсалы шынжыр арқылы тағылатын мойын әшекейі. Алғашында алқа дөңгелек пошымда, әрі әшекей ретінде тағылғанымен, бірте уақыт өте келе оның түр-сипаты өзгеріп, тұмарша түріне, дәлірек айтсақ, үзбелі салпыншақты пішінге ауысқан. Алқа моншақтан тізген асыл тастардан, алтын мүсінді күмістен соғылып, бетіне асыл тас қондырып, ою-орнектесіп, салпыншақты қылып жасалады. Алқа бірнеше бөліктен тұрады: алақан - бір-бірімен топса арқылы байланысатын жалпақ күміс немесе күмістелген қаңылтыр (оны кей жерде тақта деп те атайды); алаңанбау - мойынға байлайтын жібек жіп немесе күміс шынжыр; аяқ - алқаның шынжырлары, салпыншағы; қас - алқа көзіндегі тас; қоза - шар сияқты ұсақ домалақ әшекей; тойнақ бекітілген топша тәрізді тетігі.Алқа түрлері өте көп: алқатас - жіпке тізген моншақты асыл тас. Алтын алқа- алтын жалатылған өңір-жиек; алтын жамбалы алқа - кесек алтыны бар немесе сом алтыннан соққан, шоқ орнатқан алқа; бойтұмар алқа - әшекейленген тұмардың өзі; дан алқа - ертеде қызметі, лауазымы жоғары адамдардың мойнына тағатын белгісі. Сондай-ақ, салпыншағы мол, бірнеше шашақты сәнді зер шашақты алқа; көлемі шағын көкірекше алқа; шар тәрізді сылдырмақтармен әшекейленген қозалы алқа; екі қатар етіп алтын-күмістен соққан қос алқа; төрт бұрышты екі алақаннан (пластинкадан) тұратын қос тақта алқалар кездеседі.ҚР MOM қорында сақтаулы күміс алқаның шынжырының ұзындығы 22 см, салпыншақтарының ұзындығы 17 см. Мойынға ілетін шынжырдан төмен қарай аяқ деп аталатын тағы да қысқа шынжырлар бекітілген. Олардың ұштарына сөлкебай деп атаған. Патшалық Ресейдің күміс алқалары мен бес дана ақық тағылған. Бес дана ақықты металмен қырсаулап, қоза етіп жасаған және үшкіл пішінге келтірілген сіркелеу техникасымен әшекейленген. Жиектерін айналдыра сым жүргізіліп, олардың да іші сіркеленген. Қырсауланған қоза тәрізді ақықтар сөлкебай салпыншақтардың арасына тағылған. Оның біреуі мойынға тағатын шынжырдың ұшы тойнақпен жалғастырылып, шынжырды тұйықтап бекітуге арналған топша салынған. Бұларға қосымша ұзынша собық тәрізді қоза және екі дөңгелек гүл пішінінде перузадан қос салынған шытыра орнатылған. ## Дереккөздер
Азия Даму Банкі - Халықаралық қаржы мекемесі. Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік комиссиясының шешімімен Азия және Тынық мұхит елдері үшін 1966 ж. желтоқсанда құрылды. Ол өз қызметін 1968 ж. бастады. Қазір оған 56 мемлекет мүше, оның 39-ы Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) өкілі, ал қалған 16-сы бұл аймақтан тысқары елдер. Банкінің саясатын айқындайтын жоғары органы — Басқарушылар кеңесі. Банк операцияларының бағыттарына 12 директордан құрылған Директорлар кеңесі жауап береді. Әр директордың орынбасары бар. Директорлардың 8-і Азия — Тынық мұхит аймағының (АТА) елдерінің өкіддері (1998). Банк президентін Басқарушылар кеңесі 5 жылға сайлайды. Ол Директорлар кеңесінің төрағасы болып есептеледі және банк қызметін басқарады. Азия даму банкінің президенті Жапония өкілінен сайланады. Штаб-пәтері Манилада (Филиппин) орналасқан. Банк Бангладеште, Индонезияда, Үндістанда, Непалда, Пәкістанда, Америка Құрама Штатта өзінің тұрақты өкілдерін ұстайды. Банктің уставтық капиталы - 55 млрд долл. шамасы.Бас кеңсесі - Манилада (Филлиппин)Банкті Президенті 28 сәуір 2013 жылдан жапон Такэхико Накао басқарады.Басқару органы - мүше елдердің өкілдер советі ме басқармасы (директорат). Мәселенің қайсысы болса да 20 %-і мүше елдерге тепе-тең бөлінеді, ал қалған 80 %-і банктің уставтық капиталына әр елдің қатысу үлесіне қарай теңестіріледі. ## Банк қызметінің басты бағыттары Дамушы елдердің экономикалық даму бағдарламаларын қаржыландыру, олардың сыртқы саудасына жәрдем беру, қаржылай, техникалық және экономикалық көмек көрсету. Банк бұл елдердің қажетін өтеу мақсатында жеңілдікпен берілетін несиелік операциялар жүргізу ісіне Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Америка мемлекеттерінің ресурстарын жұмылдыруда маңызды рөл атқарады. Банкінің негізгі қызметі — Азия-Тынық мұхит аумағының(АТА) елдеріне экономикалық өсу мен ынтымақтастық қарым-қатынасты жеделдету мақсатына көмек беру. Банк қарыз берудің екі түрін қолданады: бүкіл несие қорының 68,8 пайызы әдеттегі қарыз, ал қалғаны Азия даму қорынан дамушы кедей елдерге үлкен жеңілдікпен беріледі. Қазақстан банкке мүшелікке 1994 ж. 19-қаңтарда қабылданды. Қазақстандағы зейнеткерлік реформаны қолдауға және ауыл шаруышылығын дамытуға қомақты несие бөлінді (1998) ## Регионалдық мүшелері (48) * Аустралия (1966) * Ауғанстан (1966) * Армения (2005) * Әзірбайжан (1999) * Бангладеш (1973) * Бутан (1982) * Бруней (2006) * Вануату (1981) * Вьетнам (1966) * Гонконг (1969) * Грузия (2007) * Индонезия (1966) * Үндістан (1966) * Қазақстан (1994) * Камбоджа (1966) * Кирибати (1974) * Қытай (1986) * Қыргызстан (1994) * Лаос (1966) * Малайзия (1966) * Мальдивы (1978) * Маршал аралдары (1990) * Микронезия (1990) * Моңғолия (1991) * Мьянма (1973) * Науру (1991) * Непал (1966) * Жаңа Зеландия (1966) * Кук аралдары (1976) * Самоа (1966) * Сингапур (1966) * Соломон аралдары (1973) * Пәкістан (1966) * Палау (2003) * Папуа — Жаңа Гвинея (1971) * Тәжікстан (1998) * Таиланд (1966) * Тайвань (1966) * Тонга (1972) * Тувалу (1993) * Түркменстан (2000) * Өзбекстан (1995) * Шығыс Тимор (2002) * Филиппин (1966) * Фиджи (1970) * Шри-Ланка (1966) * Оңтүстік Корея (1966) * Жапония (1966) ## Сыртқы сілтемелер * Bank Information Center * The ADB website: http://www.adb.org * ADB Institute: http://www.adbi.org * Inequality Worsens across Asia article discussing recent reports from the ADB from Dollars & Sense magazine, Nov/Dec 2007
Оспан Батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан Батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20-шы ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы. ## Өмірбаяны Керей тайпасының Абақ Керей тармағының Молкы руынан шыққан . 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді. Көзі тірісінде Батыс тарапынан "қазақтың алтын аңызы" деген атауға ие болған батыр Орта жүздің Керей-молқы әулетінен шыққан. 1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді. ## Ұрпағы Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты. Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпей қоймады. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла 1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды. Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Өркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанның азаматтығын алып Алматыда тұрақтап қалған еді. Діні мен ұлтты үшін шаһит кеткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл өткенде немересі Өркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шөбересіне Нұресіл деп ат қойды. ## Күресі 1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп, Оспан батырдың көтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасты. Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды. 1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күресті отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді. 1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді. Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 ж. сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша өлімге кесілді. ## Сыртқы сілтемелер * Даланың соңғы нояны * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Вдали от Родины ## Кітапнама * Бармин К. В. К вопросу оценки деятельности Оспан-батыра в Синьцзяне в 1944—1946 жж. Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы. * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Halife Altay, Anayurttan Anadoluʹya, Ankara: Kültür Bakanlığı (1981). * Halife Altay, Kazak Türklerine aid şecere, Istanbul (1997) * Gülçin Çandarlıoğlu, Özgürlük Yolu, Nurgocay Batur’un Anılarıyla Osman Batur, Istanbul: Doğu Kütüphanesi, 2006. * Зордун Сабир, Анаюрт, Алматы: «Наш Мир» (2006) * Zordun Sabir, Anayurt, Almaty: Nash Mir (2006)  (ұйғ.) * Hızır Bek Gayretullah, Osman Batur,  (түрік.) * Hızır Bek Gayretullah, Altaylarda Kanlı Günler, 1977  (түрік.) * 宋希濂,《鷹犬將軍-宋希濂自述》,北京:中國文史出版社,1986 ## Дереккөздер
Астана сөзінің негізгі мағынасы елорда дегенді білдіреді. Астана сөзі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Астана — киіз үйдің табалдырығынан аттаған қонақтың табаны бірінші тиген жер; * Астана — Қазақстан Республикасының елордасы; * «Astana TV» — телеарна; * «Air Astana» — әуе компаниясы; * Астана — қазақстандық радиостанция; * «Астана» (санскрит sthāna — қала) — сарай (Сарауак, Малайзия). * Астана — темір жол станциясы. ## Спорт * «Астана (велоклуб)» — Қазақстанның кәсіби велоклубы, * «Астана-1964 ФК» — футбол клубы 1964ж.; * «Астана (футбол клубы)» — футбол клубы 2009ж.; * «Астана» — баскетбол клубы.
Оспан Батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан Батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20-шы ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы. ## Өмірбаяны Керей тайпасының Абақ Керей тармағының Молкы руынан шыққан . 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді. Көзі тірісінде Батыс тарапынан "қазақтың алтын аңызы" деген атауға ие болған батыр Орта жүздің Керей-молқы әулетінен шыққан. 1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді. ## Ұрпағы Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты. Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпей қоймады. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла 1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды. Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Өркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанның азаматтығын алып Алматыда тұрақтап қалған еді. Діні мен ұлтты үшін шаһит кеткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл өткенде немересі Өркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шөбересіне Нұресіл деп ат қойды. ## Күресі 1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп, Оспан батырдың көтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасты. Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды. 1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күресті отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді. 1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді. Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 ж. сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша өлімге кесілді. ## Сыртқы сілтемелер * Даланың соңғы нояны * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Вдали от Родины ## Кітапнама * Бармин К. В. К вопросу оценки деятельности Оспан-батыра в Синьцзяне в 1944—1946 жж. Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы. * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Halife Altay, Anayurttan Anadoluʹya, Ankara: Kültür Bakanlığı (1981). * Halife Altay, Kazak Türklerine aid şecere, Istanbul (1997) * Gülçin Çandarlıoğlu, Özgürlük Yolu, Nurgocay Batur’un Anılarıyla Osman Batur, Istanbul: Doğu Kütüphanesi, 2006. * Зордун Сабир, Анаюрт, Алматы: «Наш Мир» (2006) * Zordun Sabir, Anayurt, Almaty: Nash Mir (2006)  (ұйғ.) * Hızır Bek Gayretullah, Osman Batur,  (түрік.) * Hızır Bek Gayretullah, Altaylarda Kanlı Günler, 1977  (түрік.) * 宋希濂,《鷹犬將軍-宋希濂自述》,北京:中國文史出版社,1986 ## Дереккөздер
Оспан Батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан Батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20-шы ғасырдың алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағы. ## Өмірбаяны Керей тайпасының Абақ Керей тармағының Молкы руынан шыққан . 1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында қазақ серкелерінің бірі Бөке батырдың қасына келді. Көзі тірісінде Батыс тарапынан "қазақтың алтын аңызы" деген атауға ие болған батыр Орта жүздің Керей-молқы әулетінен шыққан. 1951 ж. сәуірдің 29-ында Үрімжіде қытайлар тарапынан өлім жазасына кесілді. ## Ұрпағы Оспан батыр 1940 жылы атқа қонып, 1951 жылға дейін, Қытай, КСРО, Моңғол әскерлерімен 11 жыл соғысқан. Жарықтық, «мен ислам діні үшін атқа қондым» деген екен. Батырды 1951 жылдың 28 сәуір күні Үрімжіде атты. Оспан батыр атылғаннан кейін де қудалау тоқтаған жоқ. Көп адамдар жазаланды. Бұл үрдіс батырдың ұрпақтарын айналып өтпей қоймады. Үлкен ұлы Шердиман 1973 жылы Құлжа түрмесінде өлді. Екінші баласы Нығметолла 1976 жылы дүниеден өтті. 1928 жылы туып 12 жасында қолына қару алып соғысқа қатысқан кіші ұлы Нәби 2002 жылы қайтыс болды. Нәбидің алты баласы бар. Кенжесі Өркенбек Нәбиұлы ата-жұртына келіп, Түркістандағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітіріп, Қазақстанның азаматтығын алып Алматыда тұрақтап қалған еді. Діні мен ұлтты үшін шаһит кеткен Оспан батыр дүниеден озып, арада 60 жыл өткенде немересі Өркенбектің баласы дүниеге келді. Батырдың шөбересіне Нұресіл деп ат қойды. ## Күресі 1911 жылы Бөке батырдың жағында қытайлар және орыстарға қарсы күрес бастаған Оспан батыр бүкіл Алтай жерін және Шығыс Түркістанның қытайлар және орыстардан азат етілуін мақсат етіп қойды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Қытай үкіметі тарапынан Шығыс Түркістан жеріндегі түркі халықтарына қарсы қысым күшейгенімен бірге түркі халықтарының жауап әрекеттері де күшейе түсіп, Оспан батырдың көтерілуіне себеп болған жағдай қалыптасты. Алтайды қытайлардан тазалай бастаған Оспан батыр, 1943 жылы мақсатына жеткендей болып көрінді. 1943 жылы шілденің 22 Бұлғында жасалған жиында Оспан батыр Алтай қазақтарының ханы болып жарияланды. 1945 жылының басында Шығыс Түркістанда бірнеше қала сыртында бақылау көтерілісшілердің қолына түсті. Жағдай қытайлар үшін бұдан артық төзгісіз болып және одан да қауіпті жағдай қалыптаспайынша Қытай әскерлері өлкеде қатаң және жойқын операциялар өткізді. Тарбағатай және Алтайдан шығарылған Оспан батыр күресті отыз мың кісімен бастаса да 1950 жж. басында осы сан шамамен төрт мың ғана болды. Бұл санға әйелдер және бала-шаға да кіреді. 1951 жылы Қанамбалда қоршалған Оспан батыр тұтқын болды, Үрімжіге жөнелтілді. Оспан батыр, халық арасында жүргізіліп көрсетілді және 1951 ж. сәуірдің 29-шы күні үкім бойынша өлімге кесілді. ## Сыртқы сілтемелер * Даланың соңғы нояны * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Вдали от Родины ## Кітапнама * Бармин К. В. К вопросу оценки деятельности Оспан-батыра в Синьцзяне в 1944—1946 жж. Мұрағатталған 26 маусымның 2015 жылы. * Godfrey Lias, Kazak Exodus, London: Evan Brothers Limited (1956) Мұрағатталған 8 қарашаның 2020 жылы. * Halife Altay, Anayurttan Anadoluʹya, Ankara: Kültür Bakanlığı (1981). * Halife Altay, Kazak Türklerine aid şecere, Istanbul (1997) * Gülçin Çandarlıoğlu, Özgürlük Yolu, Nurgocay Batur’un Anılarıyla Osman Batur, Istanbul: Doğu Kütüphanesi, 2006. * Зордун Сабир, Анаюрт, Алматы: «Наш Мир» (2006) * Zordun Sabir, Anayurt, Almaty: Nash Mir (2006)  (ұйғ.) * Hızır Bek Gayretullah, Osman Batur,  (түрік.) * Hızır Bek Gayretullah, Altaylarda Kanlı Günler, 1977  (түрік.) * 宋希濂,《鷹犬將軍-宋希濂自述》,北京:中國文史出版社,1986 ## Дереккөздер
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. ## Тарихы Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген. Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті: * Бірліктер-тастар(құмалақтар) * Сан орны-отау * Сан белгісі-отаудағы тастар саны * Нөл-бос отау * Бөлшектік белгі-тұздық * Теңдік белгі-қазан * Қосу белгісі-ойда * Алу белгісі-ойда * Көбейту белгісі-ойда * Бөлу белгісі-ойда Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы: Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы:Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы:Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы:Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады. Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы: * Ондық санау жүйесі: 9 тас * Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас * Сегіздік санау жүйесі: 7 тас * Жетілік санау жүйесі: 6 тас * Алтылық санау жүйесі: 5 тас * Бестік санау жүйесі: 4 тас * Төрттік санау жүйесі: 3 тас * Үштік санау жүйесі: 2 тас * Екілік санау жүйесі: 1 тас Санау жүйесінің бағыты:Сағат тіліне қарсы бағытта Санау жүйесінің ережесі: Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады. ## Әлемде Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. ## Қазақстанда Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. ## Тоғызқұмалақ ережесі Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей: Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады. ### Жүріс жасау ерекшеліктері Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады. * 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады. * 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады. * 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. ### Тұздық алу ережесі Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды. * 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық. Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады. Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады. * 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. * 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ. ### “Атсырау” ережесі Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі. * 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. * 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы: Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды: Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 76-86. Қостаушы ұтты. * 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс. ## Тағы қараңыз * Тоғызқұмалақтың ойын сандығы ## Сілтемелер * Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының ресми сайты ## Дереккөздер
«Астана» велоклубы (ағылш. 'Astana Pro Team') — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр. 25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты. 3 шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Тур де Франс жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады. Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған. 2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды. 2013 жылы команда бас менеджері болып Лондон олимпиадасы чемпионы Александр Винокуров тағайындалады, ал командаға танымал Винченцо Нибали және оның нөкерлері Ликвигаздан Астанаға ауысып, алғашқы ірі жеңіс - Джироны ұтады. ## Командалық форма тарихы * * * * * ## Жетістіктері * Америкалық Леви Лейфеймер 24 ақпанда аяқталған сегіз күндік "Калифорния туры" атты жарыста Астанаға 2008 жылғы алғашқы жеңіс әкелді * Дәл осы уақытта біткен Португалияда өткен бес күндік "Альгарве турында" литвалық легионер Томаса Вайткус мәреге 3-ші болып жетті. * Басктер елі Туры – Контадор 1-ші келді (Сәуір-2008) * Tour de Romandie 5 этаптық жарысында астаналық алман Андреас Клөден 1-ші келді * Мамырдың 4-де Про-Тур рейтиңінде Астана командасы 90 ұпаймен алғашқы орында тұр. * Маусымның 1-де - Giro d'Italia-2008 турын Контадор жеңіспен аяқтады. * Испандық Вуельта-2008 көпкүндігінде - 1-ші, 2-ші орынды Контадор мен Леви алды * 2013 жылғы Джиро ди Италияны айқын басымдықпен команда капитаны италиалық Винченсо Нибали ұтып алды ## Спорттық директорлары * Александр Винокуров * Гвидо Бонтемпи * Дмитрий Седун * Горазд Стангели * Александр Шефер ## Құрамы * Янец Брайкович * Асан Базаев * Борут Бозич * Александр Дьяченко * Дмитрий Фофонов * Энрико Гаспаротто * Франческо Гавацци * Андрей Гривко * Дмитрий Груздев * Джакопо Гуарньери * Максим Иглинский * Валентин Иглинский * Танел Кангерт * Андрей Кашечкин * Фредрик Кессиакофф * Роберт Кисерловски * Роман Кройцигер * Франческо Машарелли * Евгений Непомнящий * Евгений Петров * Симоне Понци * Сергей Ренев * Кевин Зеелдрейерс * Егор Силин * Паоло Тиралонго * Александр Винокуров - бас менеджер (2013 жыл маусымынан) * Андрей Зейц * Дмитрий Муравьев ## 2011 жыл Команда капитаны Александр Винокуров үшін кәсіби спорттық соңғы жылы Тур де Франсқа қатысып сары жейдені бірнеше күн киіп немесе бір немесе бірнеше этапты жеңу мақсаты тұрған. Жалпы есепте алғашқы ондыққа жақындап келе жатқан ол Тур де Франс 9-шы этапында құлап бел сүйегін сындырып алып, көп ұзамай спорттық мансабын тоқтатқанын мәлімдеді. Осы жағдайда 2006 жылы Қазақстаннның екінші қаһарманы атанған Андрей Кашечкин Астана сапына қайта қосылды. Кашечкин Вуэльтада топ жарам деп мәлімдегенімен, ондағы көрсеткіші тым нашар болды. Осы кезде Вуэльтада швециялық легионер Фредерик Кессякоф, осы жылы Аустрия турын жеңген, жалпы есепте алғашқы үштікке де ілігіп келіп еді (11ші этапта), бірақ қызуы көтеріліп жарыстан шығып қалды. ## 2012 жыл 31 қаңтар күні испанияның Кальпе қаласында «Pro Team Astana» кәсіби велокомандасының 2012 жылғы маусымдағы құрамы таныстырылды. Алтыншы маусымда команданың басшылығы негізгі сенімді Роман Кройцигерге, Янец Брайковичке және команданың лидері Александр Винокуровқа артады. 2012 жылдың ең негізгі мақсаты - Джиро, Тур де Франс пен Вуэльта жарыстарында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу. Дегенмен бір күндік жарыстарда жеңіске жету де мақсаттардың бірі . Спорт арбитраж соты Альберто Кантадорды екі жылға кәсіби спорттан аластады. Аластатылу мерзімі 2010 жылдың тамызынан басталды. Сот шешіміне Кантадордың қанынан тыйым салынған кленбутерол табылғаны негіз болды.Сондықтан испандық шабандоздың 2010 жылы Астана командасының құрамында "Тур де Франс" жарысында жеңген атағы да жойылды. Автоматты түрде "Тур де Франс-2010" жарысының жеңімпазы Андре Шлек болып саналады. * 1ші 3 кезең Volta a Catalunya, Janez Brajkovič * 1ші Amstel Gold Race, Енрико Гаспаротто * 1ші Лиеж–Бастонь–Лиеж 2012, Максим Иглинский * 2ші «Түркия туры – 2012» Команда шабандозы Александр Дьяченко жалпы есепте 2 орынға табан тіресе, «Астана» командалық сында топ жарды. ## 2013 жыл Бұл маусымда Александр Винокуров спорттық директор лауазымына көшсе, команда сапында атақты италиандық Винченсо Нибали мен жас қазақ жәстар арасындағы әлем чемпионы - Алексей Луценкомен толысты. ## Сыртқы сілтемелер * Клубтың ресми торабы-2010 жыл * Клубтың ресми торабы-2009 жыл Мұрағатталған 20 қарашаның 2020 жылы. * Жанкүйерлер сайты ## Дереккөздер
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды.Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды. ## Ассамблеяның қызметі Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық.15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді.Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица, сабантой дәстүрге айналды.Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде, стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады.Сондықтан 2010 жылы сәуірде азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды.Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың, уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні. Ел Президенті еліміздегі тіл мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Этносаралық қатынастар жүйесінде мемлекеттік тіл ел бірлігін қалыптастырудың маңызды факторы болып танылған. Сондықтан да Ассамблея қызметінде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту маңызды орынға ие. Ассамблея қызметі этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешіп келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасының халықаралық беделінің өсуіне ықпал етуде.Бүгінде Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісім үлгісі әлем назарын аударып отыр. Қазақстандық үлгі Біріккен ұлттар ұйымында, ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерде, Копенгагенде, Венада, Женевада, Нью-Йоркте өткен халықаралық форумдарда таныстырылып оң бағаға ие болды, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет тіліне аударылды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун елімізге сапары барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметімен танысып Ассамблея принципі БҰҰ-ның жұмыс принципімен толық сәйкес келеді деп атап өтті. Қазақстандық үлгі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылықтар ісі жөніндегі Жоғары комиссары арасындағы өзара іс қимылдың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстандағы қоғамдық келісім үлгісіне қызығушылық танытушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар саны күн санап артып келеді. ## Ассамблея туралы Заң 2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Этносаралық қатынастар субъектілерінің жұмысының елімізде жүргізіліп келе жатқан саяси бағытпен үндес жаңа жүйесін қалыптастырды. Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Заңға сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясы ол – заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады. ### Ассамблеяның негізгі міндеттері * этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; * халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; * қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу; * азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру; * Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; * Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады. ## Ассамблея құрылымы Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі.Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды. Ассамблея Сессиясы – Ассамблея мүшелерінің жиналысы Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. Сессияны Қазақстан Республикасының Президенті қажеттілігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет шақырады. Кезекті Сессияны шақыру туралы өкім кезекті Сессияның еткізілетін күні, орны жене күн тәртібі көрсетіліп, ол басталғанға дейін отыз күннен кешіктірілмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесінің бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің өтініші бойынша шақырылады жене оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде өткізіледі. Ассамблея тарихында 18 сессия өткізіліп, онда қоғам өмірінің маңызды мәселелері мен мемлекет дамуының негізгі бағыттар талқыланды.Сессиялар аралығындағы кезеңде Ассамблеяны басқаруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен құрылатын Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңестің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы оның Хатшылығы дербес құрылымдық бөлім ретінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіреді.Ассамблеяның және облыстар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеяларының құрамы - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарынан қалыптастырылады. Қазіргі уақытта Ассамблеясының құрамында 390 мүше бар.Ассамблеяға мүшелікке кандидатуралар облыстардың этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктерінің ұсыныстары негізінде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары сессияларының шешімі бойынша, сондай ақ республикалық, өңірлік этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің жоғары органдарының шешімі бойынша ұсынылады.Ассамблея қызметін ғылыми сүйемелдеу үшін Ғылыми-сарапшылық кеңес құрылып, қызмет атқаруда.Ғылыми-сарапшылық кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар, тәуелсіз сарапшылар мен мамандар кіреді.Этносаралық мәселені жариялаудың ерекшелігі ескеріле отырып Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан Журналистер мен сарапшылар клубы құрылған. Клуб жұмысының басты бағыты журналистер мен сарапшылар үшін этносаралық тақырыпты жариялаудың лайықты дәстүрін қалыптастыру, сондай-ақ Ассамблея мен БАҚ арасындағы байланысты тереңдету болып табылады. Барлық аймақтарда Достық үйлері өз жұмысын тиімді атқарып келеді, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласында – Бейбітшілік және келісім сарайы салынды. Мұнда жыл сайын Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиялары, әлемдік дәстүрлі діндер съездері, өзге де маңызды іс-шаралар өтеді. Ассамблеяның жұмыс органы Ассамблея Хатшылығы Президент Әкiмшiлiгiнiң құрылымында дербес құрылымдық бөлiм болып табылады. Хатшылықты бiр мезгiлде Ассамблея Төрағасының орынбасары болып табылатын Хатшылық меңгерушiсi басқарады. Осы тетіктер Ассамблеяның мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастардағы нақты әрекет етуі мен тиімділігінің негізі. Ассамблеяның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан Республикасы азаматтарын - этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін, мемлекеттік органдар өкілдерін және қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар тұлғаларды қамтиды. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады. Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап және халықтық дипломатия институты үлгісіне бейімделе отырып, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды роль атқарды. Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл әлемге Қазақстанның этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табысты екенін паш етіп келеді. Жалпы алғанда негізінен Ассамблея жұмысының арқасында біздің елімізде этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі, әрбір азамат этникалық және діни ерекшелігіне қарамастан Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалана алатындай ерекше сенім, ынтымақ, өзара түсініктік ахуалы қалыптасты. Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді. ## Ассамблеяның парламенттік өкілдігі Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі этностық топ өкілдері мүдделерін жоғары заң шығару органында – ел Парламентінде білдіру болып табылады. Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған Парламент Мәжілісінің 9 депутаты, елдегі барлық этностардың мүддесін білдіреді. Ассамблеядан сайланған депутаттар заң шығарушылық процесіне белсенді қатысып, заң шығарушылық бастамашылық құқығын жиі пайдаланады. Этносаралық қатынастарға қатысты қабылданатын барлық заң жобалары депутаттардың тиісті сараптауынан өтеді. ## Сыртқы сілтемелер * Ассамблея ресми сайты Мұрағатталған 27 мамырдың 2008 жылы. ## Дереккөздер
Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын. ## Тарихы Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды.Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген. Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті: * Бірліктер-тастар(құмалақтар) * Сан орны-отау * Сан белгісі-отаудағы тастар саны * Нөл-бос отау * Бөлшектік белгі-тұздық * Теңдік белгі-қазан * Қосу белгісі-ойда * Алу белгісі-ойда * Көбейту белгісі-ойда * Бөлу белгісі-ойда Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы: Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы:Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы:Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы:Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады;Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады;Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады. Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы: * Ондық санау жүйесі: 9 тас * Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас * Сегіздік санау жүйесі: 7 тас * Жетілік санау жүйесі: 6 тас * Алтылық санау жүйесі: 5 тас * Бестік санау жүйесі: 4 тас * Төрттік санау жүйесі: 3 тас * Үштік санау жүйесі: 2 тас * Екілік санау жүйесі: 1 тас Санау жүйесінің бағыты:Сағат тіліне қарсы бағытта Санау жүйесінің ережесі: Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады. ## Әлемде Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, Қарашай-Шеркеште, Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар. Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар. Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр. ## Қазақстанда Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді. ## Тоғызқұмалақ ережесі Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды.Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей: Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады. ### Жүріс жасау ерекшеліктері Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады. * 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады. * 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады. * 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. ### Тұздық алу ережесі Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды. * 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек. Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады. Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады. Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық. Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады. Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады. * 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды. * 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды. Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ. ### “Атсырау” ережесі Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі. * 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. * 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы: Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады.Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды: Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді. Есеп 76-86. Қостаушы ұтты. * 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс. ## Тағы қараңыз * Тоғызқұмалақтың ойын сандығы ## Сілтемелер * Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының ресми сайты ## Дереккөздер
«Қарлығаш» — Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнінің желісімен орындалатын қазақ биі. Биді 1944 жылы балетмейстер Юрий Ковалев «Абай» опера театрында алғаш қойды. Музыкалық өлшемі 2/4. Ырғағы баяу, лирикалық сазды. Би сюжетінде сүйген жігітін күткен қыздың жабырқаған кө-ңілін құрбылары жұбатып, оны ақыр соңында жігітімен табыстырады. Бұл биді эстрада бишілері мен әуесқой ансамбльдер жиі орындайды. ## Дереккөздер
Қарлығу, дисфония (грек. dys және рһоnе — дыбыс, дауыс) — дауыстың бұзылуы, бәсеңдеуі. Бұл — көмекейдің өткір, созылмалы аурулары салдарынан дыбыс жалғамаларының зақымдалуымен аяқталатын әр түрлі кеселдер. Мыс., қабыну, көмекей обыры, т.б. Қарлығу кезінде көмекейден дыбыс шығу қиындап, дыбыстың ырғағы бұзылады, дауыс бәсеңдеп, дірілдеп, сыбырлау дәрежесіне дейін жетуі мүмкін. Қарлығу ларингит сияқты көмекейдің қабыну кеселінде, дыбыс жалғамаларының ісініп, қалыңдауында, сол сияқты дыбыс жалғамалардың сөйлеу барысында толық ашылып жабылмауына байланысты болады. Дыбыс жалғамалары ісінуіне, домбығуына, зақымдалуына дәрі-дәрмектердің әсерінен туатын аллергиялық реакциялар да себеп болады. Науқасқа мезгілінде сапалы ем қолданылса, Қарлығу тоқтап дыбыс та, дауыс та орнына келеді. Дыбыс жалғамаларын операциядан кейін тыртық басса немесе туберкулез, мерез, т.б. жұқпалы аурулармен ауырса, адам дауысында Қарлығу сақталып қалады.
Wikimedia Ортаққоры (ағылш. Wikimedia Commons, WikiCommons) - суреттер, бейнелер, дыбыс жазбалар және тағы басқа таспалар мен файлдар орталықтандырылған жалпы арқауы. ## Сыртқы сілтемелер * Wikimedia Ортаққоры * Mayflower іздегіші Мұрағатталған 17 маусымның 2007 жылы. </noinclude>
Арал сөзі мынадай мағыналар беруі мүмкін: * Арал — айналасын су қоршаған құрлықтың бөлігі; * Арал теңізі — Орта Азиядағы көл. Елді мекен: * Арал — Жамбыл облысы Қордай ауданындағы ауыл. * Арал — Жамбыл облысы Талас ауданындағы ауыл. * Арал (қала) — Қызылорда облысындағы қала. * Арал ауданы — Қызылорда облысындағы аудан. Қырғызстан: * Арал — Жалалабат облысы Наукен ауданындағы айыл. * Арал — Жалалабат облысы Созақ ауданы Тасбұлақ айыл аймағындағы айыл. * Арал — Жалалабат облысы Созақ ауданы Қарадария айыл аймағындағы айыл. * Арал — Жалалабат облысы Тоғызтарау ауданындағы айыл. * Арал — Жалалабат облысы Тоқтағұл ауданындағы айыл. * Арал — Нарын облысы Жұмғал ауданындағы айыл. * Арал — Ош облысы Алай ауданындағы айыл. * Арал — Ош облысы Науқат ауданындағы айыл. * Арал — Талас облысы Манас ауданындағы айыл. * Арал — Талас облысы Талас ауданындағы айыл. * Арал — Талас облысы Жайыл ауданындағы айыл. * Арал — Шу облысы Шу ауданындағы айыл. * Арал — Ыстықкөл облысы Түп ауданындағы айыл.
Күнбағыс немесе Күнбағар (лат. Helianthus) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері — Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық күнбағыс (Н. annuus). ## Биологиялық сипаттамасы Күнбағыстың биіктігі 0.6-дан 2,5 м-ге дейін, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет.Қаптама 2 немесе одан да көп қатарлы жапырақтардан тұрады.Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайлардан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см-ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. ## Қолданылуы Дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%-ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен қант алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%-дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%-дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған Күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1,4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған Күнбағыс га-нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т.б. сұрыптары аудандастырылған. Осы сұрыптардың 1 га-нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. К-тың негізгі зиянкестері: сым-құрт, күнбағыс қан көбелегі, т. б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т. б. ## Тарихы Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. ## Күнбағыс үй тұрмысында Күнбағыс бүкіл әлем бойынша өсіріледі. Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі – оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оны дәні піспей тұрып көктей орады. ## Галерея * * * * * * * ## Дереккөздер
Арал — су қоршаған жер, атау. Су тасқыны кезінде де судан жоғары болып тұрады. Арал — түгелдей сумен қоршалған құрлықтың бір бөлігі. Құрлыққа қарағанда аралдың ауданы шағын келеді. Жаратылысына қарай құрлықтық және дербес, ал тұрған ортасына қарай мұхиттық, теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Жер шарындағы аралдардың жалпы аумағы 9,9 млн. км²-ге тең немесе Еуропа құрлығының ауданымен шамалас келеді. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал – Гренландия (2,18 млн. км²). Қазақстандағы ең үлкен арал – Арал теңізіндегі Барсакелмес аралы болған еді, қазіргі таңда ол судың таралуы себебінде жер бетімен біріккен. ## Арал түрлері Аралдарды мынадай түрлерімен ажыратады: * Құрылықты (құрылықтан бөлініп тұрған); * Жанартаулық; * Маржанды; * Ағызылған; * Өзендік; * Жасанды аралдар. ## Аумағы 30 000 км² асқан аралдар ## Дереккөздер
Жұбанов сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін: * Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906—1968) — қазақ сазын зерттеуші ғалым, сазгер, дирижер; * Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (1899—1938) — қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түріктанушы, педагог-ағартушы, профессор. * Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (1929—) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996). * Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов (1937—) – филология ғылымдарының докторы, өз өмірін математикалық лингвистикаға арнаған.
Латын таңбалары Юникодтың 5.1 нұсқасында келесі ауқымдарға шығарылып бөлінеді: * Basic Latin (Негзгі латын) 0000—007F: ASCII кодтауына тәң (0000—001F, 007F — басқару таңбалары, 0020—003F — тыныс белгілері және араб сандары) * Latin-1 Supplement (Латын қосымшасы) 0080—00FF: ISO/IEC 8859-1 дегенге тәң (0080—009F — басқару таңбалары, 00A0—00BF — пұл нышандары, тыныс белгілері және сандар) * Latin Extended-A (Латын кеңейтімі A) 0100—017F * Latin Extended-B (Латын кеңейтімі B) 0180—024F * IPA Extensions (IPA кеңейтімдері) 0250—02AF * Phonetic Extensions (Фонетикалық кеңейтімдер) 1D00—1D7F * Phonetic Extensions Supplement (Фонетикалық кеңейтімдерінің қосымшасы) 1D80—1DBF * Latin Extended Additional (Латынға кеңейтілген қосымша) 1E00—1EFF * Letterlike Symbols (Әріп тәрізді нышандар) 2100—214F * Enclosed Alphanumerics (Бітеу әліпбилік-сандықтар) 2460—24FF * Latin Extended-C (Латын кеңейтімі C) 2C60—2C7F * Latin Extended-D (Латын кеңейтімі D) A720—A7FF * Alphabetic Presentation Forms (Әліпбилік көрсетім пішіндер, латын лигатуралары) FB00—FB4F * Halfwidth and Fullwidth Forms (Жарты енді және толық енді пішіндер, толық енді латын әріптер) FF00—FFEF * Mathematical Alphanumeric Symbols (Өрнектік әліпбилік-сандықтық нышандар) 1D400—1D7FF «Кеңейтім» ауқымдарда көбінесе алдын-ала терілген дәйектер бар, бұлар жалғамалы дәйектер арқылы баламалы кодтану мүмкін. Тағы да бұнда әртүрлі африкан тілдері (соның ішінде Latin Extended-B ауқымындағы шертпек нышандар) және виетнам тілі (Latin Extended Additional) емлелеріндегі кейбір лигатуралар бар.Latin Extended-C ауқымында ұйғыр кеңейтімдері және Клаудий әріптері бар. Latin Extended-D ауқымында орта ғасырлар зерттеушілерге арналған таңбалар бар. ## Тағы қараңыз * ASCII * ASCII кеңейтуі * Кирил таңбалары (Юникод) ## Сыртқы сілтемелер * Basic Latin * Latin-1 * Latin Extended A * Latin Extended B * IPA Extensions * Phonetic Extensions * Phonetic Extensions Supplement * Latin Extended Additional * Letterlike Symbols * Enclosed Alphanumerics * Latin Extended C * Latin Extended D * Latin Ligatures (Alphabetic Presentation Forms) * Fullwidth Latin Letters (Halfwith and Fullwidth forms) * Mathematical Alphanumeric Symbols
Қазақстандық ауыр атлетші Храпатый Анатолий Михайлович 1963 жылдың 20 қазанында Целиноград облысының Атбасар қаласында туған. Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы. “Спорт клубының” директоры. ## Өмірбаяны Сеулде (1988) алтын медальді ауыр атлетші Анатолий Храпатый ауыр салмақ санатында жеңіп алды. Сол жылдары оған теңесер ешкім болмады. Ол бірінің артынан бірі өз рекордын жаңартып отырды. Сеул алаңында жұлқып көтеруден ол 187,5 килограммды, ал итеріп көтеруден өзінің бәсекелесі Наиль Мухамедьяровты 10 килограммен асып түсіп, 225 килограммды көрсетті. Храпатый осы алуларымен тоқтап қалмады. Сол жылы жұлқып көтеруден 228 килограмм салмақты алып, жаңа рекорд жасады. Сегіз жылдан кейін тәуелсіз Қазақстан құрамасының құрамында жүре отырып, Атланта Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. 2008 жылғы тамыздың 11-інде Анатолий Михайлович Храпатый жол апатына ұшырап қайтыс болды. ## Жетістіктері Храпатый А.М. әлемнің бес дүркін чемпионы, 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1996 ж. Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Еуропа және әлем чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы. ## Дереккөздер ## Сілтемелер
Ольга Васильевна Шишигина (1968 жыл Алматы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. ## Биографиясы Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі. ## Марапаттары * І дәрежелі “Барыс”, * “Құрмет”, * “Дарын” ордендері. ## Дереккөздер
Михаи́л Григо́рьевич Черня́ев (1828—1898) — орыс генералы, Түркістан генерал-губернаторы. ## Өмірінің алғашқы кезеңі Могилев губерниясының Тубышки деревнясында 1828 жылғы қарашаның 3-інде орташа дәулетті ақсүйектер отбасында дүниеге келген. 1840 жылдан бастап «Дворян полкында» әскери дайындық қабылдаған. 1847 жылы «Лейб-гвардиялық Павлов полкында» қызметін бастады. Содан соң бас штаб академиясының курсын аяқтап, Дунай армиясына жолдама алды. Кіші Валах отрядының құрамында Мажарстандағы 1848-49 жылғы көтерілісті басуға қатысты. 1854 жылдың күзінде 4-ші корпустың құрамында Қырымға княз Меншиковқа көмекке жіберілді. Севастопольдің түбінде ол гарнизон жүргізген ұрыстардың барлығына қатысты, соның ішінде 1854 жылғы қазанның 24-інде болған Инкерман түбіндегі шайқасқа да қатысты. Сол шайқастағы көрсеткен үздік жетістігі үшін 4-ші дәрежелі Әулие Владимир орденімен марапатталды. 1855 жылғы тамыздың 27-сінде Севастополь қорғанысының кезінде көрсеткен ерлігі үшін «Ерлігі үшін» деген жазу басылған алтын қарумен марапатталып, подполковник шені берілді. ## Түркістандағы әскери қызметі Қырым соғысы біткен соң 3-ші жаяу әскер дивизиясының штаб бастығы болып тағайындалды, сосын Орынбор генерал-губернаторы Катениннің қарамағына жіберілді. 1858 жылы Бутаковтың Арал теңізіне экспедициясына қатысты, Хиуа ханына қарсы бас көтерген Қоңыраттың тұрғындарына көмекке жіберілді. 1859 жылы Кавказға граф Евдокимовтың қарамағына жіберілді, Кавказда тыныштық орнатылған соң қайтадан Орынбор аймағында жіберіліп, генерале Безактың қарамағында штаб бастығы болып қызмет етті. 1864 жылы Безакпен башқұрттарды басқару мәселесі бойынша келіспеушіліктен соң Санкт-Петербургқа қайтты. Сол кезде Орталық Азияда екі дала губерниясының Орынбор және Сібір губерниясының арасында бекінген шеп орнату мәселесі пайда болды, ол үшін екі арадағы бірнеше бекітілген елді мекенді қолға түсіру қажет болды. Бұл мақсатты жүзеге асыру полковник Черняевқа жүзеге тапсырылды, ол ерекше батыс сібір құрамасының жетекшісі болып тағайындалды. 1864 жылы сол құрама жиналып жатқан Верный қаласына жіберілді. Черняев өзіне жүктелген тапсырманы орындауға өте шектеулі қаражатпен кірісті. Ол жорық Батыс сібір округының қаражатының қалдықтарымен қаржыландырды. Черняевтың шағын құрамасы Әулиеата бекінісін қолға түсіріп, 1864 жылдың шілдесінде алынбас болып есептелген Шымкент бекінісін шабуылмен алды. Әскер қалаға су құбыры арқылы, қабырғадағы күмбез пішінді жарық арқылы енді. Қаланы қорғайтын әскер Черняевтың әскерлерінің қала ішінде кенеттен пайда болғанынан қарсылық көрсете алмады. Генерала Черняев әскерлерінің Ташкентті алуы --1865 жылдың сәуірінде Черняев Ташкентке қарай жылжыды, бірақ оның бірден қолға түсіре алмай, кері шегінуге мәжбүр болды. Сол себепті оған ерекше бұйрық берілмейінше ешқандай қадам жасамауға бұйырылды. Бірақ жергілікті қарулы күштердің барған сайын күшеюінен қауіптенген ол өз жауапкершілігіне әрекет етуді шешіп, 1865 жылғы маусым айының 14-нен 15-іне қараған түні Ташкентті шабуыл жасап қолға түсірді. Орыс әскерінің саны 2000-нан аспайтын, 12 зеңбірегі болатын. Ташкенттің халқы 100 000 шамасы, қаланы 63 зеңбірекпен жабдықталған 30 000-дық әскер қорғауға дайын тұрды. Қалада оқ-дәрі мен қару-жарақтың қоры да мол болатын. Содан сәл бұрын жаңадан құрылған Түркістан облысының әскери губернаторы болып тағайындалған Черняев Бұқар әмірінің Ташкентті қолға түсіруге бағытталған әрекетіне қарсы шара қолдануға мәжбүр болды. Орталық Азия ірі дүрбелең алдында тұр еді, бұл Ресей мен Британияның арасындағы кейін «Үлкен ойын» деп аталған саяси бәсекелестіктің бір көрінісі болды. 1866 жылдың шілдесінде Черняев кері шақырылып, орнына генерал Романовский жіберілді. ## Өмірінің кейінгі кезеңі 1873 жылы «Русский Мир» газетін шығара бастады. 1875 жылы Герцеговина аймағында көтеріліс басталғанда өз еркімен сонда кетті. Орыс-түрік соғысы басталғанда оған қатыспақ болып тілек білдірді, бірақ бір маңызсыз қызмет атқаруға тағайындалды, әскери қимылдарға қатыстырылмады. «Русский Мир» газеті де үлкен табысқа қол жеткізбеді, 1878 жылы ол газетті басқа біреулерге тапсырды. 1882 жылы Черняев қайтадан Түркістан генерал-губернаторы болып тағайындалды, бірақ тек екі жылдай ғана қызмет етті. Өзінің қызметіне нұқсан келтірген бірқатар қате шешімдер қабылдады. 1884 жылы әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1886 жылы әскери министрдің жоспарларына қарсылық білдіргені үшін отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1890 жылы қайтадан әскери кеңестің мүшесі болып тағайындалды. 1898 жылғы тамыздың 4-інде өзінің мұралық иелігі Тубышкиде қайтыс болды. ## Дереккөздер ## Әдебиет * Азанамалары: «Новое Время» (1898, № 8060 5 тамыз и № 8069 15 тамыз) и «Правительственный Вестник» (1898, № 171 8 тамыз). * Михайлов А. Михаил Григорьевич Черняев. Биографический очерк. С приложением выражений общественного к нему сочувствия. СПб., 1906 . * Терентьев М. А., История завоевания Средней Азии. Тт. 1-3. СПб., 1903.
Ольга Васильевна Шишигина (1968 жыл Алматы, Қазақстан) - қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. ## Биографиясы Шишигина Ольга Васильевна 1968 жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласында туған. Жеңіл атлетикамен (Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылдан бері шұғылданады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірген. 1986 жылдан Кеңестер Одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және одан бірнеше дүркін жүлделерге ие болған. 1992 жылы ТМД елдерінің "Жастар ойыны" жарысының таңдаулы төрттігіне енген (Донецк қаласы). 1994 жылы Санкт-Петербург қаласында өткізілген ойында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындаған. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спортпен қоштасты. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі. ## Марапаттары * І дәрежелі “Барыс”, * “Құрмет”, * “Дарын” ордендері. ## Дереккөздер
Сауысқан (лат. Pica pica) - торғайтәрізділер отрядына, қарға тұқымдасына жататын, кіші денелі, түзу ірі қысқатұмсықты құс. Денесінің көп бөлімі қара, тек кеудесі ақ болады. Қанатының кей жеріне ақ араласқандықтан оны Қазақта кейде алақанат сауысқан деп те айтады. ## Жемі Құрт - құмырысқа жейді, етқоректі, аздап шөп қоректі. ## Мәдениеттегі орны Сауысқан қазақ мәдениетінде сақтығымен, сергектігімен әйгілі. Ертөстік жырында Ерназардың келіндерін сауысқандай сақтығы, жұмыртқадай ақтығы деп суреттесе, енді бірде ұрылардың ең жоғары шегін екі сауысқанның құйрығын білдірмей бір-біріне ауыстырады дейді. Сауысқан шықылықтап үй маңынан шықпай қойуын Қазақтар жаманат хабар келеді деп жорыса, енді бірде жолаушының маңынан шықылықтап ұзап кетей қойған сауысқанды жақсылықтың жаршысы дейді. ## Дереккөздер
Бозторғайлар (Alaudіdae) – торғайлар отрядына жататын сайрағыш құстар тұқымдасы. Жер шарында кең тараған, тек Антарктида кездеспейді. 15 туысы, 75 түрі анықталған (1 түрі – Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген). Қазақстанда 6 туысқа жататын 13 түрі бар. Бозторғайлар шөл, шөлейт және қиыршықтасты жазық далада, тау жайылымында, елді мекен маңында, кейде орман алаңында кездеседі. Дене тұрқы 12 – 23 см. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Ұя салмаған кезде, топтасып ұшады. Бұлардың ішінде ең көп кездесетіні – бозторғай (Alauda arvensіs). Оның қанатының ұзындығы 8,5 – 14 см, салмағы 30 – 48 г. Ол Қазақстанның шөлді даласынан басқа аумағында кеңінен тараған. Бозторғайлар жердегі шұқырларға ұялап, оған 2 – 6 тарғыл жұмыртқа салады, кейбір түрлері жылына 2 рет жұмыртқалайды. Балапандарының денесін, әсіресе, жонын қалың мамық жапқан. Бозторғайлар – жыл құсы. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Құстардың көбі бұтақта қонақтап отырып сайрайды. Ал бозторғайлар ұшып жүріп сайрайды. Оны "ұшқыш әнші" дейді. Денесі 12-23 см, қанаттары ұзын. Түсі топырақ тәрізді. Көпшлік түрлерінін еркектері ұя маңында ән салып ұшады. 15 туысы белгілі. Олардың 75 түрі бар, (Оңтүстік Америкада, 1, Австралияда, 2). ТМД-да 7 туысы 14 түрі таралған. Олар бозторғай, (Alanda arvensis), далалық, (Melanocozypha calandra), құлақты бозторғай, (Eremorphila alpestris), шөлді жер бозторғайы, (Ammomanes deserthi) және ТМД-да эндемик қара (М. yeltoniensis) және ақ бозторғай, (М. leucoptera). Бозторғайлар тундрадан бастап далалық және шөлді аймақтарды мекендейді. Көпшілік түрлері жылы жақта қыстайды. Ұяларын жерге салады. 2-6 жұмыртқа табады. Қоректері, жәндіктер мен өсімдік дәні. 1 түрі ХТҚО Қызыл кітабына енген. ## Мәдениеттегі орны Бозторғай сайрауық болғандықтан Қазақ даласында көбінде ән-күймен тамырласып жатады, мысалы Қазақ әнінде шырылдайсың бозторғай жерге түспей, мен жүрмін күні кешке тамақ ішпей деген жолдар бар, табиғатпен тумысынан етене туған Қазақ халқы, осынау сайын даланың сары құсын өзіне жақын серік етпесіне кім кепіл... Бозторғай тыныштықты ерекше сүйетін құс, ұясына өзгелер жолп кетсе кейде құт ұясын да, бауыр ет балапанын да тастап өзге жаққа мәңгілік маңып береді, осының айғағы ретінде Қазақ тілінде мамыражай жақсы заманды қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп атасады. ## Дереккөздер
Отан соғысы (1723—1730) — қалмақ шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азатттық күресі. Бұл кездегі ең күрделі кезең ел ішінде «Ақтабан шұбырынды» атауымен белгілі.
Отан соғысы (1723—1730) — қалмақ шапқыншылығына қарсы қазақ халқының ұлт-азатттық күресі. Бұл кездегі ең күрделі кезең ел ішінде «Ақтабан шұбырынды» атауымен белгілі.
«Қызғалдақ» фильмінің 70 пайызы қазақ тілінде түсірілді. Онда қазақ өмірі, қарапайым ауыл тұрмысы суреттеледі. Фильмді Францияның халқы ерекше қабылдап, жоғары бағалады. Ал, Қазақ көрермендер оны биылғы жылдың күз айларында тамашалай алады», дейді С.Дворцев. Режиссердің айтуынша, фильмнің түсіріліміне Қазақстанмен қатар Ресей, Швейцария және Германия елдері қатысқан. Түсірілімге кеткен қаржының жалпы бағасы екі миллион еуроны құраған. ## Мараппаттары Қазақ режиссері Сергей Дворцевтің «Қызғалдақ» фильмі Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» сыйлығына ие болды.