text
stringlengths 3
252k
|
---|
«Ауылым-әнім» - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильмнің» базасында 2008 жылы ақпанда түсіріп біткен толықметражды көркем туынды. Жаңа фильмнің режиссерлері – Қанымбек Қасымбеков пен Сәбит Құрманбеков. Продюсері Әубәкір Сүлеев. Түсірілімге бюджеттен 60 млн теңге бөлінген.Режиссер Қанымбек Қасымбековтің есімі көрермендерге «Шоқ пен Шер» фильмі арқылы көпшілікке танымал. Бұл фильм 1972 жылы Монте-Карлода өткен халықаралық кинофестивальде «Күміс нимфа» сыйлығына ие болған. Сәбит Құрманбеков те көркем фильмдерімен көрермендерге белгілі. Ол бұдан екі жыл бұрын қысқаметражды «Трасс» бейнефильмін экранға шығарған болатын. Қос режиссердің жаңа картинасы белгілі жазушы Нұрғали Ораздың әңгімелері бойынша жасалған. Сценарийін жазғандар – Зауреш Ерғалиева мен Қанымбек Қасымбеков және Нұрғали Ораз.
## Фильмдегі оқиға
Фильмдегі оқиғаға ауыл өміріндегі комедиялық көріністер арқау болған. Ауылда әкім сайлауы өтіп, онда жас әйел жеңіске жетеді. Билік басы өзгеріп, бұрынғы әкім кітапханашы, ал механик Гиннестің рекордтар кітабына кіруге әрекет жасайды. Фильмнің түсірілімі Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында өткен. Туындының премьерасы көктем айында болмақ. |
Қазақстандағы грек-рим күресі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап жаппай дами бастады.
Бірақ одан бұрын да Қ.Мұңайтпасов, В.Ярков сияқты жекелөнген балуандар болды. Көз көргендердің айтулары бойынша республиканың алғашқы чемпионаты 1934 ж. өткізіліпті. Алматыда күрестен спорт мектебі 1936 ж. ашылған. Қазақстандықтар Бүкілодақтық жарысқа тұңғыш рет 1947 ж. қатысты. Сонда Б. Елқондиев, А. Сыздықов т.б. балуандар республиканың спорттық намысын қорғады. 1948 жылдан Қазақстан чемпионаты өткізіліп келеді.
Қазақстандағы грек-рим күресінен қазақстандық А. Колесов тұңғыш рет КСРО чемпионы болды (1959).... 1966 ж. Эссен қаласында еткізілген жарыста В. Бакулин Еуропа чемпионы атанып, 1968 ж. Мексика олимпиялық ойындарда күміс медальды жеңіп алды. А. Назаренко мен В. Резанцев КСРО-ның, Еуропаның және дүниежүзінің чемпионы атанды. Бұлар 1972 ж. Мюнхен олимпиялық ойындарда алтын және күміс медальдармен оралды.
Сондай-ақ, 1970 ж. Жапонияда еткізілген дүниежүзінің жастар арасындағы Әлем чемпионатында чемпионатында Н. Лященко, Қ. Ахметов, А. Бытков жеңімпаз атанды. Ал алғашқы чемпиондардың есімдері 1937 жылдан белгілі. 2003 ж. Алматыда Әлем кубогы үшін жарыс өтті. 2003 ж. Азия кубогын республиканың құрама командасы жеңіп алды. Республиканың атақты балуандарының қатарына А.Колесов, В.Анесимов, В.Ракулин, В. Резанцев, А.Назаренко, А. Быков, Ш.Серков, Ж.Үшкемпіров, Д. Тұрлыханов, Қ.Байсейітова, М.Манукян, Ю.Мельниченко, Г.Цурцумия және т.б. жатады.
## Олимпиадалардағы халықаралық көрсеткіштері
* 1964 жыл, Токио - Анатолий Колесов (алтын)
* 1968 жыл, Мехико -Владимир Бакулин (күміс)
* 1972 жыл, Мюнхен - Валерий Резанцев (алтын)
* 1976 жыл, Монреал - Валерий Резанцев (алтын), Анатолий Быков (алтын)
* 1980 жыл, Мәскеу - Анатолий Быков (күміс), Жақсылық Үшкемпіров (алтын), Шәміл Серіков (алтын)
* 1988 жыл, Сеул - Дәулет Тұрлыханов (күміс)
* 1992 жыл, Барселона - Дәулет Тұрлыханов (қола)
* 1996 жыл, Атланта - Юрий Мельниченко (алтын)
* 2000 жыл, Афина - Георгий Цурцумия (күміс), Мкхитар Манукян (қола)
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақстандағы еркін күрес
* Қазақстандағы сумо күресі |
Қызғалдақ (лат. Tulipa) – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Қызғалдақ (латын.-Tulipa, түрік.-Lale, орыс.-Тюльпан) дархан даланың, көктеудің, қырдың және маусымдық қоныстың сәні екені белгілі. Қызғалдақ – Жаратушы Иенің адамзатқа берген сыйы. Ол көктемде гүлдеп, кең жазира қазақ даласын ғажайып бір күйге бөлейді. Бір қызығы: екі жыл өмір сүретін бұл нәзік гүл көктем келіп, шуақты Наурыз айы туғанда, бар жоғы 7 күн, кейде 15 күнге дейін гүл ашып тұрады екен.
Барлық қызғалдақтар - жазғы ыстық құрғақ, қысы суық және қысқа жылы және ылғалды бұлақтары бар таулы, далалы және шөлді аймақтардағы өмірге бейімделген типтік эфемерлік геофиттер. Қызғалдақтың тұқымнан гүлденген өсімдікке дейін дамуы үшін үш-жеті жыл қажет. Нарцисстен айырмашылығы, шамдардың буындары жыл сайын өзгеріп отырады.
Өсімнің қысқа көктемгі кезеңінде қызғалдақтар гүлдейді, жеміс береді және жер астында жас баданаларды салады, ал әлсіреген баданалар өледі. Жазғы тыныштық кезінде, ал кейбір түрлерінде қыста келесі жылы өсінділер мен гүлдер шамның ішінде де қалыптасады. Күзде шам тамыр жайып, жемісті аяқтайды.
Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
## Атауы
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.
## Шығу тегі мен таралуы
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
## Отырғызуы
Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді.Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды.Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі,баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды.Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады.Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады.
Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.
## Көбейтілуі
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн.
## Қызықты мәліметтер
2005 жылы — Қырғызстанда Қызғалдақ төңкерісі болған.
## Дереккөздер |
Ройбұш (африкаансша -{Rooibos}- — қызыл бұта; лат. Aspalathus linearis) — шай сияқты тұнба жасап пайдаланылатын бұршақты дақылдардың түрі.
Ройбұш дақылы тек Оңтүстік Африка Республикасындағы Седерберг (африкаансша -{Cederberg}- — самырсынды тау) өңіріндегі шағын жерінде өседі.
Шөп шай тұнбасының бір шыныда (3 г ройбұш, 200 мл су) мынадай құрамдастары бар:
* 0,07 мг темір;
* 1,67 мг магниум;
* 0,22 мг фтор;
* 0,04 мг марганец;
* 7,12 мг калиум;
* 6,16 мг натриум;
* 1,09 мг кальциум;
* 0,04 мг цинк;
* 0,07 мг мыс.
## Сыртқы сілтемелер
* Ройбос - Оңтүстік Африкадағы бірегей шай (орысша)
* Rooibos Limited - Оңтүстік Африкадағы ірі ройбұш өндіруші |
Саумал — толық ашымаған немесе бие сүтін қосып, пісіп-пісіп тұщытылған қымыз.
Сарысаумал – күзде шөп әбден пісіп-жетілгенде сауатын саумал.
В. Радловтың сөздігінде саумал тек алғашқы қымыз деген мағынада ғана емес, сонымен қатар қымыздың жалпы атауы ретінде де қолданылған.
## Емдік қасиеті
Бие сүті құрамына қарай ана сүтіне өте жақын, альбумин тобына жатады. (Салыстыра кетсек басқа үй жануарларының сүті казеин тобына жатады). 500мл бие сүті ағзаға қажетті С дәруменінің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді. Саумалдың құрамында белок, амин қышқылы, тез еритін май, оттегі және организмге керек кальций, натрий, фосфор, калий, темір, магний, бром сияқты минералдар, С, А, В1, В2, В6, В12, Е, РР дәрумендері бар. Жалпы саумалдың құрамында 80-ге жуық биологиялық белсенді қоспалар бар екендігі анықталып отыр. Сауылғанан кейін 2 сағаттан асқанға дейін саумалдың ешқандай қасиеті жоғалмайды. Саумалдың құрамындағы көп сұйық оттегі әр жасушаға жетеді. Адам организіміне тез сіңіп қана қоймай, түрлі асқазан жараларына, ісік ауруларына ем. Өкпе, бауырды қуаттандырады, қан құрамын реттеп, қантты теңгереді. Сонымен бірге белсіздікті жойып, генді қалпына келтіру ролі бар деп есептейді мамандар.
## Шұбат пен саумалдың салыстырмасы
## Көркем әдебиеттен мысалдар
Бұқар жырау (Қара арғымақ арыса)
(Әбіш Кекілбаев)
Мақал: саумал ішсең – қымыз жоқ, бие мінсең – құлын жоқ.
## Қолданылған әдебиеттер
* Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы: «Дайк-Пресс» баспасы.Т.Жанұзақов, 2008.
* Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөзігі. Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы. 2007.
* Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы: «Арыс» баспасы. Ғ.Қалиев, Ш. Сарыбаев, А. Үдербаев. 2005.
## Дереккөздер |
Меңдуана (лат. Hyoscyamus) – алқалар тұқымдасына жататын бір жылдық не екі жылдық шөп тамырлы өсімдік, биіктігі 30-70 см айналасында, өн бойында жұмсақ түгі болады.
Маусым, мамыр айларында гүлдеп, тамыз, қыркүйек айларында жемістенеді. Жемісі қоңырау тәрізді,ішінде ұсақ домалақ ұрығы болады, улы келеді.
## Улылығы
Меңдуана төмен улы өсімдік, тауық қатарлы үй құстары жеп жойса ұзақ уақыт сенделіп, аузынан су ағып өледі. Адам жесе басын бұлғаңдата береді, албаты сөйлейді, көзі шұбартады да өзін рахат сезінеді.Өзге дәріліктермен аздап қосып пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді.
## Емдік рөлі
Өзге дәріліктермен аздап қосып пайдаланады, безгектік секілдеуге, тыныштандыруға істетеді.
## Дереккөздер |
Әртістер: - С. Шандыбаева, К. Қыстықбаев, Н. Ықтымбаев. Режиссер - Болат Нұрғалиұлы Қалымбетов. Өндіріс - "Қазақфильм", 2003 ж. Жанр - тарихи драма.
## Фильмдегі оқиға
Бұл – қазақ пен қытайдың аңыздарына құрылған дүние. Сценарийін жазған Адильша Огишев деген мәскеулік кинодраматургтың бір таныс қытайы бар екен. Содан естігендері бар, өзінің білетіні бар, сол негізде жазып шықты. Негізінде, басты кейіпкер қытай қызы болуы керек болған. Әуелде Қытаймен бірігіп түсіреді деп жоспарланған. Енді «бастаймыз» деген кезде Қытай киностудиясының басшылығы ауысты да келісім жайына қалды.Мұнда жалпы, қақтығыс сценасының өзі үшеу. Біріншісі – қалмақтар өкшелеп келе жатқан қазақтардың құзға келіп тірелген кезі. Әрі қарай жол жоқ. Сонда Құлжа «соғысамыз» дейді. Екіншісі – қалмақтардың кішкентай Бөлекті ат құйрығына байлап сүйреткен кезіндегі тұтқындағы қазақтардың ереуілі. Үшіншісі – Құлжаның қалмақтардың басшысы Шонаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіретін тұсы. Рас, қалмақтар – қалың қол. Қай көріністе де қазақтарды қырып жіберуіне болатын еді. Бірақ Шонай айтады ғой: «Біз де ата-бабаларымыздың салтын құрметтейміз» деп. Сөйтіп, өзі жекпе-жекке шығады. Мысалы, неміс екен деп немісті де жамандай беруге болмайды ғой. Сол сияқты, бұл да ірілігін көрсетіп тұр. Шындығында, Шонай – үлкен сарбаз. Құлжа бала болса да оны айлакерлігімен «алып» тұр. Оның «Сен нағыз сарбазсың. Бірақ маған құдай көмектесті» деп айтатыны да содан.
## Мараппаттары
Және кинематографиялық туындыларға арналған «Бәйтерек – 2004» байқауында «Сардар» фильмі «үздік операторлық жұмыс», «үздік суретші» номинациялары бойынша және режиссер Болат Қалымбетовтың өзі әділқазылар алқасының арнайы жүлдесімен марапатталды.
## Дереккөздер |
Қазақстания (не Қазақстан блогы) — ерте палеозойда құрылған кіші құрылықтық өңір. Бұл Арал теңізі солтүстігінде мен шығысында, Сиберия кратонының оңтүстігінде және Алтай мен Балқаштың батысында орналасқан.
Көбінесе жанартаулы аралдар доғалардың және террейндердің жиынтығы болған. Бұлар бір-біріне ордовик кезеңінде қосылды. Сол кезде бұл оңаша құрылық болды.
Бор кезеңі мен карбонда Қазақстаниямен Сиберия кратоны түйісіп Алтай тауларын құрды, сосын Балтика құрылығы Орал тауларымен қақтығысып қазіргі күндегі Еуразияны құрды. |
Қазақстан астанасы — Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і (автономиялы кеңестік социалистік республикасы) ОАК (яғни орталық атқару комитеті) төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.
1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы., Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).
Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 жылы 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. 2019 жылы наурыздың 20 жұлдызында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр- Сұлтан деп өзгертілді.
## Қазақстан астаналарының тарихы
Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы 6 – 7 ғасырлардың өзінде Қытайдан Византияға дейін тарады. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. 10 ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті өкілдерінің астанасы, көп уақыт бойы экономикалық орталық, Ұлы жібек жолындағы жетекші сауда орны болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) 7 ғасырдан белгілі. Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (10 ғасыр) өте көне астана деп атайды. 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата) әлденеше қиратылып, қайта жанданды. Рузбехан жазбаларында (16 ғасыр) Сығанақ саудасы өркендеген, бау-бақшасы жайқалған, қазақтың бай қаласы ретінде аталған. Қазақ хандары Тұрсынның, Жолбарыстың, Рүстемнің, Абдолланың, Әбілғазының астаналары Ташкент қаласы болды.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді.
10 ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп санады. Әл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп суреттейді.Көрші елдерден Шыңғысхан империясының астанасы Қарақорымның, Шағатай әулетінің астанасы Алмалықтың (14 ғасырда Алмалық Моғолстанның астанасы болды), Темір мемлекеті мен Шайбани әулетінің астанасы Самарқанның (1924 – 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды), Самани әулеті мен Бұхара хандығының астанасы Бұхараның (1920 – 24 ж. Бұхар Халықтық Кеңес Республикасының астанасы болды), Алтын Орда астаналары Батый салған Сарай, Берке хан салдырған Сарай-Беркенің Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Сондай-ақ Сарайшық (Ноғай Ордасының астанасы, 14 – 17 ғасырлар), Қазан (Қазан хандығы, 15 – 16 ғасырлар), Бақшасарай (Қырым хандығы, 15 – 18 ғасырлар), Хиуа мен Үргеніш (Хорезм хандығы, 16 – 20 ғасырлар), Қоқан (Қоқан хандығы, 18 – 19 ғасырлар) қалалары қазақ шежіресінде терең із қалдырды.
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан – Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады.
## Қазақстан елордалары
Қазақтар жиырмасыншы ғасырда астанасын төрт мәрте ауыстырды, дәлірек айтқанда, алдыңғы үш астананы Мәскеу ауыстыртты.
## Қазақстанның астаналары
## Көне астаналар керуені
«Байтақ» – «пойтәхт» парсы тілінен аударғанда «астана», «тақ табалдырығы» деген мағынаны білдіреді екен. Қазақтың арғы-бергі тарихында байтақ болған қалалар легі өз алдына керуен секілді. Б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің саяси орталығы болған қалаларды атап өтпеуге болмайды. Мәселен, үйсіндердің астанасы Чигу-чинь немесе Қызыл аңғар қаласы. Оның орны қазіргі Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты деген ауылдың маңында. Көне Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянь қаласы, қазіргі Тараз қаласының орнында жатыр. Түрік қағанатының аты белгісіз астанасы Орхон-Керулен өзендерінің бойында екенін археологтар іздеп тауып, қазір зерттеулер жүргізіп жатыр. Батыс Түрік қағанатының және одан кейінгі Түргеш мемлекетінің орталығы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Қарлұқ мемлекеті – Қойлықты, Қарахан елі – Баласағұнды астана етті. Орта ғасырларда Отырар, Испиджаб (Сайрам) әкімшілік, сауда-саттықтың ірі орталықтары болды. ІХ-ХІ ғасырда Сырдың төменгі бойында Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент қаласы еді. Бір кездері гүлденген шаһар – Янгикенттің жылан ордасына айналып кетуіне байланысты аңыздар көп. ІХ ғасырда Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс бойындағы Имек қаласы болған. ХІ-ХІІІ ғасырда Дешті-Қыпшақ даласының гаваны аталған Сығанақ шаһары бірнеше мемлекетке астана болды. Тарихшы Берекет Кәрібаевтің айтуынша, аса ірі саяси-әкімшілік орталық саналған Сығанақ қаласы – Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орда ұлысының, Әбілқайыр мемлекеті (Көшпелі өзбектер мемлекеті) және Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Көшпелі өзбектер мемлекетін билеген Әбілқайыр хан осы Сығанақ түбіндегі Көк кесене деген жерге жерленген. Алтын Орда заманында Сарайшықтың дәурені өтті. Онда қазақтың әйгілі ханы – Қасым хан жерленген. Қазақ ордасының астанасы қазақтың 200-дей хан-сұлтаны, батыр-билері, жақсы-жайсаңдары жерленген қасиетті Түркістан ұзақ жылдар саяси-рухани байтақ қала болды. Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Яссауи жатқан Түркістан кесенесі аман болса, қазақты жау алмайды. Ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан – қазақтың мәңгілік рухани астанасы болып қала бермек. Ташкент бір заманда қазақ жұртына байтақ болған екен. Қазақтың ежелгі астаналары Ұлы Жібек жолының бойына және өзен-суы мол өңірлерге қоныс тепкен. Ресей империясының Қазақ жерін жаулап алуына байланысты біртұтас орталық болған жоқ. Қазақ даласы үш генерал-губернаторлыққа бөлініп, Сырдария және Жетісу облыстарының орталығы Ташкенттен, Орал мен Торғай облыстары Орынбордан, Ақмола мен Семей облыстары Омбыдан басқарылды. 1917 жылы Алашорда үкіметі құрылып, саяси-әкімшілік орталық ретінде «Алаш» қаласы аталған Семейді таңдаған. Алайда бұл қағаз жүзінде бекітілгенімен, аумалы-төкпелі заманда Алаш астанасы – Алаш арманы жүзеге аспады.
## Кеңестік дәуірдегі ресми астаналар
1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылған соң Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын. Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер қазақ халқына шамшырақ болды. Алғашқы «Қазақ» газеті және «Айқап» журналы Орынборда басылды. 1924 жылдан бастап астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Себебі, сол кезде Түркістан республикасы таратылып, Жетісу мен Сырдария облыстары ҚазАКСР-не қосылды. Соның нәтижесінде халық саны 35 пайызға артып, қазақ жері бұрынғы қалпына келтірілді. Сол кезде Ресей Орынборды өздеріне қосып алып, астаналарыңды өздерің таңдаңдар деген мәселе қояды. Қазақ зиялылары Ташкент немесе Түркістан қаласын таңдамақ болады. Алайда қазақ астанасының Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне көшуінен қауіптенген біреулер Түркістанды астана етуге кедергі жасап баққан екен. Сөйтіп, Орынбордан кейін астана ретінде сол кездегі уезд орталығы ғана болған Ақмешіт қаласына таңдау түседі. Астананы Орынбордан көшірудің басы-қасында жүрген Сұлтанбек Қожанов әлдебіреулердің өз туған жері Түркістанға бүйрегі бұрды деген әңгіме өрбімес үшін Ақмешіт қаласына тоқтаған деседі. Қазақстанның Астаналары» (Сен білесің бе?) деп аталатын кітапшаның авторы, тарихшы Ахмет Тоқтабаевтың айтуынша, қазақ интеллигенциясы Ташкентті астана қылмақ боп көшіп бара жатқанда Сталиннен «тоқтатылсын» деген бұйрық жетіп, жол бойындағы Ақмешіт қазақтың астанасы болып қалады. Ташкент үшін қазақ пен өзбек оқығандарының арасында үлкен айтыс жүрген. Сол Ташкентті өзбектерге алып беруге қып-қызыл коммунистер Фрунзе мен Куйбышев көп еңбек сіңірді дейді білетіндер. Сөйтіп, 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді, Сыр жағалаған ел ешуақытта қыстан жұтамай шығатын. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Қазаққа төрт жыл астана болған Қызылордада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Атақты Түрксіб теміржолының салынуы астананы Алматыға көшіруге түрткі болды. Заң жүзінде 1927 жылы 3 сәуірде көшіру басталғанымен, 1929 жылы іске асырылды. Әуелгі кезде Алматыдан 120 шақырым жерде Іле өзенінің бойынан астана тұрғызылмақ болып, тіпті құрылысы басталған. Алайда инфрақұрылымнан жұрдай, жол торабынан алыс айдалаға астана салудың қисыны келмейтіні мәлім. Сөйтіп, 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы сейсмикалық қауіптілігіне қарамастан Қазақстанның орталығы болуға лайық еді. Кеңес жылдарында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып табылатын опера және балет театрының үйі, Қазақстан қонақ үйі, Республика Сарайы, Әуезов атындағы академиялық театр, Орталық мұражай, Ғылым Академиясының бас ғимараты сияқты алып құрылыстар салынды. Алматыны бүкіл дүниежүзіне белгілі Медеу мұз айдынынсыз елестету қиын.
## Дереккөздер |
Қазақстания (не Қазақстан блогы) — ерте палеозойда құрылған кіші құрылықтық өңір. Бұл Арал теңізі солтүстігінде мен шығысында, Сиберия кратонының оңтүстігінде және Алтай мен Балқаштың батысында орналасқан.
Көбінесе жанартаулы аралдар доғалардың және террейндердің жиынтығы болған. Бұлар бір-біріне ордовик кезеңінде қосылды. Сол кезде бұл оңаша құрылық болды.
Бор кезеңі мен карбонда Қазақстаниямен Сиберия кратоны түйісіп Алтай тауларын құрды, сосын Балтика құрылығы Орал тауларымен қақтығысып қазіргі күндегі Еуразияны құрды. |
Қазақстания (не Қазақстан блогы) — ерте палеозойда құрылған кіші құрылықтық өңір. Бұл Арал теңізі солтүстігінде мен шығысында, Сиберия кратонының оңтүстігінде және Алтай мен Балқаштың батысында орналасқан.
Көбінесе жанартаулы аралдар доғалардың және террейндердің жиынтығы болған. Бұлар бір-біріне ордовик кезеңінде қосылды. Сол кезде бұл оңаша құрылық болды.
Бор кезеңі мен карбонда Қазақстаниямен Сиберия кратоны түйісіп Алтай тауларын құрды, сосын Балтика құрылығы Орал тауларымен қақтығысып қазіргі күндегі Еуразияны құрды. |
Гот Киелі кітабы немесе Вульфиланың аудармасы — Вульфиланың мәсіхшілердің Киелі кітабын шығыс германдық гот тайпалары сөйлеген гот тіліне жасаған аудармасы.
## Қолжазбалары
Вульфиланың аудармасы Жаңа келісімнің басым бөлігін және Көне келісімнің кейбір бөліктерін қамтитын, көбінесе 6-8 ғасырлар арасында Италияда жасалған қолжазбаларда сақталған. Қалған қолжазбалар мыналар: Уппсалада сақтаулы Codex Argenteus (яғни «Күміс кодекс»), «Codex Ambrosianus A»-дан «Codex Ambrosianus E»-ге дейін Skeireins («Скейрейнс») хаттары, «Codex Carolinus»-те Римдіктерге арналған хат, «Codex Vaticanus Latinus 5750»-те Skeireins, «Codex Gissensis»-те Лұқа жазған Ізгі хабардың бөліктері және қалыңдығы 1 мм металл тақташада Жохан жазған Ізгі хабардың кейбір аяттары.
## Пайда болуының тарихи жағдайы
Үшінші ғасырда готтар Рим империясының солтүстік-шығыс шекарасында қазіргі заманғы Украина, Болгария және Румыния жерлерінде тұрып жатқан болатын. Төртінші ғасырда негізінен епископ Вульфиланың әрекеттерінің арқасында готтар жаппай мәсіхшілікке өтті. Вульфила гот әліпбиін жасап шығарып, Киелі кітапты гот тіліне аударды. Сол аударманың кейбір бөілктері біздің заманымызға дейін сақталып, қазір гот тілі бойынша басты дерек көзіне айналып отыр.
Гот мәсішілігі католик тәлімінен Иса Мәсіхтің құдайлық болмысына деген көзқарасына қатысты айырмашылықтары болды. Гот мәсіхшілері Исаны Құдайдан төмен дәрежеге ие деп қарастырды. Готтар Үшбірлікті де қабылдамады.
Бесінші ғасыр кезінде готтар Батыс Рим империясын жаулап, Испания, оңтүстік Франция және солтүстік Африкаға дейін жетті. Католик шіркеуі қайтаорнығып, кейін ислам діні таралғанға дейін гот мәсіхшілігі осы аймақтарда бірнеше ғасыр бойы салтанат құрды.
## Қазіргі замандағы маңызы
Вульфиланың аудармасы көне шығыс герман тілінде жазылған, қазір сақталып отырған жалғыз ғана құжат. Оның осы тілдерді зерттеудегі маңызы орасан зор.
## Аспандағы әкеміз мінажатының Вульфиланың Киелі кітабындағы аудармасы
atta unsar þu ïn himinaweihnai namo þeinqimai þiudi nassus þeinswairþai wilja þeinsswe ïn himina jah ana airþaihlaif unsarana þana sin teinan gif uns himma dagajah aflet uns þatei skulans sijai maswaswe jah weis afletam þai skulam unsaraimjah ni brig gais uns ïn fraistubnjaiak lau sei uns af þamma ubilinunte þeina ïst þiudangardijah mahs jah wulþus ïn aiwinsamen
## Сыртқы сілтемелер
* Вульфиланың аудармасының толық мәтіні Мұрағатталған 1 тамыздың 2016 жылы.
* Кішірек гот үзінділері |
Дөңтұмсық тұрпан (лат. Melanitta deglandi) - қазтәрізділерге жататын, өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр.
Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары өткен ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.
## Статусы
3-ші санат. Қазақстанда мекендейтін ауданы шектелген өте сирек кездесетін түр.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Солтүстік Евразияда мекендейтін тұрпандардың бес түрінің бірі.
## Таралуы
Солтүстік Америка, Шығыс және Орта Сібірде, Оңтүстік Сібір тауларында, Орталық және Оңтүстік Алтайдың қазақстандық бөлігін қоса мекендейді. Солтүстік Американың мұхит жағалауларында, Қытай, Корея, Жапония мен Қиыр Шығыстың теңіз жағалауларында қыстайды. Қазақстанда бұрында Қалбы тауының шоқ орманды бөлігіндегі көлдерде ұялаған, ол жерлерден XX ғасырдың 60-шы жылдары кеткен. Қазір негізгі ұялайтын жерлері Бұқтырма және Қара-Қаба өзендерінің алаптарында, Рақманов және Үшкөл көлдерінде, Листвяга жотасының солтүстік-шығысында шоғырланған. Марқакөлнде миграция кезінде кездеседі. Алакөл көліне ұшып келгені де белгілі.
## Мекендейтін жерлері
Жағалаулары тасты және суы мөлдір, теңіз деңгейінен 1800-2400 м биіктікте орналасқан тайгалық, субальпі және альпілік көлдерде мекендейді.
## Саны
Алтайдың қазақстандық бөлігінде 2001-2007 жылдары 150-200 құс болған. Көлдерде әдетте біреу, сирек екі жұбы және көбеюге қатыспайтын 10-20 құс мекендейді.
## Негізгі әсер ететін факторлар
Қаскерлік жолмен аулау, көлдерді шаруашылық мақсатта игеру, рекреациялық маңызы бар су қоймаларында мазалау факторы, балықшылар ауларында өлім-жітімге ұшырау. Көбеюінің ойдағыдай өтуіне ауа-райының жағдайлары (көктемгі-жазғы қарлатып күн суыту, нөсер жаңбыр, бұршақ жауу) және жыртқыштар (бұралқы иттер, түлкілер, су күзені және басқалар) әсерін тигізеді.
## Биологиялық ерекшеліктері
Көктемде мамырдың аяғында – маусымның басында тау көлдерінде мұз еріген соң ұшып келеді, қыстауға қазанда ұшып кетеді. Аталығы мен мекиені көбею маусымында жұп құрып бірге болады. Ұясын жағалаумаңы шөптердегі тастардың арасына салады және мамық төсейді. Ұяда 6-9 жұмыртқа маусымда пайда болады. Балапандары көлдерде шілдеден қыркүйекке дейін бірге болады, кейде бір жерге 20-ға дейін шоғырланады. Су насекомдарының дернәсілдері және майда балықтармен қоректенеді.
## Қолда өсіру
Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді.
## Қабылданған қорғау шаралары
Қатон-Қарағай ұлттық паркінде, ал миграция кезінде Марқакөл қорығында қорғалады.
## Қажетті қорғау шаралары
Жаңа ұялау орындарын анықтау және оларды қорғауға алу. Демалыс зоналарында, әсіресе Рақманов көлдерінде мазалау факторын азайту.
## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Ұялау биологиясына зерттеу, Қатон-Қарағай ұлттық паркінің суқоймаларында мониторинг ұйымдастыру.
## Дереккөздер |
Қара тұрпан (лат. Melanitta fusca) - қазтәрізділердің бір түрі. Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген.
Сирек кездесетін түр. Қазақстанның Солтүстік Қазақстан және Көкшетау облыстарының кейбір орманды және орманды даласындағы қалың қамысты терең көлдерінде ұялайды. Қазақстандағы саны өте аз. Санының кемуіне әсер ететін факторлар анықталмаған, оны қорғау шаралары белгіленбеген. Жалпы санын анықтап, биологиясын, тіршілік ортасын зерттеу қажет.
## Статусы
3-ші санат. Сирек кездесетін ұялайтын түр.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Евразияда мекендейтін туыстың бес түрінің, оның ішінде Қазақстанда кездесетін үш түрдің бірі.
## Таралуы
Евразияның тундра, тайга және далалы зоналары. Балтық және Солтүстік теңіздерінің жағалауларында, ары оңтүстікке қарай Бискай бұғазында, сол сияқты Жерорта, Қара және Каспий теңіздерінде қыстайды. Қазақстанда ертеректе ұялайтын жерлері Көкшетау және Ақмола облыстарында ғана белгілі болған , ал 1977-1979 жылдары, сонымен қатар Павлодар (Майлыбай көлі) және Солтүстік Қазақстан (Лебедянка көлі) облыстарында да кездескен .
## Мекендейтін жерлері
Үлкен ашық айдындары бар орманды, орманды-дала және тундра көлдері не теңіз жағалаулары. Қазақстанда ашық айдындары және қалың қамыс өскен үлкен терең (2 м-ге жуық) көлдер.
## Саны
Тұтас Евразия бойынша саны біршама жоғары, бірақ Қазақстанда белгісіз. 60-шы жылдарға дейін Каспийде, қыстауда, көп болған . Қазақстанның орманды далаларында бірнеше ондаған жұп ұялайды. 1971-1976 жылдары күзгі ұшып кетуі кезінде 12 құс ғана есепке алынған , ал 1977-1985 жылдары жылма-жыл 1-ден 25-ке дейін кездескен және балапандары табылған Батыс Қазақстан облысында Орысқопа көлінде 1970 жылы көктемде 93 тұрпан, ал Шалқар көлінде жазда – бір ғана құс кездескен
## Негізгі әсер ететін факторлар
Белгісіз.
## Биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда зерттелмеген. Жыл құсы. Қыстау кезінде-ақ жұптаса бастайды, бірақ ұялауға кеш түседі: Көкшетау және Ақмола облыстарында ұясы маусымда пайда болады . Басқа аудандардағы бақылаулар бойынша көбею мерзімі ұзақ; ұясын шөпке және бұта астына, кейде судан алыс жерде салады. Ұяда 6-10 жұмыртқа болады. Мекиендері және ұша бастаған балапандары үшін күндізгі белсенділік тән. Балапандары бар үйректер көбеюге қатыспаған мекиендерге және өз түрінің балапандарына қарсы болады. Негізінен моллюскалар, су насекомдарының дернәсілдері және балықпен қоректенеді, кейде су өсімдіктерін жейді.
## Қолда өсіру
Қазақстан хайуанаттар парктерінде қолда ұсталмайды
## Қабылданған қорғау шаралары
## Қажетті қорғау шаралары
Дайындалмаған.
## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Республика территориясында нақты санын бағалау, ұялау биологиясын зерттеу және миграция бағыты мен қыстайтын жерлерін анықтау.
## Дереккөздер
## Сыртқы сiлтемелер
* White-winged Scoter Species Account - Cornell Lab of Ornithology
* White-winged Scoter - Melanitta fusca - USGS Patuxent Bird Identification InfoCenter
* White-winged Scoter Information - South Dakota Birds and Birding |
XXIX жазғы олимпиада ойындарындағы Қазақстан ұлттық құрамасы — Қытай елордасы Бейжің қаласында өтетін Ойындарға қатысу үшін бүгінгі күні спорттың 22 түрінен 132 лицензияны жеңіп алды.
Қазақстан үкіметі алтын медаль алғандарға - 250 мың, күміске - 150, қолаға - 75 мың АҚШ долларын уәде етуде (алдыңғы олимпиада ойындарында сәйкесінше - 100, 50 және 30 мың АҚШ доллары болды).
## Медальдар
## Дисквалификация
## Спорт түрлері бойынша жолдамалар саны
## Қазақстан құрамасы спортшылары
### Жеке түрлері
Бокс
Таэквондо
Стендтік ату
Нысана көздеу
Грек-рим күресі
Көркем гимнастика
Үстел теннисі
Есу слаломы
Садақпен ату
Ауыр атлетика
Дзюдо
Үшсайыс
Академиялық есу
Жүзу
Еркін күрес
Күрес (әйелдер)
Қазіргі бессайыс
Велоспорт
Жеңіл атлетика
### Топтық түрлері
Синхронды жүзу
Байдарка және каное есу
Гандбол (әйелдер)
Волейбол
## Дереккөздер |
Бақтияр Ғарифоллаұлы Артаев (14 наурыз 1983 жыл, Тараз қаласы Жамбыл облысы) — боксшы, Олимпиада чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері, халықаралық спорт шебері, 1-дәрежелі Барыс орденінің иегері.
2004 жылғы Грекияның Афины қаласында өткен Олимпиадада бокстан 69 келі салмақ арасындағы жарыс чемпионы, ересектер арасында бокстан Дүние жүзі чемпионатының қола жүлдегері (2005 жыл қараша Мианьян қаласы, Қытай). 7 дүркін Қазақстан чемпионы.
## Өмірбаяны
* Бақтияр Артаев 1983 жылы Жамбыл обылысы, Тараз қаласында Ғарифолла Артаев пен Тұмарткүл Жексембиеваның отбасында дүниеге келген.
* Бокспен 11 жасынан бастап шұғылданады. Бірінші әрі жеке бапкері - Нұрлан Ақүрпеков.
## Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003
## Афинадағы Олимпиада ойындары
### Жолдама алу
Бақтияр көп уақытқа Бокстан ұлттық құрамада екінші рөлдегі боксшы ретінде саналып келді. Афина қаласында өткелі жатқан Олимпиада ойындарына да ең соңғылардың бірі болып лицензияны жеңіп алған болатын. 2002 жылы өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған Азамат Мақажанов осы салмақта Қазақстанның үміті саналған еді, алайда Азамат 2004 жылдың 24 сәуір күні Алматы қаласында Азиялық олимпиадалық іріктеу турниріне жолдама үшін болған спарингте Бақтияр Артаевқа жеңіліп қалады. 2004 жылы 5-12 мамыр аралығында Пакістанның астанасы Карачи қаласында өткен Азиялық олимпиадалық іріктеу турнирінде Бақтияр өзінің жақсы формада екенін көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атады. Финалда Бақтияр ирандық Ахмедабад Каримиді кездеседі. Бақтиярдың айқын басымдығын көрген төрешілер ойынды 3-ші раунд-ақ тоқтатып, жеңісті Бақтиярға береді.
### Олимпиада ойындары
* 15 тамыз
* 19 тамыз
* 22 тамыз
* 27 тамыз
* 29 тамыз
Олимпиада ойындары Бақтияр үшін сәтті басталды десе болады. 1/16 финалда камерундық Вили Бертрана Танке шаршы алаңға шықпай қойды. 1/8 финалда түркменістандық Алиаскер Башировты 33:23 есебімен, ширек финалда украиндық Виктор Поляков айқын басымдықпен жеңді (33:13). Халықралық жарыстарда әлі көзге түсіп үлгермеген, айтарлықтай үлкен жеңістері жоқ Бақтияр Артаев жартылай финалда танымал ресейлік боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және Баркер кубогының иегері Олег Саитовқа қарсы шықты. Небәрі 21 жастағы Бақтияр Олимпиада ойындарының фовориті, тәжірибелі Саитовты 20:18 есебімен жеңіп, финалға шықты. Олимпиадада әлі алтын алмаған Қазақстанның ендігі үміті - бокстан финалға шыққан Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкин еді. Бақтиярды финалда атағы мен тәжірибесі Олег Саитовтан кем түспейтін, екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагон күтіп тұрды. 1.5 жыл ұтылмаған Лоренцо Арагон Бақтияр Артаевқа финалда 36:26 есебімен жеңіліп қалды.
## 2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 13 қараша
* 15 қараша
* 17 қараша
* 18 қараша
* 19 қараша
## 2006 жылғы Азия ойындары
## 2007 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 24 қазан
* 27 қазан
* 30 қазан
* 1 қараша
* 2 қараша
* 3 қараша
## Бейжіңдегі Олимпиада ойындары
* 9 тамыз
* 16 тамыз
* 20 тамыз
## Еңбек жолы және білімі
* Құқықтану, менеджмент, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандықтары бойынша М.Қ.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын тәмамдаған.
* Еңбек жолын «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның менеджері болып бастаған.
* ҚР ІІМ ішкі әскері спорт командасының аға нұсқаушысы, маман, бөлім бастығының орынбасары
* «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» ЖШС-ның инженері
* Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Айша Бибі ауылдық округінің әкімі болып қызмет істеген.
* 2009 жылдан бері Жамбыл облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып келген.
* 2011 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жамбыл обылысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары қызметіне ауысты.
* Қазіргі уақытта Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайының директоры.
## Жанұясы
* Әкесі - Артаев Ғарифолла Бекбасарұлы (1956 - 20.08.2012)
* Анасы - Жексембиева Тұмарткүл Өміртайқызы (1960 - 20.08.2012)
* Ағасы - Бақыт (1979 ж.т.)
* Інісі - Артаев Наурыз (1989 ж.т.)
* Жолдасы - Тұнғатова Салтанат Тоғайқызы (1986 ж.т.)
* Ұлы - Артаев Әлинұр Бақтиярұлы (2009 ж.т.)
2012 жылдың 20 тамыз күні Бақтияр Артаевтың әкесі Ғарифолла Бекбасарұлы мен анасы Тұмарткүл Өміртайқызы "Алматы-Ташкент" тас жолының 544 шақырымында жол көлік апатынан қаза тапқан. Бақтиярдың әке-шешесінен бөлек көлікте Бақтиярдың туған ағасының екі қызы болған. Nissan X-Trail көлігінің тізгініне ие болмай қалған Ғарифолла Бекбасарұлы Шымент қаласынан Тараз қаласы бағытында келе жатқан. Қайғылы оқиға Күйік асуында орын алған.
## Бақтияр Артаев құрметіне
2007 жылдың 21-наурыз күні Тараз қаласында Бақтияр Артаев атындағы бокс сарайы ашылды.
## Дереккөздер |
Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Түркістан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.
2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.
## Жетістіктері
* ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
* Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
* Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
* Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
* ҚР үздік спортшысы (2004).
* ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
* Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
* Түркістан облысының Құрметті азаматшасы (2004).
* «Құрмет» орденімен (2004);
* «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.
### 2006 жылғы Азия чемпионаты
2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды.
## Жаттықтырушысы
Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.
## Жанұясы
* Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.
## Жеке өмірі
* М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі жәнө спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген.
* Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.
## Дереккөздер |
Әлия Мақсұтқызы Жүсіпова (15 мамыр 1984 жыл, Шымкент Түркістан облысы) - Көркем гимнастика спорт шебері. Осы спорттан Олимпиадаға Қазақстаннан жалғыз жолдаманың иегері.
2010 жылдан бері - көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. Дүниежүзілік дәрежедегі төреші.
## Жетістіктері
* ҚР 10 мәрте чемпионы және көркем гимнастика бойынша халықаралық турнирлердің қатысушысы;
* Әлем кубогының, XIV Азия ойындарының күміс жүлдегері;
* Азия (2006, 2009) және Азия ойындарының (2006) абсолютты чемпионы;
* Сиднейдегі (2000), Афиндағы - 4-орын (2004), Пекиндегі - 5-орын - Олимпиада ойындарына қатысқан.
* ҚР үздік спортшысы (2004).
* ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2006).
* Дүниежүзілік кластағы гимнаст (2008).
* Түркістан облысының Құрметті азаматшасы (2004).
* «Құрмет» орденімен (2004);
* «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2004) марапатталған.
### 2006 жылғы Азия чемпионаты
2006 жылы Үндістанның Сурате қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өткен еді. Әлия Жүсіпова Азия чемпионатының 5 бірдей алтын медалін жеңіп алды. Алғашқы алтынды көпсайыста алған ол доп, шығыршық, скакалка, лента секілді бағдарлама түрлерінің бәрінде де жеңімпаз болып шықты. Және бір атап өтетін жәйт – қазақ гимнасшы қыз Қазақстан көркем гимнастика тарихында алғаш рет Азияның абсолютті чемпионы атанды.
## Жаттықтырушысы
Әлия Жүсіпова Мәскеуде олимпиадашылар дайындайтын атақты Ирина Винердің тәлімінде жаттыққан.
## Жанұясы
* Әкесі - Жүсіпов Мақсұт Саидұлы (1956 жылы туған), запастағы ҰҚК полковнигі, Шымкент қаласы Әуесқойлар боксы ассоциациясының президенті. Анасы - Сарбаева Ася Кеңесбекқызы (1964 жылы туған), бухгалтер-экономист.
## Жеке өмірі
* М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі жәнө спорт факультетін (2006), жаттықтырушы-оқытушы; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасын «Психология және педагогика» мамандығы бойынша (2008) бітірген.
* Тұрмыс құрған. Жұбайы - Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы, заңгер.
## Дереккөздер |
Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
Болашақ әлем чемпионы бокспен 11 жасынан айналысып келеді. Өзі туып-өскен Қарағандының іргесіндегі Абай қаласында ол Александр Стрельниковтың тәрбиесін көрді. Жас талапкер білікті бапкерге бірден ұнады. Өйткені боксқа деген бейімділік оның қанында бар. Серіктің немере ағасы Бақтай да кезінде еліміздің қабырғалы боксшыларының бірі болған. Көзі қарақты көрермендер жетпісінші жылдары шаршы алаңда атой салған ол азаматты әлі ұмыта қойған жоқ. Бақтай Сәпиев кезінде жастар арасында КСРО чемпионы, ересектер арасында КСРО чемпионатының екі дүркін жүлдегері, социалистік елдер арасында өтетін «Достық» ойындарының жеңімпазы атанды. 1972-1976 жылдар аралығында Одақ құрамасының сапында болып, тоғыз бірдей халықаралық турнирде топ жарды. – Серік менің алдыма келгенде 11 жаста еді. Өзі нәзіктеу, тұйық болатын. Бірақ көзіне қарап-ақ тегін бала еместігін аңғардым. Жанарында бір ұшқын бар. Уақыт оза байқасам, өнері аздап ағасына келіңкірейді. Бақтай да техникалық арсеналы өте бай, жылдам боксшы болатын. Сондай қасиеттер Серіктің де бойынан табылды. Сол кезде мен бұл жігіттің шабысы ширақ болатынын байқадым, – дейді бапкері Александр Стрельников. Бір жылдай Стрельников бапкерден тәлім алған Серік әкесінің ақылымен Қарағандыдағы Ә.Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған спорт интернатында, білікті бапкер Сайын Аратаевтың қол астында үш жыл өткізеді. Интернатта үш жыл өткізген кейін Абай қаласына, алғашқы бапкері Александр Стрельниковке қайтып келеді.
### Алғашқы жеңістер
2004 жылы қарағандылық боксшы әскерилер арасында әлем чемпионы атанып, өзінің алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді. Сол маусымда ол 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Қазақстан чемпионы атанды. Осы табыстар талантты боксшыны қанаттандырып жіберсе керек, енді ол қарсыластарын қуып жүріп сабайтындай деңгейге жетті. 2005 жылы Серік Сәпиевтің жұлдызы жарқырай жанды. Ол 64 келі салмаққа ауысып, Қытайдың Миньян қаласында өткен әлем чемпионатында ел намысын қорғады.
Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой.
Сол жылы Сәпиев әлем кубогы бәсекесінде де теңдессіз өнерімен тамсандырды. Мәскеуде өткен додада Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үшінші орын алғанымен, Серік бірде-бір жекпе-жегінде жеңілістің дәмін татқан жоқ. Бірінші кездесуінде ол 10 секундтың ішінде Африка боксшысын нокаутқа түсірсе, жартылай финалда кубалық Йорданис Эрнандесті 46:35 есебімен еңсерді. Міне, содан бергі екі жылдан астам уақыт аралығында Серік ресми жарыстарда тек жеңіске жетуде.
## 2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 14 қараша
* 16 қараша
* 18 қараша
* 19 қараша
* 20 қараша
2005 жыл Серік Алматыда өткен оқу-жаттығу жиынында сол қолынан жарақат алған болатын. Бірақ бұл жарақаты жайында бапкерінен басқа ешкімге тіс жарған жоқ. Өйткені бақталастары немесе дәрігерлер біліп қойса, жарысқа қатыспай қойдыруы да мүмкін ғой. Ал әлем чемпионатында қазақтың намысын қорғау Серіктің байырғы арман еді. Жарақаты жанына батса да қандасымыз намысқа тырысты. Айтулы жарыста словак Тибор Главацкиді (37:13), америкалық Карл Даганды (37:26), украиналық Николай Семенягуды (27:15), әзірбайжан Эмиль Магеррамовты (41:23) және өзбек Ділшот Махмутовты (40:21) жеңіп, бас жүлдені олжалады.
## 2007 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 23 қазан
* 26 қазан
* 30 қазан
* 1 қараша
* 2 қараша
2007 жылғы Әлем чемпионатында Серік мінсіз өнер көрсетті. Тырнақалды кездесуде Милан Пипескиді 26:6 есебімен ұтты. Одан кейінгі үш айқасты мерзімінен бұрын аяқтады. Никарагуалық Мендоза Мендес, канадалық Кевин Бизер, ирандық Мұртаз Сепахванд, жапондық Масатусид Каваши қандасымызға еш қарсылық көрсете алған жоқ. Серік оларды арбап та, алдап та ұрып, жігерлерін құм етті. Ал финалда Геннадий Ковалевты 20:5 есебімен еркін еңсерді. Әдетте өзге мемлекеттердің өрендеріне мұрындарын шүйіріп қарайтын ресейлік мамандар бұл жолы қазақ боксшысының атына көптеген жылы пікірлер айтты. Ал олардың: «Бұл бәсекеде Геннадий өзінің талассыз жеңілгенін мойындауға тиіс. Ол қазақ жігітінің тау қопарарлық қарқынына қарсы еш тосқауыл қоя алмады. Серік Сәпиев Олимпиадаға дәл осындай бабында келсе, бас жүлдеден басты үміткер болатыны даусыз», – деген пікірі көп нәрсені аңғартса керек. Сөйтіп, алыстағы АҚШ елінде алтын медальді жеңіп алған Серіктің есімі спорттық шежіресінде екі мәрте әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық боксшы ретінде тіркелді.
## Бейжің Олимпиадасы
* 14 тамыз
* 17 тамыз
Серік Сәпиев Бейжің Олимпиадасына соңғы өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы ретінде өнер көрсетті. Қазақстанның алтын медальдан үмітті ең басты спортшысы Серік Сәпиевтің бұл Олимпиада ойындарында жолы болмады. Әлем чемпионатында топ жарған Серік 1/16 кезеңіне қатыспай, шаршы алаңда өнер көрсетуін бірден 1/8 бастады. Алғашқы қарсыласы венесуэлалық Джонни Санчесті 22:3 есебімен тізе бүктіреді. Келесі кезеңде 2004 Афина Олимпиадасының жеңімпазы таиландық Манус Бунджумнонг қарсы өткізді. Қарсыластарын әдетте оңай жеңетін Серік Сәпиев Манус Бунджумнонгтан айласын асыра алмады. Таиландық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жетіп, әлемнің екі дүркін чемпионны Серік Сәпиевті медальсіз қалдырды.
## 2009 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 3 қыркүйек
* 6 қыркүйек
* 7 қыркүйек
* 9 қыркүйек
* 11 қыркүйек
Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатында Серік Сәпиев жартылай финалға дейін қарсыластарын оңай жеңді десе болады. Габондық Уго Миеникуені, әзірбайжандық Емил Махаррамовты айқын басымдықпен тізе бүктірді. Серіктің 1/8 финалда украиндық Тарас Шелестюкке қарсы өткізген ойыны сәл қиындық туғызды. Бірінші раундта сауатты қарсы шабуылдаған Тарас Шелестюк 2:5 есебімен жеңеді, алайда қалған раундтарда Серік ойын қарқынын үдете түсіп, Тарас Шелестюкті жойқын соққылардың астына алады. Сөйтіп Серік екінші раундты 9:4 есебімен, ал үшінші раундты 5:4 есебімен жеңеді. Келесі қарсыласы қырғыз елінің өкілі Абадулла Баймұратовтың секунданты екінші раундта-ақ ойыннан бас тартады. Жартылай финалда ресейлік Андрей Замковойға 10:16 есебімен жеңіліп қалады. Бұл күні қазақ боксшысы өз-өзіне мүлдем ұқсамады, көп соққылар жіберіп алған Серік бірінші раундта 2:8 есебімен жеңіледі. Екінші раундта Серік өз ойын өрнегін тапқандай болып көрінген. Сауатты шабылдап, сауатты қорғана білген Серік екінші раундты 5:3 жеңгенімен, шешуші раундта 3:5 жеңіліп қалады. Қазақ боксының соңғы жылдардағы жарқын жұлдыздарының бірі - Серік Сәпиев үшінші рет әлем чемпионы атағынан осылайша қол үзеді. "Мен қатты жеңіске жеткім келді, кей тұстары асығыстық таныттым, оңай соққыларды көп жіберіп алдым. Әдетте бір-екі соққы жіберіп алсам, келесі жолы сол соққылардан қалай қорғану керек екендігін тез ұғатынмын. Бұл чемпионатта өкінішке орай бұлай болған жоқ. Бейне бір гипнозда жүргендей болдым" - деп, өз жеңілісін осылайша түсіндірді. Алайда өзінің қарсыласынан басым екенін және шаршы алаңда кездесудің қайта сәті түссе өзінің шебер боксшсы екенін дәлелдеймін деген Серік, сол күні менің жолым болмады деп өз ойын түйіндеді.
## 2011 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты
* 29 қыркүйек
* 2 қазан
* 4 қазан
* 5 қазан
* 7 қазан
* 8 қазан
## Лондон Олимпиадасы
Бакуда өткен Бокстан әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған Серик Сәпиев Лондон олимпиадасына жолдама алады. AIBA рейтингісінде өз салмақ жәрежесінде жоғары орында тұруына байланысты, Серік Олимпиада ойындарын 1-айналымнан емес, 2-айналымнан бастайды.
* 3 тамыз 2-айналымда жапондық Ясухиро Сузуки 25-11 есебімен оңай жеңіп, ширек финалға жолдама алады.
* 8 тамыз Ширек финалда венесэуалалық Габриэль Маэстре Перезпен кездесіп, 20:9 есебімен айтарлықтай оңай жеңіске жетті.
* 10 тамыз Жартылай финалда Серик Миланда өткен Бокстан әлем чемпионатында жеңіліп қалған ресейлік Адрей Замковоймен кездесіп жеңіске жетті.
* 14 тамыз Финалда шаршы алаң иесі Фредди Эвансқа жолыққан Серік, қарсыласын 17:9 есебімен тізе бүктірді. Серік бұл жеңіске қол жеткізу үшін 17 жыл аянбай тер төкті - деп, Александр Стрельников бапкер ағынан жарылды. Қазақ боксының ғана емес, әлем боксының жарық жұлдызына айналып үлген Серік Сәпиев Олимпиаданың ең үздік боксышы атанып, Баркер кубогын қанжығасына байлады.
## Жанұясы
* Әкесі - Жұманғали Дәуітұлы Сәпиев
* Анасы - Ирина Фоминична Сәпиева
* Ағасы - Сергей Жұманғалиұлы Сәпиев
* Ағасы - Бақытай Жұманғалиұлы Сәпиев
* Қарындасы - Людмила Жұманғалиқызы Сәпиева
* Жолдасы - Мөлдір Балғабайқызы
* Қызы - Аққу
## Сыртқы сілтемелер
* Сәпиевтің өмірінің мәні мен мақсаты – Лондон Олимпиадасы(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Астана — Қазақстан Республикасының астанасы. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие.
Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізілді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жетті. Астана елдің солтүстігінде Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Әкімшілік жағынан қала 5 ауданға бөлінген.
Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы ұсынысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде ауыстыру туралы шешім қабылдады. Орталық мемлекеттік органдардың Ақмолаға ресми көшуі 1997 жылғы 10 желтоқсанда басталды.
Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусым күні өтті.
Қала бес әкімшілік бірліктен — «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Нұра» аудандарынан тұрады. Есіл және Нұра ауданы қаланың даму динамикасына қарай кейінгі жылдары құрылды.
## Географиясы
2023 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша қала тұрғындар саны 1 354 435 адам, бұл Алматыдан кейінгі Қазақстандағы екінші көрсеткіш. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қала территориясы аумағы – 797,33 км² (2017 жылғы 7 ақпанда Ақмола облысының елді мекендерсіз 87,19 км² қалаға қосылғаннан кейін).
Қала дала жазығында орналасқан. Алып жатқан аумақтың рельефі — төмен террассалар. Каштан топырағы басым.
Қаланың геологиясы — солтүстік бөлігінде бөлінбеген палеозойлық шөгінділер, ал оңтүстік және батыс бөліктерде орта төрттік шөгінділер. Қаланың көп бөлігі шөгінді тау жынысында, негізінен құмдақ саздарда жатыр.
Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан. Қала екі бөлікке бөлінеді — оң және сол жағалау. Қаланың гидрографиялық желісі тек Есіл өзенімен ғана емес, сонымен қатар Есіл өзенінің оң ағымдары Сарыбұлақ пен Ақбұлақ өзендерімен де ұсынылған. Қаланың 25-30 км радиусында көптеген тұщы және тұзды көлдер бар.
## Тарихы
Астана 1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 жылы Ақмолинск қала мәртебесін алды.
1962 жылы қалаға Целиноград атауы берілді.
1997 жылы егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.
1998 жылы 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.
1998 жылы 10 маусым Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бұл атақ қысқа мерзім ішінде әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамуда неғұрлым әсерлі әрі қуатты өсуге, тұрақты этникааралық қатынасты орнықтыруға қол жеткізе алған ғаламшардың жас қалаларына беріледі. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды.
Астана қаласы Ақмола облысының аумағында орналасқан және осы облыстың үш ауданымен (Целиноград, Шортанды және Аршалы) шектеседі. Қаланың өсуі Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағын екі бөлікке бөлді.
2018 жылғы 7 ақпанға дейін Астана территориясына қаладан басқа (69 822 га) 2 орманшылық учаскілері де (шығыста аумағы 459 га мемлекеттік орман тәлімбағы, солтүстікте Қоянды су қоймасындағы саяжай (12 саяжай қауымдастығы бар). Аталған массив аумағы Мемлекеттік жер кадастріне сәйкес 900 га, Астананың бас жоспарына сәйкес 850 га, ал қала территориясы балансына (2018 жылғы 16 наурыздан № 131 Қазақстан Республикасының Үкімет Жарлығы) сәйкес 733 га құрайды.
2018 жылғы 7 ақпанда қала аумағына Ақмола облысы Целиноград ауданының территориясынан қосымша 8 719 га аумағымен 3 учаскілер (тұрғындары жоқ), соның ішінде халықаралық әуежайға жақын 7 300 га учаскі, қаладан оңтүстікте орналасқан ұлттық пантеон (959 га) және солтүстік-батыста орналасқан қалалық зират (460 га) қосылды.
2018 жылғы 16 наурызда Алматы және Сарыарқа аудандарының бөліктерінен төртінші аудан Байқоңыр ауданы құрылды.
2019 жылы 20 наурызда Қазақстанның екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шешімі бойынша қаланың атын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
2022 жылы 17 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығымен Астана атауы қайтарылды.
## Басшылар
## Халқы
2020 жылғы 1 қаңтардағы қала түрғындар саны 1 136 008 адамды құрады. ҚазСтаттың ресми есебі 2017 жылғы 1 қаңтарда елордада 972 672 тұрғынды, 2017 жылғы 1 маусымда 1 002 874 тұрғынды, ал 2020 жылғы 1 қаңтарда есептің жаңа методикасына сәйкес 1 136 008 тұрғынды тіркеді.
2009 жылғы халық санағы бойынша қала тұрғындарының тек 36% -ы Астана қаласында туып-өскен болып шықты. Қала негізін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген мигранттар құрады, атап өтсек 19,4% — Ақмола облысы тұрғындары, 7,4% Түркістан облысы тұрғындары, 6,3% — Қарағанды мен Қостанай облыстары тұрғындары құрды.
КазСтаттың 2016 жылғы 1 қазан жағдайы деректері бойынша қаланың еңбекке жарамды тұрғындар (әйелдер жасы 16—58, еркектер жасы 16—63) саны 478 432 адамды құрайды, соның ішінде 21 мың жұмыссыз және 92 мың жұмыс күшіне енбейтін тұлғалар.
Некеге тұрудың орташа жасы — еркектер үшін — 27,5 жас, ал әйелдердер үшін — 25,3 жас.
Астана қаласы халқының саны 2000 жылмен салыстырғанда 169,2 мың адамға көбейіп, 2006 жылдың басында 550,2 мың адам болды. 2013 жылдың 1 наурызындағы ақпарат бойынша халық саны — 783 471 адамды құрады. Халық саны бойынша Қазақстандағы Алматы қаласынын кейінгі 2-орында.
Астана қаласы халқының табиғи қозғалысының оң факторы бала туу мен неке қию деңгейінің артуы болып табылады. 2005 жылы қалада 8,8 мың бала өмірге келді, ол 2000 жылы туылғандармен салыстырғанда 4,3 мыңға көп. 2005 жылы бала туудың коэффициенті 1 мың тұрғынға шаққанда 6,3, өлім — 6,7 құрады.
Қала халқының өсуі негізінен көші-қон ағыны есебінен қамтамасыз етілуде. Көші-қон сальдосының елеулі түрде өсуі (50 мыңнан асатын шекте) 2000—2001 жылдары байқалды.
Келгендердің санының кеткендерден асып түсуі негізінен азаматтардың республиканың ішіндегі көші-қон есебінен қамтамасыз етілді. Алайда соңғы жылдары оның салыстырмалы түрде тұрақтануы байқалады (2002 ж. — 6,8 мың, 2003 ж. — 5,4 мың, 2004 ж. — 14,2 мың, 2005 ж. — 15,7 мың адам). Халықтың табиғи өсімі осы кезеңде 2000 жылғы 1513 адамнан 2005 жылы 5,2 адамға дейін көбейді.
### Демография динамикасы
Қазақстанның Алматы қаласынан кейінгі тағы бір миллионер қаласы тіркеледі. 2009-жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады — бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш.
Астана тұрғындар санының динамикасы төменде келтiрiлген.
### Агломерациясы
«Астанагенплан» ҰЗМИ «Астана агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық схемасы» жобасын жасады.
2015 жылдың қарашасында қабылданған бұл құжатпен жалпы ауданы 21,75 мың км² болатын, Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандарының 127 елді мекені, сондай-ақ Ақкөл облысының төрт ауданы (Урюпин ауылдық округі, Еңбекші ауданы, Кеңес ауылдық округі, Ақкөл қалалық әкімшілігі) қоса, Астана агломерациясының шекаралары анықталды. Қала маңы аймағының белгіленген шекараларында 196 мың адам, ал Астана қаласында 814 мың адам тұрады. Астана қала маңы түрғындарының тығыздығы 9 адам/ км² құрады (бүкіл Қазақстан халқының орташа тығыздығы 1 км²-ге шамамен 7 адам).
Агломерацияны дамыту жобасымен 2020 жылы агломерация саны 1,2 миллион адамға дейін, ал 2030 жылға қарай 1,5 миллионнан астам адамға өседі деп күтілуде.
## Табиғаты мен климаты
Қала климаты аса континенталды. Жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, ұзақ.
Орташа жылдық температурасы 3,1 °C. Жауын-шашын жылына 300 мм түседі. Жаздың орташа температурасы шамамен 20°С болғанымен, Орта Азияның ыстық ауа массаларына байланысты максималды температурасы 40 °C болуы да мүмкін. Жазы жылы, бірақ қысқа. Ал қыстың орташа температурасы −15 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты -50 °C аязға дейін баруы мүмкін. Қар жамылғысы қалың болып, қыстың ұзақтығы 4-5 айға созылады. Астана Ұланбатырдан кейінгі әлемдегі ең суық астана болып саналады.
Жауын-шашынның жалпы мөлшері жылына шамамен 300-350 мм құрайды. Жауын-шашынның көп бөлігі көктем мен жазда түседі. Қыста жауын-шашын аз болып, қар мөлшері орташа деңгейде болады.
Ауа ылғалдылығы төмен, орташа жылдық көрсеткіші шамамен 60% құрайды. Қыс мезгілінде ылғалдылық көбінесе төмен болады.
Астанада желдің жылдамдығы жиі өзгереді, бірақ орташа жылдамдығы 4-6 м/с шамасында болады. Қыста қатты желдер мен борандар болуы мүмкін, бұл суықты қатты сезіндіреді.
Қаланың адамдар үшін онша қолайлы емес құрғақшылық пен қатты желге бейім даланың ортасында орналасқанына байланысты, қала айналасын жасыл белдеумен — ағаштар мен басқа да жасыл кеңістіктермен жабдықтау бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
## Экономикасы
Астана қаласы экономикасын сауда, транспорт пен байланыс, құрылыс құрайды. Қазақстан экономикасының сауда секторының жалпы өніміне қосқан үлесі бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасының облыстары мен қалалары арасында Алматы қаласынан кейін екінші орын алады. Астана мен Алматы қалаларының жиынтық аймақтық өнім көлемі Қазақстанның жалпы сауданың жартысынан астамын құрайды. Бөлшек тауар айналымы бойынша да Астана қаласы республикада екінші орында. Құрылыс өсімі бойынша Астана қаласы республика бойынша көшбасшы. 2009 жылы Қазақстан бойынша эксплуатацияға берілген тұрғын үйлердің 1/5 бөлігі Астана қаласына келді. Астана бес жылдан астам тұрғын үйлерді эксплуатация енгізу бойынша көшбасшы.
Өнеркәсіптік өндіріс көбінесе құрылыс материалдарын, тамақ өнімдері мен сусындарын және машина жасауда шоғырланған. Қазақстан бойынша Астана қаласы металдан жасалған құрылыс материалдарын, қолдануға дайын бетон және бетоннан жасалынған құрылыс өнімдерін жасаудан көшбасшы болып табылады. Сондай-ақ, құрылыс металл конструкцияларын, радиаторлар мен орталық жылыту қазандықтары мен қондырғыларды өндірудегі қаланың үлесі салыстырмалы жоғары.Инвесторларды жұмылдыру және жаңа бәсеке қабілетті өндірісін дамыту мақсатында қалада «Астана — жаңа қала» атты арнайы экономикалық аймағы қызмет атқаруда.
АЭА-ның артықшылықтары - салықтық және кедендік жеңілдіктерді қарастыратын арнайы құқықтық режимнің болуы. АЭА аумағында әртүрлі бағыттағы жобалар жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, қаланың дамуы өндірістің жалпы көлемінде инновациондық өнімнің жоғары үлесі бар, дамыған өндірістік секторларға (құрылыс материалдарын өндіру, тамақ өнімдерін өңдеу және т.б.), қаланың жалпы аймақтық өнімнің басым бөлігін қамтамасыз ететін шағын бизнеске және дамыған туризм секторына бағытталған бәсекеге қабілетті экономиканы құруға бағытталған.
2009 жылы өндеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен 77,25 млрд.теңге көлемінде өнім шығарылды — бұл өндеу өнімінің жалпы көлемінің 81% құрайды. Өндеу өнеркәсібі құрамында ең көп үлес алады:
* Метал емес өнімдерді, құрылыс материалдарын өндіру (30,3 %),
* Тамақ өнімдерін жасау, сусындарды қоса (20,1 %), ет комбинаты, май зауыты, сүт комбинаты, диірмендер;
* Метал өнімдерін жасау (16,2 %), «Металлист», насосты, шойын құю;
* Машина жасау (15,6 %), вагондарды жөндеу, сорғы және басқа да кәсіпорындар;
* 1 % аз тоқыма және тігін өнеркәсібі, ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдарын өндіру.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кішігірім шағын кәсіпорындарды қоспағанда, Астана қаласында орташа айлық жалақы орташа есеппен 308 135 құрайды. 1 мың адамнан 688 адам. үйден Интернетке кіру мүмкіндігі бар. 2019 жылдың IV тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрайды. Экономиканың салалар бойынша өсу қарқыны (2020 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың қаңтарына дейін): өнеркәсіп (100,4%). құрылыс (130,7), көлік (110,6), ауыл шаруашылығы (98,5), сауда (101,4), байланыс (115,8).
## Көлік
Астана қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш және Барнаул — Павлодар — Астана — Қарталы — Магнитогорск қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала. Қалада «Қазақстан Темір жол» ұлттық темір жол компаниясының бас офисі орналасқан.
2017 жылы қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде мыңжылдық аллеясына жақын «Нұрлы Жол» атауына ие болған жаңа темір жол вокзалы салынды. Қаланың өнеркәсіптік бөлігінде ЖЭС-3 ауданында жүкті вагондар үшін терминал салынбақ.
Шоссе жолдарының ірі торабы: қала іші арқылы А-1 Астана — Петропавл және М-36 Челябинск — Алматы трассалары өтеді. 2019 жылдың соңында Астана қаласы айналасындағы айналма жолы толығымен ашылды.
Қалалық көлік автобустармен ұсынылған (92 бағыт, 871 бірлік), соның ішінде 15 электр автобустары (2020 жылдың соңына дейін 100 бірлік болуы тиіс). Қалалық маршруттар желісінің жалпы ұзындығы (2004 ж) — 1 720 км, жылдық жолаушылар ағыны — 115 млн. адам, жолакы құны 90 теңге (қолма қолсыз төлем немесе смс) немесе 180 теңге (қолма қол төлем).
Троллейбустық қозғалыс 1983 жылы ашылды (3 маршрут, бірақ 2006 жылдан бастап контакт желісі 51,7 км құрайтын бір маршрут қалдырылды). 2008 жылы жалғыз троллейбустық парк мемлекеттік комиссиясының шешімімен жабылды.
2014 жылдан бастап Астана қаласында «Astana Bike» қызмет етуде. 2017 жылы жүйе 40 станция және 1000 велосипедтен тұрды. Жүйеде бір сезонға тіркелу 5000 теңге тұрады + RFID картасы үшін кепіл. Велосипедті жалға алудың алғашқы жарты сағаты ақысыз, одан әрі қарай — 100 теңге. Велосипедті 3 сағатқа жалдағаннан кейін жүйе автоматты түрде велосипедті қайтару керек екендігін хабарлайды. 4-ші сағат және одан кейінгі жалға алу 1 000 теңге тұрады.
Қалада әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдай алатын Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы бар. Әуежай қаладан 16 шақырым қашықтықта орналасқан.
2017 жылы реконструкциядан кейін әуежайдың өткізу қабілеті жылына 8,2 млн жолаушыға жетті. Жаңа жолаушылар терминалының жалпы көлемі 47 мың шармы метр құрды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы әуежайының жүк терминалының өткізу қабілеттілігі жылына 15 мың тонна.
Астана қаласынан 30-35 км қашықтықта орналасатын жаңа халықаралық әуежайды салу жоспары бар. Екі нұсқа қарастырылуда: Көкшетау трассасындағы Шортанды аудандық орталық пен Қарағанды трассасындағы Осакаровка ауылы. Сонымен бірге жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежай ішкі рейстерді қабылдап жұмысын жалғастырады, ал жаңа әуежай халықаралық бағыттарды қабылдайды деп ұсынылады.
2008 жылдан бастап қала шеңберінде Есіл өзені бойымен кеме жүру ұйымдастырылды. «Кеме өткізетін Есіл» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қала әкімділігімен арнайы мекеме «Есіл-Астана» құрылды. Бірінші кеме 2008 жылы өтті.
## Мәдениеті
Қалада Ақмола облыстық филармониясы, мұражайлар (ҚР Ұлттық мұражайы, тарихи- өлкетану мұражайы, бейнелеу өнері мұражайы, Сәкен Сейфуллин мұражайы), театрлар ( К. Бәйсеитова атындағы үлттық опера және балет театры, К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры, Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Ұлттық ғарыш орталығы, болашақ энергия мұражайы «Нұр Әлем», кітапханалар.
Қаланың мәдени-ағарту мекемелеріне Конгресс Холл, Жастар сарайы және Президенттік мәдениет орталығын да жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.
* 2000 жылғы 6 шілдеде Азат Боярлиннің жобасы бойынша «Өмір діңгегі» бұрқағы жасалынды. Құрылыс тек символдық сипатқа ие, ол өмірдің мәңгілік циклын көрсетеді. Алаңның ашылуы Қазақстан тұңғыш президентінің 60-жылдығына арналды.
* 2006 жылдың 24-30 қазан аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының IV Дельфий ойындары өтті. Іс-шараны дайындауды және өткізуді Қазақстанның Ұлттық Дельфий комитеті мен Халықаралық Дельфий комитеті бірлесіп жүзеге асырды.
* 2012 жылдың 24-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында ТМД елдері жастарының VII Дельфий ойындары өтті. Ойындарда 16 елден мыңнан астам өнер қайраткерлері қатысты: Австрия, Әзербайжан, Армения, Афганистан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Ресей, Румыния, Тажікстан, Түркия, Украина.
### Қаланың көрнекі орындары
* Бәйтерек — Астана қаласының басты символы және көрнекі. ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тұрғызылған. Жобаның сәулетшісі — Ақмырза Рүстембеков.
* Қазақ Елі — Астана қаласындағы Тәуелсіздік алаңындағы ескерткіш. 91 метрлік стела Самрұқ құсымен – құстар патшасы, халық қорғаушысы — жабдықталған. Самрұқтың мифологиялық бейнесіне Қазақстанның екінші маңызды монументі Бәйтерек (аудармасы – Тіршілік ағасы) жатқызылады.
* Нұр Жол Бульвары (бұрынғы Су-жасыл бульвар) — ән салатын субұрқақтар аллеясы бар жаяу жүргіншілер аймағы.
* «Ақорда» — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы.
* Тәуелсіздік Сарайы — дипломатиялық және басқа халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған ғимарат; сонымен қатар ғимаратта қолданыстағы және болашақ нысандары бар Астананың кең макет-жоспары бар.
* Бейбітшілік және Келісім Сарайы — дәстүрлі қазақстандық және әлемдік діндер өкілдерінің саммиттері мен съездеріне арналған Конгресс-холл. Архитекторы Норман Фостер.
* «Қазақстан» — Орталық концерт залы.
* «Шабыт» — Қазақ ұлттық өнер университеті.
* «Жастар» — Оқушылар мен жастар шығармашылығы сарайы.
* «Хан Шатыр» — ең үлкен сауда және ойын-сауық орталығы (әлемдегі ең үлкен шатыр саналады). Архитекторы Фостер, Норман.
* «Этноауыл» ұлттық мәдени кешені - EXPO-2017-нің бірегей мәдени-туристтік имидждік жобасы.
* «Мәңгiлiк ел» қақпасы — Қазақстанның Тәуелсіздігі мерей тойына орай Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы бойынша салынған сәулеттік құрылыс.
* Ұлттық ғарыш орталығы.
* «Нұр Әлем» болашақ энергия мұражайы ЭКСПО 2017 — сфералық ғимарат «Нұр Әлем». Биіктігі — 100 метр, диаметрі — 80 метр. Нұр Әлем Стокгольмдегі диаметрі 30 метрлі Эрикссон-Глоб аренасынан кейін әлемдегі ең биік сфералық ғимарат болып саналады.
### Театрлар, концерт залдары және мұражайлар
Астана қаласында 27 кітапхана, 68 514 экскурсия өткізілген 8 мемлекеттік мұражай бар (2011 жылы 415 500 адам кіріп шықты), 99 шара өткізілген 10 демалыс және көңіл көтеру паркілері (2011 жылы 1 492,2 мың адам қабылдады), 6 кинотеатр бар.
* «Қазақстан» орталық концерт залы — бұл әр түрлі деңгейдегі іс-шараларды: әлемдік және отандық жұлдыздардың концерттері, мерекелік және ресми кездесулер, көрмелер, конференциялар, презентацияларды ұйымдастыруға арналған жас астананың ерекше кешені. Архитекторы Манфреди Николетти.
* Астаналық цирк — Астана қаласының ойын-сауық мекемесі. Қазақстандағы 3 басты цирктердің бірі; бұрыңғы КСРО территориясында ең жаңа цирктердің бірі және «ұшатын табақ» түріндегі екі ерекше ғимараттың бірі (біріншісі Казаньдағы цирк).
* К. Бәйсеитова атындағы ұлттық опера және балет театры — елдегі ең жас музыкалық театр, классикалық мұраны түсінетін және жаңарып жатқан қазақстандық қоғамның рухани қажеттіліктерін іске асыратын, сондай-ақ қазақ және әлемдік музыкалық дәстүрін жалғастырушысы.
* Астана Опера — Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған театр. 2013 жылы құрылған театр ғимараты ұлттық маңызы бар сәулет ескерткіші ретінде танылды.
* К.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театры.
* Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры.
* Қазақстан Республикасының ұлттық мұражайы — Орта Азияда ең үлкен мұражай. Мұражай «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.
* Заманауи өнер мұражайы.
* Президенттік мәдениет орталығы — Елбасы Н.Назарбаевтың бастасымен құрылды. Ғылыми-зерттеулік және мәдени-білім кешеннің ерекшелігі — оның құрамына мұражай, кітапхана, концерт залы кіреді.
* Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайы
* АЛЖИР (Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — совет одағының ең үлкен әйелдер лагері, ГУЛаг архипелагы үш аралының бірі.
* Атамекен — Қазақстанның үлкейтілген картасындағы табиғат, архитектура және өмір сүру этно-мемориалды кешені.
### Ғимараттар
* ҚТЖ мұнарасы — Қазақстан Темір Жолы ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* Транспорт мұнарасы — Көлік және коммуникация министрлігінің ғимараты, қаланың ең биік ғимараттарының бірі.
* «Солтүстік Шұғыла» — үш биік ғимаратты тұрғын үй кешені.
* «Триумф Астаны» — биік тұрғын үй кешені.
* «Думан» ойын-сауық орталығы — аквариум, 5D кинотеатр, динозавр саябағы және басқалары бар.
* Керуен — сауда-ойын-сауық орталығы.
* МЕГА Silkway — сауда-ойын-сауық орталығы.
### Спорттық ғимараттар
* «Астана Арена» спорттық кешені — 30 мың отыру орны.
* Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион — 12 350 отыру орны.
* «Алау» мұз айдыны — 8 мың отыру орны.
* «Сарыарқа» (велотрек) — 8 мың отыру орны.
* «Қазақстан» спорт сарайы — 5 532 отыру орны, 1 мыңға жуық тұрған орындар.
* «Барыс Арена» көпфункционалды мұз сарайы — 12 мың отыру орны.
## Әкімшілік бөлінуі
Астана қаласы Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра және Сарайшық аудандарына бөлінген.
## Су қоры
Астана қаласы қуаң аймақта орналасқан, негізгі су қоры өзен және жерасты су көздерінен құралады. Бастауын Нияз таулары бұлақтарынан алып, қысқы қар, жазғы жауын суымен толысып отыратын Есіл өзені қаланың негізгі су артериясы болып табылады. Есілдің қаладан ағып өтетін тұсынан шағын екі өзен Сарыбұлақ пен Ақбұлақ келіп құяды. Қаланы 25-30 км төңіректе шағын өзен-көлдер қоршап жатыр. Олардың кейбіреуі тұщы, кейбіреуі кермек сулы болып келеді. Негізгілері: Сасықкөл, Жоламан, Тышқанкөл, Танакөл, Жылтыркөл, Тазкөл, Қайнарлы, Тағанкөл, Майбалық, Бұзықты, Жалаңаш, Шенет, Ағанас, т.б.
Есіл өзенінің арналы ағысының ұзақтығы 562 км, су жиналу алабы 48 100 шаршы км. Оның Қазақстанды көктеп өтетін ұзындығы- 1 100 км, ал жалпы ұзындығы — 2450 км. Есіл Ресейдің Тюмень және Омбы облыстары арқылы ағып өтетін Ертіс өзеніне барып құяды. Есіл көктемгі қар суымен толысқан шақта ағысын үдетеді. Негізінен баяу ағысты. Қаланы сумен қамтамасыз ететін негізгі өзен болғандықтан, Есілге "Ертіс-Қарағанды" каналынан арна тарту жүзеге асырылды. Есіл баяу ағысты болғандықтан, оның табаны тереңде жатыр. Оның қала аумағындағы су жиналу алқабы 7400 шаршы км, бұған Вячеслав бөгені ауқымындағы 5310 шаршы км су жиналу алқабы қосылады. Есілге Мойылды, Тентек, Қарасу, Сарыбұлақ, Ақбұлақ өзендері келіп құяды, сонымен бірге су таратқыш канал арқылы Майбалық өзенімен жалғасып жатыр. Өзенде ақбалық, нәлім, мөңке, аққайран, сазан, шортан, көксерке, алабұға мекендейді. Бұрыннан қоныс тепкен қала бөлігі Есіл өзенінің солтүстігінде, оң жағалауға, темір жол магистралінен оңтүстікке қаарй етек жая орналасқан. Қала аумағының негізгі бөлігі, Есілдің Ақбұлақ және Сарыбұлақ тармақтарына келіп тұйықталады.
Есіл өзенінің алабында үш ірі бөген бар:
* Вячеслав (пайдалану көлемі — 375,4 млн текше м)
* Сергеев (пайдалану көлемі — 635,0 млн текше м)
* Петропавл (пайдалану көлемі — 16,1 млн текше м)
Алғашқы екеуі судың жиналуын ұзақ мерзім бойына реттеуге арналған, сонымен қатар кешендік бағытта жұмыс атқарып, 3 топтық су құбырлары арқылы Астана қаласын және ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етеді. Петропавл бөгенінің аумағы шағын, маусымдық су жинауды жартылай ғана реттеуге арналған. Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің негізгі көзі-Вячеслав бөгені, оның жылдық су шығымы 67,2 млн текше м (жобадағы сыйымдылығы 410,9 млн текше м).
Сарыбұлақ солтүстіктен оңтүстік бағытта қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Оның аңғарының 8,5 км-дейі (ені 20-50 м) қыщ комбинантынан ӨМК-ға дейінгі аралықты қамтиды. Бұлақтың 5,8 км бөлігі қаланың жеке меншік үйлер мен көп қабатты үйлер салынған өңірі арқылы өтеді. Өнеркәсіп құрылыстарын бойлай өтетін тұсы — 3,3 км (ЖЭО-1-дің күлтөкпесінен темір жол қиылысына дейін), одан әрі 2,5 км селитебті өңірмен өтіп, Тілендиев даңғылынан 1,8 аралықпен Есілге ұласады. Бұлақтың саға тұсын айтпағанда, қала арқылы өтетін арнасын шылау басып, қамыс өсіп кеткен, кей тұстары үзіліп қалады.
Ақбұлақ қаланың оңтүстік-шығыс бөлігімен өтеді, оның табанына маусым аралығында ғана су жиналады, су жиналатын тұсы ЖЭО-ның 2 — нің маңы. Ақбұлақтың Абылай хан даңғылынан Есіл өзеніне барып құятын аралықтағы жағалауы қайта қалпына келтіріліп, абаттандырылды.
Қаланы тұрмыстық ауызсумен қамтамасыз етудің тағы бір жолы — жерасты су көздерін пайдалану. Ол жерасты жаңа су көздерін іздестіру-барлау және бұрыннан белгілі су көздері мүмкіндіктерін жаңа талап тұрғысынан бағалау арқылы жүзеге асып отыр. Мұндай жерасты су көздеріне: Ақмола су көзі кені (ол солтүстік-батыс жүлге (қаланың солтүстігіне қарай 5-15 км) және шығыс жүлгеден (қала іргесіне, ішінара Есіл өзені аңғарына таяу) тұрады), Есіл су көзі кені (қаланың оңтүстігіне қарай 0,5-10,0 км); Рожденственский су көзі кені (Нұра өзені аллювийлік шөгінді қыртысындағы жер асты суының жалпы пайдаға асу қоры 36,2 мың текше м/ тәуліті құрайды) жатады.
## Бауырлас қалалары
Астананың 20 бауырлас қаласы бар.
## Астана туралы деректер
* Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан.
* Астана — Моңғолия елордасы Ұланбатырдан кейін ғаламшардағы екінші ең суық астана.
## Тағы қараңыз
* Астана велоклубы
* Астана көшелері тізімі
## Дереккөздер |
Қола дәуірі – адамзат қоғамындағы тарихи-мәдени кезең. Ол қола металлургиясының кең қанат жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ жасауға арналған негізгі материалға айналуымен сипатталады. Бұл кезде неолит дәуірінің мәдениеті дамып, металл игеріле бастады. Негізінен, қола дәуірі мәдениеттері осы металл кендері көп жерлерде дамыды. Мұндай өңірлерде дайындалған қола бұйымдар бірте-бірте іргелес жатқан жерлерге де тарады. Адам баласы мысты энеолит дәуірінде игерген болатын. Оған қарағанда, қоланың қатты әрі берік болуы құрал-саймандардың сапасын арттырып, еңбек өнімділігін жоғарылата түсті. Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-мыңжылдықтың басын қамтиды. Ежелгі қола құралдары Оңтүстік Иран, Түркия мен Месопотамиядан табылды. Кейінірек олар Мысырға (б.з.б. 4-мыңжылдық аяғы), Үндістанға (б.з.б. 3-мыңжылдық соңы), Қытайға (б.з.б. 2-мыңжылдық ортасы) және Еуропаға, Қазақстанға (б.з.б. 2-мыңжылдық) тарады. Қола дәуірінің Америкада өз тарихы бар. Мұнда металлургия орталығы Перу мен Боливия жерінде болды. Африкадағы қола дәуірі туралы мәселе археологиялық зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты әлі толық шешілмей келеді.
## Қола дәуіріндегі Қазақстан
Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-ақ байқала бастаған шаруашылық өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургияның калыптасуына жеткізді. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан аумағындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарың жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер кұрды; бүлардың калыптасуында соғыс кақтығыстары едәуір рөл атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалар арасындағы қақтығыстарда да жиі пайдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өндеудің дербес саласына айналды.
Археологиялык материалдар бойынша, Андронов тұрпатты ескерткіштер калдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, ұлан-байтақ аумаққа тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықты айқын мәдени біркелкілік ауыстырғанын көрсетті.
Қола дәуіріндегі коғамның ілгері басуы екі факторга байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор - палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола бұйымдар жасау ісін меңгерді. Қоланың өзі бұйымның неге арналуына қарай, әр түрлі пропорцияда мыс пен қалайының, кейде сүрменің, құшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылады. Мыспен салыстырғанда қоланың бірсыпыра артықшылықтары бар: оның өзгешелігі — өзі катты, балқу температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі. Қола еңбек құралдары мен қару жасау үшін колданылатын негізгі шикізат бола бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл аумақта металлургияның мықты ошағы шығуының бір себебі болды.
Б. з. б. II мыңжылдықтың басында-ақ Еділ бойы, Орал өңірінің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында кешенді малшылық-егіншілік шаруашылық қалыптасады. Ал б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал шаруашылығы жедел дамыды. Осы уақыттан бастап далалық Еуразия тұрғындарының шаруашылығында мал шаруашылығы неғұрлым көбірек орын ала бастайды. Б. з. б. II мыңжылдыктың аяғында — I мыңжылдықтың басында далалық өңірлердегі тұрғындардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді. Батыс Азия мен Шығыс Еуропаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, б. з. б. II мыңжылдықтың басында болды деуге келеді, алайда әр-қилы табиғи ортадағы даму қарқынының әр түрлі болғанын ескеру керек.
Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын-ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп ксеротермиялык минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, солтүстік жарты шардағы кұрлықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Еуропа мен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялык деректемелер де растайды. Батыс және Орталык Қазақстанның ұзақ уақытқа арналған коныстарында сумен жабдықтаудың жаңа әдісі — құдық қазу шығады.
Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұртындары мен Батыс Сібірдің орман және тайгалы аймақтарының тайпалары энеолит пен алдыңты қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Б. з. б. II мыңжылдыктың ортасында, Орталық Қазақстандағы сияқты, бұл аудандарда да малшылық-егіншілік шаруашылық өрістеп, мал шаруашылығы басым дамиды. Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың тұртындарына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуын және Қазакстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюін, сірә, нақ сол табиғи-климаттық кұбылыстармен түсіндіруге болар.
Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық некелік катынасарында елеулі өзгерістер болды. Қола дәуіріндеті экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдык еңбек мамандануының күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
## Қала мәдениеті
Қола дәуірінде Азияда бұрын қалыптасқан қала мәдениеті (Месопотамия, Элам, Мысыр, Сирия) одан әрі дами түсті және жаңа мәдениеттер (Үндістанда – Хараппа, Қытайда – Инь) қалыптасты. Мұндай жағдай Еуропада да байқалды. Қала жұрттары, сарайлар, жергілікті жазу, т.б. деректер Еуропадағы өзіндік мәдени орталық еді. Бұл дәуірде кен қорына бай Кавказдың маңызы зор болды. Ол Шығыс Еуропаның далалық аудандарын мыс бұйымдарымен жабдықтайтын Еуразиядағы ең ірі металлургия орталықтарының біріне айналды.
Қазақ жерін сол тұста мекендеген тайпалардың осы кезеңдегі мәдениеттері қола дәуірі ескерткіштері алғаш ашылған жерлердің атымен – Андрон мәдениеті, Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады. Қазақстандық археологтардан қола дәуірі бойынша Орталық Қазақстанды Ә.Марғұлан мен К.Ақышев, Солтүстік Қазақстанды А.Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С.С. Черников пен А.Г. Максимова зерттеп, әр аймақтардағы өзгешеліктерді ашып көрсетті. Қола дәуірін кезеңге бөлуде зерттеушілер арасында әр алуан пікірлер бар. Қазақ жеріндегі қола дәуірі мәдениеттерінің басталуы мен дамуын Ә.Марғұлан негізгі үш кезеңге бөледі. Алғашқы кезеңі – ортаңғы; өркендеп дамыған кезеңі – Нұра және Атасу сатылары; соңғы кезеңі – өтпелі сәт пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінен тұрады. Қола дәуірндегі экономиканың басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы өндіргіш күштердің өсуіне, белгілі бір еңбек саласына маманданудың күшеюіне, қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістерге жеткізді.
## Көне кен орындары
Көптеген көне кен орындарынан мыс (Жезқазған, Зырянов, Қаршыға, Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба мен Нарын жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай, Майқапшағай, Ақабек) кентастары алынды (қола Ежелгі кен қазбалары). Тас және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар (орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебе ұштары, т.б.) құйылды. Сәндік заттар (ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, т.б.) жасалды. Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған заттарға өрнек сала білді. Қоныстарын өзендердің жайпақ жағасына, кең жайылмаға, мүйіске, кейде көл маңына салды. Қоныстар 6–10 үйден, үлкендері 20 үйден құралды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер болып бөлінеді. Жартылай жертөлелер дәліз сияқты шығар аузы бар тік бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді салынды. Қабырғаларды бойлай тік бағандар орнатылды, арасына ағаштар немесе шарбақтар қойылып, балшықпен сыланған. Тұрғын үйлер аумағы 100 шаршы метрден 300–400 шаршы метрге дейін жетті. Орталық және Батыс Қазақстанда ағаш аз болғандықтан, тұрғын үй қабырғаларына тас көп қолданылды. Жер үстіндегі үйлердің қабырғалары бөренелерден жасалды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар болды. Қабірлердің үсті айнала жалпағынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді.
## Ескерткіштер
Кейбір ескерткіштер көрнекілігімен, құрылыстарының күрделілігімен ерекшелінеді. Мыстытас, Беғазы ескерткішін тұрғызу үшін салмағы 3 тоннаға жететін алып мәрмәр тастар қолданылған. Батыс Қазақстандағы Тастыбұтақ 1 (Федоров кезеңі) қорымында мәйіттер қабірге немесе жалпақ тастан жасалған жәшіктерге салынып жерленген. Кей жағдайларда мәйітті өртеу рәсімі де кездеседі. Орталық Қазақстанның Нұра кезеңіне жататын жерлеу рәсімі, негізінен, мүрдені өртеп тас жәшіктерге немесе табытқа салу болды. Атасу кезеңінде мәйіттер бүктетіліп, көбінесе сол қырынан жатқызылды, қолдары қусырылды, басы батысқа қаратылып, кейде аздап солтүстіккеке не оңтүстікке бейімделіп жатқызылды. Нұра кезеңінен келе жатқан қазулы шұңқырмен және цисталармен қатар, тік бұрыш тас жәшіктер тарады. Жәшіктер шомбал, жалпақ төрт тақта тастан құралып, қабір шұңқырының төрт жағынан қойылды. Керамика ыдыстарын жасаумен, негізінен, әйелдер шұғылданды. Ыдыстар қолмен жапсырылып жасалды. Қола дәуірінің алдыңғы кезеңінде бүйірі тік немесе біраз шығыңқы, мойны ішке қайырылған, түбі жайпақ ыдыстар басым болды. Ортаңғы қола дәуіріне тән құмыралардың түбі жайпақ келеді, иіні дөңгелектеніп немесе иініне мойны мен бүйірін бөліп тұратындай ойық жасалады. Соңғы қола дәуірін иіні дөңгелек, бүйірі аздап шығыңқы құмыралар сипаттайды. Ернеуіне қиғаш және айқыш-ұйқыш кертпелері бар балшық таспа жапсырылады. Оларға әрбір кезеңнің өзіне тән геометриялық өрнектер (жарты, үш бұрыш, меандр, ирек сызық, қисық ойық, т.б.) түсірілді.
## Әлеуметтік құрылымы
Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери-саяси құрылымдарда рулық-тайпалық бөлімшелер пайда болды. Материалдық игіліктерді өндіруде ерлер рөлі күшейді. Туыстық әке жағынан есептеле бастады. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде ру ыдырап, одан жеке отбасы шаруашылықтары бөлініп шықты, айырбас кең өріс алды. Қола дәуірі тайпалары тұрмысы мен әл-ауқаты табиғатқа тәуелді болғандықтан, адам табиғат күшін құдірет деп білді. Олардың отқа табынғандығын мәйітті өртеу ғұрпы, қабірге күл мен көмір қалдықтары салынғаны дәлелдейді. Тайпалар арасында ата-бабаға сыйыну, о дүниеге сену кеңінен тарады. Құрбандық күнге, отқа, айға, жұлдыздарға арнап шалынды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары негізінде ертедегі көшпелілердің мәдениеті қалыптасты.
## Дереккөздер |
Илья Александрович Ильин (24 мамыр 1988, Қызылорда) — Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы . Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Динамо" спорт клубының құрамында өнер көрсетеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аға лейтенанты.
2008, 2012 жылдары екі рет Олимпиада чемпионы атанғанымен Халықаралық Олимпиада комитеті 2016 жылы "допинг қабылдады" деген сылтаумен жоққа шығарды.
## Биографиясы
### Отбасы
Илья Ильин 1988 жылдың 24 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келген. Отбасында үш ұл баланың кенжесі. Әкесі – Александр Ильин. Анасы – Галина Ильина. Спорт залға алғашқы рет алты жасында үлкен ағасы Андрейге еріп келді. Ағасы Андрей бокстан Қазақстан біріншілігінде бірнеше рет жеңімпаз атанған спортшы болатын.
Балалық қызығушылықпен ауыр темірлерді көтеруді үйренді. Бірақ арнайы секцияда жаттығуды сегіз жасынан бастады. Алғашқы бапкері Вилорий Пак болатын.
Бірінші әйелі - Наталья Кулакова, гандболшы, гандболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы. 2017 жылы ажырасқан. Олардың Милана атты қызы бар.
Илья Ильинның екінші әйелі - Татьяна Гордиенко (2023).
### Спорт
Ауыр атлетикамен айналысып жүрген ағасы Алексейдiң жанынан бiр елi қалмайтын кiшкентай Ильяның дарынын байқаған Вилори Викторович Пак оны бiрден өзiне тартқан көрiнедi. Сөйтiп, тоғыз жасында Қазақстан чемпионы атанған Ильин осы уақытқа дейiн тоғыз рет шет елге шығып, ешқайсысында жеңiлiстiң кермек дәмiн татып көрмептi. Жарақатына байланысты бiр жыл спорттан тыс жүрген Ильяның өзiнiң айтуынша, 99 пайызға бұрынғы қалпына келген тәрiздi.
Ол жастар мен ересектер арасында екі рет әлем чемпионы атанды. Дәл осындай балғын шағында дүние-жүзінің теңдессіз атлеті атанған азаматтар жер бетінде жоқ. Оның асқан шеберлігіне, мінсіз техникасына, жеңіске деген құштарлығына таңданбау мүмкін емес. Ауыр атлетика саласындағы ең жас әлем чемпионы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген.
### Әлем чемпионаты (2005)
2005 жылы Ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты Қатар елінің астанасы Доха қаласында өтті. Илья Ильин 17 жасында алғашқы рет ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына ең жас әлем чемпионы ретінде жазылды. Илья ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта өнер көрсетті.
### Әлем Чемпионаты (2006)
Санта Доминго, 94кг
### Пекин Олимпиадасы (2008)
Пекин олимпиадасы қазақстандық жас дарын Илья Ильин үшін алғашқы болатын. Бірақ Илья бұл жарсықа екі дүркін әлем чемпионы ретінде қатысты және жарыстың негізгі жеңімпазы ретінде қарастырылған болатын. Қазақстан жұртшылығы да Ильядан алтын медаль күткен еді.
Нәтижесі
Ауыр атлетикадан 94 кг дейінге ерлер арасындағы жарыс 17 тамыз күні Аэронавтика және астронавтика университетінің спортзалында өтті. Илья Ильин серпе көтеруде 226 кг-ды бағындырып, аталған сайыс түрінде әлемдік рекорд орнатты.
### Әлем чемпионаты (2011)
### Лондон Олимпиадасы (2012)
Жарысқа 21 атлет қатысты. Илья Ильиннің негізгі қарсыласы ретінде ресейлік Александр Иванов болатын. Баспасөз беттерінде берген сұхбаттарында Иванов Ильяны анық жеңетіндігін айтып жүрді. Иванов – 2010 жылғы Әлем чемпионы. Сол жылы Илья әлемдік жарысқа қатыспаған болатын. 2011 жылғы Парижде өткен Әлем чемпионатында Ильин мен украиналық Артем Ивановтың көтерген салмақтары бірдей болды. Дегенмен Ильяның өз салмағы Артем Ивановқа қарағанда жеңілдеу болғандықтан жеңімпаз ретінде аталды. Ресейлік Александр Иванов тек төртінші орында қалды. Ильяның салмағында жарысқа түсетін тағы бір әйгілі атлет украиналық Артем Иванов Лондон ойындарына келмеді. Сондықтан негізгі екі атлетпен бірге ирандық жас дарын да чемпиондықтан үмітті болатын. Алайда, маңызды салмақты көтере алмады. Әлемнің мықты атлеттерінің арасындағы келесі маңызды кездесу Лондон Олимпиадсында жалғасты.
Жұлқа көтеру сайысында қазақстандық, ресейлік және корей спортшысы бірдей 185 кг салмақты көтерді. Өз салмағының аздығына байланысты Иванов - бірінші, Ильин-екінші, Ким Мин Жае - үшінші болды.
Серпе көтеру сайысында Илья 233 кг көтеріп жаңа әлем рекордын орнатты. Екі сайыс қорытындысы бойынша 418 кг көтеріп Илья әлем рекордын екінші рет жаңартты. Бұған дейінгі әлем рекордын Олимпиада ойындарының үш дүркін чемпионы Каха Кахиашвили 1999 жылы орнатқан еді .
Ресейлік "Советский спорт" газеті өз спортшысының Илья Ильин деп аталатын "терминаторға" жеңілгендігін айтыпты .
Қос сайыс бойынша соңғы көрсеткіштер келесідей болды:. Илья бұл жетістіктерінің мүмкін болуына ресейлік екі атлеттің көрсеткен бәсекелестігінің арқасында жеткенін айтады. Егер олар болмағанда әлемдік рекордқа бару қиын болар еді деп мәлімдеді
Prior to this competition, the existing world and Olympic records were as follows.
Қызылорда облысының әкімі Илья Ильин мен оның бапкерлеріне 75 млн теңгеге арналған сертификат тапсырды .
## Мемлекеттік марапаттар
* 2012 жылғы 17 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Олимиада жеңімпаздарымен кездесу кезінде Илья Ильинге "Отан" орденін табыстады .
* Құрмет ордені.
* Барыс ордені.
* Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері
## Тағы қараңыз
* Лондон Олимпиадасына қатысатын Қазақстан спортшылары
* 2012 Жазғы Олимпиада ойындарындағы Қазақстан
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Илья Ильиннің жеке веб сайты Мұрағатталған 8 тамыздың 2012 жылы.
* Profile IWRP |
«Айқұлақ» таңбасы (ағылш. commercial at, at sign) — бейнеленуі @ болып келетін типографикалық белгі, тілдердің көбінде маңында, арқылы, қасында, жанында деген мағынаны бейнелеу үшін қолданылады.
Бұл ақша есебі мен сауда саласында пайдаланылатын at the rate of деген ағылшынша сөйлемдің қысқартпасы (мыс.,“7 widgets @ $2 ea. = $14” —«бұйымның әр данасын 2 доллардан алғанда, 7 данасы 14 долларға тең»). Қазіргі танда таңбаның пайдалануы жаппай құбылыс, бұның себебі электронды пошта мекенжайларында кең таралуында.
## Тарихы
* 1885 жылы American Underwood ұйымында қаржылық есептерді жүргізуде қолданып, айырма бағамын, айырма мөлшерін көрсетуге қолданған.
* 1971 жылы америкалық програмист Рэймонд Томлинсон алғаш рет бір компьютерден екіншісіне жолданған алғашқы электронды хаттың адресінде пайдаланған.
## Заманауи қолдануы
* Дизайн әлемінің ең бір ықпалды үлгісі ретінде @ белгісі қазір Нью-Йорктегі Заманауи Өнер мұражайында да тұр.
* MoMA қазір @ белгісін дизайндық үлгілері үшін де қолдануда.
* @ ағылшын тілінде қазақ тіліндегі Шығыс септігінің (-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен) деген мағына білдіруде қолданады (мысалы, @urimtal – өрімталдан). Кейде Барыс септігінде де қолданады.
## Айқұлақ басқа тілдерде
* Италия, Француз тілдерінде – ұлу;
* Норвегияда – шошқа құйрығы;
* Неміс тілінде – маймыл құйрығы;
* Қытайша – кішкентай тышқан;
* Орысша – күшік;
* Қазақша- айқұлақ.
## Сыртқы сілтемелер
* ascii64 - the @ book - free download (creative commons) - by patrik sneyd - foreword by luigi colani (11/2006) Мұрағатталған 20 қаңтардың 2007 жылы.
* A Natural History of the @ Sign The many names of the at sign in various languages
* Linguist's view
* Where it's At: names for a common symbol Article at World Wide Words
* UK Telegraph Article: Chinese parents choose to name their baby "@" |
Мүшел — 12 жылдық айналым (цикл). Жыл басы қазақша көктемде күн мен түн теңелуінен саналады (наурыздың 22). Айналым Тышқан жылынан басталады. Мүшел жыл санау күнтізбесі көне түркі мәдениетінен алынып, қытай, тибет халықтарына тараған.
## Жер тарауы
Бұл қыт. 地支 dìzhī — Жер тарауы делінеді.
## Жыл сәйкесі кестесі
## Тағы қараңыз
* Мүшел жас
* Мүшелтой
## Түсіріндірмелер |
Тариқ Рамадан – Швейцариялық философ, Ислам ағартушысы.Мұсылмандар арасында кеңінен тамынал, қарама-қайшылы ағартушы ғалымдардың бірі Рамадан мәдени және діни текетіресте “көпір” болуға тырысады. Оның ізбасарлары оны Еуропадағы Мұсылмандар бірлігін қорғаушы деп біледі. Рамаданның сыншылары оны антисемитизммен айыптап, тіпті ланкестікке қатысы бар деп айыптайды. 2004 жылы АҚШ Мемлекеттік Департаментінің оны Хамасқа қатысы бар ислами қорларға демеуші болған деген айыптан кейін Рамаданға Нотр Дамға дәріс беруге АҚШ-қа баруына виза беруден бас тартылды. 2008 жылы ForeignPolicy.com торбетінің сауалнамасына сәйкес ол Әлемнің ең танымал 20 оқымыстылары тізіміне кірген.
## Сыртқы сілтемелер
* Official website Мұрағатталған 24 қыркүйектің 2008 жылы. |
Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.
Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы.
Қанаттың Лондон олимпиадасына қатысуына Қытай тарапы қарсылық көрсетті. АИБА бұл мәселені қарастырып, Қанатқа Қазақстан атынан сайысқа түсуге рұқсат берді. Алайда Қанат ұлттық құрама команданың бапкерлерінің тарапынан қолдау таппады. Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Өзінің бокстағы өмірін кәсіби бокспен байланыстыруда. АҚШ промоутерлерінен де бірнеше шақырту алғандығын хабарлады.
Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.
Қазіргі таңда:WBA БОЙЫНША 1- ОРЫН,IBF БОЙЫНША 3- ОРЫН,WBO БОЙЫНША 2- ОРЫН,Ал жалпы есеп BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында тұрақтаған [1].
## Кәсіпқой бокс
Қанат 2012 жылы Арландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті:Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.
* Даниэдь Веатон Доминикан Республикасы(Ла-Рамано қаласы, 28 қыркүйек),
* Анеиди Матрес Доминикан Республикасы(2 қазан)
* Модесто Феликс Доминикан Республикасы(Санто-Доминго, Қазанның 18-і)
* Нелсидо Мигуэль Доминикан Республикасы (нокаутпен, 29 қазан).
* Хосе Антонио Родригес Доминикан Республикасы (үшінші раундта тоқтатылып нокаутпен, қарашаның 10-ы)
* Сегунда Херрера Колумбия (екінші раундта жеңді, Богота, қарашаның 24-і).
* Реиналдо Эскуивиа Колумбия (алтыншы раундта таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 3)
* Хумберто Толедо Эквадор (бірінші раундтың 32 cекундтында есінен тандырып таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 16)
* Алексис Мартинес (екінші раундта таза жеңіс, АҚШ, Майями, сәуірдің 7)
Майами қаласында жаттығады.Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек.
Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы "жеңілмейтін қабылан" деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады.Қанат Ислам жетінші жолы колумбиялықты жеңді Биылғы жылы яғн 2019 жылдың 5- шілдесінде Қазақ елінде өткен жекпе жегінде қарсыласын 14 секундта сұлатып салып WBO Inter-Continental sper welterweight титулын жеңіп алды.[2] Бұған дейін бокс патшасы атанған Майк Тайсон қарсыласын 13 секундтта құлатқан екен,бұлда қазақ үшін аса үлкен бедел мен жеңістің бірі болмақ.
## Айқастар
27 жеңіс (21 нокаут), 0 жеңіліс, 0 тең
## Дереккөздер
3 Қанат Ислам 14 секундта жеңіске жетті---- Ең жаңа рекорд болуыда мүмкін
## Сыртқы сілтемелер
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН» Мұрағатталған 24 қаңтардың 2020 жылы.
* Қанат Ислам: «Арманым – АҚШ-та жүріп, қазақтың атын шығару»(қолжетпейтін сілтеме)
* Батырдың көз жасы Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2012 жылы.
* Қанат неге қапалы? Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Қанат ИСЛАМ: Кәсіпқой боксқа АҚШ-та дайындаламын
* Қанат ИСЛАМ: Спортшы ең бірінші кезекте Адам болуы керек(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!» Мұрағатталған 20 шілденің 2013 жылы.
* Өзін атажұртында бақытты санайтын саңлақ! (Қанат оқырмандарына жауап берді)(қолжетпейтін сілтеме)
* Мақсаты – атажұртына адал қызмет ету Мұрағатталған 8 ақпанның 2012 жылы.
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «КӘСІПҚОЙ РИНГКЕ КӨШЕТІН СИЯҚТЫМЫН»(қолжетпейтін сілтеме)
* Қанатқақты(қолжетпейтін сілтеме)
* Қанат Ислам: Aiba Қанат Исламның Лондон Олимпиадасына қатысуын қолдайды Мұрағатталған 9 сәуірдің 2015 жылы.
* Aiba-ның қолында!
* Қанат Ислам: Менің тағдырым Aiba-ның қолында! Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Бақыт кетеді, Бақтияр келеді. Ал Қанат қайтеді? Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Қанат ИСЛАМ: Қытайда да Қазақстанды арқаланып жүрдім Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Қанат Ислам, Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi: Мен – қазақпын! Маған қазақтың намысы қымбат!(қолжетпейтін сілтеме)
* Нәтижелер деректері(қолжетпейтін сілтеме)
* Silamu Hanati — фотосурет жиыны. |
Қанат Исламұлы (13 қыркүйек 1984 жыл, Шыңжаң, Қытай) — қазақ кәсіпқой боксшысы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы. Яғни, Қанат Ислам орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы. Ұлты - қазақ. 2010 жылы азаматтығын ауыстырып, атамекені Қазақстанға көшіп келіп "Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып 2012 жылға дейін өнер көрсеткен. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып 12 жекпе жек өткізіп онын нокаутпен жеңіске жеткен. Лақап аты - Қазақ.
Үрімші қаласындағы Педагогикалық университетті 2009 жылы тәмамдады. Спортты басқару және зерттеу маманы.
Қанаттың Лондон олимпиадасына қатысуына Қытай тарапы қарсылық көрсетті. АИБА бұл мәселені қарастырып, Қанатқа Қазақстан атынан сайысқа түсуге рұқсат берді. Алайда Қанат ұлттық құрама команданың бапкерлерінің тарапынан қолдау таппады. Лондон Олимпиадасына қатыса алмады. Өзінің бокстағы өмірін кәсіби бокспен байланыстыруда. АҚШ промоутерлерінен де бірнеше шақырту алғандығын хабарлады.
Қанаттың атамекенге оралуына Қазақстан құрама командасының бұрынғы Бас бапкері Тұрсынғали Еділов және Алматы облысының әуесқой бокс федерациясының президенті Бауыржан Оспанов себепші болған.
Қазіргі таңда:WBA БОЙЫНША 1- ОРЫН,IBF БОЙЫНША 3- ОРЫН,WBO БОЙЫНША 2- ОРЫН,Ал жалпы есеп BoxRec рейтнигы бойынша 35 орында тұрақтаған [1].
## Кәсіпқой бокс
Қанат 2012 жылы Арландар сапынан кетіп қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. 15 жекпе-жекте түгелдей аяқтап жеңіске жетті:Қазақ боксшысы осыған дейін Доминикан Республикасының бес боксшысымен кездесіп, барлығын нокаутпен жеңген.
* Даниэдь Веатон Доминикан Республикасы(Ла-Рамано қаласы, 28 қыркүйек),
* Анеиди Матрес Доминикан Республикасы(2 қазан)
* Модесто Феликс Доминикан Республикасы(Санто-Доминго, Қазанның 18-і)
* Нелсидо Мигуэль Доминикан Республикасы (нокаутпен, 29 қазан).
* Хосе Антонио Родригес Доминикан Республикасы (үшінші раундта тоқтатылып нокаутпен, қарашаның 10-ы)
* Сегунда Херрера Колумбия (екінші раундта жеңді, Богота, қарашаның 24-і).
* Реиналдо Эскуивиа Колумбия (алтыншы раундта таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 3)
* Хумберто Толедо Эквадор (бірінші раундтың 32 cекундтында есінен тандырып таза жеңіс, Пуэрто-Колумбия, желтоқсанның 16)
* Алексис Мартинес (екінші раундта таза жеңіс, АҚШ, Майями, сәуірдің 7)
Майами қаласында жаттығады.Қанат Ислам қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жету керек.
Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы "жеңілмейтін қабылан" деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен (43 жекпе-жек, 43 жеңіс) кездесуі мүмкін. WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады.Қанат Ислам жетінші жолы колумбиялықты жеңді Биылғы жылы яғн 2019 жылдың 5- шілдесінде Қазақ елінде өткен жекпе жегінде қарсыласын 14 секундта сұлатып салып WBO Inter-Continental sper welterweight титулын жеңіп алды.[2] Бұған дейін бокс патшасы атанған Майк Тайсон қарсыласын 13 секундтта құлатқан екен,бұлда қазақ үшін аса үлкен бедел мен жеңістің бірі болмақ.
## Айқастар
27 жеңіс (21 нокаут), 0 жеңіліс, 0 тең
## Дереккөздер
3 Қанат Ислам 14 секундта жеңіске жетті---- Ең жаңа рекорд болуыда мүмкін
## Сыртқы сілтемелер
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «КОММУНИСТІК ИДЕЯ – ҚАЙЫРШЫ МЕН ҚҰЛДАРДЫ ТӘРБИЕЛЕЙДІ ЕКЕН» Мұрағатталған 24 қаңтардың 2020 жылы.
* Қанат Ислам: «Арманым – АҚШ-та жүріп, қазақтың атын шығару»(қолжетпейтін сілтеме)
* Батырдың көз жасы Мұрағатталған 12 желтоқсанның 2012 жылы.
* Қанат неге қапалы? Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Қанат ИСЛАМ: Кәсіпқой боксқа АҚШ-та дайындаламын
* Қанат ИСЛАМ: Спортшы ең бірінші кезекте Адам болуы керек(қолжетпейтін сілтеме)
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!» Мұрағатталған 20 шілденің 2013 жылы.
* Өзін атажұртында бақытты санайтын саңлақ! (Қанат оқырмандарына жауап берді)(қолжетпейтін сілтеме)
* Мақсаты – атажұртына адал қызмет ету Мұрағатталған 8 ақпанның 2012 жылы.
* ҚАНАТ ИСЛАМ: «КӘСІПҚОЙ РИНГКЕ КӨШЕТІН СИЯҚТЫМЫН»(қолжетпейтін сілтеме)
* Қанатқақты(қолжетпейтін сілтеме)
* Қанат Ислам: Aiba Қанат Исламның Лондон Олимпиадасына қатысуын қолдайды Мұрағатталған 9 сәуірдің 2015 жылы.
* Aiba-ның қолында!
* Қанат Ислам: Менің тағдырым Aiba-ның қолында! Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Бақыт кетеді, Бақтияр келеді. Ал Қанат қайтеді? Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Қанат ИСЛАМ: Қытайда да Қазақстанды арқаланып жүрдім Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Қанат Ислам, Бейжiң Олимпиадасының қола жүлдегерi: Мен – қазақпын! Маған қазақтың намысы қымбат!(қолжетпейтін сілтеме)
* Нәтижелер деректері(қолжетпейтін сілтеме)
* Silamu Hanati — фотосурет жиыны. |
## Өндіріс
Гонконг, 1985 ж.
## Әртістер
Джеки Чан, Само Хунг, Бяо Юэн
## Фильмдегі оқиға
Жапониядағы қауіпті операция кезінде жапон якудзаларының қолына қытайлық полиция қызметкері түседі. Өздерінің адам басына келмес әрекеттерімен жапон бандысының қатарын абыржытып тастар деп сенген билік оны құтқаруға қуаяқ бес досын жібереді.
## Өндіріс
Гонконг, 1985 ж.
## Әртістер
Джеки Чан, Само Хунг, Бяо Юэн
## Фильмдегі оқиға
Жапониядағы қауіпті операция кезінде жапон якудзаларының қолына қытайлық полиция қызметкері түседі. Өздерінің адам басына келмес әрекеттерімен жапон бандысының қатарын абыржытып тастар деп сенген билік оны құтқаруға қуаяқ бес досын жібереді. |
Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2003 жылғы 2 шiлдедегi және комиссияның 2003 жылғы 24 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер
## Терминдер
## Сыртқы сілтемелер
Тіл білімі саласының терминдері Мұрағатталған 25 шілденің 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2003 жылғы 2 шiлдедегi және комиссияның 2003 жылғы 24 желтоқсандағы мәжiлiсiнде бекiтiлген терминдер.
## Терминдер
## Сыртқы сілтемелер
Әдебиеттану саласының терминдері Мұрағатталған 25 шілденің 2011 жылы. |
Отыз алты айла (Sān shí liù Jì) — ("Қытайдың 36 қулығы" деп те аталады,) әуел баста соғыста, сосын саясатта, мәдениетте, экономикада, тұрмыста қолданылған қулық-сұмдықтар топтамасы, ол сонымен бірге адамдардың жеке қарым-қатынастарында, көп жағдайда алдамшы немесе қалыптан тыс әдістерге сүйене отырып бірқатар айла-шарғыларды қолдану туралы қытай тілінде жазылған арнаулы шығарма. Оны заманымыздың V ғасырында, Қытайдың Лю Сун патшалығы заманында Tan Daoji деген әйгілі соғыс генаралы ежелгі кітаптардағы қытай қулық-сұмдықтарын жинақтап, өзінің соғыс амалдарын қорыту арқылы жазып қалдырған.
Негізінен қытайды түсіну үшін қытайдың әскери айла-шарғыларын түсіну керек. Олардың ең ежелгі ойшылы Лао-цзы айтқан екен: "Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді" деп. Яғни тамшы су тасты теседі, жұмсақ, биязы амалдар қатал келуге қарағанда өнімді болады, қатып алғандар тез сынады, жұмсақ, бейімделгіш нәрсе өміршең, ортаға сәйкестенгіш болады. Ал, әлсіз күштіні жеңетін себебі, әлсіздер өз әлсіздігі себепті ақыл ойлай бастайды, қулық қарастырады, шығар жол іздейді. Ал, күштілер өз күшіне сеніп қалады, күштілік көбінесе қулықтың алдында сәтсіз болады. Ертегілерде кездесетін "арыстанды құдыққа құлатқан құмырсқа" туралы әңгіме желісі көбінесе осы идеяны айтатын секілді.
Сондай-ақ, Лао Цзы "Соғыспай жеңу" деген идеяны ұсынған. Бұл идея бойынша егер жауыңды соғысып жеңсең, күшпен бойұсындырсаң, олардың көңілінде қайткен күнде де өшпенділік болады, бүгін болмаса, ертең, ертең болмаса бүрсікүні күшейсе сенен өш алмай қоймайды. Соғыспен жеңу уақыттық қана бойұсынуды туғызады. Ал, соғыспай жеңу деген жауыңды жұмсақ амалдармен риза етіп, сеніміне бөленіп, мәдени тәуелді етіп, өз аяғымен саған келіп берілуге қол жеткізу. Мұндай жеңіс тұрақты болады. Сондықтан "соғыспай жеңуге" тырысу керек дейді.
Сосын Лао Цзы және "Құпиялықта құдірет бар", "Құпиялық үрей туғызады" деп есептеп, құпиялыққа мән беруге, құпиялық арқылы өз жараңды сыртыңа білдірмей ("Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде"), сыртқа күшті көріну керек екенін ескертеді. Құпиялығы жоқ нәрсені кез келген нәрсе жеңіп алады, сондықтан Бірінші ереже Құпиялық болуға тиіс деп есептеген. Лао Цзыдың бұл идеяларының бәрі бүгіндері Қытай мәдениетінің қанына сіңіп кеткенін байқаймыз. Қытай айлакерлігінің үлкен бір тамыры осы Лао Цзыдың идеяларында жатыр.
Қытайдың айлакерлікке қатысты кітаптары осы "Отыз алты айламен" шектелмейді. Осыдан 2500 жыл бұрынғы қытай ойшылы Сун Цзы "Сун Цзының соғыс өнері" кітабын жазған. Аталған кітап күні бүгінге дейін әр елдің қорғаныс саласындағы оқыту істерінде, үлкен әскери жобалар мен әркекеттерде тікелей пайдаланылады.
Бұдан басқа Қытайдың әйгілі романдарының бірі "Үш патшалық хикаясы" деген кітабында да не бір айла-тәсілдер әдеби тәсілде айшықты жазылған. Онда қытай үш патшалық болып бөлінген кезде әскери айлакерліктің не бір тірі мысалдар көрсетілген.
Қытайды азат етуші көсемі Мау Зыдоң Қытайдың ішкі соғысы мен жапонға қарсы соғысында осы Дао ағымының, сосын Сун Цзының әскери ілімдерін жетілдірген, "Отыз алты айла" кітабындағы көптеген соғыс айлаларын тіке қолданған. Әсіресе партизандық соғыс жасау, соғыстың қозғалысты күйін сақтау, жау күшті, өзі әлсіз болғанда ұзаққа созылатын соғыс жасау, практикалық білімді негіз ету, қарапайым халықтың күшіне сүйену, шаруаларға жер бөліп беріп қолдауын қолға келтіру секілді көптеген ережелермен, айла-тәсілдерді дамытты.
Оны Батыс әлеміне алғаш рет таныстырған швейцариялық Һарро фон Зенгер болатын. Ол Тайбэй университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде «Түк шықпаса, онда қашып құтыл» деген қытай мақалымен танысады.
Қазір бұл кітап әлемдегі әскери соғыс тактикасы мен стратегиясы үшін маңызы айырықша әлемдік кең тараған кітаптардың бірі есептеледі. Қытай елі 5000 жыл бойы көптеген халықтар жағынан бодан етілсе де, ақыры қытайлық мәдениет бәрін жеңіп, өзін билегендерді түгел қытайландырып шығуына бұл кітаптың зор әсері болғаны сөзсіз.
## Отыз алты түрлі айла
"Соғыс атаулының бірі ғана соғыс, тоғызы қулық" деген сөз бар. "Соғыста ұят болмайды" деген де пікір бар. "Отыз алты айла" кезінде арнаулы түрде соғыс үшін ойластырылған қараңғы амал-тәсілдер есептеледі. Онда этикалылық, адамгершілік ескерілмеген. Көбінесе соғыстың мақсаты жеңу екен, ендеше жеңіске алып барған кез келген тәсіл дұрыс тәсіл дегенге негізделген. Әрине, бұл айла-шарғылар қазір тек соғыста ғана қолданылмайды, ол кез-келген салада, күнделікті тұрмыста, саясатта, экономикада, саудада, спортта, адамаралық байланыста жалпыбеттік қолданылады. Әр ұлттың өзіндік "36 қулығы" бар, тек ішіндегі ең жүйелі және өнімдісі қытайдікі болса керек. Әрине, қулықты білу қу болу үшін емес, ең маңыздысы қулыққа төтеп беру үшін, ең бір сәтсіз кезде қиындықтан шығу үшін, жамандықпен күресу үшін, сол қулықтардың өзіне төтеп беру үшін болмақ. Қазіргі әлемдегі текетірестер мен бәсекелестіктерде, тіпті қақтығыстарда осы қытай 36 қулығының ізі байқалады. Қытайдың отыз алты айласының негізгі мазмұны мен мағынасы төмендегідей (қазақшаға еркін аударма жасалды):
### Бірінші тарау: Жеңу айлалары
Бірінші айла: Аспанды алдап теңізден өту айласы — көрініп тұрып көрінбеу, яғни көз үйренген нәрсеге адам күдіктенбейді. Демек көз үйренгендей үйреншікті жалған көрініс жасау. Қарамаққа ашық болу, бірақ сол ашықтың тасасында жеңіске апаратын жабық құпия жасыру.
Екінші айла: Бірін құтқарып, бірін қоршау айласы — топтасқан жаудан бөлшектенген жау оңай. Демек жауыңды бөлшектеу, жауыңды қолдаушылардан айыру ең басты ереже болуы керек. сондай-ақ алдымен жаудың әлсіз тұстарын талқандап, сосын күшті бөліктеріне ауысу керек. Сондай-ақ соғыс жаудың территориясында болуына қол жеткізудің өзіндік маңызы бар.
Үшінші айла: Біреудің пышағын қарызға алып адам өлтіру айласы — Басқалардың қолымен адам өлтіру. Өз күшіңді ысырап етпей, өзгелерді жауыңа қарсы салып, басқалардың күші арқылы жеңіске жету.
Төртінші айла: Жауды жұмыс істетіп дем алу айласы — Қаталдық пен жұмсақтықты алма-кезек қолданып, жауды титықтатып құрту; Бұл айла бойынша қоршауға түскен жау қорғанамын деп қуатын сарқиды, сөйтіп күштіден әлсірейді. Сол орайда күшейіп, ырықсыз күйді жеңу керек, бірақ бірден шабуылға өтпей жаудың өз-өзінен күйреуін күту керек. Бұл жауды шаршатып, өз қуатын арттырып жеңіске жету айласы есептеледі.
Бесінші айла: Топалаңда тоқаш ұрлау айласы — жауың бір бәлеге ұрынып, қатты қиыншылыққа ұшырағанда орайды қалт жібермей мақсатыңа жету. Жығылған кезде жұдырықтап үлгеру, ес жидырмай соққылау. Жауға ешқашанда жанашырлық танытпау.
Алтыншы айла: Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру айласы — Шығыстан қылаң беріп, батыстан соққы беру. Бетіне күліп, құшақтап тұрып, арқадан пышақ ұру. Оңнан былай, солдан алай шығу, сөйтіп жауыңды қаймықтыру, есін шығару, алдап торға түсіру;
### Екінші тарау: Жаумен байланысу айлалары
Жетінші айла: Жоқтан бар жасау айласы — жалғанды расқа айналдыру; ашық-әшкере көрініп, жалған көрініс жасап, жаудың күдігін арттырып, сасқалақтаған сәтте бас салу.
Сегізінші айла: Көрнеуде жол жасап, көмескіде көпірден өту айласы — жаудың ішіне кіріп, алып, ішінен ыдырату, жалған өсек тарату, бірін біріне айдап салу;
Тоғызыншы айла: Қарсы жағада өртті тамашалау айласы — Егер жаудың ішінде алауыздық өршіген кезде жауға соққы берсең, олар алауыздықты тастап, саған қарсы біріге бастайды. Сондықтан алауыздық туылғанда одан алыстау керек, сонда алауыздық асқынып жау быт-шыт болады.
Оныншы айла: Күлкінің артына пышақ жасыру айласы — орай келмеген кезде барынша ақкөңіл, бейшара, аңқау, сабырлы болу, бірақ құпия түрде барлық әзірлікті толассыз жасау, жағдай пысып жетілгенде арыстандай айбаттанып шыға келу;
Он бірінші айла: Бір ағаштың амандығы үшін екінші ағашты кесу айласы — зиянды, жеңілісті, сәтсіздікті, жамандықты пайдаға айналдыра білу, жамандықтың, зиянның, өз қателігіңнің бойынан жақсылық пен пайда қарастыру;
Он екінші айла: Ебің келсе ешкі жетелеу айласы — Ілік іздеу, азырақ тесік болса соның кеңейуіне, азырақ жыртық болса соның дал-дұл болып жыртылуына қол жеткізу. Жаудың азырақ қателігінен толық пайдалану, ине өткен жерден жіп өткізу
### Үшінші тарау: Шабуыл айлалары
Он үшінші айла: Сабанды сабалап жыланды шошыту айласы — жауды толық барлап, бақылап алмай іске кіріспеу, күдікті нәрселерді абайлау, қақпан басудан сақтану, әр қадамды сенімді аттау;
Он төртінші айла: Өлікті тірілту айласы — Пайдалыны тізгіндей алмасаң пайдаланба (беліңе көтере алмайтын шоқпар байлама), Пайдасызды қолдануға шамаң келсе пайдалан, егер пайдасызды тізгіндей білсең, басқаларды да тізгіндей білесің. Пайдасыздан пайдалы жасаудың жолын білу керек.
Он бесінші айла: Жолбарысты таудан түсіру айласы — Жауды үрейлендіру арқылы өздігінен алдыңа келуіне қол жеткізу. Қорыққанға қос көрінеді дегенді толық кәдеге жарату. Жолбарысты тауынан айырсаң оны соғып алу оңай.
Он алтыншы айла: Ұстау үшін босату айласы — Жауды қашырсаң, онда оны титықтатып қу, бірақ қайта шабуға мәжбүрлеме (қайта шапқан жау жаман), жаудың қуатын сарқуға, шаршатуға тырыс, тірегін бұз, сүйенішін құлат, бірақ берілуге орай қалдыр, сөйтіп барар жер, басар тауы қалмағанда сені жақтайтын, бағынатын болады.
Он жетінші айла: Кірпішке гаухар айырбастау айласы — ебін тапсаң, мысты алтын деп, кірпішті гауһар деп жауыңды алдауға болады.
Он сегізінші айла: Басшысын құртып бассыз қалтыру айласы — Жауыңның негізгі күшін күйреткенде ғана, басшысын ұстағанда ғана, тірегін құлатқанда ғана, күшін тонағанда ғана, рухын жаншығанда ғана жеңдім деп есепте
### Төртінші тарау: Солақай айлалар
Он тоғызыншы айла: Отты отыннан айыру айласы — Күшің жетпесе, жауды ерегестірмей жұмсақ айланы қолдан. Жұмсақ қаттыны, әлсіз күштіні жеңеді. Бірден қатты күшке салу жеңісті алысты қиындатып, табысты ауырлатып жібереді. Жаудың негізгі күшімен айқаспай, оның тірегімен, сүйенішімен айқасу, азық-түлік, қазына-мүлік, қару-жарақ, дос-жаран секілділерін қолға келтіруге, бүлдіруге кірісу
Жиырманшы айла: Суды шалпылдатып балық ұстау айласы — жауды ұлғайтпауға, жөргегінде тұншықтыруға, әлсіз кезінде ойрандауға, әсіресе жау қалаймақан болғанда, ішкі қайшылығы асқынып аласапыран болғанда басып алуға тырысу керек. Ондай жағдайда олардың бірбүтін жүйелі қарсылығы болмайды, бірін бірі құртады. ("Жіңішкені үзуге, жұқаны бүктеу оңай, ал жіңішке жуандаса, жұқа қалыңдаса оны үзу мен бүктеу қиын!" Тоныкөк ескерткіші);
жиырма бірінші айла:Қабығыңа алтын жалату айласы — Салтанатты, керемет көрініс жасап жауды сескендіруге, назарын басқаға аударуға, шошытуға, үрейлендіруге, өздігінен келісім жасауға мәжбүр етуге болады. Жауды жылтырақ нәрсемен алдап апанынан шығаруға, жылтыр нәрселермен есін шығарып, сатқындарын сатып алуға болады. Адамдар көргеніне сенеді. Көргені керемет болса жүрегі сескенеді, абыржиды, алаңдайды. Бұл қазақтың "Бөрі арығын білдірмей жүнін қампитады" деген мақалына жақын келеді.
Жиырма екінші айла: Есікті бекітіп ұрыны қамау айласы — Егер жауды қуғанда оған қашып құтылу орайын қалдырсаң, онда ол сол орайға жету үшін жанын салып күресетін болады. Егер оған еш қашып құтылу жолын қалдырмасаң, онда ол ұсталады. Сондықтан жауға жау қосылмасын десең жауды қоршап, қаумалап, шашау шығармай бағындыруға тырысу керек, Егер сөйте алсаң онда оны қоя бере сал.
Жиырма үшінші айла: Алыспен сыйласып, жақынмен шайқасу айласы — Жағдайың нашар кезде алыспен, қиынмен айқаспай, жақынмен, оңаймен айқас, оңайды, нашарды жеңсең, күшің топталады. Екі жаудың арасында біреуіне көмек етуге уәде берсең де, уәдеңді орындауға асығып кетпе.
Жиырма төртінші айла: Басып алу үшін көмектесу айласы — Ұсақ мемлекеттерде қиыншылық болғанда оларға көмекті аямай беріп, көмектесу сылтауымен оны өзіне қосып жеп алу. Қытай елі өзінің көп жерін осылай кеңейткен.
### Бесінші тарау: Жауға жақындау айлалары
Жиырма бесінші айла: Үйінің діңгегін шіріген ағашқа ауыстыру айласы — Жаудың ұйымдасу әдісін, жоспар жүйесін, құпия ережелерін бұзып, өз ережесіне өзін қайшы ету, олардың сүйенген тірегін құпия ауыстыру, бұл олардың өнімді күресуіне кедергі келтіреді.
Жиырма алтыншы айла: Қарағайға қарап теректі қарғау айласы — Қарамаққа А болып көрініп, шынтуайтыңда В болып өмір сүр. Шындығыңды сыртына шығара берме. Құпия нәрселер үрей туғызады. Құпиялықтың өзі үлкен күш, кейде қаттырақ сөйлеп зәресін алып, қолдауын қолға келтір. Лайықты қаталдық пен қорқыту бойұсынуға мәжбүр етеді.
Жиырма жетінші айла: Байсалды түрде жынды көріну айласы — Өтірік ауырғандар ұсталып қалады, өтірік дірілдеп-қалшылдағандар алдап алады.
Жиырма сегізінші айла: Үй төбесіне шығушының сатысын құлату айласы ең маңыздысы жаудың шабуылшысын құрту, артқы азық-түлік, құрал-жарақ секілді негіздік нәрселерін айыру. Негізгі тірегін құртсаң қалғаны сенің ырқыңда.
Жиырма тоғызыншы айла: Ағаш басына гүл жайқалту айласы — Өзіңді жауыңа керемет етіп көрсету керексің.
Отызыншы айла: Қонақты қожайын ету айласы — Жауыңды төрге шығарып, ақымақ ету, немесе керісі, жаудың төріне шығып жауды ақымақ ету.
### Алтыншы тарау: Жеңілгенсу айлалары
'Отыз бірінші айла: Сұлу әйелмен аздыру айласы — Сұлу әйелмен алдау, аздыру, әлсірету. Әсіресе жауыңның қолбасысын, сардарын сұлу әйел арқылы аздырып, екі ойлы етіп, құпиясын ұрлап, бөлшектеп құрту. Бұл айланы қытай тарихтар бойы Ғұндарға, Түріктерге, моңғолдарға қолданған.
Отыз екінші айла: иен қаладан қорқыту айласы — қулық істеп жатқандай, қарамаққа өте жайбыр көрінгенсіп, қарамаққа қарсы жақты қулықпен құртып жатқандай көрініп, әсіресе күдікшілдерге керемет тор құрып қойғандай әдейі секем алдырып, ал шынтуайтында қарсы жақтың үрейі мен күдігін өршітіп, сол арқылы оларды екі ойлы етіп, титықтату.
Отыз үшінші айла: Жансызды сатып алу айласы — Жансыздықты пайдалану, құрған тұзағыңа жауыңның түсуіне көмектесетін жансыздарды көп пайдалану, тіпті жауыңның жансыздарын мол ақшаға сатып алып, түрлі жолдармен өзің үшін жансыз болуға мәжбүрлеп, жаудың жоспарын тығырыққа тіреу.
Отыз төртінші айла: Бейшара көріну айласы — өзіңді қинап, жазалап, бейшара көрініп, сол арқылы сенімділігіне кіріп аласың да, ары қарай ішінен іреп соя бастайсың. Алдымен зиян шексең де жақсылық жасауға тырысасың. Тасың өрге домалап алған соң, енді шын сырыңды паш етіп, пайда беретін жамандық жасауға кірісесің!
Отыз бесінші айла: Мыңсан айланы өзара тоғыстыру айласы — бір түрлі қулықты емес, әралуан қулықтарды қатар, алмастырып, еркін қолдану. Қулығы пияздай қабат-қабат болғанда ғана жеңіске жетесің. Тек бір түрлі қулыққа шектелу ешқайда апармайды. "Қулығына құрық бойламас" деген сөз сол қулықтардың таусылмайтын, түрлі-түсті екенін, түрлі қулықтар тең қолданылғанын көрсетсе керек.
Отыз алтыншы айла:Түк шықпаса қашып құтыл айласы — Бәрібір жеңе алмайтының белгілі болғанда шегіну, бой тасалау, бүкіл қосынды сақтап қалу үшін жол беру керек. Дегенмен кейде қашудың өзін қулыққа айналдыруға болады, мысалы өтірік шегініп, жауды қуалатып, жау қуалап шаршағанда, негізгі қосыннан алшақтағанда, жеңісіне масайрағанда, кеудесін ұрып кекірейгенде, сауыт-сайманын шешкенде, қайсарлығын әлсіреткенде, сергектігін жоғалтқанда қайта тап беріп тарпа бассалу ....
## «Айла-шарғы» ұғымы туралы
Кейбір халықтар үшін, мысалы еуропа халықтары үшін, сондай-ақ Қазақ ұлты үшін «айла-шарғы» ұғымы жағымсыз мағынаға ие. Сондықтан Батыс тілдерінде «стратагема» деген сөз қолданылады. Ол сөзді «стратегия» сөзімен шатастырмау керек.
Неміс тіліндегі «Дуден» түсіндірме сөздігінде List (айла-шарғы) сөзінің мағынасы былай түсіндіріледі:
* мақсатына біреуді алдау арқылы қалыптан тыс қол жеткізудің жолы
* мақсатына қалыптан тыс әдістер арқылы қол жеткізудің жолы
«Айла-шарғы» ұғымы әдетте «алдау», «біреуге зиян келтіру» ұғымдарымен байланыстырып қолданылады. Осында «айла-шарғы» екінші мағынада, яғни өз мақсатыңа шын ниетіңді бүркемелеп, басқалар күптеген қадамдар жасау арқылы қол жеткізу деген мағынада қолданылған.
## Шығыс және Батыс елдерінде алатын орны
Зенгердің айтуынша, Батыста айла-шарғы қолдануды арсыздық деп («Басқа амалы қалмаған қолынан түк келмейтіндердің қолданатын құралы» — Клаузевиц) және христиандыққа сай келмейтін іс деп бағаланады. Бұндай көзқарас Батыста мынадай нәтижелерге әкеп соқты:
* айла-шарғы қалай болса солай, жоспарсыз қолданылады,
* айла-шарғыға шебер Қиыр Шығыс елдерінің сондай қадамдары байқалмай және оған қарсы шара қолданылмай қалады,
* айла-шарғыға шебер адам онысын этика талаптарына сай жоспарлап іске асыра алатын болса, батыстың айла-шарғылары әдетте жоспарсыз және мейір-рақым көрсетпей қолданылады,
* Қиыр Шығыс елдерімен қарым-қатынас жасағанда, айла-шарғылар туралы жетімсіз білім түсініспеушіліктерге әкеп соғады, себебі батыстықтардың олардан хабары жоқ, ал шығыстықтар әр нәрсеге айла-шарғы тұрғысынан қарайды. Зенгердің айтуынша, Батыстың саясатшылары әсіресе адам құқықтары туралы әңгіме қозғағанда, бұл Қиыр Шығыста қазір қарқындап дамып жатқан, ертең Батысқа экономика және әскери күші жағынан бәсекелес болатын Қытайды әлсірету үшін ғана айтылатын айла-шарғы деп қабылдайды.
Зенгер айла-шарғылар туралы білім мектеп жасынан бастап үйретілуі керектігі туралы бір Қытай газетінің мақаласын келтіреді. Оның ойынша, мақалада оны үйрету керектігі немесе керек еместігі туралы емес, оны қай жастан бастап үйретуге тиіс екендігі туралы болады. («Die Kunst der List», 2001).
Оның айтуынша, айла-шарғыларды қолданудың екі түрі бар:
* Белсенді – айла-шарғыларды өз мақсатыңда қолдану
* Бақылаулы – басқалардың сөздері мен істерін талдап, айла-шарғыларын әшкерелеп отыру.
Алайда бұл көзқарас толық емес. Мысалы, сақталып отырған Рим және Византия оқулықтарында айла-шарғының бірнеше түрі сипатталады, олардың кейбіреулері төменде келтірілген. Никколо Маккиавелли секілді саяси ойшылдар айла-шарғыны саясат пен соғыста қолдануға толығымен болады деп пікір білдіреді. Ал Клаузевиц болса, айла-шарғыны басқа амал қалмағанда қолдану керек, бірақ оның пайдасы онша жоғары емес, себебі оны басқа жақ түсініп қоюы мүмкін, оның үстіне керек күш пен материалдарды ысырап етеді дейді. Мидуэй шайқасы кезінде жапондықтармен дәл солай болды да. Отыз алты айла-шарғының ішіндегі көбі Батыста да қолданылып келген.
## Айла-шарғылар және этика
Зенгер айла-шарғыларды этика тұрғысынан қарастыруға көп көңіл бөледі. Оның ойынша, христиан діні оған тыйым салмайды (ол Матай 10:16-ны тілге тиек етеді: «Мен сендердi қасқырлар арасына жiберiлген қойлар сияқты жiберiп отырмын. Сондықтан жыландай көреген, көгершiндей ақ көңiл болыңдар!»). Ол айла-шарғыларды қолданудың төрт түрін көрсетеді:
* Айла-шарғыны зиян келтіру үшін қолдану
* Айла-шарғыны бір мақсатқа қол жеткізу үшін қолдану
* Айла-шарғыны жай әзіл үшін қолдану
* Этикалық жағынан бейтарап қолдану.
Айла-шарғыны шебер қолдану маңызды, ал басқалардың адамның өзіне қарсы бағытталған айла-шарғыларын ашу үшін оны өте шебер қолдана білу керек.
## Дереккөздер
* The Thirty-six Strategies Of Ancient China by Stefan H. Verstappen
* The 36 Secret Strategies of the Martial Arts: The Classic Chinese Guide for Success in War, Business and Life by Hiroshi Moriya, William Scott Wilson
* The Book of Stratagems by Harro von Senger. ISBN 0140169547
* The 36 Stratagems for Business: Achieve Your Objectives Through Hidden and Unconventional Strategies and Tactics by Harro von Senger. ISBN 9781904879466
* Greatness in Simplicity: The 36 Stratagems and Chinese Enterprises, Strategic Thinking by Cungen GE. ISBN 7802076420 |
Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. 2005 жылғы 14 шiлдедегi мәжiлiсiнде бекiтiлген сөздер мен сөз тiркестерi.
## Терминдер
## Сыртқы сілтемелер
Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау салаларының терминдері Мұрағатталған 25 шілденің 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер.
## Терминдер
## Сыртқы сілтемелер
* Қайта бекітілген терминдер Мұрағатталған 25 шілденің 2011 жылы. |
Қазақстан Республикасы Өкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның мәжілісінде бекітілген терминдер. «„Қазақстан темiр жолы“ ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамы ұсынған терминдер 2005 жылғы 6 қыркүйектегi мәжiлiсiнде бекiтiлген.
## Терминдер
## Сыртқы сілтемелер
Темір жол саласының терминдері Мұрағатталған 25 шілденің 2011 жылы. |
Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
* Алшын Әлімұлы бірлестігінің Шөмекей руынан.
* Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.
* Аламесектегі (қазіргі Есет батыр ауылы) орыс-қазақ мектебінде оқыған.
* Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.
* 1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.
* 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді
* Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.
* 1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
* 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды
* 1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.
* 1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.
* 1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.
* 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары
* 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары
* 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.
* 1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді.
* 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.
## Есте сақтау
* 1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді.
* Алматы мектептер мен көшелер
* Қызылорда қ-ларында мектептер мен көшелер
* Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мектептер мен көшелер
* Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар.
* 1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
* Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.
## Шығармалары
* КСРО мен Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы, Қ.-О., 1927;
* Политэкономия, Қ.-О., 1928;
* Қазақ педагогикалық институтының бір жылғы жұмысы, Таш., 1928;
* Мектептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес, Таш., 1933;
* Қазақстанда мәдениет революциясы, А., 1935;
* Қазақтың халық ақындары, М., 1936;
* Қазақстанда сауатсыздықты жою жұмысы туралы, А., 1936.
## Деректі фильм
2013 — “Темірбек Жүргенов” (фильм) режиссері “Қалила Умаров” Өндіріс: KalilaFilm.kz
## Дереккөздер |
Үштік кезең — бұдан шамамен 65 миллион жыл бұрын басталып, шамамен 1,8 миллион жыл бұрын аяқталған, яғни динозаврлардың жаппай қырылу оқиғасынан басталып, ең соңғы мұз дәуірінің басында аяқталған геологиялық кезең.
Осы кезеңнің басында жер бетін билеуші омыртқалылар ретінде сүт қоректілер бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Бұл кезеңде сүт қоректілердің дамуында аса ірі өзгерістер орын алды. Адамдардың ең алғашқы гоминид туыстары Proconsul және австралопитек осы кезеңде пайда болды. Құстардың, бауырымен жорғалаушылардың, қосмекенділердің, балықтардың және омыртқасыздардың қазіргі түрлері осы кезеңнің басында бар болатын немесе оның бас кезінде пайда болды. Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктердің қазіргі заманғы тұқымдастықтары өрбіді. Теңіз омыртқасыздарының және сүт қоректілерге жатпайтын теңіз омыртқалыларының эволюциялық өзгерістері онша көп болмады.
Тектоникалық үрдістер жалғаса беріп, Гондвана түбегейлі екіге бөлініп, Үндістан Еуразия плитасымен соқтығысты. Үштік кезеңнің соңына қарай Оңтүстік Америка Солтүстік Америкамен түйісті. Бұрынырақ бөлініп кеткен Антарктида өзінің оңтүстік полюстағы қазіргі орнына келді. Вулкандардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Үштік кезеңнің барысында ауа райы біртіндеп суып отырды. Палеоценнің басында дүниежүзілік ауа райы тропикалық-қоңыржай болып келсе, кезеңнің соңында ауқымды мұз басу басталды.
## Палеоген
### Неоген
## Ұғымның пайда болу тарихы
Үштік («Tertiary») деген ұғымды алғаш рет 1759 жылы Джованни Ардуино қолданған. Ол солтүстік Италияда жасаған бақылауларына негізделіп геологиялық кезеңдерді: бастапқы (бірінші), екінші және үшінші деп үш кезеңге бөлген. Кейінірек төртінші кезең, төрттік кезең қосылды. 1828 жылы Чарлз Лайель үштік кезеңді өзінің әлдеқайда егжей-тегжейлі таптастыру жүйесіне кіріктірді. Ол үштік кезеңді шөгінді қабаттарда кездесетін, қазіргі түрлерге ұқсас қазба моллюскілердің процентіне қарай төрт дәуірге бөлді. Сол төрт дәуірді ол грекше эоцен, миоцен, алдыңғы плиоцен және кейінгі плиоцен деп атады. Бірақ бұл жүйе бақылаулар алғаш рет жүргізілген Альпы таулары мен Италия жазықтықтарына сай келсе де, оны басқа жерлерге қатысты қолданудың мүмкін еместігі анықталды. Сол себепті моллюскілерді қолдану тоқтатылып, дәуірлердің аттары өзгертіліп, басқаша уақытқа жатқызыла бастады. Қазіргі ұғым бойынша үштік кезең деп палеоценнің басында басталып, плиоценнің соңында аяқталған кезеңді айтады.
## Ауа райы
Қараңыз: Zachos 2001
## Сілтемелер |
Лауыр Георгиевич Корнилов (Лауыр Жәгөрұлы Корнилов) (30 тамыз 1870, Өскемен, Өскемен округі, Семей облысы, Ресей империясы — 13 сәуір 1918, Екатеринодар, Қобан облысы) — Ресей әскербасы, инфантерия генералы (Жаяу әскер генералы). Жиһанкез-зерттеуші, әскери барлаушы, мәмілегер. Ресей-Жапония және І Дүниежүзілік соғыстарының қас батыры. Ақпан төңкерісі оқиғаларының белсенді қатысушысы, Ресей әскерінің Жоғарғы бас қолбасшысы (1917). Азамат соғысының қайраткері, Ақ қозғалыстың ұйымдастырушысы мен көшбасшысы.
## Балалық шағы
Лауыр Георгиевич Корнилов 1870 жылы 30 тамызда (ескі стиль бойынша 18) Өскеменде казак әулетінде Сібір казак әскерінің Қарқаралы станицадан шыққан тілмашының ұлы Георгий Николаевич Корниловтың отбасында дүниеге келді. Г.Н.Корнилов, әкесі сияқты, Көкпектіде пәтерлерде орналасқан 7-Сібір казак полкінің кіші урядник шенінде аудармашы қызметін атқарды. 1859 жылы 13 ақпанда ол жергілікті казак әулетінен шыққан Прасковья Ильинична Хлиновскаяға үйленді, ол туралы 1859 жылғы туу туралы жазбада бар. Хлиновскийлердің ата-бабаларының арасында поляктар мен алтайлық қалмақтар болған. Лауыр Георгиевичте қалмақтарда айқын шығыс келбетінің болғаны оның арғы ата-бабаларының арқасында. Лауыр отбасында төртінші бала болды. 1873 жылы ересек Корнилов туған жері Қарқаралыға ауысады. Әкесі Георгий Николаевич, бірінші офицер подқорыншы (орыс. подхорунжий) шенін алғанына қарамастан, 2 жыл өткен соң, ол әскери қызметтен кетіп, коллеж хатшы шенін алып, азаматтық мекемеге кетті, барлық ұлдары (ауыр Автоном ұстамаларымен зардап шегетінді қоспағанда) 1-Сібір императоры I Александр кадет корпусында Александр оқып, өмір бойы поручик қызметін атқарды, Андрейді корпустан шығарды. Лауырдың сүйікті інісі Жақып кадет бола отырып, жас кезінде өкпе қабынуынан қайтыс болды. Тек Петр атты інісі ғана полковник шеніне дейін қызмет атқарып, 1918 жылы Ташкентте қайтыс болды. Лауырдың Вера мен Анна есімді қарындастары де болған.
Лауырдың оқығысы келді, 1883 жылдың жазында анасы Прасковья Ильинична 13 жасар ұлын корпусқа түсіру үшін Омбыға алып келді. Корниловтар отбасы бұл уақытта 2 жыл бойы казактардың бай қаласы Зайсанда тұрып келген.
Кеңестік тарихнамада Корниловтың казак офицерінің отбасында туғаны туралы тікелей айтылады.
Омбы облысының тарихи мұрағаты 1870 жылғы туу туралы жазбаларды сақтамаған, сондықтан Лауыр Корниловтың шығыстық келбетін түсіндіретін бірнеше экзотикалық нұсқалар бар.
Мысалы, тарихшы К.П.Шовунов өзінің Корниловтың шығу тегі туралы зерттеулерін 1992 жылы «Известия Калмыкия» газетінде «Сіз кімсіз, генерал Корнилов?» мақаласында жариялады. Осыған сәйкес, Корниловтың шын аты - Лавга Гильджирович Дельдинов. Ол Семикаракор дондық станицада қалмақ-казак пен орыс казактың отбасында дүниеге келген. Отбасы ыдырап, кішкентай Лавга Өскеменде тұратын ағасы Георгий Корнилов асырап алып, ол Лауыр деп жазылды.
1992 жылға арналған «Қазақстан Кеңестері» газетінде №223 жарияланған басқа нұсқаның авторы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мұрат Әбдіров болды. Оның нұсқасы бойынша, Лауыр Георгиевич Корнилов 1870 жылы 18 тамызда Өскеменде 7-Сібір казак полкінің бұрынғы қорыншысы (орыс. хорунжий), туылғанға дейін 8 жыл бұрын казактік таптан кетіп, коллеж тіркеуші шеніне ауысқан Егор (Георгий) Николаевич Корниловтың (1906 ж.қ.) отбасында дүниеге келген. Корниловтың өз жұрты Сібірге Ермактың жасағымен бірге келген деп саналады. 1869 жылы Георгий Корнилов Өскемендегі қалалық полицияда хатшы лауазымын алады, жалақысы жақсы және болашақ генерал туылған Ертіс жағалауынан шағын үй сатып алады. Қарындасының айтуынша:
Осы нұсқа бойынша Л.Г. Корнилованың анасы — Мария Ивановна, Мәриям ана — Арғын-Қаракесек руынан шыққан қазақ. Ол шіркеулік-приход мектебінде оқыды, 14 жасында православие дінін қабылдап, Марья Ивановна деген есіммен атала бастады. 17 жасында Мәриям казак Георгий Корниловпен танысып, оған тұрмысқа шықты. Шамасы, ол ақылды, ерік-жігері мықты әйел болған және күйеуі үшін адал тыл мен тірек болған. Үйленгеннен кейін 2 жылдан соң Георгий Корнилов офицер, ал 1878 жылы шенеулік болды. Корниловтың ата-анасы туралы ақпарат өте аз, бірақ, шамасы, олар бір-бірін қатты жақсы көретін, өйткені олардың 13 баласы болған. Ол өзін толығымен бала тәрбиесіне арнады; ол аңғарғыш ақылымен, білімге деген құмарлығымен, есте сақтау қабілетімен және керемет қуатымен ерекшеленді.
## Кадет корпусында
1883 жылдың жазында жас Корнилов Омбы қаласындағы Сібір кадет корпусына оқуға түседі. Алғашында оны тек «келуші» ретінде ғана қабылдады: қазақ даласында тиісті үйретуші болмағандықтан, француз тілінен басқа барлық пәндерден түсу емтихандарын сәтті тапсырды. Дегенмен, жаңа оқушы бір жыл оқудан кейін өзінің табандылығымен және тамаша аттестаттауымен (орташа балл 12-ден 11) «қазыналық коштқа» ауысуға қол жеткізді. Сол корпусқа бауыры Яков та оқуға түсті.
Еңбекқор әрі қабілетті Корнилов көп ұзамай корпустағы үздік оқушылардың біріне айналды. Корпус директоры генерал Пороховщиков жас кадеттің аттестациясында былай деп атап көрсетті:
Оқудағы жетістіктері үшін Корниловқа вице-фелдфебел атағы берілді. Корпустағы жолдасы С.М. Бигловпен бірге физика оқулығын татар тіліне аударды. 5 жылдан кейін қорытынды аттестацияда мынаны оқуға болады:
Қорытынды емтихандарды өте жақсы бағамен тапсырған Лацыр одан арғы оқуын жалғастыру үшін әскери мектепті таңдау құқығын алады. Математикаға деген сүйіспеншілігі және осы пәндегі ерекше табысы Корниловтың 1889 жылы 29 тамызда Петербургтегі беделді Михайловский артиллериялық училищесіне (осында әдетте ең дарынды кадеттер ағылып келетін) оқуға түсуіне көмек болады.
## Ресей императорлық әскеріндегі қызметі
### Артиллерия мектебі
## Дереккөздер |
Темірбек Қараұлы Жүргенов (1898, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап — 25 ақпан 1938, Алматы) — мемлекет қайраткері.
## Өмірбаяны
* Алшын Әлімұлы бірлестігінің Шөмекей руынан.
* Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашады.
* Аламесектегі (қазіргі Есет батыр ауылы) орыс-қазақ мектебінде оқыған.
* Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атынд. училищеде бастауыш білім алған.
* 1917 ж. Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады.
* 1918 ж. “Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді
* Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды.
* 1919 ж. Ырғыз уезі Кенжеғара болысы рев. к-тінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
* 1920 ж. БК(б)П қатарына өтіп, Ырғыз уездік рев. к-тінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару к-тінің төрағасы болып сайланды
* 1921 — 23 ж. Орынборда жұмысшы ф-тінде оқиды.
* 1923 ж. Ташкенттегі Орта Азия мемл. ун-тінің құқық ф-тіне оқуға жіберіледі. Осында оқып жүріп, ол Қазақ АКСР-інің Түркістан Республикасындағы толық өкілетті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының ОАК-теріне мүше болып сайланады, өлкелік және респ. партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне ат салысады. Бұл мәселе төңірегінде “Еңбекші қазақ”, “Советская степь” газеттеріне мақалалар жариялады.
* 1926 ж. Ташкенттегі Қазақ пед. ин-тының директоры болып тағайындалады. Институтқа акад. В.В. Бартольд, проф. С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға ат салысты.
* 1929 ж. Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары
* 1930 — 33 ж. Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары
* 1933 — 37 ж. Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С.Аспандияров, Қ.Жұбанов, Ғ.Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей ат салысуымен “Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы” қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің саны артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлттық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.
* 1934 ж. Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін, 1936 ж. Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Жүргенов — ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орт. қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. Мұхтар Әуезов, Ж.Шанин, Ә.Қастеев, т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналысуына жағдай жасады. Жүргенов Қазақстанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді.
* 1937 ж. КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Осы жылы 3 тамызда “халық жауы” деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-, 11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының 1957 ж. 18 сәуірдегі шешімімен кінәсіз жазаланғаны анықталып, ақталған.
## Есте сақтау
* 1993 ж. Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына Жүргенов есімі берілді.
* Алматы мектептер мен көшелер
* Қызылорда қ-ларында мектептер мен көшелер
* Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы мектептер мен көшелер
* Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ж. есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар.
* 1998 ж. Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті.
* Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды.
## Шығармалары
* КСРО мен Қазақстанды әкімшілік-шаруашылық жағынан аудандарға бөлу проблемасы, Қ.-О., 1927;
* Политэкономия, Қ.-О., 1928;
* Қазақ педагогикалық институтының бір жылғы жұмысы, Таш., 1928;
* Мектептің түп кемшілігін кетіру үшін күрес, Таш., 1933;
* Қазақстанда мәдениет революциясы, А., 1935;
* Қазақтың халық ақындары, М., 1936;
* Қазақстанда сауатсыздықты жою жұмысы туралы, А., 1936.
## Деректі фильм
2013 — “Темірбек Жүргенов” (фильм) режиссері “Қалила Умаров” Өндіріс: KalilaFilm.kz
## Дереккөздер |
Би — дәстүрлі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жүйесіндегі демократиялық биліктің иесі.
Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе, В.В.Бартольдтың пікірінше, “би” сөзі шамамен 14–15 ғасырларда ежелгі түркі тіліндегі “бек” атауының бір нұсқасы ретінде пайда болып, басқарушы, ел билеуші мағынасын білдірген. Кейіннен бастапқы семантикалық-тілдік реңкінен ажырап, көбінесе, дау-жанжалды шешіп, кесімді төрелік айтушы, әділ үкім шығарушы адамды бейнелеу үшін қолданылған. 17 ғасырда өмір сүрген Махмұд ибн Уәлидің “Бахр әл-асрар фи манақиб әл-ахйар” атты еңбегінде “жоғарғы мәртебелі әмірлер мен елге сыйлы, пендәуи тірліктен азат адамдардың” барлығы би аталғанын жазады. Ал қазақ халқының дәстүрлі түсінігінде бұл атау төрт түрлі мағынада:
* ел билеушісі, иелік етуші;
* сот, төреші;
* батагөй, шешен;
* бітістіруші дипломат, елші ретінде ұғынылған.
Бидің қоғамдағы рөлін жан-жақты түсіну үшін қазақ халқының тарихи-әлеуметтік даму кезеңдерінің ерекшелігін жете ескеру шарт. Өйткені, ежелгі дәуірлерден 19 ғасырдың басына дейін қазақ қоғамы саяси потестарлы билік жүйесінің негізінде дамығаны белгілі. Ең төменгі (бұқаралық) билікті ауыл-аймаққа, ру-тайпа ішіне сыйлы, өмірлік тәжірибесі мол ақсақалдар атқарса, орта буындағы, яки, потестарлы билік тізгінін ру-тайпа басылары — билер уысына ұстады. Ал мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті төре тұқымы —хандар мен сұлтандар иеленген. Міне, күллі қазақ қоғамының елдік тұтастығы осы соңғы екі билік жүйесінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы принциптеріне негізделді. Әлеуметтік құрылымға арқау болған рулық-тайпалық жүйенің өзі айқын қандас туыстардың ұйымы емес, саяси-әскери және шаруашылық қауымдастық қызметін ғана атқарды. Сондықтан қоғам болмысындағы рулық негіз мемлекеттік институттардың нығайып, жеке-дара үстемдік құруына қай кезде де мүдделі болған емес. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына арқа сүйеген потестарлы билік иелері, яки ру-тайпа басылары — билер мен батырлар хан-сұлтандардың билігін белгілі бір дәрежеде шектеп отырды. Сол арқылы олар өздерінің әлеуметтік-саяси статусын нығайтып, абырой-беделге кенелді. Әйтсе де, ерекше әлеуметтік жік ретінде билерді тарих сахнасына шығарған рулық құрылым өзіне субэтникалық-әлеуметтік топтарды тарта отырып, қоғамды ұйымдастырушылық, мемлекеттілік нышандарын нығайтушылық қызметін атқарды.
Мұрагерлік салтымен дала жұртын ғасырлар бойы билеген Шыңғыс хан ұрпақтары — төрелер тұқымы хандық биліктің бұлжымауы үшін билердің әкімшілік, әлеуметтік-саяси және мәдени рөлімен санасуға тиіс болды. Мысалы, ортағасырлық жәдігер — “Нұсратнаменің” авторы: “Әбілқайыр хан өлгеннен соң оның ұлы Шейх Хайдар хан болды. Оның заманында ұлы бек-билердің абыройы мен атағын һәм олардың мархабалы ру-ұлыстарын құрметтеу тәмамдалды да, содан ханның құдіреті күн санап кеми берді” деп жазады. Хандық билік жүйесінде бидің ерекше беделді тұлға болғандығын айғақтайтын жазба деректер де, ауыз әдебиетінің нұсқалары да жетерлік. Қазақтың алғашқы заңгерлерінің бірі Д. Сұлтанғазин “Бұрынғы замандағы қазақтардың билік қылуы” атты мақаласында: “... бағзы билер болыпты, бек білімді, атақты һәм ақылды, әділетті, көпті көрген және іс бітіргенде әдет рәсімдерін тегіс біліп, әр жұмысты қара қылды қақ жарып орнына келтіреді екен..., һәм солардың бітірген жұмыстарын ұлы хандары да әрқашан бұзбайды екен... Сондай билер турасында қазақтың мақалы да бар. Батыр мен биді салыстырғанда, биді қатты артық көретінін білдіретін сол мақалы мынау: “Батыр деген бір барақ ит, екі қатынның бірі табатын, би деген бір ақсарағат, бүтін елден біреуі ғана табатын” дейді (“Дала уәлаятының газеті”, 1888, ғ51). Билердің батыр, бай, т.б. әлеуметтік жіктерден ерекше құрметтелуінің бірнеше тарихи себептері бар.
* Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: “Жеті Жарғы” қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс еді.
* Сонымен қатар би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Олар нақты тарихи-әлеуметтік ахуалға қатысты жол-жоба белгілеп, заңи жосындар қабылдады, мәні ескіріп, маңызы кеміген қағидаларды елдік мүдде тұрғысынан қайта қарап, жаңасын қолданысқа енгізіп отырды. Тіпті, ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери доктринасына тікелей ықпал етіп, өзгерістер енгізе алған. Мәселен, 1695-ші жылы Қазақ Ордасында болған орыс елшілері Ф. Скибин мен М. Трошин “... Тәуке хан Қазақ Ордасының таңдаулы адамдарын өзіне шақырып алды да, біздің — Федка мен Матюшкенің — көзімізше, әлгілерден мына біздерді ұстап қала ма, әлде жібере ме, Русь қалалары мен слободкаларына соғыс ашып бара ма, әлде бейбіт тұра бере ме, соны сұрап алды” деп жазады.
* Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған.
* Төртіншіден, би — дипломат, елші. Ел бірлігіне, ұлт тұтастығына нұқсан келтірер ағайын араздығын басып, руаралық дау-жанжалдарды бітістірумен шектелмей, қазақ ұлысының көрші мемлекеттермен қарым-қатынас жасап, әр түрлі байланыс орнату ісінде де ханға көмекші әрі кеңесші қызмет атқарғаны белгілі. Мысалы, Абылай хан 1743 жылы жоңғар басқыншыларының қолына түскен кезде Қаз дауысты Қазыбек би Ресей үкіметі жолдаған секунд-майор Миллер экспедициясының құрамында елшілікке барған. Қалдан Серен қазақ еліне қадірі асқан бидің “біз, қазақ, мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз” деп тақпақтай сөйлеп, тайсалмай талап қойғанына разы болып, хан басына азаттық берген.
* Бесіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған.
Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған. Әсіресе, орталықтандырылған хандық биліктің пәрменін нығайтуды талап ететін әскери-жорық жылдарында плебисцитарлық, яки халықтық демократияның классикалық үлгісі ретіндегі би билігі — төрелік ету, әкімшілік басқару рөлі төмендей түскен. Мысалы, Шыңғыс ханның, сондай-ақ, хандық билікті қалпына келтіру үшін күрескен Кенесарының тұсында билер өкілеттілігін шектеп, сұлтандар мен қол бастаған батырларға басым билік берілген. Әсіресе, патшалық Ресейдің отаршылдық пиғылмен жүргізген құқықтық-әкімшілік реформалары қазақ даласындағы дәстүрлі саяси құрылымды түбірінен өзгертті.
* 1822 жылғы реформадан кейін хандық билік жүйесі күйреді. Ал билер институты 19 ғасырдың аяғына дейін формальді түрде өмір сүрді.
* 1854 жылдан бастап би атағын сұлтандар мен ауыл ақсақалдары қоғамдық сайлау арқылы, округ басшыларының бекітуімен алды.
* 1868 жылы 21 қазандағы “Далалық облыстарды басқару туралы ереже” бойынша, би атағы уақытша, тек қызметтік лауазымды атқару барысында ғана берілетін болды.
Ресей патшалығының қазақ даласын отарлау саясатын түбегейлі жүзеге асырған құжат — 1891 жылы 25 наурыздағы “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы ереже” дәстүрлі потестарлы билік жүйесін толық істен шығарып, би лауазымын жойды. Тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түскен Қазақстан жұртшылығы замана талабына сай мемлекеттік жүйе мен саяси құрылым қалыптастыру үшін дәстүрлі құқықтық мәдениеттің демократиялық-гуманистік принциптерге құрылған билер төрелігі тәрізді жекелеген институттарын қайта жаңғырту қажеттігін жақтады. Елдің сот жүйесінде билер институты қалпына келтіріп, оған жергілікті заң бұзушылық көріністеріне, неке дауы, отбасы, ағайын-туыс араздығы тәрізді келеңсіздіктерге төрелік ету функциясын беру туралы ұсыныстар жасалды (1999).
## Дереккөздер |
Ханибұш (африкаансша: Heuningbos, ағылшынша: Honeybush, ғылыми атауы Cyclopia spp.; Тегі: Fabaceae) - шай тәрізі қолданатын өсімдік. Бұл Оңтүстік Африканың тек солтүстік-батыстағы Батыс Кейп деген жеріндегі Лаңклоф деген шағын аймағында өседі де ройбұш сипаттарымен біраз үйлесімді.
Ханибұш атауы (ағылшынша: honey - бал, bush - бұта) шешектері бал тәрізді хош иісті болғаннан туған.
Табиғатта шамамен 23 түрі табылады, бірақ шаруашылықта негізінде 4 түрі пайдаланылады. Бұнда Cyclopia intermedia (африкаансша: berg tee - тау шайы), C. subternata (африкаансша: vlei tee - шалшық шайы), C. genistoides (африкаансша: kus tee - жағалық шай) және C. sessiliflora (африкаансша: Heidelberg tee - Һайделберг шайы, Оңтүстік Африкадағы таулы жердегі бір қаланың атындағы) деген түрлері бар.
Ханибұшты шайға пысықтаудын екі әдісі бар:
* Дәстүрлі әдісте, бұта жапырақтары жиыналады, кесіледі және жаншылады (ылғи шүбіршектермен), сосың күнге сүрленуге қалдырылады.
* Заманауи, өнеркәсіп әдісте, жапырақтар айналып және 70-80 градуске дейін қыздырлып тұрған күбішелерде 2-3 күні бойы сүрленеді. Үдеріс аяғында ауамен салқындатылады.
Біткеннен соң, жапырақтар електен өтізіледі де қолданба бойынша сұрыпталынады:
* Жоғары сапалы (көбінесе жібі мен құлағы бар шай қалташаларында қолданылады)
* Орта сапалы (көбінесе қалқымалы шай қалташаларында не қарапайым шай қайнатымында қолданылады)
* Қатқылды (көбінесе қарапайым шай қайнатымында қолданылады)
Ханибұш жапырақтарында кофеин (< 0.01 %) жоқ деп ауани есептеледі және де таннин (0.45%) де аз болады. Ханибұш құрамындағы бар кейбір биологиялық белсенді заттар төменде тізімделінеді:
* Изофлавондар
* Флавондар
* Даршин қышқылдары
* Коуместандар
* Ксантондар
## Тағы қараңыз
* Ройбұш
## Сыртқы сілтемелер
* Honeybush by Subhuti Dharmananda, Ph.D., Director, Institute for Traditional Medicine, Portland, Oregon
* Honeybush(қолжетпейтін сілтеме) by Liesl van der Walt, South African National Biodiversity Institute |
Тағы қараңыз: Қазақ жүздері
Орта жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі. Орталық және солтүстік шығыс Қазақстанды мекендеген қазақ тайпаларының одағы болып табылған.
## Тарихы
Этнотарихи жағынан Орта жүздің қалыптасуы-орта ғасырдағы қыпшақ этно-мәдени ортасымен, Ақ орда, Өзбек ұлысы ру-тайпаларымен байланысты. Оның қалыптасуына XV – XVI ғасырларда' пайда болған географиялық және этно-саяси факторлар негіз болды. Яғни, Алтын Орданың, оның шығысындағы автониялық құрылым Ақ Орданың ыдырауы, жаңадан құрылған тәуелсіз ұлыстардың (өзбек, қазақ, ноғай, т.б.) өзара соғыстары өзара жақын, туысқан руларды біріктіруге мәжбүр етті.
Қазақ хандығының нығаюы мен халықтың топтасуында Орта жүз тайпалары елеулі қызмет атқарды. XVI – XVII ғасырларда Қасым хан, Ақназар, Тәуекел, Есім хан, Тәуке хан тұсында қазақ хандығының аумағы күрт кеңейіп, бір-біріне жақын тайпалар бірігіп, аумақтық-әкімшілік бөлік болып қалыптасты (Жүз). Үш жүздің қалыптасуы жаугершілік уақытта, сыртқы жауға қарсы әскер топтастыруда шешуші рөл атқарды. XVIII ғасырда қазақтарға қарсы Жоңғар хандығының агрессиясы күшейіп ( Жоңғар шапқыншылығы), қазақ тайпаларының батысқа қарай ығысуына, көшуіне әкеп соқты. Жеке-жеке бытырай қоныстанған олар жоңғарлардың ұйымдасқан тегеурінді күшіне төтеп бере алмады. Ш.Уәлиханов бұл жайында былай жазады:“Құтырынған жоңғарлар түре қуған Орта жүз қазақтары Самарқанд маңынан барып шықты, олардың бірқатары көмек пен қамқорлық іздеп, Ресей шекарасына жақын қоныстанды”. Жоңғар шапқыншылығына қарсы халықты Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т.б. батырлар көтеріп, оларға қарсы бірнеше рет соққы берді.
Сыртқы жаудан қорғану үшін Орта жүз тайпаларының біразы Ресей бодандығына өте бастады. 1734 жылы 10 маусымда Сәмеке хан бастаған Орта жүз руларының бір бөлігі Ресейдің қол астына өз еркімен өтті. 1740 жылы тамызда Әбілмәмбет хан, 1742 жылы қарашада найман тайпасын билеуші Барақ сұлтан Ресей бодандығын қабылдады. 1754 жылы қазанда қоңыраттардың біраз бөлігі бодандыққа кіргенімен, олардың Ресей қол астына өтуі XIX ғасырдың орта тұсына дейін созылды.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде жан-жаққа бытырай көшуге мәжбүр болған Орта жүз тайпалары мен рулары XVIII ғасырда өз Орта жүз руларына ежелгі жерін қайтару үшін әскери және дипломатиялық әдістерді қатар қолданды. Қазақтарды іштей ыдыратуды көздеген Ресей өкіметі 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық құрып, оған Бөкей хан болды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлген соң 1822 жылы орыс патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылып, 8 сыртқы дуанға бөлінді. “Сібір қазақтары туралы ереже” бойынша әр дуан 15 – 20 болыстан, әр болыс 10 – 12 ауылдан, әр ауыл 50 – 70 түтіннен құралды. Ереже бойынша белгіленген 8 сыртқы дуанның [Қарқаралы, Құсмұрын (1824), Аягөз (1831), Ақмола, Аманқарағай (1832), Баянауыл, Үшбұлақ (1833), Көкпекті (1844)]ашылуы жергілікті халықтың наразылығын туғызды. 1824 – 36 жылдары Саржан сұлтан басқарған Қарқаралы және Көкшетау округтеріндегі халық бірнеше рет стихиялы түрде көтерілді. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс одан да ауқымды болды. Алғашқыда оған Ақмола, Қарқаралы, Аманқарағай, Баянауыл округтерінің халқы ғана қосылса, уақыт өте келе бұл көтеріліс үш жүзді қамтыды.
XIX ғасырдың II жартысында Қазақстанға әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілді (1866, 1891 жылғы реформалар). Орта жүз қазақтары Семей және Ақмола облыстарының құрамына енді, олар Жетісу облысы Лепсі уъездінде, Торғай облысы Қостанай және Торғай уъездінде халықтың көпшілік бөлігін құрады. Орта жүз тайпаларының біраз топтары Торғай, Сырдария облыстарының кейбір уъездін де қоныстанған. Орта жүз қазақтары енген екі облыста 130 болыс, 1048 старшын, 183668 шаңырақ болған. 1889 жылғы санақ бойынша, Семей облысында – 519887, Ақмола облысында – 466364 адам тұрған. 1897 жылғы санақ бойынша, халық саны көбейіп, мұнда барлығы 1267198 қазақ тұрған.
## Құрамы
Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты тайпадан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Орта жүз қазақтарының тарихы мен рулық-тайпалық құрамының толық сипаттамасы толымды түрде Ш.Уәлиханов, М.Тынышбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, І.Халиди, А.И. Тевкелев, А.И. Левшин, П.И. Рычков, т.б. ғалымдар еңбектерінде баяндалады.
Бұл тайпалар өз ішінде руларға бөлінеді. Арғын руы өз ішінде екі үлкен атадан тұрады: бес мейрам (қуандық, сүйіндік, бегендік, шегендік, қаракесек) және жеті момын (атығай, қарауыл, қанжығалы, тобықты, бәсентиін, шақшақ, сарыжетім); Найман руы өз ішінде төрт үлкен атадан тұрады: Терістамғалы(Келбұға,Кетбұға),Сарыжомарт(ергенекті)(Бораншы,Сарғалдақ,Шоңмұрын,Қожас,Қожамберді,Беске,Дәулет,Шеруші,Тенеке),Төлегетай бабадан (Матай,Қаракерей,Төртұл,Садыр) Сүгірші(Ергенекті, Бағаналы, Балталы);қыпшақ: жолаба қыпшақ, қара қыпшақ, құлан қыпшақ, сары қыпшақ, қытай қыпшақ қоңырат: жаманбай, аманбай, жетімдер, божбан, саңғыл, байдар, жандар, құлыншақ; керей: ашамайлы және абақ; уақ: жантелі және жангелді деген үлкен аталарға бөлінеді. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады.
Аңыз бойынша тарақты(Найманға да,Арғынға да кіреді,кей дерек бойынша Алтай-Қарпық) Орта жүз ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлы жүзде жалайыр, кіші жүзде табын руы ие. Ноқта сөзі бұл рулардың жетекші рөлге ие болғанын көрсетеді. Әрі аталған үшеуінің де таңбалары тарақ таңба, яғни төре таңбасымен үндес келеді. 1917 жылға дейін Орта жүз рулары қыста Сырдария, Қызылқұм, Қаратау, Мойынқұм өңірлерінде, Балқаш көлінің солтүстігінде, жазда Тобыл, Есіл, Нұра, Торғай, Ертіс, Сарысу өзендері салаларының алқабында, Орталық Қазақстанның кең байтақ далаларында көшіп-қонып жүрген.
## Ұрандары
Жолы үлкендігі бойынша:
* Арғын Мекендеген аумақтары:Торғай Үстіртінен Шыңғыс тауларына дейін, Балқаш көлінің шығысы мен солтүстік-батысы.
Ата қонысы Ертіс (Павлодар), Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Семей (Абай), Қызылжар (Солтүстік Қазақстан) және Қостанай облыстарында. Ұраны - "Ақжол";
* Найман Мекендеген аумақтары:Тарбағатай тауының жотасы мен Наймантау/Шыңғыстау және Жоңғар Алатауына дейін Ертістің төменгі және жоғарғы ағысы Балқаштың оңтүстігі.
Ата қонысы Өскемен,Семей,Риддер,Талдықорған,Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстан және Алматы облыстарында.Ұраны - "Қаптағай!".
* Қыпшақ — Ұраны — "Ойбас";
* Қоңырат — Мекендеген аумақтары: Оңтүстік Қазақстан, Сырдарияның ортаңғы ағысының оңтүстік жағалауы, Шымкент, Первоск, Ташкент ояздары. Ұраны - "Алатау";
* Керей — Ұраны - "Ошыбай, Абақ";
* Уақ — Мекендеген аумақтары: Солтүстік Қазақстан облысы. Ұраны - "Жаубасар, Мұқамал".
## Аумағы
Орта жүз аумағы оңтүстікте Сырдарияның орта ағысы алабындағы және Орта Азия өңіріндегі отырықшылық жағдайда егіншілігі өркендеген көне мәдени орталықтармен шектескен. Ауызша деректер бойынша кезінде Ұлы жүз бен Орта жүз табиғи шекараларының бірі болып Шу өзені белгіленген.Орта жүз солтүстікте Ресей иеліктеріндегі жерлермен шектесті.
Кейбір рулар қазіргі Қазақстан шекарасынан тыс жерлерде де орын тепкен. Найман руының бір бөлігі (қызай, байжігіт) мен керей руының үлкен бір бөлігі (абақ керей) қазіргі Шыңжаң жеріне (ҚХР) қоныстанған. Моңғолияның Баян-Өлгий, Қобда аймағында өмір сүріп жатқан қазақтардың да негізгі бөлігін осы абақ керейлер құрайды. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін абақ керей руы малға жайылым іздеп бұрынғы қоныстарынан шығысқа қарай көшіп, қазіргі Қытай жеріндегі Алтайдың таулы аймақтарын, Қара Ертіс бойын жайласа, қыста Моңғолия жеріне өтіп, қыстап жүрген. Моңғолияда революция жеңіске жетіп, 1921 жылы Қытаймен арадағы шекара белгіленген соң, абақ керейлер Моңғолияның Қобда аймағында түпкілікті орналасып қалған. Моңғолияда біршама найман, аздап арғын, уақ рулары кездеседі. Қытай жерінде өмір сүріп жатқан Орта жүз руларының көпшілігi Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі зұлматтың нәтижесінде Қазақстаннан қоныс аударғандар.
Орта жүз құрамына кірген тайпалар ежелгі заманда-ақ көшпелі жағдайда мал шаруашылығымен шұғылданған. Сырдария бойында, Сарысу, Нұра, Торғай өзендері, Алтайдың тау бөктерлерінде суармалы егіншілікпен де айналысқан. Балық аулау Балқаш, Зайсан көлдерінде жақсы дамыды. Аңшылық кәсіп, қолөнер түрлері де (ағаш ұсталығы, зергерлік, кілем тоқу, т.б.) айтарлықтай дәрежеде болды. Бұған қосымша Орта жүз жұртшылығы өзіне көршілес аймақтардан астық, өнеркәсіп және қолөнері бұйымдарын негізінен малға және мал шаруашылығы өнімдеріне айырбас жасады.
Ортағасырлық деректемелерде Орта жүз құрамына кірген тайпалар туралы біршама мәліметтер бар (Рашид әд-Дин, Әбілғазы, т.б.). Олардың тарихы ежелгі уақыттардан басталады. Орта жүз тайпалары ерте орта ғасырларда (VI– XII ғасырлар) болған саяси-тарихи оқиғаларға белсене араласып, Орта Азиядағы түрлі халықтардың этногенезінде маңызды рөл атқарды. Кейіннен басқа да түркі-моңғол тайпалары сияқты Шыңғыс хан құрған мемлекеттің құрамына кірді, Жошы әулеті билеген Алтын Орда мемлекетінде үлкен рөл атқарды.
## Саны
1896-1911 жылдары өткен ауыл-шаруашылық санақтарына сәйкес Орта жүз қазақтарының саны төмендегідей болды:
* арғын - 509 000 (753 000)
* найман - 395 000 (557 000)
* қыпшақ - 169 000 (192 000)
* қоңырат - 128 000 (148 000)
* керей - 90 000 (221 000)
* уақ - белгісіз
## Хандары
### Тәуелсіздік алғанға дейін Орта жүз билеушілері
* Қайып хан (1710-1715)
* Тәуке хан (1715-1718)
### Орта жүз билеушілері
* Қайып хан (1718-1719)
* Шах Мұхаммед хан (1719-1734)
* Әбілмәмбет хан (1734-1771)
* Абылай хан (1771-1781)
* Уәли хан (1781-1819)
* Ғүбайдолла хан (1819-1822)
### Орта жүздің жеке сайланған билеушілері
* Күшік хан (1718-1748)
* Барақ хан (1749-1750)
* Дайра хан (1781-1784)
* Бөкей хан ІІ (1815-1817)
* Бөкей хан ІІІ (1816-1819)
* Жантөре хан ІІ (1817-1819)
* Жұмажан хан (1817-1819)
* Шыңғыс хан (1819-1822)
## Дереккөздер
Алтай тауының солтүстігінен басқа бөліктері, Сырдарияның төменгі бөлігі, Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзенінің алабы |
Құрсым — жабдықтың микропроцессор, ЖЖҚ және перифериялық құрылғылардың арасында дерек беруді жүзеге асыратын құраласы.
## Дереккөздер |
Тінтуір төсемі (Mouse pad) - тінтуірдің астына төселетін материал, әдетте бұл – матамен қапталған төрт бұрышты резеңке (үстелдің ағаш немесе шыны бетіне қарағанда тінтуір табанының жақсырақ ұстасуын қамтамасыз етеді).
## Сыртқы сілтемелер |
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - бокс халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
### Қазақстанға оралу
2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да.
### Бейжіңдегі Олимпиада ойындары
Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды.
### Астана Арландары
## Сілтемелер
* Бақыт Сәрсекбаев: "Астана арландарына" енді қайта бармаймын"(қолжетпейтін сілтеме)
* Бақыт кетеді, Бақтияр келеді. Ал Қанат қайтеді? Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Бақыт СӘРСЕКБАЕВ: «Арландарға» жаңа көсем керек(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Бақыт Әбдірахманұлы Сәрсекбаев (29 қараша, 1981 жыл, Павлодар қаласы) - бокс халықаралық спорт шебері, Барыс орденінің иегері (2008), Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2008), Азия ойындарының чемпионы (2006).
## Өмірбаяны
### Балалық шағы
### Қазақстанға оралу
2004 жылғы Олимпиада ойындарынан кейiн Өзбекстаннан атақонысына көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзiне тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi. Бақыт Сәрсекбай Қазақстанға келмес бұрын Өзбекстанның 69 килограмм салмақтағы нөмiрi бiрiншi боксшысы болған. Бiрақ, өзбек ағайындарымыздың дәл Афины Олимпиадасы қарсаңында қазақ Бақыт Сәрсекбайдан гөрi өзбек Дильшод Махмудовқа көбiрек бүйректерi бұрып кеткенi жөнiнде баспасөз беттерiнде жазылды да.
### Бейжіңдегі Олимпиада ойындары
Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшысын тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финалда Бақыт Сәрсекбай өзiнiң ежелгi қарсыласы Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқының үмiт артқан боксшысы Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты.
Бақыттың бұған дейiн де талай жарыста бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi. Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт былтыр Чикагода өткен әлем бiрiншiлiгiнде бесiншi орынға табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындарында боксшыларымыздың жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның иесi де осы Бақыт Сәрсекбай болды.
### Астана Арландары
## Сілтемелер
* Бақыт Сәрсекбаев: "Астана арландарына" енді қайта бармаймын"(қолжетпейтін сілтеме)
* Бақыт кетеді, Бақтияр келеді. Ал Қанат қайтеді? Мұрағатталған 9 қарашаның 2011 жылы.
* Бақыт СӘРСЕКБАЕВ: «Арландарға» жаңа көсем керек(қолжетпейтін сілтеме)
## Дереккөздер |
Тоғай бей (?—1651 ж. маусым) — Қырым хандығының атақты қолбасшысы әрі саяси қайраткері.
Тоғай бей Қырым хандығының төрт ірі және күшті тайпаларының бірінен - Арғын тайпасынан шыққан.
Перекоп санжағының (аймағының) басшысы болып, "бей" атағын алды. Осындай деңгейге 1642 немесе 1644 жылында жетті (ІV Мұхаммет Герай ханның кезінде). Тоғай бейдің міндеті мемлекетінің оңтүстік тарабының қауіпсіздігін сақтау еді. Жеке жалауын және 3 мың жауынгерлерден құрастырған нөкерлері бар хандығындағы жалғыз бей еді. Тоғай бей 15 мың әскердің басшысы еді.
Богдан Хмельницкийдің тамыры еді. 1648 жылының сәуір айында III Ислам Герай ханның бұйрығы бойынша қолын басқарып Хмельницкийдің жігіттеріне көмекке келді. Жовтые Воды шайқасы мен Корсунь шайқастарына қатысты. |
Мына мағыналарды қараңыз:
* АЛЖИР (азап орталығы)
* Алжир
* Алжир (қала) - Алжир астанасы |
Би сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Би — лауазым;
* Би (өнер) — билеу өнерінің нысаны;
* Би- — ғылыми-техникалық терминдердің екеулік білдіретің префиксі. |
А.Л.Ж.И.Р. (орыс. Акмолинский Лагерь Жён Изменников Родины — Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері) — cонау 1937-ші жылы ІІХК-ның арнайы бұйрығымен салынған Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагері, кейін баршаның аузында АЛЖИР аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға дейін нәзік жандар қамауда болған. Қарағанды лагерінің 17-ші бөлімшесінің артынан 26-шы нүкте болып құрылған осынау тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.
Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды. Ол Қарағанды лагерінің ("Карлаг") 26 бөлімшесі ретінде қазіргі Астана қаласының оңт. батысында, Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде КСРО Ішкі Істер Халық Комиссариатының (НКВД) 1937 ж. 5 тамыздағы 00486 бұйрығы негізінде құрылған . КСРО ОАК-нің 1934 ж. 8 маусымдағы қаулысына сәйкес "отанын сатқандардың" отбасы мүшелеріне 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 5 жылға Сібірдің аудандарына жер аудару жазасы берілген. Алжир лагері 30 мың га жерді алып жатты. Оның Қарағанды , Ақмола өңірінде бірнеше бөлімшелері болды. АЛЖИР тұтқындары егін екті, мал бақты, құрылыс жұмыстарымен айналысты . Ұлы Отан соғысы жылдары АЛЖИР-де 8 мыңнан астам тұтұын әйел ұсталды. Лагерде КСРО мемл. Басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары, Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М.Н. Тухачевский, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С. Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам, Б. Майлиннің әйелі Күнжамал, Т. Рысқұловтың әйелі Күләндам, С. Мендешовтың әйелі Рәзия, Т. Жүргеновтың әйелі Дәмеш, С.Асфендияровтың әйелі Рабиға Майнұр Сармолдаева және т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын өтеді». Лагерге анасымен түскен сәбилер 2-3 жасқа жеткен соң аналарынан айырылып алынып, балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. АЛЖИР 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерге ауыстырылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956-57 ж. Саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. АЛЖИР тек 80-жылдардың соңында ғана ашық айтылып , жазыла бастады. Ол жөніңде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріліп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған.
2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені.
Бүгінде айтулы мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композициядан, сондай-ақ «Еске алу қабырғасынан» құралған. Мұражайдың экспозициялары өзінің материалдық құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді.
Қазіргі уақытта мұражайға келушілер назарына 1905-1916 жылдары қазақ зиялыларының саяси іс-әрекеттері, кеңес өкіметін орнату кезеңі, ұжымдастыру және шаруашылықтың қасіреті, қазақ жеріндегі аштық, 1937-1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстан аумағындағы ГУЛАГ-тың бөлімшелері, халықтарды Қазақстанға қоныс аудару, 1940-1950 жылдары Қазақстандағы саяси және идеологиялық қуғындар, 1986-шы жылғы желтоқсан оқиғалары жеке-жеке бөлім болып ұсынылып отыр. Бүгінде осы бөлімдерде төрт мыңға тарта жәдігер топтастырылған. Жертөле қабатындағы экспозицияның ортасындағы «Еске алу» азапты күнде де мейірімділікті еске түсіргендей. Үш қабатты мұражайда барлық экспонаттар шеңберлік көрініс бойынша орналастырылып, келушілердің сол бір сұрапыл жылдар тарихынан мол мағлұмат алуына мүмкіндік береді.
Лагерьде КСРО мемл. басшыларының, әскери қолбасшылардың әйелдері мен жақын туыстары, Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен балалары, жақын туыстары жапа шекті. Онда маршал М.Н. Тухачевскийдің қарындасы Е.Н. Тухачевская, А.С. Енукидзенің әйелі мен қызы, С.Сейфуллиннің әйелі Гүлбаһрам, Б.Майлиннің әйелі Күнжамал, Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза, С.Қожановтың әйелі Күләндам, С.Меңдешевтің әйелі Рәзия, Т.Жүргеновтың әйелі Дәмеш, Н.Нұрмақовтың әйелі Зүпнұн, С.Аспандияровтың әйелі Рабиға, Майнұр Сарымолдаева, Елизавета Садуақасова, Мария Есқараева, Мәриям Тоғжанова, Әйіш Құлымбетова, Бибіжамал Сырғабекова, Сағадат Таштитова, Шәкітай Тәтімова, Айша Қабылова, Кира Нұрмағамбетова (лагерьде атылды), Жанбике Шанина, Хадиша Мусина, Сақыпжамал Назарова (Зарап Темірбековтың әйелі), Уәзипа Күленова, Мағрипа Рүстемова, Әсма Шоманова, Зағипа Тінәлина, Баршын Қалменова, Мәдина Оразова, Мәрияш Есенгелдина т.б. көптеген қазақ азаматтарының әйелдері, аяулы аналар «жазасын» өтеді. Лагерьге анасымен бірге түскен сәбилер 2 — 3 жасқа жеткен соң аналарынан айырып алынып, балалар үйлерінің «тәрбиесіне» берілді. А. 1950 жылдың басында таратылып, оның тұтқындары басқа лагерьлерге ауыстырылды, жер аударылды, мерзімін өтегендер босатылды. Бірақ 1956 — 57 ж. саяси репрессия құрбандары ақтала бастаған кезге дейін олардың көпшілігі өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайтып оралуға құқы болмады. А. туралы тек 20 ғ-дың 80-жылдарының соңында ғана ашық айтылып, жазыла бастады. Ол жөнінде деректі «АЛЖИР» фильмі түсіріп, «Кебенек киген арулар» пьесасы жазылған.
Экспозицияның жеке бір бөлігі «АЛЖИР» тұтқындарының балаларына арналып отырғаны тегіннен тегін емес. Сол жылдардағы тергеушінің кабинеті өзінің сұрқымен адам денесін тітіркендіреді. Шағын жертөлелердегі тұрмыс көрінісі, тұтқынға алынғандардың жеке нәрселері, қуғын-сүргін құрбандары балаларының хаттары көрнекі жерден орын алған.
Жалпы қуғын-сүргін жылдарының алғашқы ескерткіші осыдан жиырма жыл бұрын Малиновка, қазіргі Ақмол ауылындағы құс фабрикасының қарапайым қызметкері Любовь Егоровна Дроботаның тікелей араласуымен жасалған «Қақ айырылған жұлдыз» кешенінен бастау алады.
## Дереккөздер |
Айлақ - кемелер мен құрылымдар жүгiнiң өңделуiн немесе сапарға жөнелтудi күтiп тұратын, сондай-ақ қажеттi амалдар орындалатын кемежайға және рейдтер құрылғысына кемелердiң келуi мен онда тұруы үшiн қызмет ететiн су бетiнiң шектеулi телімі.
## Сыртқы сілтемелер |
Жағысжай сөйлемі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
Жағысжай - жолаушыларға, көліктер мен кемелерге, жүктерге қызмет көрсететін ғимараттар мен жабдықтама кешені.
* Автожағысжай
* Әуе жағысжайы
* Өзен жағысжайы
* Темір жол жағысжайы
* Теңіз жағысжайы |
Гүлжан Талапқызы Молдажанова — (11 маусым, 1966 жыл, Алматы қаласы) «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының бас директоры.
## Өмірбаяны
* 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқып бітірген.
* 1998 жылы Ресей Федерациясы Үкіметің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
* 2001 жылы Антверпен университеті мен Халық шаруашылығы академиясы жанындағы Бизнес және іскери әкімгерлік институтының (Мәскеу) бірлескен бағдарлама бойынша MBA дипломын алған.
* 1994—1995 жж. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми қызметте.
* 1995 ж. Олега Дерипаска иеленген холдингіде «Росалюминпродукт» бас директорының хатшысы лауазымына ($200 жалақысымен) келді. Арада көп өтпей-ақ қаржы директорының көмекшісі болды, соңынан «Сибал» (Сибирский алюминий) компаниясының коммерциялық директоры болды.
* 2000 жылы «Русал» (Русский алюминий) компаниясының сауда мен маркетинг жөніндегі директоры болды.
* 2002 жылы «Русал» компаниясының стратегия мен корпоративтік даму жөніндегі директоры болды.
* 2004—2005 жж. «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының алюминий бизнесінің басқарушы директоры.
* 2005 жылдан бастап «Базэл» корпорациясының бас директоры. Оның бүкіл қызметі курстасы, бизнес олигархы Олег Дерипаскамен (бастапқыда оның хатшысы болған) байланысты. «Базэл» корпорациясының активінде алюминий, авиация, энергетика, автомобиль және қаржы бизнесі бар. Жалпы 14 млрд долларды басқарады. Түсім айналысы (2007 жылы) 26,8 млрд доллар.
## Жетістіктері
* 2008 жылы «Forbes» журналының әлемнің ең беделді 100 әйел тізімінде 37-ші орын алды.
## Дереккөздер |
Гүлжан Талапқызы Молдажанова — (11 маусым, 1966 жыл, Алматы қаласы) «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының бас директоры.
## Өмірбаяны
* 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде оқып бітірген.
* 1998 жылы Ресей Федерациясы Үкіметің жанындағы Қаржы академиясын бітірген.
* 2001 жылы Антверпен университеті мен Халық шаруашылығы академиясы жанындағы Бизнес және іскери әкімгерлік институтының (Мәскеу) бірлескен бағдарлама бойынша MBA дипломын алған.
* 1994—1995 жж. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде ғылыми қызметте.
* 1995 ж. Олега Дерипаска иеленген холдингіде «Росалюминпродукт» бас директорының хатшысы лауазымына ($200 жалақысымен) келді. Арада көп өтпей-ақ қаржы директорының көмекшісі болды, соңынан «Сибал» (Сибирский алюминий) компаниясының коммерциялық директоры болды.
* 2000 жылы «Русал» (Русский алюминий) компаниясының сауда мен маркетинг жөніндегі директоры болды.
* 2002 жылы «Русал» компаниясының стратегия мен корпоративтік даму жөніндегі директоры болды.
* 2004—2005 жж. «Базэл» (Базовый Элемент) корпорациясының алюминий бизнесінің басқарушы директоры.
* 2005 жылдан бастап «Базэл» корпорациясының бас директоры. Оның бүкіл қызметі курстасы, бизнес олигархы Олег Дерипаскамен (бастапқыда оның хатшысы болған) байланысты. «Базэл» корпорациясының активінде алюминий, авиация, энергетика, автомобиль және қаржы бизнесі бар. Жалпы 14 млрд долларды басқарады. Түсім айналысы (2007 жылы) 26,8 млрд доллар.
## Жетістіктері
* 2008 жылы «Forbes» журналының әлемнің ең беделді 100 әйел тізімінде 37-ші орын алды.
## Дереккөздер |
Арман Константинұлы Шілманов (20 сәуір, 1984 жыл, Теміртау) — 84 кг салмақты таэквондодан 2008 жылғы Олимпиялық ойындардың қола медалі иегері.
Атырау қаласында тұрады.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Нәтижелер деректері |
Жәмилә Алмасқызы Стеһликова (чех. Džamila Stehlíková, 6 ақпан, 1962, Алматы) — Чехия Республикасы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі. Чехия Жасылшыл партиясының белсенді қайраткері. Медицина ғылымдарының докторы.
## Өмірбаяны
* 1962 ж. ақпанның 6 Алматыда дүниеге келген. Әкесі Алмас Ордабаев сәулетші, мәдениеттанушы, этнограф. «Қазақтың ою-өрнектері» атты кітап авторларының бірі. Алматыда тұрады. Ол жөнінде «Страна и Мир» апталығында мақала жарияланған. Ал анасы Рауза Хамитқызы Сембаева химия саласының ғалымы. Мәскеуде тұрады. Нағашы атасы Әбдіхамит Сембаев кезінде Қазақстанда Білім министрі болған адам.
* «Дала мен Қала» деген ұлттық апталығына берген сұхбатында Жәмилә Алмасқызы ханым Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Қарақұрым ауылындағы (Жамбыл облысы) атамекені туралы былай деп аңсаған:
— «Дала мен Қала»: Қазақ қызы Жәмилә — Чехия министрi, 2007 ж. қаңтардың 26.
* 1986 жылы Мәскеудегі Бірінші медициналық инстититутының 1-ші емдеу факультетінде білім алып бітірді.
* 1985—87 жж. сол институттың психиатрия кафедрасында ғылыми қызметкері және сабақ беруші міндеттерін атқарды.
* 1987 ж. Прага қаласында аспирантурада.
* 1989 ж. ақпан — 1992 тамыз Хомутов қаласында белді дәрігер-психиатр болып істеді.
* 1992—97 жж. Прага халық денсаулық сақтандыру орталдығында және Мемлекеттік денсаулық институтында ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1998—2006 жж. Хомутов қаласында психиатрия саласында жекеше дәргерлік әрекетпен айналысуда. Университетте сабақ беру, ғылыми жұмыс.
## Саяси қарекеті
* Саяси мансабын доктор Стеһликова 1998 жылы Хомутов қаласы Уәкілдігінің (маслихат) мүшесі болып бастады.
* Соңғы екі сайлауда Хомутов қалалық ратушасының (әкімдік) мүшесі болды
* 2006 жылғы жергілікті уәкілдіктер сайлаудан бері Хомутов уәкілдігінің Шағын ұлттар жөніндегі комиссиясын басқарды.
* 2006 жылғы Сенат сайлауындағы 5-ші сайлау аймақта (Хомутов) жеңіліп қалды (7-ші орын, 3,67 % дауыс). * Жасылшылдар партиясының қалалық төрайымы, өлкелік ұйымының төрайымы және партияның бүкілреспубликалық кеңес мүшесі жетелерін атқарды.
* 2001 жылы «Relikty» деген қоғамдық ұйымның құрылтайшысы болып «Paměti Krušnohoří» деген жоба бастады. Бұл Солтүстік-Батыс Чехия өңіріндегі чех пен неміс ұлттары ішіндегі ескі тұрғындарды картада белгіледі.
* 2007 ж. қаңтардың 9 - 2009ж. - Чехия республикасы Үкіметі премьер-министрі Мирек Тополанектің (Mirek Topolánek) 2-ші кабинетінде Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды.
## Отбасы
* 1988 жылғы қаңтарында Милослав Стеһлик (Miloslav Stehlík) деген чех жігітімен үйленіп, сол кездегі Чехословакияда көмір кені бар Хомутов қаласында тұрақты қоныста қалды.
* 1992 ж. ақпанның 17 Чехословакия азаматтығын қабылдады.
* 1997 жылы Стеһликпен ажырасады.
* Екі баласы бар: қызы Камила (1988), ұлы Асан (1994).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жәмилә Стеһликованың ресми веб-торабы
* Егемен Қазақстан: Осындай қыздар да бар шетте жүрген
* Как казашка Джамиля министром в Европе стала Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2008 жылы. |
Жәмилә Алмасқызы Стеһликова (чех. Džamila Stehlíková, 6 ақпан, 1962, Алматы) — Чехия Республикасы Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі. Чехия Жасылшыл партиясының белсенді қайраткері. Медицина ғылымдарының докторы.
## Өмірбаяны
* 1962 ж. ақпанның 6 Алматыда дүниеге келген. Әкесі Алмас Ордабаев сәулетші, мәдениеттанушы, этнограф. «Қазақтың ою-өрнектері» атты кітап авторларының бірі. Алматыда тұрады. Ол жөнінде «Страна и Мир» апталығында мақала жарияланған. Ал анасы Рауза Хамитқызы Сембаева химия саласының ғалымы. Мәскеуде тұрады. Нағашы атасы Әбдіхамит Сембаев кезінде Қазақстанда Білім министрі болған адам.
* «Дала мен Қала» деген ұлттық апталығына берген сұхбатында Жәмилә Алмасқызы ханым Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында орналасқан Қарақұрым ауылындағы (Жамбыл облысы) атамекені туралы былай деп аңсаған:
— «Дала мен Қала»: Қазақ қызы Жәмилә — Чехия министрi, 2007 ж. қаңтардың 26.
* 1986 жылы Мәскеудегі Бірінші медициналық инстититутының 1-ші емдеу факультетінде білім алып бітірді.
* 1985—87 жж. сол институттың психиатрия кафедрасында ғылыми қызметкері және сабақ беруші міндеттерін атқарды.
* 1987 ж. Прага қаласында аспирантурада.
* 1989 ж. ақпан — 1992 тамыз Хомутов қаласында белді дәрігер-психиатр болып істеді.
* 1992—97 жж. Прага халық денсаулық сақтандыру орталдығында және Мемлекеттік денсаулық институтында ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
* 1998—2006 жж. Хомутов қаласында психиатрия саласында жекеше дәргерлік әрекетпен айналысуда. Университетте сабақ беру, ғылыми жұмыс.
## Саяси қарекеті
* Саяси мансабын доктор Стеһликова 1998 жылы Хомутов қаласы Уәкілдігінің (маслихат) мүшесі болып бастады.
* Соңғы екі сайлауда Хомутов қалалық ратушасының (әкімдік) мүшесі болды
* 2006 жылғы жергілікті уәкілдіктер сайлаудан бері Хомутов уәкілдігінің Шағын ұлттар жөніндегі комиссиясын басқарды.
* 2006 жылғы Сенат сайлауындағы 5-ші сайлау аймақта (Хомутов) жеңіліп қалды (7-ші орын, 3,67 % дауыс). * Жасылшылдар партиясының қалалық төрайымы, өлкелік ұйымының төрайымы және партияның бүкілреспубликалық кеңес мүшесі жетелерін атқарды.
* 2001 жылы «Relikty» деген қоғамдық ұйымның құрылтайшысы болып «Paměti Krušnohoří» деген жоба бастады. Бұл Солтүстік-Батыс Чехия өңіріндегі чех пен неміс ұлттары ішіндегі ескі тұрғындарды картада белгіледі.
* 2007 ж. қаңтардың 9 - 2009ж. - Чехия республикасы Үкіметі премьер-министрі Мирек Тополанектің (Mirek Topolánek) 2-ші кабинетінде Адам құқықтары және шағын ұлттар мәселесi жөнiндегi министрі болып тағайындалды.
## Отбасы
* 1988 жылғы қаңтарында Милослав Стеһлик (Miloslav Stehlík) деген чех жігітімен үйленіп, сол кездегі Чехословакияда көмір кені бар Хомутов қаласында тұрақты қоныста қалды.
* 1992 ж. ақпанның 17 Чехословакия азаматтығын қабылдады.
* 1997 жылы Стеһликпен ажырасады.
* Екі баласы бар: қызы Камила (1988), ұлы Асан (1994).
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Жәмилә Стеһликованың ресми веб-торабы
* Егемен Қазақстан: Осындай қыздар да бар шетте жүрген
* Как казашка Джамиля министром в Европе стала Мұрағатталған 21 қыркүйектің 2008 жылы. |
Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі, жеңгесі, жас іні, сіңлілермен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқаннан кейін «келіншек көші» дейді. Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады. |
Шолман (тат. Çulman; орыс. Ка́ма) (удмурт тілінде кам – өзен, ағыс) – Еділ өзенінің Ресейдегі ең ірі сол жақ саласы.
## Сипаттама
Ұзындығы 1805 км, су жиналатын алабы 507 мың км². Бастауын Жоғасыр Кама қыратынан алады. Бұл жердегі өзеннің арнасы ирек келген, Вишера сағасынан төменде суы мол өзенге айналады. Каманың ағын суын Кама, Воткин бөгеттері және Нижнекамск СЭС-і реттеп отырады, ал одан жоғарыда ірі бөгендер салынған. Кама ірі Куйбышев бөгеніне құяды. Төм. ағысында аңғары 15 км-ге жетеді, арнасы осы тұста 450 – 500 м-ді құрайды. Шолман Ұдмұртиядағы Кулиги қаласы төңірегінде аға басталып 1805 км дейін созылады.
Набережные Челны қаласы маңындағы жылдық орташа су ағымы 2940 м3/с. Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Қараша айының басынан сәуірге дейін мұз құрсауында болады. Өзеннен Керчевский елді мекеніне дейін ағаш ағызылады. Одан төменде тұрақты кеме қатынасы бар. Кама өңірінде Волга-Кама қорығы орналасқан
## Салалары
Басты салалары: Вишера, Чусовая, Белая (сол салалары), Вятка (оң саласы). .
## Порттар
Өзен бойындағы негізгі қалалары мен порттары: Соликамск, Березники, Пермь, Краснокамск, Сарапул, Набережные Челны, Чистополь.
## Көрме
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шолман
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шолман |
Ақеділ (башқ. Ағиҙел; тат. Агыйдел; орыс. Бе́лая) — Башқұртстандағы өзен, Шолман өзенінің ең үлкен (сол жақтағы) саласы. Бұл сала Иір-емел тауының шығыс жағындағы орналасқан батпақтарынан басталып 1430 км дейін созылады. Су жиналатын алабы 142 мың км2. Оңтүстік Оралдағы Оралтау жотасының батысынан басталады. Жоғарғы жағының жағасы жайпақ, батпақты, орта ағысында өзеннің аңғары күрт тарылып, кей жері тік жар болып келеді. Өзеннің жағалауында орман өседі. Оң саласы Нигуш және Уфа өзендері қосылғаннан кейін, арнасы бірте-бірте кеңейіп, жазықтық өзеніне айналады. Көп жерінде оң жағасы көтеріңкі келеді. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа ағыны Бирск қаласының тұсында 846 м3/с. Қараша айының ортасында қатып, сәуірде мұзы ериді. Уфа қаласынан Мәскеуге дейінгі аралықта тұрақты су көлігі қатынайды. |
Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.
Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.
Беташар айтылып болған соң сол үйге туыс жасы үлкендер, көрші-қолаңдар жас келіннің қолынан “шәй ішу” рәсімін өткізген. Бұл кезде жас келінге өзіне тетелес сол үйдегі не жақын абысыны көмекке келген. Абысын-ажын арасындағы болашақ татулық осы арадан басталған. Осы бірінші дастарқан үстінде келіннің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, т.б. назар аударылып, ол алғашқы сыннан өткен. Соңынан жасы үлкен, халыққа қадірлі қария келінге бата берген. Қазақтың беташар салты жаңа заманға да бейімделіп, жалғасын табуда. Қазіргі кезде беташар салты той асының алдында өткізіліп жүр.Бұл туралы мақала Әуезовтің «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» деген зерттеуінің ішіне кірген тараулардың бірі. Зерттеуші салт өлеңдерінің құрамында беташардың алатын орнын, мазмұндық ерекшелігін анықтаған. Беташардың қандай жағдайда, қашан, қалай айтылатынын сөз ете келіп, Әуезов бұл өлеңнің танытқыштық, тәрбиелік және керкемдік мәнін ашқан; мұның тұрақты мәтіні (тек- сі) болатыны, онда қазақ отбасында жаңа түскен келінге арналатын өсиет пен міндет іріктеліп керсетілетіні; жас келіннің жаңа келген елінде әдепті, еңбекшіл, өнегелі, үлкен мен кішіге ізетті болуға тиістілігі ғибрат, ескертпелерінде берілетіні айтылған («ел-жұртына жақ, келін, ата-енеңді бақ, келін, кісі келсе, үйіңе, киізіңді қақ келін... өзіңнен үлкен адамның, бетіне тіке қарама... сәлекет боп отырма, еркектей боп жүгініп, бір тізелеп жөн отыр, төмен қарап бүгіліп, қатты қылып сөйлеме, ақырын сөйлемңдіріп...»). Беташар өлеңінде отбасындағы үлгілі әйел қандай болуы керектігі туралы хапықтың ғасырлар бойында қалыптасқан әдеп нормалары, өнеге тізбегі, адамгершілік дүниетанымы, әйелдердің адам тәрбиесіндегі айрықша орны көрініс тапқан. Қазірге дейін айтылып, қажетке жарап келе жатқандығы бұл өлеңдердің өміршеңдігін көрсетеді.
## Тағы қараңыз
* Беташар жыры
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Bigox.kz Беташар реферат (қазақша)
* Bigox.kz Ерте замандағы беташар реферат (қазақша)
* Bigox.kz Қазақ ақындарының беташар туралы бірер ойы (қазақша) |
Нұқрат (тат. Noqrat, мар. Виче, ұдм. Ватка, орыс. Вятка) — Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі өзен, Шолман өзенінің оң жақтағы ең ірі саласы. Ұзындығы — 1314 км, су жиналатын алабы - 129 000 км².
## Географиясы
Удмуртияның солтүстігіндегі Жоғарғы Кама биігінен басталып, Мамадыш қаласынан 17 км төменнен Кама өзеніне құлайды. Вятка үшін кенеттен өзен ағысының құбылуы (солтүстіктен оңтүстік-батысқа, содан соң оңтүстік-шығысқа) үйреншікті.
## Салалары
Ірі салалары: оң жағынан - Белая, Кобра, Летка, Великая, Молома, Пижма, Шошма; сол жағынан — Чепца, Быстрица, Воя, Кильмезь.
## Су көздері
Негізінен қар суымен толығады. |
Зеңгір-көл (тат. Zäñgär kül; орыс. Голубое озеро) — Сарытау облысындағы көл. Еділ өзенінің сол жағында, Шумейка кентінің қасында. Көлемі 500 x 250 м. |
Лена (сах. -{Өлүөнэ}-; орыс. Ле́на) — Солтүстік-Шығыс Сібірдің ең ірі өзені. Көбінесе Саха Республикасы өңірінде ағады, Лаптевтер теңізіне құйылады.
Өзен ұзындығы 4400 км (әлемде 10-шы орын). Су жиналатын алабы 2,49 млн. км². Байкал жотасынан басталып, Лаптевтер теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Алабы негізінен Орта Сібір таулы үстіртінде, 500-ден астам ұсақ өзендерден тұрады. Орта ағысында аңғары 30 км-ге дейін жайылып, жағалауы батпақты келеді. Жайылмасында көптеген шағын көлдер бар. Еріген қар суы мен жаңбыр суынан толығады. Су тасығанда өзен деңгейі орта ағысында 10 — 15 м, төм. жағында 18 м-ге көтеріледі. Орташа жылдық су ағымы сағасында 17 000 м3/с. Лена және оның салалары Киренга, Вилюй, Олёкма, Алдан кеме қатынасына пайдаланылады. Усть-Куттен сағасына дейін кеме тұрақты жүреді. Басты айлақтары: Булун, Якутск, Олёкминск, Ленск, т.б. Вилюй, Мамакан СЭС-тері жұмыс істейді.
## Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы |
Қазақстан астанасы — Қазақстанның саяси-әкімшілік орталығы, ұлттық бірлік пен тәуелсіздіктің символы. 1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік ОАК мен РКФСР ХКК “Қырғыз (қазақ) автономиялы социалистік кеңес республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. РКФСР БРОАК-тің 1920 жылы 22 қыркүйектегі жаңа Декретімен Орынбор губернаторлығы мен Орынбор қаласы ҚазАКСР құрамына қосылды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды. 1925 жылы Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеуден соң, Түркістан АКСР-нің құрамында болып келген Сырдария және Жетісу облыстары, сондай-ақ Қарақалпақ автономиялық облысы Қазақ автономиялық республикасы құрамына енді, сөйтіп, ел астанасын шалғайда орналасқан Орынбор қаласынан қазақтың қалың ортасына көшіру мәселесі қайта көтерілді. Қазатком сессиясы (қыркүйек, 1924) ел астанасын Ташкентке ауыстыру, оған рұқсат етілмеген жағдайда Шымкентке көшіру жайында қаулы алды. Алайда, Мәскеудің араласуымен, республика астанасы Ақмешітке ауыстырылады деп шешілді. 1925 жылы 9 ақпанда Қазақ АКСР-і (автономиялы кеңестік социалистік республикасы) ОАК (яғни орталық атқару комитеті) төралқасы О.Исаевтің баяндамасы бойынша мемлекет астанасын Орынбордан Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарды. Сол жылғы 15 – 19 сәуірде Ақмешітте өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық V-съезі халқымыздың орысша “киргиз” деп аталуын “қазақ”, “Киргиз АКСР-і” атауын “Қазақ АКСР-і” деп өзгерту, ал республика астанасы Ақмешіт қаласының атауын Қызылорда деп атау туралы қаулы қабылдады.
1925 жылдың көктемі мен жазында мемлекеттік басқару органдары Сыр бойына көшірілді. Орынбор шаһары мен губерниясы Ресей Федерациясы құрамына берілді. Жаңа астана құрылысына және Қызылорданың Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығы ретіндегі қызметін орнықтыруға С.Қожанов, Т.Рысқұлов Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2010 жылы., Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, М.Тынышпаев, А.Кенжин, С.Ақаев, А.Серғазин, О.Исаев, С.Сәдуақасов, С.Есқараев, т.б. қоғам қайраткерлері белсенді қатысты. Қызылорда 1929 жылы мамыр айына дейін Қазақ АКСР-і астанасы болды (қ. Қызылорда).
Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен Ф.И. Голощекин басқарған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетті ел астанасын Қызылордадан орысы басым Алматыға ауыстыруды жөн деп тапты. 1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-і ОАК мен республика ХКК-нің қаулысы жарияланды. Бұл қаулы Қазақстан Кеңестерінің VІ-съезінде бекітілді (1927 жылы 3 сәуір). Қазақ АКСР-і орталығының Алматыға көшірілуі жөніндегі шешімді РКФСР ОАК мен ХКК мақұлдады (1927 ж. 30 мамыр). Ел астанасының Сыр өңірінен Жетісуға ауысуына Түркістан-Сібір темір жолының іске қосылуы да әсер етті. Ауа райы оңтайлы, табиғи көркем жерде орналасқан Алматы аз уақыт ішінде елдің саяси, экономикалық, мәдени орталығына айналды. Бас қала болған жылдары Алматы миллионнан астам тұрғыны бар, жан-жақты дамыған әсем қалаға айналды. Алматы 1997 жылға дейін Қазақстанның астанасы болды (қ. Алматы).
1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті. 2019 жылы наурыздың 20 жұлдызында Астана қаласының есімі ресми түрде Нұр- Сұлтан деп өзгертілді.
## Қазақстан астаналарының тарихы
Қазақстан астаналарының тарихы өте бай. Үш мемлекеттің: Батыс Түрік, Түргеш және Қарлұқ қағандықтарының астанасы Суяб қаласының іргесі 5 ғасырда қаланды. Орталық Азиядағы аса ірі қалалардың бірі Баласағұн (Ақтөбе) – Батыс Түрік қағандығының, Қарахан және Қарақидан мемлекетінің бас қаласы болды. Ең көне астаналардың бірі – Тараздың атағы 6 – 7 ғасырлардың өзінде Қытайдан Византияға дейін тарады. Тараз грек ғұламасы Птолемейдің картасына түсірілген. 10 ғасырдан бастап Тараз Қарахан әулеті өкілдерінің астанасы, көп уақыт бойы экономикалық орталық, Ұлы жібек жолындағы жетекші сауда орны болды. Жазба деректерде «Бірінші қала» атанған даңқты Испиджаб (Сайрам) 7 ғасырдан белгілі. Күлтегін, Білге қаған тас ескерткішінде Тарбанд деген атпен жазылған Отырарды (Фараб) араб ғалымы әл-Мақдиси (10 ғасыр) өте көне астана деп атайды. 9 – 11 ғасырларда Сыр өңіріндегі Жанкент (Янгикент) Оғыздар мемлекетінің, ал Ертіс бойындағы Имақия қаласы Қимақ мемлекетінің өркендеген астанасы болды. Дешті Қыпшақтың астаналары Орда Базар мен Женд, Ақ Орданың бас қалалары Сауран мен Сығанақ (Сунақата) әлденеше қиратылып, қайта жанданды. Рузбехан жазбаларында (16 ғасыр) Сығанақ саудасы өркендеген, бау-бақшасы жайқалған, қазақтың бай қаласы ретінде аталған. Қазақ хандары Тұрсынның, Жолбарыстың, Рүстемнің, Абдолланың, Әбілғазының астаналары Ташкент қаласы болды.
Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының тарихи орны ерекше. Түркістан Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Семеке (Тәукеұлы), Әбілмәмбет, Сейіт, Есім, Болат, Абылай, Тоғай хан тұсында қазақтардың айбынды астанасы болды. Шаһар жалпы түркілік мәнге ие болды. Қожа Ахмет Иасауидің есімі мен кесенесі оны Орталық Азияның діни астанасы – екінші Мекке мәртебесіне жеткізді.
10 ғасырда әл-Фараби астананы «қайырымды қала» деп атады. Ол «Асқан игілік пен ең биік кемелділік дәрежесіне ең алдымен жоғары дәрежелі дамыған қоғамның қайырымды қаласы – астанасы жетеді» деп санады. Әл-Фараби қайырымды қаланы мін-ақауы аз, тұрғындары заңға ден қойған, адамдарының пендешіліктерінен гөрі рухани сипаты басым, әділеттілік пен парасаттылық жайлаған бейбіт қала етіп суреттейді.Көрші елдерден Шыңғысхан империясының астанасы Қарақорымның, Шағатай әулетінің астанасы Алмалықтың (14 ғасырда Алмалық Моғолстанның астанасы болды), Темір мемлекеті мен Шайбани әулетінің астанасы Самарқанның (1924 – 30 ж. Өзбекстанның астанасы болды), Самани әулеті мен Бұхара хандығының астанасы Бұхараның (1920 – 24 ж. Бұхар Халықтық Кеңес Республикасының астанасы болды), Алтын Орда астаналары Батый салған Сарай, Берке хан салдырған Сарай-Беркенің Қазақстан тарихындағы орны ерекше. Сондай-ақ Сарайшық (Ноғай Ордасының астанасы, 14 – 17 ғасырлар), Қазан (Қазан хандығы, 15 – 16 ғасырлар), Бақшасарай (Қырым хандығы, 15 – 18 ғасырлар), Хиуа мен Үргеніш (Хорезм хандығы, 16 – 20 ғасырлар), Қоқан (Қоқан хандығы, 18 – 19 ғасырлар) қалалары қазақ шежіресінде терең із қалдырды.
Қазақ хандығы жойылғаннан кейін бар билік Ресейдің Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларына ауды. 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялылары астананы «кіндік қала» деп атады. 1917 – 19 ж. Алашорда автономиясының астанасы Алаш (Семейдің іргесіндегі) қаласы болды. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары Орынбор (1920 – 25), Қызылорда (1925 – 29), Алматы (1929 – 97) болды. 1994 ж. соңғы екі ғасыр тарихында қазақ халқы тұңғыш рет өз мемлекетінің астанасы туралы дербес шешім қабылдады. 1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласының (1998 жылдың 6 мамырынан – Астана қаласы) Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты бас қаласы болғанын жариялады.
## Қазақстан елордалары
Қазақтар жиырмасыншы ғасырда астанасын төрт мәрте ауыстырды, дәлірек айтқанда, алдыңғы үш астананы Мәскеу ауыстыртты.
## Қазақстанның астаналары
## Көне астаналар керуені
«Байтақ» – «пойтәхт» парсы тілінен аударғанда «астана», «тақ табалдырығы» деген мағынаны білдіреді екен. Қазақтың арғы-бергі тарихында байтақ болған қалалар легі өз алдына керуен секілді. Б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап Қазақстан жеріндегі мемлекеттердің саяси орталығы болған қалаларды атап өтпеуге болмайды. Мәселен, үйсіндердің астанасы Чигу-чинь немесе Қызыл аңғар қаласы. Оның орны қазіргі Алматы облысының Кеген ауданына қарасты Саты деген ауылдың маңында. Көне Қаңлы мемлекетінің астанасы Битянь қаласы, қазіргі Тараз қаласының орнында жатыр. Түрік қағанатының аты белгісіз астанасы Орхон-Керулен өзендерінің бойында екенін археологтар іздеп тауып, қазір зерттеулер жүргізіп жатыр. Батыс Түрік қағанатының және одан кейінгі Түргеш мемлекетінің орталығы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Қарлұқ мемлекеті – Қойлықты, Қарахан елі – Баласағұнды астана етті. Орта ғасырларда Отырар, Испиджаб (Сайрам) әкімшілік, сауда-саттықтың ірі орталықтары болды. ІХ-ХІ ғасырда Сырдың төменгі бойында Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент қаласы еді. Бір кездері гүлденген шаһар – Янгикенттің жылан ордасына айналып кетуіне байланысты аңыздар көп. ІХ ғасырда Қимақ мемлекетінің астанасы Ертіс бойындағы Имек қаласы болған. ХІ-ХІІІ ғасырда Дешті-Қыпшақ даласының гаваны аталған Сығанақ шаһары бірнеше мемлекетке астана болды. Тарихшы Берекет Кәрібаевтің айтуынша, аса ірі саяси-әкімшілік орталық саналған Сығанақ қаласы – Қыпшақ мемлекетінің, Ақ Орда ұлысының, Әбілқайыр мемлекеті (Көшпелі өзбектер мемлекеті) және Қазақ хандығының алғашқы астанасы болған. Көшпелі өзбектер мемлекетін билеген Әбілқайыр хан осы Сығанақ түбіндегі Көк кесене деген жерге жерленген. Алтын Орда заманында Сарайшықтың дәурені өтті. Онда қазақтың әйгілі ханы – Қасым хан жерленген. Қазақ ордасының астанасы қазақтың 200-дей хан-сұлтаны, батыр-билері, жақсы-жайсаңдары жерленген қасиетті Түркістан ұзақ жылдар саяси-рухани байтақ қала болды. Әзірет сұлтан Қожа Ахмет Яссауи жатқан Түркістан кесенесі аман болса, қазақты жау алмайды. Ер түріктің бесігі болған қасиетті Түркістан – қазақтың мәңгілік рухани астанасы болып қала бермек. Ташкент бір заманда қазақ жұртына байтақ болған екен. Қазақтың ежелгі астаналары Ұлы Жібек жолының бойына және өзен-суы мол өңірлерге қоныс тепкен. Ресей империясының Қазақ жерін жаулап алуына байланысты біртұтас орталық болған жоқ. Қазақ даласы үш генерал-губернаторлыққа бөлініп, Сырдария және Жетісу облыстарының орталығы Ташкенттен, Орал мен Торғай облыстары Орынбордан, Ақмола мен Семей облыстары Омбыдан басқарылды. 1917 жылы Алашорда үкіметі құрылып, саяси-әкімшілік орталық ретінде «Алаш» қаласы аталған Семейді таңдаған. Алайда бұл қағаз жүзінде бекітілгенімен, аумалы-төкпелі заманда Алаш астанасы – Алаш арманы жүзеге аспады.
## Кеңестік дәуірдегі ресми астаналар
1920 жылы Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылған соң Орынбор бас қала болып жарияланды. Орынбор өлкесі ол кезде қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі саналатын. Орынборда А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин, Б.Қаратаев, М.Дулатов, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, ағайынды Сейдалиндер қазақ халқына шамшырақ болды. Алғашқы «Қазақ» газеті және «Айқап» журналы Орынборда басылды. 1924 жылдан бастап астана Орынбордан Ақмешітке көшірілді. Себебі, сол кезде Түркістан республикасы таратылып, Жетісу мен Сырдария облыстары ҚазАКСР-не қосылды. Соның нәтижесінде халық саны 35 пайызға артып, қазақ жері бұрынғы қалпына келтірілді. Сол кезде Ресей Орынборды өздеріне қосып алып, астаналарыңды өздерің таңдаңдар деген мәселе қояды. Қазақ зиялылары Ташкент немесе Түркістан қаласын таңдамақ болады. Алайда қазақ астанасының Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне көшуінен қауіптенген біреулер Түркістанды астана етуге кедергі жасап баққан екен. Сөйтіп, Орынбордан кейін астана ретінде сол кездегі уезд орталығы ғана болған Ақмешіт қаласына таңдау түседі. Астананы Орынбордан көшірудің басы-қасында жүрген Сұлтанбек Қожанов әлдебіреулердің өз туған жері Түркістанға бүйрегі бұрды деген әңгіме өрбімес үшін Ақмешіт қаласына тоқтаған деседі. Қазақстанның Астаналары» (Сен білесің бе?) деп аталатын кітапшаның авторы, тарихшы Ахмет Тоқтабаевтың айтуынша, қазақ интеллигенциясы Ташкентті астана қылмақ боп көшіп бара жатқанда Сталиннен «тоқтатылсын» деген бұйрық жетіп, жол бойындағы Ақмешіт қазақтың астанасы болып қалады. Ташкент үшін қазақ пен өзбек оқығандарының арасында үлкен айтыс жүрген. Сол Ташкентті өзбектерге алып беруге қып-қызыл коммунистер Фрунзе мен Куйбышев көп еңбек сіңірді дейді білетіндер. Сөйтіп, 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Ол кезде Сыр бойының табиғаты өте бай еді, Сыр жағалаған ел ешуақытта қыстан жұтамай шығатын. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Қазаққа төрт жыл астана болған Қызылордада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Атақты Түрксіб теміржолының салынуы астананы Алматыға көшіруге түрткі болды. Заң жүзінде 1927 жылы 3 сәуірде көшіру басталғанымен, 1929 жылы іске асырылды. Әуелгі кезде Алматыдан 120 шақырым жерде Іле өзенінің бойынан астана тұрғызылмақ болып, тіпті құрылысы басталған. Алайда инфрақұрылымнан жұрдай, жол торабынан алыс айдалаға астана салудың қисыны келмейтіні мәлім. Сөйтіп, 1929 жылы Қазақстан астанасы Қызылордадан Алматыға көшіп келді. Басын қар басқан Алатаудың етегіне орналасқан табиғатының сұлулығы жағынан сирек кездесетін Алматы қаласы сейсмикалық қауіптілігіне қарамастан Қазақстанның орталығы болуға лайық еді. Кеңес жылдарында сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері болып табылатын опера және балет театрының үйі, Қазақстан қонақ үйі, Республика Сарайы, Әуезов атындағы академиялық театр, Орталық мұражай, Ғылым Академиясының бас ғимараты сияқты алып құрылыстар салынды. Алматыны бүкіл дүниежүзіне белгілі Медеу мұз айдынынсыз елестету қиын.
## Дереккөздер |
Тұрсын Икрамұлы Сұлтанов (7 мамыр 1940 жылы туған, Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылы) – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
## Өмірбаяны
* 1967 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің (қазіргі Санкт-Петербург) Шығыс факультетін (Таяу Шығыс елдері тарихы кафедрасы) бітірді.
* 1970 жылы КСРО ғылым академиясының Шығыстану институты Лениград бөлімшесінің аспирантурасын бітірген.
* 1970 – 74 жылдары Қазақ КСР-і ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтында ғылыми қызметкер
* 1974 – 97 жылдары Ресей ғылым академиясының шығыстану институтында (Санкт-Петербург) жұмыс істеді.
* 1997 жылдан Санкт-Петербург мемлекеттік университеті шығыс факультетінің Орталық Азия мен Кавказ кафедрасының меңгерушісі.
## Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты Орталық Азияның ортағасырлық тарихы мен деректану мәселелері. Орталық Азияның (Шығыс Түркістан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, т.б.) тарихы, мәдениет тарихы мен дерекнамасы жөніндегі 130-дан астам ғылыми еңбектің авторы, олардың 16-сы монографиялар. Бірнеше кітабы жапон, түрік және неміс тілдеріне аударылған.
## Марапаттары
Санкт-Петербург университетінің “Ең үздік ғылыми еңбектері үшін” сыйлығына ие болған (2000, 2004).
## Дереккөздер |
Шолман (тат. Çulman; орыс. Ка́ма) (удмурт тілінде кам – өзен, ағыс) – Еділ өзенінің Ресейдегі ең ірі сол жақ саласы.
## Сипаттама
Ұзындығы 1805 км, су жиналатын алабы 507 мың км². Бастауын Жоғасыр Кама қыратынан алады. Бұл жердегі өзеннің арнасы ирек келген, Вишера сағасынан төменде суы мол өзенге айналады. Каманың ағын суын Кама, Воткин бөгеттері және Нижнекамск СЭС-і реттеп отырады, ал одан жоғарыда ірі бөгендер салынған. Кама ірі Куйбышев бөгеніне құяды. Төм. ағысында аңғары 15 км-ге жетеді, арнасы осы тұста 450 – 500 м-ді құрайды. Шолман Ұдмұртиядағы Кулиги қаласы төңірегінде аға басталып 1805 км дейін созылады.
Набережные Челны қаласы маңындағы жылдық орташа су ағымы 2940 м3/с. Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Қараша айының басынан сәуірге дейін мұз құрсауында болады. Өзеннен Керчевский елді мекеніне дейін ағаш ағызылады. Одан төменде тұрақты кеме қатынасы бар. Кама өңірінде Волга-Кама қорығы орналасқан
## Салалары
Басты салалары: Вишера, Чусовая, Белая (сол салалары), Вятка (оң саласы). .
## Порттар
Өзен бойындағы негізгі қалалары мен порттары: Соликамск, Березники, Пермь, Краснокамск, Сарапул, Набережные Челны, Чистополь.
## Көрме
*
*
*
## Сыртқы сілтемелер
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шолман
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Шолман |
Нұқрат (тат. Noqrat, мар. Виче, ұдм. Ватка, орыс. Вятка) — Ресейдің Еуропалық бөлігіндегі өзен, Шолман өзенінің оң жақтағы ең ірі саласы. Ұзындығы — 1314 км, су жиналатын алабы - 129 000 км².
## Географиясы
Удмуртияның солтүстігіндегі Жоғарғы Кама биігінен басталып, Мамадыш қаласынан 17 км төменнен Кама өзеніне құлайды. Вятка үшін кенеттен өзен ағысының құбылуы (солтүстіктен оңтүстік-батысқа, содан соң оңтүстік-шығысқа) үйреншікті.
## Салалары
Ірі салалары: оң жағынан - Белая, Кобра, Летка, Великая, Молома, Пижма, Шошма; сол жағынан — Чепца, Быстрица, Воя, Кильмезь.
## Су көздері
Негізінен қар суымен толығады. |
Сәмедбек Садықбекұлы Мехмандаров (әз. Səməd bəy Sadıx bəy oğlu Mehmandarov) (16 қазан, 1855, Ленкоран — 1931, Баку) — ресей патша әскерінің артиллериясының (зеңбірек әскерінің) генералы, Әзірбайжан Демократикалық Республикасының және кеңес мемлекетінің әскери қызметкері.
## Өмірбаяны
* Қарабақтағы ақсүйектер, бектер тегінен шыққан. 1855 жылы қазанның 16-сында Ленкоранда туған.
* Бастауыш білімін Баку қаласындағы гимназия мектебінде алған.
* Әскери қызметін 1873 жылы қыркүйектің 1-інде Санкт-Петербургта 2-ші Константин әскери училищесінде юнкер болып басталған.
* Осы училищесін бітірген соң 1875 жылында прапорщик болып 1-ші Түркістан артиллериялық (зеңбірек) бригадасына жолдаған еді, соңда 3-ші батареясының тауда соғысатын взводтың басшысы еді.
## Дереккөздер |
Эбзеев, Борис Cафарович, (1950 ж. ақпанның 25-і) - Қарашай-Шеркеш Республикасының президенті. Қырғызстандағы Джанги - жер деген жерінде дүниеге келген. Ұлты - қарашай.
Қарашай қаласындағы №3 мектебін бітірген.1972 жылы Саратов қаласындағы заң университетін бітірген. Заңгер. 1991 - 2008 жылдарында Ресей Конституцилық сотында жұмыс істеген.2008 жылынан бастап Қарашай-Шеркеш республикасының президенті болып істейді. |
Қазнет — Интернет желісінің қазақ және орыс тілдеріндегі қазақстандық бөлігі.
Қазіргі заманда Қазнеттегі сайттардың басым бөлігі орыс тілінде. Сол себептен Қазнет Рунеттің бір бөлігі боп табылады (интернетте ешбір шекара болмайтындығына байланысты) деген пікірлер де айтылады. Сонымен қатар Қазнеттегі қазақ тілінің қолданылу аумағы өсіп келетінін де байқай аламыз.
«Қазнет» термині мына негізгі ұғымдардан тұрады:
* .kz және жаңадан пайда болған .қаз аумағының доменді зонасының Интернет ресурстары;
* Қазақстандық провайдерлер көлемінде орналасқан басқа да аймақтық аумақ ресурстары;
* Қазақстандық тыңдаушыларға бағытталған шетелдік ресурстар;
* Қазақстандық ұйымдардың шетелдік өкілдер ресурстары;
## Тарихы
* 1994 жылдың 19 қыркүйегінде жоғары деңгейлі .kz домені ресми түрде тіркелді
* 1997 жылы қазақстандық сайт «Business Website of 1997» халықаралық конкурсында бірінші халықаралық марапатқа ие болды. Бүгінгі таңда жойылған жоба ([1] Мұрағатталған 12 желтоқсанның 1998 жылы.) жеңімпаздардың бірі болды.
* 1996 жылдың 24 желтоқсанынан бері Александр Е. Ляхов «Lyakhov.KZ — Большая энциклопедия Казнета» ([2]) ақпаратты-ағартушы порталының негізін салды.
* 1997 жылы «қазақстандық Интернеттің бейресми әкесі» саналатын Александр Ляхов «Весь WWW Казахстан» ([3]) қазақстандық веб-ресурстар каталогының жобасын іске қосты.
* 1998 жылы Интернеттің қазақстандық бөлігінде алғашқы виртуаль дүкені мен Guide Park ([4]) тауарлар каталогы пайда болды;
* 1998 жылдың маусымында Интернетте қазақ тілінде алғашқы сайт пайда болды — Физико-технический институт МН-АН РК ([5]);
* 1998 жылдың қыркүйек айынан бері Қазақстанда Интернет арқылы тұрақты радиохабар жүзеге асырылады — Алматы қалалық радиохабар түйінін Алматытелеком ([6] Мұрағатталған 14 қыркүйектің 2008 жылы.) МОТ сервері арқылы RealAudio технологиясын қолдана отырып хабар тарату.
* 1998 жылдың қазан айынан бастап, тұңғыш рет Казнетте университет ресурстарына - «ҚазМУ электронды каталогы» (авторы Мамбеталиев Қ.) қол жеткізуге мүмкіндік беретін онлайн жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе қазір lib.kazsu.kz Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2008 жылы. сайтында қолданылады.
* 1999 жылы IANA халықаралық ұйымы «Желілік информацияның қазақ орталығын» ([7]) жоғары деңгейлі .kz доменді атауын қолдау ісі бойынша менеджері ретінде тағайындады.
* 2009 жылы Қазақстандағы басты ақпараттық Интернет жүйесінің дамыған ұлттық сегменттін қалыптастыру, соның ішінде желілік ақпараттық ресурстарды дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ұйымдастыру, осы саладағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті көтермелеу мақсатында «Қазконтент» АҚ компаниясы құрылды.
## Қазнет санағы
## Заңнама
Қазақстандағы Интернет дүниежүзілік желінің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның байланыс және ақпарат құзыретіне жатады, Казнеттің дамуында бастапқы ұлттық провайдер, "Қазақтелеком", үлкен роль атқарады. Интернеттің қазақстандық сегментінің кеңістігінде домендік атаулардың әкімшісі "Қазақстандық IT-компанияларының Қауымдастығының" нысанындағы заңды тұлғалардың Бірлестігі болып табылады. Домендік атаулардың тіркеушісі - "Қазақ желілік ақпарат орталығы" (KazNIC) мекемесі.
## Сілтемелер:
* Қазақша сайттар жинағы Мұрағатталған 8 қаңтардың 2018 жылы.
* Қазақтелеком
* Microsoft Kazakhstan
* Google Kazakhstan
* Қазақстанның іздеу жүйесі Мұрағатталған 27 маусымның 2009 жылы.
* Казнеттің үлкен энциклопедиясы (орысша)
* Award.KZ Ұлттық интернет сыйлығы Мұрағатталған 8 қарашаның 2008 жылы.(орысша)
* Kaзах.RU Халықаралық қазақ сервері Мұрағатталған 10 желтоқсанның 2021 жылы.(орысша)
* Барлық WWW Қазақстан(орысша)
* Gazeta.kz электронды ақпараттық-аналитикалық портал Мұрағатталған 28 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша)
* Қазақстандағы IT туралы қазақстандық блок Мұрағатталған 12 қыркүйектің 2008 жылы.(орысша) |
Барыс сөзі келесі мағыналарда қолданылуы мүмкін:
* Барыс — Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық тұқымдас жануар.
* Барыс (шайбалы хоккей) — Астана қаласының кәсіпқой хоккей клубы.
* Барыс ордені — Қазақстан Республикасының ордені.
* Барыс жылы — сиыр жылынан кейін, қоян жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 3-жылы.
* Барыс аңғары — Шаға қойнауының оңтүстік-шығысындағы Қаратаудың аңғар сайы. |
Нығмет Тінәліұлы Сауранбай (5 мамыр 1910, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Шарбақты- 17 қараша 1958, Алматы) - Қазақ тілі білімінің негізін салушылардың бірі, түркітанушы, филология ғылымының докторы (1943), профессор (1944), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946), Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1945).
## Өмірбаяны
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
* Халық-ағарту институтын бітірген (1932, Қостанай).
* 1932 – 34 жылдары Республикалық Халық-ағарту омиссариатында нұсқаушы болып жұмыс істеді
* 1934 – 39 жылдары КСРО Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-зерттеу институтының Ленинград бөлімшесінің аспиранты, Қазақ КСР Халық-ағарту комиссариатының мектептер жөніндегі ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары
* 1939 жылдан 1946 жылдары аралығында КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институтының тұңғыш директоры.
* 1946 – 51 жылдары «Қазақ КСР Ғылым Академиясы Хабарлары» журналының алғашқы редакторы.
* 1947-56 жылдары Қазақ КСР ҒА қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің хатшысы,
* 1956 жылы Қазақ Ғылым академиясының вице-президенті болып сайланып, ол қызметті 1958 жылға дейін атқарды.
* 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ КСР Ғылым академиясының тілтану институтының қазақ тілінің тарихы және диалектологиясы бөлімін басқарды.
## Ғылыми еңбектері
Негізгі ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің тарихы мен синтаксисіне, әдеби тіл тарихы, түркітану, диалектология, орфография, жазу, емле, сөздік түзу мәселелеріне арналған. Морфология саласында ол қазақ тіліндегі етістік категориясының жасалу тәсілдері мен тарихи даму жолдары, көсемше тұлғалары, олардың мағыналары, синтаксистік қызметі жайында және қазақ тілі грамматикасының, оның ішінде морфологиясы, орфографиясы мен алфавиті жайында ғылыми еңбектер жариялады..
«Құрмалас сөйлем», «Қазақ тілінің грамматикасы», «Синтаксис», «Қазақ тілінің синтаксис мәселелері», «Жай сөйлемдердің байланысу амалдары», «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Жанама толықтауыш пен пысықтауыш мүшелері» деген еңбектерінде құрмалас сөйлемдердің қалыптасу жолдарын басқа да түркі тілдеріндегі құрмалас сөйлемдердің даму жүйесімен, сондай-ақ тарихи жазба ескерткіштер мәтінімен салыстыра зерттеді. «Қазақ әдеби тілінің тарихы», «Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі», «Қа-зақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы» атты мақалалары әдеби тіл туралы алғашқы ғылыми тұжырымның бастауы болды. Сауранбаев Қазақстанның әр аймақтарына тұңғыш рет диалектологиялық экспедициялар ұйымдастырды, ғылыми еңбектері қазақ диалектологиясы пәнінің қалыптасуына игі ықпал етті.
Ол «Орысша-қазақша» сөздіктің жалпы редакциясын басқарған. Ғалымның «Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис» оқулығы білім беру саласьшда үлкен сұраныска ие болды. 1954 жылы Шығысты зерттеушілердің бүкіл дүниежүзілік XXIII конгресіне Кеңес делегациясының құрамында қатысып баяндама жасаған. Сондай-ақ Иран, Ирак, Англия, Үндістан елдерінде өткен халықаралық конференциялар мен кездесулерге қатысқан.
Н. Сауранбаев 1950 жылдардан бастап қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы туралы мәселелермен шұғылданды. Әдеби тілдің тарихы жөнінде еңбек жазып, артына елеулі із қалдырды:
* "Қазақ әдеби тілінің дамуындағы Абайдың рөлі" (1954)
* "Қазақ тілінің жасалуы туралы" (1954)
* "Қазіргі қазақ тіліндегі диалекттер" (1955)
* "Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеу туралы" (1960)
## Марапаттары
Нығмет Сауранбайдың ғылыми жұмыстарын, ұйымдастырушылық қабілетін және қоғамдық еңбектерін жоғары бағаланып:
* екі мәрте «Құрмет белгісі» орденімен
* медальдармен
* Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған.
## Есте қалдыру
* Алматы қаласындағы Жібек жолы көшесіндегі қоғам қайраткері, академик Нығмет Сауранбаев тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.
* Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Шарбақты ауылындағы 8 жылдық мектепке
* Қордай ауылында көшеге ғалымның есімі берілген.
## Дереккөздер |
Қадір түні (араб.: لَيْلَةِ الْقَدْرِ — Ләйләт-ул-Қадір) — Ислам дініндегі қасиетті түн. Ораза (Рамазан) айының соңғы он күнінің бірінде болады. Бұл түн туралы Құран Кәрімнің «Қадір сүресінде» айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадір түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады. Қадір түні періштелер мұсылмандарға дұға оқып, тілеулес болады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар Қадір түнін құлшылықпен өткізуге тырысады. Кейбір риуаяттарға қарағанда Қадір түні. Рамазан айының 27-ші түні, дегенмен Қадір түнінің дәл қай түн екені белгісіз. Сондықтан тақуа кісілер Ораза айының соңғы он түнін түгелдей құлшылықпен өткізеді.
Қадір түні — бүкіл адамзатқа Құран түсе бастаған ерекше қасиетті түн. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән-маңыз» және «өлшем» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл сөз «құдырет» мағынаны да қамтиды.
Қадір түнінің қасиетін жұмыр басты пенде өз ақылымен біле алмайды. Сондықтан оның қадір-қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», — деп баяндайды.
Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Аллаһ Қадір түнін үмбетіме сый ретінде тарту етті, бұл бұрынғы үмбеттерге берілмеген» деп, бұл сыйдың қадірін білуге шақырады. Тағы бір хадисінде: «Кімде-кім сауабын тек қана Аллаһтан күтіп, ықыласпен сол түнді ғибадат жасаумен өткізсе, күнәлары кешіріледі», — дейді. Сондықтан мүмкіндігінше, әрбір пенде Қадір түнінде берілетін сыйдан мақұрым қалмауға тырысуы керек. Ол түнді бос өткізбей, дәрет алып, екі бас болса да намаз оқып, Аллаһ Тағаланың шексіз мейірімінен шын жүректен сұрап, дұға еткен жөн.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», — деген.
Тағы бір хадисте: «Рамазан айы бойынша ақшам және таң намазын жамағатпен оқыған адам Қадір түнінен көп несібе алады», — деген.
Қадір түні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үмбетіне деген терең сүйіспеншілігінен туындаған дұғасының құрметі үшін қабыл болған. Имам Маликтің «Муатта» атты еңбегінде риуаят еткен бір хадисте Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) алдыңғы үмбеттердің өмірлері көрсетілгендігі айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) сол сәт: «Ұзақ өмір сүрген осы үмбеттер жасай алмайтындай амалдарды менің үмбетіме аз уақыт жасай алуды нәсіп ете гөр», деп дұға жасағанда, Аллаһ Тағаланың мың айдан қайырлы осы Қадір түнін нәсіп еткендігі баяндалған. (Қадір түні мың айға тең деп Құранда айтылған бұл сан есеп бойынша 83 жыл, 4 айға тең келеді).
Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм): «Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?», — деп сұрағанда, Ол: «Аллаһумма, иннәкә афуун, тұхиббул афуа, фаафу анни» (Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, мені де кешіре гөр!), деп дұға ету керектігін үйреткен.
Қияметте Аллаһ Тағала хикметімен емес құдіретімен амал етеді. Сол сияқты Қадір түнінде де Аллаһ Тағаланың құдіреті үстем болады. Ол түннің қадірін білгендерге Аллаһтың мейірімі мен берекесі жауады, ал одан құр қалмау адамның рухани сергектігіне байланысты.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) үйреткендей, мұсылман баласы әрбір ісіне өзіне берілген ең соңғы мүмкіндік секілді қарай білуі керек. Сол себепті Қадір түнін енді көрем бе, көрмеймін бе, дегендей өте бір мұқияттылықпен өткізгені жөн.
Құдыреті шексіз Раббымыз үмбетіне рақымдылық қалағандықтан, Қадір түні Рамазан айының қай түні екенін ашық айтпаған. Бұл сынақ әлемінде мүміндер ұдайы Аллаһтың разылығын іздеп, құлшылық жасасын деген мақсатпен Жаратқан иеміз бұдан да басқа өте маңызды нәрселерді құпия қылған. Мәселен, өмірдегі ажал белгісіз, адамдар арасындағы әулиелер белгісіз, көркем есімдерінің арасында Аллаһтың ұлық есімдері белгісіз, жұма күнгі дұғаның қабыл болатын уақыты белгісіз, күллі құлшылықтың ішінде Аллаһтың разылығы қайсысында екені, дәуірлердің ішінде қияметтің қашан екені, Рамазан айында Қадір түнінің қай түн екені белгісіз. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) бұл түннің Рамазанның соңғы он не жеті күніндегі (21, 23, 25, 27) тақ күндердің бірінде екенін айтқан. Алайда ислам ғұламаларының көпшілігі оның 27-інші түн екендігін мақұлдаған әрі бүкіл мұсылман әлемі бұны осылайша қабылдаған. Әрине бүкіл жұртшылық осылай сеніп, осылай қабыл еткен болса, Аллаһ Тағала да миллиондаған құлдарының ниетін қабыл етіп, ол түнді шын мәнісіндегі қадір түні етер, иншаллаһ.
Арабшадағы «Қадр» сөзі қадірін білу деген мағынаны да қамтиды. Олай болса, қадірім артсын десеңіз, бұл түннің қадірін біліңіз. Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Тағаланың мейірімі төгіліп тұрады.
## Дереккөздер |
Геннадий Николаевич Трошев (14 наурыз 1947, Берлин, Германия — 14 қыркүйек 2008, Пермь, Ресей) — Ресей әскери қызметкері, Ресей Федерациясының Батыры, генерал-полковник.
## Өмірбаяны
* Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның кеңес аумағына кіретін Берлин қаласында кеңес әскери қызметкерінің отбасында туған.
* Балалық кезін Шешен-Ингуш АКСР-дың бас қаласы Грозныйда өткізді.
* 1990-2000-шы жылдарында Солтүстік Кавказдағы соғыстарында қатысты.
## Дереккөздер |
Қазақстан әлі сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары елдер қатарында. Бұл әлем елдеріндегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін анықтайтын Transparency Іnternatіonal ұйымының 2008 жылғы қорытынды есебінде көрсетілген.
Қазақстан 2008 жылғы рейтинг бойынша 151-орыннан 145-орынға шықты (Бұрынғы кеңес елдері арасынан парақорлықтан тазалығы жағынан Грузия (67-орын), Армения (108) мен Украина (134) ғана Қазақстанның алдында тұр).
Қазақстанда зерттеулер 1999 жылдан бастап жүргізіле бастады. Егер сол кездегі елдегі сыбайласқан жемқорлық деңгейін (кестені қараңыз) алсаңыз, 2008 жылғы көрсеткіштен айырмашылығы аз. Қазақстанда сәл ілгерілеу болғанымен, индекс (2,2-2,8 балл) әлі төмен. Сыбайласқан жемқорлықтан арылған мемлекетте индекс 10 балды көрсетеді. Сол себептен, Қазақстан ең құрығанда 5 балл алуға ұмтылуы керек. Ал индексі 3 балға дейінгі кез келген елде сыбайласқан жемқорлық деңгейі өте жоғары болып есептеледі.
## Қазақстанда жемқорлық деңгейі өте жоғары салалар
* Білім беру саласы. Бұл бағытта ешкімді жауапқа тартпайды.
* Денсаулық сақтау саласында да заңнама реттелмеген. Сыбайласқан жемқорлық болмаса да, өз қызметін пайдалану фактілері көп.
* Пәтер иелері кооперативтеріне қатысты да шағым жиі түседі.
* Соттардағы және кедендегі сыбайласқан жемқорлық деңгейі де әлі жоғары. |
Күләш Ділдәқызы Ахметова (1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында туған) — ақын, журналист, аудармашы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2006). Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1978). Жамбыл облысының құрметті азаматы. Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.
## Толығырақ
* Күләш Ділдәқызы Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстан Талас ауданы Киров ауылында дүниеге келген.
* Жамбыл облысы Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген
* 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін мейірбике мамандығы бойынша бітірген
* 1973 жылы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша бітірген
* Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973-1977 жылдары республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977-1980 жылдары «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
* «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін ақын Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты болды.
* Өлеңдері орыс, украин және түркі халықтарының тілдеріне аударылған, мектеп оқулықтарына енген. Тәуелсіздіктің он жылдығына, Астананың он жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.
## Марапаттары
* 1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді
* 2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
* «Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
* 2006 жылы - Құрмет ордені
* 2017 жылы - Парасат ордені
* Жамбыл облысының құрметті азаматы
* ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған
* ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әдебиет саласындағы мемлекеттік және президенттік степендияларының иегері.
## Өлеңдері
* Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975
* Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977
* Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979
* Мейірім. «Жалын», 1981
* Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982
* Жасыл жағалау. «Жалын», 1984
* Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985
* Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987
* Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987)
* Наурыз нұры. «Жазушы», 1991
* Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996
* Бақ. «Атамұра», 2006
* Құт. «Дәуір», 2006
* Махаббат. «Дәуір», 2007
* Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011
* День отрады, «Седьмая верста», 2014
* Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014
* Орман. «Фолиант», 2015
* Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015
* Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған.
* А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.
* Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.
## Отбасы
* Әкесі - Ахметов Ділдә, марқұм, жұмысшы болып жұмыс істеген
* Анасы - Құдайбергенова Бегзада, марқұм, қызметкерболып жұмыс істеген
## Дереккөздер |
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде, Айша бибі ауылында орналасқан. Қазір "Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы заңнамасы" негізінде қорғалған архитектуралық ескерткіш. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек кесененің батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО-ға Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
## Құрылысы
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған,оюға толы, толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен қапталған. Тізбектер терракотамен қапталған жіңішке суреттермен қазақ оюлармен безендірілген. Айша-бибі кесенесі көне орталық-азия түріктер халқының ою-өрнектерінің бай мұражай-сақтаулыларының бірі болып келеді. Қазіргі кезде бұл ескерткіштерден батыс қабырғасы, ал қалған қабырғалардан – аз ғана суреттер қалған. Пішіні шаршыланып біткен, ауданы 7,6 х7,6 м, бұрыштар бағана-тіреулер арқылы көтерілген. Кесене ортасында құлпытас (3х1,4 м) орнатылған. Батыс жақ қабырға мен бағаналар,оюлы ұсақ плиткалармен қапталған. Қабырғаның ортасында сүйір аркалы текше жасалған. Текше беттерінің қабырғаға ұласар тұсы шағын бағаналармен сәнделген. Бұл бағаналардың жоғарғы жағы көгеріс өрнекпен әшекейленген мығым блок болып келеді. Бұрыштағы бағаналар көгеріс өрнекті жұқа кірпішпен өрілген белдеу арқылы әсемделген. Айша бибі кесенесінің іргетасынан бастап есептегенде 3,4 м биіктікте бағаналарға араб әрпінде жазуы бар белдеу жүргізілген. Солардың біріндегі “күз, бұлттар, дөңгеленген дүние...” деген сөздер жазылған. Кесене қабырғалары (қалыңдығы 80 см) үш бөліктен: күйдірілген кірпішпен қаланған ішкі жағынан, оймыш әшекейлі плиталармен қапталған сыртқы жағынан, сонымен бірге саз балшықпен және жарамсыз плиткалардың сынықтарымен толтырылған қабырға ортасындағы кеңістіктен тұрады. Қабырғалар мен бағаналар беріктігін арттыру үшін қабырғаның ішкі жағына арша ағашынан арқалық қойылған. Кесене қабырғаларының сыртқы беті артқы жағындағы сыналарымен бекітілген оймыш ұсақ плиталар арқылы безендірілген. Ұсақ плиталардың шырмауық өрнегіне 60 түрлі әшекей қолданылған. Қашаумен үңгіп жасалған бұл оюлар бір-бірімен қиюласып, кесененің мақсатына лайық сәулеттік сипат, композициялық шешім тапқан. Кесене құрылысынан Темір дәуіріндегі сәулет өнерінде үлкен орын алған порталды-тақталы дәстүр айқын аңғарылады. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
## Аңыз
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. І нұсқа. Аңыз бойынша сонау орта ғасырларда елі мен жерін жау найзасынан қорғаған Қарахан есімді батыр өмір сүрген екен. Талай алыпты тағынан түсіріп, қарсыласының алдында тайсалмаған Қарахан батыр қас жауының қызына ғашық болады. Көп ұзамай қыз әкесінің бұл некеге қарсы болатынын білген соң сүйгенін алып қашуға бел буады. Екі жастың қол ұстасып қашып кеткенін білген әкесі сарбаздарына оларды өлтіруді бұйырады. Қуған нөкерлерден қашамыз деп ғашықтар ұзақ жол жүреді. Арада біраз уақыт өткен соң тоқтаусыз шапқылай беруден шаршаған ару Аса атты өзеннің жағасында аялдауды ұсынады. Хан жарлығын бұлжытпай орындауды жөн көрген сарбаздар Қарахан мен Айша бибіні көре салысымен қыздың сәукелесіне жылан салып қояды. Бақыттың құшағында жүрген ғашықтар мұны байқамай қалады. Жылы суға рахаттанып түсіп шығып, Айша бибі киіне бастайды. Ақырында сәукелесін кие берген кезде жылан шағып алады. Осы сәтте ғашығының қолында мерт болып бара жатқанын көрген Қарахан алай-дүлей күйге түсіп, мына өмірден баз кешеді. «Бұл жалғанда бірге болу бұйырмаса да, о дүниеде жұбымыз жазылмасын» деп сүйгенін жақын маңдағы молдаға алып барады. Жас жігіттің Мәжнүндей қайысқанын көрген молда ғашықтарға батасын беріп, некесін қияды. Бейкүнә екі жастың отбасылық бақыты небары бірнеше минутқа созылады. Даналардың «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөзі бекер айтылмаса керек. Ешбір жауының алдында иілмеген батыр тағдырдың алдында бас иіп, Айша бибі қайтыс болған жерге мазар тұрғызады. Қарахан батыр сүйгенінің жанында болу үшін Айша бибінің қасынан өзіне де мазар салдырады. Өмірінің соңына дейін ақ киім киіп, Айша бибі мазарында түнейді. Жаратқанға жалбарынып, кешірім сұрайды. Осы адалдығы үшін халық оны есінде сақтаған. Ал бұл жер «Әулие ата» деп аталып кеткен.
ІІ нұсқа. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед (Тараз қаласындағы кесене Шах-Махмұд Харун Бұғра Қарахан құрметіне тұрғызылған) қыз балаға үйленгісі келді, алайда Айшаның әкесі бұған келісім берген жоқ.Екі жастың қосылуына Айша Бибінің әкесі қарсы болып: «Сені Қарасудың бойында қара жылан шағып өлтірсін»,– деп теріс батасын береді. Айша Бибі Қарасудың бойында, уәделескен жерде Қараханды күтіп, суға түсіп, жуынып жатқанда қара жылан шағады, Айша Бибі жан тәсілімін бермей Қараханды күтіп жатады. Жанында болған серігі, тәрбиеші әйел Бабаджа-хатун шапшаң қалаға жетіп, Қарахан батырға хабар береді. Батыр шауып келіп хал үстінде жатқан қалыңдығын көріп, молдаға тездетіп, Айша екеуінің некесін қиюға әмір етеді. Неке рәсімі аяқталған сәтте, ару қыз батырдың қолында жан тапсырады. Осындай қатігездікті түсінбеген көпшілік Айша бибінің әкесінен сұрайды: «Сіз неге өз қызыңызға теріс батаңызды бердіңіз?». Сонда байғұс әке: «Осы сұрақты халқымның қоятынын біліп едім. Себебі, Қарахан батыр – өмірі ат үстінде, елдің шетінде, жаудың бетінде, желдің өтінде, қырғын қантөгісте өтеді. Қарахан соғыста қаза тапса, зиярат етуге бара алмаймын, баламның жастай жесір қалуын қаламап едім, Алла тілеуімді берді»,– деп өкініштен өзегі өртенген сорлы әкенің жауабы осы болыпты. Өкінішке орай, әмірші Айшамен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Некелі жарынан айрылған Қарахан батыр дәл сол жерге ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі Бабаджа-Хатун өмірінің соңына дейін кесененің сақтаушысы болды. Күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі Айша Бибіден 20 қадам жерде кесенесі орналасқан.
## Қалпына келтіру
“Қазақ жобалау-қалпына келтіру” институты Айша бибі кесенесін қалпына келтіру жұмысының жобасын жасап, Тараздағы шеберхана ескерткішті қалпына келтірді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары 2001-2004 жылдар аралығында жүргізілді. Кесене кейіпін келтіру үшін Түркістан филиалының қайта жасаушы шеберлері үш жыл бойы ескі технологиялы пештерді қолдану арқылы 72 түрлі белгі салынған плиткалар дайындады. Сондай-ақ кесене фундаментін қатайту, қабырғаларын көтеріп, алғашқы кейпіне келтіру, күмбездің ішкі және сыртқы желкендерін жөндеу секілді қиын жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ электр жарығын тартып кесене аймағы қоршалды, яғни осылайша кесене қайта қалпына келтірілді. Айша бибі кесенесі республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған.
## Галерея
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
*
## Тағы қараңыз
* Айша бибі
## Дереккөздер |
Өтеген — Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округі құрамында.
## Географиялық орны
Аудан орталығы – Қордай ауылынан шығысқа қарай 22 км жерде, ақ жусан, баялыш, т.б. эфемероидті шөптесін өскен тау алдының сұр, бозғылт қоңыр топырақты аңғарында орналасқан.
## Халқы
## Тарихы
Ауыл 1992 жылға дейін "Кеңес" деп аталып келді. 1953 – 97 жылдары қызылша өсіретін «Искра Ленина» ұжымшарының орталығы болды. Оның негізінде Өтегенде 1997 жылдан ЖШС және шаруа қожалықтары құрылды.
## Инфрақұрылымы
Орталау мектеп, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
## Дереккөздер |
Арыстан баб кесенесі — көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші. Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.
## Қысқаша мәлімет
Бұл кесене XII ғасырда өмір сүрген діни көріпкел Арыстан баб мазарының үстіне салынған. Кесененің бірінші құрылысы XIV-XV ғасырға жатады. Сол құрылыстан кесілген айван тізбектері қалған. XVIII ғасырда көне мазардың орнында жер сілкінісінен кейін екі кесілген ағаш тізбекке тірелген айванмен салынған екі күмбезді құрылыс орнатылды. XVIII ғасырда құрылыс қиратылып, фриз жазбалары бойынша 1909 жылы қайта салынды. 1971 жылы жоғары деңгейдегі грунт сулары салдарынан мешіт құлатылып, қайта орнатылды. Құрылыс алебастр ерітіндісінде күйдірілген кірпіштен қабырғаның сырт жағына салынды. Қазіргі кезде бұл кесене Орталық Азиядағы қажылық міндетті өтейтін мұсылман киелі жерлерінің бірі болып саналады. Аңыз бойынша Арыстан баб Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) елшісі болған. Бір күні Мұхаммед пайғамбар өзінің шәкірттерімен құрма жеп отырған еді. Бір құрма қайта-қайта ыдыстан құлай беріп, пайғамбар ішкі дауысты естіді: «Бұл құрма Сізден кейін 400 жыл алдағы уақытта туылатын мұсылман бала Ахметке арналған». Сонда пайғамбар шәкірттері ішінен бұл құрманы кім иесіне жеткізетінін сұрайды. Ешкім сұранған жоқ. Пайғамбар сұрақты қайта қойғаннан кейін, Арыстан баб былай деді: «Егер Сіз Алла Тағаладан 400 жыл сұрап берсеңіз мен бұл құрманы иесіне жеткіземін». Халық аңыздарынан және жазба деректеріне қарағанда («Рисолаи Сарем-Исфижоб» және Куприлозада кітабы) Арыстан баб Қожа Ахмет Ясауидің ұстазы болып құрманы жеткізеді. Қазіргі кезде Арыстан баб мазары үстінде 30*13 метр аумағы бар кесене тұр. Тарихи деректер бойынша XII-XVIII ғасырларда кесене бірнеше рет қайта салынып, қайта жаңартылды. Қожа Ахмет Ясауи ұлы әулие мен діни көріпкел 1103 жылы туылып 1166 жылы қайтыс болған.
## Арыстан баб туралы аңыздар
Арыстан бабтың дүние салуы Қожа Ахмет Иасауи хикметінде былайша суреттеледі:«Бабам айтты: Ей балам, қасымда тұр өлейін,Жаназамды оқып көм, жан тәсілім қалайын.Медет берсе Мұстафа, ғарыш биігіне шығайын.Арыслан бабам сөздерін есітіңіз - тәбәрік.Жылап айттым: ей бала, жас көдекпін білмеймін.Көріңізді қазармын, көтеріп сала алмаспын.Хақ Мұстафа сүндетін, балапанмын, білмеймін.Бабам айтты: Ей балам, періштелер жиылады.Жебірейіл имам болып, өзгелер оған ұйиды.Макаил мен Исрафил көтеріп көрге қояды».Отырар өңірінде біз естіген аңыз байынша Арыстанбаб дүние салған соң, оның денесін ақ бураға артып, еркіне жіберіп, соңынан ілесіп отырған. Ақ бура жүре-жүре осы жерге шөккен екен. Сол шөккен жерге Арыстан баб қойылыпты.«Алпамыс жырының» бір үлгісінде Байбөрі мен Аналық «Самарқанда сансыз баб», Бұқарадағы «Баһауәдин Нақишбент» молаларына зират қылады, және "Түнейді үш күн БайбөріӘзіретті сұлтанға.Түркістанда түмен бап,Сайрамда бар сансыз бап,Отырарда отыз бап,Бабалардың бабын сұрасаң,Ең үлкені Арыстан баб.Әулие қоймай қыдырып,Бабалардың бәрін қылды сап»Әзірет Сұлтан қорық-музейінің сақтаулы тұрған Баян ауылдан бір зияратшылдың қолжазбасында мынадай қызық мағлұмат бар: Арыстан баб дүние салған соң, оның моласының басына екі құс – бірі лашын, бірі қарға ұшып келеді. Бұл әңгіме бізді ежелгі түркі шаманизміне жетелейді. Көне түркілер бұл аталған құстарды киелі деп санаған. Мысалы, ескі жылнамаларда жазылған аңыз бойынша көне түркілердің Ашина тайпасына жау шауып, жаппай қырып кетеді. Сонда жалғыз қалған бала ғана аман қалады. Баланы қасқыр емізіп, аспан әлемінің елшісі – қарға ет әкеліп асыраған. Осы баладан түркілердің ұрпағы деседі.Қазақтардың қарғаны киелі құс санағаны жөнінде деректер аз емес. Қарға сөзімен байланысты мынадай мақал-мәтелдер бар: «Біздің де қолымызға қарға тышар», «Қарға тамырлы қазақ», «Қарғам-ау» деген сөз қарағым, қалқам деген мағынада қолданылады. «Қарғам, қарғашым, қарғатайым" деп қарттар немере-шөберелерін еркелеткен. Қанша балаң бар деп жауап қайтарған.
## Құрылымы
Арыстан баб кесенесі - ғасырлар бойы түрлі өндеу-жөндеуді басынан кешірген құрылыс. Кейде Арыстан бабтың ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргенін тілге тиек ете отырып, оның кесенесі Арыстан баб дүние салған соң іле-шала тұрғызылған деген жорамал айтылады. Алайда бізге жеткен қазіргі кесенеде ХІІ ғасырдың белгілері жоқ. Бұл арада біз ислам дінінің алғашқы кезде қабір үстіне төбесі жабық құрылыс тұрғызуға тыйым салғанын есте ұстағанымыз жөн. Осы тұрғыдан қарағанда, ХІІ ғасырда Арыстан баб ғимаратының болмауы да мүмкін. А.Черкасовтың жазбаларында Арыстан баб кесенесі әулие және шәкірттері жатқан екі бөлмеден, сондай-ақ алдындағы бастырмадан тұрғанын жоғарыда айтқан болатынбыз. Бұлардың жобасы ХІV ғасырдың құрылысына сай келеді. Осымен қатар бастырмадағы ұстындар да ХІV ғасырдың аяғы мен ХV ғасырдың басында жасалған деген тұжырымды мамандар айтқан болатын.Яғни қазіргі Арыстан баб құрылыс кешеніндегі қабірханалар бөлігі ең көнесі, әуелгісі болып табылады. Бұған қоса халық арасында кең тараған мынадай аңыз бар: «Қожа Ахмет кесенесінің қабырғалары қаланып болған түні алып жасыл өгіз көтерілген дуалдарды мүйізімен соғып, құлатады. Ғимарат қабырғалары қайта тұрғызылып, күмбездері қалана бастағанда бұл оқиға тағы да қайталанып, бәрі үйелген төбеге айналады. Бұл жайт Әмір Темірді көп ойландырады. Түсінде бір шал келіп, аян береді, ол Қожа Ахметтің ең алғашқы ұстазы, Арыстан баб моласының үстіне мазар көтеруге әмір ететінін жеткізеді. Бұл талап орындалған соң ғана Әмір Темір Түркістандағы құрылысын ойдағыдай аяқтайды».Арыстан баб қабірханасының едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Тігінен көтерілген қабырғалары бір биіктікте сәулет өнерінде «желкен» деп аталатын өріммен иіліп барым күмбезге ұласады. Күмбез ауқымы кең һәм биік етіп тұрғызылған. Қабірхананың есігі күнбатысқа, дәлірек айтсақ, Меккеге бағышталған. Бұл қасиетті қабірлерге тағзым етудің мұсылмандық ережелерінен туындайды: зиярат етушінің беті сағанаға, арқасы құбылаға қарауға тиіс болған. Оның ұзындығы 3 м. 90 см., ені 1 м. 30 см., биіктігі 1 м. 20 см. Қабаттас, көлемі 5,4м х 5,4 м. Бөлмеде үш қабір бар. Ол да биік күмбезбен жабылған. Алайда күмбездің іші алебастрмен сыланып, геометриялық үлгідегі өрнектермен нақышталған. Әулиеге кірер есіктің екі жағында екі қабір орналасқан. Шырақшылар бұларды Лашын баб пен Қарға баб дейді. Олар әулие қабірімен салыстырғанда аса шағын болып келген. Лашын баб қабірінің көлемі 1,63м х 0,92м., Қарға бабтікі 1,70 м х 0,90 м. Осы қабірханаларға оңтүстік-батыс жақтан бірнеше бөлмелер қосылған. Екі қанаттағы бөлмелерді біріктіріп, байланыстырып тұрған дәліз-бастырма бар. Ол әдеттегі бастырма-айвандардан өзгеше, тұтасымен қыштан өріліп, төбесі иіліп жабылған. Оның көлемі 7,60м х 4,35м.Қабірханалар дәліз қышпен қаланып күмбезделсе, мешіт бөлігі негізінен қам кесектен тұрғызылып, төбесін жабуда ағаш кең пайдаланылған. Мешіттің ортасында В.В.Константинова жасаған жоба бойынша алты ағаш тіреу болған. Олардың үстіне қары қойылып, ағаштан қырлы күмбез қиыстырылған. Мешіт қабырғасында Мекке бағытын көрсететін ойық-михраб бар.
## Зерттелуі
Арыстан баб ескерткіші деп аталатын мазарлар басқа аймақтардың бірі – Қырғызстандағы Ош өңірінде. Бірақ қырғыздардың діни-нанымдарын зерттеген ғалым С.М.Абрамзонның пікірінше, жергілікті халық бұл жерде жерленген Арыстан бабты қалмақтарға қарсы соғысқан батыр деп таниды. Яғни Оштағы Арыстан баб XVII-XVII ғасырларда өмір сүрген адам болған.Арыстан баб қабірінің басына тұрғызылған ғимарат алғаш ғылыми әдебиетте 1898 ж.ж. И.Т.Пославскийдің «Развалины города Отрара» атты мақаласында аталады. 1903 жылы кесене түркістандық археология әуесқойлар үйірмесінің мүшесі А.Черкасовтың Отырар төбені көріп айтқаны жөніндегі есебінде аталып өтіледі. А.Черкасовты түкпір бөлмедегі Арыстан бабтың қабірі таң қалдырады: «Надгробие Арстан – Баба такой же формы, как и остальные, покрыто куском белого коленкора и поражает своими размерами. Такого роста, по словам шейха, достигал и сам святой...». А.Черкасовтың деректері кейінірек орыс-француз тілдерінде жарық көрген. И.А.Кастеньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» деген еңбегінде де қайталанады.Көп үзілістен кейін Арыстан баб кесенесі жөніндегі ғылыми сипаттама 1950 ж. В.В.Константинованың «Некоторые архитектурные памятники по среднему течению р.Сырдарьи» деген мақаласында жарияланды.1987 жылы «Білім мен Еңбекте» М.Сембиннің кесене жайлы мақаласы жарияланды. М.Сембин Арыстан баб туралы мақаласында О.Дастановтың «Әулиелі жерлер туралы шындық» атты кітабындағы келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, Арыстан баб кесенесінің сәулетшісі ташкенттік Ескендір қажы болған деген болатын.«Ол өзінше бір қайта жырау, тыңнан толғау, немесе ақындық шабыт-шалым сынасып, жырмен жарысу есепті...»,- деген М.Әуезов сөздері Арыстан баб сәулетшісіне толығымен тән.
## XXI ғасырдағы Арыстан баб кесенесі
Әлемге танымал “Арыстан баб” кесенесінің құрылысы екі жыл бұрын жаңа архитектуралық кешен тұрғысында басталған. Авторы – белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, инженер-ғалым, танымал меценат Асқар Құлыбаев болып табылады. Бір кездері Асқар Алтынбекұлы халық игілігі үшін рухани құндылық орнатуды армандаған. Бүгінде Асқар Құлыбаевтың және оның ұлдарының Қазақстанның жан азығы байлығын еселей түсу мақсатындағы сіңірген үлесі зор екендігін айту қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзі бастама көтеріп, бүкіл мемлекеттік деңгейде жүзеге “Мәдени мұра” бағдарламасы асырылып жатыр.
## Дереккөздер |
Көк Орда — Алтын Орданың шығыс бөлігі, қазіргі Қазақстан жерінде орналасқан. Орда Еженнен бастап тәуелсіз болған. 1380 ж. Көк орда ханы Тоқтамыс Бату ханның ұрпағы қалмағансоң Алтын орда тағына отырды.
## Ескертулер
## Орда-Ежен әулеті
Көк Орда хандары:
* Орда-Ежен хан, Жошы хан ұлы, 1242—1251
* Күң Киран-хан, Орда Ежен-ханның ұлы, 1251—1288
* Қоныша-хан, Сартақтай-оғлан ұлы, Орда Ежен-ханның немересі, 1288—1302
* Баян-хан, Қоныша-хан ұлы, 1302—1309
* Сасы Бұқа-хан, Баян-хан ұлы, 1309—1310
* Ерзен-хан, Сасы Бұқа-хан ұлы, 1310—1321
* Мүбарак Хожа-хан, Ерзен-хан ұлы, 1321—1345
* Шымтай-хан, Ерзен-хан ұлы, 1345—1361
* Химтай-хан, Шымтай-хан ұлы, 1361
## Тоқай-Темір әулеті
Көк орда хандары
* Кара Нохой Алп Атгучу-хан, Саси-оғлан ұлы, Тоғаншар-оғанның немересі, Бай Темір-оғлан шөбересі, Туға Темір-оғұл шөбшегі, Жошы неменесі, 1361—1363 жж.
* Тоглук Тимур-хан, Саси-оглан ұлы, Тоғаншар-огланның немересі, Бай Темір-оглан шөбересі, Туға Темір-оғұл шөбшегі, Жошы неменесі, 1363—1366 жж.
* Орыс-хан, Бадақұл-оған ұлы, Темір Қожа-оған ненмересі, Кен Темір-оған шөбересі, Тоға Темір-оғыл шөбшегі, Жошы неменесі, 1366—1378 жж., 1374—1375 жж. Жошы ұлысының ханы
* Тохтогу-хан, Орыс-хан ұлы, 1378 ж.
* Темір Мәлік-хан, Орыс-хан ұлы, 1378—1379 жж.
* Барақ-хан, Коюрчак-оғлан ұлы, Кұтлық Бұғы-оғлан немересі, Орыс-хан шөбересі, 1423—1428, 1423—1426 жж. Жошы Ұлысының ханы
## Шибан әулеті
Көк орда хандары:
* Жұмадик хан, Сопы сұлтан ұлы, Баба сұлтан немересі, Сүйіншібек сұлтан шөбересі, Сүйінші Темір-султан шөпшегі, Меңгу Темір-хан неменесі, Бадакул-оглана, ұлы Жошы Бұға-оглан, ұлы Данийал Баһадур-оглан, ұлы Шибан-огул, ұлы Жошы-огул, Көк Орда ханы 1425—1428
* Әбілхайыр Убайдұлла хан, Дәулет Шейх-оглан ұлы, Ибраһим сұлтан ұлы, Болат сұлтан ұлы, Меңгу Темір хан ұлы,Бадакул-оглана ұлы, Жошы Бұға-оглан ұлы, Данийал Баһадур-оглан ұлы, Шибан огула ұлы, Жошы огула ұлы, хан Көк Орды 1428—1468
* Едігер хан, Темір Шейх сұлтан ұлы, Тоғлуқ Қажы сұлтан немересі, Арабшах хан шөбересі, Пулад-сұлтан шөпшегі, Менгу Тимур-хан неменесі, одан арғы аталары: Бадакул-оглан, Джучи Буга-оглан, Данийал Бахадур-оглан, Шибан-огул, Джучи-огул, 1458—1468
* Берке-хан, Едігер хан ұлы, 1468 — 1469
* Илак-хан, Едігер хан ұлы, 1469 — 1484
* Имнак-хан, Едігер хана ұлы, 1484
* Әбіл-Мансұр Ильбарс-хан, Берке-хан ұлы, — 1511, Хорезм ханы 1511—1538
## Сілтемелер
* Улусы первых Джучидов. Проблема терминов Ак-Орда и Кок-Орда Мұрағатталған 25 желтоқсанның 2007 жылы. |
Аудан (орыс. район) – жергілікті бірлік.
## Қазақстан аудандары
Қазақстанда 160 аудан бар.
Аудандар 1923—1929 ж.ж. Ресей империясындағы ояздар мен болыстардың орнына жасалды.
## Басқа елдер
Аудан тағы Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдова және Украинада да жергілікті бірлік болып танылады.
Ауданның шетелдердегі аналогы АҚШта аймақ графтық Польшада повяттар, Испанияда провинциялар және Грекияның номдар. В Рессей Империясында және Кенес үкіметінің бірінші жылдары (1927 жылға дейін) аудандардың орнында ояздар болды.
## ҚазССР аудандары
## Қосымшa
Аудан — 1) қандай да бір өзара байланысты белгілерінің немесе құбылыстарының жиынтығы бойынша ерекшеленетін аумақ; 2) әдетте генезистің ортақтығымен және географиялық қабықтың құрамбөліктерімен, сондай-ақ ландшафт немесе қоғамдық өндіріс элементтерінің өзара байланыстылығымен сипатталатын тұтас аумақ. Бұл сипаттары оны көрші аумақтан ерекшелеп тұрады. "Аудан" ұғымы — географиядағы ең негізгі ұғым, ол кейбір әдістемелік және әдіснамалық әдістердің (Аудандау), ғылыми бағыттардың (Аудантану) бастауы болып табылады және барлық географиялық пәндерде, сондай-ақ аудан тусінігі косымша сипат алатын басқа да ғылымдарда пайдаланылады. Экономикалық аудан.
## АУДАНДАР МАСШТАБЫ
картадағы шексіз кіші фигура ауданының эллипсоидтегі (шардағы) сәйкес фигура ауданына қатынасы.
## АУДАНДАУ
зерттелетін аумақты кем дегенде екі критерийге — бөлінетін аумақтық ұяшықтың ерекшелік өлшеміне және оларды қанықтыратын өзара байланыстардың өлшеміне — сай келетін таксондарға бөлетін әдіс. Ауданды жеке және жалпы деп бөледі. Жеке ауданда аумақтың тек жеке элементтері, ал жалпы ауданда интегралдық элементтер ескеріледі.
## АУДАНДАУ КАРТАЛАРЫ
аудандаудың мақсатты бағытына сәйкес аумактың бөлінуін бір немесе бірнеше белгілерінің (табиғи немесе әлеуметтік-экономикалық) жиынтығы бойынша бейнелейтін карталар аудандық карталар объекгілер мен құбылыстардың орналасуын көрсететін карталармен салыстырғанда жинақтаушы карталар болып саналады.
==АУДАННЫҢ ЖЕЛ РЕЖIМI - әр аудандағы жер бедерінің әсерінен желдің бағыты мен жылдамдығының және олардың биіктік бойынша өзгерулерінің сипаты.
## АУДАНТАНУ
қандай да бір елдің аудандарын географиялық зерттеумен және сипаттаумен айналысатын елтану ғылымының бөлігі.
## АУДАНТҮЗІЛУ
жоғары қарқынды ішкі өзара байланыстары мен өзара әрекеттері бар ландшафт элементтерінің (табиғи аудантүзілу) немесе қоғамдық ұдайы өндіріс элементтерінің (экономикалык аудантүзілу) тұрақты кеңістіктік тіркестерінің пайда болу процесі.
## Дереккөздер |
Қашыр, мул - әңгі мен биенің буданы. Қашырлар Оңтүстік Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка және Орта Азияда өсіріледі. Қашыр есек пен жылқыға қарағанда ұзақ (40 — 60 ж.) өмір сүреді, шаруа-шылыққа 30 — 40 ж. пайда-лануға болады. Қашыр күтім талғамайды, инфекциялар, анемия, пироплазмоз, т.б. есек пен жылқы ауруларына көп шалдықпайды. Қашырдың биесі мен әңгіден ұрпақ болмайды. Жүк қашырының шоқтығына дейінгі биіктігі 118 — 140 см, ол жұмыс көліктерінің бәрінен де күшті. Жүк артатын қашырдың салмағы 300—400 кг, ал жегілетін қашырдың — 400—600 кг. Мініс қашығы жүк жылқысының биесі мен хамандан және пуастусс есегінің әңгісінен алынады, биік таулы аймақтарда салт мінуге төзімді. |
Қаяз (лат. Luciobarbus) – балық, тұқы тұқымдасының бір туысы. Қазақстанда 2 түрі: Арал қаязы (Luciobarbus brachycephalus) жөне болат-май қаязы (шырман) (Luciobarbus capito) бар. Болат-май қаязы екі түр тармағына бөлінеді: біреуі оңтүстік Каспийде (Қазақстан бөлігінде кездеспейді); екіншісі түркістан қаязы. Арал қаязынан ерекшелігі - ұзаққа өрістемейді, жергілікті (тұрғын) балық. Қабыршағы ірілеу, арқа қанаты кейін орналасқан және аумақтылау. Қазақстанда Сырдария су алабында, Шардара су қоймасынан өзеннің сағасына дейін, Қаратаудың оңтүстік-батысындағы өзендер мен Шу өзенінің жазық бөліктерінде кездеседі. Шуда, Кордай маңында, Қаяздың қара балықпен буданы бары белгілі. Оның түсі сарғышқа жақын – алтын сияқты. Әдетте Қаяздың арқасы бауырына қарағанда қоңырлау.Шабақтарында қоңыр дақ болады. Ұзындығы 70 см-ге, салм. 5,3 кг-ға дейін. Жыныстық жетілуі мекен ететін су айдынына байланысты 2-7 жас, көбіне 4-6. Уылдырығын (11.3-195 мың) судың температурасы 23°С болғанда өзендерде және су қоймаларындағы құмды, майда тасты жерлерге ша шады. Қорегі әр түрлі; барлық су өсімдіктері, көпшілік омыртқасыздардың дернәсілдері, ауада ұшатын ұсақ жәндіктер, моллюскілер, т.б. Яғни, олардың қорегі судағы қоректік қордың түрлік құрамына байланысты.
## Тағы қараңыз
* Балық
* Килька, шабақ балық
* Көлталма балық
## Дереккөздер |
Әл-Хорезми (араб.: محمد بن موسی خوارزمی) (толық есімі - Әбу Абдулла (немесе Әбу Жафар) Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми) - Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.
Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.
Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.
Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды.1983 жылы Әлем жұртшылығы Ұлы Ұстаздың туғанына 1200 толғанын халықаралық деңгейде атап өтті.
## Еңбектері
Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол — әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым — математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сондықтан, қазіргі математика ғылымдарының, алгебра ғылымының атасы болып саналады. Қазіргі «алгебра», «алгол» және «алгоритм» сөздері соған байланысты. Яғни бұл ғұламаның есімінен (Алгоритми) тікелей шыққан… Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының Орталығы болған Бағдад қаласындағы «Даналық үйінде» өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкіпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді. Ғалымды замандастары «Әл Мажуси» деп мадақтаған. Бұл араб тілінен алғанда "Ғажайыптар иесі" деген мағынадағы сөз. Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
* Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
* Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап — Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
* Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған;
* Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
* Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
* Күн сағаттары туралы кітап;
* Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
* Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды.
Әл-Хорезмидің жазған еңбектері оның замандастарының көрсетуінше берілген. Алайда қазір оның шығармаларына түсіндірмелер жазған, көшірмелер жасаған және көне латын тіліне аударылған еңбектеріннің бүгінге дейін сақталғандарының барлық санын қосып есептегенде, бізге оның осы жоғарыда аталған шығармаларының жетеуінің ғана көшірмелері немесе жалпы мазмұны жетті. Анықтап көрсеткенде, жоғарыдағы тізімнің ішінен соңғы екеуі, адамзат мәдениеті мен тарихына арналған шығармалары бізге дейінсақталып жетпеген, тек атауы ғана таныс. Оның арифметика тарихындағы жетекші орнын айқындап берген шығармаларының негізгі түпнұсқасы мен арабша мәтіні жоғалып кеткен, тек қана латынша қысқаша аудармасының жалғыз данасы ғана Кембридж кітапханасында сақтаулы. Онда есептеудің ондық санау жүйесі туралы толық мәліметтер мен талдаулар берілген. Қазіргі кезде бастапқы негізге сүйеніп, белгілі бір ережеге бағына, жалғасып-сабақтасып жүретін есептеу жүйесін «алгоритм» деп атайды. «Китаб мухтасаб ал-джабр и ва-л-мукабала» («Құрастырулар мен қарсылықтар (салыстырулар) туралы») кітабы екі тараудан құралған: алгебра мен геометрия туралы қағидалар бөлімі және тәжірибелік-есептеулер бөлімдерінен. Кітаптың теориялық бөлімінде тізбектік және шаршылық теңдеулердің (линиялық және квадраттық) шешілу жолдары анықталады. Келесі еңбектерінің бірі тригонометриялық және астрономиялық таблицаларға арналған. Ол хронология мен күнтізбе туралы мәліметтен басталады және алғашқы зидждардың (сызбалар) бірі болып табылады. Араб ай күнтізбесі мен юлиан күнтізбесін салыстыра отырып, «тасқын су дәуірі» (Нұх пайғамбар заманы) мен Селевк дәуірі (көне Грек кезеңі), «темір ғасырының» хронологиялары туралы мәліметтер береді. Келесі еңбегі сол замандағы астрономиялық зерттеулерде кеңінен қолданылған құрал-астролябияны пайдаланудың қыр-сыры туралы мәселелерге арналған. Осындай астрономиялық және математикалық еңбектерімен бірге оның жағрапия саласындағы шығармасының да орны бар. Хорезми адам мекендейтін құрылықтың, онда орналасқан әртүрлі халықтар мен жер бедерін, өзен-көлдерін, тау-құмдарын, теңіз-мұхиттарын, мемлекеттері мен қалаларын мен сауда жолдарын көрсете қамтитын жер шарының жағрапиялық картасын құрастырды. Бұл мақсатта ол түрлі ғылыми саяхатшылардың, алысқа сапар шегерін саудагерлердің мәліметтерін пайдаланумен қатар, Византия, Хазария және Ауғанстан елдеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, бұл саяхаттарға, шәкірттерімен бірге зерттеуші ретінде тікелей өзі қатысқан. Мысалы, ол карта құрастыру барысында жер меридианының бір градусының ұзындығы туралы өте дәл есептеулер жүргізді. Әл-Хорезми негізін салған Алгебра ғылымы және оның жасаған есептеулері мен теңдеулері қазір жер шарының барлық оқу орындарындағ мектептерде оқытылады. Әлемдік, адамзат ақыл-ойының және ғылымның тарихын жазған Дж Сартон: «Әл-Хорезми — адамзат тарихындағы ең ұлы математиктердің бірі» деп баға берді. Қазіргі әлем жұртшылығы, өркениетті адамзат пен тарихшылар Әл Хорезмиді негізінен Ұлы математик, қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде, Ислам әлемінің ежелгі Орта Азиядан шыққан ғұламасы ретінде біледі. Халиф Әл-Мамунның (313-833) тұсында Ислам Академиясы атанған Бағдадтағы «Даналық үйі» кітапханасын басқарған. Ал Хали Әл-Васикеның (842-847) кезінде Хазарияға барған ғылыми-зерттеу экспедициясының жетекшісі болған. |
Хаза́р қағандығы (650—969) — хазарлар құраған, орта ғасырлық мемлекет. Батыс Түрік қағандығында 630 - 651 жылдары дулу мен нушеби тайпалары арасында азамат соғысы жүрді. Нушебилер Орта Азияның бай қалаларына арқа сүйеп, Қытаймен одақтасты. Дулу бастаған жауынгер көшпенділер шығыс түрік ханзадасы Юйгу шадқа сүйенеді. Ал хазарлар нушеби құрамында еді. Осы кезеңде күшейіп алған Таң әулиеті қағандықтың батыс иеліктерін басып алды. Нушебилердің өз арасында да наразылықтар туындап, Қытайды жақтаған Иби - Шегуй ханды қуып жібереді. Дулу тайпасынан шыққан Дулу Хэлу Шаболо хан билікті тартып алған соң, хазарлар іштей бөліне бастады. Хазарлардың алғашқы билеушісі жергілікті билеушілерден емес, тақтан қуылған түрік қағаны болды.
7 ғасырдың ортасында Түрік қағандығының еуропалық бөлігінде екі тәуелсіз саяси құрылым - Хазарлар мен Бұлғарлар құрылды. Хазар қағандығы өз қуатын арттыру мақсатында көрші тайпаларды, әсіресе, туыстас, бірақ жаулық көзқарастағы бұлғарларды бағындыруға кіріседі. Бұлғарлар жеңіліс тауып, Ботбай басқарған бір бөлігі оларға бағынады. Олар кейіннен "Қара Бұлғарлар" деп аталған кубаньдық бұлғарлар тобын құрайды. Хазарларға бағынғысы келмеген бір бөлігі Еділ бойымен жоғары өрлейді, сөйтіп, Еділ бұлғарлары пайда болды. Үшіншісі - Аспарух бастаған болгарлар 660 жылы Дунайға жетіп бекінеді. 679 жылы олар грек әскерін талқандап, ізінше Добрджаға басып кіріп, Дунай мен Балқан аралындағы елдерді түгелдей бағындырады.
## Территория
Батыс Түркі қағанатынан бөлініп шыққан. Солтүстік Кавказ, Ортаңғы және төменгі Жайық ағысын, қазіргі Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігін, Азов теңізі маңын, Қырымның шығыс бөлігін, және Шығыс Еуропаның Днепрге дейінгі даласы мен орманды-даласын мекендеді.
## Ескерткiштер
Көптеген жазба деректер, тарихи зерттеулер Хаза́р қағандығының Беленжер, Семендер, Варачен (Сарашен), Итиль, Саркел, т.б. ірі қалалары бар, халықар. сауда, көпсалалы шаруашылық гүлденген іргелі мемлекет болғанын көрсетеді. Мемлекеттің ұйытқысы болған этн. топтың қалыптасуын ғалымдар Қытай жазбаларындағы “ко-са” тайпасымен байланыстырады. Тарихи зеттеулер бойынша түркілердің осы тайпасы Солт. Кавказдың шығыс жағын мекендеп, түркі тілдес “савирларды” (Сібірден шыққан, түркілермен ассимиляцияға ұшыраған, арғы түбі угор-финдік тайпалар) және ирандық, кавказдық шағын топтарды өзіне қосып алған. Бірнеше этн. топтың бірігіп, түркілік ассимиляцияға түсуі нәтижесінде пайда болған хазарлардың осы ерекшеліктері сол кездің жазба деректерінен көрініс тапты. Мысалы, әл-Истахри, ибн-Хаукал хазарлардың екі топқа (“синфқа”) бөлінетінін жазады. Олар мұның бірін өңі қаралығына байланысты “қара хазар” деп атаса, екіншісін өңі аққұба, өзгеше адамдар ретінде атайды. Хаза́р қағандығы Қазақстаннан Қара теңізге дейінгі жерлерді иеленген Батыс Түрік қағандығы ыдыраған соң, Солт. Кавказдың шығысында 7 ғ-дың ортасына қарай жеке саяси құрылым ретінде бой көтерді. Мұсылман жылнамалары Дағыстан өлкесіндегі хазар билеушісін 6 ғ-дың 90-жылдардан бастап “малик”, яғни патша деп атады, ал 7 ғ-да хазар әміршісі Батыс Түрік қағандығына тек шартты түрде ғана бағынып, іс жүзінде дербес саясат ұстанды. Хазарлар көп ұзамай Батыс Түрік қағандығының қиыр батыстағы бүкіл иеліктерін өзіне қаратты. 8 ғ-дың ортасынан бастап, мемлекеттің негізгі иеліктері Солт. Кавказдан Еділ, Дон өлкелеріне ауысты. Дамудың неғұрлым гүлденген тұсына тап келген осы кезеңде мемлекеттің аумағы анағұрлым кеңейді. Қағандық құрамына Шығыс Қырым, Азов өлкелері енді, Еділ болғарлары, буртастар, солт-тегі шығыс славян тайпалары: полян, северян, радимич, вятичтер бағынды, қаған билігі батыста Дунайға дейін жетті. 9 ғ-дың басында хазар иеліктері солт-те Десна, Сейм, Сула, Сож өзендері алқаптарын қамтыды. Құрамына хазарлардан басқа алан, болғар, славян, т.б. тайпалар енген көп ұлтты мемлекетте дінге деген кеңшілік айрықша орын алды. Тәңіршілдік, ислам, христиан дінін ұстанған топтар бірге өмір сүрді. Сонымен қатар иудей дінін ұстанған еврей қауымдары кеңінен тарап, уақыт өте келе көбейе түсті. Елді қаған басқарып, оның айналасындағы ықпалды бектердің беделі жоғары болды, бұдан төмен әскери тархандар тобы тұрды. Бағынышты елдер мен аймақтарды қаған тағайындайтын тудундар басқарды. Ондай елдерден түрлі алым-салық түсіп отырды. Мысалы, Еділ болғарлары түтін басы 1 бағалы аң терісін төлесе, славяндар “әрбір соқадан” 1 күміс ақша — “щеляга” берді. Жақсы қаруланған хазар әскері Шығыс Еуропадағы шешуші күш ретінде танылды. Ғалымдар хазарлар 100 мыңнан а |
Уәли хан, немесе Сұлтан Уәли Баһадүр (1741 – 1819) – Орта жүздің соңғы ханы (1781–1819). Уәли ханның қайтыс болғанынан кейін Орта Жүзде реформа жүрді де, хан билігі жойылды.
## Өмірбаяны
Абылай ханның екінші әйелі қарақалпақ Сайман ханымнан туған үлкен ұлы.Жасынан билікке араласып, арғын тайпасының билеушісі болды, бірнеше рет әкесінің тапсырмасымен елшіліктерді басқарды.Абылай қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз өкілдерінің құрылтайында хан сайлау негізінде билікке келді. Таққа отырысымен Ресей және Қытай билеушілеріне елшілік аттандырды. 1782 жылы 25 ақпанда императрица Екатерина ІІ Уәлиді Орта жүздің ханы деп танитындықтары жөнінде грамота жіберді. Көп ұзамай Уәлиді билеуші деп танитындықтары жөніндегі осындай грамота Цин императоры тарапынан да келді. Уәли ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін әрі қарай жалғастырушы болды. Ол Орта жүз руларының ішіндегі тұрақтылықты сақтай отырып, сыртқы саясатта Ресей мен Қытайға тең қарым-қатынас жасауға тырысты. Ресей өкіметі өз тарапынан Уәлидің Қытаймен байланыстарына тыйым салуға ұмтылды. Казак әскерлерін жіберіп, хан сарайына келе жатқан Қытай елшілерін орта жолдан қайтарып отырды. Дегенмен, Уәли Қытаймен қарым-қатынасын тоқтатқан жоқ. Орта жүзге ықпалын күшейту үшін патша өкіметі шекаралық шепті қазақ даласының ішіне жылжыта бастады. Ресейдің ықпалын бәсеңдету мақсатында Уәли Қытай үкіметімен және Бұхар хандығымен байланысын күшейтті.
Патша өкіметінің үсті-үстіне жасаған қысымына қарамастан Уәлидің алғашқы он жылдық билігі тыныш жағдайда өтті. Алайда 18 ғасырдың аяғына қарай Уәлидің ішкі саясатына кейбір қазақ рулары тарапынан қарсылық күшейді. Олар 1795 жылы Ресей патшасына ханның үстінен наразылық хат жазды. Сол жылы 2 сұлтан мен 19 би қарамағындағы 120 мыңнан аса адамымен орыс шекарасына жақын жерлерге көшіп барып, өздерінің патша өкіметіне тікелей бағынғылары келетінін мәлімдеді. Бірақ өзінің дипломатиялық шеберлігі арқасында Уәли бұл жанжалды ушықтырмай, өз пайдасына шешті. Дегенмен, ол 1803 – 05 жылы өз қарамағындағы қазақ рулары мен сұлтандарды Сырдарияға, Шығыс Түркістанға көшуге үгіттеді. Патша өкіметі қазақ руларының оңтүстік-шығысқа көшіп кетуіне жол бермеу үшін Уәлимен келіссөз жүргізуге мәжбүр болды.
Уәлидің негізгі қонысы Есіл өзен бойында Көкшетау мен Шыңғыстау аралығында орналасты. Бас ордасы Бурабай көлінің маңайында (Ханкөл, Қызыл ағаш), екінші ордасы Көкшетаудың шығысындағы Сырымбет қыстауында болды. Ол ішкі-сыртқы саясатта әкесі Абылайдың ісін жалғастырып, қазақ хандығының дербестігін сақтауға тырысқанымен 19 ғасырдың басында қалыптасқан саяси ахуал оған мүмкіндік бермеді. Ресей өкіметі қазақ даласындағы хандық басқару жүйесін құлату үшін барлық амалдарды қолданды. Нәтижесінде Уәлидің билігі бірте-бірте әлсірей бастады. Уәлидің билігін одан әрі әлсірету үшін патша өкіметі қазақ рулары арасында ішкі қайшылықтарды пайдалану арқылы 1816 жылы Барақтың тұқымы Бөкейді Орта жүздің 2-ханы етіп бекітті. Уәли Ресей, Қытай және Орталық Азия мемлекеттері толық мойындаған соңғы қазақ ханы болды, ол қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай патша өкіметі Орта жүзде хан сайлауды мүлдем тоқтатты. Уәлидің 2 әйелінен 14 ұлы болған. Оның ішінде мұрагері болып саналатын Ғұбайдолла мен кіші әйелі Айғанымнан туған Шыңғыс Уәлиханов Көкшетау және Құсмұрын округтерінің алғашқы аға сұлтандары болып сайланған.
Даңқты қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов Уәлидің немересі. |
Қуандық — Арғын тайпасының тармағы.5 мейрамның бірі.
## Шежіресі
Қуандықтан
* Бәйбішесінен Есенғарт, Аманғарт
* Тоқалынан Өмір, Темір
* Қарашаш анадан Алтай (Қараке, Сайдалы, Байдалы, Мұрат), Қарпық
Бұл шежіренің тек қана бір нұсқасы, авторы Ібірахым (Жақан) Ісләмұлы
## Тарихы
## Белгілі тұлғалары
Тізімдер:
* Қарекелер
## Нұсқаулар |
Барыс хоккей клубы — Астана қаласының кәсіпқой хоккей клубы. Барыс Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Чернышев дивизионның мүшесі.
Барыс клубы 1999 жылы құрылып, 2001-2002 жылғы маусымнан ойнай бастады. Бұл ұжым 2007 жылға дейін Қазақстан Чемпионатында ойнап, одан әрі Ресей Суперлигасында өнер көрсетеді. Суперлигадағы 2007-2008 жылғы маусымынан кейін Барыс ҚХЛ-ға мүшелікке арыз жазып қабылданады. Барыстың ҚХЛ-дағы алғашқы жеңісі Нижнекамскте (Ресей) жергілікті Нефтехимикпен болған ойынында орын алады (3 қыркүйек, 2008), ал өз алаңындағы алғашқы жеңісі 14 қыркүйекте (2008 жыл) Ресейдің былтырғы чемпионы Салауат Юлаевқа қарсы ойынында орын алады.
Ақпанның 26-да Барыс ҚХЛ 1-ші кезеңінің соңғы шешуші ойынында Астана алаңында Чехов қаласының Витязь клубын жеңіп Плэй-офф кезеңіне 15-ші орыннан жолдама алады. Гагарин кубогынің 1/8 финалында Қазанның Ақ Барсымен кездесіп, серияда 3-0 есебімен есе жіберіп осы маусымды аяқтады.
## Аренасы
ҚХЛ-да ойнағалы 2015 жылға дейін «Қазақстан» спорт сарайында ойнаған. 9-шы тамызда салтанатты ашылған Барыс аренасында 2015 жылғы маусымнан өнер көрсетпек.
## Құрамы
## Барлық жаттықтырушылар
* Николай Мышагин 2000-2002
* Сергей Могильников 2002-2003
* Анатолий Мелихов 2003-2004
* Николай Мышагин 2005-2007
* Михаил Панин 2007
* Сергей Могильников 2007
* Александр Высоцкий 2007-2009
* Андрей Хомутов 2010-2011
* Андрей Шаянов 2009-2010
* Андрей Хомутов 2010–2011
* Андрей Шаянов 2011-2012
* Владимир Крикунов 2012–2013
* Ари-Пекка Селин 2013–2014
* Андрей Назаров 2014–2015
* Ерлан Сағымбаев 2015
* Андрей Назаров 2015–2016
* Эдуард Занковец 2016–2017
* Евгений Корешков 2017
* Ғалым Мəмбеталиев 2017–2018
* Андрей Скабелка 2018–2020
* Юрий Михаилис 2020–2022
* Андрей Скабелка 2022–2023
* Ғалым Мəмбеталиев 2023
* Олег Болякин 2023–
## Нәтижелері
## Сыртқы сілтемелер
* Official site
* Жанкүйерлер сайты |
Облыс (орыс. область, болг. област) — кейбір мемлекеттердің (көбінесе КСРО-дан тәуелсіздік алған мемлекеттер) әкімшілік бірліктерінің атауы. Облыс сөзі қазақ тіліне орыс тілінің "область" сөзінен келген.
* КСРО-да
* Посткеңестік елдерде:Ресей Федерациясының субъектілері — Ресей облыстарыУкраина облыстарыБеларусь облыстарыҚырғызстан облыстарыҚазақстан облыстарыӨзбекстан облыстары (кейде уәлаяттары деп аталады)Тәжікстан облыстары
* Ресей Федерациясының субъектілері — Ресей облыстары
* Украина облыстары
* Беларусь облыстары
* Қырғызстан облыстары
* Қазақстан облыстары
* Өзбекстан облыстары (кейде уәлаяттары деп аталады)
* Тәжікстан облыстары
* Болгария |
Ертіс ФК — Қазақстан Премьер Лигасында 1992-2020 жылдары үзіліссіз ойнаған Қазақстандық футбол клубы. Қазақстан Премьер Лигасында бес рет(1993, 1997, 1999, 2002, 2003) және Қазақстан кубогында бір рет (1997/98) жеңіске жеткен клуб.
Қаржы қиындықтарына байланысты 2020 жылғы маусым барысында чемпионаттан шығып қалды да, ұзамай таратылды.
## Клубтың тарихы мен жетістіктері
### Клуб атауларының тарихы
* 1965 : Клубтың құрылуы. Атауы — «Ертіс».
* 1968 : Клуб атауын «Тракторға» ауыстырды.
* 1993 : Клуб атауын «Ансатқа» ауыстырды.
* 1996 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды.
* 1999 : Клуб атауын «Ертіс-Бастауға» ауыстырды.
* 2000 : Клуб атауын «Ертіске» ауыстырды
### КСРО чемпионаты
Команда 26 КСРО чемпионатына қатысты (1965—1971, 1973—1991). Осы уақыт ішінде клуб 952 матч өткізді : +454=206-292. Өз және қарсыластардың қақпаларына соғылған доптардың қатынасы — 1319 : 928 .
Команда 1969, 1973, 1978, 1980, 1988, 1989 жылдарда аймақтық турнирлардың жеңімпазы болып табылады (2 Лига). Турнирдағы ең төмен орын — 24 (1981).
1979—1981 жылдарда команда КСРО-ның Бірінші лигасында ойнады.
Ең үлкен жеңісі — 7:1 («Металлург», Ермак, 1970) және 6:0 (7 рет). Ең үлкен жеңілісі — 0:6 («Луч», Владивосток, 1975; «Колос», Никополь, 1981)
### КСРО кубогы
11 КСРО Кубогында: 37 ойын, 14 жеңіс, 5 тең есеппен біткен ойын, 18 жеңіліс, доптардың қатынасы 38 — 51.
Ең үлкен жетістігі — финалдың 1/8
Ең үлкен жеңісі - 3:1 Локомотив Мәскеу 1989 .Ең үлкен жеңілісі - 0:5 Днепр Днепропетровск 1989.
### КСРО кезіндегі жаттықтырушылар
* Б. Каретников
* П. Боголюбов
* Э. Боярский
* Виктор Веретнов
* С. Каминский
* В. А. Котляров
* В. Гроховский
* В. Джулик
* А. Канеев
* Владимир Чеботарев
* А. Ф. Борн (1988—1990)
* Виктор Ярышев (1990—1993)
### Тәуелсіз Қазақстан
Мемлекетің тәуелсіз болғанынан клубтың ең үлкен жетістіктері – бұл 1993 (сол кезде клубтың атауы «Ансат» болды), 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдардағы Қазақстан Премьер Лигасындағы жеңістері. Премьер Лига құрылғаннан бастап, клуб бірде-бір рет төменгі дивизионда өнер көрсетпеді..
Сонымен бірге клуб АФК Чемпиондар лигасында өнер көрсетті. Азиялық Чемпиондар Лигасы — Азияның ең басты әр жылдық клубтық футбол турниры, осы жарысқа ең үздік 14 азиялық чемпионаттардың жеңімпаздары қатысады (Қазақстанның УЕФА-ға кіруіне дейін). Осы беделді турнирда Ертіс ФК 2001 жылы жартылай финалға дейін жетті. Сонымен қатар команда УЕФА Чемпиондар Лигасының квалификациялық ойындарына қатысты, сол ойындарда клуб кипрлік «Омония» клубынан жеңілді.
### Қазақстан чемпионаттарындағы жетістіктері
* Қазақстан Чемпионы (5 — рекорд): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003
* Күміс иегері (4 — рекорд): 1994, 1996, 2004, 2012
* Қола иегері (5 — рекорд): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010, 2016
* Қазақстан Кубогының жеңімпазы (1): 1997/98
* Қазақстан Кубогының финалисі (3): 2000/01, 2002, 2012
### Футболшыларының жетістіктері
* 1996 маусымында Виктор Антонов Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол)
* 2000 маусымында Нилтон Мендес Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (21 гол)
* 2005 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (20 гол)
* 2008 маусымында Мурат Тлешев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (13 гол)
* 2012 маусымында Улугбек Бакаев Чемпионаттың ең үздік бомбардиры болды (14 гол)
## Еурокубоктерде
Жуан әріппен жазылғандар: үйдегі ойындар
## Экипировка және демеушiлер
## Клуб рекордтары
### Клуб гвардейцтері (Қазақстан Чемпионаты)
* Чернышов Владислав Геннадьевич — 250 ойын
* Кучерявых Андрей Александрович — 249 ойын
* Коноваленко Сергей Владимирович — 220 ойын
* Антонов Виктор Васильевич — 206 ойын
* Садуов Ойрат Батаевич — 192 ойын
### Клуб гвардейцтері (УЕФА турнирлері)
* Иванов Сергей Николаевич — 8 ойын
* Чернышов Владислав Геннадьевич — 8 ойын
* Мамуту Кулибали — 8 ойын
* Предраг Говедарица — 8 ойын
### Жетістіктері мен жеңілістері
Клубтың бүкіл тарихы бойында жеткен жеңістері мен жеңілістері
Ең үлкен жеңістері
* 1992 — 6:0 («Актюбинец», Ақтөбе)
* 1994 — 6:0 («Болат-АМТ», Теміртау)
* 1996 — 6:0 («Восток», Өскемен)
* 1996 — 6:0 («Жігер», Шымкент)
* 2003 — 6:0 («Батыс» Орал)
* 2004 — 6:0 («Ақжайық», Орал)
Ең үлкен жеңілістері
Қазақстан чемпионаты
* 1992 — 0:3 («Восток», Өскемен)
* 1996 — 0:3 («Қайрат», Алматы)
* 2000 — 0:3 («Жеңіс», Астана)
* 2000 — 0:3 («Аксесс-Голден Грейн» Петропавл)
* 2001 — 1:4 («Тобыл» Қостанай
* 2007 — 0:3 («Жетісу» Талдықорған)
* 2011 — 2:7 («Ақтөбе», Ақтөбе)
Қазақстан кубогы
* 2008 — 1:4 («Восток», Өскемен)
## Атақты ойыншылары
* Георгий Даскалов
* Димитар Наков
* Славен Костенски
* Даниел Роберт де Жезус
* Нилтон Перейра Мендес
* Мұрат Тілешев
* Юрий Новиков
* Константин Еременко
* Александр Василевич
* Боян Симич
* Милан Николич
* Предраг Говедарица
* Александр Кадейкин
## Ресми фанклуб
Клубтың фанаттық қозғалысы көп уақыт өмір сүрсе де, ресми түрде тек қана 2003 жылы құрылды. Оның атауы «Павлодарлық Фронт». Қазіргі шақта клубтың әкімшілігі клуб фанаттарына үйдегі матчтар кезінде стадионға ақысыз кіруді және көршілес қалалардағы матчтарға ақысыз көлікті қамтамасыз етеді.
* Атауы: «Павлодарлық Фронт»
* Құрылу күні: 5 қыркүйек 2003
* Тіркеуде: 600 адам
* Фанклубтықтардың жасы: 12 жастан 65 жасқа дейін
* Матчтардағы сектор: 4 сектор (шығыс трибуна)
* Штаб-квартира: «Ертіс» ФК-ның офисі
* Фанклубтың телебары: «Аламан» (Майра к-сі, 11)
* Киімдерінің түстері: көк және ақ
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионы (5): 1993, 1997, 1999, 2002, 2003
* Қазақстанның күміс жүлдегері (3): 1994, 1996, 2004
* Қазақстанның қола жүлдегері (5): 1992, 1998, 2000, 2008, 2010
* Қазақстан кубогының иегері (1): 1997-1998
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресми сайты
* «Павлодарлық Фронт» Мұрағатталған 16 сәуірдің 2008 жылы. — клубтың ресми емес сайты, жанкүйерлердің қауымдастығы.
* Клубтың тарихы, клубтың барлық ойыншылары туралы ақпарат — klisf.info - да
* Irtysh Pavlodar — клуб жайлы қысқаша ақпарат.
* Қазақстандық Футбол. «Ертіс» командасы |
Арғын (қырым тат. arğın) — түркі тайпасы. Орта жүздің құрамындағы алты тайпаның бірі. Қырым, Қазан және Қасым хандықтарындағы ең ықпалды төрт тайпаның бірі.
## Тайпаның шығу тарихы
## Генетикалық қоры
## Қазақтардың құрамындағы арғындар
### Саны
1896-1911 жылдары өткен ауыл-шаруашылық санақтарына сәйкес арғындардың саны 509 мың адамға жететін. Көкшетау уезінде қазақтардың 82 % (атығай, қарауыл), Павлодар уезінде 78 % (бәсентиін, сүйіндік), Қарқаралы уезінде 78 % (сүйіндік, қаракесек), Ақмола уезінде 67 % (қуандық, қанжығалы), Торғай уезінде 50 % (шегендік, саржетім, ақташы, үмбетей), Атбасар уезінде 46 % (қуандық, шегендік және т.б.), Петропавл уезінде 39 % (атығай, қарауыл), Омбы уезінде 35,3 % (айдабол), Семей уезінде 32 % (тобықты) құрайтын.
А.А.Темірғалиевтің мәліметтері бойынша арғындардың саны 1911-1913 жылдары 753 мыңға, ал Мұхамеджан Тынышбайұлының деректеріне сәйкес 1917 жылы 890 мыңға жететін.
### Қоныстану аймақтары
Арғын тайпасының рулары бүкіл Қазақстанда қоныстанды, бірақ олардың мейлінше көп табан тіреген жерлері мыналар: Орталық Қазақстанда Есіл, Құланөтпес, Терісаққан, Қума өзендерінің аңғары, Қорғалжын, Теңіз көлдеріпің төңірегі, Нұра өзені мен оның көптеген салаларының бойы; Шығыс Қазақстанда Шыңғыстау, Шұбартау даласы, Тоқырау, Бақанас өзендерінің бойы, Солтүстік Балқаш өңірі, Қарқаралы таулары және оның көптеген өзендері бар төңірегі, Ащысу, Нұра өзендерінің бас жағы, Қарасор, Қатынкөл, Саумалкөл көлдерінің төңірегі, Баянауыл маңы мен Ертіс бойы; Солтүстік Қазақстанда Кішіқарой және Ебейті көлдерінен бастап, одан әрі Есіл мен оның салалары бойымен батысқа қарай, Зеренді, Алабота, Жалбыркөл, Сәулекөл, Ақпан-бөрлі, Тайсары, Жабай, Жыланды өзендерінің т. б. бойы.
### Шежіресі
Бәйбішесінен «5 мейрам»:
* Қаракесек: қамбар, жалықбас, шұбыртпалы, бошан (таз, байбөрі, машай (қояншы-тағай, керней-кәрсон), жанту, манат), әлтеке (алмұрат, дос, қойкел, сапақ, есболат, өтеген), сарым (тоқсан, өтеміс), қара (қожас, жарас, бәркөз, өтеп, тақабай, мұрат, дүзен, тоқан) және шор (дүйсенбай, шекшек, тілеубай, әйтімбет, кожам, алтөбет).
* Қуандық: алтай-қарпықтар, тоқа, сармантай, мұрат, сайдалы, нұрбай, алсай), есенғарт, аманғарт, өмір, темір, темеш.
* Сүйіндік: қаржас, орманшы, құлболды (айдабол, күлік, ақбура, тұлпар, қаблан), жанболды, мәжік (малай, жәдігер).
* Бегендік: қозған (қарақозған, сарықозған, оразгелді (тәңірберді, сырық)).
* Шегендік: қақсал.
Тоқалынан «7 момын»:
* Атығай: кұдайберді, бәйімбет, бағыс, баба, ақкиік, койлы, кұлансу, бабасан, кадір, елтоқ, сары, есентаңырық, сүйіндікқар, майлыбалта.
* Бәсентиін: ақмайдан, бекмайдан, тоқмайдан, ақтілес, күшік, карабұжыр, апай, бөрі, сырым, төрт сары.
* Қарауыл: жақсылық, кұрманқожа, кұлынша, кұлымбет, түнқатар, қалды, ботпан, жаулыбай, ақонай, коңырша, қантай.
* Қанжығалы: есен, бозым, каракула
* Тобықты: жуантаяқ, дадан, мұсабай, көкше, бораншы.
* Дәуіт.
* Ақтәжі, Байтәжі.
Әйелі Айнамкөзден «кіші арғындар» немесе «тоқал арғындар»
* Төменгі шекті: саржетімдер: құлқай, өтей, алдияр (таз), мадияр, қойсары, байсары, сүгір, жиенбет. Саржетім құрамына кірмейтін тағышы.
* Жоғары шекті:қараман, шақшақ, айдерке, қырықмылтық, әлімбет, бәйімбет, төлек.
Қызынан (жиен)
* Тарақты: апай, тоқтауыл, қыдыр, жәші, әлі, сары, әйтей, қосанақ, алакөз, шәуке, әлеуке, төлес, сойылқас, шұңғырша, көгедей
### Ұрандары мен таңбалары
Арғындар Кіші жүз жерінде де мекен еткен, ол жерлер: Қарақамыс, Шошқалы, Сарыкөл, Қойбағар көлдерінің төңірегі, көптеген шағын өзендердің бойы мен осы көлдер маңындағы алқаптар, Торғайға құятын Үлкентамды, Мойылды, Сарыторғай деген шағын өзендердің бойы, сондай-ақ Торғай өзенінің бас жағы және Сарыкөл төңірегі.
## Қырым татарларының құрамындағы арғындар
## Татарлардың құрамындағы арғындар
## Башқұрттардың құрамындағы арғындар
## Хакастардың құрамындағы арғындар
## Тарихы
Округтегі ең көп Қаракесек руы бірінші топқа Мейрамсопыға жатады. Бұл жерде де туыстық ру басынан емес, Қаракесектен тарайтын жаңа патрилиндждерден басталады: Көшім Қаракесектің үшінші ұрпағы Көшім атасының (қараңыз: 2-кесте). Қамбар Қаракесектің асырап алған баласының; Байбөрі Қаракесек немересінің; Айбике және Нұрбике-Шаншар-Қаракесектің Шаншар әйелдері (Айбике мен Нұрбике) қосылған Қаракесектің төртінші ұрпағының; Қарсон Қарпық Қаракесектің төртінші ұрпағы болатын. Қарсон атасы мен Қуандық руы Қарпық атасының; Әлтеке Сарым осы аттас аталарының Қояншы Тоғай Қаракесектен төртінші ұрпақ болатын Қояншы жәие Тоғай аталарының атымен аталады. Сондай-ақ, арғын тайпасында дербес болыс құрған Тарақты руын да атап өткен жөн. Егер XIX ғасырдың 30-жылдарында болыстар (5-кестені қараңыз), мысалы, Қарауыл, Әлтеке-Сарым сияқты біртектес болса, 40-жылдарда болыстардың бөлшектепуі немесе түрлі рулардың бір болысқа бірігуі де біртектес болды. Мысалы, Тобықты болысы, Дадан, Мәмбет, Күшік-Тобықты (Дадан Тобықты, сондай-ақ Тобықтыдан тарайтын бесінші ұрпақ Мәмбет пен Күшік (қараңыз: 2-кесте) болып бөлінгеи. Ал Қарауыл-Қамбар болысы екі, қарауыл қазақтарының бір болысқа біріккені көрсетеді. Алуан түрлі қауымдардың мұндай бірлестіктері жайылымдарды және жалпы алғанда өз мүдделерін бірлесіп қорғау қажеттігінен туды. Шынына келгенде, 30-жылдарда Қарауыл атасы 4 ауылдан, ал Қамбар атасы 10 ауылдан тұрған (қараңыз: 5-кесте). Өстіп үлкен бір болысқа біріккенде ғана олар басқаларына қарсы тұра алатын еді. Бірақ болыстардың бөлшектенуі бұдан әрі де жиі кездесті, оған жайылымдардың жеткіліксіздігі мен жаңа қоныстар іздестіру себеп болды. Мәселен, 30-жылдары Тобықты болысында басқалардың бәрінен де көп көрсеткіш 50 ауыл болған (қараңыз: 5-кесте). 40-жылдардың басында олар Мәмбет-Тобықты, Күшік-Тобықты болыстарына бөлінді (қараңыз: 4-кесте). 1850 жылғы 18 қаңтарда Мәмбет-Тобықты болысының старшындары мен билері Қарқаралы округтік приказына бұл болысты (16 старшындық; 1723 шаңырақ) екіге бөлуді, одан 8 старшындықты (825 шаңырақ) бөліп шығаруды өтіне келіп, олар былай деген: «...басқа 8 старшындық пен болыс басқармасынан мүлде басқа жақта әрі алыс қашықтықта (200 шақырымнан астам) болғандықтан, заңда көрсетілген міндеттерді атқаруда да, тығыз орналасқан қоныста малды азықтандыруда да қиыншылықтарға ұшырап келдік, қазір де ұшырап отырмыз». Сібір қазақтары шекаралық басқармасының ұсынысы бойынша, бұл болыс кейін: Мәмбет-Тобықты және Жүз-Мәмбет-Тобықты деген екі болысқа бөлінді. Одан бұрып, 1843 жылы, Байбөрі болысы екіге бөлінген болатын. Егер 30-жылдары 279 ауылдағы 16532 шаңырақта барлыгы 115240 жан болса (қараңыз: 5 кесте), 1841 жылғы деректер бойынша Қарқаралы округіндегі 136 ауылдағы 15022 шаңырақта 101 251 адам болған.
Ауылдардың, шаңырақтардың, халықтың бұлайша кемуіне, сөз жоқ, кейбір ауылдардың солтүстікке (Баянауыл таулары мен Ертіс жағына) және батысқа (Ақмола даласына) көшіп кетуі себеп болған. Облыстық басқару формасына көшкен кезде Қарқаралы арғындары дербес әкімшілік өлшем Қарқаралы уезі болып келген еді, ол уезд Шыңғыстаудың батыс сілемдеріггеп Мойынты озені мен Ақадыр шептеріііе дейін, Балқаш көліпен Баянауыл таулары аймағына дейіп созылып ж а та тын. 1897 жылғы деректер бойынша, уезде барлығы 104569 қазақ болған. Онда 181 старшындық болып, олардағы шаруашылықтар саны 30 528ге жеткен. Алғашқы он жыл ішінде уезд халқы көбейіп, 38 616 шаруашылыққа жетті, олардың ішінде арғындар 32 515 шаруапіылық еді. Қалған шаруашылықтар басқа тайпаларға жатады. (Олар жайында тиісті бөлімдерде айтылады). Қазақстанда облыстық басқаруды енгізе отырып, орыс үкіметі жаңа әкімшілік өлшемдер енгізуге, оларға рульщ атау бермей, топономикасын қоса өзгертіп, рулық негізді түптамырымен жоюға ұмтылды (мысалы, Тоқырауын Тоқырауын өзені, Шұбартау ІШұбар таулары т. б.). Уезде барлығы 19 болыс болды. Мұндай саясат Ресейдің өзіндегі капитализм дамуына байланысты түбегейлі өзгерістерге сай келген еді.
Жергілікті феодалдардың билігіне балта шабу арқылы патша өкіметі олардың қолынан экономикалық, саяси күштерді тартып алып, Қазақстанды жалпыресейлік қажеттерге байлап матады. Олар бұл арқылы ең бастысы Қазақстанды өзінің өнеркәсіп тауарлары үшін шикізат базасы мен рыногына айналдыруды мақсат өтті. Тарақты руы Шыңғыстаудың солтүстік-батысындағы Босаға, Шаған өзендерінің бойын мекендеген. Оның 104 шаруашылығы Қу бөлысы болды. Бұл болыста сол рудың Жантоқа және Тоқтауыл деген екі атасы жайлады. Уездің шығыс бөлігінде солармен қатар түрлі болыстарға бөлшектеліп кірген Қамбар руы тұрған. Айт және Олжас аталары (462 шаруашылық) Темірші, ал Толы бай, Шана, Сарман, Тілеу аталары (240 шаруашылық) Абыралы болысы болғаи.
Кейт тауларын Қарауыл руы мекендеген. Оның Байтуған, Құттықадам аталары (400 шаруашылық) Кент болысының құрамыиа еиген. Қуандық руы Нұра өзені мен соған құятын Шиелі өзенінің бойыида, Батпаққара көлі төңірегінде көшіп жүрді. Бұл жерлерде Алтай тармағына кіретін жәие Ақсары болысын құрайтын Итболды, Байболды аталарының 250 шаруашылығы көшіп жүрген. Балқаш көлінің сәл солтүстігінен бастап, даладағы Сарыбұлақ жәие Жәмші жылгаларына дейін, Мойынты өзенінің бойында Шұбыртпалы руьшың Көкала, Күйелі аталары мекеп еткен. Бұл аталардың 500 шаруашылығы Мойынты болысының құрамына енген.
Қаракесек руынан кейінгі сайы ең көп Тобықты руы Шыңғыстау мен оның төңірегіне, әсіресе Ащысу мен Шаған өзендерінің арасына, сонымен қатар Ащысуға құятын Шынбай өзенінің бойына қоныстанды. Аңыздарда Тобықты руынан шыққан Тоқтамыс XVIII ғасырдың 80-жылдарының аяғында Көкше таудан Шыңғыстауға Абылай ханның кіші ұлы Шама сұлтанды әкеліп, ол көп ұзамай жуантаяқ атасы қазақтарының билеушісі деп жариялапғап деліпеді (қараңыз: 2 кесте). XIX ғасырдың 40-жылдарында Шама батыр Дадан атасын Солтүстік Балқаш өңірі мен Қотанбұлақ алқабына қуып жіберген.
Көп кешікпей Шама батыр жоғарыда аталған алқапқа көшкен. Шыңғыстауды жуантаяқ атасынан басқа Мұсабай, Көкше аталары (қараңыз: 2кесте) мекендеген. Шыңғыстауды және оның солтүстігі мен шығысында жатқан кең даланы мекеи еткен тобықтылар XIX ғасырдың екінші жартысында Семей облысының құрамына еніп, Шаған (10 ауыл, 1167 шаңырақ), Бөрлі (10 ауыл, 1451 шаңырақ), Шыңғыс (11 ауыл, 1155 шаңырақ), Мұқыр (2 ауыл, 1586 шаңырақ) болыстарымен қоса Қызылмола болысының бір бөлігін иеленген. Семей облысындағы 2606 шаруашылықтан тобықтылардың үлесіне (Бесқарағай болысындағы азын-аулақ Тарақты руын 8 ауыл, 1239 шаңырақты қосқанда) 11284 шаруашылық тиген, ал барлық арғындар 12525 шаруашылық болған. Тобықты руынан қуып жіберіліп, Балқаш өңіріне кеткен Дадан атасы (қараңыз: 2кесте) Қарқаралы уезіпің 1252 шаруашылығы бар Батыс Балқаш болысы болды. Уезд жерінің қалған басым көпшілігі Қаракесек руының, оның Бошай, Майқы, Танас, Жылықбас, Сарым деген т. б. аталарының (қараңыз: 2кесте) қонысына айналды. Олар Тоқырауын, Қусақ, Ашаңбел, Мұқыр өзендерінің бойын, Қарқаралы, Кент, Қу, Едірей, Қарпытай, Қызыларай, Қоңыр тауларын, осы өңірдегі көптеген алқаптарды мекендеді.
Оларда 28036 шаруашылық бөлды. Қазақстанның шығысындағы жайылымдарға қазақтардың Орталық Қазақстан даласынан Ерейментау арқылы және одан әрі шығысқа қарай Баянауыл тауы мен көлдеріне, Ертіс өңіріне қайтып оралғаны жоғарыда айтылды. Баянауыл тауына бірінші болып Сүйіндік руы келген. Олардың келуі Сүйіндік руының коптеген тармақтарын бастап келген Айдаболдың немересі Олжабай батырдың есімімен байланыстырылады (қараңыз: 2 кесте). Айдаболдың өзі Ташкент маңында өлген. Олжабай батыр Абылай сұлтан әскерінде қызмет етіп, қалмақтарға қарсы күреске белсене қатысқан. 1730 жылы ол Айдабол руының жеті ұрпағымен Баянауыл төңірегінде қалмақтарды оңтүстікке қарай қуып, жері құйқалы, көлі тұнық, орманы киіздей Баянауыл тауы мен оның төңірегін өзіне қаратып алған.
Айдаболдар өз иеліктерін одан әрі Далба, Қызылтау тауларына дейін кеңейткен. Айдабол руының жазғы жайлауы Көкшетау округінің солтүстігінде, Айдабол руының белгілі биінің есімімен аталған Торайғыр көлі аймағында болған. Жоғарыда айтылғанындай, қаракесектер Қарқаралы тауынан ығыстырып шығарған Қанжығалы руы Ерейментауға, бір бөлігі Ертіс өзенінің бойына, Песчаный поселкесінің тұсына көшіп барған. Сол жылдары Қызылтау мен Далба тауына Сүйіндіктің асырап алған баласы Қаржастың ұрпақтары көшіп келген. Мұса Шормановтың (белгілі би, қоғам қайраткері әрі өлкетанушы) бабасы Сәти Түркістаннан келіп, Қылтауға қоныс тепкен. Оның қыстаған жері Сәтитас деп аталып кеткен. Жаздыгүні Сәти өзінің Қаржас руымен, сондай-ақ Құлболды, Жанболды және Орманшы руларымен (халық арасында олар «төртуыл — төрт туыстың ұрпағы» деп аталып кеткен) бірге батысқа қарай алыстап, Итемген, Мамай көлдеріне кетіп қалған, ал ол колдер сол жерлерде жерленген төртуыл билерінің есімдерімен аталған.
Айдаболдың Қаржас тармағымен қоса бұл жерлерге Бегендік руының Қозған, Тәңірберді және Сарық аталары көштіп келіп, Қызылтауға ірге тепкен. Осы жерге Жолболды руының Орманшы атасы көшіп келді, бірақ олар, арғындардың басқа аталары сияқты, Орталық Қазақстаннан емес, қайта Шу өзенінің оңтүстігінен келген еді. Ертістің сол жағалауын Бәсентиын руының көптеген аталары мекендеді. Сәмек, Бәйімбет, Күшік аталары (қараңыз: 2 кесте) Ертіс бойына 1800 жылы келген.
Орыс үкіметі оларға Ямышев, Подстепной поселкелері арасындағы жерді берді. Бәсентиін руының қауымдары жаз кезінде алыстағы Обь өзеніне дейін емін-еркін көшіп барып, Алтай таулы округінің жерінде еркін жайлап жүрді. Бірақ Сібірді отарлаудың күшеюіне байланысты (ХІХ ғасырдың 70-жылдары) Бәсентиін руының қазақтары қайтадан сол жағалауға көше бастады (қараңыз: 2 кесте). Бәсентиін руының Апай атасы кейін пен Павлодардың негізі қаланған жер маңында көшіп жүрген. Көлденең және Сатыбалды аталарының (қараңыз: 2 кесте) қонысы тортұлдар келгенге дейін де Баянауыл тауларының шығыс беткейінде болатын. Төртұлдар келген соң, олар ығыстырылып шығарылып, өздерінің Апай атасындағы туыстарына көшіп барды. 1833 жылдың жазында жаңадаи екі округ: Ямышев бекінісі тұсынан, Баянауыл және Омбы бекінісінің оңтүстік-батыс жағынан Үшбұлақ округі құрылды.
Басқаларымен бірге бұл округтер де Арғын тайпасы рулары мен аталарының көшпенді қауымдарына қараған. Егер Арғындардың рулық құрылымына назар аударатын болсақ, аталған болыстарға көбінесе өздері әр түрлі патрилиндждер мен таксономиялық жіктерден бастау алатын қауымдардың біріккенін көреміз. Мысалы, 5 болыстар сүйіндік руына, ал оларға енетін қауымдар әр алуан жіктер мен аталық жіктерге жатады. Айтар болсақ, бірінші болыс үш негізден таралған: Ақбура мен Тұлпар ағайынды, ал Қаржас оларға немере болады (қараңыз: 3кесте). 5 болысқа Қаржас ұрпақтарынан: оның (Қаржастың) ұлы Алтын (Алтынторы) меи немересі Сатылғаннан (қараңыз: 2кесте) тарайтын ұрпақтар жиналған. Мұндай нәрсе Сүйіндік руының басқа болыстарынан да байқалады. Бұған оқырман Арғын руының құрылымына назар аударып көз жеткізе алады. Қозған болысы Бегендік руына жатады (қараңыз: 2кесте), ал қалған болыстардың қайсысына жататынын атауларынан аңғаруға болады.
Баянауыл округі құрамында 122 ауыл болып, оларда Арғын тайпасының әр түрлі руларына жататын 6955 шаңырақ бар деп есептелген. 1835 жылғы деректер бойынша, округте 65 465 адам болғап. Баянауыл округіне жатқызылған бірнеше болыс Томск губерниясында: 19 ауылдан тұратын (1001 шаңырақ) Сәмеке Бәсентиін болысы Бийск округінде Подстепной станицасы мен Босаға алқабына жақын жерде, 4 ауылдан тұратын (60 шаңырақ) Күшік болысы (Күшік Қаракесектің төртінші ұрпағы (қараңыз: 2 кесте) Барнаул округінде Қарағай және Ақсеңгір алқабында көшіп жүрген. Сібір мекемелерінің бұратаналарды басқару туралы «Заңдар жинағының» 188 бабы негізінде бұл қазақтар ішкі шеп жерінен сыртқы округтер аймағына қуып жіберілуге тиіс болатын. Алайда сыртқы округтерде бос жайылымдардың болмауы себепті бұл шаруашылықтар Томск губерниясында уақытша қалдырылған еді.
Санкт-Петербургтегі М. Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасының қолжазба бөлімінде (қосымша тізбе, № 64) Жеке Сібір корпусы Бас штабы жанында жасалған «Сібір бастықтарына қарасты Қырғыз даласының картасы» сақтаулы, онда қазақ рулары қоныстарының шамамен алынған жерлері көрсетілген. Архив деректері мен әлгі картаның көрсетулеріие сәйкес, Үшбұлақ округінің шекарасы батысында Үшбұлақ мекеиі (Көкшетаудың оңтүстік-шығысында) ауданынан басталып, солтүстік-шығысында Ертіске дейін созылып жатқан; солтүстігінде Үлкен-Қарой, Теке көлдерін, оңтүстігінде Сілеті-Теңіз көліп қамтыган. Бұл аумақ Үшарал округі таратылғаннан кейін Көкшетау округінің оңтүстік бөлігіне айналды, бірақ біз барлық мәліметтерді бастапқы округ бойынша келтіреміз, өйткені Сібір ведомствосының архив істеріиде ол жөніндегі мәліметтер тым аз. 1835 жылғы мәліметтер бөйынша округте 54344 адам болған. Сонымен, округ аумағын Арғын тайпасының: қанжығалы және қарауыл руларының аталары мекендеген.
Олардың қоныстары көбінесе Ерейментаудан шығысқа қарай болған да, оның батыс жағына қарай көшкен (қараңыз: 2 кесте). Әжібай тармағы Қанжығалы руының 8 атасын біріктірген. Жоңғарларға қарсы күресте ерекше көзге түскен Бөгенбай батыр Қанжығалы Бөгенбай деп те аталады (қараңыз: 2 кесте, сегізінші ұрпақ). Ішкі жақта, яғни Ертістің оң жағалауында тұрған қазақтарға да арнайы тоқтала кеткен жөн. Бұл жерлер Семей ішкі округінің бір бөлігі болатын және әр түрлі ведомстволарға бағындырылған еді. Жер пайдалану ережелеріне сәйкес, қазақтар Кабилеттік жерлерде барлығы 787 шаруашылыққа (39,4%) учаскелерді жалға алып, Белағаш даласы дейтін жерде; «еркін дала» аймағында 657 шаруашылық (33%); Сібір казак әскерінен жалдап алынған жерде 168 шаруашылық (8,4%) тұрды. 112 шаруашылық (6%) Семейде тұрақты мекен етін, олардың Белағаш даласында егістігі болды.
Округке есептелген 266 шаруашылық (13%) округ шегінен тыс жерлерде көшіп жүрді. Белағаш даласы дегеніміз Семейден солтүстікке қарай жатқан кеңбайтақ жер, ал «еркін дала» Жалқарағай, яғни Шульба тоғайы. XVIII ғасырдың аяғында Жалқарағай бос жатқан жер еді, оған қазақтар қыстыгүні сол жағалаудан өздерінің табындарын айдап апаратын. Бұл жерге бірінші болып Уақ тайпасының қауымдары көшіп барды да, Семей округін ұйымдастырған кезде болыстың аты солардың атымен (Байуақ) аталды. Мұнда біртіндеп түрлі тайпалардың басқа рулары да көшіп келе бастады, сөйтіп көп ұзамай Белағаш және «еркін дала» бір Белағаш болысына айналды. Бұл болыстың 1444 шаруашылығынан Тобықты руының қауымдары 551 шаруашылық (38,2%), Қаракесек 170 шаруашылық (11,79%), Тарақты 79 шаруашылық (5,49%) болды, ал бүкіл Арғын тайпасының шаруашылықтар саны 700 еді (55,59%).
XIX ғасырдың екінші жартысында Баянауыл және Үшбұлақ сыртқы округтерінің, Семей ішкі өкругінің қа зақтары Семей облысындағы Семей және Павлодар уездерінің құрамына енді (1868, 1881 жж. реформалар). Семей уезіндегі 26 062 шаруашылықтан арғындардікі 12 525 шаруашылық болды. Саны ең көп Тобықты руы еді, олар уездің оңтүстік-батыс бөлігін Шыңғыстау жазығын мекендеді. Тарақты руының көпшілігі солтүстік жағында, Черный поселкесі ауданында көшіп жүрді. 1893 жылғы санаққа қарағанда Павлодар уезінде 21 877 шаруашылықты біріктірген 144 старшын бөлғатт. XX ғасырдың бас кезінде уездегі шаруашылықтар саны 13,5 мыңнан астам шаруашылыққа көбейді.
Мұншама көп шаруашылық қайдан келген және оны туғызған не? 1891 жылы дала облыстарын басқару туралы заң енгізілгеннен кейін орыс әкімшілігі қазақ шаруашылықтарының әр облыс, уезге қарайтынын түпкілікті анықтауды талап етті.
Павлодар уезі Томск және Тобыл губернияларымен шектесіп жатты да, оның көптеген шаруашылықтары осы губерниялардың жерлерінде, әсіресе Құлынды даласында көшіп жүретін, ал Құлынды даласында көшіп жүруге Министрлер Кабинетінің 1880 жылғы 22 қарашада бекіткен ережесіне сәйкес рұқсат етілген еді. Тегінде, Павлодар уезінде шаруашылықтардың бұлайша күрт көбеюін халықтың табиғи осуімен ғана емес, сонымен қатар бұрын Томск және Тобыл губернияларының жерлерінде көшіп жүрген қазақ шаруашылықтарының далаға қайта қуылып тығылуымен де түсіндіруге болады. Уезде Орта жүз қазақтарының 35 396 шаруашылығы көшіп жүрген, олардың ішінде арғындардікі 27327 шаруашылық. Аумақтың негізгі бөлігін Сүйіндік руының Қаржас, Ңұлболды, Орманшы, Жапболды аталары алып жатты.
Осы аталар «төртул» деген бір этнонимге бірікті (қараңыз: 2кесте). Құлболды мен Айдабол аталары Баянауыл, Далба, Қызылтау тауларын қыстап, жаздыгүні Есіл даласындағы Торыайгыр көліне қарай солтүстік-шығысқа қашықтап кетіп отырған. Бәсентиін руы (Сәмек, Бәйімбет, Күшік, Анай, Көлденең, Сатыпалды аталары қараңыз: 2 кесте) Ертістің сол жағалауыттда Ямышев бекінісінің тұсынан Песчаный поселкесі не дейін көшіп жүрген. Қанжығалы руы (Әжібай тобы) Жасанақ көліне құятын Шідерті өзенінің бас жағын, Жалаулы, Шолақ көлдерінің маңыи мекендеген. Бегендік руының қауымдары Ертістің оң жағалауында Белағаш даласының солтүстік бөлігінде көшіп жүрген.
Арғындардың Шығыс Қазақстандағы орналасуын қарастыра келгенде, олардың батысқа арғындар ұйыса мекендеген Орталық және Солтүстік Қазақстан даласына ойысқанын көреміз: оңтүстігінде солтүстік-батыс Балқаш өңірін бойлай Сарысу, Сарыкеңгір және Қаракеңгір озендерінің бас жағымен, одан әрі солтүстікке қарай оңтүстік Сібір жағына дейін жетеді. Осы кең өңірде барлық Орта жүз тайпаларыыың көптеген рулары мекен еткен, бірақ көбінесе арғындар басым болып отырған. Су көздері мен жайылымдары мол осы аймақты да кезінде жоңғар басқыншылары басып алып, қазақтар оларды кейін қуып шыққан. XIX ғасырдың аяғында жазылған аңыздар бойынша, арғындардың ірі атасының негізін салушы XVI ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Мейрам Ертістен Есілге, одан әрі Сарысуға дейін, яғни осы аймақтар шегінде көшіп жүрген.
Бұл жерлерге жоңғарлар XVII ғасырдың 20жылдарында келді де, қазақтар негізінен батысқа және Сырдария бойына, ал кейбіреулері Нұра өзенінің орта ағысына ауа көшкен. XVII ғасырдың екінші жартысында Нұра орта ағысы мен бас жағында Қуандық, Қарпық, ал Ерейментау даласында Қанжығалы рулары көшіп жүрді. Қазақтардың жаппай көшіп келуі жоңғарлар қуып шығарылғаинан кейін басталды. Қанжығалылар Ерейментауға, одан әрі Ертіске және Ом өзеніне қарай қоныс аударды. Қарауыл, Атығай рулары Зеренді, Жалтыркөл, Саумалкөл т. б. көлдер айналасына, Мезгіл ормандарына, Көкшетауға, Есіл даласының солтүстік аудандарына көшіп барды. Бірақ негізгі көшіп қоныстанушылар Қуандық руының шаруашылықтары болды. Олар Есіл өзенінің орта ағысында Нұраның төменгі ағысын бойлай жатқан көлдер төңірегінде, Нұраның орта және жоғарғы ағысы бойында, Құланөтпес өзені аңғарында, Қосағаш, Наршөккен, Семізқыз, Бұғылы, Сарытау, Нілді, Жамантогалы, Ортау тауларында орын тепті.
Терісаққан өзенінің Есіл өзеніне құяр жеріне дейінгі далаға Қуандық руының қауымдарымен шектесіп, Сүйіндік руы қоныстанды. Осы кең далада көшіп жүрген Орта жүз руларының қазақтары негізінде, жоғарыда айтылғанындай, үш округ: Ақмола, Көкшетау, Құсмұрын және кейіннері Атбасар округтері құрылды. Солардың алғашқысында басқалардан гөрі арғындар мейлінше көп болды. Ақмола округтік приказының деректері бойынша, Ақмола қонысының төңірегінде біржола орныққан, мал шаруашылығымен бірге диқаншылықпен де айналысатын 3 ауыл (215 шаңырақ) болған. Жоғарыда келтірілген кестеде болыстардың атаулары рубасылардың есімдерімен емес, қайта олардан тараған патронимиялар және таксономиялық жіктер арқылы берілген. Мұның өзі рулардың өсіпөніп, бөлініп, жаңа эпонимдер мен патрилинидждер пайда болатынын, уақыт өте келе жаңа рулардың, өзінің рулық тегін жаңадан есептей бастаудың пайда болуына әкеп соғатынын көрсетеді. Енем-Түнғатар болысына бір кезде Қарауыл, ал XIX ғасырда тек оның немересі Түнғатар ру басы болған (қараңыз: 2 кесте) қауымдар бірікті. Бұл болыс атауының бірінші бөлігінің (Енем) тегі рудың неғұрлым ұсақ атасы немесе болыстың, ауыл ақсақалының аты болса керек. № 2, 3, 6, 9 болыстар Алтайдан (Қуандықтың ұлы) басталады.
Осы болыстарға енген қауымдардың негізіне әр түрлі эпонимдер: Қареке, Мойын, Алысай, Байдалы (қараңыз: 2 кесте) алынған. № 4, 5 болыстар да Қуандықтан (екінші баласының немересінен (Қарпық-Тінәлі; қараңыз: 2 кесте), ал № 8-ші болыс үшінші баласының немересінен (Өмір-Темеш; қараңыз: 2кесте) тараған. Соңғы Қырғыз-Төртұл болысына әр түрлі этнос біріккен. Бұл жөнінде сәл таратып айтқан жөн. Көшпенді қырғыз қауымдары Ақмола даласына сонау жоңғарларды қуып шыққан кезде келген еді. Кейіннен оларға Көкшетау төңірегінен келген қырғыздар қосылды. Соңғылары, тегінде, Кенесары сұлтанның Қырғызстанға жорығы кезінде соның жағында соғысқан қырғыздар болса керек. Кенесары жеңіліске ұшырағаннан кейін бұл қырғыздар қазақтармен бірге кеткен де, оларға Балуан көлі мен Сасықкөл маңынан жер берілген.
Уезд атауының екінші бөлігіне келетін болсақ, аңыздарға қарағанда, Төртуыл ру басы Сүйіндіктің төртінші ұрпағы болған Малай мен Жәдігердің (қараңыз: 2 кесте) ұрпақтарын біріктірген.
1837 жылғы статистикалық деректер бойынша Ақмола сыртқы округінде 67091 адам болған. Солтүстік ендіктің 52 градусынан Қазақстанның солтүстік шекараларына дейін орналасқан қазақ қауымдары (Сібір казак әскерлерінің Петропавл бекінісінен Пресногорьков бекінісіне дейінгі жерін қоспағанда) Көкшетау сыртқы округіне біріктірілді. Осы кең-байтақ аумақта Орта жүздің басқа тайпаларымен шектес тұрған Қарауыл, Атығай, Қанжығалы рулары мекендеген. Мұнда тек арғындарға ғана тоқталайық. Көкшетау округіндегі 13 810 шаңырақтан (109 050 адам) арғындардың үлесіне 5370 шаңырақ тиген, оларда, өз есептеуіміз бойынша, 26 850 адам болган. XIX ғасырдың 40-жылдарына қарай, яғни Көкшетау округі құрылған уақыттан 16 жыл өткеннен кейін шаңырақтар мен болыстар саны көбейген, ал төменде келтіріліп отырған кестеден бұған көз жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге арғындардың көшіп жүрген жерлерін де білуге болады. 1824 жылғы ведомоста бар Қанжығалы болысының көрсетілмегеніне қарамастан, 16 жыл ішінде шаңырақ саны 3313 шаңыраққа артқан.
Тегінде, ол болыс руластары Ерейментауда көшіп жүретін Баянауыл округіне берілсе керек. Көкшетау арғындарының тоғыз болысының алтауы Атығай руы да, үшеуі Қарауыл руы. 1824 жылмен салыстырғанда, 1840 жылға қарай табиғи өсімнің және басқа жерлерден туыстарының көшіп келіп қосылуына байланысты болыстар ұсақ бөлшектерге бөлінген. Көкшетау округі қазақтарында да жаңа патрилиндждердің құрылып, жаңа туыстық (таксономиялық жік) басталғанын көруге болады. Атығай руының өкілдері мынадай болыстарда бар, 1 болысқа ағайынды екі адамның ұрпақтары Майлы мен Балта біріккен, олар Атығайдан тарайтын төртінші ұрпаққа жатады (қараңыз: 2 кесте). Төмендегі халық аңызына қарағанда, Майлы деген лақап ат.
Бір ашаршылық жылы бір топ қазақ көршілерінен 90 түйені ұрлап сөйып алады да, сонымен тіршілік етеді. Көршілері бұған кешірім жасайды (аштықтан аман қалу да олжа ғой), сойылған түйелері табылмай, өркешін шапқан майлы балта ғана табылады. Сондықтан руы «майлы балта» атанып кеткен. 2 болысқа немере туыстар Бабасан мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2 кесте). 3 болыстағы Ақкиік, Қойлы мен Құлансу да сондай (қараңыз: 2кесте). 4 болыста ағайынды екеудің ұрпақтары — Баба мен Бағыс біріккен (қараңыз: 2 кесте). 7 болысқа біріккелдер Бәйімбет пен оның немересі Андағұлдың ұрпақтары (қараңыз: 2 кесте). Қалған үш болыс Қарауыл руының ұрпақтарына жатады. 6 болыс Есенбайдың (Қарауылдан төртінші ұрпақ) ізбасарлары Қараша мен Ноғай, оның ұрпақтары халық арасында «алты ата ноғай-қарауыл» деп те аталады (қараңыз: 2кесте). Арғын рулары Омбы мен Петропавл ішкі округтерінің жерінде де көшіп жүрген. Өкінішке қарай, біздің қолымызда көшіп жүрген шаруашылықтардың саны туралы мәліметтер жоқ. Н. Е. Бекмаханованың есептеулеріне қарағанда, Омбы ішкі округінде 11285, Петропавл округінде 23949 қазақ болған. Біздің ел арасыпан жинап жасаған жазбаларымыз бойынша, аталған ішкі округтерде арғындардың екі руы: Атығай мен Қанжығалы қоныстанған.
## Әдебиет
* Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численности // Живая старина. Вып. III-IV. Санкт-петербург, 1886.С. 91.
* Жабагин М.К., Сабитов Ж.М., Агджоян А.А. и другие. Генезис крупнейшей родоплеменной группы казахов - аргынов в контексте популяционной генетики // Вестник Московского университета. Серия XXII. Антропология. № 4/2016. 2016. С. 65-66.
* Сабитов Ж.М. Происхождение Аргынов и Маджар с точки зрения ДНК-генетики / Этногенез казахов: историко-генетический аспект. Алматы: Shegire DNA, 2014. С. 271.
* Красовский М. Область сибирских киргизов. Часть 1. Санкт-Петерьург, 1868. С. 336-337.
* Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. Т.1.Алма-Ата, 1985. С. 308.
*
*
*
*
*
*
*
*
## Сілтемелер
* Аргын - Шежире Мұрағатталған 20 наурыздың 2016 жылы.
* History.kz Арғындар Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2008 жылы.
* Полное секвенирование отдельной гаплогруппы G1 измеряет мутации и выявляет миграции
* Phylogenetic Analysis of Haplogroup G1 Provides Estimates of SNP and STR Mutation Rates on the Human Y-Chromosome and Reveals Migrations of Iranic Speakers(қолжетпейтін сілтеме)
* Казахи-аргыны – потомки единого предка или союз племен?
* Арғын ішіндегі рулар саны сұрақнама бойынша(қолжетпейтін сілтеме) |
25 Қазан - Қазақстанда Республика күні, ұлттық мереке.
## Тарихы
1990 жылы қазан айының 25-і күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды. |
Қазақстан Республикасы 2024 жылы 1 шілдедегі дерек бойынша:
* 20 бірінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала;
* 227 екінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен: облыстардағы 170 аудан, 39 облыстық маңызы бар қала, республикалық маңызы бар қалалардағы 18 аудан;
* 2345 үшінші деңгейлі әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: аудандық маңызы бар қалалардың 48 әкімдігі, облыстық маңызы бар қалалардағы 4 аудан әкімдігі, 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ әкімдігі, 101 ауыл әкімдігі.
Барлығы Қазақстанда 90 қала, 27 кент, 6208 ауыл бар.
## Қазіргі әкімшілік бөлінісі
### Бірінші деңгей
Қазақстан Республикасы 17 облысқа және 3 республикалық маңызы бар қалаға бөлінеді.
* Астана қаласы — Қазақстанның елордасы.
* Алматы қаласы — ерекше мәртебеге ие республикалық маңызы бар қала.
* Шымкент қаласы — республикалық маңызы бар қала.
### Екінші деңгей
Әкімшілік бөліністің екінші деңгейіне 170 ауылдық жердегі аудан, 19 қалалық жердегі аудан және 39 облыстық маңызы бар қала жатады.
Республикалық маңызы бар қалалардағы аудандар:
* Астанада — 6 аудан
* Алматыда — 8 аудан
* Шымкентте — 5 аудан
Облыстық маңызы бар қала мәртебесін дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, халқының саны 50 мың адамнан жоғары ірі экономикалық және мәдени орталықтар алады.
### Үшінші деңгей
Үшінші деңгейде 48 аудандық маңызы бар қала, 4 қалалық жердегі аудан (облыстық маңызы бар Қарағанды және Ақтөбе қалаларында екі-екіден), 27 кент әкімдігі, 2165 ауылдық округ және 101 ауыл әкімдігі бар.
Облыстық маңыздағы қала ішінде аудан ондағы халық саны 400 мың адамнан асқанда құрылады.
## Тарихы
### Ресей империясы
XX ғасыр басында Қазақстан аумағында жеті облыс болған:
* Ақмола облысы — Омбы қаласы
* Жетісу облысы — Верный қаласы
* Күнгей Каспий облысы — Ашхабад қаласы
* Орал облысы — Орал қаласы
* Семей облысы — Семей қаласы
* Сырдария облысы — Ташкент қаласы
* Торғай облысы — Орынбор қаласы
Бұрынғы Бөкей Ордасы аумағы Астрахан губерниясының құрамында болды.
### Кеңес заманы
* 1920: Семей губерниясы құрылды
* 1921: Төмендегідей губерниялар құрылдыАқмола губерниясы - Петропавл қаласыАқтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласыҚостанай губерниясы - Қостанай қаласы
* Ақмола губерниясы - Петропавл қаласы
* Ақтөбе губерниясы - Ақтөбе қаласы
* Қостанай губерниясы - Қостанай қаласы
* 1924: Жетісу, Сырдария губерниялары құрылды
* 13 қыркүйек 1925: Қостанай губерниясы жойылып, орнына Қостанай уезі құрылды
* 14 қыркүйек 1925: Қостанай уезі болыстарынан Қостанай округі құрылды
* 17 қаңтар 1928: Қазақ АКСР-індегі барлық губерниялар жойылып, орнына 13 округ құрылды
* Адай округі - Ойыл ауылы
* Ақмола округі - Ақмола қаласы
* Ақтөбе округі - Ақтөбе қаласы
* Алматы округі - Алматы қаласы
* Гурьев округі - Гурьев қаласы
* Қарқаралы округі - Қарқаралы қаласы
* Қостанай округі - Қостанай қаласы
* Қызылжар округі - Петропавл қаласы
* Қызылорда округі - Қызылорда қаласы
* Орал округі - Орал қаласы
* Павлодар округі - Павлодар қаласы
* Семей округі - Семей қаласы
* Сырдария округі - Шымкент қаласы
* 10 мамыр 1928: Қызылжар округінің атауы Петропавл округі болып өзгерді
* 10 сәуір 1929: Адай округі жойылды
* 17 желтоқсан 1930: Қазақ АКСР-інің барлық округтері жойылып, аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді
* 10 наурыз 1932: Қазақ АКСР-інде округтердің орнына 6 облыс құрылды
* Ақтөбе облысы - Ақтөбе қаласы
* Алматы облысы - Алматы қаласы
* Батыс Қазақстан облысы - Орал қаласы
* Қарағанды облысы - Петропавл қаласы
* Оңтүстік Қазақстан облысы - Шымкент қаласы
* Шығыс Қазақстан облысы - Семей қаласы
* 1 шілде 1933: Гурьев округі қайта құрылды
* 4 шілде 1934: Қарқаралы округі қайта құрылды
* 29 шілде 1936: Қарқаралы округі жойылды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары құрылды. Қарағанды облысының орталығы Петропавлдан Қарағандыға көшірілді
* 5 желтоқсан 1936: Гурьев округі жойылды
* 15 қаңтар 1938: Гурьев, Қызылорда және Павлодар облыстары құрылды
* 14 қазан 1939: Ақмола, Жамбыл және Семей облыстары құрылды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семейден Өскеменге көшірілді
* 16 наурыз 1944: Көкшетау және Талдықорған облыстары құрылды
* 6 маусым 1959: Талдықорған облысы жойылды
* 26 желтоқсан 1960: Тың өлкесі құрылды. Ақмола облысы жойылып, аумағы өлкенің тікелей басқаруына өтті
* 24 сәуір 1961: Тың өлкесі құрамында орталығы Целиноград қаласында Целиноград облысы құрылды
* Тың өлкесі - Целиноград қаласы (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Целиноград)
* 3 мамыр 1962: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары Орал және Шымкент болып өзгерді. Құрамына 6 облыс кіретін Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері құрылды:
* Батыс Қазақстан өлкесі - Ақтөбе қаласы (Ақтөбе, Гурьев, Орал)
* Оңтүстік Қазақстан өлкесі - Шымкент қаласы (Жамбыл, Қызылорда, Шымкент)
* 1 желтоқсан 1964: Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан өлкелері жойылды
* 19 қазан 1965: Тың өлкесі жойылды
* 23 желтоқсан 1967: Талдықорған облысы қайта құрылды
* 23 қараша 1970: Торғай облысы құрылды
* 20 наурыз 1973: Маңғышлақ және Жезқазған облыстары құрылды
* 2 маусым 1988: Маңғышлақ және Торғай облыстары жойылды
* 17 тамыз 1990: Маңғыстау (бұрынғы Маңғышлақ) және Торғай облыстары қайта құрылды
### Қазіргі заман
* 21 ақпан 1992: Гурьев облысы Атырау облысы болып өзгертілді
* 6 шілде 1992: Целиноград, Орал, Шымкент облыстарына бұрынғы Ақмола, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан атаулары қайтарылды
* 22 сәуір 1997: Талдықорған, Торғай облыстары жойылды
* 3 мамыр 1997: Жезқазған, Көкшетау, Семей облыстары жойылды
* 10 желтоқсан 1997: Ақмола қаласы Қазақстанның астанасы ретінде ресми түрде жарияланды
* 6 мамыр 1998: Қазақстанның елордасы Ақмола қаласы Астана болып өзгертілді
* 8 сәуір 1999: Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 аудан Көкшетау қаласымен бірге Ақмола облысына берілді. Ақмола облысының орталығы Астанадан Көкшетауға көшірілді
* 14 сәуір 2001: Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілді
* 19 маусым 2018: Оңтүстік Қазақстан облысының атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалаға жатқызылып, облыс орталығы Түркістанға көшірілді
* 23 наурыз 2019: Қазақстанның елордасы Астана қаласы Нұр-Сұлтан болып өзгертілді
* 8 маусым 2022: Алматы облысының орталығы Талдықорғаннан Қонаев (бұрынғы Қапшағай) қаласына көшірілді. Жаңадан 3 облыс құрылды:
* Абай облысы - Семей қаласы
* Жетісу облысы - Талдықорған қаласы
* Ұлытау облысы - Жезқазған қаласы
* 17 қыркүйек 2022: Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласына бұрынғы Астана атауы қайтарылды
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Қазақстан аудандары
* Қазақстан қалалары
* Қазақстан кенттері
* Қазақстан ауылдық округтері |
Көкшетау (латын — қаз. Kökşetau; айтылуы [køkɕetɑw] тыңдау; 1868 жылға дейін бұрынғы атауы — Көкшетау бекінісі, 1993 жылға дейін орыс транскрипциясында — Кокчета́в; айтылуы [koktɕɪˈtav]) — Ақмола облысының әкімшілік орталығы (1999 жылдан; 1944 – 1997 ж. Көкшетау облысының орталығы болған), Қазақстанның солтүстігінде, Бұқпа тауының етегі мен үлкен Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы (көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды) көркем жерде орналасқан қала (1862 жылдан). Қала ауданы — 233,97 км². Ал Көкшетау әкімшілік-аумақтық құрылымының ауданы — 425 км². Қала Батыс Сібір жазығының оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасында, Есіл жазығының оңтүстік шетінде, тау бөктері қаланы оңтүстік пен батыстан қоршап тұрған Көкшетау қыратының солтүстік баурайы шегінде орналасқан.
Тұрғындарының саны — 150,649 адам (2022). Көкшетау Қазақстан қалаларының арасында халық саны бойынша он сегізінші орында орналасқан. Көкшетауда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Саны жағынан ең көп таралған ұлттарға қазақтар (58,05 %) мен орыстар (29,41 %) жатады. Негізгі діни топтар — мұсылмандар (суниттер) мен христиандар (православтар және католиктер). Әртүрлі діни сенім өкілдерінің ғасырлар бойы қатар өмір сүріп жатқан қаласы ретінде танымал, өзінің дәстүрлі діни түрлілігімен белгілі. Қала әкімшілігіне бағынышты екі ауылдық округте 12 563 адам өмір сүреді.
Көкшетау — Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы. Көкшетау қаласы – Қазақстанның көрікті қалаларының бірі, іргетасы 1824 жылда қаланған. Ақмола облысының экономикалық және мәдени бай шаһарларының бірі, сондай ақ Солтүстік Қазақстанның ең ірі қалаларының бірі болып табылады. Қазақстанның аса ірі жол торабы (шоссе және темір жол). Ол Бурабай мен Зеренді сияқты табиғаты мен туристік орындарымен танымал. Көкшетау Петропавлдан шамамен 185 шақырым қашықтықта, Астанадан солтүстік-батысқа қарай A-1 бойымен 276 шақырым қашықтықта, Ресейдегі Омбыдан A-13 (Көкшетау—Омбы) бойымен 318 шақырым қашықтықта және Қостанайдан 384 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалаға Көкшетау Халықаралық Әуежайы мен Көкшетау-1 стансасы қызмет көрсетеді.
## Этимологиясы
### Атауы
Көкшетау деген атау қазақтың "көкше" (латын — қаз. kökşe) және "тау" (латын — қаз. tau) деген сөздерінен шықты. Көкшетау, бұл – тау.
Көкшетау – қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. Қаладан 60 миль қашықтықта орналасқан Ақмола облысындағы ең биік тауды қазақтар ежелден «Көкше тауы» деп атаған. Көкше тауы – баурайында әйгілі Бурабай ұлттық паркі орналасқан және осы Бурабай ауданы жеріндегі тау. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. «Көкше» — түркі тілінде өсімдік аты. Көкшенің қалың жері. Немесе бұл сөздің мәнін, екі түрлі концепциядан қарауға болады: 1) «көкшелі тау»; 2) қазақтың осы тауды жайлаған (не қыстаған) ескі ру тобының (Көкшенің) атымен байланысты.
Көкше таудың ең биік нүктесі – Бүркітті шоқысы 947 метр. Бұл атау орыс тілінде «синеватая гора» мағынасын білдіргендіктен, кейде Көкшетауды орысша «Синегорье» деп те атайды.
Қала атауының қазіргі жазылуы 1940 жылы кириллица негізінде жасалған әліпби қабылданған кезден бастап қолданыста.
Қала әуежайы әлі күнге дейін IATA коды ретінде KOV сақтайды.
## Көкшетаудің рәміздері
### Көкшетау қаласының елтаңбасы:
Көкшетаудің ең алғаш таңбасы (авторы: В.Н. Сурганов) 1970 жылдың 12 шілде күні бекітілді.
### Көкшетау қаласының туы
Тусыз қала.
## Әкімшілік бөлінуі
Көкшетау қаласының қарамағында Станционный кенті мен Краснояр ауылдық округі бар.
### Сәулет-жоспарлық аудан-ауданға бөлу
Көкшетау 17 әкімшілік шағын ауданға бөлінген. "Центр" жоспарлық ауданы Горький, "Көкше" және "Бостандық" көшелері бөлінген екі тұрғын ауданынан тұрады. "Көкше" тұрғын ауданы өзіне негізгі әкімшілік-мәдени және сауда объектілерін топтады және қаланың орталық бөлігінің меншікті ортасын көрсетеді. "Бостандық" тұрғын ауданында тұрғын аудандары өнеркәсіптік және коммуналдық-қоймалық объектілермен бірен-сарандап кезектеседі. "Оңтүстік" жоспарлық ауданы сондай-ақ негізінен аз қабатты құрылыстан тұратын "Жайлау" және "Бейбітшілік" екі тұрғын ауданын енгізеді. "Шығыс" жоспарлық ауданы негізінен аз қабатты тұрғын үйден кішігірім стансалық кентпен өнеркәсіптік-қоймалық аймақты ұсынады.
Мұнда "Бірлік" кентінің анықталған шекарасына дейін дамиды. "Солтүстік" жоспарлық ауданы "Сарыарқа" шартпен аталған тұрғын ауданы аз қабатты тұрғын үйден тұрады. Қаланың солтүстікке одан әрі жылжуы шарасы бойынша жаңа тұрғын аудандар пайда болады. "Батыс" жоспарлық ауданы "Бұқпа" аз қабатты тұрғын ауданынан және кеңейтілген аумақтық ормансаябақ белдігінен тұрады.
## Билік
Мемлекеттік билік Қазақстан Конституциясына сәйкес заңдық, атқару және сот билігі принциптеріне негізделген. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала дәрежесіндегі әкімшілік бірліктің басшысы - әкім деп аталады. Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.
Қаладағы заңдық билікті Мәслихат жүзеге асырады. Оның құрамында 16 депутат бар. Сот билігін Көкшетау қалалық соты және арбитраж соты жүзеге асырады.
## Физико-географиялық сипаттамасы
### Географиялық орналасуы
Қаланың географиялық координаттары — 53°17′30″ с. е. 69°23′30″ ш. б.53.29167° с. е. 69.39167° ш. б. / 53.29167; 69.39167 . Көкшетау Гамбург, Дублин, Ливерпуль және Эдмонтон қалалары сияқты ендікте орналасқан.
Уақыт белдеуі — UTC+06:00.
Көкшетау қаласы Астана қаласынан солтүстік-батысқа қарай 276 км жерде, Көкшетау қыратының солтүстігінде, Ақмола облысындағы Қопа көлінің оңтүстік жағалауындағы көрікті жерде орналасқан. Қаланың аумағы 420,0 км².
Көкшетауға жақын орналасқан ірі қала — Щучинск (Бурабай ауданы, Ақмола облысы) шипажайлы қаласы (70 км).
### Жер бедері
Көкшетау қаласы гидрожелілердің нашар дамуы мен бедерінің тегістелген нысаны бар сипаты Орталық-Қазақстан ұсақ шоқылық солтүстік шеті шегінде орналасқан. Қазіргі заманғы бедер сипаты негізінен палеозой уақытынан кейін мұраға қалған. Ежелгі элементтері қазіргі заманғы бедердің морфологиясын едәуір дәрежеде айқындады. Бұл бедер нысандары атап айтқанда, қазаншұңқырлар мен аңғарлар бөлігі қазіргі уақытқа үшінші және төртінші кезеңдер қопсытылған шөгінділермен толтырылды.
### Гидрография
Көкшетау қаласына іргелес аумақтың гидрографиялық желісі Шағалалы, Қылшақты өзендерімен және Қопа көлімен беріледі. Шағалалы су қоймасы суаруға және Қопа көлін толықтыруға айтарлықтай емес қосымша су алумен Көкшетау қаласын шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін Шағалалы өзенінің ағынын көп жылғы реттеуді жүзеге асырады. Қопа көлі Көкшетау қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Көлдің ұзындығы 5,1 - 5,2 км, ені 3,1 - 3,2 км, айна ауданы 12,3 - 13,1 км 2 , орташа тереңдігі 1,6-2,3 м, су көлемі 19,6 - 47,0 млн.м 3 (1955 жылғы зерттеу). Көлдің су беті негізінен ашық. Көлге Шағалалы және Қылшақты өзендері құяды.
### Физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар
Кекшетау қаласының аумағы және қаланың жақын төңірегі шегінде мынадай физикалық-геологиялық үдерістер мен құбылыстар дамуын алды: жер үсті мен жер асты суларын жел қақтыру және қызметі. Қопсытылған тау жыныстары сияқты жартастар да солай жел қақтыруға тартылады. Жартас тау жыныстарын жел қақтыру үдерістерінің негізгі нәтижесі бұл жыныстардың физикалық-техникалық қасиеттерін өзгертуге әкелетін жел қақтыру мен жарықтардың қабығының пайда болуы. Қаланың ірі кәсіпорындар аудандарында жер асты суларының көтерілу деңгейі жылына 0,03 - 0,20 м шапшаңдықпен жүріп отырады. Васильковка шағын ауданы, РК-1, РК-2 аумақтарында деңгей 1978 жылдан 1983 жылға дейін жылына 0,13 - 0,20 м жоғарылау қарқынымен 3,8 - 4,0 м 1,1 - 1,2 м дейін жоғарылады. Анағұрлым жиі су басу Чкалов-Чаглинка және Әуезов көшелері шекарасында Қопа көліне және Қылшақты езеніне дейін тартылады.
Көкшетау қаласы аумақтарын топырақ суларының және олармен байланысты су басу үдерісінің жоғарылау деңгейінің негізгі факторлары: а) Қопа көлі және Қылшақты өзені суларының көп жылдық көтерілу деңгейі есебінен пайда болған топырақты суларды тежеуі; б) ағынды су бетінің қиындығын туғызатын қала аумағының тігінен жоспарлануының болмауы; в) су келетін коммуникациялардан судың жиі апаттық ысырап болуы; г) топырақ суын қосымша қоректендіруге әкелетін су тартқыш тау қыраты қарықтардан қарсуларының жанама сүзілуі болып табылады.
### Топырақтық-өсімдіктік жамылғы
Көкшетау қаласы жерлерінің аумағында мынадай топырақ құрамдары бөлінген:
* Орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
* Сортаң орта қуатты кәдімгі қара топырақ.
* Шалғындық-қара топырақтық орта қуатты және аз қуатты топырақ, сортаң топырақ.
* Аңғар шалғындық топырақ.
* Шалғындық-батпақ топырақ.
* Сортаң топырақ.
Көкшетау қаласының барлық игерілген аумағы мен қаланың одан әрі дамуының аумағы адамның қызметі нәтижесінде топырақ кескінінің ішінара бұзылатын жерге жатқызылады. Осыған байланысты көгалдандыру аймақтарының едәуір аумақтарында жасанды топырақтық жамылғы жасалған. Көгалдандыру жасанды екпе ағаштарын отырғызу жолымен жүзеге асырылады.
## Климаты
Көкшетау қаласының климаты айқын континенттік, жазы жылы және құрғақ, қысы ұзақ және аязды, ұзақ. Қоңыржай белдеудің Батыс Сібір климаттық аймағына жатады. Жылдық орташа температура 3,5 °C. Жаздың орташа температурасы шамамен 20,5 °C. Жылына үш ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Климат ауданы тез өзгергіш, құрғақшылықты ыстық жазы бар (+40 о С дейін) және қары аз, суық (-45 о С дейін). Ең ыстық - шілде айы (орташа температурасы +19,6 о С), барынша абсолюттік температурасы +40 о С, ең суық - қаңтар айы (орташа температурасы -16,2 о С), ал абсолюттік төменгі температурасы -45 о С құрайды. Жылдың жылы маусымы +10 градус температурамен, орта есеппен 6 мамырдан 21 қыркүйекке дейін 137 күнге созылады. Топырақтың гидротоңазытылу тереңдігі нормативтік 1,85 м, барынша - 2,6 м.
Қыста күн суық, қаңтар айындағы жылдық орташа температура мөлшері −14,5 °C шамасында, кейде Сібір аяздарының қалаға жетуіне байланысты −48 °C аязға дейін баруы мүмкін. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 230 – 400 мм. Жауын-шашын негізінен жаз айларында жауады. Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші — 2256 сағат. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай — шілде (69 мм), ең аз түсетін ай — ақпан (10 мм).
* Орташа жылдық температура — +3,5 C°
* Орташа жылдық жел жылдамдығы — 3,9 м/с
* Орташа жылдық ауа ылғалдылығы — 71 %
### Экологиялық жай-күйі
Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының экологиялық талаптарына мыналар жатады: оның тұрақты экологиялық қолайсыз аймақтарындағы өмір сүру ортасын түбегейлі сауықтыру; табиғи кешеннің қазіргі бар аумақтарын жағымсыз антропогендік әсерлерден қорғау, жүргізілген шаруашылық қызметі салдарынан жоғалтқан Қопа көлін сауықтыру және жаңғырту, сондай-ақ, резервтік аумақтарда жасыл алқаптар қалыптастыру жөніндегі шараларды іске асыру; өмір сүру ортасының жайлылығын, оның ішінде аумақтарды көгалдандыру және қаланың тұрғын үй және қоғамдық аймақтарындағы микроклиматтық жағдайларды жақсарту жолымен арттыру.
Экологиялық таза курорттық қала ретінде Көкшетау қаласын дамытудың бас жоспарын әзірлеу қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан, сондай-ақ халық өмірінің санитарлық-гигиеналық және экологиялық жағдайларының жақсаруынан аумақты қорғау жөнінде іс-шаралар кешенін шешуді талап етеді. Табиғи жағдайларды, бар картографиялық және жоспарлы материалдарды, инженерлік желілерді қазіргі заманғы жағдайын талдауды және қауіпті физикалық-геологиялық процестерден аумақты қорғау жөнінде жүйелерді, бас жоспар жобасымен әзірленген Көкшетау қаласы аумағын инженерлік дайындауды зерттеу нәтижесінде келесі: аумақты вертикальды жоспарлау; сыртқы төбені ұйымдастыру; аумақты топырақты су басудан қорғау; жасыл екпе ағаштарды суаруды ұйымдастыру; Қылшақты өзені арнасын реттеу; Қопа көлі бойынша гидромелиоративті іс-шараларын енгізеді.
### Көгалдандыру жүйесін дамыту
Бас жоспармен Көкшетау қаласын кегалдандырудың негізгі принциптері анықталды. Жасыл екпе ағаштары: біртұтас өзара байланысты жүйе түрінде жергілікті табиғи жағдайлар есебімен; қаланың сәулет-жоспар құрылымына және халыққа қызмет етуді ұйымдастыруға сәйкес жобалануы керек. Жасыл екпе ағаштары қала тұрғын үйлері орталықтары мен өндірістік аудандар сәулет ансамблясының кеңістік композициясының құрама бөлігі болып келуі керек. Бұл принциптерді табысты жүзеге асыру көгалдандыру құралдарымен халықтың өмірі үшін қолайлы жағдайлар құруға мүмкіндік береді.
Халыққа теріс әсерін тигізетін факторлар қатарына: әуе алабын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік зиянды шығарындыларымен ластануы, қала, әсіресе көлік магистралындағы шу, жазғы және қысқы мерзімдердегі ауыр микроклиматтық жағдайлар мен басқалары жатады. Атап өтілген қолайсыз факторлар қалаларды көгалдандыру жолымен айтарлықтай әлсіреуі мүмкін. Теріс климаттық жағдайларды болдырмау үшін қала аумағының қажетті микроклиматын құрайтын, қорғайтын екпе ағаштары кешенін құру керек. Көгалдандырудың басты міндеті қала әуе алабының жақсарту, оның микроклиматын жақсарту мен сыртқы келбетін байыту, халықтың бұқаралық демалуын ең жақсы ұйымдастыру мақсатында жасыл екпе ағаштарының аса оңтайлы жүйесін құру болып табылады.
## Тұрғыны
Көкшетау қаласы және қала құрамына кіретін елдімекендерді қоса есептегенде халқының саны 165 мың 153 адам болып есептеледі (2022). Халқының тығыздығы — 624 адам/км². Әйел қоғамының үлесі (51.44%) ер адамдарға (48.6%) қарағанда басым. Болашақта демографиялық үрдістердің серпіні қоғамдық дамудың дәстүрлі, бұрыннан бері қалыптасқан, сонымен бірге қоғам өміріндегі көбейіп келе жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістері мен құбылыстары барысында қалыптасатын жаңа факторлардың барлық жиынтығының өзара қатынасымен анықталатын болады.
Қаланың әлеуметтік және қала құрылысы дамуының негізгі мақсаты - бұл қаралып отырған аумақта әлеуметтік-психологиялық жайлылық пен тұрғындар өмір сүруінің жоғары деңгейін жасау. Көкшетау қаласы қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары тиімділігінің экономикалық индикаторлары 2005 жылмен салыстырғанда, Бас жоспардың есептік мерзімге артуына мынадай көрсеткіштер: жалпы өңірлік өнім өндірісі көлемдерінің 3 есе; халықтың жан басына шаққандағы табыстарын 2 еседен аса өсіру болып табылады. Көкшетау қаласы тұрғындарының болжалды саны орнықты және инерциялық демографиялық беталыстармен белгіленеді. Көкшетау қаласы тұрғындарының перспективалық санын есепке алу қалалық әкімшілік құрамына 19-25 мың адам кіретін елді мекендер саны есебінсіз есептік мерзімге 150,0 - 170,0 мың адам белгіленді.
### Ұлттық құрам
Көкшетауда қазақтардан басқа 100-ден аса ұлт пен ұлыс тұрады. Қаланың (қалалық әкімшіліктін аумағы) халқының 58,5% -ын қазақтар, саны бойынша келесі ұлттар — орыстар (29,4 %), украиндар (2,9 %); қалғаны — 9,2 % шамасын құрайды. Қалада «Достық үйі» бар.
Қаладағы ұлттық құрамның өзгеруі
Қала алғаш құрылған кезде орыстар көптеп көшіп келді. Олардан бөлек украиндар, немістер, поляктар, татарлар, ингуштар, беларустарда келіп қоныстады.
### Тілі
Ресми тілі — қазақ тілі болып табылады, бірақ жергілікті халықтың басым бөлігі орыс тілінде сөйлескенді артық көреді, еркін сөйлейді.
### Көкшетаудің діні
Қалада түрлі бағыттағы діни бірлестіктер көп. Қаладағы дінге сенушілердің көпшілігін мұсылмандар құрайды. Көкшетауда бірқатар ескі және жаңа республикалық діни орталықтар қызмет етеді: Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы, Орыс Православиелік шіркеуі Көкшетау және Ақмола епархиясының Епархиалық Басқармасы, сонымен қатар басқа да бірқатар аймақтық орталықтар. Ең ірісі — Қазақстан мұсылмандарының діни Басқармасы (ҚМДБ).
2009 жылғы деректерге сәйкес Көкшетау қалалық әкімдігінің конфессиялары:
* мұсылмандар — 83,4 мың адам;
* христиандар — 60,2 мың адам;
* сенбейтіндер — 3,1 мың адам;
* иудейлер — 33 адам;
* буддистер — 23 адам;
* басқалар — 17 адам;
* белгіленбеген — 488 адам.
### Ислам
Халықтың басым көпшілігі сунниттік исламды ұстанады. Көкшетау қаласының діни мекемелері Науан Хазірет ат. (сыйымдылығы 1200—1400 адам) мұсылмандар мешіті және Жақия қажы ат. мешіт жұмыс жасайды. 1996 жылы қаланың шығыс бөлігінде Ғалым атындағы мешіт салынды.
* Жақия қажы мешіті — еліміздегі ағаштан тұрғызылған сирек мешіттің бірі. Ғибадатхананың тарихы да ғасырға татиды, мешiтiнің құрылысы Көкшетауда шамамен 1903 жылы басталып, 1904 жылы іргетасы қаланған. Мешітті Шаяхмет, Баязит деген қала байлары жұртшылық қолдауымен салдырған. Мешіт 1920 жылға дейін қызмет атқарып келді. Кеңес үкіметі тұсында қойма, мұражай, көрме залы сияқты қызметтерге пайдаланылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941—1945 ж.ж.) онда әскери бөлім орналастырылды. Ал 1947 жылдан 1974 жылға дейін Көкшетау облыстық тарихи өлкетану мұражайы, 1975 жылдан республикалық көркем сурет дирекциясының Көкшетаудағы көрме залы қызметін атқарды. 1989 жылы мұсылман қауымының өтініші бойынша мешіт намазхандарға қайтарылды. 1991 жыл күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың мешітке қайтарылуына қазақ елінде қазият төрағасы қызметін атқарып, кейін Көкшетау қаласының бас имамы болған Жақия қажы Бейсембайұлының сіңірген еңбегі зор. Осыған орай, 2016 жылы сәуір айында мешітке Жақия қажының есімі берілді.
* Науан Хазірет мешіті — Ақмола облыстағы діни-рухани құндылықтарды насихаттайтын орын болып табылады. Діни ғимаратта бір мезетте 1200 жуық адам намаз оқи алады. Мешіттің 4 мұнарасының әрбірінің биіктігі 25 метрді құрайды. Шатырдың сәулеті классикалық үлгідегі көп деңгейлі күрделі құрылыс. Шатырында түрлі деңгейдегі 2-і бас күмбез және 15 кіші күмбездер орнатылған. Тамаша сәулет кешенінің ең көз тартар тұсы - ол өзіндік сәулет стилі мен ғимараттың сыртын Әзірбайжан елінен алдыртқан «Аглай» тасымен қапталғанында деуге болады. Мешітте ғибадатханалар, неке қию рәсімін өткізуге арналған бөлмелер, Құран оқуға арналған залдар, мешіт қызметкерлеріне арналған кабинеттер, кітапхана, жалпы саны 350 адамға арналған асханасы да бар. Науан хазірет есімі 2015 жылы Көкшетау қаласында ашылған жаңа мешітке беріліп, тарихи тұлғаның Көкше өңіріне сіңірген өлшеусіз еңбегі ел жадында қайта жаңғырды.
* Ғалым мешіті — Көкшетау қаласы Ж. Ташенов көшесінде орналасқан. 1992-1995 жылдар аралығында салынған. Сол уақытта қала әкімі болған Асқар Хасенов ғимарат құрылысын қолға алып, біткен соң халыққа пайдалануға берген. Жері 0,3541 га, ғимараттың көлемі 281,6 шаршы метр. 250 кісіге арналған. Биіктігі 10 метр. Іші ақ керамикалық плиткамен безендірілген. Жеке жылытылады. Екі күмбездің түсі көгілдір, шеңберлері 2 метрден. 8 мұнарасы бар, үлкен екі мұнарасының биіктігі 25 метр. Ауласына ағаштар мен гүлдер егілген.
* Нұр мешіті
* Ықылас мешіті
* Қазақстан қажылар ассоциациясы Республикалық діни бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
Жойылған
* Бірінші мешіт. 1846 жылы салынған. Көкшетаудағы алғашқы мұсылман мешіті.
### Православие
Қалада православие храмы — Архангел Михаил ат. Уәлиханов көшесіндегі православ шіркеуі бар.
* Архангел Михаил православ шіркеуі — 1895 жылы салынған, 1949 жылы ашылған.
* Мәсіхтің қайта тірілу соборы Назарабаев, 71 (бұрын Горький деп аталған) даңғылында орналасқан. Ғибадат орнының құрылысы 2015 жылы басталған. Қопа көлінің маңында табиғаты көркем жерде орналасқан бұл шіркеуге кем дегенде 1500 адам сыяды. Собор XIX ғасырдың ортасындағы орыс шіркеуінің негізінде салынған. Ол үшін заманауи технологиялар мен жоғары сапалы материалдар пайдаланылды. Ғибадатхананың жанында жексенбілік мектеп те ашылады. Бұл ғибадат орны көпшіліктің қолдауымен салынған. Ол үшін арнайы қор құрылып, оған түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер мен қарапайым тұрғындар қаржылай қолдау көрсетті. Бірлескен күш -жігердің арқасында 1 миллиард теңгеден астам қаржы жиналған.
Жойылған
* Жеңімпаз Қасиетті Георгий соборы. 1851 жылы салынған. 1940 жылы бұзылған. Көкшетаудағы алғашқы христиан шіркеуі.
### Католицизм
* Әулие Энтони Падуя атындағы рим-католиктік шіркеуі — қаладағы жалғыз рим-католиктік шіркеуі. 1997 жылы Ақан сері көшесінде Әулие Энтони Падуя атындағы рим-католиктік шіркеуі (костелы) ғимараты салынды. Приходында келушілер 14 дыбысты пневматикалық органнан шығатын әуенді ести алады. Рим-Католик приходы Көкшетаудағы ең әдемі нысандардың бірі саналады және өзге ғимараттардан готика стилімен ерекшеленеді. Кез келген католик шіркеуіндегідей, оның ортасында бір және екі жағында екі құрбандық ошағы бар. «Біреуінде Фатимская Құдай анасының мүсіні тұр. Оны 2001 жылы Қазақстанға келген Рим Папасы Иоанн Павел II қастерлеген еді.
### Басқа конфессиялар
## Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау
2021 жылғы 1 тамызы жағдайы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тіркеу есебінде 729 жұмыссыз тұр, бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 4,8% төмен. Ағымдағы жылдың басынан халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның көмегімен 1,474 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 19,2% төмен. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша деректер базасында қаланың кәсіпорындары мен мекемелері бойынша 935 бос жұмыс орны тіркелген.
Еңбек нарығындағы шиеленіс коэффициенті 0,8 құрады. Экономиканың түрлі салаларында 1,536 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл 2021 жылға жоспарланған көрсеткіштің 60,7% -ын құрайды. "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы аясында 94 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасы негізінен мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындары 55 жұмыссыз үшін ұйымдастырылған, ол өткен жылдың көрсеткішінен 19,6% жоғары. Қоғамдық жұмыстарға 287 адам жіберілді, бұл 2020 жылғы деңгейден 9,7% төмен.
## Қылмыс
2020 жылдың қаңтар-шілдеде Көкшетау қаласының аумағында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде барлығы 1 612 қылмыс тіркелді, оның ішінде 419 қылмыс ашылды. Сотқа – 225 іс жолданды.
## Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
### Тұрғын үй құрылысы
Көкшетау қаласының тұрғын үй қоры 2005 жылдың басына 2447,6 мың м 2 құрды. Тұрғын үймен қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 құрайды. Қала тұрғын үй қорының ширек шамасын бір-екі пәтерлі үйлер құрайды, көп пәтерлі үйлер арасында 2/3 аса тұрғын үй қоры 20-шы ғасырдың 50-70 жылдары салынған 4-5 қабатты үйлер үлесіне кіреді. Қабырғалардың материалдары бойынша кірпіш пен темірбетон панелдерінен салынған ғимараттар алады. 2005-2007 жылдары тұрғын үйді іске қосу орта есеппен жыл сайын 60 мың м 2 құрады.
Жаңа тұрғын үй құрылысы көлемі есебінде қазіргі заманғы жағдай және тұрғын үймен орта қамтамасыз ету 1 адамға 19,5 м 2 - 22,1 м 2 дейін жеткізумен, барлығы қала тұрғын үй қорының 3434,0 мың м 2 дейін көбейтумен қолайлы тұрғын үй жағдайларының Бас жоспарын есептік мерзімге жеткізу үшін тұрғын үйді жыл сайын біртіндеп өсірудің беталысын ұстау қажеттілігі есептелді. Тұрғын үй саясатына басымдық даму аз қабатты үй-жай типіндегі құрылыс салуды алу. Құрылыс бос және қайта құрылатын аумақтарда да ескі тұрғын үйді бұзу мен бар құрылыс салуды тығыздау есебінен жүргізілетін болады.
Көкшетау қаласы тұрғын үй аумақтарын қайта құру және дамытудың басымдық бағдарламалары халықтың барлық әлеуметтік қатары үшін әртүрлі үлгідегі тұрғын үйлермен тұрғын үй аудандарының құрылысын салудың жиынтығы болып табылады, бұл құрылысқа шығынды төмендетуге ықпал етеді және қаланың қазіргі заманғы келбетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Жаңа тұрғын үй құрылысының аса ірі аудандары - "Сарыарқа", "Көкше", "Бейбітшілік", "Бостандық", "Жайлау", "Бірлік", "Бұқпа" және "Қопа" көлі ауданы. Таңдаулы тұрғын үй құрылысын салу орман екпе ағаштарынан бос учаскелерде "Сарыарқа", "Қопа" көлі ауданында қайта жаңартылған аумақтарда және қаланың аса маңызды қала құрылысы желілерінің сәулет келбетін жақсартуды қалыптастыру мақсатында жалпы қалалық орталықта тұрғын үй массивтері қалыптасатын болады.
Тұрғын үй құрылысы массиві арасында орналасқан бар өндірістік кәсіпорындарды жоғары технологиялық, энергия сыйымдылық және экологиялық өндірістерге біртіндеп бағдарлау керек. Сауда-тұрмыстық кешендер, спорт залдар мен ойын-сауық орталықтарының хауыздары, көп қабатты автопаркингтер түрлерінде қала және жалпы қалалық маңызы бар объектілерге өндірістік ғимараттарды қайта жаңарту үшін жабық аумақтық қорларды аса тиімді қолдану. Өндірістік объектілерін қайта құруды жобалаудың ұқсас практикасы дамыған шет елдерде кең тәжірибеге ие.
2021 жылғы қаңтар-шілдеде 119, 781 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде: ЖТҚ — 50, 521 мың шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй — 69, 260 мың шаршы метр.
### Канализация
Қаланың канализациялық тазарту имараттарының қуаттылығы тәулігіне 32,0 мың м 3 . Су тарту келесі схема бойынша жүзеге асырылды: бағытсыз коллекторлар, канализациялық сорғылық станциялар мен тегеуріндік құбыр желілері шаруашылық-нақақтық және өндірістік ағындылар жүйесімен N 2 және N 7 КТС басты канализациялық тегеурінді станцияларға беріледі. Қалада барлығы 15 канализациялық тегеурінді станциялар, соның ішінде тәулігіне 1,2 мың м 3 тәулігіне 32 мың м 3 дейін Красный яр кентінде - 2 бірлік және Станционный кентінде - 1 бірлік бар.
### Газбен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының тұтынушыларын темір жол бойынша және Ресей мен Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарынан ауыр жүкті автоцистерналармен келетін сұйылтылған көміртегі газын (СКГ) қолдану жүзеге асырылады. СКГ жақын өнім берушісі болып Павлодар МӨЗ табылады. Көп қабатты тұрғын үй секторында ішкі кварталдық газ жүйесінің санын азайтуға байланысты көп жылдан бері орталықтандырылған газбен қамтамасыз етудің жоқтығының салдарынан жаңадан алынып жатқан көп қабатты тұрғын үйлерде (5-9 қабатты) электр плиталарын қондыру қарастыру тенденциясы жоспарланды. Газбен қамтамасыз етудің бар жүйесін табиғи газға ауыстыру мәселесін қайта қарау қажет. Экономикалық тиімділік, ұқсас іс-шаралардың мақсатқа лайықтылығы техникалық-экономикалық есептер негізінде әлденеше дәлелденген болатын.
### Жылумен қамтамасыз ету
Қазіргі кезеңде РК-2 жылудың орнатылған қуаттылығы сағатына 282,919 Гкал құрайды, жылуды тұтыну жылына 1 473 442,1 Гкал құрды. Көкшетау қаласының бас жоспарын дамыту бойынша жылумен қамтамасыз ету жүйесін одан әрі дамытудың негізіне бірінші кезекте және есептік мерзімге РК-2 базасында орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етуді сақтау қойылды. Есептік мерзімге дейінгі кезеңге өз мерзімінде қызмет көрсеткен барлық бар магистралды жылу желілерін қайта жаңарту мен ауыстыру жоспарланып отыр, бірінші кезекте 38 км. Бірінші кезекте 2010 жылға дейін барлық бар сорғы стансаларын жабдықтарды ауыстырумен жаңарту жоспарлануда. Көкшетау қаласының жалпы жылулық жүктемесі келесі мөлшермен сипатталады: 2010 жылы - сағатына 435,6 Гкал; 2020 жылы - сағатына 661,5 Гкал.
2023 жылда, түрік инвесторы Көкшетауда ЖЭО салуға қызығушылық танытты. Көкшетаудағы жаңа ЖЭО-ның электр қуаты 240 МВт, жылу қуаты – 520 Гкал/сағ. Жобаны қаржыландыру тендерде жеңіп шыққан инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
### Электр қуатымен қамтамасыз ету
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында электр қуатын меншікті өңдеуші жоқ. Қаламен тұтынылатын барлық электр энергиясы сатып алынған, осыған байланысты қала және облыс тұтынушылары мерзімінде төлемақы төлемеу салдарынан электр энергия көзін сөндірудің әрдайымғы қоқан-лоққысын көреді. Қазіргі уақытта қалада электр тұтыну деңгейі, әсіресе мәдени-тұрмыстық секторда және өнеркәсіпте жоғарылаудың тұрақты тенденциясы бақыланып отыр. Осыған байланысты электрмен қамтамасыз етудің бар және жаңа жүйелерін қайта жаңарту талап етіледі.
### Қаланы санитарлық тазарту
Қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтар және өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қоқыстары қаладан 10 км әуежайға жол бойынша орналасқан ҚТҚ полигонына шығарылады. Қалада жоспарлы-жүйелі тазарту халықтың 70% қамтиды. Жобамен жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы (жетілдірілген қоқыстар үйіндісі) қарастырылады. Полигон ауданының 0,03 га қоқыстың 1,0 мың тонна оқшаулау нормасында есептік мерзімге 30 га құрайды.
## Қаланың құрылу тарихы
Көкшетау – Қазақстанның тарихы бай қалаларының бірі.
Маңызды оқиғалар хроникасы:
### Ежелгі замандарда
Қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған; Бурабай кеніші, Бурабай қонысы.Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған.
* 6 – 8-ғасырларда Түрік қағандығының құрамында, ол ыдырағаннан кейін әр кезеңдерде қимақ, қыпшақ, т.б. түркі тайпаларының иеліктерінде болды.
* 13 – 15-ғасырларда Алтын Орда мемлекетінде түркі тайпаларының өзара сіңісуі нәтижесінде біртұтас этникалық топ – қазіргі қазақ халқы қалыптасты.
### Қазақ хандығы
* 1560 – 1564 жылдары Қазақ хандығы құрылды.
* 17-ғасырдың орта тұсында пайда болған Жоңғар хандығы қазақ халқына үлкен қатер төндірді. Қазақ даласының басқа жерлеріндегі сияқты Көкшетау өлкесінде де жоңғарлармен болған қиян-кескі шайқастарда қазақ батырлары (Бөгенбай, Сары, Баян, Қарасай, Ағынтай, Қабанбай, Олжабай, т.б.) асқан ерлік көрсетті.
* 18-ғасырдың 40-жылдарынан бастап ордасын Көкшетауға тіккен Абылай хан басқарған Қазақ хандығы өзінің бұрынғы күш-қуатын қалпына келтірді. Ресей, Қытай, Ауған мемлекеттері мен Бұхар, Қоқан, Хиуа хандықтары Көкшетаудағы Абылай ордасына өз елшілерін жіберіп тұрды. Абылай хан қайтыс болғаннан кейін Көкшетау жерінде қазақ халқының тарихында үлкен із қалдырған оқиғалар өтті. Қазақ хандығы тұтастығын жоғалта бастады да, Көкшетау өңірі Абылай хан әулетінің (Уәли, Қасым, Ғұбайдолла, т.б.) ата қонысына айналды.
### Ресей отарлауы: Көкшетау бекінісінің қалануы
* Көкшетау қаласының іргетасы әскери қоныс, Көкшетау сыртқы округінің әкімшілік орталығы ретінде қаланды. Оның ресми ашылуы 1824 жылдың 29 қаңтарында Бурабайда, Көкшетау тауының оңтүстік беткейінде жүзеге асты.
* 1824 ж. 30 сәуірде Бұқпаның бөктері, Шағалалының сол қапталындағы Шат шатқалының ішінен (қазіргі Көкшетау-Қостанай тас жолымен) қаладан шыға берістегі Шағалалы өзені үстінен өтетін көпірдің тұсы) Ресей империясының шығыстағы шекаралық әскери бекінісінің құрылысы басталды.
* 1824 ж. 17 қыркүйекте (жаңа күн санауы бойынша 30 қыркүйекте) Ресей империясы Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі (орыс. Кокчета́вская) ресми тізімге енгізілді.
* Алайда бірқатар себептерге байланысты бұл жерде қоныс құрылысын жүргізу мүмкін болмады, 1827 жылдың жазында қолайлы орын – Бұқпа тауының етегі, Қопа көлінің жағасында анықталды.
* 1839 ж. Көкшетауға әскери гарнизоны әкелініп, казактар станицасы құрылды.
* 1858 жылдан бастап қоныстың жанынан мещандық, қалалық бөлігі салына бастады.
### Ресей отарлауы: Уездік қала дәрежесінде
* 1868 ж. сыртқы округтер таратылып, Ақмола облысы құрылды. Көкшетау сыртқы округі оған уезд ретінде еніп, Көкшетау бекінісі оның орталығына айналды.
* 1882 ж. жарық көрген “Сібірдегі қалалар мен кенттердің экономикалық жағдайы” деген басылымда мынадай мәліметтер жазылған: “Көкшетау үлкен станица мен соған жалғасқан кенттен тұрады. Станицадағы тұрғындар саны қаладағыдан төрт есе көп. Сондай-ақ, онда шіркеу, көпшілік орындар, уч-ще, жәрмеңкелер мен базар бар. Станицада 300-ге жуық үй, 1800-ден астам адам тұрады. Қалада не бары 60 – 70 үй және 450 мещан мекен етеді. Қалада екі көше ғана болса, станицада жетеу...”.
* 1887 ж. Көкшетау тұрғыны 5 мың адамға жетті. Екі кірпіш зауытында тұрақты 5 – 10 жұмысшы, маусымдық 15 – 20 жұмысшы болды. Шағын арақ-спирт зауыты, шойын құю шеберханасы, 1 бу диірмені мен 20 жел диірмені жұмыс істеді.
* 1895 ж. Көкшетау қала мәртебесіне ресми түрде 1895 жылы ие болды. Жалпыресейлік санақ мәліметтері бойынша аталған кезеңде Көкшетауда 5 мың тұрғын өмір сүрді.
* 1898 ж. жарық көрген “Ресейдегі болыстар мен елді мекендер” деген басылымда Көкшетау уездік қала делініп, “онда 2 мешіт, 1 шіркеу, пошта-телеграф кеңсесі, бастауыш мектеп, 15 орындық аурухана, дәріхана, 2 дәрігер бар” деп жазылған. Үйлердің барлығы да ағаштан қиылып салынатын болған. Соған байланысты Көкшетауды кезінде “ағаш қала” деп те атаған.
* 1910 ж. шойын құю шеберханасының механигі Захаров қала тұрғындарына тұңғыш рет өз киноаппаратымен дыбыссыз кино көрсетті.
* 1913 ж. қаңтарда қала санағы өткізілді.
* 1916 ж. Көкшетауда алғаш рет қуаты 8 кВт/сағ электр станыиясы жұмыс істей бастады.
* 1917 ж. Кеңес үкіметі Көкшетау уездінде 1917 жылы желтоқсанда орнады.
* 1917 ж. жалпыресейлік санақ мәліметтері бойынша аталған кезеңде Көкшетауда 10 мың тұрғын өмір сүрді.
* 19 ғ-дың 60 жылдарынан Көкшетау қаласының ортасындағы Покров (қазақтар оны Боқырау жәрмеңкесі деп атаған) базарында жәрмеңке өтіп тұрды. Жәрмеңке 1918 жылға дейін жұмыс істеді.
### КСРО құрамында
* 1918 жылдың наурызынан Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Көкшетау уездік кеңесі Бурабай консерві зауытын, Харламовтың сіріңке фабрикасын, Көкшетау бу диірменін, Айдабол спирт зауытын, Бурабайдағы санаторий мен саяжайларды мемлекет меншігіне айналдырып, Көкшетаудың бүкіл кәсіпорындарын өз қарауына алды.
* 1921 ж. 21 ақпанда Көкшетау уезінде Кеңес үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс болды. “Есіл бүліншілігі” деп аталған бұл бас көтеруді Қызыл армия бөлімшелері күшпен жаныштады.
* 1922 ж. Көкшетау – Қызылжар (Петропавловск) темір-жолы (ұзындығы 200 км-ге жуық) іске қосылды.
* 1928 ж. әкімшілік реформаларға байланысты уездер таратылып, олардың негізінде аудандар құрылды. Көкшетау уездінен бірнеше аудандар, соның ішінде Көкшетау ауданы құрылды. Көкшетау аудан орталығына айналды.
* 1928 ж. элеватор салынды, ағаш өңдейтін және тігін бұйымдары артельдері жұмыс істей бастады.
* 1932 - 1936 жылдар аралығында Көкшетау Қарағанды облысы құрамына кірді.
* 1936 - 1944 жылдар аралығында Көкшетау Солтүстік Қазақстан облысы құрамына кірді.
* Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары қалаға КСРО-ның батыс аумағынан бірнеше зауыттар мен өнеркәсіп орындары көшірілді. Кейін олар қаланың өнеркәсіп кешенінің одан әрі дамуына ықпал етті. Көкшетау прибор жасау зауыты (1917 жылға дейін Шойын құю цехы деп аталған)
* 1942 ж. Подольскіден (Ресей) көшіріліп әкелінген тігін машиналары зауыты қосылғаннан кейін Көкшетау механикалық зауыты болып аталды.
* 1944 жылдың 16 наурызында Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Көкшетау облысы құрылып, оның орталығы Көкшетау қаласы болды.
* 1954 ж. 31 шілдеде “Көкшетау қаласын салу және оны көріктендіру туралы” Бас жоспар қабылданды. Әуежай ғимараты, темір-жолдар және автовокзалдар салынды.
* 1960 - 1970 жылдарға Көкшетауда қалалық инфрақұрылымның жедел өсуі мен дамуы тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру сәйкес келді. Аталған жылдары қала қазіргі бет-бейнесіне ене бастады. Осы кезеңде қаланың барлық негізгі нысандары салынды, олардың басым бөлігі: зауыттар, фабрикалар, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру салаларының мекемелері қазіргі уақытта да қызмет етеді. Үй құрылысы белсенді түрде жүргізілді.
* 1989 ж. 19 желтоқсанда Көкшетау қаласы АҚШ-тың, Висконсин, Уокешо қаласымен бауырлас қала атанды.
### Тәуелсіз Қазақстан дәуірі
* 1993 жылғы 7 қазан шешім бойынша, орыс тіліндегі атауларды транскрипциялау туралы ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы шықты: ұлттық топонимиканы жаңғырту мақсатында қала атауы орыс тілінде Кокчетавтан Көкшетауға болып өзгертілді.
* 1996 жылда Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау педагогикалық институты, С.Сәдуақасов ат. ауылшаруашылығы институты және Қарағанды политехникалық институты филиалы негізінде Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті құрылды.
* 1997 ж. 3 мамырда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жарлығымен құрамына сол уақытта 16 аудан, 4 қала және 10 қала типтес елдімекен кірген Көкшетау облысы таратылып, Көкшетау қала облыс орталығы мәртебесінен айырылды және оның аумағы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарына қосылды, көбісі екі жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысының құрамында болды.
* 1999 ж. 8 сәуірде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді: Көкшетау қайтадан облыстық орталық мәртебесіне ие болды.
## Мемлекеттік бюджет
2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша барлық деңгейдегі бюджеттерге 36 924,6 млн.теңге көлемінде салықтар мен алымдар түсті немесе жоспар-болжамға 105,5%. 2020 жылғы деңгейге қарағанда түсімдер 8644,4 млн. теңгеге азайды. Республикалық бюджетке аударымдар жоспары 100,7%-ға орындалды (15 071,1 млн.теңге). Жергілікті бюджетке 21 853,4 млн. теңге түсті, бұл кезең болжамының 109,0%-ын құрайды.
## Экономикасы
2021 жылдың қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 33 074,2 млн. теңге деңгейінде қалыптасты, бұл ретте нақты көлем индексі 93,5%-ы құрады. 2021 жылғы 1 тамыз жағдайы бойынша жұмыс істеп тұрған шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 16 687 бірлікті құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 8,0%-ға жоғары. Көкшетау қаласының шағын бизнес саласындағы жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылған кәсіпорындарында жыл басынан бері 673 жаңа жұмыс орны құрылды. Барлық өткізу арналары бойынша бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 85 923,0 млн.теңгені немесе өткен жылдың көрсеткішіне 100,2% құрады. 2021 жылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1 666,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 127,5% құрады.
### Сауда
Басқа қалалар сияқты Көкшетаудың да тіршілігінде базар саудасы, сауда үйлері үлкен рөл атқарады. Қарақұрым жұрттың көпшілігі күнін «Орталық базар» айналасындағы «Рио», «Рубин», «Армада» сияқты сауда орындарынан бастап орталықтағы ЦУМ-да өткізеді.
### Экономикалық қызмет
Көкшетау қаласы аумағында экономикалық қызметтің салааралық құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр, соның ішінде: ғылымның, білім берудің, мәдениет пен жоғары технологиялық өнеркәсіптің рөлін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың, қызмет көрсету салаларын, туризм мен рекреацияның дамуын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурстарды қажет ететін өндірістерді тарату, қайта ұйымдастыру.
Материалдық өндіріс салаларының қайта құрылымдалуын жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурстарды сақтайтын технологиялар пайдасына ұсынылып отыр. Көкшетау қаласының облыстық маңызы бар қала мәртебесін сақтау және ғылыми-техникалық, білім беру, мәдени, әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық әлеуетін, облыстық және республикалық маңызы бар рыноктық инфрақұрылымдар институттарының желісін қарқынды дамыту көзделіп отыр. Экономиканың мемлекеттік және жеке меншік секторларының, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың одан әрі тиімді үйлесімі мен өзара қатынасы жоспарланып отыр.
Бас жоспармен аумақтардың экологиялық қауіпсіздігін көтеріп, қала құрылысы әлеуетін қаланы дамыту мүддесінде аса тиімді пайдалану мақсаты бар өндірістік аумақтарды қайта ұйымдастыру ұсынылып отыр. Болашақта Көкшетау қаласы - шағын бизнес орталықтарының қалыптасқан желілерімен туризм орталығы, жоғары қонақ үй, мейрамхана және ауылшаруашылық, машинақұрылыстық өнімдері, жеңіл және тағамдық өнеркәсіп тауарларының халықаралық көрме өткізу үшін көрмелік кешендері ретінде қарастырылады. Көкшетау қаласын дамытудың мақсаты барлық әлеуметтік проблемалардың шешіміне байланысты сенімді инженерлік-көліктік инфрақұрылыммен орнықты және бәсекеге қабілетті қалыптастыру болып табылады.
### Өнеркәсіп саласы
Көкшетау — Қазақстанның маңызды экономика орталықтарының бірі. Қазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады. 1941 жылы Көкшетауға эвакуациямен Подольск іс машиналарын шығару зауытының жұмысшылары мен құрал-жабдықтары тиелген эшелон келді. Ол қалада жұмыс істеп тұрған механика зауытына келіп орналасты да, бірден әскери-корғаныс өнімдерін шығаруға кірісті.
2005 жылы Көкшетау қаласында облыстық статистикалық басқармасы деректері бойынша 120, соның ішінде орташа және ірі 24 және кіші 96 (50 - адамнан кем емес қызметкерлер санымен) қолданыстағы өнеркәсіп кәсіпорны есептелді. 2004 жылы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 11846,8 млн. теңгені құрды. Сала қызметкерлерінің саны 7,72 мың адамды құрды. Орташа және ірі кәсіпорындар үлесіне 9376,9 млн. теңге немесе көлемнің 79% келеді. Саланың валдық өнім көлемі 2010 жылы 32 млрд. теңге шамасын құрайды, бұл бастапқы жылдың деңгейін 3 есе жоғарылатады. 2010 жылы жұмыс орны саны 11 мың астам құрайды, бұл бастапқы жылдан 4 мың орынға артық.
Көкшетау қаласында тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, металл өңдеу, химия өндірісі, металл емес бұйымдар өндіру, картон мен қағаз өндіру кәсіпорындары, жылу, электр энергиясын, газ және су тарату мекемелері бар. Көкшетау қаласындағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындары: алтын өндіретін “Васильков алтын” бірлескен кәсіпорны, оттектік тыныс алу аппараты, салмақ өлшеу техникасы, су шығынын есептеуіш аспабы, авиация техникасы агрегаттары мен тораптарын жасайтын “Тыныс” акционерлік қоғамы, әуе-ғарыш техникасындағы тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне арналған агрегаттарды өндіретін “Наука-Восток” акционерлік қоғамы.
Қалада ауыл-шаруашылық шикізаттарын өңдейтін кәсіпорындар желісі жақсы дамыған. Мысалы, ет комбинаты, май өнімдерін шығару зауыты, астық қабылдау пункті, сусындар шығаратын, жеңіл өнеркәсіп (тігін және тоқыма өнімдері) кәсіпорындары және фарфор бұйымдарын шығаратын зауыт жұмыс істейді. 1993 жылы 25 қарашада Көкшетауда айырбастау пункттері жұмысын бастады. Қалада 4,5 мың шағын кәсіпорын бар. Шағын бизнес 19,5 мың адамды жұмыспен қамтыған (2001 ж.).
Өнеркәсіп секторында 2021 жылғы қаңтар-шілде бойынша өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 124 507,5 млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі 188,4%. Жалпы өнеркәсіп бойынша нәтижелерді қалыптастыруға өңдеу өнеркәсібі барынша әсер етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымында ең көп үлес алатын өңдеу өнеркәсібінде (83,6%) 2021 жылдың қаңтар- шілдеде 104 100,9 млн. теңге сомасына өнім өндірілді.
### Таратылған кәсіпорындар
1960-1970 жылдары ескі, қайта жабдықталған және жаңа өнеркәсіп кәсіпорындары іске қосылды. Радиозауыт, Васильков кен-байыту комбинаты және т.б. жұмыс істей бастады. 1997 жылы экономикалық қиындықтарға байланысты қаланың ертеден келе жатқан прибор жасау зауыты (КПЖЗ) өз жұмысын тоқтатты.
## Телекоммуникация жүйесі
### Стационарлық байланыс
Көкшетау телефон нөмірлері 6 саннан тұрады. Қала коды — 7162. Қаладағы стационарлық байланыстың негізгі операторы — «Қазақтелеком» Ақмола бөлімшесі. Көкшетаудың телекоммуникациялық жүйесінің негізін жалпы сыйымдылығы 30 мың нөмірлі АТС-тер құрайды. 2005 жылғы 01 қаңтарға Көкшетау қаласының телефон желісі 42,634 нөмір жалпы құрастырылған сыйымдылығы он жеті телефон стансаларымен ұсынылған.
Қаланың абонент желісін одан әрі де телефон канализациясында магистралдық кабель салумен шкафтық жүйеде салу ұсынылады. Жобамен жаңа тұрғын үй-азаматтық құрылыс аудандары бағыттарында қосымша кабелді канализацияның құрылғысы және телефон кабелді канализацияға байланыстың әуе желілерін кезең кезеңмен салудың қажеттілігі белгіленеді. Телекоммуникация қызметтерін қанағаттандыру мен кеңейту үшін бар телекоммуникациялық желілерді кезең кезеңмен жаңарту ұсынылады, мұнда телефондардың телефон тығыздылығын (100 тұрғынға) 35 бірінші кезекте қабылдау.
### Ұялы байланыс
* 1999 жылы — Көкшетауда ұялы байланыс пайда болды. Е. Әуелбеков көшесі бойындағы типография ғимаратында «К – Mobile» компаниясының өкілдігі орналасты.
* 2000 жылы — ЖШС «Көкше-байланыс» қалада «Kcell» ұялы байланысы өкілдігін ашты.
## Көкшетау қаласының ескерткіштері
Көкшетау қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін.
* Шоқан Уәлиханов ескерткіші - ескерткіштің авторлары - мүсінші Т. Досмағамбетов, сәулетші К. Абдалиев.
* 1991 ж. XIX ғасырдың белгілі ақындары Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері ашылды. Авторлары – сәулетші А. Қайнарбаев, мүсінші Т. Досмағамбетов. Ақан сері ескерткіш портреттік кескіндерді өңдей отырып, риалистік мәнерде шешілген. Ақан сері шапанмен, тақиямен және етікпен, домбырасымен отырған күйде бейнеленген. Мүсінші жаңа ән шығару алдындағы ойға шому күйін жеткізген. Ақан сері 1913 жылы қыркүйек айында қайтыс болды. Ақан сері өмірінің соңына өшпес үлкен мұра қалдырды. Оның «Сырымбет», «Мақпал», «Қараторғай», «Алтыбасар», «Құлагер» және басқа да әндерін халық әлі күнгі дейін айтып жүр.
* Абылай хан ескерткіші - 1999 жылы Көкшетау қаласы Ақмола облысының орталығы болды. Осы жылдары Көкшетау қаласының орталық алаңында Абылай ханға ескерткіш орнату туралы шешім қабылданды. Ескерткіш Көкшетау қаласының орталық алаңында орналасқан. Ашылу салтанатына 1999 ж. 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Абылай ханның жерленген жер - Түркістаннан Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен әкелінген жерді қойды. 1999 жылы 5 қарашада Абылай ханның ескерткішінің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: “ Абылай –біздің ұрпақтарымыз үшін- алып күш. Бұл есіммен қазақ халқының мемлекеті мен тәуелсіздігі тығыз байланыста болып келеді, ал Қазақстанда алғашқы болып Абылай ханға арналған ескерткіштің ашылуы- тарихи әділеттілік болып саналады” деп атады. Аталмыш ескерткіштің авторы - Ю.Д. Баймукашев және сәулетші Т.М. Жұмағалиев. Ақсақалдардың айтуынша, автор бейбітшілік, даналық және халықтардың бірілігін бейнелеген. Басы жоғары көтеріңкі, бір қолы бүйіріне таянып тұр, екінші қолы тізесінде. Биікке көтерілген төбесінді қанатын жайған лашын бар үш қосылған діңгектен құралған «өмір ағаш» халықтың бірлігін бейнелейді. 2000 жылдар Абылайхан алаңы аты берілген сәулеттік кешені- Көкшетау қаласы тұрғындарының демалатын орын болып саналады. Қазіргі таңда бір де бір мерекелік іс-шара Абылай хан ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қоюмен өткізілмейді, ескерткіш алдында гүлзарлар мен газондар, әрі қарай фонтанмен жалғасады. Монументі қызықтап көру үшін қала қонақтар мен жастар келеді. Орталық алаң - міндетті жас жұбайлардың орны болып саналады, өйткені неке рәсімінен кейін, барлығы осы алаңға келіп Абылай ханға құрмет көрсетеді.
* «Ананың ақ тілегі» - монументалды-скульптуралық композициясы 2001 жылы Қазақстан Республикасының Тәуілсіздігінің 10 жылдығына арнап қойылды. Қолын жоғары көтеріп, түрегеп тұрған әйелдің ана бейнесі вокзалға қарап, Көкшетау жеріне келгендерге ақ батасын беген кейіпте бейнеленген. «Ананын ак тiлегi» монументальді мүсіннің авторлары Ленин және комсомол, сәулет сыйлығының лауреаты, СССР суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының сәулетшілер Одағының мүшесі - Ж.К. Молдабаев, сәулетшілер Т.М. Жұмағалиев пен А.Ш. Шаяхметов.
Ескерткіштің жалпы биіктігі-13,9 м., мүсіннің биіктігі - 4,45 м., тастұғырдың төменгі диаметрі - 9 м. құрайды. Мүсіннің материалы- қоладан жасалған, тастұғыры алюкобондпен қапталған.
* В. И. Ленинге арналған 3 ескерткіш бар.
* Ұлы Отан соғысының мемориалы - күміс бес бұрышты жұлдыз және қолында төмен туы бар солдат бейнесі өлгендерді еске алды. Мемориал 1977 жылы қарашада ашылды. Жақын жерде-Мәңгілік алау және Ақмола облысының 47 тумасы, Кеңес Одағының Батырлары. Жыл сайын 9 мамыр мен 22 маусымда қала тұрғындары қайтыс болғандарды еске алу үшін гүлдер қалдырады.
* Кеңес одағының батыры М. Ғабдуллин ескерткіші - Ескерткіштің ашылуы жазушының 100-жылдығына және Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арнайы ашылды. Авторы: мүсінші - Ермеков Т.Т. Ескерткіште майдангер-жазушы майданнан жаңа келген, өзінің халқы үшін еңбектенетін күш–қуатты, қолына кітап ұстап тұрған жас жазушының суреті бейнеленген. Ескерткіш қоладан жасалған, биіктігі - 3,5 метр, куртиндік граниттен жасалған тұғырда орнатылған, биіктігі 2,4 метр. Айналасында (гүлзарлар мен орындықтар) орнатылған. Ескерткіш құрылысының бастамашысы: Ақмола облысының қоғамы мен әкімшілігі.
## Қалада қарауға тұрарлық жерлер
* Абылай хан алаңы
* Тәуелсіздік алаңы
## Транспорт
Көкшетау қаласы — автомобиль, әуе және темір жолдарының ірі торабы. Бас жоспарда сыртқы көлік жүйесінің дамуы (әуе, теміржол, су, автомобиль және құбыр) және қалалық көше-жол желісінің құрылыстары мен жаңа құрылыс нысандарын салу және қалпына келтіру, көлік жолдарының, көпірлер мен қала көлігінің дамуы бойынша өткізілетін іс-шаралар көрсетілген.
### Әуежай
Қала маңында ұшып-қону жолдары бар әуежай кешені орналасқан. Халықаралық Көкшетау әуежайы (ағылш. Kokshetau International Airport) — Көкшетау қаласында орналасқан әуежай. 1945 жылы салынған. Ол Көкшетау орталығынан солтүстік-шығысқа қарай 12.5 шақырым қашықта, Ақкөл ауылы мен А-13 автожолының арасында орналасқан. 2018 жылы әуежай 21,427 жолаушыға қызмет көрсеткен (2017 жылмен салыстырғанда 2.7%-тік кему).
Көкшетау әуежайы халықаралық әуежай мәртебесіне ие, барлық халықаралық талаптарға және ICAO 1 санатына сәйкес келеді. Қазіргі уақытта көптеген жылдардан бері ұйымдастырылған хабарламалар: Алматы мен Ақтау. Көкшетау әуежайында "ашық аспан" режимі қолданылды.
### Көкшетау көшелері
Қазақстан Республикасы КСРО-дан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағында көптеген орыс тіліндегі көшелер мен мектептер және тағыда басқа ұйым атаулары қазақ тіліне аударылды. Көкшетау - көшелері толық қазақшаланған Қазақстандағы бірінші қала. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында 250 жуық көше бар.
Көше-жол желілерін дамыту жоспарында Горький, Ғабдуллин, Мир, Әуелбеков, Ақан сері және тағы басқа көшелерін одан әрі абаттандыру және жолды кеңейту ұсынылып отыр. Әуезов көшесін шығыс бағытында темір жол сызықтары арқылы ұсынылған айналма магистралына дейін тесіп шығу керек, "Сұңқар" шағын ауданы жанындағы Ғабдуллин көшесін Уәлиханов көшесі қиылысына дейін және одан әрі Чкалов көшесі бойынша оңтүстік айналма жолына дейін жалғастыру керек.
### Автокөлік; такси
Көкшетау қаласындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 267 км. Жүк тасымалының басым бөлігін автомобиль көлігі атқарады. Шоссе жолдарының ірі торабы.
Қаланың негізгі автокөлік магистральдері:
* А-1: Астана — Петропавл трассасы өтеді.
* А-13 (бұрынғы Р393): Көкшетау — Кішкенекөл — Бидайық — Ресей шегарасы — Омбы бағыты
* P-11: Көкшетау — Рузаевка (Қостанайға дейінгі M-36 трассасына қосылады, Челябіге шығады).
* P-12: Көкшетау — Атбасар
* Айналып өтетін жол
### Теміржол көлігі
Көкшетау теміржол вокзалы — Ақмола облысысының әкімшілік қаласында орналасқан Қазақстан темір жолының Көкшетау аймағының теміржол вокзалы. Көкшетау қаласы Орта Сібір теміржол магистралы, сонымен қатар Транс-Қазақстан, Петропавл-Астана-Қарағанды теміржолы кесіп өтеді.
Көкшетау үшін темір жол көлігінің маңызы өте зор. Темір-жол магистралі Көкшетауды Ресейдің сібір облыстарын және Қазақстанның Темір Алматы, Астана, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Қарағанды сияқты ірі қалаларымен байланыстырады. Көкшетау қаласы Петропавл — Қарағанды — Балқаш қалаларын қосатын темір жолдар қиылысында орналасқан және темір жол вокзалы бар қала.
### Автобустар
Жол жүру құны - 80 тенге.1998 жылда «СейНұр» ЖШС фирмасы құрылды.
### Автобекет
Көкшетауда бір автобекет бар.
## Денсаулық сақтау мекемелері
Қаладағы денсаулық сақтау мекемелерінің жалпы саны 34. 17 емдеу-сауықтыру мекемесі, 13 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, жедел көмек станциясы жұмыс істейді. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында 1 емхана, 1 аурухана, 48 дәріхана бар.
Көкшетау қаласының денсаулық сақтау саласының маңдай алды мекемелері: Ақмола облыстық ауруханасы, қалалық аурухана, туберкулезге қарсы, психоневрологиялық, наркологиялық, тері-венерологиялық диспансерлері, Қан орталығы, ЖҚТБ-ға қарсы күрес және алдын алу бойынша орталық. Жекеменшік медициналық мекемелер жүйесі әрекет етеді.
1992 жылы, Пролетарская (қазіргі Ақана-сері) көшесінде Облыстық тері-венерологиялық диспансер жаңа ғимарат алды. 1993 жылда, “Болашақ” балаларды қайта оңалту орталығына Горький көшесі (қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы) бойында 100 орындық ғимарат бөлінді. 1995 жылы, Көкшетауда медициналық-әлеуметтік мекеме - 75 мүгедек баланың тәулік бойы тұрақты тұруына арналған Көкшетау балалар психоневрологиялық диспансері ашылды.
## Оқу орындары
Жалпы білім беру мекемелерінің желісі Көкшетауда 78 білім беру ұйымы бар, оның ішінде: 24 жалпы орта білім беру мектебі (күндізгі), 1 негізгі жалпы білім беру мектебі, 48 мектепке дейінгі ұйым (27 мемлекеттік балабақша, 4 шағын орталық (3 мемлекеттік және 1 жеке), 17 жеке меншік балабақша), "Мейірім" балаларды түзету дамыту орталығы және 5 балаларға қосымша білім беру мекемесі ("Әулет" мектептен тыс жұмыс орталығы, "Балалар музыка мектебі" МКҚК. "Балалар көркемөнер мектебі" МКҚК. "Көкшетау дарыны" еңбекке баулу оқу кәсіпорыны, дарынды балаларды дамыту орталығы. Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 26,446 оқушыны құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен 1 жастан 6 жасқа дейінгі 7,487 бала қамтылған, бұл 63,3%, 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% немесе 6,976 қамтылған бала (01.10 жағдай бойынша жылына 1 рет есептеледі.). Білім беру процессі екі ауысымдық және үш ауысымдық режимде жүзеге асырылады. Қаланың барлық мектептері компьютерлендірілген, интернет желісіне қол жеткізе алады.
### Жоғары оқу орындары
Ақмола облысында 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді (Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, жеке меншік А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Гуманитарлық-техникалық академия және Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы. Барлығы Көкшетау қаласында орналасқан), онда 885-ке жуық профессорлар мен оқытушылар еңбек етеді, 12 мыңнан астам студент білім алады.
Негізгі жоғарғы оқу орындары:
* Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті - өңіріміздегі 45 жылдан астам көне тарихы бар Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатарлы, оқу нарығында беделді орны бар оқу орындарының бірі. Университет, әлемдік білім стандартына сай, жоғары білікті мамандар даярлайды.
Қазіргі уақытта университет құрамында күндізгі бөлімді оқытатын сегіз факультеті, сырттай оқыту факультеті, аспирантура мен магистратура, ғылыми-зерттеу зертханалары, Мемлекеттік тілді оқыту, инновациялық технологиялар және біліктілікті жетілдіру орталығы, Халықаралық алтаистика мен түркология орталығы, редакциялық-баспа бөлімі, компьтерлік технологиялар және телекоммуникациялар орталығы, мұражайлар мен кітапханасы және тағы басқа құрылымдық бөлімдері бар ірі ғылыми-оқу-өндірістік кешен болып табылады. Бүгінгі күні университетте бакалавриат бойынша 45 мамандықта сегіз мыңнан астам студент білім алуда. Сапалы маман дайындау мақсатында университетте қосарлы оқыту жүйесі, менеджмент сапасының жүйесі, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық басқару жүйесі қосылған.
* Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — 2000 жылы құрылды және студенттер қабылдауды бастады.
* ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты
* Бірқатар мемлекеттік емес ЖОО қызмет етеді. 1993 жылы тұңғыш мемлекеттік емес университетке (қазіргі “Көкше” академиясы, ректор Ж.Қасымов) студенттер қабылданып, қазақ лицейі және фольклорлық-этнографиялық театр-студиясымен біріге отыра эксперименталды оқу кешенін құрды.
### Мектепке дейінгі мекемелер
* Мектепке дейінгі бірнеше балалар бақшасы бар. 1999 жылы, желтоқсанда «Көкшетаусельстрой №2» трестінің «Аққу» ведомствалық балабақшасы пайдалануға берілді.
### Мектептегі білім
* Жалпы білім беретін 34 мектеп бар.
* Көкшетау болашақ сарайы - студенттерге өнер, спорт, ғылым, технология және IT саласындағы қабілеттері мен дарындарын дамытуға мүмкіндік береді.
* Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлығы бойынша «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі» жобасының аясында, 2009 жылы Көкшетау қаласында физика-математика бағытындағы мектеп ашылды. Көкшетау Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірінші басшысы – Абдильдина Жанар Нұрбапашевна. 2012 жылы 10 тамызда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында, Физика-математика бағытындағы Зияткерлік Мектепті қарап шықты. Көкшетау қаласының зерек балаларын математика, физика, информатиканың терең оқытумен қатар оқушыларға өз бетімен ғылыми ойлануды, Қазақстандық қоғамның Зияткерлiк элитасының бәсекеге түсе алатындай және өзін қазіргі заманда iске асыратындай болуына көмектесу. Қазақстан Республикасының зияткер элитасын тәрбиелеу. Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ерекшелігі - физика-математика пәндерін тереңдетіп оқыту.
### Колледждері
Көкшетауда істейтіндер:
* "АРНА" Көкшетау жоғары колледж мекемесі
* Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі
* 1993 жылы автомеханикалық және механикалық техникум негізінде жаңа оқу орны – политехникалық колледж құрылды.
## Архитектура және қаланың көз тартар жерлері
Көкшетаудың архитектуралық «маржаны» – ол қаланың қақ төрінде орналасқан Науан Хазірет мешіті мен Қопа көлінің жағалауынан орын тепкен Воскресения Христова кафедаральды соборы. Көкшетау қаласының қала құрылысы дамуының негізгі бағыттары қаланың тарихи-мәдени мұрасын сақтауды және қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс. Сәулет ескерткіштері мен құнды құрылыс салудың көпшілігі қаланың жеке келбетін айқындайтын қаланың орталық бөлігінде орналасқан. Бульварлар мен гүл бақтары түрінде ескерткіштер орналасқан аумақтар үлкен тарихи және қала құрылысы құндылығын білдіреді. Олар сақтауды, қалпына келтіруді және абаттандыруды талап етеді.
Іргелес төбелермен Қопа көлі сақтауды қажет ететін қалаға ашық жеке келбет беретін теңдесіз табиғи қоршау болып табылады. Қылшақты өзені арнасын қайта жаңартумен және тазалаумен Қопа көлі жағалау алқабына айрықша назар аударылған. Бас жоспармен қала маңы орман саябақтарына шығумен жасыл бульварлармен болашақта өзара байланыстыруды қажет ететін қаланың оңтүстік бөлігі төбелерінің аумақтарында ормансаябақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылды.
## Мәдениеті
Қаланың мәдениет ұйымдарының мемлекеттік желісі 15 мекемеден тұрады, оның ішінде: 12 кітапхана, 1 тілдерді оқыту орталығы, "Көкше" МҮ, "Достар"МҮ. Ағымдағы жылдың басынан бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес 1 971 іс-шара өткізіліп, оған 987,6 мың адам қатысты.
### Кітапханалар
Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi мәдениеттiк қоғамның маңызды бiр саласы болып табылады. Қазiргi кезде кiтапхана жүйесiнде 12 филиал оқырмандарға қызмет көрсетедi, кiтапханалар арнайы бағыттар бойынша және кiтапхана жанындағы аудандарға қызмет көрсете бастады:
* «Қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Гастелло көшесі, 13а)
* 12 кітапхана (оның ішінде көпшілікке арналған М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы)
* 2000 жылда Көкшетау қаласында Бауыржан Момышұлы көшесі, 55 мекен жайында тұңғыш қазақ кітапханасы ашылды.
* Орталық қалалық үлгілі кітапхана (Гастелло көшесі, 13а)
* Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасы (Момышұлы көшесі, 41)
* Застанциондық қалалық үлгілі кітапханасы (Станционный п. Маяковский көшесі, 49)
* Краснояр үлгілі кітапханасы (Красный Яр с., Cоветская көшесі, 5)
* Станциондық қалалық үлгілі кітапханасы (Первомайская көшесі, 3)
* «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапхана (Сүлейменов көшесі, 10)
* Арнайы қалалық үлгілі кітапхана (Қанай би көшесі, 37)
* Бірлік қалалық үлгілі кітапханасы (Солтүстік өндірістік аймақ 1 өткел №25)
* «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана (М. Әуезова көшесі 119/1)
* Электрондық қалалық кітапхана (Потанина көшесі, 53)
* Балалар кітапханасы (Ж. Сайн көшесі, 28)
### Архивтер
* Ақмола облыстық мемлекеттік архиві – ғылыми-құжаттық мекеме. 1924 ж. ұйымдастырылған.
* Көкшетау қаласының мемлекеттiк архивi
### Мәдени орталықтары
2021 жылғы ақпан айындағы жағдай бойынша Көкшетаудағы этномәдени бірлестіктер :
* «Ақмола облысының «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ
* «Ақмола облысының Орыс қауымдастығы» ҚБ
* «Чуваш этномәдени орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысының татарлар және башқұрттар бірлестігі»ҚБ
* «Чинсон» кәріс мәдени орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» ҚБ
* «Ақмола облысының «Вайнах» шешен-ингуш қоғамы» ҚБ
* «Ақмола облысының «Wiedergeburt» немістер қоғамы» ҚБ
* «Ақмола облысының өзбек ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ
* «БАРИ» армян мәдени орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысының қазақ-түрік мәдениеті мен достығын дамыту орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдениет орталығы» ҚБ
* «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» ҚБ
* «Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы «Рідний кут» украин этномәдени орталығы» ҚБ
* «Көкшетау татар мәдениет орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысы Әзербайжан мәдени орталығы» ҚБ
* «Исток» славян мәдениеті орталығы» ҚБ
* «Ақмола облысының «Арарат» армян мәдени орталығы» ҚБ
* Ақмола облысы бойынша «Әзербайжандар қауымдастығы» РҚБ филиалы
* «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Ақмола облыстық филиалы
* «Дала өлкесі казактары» өңірлік қоғамдық бірлестіктің Ақмола филиалы
* «Лад» республикалық славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің Көкшетау филиалы
* «Лад» облыстық мәдени-ағарту және қоғамдық-саяси славян орталығы» ҚБ
* «Истоки» славян мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігі
* «Дала өлкесі казактары» өңірлік қоғамдық бірлестіктің Көкшетау филиалы
* «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
* «Қамқор-Хэсэд Полина орталығы» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Көкшетау қаласындағы филиалы
* «Ақмола облысындағы «Масис» Қазақстандық армян қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы
* «Қазақ Өзбек диаспорасы» Республикалық қоғамдық бірлестігі
* «Барбанг» күрдттер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалы
* «Сібір казактарының Ақмола бөлімі» ҚБ
### Театрлар мен филармониялар
Театрлық қойылымдар, танымдық-ойын-сауық бағдарламалары, конкурстар өткізілді.
* Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы атындағы Ақмола облыстық филармониясы – концерттік-сахналық мәдени мекеме.
* Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облысының қазақ музыкалық-драмалық театры (1996 жылда өз жұмысын бастады). Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры 1996 жылы 6 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклімен шымылдығын ашқан болатын.
* "Көкшетау" мәдениет сарайы – қалалық және облыстық масштабтағы барлық қоғамдық-саяси шаралар өтетін Ақмола облысының басты мәдениет орталығы. Көкшетау мәдениет сарайы 1970 жылдан бастап жұмыс істейді. 2001 жылы қайта құру жүргізілді, сарайдың жалпы ауданы 4822 м2 құрады. Сарайда 4 зал жабдықталған: көрермен залы (600 орындық), көрме залы, би және балет залы.
* Ақмола облыстық орыс драма театры - 1977 жылы құрылды. 1977 жылдың 28 қазанында алғашқы театр маусымы жарияланды. Көрермендер пiкiрiне театрдың басты режиссерi, ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Куклинский Яков Аронұлының қойылымында Л.Славинның «Интервенция» спектаклi ұсынылды. Я.А. Куклинский — Карпенко — Карого атындағы Киев ГИТИС –нiң түлегi, мүдделестер тобымен бiрге Қостанайдан Көкшетауға келiп, орыс драма театрын құрды. Я.А. Куклинский 20 жыл бойы (1977—1997 ж.) театрдың ауысымсыз көркемдiк жетекшiсi болып қызмет еттi.
* Ақмола облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы
* "Достар" мәдениет сарайы - қаланың жас мәдениет мекемелерінің бірі. Мекеме қалалық маңызы бар ресми мемлекеттік мерекелерді өткізу мәселесінде базистік болып табылады. Ғимарат 1981 жылы “Ақ бидай” Мәдениет үйі ретінде пайдалануға берілді. 1995 жылы Мәдениет үйі негізінде Ақмола облысындағы алғашқы қазақ драма театры құрылды. “Достар” мәдениет сарайының негізгі қызметі халықтың мәдени бос уақытын қамтамасыз ету, бұқаралық іс-шараларды өткізу, мәдени-ағарту қызметін жүзеге асыру, көркемөнерпаздар, көркем шығармашылықты дамыту болып табылады.
* "Истоки" мәдениет үйі
* "Көкше" мәдениет үйі
### Кинотеатрлар
* «Юность» (2014 жылы ғимарат Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайына берілді).
Жұмыс істеп тұрған кинотеатрлар:
* «Синема-Әлем» — 2 кинозал, 430 орынға арналған кинотеатры. Ол кеңес үкіметінен қалған, бүгінде күрделі жөндеуден өткен заманауи 21 наурызда 1963 жылы негізі қаланған бұрынғы «Дружба» кинотеатрының қайтадан жаңғыртылуы нәтижесінде 2005 жылда жаңа «Синема-Алем» кинотеатры ашылды.
### Фестивальдар
2006 жылдың қыркүйек айында қалада ”Көкшетау достарын шақырады“ атты бірінші халықаралық фольклорлық фестиваль өтті. Фестивальге Түркия, Қырғызстан, Қалмақстан, Татарстан, Чувашия және Тюмень қаласының шығармашылық ұжымдары қатысты.
### Мұражайлар мен көркем галереялар
* Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайы – ғылыми-мәдени мекеме. (қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізіледі). 1920 жылдан бастап жұмыс істейді.
* Көкшетау қаласының тарихы мұражайы (2000 жылы Чапаев көшесі (қазіргі Қанай би), 32 мекенжайында орналасқан бұрынғы В.В.Куйбышев мемориалдық музейінің негізінде Көкшетау қаласының тарихы мұражайы құрылды). Музей қаланың көне тарихи бөлігінде орналасқан. Нақ осы жерде, Бұқпа жотасы баурайы мен Қопа көлі жағалауында XIX ғасырдың бірінші ширегінде Көкшетаудың іргетасы қаланған. Бөлек орналасқан бірқатар ғимараттардан тұратын музей кешені бүгінгі күні ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жергілікті ағаш сәулеті үлгісі ретінде Республикалық маңызы бар тарих ескерткіштерінің қатарына жатады.
* Көкшетау қаласындағы «Әдебиет және өнер» мұражайы (қазақ және орыс тілдерінде экскурсиялар жүргізіледі). 1883-1885 жылдары қаланың мещендық бөлігіне қоғамдық-сауда орын үшін аумақ бөлінді. Басты алаңда саудагерлер мен мещендердың дүкендері, олардың арасында тоқыма, мата және басқа да кооперативтік және тұтынушы дүкендер болған. Ғимаратты 19 ғасырдың 80-ші жылдары саудагер Устин Игнатьевич Коротков салған. Бұл сауда үйі болды. Онда: «Шамсудинов және К» сауда үйі, «Коротков И.Ю» серіктестігі, «Зингер компаниясы» орналасты. Содан кейін 1934 жылы осы ғимаратта алғашқы «Юность» кинотеатры болды.
* Кеңес Одағының Батыры, жазушы, академик Мәлік Ғабдуллин мұражайы (1995 ж. 4 қыркүйекте ашылды). Мұражай Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 07.05.1993 жылға қарасты № 465 қаулысына сәйкес және 1995 жылдың 4-қыркүйегiне қарасты № 1-39 Көкшетау облысы әкiмiнiң жарлығына байланысты Батыр атамыздың 80-жылдығына орай ашылды. 2004 жылы 116 жыл болған мұражайдың ескi ғимараты пайдалануға жарамсыз деп танылды. Ақмола облысы әкiмдiгi мұражай ғимаратын қайта салу жөнiнде шешiм қабылдады. 2005 жылдың 19 тамызында жаңа мұражайдың салтанатты түрде ашылуына сол кезде Ақмола облысында қызмет бабымен iс-сапарда болған Республикамыздың Президентi Н. Ә. Назарбаев қатысты. Елбасы М. Ғабдуллин ескерткiшiне гүл шоқтарын қойып, Батыр аруағына тағзым еттi. «Мәлiк Ғабдуллин музейi» МКМ қызметiнiң негiзгi мақсаты — Кеңес Одағының Батыры, академик, қоғам қайраткерi М. Ғабдуллиннiң тұлғасы арқылы өскелең ұрпаққа Отан қорғау жауапкершiлiгiн ұқтыру, батыр бабаларымыздың ерлiк дәстүрiн насихаттау, этнопедагогикалық бағыттағы насихат жұмыстарын жандандыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизмдi қалыптастыру.
## Демалыс орындары
Көкшетау қаласы жыл өткен сайын халықаралық туризм орталықтарының біріне айналуға ұмтылған қазіргі заман қаласының қайталанбас көркіне ие болуда.
### Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетін пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуетті сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерін түбегейлі шешуге қабілетті әдемі теңдессіз бар жаңа тиімді экономика секторы ретінде туризм, спорт және белсенді демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған. Қаланың рекреациялық инфрақұрылымының дамуы тарихи-мәдени мұра әлеуетін пайдаланатын және осы аймақтағы тарихи мұра және табиғи әлеуетті сақтау, жаңғырту және қаржылық мәселелерін түбегейлі шешуге қабілетті әдемі теңдессіз бар жаңа тиімді экономика секторы ретінде туризм, спорт және белсенді демалыс индустриясын қалыптастыруға бағытталған.
### Қопа жағажайлары
Облыс орталығының еліміздің өзге қалаларынан басты ерекшелігі қаланы айнадай жалтыраған Қопа көлі қоршап тұр.
* Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында салынған нысанның бірі – бүгінгі күні қала тұрғындары мен қонақтарының демалып, серуендейтін сүйікті орны Қопа көлінің жағажайы. Суға түсіп, күнге қыздырынып, көңіл сергітер жағажайдың ашылуы қала халқына жаңа бір тыныс болды. Ұзындығы 1,5 шақырым аумақты алып жатқан жағажайда амфитеатр, балалар мен спорт алаңдары, велосипед жолдары бар. 2022 жылда Қопа көлінің Назарбаев даңғылы бойындағы жағалауына мемлекет қайраткері Кәкімбек Салықовтың есімі берілді.
* 2022 жылда 16 маусым күні Көкшетау қаласы Қопа көлінің жағасындағы жаңа тегін жеке жағажай ашылды.
### Саябақтары
* Көкшетау қала саябағы (Демалыс паркі)
* «Алаш арыстары» саябағы ("Кеңес үкіметін орнатқан күресушілер" саябағы)
* «Жақып Омаров» саябағы (Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры алаңындағы саябақ)
## Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)
Қалада дамыған телекоммуникация жүйесі бар.
### Ақпарттық агенттіктері
* «Көкшетау – Азия»
### Газет-журналдары
* Қазақ тiлiндегi Арқа ажары
* Көкшетау
* Ақмола шындығы — 1939 жылдан бері шығарылып келе жатқан орыс тілді газет.
* Бұқпа
* Дала шамшырағы
* Риск-Бизнес (1993 жылдың 26 қаңтарда жарнамалық газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты).
* Көкшетау бүгін
* Көкше дидары
* Экологиялық жаршы
* Алау
* Денсаулық жаршысы
* Жер шоқтығы
* Шұғыла Көкшетау
* Сүйікті қала (2006 жылдың 5 қыркүйекте жаңа апталық газетінің бірінші нөмірі жарық көрді).
### Телеарналары (Телевизия)
Көкшетауда КТК, НТВ, Хабар, 24KZ, Ел арна, Qazsport, Qazaqstan, 1-канал "Евразия", СТВ, Astana TV, НТК, 31 канал, Жетінші арна т.б. арналар жұмыс жасайды.
* «Қазақстан – Көкшетау» — Ақмола облысының өңірлік телеарнасы.
### Радио
Көкшетауда 101,0 Қазақ радиосы, 102,0 Русское радио Азия, 102,5 Авторадио Казахстан, 103,7 Шалқар радиосы, 104,2 Европа+ Казахстан, 105,7 NS радиосы, 106,5 Радио Дача т.б. жұмыс жасайды.
## Спорты
Қалада дене шынықтыру және спорт саласы жақсы жолға қойылған. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшін қалада 315 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде: 2 стадион ("Оқжетпес" және "Айсұлу"), 1 "Бурабай" Спорт сарайы, 8 спорт кешені, 5 жүзу бассейні, 18 ату тирі, 1 шаңғы базасы, 2 жеңіл атлетика манежі, 81 спорт залы, 139 жазық құрылыс, 17 хоккей корты, 7 теннис корты, 1 ипподром, 33 салынған спорт залы. Есепті кезеңде жалпы 19 681 адамды қамтитын 53 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді.
Футбол мен шайбалы хоккей — қаладағы ең танымал спорт түрлері. Бірқатар белгілі спортшылар, әлем және Олимпиада чемпиондары қаламен байланысты. «Бурабай» спорт кешені хоккейден Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Арлан Көкшетау» шайбалы хоккей клубының үй аренасы болып табылады. Арлан көкшетаулық хоккейшілер 2017/2018 жылғы маусымда Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ «Арлан Көкшетау» ойыншылары 2018/2019 маусымында IIHF Құрлықтық Кубогын жеңіп алған Қазақстанның алғашқы командасы болды. Қалада қысқы спорт түрлеріне арналған мұз айдыны бар.
* Бурабай спорт-сарайы – Ақмола облысы аумағындағы ең ірі спорттық мәдениет орталығы болып табылады. Спорт сарайы 2007 жылы ашылды. Құрылыстың жалпы ауданы-1050 м2. Мұнда 1500 көрерменге арналған мінбесі бар Мұз аренасы орналасқан, ол концерттер, салтанатты жиналыстар өткізу үшін өзгертіледі, 50 метрлік бассейн, тренажер залы, жекпе-жек залы, үстел теннисін ойнауға арналған бөлме, сондай-ақ зияткерлік ойындар орталығы. Мұз аренасында жаппай коньки тебу жыл бойы, күндіз және кешке дейін өтеді. Спорт сарайында кәсіби әртістердің шоу-бағдарламалары мен мұздағы цирк нөмірлері бар қойылымдары өткізіледі.
* Көкшетау теннис орталығы – қазіргі заманғы кәсіби хард жабыны бар 3 жабық теннис корты. 3 заманауи кәсіби хард жабыны бар ашық аспан астындағы корт (мамырдан қыркүйекке дейін жұмыс істейді).
* БЖСМ “Триатлон” – Көкшетау триатлон мектебі 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ол үлкен спорт кешенінің базасында орналасқан, 25 метрлік жүзу бассейні, спорт және жаттығу залы, велобаза және шеберхана бар. Мектепте білікті жаттықтырушы-оқытушылар жұмыс істейді. Ай сайын жүзу, ҚПО және минитриатлон бойынша спорттық іс-шаралар өткізіледі. Ұжым тек балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеп қана қоймай, халықпен жұмыс жүргізеді, негізгі бағыты – спорт түрлері мен салауатты өмір салтын сауықтыру және танымал ету.
## Көкшетау мәдениетте
* Көкшетауда 1890 жылдары болған этнограф және публицист Григорий Николаевич Потанин белгіледі.
* Марина Ивановна Цветаеваның кіші сіңлісі ақын Анастасия Ивановна Цветаева Көкшетау қаласында 1966 жылы бірнеше ай тұрып, «Жастық және кәрілік» (1967; «Көкшетау» бірінші басылымында) повестін жазып шыққан. Кейін бұл повесть «Естеліктер» сериясымен «Менің Сібірім» жинағында жарық көрген. Анастасия Цветаеваның Көкшетаудағы өміріне арналған экспозиция Көкшетау қаласының тарихы мұражайында ашылған болатын.
## Халықаралық қызметі
Көкшетауда 1 туыстас қала және 1 серіктесі бар.
### Бауырлас қалалары
* Уокешо, Висконсин, Америка Құрама Штаттары (АҚШ) (19 желтоқсан 1989 жылдан бастап). Совет уақытында әр қаланың шетелде орналасқан бауырлас қаласы болды. Көкшетау қаласының шетелдік бауырласы болып 1989 жылы Американың Уокешо қаласы аталды. Комитеттің бірінші президенті Джейк Дьюкс – Көкшетау қаласының құрметті азаматы. Қалалар арасында студенттермен алмасу үнемі жүргізіліп отырған. Медицина басты бағыт болған. Олар көптеген қазақстандық баланы құтқаруға көмектесті.
### Серіктестер
* Красноярск, Красноярск өлкесі, Ресей (25 тамыз 2022 жылдан бастап.)
## Қала суреттері
## Тағы қараңыз
* Қазақстан қалалары
* Целиноград наразылығы
* Көкшетау қалалық әкімдігі
* Көкшетау облысы
* Көкшетау қыраты
* Көкшетау тауы
* Көкшетау ұлттық паркі
* Көкшетау Халықаралық Әуежайы
* Көкшетау-1 стансасы
* Көкшетау (қалалық газет)
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Көкшетау қаласының ресми сайты
* Көкшетау қаласының мәслихатының ресми сайты
* Көкшетау wikimapia.org |
Мүслім Мұхаммедұлы Магомаев (әз. Müslüm Məhəmməd oğlu Maqomayev; 17 тамыз 1942 жыл, Баку, Әзірбайжан КСР – 25 қазан 2008 жыл, Мәскеу, Ресей) — Кеңес Одағының, Әзірбайжанның және Ресейдің опера және эстрада әншісі (баритон), КСРО Халық әртісі (1973).
## Өмірбаян
Мүслім Магомаев 1942 жылы тамыздың 17-сінде Әзірбайжанның астанасы - Баку қаласында дүниеге келген.
Әкесі Магомет Мүслімұлы Магомаев театрда суретші болып жұмыс істеген, Ұлы отан соғысының қатысушысы, 1945 жылы мамыр айында, Жеңіс күніне 2 күн қалғанда қаза тапқан.
Анасы - Айшет Магомаева (тұрмысқа шыққаннан дейін — Кинжалова), драматикалық театрының әртісі. Атасы— Мүслім Магомаев, атақты әзірбайжанский сазгер, Әзірбайжан филармониясы оның атында. Әжесі Байдигуль — татар еді.
Баку консерваторияның музыкалық мектебінде оқыған. 1968 жылында Әзірбайжан консерваториясын бітірген .
1962 жылы Кремлдегі Съезд сарайында әзірбайжан өнер фестивалінің соңғы күнінде концертке қатысып, бүкіл Кеңес одағына әйгілі болып кетті. 1963 жылы қарашаның 10-ында Чайковский атындағы концерт залында Мүслім Магомаевтың алғашқы концерты өтті.
Әзірбайжан опера және балет театрының опера әншісі болып істеді. Соңымен қатар бүкіл Кеңес одағын аралып эстрадада ән айтқушы еді.
1969 жылы Сопотадағы фестивалінде I-ші жүлдесін алады, ал Канныда — «Алтын күйтабағын» алады.
1973 жылы КСРО халық әртісі деген атағының иесі болып кетті.
«Низами», «Поёт Муслим Магомаев» және «Москва в нотах» деген филмдерінде түсті. 20-дан астам әндерін авторы, филмдерге музыкасын жазған..
Әйелі — Тамара Ильинична Синявская, әнші, КСРО халық әртісі. Бірінші әйелінен — Марина деген қызы бар.
1997 жылы оның есіміне (4980 Magomaev) деп Күн жүйесінің астероидтарының бірі аталған еді, бұл астероид 1974 SP1 коды ретінде белгілі.
Соңғы жылдары Мәскеуде өмір сүрді. 2008 жылы қазанның 25-інде дүниеден қайтты. |
Карлоу (ағылш. Carlow;) Ирландияның онтүстік-шығысындағы Карлоу графтығының астанасы. Бароу өзенінің жағасында орналасқан. Қала туралы мағлұматтар 7 ғасырдан басталады. Қалада 3 000 дай студент оқиды. Тұрғындарының саны 2006 жылдың санағы бойынша 13 623 г. [1]
## Бауырлас қалалары
* Темпи, Аризона, АҚШ
## Шеттік сілтеме
* Қаланың веб-торабы |
Графтық (нем. Grafschaft; лит. comitatus; ағылш. shire мен county) — алғашқыда Франк мемлекеті мен Англияның аудандық бөлімдері.
## Тарихы
Меровинг патшалары, Римнің Галлия провинциясының қалалық аудандарының пішімін қоолданып, жаңа әкімшілік бірліктер жасайды. Байырғы неміс жерлерінде де осындай аудандар құрылады. Бірте-бірте бұл аудандар мемлекеттің әкімшілік-соттық, қаржылық және әскери бөлімдері болды. Әрбірінің басында граф тұрады.
## Англияда |
Қазақстан тарихы – Еуразия құрлығындағы ең үлкен елдің даму тарихы. Кеңестік дәуір кезінде бұл терминді қазіргі Қазақстан саяси шекарасына қатысты қолданып келген, яғни бүгінгі көрші мемлекеттердің территориясында қалған археологиялық немесе тарихи жәдігерлер, қалалар мен оқиғалар қарастырылмаған. Қазақстан тарихы ұғымы үлкен Еуразия аймағында болған барлық тарихи оқиғалармен тығыз байланысты.
Ежелгі дәуірде Қазақстан аумағында алғашқы адамзат мекендері пайда болды. Палеолит кезеңінде тас құралдар мен қаруларды қолданған алғашқы адамдар өмір сүрді. Неолит кезеңінде адамдар отырықшылыққа көшіп, егіншілік пен мал шаруашылығымен айналыса бастады. Бұл кезеңде Қазақстан аумағында Ботай мәдениеті қалыптасты, олар әлемде тұңғыш рет жылқыны қолға үйреткені белгілі.
Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде сақтар, үйсіндер мен қаңлылар секілді көне тайпалар өмір сүрді. Сақтар (б.з.д. VII-III ғғ.) өздерінің ерекше мәдениетімен және жауынгерлігімен танымал болды. Олар металл өңдеу өнерінде жетістікке жетіп, өздері қолданған қару-жарақтар мен зергерлік бұйымдарымен белгілі болды. Үйсіндер мен Қаңлылар (б.з.д. II ғ. – б.з. V ғ.) Орталық Азияда қуатты мемлекеттер құрып, Қытаймен және басқа көрші елдермен сауда және мәдени байланыстар орнатты.
VI ғасырда түрік тайпаларының бірігуі нәтижесінде Түрік қағанаты құрылды. Бұл кезеңде түркілер Орталық Азияның кең аумағын басқарып, Ұлы Жібек жолының маңызды бөлігіне айналды. Түрік қағанатының құлауынан кейін Қазақстан аумағында Батыс Түрік қағанаты (603-704 ж.), Түркеш қағанаты (704-756 ж.), Қарлұқ қағанаты (756-904 ж.) сияқты мемлекеттер пайда болды.
XIII ғасырда Шыңғыс ханның жаулап алу жорықтары нәтижесінде Қазақстан аумағы моңғол империясының құрамына кірді. Шыңғыс ханның ұлы Жошы ұрпақтары Қазақстан аумағында Алтын Орда мемлекетін құрды. Алтын Орданың ыдырауынан кейін Ақ Орда мен Көк Орда пайда болды. Кейінірек Ақ Орда бөлініп, оның орнына Өзбек хандығы мен Ноғай Ордасы құрылды.
1465 жылы Жетісу аймағында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрды. Қазақ хандығы XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында күшті мемлекетке айналып, қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігін жаулап алды. Қасым ханның тұсында (1511-1521 жж.) Қазақ хандығының аумағы кеңейіп, халық саны 1 миллионға жетті. Ол "Қасым ханның қасқа жолы" атты алғашқы заңдар жинағын шығарды. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығының сыртқы саясаты жоңғарлармен, орыстармен және басқа да көрші елдермен күреске бағытталды.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында жоңғарлар Қазақ хандығына жиі шабуыл жасады. Бұл кезең қазақ тарихында "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деген атпен белгілі. Жоңғар шапқыншылығы қазақтардың үлкен қасіретіне айналды, бірақ олар ақыры жоңғарларды жеңіп, өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап Қазақ хандығы Ресей империясының ықпалына түсе бастады. 1731 жылы Кіші жүз Ресейдің протекторатын қабылдады, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз де Ресейдің құрамына кірді. XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтардың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы Ресейге қарсы көтеріліс ұйымдастырды, бірақ бұл көтеріліс сәтсіз аяқталды.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда Алаш Орда автономиясы құрылды. Бірақ 1920 жылы Алаш автономиясы Кеңестік Ресейдің құрамына кіріп, Қырғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді (1925 жылы Қазақ АКСР-і деп өзгертілді). 1936 жылы Қазақстан Кеңес Одағының толық мүшесі ретінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып қайта құрылды.
1920-1930 жылдары Қазақстанда ашаршылық пен репрессиялар болды. 1921-1922 жылдары және 1932-1933 жылдары ұжымдастыру саясаты нәтижесінде миллиондаған адамдар қырылды. Алаш зиялылары, оның ішінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және басқалар, репрессияға ұшырады.
1941-1945 жылдары Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам майданға шақырылып, олардың жартысы қайтыс болды. Соғыс кезінде Қазақстанға көптеген зауыттар мен фабрикалар эвакуацияланды. Соғыстан кейін Қазақстан индустрияландыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының орталығына айналды.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан демократиялық реформалар мен нарықтық экономикаға көшу процесін бастады. Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан халықаралық аренада беделді мемлекетке айналды. Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымының төрағасы болды.
## Қазақстан арехеологиясы
Қазақстанның археологиялық зерттеулері ортағасырлық саяхатшылар мен тарихшылардың жазбаларынан бастау алады. І Петрдің жарлықтарымен және Сібірге бағытталған алғашқы академиялық экспедициялармен зерттеу жұмыстары күшейе түсті. Бұл зерттеулер Қазақстанның ежелгі тарихына қатысты маңызды мәліметтер жинауға мүмкіндік берді.
Ертістегі Қозыбай қонысы, Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстанның неолиттік ескерткіштері, Ботай қонысы сияқты палеолит, неолит және энеолит дәуірлерінің жаңа ескерткіштері ашылды. Қола дәуіріндегі андронов және беғазы-дәндібай мәдениеті өкілдері егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысып, жауынгерлік күйме жасаған. Бұл дәуірдің мұралары – Қазақстанның жылқыны алғаш үйреткен жері ретінде танымал болуының айғағы.
Сақтар дәуірінде (б.з.б. VI-III ғғ.) алғашқы мемлекеттер құрылды, олардың орталығы Жетісуда орналасқан. Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және «аң стилі өнері» деп аталған ерекше өнері болған.
Түрік кезеңінде (б.з. VI-XIII ғғ.) түрік тілдес тайпалар басымдық алып, Алтайда орталықтанған. Қазақстан территориясында Батыс-Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, оғыздар, қарахандар, қимақтар және қыпшақтардың мемлекеттері өмір сүрді.
Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Тараз, Отырар, Испиджаб, Талхир қалалары Батыс пен Шығысты байланыстырған. Осы жол арқылы мәдениеттер мен діндер таралып, ислам діні VIII ғасырдан бастап кеңінен тарады. XIV-XV ғасырларда Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кешені салынды.
### Қазақстанның археологиясын зертету тарихы
1733 жылы академик Г. Ф. Миллердің басшылығымен жасалған бірінші академиялық экспедиция Қазақстанның археологиялық зерттеулерін жалғастырды. Экспедиция құрамында белгілі ғалымдар Л. Делаклоер, И. Фишер және геодезистер А. Красильников, А. Иванов, М. Ушаков жұмыс істеді.
1768-1774 жылдары екінші академиялық экспедиция Еділ бойы, Орал, Сібір мен Қазақстанның тарихын, географиясын және этнографиясын зерттеуді жалғастырды. Экспедицияға П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков және Х. Барданес сияқты көрнекті ғалымдар қатысты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Орталық және Шығыс Қазақстанның табиғи байлықтарына қызығушылық күшейді. Геологтар мен кен инженерлері кен орындарын сипаттап, жазбалар қалдырды, бұл аудандардың археологиялық мәліметтер қорын байытты.
XIX ғасырдың орта шенінде негізінен Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстан бойынша көп материал жиналды. Археологиялық ескерткіштерді жүйелі түрде зерттеу әлі басталмағанымен, кездейсоқ мәліметтер жинақталып, алғашқы қазба жұмыстары жүргізілді. XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы кен орындары мен археологиялық ескерткіштерге қызығушылық артты. Археологиялық комиссия, Тарих мұражайы және Мәскеу археологиялық қоғамы сияқты мекемелер зерттеу жұмыстарын жүргізді.
1862 жылы Қазақстанда В. В. Радлов археологиялық жұмыстарды бастады. Ол Солтүстік-Шығыс Қазақстан мен Сібірдің ежелгі ескерткіштерін топтастырып, кезең-кезеңге бөлуді ұсынды. 1867 жылы археологиялық комиссияның тапсырмасымен П. И. Лерх Түркістан өлкесін зерттеді. Ол Сауран, Сығанақ қалаларының орындарын қарастырып, Жанкент қаласының орнын қазды.
1893-1894 жылдары В. В. Бартольдтың Орталық Азияға сапары археология мен шығыстану ісін дамытуда маңызды рөл атқарды. Ол Шу және Талас алқабының ескерткіштерін зерттеп, тарихи қалаларды сәйкестендірді.
XX ғасырдың басында Ресейдің географиялық қоғамының Батыс Сібір, Семей және Орынбор бөлімдері, Орынбор ғылыми архив комиссиясы Қазақстанның археологиялық зерттеулеріне үлес қосты. Бұл зерттеулердің нәтижесінде XIX-XX ғасырларда нақты материалдар жинақталып, жүйеленді.
1917 жылғы революциядан кейін археологиялық зерттеулер мемлекеттік негізде жүргізілді. 1919 жылы Материалдық мәдениет тарихы академиясы, 1920 жылы Түркістан комитеті құрылды. 30-жылдары ірі экспедициялар Қазақстанның көптеген аудандарын қамтыды. Археологияны тарих ғылымының дербес бөліміне айналдыру жұмыстары жүргізілді.
1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының құрылуымен археологиялық жұмыстардың көпшілігін Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты жүргізді. Бұл кезеңде Қазақстан археологиясы дамудың жаңа кезеңіне қадам басты.
Э. Х. Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан экспедициясы Сарарқаның ежелгі ескерткіштерін зерттеді. Экспедиция неолит және энеолит дәуірлерінің тұрақтарын, андронов және дәндібай-беғазы мәдениеттерінің қоныстары мен зираттарын зерттеді.
1945 жылдан бастап Орталық және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларының зерттеулеріне Қызылорда облысында С. П. Толстов басшылығымен Хорезм археология-этнография экспедициясы қосылды. 1947 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы С. С. Черниковтың басшылығымен жұмыс істей бастады, оның негізгі міндеті су астында қалатын аймақтардағы ескерткіштерді анықтау болды.
1954 жылы Тарих, археология және этнография институты К. А. Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық экспедициясын ұйымдастырды. Экспедиция сақтар мен үйсіндердің қорған обаларын тапты. 1950-жылдардың ортасында Оңтүстік Қазақстанда Қаратауда ежелгі палеолиттік тұрақтар табылды, бұл жаңа палеолитті зерттеу бағытын қалыптастырды. 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдар Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы археологиялық зерттеулердің кеңеюімен есте қалды.
1960 жылы Қазақстан археологиясының картасы шығарылды, бұл археологиялық зерттеулердің маңызды кезеңінің қорытындысы болды. 60-70-жылдары жаңа ескерткіштерді анықтап, оларды зерттеу жалғастырылды.
Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеуді жалғастырды. М. К. Қадырбаев бастаған экспедиция Тасмола мәдениетінің обаларын, андронов ескерткіштерін зерттеді. Г. Б. Зданович Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін жаңа кезеңдерге бөліп, хронологиясын жасады. Х. А. Алпысбаев Оңтүстік Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштерді зерттеді.
1970-жылдары Қазақстанда тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жалғастырылды. В. Ф. Зайберттің жетекшілігімен Ботай мәдениеті ашылды, бұл ертедегі жылқы шаруашылығының дамуын көрсетті.
80-жылдары Қазақстан археологиясы ұйымдастырушылық өзгерістермен, археологиялық мектептердің пайда болуымен және монографиялық зерттеулердің шығуымен сипатталды. Бұл кезеңде қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің экономикасы, көшпелі және егіншілік мәдениеттердің өзара әрекеті зерттелді.
Қазақстанның әртүрлі аймақтарында, әсіресе Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда археологиялық зерттеулер жүргізілді. Отырар, Күйрықтөбе және Алтынтөбе қалаларының орындарында қазба жұмыстары жасалды.
Қазақстан археологиясының дамуы келесі кезеңде жалғасты. Бұл кезеңде қола дәуіріндегі экономикалық және мәдени байланыстар, көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әрекеті тереңдетіліп зерттелді.
1945 жылдан бастап, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясымен қатар, С. П. Толстов басшылығымен Хорезм археология-этнография экспедициясы Қызылорда облысында зерттеулер жүргізді. 1947 жылдан бастап Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы С. С. Черниковтың басшылығымен жұмыс істей бастады, оның негізгі міндеті су астында қалатын аймақтардағы ескерткіштерді анықтау және зерттеу болды.
1954 жылы К. А. Ақышевтің басшылығымен Іле археологиялық экспедициясы ұйымдастырылып, сақтар мен үйсіндер дәуірінің қорған обалары табылды. Оңтүстік Қазақстанда Қаратауда палеолиттік тұрақтардың табылуы Қазақстан археологиясында жаңа бағыттың негізін қалады.
1960 жылы Қазақстан археологиясының картасы шығарылып, 40-50 жылдардағы археологиялық зерттеулердің қорытындысы жасалды. 60-70 жылдары жаңа ескерткіштерді анықтау және оларды тереңдетіп зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Орталық Қазақстан экспедициясы қола және ерте темір дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеуді жалғастырды. М. К. Қадырбаев бастаған экспедиция Тасмола мәдениетінің обалары мен андронов ескерткіштерін зерттеді.
Г. Б. Зданович Солтүстік Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштерін жаңа кезеңдерге бөліп, хронологиясын жасады. Х. А. Алпысбаев Оңтүстік Қазақстандағы палеолиттік ескерткіштерді зерттеді. 1970-жылдары Қазақстанда тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеу жалғастырылды. В. Ф. Зайберттің жетекшілігімен Ботай мәдениеті ашылып, ертедегі жылқы шаруашылығының дамуы анықталды.
80-жылдары археологияда ұйымдастырушылық өзгерістер болып, аймақтық археологиялық мектептер пайда болды. Бұл кезеңде қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің экономикасы және көшпелі мәдениеттердің өзара әрекеті тереңдетіліп зерттелді. Орталық Қазақстанда Атасу қонысында қола дәуірінің металлургиясы мен керамикасы зерттелді. Ертедегі металлургтер өнімдерінің химиялық және минералдық құрамы анықталып, өңдеу технологиясы зерттелді.
Соңғы жылдары Қазақстанда археологиялық архитектураны зерттеу дамып, ортағасырлық қалалар мен діни құрылыстар зерттелді. Жібек жолы бойындағы мәдени байланыстар мен сәулет өнерінің үлгілері зерттеліп, жаңа деректер мен жазбаша мәліметтер арқылы анықталды.
Ортағасырлық Қазақстанның археологиялық зерттеулерінің нәтижелері Отырар және басқа да қалалардың тарихы мен мәдениетін тереңірек зерттеуге мүмкіндік берді. Жергілікті қала мәдениетінің ерекшеліктері мен оның мұсылман әлемімен байланысы анықталды.
Қазақстан археологиясының маңызды бағыты петроглифтерді зерттеу. Жартастағы бейнелер мен ертедегі жазбаларды зерттеу көне мәдениеттердің дамуын анықтауға мүмкіндік берді.
Қазақ археологиясы тарихи және мәдени ескерткіштердің кешенді зерттеулері арқылы жаңа деңгейге көтерілді. Археологиялық зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді жүйелеу және талдау ғылыми қауымдастықта жоғары бағаланды. Археология тарих ғылымында революция жасап, өткеннің көрінісін кеңейтіп, жазбаша деректері аз елдер үшін маңызды болды. Қазақстан үшін археологиялық деректер ежелгі, ерте және орта ғасырлардағы тарихты зерттеудің негізі болды.Қазақстан археологиясының қалыптасуына В. В. Бартольд, В. В. Радлов, П. И. Лерх және Ш. Ш. Уәлиханов сияқты ғалымдар үлес қосты. Қазақстан археологиясы Ұлттық ғылым академиясының жүйесінде дербес ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дүние жүзілік ғылымды байытты. Қазақстанда миллион жыл бұрын адам мекендегенін дәлелдейтін ежелгі палеолиттік тұрақтар табылды. Қазақстанның төменгі палеолит мәдениеті Евразияның ортақ белгілерін көрсетеді.
Қола дәуіріндегі Евразия тайпаларының палеоэкономикасын дамытуда Қазақстан металлургиялық орталық ретінде маңызды рөл атқарды. Қазақстан ертедегі малшы-егінші тайпалардың көшпелілерге айналу үдерісін зерттеуге мүмкіндік береді. Сақ қорғандарын қазу жұмыстары Қазақстанды сақ тайпаларының маңызды орталығы ретінде анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда урбанизациялық үдерістер мен қала мәдениетінің дамуы археологияның маңызды жетістіктерінің бірі болды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткені анықталды, бұл дүние жүзілік өркениеттің жетістігі болды. Қазақстанның мәдениетінің көпқырлылығы археологиялық материалдар арқылы дәлелденді. Қазақстандағы мәдени байланыстар Қытай, Таяу және Орта Шығыс, Орта Азия, Еділ бойы, Орал өңірі және Сібірмен болған. Батыс Түрік қағанаты, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары және кейінгі Қарахан мемлекеттері ортағасырлық мемлекеттік құрылымдар болды. Отырар, Кедер, Тараз, Түркістан, Сарайшық, Талхир қалаларының археологиялық зерттеулері қазақ мемлекеттілігінің ежелгі түркілер, қарахандар, қыпшақтар мемлекеттерімен байланысын көрсетеді. Көшпелі және отырықшы өркениеттерді зерттеу мәдениеттердің өзара әсері мен байытылуын анықтайды.
## Ежелгі Қазақстан тарихы
## Орта ғасырлар
## Жошы ұлысы
## Қазақ хандығы
Алғашқы қазақ елі Алтын Орданың құрамында пайда болды. Алтын Орданың ыдырауынан кейін Ақ Орда мен Көк Орда пайда болды. Кейде олар бір-бірімен қосылып, Алтын Орданы қалпына келтіргісі келді, бірақ Ақ Орданың басқарушысы Барақ хан қайтыс болғаннан кейін Ақ Орда бөлініп, оның орнына Өзбек хандығы мен Ноғай Ордасы пайда болды.
Өзбек хандығын қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігін қамтыған елді басқарған Әбілқайыр хан басқарды, ол Барақ ханды өлтіруді ұйымдастырды. Елде жемқорлық таралып, салықтар өсіп, хандық тұрақсыз болды. Бұл жағдайды шешу үшін Керей мен Жәнібек хандар қазақтарды жинап, көтеріліс ұйымдастырды.
1465 жылы Жетісу аймағында Қазақ хандығы құрылды. 1468 жылы қазақтардың тәуелсіздігі үшін соғыс басталып, ол 1500 жылға дейін жалғасты.
1511 жылы Қасым хан Қазақ хандығын билей бастады. Қасым хан басқарған кезде Қазақ хандығы Ноғай Ордасына қарсы шығып, 1520 жылы ноғайлардың астанасын жаулап алды және ноғайларды Астрахан хандығына дейін ығыстырды. Қасым хан басқарған кезде Қазақ хандығы қазіргі Қазақстанның аумағына ұқсас территорияны қамтып, халық саны 1 миллионға жетті. Қасым хан билігі кезінде Қазақстан еуразиялық аренада атаққа ие болды және Ресей Царлығы Қазақ хандығымен алғашқы дипломатиялық қарым-қатынастарды орната бастады. 1520 жылы Қасым хан қазақтың алғашқы заңын шығарды, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атайды.
## Ресей Империясы
## Совет үкіметі
## Қазақстан Республикасы
## Дереккөздер |
«Алматыкітап» баспасы - жауапкершігі шектеулі серіктестік. 1999 ж. қаланған. Баспалық өнімдерді басу және таратумен айналысады.
## Өнімдері
Баспада жоғары оқу орындары мен мектепке арналған оқулықтар және оқу құралдары, көркем әдебиеттер, сөздіктер, анықтамалықтар мен мектеп жасына дейінгі балаларға арналған кітаптар басып шығарылады.
2005 ж. баспа «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, әйгілі «Республика Казахстан» энциклопедиялық сөздігін орыс тілінде шығара бастады.
Сонымен қатар, «Қазақстан. Қысқаша энциклопедиялық сөздігі» - Қазақстан Республикасының қазіргі жай-күйін, оның саяси-экономикалық, әкімшілік-территориялық және физикалық-географиялық жағдайын, өткен тарихи оқиғалары мен негізгі кезеңдерін қысқаша баяндайтын анықтамалық басылымын да жария етті. Басылым туындыларында егеменді ел - Қазақстанның, ғылым мен техника, мәдениет секілді сан алуан саланың дамуына айтарлықтай үлес қосқан қазіргі қайраткерлеріміз бен тарихи тұлғаларымызға баса назар аударылған.тарихы:Қазақстан Республикасының ірі баспа және кітап таратушыларының бірі – «Алматыкітап баспасы» компаниясының тарихы бұрынғы кітап сауда ұйымы – «Қазкітап» республикалық бірлестігінің Алматы облыстық кітап сауда ұйымынан (Алматы облкітапсауда) бастау алады.1988 жылы мамыр айында «Қазкітап» республикалық бірлестігінің Алматы облыстық кітап сауда конторы «Қазақкітап» Қазақ республикалық бірлестігі жанындағы «Алматыкітап» Алматы қалалық кітап сауда конторы болып атауын өзгертті.1993 жылы желтоқсан айында Алматы облыстық кітап саудасын акционерлеу нәтижесінде «Алматыкітап» ашық акционерлік қоғамы құрылды.
2004 жылы шілде айында «Алматыкітап» ААҚ «Алматыкітап» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Алматыкітап» ЖШС) болып аталды.
2007 жылдан бастап Қазақстан нарығында компания «Алматыкiтап баспасы» ЖШС атауымен белгілі.1999 жылы компанияның баспа қызметі балаларға арналған айшықты безендірілген қазақ-орыс-ағылшын сөздігі мен үш тілдегі (қазақ, орыс, ағылшын) «Ауа райы», «Өлшеу», «Уақыт», «Сандар», «Пішіндер», «Түстер», «Қарсы мәндес сөздер. Салыстыру» атты жеті кітаптан тұратын көркемсуретті кітаптар топтамасын басып шығарумен басталды.Кәсіпорындар кітап нарығында жұмыс істейтіндердің ұжымдық құқығын қорғау мақсатында компаниямыздың басшылығы Қазақстан кітап шығарушылар мен кітап таратушылар қауымдастығын құру туралы бастама жасады. Қауымдастық жан-жаққа бытырап кеткен ұйымдардың басын қосып, баспагерлер мен кітап таратушылар алдында тұрған міндеттерді табысты шешуде. «Алматыкітап баспасы» қазіргі таңда Қауымдастықтың белсенді қатысушысы болып табылады.2001 жылы Элеонора Нығметқызы Баталованың бас болуымен Қауымдастық пен біздің компанияның ұсынысы бойынша Қазақстан Үкіметі Алматы қаласында «Ұлы Жібек жолымен» Бірінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл кәсіби форум орталық-азиялық аймақтың, таяу және қиыр шығыстың 14 елінен 120-дан астам қатысушының басын қосты және Қазақстанның білім және мәдениет секілді басым салаларында беделін арттырды, содан бері жәрмеңке дәстүрге айналып, екі жылда бір рет өткізілуде.2011 жылы бұл көрме алтыншы мәрте өткізілді. Осы уақыт аралығында жәрмеңкеге Орталық Азия елдерімен қатар, Ресей, Украина, Италия, АҚШ, Германия, Словакия, Түркия, Қытай және өзге елдердің кітап шығару ісінің майталмандары келді. Жәрмеңкенің ең бір нәтижелі көрсеткіші көптеген елдердің баспа, полиграфия және кітап таратушы компаниялары арасындағы мәдени және іскерлік байланыстардың кеңеюі болды. Соның арқасында тәжірибе алмасу жанданды, кітап, полиграфия, кітап саудасы өндірісіне озық технологияларды енгізу тиімділігі арта түсті, бірқатар таяу және алыс елдердің ұлттық кітап өнімдерін әйгілендірудің ортақ бастамасы күшейді.2003 жылдан бастап баспа 12 жылдық жалпыға білім беретін мектептің эксперимент сыныптарында өз оқулығының сынақтан өтуіне жолдама алды. 2008 жылы баспа Қазақстанда алғаш рет 11 жылдық білім беретін бастауыш мектепке арнап балама кітаптар әзірлеп, шығарды. «Алматыкітап баспасының» жаңа оқу-әдістемелік кешендері оқу әдебиетіне қойылатын барлық талаптарды, сондай-ақ ұлттық болмысты, отырып құрастырылады. «Алматыкітап баспасының» кітаптары білім беру ұйымдарының оқу үдерісінде пайдалануға рұқсат етілген, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына енгізілген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тізіміне жыл сайын еніп келеді.2009 жылы «Алматыкітап баспасы» оқушы денсаулығына көңіл бөле отырып, «Қазақстанда алғаш болып төменгі сынып оқушыларына арналған оқулықтар дайындау кезінде озық тәсілді, атап айтқанда FLEX (интегралды) заманауи мұқабасы пайдаланды. Ол санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес беріктігін жоймастан кітапты біршама жеңіл етеді. «Алматыкiтап баспасы» елде алғаш болып 5 және 6 жас мөлшеріндегі балаларды мектеп алды даярлау бойынша оқу-әдістемелік кешен шығарды. Бас қызметі жылдарында оқулықтармен қоса оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық қызметіне кең жол ашатын, мазмұны бай, тамаша көркемделген жоғары сапалы кітаптар басылып шықты. Олардың қатарында «Менің Қазақстаным», «Менің алғашқы кітаптарым», «Мектеп кітапханасы» кітаптар топтамасы бар.«Менің Қазақстаным» топтамасында «Қазақстанның өсімдіктер әлемі», «Қазақстанның жануарлар әлемі», «Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстанның Қызыл кітап беттерінен» өлкетану бойынша алғашқы кітаптар болды, қазақ халқының тарихы, тұрмысы мен мәдениеті бойынша – «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері», «Қазақтың дарқан дастарқаны» және т.б болды. Сонымен қатар «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Қазақ ертегілері» секілді батырлар жыры мен ертегілер және т.б шығарылды. Баспа шығарған кітаптардың 30%-дан астамы үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылады. Жалпы алғанда баспа өз қызметінің он екі жылы аралығында балаларға арналған кітаптың 900-ден астам түрін және 15,5 млн. данадан астам таралыммен оқу әдебиетін шығарды.«Алматыкiтап баспасы» көптеген халықаралық кітап жәрмеңкелеріне, атап айтқанда Майндағы Франкфурт, Лондон, Лейпциг, Париж, Мәскеу, Түркімен және басқа елдердің көрмелеріне қатысты.Бүгінгі таңда баспа Ұлыбритания, Франция, Ресей, Беларусь, Үндістан баспаларымен, Латын Америка елдерінің баспагерлер қауымдастығымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.«Алматыкiтап баспасы» ұжымында 150-ден астам жоғары білікті қызметкер еңбек етеді. Қызметкерлер құрамында әдіскерлер, қазақ және орыс мәтіндерінің редакторлары, суретші-дизайнерлер, техникалық редакторлар бар. Олар«Алматыкiтап баспасының» бүкіл басылым өнімдерін озық үлгідегі қондырғыларды пайдалану арқылы баспаға дайындайды. «Алматыкiтап баспасы» кітап шығару ісіне үздік қазақстандық авторлар мен суретшілерді тартады, бұл кітап мазмұны мен көркемделуінің жоғары сапасына кепілдік береді.
Заманауи экологиялық технологиялар пайдаланатын үздік қазақстандық және шетелдік типографиялармен ынтымақтастықтың арқасында өніміміздің полиграфиялық сапасы қамтамасыз етіледі. «Алматыкітап баспасы» өнімдерінің терең мазмұны мен жоғары сапасының танылуын бірқатар наградалар мен дипломдар айғақтайды.Алматы қаласында кең дүкендер желісі бар «Алматыкітап баспасы» түрлі бағыттағы әдебиетке қала тұрғындарының барлық буынының сұранысын қанағаттандырады. Бас қала Астанаға көшкеннен соң онда екі жаңа дүкен ашты. «Алматыкітап баспасы» бүкіл Қазақстан бойынша дистрибьюторлық желі құрды. |
Балқаш — Балқаш жағалауында орналасқан қала. Балқаш көлінің жағасындағы ең ірі қалалардың бірі. Қала Қарағанды қаласынан 380 км қашықтықта Бертіс айлағында орналасқан. Халық саны – 73,7 мың адам.
## Тарихы
1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Қала 1937 жылы Прибалхашстрой кентінің базасында құрылды.
Балқаш көлінің солтүстігінде 12 км жердегі Қоңырат мыс кен орны мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. 1967 жылы Лондондық Халықаралық Көрмесінде балқаштық мыс халықаралық мыс эталоны болып танылды.
## Туризм
Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттың су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады. Балқаш көлінің жағалауында жылына 4 мыңнан астам адам демалады. Демалушыларға жағдайды облыстың ірі өнеркәсіпорындары мен жеке меншік кәсіпкерлердің 9 демалыс зонасы жасайды. Көлдің батыс жағалауында халықаралық және республикалық маңызы жоғары Алматы – Екатеринбург тас жолы өтеді. Аймақта орналасқан табиғи ескерткіштердің бірі – Бектау ата тау желісі. Бектау ата тауының шыңы 1000 метрге дейін жетеді. Бектау ата тау желісінің ұзындығы 4000 га, алайда оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Мұнда өсімдіктердің жүзге тарта түрі кең таралған, олардың 45 сирек кездесетін болса, 8 Қызыл Кітапқа енгізілген. Сонымен қатар Бектау ата тауында киелі саналатын тұзщы су көзі бар «Әулие» үңгірі орналасқан. Бектау ата тау желісі – туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы.
## Халқы
## Географиясы
### Климаты
## Экономикасы
Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар «Балқашмыс» акционерлік қоғамы жұмыс істейді.Оның өнімдері бірнеше шет елдерге шығарылады. Лондондағы халықаралық көрмеде Балқаш мысы ең таза мыс ретінде дүниежүзілік эталон деген атаққа ие болды (1967). Балқаш мыс қорыту комбинатын 1997 жылдың ақпанында Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасы алып, өндірісті 6 ай ішінде жобадағы қуатына жеткізді. Бір айда 11, 5 мың тонна рафинатталған мыс өндірген. Жылдық өнім көлемі 100 мың тонна.
Қалада 2007 жылы 414 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 4 ірі, 45 орта, 365 шағын субъектілері.Негізгі экономикалық бағыт:
* түсті металлургия;
* энергетика;
Қаланың негізгі кәсіпорындары:
* «ЗОЦМ» АҚ
* Балқаш қаласы әкімінің жанындағы «Су Жылу Транс» КМК
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:
* электр және жылу энергиясы;
* түсті металдар өндірісі;
2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 20877 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 31683 теңге.2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 216083,4 млн. теңгені құрады.Жылдық деректер бойынша 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 5005,3 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 117,7%-ды құрайды.Кәсіпорындардың өз күштерімен орындалған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1978,6 млн. теңгені немесе 2005 жылғы көлемінің 134,0%-ын құрады.2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда) 3829,2 млн. теңге шамасында құралды, ақылы қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз)– 887,8 млн. теңге.
### Ауыл шаруашылығы
2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.
2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 1 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 1 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 3,6 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 0,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде 0,1 мың га – егістік алқаптар.
2006 жылғы астыққа 0,3 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішіндекартоп 0,1 мың га, көкөніс 0,2 мың га.
2006 жылы 1,8 мың тонна картоп, 3,6 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,06 мың тонна ет (тірі салмақта), 1,8 мың тонна сүт; 445,2 мың дана жұмыртқа өндірілді.
2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 2,3 мың бас; қой мен ешкі – 3,1 мың бас; шошқа - 0,3 мың бас; жылқы - 42 бас; құс – 5,4 мың бас.*
## Білім
Қалада 2006/2007 оқу жылы басына
* 21 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 12456 оқушы оқиды,
* 1 кешкі жалпы білім беретін мектеп - 200 оқушы
* 4 колледжде – 2736 оқушы,
* 2 кәсіби-техникалық оқу орнында – 1195 оқушы,
* 1 жоғары оқу орнында - 2595 оқушы оқиды.
Қалада
* 9 кітапхана,
* 5 клуб типті мекеме,
* 1 мұражай істейді.
## Инфрақұрылымы
Қалада тарихи өлке тану мұражайы, 2 спорт кешені, жүзу бассейіні, қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен металлургия техникумы, педагогика, медицина училищелері, Қарағанды полтехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, 20 шақты орта және 8 жылдық мектеп, 2 халық театры, бейнестудия , т.б.мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар.
## Транспорты
Балқаш – ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия елдерімен байланыстырады.
## Дереккөздер |