text
stringlengths 3
252k
|
---|
Қазақ кирилл әліпбиі1940 жылы енгізіліп, соның алдында 1929 жылдан қолданылып жүрген латын графикасының орнына келген. |
Қабдеш Жұмаділов (24.04.1936 - 05.04.2021) — жазушы, Қазақстанның халық жазушысы.. Лақап аты – Қ. Күдерин.
## Өмірбаяны
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Найман тайпасы Төртуыл руынан шыққан. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.
Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы «Жас дәурен» деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, «Көкейкесті» романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын «Соңғы көш» (1974–1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. «Соңғы көш» дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, «Тағдыр» романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
## Жазушы өмірінің елеулі кезеңдері
* 1936-жыл, 24-көкек. Жазушы Қабдеш Жұмаділов Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келді.
* 1944-1947 жылдар. Өз әкесі салдырған Сібетідегі бастауыш мектепте оқыды.
* 1949-жыл. Шәуешектегі жеті жылдық қазақ мектебіне оқуға түсті.
* 1952-1956 жылдар. Шәуешек гимназиясында оқыды.
* 1954-жыл. Үрімшіде шығатын «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңі жарық көрді.
* 1956-жыл. «Шұғыла» журналының бірінші нөмірінде «Жамал» атты тұңғыш әңгімесі басылды.
* 1956-1958 жылдар. Қытай үкіметінің жолдауымен Алматыға келіп, Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқыды.
* 1958-1962 жылдар. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
* 1962-жыл. Шынжаңнан ауған қалың көштің бұйдасын ұстап, атажұрт Қазақстанға қайтып оралды.
* 1962-1965 жылдар. Алматыдағы оқуын қайта жалғастырып, Қазақ Мемлекеттік университетін бітіріп шықты.
* 1965-жыл. Өзімен тағдырлас Самал Әукенқызына үйленді.
* 1965-1967 жылдар. «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет істеді.
* 1967-1976 жылдар. «Жазушы» баспасының проза бөлімінде аға редактор болды.
* 1976-1981 жылдар. Мемлекетгік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.
* 1981-жыл. Кеңсе қызметін тастап, бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.
* 1983-жыл. «Соңғы көш» романы үшін жазушыға М. Әуезов атындағы әдеби сыйлық берілді.
* 1989-жыл. Жазушы арада отыз жыл өткенде Шынжаңға сапар шегіп, ата қонысын аралап қайтты.
* 1990-жыл. Қ. Жұмаділовке «Тағдыр» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
* 1996-жыл. Жазушының 60 жасқа толған мерейтойын республика жұртшылығы салтанатпен атап өтті.
* 1998-жыл, 23-қазан. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қабдеш Жұмаділовке «Қазақстанның халық жазушысы» деген құрметті атақ берілді.
## Шығармалары
* «Жас дәурен». Өлеңдер жинағы: «Жазушы».— Алматы, 1966.
* «Қаздар қайтып барады». Әңгімелер жинағы: «Жазушы», 1968.
* «Көкейкесті». Роман. «Жазушы», 1969.
* «Зов» — «Көкейкесті» романының орысшасы: «Жазушы», 1972.
* «Соңғы көш». Роман, І-кітап: «Жазушы», 1974.
* «Бақыт жолында». Роман, әңгімелер: «Жазушы», 1976.
* «Саржайлау». Повестъ, әңгімелер: «Жазушы», 1978.
* «Последнее кочевье» — «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Орыс тілінде: «Жазушы», 1980.
* «Соңғы көш». Роман-дилогияның екінші кітабы: «Жазушы», 1981.
* «Шарайна». Роман. повесть, әңгімелер: «Жалын», 1982.
* «Көштен соңыра» - «Соңғы көштің» бірінші кітабы. Түрік тілінде: Стамбул, 1983.
* «Сәйгүліктер». Повестер топтамасы. «Жазушы», 1984.
* «Атамекен». Роман. «Жалын», 1985.
* «Тағдыр». Роман. «Жазушы», 1988.
* «Екі томдық таңдамалы шығармалар». Повесть, әңгімелер: «Жазушы», 1989.
* «Последнее кочевье». Роман-дилогия. Орыс тілінде: «Жазушы», 1992.
* «Дарабоз». Тарихи романның бірінші кітабы: «Шабыт», 1994.
* «Земля отцов» — «Атамекен» романының орысша аудармасы; «Жалын», 1996.
* «Дарабоз». Тарихи романның екінші кітабы: «Жазушы», 1996.
* «Соңғы көш». Роман-дилогиясы көп жылдан кейін бірінші рет қайта басылды: «Жазушы», 1998.
* «Дарабоз». Тарихи роман-дилогия. Орыс тілінде: «Сөздік», 1999.
* «Қалың елім, қазағым». Пікірлер, ойлар, толғаныстар: «Қазақстан», 1999.
* «Таңғажайып дүние». Ғұмырнамалық роман: «Тамыр», 1999.
Жұмаділов шығармалары көптеген шет ел тілдерінде, соның ішінде орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жарық көрген. Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты (1990).
## Дереккөздер
## Еренсілтемелер
* Қабдеш Жұмадiлов: Ынсап жоқ жерде ұят та болмайды Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Диктатордың ажалы. Әңгiме-эссе Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы.
* Жазушы туралы(қолжетпейтін сілтеме) |
Константин Кузьмич Юдахин (31 мамыр, 1890, Орск — 22 ақпан, 1975, Бішкек қаласы) — орыс кеңес тілтанушысы және түркологы, маңызын қазірге дейін жоғалтпаған қырғызша-орысша сөздіктің авторы. Филология ғылымдары докторы (1949). Профессор.
## Өмірбаяны
* Орск қаласында туған
* балалық шағы Әулиеата, қазіргі Тараз қаласында өткен.
* 1910 жылы Ташкент қаласындағы мұғалімдер семинариясын бітірген
* Шымкент уезінің Манкент және Қарабұлақ өзбек қыстақтарында мұғалім болып жұмыс істеді.
* 1914-1920 жылдары Шыңжанда (Шығыс Түркістан) тұрып, ұйғыр халқының өмірі, тіршілігі, салт-дәстүрлері және тілімен жақыннан танысты.
* 1920 жылы Түркістан АКСР-ында жаңа оқулықтар жазумен айналысты.
* 1925 жылдан бастап Ленинград университетінде өзбек, қазақ, қырғыз және ұйғыр тілдерінен сабақ бере бастады.
* 1932 жылы Мәскеу шығыстану институтына ұйғыр тілі кафедрасының меңгерушісі болып ауысты.
* 1940 жылы оған профессор атағы берілді.
* 1944 жылдан өмірінің соңына дейін Қырғызстанда жұмыс істеді.
* 1950-шы жылдардың басында Ташкенттегі Ортаазиялық университеттің шығыс тілдері факультетінде екі мамандық —түркі филологиясы және иран филологиясы бойынша оқыды.
## Қосымша лауазымдар
* 1952 жылдан Өзбек КСР-і Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі
* 1954 жылдан Қырғыз КСР-і Ғылымдар Академиясының толық мүшесі.
* 1947-1951 жылдары Қырғыз КСР-інің Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.
## Ғылыми және педагогикалық қызметі
Константин Кузьмич Юдахин бүкіл өмірін Орталық Азияның түркі тілдерін зерттеуге арнаған. Оның ғылыми-педагогикалық қызметінің ең жемісті кезеңі болып Қырғызстандағы кезеңі болып саналады. Сонда ол түрлі жылдары КСРО Ғылымдар Академиясының Қырғыз филиалында тіл секторының меңгерушісі, сонымен қатар Қырғыз мемлекеттік университетінің қырғыз тілі кафедрасында, М.В. Фрунзе атындағы педагогикалық институтта, В.В. Маяковский атындағы қыздар педагогикалық институтында, Ферғана мемлекеттік педагогикалық институтының өзбек тілі кафедрасында профессор-консультант болып қызмет етті.
Өзбек, қырғыз және ұйғыр тілдерінің лексикографиясы, лексикологиясы, диалектологиясымен тарихын зерттеген. Ол құрастырған қырғызша-орысша, өзбекше-орысша, ұйғырша-орысша сөздіктері кеңінен танымал болған.
## Орысша-қырғызша сөздігі
Юдахин өзінің сөздігін 1928 жылғы мамырдың 6-сында бастаған. Кейінірек оған Х.К. Карасаев және Дж.Ш. Шукуров келіп қосылған. Алғашқы рет ол сөздік 1940 жылы басылып шықты. Көзі тірісінде ол сөздік бірнеше рет басылып шыққан. Ол сөздік кеңінен танымал болып, орыс бөлігі түрік тіліне аударылып, Түркияда қырғызша-түрікше сөздік болып шықты, ол да бірнеше басылым көрді.
Солардың бірі — «Қырғызша-орысша сөздіктің» 1965 жылғы басылымы. Ол Мәскеудегі «Совесткая энциклопедия» баспасында 15 000 данамен басылып шықты, бағасы (мұқабасымен бірге) — 3 сом 21 тиын. Беттер саны — 975, қамтылған қырғыз сөздерінің саны — 40 000.
Юдахин сөздігін жетілдірумен көп айналысты.
## Шығармалары
* Сарыбаев Ш. Ш. Библиографический указатель литературы по казахскому языкознанию. В 3-х ч. Алма-Ата: Наука, 1965, ч. 1 (2-я пол. XIX в — 1963 ж.). 271 с.; 1971, ч. 2 (1963—1969 жж.). 240 с.; 1977, ч. 3 (1970—1975 жж.). 171 с. На каз. и рус. яз.;
* Библиография трудов К. К. Юдахина.— В кн.: Киргизский язык: (библиографический указатель литературы).1929—1959 жж. Фрунзе, 1961. 153 с.;
* Хрестоматия по уйгурскому языку. М., 1948, 171 с.;
* Близость языков узбекского и уйгурского народов.— Узбек тили ва адабиети масалалари. Ташкент, 1958, № 1, с, 31—33. На узб. яз.;
* Киргизско-русский словарь. М.: Сов. энциклопедия, 1965. 973 с. (Сост.).
## Юдахин туралы шығармалар
* Торжественное собрание в Академии наук Казахской ССР, посвященное К. К. Юдахину.— Сов. Киргизия, 1955, 31 мамыр;
* Юдахин Константин Кузьмич — В кн.: БСЭ. Изд. 1-е. М., 1957, т. 49, с. 359;
* Константин Кузьмич Юдахин.— В кн.: МСЭ. Изд. 3-е. М„ 1961, т. 10, стб. 1050;
* Кайдаров А. Т. Константин Кузьмич Юдахин.— Народы Азии и Африки, 1963, № 6, с. 266—270;
* Узаков X. Видный тюрколог.— Учен. зап. Ташкент, гос. пед. ин-та иностр. яз.;
* Гулямов X., Хаджиев А. Профессор К. К. Юдахин.— Узбек тили ва адабиети масалалари, 1970, № 4, с. 85. На узб. яз.;
* Сартбаев К. К. Константин Кузьмич Юдахин.— В кн.: Тюркологические исследования. Фрунзе: Илим, 1970, с. 3—15;
* Сартбаев К. К., Орузбаева Б. О. Академик Константин Кузьмич Юдахин — Изв АН КиргССР, 1970, № 3, с. 94—96;
* Сартбаев К. К., Турсунов А. Т. Константин Кузьмич Юдахин: (К 80-летию со дня рождения).— Сов. тюркология, Баку, 1970, № 3, с. 138—140;
* Узаков А. Узбекское языкознание, Ташкент: Укитувчи, 1972. 268 с.;
* Константин Кузьмич Юдахин.— В кн.: Биобиблиографические очерки о деятелях общественных наук Узбекистана. Ташкент, 1977 т. 2, с. 325—328.
## Дереккөздер |
Түйе етi сиыр етiне дес бермейдi. Нәрлi құндылығы мен дәмдiлiк сапасы бойынша жақсылап семiздендiрiлген, ерекше жас түйенiң етi жақсы. Ол тез пiсiрiледi, қуырылады, дәмдiлiк сапасы жоғары және пiсiруге, қуыруға, iрi және ұсақ тiлiктерiн бұқтыруға, кесiлген тағамдар әзiрлеуге пайдаланылады.Түйе етiн жануарлар майын қолдану шектелген диетада пiсiрiлген диеталық тағамдарды қолданады, өйткенi, түйе етi iшкi майлардың қабатын құрайды. Түйе етiнiң майларын құрауы шошқа, қой және сиыр етiне қарағанда көбiрек. Өркештi ерiтiп, жоғары сапалы ақ түстi май алуға болады және ол қой мен сиыр майынан асып түседi.Жалпы, түйе етiнде 75-80 пайыз су, 18-21 пайыз нәруыз және 1-2 пайыз май бар. Одан басқа, калий, кальций, магний, фосфор, темiр, тағы басқа бiрқатар витаминдерi қатысады. Түйе етiн пiсiру оны ыстық суға салып, жануардың жасына қарамастан, 3-4 сағат әлсiз отта қайнатады.Сорпадан май мен көбiк дүркiн-дүркiн алынады. Пiсiрiлiп болғанға дейiнгi 30 минут iшiнде лавр жапырағын, бұршақты қара бұрыш, тұз салып, дәмдiлiгi мен дайындығына қарай жеткiзедi.Iрi тiлiктердi қуыру үшiн қиық пен жас малдың жұқа шеттерiн пайдаланды. Ал, ұсақ тiлiктердi қуыру үшiн (қуырмаш, азу, бфестроган, турамыш) еттi алдын ала 3 пайыздық сiрке суында 22-3 сағат маринадтау қажет. Бұл еттi жұмсақ етедi әрi дәмдiлiгiн арттырады.
## Тағы қараңыз
Шұбат |
Шағатай хан (моңғ. Цагадай) — Шыңғыс ханның екінші ұлы. Анасы — Бөрте. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол қазіргі Орталық Азияның бес мемлекетінің жерінің басым бөлігін және солтүстік Иранды еншілеп алды. Ол 1241 жылы қайтыс болғанға дейін сол аймақтарды биледі. Шыңғыс хан Ұлы жасақ заңын енгізуді де оған тапсырған болатын. Шағатайдың қол астындағы жерлер кейінірек Шағатай ұлысы деп аталып кетті.
Шағатай Жошының Ұлы хан болып сайлануына үзілді-кесілді қарсы болды. Оның жеке басының мінезі шәлкес әрі қызба болып саналған. Өз адамдарының арасында Жошы туралы пікірін бүкпей айтып жүрген. Шағатайдың ұлы Мүтіген 1221 жылы Бамиян маңындағы шайқаста қаза тапты.
Абай өзінің «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде: «...бұларды Шыңғыстың Шағатай деген баласының нәсілі билеп тұрыпты. Ол Шағатай нәсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып, бұларды бір інілері билейді екен. Сондағы билеген хандары, билері, бұларды ешбір түзу қарекетке түсіндірмей, дәйім барымтамен мал қумақ, ауыл шаппақ, бірде бұл ел, бірде ол елмен жауласпақ, қырқыспақ, күн кешіп, еш шаруа, өнерге үйрене алмай, өздері кедей болған Һәм өспеген» деп сол дәуірдегі шындықты шын көрсетеді.
Мемлекеттің іс жүзінде негізін қалаған — Шағатайдың немересі Алгу. Ол қазіргі солтүстік-шығыс Ауғанстан жерін иемденіп алды. Ол ел Иль-хандар иемденіп отырған елге қарағанда ислам дінінің әсеріне әлдеқайда аз түскен болса да, ол елде де мұсылмандар бар болатын және тағы біраз адам мұсылман дініне кірді. Бірақ көшпенді өмір салттарын көпке дейін өзгерткен жоқ. Кейбір тарихшылар сол аймақтағы қалалар мен ауыл шаруашылығының құлдырауының себебін осыдан көреді.
Ислам дінін қабылдаған ең алғашқы билеуші Мүбәрак шах болды. Бұл оқиға 1256 жылы орын алды. Бірақ содан 30 жыл өтпей жатып басқа билеушілер исламнан бас тарта бастады. Тармаршырын ислам дінін қабылдап, бүкіл әулетті исламға қайтаруға әрекет етті. Бұған хандықтың шығыс жағындағы көшпенділер наразы болып, 1334 жылы оны өлтірді. Оның қазасынан кейін Шағатай ұлысы бытырап кетті. Ақсақ Темір кейінірек осы әулеттің бір қызына үйленді. 16-шы ғасырдың басына қарай Шағатай әулеті Мәуереннахр жерінде (қазіргі Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстан облысы) билікті қолға түсіріп, 15 ғ. көшпенді өзбектердің Шайбан әулеті келгенге дейін билік құрды.
Шағатай (шамамен 1183/85 — 1241) — Шыңғыс ханның Бөртеден туған екінші ұлы. Аса ержүрек батыр және қайсар мінезді адам болған. 1211 — 16 жылы әкесінің Солтүстік Қытайға қарсы жасаған жорығына ағасы Жошы, інісі Үгедеймен бірге аттанды. Хорезм жорығына аттанар алдында келешек мұрагер туралы сөз болып, Шыңғыс хан Жошы жайында пікірін сұрағанда дөрекі жауап беріп, ағасы мен ата-анасының көңіліне қаяу салады. Осы оқиғадан кейін Жошы мен Шағатай, кейіннен екеуінің ұрпақтары арасында бітіспес алауыздық пайда болды. Хорезм жорығы кезінде інісі Үгедеймен бірге Отырар шайқасын басқарды. Самарқандты қоршау кезінде Жошы мен Шағатай арасындағы қайшылықтың салдарынан Шыңғыс хан билікті Үгедейге береді. Хорезм жорығы жеңіспен аяқталысымен әкесімен бірге Моңғолияға оралды. Хорезм бағындырылғаннан кейін көп ұзамай Әмударияның шығысынан Ілеге дейінгі аумақ Шағатайдың билігіне өтіп, Шағатай ұлысы құрылды. Әкесі көзі тірісінде оған қосымша Моңғол үстіртінен жер және 8 мың халықты еншіге берген. Шыңғыс ханның жарлығымен Жасақ заңының бас сақшысы болып тағайындалды. Әкесі қаза тапқаннан кейін шаңырақтың үлкені ретінде 1229 жылы Үгедейді ұлы хан сайлау ісіне белсене араласты.
## Үгедей билігі
Үгедейдің билігі тұсында (1229 — 41) империя өмірінде Шағатайдың рөлі күшті болды. Інісі онымен үнемі ақылдасып отырды. Орталық Азиядағы көш жолын реттеу, өзен, белдерге көпір, жол салу ісін Шағатай жүргізді. 1235 жылы Қарақорымдағы ұлы құрылтайда батысқа жорық жасауды қолдап, Батудың Русь пен Шығыс Европаға жорығына ұлы Байдар мен немересі Бүриді аттандырды.
## Шағатай отбасысы
Шағатай қоңыраттың қызы Есенлунды, кейіннен оның сіңлісі Турьханды әйелдікке алды. Рашид әд-Диннің айтуынша, Шағатайдың Мутуген, Муче, Балташ-шаг, Сағынлалға, Сарыманас, Буссумуңға, Байдар атты 7 ұлы болған. Өз ажалынан қайтыс болып, Әмудария бойына жерленген. Орнына немересі Қаракүлік отырды. Шағатай тек батырлығымен, бірбеткейлігімен ғана емес 122 жыл (1224 — 1346) салтанат құрған Шағатай ұлысы және кейіннен Орталық Азия түркілеріне ортақ болған Шағатай тілі арқылы әлем тарихында аты қалған тұлға.
## Әдебиеттер
* Рашид ад-Дин, Сборник летописей, т. 1, кн. 1, М.—Л., 1952;
* Оссон К.Д., От Чингис хана до Тамерлана, ауылы , 1996;
* Цагаадей хаан. Хаадын сангийн цуврал, У.-Б., 2000;
* Энхчимэг Ц., Монголын Цагаадайн улс, У.-Б., 2006.
## Дереккөздер |
Көшпенділер (Номад, Көшпенді халықтар) — көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Көшпенді ұғымы кезінде егінші, балықшы секілді отырақшы халықтарға салыстырмалы айтылған. Бірақ өнеркәсіп төңкерісі, әсіресе ақпарат ғасырының басталуы отырақшыны да, көшпендіні де дәстүрлі шарушалық, тұрмыс формасынан ажырата бастады. ХХ ғасырдан бастап Көшпенділер саны қатты құлдырады. Қазір әлемде шамамен 30-40 млн көшпенді бар делінеді.
Бүгінгі көптеген мәдениеттердің тамырлары көшпенділік дәстүрден бастау алады, алайда көшпенділік өмір дәстүрі біртіндеп тіпті дамушы елдердің өзінде жойылуда. Қазіргі заманғы көптеген көшпенді халықтар ассимиляциялану және өзіндік ерекшеліктерінен айрылу қаупінде, себебі олардың натурал шаруашылығы заманауи өркениетті халықтармен бәсекеге түсуі қиын болып келеді.
Қазіргі көшпенділер:
* Аустралия аборигендері
* Бәдеуилер
* Масайлар
* Пигмейлер
* Туарегилер
* Моңғолдар
* Тибеттіктер
* Саамдар
Тарихи көшпенділер:
* Қазақтар
* Аварлар
* Ғұндар
* Печенегтер
* Қыпшақтар
* Сарматтар
* Хазарлар
* Сығандар
## Дереккөздер |
Бесқайнар (бұрынғы атауы – Горный Садовод) — Алматы облысы Талғар ауданындағы ауыл, Бесқайнар ауылдық округі орталығы.
## Халқы
Жергілікті тұрғындардың дені Алматыға барып келіп жұмыс істейді. Соңғы кездері туризм дамыған сайын, Алматау, Табаған т.б. демалыс орындары есебінен де ауыл экономикасы жақсаруда. Кезінде жеміс-жидек өндіретін, өнімдерін тікелей Мәскеуге жіберетін болған. Мұнда тау-тауда алма-алмұрт ағаштары, құлпынай, таңқурай, қарақат т.б. көптеген жеміс-жидектер өскен.
## Географиялық орны
Алматыдан арақашықтығы - 25-30 км, теңіз деңгейінен 1500 м биіктікте орналасқан.«Қаймар» шаңғымен жүгіру орталығы да осы ауылда ашылған.
## Туристік нысандар
Ауылда мекен территориясында «Тау Самал» тынығу орны орналасқан.[2] Мұрағатталған 13 қарашаның 2008 жылы.
«Алматау» және шаңғы тебу орындары «Табаған» [3].
## Дереккөздер |
Нарынқол — Алматы облысы Райымбек ауданы және Нарынқол ауылдық округі орталығы.
## Географиялық орны
Облыс орталығы - Қонаев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 370 км-дей жерде, Қазақстанның Қытаймен шекарасына жақын орналасқан.
## Халқы
Ауыл тұрғындары картоп, егін егу, мал шаруашылығы, көмір өндірумен, қарағай тілумен айналысады.
## Танымал тұлғалары
* Мұқағали Мақатаев
* Бердібек Соқпақбаев
* Алтынбек Сәрсенбайұлы
* Сағат Әшімбаев
* Еркін Ібітәнов
* Заманбек Нұрқаділов
* Бейбіт Әбілұлы Дәлденбаев
* Тоққожа Мұқаев
* Нұрбапа Өмірзақов
* Едіге Жаров
## Дереккөздер |
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы(қолжетпейтін сілтеме) қаласының рәмізіне де айналған.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.
## Тарихы
1865 жылы Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 1914 жылы бақ шаруашылығының бас инспекторы С. Перковский былай деген екен; "Верный қаласының көркі ретінде апорт алмасы мен орман сұлуының алмұрты атты жемістерді қабыл алуға болады. Редько өз Отанынан апорт алмасын әкеліп, Верныйдың қолайлы жері арқылы әлемге танылды. Ол басында апорт алмасын бақшасында, тек сосын ғана Колпаков атты генералдың бұйрығымен қалаға апорт алмасының ағаштарын еккен. Редьконың апорты арқылы Верный жемісті қала атағына йе болды."
ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдің орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 жылы Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті.
## Монетамен пошта маркасы
2002 жылы Қазпошта «Александр апорты» бренді кіретін «Іле Алатауы ұлттық паркі» пошта блогын шығарды.
2009 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 500 теңгелік естелік монета пайда болды. Ол алматылық апортқа арналған болатын.
## Тағы қараңыз
* Сиверс алмасы
* Алма
* Алматы
## Дереккөз |
Ақжауын — айтарлықтай аумақта біркелкі қарқынмен ұзақ уақыт (бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін) жауатын жаңбыр. Ақжауын қоңыржай ендіктерде, әдетте, Қазақстанның орманды-дала, шөлейт және биік таулы белдемдерінде жылы циклон өткенде байқалады.
## Тағы қараңыз
* жаңбыр
## Дереккөздер |
Каспий теңізі (орыс. Каспийское море, әз. Xəzər dənizi, парсы: دریای خزر — Daryâ-ye Xazar, түрікм. Hazar deňzi) — Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды. Аты XVI ғасырдың аяғында осы теңіз жағасында қоныстанған Каспи тайпаларына байланысты қалыптасқан. Грузияда Каспи қаласы қазір де бар. Сонымен бірге Гиркан (I ғасыр), Хазар (ІІ-Х ғасыр), Хвалын (Х-ХІІІ ғасыр) және т.б. тарихи атаулары бар. Олар соңғы үш мың жылдағы өмір сүрген халықтардың қойған аттары.
Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан. Теңіздің ендірек жері - 435 км, ал енсіз жері - 193 км. Каспий теңізінің жағалау сызығының ұзындығы - 7000 км. Оның суы 5 мемлекеттің жағалауын шайып жатыр. Жағалау сызығының Қазақстан үлесіне - 29% (2340 км), Ресейге - 9%, Әзірбайжанға - 20%, Түрікменстанға - 21%, Иран Ислам Республикасы - 14% тиеді.
Каспий теңізіне 130-ға жуық өзендер мен ағынды сулар Құнды. Олардың теңізге құятын жиынтық ағыны жылына орташа есеппен 300 км3. Осы мөлшердің 80%-ы Еділ өзенінің, 5%-ы - Жайықтың үлесіне тиеді. Ағынның 10-11%- ын Батыс жағалаудағы өзендер Терек, Сулак, Самур, Кура және т.б. береді. Қалған 4-5%-ы Иран жағалауы өзендерінен келеді. Шығыс жағалауларда тұрақты ағын сулар жоқ.
## Қалыптасуы
Қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып отырды (регрессия). Плейстоцен кезеңінде (70 млн. жыл бұрын) теңіздің Понто-каспий алабы оңтүсігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде (10 млн. жыл бұрын) құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат тайпасы бірнеше бөлікке бөлінді. Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек Дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген.
## Географиясы
Каспий теңізі қазаншұңқырларының бедеріне қарай үшке бөлінген. Солтүстік бөлігінің шегі Маңғыстау түбегі бойымен өтеді. Ортаңғы бөлігі содан Апшерон түбегіне дейін созылған, қалған жері оңтүстік бөліктің үлесіне келеді. Солтүстік бөлігі таяз, көп жерінде 5 м-ден аспайды, ең терең жері 26 м, жалпы теңіз ауданының 24%-ын алады. Орталық Каспийдің орташа тереңдігі 200 м, ең терең жері 788 м, жалпы теңіз ауданының 36%-ын қамтиды. Оңтүстік бөлігінің орташа тереңдігі 345 м, ең терең жері 1025 м, теңіз ауданының 40%-ын, ал теңіз суының 66%-ын алып жатыр. Қазақстанға жататын солтүстік және орта бөлігінің солтүстік анағұрлым тайыз болып келеді. Аралдар саны аз, жалпы ауданы 2045 км2. Қазақстан жерінде олардың 88%-ы орналасқан. Ең ірілері Төленді аралдар тобындағы (архипелаг) Құлалы (73 км2) және Морской (65 км2) аралдары. Каспийге шығыс жақтан Маңқыстау, Түпқараған, Бозашы сияқты үлкен түбектер сұғына еніп жатыр, шығыс жағалауында шығанақтар да көбірек кездеседі. Олардың қатарында Маңқыстау мен Қазақ шығанақтары бар. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының Ұзындығы 7000 км.
* Ірі шығанақтары: Маңғыстау шығанағы, Қазақ шығанағы, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, тағы басқа).
* Ірі түбектері: Маңғыстау түбегі, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.
Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
### Климаты
Теңіз екі климаттық белдеуле орналасқан. Солтүстігі қоңыржай континентті климатта, оңтүстік батысы — құрғақ субтропиктер, шығысы Орта Азия шұғыл континентті климаттар арасында жатыр. Жазда Каспий теңізінің беті қатты қызады, температура барлық бөлігінде де бірдей: шілдеде орташа температура 240о-260оС. Қыста температура өзгеше. Солтүстігінде қысы аязды болып келеді. Қаңтар айының орташа температурасы -7-11оС. Орта бөлігінде 10о-50оС, ал оңтүстікте 8о-10оС. Қаңтардың ең төменгі температура -38оС-қа жетелі. Теңіздің шығыс жағалауының қысы барлық ендікте де батыс жағалауға қарағанда суықтау келеді. Қыс айларында Каспий теңізінің тек солтүстік таяз бөлігі ғана қатады. Мұздың қалыңдығы 2 м-ге дейін жетелі. Судың жоғарғы қабаттарының қысқы температура солтүстігінде -1о-тан 0о-қа дейін, оңтүстігінде 10о-11оС-қа дейін жоғарылайды. Тамыз айында температура айдынның бірқатар бөлігінде 240С, ал оңтүстікте 28"С-қа дейін көтеріледі.
### Теңіз деңгейі
Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 1830-1929 жылдары 25,5 және 26,6 м көрсеткіштен айнымалы. 1929 жылдан 1977 жылға дейін деңгейдің күрт төмендеуі (-29 м) байқалды. 1978 жылдан бастап Каспий қайта көтерілді, 1995 жылдың басында - 26,5 м-лік көрсеткішке жетті. Жағалауды теңіз суы қайта басты. Еділ сағасында 4-5 км, Жайық сағасында 6-12 км, Қаратон, Теңіз, Прорвада кен орындарының тұсында 35-45 км, Бозашы түбегінде 4-10 км жер су астында қалды. Теңіз суының қазіргі деңгейінің жоғарылауын климаттық жағдайға байланысты түсіндіреді. Каспий суының көтерілуі 45%-ы теңізге құятын өзендер, 16%-ы айдынға жауатын жауын-шашынның молаюы, 25%-ы теңіз үстінен булану мөлшерінің азаюы және 14%-ы Қарабұғазкөл Шығанағына құйылатын суды шектеуге байланысты. Орта Каспийдің шығыс бөлігі - терең сулы. Орташа тереңдігі 200 м, ал максималды 700 м дейін жетеді.
### Судың тұздылығы
Судың тұздылығы Солтүстік Каспийде құбылмалы, ал Еділ мен Жайық сағасына жақын жерде 0,2-2%о болса, орталық бөлігі 10-12%о-ге дейін көбейеді. Орталық және оңтүстік бөліктерінде тұз құрамы онша өзгермейді, әдетте 13-14%о болады.
### Табиғаты
Теңізге құятын өзендер мен қоректік заттың мол тасымалдануына байланысты, Каспий теңізі балыққа бай, итбалық та көп кездеседі. Итбалық теңіздің бір кезде Солтүстік Мұзды мұхитпен байланыста болғанын көрсетеді. Балықтар мен итбалықтың үлкен кәсіптік маңызы бар. Ең бағалы балықтарға бекіре (бекіре, шоқыр, қортпа) тұқымдастары жатады. Дүние жүзінде жыл сайын ауланатын бекіре тұқымдас балықтың 80%-ынан астамы Каспий теңізі үлесіне тиеді. Каспийде ауланатын бекіре тұқымдас балықтардың Қазақстан үлесіне 40%-ы тиеді. Каспийде өсімдіктердің 500 түрі, балық пен жануарлардың 769 түрі мекендейді. Мұнда балықтың 55 түрі кездеседі. Бағалы балық — қортпа (белуга) үзындығы 6-7 м-ге, ал салмағы 1800 кг-ға дейін жетелі, 100 жылға дейін тіршілік етеді. Бекіренің (осетр) ұзындығы 2,3 м, салмағы 100 кг-ға дейін барады. Шоқырдың (севрюга) үзындығы 2,2 м-ге, салмағы 40-80 кг-ға дейін жетелі. Каспийде олардан басқа сазан, көксерке, сыла, майшабақ, т.б. ау даналы.
Каспий жағалауында қазіргі кезде құстардың 260 түрін кездестіруге болады. Тек Каспийдің шығыс жағалауында жыл сайын кәсіптік маңызы бар 2 млн құс қонақтайды. Кей жылдары суда жүзетін 3 млн-дай құс қыстап шығады.
### Экологиясы
Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұға теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда (тұздылығы 10 — 11%о), ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның және Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға дейін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өндіретін және оны кайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде.
Мысалы; 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (онын ішінде 132,8 мың т газ тәрізді заттар, 2,3 мың т катты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мүк концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мыс., 1900 жылмен салыстырганда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500 — 600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі — ыдырамайтын ауыр металдар (мыс., мырыш, барий). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л (рұқсат етілген шектен 2 есе артық), ал барийдікі — 50 мкг/л (бүл — 5 есе артық). Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен қәуіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық бағдарламасын (КЭБ) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80 %-ын құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердін бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жаткызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12 %-ға, Жайықтан 24 %-ға, ал Теректен 60 %-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қара-бұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабүғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабүғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз дейгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді. Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бүрғылары, ондағы мүнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мексндер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орын-дары су астында қалды. Барлык ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екенідігі дәлелденді.
Каспий тсңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балық-тар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.
### Жағалауындағы қалалар мен құрылыстар
Ақтау қаласында теңіз суын тұщыландыратын қуатты қондырғы орнатылған. Каспий теңізінің Ақтау порты заман талабына сай қайта жөнделіп, жабдықталды, теңіз айдағы кеңейтілді. Теңіз флоты құрылды. Басқа елдермен сауда қарым-қатынастар порт арқылы жүзеге асуда. Үзындығы 150 м, биіктігі 10 м болатын ең үлкен «Астана» атты су кемесінің жылына 2 млн тонна құрғақ өнімдер мен 10 млн тонна мұнай және мұнай өнімдерін тасуға мүмкіншілікбар.
### Каспий маңы халқы
Каспий теңізі және оның су айдыны Каспий маңы елдері, оның ішінде Қазақстан экономикасы үшін үлкен маңызға ие. Бұл жер қойнауында әр түрлі флора мен фаунасы бар бірегей су қоймасы, оның ішінде көмірсутектердің айтарлықтай қоры шоғырланған. Жағалау аймағындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға теңіз және жағалау аумағының гидрометеорологиялық режимі, ең алдымен, теңіз деңгейінің жағдайы айтарлықтай әсер етеді.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған. Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этнография және мәдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи-мәдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай әсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі – гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Андронов мәдениеті және Қима мәдениеті қалыптасты. Біздің заманымыздан бұрын 8-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы әрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сақталған. Біздің заманымыздан бұрын1-мыңжылдықта Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары және оған туыстас тағы басқа тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы біздің заманымыздан бұрын5 – 7 ғасырларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: “Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды” деп жазады.
## Тарихы
6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықаралық сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.
Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай ордасы, Астрахан (Қажы-Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері арасындағы алғашқы келісім – Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне және Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме қатынасын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 жылы Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот құруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатынасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізі-ндегі монополиялық құқықтан бас тартып, 1921, 1935 және 1940 жылдардағы Кеңес – Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең құқықты деп саналды. КСРО ыдыраған соң (1991), Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет (Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізі мәртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай,2002 жылы 23 – 24 сәуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қалай да шешудің қажеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талқыланды. Қазақстан ұстанған бағытты Ресей де, Әзірбайжан да қолдады.
## Каспий түбектері
* Аграхан түбегі
* Апшерон түбегі — Каспийдің батыс жағында, Әзірбайжанда орналасқан.
* Бозащы түбегі
* Маңғыстау түбегі — Каспийдің шығысында, Қазақстанда орналасқан.
* Түп-Қараған түбегі

Ақбозат, Феркад – Темірқазық төңірегіндегі γ жұлдызы. Қазақ аңызы бойынша Жетіқарақшының Темірқазыққа шылбырмен байланған екі атының бірі. Жарықтығы жағынан Темірқазық (α) пен Көкбозаттан (β) кейінгі үшінші орында. Ақбозат – аспанның солтүстік полюсіндегі жыл бойы батпайтын жұлдыздардың бірі. Қазақ халқы ертеректегі тұрмысында Ақбозатты Темірқазықпен бірге бағыт-бағдар алуға жиі пайдаланған. |
Аккорд (латынша accordo – үйлесімдік) — биіктігі әр-түрлі бірнеше, үштен кем емес, дыбыстардың бір уақытта қосыла орындалуы. Аккордтың жиі кездесетін түрлерінің арақашықтығы терциялық дыбыстарды құрайды. Олар үш дыбыстық, септаккорд, нонаккорд, тағы басқа болып бөлінеді.
Аккорд сонымен қатар интервалдарды қолданатын ноталардың логикалық құрылысы болып табылады. Негізінде аккорд жеке құбылыс емес. Оны ноталар тізбегі арқылы сипаттауға болады, бірақ әрбір таныс және жиі қолданылатын жазбалар тізбегін сипаттау өте ұзақ уақытты алады - қысқа, есте сақтауға оңай пішінді бір немесе бірнеше әріптермен жазуға болады. Сондықтан әрбір аккордтың өзі құрастырылған бірінші нотаның атына байланысты латын әріптерімен жазылған атаулары бар: C, D, E, F, G, A, H (B).
## Дереккөздер |
Сырдария — Орталық Азиядағы өзен. Ол кейде көне грек тіліндегі ὁ Ιαξάρτης деген аты бойынша Яксарт деп аталады. Өзеннің грекше аты көне парсы тіліндегі Yakhsha Arta («Үлкен маржан») деген сөз тіркесінен бастау алады, бұл өзеннің суының түсінен пайда болған. Ортағасырлық мұсылман жазбаларында өзен жұмақтағы төрт өзеннің бірінің атымен «Сейхун» (سيحون) деп аталған. Әмудария өзені болса «Жейхун» деп аталған, бұл жұмақтағы төрт өзеннің тағы бірінің аты. Қазақстанда жергілікті тұрғындар оны күнделікті тілде «Дария» деп атайды.
Парсы тілінен келген Сырдария атауы ежелден бері қолданылып келеді. Батыс елдеріндегілер болса 20-шы ғасырға дейін бұл өзенді Яксарт атауымен атап келді. Ескендір Зұлқарнайынның жаулап алған жерлерінің солтүстік шекарасы Сырдария өзені арқылы өтті. Грек тарихшыларының айтуы бойынша, Ескендір б.з.д 329 жылы Александрия Эсхата («Ең алыстағы Александрия») деген қаланың негізін қалаған. Ол қала қазір Худжанд деп аталады.
## Сипаттамасы
Өзен Қырғызстан мен шығыс Өзбекстандағы Тянь-Шань тауларындағы екі өзеннің: Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуынан бастау алады да, 2,212 км қашықтықта орналасқан Арал теңізіне барып құяды. Сырдария өзенінің алабы 800 000 шаршы километрді құрайды, бірақ су іс жүзенде соның тек 200 000-ынан ғана жиналады. Оның біржылдық теңізге құюы — 28 км³ ғана, бұл Әмударияның теңізге құятын суының жартысына тең.
Сырдария өзенінің суы Орталық Азиядағы ең құнарлы мақта өсіретін аймақтарды суғаруға және оның бойындағы Қоқан, Худжанд, Түркістан және Қызылорда қалаларын сумен қамтамасыз етуге қолданылады.
## Сырдария өзенінің атаулары
Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабы Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген. Сырдарияның Шаш деп аталғандығын жазған. Жергілікті халық Шаш өзені десе әл-Мустауфа 14 ғасырда Моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді дейді. Арабтар Сейхун деп атаған . Ал түріктер Сырдария немесе Сырсу деп атаған. Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген . Абу әл-Ғазида осылай атаған. Ибн Хауқал Сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. Ибн Хауқалдың айтуынша таудан аққан бұл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун Жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. Осы себепті өзеннің үстінен арбалар жүре беретін .
Сырдария мен Әмудария Сейхун, Жейхун болмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. Яһудилердің жазбаларында Писон және Гихон деген өзендер жайлы айтылады. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз . Моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолданыста шығып, Сырдария деп атала бастаған.
## Сырдарияның төменгі ағысы
Сырдарияның төменгі ағысындағы өңірдің геологиясын, геоморфологиясы мен бедерін, климатын, өсімдігін, топырағын, жер бетіндегі және жерасты су қорларын, Арал теңізінің экология-географиялық жағдайын, теңіздің тартылу себептерін, шаруашылық салаларының (егіншілік, мал өсіру, балық өндірісі) дамуын, суармалы жердің мелиоративтік күйін, қоршаған орта нысандарының химиялық заттармен ластануын талдаған әдебиеттерге шолу жасалды.
Сырдария өзенінің Арал теңізіне дейін төменгі ағысында орналасқан Қызылорда облысының әкімшілік аумағы Тұран ойпатының ауқымды құмды-саздақ жазығында жатыр. Облыс жерінің оңтүстігінде Қызылқұм шөлінің солтүстік бөлігі, солтүстігінде – орталық Қазақстанның оңтүстік шетіндегі үштік-бор қыраты мен Қара-Құм құмдары. Аймақтың ауқымды бөлігі Сырдария өзенінің ескі атырауы. Батысында Арал теңізі.
## Дереккөздер
## Сілтеме
* britannica.com |
Александр Николаевич Винокуров (16 қыркүйек 1973 жыл, Бескөл, Солтүстік Қазақстан облысы) — Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы.
## Өмірбаяны
## Спорт
Спортпен 1984 жылы Бескөл ауылындаңы жасөсіпірімдер спорт мектебінде бастаған болатын. 1987 жылы Қазақстанның ұлттық құрама командасына алынды. 1994 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанды. Осы жеңісі үшін Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды .
### Кәсіби спорт
1998 жылы Casino велокомандасына ауысқаннан бастап өзінің кәсіби велоспорттағы қадамын бастады.
2003 жылы отандасы әрі досы Кивилев қайтыс болғаннан кейін Винокуров Париж-Ницца жарысында алғашқы орын алады, бұл жарысын ол марқұм досына арнайды.
Александр 2006 жылғы атақты испандық Вуэльта жарысында бірінші орын алған. Бүгінгі күні Әлемдегі ең мықты клуб Астананың негізін қалаушы.
2007 жылы Астана клубының капитаны Александрды велоспорт әлемінде Тур де Франс жарысынын жеңуге ең ықтимал фаворит ретінде есептейді. Бірақ Винокуров ол жарыста қатты жарақат алады, дегенмен оған қарамастан аяқ қолын дәке орап алып қанын сорғалатқан Александр келесі бір этапында алғашқы орынды жеңіп әлемді таң тамашаға бөлейді. Алайда сөйтіп ықтимал жеңімпаздар қатарын қайта енген Виноны француздар допинг тексерушілері қан ауыстырды деп айыптап команданы түгелдей жарыстан қуып, Виноны екі жылға жарыстардан аластайды.Бірақ еш жасымайтын Александр 2009 жылы үлкен спортқа қайта оралып қыркүйек айында Астана құрамына қайта енеді.
2010 жылы Александр Винокуров «Джиро де Трентино» (Cәуірдің 20-23) веложарысының алғашқы кезеңін жеңіп алып, екінші кезеңінде 2ші болып келіп ақыры жалпы есепте де бірінші болып жеңіске жетеді.
## 2011 жыл
Вино осы жылы соңғы рет кәсіпқой спортшы ретінде Тур де Франсқа қатысып, бірнеше күн сары жейдені киіп, этап жеңісіне жетсем деп жоспарлаған. 8-ші этап нәтижесі бойынша ол жалпы есепте 11-ші орынға жетіп, лидерден 32 секунд қана артта болатын, алайда 9-шы этапта құлап, бел сүйегін сындырып, жарыстан шығып кетуге мәжбүр болады. Осыған байланысты Вино өзінің кәсіпқой спорттық өмірін аяқтады.
## 2012 жыл
Аталмыш жылы өткен Лондон 2012 Олимпиадасының алғашқы күні Қазақстан үшін үлкен қуаныш әкелді. Осы жазғы ойындардан кейін үлкен спортпен қош айтысам деген Александр кенеттен күтпеген жерден ел қанжығасына бірінші алтынды байлады. Финишке аздаған минуттер қалған кезде, теке тірескен колумбиялық велошабандозды баса озған Вино Олимпиаданың бірінші күнінде әнұран ойнатып, Қазақстанды әлемге танытты. Өзінің спорттағы карьерасын алтынмен мығымдаған Винокуров осы оқиғаны спорттан кетуімнің тамаша нүктесі деп айтты. Кейін сұхбатында Александр "дайындық кезінде осы Лондон Олимпиадасынан алтын ұтсам, жақсы болар еді деп жұбайыммен қалжыңдасып едім", - деді. Еске сала кетейік, Винокуров 2000 жылы Сидней жазғы Олимиадасында күміс жүлдегер атанған болатын. Александр 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "денешынықтыру" факультетінің магистранты атанды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Винокуров facebook-те
* Астана велокоманданың ресми сайты |

Шахмардан Есенұлы Есенов (5 тамыз 1927, Бала би ауылы, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы – 24 тамыз 1994, Алматы) — қазақтың геолог ғалымы және мемлекет қайраткері, Қазақ ССР Геология министрі (1961– 1965, 1974–1978), Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің төрағасы, ҚазССР Ғылым академиясының президенті (1967–1974). Геология-минералогия ғылымдарының докторы (1970), профессор, ҚР ҰҒА академигі.
## Өмірбаяны
Шаһмардан Есенұлы Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай селосында дүниеге келген. Ол осында орта мектепті, ал 1944 жылы Қызылорда педагогикалық техникумын бітіріп, сол жылы Қазақ тау-кен институтының (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті) геология-барлау факультетіне оқуға түседі.
1949 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтын бітіреді. Академик Қ.И.Сәтбаевтың шәкірті. Ол отандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевпен алғаш рет 1947 жылы мемлекеттік емтихан кезінде танысады. Жас Шахмардан Қаныш Имантайұлының көзіне бірден түскен екен. Сол себепті геолог жас студентке тәлімгер болып, 1949 жылы Жезқазған кешенді геологиялық-барлау экспедициясына жібереді.
1956–1960 жылдары Жезқазған геология барлау экспедициясының геологы, аға геологы (1949-1952), бас геологы (1952-56), бас инженері. Үлкен Жезқазған кен-руда өнеркәсібінің шикізат бөлімін ашу және бағалау жөніндегі барлау жұмысына басшылық етті. Бұл кезеңде Жезқазған ауданы геологиясының неғұрлым күрделі теориялық және практикалык мәселелерін шешуге тікелей қатысты боксит-асбест сияқты маңызды пайдалы қазбаларды іздеу мен барлау әдіс-тәсілдерін анықтау жөніндегі жұмыстарды басқарды.
Жезқазған өңіріндегі қызметі барысында ашқан маңызды жаңалығы – өзі дайындаған жаңа әдіс бойынша мемлекетте сирек кездесетін және өте құнды шикізат көзі – родусит асбестін зерттеп, барлауы болды. Көгілдір асбесттің Қумола кен тобына жататын шикізат түрі «жезқазғандық» асбест деп аталып кетті.
Шахмардан Есеновтің бастамасы бойынша 50-ші жылдары Жезқазған кен торабының ірі масштабтағы болжамды геологиялық картасы жасалып, онда бұған дейін белгілі болған кен алаңдарының шегінен әлдеқайда алыстап кететін мыс, қорғасын және мырышқа бай үмітті алаңдардың шекаралары анық көрсетілді. Соның арқасында Жезқазғанның белгілі қорларын бірден 3-4 есеге ұлғайту пікірі пайда болды. Оның басшылығымен алғаш рет масштабы 1:1 500 000 болатын Қазақстанның геологиялық картасы дайындалды.
Ш. Есеновтің бастамасымен бұрғылау жұмыстарының көлемі шұғыл артып, сонымен қатар бұрғылау техникасы да 5 есеге көбейтілді. Бұл өзі шығынның көптігіне байланысты өте тәуекелді қадам еді. Алайда осы шешімді Қ. Сәтбаевтің басшылығындағы ҚазКСР Ғылым академиясы және ҚазКСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі қолдап шықты. Қолданылған 100-ден астам бұрғылау агрегаттары Ш. Есенов бастаған геологтардың болжамдарын таңғажайып дәлдікпен растап, 60-шы жылдардың басында-ақ Жезқазғандағы кен қоры 2,5 есеге ұлғайып, одан әрі көбейе берді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде Жезқазғанда шикізат кенінің барланған қоры бұрынғыдан бірнеше есе артты. Химия және қорғаныс өнеркәсібіне өте қажетті шикізат ірі кені ашылды. Ол қысқа мерзімде барланып, өнеркәсіпті игеру меңгерілді. Осы ауданның марганец, мыс, металл, никель, кобальт, темір рудалары, құрылыс материалдары мен мыс кендері ашылып зерттелді.
1949—1960 жылдары түрлі экспедицияда геолог болып, Жезқазған ауданы мәслихаты мен елдегі Жоғарғы кеңестің депутаты болып қызмет етті. Ш. Есенов басқаратын экспедиция екі бірдей ірі – Жанай және Айдос жер асты ауыз сулары теңізін ашып, игеруге кірісті. Соның арқасында Жезқазған аймағының тұрғындары қазіргі күнге дейін үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Сондай-ақ, Ш. Есенов 60-шы жылдары Жыланды тобындағы Итауыз, Сарыоба, Қарышошақ, Қыпшақбай, Айранбай, Талдыбұлақ, Жартас т.б. мыс кен орындарының қорын бағалағаны және барлағаны үшін де алғаш ашушы дипломдарын алды.
1960 жылы ҚазКСР геология министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1961-65 жылдары 33 жастағы Шахмардан Есенов ҚазССР геология министрі болып тағайындалды. Есенов Совет тарихындағы ең жас министр болып саналады. Жезқазғандағы өзінің ізденіс тәжірибесін қорытып, кандидаттық диссертация жазды, «Жезқазған кен орнының құрылымдық ерекшеліктері және оны барлау» деген тақырыпта 38 жасында геология-минералогия ғылымдары докторы атағын Мәскеуде табысты қорғады.
Министрліктегі Шахмардан Есенов бастаған экспедиция барысында Маңғыстаудан мұнай табылып, Өзен, Қаражамбас, Жетібай, Қаламқас, Бозащы кен орындары ашылды. Қазір олар Қазақстанның ең ірі мұнай және газ кәсіпорындары саналады. 1966 жылы осы жаңалығы үшін Есенов Ленин сыйлығын алды. Ол Сәтбаевтан кейін сегіз жылдан соң осындай айтулы сыйлықты алған екінші қазақ ғалымы еді.
1960-жылдары КСРО басшысы Никита Хрущев Қазақстанда әкімшілік реформасын жасады. Елді үш өңірге бөліп, солтүстіктегі облыстарды Ресейге, Маңғыстауды Әзербайжан не Түрікменстанға қоспақ болады. Солтүстік өңірлерді беруге болмайды деп Жұмабек Тәшенов қарсы шықса, Маңғыстау жеріне Есенов араша болды. Маңғыстаудың тағдыры шешілмек болған жиынға ҚазКСР басшысы Дінмұхаммед Қонаев жерді бермеуге көндір деп Шахмарданды жолдайды. Сонда Қазақстан геология министрі Шахмардан Есенов осы мәселені арнайы қараған КСРО Үкіметінің жабық отырысында Маңғыстауды игеруге Қазақстанның өз шамасы жететіндігін қаймықпай дәлелдейді, КСРО Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Алексей Косыгин (Төраға Хрущевтің өзі), КСРО орта машина жасау (қорғаныс өнеркәсібі саласы) министрі беделі зор Ефим Славский Шахмардан Есенов пікірін қуаттайды.
Орталық Қазақстанда Успен белдеуінде кең ауқымды әрі терең барлау жұмыстарын ұйымдастыру, ол жерде кен жоқ деген қарсылықты Кенді Алтайдан кейінгі аса бай Успен белдеуінен темір кеніштерін іздеген ғалымдар тобына, соларға басшылық жасаған Ш.Есеновке 1972 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. Қазір Теміртаудағы Қарағанды металлургия комбинаты осы кеніш негізінде жұмыс істеуде.
1965-1967 жылдары Қазақ ССР Өндірістік геологиялық комитетінің Төрағасы, Қазақ ССР Министрлер кеңесі Төраға орынбасары болды.
1967 жылы 39 жастағы Есенов ҚазКСР-дің Ғылым академиясының басшысы болып сайланды. 1967-1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Геология ғылымдары институтының директоры, Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті.
1974-1978 жылдары Қазақ ССР Геология Министрі.
1978-1994 жылдары Қазақ политехникалық институтында «Пайдалы қазбалардың кен көздерін іздестіру және барлау әдістері» кафедрасының меңгерушісі.
1990 жылы тұңғыш балама сайлауда ғылыми ортадан 8 үміткердің ішінен ғалымдар қалаған бесеудің бірі Есенов еді, олар ғалымдар қауымы атынан Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланды. Таңдаулылар сапында академиктер Айтмұхамед Абдулин, Салық Зиманов бар еді. Еліміздің тәуелсіздігін жариялаған депутаттар ортасында Шахмардан Жорабекұлы Есенов те болды.
1994 жылы Есенов 67-ке келген шағында дүниеден озды. Алматыда Кеңсай зиратына жерленді.
1995 жылы Маңғыстаудың басты университетіне Шахмардан Есеновтің аты берілді.
Білім беруді реформалау тұжырымдамасы мен мамандар даярлаудың көпдеңгейлі жүйесін жүзеге асыру мақсатында 1996 жылы ҚР Министрлер Кабинетінің 7 мамырдағы №573 қаулысымен Ақтау политехникалық институты мен Атырау университетінің Ақтау филиалының базасында Ш.Е.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті құрылды.
Белгілі геолог ғалым, Маңғыстау мен Батыс Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарын алғаш ашушы, Лениндік және ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Шахмардан Есенұлы Есеновтің есімін есте қалдыру мақсатында Маңғыстау облысы басшылығының ұсынысымен ҚР Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 1 шілдедегі № 767 Қаулысымен Ақтау мемлекеттік университетіне академик Шахмардан Есенұлы Есеновтің аты берілді.
### Қазақстан ұлттық ғылым академиясы
1967-74 жылдары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылым Академиясының президенті. Ғылым Академиясының Қ.И.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының директоры.
Шахмардан Есенұлының басшылық еткен алғашқы жылдары ҚазақКСР ҒА-ның құрамына 3 академик, 21 корреспондент мүше қабылданды. Сонымен қатар, жаңа институттар ашылды: Жоғарғы энергиялар физикасы институты, Гидрогеология және гидрофизика институты, Сейсмология институттары мен Геология, Философия және құқық, Металлургия және кен байыту, Астрофизика ғылыми институттарында жаңа бөлімдер мен зертханалар құрылды. Бір 1970 жылы ғана 22 докторлық диссертация қорғалған.
Профессор Ақжан Машанов 1967 жылы Ғылым академиясының жаңа президенті Ш. Есеновтің алдына барады әл- Фараби мұрасын зерттеу қажеттігі туралы 1950 жылдары ептеп айтыла бастағанда 1953 жылы Одақтық партиялық бас газет «Правда» қазақ ғалымдары көне мұраны зерттеу желеуімен Ислам дінін насихаттамақ деген сарында сын жариялайды.
1973 жылы Әбунасыр әл Фарабидің туғанына 1100 жыл толуы Қазақстанда кең түрде аталып өтілді.
Оған әлемнің көптеген елдерінен қонақтар шақырылды. Ш.Есенов осында өзі баяндама жасады. Осы симпозиумда әл-Фараби Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" атанды. Әл-Фарабидің еңбектерінің томдары екі тілде шығарылды. Осы басылымдардың барлығының жауапты редакторы Ш.Есенов болды.
Кен орнындарының геологиясы және металлогениясының ірі маманы ретінде 13 монография және кітап, 200-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілк мақала жариялады. Оның жетекшілігімен 14 кандидаттық және 5 докторлық диссертация қорғалды.
* Ш.Есенов КСРО-ның Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі (1967 жылдан),
* БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Тайландта өткен сессиясында кеңес делегациясын басқарды.
* Халықаралық Геологиялық конгреске (Үндістан), Пагуош конференциясына (Швеция 1968), Үндістан ғалымдарының конгресіне (1971) қатысты.
* Ол 8-сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық ағарту ғылым жөне мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясы председателінің орынбасары:
* 5, 6, 7, 8-сайланған Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің төрағасы;
* КОКП ХХӀV-съезінің, Қазақстан КП ХӀ, ХӀӀ, ХӀV-съездерінің делегаты, КОКП ОК-нің мүшесі.
## Наградалары
* Ленин ордені иегері (2 рет);
* Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасы (2 рет);
* Ленин премиясының лауреаты (1966);
* Ш. Ш. Уәлиханов атындағы ҚазССР ҒА премиясының лауреаты (1971);
* ҚазССР Мемлекеттік премиясының лауреаты(1972).
## Мұра
* Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры;
* Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
* Шахмардан Есенов. Ғұмырнамалық деректі хикаят. Алматы, «Қазақстан», 2014
* №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицей (Шиелі ауданы, Қызылорда облысы).
## Тағы қараңыз
* Ғалымжан Шахмарданұлы Есенов
### Шығармалары
* Методика поисков и разведки месторождений родусит-асбеста. Алматы, 1965, (соавтор)
* Геологическая карта КазССР. Ленинград, 1965.
* Горизонты науки Казахстана. Алматы, 1967.
* Геолого-структурные особенности и методика разведки Джезказганского рудного поля. Алматы, 1968.
* Недра Казахстана. Алматы, 1968, (соавтор)
* Проблемы геологии Қазақстана. Алматы, 1968.
* Научно-технический прогресс в народном хозяйстве Казахской ССР. Алматы, 1972.
* Наука и природные ресурсы Казахстана. Алматы, 1972.
* Нефте-нефтяные науки. Гурьев, 1989.
## Дереккөздер |
Акт (лат. actus - «әрекет») - заңды күші бар ресми құжат. Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат және лауазымды адамдармен бекітіледі.
## Мағынасы
* Заңды күш бар ресми құжат.Актінің кіммен және басқарманың қандай деңгейінде шығарылғанын(қабылданғанын) және оның мазмұнына - мемлекеттік, ведомстволық, нормативтік, аймақтық және басқа актілер екенін айыруға болады.
* Деректі тіркейтін хаттама. Айталық, тексеру актісі, тауардың жеткіліксіздігі туралы акті, қазына-мүлік беріліс туралы акт.
* Лауазымды адамдардың, ұйымдардың азаматтардың - және құқықтықтың шамасының бұзушылығында соттайтын әрекеттер.
* Болған құбылысты мазмұндайтын және іске қатысушылардың қолы қойылған ресми құжат.
## Актінің реквизиттері
* ұйымның атауы
* құжаттың көрінісінің атауы
* күні және тіркеген нөмірі
* басылымның жері немесе таралымы
* мәтінге тақырыптама
* қолдар
* бекіту белгісі ( бекітуді сұрайтын актілер, құжаттың тізбесіне алынуы қажет)
## Дереккөздер |
Әлинә Маратқызы Қабаева (тат. Алина Марат кызы Кабаева, Älinä Marat qızı Qabayeva) — ресейлік, әлемдік көркем гимнастиканың шоқ жұлдызы.
Әкесі — Марат жастайынан ала доптың құдіретіне арбалып, Ташкенттің «Пахтакоры» және Павлодардың «Трактор» командалары сапында өнер көрсетті. Анасы Людмила кезінде баскетболмен шұғылданды. Болашақ чемпионның өзі 1983 жылы Ташкентте дүниеге келді. Қызының бойындағы дара талантты ерте байқаған анасы оны Ресейге апарып, әйгілі Ирина Виннерге табыс етуді жөн көрді. Марат зайыбының бұл әрекетін құптамай, «қызымды ешқайда да жібермеймін» деп байбалам салған көрінеді. Ерлі-зайыптылар арасында біраз ұрыс-керіс болып, ақыры анасы Алинаны жетектеп, Мәскеуге аттанса, әкесі Ташкентте қалып қойды.
Алина өз қатарластары арасында дара талантымен бірден оқшауланады. 1996 жылы Ресейдің ұлттық құрама командасына қабылданған 13 жасар қыз көп кешікпей әлемдік гимнастиканың жарық жұлдызына айналды. Қабаева екі рет әлемнің (1999 жыл, Осака. 2001 жыл, Мадрид) және төрт рет Еуропаның (2000 жыл, Сарагоса. 2002 жыл, Гранада. 2003 жыл, Лиссабон, 2004, Киев) абсолютті чемпионы атағын жеңіп алды. «Гран-при» додаларында ол алтын тұғырдан түскен жоқ. Жекелеген есепте және командалық сайыста бірнеше мәрте дүние жүзі чемпионы атанды. 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Алина алтын медаль алуға тиіс еді. Алайда құрсаумен өнер көрсетіп жатып, оны абайсызда қолынан түсіріп алды. Сол қателіктің салдарынан Ресей спортшысы қола жүлдені қанағат тұтуға мәжбүр болды.
2004 жылы Грекияның астанасында ол өзінің, шын мәнінде, теңдессіз екенін тайға таңба басқандай етіп дәлелдейді. Ресей гимнасшысы жекелеген есепте де, көпсайыста да алдына жан салмады. Сөйтіп, Алина өзі армандаған Олимпиада алтынына қол жеткізді.
Ол Бейжің олимпиадасында бақ сынауды аңсады. Тіптен 2006—2008 жылдар аралығында бірқатар халықаралық жарыстарда топ жарып, өзінің мықтылығын мойындатты. Бірақ соңғы мәліметтерге сүйенсек, әйгілі гимнасшының ескі жарақаттары сыр беріп, жаттығу жасамағанына жарты жылға жуықтапты.
## Марапаттары
Оның есімі спорт шежіресіне алтын әріптермен жазылды. Ресей үкіметі оның еңбегін жоғары бағалап, «Дружба» және «За заслуги перед отечеством» ордендерімен марапаттады.
Сондай-ақ Қабаева Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының депутаты болып сайланды. |
Қазығұрт шыңы – Түркістан облысының Қазығұрт ауданының орталығы Қазығұрт елді мекенінің солтүстік-шығысында 20 шақырым қашықтықта орналасқан тау шыңы.
## Жер бедері
Биіктігі 1768 м. Оған жақын жерде Жаңабазар ауылы орналасқан. Қазақ аңызы бойынша, Нұх пайғамбардың кемесі осы таудың басында тоқтаған. Осы сияқты аңыздар қазақ халқынан басқа көптеген ежелгі халықтардың мифологиясында бар.
## Дереккөздер |
Forbes журналының соңғы (2008) рейтингісі бойынша Қазақстан бай адамдарының (1 млрд АҚШ долларынан кем емес дәулетті адамдары) саны 8-ге жетті. |
Алтын (лат. Aurum; Au) — элементтердің периодты жүйесінің I-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 79, атом массасы 196, 967 г/моль, балқу температурасы 1063ْ°С, қайнау температурасы 2947°С.
## Алтынның биологиялық маңызы
Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Грекия мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
Ғалымдар алтынның адамға тигізетін залалы да бар екенін дәлелдеп шықты.Канадалық ғалымдар алтын бұйымдардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе күтпеген шешімге келді. Олар алтын бұйымдардың қызу қанды адамдардың көңіл-күйіне кері әсерін тигізетінін, тіпті депрессияға түсулеріне себеп тудыратынын айтады. Ғалымдар алтын бұйымның адам терісіне тигенде оның ағзасындағы зат алмасуды баяулатып, жүйке жүйесінің қозуына әсер ететінін дәлелдеп шықты.
Мамандар бұл шешімге келе отырып, алтын бұйымдардан мүлдем бас тарту керектігін алға тартпайды. Алайда, олар қызу қанды адамдарға ұйықтар алдында алтын бұйымдарын шешіп жатуға кеңес береді. Себебі, адам ұйықтап жатқанда оның ағзасы әлсіз болады.
## Қасиеттері
Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот, және көміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер және жеке қышқылдар әсер етпейді. “Патша сұйығында” (1 көлем HNO3, 3 көлем HCl) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10−7%), теңіз және мұхит суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастардын алтынды ұсақтау, байыту және цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекей бұйымдар жасайды. Тауар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады.
Алтын табиғатта сап түрде кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде, немесе кварц құмы арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында және мыстың, қорғасынның сульфид кендерінде болады.Алтын Сібірде, Оралда және Орта Азия мен Қазақстанда да кездеседі.
## Ажырату әдістері
Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2 - 4 г) ажыратып алу үшін әр түрлі әдіс қолданады. Ең оңай, көптен қолданылып келе жатқан әдіс - құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын ауыр болғандыктан қалып қояды. Екінші бір әдіс алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап көпшілік металдарды өз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы алтынды шығарып алу үшін, амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын жинап, салқындатып қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі әдіспен де кұмдағы алтын түгел алынбайды, көп болса, 75% ғана алынады. Бұлардан гөрі тәуірірек әдіс цианид әдісі. Ішінде алтын қалған жынысты KCN тұзынын, 0,02 - 0,2% ерітіндісімен 2 - 3 рет қайталап шаймалап жуады, сонда:
4Au + 8NaCN + 2H2O + O2 = 4Na[Au(CN)2] +4NaOH
Комплексті қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың, жәрдемімен ығыстырып шығарады:
2Na[Au(CN)2] +Zn = Na2 [Zn (CN)4] +2Au
Бұл шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышкылымен жуады, мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен тазалау үшін электролиздеуді қолданады - анод - тазартылмаған алтын, катод - таза алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады сонда күміс анод шламы түрінде қалады.
Алтын - жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш, ауыр, жұмсақ. металл. Қалыңдығы, 0,0001 мм фольга жасауға болады.
Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде колданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58,3% алтын болады (алтын заттардың пробасы 583).
Алтын белсенділігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий немесе натрийцианидының ерітіндісінде, хлор суында және «патша сұйығында» ериді.
«Патша сұйығы» үш көлем тұз қышқылымен бір көлем азот қышқылының коспасы:
3HCl + HNO3 = 2Cl+NOCl+2H2O,Au + 2Cl + NOCI = AuCl3 + NO,АuСl3 + НСl = Н[АuСl]4
Алтын селен қышқылында да (күшті тотықтырғыш) ериді:
2Au + 6H2SeO4 = Au2(SeO)4 + 3SeO2 + 6H2O
Алтын ұсақ ұнтақ түрінде хлормен, 400 - 650° С фосфор буымен реакцияласады.Алтыннан монета (ақша) жасайды (тұтынуға шығарылған қағаз ақшаның қорғауышы ретінде банкта жатады); тіс салады, баска металдардың бетіне жалатады және әсемдікке тұтынатын әшекей бұйымдар жасайды.
## Алтынның қосылыстapы
Алтын қосылыстарда бір және үш валенттік көрсетеді, бірақ үш валентті қосылыстары берігірек. Бір валентті алтынның тұздары бір валентті мыстың, қосылыстары сияқты диспропорцияланып үш валентті қосылыс және дербес алтын береді:
3AuCI=AuCl3 + 2Au,3AuCl + KCl = K[AuCl4] +2Au
Бір валентті алтыннын комплексті қосылыстары ауриттер тұрактырақ, мысалы K[Au(CN)2]. Алтынның (I) оксиді да қыздырса тотығу-тотықсыздану реакциясына ұшырайды
2Au2O = 4Au + O2
Алтынның үш валентті қосылыстары көбірек. Алтынның (III) оксиді Au2O3 - қара қоңыр, Au2S3 - қара, Au(ОН)3 - күрең түсті барлығы қатты заттар, суда еритіні тек AuСl3.
Алтынның (III) гидроксиді Au(ОН)3 амфотерлі зат, сілтілерде және қышқылдарда еріп аниондық комплекстер түзеді:
NaOH + Au(OH)3 = Na[Au(OH)4],Au(OH)3 + 4HCl = H[AuCl4] +3H2O,Au(OH)3 + 4HNO3 = H[Au(NO3)4] +3H2O
Аниондық комплекс түзілуінен алтынның галогенидтері галогено-аураттарга айналғыш келеді:
NaBr + AuBr3 = Na[AuBr4]
AuCl3 гидролизінде аквоқышқылдap түзіледі.
AuCl3 + H2O = H2[AuOCl3]
Алтынның оңайырақ алынатын қосылысы AuCl3 өзге косылыстары осыдан алынады. Алтынның барлық қосылыстары айырылғанда металдық алтын бөлініп шығады.
## Қолданылуы
Алтын ақшалық кұнды металл (валюта). Coнымен қатар ол әр түрлі әшекейлік-көркемдік өнім, зергерлік бұйымдарға қолданылады.
## Кен орны
Алтын кені мол кездесетін ТМД аймақтары: Орал таулары, Қазақстан, Сібір. Алыс шетелдерде Аляскада, Колорадода (АҚШ), Африкада, Австралияда т. б. жатады .
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Бағалы металдар Мұрағатталған 20 мамырдың 2011 жылы. |
Қожалар (парсы: «хваджа» خواجه - қожайын, мырза, ие) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), Әбдіжәлил Баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим Бабтардың (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 1366 жылы келгендігі айтылады. Қожалардың қазақ жеріне жаппай көп келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген. Оған дейін тіпті Шыңғыс хан заманында да Қожалар қазақ жерінде болғаны жөнінде дерек жоқ. Шыңғыс әскерінің құрамындағы тайпалар тәңір дінін, кей тайпалар христиандықтың да тармағын ұстанған. Мысалы Қожалар қазақ даласына көшпелі тайпалардың көсемі Байдібек би өмір сүрген 6-7 ғасырда келді деген деректер кездеседі. Бұл жалған дерек, себебі, ол заманда Дешті-Қыпшақ даласында қожалар да, исламда болмаған.Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда сопылықты ұстанды. Әли Әбу Тәліптің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафидан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа - парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.
* Мұхаммед пайғамбардың және төрт халифасынан тараған ұрпақтар.
* Жергілікті халыққа Ислам дінін уағыздаған, дін жолында білім берген тұлғалар және олардың ұрпақтары.
* Атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғыр әлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и-азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-19 ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған.
## Қазақ шежіресі
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:
* Пайғамбардың ұрпағы деп саналатын әулеттерӘзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
* Әзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).
* Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.
* Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.
* Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
* Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.
* Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.
* Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» - дін жолын үйреткен тұлғалар және олардың ұрпақтары. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.
Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф - әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».
Қожа-молдалар совет үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды.Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы қожалар әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. қожалар әулетіндегі Қылышты және Сабылт қожалар нақшбандийа тариқатын ұстанды. қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, тағыда басқа болып аталады. Қазақстанда қожалар көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
## Ахмад Касанидің ұрпақтары
### Исхақилер («қара тағлықтар»)
Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли (белгісіз - 1599) Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын.
### Афақилер («ақ тағлықтар»)
Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанидің үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп (? - 1652/53). Махдумзадалардың бұл тармағы Қашқарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың (? - 1693/94) Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі.
## Тұлғалар
## Тағы қараңыз
* Қожа Ахмет Яссауи
* Қожанасыр
## Сыртқы сілтемелер
http://www.kozhalar.kz
## Дереккөздер |
Елді мекендер:
* Алатау – Алматы қаласының құрамындағы шағын аудан.
* Алатау – Алматы облысындағы қала.
* Алатау – Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы ауыл.
* Алатау – Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы ауыл.
* Алатау – Түркістан облысы Төле би ауданындағы ауыл.
Таулар:
* Алатау таулары – Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы.
* Жетісу Алатауы – Тянь-Шаньдағы тау жотасы.
* Күнгей Алатау – Тянь-Шаньдағы тау жотасы.
* Қырғыз Алатауы – Қырғызстандағы таулы жота.
* Талас Алатауы – Тянь-Шаньның батыс сілеміндегі жота.
* Іле Алатауы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота.
* Алатау – Ақтолағай жонының оңтүстігіндегі тау.
* Алатау – Мұңлы тауының оңтүстік-батысындағы тау.
Басқа мағыналар:
* Алатау округі
* Алатау батыр
* Алатау сиыржоңышқасы
* Алатау сиыры
* Алатау бөденешөбі
* Алатау (кинотеатр, Алматы)
* Alatau (телеарна) |
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған.
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Тахауи Ахтанов Adebiportal.kz сайтында
* Ахтанов ақиқаты — «Ана тілі», 29.09.2013 |
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған.
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Тахауи Ахтанов Adebiportal.kz сайтында
* Ахтанов ақиқаты — «Ана тілі», 29.09.2013 |
Қожалар (парсы: «хваджа» خواجه - қожайын, мырза, ие) — Орталық Азияда ислам дінін таратуда белсенділік танытқан әулеттер. Қожалар арғы тегі бойынша Мұхаммед пайғамбардан кейінгі халифалар Әбу Бәкр ас Сыдық (632 – 634), Омар (634 – 644), Оспан (644 – 656) және Әли Әбу Талиб (656 – 661) ұрпағы болып есептеледі. 13 ғасырдың 1-жартысында Маулана Сафи ад-дин Орын Қойлақи жазып қалдырған “Насабнама” шежіресінде дін таратушы Ысқақ Баб (Баб Ата), Әбдіжәлил Баб (Абд ал Жалил, Хорасан Ата), Әбдірахим Бабтардың (Абд-ар-Рахим) Орталық Азия аумағына 1366 жылы келгендігі айтылады. Қожалардың қазақ жеріне жаппай көп келуі әсіресе Ақсақ Темір заманынан кейін өте қарқынды жүрген. Оған дейін тіпті Шыңғыс хан заманында да Қожалар қазақ жерінде болғаны жөнінде дерек жоқ. Шыңғыс әскерінің құрамындағы тайпалар тәңір дінін, кей тайпалар христиандықтың да тармағын ұстанған. Мысалы Қожалар қазақ даласына көшпелі тайпалардың көсемі Байдібек би өмір сүрген 6-7 ғасырда келді деген деректер кездеседі. Бұл жалған дерек, себебі, ол заманда Дешті-Қыпшақ даласында қожалар да, исламда болмаған.Түркі даласына келген қожалар орта ғасырларда сопылықты ұстанды. Әли Әбу Тәліптің арабтың халифа тайпасынан алған әйелі Хауладан туған имам Мұхаммед ибн ал-Ханафидан тарайтын қожалар әулеті Қожа Ахмет Иасауи тариқатының өкілдері болып табылады. Осы тариқаттағы қожалар Алтын Орда мемлекеті дәуірінен бастап, қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды. Қожа - парсы тілінен енген бұл сөзбен Орталық Азияда төмендегі топтарды атаған.
* Мұхаммед пайғамбардың және төрт халифасынан тараған ұрпақтар.
* Жергілікті халыққа Ислам дінін уағыздаған, дін жолында білім берген тұлғалар және олардың ұрпақтары.
* Атақты Нақшбанди сопы ұстазы Ахмад Касанидің (1461-1542) ұрпақтары аталады. Қожалар Шынжаңдағы ұйғыр әлеуметінің арасында жетекшілік атқарып келген. Махдум-и-азам (ұлы ие) деген жанама атпен де белгілі Ахмад Касанидің өзі шығыс Түркістанда ешқашан болмаса да, оның «махдумзадалар» деп аталып, «қожа» атағына ие ұрпақтары 17-19 ғасырларда сол аймақтың саясатында маңызды роль атқарған.
## Қазақ шежіресі
Дәстүрлі қазақ шежіресінде қожалар келесіге бөлінген:
* Пайғамбардың ұрпағы деп саналатын әулеттерӘзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
* Әзреті Әлидің екі ұлы, Хусейннің ұрпағы - Сейт қожалар, Хасанның ұрпағы - Ховандық қожалар (Ташкент қаласында біраз үй бар).
* Хазреті Алидің Рум патшасының қызы Ханафиядан туған ұлы, Мұхаммад Ханафияның ұрпағы Абдул Жаппар - Абдул Фаттах - Абдул Қаххар - Абд ар Рахман, Абд - Рахым. Абд Ар Рахман - Исхақ баб пен Абд ул Жалил баб, Абд ул-Жалил бабтан тарайтын Хорасан қожалар, Дуана қожалар және Нияз қожа балалары.
* Исхақ бабтың ұрпақтары Аққорғандық қожалар мен Бахшайыш қожалар.
* Абд Рахым Бабтың ұрпағы - Қарахандық қожалар. Бұл әулет Қарахандық, Қуланбастық, Ақ көлдік және Зергер қожалар.
* Әбу Бәкр Сыддықтың ұрпағы, Сунақ қожалар (алты сыйық) және Шәмші қожалар мен Қылауыз қожалар.
* Хазреті Омардың әулеті, Қырық садақ қожалар, Шайхантауыр қожалар және Бабайлық қожалар.
* Жергілікті халықтан шыққан Ислами білім алған, халыққа «илм хикмет» - дін жолын үйреткен тұлғалар және олардың ұрпақтары. Олар: Керейт, Түрікпен қожалар.
Шежіре бойынша қазақ халқының «асыл текті» болып саналатын бөлігі төрелерден (Шыңғыс ханның ұрпағы) және қожалардан тұрады және үш жүзге енбейді. Қожа руының таңбасы — « ﺁ » (әлиф - әрпі), ұраны — «Алла», «Қожа Ахмет».
Қожа-молдалар совет үкіметі орныққанға дейін, халық арасында дінді уағыздаумен қатар, неке қию, сүндетке отырғызу, жаназа шығару, зікір салып емдеу және т.б. рәсімдерін атқарып отырған. Қазақ халқының рулық, тайпалық, жүздік құрылымдарының пірлеріне айналды.Аққорғандық қожалар Ұлы жүз рулары мен Орта жүздің бір бөлігінің, Хорасан қожалар Орта жүздің бір бөлігі мен тұтас Кіші жүз руларының, сонымен қатар Жошы ханның Шибаннан тараған ұрпақтарының пірі болып саналды. Дуана қожаларды Орта жүз бен Ұлы жүздің кей рулары, сондай-ақ, Орда Ежен ұрпақтары, кейіннен қазақ хандары пір тұтты. Қарахан қожалар – Ұлы жүздің кейбір руларының және өзбек халқы мен қырғыз халқына сіңіп кеткен ру, тайпалардың пірі болды. Иасауи тариқатындағы қожалар әулеті қазақ халқының рухани-мәдени, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлік бірлігін қамтамасыз етуде, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. қожалар әулетіндегі Қылышты және Сабылт қожалар нақшбандийа тариқатын ұстанды. қожаларға қазақ хандығында жоғары құрмет көрсетіліп, ерекше құқықтық артықшылықтар берілді (қ. Жеті Жарғы). Қазіргі уақытта қожалар Орталық Азия елдеріндегі этностардың тарихи құрамдас бір бөлігі болып қалыптасқан. Отбасылық әдет-ғұрыптарында кейбір этномәдени ерекшеліктері сақталғанымен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жергілікті халықтармен астасып кеткен. Өмір сүрген ортасына қарай шартты түрде “өзбек қожа”, “түрікмен қожа”, “татар қожа”, тағыда басқа болып аталады. Қазақстанда қожалар көп шоғырланған жерлер Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары.
## Ахмад Касанидің ұрпақтары
### Исхақилер («қара тағлықтар»)
Ахмад Касанидің екінші ұлы Мұхаммад Исхақ Уәли (белгісіз - 1599) Шығыс Түркістанда бірнеше жыл болған. Оның ізбасарлары «қара тағлықтар», яғни қара тауда тұратындар деп аталды. Олардың ықпалы негізінен Ярканд қаласына жүріп тұратын.
### Афақилер («ақ тағлықтар»)
Қожалардың тағы бір тармағы Ахмад Касанидің үлкен ұлы Мұхаммад Әминнен бастау алады. Ол тағы «ишон-и калон» деген атпен белгілі. Олардың Шығыс Түркістанға келгендерінің алғашқысы — Мұхаммад Әминнің ұлы Қожа Жүсіп (? - 1652/53). Махдумзадалардың бұл тармағы Қашқарда қоныс теуіп, олар Қожа Һидаятулланың (? - 1693/94) Қожа Афақ деген атымен «афақилер» деп аталып кетті. Олар «ақ тағлықтар», яғни ақ тауда тұратындар деген атпен де белгілі.
## Тұлғалар
## Тағы қараңыз
* Қожа Ахмет Яссауи
* Қожанасыр
## Сыртқы сілтемелер
http://www.kozhalar.kz
## Дереккөздер |
Қотыр қайың немесе Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula) - синонимы: Betula verrucosa - қайың тұқымдасына жататын ағаш.
## Таралуы
Қайыңдар тұқымдасының Солтүстік жарты шарда кеңінен таралаған. Бұрынғы КСРО-ның Европалық бөлігінде Батыс Сібірде, Батыс Европада, Жерорта теңізі аймағы Балканда, солт Африкада, Алдыңғы және Орталық Азияда кездеседі. Қазақстан-ның жазық даласында: мысалы жалпы сырт сілемдері, Тобыл-Есіл, Ертіс, Семей, Көкшетау, Мұғалжар, Ембі, Батыс және Шығыс Сарыарқа жотасы, Зайсан, Алтай, Тарбағатай, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Батыс Тянь-Шань т.б. 15 түрі өседі. Ең көп тараған түрі – Сүйелді қайың (лат. Bétula péndula).
## Биологиялық сипаттамасы
Өмір сүру ұзақтығы - 100-150 жыл. Ол көктемде ерте бүршік жарып, кеш жапырақ түсіретіндігімен ерекшеленеді.
Ағаштың биіктігі 20 (кейде 30) м-дей, діңінің диам. 60 – 80 см-ге дейін, қабығы ақ түсті. Жапырағы сағақты, жиегі ара тісті, тілімденген, кезектесіп орналасады. Аталық гүл шоғы сырға тәрізді, бұтағының ұшында жетіледі. Аналық гүл шоғының жасыл түсті сырғалары, аталық сырғасына қарағанда едәуір қысқа болады, олар көктемде ағаш бүрінен дамиды. Қайың ағашы бір мезгілде жапырақ жарып, гүлдейді. Жемісі – ұсақ жаңғақша (оның ұзындығы 1,5 – 4 мм). Тұқымы тамыз – қыркүйекте піседі.
## Қолдануы
* Қайыңның бүршігі мен жапырағында, гүлі мен діңінің қабығында және ағашы мен шырынында емдік қасиеттер бар. Оның бүршіктері мен жапырақтарының құрамында эфир майы, қара май, флавоноидтар, сапониндер мен С дәрумені бар.
Медицинада бүршігі мен жапырағын бүйрек ауруларына қарсы ем ретінде қолданады.
* Қайың – ақ түсті қабығымен ерекшеленетін әдемі ағаш, оларды елді мекендерді көгалдандыру, әсемдік үшін саябақтарда көшеттерінен немесе тұқымынан қолдан өсіреді.
* Қайың ағашының бұтағы мен діңі берік, әрі шымыр. Сүрегі құрылыста және жиһаз жасау үшін, жас жапырағы мен бүрі және оның діңінде өсетін қайың қара саңырауқұлағы (чага) медицинада және парфюмерияда пайдаланылады.
* Қайың қабығын тіліп, одан ағатын шырынды ішуге болады. Қайың шырынында 20%-дай қант, кальций оксиді және хош иісті заттар бар. Оны несеп жүргізетін, ішек құртын түсіретін, қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады.
* Сүйелді қайыңды егіс қорғайтын орман алқабы үшін отырғызады.
* Жанғыштық қасиеті жоғары болғандықтан, отын ретінде пайдаланады.
## Күтімі
Көп күтімді қажет етпейді. Жас көшетін алғашқы жылдары түзулеп өсірсе, діңі тік әрі әдемі болып өседі.
Қалемшелеу арқылы оңай көбейтіледі.
## Қайың туралы өлең жолдары
## Галерея
*
*
*
*
## Сілтемелер
* Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сүйелді қайыңБерёза повислая на сайте www.ecosystema.ruБерёза повислая на сайте USDA NRCS (ағыл.)
* Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Сүйелді қайың
* Берёза повислая на сайте www.ecosystema.ru
* Берёза повислая на сайте USDA NRCS (ағыл.)
## Дереккөздер |
Жанбек Нығметұлы Сауранбаев (5 мамыр, 1940 жыл- 24 ақпан 2016) - волейболдан әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, Еуропа чемпиондары кубогының екі мәрте иегері.
## Өмірбаяны
Әкесі Нығмет Сауранбаев - қазақ филология саласы бойынша тұңғыш ғылым докторы, академик, кезінде орысша-қазақша сөздікті құрастырып, жарыққа шығарған білікті маман. Кейіннен Қаз ССР Ұлттық ғылыми академиясының вице-президенті болды. Анасы Мария Иосифовна - шет тілдер институтының түлегі.
* 1963 жылы Одақтың жастар құрамасы қатарына қабылданды.
* Келесі жылы ерлер командасына шақырылды. КСРО құрамасы сапында көптеген жарыстарда олжаға кенелді.
* 1965 жылы Түркияда Еуропа чемпионы атанды.
* 1966 жылы Польшада әлем кубогын иеленді.
* Финляндия мен Мажарстанда өткен Дүниежүзілік универсиадада топ жарды.
* Жанбек бес жыл бойы КСРО құрамасының дәнекері (связующий) болды. Және де аталмыш мемлекеттің бас командасына қабылданған Қазақстанның тұңғыш волейболшысы. КСРО-ның ұлтаралық саясаты салдарынан Сауранбаев 1964 және 1968 жылдардағы Олимпиядаға жіберілмеді.
* 1968 жылы КСРО құрамасынан кеткеннен кейін барлық күш-жігерін «Буревестниктің» өсіп-өрлеуі үшін жұмсады. Сол маусымды Сауранбаев командасы екінші орынмен қорытынды. Ал 1969 жылы Одақ чемпионы атанып, одан кейін қатарынан екі рет Еуропа чемпионы кубогын олжалады.
* 1988 жылдан бастап, осы күнге дейін Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі.
## Дереккөздер |
«Шығыс қызарды» (жеңіл. қыт.: 东方红; дәст. қыт.: 東方紅; пінин: Dōngfāng Hóng) — 1960-шы жылдары Қытай Халық Республикасының бейресми әнұраны болған өлең. Өлеңнің сөзі солтүстік Шанси аймағының тұрғыны Ли Йоюанға телініп жүр, әні жергілікті халық өлеңіне негізделген. Ол осы өлеңді таңертең шығыстың қызарып, күннің көтеріліп бара жатқанын көргенде шабыттанып жазған деген әңгіме бар.
Бұл өлең барлық қалалар мен ауылдарда дыбыс зорайтқыштар арқылы таңертеңнен кешке дейін ойнатылған. Теле-радиохабарлар әдетте «Шығыс қызардымен» басталып, «Интернационал» әнұранымен аяқталып отырған. Оқушы-студенттер әр күні алғашқы сабағын осы өлеңді айтып барып бастауға міндетті болған. Мәдени төңкеріс кезінде Қытайдың ресми әнұраны Еріктілер маршының ауторы Тан Һан қуғын-сүргінге ұшырағандықтан, ресми әнұран орындалмайтын.
«Шығыс қызарды» деп коммунизмді, әсіресе маоизмді насихаттайтын «ән мен би жыры» да аталады. Ол Қытайда 1960-шы жылдардың басында шығарылып, 1965 жылы операның киноға түсірілген түрі де дайындалды. Онда Мау Зыдоңның жетекшілігіндегі Қытай коммунистік партиясының тарихы баяндалады. Операны қазір де копмакт-дискі мен бейнетаспада табуға болады.
1970-ші жылдардың екінші жартысында Дың Шаопиннің билік басына келуімен байланысты бұл өлеңнің Мәдени төңкеріспен байланысы күшті болғандықтан сирек орындалатын болды. Қазіргі Қытайда ол Маоның жеке басына табынуын еске түсіретін өлең ретінде қарастырылады. Әнұран ретінде онда не коммунистік партия, не Мау төраға туралы сөз қозғалмайтын Еріктілер маршы қайтадан қолданылып жүр.
«Дуңфаң һуң» («Шыңыс қызарды» немесе «Қызыл Шығыс» дегеннің қытайшасы) деп Қытайдың жер серіктерінің бір түрі аталған. Қытайдың ғарышқа ұшырған алғашқы жер серігі Dong Fang Hong 1 ұшырылған кезде оның ішіндегі арнайы радиоқұрылғы әуе толқындарына «Шығыс қызарды» әнұранын шығарып отырған.
Өлеңді тыңдаңыз
## Қытайша сөздері
东方红,太阳升,中国出了个毛泽东。他为人民谋幸福,呼尔嗨哟,他是人民大救星!
毛主席,爱人民,他是我们的带路人,为了建设新中国,呼尔嗨哟,领导我们向前进!
共产党,像太阳,照到哪里哪里亮。哪里有了共产党,呼尔嗨哟,哪里人民得解放!
## Пинійн
Dōngfāng hóng, tàiyáng shēng,Zhōngguó chū liǎo ge Máo Zédōng,Tā wèi rénmín móu xìngfú,Hū ěr hei yo, tā shì rénmín dà jiù xīng!
Máo zhǔxí, ài rénmín,Tā shì wǒmén de dài lù rénWèi liǎo jiànshè xīn Zhōngguó,Hū ěr hei yo, lǐngdǎo wǒmén xiàng qiánjìn!
Gòngchǎndǎng, xiàng tàiyáng,Zhào dào nǎlǐ nǎlǐ liàng,Nǎlǐ yǒu liao Gòngchǎndǎng,Hū ěr hei yo, nǎlǐ rénmín dé jiěfàng!
## Өлеңнің мағынасы
Шығыс қызарды, күн көтерілді.Қытайда бір Мау Зыдоң пайда болды.Ол халықтың бақытын ойлайды,Еһһһе-һе, ол халықтың ұлы құтқарушысы.
Мау төраға халықты сүйеді,Ол біздің жол сілтеушіміз,Жаңа Қытайды салу үшін,Еһһһе-һе, ол бізді алға жетелейді!
Коммунистік партия күн сияқты,Қайда нұрын түсірсе, сонда жарық.Коммунистік партия қайда болса,Еһһһе-һе, сол жерде халық азат болады!
## Сыртқы сілтемелер
* Таңғы күн
## Тағы қараңыз
* Коммунистік партия болмағанда жаңа Қытай жа болмас еді
* Һуңлаовай
Үлгі:Chinese patriotic songs |
Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев (13 сәуір 1961 жыл, Алматы) — Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі.
## Білімі
1983 ж. Алматы қаласындағы Қазақ ауыл шаруашылық институтын үздік бітірген.
## Еңбек жолы
Еңбек жолын 1983 ж. В. Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында бастады. Аталған мекемеде қатардағы лаборанттан директордың орынбасарына дейінгі лауазымдық қызметтер атқарды.
1997 ж. А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры болып тағайындалды.
2002—2005 жж. Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.
2006 ж. ҚР АШМ Ғылым департаменті директоры болып тағайындалды.
2007 ж. бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық вице- министрі.
2008 – 2011 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі.
2011 – 2020 жж. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» Акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.
2020 ж. 27 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
2022 жылы 1 қарашада «Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына тағайындалды.
2024 жылы 22 қаңтарда Ақылбек Күрішбаев ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті болып тағайындалды.
## Дереккөздер |
Шәуешек (қаз. شاۋەشەك, ұйғ. Chöchek, چۆچەك, қыт. 塔城; пинйін: Tǎchéng — Тачең) — Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы қала. Шәуешек округі (қыт. 塔城地区, Tǎchéng Dìqū) Іле Қазақ автономиялық облысына кіреді. Бұрынғы кездері бұл қала мен оның округі Ресейде Тарбағатай (ұйғырша:Tarbaƣatay) деп аталған.
## Жағрапиясы
Шыңжаңның солтүстістік бөлігінде, Тарбағатай жотасының етегінде орналасқан.
Қаланың батысында, оны Шығыс Қазақстан облысымен байланыстыратын жолдың бойында, одан 17 шақырым қашықтықта «Бакту» (巴克图) шекаралық бақылау-өткізу бекеті орналасқан. Оның Қазақстан жағы «Бақты» деп аталады.
## Халқы
Бүкіл Шәуешек округінің ауданы 98 824 шаршы километрді құрайды, тұрғындарының саны 892 397 жан (2000). 2000 жылғы санақ бойынша округтің ұлттық құрамы төмендегідей болған:
Шәуешек қаласының өзінде 1994 жылы бағаланғандай 56 400 адам тұрған.
Даурлар мен сібелер Шәуешек округіне Қиыр Шығыстан 1764 жылдары Қытайдың батыс шекарасын бекіту мақсатымен көшірілген.
Шәуешектегі Православ шіркеуі Мәдени төңкеріс кезінде қиратылған болатын, енді жергілікті орыс қауымдастығының серкелері оны қайта тұрғызуға жергілікті билік орындарынан көмек сұрауда.
## Экономикасы
## Тарихы
19-шы ғасырда бұл қала Ресей мен Қытайдың арасындағы маңызды сауда-саттық орталығы болған.
1865 жылы дүңген көтерілісінің кезінде қала қатты қираған.
## Сілтемелер
* Г.Е. Грум-Гржимайло, Тарбагатайский округ(қолжетпейтін сілтеме) (ЭСБЕ, около 1898 ж.)
* М.А. Чертыков, "Тарбагатайские кыргызы" Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2007 жылы. |
Нерчинск келісімі (орыс. Нерчинский договор, қытайша: 尼布楚 條約, Pinyin: Níbùchǔ tiáoyuē) — Ресей мен Цинь империясының арасында жасалған алғашқы келісім. Бұл келісімге 1689 жылғы тамыздың 27-сінде қол қойылды. Бұл келісімнің жасалуының себебі — Приамурье аймағы үшін болған Ресей-Мәнжу шекара қақтығыстары болды. Қол қоюшылар — Чиң императорының атынан Соңғотү, орыс патшалары І-ші Петр және V-ші Иванның атынан — Федор Головин болды.
Осы келісім бойынша, Ресей Жапон теңізіне шығу үшін өзіне жер алмайтын болып міндеттелді және Қытайда орнаған Чиң мемлекетімен сауда-саттық қатынастарын орнатты. Орыстың Қытай мен Ресейдің арасындағы даудың себебі болған Албазин бекінісінің тұрғындары шығарылып, бекіністің өзі қиратылуға тиісті болды. Екі елдің арасындағы шекара Становой жотасы мен Аргун өзені бойынша орнатылды.
Келіссөздердің басы-қасында болған екі иезуит — Жан-Франсуа Гербильон және Томас Перейра келісімді үш тілге — орыс, мәнжу және латын тілдеріне аударды, бірақ олардың арасында елеулі айырмашылықтар болды. Келісімнің ресми қытайша аудармасы болған жоқ. 1727 жылы Кяхта келісімі деген жаңа келісім жасалды, ол бойынша Кяхта қаласы керуен саудасына ашылып, екі империяның арасындағы шекаралар одан әрі айқындалды.
Екі келісімнің шарттары 1858 жылғы Айгун келісімі мен 1860 жылғы Пекин келісімінің шарттары бойынша Ресейдің пайдасына өзгертілді. Ресей-Қытай шекарасы өзінің қазіргі қалпына келді.
Үлгі:Wikisourcelang
## Сілтемелер
## Сыртқы сілтемелер
* Ресей-Қытай шекарасы: қазіргі жағдайы Мұрағатталған 7 қыркүйектің 2006 жылы. |
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.
* Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.
* Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.
* Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
* Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.
* Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.
* Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.
* 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.
* 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.
* 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.
## Қоғамдық қызметі
КСРО Жоғарғы Кеңесінің үш мәрте депутаты болып сайланады.
## Марапаттары
КСРО:
* Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 4619
* Алтын Жұлдыз медалі Кеңес Одағының Батырлары № 6554
* Ленин ордені
* Қызыл Ту ордені (2 мәрте - 1943, 1944)
* Александр Невский ордені
* I-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (2 мәрте - 1944, 1985)
* II-ші дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордені (1943)
* Қызыл Жұлдыз ордені
* III дәрежелі Даңқ одені
* Медалдары
Қазақстан:
* Отан ордені (2007)
* I-дәрежелі Даңқ ордені
* «Астанаға 10 жыл» медалі (2008)
## Шығармалары
* «Илы атакуют» — Алматы: Қазақстан, 1966.
* «Пике в бессмертие» — Алматы: Жазушы, 2000. — ISBN 5-605-01716-0
* «305 рейдов» — Фрунзе, 1966.
### Талғат Бигелдинов туралы шығармалар
* С.Морозов. «Дважды Герой Советского Союза Т.Я. Бегельдинов» (Москва, 1948)
* С.Бакбергенов. «Талғат» (1950)
* «Талғат Бегельдинов» (1965)
* «Отан үшін от кешкен» (1985)
* А.Сергеев. «Звездное небо Талгата» (1997)
* А.Н. Бедельбаев «Тринадцатый, на взлет» . – 1-2 т. Повесть о Бегельдинове Т.Я. ( 2004)
* К.Абенов. «Великая Отечественная война в моей жизни: 60 лет спустя» (2008)
* Б.Омарұлы. «Жүректiң көзi» (2011) қарақат
### Талғат Бигелдинов туралы фильмдер
* 2014 — «Әуеге көтерілу» — РОО «Генералдар кеңесі».
## Ескерткіштер
* 2021 жылдың 8 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында батыр жауынгерге ескерткіш орнатылды.
* Талғат Бигелдиновтің бюсттері Ақтөбеде, Көкшетауда, Бішкекте және Мәскеудегі Ұлы Отан соғысына арналған Орталық мұражайында сақтаулы тұр.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтеме
* www.warheroes.ru |
Ақ сұңқар (лат. Falco rusticolus) - сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс.
Қазақстанда тұрақты мекендемейді. Көкшетау, Өскемен, Алматы маңайын 12 жыл (1976-1988) ішінде 2 рет қана қыстайды. Қазір Алматы қаласындағы хайуанаттар паркінде үш Ақ сұңқар бар.Өзен бойлары мен тау етектерін мекендейді. Ұябасарының қанатының ұзындығы 38-42 см, салмағы 2 кг, аталығы кішілеу келеді, оның қанатының ұзындығы 34-37 см, салмағы 1 кг-дай болады. Арқасы көкшіл сұр, шұбар, бауыры, ақшыл, сондай-ақ іштерінде, шымқай ақ түстілері де кездеседі. Басқа сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыштардан айырмашылығы денесі ірі болады. Ұясын жартастың ернеуіне, ағаш басына салады.
Ақ сұңқар жұптасып тіршілік етеді. Қыс айларында сұр шіл, кіші дүркептермен қоректенеді. Қазақстанда тіршілігі зерттелмеген. Құсбегілер саятшылық жасайтын аңшы құс ретінде қолда ұстайды. Ақ сұңқар өте сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген (1966). Сирек кездесетін, бізде өнебойы қыстамайтын түр. Солтүстік Америка мен Евразияның арктикасында таралған, қыстау үшін оңтүстікке ұшып кетеді. Қазақстанда қыста Көкшетау, Өскемен, Алматының маңайынан кездестірілген, ондағы ашық қоймалардан кіші дүркептермен қоректенеді. Барлық жерде де жекелеген құс көзге түскен. Санының азаю себептері анықталмаған, қорғау шаралары белгіленбеген. Барлық, қырандарды қорғауды халық арасында кеңінен насихаттап, оларды қолдан өсіруді тездету қажет.
## Статусы
3-ші санат. Сирек, Қазақстанда тұрақты түрде қыстамайтын түр. КСРО Қызыл кітабына (1984) тіркелген.
## Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы
Туыстың Қазақстан фаунасындағы тоғыз түрінің біреуі.
## Таралуы
Солтүстік Америка мен Евразияның арктикалық аудандары. Жылдың салқын кездерінде құстардың бір бөлігі оңтүстікке қарай қонысын аударады. Қазақстанда қыстайтын ақсұңқарлар Көкшетау маңынан, сол сияқты республиканың оңтүстігі мен шығысында байқалған. 1933 жылы Көкшетаудың маңында реңі сұр ересек шәулісі (аталығы) атып алынған, оның тұлыбы Мәскеу университетінің Зоология мұражайының жиынтығында сақтаулы . 1904 ж. желтоқсанда Шу өзенінің аңғарынан аңшы бір ақсұңқарды, екіншісін қай уақытта белгісіз – Талас өзенінің бойында ұстаған, бұл туралы Н.А. Зарудный хабарлаған . Қазақстанның шығысында 1918 ж. наурызда Саурдың бөктерінде, 1974 ж. қарашада Ертістің аңғарында, 2006 ж. ақпанда Қатон-Қарағай маңындағы Бұқтырма аңғарынан кездескені белгілі .
## Мекендейтін жерлері
Тундра және орманды тундра. Қыстау кезінде Қазақстанда өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездестірілген. Бір ересек ақсұңқар бір ай бойы Алматы қаласында мекендеген.
## Саны
Өте аз және Қазақстанда тұрақты қыстамайды. 12 жыл (1976-1988 жж.) ішінде екі рет есепке алынған.
## Негізгі әсер ететін факторлар
Белгісіз.
## Биологиялық ерекшеліктері
Моногам, сәуір-мамырда 2-5 жұмыртқа салады, 28-30 күн шайқайды, балапандары 46-49 күнде қанатына қонады. Құстар және орташа денелі кеміргіштермен қоректенеді . Қазақстанда қыстау кезеңіндегі бақылаулар өте аз: Батыс Алтайдың бөктерінде бақылауға алынған ақсұңқар сұр шілдерді аулаған . Алматы қаласында қыстаған құс бір ай бойы тұрақты аң аулау учаскесіне ие болып, кіші түркептерді аулады .
## Қолда өсіру
Алматы хайуанаттар паркіндегі сирек сұңқарлар питомнигінде 3 ақсұңқар бар, олар көбеюге қатыспайды.
## Қабылданған қорғау шаралары
Қазақстанда қорғау жайында арнайы шаралар қолға алынбаған.
## Қажетті қорғау шаралары
Тұрғындар арасында жыртқыш құстарды қорғау қажеттігі жайында үгіт-насихат жүргізу, қолда өсіруді қарқынды түрде қолға алу.
## Зерттеу жөніндегі ұсыныстар
Республикада ақсұңқарларды бақылау жайындағы барлық деректі мәліметтер құнды болып табылады, оларды қолда өсіру әдістерін дайындау қажет.
## Дереккөздер |
Алпарслан Түркеш (1917 жылғы 25 қараша, Никосия, Кипр – 1997 жылғы сәуірдің 5-і Анкара, Түркия) — түрік ұлтшыл саясатшысы. Оны қолдаушылары «Başbuğ» («Жетекші») деп атаған.
Ол Түркия саясатында әскери ретінде де, кейінірек саясатшы ретінде де көп із қалдырған кісі. Оның аты-жөні басында оның лақап аты болатын, 1934 жылы ол осы есімді өзінің ресми аты-жөні ретінде қабылдап алды. Оның бастапқы аты-жөнінің қандай болғаны нақты белгісіз. Кейбір түрік дереккөздерінде, мысалы Büyük Larousse Sözlük ve Ansiklopedisi энциклопедиясында оның туғандағы есімін Али Арслан деп көрсетеді. Оның жақын достары мен таныстары оны «Албай» («полковник») деп атайтын.
Ол 1960 жылғы мамырдың 27-сінде болған премьер-министр Аднан Мендерестің үкіметіне қарсы ұйымдастырылған әскери төңкерістің кезінде атқарған ролі үшін танымал бола бастады. Алайда полковник Түркештің өзі сол әскери топтың ішінде болған төңкерістен кейін қуылды. Ол кейінірек «Cumhuriyetçi Köylü Millet Partisi» (CKMP, Республикалық шаруалардың ұлттық партиясына) мүше болып, кейін оның төрағасына айналды. 1969 жылы CKM-нің аты Milliyetçi Hareket Partisi (Ұлтшыл әрекет партиясы, MHP) болып өзгертілді.MHP-дағы кезінде ол өзінің Ниһал Атсыз секілді ізашарларының көзқарастарын қабылдап алып, оларды зор саяси күшке айналдырды. 1965 жылы Түркеш "Dokuz Işık Doktrini" (Тоғыз жарық доктринасы) атты саяси еңбек жазды. Онда ол өзінің ұлтшыл идеологиясының негізін құраған негізгі тоғыз қағиданы алға тартты. Ол тоғыз қағида мына: ұлтшылдық, идеализм, ахлақшылдық, қоғамшылдық, ғылымшылдық, тәуелсіздікшілдік, ауылшылдық, прогрессившілдік, популизм, өнеркәсіпшілдік, технологизм.
Түркеш оңшыл бағыттағы Milliyetçi Cephe (Ұлтшыл Фронт) секілді үкіметтерде вице-премьер болып қызмет еткен.
Өмірінің кейінгі кезеңінде ол түрік дәстүрі бойынша қарт саясатшы ретінде құрметке бөленіп, түрлі партиялардағы басқа саясатшыларға жиі-жиі ақыл-кеңес беріп жүрді.
1992 жылы Алпарслан Түркеш президент сайлауының қарсаңында өзін ұлтшыл ретінде сипаттайтын Абульфаз Ельчибейді қолдау үшін Бакуға сапар шекті. Әзірбайжан президенті болып сайланған соң Ельчибей ішкі істер министрі етіп Анатолиядан бастап солтүстік Иран арқылы өтіп, Сібір, Қытай, Үндістанға дейінгі жерді қамтитын Ұлы Түркияны құрғысы келетін «Бозқұрттар» қозғалысының мүшесі Исгандар Хамидовты тағайындады. Хамидов Әрменістанға атом бомбысын тастау керек деген сөзінен кейін 1993 жылы қызметтен кетуге мәжбүр болды.
Коммунистер солшыл бағыттағы қозғалыстарға қарсы болғаны үшін және түрік халқының тәуелсіздігін қорғағаны үшін Түркешті фашист және ұлтшыл деп атайды.Үлгі:Fact Түркеш 'Ülkü Ocakları Kültür ve Sanat Vakfı' («Идеалистік мектептердің мәдениет және өнер қоры») қорының көрнекті жетекшісі болған. Ізбасарлары Түркешті түрік ұлтшыл қозғалысының ең жарқын бейнелерінің бірі ретінде қастерлейді.
## Сілтемелер
## Works
* "Dokuz Işık"(Тоғыз жарық) (1965)
* "1944 Milliyetçilik Olayı"(1944 жылғы ұлтшылдық оқиғасы) (1968)
* "Türkiye'nin Sorunları"(Түркияның мәселелері) (1969)
* "Yeni Ufuklara Doğru"(Жаңа көкжиектерге қарай) (1972)
* "27 Mayıs - 13 Kasım, 27 Mayıs ve Gerçekleri"(27 мамыр - 13 қараша, 27 мамыр және оның ақиқаттары) (1977)
* "Temel Görüşler"(Негізгі көзқарастар) (1977)
* Ülkücülük; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1995.
* 12 Eylül Adaleti (!) : Savunma; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1994.
* 1944 Milliyetçilik Olayı; Hamle Yayınevi;
* Modern Türkiye ; İstanbul.
* Milliyetçilik Olayları; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* 27 Mayıs ve Gerçekler; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* 27 Mayıs, 13 Kasım, 21 Mayıs ve Gerçekler; İstanbul, 1996.
* Ahlakçılık; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* Etik (Ahlak Felsefesi), Etik.; Bunalımdan Çıkış Yolu; Kamer Yayınları.
* Türk Edebiyatında Anılar, İncelemeler, Tenkidler, Anı-Günce-Mektup; İstanbul, 1994.
* Bunalımdan Çıkış Yolu; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1996.
* Dış Meselemiz; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* İlimcilik; Berikan Elektronik Basım Yayım.
* Kahramanlık Ruhu; İstanbul, 1996.
* Temel Görüşler; Kamer Yayınları.
* Sistemler ve Öğretiler; İstanbul, 1994.
* Türkiye'nin Meseleleri; Hamle Yayınevi; İstanbul, 1996.
* Yeni Ufuklara Doğru; Kamer Yayınları.
* Sistemler ve Öğretiler; İstanbul, 1995 |
Ағартушылық дәуірі (ағылш. Age of Enlightenment) — 18-19 ғасырларда дамыған идеялық ағым. Оның өкілдері ізгілік, әділеттілік идеялары мен ғылыми таным-білім негіздерін тарату жолдары арқылы қоғам кемшіліктерін түзетуге, оның талғам-талаптарын, саясатын, тұрмысын өзгертуге күш салды. Ағартушылар қатарында
* Вольтер,
* Руссо,
* Монтескье,
* Гердер,
* Лессиң,
* Шиллер,
* Гете,
* Десницкий, Козельский,
т.б. болды. Олар өз уағыздарын, қоғамның барлық топтары мен жіктеріне, әсіресе, билік иелеріне бағыштады. Қоғамдағы кертартпа көріністердің бәрі адамдардың надандығынан, олардың өз табиғатын өзі түсінбеуінен деп білді. Ағартушылық шіркеулік идеология ықпалына, діни догматтарға, схоластикалық ой-ағымдарына қарсы болды. Ағартушылар қоғам дамуындағы сананың айқындаушы рөлі туралы түсініктерге ден қойды. Ағартушылық 18 ғасырдағы әлеуметтік көзқарастардың қалыптасуына едәуір ықпал етті. Шығыс елдерінде бұл ағым біршама өзіндік сипатта өркен жайды.
## Қазақ ағартушылары
* Абай Құнанбайұлы
* Ыбырай Алтынсарин
* Шоқан Уәлиханов
## Дереккөздер |
Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі...
## Өмірбаяны
1894 жылы Семей облысының Павлодар уезiнiң Ақсу болысында туған. Әкесі Дөнентай кедей еді. Руы Арғын ішінде Бәсентиін.
Қасымқажы Ертісбаевтың медресесін бітірген соң өлең жазу бастады.
1916 жылы маусымның 25 патша жарлығымен жасы 19 мен 43 арсындағы қазақ және басқа орыс емес «бұратана» атайтын халықтарының жігіттер майданға алынды. Солардың арасында Сәбит те болған. Екібастұздың көмір қазатын болды, кейін Рига қаласының өңірінде окоп, ор (траншея) қазған.
1917 жылының Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтты. Ақпан төңкерісін қолдап басқа Алаш азаматтарымен ұлт азаттық қозғалысына қосылып, қазақ халқына автономия беруіне, халқының өмір деңгейі көтеруіне, өзгеріс пен дамуына шақырады.
Семейде мұғалімдер семинариясында оқиды. Сол кезде Семей қазақтың ұлттық қозғалысының мәдени, саяси, рухани орталығына айналысады, Алаш қаласы деп атайды. Семинария ше, зиялы азаматтар оқып бітірген білім ордасына айналысады. Мұнда Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезовтер оқыған, кейін семинариясын Шәкен Айманов да оқып бітіреді.
Кеңес үкіметі орнаған соң, Сәбит Дөнентаев жаңа үкіметін қолдайды, ол қазақ халқына басқа халықтарымен тең құқықтарын береді, қарапайым шаруасының өмірін өзгереді, жесір-жетімдерінің қамын ойлайды деп сенеді. Мектептерде мұғалім болып жұмыс істейді, үгіт-насихат жасайды, сауатсыздардың көзін ашады. Оңдай ағартушылар сол кезде керек еді, өз уақытында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы тағы басқалар мұғалім-ағартушы болып мектептерде сабақ берген.
Баянауылда сотта жұмыс істеген, кейін орнына Қаныш Сәтбаев келді.
1923 жылынан бастап, Семейдің «Қазақ тілі» үнжариясында жұмыс істейді. Қазақ әліпбиі латын әрпінен құрастырғаны дұрыс деп ойлаған.
Қалың малға тыйым салу үшін күресіп, әйелдердің тең құқықтары үшін күресіне үлес қосқан.
Әйелі — Қорлығайын Қожақызы байдың немересі еді. Сәбиттің әкесі Дөнентай өмір бойы сол Мәннәнбайдың малын баққан. Мәннәнбайдың немересін қалың малсыз алып жұбайы қылған. Баласы Мақсұт 1922 жылы қызылша болып қайтыс болған. Қызы Сәулет 1924 жылы Павлодар облысының Құркөл ауылында туған.
Ақын-демократ, қаламгер, мұғалім-ағартушы, қоғам қайраткері Сәбит Дөнентаев 1933 ж. мамырдың 23 қайтыс болған.
## Шығармашылығы
Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi.
1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан.
1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды.
Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.
## Сәбит зерттеген Абай шығармалары
Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген ақындардың бірі. «Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады:
Тұтастай алғанда бұл өлеңнен Сәбиттің Абай поэзиясының идеялық бағытын, әлеуметтік сырын дұрыс бағдарлағанын кереміз. Сонымен бірге Сәбиттің Абайдан тікелей үйренгендігінің де айғағы, яғни бұл елең Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде, соның өлшемін, ұйқас түрін сақтап жазылғандығы даусыз. Тек бүл емес, «Атылғандарға», «Жүрекке», «Ескі болыстың тәубасы», «Темірге», «Ерікті Айша», «Кемшілікте», «Бір жыл етті» тәрізді және басқа да көптеген өлеңдерін Сәбит Абай поэзиясындағы әр алуан формаларды пайдалана отырып жазған. Мысалы, «Кемшілікте» деген өлеңінің ұйқасы мынадай:
Мұнда әр шумақтың алғашқы үш жолы қатарынан ұйқасып, сол шумақтардың соңғы, төртінші жолдары бірыңғай үйлеседі. Бұл - «Білімдіден шыққан сөз...» деп басталатын өлеңінің негізгі шумақтарында Абай қолданған ұйқастың үлгісі. Сәбит осындай ұйқасты 11 буынды қара өлеңге де пайдаланған («Балалық» т. б.).Абай бірсыпыра өлеңдерінде («Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» т. б.) белгілі бір ұйқас жүйесін өлеңнің ұзына бойына дерлік сақтап отырады. Осындай тәсілді «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап» атты өлеңдерінде Сәбит те бекем ұсынады. Сол сияқты, соңғы өлеңдегі дыбыс үндестігі айрықша күшті. Мұнда өлеңнің әр жолы ғана емес, әр сөзі бірыңғай дыбыстан басталады:
Ақын «қазақ», «қараңғылық», «қу» тәрізді сөздерге айрықша назар аудару үшін осылай еткен тәрізді. Әрине, түр алуандығын, дыбыс үндестігін қуалап кетушілік те жоқ емес. Сонымен бірге осы тәсілдің төркіні Абайдың «Самородный сары алтын» немесе «Жайнаған туың жығылмай...» деп келетін өлеңдерінде жатқандығы да күдік туғызбасқа керек.Сондай-ақ, ақынның өлең ырғағын, ұйқасын қиыстырып құруда жаңалық табуға ұмтылған талаптары да болды. Мұны «Жүрекке», «Күздің сыры» тәрізді өлеңінен байқаймыз. Мысалы, соңғы елеңде әр шумақ бес жолдан тұрады да, ұйқас түрлері мынадай болып келеді:
Мұнда әр шумақтың үш жолы өзара ұйқасып келеді де, әрбір қос шумақтың соңғы жолдары үйлесім табады. Дөнентаев поэзиясының өзіндік бір ерекшелігі юморлық бағытына, сатиралық өткірлігіне байланысты. Ол революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде Абай мен Сұлтанмахмұттан кейінгі ірі сатирик ақын болып табылады.
## Дереккөздер |
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы – 2 тамыз 2020) — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
## Биографиясы
Дулат тайпасының Шымыр руының Бестерек бөлімінен.
* 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
* 1981 жылы әлем чемпионы,
* 1982 жылы әлем кубогінің күміс жеңімпазы,
* 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
* 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
* 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
* 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
## Марапаттары
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған .
## Отбасы
Анасы – Күнтөре Әміралиева.
## Дереккөздер |
әл-Китаб әл-мұхтасар фи хисәб әл-жәбр уә-л-мұқабала (арабша «Толықтыру және теңдестіру арқылы есептеу туралы қысқаша кітап», ол қысқартылған Хисәб әл-жәбр уа-л-мұқабала, Китәб әл-жәбр уа-л-мұқабала және басқа да транслитерацияланған аттармен белгілі) — мұсылман математигі Әл-Хорезми араб тілінде шамамен 820 жылы жазған математикалық шығарма.
Тағы бірнеше автор Китәб әл-жәбр уа-л-муқабала атты кітап жазған, солардың ішінде Әбу Ханифа ад-Динауари, Әбу Камиль, Әбу Мухаммад әл-Ғадли, Әбу Йусуф әл-Миссыси, Ибн Турк, Сынд ибн Ғали, Саһл ибн Бишр, және Шарафаддин ат-Туси}}.
## Кітап
Бұл кітапта квадрат теңдеулерді және тағы бірқатар есептерді шешуге арналған ережелер жиналып, біраз кеңейтілген. Бұл кітап қазіргі заманның алгебрасына бастама берген шығарма болып саналады. «Алгебра» сөзінің өзі осы кітаптағы теңдеулермен жасалатын амалдардың бірінің атынан («әл-жәбр») келіп шыққан. Кітап латын тіліне Liber algebrae et almucabala деген атпен аударылып, қазіргі алгебра сөзі содан бастау алады.
Кітаптың өзінде Дереккөздер көрсетілмегендіктен, әл-Хорезми қандай кітаптарды қолданылғаны белгісіз. Математика тарихшылары кітаптың мәтінін талдау арқылы және сол кездегі бүкіл мұсылман дүниесінде белгілі болған математикалық мәліметтерді анықтау арқылы оның жазылуына әсер еткен шығармаларды анықтауға тырысуда. Ең анығы, кітаптың авторы үнді математиктерінің жетістіктерін пайдаланған.
Кітапта кез келген квадрат теңдеуді алты негізгі түрдің біріне келтіріп, сол негізгі түрлерді шешудің алгебралық және геометриялық тәсілдері келтірілген. Қазіргі кезде қолданылатын абстрактылы шартты белгілер кітапта атымен жоқ болғандықтан, «әл-Хорезмидің алгебрасы толығымен сөзбен сипаттау арқылы баяндалған. Гректің «Арифметикасында» немесе Браһмагуптаның еңбектерінде қолданылатын синкопациялар мүлдем қолданылмаған. Тіпті сандар арнайы таңбамен бейнеленген емес, толығымен сөздер ретінде жазылған!» Сондықтан теңдеулер сөзбен «шаршы» деп (яғни бүгіндері "x2" деп), «түбір» деп (бүгін оны "x" дер еді) және «сандар» деп (мысалы, «қырық екі», «жеті» деп толығымен жазып отырды) деп белгіленіп отырды. Бүгінгі күннің шартты белгілерін қолданса, теңдеудің негізгі алты түрі мыналар:
* квадраттар тең түбірге тең (ax2 = bx)
* квадраттар санға тең (ax2 = c)
* түбірлер санға тең (bx = c)
* квадраттар мен түбірлер санға тең (ax2 + bx = c)
* квадраттар мен сандар түбірге тең (ax2 + c = bx)
* түбірлер мен сандар квадраттарға тең (bx + c = ax2)
Әл-жәбр (араб жазуымен: 'الجبر') («толықтыру») амалы: теріс шаманы теңдеудің бір жағынан екінші жағына жіберіп, оң шама етіп өзгерту.
Әл-Хорезмидің мысалында (қазіргі белгілерді қолданса) "x2 = 40x - 4x2" теңдеуі «әл-жәбр» амалын қолдану арқылы мынаған өзгертіледі: "5x2 = 40x" Осы ережені қайталап қолдану арқылы есептеулерді пайда болатын теріс сандардан құтылуға болады.
Әл-мұқабала (араб жазуымен 'المقابله') («теңдестіру») дегеніміз — теңдеудің екі жағынан да бірдей оң шаманы алып тастау, сонда мына теңдеу: "x2 + 5 = 40x + 4x2" мына түрге келеді: "5 = 40x + 3x2". Осы ережені қайталап қолдану арқылы әр түрлі шамалардың (квадрат, түбір, сан сияқты) теңдеудің бір жағында тек бір рет қана кездесетіндей етіп түрлендіруге болады.
Кітаптың келесі бөлігінде жоғарыда айтылған ережелерді іс жүзінде қолданудың практикалық мысалдары келтірілген. Одан кейінгі бөлігінде аудан мен көлемді есептеудің жолдары қарастырылған. Кітаптың соңғы бөлігінде Ислам шариғатында пайда бола алатын енші бөлуге қатысты шытырман жағдайларды шешуде қолданылатын есептеулер қарастырылдады. Бұл бөлімдердеге есептерді шешу үшін квадрат теңдеулерді шеші жолдарын меңгері қажет емес.
## Сілтемелер
## Әдебиеттер
* R. Rashed, The development of Arabic mathematics: between arithmetic and algebra, London, 1994.
* Barnabas B. Hughes, ed., Robert of Chester's Latin Translation of Al-Khwarizmi's Al-Jabr: A New Critical Edition, (in Latin language) Wiesbaden: F. Steiner Verlag, 1989. ISBN 3-515-04589-9
## Тағы қараңыз
* Алгебра
* Алгебра тарихы
* Математика тарихы
## Сыртқы сілтемелер
* Al-Khwarizmi
Үлгі:Islamic mathematics |

Алтынбек Қоразбайұлы Қоразбаев (1 ақпан 1948 жыл, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылы) – қазақстандық композитор, әнші. Қазақстан халық әртісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. Қырғызстанның Халық артисі.
## Өмірбаяны
Үшінші сыныпта оқып жүргенінде Бескемпір ағасы оған сегіз ішекті мандолинді қаладан әкеліп береді. Оның өзі де орыстың әлде бір частушкаларын, әндерін шебер орындайтын. Оның тағы да бір серігі гармошка болды. Ол он екі жасынан бастап гармошканы қайда барса, сонда алып жүретін әдет шығарды. Осылай Алтынбек қос музыкалық аспапты игеріп ән салу өнеріне алғаш қадам басты. Ағасы Бескемпір Алтынбекті Тараздағы (ол кезде Жамбыл қаласы) мәдени ағарту училищесіне он бес жасында оқуға тапсырады. Училищенің директоры – Қырғызбай Айнағұлов еді. Осында Алтынбек пианиноны ойнауды үйренсе, ұстазы Әбілахат Төлешов домбыраны тартуды үйретті. Енді ол төрт музыкалық аспапты ойнауды игерді. Алтынбек, әсіресе, күй тартуға құмарлана түсті. Әрине Құрманғазының «Сары арқасы», «Адай» күйлері қай қазақтың делебесін қоздырмаған. Сол жылдары Алтынбек баянда ойнауды да игерді.
Алтынбектің ұстаздарының кейбіреулері оны Мәскеу немесе Ленинград музыкалық жоғары оқу орындарына баруға үгіттейді. Училищені сол жылдары Шора Теміров басқарды. Шора Теміров Алтынбекті жетелеп әкеліп консерваторияның дирижерлік бөліміне оқуға орналастырады. Мұндағы ұстазы – Алдаберген Мырзабеков. Ұстаз Алтынбекті оқып жүрген кезінде-ақ, Құрманғазы атындағы оркестрге өткізеді. Сонда ол 1973 жылға дейін домбырашы болады. Алтынбек оркестр құрамында Финляндия, Қазақстан мен Ресейдің біраз қалаларына, елді мекендеріне барып өнерін көрсете бастайды. Оның есінде әсіресе Қазақстан халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевпен бірге Гурьев облысына 1972 жылы баруы өнерінің бір белесі болып танылады. Сол жылдары ол Кененнің «Бозторғайын» «Базар-Назарын» және «Қайран жастық» әндерін орындаған.
* 1973 жылдан Жамбыл облыстық «Алатау» эстрадалық ансамблінің көркемдік жетекшісі, сонан соң облыстық филармония директоры болып істеді. Халық сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Шашбаулым», «Сырғалым», «Аяулы Таразым», «ата», «Сағындым атамды» әндерінің авторы.
## Марапаттары
Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін А. Қоразбаевқа
* Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;
* «Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі»
* 1993 жылы «Қазақстан халық әртісі»
* 1994 жылы «Қырғызстан Республикасының халық артисі» құрметті атақтары берілді.
* 2004 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
* 2010 жылы «Парасат ордені»
* 2016 жылы елбасының қолынан ІІІ дәрежелі «Барыс ордені» алды.
* 2021 жыл 1 дәоежелі Барыс ордені.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Алтынбек Қоразбаевтың «нағашылары» көбейдi Мұрағатталған 5 наурыздың 2016 жылы. |
әл-Китаб әл-мұхтасар фи хисәб әл-жәбр уә-л-мұқабала (арабша «Толықтыру және теңдестіру арқылы есептеу туралы қысқаша кітап», ол қысқартылған Хисәб әл-жәбр уа-л-мұқабала, Китәб әл-жәбр уа-л-мұқабала және басқа да транслитерацияланған аттармен белгілі) — мұсылман математигі Әл-Хорезми араб тілінде шамамен 820 жылы жазған математикалық шығарма.
Тағы бірнеше автор Китәб әл-жәбр уа-л-муқабала атты кітап жазған, солардың ішінде Әбу Ханифа ад-Динауари, Әбу Камиль, Әбу Мухаммад әл-Ғадли, Әбу Йусуф әл-Миссыси, Ибн Турк, Сынд ибн Ғали, Саһл ибн Бишр, және Шарафаддин ат-Туси}}.
## Кітап
Бұл кітапта квадрат теңдеулерді және тағы бірқатар есептерді шешуге арналған ережелер жиналып, біраз кеңейтілген. Бұл кітап қазіргі заманның алгебрасына бастама берген шығарма болып саналады. «Алгебра» сөзінің өзі осы кітаптағы теңдеулермен жасалатын амалдардың бірінің атынан («әл-жәбр») келіп шыққан. Кітап латын тіліне Liber algebrae et almucabala деген атпен аударылып, қазіргі алгебра сөзі содан бастау алады.
Кітаптың өзінде Дереккөздер көрсетілмегендіктен, әл-Хорезми қандай кітаптарды қолданылғаны белгісіз. Математика тарихшылары кітаптың мәтінін талдау арқылы және сол кездегі бүкіл мұсылман дүниесінде белгілі болған математикалық мәліметтерді анықтау арқылы оның жазылуына әсер еткен шығармаларды анықтауға тырысуда. Ең анығы, кітаптың авторы үнді математиктерінің жетістіктерін пайдаланған.
Кітапта кез келген квадрат теңдеуді алты негізгі түрдің біріне келтіріп, сол негізгі түрлерді шешудің алгебралық және геометриялық тәсілдері келтірілген. Қазіргі кезде қолданылатын абстрактылы шартты белгілер кітапта атымен жоқ болғандықтан, «әл-Хорезмидің алгебрасы толығымен сөзбен сипаттау арқылы баяндалған. Гректің «Арифметикасында» немесе Браһмагуптаның еңбектерінде қолданылатын синкопациялар мүлдем қолданылмаған. Тіпті сандар арнайы таңбамен бейнеленген емес, толығымен сөздер ретінде жазылған!» Сондықтан теңдеулер сөзбен «шаршы» деп (яғни бүгіндері "x2" деп), «түбір» деп (бүгін оны "x" дер еді) және «сандар» деп (мысалы, «қырық екі», «жеті» деп толығымен жазып отырды) деп белгіленіп отырды. Бүгінгі күннің шартты белгілерін қолданса, теңдеудің негізгі алты түрі мыналар:
* квадраттар тең түбірге тең (ax2 = bx)
* квадраттар санға тең (ax2 = c)
* түбірлер санға тең (bx = c)
* квадраттар мен түбірлер санға тең (ax2 + bx = c)
* квадраттар мен сандар түбірге тең (ax2 + c = bx)
* түбірлер мен сандар квадраттарға тең (bx + c = ax2)
Әл-жәбр (араб жазуымен: 'الجبر') («толықтыру») амалы: теріс шаманы теңдеудің бір жағынан екінші жағына жіберіп, оң шама етіп өзгерту.
Әл-Хорезмидің мысалында (қазіргі белгілерді қолданса) "x2 = 40x - 4x2" теңдеуі «әл-жәбр» амалын қолдану арқылы мынаған өзгертіледі: "5x2 = 40x" Осы ережені қайталап қолдану арқылы есептеулерді пайда болатын теріс сандардан құтылуға болады.
Әл-мұқабала (араб жазуымен 'المقابله') («теңдестіру») дегеніміз — теңдеудің екі жағынан да бірдей оң шаманы алып тастау, сонда мына теңдеу: "x2 + 5 = 40x + 4x2" мына түрге келеді: "5 = 40x + 3x2". Осы ережені қайталап қолдану арқылы әр түрлі шамалардың (квадрат, түбір, сан сияқты) теңдеудің бір жағында тек бір рет қана кездесетіндей етіп түрлендіруге болады.
Кітаптың келесі бөлігінде жоғарыда айтылған ережелерді іс жүзінде қолданудың практикалық мысалдары келтірілген. Одан кейінгі бөлігінде аудан мен көлемді есептеудің жолдары қарастырылған. Кітаптың соңғы бөлігінде Ислам шариғатында пайда бола алатын енші бөлуге қатысты шытырман жағдайларды шешуде қолданылатын есептеулер қарастырылдады. Бұл бөлімдердеге есептерді шешу үшін квадрат теңдеулерді шеші жолдарын меңгері қажет емес.
## Сілтемелер
## Әдебиеттер
* R. Rashed, The development of Arabic mathematics: between arithmetic and algebra, London, 1994.
* Barnabas B. Hughes, ed., Robert of Chester's Latin Translation of Al-Khwarizmi's Al-Jabr: A New Critical Edition, (in Latin language) Wiesbaden: F. Steiner Verlag, 1989. ISBN 3-515-04589-9
## Тағы қараңыз
* Алгебра
* Алгебра тарихы
* Математика тарихы
## Сыртқы сілтемелер
* Al-Khwarizmi
Үлгі:Islamic mathematics |
Бостандық ескерткіші (ағылш. Statue of Liberty) — Солтүстік Америкадағы ағылшын иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның АҚШ-қа тартқан сыйлығы.
## Ескерткіш тарихы
Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген.
Француздар мүсінді, ал америкалықтар оның тұғырын жасауға келісті. Мүсінді Бартольди жасады, металл қаңқасын Г. Эйфель құрастырды, бет-бейнесіне мүсіншінің анасы Шарлотта Бартольди үлгі болды. 1884—1886 жылдарда мүсін дайын болды. Ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда Нью-Йорктегі Бедлоу аралында ашылды. Мүсіннің биіктігі 46.5 м, тұғыры 46.94 м, жалпы салмағы 225 т. Әйел мүсінінің басына 7 шабағы бар тәж кигізілген, оң қолына алау көтерген, сол қолында заңдар кітабы бар, ол кітапта АҚШ-тың тәуелсіздік күні жазылған. 1903 жылы мыс табақша жапсырылды, онда Э. Лазарустың дастанынан үзінді берілген. Тәждегі шабақтар 7 теңіз бен 7 құрлыққа жарқырап төгілген сәулені білдіреді. Мүсін әуелде боялмаған еді, кейін мыстың қышқылдануы нәтижесінде ол жасыл түске енді. Мүсін тұғырының ішінде АҚШ-қа иммигранттардың келу тарихы және осы ескерткіштің құрылысы туралы мәліметтер беретін мұражай бар. Мүсін азаттықтың белгісі ретінде ұлттық ескерткішке айналған.
*
*
*
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Statue of Liberty National Monument The official Historical Site handbook.
* StatueOfLiberty.info All about the Statue of Liberty—French—English.
* PBS documentary about statue of liberty
* Statue of Liberty-Ellis Island Foundation Fun facts, children's picture contest, and other information on the foundation.
* Statue of Liberty Facts Мұрағатталған 12 ақпанның 2010 жылы.
* The Statue of Liberty article by Alexandra Kollontay, 1916.
* Historical Information and Photographs
* A Palestinian version of the Statue of Liberty on the cover of "This Week in Palestine" (Ramallah), No. 95, Наурыз 2006
* Gallery Images of the Statue of Liberty Мұрағатталған 14 маусымның 2009 жылы. |
Тараншы дегеніміз — бүгінгі Шынжаңдағы Тарим өзенінің алабындағы шұраттарда тұратын, түркі тілдерінің қарлұқ тармағына жататын тілдердің бірінде сөйлейтін және шығу тегі жағынан ежелдегі иран, тохар халықтарының және бертінде көшіп келген түркі-моңғол тайпаларының (қарлұқтар, ұйғырлар, яғмурлар және моңғолдар) ұрпақтары болып табылатын отырықшы халықтың аты.
Шағатай тілінде «отырықшы шаруа» дегенді білдіретін осы атаумен Ферғана аңғарында және бүкіл Орталық Азияның шұраттарында тұратын отырықшы, жер өңдеумен айналысатын тұрғындарға қатысты қолдануға болады. Тарим өзенінің алабы (Қашғар, Құмыл, Хотан және Тұрпан шұраттары сияқты шұраттарды қамтитын) жер өңдеуші тараншылардың нағыз отаны болып есептелсе де, олар Қытай тарихының Миң және Циң кезеңдерінде қазіргі Үрімші мен Іле сияқты жерлерді де қоныстаған. Мәнжу империясы жоңғар қалмақтарын басып алған соң ол көптеген тараншыларды отырықшы сібе гарнизондарымен бірге Іле өзенінің аңғарында қоныстануға жіберген. Шынжаңның көпұлтты мұсылман мәдениетінде «тараншы» ұғымы «сарт» ұғымына қарама-қарсы мағынада қолданылады: тараншы деп жер өңдеуші отырықшыларды атаса, сарт деп қалада тұратын саудагер-қолөнершілерді атаған. Әрине, шұраттардағы мұсылман мемлекеттерінің билеуші таптары тараншыларға жатқызылмаған, оларды шығу тегі бойынша көбінесе «моғол» немесе долан деп атаған. Бірақ қазіргі көзқарастан қарағанда, тараншылар, сарттар мен моңғол доландарды үш түрлі этникалық топ деп қарастыруға болмайды, оларды бір шағатай-тимурид мәдени және тілдік бірлестігіндегі үш түрлі топ немесе тап деуге ғана келеді.
20-шы ғасырдың бас кезінде Ресей, Ұлыбритания мен Қытайдың арасында болған, «Үлкен ойын» деген атқа ие болған геополитикалық бәсекелестіктің түпкі нәтижесі ретінде Орталық Азия қазіргі ұлттық мемлекеттердің арасында бөлініске түсті. Шұраттарда тұратын шаруалар 1930-шы жылдардың басына дейін ұйғыр ұлтына қосылып болды. Бір қызығы, шұраттарда немесе Іле өзенінің бойындағы қалаларда тұратын сарттар ұйғыр болып жазылса, байланыстары Шынжаңның батысымен күштірек болған сарттар өзбек болып жазылып кетті. Кейде бұндай бөліну шарттылығы көзге ұрып тұрады, мысалы, қашғарлықтардың әндіжандықтардан айырмашылығы олардың тұрпанлықтардан айырмашылығындай зор.
Қазіргі кезде бұл атау қолданылмайды немесе ауызекі тілде ғана қолданылады. |
Арғын этнонимінің тарихы – басқа да қазақ тайпаларының этнонимдарының тарихтары сияқты өте ерекше және қызық.
Ғылыми жағынан көзге ерекше түсетін жай – арғын тайпасының елдік аты (этнонимі).
Ол бізге ежелгі заманда жасаған Ғұн (Ғын) елінің атын еске түсіреді. Сол елдің аты осы Арғын тайпасының атында сақталған деуге болады.
Тегінде, ғұн заманында белгілі болған саяси-әлеуметтік атаулар арғын мен қыпшақ тайпаларының арасынан кейде кездесіп отырады. Соның бірі қыпшақ елінің ұраны – «Ойбас» (немесе «Ойырбас»). Ол – Ғұндардың атақты батырының аты. Бұл – көптеген ғалымдардың қыпшақтар Ғұннан тараған деуіне дәлелдің бірі болуға тиіс. Оның үстіне ғұндар түркі тайпаларының түп атасы екені Қытай тарихында ашып айтылған. В.В. Бартольд, А.Н. Бернштам, т.б. ғалымдар да солай дейді. Олар Ғұн мен Оғыз екеуі бір ел деп дәлелдейді. Бұған қарағанда Арғын ежелгі ғұндардан таралып, солардың атын этноним түрінде сақтағаны байқалады.
Тарихи мәліметтерде Арғын аты бірнеше түрде кездеседі: Ғын, Ғұн, Ақ Ғұн, Қара Ғұн, Аруғ-Ғұн, Тағ-Ғұн. Мұндағы Ақ-Ғұн, Аруғ-Ғұн – екеуі бір мәнді сөз. Мұндай аттар ежелгі тайпалар арасында жиі кездеседі. Мәселен, аруғ – тұқым, аруғ (тыным) – тыным, Ақ Қаңлы, Қара Қаңлы, Ақ Найман, Қара Найман, т.б. Мұндағы «ақ», «аруғ» (арық) сөздері «таза», «ару» деген ұғымды көрсетеді. Ерте кезде тайпаларды біріктіріп, оған басшы болған оқтарды осылай атайтын болған. Батыс түрік қағанаты кезіндегі Қыпшақ, Арғын, Басымыл, Қарлық, Қайы – көршілес отырған аталас елдер. Махмуд Қашғари оларды солтүстік өлкені мекендейтін тайпалар құрамында (Ертіс бойында) деп көрсетсе, оңтүстік пен солтүстікке түгел тараған, екі жаққа бірдей тайпалар деп анықтайды. Сондықтан арғынтарды және оның құрамына кірген Басымылды (Басым елі) оңтүстік пен солтүстік тайпаларының араласуынан шыққан ел деп бірінші айтқан – француз ғалымы Дюканже...
Арғындар – түркі тайпалары жекелей алғанда, қазақтар ішінде саны жағынан көп рулардың бірі.Амур өзеніне құятын Бурятиядағы өзен аты Арғын (Аргун) деп аталады. Алтайда Қотын өзенінің оң саласын құрайтын Арғұт өзені бар. Моңғол тілінде сөздің «т» әрпімен біту көпше жалғауды, «н» әрпімен біту жекеше жалғауды білдіреді. Егер сөздің соңындағы «т»-ны «н»-ға өзгертсек, тағы да «арғұн» немесе«арғын» шығар еді. Аристов V ғасырдағы қытай тарихшыларының «алунь» және «бой-егу» халықтары туралы дерек қалдырғанын айтады. Қытайлықтардың «р» әрпіне тілі келмейтіні белгілі.
## Шыңғыс хан кезіндегі Арғын этнонимі
Аристов арғындар Шыңғысханның кезінде батысқа қарай, наймандар мен керейлердің алдын алып жылжыды деп айтады. Шағатай ұлысын, Қарақұл хан өлгеннен кейін, оның әйелі – бір жазуда Ергене қатын, екінші жазуда Оргона немесе Аргуна қатын билегені белгілі. Қазіргі Қапал Лепсі уезінің жерін 1253 ж. қарашасында жүріп өткен Рубрук бұл ел бұрын Оргонум деп аталғанын тұжырымдады. Рубруктың комментаторы проф. Малеин былай деп жазады: «Рубрук елді Оргона патшайымның атымен атап әдеттен тыс қателесті». Бұған дәл сол маңда Арғын ата тауының бар екенін, бұл сол «арғын» және «ата» деген екі сөзден құралғанын қосамыз, яғни «арғынның атасы», мүмкін, «арғын» кісі есімі емес те шығар, оның орнына қазақтарда көбінесе рудың аты пайдаланылады. «Орғана», «орғаным», «арғанаты» деген сөздердің жиі қайталануы, әрине, кездейсоқтық емес. Темірдің жорықтары туралы жазбалардан арғындардың XIV ғ. Алакөл мен Қаратал өзені аралығында мекендегенін білеміз.Шамасы, Рубрук өзінің комментаторына қарағанда көп қателеспеген. Рубруктың құлағына шалынған латын жалғауы бар «орғаным» сөзі – елді мекеннің аты емес, қайта, сол арғын халқының аты. Арғын қатын деген сөз тіркесі – қазақтардың түсінігінде белгілі бір әйелдің арғын руынан шыққандығының белгісі. Сондықтан да бұл билеушінің аты емес. «Ел (бізше – халық) бұрын арғын деп аталған» деген сөзден арғындардың ол жерде Шыңғысханның жорығынан бұрын тұрғаны белгілі болады. Шыңғысхан жорығына байланысты деректерден 1219 жылдың күзінде Қоялық қаласында оған Арслан хан Қарлұқтың қосылғаны белгілі. Егер арғындар бұдан бұрын осы жерлерде тұрса, онда олар Арслан хан Қарлұқтың қол астында болғаны және онымен бірге Шыңғысханның Түркістан мен Персияға жасаған жорығына қатысқаны шындыққа жанасады.Темір жорықтарына арналған деректерге қарағанда, арғындар XIV ғ. аяғында Алакөл көлі мен Қаратал өзенінің арасында тұрған, яғни олар бұрынғы орындарында қалған.Шағатай ұлысының құрамында болған арғындар Темірдің 1376, 1389 және 1390 жылдардағы жойқын шапқыншылықтарына ұшырады, одан кейін XV ғ. басында шығыстан жоңғарлардың шабуылы басталды да, 1456 ж. арғындар батысқа қарай кәдімгідей жылжып, Орыс ханның немересі, әйгілі Жәнібек ханның қарамағында болды. Шамасы, арғындар батысқа қарай 1400-1410 жылдар мәулетінде қозғалса керек. өйткені арғындар (қанжығалы руы) (қанжығалы руы Қоңыраттың 30 ұлы,екі құлдарының,бір ұлы болған. ) 1420 ж. Жәнібектің әкесі Барақ ханның Ташкент пен Ходжентке қарсы жорығына қатысады.
## Арғындардың Қазақ хандығының құрылуына қосқан үлесі
Арғындар арасында көшпелі өзбектердің ханы Әбілқайырға жақын жүргендер қатарында қара қыпшақ Қобыланды мен арғын руынан ел Ақжол деп атаған Дайырқожа болған екен деген аңыз бар. Олар іштей жауласып жүреді де, оның ақыры Дайырқожаның Қобыланды қолынан қаза табуымен аяқталады. Арғындар Әбілқайырдан Қобыландыны қысас қылып өлтіруге қолдарына беруді сұрапты, бірақ хан оны орындамауға сескенген жоқ. Сонда арғындар (және керейлер) Жәнібек пен Керей сұлтанға ілесіп, Әбілқайырды тастап кетеді. Бұл аңыз бізге тарихтан белгілі. Жәнібек пен Керейдің Моңғолстанға, Балқаш көлінің оңтүстігіне ығысу себебін де тиянақтай түседі. Шамасы, шейбанидтердің ішінде бірде-бір арғынның қалмауы осы қанды өкпемен түсіндіріледі. Басқа рулар болса, бұл тұста шейбанидтер мен Жәнібек тұқымдарының арасында бөлініп кеткен, ал Мұхамед-Шейбани Түркістанды жаулағанда онымен бірге болған рулардың тізімінде арғындар кездеспейді. Қазақ хандығының құрылуы осы шақтан бастап жүргендіктен, арғындар осы халықтың құрамындағы аға орынды алғаны күмәнсіз.
## Дереккөздер тізбегі
* «Қазақ халқының қаһармандары», Жеңіс Марданұлы, Павлодар – 1991 жыл – «Дауа».
* «Шежіре», Тілеке Жеңіс, Павлодар – 1995 жыл – «Дауа», «Қазақстан».
* Ш.Уәлиханов, 5 томдық шығарма жинағы, 1 том, 1961 ж., 222 бет.
* Қазақ ССР ҒА Орт. ғыл. кітап. қолжазбалар қоры, 829 папка, 2 дәптер.
* «Из истории Казахстана XVIII века», Р.Сүлейменов, В.Моисеев, 1988 жыл.
* Қазақ Совет Энциклопедиясы, 7 том.
* ҚСЭ,1 том, 450-451 беттер, Әлкей Марғұланның мақаласы. |
Жұлдызбек Бекмұхамедұлы Әбілқожин (23 қазан, 1951 жылы туған, Алматы қаласы) – тарих ғылымдарының докторы (1991).
## Өмірбаяны
* ҚазПИ-дің тарих факультетін (1976, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
* 1978 жылдан Қазақстан Ғылым Акедемиясының Тарих, археология және этнология институтында ғылым жұмыспен айналысты.
* 1992 жылдан осы института бас ғылыми қызметкер.
## Ғылыми еңбектері
* «Традиционная структура Казахстана (1920–1930-е годы)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
* Қазақстандағы 1931–1933 жылы ашаршылық, күштеп ұжымдастыру, қазіргі кездегі аграрлық мәселелер жөнінде жаңа методика тұрғыдан жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
## Шығармалары:
* «Традиционная структура Казахстана: социально-экономические аспекты функционирования и трансформации», 1991;
* «Очерки социально-экономической истории Казахстана», А., 1997.
## Дереккөздер |
Едіге (1352–1419) — Ноғай ордасының негізін қалаған әмірші, қолбасшы.
## Шығу тегі
1352 жылы Ақ Ордада, Құмкент деген жерде туған. Сол кезде Ақ Орда Алтын Орда хандарының билігінен саяси еркіндігін алып, тәуелсіз хандық болып кеткен болатын. Едіге Қоңыраттың маңғыт, Маңғытай руынан шыққан, жоғары мәртебелі мырзалардың ұрпағы еді.
## Өмірі
### Тоқтамыспен одағы
1376 жылы жанжалдан кейін Ақ Орданың әміршісі Орыс ханның қуғынынан Әмір Темірдің тұсында Мауараннаһрге қашып кеткен. Самарқандта Едіге Тоқтамыспен кездесіп, оның Орыс ханға қарсы күресіне көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысты да, Едігені де мейман қылып, оларға Орыс ханға қарсы әрекеттерін қолдайды. Бірақ Тоқтамыс Ақ Орданың, кейін Алтын Орданың тағын қолына алып алғаннан кейін, Әмір Темірді сатып кетеді. Темірдің Тоқтамысты жазалағысы келеді. Едіге Темірді Тоқтамысқа қарсы соғысында қолдайды. 1391 жылы Тоқтамыс жеңілгеннен кейін, Едіге өз әскерімен Темірден айырылып, Еділмен Жайықтың арасында жерлерін басқара бастайды. Ноғай ордасының негізін салушы- Әмір Едіге (1395–1419) 15 ғасырдың соңында Алтын Орданың саяси өміріне қызу араласып, 15 жылдай Алтын Ордада саяси билікті өз қолында ұстап, ұлы әмір атанған. Шыңғысхан әулетінен хан сайлау Едіге әулетінің келісімісіз қабылданбайтын дәстүрге айналды.
## Хандық билікке қол жеткізуі
Едігені әмірші деп санаған жұрт Алтын Ордада тұрып, өзін ноғайлы деп атағаннан кейін, Едіге би өз құрастырған мемлекетін Ноғай ордасы деп атаған. 1397 жылы Едіге би Алтын Орданың әскерінің қолбасшысы болып, 1399 жылы Литваның князі Витовт пен Литваға қашқан Тоқтамыстың әскерлерін құртып, оларды жеңген. Әмір Темір тағына отырғызған Алтын Орданың ханы Темірқұтылық хан өлгеннен соң, Едіге тағына Шәдібек ханды отырғызады. Шыңғыс ханның ұрпағы болмағандықтан, Едігенің атағы «хан» емес, «би» еді (Ұлы Темірдің де атағы сол себептен «хан» емес, «әмір» еді). Бірақ, Едігенің билігі ханның билігінен кем емес еді. Шәдібек Едігеден тәуелді еді. 1409 жылы Едіге Батыс Сібірде жасырынған Тоқтамысты тауып, өлтіреді. 1407 жылы өзін «Бұлғария әмірі» атап кеткен Жәлеледдінге қарсы шабуыл жасайды. 1408—1409 жылдары Ресейге қарсы соғыс жүргізеді. Серпухов, Дмитров, Ростов, Переяславль, Төменгі Новгородты алып, өртеп тастайды. Мәскеуге дейін басыпбарады, бірақ қаланы ала алмайды. Соғыстың себебі Едігенің Ресей оған салық төлесін деген қалауы және Алтын Орданың бұрынғы ахуалын қайтару еді. 1410—1412 жылдары Ноғай ордасында жанжалдар басталғаннан соң, Едіге билігінен айырылады. 1419 жылы, 67 жастағы Едіге би Ноғай ордасының астанасы – Сарайшық қаласының маңында Тоқтамыстың ұлы – Қадырбердінің қолынан қаза табады.
## Қолданылған әдебиеттер
* Қазақ энциклопедиясы |
Сейіт-Әлімхан әмірші (толық аты — Сейіт Мір-Мұхаммед Әлімхан) — Бұқар әміршілігінің соңғы әміршісі (1911-1920).
1881 ж. (һижра бойынша 1298 ж. мұхаррам айының 5-інде) Керминеде туған, әмірші Абдулахадханның баласы.
Сауаты ашылып, бастауыш білімін алғаннан соң, жасы 12-ден 13-ке кеткенде 1893 ж. сол кезде Ресей империясының елордасы болған Санкт-Петербургға кетіп әскери білім беретін оқу орнына түсті. Оны 1896 ж. бітіріп шықты.
Екі жылдан кейін Қаршы уалаятының әкімі болып тағайындалды. 1910 ж. туған жері Керминеге әкім болып кетті.
1911 ж. әкесі қайтыс болған соң, әмірші болып таққа отырды.
Большевиктермен күресіп, ақырында 1920 ж. биліктен айрылып, 1921 ж. Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Өмірдің соңғы 23 жылын Ауғанстанда тұрып, 1944 ж. қайтыс болды. |
Абдулахад әмірші — Бұқар әміршілігінің Маңғыттардан шыққан алтыншы әмірі.
1859 жылы туған. Мұзаффар әмішінің баласы Сейіт-Әлімхан әміршінің әкесі.
Керминенің әкімі болған. 1885 жылы әкесі әмір Мұзаффар әмірші қайтыс болған соң таққа отырды. Одан бұрын 1883 жылы Ресей патшасы император Александр Үшінші таққа отыру салтанатына құрметті мейман ретінде барып, өзіні Ресей мойындайтын Бұқар әміршілігінің келесі заңды билеушісі, Мұзаффардың мұрагері болғанын растады.
Әмір Абдулахад мектеп-медресе жайында мәселесін шешті. Ресеймен үкіметімен жақындап, Бұқар әміршілігінің тәуелсіздігін сақта алған. Бірақ екінші жағынан өте қатал әмірші еді. Таққа отырған соң, бар інілерін және олардың балаларын абақтыға отырғызды. Бұл әмірдің кезінде Бұқар әміршілігінің қарапайым жұртынан жыл сайын алынатын салықтардың түрлерін саны көбейді.
Абдулахадтың тұсында диуанбегі Астанақұл жүрген.
1911 жылы әмір Абдулахад қайтыс болып, билігін баласына, Сейіт-Әлімхан әміршіге берді. |
Марат Сейітұлы Қоңыров — қазіргі заман қазақ жазушысы.
Жастайынан әкесіз қалып, он жасынан бастап қатал «көшенің әдеттері» бойынша өмір сүрген. Ақырында кәмелет жасына жетпеген балаларға арналған арнайы абақтысына түскен. Бостандық алғаннан кейін жала кінәланып тағы да темір тордың ар жағына түскен.
1995 жылы Қоңыровтың орыс тілінде «Нести свой крест» кітабі Ресейде шыққан. Бұл жазушының алғашқы повесті. Кейін ол ағылшын тіліне аударылып АҚШ-та басылып шыққан.
1966 жылынан 1998 жылына дейін Қоңыров «Каждый взойдет на Голгофу» деген романды жазады. Роман Көкшетау, Семей, Будапешт қалаларында жазып, Алматыда жазып бітірген. 2000 жылы «Каждый взойдет на Голгофу» романы Алматының «Қазақстан» баспаханасында кітап болып шыққан. «Каждый взойдет на Голгофу» кітабі Қазақстанның абақтыларының айнасындай көрсететін портреті. Кітапта адамдардың мұңдары суреттенген. Автор адамдардың қатал, қатыгез қылықтары, ақша, мал-мүлік үшін өлтіруі, өмір мен ар-намысын сақтау үшін қанды жекпе-жектері туралы жазады.
1998—2001 жылдардың арасында, Қоңыров «Потерянный рай» философиялық-психологиялық романын жазады. Романның жазуы Семей өңіріңдегі Жидебай шатқалында (ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің туған жерінде) басталып, Солтүстік Қазақстан облысының Теңіз темір жол станциясында аяқталған.
## Дереккөздер |
Ноғайлар (ноғ. ногай, ногайлар) — Солтүстік Кавказды мекендейтін түркі халқы. Халық саны 110,000 адамнан астам, соның 104 мыңы Ресейде тұрады. Ноғайлар негізінен Ресейдің Дағыстан, Қарашай-Черкесия, Шешенстан республикалары, Ставрополь өлкесі және Астрахан облысында тұрады. Бір бөліктері Украинаның Қырым Республикасының солтүстігінде, Румыния теңіз жағалауында және Түркияда тұрады. Дағыстанның Ноғай ауданы және Қарашай-Шеркесияның да аттас ауданы бар, алайда екеуінің де автономиялық деңгейі жоқ. Ноғай халқының шығу тегі жиі қыпшақтар, маңғыттар, құмандар және печенегтермен байланыстырылады.
## Тілі
Ноғай тілі алтай тілдері семьясының түркі тілдерінің батыс ғұн бұтағындағы қыпшақ тобының қыпшық-ноғай ішкі тобына жатады.
## Діні
Ноғайлардың дәстүрлі діні — сунни исламның ханафи мазһабы.
## Тарихы
Ноғай халқының қалыптасуында 3 кезеңді атап өтуге болады: Ноғай ордасының құрылуы және ыдырауы (XV–XVII ғасырдың бірінші жартысы), бөліну кезеңі (XVII ғасырдың екінші жартысы–XVIII ғасырдың бірінші жартысы) және соңғысы — ноғай ордаларының Ресей империясының құрамына кіруі (XVIII ғасырдың екінші жартысы).
Өз дәуірінде Еуразия құрлығында ноғайлардың рөлі зор болатын. Ноғайлар Қырым хандығында, Днестр мен Днепрдің төменгі сағаларында (орыс тарихында «Дикое поле» деген атпен белгілі, қазіргі Украина жерлері), Валахия мен Добруджада, оңтүстік Молдовада, Еділ бойы, Орал бойы мен Сібірде және бүкіл Солтүстік Кавказда (көбіне Дон мен Құбан арасы) тұрған болатын.
Ноғайлардың өте күшейген кезі ХV ғасырдың соңы және ХVІІ ғасырдың бірінші жарты жылдығының аралығында еді. Мәселен, Қырымда тұратын ноғайлар Қырым ханынан тәуелсіз бола отырып, сол кездегі Ресейдің оңтүстік шекаралас аумақтарына жиі шабуылдар жасап тұрды. Орыс үкіметі 1550 жылы ноғайлардан қорғану үшін «Засечная черта» деген қорғаныс желісін салды. 1580–1590 жылдары осы желі бойында тірек пунктері мынадай қалалар салына бастады: Воронеж, Елец, Ливны, Оскол, Валуйки және т.б.. Бұл қамалдарды салудан кейін орыстар енді өз әскерлерін Ока өзенінің бойынан неғұрлым оңтүстікке қарай жылжытып, Мценск, Орёл және Новосел қалаларының төңірегіне шоғырландыра бастайды.
ХV ғасырдың екінші жартысында ноғайлар екіге бөлінді: Үлкен және Кіші орда. ХVІІ ғасырда қалмақтардың қатты қысымынан кейін (қазақ тарихында «Ала тайдай бүліну» деген атпен белгілі) ноғайлар бұрынғы мекендерін тастап, тек Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауы бойында ғана қалды. Ал, ХVІІІ ғасырда ноғайлар Осман мен Ресей империяларының арасындағы ойыншыққа айналды, бұрынғы тәуелсіздігінен толық айырылды. ХVІІІ ғасырда жұртта қалған аз ноғай төрт приставтыққа бөлініп Ставрополь губерниясының құрамына қосылды, патша үкіметінің отарлау саясатына шыдамаған ноғайлардың екінші толқыны шетел аса берді.
1944 жылы Шешен-Ингуш АКСР таратылғаннан кейін Грозный облысы құрылып, оған Ноғай даласының аудандары қосылды. Шешендер мен ингуштарға Қазақстаннан өз ата-мекеніне қайтуға рұқсат берілгеннен кейін Ноғай, Қызлар және Тарум аудандары Дағыстанның, ал Шелковский ауданы Шешенстан-Ингушетияның құрамына берілді, ал Нефтекум ауданы Ставрополь өлкесінің құрамында қалды. Осылайша, ноғайлардың этникалық аумағы Ресей Федерациясының әртүрлі субъектілерінің құрамында бөлініп қалып, ноғайлардың қоғамдық-саяси өмірінде дағдарыс туды. Дағыстандағы Ноғай ауданын басқа жерлерде тұратын ноғайлар сол жерлерде азшылықты құрауының өзі де әсер етпей қоймады, бірақ 2005–2006 жылдары Қарашай-Шеркес автономиясындағы ноғайлар өз ауданын құра алды.
## Ноғай бөліктері
Ноғайлардың Үлкен ордасы
* Бұжақ ноғайлары — Танай (Дунай) өзенінен Днестр өзеніне дейінгі жерлерде;
* Жетісан ноғайлары — Днестр өзенінен Оңтүстік Буг өзеніне дейінгі жерлерде;
* Жембойлық ноғайлары — Оңтүстік Буг өзенінен Қырым түбегіне дейінгі жерлерде (ертеде Жем жағасында тұрған);
* Жетіскөл ноғайлары — Қырым түбегінің солтүстік жерлері;
Ноғайлардың Кіші ордасы
* Қобан ноғайлары — Азов теңізінін солтүстігіндегі Приморск (1964 жылына дейін Ноғай-қала) қаласы айналасындағы жерлер.
* Ақ ноғайлар — Қарашай-Шеркесия, Ставрополь өлкесі.
* Қара ноғайлар — Шешен республикасы, Дағыстан.
Ашықұлақ, құм ноғайлар бар Ставрополь өлкесінде тұрады, Астрахан ноғайлары бар. Қазаққа кірген ноғай-қазақ деген ру бар, атақоныс жері — Еділ менен Жайықтың арасы.
## Кәсібі
Ноғайлының негізгі кәсібі, тұрмысы — мал шаруашылығы. Төрт түлікті: жылқы, түйе, қой, сиырды түгелімен өсірді. Әсіресе, өгіздер, олар негізінен, өгізбен көшетін. Төрт түліктен, қойдан кейінгі көп өсіргендері — жылқы.
Аңшылық ноғайллардың әрі сауығы, әрі кәсібі еді. Қаршыға, лашын, қыран баптап, ит жүгіртіп, құс салу - машықты тірліктері болды.Қолөнер түрлерінен тері, қой терісін, ағаш өңдеу дамыды, киіз, мата жасалды, шапан, бас киім, етік, кілемдер жасалды. Қаз мамығынан жастық, көрпе, мамық төсек, жазу үшін қаз қауырсыны пайдаланылған.
Көшпелі ноғайлар киіз үйде, отырықшы ноғайлар Солтүстік Кавказ бен жергілікті орыстар сияқты жер үйлерде тұрды. Көшпелі ноғайлардың тағы бір түрі – киіз үй екі түрлі болды: жиналмалы және тегершікті. Тегершікті киіз үй қара жерге емес, төрт, алты, сегіз тегершікті арбалардың үстіне тігілді. Оны бұзып жинау, қайта құру деген болмады, тозса, арба үстінде тозды.
## Мәдениеті
Ноғайлардың ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті мұралары (лиро-эпикалық, ерлік, азаттық, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтел, аңыздар) кеңес заманына дейін халық жадында сақталып келді. Ноғай халқының өлең, жырлары қазақ ауыз-әдебиетімен үндес, түбірлес болып келеді.
Солт Кавказ ноғайларының киімдері сол өңір халыктарына құсас. Ерлер жейде, шалбар, бешпент, бөрік, башлық, бурка, тон киген. Әйелдер ұзын кең етек кейлек, бешпент, қыста тон киген. Зергерлік бұйымдар таққан. Аяқ киімдері — етік, башмақ, шарық.
Дәстүрлі тағамдары — ет, сүт ұн және балық өнімдерінен жасалады. Жылқы, қой етінен тамақ әзірлейді, түрлі шұжықтар жасайды. Ұннан шелпек пісіріледі, тұшпара қайнатады. Дәнді дақылдардан дәмді жарма дайындалады, жүгері, бидай жармасы, бұршақ қолданылады. Сорпалар ноғай асханасында ерекше орын алады, олар тауық кеспесі, ет, қамыр өнімдерімен дайындалады. Негізгі ұлттық сусындары — қымыз, одан басқа айран, бөзе, бал шербет, ноғай шайы дайындалады.
## Қазақстандағы ноғайлар
Қазақстанның ноғай диаспорасы санының жалпы динамикасы мынадай:
* 1970 жылы — 155 адам;
* 1979 жылы — 236 адам;
* 1989 жылы — 539 адам;
* 1999 жылы — 350 адам;
* 2009 жылы — 295 адам.
Қазақстан ноғайларының басым бөлігі (63,5%-ы) Атырау облысында тұрады.
## Танымал ноғайлар
* Арсланбек Сұлтанбеков, музыкант
* Альберт Ханболатұлы Батырғазиев, Ресей боксёрі
* Джунейт Аркын, Түркия актёры
## Дереккөздер |
Қара металлургия — өзінің негізгі өнімдерін екінші рет қайта өңдеудің аяқталған кезеңін қамтамасыз ететін ғаламат сала және сонымен бірге басқа салалар мен өндірістердің қалдықтарын кәдеге жаратуға қабілетті болып табылады. Қазақстан үшін қара металлургия – екінші дүние жүзілік соғысынан кейінгі жылдары ғана пайда болған ауыр өнеркәсіптің салыстырмалы түрдегі жас саласы. Қазақстанда шойын, болат, бұйымдарды илемдеу және ферроқорытпа өндіріледі.
Болатты өндіру және тұтыну көлемі әрқашан мемлекеттің экономикалық қуатының негізгі көрсеткіштерінің қатарына кіретін. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметімен елімізде импорттың орнын басатын және экспорттық әлеуетін көтеретін, металлургиялық кешенінде жоғары тауарлық дайындықтағы өнімді шығару өсімін қамтамасыз ететін, ғылымды қажетсінетін бәсекеге қабылеттілігін құруға бағытталған бірқатар ,бағдарламалар әзірленді. «Қазақстан Республикасының 1999-2003 жылдарға арналған тау-кен металлургия кешенін дамытудың тұрақты жұмыс істеуін және стратегиялық басымдылығын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» Республикалық мақсатты ғылыми-техникалық Бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығару бойынша технологияны меңгеру мақсаты қойылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында 2003-2005 жылдарға арналған металургиялық кешеніндегі төртінші және бесінші өзгертіп жасау өндірісін құруды қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық Бағдарламасы әзірленген, мұны іске асыру республиканың металлургиялық саласында жаңа технологияны негіздеу мен әзірлеуге жағдай жасайды. Осындай өндірістерді ұйымдастыру импорт бойынша шығынды бірқатар төмендетуге, жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттылық базасында жаңа жұмыс орындарын құруға, осы өнімге ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды.
Бағдарлама материалында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы металлургиялық кешенінің өндірістік жағдайы былай сипатталады:
* елімізде қазіргі кездегі өндірісті дамыту үшін ғылымды қажетсінетін, жоғары технологиялық, арнайы материалдар мен қорытпаларының өнеркәсіптік өндірісі мүлдем жоқ;
* машина жасау, мұнай газ, таулы-металлургиялық, жеңіл, тамақ және өнеркәсіптің басқа салалары, құрылыс индустриясы, ауыр машина жасау және кеме жасау үшін темір қақтау және металл өнімдеріне талап етілетін сұрыптау жүргізілмейді.
* ең озық технология негізіндегі – ұнтақты металлургия, электрометаллургия, гальванотехника, жаңа литейлі мен химиялық технологиялар және т.б. материалдар мен металл бұйымдарының өнеркәсіптік өндірісі жоқ.
* балансы аяғына дейін есептелмеген, металлдардың екінші ресурстары жеткіліксіз тиімді пайдаланылады, ал шетелге шығару бақылаусыз жүргізіледі.
Мұндай мақсаттар сервистік-технологиялық экономикасының ұзақ мерзімді жоспарына өту үшін шикізаттық бағытталуынан, жағдайларды дайындауынан бастап өтуіне жағдай жасайтын, экономика саласын әртараптандыру жолымен еліміздің тұрақты дамуына жетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Индустриалдық-инновациялы дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында да қойылған.
## Ғаламдық нарық
XX және XXІ ғасырларда шетелдегі халықаралық экономикалық қатынастарды дамытудың негізгі бағыттары металлургия өнеркәсібінде толығымен пайда болған экономиканың ғаламдығы болып табылды. Халықаралық шаруашылық байланысы ғаламдық масштабтағы ресурстарды қайта бөлу және өндірістің тиімділігін көтеру құралына айналды, яғни бұл дүние жүзілік металлургия дамуының мынадай тенденцияларына әкелді:
* дүние жүзілік нарығында ірі біріктірілген компаниялардың рөлін көтеруге;
* өнімнің нарығында жоғары қосылған құн бәсекелестігінің шиеленісуіне және ішкі саудада ұлттық қорғаныс шараларын қолданудың таралуына;
* металл өнімдерін өндіру шығындарының төмендеуі бойынша жұмыстарын активизациялау, осы жағдайда өндірістің анағұрлым шығын түрлері аз мөлшердегі салық пен көліктік шығынды қамтамасыз ететін, анағұрлым арзан табиғи және энергетикалық ресурстары, жұмыс күші бар елдерге ауысады.
2000-2001 жж. тоқыраушылықтан кейін дүние жүзілік экономикасында оң тенденциялары байқалады. Ғаламатты ЖҰӨ-ң өсуі 2002 ж. 3 пайызды, 2003 ж. -3,6 пайызды құрады, ал 2004 ж. 4,2 пайызға өсуі болжанды. Дүние жүзілік экономиканың көтерілуі және металл өнімдеріне сұраныстың өсуі, әсіресе барлық материалды қажетсінетін экономика жағынан, бірінші кезекте Қытайда (2003 ж. оның экономикасының өсуі 9 пайызға, ал болатты тұтыну 34 пайызға өсті), сондай-ақ Индияда және басқа азия елдерінде металл салалары үшін, болат пен шикізатқа дүние жүзілік бағасының елеулі өсуіне әкелді.
Мысалға, АҚШ-та ыссы соғылған болаттың тоннасы 2001 ж. 230-249 доллар, 2004ж. қаңтарда оның құны 330 долларды құраса, ал мамырда -550-600 доллар болды. Францияда 2004 жылдың қаңтарынан болаттың бағасы 60 пайызға көтерілді. Тіпті, 2001 жылы шойынның тоннасы дүние жүзілік нарығында 100 доллар болса, ал қазір ол 300 долларға жетті.
Металл өнімдері бағасының өсуінің тағы да бір себебі, теңіз тасымалдары тарифінің қарқынды өсуі фонында жетекші дүние жүзілік жеткізушілердің темір рудалық шикізатына босату бағасының көтерілуінен болды.
Бағаның өсуі, сонымен қатар шикізаттың маңызды бір түрі – қара металл сынықтарына да қатысты. Қара металл сынықтарының нарығы 2003 жыл ішінде бірнеше рет бағасының өсуін басынан өткізді, және қазір оның бағасы бірқатар өңірлерде тоннасы 300 долларға көтерілді. Бүгінгі таңда темір рудасына жоғары бағасынан басқа қара металлургияда, келешекте қара металл сынықтарының жетіспеушілігіне байланысты, бірқатар проблемалар туындайды. Экологиялық талаптардың және аса тиімділігінің әсерінен дүние жүзілік металлургия үшін шикізаттың осы түрлеріне құндылығы әрқашан өсуде. Батыста соңғы кездері сынықтардан барлық болаттың 70 пайызға жуығы күйдіріледі (Ресейде әзірше тек үштен жуығы).
Американ валютасына айырықша әлсіреуі, сонымен бірге металлға құнының көтерілуіне әкелді. Ірі тұтынушылардың бірі болып табылатын американдықтар үшін еуропалық импорттың құны көтерілуде, бұл АҚШ-ң ішкі өндірушілері бағасының көтерілуін ынталандырады, яғни өзінің жағдайын құнының есебінен қалпына келтіруге тырысады.Шойын мен болат халықаралық институттың статистикасы бойынша (IISI) 2004 жылы болаттың ғаламды өндірісі 8,8 пайызға көтерілді және 1,05 млрд тонна рекордтық деңгейге дейін жетті, оның тұрақты өсу жылдамдығы - 2-3 пайыз. IISI мәліметтеріне сәйкес, болатты шығару Жапонияда 2004 ж. 2 пайыздан 112,7 млн.т., АҚШ – 5,2 пайыздан 98,5 млн т., Ресей – 2,5 пайыздан 65,3 млн.т., Оңтүстік Корея – 2,6 пайыздан 47,5 млн.т., Германия – 3,6 пайыздан 46,4 млн т., Украина – 4,9 пайыздан 38,7 млн.т. дейін, Бразилия – 5,7 пайыздан 32,9 млн т. дейін, Индия – 2,7 пайыздан 32,6 млн.т., Италия - 5,6 пайыздан 28,3 млн т. көтерілді.
Азия елдерінде болатты өндіру 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 13,2 пайыздан 499,3 млн.т. өсті. Егер Қытайды санамағанда, өсу көрсеткіші 3 пайызды құрады.Ең ірі болатты өндіруші Қытай болып қалуда, ол 2004 ж. 272,5 млн.т. болат өнімдерін (2003 ж. салыстырғанда -23,2 пайызға көтерілген) балқытты. Жалпы дүние жүзілік болатты өндіруде Қытайдың үлесі 2004 жылы 25,8 пайызды құрады. Бұл ұлттық экономиканы салқындату бойынша ел басшылығымен қабылданған шаралар болатқа ішкі сұранымының көлеміне ғана әсер етті. Сонымен қатар, өркендеп келе жатқан қытай өндірісі дүние жүзі нарығындағы бағалық дүрлікпені төмендетуге қабілетті.
## Қазіргі кездегі жағдай
Ішкі технологиялық байланыстардың түрлері бойынша қара металлургияның ірі кәсіпорындары металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады.
Қазіргі кездегі жағдай. Қара металлургияның ірі кәсіпорындары ішкі технологиялық байланысының түрі бойынша металлургия-энергохимиялық комбинаттарын ұсынады. Болатты тоқтаусыз құюуы қазіргі кездегі металлургияның бірден-бір ірі жетістіктері болып табылады. Оны пайдалану өндірістік процессті айырықша жеңілдетеді және құю процессінде толық механизациялау және автоматтандыру үшін жағдай жасайды.
Ірі болатты балқыту зауыттары біртұтас өңірлердің экономикалық әл-ауқатын анықтайтын кәсіпорындар болып табылады. Яғни, бар жоғы үш конверторлық болатты балқыту пешінде жылына 5 млн.т жуық болатты балқытатын «Миттал Стил Теміртау» АҚ (бұрынғы Қарағанды металлургиялық комбинаты) тұрақты жұмысы жоғары білікті он мың мамандарға қызмет көрсететін бірқатар ірі кәсіпорындардың қауыртты және келісілген жұмыстарын талап етеді. Электро энергиялық өндірушілері мен жеткізушілерді, сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының жүктемесін есепке ала отырып, Қарағанды көмір шахтасының, руда кенін және Қостанай, Қарағанды, Ақмола және Қазақстанның басқа облыстарының флюстық қосындыларының қызметін үйлестіруді талап етеді.
Бірақ, «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ң барлық өнімдері түржиыны бойынша бір типті - табақты болып табылады. Еліміздің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету және саланың аз тәуелсіздігімен сұраным конъюнктурасынан осы өнімнің түріне Қазақстанда және болат өнімдерінің сұрыптамасы бойынша аса икемді басқа өндірістерді құру қажет.
Біршама көлемде және шектелген түржиынында сұрыптап прокаттауды Павлодар қаласындағы трактор зауытының базасында құрылған «Кастинг» фирмасы жүргізеді.
Кәсіпорында өнімнің мынадай түрлерін өндіру меңгерілген:
* 125х125 және 150х150, ұзындығы 11,7 м болаттан құйылған қима дайындау;
* диаметрі 40,60 және 11 мм ұсақтайтын шар;
* диаметрі 100 мм, ұзындығы 4200,5300 м ұсақтайтын стержендер;
* А-3 класындағы, диаметрі 12,16 және 20 мм арматуралық болат.
Ішкі нарықтағы тапшылыққа байланысты, Қазақстанда сұрыптап прокаттау импортының жалпы көлемі соңғы бес жыл ішінде 7-ден аса өсті және 2004 жылы кедендік статистика бойынша 766 мың т. жетті.
Болат құбырларын өндіру көлемі республикада сондай-ақ айырықша емес. 1988 жылы Теміртау қ. «Кармет» АҚ-мен РД 20-86 электро балқыту қондырғысының жұмысы іске қосылған болатын, мұнда сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін 15-86 мм диаметріндегі құбырлар дайындалады және желінің өнімділігі жылына 20 мың тоннаға дейін. 1991 жылы РГТО заутында («Қарағандыкөмір» АҚ) өнімділігі жылына 15 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы дайындалған, шығарылған құбырлардың диаметрі – 114, 127, 159 мм. 1999 жылы Алматы қ. «Меридиан» фирмасы өнімділігі жылына 5 мың тоннаға дейінгі құбырлық балқыту қондырғысы шығарылды, шығарылған құбырлардың диаметрі 114 мм. Осы өндірістің қуаттылығы құбырларды шетелге экспорттау туралы айтпағанда, Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету жағдайы жоқ.
Қазақстанда болат құбырларын импорттау көлемі соңғы 4 жылда 200 мың т. көтерілді және 459 мың т. жетті, сонымен бірге 2002-2004 жылы мұнай газ түржиыны құбырларын импорттау 260 мың т. деңгейіне тұрақтанды. Осылай көмірсутекті жеткізуге қатыссыз, салаларда болат құбырларына сұранымының өсуін құрастыру айқын көрінеді.
Қазақстанның жер қойнауында болат өнімдерін кең ассортиментте және жоғары сапада өндіру үшін барлық қажетті шикізат материалдары бар. Республикадағы қайта жаңғырған тау-металлургиялық және энергетикалық кешені және сақталған ғылыми-техникалық әлеуеті қазіргі уақытта болатты балқытып өзгертудің қазіргі кездегі технологиясын меңгеруге қабілетті. Келешекте болат балқыту кешенінің шикізат базасы еріндік темірді – доғалық пештерде болатты балқыту кезінде шойын мен металдың орнын басатын жоғары сапалы шикізатты алуымен, Қазақстанда руда мен концентраттардан темірді тікелей қалпына келтіру технологиясын меңгеруімен айырықша кеңейуі мүмкін.
Қара металлургияда қазіргі кездегі материалдарды алудың жаңа технологиясын құру көмірсутекті төмен легірленген, легірленген, таттанбайтын және болаттың басқа маркаларынан жоғары төзімді және икемді сұрыптап қақтауды алудың технологиясын әзірлеуге жағдай жасайды. Мұндай өнімдерді шығару сұрыптап қақтау импортының көлемін қысқартуға жағдай жасайды және болашақта оны экспорттау, инновациялық дамуды қамтамасыз ету үшін негіз болуы мүмкін. «Қазақстанның Инвестициялық қоры» АҚ болатты қақтауды – тік жікті құбырларды, орта сортты қақтау, металды конструкциялау, метиздер, жабынды бұйымдар, машина жасау мен құрылыс үшін жартылай өнімдер, сондай-ақ жоғары дейгей дайындығындағы өнімнің басқа түрлерін шығару және қайта өндіру кластерлерін дамыту бойынша жобаларды қолдайды.
## Қара металлургия құрамы
* кенсіз шикізат өндірісі (отқа төзімді сазбалшық, флюстік шикізат және т.б.);
* қара металл өндірісі (қара металдарға шойын, болат, прокат, металл ұнтақтары, домна ферроқорытпалары жатады);
* құбыр өндірісі (болат және шойын құбыр өндірісі);
* кокс-химия өндірісі (кокс, кокс газын шығару);
* қара металдарды екінші реттік өңдеу (металл сынығы мен қара металл қалдықтарын ұсақтау). |
Уран сөйлемі мынадай мағыналарға жатуға мүмкін:
* Уран (химиялық элемент) — атомдық нөмірі 92-химиялық элемент, U;
* Уран (ғаламшар) — Күн жүйесінің 7-ғаламшары;
* Уран (мифология) — көне юнан аспан құдайы (Тәңіріге тән), Гея (Ұмайға тән) жұбайы. |
Уран — Күн жүйесінің жетінші ғаламшары. 1781 жылы наурыздың 13-інде Уильям Гершель ашқан. Грек (юнан) уақыттың құдайы Кроностың мадағына аталған. Уран - бұл Кроностың латын атауы. Күнді 84 жылда бір рет айналады.
Уран - күннен алыс жатқан планета. Ол газдан және қатты ядродан тұрады. Оның беткі қабатын көгілдір тұман жауып жатады. Оны тастар мен мұз кесектерінен тұратын 11 жұқа сақина, 15 серігі қоршап жатады. Ежелгі жұлдызшыларға бұл планета белгісіз болды. Планетаны ағылшынның ұлы астрономы В. Гершель телескоптың көмегімен ашқан. Оның Күнді айналу ұзақтығы 84 жердегі жылға тең. Оған гректің аспан құдайының аты берілген.
Соңғы екі жүз жылдықта телескоппен бақылау нәтижесінде Уранның сақиналары мен 5 ірі серігі ашылды. Тағы шағындау 27 серігі бар. Олар 1986 жылы "Воджер- 2" автоматты станциясы Уранға ұшып барғанға дейін белгісіз болды. Оберон мен Титания атаулары В.Шекспирдің "Жазғы кештегі ұйқы" комедиясымен байланысты. Миранда мен Ариэль- Уранды айнала қозғалатын серіктері. В.Шекспирдің "Дауыл' пьесасындағы екі кейіпкер осылай аталған. Ал Умбриэль атауы А.Поповтың "Ұрланған бұрым" поэмасынан алынған.
Уран атмосферасында 12% гелий (Юпитер сияқты), қалғаны негізінен сутегі. Уранның маңызды құрамдас бөлігі метан болып табылады, 2,3% дейін. Юпитер мен Сатурнмен салыстырғанда Уран мен Нептун сутегі мен гелийге қарағанда ауыр элементтерге байығаны бірте-бірте анық бола бастады.
## Уран аталуының себебі
Уран табылған кезде, ол сол кезде Англия королі болған Джордж III есімімен аталу керек еді. Сондай-ақ планета атауына үміткерлердің бірі ежелгі мифологиядағы Сатурн құдайының әйелі Кибеланың есімі болды. Дегенмен, астроном Иоганн Боде алғашқылардың бірі болып Уран планетасының атауын ұсынды. Бұл Сатурн планетасының Юпитердің әкесі болып табылатын құдайдың атымен аталуына байланысты болды, өз кезегінде Уран Сатурнның әкесі болды.
## Уранның айырмашылықтары
Уранның басты ерекшеліктерінің бірі - оның ерекше айналмалы қисаюы. Экватор жазықтығы планетаның орбитасының жазықтығына 97,86 градусқа еңкеюде, нәтижесінде планета сөзбе-сөз өз жағында айналады. Бәлкім, планета өзінің қалыптасу сатысында ғарыштық денемен соқтығысуы нәтижесінде мұндай стандартты емес жағдайға ие болды.
Оның осіне байланысты Урандағы күн мен түннің қалыпты мағынада өзгеруі тек планетаның экваторында болады. Полюстерде күн түнге және керісінше әр 42 жыл сайын өзгереді.
## Урандағы температура
Уран - күн жүйесіндегі ең төмен температураға ие планета, одан да алыстағы Нептуннан асып түседі. Атмосфераның бір қабатында -224 °С температура байқалды.
## Дереккөздер
Үлгі:UranusҮлгі:SpecialChars |
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы – 2 тамыз 2020) — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
## Биографиясы
Дулат тайпасының Шымыр руының Бестерек бөлімінен.
* 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет Грек-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы,
* 1981 жылы әлем чемпионы,
* 1982 жылы әлем кубогінің күміс жеңімпазы,
* 1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы.
* 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
* 1984-1993 жылдар республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры.
* 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры.
## Марапаттары
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған .
## Отбасы
Анасы – Күнтөре Әміралиева.
## Дереккөздер |
Александр Викторович Затаевич (6 ( 20) наурыз, 1869, Болхов қаласы, Орёл облысы, Ресей Империясы - 6 желтоқсан, 1936, Мәскеу, КСРО) — поляк, ресей, кеңес композиторы, этнографы, музыкант, музыка және қоғам қайраткері, Қазақ КСР халық әртісі.
## Өмірбаяны
* Александр Затаевич 1886 жылы Орел кадет корпусын бітірді, содан кейін ол Полоцк қаласына жіберілді, онда ол барлық бос уақытын музыканы оқуға және сақтауға жұмсады. 1896 жылы ол Затаевичтің пьесаларына қызығушылық танытып, олардың жарыққа шығуына үлес қосқан композитор С.В.Рахманиновпен кездесті. Рахманинов Затаевичке «Алты музыкалық сәт» атты фортепиано циклін де арнады. 1904-1915 жылдары Затаевич Варшавада қызмет етіп, музыкалық және қоғамдық қызметте де белсенді болды. Ол «Варшава күнделігі» газетінің музыка сыншысы болды, онда ол поляк, орыс және батыс еуропалық композиторлар мен орындаушылардың шығармашылығы туралы мыңнан астам мақалалар мен шолулар жариялады, сонымен қатар поляк фольклорының үлгілерін жазды. Варшава консерваториясы кеңесінің мүшесі.
* 1920 жылдан бастап ол Орынборда тұрып, оның шығармашылық қызметі негізінен қазақ халық музыкасын жинау, нотаға түсіру және жүйелеуде көрініс тапты. Ол 2300-ден астам музыкалық фольклорды нотаға түсірген. Затаевич шығарған «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 күйі мен әні» (1931) жинақтары ежелгі дәуірден 1930 жылдарға дейінгі қазақ музыкалық фольклорының антологиясын білдіреді. Оның Қазақстандағы шығармаларында алғаш рет Абай Құнанбаев, Құрманғазы Сағырбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу Мұса Байжанов, Дәулеткерей, Балуан Шолақ, Мұхит, Ыбырай сияқты көрнекті халық композиторларының, сондай-ақ көрнекті халық орындаушылары Әміре Қашаубаев, Ғаббас Айтпаев, Қали Байжанов және басқалары сияқты шығармашылығына сипаттама береді. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерінде жасалған жазбаларды қамтуы тиіс музыкалық энциклопедияның үшінші және соңғы томы басылмай қалып, қолжазба күйінде Орталық ғылыми кітапханада сақтаулы. Затаевич – қазақ кәсіби фортепиано музыкасының негізін салушылардың бірі. «Фортепианоға арналған миниатюра түріндегі қазақ әндері» (1925-1928), «Қазақ татарларының әндері» (1932), «Қазақстан әндері» (1932), «Қазақтың 60 әні» жинақтарының авторы. Татарлар» (1933)[4], «Қырғыздың 250 аспаптық пьесалары мен күйлері» (1934), «Әр ұлттың әндері» (1971 ж.), «Киргизский аспаптық пьесалар мен күйлер» (1971 ж. шыққан).
## Алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен танысуы
Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Ол жатақханаларды, мектептерді, құрылыстарды, орта дәрежелі оқу орындарын, казармаларды аралайды, съезге, конференцияға, кеңестерге келген қазақтардан ән жазады. Базар, театр, концерт орындарының фойелерінде кездескендердің бәрінен де жазып алады. Бала жасынан кіршіксіз еститін құлағы жасы елуден асқанша көрмеген елдің музыкасын жаза баспай нотаға түсіруге мүмкіндік береді.
Бірақ, өмірін музыкаға бағыштаған А.В. Затаевич әнді қалада отырып тек кездейсоқ келгендерден жазып отыруды жөн көрмеді, елге шығады, Жайықтың бойын, Сыр, Ертіс өзендерін, Бөкей, Қарқаралы далаларын аралайды. Замандар бойы жабылып жатқан қазақтың ән қазынасын көтереді.
Қазақтың көл-көсір мұрасын жинақтауды өзіне парыз санаған жанның бірі. Ұлты басқа болса да, жер орта жасқа келгеніне қарамастан, 1920 жылы қиын-қысталаң кездерінде кездескен көлік атаулымен, болмаса, жаяу-жалпы аралап, халқымыздың ән-күйлерін музыка белгілерімен (нотамен) хатқа түсірген.
## Деректер жазып қалдырды...
Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкіл Еуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Затаевичтің әрбір ән-күйге берген жеке талдауларының мәні зор. Халық композиторлары мен орындаушыларының шығарм-на берген мінездемелері де әлі өз бағасын жоғалтқан жоқ. Затаевич жинақтары қазақ халқының кәсіби музыкасының дамуына зор ықпал етті. Аталған жинақтардағы ән мен күйлер қазақтың кәсіби музыкалық жанрлары – опералық, симфониялық, камералық шығармаларында кеңінен пайдаланылды. Осы жинақтардағы ән-күйлерді қазақ композиторларымен бірге С.С. Прокофьев, Н.Я. Мясковский, М.М. Ипполитов-Иванов сынды орыс композиторлары да өз шығармаларында пайдаланды.
## Композитор ретінде
Композитор ретінде Затаевич қазақ музыкасының кейбір үлгілеріне фортепиано, аспапты ансамбльдермен қосылып айту үшін көптеген өңдеу жұмыстарын жүргізді. Затаевичтің “Қазақ музыкасы” атты фортепиянолық шығармасы – кәсіби дәрежеде жазылған туынды. Ол 1925 – 27 жылдары фортепиянолық пьесалар циклін жазды. Соның нәтижесінде “Халық тақырыбына жазылған миниатюралары” (1925), “Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепианоға арналған пьесалары” (1927) жарық көрді. Қазақ халқының музыка мұрасын сақтап келген 500-ге жуық өнерпаздар – Майра Шамсудинова, Әміре Қашаубаев, Ғ.Айтбаев, Қ.Байжанов, М.Бөкейханов пен Н.Бөкейханов, Ғ.Мұхитов пен Ш.Мұхитов, ғылым қайраткерлері Ә.Марғұлан, Қ.Сәтбаев, М.Бөжеев, әдебиет және өнер қайраткерлері А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, Ж.Шанин, т.б. өздері білетін ән, күйлерді Затаевичке айтып, жаздырды (қ. “Затаевичтің корреспонденттері”). Затаевич Қазақтың фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі жалғастыруда А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди және басқалардың еңбектері орасан зор.
Сөйтіп, 1920 көктемінен бастап 1923 ж. аяғына дейін, нағыз аш-жалаңаш жол қиындықтарына да қарамай, А. Затаевич қазақтың 1000 әнін жинап нотаға түсіреді.
Оның 1925 ж. Мәскеуде «Қазақ халқының 100 әні», және 1933 ж. «Қазақтың 500 әнімен күйі» атты этнографиялық жинақтары шықты.
А. Затаевич 1936 жылы Мәскеу қаласында дүние салған. А.В. Затаевичтың жарқын бейнесі, оның қазақ халқының мәдениеті мен өнеріне сіңірген еңбегі, ірі тұлғасы ұлғайған үстіне ұлғая бермек, ұмытылмақ емес.
## Дереккөздер |
Қаратаев сөзі мынадай мағыналар білдіруі мүмкін:
* Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев
* Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев
* Мұхамеджан Қаратаев
* Бейсебай Қаратаев
* Шәміл Бақытжан Қаратаев |
Сейіт-Әлімхан әмірші (толық аты — Сейіт Мір-Мұхаммед Әлімхан) — Бұқар әміршілігінің соңғы әміршісі (1911-1920).
1881 ж. (һижра бойынша 1298 ж. мұхаррам айының 5-інде) Керминеде туған, әмірші Абдулахадханның баласы.
Сауаты ашылып, бастауыш білімін алғаннан соң, жасы 12-ден 13-ке кеткенде 1893 ж. сол кезде Ресей империясының елордасы болған Санкт-Петербургға кетіп әскери білім беретін оқу орнына түсті. Оны 1896 ж. бітіріп шықты.
Екі жылдан кейін Қаршы уалаятының әкімі болып тағайындалды. 1910 ж. туған жері Керминеге әкім болып кетті.
1911 ж. әкесі қайтыс болған соң, әмірші болып таққа отырды.
Большевиктермен күресіп, ақырында 1920 ж. биліктен айрылып, 1921 ж. Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды. Өмірдің соңғы 23 жылын Ауғанстанда тұрып, 1944 ж. қайтыс болды. |
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы Кәрбозов (20 қаңтар, 1959, Шу, Жамбыл облысы — ҚР Кедендік бақылау комитетінің төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты (2001), генерал-майор (2000).
Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан.
## Білімі
* С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1981) заңгер-құқықтанушы мамандығы
бойынша бітірген.
* КСРО Прокуратура институтының Харьков филиалын (1985) бітірген;
* Мәскеу КСРО прокуратурасы басшы кадрларының біліктілігін жетілдіру институтын (1989) бітірген;
* Қазақ ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (2003).
## Қысқаша өмірбаяны
* 1959 ж. қаңтардың 20 - Жамбыл облысы, Шу қаласында туған.
* 1976—1981 жж. — Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің студенті.
* 1981—1982 жж. — Жамбыл облысы Шу ауданы Атқарушы комитетінің жауапты хатшысы.
* 1982—1988 жж. — Мойынқұм ауданы прокурорының көмекшісі.
* 1982-1988 жж. - Жамбыл облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры.
* 1988—1989 жж. — Қазақстан Республикасы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры.
* 1989—1994 жж. — Қызылорда облыстық прокуратура тергеу бөлімінің бастығы, облыс прокурорының орынбасары.
* 1994 ж. мамырдың 13 — 1994 ж. желтоқсанның 5 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы.
* 1994 ж. желтоқсанның 5 — 1995 ж. қарашаның 3 — Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы мемлекеттік биліктің жоғары эшелондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокурор.
* 1995—1997 — Ішкі істер министрлігі органдарында, Мемлекеттік тергеу комитеті мен анықтаудың жедел қызметтерін қадағалау жөніндегі басқарма, салық қызметі, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Кеден комитеті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Бас басқармасының бастығы.
* 1997—1998 жж. — Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің бастығы.
* 1998—2000 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы.
* 2000-2003 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментінің бастығы.
* 2003—2007 жж. — Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары.
* 2007—2011 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы.
* 2013 жылғы қазан айынан - Қазақстан Республикасықорғаныс министрлігі жанындағы "әскеристратегиялық зерттеу орталығы" АҚ президенті.
## Шығармалары
* 65 ғылыми еңбегі бар
* Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықты тергеудің ерекшелігі
* Қазақстанда терроризмді ашудың және тергеудің теориялық-әдістемелік аспектілеріне арналған 17 кітаптың, оқу құралдарының авторы.
## Марапаттары
* «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің құрметті жұмыскері» белгісі
* «Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті жұмыскері» белгісі
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті жұмыскері» белгісі
* 2-ші дәрежелі Даңқ ордені (2004)
* 1-ші дәрежелі Даңқ ордені (2009)
* басқа да Қазақстан Республикасының және шетел мемлекеттерінің медальдарымен марапатталды
## Отбасылық жағдайы
* Әкесі - Кәрібозов Жапархан Өмірәлиұлы (1941-1995).
* Анасы - Кәрібозова Шамшагүл Жайнаққызы (1941-2001).
* Үйленген, әйелі - Жапақова Светлана Ыбрашқызы.
* Балалары: қызы - Айшат (1980), Ботагөз (1982); ұлы - Қуат (1986).
## Дереккөздер |
Ачипсе — Ресейдегі өзен. Ресейдің Краснодар өлкесінде Сочи ұлттық саябағында ағады, Мзымта өзеніне құйылады. Атауы адыгэ тілінен "ешкінің суы" мағынасын білдіреді. Ачипсе Ачишхо жотасының теріскей жағынан бастап, Ачишхоны солтүстік, кейін шығыс жағынан өтеді. Өзенге тау бұлақтар және Лаура өзені құйылады. Ачипсе — Мзымта өзеніне құйылады. Ачипсе — тау өзені. Өзенде сарқырама суаттар көп.
Мзымтаға құйылатын жерінде "Ачипсе қамалының" ежелгі қирағандары бар. Ачипсе бойында Сланцевый Рудник елді мекені орналасқан. Қасында Қысқы олимпиада өткізу үшін арналған тау-туристік орталық орналасқан.
## Дереккөздер |
Мұзаффар әмірші — Бұқар әміршілігінің әміршісі.
Әмір Мұзаффар әмір Насырұлланың баласы, Бұқар әміршілігінің маңғыттардан шыққан бесінші билеушісі. Әмір лауазымы бар тұңғыш билеуші.
1859 жылы әкесі өлген соң, таққа отырды. Билегеннің басында өзіні әділ, адал, дана әмірші ретінде көрсетті. Бірақ кейін, билігінді берік ұстағаннан соң, жұрттың мүлкіне, өміріне және ар-намысына озбырланып кетті. Жұрт әмірдің шексіз билігін шыдамай, оған қарсы көтерілістерді бастады. Солардың бірі Шахрисабзтің кенегестерінің көтерілісі еді. Мұзаффар бұл көтерілісті басып-жаншыды, Яққабаққа шабуыл жасап, жұртты өлтіріп, тонып кетті.
Мұзаффардың діни қайраткерлерімен қарым-қатынастары өзгеше еді. Бір жағынан әмір мүфти-молдалар оның билігін шектеп, мемлекеттік істеріне кіретіні қорыққан. Олардан тәуелді болғысы келмеді. Екінші жағынан діни қайраткерлер Мұзаффардың билігінің таянышы еді. Мұзаффар оларды қолдап мәртебесін көтерді, молдалар ше оған қалағанын істеуге мүмкіндік берді. Шариғатқа жатпайтын нәрселәрін жаса да, молдалар әмірді әрқашан қолдаған. Мысалы, заң бойынша әмірге жүзден астам әйел алуға рұқсат еді. Әмірдің рұқсатысыз астана жұрт үйлене алмайтын болған. Елдің ең сұлу қыздары әмірдің гареміне әкелінетін болатын. Мұзаффардың гаремінде әйелдерімен аралас жас ұл балалар да еді.
Мұзаффардың арманы — Ферғана алқабының әміршісі болуы еді. Сол үшін әмір Қоқан хандығында Құдияр хан мен Малля хан арасында тартысын қолдап, оларды әдейі бір-бірімен ерегістіртті. Түркістанды орыс әскерлерінен қорғанысына үлес қосқан Қанағат шаһты өлтіріп, Құдияр ханды қолдаған. Малля ханды қолдаған қырғыз Әлімқұлға қарсы соғысқан. Малля ханды өлтірген. Ақырында Қоқан қаласын алып, жұртты тонап кетті. Құдияр ханды тұтқынға алды. Кейін Қоқанды Әлімқұл алып, Қоқанның тағына Сейітті отырғызды. 1865 жылы орыстар Ташкентті қамалағанда, ташкенттіктер әмір Мұзаффардан көмек сұрағанда, Мұзаффар оларды алдап, өзі Қоқанға қарсы шабуыл жасады. Қоқандықтарды қаштырып, сөйтіп орыс әскерлеріне Ферғана алқабына жол ашты. Ақырында Қоқан хандығы Ресей империясына кірді. Бұқар әміршілігі Ресейдің көршілес мемлекетіне айналды. Соңда молдалардың қысымынан әмір Мұзаффар орыс әскерлеріне ғазауат жарияланып, соғыс ашады. Бірақ Ұратөбе және Ғишткөпрікте бұқарлық пен орыстар арасында болған шайқастарда жеңіліп, Жизақ пен Самарқанды орыстарға беріп, Ресеймен бітім жасады.
1881 жылы Абдулахад әмірші деген баласын Ресейге жіберді. Бұл қылықтың сылтауы баласының заңды мұрагері екенін орыс патшасы мойындасын еді.
Әмір Мұзаффар 1885 жылы қайтыс болып, Бұқар қаласының кесенелерінің бірінде жерленген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28 қазан 1893, қазіргі Қызылту ауданы, Көкшетау облысы – 21 мамыр 1920, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы) – ақын, ағартушы.
## Өмірбаяны
Арғын тайпасының Сүйіндік руының Айдабол бөлімінен шыққан. Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.
1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында “Оқып жүрген жастарға”, “Тәліптерге”(“Шәкірттерге”) Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,“Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Оқудағы мақсат не?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы.,“Анау-мынау” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Мағынасыз мешіт” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жарлау”, “Досыма хат” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Шығамын тірі болсам адам болып” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Түсімде” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жазғы қайғы” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Қымыз” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Кешегі түс пен бүгінгі іс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. романын жазуды бастады.
1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”, т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет етті. 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен “Ләнет бұлты шатырлап” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Алтыаяқ” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. сияқты өлеңдер жазған. “Ендігі беталыс” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Тұрмысқа” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Бір адамға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Туған еліме” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Сымбатты сұлуға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Қыз сүю” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Гүләйім” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Өмірімнің уәдесі” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жан қалқам” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Гүл” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., т.б. өлеңдерін, “Кім жазықты?” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы. атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді (1915). Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан.
1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.В. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып, “Шал мен қызға” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “А, дүние” Мұрағатталған 24 ақпанның 2015 жылы., “Жас жүрек”, “Сарыарқаның жаңбыры”, “Адасқан өмір”, “Кедей”, “Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.
## Шығармашылығының ерекшелігі
Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды.
## Поэма жанрына қосқан үлесі
Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты . Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. “Адасқан өмір”, “Кедей” поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. “Адасқан өмір” – Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. “Кедей” поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. “Айтыс” поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері “шындықтың ауылын іздеумен” байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның тенденциясы да сыншыл.
## Шығармалары:
* Толық шығармалар жинағы Қ-о. 1933;
* Таңдамалы шығармалар А., 1957;
* Избранное А-А, 1958;
* Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1987;
* Шығыс 1-2 Торайғыров А., 1993.
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары Мұрағатталған 9 маусымның 2011 жылы.
* Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған презентация
* Сұлтанмахмұт Торайғыров сайты (1893-1920) Мұрағатталған 4 сәуірдің 2012 жылы. |
Лаура - Ресейдегі өзен. Ресейдің Краснодар өлкесінде ағады.
Лаура Дзитаку тауының оңтүстік бөктерінде басталады. Кавказского қорығының территориясында ағады. Ачипсемен біріктіріп, Мзымтаға құйылады. Жартастардың арасында ағып, асау тау өзені деп саналады. Сарқырама суаттар көп. Алқабын өтуге қиын. Оң жағынан Петрарка, сол жағынан Водопадный ручей менен Бзерпь өзендері құйылады. Өзенде алабұға балық көп.
Лаураның жағасында 2014 жылдағы Қысқы олимпиадасына арналған тау-туристік орталығы орналасқан. Бұл тау-туристік орталығының аты өзенімен бірдей - "Лаура",Газпром құрылып салған объект болып саналады. |
Үлгі:Infobox Ethnic groupҚарашайлар (қараш.-малқ. къарачайлыла) — түркі тілдес Кавказ халықтарының бірі, малқарларға өте жақын. Тілі қарашай-малқар.
## Атауы
Қарашайлар өздерін карачайлы деп те атайды. Алан да деп атады. Кейбір қарашайлар өзін тұрған жеріне қарай, бақсанлықтар, шегемліктер, холамлықтар, бызынгилықтар деп атайды. Көршілес халықтар оларды алан деп атайды, орыстар карачаевцы деп атайды.
Аңыз бойынша, халықтың атауы батыр Карчаның атынан шыққан. Карча қарашайлардың басшыларының түп атасы делінеді. Алан деген атауы сарматтардың тайпаларының бірі, ежелгі аландардың атымен сәйкес.
## Жұрттануы
Қарашайлар негізінде Ресейдің Солтүстік Кавказында, Қарашай-Шеркеш Республикасында тұрады. Жалпы саны — 180 мың, Ресейде 150 мыңнан астам қарашайлар бар, солардың 130-ы Қарашай-Шеркеш республикасында тұрады. Қалғандары негізінде Ставрополь өлкесінде тұрады. Қарашайлар Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда, Сирияда, АҚШ-та, тағы басқа мемлекеттерде тұрады. Қазақстанда 2 мыңнан астам қарашайлар тұрады.
## Тілі
Түркі тілінің қыпшақ тобына жататын қарашай-балқар тілінде сөйлейді. Қарашай тілі кейде тау түркілері, татар-шағатай, тау татарлары, тау балқарларының тілі, қарашай-балқар тілі деп те аталып келді. Қарашайлар өз тілдерін таулу тил, кьарачай тил деп атайды. Қарашай тілінің әдеби негізін баксан-чегем диалектісі құрайды. Қарашай жазуы кириллицаға негізделген.
## Діні
Қарашайлардың ата-бабалары табиғаттың күштеріне сыйынған. Қарашайлардың Тәңірге, аналықтың құдайы Ұмайға, жабайы аңдардың құдайы және жұртқа айран жасаудың сиқырын ашқан Апсаты құдайға, бөрілердің пірі Аштутурға сенгені туралы деректер бар. Бөрі қасиетті жануар болып саналанған. Жұрт түрлі әулие ағаштарға, тастарға, бұлақтарға сыйынған. Мысалы, Жаңғыз Терек ағашына және Әсет Байрам тасына сыйынған. Кейін жұрттың арасында мәсіхшілік діні кең жайылған.
18 ғ. бері қарашайлар Сүнни Исләм дінін ұстайды. Қарашайлар Кавказ соғысы кезінде, Кеңес үкіметі билеген 70 жылдан астам кезеңде, айдауда да мұсылман дінін берік сақтаған. Иса пайғамбардың анасын Мәриямді, христиан апостолдарын да қастерленген. Бірақ қазір бұл қарашайлардың тарихы мен мәдениетінің бір бөлшегі болып қалды. Қарашайлардың діні ше жалғыз Құдайға, Аллаһқа табынып, Мұхаммед пайғамбардың хадистерін сыйынып тұру.
## Тарихы
Қарашайлар тұрған жерінде қола дәуірінен бастап қобандар тұрған. Олардың жоғары дамыған мәдениеті болған. Кейін қобандармен сарматтардың тайпаларының бірі — аландар араласқан. Аландар қарашай халқының негізін құрастырады. Аландар малқар халқының ата-бабалары. Бірақ малқарлардың ел болуына астардың (көне бұлғарлардың) тайпалары әсер еткен. Қарашайларға ел болуына да бұлғарлар әсер еткен, бірақ бұлғарлардан көрі аландар әсер еткен. Кейін қарашайлардың ел болуына қыпшақтардың тайпалары әсер еткен.
13—14 ғғ. біртұтас қарашай-малқар халқы пайда болған. 1395 жылы олар Әмір Темірмен соғысқан. Кейін қарашайлар мен малқарлар бір-бірінен алыстанды. Бірақ олар әлі де бір халықтай болып жүр, екі ел арасында байланыстары үзілбеген. Тілі де, діні де, мәдениеті де бір.
### «Жабайы дивизия»
Кавказ соғысында қарашайлар басқа Кавказ халықтары сияқты Ресеймен соғысқан. Кейін Ресей империясының билігін танып, Ресейдің азаматтары болып кетті. Бірінші дүниежүзілік соғыс болған кезде қарашайлар Ресейдің жағында соғысқан, Ресейге көп жеңіс әкелген. Қарашайлар өздерін ержүрек әскерлер ретінде көрсетті, ажалдан қорықпай, ұрыста жеңілмейтін еді. Сондықтан Кавказда құрастырылған дивизия «жабайы дивизия» деп атаған.
### Айдау
1943 жылының қарашаның 2-інде қарашайларды туған Кавказбен айыртып, Орта Азия, Сібір және Қазақстанға айдаған. Қарашайларды «Отанды сатқан ұлт» деп жала жапқан. Шынында қарашайлар басқа Кеңес Одағының ұлттары ретінде Отанды қорғап, майданда мерт болған, туған Кавказда жеңіс үшін еңбек еткен.
1957 жылы үкімет қарашайларға тағылған айыптар жала болып шықты деп, оларға туған еліне оралуына рұқсат берді. Жұрттың көбі туған еліне оралса, аз-кемі айдаған жерінде қалған. Қазақстанда да айдаған қарашайлар мен олардың ұрпақтары тұрады. Елімізде «Минги-тау» деген қарашай-малқар ұлттық мәдени орталығы бар.
## Әлеуметтік бөлінуі
Қарашайлардың басшылары аңыз бойынша Карчаның ұрпақтары еді. Оларды тауби деп атаған. Таубилердің үш тұқым — Дудовтар, Қырымшамхаловтар менен Қарабашевтар. Құрметті, қадірлі, еркін халқын үзден деп атаған. Қоғам чанк, үзден, чағары, теркеме, шамхалдар деген әлеуметтік таптарына бөлінген. Бір атаның ұрпақтары тұқым деп атаған. Әр тұқымның өз таңбасы болған. Бұл таңбаны қарашайлар малға, үйдің қабырғасына, мүлкіне салған.
## Кәсібі
Негізгі дәстүрлі кәсіптері – мал шаруашылығы (қой, ешкі, жылқы, ірі қара мал), сондай-ақ жасанды суару арқылы егіншілік (арпа, сұлы, тары, бидай, жүгері, картоп, бақша дақылдары). Мал шаруашылығы халықтың таулы және тау етегіндегі бөлігінің негізгі кәсібі. Мал шаруашылығы мен қой шаруашылығы (биязы жүнді меринос және қарашай қойы) басым бағытта. Қолөнер – мата тоқу, киізден бас киім, шапан жасау, өрнекті киіз, кілем, төсеніш тоқу, жүннен тоқылған бұйымдар жасау, тері, тері өңдеу, ағаш пен тас ою, алтын кестелеу.
## Мәдениеті
Қарашайлардың мәдениеті малқар мәдениетімен бірдей. Бірнеше түрлі билер бар. Олар — түзтебсеу, аслан би, ғоллу, дүбет, саңдырақ, исламмей, жаңғызға бару, абзех.
Басқа Кавказ халықтарындай нарттар туралы дастандар қалған. Индыр, долалай, инай, ачемез, ер йырси деген әндердің түрлері бар. «Бекболат», «Гапалау», «Аузунда тау», «Ачемез», «Бинечер», «Апсаты» деген жырлар қалған.
Қарашайлардың киімі шепкен, жамшы, қабдал, шалбар менен бөріктен (орыстар оны «папаха» деп атайды) құрастырылған. Бөрікті қаракөл қойының жүнінен жасаған. Бөріктің түрі, түсі, сапасы әлеуметтік табынан тәуелді еді.Қарашайлардың ұлттық ерлер киімінің негізгі элементтері: Туник түріндегі көйлек, қара немесе ақ матадан тігілген көлек (мереке кездерінде жолақ көйлек), шекпен – сырт киім, ол қазір черкес деп аталады. Бұл матадан тігілген, негізінен, мерекелік киім түрі, күміс теңгелермен безендірілген. Қарашайлардың белдігі әдетте тар, былғарыдан жасалған, күміс тақталармен безендірілген. Белдік әрқашан киімнің маңызды элементі болып табылады.Әйелдер киімінің өзіндік ерекшеліктері болды. Қыздар белдіктермен безендірілген көйлектер киді. Барқыттан тігілген мерекелік көйлек, әдетте, қара-қызыл түсті болды. Мұндай көйлектер алтын жіптермен кестеленген.
Қарашайлардың тағамдары ет, сүт және көкөністерден құрастырылған. Баста деген тары ботқа негізгі тағамдарының бірі еді. Айран, қаймақ, ірімшік кең жайылған. Хычин деген шелпектерін пісіреді. Шұжықтар, орамаларды жасайды. Сүт, май, тұз бен бұрыш қосылған шай ішеді. Нанды жиі өздері пісіреді.
## Қазақстандағы қарашайлар
1943 жылдың 12-қазанында КСРО Жоғарғы кеңесінің қаулысымен Қарашай автономиялық облысы жойылып, 14-қазанда қарашайларды тұрғылықты жерінен көшіруге қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес Қазақстанға қарашайлар Жамбыл облысының 7 ауданына, Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданына орналастырылды. Қазір Қазақстанда 1,03 мың қарашай тұрады (2013).
## Дереккөздер |
Шелпек (қаз. шелпек; қыр. май токоч, челпек; түрікм. çelpek; өзб. chalpak/чалпак; ұйғ. chalpyaq/чалпак, jit/жит) — ұннан жасалған тағам, нанның бір түрі. Шелпектің пішіні — шеңбер. Ол табада немесе тандырда пісіріледі немесе майда қуырылады, қабатты (қатпарлы) қамырдан, май мен сүтке иленген қамырдан, тұзданған немесе тұщы қамырдан жасалады. Шелпектің бірнеше түрі бар, тіпті, нанның сипаты жалпақ және дөңгелек болса, әсіресе қамыры жұқа болса, оны шелпек деп отыр. Шелпектің әр халықта бірнеше өзгеше түрлері бар. Мысалы, лаваш шелпек, хычин, лакум, қыстыбый, тортилья, лепешка, қаптама, патыр, чаппати, кадзюри, момы, шөрек. Шелпектің ұнның алуан түрлерінен дайындайды. Мысалы, бұлғар мен румындар шелпекті картоптан, картоп ұнынан да пісіре алады. Мексикандықтар тортилья шелпектерін жүгері ұнынан пісіреді. Орыс, қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, араб, үндіс, армян, тәжік, түрікмен халықтары негізінде бидай ұнынан жасайды. Кей кезде тары, арпа ұнынан шелпектерін жасаған. Қытайлықтар, корейліктер, жапондықтар күріш ұнынан пісіріп жасайды. Кей кезде шелпектің ішіне бірденені салады. Мысалы, қарашай мен малқарлар хычиндарға картоп, ірімшік, ет салса, өзбектер пиезли нонға пияз салады. Өзбектердің патыр деген шелпектері қойдың құйрық майында қуырылып, қатпарлы болады. Қазақтарда да қатпарлы қаптама деген шелпектің түрі бар. Үндістердің чаппати шелпегі табада емес, тандырда пісіріледі. Корейліктердің кадзюри шелпегі тәтті болса, қытайлықтардың момы желімтек, жабысқақ болады. Бірақ шелпек тек нанның дөңгелек, жұқа түрін жалпы атауы ғана емес, қазақтың арнайы бір тағамның атауы. Қазақтарда қатпарлы қаптама ғана шелпек емес, майда қуырылатын жұқа шелпектер деген тағам бар. Бұны қазақтар негізінде адам қайтыс болған кезде, өлгендерге ас бергенде, бата оқығанда, жұма күнде, діни мерекелерде жасалады. Шелпекті мұсылман мерекелерінде пісірсе де, шелпектің исламға еш қатысы жоқ. Дүние жүзінде шелпек ежелгі заманда Күннің нышашы болып еді. Сол кезде жұрт Күнге табынған. Зороастр дінінде де Күнге сыйыну салты болып, Күнге арнап шелпектерді пісірілген. Ислам діні келгенімен, қазақтардадәстүрлі шелпектерді пісірілуі тоқтамады. Қазір де қазақтар арасындағы кейбір мұсылмандар, ислам дініне жат салтты тоқтату керек, шелпекті пісіруін ислам дінімен шатаспау керек дейді. Бірақ қазір шелпек пісіру халқымыз үшін діни құбылыс емес, мәдениеттің бір бөлшегі, ұлттық тағамның бір түрі болып саналайды. Қазақ халқының шелпегі ашытылып та, ашытпай да пісіріледі.
## Түрлері
* Қатқабат шелпек — пісіріп алған шелпектің арасына қарақаттың қағын орап жасайды. Кейде оны қақ ораған шелпек деп те атайды.
* Май шелпек — сары майға илеп, онша жұқартпай пісіріледі. Май шелпектің арасына қойдың, жылқының шұжығын бүрмелеп те жасайды.
* Қиықша — қант, жұмыртқа қосып, сүтке илеп, жұқа жазылған, бетіне жұмырша, төрткүл өрнектерін басып, қиықшалап кескен шелпек.
* Сәлде — жіңішке таспа етіп тілінген, шумақтап майға қуырған шелпек. Оны қатты қыздырып, қытырлақ етіп қуырады. Табаққа саларда мейіз, көкнәр немесе жеміс шырындарын тамызып дәмдендіреді. Бұл көбіне мереке дастарқанына арналған.
* Бүкпе шелпек — ішіне жеміс қақтарын немесе қуырған ет салып бүріп пісіреді. Бүкпенің кейбір түрлерін табаға салып пешке де пісірген.
* Дөңгелек — тұзы татыған жылы суға, сорпаға, кейде ақ құйып, қатты илеп, дөңгелектеп жайып, майға қуырылған, күнделікті дастарқанған арналған тағам. Оны ашыған және ашымаған қамырдан да қуыра беруге болады.
* Ләйлек — беті алынбаған сүтке илеп, жұқалап жайып, жұмсақ етіп қуырған дөңгелек шелпек.
* Күлше — қоламтаға көміп пісірген нан. Қазір күлшені пісіру үшін, ұнды тұзы татыған суға қатты илеп, 15—30 мин бетін жауып толықсытады. Содан кейін қамырды жуандау есіп, бөлектеп кеседі де, оқтаумен дөңгелектеп жазады. Дөңгелек бетіне ағаш қасықтың сабымен өрнек жасайды. Содан кейін сары маймен майлап өте ыстық емес пешке 7—8 мин салып пісіреді. Күлше көбіне шай дастарқанына арналған ыстық нан.
* Су шелпек — майға, сүтке иленген шелпекті кейде құр суға қайнатып пісіреді. Су шелпек туралған етке, қуырдаққа, кейде бұршақ ботқасына, қызыл ірімшікке қоса табаққа салынады.
## Дереккөздер |
Фархадбек Равшанұлы Ырысметов (10 тамыз 1981, Шымкент, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Фархадбектің ұлты өзбек, Шымкентте дүниеге келген. Жастық шағында Ташкентте де тұрған, 1998 жылы "Достық/Синтез" клубында доп тепті.
1999 жылы карьерасын мәскеулік "Торпедо" клубында бастады. Екі маусым клуб футболшысы атанғанымен, негізгі құрамда ойнай алмады, тек фрам-клуб сапында алаңға шықты.
2001 жылы жазда "Маңқыстау" клубына ауысты. Маусым соңында клубтан кетті.
2002 жылы "Ертіс" футболшысы атанды. Жаңа клубы сапында екі рет Қазақстан чемпионы атанды.
2005 жылы "Қайратқа" ауысты. 2005 жылы клуб сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды, ал клуб Қазақстан кубогы финалында сүрінді.
2007 жылы Дмитрий Огайдың шақыруымен "Тобыл" футболшысы атанды. "Тобылға" барған алғашқы маусымда Интертото кубогы иегері атанды, ал 2010 жылы үшінші рет Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді. Бірақ бұл кезде Огай бапкерліктен кетіп қалған болатын.
2010 жылы "Ордабасыға" ауысты. Шымкенттік клуб сапында Қазақстан суперкубогы иегері атанды.
2012 жылы бірінші лигадағы "Сұңқар" қатарын толықтырды. 2013 жылы "Ордабасыға" қайта оралып, екі маусым ойнады.
2014 жылғы маусымды тағы да "Тобыл" сапында, ал 2015 жылды "Қайсарда" өткізді.
2016-17 жылдары тағы да "Ордабасы" сапында доп тепті.
2018 жылы "Алтай" клубына ауысып, бірден команда капитаны боп тағайындалды. Сол жылы карьерасын аяқтады.
### Ұлттық құрамада
Ұлттық құрамаға ресейлік Леонид Пахомов бас бапкер болып тұрған жылдары шақырту алған. Пахомов бапкер «Ертісте» өнер көрсетіп жүрген қорғаушыны Әзірбайжанмен өткен жолдастық кездесуде алаңға шығарады. Одан кейін Сергей Тимофеев, Арно Пайперс секілді бапкерлер де ұлттық құрама жиынына тұрақты түрде қатыстырып тұрды. Бас команда сапында жалпы 35 ойын өткізген.
### Бапкерлік
2019 жылы бапкерлік жолын бастап, Шымкенттің "Қыран" клубын жаттықтырды.
2020 жылы "Атырауда" бас бапкер көмекшісі боп қызметке тағайындалды.
## Жетістіктері
* Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2002, 2003, 2010 жылдары
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004, 2007, 2008 жылдары
* Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2005 жылы
* Қазақстан кубогының иегері: 2007, 2011 жылдары
* Қазақстан суперкубогының иегері: 2012 жылы
* Интертото кубогының иегері: 2007 жылы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Руслан Тахирұлы Балтиев (16 қыркүйек 1978) — қазақстандық футболшысы. Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.
## Карьерасы
### Клубтық
Руслан 1996 жылы қаңтар айында "Қайрат" мини-футбол клубында ойнап, Қазақстан чемпионы атанды. Сол жылы көктемде футболдан "Қайнар" сапында кәсіби карьерасын бастады. Кейін Ресейдің "Сокол", "Динамо", "Шинник", "Мәскеу" клубтарында бірнеше жыл ойнап, 2007 жылы Қазақстанға оралды. 2007 жылы жазда "Тобыл" клубымен бірге Интертото кубогын ұтып алды.
2009 жылы "Тобыл" сапында тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанатын мүмкіндіктен айрылды да, маусым соңында клубтан кетті. 2010 жылы Ресейдің "Жемчужина" клубына ауысты. 2011 жылдың басында ол клубтан кетіп, "Қайратпен" келісім-шарт жасасты. Бірақ жиі жарақат алды да, 2012 жылы 34 жасында карьерасын аяқтауға мәжбүр болды.
### Ұлттық құрама
Қазақстан құрама командасы сапында тұңғыш рет 1997 жылы қыркүйектің 2-сінде Қытайға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты. Сол жылы 20 қыркүйек күні Алматыда Өзбекстан құрамасы қақпасына тұңғыш голын соқты. Бұл ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бұл 1998 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінің екінші кезеңі болатын.
Соңғы ойынын 2009 жылы 14 қазанда Хорватияға қарсы өткізді.
Ұлттық құрама сапында 73 ойын өткізіп 13 гол соққан.
Құрама сапында 1997–2010 жылдары 73 кездесуде алаңға шықты. Бұл Самат Смақовтан кейінгі екінші нәтиже.
## Статистикасы
### Клубтық
## Жетістіктері
### Командалық
* Мини-футболдан Қазақстан чемпионы 1996
* Қазақстанның вице-чемпионы 2000, 2007, 2008
* Қазақстанның қола жүлдегері 1997
* Қазақстан кубогы 2007
* Интертото кубогы 2007
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Профилі |
Мақсат Байжанов (06.08.1984 ж.), - Қазақстанның футболшысы. Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Жартылай қорғаушы. Футболшылық карьерасын Қызылорданың Қайсар ФК-ында бастаған. Қазақстанның құрама командасының экс-ойыншысы. Құрама команда сапындағы алғашқы ойыны 2005 жылы қаңтардың 29-ында Жапония командасына қарсы болған матчта өтті.
## Мансабы
### Клубтық
Мақсат Байжанов - Қызылорда футболының тәрбиеленушісі. 2002 және 2004 жылдар арасында "Қайсар" футбол клубында ойнады. Келесі маусымды Павлодарлық "Ертіс" командасында бастады. Одан кейін, қайтадан "Қайсар" клубына келіп, 2008 жылға дейін ойнады. 2009 жыл маусымын Астаналық "Локомотив" командасында өткізді. 2010 жылдың бірінші жартысын "Ақтөбе" клубында ойнады, содан кейін трансферге қойылды. Екінші жартысын "Жетісу" құрамасында өткізіп, 2011-2014 жылдар аралығында Қарағандылық "Шахтер" клубында ойнады. 2015 жылы "Атырау"-ға ауысып, 2016 жылы Қарағандылық "Шахтер" клубына қайтіп келді. 2017 жылдан бастап қазірге дейін Қызылордалық "Қайсар" футбол командасында өнер көрсетеді.
### Ұлттық құрама
Мақсат Байжанов ұлттық құрамадағы мансабын 29 қаңтар 2005 жылы Японияға қарсы матчында бастады.
## Статистика
### Клубтық
2002-2014 жж: 350 матчта 35 гол соққан.
### Ұлттық құрама
2002-2014 жж: 20 матчта гол соқпаған.
## Жетістіктер
### Клубтық
Локомотив
* Қазақстан чемпионатының күміс жүлде иегері: 2009
Ақтөбе
* Достастық кубогінің финалисті: 2010
* Қазақстан суперкубок иегері: 2010
Шахтер
* Қазақстан чемпионы(2): 2011, 2012
* Қазақстан кубогінің иегері: 2013
* Қазақстан Суперкубок иегері: 2013
### Өзіндік
Қазақстан Премьер-лигасының үздік 22 ойыншыларының бірі(4): №1 (2006, 2008), №2 (2007, 2009) ҚФФ "Үздік жартылай қорғаушы" премиясының лауреаты: 2008
## Сілтемелер |
Данияр Жексенұлы Мұқанов 1976 жылы қыркүйек айының 26-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 80 сантиметр. Салмағы 76 килограмм. Қорғаушы. Қазір Қостанайдағы "Тобыл ФК" клубында бапкер көмекшісі қызметін атқарады. Қазақстанның құрамасы командасының экс-ойыншысы. Құрамы командасында алғашқы ойыны 2002 жылы сәуірдің 17-інде Латвия командасына қарсы матчта өтті.
## Статистикасы
### Клубтық
## Жетістіктері
* Қазақстан Чемпионы : 1995
* Қазақстан Кубогының иегері : 1995, 2007
* Интертото Кубогының жеңімпазы : 2007
## Ұлттық құрама сапында
Ұлттық құрама сапында Дәнияр 12 кездесу өткізіп 1 доп соқты
## Сілтемелер
* «Тобыл» ФК сайтындағы профиль Мұрағатталған 1 қыркүйектің 2013 жылы. |
Данияр Мұратұлы Кенжеханов (20 қаңтар 1983 жыл, Қазақ КСР, КСРО) — қазақ футболшысы, шабуылшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
## Құрамадағы карьерасы
Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2005 жылы 17 тамыз күні Алматыда ӘЧ-2006 іріктеу турнирінде Грузияға қарсы өткізді. 20-минутта оң қапталдан Нұрбол Жұмасқалиевтың асырған добын дәл бағыттап, есеп ашты. Бірақ бұл ойында Қазақстан 1:2 есебімен ұтылып қалды. Осылайша өзінің дебютінде-ақ гол соқты. Алайда, бұдан кейін ұлттық құрама жейдесінде тағы да 5 рет алаңға шықты да, гол соға алмады.
Құрама сапындағы соңғы ойынын 2006 жылы 28 ақпан күні Финляндияға қарсы өткізді. 2006 жылдың басында құрама тізгінін ұстаған Арно Пайперс Даниярды құрамаға шақырмады.
## Клубтық карьерасы
## Ұлттық құрамадағы ойындары
## Сілтемелер
* Профилі |
Нұрбол Жәрдемұлы Жұмасқалиев (11 мамыр 1981 жыл, Орал) — қазақ футболшысы, жартылай қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған.
## Карьерасы
### Клубтық
Бастапқы карьерасы
Орал футболының түлегі. 90 жылдардың басында "Спорт" газетінің редакторы Несіп Жүнісбаев қазақ балаларынан "Намыс" клубын құру идеясын қолға алды да, Қазақстанның түкпір-түкпірінен талантты қазақ жастарын іздестірді. Сол кезде Нұрбол да селекционерлердің көзіне түсіп, 1992 жылдан бастап "Намыс" футбол мектебінде тәрбиеленді.
1998 жылы кәсіпқой карьерасын "Нарын" (қазіргі "Ақжайық") клубында бастады. Бірақ 1998 жылы "Нарын" өте нашар ойнады да, қайтадан бірінші лигаға түсіп кетті. Сол кезде Берік Арғымбаевтың шақыртуымен Нұрбол "Жетісуға" ауысты. Ол кезде "Жетісу" де аса мықты клуб емес-ті, маусым бойы премьер лигада қалу үшін ғана айқасты.
"Тобыл"
2000 жылы Нұрбол "Тобылға" ауысты. Алғашқы ойынын 16 сәуірде "Шахтер-Испат Кармет" клубына қарсы өткізді. Төрт күннен соң бұрынғы клубы "Жетісуға" қарсы өткізіп, хет-трик жасады. Көп ұзамай жасы жиырмаға да жетпеген Нұрбол клубтың капитаны боп тағайындалды. Оның нәтижелі ойыны ескерусіз қалмады, 2001 жылы Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы атанды, Ұлттық құрамаға да шақыртылды. 2003, 2005 жылдары Қазақстанның үздік футболшысы атанды.
2003 жылы Интертото кубогында да тәп-тәуір ойнады, 22 маусымда "Полония" клубына қарсы ойында еурокубоктердегі тұңғыш ойынын өткізді, кездесу күтпеген жерде "Тобылдың" ірі жеңісімен аяқталды — 3:0. Бір аптадан соң қарымта ойында еурокубоктердегі тұңғыш голын соқты, бұл ойында "Тобыл" 2:1 есебімен жеңіске жетіп, екінші айналымға жолдама алды.
2006 жылы "Тобыл" УЕФА кубогына қатысты. Сырт алаңда "Базельден" 1:3 есебімен ұтылды, жалғыз голды Нұрбол соқты. Бұл "Тобылдың" УЕФА кубогындағы тұңғыш голы болатын.
2007 жылы Интертото кубогында "Тобыл" посткеңестік клубтар арасында бірінші болып жеңімпаз атанды, Нұрбол бес кездесуде екі голдың авторы атанды.
2010 жылғы маусымда тұңғыш рет Қазақстан чемпионы атанды. Соңғы турдағы "Атыраумен" шешуші ойында Нұрболдың жалғыз голы матч тағдырын да, чемпиондық тағдырын да шешті. Чемпионат қорытындысында Нұрбол мергендер көшінде екінші орын алды. "Тобылдың" ресми сайтындағы жанкүйерлер сауалнамасында Нұрбол жылдың үздік ойыншысы деп танылды.
"Локомотив Астана"
2011 жылы 12 қаңтарда өзін басқа клубтарда да сынап көргісі келген футболшы "Локомотив" клубына еркін агент ретінде ауысты. Астаналық клубтағы дебюті басқа-басқа емес, "Тобылға" қарсы өтті. Бұл 2011 жылғы Қазақстан суперкубогы болатын. Бұл ойында Нұрбол 90 минутты толық ойнады, "Локомотив" 2:1 есебімен жеңіске жетті.
6 наурызда тұңғыш рет "Локомотив" сапында Қазақстан чемпионатында алаңға шықты, ол ойын тағы да бұрынғы клубы "Жетісуға" қарсы өтті. Тұңғыш голын 16 сәуірде "Қайрат" қақпасына соқты.
Жыл қорытындысында 10 голмен мергендер көшінде үшінші орынға тұрақтады.
"Тобыл"
2011 жылдың соңында "Тобылға" қайта оралды. Алғашқы ойынын "Қайратқа" қарсы өткізіп, екі нәтижелі пас берді.
2013 жылы 27 шілдеде Қазақстан Премьер лигасындағы 148-ші голын соғып, мергендер көшінде Олег Литвиненконың рекордын жаңартты. 2014 жылы Премьер лигадағы 450-ші кездесуін өткізіп, бұл тұрғыда екінші орынға көтерілді. 2015 жылы бұл рекорд та бағынды, 26 сәуірде "Ордабасыға" қарсы ойында 458-ші кездесуін өткізіп, көш басына шықты.
2016 жылы 16 қазанда "Ақжайықпен" ойында төрешіге ауыр сөз айтып, алаңнан қуылды да, 7 кездесуге қатыспайтын болып чемпионаттан шеттетілді.
"Ертіс" және "Тобыл"
2017 жылдың басында "Тобыл" бапкері Омари Тетрадземен кикілжіңге келіп, клубтан кетті. Премьер Лига дебьютанты болуы тиіс "Алтаймен" келісім шарт жасасып еді, бірақ клуб қаржылай қиындықтарға ұшырап, екінші лигаға түсіп кетті. Енді Нұрбол клубпен келісім шартты бұзды да, "Ертіс" сапына қосылды. "Ертіс" сапында жазға дейін жеті рет Қазақстан чемпионатында алаңға шықты, екі рет Қазақстан кубогы матчтарына қатысты, бірақ гол соға алмады.
2017 жылы жазда "Тобыл" бапкері ауысты да, клуб директоры боп Николай Панин тағайындады. Панин дереу Нұрболға клубқа оралуға ұсыныс жасады. Осылайша 2017 жылы шілдеде үшінші рет қостанайлық клуб ойыншысы атанды.
2018 жылдың соңында 37 жастағы Нұрбол карьерасын аяқтады. Сол жылы желтоқсанда клубтың спорттық директоры боп тағайындалды.
### Бапкерлік
2019 жылы "Тобыл" УЕФА Еуропа лигасында күтпеген жерде Люсембургтің "Женесс" клубына есе жіберіп қойды. Осы сәтсіздіктен соң клуб бапкері Владимир Газзаев қызмметтен босап, орнына Нұрбол бапкер міндетін атқарушы боп тағайындалды. Кейін бұл орынға Григорий Бабаян келген соң қайтадан клуб директоры қызметіне оралды.
### Халықаралық
Ұлттық құрама сапында 58 рет алаңға шықты. Тұңғыш ойынын 2001 жылы 14 қарашада Эстонияға қарсы өткізді. 2003 жылы Кпирде өткен жолдастық кездесуде Армения қақпасына екі гол соқты.
2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде тұңғыш ресми голын соқты, 2005 жылы 7 қыркүйекте Грекиямен ойында есеп ашты.
2007 жылы 24 наурызда ЕУРО-2008 іріктеуінде Сербия қақпасына жеңіс голын соқты.
2008 жылы құрама тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Нұрбол құрамаға сирек шақырылатын болды. Құрама сапындағы соңғы ойынын 2014 жылы 5 наурызда Литваға қарсы жолдастық кездесуде өткізді.
## Жетістіктері
### Командалық
«Тобыл»
* Қазақстан чемпионы: 2010
* Күміс жүлдегер: 2003, 2005, 2007, 2008
* Қола жүлдегер: 2002, 2004, 2006, 2018
* Қазақстан кубогы: 2007.
* Интертото кубогы: 2007
«Локомотив» Астана
* Қазақстан суперкубогы: 2011
### Жеке
* Қазақстанның үздік футболшысы (ҚФФ сауалнамасы): 2005, 2010
* Қазақстанның үздік футболшысы ("Гол" журналының сауалнамасы): 2003, 2010
* Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы: 2001, 2003, 2004, 2005
## Марапаттары
* Қазақстанның спорт шебері.
* Күміс кубок (Құрама сапында 50-ден көп ойын өткізгені үшін)
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* «Тобол» ФК сайтындағы профиль |
Самат Қабирұлы Смақов (8 желтоқсан 1978 жыл, Семей) — қазақ футболшысы, қорғаушы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы сапында ойнаған. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 матч).
## Карьерасы
### Клубтық
Футболмен жеті жасынан шұғылдана бастады. 1997 жылы мини-футболдан ерекше көзге түсті де, дереу Семейдің "Спартагына" қабылданды. 1997 жылғы маусымда 10 кездесуде алаңғы шығып, бір голдың авторы атанды. 1998 жылғы маусымда 20 жасар қорғаушы 23 кездесуде бес рет қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Маусым қорытындысында клубтастарымен бірге Қазақстан чемпионы атанды.
1999 жылғы маусымды "Ертіс" сапында өткізді. Жыл бойы 20 кездесуде керекулік клубтың намысын қорғады да, тағы да ел чемпионы атанды.
Қорғаушының сауатты ойынынан соң өзге елдегі клубтардың оған көзі түспей қоймады. 2000 жылы Ресейдің "Ростсельмаш" клубы Саматпен келісім шарт жасасты. Ростовтық клубта Самат екі маусым ойнап, 39 кездесуде алаңға шықты. Бірақ кейін қосалқы құрамда отырып қалды да, 2002 жылы "Жеңіс (Астана)" клубына жалға берілді. Сол жылы жазда жаттығу барысында жарақат алып, астаналық клуб сапында алаңға көп шыға алмады. Соған қарамастан жыл соңында Қазақстан кубогы иегері атанды.
2003 жылы "Ертіске" қайта оралды. 2004 жылы "Қайрат" сапында өнер көрсетті, өнер көрсетіп қоймай команда капитаны боп та тағайындалды. Жыл соңында Самат Қазақстанның үздік футболшысы атанды және төртінші рет Қазақстан чемпиондығына қол жеткізді.
Кейінгі маусымдарда "Қайраттың" ойыны нашарлап кетті. 2007 жылғы маусымды "Ақтөбе" сапында бастады. "Ақтөбе" сапындағы алты маусым Самат үшін жетістіктерге толы болды, бірнеше рет Қазақстан чемпионы, Қазақстан Суперкубогы иегері және тағы да үш рет Қазақстанның үздік футболшысы (2007-2009) атанды.
2013 жылдың бірінші жартысын Түркияның "Ризеспор" сапында өткізді. Маусым қорытындысында Самат Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы атанды.
2013 жылы жазда "Қайратқа" қайта оралды. 2014 жылы қазан айында клубпен келісім шартты бұзды. Оған клубтың бітіспес қарсыласы "Астанаға" қарсы матчтағы Самат және бірнеше футболшының сүреңсіз ойыны себеп болды.
2015 жылғы маусымды "Ертісте" өткізді.
2016 жылы "Ақтөбеге" оралды, бірақ 38 жастағы қорғаушы Қазақстан чемпионатында бір ойында да алаңға шықпады. Маусым ортасында "Ордабасыға" ауысты. Бұл футболшының карьерасындағы соңғы клуб болатын. "Ордабасыда" Самат вице-капитан міндетін атқарды.
2018 жылы 4 қаңтарда карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.
2018 жылы 1 қыркүйекте қоштасу матчын өткізді. Онда "Саматтың достары" және "Ақтөбе ардагерлері" командалары кездесті.
2018-19 жылдары "Ақтөбенің" бас директоры қызметін атқарды.
### Халықаралық
2000 жылы 31 қазанда Иорданияға қарсы Азия кубогының іріктеуінде тұңғыш рет ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Бір жылдан соң ӘЧ-2002 іріктеуіне қатысты.
2007 жылы 12 қыркүйекте Бельгия қақпасына пенальтиді дәл орындап, құрама сапындағы екі голының біреуін соқты (екінші голды 2014 жылы Түркия қақпасына енгізді, бұл жолы да пенальтиден).
2008 жылы құрама тізгінін Бернд Шторк ұстаған соң Самат мүлде шақырылмай қойды. 2011 жылы құрамадағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бірақ 2014 жылы бапкер Юрий Красножан оны қайта шақырды. 2016 жылы 7 маусымда Қытайға қарсы жолдастық ойында құрама сапындағы 74-ші ойынын өткізіп, Руслан Балтиевтің рекордын жаңартты. Сол жылы 11 қазанда Румынияға қарсы ӘЧ-2018 іріктеу ойынында құрама сапындағы соңғы кездесуін өткізді.
## Жетістіктері
### Клубтық
«Елімай»
* Қазақстан чемпионы: 1998
«Ертіс»
* Қазақстан чемпионы: 1999
«Жеңіс»
* Қазақстан кубогы: 2002
«Қайрат»
* Қазақстан чемпионы: 2004
* Қола жүлдегер: 2005
* Финалист Кубка Казахстана (2): 2004, 2005
«Ақтөбе»
* Қазақстан чемпионы (3): 2007, 2008, 2009
* Күміс жүлдегер: 2010
* Қола жүлдегер (2): 2011, 2012
* Қазақстан кубогы: 2008
* Қазақстан суперкубогы (2): 2008, 2010
* Достастық елдері кубогының финалисі (2): 2009, 2010
«Ризеспор»
* Түркиябірінші лигасында 2-оры: 2012/13
«Ордабасы»
* Қола жүлдегер: 2017
### Жеке
* Қазақстанның үздік футболшысы (4): 2004, 2007, 2008, 2009
* Түркия бірінші лигасының үздік қорғаушысы (1): 2012/13
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* UEFA.com сайтындағы профиль
* Самат Смақов |
Насырұлла хан (1874—1920) — 1919 жылы бір апта бойы Ауған тағын ұстаған Ауғанстан әмірі Әбдірахманның ұлы.
## Жас кезі
Насырұлла — Әбдірахманның үш ұлының екіншісі. Ол 1874 жылы әкесі Ресейлік Түркістан жерінде айдауда жүргенде Самарқанда дүниеге келген.
1880 жылы Әбдірахман ағылшын-ауған соғысын пайдаланып, Ауғанстандағы билікті басып алды және британдықтар оны Ауғанстан әмірі деп танып, нәтижесінде оның ұлдары Хабибұлла мен Насырұлла шаһзаде («тақ мұрагерлері») атанды.
## Еуропаға сапары
## Дереккөздер |
Шаһмұрат әмірші — Бұқар әміршілігінің Маңғыт әулетіне шыққан үшінші билеушісі. Әмір Шаһмұрат 1785 жылынан бастап 1800 жылына шейін билеген.
Қолбасшы болғаны үшін және ислам дінің күшейткені үшін оған Ғазы деген атағын берген.
Түрікмендердің жерлеріне бірнеше шабуыл жасаған. Түрікмендер оған бетінің түсі сары болғандықтан Сарык деген лақап берді. Иранның шаһына қарсы соғысқан. |
Батдыев, Мұстафа Әзірет-Әлиұлы (1950), - Қарашай - Шеркеш Республикасының Президенті. Ұлты - қарашай. 1950 жылы Қазақстанда шаруа отбасында дүниеге келген. 1956 жылы Батдыевтың отбасы туған ауылы Эльтаркачқа, Усть-Джегута ауданына, Қарашай - Шеркешстанға қайтып оралды. 5-ші - 10-шы сыныптарда Черкесск қаласында ұлттық мектеп-интернатта оқыған. 1970 - 1972 жылдарында Кеңес Әскерінің қатарларында қызмет етті. 1978 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультетін тамамдаса, 1981 жылында - сол университеттін аспирантурасын бітірді. Мәскеу ашық әлеуметтік университетінің профессорі, ардақты докторы, Қарашай-Шеркеш мемлекеттік Технологиялық институтының профессоры. Мәскеуде оқу бітіріп, Қарашай-Шеркешстанға оралды. 1981 - 1986 жылдары Прикубан(Қобан маңы) аудандағы "Родина" колхозында бас экономист болып жұмыс істеген. 1986 жылынан бастап партияның облыс комитетінің инструкторы, меңгерушінің орынбасары, әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі . Ауылшаруашылық-өндіріс кешенінің өзін-өзі қаржыландыруға және өзін өзі өтеушілігіне көшірді. Нәтижесінде, Қарашай-Шеркешстанның ауылшаруашылық өндірістің көлемі бір жарым есе көбейді.1992 жылынан бастап - Қарашай-Шеркешстанның Мемлекеттік коммуналдық мүліг төрағасы, республиканың үкіметінің төрағасының орынбасары. 1992 жылында қарашай халқының реабилитация бойынша комиссиясын басқарған. 1994 жылынан бастап - экономика саласы бойынша Қарашай-Шеркеш Республикасының үкіметінің төрағасының орынбасары. 1997 жылынан бастап 2003 жылының тамыз айының 31-ші жұлдызына Қарашай - Шеркеш Республикасының Ұлттық Банкінің төрағасы. Сол кезде республиканың банк жүйесі Ресейде үздіктерінің бірі болып қалды.2000 жылы Владимир Путинді Ресей Федерациясының Президентіне сайлау бойынша республикалық штабын басқарды. 2003 жылының тамыз айының 31-ші жұлдызында Қарашай-Шеркеш республикасының Президенті болып сайланды.Үйленген. Екі бала, төрт немере бар. |
Ехметжан Қасыми (кейде Ехметжан Қасым; ұйғ. ئەخمەتجان قاسىم) (1914 ж. сәуірдің 15-і — 1949 ж. тамыздың 27-сі) — 1944 жылғы қарашаның 12-сінен 1949 жылғы қазанның 20-сына дейін болған екінші Шығыс Түркістан Республикасының саяси жетекшісі, ұйғыр саясатшысы. Бұл мемлекет 1949 жылғы қазанның 1-інде Бейжіңде Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан кейін 19 күннен кейін таратылды.
Ехметжан Қасыми 1914 жылы Құлжада дүниеге келген.
1936 жылы Мәскеудегі Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған.
## Өлімі
1949 жылғы тамыздың 24-інде Ехметжан Қасыми, Абдұлкерім Аббас, Ысқақ Мүниев, Дәлелхан Сүгірбаев, Луо Жы және Шығыс Түркістан Республикасының тағы басқа ресми өкілдері, барлығы 11 адам Қазақ КСР-інің орталығы Алматы қаласында ұшаққа мініп, Бейжіңге қарай бет алды. Оларды Қытай Халық Республикасын жариялайын деп отырған Халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысына қатысуға Мау Зыдоң шақырған болатын.
Бірақ ұшақ Мәскеуде қонды. Қыркүйектің 3-нде Кеңес Одағы Қытай үкіметіне ұшақ Байкал көлінің маңында апатқа ұшырады, ұшақтағылардың бәрі де қаза тапты деп хабарлады.
1991 жылы Кеңес Одағы құлағаннан кейін КГБ-ның бұрынғы жетекшілері Шығыс Түркістан Республикасының жетекшілері 1949 жылғы тамыздың аяғында Сталиннің бұйрығы бойынша өлтірілгенін жариялады.
Қаза боларынан сәл бұрын Ехметжан Қасыми былай деген болатын: «Шыңжаң міндетті түрде Ұйғырстанға айналуға тиіс. Бұны тек ұйғырлар ғана емес, Шығыс Түркістанда тұратын басқа барлық ұлттар мен тұрғындар қалайды».
## Түсініктемелер
## Әдебиет
* Зордун Сабир, Анаюрт, Алматы: «Наш Мир» (2006)
* Абдурахман Абай, Ахметжан Қасыми хаққыда хикайылар, Үрімші: Шинжәң Халық баспасы (1984) |
Ерден Задаұлы Қажыбек (9 ақпан, 1955) — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитетінің төрағасы. Филология ғылымдарының кандидаты (1981), филология ғылымдарының докторы (1989).
## Қысқаша өмірбаяны
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан..
* 1972—77 жылдары академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыған.
* 1977—80 жж. — ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының «Түркология» мамандығы бойынша аспирантурасында оқыды.
* 1986—88 жж. — КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институтының докторантурасында білім алған.
* 1980—82 жж. — ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері
* 1982-89 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының ғылыми хатшысы.
* 1989-92 жж. ҚазКСР ҒА Тіл білімі институтының Түркология және қазақ тілінің тарихы бөлімінің меңгерушісі.
* 1992- 2005 жж. ҚР ҰҒА Шығыстану институтының директоры, «Қазақстан» Ақпараттық-талдау орталығының директоры қызметтерін атқарды.
* 2005 ж. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ профессоры, ҚР БҒМ А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, «Қазақ тілінің этимологиялық сөздігі» және «Қазақ тілінің морфонологиясы» ғылыми жобаларының жетекшісі.
* 2006 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің төрағасы.
## Ғылыми еңбектері
* "Түркі сөздерінің семантикасы" деген тақырыпта доктор диссиртациясын қорғады.
* 100-ден аса ғылым еңбектері бар.
* Семантика тюркского слова. А., 1988;
* Глагольно-именная корреляция гомогенных корней в тюркских языках (явления синкретизма). А., 1986.
* "Түркі тілдерінің салыстырма сөздігі" (Анкара, 1992);
* "Қазақша-түрікше және түрікше-қазақша сөздік" (Анкара, 1993) т. б. авторы.
## Қоғамдық қызметі
Қажыбековтың ұйымдастыруымен Алматыда туркітану мен шығыстану мәселелеріне байланысты халықаралық ғылым конференциялар өтті.
* Халықаралық "Тюркология" (Баку), "Тюрк юрду" (Анкара) ғылыми-теориялық журналдар алқасының салыстырмапы-тарихи зерттеулер женіндегі кеңестің (Стамбұл) мүшесі
* Ортаазиялық зерттеулер жөніндегі кеңестің (Стамбұл)
* Орта азиялық зерттеулер жөніндегі ассоциацияның (Мадисон, АҚШ) мүшесі
* Шығыстанушылық к-тінің (Голландия, Утрехт) мүшесі
* "Түрк Дил Қурумының" корр.-мүшесі (Анкара).
* "Қазақстан Түркия" достық қоғамының басқарма мүшесі, Халықаралық түркітану орталығының президенті
* ҚР Президенті аппаратының және Министрлер Кабинетінің ғылым сарапшысы.
* Голландық Шығыстанушылар Қоғамының (Утрехт) толық мүшесі
* Қазақстанның Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі
* «Türk Dil Kurumu» Түрік Лингвистикалық Академиясының (Анкара) толық мүшесі
* Қытай Билингвистикалық Білім беру Ғылыми-зерттеу Академиясының (Пекин) толық мүшесі
* Халықаралық Ресей Түркологтары Комитетінің (Мәскеу) мүшесі
* Кипр Америка университеті басқармасының (Кипр) мүшесі
* Қазақстан-Ливия Достық және мәдени байланыс қоғамы басқармасының президенті.
## Марапаттары
Ғылымдағы сіңірген еңбектері үшін:
* ҚР Ұлттық ғылым академиясының мақтау қағазы
* медалімен марапатталған.
## Дереккөздер
> |
Насырұлла хан (1806—1860), толық есімі Әмір Насыр Улла Баһадур Хан—1826 жылынан бастап 1860 жылына дейін Бұхар хандығының әмірі. Маңғыт әулетінен шыққан.Феодалдық бөлшектенушілікті жоюға әрекеттенді. Көршілес Шахрисабз, Қоқан, Хиуа хандықтарымен жүргізген күресі сәтсіз аяқталды. Ол қатігез билеуші ретінде ғана халықтың жадында қалды.
Әмірші Хайдар ханның баласы. Әкесінің өлтіруінен соң, таққа отырды. Таққа отырған соң, Насырұлла бар аға-інілерін өлтірді.
Бұл кезде Орта Азия солтүстік жақтан Ресейдің және оңтүстік жақтан Ұлыбританияның қысымын сезді. Екі империя бұл аумаққа әсер еткісі келді, оны өзінен тәуелді еткісі келді. Ресей мен Ұлыбритания әсер ету тынық күресін бастады. 1842 жылы Ұлыбритания Бұқар әміршілігіне барлаушы елшілерін Чарльз Стоддарт мен Артур Коннолиді жіберді. Насырұлла оларды Обхана жер астындағы абақтысына отырғызып, өлтірді. Кейін Ұлыбритания жоғалып кеткен өз азаматтарын қалпын білу үшін 1843 жылы Джозеф Вольфті жібереді. Әмірші оны да Обханаға отырғызды, бірақ кейін оған азат берді. Вольф Ұлыбританияға қайтып, барлаушылардың ажалы туралы хабарланды. Батыс мемлекеттерде Әмірші Насырұлла ханды бұл оқиғаның арқасында біледі.
Қазақстан тарихында Насырұлла хан Кенесары ханымен ерекше қатынастарының арқасында қалды. Бұқар әміршілігі көршілес елдерін жаулап алғысы келген. Алдыменен Хиуа менен Қоқан хандығын жаулап алып, оларды өзіне қараған бектіктеріне айналдырғысы келді. Ал Қоқан менен Хиуа хандықтары сол кезде қазақтардың кейбір жерін жаулап алып, қазақтарға зорлық көрсетті.
Сол кезде Кенесарының отарлау саясатына қарсы көтерілісі басталды. Кенесары Қоқан хандығымен соғыс ашты. Дәл сол кезде Бұқар әміршілігі мен Қоқан хандығы арасында да соғыс басталды. Осылайша, Кенесары Бұқар әміршісі Насырұлла ханның одақтасы болып шықты.
Қоқанмен соғыс ашуының алдында Насырұлла Қоқанның ханы Мәделіге елші жіберіп, оған Бұқардың әміршісіне бағынуға бұйрық береді. Екінші, Мәделі ханға өз әйелімен ажырасуға бұйрық берді. Мәделі хан өзінің Хан Паджа Айым деген жас сұлу өгей шешесіне үйленді, бұл қылық ше шариғатқа қарсы. Бұқар әміршісі Насырұлла, Мәделі хан шариғат жолынан бет бұрды деп, оны әйелімен ажыратып, Хан Паджа Айымға өзі үйленгісі келді. Мәделі хан Бұқар әміршісінің елшілерін өлтірді. Насырұлла соғыс ашты. 1840 жылы Насырұлла өз әскерін Ұра — Төбеге жіберіп, Ұра — Төбені алып, Қоқанға жолын ашты. Қоқан сарбаздары шайқас майданынан қашты. Мәделі хан бір кезеңде екі жаумен күресті. Осындай қалыпта, Кенесары төрт мың әскерімен Ташкентті қамалады, Жаңақорған, Созақ, Жөлек, Ақмешітті алды. Қазақтарды Қоқан билігінен азаттанып, өзіне бағындырды. Сөйтіп, Бұқар әміршісіне Мәделі ханмен жәрдем етті.
1842 жылы сәуір айында Насырұлла Қоқанды алып, Мәделі ханды өлтірді. Жәрдем көрсеткені үшін, Насырұлла Кенесарыға алғысын білдіріп, шапан менен қылышын сыйлады.
1842 жылы Бұқар әміршілігі мен Хиуа әміршілігі арасында қанды жанжал бастады. Соғыс төрт жылдан кейін, 1846 жылы аяқталды.
Ел ішінде, Насырұллаға оның қаталдығы үшін «ет союшы» деп лақап берді. Өз астана жұрты үшін, Насырұлла «елдің қан ішетін» билеуші ретінде тарихында қалды.Насырұлланың кезінде Бұқар әміршілігінде қыпшақтар көтеріліс көтерді. Әсіресе, кенегестер, Насырұллаға бағынғысы келмей неше сан көтерілістеді көтерген. Насырұлла 20 жылдың ішінде кенегестер тұратын Шахрисябз атырабына 32 рет шабуыл жасаған.
## Дереккөздер |
Мәулен Балақайұлы Балақаев (1907 жылғы қазанның 7-сінде Түркістанның маңындағы Шаға ауылы – 1995 жылғы қарашаның 15-і, Түркістан қаласы) — қазақ тілтанушысы, көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1952), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1958), Қазақ КСР-інің еңбек сіңерген ғылыми қайраткері (1963).
Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1933). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы журналистика институтының кафедра меңгерушісі (1937–41), Шет тілдері институтының директоры (1941–42). Қазақ КСР-і Мин. Кеңесінде кеңесші-референт (1943–1945), Мемлекеттік терминология комиссиясының ғалым-хатшысы (1946–63), ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі (1952–75), ұзақ жылдар бойы Қазақстан Ғылым Академиясында (1945–59, 1975–87) бөлім меңгерушісі, ғылым кеңесші (1987–95) болды. Балақайұлытың ғылыми-зерттеген еңбектері қазақ тілі ғылымының грамматика, емле, терминология, тіл мәдениеті, стилистика тәрізді өзекті мәселелеріне арналған. Балақайұлы орта мектептерге, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға белсене ат салысты.
Балақайұлы 150-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 20-ға жуық кітаптар мен моногр. зерттеулердің авторы. Балақайұлытың «Жай сөйлем синтаксисі» деген доктор диссертациясы тіл білімі тарихындағы жаңалық ретінде жоғары бағаланды; әсіресе, «Қазіргі қазақ тілі» оқулығы – синтаксистің салаларын ғылым тұрғыда жүйелеп, оның құрылымдық қызметін терең зерттеген еңбек. Балақайұлы «Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің негізгі типтері» деген монографиясында синтаксистің дербес саласы ретінде сөз тіркесін алғаш зерттеді. Еңбектерінің бірқатары қазақ әдеби тілінің дамуы мен көркем әдебиет тілін зерттеу мәселелеріне арналған. «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары» деген монографиясы үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлық лауреаты (1986) атағы берілді.
## Өмірбаяны
1929 жылы Шымкенттегі педагогтық техникумды бітірді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында аудандық білім беру бөлімінде инспектор, кейін соның жетекшісі болып қызмет атқарды.
1931 жылы Алматыдағы Қазақ педагогтық институтына түсті. Студент кезінде-ақ сол институтта қазақ тілінен сабақ беріп, жаңа термин сөздерді жасап шығаруға, қазақ мектептеріне арналған оқулықтар және оқу құралдарын жазуға атсалысып жүрді.
1934 жылдан бастап алдымен Ленинград мемлекеттік тарих, пәлсапа, әдебиет және тілтану мемлекет институтының, сосын Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасында оқи бастады. Ленинград Шығыс институтының редакторлар мен аудармашылар курстарында қазақ тілінен сонымен қатар сабақ беріп жүрді. Аспирантураны тәмамдаған соң Қазақстанның жоғары оқу орындары мен зерттеу институттарында жұмыс істеді; Коммунистік журналистика институтында кафедра меңгерушісі, Алматы шет тілдері институтының директоры қызметтерін атқарды.
1942 жылы «Қазақ тіліндегі көмекші сөздер» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1942-1943 жылдары Қызыл Әскердің қатарында қызмет атқарды. ҚазКСР Министрлер кеңесінің аппаратында референт және кеңесші болып жұмыс істеді, С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде сабақ берді.
1945 жылдан бастап ҚазКСР Ғылымдар Академиясында тұрақты еңбек ете бастады, қазіргі қазақ тілі бөлімін, 1959 жылдан ҚазКСР Тіл білімі институтының тіл мәдениеті бөлімін басқарды.
1950 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисінің негізгі мәселелері» тақырыбы бойынша докторлық диссертация қорғады.
1951 жылы оған филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді, 1952 жылдан бастап профессор.
1958 жылы Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
## Ғылыми еңбегі
Өз еңбектерінде Балақаев қазақ тілінің синтаксисі, стилистикасы мәселелерімен айналысқан. Қазақ тіліндегі негізгі сөз тіркестері және қазақ әдеби тілінің тарихымен де шұғылданған. Алғашқылардың бірі болып қазақ көркем әдебиетінің тілін зерттеумен айналыса бастаған. Жоғары оқу орындарына арналған «Қазіргі қазақ тілі (Синтаксис)» оқулығының, «Қазақ әдеби тілінің тарихы» оқу құралының авторларының бірі болып табылады. Орта мектептерге арналған оқулықтарымен ол ерекше белгілі. Қазақ лексикографиясына да оның сіңірген еңбегі қомақты, ол 2 томдық Орыс-қазақ сөздігінің, «Орфографиялық сөздіктің» авторлары мен редакторларының бірі..
## Шығармалары
* Қазіргі қазақ тілі: лексика, фонетика, грамматика, А., 1954, 1966, 1971, 1996 (телавт.);
* Современный казахский язык: Синтаксис словосочетания и простого предложения, А.-А., 1959;
* Қазақ тіл мәдениетінің мәселелері, А., 1965;
* Қазақ тілінің стилистикасы, А., 1966 (телавт.);
* Қазақ тілі грамматикасы. Синтаксис. 2-том, А., 1967;
* Қазақ әдеби тілінің тарихы, А., 1968 (телавт.);
* Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту, А., 1989;
* Қазақ тіл білімінің мәселелері, А., 2008.
## Әдебиеттану
* Аралбаев Ж., Сарыбаев Ш., О жизни и творчестве профессора М.Б.Балакаева, «Известия АН КазССР, Серия филологическая», 1977, № 4;
* Сыздыкова Р., Сарыбаев Ш., Маулен Балакаевич Балакаев, «Советская тюркология», 1987, № 6.
## Дереккөздер |
Шолпан сөйлемі мынадай мағыналарға жатуы мүмкін:
* Шолпан (есім) — әйел есімі;
* Шолпан (ғаламшар);
* Шолпан (ауыл);
* Шолпан (журнал) - алғаш саны 1922 жылы Түркістан АКСР-де жарық көрген журнал. |
Барлас — қазақ және өзбек халқының ішіне енетін, түркі тілдес тайпаларына жататын ежелгі тайпа. Қазақ арасында Найман тайпасы ішінде Дүрменнің Барласына кіреді.Әмір Темірді Парсы шахы сарт дегенде Ақсақ Темір қатты жынданған сол сөзі Парсы джихадына алып барды, Парсы астанасы қиратылды, Әмір Темірдің Парсы шахына берген жауабы:
## Тарихы
Барластар Шыңғыс ханның жаулануы кезінде, 13 ғ. қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға көшкен. Сол рудан Әмір Темір, Ұлықбек дегендер шыққан.
Кейбіреулер, Барластың тегін көне түркілерінен шыққан есептесе, басқалар олардың моңғол тегін анықтап, бірақ кейін түркі тілдес болып кетіп, түркілермен аралысып, түркі тайпа болып кеткендігін айтады. Зерттеушілердің деректері бойынша, Барластар Шыңғыс хан шыққан Қияттарға жақын тайпа. Моңғолдың құпия шежіресіне сүйінсек, Барластар Бодончар қолбасшының ұрпақтары делінеді, ал Бодончар Шыңғыстың туысқаны еді. Қазіргі заман ағылшын, американ тарихшылары да Барласты Түркі - Моңғол тайпасы деп атайды.
## Барластар аймағы
## Дереккөздер |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы — Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысының гуманизм, бауырмалдық және ақысыз көмек идеялары мен принциптерін Қазақстан қоғамында орнықтыруға күш салатын ізгілікті қоғам. Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 2002 жылы құрылды.
## ҚазССР-нің Қызыл Жарты Ай қоғамы
ҚазССР-ның Қызыл Жарты Ай қоғамы 1934 жылы 17 ақпан күні құрылып Уставы бекітіледі.
* КСРО Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамының ережесі бойынша:өндірістік принципі бойынша мүшесі 15-тен кем болмайтын кәсіпорындар, темір жол және су транспорттары, колхоздар, совхоздар, МТС мекемелері, оқу орындры және үй басқармалары бастауыш ұйымы болып табылды;әрбір кәсіби орындарда, совхоздарда, колхоздарда, оқу орындарда санитарлық дружинаның Қызыл крестік ұжымының болуы;санитарлық дружиналар құру, комплектеу;санитарлық дружиналарды дайындау, жабдықтау; арнаулы киіммен қамтамасыз ету;санитарлық дружиналардың пункттерін ашу сияқты міндеттер белгіленді.
* өндірістік принципі бойынша мүшесі 15-тен кем болмайтын кәсіпорындар, темір жол және су транспорттары, колхоздар, совхоздар, МТС мекемелері, оқу орындры және үй басқармалары бастауыш ұйымы болып табылды;
* әрбір кәсіби орындарда, совхоздарда, колхоздарда, оқу орындарда санитарлық дружинаның Қызыл крестік ұжымының болуы;
* санитарлық дружиналар құру, комплектеу;
* санитарлық дружиналарды дайындау, жабдықтау; арнаулы киіммен қамтамасыз ету;
* санитарлық дружиналардың пункттерін ашу сияқты міндеттер белгіленді.
1936 жылы ҚазССР-ның Қызыл Жарты Ай қоғамы Қызыл Крестің қоғамдары Одағы және Қызыл Жарты Ай қоғамының құрамына кіреді.
## Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы
* Қазақстан Республикасының Ұлттық Қызыл Жарты Ай қоғамы 2002 жылы құрылды.
* 2000 жылы қарашада Қазақстан Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамын Халықаралық Қызыл Крест комитеті тарапынан мойындау туралы өтініш беріліп, ХҚКҚЖҚФ мүшелігіне өтуге сұраныс жасалды. Алайда, қоғам қосарланған атауды және қос таңбаны пайдаланғандықтан сұраныс қанағаттандырылмады.
* Осыған орай 2002 жылы 29 наурызда ҚКҚЖҚҚ XVI съезінде ол Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Ұлттық қоғамы болып қайта құрылды, сондай-ақ қоғамның жаңа таңбасы — қызыл жарты ай белгісі қабылданды.
* 2003 жылы қарашада ҚР ҚЖҚ басшысы ХҚКҚ-на және ХҚКҚЖҚФ-на қоғамды мойындау туралы және оны Халықаралық Федерацияның толыққанды мүшелігіне қабылдау туралы екінші қайтара өтініш жасады.
* Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігі 2003 жылы қарашада Швейцария СІМ-не нота жолдап, онда ақ түстегі қызыл жарты ай геральдикалық таңбасы бұдан былай ҚР Қарулы күштері медициналық қызметінің ерекшелік таңбасы болып пайдаланатынын хабарлады. Нотада, сондай-ақ, ҚР ҚЖҚ-ның эмблемасы да қызыл жарты ай эмблемасына ауыстырылғаны, ал 2003 жылы 17 ақпанда ҚР ҚЖҚ ҚҚКҚЖҚ-ның заңды мұрагері ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгендігі хабарланды.
* Сонымен Қызыл крест және Қызыл Жарты Ай Халықаралық комитеті тарапынан ҚР ҚЖҚ-ын мойындауының және Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары Халықаралық Федерациясының мүшелігіне өтуге байланысты құқықтық кедергілер алынғаны айтылып, ҚР СІМ ҚР ҚЖҚ президентінің тиісті өтінішін қарастыруды сұрады.
* 2003 жылы 20 қарашада ХҚКК өз Ассамблеясында Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілеттігін танып, 28 қарашада ҚР ҚКҰҚ Халықаралық Федерацияға 180-ші қатысушы ретінде қабылданды.
## Тағы қараңыз
* Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы
## Дереккөздер
## Сілтемелер
* Қазақстанның Қызыл Жарты Айы (қаз.) gov.kz |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
## Тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда КСРО Мембанкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ретіндеашылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.
## Негізгі фунциясы
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
* мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
* төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
* валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
* қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
* Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
* Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
* банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
* Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
* төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
* Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
* Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
* қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
* Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
## Басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын Парламент Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Ұлттық Банк құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
Ұлттық Банк құрылымы
1. Орталық аппарат:
* департаменттер;
* басқармалар.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
* орталық филиал (Астана қаласы);
* республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар;
* Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар;
* Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
* Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері.
Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы
* «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы
* «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционерлік қоғамы
* «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
* «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы
* «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы
* «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (64%)
* «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы
* «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» акционерлік қоғамы
* «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (47%)
## ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы
* Ақша-кредит саясаты департаменті
* Төлем балансы департаменті
* Қаржы нарығының статистикасы департаменті
* Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті
* Қаржылық технологиялар департаменті
* Төлем жүйелері департаменті
* Бухгалтерлік есеп департаменті
* Операциялық есепке алу департаменті
* Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
* Ішкі аудит департаменті
* Қауіпсіздік департаменті
* Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы
* Тәуекелдер және комплаенс департаменті
* Монетарлық операциялар департаменті
* Халықаралық ынтымақтастық департаменті
* Заң департаменті
* Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті
* Қолма-қол ақша айналысы департаменті
* Қаржы департаменті
* Адам капиталын дамыту департаменті
* Әкімшілік басқармасы
* Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті
Алматы қаласындағы өкілдік
* Зерттеулер және талдама орталығы
* Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті
* Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы
ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығынжәне қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініпшығарылды.ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен ҚРҰлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлықоперацияларды есепке алу басқармасы құрылды.
## Төрағалар
* қаңтар 1992 — желтоқсан 1993 — Ғалым Байназаров
* 1994 — қаңтар 1996 — Дәулет Сембаев
* қаңтар 1996 — ақпан 1998 — Ораз Жандосов
* ақпан 1998 — қазан 1999 — Қадыржан Дәмитов
* қазан 1999 — қаңтар 2004 — Григорий Марченко
* 26 қаңтар 2004 — наурыз 2009 — Әнуар Сәйденов
* 22 қаңтар 2009 — 1 қазан 2013 — Григорий Марченко
* 1 қазан 2013 — 2 қараша 2015 — Қайрат Келімбетов
* 2 қараша 2015 — 26 ақпан 2019 — Данияр Ақышев
* 26 ақпан 2019 — 31 қаңтар 2022 — Ерболат Досаев
* 3 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 - Ғалымжан Пірматов
* 4 қыркүйек 2023 жыл - Тимур Сүлейменов
## Дереккөздер |
Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.
Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.
Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.
## Тағы қараңыз
* Дешті-қыпшақ мемлекеті
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том |

Қазақстан халқының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.
Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланды.
Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.
## Тағы қараңыз
* Қазақстан Республикасының мерекелері
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Мұрағатталған 4 мамырдың 2012 жылы. |
Өмірзақ Өзбеков (10 қараша, 1947, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас (ауыл)) - Қазақстанның саясатшысы, дипломаты, саяси ғылымдардың кандидаты
## Өмірбаяны
* Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген (1971), ветеринар дәрігер.
* Қорам темекі кеңшарында, "Авангард" кеңшарында мал дәрігері болып жұмыс істеген.
* 1971 - 1985 жылдары "Таусүгір" кеңшарының компартия комитетінің хатшысы.
* 1985 - 1990 жж. Т.Қабылов атындағы кеңшар директоры.
* 1990 - 1991 жж. Шелек аудандық атқару комитетінің төрағасы.
* 1991 - 1992 жж. Алматы облысының ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының орынбасары.
* 1992 - 1994 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары
* 1994 ж. қазанынан - 1996 ж. наурызына дейін - Алматы облысының әкімі.
* 1996 ж. наурызынан - 1997 ж. мамырына дейін - Талдықорған облысының (соңғы) әкімі.
* 1997 жылдың маусымынан - 2003 жылдың шілдесіне дейін - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
* 2003 жылдың шілдесінен 2008 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
* 2008 жылғы қаңтардан 2011 жылғы 13 қазанға дейін - Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің басшысы.
* 25 сәуір 2013 жылы - 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
## Ғылыми еңбектері
Саяси ғылымдардың кандидаты, диссертация тақырыбы: "Қазақстан-Өзбек қатынастарының саяси аспектілері", (2000).
## Марапаттары
* "Құрмет" ордені (2003)
* "Астана" медалі (1998)
* «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)
* «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)
* «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)
* «Астананың 10 жылдығы» (2008)
## Отбасы
* Әйелі: Өзбекова Гүлжазира Махмутқызы
* Балалары: қыздары - Әйгерім (1970), Ақмарал (1973), ұлдары - Дәуір (1975), Данияр (1979).
## Дереккөздер |
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы – 11 желтоқсан 2015 жыл, Астана) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002-2015).
## Өмірбаяны
Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.
Ол Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы. 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өтті. Мүрдесі ұлттық пантеонға жерленді. Шыққан руы Адай.
Лақап аты – Әбіш Таған.
### Отбасы
Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі, білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928–1931 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай мекеннен көшіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Махачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады. Алайда Кекілбайдың дүниеден өткенін үй ішіне бірнеше жылдан соң ғана хабарлайды. Кекілбай соғысқа аттанған жылы анасының ішінде қыз бала қалады. Оның есімін Тілектес деп қояды.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942–1945 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945–1962 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.
Әбіш Кекілбайұлы 1947 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948–1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956–1957 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.
Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
Жазушының жұбайының есімі – Клара Жұмабаева. Екеуі орта мектепте бірге оқыған. Бір күні жазда мектеп оқушыларының аудандық байқауы өтеді. Кекілбайдың Әбіші де тамашалау үшін концертке барған. Сахнада ән айтып тұрған ақ көйлек киген қызға жазушының көзі түседі. Сол жылы күзде Әбіш әлгі қызды қайта көреді. Сөйтіп танысады. Оқу орнын бітірген соң екеуі үйленеді. Клараның мамандығы – дәрігер.
Ерлі-зайыпты төрт бала – Әулет (1965–2013) пен Дәулет (1975) есімді екі ұл, Зәузат (1967) пен Сәулет (1971) есімді екі қыз тәрбиелеп өсірді. 2013 жылы Маңғыстауда үлкен ұлы Әулет жол апатынан қаза тапты. Әпкелері: Дыбыс пен Қаркөз Маңғыстауда тұрады, қарындасы Тілектес Қызылордада тұрады.
### Қызмет жолы
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
1962–1965 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
1965–1968 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрлігінде.
1968–1970 жылдары Кеңес армиясының қатарында.
1970–1975 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор.
1975–1984 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі.
1984–1986 жылдары ҚазКСР Мәдениет министрінің орынбасары.
1986–1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы.
1989–1990 жылдары ҚазКСР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы.
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.
1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы.
1992–1993 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы.
1993–1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994–1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы.
1996–2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.
2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.
2015 жылдың 10 желтоқсан күні Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды.
2020 жылдың 5 шілдесінде Әбіш Кекілбайұлының жары Клара Жұмабайқызы өмірден өтті.
## Шығармашылығы
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.2010–2013 жылдары «Жазушы» баспасында 20 томдық “толық” шығармалар жинағы шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының (1986), Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының (1995), «Отан» орденімен (1999), Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.
## Марапаттары
## Әбіш Кекілбай атында
2019 жылы Маңғыстау өңірінде халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлына ескерткіш ашылды. Ақтау қаласында бой көтерген ескерткіштің авторы – мүсінші, суретші Көшер Байғазы. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 3,5 метр. Салмағы – 3,5 тонна.
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Астана)
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Алматы)( бұрынғы атауы Коблукова) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы көше (Орал)( бұрынғы атауы Комсомольская) ,.
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы Оңды орта мектебі (Маңғыстау облысы) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы BINOM мектебі (Астана) .
* Ә. Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі (Ақтау) .
* Әуе қалашығындағы 900 орындық №72 Әбіш Кекілбайұлы атындағы жалпы білім беретін ІТ мектеп-лицейі (Ақтөбе) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы ғылыми-зерттеу зертханасы (Ш.Есенов университеті).
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория ашылды (Еуразия ұлттық университеті)
* Әбіш Кекілбайұлының атындағы оқу залы (Ұлттық академиялық кітапхана) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аудитория (Қазақ ұлттық университеті) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы аллея (Астана) .
* Әбіш Кекілбайұлы атындағы мәдени орталық (Ақтау).
## Сыртқы сілтемелер
* Әбіш Кекілбайұлының сайты Мұрағатталған 2 тамыздың 2018 жылы.
* Әбіш Кекілбайұлы Adebiportal.kz сайтында
* Әбіш Кекілбайұлының қазасына қатысты мемлекет және қоңам қайраткерлері тарапынан айтылған сөздер Әулие Әбіш әлемі «Қазақ әдебиеті», 18.12.2015
* Әбіш Кекілбайұлы / Ғибратты ғұмырлар / Асыл арна YouTube сайтында
## Дереккөздер |
Мұхтар Шаханов (2 шілде 1942 жылы туған, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылы) — қазақ ақыны, драматургі. Қазақстан халық жазушысы.
## Өмірбаяны
Қыпшақ тайпасы торы руы Көкмұрын бөлімінен шыққан..
* Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969).
* "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65)
* "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде
* республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді.
* 1976 жылдан Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы.
* «Жалын» альманахының (1984) бас редакторы
* «Жалын» журналының бас редакторы (1986)
* 1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды.
* 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
* "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
* Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы
* Республикалық "Жалын" журналының бас редакторы.
## Қоғамдық қызметі
* КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі (1989-91).
* КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969)
* КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978)
* Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986)
* Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988)
* 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты.
* М.Шаханов 1926 жылы ислам дінінің қалдығы деген желеумен Кеңестер Одағының тоталитарлық жүйесі тойлауға тыйым салған «Наурыз» мерекесінің 62 жылдан соң қайта салтанат құруына мұрындық болды (1988 ж.).
* 1989 жылы 22-қарашада Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі орыс және қазақ тілдеріне бірдей мемлекеттік дәреже берген заңды қабылдап, тіпті оған дүркірете қол соғып қойғанда, екінші рет қайта шығып сөйлеп, депутаттарды қазақ тілін жеке мемлекеттік тіл жасауға үндеді және қабылданған заңның үлкен зардабы болатынын ескертті. М.Шаханов ұсынысы Президенттің қолдауымен дауысқа қайта салынып қазақ тілі жекедара мемлекеттік мәртебе иеленді. Ақын соңғы жылдары «үш тұғырлы тілге» де, тікелей қазақ халқын және республикадағы аз ұлттарды тікелей жоюға алып баратын, бастауын «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа» да батыл қарсылық танытып келеді.
* 1992 жылы М.Шаханов Олжас Сүлейменовпен бірлесіп «Халық конгресі» партиясын құрды. Бірақ екі тілде тәрбиеленген екі тұлға арасында ұлттық мүдде мен космополиттік ағым жүйелі көзқарас таба алмағандықтан партия ұзақ ғұмыр кеше алмады.
* 2001 жылдан «ХХІ ғасыр және Руханият» атты халықаралық элита клубының президенті
* 2004 жылдан «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы
* 2010 жылдан «Тәуелсіздікті қорғау» атты 50-ден астам қоғамдық ұйымдардың, партиялардың, баспасөз орындарының басын қосатын халықтық-демократиялық қозғалыстың төрағасы және республикалық «Жалын» журналының Бас редакторы.
## Шығармашылығы
* Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды.
* Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді.
* "Балладалар" (1968 ж.)
* "Ай туып келеді" (1970 ж.)
* "Қырандар төбеге қонбайды" (1974 ж.)
* "Сенім патшалығы" 1976 жылы атты кітаптары шықты.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. Өлеңдерінде философиялық ой басым. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс.
"Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Құз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.
М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» (Шыңғыс ханның пенделік құпиясы) атты романдары ЮНЕСКО шеңберінде қаралып, әлемдік деңгейде қызу пікірталас тудырды. Оның шығармалары дүниежүзінің 50-ден астам тілдеріне аударылды.
## Азаматтық болмысы
Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры.
Ақынның:
, — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ:
2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясын" атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл, ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе-поэмалары енген.
Ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, «Халық қаһарманы» атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас тартты. Ол оны былай түсіндіреді.
## Өлеңдер мен балладалар тізімі
* «Эверестке шығу»
* «Ғашықтық ғаламаты»
* «Еркектер жыры»
* «Әйелдер»
* «Сұлулықты сезіну немесе Ғабиден Мұстафинмен қарттық жайлы әңгіме»
* «Арман»
* «Шың басындағы оқиға»
* «Алтын, күміс және қалайы»
* «Жайықпен жүздескенде»
* «Байқаймысың»
* «Жалын»
* «Жанерке»
* «Достық өлкесінің заңы»
* «Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап»
* «Өзендер»
## Марапаттары
* Қазақстанның Еңбек ері ( 16 маусым 2022)
* Отан ордені (16 маусым 2022)
* Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994)
* Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996)
* Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған Орта Бағдарламасы сыйлығының лауреаты
* Түрік Республикасының «Түрік дүниесіне қызметі үшін» халықаралық сыйлығының лауреаты
* Қырғыз Республикасының халықаралық "Руханият" сыйлығының лауреаты
* түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің "Шахрияр" сыйлығының лауреаты
* ЮНЕСКО-ның "Боорукер" клубы сыйлығының иегері.
* "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі (2002)
* Түркияның Гебзе қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" сыйлығы берілген (2002).
* Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр мемлекеттері тағайындаған «Түрік әлеміне сіңірген ерен еңбегі үшін» атағының иегері (2006).
* Осы жылы Америка өмірбаян институты белгілеген 2005 жылдың "Жыл адамы" атағы берілді.
* Мұхтар Шаханов "Түркістан облысының құрметті азаматы".
* М.Шаханов — Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1972).
* "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін"
* "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдармен марапатталған.
* жиырмадан астам шет елдік академиялардың, университеттердің құрметті докторы, профессоры.
* «Нобель» сыйлығының 100 жылдығына орай Тамбов қаласында өткен «Нобель» сыйлығы лауреаттары мен нобелшілердің халықаралық конгресінде «Нобель» ақпарат орталығы, «Нобель» қоры, Ресей жаратылыс ғылымдары академиясы бірлесіп бекіткен «Нобельдің Алтын медалімен» марапатталды.
## Дереккөздер
## Сыртқы сілтемелер
* Желтоқсан эпопеясы (Жалғасы. Басы өткен санда) ДҮРБЕЛЕҢ Мұрағатталған 27 қарашаның 2016 жылы.
* Желтоқсан эпопеясы (Басы. Жалғасы келесi сандарда) Мұрағатталған 27 қарашаның 2016 жылы.
* Мұхтар Шаханның жеке сайты Мұрағатталған 22 наурыздың 2011 жылы.
* Мұхтар Шаханның мәлімдемесі 16.02.2011
* Мұхтар Шахан. ТЖ-лықтың жаңа қыры |
Алматы хайуанаттар бағы — Алматыдағы мемлекеттік хайуанаттар паркі. Қазақстанның ең алғашқы хайуанаттар бағы.
## Тағы қараңыз
* Қарағанды хайуанаттар бағы
* Шымкент хайуанаттар бағы |
Шу облысы (қыр. Чүй облусу) — Қырғыз Республикасының облыстарының бірі, Қырғызстанның солтүстігінде орналасқан.
Ыстықкөл, Талас, Нарын, Жалалабат облыстарымен және Қазақстан Республикасының Жамбыл облысымен шектеседі. Орталығы — Бішкек қаласы.
Облыста 4 қала, 5 кент, 105 ауылдық округ, 327 ауыл бар.
## Әкімшілік бөлінісі
Шу облысының құрамында:
* 8 аудан:Аламүдін ауданы,Жайыл ауданы (бұрынғы Калинин),Кемин ауданы,Мәскеу ауданы,Панфилов ауданы,Соқылық ауданы,Шу ауданы,Ыстықата ауданы.
* Аламүдін ауданы,
* Жайыл ауданы (бұрынғы Калинин),
* Кемин ауданы,
* Мәскеу ауданы,
* Панфилов ауданы,
* Соқылық ауданы,
* Шу ауданы,
* Ыстықата ауданы.
* 1 облыстық бағыныстағы қала бар:Тоқмақ.
* Тоқмақ.
## Ұлт құрамы
* Қырғыздар – 338 мың (43,8 %) (1999)
* Орыстар – 246 мың (31,9 %)
* Дүнгендер – 44 мың (5,7 %)
* Украиндар – 26 мың (3,4 %)
* Қазақтар – 18 мың (2,3 %)
* Ұйғырлар – 15 мың (1,9 %)
* Немістер – 14 мың (1,8 %)
* Түріктер – 14 мың (1,8 %)
* Өзбектер – 13 мың (1,7 %)
* Татарлар – 9 мың (1,2 %)
* Әзербайжандар – 8 мың (1,0 %)
* Корейлер – 6 мың (0,8 %)
* Күрдтер – 4 мың (0,5 %)
* Тәжіктер – 3 мың (0,4 %)
Облыста тағы бірнеше ұлттардың өкілдері, негізінде лезгиндер мен даргиндер тұрады.
## Сілтемелер
* Облыстық сайт Мұрағатталған 29 маусымның 2007 жылы. (орыс.) |
Асқар Ақайұлы Ақаев (10 қараша 1944 жылы туған, Қырғыз КСР, Фрунзе облысы, Кемин ауданы, Қызыл-Байрақ ауылы) — Қырғыз Республикасының тұңғыш Президенті, қоғам қайраткері. Техника ғылымдарының докторы, профессор. Қырғыз Республикасының Ғылым Академиясының академигі (1984).
## Өмірбаяны
* Ленинград механика және оптика институтын бітірген (1967).
* Бішкек политехникалық институтында ұзақ уақыт ғылыми және ұстаздық қызмет атқарды.
* 1981 жылы Мәскеу инженер-физика институтында докторлық диссертация қорғады.
* 1986 жылы Қырғызстан компартиясы ОК-нің ғылым және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырылды.
* 1987 жылы Қырғызстан Ғылым Академиясының вице-президенті, ал 1989 жылы президенті болып сайланды.
* 1990 жылдың қазан айында Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс 2-сессиясында Қырғыз Республикасының Президенті болып сайланды.
* 1991 жылы бүкілхалықтық сайлауда және 1995 жылдарда өткізілген референдумда Қырғыз Республикасының Президенті өкілеттілігі қуатталды. 1995 жылы 24 желтоқсанында екінші мерзімге қайта сайланды. 2000 жылғы 29 қазанда үшінші мерзімге қайта сайланады. 2003 жылғы ақпанда референдум арқылы президенттік өкілеттігі ұзартылды.
* 2005 жылғы 24 наурыздағы "Қызғалдақ төңкерісі" нәтижесінде елден кетті. 2005 жылғы 11 сәуірде - Қырғызстан Жогорку Кенеші Ақаевтың отставкасын қабылдады.
* 2005 жылғы сәуірден - И. Р. Пригожин атындағы күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, Мәскеу мемлекеттік университетіні профессоры.
* 2009 жылдан - Ресей ғылым академиясы Төралқасының бағдарлама үйлестіруішісі.
## Ғылыми еңбектері
150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 монография, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы.
* Кванттық электроника
* голография
* ЭВМ мәліметтерін оптикалық өңдеу мәселелерін ғылыми негіздеген.
## Қосымша лауазымдар
* Нью-Йорк академиясының мүшесі
* Ислам және т.б. шетел академияларының мүшесі
* Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры (1992).
* Білім беру, индустрия және өнертану ғылымдарының халықаралық академиясы қырғыз филиалының құрметті мүшесі болып сайланды.
* Халықаралық инженерлік академияның Құрметті академигі атағы.
## Марапаттары
* 1991 жылы халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықтың нығаюына, ғылым мен мәдениеттің өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін “Латын Америкасы бірлігі үшін” Ассоциациясының “Гранд Кросс (Үлкен Крест) бостандық және бірлік үшін” орденімен марапатталды.
* 1995 жылы егемен мемлекеттің қалыптасуына сіңірген зор еңбегі үшін кезінде Дж. Нерудің ұсынысымен құрылған Халықаралық бірлік қорының сыйлығы.
* 1996 ж. маусымда Кранс-Монтана дүние жүзінің форумының сыйлығына ие болды.
## Дереккөздер |
Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.
Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.
Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.
## Тағы қараңыз
* Дешті-қыпшақ мемлекеті
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том |
Қыпшақ даласы немесе Дешті Қыпшақ (парсы: دشت قپچاق) — Алтай тауларынан Дунай өзеніне дейін, Балқаш көлінен Қара теңіздің батыс жағасына дейін кең жайылған, бір жағынан славяндармен, бір жағынан қытайлықтармен, бір жағынан сібір тайпаларымен, бір жағынан Кавказ халықтарымен, бір жағынан тілдес оғыз және қарлұқ мемлекеттерімен шектесетін дала аумағындағы жерлерін атауы.
Бұл қазіргі Қазақстанның территориясына (негізінде Сарыарқа даласына), Еділ мен Донның арасындағы, Солтүстік Кавказдағы, оңтүстік Ресейдегі территориясына, Украинаның далаларына, Каспий менен Қара теңіз маңындағы жерлеріне, славяндармен шектесетін Днепр, Днестр, Дунай өзендерінің төменгі ағымдағы жағалауына, тіпті Венгрия (Мажарстан) даласына сәйкес жерлер.
Сол даласында тек қыпшақтар ғана тұрмаған, қыпшақтарға жақын басқа түркі тайпалары тұрған (негізінде көшпенділер болған, бірақ аз-кем отырақты мәдениеті, өркениеті де дамыған еді), бірақ қыпшақтар ең күшті және ең үлкен тайпасы болғандықтан сол далаларын «Қыпшақ даласы» деп атаған. Парсы жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Дешті Қыпшақ» деп атаған, Ресей және Қазақстан тарихшылары бұл терминді әлі де пайдаланады. Көне орыс жазбаларында «Қыпшақ даласын» — «Половецкое поле» деп атаған, ал қыпшақтарды да оларға жақын тайпаларын да «половцы» деп атаған. Тағы бір тайпасын «печенегтер» деп атаған. Печенегтер де Қыпшақ даласында тұрған, оғыздардың бір тармағы еді.
## Тағы қараңыз
* Дешті-қыпшақ мемлекеті
## Дереккөздер
## Әдебиеттер
* «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том |
Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев (қыр. Бакиев Курманбек Сали уулу; 1 тамыз 1949 жыл, Жалалабат облысы) — қырғызстандық саясаткер, Қызғалдақ төңкерісі нәтижесінде билікке келген Қырғызстанның екінші президенті (2005–2010). 2010 жылғы сәуірдегі оппозицияның ірі наразылықтары үкімет мекемелерін басып алды да, Бәкиев елден кетуге мәжбүр болды.
## Өмірбаяны
1949 жылғы 1 тамызда қазіргі Жалалабат облысы, Масадан ауылында дүниеге келген.
Куйбышев (қазіргі Самара) қаласындағы политехникалық институтын бітірген, мамандығы бойынша инженер-электроник.
1976—1979 жылдары Куйбышевтағы (Самарадағы) Масленников атындағы зауытында мамандығы бойынша жұмыс істеді.
1979—1985 жылдары Жалалабат зауыттарының бірінде бас инженері болып істейді.
1985—1990 жылдары Көк-Жаңғақ қаласындағы «Профиль» зауытының бастығы.
1992—1994 жылдары Тоғыз-Тара аудан әкімшілігінің басшысы.
1994—1997 жылдары Жалалабат облысының әкімшілігінің басшысы.
1997—2000 жылдары Шу облысының губернаторы.
2000 жылғы 21 желтоқсаннан 2002 жылғы 22 мамырға дейін Қырғызстан премьер-министрі. Ақсы ауылындағы оқиғаларынан кейін орнынан өз еркімен бас тартып, халық мүддесін қорғап, Ақаевқа қарсы оппозицияға кетті. Оппозиция көшбасшысы болып, Қызғалдақ төңкерісінен кейін ел басшысы болды.
2005 жылдан бастап ол — Қырғызстан президентінің міндеттерін атқарды.
2005 жылы Қырғызстан Ақаевтың саясатына наразылық білдіріп, 24 наурызда Қызғалдақ төңкерісін жасаған. Осындай қиын саяси жағдайында, билікке Бәкиев келген. Біржолы ел басшысы және үкімет басшысы (премьер-министр) міндеттерін атқарып, кезектен тыс президенттік сайлауда өз кандидатурасын тапсырған. 10 шілдеде өткен сол сайлауда ол ресми деректер бойынша сайлаушылардың 88% алып, жеңіске жетті.
2005 жылғы 15 тамызда Бәкиевтің президент инаугурациясы өтті. 2009 жылы ол екінші мерзімге сайланған.
2010 жылғы 7 сәуірде пайда болған қанды оқиғалардан кейін елдік төңкерісінің барысында Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаев сияқты орнынан кетуге мәжбүр болды. Бішкектен қашып кеткен Бәкиев туған Жалалабат облысының Тейіт ауылына келіп, билігін сақтау үшін Қырғызстанның оңтүстігінде елдің қолдауын іздеді. 15 cәуірде Бәкиевті қолдайтын күштер Ош қаласында митинг ұйымдастырды. Алайда, жақтаушы мен қарсылас топтардың қақтығысынан кейін, митинг тарап кетті, ал мақсатына жете алмаған Бәкиев Қырғыз елінен кетуге мәжбүр болды. Тараз қаласында биліктен бас тартатын қағазға қол қойып, ары қарай Беларусьтің астанасы Минск қаласына ұшып кетіп, сол жақта пана тапты.
## Сыртқы сілтемелер
* Кұрманбек Бакиевтың ресми сайты Мұрағатталған 14 мамырдың 2010 жылы.
* Лентапедиядағы Кұрманбек Бәкиев
## Дереккөздер |
Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық парктерінің бірі. 1980 жылы Шымкент қаласында ашылды. Жер көлемі 54 га, оның 34 га аумағында экспозиция орналасқан, жануарлардың саны – 1600 бас(01.01.2013). Зообақта 6 секция жұмыс істейді, онда жануарлардың 185 түрі ұсталады(2012), олардың 20 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Қажетті жем-шөптің 25%-ын хайуанаттар бағы өзінің 30 га жерінен қамтамасыз етеді.
Хайуанаттар бағы күн сайын таңғы 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
## Хайуанаттар бағының коллекциясы
* Балықтар — 886
* Бауырымен жорғалаушылар — 46
* Қосмекенділер — 12
* Құстар — 312
* Сүтқоректілер – 300
* Омыртқасыздар – 44
## Дереккөздер
## Тағы қараңыз
* Алматы хайуанаттар бағы
* Қарағанды хайуанаттар бағы |
Аштархан әулеті немесе Жанилер (өз: Ashtarxoniylar; өз: Joniylar) — Орта Азияның тарихындағы әміршілердің әулеті, Бұхара әміршілігін билеген.
Негізін қалаған — Бәкі-Мұхаммад хан.
Аштархан (Жанилер) әулеті — Шайбани әулетінен кейін Мәуераннаһрды билеген (1601 — 1756), Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірдің тұқымдары. Астраханды орыстар жаулап алған соң, олар Маңғыстау түбегіне қашып келген.
Өз туыстарымен келіспей қалған Жармұхаммед сұлтан баласы Жани сұлтан екеуі Бұхараға келіп, Ескендір ханға (1561 — 83) қызмет етті.
Жани сұлтанның ұлдары Дінмұхаммед, Бәкі-Мұхаммед, Уәли Мұхаммедтер Бұхар билеушісі Абдолла ІІ (1583 — 98) мен оның баласы Әбдімомынның (Абд ал-Муминнің) (1598, ақпан-шілде) сеніміне ие болды. Әбдімомын өлгеннен кейін Бұхар билеушілері өзара қырқысып, Хорасанды Иран шаһы Аббас басып алды. Дінмұхаммед ирандықтармен ұрыста Герат түбінде қаза тапты (1598 — 99).
Бәкі-Мұхаммед пен Уәли-мұхаммед Ташкент пен Самарқанды басып алған Қазақ ханы Тәуекелге қарсы шайқасып, Бұхар хандығында тәртіп орнатуға, шонжарлардың алауыздығын тыюға тырысты. Мұндай жағдайда Бұхардың билеуші топтары таққа Аштарин әулеті өкілін отырғызуға шешім қабылдады. Олар төмендегідей ретпен таққа отырды.
Бәкі-Мұхаммед хан (7.1601 — 4.1605),
Уәлимұхаммед — Баһадүр хан (4.1605 — 10, екінші рет 27.8. 1611 — 8.10.1661),
Имамқұл (1610 — 27.8.1911, екінші рет 8.10.1611 — 22.3.1642),
Нәдірмұхаммед хан (22.3.1642 — 27.4.1645),
Әбділғазиз (Абд әл-Азиз) хан (27.4.1645 — 8.9.1681),
Сұбханқұл (8.9.1681 — 5.9.1702),
Ұбайдулла хан (5.9.1702 — 14.4.1711),
Әбілпейіз (Әбу-л-Феиз) хан (14.4.1711 — 10.7.1747),
Әбд-әл-мумин (Абд-әл-Мумин) хан (12.7.1747 — 51),
ІІ Ұбайдулла хан (1751 — 54),
Шерғазы хан (1754 — 56).
Бұхарада жарты ғасыр билік құрған Аштархан әулеті мемлекеттің ішкі, сыртқы жағдайын нығайтып, өнеркәсібін, егін ш-н, сауданы, қолөнерін, ғылымын, сәулет және бейнелеу өнерін дамытуға ықпал етті. Ұлы Моғол әулетіне қарсы соғыстың нәтижесінде Балх меншігін қайтарып алды. Аштархан әулетінің билік құруы кезеңінде ханнан кейінгі жоғары лауазымды иеленген аталықтың рөлі күшейді. Самарқанның Регистан алаңының құрылысы Аштархан әулеті билік құрған 17 ғасырдыңортасында аяқталды.
Самарқан билеушісі Қазақ Жалаңтөс Баһадүр Шер-Дор мен Тіллә-Кари медресесін салды. Бұхар хандығы тағына маңғыт Мұхаммед Рақым аталықтың отыруымен (16.12.1756) Аштархани әулетінің билігі аяқталды.
Шайбани әулетінен шыққан соңғы Бұхардың ханы II Абдуллаһ 1598 жылында өлген соң, Бұқар дәулетінің тағына жаңа әулеттің өкілдері отырды. Бұл әулет те Шайбани әулетіне құсап Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары еді. Шыңғыс ханның Жошы хан деген үлкен баласының Тоқай Темір деген бір баласы еді. Тоқай Темірдің ұрпақтары Астархан хандығында билеушілер еді.
XVI ғ. ортасында Астархан хандығы Ресейге қосылды.
Хан әулетінің өкілі — Жани-Мұхаммад сұлтан Бұхараға қашып, Шайбанилардың тұсында жүрген еді. Шайбани Ескендір ханның қызына, II Абдуллаһ-тың қарындасына үйленді, одан Бәкі-Мұхаммад деген ұлын тапты.
Бәкі-Мұхаммадтың нағашы ағасы өлген соң, ол дәулетін өзіне қаратты. Осылайша жаңа әулетінің негізін қалаушысы болып қалды. Кейін Аштархан әулетінің өкілдері өзіні хан атамай, әмір деп аталауға басталды. Бұл Аштархан әулетінің әлсіз болып кетуінің белгісі еді.
1785 жылы Аштархан әулетінің орнына жаңа — Маңғыт әулеті билігіне келді.
## Дереккөздер |